Өтеген батыр тұлғасының әдеби-тарихи негіздері: оқу құралы
 9786012473742

Citation preview

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мүбәрәк Үмбетаев

ӨТЕГЕН БАТЫР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӘДЕБИ-ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ Оқу құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2012 1

ББК 83.3 Ү 58 Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасында орындалған Пік ір ж а з ға н д а р : филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Әбдезұлы филология ғылымдарының докторы, профессор С. Ержанова филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов

Ү 58

Үмбетаев Мүбәрәк Өтеген батыр тұлғасының әдеби-тарихи негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 133 б. ISBN 978–601–247–374–2 Оқу құралында көпшілік оқырманға жақсы таныс «Өтеген батыр» дастаны тақырыбы, мазмұндық-идеялық көркемдік сипаты жағынан әде­ би-тарихи құжаттар мен халық арасындағы аңыздық деректер негізін­де қарастырылған. Сүйінбай бастаған ақпа ақындардың Өтеген Өтеғұл­ұлы­ на арнаған дастан-жырларында өмір шындығының суреттелуі мен баяндалу желісі, ырғағы жіті салыстырыла талданған. Ұлы жыраулардың замана қалпын бағамдап, адам тұлғасын сомдау­ дағы ішкі көркемдік әлемі және тарихи көрініс-нысанды бейнелі түрде қабылдау ерекшеліктері мен ел аузындағы дерек-мәліметтерді игеру тә­ сіл­дері нақты мысалдар аясында тартымды баяндалған. Оқу құралы университеттер мен педагогикалық институттардың бакалаврларына, магистранттарға және жалпы көпшілік қауымға арналған. ББК 83.3 © Үмбетаев М., 2012 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2012

ISBN 978–601–247–374–2 2

КІРІСПЕ Қай халықтың да болмасын өзі дүниеге әкелген өнерлі пер­ зенттері – ол мейлі, аңдап білгенін тарихтап баяндайтын шежіре­ ші шешен бе, жоқ әлде тасқа таңба салатын зергер-бәдізші ме не­ месе дуалы ауыз ақын ба, бәрібір – олар өздері көз ашқалы көк аспанын көріп, көк шалғынына аунаған, тау-тасын басқан ту­ған елі мен жерінің тыныс-тірлігінен тыс тұра алмайды. Өз бо­йы­на тәңірі құйған өнері арқылы туған жұртының жоғын жоқ­тап, мұ­ ңын мұңдайды, қуанса бірге қуанады, қайғырса бірге қайғы­рады. Егер суретші қыл қалам бояулары, зергер төккен зері арқылы соңында із қалдырса, ақын-жыраулар өздерінің өлең, толғау, жырдастандары, айтыстары арқылы халық бастан өткерген немесе өткеріп жатқан айтулы ахуалдарды, қилы-қилы қияметтен бетер оқиғаларды, яки қуанышты шат-шадыман жайларды толғата, толқындата төгіп, термелей тербеп ел есіне салып, ел жадына жазып отырған. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ халқының өткен ғасырларда жасаған ақпа-төкпе жыр жампоздары соңдарында айта қалғандай небір мағыналы да мәнді, көркем де айшықты толғау-дастандар мен қызғылықты әпсана-хикаяттар қалдырған. Мәселен, Сүйін­ бай, Дулат, Шортанбай, Жамбыл, Құлмамбет, Майкөт, Бақтыбай, Ті­леміс сынды ақын-жырауларымыздың тәлім-тағ­лы­мы зор, әде­ би көркем шығармашылықтары бүгінгі күндергі руха­ни қазына­ мыздың баға жетпейтін інжу-маржан текті алтын қорына қо­ сылған сүбелі үлес болды. Еңбекте, атап айтқанда, дүлдүл Сүйінбай, ұлы Жамбыл, ай­ дынды Тілеміс сынды ақындардың Ер Өтегеннің батырлық тұл­ ғасын сомдаған көрнекті жыр-дастандары тарихи салыстыр­малы әдістеме аясында қарастырылған. Дастан-жырларда баян­далатын мәтін мазмұндары, ондағы халық тарихына қатысты, ел бастан кешкен оқиғалар әдеби-тарихи құжаттар және өзге де зерттеу ең­ бектер мен сапарнамалық естелік жазбалардағы деректер негі­ зінде зерделеніп талданады. Шамалауымызша, осы уақытқа дейін Өтеген батыр есіміне 3

байланысты газет-журналдарда, арнаулы жинақтарда ел арасынан жиналған аңыз-әңгімелер мен жекелеген шежірелік мәндегі баянмақалалар аз жазылған жоқ. Дегенмен де, әсіресе, тәуелсіздігіміз­ ді алған жылдар ішінде атқарылған игілікті істердің алғашқы қарлығашы – 1994 жылы Алматы қаласы «Мерей» шағын от­ басылық кәсіпорны шығарған «Өтеген батыр» жинағы болды. Кітаптың алғы сөзін жазып түзген, араб қарпіндегі мәтіндерді қазіргі алфавитке түсіріп, әзірлеген – Айзада Сейітқызы. Екінші бір айта қалғандай көрнекті жұмыстар қатарына 1999 жылы АБА «Айкос» баспасынан жарық көрген «Мүйізді Өтеген» кітабын жатқызамыз. Кітапты құрастырып, алғы сөзін жазып, баспаға әзірлегендер: Марал Ысқақбай – жазушы, Айзада Байек – журналист, «Өтеген батыр» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Аталған кітаптардың Өтегентану ғылымы бағытындағы орны ерекше әрі аса бағалы және бұғанға дейінгі өзге де құнды басылымдардың қатарын толықтырады. Ал, біз ұсынып отырған жұмыста Өтеген есіміне байланысты туған жырлар әдеби-тарихи зерттеу еңбектері мен мұрағат құ­ жаттары және ел аузындағы әпсана-аңыз деректерімен салыс­ тырыла қарастырылды. Нәтижесінде, Өтеген Өтеғұлұлының батырлық тұлғасының сомдалу сыр-сипатының шынай негіздері көрсетілді.

4

І ТАРАУ

ӨТЕГЕН БАТЫР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ

Е

лдің өткен тарихына тікелей қатысы бар жырлардың ең таңдаулы, көркемі Өтеген атына байланысты туған жыр болып саналады. «Өтеген батыр» дастаны – үр­ кер­дей ақындар шоғыры замандар бойы сүйсіне толғап айтқан құнды әдеби мұра. Бұл дастанға XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ халқы бастан кешкен зор уақиға, сол дәуірдегі феодалдық мемлекеттер арасын­ дағы тартыс, бостандық пен тәуелсіздік үшін қолына қару алған халықтың ерлік қозғалысы өзінің тарихи сәулесін түсірген. Атап айтқанда, «Өтеген батыр» жырының тарихи негізінде XVIII ға­ сырдың бірінші жартысында қазақ халқының жеріне саяси үс­ тем­дігін күшпен орнатқысы келген Жоңғар мемлекеті тара­пынан жасалған басқыншылық, феодалдық соғыс оқиғалары жатыр. Жоңғар хандығы XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың ба­ сында құрылған. XVII ғасырда өз алдына жеке-жеке ұлыс-ұлысқа бөлінген Ойраттың хошоут, дэрбэт, чорос жоңғар, торгоут, хойт, элют сияқты ең басты тайпалары 1635 жылы Жоңғар ұлысының ханы Батур-хунтайшының төңірегіне топтасып бір мемлекетке бі­ рігеді. Сөйтіп, қазақ жерінің шығыс шекарасында Ойрат – жоңғар мемлекетінің негізі қаланады. Оның алғашқы ханы Эрдэни Батурхунтайшы болады. Ол бұл феодалдық-реакцияшыл мемлекетті жиырма жыл бойы үздіксіз басқарған. 5

Жоңғар хандығының бұрынғыдан да берік болып нығая түсу тарихында 1640 жылы қыркүйек айында Тарбағатайда өткен ойрат-моңғол хандары мен байшыкештерінің құрылтай жиналысы маңызды орын алады. Құрылтай жиналысы ЭрдэниБатур-хунтайшының ұсынысымен шақырылған. Бұл үлкен жиынға Халха, Кукунор, Жоңғар, Еділ хандықтарының ең әйгілі қырық төрт ықпалды ұлыс билеушілері қатысқан. Атап айтқанда, Халха хандығынан Дзасакту-хан-Субуди және Тушету-ханГомбо, ал Цецен-хан-Шолой өз орнына екі баласын жіберген. Кукунордан Гуши-хан балаларымен, туыстарымен келсе, Еділдегі қалмақ хандығынан Хо-Урлюк балаларымен келген. Негізінен, құрылтай жиналысына қатысқан князьдардың басым көпшілігі Батур-хунтайшы бастаған Жоңғар өкілдері еді. Осы жиналыста ойрат ұлыстарының хандары бір-бірімен тартыспай, таласпай, күш біріктіріп бір мемлекет болып тұруға ант беріскен. Құрылтай жиналысында бір орталыққа бағынған Жоңғар хандығының заңы қабылданған. Ол заң тарихта «Цааджин бичиг» немесе «1640 жылғы ойрат заңы» деген атпен мәлім. Сондықтан XVII ғасырда 1640 жылы қабылданған Заңның іс жүзіне асырылып, күшіне кіруі – Жоңғар хандығында темірдей қатаң тәртіп орнатқан. Сол кезден бастап, Жоңғар мемлекеті өмір сүрген 1635 жыл мен 1758 жылдың аралығында көршілес Қытай, Россия, Қазақстан, Орта Азия елдеріне шапқыншылық жорықтар жүргізді. ЭрдэниБатур-хунтайшыдан бастап, Галдан-Церен билік еткен кездерге дейін Жоңғар хандығы шығыстағы ең шапқыншы мемлекеттер санатына жатқан. 1653 жылы хандықтың бірінші билеушісі Эрдэни-Батурхунтайшы өледі, оның орнына үлкен баласы Сенге отырады. Сенгені немере ағалары Цезен-тайшы мен Цзотба-батур 1670 жылы қастандықпен өлтіреді де, билікке Батур-хунтайшының кіші баласы Галдан келеді. Галдан-Бошокту-хан Цин империясымен ұзақ соғысады. Жеңіске жете алмай, ақырында қолға түсетін болған соң, Галдан-Бошокту-хан 1697 жылы у ішіп өледі. Галданханнан кейін Ойрат мемлекетінің билігі Сенгенің баласы ЦеванРабданның қолына көшеді. Цеван-Рабдан 1697 жылдан 1727 жылға дейін хандық құрады. 1727 жылы Цеван-Рабдан өліп, орнына баласы Галдан-Церен хан болады. Жоңғар хандығының 6

соңғы айлакер ханы Галдан-Церен 1745 жылы өлген соң, Ойрат мемлекеті қатты әлсірейді. Галдан-Цереннің үлкен баласы – Лама-Доржи, ортаншы баласы – Цеван-Доржи-Аджа-Намжилу, кіші баласы – Цеван-Даши таққа таласып, өзара қырқысады. Бұл тартыс Жоңғар хандығының ішкі жағдайын құлдырата түседі. 1746 жылы таққа Галдан-Цереннің ортаншы баласы Аджа-хан отырады. Бірақ көп ұзамай 1749 жылы қастандық жасалады да, билікке ағасы Лама-Доржи ие болады. Ол Эрджэни-Лама-Батурхунтайшы деген атақ алады. Оның да билігі ұзаққа бармайды. Ол 1753 жылы өлтіріледі. Ішкі арпалыстан әбден әлсіреп, күші сарқыла бастаған Ойрат-Жоңғар мемлекетінің тағына енді Тарбағатай ұлысының билеушісі Даваци отырады. Даваци таққа отырған XVIII ғасырдың ортасында жүз елу жыл бойы Жетісу өлкесі мен Тарбағатайда үстемдік еткен Жоңғар билігіне қарсы көтерілген қазақ елінің азаттық күресі өзінің ең жоғарғы шегіне жетеді. Бас бостандығын, тәуелсіздігін толық жеңіп алу жолында қазақ халқы талмай жүргізген қаһармандық қарсыласу шайқастары феодалдық Ойрат-Жоңғар мемлекетінің іргесін шайқалтып, әлсірей түсуіне мықты негіз қалайды және Жоңғар хандығының құлауын барынша тездетеді. Осы тұста Солтүстік-шығыстағы бәсекелес көршісінің әскери қуатының әбден кемігендігіне көзі жеткен Цин империясы қол жинап, 1758 жылы Жоңғарияға басып кіреді. Сөйтіп, бұл жыл тарихқа Жоңғар хандығының өмір сүруін тоқтатқан жылы болып енді [1,33-462]. Ойрат-жоңғар хандығы өзі пайда болған кезден бастап, алдына мемлекет территориясын соғыс жолымен кеңіту мәселесін қойған. Сол жолда тынбай күрес жүргізген. Ол 1635 жылы мемлекет болып құрылған сәтінде-ақ, қазақ жерін жаулап алу жөніндегі шешімге келген. Мәселен, Эрдэни-Батур-хунтайшы билік еткен 1635-1653 жылдардың аралығында Жоңғар қолы қазақ жеріне үш рет басып кірген. Атап айтқанда: 1635, 1643 және 1652 жылы. 1635 және 1643 жылғы соғыста Батур-хунтайшы бастаған Ойрат қолы ойсырай жеңіліп, шегінуге мәжбүр болса, 1652 жылғы соғыста қазақ қолы елеулі шығынға ұшыраған. Бұдан кейінгі жылдардағы Ойрат-қазақ тарихына көз салсақ, Батур-хунтайшыдан кейін қазақ жеріне үзбей шабуыл жасаған – Жоңғар хандары – ЦеванРабдан мен Галдан-Церен. 7

Жоңғар қолы XVII ғасырда қазақ халқының жеріне 1635, 1643, 1652, 1681, 1684 жылдары қайта-қайта шабуыл жасаса, XVIII ғасыр­да Цеван-Рабдан қазақ халқына қарсы өзінің бірінші жоры­ ғын 1698 жылы бастаған. Осы 1698 жылдан бастап, Қазақ елінің мем­лекет ретінде өмір сүруіне Жоңғар хандығы тарапынан үлкен қауіп төнген. Ойрат ханы Цеван-Рабдан бұдан кейін де 1711-1712, 1714, 1717, 1723, 1725 жылдары қазақ жеріне қарсы басқын­­шылық жорығын үзбей қайталап отырған. Ал оның баласы Гал­дан-Церен 1741-1742 жылдары әкесінің жорығын одан әрі жалғастырған. Галдан-Бошокту-ханның тұсында біраз әлсіреп қалған Жоңғар хандығы Цеван-Рабдан мен оның баласы Галдан-Церен хандық құрған 1697 жыл мен 1745 жылдың аралығында қайта күшейеді. Олар алдарына Галдан-Бошокту-ханның кезінде хандықтың жоғалтқан жерлерін қайтарып алуды бірінші мәселе етіп қояды. Алдымен Цин империясының қол астындағы Халханы түгелдей қайтарғысы келеді. Ойраттың чорос әулеті басқарған біртұтас Жоңғар мемлекетін құрып, нығайтуды көздейді. Сол мақсатта дамылсыз тонаушылдық соғыстар жүргізіп, өзімен шектес елдерге жиі-жиі қарулы қол аттандырады. Көрші елдер есебінен жаңа жерлер басып алуды әдетке айналдырып, қатты құныққан Жоңғар билеушілері 1723 жылдың көктемінде таяу жатқан қазақ халқының жеріне бар әскери қуатымен басып кіреді [1, 196-423]. Жоңғар феодалдық мемлекетінің басқыншылары қазақ жеріне кірерде алдарына, негізінен, басты-басты үш түрлі мақ­сат қойған: 1) қазақ халқының меншігінен жаңа қоныс, жайлы жер тартып алу, 2) мал, мүлік, дүние тонау, 3) құлдық пен күңдікке адам айдап әкету. Тек қана қырып-жою, талау, талқандау сипатындағы бұл феодалдық жорықты Цеван-Рабданның баласы Галдан-Церен басқарады. Ол қазақ жеріне 20 мың қолмен Қаратау арқылы басакөктей енеді де, Ұлы жүз бен Орта жүздің көп жерін басып алады. «Жетісуды, Талас, Қаратауды тартып алады да, Сырды өрлей Аралға дейін атттанады. Арқаны арандайды» [2, 338]. Бұл – Тәуке хан өліп (1718 ж.), қазақ жері бірін-бірі тыңда­ майтын, іштей өзара хандар басқарған елге айналған кез еді. Қазақ хандарының арасындағы мұндай алауыздықты, олардың өз ішіндегі ру тартысын, бір орталыққа бағынған әскери күшінің 8

жоқ­тығын Жоңғар ханы Цеван-Рабдан өзінің басқыншылық ниетін жүзеге асыру үшін тиімді пайдаланды. Міне, осындай қиын-қыстау шақта өте зор мемлекеттік тари­ хи міндетті «қарашоғыр қарашадан» шыққан жалпы қазаққа аты белгілі би Төле Әлібеков (1663-1756)1 өз мойнына алады. Жоңғар қысымынан ауа көшкен қазақ халқын қорғауда Төле бидің төңі­ регіне топтасқан Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай, Қойгелді, Ші­нет сынды батырлар көп еңбек сіңіреді. Батырлар бастаған қа­зақ жа­ сағы жауға бірнеше рет күшті тойтарыс береді. Мәселен, Қара­ тауда болған сұрапыл ұрыста Өтеген батыр жекпе-жекке шығып, Жоңғар қолының Сабан-Тайшық деген батырын шаншып өлті­ре­ ді [3, 40]. Бірақ, «құтырған жоңғарлар қазақтардың соңына түсті. Шошынған ел сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жа­ нын тастап, түстікке қашты. Орта жүз – Самарқан маңына, Кіші жүз – Хиуа мен Бұхар барып тоқтады» [4, 426-427]. Ұлы жүздің көпшілігі Жоңғария қол астында қалды. Суық күз бен ерте түскен қыс ел берекесін алып, жағдайды бұрынғыдан бетер ауырлатып жіберді. Қалың қар мен азынай соққан боранда бұлай бытырай көшудің қауіпті екенін Төле би алдын ала сезеді. Тұрақтап күш жинау қажет деп біледі. Ел басын қосып, жауға қарсы жасақ құруда ол Өтегенге үлкен үміт артып, босқыншылыққа ұшыраған халықты тоқтатуды батырға сеніп тапсырады: Ей, Өтеген,Өтеген! Батыр едің ержүрек, Озып туған өзгеден. Елің кетті шұбырып, Ақ қар, көк мұз суықта. Ақтабан болған алыс жол, Бұл сапардан сескенем. Атыңның басын кейін бұр, Күтеді көмек ел сенен! –

дейді Төле би. Төле бидің бұл сөзі шындығында Жоңғар шапқыншыларына Төле би Әлібекұлы – қазақ халқының XVІІІ ғасырдағы қоғам қайраткері. Үш жүздің төбе биі. Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» әдет заңын түзіскен. Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. 1

9

қарсы күресті тұңғыш рет ұйымдастырып, басқарған халық батырлары болғанын дәлелдейді. Ел басына төнген қауіпке қарсы қол бастап, азаттық үшін күрескен батырлар: Өтеген, Жетіген, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Төлек, т.б. қазақ халқының өз ортасынан шықты. Олар туған халқының тәуелсіздігін қорғау жолында талай-талай ірі шайқастарда тамаша ерліктер көрсетті. Қазақ қолы алғаш рет Бұланты өзенінің бойынша (Сарысу өзенінің орта ағысының батыс жағы) Жоңғар басқыншыларына қатты соққы береді. Ал, «1729 жылы Қордай тауының сол жағындағы үлкен жазықта ұрыс болады. Бұл ұрыста Өтеген, Сәмен, Қабанбай, Бөгенбай, Төлек, Жәнібек, Қойгелді батырлар қол бастайды. Бұл ұрыста қазақ қолы Жоңғарды ойсырата жеңеді. Кейін ол соғыс болған жер «Қалмақ жеңіліп, аңыраған» деп, «Аңырақай» атанып кетеді» [3, 39]. Ел басына күн туған сын сағаттарда Өтеген батырдың ақыл­ шысы Төле би болды. Төле би айтқан кеңестерді Өтеген ел қорғау ісінде үнемі басшылыққа алып отырған. Өтеген батыр Төле бидің жауға тойтарыс беру үшін қазақ халқының күшін біріктіру жөніндегі ойын қызу қолдаған. Бірақ 1725 жылы дұшпан қолы Ташкентке қауіп төндірген кезде Төле би Жоңғарияға бағына тұру идеясын қозғайды. Бидің бұл пікіріне Өтеген батыр қосылмайды. Өтеген, жалпы бағыну саясатының қандайынан болсын үзілді-кесілді бас тартқан. Тарихи деректерге қарағанда, Өтеген батыр, Төле бидің бағыну саясатына қарсы шығады да, Дулаттың Баба мен Сырымбет балаларын бастап, Арқаға көшкен. Орта жүздің сұлтаны Абылай (1711-1781) көшіп келгендерге Көкшетаудың шұрайлы жерінен қоныс берген. Ол жер Ұлы жүз Дулаттың Сырымбет балалары мекен еткендіктен «Сырымбет» атанып кеткен [3, 41]. Айтқандай-ақ, «Төленің қалмаққа бағынып отырып, ептеп күресу саясатынан нәтиже шықпайды, 1740 жылы Жоңғар билеп-төстеушілері елін шауып, Төле биді Ташкеннен қуады, осыдан кейін Төле Іле бойында қалмаққа қарсы соғысқа дайындалады. Бұл хабарды естігесін Өтеген Арқадан еліне қайта көшіп келіпті» [5, 108]. 1741-42 жылдары қайта басталған Жоңғар шапқыншылығы­ на тойтарыс беру үстінде Абылайдың көп ісіне Өтеген батырдың көңлі толмайды. Абылайдың кейбір ел ішіндегі озбыр қимылдары 10

батырға ұнамайды. Сайып келгенде, халық өкілі Өтеген мен төре тұқымы Абылайдың сыйыспауы, ел басқару ісінде бір-бірімен түсінісе алмауы – табиғи жай. 1757 жылы Абылай Қытай империясына хат жазып, Қытайға бағынғысы келетінін білдіреді [6, 199]. Өтеген батыр Абылайдың Қытай билігін мойындағысы келген бұл ниетіне бірден қарсы шығады да, осы тұстан бастап, Өтеген мен Абылайдың арасы мейлінше суыйды. Өтеген батыр Абылай әрекетінен өз басын ғана қорғап, қолындағы билігінен қалайда ажырап қалмағысы келген ең түпкі, құпия мақсатын айқын аңғарады. Халық тәуелсіздігі үшін бел шеше айқасқа кіріскен жауынгер Өтеген Абылайдың бағыну саясаттарын қабылдамайды. Ел сақтаудың бірден-бір жолы табанды күрес деп түсінеді. Осы ойын жүзеге асыру жолында ол шарқ ұрып, қазақ даласын аралайды. Міне, осындай тарихи дәуірде Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ халқы көрген қиыншылық оның өнері мен әдебиетінде терең із қалдырды. Сол оқиғалар желісі өзек болған түрлі аңыз-әңгімелер, өлең-толғаулар, батырлық жыр-дастандар туды. Мәселен, «Қаратаудың басынан көш келеді», «Ақтабан шұбырынды» және «Күншығыстан ызғарлы жел келеді» сияқты халық өлеңдерінде сол замандағы шындық өте әсерлі де өткір бейнеленген. Мына заман, қай заман, қысқан заман. Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Немесе: Күншығыстан ызғарлы жел келеді, Азып-тозған, шұбырған ел келеді. Бас қосып, тұра алмастан табан тіреп, Қатал жауға кез болдың, қазақ елі, –

деген өлең жолдары ел басындағы ауыр, қайғылы кезеңді көрсетумен бірге, осы жағдайға душар еткен жауға арналған өшпес кекті де білдіреді. Сол арқылы азаттық үшін шайқасып 11

жатқан халық ұлдарына жігер, рух дарытады. Ал «Өтеген батыр», «Жетіген батыр», «Қарасай батыр», «Шаян батыр», «Мырқы батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақұлы Жәнібек», «Қабанбай батыр», «Олжабай батыр» тәрізді жыр-дастандарда қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен болған күрестегі ерлік қимылдары, оның ержүрек қолбасыларының қаһармандық жолы бейнеленген. XVII-XVIII ғасырлардағы тарихи кезең шындығын елестете­ тін шығармалардың ішінде «Өтеген батыр» дастанының алатын орны ерекше. Бұл дастанда «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» оқиғасына тап болған қазақ халқының ауыр тағдыры әрі Жоңғар қолымен соғыста өз тәуелсіздігін қорғап қалған қа­ һармандық күресі, ерлік жеңісі жырланады. Өтеген сынды ба­тыр­ дың ел азаттығы мен еркіндігін сақтауда көрсеткен ерен қай­ратжігері және оның жақсы болашақ үшін сіңірген еңбегі, ауыр да қиын, асуы мол күрес жолдары сипатталады. Тарихи деректер Өтегеннің жауынгерлік жолын алғаш жыр­ лап таратқан атақты Сүйінбай ақынның арғы атасы Күсеп екенін дәледейді [7]. XVIII ғасырдың әйгілі күйшісі әрі жырауы Күсеп Жиенқұлұлы өмір сүрген дәуірі жағынан Өтеген батырмен тұстас. Жоңғар феодалдарының езгісіне қарсы Өтеген батыр қол бастаса, Күсеп жырау қолдағы қарумен де, жалынды жырларымен де қазақ сарбаздарына дем берген. Апатты заманда халық атынан сөз алған Күсеп жырау мен Өтеген батыр бірін-бірі жете білген. Сондықтан, Күсеп жырау Өтеген батырдың ел басына күн туған шақта көрсеткен ерлік қайратын бірінші көріп жырлаған. Бұл көркем батырлық жырды Күсеп жыраудан баласы Арон, Ароннан Сүйінбай үйренген. Өз тұсында «өлең сөздің қызыл желі» атанған Сүйінбайдың ақындық өнеріне ден қоюшы жас ақындар оның қасынан қалмай топ-топ болып еріп жүрген. Сол жастардың бірі, ұлы ақынды төңіректеп, оның тәрбиесін көп көрген Жамбыл «Өтеген батыр» дастанын Сүйінбайдың айтуынан жаттап алған. Жамбылдан кейін бұл дастанды ел арасында Тілеміс, Майкөт ақындар айтып толғаған. Сөйтіп олар аталған жырдың өздері жасаған жаңа түрлерін туғызған. Халық сүйіп тыңдайтын «Өтеген батыр» жырының шығу және таралу тарихына көз салсақ, бір жүйелі, заңды жалғастыққа 12

көзіміз жетеді. Жыр алыбы Жамбыл Жабаев көз тірісінде өзінің Өтегенге, Сұраншы мен Саурыққа арнаған толғауларын ұстазы Сүйінбай Аронұлынан үйренгендігін ылғи айтып отырған. Мысалы, Ж. Жабаевтың 1946 жылы шыққан шығармаларының толық жинағына жазған алғы сөзінде академик-жазушы Сәбит Мұқанов: – «Сұраншы батырды» да, «Өтеген батырды» да бірінші жырлаған мен емес, Сүйінбай, – дейтін еді Жәкең. – Мен соның негізінде жырлаймын [8], – деген Жамбылдың өз сөзін келтіреді. Рас сөз! Өйткені, «Өтеген батыр» дастанының Жамбыл ай­ туындағы нұсқасы өзінің идеясы мен әлеуметтік-қоғамдық көз­ қарасы жағынан Сүйінбай нұсқасымен үндесіп, үйлесіп жа­тады. Ұзақ батырлық дастандары мен қысқа өлең, толғаула­рында немесе айтыстарында болсын, ұлы Жамбыл өзінің ұлы ұстазы Сүйінбай ұстанған шыншылдық бағыттан аумайды. Ол да Өтеген ерлігін жырлау үстінде батырдың көпшіл мінезін, халық алдындағы қалтықсыз қызметін ашуға көп күш салады. Осы арада көңіл бөлетін жай белгілі бір әдеби шығарманы бір ақыннан екінші ақын ауысып жырлаған кезде, соңғы ақынның ол объекті туралы өз атынан айтары, оқиғалық сюжетті дамытуы немесе азайтуы, тыңнан жаңа фрагменттер қосып, әртүрлі жырлауы – табиғи нәрсе. Мұның өзі – дүниежүзілік әдебиет тарихында ежелден келе жатқан дәстүр. Мәселен, ертедегі Шығыс ақындарының Ескендір жорықтарын, «Ләйлі-Мәжнүн» мен «Фархад-Шырын» оқиға­ла­ рын айтпағандары кемде-кем. Аталған дастандарды парсы-түркі жұртының ұлы ақындары Низами Гәнжеуи, Әбдірахман Жәми, Әлішер Науаи, Мұхаммед Физули сияқты поэзия алыптары кезеккезек зор шабытпен жырлаған. Қазақ халқының XVIII ғасырда шетел шапқыншылығына ұшы­раған ауыр халі мен азаттық үшін күресте қол жеткен жеңісін бейнелейтін «Өтеген батыр» жырының тағдыры – «Ескендірнама», «Ескендірдің даналық кітабы», «Ескендір қорғаны», «Ләйлі-Мәжнүн», «Фархад-Шырын» дастандарының жырланып сақталуына ұқсас қызық та сұлу тағдыр. Өзінше бөлек тұтас бір аталы-балалы жыраулар әулеті Күсеп-Арон-Сүйінбай және олардан тағлым алған кейінгі буын Жамбыл, Тілеміс ақындар «Өтеген батыр» дастанын бірінен-бірі ыстық ілтипатпен қабыл­ дай отырып, байыта жырлауға күш салған. 13

Жыр кейіпкері Өтеген – өмірде болған тарихи тұлға. Қазақ­ стан Республикасы Ғылым академиясының қолжазба қорында сақ­ талған Ә. Делебаевтың дерегі бойынша Өтеген Өтеғұлұлы 1699 жылы Шу өзенінің бойында Хан тауының Оңтүстік шығы­сын­­ дағы Изенді деген жерде дүниеге келген. Қазіргі Жамбыл облы­­сы, Мойынқұм ауданының шығыс жақ шеті. Өтеген Өтеғұл­ұлы – ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан батыр [3, 25]. Өтегеннің әкесі Өтеғұл Сырымбетұлы өз заманының атақты батыры атанған. 1635 жылы Ойраттың ханы Батырдың 50 мың қолына соққы берген шешуші ұрыста қол басқарған. Өтеғұл екі әйел алған. Оның үлкені Жарқыннан Қалымбет, Нұрымбет, Нұрлыбек, Нұрқожа деген төрт ұл көрсе, екінші әйелі Нұрбаладан Байбол, Жанбол деген екі ұлы болады. Бірақ оба ауруынан үлкен әйелі Жарқынмен бірге аталған балалары түгел өліп, Өтеғұл мен Нұрбала екеуі ғана қалады. Көп ұзамай Нұрбала ұл табады. Жанысбай деген жасы тоқсанға келген қария: «Енді, батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын», – дейді [3, 38]. Өтеген батырдың туған шешесі Нұрбала тарихта аты белгілі Қордай батырдың ұрпағынан екен. Анасы Нұрбала Өтеген жү­ руге жараған кезден бастап-ақ, баласын батылдыққа, жүрек­ті­ лікке баулыған. Батырдың жастық шағы Тәуке хан өліп (1718 ж.), қазақ жүздерінің арасында тартыс туып, ел ішінің бүліне бас­ таған кезімен тұспа-тұс келеді. Өтеген өз тұсындағы әлеу­мет­тік оқиғалардың қақ ортасында болып, ел бүтіндігін сақтауға ұм­ тылады. Сол игі жолда халық батыры атанып, ел таныған қай­ раткер дәрежесіне көтеріледі. Ал, соңғы жылдары, 1993 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты кітабында Өтеген дүниеге келген отбасы жайлы былай дейді: «Өтеген Өтеғұлұлы әкесіне құдай берген жеті ұлдың бірі еді. Ол сан жағынан алғанда төртінші ұл болатын. Шешесі Ұмсындық ақжарқын, өте фазылды, ғазиза кісі еді. Әкесі Өтеғұл – шаруа адам. Малды да, жанды да кісі. Өйткені туғантуысқандары өте көп адамдар болатын. Сол малды... Бұқара, Самарқанд жерлеріне көбірек айдап, соның әсерімен алтын ақша жинаған Қасқарау-Сырымбет тұқымы Өтеген ауылы еді» [9, 135]. Келтіріліп отырған екі деректе де батырдың ауқатты ортада 14

өскендігі аңғарылады. Айырмашылығы – Өтеғұлдың әйелдерінің есімдері аталған материалдарда әртүрлі: Ә. Делебаевтың жазба­ ла­рында Жарқын, Нұрбала делінсе, жоғарыдағы кітапта тек Ұмсындық деген бір әйел айтылады. Ер жете келе Өтеғұлұлы Өтеген Айғаным және Нұржан деген екі әйел алған. Айғанымнан Қосағал, Қосдәулет, Бертіс, Асау, Ылау, Тарпаң; Нұржаннан Базарбай деген ұлдары болған. Аюса – батырдың асырап алған баласы [3, 39-45]. Осылайша тарихи шыққан тегі айқын, тарихи тұлға Өтеген Өтеғұлұлының бейнесі келе-келе неше түрлі таңғажайып оқиғалы әңгімелерге өзек болған. Оның Шығыс, Қытай, Ресей орман-далаларын шарлауы шынында да қайран қалдырады. Және де ақындар Өтегеннің дүниені ұзақ кезіп қайтқанын ескергендіктен, естігендіктен қиял қанатына жел беріп, тым асқақтатып жіберсе де керек. Жат жұрттардың арасында көп жүргендіктен, Өтегеннің қайсыбір тілдерді аз-кем білуі де ықтимал. Өйткені Қазыбек бек Тауасарұлының «Түптұқияннан өзіме шейін» деген кітабында батырдың өте ұғымтал зеректігі және араб, парсы, қалмақ, қытай тілдерінен хабардар екендігі туралы мәліметтер бар [9, 148-244]. Ал әлем тілін білді, аң-құстар тілін білді деушілік, әншейін, көтермелеу мақсатында қосылған қоспалар дейміз. Сөйтіп, ел аузындағы әр алуан әпсана-аңыздар негізінде ол түкті Өтеген, мүйізді Өтеген, жиһангер Өтеген атанып кете бар­ ған. Бірінде батырдың түкті Өтеген, мүйізді Өтеген атануының себебін журналист, «Өтеген батыр» қайырымдылық қорының төр­айымы Айзада Сейітқызы былай түсіндіріпті: «Өтеген батыр­ ды жұрт Түкті Өтеген, Мүйізді Өтеген деп те атайды. Түкті Өте­ ген дейтіні құлағының ішін түк басқан, аңның, құстың тілін біл­ ген екен. Ал Мүйізді Өтеген деп атау себебі төбесінде биіктігі 5-6 сантиметрдей келетін, жуандығы ересек адамның бас барма­ғын­ дай мүйізі болған деседі. Әйелдерінен басқа ешкімге көрсет­пейді екен» [10, 17]. Мақалада айтылғандай, батырдың түгі, мүйізі болса болған шығар, бірақ аңның, құстың тілін білді дегені асылық, тым артық өсіріп жібергендік пе дейміз. Шамасы, бұл ойын автор «Өтеген батыр» поэмасындағы «Дүние­дегі аң-құстар, Өтегенді сағынар», немесе «Тілін білер 15

әлемнің, Ол жүрген жанның данасы» деген суырып-салма ақын­ дар­дың сөзіне сүйеніп айтқан болар. Оның өзінде де әдеби аңыздарда аңның, құстың, желдің, өсімдіктердің т.б. тілін білу­ шілік Адам ата ұрпағы тарихында тек Сүлеймен пайғамбарға ғана қатысты айтылады. Жалғыз-ақ, «Мың бір түн» әңгімелерінің бірінде бір диқанның тікелей Сүлейменнің өзінен жануарлар тілін үйреніп алғаны, содан бір пәлеге қалғаны жайлы күлкілі оқиға баяндалған. Ал, енді мүйізі болыпты деген қауесетке келсек, тағы да Қазыбек бек Тауасарұлының атақты кітабынан төмендегідей жолдарды ұшыратамыз: 1) «Шам қаласына келіп орналасқан соң, Өтеген қатты ауырды. Өтегеннің басында іштен туған жара болатын. Ол уақыт өткен соң аузы қарақотырланып, кейін мүйіз сияқтанып қатып қалған. Осындағы тәуіптерге көрсеткенімізде, тәуіп бас сүйекте тесік бар, содан іштен әртүрлі қан ұйысқан сұйық заттар шыққан. Енді ол тас болып мүйізденіп, бас сүйектегі тесікті жауып қалған. Қазір жер жағдайына байланысты қозғалып ауырған болар, бір айдан кейін қояды дегенді айтты» [9, 155156]. 2) «Шам шаһарындағы кітапханалар онша бай болмады. Дегенмен, адам ағзасынан бірсыпыра мағрифат алдым. Оның басты себебі де Өтеннің ауруы болды. Мен де елдегілер сияқты Өтеннің мүйізі бар деп ойлайтынмын. Осы ауру оның мүйізі емес, жарасы бар екенін анықтады. Кейін елге келгеннен кейін де мен оны тіс жарып ешкімге білгізген емеспін. Кейде сырқырап ауырады, әсіресе, күн бұлттанғанда ауырады дейтін ол. Шам қаласында құдай соның сәтін салды... Әлдеқалай мен есік алдына шығып, артуж ағашын көлеңкелеп отырғанмын. Мойнына дорба салған, үстіндегі киімі шұрқ тесік бір кісі мені көре салып бері бұрылды. Мен жасы үлкен адамға тағзым етіп, сәлем бердім. Ол маған алая жаман көзімен қарады да: «Сенің жаныңда жолдасың бар, ол қатты науқас, егер оны мен қазір қарамасам, ол ертең осы уақытта дүниеден сапар шегеді», – деді [9, 57]. 3) Диуана Өтенді иығынан басып отырғызды да, басына киген тақиысын жұлып алып, Өтеннің басын қалтасынан алған түсініксіз бірдемеге от қойып, онымен Өтен басын күйдіре бастады. Өтен бәріне көніп, тып-тыныш отыр. Мен таңданып қалдым. Диуана тұқшыңдап дорбасынан тағы бірдеме алды да, баттастырып жап16

