Еңбекте Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму тарихында өзіндік орны, бағыты, көркемдік сипаты бар тұтас бір дәуір
2,618 95 2MB
Kazakh Pages [249] Year 2015
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ С. Ысқақұлы З. Сейітжанұлы Ш. Шортанбаев
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ Монография
Алматы «Қазақ университеті» 2015
ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) Ы 88 Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор А. Жақсылықов филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Ойсылбай филология ғылымдарының докторы, профессор У. Жинфың (ҚХР)
Ысқақұлы С. және т.б. Ы 88 Қытайдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі: мо нография / С. Ысқақұлы, З. Сейітжанұлы, Ш.А. Шортанбаев. Жалпы ред. бас. З. Сейітжанұлы. – Алматы: Қазақ универси теті, 2015. – 249 б. ISBN 978-601-04-1392-4 Еңбекте Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму тарихында өзіндік орны, бағыты, көркемдік сипаты бар тұтас бір дәуірі ғылыми тұр ғыдан жүйеленіп, көрнекті өкілдерінің шығармашылығы кеңінен қарасты рылады. Қытайдағы қазақ әдебиетінің өзіне тән қалыптасу, даму ерекше ліктері, бар болмысы мен әдеби деңгейі, тақырыптық-идеялық, көркемдік өресі монографиялық деңгейде тұңғыш рет зерттеу нысанасы болып отыр. Зерттеуде Қытай қазақ әдебиеті дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан қарастырылып, аталмыш дәуір әдебиетіндегі фольклорлық үлгілер, айтыс керлік дәстүрдің қыр-сыры, Абайдың Қытайдағы қазақ әдебиетіне ықпалы сараланады. Монография филология факультеттерінің оқытушылары мен док торанттарына, магистранттары мен студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.
ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) © Авторлық ұжым, 2015 ISBN 978-601-04-1392-4 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015
КІРІСПЕ
С
өз өнері – сыры мен сымбаты солғын тартпайтын қа сиетті қазына. Әдебиет таным – түсінігімізді кеңейтіп жан – дүниемізге әсер етеді, адамдық қалыптың қа лыптасуына септігін тигізеді.Тамыры тереңнен тартар сөз өнері халықтың рухын асқақтатып, кеменгерлік келбеті мен өмір ше жіресінен хабар бермек. Осы ретте қазақ әдебиетінің де өркені өскен, дәстүрі бай әдебиет екені даусыз. Осыған орай кезінде те ріске шығарылып, қара тізімге ілінген өнер иелері мен олардың мұралары қайта оралып, ел игілігіне орала бастады. Олар туралы ғылыми – зерттеу еңбектер жазылды. Жаңа көзқарас – бүгінгі күн талабынан бағалауды мақсат еткен кітаптар жарық көре бастады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес зерттеуге, насихаттауға тиіс мәселелердің бірі қазақ әдебиеті болуы да заңды. Шыңжаң қазақ әдебиетінің өзіне тән туып – қалыптасу, даму ерекшеліктері бар. Сол ерекешіліктерді дөп басып зерделеу, ондағы өнер иелері нің шығармаларын бүгінігі ғылыми жетістік тұрғысынан саралау маңызды міндеттердің бірі деп білу керек. XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өз шығармаларына халық тағдырын, көңіл күйін, ел тіршілігін, заман тынысын арқау еткен ақындар шоғыры өмір сүрді. Олар Әсет Найманбайұлы, Ақыт Үлімжіұлы, Жүсіпбекқо жа Шайхысыламұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Асылхан Мыңжа сарұлы, Көдек Маралбайұлы, Шарғын Әлғазыұлы, Шілбі Көме кұлы, Әріпжан Жанұзақұлы, Отарбай Дүйсенбіұлы, Арғынбек Апашбайұлы, Досбер Сауырықұлы, Асқар Татанайұлы т.б. ақын дар еді. Сол ақындық арна арқылы қазақтардың өзгеше сипатқа толы бір өлкеге тән әдеби ортасы қалыптасып, даму жолына түс ті. Бұл ақындардың шығармашылық өмірбаяны таяу заманғы елі міз қазақ поэзиясының бар болмысы мен деңгейін,тақырыптықидеялық, көркемдік өресін танытады. Бір-біріне ілесе бір-бірімен 3
қатарласа шығып, бір дәуірде өмір сүрген бұлардың шығармала рында өткен ғасырлардағы қазақ халқының тыныс-тіршілігі мен тағдыр-талайы көрініс табады. Бұл қатарда шығармаларының көркемдік қуаты, тақырып ауқымының кеңдігі, идеялық мақсатының тереңдігі, филосо фиялық түйіні тұрғысынан маңыздылығы, ұлттық болмысты бейнелеудегі шеберлігі жағынан оқшау тұрған ақын Таңжарық екенін айту керек Ол – өзінің өлең-толғаулары, қисса-дастанда ры, айтыстары арқылы бір өлкеге тән ұлттық әдебиеттің талант ты өкілі екенін таныта білді, ту ұстаушысы да. Таңжарық және оның айналасында, алды-артында өткен ақындардың шығарма шылығы негізінде еліміз қазақ әдебиетінің өзіне тән қалыптасу, даму ерекшелігін зерделеу бүгінігі таңдағы зәру мәселенің бірі деп қараймыз. Таңжарықтың ақындық табиғаты өзгелерге ұқсамай, шығар машылық шеберлігі жағынан да дара тұрады. Таңжарық поэзиясы ның жанрлық ізденіс жағынан молдығы, көркемдік қуатының өз гешелігі, философиялық тереңдігі, образ жасау шеберлігі оның талант қырын оқшаулап, даралап көрсетіп тұр. Оның туындыла ры қазақ поэзиясына жаңа стиль, жаңа түр қалыптастырып, маз мұндық, көркемдік стильдік тұрғыдан жоғары деңгейге көтерді. Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, өткен ғасырдың 80-жылының басынан бері рухани өміріміздегі «ақтаңдақтар ды»қалпына келтірумен қатар, қытай қазақ әдебиетін зерттеу бағытында да көңілге медеу тұтарлықтай жақсы істер атқары луда. Мерзімді басылымдарда көптеген мақалалар жарияланды, ғылыми-зерттеу еңбектер жарық көрды. Тіпті, Қазақстанның өзінде 1999-2002 жылдары баспадан шыққан белгілі әдебиетші ғалым, профессор Зұфар Сейітжанұлының «Қытай қазақтары әдебиетінің туып, даму жолдары» және «Ақыт ақын» [1] атты зерттеулерінде негізінен шыңжаң қазақтары әдебиетінің қалып тасу, даму барысы сол кездің (XXғасырдың алғашқы жартысын дағы) тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларымен байланыстырыла сараланып, аймақ әдебиетінің негізгі сарыны айқындалады. Сол замандағы қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайы, бөлінген жер мен ел тағдырының ақын шығармаларындағы көріністері қарас тырылады. Озық ел болуға үндеген өлең-толғаулары және дас тандары талданады. Сонымен бірге аталған мерзімдегі қытайда болған саяси-әлеуметтік шаралардың, Қытай (Ханзу) әдебиетінің 4
ондағы қазақ әдебиетіне тигізген ықпал, әсеріне ғылыми тұрғы дан пайымдау жасалады. Көрнекті жазушы, академик Сәбит Мұқанов 1956 жылы Шың жаңға келген сапарында Әсет пен Таңжарық сияқты үлкен тұлға ақындар жайлы мәлімет алып, осы сапарынан алған әсері баян далатын «Алыптың адымдары» [2] атты кітабында олар туралы жан-жақты мағлұмат береді, алғаш рет Қазақстан халқына таныс тырады. Бірақ өкінішке орай, екі мемлекеттің арасында қырғиқа бақтық пайда болды да, тиімді бола бастаған бұл достық байла ныс он шақты жыл ғана өмір сүріп күрт үзілді, жақсы басталған жоғарғыдай үрдіс тоқтап қалды. Соған қарамастан бұрынғы қол да бар деректің негізінде белгілі жазушы Бұқара Тышқанбаевтың әзірлеп, алғы сөз жазуымен 1974 жылы «Жазушы» баспасынан Таңжарықтың «Арман тау» [3] атты шағын жинағы жарық көрді. 1977 жылы «Қазақ совет энциклопедиясының» 10-томында ақын өмірі мен шығармалары деректі түрде таныстырылды Елімізде Таңжарық Жолдыұлының мұраларын жинау, зерттеу мәселесі сонау XX ғасырдың 40-жылдарының соңынан бері бірде үзіліп, бірде қайта жалғасып отырса, өзге ақындар шығармала рына негізінен 80-жылдардың басынан бастап назар аударылды. Соңғы кездері таяу заман ақындар туындылары бір ізге түсіп, жи нақталып, оларды тану ғылымы жүйеленіп, сараланып, айқында лып, аумалы-төкпелі заманды өткерген ақындардың тарихи өз тұлғасы шынайы танылып келеді. «Мәдениет төңкерісі» кезінде халықтық мұраға, ұлттық си паттағы мәдениет көріністеріне көзқарас мүлде өзгеріп, саяси тұрғыдан қысымға алынды. Соның салдарынан сол кезге дейін жасалынған ұлттық әдебиет пен мәдениет үлгілері қайта сұрып таудан өткізіліп,бір жақты бағаланды. Міне, осындай идеоло гиялық қыспаққа түскен ұлттық әдебиетті өз болмысына сай зерттеуге деген мүмкіндіктің аясы бір мезгіл өте тар болғаны белгілі. Бүкіл ел халқына тиімді саяси реформадан соң ғана қай кезде де халқының бар жақсы ісінің басынан табыла білген, кө кірегі ояу, зиялы азаматтар шама-шарқынша біршама іс тындыр ды. Бұл орайда аймақтағы қазақ әдебиетін зерттеп, насихаттауда жергілікті ғалым – әдебиетшілердің: О. Егеубаев, А. Кірішбаев, А. Қалиұлы, З.Нұрәділқызы, Ш. Оңалбаев, Т. Рыскелдиев, Ғ. Ақы тұлы, О.Асылұлы, Ш. Құмарұлы, Б. Кәсейұлы, Ж. Маманұлы, М. Құрманбайұлы, Қ. Қамажанов, Ы. Әділқанов, А. Абеуұлы қа 5
тарлы қаламгерлер аталған дәуірдегі ақындардың мұраларын жи нау, олардың шығармашылықтарына қатысты кейбір деректерді дәйектеу, жекелеген туындыларына тақырыптық-идеялық тұрғы дан баға беру негізінде жазылған мақалаларының құндылықта рын атап өтуге болады. Алайда еліміздегі қазақ әдебиеті туралы зерттеулерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда, кейде кемшін тұстар немесе кей бір кереғар ой бағыты мен пікірлер ұшырасып жататынын жасы руға болмайды. Оның үстіне баспасөзде жарияланған сын-зерт теу мақалалардың дені ауқымының молдығына қарамай, кейбі реуі бірін-бірі қайталау сипатындағы, ақпараттық деңгейде екені де белгілі. Сондықтан бұл еңбекте арқау етіп алынған ақындар дың шығармалары кезінде біршама зерттеу өзегіне айналғанына қарамастан, нағыз объективті деңгейде талданып, әдебиеттану талаптары тұрғысынан лайықты бағасын ала алмағаны шындық. Осы тұрғыдан келгенде, қытай таяу заман қазақ әдебиетіндегі ақындардың шеберлік қырлары монографиялық түрде жан-жақ ты қарастырылып, әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеу обек тісіне айналған жоқ. Зерттеудің негізгі мақсаты – XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы қытай-қазақ поэзия сындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін қарастыру. Осы орайда аталған дәуірдегі ақындар шығармашылығын саралау, оған қоса әдеби үрдіске белсенді араласқан және оған шама-шар қынша үлес қосқан Әсет Найманбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Ақыт Үлімжіұлы, Жұсіпбекқожа Шайхысыламұлы, Асылхан Мыңжасарұлы, Көдек Маралбайұлы, Шарғын Әлғазыұлы, Шілбі Көмекұлы, Досбер Сауырықұлы т.б. ақындардың шығармашы лығы қатарына тән сипаттарды айқындау. Ақындық дәстүрдің жа ңарып, түрленуінің қыр-сырын саралау. Ортақ идея, мақсаттарды пайымдау, сонымен қатар олардың идеялық-тақырыптық, өзіндік ерекшеліктерінің арналарын ашып көрсету, ондағы сарындас тық, сабақтастық, жалғастық мәселесіне назар аудару. Аталмыш ақындардың идеялық-эстетикалық ізденістерін анықтай отырып, әсіресе, Таңжарықтың суреткерлік шеберлігін, өзіндік шығарма шылық ерекшелігін айқындау. Бұл ақындардың Қытайдағы қазақ әдебиетінің дамуындағы үлесін салмақтау. Осы мақсатқа орай ал дыға мынадай міндеттер қойылады: 6
– аталған ақындардың шығармаларын бүгінгі күн көзқарасы тұрғысынан зерделеу; шығармашылық ғұмырнамасының кезең дерін анықтау әрі ақындар ғұмырнамасының шығармашылық қызметімен байланысын зерделеу, дәуір сипатын аңғарту. – бұл дәуір әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы мен поэзияның жаңашылдық үлгілеріне баса назар аудару; – ақындар поэзиясындағы фольклорлық үлгілерді анықтау; – шығыс әдебиетінің таяу заман қазақ поэзиясына тигізген әсер-ықпалын, әсіресе, назиралық дәстүрдің кең өріс алуындағы факторларды айқындау. – айтыскерлік дәстүрдің кең жалпыласуының қыр-сырын са ралау; – Абайдың аталған дәуірдегі ақындарға ықпалын анықтау; – Таңжарықтың лирикалық цикльді құрайтын өлеңдерін топ тастырып, олардың мазмұндық, мағыналық, пішіндік жақтан түр ленуін, сабақтастығын пайымдау; – ақындық орта және әдеби үрдіс мәселелерін қарастыру; – аталған дәуірдегі еліміз қазақ поэзиясындағы әдеби үрдіске белгілі дәрежеде қызмет еткен Ақыт, Таңжарық, Асылхан, Көдек, Шылбы, Шарғын, Досбер қатарлы ақындардың шығармашылық тарын жүйелеп қарастыру; – осы кезеңдегі әдеби үрдістің дамуына, түрленуіне ықпал ет кен факторларды айқындау; – аталған дәуірдегі ақындар шығармаларындағы ортақ идея, сарындарды саралау; – сол кезеңдегі әдеби үрдістің негізгі жетекші күштері және олардың сөз өнерінің дамуына әсер- ықпалын көрсету; – ақындар поэзиясының жанырлық сипаттарын айқындау әрі олардың лирикаларына, айтыстарына, қисса, дастандарына көр кемдік талдау жасау; – танымдық, тағылымдық мәнін көрсету, ондағы өркениетке үндеу идеясын ашу; Зерттеу нысанасы ретінде аталған дәуірдегі ақындардың өлеңдері, толғаулары, қисса, дастандары, айтыстары, яғни әр кез де басылған шығармалары алынды.
7
1
XІX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Ш
ыңжаң қазақтары рухани әлемінің барысын сөз еткенде, біз жалпы қытай халқының сол тұстағы әлеуметтік-саяси, мәдени тірлігіне соқпай өте ал маймыз. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы қытай қоғамы, мәдени барыстары жөнінде бірер сөз айтылып, оның сипаты ай шықталмайынша,өлкедегі қазақтардың әлеуметтік, мәдени, әде би тірлігін безбендеу мүмкін емес. Елімізде феодалдық қоғам Чиң патшалығының (1644-1911 жылдары) соңын ала күйреуге беталды. Әлеуметтік дағдарыс күн сайын күшейіп, ішкі қайшылықтар барған сайын ушығып, хандық барынша іріп-шіріді. 1840-жылдардан бастап өзге капиталистік елдердің ықпалымен қазақ қоғамында түбірлі өзгерістер туыла бастады. Әлемдегі алпауыт империалис мемлекеттердің қытайға анталай шабуылдауы- еліміздегі феодалдық қоғамның ыдырауын тездетті, капитализмнің өркенін жая бастады. Осылайша феодал дық қытай қоғамы жартылай феодалдық қоғамға айналды. Тағы бір жағынан бұл елдер қытайды өз қалауынша емін-еркін билептөстегендіктен, тәуелсіз мемлекетті жартылай отар елге айнал дырды. Міне содан бастап империализм мен қытай халқы, феода лизм мен халық бұқарасы арасындағы қайшылық – таяу заманғы қытай тарихы дамуындағы негізгі қайшылыққа айналды. Қытай халқы халық ретінде құрып кетуден сақтану үшін тайпиңтианго дан (1851) шаңхай төңкерісіне дейін (1911) төңкерістік күресті толассыз жалғастырып отырды. Сондай-ақ қытайдың көкірек кө зі ояу, алға басар ұл-қыздары саны мол, салмағы батпан қорлық пен зорлықтарға төзе жүріп, батыс елдерінің ғылым-мәдениеті нен ақиқат іздеді. Осылайша батыстағы өркендеген әдебиет-көр кемөнердің сан түрлі ағымы қытайға ағылып кіре бастады. Әдебиет қоғамдық идеялогияның және жалпы мәдениеттің құрамдас саласы ретінде сол дәуірдегі қытай қоғамының өзге рістерін бейнелеуге, сонымен бірге өзі де аталған бетбұрыстарға 8
үйлесуге, сәйкесуге міндетті еді. Сөйтіп аталған тарихи кезеңде феодалдық әдебиет пен қатар, отаршылыққа қарсы тұруды, фео далдық бұғаудан құтылуды негізгі мазмұн еткен алға басар әде биетте дүниеге келді. Сонымен бір уақытта феодалдық қоғам тұ сындағы ескі әдебиетті жаңалау науқаны да қоса жүріп жатты. Міне осындай жағдайда таяу заманғы қытайдың алға басар әде биеті сол кездегі саяси күрес үшін ғана қызмет атқарып қалмастан, белгілі деңгейде империализмге, феодализмге қарсы ұран көтерді. Сонымен бірге, қытайдың көзі ашық, көкірегі ояу азаматта ры туған елін ояту мақсатымен батыс әдебиетінің, әсіресе орыс әдебиетінің көрнекті өкілдерін туған тілдеріне молынан аударды. Гете, Тагор, Петефи, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Гоголь, Че хов т.б. шығармаларының қытай тіліне аударылуы, сол кездегі хат танитын қауымның сана-сезімінің оянуына игі әсер еткені белгі лі. Ал аталған әлемдік классиктердің және Қазақстаннан барған қазақша, орысша нұсқалары және ішкі өлкеден келген ханзуша нұсқалары шыңжаң халықтарының да көкірек көзін ашып, та ным-талғамын өсіре түсті. Сондай- ақ 1930-1940 жылдарда қы тай әдебиетінің көрнекті өкілдері Лу Шұн, Го Моро, Мау Дұн, Әй Чиң т.б. секілді ақын-жазушыларының шығармалары да шың жаңда біртіндеп аударыла бастаған болатын. Сондықтан қытай әдебиетіндегі әр кезеңнің бедері еліміздегі қазақ әдебиетіне өз ізін қалдырып отырды. Жалпы 1920 жылдардан басталған қытай мәдениетінің ояну қозғалысы 1930-1940 жылдарда биік белеске көтерілді десек, тура осындай ояну құбылысы ұқсас мезгілде елі міз қазақтарында қайталанып отырды. Сол мезгілде шыңжаң қа зақтары арасынан шыққан Ақыт қажы Үлімжыұлы, Әсет Найман байұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Жүсіпбекқожа Шайхысыламұлы, Көдек Маралбайұлы, Асылқан Мыңжасарұлы, Шілбі Көмекұлы, Шарғын Алғазыұлы, Нұртаза Шалғынбайұлы, Дубек Шалғын байұлы, Әріпжан Жанұзақұлы, Арғынбек Апашпайұлы, Отарбай Дүйсенбіұлы, Асқар Татанайұлы т.б. ақындардың мәдени ояну шылық рөлі ерекше болғанын байқауға болады. Қалай болғанда да бұларсыз XX ғасырдың алғашқы жартысындағы еліміз қазақ тары әдебиетінің жай-күйін сөз ету мүмкін емес. Аталған ақын дардың бірі діни ғұлама, бірі әнші-сазгер, бірі айтыс ақыны енді біреуі аудармашы болғандықтан, сол тұстағы сауаттылық деңгейі әр қилы қазақты жан-жағынан қаумалап оянбасына қоймады. Та ғы бір ескерте кетерлік жағдай, еліміз қазақтарын оятушылар тек 9
жоғарыдағы ақындармен ғана шектелмейді. Олардың жан-жа ғында, маңайында қолынан қаламына түспей өткен үлкенді-кіші лі ақын-жазушылар аз болған жоқ. XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың алғашқы жарымына дейін қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінде ға на емес, мәдениеті мен әдебиетінде де өзіндік өзгерістер туылды. Мұның өзі заман ауқымының және ел іші-сыртындағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы табиғи беталыс еді. Мәдениет шебінде гі мұндай өзгерістің басты бір белгісі оқу-ағартудың дамуынан байқалады. Еліміздегі қазақ сахарасында XX ғасырдың бас ше ніне дейін негізінен ескіше мектеп, медреселер ғана болған, онда көбінесе діни оқу оқытылатын, оның үстіне тұрақты емес еді. 1922 жылы Үрімжі қаласында тұңғыш рет өлкелік мұңғұл-қа зақ мектебі ашылды. Бұл мектепте қытай тіл-әдебиеті және қазақ ша-орысша тіл сабағы өтілді. 1935 жылы құрылған шыңжаңда бір талай қазақ балалар оқыды. 1934 жылдан бастап қазақ арасына жаңаша мектептер ашыла бастады және бірнеше жыл ішінде Іле де 38, Тарбағатайда 15, Алтайда 16 мектеп құрылып, оқушы саны 6200-ге жеткен. Бұл мектептерде сол кезде Қазақстаннан шыққан жаңаша оқулықтар болған. ХХ ғасырдың бас шеніне дейін біздегі қазақ ішінде ескіше оқыған санаулы ғана зиялы болған болса, бұл тұста, әсіресе, 1930-1940-жылдарда бастауыш, орта мектептер мен арнаулы курстарды тауысқандардың саны едәуір молықты. ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап біздегі кейбір қазақ әдебиеті шілерінің кітаптары Қазан қаласындағы баспалардан шыға баста ды. Ол кезде Шыңжаңда қазақ тілінде баспа сөз қалыптаса қой маған еді. Тек 1930 жылдардан бастап қазақ тілінде газет-журнал жарық көрді. Қазақ тілінде «Шинжаң газеті», «Іле газеті», «Ерікті Алтай», «Тарбағатай газеті» шыға бастады. Үш аймақ төңкерісі нің ықпалымен 1940-1945 жылдар аралығында «Күрес», «Білім арнасы», «Таң шолпаны», «Бірлік», «Одақ» атты журналдар және «Әдебиет арнасы» атты алманақ жарыққа шықты. Тарбағатайда «Жаңа Шыңжаң», Алтайда «Жаңа Алтай» журналы шықты. ХХ ғасырдың бас шенінен бастап мәдениет, ғылым, әдебиет саласында және әкімшілік, басшылық саласында бір шоғыр қа зақ зиалылары ел көзіне түсіп жетіле бастады. Олардың қажырқайраты арқасында ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ханзу және әлем әдебиетінің озық үлгілері сауатты қауымға дерлік жет кізіліп отырды. 10
1930 жылдардан бастап Шыңжаңға, әсіресе, қазақ аудандары на мәдениет жағында совет одағы игі ықпал жасады. Олардан түр ліше газет-журнал, кітаптар таралды. Шетел қазақ әдебиеті жане олар аударған шығармалар орыс әдебиеті мен европа әдебиетінің үздік үлгілері де шинжиаң қазақтары арасына тарала бастады. Таяу заман қазақ әдебиеті орта ғасырдан жалғасқан халық ауыз екі әдебиеттің жасампаздық дәстүріне мұрагерлік етті. Бұл тұста ел арасында ескіден келе жатқан мифтер, аңыз-ертегілер, ерлік эпостар мен халық дастандары, шешендік сөздер мен ма қал-мәтелдер, өлең-жырлар мол сақталды. Өте-мөте XVIII ғасыр дағы «Aқтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты туындаған аңыз-жырлар кең таралған. Сонымен бірге осы дәуірдің өзінде, дәлірек айтқанда XIX ғасырдан XX ғасырдың алғашқы жартысы на дейінгі дәуірде жергілікті түс алған қыруар аңыз-әңгіме, өлеңжыр, қисса-дастан, шешендік сөз, айтыс өлеңдері барлыққа келіп ауыз әдебиетінің қорын байытты; жазба әдебиет өрістеп халық ауыз әдебиетімен жарыса өмір сүрді. Десе де, ХІХ ғасырда ғы лым мен мәдениет, әдебиеттің дамуына ілесіп, қазақтың поэзия жасампаздығының сипатында өзіндык өзгерістер туылды. Сондай-ақ қазақ хандықтары дәуіріндегі қалыптасып, өрісте ген зор әлеуметтік және қолданылмалы рөл атқарған жыраулар жа сампаздығының стилі, сарыны осы дәуірге дейін созалаңдады, яғ ни бұл дәуірде ертедегі жыраулар жырының көбінесе белгілі әлеу меттік қимылға тікелей қызмет ету харектері жаңаланып, поэзия жасампаздығы арнаулы көркемөнер түр ретінде даралана бастады. Бізде қазақ жазба әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жарымынан ХХ ғасырдың бас шеніне дейін қалыптасты. Ұлы ақын Абай жа сампаздығының ықпалын қабылдай отырып өзіндік арнада өріс теді. Таяу заманнан бергі жазба әдебиеттің басты белгілерінің бірі туындыны баспасөзде жариялау болса, бұл дәуірде қытайда қазақша баспасөздің қалыптаса қоймағанын айту керек. Сол се бептен бұл тұста ақын, қиссагер, әдебиетшілер туындыларының баспасөзде жарияланғандары санаулы ғана еді. Қисса-дастан дардың бір бөлегі және кейбір шежіре кітаптар қолжазба күйін де таралды. Ал әдеби туындылардың дені ауызша таралды және сақталды. Бұл дәуірде ең алғаш баспа сөзде кітабы шыққандар ғұлама ақын Ақыт Үлімжыұлы мен Жүсіпбекқожа Шайқсыла мұлы болды. Олардың көптеген қиссалары кезіндегі Қазан, Уфа қалаларының баспаларынан шықты. Шетелде басылғанымен бұл 11
екі ғұлама ақын шығармаларының баспадан шығуы қытай қазақ жазба әдебиетінің қалыптаса бастағанын анық аңғартты. Жазба әдебиет дегенде хатқа түсірілген, қағазға жазылған туындылар да қамтылуға тиісті. Осы тұрғыдан айтқанда бұл дәуірде бізде қазақ жазба әдебиеті едәуір жалпыласты деуге болады. Жазба әдебиетіміз ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында бұрын ғыдан әрі мазмұн жағынан ілгерілей түсіп әлеуметтік сипат алды. Түр, жанр молайып одан ары дамыды. Бұл дәуірде айгілі ақын Таңжарық өкілдік еткен ақындар поэзиясы зор әлеуметтік ықпал тудырды төңкерістік күрестердің ықпалын қабылдады, ескі қо ғамның ем қонбайтын дерт-дербездерін әшкерелеумен бірге төң керістік алға басар идеяны жырлады. Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ға сырдың алғашқы жартысына дейінгі қытай қазақ әдебиеті өзге ұлттар әдебиетінен әрі шетел қазақ әдебиетінен өзгеше өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бұл дәуірдегі әдебиетімізде өлең сөз жасампаздығы басым орында тұрды. Бірақ, ол жасампаздық ау қым-беталысы, поэзиялық жанрлары жағынан болсын өзінен іл гергі дәуірдегі поэзиядан нәр алып, өзіне тән дәуір ерекшелігін қалыптастырды. Ең алдымен жасампаздығының ықпалын жетіл дірді. Түр және өлең өлшемі жағынан жаңаша поэзия арнасына ойысты. Жазба әдебиет құрамы барған сайын молықты. Жалпы алғанда, бұл дәуірдегі әдебиетшілеріміздің дені ұлылы-кішілі ақындар болды. Олар негізінен халық ауыз әдебиетінен үйрен ді, соның топырағында өсті. Олар ең алдымен халық ауыз әде биеті туындыларын әсіресе халық өлең-жырларын қаршадайы нан жаттап, үйреніп, содан нәр қабылдады,шабыт алды, соның бесігінде өсіп-жетілді. Халық ауыз әдебиеті туындыларын, жырдастандарды жинаушы, жырлаушы және біртіндеп баспа сөзде жариялаушы болды. Халық ауыз әдебиетінің сюжетін жаңғыртып туынды жаратты. Жүсіпбекқожа Шайқысыламұлы, Ақыт Үлім жіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Әріпжан Жанұзақұлы, т.б. міне осы түрдегі әдебиетшілердің типтік өкілі. Қазақ фольклорының ұлттық бояуы қанық түрлерінің бірі айтыс өнері десек, бұл дәуірде өсіп-жетілген ақындардың бәрі дерлік жасампаздық жолын айтыс өнерімен бастаған. Олардың көбі жас кезінде айтыс ақыны болған әрі бір талай таңдаулы айт ыс мұраларын қалдырған. Сондықтан бұл дәуірде барлыққа кел ген мұндағы қазақ әдебиеті мұраларының ішнде айтыс өлеңдері 12
айырықша назар аударды, соңғы жиырма шақты жылда ел ауызы нан осы дәуірден қазіргі ұрпаққа мұра болған жүзден аса айтыс өлеңі (мәтіні) және айтыс өнерімен бірге туып, біте қайнасқан, қоры қомақты қара өлең жинап алынды. Оның бір талайы бас па сөзде жарияланып үлгерді. Бұл тұста мұндағы қазақ арасында әдебиет-көркемөнердің өзге түрлеріне қарағанда айтыс өнерінің мықтап өрстегені, содан тұп-тура ХХ ғасырдың алғашқы жар тысына дейін өзінің дәстүрлі ізімен қаймағын бұзбай жалғасып, дамығаны байқалады. Әрі өзіне тән жергілікті бояуы және дәуір ерекшелігімен ажарланады. Бұл дәуірдегі ақын туындыларының бір бөлімі баспа сөзде жарияланды. Бірақ, 1930 жылдардың екінші жарымынан ілгер гі дәуірде баспасөзде жарияланғандары тым көп емес. Олардың туындыларының бір бөлімі қолжазба күйінде, тағы бір бөлегі ауызша таралды. Мұндай шығармалар бертінде ел аузынан жа зып алынды. Бір талайының бірнеше нұсқасы (варианты) сақтал ған. Кейбір шығармалар текстологиялық тұрғыдан әлі зерттелу үстінде. Авторының кім екені немесе қайсы нұсқасының түп нұс қа екені әлі күнге дейін дүдәмәл, мұның өзі осы дәуірдегі әдебиет жасампаздығы халық ауыз әдебиеті ықпалынан арылып кете ал мағанын бір қырынан сипаттайды. Бұл дәуірде әдебиетімізде кейбір оқиғаларды, ел-жұрттың, ақындар мен авторлардың өз басынан кешірген оқиғаларын баян дайтын жыр тобы пайда болды. Мұны өз тұсындағы әлеуметтік өмірдің тарихи туындысы десе де болады.Мұндай топаны мол, формасы да алуан түрлі, белгілі нақ оқиғаны толық қамтып, дастан түрінде ұзақ жырланғандары да, келте қайырып, қысқа ша жырланғандары да кезігеді. Бірақ олардың бәріне ортақ бір ерекшелік-өз тұсында ақынға ерекше әсер еткен және ел-жұрт тың басынан өткен аянышты оқиғалар, ақынның сол жөніндегі ой толғанысты жырланады. Онда оқиға, адам, оқиғаның туылған орны, уақыты, нәтижесі, автордың көңіл-күйі өңдеп әрлеуден өт кізілмейді, негізінен өзгеріссіз жырланады. Өйткені ақындар өз ойын қара сөзбен баяндағаннан гөрі өлең сөзбен жырлағанды аб зал көретін. Жұрт ішінде өлең-жырды естіген жерден құйма құ лақ өлеңші ақындар көп болған. Поэзия кең қанат жайған ортадан мұндай өлең-жыр кең таралатын әрі ықпал тудыратын. Дәстүрлі қиссагерлік ауқым онан әрі өрістеді. Қиссагерлік тің жалпыласқаны сондай бұл дәуірдегі қиссадан өзге жыр түр 13
лері-батырлық жырлары, ғашықтық жырлары да қисса деп атала бастады. Оның өзіндік себебі болды. ХІХ ғасырда қазақ саха расына ислам діні бұрынғыдан кең таралды. Бұхара, Самарқан, Қазан қалаларынан келген молда-қожалар ислам дінін қазақ ара сына кең насихаттады. Соған байланысты «Құран кәрім», «Қис са-сул әнбие» хикаялары одан ары таралды. Халық ақындары, ауыл молдалары арабтардың классикалық шығармасы «Мың бір түн» хикаялары, парсылардың байырғы халық эпосы «Шаһнама» және үнділердің «Тотынама» сюжеттерін қазақ өміріне сәйекес тендіре жырлады. Мұндай қиссалардың Қазан қатарлы қалаларда басылған нұсқалары таралды. Қиссаларды хат сауаты бар адам дар, ауыл молдалары қолдан-қолға көшіріп таратып отырды. Оны «Өлең кітап» деп атады. Ескі дәстүр бойынша қиссалардың ауыз екі таралғандары да болды. Қиссагерлік жасампаздыққа халық ақындары, ауыл арасындағы әуесқойлар ғана емес білікті үлкен ақындар да қатынасты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жарымында біздегі қазақ әдебиет жасампаздығында, халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет жасампаздығының бірге туып бітеқайнасқанын, кейде оларды бір-біріне жанаспайтын екі арнада қарастырудың қиынға соғатынын ескермей болмайды. Іс жүзінде ХІХ ғасырдан кейін жаңғырта жырланған яки тың сю жеттер бойынша жырланған қиссалардың бәрі бірдей ауыз әде биеті жасампаздығы емес, оның бір тобы сол кезде жеке ақындар атында баспа сөзде жарық көрді. Бұл дәуірде әдебиеттің тақырып өрісі кеңейді, мазмұн-мәнері жаңаланды. Жалпы әдебиет жасампаздық ауқымы біртіндеп сын шыл реализм арнасына ойысты. Мадақ-марапат жырлары азайып, сын әшкерелеу көбейді, өмірдегі әлеуметтік теңсіздіктерге наразы лықкүшейді. Кейбір шығармаларда заман ауқымының індеттері мен керағарлығы әшкере айыпталып отырды. ХІХ ғасырдың ІІ жарты сында туылған аумалы-төкпелі, зобалаң жағдайлардың салдарынан Алтай, Тарбағатай жерінде қазақ жұртшылығында басқа өңірлерге ауа көшу арқылы ауыр алман-салықтан қашу, жергілікті билеуші лердің баса билеуі мен жолсыз жазалауына қарсыласу жайттары күшейді. Ауған елдің ұзаққа созылған аумалы-төкпелі өмірі жөнін де көптеген өлең-жыр және дастандар туындаған. Бұл топтағы шы ғармаларда сол елдің тартқан тауқыметі мен азапты, ауыр кешулері, мұң мен наласы бейнеленумен бірге, кіндік кесіп, кір жуған жерге деген сағыныш, қимастық сезім, күңіренген көңіл-күй кестеленген. 14
Мұндай мұңды, зарлы зар-заман әуендердің бір тобы «жер-су өлеңі» болып қалыптасқан. Ауған елдің ата мекенін аңсауынан туындаған бұл секілді сағыныш жырларында жер мен судың көркем табиғаты мен мән-жайы, өзгеше бітім-болмысы ақынның еміренген сағы нышты сезімімен өріле бір тұтас суреттеледі. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап жазба әдебиетімізде төңкерістік идея дәріптеле бастады. Бұл беталыс әйгілі ақын Таң жарық жасампаздығынан анық бейнеленді. Оның көптеген өлең дерінде, әсіресе, түрме тақырыбындағы шығармаларында кер тартпа үстемдікке қарсы күресу зұлымдықты әшкерелеу, халық ты есе теңдікке жеткізу дәріптеген. Мұндай әлеуметтік сарындар өзге ақындар поэзиясынан да елеулі орын алды. Ғылым-білім, өнерді игеруге шақыру, яғни ағартушылық идея бұл дәуірдегі әдебиеттің тағы бір басты ағымы болды. Мұндай озық идея дәуірдің жаңалануы, ғылым мен мәдениеттің даму ына ілесіп, барған сайын күшейді. Ақыт Үлімжіұлы, Әсет Най манбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Шылбы Көмекұлы, Шарғын Алғазыұлы қатарлы ақындар ағартушылық идеяның дамуына барынша үлес қосып, осы бағытта басымырақ қалам тербеді, де генмен, бұл идея сол кездегі ұлылы-кішілі ақындар шығармашы лығының бәріне ортақ өзекті тақырыпқа айналған еді. Еліміз таяу заман қазақ әдебиетінің қалыптасып, даму жо лында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне тірек болған, сусындап нәр алған қайнар бұлағы, үлгі-өнеге ал ған тәлімдік мектебі халықтың бай халық ауыз әдебиеті мен Абай мұрасы болса, енді бірі шығыстың классикалық әдебиеті болды. Әсіресе, халықтық қазына фольклордың сан ғасырлық өшпес өр нек-үлгсіне сүйенуі ақындар шығармаларына ерекше ажар ашып бергендігін көреміз. Шығыс әдебиетінің де ғибрат тағылымы, үйретер үлгісі аз болмаған. Бұл дәуірдегі ақындар назиралық үл гімен қисса жазу дәстүрін кең пайдаланып, оны бір түрлі шығар машылық тәсілге айландырса, Абай мұрасының идеялық-эстети калық терең мәні олардың үлгі-өнегесіне айналған-ды. Абайдың даналық жолын жалғастырып, өлмес өлеңдерін көптеп таратқан. Сонымен кезінде Абай үні еліміздегі қазақ қауымына да кең тара ған, өнер иелеріне нәр беріп ұстаздық еткен. (Бұл тарауды жазуда негізінен Бексұлтан Касейұлы қатарлы лар құрастырған «Қазақ әдебиетінің тарихының» 3- кітабы пай даланылды). 15
2
ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Ф
ольклорлық үлгі. Еліміз қазақ жазба әдебиетінің не гізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебі нің бірі- халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұр паққа ауысып келген халық ауыз әдебиеті. Халықтың көркемдік ақыл-ойының жемісі саналатын фольклордан нәр-қорек алмаған бірде-бір ақын жоқ десек те болады. Олар негізінен халық ауыз әдебиетімен ауызданды, соның топырағында өсті. Олардың жа сампаздығы халық ауыз әдебиетімен тығыз байлансыты болды. Олар ең алдымен халық ауыз әдебиеті туындыларын әсіресе ха лық өлең-жырларын қаршадайынан жаттап үйреніп, содан нәр қабылдады, шабыт алды, соның бесігінде өсіп-жетілді. Ақындар шығармаларында ажарлы айшықтардың ғасырлар сүзгісінен өт кен халық поэзиясының үлгі-өрнегімен ұштасып жатқанын аңға ру қиын емес. Ақыттың «Жақсы қатын мен жаман қатын» өлеңінде мынадай жолдар бар: Қарақас, жазық маңдай, қаракөзді, Бұралған тал шыбықтай жұмсақ сөзді, –
десе, Көдектің «Ақмарқа» атты өлеңінде: Ақмарқа аққу құстың мамығындай, Терісі піскен алма қабығындай. Ақ бетің, айдай көркің, қара шашың, Пері мен перизаттың аруындай, –
деп суреттейді. Ал ақын Таңжарық Салихан қызды: Міні жоқ он төртінде туған айдай, Шырын сөз, қарақат көз, күміс маңдай.
16
Немесе: Шалқаласып кетеді жанталасып, Буын босап аққудай мойнын иіп, –
деп сипаттайды. Бұған қарағанда ақындар көбінесе сүйген жар, сұлу қыз бейнесін суреттегенде фольклорлық шығармаларда бұрыннан келе жатқан көркемдеу құралдарына (эпитет, теңеу) сүйенген. Мұның бәрі де ару қыздың тал бойынан табылатын сұ лулығын айқындап аша түскен. Ал ер-азаматтарды қыран құстар мен салыстырған. Мысалы: Ақсұңқардай түлеген, Тұяғын тасқа білеген Ер жігіттің сол болар... (Ақыт) Арасын қалың шөптің көктей өтіп, Жалтақтап лашындай мойнын созып... (Таңжарық) Ақсұңқардай ұшқыр қып, Құдай- ақ артық жаратқан... (Көдек) Туар ма Демежандай қайтпас қыран, Асқанда дар басына именбеген... (Әріпжан) Кейбір жігіт қаршыға, Зырлап ұшар қарсыға. (Арғынбек)
Сұлу қыздарды аққуға, ер жігіттерді қыран құстарға теңейтін мұндай мысалдарды көптен келтіруге болады. Алайда біз бірне ше ақындардың әр түрлі өлеңдерінен бір-бір ғана мысал келті румен шектелдік. Мұндай халықтық поэзияға тән құралдар жо ғарыдағы ақындар шығармасында жақсы жарасымдылық тапқан. Ержігіт бейнесін қыранмен, ару қызды аққумен салыстыру қазақ және басқа түркі тілдес елдер ғана емес, көптеген халықтардың әдеби нұсқаларында, ауыз әдебиетінің ежелгі, ескі туындыларын да кездеседі. [4, 30-б] 17
Ақындар көркемдік бейнелеу құралдарын қолданғанда халық тық үлгідегі ажар айшықтарға ден қойып, оны өздерінің шығар маларында пайдаланған. Халық поэзиясының дәстүріне сүйене отырып дамытқан. Мақал-мәтел аз сөзге көп мағына сыйдырып, айтар ойды об разды түрде ажарлап, өткір де өтімді жеткізетін кестелі сөз. Сон дықтан мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді әсерлі жеткізуде ғана емес, көркем шығармаларда да көп қолданылады. Осы ерекшелік біз сөз еткен жоғарыдағы ақындардың өлең жырларында да сақтал ған. Олар өз шығармаларының идеялық-көркемдік қуатын арт тыру мақсатында кейде мақал-мәтелдерді таяныш, тірек етіп, сол арқылы айтпақ ойларын ұштай түскен. Бұрынғыдан үлгі бар, «Талапты ерге нұр жауар» «Ерінбеген екі асар», Еңбекпен көпке сол жағар, –
дейді Ақыт «Елу төртінші тақта сөзінде». Мұнда ақын екі мақалды қатар қолданған. Екі мақалда логи калық жақындық қосыла келіп, автор ойын жинақы түйіндеуге мүмкіндік тудырған. Осы сияқты халық даналығын тудырып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болған мақал-мәтелдерді пайдалануды басқа ақындар да көркем тәсіл еткен. Мәселен: «Болса да қырық жыл қырғын ажалды өлер» Деген шын тағы айналып келдім міне. (Таңжарық) Біз келдің алдыңызға ақыл сіз ден, Мақал бар «бөрі азығы-түзден» деген (Арғынбек) «Жағың түспей жамандық көрме» деген. Әшейін айта салған сөз екен ғой (Әріпжан).
Ақындар кейбір мақал-мәтелдерді бұрынғы айтылған қалпын да қолданса, кейде оны өз өлеңдерінің формасына қарай өзгертіп, 18
қысқартып мағынасын ғана сақтағанын байқаймыз. Ақыт ақын «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» деген мақалды «Бір той ған шала байлық, – деген қазақ» деп қолданса, Көдек «Алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақалды «Алдырар ала болса деген мақал» түрінде айтады. Сондай-ақ, Арғынбек Апашпайұлы: Жау жағадан алғанда Бөрі етектен тақымдар. Күн көре алмай барады, Сорлы қазақ пақырлар, –
дейді. Мұндағы «жау жағадан алғанда бөрі етектен алады» дейт ін халық даналығының екінші тармағы «бөрі етектен тақымдар» деп сәл өзгерткен. «Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген мақалды Әріпжан Жанұзақұлы біраз өзгертіп, тұтас өлең жолда рына айналдырған. «Құдыққа құлан жығылса, Құлағында қолбақа Ойнайды», – деген осы да. Болмаса халық аузындағы... Білімді өлсе Қағазда хаты қалар, Ұста өлсе, артында Істеген заты қалар, –
деген мақал негізінде Ақыт: ... Патшалардан тақ қалар, Мергендерден жақ қалар Ұсталардан тат қалар, Ғалымдардан хат қалар. Ақыл серік асылдан Айтып жүрер ат қалар, –
деген ақыл, өнеге боларлық өлең жолдарын тудырған. Ақындар өздерінің айтпақ ойларына мағыналары сәйкес ке летін мақал-мәтелдерді ғана таңдап-талғап пайдаланып отырған. Кейде өз пікірлерінен ұзақ сонар түсіндірмей-ақ қағидаға айнал ған бейнелі көркем сөз арқылы ұтымды жеткізген. Сол арқылы 19
шығармаларының идеялық-көркемдік өткірлігін арттырып, түй дек ойды түйіндеп отырған. Шыңжаң қазақ жазба әдебиетінің өкілдері кейбір шығармала рында бұрыннан келе жатқан халық ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі мотивтерді сақтаған, яғни белгілі мақсатқа, кәдеге жарата білген. Таңжарық Жолдыұлының «Садық пен Салихан» дастанынан бұл анық байқалады. Эпостық жырларда баласыз ата-ананың мұң-зарына құлақ асып, олардың тілегінің қабыл болуына әулиелер көмектеседі. Соның бірі – Шашты Әзиз. «Алпамыс батыр» жырында сексен жасқа келген Байбөрі мен Аналыққа Менің атым Шашты Азиз, Қыламын десең ықылас. Жарылқады жаратқан, Ей бейшара, көзіңді аш! –
деп олардың бір ұл, бір қызы болатынын айтады. Осы сарын Таңжарықтың «Садық пен Салихан» дастанында кезігеді. Екі қыз (Салихан, Сағихан) боранды күні адасып дала ға қонады. Түнде Салиханның түсіне ақсақалды шал кіреді, жол сілтейді. Бұдан соң қылма балам, қайғы мен зар, Қашан болса боламыз біз саған жар. Бір атың шылбырына оралып тұр, Менің атым Шашты Әзиз тез тұрып бар, –
деп аян береді. Сөйтіп екі қыз таңертең тұрып оралып жатқан атын шешіп, әулиенің айтқан жолымен жүреді. Іздеушілерге жо лығып ауылына аман-есен жетеді. Эпостық жырлардағы бұл мо тивты орынды пайдаланған. Эпикалық жырларды үлгі-өнеге тұт қан. Ақындық пен шешендікті егіз өнер ретінде бағалаған халық қадырсыз сөзді қажет етпесе, орайы келгенде оңтайлы айтыл ған сөзді жадында сақтаған. Одан үлгі алған, үйренген. Әсіресе, ақын-жыраулар поэзиясында шешендік сөздің үлгі өрнегі көп. Ақыт пен Таңжарық та әрі ақын әрі сөзге ұста шешен де болған адамдар. Сондықтан бұлардың кейбір өлең-толғауларында ше 20
шендік сөз бен поэзияда астасып жатады. Ақыттың «Ал жаран дар тыңдай бер» толғауында мынадай жолдар бар. Наданнан көрген қорлығың, Ішті өткізер тұзбен тең. Жеке басы жақсының, Бір де болса жүзбен тең. Әділетсіз заң-жарлық Көкіректегі шермен тең. Қайғысыз болса қара қос, Тар да болса кеңмен тең. Жанға жылы жақсы сөз, Жүрекке шипа еммен тең, –
деп басталатын толғауда жамандық пен жақсылықты салыстыра жырлаған. Кісілік, адалдық, қадір-қасиет насихатталады. Жақ сылықты саралап көрсетеді.Мұндай шешендік үлгіде жырланған өлеңдер Арғынбек пен Таңжарықта да баршылық. Таңжарықтың «Бір мысал» өлеңінде былай термелейді: Атты сұлу көрсеткен, Аяғындағы тағасы. Жігіті мықты көрсеткен Алдындағы ағасы. Ішікті сұлу көрсеткен, Қара бұйра жағасы. Келіншекті сұлу көрсеткен, Құшағындағы баласы... Қызды сұлу көрсеткен, Тамағындағы танасы. Ай да болар күннен соң. Күн де болар түннен соң, Құлпырып тұрған бәйшешек Қурай болар солған соң.
Бұл өлең келелі ойдың кесімді тұжырымындай әсер қалдыра ды. Халық даналығының негізінде қортылып, шұбырта баянда ған шешендік сөздің өрнек үлгісін бірден аңғаруға болады. Ақын дық пен шешендік қабысып келген қатар өнер екендігі де белгілі. Аталған ақындар шығармаларында шешендік нақыл, толғау және қоштасу, жоқтау үлгісінде жазылған өлеңдер де бар. Ақыт 21
жас кезінде жаңа түскен келіннің бетін ашып беташар өлеңін жазсса, «Хош бол, Боқай» – оның жоқтау үлгісіндегі өлеңі. Ақын мезгілсіз қайтыс болғаннан әйелінің қазасына қайғырады. «Жүре гін ашытқан, сүйегін жасытқан» өлімнің өкініші көп екенін айта келіп, ата-ана мен бала-шағаны сабырлық сақтауға шақырады. Тірі де басым қарманған, Не бітеді арманнан. Қайран ғазиз дос жарым Жарламда өтті жалғаннан, –
деп жанына жара салған қазаға өкінеді. «Қайран ғазиз дос жа рым» деген сөз ақын жұбайының адамгершілік болымысын аша түскен, қайтыс болған адамның жақсы қасиеттерін айту жоқтау дың негізгі бір шарты екені белгілі. Ақынның Боқайды жоқта ған өлеңінен халық ауыз әдебиетінің әсер ықпалын аңғару онша қиын емес. Мұндай жоқтау өлеңдері Көдек ақында көп жазған «Бір жал қы жігітке шығарылған дауыс», «Бір қыздың дауысы», «Деген байдың дауысы», «Осы заман пендеге», «Сәрсенбайдың дауысы» өлеңдерінің қай-қайсысында да қайтыс болған адамның тіршілі гіндегі жақсы қасиеттеріне баса назар аударған. Мәселен, Сәр сенбайды жоқтағанда оның ақылдылығын, қайырымдылығын, өнеге ете айтады. Тіпті арғы аталарын да таныстырып, солар дан бері үзілмей келе жатқан кісілік бар екенін ескертеді. Мұнан кейін өмірдің өтпелілігіне, Сәрсенбайдың жұртқа үлгі жан екені не тоқтала келе: Толған айдай халқыңа, Әр қашан түскен жарығың. Қырғыз, қазақ ішінде Екпінді болған арының. Серпілмеген сескеніп, Қорғасындай ауырым, – Бір-ақ күнде тиылды-ай Соғып тұрған дауылым. Жаратқан Алла жар болып, Жәннатта болғай қабірің, –
деп түйіндейді. 22
Ақындардың жоқтау өлеңдеріне назар аударғанда фольклор лық дәстүрді сақтаған және кейбір көркемдеу құралдары да (қой аңдыған қасқырдай, толған айдай, шолпандай болып таңдағы, ақ сұңқар құстай, сары алтындай т.б.) фольклордан алынған. Сон дай-ақ, «биссмиллә деп бастайын», «әуелі сөзді бастайын», «бисс милла деп әуелі» т.б. деп келетін дәстүрлі жолдар да қайталанып отырады. Сондықтан бұл топтағы шығармаларды жоқтау үлгісін дегі туындылар деп айтуға болады. Ақындар көнеден келе жатқан мұң-шер өлеңдерінің негізінде жоқтаулар жазып оны дамытқан. Сонымен бірге дыбыс, сөз қайталау да фольклорға тән ерек шеліктің бірі десек, аталған ақындар шығармаларында мұндай ерекшеліктер де кездесіп отырады. Бірер ғана мысал келтірейік. Ақыттың «Ынтымақсыз ел азар» деген өлеңінде «азар» сөзі жиырма екі рет, ал «Биссмилла тәңірім бір болар» өлеңінде «күн болар» сөзі қырық екі рет қайталанса, Таңжарықта «Сәлем» деген сөз он бір рет және «Өткен күн» өле ңінде «күн» деген сөз тоғыз рет қайталанады. Бұлардан шығатын қортынды шыңжаң қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлес қосқан ақындардың кейбір шығармалары фольклорлық дәстүрге өте жа қындық танытады. Таңжарық бата-тілек, қарғыс түрінде де өлең жазған ақын. Оның «Шын тілек» өлеңінде: Араздық, алалықты өсірмес қыл, Қымызға қызып алып есірмес қыл. Тұйықтап бас- аяғын біздің елдің Тау-тасқа бұрынғыдай көшірмес қыл!
Лирикалық кейіпкер халық үшін шын тілек тілейді. Негізгі мақсаты тау-тасты сағалап көше бермей, араздық, алалығы жоқ бе рекелі, озық ел болу. Бұл өлеңде дәстүрлі бата өлеңінде кездесетін тұрақты, көп өзгере бермейтін жаттанды сөздер жоқ. Көпшілікті жаңалыққа шақыру, үндеу сипаты басым. Осы өлеңнің екінші бө лігі қарғыс түрінде келеді, сатқындық жасау арқылы ел ішін бүлді ріп, момындардың обалына қалғандарға назаланған ақын: Жерге енсін елдің ішін бүлдіргендер, Жоқты езіп залымдарды күлдіргендер. Арамға жанын жалдап, арын сатып Қармаққа момындарды ілдіргендер, –
деп қарғыс айтады.
23
Бұдан шығар түйін сол Ақыт, Таңжарық, Көдек тұрмыс-салт жырларының бұл түрлерін дамытып өз замандарына лайық жа ңаша мазмұн беріп жырлаған. Сонымен бірге олар халық әде биетінің өшпес өнегесін терең түсіне отырып одан үйреніп тәлім алған. Екіншіден, жоғарыда есімдері аталған ақындардың бәрі де өлеңдерін жазып та шығарған, реті келгенде қысқа қайырым өлеңдерді суырып салып та айта білген. Ал Әріпжан бірер рет айтысқа түссе, Таңжарық ірі айтыс ақыны ретінде танымал бол ған дарын иесі. Сондықтан жазу мен ауызша айту бұлардың екі қыры деуге болады. Басқаша айтқанда дәстүрді жаңашалықпен ұштастыра отырып, еліміз қазақ әдебиетін дамытуға үлес қосқан. Назиралық дәстүр. Еліміз таяу заман қазақ поэзияасының тамырын тереңге тартып, кемелденуінің тағы бір қайнары – шы ғыс әдебиетінің игі ықпалы, яғни шығыстық үлгідегі классика лық шығармалардың өнегесі деуге болады. Шығыс елдерінің әдебиеті тым ертеде дамығандықтан орта азия халықтарының әдебиетіне орасан зор ықпал жасайды. Әр бір жақтан үлгі-өнеге көрсетеді. Шығыс әдебиетінің биігіне қа зақ әдебиеті де, ертеден-ақ құлаш ұрады. Қазақтың озық ойлы әдебиетшілері шығыс әдебиетіндегі оптимистік, адамгершілік идеялардан, көркемдік тәсілдерден, оқиға желісін құрастыру ше берлігінен, өлең құрылысын жасау өлшемдерінен үйренеді. Олар шығыстың таңдаулы әдебиет үлгілерінен нәр алып оны қазақ са харасына, өзінің туған топырағына бейімдеп жырлады. ХІХ ға сырдың соңғы жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында еліміз қазақ әдебиетінде назиралық дәстүр кең дамыды, қиссагер лік өркендеп өсті. Назира сөзінің мағынасы араб тіліндегі сұрақ-жауап, жауап қайтару деген ұғымға сай келеді. Назиралық дәстүр түркі тіл дес халықтардың классикалық жазба әдебиетінде араб-парсы әдебиетінің ықпалымен орта ғасырларда-ақ белең беріп, соңғы дәуірлерге дейін даму үстінде келе жатқан өміршеңдік қуаты күшті дәстүрдің бірі. Ол ең алғаш VII-VIII ғасырларда араб ел дерінде пайда бола бастаған екен. Тереңнен тамыр тартқан, ұзақ тарихы бар осы дәстүр беріге дейін жалғастық тауып, ХІХ-ХХ ғасырларда шығыс аңыз-ертегілері, қисса-хикаяларының сюже тін назира түрінде жырлау яғни шығыстық бір ақын жырлаған сюжетті кейінгі буында бір ақын өзінше қайта жаңғыртып дас тан шығару дәстүрге айналған. «Олар біреуінің тақырыбын бі 24
реуі алуды заңды жол еткен. Тек алдынғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғалардың негізінде пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгерте отырып, тыңнан жырлап шығатыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталануын ешуа қытта аударма деп танымау керек. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл салтты заңды деп біліп,осы дәстүрге«назира», «назирагөйлік» деген атау бер ген»[5, 150-б]. Әдебиеттанушы ғалымы, профессор Алма Қыраубаева: «ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, әдебиетте қазақтың ұлттық оянушылығының бір көрінісі ретінде XIII-XIV ғасырлардағы на зира дәстүрі қайтадан жедел дами бастайды» [6, 186-б] – дейді. Шынында, қазақтың көркем әдебиетіне назиралық дәстүрді ең алғаш алып келген ұлы ақын Абай еді. Оның «Ескендір», «Мас ғұт», «Әзім» атты қиссалары қазақ өмірінен, өз ортасы, өз дәуірі нің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сю жеттерге құрылады. Қазақ әдебиетіне Абай сіңірген бұл назиралық үлгіні қытай таяу заман қазақ ақындары да жаппай қолданып, қыруар қисса ларды жаратып, елімізді қазақ жазба әдебиетінің тақырып аясын кеңейтуге, мазмұн және форма жақтан кемелденіп, биік өреге кө терілуіне елеулі рөл атқарды. Яғни олар ұлы Абайдан өнеге қа былдап назира дәстүрінің ықпалымен сюжет сорабын араб, пар сы, индия және басқа түрки тілдес ұлттардың халық ауыз әде биетінен классикалық шығармаларынан алып, оны қазақи жолмен жырлады. Сөйтіп назиралық әдеби тәсіл мен машықтың негізгі жанры болған қиссалар сол тұста халық арасына өте кеңтарап, дами түсті. Неше ондаған жеке қиссалар таралды. «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Тотының тоқсан тарауы», «Қырық уәзір» сы қылды көп сюжетті, тоғыспалы кесек жырлар да жырланды. «Қиссалар ХVIII-XIX ғасырларда ауызша ғана емес, қол жаз ба күйінде, кейінірек баспа сөзде жарияланып кітап түрінде та ралған. Сондықтан жұрт оны «Өлең кітап» деп те атаған. Халық қисса шығаратын, яки оны жырлайтын ақындарды «Қиссагер» деп атаған. ХІХ ғасырда, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қиссагерлікте сауатты халық ақындары көп еңбектенді. Олар көп теп хатқа түсіріп, баспада жариялап отырды. Бұл іске жай халық 25
ақындары ғана емес, ықпалды жазба ақындар да араласты, соған байланысты қисса жанрының қазақ әдебиеті тарихындағы ор ны жоғарылады. Кейбір әдебиет танушы ғалымдар: қисса жанры таяу қазіргі заманғы қазақ әдебиеті тарихында маңызды орында тұрады, ол XVIII-XIX ғасырлардағы жалпы қазақ әдебиеті жа сампаздығындағы үш негізгі саланың бірі болып қалыптасты деп есептейді [7, 605-б]. Қиссалардың еліміз қазақтары арасында қаймағы бұзылмай сақталып, кең жырланып келуіне таяу заман ақындарының рөлі жоғары болған. Алайда қиссаларды жинау, реттеу, зерттеу жұ мысы елімізде өткен ғасырдың 80-жылдарында шындап қолға алынды. Саны едәуір молда қомақты қазақ қиссалары әлі толық жиналып үлгермеген күннің өзінде қазірге дейін жүзден астам қиссаның таралғаны мәлім болды. Оның жарымынан астамы ке зіндегі «Шалғын», «Мұра», «Алтай аясы» журналдарында жә не әр қайсысы аудандарда шығарылған жергілікті материалдар да жарияланды. Сол негізде құрастырылған «Қазақ қиссалары», «Қазақтың ғашықтық жырлары» атты жинақтарда елудей қисса басылды. Осы жүзден астам қиссасының көбі сол таяу заманғы дәуірде жырланғаны белгілі. Бұл дәуірдегі ақындар назиралық үлгімен қисса жазу дәстү рін кең жалпыластырып, оны бір түрлы шығармашылық тәсіліне айландырған. Өздерінің ақындық атағын жұртқа әйгілеуде нази ралық үлгімен қисса жазуды ақындық өнердің үлкен өлшемі деп білген. Бұның өзі қисса жанрының дамып, кең өрістеуіне,тараты луына ықпал етті. Ақындар көптеген қиссаларды назиралық жол мен өздері жазып таратса, кейбіреулерін баспа сөзде жариялады. Тіпті бұрыннан халық арасында бар қиссаларды да жинап, рет теп, жырлап ел арасына қайталай кең таралуына себепші болды. Мәселен, «Ел ішіндегі қарттардың айтуынша: «Бақтияр» және оның «Қырық бұтағын» шыңжаң қазақтарына көп таратқан ақын жыршылардың бірі – Әріпжан Жанұзақұлы сияқты. Әріпжан ақын 1940-жылдардың басында Тарбағатайда қайтыс болады. Әріпжан қырық бұтақты түгел білген, үзбей жырлағанда бір ай дан артық уақытқа созылады екен. Әріпжан бұл қиссаны өз әкесі Жанұзақтан жаттаған. Ал Жанұзақ ақын бұл қиссаны өзінен бұ рынғы ақындардан жаттады ма, я болмаса өз жанынан жырлаған ба, бұл жағы анық емес [8, 622-б]. Бұл қиссалар ақындар жағы нан қайталай жырлануы, таралуы барысында мазмұн жане форма 26
жағынан үлкен өзгерістерге ұшыраған. яғни, қазақтың тұрмыссалтына, эстетикалық талғамына, ұлттық психикасына, көркем дік дәстүріне бейімдеп, жырлаған. Қайталай жырлану барысында қиссалардың ұлттық бояуы ажарлана түскен. Өйткені, ақындар оны қазақиластырғанда ондағы оқиға, кейіпкерлерден тартып бә рі-бәрі де қазақтың сахарасындағы өмір шындығына ыңғайлан ған. Солай бейімдей, соған сәйкестіре жырлаған. «Ондағы адам дар қазақ психологиясында жасалған. Олар барлық іс-әрекетінде қазақша қимылдайды, қазақша ойлайды, сөйлегенде де қазақтың сөйлем орамы, сөз кестесі бойынша сөз саптайды. Ұлттық салт жақтарында онда қазақтың алты алашы шақырылып, қазақтың алты қанат ақ ордалары тігіліп, ақсарбас айтылып сойылып, ұлан-асыр жомарт той болып жатады. Қонаққа ет атпен тарты лады. Дүрілдетіп домбыра шертіледі. Шілдехана өткізіледі. Өлең айтысады. Балуан күреседі. Теңге ілу және сөлкебай ату, қызқуар, ақсүйек, алтыбақан секілді қазақ ойындары ойналады. Ат бәйге сі болады. Құдаларға құйрық-бауыр асатылады. Өлгенге жоқтау айтылып, ас беріледі. Жөн-жосықты бұзғандарға қазақ жолымен айып салынады. Ел басына, ауыл ақсақалдарына сыбаға сақтала ды, тарту беріледі. Сыбызғы, қобыз ойналады. Қазақ билері би ленеді. Ит жүгіртіп, құс салынады. Жар-жар, беташар айтылады. Мұндай қиссаларды оқып отырғанда әсте шеттен келген деп сезінбейсің, қайта қазақтың ата-бабалары кезінде Бағдат, Мысыр, Шам қалаларында дәурен сүргендей, араб, парсы, түрік тілдерін де тұтынғандай түсінесің [9,138-б]. Аталған дәуірдегі қазақ қиссаларын құрылымына қарай екі топқа жіктеуге болады. Бірі, сюжеті дара, жекелеген қиссалар. Та ғы бірі, «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Тотының қырық тарауы», «Қырық уәзір» сынды желілес жырлар. Мазмұндық жақтан алғанда бұл қиссаларда феодализм қоға мының әлеуметтік қайшылықтары әшкереленеді. Нақтылап айт қанда, хан сарайларындағы «хан мен уәзір, хан мен ханзада, әке мен бала, аға мен іні және түрлі саяси топтар арасындағы бақ та ласы, аңдысу мен арбасу, пәлеқорлық пен жалақорлық, озбырлық пен обырлық, алдамқостық пен аярлық, зұлымдық пен жауыздық, қиан-кескі қырқыс, жантүршігерлік жауыздық» жан-жақтылы әшкереленеді. Адалдық пен арамдық, әділет пен жауыздық, шын дық пен өтірік шытырман шайқасқа түсіп, ақырында арамдық, қаскөйлік, жалғандық жеңіліп, жауыздық түбі жазамен тынады. 27
Ар, әділет, шындық жеңіске жетіп отырады. Қыруар қиыншы лықтарды бастан кешіріп қорлық көрген адал жандар ақырында мұратына жетіп әділ билеушіге айналады [10]. Демек, қиссаларда көбінде орда өмірі, хан сарайлары тақырып болғанымен, түптеп келгенде сол орда-сарайлардағы әділетсіздіктер әшкереленеді. Халық тілегі орындалып, әділеттілік жеңіп, әділ билеуші орнауды армандаған тілек аңыс етіледі. Енді бір бөлім қиссаларда пәк махаббат, ғашықтық бас ер кіндік басты тақырып болады. Мұндай қиссаларды мазмұны мен кейіпкерлердің тағдырына қарай екі жікке бөлуге болады. Бірі, ғашықтардың ғашықтық ғаламаты, арман-тілектері, мұң-зары ес кі феодалдық салттың, түрлі қара күштердің қарсылығына, шек темесіне ұшырап, азап отына түседі. Қайғы-қасірет арқалайды. Алайда, адал махаббатарын қорғау жолында кербақпа ескі әдетғұрыпқа, қаскүнемдікке қарсы күресу арқылы арманына жетіп бақытын табады. Ал, екінші топтағы ғашықтық қиссаларда мұ ның керісінше қос ғашықтың тағдыры трагедиямен аяқтайды. Олардың өмір жолы бұраң болып, керенау ескі салт пен қатігез, қараниет, жауыз жандардың кесірінен арманына жете алмай, адал махаббат жолында мерт болады. Қисса жанры қазақ әдебиетінде сонау ертеден тартып пайда болып, жалпыласқанымен, еліміз қазақтарында оның кең өріс теуі, көптеп жырлануы, таралуы, баспада басылуы, жан-жақты лы кемелденіп, озық өреге көтерілуі ХІХ ғасырдың соңғы жар тысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы кезең болды. Бұл дәуірдегі қазақ жазба ақындарының бәрі дерлік назиралық жолмен қисса жазып, бұл жанрдың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосты. Әсіресе, Жүсіпбекқожа Шайхысыламұлы, Әсет Найман байұлы, Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Әріпжан Жанұ зақұлы қатарлы ақындардың еңбегі зор. Еліміз қазақ жазба әдебиетінде Абай үлгісінде ең алғаш қисса жазып, тұңғыш баспада кітап түрінде жариялағандар Жүсіпбек Шайхысыламұлы мен Ақыт Үлімжіұлы болды. Жүсіпбек Шайхысыламұлы бала кезінде Шымкенттегі медре седен, кейін сол кездің жоғары оқу орны- Бұхара медресесінен оқып, араб тілін жетік игереді, «құранды» қазақшаға аударады. Осы медреседегі кездерінен бастап көркем әдебиетке араласады. Ол өз білімін толықтыра түсу үшін шығыс халықтарының тіләдебиетімен танысады. Білім алу мақсатымен Бұхара, Стамбұл 28
қалаларына барады. Айгілі Әбылқасым Фердауси, низами Ган жауи, Науайы, Жами, Физули, Қожа хафиз, Ширази, Шайх сағди лардың шығармаларын оқиды, олардан үлгі-өнеге алады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік игерген ардагер ақын «Тотының тоқсан тарауы», «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Мың бір түн» т. б. шығыстың желілес тоғыспалы аңыз-ертегілерінің оқиғасынан назиралық жолмен қазақиластырып көптеген қис са-дастандар жазады. «Жүсіп-Зылиқа» қиссасының оқиғасы ал дымен шығыстың ауыз әдебиетінде хикаяланған, кейін жазбаша жырланған. Қиссаның оқиғасы алғашқы қауымдық тұрмыс ке шірген түркі тілдес байырғы ру-одақтарының ауыз әдебиетін де де кездеседі. «Жүсіп-Зылиқа» оқиғасын шығыстың әдебиет алыптары Фердаусидан бастап бір қаншасы қара сөзден жырға айналдырады. Жүсіп-Зылиқа оқиғасының сюжетінен пайдаланып қазақтың «Жүсіп-Зылиқа» атты гуманистік ғашықтық қиссасын алғаш жазған Жүсіпбек Шайхысыламұлы. Жүсіпбектің «Қисса-ый хаз рет Жүсіп ғалайсылам мен Зылиқаның мәселесі» атты қиссасы 1893-жылы қазанда жеке кітап болып басылған. Осы нұсқа 1898, 1901, 1904, 1907, 1913, 1918 жылдары Қазан, Уфа, Ташкент қа лаларындағы баспаларда алты рет қайта басылған. 1976 жылы Қазақстанда «Ғашықнама» деген жинаққа ықшамдалып енгізіл ген. Елімізде кітап-журналдарда басылудан сырт 1987 жылы ха лық баспасынан жеке кітап болып басылды. Ақын тағы «ҚасымЖомарт», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Нұрғазарын», «Ораз молда» қиссаларын жазғандығы анық. «Сейфүлмәлік-Жамал» қиссасының негізгі оқиғасы шығыс халықтарына кең тараған «Мың бір түн» хикаясының «Сейфүл мәлік-Бәдіғұлжамал» дейтін тарауынан алынған. Бұл тақырып ты сол кездің көп ақындары жарыстыра жырлаған. Жүсіпбектің жырға айналдырған нұсқасы 1903-1908-жылдары Қазан қала сында жеке кітап болып басылған. 1903-жылғы басылған алғы сөзінде автор: «он төрттен бері қарай қисса жаздым» деген мәлі меттер жазады. Автор 29 жасында «Ораз молда» қиссасын жаз са, 14 жастан 29 жастың аралығында қандай қиссаларды жаз ғандығы бізге беймәлім. Енді бірде«бұл күнде мұны жаздым 41 жаста» дейді. Автор тағы «көп жазып Жүсіпбектің көзі талды» дейді. Шынында да қазақ жазба әдебиетін дамытуға үлес қосқан алыптары арасында қисса-дастан, айтыс, өлең роман секілді кө 29
лемді кесек шығармаларды Жүсіпбектен көп жазған ақын бол маса керек. Жүсіпбек 14 жасынан бастап 80 жасқа дейін 66 жыл жазушылықпен айналысқан. Ол өзінің жасампаздық өмірінде түнді таңға жалғап шығарма жазып, таңның қалай атқанын да ұқпай «Таң шолақ» деп ат қойып, сол атты қалам аты есебінде ұстанғандығы да белгілі. Бұлардан басқа «Алтын балық», «Қисса Дутан Құнанбайұлы» (1903-жылы), «Еренғайып», «Сал-сал», «Зарқұм», «Сәлімжан» (1901-жылы), «Дариға қыз», «Мағраж», «Мың бір түн хикаясы» т.б. хикаяларын жырға айналдырғаны және «Бақтиярдың қырық бұтағының» 18 бұтағын қара сөзден қиссаға айналдырғандығы туралы әр түрлі деректер бар. Бұларды зерттепбекіту алдағы күн нің міндеті. Жүсіпбек Шайхысыламұлының назиралық жолмен жазған қиссаларының көп сандысының мазмұны көне қоғамның қат-қа бат қайшылықтарын әшкерелеу, яғни «феодалдық үстем тап орта сындағы хан, уәзір, ханым мен ханзада, әке мен бала, аға мен іні және әр түрлі топтар мен жіктер ортасындағы бақталас, аңдысу мен арбасу, пәлеқорлық пен жалақорлық, озбырлық пен обыр лық, алдамкөстік пен аярлық, зұлымдық пен жауыздық, шындық пен өтірік, қиян-кескі қырқыс, жантүршігерлік қырқыс, шытыр ман шайқасқа түсіп, ақырында арамдық, қаскөйлілік, жалғандық жеңіліп, жауыздық түбі жазамен тынады. Ар, әділет, шындық жеңіске жетіп отырады. Қыруар қиыншылықтарды басынан ке шіріп қорлық көрген адал жандар ақырында мұратына жетеді» (Н. Мыңжан). Бұл туралы автор «Алтын балық» қиссасында: Алдымен мен жазамын өткендерді, Әр қашан мұратына жеткендерді, –
деп қандай мазмұндағы қиссаларды жазғандығын ашық айтқанды. Жүсіпбектің қиссаларын сөз еткенде, «Шығыстың «СалСал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зылиқа», «Мұңлық-Зарлық», «ШәкірШәкірат» т.б. белгілі қисса-хикаяларын аударып бастырды»[11] деген қорытындыны құптауға болмайды. Себебі, Жүсіпбек аудар машы емес, ол шығыстың қара сөзбен айтылған, не жазылған хи каяларын, аңыз-ертегілерін пайдалана отырып, одан назиралық жолмен қазақша жыр тудырған ақын. 30
Ғұлама ақын Жүсіпбек Шайхысыламұлы халқымыздың ға сырлар бойында жалғасып келе жатқан асыл қазынасы-ауыз әдебиетінен нәр алады. Ұшан-теңіз мол қазынадан игіліктенеді. Ақындық, серілік, салдық құрып қазақ сахарасын аралап, халық тың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Өмір үйренеді, халық дана лығынан нәр алады. Атақты ақын, жырау, әнші-күйшілермен та нысып, олардың шығармаларынан үйренеді. Нәтижеде қазақтың төл тұрмысынан кесек шығармалар жазады. Ақыт Үлімжіұлы да шығыстың белгілі жұлдыздарын ұстаз тұтып, шығыс сюжеттері негізінде тамаша дастандар жазып қа зақ әдебиетінің тақырыптық аясын кеңейтуге үлес қосқан кітаби ақындардың қатарынан көрінеді. Ол да алғашқы сауатын араб, түрік тілдерінде ашқан. Ақыттың баласы Ғазездің айтуына қа рағанда, ақын кезінде қазан баспасынан шыққан түркі тіліндегі әдеби кітаптарды, шағатай тілінде басылған Фердаусидің, Қожа Хафиздің, Науайдың, Софи Аллаярдың шығармаларын жаттап өседі. Ақыт шығыстың белгілі жұлдыздарын ұстаз тұтып, олардан үлгі-өнеге алған. Осының нәтижесінде өзі де шығыс сюжеті не гізінде назира әдісімен бірнеше қисса жазған. Түркия мен араб елдерінде болып, араб, парсы, түрік тілдеріндегі әдебиетпен жақ сы таныс болған ақын «Қажы баян» дастанында сол елдердің көптеген жерлері мен үлкен қалаларының атын атайды. Шығар маның географиялық ауқым-аясының кеңдігі арқылы өзінің шы ғыс әдеби дәстүрімен жете таныс екенін аңғартады. Назиралық дәстүр мен шығыс ертегілері желісінде жазған көптеген қисса ларынан қазан баспасынан «Хиссаи жиһаншах Тамұзшахұғлы» (1901),«Қиссаи Ғабдулмәлік(1902), «Ахуал қиямет» (1908), «Абиат Ғахйдиа» (1909), «Керей ишаны Мұхамет мөмін» (1909), «Хис саи Сайфұлмәлік»(1909), «Қисаи Минахып пиран Ғазизан» және «Ақыт Үлімжіұлының өмірбаяны» [12,31-б] қатарлы тоғыз кіта бы басылып таратылады. Бұлардың кейбірі сол жылдарда бірне ше мәрте қайта басылыпты. Ақынның алғашқы көлемді туындысы «Жиһанша» 1891-жы лы Қазан қаласынан басылып шығады. «Мың бір түн» желісін дегі «Мәлике-Маран туралы әңгіме» негізінде жазылған. Автор «Мың бір түн» оқиғасын бірнеше түндерде айтылған әңгімені тұ тас қамтымай, тек «Жиһаншаның өмірі туралы әңгімесін» дастан ға айналдырған. Басқаша айтқанда, Жиһаншаның Шамсабануға 31
ғашықтығын ғана шығарманың арқауы еткен. «Мың бір түнде» әңгіме Жиһаншаның өз ауызынан айтылады, соңғы пайғамбарды іздеп шыққан Балқия екі зираттың ортасында жылап отырған Жи һаншаға кездеседі. Балқия бұл жігіттің неге жылап отырғанын сұ рағанда Жиһанша басынан өткен оқиғаны айтып береді. Сондайақ «Мың бір түндегі» оқиғаның соңы қайғымен бітеді. Екі ғашық бір жыл Кабұл, бір жыл Гауһарнегин қаласында кезек тұрады. Бір жолы Гауһарнегинге кетіп бара жатып жолда тынығып дем алады. Суға шомылып жүрген Шамсабануды улы жәндік шағып өлтіреді. Шамсабануды сол жерге жерлеп, басына зират соғады. Қасынан өзіне де зират жасатады да, қалған ғұмырын екі қабір дің арасында өткізеді. Ақыт қиссасында бұл эпизод айтылмайды, екі ғашық мұратына жетеді, оқиға жақсылықпен аяқтайды. «Мың бір түндегі» осындай кейбір эпизоттар мен адам аттарын (Мәлік Тұқмыс-тамұз, шайхы Насыр-Мағұрық шаһ, Шамсиа-шамсабану т.б.) аздап өзгерте жырлаған. Ақын «Мың бір түн» желісінің іші нен махаббат машақатын неге таңдаған? Таза сезімнен туған іңкәрлікті жырлау Орта Азияның классик ақындарында молынан ұшырасады. Олар кіршіксіз сүйспенші лікті тағдырдың сыйы деп білген, оны мадақ еткен. Өйткені шын ғашықтықта еш нәрсе қарсы тұра алмайтын ұлы күш бар деп ұқ қан. Сондықтан үлкен адамгершілікпен астасып жатқан мәңгі лік тақырып – сүйспеншілікті жырлап, мөлдір сезімді қадірлеуді Ақыт ақын да мұрат тұтқан. Екіншіден, арыдан келе жатқан дәс түрдің де өміршеңдігі деп ұққанымыз жөн. Шығарма желісі Тамұз патшаның жалғыз ұлы Жиһаншаның пері қызы Шамсабануға қосылу жолындағы іс-әрекеті, басынан өткен қиындықтары. Автор алдымен Кабұл қаласында тұрып бес жүз шаһарды билеген Тамұз патшаны таныструдан бастайды. Осындай патша өткен Тамұз атты, Бек ғаділ ел жұртына салтанатты, –
дейді. Тамұз патша ұзақ уақыт баласыздықтың зарын тартады. Ақыры ақылды уәзірінің кеңесі бойынша Хорасан патшасының қызын алып балалы болады. Баласына Жиһанша деп ат қояды. Бала сүйіп қуанған патша үлкен той жасайды. Дастанда Жиһанша өте зерек, білімді, талапты да тәрбиелі жан ретінде көрінеді. 32
Сөйлейін бір хикаят жамағатқа, Ол бала зерек болды жазған хатқа. Ғылымға жас шағынан зерек болып, Тауратты он бес жаста алды жатқа.
