Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: оқу құралы 9786012475470

Оқу құралында синтаксистің қарастыратын мәселелері үш салаға: сөз тіркесі синтаксисіне, сөйлем синтаксисіне және мәтін с

5,782 499 5MB

Kazakh Pages [186] Year 2020

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: оқу құралы
 9786012475470

Citation preview

Қазіргі қазақ тілі ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бердібай Шалабай

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИС Оқу құралы Стереотиптік басылым

Алматы «Қазақ университеті» 2020

Бердібай Шалабай ӘОЖ 811.512.122.42 Ш 21 Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған

Пік ір ж а з ға н д а р : филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова филология ғылымдарының кандидаты, доцент М. Жолшаева

Шалабай Бердібай Ш 21 Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: оқу құралы. – Стер. бас. – Алматы: Қазақ универ ситеті, 2020. – 186 б. ISBN 978–601–247–547–0 Оқу құралында синтаксистің қарастыратын мәселелері үш салаға: сөз тіркесі синтаксисіне, сөйлем синтаксисіне және мәтін синтаксисіне топтастырылған. Әр салаға қатысты теориялық түсініктерді іс-тәжірибеде бекітетін практикалық тасырмалар, бақылау сұрақтары және студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен қажетті әдебиеттер тізімі әр тақырыптан кейін берілген. Оқу құралы студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға арналған. ӘОЖ 811.512.122.42 © Шалабай Бердібай, 2020 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020

ISBN 978–601–247–547–0 2

Қазіргі қазақ тілі

Алғы сөз Тілдің синтаксистік құрылымы – тілдік деңгейде басқа тілдік бірліктерден жоғары сатыда тұратын, олардың бәрін өз ішіне қамтитын күрделі тұлға. Қазақ тілінің синтаксистік құрылымы ХХ ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап жүйелі зерттеу нысаны болып келеді. Синтаксистің алғашқы ізін салу, оның жекелеген мәселелерін зерттеу А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастау алып, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұтас кешенді тұрғыдан қарастырылды, солардың негізінде жоғары оқу орындарына арналған алғашқы оқу­лықтар жазылды. Одан кейінгі кезеңдерде қазақ тілінің синтаксистік жүйесі одан әрі терең зерттеле бастады: мақалалар, моно­гра­ фия­лар, диссертациялық жұмыстар түріндегі көптеген ғылыми ең­бектер жарық көрді. Оларда жаңа тұжырымдар мен идеялар да жоқ емес. Осы кезде жаңа ғылыми көзқарастарды негіз еткен оқулықтар мен оқу құралдары да шыға бастады. Бұл оқу құралы бұрыннан негізделген көзқарастар мен жаңа пікірлерді ескере отырып құрылды, сонымен қатар, студенттерге арналған бұрынғы еңбектерде мәтін синтаксисі жеке тақырып ретінде берілмеген еді. Мұның өзі синтаксисті зерттеуде күн тәртібінде тұрған мәселе болатын. Осы жайлар ескеріліп, әлФараби атындағы ҚазҰУ-де филология мамандығы бойынша 2010 жылдан бастап оқу жоспарына тәжірибелік негізде мәтінтану енгізілді. Оқу құралын құруда осы қажеттілік те ескерілді. Соңғы жылдары жоғары оқу орындарындағы ғылыми пән­ дерді оқыту үдерісінде жаңа әдістемелік үрдістер, оқыту тех­но­ логияларының жаңа түрлері туып қалыптаса бастады. Солардың бірі – кредиттік жүйеде оқыту. Бұл әдіс бойынша дайын білімді 3

Бердібай Шалабай

алудан гөрі студенттердің өз бетімен ізденіп меңгеруіне ерекше мән беріледі. Осы жайларды ескере отырып оқу құралында синтаксистің негізгі ұғым, категориялары, тақырыптары теориялық жағынан тұжырымдалумен қатар студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы үшін әр тақырыптан кейін оларды бекітетін тәжірибелік жұмыс түрлері, бақылау сұрақтары мен жаттығу түріндегі тапсырмалар және оларды меңгеруге көмектесетін әдебиеттер берілді. Оқу құралы осы бағыттағы алғашқы тәжірибелердің бірі болғандықтан, кейінгі басылымдарда толықтырылып, өңдеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз. Сондықтан айтылатын ұсыныс, пікірлерге автор алдын ала алғыс айтады.

4

Қазіргі қазақ тілі

Синтаксис және оның зерттеу объектісі Тіл білімінде әлі де толық зерттелмеген, көптеген мәселелері жөнінен пікірталастар мол сала – синтаксис. Бұны орыс және шетел тіл білімі мамандарының өзі мойындайды. Ал түркітануда, оның бір тармағы – қазақ тіл білімінде әлі зерттеуді қажет ететін кешірек қолға алынған сала. Синтаксис мәселесінің жалпы тіл білімінде қойылу тарихына келетін болсақ, оның зерттеу объектісі, міндеттері әртүрлі көзқарастар тұрғысынан шешіліп келді. «Синтаксис» термині грек тілінен алынған – «syntaxus» – қос­ па, біріктіру деген мағына берген. Бұл сөз алғаш сөздердің бірігуі, қо­сақталуы деген мағынада қолданылып, кейіннен тілдің синтак­ сис­тік құрылысы және оны зерттейтін ғылым деген ұғым­дарға жіктелді. Соңғы мәнінде алып қарағанда, синтаксис – грамматиканың морфология сияқты үлкен саласы. Оның зерттеу объектісі не? Тілде сөздік құрам бар және грамматикалық құрылыс бар. Тілдің лексикалық материалы болып табылатын сөздер тілдік қолданысқа біріккен кезде грамматиканың заңдары мен қағидалары бойынша ұйымдасып жұмсалады. Егер морфология сөздің мағынасы мен формасын сөздің өз ішіндегі қарама-қарсылықтың элементтері ретінде зерттесе, синтаксис бір сөздік тұлғаның екінші бір сөздік тұлғамен және одан да ірі тілдік тұлғалар өзара тіркескенде пайда болатын мағыналарын зерттейді. Басқаша айтқанда, морфология жеке сөздердің құрылысын, өзгерісін зерттейтін болса, синтаксистің пәні – өзара байланысты сөздер тобының (сөйлеудің) құрылысы. Бірақ бұл пікірге қазіргі тіл білімі бірден келген жоқ, оның ұзақ тарихы бар. Грамматикалық ой-пікірдің даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, синтаксис ілімін құруда, оның қызметі мен міндетін анықтауда үш түрлі: І. Синтаксисті логикаға негізделген сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ілім ретінде құру; ІІ. Синтаксисті сөз тіркестері, сөздердің өте кең мағынада түсінілетін бірлестіктері (тіркестері) туралы ілім ретінде құру; 5

Бердібай Шалабай

ІІІ. Синтаксисті сөйлем туралы ілім мен сөз тіркесі туралы ілімнің бірлігі (синтезі) ретінде құру сияқты бағыт болғанын білуге болады. Антикалық дәуірдің грамматиктері синтаксисті сөйлеудегі жеке сөздердің тіркесі туралы ілім деп қарады. Ал, кейіннен, тіл білімінде логикалық мектептің үстемдік етуіне байланысты (өкілі Ф.Н. Буслаев) синтаксистің міндеті сөйлеудегі логикалық категорияларды табу деп білді (пайымдау, субъекті, предикат, объекті) – синтаксистің пәні формальды логикалық негізде құралған сөйлем туралы ілім деп қаралды. Кейінірек формальды-грамматикалық бағыттың өкілдері синтагма теориясын дамытып, синтаксистің объектісі – сөз тіркесі және сөз тіркесінің бір түрі болып табылатын сөйлем деді (Ф. де Соссюр, Ш. Балли, Л. Теньер, Ф.Ф. Фортунатов, А.А. Реформатский, т.б.). Бұл көзқарастың жақтаушылары қазір де бар. Синтаксистің объектісін соңғы, үшінші тұрғыдан қарау, қазір кең етек жайған, ХХ ғасырдың басында қалыптасқан көзқа­рас. Орыс тіл ғылымында бұл теория (синтаксистің пәні – сөз тір­кес­ тері және сөйлем туралы ілімдердің бірлігі деп қарау) А.А. Шахма­ товтың, А.М. Пешковскийдің, кейінірек В.В. Виноградов­тың еңбектерінде дамытылды. Кейінірек синтаксист ғалымдардың көпшілігі (М. Балақаев, М. Закиев, Н.Ю. Шведова, А.Н. Гвоздев) осы соңғы көзқарасты қолдады. Синтаксис – қазір күрделі ғылым саласы. Оның объектілері сөз тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем әртүрлі салада зерттеліп келеді. Бұған қоса соңғы кездері сөйлемнен ірі бірліктердің синтаксистік құрылысы қарала бастады. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес, синтаксистің зерттелетін объектілері үшеу, соған сәйкес, синтаксистің: І. Сөз тіркестерінің синтаксисі; ІІ. Сөйлем синтаксисі; ІІІ. Мәтін синтаксисі сияқты үш бөлімі бар. Сөз тіркесінің синтаксисі жеке сөздердің синтаксистік қасие­ тін зерттейді, сөздердің бір-бірімен тіркесу ережелерін анық­ тайды. Сөз тіркесінің синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде лексика6

Қазіргі қазақ тілі

морфологиялық деңгей мен синтаксистік деңгейді жалғастырушы аралық өткермелі саты. Сөйлем синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде сапалық жағынан жаңа саты. Ол тілдің мәнін, коммуникативтік-функционалдық маңыздылығын анықтап береді. Мәтін синтаксисі. Пікіралысудың бірлік-тұлғасы болғанымен, сөйлем тілде кіші, жеке буын ретінде ғана мәнді. Ол құрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да қатынас жасаудың (коммуникация) жал­ пы міндеттеріне бағынады. Яғни өзінің ерекшелігіне тек басқа буындармен (сөйлемдермен) байланысу арқылы ғана ие болады. Сондықтан өзіндік жеке сөйлемдердің өзінен ірі тұтастықтарға бірігу заңдылықтарын зерттеудің мәні зор. Сонымен, мәтін синтаксисі жеке сөйлемдерден ірі, өзіндік құрылымдық ереже-заңдары бар тұлға-бірліктерді зерттейді. Жоғарыда айтылған синтаксистің тұлға-бірліктері (сөз тұл­ға­ сы, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) өзара байланысты, шарттас тұлға­ лар. Жалпы алғанда, синтаксистің зерттеу объектісі – сөздердің байланысы, сөз тіркесі, сөздердің тіркесу амал-тәсілдері, түрлері, сөйлем, сөйлемді құру тәсілдері, түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдары, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қаты­ насы, т.б. мәселелер. Жалпы тілдік жүйеде тілдің синтаксистік жағы айырықша мәнге ие. Ол жоғары сатыдағы құбылыс, ойды бейнелеу үшін лексикалық материалдарды таңдап алу жеткіліксіз, сонымен бірге сөздер мен сөз топтарының арасындағы байланысты дәл және дұрыс табу керек. Синтаксис ғылымы, бір жағынан, сөздер мен сөз тұлғасын бай­ ланыстырудың ережелерін зерттесе, екінші жағынан, құрамында сол ережелер жүзеге асатын күрделі бірліктерді зерттейді. Синтаксистің ең кіші тұлға-бірлігі – сөз және оның тұлғасы. Соңғылары морфологияның да зерттеу объектілері. Демек, олар морфология мен синтаксисті байланыстырушы тұлға-бірліктер. Мұның өзі синтаксистің морфологиядан жоғары тұратын тілдік деңгей екенін байқатады. Сонымен қатар, синтаксистің өзі 7

Бердібай Шалабай

күрделі, көпсалалы деңгей болып келеді, өзі ішіне күрделілігі әртүрлі объектілерді біріктіреді. Синтаксис қазір жан-жақты тармақталып жіктелген, күрделі, көп салалы ғылым түріне айналды. Оның кейбір мәселелері (мыс: сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық) қазір кеңітіліп, кейбір мәселелері жаңаша қаралуда. Синтаксистің негізгі ұғымкатегорияларына: - синтаксистік тұлға-бірліктер; - синтаксистік байланыстар (салалас, сабақтас); - синтаксистік қатынастар (предикативтік, атрибутивтік, адвербиалдық, объектілік); - синтаксистік құралдар; - синтаксистік тұлға; - синтаксистік мағына жатады. Синтаксистік қатынас дегеніміз – синтаксистің негізгі фун­да­ ментальды ұғымы, синтаксистік тұлғалардың өзара мағыналық әрі тұлғалық байланысынан пайда болатын синтаксистік мағына.

Сөздердің синтаксистік байланысу тәсілдері мен түрлері Сөздердің байланысу тәсілдері синтетикалық (қосымшалар арқылы), аналитикалық (сөз тәртібі, интонация), аналитика-син­ тетикалық (септеулік шылаулар арқылы) болып бөлінеді. Сөздердің байланысу түрлері салаласа байланысу және сабақтаса байланысу болып басты екі топқа бөлінеді. Сабақтаса байланысудың бес түрі: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу болса, олардың әрқайсысының тұлғалық, мағыналық белгілері бар. Сөздерді байланыстыратын тәсілдер Сөздер тіркескенде өзара синтаксистік байланыста болады. Ол байланысқа негіз болатын сөздердің мағынасы. Сөздердің ара­сын­ да мағыналық байланыс болса ғана тіркеседі. Синтаксистік бай­ ланыс дұрыс болғанмен, мағыналық байланыс болмаса сөз тір­кесі жасалмайды. Мысалы: көк шөп (дұрыс),темір шөп (дұрыс емес). 8

Қазіргі қазақ тілі

Сөйтіп, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, әр синтаксистік бірлікте болуға тиіс. Қазақ тілінде сөздерді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік амалдарға: 1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік); 2. Шылаулар (септеулік пен жалғаулықтар); 3. Сөздердің орын тәртібі; 4. Интонация (дауыс ырғағы) кіреді. Бұлардың қосымшалар арқылы байланысу тәсілі синте­ти­ калық, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу тәсілі ана­ли­ ти­калық тәсілге, ал шылаулар арқылы байланысуы ана­литикалықсинтетикалық тәсілге жатады. Синтаксистік байланыс – сөз тіркесін құраудың да, сөйлем құ­ раудың да, сондай-ақ мәтін құраудың да ең басты құралы; өйт­кені тұлғалық, мағыналық жақтарынан өз үйлесімін таппаған жеке сөз­дер сөз тіркесін де, сөйлемді де, ал сөйлемдер мәтінді құрай алмайды. Сөйлемдегі сөздердің байланысы түрліше грамматикалық амал-тәсілдердің көмегімен жүзеге асады. Мұндай амалдар өздері жалғанған сөзіне әртүрлі грамматикалық мағына үстейді, жалпы сөйлемнің табиғатымен үндесіп жатады. Жеке сөздердің байланысы – синтаксистегі ең басты мәселе. Жеке сөздердің байланысында мағыналық, тұлғалық үйлесімді­ лік болуы керек. Олай болмағанда жеке сөздердің байланысы шашырандылық, мағынасыз түсініксіздіктің аясында қалып қояр еді. Мысалы, үйге келдің деген бөлшекті үйдің келдім деп айтуға болмас еді. Демек, сөйлем құрамында сөздер өзара байланысты жұмсалу үшін, жеке сөздердің өзі ең алдымен, мағыналық үйлесімділікте жұмсалуы керек. Жеке сөздер байланысы морфологиялық (жалғау, шылау) және синтаксистік амал-тәсілдер (орын тәртібі, интонация) ар­ қылы жүзеге асады. Сөйлемдегі сөздер байланысында, әсіресе, алғашқы жол айырықша. Олардың қолданылу өрісі кең. Бұдан морфологиялық амалдардың сөздер байланысында синтаксис­ тік сипат алатынын көреміз. Морфология саласында олар мор­фо­логияға тән заңдылықтармен тексерілсе, синтаксисте сөз­ дердің байланысы негізінде қарастырылады (морфология мен синтаксистің байланысын осыдан да көруге болады). 9

Бердібай Шалабай

В.Г. Адмони: «Самый факт и характер соединения слов может выявлятся такими грамматическими средствами, которые имеют непосредственно не синтаксический, а морфологический характер. Система падежной флексии, например, изучает исключительно большую роль в выражении синтаксических отношений, так же как личные окончания глагола. Таким обра­ зом, синтаксис, образуя такие формы связи между словами, син­ так­сические формы как согласование и управление опирается на морфологическую форму», – деп ой түйеді (В.Г. Адмони. Синтаксис современного немецкого языка. – Л., 1973. – 6-бет). А. Ысқақов: «Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарын­да­ғы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қаты­нас­тар­­дың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді», – дейді (А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974. – 40-бет). 1) Жалғаулардың ішінде септік жалғауларын жеке сөздерді өзара байланыстыруда ең бір өнімді амал деп қарастыруға болады. Септік жалғаулары өзі жалғанған сөзін басқа сөздермен байланыстырып қана қоймайды, сонымен қатар өзі жалғанған сөзге қосымша мағыналық рең қосады. Мысалы, ауылға келдім (белгілі бағыт), ауылдан келдім (шыққан жердің мекені). Мұндай мағыналық құбылыстар сөздердің өзара үйлесе жұмсалуы негі­ зінде туып отыр. Тілдегі форма мен мағынаның бірлігі деген осыдан көрінеді. Септік жалғауларының кейбір ерекшеліктері: 1. Өзі жалғанған сөзді келесі сөзге бағындырады. 2. Зат есімдерден басқа сөз таптарына жалғанғанда оларды заттандырады (жақсыдан шапағат, жаманнан кесапат). Демек, септік жалғаулары жалғанған сөзін басыңқы сөзге бағындырып тұрады, сондықтан оларды бағындырушы тұлға дейді. Басқа жалғаулар – тәуелдік, көптік, жіктік, - ондай қызмет атқара алмайды. 2) Тәуелдік жалғаулары өзі жалғанған сөзді өзінің алдында тұратын ілік жалғаулы сөзбен байланыстырады. Бірақ өзі жал­ ғанған сөзін екінші сөзге (өзінен кейінгі) тікелей бағындыра ал­ майды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жал­ ғаулары жалғанып, ол сөздерді басқа сөздер жетектеп тұрады (кітаптың бетіне жазды). 10

Қазіргі қазақ тілі

3) Көптік жалғауы да сөздерді өзара тіркестіруге қатысады, бірақ ол да бағындырушы тұлға бола алмайды. Сендер келдіңдер – мұнда бастауышқа көптік жалғау жалған­ ған­дықтан, баяндауыш көптік жалғауында тұр. Сон­дықтан жо­ ға­рыдағы екі сөзде көптік жалғауларының оларды байланыс­ тырушылық қызметі бар, бірақ көптіктің бір сөзді екінші сөзге бағындырушы болу (септіктегідей) қызметі жоқ. 4) Жіктік жалғауы. Мұны көптеген авторлар «баяндауыштық жалғау» деп атайды. Оның себебі – олар әр уақытта баяндауыш болған сөзге жалғанады да, жалғанған сөзінің баяндауыштық қызметін айқындап, оны бастауышпен байланыстырады. М. Балақаев жіктік жалғаулардың сөздерді баяндауыш ету қыз­ метінен гөрі оларды басқа сөздермен байланыстыру қызметі басым дейді. Мен көрдім, мен студентпін Сені көрдім, үйге барамын Жіктік жалғауы есім сөздерге жалғанбай айтылуы да мүмкін. Сен – студент. Мен – жұмысшы. Ол – студент. Бұл жерде мағыналық байланыс орын алған. Ол ішкі байланыс түріне жатады. Сөздерді байланыстыруда – шылаулардың да қызметі ерекше. Жалғаулықтар екі сөздің арасында тек дәнекер болса, септеуліктер – өздері қатысты сөздердің грамматикалық мағыналарын дәлдеумен қатар, толық мағыналы екі сөздің арасын байланыстырушы қызмет атқарады. Мысалы: үйге дейін келдім, сен үшін келдім, жыл сайын келемін. Септеуліктердің саны аз болғанымен, жұмсалу аясы кең. Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі – сөздердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздер өзара байланыста болу үшін олардың белгілі бір қалыптағы орындары болуы шарт. Әрине, бұл қатып қалған заңдылық емес, ол жалпы түрдегі заңдылық. Әсіресе, жалғаулы сөздердің орын тәртібі барынша еркін болады. Өйткені жалғаулардың мағынасы ол сөздердің қай сөзбен тіркесетінін оңай көрсетеді. Ал жалғаусыз байланысатын 11

Бердібай Шалабай

сөздерде ондай еркіндік жоқ, сондықтан көбіне, ондай сөздердің орын тәртібі тұрақты болады. Осындай, сөздердің белгілі ор­ наласу тәртібі арқылы, біріншіден, олардың синтаксистік бай­ ланысы жүзеге асса, екіншіден, синтаксистік қызметі (қатынасы) белгіленеді (биік ағаш, темір қасық, жалт қарады, т.с.с.). М. Балақаев: «жалғаусыз, тұрған орнына қарай байланысқан сөз­ дердің байланысы берік болады», – дейді. Сондықтан олардың орнын өзгертуге болмайды: өзгертсе, не байланыс үзіледі, не синтаксистік қызметі өзгереді (білімді студент, студент білімді). Сөйлемдегі сөздердің орнымен тығыз байланыста қарастыры­­ латын тәсіл – интонация. Ол бастауыш пен баяндауыш атау сеп­ тік тұлғадағы есім сөздерден жасалғанда айқын байқалады. Бұл жағдайда баяндауыш жіктік жалғаусыз үшінші жақта қолда­ нылып отырады. Асан – студент. Бұндай сөйлемде екі сөз­ді бай­ланыстыруда дауыс екпіні айырықша қызмет атқарып тұр. Ал­ғашқы сөз көтеріңкі әуенмен айтылып, соңғысынан ара­­жігін ажы­ратып тұрады. Осыған орай алғашқы сөз сөйлем мү­шесі жа­ ғынан бастауыш, соңғысы баяндауыш болып тұр. Егер бас­та­уыш сөз айырықша әуенмен айтылмаса, кейінгі сөзбен арасы жым­ дасып, онымен айқындауыштық қатынаста тұрады (Асан студент).

Сөздердің байланысу түрлері І. Қиысу. Қиысу – сөйлемнің негізгі, ұйымдастырушы екі бас мүшесінің – бастауыш пен баяндауыштың арасында болатын байланыс. Қазақ тілінде бастауыш қай жақта болса, көбі­несе, баяндауыш та сол жақта болады. Етістіктен болған баяндауыш әр жақта жалғауы өзгеріп, әр уақытта жақ жалғауын жал­ғап айту арқылы қиысады. Ал бастауыш есімдерден болған баянда­ уыштармен қиысқанда, олар етістіктен болған баян­да­уыш­ тар­дай емес, жіктік жалғауларын қабылдап та, қабылдамай да айтыла береді (Сен – тамшы, мен – тасқын). Мұнда І, ІІ жақ жік­тік жалғауларын жалғамай айтылу себебі, есімдерден болған баяндауыштар бастауыштан соң тұрады да, олардың баяндауыш екендігі айқын көрінеді. 12

Қазіргі қазақ тілі

Дегенмен, есімдерден болған баяндауыштардың жіктік жал­ ғауларын жалғап айтылуы мен жалғамай айтылуы арасында мағыналық әрі стильдік ерекшеліктер болады. Қиысуда басым мүше – бастауыш, өйткені бастауыш үш жақтың қайсысында тұрса, баяндауыш та сол бастауыш тұрған жақта қиысады, олар жекелік, көптік жағынан да бір-бірімен үйлесе байланысады: бастауыш жекеше болса, баяндауыш жекеше, көпше болса, баяндауыш та көпше (3 жақтағыдан басқасы). Сондықтан байланысы жағынан бастауышты басыңқы сөз, ал баяндауышты бағыныңқы сөз деуге болады. Біздер көрдік Мен көрдім Сендер көрдіңдер Сен көрдің Сіздер көрдіңіздер Сіз көрдіңіз Ол көрді Олар көрді І жақтың жіктік жалғаулары әрі жақтық, әрі сан-мөлшерлік мағынаны білдіреді. ІІ жақтың жіктік жалғаулары әрі жақтық, әрі сандық, әрі анайы, сыпайылық мағыналарда қиысады. Бұдан І жақта тұрған баяндауыштың бастауышпен қиысуы жекешесінде де, көпшесінде де бір сатылы екені, ал ІІ жақта олардың қиысуы жекешесінде анайы, сыпайы, көпшесінде осылардың үстіне көптік жалғауы қосылып, бірнеше сатылы болып келетіні байқалады. Есімдер І, ІІ жақта айтылуы үшін міндетті түрде жіктік жалғауында жұмсалуы керек (Мен мұғаліммін, сен мұғалімсің). Олар синтаксистік белгілі бір жағдайда ғана жалғаусыз ІІІ жақ мағынасында жұмсалады. Сондай-ақ кейбір етістіктер (бұйрық мәнді) ІІ жақта жіктік жалғауын жалғамай, түбір күйінде қиыса береді. Мұнда мағыналық қиысу орын алады. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Сақ бол. Ақындар, жыр иесі атыңды ақта! ІІІ жақтағы бастауыштар көптік жалғауында тұрғанда, етістік баяндауыштар көптік жалғауын жалғамай-ақ қиысса, есім баяндауыштар, көбіне, көпше түрде айтылып қиысады (Олар келді, олар - студенттер). Етістіктің болжалды келер шақ (-ар,-мақ), өткен шақ (-ған, -атын) есімше формалары үшінші жақта жіктік жалғауын (көпше түрінде де) қабылдамайды (Ол айтар, олар айтар, ол оқитын, олар оқитын). 13

Бердібай Шалабай

Бір сөйлемде І жақта және ІІІ жақта айтылған бастауыш болып, олар бір баяндауышқа ортақтасып тұрса, баяндауыш І жақтың көпше түрінде қиысады (Мен және Марат екеуміз биыл бітіреміз). Ал бір сөйлемде үш жақтың да бастауышы қатар келсе, баяндауыш І жақтың көпше түрінде қиысады (Мен, сен, Раушан ендігі жылы оқуға түсеміз).Бастауыш ІІ және ІІІ жақпен айтылса, баяндауыш ІІ жақтың көпше түрінде тұрып қиысады (Сен және Болат келерсіңдер). ІІ. Меңгеру. Сөздердің сөйлемде өзара септік жалғаулары арқылы байланысуын немесе бір сөздің екінші бір сөзді белгілі септік жалғауында тұруға міндетті етуін меңгеру дейді. Меңгерілуші – бағыныңқы сөз. Меңгеруші – меңгерілушінің белгілі бір жалғауда тұруын талап ететін – бағындырушы сөз. Сөйлем мүшесі жағынан меңгеруші сөз көбінесе, баяндауыш бо­ лады да, меңгерілуші сөз тура, жанама толықтауыштар болады. Сондықтан меңгеру, негізінен, баяндауыш пен толықтауыштың арасындағы байланыс түрі болып табылады. Сөйлемдегі сөздердің бірінің әсерімен екіншісі жанама сеп­тік­ тің біреуінде ғана тұра алады. Ол септіктен ауыстырсақ, сөй­лем­нің мәні, стилі өзгереді. Бұл меңгеру мен меңгерілудің заң­ды­лығына байланысты. Мысалы: Тауға терезеден бинокльмен қа­радым. Асқарды әсем әнмен оятты. Үйдің төбесіне сатымен шықты. Сөйлемде бір сөз (етістік) бірнеше сөзді меңгере береді. Бұл тілдегі ертеден келе жатқан қалдық құбылыс. Меңгерудің түрлері. Етістіктердің меңгеруі тілімізде бұрыннан бар болса, есімдердің меңгеруі – тіл дамуының нәтижесі. М.Балақаев меңгеретін сөздің етістіктен, есімнен не екеуінің бірігіп жасалуына қарай меңгерудің 3 түрін ажыратады: етістікті меңгеру (терезені ашты), есімді меңгеру (оқуға ықыласты), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, жұртқа күлкі болды). Есімдердің есімдерді меңгеруі етістікті тіркестердегідей, әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Есімдер етістіктердей емес, баяндауыш ыңғайында жұмсалғанда сөйлемде септік жалғаулы сөзді керек етіп тұрмайды (Салыстырыңыз: Асқар қалаға кетті. Мен (саған) кіммін). 14

Қазіргі қазақ тілі

Есімдердің меңгеруі тілімізде онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола бермейді. Есімдердің ішінде көбінесе, бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі жұмсалады. Олар – сын есімдер, зат есімдер, заттың күйін білдіретін есімдер (бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін). Ал сан есімдер мен есімдіктер өте аз кездеседі (бәрінде солай, менде екеу, т.б.) Сын есімнің ішінде заттың ішкі-сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер көбірек меңгеруші сыңар болады (өзіңе жақсы, маған түсінікті, жусаннан аласа, т.б.). Зат есімдердің ішінде басыңқы сыңар қызметінде көбінесе, дерексіз мәнді зат есімдер жұмсалады: жерге бай, көптен қонақ, ерге сын, т.б. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түр­ лі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді, сөздердің синтаксистік қызметін саралайды. Мысалы: барыс септігіндегі сөз бет алыс, бағытты, мақсатты, мезгілді, т.б. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әртүрлі болуынан ғана тумай­ ды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасынан туындайды. Септік жалғауларын (барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болады. Етістік сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамда болып келеді. Меңгеруде де сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, қиысу­да­ ғы­дай, басыңқы сөздің ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. Бі­рақ айырмашылықтары үлкен. Егер қиысуда бағынушы сөз (баян­дауыш) басыңқы сөздің (бастауыштың) грамматикалық ма­ ғы­насына, тұлғасына қарай, соған орайлас тұлғаланса, меңгеру­де тіркескен сөздердің арасында тұлғалық орайласу бол­май­ды, ал бағыныңқы сөз басыңқы сөздің лексикалық мағы­насының ерек­ шелігіне қарай тұлғаланады. Қазақ тілінде кейбір жалғаудағы сөздерді меңгере алатын етістіктерге етіс қосымшасын жалғап айтқанда, олардың меңге­ ретін сөздерінің де тұлғалары өзгеретін жағдайлары бар. Мысалы: Ол мені көрді – Ол маған көрінді. Ол мені байқамайды – Ол маған байқалмайды. Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына бейімделіп өзгермейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің 15

Бердібай Шалабай

мағыналары өзгерілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болады. Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағының­ қы сөздің тұлғасына қарай: 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері, 2) барыс жалғаулы сөз тіркестері, 3) шығыс жалғаулы сөз тір­ кестері, 4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері, 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері болып бөлінеді. Табыс жалғаулы сөз тіркестері: Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі: ағашты кесу, пішенді ору, баланы тәрбиелеу. Барыс жалғаулы сөз тіркестері: Барыс жалғаулы есімдер кез келген етістіктермен тіркесе бермейді, олармен мағыналық үйлесімде бола алатын етістіктер­ мен ғана тіркеседі. Ондай етістіктердің көпшілігі – күйді, қи­ мылды, сезімді білдіретін салт етістіктер. Олардың жетегінде ай­ тылатын барыс жалғаулы есімдер басыңқы сөздерге тікелей және демеулер арқылы қатысты болады. Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: А) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл про­цесінің кімге, неге арналғанын, бағытпен, қандай затпен үстемеленгенін, қандай затпен түйіскенін, неге қамтылғанын білдіреді (Абайға қарады, қойға толды, дәулетке батты, тасқа ұрды, қызметке алды, т.б.) Ә) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің бағдарын білдіреді және мекендік, мезгілдік, мақ­саттық мағыналарда жұмсалады (ауданға барды, кешке келді, қонаққа шақыру). Барыс жалғаулы есімдерді кейде құрама баяндауыштар да меңгереді (топқа сәлем беру). Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тіркесіп, толық­та­ уыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. 16

Қазіргі қазақ тілі

Толықтауыштық қатынас: істелу тегін, заттың, әрекет, мағ­ лұматтың шығу көзін (тастан сарай салғызу, білімдіден шығу, т.б.) білдірсе, пысықтауыштық қатынас: мекендік, көлемдік (ортадан түсу), мезгілдік (былтырдан қалған), себептік (қуанған­ нан күлу), амал (дауысынан тану) мағыналарын білдіреді. Жатыс жалғаулы сөз тіркестерінің білдіретін мағыналары: мекендік, мезгілдік, сын-сапалық (кітапханада болу, жасында мықты еді, әдетінде жоқ). Көмектес жалғаулы сөз тіркестері қимыл-әрекеттің іске асу тәсілін, қалай болғандығын білдіреді (Асқармен келді, кесемен ішті, дүрбімен көрді). ІІІ. Матасу. Матасу – ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жал­ ғаулы сөздердің арасындағы байланыс. Ілік жалғаулы сөз – жіктеу есімдіктерінен жасалған болса, олар қай жақта тұрса, тәуелдік жалғаулы сөздің де сол жақта тұруын керек етеді (менің әкем, сенің әкең, оның әкесі). Жіктеу есімдігінен басқалар ілік септігінде тұрса, байланысатын сөзінің тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұруын қажет етеді. Бірақ ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу жолы әр уақытта осылай, толық болып келмейді: бірде ілік жалғаулы сөз түсіріліп айтылса, бірде ілік септігі түсіріледі. Мысалы: Қолы ұзын. Ай нұры. Сөйлемде тәуелдік жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзсіз жиі қолданылады да, ілік жалғаулы сөзбен логикалық байланыста тұрады. Себебі, ілік жалғаулы сөздің қай сөз екені тәуелдік жалғаулы сөздің тұлғасынан аңғарылып тұрады. Ілік жалғаулы сөздің жоқтығы сөйлем мағынасына нұқсан келтірмейді. Ілік септіктің түсіріліп айтылуы да осыған байланысты. Сөйлем құрамында ілік жалғаулы сөз айрықша мәнге ие емес. Ал ондай мәнге ие болатыны – тәуелдік жалғаулы сөз. Кейбір жағдайда болмаса, тәуелдік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Тәуелдік жалғауын түсірсе, сөздер арасындағы байланыс жойылады. Ілік жалғаулы сөз меншіктеушіні немесе меншіктің иесін, тәуелдік жалғаулы сөз меншіктелушіні не меншіктілікті білдіреді (оқушының кітабы, баланың ойыншығы). IV. Қабысу мен жанасу. Сөйлем мүшелерінің жалғаусыз, шылаусыз, арасына сөз салмай, қатар тұрып байланысуы қабысу 17

Бердібай Шалабай

деп аталады (Тәртіпті бала жақсы оқиды). Қабыса байланысатын сөздердің орны тұрақты болады, байланысатын сөзінің тікелей алдында келеді. Олардың сөйлем ішіндегі орнын ауыстыруға болмайды. Егер орнын ауыстырса, не сөздердің арасындағы байланыс үзіледі, не сөйлемнің бүтіндей мағынасы өзгереді. Қайсыбір жағдайда қабыса байланысқан кейбір сөздердің орнын ауыс­тыр­ғанмен, олардың байланысы үзілмейді. Мысалы: Күн ертең суытады дегенді ертең күн суытады деп те айтуға болады. Мұндағы ертең үстеуі мен суытады етістігі қатар тұрып та, алшақ тұрып та байланысады. Осындай ешбір қосымшасыз орын тәртібі арқылы қатар тұрып та, алшақ тұрып та жүзеге асатын байланыс түрін жанасу деп атайды. Жанасу сондай-ақ шылау сөздер арқылы жасалады: сен үшін келдім. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Сөздердің сөйлем құрамында бірбірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, айырым синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалу ерекшелігін және олардың арасындағы байланыстың түрлерін жан-жақты, толық меңгеру көзделеді. Сөз тіркестерін дұрыс ажырата білу де осыған байланысты болмақ. Тақырыптың дәйектемесі. Сөздердің синтаксистік байланы­ сы мен қарым-қатынасы және олардың түрлері – синтаксистің ең бір өзекті мәселесі. Сондықтан оларды толық білмейінше, синтаксистің басқа көптеген мәселелері жете түсінілмейді. Тапсырма сұрақтар. 1. Сөздердің байланысу тәсілдері қандай? 2. Аналитикалық, синте­ тикалық және аналитикалық-синтетикалық тәсілдердің әрқайсысына мысал келтіріп түсініктеме беріңіз. 3. Синтаксистік қарым-қатынастың түрлерін түсіндіріңіз: а) Предикаттық қатынасты қалай түсінесіз? ә) Атрибутивтік қатынас деген не? Ол қандай нақты мағыналарда көрінеді? б) Объектілік қатынас, оның түрлері? в) Адвербиалдық қатынас және оның көріністері. Бұлардың әрқайсысына мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз. Олардың басын қосатын ортақ жақтары не, айырмашылықтары қандай? Синтаксистік 18

Қазіргі қазақ тілі қатынастың басқа түрі бар ма? Синтаксистік байланыстың түрлеріне (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу) тоқталыңыз. Бұл жөнінде түркітанудағы көзқарастар қандай? Олардың қазақ тіл білімінде қалыптасқан пікірлерден өзгешелігі? Байланыстың қандай түрлерінде қазақ тілшілері арасында әр алуан көзқарас бар? Олардың себептері неде? Әдебиеттер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971. – Алматы, – 20-83-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ. Синтаксис. – Алматы, 1967. – 7-54-б. 3. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – М-Л., 1948. – 204207-б. 4. Баскаков Н.А. Словосочетания в современном турецком языке. – М., 1974. – 3-27-б. 5. Қабиева К.С. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде. – Алматы, 1965. 6. Есенов Х.М. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985. 7. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. М.-Л., 1956. 8. Батманов И.А. Способы выражения синтаксических отношений в киргизском языке. – Фрунзе, 1940. 9. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2000.

Өздік жұмыс. 1. Сөздерді бір-бірімен әртүрлі тәсілдер арқылы байланыс­ тырып, оларды кестеге түсіріңіздер: Қала, оқу, кел, айт, сәлем бер, сен, күт, терек, Асқар, былтыр, ұзын, бар, жаз, көше, студент. Үлгі Мысал

Аналитикалық

Синтетикалық

Аналитикалықсинтетикалық

Оқу үшін келдім Қалаға келдім Ұзын терек

-

-

+

+

+ -

-

2. Сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілін және олардың арасындағы синтаксистік қатынастың түрлерін айқындаңыздар. 19

Бердібай Шалабай

Сол екі арада-ақ келіп үлгерді, Нұрғалидің көзі, ыстық жастар, ауылдан кеткен, көп өзгеріпті, қатты қадірлейді, әйел сәнқой екен, өз бауыры. 3. Тіркестер арасындағы байланыс түрлерінің қабысуға не жанасуға жататынын анықтаңыздар. Әдейі сөйледі, жақсы сөйледі, жақсы жора, бүгін келдім, сен үшін келдім, шалқалай құлады, күлімсіреп қарады. 4. Қиысудың түрлерін анықтаңыздар, олар бәрінде бар ма? Сен барасың, адамдар келді, Асан-студент, күлген менмін, біз қайттық, өзің айттың. 5. Сөйлемдердегі матаса және меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп көшіріп, оларға түсініктеме беріңіздер. Бірінен кейін бірі тізілген бір топ машина орталық жақтан біздің ауылға қарай жақындап келеді екен. Біздің таудан кен көзі табылыпты. Бұдан кейін де Жасылкөлге екі барып қайттық. Соңғы жолы отыз шақты үйдің ауыл балалары тайлытаяғымыз қалмай жиылып барғанбыз. Жасыл көлден аққу енді кетпейді (Ы.Кененбаев). Өздік жұмыс 1. Берілген сөйлемдерде қай сөз қай сөзбен байланысып тұр­ғанын анықтаңыздар. 2. Олар қандай тәсілдер арқылы бай­ ланысқан? 3. Әр компоненттің жасалу ерекшелігін түсіндіріңіз. 4. Байланыстың қай түріне жатады? 5. Компоненттері қандай синтаксистік қарым-қатынасқа түскен? Үлгісі: (1) (2) (3) (4) (5) (6) (7) Үшеуіміз Ораздың көк атына жеккен арбамен жүріп кеттік. (1) (7) Үшеуіміз жүріп кеттік-жіктік ж., 3 ж. көпше (синтетикалық тәсіл); 1 комп: Сан есім, жинақтық (Сан.ж.); 2 комп: етістік, күрделі (ет.күр.); қиысу; предикативтік (іс иесі-қимыл). (2) (4) Ораздың атына-іл.сеп-тәу.ж., 3 жақ (синтетикалық т.); 3-3; матасу; атрибутивтік (иелік-тәуелдік). (3) (4) Көк атына – орын тәртібі (аналитикалық); Сы сп-3-3; қабысу; атрибутивтік (сындық). 20

Қазіргі қазақ тілі

(4) (5) атына жеккен – (барыс сеп. синтетикалық); 3 тж (3) – Ет.ес; меңгеру; жанама объектілік. (5) (6) Жеккен арбамен –орын тәртібі (аналитикалық); Ет.ес. – 3; қабысу; атрибутивтік (қимыл-сын). (6) (7) арбамен жүріп кеттік – көмек.сеп. (синтетикалық); (3) – Ет. (ашық рай, ж.ө.ш.); меңгеру; объектілік (құралдық). 1-жұмыс. Қарағандының қары биыл бұлқан-талқан күрт еріп еді. Сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері са­ қыл­дап тасығалы кемерлеп тұр. Өкпек жел күртік етектерін түре соғып, тез кеміріп барады. Қатты желдің салмағынан жер солқылдағандай сезіледі. Қырқалардың күнгей беттері қотыр болғандай шұбартып қалыпты. Қыс бойы қар астында жылы жатқан тобылғы мен қараған түптері қазір белдеулеп ашылып қалыпты да, кәрлі желден дір қағып тұр (Ғ. Мүсірепов). 2-жұмыс. Боқырау өтіп, күзектегі ел күземін де алып болды. Қыстауға қайта көшетін күндер де жақын. Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр... Қоңыр күзде малдың тойыны күннен-күнге асқындап барады. Шаруа мұ­ ңын ойлаған ауылдар сол күйге сүйсіне түседі. Кішілеу, ша­ғын үй­ дің ішіне айнала текемет, түскиіз, түкті кілем ұсталған (М. Әуезов). 3-жұмыс. Жел саябырлап, қар енді қалбаңдамай, біркелкі мамырлап түсіп жатты. Күні кеше күн жылы еді. Сол жылу әлі бойынан қашпаған бұталар қарды лезде ерітіп, жұтып жіберіп жатыр. Оң қол жақтағы жалаңаш жартасқа қар жұқпай, беті суланып, қарауытып, қалың ойға кеткендей мелшиіп қалған. Қар түскен сайын шөп сыбдырлайды... Қар толастар емес, мая шөбі сансыз сыбдырмен сыбызғы тартып, жүрек жылытатын мұңлы бір ұзақ күйге ұласты (Ш. Мұртазаев). 4-жұмыс. Қас қарая бұлар Шалқар қаласының шетіне ілікті. Еламанды дереу дәрігерге апарды... Ертеңіне Еламан кештеу оянды... Төсегінің бас жағында орындықта еңгезердей біреу отыр екен. Бұл назар аударам дегенше, анау Еламанның оянғанын байқап атып түрегелді. Еламан оны осы арада ғана таныды (Ә. Нұрпейісов). 21

Бердібай Шалабай

5-жұмыс. Бөлкебайлар қара жолдан бұрылып бір ауылға төніп келгенде, ұзынша томардың күнбатыс жақ мүйісіндегі он шақты үйдің адамдары біртіндеп өріп тысқа шыға бастады. Ортадағы қоңыр төбел үйден төрт-бес жігіт самсап шыға келді. Күнге қарай қолымен көзін көлеңкелеп, кемпір-шалдар да бұларды таңсық көргендей, қарасып жатыр. Бәрінің де көзі жолдан бұрылған арбалыда. Арбалы томарды жағалайтын жіңішке жолға түскен де, бірен-саран сақ иттермен қабаттаса бұзау бағып жүрген жас балалар алдынан шығып, бірдеме десіп жатты (Б. Майлин). 6-жұмыс. Хансұлу үшін қыстың көңілсіз, сұрқай күндері басталды. Маңдайынан кісі шертіп көрмеген ерке қыз басына түскен жайды сазарып үнсіз көтерді... Кеш болса, Әзберген екеуі оңашаланып алып керілдеседі де отырады. Ауғанстан, Иран деген­дерді жиі айтады. Шешесінде үн жоқ. Қыстауға қонысымен бұның жасауын дайындауға кірісті (С. Елубаев). 7-жұмыс. Алтынжарға жиналғандар ауыл көлеміне сыймай кетті... Ұлы күйшінің есімі елімізге кеңінен танылды... Төлеген әңгімесін тебірене аяқтады (Р. Иманғалиев). Қайырдың әзіл-күлкі үшін айтылған қалжыңын Мүсілім қолпаштау деп ұқты. Бас инженер аяңдап жарық көшемен жүріп келеді (З. Шашкин). 8-жұмыс. Кеше ғана еңбекпен тұрғызған мекен-жайлар, міне, енді күтір-күтір, күрс-күрс құлай бастады. Бұл жігіттің сөзіне мен әрі кейіп, әрі ойланып қалдым (С. Шаймерденов). Елдің әнсауығын сағынған Асқар бар ынтасымен сүйсініп тыңдайды. Бір мезгілде мүйістен үш адам шықты. Тұнық көшеде сөздер саңқсаңқ естіледі. Мен бүгін ақырғы рет күшімді сынап тұрмын (З. Шашкин).

Сөз тіркесі 1. Зерттелу тарихы. Сөз тіркесін анықтап, оның мәнін түсінуде әлі бірізділік жоқ. Сөз тіркесі туралы ілім орыс тілі білімінде өте күрделі, қарама-қайшылықты дамыды. Сөз тіркесі деп бір кезде толық мағыналы сөздердің кез кел­ген грамматикалық және мағыналық жағынан ұйымдасқан 22

Қазіргі қазақ тілі

тіркесі алынды; олардың формалары мен сөйлемдегі қызметіне мән берілмеді. Ондай жағдайда сөйлем де сөз тіркесі деп қарал­ ды (Ф.Ф. Фортунатов, А.М. Пешковский, М.Н. Петерсон, т.б). Синтаксис сөз тіркестерін зерттейтін ғылым деп танылды. Ф.Ф. Фортунатов: «Словосочетанием в речи я называю то целое по значению, которое образуется сочетанием одного полного слова (не частицы) с другим полным словом, будет ли это выражение целого психологического суждения, или выражения его части... В тех случаях, когда словосочетание является полным предложением в речи, отношение одного предмета мысли к другому открывается в психологическом суждении, выражающимся в этом словосочетании, как в полном предложении», – десе, А.М. Пешковский: «Словосочетание есть два слова или ряд слов, объединенных в речи и в мысли», – деп айтқан (Русский синтаксис в научном освещений. – М., 1956). А.А. Шахматов та сөйлемді сөз тіркесі деп санайды, бірақ жоғарыдағылардан өзгешелігі: ондай тіркестерді (сөйлемді) аяқталған сөз тіркесі дейді. «Словосочетанием называется такие соединение слов, которое образует грамматическое единое обнаруживаемое зависимостью одних из этих слов, от других». Аяқталмаған сөз тіркестерін: бағынышсыз (независимые) сөз тіркестері, (бастауыш, баяндауышты және атаулы сөйлемдер) және бағыныңқы сөз тіркестері (зависимые) – деп екіге бөледі. В.П. Сухотин сөз тіркесін: «минимальное грамматическое и смысловое единство в составе предложения, отражающее связи реальной действительности», – деп түсінеді. Мұнда сөз тіркесі сөйлемнен бөлек алып қаралады. В.В. Виноградов сөз тіркесі ұғымы мен сөйлем ұғымын бірбірінен ажыратады. Бұл айырмашылық олардың атқаратын қызметіне негізделген: Сөйлем – коммуникативтік тұлға да, сөз тіркесі – номинативтік (атаулық) тұлға. Сондықтан ол: «Словосочетание и предложение – понятия разных семан­ти­ ческих рядов и разных стилистических плоскостей. Они соот­ ветствуют разным формам мышления. Предложение – вовсе не разновидность словосочетания, так как существует и слова – предложения. Но оно и по внутреннему существу своему, по своим конструктивным признакам непосредственно не выводимо 23

Бердібай Шалабай

из словосочетания. Понятие словосочетание в своем содержании не заключает никаких грамматических признаков, которые ... ука­зывали бы на законченность сообщения. Словосочетание только в составе предложения и через предложение входит в сис­ тему коммуникативных категорий речи, средств сообщения. Но оно относится так же, как слово, и к области «номинативных» средств языка, средств обозначения. Оно так же, как и слово, пред­ставляет собой строительный материал, используемый в про­цессе языкового общения. Предложение же – произведение из этого материала, содержащее сообщение о действительности», – дейді (Избранные труды. Исследование по русской грамматике. – М., 1978). Демек, барлық кез келген толық мағыналы сөздердің қосындысы сөз тіркесі емес, ал «сөздердің жайылу ережесі бойынша құрылған» (сөздердің мағыналық жайылуының жемісі) тіркестерін ғана сөз тіркесі деп қарады. Қазіргі орыс тілі мамандарының біразы бастауыш-баян­да­ уыш­тық қатынастағы сөз тіркестерін сөз тіркесі деп қарамайды, олар сөйлемге жатқызылады. «Словосочетание – это смысловое и грамматическое объединение двух (или нескольких) полнозначных слов, служащее наименованием явлении действительности» (Н.С. Валгина). Сөз тіркестерінің түркітануда, соның ішінде қазақ тіл білі­ мінде зерттелу тарихы ұзақ емес. Оның ғылым ретінде бөлін­ген уақыты – ХХ ғасырдың 50-жылдары. 1940 жылы С. Аманжолов­ тың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген кітабында «сөйлем мүшелерінің тіркесі» жайында айтылады. Бұл туралы айтқандарының сөз тіркесіне қатысы бар, бірақ сөз тіркесін арнайы ғылыми зерттеу объектісі етпейді, жекелеген мәселелеріне тоқталмайды. Сол кітапта «сөздердің тізбектері» туралы арнайы тақырып бар, онда тек лексикалық тіркес пен тұрақты тіркеске қатысты мысалдар талданады. Қ. Жұбановтың «Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тарихы­ нан» деген мақаласында сөйлем мүшелері туралы айтқан­да­ры­ ның сөз тіркесіне де қатысы бар. Ал 1953 жылы шыққан «Қазақ тілі грамматикасы» оқулы­ ғында (С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаев) сөз тіркесін: 24

Қазіргі қазақ тілі

«Кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қию­ласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз», – деп анықтайды. 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» кітабында (М. Балақаев) сөз тіркесін синтаксистің сөйлемнен тысқары жеке объектісі ретінде қарап, олар әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласа, сабақтаса байланысады дейді. Алайда бұл пікірінен кейін қайтып, тек сабақтаса бай­ ланысқан сөз тір­кестерін таниды. 1957 жылы автордың «Основные типы словосочетаний в совре­менном казахском языке» атты монографиясы жарық көрді. Бұл тек қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітанудағы алғашқы ірі зерттеу еңбек болды. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттейтін объектісі – сөз тіркесінің белгілері, сөздердің байланысу тәсілі мен түрлері, сөз тіркесінің құрылысы, түрлері. Сөз тіркесінің белгілері. Сөздер тек бір ғана лексикалық ма­ғы­ на емес, басқа сөздермен тіркесіп грамматикалық мағына да бере­ ді. Сөздердің бір-бірімен тіркесе алу қабілеті олардың грам­мати­ ка­лық қасиеттерінің бірі болып табылады. Сөз тіркесі болу үшін: 1. Құрамында кем дегенде толық мағыналы екі сөз болуы керек; 2. Олардың мағыналары өзара жуық, байланысты болуы тиіс; 3. Олар салаласа емес, сабақтаса байланысады; 4. Олардың арасында жаңа грамматикалық мағына пайда болуы керек (мыс: анықтауыштық, пысықтауыштық, т.б.); 5. Предикативтік емес қатынаста тұруы шарт. Екі сөзден құралып, бірақ лексикалық бір түйдек мағына жа­ сайтын тіркестер сөз тіркесіне жатпайды. Мысалы, ақ қайың, боз торғай (жаңа грамматикалық мағына пайда болып тұрған жоқ, бір кезде болған болуы мүмкін, бірақ кейіннен тұтасып кеткен). Сонымен, сөз тіркесі деп, кемінде толық мағыналы екі сөзден құ­ ралып, сабақтаса байланысатын, предикативтік емес қатынас­та тұ­ рып, жаңа грамматикалық мағына білдіретін сөздер тобын атай­мыз. Сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарлары болады. Басыңқы сыңары – сөз тіркесінің ұйытқысы, ол бағыныңқы сыңарын меңгеріп, өзіне бағындырып тұрады. Сөз тіркестері басыңқы сыңарының қай сөз тобына жататын­ 25

Бердібай Шалабай

дығына қарай есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркес­тері болып екіге бөлінеді (лексика-грамматикалық түрлері). Компо­ нент­терінің санына қарай (жеке бір сөзден не бірнеше сөзден жаса­луына қарай) дара және күрделі сөз тіркестері болып бөлі­неді (сандық-құрылымдық типтері). Тұрақты сөз тіркестері сөз тірке­сі­ нің бір ғана сыңарын құрап, күрделі сөз тіркесін жасауға қа­тысады. Сөз тіркесі – тарихи категория. Сөз тіркестерінің қазіргі жү­ йесі – тілдің ғасырлар бойы дамып жетілуінің жемісі. Ол тілі­ міздің даму барысында сөзді қолдану тарихымен байланысты қа­лыптасқан. Тілдің лексикалық құрамы байып, синтаксистік құ­ рылысы жетілген сайын сөздердің тіркесу қабілеті де арта түседі. Сөз тіркестерін құруда зат есім мен етістіктің қызметі ерек­ше. Олар көбіне, басыңқы сыңар болып тұрады. Сөз тіркесіне практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты. Синтаксистік тұлға-бірлік ретінде түсінілетін сөз тіркестерінің өзіндік ерекшелігін, оның бір жағы­ нан, басқа лексика-грамматикалық тұлға-бірліктерден (сөз, сөй­ лем), екінші жағынан, өзіне ұқсас болып келетін тұлға-бірлік­ терден (күрделі сөз, тұрақты тіркес) айырма-белгілерін түсіну. Тақырыптың дәйектемесі. Сөз тіркесі жөнінде синтаксис ғылымының тарихында түрліше көзқарастар болып келді. Қазіргі уақытта да оның көптеген мәселелері талдап-түсінуге қиындықтар келтіреді. Тапсырма сұрақтар 1. Сөз тіркесі туралы көзқарастар (орыс тіл біліміндегі, түркітанудағы, қазақ тіл біліміндегі). 2. Сөз тіркесі болудың шарттары (белгілері). Оның өзіне ұқсас басқа синтаксистік тұлға-бірліктерден айырмашылығы. 3. Сөз тіркестерінің түрлері (құрамына қарай және басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуына қарай). Күрделі сөз тіркестері қалай жасалады? 4. Сөз тіркесінің құрылысы (басыңқы және бағыныңқы компонентте­рі­нің тұл­ ғалық ерекшеліктері). Әдебиеттер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971. – 20-83-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ. Синтаксис, – Алматы, 1967. – 7-54-б. 26

Қазіргі қазақ тілі 3. Балақаев М. Основные типы словосочетаний в казахском языке. – Алматы, 1957. 4. Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка, – М.-Л., 1950. – 60-80-б. 5. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – М-Л., 1948. – 202203-б. 6. Баскаков Н.А. Словосочетания в каракалпакском языке. Жинақ: Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Синтаксис. – М., 1961. – 40-60-б. 7. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев М. Қазақ тілі: мектеп оқулығы. 1951 (алғашқы басылымы). 8. Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі. Мектеп оқулығы. – Алматы, 1989 (соңғы басылым). – 23-34-б. 9. Қазақ тілі. – Алматы, 1954. – 376-409-б. 10. Сауранбаев Н. Қазақ тілі: педучилищеге арналған. – Алматы, 1953. – 153-158-б. 11. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі: педучилищеге арналған. – Алматы, 1982, – 183-193-б. 12. Серғалиев М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тілі сөз тіркестері синтаксисі. – Алматы, 1973. 13. Аблақов А. Қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестері. – Алматы, 1986. 14. Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы, 1981. 15. Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз тіркестерінің кейбір түрлері. – Алматы, 1974. 16. Современный русский язык: В. 3 ч. Синтаксис. Пунктуация. (В.В. Бабайцева, Л.Ю. Максимов). – М., 1987. – ч.3. – 34-55-б. 17. Прокопович Н.Н. Вопросы синтаксиса русского языка. – М., 1974. 18. Современный русский язык. (Под. ред. В.А. Белошапковой). М., 1981. 19. Ильясова Н.Ә. Сөз тіркесі синтаксисі. – Алматы, 2009.