жасыл дәріні жаға салып: «Ал енді ажалдан қалдың, қош бол!» – деді. Мен ақша беріп едім алмады... Басын көтере алмай қалған Өтен ертесіне-ақ басын көтеріп жүруге жарады. Сөйтіп, сол жара бұдан кейін ауыру белгісін бермеді, кәдімгі мүйіз болып, доға­лақ­ танып қатып қалды. Кейін шашын алғанда, өзім оны талай ұстап көрдім, кәдімгіи мүйіз. Осыданкейін Өтен ауруы көрдім жоқ болды. Өле-өлгенше Өтеннің енді басы ауырып балтыры сыздап көрмеді десем де болады [9, 159]. Демек, туғаннан Өтегеннің бой-басында белігілі бір шамада патологиялық (сырқат, нақас) ауытқу байқалған. Келе-келе, ол сырқат ара-тұра, сыр беріп, мазасын ала бастаған. Оны бала кезден бірге өскен құрдасы Қазыбек бектің жазбалары дәлел­ дейді. Ендеше нақ осы тұста Қазыбек бектің өзі кім еді деген заңды сұрақ туады. Бұл тұрасында белгілі жазушы-журналист Балғабек Қыдырбекұлы «Шапырашты Қазыбек бек» атты мақа­ ласында «Қазыбек бек Тауасарұлы 1692 жылы сәуірде Іле Матай­ дың (қазіргі Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы) етегінде дүниеге келіпті. Әкесі Тауасар Матайұлы Дәулет немересі (Дәу­ лет – қазақтың Қарасай батырының тұстасы, сол кезде би болған кісі) баласын бес жасынан оқытқан. Оны байдың еркебұланы демей, алысқа Бұқараға жіберген. Сөйтіп, сауатын ашып, Бұха­ радағы дін оқуын төрт жылда тамамдап ол (Қазыбек бек. Ү.М.) еліне – Жетісуға қайтқан» [9, 7-8], – деп жазады. Тура осы жаз­ баға қарағанда, еліне келген соң Қазыбек бек екі жыл бойы бала оқытқан. Оқытқан балаларының арасында одан бір жас үлкен Өтеген Өтеғұлұлы да болыпты. «Арада екі жыл өткен соң Қазыбек қайта оқуға аттанады. Ол Бұхара мен Самарқанға жөнелді. Дулат-Жаныс-Жарлықамыс Өтеғұл бай өзінің бір ұлы Өтегенді Қазыбекке қосып оқуға жібереді. Осыдан кейін Қазы­бек пен Өтеген Бұхара, Самарқанға, одан Ауғанстан арқылы Шамға (Сирия – Ү.М.), Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып сегіз жыл оқып, тоғызыншы жылға аяқ басқанда елге оралды» [9, 8]. Бұл деректерге сенсек, Қазыбек бек пен Өтеген екеуі Еуро­паны тұтастай, Ресейді шет пұшпақтан шарлап шыққанға ұқсайды. Ел көрген, жер көрген, білім алған. Ақырында, «Қазыбек бек Тауасарұлы бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біразын аралап, Ита­ лия иоласын (скрипка) арқалап, 1709 жылдың аяғында елге жет­ті. 17

Елі Өтеген екеуіне ат шаптырып той жасады», – деп баяндайды Б. Қыдырбекұлы [9, 12]. Мұнан соң Жоңғар шапқыншылығы кезінде Қазыбек бек әлеу­мет ісіне белсене араласып, қазақ-жоңғар соғысының қаһар­мандары Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлармен бірге талай-талай қырғын шайқастарға қатысады. «Сөйтіп жүріп, қырық жерінен найза тиіп, ақыры ол жара асқынып, 1776 жылдың қараша айында дүниеден өтеді. Оның сүйегі Күрті жеріндегі, кейін Қазыбек аталып кеткен таудың терістік тегісінің екі төбесінің биігіне қойылған» [9, 18]. Өтегеннің қалайша мүйізді болғандығы жайлы жоғарыда­ ғыдай шынайы сыр шерткен Қазыбек бек – өз кезінің көзі ашық оқымыстысы әрі жауынгер-жылнамашысы атанған кісі. Оған оның соңында қалған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты әдебитарихи кітабы куә. Қазбек бек сынды болашақ ұлы ғұламаға жастай ілескен Өтеген Өтеғұлұлы да өз уағына сай білім алып, жаһан кезген. Соңыра, туған елге оралған соң, ол төңірегіне алыс жұрттар тұрмыс-тірлігі, тау-тасы, жазира өлкесі жайлы көрген-білгенін, оқып-тоқығанын тамылжыта, таңдай қағып әңгімелеп жүруі де әбден мүмкін емес пе?! Содан да былайғы, сыртқа қадам аттап басып, ұзап шықпаған қарапайым шаруа адамдары Өтегенді батылдығына, батырлығына қоса, енді оны барынша асқақтатып, елден ерекше, ала бөтен қасиетті, киелі жан етіп көрсетуге ұмтылған. Бұл – әулие, бұл – керемет, бұл – тегін емес басында мүйізі бар, денесінде түгі бар деп, неше түрлі таңғажайып, таңтамаша қауесет таратып жіберген. Әрі ол туралы небір ертегіге бергісіз қияли қилы-қилы тосын оқиғалар ойлап тапқан. Нәтижесінде, алуан түрлі ақылға сыйғысыз мифтік, мистикалық аңыздар ел ішін кеулей жөнелген. Шындығында, бүгінгі күн биігінен көз жіберсек, сол өткен замандардағы қазақтардың қазақы ұғымына салсақ, жер жаһан­ ды шарлаған Өтегендей ердің небір кереметтерді бастан кешіп, Айдаһар, Абжылан, Жезтырнақ және өзге де сұмдықтарға ұшы­ ра­май, жолықпай кетуі мүлде мүмкін емес! Дәл осындай ойдағы алыс аймақтарды еміс-еміс елестететін, оқу-түсінігі шамалы, қара­шоғыр қара шаруа, момын, бұйығы халық Өтеген қалай болғанда да шалғай, жұмбақ, қатерлі өлкелерде аузынан от шаш­ 18

қан құбыжықтарға, темір тырнақты зұлым күштерге сөз жоқ кезік­кен, соғысқан деп өздерін мықтап иландырған. Және де олай бағам­дауға түркілік Орта Азияға ертеден кең таралған «Мың бір түн» әңгімелері мен шығыстық сарындағы дастандардағы жыншайтан, дию-пері жөніндегі оқиғалардың да айрықша ықпаләсері болды деуге негіз бар. Әрі Өтегеннің өмірі мен ерлік істері, қаһар­мандық шайқастары туралы деректердің көп сақталмауына, тапшы­лығына байланысты немесе ол жайлы ақындардың жет­ кілікті білмеуі салдарынан батыр бейнесін мистикалық мұнар басқан. Содан барып, ақпа ақындар Өтегенді өздері тым жақсы білетін, дастанға айналдырып жырлап жүрген «Мың бір түн» әңгімеле­ріндегі айдаһар, әпжылан, жезтырнақтармен алыстырып жіберген бе дейміз. Мұнан өзге Тауасарұлы Қазыбек бектің «Түп-Тұқияннан өзіме шейін» атты ғұмырнамалық еңбегінен Өтеген батырға қатысты мынандай деректерді алға тартуға болады. Қазыбек бек былай дейді: 1) Шығыстың тауарихшыларынан да мол хабарым бар: баяғы­ да Өтен (Өтеген – Ү.М.) екеуміз оқу іздеп Шам, Басыра, Бағдат шаһарларында, Иран жерінде қаңғып жүргенде оларды ұйқы көрмей оқығанмын. Сонда Өтен айтар еді: «Әй, Қазкен, осы сен китап оқығанда, жанындағы жалғыз мені ұмытып кетесің», – дейтінді [9, 26]. 2) Ішкерідегі Ересей (Ресей – Ү.М.) елі бізді қырғыз атайтынын білетін едім. Оны бірді-екіні бізге келген елшілерден өзім де талай естідім. Олармен сөйлескенмін де. Өтен екеуміз Бижнек теңізіне құятын теріскей Доң өзенінің бойындағы бір орыс шіркеуінің қызметшісінен төрт ай сабақ та алғанбыз. Сонда олардың да бізді осылай атайтынын естігенбіз [9, 30]. 3) Менен оқығанның бірі – Өтеген. Ол менен бір жас үлкен. Мен оны өз бетінше оқи алатын дәрежеге жеткіздім. Енді ол менен екі елі қалмайтын болып алды. Күндіз-түні біргеміз. Бұл – Жаныс ішінде Қарсқарау атанатын атаның ұлы [9, 121]. 4) Мен Өтеген батырекеуміз жарты дүниені араладық, оның үстіне Өтен тамағынан өткеннің бәрін тамақ қылатын қортық қытай еліне дейін барды. Мен дүниеде өз жұртымнан асқан ел бар деп танымаймын. Өтен де осы сөзді айтатын [9, 128]. 19

5) Мұхиттың арғы бетінде, жұмыр жердің батысында Аме­ ри­кан жер бар деседі. Солар да жауынгерлігінен, ешкімге бас имейтін көкайылдығынан бүгінде құрып бара жатыр деп айтатын енді Еуропа елдерінің адамдары. Отарлап жаулап алғандар оларды аямай қыратын көрінеді. Олар енді біржола құруға таянған. Міне, жауынгерліктің ақы­ ры. Маған мұны Өтен екеуміз, Еуропа жерінде жүргенде, Ромда естіп таңқалған болатынбыз [9, 129]. 6) Біздің бөлініп-жарылуымызды біздің жерімізге көз аларту­ шылар ерекше қалайды. Әсіресе, бұған құмар, бірімізді бірімізге ай­дап салатындар – орыстар. Олар бізді қалмаққа, қалмақты бізге ай­дап салу арқылы біздің бәрімізді, түріктерді, қалмақ тұқымдас­ тар­ды әлсіреткісі келеді. Мынаны айтсам да болады. Орыстар осы біздің ойратпен болған екі жүз жылға созылған соғыста бір қолын бізге, екінші қолын ойратқа (Жоңғар – Ү.М.) ұстатып, әр­қай­сымыз­ ға доспын деп, қастық істеп жүр. Мен Өтен екеуміз бір жыл­дай орыс арасында болғанда, олардың қыр-сырына әбден қа­­нық­қан­быз. Олар өздерін ерекше елміз деп кеуде қағады. Ал, шы­нында, Еу­ро­па елдерінің ішіндегі ең сорлысы – орыстар. Олар еш­қа­шан біз­ге жақ­ сылық қылмақ емес. Оны Әбілқайыр да түсінді. Бі­рақ оның ман­сап­ құмарлығы қазақ мүддесін сатқызбай қоймады [9, 130]. 7) Ал маған керегі – ұрудың мүддесі емес, бүкіл қазақ жұрты­ ның болашағы. Егер қазаққа қарсы бірдеме ойлар болса, маған Төленнің де, Қазыбектің де (Қаздауысты – Ү.М.) керегі жоқ. Біз Өтен екеуміздің өлгенше қазақ елінің намысын жыртамыз деген, қара қой сойып, қолымызды қанға матырған уағдамыз бар. Уағда – құдай аты. Алла тағала бұдан бізді тандыра көрмесін [9, 133]. 8) Мен Бұқарадан келген соң бала оқыттым. Оны айттым. Бірақ содан қара танығаннан кейін оқып кеткені – Өтеген Өтеғұлұл баласы... Екеуміз менің он жасымнан бастап бірге болдық та, өлеөлгенше ажырамадық. Өтеген Өтеғұлұлы әкесіне құдай берген жеті ұлдың бірі еді. Ол сан жағынан алғанда төртінші ұл болатын. Шешесі Ұмсындық ақжарқын, өте фазылды, ғазиза кісі еді. Әкесі Өтеғұл – шаруа адам. Малды да жанды кісі... Өтен маған он жасымда ерді де, содан дүниенің біршама жерін бірге шарладық. 20

Алдымен Өтеғұл бай айдаған малмен екеуміз бірге шығып Бұқараға, одан самарқант бардық. Онда Торын қажының қо­лын­да бір жыл тұрдық. Бұқара, Самарқант тұрмысы, олардың адамда­ рының жиіркенішті, жәһиллік ақшақұмарлығы маған ұнамады. Жаңа келген, оқу іздеген Өтенге мұның бәрі қызық болды... Бұқара елі, мұнымен сабақтас жатқан оғыз-түрікпендер, қара­ қалпақтар елін де осы кездері Өтен екеуміз әбден кездік... Өтен әптиекті бітіргеннен соң өзінше мықтап жазып кете ал­ мағандығымен, судыратып оқитын дәрежеге жетті [9, 135-137]. 9) Ауған (Афган) елі – таулы ел. Тіпті, мен жүрген жердің бәрі тау болғандықтан, жерінің бәрі тау ма деп те қалдым. Біздің көзде­ геніміз ауған жері емес еді. Біздің бармағымыз фарсы – Әсфаһан болатын. Әуелі Ғиратқа Әбделі кінәзіне бардық. Бұл жұрт өздерін мұсылманбыз деп есептейді... Біз Өтен екеуміз – біріміз онға, екіншіміз он бірге келген баламыз [9, 138-139]. 10) Пұштымдардың өмірі (Ауғанстандықтар – Ү.М.) бізге ұқсас. Бірақ тым жабайы қалыпқа жақын. Жерлері соншалықты нашар, әсіресе, олардың көші-қоны жүретін жерлері ит байласа тұрғысыз, құм, кішкентай жел тұрса, бір адым жердегі адамды көре алмай қаласың. Өтен екеуміз осы далада екі күн адасып өліп қала жаздап, шөлдеп, құлап жатқанымызда, кездейсоқ әлдеқайдан келе жатқан ғараптар бізді қайтадан Кәбілге (Кабул – Ү.М.) әкеліп тастады. Кәбілдің адамдарыда Гараттағылар сияқты мұсылманшылығы аз, ме­йірімсіз адамдар. Біз Әсфаһанға барамыз деп қайта айналып, Кә­білге келген соң қатты ренжіп, тіпті, елге кетсек пе екен деп ойладық... Кәбілдің медреселері Бұқар медреселері ғана шамалас. Ма­ жалы менің байқауымша, бұл ел оқуға онша құлықсыз секілді. «мына пұштымдардың білетіні менің білетінімнен де аз екен», – деп Өтен күліп жүрді... Бұлардан біз ештеме үйрене алмайтын болғандықтан, қайта Әсфаһанға баруды ойластырдық... Кәбіл мен Әсфаһан арасына жарты айға жуық жүріп зорға жеттік. Әсфаһан – ол кезде Парсы жұртының астанасы, сауда-саттық өрістеген [9, 142-143]. 21

11) Өтен екеуміз Лотфолла шайқы мәсжідінен (мешіт – Ү.М.) дәріс алдық. Мен бұл мәсжідтің ең озық мүриді (оқушысы, сту­ денті – Ү.М.) болдым. Парсы жырларының, тауарих ілімінің ар­ қауын мен осында меңгердім. Өтен де риза болмаса да, мазһаб­тан сабақ алды. Әсфаһанда біз бір жарым жыл тұрдық. Біз мұнда әлі де тұра берер едік, бір жай Өтенді де, мені де қатты жиіркендіріп жіберді. Біз Дәуіт әпендінің үйінде, керуен сарайында тұрдық. Оның ұлдарының үйі әкесі үйіне таяу. Балаларының үлкендерінің балалары біз қатарлы. Үлкен ұлы Мұхамедтің бес баласы бар. Соның бір қызы менімен жасты. Одан кейінгі ұлының үлкен ұлы Өтенмен жасты. Олардың ұлының бәрі саудамен айналысатын. Үлкен ұлының қызы Зәринені екінші ұлының баласы Ахмадқа қосты. Міне, бізді парсылардан жиіркендірген жаман ғадет осы еді. Біз мұны жасырмай-ақ Зәринеге де, Ахмадқа да айттық. Мұндай мұсылмандығың құрысын дедік. Өтен – қызу қанды адам, ол тіпті, Ахмадтың бетіне түкіруге дейін барды. Ақыры біз жолға шықтық [9, 144-145]. 12) Парсылардың осындай үлгі тұта алмайтын қылықтарын көрген соң, Өтен екеуміз енді ғарап (араб – Ү.М.) елдерін, өзіміздің түрік елін көргіміз келді. Егер шынын айтар болсақ, Өтен екеуміз де осы Бағдатқа кел­ генше балалығымыз кетпеген, басымыз кеппеген екенбіз. Бай­қай келсек, барлық Еуропа, Азия елдеріндегі жағдай бірдей ме деген жорамалға келдік. Өйткені бұл ғарап елдерінде де ағайынды кісілердің балаларын некелестіру бар екен. Егер олар Хұкімет билігіне бара қалса, бірін бірі аямай жазалауға әзір тұрады екен. Мәзкұр елде, яғни Бағдатта біз енді тұрмыс-салт ерекшеліктеріне қарамаймыз, тек білім аламыз деп келістік. Дегенмен, сол кездері біраз қорлық көрдік. Сол кезде бір ұзақ дастан жазған едім, оным Таластың суына кетті. Содан есімде қалған екі-үш ауыз өлеңді осы жерге түсіре кетейін: Басыра бардым, шам бардым, Истамбулға, Табылмайтын жер екен ыстан құлға. Іренжідік бекер-ақ келдік қой деп, Кімге қазық боламыз, кімге тұлға? 22

Кімге сүйеу боламыз, кімге тұлға, Шай табылмас жер екен ішер пұлға. «Жоны қашқан иттерге боқ табылмас», Бір тістеп нан табылмас бұла ұлға. Ғайрат етіп Басыра, бардық Шамға, Саудагер шуылдасады ұзақ таңға. Біраз күн ығын таппай жүрдік дағы, Қойып кеттік артынан қалың шаңға.

Бағдатта дүниежүзінде ол кезде сирек кездесетін китаптары бар зор китапхана бар-ды. Заманында Бағдатты билеген біздің бабамыз Жалайыр Сұлтанахмет те осы китапханаға келген бо­ лар. Бәлкім, мен оқыған китаптарды ол да ұстаған шығар... Бұл кезде мені айтпағанның өзінде Өтен де ғарапша, парсыша жақ­ сы сөйлейтін болған. Бәлкім, осы Өтен қасымда болмаса, мен де Әбунасыр бабам сияқты ғарапша-парсыша сөйлеп, елімді ұмытып кетер ме едім? [9, 146-148]. 13) Керуенге елесіп біз Шамға жол тарттық. Өтен менен бойы биіктеу, алпамсадай адам болды. Біз, әрине, елден кеткендегі он, он бір жасар балалар енді төрт-бес жыл өткен соң «соқтандай жігіт болыпты» дегізетіндей болған болсақ керек-ті. Өтен өте көрікті жігіт болатын. Жұрттан айырмамыз көп болмауы үшін, біз бір қалаға барған заматта киім өзгертетінбіз. Бұл бізге әдет болған десек те болады. Өйткені жұрттың көзіне бадырайып көрінгеніміз келмеді. Сонда да көрген жұрт біздің басқа елден екенімізді аңғарар еді [9, 155]. 14) Өтеннің айбалтасы екі сүйемдей сабы бар, өте нәзік жасал­ ған, басының бәрі күмістелген, үнемі қайраулы, лыпып тұра­ды. Оны ол жаз күнінде де тастамайды және онысын ешкім көрмейді. Оны мен ғана білемін... Бағдатта жүргенімізде бір оқиға болғанды. Кешке қарай китапханадан шығып бір шайха­наға кіргенбіз, содан тамақ іштік те, ақша майдалатық. Ақшаны аяқшыға төлеп далаға шықтық. Бұрыштағы үш адам асыға-үсіге бізбен бірге далаға шықты. Өтен айтты: мыналар біздің ақшамызды алмақ деді. Мен оған селт еткен жоқпын. Біз екеуміз де тепсек темір үзе­тіндей әлдіміз және бірер кісіге жетер қауқарымыз бар екенін өзі­міз де білеміз. Екеуміз арамызды ашыңқырап әдейі бірімізден 23

бірі­міз екі адымдай қашықта келе жаттық. Жаңағы үшеу екеуі Өтен­ге, біреуі маған келіп жармаса кетті. Түн іші. Көзге түртсе көр­гісіз. Маған жармасқанды мен лақтырып жібердім. Ол әңгекке түсіп кетті де, қайтып көтеріле алмай дыбыссыз қалды. Анау еке­ уі Өтенге жармасқан. Мен жанына келгенде Өтен біреуін көтеріп ұрды. Екіншісі күштірек екен, Өтенмен алысты. Жаңағы жатқан қайта тұра келіп маған ұмтылмай, тағы Өтенге жүгірді, мен оны ұрып түсірдім. Өтеннің айбалтасы жарқ етті. Жаңағы Өтенге жар­ масқан дәу дыбыс шығаруға шамасы келмей сылқ түс­ті. Екін­ші­сі қайта тұра келе жатыр еді, Өтен оны ұрып түсірді. Мен жа­ңа­ғы алдыңғы бұзық құлаған әңгекке айбалтадан таяқ жегенді сүй­реп тастадым. Қолындағы екі жүзді сапысын Өтен тар­тып алып­ты. Онда тағы бірі бар екен, Өтен айбалтаны сонан соң қол­дан­ған екен... Сонан соң біз Бағдатты біржола тастап кеттік [9, 158]. 15) Ең керемет нәрсе – Истанбул мұсылман мәртебелі мектебі, ісірібі хижра жыл санауының 731 жылы тұрғызылған, түріктер өздері оны дунияуй оқу орны деп те жүреді. Өтен екеуміз дүнияуй оқуда көп білім алдық. Әсіресе біздің зерттеп, түптеп оқығанымыз аспан әлемі еді. Тасқа жазылған жа­ зулар сырын осында аңғардық. Мұнда одан дәріс беретін адам бар екен. Ондайларды біздің елде бітімен дейтін. Тастың тіл қата­ты­ нын да, ауруды иісінен айыруды да осында білдім. Осын­да Мах­ мут бабаның «Диуани лұғат ат-түрк» китабын қатты зейін қойып оқып, көп білім алдым, көп нәрсе оқып, түйдім. Ахмет ба­баның «Диуани Хикмет» китабын да осында көрдім. Өз баба­ла­рым­ның китабын бөтен елден оқып, білгеніме іренжідім де, қуандым да. Аспан сырына қанықтық. Айдың он төрт күн толып, он төрт күн ортаятынын, оның 28 күн көрінетіні, көрінбейтін екі күні ба­ рын, барлығы 30 күн болатынын білдік... Ай енді үш жүз жыл шама­сында мүлдем көрінбейтін болады. Өйткені жер өзі айна­ латын жұлдыздың жолынан ауытқуы ықтимал. Сондықтан айға күннен жарық түскені бізге көрінбей қалады. Менің есебімше, енді бес жүз жылда жер бедері мүлдем өзгереді, ырзық бітеді... Мен Истанбулдағы мәртебелі мектепті үш жыл оқып тауыс­ қан соң, өзімді әжептәуір адам қатарына қосылдым деп есепте­ дім. Бірақ барлық мағрифаттан мағлұматым болғанмен, енді әуез өнерін үйрену мақсаты тұр еді. 24

Суретшілік өнерді де байқап едім, ол маған қонбады. Оның қисынын білгенмен, туа бітпеген өнер бойыма сыймады. Бұл жө­ нінде Өтен менен әлдеқайда өнерлі болып шықты. Бірақ ол оны өрістетпеді. Өйткені ол ертең қалам ұстаймыз ба, ауылға барған соң, әлде таяқ ұстаймыз ба деп еді, ол екеуі де болмай, біз найза ұстап, жақ (садақ – Ү.М.) тарттық. Түріктерден де көңіліміз қалды. Бұлар да парсылар, араптар сияқ­ты өз туысқандарын өздері алады екен. Бұл бізді қатты таң­ дан­дырды... Өтен екеуміз тез жиналдық та, бұл жақта өте көп болатын жүр­гін­шілермен ілесіп Ромға (Рим – Ү.М.) жол тарттық. Естіп, оқып білгенімізге қарағанда, Ром елін су қоршап тұрады, үлкен аралда. Оған жету үшін Түрік елінен Грек еліне, одан теңіз өтіп ба­рар болсақ керек. Грек еліне біз аялдамадық. Грек елі менің есімде үлкен сурет­ терімен, әдемі дарбазаларымен, биік, зәулім үйлерімен қалды. Бір айдан кейін біз Ром еліне өтіп, кемеге міндік [9, 161-162; 164-166]. 16) Ром... сурет салу өнері қатты дамыған. Сәулет өнеріне оның әсерінің көп екенін тұңғыш мен осында аңғардым. Маған қон­­бай қойған бұл өнерге маған қызығудан артықты құдай тағала бұйырт­папты. Мен тек Рафаиіл, Тидзиан, Леонардо да Винчи, Мике­ланжело Симони сияқты кереметтердің өнеріне сүйсінумен ғана шектелдім. Әсіресе, Тидзианның «Өкінішті мария», «Урбан Шол­паны», Рафайілдің «Атин мәктабы», оның сәулетшілік өнері, әсіресе, Ромдағы Санта-Мария шіркеуін салуы, оның түрлі түсті боя­уын, оның әкесі Жованнидің өнеріне сұқтанбай таңданбай көру мүмкін емес [9, 167]. Өтен екеумізді қызықтырған бірталай әуез аспабы болды. Олар­дың бәрін бұл жерде айтып жату орынсыз. Дыбыс шығара­ тын ішкі құрылысы біздің жетіғанның (Жетіген – Ү.М.) тартыл­ ған ішектеріне ұқсас. Оның бәрі сым. Тартылған сымның жуан, жіңішкелігіне қарай оның даусы да жуан, жіңішке болады. Сыр­ ты­нан қарағанда қобди сияқты. Мен кетерге жақындағанда Өтен­ ді өзім сабақ алып жүрген Гуттузо деген мұғалімнің үйіне алып барып, ол аспапты көрсеттім. Алдымен менің мұғалімім, одан соң мен райола тарттық. «Угәй-ай, ән салшы, бір бала-ай!» әнін тартқанымда, оған Өтеннің қызыққанын айтпаңыз. «Бүкіл ата малының бәрін беріп, осыны алып, аш отырар едім», – дегені 25

бар-ды. Мұндай аспап бізде де бар дегенімде, Өтен таңғалды. Шынында, біздің жетіғен бұған өте ұқсас еді. Соңғы кететін жылы Өтен екеуміз үш айдай бос, Италидың (Италия – Ү.М.) бірсыпыра жерін араладық. Операсын көрдік. Опера – хикаяны өлең-әнмен, қимылмен бейнелейтін өнер. Театр­ ла­рында да болдық. Опера өнері біздің баруымыздан жүз жылдан аса уақыт осыларда басталған екен... Италимен қош айтыстық [9, 175]. 17) Елге қайтамыз дегенде Өтегеннің есі кетті, қуанышында шек болмады... Мінгенінің көбі қашыр, есек испан мадрид елін басып өттік. Герман елі де бірнеше бөлек еді, сол кезде прус астанасы болып тұрған Берлинде екі ай аялдадық. Жандары ұсақ емес, италиандарға да, испандарға да ұқсамайтын бұл бір тәртіпті ел екен. Итали мәдениетін көрген адамға Прус мәдениеті әсер етпек емес... Орыс жеріне өткен соң, елге жақындап қалғандай сезіндік. Бірақ Еуропада жүргенімізден орыс арасын жүріп өткенміз қиын болды. Міне, біз орыс елінде бес жарым ай аралап жүргенде, олардың кім екенін анық білдік. Ең алғаш біз еуропалықтар сияқты бұлар да мәдениетті ел деп ұғатынбыз. Оларды жақсы білу үшін, екі-үш жерде бір-бір айдан тұрдық, жұмыс істедік, бұл елде кәсіп жоқ сияқты. Қашан көрсең де орман аралап, кереңқұлақ теріп жүреді. Япырай, бұл елді әжептәуір ел десем, әлі жабайы екен ғой, – деп жүрді Өтен. Бұл елде де ұят аз-ау деймін. Келіндері атасын иығымен қағып жүре береді. Бұлардың ұяттарының жоқтығын тағы әшкере еткен Өтен болды [9, 177-178; 180]. 18) Маған еуропа елдеріні көп аралағандықтан, орыс жерінің мәдениетіне көп қызыға қойған жоқпын. Өйткені маған үш-төрт айдың ішінде орыстың кім екені әбден белгілі болды. Одан үйрене қоятын ештеме таппадым... Осы жерде бір айта кететін нәрсе: орыс дегенді ұрлық, арақ десең де болады. Орыс жүрген жерде ұрлық та, арақ та болмай қоймайды. Дүниедегі елдердің көбін көрдім ғой мен. Сонда осы орыс елінен тәртіпсіз, жабайы ел көрмедім десем де болады. Ит қорлықпен Еділдің арғы оң жағына жеткен соң-ақ біз қорлықты ұмыттық... [9, 183]. 26

Біз Шуға келген соң, Өтегеннің әке-шешесін білетін адамдар табылды. Өтен тумалары бұл күндері Іленің оң қанатынан қоныс аударып ата қонысы Қордай, Қарадырға көшіпті. Енді олар: «баламды Қазыбек алып кетіп, өзі де, менің баламды да құртты», – деп жылап жүрген Өтеғұл байға сүйіншіге адам шаптырды... Сонымен, біз Далақайнардан өткенде алдымыздан жүз атты адам, қыз-бозбала, саба артқан түйелер, Өтегеннің әкесі Өтеғұл, оның бірге туғандары шықты. Өтегеннің шешесі дауыс салып тұрып көрісті. Сегіз жыл көрмеген, бала болып кетіп, осы көрініп тұрған елдің бәрінен бойы асып тұрған ірі жігіт болып келіп тұрған Өтенге бұлай көрісу дұрыс та сияқты еді... Той тарқаған соң, әкесі Өтеннің асқан молда, ғұлама болып келгеніне көз жеткізу үшін, өлгендерге құран оқытты. Баласының босқа жүрмегеніне көзі жетті. Үш күннен соң мен Шапыраштылар арасына кеттім. Тіпті, Үш Алматы төңірегіндегі, арғы жағындағы, Іленің оң қанатын­ дағы желөкпе жастар да, тіпті, менің әке-шешем де жетті. Шапы­ раштылар да өте тырқы ел. Менің аман-сау үйіріме қосылғаныма арнап, Құлансазда тоқсан үй тігіп той жасады... Тойға қырғыздан қарт Төлекей би келді, ол өзінің суырып салма ақыны Умбетал ақынды ерте келіпті: Дүниені шарлап, жер-көкті, Қазыбек ботам, келдің бе? Той жасатып, топ құрап, Кіргіздің көркін елдің де. Мен баяғы Саяқпын, Шапырашты болмай, қаяқпын. Қазақ болып туыппын, Қырғыз болып таяппын. Қазақ, қырғыз – егіз ел, Екеуін де тел емген, Ерке өскен баяқпын. Төлекей ағам айтады: «Ілақты ертең тартады... Бәйгеге алып қара нар, Бәйгеге алған бұлғын, кілемді Қара нарға артады... Сөйтіп бұл қырғызың Ыстықкөлге қайтады...» 27

... Мен Төле (биді) ағаны тұңғыш рет осы тойға келгенде көрдім... Төле аға маған: «сені Қытай еліне елшілікке жіберсек қайтеді?» – дегенді айтты... Ойраттар біздің елге тыныштық беруді қойды. Олар, әсіресе, орыстармен қатынасын жақсартқаннан кейін қазаққа көз аларту­ ды көбейтті. Екі күннің бірінде Найманның не ана ауылын, не мына ауылын шауып кетіпті деген сөз дүңкілдеп естіліп жататын болды. Енді билер, күнде болмаса да, аптасына бір жиылып бас қосып, бірінен бірі хабар алып, жағдайды біліп, ғақылдасып оты­ ратын болды. Олар көбіне қалмақтан емес, орыстың оған берер жәрдемінен қорықты. Орыс патшасының қалмаққа жаны ашып бара жатпаған-ды. Олардың көздегені – асты кен, үсті қаптаған мал қазақ жері... енді біздің бар тауарихымыз да, ғұмырымыздың ең бір өзекті шағы да осы ойраттармен, яғни орыстар бізге айдап салғандармен болды... енді осыдан кейін «байтал түгіл бас қайғы» болып Өтен де, мен де белге қылыш байлап, қолға найза ұстап, ер басына күрзі ілетін көп дүрмектің ішіндегі біреу болып шыға бердік. Біздің сауатымыз да көп керек бола қоймады [9, 186-189]. 19) Өтеген бас болып, маған қазақ қолын бастауды ұйғарды. Мен мұндай үлкен істі бұрын атқарып көрмегендіктен, жүрек­сін­ дім. Бірақ жүрексінгенмен амал не, жөн-жосық білетін, сауатты адам аз. Дәулет пен Өтеген қолды баста деп отырып алды. Сонан соң ғаскерді (әскер – Ү.М.) құрап, Дәулетті, Өтегенді, Сатайды, өзімнің әкем Тауасарды мың басы етіп белгіледім. Жасы кел­ ген Тауасар биді Өтеген мен Дәулеттің ғақылшысы (ақылшысы – Ү.М.) етіп қойдым. Дулаттан келгендерді Өтегенге тапсыр­дым да, өзім шапыраштылардың екі жарым мың қолын қолға ал­дым. Өтеген – өте қызба, тазқатар, батыл да, батыр да адам. Оған басал­қылық жасауға өзімнің әкем Тауасарды, Өтегеннің әкесі Өтеғұлды қостым. Өзім әкем қатарлы Сатай батырды жаныма алдым... Өтеген бұрын еуропада айбалтамен адамды шауып өлтір­ген... Өтегенге салсаң, тіке шабуылға шығып, найзаласып, қылыш­тас­ қысы келеді [9, 226-227]. Дегенмен, біз жауды жамсатып салмағанмен, қатты ұрсысып, көп шығынға ұшыраттық. Осы Шоқпарға шығыс жағынан кіре берісте Өтеген он шақты қалмақтың басын шауып түсірді. Мен де 28

қарап қалмаған болсам керек-ті. Менің Қазыбек батыр атануым да осы ұрыста еді [9, 229]. 20) Өтеген менімен бірге өскенмен, Төлеге жақын болатын. Өтеген де, Төле би де дулат – Жаныс еді. Жаныс – Дулаттың екін­ ші ұлы. Үлкені Сиқым. Шешелері Гүлзейнеп төрт құрсақ көте­ріп­ті де, сонымен тоқтапты. Соңғы Ботпай мен Шымырын егіз туыпты... Өтеген Төлеқұлаға мінгенде, Тарпаң солқылдап тұрып жыла­ ды. Өтегеннің тілеуін тілеуші көп болды. Осы майданда Өтеген Төлеқұлаға мінгенде, он-он бес адамның белбеуін мойны­на салып, құдайға жалбарынып, мінәжат етіп тұрғанын байқадым. Өтеген жорға құлаға өзі мінді. Бұл – қазақ жоралғысы: майданға бара жатқан кісіні ешкім аттандырмайды. Сәлден кейін Төлеқұламен Өтеген майданға қарай жұлдыздай ақты. Арғы беттен ол да құла мінген Ботхишар шапты. Ортаға екеуі жеткенде, найзалардың шақ-шақ еткен дыбысы шықты. Төле­ құла өзінің басалқалы жорға екеніне қарамай, өте омыраулы жылқы екен. Арада бие сауым уақыт өткенше екі батыр бірінбірі алыса алмай, біріне бірі найзасын да, қылышын да дарыта алмады. Енді сәлден соң әбден терлеген денесі қызған аттардың дыбысы да шыға бастады. Төлеқұланы Өтеген тура Ботхишар құласының жанынан салды. Төлеқұла соншалықты омыраулы жылқы екен, қалмақ құласын екпінімен, омыраулап ығыстырып жіберді. Қалмақ құласы шыдамай, әрі бұрыла бергенде, Өтеген Ботхишарды бүйірден сойып жіберді. Ботхишар аттан аунады. Дарымады деп тұрдық біз. Бірақ Өтегеннің кіріп кеткен найзасы шықпай, ол әлі ат үстінде еді. Өтеген қалмаққа енген найзасын қос қолдап қайта тартқанда, шамасы, суырылды білем, Ботхишар аттан құлап бара жатты. Қалмақтар жағы шулап кетті [9, 238-240]. Қорыта келгенде, осы әдеби-тарихи құжаттардың барлығы – Өтеген Өтеғұлұлының он бір жасынан бастап, бастан кешкен қысқаша хал-ахуалы, көзі тірісінде хатқа түскен жазбаша өмір тарихы. Мұнда Өтеген дүниеге келген орта, оның әке-шешесі, мал-жаны жайлы нақты деректер бар. Батырдың дәулетті, ауқатты отбасында өскені айқын аңғарылады. Соның арқасында Қазыбек бек Тауасарұлына ілесіп, Таяу Шығыс елдері мен Еуропаны шарлайды, білім алады. Қазыбек бек бір тұста Өтегеннің Қытайға да барып келгенін айтады. 29

Қазыбек бек оны үнемі жақсы көргендіктен Өтен деп еркелетіп сөйлейді. Әрқашан Өтегеннің оқуға зеректігін, ұғымталдығын, шыдамдылығын атай отырып, қажет болса оның батыл, қайсар, шешімді іске де бара алатындығына куәлік етеді. Сөзінің шынайылығын автор нақты мысалдар арқылы дәлелдеп отырады. Сөйтіп, серігі Өтегенді әр қырынан алып сипаттайды. Қандай жағдайда өзін қалай ұстайтындығын барынша ашып көрсетеді. Алыс сапардың не бір бұралаң бұрылыстарында, қатерлі сын сағаттарда Өтен досының төзімділік танытып, сабыр сақтағыш­ тығын кейде жат жұрттың қазақ түсінігімен сыйыспайтын кейбір дәстүр-салт дағдыларына шыдай алмай, қарсы келетін қызуқанды мінездерінен де қызғылықты мәліметтер береді. Міне, осындай-осындай деректерді әркім өзінше керегіне жа­ рат­қан. Аңыздап әңгімелеген немесе дастан-хикаяларға айнал­ дырып жырлаған.