Баласы он бес жасқа келгенде әкесі тағын береді, патша бо лады. Бір күні Жиһанша қасына көп әскер ертіп аңға барады. Бір киікті қуып әскерлерінен адасып қалады. Қасында жеті құлы бар Жиһанша теңізден өтіп кеткен киікті ұстамақшы болып жағада тұрған кемеге отырып суға түседі. Шығарманың бұдан кейін гі өрілімі ертегілік қиял-ғажайып сипатта өрбиді. Теңізде қатты дауыл тұрып, кемені жел айдап кетеді. Сегізінші күн дегенде бір тауға келіп тоқтайды. Аң аулауға шыққан жеті құлдың төртеуін жарты адамдар ұстап қалады да, қалған үшеуімен шаһизада ке меге отырып қашады. Жел қуған кеме он бес күн теңізде жүзіп ақыры маймылдар еліне тап болады. Толыпты төрт тарабын маймыл алып, Отырды бұл төртеуі қайран қалып.
Маймылдар елінің адамдары жолдан азғандықтан мұнда кел ген адам патша болу керек екен. Осы шарт бойынша біраз уақыт патша болады. Күндердің күнінде мықты иттерді мінген төртеуі қашып шығады. Маймылдардан қашқан Жиһанша құмырсқалар еліне жетеді. Бұл жерлерде де бастарына қауіп төнеді. Қасындағы құлдарын құмырсқалар ұстап жейді. Құмырсқалардың бітімі әсі релеу тәсілімен жырланады. Үлкендігі таз иттей құмырсқаның, Жүре алмас көптігінен еш бұлардың. Сытылып арасынан қашты патша, Қуғыншы құмырсқа мен маймылдардың.
Екі мақұлықтан қашып құтылған шаһизада қаңғып жүріп бір шаһарға келеді. Бұл құс патшалығының елі болып шығады. Осында құс патшасы Мағұрықшамен кездеседі. Жыл сайын құс тар бір рет жиналып той жасап, Сүлеймен пайғамбардың рухы на дұға оқиды екен. Мағұрықша құс арасына кеткенде шаһизада ашуға болмайтын сарайға кіреді. Алтын сарайдың ішінде алтын тақ және жеміс өскен бұлақ бар екен. 33
Ол судың кенерінде алтын тақыт, Не көрмес адам ұлы көрсе бақыт. Әуеден үш көгершін келді ұшып, Тұрғанда тамашалап көзін сатып, –
деген жолдардан есікті неге ашуға болмайтынын аңғарғандай боламыз. Үш көгершін үш қызға айналып суға шомылады. Ша һизада осы үш пері қызының кішісі Шамсабануға ғашық болып есінен танады. Оқиға осыдан бастап ширыға, шиеленісе түседі. Жиһаншаның басынан өткен шым-шытырық жағдай, хауіпті са парлар баяндалады. Ғашықтықтың дертін тартып қайғы-уайымнан зарлаған Жи һаншаға құс патшасы Мағұрықша ақыл береді. Пері қыздар жы лына бір рет шомылуға келеді екен. Сол кезде көйлегін ұрлап алсаң ғана ол еш қайда кете алмайды деп ұғындырады. Шамса банудың көйлегін ұрлап алған Жиһанша мақсатына жетіп еліне қайтады. Бірақ бұл қуанышы ұзаққа бармайды, темір сандықты бұзып көйлегін алған пері қызы «мені Гауһарнегин қаласынан табарсың» деп ұшып кетеді. Жиһанша қаланы іздеп алыс са парға аттанады. Талай қауіп-қатерді басынан өткереді, бірақ ол күдерін үзбейді. Ақыры баяғы құс патшасы Мағұрықшаның кө мегімен екінші құс патшасы Шаһибазға одан кейін үшінші құс патшасы Таралмәлікке барады. Ол Яғомұс ақсақалға жібереді, оның құстарынан Гауһарнегин қаласының дерегін біледі. Құс қа мініп перілер мекеніне жетеді, Шамсабануға қосылып мұра тына жетеді. Қиссаның композициялық құрылымы өте күрделі. Бір оқиғадан соң екінші оқиға туындап отырады. Оқиға фантас тикалық сипатта жырланады. Қаһарман алты айлық жолды ал ты күнде, бір жылдық жолды он екі күнде ұшып өтеді. Тамұз патшаның дұшпандарына қарсы диюлер мен перілер соғысады. Мұндай қиял-ғажайып өрнектер оқиғаны күрделілендіріп әсер лендіре түседі. Жиһанша сан түрлі ғажайып жағдайларға душар болып, көп қиындықтарды көрсе де қажып-қайыспайды, алған бетінен қайт пайды. Ақын Жиһаншаны барлық қиындықтарға төтеп беріп, оны жеңіп шығатын табанды жан ретінде көрсетеді. Автор кейде кейіпкерлерді суреттегенде дәстүрлі бейнелеу тәсілдерін шебер пайдалана отырып, портреттік сипаттама береді. 34
Көңілі мұндай болған шамса қандай, Сөзі сөйлегенде шекер-балдай, Ақ жүзді алма мойын, қиғаш қабақ, Еті бар қарап тұрса жауған қардай. Немесе: Нұр дидарын көргенде, Шомылып суға кіргенде Он төртінде көрінген Толған айдай секілді, – деген жолдарда түркі халықтарының эпикалық жырларында жиі кездесетін тұрақты эпитеттер мен ортақ өрнектерді орын ды пайдалану арқылы Шамсабанудың кескін келбетін соншама тартымды бейнелеген. Ақыт кейіпкерлердің сөздік сипаттама сында диалогты жиі пайдаланған Сондай-ақ «Шаһизаданың за ры», «Шамсабанудың ғазалы» сияқты әлденеше рет айтылатын толғау-монолог арқылы олардың ішкі сезім күйлері кең көрініс тапқан. Кейіпкер өздерінің зары арқылы жаратқан хаққа сиынып жалбарынса, бірде одан күш-көмек сұрап, медет тілейді. Сөйтіп ішкі сезім, мұң-зарларын айтады. Оқиға арқауы мифтік-фантас тикалық негізде өрбитіндіктен басты кейіпкер қиын, шиеленіс, алуан түрлі шытырман оқиғаны басынан өткереді. Мұндай бірі нен-кейін бірі кездесіп отыратын көп қиындықтар шығарманың тартыстық жүйесіне тың серпін дарытып отырады. Пері қызы Шамсабанудың мекені Гауһарнегин қаласының көрінісін де ақын әсерлі суреттейді. Бір мың жеті жүз бұрышы бар қала үш айлық жерден жарқырап көрінеді. Інжу бар бұрышында неше түрлі, Перілер осындай қып салған мұны. Үстінде әр ынжудың шам-шырақтай, Құрылған бір-бір каусек асыл нұрлы. Айналасы алты інжу, күміс шынжыр, Үш айылық жер жарқырап болады нұр, –
деп зор шабытпен қызықтыра жазады. Оқиғаны әсерлеп қиял-ғажайып араластыра отырып жырлау кейіпкердің іс-әрекетін ашудағы бір көркемдік тәсіл деуге бола 35
ды. Өйткені оқиға өріліміндегі ең негізгі сарын сүйіспеншілікті дәріптеу болғандықтан осы жолдағы сан түрлі қиындық кедер гілердің бәрі де сол ғашықтықты дәлелдеуге бағытталған. Ақын белгілі сюжетті негізге ала отырып, оқиғасы күрделі де қызықты, тартымды қисса жазған. Шыңжаң қазақтары жазба әдебиетінде назиралық дәстүр бой ынша Абай үлгісінде алғаш дастан жазған ақындардың тағы бірі – Әсет Найманбайұлы болды. «Әсет қисса-дастандары тақырыбы ның көбі араб, парсы классиктері шығармаларының тақырыбы мен үндесіп жатуы оның араб, парсы тілдерін жақсы біліп, жақсы меңгергендігі деуге болады. Шынында, әсеттің, бірқыдыру қис са-дастандарының оқиға желісі мен баяндау тәсілдері классика лық шығыс әдебиеті мен шығыс классиктері қисса-дастандары ның сарыны сайрап жатады. Немесе, оның қисса-дастандарында оқиғаның басталуы, дамуы, шарықтау шегіне жетіп, шешілуі шы ғыс халықтарының аса көркем, аса қызықты әрі күрделі «Мың бір түн» хикаяларының сорабын аңғартады. Әсет заманында «Мың бір түн» хикаялары қазақ тіліне аударылды ма, жоқ па, ол жағы анық емес. Дегенмен Әсет дастандарында шығыс классиктері шығармаларының, оның ішінде «Мың бір түн» хикаяттарының ықпалы күшті сезілетініне қарап, Әсет араб, парсы тілдерін жете білгендігі үшін, «Мың бір түн» хикаяттарын арабшасынан оқы ған деуге болады. Сондықтан да Әсет шығармаларында шығыс классиктерінің әсері кең де терең бейнеленді [13,63-б]. Әсет қолына қалам алып, «Ағаш ат», «Үш жетім қыз», «Ша кір-Шакірат», «Жамсап», «Француз ханы жайлы хикая», «Нұ ғыман-Нағым», «Бақтияр», «Дастарқан» т.б. қиссаларды жазға ны белгілі. Бұл қиссаларында ақын араб-парсының классикалық жырларының оқиғасы мен стилін жадағай қайталамай, керісінше өз дәуіріне тән ұлттық ерекшеліктерімен байытқан. Қиссалардың оқиғасы араб, парсы елдерінің Бағдат, Басра, Мысыр, Шам ша һарларында, шығыстық елді-мекендерде өтіп жатады. Алайда, ондағы сан алуан шытырман оқиғалар, қым-қуыт тартыстар қа зақтың феодалдық қоғамына тән патшалық, хандық өмір шын дығына көшіріле баяндалады. Кейіпкерлері де кәдімгі қазақтар, немесе олар қазаша сойлейді, қазақша қимылдайды, қазақша тір лік етеді, аттары да қазақша болып келеді. Қысқасы, қазақи өмір бейнесі, қазақи салт-дәстүрлер көрініс табады. Мысалы: 36
Көп қыздар жар-жар айтып салды төсек, Күйеуге ұрын келген етіп есеп. Қыздардың сонда айтқан жар-жары мынау, Мұны да болмас сірә сөйлемесек... («Ағаш ат») Ақынды шақыруға әмір қылды, Домбырасын өзімен қоса алдырды. Патша жұртын жинап тамаша қып, Жан-жақтан, екі-екіден ән салдырды. Уәзір айтты: берейін мен де тоғыз, Бес жамбы, аяғы болсын тоғыз. Құда қып патшамен жарастырып, Қаншама сауап сөз айттың ұшан-теңіз. («Дастарқан»)
Көріп отырғандай, жар-жар айту, ұрын бару, домбыра шертіп, өлең айту, ақындардың өнерін жұрт жиналып қызықтау, өнер ді құрметтеп, сыйлық үшін жамбы қосып, тоғыз беру, құда түсу жоқтау айту салттардың бәрі-бәрі сол шығыстық елді – мекендер де өтіп жатқаны белгілі. Ақынның «Ағаш ат» қиссасы қазақи өмір бейнесін тамаша кестелеген, шығыстық сарындағы, романтикалы көркем шығар ма. Оқиғасы «Мың бір түн» хикаяларының желісінен алынған, кәдімгі қиял-ғажайып ертегілеріне ұқсас. Онда халықтың армантілегі образды, романтикалы бейнеленеді. Қисса оқиғасының не гізгі желісі ағаш ат жасап аспанға ұшу болып, ағаш ат бірін-бі рі шынайы сүйген Қасен мен Нұргүлғасылдың махаббаты үшін қызмет етеді. Қызының бөтен жігітпен көңіл қосқанына намыс танған қатыгез хан екі жасты өлімге бұйырмақ болады. Осындай аса қатерлі, тығыз-таяң сәтте ағаш ат екі ғашықты алып ұшып өлімнен құтқарады. Бір мезгіл өткеннен кейін, махаббат жолын да әке-шешесінен, ел-жұртынан алыстап кеткен Хасен тағы сол ғажайып ағаш аттың көмегімен сүйікті жары Нұргүлғасылмен қауышады, ел-жұрті, әке- шешесімен табысады, мұратына жетеді. Қиссада «Ағаш ат» халықтың ақыл-парасаты, ғылым-техни каның құдіреті ретінде суреттеледі, яғни өнер-білімің болса ас панға да ұша аласың, кіммен болса да теңесе аласың, әр қандай мақсат-мұратыңа да жете аласың деген ойды бейнелейді. Сондайақ әділдік пен әділетсіздіктің, мейірімділік пен қатыгездіктің ара37
жігі айқындалып, оқырмандардың ізгілікпен әділдікке, адамгер шілік пен мейірімділікке, бауырмалдыққа, шынайы махаббатқа деген сүйінішін арттыра түседі. «Ағаш ат» қиссасы фантазиялық қиял-ғажайып оқиғаларға, романтикаға бай болып, романтика лық түс пен ақынның образды ойлауы арқылы болашақты шар лаған ұшқыр қиялын аңдатумен бірге, аспан кеңістігіне, ғарышқа ұшуды адамзаттың ерте заманда-ақ арман еткендігін танытады. Қысқасы, Әсеттің қай қисса-дастанын оқысақ та оның ұшқыр қиялды, алғыр ойлы, тілге бай, нәзік сезімді лирик ақын екенін аңғарамыз. Түрі мол, мазмұны бай халықтық фольклорымыз бен шығыс тың, яғни араб-парсының ежелгі классикалық шығармаларының үлгісіне мұрагерлік етіп, назиралық дәстүрді ұстанып, қиссагер лік дарынымен жалпақ жұртқа танылғандар жоғарыдағы ақын дармен ғана шектелмейді. Олардың алды-артында, айналасында қолдарынан қаламы түспей өткен қиссагер ақындар аз болған жоқ. Солардың ішінде ең ықпалдыларының тағы бірі Таңжарық Жолдыұлы екенін айтуымыз керек. Қазақ әдебиетіне Абай сіңірген назиралық үлгіні қытай қазақ әдебиетінде ең алғаш қолданушылардың біріТаңжарық болды. Оның Абай үлгісінде араб, парсы аңыз-ертегі сюжетінен пайдала нып жазған «Әбдікәрім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен Шаһи зат», «Нәзигүл», «Әнуар-Күләндә» тәрізді баспа бетін көрген қи салары бұның мысалы. Таңжарық Жолдыұлы шығармаларының қомақты бір саласы есептелетін бұл қисаларда оқиға төркіні шы ғыстық аңыз, ертегілерден алынып, араб елдерінің қалалары мен жер, су атауларын оқиға орны ретінде пайдаланып, оқиға ежелгі халифат дәуірінде, патшалық заман үстемдік етіп тұрған кездер де Мысыр елінде, Бағдат, Басра шаһарларында т.б. Шығыстық елді мекендерде өтіп жатқанымен, алайда оқиға болған өңір мен жер жағдайы ежелден қазақ халқы мекендейтін географиялық аймаққа, жер-су көріністеріне келтіріле, баяндалатын сан алуан шытырман оқиғалар, қым-қуыт тартыстар қазақтың феодалдық қоғамына тән патшалық, хандық өмір шындығына сәйкес сурет теледі. Қиссалар көлемі жағынан әркелкі. «Сәнуар патша», «Нә зигүл», «Ануар-Күләндә» қисалары ауқымды сюжетке құрылған, мол оқиғалы, кең тынысты эпикалық деңгейде жазылған. Таңжарықтың қисалар тобына жататын шығармаларында не гізінен махаббат тақырыбы алына отырып, адам бойында кезде 38
сетін ізгілік пен жауыздық, қайырымдылық пен зұлымдық, дос тық пен қастық түрлі іс-әрекет барысында айқындалатын образ дар арқылы көрсетіледі. Шытырман оқиғаларды басынан кеші ретін сан алуан характерлі кейіпкерлер болмысы оқырмандарды толғандырып, өмірді түйсінуге әсер етеді. Сондықтан біз Таңжа рықтың орындалуы жағынан ұқсас, идеялық тұрғыдан сарындас, мазмұны жағынан үндес боп келетін қисаларының біреуіне ғана тоқталамыз. Таңжарық қиссларының ішіндегі ең ірісі әрі әлеуметтік мәні зор, тағылымы мол туындыларының бірі – «Нәзигүлді» де өзге қисса, дастандары секілді Үрімжі түрмесінде отырған жылдары жазған. Ақын бұл шығармасында басқа қисса, дастандарын жаз ғандағы басшылыққа алған композициялық жүйені, баяндау тәсі лін, бастау, аяқтау ұстанымдарын қолданады. Шығарманың бас тауында бұл хикаяны қиссаға айналдырып жазып шығуға түрткі болған түрмеде бірге жатқан досы Фәзілжан екені, оның хикая мазмұнын ауызша әңгіме тұрінде бергені, автордың тіршілік дү ниеге, табиғаттың әсем жаратылысына, өмір заңдылықтарына ой жіберген философиялық көзқарастары көрініс табады. Алдағы әңгімеленер оқиға сілемдерін, оған негіз болар себептердің ұшы ғын шығаратын толғанысқа толы жолдармен басталатын қиссада үш ұрпақ шендестіріледі. Уақыт аясында өтетін қым-қиғаш өмір көрінісі, сан алуан тағдыр тартысы, шытырман оқиғалар желісі жинақталады. Оқиға желісі бір-біріне жалғастық табатын үлкен екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең оқиғасы араб елінің бағдат халифатына қарайтын Мысыр уәлиі Махмұт пен оның үш қы зы төңірегінде, ал екінші кезең оқиғасы Уәлидің кіші қызы Зү биләдан туған жиені Нәзигүл тағдырына қатысты өрбиді. Қисса мазмұнына қатысты негізгі түйін – түрлі сипатта орын алатын арамдық пен адалдық, адамдық пен зұлымдық, ақылдылық пен ақылсыздық көріністерінен ой қорытып, сабақ алуға меңзеу. Тәр бие,өнеге, моральдық тұрғы басты мәселе ретінде көрінеді. Қис сада жырланатын оқиғаға байланысты сараптап, залым қандай, момын қандай екенін сынауды тыңдаушыға, оқырманға, көңілі жүйрік жандардың өзіне ұсынады. Қисса сюжеті, барлық оқиға әрқайсысы өзіне тән мінез-құлық, ақыл-парасат, түйсік-түсінігі мен ерекшеленетін он кейіпкердің түрлі бағыт, ниет-пиғылдағы іс-әрекеттеріне құрылады да, орталық тұлға болып есептелетін Нәзигүл, Зүбилә, Махмұт уәлиден тармақ тартып жатады.Қисса 39
дағы негізгі оқиға желісі әу баста Махмұт Уәли туралы әңгімеден басталады. Ол кезде тіпті Нәзигүлдің оқиғаға қатысуы тұрмақ, өзі өмірге де келмеген кезі болатын. Соған қарамастан ол орта лық кейіпкерге айналады, қисса«Нәзигүл» деп аталады. Алайда мұның қисынды жағы бар. Өйткені оқиғаға екінші кезеңде келіп қосылғанымен, қиссаның шарықтау шегі осы Нәзигүл тағдыры на қатысты өрістеп, шешімі Нәзигүлдің іс-әрекетіне байланысты түйінделеді. Ел басқаруда турашылдығымен, әділдігімен ел құрметіне бө ленген Махмұтты ақын былайша сипаттайды: Өтіпті бір уали Махмұт атты, Мысырдың шаһарында араб затты. Кем сөзді, көңілі берік адам екен, Ұстаған туралықтың жолын қатты. Сұрапты қара демей, төре демей, Тең көріп алыс, жуық, жақын жатты. Жүргізіп күндіз өкім таққа мініп, Істейді туралықтың жолын біліп, Кеш болса үш қызымен отырады, Кеңесіп пікірлесіп, ойнап-күліп.
Ел-жұртына сүйкімді, отбасына мейірімді Махмұт ұлдары әлі ер жете қоймағандықтан, ересек қыздарына көңіл аударып, тәлімтәрбие беруге тырысады. Осы оймен бір күні Махмұт қыздарының өмірге деген көз қарасын, ақыл-парасатын, тіршілік ету, отбасын ұстау туралы түйсік-түсінігін байқау мақсатында олардан: «Тұрмыс түзеу ер ден бе, әйелден бе? осыны шешіңдерші?» – деп сұрайды. Алай да өмірдегі әйелдің орны деген мәселені бір жақты ғана түсініп, бар тіршілік тізгіні еркектердің қолында деп білетін, отбасының ұйытқысы, береке-бірлік тұтқасы әйел заты екенін сезіне алмайт ын деңгейдегі екі қызы:«әйелді еркек баға алады, ал әйел еркекті баға алмайды, бар тіршілік көзі жаман болса да еркекке тәуелді», – деген мағынада жауап береді.Үшінші қызы Зүбилә болса, апай ларының жауаптарына қанағаттанбайды, олардың көзқарастары на қарсы шығып, әке сұрауына былай жауап береді: Жалғаншы аққа қара жаға алмайды, Жақсыға жаман атақ таға алмайды.
40
әйелі жаман, егер ері жақсыБолса да еркек оны баға алмайды. Құрбымен тең туса да құрдасынан, Пайданы кім асырмас бір басынан. Пұл таппас еркек болмас еңбек етсе, Сөйтсе де тұрмыс құру ұрғашыдан. Айтпас едім әкеміз сұрамаса, Кешіріңіз айтқаным ұнамаса. Баға алмай жақсы еркектің қалғаны сол, Әйелі бірді – бірге құрамаса.
Алайда әкесі алдыңғы қыздарының жауабын дұрыс деп қос таған әке кіші қызының бұл жауабына риза болмай, оны теріске шығарады. Кіші қызының парасат деңгейін мөлшерлеп сезіне ал маған Махмұт ол туралы көңіліне өкпе наз ұялап, кек сақтап қа лады. Зүбиләнің тағдырына қатысты шиеленіс әке сұрағына бер ген осы жауабындағы ой-тұжырымынан бастау алады. Алдыңғы екі қызының жауабына риза болып, шаңырақтың түтіні түзу шығып, отбасының берке-бірлігінің мықты болуы тек еркекке байланысты деп түсінген Махмұт оларды сәудегер екі жі гітке ұзатады да, тұрмыс құрудағы әйелдің орны туралы ой-пікірі ұнамаған Зүбиләні сырт көрінісімен ең жаман еркек болып кө рінген Қасым атты жігітке қосады. Алайда өмір, тіршілік, дүние, байлық, әйел мен еркек туралы Махмұт және екі қызының көзқа рас түсінігінің дұрыс еместігі, ал Зүбиләнің, халықтың ғасырлар бойы басынан кешірген көзбен көрген, тәжірибеден өткен жай ларды қорытудан барып шыққан«жақсы әйел жаман еркекті зор етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор етеді» тәрізді даналық ой лармен ұштасатын ой-тұжырымының шындығы олардың кейін гі өмірлерінің көрінісі, іс-әрекеттері, еңбек ету тәсілдері арқылы айғақталады. Өмір сүру салтындағы қайшылықтарды зерделеп пайымдау, әлеуметтік мәні бар нәрселерді сезіне білу жас ерек шелік пен қызмет дәрежесіне байланысты болмайтынын Махмұт пен екі қызының ой-пікірлері, көзқарастары айқын ділелдеп тұр. Бірінші кезеңге жататын оқиға желісінде негізінен Зүбилә-Қа сым, Зүбиләнің екі апайы мен екі жездесінің іс-әрекеттері сурет теледі де, олардың өмірге көзқарасы түйсік сезімдері, ақыл-па расаттар аясында айналысқан жұмыстары, атқарған іс-шаралары 41
арқылы образдары жасалып, характерлері ашылады. Тіршілік ті регі болу, босағаның беріктігін сақтау, берекелі тұрмыс-салтын құру негізі әйел ме, еркек пе? – деген сұрау түйіні үш қыздың өмір сүру көрінісі, еңбекарқылы шешімін табады. Өмір жайлы екі қыз бен Махмұт түсінігі, әйелдің орны туралы Зүбилә пайымының нәтижесі олардың тіршілік тынысының жанды суреті арқылы көрінеді. Бір шаңырақтан шықса да, тіршілік жолы, түсінік пай ымы екі арнаға бұрылған әпекелі-сіңлілі үш қыздың тағдыры бар сипатымен айқын ашыла суреттеледі.«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», – деп ұлы Абай айтқандай тірші лік ағынын түсінуде ақыл-парасатқа арқа тірей алмайтын төмен ақыл, ойсыз жандар, ақылсыздықтары арсыздыққа ұласқан, әке үмітін де, өз пайымдарын да ақтай алмаған, кезінде мол дүниелі қос саудагерге ұзатылған екі қыздың күйеулерінің, байлығының буымен адалдықтан адасып, лас қылыққа бойларын алдырған, ойнаскерлік жолға түскен парықсыз қасиеті мен олардың руха ни сезім күйден жұрдай, бар қызық дүние-байлықта деп түсіне тін,соның жолында бар мүмкіндігн сарп етіп, от басы ошақ қасын да есінен шығара шет жайлап кеткен күйеулерінің дүниеқоңыз дық бейнесі нанымды түрде оқырманды ойға батырар, тыңдау шыны тамсандырар әсерде шебер жасалады. Қиссада отбасылық тіршілік жағдайын тар үйде,дүние-мүліксіз күйде бастағанмен зерделі қыз бар өнерін жұмсай отырып, тағы да Абайдың «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»дегеніне сай екі апайына мүлде қарама-қарсы типтегі Зүбилә тұлғасы па расатты болмысымен жағымды сипатта, өнегелік тұрпатта көр кем сомдалады. Осындай сан-алуан өмір көріністері суреттеліп, түрлі адам мі незі жасалатын оқиғаның бірінші кезеңі мынадай жағдайда аяқ талады: күндердің күнінде Махмұт көптен бері хабарсыз кеткен, кезінде дәулеті шалқыған саудагерлерге риза көңілмен ұзатқан, үміт артқан қыздарын іздеп келсе, үйлерінде жоқ болып шығады. Сұрастырып білсе, әкелерін ел алдында масқара етіп, көңілдесте ріне ертіп қашып кетеді. Ел-жұртын жинап, өзін масқара қылған қыздарын іздеп тауып, бастарын алу үшін бір кезде жаман деп елемеген, қызы Зүбилә екеуі «ақылы мен еңбегінің» арқасында адалдықпен жиналған мол даулет иесі Зүбиләнің күйеуі Қасым ды жұмсайды. Қасым Бағдат шаһарына барып, көңілдестерімен бірге қашып жүрген қос қайынбикесін де, дүниеқоңыздықпен 42
байлық іздеп кетіп, ақырында қайырымсыз қарау жандар болу се бепті жиған-терген бар байлықтарынан айырылып, қайыршылық жағдайда қаңғырып жүрген екі бажасын да табады. Алайда ағай ын арасындағы береке бірлікті сақтауды ойлаған Қасым бажала рына ел-жұртқа масқара болар арсыз қылық, ойсыз іс жасаған әйелдері туралы ештеңе айтпай, керісінше сендерді іздеп келіпті деп ерлі-зайыптыларды бір-біріне қосады. Қайынбикелеріне де алдын ала ескертіп, сендерді іздеп келдік дегізеді. Олардың аз ғындыққа ұрынып, жар алдындағы адалдықтарын сақтай алмаған опасыздықтарын, неке бұзар ойсыз әрекеттерін жасырып қалады. Осылайша отбасылары күйрей жаздаған қайынбикелері мен ба жаларын қайта қауыштырып, туған еліне ертіп алып келеді. Ба жалары мен қайынбикелері туралы тарап кеткен өсек-қауесетті жою үшін бар шындықты жасырады. Қыздарының қылығы үшін ұят-намыстан кірерге жер таппай отырған Махмұтқа да«қызда рыңыз күйеулерін іздеп барыпты, қасындағы екі жігіт малайлары екен»деп, қайын атасының ашуын басады, көңілін орнына түсі реді. Елге де солай жеткізеді. Сөйтіп, жақсылық үшін, ынтымақ, бірлік үшін өтірік айтуға барған, қателікті кешіріп, қайырымды лық көрсете білген қасымның зор парасаты, терең ақылының натижесінде шаңырақтары ортасына түсіп, күйрей жаздаған от басылар аман қалады. Зығырданы қайнап ашу кернеген Махмұт уали қаһарынан қайтады. Ақырында осылайша бір кезде еркектің ең жаманы болып есептелген Қасым, үш қызының ең ақылсызы болып есептелген Зүбилә өздерінің халық даналығынан тамыр тартқан парасат иелері екендігімен, бойларына ақыл-ой қонақ тап, жақсылық нұры ұялаған қасиеттерімен кезінде қателескен Махмұтты мойындатады. Риза болған, өз қателігін мойындаған Махмұт той жасап, Зүбилә мен Қасымға мол енші беріп шығарып салады. Бажалары қасымның басшылығымен қайта тіршілік жол дарын бастайды. Қасым мен Зүбилә екі перзент сүйіп, бір ұл, бір қызды болады. Бір қарағанда қиссаны осы тұстан аяқтауға болар еді. Бірақ ав тор басқа мақсат көздеген. Осы тұстан аяқтауға болар еді дейтіні міз оқиғаның екінші кезеңінде алғашқы бөлімдегі кейіпкерлерден Махмұт пен Қасым ғана көрінеді. Егер Махмұт пен Қасымның атын өзгерте салса, мүлде басқа қисса болып шыға келеді. Өйт кені оқиға желісі, кейіпкерлер арасындағы шытырманды тартыс мүлде жаңа арнада, өзге ортада өрістейді. Бұл орайда автор екі 43
ұрпақ басынан кешірген оқиғаларды бір қиссаға сыйғыза отырып, бір әулет аясында өткен алуан тағдырды, түрлі психологиалық жағдайларды көрсетуді көздеген сияқты. Екі кезең оқиғасында екі түрлі ой түйінін байқауға болады. Бірінші кезеңде ақылдылық пен ойсыздық, парасат пен парасатсыздық, еңбек ету бақыты мен дүниеқоңыздық,«тамағы тоқтық» машақаты көріністері орын те беді де, екінші кезеңде адалдық пен арамдық, мейірімділік пен зұлымдық, адамдық пен айуандық іс арасындағы мәңгілік күрес, тартыс қимылдары суреттеледі. Барлық оқиға желісі, детальдық көріністер бас кейіпкер Нәзигүлдің маңына шоғырландырылып, өзге кейіпкерлердің іс-қимылдары Нәзигүлмен байланысты туын дап отырады. Екі түрлі жағдайда Нәзигүл төнген қауіптен өзін қорғай білуі, тағдырына бағытталған арам ниетті, зорлықшыл кө ңілден басын арашалап қалуы көркемдік деңгейде тартымды бей неленеді. Бірінші жолы аузында Алласы, қолында тасбиғы бар, елді иманға ұйытып, арамдық пен жамандық атаулыдан безінді руге тиіс Ешен молданың қанды шеңберінен құтылып шығады, талай қиындықты басынан кешіріп, аман қалады. Екінші жолы тағдырдың жазуымен аң аулап жүрген Бағдат халифасының ұлы на кездесіп, көркіне мінезі сай, ажарына ақылы сай асқан сұлу лығының нәтижесінде шаһизадамен тұрмыс құрады, халифаның келіні болады. Жақсы өмір құшағына еніп, перзент сүйіп, балалы болған кезге жетсе де, алыста қалған бауыры Зияда, әкесі Қасым мен ел-жұрты есінен кетпейді. Көңілінде сағыныш оты қозып, елін көріп, қайтқысы келетінін күйеуіне айтады. Жан-жарының бұл ұсынысын шаһизада әкесіне жеткізіп, одан рұқсат алады. ке лінінің ел жұртына барып келуіне ризалығын білдірген халифа төркініне аман-есен апарып келуді қасына 40 шақты әскер қосып беріп, бас уәзірі Қаһарға жүктейді. Назигүлдің екінші рет тағдыр тәлкегіне ұшырауы осы сапарда болады. Назигүлдің сұлулығы ішін өртеп, бұрыннан назарын аударып жүрген Қаһар бұл сапарға іштей қуанып, арам ниетін жүзеге асыруды, Назигүлдің нәзігті гін, шарасыздығын пайдаланып, құмарлық дертіменкөңілін біл діреді. Алайда Назигүл бар ақыл-айласын жұмсап, ар-тазалығын сақтап қалудың жолын іздейді. Қаһар өзінің тән құмарлығын іске асыру жолында ешбір жауыздықтан тайынбайды. Аяушылық се зімінен мақұрым қара жүрек Қаһар Назигүлді қорқытып барып өз дегеніне көндіру үшін оның құшағындағы ұлын тартып алып ба сын кесіп, көміп тастайды. Діні қатты опасыз Қаһардың қылығы 44
на бұл да мойымай бар қайғысын ақыл-парасатқа жеңгізген На зигүл алдаусыратып барып, орайын тауып қашып құтылады. Осы тұста ақын ертегілерде, көне жырларда жиі кездесетін мотивты қолданады. Тағы да елінің шетіне ілінген Назигүл Махмұт наға шысының қойын бағып жүрген қойшыға кездеседі. Ешбір сырын білдірмей қамқорлық көрсеткен болып, қосарлап мініп келген атын беріп, қойшыны босатып жібереді де, оның киімінайырбас тап, киіп өзі қойшы болып, нағашысы Махмұттың есігінде жаңа өмірін бастайды. Соңында жарға адалдығы, мақсатына беріктігі, терең ақылы аясында жауыздық иелерінің бәрін жеңіп, жақсылық салтанатына бөленеді. Назигүлді қарақшылар тартып әкетті деген қанішер әскер ба сы – уәзірінің өтірігіне сенген халифа өзінің қол астындағы бар лық аймаққа:«Назигүлді және оны алып кеткен қарақшыларды табыңдар», – деп жарлық береді, жан-жаққа іздеушілер жібереді. Халифаның өзі келінін іздеп, ұлы Шаһизада мен әскер басы Қа һарды жүз әскермен бірге қасына ертіп мысыр еліне келеді. Дәл Махмұт уәлидің ордасына барып түседі. Өзі бағынатын бас ха лифа келген соң, Махмұт уәли өз айналасындағы көрнекті адам дардың бәрін жинайды. Ішінде Ешен молда бар бай, манаптар тү гел келеді. Халифаның қалауымен өнер көрсетушінің бірі болып қойшы да қатысады. Мың бір түн ертегісіндей өз өмірін түгел астарлап жеткізген терең ойлы, сөз тапқыр айтқыштығының ар қасында бар сырды ашып, Ешен мен Қаһардыңкөзін бақырайтып отырып өтіріктерін шығарып, жауыздық пиғылдарын әшкерелей ді. Өзінің тәлкеккетүскен тағдырын жайып салады, қойшы киі мін киіп жүргенімен Назигүл екенін дәлелдейді. Қисса жауыздық әрекеттері үшін қатты жазаланған Ешен мен Қаһардың өлімімен аяқталады Қиссада мінез-құлық, психология жағынан іштей бағыттас адамдарды өзара біріктіретін әр түрлі топтың уәкілдері бар. Бі рінші, Махмұттың алдыңғы екі қызы мен оның күйеулерін сана сы төмен парықсыз адамдар тобы деуге болады. Екінші, Ешен, Қаһар сияқтылар – мейірімсіз қара жүрекжауыздық иелері. Үшін ші, Қасым, Зубила, Зияда, Назигүл – бойларына шапағат нұры себілген, ойларына ақыл дарыған, мәңгілік салтанат құруға тиіс адамдық негізі орныққан тұлғалар. Қиссада екі түрлі мақсатта айтылатын үш өтірік бар. Оның алғашқысы – қос қайынбикенің арсыз қылықтарын күйеулерінен 45
жасыруы, қыздарының көңілдестерімен қашып кетуін қисынды орайластырған дәлелмен «күйеулерін іздеп кеткен екен»,- деп, қайын атасы Махмұтты да мойындатуы. Екінші – Ешен молда ның: «қызының жезөкшелігінің кесірінен оның көңілдес жігітте рінен соққыға жығылдым», – деп, Назигүлды жамандап, Қасымға өтірік айтуы. Үшіншісі-өзінің арам ниетті әрекетінің салдарынан тағдыры тәлкекке түсіп, құшағындағы баласы Ғайыпбектен айы рылған, әрең дегенде қашып құтылған Назигүлді адам ретінде сеніп тапсырып, қолбасшысы етіп жіберген халифаға«қолымыз дан қарақшылар тартып әкетті», – деп айтып барған қаніпезер Қа һардың өтірігі. Алдыңғысы «елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген халық даналығына саятын үлкен гуманистік көзқарастан туатын ерлі-зайып, ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-мен бала арасын татулыққа, ынтымақ-бірлікке бастайтын жақсылық үшін адал ниетпен айтылған өтірік, кейінгі екеуі – арам пиғылда рын жасырып өз бастарын қорғау үшін өзімшіл қорқау, қаражү ректікпен айтылған өтірік. Қиссаның сюжет негізі араб елдерінен жеткен әңгіме негізіне құрылғанмен қазақы болмыс-бітім тұрғысынан суреттеледі. Бағ дат, Мысыр секілді ел мен жер, қала аттары аталғаны болмаса, қа зақ тұрмысы көрсетіліп, қазақ сахарасында өтіп жатқандай әсер қалдырады. Мұндағы басты идея – барлық мағынадағы зұлым дық пен жамандық атаулыға қарсы тұрып, парықсыздық, ойсыз дықтан сақтандыру, еңбекшілдік, парасаттылық, зерделілік жарға адалдық, тұрақтылық, мейірімділік пен қайырымдылық қасиет терді дәріптеп ұрпақ санасына орнықтыру. Жалқаулық пен есер лікке, зымияндық пен әділетсіздікке, зорлық пен зомбылыққа қаймықпай қарсы тұра алатын қайсар да әділетті, күрескер рухты өнеге-тағылым етіп көрсету. Осы тұрғыдан келгенде: Адал кім, адалды алдап азғырған кім? Жазықсыз жанға шұңқыр қаздырған кім? Өктем күш, озбыр залым үкім сүріп, Қамығып, қайғы жұтып, қаңғырған кім?
деп, ақынның өзі оқырманға сұрау тастай отырып аяқтаған«На зигүл» қиссасы – жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арам дықты, арлылық пен арсыздықты ажырата білуге ой тастайтын, 46
философиялық тұжырым, түйіндерге толы, көркемдік сапасы жоғары кесек туынды. Ол Таңжарық ақынның қол жеткізген же ке табысы ғана емес, еліміз қазақтарының көркем әдебиетін биік сатыға көтерген, тұтас ұлттық әдебиетімізге өзгеше леп, өзіндік сарын әкелген, туындыларының бірі деп білеміз. Жинақтап айтқанда, Таңжарықтың қай қисса, дастандарын алсаңыз да, ондағы идеялық мазмұн ақынның қоғамдық – әлеу меттік көзқарасынан бастау алып, халықтық ой мақсаттармен сабақтасып жатады. Кез-келген қисса, дастанында азаттық үшін күрес, демократиялық көзқарас қалыптастыру идеясы асқақ рух та көрініс табады. Әлеуметтік теңсіздік, әйел бас бостандығы тақырыбы молынан қамтылып, өркениет жолына үндеу сарыны басым түсіп жатады. Өлеңдеріндегі секілді Таңжарықтың қисса, дастандарында да гипербола, литота, теңеу, эпитет, метафора т.б. көркемдік құралдар барынша мол қолданылады. Таңжарықтың қисса, дастандары образ жасауда, табиғат әлемі, түрлі құбылыс, кейіпкерлерінің күйініш-сүйінішімен жан сезімін бейнелеуде ха лық ауыз әдебиетіне тән стильдік өрнек-тәсілдері таразы басып жатқанмен, жанды сурет, көркемдік әсірелеу басым түсіп, қытай қазақ жазба әдебиетін жанрлық жақтан байытқан эпикалық туын дылар болып табылады. Осы бір сандық және сапалық деңгей мен-ақ Таңжарықтың қисса, дастандары қазақ қисса, дастандары ның тақырып аясын кеңейтті, көркемдікарнасын молайтты. Бұл қисса, дастандар осынысымен құнды, осынысымен бағалы. Қортындылап айтқанда, таяу заманғы назиралық дәстүр қазақ әдебиетінің томаға тұйық әдебиет емес, қайта өзге ұлт әдебиеті нің, дүние әдебиетінің игі ықпалын қабылдап, өзінің қазынасын байытқанын, солардың өнер биігіне қол созғанын бір қырынан сипаттайды. Айтыскерлік дәстүр. Еліміз таяу заманғы қазақ әдебиетінің тарихы айтыс өнерімен тығыз байланыста болды. Себебі бұл тұс тағы қытайдағы қазақ әдебиетшілерінің негізгі тұлғасы ақындар еді. Ал ақындық жасампаздық пен айтыс дәстүрі тығыз байла нысып жатты, бірге туып біте қайнасты. Ол кездерде қазіргідей жазба ақындар мен айтыс ақындарының, ара-жігі ажырамаған еді. ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі дәуірдегі еліміз қазақ әдебиетінің тарихын негізінен поэзия та рихы, ақындар жасампаздығының тарихы деуге болады. Ал сол ақындар шығармашылығында айтыс өлеңінің өзіндік орны бол 47
ды. Поэзия жетекші жанр болған бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі тұғыр-тұлғасы болған ақын әдебиетшілердің бәрі әуел баста айтыс өнерінің халықтық мектебінен тәлім алған. Айтыс өлеңімен қанаты қатып, бұғанасы бекіген де айтыс ақыны болған, жетіле келе поэзияның әр жанрына құлаш сермегендер еді. Бұ лардың шығармашылық табиғатынан қарағанда айтыс поэзиясы на соқпай өткендері жоқ дерлік. Олардың ақындық атағының әйгілі болуында тұтас шығармаларының рөл атқарғандығы дау сыз, әйтседе олардың ақындық өнерін ең алдымен елге танытып, даңқын асырған да айтыс өлеңдері болғаны хақ. Сөйтіп, ұлттық әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігіне сай айтыскерлік бұл дәуірде таңдаулы дәстүр болып қалыптасқан. Айтыс ақыны болу ақын дықтың негізгі белгісі есептеген. Ақындар кезінде талай айтыс түсіп тыңдармандарын тәнтті еткен айтыс өлеңдерін қалдырған. Аталған дәуірде айтыс өнерінің біртіндеп кең таралуы оның тез өсіп-жетілуіне түрткі болды. Поэзияның, айтыс дәстүрінің құ нарлы топырағынан нәр алған сахара жұрты айтыс десе делебесі қозып, ішкен асын жерге қоятын болды, айтыс бірте-бірте жал пы жұрт талпынатын өнерге айналды. Сөйтіп, ерте заманда жы раулар, шешендер, билер және халық ақындары өркенін өсірген суырып-салмалық импровизаторлық өнер әрі сол негізде өрісте ген айтыс дәстүрі біздегі қазақ ішінде неғұрлым кең қанат жайды. Қыруар айтыс өлеңдері барлыққа келді. Қорының қомақты болуы бол дәуірде мұндағы қазақ қауымының ішінде айтыс өнерінің кең өрістеп дамығанын айқындайды. Сол кезде ақынға «ақын» атағын әперетін ең үлкен байқау айтыс болған. Өзін ақындықпен танытқысы келген арқандай адам жұртқа танылған мықты ақын мен өнер сынасып, сөз жарыстырған. Халықтың алдында өзінің ақындық қабілетін сынға алған. Егер осы жарыста халық мой ындаса, ол жұртқа танылған, ал көптің көңілі толмаса, ақын деп танылмаған. Мұның өзі сол замандағы айтыс дәстүрінің кейбір сипаттарын, яғни халықтық айтыс өнерінің бел ортасында шың далатын ақындық таланты бар жастардың қаршадайынан ақын дық өнерге ден қоятынын, айтыс десе жарғақ құлағы жастыққа тимей қайда аты шыққан азулы ақын болса соны іздеп барып айтысып, жеңістік алуға асығатынын, соған байланысты айтыс өнерінің ру-тайпа, ел-жұрт арасында үлкен беделге ие екенін, же ңістік алған ақынның рулы елінің зор абыройға кенелетінін, мәні жағынан алғанда, айтыс өнерінің жай эстетикалық талғам өресі 48
нен асып, әлеуметтік байланысқа, ел-жұрттың қарым-қатынасқа, ар-намысына, тіпті ақындардың тағдырына елеулі ықпал ететінін аңғартады. Бұл дәуірде жалпы кәделі бас қосудың бәрі дерлік айтыс сыз өтпеген, айтыс өлеңдердегі деректерге қарағанда ол кезде ел ішіндегі салт-жора, ас-той, жәрменке-жиылыс, шілдехана, қомақты қонағасы-отырыстардың бәрінде айтыс негізгі көңіла шар, өнер жарысы болған. Бір ауыл-аймақтан бірер мықты айтыс ақыны өсіп жетілсе, сол өңірдегі өлең ошағы мен айтыс өнерінің оты маздаған. Осыдан болар ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан бастап, ақындар айтысы халық арасында шұғыл өрлеуге көтері ліп, бір топ адуын айтыскерлерді тудырған. Әсет Найманбайұлы, Жүсіпбекқожа Шайхысыламұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Асылхан Мыңжасарұлы, Отарбай Дүйсенбіұлы, Шарғын Алғазыұлы, Қа рібай Таңатарұлы, Аппақ Майтабанқызы, Мағауиа Орысбайқы зы т.б. қатарлы екпініне ел көтеріліп, жүйрік ойлы арынды айт ыс ақындары арт-артынан көзге түскен. Ел айызын қандыратын, күнді түнге жалғап айтыс бәсекесін оздыратын, бұқаралық сипа ты күшті көркемөнеріміздің шоқтығы биік жанры болып қалып тасқан және дамыған. Айтыс өнерінің таяу заманғы дәуірде недәуір дамып тың бе леске көтерілуін, шоқтығы биіктеп, ұлттық бояуы ажарлы халық тық өнерге айналуын сол тұстағы әлеуметтік жағдаймен, қоғам дық ортамен байланысты қарауғаболады. Кезіндегі Кеңес одағы мен Қытай сынды екі ел арасында бір мезгіл шекаралық тәртіп өте қатаң болмағандықтан екі үлкен елге бөлініп қоныстанған қа зақтардың арасындағы барыс-келіс, қоғамдық қарым-қатынастан сырт, өндірістік қатынастар мен сауда-саттық қатынастары үнемі болып тұрды. Бұл қатынастар екі ел қазақтары арасындағы дос тық барыс-келістерге байланысты халық өнерпаздары болған айтулы әнші, күйші, ақындар шекара асып салдық құрып өнер шаш ты.Айтыс өнері жағындағы тоғысуына тікелей жол ашқан үлкен өнер иелерінен Әсет Найманбайұлы, Жүсіпбекқожа Шайхысыла мұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Карібай Таңатарұлы, Әріпжан Жа нұзақұлы қатарлы ақындар ілгерінді-кейінді екі елдің арасында ат сабылтып, бір жағынан таңдаулы айтыстар жасаса, енді бір жа ғынан байырғы классикалық айтыстар мен Абай өлеңдерін еліміз қазақтарының арасына таратты. 49
Аталмыш дәуірде елімізде,Шыңжаңда ірі қоғамдық, саяси өз герістер мен мәдениет, оқу-ағарту жағында аз да болса дамушы лықтар болды. Сол дәуірдегі әділетсіз өкіметтің тегеуріні мен теп кісі асқындап, бұл кездегі қазақ халқы қайғы мен қасіреттің қара тұманын жамылып, басынан талай тауқыметті, аумалы-төкпелі жағдайларды өткерді. Ондаған жылдарға созылған тынымсыз, тиянақсыз қоныс аудару қара тұяғынан хал кеткен елді одан ары титықтатып тығырыққа тіреді. Бұндай аянышты тағдыр тауқіме ті халықты заттық тұрмыс жағынан жұтаңдатып, құлдыратқаны мен, олардың жан дүниесін мұқалта алмады. Жүректеріндегі кек пен шер жалынды жырлар мен айтулы айтыстар туғызып, мұң мен қайғы торлаған халықтың рухын серпілтер күшке айналды. Айтыс өлеңдерінде сол тұстағы халықтың тағдыр-тауқыметі, мұң-наласы, арман-мұраты және әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, зорлық-зом былық, қоғамның болмысы шынайы ашылып жатты. 1920-жылдардан бастап қазақ сахарасында жаңаша мектептер ашылып, қазақ халқының оқу-ағарту, мәдениет істерінің дамуына негіз қаланды. Осындай оқу орындарынан білім алған ақындары мыздың бірі Таңжарық Жолдыұлы еді. Сонымен бірге Жүсіпбек қожа Шайхысыламұлы, Шарғын Алғазыұлы қатарлы ағартушы ақындар мектеп ашып, өнер-білім тарату сынды игі шаралар ат қарды. Бұл тұста осы ақындар мен Таңжарық Жолдыұлы сынды ақындарымыздың айтыстарының мазмұнына надандық, өнер-бі лім, мәдениет, сауда,кәсіп, әйелдер теңдігі жаңа заң-тәртіп, жас тардың мұраты тақырып болды. Осы мезгілде Іле, Алтай, Тарбағатай өңірлерінде Тойекенің асы, Сасанның асы, Сүлейменнің асы, Нұптебектің асы, Бұта байдың асы, Құлекенің асы, Тоқбайдың асы сынды үлкен астар мен ұлан-асыр тойлар жиі өткізіліп тұрды. Бұндай астар мен тойлар думансыз өтпейді. Осы думандардың немесе байлар мен рубасы-мансаптылардың салтанатын асыра түсу үшін, атағы ел ге жайылған ақындар мен әнші-күйшілерді арнаулы шақыртып, ақындарын айтыстырып, әнші, күйшілердің ән-күйлерін тыңдап, тамашаның қызығына батты. Өнерпаздардың өнері әйгіленетін мұндай сындарлы, орайлы орта айтыс ақындарының мерейін асырып, талантын ұштап, таңдаулы айтыстар тууына мол мүм кіндіктер жаратты. Сөйтіп, таяу заманғы ақындар айтысы өзінің ғасырға жуық қа лыптасу, өркендеу, белеске көтерілу барысында әр кезеңдегі дәуір 50
рухымен суарылып, тақырып, мазмұн жағынан заман өзгерісіне сай жаңарып, толысып,соны пікір, жаңа идеялар көтеріп отырған. «Таяуғы заманның ақындар айтысында қайшылық қақтығысы айқын да шиеленісті келеді. Оның әріптестері көбінеки екі рулы елдің, екі өңірдің өкілі болады, олар қарсыласын жеңу, жығу үшін бір-бірінің елінен, адамдарынан, жаратылыстық ортасынан, әріп тесінің өз басынан, яғни оның физологиялық бітімінен, адамдық мінез-құлқынан, қоғамдық араластығынан, күн көзқарасынан... Мін, қателік, күнә тауып айып тағады; мұның есесіне өзінің ру лы елін, оның адамдары мен жаратылыстық ортасын... Мақтап ту көтереді. Осыдан мінесу мен сыйласу, жамандау мен жақтау, бе керлеу мен кесету... Сынды шиеленісті рай қалыптасады. Десе де дәстүрлі бас мінесу, ел мінесу тақырыптары заман рухы мен өз герісіне бейімделіп, жаңаланып отырған. Немесе, сол бас мінесу, ел мінесу тақырыптарын өзек ете отырып, ақындар өзі жасаған дәуірдің дөп келіп отырған қоғамдық мәселелерін көтеріп, айт ыс мазмұнын байытып отырған. Кейбір айтыс өлеңдерінде мо мын елді қан-қақсатқан өз елінің шынжыр балақ, шыбар төстерін ауызға алып, бай, кедейлік сынды теңсіздік меселесі көтерілсе, Таңжарық заманына келгенде, айтыс мазмұнына елді жайлаған ғылым-білімнен құралақан қалған надандық, «әйел теңдік, сотқа шабу, аткезші, жаңа заң» жаңа тақырып болып қосылады. Таңжа рықпен замандас Мағауия Орысбайқызы мен Әппақ Майтабан қызы өз айтыстарында әйел теңдігін жырлап, неке еркіндігіне қол жеткізген. ХХ ғасырдың 40-жылдарына келгенде айтыс мазмұ нына төңкеріс рухы сіңіріліп, ел-жұртты Шың Шысайдың дара билігіне қарсы төңкеріске үндеу тақырыбы қосылды. Бұған өр Алтайда өткен «Сұлубай батыр мен Құлсынның айтысы» (1943), Іледе өткен «Акбар батырдың Изатпен айтысы» (1944) қатарлы айтыстар дәлел [14, 218-б]. Таяу заманғы ақындар мен ақындар айтысы сөз болғанда бә рінен бұрын мұндағы қазақ жұрты ішінде елеулі ықпал тудыр ған, жез таңдай, бұлбұл көмей, ақындар Жүсіпбекқожа Шайхы сыламұлы, Әсет Найманбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы қатарлы ақындардың есімдері дара тұратыны анық. Олардың айтыстары ру шеңберінде, туған аймағында қалмады, мемлекет шекарасы мен шектелмеді, яғни олар ел іші-сыртына әйгілі таңдаулы айтыс үлгілерін тудырған өз дәуірінің талантты ақындары еді. 51
Ғұлама ақын Жүсіпбекқожа Шайхысыламұлы (1857-1937) қа зіргі Қазақстандағы Шымкент обылысыың Қожатоғай деген же рінде дүниеге келген. 1916-жылдардан бастап Іленің Текес ауда нына мекендеп, мектеп ашып, ағарту жұмысымен шұғылданады. Жүсіпбекқожаның артына қалдырған «Жүсіпбекқожа мен Зы лиқаның айтысы», «Жүсіпбекқожа мен Лазипаның айтысы», «Са қау қыз бен Көсенең айтысы» қатарлы айтыстары еліміз қазақта ры арасына кеңінен таралып, көптеген ақындар бұл айтыстарды жаттап, жырлап, үлгі алған. Жүсіпбекқожа айтыстарының таңдаулысы «Жүсіпбекқожа мен Лазипаның айтысы» шамамен ХІХ ғасырдың соңғы ширегін де Ертіс өзенінің аңғарында Қалба тауының бөктерінде бір ауыл да айтылған екен. Айтыстың мазмұн мәнері өзіндік ерекшелікке ие. Әріптестер көпшілік айтыстардағыдай салған жерден әрқай сысы өз руы атынан өзін-өзі мақтап, қарсы жағына бастырмалата шабуылдап сес көрсетпейді. Яғни онда дәстүрлі бас мінесу, ел мінесу байқалмайды. Қайта ескі қиссалардағы кәдімгі бір-бірі не інкәр ғашық боз жігіт пен ару қыздардай бірін-бірі жер-суға сиғызбай мақтап, суреткерлік өнерін көрсету арқылы әріптесіне айбар көрсететін жаңа үлгі жаратқан. Осы арада профессор Әуел қан Қалиұлының «бір қарағанда көзге бырыңғай мадақ, тектеп көргенде мадақ үлгісіндегі жарыс», – деген сөзі еске оралады. Айыстың екінші бөлімі жұмбақ айтысқа ауысады. Мақтаумен бі рін-бірі жеңе алмасын білген Лазипа қыз: Бұл сөpді жақсы айтасың Қожа бала, Қарасам ақылың артық өзің дана. Көсілген көмекейің ақындейді, Әуелі не жаратты алла тағала? –
деп, шариғаттан жұмбақ тастайды. Өзі ғұлама молда Жүсіпбек қожа: Болғанда білім менен ақыл теңіз, Біле алмасаң мұндайды адам неміз. Алдыменен нұрды бұрын жаратыпты, Сабақ берген молдадан естігеміз, –
деп кітап жолымен жауап береді. Осыдан соң Лазипа тағы да ша риғаттан, «Қиссасул әнбияның» аңыздарынан жұмбақ қойып, 52
Жүсіпбекқожа олардың бәрін шешіп, термелеп ұзақ айтысады. Іле-шала балық өлеңге ойысып, оны да жұмбақ айтыс түрінде айтады. Соңы әзіл-қалжыңға саяды, қыз жеңілді дейді. Айтыс мазмұны күрделі, әрі көлемді болуына қарамайбір-бір шумақпен кезектесіп отырады, айтыстың дені қайым өлең. Айтыстың өзіне тән бір ерекшелігі бұл айтыс жұмбақ және шариғат айтысының тамаша үлгісін көрсеткен. Бұл ақынның дінге де, ғылымға да бір дей жетік екенін ұғындырады. Айтыста балық өлең, қайым өлең түрлері қолданылған. Жүсіпбекқожа жас кезінде сал-серілік құрып, тартымды айт ыстар тудырумен бірге, ақындар айтысының нұсқаларын жазып алуға үлкен еңбек сіңірген. Ол қазақ ақындар айтысының ХІХ ғасырдағы ең үздік нұсқасы «Біржан-Сара айтысын» 1872-жылы Сараның айтуымен жазып алған, айтыс содан сәл ілгері 1871-жы лы қазіргі Қазақстанның Талдықорған өңірінде туылған деген де рек бар. Жүсіпбекқожа айтысты 1898-жылы «қисса Біржан мен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен баспадан шығарған. Содан 1913-жылға дейін бес дүркін қайталай басылылып халық арасы на кең таралған. Ел аузындағы деректер бойынша айтыс ХХ ға сырдың бас шенінен бастап біздегі қазақтар арасына таралған. «Біржан-Сара айтысы» мазмұн мәнерінің озықтығы, көркемдік кестесінің тартымдылығымен осы күнге дейін өзінің өнегелік құндылығын жойған жоқ. Жүсіпбекқожаның бұл айтысты жазып алуы мен баспа бетінде жариялап, оны жұртқа танытуы өз дәуірі жөнінен алғанда халық көркемөнерінің ұлттық бояуы ажарлы, шоқтығы биік, өскелең бір саласы болған айтыс өнеріне қосқан еңбегі деуге болады. ХІХ ғасырдың соңғы жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде арғы-бергі бетте бірдей айтыс өнерінің жалынын лау латып, үздік өнегесін көрсеткен Әсет Найманбайұлы(1867-1923) таяу заманғы ақындар айтысының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жыр дүлдүлі еді. Суырып салмалықпен дауылдатып, нөсерлетіп жыр төгу сынды таңғажайып талантымен танылған Әсет ақын қазіргі Қазақстанның қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дү ниеге келген. 1916-жылы қытайға өтіп Тарбағатайға қоныстан ған. Содан өмірінің соңына дейін Алтай, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерін аралап жүріп ән салып, өлең нөсерін селдетіп, өнер таратқан. Оның жалындаған өршіл өлең-толғаулары, асқақ ән дері, ондаған қисса-дастандарымен қоса айтыс өлеңдері еліміз 53
қазақтары арасына кең тараған. Ақынның қазірге дейін Ырыс жанмен, Бекітбаймен, Мәликемен, Әріпжанмен, Қызыр төремен, Самет төремен, Есенқұлмен, төрт ақынмен, Кәрібаймен, Қали мен, Кәсімбаймен, Кемпірбаймен, Көтбаймен, Шілбімен айтыс тары, қысқа қағысулары мәлім. Осылардың ішінде ең таңдаулы сы «Ырысжанмен айтысы» өнегелі де өскелең арналы айтыстар дың бірі. Бұл айтыс 1883-жылдары шамасы Қазақстанда Қоянды жәрменкесінде өткені мәлім. Ғасырдан аса уақыт алдында өткен айтыстың қаймағы бұзылмай, қаз-қалпында сақталып келе жатуы және еліміз қазақтары арасына да кең таралуы-тілінің шұрайлы, ойының өрелі, көркемдігі күшті, нағыз халық сүйген айтыс еке нін көрсетеді. Айтысқа түскен екеуі де бірінен-бірі кем түспейт ін майталман, мәдениетті, білімді, төкпе жырдың дауылпаздары еді. Сол себепті Әсет пен Ырысжанның айтысы кенеттен кездесе қалған айтыс емес, екі елдің арқалы ақындарының шын мәнінде гі шешендікпен, тапқырлықпен жарысқан айтысы деуге болады. Әріптестер айтыстың қиын түрі болған жұмбақ өлең және оны шешу арқылы әлеуметтік өмрдегі өрескелдіктерді, әсіресе, төре лердің астамшылығын сыншылдықпен сөгеді. Әсет төкпе ақын ретінде кәдімгі сүре айтыстың ғана емес, жұмбақ айтыс, хат айт ыс, қысқа қағысулардың тамаша үлгісін жаратты. Сондықтан ака демик Мұхтар Әуезов «Көркемдік және мазмұн жағынан көп айт ыстан оқшауырақ тұратын айтыс Әсет Найманбайұлы мен Ырыс жанның айтысы» деп өте жоғары баға берген. Еліміз қазақтарының айтыс өнері туралы сөз болғанда ақын Таңжарық Жолдыұлының тұлғасы көз алдында тұрады. Өйтке ні Таңжарық қытайдағы қазақ поэзиясында шығармашылық ше берлігі жақтан дара тұратын, арыны күшті, суырып салма, табиғи төкпе ақын. Бұл ерекшелік Таңжарық поэзиясының төкпелігінен, ақынның өлеңді тосыннан тез табатын шеберлігінен айқындалады. Таңжарық шығармашылығының ішінде айтыс поэзиясының орны өзгеше. Ол өзінің суырып салма айтыскерлігімен де ақын дық болмысын бір қырынан танытты. Таңжарықтың ақындық атағының әйгілі болуында тұтас шығармаларының рөл атқарған дығы даусыз. Әйтсе де оның ақындық өнерін ең алдымен елге танытып, даңқын асырған айтыс өлеңдері болып есептеледі. Өзге шығармалары секілді айтыстары да ру шеңберінде, туған айма ғында қалмады. Мемлекет шекарасымен шектелмеді. Қытай қа зақтарынан басқа, Қазақстан, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Гер 54
мания қатарлы елдерде қоныстанған тұтас қазақ қауымына кең жайылды. Исі қазақ баласына ақынның аты мен таланты әйгілі болды [15, 92-б]. Таңжарықтың айтыс өнеріне бой ұруына себеп болған нәрсе екеу: бірі – құдайдың оған сыйлаған таза дарыны болса, енді бі рі – болашақ ақын сонау бала күнінен ауыл арасындағы салттық айтыстарға қызба жігермен қызыға араласып, сол дарынды шың дай, ұштай түсуі болды. Ақын өзінің айтысқа араласу тарихы туралы:«сөйледім он екімнен бері қарай», – деп анықтама жазып кетсе, Таңжарық«топ ты көрсе, елең қағып, айғайға бір қосылмай қалған емес», – деп айтыс иіріміне қаршадайынан құмарта құлаш ұрып, жанын сала берілуін тамсана жырға қосты. Осылайша айтыс десе, елең қағып тұратын ұшқыр талант иесі, сері көңіл, сезімтал ақын ел-жұртына айтыс жанрынан да шұрайлы мұралар қалдырды, өнегесі өшпес үлгілер орнатты. Өкінерлігі, ақынның жас кезіндегі айтыстарының толық мәтіні ұмыт болып ел арасында қызғылықты аңыздары мен жекелеген шумақтары ғана сақталған. Тек ересек кездеріндегі алты айтысы бүгінімізге жалғасып, баспасөзде жарық көрді. Олар: «Таң жарықтың Ұлжалғаспен айтысы», «Шоқпар қатынмен айтысы» деп те айтылады, «Таңжарық пен Қойдымның айтысы», «Таңжа рықтың Баймұқаметпен айтысы», «Таңжарық пен әлекеннің әзіл айтысы», «Таңжарық пен Нұриләнің айтысы», «Тұрды мен Әле кеннің айтысы» (соңғысын Таңжарық жазған). Таңжарықтың осы айтыстарында сол дәуірге тән халықтың қоғамдық тіршілігі, заттық және рухани өмірі, саяси хал-жағ дайы, әдет-салттары, тыныс-тірлігі, күйініші мен сүйініші, тар тыс қайшылықтары әріптестерінің эстетикалық талғамы, пайымпарасаты ұғым-түсініктері, айқын бедерленеді. Сонымен бірге ақынның айтыс мәдениетіне деген көзқарасы айқын көрініп тұрады. Ол айтысты әлеуметтік мәні бар рухани күш, танымдық, тағылымдық рөлі зор жанр деп есептеген. Сон дықтан бұл айтыстар мазмұндық жақтан да, көркемдік жақтан да өресі жоғары ақындар айтысы қатарынан орын алды. Бұлай бо луындағы тағы бір себеп: Таңжарық ержеткен кезінде кез келген ақындармен айтыса бермеген. Шешендігімен тапқырлығымен, суырып салма төкпелілігімен руынан, аймағынан озған ел-жұрт қа аты әйгілі ақындарды арнаулы іздеп барып айтысқа түскен. 55
Мысалы: Қарқара жерінде алдына жан салмаған атақты ақын әйел Қойдымды іздеп барып айтысқаны туралы: Қойдымның атын естіп қалған сайын, Назарым соған ауып барған сайын, Кәдімгі өшіккендей болып жүрдім, Таба алмай іздеп барып қалған сайын, –
дейді ақын. Осылайша, Таңжарық ақынның айтыстарының туылу тарихы өте қызғылықты. Таңжарық енді бірде, айтыс үстінде әріптесінің тілін байлап, апшысын қуырып, айбар көрсете ырық бермей жүр ген ақындарды қалап – сұрап алып айтысқан. Ақын Ұлжалғаспен айтысқан да Әлекенге былай дейді: Бір түнге ақыныңның майын берші, Алыстан іздеп келдім сағынғандай. Ес-түсін өлеңменен шығарайын, Темірге қызып тұрған қарылғандай. Жел сөзді желкесінен жаудырайын, Көк құрақ шалғы тиып шабылғандай... Тұсына отыра қап сауға сұрап, Жібердім өлеңдетіп қатты айқайлай.
Нұрила ақынмен де осылай«сауғаға» сұрап алып, айтысқан екен. Таңжарық өзінің ақындығына сеніп, айтысуды әдейі қолқа лап, іздеп келген жүйрік ақындармен де айтысқа түскен. «Таң жарықтың Баймұқаметпен» жазбаша айтысы, осындай жағдайда туылған. «Тұрды мен Әлекеннің» айтысын ақын үшінші жақ адам орнында жазып, елге таратқан. Ал «Таңжарық пен Әлекен нің» қарғыс айтысы Таңжарықтың қалжыңшыл, өлеңшіл доста рының жайлау үстіндегі бір реткі бас қосуында 1921-жылы бол ған. Бұл айтыс қазақтың айтыс түрлерінің бір шумақтан ғана қару қайтарысатын түре айтыс үлгісінде орындалған. Екеуінің мініс аты, ер-тұрманы, қатын-баласы, иті, үйі бәрін қарғап – сілеген. Мысалы, Таңжарық: Көк шолақ, жалғыз атың қотыр болса, Жамансары қатының соқыр болса,
56
Еріңде құйысқан жоқ, жалғыз айыл, Желқом қылып, жасаған тоқым болса, -
дегенде, Әлекен: Аққаптал, жалғыз атың шолақ болса, Құдайдың бар бергені сол-ақ болса. Басы таз, жалғыз балаң – аяғы ақсақ, Қатының іс білмейтін олақ болса, –
дейді. Айтыс Таңжарықтың: Жолдастан сені алып ем талдағанда, Аңғал ең сенетұғын алдағанға. Көзіңді жас күшіктей жаңа ашқанда, Ей, байғұс, не қыламын қарғағанда?! –
деген жарасымды, сыйласымды лебізбен аяқталады. Қазақ айтыстарында айтыс кезіндегі қақтығыстарда қарғыс мағынасындағы жеке сөз, сөйлемдер де кезігіп отырады. Десе де, әріптестер бірінен бірі асып түсе, із қуа, өршелене ащы тілмен аямайтын, бірақ ойнақы, жеңіл сөзбен қарғап айтылады мұндай айтыс қазақтың айтыс тарихында бұрынды-соңды байқалмаған. Міне, бұны айтыс өнеріне Таңжарық ақын әкелген жаңа түр деуге болады [16,104-б]. Таңжарық ақын Баймұқаметпен жазбаша айтысынан басқа айтыстарын түгел дерлік айтыс бірнеше жыл өткен соң, есіне алып оны қайта жазып шыққан. Бұл жөнінде: «Осылай өткен бір іс басымыздан, Таңжарық қайта ойланып жазып шықты» (Нұриламен айтысынан) «Түгелдеп бұл сөзімді жаза алмадым, Әйтеуір ойда қалған әр тармағы» (Қойдыммен айтысынан)
деген ескертпелер жазып қалдырған. Таңжарық Қазақстандағы Қарқара жерінде 1925-жылы болған Қойдыммен айтысын Қы тайға қайтып келген соң, алты жыл өткен соң 1931-жылы күзде 57
қайта қағаз бетіне түсірген. Ал 1939-жылы Таңжарықтың ауылы Күнестің Адуынгер жайлауында, Қоқымша деген кісінің аулында болған Ұлжалғаспен айтысын жеті жыл өткен соң, қайта жазып ел ішіне таратқан [15,88-б]. Таңжарық бұл айтыстарды жазған кезінде, қазақтың белгілі айтыстары – «Біржан-Сара» мен «Әсет-Ырысжан» айтысының жазылу үлгісінен өнеге алған. Әріптестердің өлеңі басталардан бұрын айтыс болған ортаның мән-жайына, айтыстың қай жерде, қай кезде болғанына, ақын сол әріптесіне қалайдан-қалай, жо лыққанына, қасында кімдер барлығына, жиын-тойға жиналған қалың қауымнан сырт, оған әйгілі адамдардан тағы кімдер қаты насқанына, әріптесінің тұр-тұлғасы, көңіл-күйіне дейін өлеңмен желдірте шолу жасалып, одан соң барып айтыстың өзіне түседі. Айтыс барысында сезілген қыбыр-қимыл, үлкенді – кішілі істер ге де өлеңмен шағын-шағын ескертпелер беріп отырады. Осылай болғандықтан ақынның қайта жазған бұл айтыстарын оқығанда, тыңдағанда оқырман мен тыңдарман әріптестердің өнер сынас қан жауаптасуларынан сырт, сахнадан тартысы күрделі театр, көркем фильм көріп отырғандай немесе қызғылықты дастан оқы лып жатқандай сезімге кенеліп, мол ләззат алады. Таңжарық айтыстарында ежелгі айтыс дәстүрі бойынша ақындар ә дегенде-ақ әр екі жақ өздерін мақтап, қарсы жағын кемсіте сөйлейді. Мұны Мұхтар Әуезов бас мінесу деп атаған. Мақтау мен даттау – айтысушы екі жақтың өлеңдік өнері, ақын дық қарымы, жынысы, дене-тұрқы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, айтыс үстіндегі қимылы т.с.с. туралы болады. Бірінен-бірі мін із деп, ақау тауып, әжүрегін алып, жасқандырып тастауға ұмтыла ды. Мысалы, Таңжарықтың Ұлжалғаспен айтысында, Ұлжалғас: Шапқанмен маған, бала, жете алмайсың, Жүгірме жете алмасқа бойың созып. Бұрлығып орта жолда мерт боласың, Талайлар шаңда қалып кеткен тозып. Талайды жығып жүрген алысқанда, Бәйгені алып жүрген жарысқанда, Қазірше шерігіме тең келмейсің, Жеңді деп Әлекеңді намыстанба.
дей келе, өзін«алтай қызыл қыран батпас түлкіге, қалыңдағы мерген атпас маралға,тұнықтан жүзіп ішіп, лай татпас, дарияның 58
ішіндегі құндызға,салқыннан мекен алып, сазда жатпас құлан ға,күндіз-түн Иран баққа үні батпас сандуғашқа және базарда пұлы қымбат асыл тасқа» теңеп, сес көрсетеді. СондаТаңжа рық: Жұлма бас, қайқы кеуде, киіз аяқ, Кет ары, теңім емес сендей саяқ. Неңді алған мені жеңген сен байғұстың, Ақ қаптал, мандам байтал, сынық таяқ... Мен саған жалбармаймын бер деп рақым, Кеткен жоқ әйел түгіл еркекке ақым. Сөйледім он екімнен бері қарай, Болар деп жасқанбаймын сенен зақым. Ақ иық лашынмын қанат қақпас, Бабым көп күйшіл құстай адам таппас. Сайраған тілім – тоты, ділім – сарай, Өлеңім ніл дария еңіске ақпас. Сөзімнің дарбазасы жаңа ашылды, Шабытты келді шағым ауыз жаппас. Кең қолтық кермедегі арғымақпын, Тер шығып, етім қызбай босқа шаппас. Тауда өскен бөктер көрмей, көк бөрімін, Қадалып үргенменен қаншық қаппас. Борбайлап босқа әуре болғаның-ай, Соғылған сом болатпын тісің батпас, –
деп екпіндеп жауап береді. Ақынның өзге көпшілік айтыстарын да да осындай "бас мінесулер" туындап, ұзаққа созылады. Осыдан кейін екінші мазмұн басталады.Айтыс шиеленісе түседі. Шарпы су көлемі кеңиді, айтыс мазмұны қоғамдық мәселелерге көтеріле ді. Ащы тілмен аяусыз сілкілеседі. Бұл кезеңдегі марапаттау мен даттаулар тайпа-рулар жөнінде болады. Әр ақын қарсы жағының елінен, жерінен мін тауып, оны бетіне басады. Өз елінің, жерінің мақтанышын әйгілеп, мінін жасырады, жайма-шуақтайды шабу ылға тойтарыс береді. Мысалы, Қойдыммен айтысында ақын: Дегенге әйел теңдік құлақ аспай, Жас қызды шырылдатып малға сатқан. Жерінен малға сатқан қашып кетіп, Жалбаңдап пысықтары сотқа шапқан. Тағы бір жылпостарың аткезші боп,
59
Түн қатып, шай тасып жүр біздің жақтан. Білемін сөзім ауыр, қайқаңдайсың, Жауырдай арқасына ері батқан.
деп сол кезде албан руынан белең алып отырған кемістіктерді айып қып Қойдымның бетіне басады. Қойдым: Алдымен апиінкеш ұлықтарың, Жататын үйден шықпай түтін сасып.
Немесе Үстіне су тимеген қызайың көп, Қаудырлап тақыр тонмен, етін қасып, –
деп қызай руынан байқалатын кемістіктерді Таңжарықтың бетіне басады. Таңжарық айтыстарында осындай өзін мақтау, қарсы жағы ның мінін бетке басу болса да, оған бола ақындардың сағы сы нып, десі қайтпайды. Айтыстардың өн бойынан ер болсын дұш паның да дегендей деп, әріптестердің мән-жайы, портреті, ақын дық өнері мадақталып оған шабыт, қайрат беріліп отыратын тұс тар да молдап кездеседі. Таңжарық Қойдымның сипатын: Шіркіннің өзі қандай, сөзі қандай ?! Кез болған қан майданда Кезі қандай ?! Құлпырып гүл тікенсіз өспегендей, Қадалды қайта бір кез, сөзі қандай ?! Даусына таңғалады барша халық, Дидары судан шыққан күміс балық. Қыпша бел, қызыл шырай, қиғаш қасты, Жыққанның арманы жоқ іштен шалып. Бұраң бел, орта бойлы, кішкене аяқ, Болар-ау Қойдымдай жан некен-саяқ ?! Адамды жалт қаратар лебізі бар, Бетінен төгіледі нұры тарап. Тигізбей күнге бетін, желге етін, Мәпелеп өсіріпті өзін баптап, –
деп мадақ ете, суреттейді. Таңжарық айтыстарында ақындардан тапқырлық, шешендік, 60
зеректік, қағылездікті талап ететін жұмбақ айтысы да кездеседі. Таңжарықтың Баймұқаметпен айтысында жұмбақ шебер құрас тырылады. Матаспалы бірнеше жұмбақ қатар айтылады да, бір жолда шешіледі. Баймұқамет Таңжарық ақынға: Кетеді әрпі жалғас қи менен зи, Оқылса обал екен қысылмай. Нүктесін таштитімен1 бір қосып айтып, Әмзасын екі арадағы қалдырмай жи. Шықпайма шын оқылса бір бәйтерек, Мәуесі бек гүлденіп, шыққан ерек. Көп жерге көлеңкесі сая болған Өлшеу қып қасиетін неге керек. Осы сөз оңайлықпен шешілмейді, Табады мыңнан біреу болса зерек, –
деп, жұмбақ өлең жазады. Бұл жұмбақты Таңжарық: Қи мен зи қызай анам аты емес пе ?! Саясын тастамай айтғарып санам. Төрт нөл мен нүкте, таштит төрт баласы, Толықсып осы күнде өскен бағам. Бәріміз аталықтың баласымыз, Тел өскен бейне қолдың саласымыз. Таралып аталықтан болдық мұндай, Осыған бар ма, бәке, таласыңыз? Мәуесі ұрық – туған біз емес пе, Аталық – әлгі биік ағашыңыз, –
деп шешу жазып қайтарады және Баймұқамет ақынның шешуіне үш жұмбақ жазып жолдайды. Бұл айтыстан екі ақынның шешен де тапқыр, зерделі, зерек білімдарлығы байқалып тұрады. Таңжарық айтыстары ежелгі айтыс дәстүрінің тар шеңберін бұзды, оны жаңа мазмұнмен байытты. Жай бас мінесу немесе ел мінесумен ғана шектеліп қалмады. Әлеуметтік мәні зор қоғамдық ой-пікірді пайымдай алды. Сол кездегі сақталып отырған әділет сіздікті, сұрқиялықты, қанауды, теңсіздікті, мешеулікті әшкерелеп, өркениеттілікке, алғабасарлыққа жаршы, халықтың заттық және 1 Әмза (арабша) – араб сөздер ін дұр ыс қою үшін қойылат ын белгіл ердің тағ ы бір і.