Өздік жұмыс 1. Берілген тіркестердің қайсылары сөз тіркесіне жатады, қайсылары жатпайды? Сөз тіркесі болуының не болмауының себептерін түсіндіріңіз. Мен жаздым, маған жазды, хат жазу, жазу әрі оқу, жай айту, жай таныс, студент қыз, оқытушы әйел, қатты күлу, қатты кету, қонақ күту, қонақ кісі, боз торғай, үйдің қасы, таудың төбесі, әнші торғай. 2. Төмендегі бағыныңқы сыңар сөздерге басыңқы сыңар­ла­ рын тауып (олар әртүрлі сөз таптарынан болсын), сөз тіркесін жасаңыздар. Бағыныңқы сөздердің тұлғалық, мағыналық 27

Бердібай Шалабай

ерекшеліктері сөз тіркесін жасауға қалай әсер еткенін байқаңыз­ дар. Сөз тіркестерін мына схема бойынша талдау жасаңыздар: 1. Басыңқы сыңары бойынша сөз тіркесінің түрі; 2. Сөздердің байланысу тәсілі мен түрі; 3. Сөз тіркесінің құрамы (жай, күр­ делі); 4. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы. Көрікті, судан, маған, теректің, үйге, қызыл, сөзге, үйде, бір, жылдам, жақсы, кілт, жорта күліп, абайсызда, есіктің алдында, етпетінен, кескінінен, түнде, сағат онда, микрофонмен, түнімен, бұрынғы уақыттан, ежелден. 3. Төмендегі басыңқы сөздердің бағыныңқы сыңарларының толық парадигмасын жасаңыздар. Олардағы өзгерістер сөз тір­ кестерінің сипатын (мағыналық, грамматикалық ерекшелік­терін) жасауға қалай әсер ететінін түсіндіріңіздер. Келу, кету, қарау, бару, дос болу, қонақ ету, жеткілікті, аласа. Үлгі. Мәскеуден келу, поезбен келу, күзде келу, ұялғаннан келу, бірге келу, әкесімен келу, тез келу. Өздік жұмыс 1. Берілген модельдер бойынша сөз тіркесін құрып, оларға талдау жасаңыздар. 2. Сөйлемдегі сөз тіркестерін ажыратыңыз­ дар. Оларды сөз тіркесінің толық сызбасы бойынша талдаңыздар. 1-жұмыс. Зат.-ет. Жаз ортасының жарық түні (М.Ә). Құрым ертеңіне Бекейдің ақтабан кер атын мініп, ертеңгі мал өрер шақта ауылдан шығып кетті (Х. Есенжанов). Егін жинағанда да, шөп шапқанда да әндетіп, күледі де жүреді (Ж. Саин). Жүздерінде әлденендей бір қуа­ныштың белгісі бар (Б.М.). Жұман оның жалғыз көк шолағын аударып алып, үйіне жаяу жіберсе, Байжан ту бие түгіл тышқан мұрнын қанатпаған болып шықты (Ғ. Мүсірепов). Ақырын ескен майда ескек тұтасқан көк теңізді ақырын ғана қозғайды (С.С.). Күзбен бірге жайлаудағы ел жетті (Ғ. Мұстафин). Бесағаштың үстінде қыстың қыраулы күнінде шартылдап найзағай ойнады (Ш. Мұртазаев). 2-жұмыс. Үс.-ет. Таудың кешкі көлеңкесі ауыл үстіне түсіп, мүйнет сайын қоюланып келеді (М.Ә.). Күн кешке айналып бара жатқан кез еді, дала әлі де жарық, желсіз түнгі жаз даласын білесің ғой, 28

Қазіргі қазақ тілі

қандай керемет (Ж. Сайн). Түйеде қом, атта жал, қалмады елге тығындап (Абай). Сәлем беріп кірген Ебейсінге елден бұрын Тәңірберген жалт қарады (Ә. Нұрпейісов). Мұнысы баласына да, Көпейге де айтқан арызы сияқты шығып еді (Ғ. Мүсірепов). Кешке жақындағы бір ауылда ел жігіттері ойын жасады (С. Сейфуллин). Шиеттей төрт бала әкесінің ентіге соққан балға­ сына мәз (Ғ. Мұстафин). Шаңқан боз жиренмен тағы да құйрық тістесіп қалыпты (Ә.Кекілбаев). 3-жұмыс. Са – Ет. Аш.өт. 3 ж. Бірде кешқұрым қойшының ба­ласы бұны құдыққа апарып суарып қайтты (Ә. Кекілбаев). Түркі­станның кіндік қаласы – Таш­кентке Фрунзенің өзінен бұрын жер жарып даңқы жет­кен (Ш. Мұртазаев). Үйге келген соң әлі күн­ге қараңғы бо­лып тұрған бөлмесіне шам жағып, бір-екі хат жазды (М. Әуезов). Мал бағып, ошақтың үш бұтына қарап отыр­ған ша­руа­ға мезгілсіз кезде жауап беруге қалаға бару да оңай ма? (Б. Майлин). Төлеубай менімен жасынан таныс еді (С. Сейфул­лин). Қырық мыңға жаңа толған халқы бар Омбы қаласы ең әрісі жиыр­ма үйден отыратын қыр қазақтарына ертегіде айты­латын Бағдат шаһарындай ұшы-қиыры жоқ үлкен көрінетін (Ғ. Мүсірепов). Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз (Абай). Сергек жатқан жігіттер көзін асығыс уқалап атып-атып тұрды (Ә. Нұрпейісов). 4-жұмыс. Ес. Ж(1) 7-Ет.ор.көс. Ет.к. Туыстары Абайды жарқын жүзбен, қуанып қарсы алды (М. Әуезов). Сонау адалбақанның, төрдегі кебеже жүкаяқтың беттеріне ойып салған өрнектер, қондырған сүйектер сонша нәзік, сонша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын (Ғ. Мұстафин). Ертеңгі салқынмен біраз жер өндіріп тастаса да, шілде айының ыстық күні лезде қайнап кетті (Ә. Нұрпейісов). Торы аттың аузының көбігі Құрымбайдың жібек көйлегінің әр жеріне ақ таңба салыпты (Б. Майлин). Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, сыртқа пысық келеді көзге сынық (Абай). Ушаков Жұмабекпен арадағы арбасу пердесін амалсыз біржола жыртуға бел байлап, бұл күнге дейін бүркеп келген ойын енді іркілмей ашты (Ғ. Мүсірепов). Содан бері екі бай ит пен мысықтай көрінеді (Ә.Кекілбаев). Келте мұрын, аз ғана аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді (Ғ. Мүсірепов). 29

Бердібай Шалабай

5-жұмыс. Ет. Көс.-Ет. ө(з). Абайлар Балқыбектегі сияз басына келгенде, көпке шейін өздері түсетін жайды таба алмады (М.Ә.). Алдында үш ат бойы жерде бір құла қасқа кетіп барады (Ә.К.). Қыс айында кісі аяғы жете қоймайтын алыс ауылдарға да осы хабар дүңкілдеп естіліп жатты (Ә. Нұрпейісов). Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді (Ғ. Мүсірепов). Кішкене шам сығырайып, сәулесінің ұшынан созылып түтін шығып тұр (Б. Майлин). Сәрсенбай Нұржан­ ның үйінде осы балалардың у-шуымен ұзақ отырып қалды (М. Жұмабаев). Сондықтан Ақбала манадан бері айтылып жатқан сөздерге үлкен мән берді (Ж. Аймауытов). 1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті (А.Байтұрсынов). 6-жұмыс. Сы 3. Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, қасына сөз айтпаққа жақын келді (А. Байтұрсынов). Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді (Ғ. Мүсірепов). Жарыс жоқта да ол жылқыдан гөрі адамға үйір (Ә. Кекілбаев). Қара қатын осы ауылда Ақбаламен өш (Ә. Нұрпейісов). Қара торы келген жас қана әйел, болыспен қатар отырып, стол үстіндегі қағазды ақтарысып жатыр (Б. Майлин). Таңжарық үйінің үлкен сары самауырыны екі иінінен буы бұрқырай төргі үйге кіріп келеді екен (М. Әуезов). Тау бетінен аңдағайлап жатағына мал келді (Ж. Аймауытов). Адал еңбекпен мал іздемек-арлы адамның ісі (Абай).

Сөйлем және оның белгілері Синтаксистік тұлға-бірлік ретіндегі сөйлемді зерттеуге тіл ғылымы тарихында әртүрлі тұрғыдан келушілік болды. Оларды өзара салыстырсақ, сөйлемді анықтауда негізінен екі бағыт бар екенін байқаймыз: 1) сөйлемді лингвистикадан сыртқары ұғымтүсініктердің көмегімен айқындауға тырысу және 2) сөйлемді анықтауда таза лингвистикалық межені табуға ұмтылу. Тіл ғылымы тарихындағы әртүрлі лингвистикалық бағыт­ тардың өкілдері сөйлемнің мәнін түрліше анықтады. Өйткені 30

Қазіргі қазақ тілі

олардың жалпы тілге және тіл мен ойлау процесі арасындағы қарым-қатынас, байланыс мәселесіне түсініктері әртүрлі болды, сондықтан олардың грамматикалық концепцияларының да түрліше болуы заңды еді. І. Сөйлемнің мәнін логикамен байланстырып түсіндіру. Бұл көзқарас Ф.И. Буслаевтың ілімінде айқын көрінеді. Ол: «Біз ойлап, бағалайтын зат, нәрсе – бастауыш болады. Ал, сол зат туралы ойымыз, бағамыз – баяндауыш болады. Баяндауыштың бастауышқа тіркесуі – пайымдау делінеді. Сол пайымдаудың сөзбен бейнеленген түрі – сөйлем», – дейді. Одан әрі Ф.И. Буслаев пайымдаудың негізі – баяндауыш болатынын, баяндауышсыз пайымдау болмайтынын, бастауышсыз сөйлем болса да, баян­ дауышсыз сөйлем болмайтынын айтады. Есім тұлғалы сөй­ лемдерді мойындамайды. Сөйлемді жоғарыдағыдай анықтау, бір жағынан логикалық ұғымдар мен грамматикалық ұғымдарды теңестірсе (субьектбастауыш, предикат-баяндауыш, пайымдау-сөйлем), екіншіден, сөйлемнің өрісін тарылтады. Кез келген пайымдау сөйлем арқылы беріле алғанмен, кез келген сөйлем пайымдауды білдірмейді. Пайымдауда бір нәрсе бекітіледі немесе жоққа шығарылады. Ал кейбір сөйлемдерде (мыс: Сен кітапханаға барасың ба? немесе: «Табаныңды жалтырат!» деген) пайымдау берілмейді. Олардың мазмұны жауап алу мақсатындағы сұрақ қоюға немесе бұйыруға негізделген. Сөйлем мен пайымдаудың мәні бір емес екенін мына жайдан да байқауға болады. Бір пайымдауды әртүрлі формадағы сөйлем­ мен беруге болады. Мысалы: Менің қарным ашты. Менің тамақ ішкім келеді. Сондай-ақ, сөйлем мүшелері мен пайымдау мүшелері де бірдей емес. Пайымдаудың субъектісі алдын ала белгілі нәрсе болады да, предикат танымдық тұрғыдан жаңа бір қасиет, сапа болады. Пайымдаудың субъектісі бастауышпен, предикаты – баяндауышпен сәйкес келетін сөйлемдер болады. Мысалы: Оспан келді. Бірақ басқа бір сөйлеу ситуациясында субьект пен предикат орын ауысуы мүмкін де, бастауыш пен баяндауыш өзгермейді. Мысалы: - Кім келді? – Оспан келді (екпін Оспан сөзіне түседі). Мұнда жаңалық «Оспан» сөзімен байланысты болғандықтан, логикалық предикат қызметін де сол сөз атқарады. 31

Бердібай Шалабай

Ф.И.Буслаевтың ілімі өзінен кейінгі ғалымдарға қатты әсер етті. Осы күнге дейін сөйлемді анықтауда әсері бар. ІІ. Сөйлемге психологиялық бағыт өкілдері басқаша тұрғы­ дан келеді. А.А. Потебня «грамматикалық сөйлем логикалық пайымдаумен бірдей емес» дейді. Ол екеуінің ерекшеліктерін айқындап береді. А.А. Потебня сөйлемге анықтама бермегенмен, оның басты белгісі – баяндауыштық екенін, оның алғашқы этимологиялық формасы етістік екенін айтады. Оның шәкірті Д.Н. Овсянико-Куликовский сөйлемді «ойлаудың айырықша қозғалысымен байланысты болып келетін сөз немесе сөздердің тәртіпті тізбегі» деп анықтайды. Ол да сөйлемді баяндауыштықпен байланыстырады. А.А.Шахматов: «Сөйлем – психологиялық коммуникацияның сөз арқылы грамматикалық тұтастыққа біріккен бейнесі», – деген анықтама береді. Психологиялық коммуникация деп отырғаны – «адам миындағы түсініктердің тіркесін басқа адамдарға хабарлайтын ойлау актісі». Қарапайым коммуникацияға екі ұғым-түсініктің «адамның еркі арқылы предикативтік байланысқа түсуі» жатады. ІІІ. Формальды-грамматикалық бағыттың (тұлғашылдық бағыт) өкілдері сөйлемді аяқталған интонацияға ие сөз тіркесі ретінде атайды. Сөйлем мүшелерін сөз таптары ретінде қарайды. (Ф.Ф.Фортунатов, М.Н.Петерсон, А.М. Пешковский). А.М.Пешковский: «Өзінің құрамында баяндауышы бар немесе құрамынан баяндауыштың түсіп қалғаны білініп тұратын немесе тек бір ғана баяндауыштан тұратын сөз тіркесін сөйлем дейміз», – деген. Сонымен, А.А.Потебнядан бастап, орыс тілі синтаксисі ғылымында сөйлемді оның нақты бір ұйымдастырушы белгісі негізінде анықтауға ұмтылу бар екенін көреміз. Сөйлемді ұйымдастырудағы етістіктің рөлін баса көрсету баяндауыштық категориясын кеңірек түсінуге алып келді. Бұл одан әрі предикативтілікті сөйлемнің басты белгісі ретінде тануға әкеледі. Бірақ көпшілік жағдайда предикативтілік – бастауыш пен баяндауыш, яғни сөйлемнің екі ұйымдастырушы орталығы арасындағы синтаксистік байланыс ретінде түсінілді. Егер бір ғана тұрлаулы мүшеден құралған сөйлемдер болса, екінші тұрлаулы мүшенің жоқтығын не оның түсіп қалуымен (ойда 32

Қазіргі қазақ тілі

бар) (А.А.Потебня), не екі тұрлаулы мүшенің бір тұрлаулы мүше бойында функционалдық жағынан бірігуімен түсіндірді (А.А.Шахматов). Одан әрі қарай синтаксис ілімі сөйлемнің жалпы коммуни­ кативтік мәнін ескере отырып, оның грамматикалық белгілерін анықтау жолымен дамыды. Мысалы, В.В.Виноградов: «Сөйлем – тілдің өз заңдылықтары бойынша грамматикалық тұрғыдан ұйымдасқан біртұтас сөйлеу бөлшегі, ол – ойды қалыптастырудың, бейнелеудің және хабарлаудың басты құралы», – деп ой түйеді. Сөйлем – ойды, сонымен қатар сезім, тілекті бейнелеуге қыз­ мет ететін грамматикалық ұйымдасқан ең кіші тұлға-бір­лік деп анықтау қазіргі кезде кең тараған көзқарас. Мұндағы граммати­ калық ұйымдасқан деген ұғымға сөйлемнің негізгі белгілері: пре­дикативтілік, модальділік және интонациялық аяқталғандық туралы түсінік кіреді. Мұндай анықтауларда сөйлемнің мазмұндық сипатына көңіл аударылады. Сөйлемнің ондай мазмұнды белгісіне предика­тив­ті­ лік жатады. Предикативтілік ұғымына сөйлемнің хабарланған жайды үш шақтың (осы, өткен, келер шақ) біреуінде нақты іске асуын көр­сететін грамматикалық қасиеті не хабарланған жайдың мүм­ кіндігін, қажеттігін ғана білдіре алатындай қасиеті енеді. Мысалы: 1. Марат кітапханаға келе жатыр. Марат кітапханаға келді. Марат кітапханаға ертең келеді. 2. Марат кітапханаға келетін шығар. Мараттың кітапханаға келуі мүмкін. Мараттың кітапханаға келуі тиіс. Алдыңғы мысалдарда үш шақтың біреуінде нақты іске аса­ тын жайлар, соңғы мысалдарда іске асуы мүмкін ғана жайлар баяндалған. Сөйлемнің жоғарыдағыдай грамматикалық мағыналарын ха­бар­ ланған жайдың шындыққа қатынасы деген жалпы атаумен бе­руге болады. Міне, осы қатынас грамматикада модальділік деп аталады. Жоғарыда көргеніміздей, модальділік ұғымы шақтық мағы­ намен ажырамас бірлікте қабылданады. Синтаксистік катего­рия­ лардың (модальділік пен синтаксистік шақ) осы жиынтық кешені 33

Бердібай Шалабай

– предикативтілік болып табылады. Модальділік пен синтаксис­ тік шақ мағыналарын жалпыласақ, хабарланған жайдың шын­дық­ қа жалпы қатыстылығы шығады. Демек, предикативтілік деге­ німіз – хабарланған жайдың шындыққа жалпы қатыстылығын белгілейтін грамматикалық категория. Ал жалпы қатыстылық өз ішіне хабарланған жайдың белгілі уақыт ішінде (синтаксистік шақ) өтуін және хабарланған жайдың шындыққа қатысын (модальділік) кіргізеді. Сонымен, сөйлем модальділік және синтаксистік шақ кате­го­ рияларына ие. Ол категориялар ажырамас бірлік құрайды және ол предикативтілік делінеді. Ол барлық сөйлемдерге тән және сөйлемді басқа синтаксистік бірліктерден (мыс, сөз тіркесінен) айыратын белгі ретінде танылады. Модальділік, синтаксистік шақ, демек, предикативтілік те арнайы тілдік құралдардың көмегімен бейнеленеді. Ондай құралдарға қазақ тілінде етістіктің рай, шақ тұлғалары, кейбір арнайы тұлғалар жатады. Мысалы: Бала оқиды. Бала оқыды. Бала оқып жүр. Бала оқыса екен. Бала оқи берсін. Бала оқуға тиіс. Етістіксіз құралған сөйлем болса, онда сөйлем мағынасы осы шақта жүзеге асқан, белгілі бір оқиға шындығы жөнінде жалпы мағынада ұласып беріледі. Мысалы: Түн салқын. Жаңбыр. Қараңғылық. Хабарланған жайдың шындыққа қатынасы түріндегі модаль­ діліктің жалпылама мағынасынан өзге, сөйлемде айтушының хабарланған жайға қатысы түріндегі мағына да болуы мүмкін. Модальділіктің алғашқысы – объективті модальділік делінсе, соңғысы – субъективті модальділік делінеді. Субъективті мо­ даль­ділік қосымша лексика-грамматикалық және интона­циялық амалдармен беріледі. Мысалы: Оспан келеді (хабарланған жайдың шындығы жөнінде жалпы мағына) – бұл объективті модальділік). Оспан, әрине, келеді; Оспанның келуі мүмкін (хабарланған жайдың сенімді не орындалуы мүмкін шындығы жөнінде мағына), бұл – субъективті модальділік). Сөйлемнің келесі басты белгісі – интонациялық тиянақтылық, аяқталғандық. Сөйлемнің жалпы алғанда мынадай интонациясы бар: хабарлау интонациясы, сұрау интонациясы, бұйыру, іске қосу 34

Қазіргі қазақ тілі

интонациясы. Жеке пландағы интонациялар (жоғарыдағы негізгі интонацияларға қосалқы болып келеді) – сенімділік, таңырқау, болжамдық, т.б. интонациялары. Негізгі интонациялар сөйлемнің жалпы коммуникативтік мақсатына байланысты болады, қосалқы интонация сөйлемнің нақты лексикалық құрамына байланысты болып келеді.

Сөйлемнің түрлері Сөйлемді жіктеу оның әртүрлі белгілерін ескеру негізінде жүзеге асады. Мысалы, айтылу мақсатына қарай, соған сәйкес болатын интонацияға қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұй­ рықты болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы белгілі эмоционалдық бояу, айрықша көтеріңкі интонация болған жағдайда лепті сөйлемге айналуы мүмкін. Сөйлемнің мағыналық-құрылымдық типтері де оның басқа белгілерін негізге алып құралады. Болымды және болымсыз сөйлемдер Сөйлем мазмұны шындыққа қатысты болады және бұл объективтік айтушы көзқарасы тұрғысынан белгіленеді. Соған орай, баяндау сөйлемде құбылыстардың не зат пен белгісінің байланысына сай іс-сапа, не сай емес іс-сапа ретінде бекітіліп беріледі. Мысалы: Асқар келді. Асқар келген жоқ. Жаңбыр жауды. Жаңбыр жаумады. Алғашқылары шындық байланысына сай іс туралы болса, соңғылары шындық байланысына сай емес іс туралы. Олар сонымен қоса, айтушының бейтараптық көзқарасы не сенімділік, сенімсіздік, белгісіздік, мүмкінділік, т.б. көзқарасы тұрғысынан анықталуы мүмкін. Сөйлемдер баяндаудың ақиқат, ақиқат емес модальдік мағыналарда бекітіліп берілуіне қарай «болымды сөйлем», «болымсыз сөйлем» түрінде қалыптасады. Болымсыз сөйлемдер Болымды сөйлемнің де, болымсыз сөйлемнің де басты құралу жолы көбіне, баяндауыш қызметіндегі сөздердің лексика35

Бердібай Шалабай

семантикалық ерекшелігіне (қарама-қарсылықты ыңғайда қолданылуына) негізделеді. Бұл қалыптасу амалы жағынан олар бір-біріне ұқсас келеді. Грамматикалық қалыптасу амалы жағынан айырмашылығы бар: болымды сөйлемдер арнаулы грамматикалық тәсіл-тұлғалы болып келе бермейді. Болымсыз сөйлемдер қандай мағыналық ерекшеліктерде жұмсалмасын, айрықша грамматикалық тәсілдер арқылы құралып отырады: 1) Лексика-грамматикалық амал арқылы. Баяндауыш бо­ лым­сыз мәнді есім, етістік сөздерден, сөз тіркестерінен жаса­ лады. Мысалы: Асқар үйде жоқ. Олардың директорлары кім екені белгісіз еді. Қой деймін!!! Қойыңызшы! Болды, жетті! Баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалады: Раушан сөйлеуді қойды. Олар үннен қалды. 2) Морфологиялық тәсіл арқылы: -ма, -ме қосымшасы. Мысалы: Ұзақты түнде шатасып ұйықтай алмады (Б.М.). 3) Синтаксистік тәсіл: емес (емен), жоқ көмекші етістіктері тіркесіп келу арқылы. Мысалы: Таңмен кеткен Мақтым әлі қайтқан жоқ (Б.М.). Ойдың болуы да мүмкін емес (Б.М.). Риторикалық сұрақ арқылы: Ерлердің ісі бітер ме? Керегі қанша? Бұл күнде ондай қыз қайда? Кім білсін? Болымсыз сөйлемдер диалогта айрықша интонация арқылы қалыптасады да, хабар-лепті сөйлемдер ретінде айтылады. – Иә, берерсің! – Жақ ашшы, кәні! – Ендігәрі соған ергеніңді көрейін! Сөйлемнің айтылу мақсатына және интонациясына қарай бөлінуі Сөйлем әрқашан мақсатты болады. Баяндау айтушының не хабар мәлімет білдіруі тұрғысынан, не біреуге сұрақ қоюы тұрғысынан, не оған тікелей ерік-талап білдіруі тұрғысынан беріледі. Демек, сөйлем мазмұны тұрғысынан айтушы сөйлесуші жақпен пікір алысады, бір-бірімен қатынас жасайды. Осыған орай, сөйлемдер нақтылы сөйлеу процесінде құры­ лымы мен интонациясы жағынан түрлі-түрлі болып жұмсалады, түрліше коммуникативтік қызмет атқарады. Оларды хабарлы, 36

Қазіргі қазақ тілі

сұраулы, бұйрықты деп жіктегенде, осы қолдану мақсаты меже етіледі. Сөйлемдердің мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып топтастырылуы тілдің ой білдіру, қатынас жасау құралы ретінде атқаратын басты қызметіне негізделеді. Хабарлы сөйлемдер айтушының шындық туралы баяндауын, пікір алысуын тікелей білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: «Мынау – ағаш» дегенде, айтушы басқа адамға белгілі бір зат жайында өзінің түсінік-мәліметін білдіреді. Ондай ойдың логи­ калық формасы – пайымдау болады, өйткені негізгі сөйлем маз­ мұны болымды, болымсыз бір іс-сапа ретінде, айтушының ин­ тел­лектуальды көзқарасы (логикалық тұжырымдауы) бойынша беріледі. Сұраулы сөйлемдер сөйлесуші жақтан шындық туралы жауап алу үшін жұмсалады. Мысалы: Асан қайдан келеді? дегенде, айтушы тікелей пайымдау білдірмейді. Сұрақ тұлғасында еріктілек білдіреді. Сөйлесуші тарапынан қандай да болмасын пайымдау берілуі көзделінеді. Сондықтан сұраулы сөйлемдерді екінші жақтың пайымдау білдіруі үшін жұмсалады деп те айтуға болады. Әрине, ол баяндау тура емес, жанама пайымдау болады. Бұл жай сұрақ мәнінің пайымдаумен байланысты екенін, мақсаты жағынан сұраулы сөйлемдер хабарлы сөйлемдерге орайлас келетінін аңғартады. Бұйрықты сөйлемдердің мазмұны пайымдауға не сұраққа емес, шындық құбылыстардың қаланатындығы, керектігі немесе мүмкінділігі жөніндегі айтушы көзқарасына ғана негізделеді. Мысалы: «Жұмысты бітір» дегенде, айтушының шындыққа деген қатынасы сөйлесушіге белгілі бір талап қою тұрғысынан беріледі. Демек, бұйрықты сөйлемдер айтушының сөйлесушіні іске қосу-қоспаудағы тікелей еркін білдіру үшін жұмсалады. Осы ұғымда олар да пайымдау білдіреді дейміз. Лепті сөйлем – эмоциялық айтушы қатынасына қарай белгі­ ленетін айрықша бір тип. Сөйлеуде айтушының сезім, эмоциясы не баяндау мазмұнына үстемелеп беріледі, не жалпы бір болмыс, субъект жайында тікелей беріледі. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің мазмұны эмоция­ 37

Бердібай Шалабай

лық мағынада ұласып та, ұласпай да айқындалады. Алдыңғы жағ­ дайда олармен әрі баяндау, әрі қосымша бір айтушы эмоциясы беріліп отырады. Демек, сөйлеу ерекшелігіне қарай мақсат мәнді сөйлем типтері үстеме мәнді лепті сөйлем ретінде де жұмсалады. Бұйрықты сөйлем ерік-талапты білдіреді. Оның өзі көп ретте айтушы эмоциясына ұласып беріледі. Сонымен бірге, бұйрықты сөйлемнің де, кейбір арнаулы лепті сөйлемдердің де негізгі қалыптасу тәсіл-тұлғасы бұйрық райлы етістік болады. Бұдан бұйрықты сөйлем мен жалпы лепті сөйлем тепе-тең деген түсінік тумайды. Өйткені бұйрықты сөйлем ерік-талап білдіру үшін айтылады. Ол мағынасы мен құрылымы жағынан да біркелкі емес, соған сәйкес, әрқашан бір дәрежеде эмоциялы болып келе бермейді. Хабарлы сөйлемдер Хабарлы сөйлем айтушының зат, құбылыс туралы қандай да болмасын баяндауын, болымды, болымсыз бір іс-әрекет, сапа жайында түрлі мәліметін, белгілі бір қатынасын тікелей білдіреді. Хабарлы сөйлемдер ереже-анықтама, тақырып, суреттеме, жауап ретінде де айтылады. Сөйлеуде хабарлы сөйлем мағыналық-құрылымдық дербесті­ гіне қарай дауыс кідірісі (пауза) арқылы ажыратылады. Әр хабарлы сөйлем бірсыдырғы баяу интонациямен айтылады. Бұл, жалпы алғанда, сөйлемнің алдыңғы шенінде жай басталып, бірте-бірте жоғарылай түседі де, соңғы шенінде бәсеңдей барып тынады. бала мінезіне → үлкендер → сүйсініп → Үй ішіндегі → қалды. Хабарлы сөйлемдердің дауыс ырғағы біркелкі болып келе бермейді. Хабарлы сөйлемдердің қолдану өрісі кең. Олар жалпы құрылымы жағынан жай, құрмалас сөйлем болып, құрамы жағынан нақтылы жақты, белгісіз жақты, жанама жақты (жақсыз), жалпылама жақты, мүшеленбейтін (атаулы, модаль сөзді) сөйлем болып, құрылысы жағынан жалаң, жайылма сөйлем болып келе береді. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны да әр қилы. Оларда баяндау 38

Қазіргі қазақ тілі

заттардың қозғалысы, қимылы, күй-қалпы, түрлі сапалық белгісі, бір ұғым-түсінігі жайында беріліп отырады. Хабарлы сөйлемдердің негізгі бір грамматикалық ерекшелігі мынау: олар көбіне, ашық райда қолданылып, түрлі модальдік мағына білдіреді. Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан ха­ барлы сөйлемдер болымды, болымсыз модальдік мағыналарда айтылады. Мұның өзі бірде іс, болмыстың жалпы ақиқаттығы тұрғысынан ғана белгіленіп берілсе, бірде басқа бір модальдік, эмоциялық мағыналарда ұласып айқындалады. Сонымен бірге, хабарлы сөйлемдер, баяндау мазмұнына деген айтушы қатына­ сына қарай мүмкінділік, мүмкін еместік, керектілік, қалау, бол­ жал­дық, сенімділік, сенімсіздік, күмәнділік, белгісіздік, міндет­ тілік, тиістілік , т.б. модальдік мағыналарда беріледі: Бұл айырым мағыналар көбіне, ашық райдың келер шақтық тұлғасы (-р, -с) мен қалау рай тұлғалары арқылы, баяндауыштың бір компонент элементі ретінде жұмсалатын екен, болар, деймін, неғылсын, қажет, ауыр, орынды, шара, жай, т.б. тәрізді арнаулы модальдік сөздер мен кейбір демеуліктер (-мыс, -ды, -ты) арқылы беріліп отырады. Олардың мәні сөйлеу жағдаятына, мәнмәтінге, соған сәйкес, интонацияның құбылып берілуіне байланысты болады. Сұраулы сөйлемдер Сұраулы сөйлем белгілі бір шындық байланысы туралы сөй­ лесуші жақтан қандай да болмасын жауап күту үшін жұм­са­лады. Олар модальдік-эмоциялық мағынада бір айтушы баян­дауы мен демеу-тілегін де білдіреді (-неліктен бұлай дедіңіз?). Сұраулы сөйлемдер айрықша интонациямен айтылады. Бұл – сұраулық мағынаның жалпы да басты бір синтаксистік берілу амалы. Айрықша интонация сөйлемдегі басқа сөздерге қарағанда сұрақ тұлғалы сөздің (не мүшенің) өзгеше құбылып айтылуына негізделеді. Осыған орай, сұраулы сөйлемнің тиянақтылығы, хабарлы сөйлемдердегі сияқты бәсең ырғақ арқылы емес, сұрақ тұлғалы сөз сөйлемнің аяғында келсе көтеріңкі ырғақ арқылы айқындалады. Ал сұрақ тұлғалы сөз сөйлемнің басында келсе, басым интонация сөйлемнің басында болады (-бермейсің ғой, жауапты?). 39

Бердібай Шалабай

Ал, сұрау есімдікті сөйлемде интонация хабарлы сөйлемде­ гіге ұқсас болады (Мынау үй неге көшпей отыр екен?). Сұраулы сөйлем интонациясының түрлі ырғақта айқындалуы сөйлеу типіне, сөйлемнің эмоциялы болу-болмауына, сөйлем құрылысына, сұрақ тұлғалы сөздердің ерекшелігі мен жұмсалу орнына байланысты. Жасалу жолдары: Айрықша интонациядан бөтен сұраулы сөйлемдер айырым бір синтаксистік, лексикалық-грамматикалық амалдар арқылы құралып жұмсалады. І. Сұраулы сөйлемнің синтаксистік жасалу амалына көте­ ріңкі сұраулық ырғақ және арнаулы бір модальдік сөздер (болар, шығар, қайтеді, неғылады, білем, деймін) мен демеуліктер (ғой, да, ау, ә) жатады. Мұндай сөйлемдер, негізінде, ой мазмұны­ ның ақиқаттығы туралы қарсы жақ көзқарасын анықтау үшін қолданылады. 1) сұрау мәнді демеулік – Барасың ба? – Мәдениет сарайы ше? 2) демеуліктер – Өзіңіз жұмыстасыз ғой? – Өзі бейімделген-ау? (басым сұраулық интонация болуы керек) – Мынау жақсы екен, а? – Босатқан болат та? 3) модаль сөздер – Екеуіңіз жазған шығарсыңдар? – Айтсам қайтеді? 4) сұраулық интонация – Сіз Асқарды білерсіз? – Он төрт? ІІ. Лексика-грамматиканың жасалу амалы: Не, кім, қандай, қай, қанша, қайсы, қайда, қайдан, қалай, қашан есімдіктері арқылы. Ондай сөйлемдерде интонация синтаксистік амал арқы­лы қалыптасатын сөйлемдердегідей, сұраулық мағынаны айқын­дай­ тын негізгі тәсіл емес, қосымша. Ол айтушы қатынасын үсте­ме­ лей білдіру үшін ғана жұмсалады. Сұрау есімдікті сөйлемнің жалпы интонациясы көбіне, ха­ барлы сөйлемдікіне орайлас келеді. Бұл – сұрау есімдіктерінің 40

Қазіргі қазақ тілі

лексикалық-семантикалық ерекшелігіне, өзіне логикалық екпін түсіріліп айтылуына байланысты. Сұрау есімдікті сөйлемдер, негізінде, ой мазмұнының белгісіз бір жағын анықтап білу, айтушының түсінік-мәліметін кеңейту үшін қолданылады. Түрлері: Сұраулы сөйлемдер сұрақ мазмұны жағынан, оның берілу мақсаты жағынан біркелкі болып келмейді. Соған сәйкес, олардың қолданылу өзгешеліктері де жоқ емес. Диалогта сұраулы сөйлемдер көбіне, жауап күту үшін айтылады. Ондай сөйлемдер монологта да қолданылып, модальдік не эмоциялық мағынада белгілі бір баяндау білдіріп отырады. Бұл да сұраулы сөйлемнің негізгі қызметі болмақ. Диалогтағы жауап күту үшін айтылатын сөйлемдер демеу мәнінде үстемеленіп те жұмсалады. Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес, сұраулы сөйлемді негізгі мағыналарына қарай үш топқа бөлуге болады: ашық мәнді сұраулы сөйлемдер, демеу мәнді с.с., риторикалық мәнді, с.с. Ашық мәнді сұраулы сөйлемдер мағынасы мен қолданылуы жағынан кең келеді. Көбіне, диалогта жұмсалады. Сондықтан оны диалог сұрақ деп те атайды. Ашық мәнді сұрақ қарсы жақты қандай да болмасын жауап беруге мәжбүр етеді. Тілші-ғалым О. Төлегенов ашық мәнді сұраулы сөйлемдерді сұрақтың берілу мақсатына қарай: айтушы мәліметін кеңейту үшін жұмсалатын сөйлемдер және сөйлесуші жақ көзқарасын айқындау үшін жұмсалатын сөйлемдер деп екіге бөледі. Айтушы мәліметін кеңейту үшін жұмсалатын сөйлемдерде ой мазмұнының белгісіз бір жағын сөйлесуші жақ жауабы арқылы анықтау, нақтылап толықтыру көзделінеді: (Есімі кім? Барса ше? Мысалы?, т.б.) Сөйлесуші жақ көзқарасын айқындау үшін жұмсалатын сөйлемдерде ой мазмұны айтушыға белгілі болады. Сондықтан, оларда көбіне, осы ой мазмұнының екінші жақ тарапынан қос­ талатынын не қосталмайтынын білу мақсат етіледі. Мұндай сөйлемдер сұраулы интонация, модальды сөздер мен демеуліктер арқылы құралады. – Атың сүрініп кетті де, құлап қалдың? 41

Бердібай Шалабай

– Тұқым ше? – Анда отырсақ қайтеді? О. Төлегенов ашық сұрақты тіке сұрақ, қарсы сұрақ деп те бөледі. Демеу мәнді сұраулы сөйлемдер сөйлесуші жақтың көзқа­ расын анықтау тұрғысынан жұмсалып, айтушының оны іске қосу­ дағы басым не үстеме бір талап-тілегін білдіреді. Осыған орай, демеу мәнді сұраулы сөйлемді екінші жақ көзқарасын айқын­ дайтын ашық сұрақтың бір стильдік түрі деп те қарауға болады. – Ал, ендеше, айтпайсың ба? Риторикалық сұраулы сөйлемдер – ой мазмұнын экспрес­ сив­тік, эмоциялық мағынада білдірудің әдеби тілге тән негізгі бір синтаксистік-стильдік амалы. Ол сөйлеу мазмұнына тыңдауш­ ыны сендіру үшін не оның назарын аудару үшін айтылады. Мыс: Суыққа тоңу дегенді біле ме, олар? (Ғ.М.) Бұйрықты сөйлемдер Бұйрықты сөйлемдер тыңдаушы адамға (бір не бірнеше) қандай да болмасын істі істеуі не істеткізуі жөнінде айрықша ықпал жасау үшін айтылады. Ол сөйлемдердің мазмұны шындық жайында мәлімет не сұрақ білдіруге емес, тікелей ерік білдіруге негізделеді. Әрине, ашық мәнді сұраулы сөйлемдер де ерік-тілек білдіреді, бірақ бұл – сөйлесушіні тек жауап беруге мәжбүр ететін ерік-тілек. Демек, бұйрықты сөйлемдер айтушының сөйлесуші жақты не сол арқылы басқа біреуді белгілі бір іске көндірудегі ерік-тілегін білдіреді. Бұйрықты сөйлемдер басым интонациямен айтылады. Бірақ соның өзінде сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекше­лік­ теріне қарай әртүрлі ырғақта жұмсалады. –Аш көзіңді, жауыз! (Басым интонация). – Қорықпа, жеңгей. (Жәй интонация). Құрылымы. Бұйрықты сөйлемдер белгілі бір грамматикалық тәсіл жүйе­ де қалыптасады. Оны қалыптастыруда интонацияның, кейбір лексикалық, стильдік тәсілдердің және мәнмәтіннің рөлі күшті. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық рай тұлғасы арқылы құралады. Баяндауыш қызметіндегі етістік ІІ және ІІІ жақ тұл­ ғаларында қолданылады: – Сен бар. 42

Қазіргі қазақ тілі

– Сіз барыңыз. – Ол барсын. Бұйрық етістікті сөйлемдер мынадай қосымша бір грам­ма­ тикалық, лексикалық тәсілдер арқылы ұштасып жұмсалады. 1) (-шы, -ші); 2) көр, жүр, байқа көмекші етістіктер мен ғой, деймін модаль сөздер; 3) ресми стильде: міндет етілсін, талап етілсін, тапсырылсын, жүктелсін етістіктері, ауызекі сөйлеуде: доғар, қысқарт, тоқта, тыйыл, сақтан, т.б. етістіктері; 4) баянда­ уыштың орын тәртібін өзгертуі арқылы. 2) Бұйрықты сөйлемдер етістіктің шартты, қалау, ашық рай тұлғалары арқылы қалыптасады: -са+шы, -се+ші, -йшы, -йші; -са еді (екен); -айық/-ейік, -йық/-йік (+шы/+ші); -ғай/-гей, -қай/-кей. Бұйрықты сөйлем белгілі сөйлеу жағдайында ашық райлы етістіктер арқылы қалыптасады, соған сәйкес арнаулы интона­ циямен айтылады: ауыспалы осы шақ, болжалды келер шақ тұлғасында: өзің алып жүресің! Өзің ескертерсің! Айтарсыңдар. Бұйыр, өтін, сұра, тапсыр етістіктері баяндауыш болып келеді (сұраймын, өтінем, өтінер едім...). Кет, жүр, көтер етістіктерінен жасалады. Айда, кеттік! Ал, жүрдік! Ал, көтердік! 3) Бұйрықты сөйлемдер керектілік-міндеттілік мәнді жанама жақты/жақсыз сөйлем түрінде құралып жұмсалады. Баяндауыш құрамында керек, қажет, шарт, тиіс, жөн, мақұл, дұрыс модаль сөздері болады: Сен оны сыйлауың керек, әрқашан әзір тұруымыз керек, білмек керек, сақтануға керек, отыруға тиіссіздер... 4) Белгілі бір сөйлеу жағдайында бұйрықты сөйлемдер есім, үстеу сөз құрамды кейбір тұрлаусыз мүшелер арқылы қа­лып­­ тасады (толымсыз сөйлем). Сөйлемдердің мазмұны сөйлеу жағ­ дайына қарай әрі лексикалық мағынасы мен грамматикалық тұлғасына қарай тыңдаушыға түсінікті болады. Мысалы: – Сусын, – деді Жабай тілін әрең жалап. Бұйрықты сөйлемдер ишарат (бұйрық) одағайларынан құра­ лады. Әй, тәйт, айда, тсс, мә... Түрлері Бұйрықты сөйлемдер мазмұны жағынан, оның берілу сипаты жағынан біркелкі емес. 1. Тіке бұйрық білдіру, нақтылы талап қою мағынасында. 43

Бердібай Шалабай

Тіке бұйрық іс-әрекеттің сөйлесуші жақ тарапынан міндетті түрде орындалуы тұрғысынан беріледі. Ондай сөйлемдер көбіне, жекеше-анайы, көпше анайы ІІ ж. ж. ІІІ ж. бұйрық рай тұлғасында жұмсалады. 2. Бұйрықты сөйлемдер тоқтау салу, тежеу мағынасында жұмсалады. Ондайда айтушы тарапынан басқа біреудің белгілі бір істі істеуден бүтіндей не уақытша бас тартуы талап етіледі. Олар бұйрық, шарт райлары, болымсыз тұлғалы етістіктер мен белгілі бір лексикалық болымсыз мәнді етістіктер арқылы, ар­ наулы бір одағайлар арқылы қалыптасады. – Қой, Абайжан! Айтпа оны, атама, жетер!.. (М.Ә.) 3. Ұсыныс жасау, тапсырма, нұсқау беру, міндет ету мағына­ сында. Негізгі қалыптасу жолы – бұйрық рай тұлғасы. Кейде керек, тиіс, модаль сөздері арқылы, ашық рай тұлғалары арқылы жасалады. (– Қайтарылып берілсін, жүргізу керек!). 4. Кеңес, демеу беру мәнінде (бұйрық рай арқылы, керек, тиіс модаль сөздер). Сізге тынығу керек, жібергенің мақұл... Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме. 5. Жалпы ескерту, сақтандыру, сес білдіру мағынасында: тың­ даңыздар, тыңдаңыздар! –Баланы оятып алмайық. Тастап көр! 6. Тілек, өтініш, жалыну мағынасында: шыдап көрсеңші, соны айтсаңыз екен, шара қолдануды өтінеміз. 7. Келісім білдіру, іске жол беру мағынасында: – кірсін, – сөйлеңіз. 8. Іске шақыру, үндеу мағынасында: Аттан түсіңдер! Лепті сөйлемдер Сөйлеу процесінде, қатынас жасау жағдайында адамның ойы, еркі беріліп қана қоймайды, көңіл күйі, сезімі де айқындалып отырады. Адам ойымен, еркімен байланысты, тілдік тәсілдер арқылы сезімін білдіргенде де басқа адамдардың ақыл-ойына, ерік-тілегіне, сезіміне ықпал жасау көзделінеді. Демек, адамның жалпы шындық тануы процесінде маңызды бір фактор оның эмоциясы болып саналады. Адамның сезімі, көңіл күйі сөйлеуде ой мазмұнына деген эмоциялық қатынасы тұрғысынан беріледі. – Қасымдікі қате. – Жоқ, ол қате! 44

Қазіргі қазақ тілі

Алдыңғы сөйлем ақиқат бір айтушы баяндауын (мәлімет, ба­ғасын) білдіреді. Екінші сөйлемде айтушының ілгерідегідей мә­лімет-бағасы белгілі бір эмоциялық қатынасы тұрғысынан ұласып беріледі. Сондықтан бұл әрі хабар мәнді, әрі экспрссивтікэмоциялық мәнді (хабар-лепті) сөйлем болады. Мұндай эмоциялық мағынада хабарлы сөйлем ғана емес, сұ­ раулы, бұйрықты сөйлемдер де айтыла беріледі. Демек, сөйлеу жағ­ дайына қарай мақсат мәнді сөйлем типтері бірде тіке мазмұнын­­да жұмсалса, бірде сезім, эмоцияны үстемелей білдіріп те жұм­­сала­ ды. Лепті сөйлемді мақсат мәнді тип емес деу осымен байланысты. Мақсат-мәнді сөйлемдердің эмоциялық мағынада қолданы­ луы интонацияның құбылып айтылуына негізделеді, соған орай сөйлемдер лепті делінеді. Бұл лепті сөйлемдердің хабар, сұрау, бұйрық білдіретіні – негізгі қызметі де, эмоциялық, экспрессивтік мағына білдіретіні – қосымша қызметі болмақ. Лепті сөйлемдер тек интонация арқылы емес, басқа да синтаксистік, лексикаграмматикалық тәсілдер арқылы құрылады. Сонымен, шындық құбылысы туралы, белгілі бір субъект жайында айтушының эмоциялық қатынасын, сезімін, көңіл күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер жасалу амал-жүйесі жағынан: 1) айрықша (лептік) интонациялы сөйлемдер; 2) айрық­ша тұлға-құрамды сөйлемдер болып екі топқа бөлі­неді. 1) Лепті сөйлемдер айрықша интонация арқылы құрылғанда, айтушының хабар, сұрау, бұйрық түріндегі баяндауына үстемелей белгілі бір эмоциялық қатынасын, көңіл-күйін білдіреді. Ондай лепті сөйлемдерде эмоциялық айтушы қатынасы түрлі мағыналық реңкте беріліп отырады (қуану, құптау, сүйсіну, кекету, назалану, өкіну, таңдану, мұңаю). Әдетте, ондай сөйлемдердің мағынасын сөйлеу жағдаятына, мәнмәтінге, автор сөздеріне қарай ажыратуға болады. 2) Айрықша тұлға-құрамды лепті сөйлемдердің бір тобы эмоциялық мағынаны қосымша берсе, енді бір тобы таза эмоциялық қатынасты ғана білдіреді: 1. Шартты рай тұлғасы арқылы: Ботагөз екеуміз ән шырқасақ! 2. -шы/-ші қосымшасы шартты райға үстемелену арқылы: осындай жігіт болсайшы! 45

Бердібай Шалабай

3. Демеуліктер мен модаль сөздер арқылы (ғой, ау, да, ай, ма, еді). 4. Арнаулы есім, етістік сөздер арқылы (керемет, тамаша, ғажап). Қандай, қалай, қанша, қайдан сұрау есімдіктері, міне сілтеу есімдігі, не деген тіркесі, баяндауыш құрамында қара, көр, айт, байқа етістіктері ауыспалы мағынада жұмсалады (Қандай ғажап көрініс!). 5. Атаулы сөйлем ретінде (эмоциялық, Өрт!). 6. Әдет-ғұрыпқа байланысты айтылатын лепті сөйлемдер (Кеш жарық! Құтты болсын!) 7. Арнаулы қаратпа, қыстырма сөздердің мақсат мәнді сөйлемдерде жұмсалуы арқылы (Бұл, әрине, дұрыс!). 8. Көңіл-күй одағайлары арқылы (Алақай!).