30

ІІ ТАРАУ

«ӨТЕГЕН БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ СҮЙІНБАЙ АЙТҚАН НҰСҚАСЫ

Ө

теген атына байланысты көптеген тарихи деректер мен мифтік аңыздарды елеп-екшей қабылдаған Сүйінбай ақын өзінің айтуындағы Өтеген жайлы жырды өз тұ­сындағы заман шындықтарына жанастыра толғаған. Бабасы Күсеп жыраудан мұра болып қалған «Өтеген батыр» нұсқасын­дағы әдепкі оқиғалық жайттарды оның өзінше өзгертіп алуы, заманға бейімдеуі заңды өмір талабынан туған. Өйткені, Күсеп жырау он сегізінші ғасырда өмір сүрсе, оның немересі Сүйінбай ақын он тоғызыншы ғасырда дүниеге келген. Екі ғасырдың тарихи оқиғасы екі түрлі. Сүйінбай Аронұлы өмір сүрген он тоғызыншы ғасырда қа­ зақ жері оңтүстіктен Орта Азиялық Қоқан, Хиуа, Бұқара хан­дық­ тарының шапқыншылығына ұшыраса, солтүстіктен патша­лық Ресейдің күшпен жаулау зұлматына душар болған еді. Бұл дәуір­ де қазақ жеріне, әсіресе, Қоқан хандығы өз билігін көп жүргізді. ХІХ ғасырдың бас шенінен бастап, Қоқанның Әлім хан (17991809), Омар хан (1809-1821), Мәдәлі хан (1822-1842), Құдияр хан (1845-1875) сияқты феодал билеушілері қазақ еліне қарсы үз­діксіз басқыншылық жорықтар жасады. Сондай феодалдық со­ғыстардың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік өлкесі тұтас­ тай Қоқан хандығының езгісін көрді. Қоқан датқалары мен 31

құшбегілерінің әкімшілік зорлығы және олар жинайтын шетшегі жоқ ауыр алым-салық қазақ елін әбден күйзелтті. Халықты аяусыз талан-таражға салып, оның қолдағы барын тонап, тартып алды. Мұндай қысымға төзбеген қазақ халқы Қоқан үстемдігі мен езгісіне қарсы күреске шықты. Халықтың бұл азаттық қозғалысын Жетісу аймағының атақты батырлары Сұраншы мен Саурық басқарды. Айтулы тарихи кезеңде тәуелсіздік үшін көтерілген елдің ер­лік қимылын дәріптеп, дем беріп, оны қолдағы қаруымен де, жыры­мен де қызу қолдаған ақын Сүйінбай Аронұлы болды. Ол бір жағы­нан Қоқанға қарсы, екінші жағынан патшалық отаршылдыққа қарсы күресіп жатқан халықты рухтандыру мақ­ сатында, оның өткен­дегі ерлік жолын, бостандық сүйгіш салтын талмай толғады. ХVІІІ ғасырда туған «Өтеген батыр» дас­танын жаңғыртып, жаңа тарихи жағдайға сай жаңарта жырлады. Им­ про­визациядағы мұндай құбылыс жөнінде, бұлайша өткен ғасыр оқиғасының кейінгі жаңа жағдайға байланысты өзгертіле, жа­ ңартыла жырлана­тын­дығы, жаңа уақытқа бейімделетіндігі тура­ сында зерттеуші, әде­биетші-ғалым Н.С. Смирнова «Очерки ка­ захской литературы ХVІІІ века» атты еңбегінде: «В эпическом образе Утегена, восходящем к ХVІІІ веку, народные акыны и скази­тели, выразили свое понимание героя. Первоначально образ Утегена был создан, как патриотичес­ кий образ батыра, защищающего свой род Жаныс и Старший жуз от вражеских нападений («Өтеген Абылайдың ажырауы» и др.). В дальнейшем, в период колонизации, идейное содержание образа изменилось. В образе Утегена творцы новых версий (Тлемис, Майкот и др.) сочетали свои чаяния и ожидания с памятью о героических страницах из прошлого казахского народа и с критикой поре­фор­ менной действительности. Во вновь созданных и заново перередактированных эпичес­ ких песнях и преданиях («Өтеген Өтегул улы», «Сунқар шашып жейді», «Әмет туралы» и др.). Утеген противопоставлен всем помыкающим аульной беднотой богачам и начальникам, как борец за социальную справедливость, за восстановление попранных прав простого народа. Творчески воссозданныйавторами новых 32

версий традиционный образ эпического героя стал поэтическим обобщением стихийного протеста «разоренных, обнищалых масс» казахского народа против зверской колонизаторской политики царизма, против системы колониального гнета, насаждаемого царскими чиновниками, волостными и аульными старшинамии биями при участии и поддержке баев... Его страстное стремление найти лучшую жизньтрадиционно проявляется в поисках счастливой стоянки, где замкнуто и отчуж­ денно, нехоженными степями отгородившисьот российс­кого самодержавия с его гнетом, могли бы жить сородичи Утегена («Өтегеннің қоныс іздеуі», «Өтеген жер қарауы» и др.)» [11, 3940], – деген пікір білдірген. Замана аяқ алысына сай, арыдан келе жатқан жыр-дастандар мәтінінің өзгеріске түсуі, бұрынғы әдеби сюжеттердің жаңа жағдайға орай құбылуы заңды да. Өйткені бұл – ақын өмір сүріп отырған ғасыр талабы. Сондықтан да өз кезінің шындығына сәйкес Сүйінбай да осы жыры арқылы он тоғызыншы ғасырдағы қазақ сарбаздарына Өтегенді үлгі етеді. Өтеген сияқты ерлік көрсетуге, халық алдындағы азаматтық борышты жан аямай өтеуге үндейді. Қоқан қолымен соғысып жатқан Сұраншы, Саурық бастаған қазақ жігіттеріне Өтеген батырдың халық үшін басынан кешкен қиын-қыстау күндерін барынша мадақтап, үлгілі өмір етіп ұсынады. Сүйінбай ақын айтқан «Өтеген батыр» дастаны екі бөлімнен тұрады. Дастанның бірінші бөлігінде Өтегеннің дүниеге келуі және ең алғашқы ерлік жолы жырланады. Екінші бөлігінде Өте­ ген­нің халыққа жайлы қоныс іздеу сапары айтылады. «Өтеген батыр» жырының алғашқы бөлімінде батырдың дүниеге келуінің өзі бір ерекше құбылыс, ел өміріндегі үлкен қуаныш болып сурет­ телінеді. Қоқан үстемдігінен зәбір көріп, талауға түскен ел өзін осы тұңғиық кіріптарлықтан құтқаратын ер-азаматты аңсайды. Жырдың кіріспесінде батыр ұлға деген халықтың сарғайған са­ ғынышы бейнеленеді: Батырды халық сағынып, Қайғы, уайым жамылып, 33

Қоқаннан көріп зорлықты, Тар кешу, қиын жылдарға, Жетісу елі жолықты. Қара күн туған көп халық, Шабуылдан зорықты. Көз жетпей сәуле, жарыққа, Уайым мен опық жеп, Тебінгіден тер кеппей, Күнде аттанып жорыққа, Қиналған қамсыз халықтың Тілегі батыр болыпты. Қайтпас мүйіз жүректі, Батыр бер деп білекті, Қалың ел басын құрайды, Бір батыр деп сұрайды2.

Тар заманда ел басына түскен ауыртпалық пен қиналысты Сүйінбай ақын жете түсінген. Ел тілегі еркіндік пен тыныштық екенін жүрегімен сезінген. Ақын – халықтың осы зарыққан күйін дастанда батыр сұрау эпизоды арқылы шебер ашқан. Және де халық үшін қызмет етудің оңай емес екендігіне баса назар аударған. Көп көңілінен шығу сын атаулының ең қаталы, ең жауапты да мәртебелісі деген ойды аңғартқан: Айдынды ер болмаса, Өз басын өзі қорғаса, Түн ұйқысын бұзбаса, Түн жамылып тұрмаса, Кезеңдей жерден кездесіп, Ел дұшпанын ұрмаса, Қайтіп көпке ұнайды!

Міне, Сүйінбай ел қорғаймын, жер қорғаймын деген жауынгер жігіттерге осындай талап қояды. Тынышсыз заманда тек жатуға, жеке қара бастың қызығын халық қамынан еш уақытта жоғары қоюға болмайтынын батыл ескертеді. Автор Өтеген батырдың дүниеге келу шартын халық тілегімен тығыз бірлікте алып қарайды. Ел қорғаны болғалы тұрған болашақ 2

Жыр мәтіні Жамбыл Жабаев музейі мұрағатынан алынды. №10-папка.

34

батырға қойылар талаптың да тым жоғарылығы көптің Өтеген батырға деген сүйіспеншілігін арттырады. Батырдың дүниеге келер сәтін суреттеу үстінде Сүйінбай өзінің де ішкі толғанысын, көзқарасын ортаға салады. Ел бағына бола туатын батырдың өр тұлғасын әрлеп, қашай түседі. Дүниеде Өтеген алмайтын қамал, асудың болмайтындығын айтады. Өтегенді барша тіршіліктің қалаулысы, қымбаттысы дәрежесіне көтере жырлайды: Дүниеде аң-құстар, Өтегенді сағынар. Өтегенді көргенде, Бас иіп түгел бағынар. Ел бағын сол ашады, Қорлық көрген жан болса, Дұшпаннан кек әперіп, Ашуын сөйтіп басады, –

деп Өтегеннің қорлық, зәбір көрген жандардың жақтасы болаты­ нын көрсетеді. Халықтың дұшпанға кеткен кегін де қуады, бас бос­тандығын да Өтеген батыр жеңіп әпереді деген тұжырым жасайды. Автор дастанында Өтегеннің бір ғана батырлықпен емес, тапқыр ақылымен де аты шықанын айтады: Оған өлшеу бола алмас, Адамның туған баласы. Тілін білер әлемнің Ол жүрген жанның данасы.

Ақын дүниеге келгелі тұрған батырды әр қырынан алып, зергер қолмен мүсіндей отырып, Өтегеннің батырлық, азаматтық бейнесін береді. Ақын сипаттаған батыр тұлғасына қарай тұрып, өмірі қалың бұқара мүддесімен қабысқалы тұрған Өтеген батырға ендігі жерде халықтың да өз келешегін, тағдыры сеніп тапсыратындығына көзіміз жетеді. Ақырында, халқы тағатсыз күткен батырдың жарық дүниеге келуі ұлан-ғайыр зор мерекеге айналады. Жасады халық үлкен той, Күңірентіп даланы... 35

Тілікпес үшін балаға, Алпыс үкі тағады, –

деп ақын халықтың үлкен қуанышын, шадыман-шаттығын шын­ дық негізінде суреттейді. Елдің батырдың амандығына тілектес­ тігін және оған жасаған қамқорлығын, құрметін ашып көрсетеді. Халықтың өзгеше үміт көзімен қарап, оны ерекше күтіп, мәпелеп өсіретіндігіне сендіреді. Халық Өтегеннің ер жетуін асыға күтіп, оны қанша жасырып баққанымен, Қоқан ханы Көки бұл жайды біліп қалады. Өтегенді өлтіріп, елді дегеніне жеткізбей, арманын орта жолда үзіп тастамақ болып, Көки хан ауыр қол жинайды. Қалайда Өтегенді тауып қолына түсіргісі келеді. Бірақ ел әлі де жас Өтегенді хан қолына бергісі келмей, ара түседі. «Өтеген батыр» жырында осы бір қиын, шиеленіскен жағдайды бейнелей отырып, Сүйінбай ақын Өтегеннің шешуші кезде халық қорғаны бола алған ең алғашқы ерлік қадамын сипаттайды. Өтеген атынан айтылатын сөзден ақынның ел қорғайтын батырға артқан үмітімен сенімінің ақталатындығы көрінеді: – Тыңда, халқым, мені де, Мен туғанда қуанып, Жеткенін білдім бағаның. Сарбазын қырып қалдырмай, Ханның басын аламын. Кек алмай тоқтап тұра алман, Бақытқа туған баламын, –

дейді ол. «Өтеген батыр» дастанының осы бірінші бөлімінде ақын Өтегеннің Қоқан ханы Көкимен болған алғашқы батырлық шайқасын суреттейді. Оның тұңғыш жауынгерлік қимылын жырлау арқылы Өтегеннің көп сенімін ақтай алатын нағыз ержүрек, табанды халық батыры болып шыққанын байқатады. Өтегеннің қаһармандық қайратына төтеп бере алмаған жау жеңіліс табады. Талай жыл үстемдік еткен Қоқанның Көки ханы өзінің саяси билігінен ажырайды. Қоқан қолын қыр асыра қуып, Өтеген батыр елге азаттық әпереді. Өтегеннің арқасында халық 36

шапқыншылықтан құтылып, Қоқан бұғауының тас-талқанын шы­ ға­рады. Көптеген аңсаған бейбіт, тыныш өмірге қолдары жетеді. Ақын Өтеген көрсеткен ерлік қимылдарды айта отырып, күрес қорытындысының қандай болғанына назар аударады. Жеңіс рух­ тандырған халықтың алға сеніммен батыл қараған бақытты ша­ғын жырлайды. Ендігі жерде өрісі кеңіп, жаңадан қайрат, ес жи­ған ел­ дің сарқылмас қуатын, мұқалмас күшін көрсетеді. Сүйінбай ақын сол арқылы халықтың ең басты қажеттілігі – бостан­дық пен тәуел­ сіз­дік деген өзінің арманын, ойын аңғартады. Ел еркіндігі жолын­ да Өтегенше күрес жүргізіп, жеңіске жету идеясын қозғайды: Ханды қазақ көрмеді, Өтегеннің кезінде. Құлашын кең сермеді, Қайрат барда өзінде. Сөйтіп халық ес алған, Өтеген ердің тұсында. Кеңіді елдің өрісі, Түскен біраз қысымға, –

дейді ақын. Расында да, Қоқан қолының қысымына ұшыраған қазақ халқы ақын суреттегендей әрі батыр, әрі ақылды, тапқыр Өтегендей қолбасыға зәру еді. Күннен күнге тереңдеп бара жатқан жат ел билігінің талаушылық, тонаушылық сипаты кімді де болса, қо­ ғам­дық ішкі толғаныстан сырт қалдырмаса керек. Көптің ащы жан күйзелісін, тілек-мұратын өз көзімен көріп байқап отырған Сүйінбай ақын халық басындағы бұл трагедиялық ауыр күйді ашына тұрып, жеке басының қайғысындай қабылдаған. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген атақты батыр Өтегеннің қаһармандық жо­ лын, оның ерлік істерін жырлай отырып, қазір нақ сол Өтеген­ дей батырдың қажет боп тұрғанын терең сезінген. Ел жүрегін­ дегі арманның да осы бір ыстық сұраныспен астасып жатқа­нын мейілінше айқын білген. Соған орай, ақын халық атынан ха­ лық көкейіндегі тебіреністі «Өтеген батыр» дастанын жырлау үстінде дәл жеткізіп берген. Сондықтан ол ел тәуелсіздігі үшін бел шешпей, Қоқан қолымен күндіз-түні дамылсыз ұрыс салып жүрген Сұраншы, Саурық сияқты халық батырларына Өтегеннің 37

батырлық жолын нұсқап, оларды сондай ер, қайтпас күрескер болуға шақырған. «Өтеген батыр» дастанын жаңарта жырлай отырып, С. Арон­ ұлы бас қаһарманды өзі өмір сүріп отырған ХІХ ғасырдағы тари­ хи оқиғаларға мүмкіндігінше жақындата түскен. Өтегенді тура осы ғасырдағы оқиғаның кейіпкеріндей бейнелеп, оны Қоқан қо­ лына төтеп беріп жүрген жауынгерлердің сапынан көреді. Қап­ таған Қоқан әскерімен соғыста Өтеген көрсеткен ерлікті сипат­ тайды. Сол арқылы ел қайғысын азайтып, көпшіліктің жеңіске деген сенімін нығайтуға күш салады. Сөз жоқ, Сүйінбай ақын қол­данған бұл жаңашылдық әдеби әдіс өз кезінде ел рухын кө­ теріп, жауынгерлердің жігер-қайратын өсіруде өлшеушіз рөл атқарды. Ақынынң «Өтеген батыр» дастаны сол тарихи дәуір­де қазақ сарбаздарының мұқалмас болаттай берік рухани қа­руы­ на айналды және оларды Қоқан қолына қарсы күресте қанат­ тандырып, дем берді. Сүйінбайдың «Өтеген батыр» дастанының бірінші бөлімі осы­ лайша көтеріңкі леппен, Өтегеннің Қоқан қолын қирата жең­ген тегеурінді ерлік қимылын суреттеумен аяқталады. Мұнда азаттық үшін бас көтерген халықтың ерлік еңбегі босқа кетпейді деген салмақты ой жатыр. Және оның батыр ұлдарының бостандықты қалаған өршіл, табанды мінезі, тапқыр ақылы шынайы түрде көрініс берген. Сонымен қатар, жыр мазмұнынан ақынның шет­ ел тарапынан жасалатын басқыншылық шабуылға, феодалдық езгіге қарсы көтерген өз үнін де естиміз. Оның азаттық сүйгіш, күрескер тұлғасын көреміз. «Өтеген батыр» дастанының келесі екінші бөлімінде Сүйінбай ақын Өтегеннің халыққа жайлы, жау аяғы жетпейтін тыныш, жері от, шұрайлы қоныс іздеу сапарын жырлайды. Кейіпкердің мұндай жаңа қоныс, молшылыққа кенелтетін жаңа мекен іздеп, жиһан кезу эпизоды – дүниежүзі халықтары туғызған әдеби шығар­ маларда бар сюжет. Бұл сюжет өзінің шығу заманын тым әріге сілтейді. Себебі, адам баласы өзінің жаратылысында жақсы тұр­ мысты аңсаумен, сол жолда тынымсыз күрес жүргізумен ке­леді. Экономикалық, ғылыми-техникалық прогрестің төменгі са­тыда тұрған ерте дәуірінің өзінде-ақ адамзат қоғамы ортасында жаңа жер, жаңа өлкелер жайлы сан алуан қиял кең етек алған. Дами келе 38

адам баласы арнайы керуендер жабдықтап, шөлдер мен таулардан асып немесе кеме мініп, мұхиттар төсінде тулаған толқындармен арпалысып, көп азап көріп, бұрын-сонды тірі пенде аяқ баспаған аймақтарға жетті. Қандай қиындықтар болмасын, бәрін бастан өткере жүріп, жиһангез саяхатшылар ұлы географиялық ашулар жасады. Көне египет теңізшілерінен бастап, еу ропалық батыл саяхатшылардың ізденістері халық санасының сәбилік кезіндеақ пайда болған жаңа өлкелерге жету жөніндегі қиял дүниесінің жүзеге аса бастауының практикалық көрінісі болып саналады. Қазіргі ғылым адамның өте ерте замандарда алыс жолдарға аттанып, бірде қуанышты, бірде қайғылы жайларды бастан кеше жүріп, айтса нанғысыз сапарлар жасағанын растап отыр. Мәселен, Нор­вегияның этнограф, географ ғалымы Тур Хейердал есте жоқ ескі замандарда египеттіктердің ұлы мұхит Атлантиканы көктей етіп, Америка жағалауларына жүзіп барғандығын дәлелдеп берді. Осы заманғы радио, телевизор, компьютер сияқты қуатты бай­ланыс құ­ ра­лы болмаған әрі өздерін қатерлі жолда нендей жайлар­дың кү­тіп тұр­ғанына көздері анық жетпеген ежелгі Египет теңіз­шілерін Ат­ лан­тика тәрізді түпсіз құрдымның үстімен жүзуге итер­мелеген не күш? Сөз жоқ, оларды өздері мекендеген жерінен де гөрі тіршілікке жай­лы, күн көріске қолайлы, табиғаттың берер ырзығы мол жаңа аймақты табуға болады деген сенім мен ынта, құш­тарлық жетеледі. Әрине, географиялық ізденулердің маңызы өте зор, бірақ осы сөз болып отырған жайлардың екінші бір аса мәнді, құнды жағы да бар. Ол – оның өнерге, әдебиетке қатысты жағы. Өте көне дәуір мен бізге жақын замандардағы жиһангездік саяхаттардың қаба­ тында неше түрлі аңыздар, жырлар туды. Тіпті, эпостық жанр­дың жетілген күрделі түрі көркем романдардың жазылуына да ықпал етті. Сондықтан Оғызнама, Қорқыт ата, бер­тінгі Асанқайғы есім­ деріне қатысты туған ежелгі түркілік әп­сана-аңыздардан, көне араб әдебиетіндегі «Мың бір түн» әң­гі­меле­рінен, Гомердің «Ил­ лиада», «Одиссея» поэмаларынан, Даниэл Дэфоның «Робинзон Крузо» атты романынан және өзге де толып жатқан фантасти­ калық шығармалардан қайткенде де мол­шылыққа, бақытқа жету үшін күрескен төзімді, асқақ ойлы кейіпкерлерді көреміз. Мұндай алыс арман, ұшқыр қиял қазақ халқы жасаған мифтік ертегілерде де көптеп кездеседі. Қолындағы «таяғы тебендей, еті­гі 39

теңгедей» болғанына қарамастан, ұзақ сапарға аттанған қа­һар­­ман­ дар халықтың жақсылыққа жету ниетінен туған. Ондай игі арман, үлкен мұрат адам баласымен ғасырлар бойы бірге жа­­сасып, оның өмірінің қызығына, мағыналы өзегіне айналып келген. Жаңа қоныс, жаңа жер іздеу сапарларына байланысты пайда болған шығармалардың бәрінің айтар идеясы бірдей емес. Оның себебі – қандай да болмасын ғажайып өлке іздеуге түрткі болатын жайлардың шығу төркінінде жатыр. Бір шығармалар­ дың қаһармандары қазына тауып, баюды көздесе, ал екінші бір шығармалардың астары басқыншылық, зорлық жасау мақсатын аңғартады. Үшінші бір шығармалар халықтың арман, тілегін бей­ нелейді. Сол арқылы белгілі бір қауым-ұлыстың немесе ұйым­ дасқан топтың бағыты, жақсы-жаман пығылы, түптеп кел­генде саяси көзқарасы айқындалады. Ұзақ сапарда бастан кешкен алуан түрлі қиыншылықтар, сол кедергіні жеңуге кеткен қайрат-жігер, қайтпас табандылық, сияқты адам бойындағы басы асау қасиет­ тер не қасіретті, қайғылы оқиғаларға есік ашады, не халық үшін бей­біт, игілікті тұрмыстың баянды етілу жолына жұмсалады. Өтеген есіміне байланысты кең тараған лақап-дақпырт, аңыз­ дарда немесе нақты тарихи деректерге негізделген әңгімелерде батырдың жаңа қоныс іздеу сапарына аттану жайы әрқилы баян­ далады. Ондай сапарға неліктен, не себеп болғандықтан бара жат­қандығы мәлімделеді. Мысалы, атақты Төле бидің тапсыр­ма­ сымен Ұлы жүзге жайлы жер «Жиделібайсын», «Жерұйық» іздеп кеткен Өтеген не бір жерлерді көреді, не бір сұмдықтарға тап бо­ лады (айдаһар, ақ жылан, әбжылан, жезтырнақтар). Ақы­рын­да Жетісудай жер, Алатау мен Қаратаудай тау, алқап таппайды, елге оралады. Ол болған Иран, Ауған, Түрікмен, Үндістан кө­ңілге мүлде қонбайды. Төле биден бата алып, орыс отаршылдарына қарсы күрес бастайды. Мысалы: «Өтегеннің аман келгенін естіген әр рудың жақсылары, әз киелілері түгел жиналады. Төле бидің көңілі көтеріліп, өлді деген Өтегеннің туған жерге аман-сау келгеніне арнап Ақбоз айғырды шалдырады. Өзі де көңілі өсіп, бауырының сөзін жалықпай тыңдайды. Бір түн елден аттанған күннен бастап, қай жерлерді, қай ел­ дерді аралағанын түп-түгел жібін жатқызып әңгімелейді. Өтеген­ 40

нің сөзін тыңдап отырғандардың бірқатары жағасын ұстап, «астапыралла» дейді. Кейбірі көзіне жас алып, сүйектері босайды. Әңгімеге қанық­ қан Төле би о баста Ұлы жүзге жердің бетінен қолайлы қоныс ізде деген сөзін еске алып: – Еңіреген еліңе тапқан жер бар ма? Құшағын ашар ел бар ма? Сен кеткелі қанша жыл! Қайырын Құдай берер ме? Шығыстан Қытай қаптаса, Қалмақтан тыным таппаса, Бұхар, Қоқан, Хиуа қылышын жалаңдатып, бір жыл тыныш жатпаса, халқымның күні не болар? Үш жүзді үшке бөліп ап, күңірентер ме екен елімді. Сындырса бүтін белімді. Кімнен алам кегімді? Мамырлайтын қалың ел, таптың ба айтшы жерің­ді? – деп жамбастап, жастыққа сүйенеді. Сонда Өтеген де ардақты ағасының көңілін жықпаймын деп жәмпеңдеуден гөрі шындықты айтайын деген байламға келеді де: Садағаң кеттім Төле би! Алатаудай жер қайда? Аспан асты, Жер үсті, Қазақтай дархан ел қайда? –

дейді. – Ата мекеніміз Алатау мен Жетісу, Қаратау үшін қан май­ дан­ға түсіп, жаудан кегімізді алайық. Ерте заманнан бері иелен­ ген қасиетті жерімізден айдап шығайық. Енді бізге тек қылыш­ тың жүзі, найзаның ұшы, шоқпардың күші жалынсын, – деп гүжілдескендерге Төле би қолын жай ғана көтереді де: – Түсінгендеймін-ау, шырағым Өтеген. Ташкенді жаудың көзі­ нен қан жаудырып, алып бердім. «Алтау ала болса аузыңдағың ке­теді». Ташкент, Шымкент, Құмкент, Түркістан, Бабата, Сайрам, Әулиеата, Алмалық, Меркі, Созақ, Жетісу түгел Алтын Емелге дейін сендердің жерің. Ағаш бір жерде көгерсе керек. Ел болам десеңдер ежелгі Моғолстан, онан ары Үйсін аталарыңның елдігін, хандығын, мемлекеттігін ойлағайсыңдар. Ендігі бостандықтың туын көтеруді бір Алла саған жазсын... Өтеген батырдың алған беттен қайтпайтынын Төле би де бала жасынан білетін-ді. Басын изеп: Бабалардың сүйегін, Моласында тебірентпей. 41

Әруақтарды еңіретпей, Жаудан босат ел-жерді, Қолдасын Құдай сендерді! –

деп тағы да батасын беріп, ақ жол тілейді» [10, 83-84]. Сайып келгенде, Сүйінбай Аронұлы жырлаған «Өтеген батыр» дастанының негізінде халықты аңсаған тілегіне жеткізу, уайым-қайғысыз, бақытты ету идеясы жатыр. Жырдың бас қаһарманы Өтеген батыр қатты күйзелген елге жері құт, көкорайшалғын, нулы, сулы байтақ мекен тауып беруді алдына мақсат етіп қояды. Бұл ойын іске асыру үстінде батырдың басқыншылық жолды таңдамайтындығын, оның зорлық, күштеу бағытын ұстанбайтындығын ақын бірден ашып айтады. Өтегенді малмүлікке, олжаға қызықпайтын, ондай ұсақтықтан жоғары тұрған шын мәніндегі халық батыры дәрежесінде сипаттайды. Ақын батырды іштей өзі ұнатқан жолға берік, ант-уәдесін әрқашан жоғары қоятын табанды, қайсар тұлға етіп мүсіндейді. Мал үшін ел шаппасқа, Елден олжа таппасқа, Өзіне берген анты бар. Зорлық көрсе кімде-кім, Болысатын салты бар, –

дейді ақын. Осындай асыл қасиеттерді Өтегенге тән басты белгілер санатында ала отырып, автор оның азаматтық, адамгершілік тұрғысындағы жаңа бір қырын ашады. Зарыққан елге болысу, зорлыққа қарсы күресу – Өтегеннің батырлық ісінің өзегі, батыр өмірінің мазмұны деп көрсетеді. Өтеген бойындағы көпшіл, бейбітшіл мінез-құлықты жан-жақты сипаттай келіп, ақын оны халық сүйген жиһангер қаһарман етіп ұсынады. Ақын Өтеген батырды жаңа қоныс іздеп жаһан кезу ниетіне халықтың жау шапқыншылығынан ығыр болған тұрмыс-халі, тыныштықты аңсаған арман-қиялы жетеледі деген ой тастайды. Он сегіз жаста Өтеген Елге қоныс табам деп, Қырық жігіт алды қасына, Қару-жарақ асына. 42

Күндер өтіп кетер деп, Тұрмалық қарап бекер деп, Қозғалды батыр асыға. Қырық жігітті түгелдей, Көк темірге орады. Жүріп кетті бөгелмей, Болсын деп сапар оралы.

Ақын он сегіз жасында сапарға аттанған Өтегенді халық келешегі үшін асығып жүрген жаужүрек батыр кейпінде береді. Оның соңына ерген қырық сарбаз серіктерінің де қайтпас бетін, ел қорғауда қандай кедергілер болса да жеңе алатын жауынгерлер тұрпатында бейнелейді. Осы жерде халық батырларының соңыны ергендердің саны міндетті түрде қырық болып келуі назар аударады. Мәселен, қыр­ғыз ел батыры Манастың қырық шорасы (серіктері) ешкімге жеңістік бермесе, қарақалпақ қаһармандық жырының бас кейіп­ ке­рі Гүләйімнің қырық қызы әрі батыр әрі сал-серілер бейнесін­де суреттелген. Бұл – түркі жұрттарының ежелден-ақ қырық саны­ ның кармалық, тылсым күші бар деп түсінгендігін байқатса керек. Сондықтан да ел ақпа ақындары қару-жарағы сай, көк темір­ ге оранған батырлар алмайтын қамал, аспайтын асу болмай­тын­ дығына сендіреді. Мұндай эпизодтарда батырлардың дайынды­ ғын, жолға аттанар алдындағы айбатты жүздерін суреттеу үс­тінде ақындар көп нәрседен хабар береді. Батырлардың жол-жаб­ды­ ғына, сапар шегер кездегі күй-қалыптарына көңіл ауда­рады. Өз кезегінде шағын детальдар арқылы Сүйінбай да Өтеген батыр­дың алдына қойған міндеттерін оңайшылықпен жүзеге аса кететін жай шаруа емес, бүтін бір халық тағдыры шешілетін жауапты ісшара етіп көрсетеді. Сапар үстінде кез болатын беймәлім, қатерлі оқиғалардың көп болатындығы меңзеледі. Соған қарамастан халықтың алдағы шат тұрмысы жолында қиындыққа арқасын тосып, ең қымбаттысы өз өмірін арнаған Өтеген батырдың жетекші – басшылық рөлін ақын жоғары қоя жырлайды. Жол тартты сөйтіп жас батыр, Қырық жігітке бас батыр. Көзі шоқтай жайнады, Алды-артын қарап бойлады. 43

Неше жыл сапар шексем де, Жайлы қоныс халыққа, Табамын деп ойлады.

Ақын бұл фрагменттен Өтегеннің тек қана қара күш иесі емес, алды-артын ойлап, әр істі ақылға салып шешетін, көпке жөн сілтеуге лайықты ел қамқоры екенін білдіреді. Халыққа жайлы қоныс іздемес бұрын осы мәселенің өзі батырды қатты толғантып, ойландырғанын бөліп айтады. Автор Өтегеннің ұзақ, алыс жолға бет алуын кездейсоқ жағдайдан пайда болған жай еріккендіктің ісі емес, батырдың ішкі жан дүниесінің тербеліп, тебіренуінің елге, оның жарқын болашағына деген үлкен сенімінің қорытындысы деп қарайды. Сондай асыл мұратты ту етіп көтерген батырдың «неше жыл сапар шексе де» мұқалмас жігерін, табандылығын мадақтайды. Өтеген бойындағы сол саф, мөлдір тазалықты, ға­ жайып адамдық рухты Сүйінбай халық көзімен көріп, жеткізе жырлайды. Өтеген батырға хас қасиеттер: ерлік, ақылдылық, қамқорлық, халыққа беріле қызмет ету, табандылық, шыдамдылық десек, ақын соның бәрін оның батырлық іс-қимылдарын суреттеу үстінде нақты оқиғаларды сипаттау арқылы ашып отырады. әсіресе, Өтегеннің ақылмен болжап, жағдайды алдын ала шамалап, дәл шеше алатын зеректігін атап айтады. Сол арқылы Өтеген болар іске, өздерін күтіп тұрған жұмбақ қарсылыққа серіктерін күні бұрын қайрап, дайындайды: Алдымызда, жігіттер, Орман, тоғай, таулар бар. Сол тауларда ғажайып, Рақымсыз жаулар бар, –

дейді батыр жауынгер серіктеріне. Осындай, қиын жолдарына нық сеніммен қарап, қырағылық танытқан жиһангездің ауыр сапарын автор өз тарапынан жырдың өн бойында іштей қолдап отырады. Және осы жолда Өтеген шайқасуға тура келетін күштердің қатерлілігін батырдың өз атынан айту арқылы халық үшін атқарылар істің салмағы мен бағасын арттыра түседі. Атақты Сүйінбай Аронұлы айтқан «Өтеген батыр» жырында Өтегенмен соғысатын ең қауіпті, рақымсыз жау – Жезтырнақ. 44

Жезтырнаққа «он жыл бойы бес үйден бір ірі қара, үй басы бір қой, он үйден бір қыз беріп», күйзелген бір тайпа елді Өтеген келіп құтқарады. Жезтырнаққа жем болғалы отырған жарлы қызы аман қалады. Бұл көріністен автор Өтегеннің елге қамқор ер мінезін байқатады. Және де батырдың Жезтырнақ сияқты нысапсыз, зорлықшыл шап­ қыншылардың қарау ісіне төзбейтін, әділетшіл бейнесін жасайды. Көзінен от жарқылдап, Тырнақтары сартылдап, Кемпір-шалдың үйіне, Тура жүріп келеді, –

деп батырмен алысқан дүлей күш Жезтырнақтың жақындап қалғанын өте әсерлі суреттей отырып, ақын сондай жауды жеңген Өтегеннің батырлық қимылдарын көтере жырлайды. Себебі, жай жамағат ұғымында Жезтырнақ – мүлде жеңіл­ мейтін долы күш, амалшыл, өңін өзгертіп, неше түрлі сиқыр да жасай алады. Оттан да, судан да өтіп жүре береді, ұшады, қонады. Бұлай болатыны – қазақ, қырғыз, қарақалпақ сияқты түркі халықтарының тоғызыншы-оныншы ғасырлардан бермен қарай ұстанып келе жатқан наным-сеніміне тікелей байланысты. Ол сенімі – ислам діні. Ислам діні бойынша, Алла тағала жарат­ қан мына фаниде адамдармен қатар, өздерінше тіршілік кешіп жүрген көзге көрінбейтін жындар дүниесі де бар. Жындар да мұсылман және кәпір болып бөлінеді. Кәпірлері лағынат Ібілістің жетегіне ереді де, олар ізгі ойлы Құдай жолындағы мүмін адам­ дарды бұзақылыққа, азғындыққа итермелейді [12, 121-127]. Ха­ лықты аздырып-тоздыруға ұмтылады. Сол мақсаттарына жету үшін алдайды, арбайды, қызыл-жасыл дүниеге қызықтырады, елік­тіреді. Тіпті, болмаса Жезтырнақ, айдаһар, тағы басқа кейіп­ терге еніп күш көрсетеді, батырлардың жолын тосады. Ел қанаған, бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, көптің көз жасын арқалап жүрген соғысқұмар көрші феодал хандықтарды Сүйінбай осылайша Жезтырнақ бейнесінде көреді. Сол арқылы Қоқан хандығы тарапынан қазақ еліне жасалып отырған саяси үстемдіктің зұлымдығы мен оның тонаушылық сипатын әшкере­ лейді. Ақын дастан қаһарманы Өтегенді бұқараны зорлықпен 45

қан-қақсатып отырған, зұлым күштердің бәріне тойтарыс беруші қайтпас ер тұлға етіп көрсетеді. Батырдың торыққан елге тәуелсіздік әперген жанкешті әрекеттерін әрдайым жоғары бағалап, ашық айтады: Өтегеннің ерлігі, Дүниеге кетті жайылып. Езілген елді босатты, Тұтқында қалған зарығып, –

дейді ол. Ел қалаулысы Өтеген есімінің дүниеге кең жайылып кет­ке­ні­ не ақын қатты сүйсінеді. Халықты шетел басқыншыларынан қор­ ғап, ара түскен батырдың есімі еш уақытта ұмытылмай, елімен бірге мәңгі жасай беретіндігіне баса назар аударады. Ал, Жамбыл Жабаев жырлаған «Өтеген батырдың» Сүйін­ бай айтқан нұсқадан ең басты айырмашылығы – композиция­ лық құрылысында. Сүйекең дастанда халық тағдырын, батыр­ дың дүниеге келу жайын өз алдына бөлек жырлайды. Содан кейін барып, Өтегеннің халыққа қоныс қарауға аттанған ерлік сапа­рына ойысады. Өз кезегінде Жамбыл бастан-аяқ тек Өтеген­нің қоныс іздеуін, сол жолда батырдың басынан кешкен таңға­жайып оқиғаларын баяндайды. Ұлы ұстазы Сүйінбай нұс­ қа­сынан Жезтырнаққа қатысты эпизодты ғана ала отырып, оны өзінше жырлайды. Және де Өтегеннің ерлік істерін даралай түсу мақсатында тыңнан батырдың айдаһармен, әбжыланмен алыс­қан қатерлі әрекеттерін қосады. Екі ұлы ақынның жырды аяқтаулары да екі түрлі. Мәселен, жыр жүйрігі Сүйінбай айтқан дастанда Өтеген ел тілегін бұлжытпай орындап, жайлы қоныс табады. Мұның өзі С.Аронұлының жеке басының қайткенде халық тыныштыққа жетеді, бақытты тұрмысқа кенеледі, сол мүмкін бе деген оптимистік ойынан туған шешім дейміз.Жамбыл нұсқасында Өтеген көптеген қиын, азапты жолды бастан кешіп, ақырында мақсатына жете алмай арманда өтеді. Бір назар аударарлық жай Сүйінбай мен оның ізін басқан рухани шәкірті Жамбылдың айтуындағы дастанның бас кейіп­кері Өтегеннің Жезтырнақ, айдаһар, әбжыландармен шайқа­сы – әлем­ дік әдебиетте де бар, кең тараған сюжет. Мысалы, «Шах­на­ме», 46

«Мың бір түн», «Одиссея» сияқты шығармалардың кейіпкер­ лері де Өтеген құсап, тосын, зұлымдық иелерімен алысады. Парсы әдебиетінің классигі Әбілқасым Фердаусидің «Шахнаме» атты шығармасының орталық кейіпкері Рүстем Әкуән диюмен соғысып жеңеді. Арабтың дүниежүзіне белгілі «Мың бір түн» әңгімелерінің кейіпкерлері таң-тамаша халдерді бастан өткеріп, неше түрлі жын-перілерді тізе бүктіріп барып, мұраттарына жетеді. Айталық, Қаңғыбас Сандыбад жеті рет сапарға шығып, жеті ретінде де жеті түрлі бәлеге ұшырайды. Бәрінде де адам айтқысыз, жан түршігерлік құбыжықтарға кезігіп, өзінің ақылайласының арқасында жеңіп отырады, аман-есен еліне оралады. Қазақ арасына кең тараған Өтеген тарихына құрылысы мен оқиғалық желісі жөнінен жақын келетін шығарма грек жұр­ тының көне жырауы Гомер айтты дейтін «Одиссея» дастаны. Алыс сапарға аттанған Одиссей Өтеген сияқты серіктеріне үнемі ақыл-кеңес беріп, жолдарының болатындығын ескертіп отырады. Өтеген өзімен бірге сусынға деп саба-саба қымыз ала жүрсе, Одиссей саба толы қымбат шарапты жанынан тастамайды. Грек Одиссей өзінің ұзақ сапарында өте көп қатерлі жайларды бастан өткереді. Сол жолда қазақ Өтегендегі тапқырлық пен ақыл-айла Одиссейдің де бойынан молдап табылады. Одиссейдің Поли­фем­ нің үңгіріндегі дәумен кездесуі, Эол аралындағы адам жегіш, жал­ мауыз Лестригондарға тап болуы, тағы басқа да толып жатқан ға­ жайып оқиғалары Өтегеннің де басында болған халге тым ұқ­сас. Тіпті, екі шығарманың аяқталулары да бір-біріне жақын келеді. Жыр дүлдүлі Сүйінбай жырлаған дастандағы Өтеген халық­ қа құтты қоныс тапса, Гомердің Одиссейі сау-саламат Отаны Итакаға оралып, айнымас адал жары Пенелопамен қауышады. Батылдықты, ерлікті паш ететін екі шығарманың да кейіпкерлері алыс та қиын сапарларын ойға алған мақсаттарын жүзеге асыру­ мен аяқтайды. Екі шығармада да қаскүнемдік, адам баласына төн­ген зұлымдық, әділдіктің алдында тізе бүгеді. Халыққа қор­ған болған батырлардың ерлік істері жоғары бағаланады. Ұқсастықтары да осында. Қос жырдағы байқалатын айырмашылық – Сүйінбай мен Жамбыл айтқан «Өтеген батыр» жырындағы Өтеген шөлдер мен тұнжыраған қара ормандар арқылы жүрсе, Гомердің «Одис­ 47

сеясындағы» Одиссейдің көк теңіздің төсінде таудай тол­қын­ дармен арпалысуына тура келеді. Бұл, әрине, екі халықтың жер шарындағы географиялық орнына тікелей байланысты екендігі анық. Гомердің Грециясы жан-жағын теңіздер қоршаған Балқан түбегіне орналасса, Сүйінбай мен Жамбыл туып-өскен кең байтақ Қазақия ұлы құрлық Азияның қақ ортасында жатыр. Содан барып, шығарма авторлары қаһармандарына өздері мекендеген жерлерінің табиғаты тұрғысынан қарап, соған сай сиымды әрекет-қимыл береді. Бірақ, шынайы өмірге жанасымдылығы жағынан «Одиссея­ ға» қарағанда «Өтеген батыр» жырының мүмкіндігі жоғары. Әрі Гомер айтты делінетін «Одиссея» бастан-аяқ қиял-ғажайып оқиғалар мен мифтік ұғымдардан тұрады да, аңғартар ойы, беретін сабағы тұрғысынан ғана бағалылығы артады. Сонымен, біз Сүйінбай ақынның «Өтеген батыр» дастаны мен Гомердің «Одиссеясын» тек батырлардың жиһан кезген са­ парлары үстінде көрген шытырман оқиғаға толы қиын тағ­дыр­ ларын ғана саластырып қарадық. Нәтижесінде, «Өтеген батыр» жырының әлемдік ауқымдағы кез келген шығармалармен иық­ таса алатындығын аңғардық. Даңғыл ақын Сүйінбай айтқан жырдың соңында халық сені­ мін әр уақытта адал ақтауды мұрат тұтқан Өтеген өзінің қауіпқатерлі сапарында діттеген мақсатына жетеді. Өзі қалаған жері от, жау аяғы жетпейтін күйлі өлкені кезіктіреді. Өтеген батыр сол жерде Елге қоныс болар деп, Бұл жерді халқым жайласа, Көңілдері тынар деп, Аялдап алты ай тұрады. Ағаш, орман балауса, Өтегенге ұнады.