61
рухани мәдениетіндегі аянышты жайларына жанашыр жоқшы бол ды. Таңжарықтың айтыстары тақырып, қоғамдық ой-толғамы жа ғындағы биіктілігімен ғана емес қисынды ойларды табан астында табатын ұшқырлық пен тапқырлық үнемі көрініп отырады. Таңжарық ақын айтыстарды қайта жазғанда өз басын ғана өлеңші етіп көрсетуге бой ұрмаған. Әріптестердің бәріне де өзін басып түсердей сөз берген. Қарсыластар қатар жүйрік болғандық тан да айтыстар өрелі болған. Айтысушы екі жақтың жауаптасу ларында жүйелілік, дәлдік, тапқырлық, шешендік, шымырлылық, логикалылық, сұлулық бар. Тіл тұнықтығы, сөз байлығы айшық ты, қанатты, бейнелі сөз тіркестері молынан кездесіп отырады. Қысқа ғана ғұмырында отты жырларымен артына өшпес мұ ра қалдырған, жас талант, қарымы қайтпас, арыны күшті табиғи төкпе ақын Асылқан Мыңжасарұлының (1893-1918) айтыс өне рінің дамуына әсер-ықпалы күшті болды. Суырып салма, айтыс өлеңдерін іркелмей төгетін Асылқан алты жасынан бастап өлең шығарып, он үш жасынан тартып айтысқа түскен екен. Ақынның қазір «Нұрипамен айтысы», «Зағипамен айтысы», «Танимен айтысы» (екі реткі айтысы), «Бұданмен айтысы» (екі реткі қағысуы) қатарлы өрелі айтыстары және бір топ мысал айтыстары бар. Көркемдік өресі биік, мазмұны терең бұл айтыс өлеңдері оның нағыз ұшқыр сөз иесі екенін танытады. Ақын Асылқанның өзге айтыс ақындарынан бір ерекшелігі ол айтысқан қарсы жағындағы әріптесі кім болсын, оны дереу тұ қыртудан гөрі, демеп, еліктіре, желіктіре, аузына сөз, көкейіне ой түсіре қосарға алады да, айтыс жүлгесін құрып, көрігін қызды рады. Шағын және көлемді айтыстары болсын, бәрінің соңы әл декімнің еңселеп жеңілуі емес, жарасымды, риясыз ілтипатпен жүйелі ойға нақ таптырады. Осымен қоса ақын айтыстарының өн бойында шиеленіскен қақтығысты қайшылыққа желі тартылады. Асылқан айтыс барысында әріптесінің портретін, оның ақын дық өнерін бүкпей дәл баяндап, өзін де асыра мақтамай, сол адам дар қатарында көрсетеді. Тәнимен айтысында Тәнидің келісті келбетін: Бір кезде тани келді сылаң қағып, Түрленіп тоты құстай қылаң қағып, Жағында кимешектің он солкебай, Бұлғақтап шекесіне үкі тағып.
62
Келбеті хор қызындай сұлу екен. Япыр-ай Тұңғатбайдан туған нағып?!... –
деп суреттейді. Ал ақынныңНұрипамен айтысында бір дәуірдің өмір шынды ғын дәлме- дәл етіп көркем тілмен бейнелейді. Айтысқа түскен әріптестер көріністе бірін-бірі мінеп, кемсітіп отырғандай, мұ ның өзі рулар арасындағы қақтығыстай болып көрінгенімен, айт ыстың астары ел ішіндегі ақалақшы, мампаң, би-болыстардың, зәңгі-төрелердің кемістігін бетіне басып, олардың жексұрын, жи ренішті қылықтарын шенеп, әшкерлеп отырады. Мысалы, Баласы Сыламжанның мампаң шандыр, Ұйқыдан көзін ашса, елін аңдыр. Атаның әруағымен ол да кісі, Туар ма мұндай жаман тәңір алғыр... Кенедей қанға тойған дәуіт залым, Құртты ғой тілеукенің тегіс бәрін.
Осы айтыста сол кездегі ру басыларының отыз шақтысының аты аталып, олардың түрліше жағымсыз қылықтары, озбырлықта ры қатаң сыналады. Ақын әріптесін әр сырға, әр тұрғыға, әр ойға жетектеп, оның аузына сөз салып, өзі оған қару айтады. Енді бір жағынан Алланың атын, діни нанымды, әруақты көлденең тарта отырып, өз ойын айтып, діттеген мақсатына жетіп отырады. Өз тұ сындағы кейбір ақындардың айтысымен салыстырғанда, Асылқан ның Нұрипамен айтысында теңсіздік рулық жіктен үстем тұрады. Анығырақ айтқанда, ол өз руын беталды мақтамайды, Нұрипаның елін де албаты жамандамайды. Елді сүліктей сорған ұлықтарға, діншілдерге қадалып, солардың елді езіп-қанауын, дүниеқорлы ғын, қараулығын әшкерелейді, шенейді [17, 248-б]. Ақынның айтыс өлеңдері құрылымы жинақы, сөздері шира қы, ықшам, ұйқастары шымыр келеді. Мазмұны мен формасы табиғи қабысып, жымдасып жатады. Көбінесе бір ұйқасты қуа лап ұзаққа дейін жалғастырып, айтар ойын шұбыртпалы ұйқас пен шымыр, қонымды әдіптейді. Мысалы: Асылқан мен Танидың тойдағы айтысында: Көрсетші ақын болсаң арыныңды, Басайын су сепкендей жалыныңды.
63
Жүйрік болмай, тұлпар боп кетсеңдағы, Басамын бір-ақ аттап адымыңды. Мұз киген ніл дариясы болсаңдағы, Үстіңнен жүргіземін қайығымды. Болады жақсы адамның дұшпаны көп, Қайтейін бетіңе айтып айыбыңды.
деп бір ұйқаспен келетін шұбыртпалы жолдар екпінді, шымыр шыққан айтыстың үзік үлгілері. Асылқан айтыстарында түре айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айт ыс, тұрмыс-салттық айтыс, мысал айтыстың озық үлгілері бар. Ақынның «Нұрипамен айтысы» өнер сайысының бір жарқын үлгісі. Бұл айтыста екі ақын он тоғыз реттен кезек алып, жалпы отыз сегіз шумақ өлең айтады. Нұрипа қайырған сегіз жолды бір шумақтан басқа отыз жеті шумақ түгел төрт жолды болып келеді. Асылқан айтыстарының ішінде өзіндік өзгешелігімен көз тар татын «Танимен айтысы» Біржан, Әсеттерше кең толғап кемері нен асыра ұзақ айтыс болған. Айтыс шамамен 1913-1914-жыл дардың бірінде Іледегі Сасан бидің ауылында, Сасанның ұлы Матқасымның келін түсіру тойында өткізілген. Бұл айтыс келін түсірген Сасан ауылының той күнгі кешінде басталып, ертесі сәс кеге дейін жалғасқан. Ақынның осы «Танимен тойдағы айтысы ның» этнографиялық құндылығы бар. Бұл айтыс келіншек ала тын жігітке күйеу жолдас болып, қыздың ауылына барған ақын сол ауылда отау жабар деген кәде туралы Танимен қалжың аралас қағысып қалады. Айтыс үстінде Тани: Қылып кел құнаныңды орыс ақша, Болады талай ақша соны шақса. Қатындар кәде алам деп келгенінде, Болмасын екі арада басың шақша, –
деп отау жабар кәдесін алмай қоймайтын сыңай танытып соқты ғады. Еруліге қарулы дегендей отау жабар кәдеге үкілеп жылқы әкеліп отырғанына нығызданған құда Асылқан: Кәде екен отау жабар ортадағы, Тоймайды нәпсі құрғыр толсадағы. Бір тиын бұдан артық берерім жоқ, Шақша тұрғой құмыра келседағы, – («Қасқалдақтың қаны» )
деп құдалық паңдық көрсетеді. 64
Бұл айтыс халқымыздың қыз ұзату той салтында құдалар ара сында болатын жол-жора мен ырым-кәдені өзек етіп айтысатын тұрмыс-салттық айтыстың әдемі үлгісі. Ол ұлттық дәстүріміздің көнеден жеткен бір ұшқыны болу сипатымен құнды, сонысымен бағалы. Асылқанның жұмбақ айтыстың да майталманы екенін тағы осы Танимен болған айтысы дәлелдейді. Айтыста екі ақын шариғаттан және жаратылыс құбылыстарынан, жұмбақ қойысып шешіседі. Бұл жұмбақ айтыста кітап атаулы кем кезігетін сахара елінде діни қағида-жосындар туралы, табиғат дүниесі мен адам заттың жаралымы туралы, жақсылық пен жамандық туралы үл кен мәлімет береді. Бұл айтыста жұмбақ өлең, тұрмыс- салттық өлеңнен сырт жер-су өлең, шежіре (ата) өлең, шариғат өлең, қара өлең қатарлы түрлері де қамтылған. Асылқан мысал (тәмсілдік) айтыстың да қас шебері ретінде өмір шындығына негізделіп, кейбір қоғамдық мәселелерді «Ұры алған көк атпен айтыс», «Итпен айтыс», «Шолақ сиырмен айт ыс», «Молда мен торғайдың айтысы» қатарлы мысал айтыстары. Ақын өз тұсындағы ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, жоқшы лық, жалқаулық, надандық, сынды қоғамдық індеттерді аллего риялық тәсілмен мінеп-шенейді. Демек Асылқан Мыңжасарұлы таяу заман айтыс поэзиясына мысал (тәмсілдік) айтыс түрін қо сып дамытуға, оның әлеуметтік, қоғамдық, тағылымдық мәнін, тәрбиелік құнын тереңдетуге қосқан үлесі зор болды. Шарғын Алғазыұлы қыруар ойлы, рухты өлең-толғаулар дың авторы ғана емес, өз тұсының суырыпсалма айтыскер ақы ны да болғаны белгілі. Көрнекті ақын Мәди Әбдірахманов Шар ғын ақын туралы естелік- ессесіндеШарғынның Нәсілханмен айтысынан үзінді келтіреді. ...Іленің жайылмалы жағасында Бір албан үлкен той қып қызын берген. Сол тойға елмен қатар біз де келдік, Көз салдық жігіттерге қызып жүрген... Атақты Нәсілхан да келді деді, Айтысар бар ма жігіт оныменен. Байтал озып бәйге алмас деп қалыппын, Немене асып туған солғұрлы елден. Ойбай, қиын, пәле деп жұрт шулады, Шымырлап – дауылдады тұла денем, –
65
деп басталатын бұл айтысты шарғынның өз аузынан естіген ақын Мәди Әбдірахманов:«Шарғын ақынның Нәсілхан мен Шарғын ның айтысы атты 500 шумақтан артық осы шығармасы 1937-жы лы қыркүйекте Іле бойында жазылған. Шығарманың тіл көркем дігі Нәсілханның да, Шәкеңнің де тапқыштық тартымды өлең ұйқастары керемет екен. Мен сонда мына айтыс айтыс қана емес, Іле аймағын мекендеген ел-жұрттың көркем сөз шанағындағы та рихы ғой деп ойладым» – деп жазады. Деп жазып жатты досың Үрімжіде, Жоқтығым менің саған білінді ме?
деп Үрімжіде абақтыда жатып өзіне сәлем арнаған сырлас, қа ламдас досы Таңжарық ақынмен де Шарғын Құлжа қаласындағы бір бас қосуларындаДәулеткелдінің қолқалауымен сөз қағыстыр ған екен. Шарғын: Ей, Таңжарық, жез таңдай, әкең сенің Жолды ма? Ел жайлауға көшкенде елмен бірге қонды ма? Көргенім жоқ әкеңді, шапанды ма, тонды ма? Шапан киіп, ат мініп, ел қатарлы болды ма? Арандай ауыз ашып ең, ындының сенің толды ма?
Таңжарық: Сөз түріне қарашы, не дейді мына албаның, Қазбалап біраз тастады, ар жағы мен бер жағын. Әкем тектес кедейлер тістеп өткен бармағын. Мін таппайсың өзімнен, алтыннан ауыр салмағым.
Бұл жауаптасулардан екі ақынның да бірінен бірі асып түсер жүйріктігі, тапқырлығы байқалып тұр. Шарғын айтыстары да іліп түсер, тіліп түсер, тап бергенін тайсалтпайтын арын мен да рын байқалады. Жоғарыдағы ақындар таяу заманғы айтыс өнерінің ту ұс таушылары болса, олардың айналасында өткен, әрі айтыскерлік дәстүрдің ұшқыны тараған ортадан нәр алып өскен, өздері де тар тымды айтыс өлеңдерімен танымал ақындардан: Отарбай Дүй сенбіұлы, Кәрібай Таңатарұлы, Бәтіш Қомшақызы, Тәни Тұңғат байқызы, Әріпжан Жанұзақұлы, Әппақ Майтабанқызы, Мағауия 66
Орысбайқызы, Касымбай Құсайынұлы, Қойдым Дәрубайқызы, Рақымжан Мешпетұлы, Дәуіт Отарбайұлы, Қәнібек Нүсіпұлы, Сымағұл Қалиұлы, Ұлжалғас, Нұрила, Наси Шабақұлы т.б. бар. Бұлар да өзіндік үні, өзіндік өрнегімен айтыс өнерінің уығын шаншып, шаңырағын биік көтеруге елеулі есе қосқандар. Таяу заман айтыс поэзиясының бітім-болмысына келсек, Жү сіпбекқожа, Таңжарық, Асылқан секілді Айыр Көмей, Жезтаңдай – ақындардың ұзақ толғап, көсіле жырлайтын сүре айтыстары көз тартады. Бірақ мұндай үлгі тым көп емес, оған қарағанда қа ра өлеңмен қысқа қайырып айтысатын түре айтыстар, одан қала берсе қысқа қағысулар қомақты орынды иелейді. Мазмұн және форма жақтан кемелденген таяу заман айтыс поэзиясындағы бір жаңалық, жазба әдебиеттің дамуы мен жазба ақындардың же тілуіне орай осы тұста хат айтысы келіп қосылды. Бұдан сырт бұл дәуірдегі ақындар айтысының құрамында ата өлең негізінде қалыптасқан шежірелік айтыстар, діни сауаттық (шариғат) айт ыстар, мысал айтыс, жұмбақ айтыс, қайым айтыс, қарғыс айтыс, сауға сұрап айтысу сияқты түрлері де кезігеді. «Сүре айтыс». Бұл суырып салмалық өлеңге әбден ысылған ақындардың әр кезекте ұзақ толғап, ойды өрістете кең косылып жырлайтын тынысы кең, күрделі айтыс түрі. Мұндай айтыстар көбінесе күнді түнге жалғап ұзаққа айтысатын, айтыстың кезегін қарсыласына оңайлықпен бере қоймайтын, ілімі бөлек ақындар дан, яғни пайым-парасаты, білім өресі жоғары ақындардан кезде седі. Әсеттің Ырысжанның айтысы, Таңжарықтың Қойдыммен, Нұриламен Ұлжалғаспен айтыстары, Асылқанның Тәнимен айтысы осы сүре айтыстың үздік үлгілері. «Түре айтыс». Бір-бір шумақ (ішінара екі шумақ) өлеңмен қысқа да нұсқа, шапшаң жауаптасып айтылатын, тілі өткір, леп ті түре айтыс түрі ақындардың көбінде кезігеді. Соның ішінде «Асылқанның Нұрипамен айтысы» бір жарқын үлгісі. Таңжарық тың Әлекенмен әзіл айтысы, Отарбайдың Найман қызбен, Қайша қызбен, Қалимен, Несіппен айтыстары түгелдей түре айтыс түрі де келеді. Отарбайдың Найман қызбен айтысы өлеңнің бастапқы екі жолын өзгерісіз қайталап отыратын қайым өлең формасында келеді. Бұл айтыста «айтайын Әйтекенің алла дергей» деген жол ды әріптесі екеуі кезектесіп алты рет қайталайды. «Қысқа қағысулар». ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі дәуірдегі айтыс поэзиясында қысқа қағысу 67
түрінде туындаған айтыс нұсқалары да едәуір мол. Екі ақынның кездейсоқ жолығып, тіке, ықшам, тартысып, шарпысып, айтысып қалуы сынды айтыс түрлері әйгілі ақындармен қатар қатарда ғы сөз зергерлері мен ақындық таланты бар адамдар арасында да кездесіп отырады. Оның қорының қомақты болуы аталмыш дәуірде өлеңмен айтысу, суырып салып, барынша кең тараған дығының айғағы. Шағын айтыс, қысқа қағысуларда тұжырымды ой, тапқырлық, қолма-қол жауаптылық, төкпелілік басты орын да тұрады. Арнаулы айтыс тұсында ақындардың айтысамын деп арнайы сайланып, ойланып, толғанып, кезеніп келуіне қарағанда қысқа қағысулар өзінің қәпелімде туылатын кездейсоқтығымен дараланады, мұндайда әріптестер қынаптан қылыш суырғандай тұтқиыл тап бермеге төтеп беруге мәжбүр болады. Жөнелдемеде неғұрлым тез толғанып, тапқыр ой, тартымды шумақтар құрауға тура келеді. Қысқа айтыс өлеңдерінің құрамынан әдеттегі айт ыстардан табыла бермейтін тапқыр ойға құрылған тамаша өлең шумақтары кездесіп отырады. Қысқасы, қысқа қағысулар тұтас айтыс өнерінің құрамдас бөлігі, айтыс дәстүрын дамыту, суырып салмалық өнердің өркенін өсіруде өзіндік рөл атқарған. «Хат айтысы». Жазба әдебиеттің қалыптасуы мен дамуының жемісі айтыс ақындарының да қолына қалам ұстатты. Айтыс ақындары айтыстың тағы бір түрі- хат айтыстарын да елімізде ХХ ғасырдың бас шенінде айтыс өнеріміздің аясына алып келді. Айт ыс ақындары тек сахнада, жиын-топтарда кездесіп қалғанда ғана емес, кездеспесе де хат арқылы бір-бірімен сөз сайысын оздырып отырды. Таяу заманғы хат айтыстарының бізге жеткендерінен бес ақынның хат айтысы (Дәуіт, Ахмет, Ақыт, Абдолла, Әсет), Таң жарықтың Баймұқаметпен хат айтысы, үш ақынның хат айтысы (Махмұт, Сақи, Омар), Әсет ақынның Қызыр төремен, Самет тө ремен, Қабыл Тайжымен хат айтыстары, Бәтіш Қомшақызы мен Махмұттың хат айтысы, Рақыш молла мен Ошырдың хат айтысы қатарлы айтыстар бар. Хат айтысының өзіне тән ерекшелігі- ол арнаулы ұйымдастырумен емес, қайта ақындардың өз еркімен жасалады. Онда арнайы уақыт, орта шектемесі болмайды, мазмұ ны алуан түрлі, кең тынысты болып келеді. Жоғарыдағы хат айтыстарының ішінде ең көлемдісі бес ақын ның хат айтысы. Кезінде Үрімжі, Алтай, Тарбағатайдағы ақындар арасында туылған бұл айтыс бірнеше жылға созылған. Айтыс тың түп нұсқалары – әуелгі хаттар сақталмаған, бірақ, ел ішінде 68
ауыз екі сақталған. Қазірге дейін үш нұсқасы мәлім болды. Оның алғашқы нұсқасын Асқар Татанайұлы мен Алтай ауданы Байт ык мал фермасындағы Өкей Бекенайұлы «Мұра» журналының 1991-жылғы 3-санында жариялады. Бұл нұсқа сол жылы шыққан «Алтай қаласының халық өлең-жырлары» атты жинаққа енгізіл ді. Бұл нұсқада Ілелік Дәуіт ақынның Ақыт ақынға жазған өлеңі, Ақыттың Дәуітке жазған жауап хаты, Үрімжіде тұратын Ілелік ақын Абдолланың Ақыт пен Ахметке жазған хаты, Алтайдағы Ахмет ақынның Абдоллаға жазған хаты және Әсет ақынның атал ған төрт ақынға жазған хаты қамтылған. Қытай қазақтары хат айтыстарының ертеректе туылған, көп жыл жалғасқан, оның үстіне білікті ақындар қатынасқан хат айтысы осы бес ақынның айтысы. Бұл арнайы ұйымдастырылған айтыс емес, ол өмір талқысының тікелей туындысы болуымен на зар аударады.[18, 105-109-б]. «Таңжарық пен Баймұқаметтің айтысы» жұмбақ арқылы өріс теген хат айтысы болып, табылады. Алдымен Баймұқамет Таңжа рыққа жұмбақ өлең жолдайды, Таңжарық Баймұқаметтің жұмба ғын шешіп, оға қайтара жұмбақ жазады. «Жұмбақ айтыс». Еліміз таяу заман айтыс тарихында бүкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиын түрі жұмбақ айтысы да кез деседі. Жалпы бұл дәуірде айтысқа қатысқан ақындар көп болға нымен де, олардың жұмбақ айтысына араласқандары аз сияқты. Мұның өзі жұмбақ айтысның оңай еместігін аңғартады. Өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады. Сондықтан мұндай айт ысқа түсу үшін ақынның өлеңді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бұған қоса ақын білгір, тапқыр және тез ойлап, шапшаң жауап беретін болуға тиіс. Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше ала тын болады. Бұл үшін жұмбақты берушінің де, оны шешушінің де әр нәрседен хабары, көп мәліметі болуы шарт. Дегенмен, бұл айтысқа аталған дәуірдегі айтыс ақындарының бәрі болмаса да бірталайы қатысқанын білеміз. Бұған дәлел, «Отарбай мен Най ман қыздың айтысы», «Жүсіпбекқожа мен Лазипаның айтысы», «Әсетпен Ырысжанның айтысы», «Асылқанмен Танидың айтысы», «Таңжарық пен Баймұқаметтің айтысы» қатарлы айтыстар дан жұмбақ айтыс үлгілерін көреміз. Ақындардың осындай жұм бақ түріндегі айтыстары олардың ақындық өнерімен қатар, тап қыр, білгір адамдар екендіктерін көрсетеді. Мысалға «Әсет пен 69
Ырысжанның айтысын» алайық. Бұл екеуі де ірі айтқыш, ел дара сына атағы кең жайылған ақындар болған. Әсет айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ атанған ақын. Осы айтыста атақты екі ақын бір-бірінен ақындық өнер асырамыз деп үлкен тартысқа түседі. Бірақ жеңісе алмайды. Сонда Әсеттің білгірлік шама-шарқын сы намақ болып, Ырысжан бірнеше жұмбақ айтады. Оқыстан беріл ген жұмбақтарды Әсет іркілместен табан аузында шешіп береді. Әсет Ырысжанның бірінші жұмбағын шеше отырып, сол заман дағы әкімдерді, болыс-билерді мейлінше жамандайды. «Елубасы – құзғын, старшин – қанға тояттаған қаршыға, онбасылар-күй кентай» деп көрстетеді. Ырысжанның екінші жұмбағы – адамның дене мүшелері. Мұны да Әсет әдемілеп шешіп береді. Ал үшінші жұмбағында: Арықтап бір түйе өлді жетіп ажал, Алты батпан бұлы бар безбенге сал. Сүйегі жерден, көктен табылмайды, Білдіңбе, мұның өзі қайда өлген мал? – дейді Ырысжан. Бұл жұмбақты Әсет: Домбыра саған ерген бұлбұл екен, Ырысжан сөйлер сөзге қырғын екен. Арықтап оттай алмай өлген түйең Ақылмен абайласам бір жыл екен, –
деп шешеді және «Алты батпан бұлы бар» дегені бір жылдағы алты ай жаз дейді. Сөйтіп, ол қыздың барлық жұмбағын табан ау зында шешіп шығады, тез ойлап, шапшаң жауап қайырады. Өз кезінде жұмбақ айтыстарының мәні зор болған. Ол ақын ның көп ізденуіне, білмегенді білуіне талпындырған. Олай етпе се, айтыста жеңіліп қалатынын білген. Мұның өзі кейінде жас тардың білімге ұмтылуына, дүние тануына, ой санасын өсіруге әсер еткен деуге болады. «Діни айтысы». Діни тақырыпты өзек етіп айтылатын айт ыс түрі еліміз қазақтары арасына ХІХ ғасырдың соңында мешітмедреселердің салынуымен белең беріп дами түскен. Демек, діни айтысы таяу заманғы ақындар айтысынан өзіндік орын алған та қырып болып, талай айтыстарда шариғат кейде арнайы, көбінде жұмбақтау жолымен жырланып келген. Діни айтысы да ақыннан бірталай діндарлықты, білімділікті қажетсінетін қиын айтыс, өйт кені шариғат жұмбақтарын шешу оңай емес. Отарбай ақын өзі 70
нің Найман қызбен айтысының соңында шариғат туралы жұмбақ айтыс жасайды. Найман қыздың дін туралы қойған жұмбақтарын Отарбай қайым өлең үлгісімен бәтін шешіп отырады. Мысалы, Найман қыздың: Баласы арғымақтың айдан туған, Арда еміп, құнанында тайдан туған. Құда екен, ақын болсаң тоқталмай айт, Сүйегі пайғамбарым қайдан туған? – деген жұмбағын Отарбай іркілместен: Баласы арғымақтың айдан туған, Арда еміп, тайдан туған. Пайғамбарда ата да жоқ, ана да жоқ, Құдайым өзі өсіріп пайда қылған, –
деп жауап береді. Бұл айтыстан Отарбайдың ислам дінінен мағ лұматты адам екенін білеміз. Бұл секілді діни айтысы Жүсіпбекқожа мен Лазипаның, Әсет пен Ырысжанның, Асылқан мен Танидың айтыстарынан да көре міз. Бұлардағы шариғат айтысы жұмбақтау жолымен өрістейді. Кейбір діни айтыстарында жеңіл әзіл араласып, әріптесін де, тың дармандарын да желпіндіріп отыратын тұстары да кезігеді. Мы салы, «Шарғынмен Насылқанның айтысында» Шарғын ақын На сылқанның шариғаттан қойған сұрауына орай: Менімен егескен сендейлерді, Кетеді тозақ жаққа айдап алып, Хор қызын иманды еркек құшақтаса, Қатындар күн көреді қайда барып, –
деп әзіл-қалжыңмен жауап береді. «Мысал(тәмсілдік) айтыс». Бұл бір қырынан қарағанда мы сал өлеңдерге ұқсап кететін айтыс түрі. Мысал айтыста өмір шындығына негізделе отырып, өз тұсындағы сақталып отырған қоғамдық індеттерді, жамандық атаулыны адам мен малды, не месе хайуанды айтыстыру арқылы аллегориялық тәсілмен қатты шенеп, әшкерелейді. Мұндай айтыс түрінің тамаша үлгісін таяу заман айтыс тарихына Асылқан Мыңжасар ұлы жаратты деуге болады. Бұған оның «Ұры алған көк атпен айтыс», «Итпен айт ыс», «Шолақ сиырмен айтыс», «Молда мен торғайдың айтысы» 71
қатарлы айтыстары дәлел. «Шарғынның алаяқ атпен айтысы» да осы мысалдық айтыстың тағы бір жарқынүлгісі. Асылқанның «Итпен айтысында» астындағы атынан айрыл ған ақын жоқ қарап жүріп, тұяғынан түк қалмаған ақсақ итке жо лығып, жоғалған кер құнанның із-дерегін сұрайды: Көрдің бе көк құнанды қаңғып жүрген, Сол еді жалғыз атым мал қып жүрген. Айрылдым құдай атып кер құнаннан, Әйтеуір бұтымды артып әл қып жүрген.
Бұл шумақтан кер құнанның келіскен жылқы емес, күтімі де, күйі де жоқ әйтеуір «бүт артарлығы» бар екенін айту арқылы өзі нің күйсіздігі мен кедейлігін мысқылдайды. Ақынның сұрауына ит: Айрылдың аттан нағып мініп жүріп, Ес-түсіңнен айрылдың күліп жүріп. ...Сұрайсың адам түріп иттен келіп, Мен байқұс нені білем үріп жүріп. Үйімде жақсы болсам жатпас па едім, Тұяқ жоқ аяғымда жүріп-жүріп. Айрылдым аяғымнан ақсақ болып, Ұрлық қып әрбір үйге кіріп жүріп, –
деп, есі кеткен иттен сұрағаның не көрсетер (сенің де есің кетке ні) деген емеурінмен ақынға соқтыға сұрау тастаса, бір жағынан «байтал түгіл бас қайғы» болып жүрген өз басының хал-күйін баяндайды. Айтыста жалғыз атқа жарымай жүрген жоқшылық, өнер-білімнен құр алақан жастардың ойын-тойға ес-ақылынан адаса беріліп, бостан-босқа мастануы, жалғыз атты, жоқ-жітікті ептейтін ұрлық-қарлық, итке сенсе де, бір-біріне сене алмайтын сенімсіздік сынды ел-жұртты жүйкелетіп тұрған қоғамдық індет тер әшкеріленеді. Сол арқылы жастар мен жарлы-жақпайларға ғибрат береді. [14, 231-б]. «Қарғыс айтыс». Айтыс кезіндегі қақтығыстарда қарғыс ма ғынасындағы жеке сөз, сөйлемдер кезігіп отырғаынмен әзіл үшін айтса да, айтыстағы әрбір тармақ, шумақ түгелдей қарғыс түрінде келетін, немесе тек қарғыс қана ауызға алынатын айтыс түрі қа зақтың айтыс тарихында бұрынды-соңды байқалмаған. Бұны да 72
айтыс өнеріне ақын Таңжарық әкелген жаңа түр деуге болады. «Таңжарық пен Әлекеннің қарғыс айтысы» мұның жарқын мы салы. Айтыста әріптестер бір-бірінің қатын баласынан тартып, астындағы аттары мен есігіндегі иттеріне дейін түгел қарғап шы ғады. Мысалы, Әлекен: Мал-жаның, қатын-балаң тып-типыл боп, Жұртыңда жалғыз итің ұлып қалсын.
Таңжарық: Қатының мен екеуің қатар өліп, Артыңда жалғыз балаң зарлап қалсын.
Тұтас айтыс осындай адам баласы үшін өте ауыр тиетін, сүйектен өтетін жантүршігерлік қарғыстардан құралады. Екі ақын бір- бірінен артыла түсіп қарғағанымен бәрі әзіл үшін айт ылғаны аңғарылып тұрады. Қортындылап айтқанда, таяу заманғы ақындар айтысы маз мұн жақтан байып, форма жақтан кемелдене толысты. Бұл дәуір ақындар айтыстарында заман-дәуір келбеті мен шындығы, ха лықтың тағдыр тауқыметі мен тыныс тіршілігі, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, дүние танымы, діни сенім-нанымдары, білм, мәдениет өресі т.с.с көрініс табумен бірге, рулық тартыстар мен таптық жік, алуан-түрлі қоғамның шынайы бейнесі, әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, зорлық-зомбылық, жоқшылық пен жома рттық, әйелдер теңдігі, елдің береке-бірлігі мен ынтымағы, кей бір тарихы оқиғалар сүрлеуі, сауда мен өнер, жастардың арманмұраты, ұланғайыр дала заңы бедерленді. Сөйтіп, аталған дәуірде еліміз қазақтарында айтыскерлік дәстүр дәуір рухымен жаңарып, дәурендеп өсіп, қаулап қауашақ жайып, кейінгі ақындар айтысы ның үлгі алар үлкен өнер мектебіне айналды. (Бұл тарауды жазуда Жәлел Нұрпейісұлы қатарлылар жазған «Қазақ айтысының тарихы» мен Бексұлтан Қасейұлының «Айт ыс-сөз барымтасы» деген кітаптарын негіз етіп пайдаланылды.) Арнау өлеңдер. Арнау өлең жасампаздығы еліміз таяу заман ақындарындағы тағы бір түрлі әдеби ауқым болып, ақындар қо ғамға, болмысқа, небір жекеге болған көзқарасын, тұрғы таным 73
дарын бейнелеуде арнау өлеңдердің алуан түрін пайдаланған. Сол арқылы да өз тұсындағы қоғамның сан-алуан қайшылығын, шынайы бет-бейнесін, қараңғы, жақтары мен жағымсыз мінезқұлықтарды, тоғышарлықты әшкерелеп діттеген мақсаттарына жетіп отырған. Демек, арғы тарихы халық ауыз әдебиетінен бас тау алған арнау өлеңдер еліміз таяу, қазіргі заман қазақ поэзиясы ның тағы бір арнасы болып қосылған. Қазақ арнау төркін, тегі тым арыдан басталатыны анық. Ары сын айтсақ, ең ескі тұрмыс салт жыры болып зерттеліп жүрген жоқтау өлеңдерін де арнау өлеңдерінің бір саласы деуге болады. Оны қаза болушының «тірі күндегі кереметтері, адамгершілігі не артында қалған қайғылы адамдардың мұң мен зары өлең сөзбен айтылады, осыны зарлай арнау» дейміз деп шешендік арнаудың бір түрі ретінде зерттеліп тұрақтанған жайы да бар. Арнау жыр ларының шығу тегі мадақ жырларымен тығыз байланысты жағы да бар. Өйткені ертеде мадақ жырлары адам өміріндегі ерекше оқиғаларды, адам батырлығын, мінез ірілігін, табиғаттың ерекше құбылысын мақтауға арналған. Осындай арнау сарыны «ОрхонЕнисей ескерткіштеріндегі» қағандықты, қағанды мақтаумен ас тарласып та жатса, «Қорқыт ата кітабындағы» бағыттамалы бататілектер, өлең-жыр үлгілері де осы тектес жырлардың табиғатын танытады. «Түркі тілдер сөздігінде» естелікке алынған жырлар дың ішінде табиғат жырлары, тұрмыс-салт жырлары, дидактика лық, лирикалық жыр үзінділерінің көбі белгілі нысана,объектіге бағытталған болып, арнау өлеңіндік сипат алатындығын байқауға болады. Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулық поэзияның бір бө лімі шешендік арнаулардың ерекшелігін бойына сіңірген. Сон дықтан жырау жырлары да негізінен ханға, батырларға, халыққа қаратылған үгіт насихаттық мазмұн алып, арнау өлеңдерінің үл гісін аңдатады. Ұлы Абай да өз тұсындағы қоғамның қайшылығын, қазақ са харасының сүреңсіздігін, қазақтың мінін айыптауда арнау өлең дерді өткір құрал ретінде пайдаланған. «Болыс болдым мінекей» (Күлембай болысқа арналған) атты әйгілі сатиралық арнау өле ңінде билік ұстағандарды халыққа жанашыр болуға үгіттесе, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» сынды өзіне қарай бағыт талып, арналып жазылған бір қатар өлеңдерінде өзі арқылы өзге ге өнеге көрсету, жаңалыққа жетелеу, өнерғылым үйренуге ынта ландыру мақсаты көзделген. 74
Арыдан бастау алған арнау өлеңдерінің үздіксіз өсіп-өркен деп, кемелдену үстінде келгендігін көруге болады. Сонымен бір ге әр дәуірдің арнау өлеңі өз тұсының қоғамдық мінездемесінің айнымаған мазмұндық туындысы екендігін аңғарамыз. Міне осындай құнарлы топырақтан өсіп-өнген арнау өлең дерінің еліміз таяу заман қазақ поэзиясының үлкен бір арнасы болғандығын ұлы Абайдан тікелей ақындық тәлім қабылдаған Шыңжаң қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалар Ақыт, Әсет, Таңжа рық, Көдек, Асылқан, Отарбай т.б. ақындардың туындылары дә лелдей түседі. Бұл дәуірде шағын, қысқа өлеңдер шоғырындағы арнау жырлары қорының қомақты болуына қарамай, аса икемді бір поэзиялық жанр ретінде тұлғаланды. Бірақ осы арнау өлеңде рі бүгінгі күннің талабы тұрғысынан, қазірге дейінгі басылым кө ріп жатқан жоғары мектеп оқулықтары мен қатысты еңбектерінде арнаулы, жүйелі түрде ауызға алынып, зерттелген жоқ. Дегенмен, осы дәуірдегі арнау өлеңдері өзінен бұрынғы дәуір лердегі поэзяның сипатын дәстүрлі тұрғыдан танытумен бірге, өзіндік ерекшеліктерімен де көзге түседі. Ең алдымен арнау жырларының жерлік, дәуірлік сипаты өте айшықты болып, әр туындының тарихи артқы көрінісін тану ға зор мүмкіндік берді. Таңжарық өз заманының, өз қоғамының тудырып отырған қылмысын әшкерлеу үшін ел билеген жерлік мәнсаптыларды, бай-манаптарды, билік ұстаған гоминдаңның ха лыққа салған лаңын ақын «Шыңшысай суретіне», «Сатылқанға» т.б. қатарлы өлеңдерімен аша білді. Ал Әсеттің «арнау өлеңдері қазақтың атқа мінер би-болыстарына, шен-шекпенді бай манап тарға, молда бақсыларға, сондай-ақ өнерпаздарға, адалдық үшін маңдай терін ағызған ел қалаулыларына қаратылып» өмірінің соңғы кездерінде өзі кездескен нақты оқиғаларға, істерге бай ланысты туындаған. Сол себепті бұл арнау өлеңдерінің өңірлік, дәуірлік болмыс келбеті едәуір айқын деуге әбден болады. Отар бай Дүйсенбіұлының «Ажы гүңге», «Арқалыққа» арнаған жыр ларының Алтай өңіріндегі нақты билік ұстағандар мен халық тұлғалары арасындағы қайшылықты халықтық тұрғыдан жырла ған көркем де өрелі арнау өлеңдері есептеледі Өз дәуіріндегі халыққа ең керекті, айтпаса, көтермесе бол майтын маңызды тақырыптарды да ақындар өз ортасына, ың ғайына қарай арнау өлеңдерінде көрегендікпен, көркемдікпен жырлай білді. Ақыт, Әсет, Таңжарық, Көдек, Арғынбек, Шілбі, 75
Отарбай, Асылқан т.б. ақындардың жырларының, оның ішінде арнау өлеңдерінің басым көбінде, момын, ұйқыда жатқан елді жаңалыққа, өнер білімге шақырған, отырықты мәдениет қалып тастыруға үндеген, неке теңдігін, бас бостандықты дәріптеген мазмұндар басым орында болды. Арнау жырларының жанрлық табиғаты айшықты, көркемдік деңгейі биік болды. Бұл тұстағы туған жырлар нағыз дәуірге, қо ғамдық өмірге байланысты болып, нақтылы объектілерге бағыт талды. Шешендік пен шеберлітік ұштастыра білді. Сатираның да, дидактиканың да, лирканың да көркем сипатын танытты, сан жа ғынан да, сапа жағынан да көрнекті болып, икемді бір поэзиялық жанр ретінде тұлғалана алды деуге болады. Арнау жырларының тағы бір ерекшелігі олардың деректік, тәрбиелік құнымен байланысты. «Әдебиет адам баласына ой са ларлық, көркем ғибрат берерлік, мектеп болса, өз міндетін орын дағаны» деп білсек, әдебиеттің әр бір жанрына сондай міндет жүктеледі деген сөз. Ендеше, арнау жырлар белгілі бір объекті ге ғана бағытталған болса да, өз заманы, өзі жасаған өңірлерде гі бүкіл халықтың хал-күйін, қоғамдық- әлеуметтік жағдайдың сан алуан қатпарларын, топтар мен жіктердің ортасындағы қай шылық қақтығыстарды, жеке тұлғалардың болмыс-бітімін, жан дүниесін, олардың өмір сүрген ортасын т.б. толып жатқан жай лардың бәрінен хабардар етеді. Сонымен бірге бұл арнау өлең дер өткірлігімен, тұжырымдылғымен, тартымдылығымен халық көңілінен орын алып, ел арасына тез тарап үлгерді. Сыртқы дү ниеден, жаңалық атаулыдан құр алақан қалып, тау сағалап, өзен жағалап көшіп жүрген халықтың санасына сәуле төгіп, рухани дүниесіне сілкініс тудырды, руханижақтан серпілтіп қана қойған жоқ, бұдан кейінгі өмірлерінде не істеу керекекендігін, қандай ор тада өмір сүріп жатқандығын көз алдыларына жайып салды. Сол себепті бұл кездегі арнау өлеңдерінің тәрбиелік маңызы да аса жоғары болған деп қортындылауға болады. Жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай арнау өлеңдерді сатира лық және дидактикалық арнаулар деп топтастырып, жекелеген шығармалардың мазмұндық бітіміне талдау жасауға болады. Сатиралық арнау өлеңдер. Жалпы осы тұстағы Шыңжаң қа зақ әдеби туындыларының ішіндегі дәуір ауқымына сай жарыққа шыққан төл туындылардың мазмұндық ыңғайына үңіліпкөрсек өз дәуірінің ащы шындықтары, халық тұрмысының алуан қырлары, 76
экономикалық хал-күйі, мәдениет өресі, қоғамның қатпарлы мәсе лелері, табиғаттың, туған мекеннің сай саласы, түрлі жіктегі адам дар бейнесі т.с.с толып жатқан тақырыптағы мәселелер сөз болды. Бұл дәуірдегі поэзияның тақырып аясы кеңейді, мазмұн-мәнері жаңаланды, бұрынғыдай мадақ-марапаттау азайып, сын, әшкере леу көбейді. Сөйтіп жасампаздық бағыты біртіндеп сыншыл реа лизм бағытына ауысты. Бұлай болуына сол кездегі елдің қоғам дық-әлеуметтік, саяси жағдайы және мәдени-әдеби тірлігіндегі өзгерістер мен жаңалықтар себепші болды. Сондықтан да зиялы қауым өкілдері әсіресе, халық жағында тұрған ақындар қауымы сол тұстағы кертартпа үкіметтің зұлымдығын ашкерлеп, жергілікті атқа мінерлердің кемістік кемшіліктерін, қатігездіктерін танып біл ді, болашаққа үлкен үміт пен сеніммен қараған олар, өздері білген шындықты жеріне жеткізіп, батыл айтуға, халыққа өткір тілді шы ғармалары арқылы үгіт насихат айтуға бейім болды. Әсіресе, ақындардың арнау өлеңдерінің сатиралық бояуының қанық болуы да осы бір ауқымға байланысты деуге болады. Жал пы бұл тұстағы арнау өлеңдерінің жарыққа шығуына нақтылы орта, нақтылы адам, нақтылы кезең, нақтылы уақиға себеп болып отырғандықтан шығармаларының реалистік сипаты да күшті бо лып келеді. Ақындардың дәстүрлі әдебиеттің ең ұтымды тұста рын пайдалануы, суырып салма ақындық таланты, табанда тауып айтатын айтқыштығы, шешендігі қатарлы қасиеттері негізінде арнау жырларының тууы да өте табиғи деуге болады. Демек, сол арнау поэзиясының ішінде, сатиралық арнаулардың басым орын да тұруы да тегін емес. Өйткені, онда ақындардың махаббат-қар ғысы мен алуан әлеуметтік ауқымды бейнелейтін мазмұндар қам тып, халық санасын ояту мақсаты көзделген. Сатира латын тілінен келген сөз болып, өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, ажуаға айналдыратын к өркемдік бейнелеу тәсілі деп білсек, қазіргі заман қазақ поэзиясындағы сатиралық арнаулардың ең үлкен ерекшелі гі жеңіл, мағынасыз юморларга қол артпай, ашты шенеу, жеріне жеткізе мінеу, терең әшкерлеуге сүйенетін жағының басым болып келетіні осы анықтамаға сай келіп тұр. Бір бөлім арнау өлеңдерін де жеңіл әзілдік сипат, күлдіргілік бояуы күшті болғанымен, оның да астарында маңызы бар келемеждеу сипатының тұнып тұрғанын аңғарамыз. Сатиралық арнау өлеңдері арналған объектінің кім, не болғанына қарай әр түрлі сипат алатынын айтуға болады. 77
Бірінші, сарказмдық немесе шенеулік сипатты арнау өлеңдер. Таңжарық өз заманының, өз қоғамының тудырып отырған қыл мысын әшкерлеу үшін ел билеген мансаптыларды, бай манаптар ды, гоминдаңның халыққа салған лаңын сатиралық арнау өлең дерінде тіл қанжарымен түйрейді. Ақын «Шыңшысай суретіне» дейтін өлеңінде: Отырсың қара залым түсің қашып, Біз жүрміз айдауыңда асып- сасып. Армансыз дүниеден өтер едім, Қаныңды бір ұрттасам жалғыз қасық, –
деп Шыңшысайдың залымдығын бетіне басып, аса өшпенділік пен, өңменінен өткізе айтса, «Гоминдаңға» деген өлеңінде: ...Қарамай айналаңа көз жіберіп, Дүниеге жалғыз ғана туғандайсың. Бір ұртың у, бір ұртың қанға толып, Өтірік әділмін деп сумаңдайсың, –
деп келетін жиырма алты тармақтан тұратын бір ұйқаспен тү сетін өлеңінде аса бір үлкен шеберлікпен сол бір билеуші қо ғамдық топтың қылмысын әшкерлеп, қатыгез, алдамшы заң саясаттарының төркінін ел алдына жайып салады. Мұндағы аталып отырған құзғын, құмай, қасқыр, сауысқан сол топтың, гоминдаңның белді мансаптыларының алуан харектірін көз ал дыңызға келтірсе, «Шықылықтау», «Сумаңдау», «Қылмаңдау», «Ыржаңдау» т.б. қимылдық суреттеулер арқылы олардың алуан түрлі айла-тәсілдерінің, зұлымдықтарының шын кеспірін кесте лі, образды тілмен келістіріп соққылайды. Мұндай сарказмдық тәсілмен айтылатын өткір сын, «Сығай зәңгіге», «Мақсұтқа», «Уголинге», «Лауға бару», «Оу, жақсылар» т.б. қатарлы өлеңде рінен де айқын көрінеді. «Ақыттың өмірі әділетсіздікпен, жауыздықпен күресіп өткен өмір, халықты білімдендіру, мәдениетке жетелеу жолында жүрек қаны сарқылғанша ізденіп, еңбектенген өмір» болғандықтан бір бөлім арнау өлеңдері үлкен жақтан насихаттық сипат алғанымен ащы сатираға, жеткізе шенеуге бейім жыр шумақтары да кездесе ді. «Билерге» деген өлеңінде: 78
Әділдік жоқ арсыз би, Ақіреттен қамсыз би. Ар біреуге жалтақой, Айтқан сөзы нәрсыз би. Оқу да жоқ, тоқу жоқ, Шариғатқа шабан би. Ескі заңмен гүмпілдер, Қарсы шауып қабан би, –
деп келетін жыр жолдарында елге еңбек етіп, әділ билік айтудың ор нына, өз құқығынан пайдаланып, арсыздықпен, зұлымдықпен, түрлі айламен елді қан қақсатып, сүліктей сорып, обалды ететін билерді шетінен харектріне қарай тізе отырып қылмысын әшкерлейді. Көдек шығармаларының бір биігі болған «Кең текесін» маз мұн аясы кең, тілі мірдің оғындай, көрегендікпен келешек туралы болжам айтқан әдемі сатиралық арнау өлең деуге болады. Оны «толғау» ретінде талдау жасаушылар бар. Ал өлеңнің өн бойын дағы «Парақор алты ақалақшы» туралы айтқанда солардың қо лында есеңгіреп күй кешкен қарапайым халықтың ащы күйін шертсе, Гоминдаң билеушілері Яң Зыңшин, Бу Дутоң, Шың Шы сайлар туралы айтқанда «алпыс түрлі айласы бар» түлкі текте іс-әрекетін масқаралайды. Жалпы «Кең текес» деп аталған бұл өлеңде «соншама кең, соншама көркем Текес табиғатының ор нында адам сезімін сергітерліктей бірде-бір көрініс жоқ. Қайта оның орнында соншама сүркей, соншама тымырық өмір бейнесі, қанау мен қаналудың шын бояулы ашынышты суреттері жатқа нын» көруге болады. Есімін бүкіл қазақ білген әйгілі әнші, сазгер, айтыскер ақын ретінде Әсет ақын талай той мерекелер мен әйгілі айтыстардың төрінде өнер көрсеткен, халықтың құрметіне бөленген өнер иесі болғандықтан, оның мадақ түріндегі арнау жырларының болуы табиғи. Алайда, ақын халықтың ақыны әрі көрген-білгені, ойына түйгені көп тұлға болғандығы себепті, халықты қолдап атқа мінерлердің, бай-болыстардың мінін бетің-жүзің демей шықпыр тып отырып бетіне баса білді. Алып айтсақ «Құрман қажыға», «Алашқа», «Сейіт ешенге», «Болыстарға», «Жабықпай мен Меш петке» т.б. өлеңдері елге танымалы жеке тұлғаларға арналған са тиралық сипаты бар арнау өлеңдер болып табылады. Отарбай Дүйсенбіұлының «Ажы гүңге», «Жәке биге сәлем де» қатарлы арнау өлеңдері өткір сатиралық арнау жырларының 79
тартымды үлгісі. «Әсіресе, ақын сол «Ажы гүңмен» сілкілекен кездерден бастап, Ажының Арқалықтай ел қорғанына опасыздық жасағанын шенейді. Олшындық пен жала жайында, халық пен өктемдік жайында, теңсіздікпен теңдік жайын түсініп жетіп» са насында үлкен сілкіністің туылуы ақынның арнау өлеңдерінің са тиралық бояуын күшейткен деуге болады. Рабат басқалардан шешен ақсың, Серкедей қой бастаған көсем ақсың, Бар малын бес жүз үйдің жиып алдың, Көзжасы, мұрын боғы кеселі атсын...
деп «Рабатқа» төнген жас ақын Асылқан Мыңжасарұлының ар тында қалған санаулы арнау жырларының ішінде де осындай уытты жақсы жыр жолдары кездеседі. Ақындардың бұл тұстағы сатиралық арнау өлеңдерінің бір то бы ирониялық, эпиграммалық түс алады. Өлеңдердің мазмұнын да әсіресе, өздері жасаған ортада өмір сүрген кей адамдардың басындағы белгілі міндерін ашып беруді, сол арқылы ағаттықты түзетуді мақсат еткен деуге болады. Сондықтан бұл топтағы са тиралық арнау өлеңдер оқырмандарды күлдіру үшін емес, тәрбие беру үшін жазылып немесе айтылып жатқанын аңғарамыз. Таңжарықтың «Қарынбайға» («Қарынбайда жер үйге ұста болды») өлеңінде жақыны болса да жанына батырып, Қарын байдың қыс қамына ерте кіріспей, уақытын өткізіп барып жер үй қазған тірлігін әзілге сүйеп сынайды. «Қыс келмесе, аюдың апа нындай қазар еді» деп оның еңбекке қыры жоқтығын, жалқау кей пін ашып, оқырманын ойландырады. «Омармысың» деген арнау өлеңінде өзіне таныс кедей жігіттің сәлемін алған соң, сондағы айтқаны: Уағалайкум ассалам Омармысың, Осы үйге сауыншы болғанбысың? Шілденің ыстығында шалбар киіп, Қарашы бейшараның обалдысын. Бүйіткенше өзіңше еңбек етпеймісің, Талаптансаң мақсатқа жетпеймісің. Бір серпілмей осылай кете берсең, Бір өмір езілумен өтпеймісің, –
80
дейтін бұл өлеңінде сәлемді әзілдей алып, жай ғана қызық үшін айтып отырған жоқ, ана бір алпамсадай атпал азаматтың бі реудің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген күлді көмеш, сү реңсіз кейпіне сын айтып, бұл тірілігінің ер азаматқа лайық тір лік еместігін, «Шілденің ыстығында шалбар киіп» мәдениеттен жұрдай болған қалпын сынайды. Ендеше, бұл өлең сол тұстағы қаншалаған жалшы, жарлы жақыпайлардың санасына сәуле тү сіріп, жаңа мәдениетке, жаңа тірлікке бейімделуіне түрткі бол ғаны шындық. Бұдан басқа, «Медресе діңгегіне жазылған өлең», «Мышан мампаңға хат», «Далдаға», «Әбденбайға», «Тоғыз шалға», «Мұ қанға» т.б. өлеңдері түгелдей ақынның жақын адамдарына, құр быларына, жолдасына,қоғамдағы өзіне таныс оқиғалараға арна лып, мақсатты туған жырлар болғандықтан, ақынның осы зілсіз әзіл арнау өлеңдерін келешекке дейтін сенімін оятып, қисығын түзетіп, асауын жуасытып, өмірге ойлы көзбен қарауға жетелеген жырлар деген жөн. Әсеттің айналасындағы адамдардың мінезіне, іс-әрекетіне, тірлігіне сын көзбен қарап, әркімнің өз бойындағы олқылықта рын түзетуге шақыратын зілсіз сатиралық арнау өлеңдері бар. «Таңғытқа» дейтін арнау өлеңінде: Тәкеңді жұрт сайлаған басшылыққа, Алты жұмық ереді атшылыққа. Қойы мың, жылқысы жүз, кемел даулет, Жалғыз -ақ ақыл ойы тапшылықта, –
деп ақын қарсы алдындағы объектісінің атын атап, түсін түстеп, оның «малға бай, ақылға кедей» бейнесін келеке етіп, жұртқа жа рия етеді, «Бір қызға» деген өлеңінде: Қылаңдап қырық құбылып тұрғанда қыз, Артына құлаң шашын бұрғанда қыз. Әкеңнің емін еркін оң жағында, Бізіндей етікшінің жылмаңда қыз. Әр елден мен сендейді көп көргенмін, Көтеріп өзіңді өзің бұлдан ба қыз. Қалжың айтса, кекектеп жаратпайсың, Атадан сенен басқа туған ба қыз, –
81
деп, ақын қыз баланың өзіне лайық тәрбиелі болу керектігін ес кертіп, мінездегі кемістігін бетіне басады. Жалпы ақынның бұдан басқа, «Қонжа Ілгідайға», «Молдаға» қатарлы т.б. бірталай сати ралық шығармаларында мұндай ерекшеліктер өте көп кездеседі. Көдек Маралбайұлының да қалжың сипатын алатын «Ажар жеңгем», «Сенбайға», «Алты адамға», «Жамалға», «Сайдуге», «Қайнарбайға», «Молдырахманға», «Әміреге» т.б. көптеген пиг раммалық, ирониялық өлеңдері бар. Бұл шығармалар қарапайым ауыл адамдарынан тартып, атқа мінер ел билеушілеріне дейін қамтып, әр бірінің жеке басындағы міндерін, ізгілікке жат, оғаш қылық-әрекеттерін сықақ етеді. «Ажар жеңгем» деген арнау өле ңі салпы етек, салақтау жеңгесінің қиылып айтқан талабына сай қолма-қолайтқан туынды. Ажар жеңгем өзі аппақ, Қарамайды балаға. Кір қожалақ бет аузы, Үсті-басы сары ала. Жыртылғанға жібі жоқ, Түйме үзілсе қадама. Қурайды ат қып Ақай жүр, Үйде де ойнап, далада. Көңілі шат қуаныш, Жабысқан кір жағаға...
деп, уағында ыдыс-аяғын да таза жумайтын, үй жұмысына жоқ болғанымен, «әңгімесі мен күлкісі бітпейтін» бір ғана жеңгесіне айтқан қатаң сыны, ащы әзілі екен. Мұндай өлеңдер өз тұсында ел арасына таралып, көптеген отбасының құтын кетіретін әйел дер үшін жаман әдеттен сақтандыратын тәрбиелік маңызы зор болғаны анық. Жалпы қай дәуірде де болсын осындай типтегі әйелдерге, қыздарға ой салатын, болатыншағында болса, шарапа ты бар құнды өлең деуге болады. Ақынның барлық әзілдік өлең дерінде де мұндай ерекшеліктер менмұндалап тұрады. Бұл дауірдегі ақындар сатиралық сипаттағы арнау өлеңдері нің қайсы бірінде болсын, мейлі өткір тілмен жеріне жете шене сін, мейлі астарлы әзілмен мысқылдасын, мейлі өз кейіпкерінің нашар характерін жұртқа бетің-жүзің демей жайып салсын, қатаң шенесін, негізгі мақсаты жақсы қылықты, адамгершілік қасиетті, ізгі тірлікті, жағымды мінездемені дәріптеген ой- пікірлерін алға 82
тартып отырады. Егер әдеби шығарма «өзінің сиқырлы күші ар қылы адамдар жүрегінен біртіндеп жол табады, олардың көңіліне мысқалдап енеді, сол арқылы олардың мінез-құлына, күллі тұрмы сына асер етеді»делінсе, сатиралық арнау өлеңдері бұл жағында ең көрнекті тәрбиелік мәнге ие деп тұжырымдауға әбден болады. Дидактикалық арнау өлеңдер. Қазақ халқының поэзиясын дағы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық, мазмұндық сипаты жағынан өзге түрік халықтарына қарағанда едауір бай екені фольклорымыздан да, жазба поэзиямыздан да айқын бай қалады. Мұнда арнау жырының арғы қайнары Орхон-Енисей ескерт кіштеріндегі Тоныкөк тағылымынан, Жүсіп хас хажип Баласағұ нидың «Құтты білігінен», Қожа Ахмет Иасауи қатарлы софистік дидактиканың шебер ғұлама ақындар жырларынан, қазақ ханды ғы дәуіріндегі хан қасындағы ақылшы жыраулар мен жорық жыр шыларының философиялық жырларынан бастау алатыны анық. Бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пі шінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып қаз-қалпында бү гінге жете алғаны. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделіле ніп отырды. Бұл жағынан арнау жанры өміршең жанр ретінде әр дәуірдің болмысынан, халықтың жалпы тірлік жағдайынан, дұ ние танымынан хабардар ете білді. Әсіресе, арнаудың дидактика лық үлгісі шешендік арнау, шешендік толғаулармен үндесіп, ха лықтың этикасы және моралдық психикасымен тығыз қабысып, әр дәуірде тәрбиелік маңызы тұрғысынан аса құндылық таныт ты. Халқымыз ықылым заманнан тартып-ақ келешек тағдырына алаңдаушылық білдіріп, ертеңінің нұрлы болуын, ұрпақтың ба қытты болуын ойлап – талғанғаны атадан қалған рухани мұралар дан айқын көрінеді, әсіресе, дидактикалық арнау, толғаулардың жалпы сарыны осылай болып келеді. Халықтың дүние танымын дағы ұлы да киелі ұғым-түсініктер мен жақсы қасиеттерді ұрпақ санасына сыңырып, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәс түрге айналған десек, оның көбі мақал-мәтелдер мен осы арнау сипатты терме толғаулар арқылы үзіліссіз жетіп кең орын алған деуге болады. Ендеше, еліміз қазіргі заман қазақ поэзиясындағы дидактика лық арнау өлеңдер жоғарыдағыдай дәстүрлі ерекшеліктерді өте 83
кемелді қалпында сақтаумен бірге өз дәуірінің, өз ортасының жа не осы ортада жасап отырған халықтың мұң-мұқтажы мен тала бына, келешек қажетіне сай тақырыптарды көтеруімен көзге тү сетін құнды жыр шоғыры есептеледі. – Ақыт Үлімжіұлының өлеңдері мейлі философиялық ойға құрылғаны болсын, әлде шариғат қағидалары арқылы пәктікке, тазалыққа тәрбиелейтін тақырыптағы шығармалары болсын не месе халықты ғылым өнерге ұмтылуға шақырған, әділдікке, ең бекшілдікке үндеген шығармалары болсын, бәрінде адамдық қа сиетті, даналықты, адамдар бойындағы ұлылықты, өз шығарма сының негізі, өзекті арқауы етеді деп білсек, әсіресе талдау жасау барысында ақынның дидактикалық арнау өлеңдерінде мұндай ерекшеліктердің көп те көрнекті екеніне көз жеткіземіз. Ақынның «Билерге», «Байларға», «Моллаларға», «Кедейлер ге», «Кәрілерге», «Жігіттерге», «Әйелдерге», «Қыздарға» деп келе тін жасына, жігіне қарай айырған жүлгелі дидатикалық жырларын да осы топтағы адамдарға құрғақ насихат айтушы емес, әр топтың өз ыңғайына қарай педагогикалық тәрбие берген, бүкіл бір халық тың қамын жеген, болашағы үшін толғанған, мәдениетке шақыр ған ұлы ғұлама тұлға қалпында көз алдымызға келеді. Ақынның: Өнер-ғылым үйреніп, Алыстан істі көзделік. Қыдырып шай, ет іздеп, Ауылдан ауыл кезбелік. Баттасып бекер жатқанша, Жұрт болайық өзгеріп. Еңбексіз жүріп емініп, Әркімге көз сүзбелік. Бір қазақтан басқаның Бәрі жатыр өзгеріп, –
деп келетін арнау өлең жолдары халқының келешегі үшін бар ын тасын салып, ақыл – ойын сарып еткен кемеңгер ақын бейнесін көрсек, «Қыздарға» деген өлеңінде: Ар ұятты сақтай біл, Ел үмітін ақтай біл. Ертеңгі жүрер жолыңды, Анаңнан ұғып жаттай біл, –
84
деп, ертеңгі «Ана» болатын, ұрпақ үлгісіне айналатын қазақ қыз дарына халықтық дәстүрлі тәрбиенің нәрін кестелі арнау жыры мен жеткізеді. Мұнда да халықтың келешегін қазақтың қызда рымен, ана тәрбиесімен байланыстырып түсінген ұлы тұлғаның көрегендігі байқалады. Таңжарық ақынның бұл топтағы арнау өлеңдерінің қамтыған тақырып көлемікең болып, сол тұстың әлеуметтік өміріне, заман беталысына, адам болмысына терең үңілуден, толғанудан туған туындылар екені көрінеді. Мұнда, ақын елдің арқа сүйеуіне жа райтын есті азаматтарына, айналасындағы жағымды жаңалық тарды дәріптеп, ойламы, толғамы бар ізбасараларына қарата өнер білім үйренуді, үйренгенді қажетке жарата білуді, қараша халық тың қамын, болашағын ойлауды тапсырады. Сондай-ақ елдің ке лешегіне тірек болатын ел азаматтарымен кеңесіп, солар арқылы өзінің арман-тілегін жүзеге асырғысы келетін ақын тұрғысын та нуға болады. Мұндай шығармаларынан «Садыбайға», «Ырымбекке», «Жә нелқанға», «Шарғынға», «Шәріпқанға», «Байжұмаға» т.б. өлең дерін атауға болады. «Жәнелқанға» деген арнау өлеңінде: Оқыған кімді көрдің біздің жұрттан, Аңдып жүр жауша бірын-бірі сырттан. Қазақтан біреу шықса білімді боп, Алдымен аңдып жүріп соны жыққан, –
деп сол тұстағы «қолда барда алтынның қадіріне жетпеген» көр соқырлықты, берекесіздікті ашына айтып, мұңын шағады. «Шар ғынға» деген өлеңінде: ...Жалғыз ақ көшпенділік қылықтарды, Ойласам қызып кетер қаным менің. Халқымыз отырықты болу ұшін, Кел, Шәке, ағыталық білім селін, –
деп бүгінгі күндері шаруашылық аудандарда жаппай қолға алып жатқан отырақтану саясатын ақын сол кездің өзінде арман етке нін көруге болады. Ал, «Шәріпқанға» деген өлеңінде төңкерісші, қоғам қайраткері Шарыпқанның ерлігіне сүйіне отырып: «жақ тамай жатпас елі әділ ұлын, атағы айбар болған жырлап халық» деп тілеулестік білдіріп, сол тұстағы еркіндікті, азаттықты аңса 85
ған халық атынан шабыт, жігер береді. Ақын өзімен тіл табыса алатын зиялы қауымның тірілігін өте жақсы түсініп, оларға үлкен аяушылықпен қарайды. «Зиятқа» деген өлеңінде: ...Күн кештік күңіреніп күйзелісті, Нахақтан зиялылар болдық істі. Отындай өнерліні отқа жаққан, Мәскеудің алаяғы болды күшті...
деп келетін осы бір шумақтың өзінде Зиятты ғана емес, оның жа сап отырған қоғамдық, саяси ортасының жағдайын, дәуірлік бол мысты терең сезінген аңғарлы ақын тұлғасын сезінеміз. «Мейір банов Меңғалиға» қатарлы өлеңдерінен де ақынның осы ерекше лігін толық көз жеткізуге болады. Ақынның үлкен қоғамдық мәселелерге дейін үңіліп, өз тілегі не жақ болатын ортаны іздеген тұрғысы бейнеленген арнау өлең дерінен «Қазаққа арнау» өлеңінде: ...Іріткі салып ауылға, Қастық жасап қауымға, Пәле қуып алыспа. Басқа ұлттың тілін біл, Нан сұрап жесең намыс па? Ағашы бол, балға соқ, Әр кәсіптен қалыспа. Әр кәсіптен құр қалып, Ұрлық қылсаң табыс па?!...
деп келетін шағын толғаулық сипаты бар осы «Қазаққа арнаған» өлеңі отыз үшінші жылдардың туындысы болып, ақынның көп жер аралап, көп ой түйіп, өз елінің кемшілік жақтарын көрген соң жазған өлеңі. Бұл шығарманың өзі халық санасына тез сің сін деп желдірме жыр сарынымен термелеп жазғанын аңғарта ды. Сондықтан бұл өлеңнің өз кезінде үлкен қоғамдық маңызы, тәрбиелік рөлі, ағартушылық маңызы болғанын жоққа шығаруға болмайды. «Өлкелік құрылтайға» өлеңі ақынның тұрмеден шығып қо ғамдық қызметтерге араласқан кездегі туындысы болғандықтан, онда белгілі қоғам қайраткері ретінде ой толғанысын өлең өрнек теріне түсірген секілді. 86
Әсет Найманбайұлы ел аралап, жер көріп, Абай қатарлы қа зақтың көптеген ұлы адамдарынан тәлім алған, дәмдес болған ірі өнер иесі, сондықтан оның дидактикалық жырлары кілең нәсихат үлгісінде келмейді, қайта белгілі бір көңіл-күй тебіреністері де байқалып қалады. Өлеңдерінде реализм мен романтизмнің ұшта сып келетіні Әсеттің алған тәлімімен байланысты деуге болады. Десе де Әсет насихатының, ой-пікірінің заманға, адамға лайық айтылып отырғандығынан ақынның бұл топтағы арнау өлеңдері нің тәрбиелік құны да жоғары. «Алашқа» деген арнау өлеңі көлемді толғау үлгінсінде келіп, ұласпалы үлкен үш бөлімнен тұратын өлең. Өлеңдегі: Алашым, басың көтер қарап жатпай, Ғылым ізде ғұмырыңды босқа сатпай. Ғылыммен неше түрлы кеме жасап, Еуропа жүрген жоқ па суға батпай. Жайылған дүниеге ғылымпәннен, Құр қалдың ғой қазағым дәмін татпай, –
деп келетін өлең жолдрынан Әсеттің бүкіл қазақтың санасына сәуле құйып, надандықтан құтқаруды мақсат еткен, ғылым, мә дениетке шақырған ағартушылық идеясын сондай-ақ Міржа қып, Байтұрсыновтармен пікірлес, ниеттес ірі тұлғасын танимыз. Ақынның «Даярға», «Мешпетке», «Қалдайларға» т.б. қатарлы ар науларының да дидактикалық сарыны күшті болып, ақынның ха лықшылдық идеясының белгілі қырларын байқатады. Көдектің арнау өлеңдерінің басым көбі белгілі бір ұйқаспен құйылып түсетін, көбінде лиркалық, сатиралық сипаты күшті бо лып келетін өлеңдер болса да, бір бөлім арнау өлеңдері насихат тық мазмұнға да ие. «Жәмилаға» деген өлеңінде: ...Отаулы үш жыл болды үй ұстадың, Омырдың несін айтам қалған жағын. Тамағың аспа- төкпе болғанімен, Маңызды байқалмайды бал бармағың. Алдыңа бөбек түссе қайтер едің, Сұлу қыз мұндай болса алданғаның. Келін боп басқа жұртқа келгеннен соң, Жақсы ғой болашақты аңғарғаның, –
87
деп отау болып үй ұстаған келіншектің ең алдымен игі қасиеттер ді үйреніп, жақсы әдет қалыптастырып, «салауаттыбәйбіше бо луын» тілеп айтылатын бұл арнау жыр бір түрлы сыпайы дидак тикалық мазмұн алған әдемі жыр саналды. Ал, «Жастарға кеңес» арнауында: Адал істеп, абайлап тура жүру Байлығың, төрт мүшеңнің амандығы. Ұры, залым, қарақшы, тонаушыны, Жақсы деп кім айтады залалдыны. Жас кезде оқуменен өнерге ұмтыл, Талап қылып ізденген табар мұны, –
деп сол тұстың жастарына өте қажетті болып отырған жамандық тан жирендіріп, өнер-білімге баулу идеясы, ақынның өлеңіндегі өмір қажеттілігі мен тақырыптық жаңалығының деңгейін таны тады. «Шығармаларында өзі танып білген қоғамдық жағдайларды, оқиғалар мен адамдардың іс-қимылын тұжырымды түрде бая найтын»«Замана жыршысы» атанған Арғынбек Апашбайұлының да дидактикалық арнау өлеңдерге де соғатын кездері бар. Бұл ақынның, әсіресе, заман, қоғам, тарих, халық шежіресі қатарлы жақтардан көп білімге ие болғандығымен байланысты болса ке рек «Кеңес»жақсы мен жаманға арналған дидактикалық жыры. Ер-азаматтардың жақсы-жаман жақтары туралы термелей оты рып, жан-жақтылы пайымдау жасаған, көңілге ұялайтындай ойпікір, козқарастаға толы көлемді толғаулық дәрежедегі арнау жы ры. «Жақсы қатын» мен «Жаман қатынға» арналған жырлары да терең тарбиелік маңызы бар, жалпы әйел затының жақсы, жаман қасиеттерін салыстыру тұрғысынан, оқырманына ой салуды көз деген көркемдидактикалық арнаулар деуге әбден болады. Бұдан басқа Шілбі Көмекұлы, Досбер Саурықұлы, Боздақ Дүзбенбетұлы, Төлеубай Бөжекұлы, Асылқан Мыңжасарұлы т.б. қатарлы ақындардың бәрінде де өрелі де, өрнекті, нақышты ди дактикалық өлеңдердің үлгілері кездеседі. Қорытындылай келгенде, аталған дәуірдегі ақындар поэзиясы ның бір саласы болған арнау өлеңдері де басқа да көлемді қис са-дастандары, айтыстары мен көркем туындылары секілді тұтас шығармашылығының белгілі қыры мен қасиетін таныта алары анық. 88
3
ЖАҢАШЫЛДЫҚ
А
бай өнегесі. Еліміздегі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақындарға ұлы Абайдың да әсер-ықпалы аз болмаған. Өйткені XX ғасырдың алғашқы жарымын да Абай мұрасының идеялық-эстетикалық терең мәні Қытайдағы қазақ әдебиетшілерінің де үлгі-өнегесіне айналған-ды. Бірінші ден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екін шіден ақындықты мұрат еткен өнер иелерінің адастырмас темір қазығы болды. «Абай – қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әде биетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты жә не сан қырлы. Ол-керемет суреткер ақын және сыршыл лирика ның сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның өмір құбылыстарын терең толғау жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ой шыл-философ ақын деген мағынада айтамыз» – деп, академик Заки Ахметов ұлы дарынға үлкен баға береді де: «ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы соншалықты зор болатыны, айна ласына түсетін жарығы да мол болатыны анық» [ 19, 245-б], – де ген тұжырым жасайды. Абай еліміз қазақ әдебиетшілеріне де «жарығын түсіргені» белгілі. Өйткені ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай – қазақтағы су ретті, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне өрнек берген, түрін көбейтіп, қа лыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан» [20, 230-б], – деп айтқанындай Абайдың ХІХ ғасырдың соңынан бері еліміз қазақ әдебиетінде де «оқушылары» болғанын Абай дәстүрін жалғастырушы ақындар дәлелдейді, яғни еліміз таяу заманғы қазақ ақындары Абайдан үлгіқабылдап, мұндағы жаз ба әдебиетіміздің тақырып аясын кеңейтуге, көркемдік өресін жоғары көтеруге, мазмұны мен формасының жаңалануына игі ықпалын тигізді. 89
Ұлы Абайдың өнер мектебінен мол тағылым алған ең алғаш қы «оқушыларының» бірі – әйгілі бұлбұл көмей, жезтаңдай ақын Әсет Найманбай еді. Әсеттің ақындық, әншілік, композиторлық өнер жолында үлгі-өнеге алған бірден-бір ұстазы – Абай. Өйткені Әсет 1889-жылдан бастап ұлы ақынның ауылында болып, Абай дан тәлім-тәрбие алған ең талантты шәкірті болған. Осы мезгілде Абай ауылы білім құмар жастардың ордасына айналып, Абай өзі нің шәкірттеріне өз тағылым-тәрбиесін сіңіріп қана қоймай, ба тыс пен шығыс ғалымдары мен ақын-жазушыларының еңбектері жөнінде әңгіме айтып беретін болған. Сондай-ақ кемеңгер Абай шәкірттерінің жазған шығармаларын мұқият қарап, жақсыларын құптап, кемістіктері болса, әділ сын-пікірлерін айтып отырған. Сондықтан да Әсет ақындық, композиторлық жағынан Абайды өзінің ұлы ұстазы деп білген, дана Абай негізін қалаған қазақ жазба әдебиетінің жаршысымын деп санаған. Әсет алғашында суырып салма, қолма-қол төгіп айтатын айтыс ақындарының дәстүрлі салтын ұстанса, кейін келе ақын дық өнерде Абайды ұстаз ете отырып, жазба әдебиетке ауысады. Шығармашылық барысында ұлы Абайдың «өлеңнің іші алтын, сырты күміс болсын» деген шарты мен эстетикалық қағидасын берік ұстана отырып, өзі де «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» әсем өрнекті поэзия жаратады. Ұлы ұстазы Абайдан мол тағылым алып есейіп-ержеткен Әсет дүние салар алдындағы қоштасуында да: «Абайдай өз артына сөз қалдырып, жақсы еді-ау, әттеген-ай өлу деген» деп ұлы ұстазын еске алуы да тегін емес. Келер ұр паққа Абай секілді мол мұра қалдыра алмай кетіп бара жатқаны на қатты өкінеді, көзі тірісінде шығармаларының баспадан шыға алмағанын арман етеді. Әсет Абай өнегесінен үйреніп, Абай мұрасынан сусындай ке ліп, қытай-қазақ әдебиетіне идеялық мазмұн, көркемдік өре жа ғынан соны соқпақ салып қана қоймай, қазақтың өлең өлшеміне де жаңалық ашқан ақын. Абай мен Әсеттен ілгергі қазақ поэзия сында «қара өлең», «жыр» делінетін екі ғана өлең түрі болғаны мәлім. Біз Әсет поэзиясын зерттеп қарайтын болсақ, байырғы осы екі өлшемді кеңінен пайдалана отырып, қазақ өлеңіне шұбы ртпалы ұйқас, қосарлы ұйқас, шалыс ұйқас, аралас ұйқас сықыл ды жаңа өлең түрлерін қосып, қазақ поэзиясының кемелденуіне жаңа үлгі көрсеткенін көреміз» [13, 86-б.]. Әсетпен замандас немесе оның алды-артында өткен бірталай 90
ақындар Абайдың шәкірті Әсет әсерімен көне сүрдектен, ескі са рыннан айығып, әдебиеттің жаңашылдық жолына қарай бет бұр ғаны хақ. Өлең өрнегінен, өрісті өнегесінен мол нәр қабылдап, еліміз қазақ әдебиетінің фольклорлық тар шеңберден шығуына, тақырып аумағының кеңеюіне, көркемдік-идеялық жақтан өзге ріс жасауына, поэтикалық тұрғыдан кемелденуіне айрықша ық пал етті. Қытайдағы қазақ әдебиетінің классигі, суырыпсалмалық пен жазба дәстүрді қатар меңгерген, ақындық өнердің ерен жүйрігі Таңжарық Жолдыұлы – ұлы Абайдың ықпалына мықтап бойұр ған ақынның бірі. Ол Қазақстанда бірнеше жыл болған, білім ал ған. Бұл ақынның қоғамдық ой-санасының кеңеюіне, шығарма шылық жақтан толысуына әсер еткен. Өз халқының тағдырына күйініп, әділетсіздіктің қыл бұғауынан құтылуды ойлаған Ахмет, Міржақып қатарлы қайраткерлердің, Абай, Шәкәрім, Ыбырай, Сұлтанмахмұт сынды ақындардың шығармаларымен танысуы оның ерте оянып, халқының қамын ойлайтын күрескер ақын ре тінде қалыптасуына айтарлықтай рөлі болған. Сондықтан Таң жарық шығармашылығының арна тартар қайнар көздерінің бірі жоғарыдағы өнер иелері деп білуіміз керек. Ақынның ілгеріндікейінді жазған кейбір шығармаларының өзек өрімінен Абай әсе рін аңғару қиын емес. Таңжарық өресі биік, талғамы жоғары ақын. Тақырып таңдау, сөз саралау жақтарында өзіне аса жоғары талап қояды. Көп жағ дайда ұлы Абайды үлгі тұтады. Сол себепті«Ақын сыры» атты толғауында: Сөздері басқа ақынның маған мәлім, Құрт салған шайдай іріп былғанады. Бәрін де Абай сөзі басып түсер, Бір парша шеттен алып қырнағаны, –
деп, Абай өлеңіне ерекше ілтипат білдіреді. Ал өзіне: Айтуға дәмсіз сөзді қорғанамын, Болмаса тұрғаным жоқ бұлдағалы. Терең сөз таппаған соң шерім шықпай, Ашылмай жүрегімде қыр қалады, –
91
деп дәмді сөз, терең сөзді іздеп, өзіне де үлкен талап қояды.Тағы да өлең туралы ұлы Абай: Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, –
деп, өлең сөздің өлшемін жасап берсе, Таңжарық: Ақынға жағар жұрттың тыңдағаны, Ол сонда өршеленіп, шыңдалады. Ой ашық, сөйлеушісі дана болса, Сол кезде сөз дәмді боп тыңдалады, –
деп Абайсөзін басқаша, яғни өзінше айтуға ден қойған. Тағы да оқып көрелік: Ақиқат, анық айтып, шынын сөйле, Жарамсыз, жалған сөзге кім нанады. Білетін терең сөзді білгіштерге, Жұмбақ сөз, перде ішіне ымдалады. Көңілсіз, көрсе қызар, тез оңғыштар, Су тимей жауын жаумай дымданады. Шыққан сөз білімдіден білгіш көрсе, Таразы талқысында сыналады, –
деген жолдардан Абайша айтуға ұмтылған ақын аңғару қиын емес. Басқаша айтқанда Абай әсерін бірден аңғаруға болады. «Жарамсыз, жалған сөзге» ешкімнің де сенбейтінін ескереді. Ұлы Абай секілді шығармаға жай, жауапсыз қарамау туралы ұлағатты ой айтады. Яғни тыңдарман-оқырман қауым сөз қадірін салмақтай білсе, онда ақын да өнер жолында шыңдалып, халық тың жүрек түкпірінен орын алады; ал сөзі сара, өзі дана суреткер болу үшін өмір құбылыстары мен адам болмысын қалт жібермей сезе алатын, тереңнен толғайтын білімділік қажет дейді. Сөйтіп, ақын өзіне де, оқырманға да эстетикалық тұрғыдан жоғары талап қояды. Ол халық көңілінде сақталған көкейкесті мәселелерді шы найы сезіммен, «қиыннан қиыстырып» жырлай алсаң ғана халық сенің сөзіңді тыңдайды, сонда ғана өнерің өміршең болады дейді. 92
Сонымен бірге Абай секілді ақындықты, поэзияны сөз еткенде Таңжарық тағы да жақсы өлеңнің қасиеті мен нашар өлеңнің бел гісі туралы да өз ұстанымын ортаға салады. «Қазақ тарихында бұрын көңіл көтеру құралы ретінде ғана пайдаланылып келген қазақ өлеңін классик Абай халық, қоғам, ел мүддесі үшін қызмет ететін қоғамдық күшті қаруға айналдыр ған болса, Таңжарық: Жұрттың бәрі құмар ғой, Зарлатып айтқан өлеңге. Болмаса мәлім бізге сыр, Мен бос сөзге ерем бе!? Ел зарығы демесем, Сонша сөзді терем бе!? –
деп сол классикалық өрені Қытай қазақтары арасында тұңғыш болып екінші рет қайталады» [15, 351-б.], – деген пікір жаңағы айтқандарымызды толықтай түсіндіреді. Таңжарық өзіне үлгі, мақтан тұтатын Ыбырай, Ахмет, Әсет, Мыржақып, Шәкәрім, Әріп, Омар, Сара қатарлы қазақстанның кезіндегі танымал өнерпаз, оқымысты ұл-қыздарын, олардың көптік-әлеуметтік сипат алатын шығармаларына дейін ауызға алады да, олардың бәрінен Абайды биік орынға қояды. «Бәрін де Абай сөзі басып түсер!» деп аса жоғары бағалайды». Абакең әлде қашан айтып өткен, «кезінде Абай екең айтқан жоқ па», «айтқа ны Абай аға бар емеспе», – деп қай-қашан да Абайды өзіне өмір бойы үлгі – өнеге тұтады. Таңжарық туындыларынан Абай шығармаларының асқан ше берлігінен, ой-пікір тереңдігінен, осыдан туған бай мазмұннан, көркемдік бояуынан көп өнеге алғандығы мен мұндалап тұрады. Айтқаны Абай аға бар емес пе, Сөзіңді ұқпағанға берме деген. Жиреніп өз үйінен қашып жүрген, Байқамай ант ұрғанға ерме деген. Ерінбей еңбек етіп, талап тауып, Қолыңды көтер көкке, серме деген, – («Өмір сыры»)
деп Абай есімін еске салады. 93
Бәрі негізінен Абайдан табылатын сөздер. Егер Абайға елік темесе, одан өнеге алмаса мұндай ұқсастық, сарындастықтың бо луы мүмкін болмаған болар еді. Шығармашылыққа осылай Абайша талғаммен, үлкен жауап кершілікпен қарайтын суреткер ақын қазақ әдебиеті төрінен орын алатын мазмұны терең, көркемдік өресі биік асыл поэзияны қа лыптастырды. Таңжарық Жолдыұлының табиғат көрінісін сипаттауын да да Абай өлеңдерінің әсері айқын байқалады. «Көктем мыса лы»,«Жаз мысалы», «Жаз таңы», «Жаздың бір күні», «Тау табиға ты» өлеңдерінде Абайдың жылдың осы мезгілдері туралы жазған өлеңдерінің әсері бар. Абай әсерін айтқанда, Таңжарықты жада ғай көшіруші, жай еліктеуші деп түсінуге болмайды. Абайдан су реткерлікті үйрене отырып, бейнелеу құралдарын орынды тауып қолдану арқылы табиғат көрінісін өзінше бейнелейді. Ұлы Абай мұрасын бойына сіңірген, үйренген Таңжарық жыл мезгілдерінің өзіндік сыр-бояуларын бедерлі де бейнелі сурет тейді. Мұндай мезгілге тән бояуларды дәл тауып ақындық тап қырлықпен әсерлі бейнелейтін суреттер Таңжарық өлеңдерінің өн бойынан табылып отырады. Өйкені ол – «өлеңдерінен образ ды ой туындатып, мезгілдің өзіне белгі боларлықтай элементтер ді жанды игеріп, образдандыра білетін суреткер ақын» [21, 40-б]. Сөзіміздің дәлелді болуы үшін Такеңнің «Жаз мысалы» атты өлеңінен біраз оқиықта оны Абайдың «Жазды күні шілде болған да» атты өлеңімен салыстырып көрелік: Жаз шығып, жердің жүзі жайнағанда, Жағалай жел, жотаны жайлағанда; Самалды, сары дөңге желі тартып, Иректеп құлын, тайды байлағанда;
Бұл жайлауға шығып, бие байлап мәре-сәре болған ауылдың бір көрінісі десек болады. Не болмаса: Шуласа қорада қой, сыртта сиыр, Желіде айғыр, бие қыңылдасып. Қалың көш үздік-сөздіқ жөнелгенде, Қақтығып байлау-бақан дыңылдасып.