Жай сөйлемнің құрылымдық типтері Сөйлем – тіл бөлшегі әрі сөйлеу бөлшегі. Тілді жалпылама тұрақты жүйе ретінде қарайтын болсақ, оның өзі әрқилы сөйлеу құбылыстарын қамтып, солардың басты белгілерінің көрінісі тұрғысынан анықталады. Сөйлем сөйлеу жағдайында пайда болады да, әрқашан айтушы тарапынан, қатынас жасау процесінің талап-тілегіне қарай жаңадан қалыптасып отырады. Бірақ сөйлемдердің құрылымында тілдің жүйелілігіне байланысты жалпылық, тұрақтылық сипат болады. Сөйлемдердің құрылуында белгілі бір ережелер бар. Сөйлем құраудың мұндай ережелері болмаса, адамдардың пікір алысуы­ на мүкіндік тумас еді. Жалпы сөйлемнің құрылымдық негізін белгілейтін айырым бір модельдер (құрылымдық үлгі-тұлғалар) болатындығы байқалады. Сөйлем моделі белгілі бір типтік топқа жататын барлық сөйлемдерге ортақ құрылымдық ерекшеліктерді қамтиды. Сөйлеудегі сөйлемдер әрқилы, сан жағынан көп болып келеді, бірақ модельдер олай емес, санамалы ғана. Құрылымдық үлгі-тұлғалар сөйлем типін белгілеуге негіз етіледі. 46

Қазіргі қазақ тілі

Сөйлемнің қай үлгі-тұлғасы болмасын, бір жағынан, син­ таксистің тарихи даму жүйесінде бұрыннан қалыптасқан сөйлем типтерінің құрылымына қарай анықталады, екінші жағынан, сол үлгі-тұлғалар арқылы сөйлеуде үнемі жаңа сөйлемдер жасалып отырады. Тілдегі сөйлемдер белгілі бір құрылымдық айырмашылықта қалыптасып отырады. Сөйлемнің ерекше бір құрылымдық тип екендігі мағыналық қызметімен байланысты. Бір үлгі-тұлғаның қайталануы арқылы қалыптасқан сөйлемдер сөйлеуде әрқилы болып жұмсалады. Қайсыбір тілде болмасын сөйлемдер әрқилы аспектіде қол­ данылып қызмет етеді; мазмұны жағынан да, тұлға, құрамы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Бірақ олар тілдің жүйе­ лілігіне қарасты айырым үлгі-тұлғалар арқылы құрылымдықграмматикалық типтер ретінде қалыптасып жұмсалады да, әр­қилы сөйлеу мазмұнын зат, құбылыстардың байланысына не­ гізделген логикалық қатынастар ыңғайында, жалпыланған мағы­ нада білдіреді. Роман, герман, орыс тілдерінің мамандары жай сөйлемнің құрылымдық типтерін көбіне, грамматикалық, мағыналық крите­ рийлер негізінде топтастырып келеді. Сөйлемдер айырым үлгі-тұлғаға байланысты қалыптасады десек, олардың негізгі жіктелу критерийі – грамматикалыққұрылымдық ерекшеліктер болмақ. Әрине, ол грамматикалық ерекшеліктер сөйлемдердің жеке бір типтерге ажыратылуында бірдей емес. Мұның өзі мынадан байқалады: жалпы сөйлемдердің грамматикалық критерий тұрғысынан топтастырылуына алды­ мен, олардың мүше-құрамды не мүше-құрамды емес болып құ­ ралу айырмашылығы негіз етіледі; мүше-құрамды сөйлемдер тобын өзара ажыратқанда грамматикалық критерий – екі бас мү­ ше не бір бас мүше арқылы құралу-құралмау ерекшелігі болады. Сөйлемнің мағыналық жағы да оларды топтағанда негізге алынады. Оның өзі қосымша фактор ретінде, грамматикалық критериймен тікелей байланыста ескеріліп отырады. Мысалы, бір бас мүше негізінде құралған сөйлем түрлерін жіктегенде, бұл бас мүшенің грамматикалық тұлғасымен бірге, етістік не есім 47

Бердібай Шалабай

түріндегі лексикалық құрамы, осыған орай ол типтердің мағы­ налық айырмашылығы да бірдей еске алынып, негіз етіледі. Осы айтылғандарды ескере отырып, қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді құрылымдық типтері жағынан мына салажүйеде жіктеуге болады. Жалпы жай сөйлемдер құрылымына қарай, алдымен, екі салаға бөлінеді: синтаксистік мүше-құрамды сөйлемдер, синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлемдер. Синтаксистік мүше-құрамды жай сөйлемдер айырым тұлғалы екі бас мүшенің арақатынасында не арнаулы тұлғалы бір бас мүше арқылы қалыптасу құрылымы жағынан екі топқа жіктеледі: екі бас мүше-құрамды сөйлемдер, бір бас мүше-құрамды сөйлемдер. Арнаулы тұлғалы бір бас мүше арқылы құрылатын сөйлемдер осы бір бас мүшесінің лексикалық-грамматикалық ерекшелігіне қарай екіге бөлінеді: бір бас мүшесі белгілі бір рай, шақ тұлғалы етістіктер арқылы не айырым тұлғалы етістіктерге модальдік сөз­ дердің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер және бір бас мүше­сі атау септік тұлғасындағы есімдер арқылы жасалған сөйлемдер. Алдыңғы топ баяндауыш бас мүшесінің істі істеуші субъек­ тіге не істің арналу иесіне байланысты мағыналық айырмашылы­ ғы жағынан үш түрлі болып келеді: белгісіз жақты сөйлем, жана­ ма жақты сөйлем (жақсыз сөйлем), жалпылама жақты сөйлем. Ал соңғы топ атау септік тұлғалы бас мүшесінің лексикалықграмматикалық жасалу ерекшелігі жағынан, соған сәйкес, айы­ рым мазмұны жағынан: жақсыз сөйлем (есім жақсыз) және атау­ лы сөйлем болып екіге жіктеледі. Синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлемдер лексикалықграмматикалық жасалу ерекшеліктеріне қарай: 1. Атаулы сөйлемдер; 2. Арнаулы модальдік сөздерден құралған сөйлемдер; 3. Одағайдан құралған сөйлемдер болып 3 топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде тек атаулы сөйлемдердің табиғаты біраз дәрежеде зерттелген. Ал, басқалары, жалпы синтаксистік мүшеқұрамды емес сөйлем типтері, олардың мағыналық-грамма­ ти­калық ерекшеліктері арнайы зерттеу объектісі болған емес. Кейінгі кездері ғана жекелеген диссертациялық еңбектерде қарала бастады. 48

Қазіргі қазақ тілі

Сөйлем жеке сөздерден де, сөз тіркестерінен де құралады. Ол құрылымы мен мүше – құрамы жағынан да біркелкі болып келмейді. Мазмұны жағына да, тұлға, құрамы жағынан да түрлітүрлі болып келеді. Сөйлемдер замандар бойы жалпы құрылымы жағынан ке­ ңейіп шыңдалады, қолдану аясы мен мағынасы жағынан сарала­ на түседі. Уақыт озған сайын олардың белгілі бір тип ретінде қалыптасу тәсіл-жүйесі де сұрыпталып отырады. Бұдан адамның ойлау жұмысының да тарихи үдеріс екендігі байқалады. Өзге тілдердегі сияқты, қазіргі қазақ тілінде де жалпыланған сөйлем типтері бар. Оны белгілеу үшін, сөйлемдерді өзара жіктеген жөн. Сөйлемдерді топтастырудың ұстанымдары мен сала-жүйесін айқындауда қазақ тіл білімі соңғы кездерде ортақ тоқтамға келді деп айтуға болады. Сонда да кейбір мәселелерде әлі де пікір әртүрлілігі бар. Соның бірі – сөйлемнің құрылымдық типтерін айқындау. Сөйлемдердің жалпы құрылымына байланысты жіктелу ерекшелігі мынадай: Бір не бірнеше предикативтік қатынас негізінде құралын жұмсалуы жағынан сөйлемдер: жай және құрмалас болып жік­ теледі. Сөйлемде бір предикативтік орталық болса – жай сөйлем, екі не одан да көп предикативтік орталық болса, құрмалас сөй­ лем. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне келетін болсақ, олар алдымен предикативтіліктің (баяндау мазмұнының) мы­ надай басты екі жүйеде берілу сипатына негізделеді: сөй­лем­дер бірде сөздердің тұлғасы мен жұмсалу орны жағынан ерек­шеле­ ніп, бір-бірімен тікелей қатынасқа түсіп, олар сөйлем құра­мын­ да белгілі синтаксистік қызмет атқарып, яғни сөйлем мүшесі қызметінде қолданылуына қарай қалыптасса, бірде сөздер­дің басқа сөйлемдермен тікелей қатынасқа түсіп не сөйлеу жағдая­ тына қатысты болып, сөйлем қызметінде қолданылуына қарай қалыптасып отырады. Самал жел. Тас қайрақ жол. М-ка сынапша ағып келеді (Ғ. Мұстафин). ...Біреуі Рақиланың тұсынан өте беріп: – Амансыз ба, қарындас? – деді. Рақила күлімсірей түсіп: 49

Бердібай Шалабай

– Шүкір! – деп, ернін жыбырлатты (Б. Майлин). Мәтіндегі асты сызылмаған сөйлемдер предикативтіліктің бірінші берілу жүйесі бойынша, асты сызылған сөйлемдер екінші берілу жүйесі бойынша құралған. Бірінші топтағы сөйлемдер белгілі бір синтаксистік мүше – құрамды болады. Басқаша айтқанда, ондағы сөздер тұрлаулытұрлаусыз белгілі бір мүше қызметінде жұмсалып тұрады. Сөйлемнің жалпы мазмұны солардың қатынасы арқылы айқындалады. Ал екінші топтағы сөйлемдерде ондай мүшелік қатынастар болмайды. Бұл сөйлемдер сөйлем жағдаяты мен мән­ мәтін арқылы қалыптасып жұмсалады да, тұтас бір мағыналыққұрылымдық сөйлем типі ретінде анықталады. Соған орай маз­ мұны жалпыланған арнаулы мағынада беріледі. Міне, осы айтылған жайлар ескеріліп, жай сөйлемдерді ал­ ды­мен синтаксистік мүше-құрамды сөйлемдер және синтак­ систік мүше-құрамды емес сөйлемдер деп бөліп алған жөн (О.Төлегенов). Мүшеленетін жай сөйлемдер предикативтік қатынасты білді­ ретін тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрамындағы қатысына қарай: екі құрамды, бір құрамды сөйлемдер болып екі топқа жіктеледі. Екі құрамды сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштың ара­ қатынасы арқылы жасалады. Олардың грамматикалық құры­лы­ мы бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасу ерекшелігіне негізделеді. Мыс., «Бізде үлкен күш бар» (С.М.). Сөйлеу түрі мен стилінің өзгешілігіне қарай екі құрамды сөй­ лемдер құрылымы жағынан сырттай құбылып, толымсыз түрінде де жұмсала береді. Ондайда тұрлаулы мүшелердің бірі (әсіресе, бастауыш), кейде екеуі де (диалогта кездеседі) түсіріліп отырады. Мыс: « – Күй құлағын бұраған – сен бе, Еркежан? – деп, ұзын бойлы толық денесін жазып Жақсылық бір керілді. Томпақ бет кішкене қыз құлдырап барып, радио құлағын босатып жіберіп: – Ия, мен, папа... – деді. – Апаң келді ме? – Келген жоқ. – Әжең ше? 50

Қазіргі қазақ тілі

– Әжем мен Жаншора ас үйде (Ғ. Сланов). – Кім баласысың? – Нүркенің баласымын. – Қай Нүркенің? ... (С. Мұқанов). Жоғарыда талданған сөйлемдердің бәрі де екі құрамды сөй­ лемдер. Өйткені олардың айтылмай қалған тұрлаулы мүше­ лерін не жағдаят, мәнмәтін арқылы, не нақты қолданылған баяндауыштың тұлғасы арқылы тауып аламыз. Мұның өзі ол сөйлемдердің де екі құрамды сөйлемге тән негізгі ұстаным: бас­ тауыш пен баяндауыштың байланысы арқылы қалыптасу ұс­ танымы бойынша жасалатындығын көрсетеді. Бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасатын сөйлемдер «нақтылы жақты» болады. Өйткені мұндай сөйлем­ дерде белгілі бір зат не субъекті бастауыш қызметіндегі сөз арқылы аталып дараланады. Бұл сөйлемдердің бастауышы не іс­тің істеушісі ретінде анықталатын затты, не қимылдың объек­ тісі ретінде анықталатын затты білдіреді. Соңғы жағдайда істің жалпы бір істеушіге қатыстылығы баяндауыштың ырықсыз етіс тұлғасынан аңғарылады. Мысалы: Мен кітап оқыдым (Сен кітап оқыдың; Ол кітап оқыды); Кітап оқылды. Ал алдыңғы жағдайда істің істеуші субъектісі нақтылы (ол аталмаса да, баяндауыш тұлғасы арқылы белгілі болады). Екі құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің лексикалықграмматикалық өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі болып ке­ леді. Негізінен оларды: 1. Етістік баяндауышты; 2. Есім баян­да­ уышты деп екі топқа бөліп алып қарауға болады. Бір құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің тек біреуі – баяндауыш арқылы ғана құралып жұмсалуына негізделеді. Қазақ тілінде, басқа да тілдердегі сияқты, сөйлемдердің құрылымы бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасуымен шектелмейді. Оның мысалын мынадай сөйлемдердің құры­лы­мы­ нан байқаймыз. Мысалы: Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ. Мұстафин); Ұялмас бетке талмас жақ береді (мақал); Ұлық болсаң, кішік бол (мақал); Еңбек етсең, емерсің (мақал). 51

Бердібай Шалабай

Жоғарыдағы сөйлем түрлерінің грамматикалық қалыптасу құрылымы атау тұлғалы бастауышқа қарасты болмайды. Бұл баян­ даудың екі құрамды сөйлемдердікінен өзгеше дерлік граммати­ калық мағыналарда жалпыланып берілуіне негізделеді. Егер ал­ дыңғы сөйлемде бастауыш мүлде болмаса, соңғы сөй­лемдердің баяндауыш тұлғасына қарап бастауышын табуға болатын сияқты. Бірақ сөйлемдердегі екінші жақтың баяндауыш тұлғасы, нақты сол жақты (демек, екінші жақтағы бастауышты) білдірмей­ ді. Оларда айтушы өз ойын белгілі бір адамға (екінші жақтағы) емес, жалпыға, көпшілікке ортақ түрде айтып жеткізу үшін, соған сай түрде құрған. Бұл сөйлемдердің баяндауыш тұл­ғалары мен мазмұнының арасында белгілі қайшылық бар. Сөй­лемдерде айтылатын ой баяндауыш арқылы ғана жарыққа шығады да, ол бір бас мүшелі болып қалыптасады. Жалпылама жақты сөйлемдер, негізінде, қазақ тілінің мақал, мәтел, нақыл, өсиет ретінде айтылатын шешендік сөздерінде қолданылады. Осының өзі бұл сөйлемдердің жасалуында стиль­ дік негіздің де бар екенін көрсетеді. Стильдік мән белгілі бір жақтағы нақтылы субъектіні сөйлем мазмұнынан әдейі ығыс­ тырып, жалпыға бірдей қатыстырып айту үшін сөйлемді жал­ пылама жақта құру әдісінде, тәсілінде болып отыр. Адам өзіне (І жаққа), екінші біреуге (ІІ жақ) айтқан болып отырып, жалпыға ортақ жайларды (үш жаққа да қатысты) баян­ дайды. Міне, жоғарыда сөз болған ерекшеліктеріне орай, бір құрам­ ды сөйлемдерді: Жақсыз сөйлемдер; Белгісіз жақты сөйлемдер; Жалпылама жақты сөйлемдер деп үш топқа бөліп алып қа­ рауға болады. Бұлардың ішінде жақсыз сөйлем типі қазақ тіл білімінде кең зерттелген. Ондай сөйлем типі бар екенін ғалымдардың бәрі де мойындайды. Ал белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемдерге келсек, олар арнайы зерттеу объектісі болған жоқ, тек бірен-саран грамматикаларда ғана олардың ерекшелігі аталып өтеді. Кейбір ғалымдар оларды ажыратып, белгісіз жақты, жалпылама жақты деп бөлсе (М. Балақаев, О. Төлегенов), кейбір ғалымдар олай 52

Қазіргі қазақ тілі

жіктемей, бір атаумен – «белгісіз жақты сөйлемдер» деп атай салады (Ғ. Мадина). Бұларды орын-орнына қойып жіктеу, өздеріне тән грамма­ тикалық, стилистикалық ерекшеліктерін анықтау – синтаксис ғы­ лы­мында алда тұрған мәселелердің бірі. Жақсыз сөйлем Алдымен «жақсыз сөйлем» деген атауға байланысты. Шын­ дығында, тек баяндауыш арқылы құралатын сөйлем түрлері де жақтық мағынада айтылады. Жақсыз сөйлемде баяндалатын жай не бірінші, не екінші, не үшінші жаққа, не үш жаққа да бірдей қатысты болып тұрады. Мыс., 1. Осы аз күн ішінде Оязбен менің жауаптасуым мүмкін (М.Ә.). (І жақ). 2. Сенің бұлайша ойлауыңа мүмкін емес еді (С.М.) (ІІ жақ). 3. Жоспардың орындалуы керек (Б.М.). (ІІІ жақ). 4. Бұл жөнінде адам еңбегін жыр қылып айтуға болар еді (Ғ.М.). (Үш жаққа да бірдей қатысты). Сондықтан мұндай сөйлемдерді «жақсыз» деу шартты, алай­ да, бастауышы жоқ сөйлемдерді о баста тіл білімінде осындай терминмен атап кеткен. Атау мен оның мағынасы арасындағы қайшылықты ескерген болса керек, О. Төлегенов жақсыз сөйлем­ ді «жанама жақты» сөйлем деп атайды. Шын мәнінде, жақсыздық категориясы мынадай мағынаны білдіреді: іс-қимылдың не жай-күйдің субъектінің еркіне бай­ ла­ныссыз тууы. Мыс., «Таң атты». «Ымырт жабылды». «Қас қарайды». Қазақ тілінде бірен-саран осындай түйдекті тір­ кестерде ғана жақсыздық мән бар. Ал басқа жайдың бәрінде де істі орындаушы субъектісі, иесі болады. Орыс тілінде жақсыз сөйлем жасайтын арнаулы жақсыз етістіктер бар: «стемнело», «не спится». Ал қазақ тілінде ондай грамматикалық тұлғалар жоқ. Жақсыз сөйлемнің баяндауыш тұлғалары жақты сөйлемнің баяндауыш тұлғаларымен бірдей деуге болады. Жақсыз сөйлемде айтылатын ой баяндауыш арқылы ғана қалыптасып, жарыққа шығады. Сөйлемдегі баяндауыш арқы­ лы жүзеге асатын іс-қимылдың субъектісі бастауыш арқылы 53

Бердібай Шалабай

берілмейді. Сондықтан жақсыз сөйлемде атау тұлғасында тұрып «кім», «не» сұрағына жауап беретін бастауыш болмайды және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алу да мүмкін емес. Мұ­ның себебі баяндауыштың бастауышпен қиыса байланысу қабілеті болмай құрылуында. Баяндауыш тұлғасы әрқашан жекеше 3-жақта ғана тұрады. Жақсыз сөйлемдер бастауышы болмай, бір тұрлаулы мүшеден – баяндауыштан ғана құралатындықтан, оның түрлері баяндауыш құрылысына қарай жіктеледі. Егер әдеби тіліміздің дамуының ертерек дәуірінде жақсыз сөйлемнің рөлі онша болмаса, осы күнгі әдеби тілімізде жақсыз сөйлемнің түртүрі сараланып, жиі жұмсалады. Жасалу жолдары (түрлері): І. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болады да, оның құрамында «бол» көмекші етістігі келеді. Жақсыз сөйлемнің бұл түрі күрделі баяндауыш құрамындағы негізгі компоненттің тұлғалық өзгерістермен түрленуіне бай­ ланысты модальдық мағыналарға да бай болып келеді. Сөйлемдер болымды істі де, болымсыз істі де, сұраулық мәнді де көрсете алады. Сонымен қатар, істі істеуге болатынын не болмайтынын тұжырымдап айту, болжай айту, мүмкіндігін не мүмкін еместігін, істің орындалуы қажетті шарт екенін, істі жасауға не істемеуге мұқтаждықты тағы басқа модальдық мәндерді білдіреді. 1) «Бол» көмекші етістігі барыс септігіндегі тұйық етістікпен тіркесіп келеді: Сізге асықпай ұйықтап тұруға болады (Ғ.М.). Қуанышты жасыруға болмайды (С.Ерубаев). Барыс жалғаулы тұйық етістік тәуелденіп те келеді: Менің айтуыма болмай қалды ғой» (М. Иманжанов). Баяндауыштың негізгі компоненті тұйық етістікпен сино­ним­ дес: -«с» тұлғасында да келеді: Шаруашылық, әлеуметтік, халықтық қамдарды ойламасқа болмайды (М. Әуезов). 2) «Бол» көмекші етістігі -ып, -іп, -п, -й тұлғалы көсемше­ лермен тіркесіп келеді: Күн қай мезгілге жеткенінін біліп бол­ майды (М.Ә). Қамарға да кінә қойып болмайды (С.Торайғыров). Балаларды оқытпай болмайды ғой (С.Көбеев). 54

Қазіргі қазақ тілі

3) Негізгі етістік есімшенің –ар// -ер, -р, -с тұлғаларда келеді: Жау берілмесе, оны құртар болар (М.Горький). Өзі берген білімін Отан бақытынан аямас болар (С. Шаймер­денов). 4) Баяндауыштың негізгі компоненті шартты райдың 3-жа­ ғында тұрады: Жерді тыңайтпаса бола ма? (Ғ. Мұстафин). ІІ. Жақсыз сөйлемнің күрделі баяндауышы –у, кейде –мақ, -мек тұлғалы тұйық етістік пен «керек» сөзінің тіркесінен жасалады: Білмегенді сұраудан арланбау керек (Ғ. Мұстафин). Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек (Абай). Тұйық етістік тәуелденіп те келеді: «Сонда, менің ауданға баруым керек пе?» (М.Иманжанов). Мұндай жағдайда қимыл субъектісін білдіретін сөздің ілік жалғауы кейде түсіп қалады: «Біз адамды ақтық өміріне дейін тәрбиелей беруіміз керек» (М. Иманжанов). «Біз оған көмектесуіміз керек» (М. Иманжанов). Осы сияқты сөйлемдер қазіргі әдеби тіл нормасынан едәуір орын алады. Бұл жағдай – Ғ. Мадинаның пікірінше, ілік септігі жалғауының басқа септіктермен салыстырғанда түсіп қалып ай­ тылуға икемділік қасиетімен байланысты тілдік үдеріс. Соның нә­тижесінде ілік септігіндегі қимыл субъектісі активтеніп, грам­ ма­тикалық субъектіге айналған. Ғ.Мадина мұндай сөйлем­дерді жақсыз сөйлемдердің жақты варианты дейді. Бірақ бұл – даулы мәселе. ІІІ. Жақсыз сөйлем баяндауышының негізгі компоненті барыс септік жалғаулы тұйық етістікпен жасалады да, көмекші сынды «тура кел», «мүмкін, мүмкін емес» көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасалады. Мыс., Билетті екі-екіден екі вагонга алуға тура келді (С. Мұқанов). Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді (М.Иманжанов). IV. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты етістіктің тәуелденген түріне «кел» көмекші етістігінің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мыс., Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұғына түскісі келеді (М.Ә.). Оразбайдың мына жиын алдында дауласқысы келген жоқ (М.Ә.). V. Жақсыз сөйлемдердің енді бір тобы сұраулы, лепті сөй­ лемдер болып келіп, көтеріңкі экспрессивтік-эмоционалдық 55

Бердібай Шалабай

мағы­наларда жұмсалады. Мыс., «Қуанышсыз бақыттың керегі не!» (Ғ. Мұстафин). «Екі жаққа тең бөлінбейтін махаббаттың ке­регі қанша?» (С. Мұқанов). «Машинист болудың несі жаман?» (М. Иманжанов). «Шіркіннің қалжыңқойын! Мына баланың ауылға асығуын-ай! (М. Әуезов). «Жан ашырдың жоқ болғаны ғой!» (М.Ә). Алдыңғы сөйлемдердің баяндаушы «керегі не», «керегі қан­ ша», «несі жаман» тіркестерден құралып риторикалық сұрау­ лы сөйлем жасап тұр. Соңғы мысалдарда баяндауыш тәуел­де­ніп келіп, ыза, кекесін, мысқыл мәніндегі модальдік мағыналарды білдіріп тұр. VI. Жақсыз сөйлемдердің баяндауышы идиомалық тіркес­ терден де жасалады. Мыс., «Геннадийдің зәресі тас төбесіне шықты» (З. Шашкин). «Мейрамның ішек-сілесі қатып жатыр» (Ғ. Мұстафин). «Таң атты». «Қас қарайып барады». «Ымырт жабылды» сияқты сөйлемдер де осы қатарға жатады. Бұндағы «жақсыздықтың» себебі – олардың баяндауышының мағыналық жағынан бөліп талдауға келмейтін түйдекті идиомалық тұрақты тіркестерден болуы. Мұндай жақсыз сөйлемдердің бір тобы адамның еркінен тыс болуға, не болмауға тиісті табиғи үдерісті білдіреді, енді бір тобы табиғат, жаратылыс құбылыстарына байланысты үдерісті көрсетеді. Жай сөйлемнің түрлеріне практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты. Студенттердің жай сөйлем түрлерінен алған теориялық мағлұматтарын практикада қолдануға іскерлік дағдылар беру, жаттығу мәтіндерін орындату арқылы білімдерін бекіту. Тақырыптың дәйектемесі. Сөйлем категориясын жете түсі­ нуде, сөйлем мүшелерін меңгеруде сөйлемнің құрылысын, оның әртүрлі типтерін танып білудің зор маңызы бар. Тапсырма, сұрақтар. 1. Жай сөйлемдерді құрылымына қарай жіктеу қандай принциптерге негізделген? Бұл жөніндегі көзқарастар? 2. Қандай сөйлемді жақты сөйлем дейміз? 3. Жақты сөйлемнің түрлері: қандай сөйлемді арнаулы жақты сөйлем дейміз? Қандай сөйлемді ауыспалы (жалпылама ортақ) жақты сөйлем 56

Қазіргі қазақ тілі дейміз? Қандай сөйлемді белгісіз жақты сөйлем дейміз? Бұларды бір-бірі­­ нен қандай грамматикалық белгілері арқылы ажыратамыз? 4. Қандай сөй­ лемді жақсыз сөйлем дейміз? 5. Жақсыз сөйлемнің жасалуы мен мағына­лық түрлері? 6. Атаулы сөйлемнің ерекшелігі? 7. Атаулы сөйлемдердің жаса­ лу жолдарына, мағыналық түрлеріне сипат­тама беру. 8. Сөйлемнің жалаң және жайылма болуы неменеге негізделген? 9. Толымды және толымсыз сөйлемнің айырмашылығы? 10. Жалаң және жайылма, толымды және то­ лымсыз сөйлемдердің жақ­ты сөйлем мен жақсыз сөйлемдерге қандай қатысы бар? Әдебиетер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971, 168-178, 184-191-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. – Алматы: Ғылым, 1967, 162165, 130-146-б. 3. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. – Алматы, 1959. 4. Әбілқаев А. Қазігі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері. – Алматы, 1963. 5. Төлегенов О. Жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем тип­ тері. – Алматы, 1968. 6. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1983, 89-92-б. 7. Садуақасұлы Ж., Садуақасова Т. Жай сөйлемнің құрылымдық түр­ лері. – Қызылорда, 2004.

Өздік жұмыс 1. О. Төлегеновтың еңбегін пайдалана оты­рып, сөйлемнің құрылымдық типтерін жүйелеп, сызбаға түсіру. 2. Жақты сөйлемнің әрбір түріне (арнаулы, жалпылама, белгісіз) мысал келтіру. Олардың қолданылу ерекшеліктеріне (қандай жағдайда қолданылатынына) назар аудару. 3. Жақсыз сөйлемнің түрлеріне бір-бірден мысал келтіріп, олардың сызбасын жасау. 4. 5 атаулы сөйлем құру. Олардың мағыналарында, жасалуында ерекшеліктер бар болсын. 5. Жалаң-жайылма, толымды-толымсыз сөйлемдерге мысал келтіріп талдау жасау. Толымсыз сөйлемнің қолданылу жағдайларына түсінік беру. Өздік жұмыс Талдау үлгісі: Қайырбаев бұл сөзді зор мақтаныш сөзімен айтады («Нан исі»). Құрылысына қарай жақты сөйлем: Қайырбаев айтады. Оның ішінде арнаулы жақты сөйлем: жақтық көрсеткіші мен жақтық мағынасы сәйкес келген, бастауыш та, 57

Бердібай Шалабай

баяндауыш та 3-жақта тұр. Мәнмәтінге тәуелсіз дербес айтыл­ған: толымды сөйлем. Құрамында тұрлаусыз мүшелері бар: жайыл­ма сөйлем. Сонда бұл сөйлем: жақты, толымды, жайылма. Маған онымен талай кездесуге тура келді («Нан исі»). Құрылысына қарай жақсыз сөйлем: Маған кездесуге тура келді. – Грамматикалық бастауыш болмайды, іс иесі барыс септігінде. Баяндауышы барыс септік жалғаулы тұйық етістікке «тура кел» деген көмекші сөз тіркесіп айтылуы арқылы жасалған. Бірақ толымды әрі жайылма. Қараңғы түн. Ахметтің пәтері. Есік ішінен бекітілген (С. Сейфуллин). Құрылысына қарай алғашқы екі сөйлем –атаулы сөйлемдер. Мағынасына қарай: қараңғы түн –мезгілді білдірген, Ахметтің пәтері – мекенді білдіріп тұр. Жасалуы – сөз тіркесіне ұқсас, бірақ қазір сөйлем қызметін атқарып тұр. Мәнмәтінге тәуелді: егер соңғы сөйлем (Есік ішінен бекі­тіл­ ген) айтылмаса, атаулы сөйлемдер мақсатсыз болар еді де, тек сөз тіркесінің дәрежесінде қалар еді. Жайылма атаулы сөйлемдер: әрқайсысының анықтауышы бар. Көрші фермаға барып көрдіңіз бе? (жақты, толымды, жа­ йылма). Барып жүрмін ғой. Күнде барам (жақты, толымсыз, жа­ йылма). Өйткені «көрші фермаға» деген пысықтауыш айтылмай түсіп қалған. Боран тоқталар емес.Үйдің мұжық тұрбасынан ирек түтін әрең шығады («Дала дауылпаздары»). Алғашқы сөйлем-жалаң, тұрлаусыз мүше қатыспаған. Екінші сөйлем-жайылма, тұрлаусыз мүшелер қатысқан (Үйдің мұжық тұрбасынан, ирек, әрең). 1-жұмыс. – Нұржан аға, біз Мұқатай екеуіміз, итмұрынды көп тердік. – Тағы да бір сағаттай теріңдер. – Нұржан, ерте келгендерің жақсы болды. Арбаларыңа көп жүк сыймайды. Одан соң тағы тереміз бе? – Тере беріңдер. Бұл жердің адамдары итмұрынға қызықпайды. 58

Қазіргі қазақ тілі

– Аға, аға, итмұрын деп неге атаған, ә? Иттің тұмсығы мұн­дай емес қой, тіпті? Тұрардың сұрауына жауап бермеуге де бол­майды. Баланың меселі қайтады (Ж. Өмірбеков). Шілденің ыс­тық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып тұр (М. Әуезов). 2-жұмыс. Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тартарлық бұдыр жоқ (М. Әуезов). Кешікпей отыншыларға ке­ зік­тік. Бұларды басқарып жүрген – Файзолла Сұлтанов деген мұғалім. Өздері отынды едәуір шауыпты. Олар біздің келгенімізге қуанып қалды. – Шай әкелдіңдер ме? – Дүкенде шай жоқ. Бұл әңгімеге балалар түгілі өзім де аузымды ашып қалып­ пын. Ойпыр-ай, Бексұлтанның әңгімешілі-ай!. Бәкең екеуміз­ дің алдымызда жатқан хатты почта арқылы жіберуге болмай­ ды. Бәкір ағай кабинетінде жалғыз отыр. Әңгіме оқу туралы (Ж. Өмір­беков). Тәуке-ау, пештің мойынын тігінен қаламайды ғой (С. Шаймер­де­нов). Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен «Бурабай» дейді (С. Мұқанов). 3-жұмыс. Ол – еңбек адамы. Ал еңбек адамының кісіні өзіне тартатын бір ғажайып ерекшелігі болады. Мұны шу дегенде аңғара да бермейсің. Дегенмен, сайып келгенде, еңбек адамымен ұғысу да, достасу да оңай орайласатыны анық. Сонан соң оны қадірлей бастаймыз. Сол үшін оған құрметпен қарайсыз (М. Иманжанов). Мұғалімдер кеңесінің мәжіліс хаты почтамен жіберіліпті. Оның ауданға барған-бармағаны да белгісіз... – Сіз инспектормен сөйлестіңіз бе? – Иә. Ол үшін уайым жемеңіз. Бәкеңді бұдан артық ұстауға болмайды (Ж. Өмірбеков). Екеумізге ортақ бір әңгіме қалмаған тәрізді. Көңілін көтеретін күлкілі бір нәрсе айтқым келеді. Есіме ештеңе түспейді (Б. Мұқаев). Біздің батареяға санинструктор келді деген. Сол сіз боларсыз, қарындас? (Ә. Нұрпейісов). 4-жұмыс. Қарсақбай заводы. Заводтың үйлері бұрынғысынан көбейген. Жаңа үйлер салынған. Күн кешкірген мезгіл. Жаңа са­ лынған үйлердің біріне шаңданған бір автомобиль келіп тоқ­тады (С. Сейфуллин). 59

Бердібай Шалабай

– Үйде кісі бар ма? – Ешкім де жоқ. – Мынау үйде ше?

Сөйлем мүшелері Сөйлем – тілдің коммуникативтік мәнін айқындайтын ең не­гіз­ гі бірлік. Ол жеке сөзден не олардың тіркесінен құралатыны мәлім. Сөздер сөйлем құрамына еніп, өзінің лексикалық мағынасына лайық әртүрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысқа түсу нәтижесінде белгілі синтаксистік мағынаға, функцияға ие бо­ лады. Бір-бірін белгілі бір мағынада айқындап, қандай да бол­ ма­сын синтаксистік қызмет атқарады, сөйтіп сөйлем арқылы бе­ рілетін хабардың бір бөлшегі, бір мүшесі болып тұрады. Сөздер белгілі тілдік тәсілдер арқылы тіркесіп жұмсалғанда, олар­дың грамматикалық қатынасы да, ұғымдарының қатынасы да беріліп отырады. Сондықтан сөйлем мүшесі әрі мағыналық, әрі грамма­ тикалық байланыста болады. Сөздердің сөйлем мүшесі болу қызметі олардың жеке алған­ дағы қасиеті емес, сөйлемде бір-бірімен байланыста, қарым-қа­ ты­наста қолданылғанда ғана көрінетін мағыналары. Сондықтан сөйлем мүшесі категориясы – синтаксистік категория. Сөйлем мүшелері сөз таптарынан жасалады. Сөз таптары мен сөйлем мүшелері бір-бірімен тікелей байланысты. Морфо­ ло­гиялық, синтаксистік категориялар ретінде олар өзара қарымқатынаста жұмсалады, бірақ олардың мәндері тепе-тең емес. Сөз таптары – морфологиялық категория да, сөйлем мүшелері – синтаксистік категория. Сөйлемдегі сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары мыналар: • дербес толық мағыналы болып, белгілі бір сұраққа жауап беру; • белгілі грамматикалық тұлғада тұруы; • байланысқан сөзімен еркін синтаксистік қатынасқа түсуі; • сөйлем ішінде өзіне тән орны болуы. Сөйлемдегі сөздерді мүшеге бөлу қандай негізден туған және ол неге бесеу? 60

Қазіргі қазақ тілі

Тілдегі елеулі құбылыстардың қай-қайсысы болса да өмір­ ден туған, тұрмыстағы объективтік болмыстың бейнесі. Тұрмыс­­ тағы құбылыстар, заттар, үдерістер өзара бір-бірімен бай­ ланыста, шартты қатынаста болады. Олардың байланысы сан қилы болуы мүмкін, бірақ тіл солардың ішіндегі ең жалпы, не­ гізгі екі қатынасты ғана алады: оның бірі – өзара қатынасқа келген екі заттың, белгінің, үдерістің бірі екіншісіне тәуелсіз қаты­на­сы да, екіншісі – тәуелді, бағынышты қатынасы. Басқаға тәуел­сіз қатынаста тұратын зат­тың, құбылыстың тілдегі бейне­ сі – бастауыш. Бастауыш – сөйлем­нің не туралы айтылғандығын білдіретін, грамматикалық жағынан басқаларға тәуелсіз мүше. Ал сөйлемнің басқа мүшелерінің бар­лығы да тәуелді қатынастың көрсеткіштері. Баяндауыш – белгінің, үдерістің затқа, құбылысқа жартылай тәуелділігінің көрсеткіші. Өйткені ол бір жағынан өзі бастауышқа тәуелді, бағынышты бола тұра, екінші жағынан сөйлемнің басқа біраз мүшелерін өзіне тә­уелді етіп тұрады. Оны грамматикалық жағынан жартылай тә­уелді мүше деудің себебі де осында. Анықтауыш – белгінің затқа тәуелді қатынасының көрсеткіші. Ал пысықтауыш – белгінің бел­гіге, үде­ріске тәуелділігінің көрсеткіші. Сөйлем мүшелері грамматикалық жасалу жолы мен тұлғасы және мағынасы жағынан жалпыланған категория. Олар сөздердің сөйлемде өзара білдіретін мағыналық қатынасына, соған сәйкес, атқаратын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: предикативтік қатынасты білдіретін сөйлем мүшелері, яғни тұр­ лаулы мүшелер және предикативтік емес қатынасты білдіретін сөйлем мүшелері (тұрлаусыз мүшелер). Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің құрылысын, құрамын, мағы­на­ сын айқындайды: мысалы, екі құрамдылық, толымдылық, толым­ сыздық, жалаң, жайылмалық осы тұрлаулы мүшелердің қаты­ насына қарай анықталады. Сөйлемнің сөйлемдік қасиеті, предикативтік негізі осы тұр­ лаулы мүшелер арқылы жасалады; басты белгілері – преди­ка­ тивтілік, модальділік, интонация осылар арқылы анықталады. Әдетте, бастауышқа байланысты қалыптасқан анықтамалар әрі логикалық, әрі грамматикалық негізде болады: «Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы 61

Бердібай Шалабай

айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз» (Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1953). «Сөйлемде атау септігінде тұратын, іс-оқиғаның иесін білді­ ретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» (мектеп оқулығы). «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» (Әміров). «Әдетте, бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады» (Балақаев). Жоғарыдағы анықтамаларда логикалық белгі негізге алына­ ды. Сондықтан бұл анықтамалардан грамматикалық бастауышты, логикалық бастауышты ажыратуға болады. Салыстырыңыз: Ол бірде мені қатты ұялтты. Оның мені бірде қатты ұялтқаны бар. Сондай-ақ, сөйлемнің құрылу мүмкіншілігі мол, бастауыш сондықтан үнемі субъектінің тілдік баламасы болып келмейді, кейде ол сөйлем құрылымының негізі (баяндауышпен бірге) бо­ лып жұмсалады: Кітап оқылды. Екеуің боп осыған көндіріңдер. Бұл жағдай сөйлемнің стильдік, құрылымдық мүмкіншілігі кең екендігін көрсетеді. Баяндауыш – сөйлемнің сөйлемдік қасиетін танытатын ең бас­ ты мүше. Сөйлемнің басты белгілері: предикативтілік, модаль­ді­ лік, интонация, болымдылық, болымсыздық – осы баянда­уыш­ тың тұлғасынан көрінеді. Баяндауышты әдетте, бастауышқа бағынышты мүше ретінде алып қарайды. Ол оның бастауыштың жақтық және жекеше, көптік мән­де жұмсалуына орай түрленуіне байланысты. Сон­ дықтан сөй­лем­нің бұл екі мүшесінің арасындағы байланысты – қиысу деп атайды. Баяндауыштың негізгі тұлғасы – жіктік жалғауы. Сонымен қоса баяндауыштық қызметті сөйлемдегі оның орны анықтайды – сөйлемнің соңында тұрады. Мен келдім. Мен студентпін. Ол – студент. Күн жылы. Баяндауыш қай сөз табынан жасалса да, шақтық мағынаны білдіруге тиіс. Предикативтілік соны талап етеді: шақтық мағына сөй­лем мазмұнының болмысқа қатынасын анықтайтын басты компонент. 62

Қазіргі қазақ тілі

Баяндауыш есімнен болғанда, шақтық мағынаны арнаулы син­­таксистік амалдар, мәнмәтіндік қоршау анықтайды. Ол – сту­ дент. Ол студент еді. Бастауыш Мағыналық жағынан алғанда (мағыналық белгісі) бастауыш сөйлемдегі іс-қимылдың иесі. Грамматикалық белгісі – атау тұл­ ғада тұратыны (тәуелденіп те, тәуелденбей де, жекеше де, көпше тұлғада да), сондықтан оның сұрағы: кім, не, кімі, несі, кімдер, нелер? Бастауыштың жасалу жолдары: Негізінен, зат есімнен және соның орнына жүретін есім­дік­ терден (жіктеу есімдігі), сондай-ақ заттанған сын, сан есімнен, есімшеден, тұйық етістіктен жасалады. Мысалдар: Хасен үзілген сөзін қайта бастады (С.С.). Шахталар мүлде өз­герді (Ғ.Мұст.). Мен осы кітапты асығыс жазғанымды айттым (М.Т.). Бәрі де адыр-адыр алда жатыр (М.Ә.). Ал кім барады? (Ғ.М.). Арбалы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б.М.). 7. Сендерге отыз да көп. Әке болу – табиғат заңы. Саған тигені – маған тигені. Гүрс-гүрс бірнеше рет қайталанды (Ғ.М.) «Жата­йық» – Зейнепке таныс сөз (Б.М.). Күрделі, үйірлі бастауыштар Бірнеше сөз тіркесіп күрделі бастауыш болу үшін өзара тығыз синтаксистік байланыста тұруы керек, баяндауыш олардың жеке біреуімен емес, тұтастай алғандағы тобымен байланыста болады. Мысалы: Тас көмір тереңнен шығады. Үңгір асты – тайғанақ жай батпақ (Ғ.М.). Күрделі баяндауыш күрделі сын есім, сан есім, есімшеден, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады: Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар. Әбіш сияқтылар өзінен-өзі сытылып шығып қалмақшы. Тәрбие дегеніміз – бір адамның екінші адамға белгілі бір жақсы әдеттер үйренуіне ықпал жасауы. Бүгін әнші Жүсіпбек келеді. Жуан қара Рахымды көріп қуанып кетті. 63

Бердібай Шалабай

Үйірлі бастауыш: Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады (мақал). Жасы құрдас – құрдас емес, заманы бір – құрдас (мақал). Баяндауыш Баяндауыш – сөйлемнің ұйытқысы. Предикативтілік осы баяндауыш арқылы көрінеді, модальділік те, интонация да осы баяндауыш арқылы тиянақталады. Баяндауыштың мағыналық белгісі – бастауышқа тән бел­гі­лер­ ді, іс-әрекеттерді, күрделі үдерістерді білдіру. Сөздер атау тұлғада (түбір күйінде) тұрып та, жіктік жалғауын жалғап та баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Атау тұлғадағы баяндауыш басқа сөздермен тіркесіп келуі мін­детті. Бірақ экспрессивтік, эмоциялық мағыналы кейбір сөз­ дер жеке тұрып та баяндауыш қызметінде жұмсала береді: «шық», «кет!». Бірақ бұл мәнмәтінде, жағдаятқа қарай жүзеге асырыла­ ды. Есім сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда орын тәртібі үлкен рөл атқарады. «Асқар – мұғалім, Жамал – дәрігер». Жіктік жалғауы – әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Бас­та­­­ уыштың тұлғасын да осы жіктік жалғаулары арқылы көруге болады. Баяндауыш жасайтын тағы бір қосымша - дікі, -нікі. Жер – мемлекеттікі (газеттен). Заман осылардікі (Б.М.). Баяндауыштың жасалу жолдары: баяндауыш етістіктен, зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен және үстеу сөзден де, еліктеуіш сөз бен көмекші етістіктің тіркесінен жасалады. Мысалдар: Тас көмір тереңнен шығады (С.Сейф.). Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар (М.Ә.). Қала Раушанға жат (Б.М.). Біз алтаумыз. Үйдің іші қара күңгірт (Б.М.). Ой басқа (Б.М.). Сондағы айтқан өлеңі әлі құлағымда (Б.М.). Ойын болатын үй осы (Б.М.). Баяндауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және құран­ ды болады. Дара баяндауыш бір сөзден жасалса, күрделі баян­ дауыштар күрделі етістіктерден, күрделі есімдерден, құранды баяндауыштар есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесі­ нен, тұрақты сөз тіркесінен жасалады. Мысалдар: Біз келгенде 64

Қазіргі қазақ тілі

ойын жаңа басталған екен. Не күткені белгілі – Базарбай­дың келуі. Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды (Б.М.). Жігіт­тер­ дің бірсыпырасы жалт берді, кейбірі аттың жалын құшты (Ж. Айм.). Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Сөйлемді сөйлем ететін тұрлаулы мүшелер болса, тұрлаусыз мүшелер солардың айналасына топтанып, солар арқылы ғана сөйлемде айтылатын ойға қатысты болады, сөйтіп, сөйлемнің құрамды бөлшегіне айналады. Грамматикалық ерекшелігі тұрғысынан тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелермен және бір-бірімен қандай синтаксистік байланыста тұрғанына қарай ерекшеленеді: тұрлаулы мүшелер өзара қиыса байланысса, тұрлаусыз мүшелер қабыса, меңгеріле, матаса байланысады. Тұрлаусыз мүшелердің бір тобы бастауыштың айналасына топтанып, оны түрлі жағынан анықтап, саралап тұрса (анық­та­ уыш), енді бір т обы баяндауыштың мағынасын түсіндіреді (пы­ сықтауыш, толықтауыш). Тұрлаусыз мүшелерді топтастыру олардың бас мүшелерге осындай мағыналық қатынасына негізделеді. Тұрлаусыз мүше­ лер­ді топқа бөлудің бұл қазіргі қалыптасқан грамматикалық ұс­т­а­нымы. Бірақ бұл ұстаным әмбебап емес, кейде оның еске­ рілмейтін кезі болады. Мысалы, анықтауыш бас мүшелерге ма­ ғыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалған мүшеге қатыстылығы тұрғысынан ғана бөлектенеді (есімге, етістікке). Қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың мағыналық қатынасы өзгеріледі деу қиын. Тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән морфологиялық тұлғасы мен байланыс тәсілдері де бар. Мысалы, ілік септік анықтауыш­ тың, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсет­ кіші. Матаса байланысу анықтауышқа тән болса, жанаса байла­ нысу пысықтауышқа тән. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуға бейім сөздер бар. Мысалы, сын есім анықтауыш қызметінде, үстеулер пысық­тауыш қызметінде жұмсалуға бейім. 65

Бердібай Шалабай

Барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулы сөздердің синтак­ систік қызметі әртүрлі. Олардың кейбірінің қандай сөйлем мүше­ сі екендігін ажырату үшін грамматикалық формасын, қай сөз табына жататындығын ескерумен қатар, сол сөздің лексикалық мағынасына да назар аудару қажет болады. Мысалы, ауылға келдім (мекендік мәнге ие), Асқарға келдім (заттық мәнге ие). Екеуі де етістікке қатысты. Тұрлаусыз мүшелерді кейде мәнмәтін, ол сөздің лексикалық мағынасы және қай сөзбен байланысты екендігі анықтайды. Анықтауыш Оқулықтарда анықтауыштарға мынадай анықтама беріледі. М. Балақаев: «анықтауыш – сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады», – десе, Р. Әміров: «сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байла­нысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мү­шелері анықтауыш деп аталады», – дейді. Академиялық грам­­­матикада: «анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа м­үшелерін анықтайды да, соған қатысты болады», – делінген. Анықтауыш анықтайтын сөзімен тығыз байланысты бола­ды, сонымен бір топта айтылып, бір ырғақтағы сөз тіркесін құрап тұ­ рады. Анықтауыштардың білдіретін мағыналары – заттың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапалары және екін­ ші бір затқа иелікті білдіруі. Сұрағы: қандай, қай, қанша, неше, кімнің, ненің? Тұлғалық ерекшелігіне келер болсақ, атау және ілік септік тұл­ғалары. Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есім­­ дер. Сын есімнен болған анықтауыштар анықтайтын сөздер­мен қабыса байланысып, оның түр-түсін, сынын, көлемін, басқа са­па­ лық белгілерін білдіреді. Мысалы: Күзгі күн ғой. Аспан ала ша­быр бұлт. Үйдің екінші жақ бұрышында ұзыншалау стол бар (Б.М.). Анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, есімшелер мен қимыл есімдері , т.б. сөздер де қолданылады. Олар анықтауыш қызметінде жұмсалғанда тұрған орны не арнаулы грамматикалық 66

Қазіргі қазақ тілі

тұлға арқылы өздерінің негізгі мәндерінен ажырап, сын-сапалық, иелік мәнге ие болады. Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып, анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: «Төрем дегені – Жақсылық дейтін жас бала жігіт» (Б.М.). Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қыз­ме­ тінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы, Күнкенің аулы да осы арада жақын еді (М.Ә.). Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты нұсқау мағынасында жұмсалады: Бүкіл елде Бәкенді бауырына тартып, жақын боп жүрген осы Демесін (Б.М.). Есімшелер анықтауыш қызметінде заттың қимылдық сапа­сын білдіреді: Албарда сықырлаған мал (Б.М.). Сан есімдер заттың сан-мөлшерін білдіріп анықтауыш болады. Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болады. Кеңсенің алдында үш-төрт арба тұр (Б.М.). Күрделі анықтауыштар негізінен, күрделі сын есім, сан есім, күрделі есімшелерден жасалады. Мысалы: Қала. Екі қабат, үш қабатты үйлер. Сымдай түзу тар көше бойы лек-лек болып шұбырған адам (Б.М.). Қой көзденген қара бұжыр әйел Мариямға келіп амандасып, әлдеқайдағы әңгімелерді соғып жатыр (Б.М.). Үйірлі анықтауыш: Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды (мақал). Мен көрген ауыл емес (А.Ж.). Біз төбесі аласа үйге кірдік (С.М.). Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланысу тәсіліне қа­ рай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан анықтауыш болып бөлінеді. М. Балақаев оларды сапалық анық­ тауыштар, меншікті анықтауыштар дейді. Толықтауыш Толықтауыштар, әдетте, сөйлемнің баяндауышына қатысты болады деп түсіндіріледі. Баяндауыш, көбінесе, етістіктен жа­ салады да, толықтауыш іс-қимылдың әсеріне ұшырайтын, ісқимылға қатысты болып келетін заттарды білдіреді. Бұл – толық­ тауыштың мағыналық белгісі болса, тұлғалық белгілері барыс, 67

Бердібай Шалабай

табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары. Мысалы: Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір аса жайлы болып тұр (М.Ә.). Алғашқы кезде көмірді вагонеткамен шығаратын. Асқарда кітап көп (Ғ.М.). Толықтауыштардың сұрағы кім, не түбірлі болып келеді де, толықтауыштардың қай септік жалғауында тұруына байланысты, сол септіктің жалғауын жалғап тұрады. Толықтауыштың өзі қатысты сөзбен мағыналық байланысы тығыз болады. Сондықтан толықтауыш айтылмаса, сөйлемнің мағынасы толық ашылмайды. Толықтауыштардың іс-әрекетке, қимылға қатыстылық дәреже­ сі мен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксис­тік қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және ма­ғы­на­ лық ерекшеліктері тұлғалары арқылы (септік жалғаулары) көрінеді. Табыс септік жалғауында тұрып, сабақты етістіктердің же­ те­­гінде айтылатын толықтауыштарды тура толықтауыш дей­ ді. Сұрағы кімді? нені? Тура толықтауыштың мағыналық жа­ ғына келер болсақ, ол іс-қимылға тікелей қатысты болады. Өзі то­лықтыратын сөзімен барыс, жатыс, шығыс, көмектес сеп­тік жалғаулары арқылы байланысып, іс-әрекетке, баяндауыш біл­ діре­тін белгі-сапаға жанама түрде қатысты болатын толық­та­ уыштарды жанама толықтауыш дейді. Сұрақтары: кімге, неге, кімде, неде, кімнен, неден, кіммен, немен? Тура толықтауыштың тұлғасы – табыс септігінің жалғаулы және жалғаусыз (нөлдік тұлға) түрлері. Тура толықтауыш: 1) егер толықтауыш пен толықтайтын сөз арасында басқа сөз түссе; 2) тәуелдік жалғаулы болса; 3) логикалық екпін түссе; 4) бастауыш болуға бейім сөздер, соның ішінде әсіресе, жалқы есімдер, сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер, тура толықтауыш болса, жалғаулы болып келеді. Барыс септік жалғаулы толықтауыштардың білдіретін ма­ғыналары: 1) іс-қимылдың кімге, неге арналғаны, бағытталғаны (мысалы: газетке жазылды); 2) іс-әрекеттің мөлшері (Асқар биыл отызға толады); 3) сапаға қатысты объектілерді білдіреді (сөзге жүйрік, оқуға ықыласты). 68

Қазіргі қазақ тілі

Жатыс септікті толықтауыштар іс-қимыл таралған объек­ тіні, зат құбылыстың орны, тұрағы болған объектіні білдіреді. Мысалы: Бұл зерттеуде бірнеше мәселе көтерілген. – Кімде қа­ ламсап бар? – Менде. Жатыс септікте сөздер пысықтауыш қыз­метінде, баян­дауыш қызметінде де жиі қолданылатыны белгілі. Кейде пысықтауыш пен жанама толықтауышты айқындауда қиындық­тар кездеседі. Толықтауыш пен пысықтауыштың синтаксистік қызметі сол сөздің лексикалық мағынасына, мәнмәтінге және етістік баян­ дауыштың мағынасына байланысты. Мысалы, жыл­қыда өт жоқ. Ол жылқыда болды. Асқар бірінші сыныпта оқиды. Асқар бірінші сыныпта отыр. Шығыс септік жалғауында толықтауыш болатын сөздер кө­лемдік, кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат есімдер не басқа есімдер. Білдіретін мағыналары: 1) іс-қимылға жұмсалған материалды, яғни заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді (Тастан сарай салғызды); 2) ісәрекеттің шығу объектісін, тегін, тобын, салыстыру объектісін білдіреді (Сабадан қымыз құйылды). Көмектес септікті толықтауыштар мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ сөздерден жасалады. Білдіретін мағыналары: 1) істің істелу құралын немесе істі істеу үшін жұмсалған объектіні білдіреді: Ағашты балтамен шапты. Пулеметпен атқылады. 2) іске бірлестік қатынастағы объектіні білдіреді: Ол Асқармен бірге болды. 3) бір өңкей заттардың ерекше белгісін білдіреді: Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді. Жанама толықтауыштар туралы, жайында, жөнінде шылау­ лары арқылы да жасалады. Олар айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді: Мен ол туралы көп ойландым. Толықтауыштар өзі қатысты сөзбен меңгеріле байланысады. Толықтауыштар құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болады. Құлақ естігенді көз көреді. Жұмыскер арасында әртүрлі нара­зылықтар, толқулар барын сіз өзіңіз де жақсы білесіз (Ғ.М.). 69

Бердібай Шалабай

Пысықтауыш Әдетте, пысықтауыш деп, етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысты болып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін, амалын, т.б. белгілерін білдіретін тұрлаусыз мүшені айтады. Бұл айтылғаннан пысықтауыштың екі ерекшелігін байқауға болады: бірі – оның етістіктен болған мүшеге қатыстылығы. Ал етістік көбінесе, сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалатыны белгілі. Демек, пысықтауыш баяндауыш мүшеге қатысты жұмсалады, соның белгі, сапасын анықтайды. Екіншіден, жоғарыдағы анық­ тамадан пысықтауыштың мағыналық ерекшелігі айқындалады. Мән мағынасы тұрғысынан пысықтауыш анықтауышпен астасып, орайласып жатады. Мысалы, Төрт жігіт аттан түсті – Қасен он бір-он екі кісілік жиынды төрт бөлді (М.Ә.). Бұл сөйлемдердің құрамындағы төрт сөзі әрқайсысындағы лексикалық мағынала­ ры бірдей болғанымен, бірақ грамматикалық мағыналары бірдей емес. Өйткені, бірінші сөйлемде төрт сан есімі зат есімге қатысты болып, оның санын білдірсе, екіншісінде, ол сөз бөлді етістігіне қатысты болып, қимыл-әрекеттің мөлшерін білдіріп тұр. Сөйтіп, анықтауыш заттың санын білдіріп, есімнен болған мүшеге қатысты айтылады да, пысықтауыш қимыл-әрекет сынын білдіріп, етістіктен болған мүшеге қатысты айтылады. Сирек жағдайда пысықтауыш есімнен болған баяндауышқа да қатысты болып келеді. Мысалы, Мен әзірше демалыстамын. Биыл өзеннің суы мол. Бұл мынадай жағдайларға байланысты: 1. Баяндауыш қызме­ тінде не қимыл-процестік мәні бар сөздер, не жатыс жалғаулы есім­дер жұмсалған жағдайда солай болады. 2. Пысықтауыш қыз­ ме­тінде тек мезгіл немесе мекен үстеулері, не мезгіл мәнді сөз­дер­­ ден жасалған есімдер ғана жұмсалады. Олардың қимылға қа­тыс­­ тылығы, қимылдың сапасын анықтайтыны әбден орныққан жай. Пысықтауыш мүше пысықталатын мүшемен грамматикалық ты­ ғыз байланыста болмайды, сондықтан оның сөйлемдегі орны ер­кін. Сөйлемнің баяндауышымен мағыналық жағынан ұштасып жатады. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары әр алуан. Грамматикалық табиғаты мен лексикалық мағынасы жағынан пысықтауыш болатын сөздер – үстеулер. Сонымен қатар пы­сық­та­ 70

Қазіргі қазақ тілі

уыш қызметінде зат есім, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есім­ ше, көсемше және шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер және т.б. жұмсалады. Мысалдар: Қазір мұнда жыл сайын жүзге тарта маман диплом алып шығады (газ.). Жұмыскер арасында әр­түр­лі наразылықтар, толқулар барын жақсы білесіз (Ғ.М.). Қыс тү­се менің жұмысым екі есе көбейді (С.М.). Ақтардың бір қосын әс­ке­рі Танабайдың аулына қарай бүйрек шығып келе жатты (С.С.). Үстеуден басқа сөз таптарының пысықтауыш қызметінде жұм­салуы, көбінесе, синтаксистік қоршауға, қандай грамма­ тикалық тұлғада келуіне, сонымен қатар кейде сөздің лексикалық мағынасының ерекшелігіне байланысты болады. Көсемшелердің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы олардың етістік баян­да­ уыштардың алдында келіп, іс-әрекеттің істелу тәсілін, т.б. біл­ діруіне байланысты. Мысалы, қалам, кітап тәрізді зат есімдер қандай грамматикалық тұлғада қолданылып, қандай сөзге қа­ тысты айтылса да, пысықтауыштық мәнге ие бола алмайды. Және бір ескеретін жай, үстеуден басқа сөз таптары пысық­ тауыштың барлық түрлерін жасай алмайды, ал лексикалық-грам­­ матикалық мағыналарына сәйкес пысықтауыштардың бел­гілі бір түрін ғана жасайды. Мысалы, сын есім амал, мезгіл пы­сық­та­ уыштарды, көсемше амал, мақсат пысықтауыштарды жасайды. Зат есімдер көбіне, септік жалғауларын жалғап пысықтауыш болады. Бұл жағынан олар жанама толықтауыштардың жасалу жо­лымен ұқсас. Осыған байланысты қазақ тілі ғылымының даму та­рихында кереғар пікірлер де болды. Бұрынырақ шыққан оқу­лық­ тарда, еңбектерде септік жалғауында тұрған есім сөздерді олар­ дың мағынасы мен мәнмәтіндегі синтаксистік қыз­метіне қа­рамай жанама толықтауыш деп тану басым болды. Бұл сөз мағы­на­сы мен оның қолданымдық ерекшелігін ескермеуден туған түсінік еді. Пысықтауыштар да құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болады. Мысалы: Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсас ешнәрсе жоқ-ты (Ғ.М.). Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді (С.М.). Мәз болады болысың арқаға ұлық қаққанға (Абай). Пысықтауыштар мағыналық жағынан: мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал-мөлшер пысықтауыштар сияқты топтарға бөлінеді. Мезгіл пысықтауыш істің істелу мезгілін білдіреді. Ол мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді зат есімдерден, сын есімнен, 71

Бердібай Шалабай

көсемшеден, т.б. жасалады. Мысалы: Биыл өзеннің суы мол (газеттен). Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді (С.М.). Жаз­ да демалысқа шықтым (Б.М.). Ауылдан шыққалы араз кісі­дей томсарып, артына бұрылып қараған жоқ еді (Б.М.). Күлзипа­ның барып шыққан үйі артынша шу болып қалады (Б.М.). Мекен пысықтауыш іс-әрекеттің істелу, орындалу мекенін, бет алысын, бағытын білдіреді. Олар мекен үстеулерінен, жатыс септікті сілтеу есімдіктерінен, зат есімдерден жасалады. Мысалы: Кеңсенің алдында үш-төрт арба тұр. Бөлмесінде ешбір жиһаз жоқ, бұрышта темір кереует, бір стол, орындықтар тұр. Содан ары қарай өзеннің бойы жалпағынан ел (Б.М.). Мақсат пысықтауыш іс-әрекеттің істелу, орындалу мекенін, бет алысын, бағытын білдіреді. Олар мақсат үстеулерінен, барыс септік тұлғалы -у қимыл есімінен, үшін шылауы тіркескен есім сөздерден, көсемше тұлғалы етістіктерден жасалады. Мысалы: Милиция елге шыққанда «тұтқында отырған» Зейнешті құт­қар­ ғалы барған (Б.М.). Мұның үшін біз сені айыптамаймыз (Б.М.). Себеп пысықтауыш іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Се­ беп пысықтауыштар есімше, көсемше тұлғаларынан жасалады. Есімше тұлғасына зат есім тудыратын –дық жұрнағы жалғанып, ол шығыс септігі жалғауында тұрады не есімшеге соң, се­беп­ ті шылаулары тіркесіп келеді. Мысалы: Раушан ашуға тығыл­ ғандықтан жылап жіберді (Б.М.). Жүгінген күйінде қалтырау күшейген соң малдас құрып отырды (Б.М.). Амал-мөлшер пысықтауыш істің істелу тәсілін, өлшем-мөл­ шерін білдіреді. Олар үстеу, еліктеуіш сөз, көсемшелерден жаса­ лып, қимылдың тәсілдік, қарқындық амалын білдірсе, сын есім­ дерден, сапалық және сан есімдерден жасалып, сан-мөлшер­лік амалын білдіреді. Мысалдар: Раушан шалқалай барып құлады (Б.М.). Күлзипа мысқылдап күліп тұр екен (Б.М.). Ширағанда тым қатаң ширады (Б.М.). Бәкен солай өзгеріп еді (Б.М.). Жай­ намаздың үстіне отырып сексен сегізінші рет оқып шық­пақ­шы болды (Б.М.). Бағанаға сүйенген келіні ауыр күрсінді (Б.М.). Сөйлем мүшелеріне практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты. Сөйлем мүшелері бойынша теориялық білім мен практикалық сабақтар нәтижесінде орныққан іскерлікті 72

Қазіргі қазақ тілі

әр студенттің өз бетінше қолдану дәрежесін анықтау, сол арқы­лы сөйлем мүшелері жайындағы білімдерінің беріктігін байқау. Тақырыптың дәйектемесі. Сөйлем мүшелері тақырыбы – жай сөйлем синтаксисінің орталық мәселесі. Сөйлем мүшелерінің қызметін дәл анықтау синтаксистің көптеген мәселелерін жақсы білуге негіз болады. Тапсырма сұрақтар. 1. Сөйлем мүшесі болуының шарттары? 2. Сөйлем мүшесі қызметіне және құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің өздеріне тән басты белгілері? 4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүше­ лерінің өздеріне тән басты белгілері? 5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің грамматикалық белгілері мен анық­тамасын айтыңыздар? 6. Бірыңғай мүшелердің жалпылауыш сөзге қандай қатынасы бар? Жалпылауыш сөздің қызметі мен мағынасын атаңыздар. 7. Қандай мүшені айқындауыш мүше дейміз? 8. Оңашаланған айқындауышқа сипаттама беріңіздер. 9. Қосалқы және қосарлы айқындауыштың өздеріне тән қандай белгілері бар? Әдебиеттер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971. – 83-168-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: «Ғылым», 1967. – 54-102-б. 3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1983. – 110-162-б. 4. Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі. – Алматы, 1989 (мектеп оқу­ лы­ғы) 50-101-б. 5. Күлкенова О. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз арты айқындауыштар. – Алматы, 1979.