Міне, осылайша Сүйінбай Аронұлы жырлаған «Өтеген батыр» дастаны Өтегеннің халыққа жайлы, құт мекен тауып беруімен аяқталады. Шығарманы бұлай аяқтау арқылы ақын Өтеген тәрізді батыр ұлының ерлік еңбегінің арқасында халық бақытқа кенеліп, арманы орындалды деген қорытынды шығарады. 48

ІІІ ТАРАУ

«ӨТЕГЕН БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АЙТҚАН НҰСҚАСЫ

Т

арихи тұлға Өтеген Өтеғұлұлының көсемдік және ер­ лік істеріне қатысты туған жырлардың ішіндегі көр­ кемдік кестесі мен халықтық идеясы басымы әрі бү­ гінгі әдеби игілігімізге айналып отырғаны ұлы ақын Сүйінбай мен оның аса талантты рухани шәкірті Жамбыл жырлаған нұсқа­лар болып есептелінеді. Бірақ, Сүйінбай мен Жамбылдың Өтеген­ге арнаған дастандары бастан-аяқ бірдей, бірі бірінің көшірмесі деп қарауға болмайды. Жырдың Жамбыл айтқан нұсқасында төтен­ ше оқиға, мифтік бейнелер мен тосын әрекеттер бірінші орынға шыққан. Мұнда Өтегеннің айдаһар, әбжылан, Жезтырнақ сияқты қарадүлей күштермен алысқаны көп айтылады. Сөз жоқ, бұл көріністер – Жамбылдың ел қалаған, ұстазы Сүйінбай ардақтаған тарихи тұлға Өтегенді мейлінше асқақтатып, оны қайталанбас қа­ һарман, ерекше бейне деңгейінде көрсету үшін қолданған тәсілі. Дастан бірден Өтегеннің қоныс іздеу сапарын айтудан бас­ талады да, сол жолдағы батырдың қиыншылықтарға толы әрекетқимылдарын сипаттауға ойысады. Ал, Сүйінбай дастанында әуелі Өтегеннің дүниеге келу тарихы баяндалады және батырдың алғашқы ерлік шайқасы суреттелінеді, содан кейін барып, оның қоныс іздеу әрекеті сөз болады. Мұнда қаһарманның айдаһармен айқасуы тәрізді ұзақ баяндалатын оқиғалар кездеспейді. Бірақ, 49

бір ұқсастық – Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанының бүкіл өн бойында С.Аронұлының эпикалық жырлау сарыны, оқиға ағысы бой көрсетіп, байқалып отырады. Себебі, «Жамбыл Тілемес, Майкөт, Сүйінбай жырлап өткен Жетісу еліне көп тарал­ ған тарихи аңыз, ақындық мотивтерді толықтырып, қайталап жырлайды»[13, 144]. Жамбыл жыры: – Ақ көбікке оранып, Толқыны тоқсан бұралып, Арықтай аққан арнаны, Жамбыл бір жырласын. Жұрт хикая тыңдасын, Өтеген батыр туралы [10, 29], –

деп басталады. Бұдан ары Өтеген жайлы әңгіме, оқиға аңыздарды кімнен, қа­ лай естігенін жария етеді: – Мұны ызыңдап даладан, жырлаған, ес­кен жел маған. Бұл жырды мен естігем – тағы құлжа үнінен. Бұл жырды мен естігем – бұлбұлдың тәтті күйінен, Бұл жырды мен естігем – Ер Өтеген туралы, Саңқылдап шыңның қыраны, аңыз еткен күнінен. Бұл жырды мен естігем – тулаған толқын дө­ңі­нен. Бұл жырды мен естігем – шөбінен, дала гүлінен. Бұл жыр­­ды мен естігем – жұлдыздың аққан көгінен. Бұл жырды мен ес­тігем – өрі­ нен ескен желінен. Бұл жырды мен естігем – сай-са­ла­­ның шегінен. Бұл жырды мен естігем – безіп жүріп ауылдан. Бұл жырды мен естігем – жыршыдан, ақын қауымнан [10, 29], – дейді ақын. Және де Өтеген жайлы баяндауларға өз жанынан артық-ауыс еш нәрсе қоспайтындығын ескертеді: – Халық айтқанын қостаймын, Артық сөзді қоспаймын, Жырымды желше гулетем, «Халық айтса, қалпы айтпайд» Мен де сонан асырман [10, 30], –

дейді ақын. Бірден Өтегеннің туған кезі, елі, жері жайлы мәлімет береді: батыр жаздың жылы түні Жетісу жерінде, Дулат руының 50

Сырымбет деген әулетінде дүниеге келген екен. Елден ерек бір оғаш нысаны – маңдайында туғаннан қос мүйізі болыпты. Содан ер жетіп, ес жияды. Батылдығы, батырлығы білініп тұрады. Тал бойы тартқан сымдай, ақыл-күшін болжап болмастай, тағы құлжа сияқты, жолбарыстай қарулы, қырандай қырағы, арыстандай айбарлы болады. Ол кез – қазақ, қырғыз, қалмағы бар, әйтеуір бәрі бір-біріне жау, бір-біріне садақ кезеп, найза, мылтық оқтап, бірбірін жоқ қылуға ұмтылған уақыт. Дәлірек айтсақ, он сегізінші ғасыр. Ақынның сөзіне салсақ: Он сегізінші ғасырда, Далада, қырдың басында, Ақ жағалы, жез топшы, Патша жорық ашуда [10, 31].

Біздің пайымдауымызша, бұл – Ресей империясының Орта Азияны жаулап ала бастаған уағы. Ол 1731 жылы орыстардың қазақтың Батыс, Солтүстік аймақтарына өңмендеп енген жылда­ ры болар. Сондықтан Жамбыл Жабаев өзі естіп, өзі біліп отырған шындықты «Өтеген» жырына қосқан. Көп ұзамай-ақ оңтүстікке, Жетісу өлкесіне де келіп жеткен патша отаршылдарының келе­ шектегі аяқ алысын аңдағандықтан, XVIII ғасырдағы Өтеген атқарған іс-шараға XIX ғасырдағы оқиғаларды да араластырып жіберген. Оның үстіне тыңдаушы жұртшылық та Жәке «Өтеген туралы айтыңызшы» дей берген соң, қызықтыру үшін өзіне таныс оқиғаларды, өзі жақсы білетін жайларды жырлай берген. Әрі ол кездегі ауылдық тыңдаушы қауымның да білік-білімі төмен, жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жыл­да­­рындағы олардың мықтымыз дегендерінің өзі ликбездің (сауатсыздықты жою) адам­дары еді. Және де ол уақытта бүгінгі­ дей теледидар, театр, кино­театр, компьютер дегендер атымен жоқ. Әуелім, бір ауылға бір радио бұйырса, баршылық саналған. Содан елдің аңсары қиссашы, жыршы-жырауларға ауған, қызық оқиғалы жыр-аңыз тыңдағанды ұнатқан. Көпшіліктің кешкілік, ертелі-кеш алда­ны­шы, қызықтайтын теледидары, киносы Жәкең, Жамбыл сияқты жырау-жыршылар болған. Жәкеңнің де ұзақ ғұмырында ес­тіген-білгендерінің өзі шығыстық сюжеттегі әпсана-әңгімелер, қа­зақтың өткендегі батырлары мен билері 51

жөніндегі аңыздар, ең бастысы далалықтар арасына кең тараған араб-парсылық «Мың бір түн» іспетті оқиғалары қызғылықты көркем шығармалар мен қисса-дастандар сарындары болатын. Мұның үстіне ХІХ ғасырдың орта шенінде (1846-1847 ж.) жер жанаты Жетісуға да Ресей империясының қаһарлы, қан жауған билігі күшпен орнай бастады. Халық қысылды, ата қонысынан ығыстырылып, шөл-шөлейтті шеткері аймақтарға ауа қонуға мәжбүр болды. Қара шекпенді орыс мұжықтары ойына келгенін істей бастады. Сол тұста Өтеген сияқты батырлар болар ма еді деген арман-аңсар, көңіл-күй етек алған. Ал Жамбыл және басқа да ел ақындарының ұғымында осыншама қайғы-қасіреттің бас­ тамашысы Ресей патшасы – ақ патша! Сондықтан Жамбыл жырлаған «Өтеген батыр» жырында нақ сол көңіл ауаны бірінші орынға шыққан. Әдеби сюжеттердің бұлайша көшіп жүруі жайында белгілі зерттеуші Нина Смирнова: «Ал 1937 жылғы жаңа нұқасында Өтеген батырдың тарихы мен оның образын Жамбыл творчество­ лықпен қайтадан өңдеді. Жамбылдың жырында Өтеген үшін патша – жендет, ал хандар – патша алдында бас иетін оның сы­ байластары» [14, 85], – деген. Сөйтіп, он сегізінші ғасырда өмір сүрген Өтеген, енді, жаңа жағдайда ойша қайта жаңғыртылып, он тоғызыншы ғасырдағы қазақ тауқыметіне араласады. Қайғыға халық түсерін, Патша алдында бас иіп, Хандардың ант ішерін, Өтеген сезді хандардың, Арам, пасық ниетін, Халықты сатып патшаның, Киерін шенін, шекпенін. Ер Өтеген олардан, Қорықпады – шынықты. Ұзақ сапар шегуге, Дайындады жорықты [10, 31].

Жыр мазмұнына зер салсақ, Өтеген патша жендеттерінің Жетісуға қол салатынын күні бұрын білген. Егер орыс отаршы­ лары келсе, елді атақонысынан қуып шығып, барлық шұрайлы, нулы-сулы жерлерді тартып алатынын ашық айтады: 52

– Олар келіп халықты, Көк өспейтін жерге айдайд, Көрместей ғып жарықты Күн түспейтін жерге айдайд, Күнге қақтап, көктемде, Су түспейтін жерге айдайд, Аспанда ыстық күн шыжып, Жел еспейтін жерге айдайд, Сағым ойнап, құм қайнақ, Үйлеспейтін жерге айдайд. Жерді, суды патша алад, – Жүрегім соны біледі [10, 32], –

дейді Өтеген. Патшалық Ресей сияқты құрал-жарығы мықты жаулаушыға төтеп бере алмасын ерте білген Өтеген батыр, жау қазаққа аяғы жетпейтін жайлы қоныс іздемек болады. Жамбыл жыраудың дастанында батырдың алыс сапарға қалай дайындалғандығы, қанша уақытқа қамданғаны, қанша кісімен аттанғаны дәлдеп көрсетілген. «Жұт болғызбай құт қонған. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, бақ қонған» өлке іздеу үшін, қасына елу жігіт ертіп, «Екі жылға жеткендей етіп бал, шай, кү­ рішін, бөліп үйір жылқысын, жібек жал тұлпар бұлдысын, қыз­ дың сұлу құндысын, жігіттің балуан ірісін таңдап ап» Өтеген жолға, ең әуелі күншығыс тұсқа аттанып кетеді [10, 32-33]. Содан, талай-талай қиыншылықты бастан кешіп, «таудан, құз­дан, өзеннен» өтіп, Қытай жақ күншығысқа, Пекинге жақын­ дап барады. Барса, ол жердің тұрғындарының да түрі жаман, жеміс-миуасы күнге күйіп қабысып-жабысып қалған, қыспақ жар сияқты болып көрінеді Өтегеннің көзіне [10, 33]. Бұл жер көңіліне қонбаған соң, ол солтүстікке, Еділ (Волга өзені) бойына жол тартады. Келсе, бұл өлкені де патша жаулап алып, елін зарлатып, тонап жатады. Мүлде түнере түңілген Өтеген атының басын кейін бұрады. Батырдың бұл жолда көрген қиыншылығын ақын былай жырлайды: Үйсіз-күйсіз Өтеген, Жиһан кезіп ертеден, Кешке дейін салпылдап, Суыққа тонып қысты күн, 53

Ыстыққа күйіп жазды күн, Қобызындай Қорқыттың Безілдейді қалтылдап. Таң атып, күн батқанша, Жұлдыз сөніп жатқанша, Жел аударған қаңбақтай Аттың басын тартады. Су суалып, шөп қуарып, Күн жер көнін қақтады. Сол жердің барып шөліне, Өтеген қазақ еліне, Қоныстар жерді таппады [10, 34].

Мұнша азапты, қиындықты не үшін, кім үшін бастан кешіп жүр дегенде, Өтеген осының бәрін қазаққа тыныш та жайлы қоныс тауып беру үшін көріп жүр деген ой аңғартып отыр. Ақынның жырлауында Өтегеннің екінші бір тоқтаған жері – Ақтөбе аймағы (біздіңше, қазіргі Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы – М.Ү.). Көлінде қаз жүзген, өзендері шалқып, гүрілдеп ағып жатқан өлке сияқты. Әрі салқын самалы соғып, сапырулы са­ ры қымызы мұрын жарып барады. Жігіттерінің қабағы ашылып, қанша желпінгенімен, әйтеуір, Өтеген жабырқаулы күйден арыла алмайды, әрқашан ауыр ой меңдейді, ұйқы көрмейді. Оған күнітүні елдің алдағы қауіпсіз қамы, бейбіт тұрмыс-жайы тыныштық бермейді. Түн ұйқысын төрт бөліп тұнжыраған батыр: Әйелімді алыста, Өксітіп үйде қалдырдым. Жапан түзде жол шегіп, Қорқыттай-ақ қаңғырдым. Күн күркіреп аспанда, Нажағай ойнап жатса да, Жанарымды жандырдым. Мен халқымды сүйемін, Оған қоныс табармын, Шалқып жатқан шалғынның, Шұрайлы жерін алармын [10, 35], –

деп үміттенеді, өзін-өзі қайрайды. Батырдың жанын толқытқан, келешекте орындалуы ақиқаттай елестеген тәтті арман-тілегіне 54

орай табиғат та маужырап, ай-жұлдыздар да ерекше жарқырап шырайлы сәуле төгіп тұрады. Деген айда маужырап, Түн көрпесін тұйықтап, Үнсіз дала көк шатыр, Астында аспан жұрт жатыр, Жігіттер қалды ұйықтап. Көктегі нәзік алтын ай, Құлындай сұлу айқын ай, Жұлдызды көгін жайлауын, Жайлаған жанып жарқырай [10, 35].

Сөзбен сурет салудың хас шебері, бейнелі һәм айшықты, ажарлы ойдың зергері Жамбыл да кей-кейде тыңдаушыларын осылайша бір серпілтіп, жадыратып, ертегідей көркем өлкеге бастап апарады. Тамылжыған табиғат келбетіне елтіп, жыр мазмұнына құмарта ұйыған жұрт бір сәт қайда отырғанын ұмытқандай күй кешеді. Бірақ, бұл ғажайып тылсым тыныштық, дауасыз дамыл, райлы рақат ұзаққа бармайды. Жамбыл жырау осы тұста дәстүрлі шығыстық қисса-дастандарда кездесе беретін тосын бір қиял-ғажайып хал-ахуалды алға тартады. Кенеттен жыр кейіпкерлерін шырт ұйқыдан оятып, үрейін ұшырған керемет оқиға тыңдаушыларды да сең соққандай селк еткізеді. Сұмдық, сиқырлы, құпия лебі еседі: Бір уақытта сырылдап, Шөптің басы шуылдап, Ескендей жел ышқынып, Жұрт та шошып оянды. Аттар дағы пысқырып, Жұрт үрпиіп тұрысты, Бір-біріне ығысты, Мұрын жарған күлімсі, Сезді бір жат иісті [10, 35-36], –

деп ақын ел күтпеген ересен оғаш оқиғаны бастайды. Төңіректі жайлап, у-зәрін шашып бұл кеп қалған сұры шаман зор айдаһар екен. Лезде жайылып кеткен жат иістен жігіттердің демі тарылып, жүректері қысылады. Айқай-сүрен, у-шудан құлақ 55

тұнады, зор қорқыныш ұялап, ес кетеді. Тек, Өтеген ғана сабыр сақтап қорықпайды. Не сұмдық орнағанын бірден біле қояды. Серіктеріне: Бұл күлімсі зәрлі иіс, Айдаһардың иісі. Болар жылан ордасы, Қорқыныш емес мұнысы [10, 36], –

дейді. Үрейі ұшып қалшылдаған жұртты тыныштандырып, «Өте­ген батыр бұқпастан, қорқып-сасып жатпастан», атына мініп айда­ һарға тұп-тұра қарсы барады. Айбат шегіп, ысқырына жылжы­ған айдаһардың кейпі жырда өте әсерлі берілген. Өртеген желдей дем алып, Айдаһар мың бұралып, Ауыздан жалын, от шашты. Қозғалған таудан қалтырап, Найзағайдай жарқырап, Толқындайын тауланып, Қомданды жылан қос басты [10, 37].

Өтегеннің жүректілігі соншалықты, екі басты жылан-айда­ һар­ды елең қылмайды, тіпті, баптана түседі, майдан ашып жал­ ғыз өзі соғысуға дайындалады. Дегенмен, «Шамырқанып шам­ данып, соғысуға қамданып, айдаһарға шүйіліп тіл қатады: «Әй, керемет мақұлық, жатып ап зәр шақырып, отты аузыңды ашасың, айбатыңды шашасың, бүйтіп неге тасасың? Жолды байлап өткіз­ бей, жігіттерді кеткізбей, тоғыз жолдың торабын неге бүйтіп тоса­ сың? [10, 37] – деп бастап, Өтеген өзінің батыр екенін, Жеті­судан шық­қанын, бір жыл емес, талай жыл сапар шегіп келе жат­­қанын, хал­қына жайдары, жайлы қоныс іздеп жүргенін, сол жол­да талай ақ қар-көк мұздан өткенін, күйгенін, жанғанын баян­дап, «Бөгеме, өткіз, жолды бер!» [10, 38] – деп қаһарланады. Бір ғажабы бұл сөз түсінетін айдаһар екен. Ирелеңдеп айдаһар, Құбылған түгін оңдады. 56

Көзін ашып, құлағын, Тіге сөзді тыңдады. Өтегеннің жалынды, Батырлық сөзін орынды Тыңдады да қолдады. Денесін ішке жиырып, Дегендей «мақұл» иіліп, Өтегенге жол беріп, Сапарын қолдап, жолдады [10, 38].

Бірақ, айдаһардың да Өтегенге өтініші бар болып шығады. «Құлақ тұндыра ысқырып, құйрығымен жерді ұрып», өзінің інін басып алмақ болып, тауда жатқан жауы абжыланмен соғысуға шақырады. Өтеген келіседі. Кәрі жылан мен жас жыланның соғысып көреді. Кәрі жылан жеңіліп бара жатады, батырдан көмек сұрайды. Сол кезде «Көздеп тұрып Өтеген, көзіменен жетеген, жас жыланға оқ атты, атқан оғын жасының, маңдайынан қадатты. Оғы мұрттай ұшырып, жас жыланды құлатты» [10, 40]. Батырдың мұндай жаннан асқан мергендігіне жігіттері таң­ ғалады, қарт айдаһар да жауын жеңіп бергендігіне қуанып риза­ шылығын сездіреді. Қас дұшпаны, мекеніне шабуыл жаса­ған улы абжыланды атып құлатқаны үшін, Өтеген баста­ған жігіттерге «Сары құмандай алтынды» сыйға тартады. Айдаһардың мұны­ сынан Өтеген өзгеше тағлымды сыр ұғады, онысын қасындағы серіктеріне түсіндіріп айтады: – айдаһарға інін қор­ға­сып ізгілік, достық істеп едік, алтын-күмісін берді. Егер керісін­ше, қастық істесек, зұлымдық уын төгер еді, – деген батыр мынан­дай тоқ­ тамға келеді: Ізгі болсақ, біз егер, Әділдіктің жолында, – Еш уақытта болмаймыз, Зұлымдықтың торында. Болысалық әрдайым, Жетім-жесір момынға [10, 44].

Жүз жасаған Жамбыл жырау жылдар бойы жанын тербеткен өзін қатты толғандырған бір сырын осылайша ашқан сияқты. Бұл оқиғаның қолқасында, біздіңше, аса мағыналы ишара, мән бар: Қарт айдаһар өзінің мекенжайын қорғаса, оны қуып шыққан 57

зорлықшыл абжылан сазайын тартты, өлді. Ендеше, мына патша­ лық Ресей де қазақтың атамекенін зорлықпен тартып алып жат­­ қан жоқ па, момын елге зәбір-қорлық көрсетіп жатқан жоқ па?! Оны да қақ маңдайдан атып құлататын күш болар ма еді?! – дей­ тін арман, мұң байқалады. «Өтеген батыр» жырында мұнан ары Өтеген нөкерлерімен қалың өскен ну орманға енеді. Қарағайдың түбінде тұрған жақсы ақ үйді көреді. Үйдің ішінен күркіреген күндей үн естіледі: Өтеген деген сенбісің, Қамалды бұзған ермісің?! Мың күн жортып жол-жолай, Тауда безген құлжадай, Жиһанды кезіп жүрмісің?! Неге тыныш таппайсың, Үйіңе неге қайтпайсың? Шарламаған жерің жоқ, Судан өзге құрлықты, Жол ғып жортып таптайсың. Мықты болса білегің, Түкті болса жүрегің, Атыңнан түс те, үйге кір. Қарағайдың түбіне, Жігіттерің тоқтасын! [10, 41].

Айтқандай-ақ, жігіттерін қарағай жанына қалдырып, өзі жай­ лап басып ақ ордаға кіреді. Алдынан аппақ қудай сақалды Ғайыперен деген шал шығады. Өтегеннің не істеп, не қойып жүргенін түгелдей, қолмен қойғандай жайып салғанына қарағанда, оның тегін кісі емес екендігі аңғарылады. Шамасы, кәдімгі қазақтың «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты эпостық жырларында кезіге беретін көп­теген әулие-әнбиелердің бірі – Ғайып Ерен Қырық Шілтенді кө­­реген десек, қателесе қоймаспыз. Сол жерде Өтеген батыр Ға­ йып-Ерен кәріге көңіліндегі шер-мұңын шағады: Жортар жолы мың тарау тарқатылып шаршағанын, өңі қашып, жол табудың қиын­дағандығын, Жетісу елі, аймағына, жұртына жаңа қоныс іздеп жүргенін, құмырсқа мен шегіртке, бозторғай ғұрлы әрекет қыла­тынын, қайткенде де халқына жайлы орын табатынын – сол 58

мақ­сатта талай көресіні көріп, жиһан кезіп келе жатқандығын мәлім­дейді. Батырдың бұл сөзі Ғайып-Ерен шалға өте ұнайды, оның атқарып жатқан ісін «Жолың болсын Өтеген! Сен мұзбалақ қырансың, түйілетін төтеден. Алтайы жүйрік маралдай, қашсаң құтылып, қуғанға қас қаққанша жетеген» [10, 42], – деп бағалай­ ды. Әбден көңілі толған Ғайып-Ерен қария Өтегенге көп ақылкеңес береді, айла-өнер үйретеді. Былай дейді: Алдыңда сенің майдан бар, Оған айтар айлам бар: Түнде барма үйіңе, Күндіз барсаң жайдан бар. Жұмыста да соғыста, Ақылыңды ашу қыспасын, Ашушаң болсаң, сол қолың, Оң қолыңды ұстасын! [10, 42].

Өмірден көрген-түйгені мол Жамбыл ақын осындай жолдар арқылы Өтегеннің де тегін кісі емес екенін, оның бүкіл түркі жұрт­тары қадір тұтып, киелі санайтын Ғайып Ерен Қырық Шіл­ тен әулиеге жолыққанын, одан бата алғанын әдейі меңзеп отыр. Нақ осы фрагментке орай, Өтеген көреген, көріпкел бопты, Өте­ ген кесімді пікір білдірген би, Өтеген шешен, Өтеген көсем, Өтеген пері қыздарына жолыққан сері секілді қауесет ел ішін керней жөнелген. Өтегеннің Ғайып-Ерен әулиеге ұшырысу дерегіне байланыс­ ты айта кетелік, «Өтеген батыр» жырының Жамбыл орындаған үш нұсқасы бар делінеді. Оның екі нұсқасы 1994 жылы «Ме­ рей» баспасы шығарған «Өтеген батыр» кітабында жарияланса [10, 29; 52], үшінші нұсқасы 1999 жылы «Айкос» баспасынан жарық көрген «Мүйізді Өтеген» жинағында басылған [14,183]. Үш нұсқаның да бір бірінен мазмұндық жағынан соншалықты алшақтықтары жоқ. Тек қана ара-тұра кейбір сөз, сөйлем, жерсу, кісі атына байланысты аздаған өзгешелік байқалады. Мысалы, «Өтеген батыр» (1994) кітабында Өтегенге ақ үйде жолыққан кісі Ғайып-Ерен атанса, «Мүйізді Өтеген» (1999) жинағында батырға Қожа жолығады [14, 191], ал Есмағамбет Ысмайылов­ тың мақаласында Өтегенге Қайберген деген шал кезігеді [14, 59

66] (шамасы, Ғайып-Ерен есімінің өзгертілген түрі ғой – М.Ү.). Қалай аталса да әлгі шалдардың бәрінің айтатыны бір сөз: үйіңе түнде барма күндіз бар, ақылыңды ашу қыспасын, сол қолың оң қолыңды ұстасын! Өзгешелік дегенде көрініп тұрғаны «Мүйізді Өтеген» кіта­ бындағы Жамбылдың айтуынан Жаманкеев Әбдіғапар жазып алған нұсқасы кіріспе-қара сөзбен ашылады. Одан мына сөй­ лемдерді теріп-теріп ұсынар едік: «Сол кезде қазақтың Ұлы жүз руынан 1730 жылдар шамасында Өтеген деген батыр шыққан. Ол Өтеген Ұлы жүздің Дулат нәсілінен, Сырымбет деген атаның тұқымынан шықты. Өтеген батыр есі кіріп, ат жалын тартып мінгеннен кейін қоныс қарай бастаған. Ер жетіп, толық адам болғаннан кейін, түбі осы Жетісу жеріміз бізге қонысқа жарамайды, себебі бұл жерді түбінде орыс деген халық алады, оған қарсы тұра алмаймыз, себебі біздің қазақ халқы өте надан (өнері жоқ дегені шығар – М.Ү.), айласы, күші жоқ, сондықтан оған еркіміз кетіп қарағанша, бір оңаша жер-су тауып, әрісі қазақ халқын тегіс қоныстандыру, иә болмаса, тілімді алған қазақты құтқарамын деп жар салған... Және өзінің керемет нақ төбесінде бір қарыстай екі мүйізі болған екен. Батырлығы өте күшті болған. Бірақ, қан төгуді қала­ маған кісі. Жалғыз-ақ қоныс іздеуде болған. Содан өзінің Аюса деген баласымен, елу кісімен екі айғыр үйірлі жылқы ай­дап, қару-жарағын асынып, ел-жұртымен қош айтысып, әуелі күн­ шы­ғысқа қарай бет алған. Сол жүргеннен жүріп қытай тарапына барып, күннің шығысына дейін жеткен... Ақыры 17 жыл жер қарап қайтып келген. Сондағы Өтегеннің көріп білген ғажайып әңгімесін Жамбыл қарт өлеңмен суреттеп айтады» [14, 183-184], – деген кіріспеден соң: Жер танабын алғаннан, Сөзім болмас жалғаннан. Бұғыдай мүйіз көтерген, Қасқараудан шыққан Өтеген, –

деп Жәкең жырлап кете барады. Аталған нұсқада Қожа мен Өтеген біршама алма-кезек жауаптасады. Қожа ұлы мақсатты алға тұтып, көп үшін басын 60

әуреге салып жүргенде сол жұрт батырдың қадірін біле ме, қаді­ ріне жете ме деп шүбәланады. «Ей, Өтеген батыр-ау, ел ті­ліңді алмайды-ау. Айтқаныңа бағынып, назар саған салмайды-ау. Әуре болып ел үшін, еңбегің сенің жанбайды-ау» [14, 192], – деген күдігін білдіреді. Сонда да ақылын айтып, шығарып салады. Қожамен қош айтысқаннан кейін, Өтеген серіктерімен талай өлкелердің үстінен өтеді. Ауызша және жазбаша дерек-құжаттарға зер салсақ, бір азкем ойлансақ, мына фани-жалғанға нәсіп бұйырып кеп қалған өзге пенделер секілді, Өтегеннің де тумысынан бойына дарыған қайраткерлігіне қоса, тағы бір жүрек қалауы жарық дүниені кезіп, аралағысы келіп тұратын саяхатшылдығы болса керек. Асан­ қайғы бабасы секілді Өтеген де жастайынан жер-жаһан аралап, өзге жұрттармен танысуды, Алланың жаратқан тау-тасын, ормантоғай, өзен-көлдерін, жазық дала, көз жетпес жазирасын молынан шолып, өз көзімен көріп, алуан түрлі ғажайыптардың куәсі болғанды ұнатқан. Жаратылысындағы көңіл-күй бітімі, аңсарауаны оны әманда алысқа, көз көрмеген өлке-өңірлерге жетелеп, асықтырып тұрғанға ұқсайды. Табиғатында, психологиялық ішкі бітімінде алабұртқан, өрекпіген, кеуде-көкірегін кернеген, былайғы жұртқа біртүрлі көрінетін ерекше қасиеттері, «ғажайып» іс-әрекеттері де бой танытып қалуы ықтимал емес пе? Аратұра елден аулаққа сапар шегіп кетіп, көп уақыттардан кейін оралған, сондағы көрген-білгенін ауылдан ұзап шыға қоймаған көрші-қолаңдарға, туған-туыстарына, жалпы аралас-құралас таныстарына қызықтыра әңгімелеп жүрген ғой. Бізге бүгіндері хатқа түсіп, бүлінбей жеткен белгілісі – Өтеген­нің жас шағында Қазыбек бек Тауасарұлына ілесіп, оқубілім іздеп, бүкіл Еуропаны шарлап қайтқаны. Мұнан кейін де аласапыран жаугершілік заманда қазақтың Жоңғария агрес­ сиясына қарсы Ұлы Отан соғысы кезінде, ересен ерлік көрсетіп, қанды майдандарда қол бастаған, қаһармандық аты шыққан. Ұрыс арасында болған бір сәл тыншу сәтінде аңда жүріп, абай­ сыз­да жау қолына тұтқынға да түсіп кетіп, одан Төле бидің дип­ ло­матиялық шеберлігінің арқасында аман оралған. Осындайосындай ел үшін, жер үшін қам-қаракет қамында жүрген Өтеген бейнесіне оның таң-тамаша батырлық қимылдарына сай және 61

алыс-алыс саяхаттарына сәйкес бірі шын болса, бірі қияли, ойдан шығарылған, болжамға негізделген мінез-құлық сипаттары мен адам сенбестей мифтік оқиғалар жамала берген, жамала берген. Сөйтіп, Өтегеннің көркемөнер туындысы – жыр-дастандарда, аңыз-әңгімелерде қайталанбас, қайран қаларлық қайсар образы жасалған. Әрине, батырды қазақ елі қайткенде жаугершіліктен, жауыз көршілердің соғыс ашқыш, нәпсісі ашқарақ, қолы суық сұғанақтығынан аман болар екен дейтін арман-мүдде де толғантпай қоймаған. Міне, осындай арман-үміт жетегіндегі батыр көзден таса, жайлы жайлау-қыстау іздеуі де мүмкін. Өтегеннің бұл игі тілекниетін төңірегі де жақсы біліп отырған. Оған зор үміт көзімен қараған. Оның әр сапарынан бір тың, керемет жақсылықтар күткен. Нақ осылайша өрістеп дамыған, тосын түс-рең ала бас­ таған әңгіме-аңыздарда батырдың бірнеше рет жоғалып кетіп табылғаны жайлы қызғылықты қауесет-хабарлар бар. Жұрт, өзі, Өтегеннің үш мәрте жоғалып, табылғанын аңыздайды. Аңлап қарасақ, ел аузындағы мифологиялық сағым-мұнарға оранған, қою тұманға бөккен саяхаттарының біріншісі – Өтегеннің айда­ һар, әбжыландарға кезіккен сапары, екіншісі – батырдың Жезтыр­ нақ қыздарға ұшырасқан сапары, үшіншісі – оның Жиделі немесе Жиделібайсын қонысын тапқан жортуылы. Біздіңше, Өтегеннің осы үш сапары бір кездерде, ертеректе үш бөлек айтылып жүрсе керек: Өтеген және айдаһар, Өтеген және Жезтырнақ, Өтеген және Жиделі (Жиделібайсын). Бертінде мұның бәрін Жамбыл жырау тұтастандырып, басын қосып, үлкен бір арналы дастанға айналдырған. Ең бастысы – Жамбыл жырлаған үш нұсқаның да бір-біріне орайлас ұқсастығы, Өтеген кезігетін кедергілер, қауіп-қатер түрлері бірдей шығып отырады. Қаһарманның алдынан күтпеген жерден жолыға кететін зор қатердің жан түршігерлігі оның жыландардың, айдаһардың қоршауында қалуы десек, одан Өтеген өзінің асқан сабырлылығы мен ақылының, тапқырлығының арқасында аман өтеді. Ал, жыландар, айдаһарлар тақырыбы – әлемдік көркем әдебиетте ежелден келе жатқан ескі тақырып. Тіпті, айдаһарлар дүниежүзі халықтары мифтерінің орныққан кейіпкерлері іспетті. Кім неден қорықса, соны көп сөз қылады. Өйткені, жыланнан 62

сескенбейтін адам ілуде біреу шығар. Сескенбеген жан батыл, батыр саналады. Батырлардың айдаһар, әбжылан, ақжылан­дар­ мен алысып арпалысулары, жекпе-жек соғысуы, әсіресе, түр­кі­ лік-мұсылмандық жыр-дастандарда, әпсана-аңыздарда жиі баян­ да­лады. Жылан, айдаһар туралы алғашқы деректер діни хикаяларда айтылған. Мәселен, Адам ата мен Хауа ананы азғыру мақсатын­да Ібілістің пейішке еніп кетуіне жылан себепші болыпты. Ол уа­ қытта жылан аса көрікті-көрнекті биік, төрт аяғы бар, тым сал­ танат­ты болса керек. Малғұн Ібілістің сөзіне еруіне бай­ла­нысты, төрт аяғынан айырылып қалған. Тағы бірсыпыра әпсаналарда аспанда ұшып жүретін айда­ һарлар суреттеледі. Солардың бірін осы жолдардың авторы мен, әкем Бейсенбек Үмбетайұлының (1890-1987) айтуынан жазып алып едім. Сол хикаяда таңғажайып бір хал еріксіз назар ауда­ рады. Дастан оқиғасының ұзын ырғасы мынандай: – Имандылықты тәрк етіп, бұзақылық жолға түскен бір ел болыпты. Содан, бір періште Алладан сол жұртты жоқ ету жөнінде пәрмен алады. Тапсырманы орындау үшін әлгі періште өте айбарлы, сұры жаман зор, түр-тұлғасы болжап болмастай алып, өте қорқынышты қанатты айдаһардың кейпіне еніп, ұшып бара жатады. Таңға жуық Басыра қаласының үстінен ұшып бара жатып, құлап түседі, шаһарды басып қалады. Үрейлері ұшқан жұрт сыртқа қашып шығады. Ілгергі уақытта бір күні, Басыра деген шаһарға, Бір иылан пайда болыпты, Асманнан таңға яқында. Жетміш дүкен қалыпты, Астында аның басылып. Бірнеше сарай, расаттың, Жатыпты үстін яшырып. Һәр заман аузын ашадүр, Деһмінен отлар шашылып. Шаһардың халқы қашыпты, Һешбірі қылмай қарсылық.

Сол қаланың сыртында исламға ұйыған бір қарт шайқы (шейх 63

– теолог, ислам дінінің ғұламасы) тұрады екен, адамдар соған ба­ рады. Ол құлап жатқан айдаһардың алдына келеді. Сөйтсе, айда­ һар аузынан жалын шашып жылап жатыр екен, сөйлеуге тілі жоқ. Тек, шайқыға қарап аһ ұрады. Шайхы кеп көрсе иыланды, Һайбаты әдден асадүр. Басыраның барша шаһарын, Саясат-сесі басадүр. Һәр заманда толғанып, Көзінен жашлар шашадүр. Шайхыға қарап егіліп, Ымамен аузын ашадүр.

Содан шайқы қолын көкке көтеріп, Аллаға жалбарынады: Шайхы айтты қолын көтеріп: Ей, Құдая, жүзукүл, Баршаға өзің Құдасан, Ынсыз-жын бәрі саған құл. Көк юзинен пайда боп, Не себептен түсті бұл?! Сұрар едім өзінен, Егерде болса мұнда тіл...

– Е, Алла мынаған тіл бере гөр, жағдайын өзінен сұрап білейін, – депті. Сол жерде шайқының дұғасы қабыл болып, айдаһарға тіл бітіп, жағдайын айтады: – Алладан пәрмен алып, бір діннен безген елді ойрандауға ұшып бара жатыр едім, осы шаһардың үстінен ұшып бара жатып, төмен қарасам, көшеде бір адам кетіп барады екен. Ол намаз оқымайтын бейнамаз залым екен, соның кесапаты ұрып, қанаттарым күйіп, құлап түстім. «Тапсырманы орындай алмайтын болдым-ау!» – деп, қапаланып жатырмын. Ей, шайқы, дұға қыл, қанаттарым бітсе, ұшып кетейін, әйтпесе амалым жоқ, не етейін! – депті. Содан шайқы дұға оқиды: Шайхы айтты қолын көтеріп, Яратқан қадыр Құдасан, Яқшы-яман юмыстың, Баршасын өзің қыласан. 64

Әшһаранаһан сырлардың, Айттырмай бәрін біласан. Бұл пәріштадан көтергіл, Бейнамаз залым күнәсін. Даргаһыңа қабыл ет, Пәндәңның қылған дұғасын!..

Шайхының дұғасы қабыл болып, жаңағы қаланы басып жат­ қан айдаһарға қанат бітіп, діттеген жағына қарай ұшып кетіпті. Қабыл боп шайхының дұғасы, Қанаты бітті-ау жана да. Паруаз етіп пәрішта, Көрінбей кетті-ау самаға (аспанға)3.