94
Немесе:
Ит үріп, бала жылап, өгіз тулап, Жүкауып, оны басып, сиыр қашып. Бұрын кеп ақсақалдар қоныс шалып, «Жайлау жайлы болсын, – деп!» ырымдасып. Бастыра көк шалғынды жүк түсіріп, Дем алып, сусын жұтып, тынымдасып. Көтертіп бір жігітке шаңырақты, Қыз, қатын уық шаншып қылмыңдасып, –
дейді. Көшпелі қазақ ауылының қым-қуыт, абыр-сабыр тірлігі дәл суреттеледі. Төгіле жалғасқан тоқсан тармақтан тұратын толғауда табиғат аясында отырған қазақ қоғамының көшпелі өміріне тән жазғы тіршілікәрекеті бейнеленген. Міне, бұндай – нағыз шынайы, та ныс сурет, табиғи көрініс Абай өлеңдерінде бар. Нақтырақ айт қанда Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» атты атақты өле ңінде көшіп келіп қонып жатқан ауыл көрінісі барынша табиғи суреттелетіні белгілі. Мәселен, бір-екі шумақты келтірейік. Онда мынадай жолдарды оқуға болады: ...Шұрқырап жатқан жылқының, Шалғыннан жоны қылтылдап. Ат, айғырлар, биелер, Бүйірі шығып ыңқылдап. Суда тұрып шыбындап, Қыз- келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап...
Екі өлеңнің қалай қиысып, қалай туысып тұрғаны ап- айқын көрініп тұр. Екеуінде де жайлау үстіндегі көшіп-қонған жазғы ауыл тірші лігі өте әдемі суреттеледі. Бұлардағы үндестік, сарындастық ту ралы профессор А.Қалиұлы «Абай поэзиясы...» атты зерттеуінде: «Бұдан да үндесіп, тамырласып тұрған жері, екі ақынның сонша лық көп көрініс, мол қимыл, алуан тіршілікті сыналап аз өлеңге сиғызуында; тынымсыз қозғалыс күйін аңғартатын етістіктен ұй қас құрауында... Екі өлеңнің әр жолында бір қимыл, бір тіршілік бар. Бұлар жөніндегі баяндау мен суреттеу өзара кірігіп, баяндау 95
арқылы қимыл, тіршілік дами түседі де суреттеу арқылы қимыл, тіршілік сурет болып көз алдыға елестейді» – деген тұжырым пі кір айтады [22, 57-б.]. Екі өлең сарындас болғанымен, мазмұны жағынан өзгеше құрылған. Абай өлеңінде жаздың бір сәті нақты көрсетіліп, шіл де айы кезінде ауыл күркіреп жатқан өзен жағасына көшіп келіп қонған күндердегі көрініс суреттелсе, Таңжарық толғауында ел дің көк майсалы жал, жотаны жайлап, бие байлағаны, саба-саба сары қымыз сапырылып, самаурын қайнаған көріністер де, көш пелі өмірдің көш қызығы да, шөп шабу т.б. тіршілік қамының бар сипаты кең қамтыла суреттеледі. Абайды өзіне ұстаз, үлгі-өнеге тұтқан Таңжарық кейбір көр кемдік тәсілді қолдануда аса талғампаздық пен жасампаздық ше берлік танытады. Оның«Іле сипатында» Абайдың «Қыс», «Жаз ғытұрым» қатарлы өлеңдері мен Лермонтовтан аударған «Терек тің сиы» сынды шығармасы тамырласып, қабысып жататын тұс тары бар. Дегенмен Таңжарықтың кейіптеу тәсілін қолданудағы өзіндік ерекшелігі де мен мұндалап тұрады. Күн күліп барша әлемге шашты нұрын, Кіргізіп табиғаттың қашқан сұрын. Жағалай босағаны жымың қағып, Күйеудей қайынына келген ұрын. Шықпенен бетін жуып, жер түрленіп, Күтінді қалыңдықтай күні бұрын.
Абай да, Таңжарық та өз өлеңдерінде күнді-күйеу, жерді-қа лыңдық ретінде алып суреттейді. Алайда олардың бұдан шығара тын қорытындылары басқа-басқа, бөлек-бөлек, яғни, Абай күнді әлемнің кіндігі-патшасы, жерді – біздің планетамыздағы тірші лік атаулының анасы деп ой қорытады; Таңжарық өлеңіндегі күн – кадімгі нақты өмірдегі адам, қайынына ұрын келген, жымың қағып, босағадан сығалай қарайтын, өмірде күнде көріп жүрген боз жігіт. Ал оны күткен жар – арамыздағы тірі пенде, күйеуінің келерінен алдын-ала хабар тауып, шықпен бетін жуып, бір кие рін бойына жапсырған кадуілгі ауылдың қызы» [23, 38 б.]. Қалай десек те ақынның бұл өлеңінде Абай әсері тайға таңба басқандай байқалып тұрады. Ақыт Үлімжіұлы да ұлы Абайдың өлең өрнегінен көп үйрене ді. Ақыт шығармашылығы ХІХ ғасырдың соңында басталғаны 96
мен шығармаларының көбі XX ғасырда туған. Ақын туындыла рының идеялық-көркемдік жағынан толыса биіктей түсуі Абайды танығаннан кейін басталады. Сондықтан профессор Ә. Қалиұлы: «Ақыт – қазіргі заман қазақтарынан Абайды таныған, терең тү сінген, оны ұстаз тұтқан тұңғыш кісі» [24, 78-б.], – десе, екінші бір тұста тағы да Ақыт ақынның Абайдан үлгі алып үйренгенін, осының нәтижесінде көптеген өлең жазғанын нақтылай түседі. Ол Абайдан үйреніп, Абайдың ықпалын қабылдап, Абайдың жа ңа өлең формасын қытай қазақ әдебиетіне кіргізген» [25, 178-б.], – деп жазады. Басқаны былай қойғанда «Ғақлиялық үндеулерді» Абай өлеңдерін оқыған соң жазғанын Ақыт ақынның өзі де еске ртті емес пе? Қолдағы материалға қарағанда, ақын Абайға еліктеп, біршо ғыр өлеңдер топтамасын (тақта сөздер) жазған. Сондай-ақ Ақыт «Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып, күрделі лебіздерін шештім» – деп бекер ескертпеген. Бұған қарағанда ұлы Абайдың өлең өрнегінен көп үйренген деген байламға келуге болады. Бі рақбұл арада ескертетін бір жай Абай өлеңдерінің кейбір жол дарын аналы түрде сол қалпындаөлеңдеріне кірістіреді де, әрбір өлеңіндегі айтпақ ойын өзінше тарата айтып, өзінше пайым-түйін жасап отырады. Мәселен, Абайдың «Бойы бұлғаң» деп аталатын өлеңінің үлгісімен жазылған мына өлеңін оқып көрелік. ...Әуре басым, Көз жасым Тынбай ағып, Болды сел. Иілді мойын, Менің ойым: Не болады қайран ел? Осы қайғым – Менің айыбым, Тезінен ойлап толды дерт. Кейде мұздап, Кейде сыздап, Болдым өрт.
Ақынның (Ақыттың) көзжасы тынбай ағып, бойы бірде мұз дап, бірде сыздайтын себебі не? «не болады қайран ел» екен. Хал қын ойлағанбір адамның қайғысы осындай-ақ болар. 97
Халқының болашақ тағдырын ойлап жаны жай таппай күй зелген ақын Абайша ашына, Абайша толғанып жан айқайын біл діреді. Ақыттың жоғарыдағы аталған бір жинағы Абай үлгісімен жазылған. Алайда Ақытта өзінше айтуға ұмтылады. Алайда Абай есімін атап, оған құрмет көрсете сөйлейді. Ақыт ақынның қазақ үшін қамығып, өз ұлтын жазғыруы, сы науы, ақылдық кеңес, азаматтық пікір айтуы ұлы Абай шығар маларындағы реалистік дәстүрдің Ақытқа көрсеткен бір ықпалы екені белгілі. Абай шығармаларының басты қасиеттерінің бірі – өз елінің, өз ұлтының жаман әдет, теріс қылықтарын, қазақтың бойындағы бар мінін аяусыз әшкерелеу болған еді. Еліміз қазақ әдебиетінде оған ең алғаш бой түзеген адамның бірі осы Ақыт болса, енді бірі Таңжарық. Ақын Таңжарық шығармашылығы ның ерекше көрінетін өнегелерінің бірі де сол Абай шығармала рының үлгісі болды. Егер Абай: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп екі ұртың, –
деп қазақ халқының надандық-қараңғылық, ынтымақ-берекесіз дік, күндестік-көре алмаушылық меңдеген күйкі тірлігіне күйіне ді. Таңжарық ақын да: Біздің жұрт айтпай білмес, ашпай көрмес, Сезінбей айтқан сөзді перделеген... Айырып дос пен қасты танымайды, Қор қылып көзін басқан шел недеген!... Өсек, өтірік, мақтан, айла-қулық, Жолында жағы шаршап талған емес... Неткен ел қаны сұйық, ұжданы жоқ, Иілмей қатып қалған бел недеген! (Өмір сыры)
Не:
98
Жер жүзі бет алғанда өнер жаққа, Сен жүрсің мойын созып өлер жаққа. Бықсыған сай-сайдағы жанған отың, Олдағы бейім боп тұр сөнер жаққа...-
деп, өз ұлтының рухани жұтаңдығы яғни еріншектік, бейқамдық, ғайбатшылдық, тоғышарлық, көрсеқызарлық қатарлы адамгер шілікке жат тірлігі мен бірлігі жөнінде сөз қозғап, сынға алады. Ашына, батыра айтып, халқы үшін көкірегін қарс айырады. Таң жарықтың «Ел сыры» толғауында да Абайдың «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармаларының әсері күшті бол са, «Сатылқан зәңгіге», «Алпысбай ақалақшыға» деген сатира лық өлеңдері Абайдың «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» аттыөлеңдерін еске түсіреді. Таңжарық, Ақыт шығармаларының идеялық, көркемдік жақ тан кемелденіп, еліміз қазақ әдебиетінде дара биік шыңға көте рілуін Абай ықпалынан бөле қарауға болмайды. Яғни жоғарыда айтқанымыздай Абайдың реалистік дәстүрінен, демократиялықағартушылық идеясынан үлгі үйренуінде жатыр. Сондықтан олар өздері жасаған дәуірге Абайша қарады. Шындықты Абайша тол ғады. Олардың шығармаларынан бастау алған Абай дәстүрі әде би дамуға үн қосқан ақындар шығармашылығынан көрініс тауып жатты. Ақыт ақын әсіресе, алпысты арқалаған шағында жазған «Ғақ лиялық үндеулер» атты өлеңдер топтамасында Ақыт өзінің осы шығармалары туралы: «мархұм Абай Құнанбайқажыұлының кі табынан өрнек алып, осы ғақлиялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген екен. Мен де сондай есіме түсе қалған сөздерді кіргіздім», – деп түсінік береді. Ең алдымен Ақыт Абайдың рухани әлемін дұрыс танып, оның ақындық құдіретін жоғары бағалаған. Ол: Ақындар бізден бұрын өткен талай, Әсіресе Құнанбай баласы Абай. Солардай өткір сөзді таппасам да, Ойымды жеткізейін құрай-жамай, –
деп кішіпейілділік көрсете сөйлеп, Абайды ауызға алуы жай емес. Абайдың даналығын, тереңдігін жете түсінгендіктен оны қадір тұтады, өнеге алады. Ақыттың «Ғақлиялық үндеулер» топтамасы Абай сынды ойшылдан үлгі өрнек алуы нәтижесінде, екіншіден, ақыл-ойының әбден кемелденіп, қоғамдық сана-салтты, өмір тір шілікті жан-жақты пайымдай отырып жазған шығармасы. Сон 99
дықтан бұл топтамалар Ақыт шығармашылығының биік белесі тәрізді туындылар [1,87-88 б.]. Бұл өлеңдерінде Абай әсері анық сезіліп тұрады. Абайдың көптеген өлең жолдарын сол қалпында пайдаланып та отырған (1,185 б.). Абай үлгісі Ақыт өлеңдерінің сыртқы формасы (буын, бунақ, тармақ, ұйқас) яғни техникасы жағынан да аңғарылып тұ рады. «Он бес», «Он жетінші» тақта сөздерінен Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісімен жазса, басқа тақта сөздерінде Абайдың тә лім-тағылымы бой көрсетіп, ой түйіндері жалғастық табады. Абай «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» атты өлеңінде әр нарсенің өз уақыты болатынын ескертіп, жастық шақты пай далы іспен дұрыс өткізу керектігін айтады. Екі келмес ғұмырда «еһе-еһемен еліріп, жеңіл-желпі» өткізіп алудан сақтандырады. Ешкімнен тектеу-тиым көрмеген санасыз шалдуардың түбінде бір өкінішке өртенері хақ. Абай: Басында әке айтпаса ақыл-жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық. Қалжыңдасып өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық, –
десе, Ақыт: Басында атасы айтпас тиімді ақыл, Терісін ағайыны десе мақұл. Сандырақтап жығылып тұрып-жүріп, Жаңа басқан баладай апыл-тапыл. Бір зарлылық артында тарттырмай ма Қайран өмір қалжыңмен өтсе ғапыл, –
дейді. Екі ақынның ойы да бес күндік жалғаннан опық жемеу, адамды аздыратын ыртаң мен жыртаңға алданып қалмау. Ұстаз бен шәкірт ойы бір арнаға құйғандай, мазмұн-мақсат сабақтас тығы бірден-ақ байқалады [1,89б]. Абай көп нәрсеге қырсығын тигізіп жүрген кеселді пысықтарды шеней келіп: Күшік иттей үріп тұр, Кісіден кеммін демейді, –
деп кейістік танытса Ақыт: 100
Күшік иттей шәуілдеп, Алды-артыңды орайды, –
дейді. Абай өлеңінен ешкімнен кем емеспін деп кердең қаққан ке сірді көргендей болсақ, Ақыт өлеңінен оңтайы келсе омақастыру ды мақсат етер залымдарды көргендей боламыз. Абай заманында патша әкімшілігінің ел ішіндегі сойыл соғар ұсақ әкімдерінің ісәрекеті қазақ даласына алауыздықтың отын жағып күңкіл-күбір ді көбейтті. Шен-шекпен үшін талас-тартысқа түсіп, пәле-жала етек алды. Тіпті халықтың психологиясы өзгере бастады. Осын дай тұста кеселді пысыққа кейіген Абай: Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты, –
деген болатын. Ал Ақыт күні үшін ғана дос болып, бір тойғанға қош болатын опасыздардың сиқын ашады. Бір күн көңілін таппасаң, Қазір тұрар өш болып.
Бұл қысқа күнде қырық құбылғандардың қылығы. Осы өлең жолдарындағы Абай әсері ешқандай дәлелдеуді қажет етпесе ке рек. Тіпті бұрын махаббат лирикасын жазбаған Ақыт алпыстан ас қан шағында Абай өнегесімен алғаш рет махаббат лирикасын жа зады. Ақыт сұлу қыздың сыртқы сипатын көрсетуді мақсат еткен Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің үлгісін пайдалана отырып: Ақ күмістей кең маңдай, Қара көзінұр жайнар. Сызылған қара қастары, Бейне жаңа туған ай, –
деп сұлу қыздың сыртқы түр-тұлғасын, кескін-келбетін мадақ етеді. Екі ақын да қыздың портретін өлеңмен өрнектегенде«ақ күмістей кең маңдайдан» бастап әр мүшесін жекелей бейнелеу 101
арқылы портреттік сипаттама берген. Ақыт өлең соңын түйіндеп, жақсы жаннан қапы қалмауды меңзейді. Мұндай ұқсастыққа мы салдарды тағы да тізбектеп келтіруге болар еді. Алайда, осының өзінен-ақ Абай ықпалын байқауға болады. Ақытттың топтамала ры тікелей Абай шығармаларынан өрнек алып, ден қоюдан туған. Демек Абай, Ақыттың эстетикалық танымының кеңеюіне әсер еткен. Ақынның «Ғақлиялық үндеулері» Абайдың«Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Қалың елім қазағым қайран жұртым», «Көңілім қалды достан да дұшпаннан да», «Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат», «Сабырсыз арсыз, еріншек», «Мәз болады болысың»,«Бойы бұл ғаң» т.б. сияқты өлеңдеріндегі оймен үндестік тауып, ортақ арна тартқандай болады. Бір ескертетін жайтАқыт, Абайға жалаң еліктеп оның көлең кесінде қалып қоймаған. Абаймен рухани үндес болған. Ақын заманы алға тартқан көкейкесті жайларды Абайға сүйене оты рып өз санасында қайта қорытып, өзінше түйіндеу жасап отыр ған.«Алтыншы тақта сөзде» былай дейді: Ынсап, ақыл, ар-ұят бір бастағы, Бәрі түгел біреуге тұрмастағы. Бұл төртеуі біреуде жиылған жан, Келісімсіз еш мінез қалмастағы.
Ақын атаған төрт қасиет бүкіл адамгершіліктің ажары деуге болады. Ол осы қасиеттерді жастардың басынан табылса дейді. Егер әр уақыт ар ұятты ойлап, әр нәрсеге аранын ашпай, ынсап етіп ақылмен шешпесе, онда ол адамның азамат атанып, алысқа бара қоюы қиын. Бұл кез келген адамның аттап өтуіне болмайтын кісілік белгілері десе де болады. Абай танымының таяныш-тұғы ры бүкіл тіршілікпен астасып жатқан адамгершілік немесе кісілік қалып болса, оны Ақыт та көп өлеңінің негізі етіп өмірлік мұрат тұтқан. Абай тәлім-тәрбие мәселесіне үлкен мән берген. Өзінің бір неше қара сөздерінде жастар тәрбиесінің басты-басты мәселесі жөнінде келелі ойлар айтады. Ақын Ақыт та жас буынды адам гершілік рухта тәрбиелеуді өз шығармаларының үлкен бір өзегі етеді. Жақсы адам болып қалыптасудың бір шарты балаға жас ке зінен тарбие беру деп біледі. 102
Әдеп, ғылым үйрену, Жеті менен сегізден.
Әдеп сақтау-адамгершілік негізде қалыптасқан әлеуметтік дәстүр. Егерде қалыптасқан халықтық қағида бұзылса кісілікке ақау, ұлттық намысқа дақ түсуі мүмкін. Сондықтан да әдепті лікті тағылым таразысы ретінде қараған ақын «баланы жастан» дейтін принцип негізіндеекі нәрсені – әдеп пен ғылымды жеке бөліп атайды. Өйткені үлкен адамгершілікке барар жолдың ба сы – әдептіліктен басталатын болса, дүниенің сыры, елдің ертеңі ғылымға байланысты екенін жақсы түсінген. Сондықтан жас ұр пақтың бойына әдеп пен ғылымды жас кезінен бастап сіңіру ке рек деп ұғынады. Ал Абай да «Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ» деп ғылымның орнын жоғары қойғаны белгілі. Екі ақынды көбірек толғандырған басты нарсе – адам өмірі, ұрпақ тәрбиесі. Қайткенде нағыз адам қалыптаспақ деген түпкі түйіндішешуге көп ден қойған. Абай «баланың жақсысы – қызық, жаманы-күйік» дей отырып, жаңа да жақсы адам тәрбиелеудің көптеген жол-жо сығын көрсеткен. Абайдың педагогикалық ілімін сүйеніш-тірек еткен Ақыт та жастар тәрбиесіне ерекше назар аударған. Жақсы бала көз нұры, Жанып тұрған шырақтай, –
деген сөзі арқылы жақсы баланы ата-ананың жанып тұрған шы рағына балай келіп: Әдеп пен иба жақын-ды, Бұларға тұтқа ақыл-ды, –
дейді. Әдеп-ибаны ақылдан бөлмейді, ақылды олардың тірегі ретін де қарайды. Яғни тәлім-тәрбие әдеп, ғылым, ақыл – осы үш ба ғытта болуы керек. Үшеуінің басы біріккенде ғана жақсы адам өсіп шықпақ. Әділетсіз өкімет ел билеуге «жаңалық» енгізіп, халықтың би лік дәстүрін өзгертті. Әккі құлық, айлакер, билік арқылы елдік тұтастықты бұзып, әлеуметтік-экономикалық және рухани құл дыраушылыққа мәжбүр етті. Осыдан келіп жатқан жалбаңдаушы лар көбейді. Ақыттың: 103
Естерінен адасып, Ұлықсыған ұл туды. Шешесіне жармасқан, Біліксінген қыз туды, –
деп қынжылатын себебі осы. Енді қайту керек? Бұдан құтылудың бір жолы оқу-білім деп есептеді, жаңа ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етті. Тіл үйрен, шүршіт, мұңғұл, орыс болсын, Мейлі түзу, мейлі ол бұрыс болсын, –
дейді. «Мейлі түзу, мейлі ол бұрыс болсын» деген сөзінде үлкен мән бар. Қандай халық болса да, оның тілін білсең ғана бұрысы нан қашық болып, дұрысынан үйренесің және жақсы, жаманын ажырату да қиын болмайды деген ойды меңзейді. Абай да орыс тілін «зарарынан қашық болуға, пайдасынан ортақ болуға білмек керек», деді емеспе?! Екі ақынның да ойы бір сағаға сарқатын дай. Екеуі де көп тіл білуді білімділіктің алғы шарттарының бірі ретінде қарайды. Ұстаз Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» ат ты өлеңінде жастардың қандай нарседен қашық, қандай іске асық болуы керек екенін санамалап тұрып атаған ғой. Жақсы қасиет тердің қатарындағы бес асыл істі: Талап, еңбек , терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой.
Абайдың осы өлеңін үлгі тұта отырып, Ақыт өз ойын былай ша сабақтап үн қосады: Қанағат, қарын тойғызар, Аранды артық қойғызар. Рахым- шапағат көңілді, Адамды тату болғызар. Ой ойланып іс қылса, Ақылды миға қонғызар. Талапты болып талпынбақ, Тең құрбыңнан озғызар. Ерінбей еңбек қылсаңыз, Қолыңды шыңға созғызар.
104
Осындағы Ақыттың айтып отырғаны да адамгершілік аясын кеңейтетін- Абай атаған бес асыл іс. Абайдан үйрене отырып, ақын өзінше айтып, өзінше түйіндеген. Сонымен «Ғақлиялық үн деулер» – топтама өлеңдеріндегі тереңдік пен уыттылық Абайдан бастау алған. Жігіттер, тіршіліктің қадірін біл, Ақыл ойла, мал ізде, тап-таза жүр, –
деген жолдар ғақылиялық топтаманың негізгі арқауы. Ұлы Абай сынды суреткердің туындыларындағы шыншылдық пен сыршыл дық ақын жанын бей-жай қалдырмай, кемеңгер ақынның келелі ойы Ақыт жүрегінің лүпілін дүп басқан. Сөйтіп, Абай мен рухани үндестік тауып оны пір тұтады. Бір жағында жауы көп, Бір жағында дауы көп. Өксіп жылап өтті ғой, Қара қазақ қамын жеп, –
деген Абайға арнау сөзінде терең шындық жатыр. Сөз өнерінің парқын біліп, талант даралығын жете ұғынған адам ғана осылай сөйлесе керек. Ақын Шылбы Көмекұлы да Абай поэзиясымен жақсы таныс болып, одан үлкен үлгі қабылдаған секілді. Ол «Өлең сыны» атты өлеңінде ұлы Абайдың: Өлең – сөздың патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, –
деген өлеңіне еліктеп, өзінің де өлеңге қояр талап-өлшемін өзін ше пайымдайды: Өлеңнің биік болсын өресі де, Тең келсін сұлулығы денесі де. Кетпесін айдалаға сөзің қаңғып, Айнала мықты болсын төбесі де, Өлеңің аша білсін ойдың көзін,
105
Күмістей сымға тартқан болсын сөзің Жел болмай жауыны жоқ жер кептірген, Сөзіңе дұрыс келсін өз мінезің. Ой салсын ойсыздарға өлеңдерің, Қатесін түзетіңдер, өрендерім. Осындай нұсқа етіп жазып қойдым, Өлеңмен жана ма деп өз еңбегім [26, 46-58-б.].
Жасампаздыққа Абайша жауапкершілікпен қараған ақын өлеңнің өрнегі мен өрісі туралы өзінің сындарлы пікірін ортаға салады. Қорыта айтқанда, еліміз таяу заман қазақ әдебиетінің қалып тасып, даму жолында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, ру хани жетілуіне тірек болған үш бұлақ көзді айтқан орынды. Оның бірішісі, халықтың бай фольклор, екіншісі, шығыс әдебиеті. Үшіншісі, Абаймұрасы. Әсіресе, халық әдебиетінің сан ғасырлық өшпес өрнек-үлгісіне сүйенуі ақындар шығармаларына ерекше ажар ашып бергендігін көреміз. Шығыс әдебиетінің де ғибрат та ғылымы, үйретер үлгісі аз болмаған болса, Абай үлгісімен өлең дер дестесін жазған. Оның даналық жолын жалғастырып, өлмес өлеңдерін көптеп таратқан. Шығармаларын өнеге тұтқан. Соны мен кезінде Абай үні еліміздегі қазақ қауымына да кең тараған, өнер иелеріне нәр беріп ұстаздық еткен [1,87-95 б.]. Дастандар. Қытай таяу заман қазақ әдебиетіндегі эпикалық шығармалардың ендігі бір шоғыры суреттелетін оқиға негізінен өзі өмір сүрген орта, қазақ қоғамына тән тіршілік көрінісінен алынып, дәуір шындығы бейнеленетін немесе халықтың ілгерінді-кейінді өмірін суреттейтін шығармалар, басқаша айтқанда халық басынан өткен тарихи оқиғаға, жеке тұлғаларға арналған я белгілі кезеңде болуы мүмкін шындық негізінде жазылған, кейде тіпті ақынның өз тағдырына қатысты жайлар да орайластырып жырланатын туын дылар болып табылады. Яғни, аталған дәуірдегі еліміз қазақ жаз ба әдебиетінде дастан жанры да қарыштап дамыды. Сол тұстағы ақындар идеялық мазмұн, көркемдік өресі жағынан шұрайлы дас тандар жазып, жазба әдебиетіміздің тақырып аясын кеңейтіп, көр кемдік арнасын молайтуға үлкен үлес қосты. Бұл дәуірде жазылған дастандардың бір тобында ерте кездегі, сонау қазақ хандықтары дәуіріндегі кейбір тарихи оқиғалар баян далса, кейбіреуінде дастанға арқау болған оқиға бертінгі дәуір ден, тіпті ақын өмір сүрген заманнан алынады. Енді бір бөлім 106
дастандардың туылуына қазақ арасында тарап жүрген белгілі бір хикая яки аңыз себепші болған. Тарихтан белгілі кейбір тарихи тұлғалар да дастандарға арқау болады. Бір бөлім дастандар қиял дық, аңыздық сипаты басым болып, романтикалық түске ие болса, көбінің оқиғалығы шындық өмірге жақын яғни реалистік сипаты басым келеді. Кейде асқақ романтизм мен реализм тығыз ұшта сып жатады. Кейінің мазмұны ғашықтыққа құрылып, ескі неке түзіміне қарсы тұрып, әйел теңдігі, жастардың махаббат еркіндігі дәріптеліп жатса, кейбірі батырлық хикаяға құрылып, ерлік рух жырланады. Мейлі қайсысы болсын бәрінде де ұлттық салт-сана, ғұрып-әдет, жора-жосындар, яғни ұлттық ерекшелікайқын көрі ніс тауып жатады. Байырғы ескі жыр, қиссаларды жырлаумен ғана шектелмей, өз тұсындағы әлеуметтік өмірдің реалдығына назар аударып, ең алғаш халық райымен үндес тарихи тақырыпта дастандар жазған ақынның бірі – Жүсіпбек Шайхисламұлы. Оның ХІХ ғасырдың соңы жәнеХХ ғасырдың басшенінде жазған «Ерназар-Бекет», «Шернияз» сияқты дастандары өз тұсындағы әлеуметтік өмірдің шындығын бейнелейтін тың туындылары. Бұл дастандарда қа зақ халқының патшалық россия әскерлерінің қазақ жерін жаулап алуына қарсы халық көтерілісі, отаршылдыққа қарсыхалық на разылығы, көтерілісті бастаған халық батырларының іс-әрекеті арқау болған. Осы екі дастанның ой арқауынан ақынның отар шылдыққа қарсы күресу, әділет жақтау идеясының қалыптасқа нын байқай аламыз. Патша әскерлері қазақ жерін жаулап алып, қадам сайын қорған салып, қала-қалашық құрып, үстемдігін бе кемдеген әлеуметтік ортада саяси жақта оларға қарсы дастан жа зып, отаршылдар жағынан жанышталған батырлардың аруағын жоқтап, образын айшықтап, мадақтау сол кез үшін үлкен ерлікке барабар игі іс еді. Ақын тағы осы дастандармен сарындас идеяны қозғайтын «Ер Наурызбай төре» атты кесек дастан жазғаны бел гілі. Бұнда да өз тұсында патшалық россияның отарлығына қарсы күрескен Кенесарі, Наурызбай қатарлы көтерілісшілер мадақта лады. Қысқасы, аталған дастандарда ХІХ ғасырдың бас шеніндегі қазақ халқының дәстүрлы салт-санасы мен әлеуметтік өмірі шы найы бейнеленіп, ерлік рух сақталған. Абайдың ең алғашқы талантты шәкірттерінің бірі Әсет Най манбайұлы ұлы ұстазының ықпалымен тың тақырыптарға қалам тербеп, әдебиеттің жаңашылдық жолына қарай беталып, реалис 107
тік сипатқа, әлеуметтік мәселеге ойысып, көлемді көркем дастан дар жазған. Оның бүгінгі қолда бар, баспа бетін көрген «Мұңлы қыз», «Нұрланған мен Айгүлім», «Түсіпқан», «Кешубай-Жами ла», «Салиха-Сәмен» қатарлы дастандары еліміздегі өзімен за мандас немесе алды-артындағы ақындардың үлгі алатын үздік туындылар болғаны белгілі. Бұл дастандарда көне қоғамның қат-қабат қайшылықтарын әшкереленеді. Кейбірінде ізгілік пен жауыздық, шындық пен өті рік, әділет пен әделетсіздік шытырман шайқасқа түсіп, ақырында ізгілік, әділет, шындық жеңіске жетіп отырса, көбінің көтерген басты тақырыбы-неке еркіндігін дәріптеу, жастардың бас еркінді гіне жету жолындағы күрестері, әрі сол күрес барысында әділет сіз көне қоғамның, феодалдық ескі салттың құрбаны болған тра гедиялық жағдайы баяндалып, теңсіз неке түзіміне деген қарғыс пен қарсылық білдіріледі. Әсеттің осындай ғашықтық хикаяға құрылып, махаббат ер кіндігі дәріптелетін дастаны «Салиха-Сәмен» 1911-жылдар ша масы жазылса керек. Содан бастап дастан Әсет атымен қолданқолға, ауыздан-ауызға көшіп, ел арасына кең тараған. 1946-жылы тұңғыш рет «Ерікті Алтай» газетінің баспасынан жеке кітап бо лып баспадан шыққан. Дастан өр Алтай халқының өмірінен, яғ ни осы өңірді мекендеген монғол мен қазақ халқының ертеректе өткен тұрмысынан алынған оқиға желісіне құрылған. Дастанда бір-біріне ғашық болған екі жастың аянышты трагедияліқ тағ дыры, махаббат бостандығына деген арман-тілектері, әры соған жету жолындағы арпалыстары көркем шеберлікпен суреттеледі. Қытай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы қаламгерлер дің ішінде ту ұстаушылардың бірі есептелетін әйгілі ақын Таңжа рық Жолдыұлының өзі Әсеттің осы «Салиха-Сәмен» дастанынан үлгі алғаны байқалады. Таңжарықтың «Назигүл» дастанын осы дастанмен «салыстырмалы әдебиет» тәсілі бойынша зерттеп кө ретін болсақ, ұқсас сарын мен ортақ арна, етене жақындықтарды аңғаруға болады. Екеуі де ұқсас тақырып, сарындас идеяны қоз ғайды. Екі дастан да ғашықтық хикая желісіне құрылып, бірін-бі рі елжірей сүйген ғашықтардың адал махаббатарын қорғау, еркін дікке қол жеткізу жолындағы күрестері, әрі сол күрес барысында мерт болған қайғылы өмірі баяндалады. Бас кейіпкерлер – Салиха мен Назигүл дүлей, надан қара күштермен именбей қарсыласып, бастарына қатер төнген шақта тауға қашып барып паналайды. 108
Екеуінің де жан жары тау асып, тас басып Салиха мен Назигүлды іздеп дал болады. Салиха – монғол ханы Ясукейдің қызы болса, Назигүл мысыр шаһарының уалиі Махмұттың жиені Қасым дейт ін көпестің қызы. Салиха мен Назигүлдің жас шамасы да бірдей, он бестен он алтыға келген кездері. Дастанда екеуінің жан жар ларыының кескін келбеті, батырлыққа тән сом тұлғалары ұқсас бейнеде суреттелсе, махаббат отына өртенген Салиха мен Нази гүлдің иен таудың ішінде, үрейлі үңгірде жан жарларын сағынып, зар илеп отырған көңіл-күйлері, құлазыған ішкі жан дүниелері, психологиялық иірімдері де ұқсас сарынмен бейнеленеді. Демек, Әсет поэзиясының идеялық, көркемдік және стиль дік жақтан Таңжарыққа белгілі игі әсері болғаны аян. Сондықтан Таңжарықтың: Абай, Әсет, Ахмет, Мыржақыптар, Жетпейді оған жисаң мың ақынды, –
деп Әсетті Абай бастаған ұлы классиктердің қатарында жоғары бағалауы бекер емес. «Халық бастан кешкен өмірдың алуан түрлі сипаты мен тарихи дамудың өзгешелігіне сәйкес қазақтар да өз әдебиетін жаңартып, мазмұны мен түрі жағынан үлгі туғызып отырған» [27, 11-б.], – деп академик Серік Қирабаев айтқандай еліміз қазақ жазба әдебиетін де Абай ықпалымен жаңашылдыққа ұмтылып, тарихи тақырыпта қалам тартқан ақындардың тағы бірі – Ақыт Үлімжіұлы. XVIII ғасыр қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы бет бұрыс, әрі ауыр кезең болды. Ежелден итжығыспен келе жатқан ескі жау жоңғар қалмақтарының тұтқиылдан жасаған шапқын шылығы қазақтарды үлкен қырғынға ұшыратты, халық сана сында терең із қалдырған «Ақтабан шұбырындының» тақсіретін тартты. Бірақ тумысынан ер жүрек, батыр халық жауының же мі болып, жетегінде кете бермеді. Жанын туған халқы үшін ту етіп көтерген жүректі де білекті батырлар бас қосып халқының ар-намысын қорғай білді. Ақыттың «Жәнібек батыр» дастанын да осындай қиқулы қиын заманның тарихи бетбұрысын бейне леумен бірге, ел қорғаған ердің ерен тұлғасын сомдайды. «Жәнібек батыр» дастаны тарихи тақырыпқа жазыған алғаш қы туындысы. Дастан кіріспесіндегі: 109
Жасымнан үлкендерден көп естіген, Бұл өзі хикая еді жазса жақсы-ақ, –
деген сөзіне қарағанда ел аузындағы аңызға сүйеніп жазғаны бай қалады. Дастанға Жәнібек батыр өмірінің әр түрлі мезеттері ар қау болған. Жәнібектің ат жалын тартып мінгенінен тартып көз жұмғанша ел қамын ойлап өткен ер-азамат ретінде әр қырынан ашуға тырысады. Шығармада Жәнібектің бірнеше ерлігі кірін ген. Соның бірі Жәнібекті Абылай сынау үшін түн ішінде зиратқа жұмсайды. Екіншісі аюды өлтіруі айтылады. Үшіншісі қалмақ тармен болған шайқаста ерлік көрсетіп, Абылайды қауіптен құт қаруы сөз болады. Ақын шығарманың сюжеттік желісін Жәнібектің басынан өт кен елеулі оқиғаларға құра отырып, оның образын даралай түсу мен бірге, барлық күш-жігерін ел тәуелсіздігін сақтауға жұмсаған кемеңгер қолбасшы Абылайдың да бейнесін сомдайды. Ақыт бұл дастанын қазақ эпикалық жырларының дәстүрлі тәсілдерін еркін пайдалана отырып жазғандықтан, екі батырдың жекпе-жегі эпостық жырлардың сарынын сақтаған. Алайда ас қақтата әсірелеу жоққа тән. Дастанда ақиқат пен аңыз аралас ке ліп отырса да тарихи шындықтан алшақ кетпеген. Автор бүкіл ғұмырын халқының бостандығы мен бақытына арнап, елдік туын көтерген Жәнібек батырдың ерлігін шындық шеңберінде халыққа танытуды мақсат еткен. Сондықтан белгілі дәуір шындығын ар қау ете отырып, ел үшін басын қауіпке тіккен халықтың қайтпас қаһарманының бейнесін сомдаған. Ақыттың бұдан басқа кезіндегі Моңғолия қазақтарының өмі рінде болған оқиға негізінде жазылған «Қобда кеңес» дастаны да теңсіз өкіметтің тегеуріні мен теперішінен босқын болған елдің үркін-қорқын өмірін, яғни моңғолия қазақтарының басынан өт кен, екінші бір «Ақтабан шұбырынды» болған тауқыметті тағды рын тарихи шындық негізінде айқын суреттейтін, деректік құн дылығы бар көркем туынды. Еліміз таяу заман қазақ әдебиетінде дастандардың жанрлық мүмкіндігін аттыруға, сапалық деңгейін көтеруге, тақырып ая сын кеңейтіп, көркемдік арнасын молайтуға айрықша үлес қос қан ақын- Таңжарық Жолдыұлы деуге болады. Таңжарық шығар маларының қомақты бір саласы- қисалары болса, тағы бір үлкен саласы осы дастандары. Ақынның бүгінгі қолда бар, жиналып 110
баспа бетін көрген алуан тақырыптағы дастандарынан «Абақты», «Ойласам, айғайға ерген мен бір жазған», «Бөрі мен Бөрібасар», «Молда мен бақсы», «Анар-Сәуле», «Нүптебектің асы», «Садық пен Салихан», «Қош бол, төрт түлігім» қатарлы сегіз дастаны же тіп отыр. Бұлар көлемі жағынан әр келкі. Таңжарық поэзиясын өзінің өмірінен, бастан кешірген тағ дырынан бөле-жара қарауға болмайды. Ақын туындыларының тарихи негізі, туу себептері өз өміріне, көріп, білген оқиғалары на барып тіреледі. Әсіресе,абақты өмірін бейнелейтін «Абақты» дастанымен таныстыру үшін Таңжарық өмірінен нақты дерек тер келтіріп отыру артық емес деп ойлаймыз. Өйткені Таңжарық ақынның шығармашылық ғұмырнамасы тақырыптық, стиль дік, поэтикалық тұрғыдан ерекшеленеді. Ол шыңжаңдағы қазақ поэзиясында табиғат, махаббат лирикасынан басқа әлеуметтік ли риканың да қалыптасып, дамуына үлес қосқан. Ескілік шырмауы, еркіндік үшін күрес кезеңі Таңжарықты ең ауыр тағдыр талқы сына аямай салды. Қысқа ғұмырының саналы бөлігі түгелдей қу ғын-сүргінде болды, алты жылдан астам уақыт бойы абақтының ауыр азабын бастан кешірді. Түрмедегі түнек өмірдің жан түрші гер бейнесі өлең-толғауларында бар болмысымен, шын кейпімен көрініс тапты. Бір қызығы татар халқының ақиық ақыны Мұса Жалел фашистік германияның моабит түрмесінде өзінің жүрек тен шыққан жалынды жырларын жазып жатқанда, Үрімжі түр месінде қазақ халқының бір перзенті Таңжарық ақын да азаттық идеяға, отаншылдық сезімге толы, ұлттық өрнегі мол жан тол қытар өлеңдері мен қисса-дастандарын жазған еді. Дәл осы тұр ғыдан келгенде, Таңжарықтың түрме тақырыбында чехословакия жазушысы Юлус Фучик шығармаларымен де үндесіп жатқанын байқауға болады. Алайда бұл ұқсастық – бір-бірінен үлгі алу жо лымен емес, екі мемлекетте тұрып, бір дәуірде жасаған қаламгер лердің ұқсас тағдырға тап болып, ұқсас азап тартқан халықтың хал-күйін өз көзімен көргендіктен болған үндестік. Шындығында да, Таңжарықтың қазірге дейін жарық көрген мол мұрасының ба сым көпшілігі сол түрмеде жатқан кезінде жазылған. Арғы-бергі дәуірде түрме тағдырын кешкен қазақ ақындары аз емес. Алайда түрме хәлін, абақты азабын ұзақ әрі қинау әрекетінің неше түрін басынан кешірген, оны жеріне жеткізе суреттеп, өлең жолдары на түсірген ақын ретінде Таңжарықтың орны оқшау тұратынына ешкім де шек келтірмейді деп есептейміз. Оның өмірі мен шы 111
ғармашылығы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытайдағы қазақтардың шындық шежіресі деуге болады. Таңжарықтың өмір сүрген дәуірі бізге әрі жақын, әрі алыс деуге болады, жақын болатыны ол тарих қойнауына күні кеше ғана жылжыған ХХ ғасырда өмір сүрді. Алыс болатыны өзгеше орта, бөлек қоғамда жасады. Тағдыр оның маңдайына бұралаңы көп күрес пен азапқа толы озгеше өмір сыйлады. Таңжарық Жолдыұлы 1903-жылы наурыздың 15-жұлдызында Шыңжаң Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Күнес ауда нындағы Қамысты деген ауылда дүниеге келді. Бала Таңжарық он жасында Мыңбай деген молдадан дін оқуын оқып, араб әліппесі негізіндегі шағатай жазуында сауатын ашады. Ауыл молдасынан үш қыс оқығаннан кейін ауылдық медреседен бірнеше жыл үздіксоздық оқыды. Ол оқыған оқуына қоса халық арасындағы халық ауыз әдебиеті мұраларымен танысып, халық ақындарын ұстаз тұтты. Сол өңірде өлең-той, шілдехана, айтыс, бәйіт айту болса, Таңжарық одан қалмады. Сөйтіп, бала күнінен өлеңге құштарбо лады. Ол кімнен шешендік өнер мен жақсы ән байқалса, соны жағалады. Кімде өлең кітап болса, жабысып сұрап алып, соны күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалып көшірді, жаттады. «Қобы ландыны», «Алпамыс», «Ертарғын», «Қамбар», «Қозы КөрпешБаянсұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ләйлі-Мәжнүн», «Біржан-Сара», «Мың бір түн» сияқты халықтық жане шығыстық эпос, жыр, аңыз, ертектер Таңжарыққа сол тұста таныс болды. Оның ақындық өнерісолқазақтың батырлық, ғашықтық эпоста рын жаттаумен жарыса 11-12 жаста басталды. Әр жағынан жыр ағыны кернеп тұрған өжет бала алдына не кездессе де тайсалмай, қысылмай соны өлеңге қосты. Бұл тұстағы өлеңдері, әрине, ба ла таңжарықтың жасына, жасаған ортасына байланысты еді, дені ауылдағы кейбір сорақылықтар мен өз құрбы-құрдастарына ар налған тапқыр да, тық етпе дүниелер еді. Таңжарық 1919-жылы күзде Күре қалашығындағы моңғұл-қа зақ мектебінің қытай тілі сыныбына оқуға түседі. Ол кез – Іле өңі рін миллитаристер билеп тұрған заман, аймақ орталығы Қорғас ауданына қарайтын Күре қалашығы болатын. Іле дубаны өзінің сойыл соғарларыменбек-төрелерінің балаларын оқытуға арнап, сол қалашықтан 1910-жылдың орта шенінде жеті жылдық мектеп ашқан. Дубан жағынан осы мекепте оқуға Таңжарық ауылына бір бала салық болып түскенде, қараңғы халық арасынан «баламыз 112
қытайша оқыса, қытай болып кетеді, оқу қаражатын қалай төле мекпіз?» дегендер шығып, балаларын бұл оқуға жіберуден қаш қалақтайды. Сонда жоқ-жітік Жолдының ұлы Таңжарық суыры лып шығып, сол салыққа мені жіберіңдер деп өзі тіленіп, оқуға кетеді. Бұл мектепте үш жылдай оқып, ханзу тілін, ханзу жазуын меңгерген Таңжарық танымдық тұрғыда мүлде ой-өресі өзгере ді. Мектеп қабырғасында жүріп болашақ ақын арғы жақта, совет жерінде өркендеген мәдениет, өскен әдебиет барын біледі. Ерте есейген,көкірегіояу бала жігіткөзбен көріп, өнеге алмақ, жоғары білім игермек, әділет таппақ болып, Күредегі оқуын қанағат тұт пай, 1923-жылдың қаңтарында Шапшал ауданының батысында ғы Қалжат шекарасынан Қазақстанға қашып өтеді. Келген бойда Нарынқол ауданындағы жұрттас жақыны Кәрібай ауылын пана лайды.«жұратшылап, тағы бір жақтан оқу іздеп келдім», – деп, өзін жергілікті үкіметкемәлімдейді. Сол жергілікті ұйымдардың қамқорлығы және туысқандары ның көмегімен Таңжарық оқуға түседі. Сол кезде Қазақстан бас пасөзіндегі озық ойлы ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, бұдан тыс қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің классиктерін оқиды. Әсіресе Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнан байев мұраларына ерекше зейін қояды. Әлихан Бөкейхан, Ахмет байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабай, Мір жақып Дулатұлы сынды қазақ зиялыларының шығармаларымен танысу нәтижесінде жігерін шыңдай түседі. Оқумен ғана шек телмей, ақындыққа бой ұрады. Талай жерді, талай елді аралайды. көптеген ақын, небір шешен, төкпе жыршылармен, қоғам қайрат керлеріментанысады. Топ жарып бәйге бермей жүрген Қойдым деген әйел ақынмен айтысады. Бұл жақтағы игі жақсылардың өнеге – нысандарымен танысу, жаңаша білім алу, жаңа қоғамды аралап көру Таңжарықтың қоғамдық санасының бір белестен ке ңеюіне көтерілуіне маңыздыықпал етті. Ақын ақиқатты ту қып көтеруден тайынбайтын, халық, ұлт намысын ешкімге таптатуды қаламайтын, қырағы, принципшіл азамат болып қалыптасты. Ол ел-жұртын қара түнек қорлықтан құтқаруға, гүлдендіруге, шы найы әділетке кенелтуге, ізденіп тапқан ақиқаттары мен білім са насын өмір бойы сол жолға арнауға берік бел байлайды. Содан үш жылды өткеріп, 1925-жылдың соңында қоржын толтырып, көркем әдебиеттерін алып, ауылына қайтып оралады. 113
Қазақстанда болған аз уақыттың ішінде-ақ ой-сана, пайым-пара сат, шығармашылық жағынан жаңа бір биік белеске көтерілген ақын ел-жұртқа Қазақстаннан көрген-білгендерін, оған қосып әділет, еркіндік, теңдік, өмір жөніндегі жаңа пайымдарын өлең мен елге таратты. Поэзиясында сыншыл реализмнің белгілері айқын байқалды. Сол тұстағы қоғамның кереғарлығын, билік басында отырған шонжарлардың және қанаушы саясаттың«сой ыл-соғары» болған жергілікті бай мен бектердің халыққа жаса ған озбырлық қиянаттарын өз поэзиясында аяусыз әшкереледі. Осы «қылмысы» үшін ақын Таңжарық ел ішінде теріс үгіт және «қызыл орыстың сөзін таратып жүр» деген жаламен ұлықтар та рапынан 1926-жылдың күзінде тұтқындалып, Құлжадағы Даутай жамбылының зынданына салынды. Жарамас қалам алмай жатқан, Тәке, Көбейді сырттан дұшпан сатқан, Тәке. Аңдамай аяқ басу қатер екен, Жолықты жолға құрған қақпан, Тәке, –
деп сол кезгі тұтқындалуын бейнелеп, «Іле түрмесі» атты тол ғауын шығарады. Бұл тұтқындалуына бола ақын алған бетінен қайтып жасып кетпеді. Теңсіздік, әділетсіздік, озбырлықты айып таудан тіл тартпады. Алдағы күндерден күдерін ешқашан да үзбе ді. Оған мына өлең жолдары куә: Тартынба бір есептен жаудан, Тәке, Болса да бастан бағың ауған,Тәке. Қызық көп өмір болса көретұғын, Біткен жоқ осыменен саудаң,Тәке. Ей, Тәке, құлағың сал мына сөзге, Қызығып жүргенім жоқ пұл мен бөзге. Көңілде көздегенің шын әділдік, Ойласам арманым жоқ онан өзге.
Ақындарының тұтқындалуына халықтан наразылық туыла ды. Ақын да зынданда тек жатпайды. «Ел-жұрттың өлең жаздым атын салып», – деп ел-жұртына және «Сәлем де Әлпекеңе», – деп, ел ақалақшысы Алпысбайға жазған хатында: 114
Сыртым сау, ішім түтін, қапалықпен, Бұл күнде көңілім жүдеу, қасіретім мол. Тереңге түсіп кеттім, ұстар тал жоқ, Ел-жұртым, есіңе алып, жардамшы бол! –
деп еліне шағынады. Енді бірде: Бұқараң қай жеріңе мәз болады, Басына келген дертін қаға алмасаң. Бұл менің итте болса бұқарам деп, Бір кезек нең кетеді хабар алсаң... –
деп базына айта, ел билеушісі Алпысбай ақалақшыға да тілек біл діреді. Ел-жұрты ақынның тілегін жерде қалдырмайды: «азаматы мызды босат, болмаса тартып әкетеміз», – деп ұлыққа арыздана ды. Қасына азаматтар қосып беріп, әкесі Жолдыны Даутайдың Жамбылына жібереді. Алпысбай ақалақшы да ақын назы мен ті легінен аттап өте алмайды».«Таңжарықты босатып бер», – деп ол да өтініш айтып, сол заманның қабындап тұрған өз жосыны бой ынша жамбыл мансаптыларының обыр көмейлеріне пара тығын дайды. Бір жылға жуық уақыттан соң, Таңжарық ақыры ел-жұр тының көмегімен зынданнан да босап шығады. Бұдан былай ақын бай-манаптарды мінеп-шенеумен қоса күрделі әлеуметтік тақы рыпқа да ойысты. Ол халықты ояту тұрғысында ағартушылық си паттағы өлең-жыр жазып қана қойған жоқ, қоғамдық, әлеуметтік істерге де белсене араласты. Шығармаларында азаматтық әуен, жауынгерлік рух күшейді. Отызыншы жылдары Шыңжаңда етек алған демократиялық қозғалыс ақынның тынысын кеңітіп, оған біраз жол ашқан сияқты болады. Осы тұста Таңжарық көп жұ мыстар атқарып үлгереді. Жаңадан шыға бастаған «Іле газетінің» тұңғыш редакторы болады. Құлжа қаласындағы ұлттық театрдың негізін қалап, оның алғашқы шымылдығын Бейімбет Майлинның «Шұға»атты пьесасымен ашады. Газет бетінде «Оқып көр газе тімді», «Осы таң кімнің таңы», «Мыс қазан» т.б. өлеңдерін жа риялайды. Бұл туралы мына жолдарды оқып көрейік: Қалың ел, қазақ енді аш көзіңді, Оқып көр газетіңді – өз сөзіңді. Әділет, шындық жолын үйретеді,
115
Ашады ашты шайдай аң-сезімді. Айнадай жарқыратып көрсетеді, Мін бар ма, қолыңа алып көр өзіңді... («Оқып көр газетімді») Ал «Осы таң кімнің таңы» өлеңінде: Осы таң кімнің таңы – жетім таңы, Күн кешкен күндікпенен жесір таңы. Теңдікке қолы жетпей күңіреніп, Қорлықпен өтіп кеткен есіл таңы. Таңы атпай, айы батып, түнек кешкен, Қатарға ғаріп-қасер келсін тағы. Көзіңді аш, езілген ел, таң сенікі, Айырып дос пен қасты жете таңы,-
дейді. Бір құптарлық жай сол кездегі Құлжа қаласында қоғамдық сананың оянуы тұрғысынан көпшілікті әдеби-мәдени шараға жұ мылдыру, сол арқылы халықтың сауатын ашу, өркениет бағыты на жетелеу мақсатында туыстас ұлттарды бөліп-жармай бірлікте іс-қимыл жасау еді. Бұл орайда да Таңжарықтың ұйтқы болып, жақсы істің басында жүргендігі жөнінде Д. Масымханұлының: «Көп өтпей Құлжа қаласына келіп, аймақтық қазақ-қырғыз ұйы мында әдебиет-мәдениет саласын басқарды. Онда, негізінен, мә дени топтар ашу, әдеби кештер өткізу істері жолында белсене тер төкті. Бұл тұста Іле өңірінде әлі де болса қазақ тілінде газет, театр дегендер атымен жоқ еді. «Ақын Таңжарықтың белсенділігі мен ұйымдастыруы арқасында Құлжа қаласында «Іле газеті», қазақ театры дүниеге келді. Бұл 1930-жылдардың орта шені еді. Осы кездерде ақын бір жағынан газеттің қауырт редакциялық жұмы сымен айналыса жүріп, тағы бір жағынан қойылымдарда бас рөл дерде ойнап жүрді» [28], – деп жазғанындай, ел өміріне мәдениет ұрығын сеуіп, санасын оятуға құлшына кірісті. Бұлардан сырт ақын ауылдық мектептер құруға, оған қазақтан оқытушылар дай ындауға қолғабысын тигізді. Осы барыстардың барлығында да ол жауапты міндеттер өтеді.Бірақ бұл уақытша ғана толас болатын. Көп ұзамай Шынжаң аспанында қара бұлт үйіріліп, ел басына ауыр апат төнды. Төңкеріс пен демократияға опасыздық жасап, милитаризмге бет бұрған шың шысай үкіметі халықтың саналы деген азаматтарын қойдай көгендеп, Үрімжі түрмесіне апарып 116
тыға бастады. Сонымен Таңжарық 1940-жылдың басында Үрім жі түрмесіне айдалып кете барды. Сол жатқаннан мол жатқан ақын әйтеуір абақтыда өлген жоқ, өлгеннен басқа қорлық пен қи наудың бәрін көрді. Әрине, гоминдаң билеушілері ақынды абақ тыға отырғызу арқылы өздерінің оңбай ұтылғанын білген жоқ. Ол гоминдаң жендеттерінің қаніпезер қаталдығын әшкерелейтін ең тамаша өлеңдерін осы түрмеде отырып жазды. Жеті жыл бойы ақынның үні бір толастамай, оның өлеңдері ауыздан-ауызға та ралып, жауларының бетіне қарғыс таңбасындай басылып жатты. Абақтының азапты шындығының нақты суреті жасалды. Ол ту ралы жазылған ақынның «Абақты» дастаны барша қазаққа әйгілі. Таңжарық Үрімжі түрмесінде жатқанына 4 жыл шамасы бол ған кезде Шың Шысай Совет одағымен достық қарым-қатынасын үзеді және гоминдаң орталығы құлау қаупінде қалған билігін сақ тауға жанталаса кіріседі. Халықтың қарсылығы күшейген кезде Шың Шысайды 1944-жылы күзде Шыңжаңнан ауыстырып әкете ді. Оның орнына У Жуңшин дегенді өлкені билеуге әкеледі. Өзін бояп халықтан бедел табу үшін ол Шыңжаңға келе салып, Шың Шысай кезінде қамауға алынған адамдардың бір бөлігін абақ тыдан босатады. Сол қатарда Таңжарық та абақтыдан босайды. Ақын өзінің бұл жолы абақтыдан босауын: Бір күні жаңадан бір Жуши келді, Түрмені тексерген боп жымси келді. «Бұл өзі әділетсіздік жұмыс екен, Барлығын түзетемін «деп қыңси келді. Ұзамай қолдарына қағаз беріп, Шығарды айтқанындай бір мұнша елді. Қуандық, жолықтық деп жанашырға, Болмадық түсінгендей арғы сырға, –
деп суреттейді. Ол кезде Үрімжіде қазақ, ұйғұр жастары мен зиялы қауым ныңның гоминдаңға қарсы төңкерістік жасырын ұйымы бар еді. Ұйымның мақсаты 1945-жылы мамыр күні Үрімжіде көтеріліс жасап, Үрімжінің шығыс қақпасы Дауанчыңды бекітіп, арғы жа ғы құмыл партизандарымен, батыс жақта үш аймақ төңкерісшіле рімен тоғысу болатын. Абақтыдан шыға салып, көкіректе оянған ой-армандары үшін Таңжарық осы ұйымға қатынасады.Үрімжі қаласында, Нәнсан тауындағы қазақтар арасында, Манас төңіре 117
гінде төңкерістік құпия жұмыстарда болады. Бұл қызметті бір неше ай жалғастырады. Артынан сатқындар ұйымды әшкерелеп қойып, сол себептен Таңжарық қайтадан тұтқындалады. Осы ұс талған бетінде ол 1946-жылдың күзіне дейін Үрімжі абақтысын да қамалады. Үрімжі абақтысында жоғарыдағыдай екі рет қамауда болу ба рысында Таңжарық ақын гоминдаң тұтқындаған көп ұлттың озық ойлы адамдарымен пікірлес болады. Өлсекте біздің өлмес атағымыз, Белгілі істеп жүрген шатағымыз. Алыстан алтын сәуле бір күлімдер, Болғанмен қазір түнек жатағымыз, –
деп ішкі сырын бүкпей, жайып салады. Тағы бір мысал келтірейік: Зұлымға қарсы тұрғанымыз, Ол да рас құпия ұйым құрғанымыз. Кекпенен қолымызға құрал алып, Желкеден гоминдаңды ұрмағымыз. Қашан да теңдік алмай тұра алмаймыз, Бұл ойды басқа жаққа бұра алмаймыз,-
деп әділет, ұлт теңдігі, еркіндік, тәуелсіздік жолындағы ұлы мұ ратын ашық айтып, көпшілікке ұғындырғандай болады. Жазып өлең, оқып өл… Өлейін, өлсем-дағы айтып-айтып. Шыдайды дәтім қалай тірі жатып!? Деген ғой «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік», –
деген жолдардан ақынның жауынгерлік рухының қоғамдық сипат алғанын көреміз. 1946-жылы үш аймақ үкіметі мен Үрімжідегі гоминдаң би леушілері арасында он бір тармақты бітім жасалады. Сол он бір та лаптың бірі ретінде«гоминдаң түрмесіндегі саяси қылмыстыларды тұтас босату» белгіленеді. Осылайша жұрт қатарында Таңжарық ақын да ауылына оралады. Ұзамай, ақын өкпе ауруына шалдығып, ақыры осы аурудан 1947-жылы 6-тамызда қайтыс болады. 118
Аяулы ақын қамал бұзар шағында, кемеліне келген кезінде мезгілсіз мерт болды. Алайда азамат ақын тар жол, тайғақ кешулі қысқа ғұмырында артына ұшан-теңіз, көп мұра қалдырып кетті. Ендеше, ақын шығармаларының жай-күйіне келер болсақ, бүгінге дейін табылып, жарияланған ақын шығармаларының кө лемін ең соңғы түгел тұяғы дей алмаймыз. Ақын шығармалары ның бір бөлімі аты шулы «Мәдениет төңкерісі» кезінде өртелді. Халық арасында ауызша таралып жүргендері түгелдей жиналып болған жоқ. Мұндағы әдебиетші қауым ақын мұрасын жинауды, реттеуді, жариялауды із суытпай әлі де жалғастырып келеді. Таңжарық Жолдыұлының өлеңдері 1930-жылдардың орта ше нінен бастап жарық көре бастады. Яғни, ақынның сол тұста өзі бас болып шығарған «Іле газеті» және «Алға»газетінде «Оқып көр газетімді», «Құттықтау», «Осы таң кімнің таңы?», «Мыс қазан», «Шыңжаң нұры», «Жастар таңы», «Жас күнім», «Саң қылдап көккесамғап»қатарлы өлеңдері жарияланды [29]. Бұлар ақынның көзі тірісінде жарық көрген туындылары болып есеп теледі. 1949-жылдан кейін де ақын өлеңдері мерзімді баспасөзде бір мезгіл жарияланып тұрды. Ақынның абақты өмірі бастан-аяқ тасқындаған поэзия өмірі болды. Туындыларының басым көпшілігін абақты ішінде жазды. Өйткені ақынның саналы ғұмырының көп бөлігі қуғын-сүргінде болды, талай азапты көріп түрмеде өтті. Сондықтан Таңжарық ты қуғын-сүргінде жүріп есейген, түрмеде түлеген ақын деуге де болады. Сол шығармалары арқылы Шың Щысай гоминдаң дәуірі дейтін бір кезеңнің, оның адам қаны сасыған қасап түрмесінің бейнесін және өзінің нұрлы мұрат-мақсатының құнын мәңгілік жоймайтын рухани архивін және нағыз келбетін танытты. Қазақ тарихында талай ғұламалардың, талантты ақын-жазушылардың ғұмыры абақтыда сорлап сөнген. Таңжарық поэзиясы абақты ның жантүршігерлік жауыздық өмірінің күнделігі сипаттас, онда абақтыда күн сайын түлеп, жетіліп отырған өздерінің асыл мұратмақсаттарынан хабар беретін жеке өлеңдер бар. Мұндай жеке бір лирикалық циклды құрайтын Таңжарық ақынның өлеңдеріндей мұра сирек. Осындай шыншыл да сыншыл, ұлт жанды,көркем дікқуаты мол ақын поэзиясы түрме ішіндегі түрмелестерін ояту, баулудың үстіне, сондай қыспақты қиын шақтарда да, көңілде ріне үміт отын жағып, бір жарық сәуле түсіргендей болады. Жа лынды жырға зындан-түрме бөгет бола алады. Ол қапас-қамаудай 119
шығып, кең байтақ ел-жұртымен, қан майданда әділдік, ұлттық еркіндік, теңдік үшін сайыста жүрген сардар-сарбаздардың жүре гіне жол тауып жатты. Оларды әділдікке, үмітке, тайсалмастыққа, нұрлы болашаққа сенуге шақырды. Қай дәуірдің, қай халықтың қаламгері болмасын, егер ол шындықты айналып өтіп, өз жанын ғана күйттеп, жалғандыққа жол берсе, онда ол адамның қас талант, халық ұлы болмағаны. Егер ол шын талант, үлкен жүректі азамат болатын болса, өзі өмір сүрген дәуірдің шындығын бедерлемей тұра алмайды. Бұл тұрғы дан қарағанда, Шыңжаң қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы – өз заманының бар шындығын көркем ой, кестелі тілмен өрнектеп кеткен ұлы тұлға. Шындықты шым байына батыра айтқаны үшін, халық тілегі, ұлт мүддесін жыр лағаны үшін, ол теңсіздік жайлаған қоғамда әділетсіз үкіметтің тегеурініне ілікті. Ширек ғасырға жуық ат қойылып, айдар тағы лып, орынсыз айыпталды. Қуғын-сүргын көрді, жеті жылға жуық түрмеде отырды. Алайда оның бәрі жүрегінің оты бар, өр мінезді, өжет ақынды жасыта алмады. Жігерін мұқалта алмады. Қайта қа жырын қайрап, өршелене өрге жүзді. Отты жырларын дауылдата түсті.. Дарынды ақын Таңжарық Жолдыұлының қазірге дейін бізге жеткен мұра саны 25858 жол болып, шығармаларының екі том дық толық жинағы Қытайда және Қазақстанда 2001, 2002-жыл дары баспадан шығып, халқымен қауышты. Осы екі томнан тұ ратын шығармаларын парақтап көрсеңіз, түрмеде жатып (түрме тақырыбы мен басқа тақырыптарда) жазған өлеңдері жалпы шы ғармасының жартысына жуығын иеленгенін байқаймыз. Бұл орайда шығармаларын жинап, зерттеуші О.Егеубаевтің ақын өлеңдері мен қисса-дастандарының отыз мың жолға жуығы сондай үрейлі, тар жол тайғақ кешу, қысылтаяң жағдайда өмірге келгендігін айта келіп: «ұлтымыздың тарихында арғы бет, бергі бетте қаншалаған бағлан ақындардың жарық жұлдызы абақты да, айдауда сөнгендігін барлығымыз да қанық білеміз. Бірақ со лардан бір-екілі шығармасы болмаса түрме құпиясын, жауыздық сырын, өзінің жан азабын Таңжарықтай түрме түбінде кісендеулі, отырып, қанша мыңдаған өлең жолдарымен қағаз бетіне таңба лап кеткен бірде-бірі болмаған. Таңжарық – бүкіл қазақ әдебиеті не түрме тақырыбын әкелген тұңғыш ақын [30], – деп түйіндеуі шындыққа сай келетін тәрізді. 120
Ақынның 1940-жылы тұтқындалуының себебіне келсек, Шың Шысай 1937-жылдан бастап «тазалау» жүргізеді. Ол тазалаудың басты мақсаты жергілікті халықтың ішіндегі көзі ашық, көкірегі ояу зиялылар мен, ұлтының мүддесін, еркіндік-теңдігін аңсаған, ұлтың намысын мұрат тұтқан азаматтарды – халықтың ардагер ұл-қыздарының көзін жою болатын. «Азаматы алаштың – қайран Такең мен едім, өліп кетсем артымда айтыла жұрер өлеңім» деп жар салған, халықшыл қайраткер Таңжарық та, әрине, бұл«таза лаудан» тысқары қалмасы анық еді. «Сталин мен Шың Шысай бірлесіп құрған әккі сұрақшыларының тергеу тезіне алынады. Тергеу үш тілде – орысша, қытайша, қазақша жалғасады. Ол үкі метке қарсы ұйым құрған, ұлтшылдықты қоздырған, қазақтарды қоныс аударуға, қару-жарақ тапсырмауға желіктірген, қару-жарақ топтаған, көсемді көзге ілмеген, үкіметтің әмір-саясаттарын сөк кен, қазақ тіліндегі газетте жауыққан ой үгіттеп, газет редакция лауда қаталықты күшейіткен, жасап хат жазып, заң қызметкерле рінен өш алу қастандығына барған, қашып кету қаупі бар, күмән өте күшті, – деп қорытынды жасайды [31, 109-б.]. Абақтының сүреңсіз, ауыр тұрмысына тізе бүкпей төзе оты рып, абақты өмірін, құпиясын, гоминдаң үкіметінің әділетсізді гін, жауыздығын түрме түбінде кісендеулі отырып, сорғалаған қа нымен қағазға жазып кеткен Таңжарықтай жау жүрек ақын жоқ, сірә. Қысқасы, түрметақырыбын ең көп жазған, кемеліне келтіріп жазған Таңжарық деуге болады. Жеке тақырыптық өлеңдерінің саны бойынша алғанда да, абақты жөнінде жазған өлеңдерінің саны жалпы шығармасының салмақты орнын иелейді. Ақынның шығармалар жинағындағы «Іле түрмесінен», «Тұт қындалу», «Елмен, жермен қоштасу», «Абақтыда кім жатыр», «Түрме тарихы», «Түрме хәлі», «Елес», «Елге амандасу», «Жерге амандасу» қатарлы жеке тақырыптарда басылған өлеңдері бірбіріне тұтас желі қуып жазылған. Бұларда жалғасқан, үзуге бол майтын ұзақ бір жүйе жатыр. Яғни бұл өлеңдерін тұтас бір өмірдің сыр- сипатын, қоғамдық, әлеуметтік мәнін қамтыған лирикалық цикл ретінде қарауға болады. Ал мазмұн жағынан қарастырсақ, жүйелі, кесек дастан деуге болады. Бұл туралы профессор Зұфар Сейітжанов «Шыңжаң қазақ әдебиеті» атты монографиясында: «Абақты» аймақ әдебиетін қойып, бүкіл қазақ әдебиетінде түрме туралы жазылған алғашқы көлемді шығарма болып табылады» [1, 136-б.] – деген-ді. 121
Жоғарыда айтқанымыздай елімізде шығармашылық іссапарда болған академик, жазушы С. Мұқанов Таңжарық шығармалары мен танысып, сол сапарынан жазған « Алыптың адымы» кітабы на ақынның «Түрме хәлі» атты толғауын тұтас енгізеді әрі бұл шығармаға «Таңжарықтың бұл жырына ешқандай комментарий дің қажеті жоқ, сондай-ақ оның кім екендігін де осы еңбегінен анық көруге болады» [2], – деп жоғары баға береді. Дастанда отызыншы жылдардың соңын ала «үкіметке қарсы лар, ұлтшылдар» деген атпен гоминдаң үкіметі жағынан жүргізіл ген қанды қырғын қапысыз бейнеленеді. Оқиға лирикалық кейіп кердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Ол-түрме түнегіндегі азапты өз басынан кешкен, азаттық үшін арпалысқан ерлердің бірі. Ақын өзінің екі реткі қалай тұтқында луынан бастап, абақтыдан шыққанға дейінгі көрген қорлығы мен жантүршігерлік қинауларын, абақтының азапты өмірін суреттеу арқылы сол тұстағы ұлттың рухын өшірудімақсат тұтқан әділет сіз үкіметтің зорлық-зомбылығын шыншылдықпен әшкерелейді. Құғын-сүргін жылдардың қасіретін, жазықсыз жәбірленген ел ар дагерлерінің аянышты тағдырын баяндайды. Лирикалық цикл құрайтын туындылардың тарихи құндылы ғы да осы тұрғыдан. Ақын тарихи шындықты асқан суреткер лікпен, көркем тілмен өрнектеп береді. Гоминдаң, Шың Шысай түрмесінің нақты картинасын сызып береді. Аяулы азаматтар мен ардагерлердің қызыл қаны төгілген Шың Шысайдың Үрім жі түрмесінің фашистік әрекеттері жөнінде қыруар фактілер бар. Гоминдаңның Шыңжаңда үстемдік жүргізген алаяқ жендеті Шың Шысай саналы, ұлтжанды, сауатты, зиялы қауым уәкілдерін әр түрлі жаламен тұтқындап, жазаның ең ауыр түрін қолданып, көз дерін жоюға дейін барды. Қара машинаға мінген қанішерлер«қа лаған» адамын түнделетіп келіп тұтқындап әкетіп отырған. Дастанды оқи отырып, абақтыдағы осы жауыздықтың, сұр қиялықтың, қанқұйлылықтың сырына қанығасыз, ондағы адам баласы төзгісіз алуан түрлі тән жазаларын көргенде, сай-сүйе гің сырқырап, жаның шошиды. Түрменің азапты тұрмысын өз басыңыздан өткізіп жатқандай сезімге кенелесіз. Зұлымдыққа, Хаюаннан бетер жауыздыққа барған тағыларға деген кегіңіз етіп қазандай қайнайды. Тұтқындарға деген айрықша аяушылық жа нашырлық білдіресіз. Ақын: 122
Міне, осы әңгімесі түрме-тарих, Жатқан соң жазып шықтым болып ғаріп, –
деп абақты тарихын, қаралы жылдардың қатал шындығын мәңгі тасқа қашалған шежіредей, өткен күннің белгісіндей етіп таңба лайды. Ұлы Абайды ұстаз тұтып, одан үлгі, өнеге алған Таңжарықтың түрме тақырыбындағы өлеңдері Абайдың Лермонтовтан аударған, өз тұсындағы қоғамдық құрсауға қарсы бұрқыраған кегі мен дау ылды ызасының лебі ескен «Жалау», «Қанжар» атты өлеңдерін еріксіз еске салады. Бәрі де бір сарыннан шығып жатады. Яң Зыңшың дәуірінен кейінгі Жың Шурын, Шың Шысай за мандары да ұлт мүддесін, ұлт теңдігін ту етіп көтерген қозғалыс тарға оң көзбен қарамады. Өте-мөте Шың Шысай заманы улы шөптей отады. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстаннан Шинжияң ға қашып келген алаш орда азаматтары өздерінің құпия ұйымда рын құрып, бұрынғы қимылдарына кірісе бастайды. Бұны Кеңес одағы да, Шыңжаң билеушілері де әр екі жаққа тиімсіз деп бі ліп, оны екі жақ бірлікте жою байламына келеді. Сонымен ұлт тық қозғалысты өршітпей ұясында жаныштамақ болып, оларды тұтқындау үшін ел ішіне «уиуан» (жора) деген атпен жағдай ба қылайтын жансыздар жібереді, қаптатып тыңшы қояды. Оларды «ұлтшылдар, үкіметке қарсылар, қару-жарақ жасырғандар» деп әр саққа құбылтып атайды. Олардың қарулы бүлік тудыруынан сезіктеніп, халық арасынан жаппай құрал жинайды [32,21-б]. Бұл деректі ақын: Бастықты елден қалған және ұстады, Мақсаты құрал жинау амалында. «Дайбиау» деген атпен келіп жатты, Дубанның «қара қақпа, қамалына» Артында шаршы шпион уыюандардың, Қалды ғой қазақ байқұс табанында. Қазақтан шықты тыңшы қанша «батыр», Әрбірі бес жүз үйлік елге татыр. «Бар екен тыққан мылтық бересің» деп Жетпіс пенен сексеннен қамап жатыр, –
деп бейнелейді «Тұтқындалу» өлеңінде. Бұл тазалау барысында «алаш орда ұлтшылдарымен тіл бірік 123
тірген, үкіметке қарсы ұйым құрған», – деген айып тағып, 1937жылы тек бір Іле аймағының өзінен қазақ-қырғыз ұйымының бас тығы Махсұт бастаған жетпіс адамды бір жолда ұстады [32 , 22-б. ]. Сонымен бір, екі, үш ай өткен кезде, Дүрбелең сәл саябыр өткен кезде, Тағы алды Махсұт бастаған жетпіс адам, Көрмеген адам сенбес мұндай
Шығармада тарихи деректен мәлім сол кезде тұтас Шыңжаң бойынша тұтқындалған Қазақстандық және қадірлі азаматтардың аты негізінен түгел аталып шығады. Іледен Мақсұт пенен Айса төре, Қожабек, Қами кетті оны коре. Еменбай, Уаң Қадыр, Сисар, Тастан, Бастығы Абылаев, Сұлтан төре. Байбатша – Ыбырайым, Жайнаковпен Жөнелді Сағатбектер соңына ере. Тұрдақын, Закіржан мен Әкімқожа, Дамолда, Жалел, Нұртай кеткен оза. Шыңдали, Әбілмажын, Ахметбек Ажалға ұмтылғандар қолын соза, –
деп басты-басты адамдарды бір тізіп шығады. Екінші кезекте Шәуешек қаласы мен Алтайдан ұсталып, азап көргендердің есі мін атайды. Мәселен: әуешектен Қанағат, Алымғазы, Ш Нұртаза, Қазез кетті келер жазы. Алтайдан Шақаң, Манкей, Ақыт қажы, Бұқат бейсі, Зия мен Халел тайжы. Үрімжіден кетті Абеу, тыңжаң Жүніс, Қожанияз, Баймолла бәрі бір іс. Жүніс қажы, Сатарқан, Мұқашпенен Хош айтысты дүниеге-бітті жұмыс. Тағы өлді Қажен мен Қалиакбар, Жолығып сергелдеңге қайтқан бақтар. Барлығы осылардың қинауда өлді, Бір келмей қош айтуға тіл мен жақтар....