Өздік жұмыс 1. Сөйлем мүшелерін талдап, оларды моделге түсіріңіздер. Күрделі және үйірлі мүшелердің түрлерін, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Үйде Ералин басқарған комиссия курске оқу­шы­лар іріктеп отыр. Сол екі арада-ақ Нұрғалидың көзіне дейін терлеп үлге­ріп­ті. Бал­қия­ ның үлкен көздерінен ірі-ірі ыстық жастар домалап кет­ті. Ауыл­ дан кеткен аз уақыттың ішінде Аман көп өзгеріпті (Ғ. Мұстафин). 2. Тиісті тыныс белгілерін қойып, бірыңғай мүшелерді анық­­ та­ңыздар, олардың күрделі мүшелерден айырмашылығын түсін­ діріңіздер. Жалпылауыш сөздердің қызметі мен мағынасын, жа­ салу жолын талдаңыздар. 73

Бердібай Шалабай

Мастер мен директор өзара әңгіме­лесіп кетті (Ғ. Сыланов). Болысекең кейде паң кейде мүләйім кейде жұмсақ кейде қатты кейде береген кейде сараң (Ғ. Мұстафин). Шаш-кірпік сақал-мұрт әртүрлі мұрындар бәрі де тастан жасалған сияқты (Ғ. Мүсірепов). Одан кейінгі жеті-сегізге келген қызы Күлбадан және бесалты жасар сүйкімді ұлы Әбдірахман үш-төрт жасар кенжесі Мағаш бәрі де Ділданың өз бауырында өскен (М. Әуезов). 3. Айқындауыштарды тауып, олардың түрлерін, ерекшелік­ терін сипаттаңыздар. Ұлтуғанды Мұстафаның үйі әсіресе, Сілеусін жақсы көреді (С. Мұқанов). Шайдан кейін Сикорскийдің аттарымен Тұрсынбай сұмды тауып әкелерсің (Ғ. Мүсірепов). Жыл құсының адаспайтыны да сол өз жолы құс жолы болғандықтан (С. Шаймерденов). Жақып пен Жомарт комбайн-самоходқа келді (Ғ. Мұстафин). Өздік жұмыс Әр зертханалық жұмыс: сөйлем мүшелерін қызметіне, құрамына және жасалу жолдарына қарай талдау; сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен соған байланысты жалпылауыш сөздерді анықтау; сөйлемнің айқындауыш мүшелерін талдау, олардың тыныс белгілерін қою сияқты үш тапсырмадан тұрады. Төменде әр тапсырманың орындалу үлгісі көрсетіледі. 1-тапсырманың үлгісі. Қатты жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр (Е. Әзімбаев). Сөйлем мүшелері шартты белгілерімен анықталса, оның құрамы, жасалуы және байланысу түрі компоненттік модель арқылы көрсетіледі. Сы Ет(күр)

З1

Сы(күр)

74

З4

Сы (дай)

Қазіргі қазақ тілі

Екеуі қаладан оқу бітіріп келген ағасын әңгіме етті (Х. Есенжанов). Моделі: Са (жи) З6 Ет(көм)

З4

Ет(күр)

З4

З.

2-тапсырманың үлгісі. Дәмеш жайында шешесінің де, Мүсілімнің де пікірі ашық (З. Шашкин). Моделі:

З2 де,

З2 де

З1

Дәмеш біресе сағатқа, біресе қазанға қарайды (сонда).

З1 Біресе З3, біресе З3 Ет.

Пайда, мақтан – бәрі тұл (Абай).

З1,

З1

-Ес1

Сы

3-тапсырманың үлгісі. Біз, ел ішіндегі кісі, бәрін естіп жүрміз (М. Гумеров).

Ес(жік)1,(З2-Сы З1), Ет(күр.).

Әсіресе, екі адамның – ата мен немеренің қуанышы шексіз (Т. Момбекұлы) 75

Бердібай Шалабай



(Са-З2) - З0

мен З2 - З1

Сол түні жылқыға қарт жылқышы Көлбай ақсақалмен шықтым. (Е.Әзімбаев)

Сы З0 З0 З7

Ет

Орын ауыстыруы: жылқышы қарт ақсақал Көлбаймен; жыл­қышы Көлбаймен; Көлбай ақсақалмен; жылқышы Көлбай қарт­пен, жылқышы қартпен; қарт жылқышымен; Көлбай жыл­ қышымен. 1-жұмыс. 1-тапсырма. (Кемпір) қалтыраған қолымен кірпі шаш жігітті демеу етіп зорға жылжиды. Шешей мына мен жатқан жерге жайғассын. Сөзімнің бір ұшығын мықыр мойынға әдейі тигізе сөйледім. Мен бұл дала жайында жас кезімде қилы-қилы әңгімелер еститін едім. Мен іздеп келе жатқан үй Мезгілдің Есіл жақ шалғай шетіне жаңа қоныс тепкен тың совхозында екен (С. Шаймерденов). 2-тапсырма. Терезеге үңіліп тұрған кірпі шаш күрсініп алды. Күрсінуінде де қарасында да терең бір сыр жатқандай. Қызыл шатырлы көк шатырлы биік-биік үйлер көбейді. Мен шешемді әрі аяймын әрі іштей кейимін оған (С. Шаймерденов). Қисық Роза және мен үшеуіміз бұларды жата­ тын үйлеріне орналастырып келдік. 3-тапсырма. Біз жолаушылар самолетке міне бастадық (Ғ. Мүсірепов). Телефоншы Сәмет ағаш арасында тұрған полк штабымен сөйлесіп отыр (Ә. Нүрпейісов). 2-жұмыс. 1-тапсырма. Бүлдірген иісі аңқыған көк майса шалғын тұнып тұр. Бақсыбайдың қорығына жиналғандар бүгін өте көп. Бұлардың әсіресе, қуана тамашалайтыны – көксырлы су жаңа шабатын машина. Таяуда ауданнан әкелген (С. Сыматаев). 2-тапсырма. Жәшік ішінен балаларға лайық киімдер ойыншық­ тар қызылды-жасылды доптар қарындаш-қағаздар шығып жатыр (Ғ. Мүсірепов). Директордың кабинетінде Варов пен Жанәділ де ендігі жайды ақылдасып отырған сияқты (Ғ. Мұстафин). Дабыр-дұбыр әңгіме бірде күшейіп бірде бәсеңдеп дуылдап тұр (С. Сыматаев). Мортық ебелек тітір жусан бәрі де жақсы 76

Қазіргі қазақ тілі

өсіпті («Уақыттан озғандар»). 3-тапсырма. Сол арманын Ербол әуелі Тоғжанның жеңгесіне Асылбектің келіншегіне айтыпты (М. Әуезов). Еңбек азаншысы гудок айғайлады (М.Иманжанов). Бұнда Шәкен мырзаның ауылы отырады (Ғ. Мұстафин). 3-жұмыс. 1-тапсырма. Қыбыр-қыбыр басқан аяқтары қай­ рақтай қардың бетіне дақ түсіре алар емес. Барақтың солтүстік жағында үш топ адам терең бір сайдың қарын аршып жатыр. Әлдеқайдан ауып келген аш-арық сияқты қыбырлағандарға қазақ жігіттері де таңдана қарасып тұр. Елизавета Быкова қатты ауру күйінде Байжанның шанасында келіп еді. Менің үйім де қалың қарағанның ішінде (Ғ. Мүсірепов). 2-тапсырма. Жасы әлі жиырмадан аспаған жаулықты әйел бірде бала бірде сұңғыла Үй мүліктері – патефон чемодан биік стол орындықтар да көрінеді. Қап бөктерген жылқы жетелеген бірді-екілі қой-ешкі айдаған қа­зақ­тар жүр (Ғ. Мұстафин). Отырған отырысы қағазды алып оқы­ғаны қолы майысып жазу жазғаны бәрі де жарасып тұрған сияқтанды (Б. Майлин). 3-тапсырма. Тыныш тұрмыс үй. Тұрмысы Бәкенге қымбат (Б. Майлин). Сай-саймен түлкі сұмдар зытып барады (Ғ. Мүсірепов). 4-жұмыс. 1-тапсырма. Жиылысқа келген әйелдердің саны отыздан асады. Оннан аса еркек бар. Ішінде ең жасы Раушан болып шықты (Б. Майлин). Жайдары отырған Шолпан кенеттен тұнжырай қалды. Жұмабек жайлап қана сылқ-сылқ күліп қойды. Оның осы күлкісі Ермекбайдың қызу сөзінен жанға әлдеқайда батымды еді (Ғ. Мұстафин). 2-тапсырма. Стол үсті толы қабартып пісірген күрең бауырсақ қолдан салған булка шақпа қант сары май (Ғ. Мұстафин). Сүймен мұз не тоң ою үшін қолданылады (Ә. Сәрсенбаев). Мезгілінде азық мезгілінде серуен мезгілінде сауын бәрі де сағатқа шағылған (Ғ.Сыланов). 3-тапсырма. Бұлқызыл отрядқа әсіресе Қырымұлына өте керекті оқиға болды (С. Сейфуллин). Десятник Жәнібек біресе раскосқа біресе күрекке салады (Ғ. Мұстафин). 5-жұмыс. 1-тапсырма. Үйдің екінші жақ бұрышында ұзыншалау стол бар (Б. Майлин). Секретарь жаңа ғана жоға­ ры қарады. Екеуі анадайдан шұрқырасып келіп амандасты (Ғ. Мұстафин). Ақ жамылған Қарағанды даласында қатарқатар үйілген көмір атжалдары сағат санап биіктеп келеді. 77

Бердібай Шалабай

Қайсар үйінің қақпасы іш жағынан салтқымен бекітілген (Ғ. Мүсірепов). 2-тапсырма. Нұрғали біресе Жұманға біресе Аман­байға қарады (Б. Майлин). Егінге көлік сайман тұқым ке­ рек. Құдық басына келгендер ауылдан қосылғандар бәрі құрық­ шыларға көмектесіп жүр (Ғ. Мұстафин). 3-тапсырма. Бұл істі істеген жалғыз мен Базаралымын (М. Әуезов). Біздің шахта алыптың проектісін жасауға инженер Дәуірұлын жібергенбіз (С. Ерубаев). 6-жұмыс. 1-тапсырма. Ушаков инженерлермен осында келіп еді. Ұсақталған тастың пұтына үш тиыннан аламыз. Ол өз қалтасына түсетін еншіні де әлдеқашан есептеп қойған еді (Ғ. Мүсірепов). Керуеннің қара жолымен бір арбалы келе жатыр. Болыстың кеңсесі көк төбеленген ағаш үй екен (Б. Майлин). 2-тапсырма. Раушанның қызыл шырайлы жүзі күлімсіреген көзі баптап сөйлеген сөзі Бәкенді сиқырлаған сияқты болады (Б. Майлин). Әрі тоңған әрі аш жұмыскерлер бүрсең қағып, Зубовқа еріп келеді. Тәтібек пен Исағали бұзаушы келіншек үшеуі жас бұзауларға қызыға қарап тұр (Ғ. Сыланов). 3-тапсыр­ ма. Қазақстанның біраз жерінде әсіресе, Алматы облысында сиыр жайылымының көбі тауда (С. Мұқанов). Осы сырды Нысаналы ақын жақсы біледі (Ғ. Мүсірепов). 7-жұмыс. 1-тапсырма. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік. Биыл Есімбектікі Қарақұмды жайлап қалады (Б. Майлин). Шабдардың қалай шоқыта жөнелгенін өзім ғана білемін. Ушаковтың кәнігі көзі заводтың ішіндегі ескіқұсқыларды бірден шалып қалған сияқты. Сейіт бұл маңайға былтырдан бері келген жоқ еді (Ғ. Мүсірепов). 2-тапсырма. Биіктің бәрі бірдей биік те нәрлі де емес (М. Әуезов). Столды жағалай болыстың кеңес ағасы хатшысы және орысша киінген бір әйел отыр (Б. Майлин). Азықтар көрпе-жастықтар әлденеше қабат жазғы қысқы киімдер болсын барлығы да күймеге түгел салынып болған-ды (М. Әуезов). 3-тапсырма. Қасында сонау түптен ере шыққан Күреңкөз қожа Омар Нысаналы ақын Жұмабек төре Боздақ би кіреші Ыбырай ерке жиен Сейіт бар (Ғ. Мүсірепов). Бұлардың Әдеп екеуінің ойыны да қызық (М. Гумеров). 8-жұмыс. 1-тапсырма. Көшенің бұрышына таман екі қа­ бат ақ үй тұр. Бәкен екі-үш күнге шейін үй қарасын көрмеді 78

Қазіргі қазақ тілі

(Б. Майлин). Қызыл шоқтай жайнаған мына жігіттің жалын атпай тұрып қалғаны Ақтамақты да басып тастады (Ғ. Мұстафин). Тау аң­ғарына орналасқан бұл үйге кештетіп әзер жеттік. Кейбір кен көз­дерін өсімдіктер арқылы да табуға болады екен (Ы. Кененбаев). 2-тапсырма. Бүгінгі тіршілік те болашақ та білімде («Уақыт­тан озғандар»). Үй адамдарының үсті-басы көрпе жастығы бүтін таза (Ғ. Мұстафин). Бірге жүріп келген Михайло Нартай Әлішер үшеуі қараған арасында етпетінен құлап жатқан Бұланбайды көр­ді (Ғ. Мүсірепов). 3-тапсырма. Адам правосы еңбек ету пра­ восы СССР-дің жаңа Конституциясында өміріміздің Негізгі За­ ңында алтын әріппен жазылған («Өрлеу»). Ептеп қана Қыс­тау­бай ақсақал орнынан қозғалды (Б. Майлин).

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі Сөздер сөйлемде тарихи даму үдерісінде қалыптасқан бел­гілі заңдылықтар бойынша орналасады. Сөздердің орналасу тәртібі басқа да синтаксистік амалдармен бірлікте сөздердің сөз тірке­ сіне, сөйлемдерге бірігуіне қызмет етеді. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі деп сөйлем мүшелерінің бір-бірімен белгілі син­таксистік қарым-қатынаска түсіп құрылуын айтады. Сөйлем мүшелерінің бір-біріне қатысты белгілі орналасу жағ­дайлары қай тілде болмасын қызмет ету маңызына ие. Сөздердің сөйлемде орналасу жағдайы олардың грамматикалық және стилистика­лық қызметімен байланысты. Әр тіл өзіндік ерекшелікке ие болған­ дықтан, сөздердің орын тәртібінің атқаратын қызметі әр тілде әртүрлі. Синтетикалық тілдерде, сөздердің орын тәртібі сөздерді байланыстырудың синтаксистік тәсілі ретінде (сөз тіркесінде және сөйлемде) аз пайдаланылады. Өйткені оларда сөз арасындағы синтаксистік байланыс морфологиялық тәсіл­дер (қосымшалар) арқылы жүзеге асады. Бұнда сөздердің орын тәртібі субъект пен предикат бірдей морфологиялық тұлғаға ие болған жағдайда ғана мәнді (Мысалы: Асқар – студент). Ал аналитикалық тілдерде сөздердің арасындағы синтаксистік қатынасты айқындау үшін сөздердің орын тәртібінің қызметі ерекше. 79

Бердібай Шалабай

Түркі тілдерінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің негізгі қызметі – грамматикалық қызмет. Ол мынадай жағдайларда көрінеді: 1. Сөздерді байланыстыруда. Мысалы, қабысуда орын тәртібі морфологиялық мәнге ие болып, сөздерді байланыстырады; 2. Сөздер орнын ауыстырғанда синтаксистік қызметі өзгеретін тіркестерде, мысалы, қызыл ат, ат – қызыл. М. Балақаев сөздердің орын тәртібінің мынадай үш түрлі грамматикалық қызметін көрсетуі осыны байқатады: 1) байланысу тәсілінің бірі болады; 2) бастауыш пен баяндауышты ажыратады; 3) анықтауыш пен баяндауышты ажыратады. Сөздердің орын тәртібінің грамматикалық қызметінен басқа стилистикалық та қызметі бар. Тілдің дамуы барысында бұл күшейе түседі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін өзгерту арқылы сөйлем­ нің құрылысы да өзгереді. Сөйлемнің белгілі бір кұрылысын таңдауда сөйлемнің мағыналық жағы үлкен рөл атқарады. Белгі­ лі бір ойды білдіру үшін соған сәйкес сөздермен қатар, олардың орын тәртібі де таңдалып алынады. Сөйлемнің мағыналық жағы мен құрылымдық жақтары өзара тығыз байланысты болады. Сөздердің орын тәртібі сөздердің сөйлем ішінде белгілі ретпен орналасу тәртібі дегенді білдіреді. Сөздердің орын тәртібі тілдің маңызды кұрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Мысалы, түбір тілдерде сөздердің сөйлем ішінде орналасуы қатаң тәртіпті сақтаса, жалғамалы, қопармалы тілдерде біршама еркін болады. Сөздердің орын тәртібі сөзді ұйымдастырушылық мағыналық әрі кұрылымдық маңызды қызмет атқарады. Сөйлеу кезінде тіл­дік элементтер бейнеленуші құбылыстардың реттілігіне, мәнділігіне сәйкес орналастырылады. Оқиғалардың ізбе-ізділігін немесе ақпа­ рат-мәліметтердің түсу реттілігін білдіруге қызмет етеді. Ол ой­ды белсендірудің құралы, осы тұрғыдан сөздердің орын тәртібі инто­ нациямен қатар сөйлемнің актуалды мүшеленуін жүзеге асырады. Сөздердің орын тәртібі стилистикалық әрі экспрессивтік қыз­ мет атқарады. Ол біреудің сөзіндегі не тілдік қолданыстың кө­ не дәуіріне тән сөздердің орналасуындағы кейбір ерекшеліктерді әдейі қолданудан (стилизация) және жазушының көркем шығар­ 80

Қазіргі қазақ тілі

мада сөздердің қалыпты орын тәртібін мақсатты түрде өзгертіп қолдануынан көрінеді. Тілдің синтаксистік құрылысында белгілі заңдылық болады. Сөйлемдегі сөздер қалай болса солай орналаспай, сол заңдылық­ тарға бағынып, белгілі тәртіппен орналасады. Әрбір сөйлем мүшесінің сөйлемде қалыпты орны бар. Бір­ қатарының қалыпты орнын қозғауға болса, бірқатарын син­так­ систік қызметін бұзбай ауыстыруға болмайды. Осыған қарап, ғалымдар сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібінің екі түрін ажыратады: орын тәртібі тұрақты сөйлем мүшелері және орын тәртібі жылжымалы сөйлем мүшелері. Орын тәртібі тұрақты болатындары жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері де, жылжымалы болатындары – жалғаулар арқылы қиыса, мең­ге­ ріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері. Қазақ тіліне (түркі тілдеріне) қатысты бір заңдылық: жалғаусыз қатар тұрып қабыса байланысатын сөйлем мүшелерінің көпшілігі қалыпты орындарынан өзгермейді. Егер орнын ауыстырса, син­ таксистік кызметі өзгереді. Мысалы, атау тұлғадағы (сын есім, есімше, сан есім, зат есім) анықтауыш анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Орын ауыстыруға болатын сөйлем мүшелері жалғаулар ар­ қылы байланысатын сөйлем мүшелері. Мұндай жағдайда сөздің синтаксистік қызметі өзгермегенмен, сөйлем мағынасына аз да болса өзгеріс енеді: Асқар оқуға барады. Оқуға Асқар барады. Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орнын өзгертіп қолдануды инверсия дейді. Жалпы ереже бойынша сөйлем мүшелерінің орын тәртібі: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анық­ та­уыш анықталатын сөзден бұрын, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысатын сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің орын тәртібіне практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Тақырып бойынша студенттердің білімі мен іскерліктерін жетілдіру, бекіту. Тақырыптың дәйектемесі: Сөйлем және сөйлем мүшелері тақырыптарын жете меңгеруге жәрдемдеседі. 81

Бердібай Шалабай Тапсырма, сұрақтар 1. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі дегенді қалай түсінесіз? 2. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қалыпты орын тәртібін түсіндіріңіз. 3. Сөйлем мүшелерінің тұрақты орын тәртібі және жылжымалы орын тәртібі немен байланысты? 4. Инверсия дегеніміз не? Қара сөздегі және өлеңді сөйлемдегі инверсиялар немен байланысты болады? Әдебиеттер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971. – 168-183-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: «Ғылым», 102-114-б. 3. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы. – Алматы, 1968; Қазіргі қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тәртібі. – Алматы, 1970.

Практикалық тапсырмалар 1. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібіне назар аудары­ ңыздар. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібін сақта­ған­ дары қайсы? Соңғыларының себебін түсіндіріңіздер. Орын тәр­ тібі тұрақты не жылжымалы болып келетін сөйлем мүшелерін анықтаңыздар: Есіл өзеніне жақындау бір тұстағы кең көшенің бойында бір қатарлы үлкен ағаш үй тұр. Сарғыш бөренелері жаңадан салынғанын аңғартады. – Ал, кәне, еріңдер соңыма! – Көрдің бе, қанша солдат келе жатыр сол үшін? Неше адам оққа ұшты сендерден? Мынау ма сойыл дегенің? Қасындағылардың бірі қолға түскен бір сойылды әкеліп көрсетіп жатыр офицерге (Х. Рахимов). Ырымбек киіп кетті төтеден (Ғ. Мұстафин). Оның есіне бала кезінде естіген бір ауыл аңызы түсті (Т.Әлімқұлов). 2. Бір шумақ өлең жолын келтіріп, ондағы сөздердің орналасу тәртібіне талдау жасаңыздар. Өздік жұмыс Зертханалық жұмыс сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі және инверсияға ар­налған. Тапсырмаларды орындағанда мына жайлар ескерілуі керек: 1. Әр мүшенің қалыпты орын тәртібін анықтау; байланыс түріне қарай орын тәртібі еркін және орын тәртібі тұрақты сөйлем мү­ шелерін анықтау; кейбір «байлаулы» тұрақты тіркестердің ара­ 82

Қазіргі қазақ тілі

жігіне еркін тіркестегі сөздердің сыналай кіріп кету жағдайын анықтау. 2. Орын тәртібі ауысуының себептерін түсіндіру. 1-жұмыс. Ауылда ең алғаш келген бес қызыл жауынгерден төрт әдемі сөз қалды (Ғ. Мүсірепов). Осы сөз болған күннің кешінде Абай Қарқаралы қаласын жапа-жалғыз аралап кетті (М. Әуезов). Елеусіздің есіне кешкі Алматының шеткі аудандары түсті (Т.Әлімқұлов). Уай, батыра салсаңшы күрегіңді! Серпе таста жоғарырақ! (Ғ. Мүсірепов). Рахмет сізге! Көп-көп рахмет бұл хабарды жеткізгеніңізге! (Х. Есенжанов). 2-жұмыс. Қала желкесіндегі әсем таудың қарағайлы жотасында қызыл арай сәуле бар (М. Әуезов). Жұрттың назары шортан ұстаған, сөзі тастай кішкене қара балаға ауды (Қ.Есенжанов). Түс төмен! Сал аяғыңды алақаныма! (М.Иманжанов). 3-жұмыс. Шешелер оңашада жақсы кітаптың жақсы хикая­ ларын қайтадан ескерте беруші еді (М. Әуезов). Жайықтың сапсалқын екі шелек тұнық суы оған құр иін ағаш көтергендей де болған жоқ. Аяқ басуы оның ширай түсті (Х. Есенжанов). Ба­ ланы анасынан артық Көжек бақты (Т.Ақтанов). Көрдіңіздер ме, жолдастар, бар әңгіме адамға байланысты екенін? (Ғ.Сыланов). Елеусіздің есіне және Гүлнаш түсті (Т.Әлімқұлов). Көріп ал. Әне бір мүйіске тірелсін аяғың (М.Иманжанов). 4-жұмыс. Бұл жағдай өзгелерден гөрі Есейді қуантты (Ә. Нұршайықов). Ерте келгеніме өкініп тұрған мен жоқ (М. Иманжанов). Шаймерденнің кездескеніне Азамат бала­ ша қуанды (Б. Майлин). Елеусіздің ән салуға даусы жоқ (Т. Әлімқұлов). Осы ел біледі ғой, Қайырбек партизан болып ертеде қандай жорық шеккенін (Ғ. Сыланов). Сізде қағаз ақша жоқ па қалам, сауыт сатып алатын? (Х. Есенжанов). 5-жұмыс. Қазір жиын Абайдың мейлінше жақсы ойлаған қамдарына сенген сияқты (М. Әуезов). Сонау терезеге сүйеніп Медеу тұр (Б. Майлин). Ақ боз үйдің сыртында отырған екі қыздың көзіне қала жақтан өрлеп келе жатқан атты кісі шалынды (М. Иманжанов). Таныс үйіңіз бар ма еді қалада тоқтайтын? (Х. Есенжанов). 6-жұмыс. Күннің алтын түстес сарғыш сәулесі тау биігіндегі ақша қарға ойнап шыға келді. Ешкі өлмес аталатын көк жота осы ауылға ең жақын тұрған тау. Шұбардың оңтүстік батысын 83

Бердібай Шалабай

осы қоңыр жота алып жатыр (С. Бақбергенов). «Астындағы атын алты ай іздептінің» кері ғой сенің айтып тұрғаның. Тұр орныңнан малғұн! Жат сол тойғаныңмен! (Б. Дәулетбаев). 7-жұмыс. Кең даланың төсінде боз жорғалы Ораз сергек сезінеді. Алдынан ескен самал жел ат кекілін желпиді. Жарысу оның ойында болған емес (Б. Дәулетбаев). Бірер күнде малды көшіреміз. Өзің де болатын шығарсың жайлауда? Бұрқылдай жарқылдап ақ самауыр да келіп қалды. Бізді тыңдаушы болса, айтамыз әлі! Санаса ма біздермен? (Ғ. Сыланов). 8-жұмыс. Қызыл аршадан шапқан осы қобызы Ықыласты көп азапқа салды. Шанағына тартқан көңі қыртыс-тыртыс боп икемге келмей қойды. Әбден қиналған Ықылас жер бауырлап жатып алды. Күнікейге ләм-мим деместен тысқа шығып кетті. Бағанадан бері кешегі лақтырып жіберген қобызын әурелегенін біле қойды Күнікей. – Көңді қайдан таптың? – Көңді қорадағы қоқыстың іші­­ нен таптым. Қобыздың келісті, әдемі боп жасалғанына іштей сүй­ сінді. Базарға бара жатыр едік. Жүргізбеді ғой мына қобыздың үні. – Кетейікші осы жерден... Жетерміз елге бірдеңе қып... Үн жоқ Ықыласта. Күнікейдің жіңішкеріп жүдегенін енді ғана көріп тұр... Түсінді бәрін (І. Жақанов).

Күрделенген сөйлемдер Сөйлемнің құрылымы, оларда берілген ақпараттың мазмұн көлемі әрдайым біркелкі болып келмейді. Сөйлемнің құрылымы сөйлеуші адамның қатысымдық мақсатына орай сан алуан өзгеріске түсіп түрленіп отырады. Сөйлемнің негізгі мүшелері әртүрлі қосымша мәнге ие сөздермен қатысты келіп, сөйлемде берілген хабарды, негізгі ойды әртүрлі жағынан толықтырып отырады. Бұлайша толықтыру сөйлемнің құрылысын да кеңей­ теді. Бұндай күрделенген құрылымды сөйлемдерді, бір жағынан, құрмалас сөйлемдерден ажырату қажеттілігі туса, екінші жағы­ нан, сөйлем мүшелерін дұрыс талдай білуге де көмектеседі. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдерді зерттеуші Қ. Есенов «қазақ тілінің күрделенген сөйлемдері коммуникативтік қызметі мен құрылыстары жағынан біркелкі болып келе бермейді. 84

Қазіргі қазақ тілі

Біреулері ішінара сөйлем мүшелері жағынан біркелкі болып қайта­ланса, енді біреулерінде баяндалған оқиғаға байланысты айтушы адамның түрліше көзқарастары білінеді. Енді бірде сөйлемнің негізгі желісі түрлі жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленіп отырады. Қайсысында болса да сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғыза­ ды» (Қ. Есенов. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А.,1974) дейді. Сөйлемнің күрделенуі мынадай жолдармен жүзеге асады: 1) сөйлем мүшелерінің үйірлі және айқындауыш, бірыңғай мү­ шелері арқылы; 2) сөйлемнің оқшауланған құрылымдары ар­қы­лы (қаратпа, қыстырма, одағай сөздер мен тіркестер, қысты­рын­ды сөйлемдер) күрделенеді. Бұлардан өзге Қ. Есенов есімше және көсемше оралымдар арқылы күрделенуін жатқызады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, айқындауыш мүшелер Бірыңғай мүшелер – қазақ тілі синтаксисінде кең тараған құбылыс. Оның қалыптасуы, даму мәселесі қазақ тілінің жеті­ луімен, оның тілдік, стилистикалық қызметтерінің дамуымен ұштасып жатады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері қазақ тілінің өте ескі катего­ риясы, ертеден келе жатқан құбылыс. Оны көне түркі жазу ескерт­кіштерінде молынан кездестіруге болады: Сіз еліме, кунчуйма, оғланыма, будуныма – сізіме алтмыш йашымда (адырылтым). Түрк будун өлті, алқынты, йоқ болты. Ескі жазу нұсқаларында да, қазіргідегідей сөйлемнің барлық (тұрлаулы, тұрлаусыз) мүшелері де бірыңғайланып жұм­сала бе­ реді. Әрине, олардың құрамын (құрылысын) қазіргі тіліміз­дегі­ мен бірдей, тепе-тең деп қарауға болмайды. Бұл категорияның қазіргі неше алуан түрлері – бәрі бірдей бірден қалыптаса қойған жоқ, тілдің ішкі даму заңына сәйкес бірте-бірте қалыптасып жетілген. «Қазіргі әдеби тілімізде кездесетін сөйлемнің бірыңғай мүшелері былай тұрсын, ең көне деп есептелінетін ертегілерде, халық дастандарында кездесетін бірыңғай мүшелердің өздері де 85

Бердібай Шалабай

алғашқы түрімен салыстырғанда дамудың талай өткелдерінен өткен, жетілген түрі деп қарау керек» (М. Шаяхметова. Қазір­гі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері. – Алматы, 1980.) Бірыңғай мүшелердің одан әрі дамып, жиі қолданылуы ХVXVIII ғ. ескерткіштерінде орын алады. Т. Қордабаев «Жамиғат тауа­рихта», «Шежіре түрік» синтаксисінде сөйлем мүшелерінің бар­лық түрі де бірыңғай болып кездесетінін, соның ішінде адам, жер-су, ру аттары болып келетін зат есімдер жиі қолданылаты­нын көрсетеді. Мысалы: Жалайыр, татар, ойрат, меркіт, уа бақы ондан башқа бағзы қауымда мағул ішінде ертіледі. Т. Қордабаев: «Сөйлем мүшелерінің көпшілігі әсіресе, бас­ тауыш, толықтауыш, мекен пысықтауыш, бұлардан гөрі сирек баяндауыш пен анықтауыш мүшелер бірыңғай түрде кездеседі. Барлық түрі негізінде, жалғаулықтар арқылы байланысады», – дейді (Тарихи синтаксис мәселелері, 1965, 120 бет). Бірыңғай мүшелердің әр алуан күрделі түрлерінің қалыпта­сып, дамуы жазу тілінің, әдеби тілдің қалыптасып дамуына бай­ла­нысты екені белгілі. Ауызша сөйлеу тілі сөйлемнің ықшамды бо­лып ке­ луін қажет етсе, жазба әдеби тілге бірнеше сөздерді, сөз тіркестерін ұластырып, қиюластырып, күрделендіру үлгісі тән болады. Тілде бірыңғай мүшелердің пайда болуы жөнінде зерттеу­ шілер арасында екі ұдай пікір бар. Бір көзқарас бойынша, бір­ың­ ғай мүшелер жалаң құрылымды жай сөйлемдердің қарапайым­ дылықтан күрделілікке қарай жайылмаланып жұмсалу ережесіне сәйкес қалыптасса (М. Балақаев), екінші көзқарас бойынша, жеке сөйлемдерді (я құрмаластардың компоненттерін) бір сөйлемнің ыңғайында қосып, біріктіріп, оларды ықшамдап қолданудың нәтижесінде пайда болған (Р. Әмір). М. Балақаевтың оқулығындағы мына пікір бірінші көзқарас­ ты құптауға ойысатынын аңғартады: «Сол арқылы (яғни бірыңғай мүшелер арқылы – Б.Ш.) сөйлемнің іргесі кеңіп, ой айқындала, оңа­шалана түседі... жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін ке­ ңейтуге бірыңғай мүшелер үлкен сеп болады» (оқулық, 159-160-б). Екінші көзқарасқа Р. Әміровтың оқулығынан үзінді келті­ре­ йік: «Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөй­ лемді сыйыстырып білдірудің амалы». А.М. Пешковский, М. Балақаев бірыңғай мүшелі сөйлемдерді 86

Қазіргі қазақ тілі

(әсіресе, бірыңғай баяндауышты) күрделі сөйлемдер деп алып қа­ рап, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің аралығындағы син­так­ систік категория ретінде түсіндіреді. Қ. Есенов те бірыңғай мүшелі сөйлемдерді күрделенген сөй­ лемдер қатарында қолданады (Қазақ тіліндегі күрделенген сөй­ лемдер. – Алматы, 1974, 57-64-б.). Бірыңғай мүшелердің грамматикалық белгілері қандай? Бір­ ыңғай мүшелер болу үшін қандай шарттар керек? Біріншіден, олар бірдей синтаксистік қызметте жұмсалуы керек, сондықтан олар бір сұраққа жауап береді; екіншіден, бір сөз табынан жа­сала­ ды және көбінесе, тұлғалас болады; үшіншіден, өзара салаласа, өз­дері қатысты мүшеге сабақтаса байланысады; төртін­шіден, сана­малаған айырым әуенмен айтылады; сондықтан жазуда ара­ ларына үтір қойылады. Қызмет, тұлға, байланыс – міне, грамматикалық үш катего­ рия­ның бірдейлестігі бірыңғайлықты құрайды. «Бірыңғайлықтың» бұл айтылғандар тілдік жағы болса, оның мағыналық жағы да біртектес болады. Әртүрлі мағыналы сөздер бірыңғай мүше бола алмайды. Бірыңғай мүшелер арасындағы мағыналық қатынас негізінен үш түрлі: ыңғайластық, тал­ғау­ лықты және қарсылықты болады. Ал бірінен-бірі туындап жата­ тын мағыналық қатынас онда орын алмайды. Бірыңғай мүшелердің арасындағы салаластық байланыс екі түрлі тәсілмен жүзеге асады. Бірі – іргелесу тәсілімен, сана­ма­ ланған интонациямен айтылады. Екіншісі – жалғаулық шы­ лау арқылы. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз байланысқанда интонацияның рөлі (қызметі) ерекше болады. Ол бірыңғай мүшелерді әрі жалғастырушы, әрі ажыратушы (дараландырушы) қызмет атқарады және бірыңғай мүшелерді әрі қарай жалғастыра беруге болады – тұйықталмайды, шектелмейді. Мысалы: Әр үйдің төбесінде кергіштеп ілген қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, күзен, суыр терілері. (Ғ. Мұст). Бірыңғайлардың жалғаулықсыз байланысуы көркем әдебиетте (поэзия тілінде) жеңіл ырғақ, әуенді құрылым жасайды. Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап (Абай). Бірыңғай мүшелерді байланыстыруда салаластырушы 87

Бердібай Шалабай

жалғаулықтардың орны ерекше. Олар ыңғайластық, ке­зектес және қарсылықты жалғаулықтар. Олар бірыңғайлардың арасын­ да, бір-ақ рет және қайталанып та (және, мен жал­ғау­лық­тары­нан басқасы) жұмсала береді. Бірыңғай мүшелердің жалғаулықсыз, жалғаулықты келуінің және жалғаулықтарының қайталанып, қайталанбай келуінің ма­ ғыналық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері болады. Қай­ таланып келетін жалғаулықтар бірыңғай мүшелерге ерекше мән беріп, саралап, оларға экспрессивті рең береді. Мысалы: Ашу да, айбар да, күш те қалмаған (Ғ. Мұст.). Бірыңғай мүшелерге жалғанатын қосымшалар (не тіркесіп келетін көмекші сөздер) бәріне бірдей жалғанбай (тіркеспей), ең соңғысына жалғанады. Бұл сөйлемді ықшамды етіп құру мақсатынан туындайды. Мысалы: Қандай кішіпейіл(сің), қарапайым(сың), зерделі жансың, Раушан (Б.М.). Ербол, Көкбай, скрипкашы, әнші Мұқа, Баймағамбеттер бір топ болып кірді (М.Ә.). Көк жүзінің шарпы бұлты әлдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатыр (М.Ә.). Ал, бірыңғайларға ерекше мән беріп, саралап айту керек болғанда, ол тұлғалар әрқайсысына жеке-жеке жалғанады. Не билікті, не ауылнайлықты бермей отыр (Б.М.). Көптік жалғау жинақтаушы қызмет атқарады. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметінің бір қыры жал­ пылауыш сөздерден көрінеді. Олар бірыңғай мүшелермен тығыз байланыста болады. Жалпылауыш сөздердің тілдік, мағыналық қызметі – бірыңғай мүшелерді жинақтау, жалпылау. Жалпылауыш сөздер ресми стильде көбінесе бірыңғайлар­ дың алдынан келіп, айқындау, дәлдеу, ескерту мағыналарында жұмсалса (Ертістің бойындағы қалалар мыналар: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы), көркем стильде соңынан келіп, жи­нақ­ тау, қорытындылау мәнінде қолданылады (Алма, Жанат, Жол­дас – бәрі бірігіп колхоз клубына барды (С.М.). Жалпылауыш сөз болатындар, негізінен, жалпылау, сілтеу есімдіктері, одан өзге зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, модаль сөздер, қыстырмалар қолданылады. 88

Қазіргі қазақ тілі

Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз (М.Ә). Сүйіндік, Жексен, Жомарт – үшеуің де алдымызға түс (М.Ә). Айқындауыштар – қазіргі қазақ тілінде кең етек алған синтаксистік құбылыс. Оны анықтауыштардың ерекше бір түрі ретінде қарайды. Айқындауыш адамның айтайын деген ойының кей жақтарын нақтылап, дәлдеп беруде үлкен рөл атқарады. Айтайын деген ойға ерекше назар аударту үшін, я соны ерекше бөлу үшін қолданылады. Мұнымен қатар айқындауыштар заттың я нәрсенің атын, шығу тегін көрсетеді. Өзінің айқындайтын сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің, я бір мүшенің ма­ ғынасын дәлелдеп, айқындап, көркемдеп тұрады. Сонда бұлар анықтауыштар сияқты тек синтаксистік емес, стилистикалықсинтаксистік амал ретінде қабылданады. Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жа­ғы­ нан тығыз, тең байланыста тұрады. Ол анықталатын сөздің же­ тегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып дәлдеп, анықтап тұрады. Сөз табы жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас (зат есімнен) жасалып, тұлғасы жағынан да бірдей болады да, маз­ мұны жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлдейді, мағынасын ашып, дәлелдейді, я атап көрсетеді. Мысалы: Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді (М.Ә.). Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың үш түрін көрсетеді: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш, қосарлы айқындауыш. Бұл үш түрінің бір-біріне ұқсас жақтары болумен қатар өзгешеліктері де бар. Оңашаланған айқындауыштар – белгілі бір ұғымды күшейту, ерекшелеу, соған көңіл бөлдіру мақсатына сай қайталанып айтылу негізінде қолданылатын айқындауыштық қатынастағы сөздер тіркесі. Бұндағы айқындау – нақтылау, сипаттау ыңғайында болады. Осыған байланысты айқындалатын сөз қандай сөз та­ бы­нан жасалса, ол да сол сөз табынан, не соған мағыналас, төркіндес сөздерден жасалады. Сондықтан айқындауыш сөз бен айқындалатын сөз өзара теңдікте тұрып, ойдың бірлігін, тұтас­ тығын сақтап, айқындалатын-айқындайтын қатынасқа құрылған 89

Бердібай Шалабай

күрделі бір ұғымды білдіреді. Осыған байланысты және қайта­ лама ретінде құрылуынан тұлғалас болады. Оңашаланған айқындауыш алдындағы сөздің ерекше белгісін қайталап, оған көңіл аудару мақсатымен айтылғандықтан, оған ой екпіні түсіп, интонациялық жағынан оқшауланып, ерекше әуенмен айтылады. Бәрінің ортасында Ақсақ Темірдің ала шатыры – алып ордасы тұр (Ғ. Мүсірепов). Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М.Ә.). Дүниенікі дүниеде қайтады: патша – Николайды, болыс – Итбайды біз де өлтірдік (С.М.). Еділдің, ерке Еділдің жағасында болғаның бар ма деп бастады қарт әңгімесін (М. Иманжанов). Бұл кітап соныкі, Омардікі (Ғ.М.). Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, сөйлемнің барлық мүшелерінің айқындауыштары болады. Оңашаланған айқындауыштар кейде дараны жалпылап көрсе­ теді. Мысалы: Ол менің, мына біздің, бақытты өмірімізді бұзушы­ лар­дың басшысы (А. Сатаев). Оңашаланған айқындауыштар кездейсоқ емес, белгілі бір стильдік мақсатта қолданатын синтаксистік құрылым. Бұл ай­ тайын деген ойдың әртүрлі жақтарын, әсіресе, әрқилы нәзік қырларын беруде өте икемді құрал болып саналады. Көркем әдебиеттерде көптеген стилистикалық фигураларды беруде поэтикалық синтаксистік орам ретінде жиі қолданылуы осыдан. Қосалқы айқындауыштар екі зат есім сөздің тіркесуінен жа­ салады. Бірақ, кез келген зат есімдердің ешбір мағына байла­ны­ сынсыз тіркесе салуы айқындауыш қызметін атқара алмайды. Олар айқындауыш қызметінде жұмсалуы үшін өзара мағыналық байланысы бар сөздерден тіркесуі керек. Айқындалушы – ай­ қындауыштық қатынастағы тіркестер жалқы (адам аттары) есімдер мен заттың сапасы болатын сөздерден жасалады. Мы­ салы: Шора батыр, Нұрлан инженер, Әсет ағай, т.б. Сонда бұлар жас мөлшерінің, туыстық қатынастың, кәсіп-мамандықтың, атақтың, меншіктіліктің дара заттарға қатыстылығын ашу, білдіру негізінде тіркескен күрделі сөздер болады. 90

Қазіргі қазақ тілі

Қосарлы айқындауыштар да кез келген зат есімдер тіркесінен жасала алмайды. Бұлардың тіркесуінде де белгілі өзіне тән заңдылығы бар. Ең алдымен, бұлар – екі жалпы есімнің тіркесі. Олар семантикалық бірлестіктегі, мағыналас, мәндес – синоним сөздер болып келеді. Және олар тіркес құрағанда, тең мағыналы­ ғы сақталып қалатын ыңғайда тіркеседі (Әйел – ана, генералгубернатор, қызметші-малай). Екі жалпы есімнің бірі – заттың атының ұғымы ретінде, екін­ шісі – соның қасиеті, сапасы, ұғымы ретіндегі баламалық сапада қатынасқа түседі. Бұл қатынас затты жалпы тобынан бөліп алып, ерекшелеп, айқындап көрсетеді. Ұшқыш-космонавт дегенде оның жалпы ұшқыштардан жігі ажырап, кім екендігі (қандай ұшқыш екендігі) айқындалып тұр. Қосарлы айқындауыштар тілімізде онша көп емес. Оңашаланған айқындауыштар үтір, сызықша және жақша арқылы ажыратылады. Айқындауыштардың анықтауыштардан және өзге де ұқсас мүшелерден айырмашылықтары бар. Айқындауыштың табиғатында анықтау, сипаттау қасиеті бар болғандықтан, анықтауыштарға ұқсас болып келеді. Бірақ одан елеулі өзгешеліктері бар. Біріншіден, жасалатын сөз табы басқа. Содан барып мағыналық өзгешелігі шығады. Затты сындық қасиеті жағынан емес, зат пен заттың өзара қатыстылығы, ұқ­ сас­тығы, белгілі-белгісіздігі жағынан салыстырып, нақтылау, си­паттау ыңғайында анықтайды; екіншіден, құрылысы, тұлғасы жа­ғынан ерекшеленеді, бір сұрауға жауап береді; үшіншіден, тір­ кестің әрбір сыңары салаласа байланысады, орны, интонациясы жағынан ерекшеленеді. Сыртқы формасы жағынан оңашаланған айқындауыштар қыстырма сөздерге, бірыңғай мүшелерге ұқсас болса, қосарлы айқындауыштар қос сөздерге ұқсас. Бірақ мәнді айырма-белгілері бар. Мысалы, мағыналық жағынан айқындауыштар мен қыстыр­ ма сөздер бір емес. Қыстырма сөздер айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіреді. Ал айқындауыштың мағынасы – сөзді анықтау, айқындау, соны дәлдеп көрсету. Грамматикалық жағынан да ерекшеліктері бар. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысының жеке беретін 91

Бердібай Шалабай

ұғымы өзіне тән жеке-жеке болса, айқындауышта олай емес, айқындайтын сөзімен мағыналық топ құрап тұрады. Интона­ция­ лық жағынан да ерекшеленеді. Қосарлы айқындауыш пен қос сөздің беретін мағыналары да басқа-басқа, қосарлы айқындауыш – синтаксистік категория, қос сөз – лексикалық категория. Қос сөздің екі сөзін бір-бірінен бөліп айтқанда өз алдына жеке мағына бермейді. Сөйлемнің оқшау бөліктері, олардың өзіндік ерекшеліктері Тілдің негізгі қызметі – адамдар арасындағы қатынастың құралы болу. Қатынас құралы болу тілдік элементтердің бірбірімен грамматикалық байланысқа түсуін, бір тұтастыққа айна­ луын қажет етеді. Өйткені бір-бірімен грамматикалық тығыз байланысты сөздер тобы ғана біршама тиянақталған ойды, хабарды білдіре алады. Сондықтан сөйлем мен оның құрылымдық элементтерінің қалыптасу заңдылықтары жайлы мәселе – тіл білімінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Сөздердің сөйлемге бірігуі қай тілдің болмасын өзіне тән заңдылықтары бойынша жүреді. Сөздердің сөйлемге бірігуінің белгісі олардың бір-бірімен грамматикалық тығыз байланысы және интонациялық бірлік болып табылады. Осы екі белгі бар синтаксистік құрылымдарды сөйлем деп қарастыруға болады. Асқар – студент. Жыл бойы ұқыпты дайындалған Асқар бар­ лық емтихандарды жақсы тапсырып шықты. Мұндай синтак­ систік құрылымдар сөйлемге жатады. Өйткені олардың құра­ мын­дағы сөздер бір-бірімен тығыз грамматикалық байланысқа түс­кен. Алдыңғының құрамында екі сөз бар. Олардың байланысы интонация арқылы жүзеге асқан. Бұл сөйлемнің құрамы тек бастауыш пен баяндауышқа ғана ажырайды. Алайда, ой барлық уақытта тек субъект пен предикаттан құралмайтыны, оның аумақкөлемі күрделеніп отыратыны белгілі. Соңғы сөйлемде әр мүшесі жіктелген, сараланған хабар берілген. Құрамындағы сөздердің байланыс кестесін былай көрсетуге болады: 92