Шынында да діни түсініктерде періштелер өздері қалаған кез келген өң-кейіпке айнала алған. Яғни, қанатты айдаһар, тағы өзге де рең-түстерді қабылдап, адамдар арасында да, жан-жануарлар мен аң-құстар арасында да емін- еркін жүре берген. Сонымен қатар, адамдардың жыландарға кездесуі, олармен істес болуы, көбінесе, «Мың бір түн» әңгімелерінде де біраз су­ реттелген. Айталық, ондағы «Мәлике Маран туралы әңгіме» оқи­ғасында Мәлике Маран жыландардың патшасы ретінде бей­ не­ленген. Әрі ол адамша сөйлеп, ойда-жоқта кіріптарлыққа түскен Жамсапқа қызық-қызық ертегілер айтып береді. Ажалына Жамсап себепкер болатынын білгендіктен, оны әңгімеге алдан­ дырып, өмірін біраз ұзартпаққа ұмтылған. Бірақ, бәрібір тағдыр дауылы тұрып, өліміне сол Жамсап амалсыздықтан себеп болып, жылан патша Мәлике Маран опатқа ұшырайды [15, 435]. Осын­ дай-осындай хикаят-қиссаларда жын-шайтандар, дию-перілер де неше түрлі мақұлықтардың, айдаһарлардың да кескін-әлпетіне еніп, көзге көрінетін ортада өздерін аса жағдайлы сезінген. Бара-бара осындай қиял-ғажайып сарындардың негізінде жы­ лан культі (жыландарды әспеттеу, жыландарды асқақтату) әде­ті дүниеге келген. Жылан культін, көбіне-көп, ел билеушілері өз­ де­рінің пайдасына ыңғайластырып, әбден оңтайлы пайдаланған. 3

Автордың жеке мұрағатынан алынды.

65

Атап айтқанда, ежелгі Египет пырғауындары (фараон), жрецтері жылан, айдаһар арқылы халықты үнемі үрейде, қор­қынышта ұстап отырудың амалдарын ойлап тапқан. Өз кезе­гінде пырғауын атанып, таққа мінген адам бас киімінің (тәж) маңдай тұсына иіріліп отырғызылған, атылуға дайын өте улы жы­ланның (кобра) суретін салып қойған. Ондағы ойлары – біз өте айбатты, күшті­ міз, ырқымызға көнбегенді буып-бұрап, шағып-шайнап өлті­ ре­міз, жұтып-қылғып жібереміз, тұқымын тұздай құртып жі­бе­ре­міз дегендік еді. Солайша айдын-айбынын асырып, құр­ мет-қошеметке ие болуды көксеген. Бедел-абыройды солай елді ық­ты­рып, тұқыртып жинамаққа ұмтылды. Сөйткен пырғауындардың да соңында моральдық тұрғыда мар­дымды мақтарлық, тым болмаса, елеп-екшерлік әдеп-өнеге­ лері қалмады. Атақ, даңқ құмарлық естерін алғаны сонша­лықты, неше түрлі салтанатты сарайлар салдырып, әуелеген пирами­да­ лар тұрғызды. Жандарының тәттілігі сол, өлгілері келмеді, астам­ шылыққа салынып, өздерін құдаймыз деп жариялады. Деген­мен, қанша қиялданса да ақыры бір күні ақыр-тақыр бола­тын­­дарын білді. Соның өзінде омырау-кеуде қағып, өле кеткеннің өзінде де мына жүрген құл-құтандар мен күңдер ол дүниеде өздеріне қыз­ мет етеді, мына алтын-күміс байлықты суша сапыра береміз деп, оларды да өздерімен бірге көрге ала кетті. Бүгінгі археологиялық қазбалар бұдан төрт-бес мың жыл бұрын опат болған пырғауын­ дардың түпсіз дүниеқоңыздығын, жұтса тоймайтын ашқарақ­ тығын, даңғой даңқ құмарлықтарын нақты бұйымдар арқылы тап басып дәлелдеп отыр. Ал, қазіргі қалқи­ған қирандысы шыққан үй-жайлары мен үгітіліп сәні кет­кен пира­мидалардың өзі сол кез­ дегі жұпыны, қарапайым ең­бек­ші халықтың қан мен терінің, тө­ гілген көз жасының ескерткіші іспетті әсер қалдырады. Өте алыс замандардағы өркениет иелері жылан, айдаһарлар­ды ақыл мен данышпандықтың нышан-белгі, ұстынына да ұқсат­қан. Тотем, табуға айналдырып, аттарын тура атамай, «Жар­ғақты», «Қанатты-жарғақты» деп құрметтеген [16, 411-412]. «Пре­дание о Драконе и Солнце отзвучит во всех частях света как в циви­ лизованных, так и в полуварварских странах... Было время, когда четыре части Света были покрыты храмами, посвященными Солнцу и Дракону; но культ этот теперь сохраняется, главным 66

образом, в Китае и буддийских странах» = «Айдаһар мен Күн жайлы аңыздар дүниенің барлық бөліктерінде өркендеген және жартылай жабайы елдерде айтылады... Дүниенің төрт бұрышында Күн мен Айдаһарға арнап салынған храмдар қаптап тұрған кездер болған; бірақ бұл культ қазір, негізінен, Қытай және буддалық елдерде сақталған» [16,  440], – деп жазады теософия ілімінің өкілі Елена Петровна Блаватская. Ал, христиан дүниесіндегі аңыздық кейіпкер әулие Георгий қызды жұтқалы келген айдаһарды дұға оқып өлтіреді: «В некий восточный город повадился разбойничать огромный змей. Он приползал со стороны болот и забирал молодых жителей. Нако­ нец настал час, и правитель простился со своей дочерью, пре­ красной Елисавой (Елисават). В слезах сидела она у дороги, ожи­ дая горькой участи, такой и увидел ее Георгий, проезжающий мимо Христов воин. Он вызвался защитить девушку. Когда появилось чудовище, Георгий не вступил в бой, он отложил копье и меч. Безоружным пошел воин на противника. Спокойно опустился перед змеем на колени и начал молиться. Змей затих. Минуты тянулись за минутами, и вскоре обессилен­ ное молитвой чудовище склонилось перед воином. А спасенная девица накинула на змея поводок из своего пояска и повела его в город. Увидев это чудо, горожане выслушали проповедь Геор­гия и приняли крещение»[17, 50-51] = Ажалдан құтылған бойжет­ кен Елисава (Елисават) өлі жыланды белбеуіне байлап сүйретіп әкеледі. Қала тұрғындары мына кереметке таңғалып, әулие Георгийдің уағызына бас иіп, шоқынуды қабылдайды. Дәл осындай бір қызғылықты хал, қазақ арасында да кең жайылған. Онда жалайыр Орақты батыр есіміне қатысты ел ішінде жиі сөз етілетін аңыздар мен ақын Қалқа Жапсарбаевтың «Орақты батыр» дастанында жұртқа тыныштық бермеген Ақкө­ бік атты айдаһар-жалмауыз туралы оқиға бар. Аңыз-дастанда әлгі құбыжық-айдаһарға ел қорыққанынан күніне бір қыз, бір қой беріп жан сақтайды. Батыр аң аулап ұзап, алысқа шығандап кет­кен күндерде кезек келіп, жалайыр Орақтының жалғыз қа­ рын­дасы мен қойды айдаһар келетін межелі жерге байлап, жұрт өзге жаққа көшіп кетеді. Аңнан қайтқан батыр жұртта байлаулы жылап тұрған қарындасын көріп, мән-жайға қанығады: – Сені 67

айдаһарға жегізіп тірі жүрмей-ақ қояйын! – деп сол маңайдан жер қазып алып, жасырынып жатады. Ол жалмауызды өлтірудің тек бір амалы – тура төсіндегі бармақтай қара дақтан тигізсе ғана құлайды екен. Көп ұзамайақ алыстан төбе көзі жарқылдап, азу тісі сақылдап, аузынан отты көбігі шашырап, айдаһардың қарасы зорайып көрінеді. Бар күш-қайратын жинап, әзірленіп жатқан Орақты батыр оқ жетер тұсқа таяған сәтте тура қара дақты қарауылға алып, көздеп атып салады. Оқ дәл тиіп, айдаһар «А-а-а-р-с-с!» – деп сұлап түседі. Жалайыр Ер Орақты сол жерде айдаһардың басын кесіп алып, қанжығаға өткізіп тесіп алып, қарындасын атына мінгестіріп, қашқан елдің артынан қуып жетеді. Елдің үрейі ұшады: «Ойбай, мынау қарындасын алып келді, енді, айдаһар бәрімізді жайпайтын болды», – деп одан әрмен безе жөнеледі. Орақты батыр айқай салып, қашқан жұртты тоқтатады да орталарына айдаһардың басын домалатып тастайды. Жиналған халық сенер-сенбесін білмей қатты таңырқасады. Ақырында, көздері жетіп, көңілдері орнығып қуанысады. Батырға риза болып, «Бәрекелде-е-е!» айты­сады. Содан бас қосып: -О-оу! Жауымызды жеңген, сұмдық зұлмат­тан халықты құтқарған бұл батырға қандай құрметқошемет, сый жасаймыз! – деп кеңеседі. Кеңесе келе: -Мал берейік десек, бұл Ер Орақтының өзі де малға кенде емес, алтынкүмісіңді керек қылмайды, өзінде де жетіп артылады. Адам берейік десек, өзінің де ағайын-туысы аз емес, бұл жалайыр көп! Қой, бұған бұрын-соңды болмаған, ел естімеген өзгеше құрмет көрсетейік: – Бірінші сөйлесін! – деседі. – Қандай жиын, қандай аламан құрылтай, ас-тойларда болма­ сын, әйтеуір, қалың қазақ жиналған жерде Жалайыр тайпасының адамы әрқашан бірінші сөйлесін! Бірінші сөйлесін!!! – деп пә­ туаласыпты. Орақты батырдың анадай ұлы қаһармандық ісін, жеңісін халық бірнеше күн тойлап, дұға оқып, қол жайып бетжүздерін сипапты. «Ноқта ағасы Жалайыр!» деген жалпы­ халықтық құрметті атақ беріліпті. Содан не керек, айдаһар «А-а-а-рс-с!» – деп құлап түскен жер Арыс атанып кетіпті. Бұл – бүгінгі Қазақ теміржолы бойында тұр­ ған Арыс станциясы, ауылы сол айдаһар құлаған жер екен деседі жұрт. 68

Мінеки, осындай араб-парсы әлемінен келген шығыстық сюжеттегі шығармалар мен Орта Азиялық және қазақтың өзінің төл ертегі-әпсана аңыздарын Жамбыл ақын қаршадай күнінен естіп-біліп, зердесіне тоқып өскен. «Мың бір түн» әңгімелерін, «Шах-наме», «Жүсіп-Зылиха», «Ләйлә-Мәжнүн», «Тоты-наме» жырларын қиссашы-дастаншы­ лардан тыңдап, жаттап алған. Аталған шығармалардағы бас ке­ йіп­керлердің көрген қияметі, алыс сапарларда дию-перілерге жо­лығып, самұрық-құстармен тілдескені, неше түрлі жылан-айда­ һар­лармен алысып-арпалысқаны жадында өшпестей өрнекте­ліп бекіп қалған. Қаңғыбас Сандыбадтың, Рүстем баһадүр­дің зұлымзұлмат күштерменен шайқасып жеңіп шыққанына таңырқаған. Енді, өзі жырлап отырған Өтеген батырды шығыстық қаһар­ мандарға ұқсатып, алып күш иесі деңгейіне жеткізуге ұмтылған. Жамбылдың түсіндіруінше Өтеген – асқан ақылды, дана, өте са­ бырлы, шыдамды жан. Бәрін де ақылға салып шеше­ді: айдаһар­ дың жайын ақылменен, болжап, шамалап білсе, абжы­ланды атып түсіреді. Еш уақытта қиянатқа, әділетсіздікке жол беруге бол­ майтынын нөкерлеріне қайта-қайта айтып, ұқтырып отырады. Жамбыл жырлаған дастанда айдаһар, абжыланнан құтылған соң, Өтеген талай-талай өрттей ыстық шөлдерден, құм суырған белдерден асады. Кент арал, Тас арал, Құм арал, тағы басқа да толып жатқан өңірлерді артта қалдырып: Қарағайлы, қайыңды, Қара орманға жолықты. Қабағын жапқан қара орман, Келе жатқан бұрыннан, Ертегі әнін соғыпты. Қызыл іңір түнеріп, Шық түсіп жер мұнартып, Өтеген батыр нөкері, Сол орманға қоныпты [10, 45], –

дейді ақын. Қара орманның ертегі әнін соққаны бекер емес екен, от жағып, қазан толы қой етін асып, тынығып жатқан жігіттерге қараңғы түн қойнынан сумаң етіп, екі қыз шыға келеді. Түр-тұлғалары мынандай екен: 69

Қараңғы түнде қылмиып, Жағылған отқа жылмиып, Келеді екі сұлу қыз, Шолпандай туған таңдағы, Беті қызыл алмадай, Қара шашы құндыздай, Көздері жанған жұлдыздай [10, 45].

Келген қыздардың сұлу көркіне жігіттер қайран қалысады. әдеп сақтап асқа шақырады, бірақ қыздар әртүрлі сылтау айтып, бұларға жоламайды. Сыңқылдап күлісіп, жігіттерді мазақтап отырады да бір кезде ғайып боп кетеді. «Көрген түстей, қас қарайып, түн тынып, шөп қимылсыз, жел тынып» [10, 46] жымжырт тылсым тыныштық орнайды. Әлгілердің табан астында жоқ болып кетуі Өтеген батырды ойға қалдырады. Манағы келген сұлулар, Сиқыр екен дейді шын. Ол жезтырнақ болғаны, Сұлу боп түнде жүргені, Сиқырлана күлгені, Жанды бүред болаттай, Тырнағымен бүргені. Біз сөйлесіп тұрғанда, Көздері жанды жарқырап, Олар – нағыз жезтырнақ [10, 46], –

деп қорытады ол. Міне, осыдан соң қыздардың асқа келмеу себе­ бін аңғарамыз: қолдарының саусақ-тырнақтары болаттай қатты темір-жезден жаратылғандықтан, онысын адам баласына көр­ сетпей, жең ішіне тығып жүреді, ел ұйықтағанда келіп жамандық жасайды. Бұл жайды ақылға салып білген Өтеген нөкерлеріне тосын жарлық береді: ағаш-бөренелерді адам сияқты жатқызып, шапан жауып бүркендіреді де өздері басқа жерде тығылып, мылтық оқтап қарап отырады. Мұның барлығын Жамбыл жырау табиғат келбетін келістіре суреттеу арқылы, құпия сырды сыбырлай айтып, түн-түнекті төн­ діре түсіп, әлдене бір сұмдықтың жақындап қалғанын діріл­дете бейнелейді. Мысалы, былайша: 70

Әлденелер қараңдап, Қараңғы түнде жырқырап, Шөптің басы қалтырап, Көрінді бір зат қылт етті! [10, 46].

Нақ осы тұста оқиғаға ден қоя елтіген тыңдаушының немесе оқырманның тұла бойы дүр-р-р етері хақ! Зәресі ұшып отырған жұртты мықтап бір сілкінтіп алған ақын, артынша: Сол арада тарс етті, Өтегеннің мылтығы. Мұрттай ұшып Жезтырнақ, Ажалы жетіп бұрқырап, Қаны судай төгілді [10, 46-47], –

деп Жезтырнақты жаралаған Өтегеннің ерлігін паш етеді. Дастанда аталған Жезтырнақтар мұсылмандық түсініктер бо­ йынша, адамдарға кесір-кесапат келтіретін, дұшпандық ойлайтын зұлым күштер жын-перілер әулеті қатарына жатады. Алла тағала жындарды оттың жалын-түтінінен жаратқан. Періштелерден айыр­машылығы жындардың өз еріктері бар, жағдайға байланыс­ ты шешім қабылдап, таңдау жасай алады, көзге ілінбейді. Бел­гі­лі бір түр-түсі жоқ, бірақ, ауадан, не оттан тұратын денесі болады [12, 121-122]. Өздері қалаған бейнеге еніп, Жезтырнақ па, басқа ма сол кейіпте адамдарға көрінеді. Олардың да кәпірі және мұсылмандары болады. Кәпірлері – жындардан болған өркөкі­ рек, менмен Ібіліске еріп жүреді. Жындардың бұндай діннен без­ген топтары мұсылмандарды дұрыс жолдан тайдыруға, адас­ тыруға құмар, адамдарды арбап, азғырумен айналысады. Жыншайтандардың адамдарға ықпал-әсері, қарым-қатынасы, әсіресе, «Мың бір түн» әңгімелерінде көп баяндалған. Сондай бір ахуал Жамбыл Жабаев жырлаған «Өтеген батыр» дастанында Жезтырнақтар оқиғасы арқылы көрініс тапқан. Аса қатерлі жын-перілерге, Жезтырнақтарға төтеп берген Өтегеннің батырлық тұлғасы сомдалған. Ақын мұнша бейнет, азапты Өтеген халыққа жау аяғы жетпейтін, қой үстіне бозторғай жұ­ мыртқалаған жайлы қоныс тауып беру сапарында тартып жүр деп көрсетеді. Әрі қандай істі болмасын, батырдың ой елегінен 71

өткізіп, аран­дамай ақылмен шешетіндігіне көз жеткізеді. Ақы­ рында, қырық күншілік жол жүріп, талай-талай өзен, таулардан асып, орман-тоғай бауларды аралап, күн қақтаған құмайтты, құмды, құмақты, құс қанаты күйген шөлдерден өтіп, Өтеген ба­ тыр өзінің асыл мұрат-мақсатына айналған Жиделібайсын өлке­ сіне келіп жетеді. Жайлы қоныс боларлық Жиделібайсын келбетін, таң-тамаша табиғатын ақын өз тарапынан Өтегенге жан бітіре, ғажап жырлап жеткізеді: Өтеген сенің іздеуің Жер-жиһанды кезгенің. Іздегенде осындай Жер еді ғой көздеуің. Жер жанаты кез болды Көре ме сенің көздерің? Қарашы, қызыл арайға, Көресің бе, ұнай ма, Дақсыз ашық аспанда, Балықша бұлттың жүзгенін? Көрдің бе таң шапағын, Жердегі гүлдің тізбегін. Малынған бау-бақшада, Жемістің жер сүзгенін... Ақ мақтасы – күмістей, Жері кілем – пүліштей. Өтеген! Анық көрдің бе, Мұнан басқа тағы да, Бар ма артық іздерің? [10, 48].

Тыңдаушының ең нәзік сезім-күйіне, жан дүниесіне өшпес әсер қалдыру үшін тәжірибелі, дүлдүл жырау, поэтикалық жаңа амал тауып, әдейі Өтегенге қайырылып, сауал тастаған. Сауалы – риторикалық сауал. Оның жауабы қойылған сұрақтың ішінде тұрады. Егер, Өтеген тіл қатқан жағдайда «Иә, көріп тұрмын, Асан ата аңсаған Жерұйық осы екен!» – дер ме еді. Бірақ, олай демеске, бір ойға келмеген көлденең жай алдан шығады. Жамбыл жырлаған нұсқаларда Өтегенді опындырған мұңнала, орны толмас өкініш, қайғы, шынында да кәдімгідей назар аударады, көңіл толқытады. 72

1. Арпалысқан атынан, Өтеген түсіп өрім тал. Жанаттанып құлпыра, Шөбін иіскеп қарады, Жайлы ма деп жылқыға. Жылқыға жайлы емес деп, Қайтып келді жұлқына. Жылқыға жайылым таппаса, Шоғы сөнген отындай, Келмейді деп қалпына. Отыра қалып сол жерде, Қоныс таппай бұл елден, Өтеген батыр жылады [10, 49]. 2. Арып-талып Өтеген, Далаға да жетеді. Жиделі деген жер екен, Өте ыңғайлы мекені... Аралап түгел Жиделіні, Көреді қызық көрмеген. Бір кемшілік бұл жерде, Бар екенін сезеді. Жылқыға жайсыз жер екен, Болғанымен өзені. Дегенменен Өтеген, Жылқыға шөп табам деп, Төңірегін түгел кезеді. Таба алмай көңілге алғанын, Жиделіден тағы безеді [10, 69-70].

Жиделі деген жер, Жиделібайсын атанған қоныста бәрі де бар сияқты: алыс десең алыс – жау аяғы жетпейді, шеңгел, сексеуіл, жиде тоғайы тым қалың, аң-құстың неше түрі өріп жүр. Тек, жылқы малына жайсыз, еркін жайылып өсіп-өне алмайды. Ал, бұл қазақ жылқы етін жемей, қымызын ішпей, жорға мінбей жүруші ме еді. Айнала-төңірек қанша тұнып тұрса да жылқыға қолайсыз болғандықтан, Өтеген мұнда да тұрақтай алмайды, шарасыздықтан қамығып күйзеледі. Замандар бойы ел аузында айтылып келе жатқан аңызәңгімелерге құлақ түрсек, Жиделібайсын, Жиделі деген жер-су аттары оңтүстік өңірлерде жиі кездеседі. Шамасы, жиде, тікенек, 73

шеңгел көп өскендіктен солай атанып кеткен шығар. Мәселен, соның бірі – қазіргі Қызылорда облысындағы Жиделібайсын. Бұл – баршамызға белгілі «Алпамыс» жырындағы ежелгі елді мекен, Алпамыс батырдың туған жері. Ол жақта да тікенек-шеңгел, жиде қалың, аралаған адам адасып кетерліктей, қан сорғыш маса, сона, шыбын-шіркей өте көп, көз аштырмайды. Бұдан өзге тағы бір біз білетін Жиделі – бүгінгі Алматы облысындағы Бақанас – Ақши аудандарының шегінде тұр. Алматыдан үш жүз-төрт жүз шақырымдай қашықтықта орналасқан. Атты кісі бірнеше күн қона жүріп жетіп қалар. Алып жатқан ауқымы – құмды, шөл-шөлейіт шеңгел, жиде, сексеуіл тұтаса өскен, күн қақтаған алыс аймақ. Сондағы жиде, желтораңғы орманын, қойын-қойнауын жабайы аң-құстар мекен етеді. Құм-құмайт етегінде ара-тұра шағын шалшық-көлшік сулар ұшырасады. Қысы қатты, жазы ыстық. Кей-кейде боран соғады, құм көтеріліп, көз аштырмас ақтүтек дауыл неше күнге созылады. Әрине, мұндай ауа райын жылқы малы жатсынады, сексеуіл-шеңгел арасын жерсіне қоймайды. Және де бір қызығы бұл атыраптың тұрғындары әлі күнге дейін жылқыдан гөрі, қой-ешкі, сиырды көп өсіреді. Соғымға сиыр сойғанды ұнатады. Жүз жасаған Жәкең, Жамбыл ұзақ ғұмырының бір кезеңінде осы жақтарда да болып қайтуы өте ықтимал. Алатаудың етегіндегі Ұзынағаш төңірегінен шыққан адамға сонау БалаТопар, Жиделі еліне баруы оңай сапар емес. Сондағы өзі көрген шындықты – табиғат келбетін аңызақ, шаңқайған ыстық күн өтіндегі құмқұмайт, сексеуілді-жиделі тораңғы-тоғай, қырық күн кессең де таусылмайтын шеңгелді-тікенекті дала болмысын Жамбыл ақын өзі жырлаған «Өтеген батыр» дастанында айнытпай дәл берген. Алатаудың баурайындағы қоңыржай, салқын-сабат гүл жайнаған сұлу табиғат аясында тербеліп өскен ақынның көркемдік жайлы танымы, енді, мына көңіл құлазытатын, «қырық бес күндік жолы бар» [10, 68] байтақты, тіпті, майы тамып тұрса да мүлде қабылдай алмайды. Ақынның мұндай көңіл-күйі жыр кейіпкері Өтегенге де түгелдей ауысқан секілді. Тек, Өтегенді жұбататын бір ғана нәрсе – бұндай шөлді, шеңгелді, тікенек жиделі, құм суырған ыстыққа орыс келе қоймас, сөйтіп, қазақ аман қалар деген ой еді [14, 201-203]. Бірақ, Өтегенді күңіренткен ең басты мәселе – 74

бұл жаққа желдей жүйрік жылқы баққан, көкпар тартып, бәйге жарыс, қыз қуу өткізетін қазақтың келмей қоятындығы болып шы­ғады. Қазаққа жаннат не пайда?! Жылқысыз қазақ тұрар ма, Жылқыға жайлы болмаса, Апарсаң да сен қайда. Бұған елім келмейді-ау, Маған ырық бермейді-ау! Деп зарланып Өтеген, Елім деп жасы сорғалап, Арманымен айқасып, Көмілді, қалды бір сайда! [10, 70], –

деген жолдармен аяқталады «Өтеген батыр» дастанының Жамбыл Жабаев жырлаған бір нұсқасы. Ал, аталған жырдың келесі бір түрінде (Жамбылдан жазып алған Жаманкеев Әбдіғапар) «Қаншама қауіп-қатер бәрін көріп», жақсы қоныс тауып қайтқан Өтеген еліне: Оңаша Жиделібайсын, жақсы қоныс, Қазаққа қысылғанда болады тыныс. Әгерде айтқаныма көнбесеңдер, Бұл жерді ақырында алар орыс. Бір жұрт бар, орыс деген көздері көк, Бір жерде бекер қарап тұрмайды тек. Келеді осы күнде жерді қаптап, Өзінің қайрат-күші, айласы көп [14, 200-201], –

дейді. Қазақ халқының Жоңғария агрессиясына қарсы күресі жеңіс­ пен аяқталған соң, ендігі ең қауіпті қатер Ресей империясы тарапынан төнгені рас. Қазақ даласын жаулап алу – Ресей билі­ гінің ар жағы Иван Грозный, бергі жағы Петр І заманынан жалғасып келе жатқан тәтті арманы еді. Сол арманын жүзеге асы­ру мақсатында әуелі, феодалдық Жоңғарларды нығайтып, дем беріп қазақ хандығына айдап салған орыс патшалығының өзі болатын. Өзара соғыста бірін бірі қырып, әбден әлсіресе, қазақты да, жоңғарды да дегендеріне оп-оңай көндіру мүмкіндігін білген. 75

Қытайдың Цин империясы да осы саясатты қолдаған. Оған дәлел – қазақ хандығынан жеңіліп шыққан жоңғарларды Цин жаулаушылары түк қалдырмай қырып жібергені тарихи шындық. Сөйтіп, бір жағынан орыс, бір жағынан қытай қаупі төнген кезде қазақтар қалайда аман қалудың жолдарын жанталаса іздес­тір­ген. Әйтпесе, тұрған жерінен өзге жаққа ауа көшуді ойлап несі бар? Міне, сондай алмағайып уақытта Өтеген Өтеғұлұлы Жиделі­ байсын атты жаңа қонысты тауып келген ғой! Содан «Өтеген батыр көрген-білгенін айтып, жұртымен тегіс ақылдасады. Жұрты бұған баруға болады екен, оған қалай жетеміз дейді. Сонда Өтеген айтады: – Оған бір жылда жетеді, биеге айғыр салмай, ту сыртын семіз қыл, қойға қошқар салмай, сиырға бұқа салмай, түйеге бура салмай тура бір жылда жетеміз. Қырық күн шөлі бар, одан қысты күні өтеміз. Қалың қара шеңгел­ ді қырық күнде қиып өтеміз. Сонан соң жетеміз... Мен ел үшін он жеті жыл жер қарадым, сол көрген бейнетімнің арқасында осыны таптым. Ақылдасып, тілді алыңдар, – дейді Өтеген. Содан жұрт олай-бұлай ақылдасып, Өтегеннен «Қандай малға жайлы екен? – деп сұрайды. Сонда Өтеген «Малдың бәріне жайлы, тек жылқыға жайсызырақ», – дейді. Сонда Ерсары, Байсары деген кісі «Ой, олай болса жылқы адамның қанаты, еті – бал, жылқыдан айырылып, адамның күн көруі кем болады, оған бара алмайды екенбіз» деп, жұртқа алаң сап, бұзған дейді. Ақырында жұрт Өтегеннің тілін алмасқа шығады. Сонда Өтеген елден күдер үзеді. Өтеген бармағын тістеп, «Әй, әттеген-ай жылқыға да жақсы деп айтпағаным-ай!» деп өкініп қалады. Қайыр жұртым, менен кінә жоқ, кейінгі қара қазан, сары баланың обалы Ерсары мен Байсарыға болсын деп, Өтеген батыр құдайға зарланып, жерімен амандасып, Түркістанға кетеді [14, 201]. Жырдың Жамбылдан Жаманкеев Әбдіғапар жазып алған осы нұсқасында да Жерұйықтың тым алыстығы, қырық күншілік шөлі бар екендігі, қалың қара шеңгел-тікенекті қырық күн бо­йы қыр­ қуға тура келетіндігі мәлімделген. Ең бастысы – қазақ жыл­қы­ға жайсыз болғандықтан, Жиделібайсынға барудан бас тар­тады. Қатты күйінген Өтеген батыр қазаққа орыстан келер жаман­ дықты, кесір-кесапатты қайта-қайта көп айтып мұңданады. Мысалы: 76

Жеті қыс, бес жыл дегенде, Осы сенің жеріңде, Орыс келер деп еді. Орыс келсе бұл жерге, Ерік кетер деп еді... Орыс келсе бұл жерге, Түймелі шекпен кидірер, Түрекелтіп сидірер... Қазақтың қара халығын Бытыратып бүлдірер. Орыс келсе бұл жерге, Малға жұқпас деп еді, Қаратаудың шалғыны... Елден шығып залымдар, Тазыдай-ақ мойнына, Салып алар қарғыны4. Орыс алар бөлектеп, Ағып жатқан суыңды, Құлатады туыңды, Шығарар бастан буыңды. Берекесін кетірер, Тоғай болған нуыңды. Елім тілім алмадың, Айтқаныма болмадың, –

деп зарлап, өзі Түркістанға қаңғып кетіп, жылап жүріп қаза тап­ қан екен [14, 201-204], – делінеді жырдың бұл бөлігінде. Салыстыра қарағанда, Жамбыл жырлаған нұсқалардың оқи­ ғалық ұзын ырғасы, желісі бір-біріне ұқсап тұрғанымен, аяқ­ та­луы басқа-басқа болып шыққанын аңғарамыз. Әуелгісінде Өте­генді «Көмілді, қалды бір сайда» десе, соңғысында «Түркі­ станға қаңғып кетіп, жылап жүріп қаза та пқан екен» дейді. Біздіңше, алдыңғысы шындыққа келеді. Өйткені, тарихи дерек­ тер бойынша, Өтеген батыр 1773 жылы 74 жасында Іле өзенінің бойында қайтыс болған. Денесі Іледегі теміржол көпірінің Ресей патшасы беретін, біздіңше иттің қарғыбауына ұқсайтын, Анненский, Станислав лентасындағы мойынға салпылдатып салып жүретін орден, медаль деген мағынада. 4

77

оңтүстік шығысындағы Арқарлы-Шолақ тауының бергі жағын­ дағы Шеңгелді деген жерге қойылған [18, 63]. Бұл – қазіргі Қап­ шағай суқоймасы (теңізі) толтырылған үлкен сай-сала. Теңіз жағасындағы ауыл күні бүгінге дейін Шеңгелді деп аталады. Қап­шағай сайына су толтырылатын болғандықтан, Өтеген батыр­ дың кейінгі ұрпақтары бабасының сүйегін ол жерден алып, өздері тұратын Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазіргі Өтеген ауылына әкеліп, қайта арулап жерлеген [14, 55]. Батырдың бейітіне орнатылған құлпытасқа мынандай өлең жазылған: Ер Өтеген болған емес жай кісі, Келгенменен қанатын кең жайғысы. Жоқ таба алмай өткен мынау пәниден, Заманының ол да Асан Қайғысы. Жатыр енді туған жерде сүйегің, Қабір етіп Қарасудың жиегін. Ғұмыр бойы жете алмап ең мұратқа, Жетті ұрпағың бір аунап түс, Киелім. Тағдыр сені жаратыпты алып қып, Алыптың біз ұрпағы боп қалыптық. Жақсылық пен жарқын өмір көксеген, Жатқан жерің жайлы болсын, Жарықтық! [10, 3].

Дұрыс-ақ, кім жазса да жақсы жазған екен! Тегінде, өлеңнің авторы тіршілігінде халқының амандығын ойлап, дүние кезіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт қоныс іздеген Өте­ генді арыдағы дана қария Асан Қайғыға ұқсатқан. Елінің бар қайғы-мұңын мойнына алған, сөйтіп дүние-жаһанды шарлап, желмаясының табаны тиген жерлерге асқан көрегендікпен дәл баға берген, сын айтқан Асан ата секілді Өтегеннің де көреген, киелі, жай кісі емес екендігіне көпшіліктің назарын аударған. Мұнда батыр рухына бас иіп: – Киелім, сен жетпесең біз жеттік, ұрпақтарың өзің аңсаған құтты мекенде тұрып жатыр, арманың орындалды, – дегендей жұбату бар. Әрі өлең жолдарынан ғұмыр бойы туған халқының жоғын жоқтаған Өтеген Өтеғұлұлының бүгінгі ұрпақтарының батыр бабаларына деген перзенттік зор құрметі, күндей ыстық сағынышы байқалады. 78

ІV ТАРАУ

«ӨТЕГЕН БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ТІЛЕМІС ЕСБОЛҰЛЫ АЙТҚАН НҰСҚАСЫ

О

н сегізінші ғасырда жау қайтарған Өтеген, Райымбек, Тауасар, Наурызбай, Сәмен, Шінет, Ер Төлек, Қа­ бан­бай, Бөгенбай, Олжабай сынды батырлардың жа­ уын­герлік тұлғасын жасауда, алдымен, олардың көзін көрген, қа­ һармандық қайратының куәсі болған жауынгер жырау­лар тудырған дастандар өмірге жақын, шыншылдығымен айрықша назар ауда­ рады. Ал, кейінгі дәуірлерде өмір сүрген жыршы, ақындар ал­ дыңғы көштің ізімен жүріп, солардың айтуынан жаттап алған соқпақ-сүрлеуді бұзбай, сақтауға күш салады. Солай болғанымен де олар кей оқиғаларды ұмытып қалғандықтан, басты оқиғалар тізбегін шатастырып алғандықтан, ара-тұра жолдан шығып кетіп, өз жанынан тыңдарманды қызықтыру мақсатында, мазмұндық желіні өздерінше жамап-жасқай бастайды. Батырлық, ерлік жай­ лы өздеріне танық таным-түсініктерін араластырып, ақын деген атына сөз келтірмес үшін, қара дүрсін болса да шама-шарқынша ес-жадындағы қияли оқиғаларды қиюластырып қоса бастайды. Жырау-жыршылардың енді бір парасы батырлар өмір сүрген заман шындығын өзгелерден естіп ұққандықтан, нақты тарихи іс-қимылдарды көзге айқын елестетерлік жанды суреттер жасай бермейді. Көбіне-көп олардың қауіп-қатерлі алыс сапарлары, сондағы көрген қиыншылықтары, ұшыраған сұмдықтары жайлы 79

ертегілік сипаттағы тосын оқиғалар көп баяндалады. Бұл – ха­лық сүйген атақты батырды қарапайым көпшіліктен ерекше дара­лап, асқақтатып, аспандатып сомдау қажеттелігінен де тууы ықти­мал. Содан барып, қол бастаған ерлерді киелі көреген, туа дарыған керемет данышпандар деңгейіне көтерген. Неше түрлі таңғажа­йып мифологиялық сюжеттерді ойлап тауып, бас кейіпкердің бойына бояуын қоюлатып, жаға берген бе дейміз. Десек те кейде, әй­теуір, батыр еді ғой дегендіктен, сарбаздардың жезтырнақ, айдаһар, оқ жылан, сұр жыландармен алысып кететін жайлары бар. Демек, батырлардың салған ұрыстары, ерлік істері жөніндегі дерекақпараттар толық келіп жетпеген немесе ондай өлең жолдары ұмытылып, жоғалып кеткен. Ерлік қимылдар, шайқастар туралы мәліметтер өте тапшы болғандықтан, кейбір жыр-дастандар мәтінінде батырлардың ағайын арасындағы кикілжіңге араласуы, өкпе-араздықтары, әр қилы ас, жиын-той шаруалары едәуір сөз етіледі. Мәселен, Қабанбай мен Дәулетбайдың бір-бірімен малға таласып, енді қайтып көрместей болып араздасқандары, соңыра опынып-өкініп сағынысқандары ұзақ жырланады. Осы іспетті кейінгі ғасырларда айтыла бастаған дастандарды арғы замандарда туған батырлық жырлармен салыстырып қара­ сақ, қайта сонау ілгерідегі эпостық хикаяларда батырлардың соғыс салу өнері, жекпе-жекке шыққан сәттеріндегі қимыл-ха­ ра­кеттері, әдіс-амалдары ап-айқын, естен қалғысыз, өте бедерлі сурет­телгендігіне көз жеткіземіз. Өйткені, біздіңше, ол тұс жы­ раулық айтқыштықтың барынша шалқып, жалыны шарпып, шығандап тұрған кезі еді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында: Көк орданың басында, Көк өзеннің қасында, Тайшық хандай ханына, Алпамыс берен айқасты. Қарсыласып қалысты, Тайынбай найза салысты. Біріне-бірі ила ғып, Екі найза қағысты. Осыменен екеуі, Біраз жерге барысты. Найзаларын тастасып, Қылышпенен салысты. 80

Ат үстінен жүгіртіп, Бірін-бірі шабысты (19,148-149).

«Қобланды батыр» жырында: Ырғай сапты сүңгімен, Ырғай, ырғай салысты. Қылыштасып екеуі, Қарсыласып шабысты. Итерісіп тұрысты, Ат тізесін бүгісті. Бүге, бүге тұрысты. Тебінгіге тер қатып, Қақырғаны қан татып, Түкіргені жын татып, Қанжарменен қармасты, Семсерменен серместі. Қанжар қалды қайысып, Семсер қалды майысып... Қан қабақтан төгілді, Ерлер жаннан түңілді, Аш күзендей бүгілді, Екеуінің ақ сауыт, Шығыршықтан сөгілді (20, 68-69).