124
Бір атап өтерлік жай тұтқындағы адамдардың ешқандай қыл мыстары жоқ еді. Тек көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар болатын. Міне, бұлардың бәрі ұлтының еркіндік-теңдігін аңсаған, елі нің көсегесін көгертіп, озық елдер санатына қосуды мұрат тұтқан, еңсесі биік егей тұлғалар, сайдың тасындай саңлақтар, арманда кеткен арыстар еді. Зұлмат заманның мезгілсіз құрбаны болған, қинауда өлген, із-түзсіз дүниемен қоштасқан есіл ерлерді елжірей еске алған ақын: Осылар ел бастығы бәрі манап, Басты ғып мыңнан бірін көрсеткенім, –
дейді. Шың Шысай үкіметінің қолға түскендерді тірідей көміп өл тіргені, у беріп көзін жойғаны, кейбіреуін кеңес одағына алып ке тіп із-түзсіз жоғалтқаны тарихи факт, деректерден жақсы мәлім [31,104 б]. Ақын қаламынан бұл шындық та қағыс қалмайды: Қан ішіп қарға-құзғын қылмыңдайды, Май тамып беттерінен жылмыңдайды. Қаланың шет жағынан ұра қазып, Апарып неше жерден қырғындайды
Сөйтіп, тұтқындарды өлтірудің де алуан түрлі айла-амалы болған. Бірде нәр татырмай аштан өлтірсе, кейбіреуін ұрып, тірі дей найзалап өлтірген. Тірідей кейбіреуге найза салып, Артына екі қолын байлап алып. Сұққылап сүйреп жүріп өлтіреді, Шыңғырып, қарамайды жатса талып.
Тұтқындардың бірін-біріне көрсетпей, шеттерінен қынадай қыруды ғана мақсат еткен. Әйтеуір бір нәрсені сыныққа сылтау етеді. Ең бастысы «қауіпті» адамдардың бірін де қалдырмау қа жет. Тағы оқып көрейік: Кесілген кейде қол мен санын көріп, Қырғындап, киіз жапқан ылғи өлік.
125
Адамның ішек-қарны шұбатылып, Қаламыз кейде жатқан басын көріп.
Не: Он метр, жеті метр зынданы бар, Төстікей қақтайтұғын «құмданы» бар. Сол жерде аштан өліп, сасып қалған Адамды тазалаған мұнда біз бар.
Дүниеде мейлі қандай елдің абақтысы болсын, онда қандай жаза қолдансын, қандай нашар тамақ берді дегенде де, тамақ бер мей ашықтырып өлтіріпті дегенді сирек еститініміз хақ. Неткен жауыздық десеңізші! Қанішер қарақшылар енді бірде бір-екі күн жеке қамаған соң, екі есігі бар оңаша үйге«сұраққа» деп әкеледі де, осы арада қылышпен басын кесіп алады. Адамды өлтіретін әтей қастап, Киімін шешіп алып жалаңаштап. Арнаулы екі ауызды сұмдық үй бар, Сұрақ деп әкеледі соған бастап.
Мұндай тағылыққа ақын не істесін? Қолдан келер қайран жоқ. Кезегін тосып жатудан басқа ешқандай әрекет етуге мүмкін емес еді. Тағы бір әдісі мынадай: Оңаша екі ауызда, екі-ақ есік, Жері бар айқасатын түбі тесік. Кірерде сол тесіктен тосып тұрып, Алады қылышпенен басын кесіп.
Бұл шумақтардан абақтының ызғарлы да үрейлі бейнесі елес теп, қан иісі мұрыныңа келеді. Сөйтіп, гоминдаң түрмесінде аш тан, ұрып, найзалап, жадауда тұрап, атып өлтірілген адамдарда сан жоқ. Есепсіз, міне, осындай өлген жандар, Бар қазір өлгендерді көмген жандар. Күз болса неше мыңдай көр даярлап, Көзімен бәрін істеп көрген жандар. (Түрме хәлі)
126
Осы жауыздықтың бәрін өз көзімен көрген ақын ет жүрегі езі ліп, жанынан түңіледі. Бәрақ көз алдында болып жатқан сұмдық ты қағазға түсіруді парыз санаған. Келер ұрпақ үшін, тарих үшін жауыздық жасырылмауы керек. Осындай сұмдықпенен өліп жатқан Кісінің бәрі отанның бөлтірігі, –
десе, енді бірде: Түрмеде тоғыз жылда өлген адам, Асыпты орта есеппен алпыс мыңнан, –
дейді. Таңжарықтың «Түрме хәлі» дастанының тарихи негізіне, өмірлік шындығына, себеп-салдарына барлау жасаған Ы. Әдіш ұлы келтірген төмендегі мысал, деректер гоминдаң, Шың шысай үкіметінің Шыңжаңның тұрғылықты халқына тудырған зобала ңының ащы нәтижесін пайымдауға мүмкіндік береді. Сол кезде бүкіл Шыңжаңның жан саны небәрі үш миллион мөлшерінде екен. Сонда түрмеде өлгендердің өзі 2 % -ке жетіп, әр жүз адам ның екеуі гоминдаң түрмелерінде өлді деген неткен ашынышты жайт[33,60-б.]. Міне, осы санды мәліметтің өзінен гоминдаң түр мелерінің халықты қан қақсатып, жазықсыз жазалайтын нағыз тозақ болғанын аңғаруға болады. Демек, жан жүрегіңді баурап алатын шындық шығарманы шырайландыра түскен. Дастанда гоминдаң абақтысының адам баласы көргенді қой ып, құлақ естімеген неше түрлі жазалаудың, қинаудың небір сұм дықтарын қолданып, бейкүнә жандарды тірідей шырылдатып жатқаны көз алдыңа елестейді. Абақтының азабын тартып аш тықтан бұралған адамдарды қинаудан он шақты түрін ойлап та бады. Соның бірі бірнеше тәулік не тамақ, не су бермей қояды. Адамның еті сүйегіне жабысып қайыстай қатып қалады. Осын дай сәтте арнайы тіліп алынған қатты Ұлтханмен екі бетке ұрады. Сөйлеуге тіл жоқ адамды осылай есеңгіретіп құлатады. Ал енді жазалаудың екінші түрі мынадай: Көмірге отырғызып ұсақ шағып, Қан деген май құйрықтан судай ағып.
127
Үрпіңе ши жүгіртіп боздатқанда, Шыбын жан шығып кетпей тұрсың нағып!?
Адамның жанды мүшесіне ши жүгірту қандай қорлық. Мұн дай қинауға екінің бірі төзе алмаған. Бұдан кейін: Дөңгелек бір тақтай бар қалың шапқан, Бетіне қанмен сырлап бояу жаққан. – «Жалаңаш құйрық қойып отыр», – дейді, Қаратып ұшын өрге шеге қаққан.
Тақтайға шеге қағып, соның үшкір жағына отырғызу – на ғыз тағылық, қинау болса, тырнақтың көбелері ине сұққан кезде адамның шыбын жаны шырқырап есінен танары хақ. Тағы бір кезекте қинаудың басқа бір түрін қолданады. Тектеутиым болмаған соң гоминдаң жендеттері ойларына келгенді істе ген. Бірақ осындай қатігез әрекетке өздері рахаттанатын секілді. Келер деп қашан өлім, қайғы басып, Тесіліп әр жеріңнен етің сасып. Кендірмен бақайыңнан байлап алып, Басыңды салақтатып қояды асып.
Келесі бір жаза түрі кендір жіппен бақайыңнан байлап, ба сыңды төмен қаратып қояды. Есі ауған тірі өлік адам нені біледі. Бұған да шыдайды, төзе алмаса бақиға аттанып кете береді. Қараңғы көр қылады мекеніңді, Білмейсің есің ауып не екеніңді. Қояндай қолға түскен шыңғырасың, Шерткенде қысып тұрып екі еніңді, –
дейді автор. Адам баласының осынша сілікпесін шығара қинапқорлау көп елдерде қолданылмайды. Соған қарамастан гоминдаң өкіметі осындай жауыздыққа жол берген. Ал адам өлтірмесе қол дары қышып тұратын қанішер жендеттер үшін бұл әдеттегі жағ дай десе де болады. Бұл – ең жымысқы тәсіл. Бір ескерте кетер нәрсе осы сияқты адамды айдан бетер қинап масқаралау, өлтіру «Мәдениет төңкерісі» кезеңінде тағы қайталанады. Лирикалық кейіпкердің басынан өткен бұл оқиға Шыңжаңдағы қазақ тари хының қаралы беттері екені даусыз. 128
Ет жүректі пенденің қиналуы, жәбір көруі дәл осы жырда баяндалғаннан артық болмас. Қандай жаза болғанда да, осындай адам баласы төзгісіз, адам түгіл хайуан екеш хайуанға да істет пейтін жаза қолданып, қорлау, қан қақсату қанішер жауыздар дың, адам тонын жамылған тағылардың әрекеті. Бұл – аңыз емес, шындық. Суреткер ақын осы шындықты өз басынан өткізді де, оны қаз-қалпында аса шеберлікпен оқырманның жан дүниесіне ерекше әсер ететіндей психологиялық серпін арқылы бейнелейді. Өлең жолдарын оқып отырып, жаныңыз түршігеді. Бұдан басқа да адамның аза бойы қаза болатын қинау түрлері – аспаққа асып қойып ұру, табанға темір үскі жүгірту, басына темір құрсау салу, дағарға салып сүйреу т.б. Бәрі-бәрі де бар. Міне, бұның барлығы фашистік қорлаудан аспаса кем түспейтіні аян. Абақтыдағы бейбақ жандар бәрі де әділ сұрақ көрмейді. Қараңғы зындан болды тұрақтарым, Саңырау түк естімей құлақтарым. Тік тұрды төбе шашым жаным шошып, Алғашқы естігенде сұрақтарын, –
еуі орынды. Өйткені тұтқынға қойылатын сұрақ өздерінің ой д лап-тапқан сандырақтары. Не «түймедейді түйедей еткен» жала сы екені хақ. Тастайды кірген бойда бетіңді ашып, Отырған төрт-бес адам қаны қашып, – «Қарныңды жарамын», – деп, – «айтшыныңды»? Ақырып арыстандай заһар шашып, –
дегеніндей сұрақ қорқынышты болады. Қасапшының итіндей жа лаң қаққан сұрақшылар: Не істедің, не көрдің шыныңды айтдеп, Дүрелеп ашты тілмен тілдеп жатыр. – «Құлатпақ болғансыңдар үкіметті, Құтыртқан осы сені кім?», – деп жатыр. Терісін теріскейдей сойып алып, Жүнін қойып түбітін жүндеп жатыр! – (Абақтыда кім жатыр)
дегеніндей оларға қарғыс қамытын кигізіп, ит терісін басына қап тап, терісін тірідей сойып, жүнін жүндеп жататын. 129
Тарих факты бойынша Шың Шысай Шыңжаңға өктемдік жүргізген он бір жыл ішінде жан түршігерлік террорлықты қол данып, 200 мыңнан астам адамды тұтқынға алып, әр ұлт халқы ның 60 мыңнан астам адамын қырғындағаны мәлім [34,22-б.]. Ақын дастанда абақтыдағы осы ақиқатты айна-қатесіз бейнелей ді. Қаралы жылдардағы қанды наубеттің қалай басталып, қан шама адамдардың өмірін қиғанын хабардар етеді. Шыңжаңдағы барлық ұлттың елге қадірі бар белгілі азаматтарын жалмап жатқа нына ызалы кекпен қарғыс жаудырады. Абақтыда жатқан әр ұлт халқының тағдыр-тауқыметіне көрген азабына ақын өз басының, өз ұлтының тауқыметіндей ортақ күңіренеді. Кім жатыр, абақтыда ханзу жатыр, Олар да арық қойдай жұтап жатыр... Кім жатыр, абақтыда қалмақ жатыр, Дауысы көкке жетіп зарлап жатыр... Кім жатыр абақтыда қазақ жатыр, Жүрегін ашты қайғы қажап жатыр... Кім жатыр, абақтыда ұйғыр жатыр, Азаптан құтылуды ой қып жатыр... Кім жатыр абақтыда татар жатыр, Өзбек пен тажік, қырғыз қатар жатыр. Дүңгені, кержақ орыс, сібе, солаң, Олар да көр аузына тақап жатыр, –
деген жолдар ешқандай түсінікті қажет етпейді. Көріп отырсыздар, абақтыда аяқта кісен, қолда көзір, әбден титықтап, көр аузына тақап жатқан бір ғана ұлт емес, сол кездегі он үш ұлттың бәрі бар. Алаңсыз өмір сүріп, еркін тірлік жасап жатқан бірі жоқ. Бәрінің көкірегін ащы қайғы-қасірет қажап жа тыр. Ақын барлық ұлттың арманы мен арын аяққа басып, тағды рын тәлкек қылған зұлымдықты ашып көрсетеді. Шыңжаңдағы барлық халыққа үлкен қасірет әкеліп, неше он мыңдаған адамдардың қан қарызын мойнына жүктеген Шың Шысай – нағыз зұлым. Сол себепті ақын оған қатты кектене, қа ны қайнап: «Шың Шысай суретіне» атты өлеңінде: Отырсың қара залым тұсың қашып, Біз жүрміз айдауыңда асып-сасып. Армансыз дүниеден өтер едім, Қаныңды бір ұрттасам жалғыз қасық, –
деп тісін қайрайды. 130
Абақтыдағы аталған азаптың бәрін басынан өткерген қайсар ақын қорлық пен зорлықтың бәріне төзе білді. Сағын сындырма ды. Зұлымдыққа, әділетсіздікке ісімен де, жырымен де қасқайып қарсы шықты. Бас кетеді деп тіл тартпады. Зұлымға рас қарсы тұрғанымыз, Ол да рас құпия ұйым құрғанымыз. Кекпенен қолымызға құрал алып, Желкеден гоминдаңды ұрмағымыз, –
деген жолдар мұның дәлелі. Болашаққа зор сеніммен қараған ақын жалынды жырларымен түрмелестерінінің бойына жігер бе ріп, сенімін сергітті. Өлсек те өлмес біздің атағымыз, Белгілі істеп түскен шатағымыз. Алыстан алтын сәуле бір күлімдер, Болғанмен қазір түнек жатағымыз, –
деп жігерін құм қылмауға, келешекке сенім артуға үндеді. Бел шешіп, білек сыбанып күрескенде ғана азаптан арылып, еркіндік – теңдікке қол жететіндігі сынды ақиқатты ұғындырды. Қашан да теңдік алмай тұра алмаймыз, Бұл ойды басқа жаққа бұра алмаймыз. Арман жоқ отан үшін өліп кетсек, Енді біз қорлық көріп жүре алмаймыз, –
деп жар салды. Ел тағдырын, ұлт азаттығын жырының қайнары, күресінің мұраты ете білген күрескер ақын: Бәрі қан үрімжының айналасы, Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы. Ішегін ит сүйрелеп өлген жанның, Құс шұқып, домаланып жатыр басы, –
деп қанды қырғынды тағы бір елестетіп өтеді де: Келсеңдер үрімжінің қаласына, Көзің сал қалтарыс сай-саласына.
131
Ұмытпа өле-өлгенше осыны деп, Тапсырып кет балаңның баласына, – (Түрме хәлі)
деп осы қысым-қиянатты өле-өлгенше ұмытпауға, қанды кек қайтарып, еркіндік үшін күресті тоқтатпауға, ұрпақты баулып кү реске шақырады. Осылайша ақын өзінің әділетшіл, бостандықты аңсаған, отаншыл, күрескер ақын екендігін әйгілеп кетті. Қысқасы, ақынның «Абақты» дастаны – халық тағдырының қаралы беттерін қапысыз бейнелеген, озінің ажар-айшығымен, көркемдік қуатымен, тәрбиелік құндылығымен өткен күннің ға на емес, бүгінгі, тіпты, ертеңгі күннің де талап-тілегіне сай ке летін өміршең, реалистік қуаты мол, деректі туынды.Ақын асқан шыншылдықпен өз кезіндегі қанқұйлы зұлымдықты талдап, таң балайды. Таңжарықтың «Анар-Сәуле» және «Садық пен Салихан» дас тандары ауқымды сюжетке құрылған, мол оқиғалы, кең тынысты эпикалық деңгейде жазылған. Екі дастан («Бөрі мен Бөрібасар», «Қош бол, төрт түлігім») хайуанат, төрт түлік тақырыбына ар налады. Көлемі жағынан шағын (5 бет)бір оқиғаға негізделген. «Молда мен бақсы» – дастаннан гөрі сюжетті ұзақ өлең немесе толғау деуге келетін туынды. Шығармада молда мен бақсының әлеуметтік өмірдегі орны, қоғамдағы атқарар міндеті деген мә селеге назар аударылады. Надандық шырмауында отырған елде гі шала сауатты молдалардың санасыз кейпі, дүмшелік іс-әреке ті сыналады. Өлген адамның асына келген молда мен бақсыны ақын бір табаққа ортақтастыру арқылы бір-біріне қарарма-қарсы психологиялық болмысын ашуды көздейді. Бұл шығармасында да Таңжарық басқа өлең, дастандарындағы ұстанымдарын берік сақтап, көпті жаманнан жиренуге, жақсылықты үйренуге, білімді игеруге үндейді. «Садық пен Салихан», «Анар-Сәуле» дастандарында қыз бен жігіт арасындағы мөлдір махаббат, ғашықтық хакая жырланады. Екі дастан да ұқсас тақырып, сарындас идеяны қозғайды. Сон дықтан біз Таңжарықтың орындалуы жағынан ұқсас, идеялық тұрғыдан сарындас, мазмұны жағынан үндес боп келетін дастан дарының бәрін бірдей талдап жатпаймыз. Таңжарықтың шығармаларында Абай ықпалы, ХІХ ғасыр дың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті өкілдері 132
нің жаңа бағыттағы өнегелі сипаттарының әсері молынан көрініс табуымен бірге халықтық дәстүр, эпикалық жыр тудыру үлгісі ерекше сақталған. Бұл сипат әсіресе қисса-дастандарда жырланатын оқиғалар дың бір-бірімен байланысында, бір оқиғадан екінші оқиғаға көшу тәсілінде, жыр жолдарындағы буын саны, ұйқас түрлеріне қатыс ты өлшемдік шарттарда ерекше байқалады. Ақынның «Ойласам, айғайға ерген мен бір жазған» атты тари хи дастаны – 19 беттен ғана тұратын шағын дүние. Дастан сюжеті өмірде нақты болған, оқиғаға ақынның өз басынан өткен, көзімен көрген жайларға құрылған. 1926-жылы жазылған бұл дастанды ақынның дастан жанрындағы тырнақ алды туындысы деуге бо лады. Бұл кез Таңжарықтың Қазақстанда үш жыл жүріп, туған жеріне қайта оралған тұсы еді. Жоғарыда айтылғандай Абайдан бастап сол кезеңге дейін жарық көрген қазақ әдебиеті үлгілерімен молынан танысып, мүмкіндігінше тереңіне бойлаған, көркемдік нәрінен, идеялық бағытынан барынша сусынын қандырған, тағы лымын сіңірген уақыты болатын. Сондықтан Таңжарық ақынның идеялық оянуы да, өз ортасы деңгейі тұрғысынан жаңа көзқарас ұстанымы мен шығармашылық жолының қалыптаса бастауыда осы жылдар болатын. Ұлт теңдігі мен екі жақты езгіден құтылу жолында, бұқара халықтың сауатын ашып, өркениетті елдер қа тарына қосу мақсатындағы күрес жолында ақындық өнерін қару ете білды. Қараңғы халықты оятып, білім алуға, өркениет жолы на түсуге үндеді. Ел жақсыларын, билік тұтқасын ұстағандарды ұлт болашағы үшін қызмет етуге шақырды. Қазақстанда үш жыл жүруы оның көкірек көзін ашты, қоғамдық құрылымның бұрын болмаған түрін көрді, қазақ халқы үшін оның қайшылықты тұс тарын сезінді. Сондықтан қоғамдық-әлеуметтік мәселенің қай са ласы болсын халық санасының жаңа сатыға көтерілуіне қызмет жасау мақсатында Таңжарық өз дастандарында заман ағымына, уақыт ырғағына сай идея ұсыну арқылы ұлт рухын көтеріп, жігер беруге тырысады. Біз сөз етіп отырған«Ойласам, айғайға ерген мен бір жаз ған» дастаны тағдыр жазып үш жыл болған совет одағы терри ториясына кіретін Қазақстанның Қарқара, Кетпен өңіріне екінші рет жолы түскен кездегі көзімен көріп, басынан кешірген оқиғаға құрылған. Дастан бірінші жақпен баяндалады. 133
Сиындым бір өзіңе әуел керім, Бестөбе, Шақпы менен жүрген жерім. Талды-қыстау, жайлауым – Көкшоқы еді, Маңдайдан ойлағанда ағар терім. Қамысты айналайын орның өзге, Кір жуып, кіндігімді кескен жерім. Шақшақай, қарға қуып, таспен ұрып, Неше ойып табанымды тескен жерім. Өтпеген нелер қызық балалықта, Қоймайды жатсам-тұрсам естен менің, –
деп басталатын дастанда ақынның өз өмірінің балалық шағы, жастық дәуренінің кейбір көріністері нақты суреттеледі. Бестөбе, Шапқы, Талды, Көкшоқы, Құлжа, Төртсұмыл, Ілеху-Таңжарық тың туған аймағы, Шынжаң жеріндегі жер атаулары болса, Қал жат, Кетпен, Пияздық, Үшмекі, Шалкөде, Көмірші, Саржаз, Қа расаз, Қулық т.б. Қазақстандағы жер атаулары. Қай елдегі болсын қазақ қоныстанған аймақтағы географиялық орта, жер-су атаула ры қаз-қалпында дәл айтылады. Балалық шақтағы алаңсыз күндер, қайғысыз, қамсыз кез дер, күн ұзаққа мойын бұрғызбайтын ойын қызығы артта қалып, әуейілікке толы сол бір кездер есіне түскенде, қызық қуу желігі мен алдамшы өмір жетегінде кеткен мағынасыз тірлік үшін ақын жаны мұңға оранып, өкініш дертіне шалдыққандай болады. Бала лық кездегі тышқан ініне су құйып ұстай, жылқының құйрығы нан тұзақ етіп кекілік ұстайтын жастық желіктегі бір сәтті есіне алады. Қыс бойы осындай ойынға алданып жүріп өмір өткеліне реніш танытады. Бірақ баланың аты бала емес пе? Ойнамайтын бала бола ма? Осы тұрғыдан келгенде бүлініп кеткен ешнәрсе жоқ сияқты. Оқып көрейік: ...Қыдырбек бастығымыз бір топ бала, Қылмадық нелер істі шалалықта. Су құйып, тышқан ұстап, айғыр мініп, Деуші едік: мұны суға салалық та. Жүрушы ек шақшақайға құрып тұзақ, Қоймаймыз шықса егер іннен ұзап. Қуанып мал тапқандай болушы едік, Көк мия ат болған соң, қаршыға – ұзақ, –
деп ақын балалықтың базарын осылай есіне алады. 134
Көшпелі қазақ тұрмысындағы ойын баласына тән мінез, әре кет, сезім күйі қаз-қалпында көрініс табатын бұл шумақтарда қандай өкініш сыры жатуға тиыс деген ойға келуге болады. Бар болғаны қазақ ауылының жанды суреті, балалық кездің психоло гиялық болмысымен шынайы жасалған бейнесі көз алдыға келе ді. Ауылда туып-өскен кез-келген қазақ оқырманына таныс су реттер, талайлар өз басынан өткізген белгілі жайлар. Дастанның кіріспе деуге болатын ақынның өз басынан ке шірген балалық шақ баяны көп оқырманның да басынан өткенін еске түсіріп, жан сезімін оятары, көңілін баурары, алыста қал ған алаңсыз жылдардың елесіне оранып, қиял әлеміне шомыла ры, ләззатты әсерге бөленері рас. Сол сезімге өзі де бөлене тұра ақын жанын толғантып, қасірет, дертін қозғайтын себеп не ?! Ол – Қазақстан жерінде кең өріс алған ұлы Абай мен Ыбырай Ал тынсарин шығармаларының ықпалы, Ахмет, Міржақып бастаған қайраткерлердің ағартушылық идеяларының көкірегіне ұялап, санасына сыңуының көрінісі. Ұлтымызыдың ұлы тұлғаларының өз кезеңінде халықты білімге, өнер үйренуге, кәсіп етуге, ғылым игеруге, өнерлі елдерден өнеге алуға шақырған еңбектерін зерде леп оқыған Таңжарық ақын қараңғылық тұмшалаған туған айма ғының қоғам дамуының әлемдік деңгейінен тым төменде қалып, өзгеріссіз отырған халының астарын іздейді. Өз ұлтының басын дағы қасіретті сауатсыздық деп біледі ақын. Сондықтан қанша қызық болса да, қыс бойы оқу оқып, білім нәрін жинаудың орны на қызық қуып қана ойынмен өткізген күндерді әуейілікке алдану деп түсінеді. Ақын жүрегі соған ауырады, халық басындағы дерт деп сезінеді. Ұлт болмысындағы кездесіп отырған кемшіліктерге осылай ша жүрегі сыздай толғанған ақын дастанның негізгі бөлігінде со вет өкіметі орнаған қазақ жерінен қашып келген қандастардың тағдыры, олардың жаңа үкімет қысымына төзбей кері қайыру жолына түскендігін баяндайды. Қазақстанда совет үкіметінің ор науының нәтижесінде мал-мүлкі тәркіленген көптеген қазақтың үдере көшіп, түн жамылып көршілес жатқан шетелдерге қашып өткені белгілі. Шығыс шекараға жақын елдің көбі Қытай жеріне қашып келді. Омарбек, Асылхан, Суықжан т.б. тәрізды жігіттер – Қарқара, Нарынқол өңірінен ауып келген тағдыр иелері болатын. Олардың өзге жұрт ортасына, Қызай елінің ішіне келгенде, өздері сыртынан жақсы білетін, ел ішіне абырой-атағы, беделі бар Таң 135
жарық ақынды іздеуі заңды. Өйткені Таңжарық Қарқара, Нарын қол өңірінде бұған дейін үш жыл тұрып кеткен, ақындығымен даңқы шығып, елге әбден танымал болған еді. Сондықтан совет жерінен, қазақ жөнімен айтқанда, албан елінен келген бес жігіт қашып келісімен өздері жақсы білетін қызай жұртының атақ ты ақынына айнала бастаған Таңжарықты сұрастыра бастайды. Мақсаттары екі жақтағы да ел жағдайы мен жер жағдайын жақсы білетін Таңжарықты қастарына ертіп алып, артта қалған мал-мүл кін алып келу, сөйтіп жаңа үкімет белсенділерінен кек қайтару, өш алу еді. Қиналған шақта қол ұшын беруді сұраған азаматтардың ті легін қайтара алмаған Таңжарық уәделескен уақыттан кешікпей келіп, совет одағы қайдасың деп қаруланған топпен бірге тартып отырады. Алайда бұл сапар ойлағандай болмайды. Өздерінің малдарына жете алмағандықтан, көкіректерін кек жалыны кер неген топ жазықсыз елдің малын айдап әкету әрекетіне кіріседі. Бұл, әрине, әділетсіздік жолы еді. Ашынған жандар осылайша қа рақшылық қимылға барады. Түпкі мақсаттарын өз дәрежесінде орындай алмаған топ ақырында көп қиындыққа тап болып, түгел дей қырылып қалу қаупін басынан кешіре отырып, зорға дегенде шекарадан өтіп аман қалады. Дастанның бар мазмұны осы. Дас танда сол дәуірдегі Қазақстан шындығы дәл суреттеледі, қазақ ұлтының тағдыр-талайы боямасыз көрініс табады. Ашынған, кек тенген ел адамдарының өш алу жолында адалдықтан танып, ісәрекеттерінің жамандық арнасына бұрылып кетуі қаз-қалпында бейнеленеді. Дастанды ақынның өзі көзбен көріп, бастан өткізген жайларға ой көзімен қарай отырып жасаған қорытындысы деуге болады. Сондықтан да ол ашынған жандарға ойланбастан, ақылға салмастан ере кеткеніне налиды, жамандыққа, мағынасыз іс-әре кетке араласқанына күйінеді. Осы себептен де дастанын«Ойла сам, айғайға ерген мен бір жазған» деп отырып, өз өмірінен тағы лым ұсынады. Таңжарық шығармаларының дені 1940-1946-жылдары Үрім жі түрмесінде отырған жылдары жазылған. «Анар-Сәуле» да станы да солардың қатарына жатады. Оқиғасы қызықты, эпика лық тынысы кең «Анар-Сәуле» дастаны – Таңжарық ақынның іргелі туындыларының бірі. Ақын шығармаларын жинап басты рушы, зерттеуші Оразанбай Егеубаев бұл дастанды сюжеттік құ рылымына қарай «өлең-роман» [15, 69-б.] – деп те атайды. Қазақ 136
әдебиетінің тарихында кейбір дастандардың, поэмалардың роман деп аталатыны рас. С. Торайғыровты «Кім жазықты», С. Мұқанов тың «Сұлушаш» сияқты туындылары өлең түрінде жазылғанына қарамастан роман делініп келеді. Шығарма сюжетке құрылып, мол оқиға қамтыла суреттелетін болғандықтан әдеби-теориялық ұғым толық бекіп, қалыптаса қоймаған кезде осылайша «роман» аталып кетуі мүмкін. Зерттеуші О. Егеубаев та қазақ әдебиеті та рихындағы осы көріністі басшылыққа алып, Таңжарық ақынның эпикалық сипатта баяндалып, түрлі кейіпкер тағдыры суреттеле тін, бір оқиғадан екінші оқиғаға көшіп отыратын сюжетке құрыл ған«Анар-Сәуле» дастанын өлең-роман деп атаған тәрізді. Біздіңше, әдеби-теориялық ұғымдар орнығып, тиянақталған тұстағы жанрлық түр тұрғысынан келсек, «Анар-Сәулені» дас тан ретінде қараған орынды деп ойлаймыз. Дастан сюжетіне XX ғасырдың алғашқы ширегінде еліміз қазақтары арасында болған оқиғалар негіз болған. Дастанда халықтық дәстүр, халық ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктер мол сақталған. Сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерімен қоса, Абайдан бастап дастан жазыл ған кезге дейінгі ақындардың ықпалы да айқын көрініп отыра ды. Дастандағы оқиғаның баяндалуы мен байланысу тәсілдерін де, шығарманың атын қою үрдісінде де бұрыннан қалыптасқан дәстүр орын алады. Бұл орайда қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Айман-Шолпан» тәрізді ли ро-эпостық жырлар, шығыс хикаяларының желісіне құрылған «Таһир-Зуһра», «Мұңлық-Зарлық», «Жүсіп-Зылиха», «Бозжі гіт», «Сейфүлмәлік» т.б. қазақ дастандары«Медғат-қасым»,«Ең лік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Салиха-Сәмен» поэмалары бас кейіпкерлердің аттарымен аталады. Жасынан халық ауыз әде биетін жаттап өскен, өзіне дейінгі шыққан қазақ ақындарының кең тараған классикалық туындыларын ынтамен оқып, тағылым ала білген Таңжарық өз дастандарында ат қоюдан бастап клас сикалық дәстүрді еркін пайдаланған.«Анар–Сәуле» дастаны да – сол дәстүрді меңгерудің жарқын мысалы. «Анар –Сәуле» – лиро-эпостық сипатта жазылған дастан. Кө лемі үш мың сегіз жүз он тоғыз өлең жолынан тұратын ауқымды шығарманың прологы, беташары іспеттес: Дүниеден жақсы да өтті, жаман да өтті, Түрленіп неше қиын заман да өтті.
137
Бай, патша, балуан, мырза, ақын, шешен, Ғұлама нелер білгіш адам да өтті. Данышпан нелер батыр, көпес, жомарт, Қан шықпас кесіп алса сараң да өтті. Қызығын өз әлінше шайқап көріп, Ішінде осылардың қаман да өтті. Сау қалып дүниенің құрығынан, Ойласаң қай пендесі аман кетті?! –
деп ақынның өткінші өмір, тұрлаусыз тірлік тәрізді өмір заңды лықтары жайындағы философиялық көзқарастарын білдіретін толғанысынан басталады. Дастанда Анар қыз бен Сәулебек атты жігіттің ғашықтық хикаясы, бір-біріне қосылу, ерлі-зайіпті атану жолындағы көрген механаттары, кездескен кедергілері суреттеле ді. Екі жастың бір-біріне махаббаты арқау болған дастанда фео далдық қоғам жүйесінің қазақ өмір салтына тән құбылыстың бір көрінісі бейнеленеді. Анардың Сәулебекке, Сәулебектің Анарға деген ыстық сүйіспеншілігін ақын аса бір ынтызар құштарлық пен суреттейді. Рас, халық шығармаларында көбінесе жігіттің қызға деген ғашықтығы басымырақ суреттелетіні белгілі. Таңжа рық ақын өзінің бұл дастанында сол дәстүрды бұзып, Анардың Сәулебекке деген ғашықтық сезімін, ынтызар көңілін біріншіке зеккешығарады ...Сәулені Анар көрсе бұраңдаған, Түрленіп шашын тарап сылаңдаған. Тесіліп көз қараудан бір тоймайды, Арбасқан дәуіт ұқсас жыланменен, –
деп келіп, одан ары: Келтіріп келтесінен кескен кекіл, Үкісі камшатының бұлаңдаған. Адамды ыстық лебі оттай тартып, Көргенде сабыр қылып тұра алмаған. Еріксіз көргендердің көзі тұнып, Мойынын басқа жаққа бұра алмаған. Түп-түгел адамзатқа ондай мүше, Ешқашан толық болып құралмаған, – 138
деген жолдармен жалғастыра Анар қыздың сырт келбетін әсер лене жырлап, сұлу тұлғасын, мінсіз бейнесін жасайды. Әртүрлі нәрселерге салыстырыла суреттелген Анар тұлғасы неше түрлі інжу-маржан сөздермен өріле, ғажайып теңеулермен өрнектеле ді. Ертегілердегі періштелердей, лиро-эпостық жырлардағы сұ лулардай бейнеленеді. Автор бұл арада халық әдебиеті дәстүрін кеңінен пайдаланған.Кей тұстарда «Қыз Жібек» жырының да әсе рі байқалып тұратындай. Осыншалық көркіне мінезі сай, парасатты қызға деген Сәуле бектің ғашықтық сезімі, іңкәрлігіарнайы суреттелмегенімен, Анардың өз ойын жүзеге асыруға ұмтылу әрекетіне қатысты тұс тарда байқалып отырады. «Әрі әнші, әрі мерген, әрі ақын, жел сөзге сөйлегенде судай аққан» сегіз қырлы, бір сырлы, сан түрлі өнер бір бойына біткен жігіт сұлтаны Сәулебектің Анарға деген көңілі , арлылығы мен адамгершілігі, адалдығы мен мәрттігі, ер лігі мен ақыл парасаты оның айтқан ойлары мен іс-әрекеті арқы лы көрініс табады. «Оқыған жас күнінен өзі әдепті, ибалы қылы ғымен жұртқа жаққан» Сәуленің дұшпаны да жоқ емес еді. Ол – өзімен құрдас, жастайынан бірге өскен құрбысы Нәзір. «Көңілі не қызғаныштың қызыл құрты ұялаған» Нәзір Анардың Сәулеге деген махаббатын түбегейлі үзу жолын ойлайды. Осы жолдарда біраз әрекеттерге барады. Ақын Анардың сұлу сипатына ерекше мән беріп, оның бейне сін әсірелей бейнелейді. Дастанда оның тұлға бітіміне, жүріс- тұ рысына кең орын беріліп, келістіріле суреттейді. Шағылып күн түскендей маңдайынан, Сөйлесе бал тамады таңдайынан. Әдепті өзі ісмер және оқыған, Жауаптың жаңылмайды қандайынан. Көреді досы тұрмақ, дұшпан жақсы, Адамға жақындығы жандайынан. Тұрасың сөйлесе деп жауап күтіп, Аузынан шыққан сөзы балдайынан, –
деп сипатталатын, «аймаққа, ауылға да қадірі артық» Анарды өзі не жар етуді көздейді. Әрине, қызға кім-кімнің де ғашық болуға, оны жақсы көруге, өз ойын білдіруге құқылы екені рас. Алайда бұл орайда қыздың қалауы, көзқарасы мен сүйіспеншілік сезімі ескерілмесе, онымен санаспаса, істің арты насырға шабатыны 139
ықылым заманнан белгілі жай. Өйткені мұндай әрекет – қазақы дәстүрдегі ата-ананың қалауымен құдаластыру немесе бел құда, бесік құда салты бойынша атастыру емес. Бұл екеуінің арасында ғы сүйіспенешілік өз қалауларына, екі жастың өзара сезім, көзқа рас бірлігіне тәуелді құбылыс. Ал Нәзір болса қыз сезімін аяққа таптайтын зорлықшылдығымен, өзімшілдігімен көрінеді. Ол – қызға деген көзқарасын, жүрек сезімін ашық білдіре ал майтын дәрменсіз, қыз көңілін баурап алатын жігітке тән асыл қасиеттерден ада, өз ойын, арам ниетін жасырын, жымысқы әре кеті арқылы іске асыруға тырысатын қорқау жан. Анардың Сәуле тірі тұрғанда өзіне бұйырмайтынын сезінген Нәзір жасынан бір ге өскен досы, құрдасы, адал көңіл, адамшылдық мінезімен ға на танымал Сәулебекті өлтіруге дейін ниет еткен арам ойға ба рады. Алайда Нәзірдің бұл арам ойы жүзеге аспайды. Анар мен Сәулебектің бір-біріне деген адал махаббатына, мөлдір сезімде ріне сүйсіне біліп, шын жанашырлықпен, аяушылықпен қараған ақ ниетті адамдардың арқасында Нәзірден келер қаупі алдын ала естудің нәтижесінде Сәулеге бағытталған қастандық жасалмай қалады. Байдың есігіндегі қызметші болып тамағын асырап жүр ген ақ ниет, мейірлі ана Бикешестіп қалады да, бір-біріне шын ғашық екі жасқа жаны ашып, Нәзір мен оның көңілдесі, былға ныш қылықты Зейнептің сұрқиялық жоспарын Анарға жеккізеді. Сөйтіп, Анар мен Сәуленің арасына қара тікен болып қыстырыла бастаған Нәзір жоспары іске аспай, өзінің абройы төгіледі, арсыз дықпен ант ішіп, «бұдан былай шартыңа көнемін» деп уәде беріп бітіседі. Екі ғашық – Анар мен Сәулебек бақталастық пиғылдағы көңілі пасық жандар тарапынан бола жаздаған алғашқы қастан дықтан осылайша құтылады. Алайда жүрек әмірімен бірін-бірі қалап, шаңырақ көтеруге бекінген екі жасқа екінші бір кедергі тап болады. Ол қыз еркінен тыс құдаласу, қалың мал алу ықпалы мен сүймеген адамына зорлап қосу еді. Қазақтың феодалдық қоғамға тән осы бір көне дәстүрі бірбірін шын сүйген екі жас тағдырын шырмауға салады. Анардың басына ескі салттың кесапатты бұлты үйіріле бастайды. Осы ай маққа малының көптігімен аты шыққан Жомарт деген бай Ермек атты ынжық ұлына алып беру үшін Анар қызға құда түседі. Қа лыңмалға қызыққан Анардың әкесі Қаман қызының ой-пікірімен санаспай-ақ құдалыққа келіседі. Ол кездегі қоғамдық сана, көз қарас үшін мұның ешқандай ерсілігі жоқ екендігі рас. Қалыптас 140
қан халықтық дәстүр, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып аясындағы бұзылмайтын әрекет болып көрінетін еді. Әйкенмен ғашықтар тағдырын жүрегімен сезініп, достық адал көңілімен, туыстық жанашырлықпен көмек қолын созып, қамқорлық көрсететіндер де ұшырасады. Дастандағы Несіпбек, Ғайша, Қырғи, Мәтен т.б. осындай жандар қатарына жататындар. Бұлар екі жасқа ақниет, адал көңіл көрсетеді: Анардың шешесі Маңлық пен сіңлісіҚамар ды, Сәулебектің туған аға-інілерін де осыларға – тілектес адамдар қатарына қосуға болады. Осындай адал ниетті қолдаушылардың арқасында Сәуле мен Анар өз махаббаттарын қорғауға, қатігез дәстүрдің шырмауынан шығуға талпынады. Адал махаббатта рын«қалың малдың қара тұяғына таптатпауға, қаранөпір шаңы на тұншықтырмауға бел байлады» [15, 60-б.]. Несіпбектердің кө мегімен керек-жарағын түгел дайындап алып, құзар тау қоршап жатқан «Құсөтпес» деген шатқалға барып жасырынады. Алайда байлығының күшімен парақор ұлыққа арқа сүйеген Қаман бай тобы құрығы ұзындығын жасап, Сәуле мен Анарды тауып ұстап алып әкелу үшін әскер жалдайды. Олар он-оннан бөлініп, төрт жақтап іздейді. Бірақ Сәуле мен Анардың қия-шатқал арасын дағы бекінген жерін аң аулап жүрген Сәтбай мерген көреді де, қыздың ағасы Қабылға барып хабарлап, шүйінші сұрайды. Сөйт іп, Сәтбай аңшының жол бастауымен әскер және ант бұзғыш, екі жүзді, қаражүрек Нәзір мен Қабыл тобы «Құсөтпес» шатқалында отырған Сәуле мен Анардың шатырын табады. Тауға тіреліп тұй ықталғанымен тас қалқасына бекініп үлгерген Сәуле «құралай ды көзге атқан мергендігінің» нәтижесінде қастық етуге ант-су ішіп, жалбарынып уәде берген Нәзірді бірінші кезекте оққа ұшы рады. Одан кейін Сәтбайдың қолын көздеп атып, жарақат етеді, мергеннің мылтық ату мүмкіндігі болмай қалады. Сәулебектерді ұстайтынына күманданған, бірақ бірде бір оқ дарыта алмаған Қа был тобы ақырында бас сауғалап, өздері қашып құтылуға мәжбүр болады. Ал Сәулебек болса, түбінде бәрібір құтылмайтынын сезеді де, ушыққан істі жеңілдетудің жолын қарастыруды ойлайды. Анар екеуі ақылдаса келіп, өздерін күтіп тұрған қатігез жазаның алдын алу үшін параға бөгіп, өздерін іздеп тауып келуге арнайы қару лы әскер жібергенұлықтың өзіне барып тілдесуге бел байлайды. Ақылына батырлығы, парасатына батылдығы сай Сәуле бас ер кіндіктерін қорғаудың, бар шындықты түсіндіруге талпынудың 141
соңғы мүмкіндігіосы деп түсінеді, бұдан басқа жол жоқ деп бі леді. Билік тұтқасын ұстағандардың өздеріне арқа сүйеу арқылы мақсатқа жету айласын іздей бастайды. Елге сүйкімді, танымал Сәуле өзінің қалада тұратын бай саудагер танысы арқылы ұлық тың өзін өз мақсаттарының орындалуына қызмет еткізуді көз дейді. Осындай ойға бекінген олар қаладағы ұлық алдына өздері бастарын ұсына барып, тайсалмай бар шындықты жайып салады. Мен болдым он жасымнан қызға ғашық, Көрмедік ауыл аттап, қырдан асып, Жақын-жат, ауыл-аймақ тұтас елге, Осы сыр түгел мәлім айдан ашық. «Қас қылсам өлтірсең де қүнім жоқ» –
деп жас кездерінен бірін-бірі ұнатқанын айтады. Анарға қол жет кізудің бір ғана жолы алып қашу екенін жеткізіп, кешірім сұрай ды. Өз бастарын қорғау мақсатында Нәзірді атып, Сәтбайды жа ралағанында жайып салады. Еріксіз осылай етуге мәжбүр болға нын баян етеді. Қаладағы ұлық алдында ағынан ақтарылып, жәрдем беруін өтінеді. Қайта өзін паналауға келгенін мәлім етеді: ...Соңымнан өлтірем деп қуғаннан соң, Нәзірды атып, Сәтбайды жараладым. Жанашыр жірдемші адам шықпаған соң, Қашып кеп өзіңізды паналадым, –
дейді. Шындықтан жалтарып жан қалмайтынын ұғады. Сондық тан ұлық алдында бар күнәсін мойындайды. «Алдыңа келсе атаң ның құнын кеш» деген халық нақылын тілге тиек етіп, ұлықтың мәртебесін көтере сөйлейді, әділдігін айтуды өтінеді. Оның үсті не әбдіқайым саудагер арқылы қамандардан да асырып көп пара беріп үлгерген еді. Жазықсыз әрекет, ақ істің өзін заманына сай, қоғамды дендеген лас амал-айла қолдана отырып, үлкен ақыл-па расатқа ұласқан өтімді сөз арқылы әрең дегенде еркіндік алуға мүмкін болады. Ұлық қалауынша алған параның күшіменжақта ғанның өзінде абақтыға жабылып, талай қиындықтарды бастан кешірген Сәуле бір жылдан кейін ғана уәде берген сол ұлықтың жәрдемімен Анарға қайта қосылады. Қарсыластарын жеңіп, де гендеріне жетеді. 142
Екі жастың махаббат хикаясы жырланатын дастанда әр түрлі мінезді кейіпкер бейнесін сомдай отырып, жамандық пен жақсы лық, надандық пен парасаттылық, залымдық пен адамдық, арам дық пен адалдық арасындағы мәңгілік тартыс, бітіспес майдан көрінісі ақындық пайыммен шебер суреттеледі. Ұлттық өмір салтымыздың ескіріп, тоза бастаған көне дәстүрдің кейбіреуі сыналып, жаңашыл бағыттағы іс-қимыл, жеке құқықты қорғау мақсатындағы талпыныс өнегелік, тағылымдық сипатта көріне ді. Дастанда қоғам дамуының сол уақытқа тән өзгеріс белгілері, заман тынысы, уақыт бедері айқын сипатталады. Қазақ қоғамын да тұрмыс-тіршілігіне тән кейбір әдет-ғұрыптың тозығы жетіп ығыстырыла бастауы, жаңашыл идея, жеке құқықтық мақсаттар дың жеңіске жетіп, әлеуметтік өмірге бірте-бірте ене бастауы на нымды жасалған бейнелер әрекетімен шынайы көрініс табады. Осы тұрғыдан келгенде, Таңжарықтың өзі ұстаз тұтқан, шығар машылығынан тағылым алған Абай, Шәкәрім, Әсет т.б. Белгілі ақындардың заман шындығын, дәуір тынысын бейнелеп берудегі шеберлік қырлары мен парасат-пайымын зерделеп ұғып, басшы лыққа ала ізденгені айқын білінеді. Осыған байланысты тақырыбы, көтерген мәселесі ұқсас бол са да, «Анар-Сәуле» дастанының ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келген әйел тең сіздігін, жастар махаббатын арқау еткен шығармалардан өзінді кайырмашылығы бар. Ол айырмашылық дастандағы авторлық ой-мақсат,көркемдік шешім тұрғысынан айқындалады. Дәуір шындығы дегеніміз де-осы.Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Бейімбет, Әсет шығармалары дүниеге келген уақыт пен Таңжарық өмір сүрген, туындылар берген уақыттың айырмашылығы да «АнарСәуле» дастанының сюжетік желісінен, идеялық түйінінен анық аңғарылады. Рас, дастан сюжетіндегі кейбір детальдар қазақ дастанда рында бұрын да қолданылып келген. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек «Әсеттің «Салиха-Самен» т.б. Ақындардың кейбір дастандарын да бас кейіпкерлер өздерінің махаббаттарын қорғап, тілектеріне жету үшін адам бара бермейтін тау қойнауына паналап, қия-жар тастар арасына жасырынады. Алайда Таңжарық дастанында бас кейіпкерлердің тағдыры трагедиялық жағдаймен аяқталмайды. Дастанда әйел теңдігі, әркімнің бас азаттығы үшін күреске үн деу идеясы, соған ұсынылған үлгі, өнеге көрінісі жатыр. Қалың 143
бұқараны заман тынысын сезінуге, уақыт ырғағын пайымдауға шақырған ой бағдары жатыр. Таңжарықтың замандастары қалдырған естеліктерінен, ақын ның өзі жазып кеткен деректерден өрбитін бір болжам – дастан сюжеті өмірде болған оқиға негізінде құрылғандығы. Дастан кейіпкерлерінің прототиптерінің бар екендігі, аттары өзгертіліп, Сәуле, Қырғи, Анар, Қамар т.б. болып аталатындығы Таңжа рық туралы зерттеу мақала [34], естелік-әңгімелерде нақтылап айтылады [36]. Сюжет желісі өмірде болған оқиға сорабына құ рылған, кейіпкерлерінің прототиптері бар, әу баста екі жастың адал махаббатынан бастау алып, түрлі шытырман оқиғаға толы өмір көрінісін , яғни белгілі оқиғаны ақын кеңейте жырлап, көр кемдік деңгейі жоғары шығармаға айналдырған. Жастардың бас еркіндігін жақтап жауыздық-жамандықтан жирендіреді. Бұл жай әсіресе Нәзірдің іс-әрекетінен аңғарылады. Сондықтан жақтауға үндейді. Шығармада ескі салт-сана, әдет-ғұрып, жора-жолдастар ға кең орын беріліп, Анар мен Сәулебек әрекеттеріне қабаттасты рыла суреттеліп отырады. Ақындар әйелдердің бас еркіндігінің болмауын әлеуметтік теңсіздік ретінде қарағандықтан, «АнарСәуле» дастанында осы мәселені өзекті тақырыпқа айналдыра жырлаған. Басқаша айтқанда бұрынғы қазақ қоғамының әдетсалтынан туындаған әйел теңсіздігін өзек-өрім етеді. Бұл, сөз жоқ, сол тұстағы мәндімәселенің бірі болатын. Жастардың өзде рінің таңдауын былай қойғанда жас кездерінде біреуге атастыру кейде ержеткен қыздарды қалыңмал алып ұнатпаған адамдарына қосатын келеңсіздік жаппай етек алмаса да, ұшырасып қалатыны шындық еді. Ақын осындай ескі-таным-түсінікке қарсы үн көте реді, адам құқығын қорғайды. Туындының бір жетістігі- әр кейіп кердің (әсіресе басты кейіпкердің мінез-құлық тебіреністері (пси хологиясы)) мен пейзаждық (табиғат көрінісі) суреттер дастан желісінен табиғи байланыста жырлануы автордың айтпақ ойын аша түсіп, әсерін еселей түскен. «Анар-Сәуле» дастаны еліміз қазақтарының қоғам дамуы ба рысындағы өмірлік тынысының сол уақытқа тән дәуірлік келбетін бере алған туынды деуге болады. Дастан ауыз толтырып айтар лықтай көркемдік деңгейде жазылған. Әсіресе ақынның тіл бай лығы, сөз қорының молдығы, өрнектілігі, әсем нақышпен көм керіле бейнелеуі сүйсіндіреді. Сөз қолданудағы шеберлігі, ойды жеткізудегі сөзге жүйріктілігі, көркемдік амалдарды сан құбылта 144
сурет жасайтын тапқырлығы баурап отырады. Теңеу, эпитет, ме тофораның сан түрін бірінен кейін бірін тізбелеп, сөз нақышын келтіре Анарды сипаттаған жолдардың өзі бірнеше бетке созыла ды. Сол сипаттардың кейбір тұсын оқып көрейік: Ақ маңдай жарқ етеді алса бөркін, Көз тойып, көңілің шат көрсең көркін. Гауһардай қарақат көз жайнағанда, Адамның қай-қайдағы қозғар дертін.
Немесе:
Аршын төс, алма мойын, сұңқар иық, Көрінер ақ тамақтан жұтқан асы. Тал бойы ұзын да емес, қысқа да емес, Таразы тал шыбықтай дәл шамасы.
Автор Анардың тұр-тұлғасын әсерлі өрнектейді. Кейде «ақ маңдай», «қарақат көз», «аршын төс», «алма мойын», «тал шы бықтай» тәрізді дәстүрлі үлгілерді пайдалана отырып, өзінің де талғамын танытады. Дастанның кез-келген тұсынан мұндай көркемдік құралға толы шумақты көптеп кездеседі. Осындай көркемдік жағынан алғанда дастан кейіпкерлерінің бірі, Сәуленің сырлас досы әрі Анардың жанашыр ағасы Несіпбек мінгенсұрқұлық аттың сипа ты, батырлық эпостардағыдай өлеңнің әсірелеу түрінде жырла нып, аса сұлу тіркестермен өте шебер суреттеледі. Көлемі жағынан «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурыл дың шабысынан бір де кем емес Сұркұлык атты сипаттайтын тұс тың көркемдігі де сол халықтық жырмен иық теңестіре алады. Сұркұлыктың құстай ұшатын жүйріктігі, қажымайтын күштілігі ерекше әсіреленіп жырланады. Үш күндік жолды бір таңда басып өтер ұшқырлығын, сондай алыс жолға шыдай беретін күштілігін: Бәрі бір ой мен қыры, құстай ұшты, Жүрісті, үсті тыныш, өзі күшті, Ат деген ер қанаты мақал рас, Үстінен ер аумайды жазы-қысы, –
деп тізбелеп отырып жырға қосады. Одан ары шабытпен төгілген жыр жолдары былайша жалғасады: 145
Ақ көбік сұркұлыктен бұрқырады, Сағымдай қызған сайын сырқырады. Тамшылап үлпершектен төгілген тер, Суындай тесік шелек ыршылады, –
деп батырлық жырларындағыдай дамыту тәсілін қолданады. Со нымен бірге жансыз затарды кейіптеу тәсілімен жандандыра су реттейді. Біз бір-екі шумақ өлең жолдарын келтірумен ғана шек телдік. Сөз жоқ, аттың «неше сай, неше қырқа, белден асқан» шабысын суреттейтін жолдар батырлық жырлардағы аттардың жүйріктігін еске түсіреді. Бұл – дәстүр жалғастығы. Ақын ара-тұра егіз ұйқасты, аралас ұйқасты, қара өлең ұйқас ты қатарластыра қолдана отырып, негізінен, кезекті ұйқаспен сөз маржанын төгілдіре өрнектеп, Сұркұлықтай «ер қанаты» болған тұлпар текті ат бейнесінжасайды. Бұл орайда сұркұлыктың ша бысы, жер апшысын қуыра алға ұмтылған ұшқырлығы Несіпбек тің көңіл күйімен орайластыра суреттеледі. Үш күндік жол ше гінде ажал оғына тап болар жағдайда қалған Сәуле досын аман алып қалуға асыққан Несіпбектің, осы тілектібар болмысымен ті леп отырған Анар мен Ғайша т.б. жанашыр жандардың аман көрі суге асыққан пейілдерінің көрінісі, түпкі ниеті ұштастырылады. Жалпы Таңжарық ұйқас түрлерін қабаттастыра қатар қолдана береді. Алайда шығармаларында кезекті ұйқас көбірек қолданыс табатынына келтірілген үзінді айқын мысал бола алады. Дастан дағы осы Сұрқұлық аттың сипаттарын берудегі ақын шеберлігі туралы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, про фессор Серік Негимов былай дейді: «ұлттық поэзияда, (төрт тұяғы құйған болаттай, төрт аяғы төрт діңгектей, мойны салы құлаш, жауырыны кез, екі көзі шырақтай, жалы жібектей, құй рығы қынаптан шыққан қылыштай) жел жетпес тұлпарлар обра зы жасалынғаны баршамызға мәлім... – дей келіп, ғалым өз ойын былайша жалғастырады: «Таңжарық ақынның көркемдік ойлау дәрежесін, философиялық дүние танымын, эстетикалық қабыл дауын, суреткерлік шеберлігін көрсететін бір қасиет бар. Бұл – метафора. Ол ақынның буырқанып толқын атқан ойынан, қиял өрісінен, дария сезімінен, дүниеге көзқарасынан, ассосиялық ше берлігінен туындайды (37,67-б.). Жыландай бірін-бірімен арбап, Уымен махаббаттың іштен шыққан [37, 67-б.], –
146
деп Таңжарық туындыларының көркемдік кестесі жайында жо ғары баға береді. Ғалымның бағалауынша, Таңжарықтың көркем табиғат суретін беру үстінде ұлттық тілдің мейлінше нәзік, мөл дір, терең сырларын, сөздің музыкалық, поэзиялық, коркемдік қасиеттерін жарқырата аша білген. Профессор С. Негимов сон дай-ақ тілдің жазбаша, ауызша түрлерін нағыз әдеби тілдің дә режесінде қолдана білу қабілеті, тосыннан шабытқа мініп, қапы лыста сөз тауып, жүректі жапырақша дір еткізген құбылыстарды, нәрселерді, оқиғаларды, тілге тиек, сөзге жиек етіп, тапқырлық пен табан астында өлеңге айналдырып, кемел келісіммен сипат тай алатын суырып салмалық қасиеті жағынан дүлдүл ақын Иса Байзақовпен ұқсастығын да қисынды пайымдайды. Дастан құрылымын түзудегі ақын шеберлігінің бір сипаты – оқиғадан оқиғаға ауысқан сәттегі оқырман не тыңдаушы ойының жігін бұзбай жетелеп отыратын амал-тәсыл арқылы орындалады. Дастанда ақын жеке-жеке оқиғаларды тарау, болімдерге бөлып ар найы тақырып қойып немесе цифр арқылы белгілеп отырмайды, көне дәстүр, халық ауыз әдебиеті үлгісімен, халықтық аңгіме, ер тегі айту үрдісімен келіп өлең жолдары арқылы белгілейді. Мыса лы,«Анар-Сәуле» дастанының сюжеті Сәулебекпен Анар төңірегі не қатысты құрылғандықтан, оқиға екеуініңің бірге болған сәтте ріне немесе екі бөлініп қалған жағдайға қатысты өрбіп кезек-кезек баяндалып отырады. Дастанның алғашқы бөлігі іспеттес оқиғалар дан кейін екінші оқиғаға көшу сәті мына жолдар арқылы көрінеді. Аң қуып тауда Сәуле жүре тұрсын, Тыңдаңдар әңгімесін ал Анардың.
Бұдан кейін үшінші оқиғаға ауысу тәсілі былай белгіленеді. Сонымен Анар біраз сабыр тапқан, Тоқталып көзден жасы көл боп аққан. Бірі үйде, бірі түзде жүре тұрсын, Айтатын келді әңгіме басқа жақтан.
Осылайша бір оқиғадан екінші оқиға, бір сюжеттен екінші сюжетке ауысу белгі, құлаққағыс, ескерту, қызықтыру ретінде поэзия өрнегімен беріліп отырады. Таңжарық ақын ежелден бар бұл халықтық көркемдік тәсілді сол дәуірдегі сауаттылық дең гейге тәуелді жыр тыңдаушы қауымның жағдайын ескергендік 147
тен әдейі қолданған деуге болады. Яғни дастанды ауызша айтуға немесе оқып беруші поэтикалық ырғақты бұзбай, тыңдаушы әсе рін жоғалтпаған күйде кезекті бір оқиғаға еніп ектуге қолайлы жағдай жасаған. «Алпамыс» жырында кейдебір оқиғадан екінші оқиғаға ауысу қара сөз арқылы байланысатыны белгілі.Қорыта айтқанда, Таңжарық «қиналып қыспақ жерде жаздым әрең» деге ніне қарамастан осы дастаны арқылы ақындық шабыт-шалымын жоғары деңгейде екенін таныта біледі. Көдек Маралбайұлы да әлеуметтік тақырыпта көлемді бірне ше дастан жазған қуатты ақындардың бірі. Оның әділетсіз үкі меттің қысымынан босқын болып ауа көшкенелдің тартқан тау қыметі мен шеккен азабын ет жүрегі езіле отырып толғайтын «16-жыл туралы» және өзінің басынан өткен, көріп-білген оқиға ларды баяндайтын «Бұқараға барып қайтқанда» атты дастандары жұртқа әйгілі болса, бұрынғы қазақ қоғамының әдет-салты бой ынша сәби балаға бойжеткен қызды атастыруы сынды теңсіз неке заңын әшкерелейтін «Қайынға барғанда» атты шағын дастанын 1904-жылы жазғаны белгілі. Сол тұста жастардың өздерінде таңдау болмады. Жас кез дерінде-ақ біреуге атастыру, кейде қыздарды қалың мал алып, ұнатпаған адамдарына қосатын келеңсіз әдеттер де болған. Өз теңдеріне қосыла алмай, тағдыры тәлкек болған жастардың өмі рі өкінішпен аяқталатын. Әйелдің қоғамдық орны төмендетіліп, оларды кем санайтын. Дастанда, міне, осындай таным-түсініктің көлеңкелі көрінісіөзек-өрім етіліп, ескі жол-жосық салдарынан туындайтын неке теңсіздігі сыналады. Дастан оқиғасы лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Оқиғасы қызықты, тілі тартымды әры сатиралық сипаты басым. Шығармада күйеу мен қалыңдықтың тең болмаған жас салыс тырмасын аса ұтымды, шебер ұқсатулармен көрсетеді. Күйеу «қалпақтағы шашақтай бала» болып бейнеленсе, қалыңдық: Қыз екен ұзын бойлы, жалпақ сары, Бола ма бір пәлекет барсақ тағы. Қараймын бөксесінің жуанына, Өткендей баяғыда-ақ бал шақтары. Көрінді тар маңдайы әжім-әжім, Осы ма қалындық боп аңсатқаны, –
деп суреттеледі. 148
Бірде қалыңдықты болған баланың сәби сезімін«лақ текедей пысқырған бір мінез біте қалды» деп әжуа етсе, енді бірде қа лыңдықтың оны«бала екен» деп бойына тоғытпағаны да орынды шендестіріледі. Күйеу жас, қыз ересек болғаннан соң, Жөндікпен ала алмайды аласасын.
Қыз бен жігіт тең болмаса, оларды қанша зорлап таңғанымен, одан жақсы натиже шықпайды деп ақын арыдан келе жатқан қо ғамдық шындыққа күйінгендігін білдіреді. Дастан соңын: Күйеу боп ашамаймен алған келін, Болды екен қандай қатын бұрын деймін, –
деген сұрау мәнді жолдармен аяқтайды. Осы дастанмен сарындас тақырыпты өзек-өрім ететін, яғни ескі феодалдық түзімнің, мешеу ғұрып-әдеттің сахарадағы қа зақ қыздарына салған трагедиялық ауыр халін бейнелейтін Ас қар Татанайұлының «Малбикенің өмірі» атты дастаны бар. Асқар ақынның бұл дастаны 1938-жылы Алтайда шығатын «Таң шол пан» журналында жарияланған болып, еліміз қазіргі заман қазақ әдебиетіндегі сүбелі де үлгілі реалистік туынды есептеледі. Дас танда азаттықтан бұрынғы қазақ қыздарының феодалдық салтсананың құрбаны болып, дербес өмір сүру еркіндігінен айрылған ашынышты трагедиялық жағдайы басты тақырып етілген. Дүние әдебиеті, тіпті еліміздің қазіргі заман қазақ әдебиеті нің тарихына көз жіберсек, нағыз сыншыл реализм бағытындағы әдебиетшілерінің барлығы бұл тақырыпқа айрықша назар аудар ғаны белгілі. Қазақтың ұлы ақыны Абай қазақ қыздарының ая нышты өмірімен бас бостандығы жөнінде көп толғап, әйелдердің қоғамдағы рөлін ерекше бағалаған. Бұған Абайдың «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңі жанды мысал. Ұлы жазушы Лушұн өз шығармаларында феодалдық түзімнің қытай әйелде рінің басына төндірген трагедиялық мүшкіл халін «Тілеу» атты әңгімесінде Шиаулин жеңгейдің образына жинақтап, феодалдық салт-сананы қатаң әшкерелесе, еліміздегі қазақ әдебиетінде фео далдық қоғамның қазақ сахарасындағы әйелдерге келтірген ауыр күйін, қазақ қыздарының ескі салтпен жора-жосынның құрбаны 149
болған аянышты тағдырын Асқар Татанайұлы «Малбикенің өмі рі» дастанында Нұрбақыттың обыразына жинақтайды. Дастан көтерген тақырыбы, реалистік сипатымен, әлеуметтік үнге ие бо луымен құнды, сонысымен үлкен маңызға ие. Қорытындылап айтқанда, алғашқы адымдарын шығыс сю жеттерін негіз етіп шығарма жазудан бастаған ақындарымыз бір тіндеп қоғамдық-әлеуметтік шындықты арқау еткен туындылар жазып, еліміз қазақ жазба әдебиетінің жанрлық мүмкіндігін арт тыруға, дастан-поэма жанрының көркемдік шарттарын қалып тастырып, тақырыптық ауқым-арнасын кеңейте түсуге үлкен рөл атқарған. Табиғат лирикалары. Біз сөз еткен кезеңде еліміз қазақ поэзиясында табиғат лирикасы негізгі сарын болмағанымен, та биғат ана өскен ортаның құбылыс-көріністері ақындарды әсер лендірмей қоймаған. Еліміз таяу заман қазақ табиғат лирикасы ның қалыптасып, дамуына негіз салған ақындардың қөшбасшысы ـАқыт пен Таңжарық деуге болады. Өйткені Таңжарық поэзиясы ның көркемдік қуатының өзгешелігі, бейнелеу шеберлігі жағы нан дара тұратыны белгілі. Ол нені суреттесе де көз алдыға ке летіндей сурет салуға ұмтылады. Оның суреткерлігі немесе бұл тақырыптағы табысы табиғат лирикаларынан да көрініс табады. Таңжарық терең ойдың, қажырлы рухтың иесі болумен бір гесезімі нәзік, арманы көп, сұлулыққа құштар жан болған. Таң жарық шығармашылығында табиғат көріністерінің жырлануы, ақынның шеберлігін танытуда табиғат лирикасының ерекше орын алатыны, атамекен табиғатының көркем келбетін әсерлі бейнелей алғандығы туралы З.Сейітжанов [1,73-б.], О. Егеубаев [15,173–182-б.] тәрізды ғалымдар да өз еңбектерінде белгілі дәре жеде назар аударған. Ақын жазба әдебиет үлгісін тудырып, дамытуда қазақтың классик ақындарынан тағылым алған, шеберлік қырларынан барынша үйренген. Сондай-ақТ.Жолдыұлының табиғат көріні сін сипаттауында Абай өлеңдерінің әсері мен Ілияс Жансүгіров ықпалы да айқын байқалады. «Көктем мысалы»,«Жаз мысалы», «Жаз таңы», «Жаздың бір күні», «Тау табиғаты» өлеңдерінде Абайдың жылдың осы мезгілдері туралы жазған өлеңдерінің әсе рі көрінсе, «Іле сипатында» Ілияс Жансүгіровтың әйгілі «Жетісу суреттері» толғауымен ұқсастық бар. Абай әсері Ақыттың «Жаз шілдесі болғанда жақсы жайлау» атты өлеңінен де байқалады. 150
Ақыт пен Таңжарықты еліктеуші деп түсінуге болмайды. Олар өзінің алдындағы қазақ ақындарынан үйрене отырып, табиғат кө ріністерін өзінше бейнелеуге ден қояды. Қазақ халқы – табиғатпен егіз, етене халық. Сонау ықылым заманнан тартып сахараның салқын самалын жұтып, таңғажайып табиғатын қызықтап, оның ішкі қыры мен сырына терең үңіле білген, көркемдікке барлау қабілеті бар халық. Кезінде М. Әуе зовтің: «…Кең далада, еркін ауада сайран қылып, жер мен көк,су мен ағаш, тау мен тастың тамаша сырларымен бірге туысып, біте қайнап, басы бос, қиялы күшті, бұлғақтап жүрген дұниенің бір ерке баласы» [38,140 – б.], – деп жазғанындай қытайдағы қазақ әдебиетінде басқаларға ұқсамайтын сезімталдықпен табиғат кө рінісін бейнелеген суреткер Таңжарық десек артық болмас. Рас, бай халық әдебиетімізде жер-суға арналған өлеңдер, табиғат су реттері баршылық. Таңжарық та осыдан нәр алған, бірақ сезім бояуы ұқсамайды. Ақынның шебер суреткерлігі ол суреттеген мезгіл көріністе рінен де байқалады. «Көктем мысалы» деген өлеңіндегі: Қыс өтіп, күн жылынып, қызық жетіп, Жерде қар, көкте суық – бәрі кетіп. Аш тойып, кем жетіліп, жер жаңғырар, Малға жай, жанға рахат уақыт жетіп... Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, Табиғат жер жүзіне рахым етіп..., –
деген жолдарда Абайдың «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен үн дестігін аңғару қиын емес. Таңжарықтың ата мекен табиғатын су реттеген өлеңдерін оқыған сайын көкірегіңде бір сағыныш лебі есіп, сол бір қоңыр тұрмысқа еріксіз елегізе түсесің. Көз алдыңда бір жанды сурет ашылып, сезіміңді сергіте түседі. Өзіңді солар дың ортасында жүргендей әсер де боласың. Ақын мейлі табиғат суреті болсын, мейлі малшы қауымның тіршілік қимылы болсын, оны оқырман жанымен сезініп, өз көздерімен көріп отырғандай деңгейде айшықты тілмен, психологиялық мінездеумен сурет тейді. Осы тұрғыдан келгенде, белгілі ғалым З.Сейітжановтың: «табиғаттың кінаратсіз, кіршіксіз шағы жайлауда отырған ауыл дың тұрмыс-тіршілік, еңбекк әсібімен астасып жатады. Таңжа рық өлеңдеріндегі ұлттық бояудың қанықтылығы оның суреткер 151
лік қасиетін тағы бір қырынан танытады. Ақын табиғат аясында отырған елдің тірлік-тынысын, рухани өзгешеліктерін өз болмысбітімімен дәлме-дәл етіп, аса шеберлікпен өмірдің шынайы шын дығы негізінде ажарлы да айшықты суреттейді» [1,74- б], – дегені біздің ойымызды бекіте түскендей. Таңжарық атамекеннің табиғатын суреттегенде алуан айшық ты өрнектер табады... Атамекен табиғаты тіріліп, жанданып кете ді. Оған ән салдырады, сөз сөйлетеді, би билетеді. Оның келбеті не алтын зердей сұлулық дарытады. Оны оқығанда, жүрегің дір еткендей болады. Табиғаттың шыншылына, сыршылдығына жан дүниең сұлулығына сүйсінеді. Табиғат құшағына еріксіз ене жөне лесің. Оған құштарлығың, махаббатың артыла, арындай түседі[15, 178-б]. Ақынның «Жаздың бір күні» атты өлеңін оқып көрелік: … Күн күліпбарша әлемге шашты нұрын, Кіргізіп табиғаттың қашқан сұрын. Жағалай босағаны жымың қағып, Күйеудей қайынына келген ұрын. Шықпенен бетін жуып, жер түрленіп, Күтінді қалыңдықтай күні бұрын. Аңқытып жұпар исін түрлы гүлдер, Салбырап шекесінде жасыл тұлым...
Бұл жолдарда ақын жаздың күміс күнін, яғни шығыстан енді ғана көтерілген күн шуағын қайнына ұрын келген күйеуге, жер ді, яғни жер бетін күйеуін қарсы алуға дайындалған қалыңдыққа ұқсатады. Күн мен қара жердің байланысын адам өміріне шен дестіріп, кейіптеуді әдемі қолдана отырып, адам баласының жан сезімін табиғат құбылыстарына тоғыстырып жібереді. Бұл арада ескертетін бір жай «Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты» де ген Абай оралымы ойға оралады. Бұдан шығар түйінжеке жатқан аймақ әдебиетіне ұлы Абайдың қайшылықты әсер-ықпалы болға нын аңғаруға болады. Таңжарық «Жаз таңы» атты өлеңінде: ...Сызылып таң белгісі мәшүрықтан, Бозарып, ай, жұлдыздың өңі қашқан. Көрініп андағайлап ақбоз үйлер, Қорадан сиыр өріп маң-маң басқан, –
деп малды ауылдың таңғы суретін осылай суреттей келіп: 152
...Тұйғыннан қашқан қудай ай барады, Құдиып алды-артына қарамастан. Кірпігін анда-санда бір қағады, Жұлдыздар пенде сынды қара басқан, –
деп одан ары қарай таң нұрының түн түндігін түрген шақтағы таңғы табиғаттың жанды құбылысын оқырманның жан сезімін қытықтайтын тамаша суретпен, ерекше есте қалатын теңеулер арқылы көз алдыға әкеледі. Айды тұйғыннан қашқан аққуға, жұл дызды кірпігін анда-санда бір қағатын самарқау пендеге, шолпан ды көрпесінен тұрудан ұялып жатқан арлы аруға балайды. Аса се зімталдықпен қолданылған көркемдеу құралдары ойдың ажарын аша түседі. Осы өлеңнің соңын: Кезеңнен күн күлімдеп шыға келді, Сұлудай бөркін біреу ала қашқан. Күлкісі барша әлемді шаттандырып, Таңырқап жан-жануар қамаласқан, –
дейді. Кезеңнен жай ғана көтерілген сұлу емес, біреу ала қашқан бөркін ала қашқан, қуа шыққан сүйкімдіқыз бейнесі, оның рия сыз күлкісі нағыз жанды бейненің өзіндей елес береді. Осы өлең ді оқып отырғанда, өзіңіз де өлең ырғағымен бірге күннің күміс нұрына елітіп, жаз шуағына жадырап бара жатқаныңызды біле сіз. Онымен қоса, адамзаттың, барша тіршілік атаулының жаз кү ніне болған ғажайып ыстық махаббатын шын жүрегіңізден сезіне бастайсыз. Таңжарықтың ауыл өмірін бейнелеген өлеңдерін оқысаңыз, дәл сол ауылдың өзінде жүргендей күйге кенелесіз. Мысалы, ақынның малды ауылдың жазғы тұрмысын бейнелеген өлеңінің бір шумағы мынадай: ...Қалың қой шықты бетке қаптай өріп, Жылқышы жылқы амандап, қайтты көріп. Астында ала өгізі, жанда торсық, Барады қойшы қойдың соңына еріп.
Өлеңді тұтас оқығанда жаздың жайлы бір күнінің таңертеңгі лігі көз алдыңа келеді. Қазақ ауылының қалыпты тіршілігі – тор 153
сығын байланып, қойын өргізіп бара жатқан қойшы, таң бозынан кетіп, қайта оралған жылқышы, тезек теріп дөңде жүрген келін шектер, күрпілдетіп сауғанына сүйсініп. Күйсеп тұрған сиырлар – бәрі жазғы ауылдың тыныс тіршілігі, суреті. Қазақ халқының жазғы тірлік-тынысы жанды картинаға айналғандай. Бұдан ақын ның тұрмыс бояуын берудегі шеберлігі ашық аңғарылады. Біз ақынның табиғат лирикалары мен ауыл өмірін суреттеген өлеңдерін оқығанымызда, одан Іле сынды сұлу өлкенің жанды да әсем табиғатын көрсек, сол табиғатқа етене араласып, біте қай насқан қазақ халқының өз тұсындағы тамаша тұрмыс өрнегін де сезіне аламыз. Қысқасы, Таңжарық шығармалары – қазақ хал қының сол бір дәуірінің жанды картинасы әрі Іле табиғатының айнасы. «Әдебиетіміз тарихында бұрын-соңды қытайда қазақта рының бір дәуірлік кешулерін, тұрмыс-тіршілігін, сахара табиға тын, салт-санасын, мәдениетін, этнографиясын бір-бірін Таңжа рықтай шыншылдықпен, терең толғаныспен, қайталанбас дара лықпен жырлаған ақын болған емес» [39, 135-б.], – деген пікір орынды сияқты. Таңжарықтың қай өлеңін оқысаңыз да, Іленің әсем табиғаты мен мұндалап тұрады. Ақын халықтың көңіл-күйін, қуанышы мен жұбанышын табиғаттың ішкі иірімдеріне сіңіре отырып, оны өзінің туған жерге, өскен елге деген терең сүйіспеншілігімен ұш тастыра жырлайды. Ілияс Жансүгіровтің табиғат лирикасын талдау барысында академик Рымғали Нұрғалидың: «Ілиястың пейзаж лирикасы ның ішіндегі европалық үлгілерге ұқсамайтын, ұлттық бояуы ай рықша қанық, қазақ тілінің бейнелеу қуатының керемет қуатын көрсеткен, ерекше бітімді, стилдік – көркемдік тұрғыдан бірегей туындысы – «Жетісу суреттері» [40, 481-482 б.], – деп жазғанын Таңжарыққа да айтуға болады. Табиғат лирикасында ақынның талғам-талантын танытарлық, шоқтығы биік шығармасы «Тауы алтын, тасы күміс, ағашы жез» құт мекен – Іленің табиғатын кес телеген«Іле сипаты» атты ең тамаша лирикалық толғауы екені анық. Ақын өлеңдерін бір тау тізбегі десек, оныңкөктіреген шы ңы осы өлеңі деуге болады. Ілияс суреттеп отырған Жетісу да, Таңжарық жырлап отырған Іле де шекаралас екі мемлекетке бөлініп қалғаны болмаса, жағра пиялық ортасы жағынан бір аймақ, бір өлке екені белгілі. Таңжа рық өлеңмен суретін салған Іле де- жер жанаты аталған Жетісудің 154
бір бөлігі. Бір-біріне жалғасып жатқандықтан жер бедері де, та биғат көрінісі де бірдей болуы себепті екі ақынның суреттеуінде де ұқсастық, сабақтастық болуы заңды. Бұл жағынан Ілиястың табиғат лирикасымен үндестігі бар екеніне мысалдар көп. Алай да екі өлеңдегі ұқсастықты, үндестікті кейінгісі алдыңғысын қайталау емес, керісінше бір өлкені, ондағы табиғат көрінісін су реттеудегі жалғастық, бір-бірін толықтыру деп түсінуіміз керек. Қанша ұқсастық бар дегеннің өзінде сөз қолданыс, ұйқас түрі, бейнелеу тілі, суреттеу тәсілі жағынан Таңжарық өзіндік қолтаң басын таныта білген. Оның өлеңдерінде табиғаттың көркем көрі нісі соншалықты дәл, жарасымды, сайкес бояулармен кестелене ді. Өздерінің туып- өскен балалық, жігіттік,азаматтық шақтарын өткізген, зары мен мұңы, күйініші мен сүйініші, қуаныштарының күәсі болған туған жер табиғаты екі ақынды да тебірентпей, кө ңілдерін тербемей қоймаған. Ілияс Жансүгіров«Жетісу суреттерінде»: Ыстықкөл-жер айнасы мөлтілдейді, Балқашты қамыс қамап желкілдейді. Аттанған алты өзені Жетісудың, Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.
Немесе: Қарқара қалың қазақ көбесіндей, Албанның албырт- ерке енесіндей.. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей, -
деп Жетісу аймағына кіретін географиялық мекен, өзен мен көл, тау мен жота, шың мен қия, жайлау көрінісі, сыр-сипаты, өзіне тән ерекшелігі нақтылана суреттеледі.Таңжарық«Іле сипатын да»: Шетен тұр қатарында былқ – сылқ етіп, Байлардың жаңа өспірім мырзасындай. Күбірлеп жапырақтар қылады өсек, Бұлардың жайын білген сырласындай.
155
Немесе:
Тұнжырап түсі суық ұшпа тастар, Шапаны- арша болып, жалбыр астар... Итмұрын итиіп тұр сөз аша алмай, Өмірі қапалықтан көз аша алмай, –
деген тәрізді орман ағаштарын, тау-тасты, өсімдік әлемін адам келбетіне келтіре, жан бітіре бейнелейді. Ілияс та, Таңжарық та өздерінің кіндік қандары тамған өлкенің тау-даласын, өзен-көлін, орман-тоғайын, тас қиясы мен майсалы жазығын, жер бедерін, он дағы өсімдік дүниесін, жабайы аң мен жан-жануар әлемін ерекше сезіммен жырлайды. Табиғат аясында өскен халықтың өкілі ғана жіті аңғара алатын қасиеттерін, сұлулыққа толы табиғат ананың мейірбан кейіп көрінісін талғампаздықпен таныта алған. «Іле сипатын» оқығанда ақынның сезімтал алғырлығы, ой-са на байлығы, эстетикалық талғампаздығы, ақындық қуаты бірдей аңғарылып тұрады. Демек, бұл өлеңді Іленің суретті-сөзбен са лынған географиялық картасы десек те болғандай. Поэзия тілі мен осындай жанды сурет салу тек Таңжарықтың табысы деуге болады. Ендеше өлең шумақтарына зер салыпкөрейік. Іленің тауы биік, ені жалпақ, Жамылған жасыл көрпе, баста ақ қалпақ. Жіберіп екі бұтын екі жаққа, Көсіліп жатыр жайға, кеуде шалқақ.
Табиғатқа қимыл-қозғалыс бітіріп, адам кейпіне келтіре бей нелейді. Ақын екі жағы екі үлкен тау тізбелерімен қоршалған Іленің табиғи көрінісін суреттеп, етегі көкорай шалғын, қалың орман мен көмкеріліп тұрған, басын мәңгі қарлар мен мұз қаптаған Тә ңіртауының тұлға-бітімін жасайды.Енді бірде: Жамылған түлкі ішігін бәйбішедей, Шынтақтап жатыр көлбеп, төсін ашып, –
деп сарабдал сабырлы бәйбішеге, мейірімді анаға балайды. Қалай десек те мұндағы салыстырулар орынды таңдап алынғанын бай қау қиын емес.Бұл суреттеуден ақынның туған жерге деген терең сұйіспеншілігі, сағынышы мен ыстық ықыласының лебі еседі. Келесі жолдарда кескіндеу, қимыл-әрекет, сезім қуаты басым: 156
Жартаста жалбыраған жапырақтар, Жалаудай жалпылдайды қойған асып. Сылық етіп, сүзе қарап, күлімсіреп, «Қылық-қылық» деп суы жатыр жылжып басып. Шым батып, шымыр қағып, шыр айналып, Көбігін езуінен шетке шашып...
Бүк басқан ну орманды жартастарда жалаудай жалпылдап тұрған жапырақтар, тау баурайында сынаптай сырғып жатқан бұлақтар, топ-тобымен жүзіп жүрген балықтар тәрізді үлкен ді-кішілі детальдар осы ортаға тән жарасымдылық пен үйлесім ақынның жүйрік қаламынан қағыс қалмаған. Мұндай жасыл шөп, жұпар гүлдерге бөленген Айнакөл, арынды өзенді мекенге адам ғана емес, түрлі жануарлар да келіп тұрақтаған. Бұл да жер-ана ның көркін асыра түскен.Ақын енді бір кезекте құстар дүниесін суреттеп: ...Балпаңдап үйрек пенен сары ала қаз, Ұрысқан кемпір-шалдай мыңқылдасып. Таранып қанаттарын қарабайлар, Күрсініп, науқас шалдай ыңқылдасып. Әскердей марш ойнаған сап-сап болып, Көкқұтан, тырна көлде сыңқылдасып... –
дейді. Мұндай көрікті табиғатқа адам емес, жан-жануар да бауыр басқан. Ақынның қырағы көзінен ешнәрсе сырт қалмаған. Таби ғаттағы ерекше үйлесім-жарастық ақындық сүзгіден өтеді, ешбі рі сырт қалмайды. Лирикалық кейіпкердің туған жерге, ондағы әрбір жан иесіне деген іңкәрлігі ерекше. Сондықтан ақын осы лардың барлығын көтеріңкі құлшыныспен жыр етеді. Мұндай сұ лулық Іле сияқты құнарлы өлкеге тән екендігі де байқалады. Өлеңнің ендігі бір бөлігінде Іле өзені мен оны құрап, оған құйып жатқан тарауларын: Іленің басы Күнес жылжып аққан, Сарқырап құйған бұлақ әр тараптан. Қасында шақпы деген бір тарауы, Ағыны артығырақ шапқан аттан. Қас деген сол жағында бір сіңлісі,
157
Баладай асау мінген жалбаң қаққан. Жырғалаң, кКөсу, Текес оң жағында, Текіртіп мас адамдай атқа шапқан. Қосылып бәрі келіп бір Ілеге, Аптығын сонда басып, тыным тапқан, –
деп Іленің сабырлы ағатын негізгі тұлғасы – аптығып шапқы лайтын бұлақтар мен өзеншелерден құралатындығын бір қыры нан әдемі етіп, жанды бейнеде суреттейді [41, 27-б.]. «Іле сипатында» Іленің бүкіл жер түзілісін, табиғатын, бай лық қайнарын жағрафиялық картаға ұқсас көз алдыңа жайып са лады. Көрініс пен көңіл-күй нақты қабысқан,орынды қолданыл ған кейіптеу мен теңеу қимыл-әрекетпен астасып Іле өңірінің кел бет-кескіні бүтін бітім тапқандай болады. Ақынның бұл шығар масын туған жержің көз тартар көркін ерекше қуатпен жырлаған таңдаулы туындысы десек жарасады. Ақын қаламының таңдау мен талғампаздығы кіреге түскенін көреміз. Табиғаттан тыс адам өмір сүре алмайды. Өз еліңді сүю- та биғатты сүюден басталмақ. Өзінің туып-өскен мекені Алтай өңі рін Ақыт ақын да ықыласпен жырлаған, оның «Жер-су толғауы», «Жазғытұры Алтайдың», «Шыңжаң қартасы» қатарлы өлеңдері табиғат тақырыбына арналған сәтті туындылары. Бұл шығарма ларында ақынның ой-сезімі, жан құбылысы бірден байқалады. «Жазғытұры Алтайдың» атты өлеңінде жыл басы көктем көріні сін тартымды бейнелейді. Қарағай, қайың иіліп, Қарайсың оған сүйсініп. Күн қарайды аспаннан, Сұлудай қасы қиылып. Көк шалғыны жайқалып, Бұралып ағаш шайқалып, Самал соқса сай құлдап, Шөп жорғалар тайпалып.
Табиғатқа жан бітірген коктем көркіне ақын салқын қарай алмайды. Қоршаған ортаны қимыл-қозғалысқа келтіре сүйсіне жырлайды. Аспаннан қараған күн сұлу, иіле бұралған қарағай, қайың самал мен тербеліп, «тайпала жорғалаған» көк шалғынбәрі ақын жанын жадыратып, коңілін шалқытады. 158
Алтайдың әр сайынан тау жаңғырта аққан тұнық сулы өзен дері мен «жетім қозы марқайған» шүйгін шөбі әдемі рең алып, әрбірі өзінің түр-бояуымен көз алдыға келеді. «Суы сондай жұ ғымды» екенін айту арқылы бұл өңірдің халық өмірінде қандай маңызы бар екенін аңғартады. Қайқайыста қыран бар, Жері қандай сынаңдар. Суының құмы сары алтын, Балығы жүзіп бұраңдар. Саяда сайрап бұлбұлы, Аққу-қазы сылаңдар. Көкорай шалғын көк жайсаң, Балалар аунап тыраңдар.
Автор «балығы жүзіп бұраңдаған, аққу-қазы сылаңдаған» өзен суының құмын сары алтынға балау арқылы тұнық сулы тау өзені- қыранды көз алдыға айқын елестетеді. Шығармадағы бей нелі тіркестер өлеңнің көркемдік деңгейін көтеріп ақын шеберлі гін айғақтай түскендей. Ақыттың зеңгір тау, ағынды өзен, жасыл жайлау жайындағы өлеңдерінде табиғат қойнауынан тыныс алып тіршілік еткен жанжануарлардың барлығы елес береді [1,71-72 б.]. Ақын пейзаждық сурет салып қана қоймай, табиғат тамашасын оның байлығы мен сабақтастыра жырлайды.
Немесе:
Күздің күні болғанда, Қаз бен үйрек, қарлығаш. Неше түрлі күй салар. Шаған, Дара, Қүйдің, Аңдары бар бағалы. Кербез келер Алтайдың, Бұғысы мен маралы.
Ақын көңіл кырын ашатын қырдың күзгі көрінісіне, түрлі үн мен сайраған сандуғаш бұлбұлына, көл көркі қаз-үйрегіне, кербез керілген бұғы-маралына сүйінеді, әсер алады. Ақынның көңілкүйі табиғат көрінісімен астасып жатады. Ақыт ақбас алтайдың әсем табиғатын құт-береке дарыған ме кен ретінде көтеріңкі көңілмен жырласа, екінші жағынан, әр өлке 159
өз ерекшелігі өз бояу-бедерімен табиғи қалпында көрініс бере ді. Ертеден бері қазақтар мекен еткен жердің өзіне тән сипатын ашады. Бірде сырғыған құмынан басқа қылтанағы жоқ шөлге тап болсақ, бірде қара желі қақсаған Қобда көрінісі көз алдыға келеді. Ақын қаламына ілінген өлке-өңір табиғи көрінісімен ерекшеле неді. Барынша шыншылдықпен суреттеледі. Қобда бет жақ: Ұлан, Құсын, Саксайды, Желі соғып қақсайды. Отыны жоқ, шөбі жоқ, Оны несін мақтайды. Дала көл, Тұлба екі көл, Ортасында жалғыз бел. Аралықта қаңғырып, Сандалып жүрген қайран ел.
Жадау табиғат көрінісі ел тіршілігімен байланысты алынады. Автор «Сандалып жүрген қайран елге» жанашырлық танытады. Желі соғып қақсаған Қобда беттің өзіндік сыр-сипаты салыстыр малы түрде нанымды бейнеленеді. Алайда табиғат туралы өлең дерінде ақынның туған жер, ата мекенге деген құштарлық сезімі, жүрек лүпілі анық аңғарылып тұрады. Оның ой түйіні Алтай, Сауыр жердің құты. Ақынның «Шыңжаң қартасы» толғауын оқығанда қоршаған дүние, тал бесік-табиғаттың алуан түрлы сыр-сымбаты бейне бір кино таспадай рет-ретімен көз алдыңнан өтіп жатады. Қиялы ұш қыр ақын Алтай, Сауырдан бастап баяғы заманнан бергі қазақтар мекендеген жерді тізбектей жырлап, өлеңмен қарта сызғандай әсер қалдырады. Сондай-ақ ақын суреттеген жерлерінің өзіне тән ерек шелік қасиетін аша отырып, ретіне қарай бағада беріп отырады. Сонымен бірге Ақыт Абайдың әсерімен табиғат тақырыбын да екі өлең жазған. Бірі – «Жаз шілдесі болғанда жақсы жайлау», екіншісі – «Жазғытұры қар кетіп балқиды жер» деп аталады. Ал ғашқы өлеңінде:
дейді. 160
Жаз шілдесі болғанда жақсы жайлау, Көкорайға ел қонып бие байлау. Бәйшешек, көк жапырақ шалғын өсіп, Ағашта көкек пенен бұлбұл сайрау, –
Бұл жыл мезгілдерінің ең кемеліне келген шағының бір үзік сырындай әсер етеді. Көк жайлау, қонған ел, байланған бие бәрі де бір-бірімен үндестік-үйлестік тапқан. Адамдардың жаны жа дыраңқы, көңілдері көтеріңкі. Өлеңнің ең соңғы екі жолында «де нің таза, басың бос, елің аман» болса деп ақын астарлы түйіндеу жасайды. Адамның азат, елдің амандығын аңсайды. Табиғатты көңіл күймен қабыстыра жырлайды. Ақыттың табиғат туралы өлеңдері оның қалам қарымының бір қырын байқатса, екінші жағынан еліміздегі ұлттық поэзия мыздың осы тақырыпты жырлауға бастама болғанын да айтуы мыз керек [1,71-73 б.]. Асылқан Мыңжасарұлы да атамекен табиғатын, көркем кө рінісін тамсандыра жырлауда талантын әйгілеп, күшті ықпал ту дырған ақындардың бірі. ...Қосылар өнері бар ұлы дұға, Кейбіреу тура шабар бекер буға. Азырақ көңіл бөлып мен сөйлейін, Ықшамдап атын білер жер мен суға..., –
деп басталатын «Жер-су толғауында» ақын қазақтың атам заман нан бері қарай мекен еткен, бауыр басқан шұрайлы да көркем, құтты да құнарлы қоныстарын емірене жыр етеді. Сонымен қо са сыртқы жерлерді, ұлы құрлықтарды, мұхиттарды шолып өте ді. Аякөз, Көксала, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Қарақолдан тартып, Іленің сыртқы жағын жіпке тізген маржандай рет-ретімен баяндайды. Мұнда тек жер-су аттары ғана емес, бұдан сырт сонау Абылайдан тартып, тарихи ірі оқиғаларды, өз кезіндегі жоңғар феодалдарының қазақ даласында жүргізген қызыл қырғын нау беттерін, қанды қақтығыстар мен қырқысуларын елестетіп өтеді. Соңында беталысты Іленің ішкі жағындағы жер-су аттарына ауда рады. Іленің жер-суын, көрікті табиғатын көркем тілмен кесте леп, өлең жазған, өнеге қалдырған Асылқан Мыңжасарұлы деуге болады. Оның бұл толғауы кейінгі қазақ ақындардың ойына өріс, жырына шабыт болғаны белгілі. Асылқаннан отыз жыл кейін дү ниеден қайтқан ақын Таңжарық Жолдыұлының«Іле сипаты» де ген өлеңіндегі кейбір шумақтар Асылқан Мыңжасарұлының: Арасан, Арыстан мен Қастың басы, Борқора, Сары қабырға бергі басы.
161
Ақкүнгей, Алтыөгізсай, Белқарағай, Шықпаған түрікпенен дабырасы..., –
деп басталатын ұзақ өлеңімен үндесетіні аңғарылады. Бұған қарағанда, тұңғыш рет Іленің жер-суын көркем тілмен тебірене жырлап, айшықты суретін салған Асылқан Мыңжаса рұлы болатын. ...Ақбұрқан, Амбы-жамбы, Талды, Шақпы, Сорбұлақ, Қарабура, Сарымсақты, Көлденең, Нарат, Кеңсу, Аралтөбе, Үшкептер, Күнгей зекті, Түрген қақты...
Іленің ішкі жағындағы жер-су аттарын толық та көркем, мә нерлі етіп сипаттап, олардың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиет терін нақышына келтіре суреттейді. Жан-жағын еңселі таулар қоршаған, Талғар шыңдары аспанмен бой таласқан, арыстандай ақырып, айдағардай иретіліп, неше жүз шақырымға буырқана долданып, өркештей ағып жатқан өзені, күмістей сылдыраған мыңнан астам бұлағы, дертке шипалы арасандары, самсыған ну орманы, көп аң-құстары бар, асты-үсті кенге толы, тотықұстай құлпырған, көрікты де қасиетті, құт дарыған мекеннің кескінін өте шеберлікпен сызып шығады. Шарғын Алғазыұлы айтыстың майталман жүйрігі болумен бірге өресі биік суреткер ақын. Оның суреткерлігі туған ел, өскен жерлері мен көркем табиғат суреттеріне арналған, көңілге әсер етерлік сұлу, тамаша лирикаларынан көрініс табады. Ақын 1952-жылы жарияланған «Текестің салалары» деп ата латын ұзақ толғауында өсіп- өнген мекенін, оның көркем табиға тын үлкен сүйіспеншілік, терең тебіреніспен жырлайды. ...Түрленіп жаратылыс жайнап әсем, Таңғалып барған адам қалатындай. Сұлудай көк шалғыны бұраңдайды, Үстіңе көк көрпесін жабатындай. Сайрайды аясында бұлбұл әнін, Қанатын шаттық күйге қағатындай. Басында қонақайдың құр жайлауы, Малға құт шөп сонысын шалатындай... [42]
162
Бар табиғат тірі қалпында, өз бейнесімен көз алдыға келетін бұл өлеңде Текестегі жиырмадан артық жер аты аталады. Бары ның географиялық, жаратылыстық ерекшеліктері сөз болады. Яғни Текестің көркем қойнаулары, көкорай шалғыны мен ну ор маны, тауы мен тасы, бұлағы мен өзені, жасыл жайлауы мен баубақшасы, егіс алаңына т.б. дейін келісті келбетімен тамылжыта суреттеледі. Шарғынның бұл толғауы әйгілі суреткер Таңжарықтың Іле та биғатын аса ынтық көңілмен, ықыластана толғаған «Іле сипаты» атты лирикалық толғауымен өзектесіп жатады. «Текестің салала рын» соның ішіндегі, яғни Текестің шағын географиялық карта сы десек те болғандай. Сонымен бірге бұл өлең ақын Асылхан Мыңжасарұлының: ...Текестің Кетпен төбе жағасында, Мәнісін марал тастың табасың ба. Ойнақ көл, Аттың тауын албан алды, Жаралған келісті-ақ жер ау басында. ...Көк су мен Көк теректі, Шолақ терек, Жігітке той болғанда өлең керек, Аяңдап Мыңбұлақтан өте шықсаң, Ат тауы, Ақдаламен тұрған бөлек..., –
деп жырланатын «Жер-су толғауымен» де «туыстық» тауып жат қандай болады. Мұның бәрін кездейсоқтық деуге болмас. Ілгерін ді-кейінді өмір кешкен ақындар бірінің шығармасын бірі оқыған. Одан өнеге алуға ден қойған деген қорытындыға келуге болады. Кез-келген өнер иесінің құнарлы топырағы, үлгі алар мектебі болмақ. Көркемдік айшықтар. Ақындық қарымы мен дарыны, көр кемдік қуатының келістілігі жағынан тартымды туындылар бер ген ақындар өз өлеңдерінде көркемдікке ұмтылды, өлең жазудағы Абай талаптарына талпынды. Жатық тіркес, шымыр ұйқас құру ға, ажарлы сөзбен бейнелеуге, шырайлы шумақ жасауға, осылар дың бәрін үйлестіре келіп, ой салар, жүрек тербер көркем поэзия тудыруға тырысты. Ол белгілі дәрежеде Абай бастаған қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі көркем үлгіні басшылыққа алды. Таби ғат көріністерін беруде, жер-су, тау-дала,қоршаған ортаны, өмір құбылыстарын суреттеуде алдыңғы буынға көз салды, ізденді, солармен үндесетін азды-көпті туындылар берді. Алайда ақын 163
поэзиясында өзінің бойына бала кезінен сіңген халықтық сипат, ұлттық дәстүрдегі көркемдік үлгі басым байқалатыны шындық. Осы тұрғыдан келгенде, шығармашылық шеберлігі жағынан өзгелерден оқшау тұрған да Таңжарық екені талас тудырмайтыны хақ. Таңжарық бойындағы туа біткен,қанына сіңген қасиет табан астында тауып айтар сезімтал ақындық қуат Абай, Мағжан, Ілияс туындыларын оқу арқылы сіңірген білім нәрімен сабақтаса келе, Қытайдағы қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерді. Бұл орайда ол Ілияс Жансүгіровпен көбірек үндесетін тәрізді. Өлеңдерінде те ңеулерді үстемелеп қолданып,ерекше рең берерлік сазды, бояуы қанық сөздерді төгілте тізбектегенде, ерекше бір әсерге бөлейді. Ол тудырған поэзия түсінігін тереңдетіп, эстетикалық талғамын арттыратын мазмұнымен ерекшеленеді. Ақын қолданған түрлі көркемдеу құралдары оның шеберлігін де, сәтті ізденісін де көр сетеді. Ақынның өлеңдерін тұшына, тебірене оқисың. Мұны өзі ырғаққа, үндестікке де қатысты. Ақын туындылары «тілге же ңіл, жүрекке жылы тиер» ажар-айшыққа бай екенін айту керек. Мұның бәрін ақын тілінің әдемі стильдік бояуынан бөле қарауға болмайды. Ақын тілінің байлығы мазмұн тереңдігіне әсер етері даусыз. Мазмұн тереңдігі адамның сыр-сезімін қозғайды. Осы тұр ғыдан келгенде Таңжарық талғамы биік суреткер. Заман ауқымы, дәуір келбеті мен қазақ өмірі, тіршілік-тынысы қаз-қалпында бей неленген Таңжарық мұрасы өзіне тән айшығымен, өзгеше көркем дік қасиетімен баурайтынын айту парыз. Сан ғасыр сүзгісінен өтіп бізге жеткен халық әдебиетінің таңдаулы үлгілерін ақын бойына сіңірген және Абай бастаған қазақтың бір шоғыр көрнекті ақында рынан үйреніп үлгі алған Таңжарық ХХ ғасырдың алғашқы жар тысында Шыңжаң қазақ әдебиетінің талантты тұлғасына айналды. Белгілі өңір әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. «Әдебиет-тіл өнері», ал осы тіл өнері жағында әдебиеттің бас қа жанрларынан гөрі өлең сөзге қойылатын талап ауыр болады. «Сөз патшасы» есептелетін поэзияда шарықтаған қиялды, терең ойды, іркіліссіз, әсерлі бейнелеу үшін оның тілі көркемжәне бей нелі, бедерлі болуы керек.Тіл сонда ғана шығармада баяндалған оқиға сюжетіне, кейіпкер образына сәйкесе алады. Шығарма сон да ғана қан мен сөлі бар, көркем туындыға айнала алады. Таңжа рық поэзиясының тілі осындай талаптарға дерліктей сай келеді. Тіл образдылығы негізінен тілді көркемдеу амалдары арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Біз сөз етіп отырған ақындар по164
эзиясы көркемдеу амалдарының бай қамбасы десе де болатын дай. Ондағы көркем амалдардың бір өзгешелігі- бірімен-бірінің байланысы аса етене келеді. Оларды еселеп, өрбіте қолданады. Осындай жарыстыра қолданылған көркем амалдар Таңжарық поэзиясын сұлулыққа, әсемдіккебөлеп құлпыртып жібереді. Ақыт пен Көдек, Әсет, Таңжарық шығармалары мазмұндық, пішіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Олардың поэзиясында ажарлау, құбылту, айшықтаудың барлық түрлері, яғни теңеу, айқындауыш (эпитет), метафора (тіке теңеу), ауыстыру (синекдоха), әсірелеу, символ (пернелеу), кейіптеу т.б. көркемдік амалдардың қай-қай сысы да мол кездеседі. Аталған ақындар шығармаларына тән бір ерекшелік – ең көп қолданылған айшықтау түрі – теңеу. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше мысал келтірейік: Бас салып, қойдай талап, басыңды жеп Жүрекке отыр салып кетпес дықты. Басқалар құстай ұшып жүр басында Қояндай бүркіт көрген қазақ мықты. (Таңжарық) Көпке жаққан жігіттер, Жапанға біткен теректей. Мінезі сұлу қыздар бар Қолға салған жүзіктей. (Ақыт) Хош иісің бесікте, Жұпардай боп аңқыған. Жайлаудағы самалдай Гүлді басып шалқыған. (Көдек) Ақылдының жібектей тілі жұмсақ, Еліне еміренер миын жұмсап. Өзі үшін өңмеңдейтін өлімтіктей Жақсыға-жау, жат ниет қара құрсақ, – (Әсет)
деген жолдардағы салыстырулар өлең мазмұнын ашып, құнар ландыра түскен. Орынды қолданылған бейнелеу құралдарының қай-қайсысы болса да шығармаға өзгеше өрнектер дарытады. Біз бірер мысал келтірумен шектелдік. Алайда аталған ақындар мұ расында поэтикалық тілдің небір әдемі үлгілері ұшырасады. 165
Сонымен бірге кейде Таңжарық бір өлеңде, яки шумақта те ңеуді үсті-үстіне жарыстырыла қолданатынын байқауға болады. Бұл ақынның дәстүрді берік ұстанғандығымен және өзіне тән суырып салмалық ерекшелігімен, қазақ жырауларының жыр, термелеріне бой ұрғандығы және осымен қоса Абай ықпалымен орайласып жатса керек. Ақын Анарға жазған хатында: Ей, қалқам, тотықұстың түріндейсің, Жайқалған бәйшешектің гүліндейсің, Сипатың тауыс пенен сандуғаштай, Изеннің жаңа шыққан бүріндейсің.
Анардың дидарын, мінез-құлқын, тұлғасын арт-артынан он шақты түрлі затқа, құбылысқа теңеп, оның сыр-сипатын айрық ша жанды елестеткен. Мұндай іркес-тіркес теңеу қолдану арқы лы ойды өрістете суреттеу әдісі әсіресе «Іле сипаты» атты ұзақ толғауында айқын байқалады. Қаһары долы шалдың тұр басылмай, Қарайып кірпіш үйдің моржасындай. Байтерек қағып, шымшып қалжыңдайды, Замандас бір жыл туған құрдасындай.
Сондай-ақ теңеулер тізбектеліп келумен қатар, жансыз затқа адамдық қасиет, адамдық іс-әрекет беріп тұрған жандандыру түрі қабат қолданылып тұр.Мұндай теңеулерді түйдекте те қатар қол дану тәсілі Ақыттың кейбір өлеңдерінен аракідік ұшырасып оты рады. Бірақ Таңжарықтай жиі қолданбаған. «Іле сипаты» – бастан-аяқ төгіліп тұрған сөз маржаны. Оның сұлулық сипатын арттыра түсетін тапқыр салыстырулар екені аян. Өлкесі бәйбішенің денесіндей, Мұхиттың кеудесі бар кемесіндей... Екі тау – екі жақта білегіндей, Аспанның ағаштары тіреуіндей.
Мұндағы тізбектелген теңеулер «толғауы тоқсан қызыл тіл дің» құдіретін жете сезінген талантты ақын жетістігі деп білу ке рек.. Толғауда тұтас Іле өңіріадам денесіне ұқсатылады. Одан соң 166
соған жалғас Іле алқабындағы тау мен дала, жоталар, жан-жану арлар, өсімдіктер кәдімгі адамға, сол адамның дене мүшелеріне келісімді теңеліп, біртұтас тұлғалы бейне қалыптастырады. Бұл тек теңеулік тәсілдермен бейнеленген көркем көрініс қана емес, кейіптеу, айқындауыш (эпитет), әсірелеу (ұлғайту, кішірейту) формасына келтірілген неше түрлы көріктеудің то ғысуынан туған алып адам тұлғасы айқын елестейді. «Іле сипа тынан» мысалға алынған жолдардан Абай шығармашылығының нәрі мен ізі бейқалады. «Осының Абайға тартып тұрған бір жері бар, – дейді қатысты зерттеуінде профессор А. Қалиұлы: ол-көп теңеудің тіркесуі, көп жолдың ұйқасуы. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлыны», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақты», «бі лектей арқасында өрген бұрымды» еске салады» [22, 57-б.].Осын дай өлең жолдарын Ақыт ақыннан да оқуға болады: Қажырлы, қайсар ер едің, Ақылы асқан кен едің. Елге суат дария Айдын шалқар көл едің. Жер жылыса жылымас Асқар сары бел едің, –
дейді. Таңжарық жоғарыда келтірілген мысалдарда теңеудің теңелу ші(түбірлік), теңеуші (теңеулік), дәнекер (демеулік) – үш жағы еш қандай бүкпесіз, жарыса көрінетін ашық теңеу түрі қолданылса, ақынның өлең, толғау, айтыс, дастандарының кез-келген жерінен те ңеудің балай теңеу және тіке теңеу түрлерін де кезіктіруге болады. Теңеудің бұл түрі тіл-әдебиет теориясында метафора деп айтылып келеді. Кейбір әдебиетшілер оның өзін жеке көркемдік амал ретінде қарастырып, зерттеп жүр. Үңіле зер салғанда, метафоралық теңеудің бір түрі – осы тіке теңеуге етене жақын келетіні аңғарылады. «Таңжарық ақынның көркемдік ойлау дәрежесін, философия лық дүние танымын, эстетикалық қабылдауын, суреткерлік ше берлігін көрсететін бір қасиет бар. Бұл – метафора» [37,67-б.], – деп профессор С. Негимов айтқандай, Таңжарық поэзиясын да метафора зерделі кестедей ажарланып, көздың жауын алады. Ақын метафораның барлық үлгілерін (жай түрін, ұлғайған түрін) шебер қолдана білген 167
Жарандар, құлағың сал кеңесіме, Қайғының мініп тұрмын кемесіне. Отырмын құйрық қойып осы күнде, Үш қырлы қасіреттің шегесіне... Бұл күнде біз қайғыда, қулар аман, Халықтың шай қайнатқан төбесіне. (Тұтқындалу)
Осы өлең жолдарындағы «қайғының кемесі», «қасіреттің ше гесі», «төбеге шай қайнату» сияқты орамдар – талантты ақын ті лінің әсерлілігін арттыратын бейнелі сөз тіркестері екені бірден аңғарылады. Ақын кейде өлең әсерін арттыру үшін құбылтудың түрлерін де қолданған. Басқаша айтқанда, сөзді ауыстыру мағы насында пайдаланады. Мәселен: Бірің-жал, бірің-қанат, бірің-құйрық, Қудан ұшқыр, құланнан өңкей жүйрік.
Немесе:
Тұмшалап алғы өмірді тұманменен, Көзімді көрмес қылып тағалаттың, –
деп сөзді еркін құбылта қолданады. Сөздің әу бастағы лексикалық мағынасында емес, ұқсату жо лымен метафора жасап, сөз мәнерлігін арттылған. Мұндай ерек шелік шығармаларын сөз еткен ақындардың көбінен табылады. Ойласаң, өмір-сауда, дүние- базар, Алданған байыптамай жылдан азар. (Ақыт)
Немесе:
Ақыл-алтын, ой-сауап, дене- қорған, Ғылымменен кеудеміз нұрға толған. (Әсет)
Не болмаса:
Ел-теңіз, ақын-үйрек деген дейтін Халықтан теріп жүрміз несібені. (Көдек)
168
Поэзиядағы осындай өрнектерді ақындар өз туындыларын да«қисынын тауып, қиыстыра» білген. Қазақ тіліндегі алуан түрлі теңеу тісілдерінің бәрі де Таңжа рық, Ақыт, Әсет, Көдек, Асылқан т.б. өнер иелерініңшығармала рында қилы-қилы жолдармен келісім тауып кездесіп отырады. Жан сарайыңды нұрландыратын мұндай бейнелеу құралдары айтпақшы болған оймен іштей қабысып, бір-бірімен өріле жалға сып, өлеңдерінің сапасын, әсерін биікте те түседі. Ақындар туған топырағының табиғатын талғампаздықпен жырлап отырған. Олардың ішінде Таңжарық оқшау тұрады. Көр кем табиғат ақынның өзіне тән стилін, әдеби бетін, қалам қуатын айқындауға да мүмкіндік береді. Өйткені адам табиғат аясында өмір сүреді. «Адамның тағдырынан, сезімінен, көңіл-күйінен тыс табиғат суреті жоқ. Табиғат суреті жазушының стилін де белгі лейді, ал, стиль – адам! Табиғат суреті образ сырын ашады, ал образ-адам!» [43, 127-б.], – деп, академик Зейнолла Қабдолов айтқандай, Таңжарықтың табиғаттан алуан айшықты өрнектер табуда өзіндік бағыты, стилі бар. Ақынның табиғат лирикаларын «Мың құлпырған табиғат құбылыстары адам баласының ұшқын атқан сезім дүниесіне өзгеріп, біздің көз алдымыз қимылға, әре кетке, сырға, назға, үнге, әнге толып кете барады» [23,37-б.]. Таң жарықтың жаратылыс құбылыстарымен табиғаттың сырын, ке ремет құпиясын дөп басуда көбірек қолданатын тәсілі кейіптеу болып келеді. Ақынның өзге жанрдағы шығармаларында қолдан ған кейіптеулеріне қарағанда, табиғат лирикаларында қолданған кейіптеулерінің эстетикалық әсері басым. Онда бар табиғат тірі адамдай мүсінделеді. «Қалың ағаш жапырағы сыбырласып өзді – өзі» деп ұлы Абай айтқандай, Таңжарық суреттеулеріндегі жанжануар, тал-терек, гүл-шөптерге жан бітіп, қызу қимылға көшеді. Адамша сөйлейді, күледі, ренжиді, ән салады, би билейді.әр шоқ гүл,әр түп ағаш, әр түрлі жануар өз алдына бір-бір кейіпкер, жан ды образ тәрізді»[44,59-б.]. Кейіптеу амалы қазақтың халықтық фольклорында, әдеби ті лінде ежелден бар көріктеу құралы. Оны ең алғаш асқан шебер лікпен құбылта қолданған дана Абай еді. Абайды өзіне ұстазтұт қан Таңжарық бұл тәсілдіқолдануда аса талғампаздық пен жасам паздық танытады Таңжарықтың тау табиғатын суреттеген өлеңі бастан-аяқ кейіптеу тәсілімен жазылған десе де болғандай. Өлеңде таудағы 169
бар жаратылыс, өсімдік, жан-жануар атаулы адам кейпіне, адам дарда болатын характерлік ерекшеліктерге, адамдардың ара қа тынасына көшіріп белгілітіршілік ортасы тұлғаланады. Бұл су реттеулерді оқығанда, ақынның суреткерлік даралығына көзіміз жетеді. Ерекше сезім күйге бөлегендей болады. Тау көрінісін бейнелегенде тапқыр ойлы ақынның суреткер лік қолтаңбасы мен мұндалайды. Енді бір сәт Анар мен Сәуленің алғаш рет айлы түнде, бұлақ бойында, қалың ағаш арасында кез дескен сәтін оқып көрелік: Қарсы алып екі жастың қосылғанын, Жел шапты шүйіншіге оң мен солға. Жапырақ бір-біріне сыбырлап тұр, Соққандай алақанын еркін ол да.
Табиғатқа жанданып қошемет еткендей көңіл-күйді сергітеді. Анар мен Сәуленің бір-біріне деген іңкәрлігіне адам ғана емес, барлық жаратылыс қызыға қарайды, құптағандай кейіп танытады Таңжарық шығармаларында жансыз заттармен қатар хайуа наттарға адамдық қасиет, адамдық іс-әрекет беретін кейіптеу ама лының пернелеу (аллегория) түрі де қиюуын тауып қолданылады. «Бөрі мен Бөрібасар» – мысал туындысында аллегориялаумен бірге кекеу (ирония), сықақ (сарказм) және символ амалдары да жатқанын аңғаруға болады. Бөрібасардың сөзі: Бұл жерге келіп қапсың мені білмей, Келесің баса көктеп көзіңе ілмей, –
деп қыр көрсете сөйлесе, Бөрінің сөзі:
– Ей байғұс, тіліңді тарт, Бөрібасарым, Кім артық, құдай білер, көп жасарын, –
деп нығыздалады. Бөрі мен Бөрібасарға адамдық кейіп берілумен қатар,бөрі – зорлықтың, ит – адалдықтың символы ретінде алынады. Аллего рия амалы арқылы арам қулық пен адалдықтың тартысы кейіпте леді. Ақынның осы туындысына зер салсақ, тағы да Абай ықпа лы байқалады. Абайдың Крыловтан аударған, «Есек пен бұлбұл», 170
«Қарға мен түлкі», «Өгіз бен бақа» сияқты мысалдарына еліктеп жазғанын айқын аңғарамыз. Ақын өзі жасаған аумалы-төкпелі тар заман мен қым қуыт қайшылықтарын Абайша шенеп, әжуа етеді. Жас ет десем мынауы сірі екен ғой, Қан жайлауда қаңғырып жүр екен ғой. Шығайбай біреу десем, екеу екен, Ағасы өліп, інісі тірі екен ғой. – («Сірі екен ғой»)
деп, сол тұстағы кейбір ұлықтар мен байлардың дүниеқор қа раулығы мен жемқорлығын сайқы мазақ етеді. Осындай ащы мысқыл Әсеттің «Қызыр төреге», Көдектің «Бір болысқа», «Құрт қа-Мамай» қағытпаларынан да байқалады. Осы арқылы халықты мәдениетке, адамгершілік-ізгілікке ша қырады.Таңжарықтан зілсіз әжуа, бүкпесіз қалжың немесе ащы сықақ, уытты мысқылды оқығанда, тыңдағанда әр түрлі адамдар еріксіз езу тартып, шындықты амалсыз мойындаумен бірге тағы лым да алып жатады. Таңжарық жасаған дәуір әділетсіз үкіметтің тегеуріні мен ез гісі асқындап тұрған, надандық пен теңсіздік жайлаған заман еді. Әсіресе, өткен ғасырдың 40-жылдары Шыңжаң халқының басы на қара бұлт үйірілген ауыр кезең болды. Шың Шысай гоминдаң үкіметінің екібеткей террорлық саясаты Шыңжаң халқына қара лы күн тудырды. Әр ұлт халқының бейкүнә адамдары «жаптым жала, жақтым күйеге» ұшырап, үлкен күйзеліске тап болды. Ха лықтың беделді, сауатты азаматтары абақтыға айдалып кете бар ды. Ақындар қаралы жылдардың қасіреті мен қатал шындығын, гоминдаң жендеттерінің жауыздығын әшкерелеуде және бейкүна халық бұқарасы мен алаяқ жауыздардың айырмашылығын көр сетуде көбінесе символ, ауыстыру (синекдоха), әсірелеу қатарлы көркемдеу амалдарын ұтымды пайдаланып, діттеген мақсатына жетіп отырады.Олар мұндайда ұнамды образдарды немесе бір образдың ұнамды қасиеттерін бейнелеуде лашын, сұңқар, аққу, қаршыға, тұйғын сықылды құс образдарын қолданады. Ал ұнам сыз образдар мен жағымсыз жайттерді бейнелеуде көбінде қарғақұзғын, құмай, сауысқан және қасқыр, ит сияқтыларды көбірек қолданады. Таңжарық ақын былай дейді: 171
Дүние бүгін таңда өзгеріп тұр, Бастаушы жалған, жала сөзге еріп тұр. Мезі боп шұқылаған сауысқаннан, Жылқыдай әлсіреген сенделіп тұр. Бүлік сап жылқы ішінде мандам айғыр, Жымиып құлақтарын кез келіп тұр...
Бұл сияқты ерекшелік басқа ақындар мұраларынан да табы лады. Ақын астарлау арқылы түйсіну мен түсінудің жаңа бір сырсипатын көрсеткендей болады. Төмендегі жолдарға зер салайық: Көк кезең бұлдырлайды шығыс жақтан, Түскендей мұнар басып патша тақтан. Жол салып тауды бұзып, тасты жарып, Долданып ашулы су шапшып аққан. («Іле сипаты»)
Ақын кейбір өлеңдерінде қоғамдағы түрлі мәселені әсіресе үш аймақ төңкерісшілерінің жорықтары мен жеңістерін символ мен көңілге ұялатады. Айталық, «Іле сипаты» атты өлеңінде де астарлау басым. Қарағайды туған халқының азаттығы үшін жанын ту етіп кө терген адал ер ұлдарының, халыққа қорған, елге ұйытқы болған арыс азаматтарының символы етіп, олардың халықтың қамын жеп, елінің мүшкіл тағдырына қабырғасы қайысқан, қамыққан көңілі астарлы бейнеленеді. Қорлықпен қор боп өткен нелер сері, Адамды күйдіретін осы жері. Жем болды қарға, құзғын, ит пен құсқа, Елімнің, амал бар ма, есіл ері.
Немесе Көдектің: Жиырма жетінші жыл болғанында, Тасқынның тасырлады дерегі көп. Жылына отызыншы барғанында Арнаның асқындады кемері жоқ, –
деген жолдары да ұтымды айтылған. Мұнда да тура айтудың ор нына астарлау арқылы айтылар шындыққа ерекше рең беріледі. 172
Таңжарықтың алдыңғы бір шумағында көріктеу құралының символдау амалы да, заттың орнына заттың ерекшелігі жүретін немесе адам жөнінен алғанда, белгілі бір адамның белгілі бір об раздылық ерекшелігі көрсетілетін ауыстыру амалы да бар. Қор лықпен өлтірілген адамдардың орнына «адам» деген өз атауы қолданылмай, адамның ең асыл образды қасиеттерінің бірі – «се рі» атауы ауыстырылып қолданылса, қазақ халқы ең жек көретін, жауыз, жемтікқұмар санайтын құстар-қарға, құзғын,ит пен құс гоминдаң жендеттерінің символы ретінде алынып отыр. Енді бір жағынан, гоминдаң қан ішерлерініңөз атауы қолданылмай, оның орнына бұл құстардың аттары ауыстырылып қолданылып, айтылар ой, пікір образдандырылып, көркемделіп жеткізіліп отыр. Кейде ақын бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жал қы қолданылу арқылы, ауысып келген заттың сипаты, образды ерекшелігін даралап бейнелілігін арттырады. Мазмұн тереңдеп, бояуы қоюлана түскен. Қалыңдығы төрт елі, Отыз пара құрандай. Сауалдың түрін көргенде, Орнымнан қалдым тұра алмай. («Тұтқындалу»)
Жабысқан пәле мен жаланың көптігін білдіру үшін, ақын жа зылған материалды әсірелеп теңейді және оны көргенде, орнынан тұра алмай қалғандығын айтады. Өз басы осындай тауқімет тар тып, қорлық көріп жатқан тұстағы өз ұлтының да көрген азабы мен тақсіретін және жауызжендеттердің хайуандық тағылығын: Сойғандай қуанып жүр қызыл түлкі, Қазақтың қанын ішіп, басын мүжіп, –
деп гоминдаң жендеттерінің қазаққа батырған тіс-тырнағын, қаті гездігін әсірелеп елестетеді. Ал «Анар-Сәуле» дастанында Несіпбектің Сұркүлігінің жүйрік тігін және аққан терін ұшқан құстай жер бауырлап келеді, тер тесік шелек суындай сырқырады деп мейлінше әсірелей суреттейді. Ақ көбік Сұркүліктен бұрқырады, Сағымдай қызған сайын сырқырады.
173
Тамшылап үлпершектен төгілген тер, Суындай тесік шелек ыршылады, –
дейді. Ал Ақыт бір дастанында: Дұшпанның бойын көрсең мұнарадай, Ауызы үлкен үңгір терең жардай, –
деп әсірелеу тәсілімен адамның шымадан тыс тұлғасын көз ал дыға әкеледі. Жоғарыдағы мысалдарда ақындар әсірелеу амалының теңеу арқылы қосалқы әсірелейтін әрі ешқандай дәнекерсіз тіке әсіре лейтін гипербола (ұлғайту) түрін қолданған. Әсірелеудің ендігі бір түрі – литота (кішірейту) делінеді. Мысалы, «Іле сипатында»: Бестөбе, бестамақтар – бүйрек, бауыр, Қатесіз Аралтөбе – жүрегіндей. Көк көрпе жатыр бойға өлшенілмей, Есептің бұлақтары бөлшегіндей, –
деп теңеу дәнекерлігі мен тауды мейлінше кішірейтіп көрсете ді. Ақындар сан түрлі өмір құбылыстарының қарама-қайшылық тарын, ішкі мәнін ашып көрсетуде шендестіру амалын шеберлік пен пайдаланып, айтар ойларын айшықтай түседі. Жомарт бар жоқ-жітікке пана болған, Қынжылмай онды берсе, бірді алады. Сараң бар қолдан тиын шығармайтын, Алдауменен ай түгілі жылды алады, –
деп «Ел сыры» атты өлеңінде жомарт пен сараңның, қулар мен момынның екі түрлі характерлері салыстырылып, бірінің жақ сы, марапаттарлық ерекшелігі, енді бірінің жаман, жиркенішті қылығы көрнектіленеді, шендестіру арқылы кейіпкер характері ашылады. «Дүние зырлап» өлеңінде де шендестіру амалының бір заттың өз бойындағы екі жақты кереғарлығын салыстыратын тү рі қолданған. Өмірдің бірде қуаныш, бірде қайғылы, өрлі-қырлы, кейде түзу, кейде бұраң болатын екі түрлі философиясы салысты рылып, болмыстың қайшылықты қатынасы ашылған. 174
Құрылымы қарайлас, мағынасы орайлас, тілдік екпіні бірың ғай келетін қатарлау амалы да Таңжарықтың болмысты сипаттау дағы тапқырлығы мен тамаша тәсіліне айналған. Жіберді әнді Сәуле сорғалатып, Мың бұрап, жүз құбылтып, жорғалатып. Бірде ашты, бірде қоңыр, бірде нәзік, Бірде бос, бірде баяу, қорғалатып...
Осы өлең Әсет ақынның «Ән салсаң, Әсеттей сал аңыратып, жайлантып, жадыратып, қоңырлатып» деп басталатын өлеңімен үндесіп жатады. Екеуі де – шабыттан туған, төгіліп тұрған поэ зия. Қатарлау әдісін еппен, сезімталдіқпен пайдаланып, «өлеңге құлақтан кіріп бойды алатын» сырлы музыкалық әуен сіңірген. Біз шығармаларын сөз еткен ақындардың шынайы сезім, те рең ой-танымдарын жеткізуде шешендік сөздердің небір түрле рін қолданады. Атап айтқанда Ақыттың «Аспандағы ай мен күн», «Ал, жараңдар, тыңдай бер», Таңжарықтың «Бір мысал», «Мы на атыңыз қарама?», Көдектің «Жайсыз өткен жайлаудан», «Қа ра су ас болмайды қайнағанмен» т.б. өлеңдерінде шешендік сөз дің үлгі-өрнегі бірден байқалады. Бұл туындыларында ақындар оралымды ойды төгіп айту арқылы терең тебіреніске бой ұрады. Ақындық пен шешендік бір-біріне өте жақын өнер болғандық тан мұндай сәйкестік болуы орынды екенін айту қажет. Біз сөз еткен ақындар шығармаларында шешендік-тапқырлық сөздердің көп ұшырасуы шешендік сөздердің айтыс-дауда туып дамуының да әсері болмай қалмаған. Екіншіден, бұл ақындардың бәрі де ха лық ауыз әдебиетінен үйренген, үлгі алған өнер иелері. Бұл ретте де шешендік байлауғаетене жақын өнер болған. Өйткені көптің көңілінен шыққан сөз ғана жады да көп сақталады. Олай болса өз туындыларында қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеретін ақындардың шешендік өнерден алшақтауы мүмкін емес. Ажарлаудың бір түрі көне дәуірден бастау алатын- қайталау. Ақындар дыбысты не жекелеген сөздерді қайталағанда белгілі бір мақсатты көздейді. Кейде бір нәрсеге ерекше назар аударуды жөн көреді. Сондықтан бір сөзге ерекше екпін түсіріп қайталап отырады. Бұл шығарманың эмоциялық әсерін күшейтуі мүмкін. Ақындар мұндай тәсілді оңтайлы қолданған. Мәселен, Таңжарық «Елге хат» өлеңінде былай дейді. 175
Арманым- әттең дүние, хәлім менің, Болмады-ау сөзім күшті, малым менің. Босаға кедейдікі, төр байдікі, Қайнады сол жеріне қаным менің...
Бұл өлеңде «менің» деген сөз өлең аяқталғанша он бір рет қайталанады. Мұндай бір сөз ой тиянағы ретінде үздіксіз, үсті-үсті не қайталанатын өлеңдер Таңжарықта аз емес. Әсіресе, «Өткен күн» толғауында ең көп болып, «күн» деген сөз 59 рет қайталанады. Мұндай ерекшелік Ақыт ақында да жиі ұшырасады. Мыса лы, «Асан ата деп еді» толғауында «азар» сөзі жиырма бір, «Біс міллә тәңірім бір болар» өлеңінде «күн болар» сөзін қырық рет қайталайды. Әсет «Отыздағы ой» толғауында «екен» сөзін он бес рет қайталайды. Көдек ақын «Ұшық» өлеңінде «кет» сөзін алты рет қайталап қолданады.Бұл қайталаулар шығарманың үнділігі мен ырғақтылығын арттырып, әсерін күшейте түскен. Екіншіден, айтар ойларын сатылап тереңдете түсуге мүмкіндік тудырған. Жинақтай айтқанда, ақындар шығармаларындағы көркемдік амалдар осылар ғана емес. Поэтикалық сөз өрнегінің барлық түр лерін табуға болады. Ақындар поэзиясының тартымды тіл кесте сі олардың таным-талғамын да танытады. Олардың кейбір өлең жолдары ақыл-нақыл қанатты сөздердей әсер қалдырады. Кейде халықтың мақал-мәтелдерін пайдаланып, айтар ойларының мә нін күшейте түседі. Ақындар мұрасында құнарлы ойдан туған құнды сөздер баршылық. Әсіресе бұлардың үлкенді-кішілі туын дыларында көп, жиі қолданылатын көркем құралдары эпитет пен теңеу екені аңғарылады. Поэзиядағы құдіретті күштің бірі нәзік сезімді тербер ажарлы айшығында екені даусыз. Әдеби шығар маның мәні оның танымдық-тәрбиелік, көркемдік-эстетикалық сипаттарының бірлігіне негізделеді десек, біз шығармаларын қа растырған ақындар осы талапқа лайықты тұлғалар десек артық айтқандық емес.
176
4
АҚЫНДЫҚ ОРТА ЖӘНЕ ӘДЕБИ ҮРДІС
ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан ХХ ғасырдың 50-жылда рына дейін Қытайдағы қазақтардың мәдени-әлеуметтік өмірін дегі әралуан қайшылықтардың шиеленіскен кезі болды. Қоғам дық жүйедегі тұрақсыздық, сан құбылған саясат рухани дүниеге қатты әсер етті. Аталмыш кезең әдебиетінің өзіне дейінгі ұлттық әдебиетпен сабақтастығы, жалғастығы бар, сонымен қатар шы ғармашылығы тұрғысынан елеулі ерекшелігі мен айырмасы да жетерлік. Осы тұста халық әдебиеті үлгілері көп басылды, баспа сөз дами бастады. Қытай қазақтарының арасында Қазан, Ташкент баспаларынан шыққан кейбір кітаптар таратылды. Әдеби өмір де жазбаша әдеби сын да қалыптасты. Мұның бәрі әдеби- мәде ни өмірдің елеулі оқиғалары болса, әдебиеттің ішкі мазмұнын да, сыртқы пішінінде өзгеру, жаңару үрдістері де байқалды. Абай поэзиясындағы реалистік дәстүрдің ықпалы да аз болмаған. Оған қоса діни-ағартушылық әдебиеттің сарындары да әсер етті. На зирашылдық да дамыды. Кейбір ақындар шығармаларынан зар заман әдебиетінің сілемдері айқын аңғарылды. Ескіше оқығантоқығаны мол, жаңаша сауатты әдеби орта қалыптасты. Елімізде, тарихи-мәдени салада болып жатқан өзгерістердің де әсер- ықпа лы зор болды. Аталмыш кезеңдегі еліміз қазақтарының өнері мен әдебиеті жалпы ұлттық сөз өнерінде болып жатқан өзгерістермен үндес, сабақтас болған. Бір дәуірде өмір сүріп, белгілі бір қоғамдықәлеуметтік жағдайды басынан өткерген ақындық ортада да ұқ састық, жалғастық басым болады. Ой – арман бірлігі, көзқарас тарындағы ұқсастық, белгілі жанрлардағы тақырып арнасының бағыттастығы, ағартушылық-күрескерлік рухтың көрінуі, мешеу қоғамға қарсы кекесін мен мысқылдың артуы, халықты оятуға ден қою сияқты сарындар еліміз қазақ әдебиетінде де көрініс тауып, дәстүрлі ақындық орта мен әдеби үрдістің негізін қалады. Оның өкілдері өзіне дейінгі әдебиеттің асылын, үлгісін ала отырып, дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерін ашты. Өмір ді суреттеу сан алуан болғанымен, бәрін біріктірген ортақмақсат 177
өз халқының санасын ояту, еркіндік-теңдікке қол жеткізу еді. Бі рақ бұл идеяның біріңғай күйде көрініс таппасы белгілі, өйткені әрбір ақынның көркемдік қалам қарымының шегі, ізденіс бағыты бар екенін есте ұстау қажет. Аталмыш ортадакүні озған кей салт тар мен қоғамдық өмір әкелген кесапаттарға қарсы күрес нақты көрініс тапты. Олар әлеуметтік теңсіздікті, адам өмірінің, құқы ғының аяқ асты болғанын көзбен көріп, іштей сезініп өскендер болатын. Азатшылдық рух рухани жаңғыру мен түлеудің, ой-сана ояну дың басты жаршысы болды. Әдеби үрдіс өзгеру, түлеу,жаңғыру, жалғасу, жаңару, даму сияқты ұғымдармен байланысты, осыған орай жалпының жалқыға, жалқының жалпыға тигізер әсер-ық палы болатыны анық. Осы тұрғыдан келгенде, таяу заман ақын дар шығармашылығын өзіне дейінгі және өзінен кейінгі көрнекті тұлғалармен бірлікте, тұтастықта қарастыру ХІХ-ХХ ғасырдағы Қытай қазақ поэзиясындағы әдеби үрдісті және ондағы жетекші әдеби күштерді айқын тануға мүмкіндік береді. Қытайдағы таяу, қазіріы заман қазақ әдебиетіндегі ақындар тақыр жерден пайда болған жоқ. Тағылым алар, тағылым берер алды-арты, ақындық айналасы болды. Олар бірімен- бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, әдеби орта қалыптастастырды. Қалай дегенмен де ықпалдастық райда ғы ақындық орта жасады. Осы ретте біз сөз етіп отырған Таңжа рық, Ақыт, Шылбы, Асылхан, Көдек, Досбер, Шарғын қатарлы ақындар шығармашылығындағы үндестік негізінен ағартушылық идеяның дамуы мен әлеуметтік сарынның көріну бағыттарында тоғысады. Ағартушылық идея да, әлеуметтік сарынның көрінуі де барлық ақынның шығармашылығына тән болғанымен, олар дың бір тобы ағартушылық бағытта басымырақ қалам тербесе, екіншілері әлеуметтік мәселені көбірек қозғаған өлеңдер жазды. Бұл орайда Ақыт, Шылбы, Шарғын сынды ақындар ағартушылық идеяның дамуына барынша үлес қосып, басымдылық танытса, Асылхан, Көдек, Досберлердің шығармаларында әлеуметтік са рын молынан көрінеді. Ал Таңжарық шығармаларында бұл айт ылған мәселелердің қай-қайсысы да ашықтау көрініп, жетілдіріле түседі. Әрине, шығармалары талданып отырған ақындар тек осы шеңбер аясында ғана өлең тудырды деген түсінік болмау керек. Біздің бөліп қарап отырғанымыз – белгілі кезең әсерінде туған әдебиетті жүйелеп көрсету мақсатындағы айтылған ой. Әйтпесе 178
бұл ақындар азды-көпті болса да алуан түрлі тақырыпта қалам тартқаны белгілі. Ағартушылық идеяның дамуы. Ағартушылық идеяның дамуын айқындайтын шығармалар беру тұрғысынан келгенде, көш басында Ақыт Үлімжіұлы тұрары анық. Міне, осы бір ке зеңде, бір өлкеде өмір кешкен ақындардың басқы буынында тұр ған ағартушы ақын, халықшыл қайраткер Ақыт Үлімжіұлы өзінің түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғайтын, алуан тақырыпқа жазған туындыларының ішінде ағартушылық, сонымен қатар діни-ағар тушылық идеяларды сабақтастыра өрбіткен, оның дамуына бар қажыр- қайратын жұмсаған ақын болды. Ол – Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына және ондағы халықтың ой-са насын оятуға елеулі үлес қосқан талантты, ірі суреткер. Оның әдеби мұрасын жан-жақты зерттеу Қытайдағы қазақ әдебиеті нің жалпы бағыт-сарынын айқындауға мүмкіндік берері шүбәсіз. Сондықтан Ақыттың ақындық әлеміне өзі жасаған дауірдің та рихи-әлеуметтік жағдайымен байланыстыра ғылыми барлау жа сап, оның көркем ойдың көшелі нұсқасын жасауға қосқан үлесін ашып көрсетіп, Қытайдағы қазақ әдебиетінен алар орны ғылы ми тұрғыда көрсетілуі керектігі – әрине, өте зәру игі шаралардың бірі. Заманға сай ақындық дәстүр, әдеби үрдіс қалыптастырған қайраткер ақын шығармашылығын тарихи тұрғыдан бағамдау қа жет-ақ. Кейінгі ақындар мұрасын Ақыт поэзиясымен салыстыра, салғастыра, жалғастыра зерттеудің берері мол. Бүгінге дейін Ақыттың 1994 және 1999-жылдары екі томдық шығармалар жинағы [43] , [44] баспадан шықты. Тағы бір томы -3) томы (басылу алдында тұр). Әлі қолға түспеген бір қыдыру шығармасы бар екені мәлім. Сонда ақынның бұрын басылым көрген және әлі басылым көрмеген шығармасы болып жалпы мұ расының ұзын ырғасы 60-70 мың жол көлемінде [47, 79-б.] деп мөлшерленуде. Міне, мұның өзі бір автор жөнінен алғанда, тіпті бір ұлттың рухани қазынасы үшін аз еңбек болмаса керек. Алтай аймағы Көктоғай ауданының Қайырты деген жерінде 1868-жылы дүние есігін ашқан Ақыттың әкесі Үлімжі бай да, ақырған мәнсапты да емес, шағын ғана даулеті бар қарапайым шаруа адамы болған. Болашақ ақын жеті жасқа келгенде немере ағасы Садық Жебенұлынан, онан кейін ауыл молласы Ғұсманнан оқып сауатын ашады. Ер жете келе Бұхарадан келген оқымысты Махбубұлладан (Мырзабақа) оқып, араб, парсы тілдерін үйрене 179
ді. Сонымен бірге Қазан, Стамбұл баспаларынан шыққан араб, парсы, түркі, шағатай тілдеріндегі әдебиеттермен танысады. Ол бұл кітаптарды өз ұстазынан алып оқып, білімін жетілдіре түседі. Алайда оның жалғасты білім иелеуіне тапшы тұрмыс жар бер мейді. Әрі ол кезде ел ішінде тұрақты оқытатын мектеп те жоқ болатын-ды. Сонымен өз ортасында едәуір сауатты, сергек жігіт 1890-1900-жылдары (Алтай, Қобда, Зайсан аралығындағы поч та болімшесінде) меденде жұмыс істейді. Осы қызметте жүріп, Орта Азия аралығындағы хат-қатынас арқылы бірталай әдеби кітаптарды тауып оқиды. Фирдауси, Қожа Хафиз, низами, Науай, Софы Аллаяр т.б. Әйгілі шығыс классиктерінің шіғармала рымен танысады. Қаршадайынан өнер- білімге құштар, зерделі жас жұмыс істей жүріп, өз бетімен білімін көтере түсумен бірге, қаламын да қолынан бір сәт тастаған емес. Осы тұста ол өзіның тырнақ алды дастаны – «Жиһаншаны» 22 жасында жазып бітіріп, қазан баспасына жолдайды. Дастан 1897-жылы жек кітап болып басылып шығады. Осыдан бастап ауыл арасында салттық айтыс тарға қатынасып, сөз қағыстыратын, қағытпа-қалжың, арнау өлең айтатын дағдысын тастап бырыңғай жазуға көшеді. Өлеңдерінің бет-бағдары да әлеуметтік-азаматтық тақырыпқа ойысады. Нази ралық дәстүр мен шығыс ертегілері желісінде көптеген қиссалар жазады. «Жиһанша» дастанына жалғас қазан баспасынан «Хис саи Жиһаншах Тамұзшахұғлы»(1901), «Хиссаи Ғабдулмүлікұлы» (1901), «Ахуал қиямет» (1908), «Абият ғахидия» (1909), «Керей ишаны Мұхамет мөмін» (1909), «Хиссаи Сайфұлмәлік»,«Хиссаи манахып нурлан ғазизан»және«Ақыт Үлімжіұлының өмірбаяны» [12, 31-б.]. Қатарлы тоғыз кітабы басылып таратылады. Бұлардың кейбірі сол жылдарда бірнеше мәрте қайта басылыпты. Ақыттың білімін, талантын бағалаған әрі жоқшылық, тапшы лығына жандары ашыған Қобдадағы достары – Бардам, Лайық, Оразбектер оны өз қатарына көшіріп ап, балаларын оқыта бас тайды. Сөйтіп, біраз жыл ағартушылықпен айналыса жүріп, оған қоса жан серігі өлеңін тастамайжаза жүреді. Осы Бардам, Лайық, Оразбектер бастаған біраз адам (Қобда, Алтай, Тарбағатай өңірінен) қажыға барғанда араб-парсы тілде рін біршама қанық білетін, еті тірі, елгезек Ақытты қолқалап, жол қаражатын көтеріп, әрі тілмаш, әрі атқосшы ретінде меккеге бірге ертіп апарады. Ақыт осы сапарында ел көріп, жер тану, көз ая сын кеңейту мақсатымен сапарластарынан бөлініп, жалғыз қала 180
ды. Сонан Арабияның бірнеше қалаларын аралап (Мәдине, Шам, Стамбұл), елдің тұрмыс-тіршілігі, мәдениетімен танысады. Араб мәдениетін көзбен көріп, білімін толықтырады. Кемежайларда жалданып жұмыс істеп, тапқан ақшасына өнер-білім кітаптарын сатып ала береді. Сонан бір жарым жыл дегенде, қоржын тол тырып,кітаптарынарқалап елге оралады. Бұл жолғы араб елдерін аралау, басқа мәдени ортамен танысу Ақыттың сана- сарайын, дұ ниетанымын онан ары кеңітіп, оның әдебиетке, мәдениетке деген қызығуын тіпті де күшейте түседі. Осылайша танымдық тұрғы да мүлде биік сатыға көтерілген Ақыт өз ұлтын мәдениетті, озық елдер санатына жеткізуге өзіндік үлес қосуға бекінеді. Ол үшін халықты жаппай сауаттандыру әсіресе жастарды оқытып тарбие леу, оларға білім ұрығын сеуіп, дүниенің сырын ұғындыру керек деп шамалап, өз ауылында мектеп ашып, бала оқытады. Халықты өнер-білімге үндеп, тәлім-тәрбие таратуға құлшына кіріседі. Яғ ни ағартушылық бағыттағы поэзияның негізін қалайды. Кейін Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы төрт тайжы ел мол білімды, ізгі мұратты Ақытты қазы етіп сайлап, ат шаптырып, той жасайды. Сол тойдағы Ақыттың ұсынысы бойын ша, Көктоғайдың Шәкүрті деген жерінен бір мешіт, бір медресе салынады. Ақыт мешіттің бас имамы болып сайланып, медреседе бала оқыту жұмысын жалғастырады. Қазылық және ұстаздық міндетін атқара жүріп алуан тақы рыпты, алуан формалы өлеңдер жазады. Әсіресе көп өлеңдерінде дүниеден бейхабар, шырт ұйқыда жатқан халқын серпілуге, бас көтеруге, өзге дүниеге көз тігуге, еркіндік-теңдікке қол жеткізуге жатпай-тұрмай насихаттайды. Мұндай елім деп өмірден еңіреп өткен дарынның, қаншыл азаматтың сол еркіндігі жоқ теңсіз, сү реңсіз қоғамда, әрине, «сыздаған барлық жараның аузында» жү ретіні бесенеден белгілі. Туған ел мен жер тағдырын, елдің ер кіндік-теңдігін, ар-иманын жырлаған ақынды гоминдаң үкіметі «күдікті» адам ретінде қарайды, 1939 жылы 27-желтоқсанда го миндаңның Шыңжаңдағы қанішер билеушісі Шың Шысай жағы нан тұтқындалып, Үрімжі абақтысына қамалады. 1940-жылы есіл ер жендет Шың шысайдың тар есік, тас босаға, қараңғы түрме сінде көп қинау мен аштық салдарынан 72 жасында қайтыс бола ды. Ақын мұрасының көптігі, мазмұн байлығы көркемдік кестесі, философиялық тереңдігі жағынан басқалардан оқ бойы озық тұ ратынын айту парыз. 181
Ақыттың артына қалдырған әдеби мұрасы сан жағынан өте мол. Соған сәйкес шығармаларының мазмұн ауқымы да өте кең. Кейбір зерттеушілер ақын шығармаларын мазмұндық жақтан: оқу-ағарту, мәдениет, береке-бірлік, еңбек-өнер, қоғамның қа раңғы жағын әшкерелеу, адамгершілік, мораль т.б. тақырыпта ғы шығармалар деп бірнеше топқа жіктеп талдау жасайды [48, 120-б.]. Бұл да – ақындық болмыс пен ақындық ерекшелікті ай қындаудағы бір тәсіл. Дей тұрғанмен Ақыт шығармаларын сара лағанда, оның атқарған әлеуметтік қызметтері, азаматтық тұр ғысы, ағартушылық идеясы мұқият ескерілуі керек. Ол мектеп ашып, мұғалім болған. Қазы болып, діни тұрғыдан билік ұстаған. Бұл – бір. Екінші, оның шығармашылық жолын кезеңдерге бө ліп ой жүгірткенде де, біршама жүйелілік, ыңғайлылық тудыруы мүмкін. Ақыттың шығармашылық жолын жорамал жасауға келе тін қолайлы деректерге сүйеніп, шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Бірінші кезең – 1910-жылға дейін гі мезгіл; екінші кезең – 1910-жыл мен 1930-жылдың аралығы; үшінші кезең – 1930-жыл мен 1940-жылдың аралығы. Біз жоғарыда ақынның 1897-1909-жылдар аралығында қа занда басылып шыққан қисса-дастандарының тізімін көрсеттік. Міне, бұлар бірінші кезеңге кіретін шығармалары. Бұлардан қал са, ақынның баласы Ғазез Ақытұлы «Жиырма бұл кінешке ба ға тиын», «Ғылым-сәулеге, нұр-жарық», «Құлтайболат Тұңғыш бай», «Жақсы қатын мен жаман қатын», «Әліп өлең», «Кесік қол келіншек», «Тәйтекеңнің үйінде» қатарлы өлеңдерін осы кезең дегі, яғни Ақыттың ұстаздық етіп, бала оқытып жүрген кезіндегі шығармалары деп тұспал жасайды. Ақынның Мекке сапарынан жазылған дастаны «Хажы баян» екінші кезеңге кіреді. Бұл кезеңге Ғазез Ақытұлы тағы мына шығармаларды жатқызады: «Асан ата деп еді», «Ғазыл баян», «Абақ керей шежіресі», «Ер Жәнібек», «Самұрық құс», «Байлар ға», «Жігіттерге», «Әйелдерге», «Билерге», «Моллаларға» [49, 9-11-б.] бұдан өзге толып жатқан өлең-толғауларын да осы ке зеңге жатқызуға болады. Мысалы, «Замананы сөйлейін», «Заман қалай десеңіз», «Қалам сия көз жасы», «Зар заман», «Бөкенің жыры», «Бисмылла деп бастайын», «Бисмылла қисса жазайын», «Аспандағы ай мен күн» т.б. Ақыт шығармашылығының үшінші кезеңіне Абайға еліктеп жазған 55 өлеңнен құралған «Ғақлиялық үндеулері» т.б. шығар малары енеді. 182
Ақыт жасампаздығының бірінші сатысы – бала кезінен дін оқуға біржола бас қойып, шариғат іліміне құлай берілген кезі бо латын. Сондықтан бұл кездегі шығармаларының өн бойынан қа рағанда діни сарын басым. Оған қоса елді ізгілікке, адамгершілік, имандылық, адалдыққа шақыратын мазмұндарды көбірек кезікті руге болады. Екінші кезеңінде ақынның қоғамдық қызметіне орай, сөз ете тін тақырып аясы кеңиді, айтар ойы ірілене түседі, ғақлиалық әуені молаяды. Бұл кезде Ақыт меккеден қайтып келіп, қазы болып, діни билік ұстайды. Осыған сәйкес билік басы ретінде әрі дін тұрғысы нан діни үгіт-насихат айтады, елді имандылыққа, өркениетке ша қырады. Діни-ағартушылық идея басым түсіп жатады. Үшінші сатысы – Ақыттың жасампаздық жақтан толысқан кезеңі болып, шығармаларының мазмұнынан ақынның идеялық жақтағы үлкен бұрылысын байқауға болады. Ақыт 1930-жылдар дың басында ұлы Абай шығармаларымен танысады әрі одан үлгіөнеге алады. Бұрынғыдай емес бұл кездегі шығармаларында діни сарын біршама бәсеңдейді. Туындыларының идеялық-көркемдік қуаты айрықша жоғары деңгейге көтеріледі. Ақыттың мұндай биіктеуінде дана Абайдың үлесі бар. Өз ұлты – қазақты қатты сынаған адамның бірі – Ақыт. Ұлы Абай да кезінде өз ұлтын көп сынап еді. «Ішім толған у мен өрт» деп қазақ үшін қапырық жұтып, өмірден күңіреніп өтіп еді. Ақыт та Абаймен үндес болды. Ол да өз ұлтын сынай отырып, халқын оятуды, санасын серпілтуді, қараңғы түнектен шығарып, еңсе кө тертуді, озық елдер қатарына қосуды мақсат етті. Осындай үлкен мақсатпен ақын қазақтың бойындағы мінін жасырмай айтып, оны ер-азамат намысын көтеру, адамдықты сақтап, осы індеттерден құтылудың жолын да қарастырады. Ақыт қазақтағы көктетпеген дерт ретінде: надандық, өнер-білімнен құр қалған көрсоқырлық, талапсыздық, ынтасыздық, тамағы тойғанына мәз болушылық, жалқаулық, тоғышарлық, бойкүйездік, керенау-кереғарлық, есер соқ дарақылық, даурықпалық, шаруаға қырсыздық т.б. атап көр сетеді. Ақын қазақтың осы міндерін көзге шұқып, көкейге нұқып көрсетіп, сынмен жасқап алып, ақылмен жетелеуді нысана етеді. Сондықтан ақынның бұл топтағы өлеңдері көбінесе ақыл-кеңес, үгіт-насихат түрінде келеді. Анығында Ақыт ақынның өз ұлтын жазғыруына, сынауына, ақылдық кеңес, азаматтық пікір айтуына хақысы да бар еді. Се 183
бебі ол кезде сол орта, сол заман жөнінен, оқығаны да, тоқығаны да көп, ақылы мен азматтығы сай тұлғаның бірі әрі бірегейі осы Ақыт ақын болатын-ды. Ақыт халықты жоғарыдағыдай дерттен арылту үшін өнер-бі лім үйренуге, оқу-ағартуға, мәдениетке, береке-бірліке, бір ауыз дылыққа, адамгершіліке, ізгілікке шақырады. Тер төгіп еңбекте нуге, өте-мөте отырықтанып, егін салуға үндейді. Ақыт ақын болумен бірге Қытайдағы қазақтардан тұңғыш мектеп ашып, бала оқытқан ұлағатты ұстаз, ғұлама ағартушы. Ол 40 жылға жуық бала оқыту қызметімен шұғылданып, Ыбырай Алтынсарин секілді өлең мен ағартушылықты қатар алып жүр ген. Осыған сәйкес ағартушылық идеясы көп өлеңдерінде басым орын алады. Ақыттың 30-жылдардан бұрынғы өлеңдерінде көбінесе діниағартушылық ағымның белгілері анық байқалса, кейінгі туындыла рында ақынның азаматтық биікке көтерілгені айқын аңғарылады. Қазақтың демократ ақын-жазушылары секілді Ақыт та, ғы лым-өнер арқылы ұлтты құтқаруға болады деп ұғынды. Ұлттың еркіндікке, мәдени жане саяси жақтан теңдікке жетуінің негі зі-ғылым, өнер деп есептеді. Өркениетті, озық өредегі ұлттарға теңесудің кілті – оқу-ағартуды жаппай жалпыластыру деп ұққан ақын өлеңін де, өмірін де ағартуға арнап, озық елді үлгі ете оты рып, халықты жаппай біліммен қарулану керектігін жатпай-тұр май насихаттайды. Тат бастырмай жүректі, Өткір қылып қайраңдар. Өнер-ғылым үйреніп, Бұлбұл құстай сайраңдар. Бала оқытып мектеп сап, Ағартып елді жайнаңдар! –
деген ізгі тілегін халыққа айтады. Бұдан соң ғылымды жоғары бағалап, сол арқылы ғана көз ашылып нұр-жарыққа қол жеткізу ге болатынын ескертеді, еске салады. Дүние кілті-ғылымда деген байламға келеді. Осы ойын дамыта, тарата келіп тағы да былайша сабақтайды: Біз жатырмыз жабырқау, Ғапыл, жаһыл самарқау.
184
Суға жүзіп, көкке ұшқан Елге қарап таңырқау. Ұйқыны аш, елім, тұралық, Адамшылық қылалық. Білімнен басқа өнер жоқ, Бұған маһкам наныңдар. «Білім түбі-теңіз» деп, Айтқан екен ғалымдар, –
деп, «суға жүзіп, көкке ұшқан елге қарап таңырқап», самарқау, ұйқыда жата бермей, бас көтеріп, жан-жағыңа көзің сал, білім иеле деп жар салады. «Байлық» деп тек мал жинаумен күн өткізіп, өзге елдің көші не ілесе алмай, мәдениеттен кенже қалған елінің күйкі тірлігіне күйінеді. ауыт жоқ, қазына жоқ мал сақтаған, З Мал бағып бай дегені салпақтаған. Аспан, су, жер астымен жүрді бәрі, Жатырсың әлі ұйқыда жалпақ табан. Сүйенбе малға ғана, егін де сал, Талаптансаң барлық іс қолға келмек, –
деп мал соңында салпақтап, көше бермей, заман талабына сай егін егіп, отырықтасуды ұсынады. «Қоршаған төңіректі соқыр тұман, Ғылымсыз құтылмайсың тіпті мұнан» –
деп ақын өнер-білім арқылы қазақ сахарасындағы қараңғы бей ғамдықтан, еңбексіз жалқаулықтан, мешеуліктен арылуға болады деп пайымдайды. Ақынның елді мәдениетке, еңбекшілдікке, талаптылыққа, бе реке-бірлікке, адамгершілікке шақыруы да оның ағарту идеясы мен астасып жатады. Ақын еңсесі биік ел болудың жолын көпте ген өлеңдерінің өрім-өзегіне арқау етеді. Елінің ертеңі үшін үнемі ойланып, толғанады. Надандық деген терең ор, Үймелеп түстік біз келіп. Малайлыққа қуанып,
185
Екі қолды сермедік. Алтыбақан ала боп, Тоздық қой жұртым сөзге еріп...
«Ақыт еңбексіз, терін сатпай, телміріп көзін сатып», бекер күн өткізуге қарсы, ондайды санасыздық санатына жатқызады. Басқа халықтың тұрмыс-тіршілік, іс-әрекетіне қарап ойлануға шақырады. «Еңбек – бәрін де жеңбек» демекші, халық өнер-бі ліммен қаруланып, «іс іздеп, еңбек қылып, талап ойласа» бәріне де қол жеткізе алады деп есептейді. Еңбекті үлкен қажеттілік дә режесіне көтере жырлайды. Бұл орайда Таңжарық Жолдыұлы да нақты ұсыныстар жасап, елді өркениетке жеткізетін жолды нұсқайды, халықты оятуға де ген талпынысын күшейте түседі. Өнерлі елден өнеге ап, Олардан еш қалыспа. Аспандата шарықта, Балапан құстай қалықта, –
деп ұлтының, халқының санасына жігер отын тамызуға тырыса ды. Мектеп ашып бала оқыт, Үйренуден жалықпа. Өсек айтып, өрт қойып, Бір-біріңмен алыспа, –
деп, ел болашағын, ұрпақ қамын ойлауға, олардың өркениет да муынан қалып қалмау үшін мектеп ашып, біліммен қаруланды руға, дүниеге көзін ашып, ой-санасын оятуға шақырады. Жаман әдеттен арылуға, бірін-бірі сыйлап, ынтымақты болуға үндейді. «Жаман әдет, надантүсініктің бір парасы» мәнсап десе шапқы лап, пара беріп пұл шашу екенін ашына айтып, оның орнына ең бек ет, мағыналы тірлік істеп, артыңа өнегелі іс қалдыр деп тілек білдіреді. Қала салып, ағаш ек, Қалсын атың тарихта. Еңбек істеп, пұл жиып,
186
Ақ- қараны парықта. Астық айдат, мал өсір, Көрінгенге көз сатпа. Ал, қазағым, тез аттан, Бойыңа сеніп тек жатпа, –
деп, Ақыт өлеңдеріндегі ағартушылық идеяны одан ары дамыта түседі, жаңа мазмұнмен толықтырып, халықтың да тұрмыс-тірші лігінің жаңаруын талап етеді. Ал «Оқы, жастар, қалам ал!» деген өлеңінде Таңжарық жас тарға тікелей бағыттап ой тастайды, оқуға, ғылым-білімге жап пай бет бұру керектігін, енді кешігуге болмайтынын бар ықыла сымен ескертеді. Оқы, жастар, қалам ал! Талпынар күнің туылды. Біліммен шыққан даналар, Босатпай оқы буынды... –
дей келіп, болашақтың қамы екенін ұғындырады. Ақын ашына сөйлеп, елдік пен теңдік білім-ғылымғада деп түйін жасайды. Көрсеткен дүние кеңдікті, Әперетін теңдікті, Нығайтатын елдікті, Жасасын ғылым, жасасын! –
деп, бар дауысымен жар салады. Ел болашағына көз жібере айт қан екі ақынның мұндай сөздері ол кез үшін ғибратты, тағылым ды ой екені анық. Дүние сырын білу негізі тек қана білім мен ғылымды игеруде жатқанын аңғартуды көздейді. М. Сейітқалімұлы «Ақыттың әлеуметтік көзқарасы» атты мақаласында: «елдің елдігін, берекесінің беріктігін сынайтын өлшем-береке мен бірлігі. Ұлттың, халықтың өз алдына дербес мәдениеті, өнер-ғылымы бар, басқалармен белдесіп те, теңдесіп те шыдай алатын болуы үшін, алдымен берік ұйымдасқан күш ті қоғамдық құрылымдары болуы шарт» [50,43-б], – деп жазады. Ақыт ұлттық ынтымақ-бірлікті де басты тақырыптардың бірі ре тінде көтерді. Өйткені бұл халықтың арман-аңсары еді. Қай кезде де халық береке-бірлікті басты мәселенің қатарына қойған. Сон 187
дықтан Ақыт та өнер-білім алмай, сыйластық-бірлікті сақтамай белгілі бір мақсатқа қол жетпейтінін жақсы аңғарған. Сол себепті көптеген өлең-толғауларында қайталап айтып, басты қажеттілік тің бірі ретінде жырлаған. Ол «Өсиетнама» толғауында: Жігерің болса жігіттер, Жігіңді бөліп ашылма. Ақылы жетік, ағалар Билік болса басыңда, –
деп бекер айтып отырған жоқ. Ел өміріндегі парықсыздықты ше ней отырып, жігері бар жігіттер мен билігі бар ел ағаларына сал мақ сала тіл қатады. Себебі «алтыбақан алаауыздық» бар жерде үл кен елдік мұрат-мақсатқа жетуге болмайды деп ұғады. Шынында да, елдің ірге тасының берік болып, басқалармен терезесінің тең болуы ынтымақ-бірлікке тікелей байланысты екенін дәлеодеуді қа жет етпейтін шындық екені даусыз. Ендеше жұдырықтай жұмы лып, «алтау ала болып ауыздығынан келтірмеуді» ақындар орынды көтеріп отырған мәселенің бірі деп білуіміз керек. Адам және адамгершілік – ақын шығармаларының тағы бір тақырыбы болған. Кім-кімде қоғамнан, өз ортасынан тыс өмір сү ре алмайтыны белгілі. Осы жағынан алып қарағанда да, қоғамдық өмірдегі толып жатқан жақсы, жаман қасиеттерді адамдардың болмыс-бітімімен қабаттастыра жырлауда Ақыт терең танымдық қасиетін таныта алған. Қоғамдағы түрлі жіктегі адамдардың қо ғамдық орны, қызмет- кәсібі, сана-сезімі, ақыл-ойына көңіл ауда рып, тұрпайы іс-әрекеттерге, жағымсыз мінез-құлық, арам пи ғылдарға өткір сын айтады. Оның «Адам сыны», «Анық жақсы әйелді», «Кәрілерге», «Жігіттерге», «Байларға», «Кедейлерге», «Билерге», «Қыздарға», «Жақсы қатын мен жаман қатын», «Бір сырлы сегіз қырлы бол», «Жігіттің жеті сыны» т.б. өлеңдерінде бір қатар моралдық мәселелер қаралып, адам бойында болуға тиісті адамгершілік қасиеттерді жетілдіре түсу көзделген. Ақын әр түрлі топтың, жіктің уәкілдерінің болмыс-бітімін, мінез қалыптарын жинақы етіп суреттей келе, қайырсыз бай, па рақор би, шала молла, көрсоқыр надан, қара ниет, пиғылы жа ман адам, харекетсіз кедей, жаман қатын, қадірсіз жігіт, шаруаға қырсыз, кеуделі, даурықпа-жамандарды сын тезіне алады. Соны мен бірге моралдық нормаға сай келмейтін арсыздық, күншілдік, 188
нысапсыздық, көрсеқызарлық, ала-ауыздық, өтірік-өсек, мақтан шақтық сияқты әдеттерді қазақ арасындағы ауру-індет ретінде қарайды. Бұларға адамгершілік, ізгілік-имандылықты қарсы қоя жырлайды. Адамның жақсы, жаман болуы оның байлығы мен мәнсабына байланысты емес. Сондықтан нағыз адами қасиеттер ді сақтау, басты парыз деген түйіндеу жасайды.Қысқасы, ақын адамға тән қасиеттердің ешқайсысына елжар қарамаған. Ақыт қаламы тербеген тағы бір тақырып – әйелдер мәселе сі. Ақын жақсы, жаман әйелдерді салыстыра жырлайды. Тіпті жақсы, жаман әйелдердің мінез-құлқы, іс-әрекетіндегі айырма шылықтарды тарата-талдап көрсетеді. Әйелдің жақсы болуы еразаматтың ғана емес, жалпы әлеуметке қатысты мәселе деп ұғы нынады. Өйткені ұрпақтың тәрбиелі болуы, азаматтың алаңсыз өмірі әйелге байланысты деп біледі. Сөйтіп әйелді екі топқа бө ліп, әйел затына ой салуды мақсат етеді. Қара қас, жазық маңдай, қара көзды, Бұралған тал шыбықтай жұмсақ сөзді. Байсалды, сөзі орнықты, жылы жүзді, Көрсең де ертелі-кеш бір мінезді, –
деп әдепті, ибалы да инабатты, оңі сұлу, жібек мінезді, жұмсақ сөзді, мейірімді, жұмысқа епті, үйге ұқыпты әйелді үлгі етеді. Ал: Мейман келсе үйіне, Балаларын жылатар, Орағытып құманын, От басына құлатар. Құманын қонақ тұрғызып, Баласын байы уатар, –
деп әдеп-инабатты білмейтін, туысқа мейірімі жоқ, қонаққа жай сыз, үй-шаруасына салдыр-салақ, тілі ащы, өсекке үйір әйелдер ге тоқтау-тиым айтады. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады. «Беташар», «Уа, дариға бір қызық», «Жақсы қатын мен жаман қатын», «Әйелдерге» қатарлы бір шоғыр өлеңдерінде әйелдердің мінез-құлқына, әдебіне қатысты маселелерге тоқталады. Отбасы, ошақ қасының берекелі тірлігі әйел затына қатысты екенін айта 189
отырып, оларға қойылатын әдептілік-адамгершілік тұрғыдағы та лап-тілектерін көрсетеді. Қорытып айтқанда, Ақыт Үлімжіұлы – Қытай қазақтарының көркем әдебиетінің көшбасы, шаңырағын көтеруші. Шығармала рының саны мен сапасы жағынан да, өзінің қоғамдық, қайраткер лігі, ағартушылығы жағынан да кезінде айтарлықтай ықпал-әсер тудырған дарынды ақын. Сондықтан оның бай әдеби мұрасын жан-жақтылы зерттеуді ХІХ ғасырдың ІІ жартысы және ХX ға сырдың І жартысындағы Қытайдағы қазақ поэзиясының даму ына тигізген «әсер-ықпалымен байланыстыра қараған жөн. Ақыт ақыннан бастау алған діни ағартушылық идея кейінгі Таңжарық және басқа ақындардағы демократтық көзқараспен жалғасады. Ағартушылық идеяны өзінше дамытқан, халықтың санасын оятуға белсенді үлес қосқан өз дәуірінің озық ойлы ақындарының бірі – Шылбы Көмекұлы 1860-жылы қазіргі Бұратала облысының Қөсемшек деген жерінде туған.1936-жылы Іле облысы Күнес ауданында дүниеден өткен. Әкесі Көмек шала сауатты болғаны мен, ауыл-аймаққа инабатты, көзі ашық, сөзі өтімды адам бол ған. Нағашы атасы Жансейіт өз кезінде Семей қаласынан төрт жыл оқып келген оқымысты, мәдениет пен оқуға жаны құмар кісі екен. Зиялы әкенің баулуында Шылбының шешесі Дина мағлұ матты, өнегелі болып өскен. Бала тәрбиесіне құнтты, көзқарақты ана Шылбыны өзі алғаш хат танытып, сауатын ашады. Шылбы жеті жастан он жасқа дейін ауыл медресесінде оқыған соң, на ғашы атасы Жансейіт өз ауылында ашқан мектебінде төрт жыл оқытады. Сөйтіп, ауылда жеті жылдай оқыған Шылбы біршама жақсы діни және пәни білім алады. Шылбы сәби кезінен үлкендердің сарынды әңгімелері мен шешендік сөздеріне құлақ түргіш, өлең сөзге жаны жақын бо лып, ақын-шешендердің аузынан шыққандарын қақпақылдай қа ғып алып, жатқа айтып жүретін болған. Оқудағы кезінде Шылбы өзінің алғырлығымен, зейінділігімен ұстазын сүйсіндіреді. Жан сейіт әдебиетке әуес дінижәне тарихи қисса-дастандарды көп бі летін адам болған. Шылбыға үлкен үміт артқан ол өзі білетін ха лық ауыз әдебиет үлгілерін айтып беріп, жаттатады. Шылбы өзінің тума зеректігі, еңбекқорлығының арқасында, есейе келе басқалардан теміршілік, зергерлік, өнерді де тез үйре ніп алады. Сонымен ол сол кездегі Іле аймағының саяси орталығы болған Күре қалашығынан дүкен ашып, ұсталық және зергерлік 190
кәсібімен шұғылданады. Дарынды жас жұмыс істей жүріп ханзу, мәнжұр және ұйғыр тілдерін де жақсы игереді. Қоғамдық-саяси өмірге де араласып, ауылдан қалаға арыз-шағым айтып келген қазақтардың талап-тілектерін Іле әкімшілігіндегі мәнжұр, ханзу басшыларына жеткізуге көмектесіп, ауылдағы халықтың жоғын жоқтайды, тіпті әділдік жолында білек сыбанып, күрес жасауға кіріседі. Ол өзінің саяси қағылездігі мен шешендігіне сүйеніп, та лай дау-дамайда жеңіске жетіп, халыққа танылады. Солайша ол оқу-ағарту арқылы халқының білімін көтеру керек болып отыр ғандығын сезініп, өзі қаладан ауылға барып өз қаражатымен мед ресе, мектеп салдырып, оқу- ағартумен айналысады. Сондай-ақ ол өзі ел аралап жүріп, халықты балаларын медресе, мешіттерге беріп оқытуды насихаттайды [51, 268-б]. Шылбы 1919-жылы Құлжа ауданы Шолақай ауылынан мед ресе-мектеп салдырып, ауыл балаларын оқыта бастағанда, оның ағартушылық іс-әрекетін жақтырмаған, бір жағы бұрыннан оған өшігіп, тісін басып жүрген жергілікті мансаптылардың бірі Шыл быға нахақ жала жауып, Күредегі ұлыққа астыртын шағым жол дайды. Бұған иланған Күре әкімшілігі дереу қол жіберіп, мектепті бұздырып тастайды, әрі жерін тартып алады. Сонда ақын Шылбы: Мешіт, мектеп қираттың сарайымды, Жаратқан көтерсе екен талайымды. Қан құмар – қара ниет қарақшылар, Құдайым өзі берсін сазайыңды, –
деп өзінің қарғыс-кегін бейнелейді. Осыдан соң Шылбы Күре ұлығына арызданып барады. Халық наразылығынан қорыққан ұлық бұл жерді қайтарып беру жайлы бұйрық шығарады. Соны мен Шылбы қайтадан мектеп салдырады. Бұл туралы:
дейді.
ұлымдар мәдениетті қаламадың, Қалың шерік ауылымды қамаладың. Мешіт, мектеп, үй-жайды құлатқанда, Еп болды деп кей зұлым табаладың. Қапалық-ыза кернеп жүрегімді, Арыз айтып ұлыққа және бардым. Бұйрық алып қайтадан келгенімде, Табашылар жер үшін жағаладың[52], –
191
Сөйтіп ол өзінің ағартушылық үгіт-насихатын және бала оқы тып білім беру жұмысын одан әрі жалғастырады. Шылбы Көмекұлы көрнекті ағартушы әрі діндар абыз болу мен бірге таяу заман Қытайдағы қазақ поэзиясынан өзіндік орын алатын өресі биік, озық ойлы ақын болған. Өзінің саналы ғұмы рында жазған поэзиялық шығармалары көп болған. Алайда оның бірталайы атышулы мәдениет төңкерісі кезінде жоғалып кетті. Халық арасында таралып жүргендерінің жиналып, реттелгені де шамалы. Ақынның 1895-жылдан бері жазған шығармаларының бір бөлімі ғана мерзімді басылымдарда жарияланды. Шылбы Көмекұлының «Талап», «Жігіттік», «Жұрттан озған ғалымдар», «Қыз туралы», «Әйелдер жөнінде», «Шал туралы», «Кемпір туралы», «Алдамшы туралы», «Жас туралы», «Өлең нің сыны», «Өмір сыры», «Жаз», «Ей, жаранлар», «Ғашықтар ға», «Мал бітсе, ақымақ адам сөз білмейді», «Оразаліге», «Әсетті жоқтауы» атты өлең-толғаулары мен «Насихат» атты дастаны жә не басқа да туындылары бізге жетті. Шылбының әлі де қолға түспей отырған «Әтікей-Нұржекей», «Қызыл гүл», «Маймұна», «Қаржан досым», «Қиямет ахуалы», «Хұңшы хан»қатарлы қисса-дастандары болған [53, 114-б.]. Ақын Шылбының өмірі мен қоғамдық қызметі және шығармала ры жөнінде бүгінге дейін бірді-екілі мақала жазылғаны болмаса, кемелдірек зерттеу жарық көрмеді. Ақын жасампаздығының мазмұн айдыны біршама кең. Бас тыларын айтар болсақ, қоғамдағы кертартпа әпербақандарды, олардың озбырлықтарын, надандықты, тоғышарлықты, теңсіздік ті әшкерелеп, адамгершілікті, ізгілікті, талаптылық, еңбекшілдік, өнер-білім тағы басқа жақсы қасиеттерді дәріптейді. Сондай-ақ шығармаларында ислам дінінің ереже-қағидалары, тағдырдың үкімі сияқтылар да қамтылып жатады. Шылбы өлеңдерінде де көбінесе ағартушылық идея, ғақлия лық сарын басым болып, ақыл-кеңес, өмірдің қорытындысы ар қау етіледі. Талап қыл өнерсізде үйрен кәсіп, Өнерлі халықтармен араласып. Жаратқан дүниені нағыз еңбек, Ол өзі байланысты ғылымменен [54, 236-б], –
192
деп сонау меңіреу заманда тұрып, ақын бүгіні дәуірдің өресімен тыныстас ой тастайды. Әлеуметтік экономикалық және білім мен мәдениет жағынан артта қалған қараңғы халықтың көзін тек ғы лым, өнер арқылы ғана ашуға болады деп пайымдаған ақын өзі нің үлгіліісімен де, жырымен де халықты білім иелеуге, оянуға, бас көтеруге насихаттайды: Бір қараңғы, бір жарық кезектеу бақ, Әшкере тең қылмаған күн мен түнді. Дана менен наданның парқы сондай, Ақылменен дана білер расымды, –
деп даналық пен надандықты қараңғы мен жарыққа теңесе, бұдан әрі ойын жалғап: Жақсыдан тәлім алып, талап қылса, Талапты ер күннен күнге өрге өрлейді. Жігіттер талабы жоқ ақымақ болар, Өмірі өткен сайын төмендейді, –
дейді. Талап пен талапсыздықты қарама-қарсы қояды. Бірі мұрат қа жеткізеді, бірі кері кеткізеді. Ендеше талап әрбір адамның се рігі болуы керек деп мәлімдейді. Еңбек қылса жетеді ер мұратқа, Еш адам еңбектенбей гауһар таппас. Қайратты ерден құтылмас дәулет қашып, Ерініп еш нарседен көңіл тартпас, –
деп талап қылып, ерінбей еңбектенсе ержігіт мұратына жететінін, дәулет тауып тасы өрге домалайтынын, керісінше болғанда өмір ден аласасын ала алмайтынын меңзейді. Еңбекті адамгершіліктің басты сипаты ретінде қарайды. Абай атаған бес асыл істің екеуі «талап, еңбек» екенін ақын еске салады. Еңбекті бақыттың басы ретінде қарайды. Жігіттік дүниенің гүлі емес пе, Жасшылық жанған отпен бір емес пе. Жарасар ержігітке еңбек етсе, Не табар бекер жүріп өмір өтсе,
193
Талап қыл, азаматтар жас күніңде, Жақсылық тарапына қолың сермеп [55, 54-48-б.] –
дейді енді бірде. Жастық көктемді мағыналы өткізудің кілті де осы еңбек пен талап деп біледі. Еңбек етпеген адам жанбай жа тып сөнеді, өспей жатып өледі. Сондықтан адамдық болмыстың қалыптасуын еңбекпен байланыстыра өсиет етеді. Ақын жастарды арлы, ақылды, шыншыл, адал, кішіпейіл, көп шіл болуға үндейді. Мына өлеңнің бағдарламалық сипаты бар: Жетсе де төбең көкке асып кетпе, Көрсең де таудай пәле жасып кетпе. Егер де жігіт болсаң сегіз қырлы, Шыншыл бол, шыдамды бол, сасып кетпе, –
деп, шыншылдыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа үндейді. Мұны көргенділік дейді. Көргенді де халықтың әдеп-инабатын бойына сіңіреді.Ақын осындай ұнамды мінез-құлықты талап етеді. Тағы оқып көрейік: Алдымен көпшіліктің қамын ойла, Мас болып қызығыңа бекер тойма Адал бол, кішіпейіл, арынды бол, Қырт мақтан пайда бермес оны да ойла [54, 236-237 б], –
деген сөздері де тәрбиелі көргенді бол дейтін ойға саяды. Әлеу меттік өмір қалыптастырған ақылақ (мораль) талаптарын бұз бауды ескертеді. Өйткені тәрбиеліктің көрсеткіші көрегенділік. Көргенді адам үлкен-кішіге құрметпен қарайды. Сыпайы-сынық мінезге бай болады. Мұндай адамның өзіне де, көпшілікке де пайдасы көп болады. Сондықтан ақын үлгі-өнегелі мінез әрекет ті насихат етеді, жастарға да ой салады. Жалынды жастықта тым арындамай, ұстамды байыпты болуға, этикалық норманы бұз бауды қалайды. Жастарға осылайша жол сілтеп, үлгі көрсеткен сарабдал ақын бұл орайда есерсоқ, ессіз қырсықты жігіт пен есті, талапкер, ел ге үлгі боларлық жігітті салыстырады. Екі түрлі сипаттағы аза мат болмысын ашады. Сонда жаман жігіттің сипаты қандай? Ол айтқанға көнбейтін, ақылды тыңдамайтын адам, екінші аузымен орақ оратын күпілдек мақтаншақ, үшінші өмірі өсекпен өтетін, 194
үй қыдырып өтірік-өсекті өрбітететін жігіт. Сайып келгенде қу лық-сұмдық, аярлық сияқты жаман әдеттер осылардан шығады. Мұндайлдар өзін-өзі басқара алмайтын санасыз азаматтар бола ды. Олардан қандай мейір-қайыр күтуге болады. Мұндай жандар адамгершіліктен де ада болады. Бұдан артық бақытсыздықта бол майды. Ал жақсы жігіттің сипаты қандай? Ол сөзі- майда, мінезі- сы пайы. Екінші, ол елге жайлы, көпшіл азамат. Кішіпейіл көпшіл болу – адамның жақсы қасиеті. Мұндай адамды көпшілік құрмет етеді. Кішіпейілдікті халық кісіліктен бөліп қарамаған. Мұндай адамдарда аумалы, төкпелімінез болмайды. Өзін басқалардан артық қоймайды. Қысқасы, сыпайы сөз, сынық мінез тәрбиелік тің белгісі. Ата-бабаларымыздың осындай мінезін қылықты аза маттарға үміт артқан. Мұның бір жағы ел мүддесімен астасып жатқандықтан, ақын өлеңмен өріп, бірін даттап, бірін құптайды. Жақсы жігітті «Сары мойын елікке, ұсталмаған кездікке, қолқа бауыр жүрекке» балауы – тапқырлық. Себебі, жақсы адамның шарапаты көпке көпке шуақ болып шашылмақ. Бұл жалқының да, жалпының да арман тілегі. Осының бәрі еркіндігі бар, еңсесі биік ел болудан туған ой-пікір деп қараған дұрыс болмақ. Ақын өзі өмір сүрген кездің түбіне бойлап, қалтарыс қатпарын ашып, шындықты айтуға ден қояды. Бірде қоғамдық – әлеуметтік мә селелерге, бірде aдам болмысына үңіледі. Жақсылықты жақтап, жамандықты шенейді. Шылбы Көмекұлының өлеңдерінің көбі афористік сарында келіп, образды ойға, терең толғамға құрылады. «Асылы, бір не месе екі жақсы өлең жазу, сол арқылы бір немесе екі сыр аңғарту, шындық таныту кез-келген өлеңшінің қолынан келуі мүмкін. Ал өзі жазған өлеңдер арқылы өзінің өзгелерден бөлек ақындық бі тімі мен мінезін таныту, сол арқылы өзінің өнер әлеміндегі тұтас творчестволық беті мен бағытын таныту кез келген қаламгердің қолынан келе бермейді» [56, 171-б.], – деген академик Зейнолла Қабдоловтың бір ұлағатты сөзі бар еді. Сол секілді Қытайдағы қазақ поэзиясындағы ағартушылық идеяның дамуында, жүзеге асуында ірі тұлға, өзіндік ақындық жолы айқын, жасампаздықта өзіндік өрнек-бояуы, өзіндік үні бар талантты ақындардың бірі – Шарғын Алғазыұлы. Шығармаларының өз кезінде толық жи налмауы, реттелмеуі себепті де болар бұл талант иесінің ақындық әлемінің сыр- сипаты бүгінге дейін бағаланбай, шығармашылық 195
табиғаты зерттелмей келе жатқаны көңілге қаяу түсіретіні анық. Болмаса Шарғын ақын Қытайдағы қазақ әдебиетінің өркен жаюына, қалыптасып, дамуына бір кісідей үлес қосқан дарынды, қуатты ақындардың бірі еді. Шарғын Алғазы ұлы 1903-жылы Қазақстанның бүгінгі Алма ты облысының Ұйғыр ауданындағы Тиірмен деген жерде туған. Сол жерде оқып, білім алған. Жастайынан өлең-жырға әуестеніп, бірталай қисса-дастандарды жаттап өскен. Той-томалақ, жиынтопта айтысқа араласқан. көптеген әдеби кітаптарды тауып оқып, әдебиет әлеміне келуге үлкен дайындық жасап жүргенде, 30-жыл дары асыра сілтеудің әпербақандары салған лаңның салдарынан ел басына қатерлі күн туып, халық күйзеліске ұшырайды. Еркі нен, малынан, жерінен айрылған халыққа аранын ашқан ашар шылық төнеді. Ажал аждаһа болып аранын ашады. Жан сақтамақ парыз. Жан азабына, рухани қысымға шыдамаған шарасыз жан дар ажалдың темір тырнағынан, зұлымдардың озбырлығынан құ тылу үшін Қытай жеріне қашып өтеді. Сол босқын топтың ішінде Шарғын ақын да бар еді. Келген бойда Іленің Текес ауданына кеп тұрақтайды. Бұл кездері Іле өңірін ежелден мекендеп келе жатқан тұрғы лықты халықтар да қараңғылықтың, зорлық-зомбылықтың құр сауында сансырап жатқан-ды. Сол елдің қамын ойлап, жарғақ құ лақтары жастыққа тимей жүрген ағартушы Дәулеткелді мен ақын Таңжарық секілді ардақты азаматтармен ұшырасуы Шарғынның ойына өріс, жырына шабыт беріп, жігерін қайрайды. Солармен бірге оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға құлшына кіріседі. Өзі мекен тұтып тұрған Үйсін тауының бөктеріндегі қазақ ауылдарында ал ғаш мектеп ашып, бала жинап оқыту шараларын жүзеге асыра ды. Біраз жылдан соң, Шарғын Текес ауданының оқу-ағарту ісін басқаруға жұмысқа тағайындалады. Бұл қызметті бірнеше жыл істеп, Тәңір тауының баурайындағы қазақтардың ұрпағын өнербілімге баулиды. Игі тәрбие береді. Ағарту ісіне педагогтік- ұс таздық еңбегімен үлес қосумен бірге өзінің жыр жасампаздығы мен де барынша ат салысады. Тұратын бір қалыпта нәрсе бар ма, Кейысып, кейде жүрек салқындарсың. Ұмтылып мәдениетке қол созыңдар, Бұрынғы ескіліктің салты қалсын.
196
Өткенде оқымаған адамдар боп, Зорлаған көне қоғам қарғыс атсын. Өнер-білім, оқусыз бекер қалсаң, Ойланшы, қанша нәрсе жапырасың [57, 58-б ], –
деген шумақтар ұлы мақсаттар жолындағы дауылпаз ақынның шынайы жүрек сөзі еді. Шынжаңдағы қазақтар арасынан шыққан аса дарынды ақын Таңжарықпен қатарласа жүріп, қазақ әдебиетінің өрістеуіне, да муына елеулі үлес қосады. Бұл тұстағы шығармаларында екі ақын да қазақ халқын оянып, өнер-білімге құлаш ұруға, берекебірлігін нығайтуға үндейді. Намысын қоздырып, табанды әрекет жасауға жігерлендіреді. Таңжарық: Тағысы болып алдың таудың, қазақ, Жая мен дәмін татып жалдың, қазақ. Құзғындай құзар шатқа ұялаған, Әр сайға бірден қора салдың, қазақ. Өстіп-ақ жабайы боп өтемісің, Ішінде қарағай мен талдың, қазақ? Көзіңді айналаңа бір салсаңшы Табасы бола бермей жанның, қазақ. Жатырсың надандықтан өрт ішінде, Басыңды көтермесең жандың, қазақ, –
десе, осы мұратты Шарғын да ту қып көтереді: Білімге өнерменен серме құлаш, Алма піс, аузыма түс деме, қазақ. Ынтымақ – ырыс алды деген сөз шын, Бірің жау, бірің жат көрме, қазақ. Ел болып есеюдің қамын ойла, Жат жауға намысыңды берме, қазақ!
Екі ақын да «қазақ» деген сөзге ерекше екпін түсіріп, әлдене ше рет қайталайды. Өз ұлтының кейбір тұрмыс-тірліктеріне кө ңілі толмайды. Қайткенде ел болып есеюдің жолына түспек. Бас қалармен терезесі тең болса деген арман-ойларын алға тартады. Намыстарын қайрап, жолын сілтейді. Шарғын ақынның көзін көріп, сөзін естіген, өлең-жырлары нан сусындап, тағылым алып өскен інісі, белгілі Құрманбай То 197
лыбаевтың қос дарын туралы: «бұл екі ақынның бала кездерінен өнеге алған, ұстаз тұтқан Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ ойшылдары салған ақ жолдың, ізгі тілектің үзілмей жалғасқан сарыны еді. Жас ақындар қазақ халқының болашағы үшін толғана ой кешіп, өз түйсіктерін ортаға ашық жаяды. Сөйтіп, Шынжаң қазақта ры тарихында ағартушылық бағыттағы әдеби ойдың өрістеуіне ақыл-парасаттарын жұмсайды. Ойлы өлеңдері мен аңғарлы тол ғаныстары туған халқының жүрегінен жол табады» [58], – деп жазғанындай Шарғын ақын өзінің бар ғұмырын ағартушылық жолға арнаса, шығармашылық бағытын да сол ағартушылық идеяға жұмсады. Жатып-тұрып ойлаймын дүниені, Уайымшыл мен жүрген бір адаммын. Бұл қазақ осы күйде кетер мекен, Басына быр шықпастан мұнараның [59, 79-б], –
деген жолдарының көзі ашық, көкірегі ояу ақынның арман-за рындай естіледі. Халқының өнер-білімнен кенже қалып, дәуір ағынына ілесе алмай артта қалып бара жатқанына қынжыла мұ ңын шағады. Алайда ғаламның сыр-сипатын, еркіндік теңдікті озық ой, сергек санамен танып өскен сарабдал ақын халқының болашағынан күдер үзіп, үмітсіздікке салынбайды. Адаммен – адамды, ұлтпен – ұлтты теңестіретін нәрсе – ғылым деген аталы сөзге, қажетті қағидаға жүгінеді. Тек ғылым-білім ғана халықты алға жетелейді, көсегесін көгертіп, озық елдер санатына қосады, еркіндік-теңдікке қол жеткізеді. Сондықтан: Ғылымсыз жұрт қатарға қосылмайды, Қол соз, ұрпақ, ғылымға тіл алғаның. Исі қазақ ұлтына мың бір салем, Жалғыз- ақ міндеті емес бір адамның, –
деп ағынан жарылады. Бұл шығармаларын талданған ақындардың бәріне ортақ түйін-тұжырым еді. Олар ілгерінді-кейінді жазған шығармаларының бәрінде ұлтының, елінің қамын жырлады. Әдеби үрдіске өзіндік үлес қосқан, азат ойдың жаршысы, ақындық ортаның тағы бір өкілі – Досбер Саурықұлы. Ол 1894жылы Іле облысы Нылқы ауданының Жалынқұл деген жерінде 198
ауқатты отбасында өмірге келеді. Он бір жасқа шыққан жылы әкесі дүние салады да, шешесі Тақия Досберді үйінде молда жал дап, ескіше оқытып, сауатын ашады. Қаршадайынан ақылды-зе ректігін танытқан Досбер араб-парсы тіл-жазуын өздігінен үйре ніп, біршама қанық игереді. Он бес жасында ауыл медресесінің молдасы болады. Әрі заңды, ақалақшыларғахатшылық жұмыс іс тейді. Ер жете келе тайжы және зәңгілік мансаптарға да ие бола ды. Досбер бала жасынан өлең-жырға әуес болып, ел арасындағы үлгілі қисса-дастандарды және кейбір әдеби, тарихи кітаптарды тауып құныға оқиды. Сонымен бірге өзге ұлттар әдебиетін де бе ріле зерттеп үйренеді. Көзі қарақты ақын халық ішіндегі халық ауыз әдебиет үлгілерін де жинап, зерттейді. Досбер Саурықұлы әйгілі үш аймақ төңкерісі ең алғаш Ныл қыда басталғанда төңкерістің бел ортасында жүреді. Осы төңке ріс отын тұтандырған әрі ту ұстаушылары, жетекшілері болған Әкбар мен Сейіттің сенімді серіктерінің бірі болады. Еліміз азат тығынан соң, Досбер Нылқы аудандық жер-су мекемесінде және бірлік сап бөлімінде қызмет істейді. Досбер Саурықұлы өз өмірінде көптеген өлең, толғау, дастан жазған қуатты ақын болған.Бір бөлім өлеңдері 1940-жылдың соң ғы мерзімі мен 50-жылдардың бас шенінде мерзімді басылым дарда жарияланған. 1947-жылдары ақын үш аймақ уақыттық үкі меттік жағынан шығарылған «Төңкеріс таңы» атты газеттің тілшісі болған. 1959-жыл ға келгенде жергілікті ұлтшылдарға, оңшылдарға қарсы күрес кезінде ақынға «оңшыл» қалпағы кигізіледі. Бірер жылдан соң «оңшыл» қалпағы алынған болса да, өзімен бірге қоса ауылдағы туыс-туғандарының барлығы дерлік «бай-құлақ» атанып, шетке қағылады. Бұл туралы ақын: Сөзімді таразыға түзу тартып, Беретін тура баға-нарық қайда? Жақсы менен жаманды айыратын, Қақ жарған қара қылды анық қайда? Әлі жүр әсіре қызыл, оңғақ бояу, Өстіген соң ақының тарықпай ма?
Өз билігі өзінде жоқ ақынк ең көсіліп, ой толғап жаза да ал майды. Ара-тұра жазған шығармаларын көбінесе жасырып ұс тайды. Аты шулы он жылдық мәдениет төңкерісі кезінде бірталай 199
құқай көреді. Ұзақ жылдар бойы еңбектеніп жазған-сызғандары мен жиған-тергендерін көне ошақтың орнына, там қуысына, құ рым киізге орап, тыққыштап жүрді. Соның өзінде де бірсыпыра қолжазбасы жыртылып бітті, дым тартып, жазулары өшкен. Ақын осылайша әсіре «солшылдық» бағыт дәурендеп тұрған кезде 1971-жылы дүниеден қайтты. Мәдениет төңкерісі аяқталып, 70-жылдардың соңына кел генде, саясат оңалып, жалпы аз ұлттар әдебиеті мен мәдениетіне оң қабақ танытқан оңтайлы бағыт-ұстанымдар жолға қойылды. Осындай сәтте ақынның от орнында қалған қоламтадай болып жеткен бір бөлім туындылары қолға тиді. «Есенгелді» («қызай та рихы»), «Алдар көсе», «Сақау қыз», «Сәдуақас жомарт» қатарлы қисса-дастандары, «Досбер мен Алтынның айтысы» атты айтысы және бір бөлім өлең-толғаулары жиналды, реттелді. 1982-жылдан бері «Есенгелді» атты тарихи дастаны, «Қалам мен балаға» ат ты толғауы сондай-ақ оннан астам өлеңі мерзімді басылымдарда жарияланды. 2000-жылға келгенде туындылары тағы сұрыпта лып, Іле халық баспасы жағынан шығармалар жинағы [60] жарық көрді.Ақын жалпы өлең-сөзге ерте араласқан әрі өмірінің соңына дейін жалғастырған. Жасымнан жазып едім өлең-жырды, Ел білер өлеңімнен ішкі сырды, -
дегеніндей ақын он бес жасынан дүниеден қайтқанға дейін өлеңжырды селдетіп көп жазған. Алайда бізге жеткен санаулы туын дыларының өзі-ақ ақынның ақындық өнердегі қуаттылығын, қа ламының жүйріктігін танытқандай. Алғашқы немесе соңғы мез гілдерде жазған шығармалары болсын бәрі де терең ойға құрыл ған, көп көңілінен шығатын, тілі кестелі болып келеді. ... Арғы атам Есенгелді ел бастаған, Уақытында орта жүзге болған үлгі... Бесінші сол бабамның немересі – Түсімде бата берген ақын Шылбы, –
деп өзінен бұрынырақ өткен Шылбы ақынды өзіне пір, ұстаз тұт қан арынды ақын:
200
Тоқтамай зырла, жүйрік, қарт қаламым, Өзіңді қолыма алсам шаттанамын. Жасымнан көне жолдас, жан серігім, Шын сөзді шыңнан асып тарт, қаламым. Сүйсініп естіген жан тыңдағандай, Үлгілі, жүйелі сөз тап, қаламым, –
деп толғайды. Ақынның арындылығы мен дарындылығы өлеңді боратып көп жазғандығында емес, қайта өлеңнің маңыздылығы мен мән ділігінде жатыр. Өлеңдері «тілі жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өр некті, сұлу поэзия болып келеді. Ақын шығармаларының мазмұн аясы біршама кең, тақырыпта ры сан алуан. Сондай-ақ өлеңдерінде дін ислам жолы, тағдырдың жазуы сияқты діни қағидалар да қамтылып жатады. «Құдайсыз қу рай сынбайды» – дейді ақын. Бұл да түсінікті. Өйткені бұл ақынның алғаш көрген тәрбиесімен, яғни алған діни білімімен байланысты. Досбер Саурықұлы соңғы ұрпаққа үлгі боларлық көптеген ақыл- кеңестер айтады. «Қалам мен балаға» атты толғауында ақын жастарға өнер-білімге ұмтылу, талапкер, үміткер болу, жақ сыдан үйреніп, жаманнан жирену, ойламды-толғамды, шыншыл да адал, кішіпейіл, еңбекқор болу сынды толып жатқан жақсы қа сиеттерді дәріптейді. Қазына таусылмайтын – ғылым-білім, Сенім жоқ мал байлығы – баққа, балам. Білімсіз билік айтып тұра алмайсың, Мінсең де патша болып таққа, балам.
Адамның бағының жануы мал мен байлыққа емес, қайта ғы лымға байланысты деп, ғылым-білімнің рөлін аса жоғары баға лайды. Тәртіпті, өнегелі, тәжірибелі, Үлгілі, білімпазды жақта, балам. Әрқашан алға бас та нық қадаммен, Бөгеліп кейін қарай тартпа, балам...
Жастардың білім алып, білімпазды қадірлеу керектігін ескер теді. Ақын өзінің алдындағы үлгі алғандарының дәстүрін берік 201
ұстанады, жалғастырады. Жолдас болсаң білімді, өнегелі адам дармен жолдас бол, олардан үлгі ал да үйрен, ал білімсізге жанас па да жирен дейді: Жолдас болма білімсіз қуға, балам, Сонда адам боп шыққаның қырға, балам. Тіліне ерсең қулардың құлы болдың, Сені апарып сигізер суға, балам.
Мұндайларға ерсе абырой таппайтынын, қайта сорлататы нын айтады. Жақсылармен жанасып, өсек ұрлық-қарлық сынды жаман қасиеттерден бойыңды аулақ ұстап, шыншыл, мейірімді, адал бол, сонда халқың сені ардақтап, қолдайды дейді. Сақтанып отырып, өсек, ұрлықтардан, Ие бол жақсы деген атқа, балам. Байқамай жақсы екен деп жаманға еріп, Нахақтан бір жаман ат таппа, балам.
Мұның бәрін жалқы арқылы жалпыға айтқан сөзі деп ұғу ке рек, бұл сөздерді де мүлт кетпейң әсерінің күшті болары күмән туғызбайды. Шыншыл бол, мейірімді, адал жүрек, Береді алла жәрдем аққа, балам. Сезгір деп, сенімді деп сенсе халық, Сыйлайды өзің түгіл жат та, балам.
Ақын еңбек, еңбеккерлік, талаптылықты да айрықша ауызға алады. Барлық байлық пен бақытқа жетудің кілті осы еңбекте деп түйеді. Талапты нұр жауады ерге, балам, Еңбектенсең шығасың белге, балам. Қолыңды еш нәрсеге жеткізбейтін Соңынан еріншектің ерме, балам...
Осы айтылғандардың бәрі халықтыққағида десек те немесе ата-баба аманаты десек те артық айтқандық болмайды. Ақын ба ласына айтқан болып отырып, көптің көкейіндегісін дөп басады. 202
Талаптанып, ерінбей еңбектенсең, алға қойған мақсатыңа, мұ ратыңа қол жеткізе аласың, еріншек ез болсаң өмірден құр алақан қаласың, яғни, «жатқанға жан жуымайды» деген пікірін ортаға салады. Ақын енді бірде елге жайлы, әдепті, ізгі ниетті жандар мен сұм-сұрқия, күншіл, ел бұзғыш қара ниеттілерді салыстырады. Елге қорған бір жігіт, Бәйтеректің бүрін айт. Елдің сәні жас ару, Райханның гүлін айт. Шалқар көлдің сарқылмас, Кәусар-зәмзәм суын айт, –
деп елге қорған болған ардақты азамат пен елдің сәні жас аруды асқар белге, шалқар көлге, шөл қандырар зәмзәм суына, бәйтерек тің бүріне, райхан гүліне балайды. Ел қорғаны жас жігітпен елді сәні жас аруды қадір тұтады, үлгі етеді. Бұдан кейін ойын өрбітіп сұм-сұрқиялық сырына үңіледі. Сұм- сұрқия құбылғыш, Сүйкімсіздің түрін айт. Шамасы келсе қас қылар, Ішіндегі зілін айт. Өсекші, күншіл, ел бұзғыш, Өтірік майда тілін айт,-
дейді. Адам баласының бәрі бірдей емес екен. «Адам аласы ішін де» деген қағиданы қаға беріс қалдырмайды. Өтірік көлгірси тін екі жүзді жаннан сақтанбаса, орға құлаудың да мүмкін екен. Сондықтан адам арасындағы қарым қатынасқа үлкен мән береді. Тіпті, мұндай сұм сұрқиялар қазірде ұшырасып қалатынын есте ұстау қажет екен. «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрмеуге» үндейді. Әр кез адамгершілік қасиетті еске ұстау парыз деп тү сіндіреді. Сұм-сұрқия, қара ниетті жандардың жексұрын кейіп-кеспірі мен жағымсыз іс-әрекетін өткір тілмен шенейді. Ақынның ой-толғамы, пайым-парасаты осы заманмен сәйкес, тыныстас жатады. «Жел сөздің желісін ағытқан» ақынның ақын дыққа қояр талабы да күшті. Ақынның сөзі дәмді, білімі терең бо 203
луы керек. Сонда ғана оқырманның қажеттігінен шыға алады. Ал сөзі дәмсіз, білімсіз болса, тыңдаушысын жоғалтып алады дей ді. Ақын қойылар талаптың жоғары болатынына назар аударады. Ақын «Өлең – сөздің патшасы» екенін жақсы аңғарған. Ел – сезгір, сөйлеуші ақын білгіш болса, Желісін жел сөзінің ағытпай ма? Ақынның сөзі дәмсіз, мылжың болса, Тыңдаушы құрғақ сөзден жалықпай ма? Таусылмас асыл сөздің қазынасы, Беруге дарынды ақын арықтай ма? Ләззаты болмаса сөзіңіздің, Ақсұңқардай аспанда шарықтай ма?
Өлең сөз өрнегінің өзіндік шартын ескерген ақын поэзиясы ның да құрылымы шымыр, ойы терең болып келеді. Айтпақшы ой-пікірін төгіп-шашпай, шашау шығармай барынша жинақы етіп беруге тырысады. Ол өзіне жоғары талап қоя білген өнер иесі. Әлеуметтік сарынның көрінуі. Еліміздегі қазақ поэзиясы даму үрдісіндегі тағы бір арна- ондағы әлеуметтік сарынның кө рінуі. Әдебиет тарихын қоғам дамуының жанды көрінісін елесте тер жәдігер деуге болады. Тарих тарихи оқиғаларға, кезеңдерге, дәуірлерге хронологиялық тәртіппен сипаттама беретін болса, әдебиет сол құбылыстарға замана биігінен баға береді, жалпылық сипат, оның ішкі өмірін бейнелеу, даралау мен жалпылау арқылы белгілі кезеңнің көркем образын қалыптастырады. XIX ғасырдың соңғы жартысы мен 20-ғасырдың алғашқы жартысында еліміздің ескі басқару жүйесіне сайкес әділетсіз өкімет пен олардың жандайшаптары және жергілікті әкім қара лар тарапынан болған екі жақты езгінің қыспағында қалған ел әбден күйзелді. Ел басқару ісінде әділетсіздіктер көбейді. Ұлық тардың, олардың ел ішіндегі өкілдерінің пиғылдары бұзылды, жемқорлық, парақорлық өршіді. Ежелден келе жатқан ел бірлігі ыдырауға, халық имандылықтан ажырауға айнала бастады. Бұл құбылыстың бәрі де сол кездегі көзі ашық, көңілі ояу, зерделі аза маттардың жанын толқытып, жүрегін сыздатты. Олар бұрыннан да елдің бұйығы тірлігіне күйзеліп, мешеу тұрмысына қамықты. Туған халқын өркениет аясына кіргізудің қамын ойлаған, ол үшін ғылым, білімнің мәнін түсіндіріп, ағартушылық бағытты ұстан 204
ған ақындар тағы да алғашқы болып заман күйін жырлай баста ды. Бір кездегі Дулат, Шортанбайлар тәрізді бүлінген елдің бол мысын, «ел сенген жақсылардың» қорқау кейпін толғаса, бірде Ыбырайша мектеп ашып ұрпақтарды сауаттандырып, санасын оятуға ұмтылды. Абайша толғап арлы іс қылуға, ғылым, білім ді меңгеруге шақырды, енді бірде Ахмет Байтұрсынов бастаған алаш әдебиет ықпалында үн көтеру үрдісін жүзеге асырды. Бұл орайда да жоғарыда айтқанымыздай тағы да Ақыт, Шыл бы, Асылхан, Көдек, Шарғын, Досбер болып, орталық тұлға ре тіндегі Таңжарық қатарлы ақындар халық сөзін айтып, ел өмірі нің жанды суретін өз өлеңдерінде бейнелеп берді. Бұлар қоғам ның, әлемнің даму бағыттарын бағамдап қана қалмай, қоғамдық ой-санаға әсер етті. Өздерінің ұстанған бағыттарын адамдардың рухани жаңаруына пайдалануды, заманның қатқан қатігез заң дарына әсер етуді, іргелі елдердің қатарына қосылу үшін надан дықтан арылып, білімге, ғылымға ұмтылуды насихаттайды. Өз замандарының қалыптасқан ортасынан оза туып, халқының қа лаулы тобына айналды, қоғамның қозғаушы күші болды. Олар дың өлеңдерінде әлеуметтік сарын бұрынғыға қарағанда молая түсіп, жан-жақты көрініс тапты. Ақыт Үлімжіұлы,Көдек Марал байұлы, Асылхан Мыңжасарұлы қатарлы ақындардың өлеңдерін де Таңжарықтың мол әдеби мұрасындай болмаса да көркемдік, заманауилық тұрғыдан бірде-бір кем түспейтіндей деңгейде әлеу меттік сарын барынша көрінді. Ежелден сөзді қадірлеп ақынды пір тұтып, аттың жалы, түйе нің қомында өнерін өрістетіп дағдыланған халқымыз әр дәуірдің өзіне лайық әдебиеті мен өнерін тудыра білді. Әсіресе өлең-жыр ды қай кезеңнің болса да өткір қаруы есептеген халқымыз өз дәуірінің болмыс бітімін, шындығын, өздерінің тағдыр талайын өрнектеп, соңғы ұрпаққа жеткізіп отырғаны белгілі. Сондай жағ дай аталған дәуірдегі қазақ әдебиетінде де болмай қалған жоқ. Әлеуметтік сарынды айқындайтын шығармалар беру тұрғы сынан келгенде, көш басында тағы да Ақыт Үлімжіұлы тұрады. Ақыт ақын өзінің қоғамдық іс-әрекетімен де, жазған өлең дерімен де Алтай, Боғда, Тарбағатай өңіріне белгілі дәрежеде ықпал еткен, өз тұсындағы үкімет тарапынан да аты белгілі санаулы адамдардың бірі болған. Профессор Ә. Қалиұлының айтуы бойынша, Ақыт шығармалары ХХ ғасырдың 90-жылда рында-ақ шетелде жарық көре бастаған. Ал өзінің туған елінде 205
қадірленіп, насихаттала, зерттеле бастағаны тым бертін, жуықта ғана [61, 14-б.]. Оның ақындық жолға түсуіне, халық мұңына үн қосуына, түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ағартушылық идеяның да муы үшін қалам тартуына өмірде көріп, басынан кешіргендері, ел тіршілігін байқап, көңіліне түйген жайлар себеп болғаны сөзсіз. Жалпы ақын өмірі елім деп «өксіп жылап», «қара қазақтың қамын жеп» өткен өмір болды. Сондықтан ақын мұраларын жи науда, зерттеуде бірталай жылдан бері белсенді жұмыс істеп жүр ген баспагер Қалиолла Нұртазаұлы: «оның балалық дәуірін айт пағанда, бүкіл өмірі ақтық деміне дейін халық ісі, халық мұраты жолында еңбектенген өмір болды » [62, 57-б.], – деп жазады. Бисмилладан бастайын, Азғана кеңес сөз басын. Ой түбіне көз салсам, Қағазға тамар көз жасым. Сыртым сау, ішім өліктей, Мүшем шықты беріктей Өксіп жылап өттім ғой, Қара қазақ қамын жеп. Мен де алыстым сенімен, Санаңа сарық еліңмен, –
деген өлең жолдарынан жанын туған халқы үшін ту етіп көтерген азамат ақынның азалы үні естіліп тұрса, енді бір жағынан Ыбы рай мен Абай поэзиясының сарыны да байқалады. Ақыттың бізге қалдырған әдеби мұрасының тақырып ауқымы өте кең. Ақынның басты көңіл бөлген бірнеше тақырыптары бар. Соның бірі – халықтың жай-күйіне, тағдырына қатысты қоғам дық тақырып болды. Осы кездегі шығармаларының жалпы нобайынан Ақыттың теңсіздікке қарсы, шыншылдық, сыншылдық бағыты мен мұнда лап тұрады. Ақынның өктемдікке, басыбайлы, келеңсіздік пен кер заманға кектеніп, оны сынаған, елім деп еңіреген тұстары көп. Ақыт шығармалары өз дәуірінің айнасы іспеттес. Қоғамдық өмір дің қатал шындығын суреткер қаламынан қағыс қалмай қаз-қалпын да бейнеленді. Ақынның өмір сүрген кезі қазақ сахарасының аспанын қараңғылық пен надандық, жоқшылық пен сүреңсіздік жайлаған за ман еді. Сол себепті тұтас заманға Ақыттың іші жылыған емес. 206
Ей, зар заман, зар заман, арлатып өткен тар заман. Байқап тұрсам адам жоқ, Шын ақылды ойлаған, –
деп қамыққан көңілмен, қайтерін білмей шиыршық атса,зар за манның болмысын ашады: Мынау азған заманда, Алуан-алуан жан шықты. Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты, –
деп заман белгісін көрсетіп налиды. Одан ары: Бұзылды заман қағына, Жылпостардың бағына. Терістігін көрсетсең, Қаласың бітпес шамына. Береке кетті асыңнан, Билік кетті басыңнан. Жылағанмен не пайда, Көзден аққан жасыңнан, –
деп басқаның басқаруына тап болып қолындағы билігінен, бере ке-бірлігінен айырылған елінің мүшкіл халіне налиды. Зорлығы мен қорлығына көнуден басқа амал жоқтығына шерленеді. Осын дай қағынған заманға қарғыс айтады. Жалпы халық атынан қа сірет шеге, қара түнек қоғамның шынайы кескінін аша түседі. Ақынның заман жайлы толғанысы бұрынғы зар заман ақындарын еске түсіріп, халық тағдырының қаралы беттеріне қанықтырып, қамықтырады. Әлеуметтік сарын айқын көрінеді. Еркіндігінен айырылған елдің бұрыннан келе жатқан морал дық-этикалық нормалары мен әдет-салттарының өзгеріске ұшы рап тозғындағаны ақын жанын жегідей жейді. Бұның бәрі кер тартпа билік үстемдік еткен кер заманның кереғарлығы мен қай шылығынан деп таниды.
207
Зар заманның тұсында, Бай кедейді көрмейді. Ағайыны пақырға. Пайдасыз сауын бермейді. Иманды көбі білмейді, Түзу жолмен жүрмейді. Не десек те, жарандар, Халық бұлай тозғанда. Тура дінге кірмейді.
Ағайын арасының жігі ашылғанына, имандылық адамгерші ліктен айырылып, азғындап-тозғындаған тұрмыс-тіршілікке өкі неді. Осының себеп салдарынан ашып, халыққа тоқтау-тыйым айтады.Ақыл осы ойын тағы жалғастыра түседі. Ақиқатты айт пауға болмайтынын ұғады. Бас кетіп, тіл кесілетінін біле тұра аза маттық-ақындық парызын орындауға ұмтылады. Ол: Берекені білмейді, Сенімі, ары кірлейді... Заманның жайын мен айтсам. Патшаның кетті қуаты, Бидің ылай суаты. Жақсының тозды мұраты, Пенденің кетті ұяты, Байдан қайыр жоғалып, Жат болып кетті жұраты. Байдың көңілі өр болды, Кедей біткен кер болды, Санасы бар жақсының. Жүрегі толған шер болды, –
дейді. Ақыт сүреңсіз заманға кектеніп, халықтың болашағынан тү ңіледі. Өйткені адамдардың нысабы азайып, пиғылы бұзылған. Жақсының мұраты тозып, пенденің ұяты кеткен. Көбінің иманы жоғалып, қисық жолға беттеген. Берекені ұмытқан. Сенімін, арын жоғалтқан. «Байда қайыр, биде тура билік жоқ». Санасы бар жақ сының жүрегі толған шер болған кертартпалық, әділетсіздік, заң сыздық күшейген. Сондықтан ақын:
208
Сөз жазамын аңырап, Күле алмаймын жадырап. Қайран елім – қазағым, Сорың сенің қалың-ақ, –
деп соры қалың қазақтың қамын ойлап, жол таба алмай ширығып, қапырық жұтады. Алайда саналы да сауатты ақын үмітсіздікке, сары уайымға салынбайды. Кейде сол азып тозған тар заманға кектене қарап,қарсылығын үдете түседі. Көпшілікке қоғамдық дерттің себебін ұғындыруға қарманып, одан арылтудың жолын қарастырады. Халықтың санасына сілкініс жасауға ұмтылады. Ол өлең-толғауларында әлеуметтік мәселе көтерсін, мейлі басқа тақырыпта жазсын өзінің ағартушылық идеясымен сабақтасты рып отырады. Көрінгенге телім боп, Болма, қазақ, босқа қор. Телім болған нашарға Көрінгеннің бәрі зор, –
деп бас көтеруге, еркіндік-теңдікке қол жеткізуге үгіттейді. Енді бірде: Заман-ай жігіт бар ма сөзімді ашар, Ой барма ақыл қосып көзімді ашар,
Немесе
Өткізе алмай тілімді, Шаршадым жұртым тер болып, –
деп сөзін тыңдар естияр пенденің болмағанына іштей құсаланып мұңын шағады. Ақыт жалпы жоғары жақтың өкілдеріне, яғни әділетсіз үкі меттің жергілікті қол-шоқпарларына, олардың сатқын белсенді леріне күшті қарсылық білдіреді.«Хан қайқы, биің бүкір, молла соқыр, тым түзу дегеніңнің бәрі бұраң», – деп олардың сұм-сұр қия кейпін, кекті сезім, әжуалап шенейді. Осылайша «бұраң» шонжарларға қаншалықты қарғыс жаудырғанымен, тағы бір жа ғынан ақынның оларға жоқ-жітіктерді аялау, қорламау, қан қақ сатпау, пара-пайда алмау жөнінде кеңестер айтып, оларды ақыл 209
мен, адамгершілік, моралдық жолмен жөнге салуға тырысқанын да аңғаруға болады. Ақын Шылбы Көмекұлы жасаған ортада да теңсіз қоғамның тегеуріні мен езгісі асқындап, халық тұрмысы нашарлаған, қараң ғылық пен надандық, теңсіздік, әділетсіздік жайлаған еді. Пара қорлық, жемқорлық, ауыр алман-салық салдарынан жоғары үкі метке арқа сүйеген жергілікті парақор мәнсаптылар мен күн қақ ты қарашалар ортасында үнемі қайшылық-қақтығыстар туылып тұратын. Мұндайда ақын халық жағында болып, олардың мұңын мұңдап, сөзін сөйлейтін, туын көтеретін. Талап-тілек арыз-арман дарын Күре әкімшілігіне жеткізетін. Жергілікті әкімдердің әді летсіздігін, сұрқиялығын, ашкөздігін айыптап, поэзиялық уытты тілімен түйрейтін. Шылбы ұлықтан және оның орда мәнсаптыла рынан именуді білмеген, отты жырларымен азулыларға арқасын алдырмаған өр мінезді, өжет ақын болған. Орталықтағы шенділер мен жергілікті болыстарды қойға шап қан, жылмаңдап жемтік іздеген қорқау қасқыр мен итке теңейді. Қасқыр келіп жемекке қойға шабар, Қотан ит те қасқырмен бірге талар. Қасқырменен бірлесіп қойды жесіп, Ертең бірдей сақ ит боп қала берер. Мұртын майлап, жылмаңдап, жемтік іздеп, Қорқау қасқыр, қотан ит, әне, солар [53 ].
Әлеуметтік кекесін, мысқыл басым осы жолдарда момын ша руаны тонаған озбырлардың сиқын ашады, уытты тілменмасқара етеді. Ауылдағы атқа мінерлер мәнсап алар шағында Күре ұлығы на қолда барын аямай пара беріп жағынатын. Жоғары үкімет те оларды бір-бірімен бәсекелестіру, қырқыстыру арқылы өз мақ саттарына жетіп отыратын. Міне, мұндай ащы шындықты ақын жасырмай айтады, айла-құлықтарын көп алдына жайып салады.
Болмаса:
210
Әр руға бір-бір болыс сайлап алды, Гоминдаңға көп пұлымен пайда қалды. Мәнсап талас, жер талас анық қырды, Өтірікке шындай болып нанып кірді.
Бір пайда бір жағынан шыға ма деп, Араға шын бүлікті салып кірді [63, 13-б.].
Ақынның бұл топтағы өлеңдері сын-сықаққа бейім. Мыса лы,«Мысаға» деген өлеңінде: Ассалаумағалейкум, Мыса қазы, Зәңгіболар адамның ақылы азы. Малды беріп ұлықтан мәнсап алып, Елге тыным қоймассың қысы-жазы[63, 158-б], –
деп өз мүддесі үшін барын жұмсап, елді басынған зердесіз зәңгі нің кеспірін келекелейді. Енді бірде байлығы қара басынан аспа ған, қалың қауымға қайыры жоқ байларды да жерден алып жерге салады: Дүниесі көзіне ілінбей-ақ, Қайырымсыз мал доңыздың түгіндей-ақ. Бір тартқан домбыраның күйіндей боп, Ол да кетер бір күні білінбей-ақ [55, 62-б].
Өмірдегі белең алып отырғанкелеңсіздіктерге күйінген ақын жан айқайын білдіріп мұңын шағады. Ел үшін дүниеде тыным тұрмай, Наданға әуре болдым ұқтыра алмай. О, шіркін, жүрегіме бір дерт болды, Болысқа кегім кетті күш қыла алмай.
Көкірегінде сәулесі жоқ жандарға сөзін ұқтыра алмаған, жо ғары жікке күш қыла алмаған кейбір сәтіне ашынып, қабырғасы қайысқан, елі үшін еміренген ақынның бұл өлеңі – мыңмен жал ғыз алысқанұлы Абайдың«қайран сөзім қор болды, тобықтының езіне» дегенін еске түсіреді. Кемеңгер Абайша толғанған ақын халқының тамағы тойғаны на мәз болып тырп етпей ұйқыда жатқанына жаны түршігеді. Тамағың тойғанына масаттанып, Оттың ғой сорлы қазақ ұйқы басып [ 55, 57-б].
211
Ақын мұнда: «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», – деп дана Абай айтқандай харакет қылмай, ой сыз, күйсіз жата берсе, надандық жайлап, өзге елдің шаңына да ілесе алмай, бәрінен құралақан қалып, өмірі өксумен өте береді. Сондықтан өзге дүниеге көз тігіп, серпілу, еңбек ету, өнер-ғылым елеу сонда ғана озық елдер санатына жете алады деп түйіндейді. Өзінің қоғамдық қимылымен де, жалынды жырымен де қа раңғы халқының көкірегіне нұр құйған, екі дүниенің сипатын қатар танып өскен Шарғын Алғазыұлы да 30-жылдардағы асы ра сілтеудің әпербақандары салған зобалаңның салдарынан жан сауғалап елімізге қашып келген халықтың тартқан тауқыметі мен аянышты жағдайларын толғап, әлеуметтік мәселелерді көбірек көтерді. «Шарғын ақын трагедияға толы жағдаяттардың куагері ре тінде сол тұстағы мұң-зарды ерекше әсерлі, аянышты етіп жыр лайды. Ел тозып, үзілмесе шын үміті, Бұл жаққа жосып халық неге өтеді? Анадан бала айырылып екі жақта, Көл қылып көздің жасын сел етеді...
Саналы да сауатты, жігерлі де намысты ақын сол тарихи ке зеңнің қасіретін дөп басып көрсетеді. Сондықтан да Шарғын өлеңдері 30-жылдардағы қасіретті күйзелістің көркем шежіресі секілді [64, 171-б] . Жан сауғалап қашып-пысқан ел жол бойы тонаушы-қарақшы лардың лаңына жолығып, мехнат тартып, мұнда келгенде де бере ке таппайды. Тозған елді тонап, қоқаңдап күш көрсетушілер көп кезігеді. Аралап байқап еді өрдегі елді, Көз көрді талай-талай көрмегенді. Сібе мен қалмақ жолда тонап алып, Қашқын ел төрт аяқтап өрмеледі. Жағалап іле өлкесін барған халық, Жерсінбей безгектен көп өлгендері.
Қайда барса «Қорқыттың көрін» тап болған қашқын қазақтар өте қиын ауырлықты бастарынан өткізеді. Бір жағынан аштық қысса, екінші жағынан ауру қысады. 212
Зәңгі мен ақалақшы алды тағыКесірлі кердең басқан көр кеуделі. Қашақсың, қашып келген қаңғыбас деп, Бойына ешбіреуі теңгермеді. Аштықтан жан сауғалап барған шақта, Көрдік сансыратқан сергелдеңді. Сонда екен жан ашымас ділі қатты, Қамшымен көндіреді көнбегенді... [65 ], –
деп сол кездегі ел басындағы қысым-қиянат пен ауыр азапты ашына еске алады. Жергілікті кердеңдеген кесірлі адамдар ауын келгендерді бойына тағытпай, астамшылық көрсетеді. Араша тү сетін адам да жоқ. Қай заманда да, қай халықта да ақын, жазушы халқымен тағ дырлас, ел жұртымен тыныстас. Біздерді жаратыпсың қазақ қылып, Қорлады қазақ елін мазақ қылып. Ойға барсақ шығады ойранымыз Қырға барсақ қылыштар азап қылып. Қазақты жараттың ба малға ғана, Малды да ол еркіменен малдана ма?! Зор тәңірім, көзіңді салсаң нетті, Қорлық көріп, басқадан зарлағанға [65], –
деген шумақтар әне сондай өз кезеңінде, өз ортасында халқы ның нар кескен намысы мен ар ұжданына айнала білген Шарғын ақынның да жүрек үні еді бұл. Елі мен жерінің оң-солын, ақ-қарасын байыптап саралаған сергек ойлы, сезімі ояу, аңғарлы ақын: О, жалған, құбылмалы сырыңды алдым, Сен кімге мұңыңды айтып сыбырладың? Санадың мал орнына адам демей, Талайын құрбан қылып жұлымдадың. Қойша айдап алдына сап дедектетіп, Құзғындай төбесіне қонып алдың. Құдай да қулар жаққа аунады ма Қойыпты қожайын қып қудың бәрін, –
213
деген жолдар шынайы шындықтан туған жырлар. Ақын сол тұстың қайғы-мұңын барынша әсерлі жырлайды, бүкпей айтады. Аштық пен репрессиядан көрші елге ат басын бұрған қандастардың көрген күнінің бір сипаты осындай еді. Ата-жұрттан ауудың қанщалықты қасірет-қайғы әкелетініне көзің жеткендей болады. Бұдан әрі: О, шіркін, тисе маған есе бір күн, Төлетіп алар едім құнның бәрін. Толмаған аш өзегің осы ма деп, Көзіне құяр едім құмның бәрін...[65], –
деп халық басына зобалаң салған тоқырау заманға кектене, кү ңірене толғайды. Бірақ әділдік жоқ жерде теңдік қайдан болсын. Мұндай келеңсіздікті көретін көз де, еститін құлақта жоқ-ты. Халқының қамын ойлап қамыққан Шарғын ақын жиын-топ тарда, дабыралы бас қосуларда айтысқа түсіп, халықтың мұңын шағып, олардың сүреңсіз ауыр халін, және зұлымдық пен жауыз дыққа қарсы ашу-ызасын ашық айта бастайды. Бұл тұстарда, яғ ни 1939-1940-жылдары гоминдаңның Шыңжаңдағы қанішер би леушісі Шың Шысай еркін ой мен еркін әрекетке тосқауыл қой ып, халықтың ішінен шыққан көзі ашық, көкірегі ояу, ел мұңын айтар зиялы қауым өкілдерін жалған жаламен тұтқындап, басына қатер төндіреді. Бұл алапат зұлымдық Ақыт, Шарғын, Таңжарық секілді халық қамқорларын алдымен іліп әкетері екі бастан бел гілі жағдай болатын. Сонымен Құлжада газет шығарып жүрген Таңжарық Үрімжі түрмесіне айдалса, Шарғын да талай қысым шылыққа ұшырайды. Алайда олар тар қапаста отырып та, ел ба сына төнген қасіреттің қара тұманын, «абақтыдан азапты» жыр арқауы етті. Таңжарық «Түрме халі» атты толғауында: Шәуешек, Алтай, Үрімжіден ұсталған азаматтарды тізіп тұра айтады. Бұл жазылған құжаттай әсер етер өлең жолдары: ...Шәуешектен Қанағат, Әлімғазы, Нұртаза, Қазез кетті келер жазы. Алтайдан Шақаң, Мәңкей, Ақыт қажы, Бұқат бейсі, Зия мен Халел тайжы. Үрімжіден кетті Әбеу тыңжаң, Жүніс, Қожанияз, Баймолла бәрі бір іс. Жүніс қажы, Сатарқан, Мұқаш пенен Қош айтысып дүниеге – бітті жұмыс, –
214
деп зұлмат заманның мезгілсіз құрбаны болған, қинауда өлген, із-түзссіз жарық күнмен қоштасқан, халқының еркіндік теңдігін аңсаған есіл ерлерді елжірей еске алса, Шарғын да: Текестен Ажы менен халық кетті, Қосақтап екі арысты алып кетті. Жалынды Ахметжандай қайран жастың, Бір түнде ішек-қарнын жарып кетті. Бермесе, құдай түбін кім біледі, Балаға ата-ананы зар ғып кетті. Үйінде азаматтар жүре алмастан, Әр жерге жан сауғалап қаңғып кетті. Түріне бұл жалғанның қара жұртым, Ессіз ғып, елдің көңілін дал ғып кетті [65], –
деген жолдар халықтың есінен айырылып, жан-жаққа бас сауға лап қаңғып кеткен мүшкіл әрекеті еді. Жалғыз ғана бас аманды ғын ойлаған елдің басқадай арман аңсары да жоқ ты. Түнде ұйқы дан, күндіз күлкіден айырылған елді үрей билейді. Аяушылықты білмейтін жендеттердің сұмдық әрекетінен шошиды. Ақын деп сол тұстағы Шың Шысай диктатурасының қанды қырғынын барынша айқын бейнелейді. 1944-жылы бүкіл халықтық сипат ала бастаған үш аймақ төң керісінің алғашқы жеңісінен кейін ақын қайта түлеп, орнынан тұ рады. Бойына тың шабыт құйылып, жігері тасиды. Бұл төңкерісті қолдап, құлшына жырлайды. 1949-жылы ел басына коммунистік партияның билігі орнай ды. Шарғын ақын да оны құттықтап, еркін ойдың өрістейтіні не,сенеді. Жалпы халқым ділімен Шын ақиқат сенетін. Ынтымағым нық берік, Табыс қолға келетін [66], –
деп отанын, халықтар бірлігін жырға қосады. Бұл тұста әдебиет пен өнерге қолдау да көрсетіле бастаған-ды. Ал 1957-жылы Қы тай жазушылар одағының Шыңжаң бөлімшесі құрылған кезде, оның алғашқы жоба мүшелерінің бірі болды. Осы тұста ол сол өңірге арнайы сапармен барған Ғабит Мүсіреповпен танысады. 215
Бұл оның шығармашылық жолына үлкен серпін береді. Осы жыл дары ақын Текестен Құлжа қаласына көшіп келіп, Іле қазақ авто номиялы облыстық саяси-мәслихат кеңесінде қызмет істейді. 1958-жылы белең алған«оңшылдарға», «жергілікті ұлтшыл дарға қарсы» күрес кезінде көптеген саналы, ұлтжанды азаматтар әсіресе ақын-жазушылар қақпайға ұшырайды.Кейбіреуі тұтқын дала бастайды. Бұның арты үлкен апатқа апарып соғарын жақсы білген аңғарлы ақын 1959-жылы Қазақстанға келеді. Бұл ақын ның жасампаздығында өзіндік үні, беті бар, жалынды да кемел кезеңі еді. Мұнда келген соң да ақын жүрек жарды ойларын ақ тара жыр жазады. Соның күәсі секілді «Атамекен», «Шалкөде» толғаулары туды: Жер қайда Шалкөденің саласындай, Ішіктің құндыздаған жағасындай. Ақтастан көзің салсаң тұз көліне, Ортада қатық құйған шарасындай. Тастары түзу, қисық екі ақтастың, Жарқырар сұлулардың танасындай. Көк майса желкілдеген жағалауы, Үлпілдер ақ үкінің баласындай, –
деп табиғат сұлулығын тамсана жырлайды. Осылайша ақтық демі біткенше саналы өмірін қазақтың өлең өнеріне арнап, қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-көркем ой-сананың өсуіне елеулі үлес қосқан, сөйтіп, Қытай қазақ әдебиетінің көшін бір белге шығарысқан талантты ақын, ағартушы Шарғын Алға зыұлы 1988-жылы Алматы облысының Райымбек ауданында 86ға қараған шағында жарық дүниемен қоштасты. Қытай қазақтары тарихында демократиялық бағыттағы азат әдеби ойдың өрістеуіне, орнығуына белсене ат салысқан Шарғын ақын осы күнге дейін белгісіз болып келгені болмаса, беріп кет кені мол еді. Алайда оның көбі аумалы-төкпелі ауқымға байла нысты жоғалды. Барларының өзі әлі күнге толық жинақталмады. Бүгінгі күнде Іле өңіріндегі жастары жетпіс пен сексенге жеткен қариялардан: «Шарғын мынадай өлең жазып шығарған, ол па ленмен айтысқанда, қарсыласына тап бергенде былай деп айтып жеңген», – деп Шакеңнің өлеңдерін жаңылмай жатқа айтатындар бар екен. Міне, бұл халқымен тағдырлас, мұңдас тарланбоз ақын ның халық жүрегінен мықтап орын алғаны көрсетсе керек. Яғ 216
ни халықтық сарынмен өзектесіп жататын терең ойлы, көркемдік сапасы жоғары өрелі жырлары халқының санасына сіңіп, бірге жасап келеді. Шарғын өлеңдері алғаш үш аймақ төңкерісі кезінде үш аймақ уақытша үкіметінің орган«Алға», «Төңкеріс таңы» газеттерінде және «Одақ»журналында жарияланған. Кейін «Шынжаң газеті», «Іле газеті», «Шыңжаң әдебиет-искусствасы» қатарлы басылым дарда да бір топ өлеңдері жарияланған.1957-жылы өлеңдер жи нағы баспаға ұсынылған болса да, кейінгі аласапыран жағдайға байланысты басылым көрмей, сол бойы ұшты-күйлі жалғаса ды. Арада талай қым-қуыт, заманды өткеріп барып, 1992-жылы «Көш-керуен» [67] атты тұңғыш жинағы Алматыда жарық көрді. Шарғын ақынның өлеңдері өз заманының келбетін, шынды ғын көркем ой, кестелі тілмен қаз-қалпында бейнелейді. Ақын шығармашылығы ел тарихының көркем сипаттамасы, қазақ өмі рінің өнердегі айнасы іспетті. Шарғын шығармалары көбінесе сол дәуірдің саяси-әлеуметтік талабына сай, қазақ халқының на шар хал- күйін, көрген қорлығы мен тартқан азабын, мұң-наласы мен арман-мұратын бейнелеуге бағышталып, халқының болаша ғы, тағдыры үшін толғақты ой кешкен азамат ақынның шынайы жан айқайын білдіреді. Қысқасы, Шарғын ақын да – демократиялық идеяның даму ына үлкен үлес қосқан озық ойлы, өресі биік, ақын. Шығармала рының көркемдік-эстетикалық өресі жоғары, тәрбиелік маңызы зор, өміршеңдік қуаты күшті. Халқымыздың өмірінде өшпестей терең із қалдырған небір қиын да қилы замандар көп болғаны тарихтан мәлім. Ең соңғысы XX ғасырдың бас кезінен басталатын тауқымет. Осы аумалы-төк пелі заманда тағдыр талқысына жастай түсіп,қатігез өмірге илік пей, кер заманға кектеніп, оның әділетсіз нормаларын сынап, хал қының қасірет-қайғысына ортақтаса білген талантты тұлғаның бірі – Көдек. Өзінің азатшыл, отты жырларымен әлеуметтік мәсе лені көбірек қозғаған, осы арқылы Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасып, өсіп-өкрендеуіне елеулі үлес қосқан өнер иесі. Қысқа ғұмыр кешсе де, артына өшпес мұра қалдырған Көдек Ма ралбайұлы ақындық табиғаты жағынан өзіндік өрнек бояуы, өзіндік үні бар, сыншыл да шыншыл әрі мұңшыл, табиғи төкпе ақын. Ақын 1888-жылы Қазақстанның Алматы облысы бүгінгі Рай ымбек ауданына қарасты Шалкөде деген жерде дүние есігін аш 217
ты. Көдектің өз әкесі – Байшыған. Көдек туылғанда атасы Ма ралбай тірі екен. Немерелерінің алды болғандықтан, қазақ салты бойынша Маралбай Көдекті бауырына салып алып, «Көдек Ма ралбайұлы» атандырады. Маралбай бай да, мәнсапты да болма ғанымен бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын, сарабдал кісі бол ғандықтан жасынан зеректігі, алғырлығы байқалған Көдекті сол қабілетіне орай елге үлгілі етіп тәрбиелеуге көңіл бөліпті. Қайда жиын-той болса, үлгі алсын деп немересін бірге ертіп барып жү ріпті. «Маралбайдың кемпірі Мазина әже дулат руының жаныс тайпасының қызы еді. Ол кісі жалпы көріпкел әулиелігі бар, тұла бойы қадір-қасиетке, шапағат-нұрға толы кейуана болған көріне ді» [68, 9-б.]. Жас кезінде қара өлеңді қайық қып мінген Мазина баласына айтыс өлеңдері мен шағын қисса-дастандарды айтып берумен бірге өзінен бұрын өткен ақын-жыршылар мен шешен дердің өлең-тақпақтарын жаттатыпты. Көдектің шыққан тегі – ұлы жүз үйсін ішінде албан, оның ішінде айтруының сүйіндік деп аталатын атасынан тарайды. Осы Сүйіндік деген кісі заманында от ауызды, орақ тілді, айтулы ше шеннің бірі болған. Сол Сүйіндіктен тарайтын ұрпаққа ақындық, шешендік өнер мықтап дарыған. Жоқ дегеннің өзі бұқпа-қағыт па қалжың сөзге шебер, жатып атар болған. Сондықтан исі албан руы ішінде «сүйіндіктің сүйкемесінен сақта» деген нақыл сөз де сақталған.«Ата көрген оқ жонар» дегендей сол сүйіндік тұқымда рынан болған Көдектің өз әкесі Байшыған да, атасы Маралбай да көмейлеріне өлең-құс ұя салған, өз дәуірінің белгілі айтыс ақын дары болған, олар қайда сөз сайысы, өлең жарысы болса содан та былған. Осындай қанға сіңген қасиетті өнер, атадан балаға қалар дәстүрлі салт бала Көдекке де ықпалын тигізген. Демек, осындай өнер дарыған орта мен өнерлі отбасынан үлгі алуы Көдектің тегін телқоңыр еместігін айғақтаса керек. Бұл Көдектің тіке өз қанындағы қасиет тұрғысынан айтылған сөз болса, Көдектің ақындық өнерге бет бұруының екінші бір не гізі немесе оның сусындаған сарқылмас қайнар бұлағы өз ұлты ның бай халық ауыз әдебиеті болды. Он бірден он екіге сырғанадым, Ақылды жақсы-жаман шырғаладым, –
деп ақынның өзі айтпақшы, ойын баласы кезінен-ақ өз айнала сындағы ақындардың, шешендердің сөз өнерін бағып, өзінің оң 218
ды-солын парықтай алатын дәрежеге жеткен әрі өзінің ақылды, зеректігін танытқан. Бала кезінде түрлі себептердің салдарынан мектеп бетін көр меген. Тек он үш жасқа келгенде өз жамағайыны Мұқайдан «әліпбиді» үйреніп, сауатын ашқан. Осыдан кейін ол бұрынғыдан да көзі ашылып, ел ішіндегі ертеден келе жатқан қисса-дастандар ды, өнегелі жазба кітаптарды оқып, көңіл сарайы онан ары ашыла түседі. Өз алдына өлең құрап жазатын болады [69]. Көдек есейе келе, қоғам дертін, тағдыр тауқыметін көп тарт ты. Көдек басынан кешкен осы ащы-тұщы тағдырлар оның да рынды ақын болып жетілуінің тағы бір негізі, қоғамдық қайнары еді. 1916-жылы Жетісу жеріндегі Қарқара көтерілісі патшалық Ресейдің қанды қырғынына ұшырап, оған қатысушылар қудала на бастағанда, осы көтерілістің бел ортасында жүрген Көдек те ауа көшкен босқын елмен бірге Қытай шекарасынан бері қашып өтеді. Ел басына төнген осы бір трагедиялы ауыр халді ақын өзі нің«16-жыл туралы» дастанында әдемі бейнелейді. 1917-жылы кеңес өкіметі орнап, ақ патша аударылыпты. Ел ес жиып, теңдік ке қолы жетіпті деп естіп, елеңдеп қопаңдаған бір бөлім босқын жұрт қайадан көшкенде, солармен бірге топ басында Көдек те ке леді. Ауылдық кеңестің төрағасы болып істейді. Бұл мезгілдерде ақын кеңес үкіметін жырлап «Мұғалімдерге», «Кеңес» қатарлы өлеңдерін жазса, тағы бір жақтан шаш ал десе бас алатын солақай асыра сілтеушілерді шенеп өлең шығарады. 30-жылдарға келгенде, әсіре асыра сілтеу күшейіп, елдің бас көтерерлерін қуғын-сүргінге салу, атып-шабу, кәмпескілеу ас қына түседі. Осы қатарда ақын Көдек те «кеңес үкіметіне қарсы шықты » деп айдар тағылып, Сібірге сүргінге айдатпақ болғанда, туған жерінен бойтасалап кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп, ол тағы да Қытай шекарасынан жасырынып өтіп, үй ішімен Іле облысы Моңғұлкүре ауданының Ақдала ауылына тұрақтайды. Ол туралы ақын: Бұл жаққа жанымды алып өтіп кеттім, Орыстың ілінген соң жаласына-ай. Ойладым аманымда кетейін деп, Тура келмей тұрғанда жазасына-ай.
219
Шошаңдап ақырында қашып тындық, Мал-жанды қарақшыға тонатып-ай. Келдік те Ат тауында тұрып қалдық, Не күй бар жайлы қоныс шолатындай –
деп толғайды [64, 153-154 б.]. Көдектің осыдан кейінгі өмірі де онша мәз болмайды. Өйтке ні бұндағы әділетсіз өкіметтің озбыр саясаты «қашқын-босқын» елді де едәуір әуре-сарсаңға түсіреді. Алайда құбылмалы заман ның қыры мен сырын, дәуір ауқымын сараптай білген өр мінез ді, өжет ақын қытымыр қыспаққа мойынсұнбай барынша ширап, отты жырларын селдетеді. Тұтас Іле өңірін – Іле-Текес, Қас-Кү несті аралап ақындығын ұштай түседі. «Бұл заман»,«Кең Текес», «Сасан ауылына барғанда», «Жауап хат», «Тұрғын елді аралау» қатарлы алуан тақырыпты толғаулар жазып, ондағы халықтың аянышты халін, азапты тіршілігін жырына арқау етеді. Оларды оянуға, бас көтеруге шақырады. Осы арқылы өзінің шыншыл да сыншыл реалист ақын екендігін әйгілейді. Көдек Маралбайұлы 1937-жылы науқасқа шалдығып, көп ұза май халық арасында жүрген бір емшінің алмаспен қате емдеуінің салдарынан Текестің Мыс деген жерінде 49 жасында жарық дү ниемен қоштасты. Байқап отырсақ, Көдек ақынның өлімі дәл Әсеттің тағдыры на ұқсайды. Көдек мұраларын жинаушы, ақын Талыпбай Қабаев: «Әсет әндерінің бір шырқалып жатқан тұсында, ауылымыздың ақсақалы Сыман деген кісінің : – Дүниеде екі сорлы ақын бар,-дегені әлі есімде. – Ол кім? – Неге? – дескендерге ол кісі: – Әсет ақын өлерінде: «дүниеде менен сорлы ақын бар ма, бір сөзі баспасөзге берілмеген», – деген еді. Көдек ақын да осы Әсет сияқты Ресейде де бағы жанбаған болатын. Мұнда да жетісіп өл ген жоқ сорлы», – деген [70, 127-б.], – деп жазады. Көдек шығармалары өз заманында, одан кейінгі жылдарда да ешқандай басылым көрмеді. Көбірек ел көкейінде жатталып қалды. Оның халық жүрегінен жол табуының басты себебі де ақындық қуаты мен сол қуатты тудырған өміршең жырларының болғандығы еді. Халық арасында бояуы өшкіндемей, таза күйін де сақталып келгендіктен ақынның бір бөлім мұралары бір ізге 220
түсіп жинақталып, 80-жылдардың басында ғана баспа бетін көре бастады. Бұл игілікті жұмысты атқарған ақынның өз ұлы Айтуған мен белгілі ақын, баспагер Талыпбай Қабаевтің еңбегін айрық ша айтуға болады. Міне, осы кісілердің жинақтауы арқылы 1984жылы Шынжаң жастар- өрендер баспасы жағынан «Көдек» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Сонан 1988-жылға кел генде бұл кітап ақынның кейін табылған бірқатар өлең, толғаула рымен толықтырылып, екінші рет қайта басылды. Осыданк ейін де табылған бірқатар туындылары баспа бетінде жарияланды. Көдек – өлеңге ерте келген, ақындық таланты ерте қалыптас қан ақын. Айтуған Көдекұлының мәліметінше, ақын 7-8 жасынан бастап өлең шығара бастаған. Он екіден он үшке адымдадым, Атымды өзім ерттеп жабындадым... Той болған тамашалы жерге барып, Өлеңге сол кезімнен ағындадым, –
дегендей, ақын әуелі 13 жасынан бастап өнер сайысы болған айт ысқа да араласа бастапты. 13 жасынан, яғни 1901-жылдан бастап есептегенде Көдек ақынның 34 жылдық жасампаздық тарихы бар. Өкінішке орай, ақын мұрасынан бізге жеткендері сан жақтан онша мол емес. Осы туындыларының өзі-ақ Көдектің ақындық өнердегі таланттылы ғын, қуаттылығын айғақтайды. Ақын шығармалары: іліп-қақпа өлеңдер, толғаулар, дастан дар, жоқтау-дауыстар сияқты түрлерге жіктеледі. Көдектің бала кезіндегі өлеңдері көбінде тық етпе, әзіл-оспақ негізіндегі бір-бір шумақтан аспайтын қысқа, бірақ нысанаға дәл тиетін қағытпа, ұрма өлеңдер болып келеді. Ат жалын тартып мі ніп, балиғатқа тола бастағанда өлеңдерінің бет-бағдары әлеумет тік-азаматтық тақырыпқа ойысады. Ақынның іліп-қақпа өлеңдерінің бәрі негізінен ауызша әрі белгілі бір әлеуметтік жайға сәйкес туған, яғни барлығының да нақты шығу тарихы, кейінің тіпті прототиптері де бар [70, 138б]. Бұл – ақынның сөз тапқыштық, тапбермелік сынды ақындық қуатын әйгілейтін жырлары. Мұндай өлеңдерінен отыздан аста мы бізге жеткен. Бұл өлеңдерде өмір құбылысының ең мәндік қа сиеті шоғырлы жинақталған болып, қалжың-қағытпа мен әшке релегіштік басым жатады. 221
Болыстың бөркі жақсы шашақталған, Атыма шөбі тұрып, қашақ салған. Берді ғой бидай майлап қонақасыға, Болама бұдан артық аш аттанған. («Бір болысқа»)
Осы төрт жол өлеңнің өзінен-ақ дүниеқор болыстың жағым сыз бейнесі елестесе: Құртқа-мамай, Отырмын ақ суыңды ұрттай алмай. Жүз үйден бір қайнатым шай шықпады, Жүр едің қайтып байғұс жұртта қалмай!? –
деген бір шумақ өлеңінде алмағайып ауыр күндердегі елдің жа дағай тұрмысы мен ақынның жанашырлық, аяушылық сезімі бей неленіп тұр. «Ақмарқаға» атты өлеңіндегі: Ақмарқа аққу құстың мамығындай, Терісі піскен алма қабығындай. Ақ бетің, айдай көркің, қара шашың, Пері мен періштенің аруындай. Ақмарқа саған көздің майы кетті, Сағынып түнде ұйықтамай зарың өтті. Сарылып сені іздеп табамын деп, Мойнынан боз айғырдың жалы кетті, –
деген жолдардан Ақмарқа деген ару үшін байыз таппаған бозба лалық ынтық көңіл мен сағыныш лебі еседі. Көдек – қысқа жырдың қырпулы ақыны. Оның іліп-қақпа өлеңдерінде қысқалықпен қоса нұсқалық та бар. Бұлар ұтқыр да ұрымтал, ойнақы, көкейге қонымды болып, ақындық шеберлік пен тапқырлықты танытады. Ат жалын тартып мініп, есейе келе, ақын қаламынан әлеу меттік өмірдің бар саласын қамтыған азаматтық, лиро-эпикалық жырлар төгіледі. «Қайынға барғанда», «Бұқараға барып қайтқан да» атты дастандар мен бірнеше кең тынысты, мақамды толғау лар жазады. Кезінде әскер Тойғанбекұлының: «Көдек өлеңдері-өз дәуірінің 222
айнасы. Ақын өлеңдерін оқып отырғанымызда, әр жыл, әр тап, жай бұқараны да, тіпті өзін де көруге болады. Замана да, ел басынан кешкен күндер де мен мұндалап шұбырып өтіп жатады. Әрқайсы сын дәл таразылап, өзіндік бағасын, келбетіне шақты жарасымды қалпағын кигізе, шапанын жаба білген [71, 60-б.], – деп жазады. Көдек өлеңдерінде өзі жасаған дәуірдің қоғамдық бітімі ай қын бедерленді. Ақын заманның сыр-сипатына үңіле отырып, оған өзінің тұрғы-танымдарын, байламын байыптап айтуды дәс түр тұтып, замана сыры, қорлық пен зорлық көріп, азып-тозған ел жайы, халықтың мұң-наласы мен ыза-кегі, арман-мұратының айнасы іспетті көркем туындылар жазды. Көдектің шыншыл да мұңшыл әрі көпшіл ақын болатыны сол-сонау Ресей патшалығы мен қара түнек Қытайдың сол кездегі кербақпа, зорлықшыл саясаты мен елдің басына төнген ауыр да, мүшкіл халын бүкпесіз көрсетумен бірге, барша халықтың мұ ңын мұңдап, жоғын жоқтай білді. Ол әсте жеке басының күйін шерткен ақын емес. Мысалы, «Албан тарихы» деген толғауда: Қазіргі патшаның заманының, Тоғайдай өртең шалған әрі кеткен. Ордалы жыландай боп шағып отыр, Халыққа қысымы мен зәбірі өткен.
Немесе:
Қараған патшаға елді көрсең, Тоғайдай өртең шалған әрі кеткен. Қыршаңқы қызыл шұнақ ат сияқты, Сымпиып құйрығы мен жалы кеткен, –
деп «халыққа қысымы мен зәбірі өткен» патшалық Ресейдің отар лау саясатының қиянатын танып, еңсесі түскен қалың қауымның ауыр халын дәл бейнелесе, ақындық биігі мен азаматтық болмы сын танытар тарихи туындысы «16-жыл туралы» дастанында: Ақ патша әділеттен тайғаннан соң, Соғысқа бала бер деп қылды пәрман. Өлсек те бұған бала бермелі деп, Қырылды қарақолда өңшең бағлан. Басшыдан ақыл табар айырылған соң, Сандалып, бұқарадан кетті дәрмен…
223
деп көтерілістің шығу себебін, патша өкіметінің озбырлық саяса тының кесірінен көп ел басшылары мен жергілікті азаматтардың қызыл қырғынға ұшырағанын дәл көрсетеді. Бұл нәубеттің кесі рінен тек қазаққа ғана емес, көршілес қырғыз елінің де көргенін тілге тиек ете отырып, сол тұстағы халықтың көргенін тарата тү седі, әрі болған шындықты ауытқымай, қаз қалпында суреттейді. Ол былай дейді: Қырылды Қарақолдың түрмесінде Кемеңгер жұрт бастаған саңлағым-ай. Басшыдан ақыл табар айырылған соң, Албанның бекер босқа сандалуы-ай.
Міне,елді бастаған ерлерді Қарақол абақтысына жауып, көз дерін құртады. Екіншіден, көтерілісті желеу етіп кез келген бұқа ра халыққты қырады. Мұндай oзбырлыққа шыдамаған көп адам дар ата-мекендерінен ауып кетуге мәжбүр болады. Атқылап кез келгенін қырғаннан соң, Шыдамай қашып кеттік зардабына-ай, –
деп әділетсіз өкіметтің қысымынан босқын болып ауа көшкен ел дің тартқан тауқыметі мен шеккен азабын ет жүрегі езіле отырып толғайды. Бұл кездің жағдайын зерттеуші Д. Мәсімханұлының сөзімен айтсақ: Қытайға барған қашқын-босқынды былай қойып, ондағы жергілікті ағайындардың да жетісіп отырмағаны белгілі болатын. Яғни, ол кез әділетсіз үкіметтің жергілікті билеушілері мен олар дың қазақ қолшоқпарлары халықты қанау мен езгіні ең бір асқын дырып тұрған кезі еді [68]. Сол бір нәубет жылдардағы халықтың басына қара бұлт үйіріліп, күйзелісті күй кешіп отырған жадағай тұрмысын ақын «Кең Текес» атты толғауында: Меншікті жер мен судың иесі бар, Кедей мен кембағалға жер жетпеген. Қысы-жаз, күндіз-түні тыным алмай, Өмірі барады өтіп бейнетпенен. –
дегендей кедей-кепшіктердің тұрмысы ауыр екені шындық еді. Қалт-құлт етіп әрең күнін көріп жүрген қарашалар көп болатын. 224
Осылардың бәрі ақын жіпке тізгендей етіп көзалдыға әкеледі, оқиық: Күйі ауған нашар байғұс толып жатыр, Кетіпті есеңгіреп шығынменен. Күн қақты қарашалар көп- ақ екен, Жылқының жауырындай шыбын жеген, –
деп мейлінше шынайы суреттейді. Сол тұстағы әділетсіз өкімет қашып барған жұрттың да тұрмысын едәуір тұралатып, оларды әбден титықтатқаны белгілі. Мұны да ақын жасырмай айтады: Үйі жоқ қашып елген қашқын байғұс, Қыстағы шыдамады борасынға-ай. Жер қазып, суыр құсап кіріп алған, Жапасы үш сиырдың қорасындай. (Бұл заман)
Зорлық-зомбылықтан қашып- пысып барған елдің халі осын дай. Әуелі көп нәрседен шектеліп те, шеттеліп те, қолындағы ба рын талатып та күнкешеді. Тіпті жергілікті өкіметке арқа сүйен ген парақор пысықайлар ауған елді олжалап қалуды мақсат етеді. Талаудан тәуір атың аман келсе, Сұратып мәнсаптылар алатын-ай. Қолынан сұрағанға бермей қойсаң, Алатын шабарманға сабатып-ай [1, 23-б.]
«Басқа түссе баспақшыл» демекші, мұндай астамшылыққа да, жоқшылыққа да шыдайды. Жабырқап жүріп жанын бағып, күнін көреді. Сондықтан да ақын: «Жүргенде мұртқа өкпелеп, сақал шықты», Мұнысы жақсылық па, сұмдық енді. Ел болмай осы бойдан кетер ме екен, Қолына тимей тізгін, шылбыры енді?! –
деп елінің ертеңін ойлап қабырғасы қайысады. Кеңес үкіметінің қорлық-зорлығынан қашып, Қытайды паналап келгендегі көр ген күні мынау болғанда, бүтіндігі бөлініп, торғайдай тозған ел қайтадан басы қосылып, өз тізгініне өзі ие бола ала ма дегенге өзінің күдік-күмәнін да жасырмайды. Ауған елдің ауыр тұрмы 225
сын көзімен көріп, өзі де басынан кешірген ақынның жаны жай таппай күйзеледі. Алайда талай құқайды басынан өткерген аң ғарлы ақынның пайымдауынша, кер заманның кереғарлығы мен зұлымдығына, илігіп, «шықпа жаным шықпамен» тіршілік етіп жата берсе, зұлымдықтың мәңгілік құлы болып, өмірі өксумен өте береді. Сондықтан: Оңайлықша бұл азап арылмайды, Нөсер бұршақ алмаса сел бол келген, –
деп тек етек-жеңін жинап серпілгенде, бел шешіп, білек сыбанып бас көтергенде ғана азапты өмірден арылып, еркіндік, теңдікке қолы жететіндігін айтып, жатпай-тұрмай насихаттайды. Көдек ақын қандай тақырыпқа келсе де баяғы өзінің шыншылдығынан таймаған. Өктемдік пен келеңсіздікке кектеніп, оны сынаған, елім деп еңіреген тұстары көп.«Көзден жас, көңілден шер кетпеген» елдің күйі мен жан азабын жете түсініп, заман мінезін айыптауды басты нысанаға айналдырған. «Көдек ақынның тағы бір қыры – сын-ысқаққа бейімділігін де. Ол сын семсерін қулардың сұм-сұрқиялығына, зорлықшы лардың асқақ астамшылығына қарсы сілтейді [1,47-б.]. Әділетсіз үкіметтің жергілікті қол шоқпарлары – ауылдағы ел басқарған атқамінерлердің жағымсыз мінез-құлық, бейне-портрет, іс-әре кеттерін уытты тілімен түйрейді. Мәселен, «Сасан ауылына бар ғанда» атты толғауында болғанмен сырты бүтін, іші түтін Сасан ауылының сыр-сипатын өзек ете отырып, сол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын айшықты бейнелейді. Осы ауылдағы мән сап пен байлыққа мастанған «азулы, аты шулы» ел билеушілерін бір-бірлеп таныстырып, олардың жағымсыз образын жасайды. Дәулеті атасынан үзілмеген, Шұбар төс, шыншыр балақ шонжарың жүр. Әлсізге әкіреңдеп, байға шұлғып, Азулы, аты шулы шомбалың жүр. Семірген жуан қарын Нүкежанды, Бір жылқы әрең тартып, зорға алып жүр, –
дейді. Байлыққа мастанғандардың кеуделері көтеріңкі. Олардың өздерін былай қойғанда алып кел, шауып кел шабармандарының да айдарына жел еседі. 226
Бір-екі шабарманын мен де көрдім, Елінен жүйрікпенен жорға алып жүр. Біреудің пален атын әкел десе, Еріксіз ұрады екен шалманы бір. Ырысқұт соятұғын керек болса, Ілінген қой-сиырға қармағы жүр. Біреудің қора-жайын былай алып, Әркімге тиген екен зардабы бір.
Әлсізге әкіреңдеуді әдетке айналдырған «шынжыр балақ, шұбар төс» жуан жұдырықтардың сиқы осы. Олар қара халық қа аяушылық ету дегенді білмейді. Істейтіні зорлық пен қастық, ойлайтыны баюдың, пара алудың амал-айласын жасау. Тіпті осы лардың бұйрық-жарлықтарын орындайтын, шаш ал десе, бас ала тын шабармандардың халыққа жасайтын ылаңы, әуре-сарсаңы да аз емес. Олар-жүрген жерлерінде шу-шұрқан шығарып жүретін қыңыр-қисық жырындылар. Біреудің астындағы аты, қорадағы қойы, басындағы үйі, қапта ғы тарысы – бәрі әкіреңдеген әкімдердің ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Жұрттың ыза-кегін қайнататын бұларға ақынның әжуа, мысқыл, өткір сын семсерін түйрейтіні сондықтан. Ұлықтан мақсұт мығым жолықты деп, Елінің бәрі жылап, зар қағып жүр. Табанды бай кісідей маңызды емес, Секілді жемір сиыр жалманып жүр.
Елін зар жылатқан қара жүрек, аранын ашқан тойымсыз ұлық тың сиықсыз кейпін «жемір сиырдай жалманып жүр» деп ащы әжуамен келеке етеді. Енді бірде: Бір ауыз сөздің жөнін айтар болсаң, Қақбасқа қамшыменен салғалы жүр. Шалағай, шатынаған мінезі бар, Ішіңді ашуланса, жарғалы жүр, –
деп «шатынаған мінезі бар» қоқаңдаған залымдардың, қатігез қи тұрқылығын мінейді. Мұндай әшкерелеу мен мінеп, шенеу «Кең Текес» атты толғауында да қомақты орын алады. Мысалы:
227
Заманын бұ дутыңның көріп едік, Еңбегін бұқараның сіңірмеген. Шабарман шеріктері жүргенінде, Жылқыда ат қалды ма мінілмеген. Жарлының жалғыз атын мініп алып, Арқасы жауыр болып іріңдеген.
Не:
Бір ауыз сөз қайырып жауап айтсаң, Ылындың бір пәлеге қырын келген. Нашарға өте-мөте қырын келіп, Кім қалды ол уақытта сүрінбеген? Тоңқайтып дүре басып кетуші еді, Биенің құйрығындай құлын жеген. Жаныңды ұрған сайын шығаратын, Бұзау тіс қамшысымен жұмыр келген, –
деген жолдарға ешқандай түсініктің қажеті жоқ. Зорлыққа заңтүзім арқылы шектеу қоймаған елде осындай дөрекі іс-әрекеттер үнемі болып тұрған. Ойларына келгенін істеп, барлық ақыл-айласын қара басы ның қамы үшін жұмсайтын зорлықшыл жуандардың халықты қан қақсатып, әбден ығыр еткен оспадарлығы мен рақымсыз жауыз кеспірін уытты сатиралық серпінмен ашады. Демек, талданған өлеңдерде «ақырған мансаптының да, асқан озбыр байлардың да образы бар, зорлық-зомбылығы бар, алдапарбауы бар. Ал кедей қауымның қасіретке толған аянышты өмірі бар. Ақынның оларға болған ыстық аяушылық сезімі бар» [70, 23-б.]. Көдектің ақындық ерекшелігі жағына келер болсақ, оның өлеңдерінде төкпелік басым болып ұйқас, екпін, ырғақ жақтан біркелкілік сақтап, үндестік тауып отырады. Көдек негізінен он бір буынды қара өлең мен жеті-сегіз буынды жыр үлгісін қолда нады. Алайда ақын өз өлеңдерін бастан-аяқ бір не екі ұйқас түрі мен ғана шектейді. яғни ол алған ұйқастар төрт жолмен аяқталып отырмайды. Айтайын деп отырған ойынан бір түйін түйіп барып қана, басқа ұйқасқа ауыс «жауап хат» деген толғау өлеңінің ұйқа сының өзі «мал басың- ай», «шалмасын- ай» деп басталса, аяғы «олжасын-ай» деп ақсамай не басқа ұйқасқа орын ауыстырмай бір ұйқаспен аяқтайды. Бұл жағынан Таңжарықпен үндесіп жатады. 228
Таңжарық та әсте ұйқас шектемесіне ұшырамайды. Бастан-ақыр бір ұйқастың түрленуі, құбылуы арқылы өлең жолдары барған сайын тасқындап, кідіріссіз, үзіліссіз, ақаусыз шығады. Ұйқасқа бола ой сарынынан айрылмайды.«Ақын сыры» деген өлеңінде Таңжарық мағынасы ұқсамайтын, дыбыс үндестігі жақын сөз жә не сөз тіркестерінен 41-ін тарығып та, зорланып та жатпай орнын тауып шеберлікпен қолдана білген. Бұл іліктестікті ақындық ор тадағы көркемдік дәстүр жалғастығынан бөле қарауға болмайды. Бастапқы үлгісі фольклорлық жырлардан бастау алар тәсі екені белгілі. Көдек өлеңдері – ағысы қатты өзендей тасқындап, буыр қанып өз арнасынан асып төгіліп жататын, ұйқасы шымыр, тілі жатық, құрылымы берік сұлу поэзия. Сондықтан: Көңілі тұнық кісі әбден байқар, Сөзімнің алтын сырлы бу екенін, –
дейді ақын өзі де. Өзінің қысқа ғана ғұмырында отты өлеңімен артына құнды мұра қалдырған, арынды ақын – Асылқан Мың жасарұлы да өз дәуірінің шындығын бейнелеуде, әлеуметтік мәселелерді көтеруде белсенділік танытты. 1893-жылы қараша айында Іле қазақ облысына қарасты Нылқы ауданының Мыс де ген ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген Асылқан ның жалпы бала күнінен-ақ жағдайы мәз болмаған.Үш жасында әкесі, жеті жасында шешесі қайтыс болып, жастай жетім қалады. Тек көкірегіояу ұлы әкесі Беспайдың етінің тірілігінен кем, қор болмай тәрбиеленеді. Әрине, заманның қиындығы қашан болма сын, ең алдымен жетім-жесірдің желкесіне түседі емес пе?! Көп ұзамай ұлы әкесінен де айырылған Асылқан күн көріс үшін Бес байдың басқа балаларымен бірге жеті жасынан бастап кісі есі гінде жалшылықта жүріп, өзгелердің қозы-лағын, бұзауын бақты. Кейін нағашы атасының қолына барып екі жылға жуық ескіше оқу орайына ие болады. Сегізден өтерде ауылдағы үлкен ғұлама Ырғызбай деген қазыдан сабақ оқиды. Ол қаршадайынан өте зе рек, алғыр болды да, он жасында араб, парсы, түрік тілдеріндегі кітаптарды түсініп оқи алатын дәрежеге жетеді. Бұл туралы ақын «Өмір туралы» өлеңінде: Тоғыздан енді айланып онға келдім, Ой тоқтап түзу жүрер жолға келдім.
229
Араб, парсы, түрікше тілді біліп. Он жаста үш хаты бар молда болдым [72, 697-б.] –
дейді. Осылайша қағілез, естиарлығымен танылған ол ұстазы ның ұсынысы бойынша он екі жасында өз ауылының балаларын жиып оқытады. «Бала молда», «бала ақын» деген атымен ауыл арасына атағы жайылады. Асылқан он бес жасқа шыққанда, сол кездегі Іледегі қызай руының беделді ақылшысыҚадірсізге хат шы болады. Осы барыста ел аралап, жер танып, көп нәрсенің сы рына қанығады. Өмірмен терең араласып, көз аясы кеңиді. Сол тұстағы мешеу қазақ сахарасындағы келеңсіз жайттерді, қымқуыт қайшылық қақтығыстарды, жер дауы, жесір дауы сынды дау-шарлар мен би-болыстардың арасындағы құқық, мұдде тала сын көреді. Осымен өзектесіп жататын үкімет пен ұлықтардың ішкі сыр-сипатын байқайды. Міне, бұлар ақын шығармаларының туындай түсуінің қоғамдық шарты болады. 1916-жылы Текес ауданының Қаражон деген жайлауында болған үлкен, дабыралы аста Асылқан атақты Әсет Найманбайұлымен жүздеседі. Әсет те Асылқанның ақындық өнеріне айрықша сүйсініп, ықыласын біл діреді. Дуалы аузынан: «жеткелі тұрған жетелі бала екен», – деп орынды бағасын береді. Сол ас үстінде Асылқан «ат шабыс» атты дастанын шығарады [73, 19-б.]. Асылқан Мыңжасарұлы 1918-жылы небәрі 25 мүшел жасын да қастандыққа ұшырап қайтыс болады. Ақын жасаған дәуірде қазақ шонжарлары мәнсап алар шағында сол тұстағы Іленің би лік органы тұрған Күреге (қазіргі Қорғас ауданында) барып, он дағы ұлықтарға пара беріп жағынатын. Күредегі ұлықтар да кім құлқынына көбірек құйса, алтын, күміс, жамбыны кім көп берсе, соған мәнсап беретін. Асылқан Әділқайыр болысқа ілесіп Күреге барғанда, Күре ұлығының осы әділетсіздігін көріп: Күреде съезд ашып кеңес құрдың, Жиып ап би-болысты егестірдің. Жамбыны көп бергенге мәнсап бердің, Ұлық-ау, тура билік емес мұның! –
деп айыбын бетіне басып, өлең шығарады. Бұл өлең құлағына жеткен ұлық барынша уыттанып айтыста жеңіп, болыстық алған Әділқайырды да, Асылқанды да қастандықпен мезгілсіз мерт қы лады. Ақын көз жұмар алдында: 230
Жиырмаға келгенде, Шынарың кетті-ау үзіліп. Ақ қағаздың бетінде, Жазуың қалды сызылып. Сандығыңды ашқанда, Кітабың тұр тізіліп...,-
деп өзіне арнап жоқтау жазып қалдырған. Жел сөздің гүлі болып ашыламын, Кіргенше қара жердің берігіне..., –
деп ақтық демі біткенше өлең нөсерін селдетіп өткен төкпе ақын қысқа ғұмырында мол мұра қалдырған. Алайда оның көбі (жи налғаны) аты-шулы «мәдениет зор төңкерісі» кезінде өртелді, жо ғалды. Бізге жеткендері «Кеңес», «Торғайлар», «Итпен айтыс», «Өзінің 20 жасы туралы», «Қазақ үй-мүлкі туралы, Күреде жат қанда», «Сауысқанға», «Боданға», «Айбөпеге» т.б. Және бірнеше би-болыстарға айтқан өлеңдері, «Нұрипамен айтысы», «Танимен екі реткі айтысы», «Боданмен айтысы», «Жашыманмен айтысы», қатарлы айтыстары, «Ұры мен жолбарыс», «Атшабыс», «Көк ат пен айтыс» қатарлы дастандары, «Жер-су өлеңі», «Ата-тегі жө ніндегі шежіре», «Мәшіреп» сынды толғаулары бар [73, 17-б]. Ақын шығармалары өз дәуірінің тарихи айнасы іспетті, яғни сол тұстағы көшпелі қазақ өмірінің тарихи-әлеуметтік шежіресі сияқты. Оның өлеңдері мен толғаулары, айтыстары мен дастан дары бір-біріне ұқсамаған формалар мен сан алуан тақырыптарға құрылды. Ақын азғана өмірінде осындай асыл қазыналар қалды руы – ең алдымен, құдайдың оған сыйлаған таза дарыны; екінші ден, сол дарынды болашақ ақын сәби шағынан шыңдай, ұшқыр лай түсуі болса; үшіншіден, Ақыт, Таңжарық, Көдек қалыптас тырған дәстүр және ақындық орта деп есептеген жөн. Мәселен, он жасында араб, парсы, түрік тілдерін игеріп, 12 жасында «бала молда» атанған ұшқыр талант иесі осы тілдердегі «тауарих хам са», «ноптайыл жанан» қатарлы кітаптарды тауып оқиды. Бір жа ғы халықтың бай рухани қазынасынан сусындап нәр алды. Өзінен бұрынғы Абай, Әсет, Ақыт, Жүсіпбекқожа қатарлы қазақ ақында рының еңбектерімен танысты, жаттады. Енді бір жағы, көреген атасы мен әжесі де Асылқанның шоқтай жайнап келе жатқан та лабын үрлеп тұтандырып, маздата түсті. 231
Асылқанды ел-жұрты «тілі ерте шыққан, тақылдап дана сөй лейтін, жөргегінде өлең қонған, тума талантты ақын» [74, 47-б.], – деседі. Асылқан алты жасынан бастап елден естіген өлеңдерді жаттап, әндерді айтумен бірге, өз ойынан ұйқастыра сөз қосып бірнеше шумаққа дейін өлең құрап айта бастаған. Жеті жасында шешесі қайтыс болғанда «ағайын-ау, ағайын, атқа тоқым жабай ын» деген халық жырының тармақтарын пайдалана отырып: Ақ сүт берген бақ шешем, Қайдан іздеп табайын. Табамын қайдан іздесем, Ақ сүтін маған емізген. Шомылдырып мәпелеп, Адам етіп өсірген, –
деген жырын жылап тұрып айтады. Жаз нөсері құйып тұрғанда бұзауға бармақшы болған Асыл қанға шешесі: «жаңбыр басылған соң барсаң да болар», – дейді. Бірақ анасының бұл сөзі не Асылқан қолма-қол ұтымды жауап қайтарды: Келер ме бұзауқандар ауқауласам, Өрістен зеңгі баба қайтар қашан, Бір бұзау еміп қойса, сабайды бай, Тез барып алдын- ала қайтармасам. Анашым, көзіңнен жас төгіледі-ау, Арқама қамшы тиіп қайқаңдасам, Жүрмес ем жалаңаяқ бұзау бағып, Тай мініп, бай ұлындай тайтаңдасам..., –
дегенде шешесі жылап жібереді де, оны бетінен қайтармайды [73, 28-б.]. Еспер деген молда қолы қысқалау біреудің үйіне қонады. Қо нағасыға көңілі көншімеген ол әлгі үйді ат-шапан айыпқа жыға ды. Мұны естіген бала Асылқан Еспердің үйіне барып, мынадай өлең жазып кетеді: Сәлем де Есперіңе есірмесін, Еспердің алған екен кесір несін? Есперің өкпелеуден түк таппайды, Тыныш жүріп, шайын ішіп, етін жесін...
232
Ақынның бала кезінде табан астында тауып айтқан өлеңдері көлемі шағын бірнеше жолдан, бірнеше шумаққа дейін болады. Барлығының туылу себептері мен айтар ойы айқын келеді. Белгілі шағын оқиғаға құрылады. Немесе өмір көрінісінің терең әлеумет тік астарын ашуға бағытталады. Асылқанның әкесінен бір жақсы ат қалады, оған көзі түскен Аяпберген деген зәңгі Мыңжасардың төлей алмай кеткен қарызы бар деген сылтаумен қоярда қоймай жүріп, жетім бала, жесір қатынды зар илетіп тартып әкетеді. Сол күндердің бірінде Қадірсіз ақалақшы бір топ кісімен келе жата ды. Ішінде Аяпберген зәңгі де бар екен. Мұны көрген Асылқан ат ағаштың басына шығып алып ішіндегі шерін шығара: Етім – боздақ, сүйегім қойбас еді, Әкем болса ақымды қоймас еді. Сізге айтпай, мұңымды кімге айтамын, Әкем сізбен замандас жолдас еді. Шер көкірек жетіммін панасы жоқ. Мендей пақыр жетімді ойлашы енді. Аяпберген жалғыз атты тартып алды, Апырау бұл не деген тоймас еді. Жетім менен жесірді зар илетіп, Бүйтіп жесе заңгілер болмас елді, –
дегенде қаршадай жетімнің жай оғындай тиген сөзіне мұрттай ұшқан ақалақшы Аяпберген зәңгіден атын сол күні қайтартып бе реді [73, 29-б.]. Шоғындай сексеуілдің шоқтанайын, Тұйғындай үйрек алған оқталайын. Алдыма айтар кісім келгенінде, Несіне бұқпантайлап тоқталайын, –
деген арынды да дарынды төкпе ақын өмірінің соңғы он жылын да дауылдатып, нөсерлетіп, өлең-жырды көп төкті. Ақын жасампаздығының жалпы нобайынан оның қоғамдық ой-пікірде әділетті жақтайтындығы байқалады. Оның көп өлең дерінде сол кездегі қоғамның тарихи астары, халықтың әлеумет тік, саяси-шаруашылық күйі мен салт-санасы, сахара табиғаты айқын суреттеледі. Асылқан өлеңдерінің енді бір саласы өмір толғаулары – адам 233
ның мінез құлқы, жас ерекшеліктері, үй мүліктері, тұтыну бұйым дары, жер-су, ас-той, туған жер табиғаты т.б. кең тыныспен сурет теліп, танымдық, тәрбиелік мәні зор шығармалар болып келеді. Ақынның «Өз өмірі туралы толғауының» туылуының мән-жайы былай болған. Асылқан жиырма жастар шамасындағы кезінде ел аралап жүрген қызай руына әйгілі Рабат дейтін төреге кезігіп қа лады. Асылқанның даңқын естіп жүрген төре оған: «туылғаның нан тартып қазірге дейінгі өміріңды өлеңмен айтып бер», – деп бұйырады. Сонда Асылқан іркілместен: Асылқан – сұрасаңыз менің атым, Мыңжасар – сұрасаңыз әкем атын. Тәңірберді үлкені – Құттымбетпін*1*.
•
Тәңірберді, Құлмамбет – ру аттары. Ардақты Қызай ана – арғы затым. Шамамның келісінше мен сөйлейін, Есіне қалсын кейін жамағаттың…, –
деп бастап, 20 жасқа дейінгі өмірін баяндап, табанда сыдырта жө неледі. Оған риза болған төре енді бір кезекте: «енді мені жаман дап бір өлең айтшы», – дейді. Сонда Асылқан: Рабат, басқалардан шешен-ақсың, Серкедей қой бастаған көсем-ақсың. Бес жүз үй төре-төлеңгітті зар жылаттың, Көзіңнің жасы, мұрныңның боғы, кеселі атсын! –
дейді. Ашуланбасқа уәде берген, ақын алдында сөз ұстатқан жа не өнеріне сүйсінген төре оны шам көрмейді. Қайта қатты әсер леніп: «тірі болса, Әсеттен де артылады екен», – деген бағасын айтып, жолын беріп аттандырады [74,44-б.] . «Қазақ үй мүліктері» атты толғауында ақын: Шаңырақ, күлдіреуіш, кереге, уық, Тұрады ши, туырлық оған жуық. Маңдайша, табалдырық, есік ағаш, Тәңірберді, Құттымбет- ру аттары. Таяныш өлең қылдым бәрін қуып.
234
Балта,шот, бәкі- пышақ, кетпен, тесе, Шәугім, орақ, тостаған, шалғы, кесе, Тегене, аяқ, табақ, қазан-ошақ. Тағы бар айтылмаған әлденеше...[75, 85-б.], –
деп қазақ үй мүліктерінің жүзге жуығының атын іркілмей ши рақы етіп өлеңмен өрнектеп шығады. Ал «Мәшіреп» толғауында көшпелі қазақ халқының жаз жайлау үстіндегі тіршілік тынысы ның көрнеу әрі көңілге қонымды бір көрінісін суреттеу арқылы сол тұстағы сахара өмірінің айшықты келбетін кестелейді. Алдымен алып келді «Бойға тарар»1 Қымызда шама бар ма бетке қарар2...» Мұны ойлап тапқан адам неткен шебер. Төрт шыны қосақтаулы және де бар. •1 •2
Бойға тартар – 11 шыны қымыз. Бетке қарар – 18 шыны (ағаш тегенемен ішеді) Ішетін « мойын иер, көзге тиер»3. «Ынтықпа»4,.«Атты-кетті»5,. «Бата аяғы6» Ет пісіп дайын болды бағанағы. Күмісбек күнде Ахмет бұлар құсып, Талай жан қарағайды сағалады…, – .
Танымдық, этнографиялық тағылымы бар бұл жолдарда қы мыз ішудің алты түрін айта келіп, қазақ даласындағы мәдениет тен кенжеліктің де арғы түкпірін аңғарта кетеді. Ақынның «Ұры мен жолбарыс» атты дастанының оқиғасы қа рапайым болғанымен қызғылықты, тартымды шебер сюжетке құ рылған болып, оқырманын баурап, еліктіріп отырады. Асылқан Мыңжасарұлының қай жанрдағы шығармаларын алсақ та терең, бай мазмұнды, алуан формалы болып, жоғары көркемдікке, өзіндік сипатқа ие.Ақын өмірі қайшылыққа толы қақтығысты ортада өтті. Ақындық өнерімен де, қоғамдық қи мылдарымен де өмірге терең араласып, сол тұстағы қоғамдық құбылыстардың қыры мен сырын, сипатын, терең, жете аңғара білды. Әрі оны өзінің тартымды жырларында айна-қатесіз бей неледі. Әділетсіздік, жемқорлық, парақорлық, мансапқұмарлық, тоғышарлықты аяусыз әшкереледі. Өз халқының қамын жырлап, 235
қасірет-қайғысына ортақтасты. Әділдікті жақтады, аңсады. Елжі реген достықты, балалық шақты, жастық дәуренді, туған жердің көркем көрінісі мен таңғажайып табиғатын суреттеді. Сөйтіп, ол өзін өз дәуірінің мұзбалақ, дауылпаз бір туар ақыны екенін әйгі леп кетті. Ақынның шабыты енді шарықтап, ағыны қатты қас суындай буырқанып тасқындай бастаған кезінде өмірмен жас тай қоштасты. Алайда оның жасын тағдырының жарқылындай жалынды жырлары мен жарқын образы халық жүрегінде маңгі сақтала бермек. Ол азаматтық поэзиясымен, күрескерлік рухы мен Қытайдағы қазақ поэзиясының дамуына, әдеби үрдістің ілге рілеуіне мол үлес қосты. • Мойын иер, көзге тиер – 4 шыны. • Ынтықпа – 9 шыны. • Атты кетті – 7 шыны
• Бата аяғы – 5 шыны. • Жиыны 54 шыны қымыз.
Әлеуметтік құрылымға орнықты бағытпен араласып, азамат тық әуенді сан-салалы сипатта өрістеткен Досбер Сауырықұлы да бай-қуатты отбасында дүниеге келгенімен, қара түнек қаптаған меңіреу заманда, надандық жайлаған ортада есейіп-ержетті. Ал кемел шағынан асып, жасампаздық жақтан толысып, жеміс бере тін кезде тағдыр теперішін бір кісідей тартты. Солақай саясаттың қыспағына ілкіті. «Оңшыл» элемент атанып: Өз үйіңе қиыны-ай, Абақтыдай қамалмақ. Жазықсыз не қылмыссыз, Жаман деген ат алмақ. Не дерімді білмеймін. Шерлі көңыл алаңдап, –
дегеніндей әр нәрседен шектеліп те, шеттеліп те жүрді. Қаламын да еркін сілтей алмады. Сондықтан: Елемейді өлең жазсам, шабыт қайда? Атақты ақын деген даңқ қайда? Шындықты шыңнан іздеп шырқап жазсам, Тыңдайтын асыл сөзді халық қайда?! Ақын-балық, тыңдаушы су мисалды, Жүзетін құрғақ жерде балық қайда, –
236
деп ол кезде ақын сөзін тыңдайтын естияр пенденің де болмаға нын айтып мұңын шағады. Өмірінің соңғы мезгілінде өмірдегі келеңсіздік, әділетсіздікке ашынған ақынның көкірегі шерленіп өткен сияқты. Ішінара өлеңдерінде күрсіну мен түңілу сарыны байқалады. әуекел бір өзіңе, жаратқан хақ, Т Жасымда беріп едің басыма бақ. Болғанда сыртым бүтін, ішім түтін, Бір құдай, бұл түтіннің дауасын тап.
Сонда да ақын жарық дүниемен қоштасқанға дейін қаламын қолынан тастамады. Жаны жабырқап, көңілі күпті сәттерінде осы қаламды медет тұтты. Қаламмен қайратын шыңдап, жігерін ұш тады. Шабыттансам жыр жазып, Қанушы еді «жерігім». Хат-қалам, саған сүйеніп, Жақсы өтті өткен өмірім, –
дейді бұрынырақ жазған өлеңдерінің бірінде. Хат-қаламға сүйе ніп өткен сәтін мәнді өткен өмірі есептейді. Ақынның ертерек жазған өлеңдері отты да жалынды, үміт-тілекке толы болып келеді. Мейлі қай дәуірде жазылған шығармасы болсын бары ның өн бойынан оның өз дәуірінің озық ойлы, өрелі де білімді ақыны екендігі мен мұндалап тұрады. Қорытып айтқанда, Ақыт Үлімжіұлы, Көдек Маралбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы баста ған жоғарыдағы ақындар шоғырының өлеңдері өз кезінде халық жүрегінен терең орын алып, қолдан қолға көшіріліп, ауызданауызға жатталды. Әр қырынан әр түрлі ерекшелікке ие адамдар олардан күні бүгінге дейін өз талғамдарына қарай эстетикалық ләззат алады. Мұның өзі олар жаратқан туындылардың көркем дік-эстетикалық өресі жоғары, өміршеңдік қуаты күшті екенін дәлелдейді. Демократиялық бағыттағы азат әдеби ой мен әлеуметтік идея ұқсас өлкеде, ұқсас дәуірде, ұқсас тағдырға тап болып отырған Шынжаңдағы туысқан аз ұлттар ақын-жазушыларының шығар маларында да молынан көрініс табады. Бұған бірер мысал келтір сек, Қытай қазіргі заман ұйғұр әдебиетінің негізін қалаушылары, 237
отты да отаншыл ақындары Әбдіхалық ұйғыр мен Лұтбұлла Мү таліп шығармаларында тіпті де айқын бейнеленеді. Ақын Әбдіхалық Ұйғыр 1921-жылы жазған «Оян» атты өле ңінде: Мыскын ұйғыр ояншы ұйқың жетер, Сенде мал жоқ, ал енді жаның кетер. Бұл өлімнен өзіңді құтқармасаң, Аһ! сенің халың қатер, халың қатер. Көзіңді үлкен ашып жан-жаққа бақ, Өз тағдырың жөнінен ойлан ұзақ, Кетсе қолдан бұл ғанибет орайы, Келешек тірлігіңе түсер тұзақ, –
деп, халқының қамын ойлап қамыға отырып, ұлтына тырп етпей ұйқыда жата бермей, тез серпіліп, бас көтеріп, өз тағдырын ше шу жолындағы күреске аттануды жатпай-тұрмай насихаттайды. Ақын ұйғыр халқы арасында белең беріп отырған күштілердің әлсіздерді басынуы мен қорлауы жане өзін-өзі қорашсыну, өзінөзі жұбату, өзін-өзі безеу, өмірінің қорланып, өксіп өтіп жатқа нымен есептеспей қанағатшылдыққа, шүкіршілік етуге бой алды ру, мағыналы бір іске жұмсалмай босқа өтіп бара жатқан өмір леріне ашынбау, ғанибет орайларды құр жібергеніне қамықпау, қынжылмау сынды қоғамдық індеттерді әшкерелейді. Мұндай рухани індет пен идеялық мешеуліктің өзгелердің қорлауы мен жаныштауына, өмір бойы, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа дейін зорлық пен зомбылықтың құрсауында сансырап жатуына душар ететінін юмор араластыра отырып ашып көрсетеді. Еңсе көтерем десең орныңнан тұр; ұлттық жігер-намысыңды аяқ-асты еткізбеймін десең, оян; тіршілік ортаңды өзгертемін, түзеймін десең, алды мен өзіңді түзе; еркін, бейбіт өмір сүрем десең күрес жаса деген секілді жалынды жауынгерлік идеяны ортаға қояды. Ал Лұтбұлла Мүтәліптің 1944-жылы жазған «Жылдарға жауап» атты өлеңін өмірге нағыз төңкерістік көзқараспен қараған өлеңі деуге болады. Адамның бір қызық кезі жастық шақ, Тез-ақ өтіп кетеді ол жарқылдап. Жыртылғанда календардың бір беті, Жас өмірден төгілер бір жапырақ.
238
Жылдар жерге талайларды көмеді, Жапырақсыз ағаш қурап, семеді. Жылдар жомарт, құр келмейді олар да, Қыздарға әжім, ерге сақал береді.
Ақын бұл өлеңінде өте айшықты өлеңдік образ арқылы «өмір ді, сірә, қалай өткізу керек?» деген сұрауға адамзаттың келешегі не күйіну тұрғысынан тұжырымды дұрыс жауап береді. Мұнда уақыт пен өмірдің диалектикалық байланысының ас тарына терең де, салмақты саяси нысайды да жасырады. Өлең жолдарының ішкі мәніне терең үңілсек, онда күнделекті өмірдің мәнсіздігіне, жарамды жаңалығы, тартымды табысы жоқ болып отырғандығына айтыла салған жай өкініш сезімі ғана емес, қайта кертартпа өкіметтің құбылмалы өктемдігінің салдарынан адам дар өмірінің беймезгіл «қартайып» істен шығарылып отырған дығына қарата күшті наразылықты, ызалы кекті, қаналу, қорла ну барысындағы «жапырақсыз», «құрап», «семіп» қалған халық бұқарасына деген жанашырлық сезімін аңдауға да болады. Ақын басқаның басқаруындағы қоғамда қалай жасау керектігі туралы сұрауға жауап қайтару барысында күреске үндейді. Жылдар қой науында қамсыз-харекетсіз, телім-тентектік пен ойсыз-күйсіз өт кен өмірге қынжылыс білдіреді. Уақытқа деген талап-танымын ашық айтып, әсіресе, жастық көктемді айрықша қадірлеуді, оны мәнсіз-мағынасыз өткізбеуге шақырады. Жылжыған жылдар ағы сындағы күрестің әсте тоқтаусыз болатындығын, адамдық өмір тек күрес арқылы ғана бақыт пен байлық-шаттыққа кенелетінді гін әйгілеп береді [76]. Еркіндігі шектеулі елдің көңіл-күйіндегі көлеңкеден арылуға үндейді. Бірлігі жарасқан ел болуда мақсат еткен халықтың ар ман- аңсарын жырлайды.
239
ҚОРЫТЫНДЫ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XXғасырдың басында қа лыптасқан, арғы тарихы қазақ халқының өнерімен өзектес, желі лес Шыңжандағы қазақтардың жазба әдебиетінде поэзия жетекші жанр болып, Әсет, Ақыт, Таңжарық, Жүсіпбекқожа, Көдек, Асыл хан, Шарғын, Шылбы, Әріпжан, Досбер, Арғынбек, Отарбай, Ас қар Татанай т.б. ақындар шоғыры өмір сүрді. Бұлар өз дәуіріндегі қоғамдық өмірді өздерінше шолып, өздерінше толғады. Шығар маларына халық тағдырын, елдің тыныс-тіршілігін, заман шын дығын, дәуір келбетін арқау етті. Сол ақындық арна арқылы Қы тайдағықазақтардың өзгеше сипатқа толы бір өңірге тән әдебиеті қалыптасып, даму жолына түсті. Аталған дәуірдегі ақындардың шығармаларын ғылыми тұрғыдан зерделегенде, ондағы ортақ идеяны, ұқсас тақырып аясында қалам тартуды, бағыттас сарын ды сезіндік. Ол тамырластық ағартушылық идеяның дамуы мен әлеуметтік сарынның басымдығынан аңғарылады. Еліміз таяу заман қазақ әдебиетінің қалыптасып, даму жо лында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне, нәр алуына тірек болған үш қайнар бұлағы болды. Оның бірі-ха лық ауыз әдебиеті, екіншісі – Абай мұрасы, үшіншісі – шығыс тың классикалық әдебиеті. Әсіресе, Абай сынды ұлы ақын ықпа лының мол болғанын айрықша ескергеніміз жөн. Бұл дәуір ақын дарының шығармашылық өмір жолдары XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы Шыңжанда ғы қазақ поэзиясының бар болмысы мен деңгейін, тақырыптықидеялық, көркемдік өресін танытады. Бұл дәуірдегі аталған ақын дар өз өмірлерінде жеке бас пайданың жетегінде кетіп, бай-бар дамды жырлаумен өмірін өткізбеген, қайта омірінің соңына дейін халыққа қамқоршы, шындыққа адал, халық тағдырына қатысты келелі істерге бастамашы болды. Олар өздері жасаған қоғамның, заманның тамырын қалт жібермей қадағалап, одан түйгені мен сезгенін өлең өрнегіне айналдырып отырды. Халқымен ой бөлі се білді. Қоғамда сақталып отырған алуан түрлі әлеуметтік тең сіздік, берекесіздік, парақорлық, алдап-арбауды жеріне жеткізе шенеді. Туған халқының шаруашылық хал-күйінің нашарлығы, саяси, экономика жақтан кенжелігі, мәдени мағлұматының азды ғы, шаруаға қырсыздығы оларды ашындырды. Күйінген ақындар жарғақ құлақтары жастыққа тимей халықты ғылым-білімге, ер 240
кіндік-теңдікке жебеп, мәдениетті жаңа қоғам құруға, озық елдер санатына қосылуға шақырды, жігерлендірді, өлеңмен дем бер ді. Осы арқылы өз халқының рухани дүниесіне сілкініс тудыр ды. Тіпті кейбір ақындар қазақ халқының ой-санасына бұрылыс жасауға талпынумен бірге, бүкіл дүние жүзі халықтарының да азаттық, бейбітшілік таңын аңсай білді. Сөйтіп, әлем әдебиеті нің әйгілі классиктерімен ой бөлісіп, әлемдік өредегі ой-пікірді пайымдай алды. Бұл орайда Таңжарықтың татар халқының ақы ны Мұса Жалел, Чехословакия қаламгері Юлус Фучиктермен идеялық тұрғыдан ұқсас, сарындас өлеңдер жазғанын айтсақ та жеткілікті. Ақыт, Жүсіпбекқожа, Әсет, Таңжарық, Шылбы, Шар ғын қатарлы ақындар-тек, өлең жазды ермек еткен жоқ, сахарада ғы мешеу қазақ халқының санасын жаңартуға құлшына кіріскен ағартушы да болды. Олардың ағартушылық идеясы – олардың қайраткерлік, суырып салма жыраулық, әншілік-күйшілік, күл діргі-актерлік, аудармашылық сияқты, өнерлері арқылы халыққа кеңінен таралды. Сол бір баспа жұмысы кең өрістемеген кезең дерде ақындар өлеңдері халық жүрегінен терең орын алып, қол дан-қолға көшіріліп, ауыздан-ауызға жатталды. Мұндай ерекше лік олар шығарған туындылардың көркемдік-эстетикалық өресі жоғары, өміршең қуаты күшті екенінің белгісі еді. Осы тұрғыдан келгенде, ақындар мешеулік пен надандық бұлты қоршап тұрған жағдайға қарамастан, Шыңжандағы қазақ поэзиясына жаңа стил, жаңа түр қалыптастыруға зор үлес қосып, оны мазмұндық, көр кемдік, стильдік жақтардан жоғары деңгейге көтеруі қазақ әде биетіндегі олардың әр қайсысының өзіндік орнын айқындаса ке рек. Таңжарық секілді ақындардың ақындық болмысы мен ақын дық ерекшелігі, поэзиясының бейнелеу шеберлігіне тоқталар болсақ, олардың кейбірі қарымды да алымды табиғи төкпе ақын дар болды. Шабыты келгенде бірер өлең емес, бірер толғауды да жаза салады. Қисынымен сөз тауып, қиял құдіретіне мінгенде, қырғидай шүйіліп, қаршығадай түйіліп өмір құбылыстарын қал пысыз қамтып, ақиқатты айта білді. Шындықтың шырайын кетір мей қағаз бетіне түсіре де білді. Өлеңдері мен дастандарындағы ой ағыстары бірде жадырата, бірде жабырқатты. Өйткені бұлар шығармаларында өмірдің өзін қырламай да сырламай табиғи, на нымды жырлады. Мұндай поэзия, сөз жоқ, халықтың көкірегінен орын алды, көңілінен шықты. Ажарлы да айшықты тіл, образды ой көкейге қонымды келеді де оңай жатталады. 241
Бұхара халық қауымы ұнатып оқыды, олардан өз тағдырла рын, көргендей болды. Рухтарын биіктетіп эстетикалық ләззат алады. Бұл топтағы ақындар халықтың ең қажетті мәселелерін басты назарда ұстады. «Өлеңді ермек үшін» жазбайтындарын дә лелдеді. Басқаша айтқанда, өздерінің ой-армандарын көпке өлең мен жеткізуді мақсат етті, қаламын қаруға айналдырды. Олар то сыннан сөз тауып, еркін ұйқастырады. Осы топтағы ақындардың ішінде, әсіресе, Таңжарықтың суырып салмалық ерекшелігі ай рықша көзге түседі. Ол кейбір ақындарымыз сияқты өлең жаз ғанда қиналып, қырық құрақты жамап-жасқап кібіртіктеп отыр майды, ұзақ толғанып, шабыт шақырып та жатпайды. Ол кез кел ген уақытта тез әсерленіп, тез тұтанып, өзінің көңіл-күйін іркіліс сіз төгіп-төгіп жіберетін өнер иесі болған. Аталған ақындар поэзиясының тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан өмір құбылыстарын біл гірлікпен жырлауда шеберліктері биік, оқшау шығармаларының қыры мен сыры қат-қабат дарын иелері. Бұлардың көбі өлеңді төгіп айтатын және айтыстағы бәйге ні бермейтін алғырлығымен ерекшеленеді. ХIX ғасырдың екінші және ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғұмыр кешкен ақындар мұраларында дәстүрлі ою-өрнектер, шығыстық әуендер және жа ңа үлгідегі поэзияның бітім-болмысы молынан байқалады. Шы ғармаларында әрі лирикалық, әрі эпикалық сипаттар бар. Жанр лық ізденіс жағынан Ақыттың, Таңжарықтың, Әсеттің жаңашыл дығы айқын байқалып тұрады. Ақындар шығармашылығының негізгі бастаулары қазақтың ұлттық поэзиясы және шығыстың классикалық поэзиясы болды. Көп ақындар тақырып таңдау, сөз саралау жақтарында өзіне аса жоғары талап қояды. Көп жағдайда ұлы Абайды үлгі тұтады. Ақындардың лирикалық шығармаларында азаматтық лирика мен табиғат лирикасы тұлғалы орында тұрады. Азаматтық лири каларында олар халық тағдырын, қаралы жылдардың қатал шын дығын, өз басындағы күйініші мен сүйінішін көркем ой, кестелі тілмен өрнектейді. Өктемдікке, теңсіздікке, кер заманға кекте ніп, оны сынайды.Таңжарық абақты ақиқатын, түрме құпиясын, жауыздық сырын әшкерелеп, қазақ әдебиетіне түрме тақырыбын әкелді. Ақындар лирикалық шығармаларында ажарлау, айшық тау, айқындау, ауыстыру, құбылтудың – бейнелеу құралдарының барлық түрлерін орынды қолданады. Кей дәстүрлі поэтикаға бой 242
ұрса, кейде өздеріне ғана тән көркемдеу құралдарын тапқырлық пен тауып пайдаланады. Әсіресе, Таңжарық табиғат лирикала рында көркемдік құралдардың бір түрі – кейіптеуді жиі қолдана ды. Табиғатты жандандыра суреттеу ақынның сезімтал – талғам паздығын өлеңнің әсері артады. Аталмыш дәуірде ақындардың көбі табиғат ана өскен ортаның құбылыс-көрінстерін суреттеуге де мән берген. Кейбір ақындар суреткерлігі табиғат лирикасынан да көрініс табады. Олар атамекен табиғатының көркем келбетін әсерлі бейнелеуде алуан айшықты өрнектер табады. Табиғат көрі нісін сипаттауында Абай өлеңдерінің әсері мен Ілияс Жансүгіров ықпалы айқын сезіледі. Аталған дәуірде ақындар айтыс жанрын дамытуға, оның әлеуметтік, қоғамдық мәнін тереңдетуге ықылас ты болды. Олардың айтыстарында дәстүрлі қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, қайым айтыс түрлері кездеседі. Сонымен қатар бұл дәуірдегі ақындар айтысының құрамында ата өлең негізінде қалыптасқан шежірелік айтыстар, дини сауаттық (шариғат) айт ыстар, мысал айтыс, жұмбақ айтыс, және мазмұндық, пішіндік жағынан ерекшеленіп тұратын қарғыс айтыс сияқты түрлері де кезігеді. Ақындар айтыс мәдениетіне, айтыстың өту барысына және тыңдаушы ортаның рухани әсерін дамытуға ерекше назар аударды. Ақындардың қисса, дастандарында халықтық дәстүр, эпика лық жыр тудыру үлгісі сақталумен бірге нәзирашылдық пен жаңа поэзияның дәстүрлері жалғасып жатады. Қоғамдық-әлеуметтік, тарихи-саяси өзгеріс, құбылыстар әдеби сана мен танымды бел гілі бір арналарға бағыттауда, шығармашылық күштерді жұмыл дыруда шешуші ықпалы болды. көркемдік дәстүр мен ізденістер дің ынтымақтастығы әрі жаңа дәуір талабымен тоғыса отырып, әдеби үрдісте өзгеру, түлеу, жаңару, даму жолына қадам басқан поэзиялық әлеуметтік мәні артты. Ұлы Абай поэзиясындағы көр кемдік тәжірибенің Қытайдағы қазақ поэзиясының дамуына әсері зор болды. Жаппай сауаттылық деңгейіне жетпеген қауым үшін жеңіл жететін жырмен әсер ету негізінде көптің ойына қозғау са латын ұраншыл, үгітшіл поэзия туды. Әдебиетті әлеуметтенді ру, саясаттандыру тікелей жүзеге асырыла бастады. Міне, бұлар ақындар поэзиясының бітім-болмысына ықпал жасаған фактор лар болды. Еліміз таяу, заман ақындар поэзиясындағы ыңғайластық, үн дестік негізінен ағартушылық идеяның дамуы мен әлеуметтік са 243
рынның көріну бағыттарында тоғысады. Ағартушылық идея да, әлеуметтік сарынның көрінуі де барлық ақынның шығармашы лығына тән болғанымен, олардың бір тобы ағартушылық бағыт та басымырақ қалам тербесе, егіншілері әлеуметтік маселе көбі рек қозғаған өлеңдер жазды. Бұл орайда Ақыт, Шылбы, Шарғын, Досбер сынды ақындар ағартушылық идеяның дамуына барын ша үлес қосып, басымдылық танытса, Көдек қандардың шығар маларында әлеуметтік сарын молынан көрінеді. Ал Таңжарық шығармаларында бұл айтылған мәселелердің қай-қайсысы да толығымен, дамытыла, жетілдіріле түсты. Әрине, шығармалары талданып отырған ақындар тек осы шеңбер аясында ғана өлең тудырды деген түсінік болмау керек. Біздің бөліп қарап отырға нымыз- белгілі кезең әсерінде туған әдебиетті жүйелеп көрсету мақсатындағы айтылған ой. Әйтпесе бұл ақындар азды-көпті болса да алуан түрлі тақырыпта қалам тартқаны шындық. Мұн дай демократиялық бағыттағы азат әдеби ой, ағартушылық жане әлеуметтік идея Шыңжаңдағы туысқан аз ұлттар ақын-жазушы ларының шығармаларында да молынан көрініс табады. Сонымен қортындылай келгенде, зерттеліп отырған мәселе төңірегіндегі ой-бағдарын былайша түйіндеуге болады: 1. Қытайдағы аз ұлттар әдебиеттану ғылымына жаңа бір арна келіп қосылды. Ол – белгілі бір аймақтағы әдеби мұраны бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу. 2. Әрбір ақындар шығармашылығын өзіне дейінгі және өзі нен кейінгі көрнекті тұлғалармен бірлікте, тұтастықта қарасты ру аталмыш дәуір Қытайдағы қазақ әдебиетіндегі әдеби дәстүр лі жане ондағы жетекші әдеби күштерді айқын тануға мүмкіндік береді. 3. Ақындардың ақындық қырын, болмысын тануда оның әде би мұрасын кезеңдерге бөліп қарастыру қажеттілігі де аңғарыла ды. 4.Ақыт, Таңжарық, Көдек секілді ақындардың өлең-толғаула рын, қисса дастандарын, айтыстарын жеке-жеке монографиялық деңгейде зерттеу де келер күндердің еншісінде. 5. Шыңжаңдағы қазақ поэзиясын аталған дәуірдегіқара ша ңырақтағы қазақ және түркі тілдес, тіпті ұлттар поэзия жасампаз дығымен салыстыра қарастырудың, зерттеудің мәні мен маңызы да зор. 244
ӘДЕБИЕТТЕР 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
Сейітжанұлы З. Шынжаң қазақ әдебиеті. – Алматы, 1999. – 185 б. Мұқанов С. Алыптың адымдары. Алматы: 1959. – 362 -б. Жолдыұлы Т. Арман тау. Алматы. 1974. – 146. – б. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973. – 212 б. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959-жыл, 150-бет. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы: 2010. – 186-б. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-кітап, 2002. – 605-б. Мыңжани Н. Қазақтың халық қиссасы – «Бақтияр» және оның қырық бұтағыжайында, қазақ ауыз әдебиеті туралы байымдаулар, 622-б. 9. Егеубаев О. Қазақ халық дастандары туралы // қазақ ауыз әдебиеті тура лы байымдаулар.- Шынжаң халық баспасы, 1984, 138-б. 10. Мыңжани Н. Қазақ халық қиссасы жайында // Мұра, 1982.- 1-сан. 11. Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы. – 4- т. – 553-б. 12. Ақытұлы Ғ. Ақыт Үлімжіұлы. Пекин, 2000. – 145-б. 13. Қазақ әдебиетінің тарихы. – 3-кітап, Үрімжі. – 2003. – 63-б. 14. «Қазақ айтысының тарихы». – Үрімжі, 2009. – 218-б. 15. Егеубаев О. Таңжарықтану, Құлжа халық баспасы, 2002. – 2-т. 249-б. 16. Егеубаев О. Таңжарық Жолдыұлы, Ұлттар баспасы, 2000. – 167-б. 17. Қалиұлы Ә. Қазақ ауыз әдебиеті туралы, Шыңжаң халық баспасы, 1985.– 248-б. 18. Қасейұлы Б. Айтыс-сөз өнері. – Үрімжі, Ұлттар баспасы, 2005. – 105109-б. 19. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы, 1995. – 245-б. 20. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. – 230-б. 21. Тоқтаубайұлы М. Ақын Таңжарық өлеңдеріндегі суреткерлік өнер // Іле педагогикалық институты ғылыми журналы. – 1991. – №2. – 40-б. 22. Қалиұлы А. Абай поэзиясы қытайда // Абай парасаты, Іле халық баспа сы, 1995. – 57-б. 23. Әбілқақұлы М. Таңжарық шығармаларындағы стилистикалық тәсілдер дің қолданылуы // Шұғыла, 2003. – №3. 24. Қалиұлы Ә. Ақыт Ұлымжыұлы – төртте тұңғыш ақын // Қоғамдық ғы лым мінбесі, 1994. – №2-3. – 78-б. 25. Қалиұлы Ә. Әдебиетке алқау сөз, Шынжаң жастар – өрендер баспасы, 1992-ж. – 256-б. 26. Көмекұлы Ш. Өлеңдері // мұра, 1982. – 2, 114-б. 27. Қирабаев С. Әебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 1995. – 11-б. 28. Мәсімханұлы Д. Аңсаған атты таңы Таңжарықтың // Жетісу газеті, 2000. – 25 қаңтар. 29. Жүнісұлы Ж, Егеубаев О. Ақын өмірі // Іле тарихи материалдары. – Құл жа, 1998, 13-б. 30. Егеубаев О. Қытайдағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы // Таңжарық тың жүз жылдық мерей тойына орай өткізілген халықаралық ғылымитеориялық конференцияда жасалған баяндама. – Алматы, 2003.
245
31. Егеубаев О. Таңжарық туралы ақиқат // Жұлдыз. – 2001. – №4. 32. Таңжарық шығармалары // Алғы сөз- Шынжаң халық баспасы, 2001. 33. Әдішұлы Ы. Түрме халына үңілгенде // Іле педагогикалық институты ғылыми журналы. – 1994-жыл, №3. – 60-б. 34. Әуезов Қ. Төңкерісшіл ақын Таңжарықты еске алғанда // «Төңкерісшіл ақын Таңжарық», Құлжа , 1985. – 454-б. 35. Кіназбекұлы Ә. Анар-Сәулеге аялдағанда // Төңкерісшіл ақын Таңжа рық, Құлжа, 1985. – 370-385-б. 36. Жақсылықұлы Ә. Ардақты ақын, аяулы дос // «Төңкерісшіл ақын Таңжа рық», – Құлжа, 1985.- 90-94- б. 37. Негимов С. Таңжарық поэзиясының көркемдікк естесі // Іле педагогика лық институты ғылыми журналы, 2004. – №2. 38. Әуезов М. Абай тағылымы // Абай, 1995. – №1-2. – 140-б. 39. Ахметов О. Сөнбес алау // Сөнбес алау. – 1994. – 322-б. 40. Нұрғали Р. «Арқау». – Алматы: Жазушы, 1991 ж. – 2 т, 576-б. 41. Тұтқабекұлы Ж. Іле сипатына талдау // Іле педагогикалық институты ғы лыми журналы, 1988. – №1. 42. Әбдырахманов М. Ақын Шарғын // Іле кеші. – 1998. – 21-қазан. 43. Қабдолов З. Өлең сөздің теориясы. – Шынжаң халық баспасы, 1992. 44. Нұрадылқызы З. Таңжарық дара стильді ақын // Шынжаң қоғамдық ғы лымы, 1998. – № 3. – 50-59-б. 45. Ақыт Ұлымжыұлы шығармалары. – Үрімжі, 1994. – 1-т, 689-б. 46. Ақыт Ұлымжыұлы шығармалары, Құлжа халық баспасы, 1999. – 2-т, 685-б. 47. Нұртазаұлы Қ. Ақыт Ұлымжыұлының өмірі мен еңбектері // Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2003. – №4. – 79-б. 48. Құмарұлы Ш. Әдебиет және шындық, Іле халық баспасы, 49. Ақытұлы Ғ. Ақын атаны еске алғанда // Ғақлиа, – Баян-өлги, 1994. – 328-б. 50. Сейітқалымұлы М. Ақыттың әлеуметтіккөзқарасы // Шыңжаң қоғамдық ғылым мінбесі, 1995. – № 4. – 43-б. 51. Мұхаметқанұлы Н. Қытайда қазақтардың қоғамдық тарихы. – Алматы: 2000. – 268-б. 52. Көмекұлы Ш. Өлеңдері // мұра, 1982. – 2, 114-б. 53. Шылбыұлы Д. Әкем Шылбы жөнінде // «Іле тарихи материалдары». Құлжа, 1988. – 4-кітап. – 108-122-б. 54. Әдебиет оқулығы (10-класс). Шынжаң оқу-ағарту баспасы, 1983. – 236237-б. 55. Ырыскелдиев Т. Шылбы Көмекұлы және оның шығармалары жөнінде // Шалғын, 1983. – №1. – 48-62-б. 56. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: 1977. – 171-б. 57. Шарғын өлеңдерінен // Мұра, 2000. – № 4, 58-б. 58. Толыбаев Қ. Шарғын ақын // Егемен Қазақстан газеті, 1994.- 23- желтоқ сан. 59. Шарғын өлеңдерінен // Мұра, 2002. – №1. – 75- 80-б.
246
60. Сауырықұлы Д. шығармалары, – Іле халық баспасы, 2000. – 135-б. 61. Қалиұлы Ә. Ақыттың өлеңдері мен толғаулары // Мұра, 1988. – 4. – 14-б. 62. Нұртазаұлы Қ. Ақыт жайлы алғашқы ізденістер // Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1993. – №2. – 57-б. 63. Өлең-жырлар. – Құлжа. 1990. – 198-б. 64 . Мәсімханұлы Д. Сарап. – Астана, 2001. – 238-б. 65. Шарғын өлеңдері // Егемен Қазақстан газеті, 1994. – 23 желтоқсан. 66. Шарғын өлеңдері // Алға. – Құлжа, 1949. – 14-мамыр. 67. Алғазыұлы Ш. «Көш керуен». – Алматы: 1992. – 182-б. 68. Мәсімханұлы Д. Әсет өлді, ал Көдек неден өлді? // «Қазақ әдебиеті» га зеті, 2000. – 21-қаңтар. 69. Қабаев Т. Көдек-демократ ақын // Шыңжаң газеті, 1999. – 17-тамыз. 70. Көдек шығармалары. – Құлжа, 1988. – 142-б. 71. Тойғанбекұлы А. Өлең құшақтап өткен ақын // Шұғыла. – 1998. – №4. – 60-б. 72. Кірішбаев А. Қазақ әдебиеті тарихынан таңдамалы үлгілер. Шынжаң университеті, 1989 ж. 2-т. 829-б. 73. Жарасұлы К. Асылқан шығармалары жөнінде // Шалғын, 1982. – №3. – 17-29-б. 74. Шөкеманұлы М. Асылқан Мыңжасарұлының өмірі мен өлеңдері туралы // Шынжаң қоғамдық ғылымы, 1993. – № 4. – 44-47-б. 75. Халық қазынасы.- Бейжиң: ұлттар баспасы, 1997. – 1-т. – 496-б. 76. Заман Н. Ұйғыр қазіргі заман әдебиет тарихы. Үрімжі, 2002.
247
МАЗМҰНЫ Кіріспе ......................................................................................................3 1-тарау. XІX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ..............8 2-тарау. ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ...................................................16 Фольклорлық үлгі ...................................................................................16 Назиралық дәстүр ...................................................................................24 Айтыскерлік дәстүр ................................................................................47 Арнау өлеңдер .........................................................................................73 Сатиралық арнау өлеңдер........................................................................76 Дидактикалық . ........................................................................................83 3-тарау. ЖАҢАШЫЛДЫҚ....................................................................89 Абай өнегесі ............................................................................................89 Дастандар . ...............................................................................................106 Табиғат лирикалары . ..............................................................................150 Көркемдікайшықтар................................................................................163 4-тарау. АҚЫНДЫҚ ОРТА ЖӘНЕ ӘДЕБИ ҮРДІС..........................177 Ағартушылық идеяның дамуы ..............................................................179 әлеуметтік сарынның көрінуі.................................................................. 204 Қорытынды...............................................................................................240 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................245
Ғылыми басылым
Сырайыл Ысқақұлы Зұфар Сейітжанұлы Шоқан Шортанбаев ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
Монография Шығарушы редакторы А. Иманғалиева Компьютерде беттеген Г. Шаккозова Мұқабасын безендірген Р. Сқақов Мұқабаны безендіруде қолданылған сайт www. ИБ №8519
Басуға 03.09.2015 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 15,7 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №2665. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.