Қазіргі қазақ тілі

Асқар  дайындалған   жыл бойы ұқыпты

тапсырып шықты   емтихандарды жақсы  барлық

Сөйлемді құраушы негізгі мүшелердің екеуі де басқа сөздермен анықталып, мағыналары жіктелген. Сонымен, соңғы сөйлемнің құрамын талдау мынадай екі жағдайды айқын көрсетеді. Сөйлемді құраушы, сол арқылы негізгі ойды білдіруші екі бас мүше бар (бастауыш пен баяндауыш), сол екі мүше арқылы негізгі мағына беріледі. Басқа сөздер сол екі мүшенің айналасына топталып, олардың мағынасын айқындап түсіндіріп тұр. Басқа­ ша айтқанда, бұл сөйлемнің құрамындағы сөздер екі топқа – бас­тауыш, баяндауыш топтарына жіктелген. Екі бас мүшенің айналасына топталып, соларға ғана қатысты айтылатын сөздерді әдетте тұрлаусыз мүшелер деп атайтыны белгілі. Тұрлаусыз мү­ шелердің қайсысы да тікелей сөйлем құрамайды (тұрлаусыз деп саналуы содан), бірақ сөйлем құрайтын мүшелермен (бастауыш, баяндауыш) грамматикалық байланыста болады. Оларсыз сөйлем мүшесі ретінде ұғынылмас еді. Сөйлемдік мән, мағына туғызу тұрғысынан бас мүшелер (бас­ тауыш, баяндауыш) бірінші дәрежелі болса, тұрлаусыз мүшелер екінші дәрежелілер қатарына жатады. Өйткені тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) сөйлем құруға тікелей қатыспайды, бас мүшелердің бірінің шылауында айтылып, солар арқылы ғана сөйлемнің бір элементі бола алады. Сонымен, сөйлемнің органикалық құрамы осы сипатты бо­ лып келеді. Сөйлемнің құрамындағы сөздер мәні, қызметі жағы­ нан түрлі сатыда болса да, бір-бірімен грамматикалық тығыз байланыста болып отырады. Алайда, сөйлем құрамындағы сөз­ дердің барлығы бірдей тығыз грамматикалық байланысқа түсе бермейді. Сөйлем өзінің тікелей мағынасынан басқа да қосым­ ша мән-мәнерлерді білдіруімен, құрамының күрделілігімен ерек­ шеленеді. Мына бір сөйлемге назар аударайық: Қараңызшы, Сергей Петрович, осы көп қазір бала емес пе? (Ғ.Мұст.). Мұ­ ның құрамындағы сөздердің бір-бірімен байланысын жіктеп 93

Бердібай Шалабай

байқа­ғанда, не тұрлаулы мүшемен, не тұрлаусыз мүшемен грамматикалық байланысқа түспейтін екі сөз бар. Олар сөйлем құрамымен тек мағыналық жағынан ғана байланысып тұр. Ал байланыстағы сөздер мынадай: көп → ↑ осы

бала емес пе? ↑ қазір

Мұндай байланыс ол сөздермен «қараңызшы, Сергей Петрович» сөздерінің арасында жоқ. Дегенмен, бүкіл сөз Сергей Петровичке арналғандығы, «қараңызшы» сөзі соның (Сергей Петровичтің) назарын аудару үшін және сөйлеушінің хабарланып отырған іске қатынасын байқау үшін қолданылғандығы айқын көрініп тұр. Сөйлемнің негізгі құрамымен тікелей граматикалық бай­ла­ ныс­қа түспейтін, онымен тек қана мағыналық қатынаста болатын сөз бөліктерін әдетте оқшау сөздер деп атайды. Қандай бір атау болмасын шартты түрде алынып, қалыптасып кететіні мәлім. «Оқ­ шау сөздер» атауын да солай деп қараған жөн. Оған себеп, бірін­ шіден, оқшаулар тобына кіретіндер тек жеке сөздер емес, сөз тір­ кес­тері де, сөйлем де болуы мүмкін. Екіншіден, оқшау сөз, сөз тір­кестері, сөйлемдер сөйлемнің органикалық құрамынан мүл­де бө­лек айтылмайды. Егер олар негізгі ойды, хабарды біл­ді­ретін сөй­­лемнен мүлде бөлек, оқшау айтылатын болса, олар негізгі құ­ рам­мен мағыналық жағынан да ұласпас еді де, ондай син­таксистік топ­тардың болатындығы жайлы мәлімет те болмас еді. Сондай сөз­дердің қатысуы арқылы сөйлемнің құрамы да күрделенеді – сөйлем оны құрайтын негізгі мүшелерінен басқа, бүкіл сөй­лемді әртүрлі мән-мәнерлермен әрлендіретін сөздермен толығады. Оқшау деп аталатын топқа қаратпалар, қыстырмалар мен одағайлар жатқызылып жүр. Оқшау сөздер синтаксистік кате­ горияға жатады. Оның себебі, біріншіден, ондай топтағылардың қайсысы да тек белгілі бір мәнмәтін құрамында көрінеді. Яғни, ойды, іс-әрекетті, т.б. хабарлау, айту үстінде негізгі мағынаны беретін синтаксистік топтың жетегінде, сонымен қабаттаса келеді. Негізгі сөйлемнен тыс, дербес қалыптасуы, қолданылуы 94

Қазіргі қазақ тілі

мүмкін болмаса да, олардың қай түрі де сөйлеммен тікелей грамматикалық байланысқа түспейді. Екіншіден, оқшау сөздер­ дің қандай тұлғада тұрып жұмсалуы сөйлемнің негізгі мүшелері­ нің лексика-грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалмайды. Үшін­­ші ерекшелігі – олардың қайсысы да дербес алып қарағанда жеке сөйлем беретін мәнді, мағынаны, эмоцияны білдіреді. Бұл жағынан келгенде, оқшау сөздер дербес сөйлемдерге тең, яғни семантикалық жағынан солармен тепе-тең түсіп жатады. Алайда, оларды семантикалық тұрғыдан дербес сөйлеммен абсолютті тепе-тең деп қарауға болмайды. Өйткені оқшау сөздер сөйлем білдіретін негізгі ойды, мағынаны толықтырушы, жинақтаушы жанама тәсілдер болып табылады. Оқшау сөздердің, олардың ішінде қаратпалар мен қыстырма­ лардың қалыптасуын кейбір зерттеушілер сөйлем құрамындағы кейбір топтардың басқа мүшелермен мағыналық байланысының әлсіреуінен, босаңдануымен байланыстырады. Сөйлем ішіндегі бір сөздің не сөздер тобының басқа мүшелермен мағыналық байланысының босаңсуы тілді пайдалану тәжіри­бесінде олардың толық оқшаулануына алып келуі әбден мүмкін құбылыс. Сөй­ лемнің жеке бөліктері арасында мағыналық байланыстың әл­ сі­реуі ой, хабар құрамындағы олардың мәні мен рөліне тәуелді бол­са керек. Негізгі ойды, хабарды білдіруде сөйлем мүшелерінің ара қатынасы бірдей емес. Ой, хабарды білдіруге жанама қа­тыс­ ты мүшелер оқшаулануға бейім тұрады. Мұны, әсіресе, қыс­ тырмалардың қалыптасуынан айқын көруге болады. Қыстырмалар сөйлем ішінде жеке сөздер ретінде де, сөз тір­ кестері ретінде де, тіпті, өз алдына жеке сөйлем ретінде келіп, айтылған ойға қосымша мағыналық реңк үстейді. Сондықтан олар сөйлемнің іргесін кеңейтіп, онда айтылған ойға қандай да бір жолмен қатысты болып тұрады. Қыстырмалар адамның объективті өмірге, басқа адамға деген әр қилы көзқарас қатынасын білдіретін болғандықтан, олардың мағыналық қызметтері де әр алуан болады. Осыған қарай қыс­ тырмалар мынадай топтарға бөлінеді: 1) Сөйлеушінің айтылған ойды түрліше эмоциялық тұрғыдан бағалауын білдіретін қыстырмалар, яғни өкінгенін, қуанғанын, таңданғанын, разы болғанын, т.б. (бақытымызға орай, өкінішке 95

Бердібай Шалабай

орай, бәсе, әй қайдам, амал не, т.б.) (Жеңіл шыққан едік, бақытымызға қарай, күн жылы болды (Б.М.). 2) Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің күмәнданатынын-күман­ данбайтынын, оны қостайтын-қостамайтындығын қоса білдіреді (сірә, тегі, осыны, әрине, шынында, ұмытпасам, мүм­кін). (Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас) (Б.М.). 3) Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынан екенін көрсетуі мүмкін (меніңше, оныңша, әлі есімде, т.б.) (Кенжетай­ дың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәкаппар (С.М.). Бұлар, елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болу керек). 4) Бірқатар қыстырмалар тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылады (айтпақшы, әне, міне, мінеки, кәне, білесің бе, мұның үстіне, ол-ол ма, байқаймын, т.б.). Шынында, осы кезде Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе жатқан қалың шоғыр көрінді. Байқаймын, менен жасыратын бір сырың бар сияқты (М.Ә.). 5) Сөйлеушінің ойының ретін, желісін көрсетеді. Мұндайда сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі немесе ойдың түйінделетіні ескеріледі (мысалы, қысқасы, біріншіден, демек, сияқты, жоғарыда айтқандай). Сөйлемнің сұраулық немесе әртүрлі экспрессивтік мәнін кү­ шейте түсу үшін де қыстырма сөздер қолданылады (Қалай, құ­ ла­ғың ашылды ма? Мен, немене, ана емес дейсіңдер ме? Әй, сен, осы, не деп тұрсың?). Морфологиялық тұлғасы жағынан қыстырма сөздер біркелкі болмайды, олар әртүрлі сөз таптарынан жасалып, әр алуан тұлғада тұрады. Қыстырынды сөйлемдер 1. Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр (Б.М.) 2. Мешітке барып күнде бес уақыт намаз оқу былай тұрсын, олар жұмасында бір болатын күндізгі жұма намазына да бармайтын (М.Ә.). Қыстырынды сөйлемдегі аспектілік мән негізгі сөйлемдегі оқиға желісіне қайшы мәндес түрде айтылып, сонымен қатар оған үстемелі күшейтпелік мән беріп тұр. 96

Қазіргі қазақ тілі

3. Әшірбек айтқан «жоспарлы дайындықты» былай қой­ ғанда, осылардың өзі еңбекті шідерлеп, берекені кетіріп тұр (Қыстырынды конструкция негізгі сөйлемнен бұрын айтылып, ондағы ескертпелік мән негізгі сөйлемнің мазмұнын аша кету ыңғайында келеді). 4. «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» дегендей, бұл сапарын жүл­­делі жолға санаған Шоқан тағы бір табысқа бөлене қалды ... (С.М.) Қыстырынды конструкция негізгі сөйлемде айтылатын ойға салыстырма ретінде ескерту жасау үшін қолданған. 5. Кейінірек оған Мәліктің қызы Күлзағипа да Сәкеннің қо­ лында тұрып Алматыда оқу оқыды (Қазір ол Қарағандыда тұрады) (С.М.). Қыстырынды сөйлем қосымша мәлімет береді. Қаратпа сөз адамның назарын аудару үшін қолданылады, сөздің кімге арналғанын білдіреді. Сонымен қатар, сөйлеушінің көңіл-күйін, сезімін де білдіреді. Қарағым-ай, сен бе едің? Қуанышын, Байжеке-ау, өзіңдей өжет көремісің мені? Бейшара-ау, қандай күйге түскенсің? (Ғ. Мүсірепов). Оқшау сөздер Тақырыптың мақсаты: Тақырып бойынша студенттердің білімі мен іскерліктерін жетілдіру, бекіту. Тақырыптың дәйектемесі: Сөйлем және сөйлем мүшелері тақырыптарын жете меңгеруге жәрдемдеседі. Тапсырма сұрақтар 1. Оқшау сөздерге тән ортақ белгілері және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері? 2. Қаратпа сөздердің жасалуы, тұлғасы, құрамы және мағы­ налық түрлері жайында түсінігіңіз? 3. Қыстырма сөздердің жасалуы, құра­ мы мен мағыналық түрлері. 4. Одағай сөздердің ерекшелігі? Оқшау сөз ретіндегі және сөйлем түріндегі одағайлар. Әдебиеттер: 1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971. – 168-183-б. 2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 102-114-б. 3. Томанов М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар. – Алматы, 1980. 97

Бердібай Шалабай

Практикалық тапсырмалар Оқшау сөздердің түрлерін тұлғасы, жасалуы, құрамы, мағы­­ насы жағынан сипаттаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойы­ ңыздар. Тегінде сен біреудің аяғын басып, жарасына тиген боларсың? Меніңше осы шатақтың түпкі тамырын Жетісудан іздеу керек. Ал інім өзіміз оңаша армансыз сырласайықшы. Шіркін туған жерді кім ұмытсын! Гүлжан мыс­қылдап жымиды: біріншіден Смен көтерілісте қаза тапқан; екіншіден Гүлжан сүйген жігіт­ тің аты – Бәкен. Қымбатты менің туыстарым туған елге аман-есен келгендеріңізді құттықтаймын! (З. Шашкин). Әрине оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды. Ойбай-ау қаптап кетті ғой ел! Ардақжан, Майпажан шай қойыңдар. Е тәйірі осынша жұрттан жұмыс қала ма? Бәрекелді «Бітер істің басына жақсы келер қасына» қане, үй жаққа баралық (Ғ. Мұстафин). Өздік жұмыс Зертханалық жұмыс 3 тапсырмадан тұрады. 1-тапсырма қа­ ратпа сөздерге, 2-тапсырма қыстырмаларға, 3-тапсырма ода­ ғайларға арналған. Тапсырмаларды орындағанда мына жайлар ескерілуі керек: 1. Сөйлемдердегі тиісті тыныс белгілерін қою. 2. Қаратпа сөздер­ ді жасалуы, сөйлемге қатысы, құрамы және мағыналық түрлері жағынан анықтау. 3. Қыстырма сөздерді сөйлемге қатысы, жа­ са­луы, құрамы және мағыналық түрлері жағынан түсіндіру. 4. Ода­ғайларды құрамы, мағыналық түрлері және сөйлемге қатысы жағынан анықтау. 1-жұмыс. 1-тапсырма. Ата Люсяның үйінің жанына көшіп барайық. – Барамыз қозым (Ә. Нұршайықов). Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат. Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозға­май? (Абай). Күрекшілер Мақсұт, Құсайын, Әбдіуәли қи­ мыл­даңдар! (Ә. Әбішев). 2-тапсырма. Нұрлан жалғыз отыр. Шамасы біреуді күткендей (Ә. Қанахин). Меніңше боз жаңбыр­ дың бүріккені масақтың бойына сіңе қоятындай болған жоқ (А. Сейдімбеков). Шынында Әріптің бастауы мен аяқтауында екі түрлі сыр болды (М. Әуезов). Мынау мен білсем Қоскүреңнің әні (Ғ. Сыланов). 3-тапсырма. Бетім-ау мына бір аяқ киімнің өкшесі 98

Қазіргі қазақ тілі

қалай биік еді (Б. Майлин). Апыр-ау Сақилар әлі көрінбейді ғой (Ғ.Сыланов). Па па Жүйрікке ылди-өрдің бәрі бір-ау (Ә. Әбішев). 2-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. Жәке кеше қызмет ыңғайымен бір жақтан кеш қайттым. Ойпырай қабағыңыз келіспейді ғой. Күлпаш құрбым сізбен әңгімелесуге асықпын (Ғ. Мұстафин). Ұмытпасам аты – Таңат (Ғ. Сыланов). Әй Нұржан күлтілдет­ пей ашық айтшы (С. Сыматаев). Меніңше ол кісі тым қазақы­ на­май. Анығырақ айтқанда керітартпа (Ғ. Мұстафин). Қарағым Кен­же­қара екі шешең сені жайдан-жай қарауылдап жүрген жоқ (Ғ. Мүсірепов). Қысқасы бәрін де жоқтан жасау керек (Ө. Күмісбаев). 3-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. – Айналайын Кәкітай даусың шырылдағанда, жазықсыздан күйіп бара жатқандай көрінесің-ақ! Қазақта «шоңның» деген сөз жоқ! – Ойбай-ау мына жұрт не дейді Бақа? – Ой тәйірі-ай жеріне жетпей Кәкітай жығылмайды! – Мағашқа сен екеуің қосылып, Кәкітайды жығып бердің бе шынымен? Қорқытпа менің баламды Гулей соққан ақ боран! (М. Әуезов). Менің әкем дәу де болса сол тармақталған бұтақтардың арасында отыр. Төлбай айтқандай бұтақтардың арасында бері қарай жонын тосып, қалың киімді, тымақты біреу отыр. Қарт адамдардың айтуынша бұл оқиға 1891 жылы болады (С. Мұқанов). 4-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. – Қысылғаныңа көрінсін Кәкітай «Шоңның» деген сөз жоқ. – Мен білсем осы төрттікті өлең қып тұрған – жалғыз менің ұйқасым (М. Әуезов). Жасыратыны жоқ қызыл кеп теңестірмесе, Шопан тұқымы бізді күні бүгінде қорғалатып ұстап отыр. Сонымен қысқасын айтқанда Балжан мен Шүкей бір-біріне ғашық болды. Маған қызығы әрине ас емес (С. Мұқанов). Жә тапқаның мен таны­ға­ ныңды сен мәлім етші балам. Менің тапқаным бәрі осы қағазда, Ызғұтты аға осыны жаныңа сақтағайсың (М. Әуезов). 5-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. Отыр мына атқа құрбым. Қалқамау қонақтарың көріне ме? Уа тентек Уһлегенің не? (Ғ.Сыланов). Ел қадірін әрине халық ұмытпас (Жамбыл). – Қасқыр болар сірә? – Рас қасқыр екен (Ғ. Сыланов). Анна 99

Бердібай Шалабай

Күлипа Бану сендер веялкадағыларға көмектесіңдер! (Ә.Әбішев). Бір жақсысы со жылы Кәленнің үйі Бетпақ көлдегі қыстауының қасында қалған (Х. Есенжанов). Кинодан, газеттен болмаса, расын айтайын көргем жоқ (Ш.Құмарова). –Қап әттегене-ай қор болған екен-ау жануарым!- Мен білсем бүркітің мерт болған жоқ (Ә.Көшімов). 6-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. Жүрегім ойбай соқпа енді бола берме тым күлкі. Ағатай сағындым. Есен-сау көрмекке (Абай). Хабиболла біздің ауылға шамасы 1903 жылдың күзінде келген (С. Мұқанов). Менің байқауымша бір сапарында көп аң әкеле алмайды. Неге екенін кім білсін жандары шағын бола тұра, ағайынды екі үйдің іші астарын бөліп ішеді (С. Мұқанов). Жолдас Черных комсомол жолдас мына қаралып отырған мәселеге бай­ ланысты нақтылы пікіріңді айт (С.Бақбергенов). Апыр-ау о заман­ да бұ заман тастың жанғанын көрсем көзім шықсын! Қап ала-құла болып қалды-ау мына қабырға! Басқа у тасың жоқ па? Ау ұста жігітпісің, жаным-ау көктен түстің бе қайдан жүрсің (Б.Дәулетбаев). 7-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. Сірә бәйге аттары шығар мына шаң? Қыз қуу ойыны салт боп кеткен елде әшейіндегі ұяң мінез қыздар да іркілмейді. Арқасы қышыған жігіт ілгері шық! Қыз таяғы жігітке батушы ма еді тәйірі! Апыр-ай әлгі торы ұшқыр екен! Қайреке көкпарды кім шығаратын еді?- Жә оқуға кітап таба алмай жүрсіңдер ме?- Кітапханамыз бар. Бірақ кітап жағы аз. – Сөз жоқ көбейтеміз. Бар кітапты оқып болдыңдар ма? –Шамамен айтқанда үштен екісін оқыған болармыз. Бәрінен бұрын кітапхана бір шетте де, кино бір қиырда. – Рас оларың қолайсыз екен. – Табылған сөз... Жақсы лепес алтыным! – Жақсылық жолдас-ау шын айтып тұрсыз ба? Әрине алма бағын егеміз. – Ал бақбегі жолдас бақтан қанша өнімді қашан аламыз деп ойлайсың? Сөз жоқ Ақерке болуға тиіс. Тағы маңырады. Шөре-шөре Ақерке!.. (Ғ.Сыланов). 8-жұмыс. 1-3-тапсырмалар. Ау ақсақал біздің де айтар өті­ нішіміз бар. Мұқажан Жөндібайды шақыршы. Мені шақыр­ды­ңыз ба Нұреке? Меніңше еңбектің жануы малдың семіздігіне бай­ ланысты. Нұрмолданың ойынша атқа мінгеннің де өз қызығы бар (С. Бақбергенов). Оу бұл қай отырыс? Дәл айтқанда енді бір он жылдан соң үлкен боласың балам. Туу көп екен ғой (Ғ. Сыланов). 100

Қазіргі қазақ тілі

Құрмалас сөйлем синтаксисі Сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Жай сөйлем синтаксисі жай сөйлемнің құрамын, құрылымын, мағынасын, қызметін зерттесе, құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлемнің құрылу заңдылықтарын зерттейді. Таратып айтқанда: құрмалас сөйлем қалай жасалады, бірнеше жай сөйлемді тізе берсек, одан құрмалас сөйлем жасала ма, құрмалас сөйлемнің белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылығы қандай, құрмалас сөйлем құрамындағы сыңарлардың /компоненттердің/ мәнмаңызы, олардың бір-бірімен байланысы, қатынасы, құрмалас сөйлемнің мағыналық, құрылымдық түрлері қандай – міне, осылар зерттеледі. Ең алдымен, құрмалас сөйлем деп қандай синтаксистік тұл­ ғаны айтамыз, оның қандай белгілері бар? Оның жай сөйлемнен мазмұны, құрылымы жағынан ерекшеліктері бар ма, бар болса – қандай, осы сұрақтардың басын ашу керек. І. Біріншіден, құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предика­ тивтік орталық болады. Олар өзара мағыналық және құрылым­ дық жағынан тығыз байланыс, қарым-қатынасқа түсіп, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемде екі предикативтік орталық бар: біріншісі – «Ушаков үйінде болмай», екіншісі – «Бұланбай қайтып кетті» Сөйлемдегі негізді ойды (Бұланбайдың қайтып кетуі) білдіріп тұрған предикативтік сыңар мен көмекші ойды (Ушаковтың үйінде болмауы) білдіріп тұрған предикативтік сыңар тығыз мағыналық бірлікте және тиянақсыз –й көсемше жұрнағы мен интонация арқылы грамматикалық жағынан да тығыз байланысып, бір бүтін тілдік единица құрап тұр. Ал мына сөйлем құрамында соншама көп сөзден жасал­ға­ нымен, бір ғана предикативтік орталық бар, сондықтан ол жай сөйлем болады: «Кеше күні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі тура­ лы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті» (М. Әуезов). Предикативтік орталық «Абай есітті». 101

Бердібай Шалабай

ІІ. Құрмалас сөйлемнің екінші бір басты белгісі – өзіндік интонациясы болады: Әдетте, құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында инто­на­ циялық кідіріс (пауза) болатыны белгілі. Бірақ ол интонациялық кідіріс сөйлемді жеке синтаксистік тұлға-бірліктерге айырып, олардың әрқайсысын тиянақтап тұрмайды, ал предикативтік сыңарларын бір-бірімен байланыстырып, құрмалас сөйлемге тән мағыналық-құрылымдық тұтастықты, сол арқылы ой бірлігін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан құрмалас компоненттері­ нің арасындағы интонацияны ажыратушы емес, жалғастырушы, ұластырушы интонация деуге болады. Ол интонация құрмалас сөйлем компоненттерін әрі ажыратып, әрі байланыстырып, екі жақты қызмет атқарып тұрады. Кестеленуі:

,

.

Интонациялық кідіріс жай сөйлемнің ішінде де кездеседі. Мысалы: Біз барған ауыл //өзен жағасында екен. Немесе: Біз // қарсы кездескен әр бір адамнан жол сұраумен болдық. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ішіндегі интонациялық кідірістің атқаратын қыз­меттері бір емес. Жай сөйлемдегі ин­ тонациялық кідіріс сөй­лемді мағыналық топтарға (бастауыш­ тық-баяндауыштық не­месе тема-ремалық) бөліп тұрса, құрмалас сөйлемдегі интона­циялық кідіріс предикативтік компоненттердің аражігін ажы­ра­­тып, син­таксистік қызмет атқарып тұрады. (Біз барғанда, ауыл өзен жаға­сында екен). ІІІ. Үшіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс­ ты­ратын лексика-семантикалық, грамматикалық арнаулы амалтәсілдер тобы болады. Басқа да тілдердегі сияқты, қазақ тілінде олардың тұтас бір қалыптасқан жүйесі бар. 1. Ең алдымен, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс­ ты­ратын жай – олардың мағыналық жақындығы. Компоненттер ара­сында мағыналық жағынан жақындық, іліктестік қатынас болмаса, олар құрмалас сөйлем құрамына еніп, бір бүтін болып тұра алмайды. Мысалы: Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі 102

Қазіргі қазақ тілі

шалқасынан ашылды. Дәл кірер жері тар болғандықтан, Көкбай бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді (М. Әуезов). Жоғарыдағыдай, құрмалас сөйлемде олардың компоненттері мағыналық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып тұрады, олар өзара мезгілдік, себептік, шарттық, т.б. мағыналық қатынастарда жұм­ салады. 2. Екіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланысты­ ратын арнайы грамматикалық тәсілдер болады. Оларға компо­ ненттерінің бірінің баяндауышының тиянақсыз тұлғалары жа­­та­ ды: көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары, септік жалғаула­ры, кейбір жұрнақтар және көмекші сөздер (шылаулар) тобы. Мысалдар: Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, Омар да ас үйге қарай кетті. (Ғ.М.). Киімдері жылы болғанмен, қатты қажыған дене тоңуға айналды. (М.Ә). Мұсақұлға келсе, Базаралы да сонда екен. (М.Ә.). Бұл қонақтар кетісімен, Абай Татьяна әнін қайта іздеді (М.Ә.). Үшеуі өз жұмыстарын оп-оңай жайлады да, Шыңғысқа қарай қайта тартты (М.Ә.). Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас (М.Ә.). Жоғарыдағы мысалдардағы көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары, септік жалғаулары, жалғаулық шылау мен септеулік шылау да өз тиянақсыздықтары арқылы өздері жалғанған немесе тіркесіп келген компоненттерін келесі компонентке (жалғастыра) ұштастыра байланыстырып тұр. 3. Үшіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс­ тыруда интонация мен компоненттерінің орналасу тәртібінің ерекше маңызы бар. Құрмалас сөйлем мәселесінде интонация тұтас­тығы барлық жағдайда да ерекше мәнді, ал мына мысалдар­ да ол бірден-бір байланыстырушы тәсіл болады: Ақылдасып көріп еді, Ербол да тыңнан ешнәрсе таба алмады. (М.Ә.). Жай мәлім, сөз қысқа (М.Ә.). Құрмалас сөйлем компоненттерінің белгілі орналасу тәртібі бар: баяндауышы тиянақсыз тұлғаға аяқталған компоненті әдетте алдыңғы шепте (кей жағдайда тиянақты компоненттің ортасында, мысалы: «Қолдан келген жәрдемді, Тұрлықұлдан бір кек әпе­ руге жарасаң, сенен аямас едік») орналасады да, баяндауышы 103

Бердібай Шалабай

тиянақты тұлғадағы компоненті кейінгі шепте орналасады. Осы жай құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырып, оларды бір бүтіннің құрамына біріктіреді. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амалтәсілдер осы айтылғандармен ғана бітпейді. Оған көз жеткізу үшін мына мысалдарға зер салайық: Сырдың күні қандай ыстық болса, түні сондай салқын (С.М). Оған керегі Рязановты таңдандыру еді, онысы ойдағы жерден шыққан сияқты (Ғ.М.). Таныдым: үй Қарабеттің отауы (С.Жүнісов). Мал жерді емеді, адам малды емеді (Ғ.М.). Құрмалас сөйлем компоненттеріне ортақ бір сөздің (не тір­ кестердің) келуі оларды тығыз жымдастыруға себепкер бо­лып тұрады. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «Сырдың» сөзі екі компо­ нентке де ортақтасып келсе, екінші сөйлемнің екін­ші ком­по­ ненті құрамындағы «онысы» есімдігі алдыңғы компо­нент­тегі ойға нұсқап, онымен тығыз бірлік құрауға дәнекер болып тұр. Ондай дәнекерлік қызметті «қандай», «сондай» қатыстық сөздері (1-сөйлем) де, жалпы сөйлем құрылысы (3-сөйлемнің алдыңғы компоненті толымсыз құрылымда келіп, екінші компоненті ар­ қылы толығуы) да, компоненттерінің құрылымы, шақтық, жақтық көрсеткіштері жағынан ыңғайласып келуі, синтаксистік қатар құрауы (4-сөйлем) атқарып тұр. Сонымен, құрмалас сөйлем құрамындағы предикативтік ком­поненттер екі не одан көп жай сөйлемдердің жай ғана тір­ кесі ретінде қаралмайды, олар бір-бірімен тығыз қарым-қаты­ насқа түсіп, соның нәтижесінде бір компоненті мағыналық, құ­ ры­лымдық, интонациялық тиянақтылықтан айырылып қалып, екіншісіне тәуелді болады. Сондықтан құрмалас сөйлем компо­ ненттері өз бетінше дербес қарым-қатынас құралы бола алмайды. Демек, құрмалас сөйлем компоненттері дербес жай сөйлемдер­ мен бірдей емес, олар – бүтіннің бөлшегі ғана. Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келсек, мынадай қоры­ тындыға келуге болады: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем арасында ұқсас жақтары да бар, сонымен қатар бір-бірінен түбірлі айырмашылықтары да бар. 104

Қазіргі қазақ тілі

Ұқсас жақтары: 1) Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де тілдің қарым-қатынас бірлігі; атқаратын қызметтері бірдей. 2) жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де предикативтік қатынасқа ие; олар сөйлемдік қасиетке ие предикативтік орталықтардан тұрады. 3) жай сөйлемде де, құрмалас сөйлемде де тиянақты интонация бар: сөйлемді аяқтап тұрады. Айырмашылықтары: 1) жай сөйлемде бір ғана предикативтік орталық болса, құрмалас сөйлемде екі не одан да көп предикативтік орталық болады; 2) жай сөйлемде бір ғана ой берілсе, құрмалас сөйлемде күрделі ой беріледі; 3) жай сөйлемдегі тиянақсыз инто­нация сөйлем мүшелерін мағыналық топтарға бөліп тұрса, құрмалас сөйлемде предикативтік топтарға бөледі. Сонымен, құрмалас сөйлем деп екі не одан да көп преди­ка­ тивтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамма­ти­ калық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интона­ циялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін коммуникативтік бірлік түрін айтамыз. Осы жерде басын ашып алатын бір жай: құрмалас сөйлем синтаксисінің белгілі мамандарының бірі Т. Қордабаев өзінің соңғы еңбегінде былай дейді: «Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем бо­ луын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлем­­ дер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қа­растырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтак­си­ сінің объектісін құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады» (Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі, 8-бет). Бұл пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені құрмалас сөйлем мен күрделі синтаксистік бірлік – екеуі синтаксистің екі басқа тұлға-бірліктері. Құрмалас сөйлем – құрмалас сөйлем синтаксисі аясында қарастырылса, күрделі синтаксистік тұтастық – мәтін синтаксисі аясында қарастырылады. Құрмалас сөйлем туралы алғашқы пікірлерді 20-30 жылдар ішіндегі мектептерге арналып жазылған оқулықтар мен оқу 105

Бердібай Шалабай

бағдарламаларынан кездестіруге болады. Оларға А. Байтұрсын­ ұлы­ның «Тіл – құрал» атты оқу құралы (1925), Қ. Жұбановтың оқу бағдарламалары (1936) және С. Аманжоловтың 38-39 жыл­ дары шыққан алғашқы оқулықтары жатады. «Құрмалас» де­ ген атаудың пайда болуы, оның белгілері, түрлері алғаш рет А. Байтұрсынұлының аталған кітабында сөз болады. Ол былай дейді: «Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі – ішкі, бірі – тысқы. Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес деліп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөй­ лемдер құрмалас деп аталады» (А. Байтұрсынов. Тіл тағылы­мы. 300-бет). Осыдан кейін келтірген мысалдарын, жасаған талдауларын зер салып қарасақ, А. Байтұрсынұлы сол кездің өзінде мәтін син­таксисі туралы да алғашқы пікірді айтқан екен. Жоғарыдағы мағына жақындығымен жанасқан іргелес сөйлемдер деп отыр­ ғаны – белгілі бір ой төңірегіне топтасқан бірнеше сөйлемдер тобы (Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді). Ал құрмалас сөйлемді мағына жақындығымен қатар (ішкі жақындық) қисын жақындығы (тысқы) біріктіретін бірнеше жай сөйлемдер құрайды екен (Үлкен бастар, кіші қостар. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер). А. Байтұрсынұлы құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдердің ішкі, тысқы байланыстарын кең ашып сөз етпегенмен, құрмалас сөйлемдердің бірнеше белгілерін көрсетуі өте-мөте мәнді еді. Ол белгілері: екі және одан да көп сөйлемнен құралуы, олардың арасында мағына жақындығы болуы және сыртқы тұлғалық байланыстардың болуы. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлем туралы арнайы еңбек жазба­ған­ мен, оқу бағдарламаларына арналған ескертпелерінде өз пікірін білдірген. Онда құрмалас сөйлем (ол «күрделі сөйлем» дейді) болу үшін, әр жай сөйлемнің өз бастауышы да, баяндауышы да болуы керектігін, құрмалас сөйлемнің түрлері (салалас, сабақ­ тас), олардың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын амалдар туралы айтады (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер: 230 және 358-беттер). 106

Қазіргі қазақ тілі

С. Жиенбаев құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерден құрала­ тынын, ондағы басты нәрсе осы жай сөйлемдердің байланысы мәселесі екенін айта келіп, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырушы басты амалдарға интонацияны, жалғаулықтарды және бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш фор­ масын жатқызады. Солардың ішінде, әсіресе көсемшенің қызме­ тін жеке талдайды. Салалас, сабақтас сөйлем, олардың түрлері, үйірлі мүшелі сабақтастар туралы пікірлері бар (Синтаксис мәсе­ лелері). Құрмалас сөйлем жөнінде күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар – Н. Сауранбаев пен С. Аманжолов. Н. Сауранбаев құрмалас сөйлем туралы 1943 жылы доктор­ лық диссертация қорғап, ол 1948 жылы «Қазақ тіліндегі құрма­лас сөйлемдер жүйесі» деген атпен жеке кітап болып шықты. Ол 1953 жылы педучилищеге арналған, ал 1954 жылы жоғары оқу ор­ны­на арналған оқулықтың құрмалас сөйлем синтаксисін жазған. Н. Сауранбаев құрмалас сөйлем мен жай сөйлемді бір-бірі­ нен бөлек зерттеудің қажеттілігін былай негіздейді: «... жеке жай сөй­лемнің құрылысы мен олардың өзара байланысының бел­ гілі айыр­машылығы бар, оларды ажыратудың ғылыми-тәжіри­ бе­лік қажеттілігі де бар». Жеке сөйлемдер өзара байланысқанда өздерінің жеке сөйлемдік белгілерін (мағыналық, құрылымдық ерек­шеліктері) жоймайтын болғандықтан да, жай сөйлемнің құ­ ры­лы­сы мен құрмалас сөйлемнің құрылысы бір емес. «Жеке сөй­ лем­дер күрделі ойды білдіру үшін өзара байланысқанда, яғни құр­­маласқанда, олар өздерінің бүтіндік шамасын, айтылудағы фона­циялық өзгешелігін, мүшелік құрылысын сақтайды» (82 бет). Одан әрі жай сөйлемдер тобы мен құрмалас сөйлемнің бірбірінен айырма-ерекшеліктерін мысалдармен көрсетеді де, мы­ надай қорытынды жасайды: «Сонымен, бір сөйлемнің дара айтылудағы мағынасы мен олардың құрмаласып айтылғандағы мағынасы сан жағынан да, сапа жағынан да тектес болғанмен, бірдей емес. Сондықтан құрмалас сөйлемдер мағынасы жағынан – ойдың бөлек түрін, құрылысы жағынан – сөйлемнің бөлек түрін тудырады. Ендеше құрмалас сөйлемдер – синтаксистің өз алдына бөлек, жеке жүйесін құрайды». 107

Бердібай Шалабай

Өзінің монографиясында Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі құр­ малас сөйлемдердің жүйесін ашуды, яғни құрмалас сөй­лем­дердің құрылу жағдайларын (байланысын), олардың түрлерін зерттеуді мақсат етіп қояды. С. Аманжоловтың орта, жоғары мектептерге арналған оқу­ лық­тарында жай сөйлем синтаксисімен қатар, құрмалас сөйлем синтаксисінің өзекті мәселелері тұңғыш рет жүйелі түрде, жанжақты терең талданады. С. Аманжолов зерттеген құрмалас сөй­ лемнің басты-басты мәселелері құрмалас сөйлем туралы қазіргі қалыптасқан ілімге негіз болды. Олардың бастылары – құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері, жай сөйлемнен айырмашылығы, құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді айқындауда С. Аманжолов оның әр ком­по­ нентінің дербес бастауышы болатынын, предикативтік қасиет­ті сақтауын және олардың ара-жігін айыратын интонациясы болуын негізгі меже етіп алады. Ғалым құрмалас сөйлемнің ерекше­ лігін түсіндіруде оның құрамындағы жай сөйлемдердің, әсіресе бағыныңқы сөйлемнің, сипатын анықтаудың маңызы өте жоғары екенін ескертеді. Т. Қордабаев құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері ретінде оның әр компонентінде дербес ой берілуін, олардың мағыналық жақындықта болуын, әрқайсысының дербес бастауышы мен баяндауышы болуын және өзіндік интонациясы болуын атайды. Сөйлемге тән басты белгілердің бірі предикативтілік (преди­ кативтік қатынастың) бастауыш-баяндауыш қатынасы арқылы берілетіні белгілі. Міне, осыған байланысты ғалымдардың ара­ сында үлкен айтыс құрмалас сөйлемнің әр компонентінің дербес бастауышы болу, болмау мәселесіне қатысты болып келеді. Ғалымдардың бір тобы (Т. Қордабаев, Қ. Есенов) құрмалас сөй­лем­нің әр компонентінің дербес бастауышы болуы керек дейді (Егер олай болмаса, онда олар күрделенген жай сөйлем болады). Ортақ бастауышты болуын мүлде мойындамайды. Т. Қордабаев: «құрмалас сөйлемнің, әсіресе сабақтастың әр ком­поненті дербес бастауыш, баяндауышқа ие болу керек. Бұл еке­уінің бірі болмаса да, ол құрмалас сөйлем компоненті бола алмайды» (соңғы оқулық 19-бет), – дейді. Сонда: «Сен /немесе «ол»/ жұмыстан келген соң, бұл жөнінде 108

Қазіргі қазақ тілі

тағы сөйлесерміз» құрмалас та, «Біз жұмыстан келген соң, бұл жөнінде тағы сөйлесерміз» – құрмалас емес. Өйткені, соңғысы – дербес бастауышты емес, ортақ бастауышты. Қ. Есенов те осындай пікірде: «Сөйтіп, ... құрмалас сөй­ лемді айқындай алатын ең бір басты белгі – оның бойында субъект-предикаттық қатынастың болуы. Ал бұл жай ең алдымен бастауыш сөзінің барлығымен тығыз байланысты» (Күрделенген сөйлемдер, 186-бет). Ал Сәрсен Аманжолов бұл жөнінде басқаша пікірде, ол былай дейді: «Бастауыш болуы қажет деген пікір бағыныңқы сөйлемді анықтауға критерий бола алмайды. Кейде бастауыш басыңқы мен бағыныңқы сөйлемдерге ортақ болуы да мүмкін» (217 бет). Шынында да, тіліміздегі көптеген фактілер құрмаластың ком­ поненттеріне ортақ бастауыштың болуын жоққа шығармайды. Мысалдар: 1. Еркежан қатты қайрат көрсетіп, кешегі Шұбарға берген жауабынан бүгін де аумай тұрып алды (М.Ә.). 2. Биғайша селк ете түсті, бірақ қысылғанын білдірмеуге тырысты (Х.Ес.). 3. Оңға қарай кішкене жүрсек, бәрінен де құтыламыз. (Н.Ғаб.). Бұларда екі предикативтік орталық бар, бір-бірімен байла­ нысты дербес ойлардан құралған күрделі ой берілген. Ендеше неге бастауыштары ортақ деп, оларды құрмалас деуден бас тар­ тамыз?! Алайда, мәселенің екінші жағы да бар: рас, кейде, кейбір сөйлемдерді – ортақ бастауышты құрмалас сөйлемдер ме, жоқ, бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдер ме – айыру қиынға соғады. Мысалдар: Болыстары еліне әмірін қаттырақ жүргізіп, тізесін елге қаттырақ батырып, көпшілікті өзіне қарсы қойып алған екен (С.Сейф.). Қарт көрпе астынан еті қашқан оң қолын шығарып, үп-үшкір шынтағымен жер таянып, екі-үш ұмтылып барып, тұра алмай аунап түсті (С.Сматаев). Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. Белгілі тіл тарихын зерттеуші ғалымдардың айтуынша, тіл 109

Бердібай Шалабай

дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі тіліміздегідей дәнекерлер, арнаулы тәсілдер болмаған (бірін-бірі меңгеріп, тәуелді етіп тұратын байланысу тәсілдері болмаған). Сөздер, сөйлемдер байланысындағы басым тәсіл – олардың тұр­ ған орындарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен байланысы, ара қатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған. Тіл дамуының мұндай сатыдағы дәуірінде құрмалас сөйлемнің тек салалас түрі ғана – яғни мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің өзара іргелесе, тіркесе айтылуы арқылы жасалған түрі ғана болған. Үнді-европа тілдерінің синтаксисін зерттеген ғалымдар: А. Мейе, Г.С. Кнабе, А. Рифтин, т.б. тіл дамуының көне заманын­да сөздер, сөйлемдер байланысының нашар болғандығын, ол кез­де синтаксистік элементтер арасында дербестік, оқшауланушылық басым болғандығын айтады. Мысалы, А. Рифтин «Аккад тілін­ дегі құрмалас сөйлем дамуының екі жолы» деген мақаласында (Советское языкознание, т. ІІІ. – Л., 1937. – стр. 66) тетелес тұрған екі жай сөйлемнің салаласу негізінде бір-біріне қосылуы, бірігуі құрмалас сөйлем дамуының бірінші жолы дегенді айтады. Бұл пікірдің дұрыстығын Н.Т. Сауранбаев «Құрмалас сөй­ лемдер және олардың даму жолдары» деген мақаласында (Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары: А., 1982) қостады. Ол былай дейді: «Ешқандай жалғауышсыз байланысқан сөйлемдердің арасындағы құрмаластық қатынас орхон дәуірінде екі сөйлемнің не іркес-тіркес іргелесіп айтылуынан білінген, я бір мүшенің екі сөйлемге ортақ екендігінен білінген. Бұл соңғы екі тәсіл ескі дәуірдегі түрік тілдерінде жеке сөйлемнің арасындағы байланыстың негізгі басым, ең алғашқы жолы болып саналады». Орхон ескерткішінің сөйлем тізбектеріне назар аударсақ: «Қанын қодып табғачқа яна ічікді. Теңрі анча теміс ерінч: қан бердім. Қаныңын қодып ічікдік үчүн өлүіміш ерінч. Түрк будун өлті, алқынты, иоқ болты» (Қанын қойып табғачқа және бағынды. Тәңрі былай деуі мүмкін: «Қан бердім». Қаныңды қойып (басқаға) бағындың. Бағынғаның үшін мүмкін тәңрі өлтірмес. Түрік халқы өлді, әлсіреді, жоқ болды (құрып бітті)). 110

Қазіргі қазақ тілі

Осы айтылғандарға ұқсас келте қайрылып, біріне-бірі, көбі­ несе, ерді, еді, екен көмекшілері арқылы тізбектеліп тұратын қысқа-қысқа сөйлемдер желісі кейінгі замандарда туған әртүрлі шежірелерде де, фольклор туындыларында да өте жиі кездеседі (ертегі, аңыз, әңгімелерде). Қорытынды: Құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар бай­ ланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық не­ гізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол салаластың негізінде компоненттері әртүрлі дәнекерлер арқылы бір-біріне бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалып­тас­ қан. Алғашқысы тіл білімінде паратаксис деген терминмен, соң­ ғысы гипотаксис деген терминмен белгілі. Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне дәуірдегі салалас құрмалас сөйлемдерді қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас сөйлемдермен бірдей деп қарауға, әрине, болмайды. Қазіргі әдеби тілімізде кездесетін жалғаулықсыз іргелес салалас сөйлемдер былай тұрсын, тіпті ең көне деп есептелетін ертектерде, халық дастандарында кездесетін іргелес салаластардың өздері де құрмалас сөйлемнің алғашқы түрімен салыстырғанда дамудың талай сатыларынан өткен, жетілген түрі деп қаралу керек. Екіншіден, паратаксистен гипотаксиске өтуді жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғауыш дәнекерлер пайда бол­ ғаннан кейін, тіл дамуының көне дәуіріндегі паратаксис ком­ поненті болған жай сөйлемдердің ешқандай ішкі өзгеріссіз, да­йын тұрған дәнекерлер арқылы бір-бірімен сабақтаса байланысуы­ нан пайда болған екен деп түсінуге болмайды. Мұндай алмасу – сөйлем құрылысында, сөздердің синтаксистік байланысында болған үлкен өзгерістердің, сөйлемнің ескі құрылысының орнына жаңа құрылыстың пайда болуының нәтижесінде келіп шыққан. Сөздерді, сөйлемдерді байланыстыратын амалдардың пайда болуы адам ойымен байланысты сөйлем құрылымының күрделе­ нуінен туындайды. Оған кейін пайда болған жазудың да әсері күшті болды.

111

Бердібай Шалабай

Құрмалас сөйлемнің түрлері Құрмалас сөйлемнің ең басты белгілерінің бірі оның құрамының бірнеше предикативтік орталықтан құралуы болды. Предика­­тивтік орталықтардың бір-біріне қатынасы, байланысы құр­малас сөйлем түрлерін анықтауға негізгі меже болады. Құр­­­ малас сөйлем компоненттерінің байланысының негізгі екі түрі бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Сала­лас­тық – грамматикалық тұрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалар­ дың арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі сала­ластық байланыс предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының тиянақтылығымен сипатталады. Мысалы: Жүріп келе жатқан жолдарында шаң жоқ, тұтас, тығыз аласа көк бетеге, жасыл шалғын бар (М.Ә). Жоғарыдағы құрмалас сөйлемнің предикативтік сыңарлары­ ның екеуінің де баяндауыштары тиянақты тұлғада тұр: «жоқ», «бар». Сабақтастық байланыс – тілдік тұлғалардың бірінің екінші­ сіне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты қатынаста тұруы. Құрмалас сөйлемде ол көбінесе бірінші пре­ дикативтік сыңардың екінші предикативтік сыңарға бағы­нышты қатынасынан көрінеді. Мысалы: Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты (М.Ә.). Мұнда бағыныштылық қатынас бірінші предикативтік сыңар баянда­ уыш­ының (келетін болғандықтан) тиянақсыздығы арқылы (-ғандықтан) әрі предикативтік сыңарлар арасында іліктестік (себептес) мағыналық қатынастың орын алуынан байқалып тұр. Құрмалас сөйлемдер осы байланыс сипаттарының ерекшелік­ теріне орай екі негізгі түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем. Алайда құрмалас сөйлем құрамы тек екі предикативтік орталықтан құралмайды, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құрала береді. Мысалы: 1. Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық ешнәрсе жоқ (Ғ.М.). 2. Үлкен кісілер кеп әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат өліп, үй-ішін, аналар көңілін уайым басқаннан бері, Абай әке қарекетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалған-ды (М.Ә.). 112

Қазіргі қазақ тілі

3. Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты (Ғ.М.). Алғашқы екі құрмалас сөйлем төрт предикативтік сыңардан құралса, соңғысында үш предикативтік сыңар бар. Демек, бұлар көп компонентті, көп құрамды құрмалас сөйлемдерге жатады. Олардың предикатив сыңарларының байланысы да салаластық және сабақтастық байланыстарға негізделеді. Алғашқы сөйлемнің барлық предикативтік сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғаларда тұрып, салаласа бай­ла­нысса, екінші сөйлемде алдыңғы компоненттерінің баяндауыштары тия­нақсыз тұлғаларға аяқталып, сабақтаса байланысқан. Ал үшін­шісінде алғашқы компонентінің баяндауышы тиянақты, екіншісінікі тия­нақсыз, яғни салаласа да, сабақтаса да бай­ланы­ сып құралған. Демек, соңғысы предикативтік сыңарларының байланыс түрінің сипа­тына орай ерекше тип бола алмайды. Сондықтан бұлар көп құрамды құрмалас сөйлемдер деп ата­лады. Көп құрамды құрмалас сөйлемдер предикативтік сы­ ңар­ларының салаластық, сабақтастық байланыстардың бірінен құралуына қарай не олардың араласып келуіне қарай мынадай үш түр­ге бө­лінеді: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағы­ның­қылы сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем Салаластық байланыс негізінен тең дәрежедегі тілдік тұлға­ лардың арасында орын алады. Тілдік тұлғалар бір-біріне мағы­ насы мен тұлғалары жағынан бағынышты болмайды. Сондық­ тан салаластық байланыс сөйлем ішінде бірыңғай мүшелердің арасында, сонымен қатар, жеке сөйлемдердің арасында да бола береді. Мысалы: «Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуратып күз өтті. Үсті-басы қырауытып, қылы­шын сүйретіп, шықыр-шықыр етіп қыс келді» (Ж. Аймауытов). Бұл сөйлемдерде салаластық байланыс сөйлемдердің преди­ кативтік негіздерін қамтып, олардың бірдей, бірыңғай тұлғалар­­да келуін қамтамасыз етіп тұр: жаз өтті, күз өтті, қыс келді. 113

Бердібай Шалабай

Қазақ тіліндегі салалас құрмаластар ертеден бар. Тіл-тілдің көне дәуірлеріне тән бұл байланыстың іздері ауыз әдебиеті шы­ ғар­маларында, тарихи көне жазбалар тілінде мол кездеседі. Олар­дың көпшілігі салаластық байланыстың алғашқы түрі – жалғаулықсыз болып келеді. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ит тойған жері­ не, ер туған жеріне (мақал-мәтелдер); Жарлы халықты бай қыл­ дым, аз халықты көп қылдым; Қаған әскері бөрідей еді, жауы қойдай еді (Күлтегін ескерткішінен). Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда түркі­ тануда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір көзқарас бойынша, оларды ажыратудың меже-шегі сыңарларының мағыналық қа­ рым-қатынасы: егер сыңарлары мағыналық жағынан бірі екінші­ сіне тәуелді болып, бағынышты қарым-қатынаста жұмсалса, са­бақтас құрмалас болады да, ал өзара теңдік қатынаста жұм­ салса, сыңарларының баяндауыштарының тиянақты-тиянақ­сыз тұлғаларда тұ­руына қарамастан, салалас құрмаласқа жатқы­­зы­ ла­ды. Онда біз­дің сабақтас құрмалас деп жүрген сөйлем­дері­міз­­ дің кейбірі салаласқа жатады: Шай құйылып, ет асылып жатыр (С.К.). Осы кезде есіктің қоңырауы шылдырлап, оған қосыла ит үрді. Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.). Майбасар сә­ лемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді (М.Ә.). Екінші көзқарас бойынша, салалас пен сабақтасты мағыналық белгілеріне қарай емес, тұлғалық белгілеріне қарай ажыратады. Егер предикатив сыңарларының бірінің (алдыңғысының) баян­ да­уышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып келіп, мағыналық жағынан ғана емес, тұлғалық жағынан да екінші сыңарына бағына байланысса, сабақтас құрмалас болады да, ал баяндауыштары бір өңкей тиянақты тұлғада жұмсалса, сыңарларының мағыналық қатынастарының қандай екеніне қарамастан салалас құрмаласқа жатады. Қазақ тіл білімінде қазір соңғы көзқарасты басшылыққа алу біржолата қалыптасты. Сонымен, салалас құрмаласты мынадай белгілері бойынша ажыратамыз: 1. Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұл­ғада жұмсалады, яғни әдеттегі жай сөйлемдердің баянда­ уыш­та­рына қандай тиянақты тұлғалар тән болса, салаластың 114

Қазіргі қазақ тілі

сыңарларының баяндауыштарына да сондай тиянақты тұлғалар тән. Мысалы: Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күн көрінісіне жамау-жасқау етеді. Қаңтарулы аты қасында, қамшы мен шылбыр белінде (Ғ.М.). 2. Предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз бастауышымен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Елінен безген кісі оңбайды, көлінен безген құс оңбайды (мақал). Давыдовқа айт: мен бүгін түнде-ақ қайта ораламын (М.Ш.). 3. Салалас құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларының ма­ғыналық дербестігі басымырақ, олар өзара теңдес дәрежеде және сыңарларының мағыналары көбінесе өзара тұтастай қа­рымқатысты болып келеді. 4. Предикатив сыңарларының аралығындағы дауыс кідірісі­ нің тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады. Бұл оның баян­ да­уыш тұлғаларының тиянақтылығына байланысты. 5. Предикатив сыңарларын байланыстыратын амал-тәсілдер­ ге мыналар жатады: жалғаулық шылаулар, интонация тұтастығы, пре­дикатив сыңарларының орналасу тәртібі және кейбір тұл­ға­ лық, құрылымдық ерекшеліктері. Мысалы, предикатив сыңар­ ла­рының синтаксистік қатар түзеп бірдей құрылымда жұмса­ луы, баяндауыштарының қайталанып келуі не бірдей шақ, жақ тұлғаларында тұруы (Ит тойған жеріне, ер туған жеріне; Атасы жоқ – мас жетім, анасы жоқ – қас жетім; Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді) немесе алдыңғы сыңарының толымсыз болып келіп, соңғы сыңары арқылы толығып отыруы (Таныдым: үй – Қарабеттің отауы), т.б. тәсілдер салаластың предикатив сыңарларын бір бүтін етіп байланыстырып отырады. Салалас құрмалас сөйлемнің қайсыбір жалғаулықсыз түрлерін байла­ныс­тыруда сыңарларының бірінің құрамында келе­тін кей­бір лексикалық элементтердің рөлі де ерекше. Ондай бай­ла­ныс­тырғыш сөздерге сілтеу есімдіктері, зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, күйқалыпты білдіретін сөздер (аз, көп, мәлім, артық, кем...) жатады. Мысалы: Менің сендерге берген парам сол: дәл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым (М.Ә.). Мына Шодыр қазір кедей емес, орташа: екі пар аты, екі брич­касы, екі бұзаулы сиыры бар (Ғ.Мұст.). Сөз көп, тыңдаушы аз (Ғ.Мұст). Жоғарыдағы белгілері негізінде салалас құрмаласқа мына­дай 115