Аталған жырларда мұндай жанды шайқас суреттері шығару­ шы жыраулардың дарын қабілеттерінің аса биктігіне сәйкес, қайта-қайта соны бір қырынан жарқырай ашылып, жаңғыртылып өзгеше бір қызғылықты реңге енеді, шарт та шұрт арпалыстары айызыңды қандырады. Ал, бертінгі уақыттардағы уақиғаларды баяндайтын дастандарда есте қалар бедерлі, қым-қуыт, өрнекті соғыс жай-жапсарлары кездесе қоймайды. Тек, долбар, жалпы­ лама сипаттау деңгейінде қалған. Бұл – біріншіден, олардың таяу­ да өткен оқиғалар болса да дерек көздерінің аздығы себепті, екін­ шіден, жыраулық өнердің де жылдан-жалға, ғасырдан-ғасырға бірте-бірте төмендеп, кеміп, сұйылып келе жатқандығының бел­ гісі ме дейміз. Кітаби-жазба әдебиеттің белең алып, оның оқушыларының қарасы молайып, ауызша суырыпсалмалық әдебиет өкілдерінің талант-қуаты бәсеңдеп, әрі заман талабына орай тыңдаушыла­ры­ 81

ның да тағат-сабырының таусылып, дегбір-дәрменінің де қалмай бара жатқандығы мен уақытының тарлығы, сөйтіп, аз-аздап ақпа өнерпаздардың үлкен аумақ-алаңнан ығыса бастағанын аңғарта­ ды. Және де бұрындары қазақ арасына ауызша кеңінен жол сал­ ған атақты қисса-дастандар, енді Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент қалаларынан жеке-жеке кітап болып басылып, көпшілікке жап­ пай тарап кете барды. Мұның өзі кейінгі кездерде көзі қарақты, әліпті таяқ деп білген сауатты қазақтар санының өсе түскенін, көбейгендігін, кітап оқу мәдениетінің өрістеп, қалыптасып келе жатқандығын білдірсе керек. Дегенмен, жазба кітаби әдебиетпен біразға дейін қатар­ласа дамыған ауызша әдеби шығармалар арасында Өтеген атына байланысты туған шығармалардың ішіндегі оқиғалық сюже­тінің өмір шындығына анағұрлым жақын келетіні, мифтік-фантас­ тикалық, қияли әпсаналардан адасы Тілеміс Есболұлының «Жо­ рықта» толғауы мен «Ер Өтеген» дастаны дер едік. Деректер­ге қарағанда, Тілеміс Есболұлы 1860 жылы дүниеге келіп, 1933 жылы бүгінгі Қордай ауданындағы Табанқайнар деген елді ме­ кенде қайтыс болған. Тілеміс ақын туралы құжаттар мен оның «Жорықта», «Ер Өтеген» толғау-дастандарын 1943 жылы та­ рихшы Әбілқасым Ділебаев ақынның (Тілеміс Есболұлының – М.Ү.) аталас інісі 30 жыл қасында болған Әбдібай Жанысбаевтан жазып алған екен (10, 89). Ал, енді, сол Әбдібай Жанысбаевтың өзі Тілеміс ақын жайлы: – Тілеміс Есболұлы менен 10 жас үлкен еді. Мен 1870 жылы туғанмын. Қазір 78 жастамын. Мен оның аяғын баса қатар өстім. Екеуміз бір атадан тараймыз. Тілемістің әкесі Есбол, оның әкесі Есенқұл, оның әкесі Қосдәулет, оның әкесі қазақ пен қырғызға белгілі Дулаттан шыққан Өтеген батыр. Есбол әл-ауқатты адам болған екен. Мен ес біл­ген кезде Есболдың мыңнан астам қойы, 500-дей жылқы­ сы, тағы басқа малдары болған. Бірақ ол малы кейін азайып кет­кен. Есболдың Жәнет, Әліш, Тілеміс, Ысқақ деген төрт ұлы бол­ды. Ті­леміс үшінші бала болған. Тілеміс 1860 ж. жазғұтұрым Аққайнарда дүниеге келіпті. Ол кездерде біздің Өтеген балалары Шудан тартып Қарақия, Шоқпар тасқа дейін көшіп-қонып жүре­ді екен. Тілеміс туған жылы осы күнгі Ұзынағашта бір үлкен соғыс 82

болыпты. Онда қазақтар патшаға қарсы көтеріліпті. Қоқан жеңіліп, сарт қашыпты (Шамасы, бұл 1860 жылғы Алатау окру­ гының генарал-губернаторы Герасим Колпоковский мен Қоқан хандығы әскерінің қолбасшысы Қанағатша бектің арасындағы Ұзынағаш іргесінде өткен соғыс болса керек – М.Ү.). Сол соғыс­ тан кейін қазақтар патшаға қарап, Сырымбет баласы Ырғайты болысы болған. Болыстыққа Ноғайбай сайланыпты. Есбол үйіне Бердіқожа деген молданы ұстап, Тілемісті тоғыз жасынан оқытқан. Тілеміс зерек еді, бір жылға жетпей хат та­ ныпты. Әкем мені де сол молдаға оқытыпты. Мен оқи бастаған кезде Тілеміс жасөспірім жігіт еді. Құран, Әптиек, Шар кітап т.б. кітаптармен қатар Зарқұм, Сал-Сал, Қаһаршы Төрт дар, Шахнәме, Мың бір түн, Жүсіп-Зылиха қиссаларын оқитын. Олардың бірқатары және Нәрік ұлы Шора, Алтын балық, Қыз Жібек өлеңдерін жатқа әндетіп айтатын. Домбыраны жақсы тартушы еді. Тілеміс сөзге ұста, шешен адам болатын. Сөйлегенде шақыл­ дап, бұйрығылданып, сөгіп айта сөйлейтін... Тілеміс орта бойлы, кең жауырынды, қызыл шырайлы, қыр мұрынды көк көз адам еді. Ел «көк көз Тілеміс» деп айтатын. Ол 1933 жылдың көктемінде қайтыс болды. Сүйегі Табанқайнарға қойылды» (10, 90; 95), – деп жазған. Осындай-осындай замандастарының естеліктеріне зер сал­ сақ, Тілемістің әрі шешен әрі ақын атанғандығына, тіпті, бірне­ ше рет болысқа би сайланғандығына да көз жеткіземіз. Тілі өткір, заманына сай әжептәуір білімді, алған бетінен қайта қой­ майтын қайсар, табанды жан болса керек. Жас шағында қызкеліншектермен де сөз жарыстырып, айтыстарға қатысып отыр­ ған секілді (10, 91-92). Бала жастан мұсылманша білім алып, Таяу Шығыс, Жерорта теңізі төңірегі елдерінің, әсіресе, грек, араб-парсы әлемі әдебие­ ті­нен бірталай оқыған-тоқығаны бар болғандықтан, Тілеміс ақын сөздерінде қазақтың арғы-бергі кезеңдерде ауызша мәлімделген тарихнамалық тамыры берік әпсаналары да кеңінен ұшырасып отырады. Мұны біз аз да болса оның «Жорықта» атты толғаукіріспесінен аңғарамыз. Мүмкін, бұл бір кезде ұзақ айтылған жыр да болған шығар. Ә дегенде ақын өзінің дарын-қабілеті жайлы, ескі тарихтан құлағдарлығы жайлы толғап өтеді. 83

Домбыра екі шекті қолға алайын, Азырақ әнге салып толғанайын. Білгенді, естігенді баянды етіп, Ерлерден ертеде өткен сөз қозғайын... Өтіпті Асанқайғы, Бұхар жырау, Олардың айтқанына кімде бар дау. Құлманбет-құлан аяқ, Сүйінбайлар, Барлығын хатқа тізіп болмас санау (10, 96).

Өзінің үнемі домбыраға қосылып ән салып толғанатынды­­ғын, естіген-білгендерінің негізінде ертеде өткен ерлер жайлы сөз қозғайтындығын паш етеді. Ілгеріде жасаған Асанқайғы, Бұқар жырау, Сүйінбай, Құлманбет-құлан аян сияқты ақындар­дың сөздеріне еш дау жоқтығын мойындауына қарағанда, Тілеміс­тің оларды киелі-абыз санайтындығын байқаймыз. Ойын осылайша өрбіткен ақын біршама пәлсапалық пікір түйеді: мына өлең сол атақты жыраулардан қалған үлгі, ай артынан ай өтеді, жыл артынан жыл өтеді, қандай дарынды шешен-көсем, ер-батыр, данышпан-дана адам болмасын мына жалғанда тұрақтап тұрып қала алмайды дей келіп, дүниені опасыз алдамшы, қу түлкіге теңейді. Ақырында: «Әр адам өсіп, өмір сүріп, өзінің заманымен бірге кетеді», – деген байламға келеді. Бірақ, жеке адамнан гөрі ел мен жердің өмірі өте ұзақ, ал, сол тарихи замандарда өмір сүрген аузы дуалы, даңқты жандардың еткен елеулі ерлік ісі, сындарлы сөздері, үлгілі-өрнекті ізі халық есінде мәңгі қалады деп санайды ақын. Ондай атақты тұлғалардың қатарына ол – Ескендір Зұлқарнайын, Асанқайғы, Бұқар жырау, Төле би, Сүйінбай, Құлманбет сынды елбасы, қолбасы, шешенби, ақпа ақындарды жатқызады. Арғы аталары Үйсін қазақ, Дулаттардың – патша Зұлқарнайын заманынан бермен қарай жасап келе жатқандығын айрықша мақтаныш көріп, масаттанады: Қарасақ арғы атамыз Үйсін қазақ, Ұштасып таралуы өте ұзақ. Ескендір Зұлқарнайын заманында, Алатау мекен еткен біздің Дулат. 84

Патша Зұлқарнайын дүние салды, Аңыз боп ел аузында аты қалды. Алатау көгал алқап, сары жазық, Мекендеп сол араны Дулат алды (10, 96).

Ақынның айтуынша, Дулаттар мекендеген Алатаудың арғы жағын қалмақтар жайлап, көшіп-қонып жүрген. Бұдан ары Тіле­ міс Есболұлының сөзіне бақсақ: «Қалмақтар қазақпенен жау бо­ лыпты, арада үзілместей дау болыпты. Шабысып бір-бірімен қы­ сы-жазы, саласы Алатаудың қан болыпты». Ал, тарихи құжаттар мұны растайды. Талай жылдарға созылған соғыс адамдарды әб­ ден күйзелтеді. Екі жақ кезек-кезек шабысып, бірде Жоңғар қал­ мақтары басым түссе, бірде қазақтар жеңеді. Аласапыран, сұры жаман сүргін жорық тоқтамайды. Сол уақыттағы атақты жо­рық­ тардың бәріне Төле би бастан-аяқ қатысып, басшылық жасапты. Мінгізген ол шабуыл атқа көпті, Жорықта бастан-аяқ Төле бопты. Өзі ер, өзі шешен, өзі батыр, Кісі екен алмас құрыш асыл текті. Ерлік пен шешендікке әділдік сай, Төле би атандырған осы жағдай. Халыққа айтқан сөзі мақам болып, Келеді осы күні әлі тозбай. Төле би жайшылықта билік еткен, Соғыста найза ұстап ерлік еткен. Жорықта қол басқарып, іс атқарып, Үйретіп жас ерлерге тәрбие еткен (10, 97).

Толғауда Төле биге лайықты баға берілген. Ол – тарихи тұлға. «ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Шамамен, 1663 жылдары Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) төңірегінде дүниеге келіп, 1756 жылдары Ташкент қаласында қайтыс болған. Төле Әлібекұлы – заманының білімді, сауатты кісісі, қазақ халқының қоғам қайраткері, шешен, дипломат. Ұлы жүз, Дулат ішіндегі Жаныс руынан шыққан азамат» (21, 167). Төле би басшылық жасаған жорықтардың біріне жасөспі­ рім Өтеген он алты жасында қатысқан екен. Тілеміс ақын атал­ 85

ған «Жорықта» толғау-кіріспесінде, шамасы, алғаш рет өлеңмен Өтегеннің жігіт шағындағы бейнесін жасаған. Жас Өтегеннің тұлғасын былайша сомдаған: Болыпты сол жорықта жас Өтеген, Кезі екен он алтыға жаңа келген. Тік иық, кең жауырынды, қарулы қол, Кем емес көрінісі үлкендерден. Қыр мұрын, қараторы, қабағы тік, Денесі өз теңінен өткен биік. Төбеге нысаналы мүйіз бітіп, Жаралған адам екен өзгеше қып (10, 97).

Атақты Төле би алғаш Өтегенді осындай қалпында көрген, көзі түскен. Тегін емес екендігін бірден аңғарып, сынап көрмек болған ғой. Содан, кеш болып, қас қарайып, күн батқанда Төле би жас Өтегеннің қаншалықты жүректі, таймастығын байқап көр­мек үшін от жағып жылынуға ағаш әкелуді бұйырады. Тоқ­та­ ған тұстары бір қалың қорымның маңайы екен. Сол қорымдағы молаларға шаншылған қадаларды жинап әкелуге Өтегенді жұм­ сайды. Би оның соңын ала бейітке өзінің сенімді, әккі жі­гіт­терін жібереді. Оларға ойылған, морыған қабірлерге түсіп ты­ғылып жатуды, Өтеген келгенде дыбыс шығарып, қорқытуды тапсырады. Аспанды бұлт басып, айнала тастай қараңғы, белгі-бедер түртсе көргісіз түнерген түнек шақ. Өтеген келіп, қорымдағы қадаларды ырғап тартып, біртіндеп жинай бастайды. Кезекті бір омырылған моланың ағашын жұлқи тартқанда, күні бұрын ты­ ғылып жатқандар оның етек-жеңіне жармаса бастаған. Мұн­дайда былайғы көпшілік адамдардың тосын қорқыныштан жүрек­тері жарылып кетпес пе!? Бірақ, қайран қаларлығы сол, жасөспірім Өтеген әлгі ағашына жармасқандарға өте салқын қандылық танытқан. Өтеген үн қатыпты тоқтап сонда. Өлі әруақ!.. Тірі әруаққа ас пісірем, Тыныш жат жабыспай-ақ, орыныңда. Соны айтып жас Өтеген кеткен жүріп, Саспаған, қорықпаған үрейленіп. 86

Төлеге сынаушылар баян етіп, Разы болған Төле оны естіп (10, 98).

Осындай тосын, қатерлі сынақтан өткен Өтегенге Төле бидің көңілі толып, үлкен үмітпен қараған. Алдағы талай сын сағаттарда үнемі Өтегенге кеңес айтып, халықтық келелі істерге басшылық жасауды оған сеніп артып отырған. Ел арасында нақ осыған ұқсас тағы бір оқиға Кенесары хан мен оның інісі Наурызбайға да қатысты әңгімеленеді. Тура осын­ дай жай қайталанады: інісінің жүректілігін байқау мақсатында, хан Кене қорымға алдын ала жігіттерін жіберіп, жас Наурызбай­ды қорқытпақ болады. Мұнда да жігіт боп қалған Наурызбай көрде жатып, күңірене-күңкілдеп үн қатқандарға қаймығып, үрку­дің орнына оларға ақырып жібереді: – Тек жат! Өлі сен тұрмақ, тірі біздер жан сақтай алмай жатырмыз. Тәйт, әрмен!» – деп жекіп тастапты. Жасырын жолмен хан Кенеге одан (Наурызбайдан) бұрын жедел жеткен жігіттері: – Біз мынадан түңілдік, сұмдық екен! – депті. Демек, Өтегеннің де, Наурызбайдың да осал болмағаны ғой! Сонда, бұл аңыз алдымен бұлардың қайсысына байланысты шыққан? Салыстырып қарасақ, Өтегеннің есіміне тиесілі ме дейміз. Өйткені, Өтеген Өтеғұлұлы ХVІІІ ғасырда өмір сүрсе, Кенесары мен Наурызбай ХІХ ғасырдың кісілері болып шығады. Араларында жүз жыл уақыт айырмасы жатыр. Сонымен, ақынның «Жорықта»деп айдар тағылған шағын толғау іспетті өлеңі сайып келгенде, «Ер Өтеген» жырының кі­ ріс­песі секілді әсер қалдырады. Бұл мәселеге не себепті көңіл бө­ліп отырғандығы айқындалған. Өткен замандардағы атышулы ақын-жыраулардың есімдері аталып, түстері түстеліп, олардың да көрген-білгендерін өлең-жырға қосқандықтарына тоқ­тал­ған. Үй­ сін қазақтың, Дулаттардың атам заманнан, Ескендір Зұлқар­на­йын тұсынан, Алатауды мекендеп келе жатқандығына, сол кез­дер­денақ қалмақ пен қазақтың жауласа бастағандығына сендіреді. Атақты Тілеміс ақын айтқан келесі бір көлемді дастан – «Ер Өтеген» деп аталады. Дастан мынандай қызғылықты кіріспемен басталады: -Бішкек қаласында қырғыздар мен қазақтардың үлкен тобы бас қосыпты. Сол топта бір күні қырғыз манабы Шабдан 87

мен қазақ биі Ноғайбай шешен сөз таластырып қалыпты. Соның ертеңіне Шабдан: «Ноғайбай қазақтармен келіп түстеніп кетсін» деп кісі жіберіпті. Шабдан ақ үйлерді тіккізіп тастап, Бішкектің арғы сыртындағы Төтелдеш жерінде жатқан екен. Ноғайбай Алғадайды (Жамбыл Жабаевтың ұлы, 1941-1945 жылдары екін­ ші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған. Осы баласының қаза­ сына Жәкең көп қайғырған – М.Ү.) және тағы жиырма шақты кісі ертіп, Шабданның ауылына барыпты. Сөйтсе, Шабдан олар­ ды шақырып, қырғыздың ерлігін, бектігін, манаптығын айтып, Ноғайбайды мұқатайын деген екен. Тамақ беріп болған соң жыршыларына қырғыздың Манас, Семетейін, одан кейін Жан­ ғараш, Жантай, Қанай, Байтіктердің бектігін, манаптығын, ерлігін және олардың Кенесары хан мен Наурызбай сұлтанды өлтірген­ діктерін айтқызыпты. Одан кейін Шабден манап мақтана сөйлеп: – О, Ноғайбай, қазақтар бізден көпбіз деп мақтанасыңдар, бірақ ауызға ілінер түктерің жоқ, ерлік десең – қырғызда, бектік десең – қырғызда, манаптық десең – қырғызда, сендерде осы не бар? Ертең мен қырғыздарымды жинасам, нелеріңді айтар едіңдер? – депті» (10, 98-99). Қырғыз Шабданның мына сөзіне қатты қорланған Ноғайбай мырза жауабын ертең береміз деп аттанып кетеді де ізінше алас­ ұрып, қазақтың өзі білетін игі-жақсыларын, атышулы шежірешешен, орақ ауыз, от тілді ақындарын іздестіреді. Ол талабы орындала кетеді: оның бірі – Майкөт шайыр, екіншісі – Тілеміс ақын, үшіншісі – Байсерке бастаған домбырашылар болып шы­ ғады. Әулиеатадан осы шаруа үшін арнайы шақыртылған Майкөт жырау бар, айналасы төрт-бес ақын бас қосып, бірінші сөзді бастауды Майкөт мойнына алады. Мұнан біраз уақыт бұрын Шабдан манаптың әкесі шоң манап Жантай қайтыс болған екен. Бір жағы соған көңіл айтпақты сылтау етіп, арада біршама уақыт өткенде қырық-елу кісіден тұратын қазақтар дүрмегі Шабдан ауылына келіп түседі. Қырғыздар да дайындалып, көп жиналған екен. Уағдағыдай қазақтардың атынан сөзді Майкөт ақын бастай­ды. Алдымен ол салт бойынша, Шабдан манаптың әкесі Жантай­дың өліміне байланысты қырғыздарға көңіл айтады. Одан әрі ұлан далада еркін өскен, сахараны кең жайлаған қазақтардың қалың 88

ел екендігін атап өтеді. Ұлы жүз қазақтары ішіндегі ең мол бөлігі Дулат тайпасы екендігіне тоқтала келіп, олардың көптігіне ерлігі сайма-сайлығын, батырлығын Шабдан манаптың бұрыннан-ақ жақсы білетіндігін мәлімдейді. Енді, қазір соның бәрін аяқ асты­ нан Шабданның ұмыта қалғанына таңғалғандай болып, Дулаттан шыққан аузы дуалы атақты Төле биді, Тойшыбекті, Сыпатайды, есімдері ел арасына ертек боп таралып кеткен Қойгелді, Өтеген, Малдыбай батырларды атап-атап шығады. Заманында оларға жеткен кімдер бар еді, ал «Жоңғарды, торғауытты қабат қырған баласы Өтеғұлдың ер Өтеген!» – емес пе еді деп бір қайырады. Ақырында мақтан қылатындай шоң манаптардың, олардың бірі мына Шабданның әкесі Жантайдың да басқаға дінін сатқан тайғанақтығын әшкерелейді. Өтеген халқы үшін дүние кезген, Басқаның зұлымдығын ерте сезген. Жантайың батырым деп мақтайтұғын, Басқаға дінін сатып шекпен киген!.. Біледі қазақ-қырғыз Өтегенді, Ұмытса ойына алар Шабдан енді. Берейін домбыраны Тілеміске [10, 100], –

деп Майкөт ақын кезекті Тілеміс Есболұлына ұсынады. Жас та болса білімді, естіп-ұққаны, көкейіне түйгені мол Тілеміс жырау осы жерде Ер Өтеген жайлы жырын шығарған. Арғы атасы Өтеген батырдың бар қазаққа белгілі екендігінен бастап, былай ұзарта жалғастырған: Бабамның белгілі аты бар қазаққа – Ұлы жүз, қоңырат, үйсін, көп дулатқа. Орта жүз, уақ, керей, арғын, найман, Кіші жүз – алшын, жаппас – кең аймаққа. Бабамды құрметтейді барлық қазақ, Әңгіме, жыр етеді есіне алып. Ерлігін, батырлығын мақтан етіп, Мың ақын Жетісуда жүрер жырлап.

Бұдан әрі сол Жетісудағы ақындардың ең атақтысы Сүйін­ байды қырғыздардың есіне сала кетеді. Қазақтардың тек батыр­лыққа ғана емес, ақындыққа да жүйріктігіне баса назар 89

аударып, қырғыздардың бетке ұстаған, менмін деген ақындарын Сүйекеңнің қалай жер соқтырғанын көзге елестетеді. Соның бірі Екейде, Қырғыз білер Сүйінбай. Қатағанды қатырған, Төбеден ұрып өлеңмен, Тал түсте соққан құйындай, Қырғыздар бізге белгілі, Бұдан да өткен бұрында-ай! [10, 100-101]

Осылайша басталатын «Ер Өтеген» дастанында Тілеміс ақын ежелгі эпостық жырлардың мақам, дәстүрін сақтаған. Әдеттегі­ дей, батырдың туып өскен өлкесі мен арыдағы бабалары туралы жан-жақты мәлімет береді: Дулат, оның ішінде Сырымбеттен тараған бақуатты, мал-жанға бай Өтеғұлдың он екі ұлы болған екен. Бір жылы оба деген аурудан сол он екі ұлы қырылып, Өтеғұл зарлап қалады. Алладан бала сұрап шерленеді. Содан, не керек: Жүргенде солай зарығып, Кең дүниені тарығып. Келгенде жасы алпысқа, Уайымға салынып. Қабыл болып тілегі, Жарылғандай жүрегі, Бір ұл көріп артынан, Жайнады гүлдеп жер көгі [10, 101-102]

Осылайша мұң-зары Жаратушының даргаһына жетіп, арманмұраты орындалып, ұлды болған Өтеғұл бай ұлан-асыр той жа­ сайды. Ертеден келе жатқан салт-дәстүр бойынша жылқы ішін­ дегі ылғи құла бөртеден үш тоғыз сояды. Тойға жан-жақтан ша­қырылған ел, жиналған қалың жұрт Өтеғұлды ортаға алып: – Өлгенің өтелді, балаңның есімі Өтеген болсын! – деп тарқасады. Күн артынан күн өтіп, Өтеген бала дүрілдеп өсе береді. Ақын Өтегеннің балалық шақтағы тұрпатын былайша сипаттайды: Өтеген өсті дүрілдеп, Өмірге жайып құлашын. Айырықша адам ед, 90

Сүйегі ірі шын асыл. Тік қабақты үлкен көз Жанары өткен болаттан. Төбесінде мүйізі, Көрсетер еді өзгеше, Ажарлы етіп нұсқасын. Он жасына келгенде, Сырттан көрген адамдар, Балаға оны қоспайтын. Қара торы, қыр мұрын, Дейді халық сыйлайтын [10, 102].

Бұл – жыр-дастандардағы Өтеген тұлғасына, бет-пішініне берілген алғашқы портрет. Жұр көзіне түскен мұндай әдепкі кес­ кін-қияпатының өзі оның келешектегі атқаратын ірі-ірі істерінен алдын ала хабар беріп тұрғандай әсер тастайды. Көп ұзамай, оның оннан он бір жасқа аяқ басқан шағында әкесі Өтеғұл қаза бо­лып, ағасы Өтептің тәрбиесінде өседі. Әкесінің інісі Өтеп ең жа­қын жанашыры болғандықтан, балаға еш кемшілік көрсетпей, жас ботадай мәпелеп бағып-қағады. Таршылық, тепе­ріш дегенді біл­мей бұла, сауыққой, сылқым күйінде Өтеген он алты жасқа то­ лады. Ер жеткен жігерлі жас, көңіліне жағар ат іздеп, ағасы Өтеп­ тің жылқыларын аралай бастайды. Онысын ер Өтеп те қостайды. Қалың жылқыны көпті көрген Құсап деген шал бағады екен. Кездесті бір күн жылқыда, Бас жылқышы шал Құсап. Жақын келді Өтеген, Көпті көрген ата деп. Түсіндірді бар ойын, Аралайтын жылқыны Жанына серік ат іздеп [10, 103].

Баланың ойын білген соң, қарт Құсап оған жылқыларды аралатады. Жайылып жатқан көп жылқының арасынан атбегі шал өзі көптен ұнатып жүрген бір тайды нұсқайды. Жайылып жүрген жылқыдан, «Берер атым мынау!» – деп, Көрсетті қартың бір тайды. 91

Беткейде жусап тұр екен, Ұзын мойын, қысқа бел, Марал құлақ, қара көк. Байқап әбден көрген соң, Жауап берді Өтеген «Көңіліме ұнайт!» – деп [10, 103].

Бұл сөзді естіген Құсап қарт жылқыларды бір жерге топтап жинай бастайды, сол сәтте Өтеген қыл арқаннан бұғалық салып, атыла тулаған тайды табжылтпай ұстайды, шу асаулығына қара­ мастан ерттеп мініп алады. Осы тұста аңғарып қарар болсақ, қайратты жас батырдың жыл­қышы Құсапқа келіп, жылқы аралап, мініске лайықты жүйрік таңдауы «Алпамыс», «Қобланды» жырларындағы батырлардың өздеріне тұлпар таңдау оқиғаларын еске түсіреді. Мәселен, аталған эпостық жырдағы Алпамысқа жылқы ішінен бір сұры жаман шұбар ат ұшырасады, қанша ұрып қуса да кетпей қояды, жүгенге қайта-қайта мойынсұнады. Бұған қатты ашуланған бала оны құйрығынан алып лақтырып кеп жібереді. Сөйтсе, әлгі шұ­ бар ат жығылмай, «Тақыр жерге тақ тұрады». Мұны көрген бала батыр ойланып қалады. Сол уақытта Алпамыс Қарадан шыққан төре еді. Не салсаңыз көнеді. Шұбар атты абайлап, Ақылмен ойлап біледі. Ұстайын деп жақындап Қасына таман келеді. Мойынсұнып жануар Жүгенге басын береді [19, 102].

Сол жерде Алпамыс көп қиналмай-ақ, Байшұбарға ер салады. Өйткені, шұбар ат «Дұшпан ұстап алар деп, өкіммен құрық салар деп», батырдың жолын тосып, бойын жасырып жүр екен. Бұлай болатын себебі дастанды айтушы жырау-жыршылар әрі­ден қа­ лыптасқан дәстүр-машық бойынша, батырдың айдынын асырып, барынша асқақтату мақсатында оның мінетін тұлпарын да ерек­ ше жаралған, ақылды жануар етіп сипаттаған. Ал, «Қобланды батыр» жырында батырға тұлпарды жары Құртқа таңдап береді. 92

Қобланды Қырық бес кез Қызыл Ерді жеңіп, Құртқа сұлуды ұза­ тып алып келе жатады. Жолай кезіккен қалың жылқыны қақ жарып өте бергенде: Құртқа сынды сұлуың Күймеден басын шығарып, Жылқыға көзін салады. Ортасында жылқының Көкала бие жусап тұр – Құртқаның көзі шалады... «Сонау тұрған биені Мені берсең де алғыл»,- деп, Батырға әмір қылады... – Жан серік атың, сұлтаным, Көкала бие ішінде Көк бурыл құлын бар, Жан серік атың сол, – дейді [20, 23-24].

Сәті түскенде, жайылып жатқан көп жылқы Қобландының немере туған ағасы Сәлімбай байдың жылқылары екен. Ол Көк­ ала биені сөзге келместен інісі Қобландыға беріп жібереді. Көп ұзамай Көкала бие құлындайды. Қыз Құртқаның айтқаны айдай келіп, бұрыл тай батырға лайық тұлпар болып шығады. Тайбурыл да Алпамыстың Байшұбары секілді таңғажайып жүйрік, адамша сөйлей алатын, ерекше есті жануар кейпінде суреттеледі. Аталған дастан-хикаялардан көзге ұратын ұқсастық – батыр­ лар­дың барлығы да тез арада өздері ойлағандай тұлпар табады және көп кешікпей жауға аттанып кетеді. Көрінетін айырмашы­ лық сол – Өтегеннің қалаған тұлпары сөйлемейді және де оны ба­тыр бұғалықтап ұстайды, ерен күш салып бас білдіреді. Бұдан Тіле­міс ақынның «Ер Өтеген» дастанын барынша өмір шынды­ ғына жанастыра жырлағаны байқалады әрі ақылға сыйымсыз оғаш оқиғалар кездеспейді. Бәрі де кәдуілгі өмірдегідей нанымды баяндалады. Алыс сапарлар мен жортуыл-жорықтарға жарамды тұлпарға ие болысымен Өтеген, ең алдымен, қасына Райымбек­ ті ертіп, Қордай тауындағы ата-бабалардың «Үйілген мола тасы­ на» барып тәу етіп сыйынады. Шапқыншы жауға қарсы атта­ нып, дұшпанның бетін қайтаратындығын айтады, ант бергендей болады [10, 103-104]. 93

Айтқандай-ақ, Ер Өтегеннің ат жалын тартып мінген, жалынды жігіт шағында Алатаудың ар жағында жатқан қалмақтар Дулат тайпалары мекендеген аймақтарға көз алартып, елдің басына орасан зұлмат-зорлық төнеді. Міне, нақ осы кезде Ер Өтеген атқа қонады. І. Алатаудың ар жағы Қалың жатқан қалмақтар. Дулатқа көзін алартып, Күнде шауып мазалар. Тиіпті батыр шетінен, Қырандай самғап түлкі алар. Қасына ерді серік боп, Бір інісі Тауасар, Райымбек, Наурызбай, Басқалары тағы бар. ІІ. Зеңбірегі тарсылдап, Қаптады кәпір құрғырлар. Көрген соң мұны орта жүз Үйсінге қарай сырлықты. Екі жүздің баласы Төмен қарай бір ықты. Елін қорғап өлімнен, Жауға қарай қол шықты. Қолды бастап найза ұстап, Өтеген батыр ол шықты. ІІІ. Бір жағынан килікті, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Ыстыдан шыққан ер Төлек. Батырлар қайрат етсе де, Ығыстырды аз қолды, Қарақұрым жау қаптап. Сонда да ерлер саспады, Қорқып ешкім қашпады [10, 104].

Жырау Тілеміс Есболұлы айтқан дастанның өне бойынан он сегізінші ғасырда қазақ халқы бастан кешкен тарихи шындық оқиғалары анық көрінеді. Өткен ғасырлардағы жырау-жыршы­ 94

лардың оқиғаны дастандап, дестелеп бірінен бірін тудыра, сабақ­ тастыра баяндау мәнерін сақтаған. Сол кездердегі соғыс салу тә­ сіл­дері, ұрыс жүргізу өнері қызғылықты суреттеледі. Батырлар қол­данған қару-жарақ түрлері жарқ-жұрқ етіп көз алдымыздан өтеді. Дұшпан жақтың да Жоңғар мемлекетін билеген қонтай­шы­ лары мен алпауыт батырларының іс-қимылдары, аңсар-ауаны дәл бейнеленген. Әсіресе, олардың астамшылық, такаппарлық қы­лықтары орынды сыналған. Жоңғар-қалмақ әскерін олайша әсі­реңкілікке итермелеп, одыраң омырау мінез танытуына себеп – қолдарындағы қалмақ-қазақ соғыстарында бұрын-соңды көрі­не қоймаған жаңа қару пушка-зеңбіректер еді. Асылында, бүгін­дері аз-кем ойланып қарасақ, жүз (кей деректерде екі жүз) жылға дер­ лік созылған жоңғар-қазақ соғысының тұтану себептері де аз емес. Оған кімдердің кимелеп, жаныға кіріскенін шамалау да қиынға соқпайды. Атап айтқанда, атам заманнан өз жерлері аз болғандай, жақын төңірегіне тінтіне көз салып, агрессияшыл құмары бір басылмай келе жатқан Ресей аюы мен Қытай аждаһасының соғысқұмар, тойымсыз тәбеті болатын. Бір кездегі күш-қуаты кеміген, бүгіндері басынан бағы тайған қазақ-қайсақ жеріне сырттай таласып, өз ықпалын жүргізуге асыққан қос империя бірде келісіп, бірде тебісіп күн кешті. Ұлы даланы бөлісе алмай, не қилы зымиян жоба-жоспарлар да жасады. Көрші жұрттарды, қазақ пен жоңғарды, бір-біріне айдап салып, барынша әлсіретуді де көздеді. Қолдарына жаққан сақасын сайлап бақты. Әсіресе, Ресей империясы сонау 1635 жылдан бастап-ақ, жоңғар-қазақ арақатынасын қырағылықпен қадағалап отырды. Жоңғарларға әскери көмек беру емеурінін сездірді. Деректерге көз салсақ, «Батыр қонтайшының тұсында қазақ­ тар мен жоңғарлар арасында үш рет қарулы соғыстар бол­ғанын тарихи деректер растайды. Оның біріншісі 1635 жылы болған. Бұл туралы алғаш рет белгілі тарихшы И.Э. Фишер өзінің «Сібір тарихында» сөз еткен. Дегенмен, бұл ұрыстың немен тынғаны осы кезге дейін беймәлім. Ал, 1643-1644 жылдардағы қазақ және ойрат билеушілерінің арасындағы соғыс туралы деректер бірша­ма толық. Орыс мұрағаттарында сақталған мәліметтерге қарағанда, жоңғарлардың қазақтарға қарсы бұл жорығы 1643 жылдың қыс 95

айларында басталып, келесі жылдың жазына дейін созылған... Соғыс тактикасын дұрыс қолданған қазақ қолбасшылары бұл соғыста жеңіске жетті. Алайда, жоңғар феодалдары түпкілікті жеңілген жоқ-ты. Олар, енді, алдағы айқастарға жан-жақты да­ йындала бастады. Батыр қонтайшы Кузнецк уезінен қару-жарақ сатып алып, өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинастырды» [21, 476]. Бұл жолдардан жоңғар-ойраттардың тым ертеден, Ба­ тыр қонтайшының кезінен бастап, Ресей патшалығының Кузнецк уезінен отты қарулар алып тұрғандығын айғақтайды. Бір бұл ғана емес, ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Цэван-Рабдан­ ның тұсында да жоңғарды күшейту қаракеті одан ары жалғас­ қан. Мысалы, «Памятники сибирской историй» сообщают, что русский слесарь Зеленовский в самом начале ХVІІІ в. завел у Цэ­ ван-Рабдана ружейное дело, а другие русские люди, имен кото­ рых «Памятники» не называют, налаживали у него кожевенное производство» («Сібір тарихы ескерткіштері» орыс слесары Зеленовскийдің ХVІІІ ғ. ең бастапқы кезінен Цэван-Рабдан орда­ сында қару жасау ісін жандандырғанын, «Ескерткіште» есімдері аталмаған өзге орыс адамдары олардың тері илеу өндірісін жолға қойғанын хабарлайды») [1, 219]. Әрі Ресей патшасы Петр І өз тарапынан Сібір губернаторы М. Гагарин әзірлеп ұсынған жоспарға сәйкес, 1714 жылдың мамыр айында подполковник Бухгольц бастаған арнаулы экс­ педиция ұйымдастырып, Тобольскіден Яркендке (қазіргі Жаркент, кеңестік дәуірдегі Панфилов – аудан орталығы – М.Ү.) аттандырған. Артынша, 1716 жылдың 18 желтоқсанында Петр І патша Цэван-Рабданға хат жазып, өздерінің Ертіс, Зайсан бойынан алтын, күміс, мыс рудаларын іздеп жүргендерін, қолайы келсе, қала салатындықтарын мәлімдеген. Егер жоңғар-ойрат­ тар тәртіпті болса, онда оларды бөтен жұрттардың қысымынан қорғап сақтайтындықтарын паш еткен. Тіпті, Петр І өзінің И. Унковский деген елшісін Цэван-Рабданға жіберіп, Жоңғар хандығын Ресей империясының құрамына алмақ ниеті барын аңғартқан. Бірақ, онысын жоңғарлар қоштай қоймаған [1, 226227; 232-233]. Осылайша Ресей-Жоңғар алыс-берісі, келіссөздері жалғаса берген. Сол содыр саясаттың қабатында ойрат феодалдарының 96

Қазақияға шабуылдары бір тоқтамаған, Жетісудағы қазақ мал жайылымдарына қысымы өсе түскен. Ақырында, «В 1723 г. ЦеванРабдан, собрав крупные силы, нанес удар по владениям Большо­ го и Среднего жузов Казахстана, подчинив большую их часть и превратив в своих данников» («1723 жылы Цеван-Рабдан зор күш жинап, Ұлы және Орта жүз қазақтарының меншік-иеліктеріне соққы беріп, оларды өзіне бағындырып, кіріптарлыққа түсірген») [1, 233]. 1727 жылдың соңында Цеван-Рабдан өліп, таққа оның мұра­ гер баласы Галдан-Церен отырады. Мұның соғысқұмар жырт­ қыштығы әкесінен де асып шығандаған. Ол баяғыдағы (1716 ж.) Бухгольц экспедициясымен бірге қолға түскен швед офицері Ренатқа бау-бақша сыйлап, ерекше құрметке бөлеген. Ол да қарап қалмай, өз кезегінде жоңғар-ойрат әскерлері үшін пушказеңбірек құйып беріп, мортир (қысқа мойынды зеңбірек) жасап беріп орасан көмек көрсеткен. Сол шамада Жоңғарияға барып келген Д. Ильин: «...там делают ружья, порох и пули, добывают селитру, меди и железо» («…ол жақта мылтық және порох, оқ жасайды, селитра, мыс пен темір өндіреді»), – деп айтыпты. Де­ генмен де құю істері мен пушка жасау өндірістерінің дамуына швед офицері Ренат маңызды жетекшілік рөл атқарған: «Важную роль в развитии литейного и пушечного производств сыграл Ренат, деятельность которого высоко оценивалась джунгарским ханом. Ренат говорил Л. Угримову, что изготовил для армии Галдан-Церена 15 пушек четырехфунтовых, 5 пушек малых и 20 мортир десятифунтовых» [1, 238]. Әнекей, швед офицері Ре­ нат Жоңғар хандығы әскеріне төрт фунттық 15 зеңбірек, 5 кіші көлемді зеңбірек және он фунттық 20 мортир құйып берген. Біле белсек, бұл жоңғар қолын зеңбіректермен тұтастай (серийный) жабдықтаудың басы ғана. Ал, Галдан-Цереннің өзі Л. Угримов­ пен болған келіссөзде бірнеше мәрте өзінің Ресейден көмек алып тұрғысы келетінін айтқан: – В марте 1733 г. он сообщил Л. Угримову, что отправляет с ним своих послов, которые будут просить царицу Анну «прислать для обучения ко мне на время артилерных несколько мастеров, которые б умели пушки и мортиры делать и научили б наших людей стрелять...» [1, 239]. Міне, осы келтірілген дәйек, құжаттардың баршасы жоңғар97

ойрат әскерлерінің қару-жарақтармен жабдықталу жайының за­ ма­­нына сай, өте биік деңгейде болғандығын көрсетеді. Олардың Ресей империясынан отты қарулардың түр-түрлерін алып отыр­ ғандығын дәлелдейді. Империяның жоңғарды қазақ даласына қарсы соғысқа дайындап, жәрдемдескендігін де біршама аң­ғар­ тады. Сондықтан да Тілеміс ақынның «Ер Өтеген» дастанын­ дағы: – Зеңбірегі тарсылдап, қаптады кәпір құрғыр­лар», – де­ ген сөздерінде осындай шынайы ахуал бар. Бұрын-соңды, іс жүзінде, мұндай отты қару көрмеген қазақ қолы ә дегенде, со­ ғыстың бастапқы шенінде, асып-сасып, дағдарысқа ұшырауы әбден кәдік. Жоңғарлар тарапынан мылтықтардан, пушка-зең­ біректерден, мортирлерден гүрсілдете-дүрсілдете атылған оқснарядтар, әрине, қандай қолдың да бетін қайтарады емес пе?! Аттар үркіп, адамдар абдырап бір аласапыран, ойран-топыр ор­ найды. Айнала төңеректі шаң-топырақ, көк түтін жайлаған сон­ дай бір жан алысып, жан беріскен әлемет шайқаста жас батыр Тауасар қоршауда қалып қояды. Жердің бетін шаң басты Қамауда қалып Тауасар, Өтеген сонда бір састы. Бауырдың ісі қиын-ды Қамшы басып атына, Топты бұзып жол ашты. Қайтіп жауға тастасын Жасөспірім ол жасты?! [10, 105] –

деп жырлайды бұл оқиғаны Тілеміс Есболұлы. Сөзіне қарағанда, суреттеліп отырған шайқасқа Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бө­генбай, Шақшақұлы Жәнібек, Ыстыдан шыққан Ер Төлек, Ра­йым­ бек, Наурызбай сынды атақты батырлардың бәрі қатысқан сыңайлы. Ес жиғызбас, қысылтаяң жағдайда қамаудағы Тауасарды құт­ қаруға алдымен Ер Өтеген ұмтылады. Өтегеннің алдынан зор денелі, қара күрең ат мінген, қалмақтың мықты батыры СабанТайшық шығады. Ертеректе, бір соғыста, оның бірге туған ағасын Өтеген батыр өлтірген екен. Ағасының кегін алмақ болып, көптен ізденіп жүрген Сабан-Тайшық сол кездегі соғыс салты бойынша жасы үлкендігін алға салып, Өтегенді жекпе-жекке шақырады. 98

Ойлағаны бар оның, «Алсам», – дейді сол кекті. «Жекпе-жек, батыр, жекпе-жек!» Келе сала сұранды, Алғашқы ұрыс кезекті. Қорықсын ба Өтеген, «Жасың үлкен көрінет, «Алғын, – деді, – кезекті» [10, 105].

Өзге жұрттарда шек (жеребе) тастау арқылы шешілетін бұн­дай аса жауапты іс, Орта Азиялықтар арасында таза шы­ ғыстық діл (менталитет) талабына орай, жау да болса, қарамақарсы жақтардың қайсысының жасы үлкендігі ескеріліп, жол соған берілген. Дұшпандығына қарамастан, қайнаған соғыстың өзінде жасы үлкенді сыйлап, ізет сақтау ғұрпы қазақтың «Ер Тарғын», «Қобланды» сияқты жырларында да кездеседі. Мұндай арыдан бастау алатын бұлжымас ата-баба дәстүрін Ер Өтеген де ұстанады. Мерт боп кету қаупінің зорлығына шыдап бағады. Сабан-Тайшыққа сұраған кезегін береді. Ал, жекпе-жекте айла-амал асырып, ақ білектің күшімен жеңіске жету – болашақ үлкен шайқастың да тағдырын шешеді. Өйткені, жекпе-жек – психологиялық рөл атқарады. Батыры жең­ ген жақтың рухы көтеріліп, ұран сала атойлап, бойларына жаңа, тың қуат біткендей болады. Батыры жеңілген жақтың еңсесі түсіп жасиды, тауы құлайды, мұны жаман ырымға балайды. Екі елдің де қағида, жол-жорасынан хабардар әккі, тәсілқой Сабан-Тайшық иіні кеп қалған мүмкіндікті сәтімен пайдаланып қалуға қатты үміттенеді. Кезек алып қу Тайшық, Кейін қарай шегінді. Ұзап барып алысқа Қамшы басып күреңге, Найзасын алып тебінді. Екпіндетіп тура кеп, «Жүректің тұсы осы» деп, Өтегенге найза ұрды. Ең алғашқы екпінмен Қара көк аздап шегінді. 99

Сауыттан найза өте алмай, Ортадан борт деп бөлінді [10, 105-106].

Алыстан шауып келіп, зәр-қаһарын төге ұмтылған Тайшық бар пәрменімен ұрған найзасын өткізе алмайды. Бірден сәтсіз­ дікке ұшырайды, найзасы болат сауытқа тіреліп, ортасынан қақ бөлініп қалады. Сөйтіп, Өтегеннің Қордай тауындағы атабабасының «Үйілген мола тасына» жаяу барып сыйынған дұғасы қабыл болады. Ендігі кезек Өтегенге тиеді. Күшін жинап бойына, Бабасын алып ойына, Айқасуға жұмылды. Жұлдыздай ағып қара көк, Жауға қарай ұмтылды. Қасқайып тұрған қу Тайшық Өкпеден найза тигенде, Ұзынынан жығылды. Жаныштап жерге аз тұрып, Найзасын батыр суырды [10, 106].

Айтулы жекпе-жекте Ер Өтегеннің мінгені Қара көк тұлпар болса керек. Қара көк тұлпарын жұлдыздай ағызып келіп, Қу Тайшықты Өтеген батыр өкпе тұстан шаншып түсіреді. Сол-ақ екен, қалмақ пен қазақ қолы мидай араласып, аласүрен қан майдан басталады. Біреуді біреу біліп болмайды. Қалмақтың таңдаулы алпауытын жекпе-жекте жеңіп шығып, айдыны асқан Өтеген қоршаудағы бауыры Тауасарды құтқарып алады. Қаратауда өткен сол қан-қасап әйгілі соғыста қазақтар шапқыншы қалмақты ойсырата тойтарады. Батырлар қырып қалмақты, Қаратауды қан қылды. Кешке дейін ұрыс боп, Жаудың бетін қайырды [10, 106], –

деп суреттейді бұл шайқасты Тілеміс жырау. Бірақ, жау әлі де өте күшті еді. Зеңбіректерінен оқ жаудырып, отты қаруларын мал­ дан­ған жоңғарлар шабуылдарын үдете түседі. Пушка сүйреткен, 100

құрал-жарағы сай жауға қарсы тұру қазақтарға да оңайға соқ­ пайды. Шегіне жүріп соғысуларына тура келеді. Оның үстіне өздері бұрын-соңды көрмеген отты қару қол­ данған шапқыншыларға шыдас бере алмаған қазақтардың шай­ қастың бас шенінде қатты қырғынға ұшырап, қаша соғыс салуын дұрыс түсіне білгеніміз абзал. Алтай, Тарбағатай тауларынан асып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерін тастай қашып, Балқаш көлі мен Іле, Шу, Сырдария суларын жағалай сұлап түскендері тарихи шындыққа жанасады. Біздіңше, Тілеміс ақын жырлап отырған осы қантөгіс көріністері – ХVІІІ ғасырда қазақ халқының ба­ сына орнаған белгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының кезі ме екен дейміз. Халық бастан кешкен аласапыран уақыт пен ел азаттығын қор­ғаған Өтеген сынды батырдың азаматтық тұлғасын сомдаған сәттерде Тілеміс ақын көбіне-көп бұрынғының жолымен, ерте­ дегі «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобланды» эпостық жырлары­ ның мақамында сөз қозғайды. Өзге дастаншы-жыршылардан айырмашылығы жырау – Өтегеннің ерен ерлік қаракеттерін өмір шындығы аясында бейнелеуге ұмтылады. Мәселен: – Тілеміс ақын Өтегеннің арғы аталарын мақтай келіп, оның өзін мықты­ лардың ішіндегі мықтысы, батырлардың ішіндегі батыры еді деп баяндайды. Бұл, әрине, ескі эпикалық жырдың үлгі өрнегі екендігі рас. Әйтсе де, Тілеміс ақын жырдың көп жерінде тарихи жанрдың ізін сақтаған. Ақын Өтегеннің жеті атасы – Дулат, Жаныс, Жарлықамыс, Байдыбек, Бұқар, Сырымбет, Жылқайдар екендігін береді. Жырдың басында Тілеміс Өтегеннің әкесі Өтеғұлды атай­ды. Ақын мұнда да тарихи жырдың көркемдік өрнек нақысын бұ­ рынғы батырлық эпостың үлгі өрнегі мен әңгіме тұқылына, моти­ віне үйлестіре, байланыстыра суреттейді. Ескі эпикалық жырда суреттелетін – Байбөрі, Сарыбаймен салыстырғанда Өтеғұлдың образы тың жақтан баяндалады. Байбөрі мен Сарыбай сақал, шашы ағарып, қу бас атанғанша бала көрмейді. «Төрт түлігі сай бопты, бір перзентке зар бопты» деп келеді. Ал Өтеғұлдың жайы тіпті өзгеше. Оның он екі ұлы бопты. Он екісі де елден асқан ер бопты. Бірақ, бір жылдары Өтеғұлдың бар баласы обаға ұшырап, Өтегеннен өзгелері сол аурудан өліпті. 101

Өтегеннің балалық шағы да тарихи аңыз-әңгіменің негізінде жырланады. Ақын Өтеғұлдың өлімін айта келіп, он бір жасында жетім қалған Өтегенді атасы Төлеп (Өтеп – М.Ү.) асырап алыпты деп баяндайды. Қысқасы, Тілеміс жырының басынан аяғына дейін тарихи әң­гі­менің түр, тұқылы (мотиві) бұрынғы батырлық эпостың үлгі өрнегіменен үнемі байланысып, қат-қабаттасып келеді. Он алты жасар Өтеген бұрынғының батырлары сияқты астына мі­нер атын өзі таңдап, өзі ұстайды. Қалмақтар шуласып, қол жиы­­сып, Дулатты шауып алмақ болған кезде Өтеген Тайшық ханмен жекпе-жек алысып, аш бүркіттей атылады. Әуелгі кезек Тайшыққа тиіп, соңғы кезекті Өтеген алады. Тайшық ауыр жараланып, аттан құлайды. «Ой бауырым» деп тұра шапқан қалмақ құзғындары Тайшық ханның өлігіне ұмтылады. Міне, мұның барлығы бұрынғы батырлық эпосқа тән суреттеулер. Тайшықтың денесін алып етіп көрсетіп, Өтегенмен жекпе-жек шабыстырудың өзі де көптен келе жатқан көне дәстүр екендігі даусыз. «Атқа батыр қонады, қару жарақ асынып, найзасын қолға алады», «Жасың үлкен ағасың, әуелгі кезек сенікі, соңғы кезек менікі» – деп келетін өлең жолдары бұрынғы батырлық жырларда бар үлгілер... Тілеміс ақынның айтуынан алынған жыр сарынында, әсі­ ресе, дулаттың басына түскен «ұлы күйзеліс» күндерінің ауыр көріністері эпикалық жырдан гөрі тарихи әңгіменің үлгі өрне­гіне ұқсайды. Жырдың көп жерінде батырлық эпосқа тән әсірелеу (гиперболизация) жоқ. Сөздері, сөйлемдері, көркемдік өрнектері сараң, бірақ айқын, ашық, бейнелі болып келеді [2, 591-592]. Және де Тілеміс жырау дастанының ұзын ырғасынан жоңғарлардың соғысқа дайындалу барысында қандай қаруларды таңдағаны және іс жүзінде қалай қолданғаны жөніндегі шынайы мәліметтерге қанығып, оларды демеп, бағыттаушылар кімдер бол­ ғанын біршама түстеп шамалаймыз. Ақын: «Зеңбірегі тар­сылдап, қаптады кәпір құрғырлар», – дейді. Мұндағы «зеңбірек», «кәпір» деген сөздердің қалқасында Ресей империясы тұр емес пе?! Не­ гізінде, қазақтар орысты «кәпір» деп таңбалаған. Ал, жоңғарлар – пұтқа табынушылар, буддистер. Сонда, қазақ түсінігінде атал­ған екеуі де кәпірлер болғаны ғой! Шапқыншылықтың әдепкі кезінде 102

қуат-күші басым кәпірлерге, кей тұстарда қатты қарсылық көр­ сет­кенімен, мықты жаудың тасқыны қазақ елін тықсыра бастаған. Қоныстан ауған қалың ел, Тоқтамай көшіп жөнелді. Олай етпей қайтеді, Қарақұрым қалың жау, Артынан қуып келеді. Үш күн, үш түн өткенде, Көш бастаған Қарабек Сырға әкеліп тіреді. Сырдың бойы қапырық, Суы лай кір еді [10, 106].

Салқын-сабат, қоңыржай Арқа, Тарбағатай, Алатау, жер жана­ ты Жетісудан ауған ел, енді, мына «Маса мен сона ызыңдап, күні ыссы, жері құм» Сырдарияның бойына тұрақтай алмай, ары өтеді. Қуғыншы жауды тоқтатып, сол шамада Өтеген де жедел келіп жетеді. Хал-жайды бірден аңғарған батыр Сарысу бойын сағалауды жөн көреді. Бұл – күз түсіп, қар жауа бастаған шақ екен. Сырдың қар ара­ лас суын жалдап, ел кері қарай өте бастайды. «Біресе сүйреп сал тартып, біресе жауға оқ атып», қара халық дариядан зорға жү­зіп шығады. Осындай қысылтаяң тар кезде Қара көк тұлпарын кө­ сілте салған Ер Өтеген ерекше қайрат көрсетіп, қалың торға­уыт­ ты қуып шығады. Жоңғар торғауыттары сол қашқаннан қа­шып отырып, Ташкентке барып бірақ тоқтайды. Сол жерге бекінеді. Шыдай алмай торғауыт Кейін қарай жосылды. Қашып келіп Ташкеннің, Қорғанына бекінді. Жусаған қойдай қырылып, Келгеніне өкінді. Қираған қалың өліктің Құзғындар көзін шоқыды [10, 107].

Жеңіске елітіп, қатты қызуланған Өтеген батыр сол қар­ қынмен Ташкентті де алмақ болады. Бірақ, дұшпанның әлі де өте күштілігін ескерген Райымбек, Наурызбай, Жолбарыс, Сәмен, 103

Бөгембай, Ерсары мен Байсары, жасөспірім Тауасар – барлығы келіп, батырды сабырға шақырады. Ақырында, билігі үш жүзге бірдей жүрген, бұлбұлдай шешен Төле келіп былай дейді: Ой, Өтеген, Өтеген, Батыр едің ер жүрек. Озып туған өзгеден. Тілін алып үлкеннің, Залал жоқ сабыр етуден. Әлі де алда талай бар Бармауыңды өтінем [10, 107-108].

Cөйтіп, данышпан Төленің сөзіне құлақ асқан батырлар елдің бетін бетпақ далаға бұрады. Шұбырған жұрт талай-талай қиыншылықтарды бастан кешіп, орта жолда кезіккен бір көлді өңірге жағалай қоныстанады. Көп ұзамай алыс сапардан азыптозған, ашып-арыған жұрт енді тыныс таптық па дегенде, кенеттен соққан қатты боранға кезігеді. Төңіректерінде қорғаларға пана жоқ, мидай жазықта алдарындағы азын-аулақ малдарымен қоса, құр сүлдерін сүйреткен адамдар зор апатқа ұшырайды. Әбден азап көріп, шаршап титықтаған жұрттың сол жерде шыдамы таусылып, араларында кейіс-керіс, талас-тартыс басталады. Осы жерде азғантай Үш жүзден бүлік шығады. Орта жүз кетіп Арқаға, Кіші жүз кетіп Шалқарға, Ұлы жүз ғана қалады [10, 108-109] –

деп күйінеді ақын. Осылайша, қиын-қыстау күндерде, шешуші сын сағаттың өзінде-ақ, ақылын ашуға жеңдірген үш жүз үш жаққа тарап кете барады. Әрқайсысы өздерінің мардатты жоспарларын (амбициозные планы) жүзеге асырмақ ниетте болады ғой. Жағдай тіпті ұшығып кеткен соң, Өтеген батыр ұзақ ойлана келіп, Ұлы жүзді бастап, Хан тауын бетке алады. Көшті бастап Өтеген, Бораннан алып шығады. Аман-есен Ұлы жүз Хан тауына келеді. 104

Өтегеннің бұл ара Өзінің туған жері еді [10, 109].

Сол жерде Төле би кейін қалған үйсіндерді Қаратау мен Хан­ тауы саласына құрап-жинап, Жолбарысты хан сайлайды. Жұрт­ тың басы бірігіп, Дулаттың қолы қайта күшейеді де қалмақ­тарды түре қуып, Дулаттар Ташкентті азат етеді. Мұны қырғыздар мен сарттар көре алмай, іштері күйіп қайнайды. Амалын тауып, Жолбарысты өлтіріп, орнына қатыннан қорқақ Қоқым биді хан сайлайды. Ол жауға беріліп кетеді [10, 109]. Осының барлығын қазақ-қырғыз бас қосқан алқалы жиында жандыра, жалындата төгіп отырған Тілеміс жырау, енді, қырғыз елінде жарым патша атанып, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып дандайсыған Шабдан манапқа қарап: Кейінгі мына Қанайың, Жанқараш, Байтік, Жантайың, Қоқым биден үлгі апты. Түсінер өзі ер Шабден Салыстыра ойланып, Ар жақ пенен бер жақты [10, 109], –

дейді. Ондағысы, Шабданның мұнша жұрттың жиналуына себеп­ші болып, екі елдің аруақ-бағын жарысқа салдырып отырған оспа­ дарсыздығын бетіне басу еді. Шабдан мақтан тұта әспеттеген Қанай, Жанқараш, Байтік, Жантай манаптардың Қоқым би секіл­ ді елін дұшпанға бере салған сатқындар екендігін ашу еді. Шы­ нын­да да Тілеміс ақын атап айтқандай, «ХІХ ғасырдың ортасын­ да Сарбағыш тайпасының шоң манабы – Орман, Орманнан кейін – Жантай (Шабданның әкесі – М.Ү.); Солто тайпасының шоң манабы – Жанқараш, Жанқараштан кейін – Бәйтік» [22, 138] болған. Бәрі де орысқа бағынған. Бәрі де – шетінен жалтақ, шетінен қорқақ, ресейлік империяға арқа сүйеп, елін аяусыз ез­ ген қаражүрек билеуші шоң манаптар екендігін ақын дәл тапқан. Сондай-ақ, Тілеміс жырау бектік-бекзадалық дегенде, аттың түгіндей көп қазақтың төбе биі Төле бастаған ақылман шешен­ дердің тапқыр да көреген көсемдігін паш етеді. Батырлық-ерлік дегенде, ол Ер Өтеген бастаған қазақ батырларының қайтпас 105

қаһармандық істерін алға тартады. Мына жағы Жоңғар хандығы әскерін талқандаған, ана жағы Қытай-шүршіт патшалығы шабуы­ лын тойтарған Ер Өтеген сынды қазақ батырларының ел қорғаған ерен ерлік қимылдарын мадақтайды. Болып-толып, ісіп-кепкен шоң манап Шабданға осының бар­ шасын біле тұра білмегендей кейіп танытқандығын зор күнәайып етіп тағады. Біле тұра осыны Шабден қалай жамандар, Ежелден батыр қазақты?! Сол қазақтың баласы Әйгілі аты әлемге Менің атам – Өтеген!

Дастанның соңына қарай, Тілеміс ақын арғы бабасы Өтегенді қазақ халқын бақытты тұрмысқа жеткізу үшін, жау аяғы жетпейтін құтты мекен боларлық Жиделібайсын өлкесін іздеуші бейнесінде сипаттайды. Сол күндері жайлы қоныс қарауға қамданған Өтегенге қарт Төленің кеңес беріп, жөн сілтеген, бата беру сәтін ғажап суреттеген. Қарт Төленің сондағы Айтқан сөзі бұл еді: «О, Өтеген, Өтеген, Артық еді туысың Өз қатарың ерлерден. Шығар болсаң сапарға Жолың болсын, қарағым. Еліңе қоныс іздесең, Жоғарыда жерлердің Жазы қысқа, қысы ұзақ. Теріс болмас сонда да Көзбен көріп байқасаң. Төмен барсаң Қап тауы Қалай болар жан-жағы. Ол болмаса оң жақта Жиделібайсын кең сала, Істің байқап алды-артын Қимыл ет ерім ойлана [10, 111], – 106

деп қол жаяды Өтегеннің би атасы Төле. Данышпан Төле бидің осылайша батасын алып, Ер Өтеген жолға аттанып кетеді. Міне, осындай Өтеген сияқты батыл да табанды, ержүрек батырлары көп, Төле би сияқты бағлан, бекзат ойшылдары көп елді, Шабдан манап қалай ғана кемсітеді, қалай ғана қорлайды деп толғанады Тілеміс ақын. Толғана отырып, астамсынған манапты біржолата тұра алмастай қылып тұқыртады, енді қайтып қазаққа беттеместей етіп еңсесін түсіреді. Керек болса, әлі де айтарының өте мол екендігін былайша аңғартады: Айта берсем таусылмас, Тоқтайын осы жерден. Ендігісін айтармын, Керек болса, тағы ертең. Білер енді хан Шабден Менің атам кім екен?! [10, 111].

– Біз көппіз, біз батырмыз, бектік десең – қырғызда, манаптық десең – қырғызда, сендерде осы не бар? – деп, қазақтардың төбесінен қарағысы келген жарты патша Шабданды сұңғыла жырау өстіп мазақ, ажуа етеді. Әбден дымы құрып, бір қызарып, бір бозарған Шабдан манап қозғалақтап, қанша ұмтылса да орны­ нан тұра алмапты. «Ертеңіне Байсерке күй тартыпты. Қазақ-қырғызда ол кісіден асқан домбырашы жоқ екен, бір күн тартса да күйі таусылмапты. Оның ертеңінде бір кеш өлеңді Майкөт ақын айтыпты. Сөйтіп, қазақ ақындары үш күн өлең айтып, Шабденді сөзбен жеңіп қайтыпты» [10, 111], – деп аяқталады аталған жыр. Қорыта келгенде, ақын Тілеміс Есболұлының «Жорықта» деген толғау өлеңі мен «Ер Өтеген» атты дастаны ХVІІІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға Өтеген Өтеғұлұлының жоңғар-қазақ со­ ғысындағы ерлік шайқастарын, азаматтық түр-келбетін өмір шын­­ дығы негізінде жан-жақты ашып берген. Өтеген бастан кешкен ірі-ірі айтулы оқиғаларды, сондағы көрсеткен ересен батырлық күш-қайратын, әлеумет алдында атқарған қаһармандық еңбегін нақты бейнелеген. Әсіресе, бес бөлімнен тұратын «Ер Өтеген» дастанында батырдың балалық шағынан бастап, Жиделібайсын мекенін іздеп шыққанға дейінгі өмір тарихы барынша көркем, 107

толық жырланған. Дастан нақты деректерге құрылғандықтан, онда мифологиялық көріністер кездеспейді. Ақынның оқиғаларды бірімен бірін сабақтастыра жалғастыруында орнықты жүйе, реттілік бар. Тілеміс жыраудың «Ер Өтеген» дастаны Өтегеннің батырлық тұлғасын жасаудағы өзіндік суретті өрнек-кестесімен, соны мәнер-машығымен дараланады.

108

V ТАРАУ

ӨТЕГЕН БАТЫР ЕСІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУҒАН ӘПСАНА-АҢЫЗДАР

ХVІІІ ғасырда, қазақ халқының басына қорғасын қара бұлт­тай үйірілген аса қатерлі жаугершілік заманда, қым-қуыт қысылтаяң қиыншылықтар мен алмағайып аласапыран арпа­лыс­ тардың ортасында болып, аламан-бұқараның келешек тағ­дырта­лайы үшін орасан зор рөл атқарған Өтеген батырдың та­рихи ғұмырнамасындай таңғаларлық, тосын оқиғаларға толы өмір­баян бұрын-соңды өмір сүрген хандарымыздың да, ержүрек ерле­ ріміздің де соқпақ-сүрлеу іздерінен кездесе қоймайды. Айталық, Өтеген Өтеғұлұлымен тұстас, замандас баһадүр қол­ба­сылар мен бай-бағландардың, хан-сұлтандардың қайсысы Қазыбек бек Тауасарұлы секілді білімпаздың соңынан еріп, етегінен ұстап, Арабстан асып, көне мәдениет ошақтары Бағдат, Басра іспетті шаһарларды аралап, ислам әлемінің тұнығынан сусындапты! Және де мұнымен қоймай, Еуропаның ең мәшһүр, өркендеген елде­ріне саяхат жасап, арыдағы Қытай, Ресей мемлекеттерін шар­ лап, олардың әрқайсысының әлеуметтік бітім-болмысын бажай­ лап, этностық ерекшеліктері мен адамдарының жүріс-тұ­рысы, ниет-пығылы, аңсар-ауаны жайлы дәлелді тұжырымдар жасапты. Ойланар­лық жай! 109

Бейнелеп айтқанда, осылайша жеті жұртты шарлап, жеті жұрттың тілін игеріп, сол уақыттағы былайғы қарапайым қалың көпке, қара қазаққа беймәлім дүние сырларына бойлап, оқыпбіліп түйгені мол Өтеген мен Қазыбек бек алыс сапардан елге оралғанда, оларды отандастарының нақ бір білмейтіні кемде-кем ғұламадай қабылдаулары заңды емес пе? Ислам дінінің қағи­­ даларын тәп-тәуір меңгерген, шариғат ереже-заңдарына ұм­ сына ден қойған, ара-тұра әнбие-әулиелер жайлы неше түрлі хи­ кая шертіп қоятын Өтегенді, енді, жалпы жамиғат та айрықша қастерлеп, көреген-көріпкел атандырып, барынша асқақ айбын­ ды тұлғасын жасаған. Сөйтіп, батырдың өзге де лақап аттарына қоса (түкті, мүйізді, жиһангез), ендігі жерде Өтегенді болашақты айнытпай болжағыш, дәл тапқыш (эзотерик), қай мәселені де қисынға жығып шешкіш би-шешен, топ бастаған көсем, ел сөзін айтқан қайраткер, сарапшы сыншыл санаткер, адуын-ақылман, қол бастаған қаһарман деп көкке көтерген. Келе-келе, ай-жылдар өте, бірте-бірте Өтеген батыр бой-басы­ на не қилы, не ғажайып, кейде ойға қонбайтын мифтік-мисти­ка­ лық қиялдан туған тың-тосын қабілет-қасиеттер де теліне берген. Өтеген осылай деген екенге саятын тыңдармандарға бе­рер тә­лімді сабағы бар әрі қызғылықты оқиғаларға құрылған, көлемі ша­­ ғын аңыз-әңгімелердің өзі бірқыдыру. Біздің заманымызға ба­тыр есіміне қатысты сол әпсана-аңыздар өткен ғасыр­лар бо­йында ауыз­ дан-ауызға көшіп, әлденеше аунап барып, алуан-алуан түс-рең­ге еніп, бастапқы оқиғалық сюжет түрлене түлеп өзгеріп те жеткен. Шамасы, ең бастысы оқиғаларының негізі тарихи шындық­ қа суарылғандығынан, тарихи тамырының беріктігінен де шы­ ғар, «Өтегеннің дүниеге келуі», «Төле бидің Өтегенге бата бе­ руі», «Өтеген батыр қайда болса, біз сондамыз...», «Өтегеннің қары­зын қайтаруы», «Өтегеннің қыз беруі», «Өтегеннің араша түсуі», «Өтегеннің адамға сын беруі», «Өтегеннің айласы немесе қы­рық тазы туралы», «Өтегеннің жазасы», «Өтегеннің сәуегей­ лігі», «Өтегеннің жер қарауы», «Өтегеннің түс жоруы», «Өтеген батырдың келешекті болжауы», «Өтегеннің жетім-жесірге жәр­ демі», «Өтеген батырдың алып бәйтерегі», «Өтегеннің шұбар тегенесі», «Өтегеннің өкінуі», «Өтегеннің Абылайды сынауы», «Дүниедегі қазына не?», «Қилы-қилы заман болады», «Қалмақ, 110

қалмақты ептеп алмақ...», «Сұмдықтың басы Тархан», тағы басқа да аңыз-әңгімелер ел ішіне кең тарап кеткен. Олардың бірі рас болса, бірін батырды жақсы көрген жұрттың өзі ойдан шығарған. Мәселен, Өтегеннің көріпкел-сәуегейлігіне қатысты әпсанатолғаулардың мазмұндық желісі мынандай болып келеді: І. Бір жылдың тамыз айында Өтеген өз руластарын жинап алып, қыстың қатты, малға жайсыз болатындығын айтып, малға жайлы жерге қоныс аударуға шақырады. Ауылдың қариялары: «Өтеген біліп айтады, малдарыңды айдап, Өтегенге ілесіңдер», – деп балаларын Өтегеннің көшіне қосады. Жолда олар бірнеше ауылды басып өтеді. Өтеген ол ауылдың адам­дарына да: «Биыл жұт болады, мұнда қалмаңдар, малдарың­ ды бір­ге айдаңдар, малды жұттан аман шығарып, көктемде қайта көшіп ке­леміз», – дейді. Алайда, біраз адамдар Өтегенге ілеспей қалып қояды. Көш жүргелі жатқанда Өтеген батырға бір келіншек келіп: «Ата-ай, ерім өлгеніне біраз жыл болды, балам жас, қолымда аздаған малым бар еді, оны қайтем, ақылыңызды айтсаңыз», – деп жөн сұрайды. Өтеген: «Балам, малдарыңды маған қос, мен өлмесем, бір ма­ лыңды шығын қылмай, көктемде өз қолыңа алып кеп бере­мін», – дейді. Келіншек бар малын Өтеген батырдың көшіне қо­сып, өзі баласы екеуі қала береді. Мұны көрген сол ауылдың жігіт­ тері келіншекті мазақтап: «Басқамыз жұтап қалармыз, сен ақыл­ дылығыңнан аман қаларсың енді. Жұт болса алдымен малын айдап көшіп бара жатқан Өтегеннің өзі жұтар», – деп күледі. Сөйтіп Өтеген батыр қысы жұмсақ қоныс тауып, сол жерге қыстап шығады, малын жұттан аман алып, көктемге қарай елге қайтады. Жол-жөнекей әлгі жесір келіншектің малын, жаңа туған төлімен аман-есен қолына әкеп береді. Қыстап бара жатқанда мазақтап күлген жігіттер ұялмай сауға сұрайды. Бар малынан айырылып, жұттан жұтап қалған оларға Өтеген батыр сұраған малдарын беріп, аштықтан құтқарады [14, 159]. Назарға ұсынылып отырған мәтін мазмұны, алдымен, Өтеген­ нің өмірден түйгені, көрген-білгені мол, тәжірибесі тиянақты жан болғандығын аңғартады. Болашақты бағамдап, болғалы тұрған жақсылықты не жамандықты алдын ала айта білу – өмірлік 111

парасат-пайымы терең, табиғи ортаның жуас та дүлей болмысын, тасқынды асау тамыр соғысын нәзік түсінетін сұңғыла санаткер пенделердің пешенесіне жазылған ерекше қасиет. Нақ осындай қасиеттер Өтеген Өтеғұлұлының бойынан жиі байқалып тұрған. Әрқашан да айтқаны келген. Әрдайым еңбекші бұқараның қамын жеп, амандық-саулығын тілеген. Содан да халық оны сәуегей, киелі кісі атандырған. Сөзіне құлақ асқан, соңына ерген. Бірақ, көп болған соң, әрине, жамағат ішінде жөнге көнбейтін өзімбілермандыққа салынған содыр тентек, жығылған жағынан тұрмайтын, бойкүйез жалқаулар да ұшырасып тұрған ғой. Өміртұрмыстағы ел есінде қалған сондай бір шындық осы «Өтегеннің сәуегейлігі» атты әпсанада көрініс тапқан. Ала жаздай мамыражай күн кешкен жұрттың басына күн суытқан қыс айларында төніп келе жатқан жұтты Өтеген күні бұрын ғажап танып білген. Ол жайды ағайынға күні бұрын ескерткен: ерте қамданып, малға жайлы, шүйгінді қоныс іздеуге шақырған, өзінің соңынан еруді ұсынған. Негізгі көпшілік, ауылдың ақылды қариялары бас бо­ лып, батырдың айтқанын орындап, мал-жандарын оған қосып ат­тан­дырған. Әттең не керек, әдеттегідей қазақтың аяқ астынан қыңыр-қисықтары да табыла кетеді, олар топ арасына іріткі са­ лады, хал-күйі кем жетім-жесірлерді азғырады. Дегенмен де сол арада жесір-жадау бір келіншек жүргелі жатқан Өтегенге келіп, аздаған малын қалай сақтау керектігі жөнінде ақыл сұрайды. Қаріп-қасірлердің жайын ұққыш Өтеген әлгі жесір келіншек­ тің де малдарын өзіне қосып ала кетеді. Ал, болбыр-бойкүйез, шаруаға қыры жоқ, жалқау жігіттер Өтегенге малын қосқан жарлы-жақыбайларды мазақтап қала береді. Ақырында, Өтегеннің сәуегейлігі дәл келіп, қақаған қыста жұртта қалған ауылдар жұтқа ұрынады, қолда бағып отырған мал­да­рынан айырылады. Күн жылына елге аман-есен, мал-жаны түгел, бай-бақуатты оралған Өтегеннің алдынан бір кезде ермей қалған ауыл адамдары жамырай шығысады. Сол жерде жесіржетімдердің өзіне сеніп қосқан малдарын төл өсімімен толық қайтарады. Қыстан жұтап шығып, сауға сұрағандарға да қарай­ ласып, алдарына мал салып береді. Сөйтіп, халықты молшылыққа кенелтеді, ашаршылықтан құтқарады. ІІ. Жоқ-жітікке қарайласқыш Өтегеннің тағы бір бұқараға 112

қамқорлығы, көпке көрсеткен мейір-шапағаты даңқты батырдың бүгіндергі алтыншы ұрпағы, алпыс жастан асқан қордайлық ақын Жаужүрек Қаражановтың «Өтегеннің жетім-жесірге жәрдемі» деген толғауына да өзек болған. Толғау былай басталады: Өтеген нашарларға көп қараған, Бірқатар Өтегеннен ел тараған. Жетім-жесір нашарға болысқанын, Халайық, құлақ салсаң айтам тамам [14, 244].

Бұдан ары қарай ақын келешекте ауа райының өте жайсыз болатындығын сезген өзгеше сезімтал Өтегеннің ерте қамданып сапарға шыққанына және төңіректегі ауыл-аймаққа мән-жайды қалай түсіндіргеніне тоқталған. Өлеңде жиналған көпшілікке батырдың қайырылған сөзі өте әсерлі берілген: Бұл жақта жұт болады, жұртым, биыл, Естір болсаң сөзімді тегіс жиыл. Қар қалың боп, малыңнан түк қалмайды, Аты шулы кеп қалды жыл да сиыр. Маған ер тіл алсаңдар малыңды айдап, Бүгін түннен кетеміз атты байлап. Тіл алмасаң өздерің білерсіңдер, Бірақ, жұртым, жұтарсың сорың қайнап [14, 244-245].