Бердібай Шалабай

анықтама беруге болады: предикатив сыңарларының баян­да­уыш­ тары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грам­матика­лық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық және ин­тона­циялық тұ­ тастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас дейміз. Салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің байланысу тәсіл­дерінің негізгі екі түріне қарай жалғаулықты және жал­ғау­ лықсыз салалас болып бөлінеді. Жалғаулықтар салалас құрмаластың сыңарларын өзара ұш­ тастырып байланыстырумен қатар, олардың арасындағы мағы­ налық қатынастардың айқынырақ білінуіне де қызмет етеді. Жалғаулықты салаластар предикатив сыңарларының өзара мағыналық қатынастарына және байланыстыратын жалғау­лық­ тардың мағыналық топтарына қарай былай жіктеледі: 1. Ыңғайлас (мезгілдес) салалас. 2. Себептес салалас. 3. Қарсылықты салалас. 4. Талғаулы салалас. 5. Кезектес салалас. Ыңғайлас салалас сөйлем Жалғаулықты салаластың бұл түрінде предикатив сыңарлары ыңғайлас, біртектес оқиға, құбылыстарды, не бір мезгіл ішінде жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерді бейнелейді. Сол ыңғайластық, біртектестік, мезгілдестікті олардың сыңарларының арасындағы және, да, де, әрі жалғаулықтары баса көрсетіп тұрады. Мысалы: Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және түстері жүдеу, ашаң тартып сұрланған, киімдері жыртық екі-үш орта жасты адам бар (М.Ә.). Арбаға уряд­ ник пен Елизавета қатар отырыпты да, Быков көшірдің қа­сы­на орналасыпты (Ғ.М.). Тегінде Тәкежан үлкен жанжалға тауаны жоқ, бұдырсыз болатын әрі әкеге шағым жеткізу алыс та қиын (М.Ә.). Ыңғайлас салаластардың жоғарыдағы мағыналық ерекше­лі­ гіне сәйкес, құрылымы жағынан да біркелкілік байқалады. Пре­ ди­­катив сыңарлары бірдей құрылымда, баяндауыштары біркелкі рай, жақ, шақ тұлғаларына аяқталады, не ұқсас тұлға­лар­дан құ­ ра­­лады, сөйлем мүшелерінің саны, орналасу реті көбі­несе бір­дей 116

Қазіргі қазақ тілі

бо­лып келеді. Алайда жалғаулық шылаулардың қолда­ны­луын­да ерек­шеліктер де жоқ емес, соған сәйкес ыңғайлас сала­лас сөй­ лем­дер де өз ішінде мағыналық айырмашылықтарға, реңк­­­терге ие болып келеді. Және жалғаулығы қатарлас, біртектес іс-әрекет, жай-күйді біл­ діретін предикатив сыңарларынң арасында қолданылып, оларды байланыстырушылық қызмет атқарады. Мысалы: Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды (С.М.). Қонақ аз және өздерінің құрбылары ғой (М.Ә.). Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты және оған жаңадан мұғалім келіпті (З. Ақышев). Асқар онша ән­ ші жігіт емес еді және оның даусы да пәлендей қоңыраулы бол­ майтын (С.М.). Да жалғаулығының қолдануылуында біраз ерекшеліктер бар. Ол және жалғаулығы сияқты қатарлас мәндегі екі сыңардың арасын жалғастырып, дәнекерлік қызмет атқарып тұрады. Мы­ салы: Жылдың ендігі қалғаны әуре-сарсаңға кеткелі тұр екен де, оның ар жағында жеке-дара қожайын Рязанов болғалы келеді. Ойын осыған әкеліп берік тіреді де, сол кезде өзі не халде боларын да үлкен бір түйіткілмен ойланды. Қыс бойы қар астында жылы жатқан тобылғы мен қараған түптері қазір белдеулеп ашылып қалыпты да, кәрлі желден дір қағып тұр. (Ғ.М.). Да шылауы предикатив сыңарларының арасында олардағы баяндалатын жайларды ажыратып, бөліп көрсетіп, жеке-дара белгілеу үшін де қолданылады. Мысалы: Мынау – колхоз­ дың пред­седателі де, мынасы – партия ұясының секретары (М. Шолохов). Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің қолымда қалды (Қ. Жұмаділов). Ұлжан он күн өт­кен соң қайтып кетті де, күйеулер бес күндей кейіндеп барып ат­тан­ ған (М.Ә.). Қары жұқалау жерде екі адам аттарына мінеді де, оп­па қарға кездесіп қалғанда аттарынан түсіп, жетелеп алады. (Ғ.М.). Да шы­лауы арқылы байланысқан предикатив сыңарлардың соң­ғы­сы алдыңғы сыңарда баяндалған жайдың нәтиже қоры­тын­ дысы тү­рінде де ұшырасады. Мысалы: Бар көлікті шабынды қолы тартып әкетті де, бала-шаға жаяу қалды (Ғ.М.). Рысқұлов со­ны есі­ не алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді (Ш.М.). Жай өзінен-өзі танылды да, бұдан басқа сұраулар берілген жоқ (Ғ.М.). 117

Бердібай Шалабай

Да шылауы мезгілдік жағынан бірінен кейін бірі жүзеге асқан іс-әрекеттерді белгілейтін предикатив сыңарлардың ара­ сын жалғастырып тұрады. Мысалы: Менің артымнан бір қыз туады да, әке-шешем атын Балтуған қояды (С.М.). Жаңағы арыз жөнінен Ақбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып болды да, Абай тағы кітаптарға қадалды (М.Ә.). Осыдан кейін қалай қимылдайтындарын түсінісіп алды да, Байжан көк жорғамен қасқыр шоқаққа салып, ілгері асып кетті (Ғ.М.). Мезгілдік мән да шылауының қайталанып келген түрінде де орын алады. Ол жағдайда предикатив сыңарларындағы ісәрекеттер бірінен кейін бірі іле-шала жүзеге асқандығы баса көрсетіліп тұрады. Мысалы: Күн де найза бойы көтерілді, ойдықырды алып жатқан жылқыға біз де келіп жеттік. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, боран да үдеңкіреп кетті. (Ғ.М.). Да шылауы қайталанып келгенде өзі тіркескен сөзге екпін түсіріп, оны бөліп көрсетеді, оған ерекше мән бергізеді, яғни стилистикалық мақсатта жұмсалады. Мысалы: Ұлпан Есенейді аяп та кетті, Есенейдің үлкен адам екендігіне қызығып та кетті. Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ. (Ғ.М.). Әрі шылауының қызметі және жалғаулығымен ұқсас. Бір­ тектес оқиғаларды, мезгілдес іс-әрекеттерді белгілейтін преди­ ка­тив сыңарлардың арасында оларды байланыстырушылық қыз­ метте қолданылады. Мысалы: Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр әрі ішіндегі жылқы етінің исі бұрқырайды. (Ғ.Мұст.). Қадірдің киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес (С.М.). Әрі жалғаулығы әр сыңар сайын қайталанып та келеді. Мысалы: Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі, бір жағынан, Семейдің үркек, қорқақ чиновниктерін айламен сыз еткізіп, «баспасөз жүзіне шығарамын» дегендей сескендіру де бар (М.Ә.). Себептес салалас Салалас құрмаластардың предикатив сыңарларын өзара бай­ ланыстырып, әрі олардың себеп-салдарлық мағыналық қаты­ нас­тарын айқын көрсетіп, себептес салалас жасап тұратын 118

Қазіргі қазақ тілі

жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі. Қалыпты сөй­лемдерде олар салалас құрмалас сөйлемнің екінші сыңары­­ ның құрамында, оның басқы шенінде келеді. Мысалы: Тілеуім­­ беттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, сол себепті ол сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті (Ғ.М.). Қазір ол сақа­­ лын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейіпі де өз­герген (С.М.). Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қо­ лына түскен ыдыс сау қайтқан емес /Б.М./. – Әй, ол жеңер сені, себебі келе­шек сонікі ғой (С.М.). Мысалдардағы предикатив сыңар­лар­дың арасындағы себеп-салдарлық қатынастар айқын байқалады. Бірінші мысалда «Мүсірептің сөз аяғында бидің өзін де түй­реп кетуіне» себеп болып тұрған жай – «Тілеуімбеттің мен­ сінбегенінің оған батып кетуі» болса, екіншісінде «кескін-кейпі өзгеруі» негізгі баяндалып тұрған жай да, соған алып келген, солай болуына себеп болып тұрған нәрсе – оның «сақалын қы­ рып, киімін өзгертуі». Ал үшінші мысалда негізгі мәселе ретінде кейіпкердің шошынғаны, «жаны шығып кете жаздағаны» ай­ тылады да, оған себеп болып тұрған екінші адамның қолына түскен ыдысты сау (сындырмай) қайтармайтыны болып шығады. Мысалдардың кейбірінде жалғаулықтарды предикатив сы­ ңарларының мағыналық қатынастарына, байланыстарына нұқсан келтірмей-ақ алып тастауға болатын болса, кейбірінде олай етуге болмайды. Олай болғанда сыңарларының арасындағы мағы­ налық қатынас та өзгереді, арадағы байланыс та үзіледі. Мысалы: Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, – ол сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті. – Әй, ол жеңер сені, – келешек оныкі ғой. Бұл мысалдарда жалғаулықтарды түсіріп айтуға болады, одан сыңарларының мағыналық қатынастарына, синтаксистік байланыстарына көп онша өзгеріс ене қоймайды, тек түсірілген сөздің (жалғаулықтың) орнына сызықша қоюға тура келеді. Ал «Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сон­дық­ тан кескін-кейпі де өзгерген» дегендегі «сондықтан» жал­ғау­лы­ ғын алып тастауға болмайды, онда сыңарларының ара­сын­дағы синтаксистік байланыс бұзылады және сыңарлары бір­­тектес жай-күйлерді баяндайтын ыңғайлас мәнді білдіріп кете­ді. Бұл 119

Бердібай Шалабай

баяндауыш тұлғаларының біртектес, бірдей тұлғаларда тұр­ған­ дығынан солай болады. Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары алдыңғы сыңары екінші сыңарында болған, болатын, болып жатқан іс-сапа, күй­ лердің себебін білдіретін салалас құрмаластарды байланыс­ты­ рады. Мысалы: Жылы жатқан жер адырлы, қабағы көп, жасы­ рыны мол жер болатын, сондықтан көп ендетіп жаюға болмап еді (М.Ә.). Әдетте, оруды ең құрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан көпшілік бұл құрметін Сырбайға көрсетпек болды (С.М.). Бұл мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айырылар мәжілісі еді, сол себепті әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін көрсетпек керек (М.Ә.). Бұл мысалдарда алдыңғы сыңарында айтылған жайлар, екін­ші сыңарында істелген (жылқыларды көп, ендетіп жаюға бол­маға­ны), енді істелмек болып тұрған («көпшілік бұл құрметін Сыр­байға көрсетпек болды», «әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін көрсетпек керек») оқиғаларға себеп түрінде баяндалған. Өйткені, себебі жалғаулықтары алдыңғы сыңарында жүзеге асқан, не жүзеге асуы тиіс жайлардың себебі екінші сыңарында айтылатын салалас сөйлемдердің құрамында келеді. Мысалы: Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің даусын білетін (Ә.Н.). Биыл көп ауыл қаралы, себебі өткен қыстың бас кезінде Ұлжан мен Оспан қайтыс болған (М.Ә.). Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес, себебі ондаған көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі. (С.М.). Келтірілген мысалдардың бәрінде де алдымен болған не болуға тиісті іс-әрекет, жағдайлар баяндалған да, олардың неге олай болуының себептері екінші сыңарларында айтылады. Қарсылықты салалас Қарсылықты салалас сөйлемдерде алдыңғы сыңарында ай­ тылған жайға екінші сыңарында баяндалатын жай қарама-қарсы мағынада жұмсалады. Олардың арасындағы синтаксистік байла­ нысты жүзеге асырып, қарама-қарсылық мағынаны айқын біл­ діруге, кейде оны күшейтуге қызмет етіп тұратын жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, солай болса да, сөйт­се де, 120

Қазіргі қазақ тілі

әйткенмен, әйтпесе. Мысалы: Күңке басында көнбейтін болған наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде де Ұлжанды бақты (М.Ә.). Алдымызда, жүз саржан шамасында, Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді (Б.М.). Бір-екі жас болса да үл­ кен­дігін білдіріп әлімжеттік жасайды, әйтпесе мына түрін мыс­ қылдай мазақ етер ем (С. Мұратбеков). Еламан мұның кеш оянған махаббат емес екенін білді, сөйтсе де кей кезде Ақбаланың жа­ нарынан ықылас сезетін (Ә. Нұрпейісов). Деев пен Жұмабай Қарсақбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душар бола қойған жоқ, әйткенмен өлердей шаршап келіп жетті (Ә. Әбішев). Жоғарыдағы құрмалас сөйлемдер құрамындағы жалғаулық­ тарды алып тастауға болмайды. Олай болғанда сыңарлары ара­ сындағы байланыс әлсірейді не мүлде үзіледі. Мысалы, бірінші, екінші сөйлемдердегі жалғаулықтарды алып тастағанда сыңар­ла­ ры арасындағы байланыс мүлде үзілмегенмен солғындайды әрі мағыналық жағы да басқаша сипат алады. Үшінші, төртінші сөй­ лемдерде синтаксистік байланыс та, мағыналық қатынас та жо­­ йылады. Ал соңғы сөйлемде олар үзілмегенмен басқаша си­пат­­қа ие болады, сыңарлары өзара мәндестік, ыңғайластық қаты­насқа түседі. Бұл жалғаулықтардың кейбірі сыңарларының арасындағы қарсылықты қатынасты күшейте түседі. Мысалы: Ол басында қатты қарсылық білдірген еді, дегенмен көптеп-көмектеп көн­ дірдік (М.Ә.). Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтар көп (Б. Полевой). Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті (Ғ. Сланов). Бұл кезде жел бәсеңдеді, бірақ аяз жел жаққа адам түгіл, малды да бет қаратпады (М.Ә.). Сыңарлары арасындағы қарсылық мәннің күшеюіне шылау­ лардың қабаттасып жұмсалуы да әсер етеді: Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ (М.Ә.). Сөйтіп, қарсылықты жалғаулықтардың рөлі салаластың сы­ ңарларын бір-бірімен байланыстыруда болсын, олардың ара­сын­ дағы қарсылық мәнді жасап күшейтуде болсын өте-мөте маңызды. Рас, кей реттерде сыңарларының арасындағы қарсылық мән айқын білінгенде, бірақ, алайда жалғаулықтарын түсіріп айтып, 121

Бердібай Шалабай

жалғаулықсыз да құруға болады. Ондайда түсірілген жалғау­ лықтардың орнына сызықша қойылады. Мысалы: Елге мойным­ ды созам – көрінбейді (С.М.). Амантайдың даусын естіп Асқар құшағын жазайын деп еді, – Ботакөз босатпады (С.М.). Аяғы жоқ – жүреді; аузы жоқ – сөйлейді (жұмбақ). Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық ерекшеліктер негізінен мынадай болып келеді: 1. Сыңарларында баяндалатын екі не бір тұлғаның (субъек­ті­ нің) іс-әрекеттері, ой-ниеттері бір-біріне қайшы болады. Мы­салы: Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ (М.Ә.). 2. Екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің логи­ калық қорытындысы ретінде болуға тиісті іс-әрекет, жай-күй бол­май шығады немесе басқаша болады. Мысалы: Ана әлдебі­ реу келер деп күтті, бірақ ешкім келмеді (М.Г.). Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен (Ғ.М.). Олар­ дың сөздерінде бояу аз болады, бірақ тыңдаушыны еріксіз ерте жөнеледі (Қ. Жармағамбетов). 3. Сыңарларының құрамында бір-біріне антоним сөздер жұм­­ салады, немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлға­да келеді. Мысалы: Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жат­ қандай сезінеді (Ғ.М.). Ол кейін шегінді, бірақ көзін Нұрым­ның жыбырлаған ернінен айырмады (Х. Есенжанов). Таяқ тиген жер жаныма батып барады, алайда сыр берген жоқпын (Б.М.). Салалас құрмаластардың сыңарларының арасында қарсылық мән туғызу үшін кейде «ал» жалғаулығы да жұмсалады. Бірақ ол таза қарама-қарсылықты, қайшылықты білдірмейді, ал салыстыр­ малы тұрғыдағы қарсылықты қатынасты білдіреді. Мысалы: Тоқсан – кішкене денелі адам екен, ал Ізбасты – ірі денелі кісі екен (С.М.). Біздің қонысымыз мына тұста болатын да, ал әлгі аталас ағайындарымыз сәл берірек жайлайтын (Ж. Аймауытов). Талғаулы салалас Предикатив сыңарларындағы іс-әрекет, жай-күйлер таңдалып, сараланып, бірі болмаса, бірі орындалатыны сұрыпталып бе­ рі­летін құрмалас сөйлемдер талғаулы салаластарды жасайды. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын 122

Қазіргі қазақ тілі

(Х. Есенжанов). Қармақшының детдомына не өзің барып сөйле­ сесің, не мен ба­рып сөйлесемін (С.М.). Сабырлылық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады (Б. Момышұлы). Көріп отырғанымыздай, предикатив сыңарларындағы іс-әре­ кеттердің бірі болмаса бірі міндетті түрде орындалуы тиіс: бі­ рінші мысалда белгілі мекенде («бұл жерде») я бірінші жақ­тағы («мен»), я екінші жақтағы («сен») адамның бірі тұрып қалатын­ дығы туралы, екінші мысалда Қармақшының детдомына не бірін­ші жақтағы адамның («мен»), не екінші жақтағы адам­ның («өзің») барып сөйлесетіндігі туралы, үшінші мысалда не «дұш­ пан­ның сасатыны», не «сабырсыздан береке қашатыны» туралы айтылған. Іс-әрекеттердің осындай бірі болмаса бірі міндетті түрде орын­далатынына, сөз жоқ әр сыңар сайын қайталанып жұмсал­ ған я, не жалғаулықтары әсер етіп тұр, егер олар болмаса сөйлем өз мәнінен айырылып, белгілі мақсатқа құрылған ой бейнелен­бе­ ген болар еді. Демек, талғаулы салаластарды жасауға сол мәнді туғызушы жалғаулықтар тобы қатысады екен. Ондай жалғаулықтарға: не, немесе, не болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде, мейлі, құй жал­ғау­лық­ тары жатады. Алайда бұл жалғаулықтардың беретін мағынасы, қолданыс сипаты әрдайым бірдей, біркелкі болып келе бермейді. Мысалы: Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді суытады (Ғ.Мұст.). Түбінде, бұл ең бері салғанда, ғылымның бір маманы болады, әйтпесе, көрерсің, осыдан дыңдай академик шығады (С.М). Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? (Х. Есенжанов). Бұл мысалдардың бәріне ортақ бір жай: жалғаулықтардың қайталанбай, сыңарлардың арасында бір-ақ рет қолданылуы. Ал мағыналарында айырым белгілер бар. Бірінші сөйлемде қарамақарсы мағынадағы іс-әрекеттердің бірінің жүзеге асатынына, екіншіде болашақта белгілі бір сапаға ие адамның шығатынына болжал жасалады. Ал үшіншіде екінші бір адамнан әрекеттің қай түрі жүзеге асқаны сұралады. Талғау мәнді жалғаулықтар әр сыңар сайын қайталанып келетін мына сөйлемдердің де өз ерекшеліктері бар: 123

Бердібай Шалабай

Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қа­лай­ да, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді (Ш.М.). Қазір не жаз басындағы жастардың арасында таң атқанша отырып өлең айтатын сайранды сауық жоқ, не көңіл көтеретін ел-елдің басын қосқан той-топыры жоқ (Х. Есенжанов). Алғашқы сөйлемде предикатив сыңарларында біртектес ісәрекеттердің кезектесіп жүзеге асатыны, екіншісінде сондай бір­ тектес жай-күйлердің керісінше жүзеге аспайтыны (бол­май­тыны) таңдамалы жолмен санамаланып беріледі. Талғаулы салаластардың ішінде таза талғау мәнді сөйлемдер­ мен қатар талғау-шарт мәнді болып келетін түрлері де бар. Мысалы: Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік (Б.М.). Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз де қош­ тасамыз (А. Грин.). Бұл сөйлемдердің бірінші сыңарларындағы әрекет жүзеге аспаса, екінші сыңарларындағы әрекет жүзеге асар еді. Біріндегі болмаса, екіншісіндегі жүзеге асуы талғамалы әрекетті білдірсе, бірінші сыңардағы әрекетті екінші сыңарындағы әрекетке шарт етіп қою бұлардың арасындағы шарттастық қатынасты да білдіреді. Сондықтан мұндай сөйлемдерді таза талғаулы демей, талғау-шарт мәнді салаластар деп атаған жөн. Кезектес салалас Предикатив сыңарларындағы іс-әрекеттер кезектесіп, бірінен кейін бірі орындалатын құрмалас сөйлем түрі кезектес салаласқа жатады. Салаластың бұл түрін жасауда да жалғаулықтардың рөлі ерекше. Кезектес салалас жасайтын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде. Мысалы: Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана қозғайды (С. Сейфуллин). Кейде ол қапы кетеді, кейде мен қапы кетем (Ғ.М.). Біресе зор кеудені сілкінте, қалтырата шыққан ыстық жа­ лын күрсіну естіледі, бірде сыбырлап, әлденені сөйлеп кетеді (М.Ә.). Кейде екі салт қатар аяңдайды да, кейде бірі екі атты жетелеп, бірі артынан айдайды (Ғ.М.). 124

Қазіргі қазақ тілі

Жалғаулықсыз салалас Жалғаулықсыз салалас тілімізде жалғаулықты салаластан бұ­ рын пайда болған. Н.Т. Сауранбаев: «тіліміздің дамуында құр­ малас сөйлемдер жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласуынан бас­­­та­­лады. Құрмаластырушы жалғаулықтар жеке сөзден пай­да бол­ған» дейді (Қазақ тілі. 1953. 118-бет). Жал­ғаулықсыз са­лалас құрмаластарда әр компонентінің лексика­лық құрамы, құрылымы және интонация ерекше маңызға ие. Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз іргелесіп құрмаласуында байланыстырғыш сөздердің қызметі ерекше. Ондай сөздер сіл­ теу есімдігі, зат есімдер, күйді білдіретін есімдер (аз, көп, мә­лім, артық, кем) сын есім, сан есім, үстеу сөздер болып келеді. Мысалы: 1. Біздің театрымыздың сіңірген зор еңбегі сол – ол эстетика мен идеялықты ұштастыра білді (М. Әуезов). 2. Аяусыз қатаң үкім – 3 жылға бас еркінен айрылсын (Р. Нұрғалиев). 3. Тоқаштың мінезі өзіне мәлім: аяғанды жек көреді (З. Шашкин). 4. Күн тәртібі біреу-ақ: жастардың қорғаныс заводына деген жәрдемі (Ө. Қанахин). Кейбір құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланы­ сын­да бір сөздің екі компонентінде қайталанып келуі де үлкен рөл атқа­ра­ды: «Патшаны жек көргенім шындық, шындық неге қарсылық болады?» (К. Оразалин). Жалғаулықсыз салалас құрмаластар біртұтас интонациямен айтылады. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің компоненттері­ нің мағыналық қарым-қатынастары түрліше болады. Олардың негізгілері мыналар және соған орай жалғаулықсыз салаластың мағыналық түрлері былайша бөлінеді: 1. Ыңғайлас мәнді салалас. 2. Салыстырмалы мәнді салалас. 3. Қарсылық мәнді салалас. 4. Түсіндірмелі мәнді салалас. 5. Себеп-салдар мәнді салалас. 6. Шарттас мәнді салалас. 125

Бердібай Шалабай

І. Ыңғайлас (мезгілдес) мәнді іргелес салалас сөйлем Ыңғайлас (мезгілдес) мәнді іргелес салаластар мағынасы мен құрылымдық-грамматикалық ерекшеліктері жағынан біркел­кі емес. Оларды өзара мынадай екі түрге бөлуге болады: бір уақыт­ тағы іс-сапаны білдіретін салалас сөйлемдер, әртүрлі уақыттағы іс-сапаны білдіретін салалас сөйлемдер. 1. Бір мезгілдегі іс-сапаны білдіретін салаластар екі компо­ нент­тен де, одан көп компоненттен құрала береді. Бұл компо­ нент­тердің баяндауыштары лексикалық – грамматикалық жасалу құрамы жағынан бірде өңкей етістіктер, бірде өңкей есім сөз болып келеді. Сөйлем компоненттері санамаланған интонация­ мен айтылады. Бұл компоненттерінің синтаксистік қыз­меті жа­ ғынан тең екенін көрсететеді. Ком­понент­терінің баяндауышы етістіктен жасалғанда, бір түрлі рай, бір түрлі шақ мәнді болып келеді (тұлғалас болады), не қайталанған сөз де болады. Мысалы: 1. Арқа жіпсіді, маңдайдан тер будақтады (Ғ. Мұстафин). 2. Тоймай жер әлек, тойғыза алмай нар әлек (Ғ. Мұстафин). 2. Әртүрлі уақыттағы іс-сапаны білдіретін салаластар әрда­ йым екі компоненттен құралады да, а) бірде алшақ кезең аралығындағы іс-сапаны білдіреді. Осы­ ған орай алдыңғы компоненттің баяндауышы көбіне, тия­нақсыз өткен шақ тұлғасында тұрып («еді» дәнекер көмекші етістігіне бітіп) жұмсалады да, кейінгі компоненттің баяндауышы басқа рай, басқа шақ тұлғалы етістіктер не әртүрлі есім сөздерден жасала береді. Ескертетін тағы бір жай: бұл компоненттер айырым мезгіл пысықтауышты болып келеді. Сөйлеу стиліне қарай, бұл пысықтауыштар бір компонентте, кейде екі компонетте де түсі­рі­ ліп отырылады. Мысалы: 1. Мойныма талай мінгізіп едім, ақтады сонысын (Ғ. Мұстафин). 2. Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ (Ғ. Мұстафин) 3. Бұрын байдың қосын жегетін едім, енді өзім баймын (Ә. Нұршайықов). ә) енді бірде жедел кезең аралығындағы іс-сапаны білдіреді. Алдыңғы компоненттің баяндауышы бірде тиянақсыз өткен шақ тұлғасында, бірде басқа шақ тұлғасында тұрып жұмсалады. Кейінгі компонент баяндауышы қандай да болмасын рай, шақ 126

Қазіргі қазақ тілі

тұлғасында қолданыла береді. Бұл салалас сөйлемдерде де айы­ рым мезгіл пысықтауышты болып келеді, бірақ кейінгі компо­ ненттердегі мезгіл пысықтауыш сілтеу есімдік құрамды сөз тір­ кесі тұрғысынан айтылады. Бұл кейінгі компоненттің іле-шала болған қимыл-күйді білдіруіне байланысты. Мысалы: 1. Давыдов енді ғана жауап қайтармақшы болып еді, сол кезде аула ішінде автомобилдің салдыры естілді (М. Ш.). 2. Жолбарыс қарғымақ болып көтеріле берген еді, сол сәтте Садық гүрс еткізіп атып жіберді (Ә. Әбішев). 3. Ленин мовзолейінен шығып келе жатқан едім, біреу иығымнан қаққандай болды (Ш. Мұртаза). Бұлардың сызықшамен бөлінетін түрлері болады: Қарға қарқ етті – ірімшік жерге салп етті. Тептім, – терекке шықтым (жұмбақ). Біртектес, бір мезгілдегі іс-әрекетті білдіретін ыңғайлас са­ла­ ластардың құрылымдық бір ерекшелігі бар: ол – олардың ашық құрылымды болып келуі. Соған орай олар тек екі компо­ненттен ғана тұрмайды. Үш не одан да көп болып келе береді, яғни компонент санын жалғастыра беруге болады. Мысалы: 1. Үй сыланбаған, сынық терезелері қойылмаған, екі бөлмеге ортақ жалғыз пеш құлап қалған (Ғ. Мұстафин). 2. Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, ба­ луан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады (мақал). 3. Бекбай – жұмысшы, Танаш – коммунист, Әуесхан – жалшы болатын (Ғ. Мұстафин). Ал алшақ кезең аралығындағы іс-әрекетті беретін ыңғайлас құрмаластар негізінен екі құрамды болып келеді. ІІ. Салыстырмалы мәнді іргелес салалас Салыстырмалы мәнді іргелес салаластар кейде екі компонент­ тен, кейде одан да көп компоненттен құралады. Бұларды екі топ ыңғайында қарастыруға болады: 1) мақал-мәтел тұрғысынан айтылатын; 2) жай сөз түрлерінде айтылатын салыстырмалы мәнді салалас сөйлемдер. 1) Мақал-мәтел түріндегі салыстырмалы салалас сөйлемдер екі компоненттен де, одан да көп компоненттен де құралады. Олар­дың баяндауыштары бір түрлі шақ тұлғасында жасалады. 127

Бердібай Шалабай

Компоненттері құрылысы жағынан синтаксистік қатар құрап қа­­ лыпта­сып жұмсалады. Мысалы: 1. Еңбек ерлікке жеткі­зер, ерлік ел­­­ дік­ке жеткізер. 2. Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асы­­ мен көрікті. 3. Еңбегің – дәулетің, беделің – сәулетің (мақал­дар). Жай сөз түрінде жұмсалатын салыстырмалы мәнді салалас­тар әрдайым екі компоненттен құралады. Олардың да баянда­уыш­ тары бір түрлі рай, шақ тұлғасында айтылады. Бұл компонент­ тер­де мынандай ерекшеліктер бар: а) салыстырмалы мәнді салаластар мақал-мәтелдер сияқты, құрылысы жағынан лексикалық-синтаксистік қатар құрап тұра­ ды. Мысалы: 1. Қазақ халқы ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі (І. Есенберлин). Олардың біразы майданнан кел­ гендер, біразы жергілікті қазақтардан құралғандар (С.М.). Бұл – саниструктор, мен – солдат (С.Қ.). Мен – қыз, сен – ұл (С.М.). Сен менің орныма отыр, сенің орныңа мен отырамын. (Ә. Әбішов). ә) Салыстырмалы мәнді салалас сөйлемнің алдыңғы компоненті сұрау есімдік мүшелі болып келеді де, компоненттер баяндауышы көбіне, қайталанған есім сөздер тұрғысынан жұм­салады. Мұндай сөйлемдердің эмоционалдық-экспрессивтік реңі басым болып келеді. Сондықтан олар көркем әдебиет сти­лінде, публицистикалық стильде және ауызекі стильде жиі кездесіп отырады. Мысалы: Бұл күнде шаруашылықта не көп, зулап тұрған машина көп (Қаз. әд). Қазақта ол кезде кім көп, батыр көп (І. Есенберлин). Кейде осындай сөйлемдердің компоненттерінде сұрау, сілтеу есімдіктері жарыса айтылады. Мысалы: Күн көзі қалай жылт етті, шөпшілер де солай жадырап шыға келді (Қ.Ә). б) салыстырмалы мәнді салалас сөйлемде алдыңғы компо­нент баяндауышы сондай, сонша, соншалық сілтеу есім­дігі не­гіз­дес үстеулерден жасалады. Мысалы, Оның мөлдір­лігі сонша­лық, тү­ бі­не түскен түйме алақандағыдай көрінеді (С.Қ.). Сабыр­лы Олжа­ бек­тің сасқаны сонша, ол орнынан ұшып тұрды (Ғ. Мұстафин). Алдыңғы компонент баяндауышы ілгерідегі үстеу сөздер мен сын есімнің тіркесінен де жасала береді. Мысалы: Сондай суық екен, шекеңнен өтеді (М.Ш.). Ән сондай әдемі, теңіздің толқын үні мен екеуін жыл бойы тыңдауға да болады (Ғ. Мүсірепов). Салыстырмалы мәнді сөйлемдердің енді бір тобында ал­дың­ғы компонент баяндауышы лексикалық-грамматикалық болымсыз 128

Қазіргі қазақ тілі

мәнді, кейінгі компонент баяндауышы лек­си­калық-грам­матика­лық болымды мәнді болып келеді. Олар кейде қайталанған сөздер тұр­ ғысынан да жұмсалады. Бұл компоненттердің арасында бір қа­ра­ ғанда қарсылықты мағына бар сияқты, алайда, са­лыстырмалы ма­ ғына басым болып келеді. Мысалы: Алысқан ал­майды, ақыл ала­­ды (мақал). Мәселені стол басындағылар шеш­пейді, халық ше­­шеді, апа (Ғ. Мұстафин). Өнерді аспаннан іздеме, халықтан ізде (мақал). Қарсылықты мәнді іргелес салалас Қарсылықты салалас екі компоненттен құралып, олардың мағыналары өзара қарама-қарсы мәнде келеді. 1. Бір не екі субъектінің іс-әрекеті, ой-ниеті бір-біріне қайшы болады. Мысалы: Амантайдың даусын естіп Асқар құшағын жа­ зайын деп еді, – Ботагөз босатпады (С. Мұқанов). Тағы сөй­лейін деп еді, кемпірінен қорықты (С.Жүнісов). 2. Бірінші компоненттегі іс-әрекеттің логикалық қорытын­ дысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті әрекет болмай шығады немесе басқаша болады. Мысалы: Ауылға көзін аларта талай уәкілдер келеді, – ақ үйден аттанарда жымия күледі (Ғ. Мұстафин). Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады (Ш. Мұртаза). Себеп мәнді іргелес салалас Компоненттері бірі екіншісіндегі іс-әрекет, жай-күйдің се­бебін білдіріп, өзара себеп-салдарлық қатынаста тұрады. Себе­бін біл­ діретін компоненті, алдымен келгенде, оның баян­дауы­шы көбінесе өткен шақ тұлғасындағы етістіктен жа­са­лады. Мыса­лы: Үл­кендер қатты қорқытып қойған болу ке­рек, үйдегілер дауыстарын шы­ ғара алмай, жаншылып, егіліп жылайды (М. Әуезов). Вася ба­­сын шайқады, мен енді жетеу-ақ қалғанымызды түсіндім (Ғ. Мүсірепов). Себебін білдіретін компоненттері соңынан келгенде де, өткен шақ тұлғалы етістіктен және есім сөздерден жасала береді. Мысалы: Нұрым қамшыны да босатпады, – басқа соғар деп қауіптенді (Х. Есенжанов). Енді жасыру мүмкін емес, үйлену тойы ертең, кеште (Х. Ерғалиев). Түсіндірмелі іргелес салалас Түсіндірмелі салаласта алғашқы компоненттің мәні екінші­ сінде ашылады. Мысалы: Сол 1926 жылы қазақ мәдение­тінің тарихында зор бір оқиға болды: тұңғыш рет қазақтың ұлт 129

Бердібай Шалабай

театры ашылды (Ы.Дүйсенбаев). Екі көзі менде – байқаймын, кім екенімді білуге құмартып тұр (Х. Есенжанов). Жалпы, түсіндірмелі салаластардың алғашқы жалпылама мәндегі компонентінен кейін қос нүкте қойылады. Ал олардың компоненттерінің бірі – алғашқысы немесе екіншісі толымсыз болып жұмсалса, компоненттерінің арасында түсірілген сөздің орнына сызықша қойылады. Ол сөз алғашқы компоненттің баяндауышы (мынау) болуы мүмкін. Мысалы: Жылқы ішінің тағы бір жат көрінісі – арасында құлын жоқ (М. Әуезов). Екінші бір жағдайда соңғы компонентінің бастауышы (ол) айтылмайды: Жәуке мұны да таныды – Құрымбай! (Б. Майлин). Алғашқы мысалда түсірілген сөз – бірінші жалпылама мән­ дегі компоненттің баяндауышы «мынау» болса, екінші мысалда соңғы түсіндіруші компоненттің бастауышы – «ол». Шарттас мәнді іргелес салалас Іргелес салаластың бұл түрінде компоненттерінің мағына­ ла­ры өзара шарттас болып келеді. Ол әдетте екінші компонент­ тегі істелген не істелуге тиіс істің шарты болып келетін бірін­ ші компоненттің мынадай тұлғаларда тұруы арқылы жасалады: 1) Бірінші компоненттің баяндауышы үшінші жақтың жедел өткен шақ етістік тұлғасында тұрады. Кейде оған «екен» көмекші етістігі тіркесіп келеді де, екінші компоненттің баяндауышы үш жақтың бірінде тұрады. Мысалы: Жұрт айтты – көне береді (Б. Майлин). Құдай салды – біз көндік (Ғ.М.). Әке-шешелеріңе шын жандарың ашиды екен – өз бастарыңды адамша дұрыс алып жүре білгендерің жөн (журналдан). 2) Алғашқы компоненттің баяндауышы бұйрық райдың екінші жағында тұрады. Мысалы: Енді жіберіп көрші, құдай біледі, әкеңді танытамын (Ғ.М.). Бір ауылды ғана құртып көр – бүкіл дала көтерілсін (М. Жұмағұлов). Салалас құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемнің құр­ма­ лас сөйлемнің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшелігімен танысу, ком­поненттерін байланыстыратын тілдік амал-тәсілдерді түсініп игеру, компоненттерінің мағыналық қарым-қатынасын, олар­­дың 130

Қазіргі қазақ тілі

түрлерін анықтай білу, салалас құрмаластың зерттелу жағ­да­йы­ мен танысу. Тақырыптың дәйектемесі: Қазақ тіл білімінде салалас құрма­лас сөйлем мәселесі біршама зерттелген деп тұжырымдауға бола­ды. Салалас құрмаластың өзіндік белгілері, түрлері, компо­ нент­терінің байланысу тәсілдері онша көп пікір алшақтығын тудыр­майды. Дегенмен жалғаулықсыз құрмаластардың компо­ нент­тері арасындағы байланыс мәселелері, компоненттерінің мағы­­налық қарым-қатынастары (түрлері) тереңдей үйренуді қажет етеді. Тапсырмаларды және оған берілген жаттығуларды орындау барысында осындай қиын деген тұстарды жете талдап түсіну жағы көзделеді. Тапсырма сұрақтар. 1. Салалас құрмалас сөйлемнің негізгі ерекшеліктері және ол жөніндегі көзқарастар. 2. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталыңыз. 3. Жалғаулықсыз (іргелес) салалас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амал-тәсілдерді атаңыз. 4. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластардың ортақ түрлері, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, тыныс белгілері қандай? 5. Жалғаулықсыз салаластың түрлері, тыныс белгілеріне тоқталыңыз. 6. Әдебиеттерде жалғаулықсыз салаластың түрлерін анықтауда қандай пікір алшақтықтары бар? Әдебиеттер 1. Қ. Жұбанов. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1936. 2. С. Аманжолов. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы. 1940. 3. С. Жиенбаев. Синтаксис мәселелері, – Алматы, 1941. 4. Н.Т. Сауранбаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы. 1948. 5. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954. – 521-533-б. 6. М. Балақаев., Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы. 1971. – 220-225-б. 7. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ-бөлім. Синтаксис. – Алматы, 1957. – 165-190-б. 8. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 9. Р.С. Әмір, Ж.Р. Әмірова. Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің граммати­ калық, функционалдық жүйесінде. – Алматы, 2009. 10. Т.Н. Ермекова. Құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 2008. 131

Бердібай Шалабай

Өздік жұмыс • Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық мағынала­ рын анықтап, компоненттерін байланыстырып тұрған амал-тә­ сілдерді көрсетіңіз, компоненттерінің құрамын сипаттаңыз: бір құрамды ма, екі құрамды ма; бас мүшелерінің астын сызыңыз. Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді. Ұлы Табалдырықтан аттау үшін адамға дәт керек, үлкен әрі таза рух керек. Орнынан тұрғысы жоқ, шамды да жақпады. Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады. Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін күн қақтап тотығып кеткен (Ш. Мұртазаев). • Мына жалғаулықтарды келтіріп, салалас сөйлем құрыңыз: алайда, әрі, өйткені, кейде, не. Бұлардың қайсысы қайталанып та қолданыла алады және ондай салаластардың қандай ерекшеліктері бар? • Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің әрбір түріне мы­ сал келтіріңіз: олардың компоненттерін байланыстырып тұрған тәсілдерді, тыныс белгілерін түсіндіріңіз, олардың кейбірін жал­ ғаулықты етіп қайта құрыңыз, қандай өзгеріске ұшырай­тынына назар аударыңыз. • Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрін қай автор сабақтасқа жатқызады, неліктен? Өздік жұмыс Құрмалас сөйлемдердің компонент байланыстарын (амал-тә­ сіл­дерді) түсіндіріңіздер. Әр компоненттің құрылымдық ерек­ ше­лігін айқындаңыздар, тұрлаулы мүшелердің астын сызып, баян­да­уыштарының грамматикалық сипатын, тыныс белгілерін түсіндіріңіздер. 1-жұмыс. Оның үстіне, жанындағы Ходжаевқа көзі түсіп кетіп еді, шықшыты бұлтылдап отыр екен. Осы уақытқа дейін қанша адаммен кездесті, бірақ мұндай арайлы маңдайды әлі көрген жоқ. Әрине, Ленин мен Ахаттың арасы жер мен көктей. Лениналып, Ахат-ауылдағы қарапайым шал. Мұрны да қоңқайып, 132

Қазіргі қазақ тілі

жоталанып кеткендей екен, өйткені көзілдірік бұрынғыдай нық тұрмай, қолқылдап қалыпты. Үйлену – екі адамның әйтеуір қол ұстаса салуы емес, оның ар жағында елмен қатынас, тіпті көршіқолаңмен қатынас деген болады (Ш. Мұртазаев). 2-жұмыс. Рысқұловтың осы ғұмырында қанша кеш батып, қанша таң атты – ешкім есептеген емес. Рысқұлов соны есіне алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді. Адасып кете ме, ат-арба, машина қағып кете ме? (Ш. Мұртазаев). Не мына Әбдіні қолымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол (М. Әуезов). Бірақ екі көзі менде – байқаймын, кім екенімді білуге құмартып тұр (Х. Есенжанов). 3-жұмыс. Сол 1926 жылы қазақ мәдениетінің тарихында зор бір оқиға болды: тұңғыш рет қазақтың ұлт театры ашылды (Ысқақ Дүйсенбаев). Бұланбайдың жауаптарына көңілі тыншыққандай болды да, Ушаков қазақ жұмыскерлерінің көмірді қалай құлатып жатқандарын біраз қарап тұрды. Бұл ауылдағы ең арық малдарды осы ауыл жинап алған сияқтанады, бұл маңайдағы малы аз ауыл да осы болу керек (Ғ. Мүсірепов). Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы-ақ мұң екен, солдаттар қаптады да кетті. Ал, қазақтар Қазығұртты қалап алыпты, неге – белгісіз (Ш. Мұртазаев). 4-жұмыс. Қазақ халқы – ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі (І. Есенберлин). Мұны Орталық кешпеді де, орындарынан түсті. Қызмет те сұлу қыз сияқты, әркім қызығатын шығар. Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. Қаракөбең күң­гірт тұрақ, камерадан гөрі аюдың үңгіріне көбірек ұқсайды (Ш. Мұртазаев). 5-жұмыс. Қаракөлеңкеде аса білінбеген екен, дәу Омардың сақал-шашы аппақ қудай болыпты (Ш. Мұртазаев). Қасында Тұрсынбай бар, Ушаков Алтынды түбегіне барған екен. Шы­ нында, ол ойнағысы келіп отырған жоқ, жұмыскер жайын еш­ кімнің ойыншық етуіне бермейтіндігін біржола аңғартқысы келіп еді. Кеттің, айрылдың... Сол – бас-аяғы. Түптеп келгенде қазіргі қазақ тағы да Игілік екенін ішіне түйді де, Ушаков одан әрі қазбалаған жоқ (Ғ. Мүсірепов). 6-жұмыс. Оның үлкен істен жырып алған қуаныш-мұңы 133

Бердібай Шалабай

да басқа, үлкен топтан таңдап алған достары да басқа. Осыдан кейін қалай қимылдайтындарын түсінісіп алды да, Байжан көк жорғамен қасқыр шоқаққа салып, ілгері асып кетті. Мұнымен салыстыратын ешбір оқиға болған емес, бірінші жеңіс көптің кө­ ңілін көтеріп те, таңдандырып та кеткен сияқты. Игілік шеткі ат­ тың неден үріккенін де көрді: қақпаның түбінде шұбар көрпеге оралған бір бума жатыр екен. Рязанов ешқайда кетпеген, үйінде екен, бірақ оны қабылдамапты (Ғ. Мүсірепов). Өздік жұмыс Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай талдау жаса­­ ңыздар (жалғаулықты, жалғаулықсыз, грамматикалық мағына­ лары). Әр компоненттің құрылымдық ерекшелігін және тыныс белгілерін түсіндіріңіздер. Берілген сызба бойынша салалас құрмалас сөйлем құрыңыз­ дар. 1-жұмыс. Біржан әкелген Сарыарқаның кең қазынасы кей­ де шырқап өрлеген Әмір, Оралбай үндерімен шығады, кейде сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және сонша алысқа тарап жатқан бойжеткен Балбала, сері сұлу Үмітей, сыпайы сынды Керімбала әндерімен сыр баяндайды. Бұл уақытта ойлап отырғаны- өтіп кеткен күн емес, алдында келе жатқан күннің жайы. Тегінде, Тәкежан үлкен жанжалға тауаны жоқ, бұдырсыз болатын, әрі әкеге шағым жеткізу алыс та қиын (М. Әуезов). Көш иесі екеу-ақ: бір әйел, бір еркек, қимасы түскен кен ырдуанды мықшың-мықшың көтеріп жатыр. Енді жіберіп көрші, құдай біледі, әкеңді танытамыз (Ғ. Мұстафин).

(себептестік мағына)



(қарсылықты мағына)

2-жұмыс. Бір жағынан адвокат қарекеті, екіншіден қуғыншы Ерболдар арызы, оның үстіне Абайдың өз жауабы – баршасы қо­сылды да, ақыры, областное правление дейтін жандарал кең­ сесінде тергеу өтпек болды. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. Абай кейінірек 134

Қазіргі қазақ тілі

білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен (М. Әуезов). Қазір не жаз басындағы жастардың арасында таң атқанша отырып өлең айтатын сайранды сауық жоқ, не көңіл көтеретін ел-елдің бас қосқан той-топыры жоқ (Х. Есенжанов). Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді (Ғ. Мүсірепов). ,



(талғаулықты мағына);

,



(түсіндірмелі мағына)

3-жұмыс. Салтанат салқындап, ақшыл тартқан жүзбен көзін төмен салды да, Абайға тағзыммен бас иді (М. Әуезов). Жабайды сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, әлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады. Темір жол салынбаған жерде мыңдаған көлік керек болатынын уайымдап еді, Ушаков оның алдына қазақтың он мыңдаған түйесін тосты (Ғ. Мүсірепов). Нұрым қамшыны да босатпады – басқа соғар деп қауіптенді. Ал басқа елдің жерін тартып алу үшін соғысып көрші, ең ержүрек деген батырдың өзі тірегінен айрылғандай босаңси береді (І. Есенберлин). ,



(ыңғайластық мағына);

,



(кезектестік мағына).

4-жұмыс. Бұдан кейінгі отырыста Абай мен Ербол кейде кезек­тесіп, кейде қосылып көп ән салды, қонақ әйелдердің, әсіресе Тінібек бәйбішесінің тілегімен әйелдер мәжілісінің көңі­ лін көтеріп, қызмет етті. Өзге елді Қыдыш екеуіңіз қолға алы­ ңызшы, дәл Борсықтың әптігін өзім басайын. Қазақ халқы бұл пә­леден шеткерірек пе деуші еді, олай емес екен. Үлкендер қатты қорқытып қойған болу керек, үйдегілер дауыстарын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды... Күңке басында көнбейтін болған наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде де Ұлжанды бақты (М. Әуезов). ,



(салыстырмалы мағына); 135

Бердібай Шалабай

,



(ыңғайластық мағына).

5-жұмыс. Күн де шанышқақтап найза бойы көтерілді, ойды-қырды алып жатқан жылқыға біз де келіп жеттік (Ғ. Мүсірепов). Кісі отырарлық жері бар деймісің, басқа үйлердің бірі­не барайықшы (М. Әуезов). Менің атым онша бұрмалауға кел­мейді, Шеген аға дерсің (Ғ. Мүсірепов). Ол кейін шегінді, бірақ көзін Нұрымның жыбырлаған ернінен айырмады (Х. Есенжанов). Зар даусынан кейде ыза мен зіл де байқалады, кейде Абайға қызық көрінетін мақал, мәтелдер айтылып кетеді (М. Әуезов) . , (шартты мағына); ,



(ыңғайластық мағына).

6-жұмыс. Ойымда Шегенге сақтаған талай хикая, сұлу поэмаларым жүрген сияқты еді, бірде біреуінің бастамасы аузыма түспей қалды (Ғ. Мүсірепов). Розаның үстіндегі қолпылдаған қалың курткасына қарап Жұмабек елжіреп кетті: бейне әкесінің киімін киген бала сияқты (Т. Ахтанов). Бұлар да депутаттыққа ұзақ шұбырынды қошемет көрсете бастап еді, Айгүл тез тойтарып тастады (Ғ. Мүсірепов). Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Ғ. Мұстафин). ,



(салдар-себептік мағына)

,



(шарттық мағына).