Мұнда да батырдың сырын білетін көп халық оған ілеседі де біразы, тіпті, асқақтық танытады: «Жұт қайда, жер де қара, күн де жылы, Бара бер өзің көшіп малыңды айдап» деп қарсыласады, айтқанына сенбей қалып қояды. Аталған толғаудың жоғарыдағы «Өтегеннің сәуегейлігі» мәтінінен айырмашылығы – осы тұста батырға балалары жас үш жесір әйел келіп шағынады. Үш жесіржетімнің жайын түсінген Өтеген олардың малдарын өзіне қосып алып, төл бастарын аман-есен сақтайтындығын мәлімдейді. Сөй­ тіп, жүріп кетеді. Содан, күндерден күн өтіп, айлардан ай өтіп, жаз да шығады. Барған жағынан жайлы өріс тапқан Өтеген малжанын жұтқа, шығынға ұшыратпай аман сақтап, ата қонысқа дін аман оралады. Өзіне сенім артқан жесір әйелдердің қосқан малдарын тұтастай, түп-түгел қайтарады. Ал, бір кезде ермей қалған, енді жұтқа ұрынып жұтаған мырзалар қатты өкінеді, 113

ұяттан безіп, Өтегеннен сауға сұрайды. Кең пейіл, кең қолтық, ақкөңіл батыр оларды да құр қалдырмайды. Сауға деген халыққа берді малдан, Алып жатыр малдарын көңіліне алған. Баз біреулер ат сұрап алып жатыр, Баз біреулер сауынға қой сұраған. Сауынға баз біреулер қой алады, Мал алғанның үй іші қуанады. Сүт деп жылап отырған бала-шаға, Қой сүтін ішкеннен соң жұбанады [14, 246-247], –

деп жырлайды ақын Жаужүрек Қаражанов. Бұл әпсана-толғаулар – халық ақындары жырлаған «Өтеген батыр» дастандарындағы Өтегеннің жайлы қоныс Жиделібайсын мекенін іздеу сапарының қысқаша қара сөзбен баяндалған ел ау­ зындағы там-тұм жылға-тармақтары. Ал, сол жыр-дастандардың өзінің бірінде Өтеген елге жайлы қоныс тапса, енді бірінде ойқиялындағы жерұйықты кезіктіре алмай, зарлап жаһан кезіп кетеді. Жырдың келесі бір мәтінінде батыр жау аяғы жетпейтін жайлы қоныс Жиделібайсынды тапқаныменен, ақыл-есі таяз, тұм­сығының астынан басқаны көрмейтін қыңырлардың кесірінен халқы соңынан ермей, қайран ер арманда өтеді. Жырдағы сол бір қайғылы (трагедия) хал-күй «Өтегеннің сәуегейлігі» әңгімесі мен Жаужүрек Қаражановтың «Өтегеннің жетім-жесірге жәрдемі» толғауына өзек болғандығы аңғарылады. Өзгешелігі – жыр-дастандарда Өтеген малға жайлы жер таба­ ды да жұрты соңына ілеспегендіктен, өзегін өкініш өрті шарпи­ ды, елінен біржолата қатты түңіліп, Әзірет-Сұлтан (Құл Қожа Ахмет Яссауй) зиратын жағалап кетсе, ал мына әпсана-әңгіме мен толғауда батырдың халқына кешірімшіл, кішік мінезі, амалы таусылған адамның көнбістігі көрінеді. Соңынан ергенін ертіп, қалғанын қалдырып жүре береді, жалынып-жалпайып жатпайды. Соңыра қайта оралып, халқына қисапсыз жақсылықтар жасайды. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деп дана қазақ дәл тауып айтқандай, Өтеген былай деген екен, алай деген екен, керемет батыл, кесімді төрелік-билік жасапты іспетті нұс­ қа-өнегелік мәні жоғары тапқыр, қиыннан қиысқан шешендік 114

сөздер де ел ішінде бірсыпыра сақталған. Солардың бір-екеуінің оқиғалық ұзын-ырғасы былайша тарқатылады: І. – Асан деген бір кедей Өтегеннен бір аттың майын сұрап мініп, алты-жеті жылдай бермей қашқақтап жүріпті. Бірде Өтеген Асанды кездестіріп қалады да оны алып келуге жігіттерін жұмсайды. Жігіттер Асанды атымен басып ұстап, Өтеген мен Абылайдың алдына алып келеді. Өтеген Абылайға: – Мен бұл атты жиырма жорғамен бірге жоғалтып едім. Тақсыр, әділдігін айтыңыз, – дейді. Асан болса: – Алдияр, мен жылқы ұрлаған жоқпын. Өтегеннің атының майын мініп едім. Бермей жүргеніме жеті жылдай болғаны рас. Мені нақақтан күйдірмеңіз. Әділ билігін айтыңыз, – деп шырылдайды. Абылай Асанның сөзіне құлақ аспастан: «Өтегеннің жиырма жылқысын алпыс жылқы етеп қайтарасың», – дейді. Хан жарлығы біреу. Асан байғұс жылап-еңіреп еліне барып, ағайын-туғандарынан жылқы жинайды. Сөйтіп алпыс жылқыны айдап Абылай мен Өтегеннің алдына келеді. Абылай Өтегеннен: – Батырым, әділдігіме разысың ба? – деп сұрайды. Сонда Өтеген: – Жоқ, риза емеспін. Ақ-қарасын айырмаған би­лікте әділдік жоқ. Мен сені тек сынайын деп едім. Ал сен бол­саң кедей байғұс­ тың зарын тыңдамадың. Үкімді кісінің әріне қарап шығардың. «Ма­йын мінген жылқым еді, нақақтан күйдір­меңіз» деген сөзін құ­лағыңа ілмедің, – дейді де Асанға: – Сен майын мінген атты ке­дейлігіңнен бере алмай жүрген шығарсың. Бұл атты басы бүтін бердім, екі дүниеде сұрауы жоқ. Алып келген алпыс жылқыңды да айдап ауылыңа қайта бер, – деп Асанды еліне қайтарыпты [14, 153]. Ұсынылып отырған «Өтегеннің Абылайды сынауы» әпсана мәтінінің мазмұны Өтеген Өтеғұлұлының кімді де болсын ісәрекетіне, амалына қарап бағалайтындығын көрсетеді. Хан екен­ сің, қара екенсің деп бөле-жармайды. Хан болсаң да, қара болсаң да, ең алдымен пендесің. Себебі, қандай да болмасын пендешілік бастама-іс, байлам не жақсылыққа, не жамандыққа қызмет етеді. Сондықтан ірілі-ұсақтығына қарамастан, қауым мүшелері 115

арасындағы дау-дамай, шиеленіскен шетін мәселелерді ақ қарап, адал үкім шығару керек. Дүниеауи мақсат көздеп, қарақан қара бастың қамына салынбай, сабыр-тағат табу, адамшылық арұжданды ұлықтай білу және тектілік пен тексіздіктің арасын бөліп тұрған ала жіптен аттап кетпеу – кісіліктің басты шарты. Бұл, әсіресе, ел тізгінін ұстап, тақта отырған хандарға өте-мөте қажет асыл қасиеттердің бірі, темір қазық іспетті бұлжымайтын қатаң ереже. Міне, жастайынан тал бойына осындай пайымпарасат әбден тереңдеп енген Өтеген батыр әрқашан да әділет, мейір-шапағат туын жоғары ұстаған. Көпті көрген, көп жорытқан, жазмыштың ыстық-суығына, алай-түлей боранына сан мәрте төзіп баққан, баһадүр Өтеген айналасына әманда ойлы көзбен қарап, төңірегіндегі алыс-жақын адамдарды сын тезінен өткізіп отырған. Жақсының жақсылығын, жаманның жамандығын тура тап басып айтқан, биік лауазым дәрежесіне қарап, жалтақтап жасқанбаған. Реті келіп қалған тұстарда Ер Өтеген азулы Абылай ханды да талай рет белінен басып, таразылап байқаған. Сын сәттерінде оның қандай шешімге келіп,үкімді қалай шығаратындығына зер салған. «Өтегеннің Абылайды сынауы» деген бұл тәмсіл – сондай батыл әрекеттің жарқын бір үлгісі. Жеті жыл бойы мінген атының майын қайтармай жүрген жарлы Асанды жігіттеріне ұстатып әкеліп, Өтеген сынамақ үшін Абылай ханнан төрелік сұрайды ғой. Хан сол жерде өзінің ішкі есебі бойынша, Асанның жоқжітіктігіне қарамастан, байғұстың кінәлілігін пайдаланып, оны әдейі, қулықпен Өтегенге жығып береді, жазасына алпыс жыл­ қы төлеуге мәжбүрлейді. Ондағы ойы – жалпы көпке қадірлі, ай­бынды, атақты батырды қайткенде де көңілін тауып, өзіне бұ­ рынғыдан да жақындатып жуық ұстау, алдап-арбап тұсаулау, бо­ лашақ күндерде айтқанын сөзсіз орындатып, ханның халыққа жат ниеттерін жүзеге асыруға жұмсау еді. ХVІІІ-ХІХ ғасырдың тарихи деректеріне көз жүгіртсек, нақ сол мақсатта хан-сұлтандар тек халыққа қалаулы даңқты ба­тыр­ лар­ды ғана емес, дуалы ауыз шешен-билер мен ақылы асқан оқы­мысты ғалымдарды да, тілі мірдің оғындай дарынды ақпа ақын-жырауларды да арнайы күн ілгері дайындалған аста-төк дас­тарқанға шақырып, қолдарына рет-ретімен жамбас, жілік 116

ұс­татқан. Барлығын дерлік қызылды-жасылды дүниеге қызық­ тырып, баршасының елеусіз ұйқыда жатқан пендешілік дүние­қо­ ңыз сезімдерін қоздырған. Және де ара-тұра ат мінгізіп, ауық-ауық шапан-шапқыт жабу арқылы құрығы ұзын, айлалы билік олар­ды зымияндықпен құрылған тұзағына түсіріп, әбден матап-шырмап байлап тастауды ойлаған. Билеушілердің ол ой­лары да діттеген жерінен шығып, жағымпаз жаршылар санду­ғаш­ша сай­раған. Аңдап қарағанда, бұрынды-соңды патшалықтар, хандықтар, корольдіктер тарихындағы мұндай айла-шарғы – қара басының ғана қызығын күйттеген, жүгенсіз кеткен ең жоғарғы билік иеле­ рінің жиі-жиі қолданатын әрі көп кешіктірмей лаң-лас, улызәрлі жемі­сін беретін пәрменді әдіс-тәсілдері екендігі әуелден-ақ жұртқа әшкере жай. Ынсапсыз, ашқарақ, түпсіз оңаза нәпсісін қа­ нағаттан­дыру мақсатында ондай тұқымында түк көрмеген тексіз билеу­шілер ештемеден тайынбаған, бұқараны қан-қақсатып ойына кел­генін істеген. Момын елдің жуастығын пайдаланып, арсыздық­пен басынғаны соншалықты, қорқау-қарақшылық, қара-қарау­лық атаулының сасық балдыр-батпағына кеңірдегіне дейін батқан. Ақыры күндердің күнінде өзі жасаған есепсіз жан түршігерлік ұрлық-қарлығына, ел қазынасын аяусыз тонаған қыл­мыстарына еш кешірім болмайтынына көзі жетеді. Жетеді де жапырақша қалтырап қоя береді. Кіріп кетерге тесік таппайды. Қашып құтылмасы тағы анық. Содан патша-патшайымдар, хан­ зада-ханшалар, бек-бегзадалар, бай-бағландар өздерінің ана жыл­ дары алдын ала ойластырған қулықтарына басады: бір кездерде елге біршама жұғым-сүйкімі болған, кейініректе тура­шылдықтан та­йып, патша-патшайымдар үлестірген арзан сыл­дырмақтарға ал­данып, пендешілікпен бұқара ырзығын талан-таражға салып талауға барынша үлес қосқан, сонысымен арына мәңгі қара дақ түсірген, қадір-қасиеттен жұрдай боп айырылған, енді сарай жа­ ғалағаннан басқа тындырары жоқ мәшһүр ақын-жыраусымақ, белді шешен-бисымақ, білгір ғұламасымақтарды алға тартып тасаланады, содыр-сойқан күнәкарлық істерін соларға да бөліп шашып жібермек болады. Тіпті, ыңғайы келсе, бар ауыр айыпқылмыстарын өзгеге аударып, елдің өзін күнәлі етіп, екі алақанын шартта-шұрт ұрып, судан таза, сүттен ақ болып шыға келмекке ұмтылады. Амалдап алдап-сулап, айналаға түтін-дым жіберіп 117

көз байлап, құтылып кетпек болады. Ал, мұндай амал-айла, түптірексіз өтірікке Өтеген қалай қарайды?! Еуразияның талай-талай елдерін аралап, қоғамдық құрылысы, тыныс-тіршіліктерімен жете танысқан, олардың жоғарғы билігі мен төменгі қара шаруа халықтарының өзара қатынасы жайлы мағлұматы бар, заманының көпті көрген көзі ашық азаматы есеп­ ті Өтегендей батыр, ендігі кезекте өзінің кіндік қаны тамған ту­ ған жеріндегі қазақ хандығының әлеуметтік-саяси құрылысы­мен хандарының жан дүние бітімін, мінез-құлық сыпаттарын тіп­ тен толық, жан-жақты жақсы біледі емес пе?! Сондықтан да ол Абылай ханның мына қорғансыз Асан сорлының өз кінәсін мо­ йындап ханға: – Мені нақақтан күйдірмеңіз. Әділ билігін айтыңыз, – дегеніне қарамастан, оған қасақана әділетсіз ауыр айып са­луын Өтеген қоштамайды. Әрі көпті көрген жиһанкез батыр қа­тыгез ханның айлакерлікпен білдірмей, кедей-кепшіктің есебі­нен үлкен жақсылық жасаған болып, өзін кіріптарлыққа түсір­мек ниетін де біліп қояды. Өзінің ханға риза еместігін ашық мәлім­дейді: – Жоқ, риза емеспін. Ақ-қарасын айырмаған билікте әділдік жоқ. Мен сені тек сынайын деп едім. Ал сен болсаң кедей байғұстың зарын тыңдамадың. Үкімді кісінің әріне қарап шығар­ дың, – деп ханның құпиясын ашады. Асанды қасына шақырып, кінәсін кешіреді де, оған сол атты басы-бүтін мінгізіп, еркіне қоя береді. Бұл әңгімеден Өтегеннің байқампаз сыншылдығы, әділет­сіз­ дікке төзбейтін турашылдығы, жарлы-жақыбайға жанашырлық жақтастығы мен мейірбан көңілі көрінеді. Өтеген Өтеғұлұлы есіміне қатысты, атап айтқанда, батырдың ұтқыр да тапқыр қасиетін, өзгелерден даралап, ерек болмысын суреттеуге құрылған, оқиғасы қатпар-қатпар болашақты бағам­ даған, соны, қызықтыларының қатарына «Өтегеннің түс жоруы» әңгімесі де жатады. Әңгіменің мазмұндық түзілісі төмендегідей: ІІ. Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп. – Оу, бұл кімнің үйі? – депті. Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық деп ойлап, таяқшы: 118

– Не іздеп жүрсің, кім керек? – дейді. – Алпыс атаным бар еді, ішінде ақ бас бурасы бар еді, соны жоғалтып іздеп келем, – депті Өтеген батыр. Мұны естіген Абылай хан: – Мынау Құбыл екен ғой, – деп оң жағына отырғызып алып, түсін айтады (Өтегенді жақындары Құбыл дейді екен). – Түсімде атым өліпті. Оның ішін жарып едім, қасқыр шықты, қасқырдың ішін жарып едім, түлкі шықты. Түлкінің ішін жарып едім, борсық шықты. Шешуін таппай тұйыққа тіреліп отырмын, – дейді Абылай хан. – Ханда қырық кісінің ақылы бар деуші еді. Алпыс биіңмен жүз кісісіз. Соны шеше алмай отырып, қазақты қайтіп басқарасыз? – дейді Өтеген. Бұған іркіліп қалған Абылай: – Ендеше өзің айтшы. Қайтіп ел боламыз? – дейді. Сонда Өтеген батыр: – Атың өлсе, бұл заман – тұлпар заман, ішінен қасқыр шықса, бұдан кейін қасқыр заман болады. Оның ішінен түлкі шықса, түлкі заман болады. Оның ішінен борсық шықса, борсық заман болады, бір жолмен барып, бір жолмен қайтатын. Адал-арамы аралас болады, – деген екен [14, 168]. Біріншіден, бұндай ауызша тараған әңгімелерден, ең алдымен, тайға таңба басқандай болып көзге шалынатыны – Өтеген батыр­ дың Абылай секілді қатаң да қатқыл тәртіпті ұстанатын кеуделі хан­ның ордасына именбей, емін-еркін кіріп-шығып, өзін тым бос­ тан ұстағандығы. Жанына әркім батып бара бермейтін қаһарлы билеушімен аралас-құралас жағдайда, етене жақын қатынас­тағы кісі­лердей, тең отырып сөйлесе алғандығы айдай анық аңға­ры­лады. Екіншіден, даусыз басы ашық жай – Өтеген батыр жаугер­ші­ лік жорықта да, бейбіт өмірде де Абылай ханмен үзеңгілес қатар жүріп, қатар тұрып, оған өзінің пайым-толғамдарын жасқанбай ашық айтқан. Көп ретте халықтың тұрмыс-күй турасындағы қадау-қадау ұсыныстарын өткізе мойындатып, сөзсіз орындатып та отырған. Және де ауызша әдеби көркем әпсана-аңыздарда, мұрағат құжаттары мен тарихи ғылыми еңбектерде сипатталып, жан-жақты дәлелденгендей: табиғатында адуын, кіді, тік мі­нез­ді әрі ақыл-ойға да кенде емес, алыстан шалып, тереңнен байып­ 119

тағыш, жолбарыстай жүректі, ұшқыр қиялға бай, қиыннан қиялап жол табатын, сұңғыла саясаткер Абылайдай ханмен Өтеген ба­ тыр­дың аса маңызды елдік өзекті мәселелерді өзара жиі-жиі талқыға салып, ұзақ-ұзақ сұқбаттасқандығы, бір-бірімен етене жақын отырып сырласқандығы, ойға түсіп ойланып, қырға шы­ ғып мұңдасқандығы ғажап байқалып тұрады. Үшіншіден, аңыздар сорабына ден қойсақ, Абылай хан кім көрінгенмен жеке басына қатысты, жан жарасы дерлік шетін, құ­ пия сырларын шашау шығарып бөлісе бермеген. Тек, Хан ал­қа­­ сындағы ең сенімді деген бірен-саран айбынды ақын-жы­рау­ла­ рына, шешен-билеріне, Өтеген сияқты сындарлы сөзі са­тыр­лаған өрттей, айтқан айшықты ақыл-кеңесі алмас жүзді серт­тей, тас түйін табанды батырларына ғана оңаша жайда бел шеше ашылған. «Өтегеннің түс жоруы» әңгімесінде сондай бір жасырынжабырқаулы хал баяндалған. Бірде Абылай хан түс көріп, түсінде одағай оғаш іс көріп, қатты абдыраса керек. Абылайдың алпыс биі ханның түсін қалай жорырын білмей дағдарып отырғанда, жиырма төрт қанат ақ ордаға Өтеген келіп қалған. Ақ ордада кімдердің отырғанын кереметтікпен алдын ала біліп қойған Өтеген үйдің сыртында тұрып жорта сұрау салған. Сондағы «Алпыс атаным бар еді, ішінде ақ бас бурасы бар еді» деген ас­тарлы сөзіндегі алпыс атан – ханның алпыс би болса, ақ бас бура – Абылайдың өзі еді. Сөз саптауынан Абылай Өтегенді тани кеткен. Оның «Мынау Құбыл екен ғой» деп Өтегеннің былайғы жұрт біле бермейтін, ағайын арасындағы ауызға сирек ілінетін лақап атымен атауының өзі Абылай ханның атақты батырды өте құрметтейтіндігін, достық пейілде екендігін паш етеді. Хан дереу хош алып, батырды қасына отырғызып, түсін баяндайды. Түсті Өтеген былай жорыпты: хан атының өлгенін – өздері өмір сүріп отырған заманға, тұлпар заманға (ХVІІІ ғ.) балаған. Замандары тұлпар болғандықтан, Абылай хан бастаған қазақ сарбаздарының тұлпар мініп, ту алып, жау шауып, жау қайтарып жүргендерін меңзеген. Ал, ат ішінен қасқырдың шығуын – бұдан кейін қасқырдай қатал заман келетіндігін тұспалдаған. Шынында да қасқыр заман­ да (ХІХ ғ.) Ресей империясы қазақ даласын түгелдей отарлап, қасқырша талап, қан қақсатып бағындырды. 120

Мұнан соң, қасқыр ішінен түлкінің шығуын – алда туатын түл­­кідей бұлаңдаған кезеңге (ХХ ғ.) ұқсатқан. Біздіңше, бұл бол­ жам айна-қатесіз тұпа-тура дәл келді: жаңа орнаған Кеңес өкіметі (КСРО) түлкідей жылмаң қақты, теңдік береміз, өзіңді өзің басқара бер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған (коммунизм) заман орнатамыз деп, құрғақ қу уәдені үсті-үстіне үйіп-төкті, дәмелендірді, алдап-сулады, жоқтан өзгені шатып, момын шаруа жұмыскерлердің басын қатырды. Бірақ, бәрі ке­рісінше болды. Ақыр аяғында сұм-сұрқия өтірігінің, зұлым-зұл­мат істерінің сазайын тартып, кеңестік билік те ұзаққа бармай талқаны шығып, қирап құлады. Абылай хан көрген түстің келесі соңғы буыны бойынша Өтеген батыр түлкінің ішінен борсықтың шығуын – енді, келе­ шекте адал-арам дегенді білмейтін, бұқараның мұңын-зарын естімейтін, тіл-көмейі жоқ, құлақ-мұрны тас бекітілген мылқаумеңіреу, тас керең заман келетіндігін ишаралаған. Борсықша борсаңдай жорғалап, жан-жағын жалмап жұтып, төңірегін тақыр­ лап шаңын аспанға шығаратын, мынау адал, мынау арам деп талғап жатпайтын, ел ырзығына харам қолын оңды-солды салып, тамақ-өңешін жырта-мырта қылғып асай беретін мешкей, өмірі тойдым деп айтпайтын, дүниеге көзі тұнған қомағайлардың қуанышты күні туа ма деп торыққан. Нақ осындай түс жору секілді мистикалық реңге жақын, ұқсас Өтеген есіміне байланысты шығарылған әпсаналардың тағы бірі «Қилы-қилы заман болады» әңгімесі дер едік. Әңгіме мазмұны мынандай : ІІІ. Абылай хан бірде үш жүздің билерін жиып: – Қилы-қилы заман болады, Қарағай басын шортан шалады, – деген сөздің шешуін табыңдар, – депті. Жиналғандар көп ойланыпты, бірақ таба алмапты. Сонда көп­ шіліктің ішінен біреу Абылайға келіп: – Көп ойлап, әуреге түскеннен не пайда? Біз бәрібір шеше алмаймыз. Бұл сөзді би шешсе Арғындағы бала Бостан шешеді, ал батыр шешсе Дулаттағы Өтеген шешеді, – дейді. Осы сөзді естіген соң Абылай алдымен Бостанды шақыртып­ ты. Арада біраз күн өткен соң Бостан да келіп жетіпті. Абылайдың 121

үйі толған кісі екен. Бостанның жас кезі. Абылай оны көрсе де Бостан деп ойламапты, көңіл бөлмепті. Біраздан соң Абылай алтын аяққа қымыз құйғызып енді аузына ала бергенде: – Хан ием, тоқтаңыз. Хан екілі болса, елі шашыңқы болады, – депті Бостан. Сонда Абылай: – Мен бұрын бұлай сөйлейтін кісіні көрмеп едім, сен осы Бостан емессің бе? – деп сұрапты. Жас қонақтың бала би Бостан екенін білген соң, Абылай одан «Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан шалады» деген сөздің шешуін сұрайды. Сонда Бостан іле-шала: Ілгері келер заманда, Үй басы келі болады. Оттың басы тері болады. Сиыр пұл болады, Қатын би болады. Тастан аяқ шығады, Сары судан тамақ шығады. Шортанның қарағай басын шалғаны, Қарадан хан туады, Төрені ант ұрады, –

деп жауап беріпті. Осыдан кейін Абылай Өтегенді шақыртып, жоғарыдағы сөздің шешуін тапшы депті. Өтеген сонда: Алдымызда жаңа заман болады екен, Бұл жүргендер өліп, Оның адамдары жаңа болады екен. Қарғадай жер шұқып, Мал бағудан егін салуды артық көреді екен. Үйлері там болады екен, Кигіз үй таң болады екен. Өздері-өздеріне хан болады екен, Хан-төрелер адам сүймес жан болады екен, Ханды сөгу сән болады екен. Сиыр пұл болады екен, 122

Қатын би болады екен. Тастан аяқ шығады екен, Ит ішпес сары судан тамақ шығады екен. Адам баласы көкке ұмтылады екен, Байлықты боқтап, батырды мақтап жыр қылады екен, –

дегенде Абылай: – Бостан екеуіңнің сөзің бір жерден шықты, болса болар, – деген екен ауыр күрсініп [10, 111-113]. Қазақ халқының келешектегі күнінің, тағдыр-талайының қа­ лай боларын ойлап, қамығып-қайғырған есті адамдар аз бол­маған ғой, қазірде де бар. Қалайық-қаламайық, сұры жаман сары уайым ертеден-ақ қазақтың қыр соңынан қалмаған, әлі де өкшелеп еріп келеді. Қазақ хандығы бұғанасы бекіп, еңсесін тіктеген сәттен бастап, ұлы Қазақияға алпауыт көршілері екі өкпеден екі жақтап көз сұғын қадап, жамандық жасаудан бір танған емес. Аңысын аңдып, қолайлы уақытты күтіп жүр. Бүгін де солай. Апыр-ау дейміз, өздерінің де жері кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ. Өздеріндегі сол ұшан-теңіз байлықты толық игеріп, қажетіне жа­ра­ та берсе болмас па? Ақыр заманға дейін тауыса алмасы анық. Жоқ, соған қарамастан, өз елі мен жері аз көрініп, тар көрініп, таласатар­маса таяу жатқан бөтен аймақтарға соғыс-сүрен сала ұмтылы­са­ ды. Әсіресе, Ресей империясы айнала-төңірегін тегіс жайпап, мыңмиллион ұлт-ұлыстардың көз жасын төкті, қар­ғысына ұшырады. Шекаралас жатқан ондай сотқар-содыр, бұзақы жаулаушы­ лар­дың аждаһаның аранындай ашылған ашқарақ ындынын қазақ­ тың көнедегі көреген қағандары мен бертінгі хан-сұлтандары, дана ақын-жыраулары ежелден-ақ аңдап аңғарған, түбін ойлап уайымдаған. Олар таяп қалған сұмдықтан әманда секемдене сескеніп, ендігі болмай қоймайтын қауіп-қатерді болжап айтып кеткен. Егер ондай жаугершілік бола қалса, алдын ала қамданып дайындалып отыруды ескерткен. Көбіне-көп бұрынғы замандардағы дана кісілердің тағлымды өсиет-болжамдарына, әсіресе, Абылай хан әрқашан ден қойып отырған. Сондықтан да ол төңірегіндегі есті-ақылды, көпті көр­ ген тәжірибесі мол адамдар қалай ойлайды, қандай кеңес берер екен дегендей, байыпты-байсалды би-шешендерге, аламан азу­ лы батырларына төтеннен шешуі күрделі сұрақтар қойып отыр­ 123

ғанға ұқсайды. Ордасындағы кісілердің әрқайсысынан бір сұрап, пікірлерін салыстыра екшеп ойлана толғанып отырған. Ел аузындағы аңыздарға бақсақ, Абылай хан алдымен бас кеңесші биі Бұқар жырауды сынап көріпті. «Мәселен, алда келетін кезеңдерде қазақ халқын не күтіп тұрғандығын, оның басына түсетін алапат апаттар мен түнекті тауқыметтердің қандай болатындығын күні бұрын болжаған Асанқайғы айтты деген сөз және оны шешкен Бұқар туралы аңыз күні бүгінге дейін сақталған. Бұл туралы мынандай дерек бар: «Абылай хан бір мерекеде ат үстінде тұрып, бір қарт, әрі данышпан шежіреші биінен: – Асан атаның «Қилы-қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар» дегенін естіп едім, мәніне бара алмадым, бұл қандай сөз, – деген екен. Сонда би қырын қарап, көзіне жас алып, қамшысын ер басына іліп: – Ай, хан-ай, бұл сөзді сен сұрамасаң еді, мен айтпасам ке­ рек еді» – деп, қырық бес жолдық өлеңмен ашып беріпті. Бірақ осы деректі келтіріп отырған Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих хамса» («Бес тарих») кітабында шешушіні «бір қарт әрі даныш­ пан шежіреші» дейді де қояды, оның есімін айтпайды. Ал, шын­ дығында арыдан келе жатқан Асан атаның ол сөзінің мәні­сін тапқан Абылай ханның кеңесші биі, шежіре данышпаны Бұқар жырау екендігі қазір әмбеге аян. Әрі Бұқар Қалқаманұлының бұл сөзі халық ақындарының әр жылдарда шыққан өлеңдер жинағында сол кездегі кеңестік коммунистік жүйенің кесірінен тек үзінді күйінде басылып келді. Тек қазақ елі тәуелсіздік туын желбіреткен соң ғана 1992 жылы шыққан Бұқар жыраудың шығармалар жинағында толық жарияланды. Мәтіні төмендегідей: Ханға жауап айтпасам Ханның көңілі қайтады. Қандыра жауап сөйлесем, Халқым не деп айтады? Хан Абылай, Абылай, Қайғылы мұндай хабарды Сұрамасаң не етеді? Сұраған соң айтпасам, Кісілігім кетеді. 124

Енді айтайын тыңдасаң, Маған қаһар қылмасаң. Қарағай судан қашып, Шөлге біткен бір дарақ. Шортан суға шыдамсыз Балықтан шыққан бір қарақ. Ойлама шортан ұшпас деп, Қарағайға шықпас деп. Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты поп. Күн шығысқа қарайды, Шашын алмай тарайды. Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ. Осы сынды бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жаяулап келер жұртыңа. Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа. Жемірлерге жем беріп, Ел қамын айтқан жақсыны Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды. Қағазға жазар малыңды, Есепке салар барыңды. Еліңді алар қолыңнан, Әскер қылар ұлыңнан. Тексізді төрге шығарып, Басыңа ол күн туғанда, Теңдік тимес қолыңнан. Бұл айтқан сөз, Абылай, Болмай қалмас артыңнан, Естісең міне қартыңнан!

Енді, осы өлең жолдарына зер сала қарасақ, Бұқар жыраудың алмағайып келер күнді керемет көрегендікпен дәл болжап, со­ ры­мызға біткен қанды қатердің өзін көркем қабылдап, қылт еткен қимылына дейін образды түрде елестете алғандығын көреміз. Бұның өзі алдағы сөзсіз болмай қоймайтын, тағдыр ісі 125

сияқты кармалық таңбасы бар күйінішті ахуалдардың қазақтың маңдайына жазылғандығы тоқсандағы жырауды да көптен бері қатты күйзелтіп, азапқа салып жүргендігін де ғажап аңғартады. Талайдан бері іште әбден тербетіліп, толғатылған қасіретті жай­ дың уайымы реті келіп қалған жерде Бұқар жыраудың жүре­гінен шер-мұң күйінде жалындай лықсып ақтарылған. Оны өлеңдегі: 1. Ойлама шортан ұшпас деп, Қарағайға шықпас деп. 2. Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты поп. Күн шығысқа қарайды, Шашын алмай тарайды. 3. Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ. 4. Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, –

деген бейнелі де бедерлі жолдарынан анық байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды, жалпы қазақ поэзиясы тарихында әлеу­ меттің келешек күнін ойлап, алдағы замана күйінің түрін түстеп, ұзақ-ұзақ ауыр ойға батқан көреген жырау Асан ата болса, кейінгі ғасырларда ол дәстүрді жалғастырушылар Бұқар дана бастаған жыраулық өнердің жауынгер өкілдері болды»[23, 9-12]. Ал, баһадүр қолбасшылар арасында Асанқайғының «Қилы, қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар» деген мұңзарын Ер Өтеген өзінше шешкен және бұл да өлеңдетіп шеш­ кен. Бұқар жырауға қарағанда, Өтегеннің сөздерінде аздаған бас­қашалау, жақсылық пен жамандық кезектесетіндей рең бар: алда жаңа заман келіп, адамдардың жаңаратындығы; мал бағу­ ды қойып, егін салуға көшетіндігі; кигіз үйден шығып, там (кірпіш) үйге кіретіндігі; хан-төрелердің елеусіз қалатындығы; жаңадан ақша-пұл кәдеге асып, билікке қатындар да араласа бастайтындығы және ит ішпейтін сары су тамақ-ауқат орныны 126

жүріп, адам баласының көкке ұмтылатындығы, байлықты даттап, батырды мақтап жыр қылатындығы тұспалданған. Ұқсастығы – екеуі де Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан басқыншылық зардаптарының қандай сұмдықтарға, орны толмас олқылықтарға душар ететінін бажайлаған. Айтса айтқандай-ақ, Ресей тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Орта Азияны басып алып, үш жүз жылға жуық ойына келгенін істеді. Тоқ етері – патша билесе де, большевик-коммунистер би­ лесе де басқарып басып-жаншудың мықты тұтқасы орыстардың қолында тұрды. Күшпен, күш болмаған жерде неше түрлі сұрқия әдіс-тәсілдермен орыстандыру саясатын бар пәрменімен жүзеге асырды. Салдары өте жаман болды: қазақтардың біразы шоқындырылды, көпшілігі темекі тартып, сары суға (арақ-шарап) құмартты. Қысқасы, арыдағы Асан ата, Бұқар жырау, Өтеген ба­ тыр және өзге де есті бай-бағландар мен хан-сұлтандар жандары түршіге секемденген кесапаттар, жаманаттар бірте-бірте түгел­ дей көрініс берді. Сөйтіп, келешектегі күнді ойлап, қабырғалары қайысқан сол көреген көсемдердің болжамдары айнымай елдің алдынан шықты. Ресей патшасы мен коммунистердің өкіметі асқан жауыздықпен, әдейі жоқ ету мақсатында ұйымдастырған әрқилы құйтырқы науқандарының кесірінен қазақтар қынадай қырылды, аман қалғандары орыстардың ең жексұрын, ең оңбаған әдепсіз әдеттерін тез арада үйреніп алысты. Қорыта келгенде, ескілердің «Жаман айтпай – жақсы жоқ» дегеніндей, Ер Өтеген өзінің сан алуан кесімді билік-шешімдері мен ғибратты уәж-өсиеттерінде, ең алдымен, қазақты аңдып андыздаған бәле-жала, соры сорғалаған сорақылық, қу мүйіз пә­ лекеттерден сақтандырады. Малшы момақан халықтың алдағы талай-тағдыры туралы толғанған ата-бабаның дана тұжы­рым­ дарына құлақ түріп, әрқашанда абай-сақ жүруге үндейді. Соны­ сымен де Өтеген Өтеғұлұлының есіміне байланысты туған барлық әпсана-аңыз әңгімелердің тәлімдік-тәрбиелік маңызы аса зор. Кейінгілерге айтар өнегелі тәртіп сабағы мол, ел-жұртымызбен бірге мәңгі жасай беретін асыл рухани қазыналарымыздың қата­ ры­нан орын алады дейміз.

127

ҚОРЫТЫНДЫ ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев және Тілеміс Есболұлы айтқан осы «Өтеген батыр», «Ер Өтеген» дастандары арқылы елес берген. Ақындар бұл шығармаларында туған елжұртының Жетісу өлкесіндегі ата-мекен, қоныс-жайын, ағынды өзендері мен шалқар көлдерін, жайқалған егінді алқаптары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман-тоғай, тауларын жау қолынан азат еткен Өтеген батырдың ерлік істерін суреттеген. Отаншыл жырда халықтың азаттық пен бостандық жолын­ дағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі көркем бейнеленген. Сондықтан, 1723-1757 жылдар арасында қазақ хал­ қы басынан өткерген ауыр кезеңді аса айшықты етіп бейнелеп беруде Өтеген атына байланысты туған батырлық жырлардың, әпсана-аңыздардың рөлі өте зор дейміз. Өтеген Өтеғұлұлының ата-бабасы мен өзінің үрім-бұтағы жайлы сызба-кестеде көрсетілгендей, оның төртінші ұрпағы Жол­ дасбай балаларының үйінде батырдың жорықтарда ас құйып іш­ кен шұбар тегенесі күні бүгінге дейін сақтаулы тұр [14, 53; 173]. Өтеген Өтеғұлұлы өмірінің соңында жаз айларында Іле өзенінің бойын, Алатаудың етегін мекендеген. Қыста Балқаш кө­ліне жақын, Қараой деген жердің ең бір шұрайлы сайын қыс­ таған. Батырдың Қараойдағы қыстауын халық қазір де «Өтеген сайы» немесе, жай ғана «Өтеген» деп атайды [3, 44]. Өтегеннің шапқыншы Жоңғар қолына қарсы соғыстарда көрсеткен қа­һар­ мандық ісін елі де елеп, құрметтеп, батырдың айрықша үлкен ер­ лік жасаған жерлерін оның есімімен байланыстырған. Мәселен, Алматы облысы Күрті ауданының шегіндегі биік тау сілемі Өтеген батыр мен Қазыбек бек Тауасарұлының есімімен аталады. Өтеген батыр 1773 жылы 74 жасында Іле өзенінің бойында қайтыс болған. Денесі Іледегі теміржол көпірінің оңтүстік 128

шығысында Арқарлы-Шолақ тауының бергі жағындағы Шеңгелді деген жерге қойылған [3, 43]. Соңғы жылдары, 1973 жылы, Өтеген батырдың ұрпақтары бабасының сүйегін ол жерден алып, қазір өздері тұратын Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Кеңес», қазіргі Өтеген ауылына қарасты аймаққа жерлеп, басына белгі тұрғызды. Қорыта келгенде, ХVІІІ ғасырда Жоңғар хандығының шап­ қын­шылығына қарсы елінің еркіндігі жолында қан майданда жан аямай жанкешті ерлік көрсеткен тарихи тұлға Өтеген Өтеғұлұлы – қазақ халқының ес-жадынан мәңгі өшпестей орын алған даңқ­ ты батырлардың бірегейі. Сондықтан да оның ерлік, қаһармандық іс-қимылдарын, туған ұлты алдында атқарған айтарлықтай ерен еңбегін атақты сөз жүйріктері Сүйінбай, Жамбыл, Майкөт және Өтеген батырдың ұрпағы Тілеміс ақындар зор ілтипатпен, зор ықыласпен өздерінің жыр-дастандарына арқау етті. Көркем сөз өнеріміздегі Ер Өтегеннің айта қалғандай айбынды, ақылды, кемеңгер бейнесін жасады. Бір шығармаларда Ер Өтегеннің өр тұлғасын заманалық әп­ са­на-аңыз мұнары шалып, онда ой-қиялдан туған мифтік оқи­ ғалар араласып жүрсе, келесі бірінде батырдың бой-бітімі, жан дүниесі нақты тарихи дәуірдегі оқиғаларға орай, өмір шындығы негізінде көркем сомдалған. Қалай жырланса да, қандай қиялғажайып көріністер қосылып жатса да өлшеулі өмірінде көпті көрген, жарық жалғанның алуан түрлі қым-қуыт соқпақтарынан тайсалмай өткен, кісі таңғалғандай, ертегідей ғұмыр кешкен Өтеген батырдың азаматтық тұлғасына бәрі де жарасып тұрады. Өйткені, батырмен замандас жыраулар мен кейінгі ақпа ақындар ұзақ толғау дастандарында Өтегеннің қаһармандық іс-қимылын ерекше етіп көрсету үшін кейде осындай таң-тамаша, қиялиғажайып оқиғаларды әдейі қосқан ба дейміз. Сөйтіп, батырдың есімін аңызға айналдыра барынша асқақтата берген. Сонымен тиянақтай айтқанда, Өтегеннің көркемөнер туындыларындағы әдеби-тарихи бейнесі ешқашан да ескірмейтін, қайта халқымен бірге ғасырдан ғасырға асып, жаңарып, жаңғырып жасай беретін сирек те ұлы тұлғалардың қатарына жатады.

129

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства, 1635 – 1758. – Москва: «Наука», 1983. – 332 с. 2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1960. – 740 бет. 3. Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қоры. №833 папка. 4. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти т. Т. І. – Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1961. – 777 с. с илл. 5. Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. – Алматы: «Санат», 1996. – 240 бет. 6. Қазақ ССР тарихы. 1-том. – Алматы: ҚазССР Акад. басп., 1949. – 527 бет. 7. Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қоры. №644 папка. 8. Жамбыл (Алғы сөз). – Алматы: Қазбіріккенмембас., 1946. – 735 бет. 9. Тауасарұлы Қазыбек бек. Түп-тұқияннан өзіме шейін: Басп. дайындаған Б. Қыдырбекұлы. – Алматы: «Жалын», 1993. – 416 бет. 10. Өтеген батыр. – Алматы: «Мерей» шағын семьялық кәсіпорны, 1994. – 134 бет. 11. Смирнова Н.С. Очерки казахской литературы ХVІІІ века (Устное творчество казахов среднего и старшего жузов). – Алма-Ата: Изд-ва АН КазССР, 1951. – 42 с. 12. Таня ал-Харири-Вендель. Символы ислама. –СПб.: Издательство «ДИЛЯ», 2005. – 288 с. 13. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөрәдеббас., 1956. – 340 бет. 14. Мүйізді Өтеген. – Алматы: АБА «Айкос», 1999. – 298 бет. 15. Мың бір түн. Екінші том. – Алматы: «Жалын», 1993. – 464 бет. 16. Блаватская Е.П. Тайная доктрина. Т. 2. – Москва: Изд-во ЭКСМО-Пресс, Харьков: «Фолио», 2001. – 944 с. 17. Аджи М. Тайна святого Георгия. – Алматы: «Рауан», 1997. – 176 с. 18. Үмбетаев М. Пірім менің – Сүйінбай. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 144 бет. 19. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық.. Батырлар жыры. Т. 2. – Алматы: «Жазушы», 1986. – 288 бет. 20. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық. Батырлар жыры. Т. 1. – Алматы: «Жазушы», 1986. – 264 бет. 130

21. Қазақ совет энциклопедиясы. 12 томдық. 4-том. – Алматы: ҚСЭ Бас редакциясы, 1974. – 672 бет. 22. Үмбетаев М. Ақындық өнер өрісі. – Алматы: «Қазақ университеті», 2003. – 172 бет. 23. Үмбетаев М. Еншілес ел ақындары. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – 246 бет. 24. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). – Алматы: «Қазақстан», 1992. – 304 бет. 25. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары. – Алматы: «Мұраттас», 1992. – 94 бет.

131

МАЗМҰНЫ Кіріспе.......................................................................................................................3 І тарау. Өтеген батыр тұлғасының дерек көздері..................................................5 ІІ тарау. «Өтеген батыр» жырының Сүйінбай айтқан нұсқасы...........................31 ІІІ тарау. «Өтеген батыр» жырының Жамбыл айтқан нұсқасы...........................49 ІV тарау. «Өтеген батыр» жырының Тілеміс Есболұлы айтқан нұсқасы...........79 V тарау. Өтеген батыр есіміне байланысты туған әпсана-аңыздар................... 109 Қорытынды............................................................................................................. 128 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................... 130

132

Оқу басылымы

Үмбетаев Мүбәрәк ӨТЕГЕН БАТЫР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӘДЕБИ-ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ Оқу құралы Редакторы Самат Қалуов Компьютерде беттеген Сәуле Сарпекова Мұқабасын көркемдеген Ринат Сқақов ИБ № 5623 Басуға 31. 01. 2012 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 6,5 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №124. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды.

133

«   »          .    : -  . – 2011. – 70 . ISBN 978-601-247-320-9 -   «   »     ,          ,      ,                   .  . !    " :  . – 2011. – 283 . ISBN 978-601-247-268-4 !    "   #$ #                 ,         ,            .  !. %  &    :  '. – 2011. – 163 . ISBN 978–601–247–341–4 (   '         -  ,                  -    . "#$ . ). ($ *     :   . – 2011. – 90 . ISBN 978–601–247–308–7 +       ). ($ *  “!  ”   “(”            . %& . / $  : 4      *-   *. – 2011. – 137 . ISBN 978-601-247-330-8 5;< 4    *  *   "  "   '  ; 

=  *  *  *     * 4 "  * "  $ 4 $ 4,  *     4     *   ' > * . $'( . / $  :   - 4 $   4