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Құрмалас сөйлем синтаксисінде сабақтас құрмалас сөйлем мә­селесі ең орталық мәселе. Құрмалас сөйлемнің көптеген күр­ делі жақтары осыған келіп тіреледі. Мысалы, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді бір-бірінен ажыратуда болсын, сабақтас құр­ маластардың жасалу жолдарын айқындауда болсын, сабақтас құр­ маластардың мағыналық түрлерін топтастыруда болсын көптеген 136

Қазіргі қазақ тілі

пікірталастар туындайды. Бұл мәселелерді шешуде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің рөлі ерекше, әсіресе, оның баяндауышының. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай мәселесін сөз етейік, олар бағыныңқы компонентке келіп тіреледі. Сондықтан зерттеушілердің бағыныңқы компоненттің белгілерін қалай анықтайтынына қысқа тоқталып өтейік. Т. Қордабаев: («Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, 1958, №5) 1) сабақтас құрмалас сөйлемнің әр компонентінің дербес баяндауышы болады; 2) бағыныңқының өзіндік интонациясы және ой дербестігі болады. Бұл ертеректегі пікіріне кейін мынаны қосады: 1) бағыныңқы компонент дербес бастауышты болып келеді; 2) компонент баяндауышы етістіктің көсемше, шартты рай және есімшенің жатыс, көмектес жалғаулары мен септеулік шы­ лаулар, кейбір жұрнақтардан және етістіктің басқа да түрле­рінен жасалады (оқулық, 71 бет). М. Балақаев бағыныңқы компонентінің мынадай белгілерін көрсетеді: 1) предикаттық қатынасты білдіреді; 2) айырым интонациямен айтылады; 3) мағыналық, тұлғалық дербестігі болмай, тиянақты басыңқы сөйлемнің жетегінде келеді; 4) бағыныңқылардың басыңқыларға мағыналық қатынасы грамматикалық болады. Қ. Есеновтің («Қазақ тілінің грамматикасы»-1967) пікірінше бағыныңқы компонентке мынадай белгілер тән: 1) өзіне тән ой дербестігі болу; 2) предикаттық қатынас негізінде құралу (дербес бастауыш, дер­бес баяндауыш); 3) ұластырушы интонациямен айтылу. Бағыныңқы компоненттің жоғарыда көрсетілген қасиеттерін ұйымдастырушы, белгілеуші баяндауышы – сабақтас құрмалас сөйлемді жасаушы орталық. Бірақ кез келген баяндауыш сабақтас құрмалас жасай ала ма? Кейбір түркологтар бағыныңқы компоненттің сөйлем 137

Бердібай Шалабай

болуы­ның шарты кез келген сөйлемдегімен бірдей, яғни оның да баяндауышы жіктік жалғауында тұруы керек дейді (М.Ш. Ширалиев, Н.А. Баскаков, А.З. Абдуллаев). Алайда көп­ шілік ғалымдар сабақтас құрмалас сөйлем жасалуының негізгі жо­лына оның баяндауышы есімше, көсемше және шартты рай тұл­ғасында келуін жатқызады. Сонымен, сабақтас құрмалас сөй­ лем­нің жасалуының негізгі жолдары мынадай: 1. Есімше тұлғасы арқылы: бағыныңқы компонент баянда­ уы­шын жасауға есімшенің негізінен -ған тұлғалы түрі қатысады. Екі компонентті байланыстырып сабақтас құрмалас сөйлем жасау үшін есімше тұлғасы белгілі септік жалғауларында тұруы керек немесе санаулы жұрнақ, немесе шылаулармен қосыла айтылады. Ол қандай септік жалғауларында келеді, бұл жөнінде әртүрлі көзқарас бар. Кейбір түркітанушылар (Н.З. Гаджиева, М. Закиев, Н. Сауран­ баев, т.б.) есімшелердің барлық септіктегі түрлері бағыныңқының баянда­уышы бола алады дейді. Олай болса, мына сөйлемдерді сабақтас құрмалас деп тану керек: Мен оқыған кітап ол. Мен айтқанның бәрі дұрыс. Баласы жақсы оқығанға әкесі қуанып жүр. Құлақ естігенді көз көреді. Бұларды Н. Сауранбаев алғашқы еңбектерінде анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы десе, соңғы (1954) еңбегінде үйірлі мүшелі сабақтас деп таныды. Қазіргі кезде атау, ілік, табыс жалғаулы есімшенің құрмалас сөйлем компонентін жасай алмайтыны дау тудырмайды, алайда есімшенің барыс жалғаулысына байланысты түрлі көзқарастар бар. Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, А. Әбілқаев сөйлем ішіндегі есім­­­шенің барыс септігінде келген түрін бағыныңқының баян­да­ уышы ретінде таныса, М. Балақаев, Қ. Есенов оны жай сөйлемге тән мүше дейді. Мыс: Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға (Абай). Әдейі шықтық күзетке, Колхоздың малын шолуға (Жамбыл). Көпшілік ғалымдар есімшенің жоғарыдағыдай барыс септік жалғауында келгенін мойындамай, тек есімшенің жатыс, шығыс, 138

Қазіргі қазақ тілі

көмектес сеп­тік жалғауларында келгендері ғана сабақтас құр­ ма­­ластың баян­дауышы болады дейді. «...Өйткені осындай тұл­­ ғадағы есімшелер сөйлем ішінде кеңістік мәнде жұмсалып, баян­дауыштық қызмет атқаруға бейім тұрады»... «Са­бақтас құр­ малас сөйлемдердің жасалуы... көп жағдайда ба­ғы­ныңқы ком­ по­ненттің пысықтауыш категориясымен тығыз байланысты» (Қ. Есенов). М. Балақаев атау, табыс, барыс, ілік жалғауында тұ­рып есімшенің бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алмай­тыны жайында былай дейді: «Олай болатын себебі – жатыс, көмек­тес, шығыс жалғаулары жалғанған есімшелер ғана бағыныңқы­лар­ ға тән мағыналық қатынастағы сабақтас сөйлемдер жасай ала­ ды, ал олардан басқа септіктегі есімшелер күрделі, үйірлі мү­ шелер тобында айтылады да, бағыныңқы мен басыңқы арасында болатын мағыналық қатынасты білдіріп сабақтас сөйлем құрай ал­майды» (М. Балақаев. Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшелік­ тері туралы: «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1959, №2, 44-бет). Мысалдар: Әбдірахман дәлелді сөзін аяқтағанда, Хакім біраз аңтарылып қалды (Х. Есенжанов). Самалық жауап күтіп кідіргенмен, нағашым да үндей алмай қалды (С.М.). Ысқақтар жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті (М.Ә.). Бағыныңқы компоненттің жатыс жалғаулы есімшеден жасал­ ған түрі өте кең қолданылады. Ол осы қалпында бағыныңқының баяндауышы бола алса, шығыс септікті тұлға жайында мұны айтуға болмайды. Ол өзінен бұрын -дық жұрнағының немесе өзінен кейін септеулік шылаудың (кейін, соң) айтылуын қажет етіп тұрады. Ал көмектес жалғаулы есімшеге келетін болсақ, ол бастапқы шылаулық қасиетіне байланысты шын мәніндегі септік жалғаулармен бірдей қарастырылмайды. Есімше бағыныңқының -ғанда тұлғасы көбінесе мезгіл, соны­ мен қатар шарт мәнін білдірсе, -ғанмен қарсылық, -ған­дық­тан себеп мағыналарда жұмсалады. Енді бір мәселе, есімшенің -ғанша, -ғандай тұлғалы түрлері жайында. Кейбір зерттеушілер бұларды көсемше формаларына жатқызады (Қ. Есенов). 139

Бердібай Шалабай

-ғанша формасы көбінесе мезгіл мәніндегі бағыныңқының баяндауышын жасайды. «Сол жайлы орынға жеткенше, Айгүлдің әні де үзілмеуі керек» (Ғ.М.). «Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды» (Ғ.М.). «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» (мақал) (қарс.бағ.). -ғандай формасына аяқталған бағыныңқы компоненттің қандай мағыналық мәнде жұмсалуы жөнінде екі пікір бар. Қ. Есенов оларды амал бағыныңқыға жатқызса, Т. Қордабаев салыстырмалы бағыныңқыға жатқызады. 1. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке де ақыл сонша керек (М.Ә.). 2. Ақтардың азабы аз дегендей, құзғын қарғалар мен иттер де өліктерді басынып алған (С.М.). 3. Құрақ қамыс басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткен­ дей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгелдей айналып шықты (М.Ә.). Есімшенің басқа тұлғалары да бағыныңқы компоненттің баяндауыш тұлғасында келіп, сирек болса да, сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін жасауға қатысады. Мысалы: 1. Екі қабат үйдің жағасына көтерілерде, Боқай бәрін жинап өз қолына алды (Ғ.М.). 2. Өзі ұзақ сапарға кетерде, Ушаков жұмыскерлер барағын бір аралап шығып, азды-көпті көңілдерін бір аулап кететін (Ғ.М.). 3. Бәтесті менің жақсы көруімді сезетіндей, ол да маған жылы ұшырайтын (С.М.). 2. Көсемше тұлғасы арқылы Көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасы бағыныңқы компонент баян­дауышын жасауда белсенді қызмет атқарады. Сондай-ақ көсемшенің басқа тұлғалары да сабақтас сөйлемді жасауға қаты­ сады. Есімшеден өзгешелігі, көсемше тұлғалары ол қызметті еш өзгеріске түспей, бастапқы қалпында тұрып атқарады: Мысалдар: 1. Биылғы күз жауынды болып, шаруалар егінін мезгілінде жиып ала алмады (Ғ.Мұст.). 2. Шай қойылып, ет асылып жатыр (С.Торайғ.). 3. Шай жиыла бере, Абай жастыққа құлап түсті (М.Ә.). 140

Қазіргі қазақ тілі

4. Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиренше­нің кездескені осы (М.Ә.). 3. Шартты рай тұлғасы арқылы Шартты рай тұлғасы (-са) сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде өте өнімді жұмсалып, бағыныңқының сан алуан түрлерін жасайды. Мысалы: 1. Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам, алып қашып кету еді (Б.М.). 2. Бірақ онысын кейбіреулер мазақ қылса, Омар ол мазаққа түсінбейтін еді (Ғ.М.). 3. Ушаков Байжан үйінен қайтып келсе, Соколовтың алдында тағы бір адам тұр екен (Ғ.М.). 4. Айбарлы қолбасшысынан айырылған қазақ әскері қан­дай абыржыса, Тәуекелдің өлгенін естіген жау жағы сондай ша­быт­ тана түскен (І. Есенб.). Кейде шартты рай тұлғалы баяндауыш да дәнекерімен айты­ лады: Дәрмен мен Мағаш, Кәкітайлар өздері сүйсінген ойла­рын аша алмаса да, Абай айтқан жайларға соншалық ынтыға қызығып тыңдады (М.Ә.). 4. Шылау не шылау мәндес сөздер арқылы. Сабақтас құрмалас компоненттерін өзара байланыстыруда шы­лаулар айрықша қызмет атқарады. Есімше тұлғалы сөз­дер­мен тіркесе айтылып, келесі басыңқы компонентпен сабақ­тастыра байланыстырады. Оларға сайын, соң, үшін, бұрын, дейін, кейін, бері, уақытта, шақта, кезде, қарамастан, ма (ба, бе) шылаулары жатады. Бұлардың кейбіреуі атау тұлғалы есімшені меңгерсе (соң, сайын, үшін, уақытта, шақта, кезде, ма, т.б.), кейбіреуі тұйық райлы етістікті меңгереді (үшін, бұрын). Енді бірі батыс септігіндегі есімшелерді меңгерсе (дейін, шейін, қарамастан), келесісі шығыс септікті есімшені меңгереді (кейін, бері, былай, ба, бе). Мысалдар: Қызылжарға келген соң, Ушаков түсіп жүретін достас пайда шерігі Зотовтың үйіне түсіп еді (Ғ.М.). Астық ысырап болмау үшін, шаруашылықта барлық мүмкін­ дік жасалды (газеттен). Осыдан үш-төрт күн өткенге шейін, Абай үйде болды (М.Ә.). 141

Бердібай Шалабай

Денесі темір құрсаудан босанғаннан кейін, Ботагөз екі жақ қолтығынан ұстаған адамға кезек-кезек қарады (С.М.). 5) Қатыстық сөздер арқылы Сабақтас құрмалас түрлерін жасауда екі компонент құрамын­ да келетін қатыстық сөздер де елеулі рөл атқарады. Олар құр­ малас компоненттерін бір-бірімен берік байланыстырып, бірінебірін қатысты етіп тұрады. Мұндай қатыстық сөздер сілтеу, сұрау есімдіктерінен жасалып, бағыныңқы мен басыңқының құрамында жұптаса айтылады. (Кім-сол, қайда-сонда, қанша-сонша, қандайсондай, кімді-соны, нені-соны). Партия қайда жіберсе, мен де сонда барамын (С.М.). Көмірді неғұрлым көп берсе, ақы соғұрлым көп (Ғ.Мұст.). Еңбекті қанша істесең, табысты сонша аласың (Х.Есен.). Жарыста кім озса, қызыл туды сол алады (С.М.). Ажары қандай болса, ақылы да сондай (Б.М.). Жоғарыдағы мысалдардан байқалатыны, қатыстық сөздер баяндауыштары негізінен шартты рай тұлғасы арқылы байла­ныс­ қан сабақтастарда орын алған. Сабақтас құрмаластарды топтастыру Бағыныңқы компоненттерді топтастыруда тіл ғылымында 3 түрлі ұстаным қалыптасқан: 1) функционалдық ұстаным; 2) тұлғашылдық ұстаным; 3) құ­ рылымдық ұстаным. 1. Функционалдық ұстаным бойынша, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті жай сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметімен теңестіріледі. Ондайда бағыныңқы компонент пен әдеттегі жай сөйлем арасындағы айырмашылықтар ажыратыл­ май қалады. Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттің бір мүше­сі ретінде танылып, оның жеке түрлері де сөйлем мүше­лері­ нің атымен айтылады (Қ. Жұбанов, Ф.И. Буслаев, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев). Мыс: бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағы­ ның­қы, анықтауыш бағыныңқы). 2. Тұлғашылдық ұстаным бойынша бағыныңқының басың­­қы­ мен байланысу амалдары ескерілетін болады (А.М. Пешковский, М.И. Петерсон, Л.А. Булаховский). Орыс тілінде сабақтас 142

Қазіргі қазақ тілі

құрмалас сөйлемнің компо­ненттері негізінен шылаулар арқылы байланы­сатын болғандықтан олар осыған көңіл бөлді. 3. Үшінші ұстаным бойынша бағыныңқы, басыңқы компо­ ненттердің өзара қарым-қатынасы, олардың құрылу жолдары және компоненттердің байланысынан туындай мағыналық бел­ гілер негізге алынады. Қазақ тіл білімінде алғаш функционалдық ұстаным басшы­ лыққа алынса, кейін мағыналық ұстаным негізге алынды. Соңғы ұстаным бойынша бағыныңқы компонент сөйлемдік мәнінде кең ұғымда түсініліп, оның басыңқымен тығыз қарым-қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынады (С. Аманжолов, Т. Қордабаев). Бағыныңқы компоненттерді топтастыруда қазақ тіл білімінде мағыналық-тұлғалық ұстаным да басшылыққа алынады. Ол бо­ йынша бағыныңқы компоненттердің басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыстырыла қарастырылады. Сондықтан бұл ұстаным алдыңғыларға қарағанда, сөз жоқ, сабақтас құрмалас сөйлемдерді ғылыми тұрғыдан жіктеуде дұрыс негіз болады. Сөйтіп, қазақ тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді топтастыруда 3 түрлі ұстаным: функционалдық, мағыналық, ма­ ғыналық-тұлғалық болғанын көреміз. Бағыныңқы компоненттер­ ді бір белгісіне қарап топтастыру дұрыс бола бермейді. Мысалы, бағыныңқыларды сөйлем ішіндегі қызметіне қарай саралау олар­ ды жеке сөйлем мүшесінің атқаратын қызметімен бірдейлесті­руге әкеледі де, бағыныңқыны басыңқының бір мүшесі ретінде ғана тануға жол ашады. Осыдан келіп бағыныңқы сөйлемнің өзіндік жаратылысы, грамматикалық табиғаты тар шеңберде түсі­ніліп, тек басыңқыны айқындаудағы қызметі жалаң қарасты­ры­лады. Сондай-ақ, сабақтас сөйлемдерді жіктеуде бірыңғай мағыналық ұстанымға да сүйене беруге болмайды. Өйткені бағыныңқы ком­ поненттердің бойындағы мағыналық мазмұны әр алуан болып отырады. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай бағыныңқы сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері де шектен тыс кө­ бейе берген болар еді. Сондықтан сабақтас сөйлемдерді өзара топтастыруда да мағыналық-тұлғалық ұстанымға сүйенген дұ­ рыс. Бұның тиімділігі – ең алдымен бағыныңқы мен басың­қы 143

Бердібай Шалабай

компоненттердің өзара тығыз байланысуынан туатын мағы­налық белгіні және бағыныңқы компонентті жасай алатын грам­ма­ти­ калық тұлғаны бірдей қатыстыра отырып негізге алады. Бағыныңқы компоненттерді өзара топтастыру бір белгілі жүйелілікті талап етеді. Бұл үшін ең алдымен сабақтас құрмалас­ тың құрамындағы синтаксистік компоненттердің бір-біріне де­ ген ара қатынасын, олардың өзара мағыналық байланыстарын жете білу керек. Ал бір бүтін сабақтас сөйлемнің құрамындағы жеке компоненттердің бір-бірімен ара қатынасы, байланысу амалдарына лайық бірін-бірі айқындаудағы мағыналық белгі­ лері біркелкі бола бермейді. Осыған орай тілімізде бағының­қы сөйлемдердің алуан түрі орын алып отырады. Сабақтас құр­ма­ лас сөйлемдерді топтастыруда бағыныңқы компонент тұтас ба­ сыңқыға қатысты айтыла ма, не оның тек бір мүшесіне қатысты бола ма, соған сай бағыныңқының басыңқымен байланысу жолы босаң ба, не берік пе, не бағыныңқы мен басыңқының қатынасы тең дәрежеде құрыла ма, осы ерекшеліктері ескерілуі керек. Осы ерекшеліктеріне орай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге жіктеледі: 1. Шартты бағыныңқылы сабақтас 2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас 4. Себеп бағыныңқылы сабақтас 5. Амал бағыныңқылы сабақтас 6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас 7. Түсіндірмелі сабақтас 8. Ыңғайлас сабақтас 9. Салыстырмалы сабақтас 1. Шартты бағыныңқылы сабақтас Сабақтастың бұл түрі компоненттеріндегі баяндалған оқиға, әрекеттердің мағыналық жақтан бір-бірімен өзара шарттаса бай­ ланысуы негізінде құрылады. Шарт мағынасы бүтіндей сөйлем бойынан көрінеді. Шарт мән бірде бағыныңқыда берілсе, енді бірде басыңқыда беріледі. Шартты бағыныңқылы сабақтастың негізгі жасалу жолы – шартты рай тұлғасы (-са,-се): 144

Қазіргі қазақ тілі

Әкеңнің кім екенін білсе, сені мектепте қалдырады дей ал­ маймын (С.М.). Егер халықтың сүйіктісі болғың келсе, көпшіліктің мұң-мұқ­ тажын жақтай сөйле (журналдан). Алдыңғы құрмаластың бағы­ ныңқысы көсемше тұлғасы арқылы шарт мәнді білдірсе, екіншіде шарттылық мән басыңқыда берілген. Құрсаған бұлт ашылмай, Аспанның жүзі көгермес. Үрпиген жүрек басылмай, Талапты көңіл елірмес (Абай). Қабырғаммен кеңеспейінше, бұл істі орындай алмаймын (М.Ә.). Бағыныңқының баяндауыштары болымсыз тұлғалы кө­ семшеден жасалған. Есімше тұлғасы арқылы (-ғанда, -ған соң) да жасалады: Егер сол арада Гүлнар тұрып медициналық тиісті жәрдем көрсетпегенде, олар өлетін еді (С.М.). Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді (Ғ.М.). Мұнда да бағыныңқы компонент бауындауыштары етістіктің болымсыз тұлғасында келеді. 2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас Компоненттері қарама-қарсы мағыналық қарым-қатынаста келеді. Мұнда оқиғалар бірін-бірі толықтырып тұрмайды, кері­ сінше, біріне-бірі қарама-қарсы мәнде айтылады. Жасалу жолы: • Шартты рай тұлғасы (-са,-се): Майысса да сынбайтын болат па десем, морт кетер шойын екен ғой (Ғ.Мұст.). Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді (М.Ә.). Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді (Ғ.М.). • Көмектес септікті есімше тұлғасы (-ған+мен): Екі көзі алдында жатқан балада болғанмен, төр жақта айтылып жатқан сөздерге Көпейдің зейін салып отырғаны байқалады (Ғ.М.). 145

Бердібай Шалабай

• Көсемше тұлғасы арқылы (-а,-е): Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті (С.М.). 3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас Бағыныңқы компоненті басыңқыдағы істің мезгілін білдіріп тұрады. Жасалу жолдары: • -ған+да, -ген +де Бала сүрініп құлай бергенде, атшабар да қармап көтере берді (М.Ә.). • -ар+да, -ер+де Сол той тарқап, жеккен пар аттың тарантасына Айбарша мінерде, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты (С.М.). • -ған+ша, -ген+ше Әйел етті қазанға салғанша, үйге бірталай жұрт жиналып қалды (С.М.). • -а, -е Айбарша тысқа шыға, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті (С.М.). • -ып, -іп, -п (бірақ алдындағы -й көсемше тұлғалы негізгі етістік үлкен рөл атқарады). Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді (Ә.К.). • -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Өзі, сол қағаз келгелі, ішінен көп мазасызданып, қынжылып жүрген (М.Ә.) • -ысымен, -ісімен Алғашқы топ кетісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ (М.Ә.). • -са, -се Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.). Аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы да жасалады: • -ған кезде(шақта, сайын, соң, т.б.) Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде, Бөжей қыбыр етіп қозғалған жоқ (М.Ә.). • -ғанға дейін (шейін) Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арт­ тарынан қарап тұрады (М.Ә.). 146

Қазіргі қазақ тілі

• -ғаннан кейін (бері, былай) Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет жүріп кеткеннен кейін, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере бастады (С. Ерубаев). 4. Себеп бағыныңқылы сабақтас Бағыныңқы компоненті басыңқыда болған істің себебін білдіреді. • Есімше тұлғасы (-ғандықтан) арқылы: Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты (М.Ә.). • Көсемше тұлғасы арқылы (-ып, -іп, -п; -ма+й): Кешеден бері Нұрғали сырқаттанып қалып, Бағила өзі алтыбақанға келе алмады (Д.Ә.). Көбінде тұратын жылы мекен болмай, көктемнің қара суығында шатырларды мекендейді (С.М.). Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ (М.Ә.). Аналитикалық-синтетикалық тәсілдер арқылы: • Өткен шақ есімшеге себепті шылауы тіркеседі (-ған соң) Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б.М.). Оңайлықпен орнын берген себепті, Күнтудың да тілегі орындалды (М.Ә.). Содан кейін жауап болмаған соң, мен кешірді деп ойладым (М.Ә.). 5. Амал бағыныңқы сабақтас Бағыныңқы компонент басыңқыда болған оқиға, әрекеттің мазмұнын түрлі жақтарынан айқындап тұрады. Бұл амал бағыныңқы сабақтасты жасайтын көсемшенің сипатына байланысты. Мысалдар: Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғады (Ғ.М.). 147

Бердібай Шалабай

Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (С.М.). Қысқа жіп күрмеуге келмей, бір тор биеңді сойып алдым (Ғ.М.). Сұлтанмахмұттың бетіне кенет қан жүгіргендей, жаңа қызыл өң пайда болды (Д.Ә.). Әлденелер есіне түскендей боп, Әміржан әңгімесін осы жерде тағы бір үзеді (Б.М.). – Оған Абай енді қайтып ырық береді деп, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла алмайды (М.Ә.). 6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас Бағыныңқы компонент басыңқыда болған оқиға, әрекет­тің қандай мақсатпен болғанын хабарлап тұрады. Жасалу жолдары: • Үшін шылаулы тұйық етістіктен жасалады: Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік (С. Көбеев). Үй дымқыл болмас үшін, әуелі тас өрілетін табанның өзін ертерек қазып тастап, әбден кептіреміз (Ғ. Сланов). • -деп көмекші етістігі бұйрық райдың ІІІ жағы, кейде – ар тұлғалы есімшемен тіркесе айтылады: Өзі әлсіреп жүрген қозылы-қойлар үркіп қақтықпасын, қиналмасын деп, Әлім Петроға дәл отардан кем қойса жарты километрдей жырақ қонуды тапсыратын (М.Ә.). Кейде осындай құрылымды бағыныңқы себеп мәнін де білдіреді. Бұл бағыныңқы баяндауышы қай шақта қолданылуымен байланысты. Егер баяндауыш келер не осы шақта жұмсалса, мақсат бағыныңқы жасайды, өткен шақпен не ауыспалы шақпен келсе, себеп бағыныңқы жасайды. 7. Түсіндірмелі сабақтас Сабақтастың басқа түрлерінен айырмашылығы: бағыныңқы басыңқыны түрлі жағынан (себебі, мақсаты, мезгілі) айқын­ дамайды, керісінше басыңқы бағыныңқыны айқындайды. Ба­ ғыныңқы компонентте хабарланған оқиға, мазмұнның көрінісі басыңқы компонентте ашылады. Соған орай басыңқының құрамында ол, бұл сілтеу есімдіктері қолданылады. 148

Қазіргі қазақ тілі

1) Сенің малың кетсе, ол – азаматтың құны (М.Ә.). 2) Жастық деген не десе, жарқыраған нұр деуші ем (Ғ.М.). 3) Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе – Байжан! Аянышты дауысқа Шоқан жалт қараса – Күнтай! 8. Ыңғайлас мезгілдес сабақтас Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент мағыналық жағынан басыңқыға тәуелді болмай, теңдес қатынаста жұмсалып, тек тұлғасы жағынан тиянақсыз болып келеді. Компоненттерінің мазмұны ыңғайластық, мезгілдестік қатынасқа құрылады. Мы­ салдар: Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.). Майбасар сәлемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді (М.Ә.). Астынан қаракөк арғымағы түспесе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.М.). Әйелдер сиыр сауып, еркектері өрістен келген қойларын бөліп, қыз-келіншектері су тасып жүр (Б.М.). Енді біразда Жұманның көптен күткен қазаны түсіріліп, жұрт асқа әзірлене бастады (М.Ә.). 9. Салыстырмалы сабақтас Компоненттерінде оқиғалар бір-бірімен салыстырыла жұм­ салады. Ол салыстырулар көбінесе теңдестік, бірыңғай са­ лыс­тырулар болса, кейде қарама-қарсы бағытта болады. Ком­ по­ненттер құрамында өзара салыстырыла айтылған сөздер болады, соған орай қандай-сондай, қалай-солай, қанша-сонша есімдіктері және үстеу сөздер жұптаса айтылады. Енді үстемелі дәрежедегі салыстыруларға мысалдар: Орыс әдебиеті үшін Пушкиннің орны қандай болса, қазақ әдебиетіндегі Абай рөлі дәл сондай (кітаптан). Абай өзі қандай шарасыз болса, олар да сондай (М.Ә.). Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ (Ғ.Мұст.). Стаханов жер жүзілік рекорд жасаса, Әкімдер одан да асты (Ғ.М.). Аналар қырық шамалы болғанда, бұлардың бары – жиырмадан артық емес (М.Ә.).

149

Бердібай Шалабай

Сабақтас құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің таби­ ғаты жайындағы түрлі көзқарастармен таныса отырып, оның өзін­ дік ерекшелігін білу, сабақтас құрмалас сөйлем компо­ненттерін байланыстыратын амал-тәсілдерді жан-жақты игеру арқылы олар­ дың сабақтас құрмаласты және оның түрлерін жасауға қаты­сын айқындау, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін саралап түсіну, ол туралы көзқарастармен танысу, студенттерді са­бақ­­тас құрма­ лас­тың әртүрлі типтерін өз бетімен құра білуге дағдыландыру. Тақырыптың дәйектемесі: Сабақтас құрмалас сөйлем мәсе­ лесін құрмалас сөйлемнің ең бір күрделі әрі орталық мәселесі деп қарауға болады. Зерттеушілер арасындағы пікір әртүрлілігі де сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненттерінің табиғаты­ на, сабақтас құрмаластың жасалу жолдарына, оның түрлеріне байланысты болып келеді. Сабақтас құрмаластың жасалу жолы синтетикалық екендігі, сабақтастың түрлері мағыналық-құры­ лымдық ұстаным негізінде ажыратылатыны қазір көпшілік ғалымдар тарапынан қолдау тапқан жайлар. Дегенмен сабақтас құрмалас пен жай сөйлемді (мысалы, үйірлі мүшелі болып келген, күрделенген) ажыратуда, сабақтас құрмаластың кейбір түр­лерін анықтауда қиындық келтіретін жайлар да аз кездеспейді. Прак­ ти­калық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орын­дау ба­ рысында осындай қиын да күрделі мәселелерді игеру көзделеді. Тапсырма сұрақтар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты жөніндегі пікірлерді бірбірімен салыстыра отырып түсіндіріңіз, айырмашылықтарын көрсетіңіз. Жай сөйлем мен сабақтас құрмаласты айыру неге негізделген, ол жөніндегі көзқарастар қандай? Үйірлі мүшелі сөйлемдер мен сабақтас құрмаласты ажырату жөнінде қандай пікірлер бар? Күрделенген сөйлемдер мен сабақтас құрмаластарды ажыратудың жолдары қандай? Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Қазақ тілі синтаксисінде са­ бақтас құрмаластың түрлері қандай ұстанымдар негізінде ажыратылып келген, олардың авторлары кімдер? 7. Сабақтас құрмаластың әр бір түрін және олардың жасалу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіріңіз. Сабақтас құрмаластың қандай түрлері жөнінде пікір алшақтықтары бар? 150

Қазіргі қазақ тілі Әдебиеттер 1. Қ. Жұбанов. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1936. 2.С. Аманжолов. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, 1940. 3. С. Жиенбаев. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941. 4. Н.Т. Сауранбаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1948. 5. М. Балақаев, Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971, 259-284-б. 6. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис. 1967, 192-220-б. 7. Қ. Есенов. Қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер. – Алматы, 1969. 8. Қ. Есенов. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. – Алматы, 1982. 9. С. Аманжолов. Сабақтас құрмалас сөйлем. – Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959, №1. 10. М. Балақаев. Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшеліктері. – Қазақ тілі мен әдебиеті», 1959, №2. 11. А. Әбілқаев. Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшеліктері. – Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959, №8. 12. О. Төлегенов. Сабақтас құрмалас сөйлем. – Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959, №4. 13. Т. Қордабаев. Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. – Қазақ тілі мен әдебиеті. 1958, № 5. 14. А. Ысқақов. Қазақ тіліндегі сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөй­ лемнің даму тарихы туралы. – ҚазССР ҒА Хабарлары. Лингвистикалық серия, 1948, №77, 5-шығуы. 15. Р. Әміров. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. – Қазақстан мектебі. 1963, № 11.

Өздік жұмыс • Бағыныңқы компонент тұлғаларын және олардың сабақ­тас­ тың қандай түрлерін жасауға атсалысып тұрғанын анықта­ңыздар. Кедір-бұдыр қара жолда қара машина барын салып бақса да, жү­ріс онша өнбейді. Итінің шабаланғанынан секемденген Ели­заве­ та Петровна, мына қара суықта иініне бірдеңе ілуге де ша­ма­сы кел­ мей, сыртқа көйлекшең атып шықты. Ашынған қарын то­йынып, ашыл­ған етек жабыла бастады (Ш. Мұртазаев). Елиза­вета Быкова сауыға бастағаннан кейін, Байжанның ауыз үйі тіпті өзге­ріп кетті (Ғ. Мүсірепов). Алғашқы топ кетісімен, өзге қонақтар да ір­кілген жоқ (М. Әуезов). Үйді күртіктер баспау үшін, қыстың ба­сын­да ауыл­ ды және үйлерді жағалай қамыстан қалқан ұсталады (С. Мұқанов). 151

Бердібай Шалабай

• Келтірілген баяндауыш тұлғалары арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлерін жасаңыздар: -са, -п, -й. • Өткен шақ есімше тұлғасы қандай өзгерістерге түсіп ба­ рып бағыныңқы компоненттің баяндауышы болады және олар сабақтастың қандай түрлерін жасайды? • -ғандай тұлғасы сабақ­тас құрмаластың қай түрін жасайды? Ол жөнінде қандай көзқарастар бар? • Сабақтас құрмаластың түрлері жөніндегі пікір алшақтық­та­ рына тоқталыңыз. Өздік жұмыс Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Компоненттерінің құрылымдық ерек­шеліктерін анықтаңыздар, тұрлаулы мүшелерінің астын сы­ зыңыздар. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсін­дірі­ңіз­дер. 1-жұмыс. Егер әлдеқалай табан астында қарсы алдынан әкесі Рысқұл шыға келсе, не істерін білмей дағдарып қалар ма еді, қайтер еді... Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп Рысқұловтың алақанына өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды. Сырттай бірін-бірі білгенмен, жүздесуі тұңғыш. Сол көз ұшында көрінбей қалған балаға бір-ақ қарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет креслодан атып тұрды. Бала да оны көп жатырқамай, өгей шешеге тез үйренді (Ш. Мұртазаев). 2-жұмыс. Өгей де болса, өз шешесінен кем көрмеуші еді. Вокзал басында пойыз күтіп тұрғанда, Орынбор шіркеулерінің кешкі қоңыраулары қала үстін күңірентіп ала жөнелді. Жалғыз чемоданды ашып, ішіндегі жалғыз таза костюмді тұтас қабырғаны алып жатқан абажадай гардеробқа іліп қойды (Ш. Мұртазаев). Осындай нәрселер ойын бөле бергендіктен, намаздың неше басын оқығанын да ұмытып қалды (Ғ. Мүсірепов). Айғағы, айтушысы жоқ болған соң, бұл сөздің Тәкежанға дарымайтынын Абай өзі де сезіп келген-ді (М. Әуезов). 3-жұмыс. Бұл бабадан қалған қағиданы Рысқұлов өзі ұмыта бергенмен, тағдыр есіне салғандай осы Надя тап болды. Көзден таса қылсаң, әйтеуір бірдеңені бүлдіреді (Ш. Мұртазаев). Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, Омар да ас үйге қарай кетті (Ғ. Мүсірепов). 152

Қазіргі қазақ тілі

Сан рет скрипканы өзі тартып өткеннен кейін, іңір кезде Әбіш өз скрипкасын Мұқаға ұсынды. Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп отырған (М. Әуезов). 4-жұмыс. Егер сендер адаспасаңдар, жолымыз Жыландының сыртында түйіссе керек еді. Бірақ Тобықты атқамінерлері осылай дегенмен, Керей-Найман Абайды олай мінеген жоқ (М. Әуезов). Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз қара бүркіт жүр. Әзір танымағандықтан таңырқауы көп болса да, дала енді ол отты өшірмейді (Ғ. Мүсірепов). Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды (Ғ. Мұстафин). 5-жұмыс. Алтынды оған дәл өз ойы қалай тілесе, түсіне де солай кірген еді. Осы түсі қайта есіне түсіп кеткенде, Ушаков әлденеден тітіркеніп те қалды. Жіңішке жирені қолына тиген соң, жігіт артына қарай-қарай ұзай берді. Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов). Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы (М. Әуезов). 6-жұмыс. Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке де ақыл сонша керек (М. Әуезов). Көмірді неғұрлым көп берсе, ақы соғұрлым көп (Ғ. Мұстафин). Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ (М. Әуезов). Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп еді (Ғ. Мұстафин). Өздік жұмыс • Сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз. • Берілген сызба бойынша сабақтас құрмалас сөйлем құрыңыз. 1-жұмыс. Ауылдан келген үш-төрт кісі, Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам жағып, көрпе салып болмай-ақ, үсті-басы қырауқырау, қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар кіре бастады. Шай қойылып, ет асылып жатыр. Қолдан келген жәрдемді, Тұр­лықұл­ дан бір кек әперуге жарасаң, сенен аямас едік (С. Торайғыров). Биылғы күз жауынды болып, шаруалар егінін мезгі­лінде жиып ала алмады. Тап желкеден төніп, құз жартас тұр (Ғ. Мұстафин). • Бағыныңқы компонент баяндауышы «үшін» шылауы 153

Бердібай Шалабай

тіркескен тұйық етістіктен жасалып, мақсаттық мағына береді. Бағы­ныңқы компонент баяндауышы шартты рай тұлғасынан жаса­лады, компоненттерінің мағыналық қатынасы – мезгілдестік. 2-жұмыс. Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құйрығын тірсегінен шорт кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, атқұлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады (М. Әуезов). Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай жер үйлер­ ді аралап кетті (Ғ. Мүсірепов). Осы адамдарға іштей риза бола тұра, Байжан олармен жолыққан алғашқы күндерін де есіне тү­ сіріп қояды (С. Мұқанов). Осы интернат ашылмағанда, консер­ вато­рияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес («Қазақ әдебиеті»). • Бағыныңқы компонент баяндауышы -п көсемше тұлғасына аяқталып, амалдық қатынас білдіреді. 3-жұмыс. Ауызғы үйде бұл жақтың белгісіндей тықыр біл­ дірмей сергектікпен тосып отырған Ербол, Абай әні шыққанда, Баймағанбетке шам жақтырды. Сирек бір қонағы келгендей, сыпайы пішінмен қарсы алды. Бұл отырыста Абайдың мұншалық ықыласына ырза болғаны білінсе де, қыздың осыдан ары сөз бетін ашқысы келмегендей. Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті (М. Әуезов). Егер Амантай қызды арашалап алып қалса, мен бір қарғыстан аман қалар ем (С. Мұқанов). • Бағыныңқы компонент баяндауышы көсемше тұлғасы (-а), мағыналық қатынасы – қарсылықты. Бағыныңқы компонент баян­­дауышы «кейін» шылауы тіркескен шығыс жалғаулы өткен шақ есімше тұлғасы, мағынасы – мезгілдік. 4-жұмыс. Үш күндей Мағаштан Әбіш жайына қанып алған соң, енді Абай сол байлауын білдірді (М. Әуезов). Заводтың бас иесі немістің капиталисі Штемберг, компанионы Кулаков болғанымен, өндірісті күнбе-күн басқару, жұмысшы жалдау, я шығару істерінің көбі Қызылжардың белгілі бай татары – Мұратов Ғабдоллада еді. Сол шатырлар біріне-бірі иін тіресе тұрғандықтан, қандай ашық күндерде қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді (С. Мұқанов). Жайлы, жылы қоныстың ішіне отты маздатып жаққызып қойып, Абай қонақтарын қағаз шаймен 154

Қазіргі қазақ тілі

сыйлатты. Бірақ бүгін де кешегідей күні бойы түлкі кездеспей, кешке жақын ғана көрінді (М. Әуезов). • Бағыныңқы баяндауышы- са тұлғалы, компоненттері шарт­ ты­лық мағыналық қатынаста. Бағыныңқы баяндауышы – септеу­ лік шылаулы өткен шақ есімше тұлғасы, мағынасы – мезгілдік. 5-жұмыс. Бұл көршілер осы көктемнен бері Абай мен Баймағанбет дөң басына шықса, қызық әңгімелер айтысып оты­ ра­тынын біледі. Баймағанбеттің әңгімесі жаңа басталғанда, бұл екеуінің қастарына отыра берген Кішкене молда, Байторылар ырза болысты. Тың адам келді екен деп, айтып отырған әңгімесінің желісін өзгертпейді. Сырласып ішті ашпаса да, Абай Әйгерімнің қандай оймен қатуланғанын ұққан еді. Тұрғанбай Жиреншеге ыза болғандықтан, Абылғазымен ақылдасайын деп отырған жерінен тыйылып қалды (М. Әуезов). 1) Жасалуы – шартты рай тұлғасы, мағынасы – салыстырмалы. 2) Жасалуы – есімше тұлғасы, мағынасы – шарттылық. 6-жұмыс. Құс ытқи бере, ойда жүрген Баймағанбеттің «кеу!» деп қалған айғайы естілді. Аңшылар қостарына келсе, Абай қосында қонақ бар екен. Ертеңінде Абайлар аңға шыққанда, Жиренше мен Абылғазы ере шықты. Абылғазының қолындағы Жиреншенің құсы тіленіп талпынса да, Жиренше оны жіберткен жоқ. Жүрек қобалжып, бас айналды (М. Әуезов). 1) Жасалуы – есімше тұлғасы, мағынасы – қарсылықты. 2) Жасалуы – көсемше тұлғасы, мағынасы – себептік.

Көп құрамды құрмалас сөйлем 

Екі құрамды



Көп құрамды

Құрмалас

155

Бердібай Шалабай

Көп құрамды құрмалас – күрделі ойды берудің айрықша тә­сі­­лі. Мұнда күрделі ойдың берілуі екі компонентпен шектелмейді,үш және одан да көп компоненттер арқылы жүзеге асады. Он­да жалпы құрмалас сөйлемге тән амал-тәсілдер арқылы байла­ны­ сып ұйымдасады (жеке өзіндік ерекше тәсілі болмайды). Олар­ ға мағына ұштастығы, интонация, орын тәртібі, баяндауыш­тың тиянақсыз тұлғалары, шылаулар, т.б. тәсілдер жатады. Көп құрамды құрмаластар компоненттерінің байланысу тәсілдерінің ерекшелігіне орай үш топқа бөлінеді: көп компонетті салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар, аралас құрмаластар.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің басты ерек­ шелігі – құрамындағы компоненттердің саны қанша болса да, олардың баяндауыштарының тұлғалары тиянақты болады. Мысалы: Белан бұлардың солдат екенін бірден білді және өзін көріп қалды деп ұқты, өзге жеті түнде атқа мініп жүретін жанның реті жоқ, көрші деревнядан келе қоярлық адамның түрі шамалы (Х. Есенжанов). Бұл құрмалас сөйлемнің компоненттерінің саны төртеу және олардың бәрінің де баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалған. Компоненттер арасындағы мағыналық-құрылымдық қатынас­ тарының сипатына орай, көп компонентті салаластарды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірыңғай қатынастағы көп компонентті салаластар, әрыңғай қатынастағы көп компонентті салаластар. Бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас компоненттері арасындағы мағыналық-құрылымдық қатынас біртектес болады: олар көбінесе ыңғайластық, мезгілдестік мағыналық қатынаста жұмсалады: Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, балуан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады (мақал). Аяқтары сидам, үлкен жарғақ құлақтары салпиған, жүні тықыр (Б.Соқпақбаев). Бірыңғай қатынастағы көп компонентті салаластар әдетте ашық құрылымды болады, олардың компоненттерінің саны 156

Қазіргі қазақ тілі

шектелмей, жалғаса береді. Компоненттерінің баяндауыштары қайталанған сөздер болса, оларды сыйыстырып та жұмсауға болады (Жүйрік шабыста, шешен айтыста, балуан күресте, батыр ұрыста сыналады). Ал әр ыңғай қатынастағы көп компонентті салаластарда ком­ поненттерінің мағыналық-құрылымдық қатынастары бірыңғай си­патта емес, әртүрлі қатынаста болады: Әлі де қала ішінде қош­ тасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес (Ғ.М.). Бергі қабағы қалың шилеуіт, жардың асты тығылыса біткен қалың тал, сондықтан да Талды атанған өткелге бұлар күн батқан соң жетті (Ғ.М.). Әрыңғай қатынастағы көп компонентті салаластардың ком­ поненттерінің мағыналық қатынастары әр алуан болғандықтан жалғастыруға келмейді, олар тұйық құрылымды болып келеді.

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем Көп бағыныңқылы сабақтастарда алдыңғы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз болып, тек соңғысы ғана тиянақты тұл­ғада тұрады. Бағыныңқы компоненттерінің өзара және басың­ қымен қатынасына қарай олар жарыспалы, сатылы және әралуан көп бағыныңқылы түрлерге бөлінеді. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың бағының­қы­ лары бірыңғай не әрыңғай мағыналық қатынастарда жұмсалады. Бірыңғай қатынастағы жарыспалы бағыныңқылар өзара ың­ ғайластық не талғаулық қатынаста тұрып жұмсалады: Шашының ағы көбейіп, бетіндегі әжімдері тереңдеп, бір түн­­ нің ішінде қартайып кетіпті (М.Ә.). Ол бұл жерге, Абайды ке­рек еткен адвокат келсе не тергеуші начальник келсе, кіретін (М.Ә.). Бағыныңқы (1)  Бағыныңқы (2) 

Басыңқы

157

Бердібай Шалабай

Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың бұл түрінде ба­ ғы­ныңқы компоненттердің орнын бір-бірімен ауыстыра беруге болады. Әрыңғай қатынастағы бағыныңқылардың орналасуы екі түрлі сипатта болады. Бір жағдайда бірыңғай қатынаста жұмсалған жарыспалы бағыныңқылармен бірдей болып келеді: Жас жігіт ғашықтық сырын айтқанда, жауап бере алмаса да, қыз жүрегі толқып келеді (Т. Ахтанов). Екінші жағдайда бағыныңқыларының орнын ауыстыруға болмайды: Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілінде соның аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр (М.Ә.). Сатылы көп бағыныңқылардың бағыныңқы компоненттері бір-біріне сатылай байланысады. Мысалы: Тай бұдан құтылмақ боп, нелер қиястық жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан қолма-қол тәсіл жасайды (М.Ә.). Бағыныңқы (1) → бағыныңқы (2) → басыңқы Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқылары өзара әркелкі емес, біркелкі мағыналарда да жұмсалуы мүмкін: Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарынан онон бес кісі боп бөлек атанып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан оқшауырақ шығысты (М.Ә.). Сым қайта-қайта үзіліп, телефон жұмыс істей алмаған соң, Есей полк командиріне адам жүгіртіп еді (Ә.Нұрпейісов). Әралуан көп бағыныңқылы сабақтастардың компоненттері жарыса да, сатылай да байланысады. Мысалы: Әлдеқайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеуі қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылысып кетіп, тымық түнде жұлдызды аспанға биіктей көтерілген ән құлағына шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз, бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың (С.М.).

158

Қазіргі қазақ тілі

Аралас құрмалас сөйлем Құрамына енген компоненттері бір-бірімен салаласып та, са­бақтасып та байланысатын құрмалас сөйлемдерді аралас құр­ малас сөйлем деп атайды. Аралас құрмалас құрамындағы компоненттерді бір-бірімен байланыстыратын амал-тәсілдер салалас және сабақтас құрмалас компоненттерін байланыстыратын амал-тәсілдерден тұ­рады. Сондықтан аралас құрмалас дегеніміз құрмалас сөйлем компо­ нент­терін байланыстырудың үшінші бір тәсілі емес, сол салалас­ тыра және сабақтастыра байланыстыратын тәсілдердің бір құр­ малас сөйлем бойында қолданысы болады. Ежелден мәлім: қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мол шығасылы болмақ (М.Ә.). Абай асықпай киініп боп, енді үйіне қайтпақ боп артына бұрылып еді, – жар жағасына Тәкежан кеп тұр екен (М.Ә.). Алғашқы сөйлемде бірінші компонент салаласа, екінші және үшінші компоненттер сабақтаса байланысып тұрса, екін­ші сөй­ лемде бірінші, екінші компоненттер өзара сабақтаса, үшін­шісімен салаласа байланысқан. Көп компонентті құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлемнің өзіндік белгісін, оның дара құрылымды құрмаластардан ажыратып тұратын айырым құрылымдық әрі мағыналық ерекшеліктерін түсіну, түрлерін саралап талдау. Тақырыптың дәйектемесі: Оқулықтарда көп компонентті құр­ малас сөйлемдер өз алдына арнайы бір тип ретінде қаралмайды. Еңбектерде көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдер жеке-жеке қаралғаны болмаса, олар көп компонентті құрмаластың түрлері ретінде ортақ белгілері тұрғысынан топтастырылмай келеді. Тапсырма сұрақтар 1) Көп компонентті құрмаластың өзіндік ерекшелігі, құрылымдық 159

Бердібай Шалабай белгісі, түрлері. 2) Көп компонентті салаластар және ол жөніндегі пікір­ лер. Ашық құрылымды салаластар, олардың көп компонентті салаластар­ дың басқа түрлерінен ерекшелігі. Көп компонентті салаластардың мағына­ лық-құрылымдық ерекшеліктері. Көп компонентті салаластардың сыйы­сып жұмсалуы. Ол жөніндегі пікірлер. 4) Көп бағыныңқылы сабақтастар, түр­ лері, зерттелуі. 5) Аралас құрмалас сөйлемдер, ол жөніндегі пікірлер. Әдебиеттер: 1. Төлегенов О. Қазақ тіліндегі күрделі құрылымды салалас сөйлем тура­лы. – Қазақ филологиясының мәселелері. (ҚазГУ-дің жинағы). 1979. 121-130-беттер. 2. Мамытбеков Қ. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты жайында. – Қазақстан мектебі, 1976. №10. 3. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. 1948. 4. Төлегенов О. Қазақ тіліндегі салалас сөйлемдердің сыйысыңқы құры­ лыста жұмсалу жолдары. – Қазақ филологиясының мәселелері. (ҚазГУ). 1979, 108-120-беттер. 5. Төлегенов О. Қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сөйлемдер. Қазақ тілі мен әдебиеті (КазГУ), І-шығуы, 1972. 6. Ағыламов Б. Қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сабақтастарды зерттеу мәселесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері» ҮІІ шығуы, 1970. 7. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971, 256259, 284-291-беттер. 8. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ Синтаксис. 1967, 190-191, 220-224-беттер. 9. Салиева Ұ. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері (методикалық талдау). 1986. 10. Шалабаев Б. Құрмалас сөйлем құрамына бірер сөз. – Қазақстан мектебі. 1982, № 8. 11. Сағындықұлы Б. Құрмалас (аралас) сөйлемнің теориялық негіздері. – Павлодар, 2002.

Өздік жұмыс Көп компонентті құрмаластардың типін (көп компонентті са­ лалас, көп бағыныңқылы сабақтас, аралас құрмалас), неше ком­ поненттен құралғанын анықтаңыздар. Олардың тыныс бел­гіле­рі­ не, интонациясына, компоненттерінің құрылымына, орнала­суы­­­на көңіл бөліңіздер. Оларды сызбаға түсіріңіздер. Сыйы­сып жұм­­ салған құрмаластарды анықтап, жайылыңқы түрде құры­ңыз­дар. Әдетте мұндай ірі қонақтар чемодан көтеріскен қызмет­ ші­лерге қалтасынан суырып, «чаевые» деп, ақша ұстатар еді, 160

Қазіргі қазақ тілі

Түркістанның президенті ондай рәсімді білмей ме, білсе де сараң ба, әйтеуір ырым жасамады. Бүгінгі таңда ол тым ерте, Мәскеудің аспаны енді-енді бозара бастағанда-ақ тұрды да, жақсылап моншаға түсіп, өте мұқият жуынды. Бірақ дағдарыс лезде өте шығып, бойын билеп алып, Лениннің ұсынған қолын қос қолдап алды (Ш. Мұртазаев). Көтібақтан Жиренше, Бөкеншіден Күнту, Есболаттан жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді Оразбай отыр (М. Әуезов). Қоғам үлкен бе, кіші ме, ойлы ма, өнерлі ме, сол қоғамның алыс-жақын арманына ортақпысың, жоқпысың, өзім деген әміршің өзіңнен өзгенің қайғы-қуанышына қалтқысыз ортақ ете ме, жоқ па – бәрібір әркімнің сол қоғам ішінде өз үйірі, өмір ішінде өз түкпірі, өз қайғысы, өз қуанышы бар. Сондай жанның бірі Сикорскийдің де өз мұңы, өз көздегені, өз үйірі бар еді. Ойланып қараса, негр, индеец, араб, қытай халықтары жайында көп нәрселерден хабары бар екен де, Россияның бір халқы қазақ жайында ешнәрсе оқымаған да білмеген екен. Бұл ойында шындық дәні барлығын сезінсе де, бауырмал жүрек бүкіл бір халықты ешнәрсе жасай алмаған деуге қия алмай, басқа себептерді кеңірек, жайылып іздестіреді (Ғ. Мүсірепов). Өздік жұмыс Көп компонентті салаластардың құрамын, құрылымдық ерек­ шелігін, компоненттерінің байланыстарын, мағыналық қаты­ настарын және тыныс белгілерін түсіндіріңіздер. Қандай инто­ нациялық жіктерге бөлінген, оның себептері не? 1-жұмыс. Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ, Әбдірах­ манның тұла бойын, жүзін шарлап қарады. Белан бұлардың солдат екенін бірден білді және өзін көріп қалды деп ұқты, өйткені солдаттардан өзге жеті түнде атқа мініп жүретін жанның реті жоқ, көрші деревнядан келе қоярлық адамның түрі шама­ лы (Х. Есенжанов). Кілем-көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектің бәрі бар, артық ешнәрсе жоқ. Үлкен қуанышымды іште іркіп отыр едім – сыймайды, айтайын (Ғ. Мүсірепов). Құсбегінің бұл сөзі өзін қанша жұбатқа­­нын кім білсін, бірақ Абай мен Жиреншені иландыра алған жоқ, 161

Бердібай Шалабай

өйткені, Жиренше бүгін бұларды мықтап жеңіп, табалап тұр (М. Әуезов). 2-жұмыс. Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен бричка, тачанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, ішінде 15-20 адам бар (Ғ. Мұстафин). Әлі де қала ішінде қоштасатын жер­ле­ ріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойынымыз бұрылар емес. Қазақтың шынын айтқы­ затын екі нәрсе бар, соның бірін қолданып көріп ем, ештеңе шы­ ғара алмадым (Ғ. Мүсірепов). Шырамытып тұр едім, енді анық таныдым: Әкбар! Исі де бөтен, жер май саси ма, әлдеқалай бұрын мұрны сезбеген жат иіс (Ш. Мұртазаев). 3-жұмыс. Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ (М. Әуезов). Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да (Ғ. Мүсірепов). Ұлы Табал­ дырықтан аттағандағы мақсат – Рысқұлов өзіне қызмет сұрап келген жоқ, пәтер тілемейді, жалақымды көбейт демейді, атақ-дә­ реже тілемейді. Кемпір шешесін іздеп шығып кеткен шығар, бұл да көйлекшең екен, жақ жүні үрпиіңкіреп кетіпті (Ш. Мұртазаев). Аяқтары сидам, үлкен жарғақ құлақтары салпиған, жүні тықыр (Б. Соқпақбаев). 4-жұмыс. Мынау үйлер «там» десе дерлік үйлер екен: бәрі де балшықтан соғылған тапалтақ, әйнектері кішкене, төбелері жайпақ (С. Мұқанов). Бергі қабағы қалың шилеуіт, жардың асты тығылыса біткен қалың тал, сондықтан да Талды атанған өткелге бұлар күн батқан соң жетті (Ғ. Мүсірепов). Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп (Ғ. Мұстафин). Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ (М. Әуезов). Мұнда бақ күтушінің шаппалы пышағы да болатын, бірақ пышаққа онша сене қоймады, сондықтан да балтаға біржола тоқтаған (Ф. Достоевский). 5-жұмыс. Рысқұловтың ә дегенде көзіне айрықша түскен нәрсе: Чичериннің кабинеті басқа наркомдардікіндей емес, стол үсті, тіпті терезенің алды үйме-жүйме қаптаған кітап, түрлі газеттер (Ш. Мұртазаев). Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс 162

Қазіргі қазақ тілі

бар да, бала кірісетін іс бар, сондықтан екі арасын айыра білу керек (М. Әуезов). Қызу жұмыс, мол өнім, әдемі киінген адамдар жоқ (Ғ. Мұстафин). Мейлі портреттерді өрнектесін, мейлі таби­ ғат көріністерін берсін, оларды бір-бірімен контраста алады («Біздің Мұхтар»). Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып еді – Қартқожаның ол ойы болмады, ауылдың сиыры қаптап кетті (Ж. Аймауытов). 6-жұмыс. Бастарында –жалтылдаған темір дулыға, үстерінде – жалтылдаған темір сауыт, белдерінде – жалтылдаған кісе... (Ә. Кекілбаев). Жай күрсініс пе, әлдеқалай уайымның уыты ма, кім білсін. Уайымның да уәжі бар: іштегі бала бір уайым, сырттағы бала екі уайым (Ш. Мұртазаев). Шал кісі, күпісі жыртық, сақалы ұйысқан, жыртық көйлектен өңеші сорайып көрініп тұр. Баяғы көңілі қалғандығы бар ма, әлде басқа себеп болды ма – Раушан Бәкенге тіс жарып сөз айтпады (Б. Майлин). Оларға ар не, жан­ ашыр не, әділет не? (М. Әуезов). Өздік жұмыс Көп бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын, түр­ле­ рін, компоненттердің қарым-қатынасын, орын тәртібін талдап тү­ сіндіріңіздер, оларды сызбаға түсіріңіздер. 1-жұмыс. Даниярдың үйіне Әбішті іздеп Кәкітай келгенде, мезгіл кеш болғанымен, бұл үйдің іші әлі жатқан жоқ сияқты. Үлкен кісілер кеп, әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат өліп, аналар көңілін уайым басқаннан бері, Абай әке қаракетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалған-ды. Жандаралдың Абайды қандай мінезбен ерткенін әлі аңғарған кісі жоқ болса да, кейінгі болыстар мен билер, қастарынан Абай өте бергенде, шетінен оған құрмет көрсете бастады. Тау басына бүркітін алып, Тұрғанбай жеткенше, Баймағанбет қорым тасты қағуға кіріспей, бір орында жым-жырт шыдап, Қарашолақтың томағасы тартылғанын тосып тұр екен. Бұл уақытта қатайып жел шығып, ұшқындай қар жауып, айнала түгел қарлы мұнармен қоршалып апты (М. Әуезов). 2-жұмыс. Ол, Қарашолақ қосқа кірісімен, Абылғазыны ақы­ рын түртіп қойып, құсқа қарай ымдаған. Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарымен он-он бес кісі болып бөлек ат­ танып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан оқшауырақ шығысты. 163

Бердібай Шалабай

Абай мен Ербол қатты желіп, қатар келіп, Абылғазының қасына тақай бере, төменде, жап-жақын жерде, қызарып тұрған терезенің отын көрді (М. Әуезов). Күн бұлттанып, терістіктің ызғарлы желі теректердің қураған жапырағын жамыратып, бойды суық шалғандай болды. Дүниеде не қиын? Ғұмыр атты ұзын жолда тым алысқа кетіп қалып, кенет артыңа бұрылып қарағанда, көз ұшында бала көрінбесе – сол қиын (Ш. Мұртазаев). 3-жұмыс. Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілімен соның аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр. Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда, іші құсаға толып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын тартты (М. Әуезов). Қазақ ауылына барғанда, көмір бар ма, күміс бар ма деп, сұрай бастасаң, хауіптеніп бастарын шайқайды (Ғ. Мүсірепов). Алдына кім келсе де, қандай ой, қандай пиғылмақсатпен келсе де, Ленин ол адамды өзінің отымен тазартып алады екен. Алыстағы Ескендірге деген сағыныш білінбейбілінбей келіп, енді кеудесін керіп кеп кеткенде, Рысқұлов мына «Метрополь» мейманханасының кең бөлмесінен ауа жетпей тұншығып бара жатқандай, жүгіріп барып, үлкен терезенің жақтауын айқара ашып жіберді (Ш. Мұртазаев). 4-жұмыс. Мамайдың жесірін аздырып, Құнанбай баласына әпермек боп ел ішіне алалық салды деген сөз шығатын болса, олЖиреншенің өзіне де мін болар еді. Өзі қатты шаршап келсе де, Ербол Абай жәйін бағып, жөнді ұйқы ұйықтамады. Жан-жағына үйілген қар, қыс басынан бір күрелмегендіктен, қораның үстіне шығып, біржола басып алған (М. Әуезов). Москвада, Лениннің алдында, Саяси бюрода Түркістан ай­ ты­­сы болмағандай, Ленин бірлікке, татулыққа шақырмағандай, Тү­рік­комиссия әміршіл, бұйрықшыл, өктем күйіне қайта басты. Ша­руаның қыры-сырын бес саусағындай білсе де, тәпе-тән­нен ау­зы­на сөз түсіңкіремей күмілжіп, сәл іркілістен соң қазір­гі ша­ руаның хал-жайын өз білгенінше анықтап берді (Ш. Мұртазаев). 5-жұмыс. Қайын атасы күн сайын құлағын мүжи берген соң, менің апамның да тілі шығып, қарсы жауап қайыратын бопты... Бұл күнді атап өтуге өздері жылда дайындалып, бірі жетсе, бірін жеткізе алмай қоятын-ды (С. Мұқанов). Бірінен бірі естіп қалып, аттысы-атқа, атсызы-өгізге мініп, тіпті жаяу-жалпы жүгіріп, 164

Қазіргі қазақ тілі

«кере­метті» көруге жолға шығып әуре етті (Ш. Мұртазаев). Теңіз жағасындағы елдер, үлкен бір кеме келгенде, темір жол бойын­ дағы заводтар, арнаулы эшелоны келіп қалғанда, қандай қуанса, Ақбұйрат заводының бастықтары, Ыбырай кіресі келгенде, сон­ дай қуанатын еді. Айтысар сөздер көп болғанмен, айта алар тіл та­былмай, екі жақ та тез айырылысып қалды (Ғ. Мүсірепов). 6-жұмыс. Олар танысып болғанша, кең шалбарының қал­та­ сына қолын сұғып, ойын бұзбастан ерсілі-қарсылы біраз жүрді (Ғ. Мұстафин). Аяғын ептеп басуға тырысқанымен, ешкі майы сіңген саптамасы сіресіп, темір жамалған өкшесі қозғалса-ақ, жанжал шақырып тұр (К. Оразалин). Бойы биіктеп, шоқтығы шығыңқырап, қазіргі Абай тіпті ажарланып алған (М. Әуезов). Рысқұлов машинаны тоқтатып, аяқ жазайын деп, жерге түсті. Сонымен, қасына қарулы көмекші алып, Надя екеуі; шофер­ мен төртеуі Ташкеннің у-шуынан сырғып шығып, теріскейді бетке алғанда, алдыдан жасыл-сары кең дала көсіле берді (Ш. Мұртазаев). Өздік жұмыс Аралас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін, компонент­ тердің байланысу тәсілін, мағыналық қарым-қатынасын түсін­ді­ ріңіздер, сызбасын жасаңыздар. 1-жұмыс. Жаздыгүні ауылдың шаруасы саябырлады да, енді тыныштық-демалыс кезіне шыққан соң, болыс Бақтығұлды «ел жұмысы» дейтін болыстың кеңсесінің керегіне жарата бастады (М. Әуезов). Арғы сөзге үлгермей, Айбарша кіріп келді де, «ас даяр» деп дастархан төседі, қызметкер әйел буы бұрқыраған қуырдақты табақпен көтеріп келді. Көшпелі ел жайлауға бармақ, күздікке келмек, мал тісі қайда айдаса, иесі соған ере бермек, Игіліктің жүзінде осы ғана (Ғ. Мүсірепов). Кім екенін білу үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей, жолдан қырындап кетті (С. Мұқанов). Манкенттің шырын алма-жүзімі, қауын-дарбы­ зы аңқып тұрғандай-әсерден айыға алмай, конвертті ашты (Ш. Мұртазаев). 2-жұмыс. Күннің бұлыңғырынан ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір боран басылғанмен, болжап болмастай қою сұр мұнар 165

Бердібай Шалабай

қоршауында тұр. Абайдың баласы аталғанымен, Ақылбай оның тәрбиесінде емес, Нұрғаным қолында Құнанбайдың кенжесі есебінде өскен (М. Әуезов). Сонда барып Рысқұлов сүзектің сы­ рын аңғарып, пойыз бастығына қатаң тапсырды: купеге ешкім кірмесін, жұқпалы сүзек, енді пойыздағыларға тарап кетсе – сол қиын (Ш. Мұртазаев). Сәске мезгіл еді, әжесі: «сиыр суға келді» деген соң, Қартқожа құдық басына жөнелді (Ж. Аймауытов). 3-жұмыс. Шәкеннің ақылы жүрісті тоқтату емес, бірақ қатты жүрмей, баяу жүріп, ілгері жылжи беру болды (М. Әуезов). Қақ­ паны ашып қарап еді, әуелі көзіне серейген мылтықты солдат шалынып, жүрегі зуу ете қалды: «Жерді тартып алуға келген Клевенковтың адамдары ма?». Темірдің аты темір ғой, ол арқылы ешқандай белгі таппағандай, енді шашты сипалағанда туыстық бір ыстық сезім алақанын жылытқандай, әлдебір түсініксіз түйсікпен, бұл адамның ең жақын жан екенін ұққандықтан ба, әлде Рысқұловтың қайратты шашы нәзік алақанын қытықтады ма – бала жымиғандай болды (Ш. Мұртазаев). Тағы бір жаманы – қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалады. Бір аяқ қымыз ішті де, Қартқожа жүген алып, қотанда үйездеп тұрған көк құнанын ұстап, үй қасына алып келді (Ж. Аймауытов). 4-жұмыс. Жүністің үстінен бір бет қып материал жіберді, ол шығар болса, бірсыпыра кісілер қараланбақ (Б. Майлин). Бала осы сөзді айтып болып, шешесінің зілімен Абайларды мұқатқандай кекесін жүзбен енді ғана күлді де, атының басын ірке беріп еді (М. Әуезов). Шаруаның жайы мынадай, реніш анадай болған соң, «оқимын» деп бекінген Қартқожаның үні өшті, тілі күрмелді, ойын тұман басты, іші-бауыры, өзегі өртелгендей болып, иығы түсіп, еңсесі салбырап кетті (Ж. Аймауытов). Зал жамырай қол соғып жіберді. Сірә, әділет аңсаған, жақсылыққа сусаған жұрт болуы керек, қол дүркіреп соғыла берген соң, Каменев тағы да қоңырау қағуға мүжбүр болды (Ш. Мұртазаев). 5-жұмыс. Жазасы сол, Ыбырай құптамаса, ұстамасын екі бүлікті (М. Әуезов). Қартқожа ауылының бір баласын Жұмат деген бала ұрып жатқан соң, болысайын деп еді, Жұмат қарулы бала- желкеге қойып-қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын даладай қып қанатып кетті. Қартқожа жанталасып, мықшыңдап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, 166

Қазіргі қазақ тілі

сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел келмеді. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. Төңірекке қарады да, күзетшінің даусы естілмеген соң, сызыла басып үй артындағы жарлауытқа таман аяңдады (Ж. Аймауытов). 6-жұмыс. Аман атын жетелеп жақындап еді, аты осқырған соң, тұрып қалды (Ғ. Мұстафин). Қайраңның мөлдірлігі сондайбетінде жүрген үйрек сүңгіп кетсе, су астында қайда бара жатқандығы көрініп тұрады (С. Мұқанов). Асқар айтып тұрғанда, Кошкиннің зәресі кеткені сондай- егер жер тесік болса, еніп кетер еді (С. Мұқанов). Бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын (Ғ. Мұстафин).

Бөгде сөз және оны берудің жолдары Жай сөйлем синтаксисін сөз еткенде болсын, құрмалас сөйлем синтаксисін сөз еткенде болсын, ондағы сөйлемдердің кімдікі екендігіне (кім айтқандығына), қандай жағдайда қалай айтылғанына мән берілген жоқ. Бірыңғай, белгілі бір адамға (автор не кейіпкер) тән сөйлемдер алынып, солардың құрылысы талданады. Ал сөйлеу үдерісі тек біржақты, бір адамның ғана сөзінен жасалмайды. Онда бірнеше субъектінің сөзі бір сөйлемнің құрамында араласып келетін жайттар да молынан кездеседі. Кез келген ауызша не жазбаша сөз белгілі бір адамның (не бір адамның атынан сөйлейтін ұжымның) сөйлеу қызметінің жемісі. Сондықтан сөйлеуде адамның жеке басының ерекшеліктері, психологиялық және әлеуметтік болмысының сипаттары көрініс табады. Сол арқылы ол адамның ерекшелігін (кім екенін) танимыз (іс-әрекеті арқылы қалай танысақ, сөзі арқылы да солай танимыз). Осыған байланысты сөйлеген сөздің мазмұны ғана емес, берілу тәсілі де (яғни сөйлеу формасы) мәнді болады. Қарым-қатынас жасау үдерісінде біз өз сөзіміздің ішінде бөгде адамның сөзін беру қажеттілігімен жиі кездесеміз. Сондай кезде, бір жағдайда, ол адамның сөзінің мазмұнын ғана емес, тұлғасын да айнытпай дәл беруге (сөздік құрам, грамматикалық құрылысын) ұмтылсақ, енді бір жағдайда мазмұнын берумен ғана 167

Бердібай Шалабай

шектелеміз. Сөйлеу жағдайына қарай кейде бөгде адамның сөзін дәл беру міндетті болса, кейде міндетті болмайды. Міне, осындай ерекшеліктерге сәйкес тілде бөгде адамның сөзін берудің жолдары, тәсілдері жасалып қалыптасқан. Ондай тәсіл негізінен үшеу: 1) тура, дәл беру тұлғасы (төл сөз); 2) жана­ ма беру тұлғасы (төлеу сөз) және 3) ортақтасып беру тұлғасы (ортақ төл сөз). Төл сөзді сөйлемдер бөгде сөзді дәл беру үшін құрылса, төлеу сөзді сөйлемдер бөгде сөздің тек мазмұнын беруге құрылған, ал ортақ төл сөз автор мен кейіпкердің сөзін ортақтастырып беруге арналған. Төл сөз Төл сөзді сөйлемдер екі бөліктен тұрады: бір бөлігінде, ол – автор сөзі, бөгде сөздің қайдан шыққаны, кімдікі екені берілсе, екін­ші­­ сінде – төл сөзде – бөгде адамның сөзі айнытпай беріледі. Мысалы: – Уықтары қарына дейін алтын, жоғарғы жағы күміс білем! – деді Күреңкөз қожа. – Жоқ, Қожеке, бізге ол ысыраптың лайығы жоқ қой... Әр түр­лі сыр бояу ғой әншейін, – деп, Игілік сыпайы жауап берді (Ғ. Мүс.). Төл сөздің екі түрі бар: «дәйексөз» түріндегі төл сөз, «диалог» түріндегі төл сөз. «Дәйексөз» түріндегі төл сөз көбіне ғылыми, саяси-публистикалық әдебиеттерде қолданылып, автор оны өз пікірін дәлелдеу үшін пайдаланса, «диалог» көркем шығармаларда екі немесе одан да көп адамдардың өзара сөйлесулері түрінде келеді. «Дәйексөз» негізінде тырнақшаға алынса, «диалог» сызықша арқылы белгіленеді. Мысалы: «Әдеби тілдің тарихын айқындаудың қиын екені рас, – дейді проф. М. Балақаев. – Оның қиындығы әдеби тілдің нелерден құралатынын айқындаудың да қиындығынан тұрады (Ғылыми әдебиеттен) – Айт құтты болсын! – Айтсын, жақсылығы бірге болсын! – Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар...(Б.М). Диалогтағы автор сөзінің қызметі негізінен мыналар: 1) біреу­ дің сөзі айтылды ма, не енді айтыла ма, немесе ойы түрінде бола ма – соны білдіру; 2) төл сөздің кімдікі екенін білдіру. Осыған 168

Қазіргі қазақ тілі

бай­ланысты автор сөзі әдетте төл сөздің кімге жататынын біл­ діретін (зат есім, есімдік) сөз бен сөйлеу, ойлау мағынасындағы сөзден тұрады («деді Күреңкөз қожа»). Одан басқа автор сөзінің ішінде төл сөздің кімге бағытталғанын, оның айтылуына бай­ла­ нысты әр түрлі жағдайларды бейнелейтін сөздер де тұруы мүм­кін. Мысалы: 1) Мағауия Көкбайға қарап: – Көке-ау, оны ай­тасың, тіпті бар өлеңін өзі алып қойғанын қайтесіз! – деді (М.Ә). 2) Шұбар ақын мұң шаққандай болып: – Тәуір, жаманын қайдан білейін. Әйтеуір былай бір «Сегіз аяқ» деген жаңа уәзіңді бір өлең жазып апарып көрсетіп ем, «Сегіз аяқ» былай жазылмайды, мұны мен жазамын деп алып қойды-ау шалың! – деп қыжылана күледі (М.Ә). Автор сөзінің төл сөзге қатысты орналасу реті мынадай: 1) алдыңғы шеп (автор сөзі: төл сөз); 2) кейінгі шеп (төл сөз, - автор сөзі); 3) ортаңғы шеп (төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз); 4) аралас шеп (автор сөзі: төл сөз, - автор сөзі). Бұл орналасу реттерінің әрқайсысы автордың көздеген мақ­ сатына, нені қалай айтқысы келетініне, сөйлеу, жазу мәнеріне, т.б. жағдайларға байланысты. Төл сөздің құрамы, құрылысы, модалдік, шақтық белгілері, интонациясы әр түрлі болады. Оның құрамында әр алуан қарат­ па, қыстырма, одағай сөздер, тағы да басқа жанды сөйлеу тілі­не қа­тысты элементтер қолданыла береді. Сөйлем түрлері де мақ­са­ тына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып келеді. Төл сөз бен автор сөзін негізінен «де» көмекші етістігі байла­ ныс­тырады. Төл сөздің өзіне тән тыныс белгілері де бар. Ол төл сөздің мағынасына, автор сөзіне қатысты орналасу ретіне байланысты болады. Раушан күрсінді. Шелегін теңселтіп тұрып: – Қайнаға, шыңызды айтыңызшы, мал алуыңыз рас еді ғой! – деді. – Сенің онда нең бар? – деп Бәкен ежірейе қарады. – Келін менің сөзіме түсінбей тұр, – деп Дәмесін кеңкілдеп күлді. – Жоқ, қайнаға, түсініп тұрмын. – Ендеше, несін сұрайсың, мөріңді бас та бер, – деп Бәкен тағы кірісті (Б.М). 169

Бердібай Шалабай

Төлеу сөз Төлеу сөз – бөгде сөзді берудің өзіндік бір тәсілі, мұнда бөгде біреудің сөзі төл сөздегідей ерекшеленбейді, ал автор сөзімен бірігіп, бір құрылым бойында өзгертіліп беріледі. «Біреудің сөзі автор сөзімен логика-грамматикалық жақтан толық ұласып, мағыналық-интонациялық бірлік құрайды» (А. Әбілқаев). Төл сөз бен төлеу сөз сөйлеуші адамның не жазушының өз сөзі ішінде басқа біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тәсілі. Мысалы, Төл сөз: – Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға (Б.М.). Төлеу сөз: Шұға аттан түсіп жатқанның кім екендігін сұрады. Олардың арасындағы айырмашылықтар: 1) Төл сөзде сөйлеуші я жазушы басқа біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз келтірсе, төлеу сөзде автор өз сөзімен өзгертіп береді. 2) Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол екеуінің жігі айқын ажыратылады. Төлеу сөзде автор сөзімен араласып тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. 3) Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) болады, төлеу сөзде олардың барлығы хабарлы сөйлемге айналады 4) Төл сөзде эмоциялық-экспрессивтік, модалдік ерекше­лік­ тер сақталады, төлеу сөзде олар болмайды, эмоциясыз бейтарап мәнде жұмсалады. 5) Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан да ерекшеленеді: төл сөз үш жақта да қолданылса, төлеу сөз тек үшінші жақта айтылады. 6) Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік жалғаулы анықтауышқа, ал баяндауышы табыс септік жалғауын жалғап не туралы, жөнінде, жайында шы­лау­ ларын тіркестіріп толықтауышқа айналады. Мысалы: «Асқар Алматыға кетті, – деді әкесі. Әкесі Асқардың Алматыға кеткен­ дігін (кеткендігі жөнінде) айтты.» Ортақ төл сөз Бөгде сөзді берудің үшінші бір тәсілі ортақ төл сөз деп атала­ ды, ол көркем әдебиет тілінде және ішінара публицистикалық 170

Қазіргі қазақ тілі

шығармалардың тілінде кездеседі. Ортақ төл сөздің сыртқы құрылымы автор сөзіне ұқсас, өйткені сөз мазмұны кейіпкердікі болғанмен, ол төл сөздегідей автор сөзінен ерекшеленіп тұрмайды. Баяндау үшінші жақпен беріледі, алайда кейіпкер сөзінің кейбір лексика-грамматикалық, интонациялық ерекшеліктері сақталады. Бұл – көркем әдебиеттегі кейіпкерлерді сипаттаудағы ерекше тәсіл. Ортақ төл сөздің көмегімен жазушы өз кейіпкерінің ойлау, сезіну ерекшеліктерін береді, яғни өз баяндауының ішінде кейіпкерлерге тән ойлау, сөйлеу ерекшеліктерін кіргізіп, сол арқылы кейіпкердің мінез-құлқын ашады. Мысалы: Бәкен осыны ойлап, бетті үйге қарай түзей берейін дегенде, Күлипа бұрқыратып тағы бір хабар жеткізді: – Масқара болыпты: келінді болыс шақыртып жатыр дейді; келсін деп айтыпты дейді, оңаша сөйлесетін сөзім бар деп айтыпты, – дейді... Күлзипаның «дейдісі» біте ме, «дейдісінің» аржағы бұрқырап жатқан өсек, көбін тыңдаудан түршігесің... «Шақыртуы мүмкін. Бірақ маған айтпай қалай кете қояр екен?.. осыны сылтау қылып тағы келмес пе екен?» деп өзі келгелі отырған Бәкен кенет екінші ойға түсті. Осы ойын өзі қуаттап, екі көзі есікте болып, Раушанды күтті де отырды. Кеш болды. Шам жағылды. Солаңдап жүрген бірен-саран қыдырмалар, бірі келеді, бірі кетеді... бірақ Раушан жоқ! Соңғы абзацтан басқасы автор сөзі мен төл сөзден құралған сөйлемдер, ал соңғы абзац ортақ сөзге жатады, өйткені автор сөзі мен кейіпкер ойы бірігіп бір құрылымда беріледі.

171

Бердібай Шалабай

Мәтін синтаксисі Күрделі синтаксистік тұтастық Сөйлем мен сөз тіркесі – синтаксистің маңызды бірліктері еке­ні белгілі. Сонымен қатар тілдің жанды қызмет ету аймағына қатысты алғанда, сөйлемдердің өзара мағыналық және құрылым­ дық жағынан тығыз байланысқан күрделі топтарын зерттеудің маңызы өте зор. Сөз тіркестерін сөйлемді құрайтын құрылымдық материал ретінде алып қарайтын болсақ, сөйлемдерден бүтін бір тұтас шы­ ғарма жасалады. Әдетте, кейбір жағдайды ескермегенде, өз­ара қарым-қатынас жасау үдерісінде белгілі бір мазмұн, идея жеке сөйлеммен беріліп қоймайды. Олай болған жағдайда қарымқатынас жасау үдерісі үзіліп қалған болар еді. Сондықтан ой алысу үдерісі мейлі ауызша түрде болсын, мейлі жазбаша түрде болсын (ғылыми еңбек те, көркем шығарма да ой алысу) жеке сөй­леммен шектелмей, ондаған, жүздеген, мыңдаған сөйлемдер тобы арқылы жүзеге асады. Ол сөйлемдер өзара байланыссыз шым-шытырық, тәртіпсіз орналаспайды, мағыналық жағынан тығыз жымдасып, жеке бір сүбелі ойлар төңірегіне топтасып тұрады. Әрбір жеке сөйлем мағыналық не құрылымдық жағынан оқшауланып қалмай, сондай күрделі бірліктер тобына қатысты болып келеді. Сонымен, кез келген тұтас сөйлеу өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің топтарына жіктеледі. Ондай сөйлем топтары жеке сөйлем мен тұтас шығарманың арасын жалғастырушы бірліктер қызметін атқарып тұрады. Міне, осы бірліктерді күрделі син­так­ систік тұтастықтар дейміз. Күрделі синтаксистік тұтастық кем дегенде екі сөйлемнен құра­­ лады. Олар мағыналық бірлікте болып, күрделі бір ой төңіре­гіне топтасып тұрады. Әрбір күрделі синтаксистік тұтастық бір-біріне салыстырмалы түрде бағынышсыз болып келсе, күр­делі син­так­ систік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер олай емес, бел­гілі бір лекси­ калық және синтаксистік тәсілдер арқылы тығыз жым­дасып келеді. Күрделі синтаксистік тұтастық категориясын зерттеудің құн­­ды­лығы сонда, бұл арқылы біздің синтаксистің көптеген мәселеле­ріне ең алғашқы көзқарасымыз өзгеріп, көптеген ұғым172

Қазіргі қазақ тілі

түсі­ніктеріміз кеңейіп, оларға жаңаша тұрғыдан қарайтын бола­ мыз. Мысалы, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықтың бөлше­ гі ретінде алып қарайтын болсақ, онда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, интонациясы деген мәселелерге де жаңаша тұрғыдан қараймыз. Өйткені бұлар сол сөйлемнің көршілес сөйлемдермен байланысы арқылы анықталып отырады. Шындығына келгенде, біздің мәнмәтіннен бөліп алып тал­ дайтын сөйлеміміз – өлі сөйлем. Кез келген сөйлем өзінің түр­ лі мән-мағынасын, рең-құбылысын, эмоциялық бояуын, ырғақ­ тық-интонациялық құрылымын тек сол күрделі синтаксистік тұтастықтың құрамында ғана алады. Сондықтан тілдің көптеген мәселелерін ашып зерттегенімізде, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықтың бөлшегі ретінде алып қараудың мәні зор. Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастық деп, бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін, сөйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз. Күрделі синтаксистік тұтастықтың мағыналық және кұры­ лым­дық белгілеріне келетін болсақ, ең алдымен, ол мағыналық бір­лікке ие. Оны құрайтын сөйлемдер негізгі бір ой төңірегіне топ­тасады. Бірақ күрделі синтаксистік тұтастық ой бірлігімен ғана сипатталып қоймайды, сол ойдың аяқталуымен де сипатталады. Мағыналық жағынан аяқталғандық сөйлемге карағанда, мұнда басым сезіледі. Екіншіден, күрделі синтаксистік тұтастық бір­ тұтас интонациялық-ырғақтық бірлікке де ие. Интонациялықыр­ғақтық құрылымы жағынан күрделі синтаксистік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер бірыңғай, бір топ болып жұмсалады да, көршілес екі күрделі синтаксистік тұтастық арасында сәл ғана дауыс кідірісі болады. Үшіншіден, күрделі синтаксистік тұтастық кұрылымы, тұлғасы жағынан да бірыңғай бірлік кұрап тұрады. Күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемдерді жалғастырушы тек өзіне ғана тән арнайы синтаксистік байланыс түрлеріне ие, күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміздің өзі құрылымдық ж­а­ ғы­нан алғанда, жеке сөйлемдердің байланысу тәсілдері болып табылады, сөйлемдердегідей оның да құрамды бөліктерін (сөй­ лем­дерді) байланыстыратын өзіндік тәсілдері болады. Ондай тәсіл­дерге жалғаулықтар, есімдіктер, үстеу сөздер, модаль сөздер, 173

Бердібай Шалабай

сөздердің орын тәртібі, қайталанған сөздер, баяндауыштардың жақ­тық-шақтық формаларының біркелкілігі, тағы басқалар жатады. Кейбір ғалымдар (мысалы, Г.Я. Солганик) күрделі синтаксис­ тік тұтастықтың тағы бір белгісі ретінде оны құрастырушы сөйлемдердің модальдік бір реңділігін атайды. Бірақ бұл пікір­мен толық келісуге болмайды. Өйткені бұл белгі күрделі синтаксистік тұтастықтың тек бір тү­ріне қатысты алғанда ғана (мысалы, тек автор сөзінен құрылған күр­­делі синтаксистік тұтастық) дұрыс болады, ал автор сөзін, ор­ тақ төл сөзді, кейіпкер сөзін қамтитын күрделі синтаксистік тұ­­тас­­ тықтарда модальдік біркелкілік туралы сөз болуы мүмкін емес. Синтаксистің күрделі бірлігі болғандықтан, күрделі синтак­ систік тұтастық өзіндік айрықша құрылымға да ие. Оны құрай­ тын сөйлемдер барлығы тегіс бірдей қызмет атқарып тұрмайды. Күрделі синтаксистік тұтастық бір ой төңірегіне құрылады дедік. Әдетте, ондай негізгі ойды белгілеп, басқа сөйлемдерге қазық болып тұратын бір не екі сөйлем болады. Ол сөйлемдер көбінесе күрделі синтаксистік тұтастықтың басқы бөлігінде орналасады да, басқаларға қарағанда, өзіндік еркіндікке ие болып келеді. Ал қалған бөлігі сол негізгі бөлікте айтылған мазмұнды түрлі жағынан нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұрады және синтаксистік құрылымы жағынан соған тәуелді болады. Әдетте, басқы бөлік күрделі синтаксистік тұтастықтың барлық мағынасын өзіне қысқа түрде жинақтап тұрады. Мысалы: «Көші-қон жайын балаларына тапсырып, өзі қасына бір топ адам ертіп алып, Игілік би Ұлытаудан бергі елдерді аралай қайтып еді. Біріне «қайырын берсін», біріне «қайырлы болсын» айтып, алыс-жақын ағайынның қағылған-соғылған өкпе-назы болса, ұшықтай қайтқан. Екі баласы екі жерде болыс, он екі мың жылқысы бар Игіліктің келуін үміт етпейтін елдер мұнысына қатты риза болып, бас изесіп қалысты. Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды. Бұл жүрістің түбі бір жанжалға соғарын сезінген қу тақымдар топ-тобымен келіп, Игіліктің тобына өздері қосылып, елден-елге шығарып салып қайтысты. Бірақ салтақ тымақтың құлағын қалай түрсе де, сыр ала алмай, шерменде болып қалысты» (Ғ. Мүсірепов). Осы күрделі синтаксистік тұтастықтағы бірінші сөйлем – ой 174

Қазіргі қазақ тілі

қазығын білдіруші негізгі сөйлем. Онда Игіліктің жол сапары бейнеленген. Ал басқа сөйлемдерде осы бір «жүрістен» өзге «жүріс» жоқ, яғни бөтен оқиға жоқ. Оларда тек сол жүрісті тү­ сіндіру, дәлдеу ғана – Игіліктің не мақсатпен барғанын, барған жерінде қалай қарсы алғанын баяндау ғана бар. Алғашқы сөйлем жаңа ойды кіргізетін болғандықтан, синтаксистік ерекшелікке ие болады, яғни құрылымы жағынан толық және шартты түрде, синтаксистік тәуелсіздікке ие. Жаңа ойды кіргізе отырып, бірінші сөйлем былайғы баяндаудың жалпы тонын белгілеп береді. Негізгі басқы бөліктен бөтен күрделі синтаксистік тұтастықтың айқын белгіленген қорытушы бөлігі де болуы мүмкін. Ол көбіне, «сонымен», «қорыта кел­ генде» қыстырма сөздерімен басталып, күрделі синтаксистік тұтастықтың аяқталғандығын білдіріп тұрады. Мысалы: «Жұман бай көш алдын Майқұдық бұлағына жақындай бер­ генде ғана қуып жетіп еді. Оған дейін Игілік көшінің қайда тарт­ қанын болжай алмай әуре болды. Сүзісер жеріміз осы болар ма деп, Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші әрі асып кетті де­ген хабар алды. Көп салтаттының қоршауында кетіп бара жат­қан, қос-қос түйе жегілген көк арбалы ұзын көш алысқа тарт­қандай жинақы кетіп бара жатты. Сүріндірер жерім осы шығар-ақ деп, Соқыр өзенінен тосып еді, ол болжалы да дұрыс­қа шықпады. Сонымен, Жұман байдың жіпсіз жетеленіп, он екі күн көшіп, әрең аттан түсіп отырған ызалы жайы бар» (Ғ. Мүсірепов). Қорытушы бөліктің де ортадағы бөліктен өзгешеленіп тұратын өзіндік синтаксистік тұлғасы болады, қорытушы сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің құрылымы, алдындағы сөйлеммен синтак­сис­ тік байланысының сипаты, модальдік планы өзгеріске ұшырайды. Айта кететін бір жай: күрделі синтаксистік тұтастық бәрінің бұндай басқы, негізгі, қорытушы бөліктерден тұруы міндетті емес. Кейбір күрделі синтаксистік тұтастықтарда мұның бірі немесе бәрі болмауы мүмкін. Бұл жағдай жазушының стилімен, шығарманың алдына қойып отырған мақсат-міндетімен, мәтін түрінің ерекшелігімен, т.б. жайлармен анықталады. Күрделі синтаксистік тұтастыққа ұйымдасушы сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері, негізінен, екі түрлі. Соған қарап 175

Бердібай Шалабай

күрделі синтаксистік тұтастықты құрылымдық жағынан екі топқа бөлуге болады. Бірінші түрінде күрделі синтаксистік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер бір-бірімен ілектестік қатынаста болады. Яғни сөйлемдер бірінен-бірі туындап, соңғысы алдыңғысына бағынып отырады. Бұл жай бірінші сөйлемнің элементі (бір мүшесі) екінші сөйлемде, екіншісінікі үшіншісінде, үшінші сөй­лем­дікі төртіншісінде, т.б. қайталанып қолданылуы арқылы жүзеге асады. Ондай қайталанушы сөздер сол күйінде немесе есімдік, үстеу сөздермен ауысып қолданылып отыруы да мүмкін. Сол арқылы ойдың дамуы, ілгері қарай қозғалысы іске асады. Бұндай күрделі синтаксистік тұтастықтағы сөйлемдер бір-біріне тығыз байланысты болғандықтан, жеке алып қарауға келмейді, өзінің коммуникативтік, т.б. қызметтеріне тек басқа сөйлемдермен қарым-қатынасында ғана ие болады. Мысалы: «Табиғат және табиғат байлықтарын қорғаудың Халық­ аралық одағында «Қызыл кірпіш» деп аталатын әйгілі шежіре бар. Ондаған томнан тұратын бұл шежіреде дүние жүзінің аң-құстары туралы мәліметтер жазылған. Солардың ішінде әрқайсысы сүйем шығатын, мұқабасы қан қызыл екі том ерекше назар аудартады. Өйткені бұл екі кітапқа дүние жүзіндегі құрып кеткен немесе құрып кетуге тақалған аң-құстар жазылған. Олардың арасынан Қазақстан топырағында бұрын болған немесе қазірге дейін кездесетін жабайы сиыр, тарпаң, жолбарыс, құлан, қамшат, дуадақ, қызыл қаз сияқты аң-құстарды оқуға болады. Бұл, әрине, өкінішті-ақ мысал» («Лениншіл жас»). Келтірілген үзіндіде алғашқы сөйлем – күрделі синтаксистік тұтастықтың оқиғаның тақырыбын беруші негізгі, басқы бөлігі. Екінші сөйлем онымен «шежіре» сөзінің «бұл» сілтеу есімдігі­мен тіркесіп қолдануы арқылы байланысқан. Үшінші сөйлем екінші сөйлеммен «сол» сілтеу есімдігі арқылы, бесінші алдыңғы­сымен «аң-құстар» сөзін ауыстырып тұрған «олар» есімдігі арқылы бай­ ланысқан, ал соңғы қорытушы сөйлем жоғарыда айтылған­дардың бәрімен солардың орнын ауыстырған «бұл» есімдігі арқылы бай­ ланысып тұр. Міне, өзара бағыныңқы, кезектілік байланыс тү­рін­ де осындай ілектестік, жалғастылық қарым-қатынас орын алады. Ізбе-ізділік байланыс түрі тілдің барлық стилінде де кездесе береді. Бірақ оның көп қолданатын жері – ғылыми стиль. 176

Қазіргі қазақ тілі

Ғылыми мәтінде ой бір-біріне қатаң тәртіппен сабақтаса байланысып отырады. Сондықтан ондағы әрбір сөйлем өзінің алдындағы сөйлемнің заңды жалғасы болып келеді. Күрделі синтаксистік тұтастықтың екінші түрі оны құрастырушы сөйлемдердің өзара тең дәрежеде байланысуына негіз­делген. Бұл байланыстың ерекшелігі – сөйлемдер белгілі дәре­жеде өзіндік еркіндікке ие болып келеді, осыған орай соңғы сөйлемдер алдыңғы сөйлемдермен лексика-грамматикалык бай­ла­ныссыз тұлғаланып тұрады. Бұны параллель байланысқа кұ­рылған күрделі синтаксистік тұтастык дейміз. Параллельді байланыс түріне құрылған күрделі синтаксистік тұтастықтарда санамалылық, салыстыру, қарама-қарсы қою қа­рымқатынастары орын алады. Сөйлемдер көп жағдайда кұры­лым­дык жағынан параллельді болып орналасады. Ондағы сөй­лем­дердің қызметі – бірінен бірі туып жатқан оқиға, көріністер­ді баяндау емес, бірінің орнын бірі ауыстырып жатқан оқиға, көрі­ніст­ерді сипаттау. Мысалы: «Бұл түн жар басындағы балықшылар ауылында бір жан көз ілмеді. Қатын-бала у-шу. Мұзға ыққан ер-азаматтардың алдын орап, кісі шаптырайын десе, көлік жоқ. Жылы киім жоқ, ауылда қалған жігіттер жаяу-жалпылап көмекке жүгіріп кетті. Әйелдер жағы Әлиза мен Ақбаланың төңірегінде. Ақбала әлсіз. Кешеден бері жөндеп ас ішкен жоқ. Көрші әйелдер шала туған жеті айлық баланы құрақ көрпеге орап, анасының ірге жағына салып берді де, үйлеріне кетті. Жалғыз қалғасын Ақбала қол созым жерде тұрған шамды да жаға алмай, түнімен көрдей караңғы үйде жатты» (Ә. Нүрпейісов). Бұл күрделі синтаксистік тұтастықта параллельді байланыс түрі орын алған. Оқиғаның барлық мәнін өзіне жинақтап тұрған бірінші сөйлемге қалғандарының бәрі параллель құрылған, яғни сөйлемдердің мүшелері бірыңғай, сан жағынан шамалас, бірдей тәртіпте орналасқан және баяндауыштарының шақтықжақтық мағыналары үйлес. Ізбе-ізділік байланыс түріндегідей бұнда да бірінші сөйлем мағыналық және құрылымдық жағынан ұйымдастырушы рөлін атқарып тұрады. Егер оны алып тастаған болсақ, онда сөйлемдер арасындағы байланыс жоғалып, әрқай­ сысы шашырап, бет-бетімен кеткен болар еді. 177

Бердібай Шалабай

Кей жағдайда өзара байланысушы сөйлемдердің кейбір мү­ше­­ле­ рі (көп жағдайда бірінші мүшесі) қайталанып қолданылуы мүм­­кін. Бұндайда параллельділік анафоралық қайталаумен күшейтіледі: Мысалы: «Қызық! Жап-жас жігіт өмірден түңілген адамның сөзін айтады. Қалай ғана ол жалпақ әлем мені зеріктірді дейді! Қа­ лай ғана адамдар бір-бірінен айырмасыз деп ойлайды? (газеттен). Бұндай параллельді байланыс түрлері, көбінесе, публицис­ти­ калық стильге және өлең сөздің құрылымына тән. Параллельді байланыс тілімізде алғаш пайда болған. Қазақ ауыз әдебиетінің шығармалары, фольклор үлгілері, мақал-мә­тел­дер, жұм­ бақтар, жаңылтпаштар параллельді байланыс түріне құ­рыл­ған. Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастық – синтаксистің сөз тіркесінен және сөйлемнен ірі бірлігі. Оны зерттеу арқылы сөй­ лем синтаксисінің қыр-сыры жан-жақты ашыла түседі. Күрделі синтаксистік тұтастық тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмалар Тапсырма, сұрақтар: 1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың белгілерін атап, анықтамасын айтыңыз. 2. Сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші амалтәсілдер қандай? 3. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымы қандай бөліктерден тұрады, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. 4. Күрделі синтаксистік тұтастықтың түрлері қандай? 5. Күрделі синтаксистік тұтастықтың түрле­рі­ не мысалдар (қысқа шығарма, эссе, очерк түрінде) құрастырыңыз. Әдебиеттер: 1. Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық// Қазақ тілі мен әдебиеті. Екінші кітап. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты. – Алматы, 1975. 109-115-б. 2. Сыздықова Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. – Алматы, 2002. 3. Құрманова Н.Ж., Мехлис К. Текст теориясы және текст талдау әдістемесі. – Алматы, 2000. 4. Ахметова М.К. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2010. 5. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2010. 6. Әбікенова Г.Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзілім мәселелері. – Семей, 2010. 7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 737-745-б. 178

Қазіргі қазақ тілі

Өздік жұмыс Берілген мәтіндердің қанша күрделі синтаксистік тұтас­ тық­тар­дан тұратынын, күрделі синтаксистік тұтастықтардың байланысу тә­сіл­дерін, құрылымын (қандай бөліктерден тұрады), түрлерін анықтаңыз. 1-жұмыс. Сөйтіп, біз диалектологиялық экспедицияға аттан­ дық. Бағы­тымыз – Семей облысы, Семей болғанда кәдімгі ұлы Абай туып-өскен Шыңғыс өңірі. Экспедиция мақсаты – Шың­ ғыстау диа­лектісі дейтін бар ма, жоқ па, егер болса Абай сол диалектіде жазды ма – осыларды анықтау. Бұл мәселелер біздің арамызда бұрын да талай дау туғызған-ды. Абайды оқып отырсаңыз, қазіргі әдеби тілімізде мүлде қол­да­­ныл­ майтын, ата-тегі белгісіз көптеген күмәнді сөздерге ұшы­расасыз. «Біреу малма сапсиды салып иін...» «Күләпара басымда, пұшпақ тымақ...» «Тағыны жетіп қайырған...» Ғылым көзімен қарап, үңіле зерттеген адам мұндай түсініксіз сөздердің талайына ұшырасады. Сонда бұл не? Әрине, диалект. Абай қанша танылды дегенмен, осы бір жайдың жұртшылық назарынан қақас қалып келгені анық. Мүмкін бұл пікірді мойындамаушылар табылар. Заңды. Ғылым талас-тартыссыз, концепциялар қақтығысынсыз дамымақ емес. Бірақ әйтеуір таласқанның жөні осы деп әділ айтылған соны пікірге ден қоймау тағы әбестік. Мәселен, «жейде» деген зат есімді алайық. Барлық оқулықтар мен сұраулықтарды, көрнекті ғалымдарымыздың еңбектерін қараңыз, бұл сөз – оңтүстік тіліне тән диалект делінген. Ал осы «жейде» Абайда да жүр. «Жейде, дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар – Жырым балақ матамен әдіптеткен...». Абай диалектіде жазбаса бұл не? Біздің мақсатымыз тіл ғылымында күн тәртібіне жаңа қойылған осы маңызды мәселелерді жұршылық алдында дәлелдеп шығарлықтай нақты деректер тауып қайту еді. Семейге жеткен соң экспедиция басшысы – республикамыз­ дағы көрнекті диалектолог Сейдекең бізге пәлен айдың пәлен күні осы арада кездесеміз деді де, ақыл-кеңестерін айтып, өзі Баянауылдағы қайынжұртына тартып отырды. Енді бар билігіміз Жаңабектің қолына тиді. Филология факультетінің соңғы курсына көшкен студенттердің арасынан тіл ғылымына икемі бар деп 179

Бердібай Шалабай

таңдап алынған осы үшеуіміздің ішіміздегі еті тіріміз де сол еді. Үлкеннің де, кішінің де қыбын таба білетін оқушыларымыздың көңілінен шығып, қабілетті аталып жүрген жігіт. Аздап өлең жазатыны бар, әнші, әрі сері, көріксіз де емес – бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлының нақ өзі (М. Мағауин). 2-жұмыс. Қыз өзінің межелі жеріне жетті. Университет. Мен талай рет келген, он рет ақтарып, төңкерген университет. Ішке кірді. Ұзын коридор. Сапырылысқан жұрт. Адасып қалмауға тырысып жақындай түсем. Екінші этаж. Үшінші этаж. Оңға бұрылды. Тура жүрді. Аудитория. Мен номеріне қарадым. Әлі есімде. 316. Үш жүз он алтыншы аудитория. Қыз аудиторияға енді. Мен де кірдім. Төр жақ терезе алдындағы екінші партаға отырды. Әрине, отырған ке­ зінде амалсыздан бері бұрылды. Бұрылған бетінде боса­ғада бөге­ ліп қалған маған көзі түсті. Құбыжық көргендей селк етті. Боп-боз болып кетті. Келер сәтте қызарды. Мен ештеңе бол­мағандай төр­ ге қарап бір қадам бастым да, аудиторияға адасып кірген адам­дай жан-жағыма қаранып, шатысқаныма көзім жеткен соң бұрылдым да, баяу адымдап шығып жүре бердім. Артыма қара­ғам жоқ. Ауди­ ториядан ұзай бере тұра жүгірдім ғой деймін. Жүгіргем жоқ, ұш­ сам керек. Табылды! Табылды-ау ақыры! Енді ешқайда кет­пейді! Төменге, сабақ кестесіне келдім. Үш жүз он алтыншы. Үш жүз он алтыншы... Аһа. Міне! 316. Екінші курс, бірінші группа. Хим­фак. Университеттің химия факльтетінің екінші курсы. Бітті ша­руа! Енді мен қызды кез келген уақытта тауып ала алам. Бүгін-ақ... Бү­ гін төрт пар. Екі елуде... Қайтып келем. Тосып алам (М. Мағауин). 3-жұмыс. Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объек­­ тивтік құ­былыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табы­ лады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан кримина­листи­каның айыр­­­машылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және ал­ дын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңды­лық­тар­дың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байла­ны­сына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әре­кет­тердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диа­лектика за­ ңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қор­ша­ған ортада із­ дер мен көріністер қалады да, әрбір қылмыс объек­тив­тік болмыста әр­түрлі : идеалдық немесе заттың, құбылыс­тың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді. 180

Қазіргі қазақ тілі

Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан бола­ тындықтан қоршаған ортада, әсіресе, қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жер­ден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қыл­мыс­ тың тетігін анықтаймыз. Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бе­ кіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық кри­ ми­на­листік құралдарды пайдалану жолдарын оқытып үйретеді (Оқулықтан). 4-жұмыс. Ай, өзіме де обал жоқ, сұлу сөзбен көзқарықтырып жазуға құмар максимализм бе, әлде, кісі кебек жұтқандай кептеліп отыратын тіл жұтаңдығына өзімше қарсылығым ба, әйтеуір ескі­ лікті тіл көріністерін пайдалануға құштармын.Сөзді мағынаға ба­ ғындыратын тілдік тәжірибелер де жасап қоямын. Мысалы, «жол­ға шықты» демеймін, мағжаншылап, міржақыпшылап (1984 жылы!) «жол тартып», «жол алып» деп жазамын, Евней Букетов­ке еліктеп, «алыс жорықты игерді» дегім кеп тұрады. Қолдан қалып қиып, канон жасап отыратын стандарт, әрине, Евнейге көнсе де, менің мұндай еркіндігіме көнгісі келмейді: әр әрпімді көтеріп қарап, жазуымнан кібіртік, қолтаңбамнан сықыр тауып, онысын ұшқалаң жиналыстың үстінде бас редактордың алдына құмар ойындағы көзір карта сияқты тартады да отырады. Әп, бәлем, бауырын көтермеген күшіктің біткен жері осы шығар, дейді стандартшылдар ішінен. Бірақ қай ұжымда болсын шеген құдықтай шешімді сөзді бірінші басшы айтады ғой. Ұлттық сезімі тайпалық сезімнен әманда жоғары тұратын табанды ұлтшыл – Ақаң бұл жерде де өз биігінен табылып, балапанын қорғаған қыран құстай саңқ ете қалды: «Жігіттер, Мақсат – сөз білетін, сөз баққан ауылдың баласы!» Жиналыстан кейін алып қалады, енді оқсатып ұрсатын шығар десең, айтатыны: «Айна­лайын, өткенде «қосөрім жымдасқан» деп жазыпсың, қамшы өретін менің сөзіме сенгін, қазақ жабдығында екі өрім болмайды». Есебін тауып мақтағанға әркімнің де іші балқаймақтай ғой, бас редактор жастарды мақтамен сипағандай жұп-жұмсақ сөзбен ылғи да сыйлай бермейді, базбіреулер сияқты қит етсе 181

Бердібай Шалабай

ыза-сырық­тан өткізе қумайды да. Құрғақ ақыл айтып, қобыз да тарт­пайды. Журналистиканың дағдылы күйбеңінің қамытын киіп жүріп-ақ, іспен баулитын біртүрлі, өзгеше данагөй тәрбие еді Ақаңның тәрбиесі. Қаламынан таспадай тілініп, қамшыдай өріліп шығып жататын мақалалары өз алдына, бұл жерде менің айтып отырғаным – Ақаңның белгілі әңгімешілдігі, сөзге құлақ асып, тыңдай білуге үйрететін тәрбиесі (Газеттен). 5-жұмыс. Соңғы кездері Солтүстік Каспий мұнайының мол қоры әлем назарын өзіне аудара бастады. Жергілікті ел-жұрт арасындағы әңгіме арқауы да теңіз тағдыры, оның байлығы, халықтың қауіпсіздігі. Ол орынды да. Өйткені Маңғыстау аймағы үшін теңіз – тіршілік көзі. Теңіз табаны – байлықтың бастауы. Бірақ сол мол байлықты игеру тыңға түрен салғандай, құпиясы көп жұмыс болуда. Содан болар теңіз кешенін игеруші шетелдік компаниялар тұрғындарды ашық әңгімеге жиі тартып келеді. Сондай бір келелі әңгіме, қоғамдық тыңдау Ақтауда «Аджип ҚКО» компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Ол «Қашағанды» игерудің «Қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау» деп аталатын жобаны талқылауға арналды (газеттен). 6-жұмыс. Күй ұзақ. Сырттағы жаңбырдың күйі одан да ұзақ. Бірімен бірі тайталасып қалып, артынша ортақ тіл табысып, іштей мені серпілтіп әкетеді. Құлағым күйде. Суық күндердің салқын ызғары шалған қатпар-қатпар тірлік­ тің керуені алыстап кетіпті. Тапқаны не керек, ұтқаны не екен? Қырдан қылт еткен алтайы түлкідей аз дәурен бәйшешек гүлдей тамырын сағынып отыр ма? Суыққа шалынғанын сезініп, бой кө­терер көктемін аңсай ма? Қанжығасы майланар ғұмыр атты саят пәнидің олжасы қанша? Өкініші қанша? Күйкі тірлікпен күй­ беңдеген көңілдің қосқаны көп пе, жоғалтқаны артық па? Дауыл соққан кәрі теректей еңсесін көтеріп келіп-келіп, бір күні күрт құлар ма. Содан көлеңкесін саялап өскен бір шынар күн көзін­де еркелеп өсіп, жапырағын жаяр ма? Кім білсін (С. Сматаев). 7-жұмыс. Үй іші шаң-шұң болды да кетті. Ақбаланың ара түске­ ніне қарамай, көп қатын бір қатынды масқаралап айдап шықты. Өз араларындағы жек көретін жалғыз қатынды қуу оларға дәл бір жау қашырғаннан кем болған жоқ: бірінің сөзін бірі бөліп, бірінің тастап 182

Қазіргі қазақ тілі

кеткенін екінші, үшінші біреулері толықтырып абыр-сабыр болып жатыр еді: кенет бір әйел Ақбаланың әңгімеге араласпай, оқшау шетте қоқырайып отырғанын көріп, қасындағы бір әйелді түртіп қалды. Ол арғы жағындағы бір әйелді түртіп қайсысы қай­сысын кінәларын білмей бір-біріне қарап ернін тістеп, беттерін бір-бір үзіп алды: басқа кезде болса бір сәрі; бетім-ау, масқара-ау, енді не бетімді айтайын. Қазіргідей артынан ырғап-жырғап, әке-ше­шесі келе жат­ қан келіншектің қабағын құрттай кірбең шалғаны да күпірлік қой. Сұмдық қой. Иә, иә, бұдан асқан сұмдық бола ма. Келіншектер ке­нет бәрі бірдей үркіп қап көйлектерінің етегі дүр­кірей түрекелді. Бәрі бір дәнге үймелеген ерекше сайрауық құстар сияқтанып жабырлап кеп, Ақбаланы орталарына ала үйме-жүйме боп отыра қалды. 8-жұмыс. Бақтығұлдың ауылы бұл аттанған жерінен күндік жолда еді. Жол бойында бірнеше күннен бері тынықпағандықтан, ұйқы келіп, шаршап қалған денесі аз уақыттық тыныштықты да ойлап еді. Бірақ орнықты, мықты ниетпен істелген іс көптен мұрат қылған шегіне жеткенше тоқтағысы келмеді. Сондықтан дененің әлсіздігі жеңіп, бір қалыпты қатты жүрісті бәсеңдетпей таң атқанша жүрді. Бұл уақытта келген жерінде қыстау бар еді. Әркімнің көзіне түсіп қалуға да болушы еді. Сондықтан таудың бір қабат ішін алып, ылғи ғана шыңнан шыңға салып қалың қарағайды құндыздап жүріп отырды. Сонымен, арада бір-ақ жер­де ғана дем алып, келесі күні түс ауа биік таудың қойнында жасырынып отырған жалғыз қорасына таман келеді (М. Әуезов). 9-жұмыс. Тіл – қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы. Осы себептен де, ол бір жағынан ойлаумен, екінші жағынан, сол арқылы санамен тікелей байланысты және қоғамдық өмірде белгілі бір қызметтер (коммуникативтік, эсте­ ти­калық-эксперсивтік, т.б.) атқарады. Тіл, ең алдымен, ойды жа­­­рыққа шығарып, жеткізудің құралы болу арқылы ойлаумен тіке­­лей байланысты. Сондықтан тілдің негізгі единицалары ой­ лаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. Мысалы, сөз ұғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса, ойды біл­ ді­рудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табылады. Сондай-ақ тілдік единицалардың бұдан басқа да өзіндік мәндері, атқаратын қызметтері бар. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы дүние, обьективтік шындық туралы адамның санасын қалыптастырады, оларды есте сақтауға негіз болады (оқулықтан). 183

Бердібай Шалабай

Шартты белгілер 1. (1), (2), (3) ... – сөйлемдегі сөздердің орналасу ретін көрсетеді 2. Сы. – сын есім 3. З. – зат есім 4. З1 – зат есім атау септік тұлғасы (төменгі қатардағы цифр – септіктің рет санын көрсетеді) 5. З4 – зат есім табыс септік тұлғасы 6. Са. – сан есім 7. Са (жи) – жинақтау сан есімі 8. Аш. – ашық рай 9. Өт. – өткен шақ 10. Ет – етістік 11. Ет (күр) – күрделі етістік 12. Ет (көм) – көмекші етістік 13. Ет. көс. – көсемше етістік 14. Ет. ор. – ортақ етіс 15. Ес. – есімдік 16. Ес (жік) – жіктеу есімдігі 1. М.Ә. – Мұхтар Әуезов 2. Б.М. – Бейімбет Майлин 3. С.М. – Сәбит Мұқанов 4. С.С. – Сәкен Сейфуллин 5. Ғ.М. – Ғабит Мүсірепов 6. Ғ.Мұст. – Ғабиден Мұстафин 7. С.К. – Спандияр Көбеев 8. Ә.К. – Әбіш Кекілбаев 9. Х.Есен. – Хамза Есенжанов 10. М.Ш. – Михаил Шолохов 11. Ә.Н. – Әбдіжәміл Нұрпейісов 12. М.Г. – Максим Горький 13. С.Ж. – Сәкен Жүнісов 14. Д.Ә. – Дихан Әбілев 15. Р.Н. – Рымғали Нұрғалиев 16. Қ.Ә. – Қ. Әбдіқадіров

184

Қазіргі қазақ тілі МАЗМҰНЫ Алғы сөз..................................................................................................... 3 Синтаксис және оның зерттеу объектісі................................................. 5 Сөздердің синтаксистік байланысу тәсілдері мен түрлері.................... 8 Сөздердің байланысу түрлері.................................................................. 12 Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне практикалық тапсырмалар....................................................................... 18 Сөз тіркесі.................................................................................................. 22 Сөз тіркесіне практикалық тапсырмалар................................................ 26 Сөйлем және оның белгілері.................................................................... 30 Сөйлемнің түрлері.................................................................................... 35 Жай сөйлемнің құрылымдық типтері..................................................... 46 Жақсыз сөйлем.......................................................................................... 53 Жай сөйлемнің түрлеріне практикалық тапсырмалар........................... 56 Сөйлем мүшелері ..................................................................................... 60 Сөйлем мүшелеріне практикалық тапсырмалар.................................... 72 Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.......................................................... 79 Сөздердің орын тәртібіне практикалық тапсырмалар........................... 81 Күрделенген сөйлемдер............................................................................ 84 Құрмалас сөйлем синтаксисі....................................................................101 Құрмалас сөйлемнің түрлері....................................................................112 Салалас құрмалас сөйлем.........................................................................113 Салалас құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар.................130 Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары....................................136 Сабақтас құрмаластарды топтастыру.....................................................142 Сабақтас құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар................150 Көп құрамды құрмалас сөйлем................................................................155 Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем............................................156 Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.......................................157 Аралас құрмалас сөйлем..........................................................................159 Көп компонентті құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар.......................................................................159 Бөгде сөз және оны берудің жолдары.....................................................167 Мәтін синтаксисі.......................................................................................172 Күрделі синтаксистік тұтастық................................................................172 Күрделі синтаксистік тұтастық тақырыбына арналған практикалық тапсырмалар.......................................................................178

185

Бердібай Шалабай

Оқу басылымы

Шалабай Бердібай ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИС Оқу құралы

Стереотиптік басылым Редакторы Самат Қалуов Компьютерде беттеген Сәуле Сарпекова Мұқабасын көркемдеген Ринат Сқақов ИБ №5855 Басуға 3.09.2020 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1 /16 . Көлемі 11,5 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №712. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды.