Қытайдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі: монография 9786010413924

Еңбекте Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму тарихында өзіндік орны, бағыты, көркемдік сипаты бар тұтас бір дәуір

2,616 93 2MB

Kazakh Pages [249] Year 2015

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Қытайдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі: монография
 9786010413924

Citation preview

ӘЛ-ФА­РА­БИ атын­да­ғы ҚА­ЗАҚ ҰЛТ­ТЫҚ УНИ­ВЕР­СИТЕТІ С. Ысқақұлы З. Сейітжанұлы Ш. Шор­танбаев

ҚЫ­ТАЙ­ДАҒЫ ­ ҚА­ЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ­ ДАМУЫ­НЫҢ АЛ­ҒАШ­ҚЫ ­ КЕЗЕҢІ Монография

Ал­ма­ты «Қазақ университеті» 2015

ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) Ы 88 Ба­спаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ­ фи­ло­ло­гия, әде­биет­та­ну жә­не әлем тіл­де­рі фа­куль­те­ті­нің ­ Ғы­лы­ми ке­ңе­сі және Редакциялық баспа кеңесі ше­шімі­мен ұсы­ныл­ған Пікір жазғандар: фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор А. Жақ­сы­лы­қов фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Т. Те­бе­ге­нов фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, до­цент А.Т. Ой­сыл­бай фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, профессор У. Жинфың (ҚХР)

Ыс­қа­құлы С. және т.б. Ы 88 Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті да­муының ал­ғаш­қы ке­зе­ңі: мо­ ног­ра­фия / С. Ыс­қа­құлы, З. Сейіт­жа­нұлы, Ш.А. Шор­тан­баев. Жал­пы ре­д. бас­. З. Сейіт­жа­нұлы. – Ал­ма­ты: Қа­зақ уни­вер­си­ те­ті, 2015. – 249 б. ISBN 978-601-04-1392-4 Ең­бек­те Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­су, да­му та­ри­хын­да өзін­дік ор­ны, ба­ғы­ты, көр­кем­дік си­па­ты бар тұ­тас бір дәуірі ғы­лы­ми тұр­ ғы­дан жүйеле­ніп, көр­нек­ті өкіл­де­рі­нің шы­ғар­ма­шы­лы­ғы ке­ңі­нен қа­рас­ты­ ры­ла­ды. Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің өзі­не тән қа­лып­та­су, да­му ерек­ше­ лік­те­рі, бар бол­мы­сы мен әде­би дең­гейі, та­қы­рып­тық-идея­лық, көр­кем­дік өре­сі мо­ног­ра­фиялық дең­гейде тұң­ғыш рет зерт­теу ны­са­на­сы бо­лып отыр. Зерт­теу­де Қы­тай қа­зақ әде­биеті дәс­түр мен жа­ңа­шыл­дық тұр­ғы­сы­нан қа­рас­ты­ры­лып, атал­мыш дәуір әде­биетін­де­гі фольклор­лық үл­гі­лер, айт­ыс­ кер­лік дәс­түр­дің қыр-сы­ры, Абай­дың Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­не ық­па­лы са­ра­ла­на­ды. Мо­ног­ра­фия фи­ло­ло­гия фа­куль­тетте­рі­нің оқы­ту­шы­ла­ры мен док­ то­ра­нт­та­ры­на, ма­ги­ст­рант­та­ры мен сту­де­нт­те­рі­не, жал­пы әде­биет сүйер қауым­ға ар­нал­ған.

ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) © Ав­тор­лық ұжым, 2015 ISBN 978-601-04-1392-4 © Әл-Фа­ра­би атын­да­ғы ҚазҰУ, 2015

КІ­РІС­ПЕ

С

өз өне­рі – сы­ры мен сым­ба­ты сол­ғын тар­тпайт­ын қа­ сиетті қа­зы­на. Әде­биет та­ным – тү­сі­ні­гі­міз­ді ке­ңейт­іп жан – дү­ниеміз­ге әсер ете­ді, адам­дық қа­лып­тың қа­ лып­та­су­ына сеп­ті­гін ти­гі­зе­ді.Та­мы­ры те­рең­нен тар­тар сөз өне­рі ха­лық­тың ру­хын ас­қақ­та­тып, ке­мен­гер­лік кел­бе­ті мен өмір ше­ жі­ре­сі­нен ха­бар бер­мек. Осы рет­те қа­зақ әде­биеті­нің де өр­ке­ні өс­кен, дәс­тү­рі бай әде­биет еке­ні дау­сыз. Осы­ған орай ке­зін­де те­ ріс­ке шы­ға­ры­лып, қа­ра ті­зім­ге ілін­ге­н ө­нер иеле­рі мен олар­дың мұ­ра­ла­ры қайта ора­лып, ел игі­лі­гі­не ора­ла бас­та­ды. Олар ту­ра­лы ғы­лы­ми – зерт­теу ең­бек­тер жа­зыл­ды. Жа­ңа көз­қа­рас – бү­гін­гі күн та­ла­бы­нан ба­ға­лауды мақ­сат ет­кен кі­тап­тар жа­рық кө­ре бас­та­ды. Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ға сәй­кес зерт­теу­ге, на­си­хат­тау­ға тиіс мә­се­ле­лер­дің бі­рі қа­зақ әде­биеті бо­луы да заң­ды. Шың­жаң қа­зақ әде­биеті­нің өзі­не тән туып – қа­лып­та­су, да­му ерек­ше­лік­те­рі бар. Сол ере­ке­ші­лік­тер­ді дөп ба­сып зер­де­леу, он­да­ғы өнер иеле­рі­ нің шы­ғар­ма­ла­рын бү­гі­ні­гі ғы­лы­ми же­тіс­тік тұр­ғы­сы­нан са­ра­лау ма­ңыз­ды мін­дет­тер­дің бі­рі деп бі­лу ке­рек. XIX ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен XX ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да өз шы­ғар­ма­ла­ры­на ха­лық тағ­ды­рын, кө­ңіл күйін, ел тір­ші­лі­гін, за­ман ты­ны­сын ар­қау ет­кен ақын­дар шо­ғы­ры өмір сүр­ді. Олар Әсет Най­ман­байұлы, Ақыт Үлім­жіұлы, Жү­сіп­бек­қо­ жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Асыл­хан Мың­жа­ са­рұлы, Кө­дек Ма­рал­байұлы, Шар­ғын Әл­ға­зыұлы, Шіл­бі Кө­ме­ кұлы, Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы, Отар­бай Дүй­сен­біұлы, Ар­ғын­бек Апаш­байұлы, Дос­бер Сауыры­құлы, Ас­қар Та­та­най­ұлы т.б. ақын­ дар еді. Сол ақын­дық ар­на ар­қы­лы­ қа­зақ­тар­дың өз­ге­ше си­пат­қа то­лы бір өл­ке­ге тән әде­би ор­та­сы қа­лып­та­сып, да­му жо­лы­на түс­ ті. Бұл ақын­дар­дың шы­ғар­ма­шы­лық өмір­баяны таяу за­ман­ғы елі­ міз қа­зақ поэзиясы­ның бар бол­мы­сы мен дең­гейін,та­қы­рып­тықидея­лық, көр­кем­дік өре­сін та­ны­та­ды. Бір-бі­рі­не іле­се бір-бі­рі­мен 3

қа­тар­ла­са шы­ғып, бір дәуір­де өмір сүр­ген бұ­лар­дың шы­ғар­ма­ла­ рын­да өт­кен ға­сыр­лар­да­ғы қа­зақ хал­қы­ның ты­ныс-тір­ші­лі­гі мен тағ­дыр-та­лайы кө­рі­ніс та­ба­ды. Бұл қа­тар­да шы­ғар­ма­ла­ры­ның көр­кем­дік қуаты, та­қы­рып ауқы­мы­ның кең­ді­гі, идея­лық мақ­са­ты­ның те­рең­ді­гі, фи­ло­со­ фия­лық түйіні тұр­ғы­сы­нан ма­ңыз­ды­лы­ғы, ұлт­тық бол­мыс­ты бей­не­леуде­гі ше­бер­лі­гі жа­ғы­нан оқ­шау тұр­ған ақын Таң­жа­рық еке­нін айту ке­рек Ол – өзі­нің өлең-тол­ғаула­ры, қис­са-дас­тан­да­ ры, айт­ыс­та­ры ар­қы­лы бір өл­ке­ге тән ұлт­тық әде­биет­тің та­лант­ ты өкі­лі еке­нін та­ны­та біл­ді, ту ұс­таушы­сы да. Таң­жа­рық жә­не оның айна­ла­сын­да, ал­ды-ар­тын­да өт­кен ақын­дар­дың шы­ғар­ма­ шы­лы­ғы не­гі­зін­де елі­міз қа­зақ әде­биеті­нің өзі­не тән қа­лып­та­су, да­му ерек­ше­лі­гін зер­де­леу бү­гі­ні­гі таң­да­ғы зә­ру мә­се­ле­нің бі­рі деп қа­рай­мыз. Таң­жа­рық­тың ақын­дық та­би­ға­ты өз­ге­лер­ге ұқ­са­май, шы­ғар­ ма­шы­лық ше­бер­лі­гі жа­ғы­нан да да­ра тұ­ра­ды. Таң­жа­рық поэзиясы­ ның жанр­лық із­де­ніс жа­ғы­нан мол­ды­ғы, көр­кем­дік қуаты­ның өз­ ге­ше­лі­гі, фи­ло­со­фия­лық те­рең­ді­гі, об­раз жа­сау ше­бер­лі­гі оның та­лант қы­рын оқ­шаулап, да­ра­лап көр­се­тіп тұр. Оның туын­ды­ла­ ры қа­зақ поэзиясы­на жа­ңа стиль, жа­ңа түр қа­лып­тас­ты­рып, маз­ мұн­дық, көр­кем­дік стиль­дік тұр­ғы­дан жо­ға­ры дең­гейге кө­тер­ді. Та­қы­рып­тың зерт­те­лу дең­гейіне кел­сек, өт­кен ға­сыр­дың 80-жы­лы­ның ба­сы­нан бе­рі ру­ха­ни өмі­рі­міз­де­гі «ақ­таң­дақ­тар­ ды»қал­пы­на кел­ті­ру­мен қа­тар, қы­тай қа­зақ әде­биетін зерт­теу ба­ғы­тын­да да кө­ңіл­ге ме­деу тұ­тар­лық­тай жақ­сы іс­тер ат­қа­ры­ лу­да. Мер­зім­ді ба­сы­лым­дар­да көп­те­ген ма­қа­ла­лар жа­риялан­ды, ғы­лы­ми-зерт­теу ең­бек­тер жа­рық көр­ды. Тіп­ті, Қа­зақ­стан­ның өзін­де 1999-2002 жыл­да­ры бас­па­дан шық­қан бел­гі­лі әде­биет­ші ға­лым, про­фес­сор Зұ­фар Сейіт­жа­нұлы­ның «Қы­тай қа­зақ­та­ры әде­биеті­нің туып, да­му жол­да­ры» жә­не «Ақыт ақын» [1] ат­ты зерт­теу­ле­рін­де не­гі­зі­нен шың­жаң қа­зақ­та­ры әде­биеті­нің қа­лып­ та­су, да­му ба­ры­сы сол кез­дің (XXға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­ да­ғы) та­ри­хи, саяси-әлеу­мет­тік жағ­дайла­ры­мен бай­ла­ныс­ты­ры­ла са­ра­ла­нып, ай­мақ әде­биеті­нің не­гіз­гі са­ры­ны ай­қын­да­ла­ды. Сол за­ман­да­ғы қа­зақ қо­ға­мы­ның әлеу­мет­тік жағ­дайы, бө­лін­ген жер мен ел тағ­ды­ры­ның ақын шы­ғар­ма­ла­рын­да­ғы кө­рі­ніс­те­рі қа­рас­ ты­ры­ла­ды. Озық ел бо­лу­ға үн­де­ген өлең-тол­ғаула­ры жә­не дас­ тан­да­ры тал­да­на­ды. Со­ны­мен бір­ге атал­ған мер­зім­де­гі қы­тай­да бол­ған саяси-әлеу­мет­тік ша­ра­лар­дың, Қы­тай (Хан­зу) әде­биеті­нің 4

он­да­ғы қа­зақ әде­биеті­не ти­гіз­ген ық­пал, әсе­рі­не ғы­лы­ми тұр­ғы­ дан пай­ым­дау жа­са­ла­ды. Көр­нек­ті жа­зу­шы, ака­де­мик Сә­бит Мұ­қа­нов 1956 жы­лы Шың­ жаң­ға кел­ген са­па­рын­да Әсет пен Таң­жа­рық сияқ­ты үл­кен тұл­ға а­қын­дар жай­лы мә­лі­мет алып, осы са­па­ры­нан ал­ған әсе­рі баян­ да­ла­тын «Алып­тың адым­да­ры» [2] ат­ты кі­та­бын­да олар ту­ра­лы жан-жақ­ты мағ­лұ­мат бе­ре­ді, ал­ғаш рет Қа­зақ­стан хал­қы­на та­ныс­ ты­ра­ды. Бі­рақ өкі­ніш­ке орай, екі мем­ле­кет­тің ара­сын­да қыр­ғи­қа­ бақ­тық пай­да бол­ды да, тиім­ді бо­ла бас­та­ған бұл дос­тық бай­ла­ ныс он шақ­ты жыл ға­на өмір сү­ріп күрт үзіл­ді, жақ­сы бас­тал­ған жо­ғар­ғы­дай үр­діс тоқ­тап қал­ды. Со­ған қа­ра­мас­тан бұ­рын­ғы қол­ да бар де­рек­тің не­гі­зін­де бел­гі­лі жа­зу­шы Бұ­қа­ра Тыш­қан­баев­тың әзір­леп, ал­ғы сөз жа­зуымен 1974 жы­лы «Жа­зу­шы» бас­па­сы­нан Таң­жа­рық­тың «Ар­ман тау» [3] ат­ты ша­ғын жи­на­ғы жа­рық көр­ді. 1977 жы­лы «Қа­зақ со­вет эн­цик­ло­пе­диясы­ның» 10-то­мын­да ақын өмі­рі мен шы­ғар­ма­ла­ры де­рек­ті түр­де та­ныс­ты­рыл­ды Елі­міз­де Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның мұ­ра­ла­рын жи­нау, зерт­теу мә­се­ле­сі со­нау XX ға­сыр­дың 40-жыл­да­ры­ның со­ңы­нан бе­рі бір­де үзі­ліп, бір­де қайта жал­ға­сып отыр­са, өз­ге ақын­дар шы­ғар­ма­ла­ ры­на не­гі­зі­нен 80-жыл­дар­дың ба­сы­нан бас­тап на­зар ауда­рыл­ды. Соң­ғы кез­де­рі таяу за­ман ақын­дар туын­ды­ла­ры бір із­ге тү­сіп, жи­ нақ­та­лып, олар­ды та­ну ғы­лы­мы жүйеле­ніп, са­ра­ла­нып, ай­қын­да­ лып, аума­лы-төк­пе­лі за­ман­ды өт­кер­ген ақын­дар­дың та­ри­хи өз тұл­ға­сы шы­найы та­ны­лып ке­ле­ді. «Мә­де­ниет төң­ке­рі­сі» ке­зін­де ха­лық­тық мұ­ра­ға, ұлт­тық си­ пат­та­ғы мә­де­ниет кө­рі­ніс­те­рі­не көз­қа­рас мүл­де өз­ге­ріп, саяси тұр­ғы­дан қы­сым­ға алын­ды. Со­ның сал­да­ры­нан сол кез­ге дейін жа­са­лын­ған ұлт­тық әде­биет пен мә­де­ниет үл­гі­ле­рі қайта сұ­рып­ тау­дан өт­кі­зі­ліп,бір жақ­ты ба­ға­лан­ды. Мі­не, осын­дай идеоло­ гиялық қыс­пақ­қа түс­кен ұлт­тық әде­биет­ті өз бол­мы­сы­на сай зерт­теу­ге де­ген мүм­кін­дік­тің аясы бір мез­гіл өте тар бол­ға­ны бел­гі­лі. Бү­кіл ел хал­қы­на тиім­ді саяси ре­фор­ма­дан соң ға­на қай кез­де де хал­қы­ның бар жақ­сы ісі­нің ба­сы­нан та­бы­ла біл­ген, кө­ кі­ре­гі ояу, зиялы аза­мат­тар ша­ма-шар­қын­ша бір­ша­ма іс тын­дыр­ ды. Бұл орай­да ай­мақ­та­ғы қа­зақ әде­биетін зерт­теп, на­си­хат­тау­да жер­гі­лік­ті ға­лым – әде­биет­ші­лер­дің: О. Егеу­баев, А. Кі­ріш­баев,­ А. Қа­ли­ұлы, З.Нұ­рә­діл­қы­зы, Ш. Оңал­баев, Т. Рыс­кел­диев, Ғ. Ақы­ тұлы, О.Асы­лұлы, Ш. Құ­ма­рұлы, Б. Кә­сей­ұлы, Ж. Ма­ма­нұлы,­ М. Құр­ман­байұлы, Қ. Қа­ма­жа­нов, Ы. Әділ­қа­нов, А. Абеуұлы қа­ 5

тар­лы қа­лам­гер­лер атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар­дың мұ­ра­ла­рын жи­ нау, олар­дың шы­ғар­ма­шы­лық­та­ры­на қа­тыс­ты кей­бір де­рек­тер­ді дәйек­теу, же­ке­ле­ген туын­ды­ла­ры­на та­қы­рып­тық-идея­лық тұр­ғы­ дан ба­ға бе­ру не­гі­зін­де жа­зыл­ған ма­қа­ла­ла­ры­ның­ құн­ды­лық­та­ рын атап өту­ге бо­ла­ды. Алай­да елі­міз­де­гі қа­зақ әде­биеті ту­ра­лы зерт­теу­лер­ді бү­гін­гі көз­қа­рас тұр­ғы­сы­нан қа­ра­ған­да, кей­де кем­шін тұс­тар не­ме­се кей­ бір ке­ре­ғар ой ба­ғы­ты мен пі­кір­лер ұшы­ра­сып жа­та­ты­нын жа­сы­ ру­ға бол­майды. Оның үс­ті­не бас­па­сөз­де жа­риялан­ған сын-зерт­ теу ма­қа­ла­лар­дың де­ні ауқы­мы­ның мол­ды­ғы­на қа­ра­май, кей­бі­ реуі бі­рін-бі­рі қайталау си­па­тын­да­ғы, ақ­па­рат­тық дең­гейде еке­ні де бел­гі­лі. Сон­дық­тан бұл ең­бек­те ар­қау етіп алын­ған ақын­дар­ дың шы­ғар­ма­ла­ры ке­зін­де бір­ша­ма зерт­теу өзе­гі­не ай­нал­ға­ны­на қа­ра­мас­тан, на­ғыз объек­тив­ті дең­гейде тал­да­нып, әде­биет­та­ну та­лап­та­ры тұр­ғы­сы­нан лай­ық­ты ба­ға­сын ала ал­ма­ға­ны шын­дық. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, қы­тай таяу за­ман қа­зақ әде­биетін­де­гі ақын­дар­дың ше­бер­лік ­қыр­ла­ры мо­ног­ра­фиялық түр­де жан-жақ­ ты қа­рас­ты­ры­лып, әде­биет­та­ну ғы­лы­мын­да ар­найы зерт­теу обек­ ті­сі­не ай­нал­ған жоқ. Зерт­теу­дің не­гіз­гі мақ­са­ты – XIX ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да­ғы қы­тай-қа­зақ поэзия­ сын­да­ғы дәс­түр мен жа­ңа­шыл­дық мә­се­ле­ле­рін қа­рас­ты­ру. Осы орай­да атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын са­ра­лау, оған қо­са әде­би үр­діс­ке бел­сен­ді ара­лас­қан жә­не оған ша­ма-шар­ қын­ша үлес қос­қан Әсет Най­ман­байұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Ақыт Үлім­жіұлы, Жұ­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Асыл­хан Мың­жа­са­рұлы, Кө­дек Ма­рал­байұлы, Шар­ғын Әл­ға­зыұлы, Шіл­бі Кө­ме­кұлы, Дос­бер Сауыры­құлы т.б. ақын­дар­дың шы­ғар­ма­шы­ лы­ғы қа­та­ры­на тән си­пат­тар­ды ай­қын­дау. Ақын­дық дәс­түр­дің жа­ ңа­рып, түр­ле­нуінің қыр-сы­рын са­ра­лау. Ор­тақ идея, мақ­сат­тар­ды пай­ым­дау, со­ны­мен қа­тар олар­дың идея­лық-та­қы­рып­тық, өзін­дік ерек­ше­лік­те­рі­нің ар­на­ла­рын ашып көр­се­ту, он­да­ғы са­рын­дас­ тық, са­бақ­тас­тық, жал­ғас­тық мә­се­ле­сі­не на­зар ауда­ру. Атал­мыш ақын­дар­дың идея­лық-эс­те­ти­ка­лық із­де­ніс­те­рін анық­тай оты­рып, әсі­ре­се, Таң­жа­рық­тың су­рет­кер­лік ше­бер­лі­гін, өзін­дік шы­ғар­ма­ шы­лық ерек­ше­лі­гін ай­қын­дау. Бұл ақын­дар­дың Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің да­му­ын­да­ғы үле­сін сал­мақ­тау. Осы мақ­сат­қа орай ал­ ды­ға мы­на­дай мін­дет­тер қой­ыла­ды: 6

– атал­ған ақын­дар­дың шы­ғар­ма­ла­рын бү­гін­гі күн көз­қа­ра­сы тұр­ғы­сы­нан зер­де­леу; шы­ғар­ма­шы­лық ғұ­мыр­на­ма­сы­ның ке­зең­ де­рін анық­тау әрі ақын­дар ғұ­мыр­на­ма­сы­ның шы­ғар­ма­шы­лық қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сын зер­де­леу, дәуір си­па­тын аң­ғар­ту. – бұл дәуір әде­биетін­де­гі дәс­түр жал­ғас­ты­ғы мен поэзия­ның жа­ңа­шыл­дық үл­гі­ле­рі­не ба­са на­зар ауда­ру; – ақын­дар поэзия­сын­да­ғы фольклор­лық үл­гі­лер­ді анық­тау; – шы­ғыс әде­биеті­нің таяу за­ман қа­зақ поэзиясы­на ти­гіз­ген әсер-ық­па­лын, әсі­ре­се, на­зи­ра­лық дәс­түр­дің кең өріс алуын­да­ғы фак­тор­лар­ды ай­қын­дау. – айт­ыс­кер­лік дәс­түр­дің кең жал­пы­ла­суының қыр-сы­рын са­ ра­лау; – Абай­дың атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар­ға ық­па­лын анық­тау; – Таң­жа­рық­тың ли­ри­ка­лық цик­льді құ­райт­ын өлең­де­рін топ­ тас­ты­рып, олар­дың маз­мұн­дық, ма­ғы­на­лық, пі­шін­дік жақ­тан түр­ ле­нуін, са­бақ­тас­ты­ғын пай­ым­дау; – ақын­дық ор­та жә­не әде­би үр­діс мә­се­ле­ле­рін қа­рас­ты­ру; – атал­ған дәуір­де­гі елі­міз қа­зақ поэзия­сын­да­ғы әде­би үр­діс­ке бел­гі­лі дә­ре­же­де қыз­мет ет­кен Ақыт, Таң­жа­рық, Асыл­хан, Кө­дек, Шыл­бы, Шар­ғын, Дос­бер қа­тар­лы ақын­дар­дың шы­ғар­ма­шы­лық­ та­рын жүйе­леп қа­рас­ты­ру; – осы ке­зең­де­гі әде­би үр­діс­тің да­му­ына, түр­ле­нуіне ық­пал ет­ кен фак­тор­лар­ды ай­қын­дау; – атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да­ғы ор­тақ идея, са­рын­дар­ды са­ра­лау; – сол ке­зең­де­гі әде­би үр­діс­тің не­гіз­гі же­тек­ші күш­те­рі жә­не олар­дың сөз өне­рі­нің да­му­ына әсер- ық­па­лын көр­се­ту; – ақын­дар поэзиясы­ның жа­ныр­лық си­пат­та­рын ай­қын­дау әрі олар­дың ли­ри­ка­ла­ры­на, айт­ыс­та­ры­на, қис­са, дас­тан­да­ры­на көр­ кем­дік тал­дау жа­сау; – та­ным­дық, та­ғы­лым­дық мә­нін көр­се­ту, он­да­ғы өр­ке­ниет­ке үн­деу идея­сын ашу; Зерт­теу ны­са­на­сы ре­тін­де атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар­дың өлең­де­рі, тол­ғаула­ры, қис­са, дас­тан­да­ры, айт­ыс­та­ры, яғ­ни әр кез­ де ба­сыл­ған шы­ғар­ма­ла­ры алын­ды.

7

1

XІX ҒА­СЫР­ДЫҢ БІ­РІН­ШІ ЖӘНЕ XX ҒА­СЫР­ДЫҢ ЕКІН­ШІ ЖАР­ТЫ­СЫН­ДАҒЫ ҚЫ­ТАЙ­ДАҒЫ ҚА­ЗАҚ ӘДЕБИЕТІ­НІҢ ҚА­ЛЫП­ТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Ш

ың­жаң қа­зақ­та­ры ру­ха­ни әле­мі­нің ба­ры­сын сөз ет­кен­де, біз жал­пы қы­тай хал­қы­ның сол тұс­та­ғы әлеу­мет­тік-саяси, мә­де­ни тір­лі­гі­не соқ­пай өте ал­ май­мыз. XIX ға­сыр­дың со­ңы мен XX ға­сыр­да­ғы қы­тай қо­ға­мы, мә­де­ни ба­рыс­та­ры жө­нін­де бі­рер сөз айтылып, оның си­па­ты ай­ шық­тал­май­ын­ша,өл­ке­де­гі қа­зақ­тар­дың әлеу­мет­тік, мә­де­ни, әде­ би тір­лі­гін без­бен­деу мүм­кін емес. Елі­міз­де фео­дал­дық қо­ғам Чиң пат­ша­лы­ғы­ның (1644-1911 жыл­да­ры) со­ңын ала күй­реуге бе­тал­ды. Әлеу­мет­тік дағ­да­рыс күн сай­ын кү­шейіп, іш­кі қай­шы­лық­тар бар­ған сай­ын ушы­ғып, хан­дық ба­рын­ша іріп-ші­рі­ді. 1840-жыл­дар­дан бас­тап өз­ге ка­пи­та­лис­тік ел­дер­дің ық­па­лы­мен қа­зақ қо­ға­мын­да тү­бір­лі өз­ге­ріс­тер туыла бас­та­ды. Әлем­де­гі ал­пауыт им­пе­риа­лис мем­ле­кет­тер­дің қы­тай­ға ан­та­лай ша­бу­ыл­дауы- елі­міз­де­гі фео­дал­дық қо­ғам­ның ыды­рауын тез­дет­ті, ка­пи­та­лизм­нің өр­ке­нін жая бас­та­ды. Осы­лай­ша фео­дал­ дық қы­тай қо­ға­мы жар­ты­лай фео­дал­дық қо­ғам­ға ай­нал­ды. Та­ғы бір жа­ғы­нан бұл ел­дер қы­тай­ды өз қа­лауын­ша емін-ер­кін би­лептөс­те­ген­дік­тен, тәуел­сіз мем­ле­кет­ті жар­ты­лай отар ел­ге ай­нал­ дыр­ды. Мі­не со­дан бас­тап им­пе­риа­лизм мен қы­тай хал­қы, феода­ лизм мен ха­лық бұ­қа­ра­сы ара­сын­да­ғы қай­шы­лық – таяу за­ман­ғы қы­тай та­ри­хы да­му­ын­да­ғы не­гіз­гі қай­шы­лық­қа ай­нал­ды. Қы­тай хал­қы ха­лық ре­тін­де құ­рып ке­ту­ден сақ­та­ну үшін тай­пиң­тиан­го­ дан (1851) шаң­хай төң­ке­рі­сі­не дейін (1911) төң­ке­ріс­тік кү­рес­ті то­лас­сыз жал­ғас­ты­рып отыр­ды. Сон­дай-ақ қы­тай­дың кө­кі­рек кө­ зі ояу, ал­ға ба­сар ұл-қыз­да­ры са­ны мол, сал­ма­ғы бат­пан қор­лық пен зор­лық­тар­ға тө­зе жү­ріп, ба­тыс ел­де­рі­нің ғы­лым-мә­де­ниеті­ нен ақи­қат із­де­ді. Осы­лай­ша ба­тыс­та­ғы өр­кен­де­ген әде­биет-көр­ ке­мө­нер­дің сан түр­лі ағы­мы қы­тай­ға ағы­лып кі­ре бас­та­ды. Әде­биет қо­ғам­дық идеяло­гияның жә­не жал­пы мә­де­ниет­тің құ­рам­дас са­ла­сы ре­тін­де сол дәуір­де­гі қы­тай қо­ға­мы­ның өз­ге­ ріс­те­рін бей­не­леуге, со­ны­мен бір­ге өзі де атал­ған бет­бұ­рыс­тар­ға 8

үйле­су­ге, сәй­ке­су­ге мін­дет­ті еді. Сөйт­іп атал­ған та­ри­хи ке­зең­де фео­дал­дық әде­биет пен қа­тар, отар­шы­лық­қа қар­сы тұ­ру­ды, фео­ дал­дық бұ­ғаудан құ­ты­лу­ды не­гіз­гі маз­мұн ет­кен ал­ға ба­сар әде­ биет­те дү­ниеге кел­ді. Со­ны­мен бір уа­қыт­та фео­дал­дық қо­ғам тұ­ сын­да­ғы ес­кі әде­биет­ті жа­ңа­лау нау­қа­ны да қо­са жү­ріп жат­ты. Мі­не осын­дай жағ­дайда таяу за­ман­ғы қы­тай­дың ал­ға ба­сар әде­ биеті сол кез­де­гі саяси кү­рес үшін ға­на қыз­мет ат­қа­рып қал­мас­тан, бел­гі­лі дең­гейде им­пе­риализм­ге, феода­ли­зм­ге қар­сы ұран кө­тер­ді. Со­ны­мен бір­ге, қы­тай­дың кө­зі ашық, кө­кі­ре­гі ояу аза­мат­та­ ры ту­ған елін ояту мақ­са­ты­мен ба­тыс әде­биеті­нің, әсі­ре­се орыс әде­биеті­нің көр­нек­ті өкіл­де­рін ту­ған тіл­де­рі­не мо­лы­нан ау­дар­ды. Ге­те, Та­гор, Пе­те­фи, Лер­мон­тов, Нек­ра­сов, Толс­той, Го­голь, Че­ хов т.б. шы­ғар­ма­ла­ры­ның қы­тай ті­лі­не ауда­ры­луы, сол кез­де­гі хат та­ни­тын қауым­ның са­на-се­зі­мі­нің оянуына игі әсер ет­ке­ні бел­гі­ лі. Ал атал­ған әлем­дік клас­сик­тер­дің жә­не Қа­зақ­стан­нан бар­ған қа­зақ­ша, орыс­ша нұс­қа­ла­ры жә­не іш­кі өл­ке­ден кел­ген хан­зу­ша нұс­қа­ла­ры шың­жаң ха­лық­та­ры­ның да кө­кі­рек кө­зін ашып, та­ ным-тал­ға­мын өсі­ре түс­ті. Сон­дай- ақ 1930-1940 жыл­дар­да қы­ тай әде­биеті­нің көр­нек­ті өкіл­де­рі Лу Шұн, Го Мо­ро, Мау Дұн, Әй Чиң т.б. се­кіл­ді ақын-жа­зу­шы­ла­ры­ның шы­ғар­ма­ла­ры да шың­ жаң­да бір­тін­деп ауда­ры­ла бас­та­ған бо­ла­тын. Сон­дық­тан қы­тай әде­биетін­де­гі әр ке­зең­нің бе­де­рі елі­міз­де­гі қа­зақ әде­биеті­не өз ізін қал­ды­рып отыр­ды. Жал­пы 1920 жыл­дар­дан бас­тал­ған қы­тай мә­де­ниеті­нің ояну қоз­ға­лы­сы 1930-1940 жыл­дар­да биік бе­лес­ке кө­те­ріл­ді де­сек, ту­ра осын­дай ояну құ­бы­лы­сы ұқ­сас мез­гіл­де елі­ міз қа­зақ­та­рын­да қайтала­нып отыр­ды. Сол мез­гіл­де шың­жаң қа­ зақ­та­ры ара­сы­нан шық­қан Ақыт қа­жы Үлім­жыұлы, Әсет Най­ман­ байұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Кө­дек Ма­рал­байұлы, Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы, Шіл­бі Кө­ме­кұлы, Шар­ғын Ал­ға­зыұлы, Нұр­та­за Шал­ғын­байұлы, Ду­бек Шал­ғын­ байұлы, Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы, Ар­ғын­бек Апаш­пайұлы, Отар­бай Дүй­сен­біұлы, Ас­қар Та­та­най­ұлы т.б. ақын­дар­дың мә­де­ни ояну­ шы­лық рө­лі ерек­ше бол­ға­нын бай­қауға бо­ла­ды. Қа­лай бол­ған­да да бұ­лар­сыз XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да­ғы елі­міз қа­зақ­ та­ры әде­биеті­нің жай-күйін сөз ету мүм­кін емес. Атал­ған ақын­ дар­дың бі­рі ді­ни ғұ­ла­ма, бі­рі ән­ші-саз­гер, бі­рі айт­ыс ақы­ны ен­ді бі­реуі ау­дар­ма­шы бол­ған­дық­тан, сол тұс­та­ғы сау­ат­ты­лық дең­гейі әр қи­лы қа­зақ­ты жан-жа­ғы­нан қаума­лап оян­ба­сы­на қой­ма­ды. Та­ ғы бір ес­кер­те ке­тер­лік жағ­дай, елі­міз қа­зақ­та­рын ояту­шы­лар тек 9

жо­ға­ры­да­ғы ақын­дар­мен ға­на шек­тел­мей­ді. Олар­дың жан-жа­ ғын­да, ма­ңай­ын­да қо­лы­нан қа­ла­мы­на түс­пей өт­кен үл­кен­ді-кі­ші­ лі ақын-жа­зу­шы­лар аз бол­ған жоқ. XIX ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сы­нан XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жа­ры­мы­на дейін қа­зақ жұр­ты­ның саяси-әлеу­мет­тік өмі­рін­де ға­ на емес, мә­де­ниеті мен әде­биетін­де де өзін­дік өз­ге­ріс­тер туыл­ды. Мұ­ның өзі за­ман ауқы­мы­ның жә­не ел іші-сыр­тын­да­ғы ғы­лым мен мә­де­ниет­тің да­му­ын­да­ғы та­би­ғи бе­та­лыс еді. Мә­де­ниет ше­бін­де­ гі мұн­дай өз­ге­ріс­тің бас­ты бір бел­гі­сі оқу-ағар­ту­дың да­муынан бай­қа­ла­ды. Елі­міз­де­гі қа­зақ са­ха­ра­сын­да XX ға­сыр­дың бас ше­ ні­не дейін не­гі­зі­нен ес­кі­ше мек­теп, мед­ре­се­лер ға­на бол­ған, он­да кө­бі­не­се ді­ни оқу оқы­ты­ла­тын, оның үс­ті­не тұ­рақ­ты емес еді. 1922 жы­лы Үрім­жі қа­ла­сын­да тұң­ғыш рет өл­ке­лік мұң­ғұл-қа­ зақ мек­те­бі ашыл­ды. Бұл мек­теп­те қы­тай тіл-әде­биеті жә­не қа­зақ­ ша-орыс­ша тіл са­ба­ғы өтіл­ді. 1935 жы­лы құ­рыл­ған шың­жаң­да бір та­лай қа­зақ ба­ла­лар оқы­ды. 1934 жыл­дан бас­тап қа­зақ ара­сы­на жа­ңа­ша мек­теп­тер ашы­ла бас­та­ды жә­не бір­не­ше жыл ішін­де Іле­ де 38, Тар­ба­ға­тай­да 15, Ал­тай­да 16 мек­теп құ­ры­лып, оқу­шы са­ны 6200-ге жет­кен. Бұл мек­теп­тер­де сол кез­де Қа­зақ­стан­нан шық­қан жа­ңа­ша оқу­лық­тар бол­ған. ХХ ға­сыр­дың бас ше­ні­не дейін біз­де­гі қа­зақ ішін­де ес­кі­ше оқы­ған са­наулы ға­на зиялы бол­ған бол­са, бұл тұс­та, әсі­ре­се, 1930-1940-жыл­дар­да бас­тауыш, ор­та мек­теп­тер мен ар­наулы курс­тар­ды тауыс­қан­дар­дың са­ны едәуір мо­лық­ты. ХІХ ға­сыр­дың аяқ ше­ні­нен бас­тап біз­де­гі кей­бір қа­зақ әде­биеті­ ші­ле­рі­нің кі­тап­та­ры Қа­зан қа­ла­сын­да­ғы бас­па­лар­дан шы­ға бас­та­ ды. Ол кез­де Шың­жаң­да қа­зақ ті­лін­де бас­па сөз қа­лып­та­са қой­ ма­ған еді. Тек 1930 жыл­дар­дан бас­тап қа­зақ ті­лін­де га­зет-жур­нал жа­рық көр­ді. Қа­зақ ті­лін­де «Шин­жаң га­зе­ті», «Іле га­зе­ті», «Ерік­ті Ал­тай», «Тар­ба­ға­тай га­зе­ті» шы­ға бас­та­ды. Үш ай­мақ төң­ке­рі­сі­ нің ық­па­лы­мен 1940-1945 жыл­дар ара­лы­ғын­да «Кү­рес», «Бі­лім ар­на­сы», «Таң шол­па­ны», «Бір­лік», «Одақ» ат­ты жур­нал­дар жә­не «Әде­биет ар­на­сы» ат­ты ал­ма­нақ жа­рық­қа шық­ты. Тар­ба­ға­тай­да «Жа­ңа Шың­жаң», Ал­тай­да «Жа­ңа Ал­тай» жур­на­лы шық­ты. ХХ ға­сыр­дың бас ше­ні­нен бас­тап ­мә­де­ниет, ғы­лым, әде­биет са­ла­сын­да жә­не әкім­ші­лік, бас­шы­лық са­ла­сын­да бір шо­ғыр қа­ зақ зиалы­ла­ры ел кө­зі­не тү­сіп же­ті­ле бас­та­ды. Олар­дың қа­жырқай­ра­ты ар­қа­сын­да ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да­ғы хан­зу жә­не әлем әде­биеті­нің озық үл­гі­ле­рі сау­ат­ты қауым­ға дер­лік жет­ кі­зі­ліп отыр­ды. 10

1930 жыл­дар­дан бас­тап Шың­жаң­ға, әсі­ре­се, қа­зақ ау­дан­да­ры­ на мә­де­ниет жа­ғын­да со­вет ода­ғы игі ық­пал жа­са­ды. Олар­дан түр­ лі­ше га­зет-жур­нал, кі­тап­тар та­рал­ды. Ше­тел қа­зақ әде­биеті жа­не олар ау­дар­ған шы­ғар­ма­лар орыс әде­биеті мен ев­ро­па әде­биеті­нің үз­дік үл­гі­ле­рі де шин­жиаң қа­зақ­та­ры ара­сы­на та­ра­ла бас­та­ды. ­Таяу за­ман қа­зақ әде­биеті ор­та ға­сыр­дан жал­ғас­қан ха­лық ауыз екі әде­биет­тің жа­сам­паз­дық дәс­тү­рі­не мұ­ра­гер­лік ет­ті. Бұл тұс­та ел ара­сын­да ес­кі­ден ке­ле жат­қан миф­тер, аңыз-ер­те­гі­лер, ер­лік эпос­тар мен ха­лық дас­тан­да­ры, ше­шен­дік сөз­дер мен ма­ қал-мә­тел­дер, өлең-жыр­лар мол сақ­тал­ды. Өте-мө­те XVIII ға­сыр­ да­ғы «Aқта­бан шұ­бы­рын­ды» оқи­ға­сы­на бай­ла­ныс­ты туын­да­ған аңыз-жыр­лар кең та­рал­ған. Со­ны­мен бір­ге осы дәуір­дің өзін­де, дә­лі­рек айт­қан­да XIX ға­сыр­дан XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сы­ на дейін­гі дәуір­де жер­гі­лік­ті түс ал­ған қы­ру­ар аңыз-әң­гі­ме, өлеңжыр, қис­са-дас­тан, ше­шен­дік сөз, айт­ыс өлең­де­рі бар­лық­қа ке­ліп ауыз әде­биеті­нің қо­рын бай­ыт­ты; жаз­ба әде­биет өріс­теп ха­лық ауыз әде­биеті­мен жа­ры­са өмір сүр­ді. Де­се де, ХІХ ға­сыр­да ғы­ лым мен мә­де­ниет, әде­биет­тің да­му­ына іле­сіп, қа­зақ­тың поэзия жа­сам­паз­ды­ғы­ның си­па­тын­да өзін­дык өз­ге­ріс­тер туыл­ды. Сон­дай-ақ қа­зақ хан­дық­та­ры дәуі­рін­де­гі қа­лып­та­сып, өріс­те­ ген зор әлеу­мет­тік жә­не қол­да­ныл­ма­лы рөл ат­қар­ған жы­раулар жа­ сам­паз­ды­ғы­ның сти­лі, са­ры­ны осы дәуір­ге дейін со­за­лаң­да­ды, яғ­ ни бұл дәуір­де ер­те­де­гі жы­раулар жы­ры­ның кө­бі­не­се бел­гі­лі әлеу­ мет­тік қи­мыл­ға ті­ке­лей қыз­мет ету ха­рек­те­рі жа­ңа­ла­нып, поэзия жа­сам­паз­ды­ғы ар­наулы көр­ке­мө­нер түр ре­тін­де да­ра­ла­на бас­та­ды. Біз­де қа­зақ жаз­ба әде­биеті ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жа­ры­мы­нан ХХ ға­сыр­дың бас ше­ні­не дейін қа­лып­тас­ты. Ұлы ақын Абай жа­ сам­паз­ды­ғы­ның ық­па­лын қа­был­дай оты­рып өзін­дік ар­на­да өріс­ те­ді. Таяу за­ман­нан бер­гі жаз­ба әде­биет­тің бас­ты бел­гі­ле­рі­нің бі­рі туын­ды­ны бас­па­сөз­де жа­риялау бол­са, бұл дәуір­де қы­тай­да қа­зақ­ша бас­па­сөз­дің қа­лып­та­са қой­ма­ға­нын айту ке­рек. Сол се­ беп­тен бұл тұс­та ақын, қис­са­гер, әде­биет­ші­лер туын­ды­ла­ры­ның бас­па­сөз­де жа­риялан­ған­да­ры са­наулы ға­на еді. Қис­са-дас­тан­ дар­дың бір бө­ле­гі жә­не кей­бір ше­жі­ре кі­тап­тар қол­жаз­ба күйін­ де та­рал­ды. Ал әде­би туын­ды­лар­дың де­ні ауыз­ша та­рал­ды жә­не сақ­тал­ды. Бұл дәуір­де ең ал­ғаш бас­па сөз­де кі­та­бы шық­қан­дар ғұ­ла­ма ақын Ақыт Үлім­жыұлы мен Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­қсы­ла­ мұлы бол­ды. Олар­дың көп­те­ген қис­са­ла­ры ке­зін­де­гі Қа­зан, Уфа қа­ла­ла­ры­ның бас­па­ла­ры­нан шық­ты. Ше­тел­де ба­сыл­ға­ны­мен бұл 11

екі ғұ­ла­ма ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның бас­па­дан шы­ғуы қы­тай қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің қа­лып­та­са бас­та­ға­нын анық аң­ға­рт­ты. Жаз­ба әде­биет де­ген­де хат­қа тү­сі­ріл­ген, қа­ғаз­ға жа­зыл­ған туын­ды­лар да қам­ты­лу­ға тиіс­ті. Осы тұр­ғы­дан айт­қан­да бұл дәуір­де біз­де қа­зақ жаз­ба әде­биеті едәуір жал­пы­лас­ты деу­ге бо­ла­ды. Жаз­ба әде­биеті­міз ХХ ға­сыр­дың 20-40 жыл­да­рын­да бұ­рын­ ғы­дан әрі маз­мұн жа­ғы­нан іл­ге­рі­лей тү­сіп әлеу­мет­тік си­пат ал­ды. Түр, жанр мо­лай­ып одан ары да­мы­ды. Бұл дәуір­де айгі­лі ақын Таң­жа­рық өкіл­дік ет­кен ақын­дар поэзиясы зор әлеу­мет­тік ық­пал ту­дыр­ды төң­ке­ріс­тік кү­рес­тер­дің ық­па­лын қа­был­да­ды, ес­кі қо­ ғам­ның ем қон­байт­ын дерт-дер­без­де­рін әш­ке­ре­леумен бір­ге төң­ ке­ріс­тік ал­ға ба­сар идеяны жыр­ла­ды. Түр, жанр, фор­ма­сы жө­ні­нен ал­ған­да ХІХ ға­сыр­дан ХХ ға­ сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сы­на дейін­гі қы­тай қа­зақ әде­биеті өз­ге ұлт­тар әде­биеті­нен әрі ше­тел қа­зақ әде­биеті­нен өз­ге­ше өзін­дік ерек­ше­лі­гі­мен көз­ге тү­се­ді. Бұл дәуір­де­гі әде­биеті­міз­де өлең сөз жа­сам­паз­ды­ғы ба­сым орын­да тұр­ды. Бі­рақ, ол жа­сам­паз­дық ау­ қым-бе­та­лы­сы, поэзия­лық жанр­ла­ры жа­ғы­нан бол­сын өзі­нен іл­ гер­гі дәуір­де­гі поэзия­дан нәр алып, өзі­не тән дәуір ерек­ше­лі­гін қа­лып­тас­тыр­ды. Ең ал­ды­мен жа­сам­паз­ды­ғы­ның ық­па­лын же­тіл­ дір­ді. Түр жә­не өлең өл­ше­мі жа­ғы­нан жа­ңа­ша поэзия ар­на­сы­на ойыс­ты. Жаз­ба әде­биет құ­ра­мы бар­ған сай­ын мо­лық­ты. Жал­пы ал­ған­да, бұл дәуір­де­гі әде­биет­ші­ле­рі­міз­дің де­ні ұлы­лы-кі­ші­лі ақын­дар бол­ды. Олар не­гі­зі­нен ха­лық ауыз әде­биеті­нен үй­рен­ ді, со­ның то­пы­ра­ғын­да өс­ті. Олар ең ал­ды­мен ха­лық ауыз әде­ биеті туын­ды­ла­рын әсі­ре­се ха­лық өлең-жыр­ла­рын қар­ша­дайы­ нан жат­тап, үйре­ніп, со­дан нәр қа­был­да­ды,ша­быт ал­ды, со­ның бе­сі­гін­де өсіп-же­тіл­ді. Ха­лық ауыз әде­биеті туын­ды­ла­рын, жырдас­тан­дар­ды жи­наушы, жыр­лау­шы жә­не бір­тін­деп бас­па сөз­де жа­риялау­шы бол­ды. Ха­лық ауыз әде­биеті­нің сю­же­тін жаң­ғыр­тып туын­ды жа­рат­ты. Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­қы­сы­ла­мұлы, Ақыт Үлім­ жіұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы, т.б. мі­не осы түр­де­гі әде­биет­ші­лер­дің тип­тік өкі­лі. Қа­зақ фоль­кло­ры­ның ұлт­тық бояуы қа­нық түр­ле­рі­нің бі­рі айт­ыс өне­рі де­сек, бұл дәуір­де өсіп-же­тіл­ген ақын­дар­дың бә­рі дер­лік жа­сам­паз­дық жо­лын айт­ыс өне­рі­мен бас­та­ған. Олар­дың кө­бі жас ке­зін­де айт­ыс ақы­ны бол­ған әрі бір та­лай таң­дау­лы айт­ ыс мұ­ра­ла­рын қал­дыр­ған. Сон­дық­тан бұл дәуір­де бар­лық­қа кел­ ген мұн­да­ғы қа­зақ әде­биеті мұ­ра­ла­ры­ның ішн­де айт­ыс өлең­де­рі 12

айы­рық­ша на­зар ау­дар­ды, соң­ғы жиыр­ма шақ­ты жыл­да ел ауызы­ нан осы дәуір­ден қа­зір­гі ұр­пақ­қа мұ­ра бол­ған жүз­ден аса айт­ыс өле­ңі (мә­ті­ні) жә­не айт­ыс өне­рі­мен бір­ге туып, бі­те қай­нас­қан, қо­ры қо­мақ­ты қа­ра өлең жи­нап алын­ды. Оның бір та­лайы бас­ па сөз­де жа­рияла­нып үл­гер­ді. Бұл тұс­та мұн­да­ғы қа­зақ ара­сын­да әде­биет-көр­ке­мө­нер­дің өз­ге түр­ле­рі­не қа­ра­ған­да айт­ыс өне­рі­нің мық­тап өрс­те­ге­ні, со­дан тұп-ту­ра ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ ты­сы­на дейін өзі­нің дәс­түр­лі ізі­мен қай­ма­ғын бұз­бай жал­ға­сып, да­мы­ға­ны бай­қа­ла­ды. Әрі өзі­не тән жер­гі­лік­ті бояуы жә­не дәуір ерек­ше­лі­гі­мен ажар­ла­на­ды. Бұл дәуір­де­гі ақын туын­ды­ла­ры­ның бір бө­лі­мі бас­па сөз­де жа­риялан­ды. Бі­рақ, 1930 жыл­дар­дың екін­ші жа­ры­мы­нан іл­гер­ гі дәуір­де бас­па­сөз­де жа­риялан­ған­да­ры тым көп емес. Олар­дың туын­ды­ла­ры­ның бір бө­лі­мі қол­жаз­ба күйін­де, та­ғы бір бө­ле­гі ауыз­ша та­рал­ды. Мұн­дай шы­ғар­ма­лар бер­тін­де ел аузы­нан жа­ зып алын­ды. Бір та­лайы­ның бір­не­ше нұс­қа­сы (ва­ри­ан­ты) сақ­тал­ ған. Кей­бір шы­ғар­ма­лар текс­то­ло­гиялық тұр­ғы­дан әлі зерт­те­лу үс­тін­де. Ав­то­ры­ның кім еке­ні не­ме­се қай­сы нұс­қа­сы­ның түп нұс­ қа еке­ні әлі күн­ге дейін дү­дә­мәл, мұ­ның өзі осы дәуір­де­гі әде­биет жа­сам­паз­ды­ғы ха­лық ауыз әде­биеті ық­па­лы­нан ары­лып ке­те ал­ ма­ға­нын бір қы­ры­нан си­пат­тайды. Бұл дәуір­де әде­биеті­міз­де кей­бір оқи­ға­лар­ды, ел-жұрт­тың, ақын­дар мен ав­тор­лар­дың өз ба­сы­нан ке­шір­ген оқи­ға­ла­рын баян­ дайт­ын жыр то­бы пай­да бол­ды. Мұ­ны өз тұ­сын­да­ғы әлеу­мет­тік өмір­дің та­ри­хи туын­ды­сы де­се де бо­ла­ды.Мұн­дай то­па­ны мол, фор­ма­сы да алуан түр­лі, бел­гі­лі нақ оқи­ға­ны то­лық қам­тып, дас­тан тү­рін­де ұзақ жыр­лан­ған­да­ры да, кел­те қайы­рып, қыс­қа­ ша жыр­лан­ған­да­ры да ке­зі­ге­ді. Бі­рақ олар­дың бә­рі­не ор­тақ бір ерек­ше­лік-өз тұ­сын­да ақын­ға ерек­ше әсер ет­кен жә­не ел-жұрт­ тың ба­сы­нан өт­кен ая­ныш­ты оқи­ға­лар, ақын­ның сол жө­нін­де­гі ой тол­ға­ныс­ты жыр­ла­на­ды. Он­да оқи­ға, адам, оқи­ға­ның туыл­ған ор­ны, уақы­ты, нә­ти­же­сі, ав­тор­дың кө­ңіл-күйі өң­деп әр­леуден өт­ кі­зіл­мейді, не­гі­зі­нен өз­ге­ріс­сіз жыр­ла­на­ды. Өйт­ке­ні ақын­дар өз ойын қа­ра сөз­бен баян­да­ған­нан гө­рі өлең сөз­бен жыр­ла­ған­ды аб­ зал кө­ре­тін. Жұрт ішін­де өлең-жыр­ды ес­ті­ген жер­ден құй­ма құ­ лақ өлең­ші ақын­дар көп бол­ған. Поэзия кең қа­нат жай­ған ор­та­дан мұн­дай өлең-жыр кең та­ра­ла­тын әрі ық­пал ту­ды­ра­тын. Дәс­түр­лі қис­са­гер­лік ау­қым онан әрі өріс­те­ді. Қис­са­гер­лік­ тің жал­пы­лас­қа­ны сон­дай бұл дәуір­де­гі қис­са­дан өз­ге жыр түр­ 13

ле­рі-ба­тыр­лық жыр­ла­ры, ға­шық­тық жыр­ла­ры да қис­са деп ата­ла бас­та­ды. Оның өзін­дік се­бе­бі бол­ды. ХІХ ға­сыр­да қа­зақ са­ха­ ра­сы­на ис­лам ді­ні бұ­рын­ғы­дан кең та­рал­ды. Бұ­ха­ра, Са­мар­қан, Қа­зан қа­ла­ла­ры­нан кел­ген мол­да-қо­жа­лар ис­лам ді­нін қа­зақ ара­ сы­на кең на­си­хат­та­ды. Со­ған бай­ла­ныс­ты «Құ­ран кә­рім», «Қис­ са-сул ән­бие» хи­каяла­ры одан ары та­рал­ды. Ха­лық ақын­да­ры, ауыл мол­да­ла­ры араб­тар­дың клас­си­ка­лық шы­ғар­ма­сы «Мың бір түн» хи­каяла­ры, пар­сы­лар­дың бай­ыр­ғы ха­лық эпо­сы «Шаһ­на­ма» жә­не үн­ді­лер­дің «То­ты­на­ма» сю­жет­те­рін қа­зақ өмі­рі­не сәйе­кес­ тен­ді­ре жыр­ла­ды. Мұн­дай қис­са­лар­дың Қа­зан қа­тар­лы қа­ла­лар­да ба­сыл­ған нұс­қа­ла­ры та­рал­ды. Қис­са­лар­ды хат сауаты бар адам­ дар, ауыл мол­да­ла­ры қол­дан-қол­ға кө­ші­ріп та­ра­тып отыр­ды. Оны «Өлең кі­тап» деп ата­ды. Ес­кі дәс­түр бой­ын­ша қис­са­лар­дың ауыз екі та­рал­ған­да­ры да бол­ды. Қис­са­гер­лік жа­сам­паз­дық­қа ха­лық ақын­да­ры, ауыл ара­сын­да­ғы әуес­қой­лар ға­на емес бі­лік­ті үл­кен ақын­дар да қа­ты­нас­ты. ХІХ ға­сыр­дың со­ңы мен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жа­ры­мын­да біз­де­гі қа­зақ әде­биет жа­сам­паз­ды­ғын­да, ха­лық ауыз әде­биеті мен жаз­ба әде­биет жа­сам­паз­ды­ғы­ның бір­ге туып бі­те­қай­нас­қа­нын, кей­де олар­ды бір-бі­рі­не жа­нас­пайт­ын екі ар­на­да қа­рас­ты­ру­дың қиын­ға со­ға­ты­нын ес­кер­мей бол­майды. Іс жү­зін­де ХІХ ға­сыр­дан кейін жаң­ғыр­та жыр­лан­ған яки тың сю­ жет­тер бой­ын­ша жыр­лан­ған қис­са­лар­дың бә­рі бір­дей ауыз әде­ биеті жа­сам­паз­ды­ғы емес, оның бір то­бы сол кез­де же­ке ақын­дар атын­да бас­па сөз­де жа­рық көр­ді. Бұл дәуір­де әде­биет­тің та­қы­рып өрі­сі ке­ңей­ді, маз­мұн-мә­не­рі жа­ңа­лан­ды. Жал­пы әде­биет жа­сам­паз­дық ауқы­мы бір­тін­деп сын­ шыл реа­лизм ар­на­сы­на ойыс­ты. Ма­дақ-ма­ра­пат жыр­ла­ры азай­ып, сын әш­ке­ре­леу кө­бей­ді, өмір­де­гі әлеу­мет­тік тең­сіз­дік­тер­ге на­ра­зы­ лық­кү­шей­ді. Кей­бір шы­ғар­ма­лар­да за­ман ауқы­мы­ның ін­дет­те­рі мен ке­ра­ғар­лы­ғы әш­ке­ре айып­та­лып отыр­ды. ХІХ ға­сыр­дың ІІ жар­ты­ сын­да туыл­ған аума­лы-төк­пе­лі, зо­ба­лаң жағ­дай­лар­дың сал­да­ры­нан Ал­тай, Тар­ба­ға­тай же­рін­де қа­зақ жұрт­шы­лы­ғын­да бас­қа өңір­лер­ге ауа кө­шу ар­қы­лы ауыр ал­ман-са­лық­тан қа­шу, жер­гі­лік­ті би­леуші­ лер­дің ба­са би­леуі мен жол­сыз жа­за­лауына ­қар­сы­ла­су жайт­та­ры кү­шей­ді. Ау­ған ел­дің ұзақ­қа со­зыл­ған аума­лы-төк­пе­лі өмі­рі жө­нін­ де көп­те­ген өлең-жыр жә­не дас­тан­дар туын­да­ған. Бұл топ­та­ғы шы­ ғар­ма­лар­да сол ел­дің тарт­қан тау­қы­ме­ті мен азап­ты, ауыр ке­шу­ле­рі, мұң мен на­ла­сы бей­не­ле­ну­мен бір­ге, кін­дік ке­сіп, кір жу­ған жер­ге де­ген са­ғы­ныш, қи­мас­тық се­зім, кү­ңі­рен­ген кө­ңіл-күй кес­те­лен­ген. 14

Мұн­дай мұң­ды, зар­лы зар-за­ман әуен­дер­дің бір то­бы «жер-су өле­ңі» бо­лып қа­лып­тас­қан. Ау­ған ел­дің ата ме­ке­нін аң­сауы­нан туын­да­ған бұл се­кіл­ді са­ғы­ныш жыр­ла­рын­да жер мен су­дың көр­кем та­би­ға­ты мен мән-жайы, өз­ге­ше бі­тім-бол­мы­сы ақын­ның емі­рен­ген са­ғы­ ныш­ты се­зі­мі­мен өрі­ле бір тұ­тас су­рет­те­ле­ді. ХХ ға­сыр­дың 30-жыл­да­ры­нан бас­тап жаз­ба әде­биеті­міз­де төң­ке­ріс­тік идея дә­ріп­те­ле бас­та­ды. Бұл бе­та­лыс әйгі­лі ақын Таң­ жа­рық жа­сам­паз­ды­ғы­нан анық бей­не­лен­ді. Оның көп­те­ген өлең­ де­рін­де, әсі­ре­се, түр­ме та­қы­ры­бын­да­ғы шы­ғар­ма­ла­рын­да кер­ тарт­па үс­тем­дік­ке қар­сы кү­ре­су зұлым­дық­ты әш­ке­ре­леу, ха­лық­ ты есе тең­дік­ке жет­кі­зу дә­ріп­те­ген. Мұн­дай әлеу­мет­тік са­рын­дар өз­ге ақын­дар поэзиясы­нан да елеу­лі орын ал­ды. Ғы­лым-бі­лім, өнер­ді иге­ру­ге ша­қы­ру, яғ­ни ағар­ту­шы­лық идея бұл дәуір­де­гі әде­биет­тің та­ғы бір бас­ты ағы­мы бол­ды. Мұн­дай озық идея дәуір­дің жа­ңа­ла­нуы, ғы­лым мен мә­де­ниет­тің да­му­ ына іле­сіп, бар­ған сай­ын кү­шей­ді. Ақыт Үлім­жіұлы, Әсет Най­ ман­байұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Шыл­бы Кө­ме­кұлы, Шар­ғын Ал­ға­зыұлы қа­тар­лы ақын­дар ағар­ту­шы­лық идея­ның да­му­ына ба­рын­ша үлес қо­сып, осы ба­ғыт­та ба­сы­мы­рақ қа­лам тер­бе­ді, де­ ген­мен, бұл идея сол кез­де­гі ұлы­лы-кі­ші­лі ақын­дар шы­ғар­ма­шы­ лы­ғы­ның бә­рі­не ор­тақ өзек­ті та­қы­рып­қа ай­нал­ған еді. Елі­міз таяу за­ман қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­сып, да­му жо­ лын­да қа­лам тарт­қан ақын­дар­дың ке­мел­де­ніп, ру­ха­ни же­ті­луіне ті­рек бол­ған, су­сын­дап нәр ал­ған қай­нар бұ­ла­ғы, үл­гі-өне­ге ал­ ған тә­лім­дік мек­те­бі ха­лық­тың бай ха­лық ауыз әде­биеті мен Абай мұ­ра­сы бол­са, ен­ді бі­рі шы­ғыс­тың клас­си­ка­лық әде­биеті бол­ды. Әсі­ре­се, ха­лық­тық қа­зы­на фольклор­дың сан ға­сыр­лық өш­пес өр­ нек-үлг­сі­не сүйенуі ақын­дар шы­ғар­ма­ла­ры­на ерек­ше ажар ашып бер­ген­ді­гін кө­ре­міз. Шы­ғыс әде­биеті­нің де ғиб­рат та­ғы­лы­мы, үйре­тер үл­гі­сі аз бол­ма­ған. Бұл дәуір­де­гі ақын­дар на­зи­ра­лық үл­ гі­мен қис­са жа­зу дәс­тү­рін кең пай­да­ла­нып, оны бір түр­лі шы­ғар­ ма­шы­лық тә­сіл­ге ай­лан­дыр­са, Абай мұ­ра­сы­ның идея­лық-эс­те­ти­ ка­лық те­рең мә­ні олар­дың үл­гі-өне­ге­сі­не ай­нал­ған-ды. Абай­дың да­на­лық жо­лын жал­ғас­ты­рып, өл­мес өлең­де­рін көп­теп та­рат­қан. Со­ны­мен ке­зін­де Абай үні елі­міз­де­гі қа­зақ қауымы­на да кең та­ра­ ған, өнер иеле­рі­не нәр бе­ріп ұс­таз­дық ет­кен. (Бұл та­рауды жа­зу­да не­гі­зі­нен Бек­сұл­тан Ка­сей­ұлы қа­тар­лы­ лар құ­рас­тыр­ған «Қа­зақ әде­биеті­нің та­ри­хы­ның» 3- кі­та­бы пай­ да­ла­ныл­ды). 15

2

ДӘС­ТҮР ЖАЛ­ҒАСТЫҒЫ

Ф

ольклор­лық үл­гі. Елі­міз қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің не­ гі­зін қа­ла­ған ақын­дар­дың үл­гі ал­ған үл­кен мек­те­бі­ нің бі­рі- хал­қы­мыз­дың ға­сыр­лар бойы ұр­пақ­тан-ұр­ пақ­қа ауы­сып кел­ген ха­лық ауыз әде­биеті. Ха­лық­тың көр­кем­дік ақыл-ойы­ның же­мі­сі са­на­ла­тын фольклор­дан нәр-қо­рек ал­ма­ған бір­де-бір ақын жоқ де­сек те бо­ла­ды. Олар не­гі­зі­нен ха­лық ауыз әде­биеті­мен ауыз­дан­ды, со­ның то­пы­ра­ғын­да өс­ті. Олар­дың жа­ сам­паз­ды­ғы ха­лық ауыз әде­биеті­мен ты­ғыз бай­лан­сы­ты бол­ды. Олар ең ал­ды­мен ха­лық ауыз әде­биеті туын­ды­ла­рын әсі­ре­се ха­ лық өлең-жыр­ла­рын қар­ша­дайы­нан жат­тап үйре­ніп, со­дан нәр қа­был­да­ды, ша­быт ал­ды, со­ның бе­сі­гін­де өсіп-же­тіл­ді. Ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да ажар­лы ай­шық­тар­дың ға­сыр­лар сүз­гі­сі­нен өт­ кен ха­лық поэзиясы­ның үл­гі-өр­не­гі­мен ұш­та­сып жат­қа­нын аң­ға­ ру қиын емес. Ақыт­тың «Жақ­сы қа­тын мен жа­ман қа­тын» өле­ңін­де мы­на­дай жол­дар бар: Қа­ра­қас, жа­зық маң­дай, қа­ра­көз­ді, Бұ­рал­ған тал шы­бық­тай жұм­сақ сөз­ді, –

де­се, Кө­дек­тің «Ақ­мар­қа» ат­ты өле­ңін­де: Ақ­мар­қа ақ­қу құс­тың ма­мы­ғын­дай, Те­рі­сі піс­кен ал­ма қа­бы­ғын­дай. Ақ бе­тің, ай­дай көр­кің, қа­ра ша­шың, Пе­рі мен пе­ри­зат­тың аруын­дай, –

деп ­су­рет­тейді. Ал ақын Таң­жа­рық Са­ли­хан қыз­ды: Мі­ні жоқ он төр­тін­де ту­ған ай­дай, Шы­рын сөз, қа­ра­қат көз, кү­міс маң­дай.

16

Не­ме­се: Шал­қа­ла­сып ке­те­ді жан­та­ла­сып, Буын бо­сап ақ­қу­дай мой­нын иіп, –

деп си­пат­тайды. Бұ­ған қа­ра­ған­да ақын­дар кө­бі­не­се сүй­ген жар, сұ­лу қыз бей­не­сін су­рет­те­ген­де фольклор­лық шы­ғар­ма­лар­да бұ­рын­нан ке­ле жат­қан көр­кем­деу құ­рал­да­ры­на (эпи­тет, те­ңеу) сүйен­ген. Мұ­ның бә­рі де ару қыз­дың тал бойы­нан та­бы­ла­тын сұ­ лу­лы­ғын ай­қын­дап аша түс­кен. Ал ер-аза­мат­тар­ды қы­ран құс­тар­ мен са­лыс­тыр­ған. Мы­са­лы: Ақ­сұң­қар­дай тү­ле­ген, Тұя­ғын тас­қа бі­ле­ген Ер жі­гіт­тің сол бо­лар... (Ақыт) Ара­сын қа­лың шөп­тің көк­тей өтіп, Жал­тақ­тап ла­шын­дай мой­нын со­зып... (Таң­жа­рық) Ақ­сұң­қар­дай ұш­қыр қып, Құ­дай- ақ ар­тық жа­рат­қан... (Кө­дек) Туар ма Де­ме­жан­дай қайт­пас қы­ран, Ас­қан­да дар ба­сы­на имен­бе­ген... (Әріп­жан) Кей­бір жі­гіт қар­шы­ға, Зыр­лап ұшар қар­сы­ға. (Ар­ғын­бек)

Сұ­лу қыз­дар­ды ақ­қу­ға, ер жі­гіт­тер­ді қы­ран құс­тар­ға те­ңейт­ін мұн­дай мы­сал­дар­ды көп­тен кел­ті­ру­ге бо­ла­ды. Алай­да біз бір­не­ ше ақын­дар­дың әр түр­лі өлең­де­рі­нен бір-бір ға­на мы­сал кел­ті­ ру­мен шек­тел­дік. Мұн­дай ха­лық­тық поэзияға тән құ­рал­дар жо­ ға­ры­да­ғы ақын­дар шы­ғар­ма­сын­да жақ­сы жа­ра­сым­ды­лық тап­қан. Ер­жі­гіт бей­не­сін қы­ран­мен, ару қыз­ды ақ­қу­мен са­лыс­ты­ру қа­зақ жә­не бас­қа түр­кі тіл­дес ел­дер ға­на емес, көп­те­ген ха­лық­тар­дың әде­би нұс­қа­ла­рын­да, ауыз әде­биеті­нің ежел­гі, ес­кі туын­ды­ла­рын­ да кез­де­се­ді. [4, 30-б] 17

Ақын­дар көр­кем­дік бей­не­леу құ­рал­да­рын қол­дан­ған­да ха­лық­ тық үл­гі­де­гі ажар ай­шық­тар­ға ден қой­ып, оны өз­де­рі­нің шы­ғар­ ма­ла­рын­да пай­да­лан­ған. Ха­лық поэзиясы­ның дәс­тү­рі­не сүйене оты­рып да­мыт­қан. Ма­қал-мә­тел аз сөз­ге көп ма­ғы­на сый­ды­рып, айт­ар ойды об­ раз­ды түр­де ажар­лап, өт­кір де өтім­ді жет­кі­зе­тін кес­те­лі сөз. Сон­ дық­тан ма­қал-мә­тел­дер ауыз екі сөз­ді әсер­лі жет­кі­зу­де ға­на емес, көр­кем шы­ғар­ма­лар­да да көп қол­да­ны­ла­ды. Осы ерек­ше­лік біз сөз ет­кен жо­ға­ры­да­ғы ақын­дар­дың өлең жыр­ла­рын­да да сақ­тал­ ған. Олар өз шы­ғар­ма­ла­ры­ның идея­лық-көр­кем­дік қуа­тын арт­ ты­ру мақ­са­тын­да кей­де ма­қал-мә­тел­дер­ді тая­ныш, ті­рек етіп, сол ар­қы­лы айт­пақ ойла­рын ұш­тай түс­кен. Бұ­рын­ғы­дан үл­гі бар, «Та­лап­ты ер­ге нұр жауар» «Ерін­бе­ген екі асар», Ең­бек­пен көп­ке сол жа­ғар, –

дей­ді Ақыт «Елу төр­тін­ші тақ­та сө­зін­де». Мұн­да ақын екі ма­қал­ды қа­тар қол­дан­ған. Екі ма­қал­да ло­ги­ ка­лық жа­қын­дық қо­сы­ла ке­ліп, ав­тор ойын жи­на­қы түйін­деуге мүм­кін­дік ту­дыр­ған. Осы сияқ­ты ха­лық да­на­лы­ғын ту­ды­рып, «тоқ­сан ауыз сөз­дің то­бық­тай түйіні» бол­ған ма­қал-мә­тел­дер­ді пай­да­ла­ну­ды бас­қа ақын­дар да көр­кем тә­сіл ет­кен. Мә­се­лен: «Бол­са да қы­рық жыл қыр­ғын ажал­ды өлер» Де­ген шын та­ғы айна­лып кел­дім мі­не. (Таң­жа­рық) Біз кел­дің ал­ды­ңыз­ға ақыл сіз ден, Ма­қал бар «бө­рі азы­ғы-түз­ден» де­ген (Ар­ғын­бек) «Жа­ғың түс­пей жа­ман­дық көр­ме» де­ген. Әшейін айта сал­ған сөз екен ғой (Әріп­жан).

Ақын­дар кей­бір ма­қал-мә­тел­дер­ді бұ­рын­ғы айт­ыл­ған қал­пын­ да қол­дан­са, кей­де оны өз өлең­де­рі­нің фор­ма­сы­на қа­рай өз­гер­тіп, 18

қыс­қар­тып ма­ғы­на­сын ға­на сақ­та­ға­нын бай­қай­мыз. Ақыт ақын «Ке­дей­дің бір той­ға­ны ша­ла бай­ыға­ны» де­ген ма­қал­ды «Бір той­ ған ша­ла бай­лық, – де­ген қа­зақ» деп қол­дан­са, Кө­дек «Ал­тау ала бол­са ауыз­да­ғы ке­те­ді» де­ген ма­қал­ды «Ал­ды­рар ала бол­са де­ген ма­қал» тү­рін­де айтады. Сон­дай-ақ, Ар­ғын­бек Апаш­пайұлы: Жау жа­ға­дан ал­ған­да Бө­рі етек­тен та­қым­дар. Күн кө­ре ал­май ба­ра­ды, Сор­лы қа­зақ па­қыр­лар, –

дей­ді. Мұн­да­ғы «жау жа­ға­дан ал­ған­да бө­рі етек­тен ала­ды» дейт­ ін ха­лық да­на­лы­ғы­ның екін­ші тар­ма­ғы «бө­рі етек­тен та­қым­дар» деп сәл өз­ге­рт­кен. «Құ­лан құ­дық­қа құ­ла­са, құ­ла­ғын­да құр­ба­қа ой­най­ды» де­ген ма­қал­ды Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы бі­раз өз­гер­тіп, тұ­тас өлең жол­да­ ры­на ай­нал­дыр­ған. «Құ­дық­қа құ­лан жы­ғыл­са, Құ­ла­ғын­да қол­ба­қа Ой­най­ды», – де­ген осы да. Бол­ма­са ха­лық ау­зын­да­ғы... Бі­лім­ді өл­се Қа­ғаз­да ха­ты қа­лар, Ұс­та өл­се, ар­тын­да Іс­те­ген за­ты қа­лар, –

де­ген ма­қал не­гі­зін­де Ақыт: ... Пат­ша­лар­дан тақ қа­лар, Мер­ген­дер­ден жақ қа­лар Ұс­та­лар­дан тат қа­лар, Ға­лым­дар­дан хат қа­лар. Ақыл се­рік асыл­дан Айт­ып жү­рер ат қа­лар, –

де­ген ақыл, өне­ге бо­лар­лық өлең жол­да­рын ту­дыр­ған. Ақын­дар өз­де­рі­нің айт­пақ ойла­ры­на ма­ғы­на­ла­ры сәй­кес ке­ ле­тін ма­қал-мә­тел­дер­ді ға­на таң­дап-тал­ғап пай­да­ла­нып отыр­ған. Кей­де өз пі­кір­ле­рі­нен ұзақ со­нар тү­сін­дір­мей-ақ қа­ғи­да­ға ай­нал­ ған бей­не­лі көр­кем сөз ар­қы­лы ұтым­ды жет­кіз­ген. Сол ар­қы­лы 19

шы­ғар­ма­ла­ры­ның идея­лық-көр­кем­дік өт­кір­лі­гін арт­ты­рып, түй­ дек ойды түйін­деп отыр­ған. Шың­жаң қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің өкіл­де­рі кей­бір шы­ғар­ма­ла­ рын­да бұ­рын­нан ке­ле жат­қан ха­лық ауыз әде­биетін­де­гі дәс­түр­лі мо­тив­тер­ді сақ­та­ған, яғ­ни бел­гі­лі мақ­сат­қа, кә­де­ге жа­ра­та біл­ген. Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның «Са­дық пен Са­ли­хан» да­станы­нан бұл анық бай­қа­ла­ды. Эпос­тық жыр­лар­да ба­ла­сыз ата-ана­ның мұң-за­ры­на құ­лақ асып, олар­дың ті­ле­гі­нің қа­был бо­лу­ына әулие­лер кө­мек­те­се­ді. Со­ның бі­рі – Шаш­ты Әзиз. «Ал­па­мыс ба­тыр» жы­рын­да сек­сен жас­қа кел­ген Бай­бө­рі мен Ана­лық­қа Ме­нің атым Шаш­ты Азиз, Қы­ла­мын де­сең ықы­лас. Жа­рыл­қа­ды жа­рат­қан, Ей бей­ша­ра, кө­зің­ді аш! –

деп олар­дың бір ұл, бір қы­зы бо­ла­ты­нын айтады. Осы са­рын Таң­жа­рық­тың «Са­дық пен Са­ли­хан» да­станын­да ке­зі­ге­ді. Екі қыз (Са­ли­хан, Са­ғи­хан) бо­ран­ды кү­ні ада­сып да­ла­ ға қо­на­ды. Түн­де Са­ли­хан­ның тү­сі­не ақ­са­қал­ды шал кі­ре­ді, жол сіл­тейді. Бұ­дан соң қыл­ма ба­лам, қай­ғы мен зар, Қа­шан бол­са бо­ла­мыз біз са­ған жар. Бір атың шыл­бы­ры­на ора­лып тұр, Ме­нің атым Шаш­ты Әзиз тез тұ­рып бар, –

деп аян бе­ре­ді. Сөйт­іп екі қыз та­ңер­тең тұ­рып ора­лып жат­қан атын ше­шіп, әулие­нің айт­қан жо­лы­мен жү­ре­ді. Із­деуші­лер­ге жо­ лы­ғып ауылы­на аман-есен же­те­ді. Эпос­тық жыр­лар­да­ғы бұл мо­ тив­ты орын­ды пай­да­лан­ған. Эпи­ка­лық жыр­лар­ды үл­гі-өне­ге тұт­ қан. Ақын­дық пен ше­шен­дік­ті егіз өнер ре­тін­де ба­ға­ла­ған ха­лық қа­дыр­сыз сөз­ді қа­жет ет­пе­се, орайы кел­ген­де оң­тай­лы айт­ыл­ ған сөз­ді жа­дын­да сақ­та­ған. Одан үл­гі ал­ған, үй­рен­ген. Әсі­ре­се, ақын-жы­раулар поэзия­сын­да ше­шен­дік сөз­дің үл­гі өр­не­гі көп. Ақыт пен Таң­жа­рық та әрі ақын әрі сөз­ге ұс­та ше­шен де бол­ған адам­дар. Сон­дық­тан бұ­лар­дың кей­бір өлең-тол­ғаула­рын­да ше­ 20

шен­дік сөз бен поэзияда ас­та­сып жа­та­ды. Ақыт­тың «Ал жа­ран­ дар тың­дай бер» тол­ғауын­да мы­на­дай жол­дар бар. На­дан­нан көр­ген қор­лы­ғың, Іш­ті өт­кі­зер тұз­бен тең. Же­ке ба­сы жақ­сы­ның, Бір де бол­са жүз­бен тең. Әді­лет­сіз заң-жар­лық Кө­кі­рек­те­гі шер­мен тең. Қай­ғы­сыз бол­са қа­ра қос, Тар да бол­са кең­мен тең. Жан­ға жы­лы жақ­сы сөз, Жү­рек­ке ши­па ем­мен тең, –

деп бас­та­ла­тын тол­ғауда жа­ман­дық пен жақ­сы­лық­ты са­лыс­ты­ра жыр­ла­ған. Кі­сі­лік, адал­дық, қа­дір-қа­сиет на­си­хат­та­ла­ды. Жақ­ сы­лық­ты са­ра­лап көр­се­те­ді.Мұн­дай ше­шен­дік үл­гі­де жыр­лан­ған өлең­дер Ар­ғын­бек пен Таң­жа­рық­та да бар­шы­лық. Таң­жа­рық­тың «Бір мы­сал» өле­ңін­де бы­лай тер­ме­лей­ді: Ат­ты сұ­лу көр­сет­кен, Ая­ғын­да­ғы та­ға­сы. Жі­гі­ті мық­ты көр­сет­кен Ал­дын­да­ғы аға­сы. Ішік­ті сұ­лу көр­сет­кен, Қа­ра бұй­ра жа­ға­сы. Ке­лін­шек­ті сұ­лу көр­сет­кен, Құ­ша­ғын­да­ғы ба­ла­сы... Қыз­ды сұ­лу көр­сет­кен, Та­ма­ғын­да­ғы та­на­сы. Ай да бо­лар күн­нен соң. Күн де бо­лар түн­нен соң, Құл­пы­рып тұр­ған бәй­ше­шек Қу­рай бо­лар сол­ған соң.

Бұл өлең ке­ле­лі ой­дың ке­сім­ді тұ­жы­ры­мын­дай әсер қал­ды­ра­ ды. Ха­лық да­на­лы­ғы­ның не­гі­зін­де қор­ты­лып, шұ­быр­та баян­да­ ған ше­шен­дік сөз­дің өр­нек үл­гі­сін бір­ден аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Ақын­ дық пен ше­шен­дік қа­бы­сып кел­ген қа­тар өнер екен­ді­гі де бел­гі­лі. Атал­ған ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да ше­шен­дік на­қыл, тол­ғау жә­не қош­та­су, жоқ­тау үл­гі­сін­де жа­зыл­ған өлең­дер де бар. Ақыт 21

жас ке­зін­де жа­ңа түс­кен ке­лін­нің бе­тін ашып бе­та­шар өле­ңін жазс­са, «Хош бол, Бо­қай» – оның жоқ­тау үл­гі­сін­де­гі өле­ңі. Ақын мез­гіл­сіз қайт­ыс бол­ған­нан әйелі­нің қа­за­сы­на қай­ғы­ра­ды. «Жү­ре­ гін ашыт­қан, сүйе­гін жа­сыт­қан» өлім­нің өкі­ні­ші көп еке­нін айта ке­ліп, ата-ана мен ба­ла-ша­ға­ны са­быр­лық сақ­тау­ға ша­қы­ра­ды. Ті­рі де ба­сым қар­ман­ған, Не бі­те­ді ар­ман­нан. Қай­ран ға­зиз дос жа­рым Жар­лам­да өт­ті жал­ған­нан, –

деп жа­ны­на жа­ра сал­ған қа­за­ға өкі­не­ді. «Қай­ран ға­зиз дос жа­ рым» де­ген сөз ақын жұ­байы­ның адам­гер­ші­лік бо­лы­мы­сын аша түс­кен, қайт­ыс бол­ған адам­ның жақ­сы қа­сиет­те­рін айту жоқ­тау­ дың не­гіз­гі бір шар­ты еке­ні бел­гі­лі. Ақын­ның Бо­қай­ды жоқ­та­ ған өле­ңі­нен ха­лық ауыз әде­биеті­нің әсер ық­па­лын аң­ға­ру он­ша қиын емес. Мұн­дай жоқ­тау өлең­де­рі Кө­дек ақын­да көп жаз­ған «Бір жал­ қы жі­гіт­ке шы­ға­рыл­ған дауыс», «Бір қыз­дың дауысы», «Де­ген­ бай­дың дауысы», «Осы за­ман пен­де­ге», «Сәр­сен­бай­дың дауысы» өлең­де­рі­нің қай-қай­сы­сын­да да қайт­ыс бол­ған адам­ның тір­ші­лі­ гін­де­гі жақ­сы қа­сиет­те­рі­не ба­са на­зар ау­дар­ған. Мә­се­лен, Сәр­ сен­байды жоқ­та­ған­да оның ақыл­ды­лы­ғын, қайы­рым­ды­лы­ғын, өне­ге ете айтады. Тіп­ті ар­ғы ата­ла­рын да та­ныс­ты­рып, со­лар­ дан бе­рі үзіл­мей ке­ле жат­қан кі­сі­лік бар еке­нін ес­кер­те­ді. Мұ­нан кейін өмір­дің өт­пе­лі­лі­гі­не, Сәр­сен­бай­дың жұрт­қа үл­гі жан еке­ні­ не тоқ­та­ла ке­ле: Тол­ған ай­дай хал­қы­ңа, Әр қа­шан түс­кен жа­ры­ғың. Қыр­ғыз, қа­зақ ішін­де Ек­пін­ді бол­ған ары­ның. Сер­піл­ме­ген сес­ке­ніп, Қор­ға­сын­дай ауы­рым, – Бір-ақ күн­де тиыл­ды-ай Со­ғып тұр­ған дауы­лым. Жа­рат­қан Ал­ла жар бо­лып, Жән­нат­та бол­ғай қа­бі­рің, –

деп түйін­дей­ді. 22

Ақын­дар­дың жоқ­тау өлең­де­рі­не на­зар ау­дар­ған­да фольклор­ лық дәс­түр­ді сақ­та­ған жә­не кей­бір көр­кем­деу құ­рал­да­ры да (қой аң­ды­ған қас­қыр­дай, тол­ған ай­дай, шол­пан­дай бо­лып таң­да­ғы, ақ­ сұң­қар құс­тай, са­ры ал­тын­дай т.б.) фольклор­дан алын­ған. Сон­ дай-ақ, «бисс­мил­лә деп бас­тайын», «әуелі сөз­ді бас­тайын», «бисс­ мил­ла деп әуелі» т.б. деп ке­ле­тін дәс­түр­лі жол­дар да қайтала­нып оты­ра­ды. Сон­дық­тан бұл топ­та­ғы шы­ғар­ма­лар­ды жоқ­тау үл­гі­сін­ де­гі туын­ды­лар деп айтуға бо­ла­ды. Ақын­дар кө­не­ден ке­ле жат­қан мұң-шер өлең­де­рі­нің не­гі­зін­де жоқ­тау­лар жа­зып оны да­мыт­қан. Со­ны­мен бір­ге ды­быс, сөз қайталау да фольклор­ға тән ерек­ ше­лік­тің бі­рі де­сек, атал­ған ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да мұн­дай ерек­ше­лік­тер де кез­де­сіп оты­ра­ды. Бі­рер ға­на мы­сал кел­ті­рейік. Ақыт­тың «Ын­ты­мақ­сыз ел азар» де­ген өле­ңін­де «азар» сө­зі жиыр­ма екі рет, ал «Бисс­мил­ла тә­ңі­рім бір бо­лар» өле­ңін­де «күн бо­лар» сө­зі қы­рық екі рет қайталан­са, Таң­жа­рық­та «Сә­лем» де­ген сөз он бір рет жә­не «Өт­кен күн» өле­ ңін­де «күн» де­ген сөз то­ғыз рет қайтала­на­ды. Бұ­лар­дан шы­ға­тын қор­тын­ды шың­жаң қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­су­ына үлес қос­қан ақын­дар­дың кей­бір шы­ғар­ма­ла­ры фольклор­лық дәс­түр­ге өте жа­ қын­дық та­ны­та­ды. Таң­жа­рық ба­та-ті­лек, қар­ғыс тү­рін­де де өлең жаз­ған ақын. Оның «Шын ті­лек» өле­ңін­де: Араз­дық, ала­лық­ты өсір­мес қыл, Қы­мыз­ға қы­зып алып есір­мес қыл. Тұй­ық­тап бас- ая­ғын біз­дің ел­дің ­Тау-тас­қа бұ­рын­ғы­дай кө­шір­мес қыл!

Ли­ри­ка­лық кейіп­кер ха­лық үшін шын ті­лек ті­лей­ді. Не­гіз­гі мақ­са­ты тау-тас­ты са­ға­лап кө­ше бер­мей, араз­дық, ала­лы­ғы жоқ бе­ ре­ке­лі, озық ел бо­лу. Бұл өлең­де дәс­түр­лі ба­та өле­ңін­де кез­де­се­тін тұ­рақ­ты, көп өз­ге­ре бер­мейт­ін жат­тан­ды сөз­дер жоқ. Көп­ші­лік­ті жа­ңа­лық­қа ша­қы­ру, үн­деу си­па­ты ба­сым. Осы өлең­нің екін­ші бө­ лі­гі қар­ғыс тү­рін­де ке­ле­ді, сат­қын­дық жа­сау ар­қы­лы ел ішін бүл­ді­ ріп, мо­мын­дар­дың оба­лы­на қал­ған­дар­ға на­за­лан­ған ақын: Жер­ге ен­сін ел­дің ішін бүл­дір­ген­дер, Жоқ­ты езіп за­лым­дар­ды күл­дір­ген­дер. Арам­ға жа­нын жал­дап, арын са­тып Қар­мақ­қа мо­мын­дар­ды іл­дір­ген­дер, –

деп қар­ғыс айтады.

23

Бұ­дан шы­ғар түйін сол Ақыт, Таң­жа­рық, Кө­дек тұр­мыс-салт жыр­ла­ры­ның бұл түр­ле­рін да­мы­тып өз за­ман­да­ры­на лай­ық жа­ ңа­ша маз­мұн бе­ріп жыр­ла­ған. Со­ны­мен бір­ге олар ха­лық әде­ биеті­нің өш­пес өне­ге­сін те­рең тү­сі­не оты­рып одан үйре­ніп тә­лім ал­ған. Екін­ші­ден, жо­ға­ры­да есім­де­рі атал­ған ақын­дар­дың бә­рі де өлең­де­рін жа­зып та шы­ғар­ған, ре­ті кел­ген­де қыс­қа қайы­рым өлең­дер­ді суы­рып са­лып та айта біл­ген. Ал Әріп­жан бі­рер рет айт­ыс­қа түс­се, Таң­жа­рық ірі айт­ыс ақы­ны ре­тін­де та­ны­мал бол­ ған да­рын иесі. Сон­дық­тан жа­зу мен ауыз­ша айту бұ­лар­дың екі қы­ры деу­ге бо­ла­ды. Бас­қа­ша айт­қан­да дәс­түр­ді жа­ңа­ша­лық­пен ұш­тас­ты­ра оты­рып, елі­міз қа­зақ әде­биетін да­мы­ту­ға үлес қос­қан. На­зи­ра­лық дәс­түр. Елі­міз таяу за­ман қа­зақ поэ­зияасы­ның та­мы­рын те­рең­ге тар­тып, ке­мел­де­нуінің та­ғы бір қай­на­ры – шы­ ғыс әде­биеті­нің игі ық­па­лы, яғ­ни шы­ғыс­тық үл­гі­де­гі клас­си­ка­ лық шы­ғар­ма­лар­дың өне­ге­сі деу­ге бо­ла­ды. Шы­ғыс ел­де­рі­нің әде­биеті тым ер­те­де да­мы­ған­дық­тан ор­та азия ха­лық­та­ры­ның әде­биеті­не ора­сан зор ық­пал жа­сай­ды. Әр­ бір жақ­тан үл­гі-өне­ге көр­се­те­ді. Шы­ғыс әде­биеті­нің биігі­не қа­ зақ әде­биеті де, ер­те­ден-ақ құ­лаш ұра­ды. Қа­зақ­тың озық ойлы әде­биет­ші­ле­рі шы­ғыс әде­биетін­де­гі оп­ти­мис­тік, адам­гер­ші­лік идея­лар­дан, көр­кем­дік тә­сіл­дер­ден, оқи­ға же­лі­сін құ­рас­ты­ру ше­ бер­лі­гі­нен, өлең құ­ры­лы­сын жа­сау өл­шем­де­рі­нен үйре­не­ді. Олар шы­ғыс­тың таң­дау­лы әде­биет үл­гі­ле­рі­нен нәр алып оны қа­зақ са­ ха­ра­сы­на, өзі­нің ту­ған то­пы­ра­ғы­на бейім­деп жыр­ла­ды. ХІХ ға­ сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да елі­міз қа­зақ әде­биетін­де на­зи­ра­лық дәс­түр кең да­мы­ды, қис­са­гер­ лік өр­кен­деп өс­ті. На­зи­ра сө­зі­нің ма­ғы­на­сы араб ті­лін­де­гі сұ­рақ-­жауап, жауап қайтару де­ген ұғым­ға сай ке­ле­ді. На­зи­ра­лық дәс­түр түр­кі тіл­ дес ха­лық­тар­дың клас­си­ка­лық жаз­ба әде­биетін­де араб-пар­сы әде­биеті­нің ық­па­лы­мен ор­та ға­сыр­лар­да-ақ бе­лең бе­ріп, соң­ғы дәуір­лер­ге дейін да­му үс­тін­де ке­ле жат­қан өмір­шең­дік қуаты күш­ті дәс­түр­дің бі­рі. Ол ең ал­ғаш VII-VIII ға­сыр­лар­да араб ел­ де­рін­де пай­да бо­ла бас­та­ған екен. Те­рең­нен та­мыр тарт­қан, ұзақ та­ри­хы бар осы дәс­түр бе­рі­ге дейін жал­ғас­тық тауып, ХІХ-ХХ ға­сыр­лар­да шы­ғыс аңыз-ер­те­гі­ле­рі, қис­са-хи­каяла­ры­ның сю­же­ тін на­зи­ра тү­рін­де жыр­лау яғ­ни шы­ғыс­тық бір ақын жыр­ла­ған сю­жет­ті кейін­гі буын­да бір ақын өзін­ше қайта жаң­ғыр­тып дас­ тан шы­ға­ру дәс­түр­ге ай­нал­ған. «Олар бі­реуі­нің та­қы­ры­бын бі­ 24

реуі алу­ды заң­ды жол ет­кен. Тек ал­дын­ғы­ның өле­ңін ал­май жә­не кө­бін­ше ал­дың­ғы айт­қан оқи­ға­лар­дың не­гі­зін­де пай­да­лан­са да, көп жер­де өз ер­кі­мен өз­гер­те оты­рып, тың­нан жыр­лап шы­ға­ты­ны бо­ла­ды. Бұ­лай­ша бір та­қы­рып­тың әр ақын­да қайтала­ну­ын ешуа­ қыт­та ау­дар­ма деп та­ны­мау ке­рек. Ол өзін­ше бір қайта жыр­лау, тың­нан тол­ғау не­ме­се ақын­дық ша­быт-ша­лым сы­на­сып жыр­мен жа­ры­су есеп­ті бір салт еді. Шы­ғыс поэзиясы бұл салт­ты заң­ды деп бі­ліп,осы дәс­түр­ге«на­зи­ра», «на­зи­ра­гөй­лік» де­ген атау бер­ ген»[5, 150-б]. Әде­биет­та­ну­шы ға­лы­мы, про­фес­сор Ал­ма Қы­раубаева: «ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сы­нан бас­тап, әде­биет­те қа­зақ­тың ұлт­тық ояну­шы­лы­ғы­ның бір кө­рі­ні­сі ре­тін­де XIII-XIV ға­сыр­лар­да­ғы на­ зи­ра дәс­тү­рі қайтадан же­дел да­ми бас­тайды» [6, 186-б] – дей­ді. Шы­нын­да, қа­зақ­тың көр­кем әде­биеті­не на­зи­ра­лық дәс­түр­ді ең ал­ғаш алып кел­ген ұлы ақын Абай еді. Оның «Ес­кен­дір», «Мас­ ғұт», «Әзім» ат­ты қис­са­ла­ры қа­зақ өмі­рі­нен, өз ор­та­сы, өз дәуірі­ нің бол­мы­сы­нан ал­ған шы­ғар­ма­ла­ры емес. Үшеуі де шы­ғыс­тық дас­тан аңыз­дар­дан не­ме­се ер­те­гі­лік та­қы­рып­тар­дан алын­ған сю­ жет­тер­ге құ­ры­ла­ды. Қа­зақ әде­биеті­не Абай сі­ңір­ген бұл на­зи­ра­лық үл­гі­ні қы­тай таяу за­ман қа­зақ ақын­да­ры да жап­пай қол­да­нып, қы­ру­ар қис­са­ лар­ды жа­ра­тып, елі­міз­ді қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің та­қы­рып ая­сын ке­ңейтуге, маз­мұн жә­не фор­ма жақ­тан ке­мел­де­ніп, биік өре­ге кө­ те­рі­луіне елеу­лі рөл ат­қар­ды. Яғ­ни олар ұлы Абай­дан өне­ге қа­ был­дап на­зи­ра дәс­тү­рі­нің ық­па­лы­мен сю­жет со­ра­бын араб, пар­ сы, ин­дия жә­не бас­қа түр­ки тіл­дес ұлт­тар­дың ха­лық ауыз әде­ биеті­нен клас­си­ка­лық шы­ғар­ма­ла­ры­нан алып, оны қа­зақи жол­мен жыр­ла­ды. Сөйт­іп на­зи­ра­лық әде­би тә­сіл мен ма­шық­тың не­гіз­гі жан­ры бол­ған қис­са­лар сол тұс­та ха­лық ара­сы­на өте кең­та­рап, да­ми түс­ті. Не­ше он­да­ған же­ке қис­са­лар та­рал­ды. «Бақ­тияр­дың қы­рық бұ­та­ғы», «То­ты­ның тоқ­сан та­рауы», «Қы­рық уә­зір» сы­ қыл­ды көп сю­жет­ті, то­ғыс­па­лы ке­сек жыр­лар да жыр­лан­ды. «Қис­са­лар ХVIII-XIX ға­сыр­лар­да ауыз­ша ға­на емес, қол жаз­ ба күйін­де, кейіні­рек бас­па сөз­де жа­рияла­нып кі­тап тү­рін­де та­ рал­ған. Сон­дық­тан жұрт оны «Өлең кі­тап» деп те ата­ған. Ха­лық қис­са шы­ға­ра­тын, яки оны жыр­лайт­ын ақын­дар­ды «Қис­са­гер» деп ата­ған. ХІХ ға­сыр­да, ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да қис­са­гер­лік­те сау­ат­ты ха­лық ақын­да­ры көп ең­бек­тен­ді. Олар көп­ теп хат­қа тү­сі­ріп, бас­па­да жа­риялап отыр­ды. Бұл іс­ке жай ха­лық 25

ақын­да­ры ға­на емес, ық­пал­ды жаз­ба ақын­дар да ара­лас­ты, со­ған бай­ла­ныс­ты қис­са жан­ры­ның қа­зақ әде­биеті та­ри­хын­да­ғы ор­ ны жо­ға­ры­ла­ды. Кей­бір әде­биет та­ну­шы ға­лым­дар: қис­са жан­ры таяу қа­зір­гі за­ман­ғы қа­зақ әде­биеті та­ри­хын­да ма­ңыз­ды орын­да тұ­ра­ды, ол XVIII-XIX ға­сыр­лар­да­ғы жал­пы қа­зақ әде­биеті жа­ сам­паз­ды­ғын­да­ғы үш не­гіз­гі са­ла­ның бі­рі бо­лып қа­лып­тас­ты деп есеп­тейді [7, 605-б]. Қис­са­лар­дың елі­міз қа­зақ­та­ры ара­сын­да қай­ма­ғы бұ­зыл­май сақ­та­лып, кең жыр­ла­нып ке­луіне таяу за­ман ақын­да­ры­ның рө­лі жо­ға­ры бол­ған. Алай­да қис­са­лар­ды жи­нау, рет­теу, зерт­теу жұ­ мы­сы елі­міз­де өт­кен ға­сыр­дың 80-жыл­да­рын­да шын­дап қол­ға алын­ды. Са­ны едәуір мол­да қо­мақ­ты қа­зақ қис­са­ла­ры әлі то­лық жи­на­лып үл­гер­ме­ген күн­нің өзін­де қа­зір­ге дейін жүз­ден ас­там қис­са­ның та­рал­ға­ны мә­лім бол­ды. Оның жа­ры­мы­нан ас­та­мы ке­ зін­де­гі «Шал­ғын», «Мұ­ра», «Ал­тай аясы» жур­нал­да­рын­да жә­ не әр қай­сы­сы ау­дан­дар­да шы­ға­рыл­ған жер­гі­лік­ті ма­те­ри­ал­дар­ да жа­риялан­ды. Сол не­гіз­де құ­рас­ты­рыл­ған «Қа­зақ қис­са­ла­ры», «Қа­зақ­тың ға­шық­тық жыр­ла­ры» ат­ты жи­нақ­тар­да елу­дей қис­са ба­сыл­ды. Осы жүз­ден ас­там қис­са­сы­ның кө­бі сол таяу за­ман­ғы дәуір­де жыр­лан­ға­ны бел­гі­лі. Бұл дәуір­де­гі ақын­дар на­зи­ра­лық үл­гі­мен қис­са жа­зу дәс­тү­ рін кең жал­пы­лас­ты­рып, оны бір түр­лы шы­ғар­ма­шы­лық тә­сі­лі­не ай­лан­дыр­ған. Өз­де­рі­нің ақын­дық ата­ғын жұрт­қа әйгі­леуде на­зи­ ра­лық үл­гі­мен қис­са жа­зу­ды ақын­дық өнер­дің үл­кен өл­ше­мі деп біл­ген. Бұ­ның өзі қис­са жан­ры­ның да­мып, кең өріс­теуіне,та­ра­ты­ луына ық­пал ет­ті. Ақын­дар көп­те­ген қис­са­лар­ды на­зи­ра­лық жол­ мен өз­де­рі жа­зып та­рат­са, кей­бі­реуле­рін бас­па сөз­де жа­рияла­ды. Тіп­ті бұ­рын­нан ха­лық ара­сын­да бар қис­са­лар­ды да жи­нап, рет­ теп, жыр­лап ел ара­сы­на қайталай кең та­ра­лу­ына се­беп­ші бол­ды. Мә­се­лен, «Ел ішін­де­гі қарт­тар­дың айт­уын­ша: «Бақ­тияр» жә­не оның «Қы­рық бұ­та­ғын» шың­жаң қа­зақ­та­ры­на көп та­рат­қан ақын жыр­шы­лар­дың бі­рі – Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы сияқ­ты. Әріп­жан ақын 1940-жыл­дар­дың ба­сын­да Тар­ба­ға­тай­да қайт­ыс бо­ла­ды. Әріп­жан қы­рық бұ­тақ­ты тү­гел біл­ген, үз­бей жыр­ла­ған­да бір ай­ дан ар­тық уа­қыт­қа со­зы­ла­ды екен. Әріп­жан бұл қис­са­ны өз әке­сі Жа­нұ­зақ­тан жат­та­ған. Ал Жа­нұ­зақ ақын бұл қис­са­ны өзі­нен бұ­ рын­ғы ақын­дар­дан жат­та­ды ма, я бол­ма­са өз жа­ны­нан жыр­ла­ған ба, бұл жа­ғы анық емес [8, 622-б]. Бұл қис­са­лар ақын­дар жа­ғы­ нан қайталай жыр­ла­нуы, та­ра­луы ба­ры­сын­да маз­мұн жа­не фор­ма 26

жа­ғы­нан үл­кен өз­ге­ріс­тер­ге ұшы­ра­ған. яғ­ни, қа­зақ­тың тұр­мыссал­ты­на, эс­те­ти­ка­лық тал­ға­мы­на, ұлт­тық пси­хи­ка­сы­на, көр­кем­ дік дәс­тү­рі­не бейім­деп, жыр­ла­ған. Қайталай жыр­ла­ну ба­ры­сын­да қис­са­лар­дың ұлт­тық бояуы ажар­ла­на түс­кен. Өйт­ке­ні, ақын­дар оны қа­зақи­лас­тыр­ған­да он­да­ғы оқи­ға, кейіп­кер­лер­ден тар­тып бә­ рі-бә­рі де қа­зақ­тың са­ха­ра­сын­да­ғы өмір шын­ды­ғы­на ың­ғай­лан­ ған. Со­лай бейім­дей, со­ған сәй­кес­ті­ре жыр­ла­ған. «Он­да­ғы адам­ дар қа­зақ пси­хо­ло­гия­сын­да жа­сал­ған. Олар бар­лық іс-әре­ке­тін­де қа­зақ­ша қи­мыл­дайды, қа­зақ­ша ой­лай­ды, сөй­ле­ген­де де қа­зақ­тың сөй­лем ора­мы, сөз кес­те­сі бой­ын­ша сөз сап­тайды. Ұлт­тық салт жақ­та­рын­да он­да қа­зақ­тың ал­ты ала­шы ша­қы­ры­лып, қа­зақ­тың ал­ты қа­нат ақ ор­да­ла­ры ті­гі­ліп, ақ­сар­бас айтылып сойы­лып, ұлан-асыр жо­март той бо­лып жа­та­ды. Қо­нақ­қа ет ат­пен тар­ты­ ла­ды. Дү­ріл­де­тіп дом­бы­ра шер­ті­ле­ді. Шіл­де­ха­на өт­кі­зі­ле­ді. Өлең айтыса­ды. Ба­лу­ан кү­ре­се­ді. Тең­ге ілу жә­не сөл­ке­бай ату, қыз­қуар, ақ­сүйек, ал­ты­ба­қан се­кіл­ді қа­зақ ойын­да­ры ойна­ла­ды. Ат бәй­ге­ сі бо­ла­ды. Құ­да­лар­ға құй­рық-­бауыр аса­ты­ла­ды. Өл­ген­ге жоқ­тау айтылып, ас бе­рі­ле­ді. Жөн-жо­сық­ты бұз­ған­дар­ға қа­зақ жо­лы­мен айып са­лы­на­ды. Ел ба­сы­на, ауыл ақ­са­қал­да­ры­на сы­ба­ға сақ­та­ла­ ды, тар­ту бе­рі­ле­ді. Сы­быз­ғы, қо­быз ойна­ла­ды. Қа­зақ би­ле­рі би­ ле­не­ді. Ит жү­гір­тіп, құс са­лы­на­ды. Жар-жар, бе­та­шар айтыла­ды. Мұн­дай қис­са­лар­ды оқып отыр­ған­да әс­те шет­тен кел­ген деп се­зін­бей­сің, қайта қа­зақ­тың ата-ба­ба­ла­ры ке­зін­де Бағ­дат, Мы­сыр, Шам қа­ла­ла­рын­да дәу­рен сүр­ген­дей, араб, пар­сы, тү­рік тіл­де­рін де тұ­тын­ған­дай тү­сі­не­сің [9,138-б]. Атал­ған дәуір­де­гі қа­зақ қис­са­ла­рын құ­ры­лы­мы­на қа­рай екі топ­қа жік­теу­ге бо­ла­ды. Бі­рі, сю­же­ті да­ра, же­ке­ле­ген қис­са­лар. Та­ ғы бі­рі, «Бақ­тияр­дың қы­рық бұ­та­ғы», «То­ты­ның қы­рық та­рауы», «Қы­рық уә­зір» сын­ды же­лі­лес жыр­лар. Маз­мұн­дық жақ­тан ал­ған­да бұл қис­са­лар­да феода­лизм қо­ға­ мы­ның әлеу­мет­тік қай­шы­лық­та­ры әш­ке­ре­ле­не­ді. Нақ­ты­лап айт­ қан­да, хан са­рай­ла­рын­да­ғы «хан мен уә­зір, хан мен хан­за­да, әке мен ба­ла, аға мен іні жә­не түр­лі саяси топ­тар ара­сын­да­ғы бақ та­ ла­сы, аң­ды­су мен ар­ба­су, пә­ле­қор­лық пен жа­ла­қор­лық, оз­быр­лық пен обыр­лық, ал­дам­қос­тық пен аяр­лық, зұлым­дық пен жауыз­дық, қиан-кес­кі қыр­қыс, жан­түр­ші­гер­лік жауыз­дық» жан-жақ­ты­лы әш­ке­ре­ле­не­ді. Адал­дық пен арам­дық, әді­лет пен жауыз­дық, шын­ дық пен өті­рік шы­тыр­ман шай­қас­қа тү­сіп, ақы­рын­да арам­дық, қас­көй­лік, жал­ған­дық же­ңі­ліп, жауыз­дық тү­бі жа­за­мен ты­на­ды. 27

Ар, әді­лет, шын­дық же­ңіс­ке же­тіп оты­ра­ды. Қы­ру­ар қиын­шы­ лық­тар­ды бас­тан ке­ші­ріп қор­лық көр­ген адал жан­дар ақы­рын­да мұ­ра­ты­на же­тіп әділ би­леуші­ге айна­ла­ды [10]. Де­мек, қис­са­лар­да кө­бін­де ор­да өмі­рі, хан са­рай­ла­ры та­қы­рып бол­ға­ны­мен, түп­теп кел­ген­де сол ор­да-са­рай­лар­да­ғы әді­лет­сіз­дік­тер әш­ке­ре­ле­не­ді. Ха­лық ті­ле­гі орын­да­лып, әді­лет­ті­лік же­ңіп, әділ би­леуші ор­науды ар­ман­да­ған ті­лек аңыс еті­ле­ді. Ен­ді бір бө­лім қис­са­лар­да пәк ма­хаб­бат, ға­шық­тық бас ер­ кін­дік бас­ты та­қы­рып бо­ла­ды. Мұн­дай қис­са­лар­ды маз­мұ­ны мен кейіп­кер­лер­дің тағ­ды­ры­на қа­рай екі жік­ке бө­лу­ге бо­ла­ды. Бі­рі, ға­шық­тар­дың ға­шық­тық ға­ла­ма­ты, ар­ман-ті­лек­те­рі, мұң-за­ры ес­ кі фео­дал­дық салт­тың, түр­лі қа­ра күш­тер­дің қар­сы­лы­ғы­на, шек­ те­ме­сі­не ұшы­рап, азап оты­на тү­се­ді. Қай­ғы-қа­сі­рет ар­қа­лай­ды. Алай­да, адал ма­хаб­ба­та­рын қор­ғау жо­лын­да кер­бақ­па ес­кі әдетғұ­рып­қа, қас­кү­нем­дік­ке қар­сы кү­ре­су ар­қы­лы ар­ма­ны­на же­тіп ба­қы­тын та­ба­ды. Ал, екін­ші топ­та­ғы ға­шық­тық қис­са­лар­да мұ­ ның ке­рі­сін­ше қос ға­шық­тың тағ­ды­ры тра­ге­диямен аяқ­тай­ды. Олар­дың өмір жо­лы бұ­раң бо­лып, ке­ре­нау ес­кі салт пен қа­ті­гез, қа­ра­ниет, жауыз жан­дар­дың ке­сі­рі­нен ар­ма­ны­на же­те ал­май, адал ма­хаб­бат жо­лын­да мерт бо­ла­ды. Қис­са жан­ры қа­зақ әде­биетін­де со­нау ер­те­ден тар­тып пай­да бо­лып, жал­пы­лас­қа­ны­мен, елі­міз қа­зақ­та­рын­да оның кең өріс­ теуі, көп­теп жыр­ла­нуы, та­ра­луы, бас­па­да ба­сы­луы, жан-жақ­ты­ лы ке­мел­де­ніп, озық өре­ге кө­те­рі­луі ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы жар­ ты­сы мен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да­ғы ке­зең бол­ды. Бұл дәуір­де­гі қа­зақ жаз­ба ақын­да­ры­ның бә­рі дер­лік на­зи­ра­лық жол­мен қис­са жа­зып, бұл жанр­дың өсіп-өр­кен­деуіне өз үлес­те­рін қос­ты. Әсі­ре­се, Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Әсет Най­ман­ байұлы, Ақыт Үлім­жіұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Әріп­жан Жа­нұ­ зақұлы қа­тар­лы ақын­дар­дың ең­бе­гі зор. Елі­міз қа­зақ жаз­ба әде­биетін­де Абай үл­гі­сін­де ең ал­ғаш қис­са жа­зып, тұң­ғыш бас­па­да кі­тап тү­рін­де жа­рияла­ған­дар Жү­сіп­бек Шай­хы­сы­ла­мұлы мен Ақыт Үлім­жіұлы бол­ды. Жү­сіп­бек Шай­хы­сы­ла­мұлы ба­ла ке­зін­де Шым­кент­те­гі мед­ре­ се­ден, кейін сол кез­дің жо­ға­ры оқу ор­ны- Бұ­ха­ра мед­ре­се­сі­нен оқып, араб ті­лін же­тік иге­ре­ді, «құ­ран­ды» қа­зақ­ша­ға ауда­ра­ды. Осы мед­ре­се­де­гі кез­де­рі­нен бас­тап көр­кем әде­биет­ке ара­ла­са­ды. Ол өз бі­лі­мін то­лық­ты­ра тү­су үшін шы­ғыс ха­лық­та­ры­ның тіләде­биеті­мен та­ны­са­ды. Бі­лім алу мақ­са­ты­мен Бұ­ха­ра, Стам­бұл 28

қа­ла­ла­ры­на ба­ра­ды. Айгі­лі Әбыл­қа­сым Фер­дау­си, ни­за­ми Ган­ жауи, Науайы, Жа­ми, Фи­зу­ли, Қо­жа ха­физ, Ши­ра­зи, Шайх сағ­ди­ лар­дың шы­ғар­ма­ла­рын оқи­ды, олар­дан үл­гі-өне­ге ала­ды. Араб, пар­сы, ша­ға­тай тіл­де­рін же­тік игер­ген ар­да­гер ақын «То­ты­ның тоқ­сан та­рауы», «Бақ­тияр­дың қы­рық бұ­та­ғы», «Мың бір түн» т. б. шы­ғыс­тың же­лі­лес то­ғыс­па­лы аңыз-ер­те­гі­ле­рі­нің оқи­ға­сы­нан на­зи­ра­лық жол­мен қа­зақи­лас­ты­рып көп­те­ген қис­ са-дас­тан­дар жа­за­ды. «Жү­сіп-Зы­ли­қа» қис­са­сы­ның оқи­ға­сы ал­ ды­мен шы­ғыс­тың ауыз әде­биетін­де хи­каялан­ған, кейін жаз­ба­ша жыр­лан­ған. Қис­са­ның оқи­ға­сы ал­ғаш­қы қауым­дық тұр­мыс ке­ шір­ген түр­кі тіл­дес бай­ыр­ғы ру-одақ­та­ры­ның ауыз әде­биетін­ де де кез­де­се­ді. «Жү­сіп-Зы­ли­қа» оқи­ға­сын шы­ғыс­тың әде­биет алып­та­ры Фер­дау­си­дан бас­тап бір қан­ша­сы қа­ра сөз­ден жыр­ға ай­нал­ды­ра­ды. Жү­сіп-Зы­ли­қа оқи­ға­сы­ның сю­же­ті­нен пай­да­ла­нып қа­зақ­тың «Жү­сіп-Зы­ли­қа» ат­ты гу­ма­нис­тік ға­шық­тық қис­са­сын ал­ғаш жаз­ған Жү­сіп­бек Шай­хы­сы­ла­мұлы. Жү­сіп­бек­тің «Қис­са-ый хаз­ рет Жү­сіп ға­лай­сы­лам мен Зы­ли­қа­ның мә­се­ле­сі» ат­ты қис­са­сы 1893-жы­лы қа­зан­да же­ке кі­тап бо­лып ба­сыл­ған. Осы нұс­қа 1898, 1901, 1904, 1907, 1913, 1918 жыл­да­ры Қа­зан, Уфа, Таш­кент қа­ ла­ла­рын­да­ғы бас­па­лар­да ал­ты рет қайта ба­сыл­ған. 1976 жы­лы Қа­зақ­стан­да «Ға­шық­на­ма» де­ген жи­нақ­қа ық­шам­да­лып ен­гі­зіл­ ген. Елі­міз­де кі­тап-жур­нал­дар­да ба­сы­лу­дан сырт 1987 жы­лы ха­ лық бас­па­сы­нан же­ке кі­тап бо­лып ба­сыл­ды. Ақын та­ғы «Қа­сымЖо­март», «Мұң­лық-Зар­лық», «Шә­кір-Шә­кі­рат», «Нұр­ға­за­рын», «Ораз мол­да» қис­са­ла­рын жаз­ған­ды­ғы анық. «Сей­фүл­мә­лік-Жа­мал» қис­са­сы­ның не­гіз­гі оқи­ға­сы шы­ғыс ха­лық­та­ры­на кең та­ра­ған «Мың бір түн» хи­каясы­ның «Сей­фүл­ мә­лік-Бә­ді­ғұл­жа­мал» дейт­ін та­рауы­нан алын­ған. Бұл та­қы­рып­ ты сол кез­дің көп ақын­да­ры жа­рыс­ты­ра жыр­ла­ған. Жү­сіп­бек­тің жыр­ға ай­нал­дыр­ған нұс­қа­сы 1903-1908-жыл­да­ры Қа­зан қа­ла­ сын­да же­ке кі­тап бо­лып ба­сыл­ған. 1903-жыл­ғы ба­сыл­ған ал­ғы сө­зін­де ав­тор: «он төрт­тен бе­рі қа­рай қис­са жаз­дым» де­ген мә­лі­ мет­тер жа­за­ды. Ав­тор 29 жа­сын­да «Ораз мол­да» қис­са­сын жаз­ са, 14 жас­тан 29 жас­тың ара­лы­ғын­да қан­дай қис­са­лар­ды жаз­ ған­ды­ғы біз­ге бей­мә­лім. Ен­ді бір­де«бұл күн­де мұ­ны жаз­дым 41 жас­та» дей­ді. Ав­тор та­ғы «көп жа­зып Жү­сіп­бек­тің кө­зі тал­ды» дей­ді. Шы­нын­да да қа­зақ жаз­ба әде­биетін да­мы­ту­ға үлес қос­қан алып­та­ры ара­сын­да қис­са-дас­тан, айт­ыс, өлең ро­ман се­кіл­ді кө­ 29

лем­ді ке­сек шы­ғар­ма­лар­ды Жү­сіп­бек­тен көп жаз­ған ақын бол­ ма­са ке­рек. Жү­сіп­бек 14 жа­сы­нан бас­тап 80 жас­қа дейін 66 жыл жа­зу­шы­лық­пен айна­лыс­қан. Ол өзі­нің жа­сам­паз­дық өмі­рін­де түн­ді таң­ға жал­ғап шы­ғар­ма жа­зып, таң­ның қа­лай ат­қа­нын да ұқ­пай «Таң шо­лақ» деп ат қой­ып, сол ат­ты қа­лам аты есе­бін­де ұс­тан­ған­ды­ғы да бел­гі­лі. Бұ­лар­дан бас­қа «Ал­тын ба­лық», «Қис­са Ду­тан Құ­нан­байұлы» (1903-жы­лы), «Ерен­ғайып», «Сал-сал», «Зар­құм», «Сә­лім­жан» (1901-жы­лы), «Да­ри­ға қыз», «Мағ­раж», «Мың бір түн хи­каясы» т.б. хи­каяла­рын жыр­ға ай­нал­дыр­ға­ны жә­не «Бақ­тияр­дың қы­рық бұ­та­ғы­ның» 18 бұ­та­ғын қа­ра сөз­ден қис­са­ға ай­нал­дыр­ған­ды­ғы ту­ра­лы әр түр­лі де­рек­тер бар. Бұ­лар­ды зерт­теп­бе­кі­ту ал­да­ғы күн­ нің мін­де­ті. Жү­сіп­бек Шай­хы­сы­ла­мұлы­ның на­зи­ра­лық жол­мен жаз­ған қис­са­ла­ры­ның көп сан­ды­сы­ның­ маз­мұ­ны кө­не қо­ғам­ның қат-қа­ бат қай­шы­лық­та­рын әш­ке­ре­леу, яғ­ни «фео­дал­дық үс­тем тап ор­та­ сын­да­ғы хан, уә­зір, ха­ным мен хан­за­да, әке мен ба­ла, аға мен іні жә­не әр түр­лі топ­тар мен жік­тер ор­та­сын­да­ғы бақ­та­лас, аң­ды­су мен ар­ба­су, пә­ле­қор­лық пен жа­ла­қор­лық, оз­быр­лық пен обыр­ лық, ал­дам­көс­тік пен аяр­лық, зұлым­дық пен жауыз­дық, шын­дық пен өті­рік, қиян-кес­кі қыр­қыс, жан­түр­ші­гер­лік қыр­қыс, шы­тыр­ ман шай­қас­қа тү­сіп, ақы­рын­да арам­дық, қас­көйлі­лік, жал­ған­дық же­ңі­ліп, жауыз­дық тү­бі жа­за­мен ты­на­ды. Ар, әді­лет, шын­дық же­ңіс­ке же­тіп оты­ра­ды. Қы­ру­ар қиын­шы­лық­тар­ды ба­сы­нан ке­ ші­ріп қор­лық көр­ген адал жан­дар ақы­рын­да мұ­ра­ты­на же­те­ді»­ (Н. Мың­жан). Бұл ту­ра­лы ав­тор «Ал­тын ба­лық» қис­са­сын­да: Ал­ды­мен мен жа­за­мын өт­кен­дер­ді, Әр қа­шан мұ­ра­ты­на жет­кен­дер­ді, –

деп қан­дай маз­мұн­да­ғы қис­са­лар­ды жаз­ған­ды­ғын ашық айт­қанды. Жү­сіп­бек­тің қис­са­ла­рын сөз ет­кен­де, «Шы­ғыс­тың «СалСал», «Зар­құм», «Жү­сіп-Зы­ли­қа», «Мұң­лық-Зар­лық», «Шә­кірШә­кі­рат» т.б. бел­гі­лі қис­са-хи­каяла­рын ауда­рып бас­тыр­ды»[11] де­ген қо­ры­тын­ды­ны құп­тау­ға бол­майды. Се­бе­бі, Жү­сіп­бек ау­дар­ ма­шы емес, ол шы­ғыс­тың қа­ра сөз­бен айт­ыл­ған, не жа­зыл­ған хи­ каяла­рын, аңыз-ер­те­гі­ле­рін пай­да­ла­на оты­рып, одан на­зи­ра­лық жол­мен қа­зақ­ша жыр ту­дыр­ған ақын. 30

Ғұ­ла­ма ақын Жү­сіп­бек Шай­хы­сы­ла­мұлы хал­қы­мыз­дың ға­ сыр­лар бой­ын­да жал­ға­сып ке­ле жат­қан асыл қа­зы­на­сы-ауыз әде­биеті­нен нәр ала­ды. Ұшан-те­ңіз мол қа­зы­на­дан игі­лік­те­не­ді. Ақын­дық, се­рі­лік, сал­дық құ­рып қа­зақ са­ха­ра­сын ара­лап, ха­лық­ тың тұр­мыс-тір­ші­лі­гі­мен та­ны­са­ды. Өмір үйре­не­ді, ха­лық да­на­ лы­ғы­нан нәр ала­ды. Атақ­ты ақын, жы­рау, ән­ші-күй­ші­лер­мен та­ ны­сып, олар­дың шы­ғар­ма­ла­ры­нан үйре­не­ді. Нә­ти­же­де қа­зақ­тың төл тұр­мы­сы­нан ке­сек шы­ғар­ма­лар жа­за­ды. Ақыт Үлім­жіұлы да шы­ғыс­тың бел­гі­лі жұл­дыз­да­рын ұс­таз тұ­тып, шы­ғыс сю­жет­те­рі не­гі­зін­де та­ма­ша дас­тан­дар жа­зып қа­ зақ әде­биеті­нің та­қы­рып­тық ая­сын ке­ңейтуге үлес қос­қан кі­та­би ақын­дар­дың қа­та­ры­нан кө­рі­не­ді. Ол да ал­ғаш­қы сауа­тын араб, тү­рік тіл­де­рін­де аш­қан. Ақыт­тың ба­ла­сы Ға­зез­дің айт­уына қа­ ра­ған­да, ақын ке­зін­де қа­зан бас­па­сы­нан шық­қан түр­кі ті­лін­де­гі әде­би кі­тап­тар­ды, ша­ға­тай ті­лін­де ба­сыл­ған Фер­дау­си­дің, Қо­жа Ха­физ­дің, Науай­дың, Со­фи Ал­лаяр­дың шы­ғар­ма­ла­рын жат­тап өсе­ді. Ақыт шы­ғыс­тың бел­гі­лі жұл­дыз­да­рын ұс­таз тұ­тып, олар­дан үл­гі-өне­ге ал­ған. Осы­ның нә­ти­же­сін­де өзі де шы­ғыс сю­же­ті не­ гі­зін­де на­зи­ра әді­сі­мен бір­не­ше қис­са жаз­ған. Түр­кия мен араб ел­де­рін­де бо­лып, араб, пар­сы, тү­рік тіл­де­рін­де­гі әде­биет­пен жақ­ сы та­ныс бол­ған ақын «Қа­жы баян» да­станын­да сол ел­дер­дің көп­те­ген жер­ле­рі мен үл­кен қа­ла­ла­ры­ның атын атай­ды. Шы­ғар­ ма­ның геог­ра­фия­лық ау­қым-аясы­ның кең­ді­гі ар­қы­лы өзі­нің шы­ ғыс әде­би дәс­тү­рі­мен же­те та­ныс еке­нін аң­ғар­та­ды. На­зи­ра­лық дәс­түр мен шы­ғыс ер­те­гі­ле­рі же­лі­сін­де жаз­ған көп­те­ген қис­са­ ла­ры­нан қа­зан бас­па­сы­нан «Хис­саи жи­һан­шах Та­мұз­ша­хұғ­лы» (1901),«Қис­саи Ғаб­дул­мә­лік(1902), «Ахуал қия­мет» (1908), «Абиат Ғахйдиа» (1909), «Ке­рей иша­ны Мұ­ха­мет мө­мін» (1909), «Хис­ саи Сай­фұл­мә­лік»(1909), «Қи­саи Ми­на­хып пи­ран Ға­зи­зан» жә­не «Ақыт Үлім­жіұлы­ның өмір­баяны» [12,31-б] қа­тар­лы то­ғыз кі­та­ бы ба­сы­лып та­ра­ты­ла­ды. Бұ­лар­дың кей­бі­рі сол жыл­дар­да бір­не­ ше мәр­те қайта ба­сы­лып­ты. Ақын­ның ал­ғаш­қы кө­лем­ді туын­ды­сы «Жи­һан­ша» 1891-жы­ лы Қа­зан қа­ла­сы­нан ба­сы­лып шы­ға­ды. «Мың бір түн» же­лі­сін­ де­гі «Мә­ли­ке-Ма­ран ту­ра­лы әң­гі­ме» не­гі­зін­де жа­зыл­ған. Ав­тор «Мың бір түн» оқи­ға­сын бір­не­ше түн­дер­де айт­ыл­ған әң­гі­ме­ні тұ­ тас қам­ты­май, тек «Жи­һан­ша­ның өмі­рі ту­ра­лы әң­гі­ме­сін» дас­тан­ ға ай­нал­дыр­ған. Бас­қа­ша айт­қан­да, Жи­һан­ша­ның Шам­са­ба­ну­ға 31

ға­шық­ты­ғын ға­на шы­ғар­ма­ның ар­қауы ет­кен. «Мың бір түн­де» әң­гі­ме Жи­һан­ша­ның өз ауызы­нан айтыла­ды, соң­ғы пай­ғам­бар­ды із­деп шық­қан Бал­қия екі зи­рат­тың ор­та­сын­да жы­лап отыр­ған Жи­ һан­ша­ға кез­де­се­ді. Бал­қия бұл жі­гіт­тің не­ге жы­лап отыр­ға­нын сұ­ ра­ған­да Жи­һан­ша ба­сы­нан өт­кен оқи­ға­ны айт­ып бе­ре­ді. Сон­дайақ «Мың бір түн­де­гі» оқи­ға­ның со­ңы қай­ғы­мен бі­те­ді. Екі ға­шық бір жыл Ка­бұл, бір жыл Гау­һар­не­гин қа­ла­сын­да ке­зек тұ­ра­ды. Бір жо­лы Гау­һар­не­гин­ге ке­тіп ба­ра жа­тып жол­да ты­ны­ғып дем ала­ды. Су­ға шо­мы­лып жүр­ген Шам­са­ба­ну­ды улы жән­дік ша­ғып өл­ті­ре­ді. Шам­са­ба­ну­ды сол жер­ге жер­леп, ба­сы­на зи­рат со­ға­ды. Қа­сы­нан өзі­не де зи­рат жа­са­та­ды да, қал­ған ғұ­мы­рын екі қа­бір­ дің ара­сын­да өт­кі­зе­ді. Ақыт қис­са­сын­да бұл эпи­зод айт­ыл­майды, екі ға­шық мұ­ра­ты­на же­те­ді, оқи­ға жақ­сы­лық­пен аяқ­тай­ды. «Мың бір түн­де­гі» осын­дай кей­бір эпи­зот­тар мен адам ат­та­рын (Мә­лік Тұқ­мыс-та­мұз, шай­хы На­сыр-Ма­ғұ­рық шаһ, Шам­сиа-шам­са­ба­ну т.б.) аз­дап өз­гер­те жыр­ла­ған. Ақын «Мың бір түн» же­лі­сі­нің іші­ нен ма­хаб­бат ма­ша­қа­тын не­ге таң­да­ған? Та­за се­зім­нен ту­ған ің­кәр­лік­ті жыр­лау Ор­та Азия­ның клас­сик ақын­да­рын­да мо­лы­нан ұшы­ра­са­ды. Олар кір­шік­сіз сүйс­пен­ші­ лік­ті тағ­дыр­дың сыйы деп біл­ген, оны ма­дақ ет­кен. Өйт­ке­ні шын ға­шық­тық­та еш нәр­се қар­сы тұ­ра ал­майт­ын ұлы күш бар деп ұқ­ қан. Сон­дық­тан үл­кен адам­гер­ші­лік­пен ас­та­сып жат­қан мәң­гі­ лік та­қы­рып – сүйс­пен­ші­лік­ті жыр­лап, мөл­дір се­зім­ді қа­дір­леу­ді Ақыт ақын да мұ­рат тұт­қан. Екін­ші­ден, ары­дан ке­ле жат­қан дәс­ түр­дің де өмір­шең­ді­гі деп ұқ­қа­ны­мыз жөн. Шы­ғар­ма же­лі­сі Та­мұз пат­ша­ның жал­ғыз ұлы Жи­һан­ша­ның пе­рі қы­зы Шам­са­ба­ну­ға қо­сы­лу жо­лын­да­ғы іс-әре­ке­ті, ба­сы­нан өт­кен қиын­дық­та­ры. Ав­тор ал­ды­мен Ка­бұл қа­ла­сын­да тұ­рып бес жүз ша­һар­ды би­ле­ген Та­мұз пат­ша­ны та­ны­ст­ру­дан бас­тайды. Осын­дай пат­ша өт­кен Та­мұз ат­ты, Бек ға­діл ел жұр­ты­на сал­та­нат­ты, –

дей­ді. Та­мұз пат­ша ұзақ уа­қыт ба­ла­сыз­дық­тың за­рын тар­та­ды. Ақы­ры ақыл­ды уәзі­рі­нің ке­ңе­сі бой­ын­ша Хо­ра­сан пат­ша­сы­ның қы­зын алып ба­ла­лы бо­ла­ды. Ба­ла­сы­на Жи­һан­ша деп ат қояды. Ба­ла сүйіп қуан­ған пат­ша үл­кен той жа­сай­ды. Дас­тан­да Жи­һан­ша өте зе­рек, бі­лім­ді, та­лап­ты да тәр­биелі жан ре­тін­де кө­рі­не­ді. 32

Сөй­лейін бір хи­каят жа­ма­ғат­қа, Ол ба­ла зе­рек бол­ды жаз­ған хат­қа. Ғы­лым­ға жас ша­ғы­нан зе­рек бо­лып, Тау­рат­ты он бес жас­та ал­ды жат­қа.

Ба­ла­сы он бес жас­қа кел­ген­де әке­сі та­ғын бе­ре­ді, пат­ша бо­ ла­ды. Бір кү­ні Жи­һан­ша қа­сы­на көп әс­кер ер­тіп аң­ға ба­ра­ды. Бір киік­ті қуып әс­кер­ле­рі­нен ада­сып қа­ла­ды. Қа­сын­да же­ті құлы бар Жи­һан­ша те­ңіз­ден өтіп кет­кен киік­ті ұс­та­мақ­шы бо­лып жа­ға­да тұр­ған ке­ме­ге оты­рып су­ға тү­се­ді. Шы­ғар­ма­ның бұ­дан кейін­ гі өрі­лі­мі ер­те­гі­лік қиял-ға­жай­ып си­пат­та өр­би­ді. Те­ңіз­де қат­ты дауыл тұ­рып, ке­ме­ні жел ай­дап ке­те­ді. Се­гі­зін­ші күн де­ген­де бір тау­ға ке­ліп тоқ­тайды. Аң ау­лау­ға шық­қан же­ті құл­дың төр­теуін жар­ты адам­дар ұс­тап қа­ла­ды да, қал­ған үшеуі­мен ша­һи­за­да ке­ ме­ге оты­рып қа­ша­ды. Жел қу­ған ке­ме он бес күн те­ңіз­де жү­зіп ақы­ры май­мыл­дар елі­не тап бо­ла­ды. То­лып­ты төрт та­ра­бын май­мыл алып, Отыр­ды бұл төр­теуі қай­ран қа­лып.

Май­мыл­дар елі­нің адам­да­ры жол­дан аз­ған­дық­тан мұн­да кел­ ген адам пат­ша бо­лу ке­рек екен. Осы шарт бой­ын­ша бі­раз уа­қыт пат­ша бо­ла­ды. Күн­дер­дің кү­нін­де мық­ты ит­тер­ді мін­ген төр­теуі қа­шып шы­ға­ды. Май­мыл­дар­дан қаш­қан Жи­һан­ша құ­мы­рс­қа­лар елі­не же­те­ді. Бұл жер­лер­де де бас­та­ры­на қауіп тө­не­ді. Қа­сын­да­ғы құл­да­рын құ­мы­рс­қа­лар ұс­тап жей­ді. Құ­мы­рс­қа­лар­дың бі­ті­мі әсі­ ре­леу тә­сі­лі­мен жыр­ла­на­ды. Үл­кен­ді­гі таз ит­тей құ­мы­рс­қа­ның, Жү­ре ал­мас көп­ті­гі­нен еш бұ­лар­дың. Сы­ты­лып ара­сы­нан қаш­ты пат­ша, Қу­ғын­шы құ­мы­рс­қа мен май­мыл­дар­дың.

Екі ма­құлық­тан қа­шып құ­тыл­ған ша­һи­за­да қаң­ғып жү­ріп бір ша­һар­ға ке­ле­ді. Бұл құс пат­ша­лы­ғы­ның елі бо­лып шы­ға­ды. Осын­да құс пат­ша­сы Ма­ғұ­рық­ша­мен кез­де­се­ді. Жыл сай­ын құс­ тар бір рет жи­на­лып той жа­сап, Сү­лей­мен пай­ғам­бар­дың ру­хы­ на дұ­ға оқи­ды екен. Ма­ғұ­рық­ша құс ара­сы­на кет­кен­де ша­һи­за­да ашу­ға бол­майт­ын са­рай­ға кі­ре­ді. Ал­тын са­рай­дың ішін­де ал­тын тақ жә­не же­міс өс­кен бұ­лақ бар екен. 33

Ол су­дың ке­не­рін­де ал­тын та­қыт, Не көр­мес адам ұлы көр­се ба­қыт. Әуе­ден үш кө­гер­шін кел­ді ұшып, Тұр­ған­да та­ма­ша­лап кө­зін са­тып, –

де­ген жол­дар­дан есік­ті не­ге ашу­ға бол­майтынын аң­ғар­ған­дай бо­ла­мыз. Үш кө­гер­шін үш қыз­ға айна­лып су­ға шо­мы­ла­ды. Ша­ һи­за­да осы үш пе­рі қы­зы­ның кі­ші­сі Шам­са­ба­ну­ға ға­шық бо­лып есі­нен та­на­ды. Оқи­ға осы­дан бас­тап ши­ры­ға, шиеле­ні­се тү­се­ді. Жи­һан­ша­ның ба­сы­нан өт­кен шым-шы­ты­рық жағ­дай, хауіп­ті са­ пар­лар баян­да­ла­ды. Ға­шық­тық­тың дер­тін тар­тып қай­ғы-уайым­нан зар­ла­ған Жи­ һан­ша­ға құс пат­ша­сы Ма­ғұ­рық­ша ақыл бе­ре­ді. Пе­рі қыз­дар жы­ лы­на бір рет шо­мы­лу­ға ке­ле­ді екен. Сол кез­де көй­ле­гін ұр­лап ал­саң ға­на ол еш қай­да ке­те ал­май­ды деп ұғын­ды­ра­ды. Шам­са­ ба­ну­дың көй­ле­гін ұр­лап ал­ған Жи­һан­ша мақ­са­ты­на же­тіп елі­не қайтады. Бі­рақ бұл қуаны­шы ұзақ­қа бар­майды, те­мір сан­дық­ты бұ­зып көй­ле­гін ал­ған пе­рі қы­зы «ме­ні Гау­һар­не­гин қа­ла­сы­нан та­бар­сың» деп ұшып ке­те­ді. Жи­һан­ша қа­ла­ны із­деп алыс са­ пар­ға ат­та­на­ды. Та­лай қауіп-қа­тер­ді ба­сы­нан өт­ке­ре­ді, бі­рақ ол кү­де­рін үз­бей­ді. Ақы­ры баяғы құс пат­ша­сы Ма­ғұ­рық­ша­ның кө­ ме­гі­мен екін­ші құс пат­ша­сы Ша­һи­баз­ға одан кейін үшін­ші құс пат­ша­сы Та­рал­мә­лік­ке ба­ра­ды. Ол Яғо­мұс ақ­са­қал­ға жі­бе­ре­ді, оның құс­та­ры­нан Гау­һар­не­гин қа­ла­сы­ның де­ре­гін бі­ле­ді. Құс­ қа мі­ніп пе­рі­лер ме­ке­ні­не же­те­ді, Шам­са­ба­ну­ға қо­сы­лып мұ­ра­ ты­на же­те­ді. Қис­са­ның ком­по­зи­циялық құ­ры­лы­мы өте күр­де­лі. Бір оқи­ға­дан соң екін­ші оқи­ға туын­дап оты­ра­ды. Оқи­ға фан­тас­ ти­ка­лық си­пат­та жыр­ла­на­ды. Қа­һар­ман ал­ты ай­лық жол­ды ал­ ты күн­де, бір жыл­дық жол­ды он екі күн­де ұшып өте­ді. Та­мұз пат­ша­ның дұш­пан­да­ры­на қар­сы дию­лер мен пе­рі­лер со­ғы­са­ды. Мұн­дай қиял-ға­жай­ып өр­нек­тер оқи­ға­ны күр­де­лі­лен­ді­ріп әсер­ лен­ді­ре тү­се­ді. Жи­һан­ша сан түр­лі ға­жай­ып жағ­дай­лар­ға ду­шар бо­лып, көп қиын­дық­тар­ды көр­се де қа­жып-қай­ыс­пай­ды, ал­ған бе­ті­нен қайт­ пайды. Ақын Жи­һан­ша­ны бар­лық қиын­дық­тар­ға тө­теп бе­ріп, оны же­ңіп шы­ға­тын та­бан­ды жан ре­тін­де көр­се­те­ді. Ав­тор кей­де кейіп­кер­лер­ді су­рет­те­ген­де дәс­түр­лі бей­не­леу тә­сіл­де­рін ше­бер пай­да­ла­на оты­рып, порт­рет­тік си­пат­та­ма бе­ре­ді. 34

Кө­ңі­лі мұн­дай бол­ған шам­са қан­дай, Сө­зі сөй­ле­ген­де ше­кер-бал­дай, Ақ жүз­ді ал­ма мой­ын, қи­ғаш қа­бақ, Еті бар қа­рап тұр­са жау­ған қар­дай. Не­ме­се: Нұр ди­да­рын көр­ген­де, Шо­мы­лып су­ға кір­ген­де Он төр­тін­де кө­рін­ген Тол­ған ай­дай се­кіл­ді, – де­ген жол­дар­да түр­кі ха­лық­та­ры­ның эпи­ка­лық жыр­ла­рын­да жиі кез­де­се­тін тұ­рақ­ты эпи­тет­тер мен ор­тақ өр­нек­тер­ді орын­ ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы Шам­са­ба­ну­дың кес­кін кел­бе­тін сон­ша­ма тар­тым­ды бей­не­ле­ген. Ақыт кейіп­кер­лер­дің сөз­дік си­пат­та­ма­ сын­да диа­лог­ты жиі пай­да­лан­ған Сон­дай-ақ «Ша­һи­за­да­ның за­ ры», «Шам­са­ба­ну­дың ға­за­лы» сияқ­ты әл­де­не­ше рет айтыла­тын тол­ғау-мо­но­лог ар­қы­лы олар­дың іш­кі се­зім күй­ле­рі кең кө­рі­ніс тап­қан. Кейіп­кер өз­де­рі­нің за­ры ар­қы­лы жа­рат­қан хақ­қа сиы­нып жал­ба­рын­са, бір­де одан күш-кө­мек сұ­рап, ме­дет ті­лей­ді. Сөйт­іп іш­кі се­зім, мұң-зар­ла­рын айтады. Оқи­ға ар­қауы миф­тік-фан­тас­ ти­ка­лық не­гіз­де өр­би­тін­дік­тен бас­ты кейіп­кер қиын, шиеле­ніс, алуан түр­лі шы­тыр­ман оқи­ға­ны ба­сы­нан өт­ке­ре­ді. Мұн­дай бі­рі­ нен-кейін бі­рі кез­де­сіп оты­ра­тын көп қиын­дық­тар шы­ғар­ма­ның тар­тыс­тық жүйесі­не тың сер­пін да­ры­тып оты­ра­ды. Пе­рі қы­зы Шам­са­ба­ну­дың ме­ке­ні Гау­һар­не­гин қа­ла­сы­ның кө­рі­ні­сін де ақын әсер­лі су­рет­тейді. Бір мың же­ті жүз бұ­ры­шы бар қа­ла үш ай­лық жер­ден жар­қы­рап кө­рі­не­ді. Ін­жу бар бұ­ры­шын­да не­ше түр­лі, Пе­рі­лер осын­дай қып сал­ған мұ­ны. Үс­тін­де әр ын­жу­дың шам-шы­рақ­тай, Құ­рыл­ған бір-бір кау­сек асыл нұр­лы. Айна­ла­сы ал­ты ін­жу, кү­міс шын­жыр, Үш айы­лық жер жар­қы­рап бо­ла­ды нұр, –

деп зор ша­быт­пен қы­зық­ты­ра жа­за­ды. Оқи­ға­ны әсер­леп қиял-ға­жай­ып ара­лас­ты­ра оты­рып жыр­лау кейіп­кер­дің іс-әре­ке­тін ашу­да­ғы бір көр­кем­дік тә­сіл деу­ге бо­ла­ 35

ды. Өйт­ке­ні оқи­ға өрі­лі­мін­де­гі ең не­гіз­гі са­рын сүйіс­пен­ші­лік­ті дә­ріп­теу бол­ған­дық­тан осы жол­да­ғы сан түр­лі қиын­дық ке­дер­ гі­лер­дің бә­рі де сол ға­шық­тық­ты дә­лел­деу­ге ба­ғыт­тал­ған. Ақын бел­гі­лі сю­жет­ті не­гіз­ге ала оты­рып, оқи­ға­сы күр­де­лі де қы­зық­ты, тар­тым­ды қис­са жаз­ған. Шың­жаң қа­зақ­та­ры жаз­ба әде­биетін­де на­зи­ра­лық дәс­түр бой­ ын­ша Абай үл­гі­сін­де ал­ғаш дас­тан жаз­ған ақын­дар­дың та­ғы бі­рі – Әсет Най­ман­байұлы бол­ды. «Әсет қис­са-дас­тан­да­ры та­қы­ры­бы­ ның кө­бі араб, пар­сы клас­сик­те­рі шы­ғар­ма­ла­ры­ның та­қы­ры­бы­ мен үн­де­сіп жа­туы оның араб, пар­сы тіл­де­рін жақ­сы бі­ліп, жақ­сы мең­гер­ген­ді­гі деу­ге бо­ла­ды. Шы­нын­да, әсет­тің, бір­қы­ды­ру қис­ са-дас­тан­да­ры­ның оқи­ға же­лі­сі мен баян­дау тә­сіл­де­рі клас­си­ка­ лық шы­ғыс әде­биеті мен шы­ғыс клас­сик­те­рі қис­са-дас­тан­да­ры­ ның са­ры­ны сай­рап жа­та­ды. Не­ме­се, оның қис­са-дас­тан­да­рын­да оқи­ға­ның бас­та­луы, да­муы, ша­рық­тау ше­гі­не же­тіп, ше­ші­луі шы­ ғыс ха­лық­та­ры­ның аса көр­кем, аса қы­зық­ты әрі күр­де­лі «Мың бір түн» хи­каяла­ры­ның со­ра­бын аң­ғар­та­ды. Әсет за­ма­нын­да «Мың бір түн» хи­каяла­ры қа­зақ ті­лі­не ауда­рыл­ды ма, жоқ па, ол жа­ғы анық емес. Де­ген­мен Әсет дас­тан­да­рын­да шы­ғыс клас­сик­те­рі шы­ғар­ма­ла­ры­ның, оның ішін­де «Мың бір түн» хи­каят­та­ры­ның ық­па­лы күш­ті се­зі­ле­ті­ні­не қа­рап, Әсет араб, пар­сы тіл­де­рін же­те біл­ген­ді­гі үшін, «Мың бір түн» хи­каят­та­рын араб­ша­сы­нан оқы­ ған деу­ге бо­ла­ды. Сон­дық­тан да Әсет шы­ғар­ма­ла­рын­да шы­ғыс клас­сик­те­рі­нің әсе­рі кең де те­рең бей­не­лен­ді [13,63-б]. Әсет қо­лы­на қа­лам алып, «Ағаш ат», «Үш же­тім қыз», «Ша­ кір-Ша­кі­рат», «Жам­сап», «Фран­цуз ха­ны жай­лы хи­кая», «Нұ­ ғы­ман-На­ғым», «Бақ­тияр», «Дас­тар­қан» т.б. қис­са­лар­ды жаз­ға­ ны бел­гі­лі. Бұл қис­са­ла­рын­да ақын араб-пар­сы­ның клас­си­ка­лық жыр­ла­ры­ның оқи­ға­сы мен сти­лін жа­да­ғай қайтала­май, ке­рі­сін­ше өз дәуірі­не тән ұлт­тық ерек­ше­лік­те­рі­мен бай­ыт­қан. Қис­са­лар­дың оқи­ға­сы араб, пар­сы ел­де­рі­нің Бағ­дат, Бас­ра, Мы­сыр, Шам ша­ һар­ла­рын­да, шы­ғыс­тық ел­ді-ме­кен­дер­де өтіп жа­та­ды. Алай­да, он­да­ғы сан алуан шы­тыр­ман оқи­ға­лар, қым-қуыт тар­тыс­тар қа­ зақ­тың фео­дал­дық қо­ға­мы­на тән пат­ша­лық, хан­дық өмір шын­ ды­ғы­на кө­ші­рі­ле баян­да­ла­ды. Кейіп­кер­ле­рі де кә­дім­гі қа­зақ­тар, не­ме­се олар қа­за­ша сой­лей­ді, қа­зақ­ша қи­мыл­дайды, қа­зақ­ша тір­ лік ете­ді, ат­та­ры да қа­зақ­ша бо­лып ке­ле­ді. Қыс­қа­сы, қа­зақи өмір бей­не­сі, қа­зақи салт-дәс­түр­лер кө­рі­ніс та­ба­ды. Мы­са­лы: 36

Көп қыз­дар жар-жар айт­ып сал­ды тө­сек, Күйеуге ұрын кел­ген етіп есеп. Қыз­дар­дың сон­да айт­қан жар-жа­ры мы­нау, Мұ­ны да бол­мас сі­рә сөй­ле­ме­сек... («Ағаш ат») Ақын­ды ша­қы­ру­ға әмір қыл­ды, Дом­бы­ра­сын өзі­мен қо­са ал­дыр­ды. Пат­ша жұр­тын жи­нап та­ма­ша қып, Жан-жақ­тан, екі-екі­ден ән сал­дыр­ды. Уә­зір айт­ты: бе­рейін мен де то­ғыз, Бес жам­бы, аяғы бол­сын то­ғыз. Құ­да қып пат­ша­мен жа­рас­ты­рып, Қан­ша­ма сауап сөз айт­тың ұшан-те­ңіз. («Дас­тар­қан»)

Кө­ріп отыр­ған­дай, жар-жар айту, ұрын ба­ру, дом­бы­ра шер­тіп, өлең айту, ақын­дар­дың өне­рін жұрт жи­на­лып қы­зық­тау, өнер­ ді құр­мет­теп, сый­лық үшін жам­бы қо­сып, то­ғыз бе­ру, құ­да тү­су­ жоқ­тау айту салт­тар­дың бә­рі-бә­рі сол шы­ғыс­тық ел­ді – ме­кен­дер­ де өтіп жат­қа­ны бел­гі­лі. Ақын­ның «Ағаш ат» қис­са­сы қа­зақи өмір бей­не­сін та­ма­ша кес­те­ле­ген, шы­ғыс­тық са­рын­да­ғы, ро­ман­ти­ка­лы көр­кем шы­ғар­ ма. Оқи­ға­сы «Мың бір түн» хи­каяла­ры­ның же­лі­сі­нен алын­ған, кә­дім­гі қиял-ға­жай­ып ер­те­гі­ле­рі­не ұқ­сас. Он­да ха­лық­тың ар­манті­ле­гі об­раз­ды, ро­ман­ти­ка­лы бей­не­ле­не­ді. Қис­са оқи­ға­сы­ның не­ гіз­гі же­лі­сі ағаш ат жа­сап ас­пан­ға ұшу бо­лып, ағаш ат бі­рін-бі­ рі шы­найы сүй­ген Қа­сен мен Нұр­гүл­ға­сыл­дың ма­хаб­ба­ты үшін қыз­мет ете­ді. Қы­зы­ның бө­тен жі­гіт­пен кө­ңіл қос­қа­ны­на на­мыс­ тан­ған қа­ты­гез хан екі жас­ты өлім­ге бұй­ыр­мақ бо­ла­ды. Осын­дай аса қа­тер­лі, ты­ғыз-таяң сәт­те ағаш ат екі ға­шық­ты алып ұшып өлім­нен құт­қа­ра­ды. Бір мез­гіл өт­кен­нен кейін, ма­хаб­бат жо­лын­ да әке-ше­ше­сі­нен, ел-жұр­ты­нан алыс­тап кет­кен Ха­сен та­ғы сол ға­жай­ып ағаш ат­тың кө­ме­гі­мен сүйік­ті жа­ры Нұр­гүл­ға­сыл­мен қауыша­ды, ел-жұр­ті, әке- ше­ше­сі­мен та­бы­са­ды, мұ­ра­ты­на же­те­ді. Қис­са­да «Ағаш ат» ха­лық­тың ақыл-па­ра­са­ты, ғы­лым-тех­ни­ ка­ның құ­ді­ре­ті ре­тін­де су­рет­те­ле­ді, яғ­ни өнер-бі­лі­мің бол­са ас­ пан­ға да ұша ала­сың, кім­мен бол­са да те­ңе­се ала­сың, әр қан­дай мақ­сат-мұ­ра­ты­ңа да же­те ала­сың де­ген ойды бей­не­лей­ді. Сон­дайақ әділ­дік пен әді­лет­сіз­дік­тің, мейі­рім­ді­лік пен қа­ты­гез­дік­тің ара37

жі­гі ай­қын­да­лып, оқыр­ман­дар­дың із­гі­лік­пен әділ­дік­ке, адам­гер­ ші­лік пен мейі­рім­ді­лік­ке, бауыр­мал­дық­қа, шы­найы ма­хаб­бат­қа де­ген сүйіні­шін арт­ты­ра тү­се­ді. «Ағаш ат» қис­са­сы фан­та­зиялық қиял-ға­жай­ып оқи­ға­лар­ға, ро­ман­ти­ка­ға бай бо­лып, ро­ман­ти­ка­ лық түс пен ақын­ның об­раз­ды ой­лауы ар­қы­лы бо­ла­шақ­ты шар­ ла­ған ұш­қыр қия­лын аң­да­ту­мен бір­ге, ас­пан ке­ңіс­ті­гі­не, ға­рыш­қа ұшу­ды адам­зат­тың ер­те за­ман­да-ақ ар­ман ет­кен­ді­гін та­ны­та­ды. Қыс­қа­сы, Әсет­тің қай қис­са-да­станын оқы­сақ та оның ұш­қыр қиял­ды, ал­ғыр ойлы, тіл­ге бай, нә­зік се­зім­ді ли­рик ақын еке­нін аң­ға­ра­мыз. Тү­рі мол, маз­мұ­ны бай ха­лық­тық фоль­кло­ры­мыз бен шы­ғыс­ тың, яғ­ни араб-пар­сы­ның ежел­гі клас­си­ка­лық шы­ғар­ма­ла­ры­ның үл­гі­сі­не мұ­ра­гер­лік етіп, на­зи­ра­лық дәс­түр­ді ұстанып, қис­са­гер­ лік да­ры­ны­мен жал­пақ жұрт­қа та­ныл­ған­дар жо­ға­ры­да­ғы ақын­ дар­мен ға­на шек­тел­мей­ді. Олар­дың ал­ды-ар­тын­да, айна­ла­сын­да қол­да­ры­нан қа­ла­мы түс­пей өт­кен қис­са­гер ақын­дар аз бол­ған жоқ. Со­лар­дың ішін­де ең ық­пал­ды­ла­ры­ның та­ғы бі­рі Таң­жа­рық Жол­дыұлы еке­нін айт­уы­мыз ке­рек. Қа­зақ әде­биеті­не Абай сі­ңір­ген на­зи­ра­лық үл­гі­ні қы­тай қа­зақ әде­биетін­де ең ал­ғаш қол­да­ну­шы­лар­дың бі­рі­Таң­жа­рық бол­ды. Оның Абай үл­гі­сін­де араб, пар­сы аңыз-ер­те­гі сю­же­ті­нен пай­да­ла­ нып жаз­ған «Әб­ді­кә­рім», «Сә­ну­ар пат­ша», «Бер­ді­бек пен Ша­һи­ зат», «Нә­зи­гүл», «Әнуар-Кү­лән­дә» тә­різ­ді бас­па бе­тін көр­ген қи­ са­ла­ры бұ­ның мы­са­лы. Таң­жа­рық Жол­дыұлы шы­ғар­ма­ла­ры­ның қо­мақ­ты бір са­ла­сы есеп­те­ле­тін бұл қи­са­лар­да оқи­ға төр­кі­ні шы­ ғыс­тық аңыз, ер­те­гі­лер­ден алы­нып, араб ел­де­рі­нің қа­ла­ла­ры мен жер, су атау­ла­рын оқи­ға ор­ны ре­тін­де пай­да­ла­нып, оқи­ға ежел­гі ха­ли­фат дәуі­рін­де, пат­ша­лық за­ман үс­тем­дік етіп тұр­ған кез­дер­ де Мы­сыр елін­де, Бағ­дат, Бас­ра ша­һар­ла­рын­да т.б. Шы­ғыс­тық ел­ді ме­кен­дер­де өтіп жат­қа­ны­мен, алай­да оқи­ға бол­ған өңір мен жер жағ­дайы ежел­ден қа­зақ хал­қы ме­кен­дейт­ін геог­ра­фия­лық ай­мақ­қа, жер-су кө­рі­ніс­те­рі­не кел­ті­рі­ле, баян­да­ла­тын сан алуан шы­тыр­ман оқи­ға­лар, қым-қуыт тар­тыс­тар қа­зақ­тың фео­дал­дық қо­ға­мы­на тән пат­ша­лық, хан­дық өмір шын­ды­ғы­на сәй­кес су­рет­ те­ле­ді. Қис­са­лар кө­ле­мі жа­ғы­нан әр­кел­кі. «Сә­ну­ар пат­ша», «Нә­ зи­гүл», «Ануар-Кү­лән­дә» қи­са­ла­ры ау­қым­ды сю­жет­ке құ­рыл­ған, мол оқи­ға­лы, кең ты­ныс­ты эпи­ка­лық дең­гейде жа­зыл­ған. Таң­жа­рық­тың қи­са­лар то­бы­на жа­та­тын шы­ғар­ма­ла­рын­да не­ гі­зі­нен ма­хаб­бат та­қы­ры­бы алы­на оты­рып, адам бой­ын­да­ кез­де­ 38

се­тін із­гі­лік пен жауыз­дық, қайы­рым­ды­лық пен зұлым­дық, дос­ тық пен қас­тық түр­лі іс-әре­кет ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­тын об­раз­ дар ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді. Шы­тыр­ман оқи­ға­лар­ды ба­сы­нан ке­ші­ ре­тін сан алуан ха­рак­тер­лі кейіп­кер­лер бол­мы­сы оқыр­ман­дар­ды тол­ған­ды­рып, өмір­ді түй­сі­ну­ге әсер ете­ді. Сон­дық­тан біз Таң­жа­ рық­тың орын­да­луы жа­ғы­нан ұқ­сас, идея­лық тұр­ғы­дан са­рын­дас, маз­мұ­ны жа­ғы­нан үн­дес боп ке­ле­тін қи­са­ла­ры­ның бі­реуіне ға­на тоқ­та­ла­мыз. Таң­жа­рық қисс­ла­ры­ның ішін­де­гі ең ірі­сі әрі әлеу­мет­тік мә­ні зор, та­ғы­лы­мы мол туын­ды­ла­ры­ның бі­рі – «Нә­зи­гүл­ді» де өз­ге қис­са, дас­тан­да­ры се­кіл­ді Үрім­жі түр­ме­сін­де отыр­ған жыл­да­ры жаз­ған. Ақын бұл шы­ғар­ма­сын­да бас­қа қис­са, дас­тан­да­рын жаз­ ған­да­ғы бас­шы­лық­қа ал­ған ком­по­зи­циялық жүйені, баян­дау тә­сі­ лін, бас­тау, аяқ­тау ұстаным­да­рын қол­да­на­ды. Шы­ғар­ма­ның бас­ тау­ын­да бұл хи­каяны қис­са­ға ай­нал­ды­рып жа­зып шы­ғу­ға түрт­кі бол­ған түр­ме­де бір­ге жат­қан до­сы Фә­зіл­жан еке­ні, оның хи­кая маз­мұ­нын ауыз­ша әң­гі­ме тұ­рін­де бер­ге­ні, ав­тор­дың тір­ші­лік дү­ ниеге, та­би­ғат­тың әсем жа­ра­ты­лы­сы­на, өмір заң­ды­лық­та­ры­на ой жі­бер­ген фи­ло­со­фия­лық көз­қа­рас­та­ры кө­рі­ніс та­ба­ды. Ал­да­ғы әң­гі­ме­ле­нер оқи­ға сі­лем­де­рін, оған не­гіз бо­лар се­беп­тер­дің ұшы­ ғын шы­ға­ра­тын тол­ға­ныс­қа то­лы жол­дар­мен бас­та­ла­тын қис­са­да үш ұр­пақ шен­дес­ті­рі­ле­ді. Уа­қыт ая­сын­да өте­тін қым-қи­ғаш өмір кө­рі­ні­сі, сан алуан тағ­дыр тар­ты­сы, шы­тыр­ман оқи­ға­лар же­лі­сі жи­нақ­та­ла­ды. Оқи­ға же­лі­сі бір-бі­рі­не жал­ғас­тық та­ба­тын үл­кен екі ке­зең­ді қам­ти­ды. Бі­рін­ші ке­зең оқи­ға­сы араб елі­нің бағ­дат ха­ли­фа­ты­на қа­райт­ын Мы­сыр уәлиі Мах­мұт пен оның үш қы­ зы тө­ңі­ре­гін­де, ал екін­ші ке­зең оқи­ға­сы Уәли­дің кі­ші қы­зы Зү­ би­лә­дан ту­ған жиені Нә­зи­гүл тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты өр­би­ді. Қис­са маз­мұ­ны­на қа­тыс­ты не­гіз­гі түйін – түр­лі си­пат­та орын ала­тын арам­дық пен адал­дық, адам­дық пен зұлым­дық, ақыл­ды­лық пен ақыл­сыз­дық кө­рі­ніс­те­рі­нен ой қо­ры­тып, са­бақ алу­ға мең­зеу. Тәр­ бие,өне­ге, мо­раль­дық тұр­ғы бас­ты мә­се­ле ре­тін­де кө­рі­не­ді. Қис­ са­да жыр­ла­на­тын оқи­ға­ға бай­ла­ныс­ты са­рап­тап, за­лым қан­дай, мо­мын қан­дай еке­нін сы­науды тың­дау­шы­ға, оқыр­ман­ға, кө­ңі­лі жүй­рік жан­дар­дың өзі­не ұсы­на­ды. Қис­са сю­же­ті, бар­лық оқи­ға әр­қай­сы­сы өзі­не тән мі­нез-құлық, ақыл-па­ра­сат, түй­сік-тү­сі­ні­гі­ мен ерек­ше­ле­не­тін он кейіп­кер­дің түр­лі ба­ғыт, ниет-пи­ғыл­да­ғы іс-әре­кет­те­рі­не құ­ры­ла­ды да, ор­та­лық тұл­ға бо­лып есеп­те­ле­тін Нә­зи­гүл, Зү­би­лә, Мах­мұт уәли­ден тар­мақ тар­тып жа­та­ды.Қис­са­ 39

да­ғы не­гіз­гі оқи­ға же­лі­сі әу бас­та Мах­мұт Уәли ту­ра­лы әң­гі­ме­ден бас­та­ла­ды. Ол кез­де тіп­ті Нә­зи­гүл­дің оқи­ға­ға қа­ты­суы тұр­мақ, өзі өмір­ге де кел­ме­ген ке­зі бо­ла­тын. Со­ған қа­ра­мас­тан ол ор­та­ лық кейіп­кер­ге айна­ла­ды, қис­са«Нә­зи­гүл» деп ата­ла­ды. Алай­да мұ­ның қи­сын­ды жа­ғы бар. Өйт­ке­ні оқи­ға­ға екін­ші ке­зең­де ке­ліп қо­сыл­ға­ны­мен, қис­са­ның ша­рық­тау ше­гі осы Нә­зи­гүл тағ­ды­ры­ на қа­тыс­ты өріс­теп, ше­ші­мі Нә­зи­гүл­дің іс-әре­ке­ті­не бай­ла­ныс­ты түйін­де­ле­ді. Ел бас­қа­ру­да ту­ра­шыл­ды­ғы­мен, әділ­ді­гі­мен ел құр­ме­ті­не бө­ лен­ген Мах­мұт­ты ақын бы­лай­ша си­пат­тайды: Өтіп­ті бір уали Мах­мұт ат­ты, Мы­сыр­дың ша­һа­рын­да араб зат­ты. Кем сөз­ді, кө­ңі­лі бе­рік адам екен, Ұс­та­ған ту­ра­лық­тың жо­лын қат­ты. Сұ­рап­ты қа­ра де­мей, тө­ре де­мей, Тең кө­ріп алыс, жуық, жа­қын жат­ты. Жүр­гі­зіп күн­діз өкім тақ­қа мі­ніп, Іс­тей­ді ту­ра­лық­тың жо­лын бі­ліп, Кеш бол­са үш қы­зы­мен оты­ра­ды, Ке­ңе­сіп пі­кір­ле­сіп, ой­нап-кү­ліп.

Ел-жұр­ты­на сүй­кім­ді, от­ба­сы­на мейі­рім­ді Мах­мұт ұл­да­ры әлі ер же­те қой­ма­ған­дық­тан, ере­сек қыз­да­ры­на кө­ңіл ауда­рып, тә­лімтәр­бие бе­ру­ге ты­ры­са­ды. Осы ой­мен бір кү­ні Мах­мұт қыз­да­ры­ның өмір­ге де­ген көз­ қа­ра­сын, ақыл-па­ра­са­тын, тір­ші­лік ету, от­ба­сын ұс­тау ту­ра­лы түй­сік-тү­сі­ні­гін бай­қау мақ­са­тын­да олар­дан: «Тұр­мыс тү­зеу ер­ ден бе, әйел­ден бе? осы­ны ше­шің­дер­ші?» – деп сұ­рай­ды. Алай­ да өмір­де­гі әйел­дің ор­ны де­ген мә­се­ле­ні бір жақ­ты ға­на тү­сі­ніп, бар тір­ші­лік тіз­гі­ні ер­кек­тер­дің қо­лын­да деп бі­ле­тін, от­ба­сы­ның ұйыт­қы­сы, бе­ре­ке-бір­лік тұт­қа­сы әйел за­ты еке­нін се­зі­не ал­майт­ ын дең­гейде­гі екі қы­зы:«әйел­ді ер­кек ба­ға ала­ды, ал әйел ер­кек­ті ба­ға ал­май­ды, бар тір­ші­лік кө­зі жа­ман бол­са да ер­кек­ке тәуел­ді», – де­ген ма­ғы­на­да жауап бе­ре­ді.Үшін­ші қы­зы Зү­би­лә бол­са, апай­ ла­ры­ның жауап­та­ры­на қа­на­ғат­тан­бай­ды, олар­дың көз­қа­рас­та­ры­ на қар­сы шы­ғып, әке сұ­рауына бы­лай жауап бе­ре­ді: Жал­ған­шы ақ­қа қа­ра жа­ға ал­май­ды, Жақ­сы­ға жа­ман атақ та­ға ал­май­ды.

40

әйелі жа­ман, егер ері жақ­сыБол­са да ер­кек оны ба­ға ал­май­ды. Құр­бы­мен тең ту­са да құр­да­сы­нан, Пай­да­ны кім асыр­мас бір ба­сы­нан. Пұл тап­пас ер­кек бол­мас ең­бек ет­се, Сөйт­се де тұр­мыс құ­ру ұр­ға­шы­дан. Айт­пас едім әке­міз сұ­ра­ма­са, Ке­ші­рі­ңіз айт­қа­ным ұна­ма­са. Ба­ға ал­май жақ­сы ер­кек­тің қал­ға­ны сол, Әйелі бір­ді – бір­ге құ­ра­ма­са.

Алай­да әке­сі ал­дың­ғы қыз­да­ры­ның жауа­бын дұ­рыс деп қос­ та­ған әке кі­ші қы­зы­ның бұл жауабы­на ри­за бол­май, оны те­ріс­ке шы­ға­ра­ды. Кі­ші қы­зы­ның па­ра­сат дең­гейін мөл­шер­леп се­зі­не ал­ ма­ған Мах­мұт ол ту­ра­лы кө­ңі­лі­не өк­пе наз ұя­лап, кек сақ­тап қа­ ла­ды. Зү­би­лә­нің тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты шиеле­ніс әке сұ­ра­ғы­на бер­ ген осы жауа­бын­да­ғы ой-тұ­жы­ры­мы­нан бас­тау ала­ды. Ал­дың­ғы екі қы­зы­ның жауабы­на ри­за бо­лып, ша­ңы­рақ­тың тү­ті­ні тү­зу шы­ғып, от­ба­сы­ның бер­ке-бір­лі­гі­нің мық­ты бо­луы тек ер­кек­ке бай­ла­ныс­ты деп тү­сін­ген Мах­мұт олар­ды сәуде­гер екі жі­ гіт­ке ұза­та­ды да, тұр­мыс құ­ру­да­ғы әйел­дің ор­ны ту­ра­лы ой-пі­кі­рі ұна­ма­ған Зү­би­лә­ні сырт кө­рі­ні­сі­мен ең жа­ман ер­кек бо­лып кө­ рін­ген Қа­сым ат­ты жі­гіт­ке қо­са­ды. Алай­да өмір, тір­ші­лік, дү­ние, бай­лық, әйел мен ер­кек ту­ра­лы Мах­мұт жә­не екі қы­зы­ның көз­қа­ рас тү­сі­ні­гі­нің дұ­рыс емес­ті­гі, ал Зү­би­лә­нің, ха­лық­тың ға­сыр­лар бойы ба­сы­нан ке­шір­ген көз­бен көр­ген, тә­жі­ри­бе­ден өт­кен жай­ лар­ды қо­ры­ту­дан ба­рып шық­қан«жақ­сы әйел жа­ман ер­кек­ті зор ете­ді, жа­ман әйел жақ­сы ер­кек­ті қор ете­ді» тә­різ­ді да­на­лық ой­ лар­мен ұш­та­са­тын ой-тұ­жы­ры­мы­ның шын­ды­ғы олар­дың кейін­ гі өмір­ле­рі­нің кө­рі­ні­сі, іс-әре­кет­те­рі, ең­бек ету тә­сіл­де­рі ар­қы­лы ай­ғақ­та­ла­ды. Өмір сү­ру сал­тын­да­ғы қай­шы­лық­тар­ды зер­де­леп пай­ым­дау, әлеу­мет­тік мә­ні бар нәр­се­лер­ді се­зі­не бі­лу жас ерек­ ше­лік пен қыз­мет дә­ре­же­сі­не бай­ла­ныс­ты бол­майтынын Мах­мұт пен екі қы­зы­ның ой-пі­кір­ле­рі, көз­қа­рас­та­ры ай­қын ді­лел­деп тұр. Бі­рін­ші ке­зең­ге жа­та­тын оқи­ға же­лі­сін­де не­гі­зі­нен Зү­би­лә-Қа­ сым, Зү­би­лә­нің екі апайы мен екі жез­де­сі­нің іс-әре­кет­те­рі су­рет­ те­ле­ді де, олар­дың өмір­ге көз­қа­ра­сы түй­сік се­зім­де­рі, ақыл-па­ ра­сат­тар ая­сын­да айна­лыс­қан жұ­мыс­та­ры, ат­қар­ған іс-ша­ра­ла­ры 41

ар­қы­лы об­раз­да­ры жа­са­лып, ха­рак­тер­ле­рі ашы­ла­ды. Тір­ші­лік ті­ ре­гі бо­лу, бо­са­ға­ның бе­рік­ті­гін сақ­тау, бе­ре­ке­лі тұр­мыс-сал­тын құ­ру не­гі­зі әйел ме, ер­кек пе? – де­ген сұ­рау түйіні үш қыз­дың өмір сү­ру кө­рі­ні­сі, ең­бе­кар­қы­лы ше­ші­мін та­ба­ды. Өмір жай­лы екі қыз бен Мах­мұт тү­сі­ні­гі, әйел­дің ор­ны ту­ра­лы Зү­би­лә пай­ымы­ның нә­ти­же­сі олар­дың тір­ші­лік ты­ны­сы­ның жан­ды су­ре­ті ар­қы­лы кө­рі­не­ді. Бір ша­ңы­рақ­тан шық­са да, тір­ші­лік жо­лы, тү­сі­нік пай­ ымы екі ар­на­ға бұ­рыл­ған әпе­ке­лі-сің­лі­лі үш қыз­дың тағ­ды­ры бар си­па­ты­мен ай­қын ашы­ла су­рет­те­ле­ді.«Та­ма­ғы тоқ­тық, жұ­мы­сы жоқ­тық аз­ды­рар адам ба­ла­сын», – деп ұлы Абай айт­қан­дай тір­ші­ лік ағы­нын тү­сі­ну­де ақыл-па­ра­сат­қа ар­қа ті­рей ал­майт­ын тө­мен ақыл, ой­сыз жан­дар, ақыл­сыз­дық­та­ры ар­сыз­дық­қа ұлас­қан, әке үмі­тін де, өз пай­ым­да­рын да ақ­тай ал­ма­ған, ке­зін­де мол дү­ниелі қос сау­да­гер­ге ұза­тыл­ған екі қыз­дың күйеуле­рі­нің, бай­лы­ғы­ның буы­мен адал­дық­тан ада­сып, лас қы­лық­қа бой­ла­рын ал­дыр­ған, ой­нас­кер­лік жол­ға түс­кен па­рық­сыз қа­сиеті мен олар­дың ру­ха­ ни се­зім күй­ден жұр­дай, бар қы­зық дү­ние-бай­лық­та деп тү­сі­не­ тін,со­ның жо­лын­да бар мүм­кін­дігн сарп етіп, от ба­сы ошақ қа­сын да есі­нен шы­ға­ра шет жай­лап кет­кен күйеуле­рі­нің дү­ниеқо­ңыз­ дық бей­не­сі на­ным­ды түр­де оқыр­ман­ды ойға ба­ты­рар, тың­дау­ шы­ны там­сан­ды­рар әсер­де ше­бер жа­са­ла­ды. Қис­са­да от­ба­сы­лық тір­ші­лік жағ­дайын тар үйде,дү­ние-мү­лік­сіз күй­де бас­та­ған­мен зер­де­лі қыз бар өне­рін жұм­сай оты­рып, та­ғы да Абай­дың «өзі­ңе сен, өзің­ді алып шы­ғар, ең­бе­гің мен ақы­лың екі жақ­тап»де­ге­ні­не сай екі апай­ына мүл­де қа­ра­ма-қар­сы тип­те­гі Зү­би­лә тұл­ға­сы па­ ра­сат­ты бол­мы­сы­мен жа­ғым­ды си­пат­та, өне­ге­лік тұр­пат­та көр­ кем сом­да­ла­ды. Осын­дай сан-алуан өмір кө­рі­ніс­те­рі су­рет­те­ліп, түр­лі адам мі­ не­зі жа­са­ла­тын оқи­ға­ның бі­рін­ші ке­зе­ңі мы­на­дай жағ­дайда аяқ­ та­ла­ды: күн­дер­дің кү­нін­де Мах­мұт көп­тен бе­рі ха­бар­сыз кет­кен, ке­зін­де дәуле­ті шал­қы­ған сау­да­гер­лер­ге ри­за кө­ңіл­мен ұзат­қан, үміт арт­қан қыз­да­рын із­деп кел­се, үйле­рін­де жоқ бо­лып шы­ға­ды. Сұ­рас­ты­рып біл­се, әке­ле­рін ел ал­дын­да мас­қа­ра етіп, кө­ңіл­дес­те­ рі­не ер­тіп қа­шып ке­те­ді. Ел-жұр­тын жи­нап, өзін мас­қа­ра қыл­ған қыз­да­рын із­деп тауып, бас­та­рын алу үшін бір кез­де жа­ман деп еле­ме­ген, қы­зы Зү­би­лә екеуі «ақы­лы мен ең­бе­гі­нің» ар­қа­сын­да адал­дық­пен жи­нал­ған мол дау­лет иесі Зү­би­лә­нің күйеуі Қа­сым­ ды жұм­сайды. Қа­сым Бағ­дат ша­һа­ры­на ба­рып, кө­ңіл­дес­те­рі­мен бір­ге қа­шып жүр­ген қос қай­ын­би­ке­сін де, дү­ниеқо­ңыз­дық­пен 42

бай­лық із­деп ке­тіп, ақы­рын­да қайы­рым­сыз қа­рау жан­дар бо­лу се­ беп­ті жи­ған-тер­ген бар бай­лық­та­ры­нан айыры­лып, қай­ыр­шы­лық жағ­дайда қаң­ғы­рып жүр­ген екі ба­жа­сын да та­ба­ды. Алай­да ағай­ ын ара­сын­да­ғы бе­ре­ке бір­лік­ті сақ­тау­ды ойла­ған Қа­сым ба­жа­ла­ ры­на ел-жұрт­қа мас­қа­ра бо­лар ар­сыз қы­лық, ой­сыз іс жа­са­ған әйел­де­рі ту­ра­лы еш­те­ңе айт­пай, ке­рі­сін­ше сен­дер­ді із­деп ке­ліп­ті деп ер­лі-зай­ып­ты­лар­ды бір-бі­рі­не қо­са­ды. Қай­ын­би­ке­ле­рі­не де ал­дын ала ес­кер­тіп, сен­дер­ді із­деп кел­дік де­гі­зе­ді. Олар­дың аз­ ғын­дық­қа ұры­нып, жар ал­дын­да­ғы адал­дық­та­рын сақ­тай ал­ма­ған опа­сыз­дық­та­рын, не­ке бұ­зар ой­сыз әре­кет­те­рін жа­сы­рып қа­ла­ды. Осы­лай­ша от­ба­сы­ла­ры күй­рей жаз­да­ған қай­ын­би­ке­ле­рі мен ба­ жа­ла­рын қайта қауыш­ты­рып, ту­ған елі­не ер­тіп алып ке­ле­ді. Ба­ жа­ла­ры мен қай­ын­би­ке­ле­рі ту­ра­лы та­рап кет­кен өсек-­қауе­сет­ті жою үшін бар шын­дық­ты жа­сы­ра­ды. Қыз­да­ры­ның қы­лы­ғы үшін ұят-на­мыс­тан кі­рер­ге жер тап­пай отыр­ған Мах­мұт­қа да«қыз­да­ ры­ңыз күйеуле­рін із­деп ба­рып­ты, қа­сын­да­ғы екі жі­гіт ма­лай­ла­ры екен»деп, қай­ын ата­сы­ның ашуын ба­са­ды, кө­ңі­лін ор­ны­на тү­сі­ ре­ді. Ел­ге де со­лай жет­кі­зе­ді. Сөйт­іп, жақ­сы­лық үшін, ын­ты­мақ, бір­лік үшін өті­рік айтуға бар­ған, қа­те­лік­ті ке­ші­ріп, қайы­рым­ды­ лық көр­се­те біл­ген қа­сым­ның зор па­ра­са­ты, те­рең ақы­лы­ның на­ти­же­сін­де ша­ңы­рақ­та­ры ор­та­сы­на тү­сіп, күй­рей жаз­да­ған от­ ба­сы­лар аман қа­ла­ды. Зы­ғыр­да­ны қай­нап ашу кер­не­ген Мах­мұт уали қа­һа­ры­нан қайтады. Ақы­рын­да осы­лай­ша бір кез­де ер­кек­тің ең жа­ма­ны бо­лып есеп­тел­ген Қа­сым, үш қы­зы­ның ең ақыл­сы­зы бо­лып есеп­тел­ген Зү­би­лә өз­де­рі­нің ха­лық да­на­лы­ғы­нан та­мыр тарт­қан па­ра­сат иеле­рі екен­ді­гі­мен, бой­ла­ры­на ақыл-ой қо­нақ­ тап, жақ­сы­лық нұ­ры ұяла­ған қа­сиет­те­рі­мен ке­зін­де қа­те­лес­кен Мах­мұт­ты мой­ын­да­та­ды. Ри­за бол­ған, өз қа­те­лі­гін мой­ын­да­ған Мах­мұт той жа­сап, Зү­би­лә мен Қа­сым­ға мол ен­ші бе­ріп шы­ға­рып са­ла­ды. Ба­жа­ла­ры қа­сым­ның бас­шы­лы­ғы­мен қайта тір­ші­лік жол­ да­рын бас­тайды. Қа­сым мен Зү­би­лә екі пер­зент сүйіп, бір ұл, бір қыз­ды бо­ла­ды. Бір қа­ра­ған­да қис­са­ны осы тұс­тан аяқ­тауға бо­лар еді. Бі­рақ ав­ тор бас­қа мақ­сат көз­де­ген. Осы тұс­тан аяқ­тауға бо­лар еді дейтіні­ міз оқи­ға­ның екін­ші ке­зе­ңін­де ал­ғаш­қы бө­лім­де­гі кейіп­кер­лер­ден Мах­мұт пен Қа­сым ға­на кө­рі­не­ді. Егер Мах­мұт пен Қа­сым­ның атын өз­гер­те сал­са, мүл­де бас­қа қис­са бо­лып шы­ға ке­ле­ді. Өйт­ ке­ні оқи­ға же­лі­сі, кейіп­кер­лер ара­сын­да­ғы шы­тыр­ман­ды тар­тыс мүл­де жа­ңа ар­на­да, өз­ге ор­та­да өріс­тейді. Бұл орай­да ав­тор екі 43

ұр­пақ ба­сы­нан ке­шір­ген оқи­ға­лар­ды бір қис­са­ға сый­ғы­за оты­рып, бір әу­лет ая­сын­да өт­кен алуан тағ­дыр­ды, түр­лі пси­хо­ло­гиа­лық жағ­дай­лар­ды көр­се­ту­ді көз­де­ген сияқ­ты. Екі ке­зең оқи­ға­сын­да екі түр­лі ой түйі­нін бай­қауға бо­ла­ды. Бі­рін­ші ке­зең­де ақыл­ды­лық пен ой­сыз­дық, па­ра­сат пен па­ра­сат­сыз­дық, ең­бек ету ба­қы­ты мен дү­ниеқо­ңыз­дық,«та­ма­ғы тоқ­тық» ма­ша­қа­ты кө­рі­ніс­те­рі орын те­ бе­ді де, екін­ші ке­зең­де адал­дық пен арам­дық, мейі­рім­ді­лік пен зұлым­дық, адам­дық пен айуан­дық іс ара­сын­да­ғы мәң­гі­лік кү­рес, тар­тыс қи­мыл­да­ры су­рет­те­ле­ді. Бар­лық оқи­ға же­лі­сі, де­таль­дық кө­рі­ніс­тер бас кейіп­кер Нә­зи­гүл­дің ма­ңы­на шо­ғыр­лан­ды­ры­лып, өз­ге кейіп­кер­лер­дің іс-қи­мыл­да­ры Нә­зи­гүл­мен бай­ла­ныс­ты туын­ дап оты­ра­ды. Екі түр­лі жағ­дайда Нә­зи­гүл төн­ген қауіп­тен өзін қор­ғай бі­луі, тағ­ды­ры­на ба­ғыт­тал­ған арам ниет­ті, зор­лық­шыл кө­ ңіл­ден ба­сын ара­ша­лап қа­луы көр­кем­дік дең­гейде тар­тым­ды бей­ не­ле­не­ді. Бі­рін­ші жо­лы ау­зын­да Ал­ла­сы, қо­лын­да тас­би­ғы бар, ел­ді иман­ға ұйы­тып, арам­дық пен жа­ман­дық атау­лы­дан бе­зін­ді­ ру­ге тиіс Ешен мол­да­ның қан­ды шең­бе­рі­нен құ­ты­лып шы­ға­ды, та­лай қиын­дық­ты ба­сы­нан ке­ші­ріп, аман қа­ла­ды. Екін­ші жо­лы тағ­дыр­дың жа­зуымен аң ау­лап жүр­ген Бағ­дат ха­ли­фа­сы­ның ұлы­ на кез­де­сіп, көр­кі­не мі­не­зі сай, ажа­ры­на ақы­лы сай ас­қан сұ­лу­ лы­ғы­ның нә­ти­же­сін­де ша­һи­за­да­мен тұр­мыс құ­ра­ды, ха­ли­фа­ның ке­лі­ні бо­ла­ды. Жақ­сы өмір құ­ша­ғы­на еніп, пер­зент сүйіп, ба­ла­лы бол­ған кез­ге жет­се де, алыс­та қал­ған бауыры Зияда, әке­сі Қа­сым мен ел-жұр­ты есі­нен кет­пейді. Кө­ңі­лін­де са­ғы­ныш оты қо­зып, елін кө­ріп, қайт­қы­сы ке­ле­ті­нін күйеуіне айтады. Жан-жа­ры­ның бұл ұсы­ны­сын ша­һи­за­да әке­сі­не жет­кі­зіп, одан рұқ­сат ала­ды. ке­ лі­ні­нің ел жұр­ты­на ба­рып ке­луіне ри­за­лы­ғын біл­дір­ген ха­ли­фа төр­кі­ні­не аман-есен апа­рып ке­лу­ді қа­сы­на 40 шақ­ты әс­кер қо­сып бе­ріп, бас уәзі­рі Қа­һар­ға жүк­тейді. На­зи­гүл­дің екін­ші рет тағ­дыр тәл­ке­гі­не ұшы­рауы осы са­пар­да бо­ла­ды. На­зи­гүл­дің сұ­лу­лы­ғы ішін өр­теп, бұ­рын­нан на­за­рын ауда­рып жүр­ген Қа­һар бұл са­пар­ға іш­тей қуа­нып, арам ние­тін жү­зе­ге асы­ру­ды, На­зи­гүл­дің нә­зіг­ті­ гін, ша­ра­сыз­ды­ғын пай­да­ла­нып, құ­мар­лық дер­ті­мен­кө­ңі­лін біл­ ді­ре­ді. Алай­да На­зи­гүл бар ақыл-айла­сын жұм­сап, ар-та­за­лы­ғын сақ­тап қа­лу­дың жо­лын із­дей­ді. Қа­һар өзі­нің тән құ­мар­лы­ғын іс­ке асы­ру жо­лын­да еш­бір жауыз­дық­тан тай­ын­бай­ды. Аяушы­лық се­ зі­мі­нен ма­құ­рым қа­ра жү­рек Қа­һар На­зи­гүл­ді қор­қы­тып ба­рып өз де­ге­ні­не көн­ді­ру үшін оның құ­ша­ғын­да­ғы ұлын тар­тып алып ба­ сын ке­сіп, кө­міп ­тас­тай­ды. Ді­ні қат­ты опа­сыз Қа­һар­дың қы­лы­ғы­ 44

на бұл да мойы­май бар қай­ғы­сын ақыл-па­ра­сат­қа жең­гіз­ген На­ зи­гүл ал­даусы­ра­тып ба­рып, орай­ын тауып қа­шып құ­ты­ла­ды. Осы тұс­та ақын ер­те­гі­лер­де, кө­не жыр­лар­да жиі кез­де­се­тін мо­тив­ты қол­да­на­ды. Та­ғы да елі­нің ше­ті­не ілін­ген На­зи­гүл Мах­мұт на­ға­ шы­сы­ның қой­ын ба­ғып жүр­ген қой­шы­ға кез­де­се­ді. Еш­бір сы­рын біл­дір­мей қам­қор­лық көр­сет­кен бо­лып, қо­сар­лап мі­ніп кел­ген атын бе­ріп, қой­шы­ны бо­са­тып жі­бе­ре­ді де, оның киімі­най­ыр­бас­ тап, киіп өзі қой­шы бо­лып, на­ға­шы­сы Мах­мұт­тың есі­гін­де жа­ңа өмі­рін бас­тайды. Со­ңын­да жар­ға адал­ды­ғы, мақ­са­ты­на бе­рік­ті­гі, те­рең ақы­лы ая­сын­да жауыз­дық иеле­рі­нің бә­рін же­ңіп, жақ­сы­лық сал­та­на­ты­на бө­ле­не­ді. На­зи­гүл­ді қа­рақ­шы­лар тар­тып әкет­ті де­ген қа­ні­шер әс­кер ба­ сы – уәзі­рі­нің өті­рі­гі­не сен­ген ха­ли­фа өзі­нің қол ас­тын­да­ғы бар­ лық ай­мақ­қа:«На­зи­гүл­ді жә­не оны алып кет­кен қа­рақ­шы­лар­ды та­бың­дар», – деп жар­лық бе­ре­ді, жан-жақ­қа із­деуші­лер жі­бе­ре­ді. Ха­ли­фа­ның өзі ке­лі­нін із­деп, ұлы Ша­һи­за­да мен әс­кер ба­сы Қа­ һар­ды жүз әс­кер­мен бір­ге қа­сы­на ер­тіп мы­сыр елі­не ке­ле­ді. Дәл Мах­мұт уәли­дің ор­да­сы­на ба­рып тү­се­ді. Өзі ба­ғы­на­тын бас ха­ ли­фа кел­ген соң, Мах­мұт уәли өз айна­ла­сын­да­ғы көр­нек­ті адам­ дар­дың бә­рін жи­най­ды. Ішін­де Ешен мол­да бар бай, ма­нап­тар тү­ гел ке­ле­ді. Ха­ли­фа­ның қа­лауы­мен өнер көр­се­ту­ші­нің бі­рі бо­лып қой­шы да қа­ты­са­ды. Мың бір түн ер­те­гі­сін­дей өз өмі­рін тү­гел ас­тар­лап жет­кіз­ген те­рең ойлы, сөз тап­қыр айт­қыш­ты­ғы­ның ар­ қа­сын­да бар сыр­ды ашып, Ешен мен Қа­һар­дың­кө­зін ба­қы­райт­ып оты­рып өті­рік­те­рін шы­ға­рып, жауыз­дық пи­ғыл­да­рын әш­ке­ре­лей­ ді. Өзі­нің тәл­кек­ке­түс­кен тағ­ды­рын жай­ып са­ла­ды, қой­шы киі­ мін киіп жүр­ге­ні­мен На­зи­гүл еке­нін дә­лел­дейді. Қис­са жауыз­дық әре­кет­те­рі үшін қат­ты жа­за­лан­ған Ешен мен Қа­һар­дың өлі­мі­мен аяқ­та­ла­ды Қис­са­да мі­нез-құлық, пси­хо­ло­гия жа­ғы­нан іш­тей ба­ғыт­тас адам­дар­ды өза­ра бі­рік­ті­ре­тін әр түр­лі топ­тың уә­кіл­де­рі бар. Бі­ рін­ші, Мах­мұт­тың ал­дың­ғы екі қы­зы мен оның күйеуле­рін са­на­ сы тө­мен па­рық­сыз адам­дар то­бы деу­ге бо­ла­ды. Екін­ші, Ешен, Қа­һар сияқ­ты­лар – мейі­рім­сіз қа­ра жү­рек­жауыз­дық иеле­рі. Үшін­ ші, Қа­сым, Зу­би­ла, Зияда, На­зи­гүл – бой­ла­ры­на ша­па­ғат нұ­ры се­біл­ген, ойла­ры­на ақыл да­ры­ған, мәң­гі­лік сал­та­нат құ­ру­ға тиіс адам­дық не­гі­зі ор­нық­қан тұл­ға­лар. Қис­са­да екі түр­лі мақ­сат­та айтыла­тын үш өті­рік ­бар. Оның ал­ғаш­қы­сы – қос қай­ын­би­ке­нің ар­сыз қы­лық­та­рын күйеуле­рі­нен 45

жа­сы­руы, қыз­да­ры­ның кө­ңіл­дес­те­рі­мен қа­шып ке­туін қи­сын­ды орай­лас­тыр­ған дә­лел­мен «күйеуле­рін із­деп кет­кен екен»,- деп, қай­ын ата­сы Мах­мұт­ты да мой­ын­да­туы. Екін­ші – Ешен мол­да­ ның: «қы­зы­ның же­зөк­ше­лі­гі­нің ке­сі­рі­нен оның кө­ңіл­дес жі­гіт­те­ рі­нен соқ­қы­ға жы­ғыл­дым», – деп, На­зи­гүл­ды жа­ман­дап, Қа­сым­ға өті­рік айт­уы. Үшін­ші­сі-өзі­нің арам ниет­ті әре­ке­ті­нің сал­да­ры­нан тағ­ды­ры тәл­кек­ке тү­сіп, құ­ша­ғын­да­ғы ба­ла­сы Ғай­ып­бек­тен айы­ рыл­ған, әрең де­ген­де қа­шып құ­тыл­ған На­зи­гүл­ді адам ре­тін­де се­ніп тап­сы­рып, қол­бас­шы­сы етіп жі­бер­ген ха­ли­фа­ға«қо­лы­мыз­ дан қа­рақ­шы­лар тар­тып әкет­ті», – деп айт­ып бар­ған қа­ні­пе­зер Қа­ һар­дың өті­рі­гі. Ал­дың­ғы­сы «ел­дес­тір­мек ел­ші­ден, жау­лас­тыр­мақ жаушы­дан» де­ген ха­лық да­на­лы­ғы­на сая­тын үл­кен гу­ма­нис­тік көз­қа­рас­тан туа­тын ер­лі-зай­ып, ағай­ын-туыс, ел-жұрт, әке-мен ба­ла ара­сын та­ту­лық­қа, ын­ты­мақ-бір­лік­ке бас­тайт­ын жақ­сы­лық үшін адал ниет­пен айт­ыл­ған өті­рік, кейін­гі екеуі – арам пи­ғыл­да­ рын жа­сы­рып өз бас­та­рын қор­ғау үшін өзім­шіл қор­қау, қа­ра­жү­ рек­тік­пен айт­ыл­ған өті­рік. Қис­са­ның сю­жет не­гі­зі араб ел­де­рі­нен жет­кен әң­гі­ме не­гі­зі­не құ­рыл­ған­мен қа­зақы бол­мыс-бі­тім тұр­ғы­сы­нан су­рет­те­ле­ді. Бағ­ дат, Мы­сыр се­кіл­ді ел мен жер, қа­ла ат­та­ры атал­ға­ны бол­ма­са, қа­ зақ тұр­мы­сы көр­се­ті­ліп, қа­зақ са­ха­ра­сын­да өтіп жат­қан­дай әсер қал­ды­ра­ды. Мұн­да­ғы бас­ты идея – бар­лық ма­ғы­на­да­ғы зұлым­ дық пен жа­ман­дық атау­лы­ға қар­сы тұ­рып, па­рық­сыз­дық, ой­сыз­ дық­тан сақ­тан­ды­ру, ең­бек­шіл­дік, па­ра­сат­ты­лық, зер­де­лі­лік ­жар­ға адал­дық, тұ­рақ­ты­лық, мейі­рім­ді­лік пен қайы­рым­ды­лық қа­сиет­ тер­ді дә­ріп­теп ұр­пақ са­на­сы­на ор­нық­ты­ру. Жал­қау­лық пен есер­ лік­ке, зы­миян­дық пен әді­лет­сіз­дік­ке, зор­лық пен зом­бы­лық­қа қай­мық­пай қар­сы тұ­ра ала­тын қай­сар да әді­лет­ті, кү­рес­кер рух­ты өне­ге-та­ғы­лым етіп көр­се­ту. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де: Адал кім, адал­ды ал­дап аз­ғыр­ған кім? Жа­зық­сыз жан­ға шұң­қыр қаз­дыр­ған кім? Өк­тем күш, оз­быр за­лым үкім сү­ріп, Қа­мы­ғып, қай­ғы жұ­тып, қаң­ғыр­ған кім?

деп, ақын­ның өзі оқыр­ман­ға сұ­рау тас­тай оты­рып аяқ­та­ған«На­ зи­гүл» қис­са­сы – жақ­сы­лық пен жа­ман­дық­ты, адал­дық пен арам­ дық­ты, ар­лы­лық пен ар­сыз­дық­ты ажы­ра­та бі­лу­ге ой тас­тайт­ын, 46

фи­ло­со­фия­лық тұ­жы­рым, түйін­дер­ге то­лы, көр­кем­дік­ са­па­сы жо­ға­ры ке­сек туын­ды. Ол Таң­жа­рық ақын­ның қол жет­кіз­ген же­ ке та­бы­сы ға­на емес, елі­міз қа­зақ­та­ры­ның көр­кем әде­биетін биік са­ты­ға кө­тер­ген, тұ­тас ұлт­тық әде­биеті­міз­ге өз­ге­ше леп, өзін­дік са­рын әкел­ген, туын­ды­ла­ры­ның бі­рі деп бі­ле­міз. Жи­нақ­тап айт­қан­да, Таң­жа­рық­тың қай қис­са, дас­тан­да­рын ал­са­ңыз да, он­да­ғы идея­лық маз­мұн ақын­ның қо­ғам­дық – әлеу­ мет­тік көз­қа­ра­сы­нан бас­тау алып, ха­лық­тық ой мақ­сат­тар­мен са­бақ­та­сып жа­та­ды. Кез-кел­ген қис­са, да­станын­да азат­тық үшін кү­рес, де­мок­ра­тиялық көз­қа­рас қа­лып­тас­ты­ру идеясы ас­қақ рух­ та кө­рі­ніс та­ба­ды. Әлеу­мет­тік тең­сіз­дік, әйел бас бос­тан­ды­ғы та­қы­ры­бы мо­лы­нан қам­ты­лып, өр­ке­ниет жо­лы­на үн­деу са­ры­ны ба­сым тү­сіп жа­та­ды. Өлең­де­рін­де­гі се­кіл­ді Таң­жа­рық­тың қис­са, дас­тан­да­рын­да да ги­пер­бо­ла, ли­то­та, те­ңеу, эпи­тет, ме­та­фо­ра т.б. көр­кем­дік құ­рал­дар ба­рын­ша мол қол­да­ны­ла­ды. Таң­жа­рық­тың қис­са, дас­тан­да­ры об­раз жа­сауда, та­би­ғат әле­мі, түр­лі құ­бы­лыс, кейіп­кер­ле­рі­нің күйі­ніш-сүйіні­ші­мен жан се­зі­мін бей­не­леуде ха­ лық ауыз әде­биеті­не тән стиль­дік өр­нек-тә­сіл­де­рі та­ра­зы ба­сып жат­қан­мен, жан­ды су­рет, көр­кем­дік әсі­ре­леу ба­сым тү­сіп, қы­тай қа­зақ жаз­ба әде­биетін жанр­лық жақ­тан бай­ыт­қан эпи­ка­лық туын­ ды­лар бо­лып та­бы­ла­ды. Осы бір сан­дық жә­не са­па­лық дең­гей­ мен-ақ Таң­жа­рық­тың қис­са, дас­тан­да­ры қа­зақ қис­са, дас­тан­да­ры­ ның та­қы­рып ая­сын ке­ңейт­ті, көр­кем­ді­кар­на­сын мол­айт­ты. Бұл қис­са, дас­тан­дар осы­ны­сы­мен құн­ды, осы­ны­сы­мен ба­ға­лы. Қор­тын­ды­лап айт­қан­да, таяу за­ман­ғы на­зи­ра­лық дәс­түр қа­зақ әде­биеті­нің то­ма­ға тұй­ық әде­биет емес, қайта өз­ге ұлт әде­биеті­ нің, дү­ние әде­биеті­нің игі ық­па­лын қа­был­дап, өзі­нің қа­зы­на­сын бай­ыт­қа­нын, со­лар­дың өнер биігі­не қол соз­ға­нын бір қы­ры­нан си­пат­тайды. Айт­ыс­кер­лік дәс­түр. Елі­міз таяу за­ман­ғы қа­зақ әде­биеті­нің та­ри­хы айт­ыс өне­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та бол­ды. Се­бе­бі бұл тұс­ та­ғы қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биет­ші­ле­рі­нің не­гіз­гі тұл­ға­сы ақын­дар еді. Ал ақын­дық жа­сам­паз­дық пен айт­ыс дәс­тү­рі ты­ғыз бай­ла­ ны­сып жат­ты, бір­ге туып бі­те қай­нас­ты. Ол кез­дер­де қа­зір­гі­дей жаз­ба ақын­дар мен айт­ыс ақын­да­ры­ның, ара-жі­гі ажы­ра­ма­ған еді. ХІХ ға­сыр­дан ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сы­на дейін­гі дәуір­де­гі елі­міз қа­зақ әде­биеті­нің та­ри­хын не­гі­зі­нен поэзия та­ ри­хы, ақын­дар жа­сам­паз­ды­ғы­ның та­ри­хы деу­ге бо­ла­ды. Ал сол ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да айт­ыс өле­ңі­нің өзін­дік ор­ны бол­ 47

ды. Поэзия же­тек­ші жанр бол­ған бұл дәуір­де­гі қа­зақ әде­биеті­нің не­гіз­гі тұ­ғыр-тұл­ға­сы бол­ған ақын әде­биет­ші­лер­дің бә­рі әуел бас­та айт­ыс өне­рі­нің ха­лық­тық мек­те­бі­нен тә­лім ал­ған. Айт­ыс өле­ңі­мен қа­на­ты қа­тып, бұ­ға­на­сы бе­кі­ген де айт­ыс ақы­ны бол­ған, же­ті­ле ке­ле поэзия­ның әр жан­ры­на құ­лаш сер­ме­ген­дер еді. Бұ­ лар­дың шы­ғар­ма­шы­лық та­би­ға­ты­нан қа­ра­ған­да айт­ыс поэзиясы­ на соқ­пай өт­кен­де­рі жоқ дер­лік. Олар­дың ақын­дық ата­ғы­ның әйгі­лі бо­лу­ын­да тұ­тас шы­ғар­ма­ла­ры­ның рөл ат­қар­ған­ды­ғы дау­ сыз, әйт­се­де олар­дың ақын­дық өне­рін ең ал­ды­мен ел­ге та­ны­тып, даң­қын асыр­ған да айт­ыс өлең­де­рі бол­ға­ны хақ. Сөйт­іп, ұлт­тық әде­биеті­міз­дің өзін­дік ерек­ше­лі­гі­не сай айт­ыс­кер­лік бұл дәуір­де таң­дау­лы дәс­түр бо­лып қа­лып­тас­қан. Айт­ыс ақы­ны бо­лу ақын­ дық­тың не­гіз­гі бел­гі­сі есеп­те­ген. Ақын­дар ке­зін­де та­лай айт­ыс тү­сіп тың­дар­ман­да­рын тәнт­ті ет­кен айт­ыс өлең­де­рін қал­дыр­ған. Атал­ған дәуір­де айт­ыс өне­рі­нің бір­тін­деп кең та­ра­луы оның тез өсіп-же­ті­луіне түрт­кі бол­ды. Поэзия­ның, айт­ыс дәс­тү­рі­нің құ­ нар­лы то­пы­ра­ғы­нан нәр ал­ған са­ха­ра жұр­ты айт­ыс де­се де­ле­бе­сі қо­зып, іш­кен асын жер­ге қоя­тын бол­ды, айт­ыс бір­те-бір­те жал­ пы жұрт тал­пы­на­тын өнер­ге ай­нал­ды. Сөйт­іп, ер­те за­ман­да жы­ раулар, ше­шен­дер, би­лер жә­не ха­лық ақын­да­ры өр­ке­нін өсір­ген суы­рып-сал­ма­лық имп­ро­ви­за­тор­лық өнер әрі сол не­гіз­де өріс­те­ ген айт­ыс дәс­тү­рі біз­де­гі қа­зақ ішін­де не­ғұр­лым кең қа­нат жай­ды. Қы­ру­ар айт­ыс өлең­де­рі бар­лық­қа кел­ді. Қо­ры­ның қо­мақ­ты бо­луы бол дәуір­де мұн­да­ғы қа­зақ қауымы­ның ішін­де айт­ыс өне­рі­нің кең өріс­теп да­мы­ға­нын ай­қын­дайды. Сол кез­де ақын­ға «ақын» ата­ғын әпе­ре­тін ең үл­кен бай­қау айт­ыс бол­ған. Өзін ақын­дық­пен та­ныт­қы­сы кел­ген ар­қан­дай адам жұрт­қа та­ныл­ған мық­ты ақын­ мен өнер сы­на­сып, сөз жа­рыс­тыр­ған. Ха­лық­тың ал­дын­да өзі­нің ақын­дық қа­бі­ле­тін сын­ға ал­ған. Егер осы жа­рыс­та ха­лық мой­ ын­да­са, ол жұрт­қа та­ныл­ған, ал көп­тің кө­ңі­лі тол­ма­са, ақын деп та­ныл­ма­ған. Мұ­ның өзі сол за­ман­да­ғы айт­ыс дәс­тү­рі­нің кей­бір си­пат­та­рын, яғ­ни ха­лық­тық айт­ыс өне­рі­нің бел ор­та­сын­да шың­ да­ла­тын ақын­дық та­лан­ты бар жас­тар­дың қар­ша­дайы­нан ақын­ дық өнер­ге ден қояты­нын, айт­ыс де­се жар­ғақ құ­ла­ғы жас­тық­қа ти­мей қай­да аты шық­қан азу­лы ақын бол­са со­ны із­деп ба­рып айтысып, же­ңіс­тік алу­ға асы­ға­ты­нын, со­ған бай­ла­ныс­ты айт­ыс өне­рі­нің ру-тай­па, ел-жұрт ара­сын­да үл­кен бе­дел­ге ие еке­нін, же­ ңіс­тік ал­ған ақын­ның ру­лы елі­нің зор абы­рой­ға ке­не­ле­ті­нін, мә­ні жа­ғы­нан ал­ған­да, айт­ыс өне­рі­нің жай эс­те­ти­ка­лық тал­ғам өре­сі­ 48

нен асып, әлеу­мет­тік бай­ла­ныс­қа, ел-жұрт­тың қа­рым-қа­ты­нас­қа, ар-на­мы­сы­на, тіп­ті ақын­дар­дың тағ­ды­ры­на елеу­лі ық­пал ете­ті­нін аң­ғар­та­ды. Бұл дәуір­де жал­пы кә­де­лі бас қо­су­дың бә­рі дер­лік айт­ыс­ сыз өт­пе­ген, айт­ыс өлең­дер­де­гі де­рек­тер­ге қа­ра­ған­да ол кез­де ел ішін­де­гі салт-жо­ра, ас-той, жәр­мен­ке-жиы­лыс, шіл­де­ха­на, қо­мақ­ты қо­на­ға­сы-оты­рыс­тар­дың бә­рін­де айт­ыс не­гіз­гі кө­ңі­ла­ шар, өнер жа­ры­сы бол­ған. Бір ауыл-ай­мақ­тан бі­рер мық­ты айт­ыс ақы­ны өсіп же­тіл­се, сол өңір­де­гі өлең оша­ғы мен айт­ыс өне­рі­нің оты маз­да­ған. Осы­дан бо­лар ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы­нан бас­тап, ақын­дар айтысы ха­лық ара­сын­да шұ­ғыл өр­леуге кө­те­рі­ ліп, бір топ адуын айт­ыс­кер­лер­ді ту­дыр­ған. Әсет Най­ман­байұлы, Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Асыл­хан Мың­жа­са­рұлы, Отар­бай Дүй­сен­біұлы, Шар­ғын Ал­ға­зыұлы, Қа­ рі­бай Та­ңа­та­рұлы, Ап­пақ Майтабан­қы­зы, Ма­ғауиа Орыс­байқы­ зы т.б. қа­тар­лы ек­пі­ні­не ел кө­те­рі­ліп, жүй­рік ойлы арын­ды айт­ ыс ақын­да­ры арт-ар­ты­нан көз­ге түс­кен. Ел айы­зын қан­ды­ра­тын, күн­ді түн­ге жал­ғап айт­ыс бә­се­ке­сін оз­ды­ра­тын, бұ­қа­ра­лық си­па­ ты күш­ті көр­ке­мө­не­рі­міз­дің шоқ­ты­ғы биік жан­ры бо­лып қа­лып­ тас­қан жә­не да­мы­ған. Айт­ыс өне­рі­нің таяу за­ман­ғы дәуір­де не­дәуір да­мып тың бе­ лес­ке кө­те­рі­луін, шоқ­ты­ғы биік­теп, ұлт­тық бояуы ажар­лы ха­лық­ тық өнер­ге айна­лу­ын сол тұс­та­ғы әлеу­мет­тік жағ­дай­мен, қо­ғам­ дық ор­та­мен бай­ла­ныс­ты қа­рауға­бо­ла­ды. Ке­зін­де­гі Ке­ңес ода­ғы мен Қы­тай сын­ды екі ел ара­сын­да бір мез­гіл ше­ка­ра­лық тәр­тіп өте қа­таң бол­ма­ған­дық­тан екі үл­кен ел­ге бө­лі­ніп қо­ныс­тан­ған қа­ зақ­тар­дың ара­сын­да­ғы ба­рыс-ке­ліс, қо­ғам­дық қа­рым-қа­ты­нас­тан сырт, өн­ді­ріс­тік қа­ты­нас­тар мен сау­да-сат­тық қа­ты­нас­та­ры үне­мі бо­лып тұр­ды. Бұл қа­ты­нас­тар екі ел қа­зақ­та­ры ара­сын­да­ғы дос­ тық ба­рыс-ке­ліс­тер­ге бай­ла­ныс­ты ха­лық өнер­паз­да­ры бол­ған айтулы ән­ші, күй­ші, ақын­дар ше­ка­ра асып сал­дық құ­рып өнер шаш­ ты.Айт­ыс өне­рі жа­ғын­да­ғы то­ғы­су­ына ті­ке­лей жол аш­қан үл­кен өнер иеле­рі­нен Әсет Най­ман­байұлы, Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­ мұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Ка­рі­бай Та­ңа­та­рұлы, Әріп­жан Жа­ нұ­зақұлы қа­тар­лы ақын­дар іл­ге­рін­ді-кейін­ді екі ел­дің ара­сын­да ат са­был­тып, бір жа­ғы­нан таң­дау­лы айт­ыс­тар жа­са­са, ен­ді бір жа­ ғы­нан бай­ыр­ғы клас­си­ка­лық айт­ыс­тар мен Абай өлең­де­рін елі­міз қа­зақ­та­ры­ның ара­сы­на та­рат­ты. 49

Атал­мыш дәуір­де елі­міз­де,Шың­жаң­да ірі қо­ғам­дық, саяси өз­ ге­ріс­тер мен мә­де­ниет, оқу-ағар­ту жа­ғын­да аз да бол­са да­му­шы­ лық­тар бол­ды. Сол дәуір­де­гі әді­лет­сіз өкі­мет­тің те­геурі­ні мен теп­ кі­сі ас­қын­дап, бұл кез­де­гі қа­зақ хал­қы қай­ғы мен қа­сі­рет­тің қа­ра тұ­ма­нын жа­мы­лып, ба­сы­нан та­лай тау­қы­мет­ті, аума­лы-төк­пе­лі жағ­дай­лар­ды өт­кер­ді. Он­да­ған жыл­дар­ға со­зыл­ған ты­ным­сыз, тия­нақ­сыз қо­ныс ауда­ру қа­ра тұяғы­нан хал кет­кен ел­ді одан ары ти­тық­та­тып ты­ғы­рық­қа ті­ре­ді. Бұн­дай ая­ныш­ты тағ­дыр тау­қі­ме­ ті ха­лық­ты зат­тық тұр­мыс жа­ғы­нан жұ­таң­да­тып, құл­ды­рат­қа­ны­ мен, олар­дың жан дү­ниесін мұ­қал­та ал­ма­ды. Жү­рек­те­рін­де­гі кек пен шер жа­лын­ды жыр­лар мен айтулы айт­ыс­тар ту­ғы­зып, мұң мен қай­ғы тор­ла­ған ха­лық­тың ру­хын сер­піл­тер күш­ке ай­нал­ды. Айт­ыс өлең­де­рін­де сол тұс­та­ғы ха­лық­тың тағ­дыр-­тау­қы­ме­ті, мұң-на­ла­сы, ар­ман-мұ­ра­ты жә­не әлеу­мет­тік тең­сіз­дік, әді­лет­сіз­дік, зор­лық-зом­ бы­лық, қо­ғам­ның бол­мы­сы шы­найы ашы­лып жат­ты. 1920-жыл­дар­дан бас­тап қа­зақ са­ха­ра­сын­да жа­ңа­ша мек­теп­тер ашы­лып, қа­зақ хал­қы­ның оқу-ағар­ту, мә­де­ниет іс­те­рі­нің да­му­ына не­гіз қа­лан­ды. Осын­дай оқу орын­да­ры­нан бі­лім ал­ған ақын­да­ры­ мыз­дың бі­рі Таң­жа­рық Жол­дыұлы еді. Со­ны­мен бір­ге Жү­сіп­бек­ қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы, Шар­ғын Ал­ға­зыұлы қа­тар­лы ағар­ту­шы ақын­дар мек­теп ашып, өнер-бі­лім та­ра­ту сын­ды игі ша­ра­лар ат­ қар­ды. Бұл тұс­та осы ақын­дар мен Таң­жа­рық Жол­дыұлы сын­ды ақын­да­ры­мыз­дың айт­ыс­та­ры­ның маз­мұ­ны­на на­дан­дық, өнер-бі­ лім, мә­де­ниет, сау­да,кә­сіп, әйел­дер тең­ді­гі жа­ңа заң-тәр­тіп, жас­ тар­дың мұ­ра­ты та­қы­рып бол­ды. Осы мез­гіл­де Іле, Ал­тай, Тар­ба­ға­тай өңір­ле­рін­де Тойеке­нің асы, Са­сан­ның асы, Сү­лей­мен­нің асы, Нұп­те­бек­тің асы, Бұ­та­ бай­дың асы, Құ­ле­ке­нің асы, Тоқ­бай­дың асы сын­ды үл­кен ас­тар мен ұлан-асыр той­лар жиі өт­кі­зі­ліп тұр­ды. Бұн­дай ас­тар мен той­лар ду­ман­сыз өт­пей­ді. Осы ду­ман­дар­дың не­ме­се бай­лар мен ру­ба­сы-ман­сап­ты­лар­дың сал­та­на­тын асы­ра тү­су үшін, ата­ғы ел­ ге жай­ыл­ған ақын­дар мен ән­ші-күй­ші­лер­ді ар­наулы ша­қыр­тып, ақын­да­рын айт­ыс­ты­рып, ән­ші, күй­ші­лер­дің ән-күй­ле­рін тың­дап, та­ма­ша­ның қы­зы­ғы­на бат­ты. Өнер­паз­дар­дың өне­рі әйгі­ле­не­тін мұн­дай сын­дар­лы, орай­лы ор­та айт­ыс ақын­да­ры­ның ме­рейін асы­рып, та­лан­тын ұш­тап, таң­дау­лы айт­ыс­тар тууына мол мүм­ кін­дік­тер жа­рат­ты. Сөйт­іп, таяу за­ман­ғы ақын­дар айтысы өзі­нің ға­сыр­ға жуық қа­ лып­та­су, өр­кен­деу, бе­лес­ке кө­те­рі­лу ба­ры­сын­да әр ке­зең­де­гі дәуір 50

ру­хы­мен суары­лып, та­қы­рып, маз­мұн жа­ғы­нан за­ман өз­ге­рі­сі­не сай жа­ңа­рып, то­лы­сып,со­ны пі­кір, жа­ңа идея­лар кө­те­ріп отыр­ған. «­Таяуғы за­ман­ның ақын­дар айтысын­да қай­шы­лық қақ­ты­ғы­сы ай­қын да шиеле­ніс­ті ке­ле­ді. Оның әріп­тес­те­рі кө­бі­не­ки екі ру­лы ел­дің, екі өңір­дің өкі­лі бо­ла­ды, олар қар­сы­ла­сын же­ңу, жы­ғу үшін бір-бі­рі­нің елі­нен, адам­да­ры­нан, жа­ра­ты­лыс­тық ор­та­сы­нан, әріп­ те­сі­нің өз ба­сы­нан, яғ­ни оның фи­зо­ло­гия­лық бі­ті­мі­нен, адам­дық мі­нез-құл­қы­нан, қо­ғам­дық ара­лас­ты­ғы­нан, күн көз­қа­ра­сы­нан... Мін, қа­те­лік, кү­нә тауып айып та­ға­ды; мұ­ның есе­сі­не өзі­нің ру­ лы елін, оның адам­да­ры мен жа­ра­ты­лыс­тық ор­та­сын... Мақ­тап ту кө­те­ре­ді. Осы­дан мі­не­су мен сый­ла­су, жа­ман­дау мен жақ­тау, бе­ кер­леу мен ке­се­ту... Сын­ды шиеле­ніс­ті рай қа­лып­та­са­ды. Де­се де дәс­түр­лі бас мі­не­су, ел мі­не­су та­қы­рып­та­ры за­ман ру­хы мен өз­ ге­рі­сі­не бейім­де­ліп, жа­ңа­ла­нып отыр­ған. Не­ме­се, сол бас мі­не­су, ел мі­не­су та­қы­рып­та­рын өзек ете оты­рып, ақын­дар өзі жа­са­ған дәуір­дің дөп ке­ліп отыр­ған қо­ғам­дық мә­се­ле­ле­рін кө­те­ріп, айт­ ыс маз­мұ­нын байы­тып отыр­ған. Кей­бір айт­ыс өлең­де­рін­де мо­ мын ел­ді қан-қақ­сат­қан өз елі­нің шын­жыр ба­лақ, шы­бар төс­те­рін ауыз­ға алып, бай, ке­дей­лік сын­ды тең­сіз­дік ме­се­ле­сі кө­те­ріл­се, Таң­жа­рық за­ма­ны­на кел­ген­де, айт­ыс маз­мұ­ны­на ел­ді жай­ла­ған ғы­лым-бі­лім­нен құ­ра­ла­қан қал­ған на­дан­дық, «әйел тең­дік, сот­қа ша­бу, ат­кез­ші, жа­ңа заң» жа­ңа та­қы­рып бо­лып қо­сы­ла­ды. Таң­жа­ рық­пен за­ман­дас Ма­ғауия Орыс­байқы­зы мен Әп­пақ Майтабан­ қы­зы өз айт­ыс­та­рын­да әйел тең­ді­гін жыр­лап, не­ке ер­кін­ді­гі­не қол жет­кіз­ген. ХХ ға­сыр­дың 40-жыл­да­ры­на кел­ген­де айт­ыс маз­мұ­ ны­на төң­ке­ріс ру­хы сі­ңі­рі­ліп, ел-жұрт­ты Шың Шы­сай­дың да­ра би­лі­гі­не қар­сы төң­ке­ріс­ке үн­деу та­қы­ры­бы қо­сыл­ды. Бұ­ған өр Ал­тай­да өт­кен «Сұ­лу­бай ба­тыр мен Құл­сын­ның айтысы» (1943), Іле­де өт­кен «Ак­бар ба­тыр­дың Изат­пен айтысы» (1944) қа­тар­лы айт­ыс­тар дә­лел [14, 218-б]. ­Таяу за­ман­ғы ақын­дар мен ақын­дар айтысы сөз бол­ған­да бә­ рі­нен бұ­рын мұн­да­ғы қа­зақ жұр­ты ішін­де елеу­лі ық­пал ту­дыр­ ған, жез таң­дай, бұл­бұл кө­мей, ақын­дар Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­ сы­ла­мұлы, Әсет Най­ман­байұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы қа­тар­лы ақын­дар­дың есім­де­рі да­ра тұ­ра­ты­ны анық. Олар­дың айт­ыс­та­ры ру шең­бе­рін­де, ту­ған айма­ғын­да қал­ма­ды, мем­ле­кет ше­ка­ра­сы­ мен шек­тел­ме­ді, яғ­ни олар ел іші-сыр­ты­на әйгі­лі таң­дау­лы айт­ыс үл­гі­ле­рін ту­дыр­ған өз дәуірі­нің та­ла­нт­ты ақын­да­ры еді. 51

Ғұ­ла­ма ақын Жү­сіп­бек­қо­жа Шай­хы­сы­ла­мұлы (1857-1937) қа­ зір­гі Қа­зақ­стан­да­ғы Шым­кент обы­лы­сы­ың Қо­жа­то­ғай де­ген же­ рін­де дү­ниеге кел­ген. 1916-жыл­дар­дан бас­тап Іле­нің Те­кес ауда­ ны­на ме­кен­деп, мек­теп ашып, ағар­ту жұ­мы­сы­мен шұ­ғыл­да­на­ды. Жү­сіп­бек­қо­жа­ның ар­ты­на қал­дыр­ған «Жү­сіп­бек­қо­жа мен Зы­ ли­қа­ның айтысы», «Жү­сіп­бек­қо­жа мен Ла­зи­па­ның айтысы», «Са­ қау қыз бен Кө­се­нең айтысы» қа­тар­лы айт­ыс­та­ры елі­міз қа­зақ­та­ ры ара­сы­на ке­ңі­нен та­ра­лып, көп­те­ген ақын­дар бұл айт­ыс­тар­ды жат­тап, жыр­лап, үл­гі ал­ған. Жү­сіп­бек­қо­жа айт­ыс­та­ры­ның таң­дау­лы­сы «Жү­сіп­бек­қо­жа мен Ла­зи­па­ның айтысы» ша­ма­мен ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы ши­ре­гін­ де Ер­тіс өзе­ні­нің аң­ға­рын­да Қал­ба тауы­ның бөк­те­рін­де бір ауыл­ да айт­ыл­ған екен. Айт­ыс­тың маз­мұн мә­не­рі өзін­дік ерек­ше­лік­ке ие. Әріп­тес­тер көп­ші­лік айт­ыс­тар­да­ғы­дай сал­ған жер­ден әр­қай­ сы­сы өз руы аты­нан өзін-өзі мақ­тап, қар­сы жа­ғы­на бас­тыр­ма­ла­та ша­бу­ыл­дап сес көр­сет­пей­ді. Яғ­ни он­да дәс­түр­лі бас мі­не­су, ел мі­не­су бай­қал­майды. Қайта ес­кі қис­са­лар­да­ғы кә­дім­гі бір-бі­рі­ не ін­кәр ға­шық боз жі­гіт пен ару қыз­дар­дай бі­рін-бі­рі жер-су­ға си­ғыз­бай мақ­тап, су­рет­кер­лік өне­рін көр­се­ту ар­қы­лы әріп­те­сі­не ай­бар көр­се­те­тін жа­ңа үл­гі жа­рат­қан. Осы ара­да про­фес­сор Әуел­ қан Қа­ли­ұлы­ның «бір қа­ра­ған­да көз­ге бы­рың­ғай ма­дақ, тек­теп көр­ген­де ма­дақ үл­гі­сін­де­гі жа­рыс», – де­ген сө­зі ес­ке ора­ла­ды. Айыс­тың екін­ші бө­лі­мі жұм­бақ айт­ыс­қа ауыса­ды. Мақ­тау­мен бі­ рін-бі­рі же­ңе ал­ма­сын біл­ген Ла­зи­па қыз: Бұл сөpді жақ­сы айтасың Қо­жа ба­ла, Қа­ра­сам ақы­лың ар­тық өзің да­на. Кө­сіл­ген кө­ме­кейің ақын­дейді, Әуелі не жа­рат­ты ал­ла та­ға­ла? –

деп, ша­ри­ғат­тан жұм­бақ тас­тайды. Өзі ғұ­ла­ма мол­да Жү­сіп­бек­ қо­жа: Бол­ған­да бі­лім ме­нен ақыл те­ңіз, Бі­ле ал­ма­саң мұн­дайды адам не­міз. Ал­ды­ме­нен нұр­ды бұ­рын жа­ра­тып­ты, Са­бақ бер­ген мол­да­дан ес­ті­ге­міз, –

деп кі­тап жо­лы­мен жауап бе­ре­ді. Осы­дан соң Ла­зи­па та­ғы да ша­ ри­ғат­тан, «Қис­са­сул ән­бияның» аңыз­да­ры­нан жұм­бақ қой­ып, 52

Жү­сіп­бек­қо­жа олар­дың бә­рін ше­шіп, тер­ме­леп ұзақ айтыса­ды. Іле-ша­ла ба­лық өлең­ге ойы­сып, оны да жұм­бақ айт­ыс тү­рін­де айтады. Со­ңы әзіл-қал­жың­ға саяды, қыз же­ңіл­ді дей­ді. Айт­ыс маз­мұ­ны күр­де­лі, әрі кө­лем­ді бо­лу­ына қа­ра­май­бір-бір шу­мақ­пен ке­зек­те­сіп оты­ра­ды, айт­ыс­тың де­ні қай­ым өлең. Айт­ыс­тың өзі­не тән бір ерек­ше­лі­гі бұл айт­ыс жұм­бақ жә­не ша­ри­ғат айтысы­ның та­ма­ша үл­гі­сін көр­сет­кен. Бұл ақын­ның дін­ге де, ғы­лым­ға да бір­ дей же­тік еке­нін ұғын­ды­ра­ды. Айт­ыс­та ба­лық өлең, қай­ым өлең түр­ле­рі қол­да­ныл­ған. Жү­сіп­бек­қо­жа жас ке­зін­де сал-се­рі­лік құ­рып, тар­тым­ды айт­ ыс­тар ту­ды­ру­мен бір­ге, ақын­дар айтысы­ның нұс­қа­ла­рын жа­зып алу­ға үл­кен ең­бек сі­ңір­ген. Ол қа­зақ ақын­дар айтысы­ның ХІХ ға­сыр­да­ғы ең үз­дік нұс­қа­сы «Бір­жан-Са­ра айтысын» 1872-жы­лы Са­ра­ның айт­уы­мен жа­зып ал­ған, айт­ыс со­дан сәл іл­ге­рі 1871-жы­ лы қа­зір­гі Қа­зақ­стан­ның Тал­ды­қор­ған өңі­рін­де туыл­ған де­ген де­ рек бар. Жү­сіп­бек­қо­жа айт­ыс­ты 1898-жы­лы «қис­са Бір­жан мен Са­ра қыз­дың айт­ыс­қа­ны» де­ген ат­пен бас­па­дан шы­ғар­ған. Со­дан 1913-жыл­ға дейін бес дүр­кін қайталай ба­сы­лы­лып ха­лық ара­сы­ на кең та­рал­ған. Ел ау­зын­да­ғы де­рек­тер бой­ын­ша айт­ыс ХХ ға­ сыр­дың бас ше­ні­нен бас­тап біз­де­гі қа­зақ­тар ара­сы­на та­рал­ған. «Бір­жан-Са­ра айтысы» маз­мұн мә­не­рі­нің озық­ты­ғы, көр­кем­дік кес­те­сі­нің ­тар­тым­ды­лы­ғы­мен осы күн­ге дейін өзі­нің өне­ге­лік құн­ды­лы­ғын жой­ған жоқ. Жү­сіп­бек­қо­жа­ның бұл айт­ыс­ты жа­зып алуы мен бас­па бе­тін­де жа­риялап, оны жұрт­қа та­ны­туы өз дәуірі жө­ні­нен ал­ған­да ха­лық көр­ке­мө­не­рі­нің ұлт­тық бояуы ажар­лы, шоқ­ты­ғы биік, өс­ке­лең бір са­ла­сы бол­ған айт­ыс өне­рі­не қос­қан ең­бе­гі деу­ге бо­ла­ды. ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы ши­ре­гін­де ар­ғы-бер­гі бет­те бір­дей айт­ыс өне­рі­нің жа­лы­нын лау­ ла­тып, үз­дік өне­ге­сін көр­сет­кен Әсет Най­ман­байұлы(1867-1923) таяу за­ман­ғы ақын­дар айтысы­ның өсіп-өр­кен­деуіне үлес қос­қан жыр дүл­дү­лі еді. Суы­рып сал­ма­лық­пен дау­ыл­да­тып, нө­сер­ле­тіп жыр тө­гу сын­ды таң­ға­жай­ып та­лан­ты­мен та­ныл­ған Әсет ақын қа­зір­гі Қа­зақ­стан­ның қа­ра­ған­ды об­лы­сы Ақ­то­ғай ауда­нын­да дү­ ниеге кел­ген. 1916-жы­лы қы­тай­ға өтіп Тар­ба­ға­тай­ға қо­ныс­тан­ ған. Со­дан өмі­рі­нің со­ңы­на дейін Ал­тай, Тар­ба­ға­тай, Бұ­ра­та­ла, Іле өңір­ле­рін ара­лап жү­ріп ән са­лып, өлең нө­се­рін сел­де­тіп, өнер та­рат­қан. Оның жа­лын­да­ған өр­шіл өлең-тол­ғаула­ры, ас­қақ ән­ де­рі, он­да­ған қис­са-дас­тан­да­ры­мен қо­са айт­ыс өлең­де­рі елі­міз 53

қа­зақ­та­ры ара­сы­на кең та­ра­ған. Ақын­ның қа­зір­ге дейін Ырыс­ жан­мен, Бе­кіт­бай­мен, Мә­ли­ке­мен, Әріп­жан­мен, Қы­зыр тө­ре­мен, Са­мет тө­ре­мен, Есен­құл­мен, төрт ақын­мен, Кә­рі­бай­мен, Қа­ли­ мен, Кә­сім­бай­мен, Кем­пір­бай­мен, Көт­бай­мен, Шіл­бі­мен айт­ыс­ та­ры, қыс­қа қа­ғы­су­ла­ры мә­лім. Осы­лар­дың ішін­де ең таң­дау­лы­ сы «Ырыс­жан­мен айтысы» өне­ге­лі де өс­ке­лең ар­на­лы айт­ыс­тар­ дың бі­рі. Бұл айт­ыс 1883-жыл­да­ры ша­ма­сы Қа­зақ­стан­да Қоян­ды жәр­мен­ке­сін­де өт­ке­ні мә­лім. Ға­сыр­дан аса уа­қыт ал­дын­да өт­кен айт­ыс­тың қай­ма­ғы бұ­зыл­май, қаз-қал­пын­да сақ­та­лып ке­ле жа­туы жә­не елі­міз қа­зақ­та­ры ара­сы­на да кең та­ра­луы-ті­лі­нің шұ­рай­лы, ойы­ның өре­лі, көр­кем­ді­гі күш­ті, на­ғыз ха­лық сүй­ген айт­ыс еке­ нін көр­се­те­ді. Айт­ыс­қа түс­кен екеуі де бі­рі­нен-бі­рі кем түс­пейт­ ін майт­ал­ман, мә­де­ниет­ті, бі­лім­ді, төк­пе жыр­дың дауыл­паз­да­ры еді. Сол се­беп­ті Әсет пен Ырыс­жан­ның айтысы ке­нет­тен кез­де­се қал­ған айт­ыс емес, екі ел­дің ар­қа­лы ақын­да­ры­ның шын мә­нін­де­ гі ше­шен­дік­пен, тап­қыр­лық­пен жа­рыс­қан айтысы деу­ге бо­ла­ды. Әріп­тес­тер айт­ыс­тың қиын тү­рі бол­ған жұм­бақ өлең жә­не оны ше­шу ар­қы­лы әлеу­мет­тік өмр­де­гі өрес­кел­дік­тер­ді, әсі­ре­се, тө­ре­ лер­дің ас­там­шы­лы­ғын сын­шыл­дық­пен сө­ге­ді. Әсет төк­пе ақын ре­тін­де кә­дім­гі сү­ре айт­ыс­тың ға­на емес, жұм­бақ айт­ыс, хат айт­ ыс, қыс­қа қа­ғы­су­лар­дың та­ма­ша үл­гі­сін жа­рат­ты. Сон­дық­тан ака­ де­мик Мұх­тар Әуе­зов «Көр­кем­дік жә­не маз­мұн жа­ғы­нан көп айт­ ыс­тан оқ­шауы­рақ тұ­ра­тын айт­ыс Әсет Най­ман­байұлы мен Ырыс­ жан­ның айтысы» деп өте жо­ға­ры ба­ға бер­ген. Елі­міз қа­зақ­та­ры­ның айт­ыс өне­рі ту­ра­лы сөз бол­ған­да ақын Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның тұл­ға­сы көз ал­дын­да тұ­ра­ды. Өйт­ке­ ні Таң­жа­рық қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзия­сын­да шы­ғар­ма­шы­лық ше­ бер­лі­гі жақ­тан да­ра тұ­ра­тын, ары­ны күш­ті, суы­рып сал­ма, та­би­ғи төк­пе ақын. Бұл ерек­ше­лік Таң­жа­рық поэзиясы­ның төк­пе­лі­гі­нен, ақын­ның өлең­ді то­сын­нан тез та­ба­тын ше­бер­лі­гі­нен ай­қын­да­ла­ды. Таң­жа­рық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның ішін­де айт­ыс поэзиясы­ның ор­ны өз­ге­ше. Ол өзі­нің суы­рып сал­ма айт­ыс­кер­лі­гі­мен де ақын­ дық бол­мы­сын бір қы­ры­нан та­ныт­ты. Таң­жа­рық­тың ақын­дық ата­ғы­ның әйгі­лі бо­лу­ын­да тұ­тас шы­ғар­ма­ла­ры­ның рөл ат­қар­ған­ ды­ғы дау­сыз. Әйт­се де оның ақын­дық өне­рін ең ал­ды­мен ел­ге та­ны­тып, даң­қын асыр­ған айт­ыс өлең­де­рі бо­лып есеп­те­ле­ді. Өз­ге шы­ғар­ма­ла­ры се­кіл­ді айт­ыс­та­ры да ру шең­бе­рін­де, ту­ған айма­ ғын­да қал­ма­ды. Мем­ле­кет ше­ка­ра­сы­мен шек­тел­ме­ді. Қы­тай қа­ зақ­та­ры­нан бас­қа, Қа­зақ­стан, Моң­ғо­лия, Түр­кия, Ауғанс­тан, Гер­ 54

ма­ния қа­тар­лы ел­дер­де қо­ныс­тан­ған тұ­тас қа­зақ қауымы­на кең жай­ыл­ды. Исі қа­зақ ба­ла­сы­на ақын­ның аты мен та­лан­ты әйгі­лі бол­ды [15, 92-б]. Таң­жа­рық­тың айт­ыс өне­рі­не бой ұруына се­беп бол­ған нәр­се екеу: бі­рі – құ­дай­дың оған сый­ла­ған та­за да­ры­ны бол­са, ен­ді бі­ рі – бо­ла­шақ ақын со­нау ба­ла кү­ні­нен ауыл ара­сын­да­ғы салт­тық айт­ыс­тар­ға қыз­ба жі­гер­мен қы­зы­ға ара­ла­сып, сол да­рын­ды шың­ дай, ұш­тай тү­суі бол­ды. Ақын өзі­нің айт­ыс­қа ара­ла­су та­ри­хы ту­ра­лы:«сөй­ле­дім он екім­нен бе­рі қа­рай», – деп анық­та­ма жа­зып кет­се, Таң­жа­рық«топ­ ты көр­се, елең қа­ғып, ай­ғай­ға бір қо­сыл­май қал­ған емес», – деп айт­ыс иірі­мі­не қар­ша­дайы­нан құ­мар­та құ­лаш ұрып, жа­нын са­ла бе­рі­луін там­са­на жыр­ға қос­ты. Осы­лай­ша айт­ыс де­се, елең қа­ғып тұ­ра­тын ұш­қыр та­лант иесі, се­рі кө­ңіл, се­зім­тал ақын ел-жұр­ты­на айт­ыс жан­ры­нан да шұ­рай­лы мұ­ра­лар қал­дыр­ды, өне­ге­сі өш­пес үл­гі­лер ор­нат­ты. Өкі­нер­лі­гі, ақын­ның жас ке­зін­де­гі айт­ыс­та­ры­ның то­лық мә­ті­ні ұмыт бо­лып ел ара­сын­да қыз­ғы­лық­ты аңыз­да­ры мен же­ке­ле­ген шу­мақ­та­ры ға­на сақ­тал­ған. Тек ере­сек кез­де­рін­де­гі ал­ты айтысы бү­гі­ні­міз­ге жал­ға­сып, бас­па­сөз­де жа­рық көр­ді. Олар: «Таң­ жа­рық­тың Ұл­жал­ғас­пен айтысы», «Шоқ­пар қа­тын­мен айтысы» деп те айтыла­ды, «Таң­жа­рық пен Қой­дым­ның айтысы», «Таң­жа­ рық­тың Бай­мұ­қа­мет­пен айтысы», «Таң­жа­рық пен әле­кен­нің әзіл айтысы», «Таң­жа­рық пен Нұ­ри­лә­нің айтысы», «Тұр­ды мен Әле­ кен­нің айтысы» (соң­ғы­сын Таң­жа­рық жаз­ған). Таң­жа­рық­тың осы айт­ыс­та­рын­да сол дәуір­ге тән ха­лық­тың қо­ғам­дық тір­ші­лі­гі, зат­тық жә­не ру­ха­ни өмі­рі, саяси хал-жағ­ дайы, әдет-салт­та­ры, ты­ныс-тір­лі­гі, күйіні­ші мен сүйіні­ші, тар­ тыс қай­шы­лық­та­ры әріп­тес­те­рі­нің эс­те­ти­ка­лық тал­ға­мы, пай­ымпа­ра­са­ты ұғым-тү­сі­нік­те­рі, ай­қын бе­дер­ле­не­ді. Со­ны­мен бір­ге ақын­ның айт­ыс мә­де­ниеті­не де­ген көз­қа­ра­сы ай­қын кө­рі­ніп тұ­ра­ды. Ол айт­ыс­ты әлеу­мет­тік мә­ні бар ру­ха­ни күш, та­ным­дық, та­ғы­лым­дық рө­лі зор жанр деп есеп­те­ген. Сон­ дық­тан бұл айт­ыс­тар маз­мұн­дық жақ­тан да, көр­кем­дік жақ­тан да өре­сі жо­ға­ры ақын­дар айтысы қа­та­ры­нан орын ал­ды. Бұ­лай бо­ лу­ын­да­ғы та­ғы бір се­беп: Таң­жа­рық ер­жет­кен ке­зін­де кез кел­ген ақын­дар­мен айтыса бер­ме­ген. Ше­шен­ді­гі­мен тап­қыр­лы­ғы­мен, суы­рып сал­ма төк­пе­лі­лі­гі­мен руы­нан, айма­ғы­нан оз­ған ел-жұрт­ қа аты әйгі­лі ақын­дар­ды ар­наулы із­деп ба­рып айт­ыс­қа түс­кен. 55

Мы­са­лы: Қар­қа­ра же­рін­де ал­ды­на жан сал­ма­ған атақ­ты ақын әйел Қой­дым­ды із­деп ба­рып айт­ыс­қа­ны ту­ра­лы: Қой­дым­ның атын ес­тіп қал­ған сай­ын, На­за­рым со­ған ауып бар­ған сай­ын, Кә­дім­гі өшік­кен­дей бо­лып жүр­дім, Та­ба ал­май із­деп ба­рып қал­ған сай­ын, –

дей­ді ақын. Осы­лай­ша, Таң­жа­рық ақын­ның айт­ыс­та­ры­ның туылу та­ри­хы өте қыз­ғы­лық­ты. Таң­жа­рық ен­ді бір­де, айт­ыс үс­тін­де әріп­те­сі­нің ті­лін бай­лап, ап­шы­сын қуы­рып, ай­бар көр­се­те ырық бер­мей жүр­ ген ақын­дар­ды қа­лап – сұ­рап алып айт­ыс­қан. Ақын Ұл­жал­ғас­пен айт­ыс­қан да Әле­кен­ге бы­лай дей­ді: Бір түн­ге ақы­ның­ның май­ын бер­ші, Алыс­тан із­деп кел­дім са­ғын­ған­дай. Ес-тү­сін өлең­ме­нен шы­ға­рай­ын, Те­мір­ге қы­зып тұр­ған қа­рыл­ған­дай. Жел сөз­ді жел­ке­сі­нен жауды­рай­ын, Көк құ­рақ шал­ғы тиып ша­был­ған­дай... Тұ­сы­на оты­ра қап сау­ға сұ­рап, Жі­бер­дім өлең­де­тіп қат­ты ай­қай­лай.

Нұ­ри­ла ақын­мен де осы­лай«­сау­ға­ға» сұ­рап алып, айт­ыс­қан екен. Таң­жа­рық өзі­нің ақын­ды­ғы­на се­ніп, айтысу­ды әдейі қол­қа­ лап, із­деп кел­ген жүй­рік ақын­дар­мен де айт­ыс­қа түс­кен. «Таң­ жа­рық­тың Бай­мұ­қа­мет­пен» жаз­ба­ша айтысы, осын­дай жағ­дайда туыл­ған. «Тұр­ды мен Әле­кен­нің» айтысын ақын үшін­ші жақ адам ор­нын­да жа­зып, ел­ге та­рат­қан. Ал «Таң­жа­рық пен Әле­кен­ нің» қар­ғыс айтысы Таң­жа­рық­тың қал­жың­шыл, өлең­шіл дос­та­ ры­ның жай­лау үс­тін­де­гі бір рет­кі бас қо­су­ын­да 1921-жы­лы бол­ ған. Бұл айт­ыс қа­зақ­тың айт­ыс түр­ле­рі­нің бір шу­мақ­тан ға­на қа­ру қайтары­са­тын тү­ре айт­ыс үл­гі­сін­де орын­дал­ған. Екеуі­нің мі­ніс аты, ер-тұр­ма­ны, қа­тын-ба­ла­сы, иті, үйі бә­рін қар­ғап – сі­ле­ген. Мы­са­лы, Таң­жа­рық: Көк шо­лақ, жал­ғыз атың қо­тыр бол­са, Жа­ман­са­ры қа­ты­ның со­қыр бол­са,

56

Ерің­де құй­ыс­қан жоқ, жал­ғыз айыл, Жел­қом қы­лып, жа­са­ған то­қым бол­са, -

де­ген­де, Әле­кен: Ақ­қап­тал, жал­ғыз атың шо­лақ бол­са, Құ­дай­дың бар бер­ге­ні сол-ақ бол­са. Ба­сы таз, жал­ғыз ба­лаң – аяғы ақ­сақ, Қа­ты­ның іс біл­мейт­ін олақ бол­са, –

дей­ді. Айт­ыс Таң­жа­рық­тың: Жол­дас­тан се­ні алып ем тал­да­ған­да, Аң­ғал ең се­не­тұ­ғын ал­да­ған­ға. Кө­зің­ді жас кү­шік­тей жа­ңа аш­қан­да, Ей, бай­ғұс, не қы­ла­мын қар­ға­ған­да?! –

де­ген жа­ра­сым­ды, сый­ла­сым­ды ле­біз­бен аяқ­та­ла­ды. Қа­зақ айт­ыс­та­рын­да айт­ыс ке­зін­де­гі қақ­ты­ғыс­тар­да қар­ғыс ма­ғы­на­сын­да­ғы же­ке сөз, сөй­лем­дер де ке­зі­гіп оты­ра­ды. Де­се де, әріп­тес­тер бі­рі­нен бі­рі асып тү­се, із қуа, өр­ше­ле­не ащы тіл­мен ая­майт­ын, бі­рақ ойна­қы, же­ңіл сөз­бен қар­ғап айтыла­ды мұн­дай айт­ыс қа­зақ­тың айт­ыс та­ри­хын­да бұ­рын­ды-соң­ды бай­қал­ма­ған. Мі­не, бұ­ны айт­ыс өне­рі­не Таң­жа­рық ақын әкел­ген жа­ңа түр деу­ге бо­ла­ды [16,104-б]. Таң­жа­рық ақын Бай­мұ­қа­мет­пен жаз­ба­ша айтысы­нан бас­қа айт­ыс­та­рын тү­гел дер­лік айт­ыс бір­не­ше жыл өт­кен соң, есі­не алып оны қайта жа­зып шық­қан. Бұл жө­нін­де: «Осы­лай өт­кен бір іс ба­сы­мыз­дан, Таң­жа­рық қайта ойла­нып жа­зып шық­ты» (Нұ­ри­ла­мен айтысы­нан) «Тү­гел­деп бұл сө­зім­ді жа­за ал­ма­дым, Әйт­еуір ойда қал­ған әр тар­ма­ғы» (Қой­дым­мен айтысы­нан)

де­ген ес­ке­рт­пе­лер жа­зып қал­дыр­ған. Таң­жа­рық Қа­зақ­стан­да­ғы Қар­қа­ра же­рін­де 1925-жы­лы бол­ған Қой­дым­мен айтысын Қы­ тай­ға қайт­ып кел­ген соң, ал­ты жыл өт­кен соң 1931-жы­лы күз­де 57

қайта қа­ғаз бе­ті­не тү­сір­ген. Ал 1939-жы­лы Таң­жа­рық­тың ауылы Кү­нес­тің Адуын­гер жай­лау­ын­да, Қо­қым­ша де­ген кі­сі­нің ау­лын­да бол­ған Ұл­жал­ғас­пен айтысын же­ті жыл өт­кен соң, қайта жа­зып ел іші­не та­рат­қан [15,88-б]. Таң­жа­рық бұл айт­ыс­тар­ды жаз­ған ке­зін­де, қа­зақ­тың бел­гі­лі айт­ыс­та­ры – «Бір­жан-Са­ра» мен «Әсет-Ырыс­жан» айтысы­ның жа­зы­лу үл­гі­сі­нен өне­ге ал­ған. Әріп­тес­тер­дің өле­ңі бас­та­лар­дан бұ­рын айт­ыс бол­ған ор­та­ның мән-жай­ына, айт­ыс­тың қай жер­де, қай кез­де бол­ға­ны­на, ақын сол әріп­те­сі­не қа­лай­дан-қа­лай, жо­ лық­қа­ны­на, қа­сын­да кім­дер бар­лы­ғы­на, жиын-той­ға жи­нал­ған қа­лың қауым­нан сырт, оған әйгі­лі адам­дар­дан та­ғы кім­дер қа­ты­ нас­қа­ны­на, әріп­те­сі­нің тұр-тұл­ға­сы, кө­ңіл-күйіне дейін өлең­мен жел­дір­те шо­лу жа­са­лып, одан соң ба­рып айт­ыс­тың өзі­не тү­се­ді. Айт­ыс ба­ры­сын­да се­зіл­ген қы­быр-қи­мыл, үл­кен­ді – кі­ші­лі іс­тер­ ге де өлең­мен ша­ғын-ша­ғын ес­ке­рт­пе­лер бе­ріп оты­ра­ды. Осы­лай бол­ған­дық­тан ақын­ның қайта жаз­ған бұл айт­ыс­та­рын оқы­ған­да, тың­да­ған­да оқыр­ман мен тың­дар­ман әріп­тес­тер­дің өнер сы­нас­ қан жауап­та­су­ла­ры­нан сырт, сах­на­дан тар­ты­сы күр­де­лі театр, көр­кем фильм кө­ріп отыр­ған­дай не­ме­се қыз­ғы­лық­ты дас­тан оқы­ лып жат­қан­дай се­зім­ге ке­не­ліп, мол ләз­зат ала­ды. Таң­жа­рық айт­ыс­та­рын­да ежел­гі айт­ыс дәс­тү­рі бой­ын­ша ақын­дар ә де­ген­де-ақ әр екі жақ өз­де­рін мақ­тап, қар­сы жа­ғын кем­сі­те сөй­лей­ді. Мұ­ны Мұх­тар Әуе­зов бас мі­не­су деп ата­ған. Мақ­тау мен дат­тау – айтысу­шы екі жақ­тың өлең­дік өне­рі, ақын­ дық қа­ры­мы, жы­ны­сы, де­не-тұр­қы, жү­ріс-тұ­ры­сы, мі­нез-құл­қы, айт­ыс үс­тін­де­гі қи­мы­лы т.с.с. ту­ра­лы бо­ла­ды. Бі­рі­нен-бі­рі мін із­ деп, ақау тауып, әжү­ре­гін алып, жас­қан­ды­рып тас­тау­ға ұм­ты­ла­ ды. Мы­са­лы, Таң­жа­рық­тың Ұл­жал­ғас­пен айтысын­да, Ұл­жал­ғас: Шап­қан­мен ма­ған, ба­ла, же­те ал­май­сың, Жү­гір­ме же­те ал­мас­қа бой­ың со­зып. Бұр­лы­ғып ор­та жол­да мерт бо­ла­сың, Та­лай­лар шаң­да қа­лып кет­кен то­зып. Та­лай­ды жы­ғып жүр­ген алыс­қан­да, Бәй­ге­ні алып жүр­ген жа­рыс­қан­да, Қа­зір­ше ше­рі­гі­ме тең кел­мей­сің, Жең­ді деп Әле­кең­ді на­мыс­тан­ба.

дей ке­ле, өзін«ал­тай қы­зыл қы­ран бат­пас түл­кі­ге, қа­лың­да­ғы мер­ген ат­пас ма­рал­ға,тұ­нық­тан жү­зіп ішіп, лай тат­пас, да­рияның 58

ішін­де­гі құн­дыз­ға,сал­қын­нан ме­кен алып, саз­да жат­пас құ­лан­ ға,күн­діз-түн Иран бақ­қа үні бат­пас сан­ду­ғаш­қа жә­не ­ба­зар­да пұлы қым­бат асыл тас­қа» те­ңеп, сес көр­се­те­ді. Сон­да­Таң­жа­ рық: Жұл­ма бас, қай­қы кеуде, киіз аяқ, Кет ары, те­ңім емес сен­дей саяқ. Нең­ді ал­ған ме­ні жең­ген сен бай­ғұс­тың, Ақ қап­тал, ман­дам байт­ал, сы­нық таяқ... Мен са­ған жал­бар­май­мын бер деп ра­қым, Кет­кен жоқ әйел тү­гіл ер­кек­ке ақым. Сөй­ле­дім он екім­нен бе­рі қа­рай, Бо­лар деп жас­қан­бай­мын се­нен зақым. Ақ иық ла­шын­мын қа­нат қақ­пас, Ба­бым көп күй­шіл құс­тай адам тап­пас. Сай­ра­ған ­ті­лім – то­ты, ді­лім – са­рай, Өле­ңім ніл да­рия еңіс­ке ақ­пас. Сө­зім­нің дар­ба­за­сы жа­ңа ашыл­ды, Ша­быт­ты кел­ді ша­ғым ауыз жап­пас. Кең қол­тық кер­ме­де­гі ар­ғы­мақ­пын, Тер шы­ғып, етім қыз­бай бос­қа шап­пас. Тауда өс­кен бөк­тер көр­мей, көк бө­рі­мін, Қа­да­лып үр­ген­ме­нен қан­шық қап­пас. Бор­бай­лап бос­қа әуре бол­ға­ның-ай, Со­ғыл­ған сом бо­лат­пын ті­сің бат­пас, –

деп ек­пін­деп жауап бе­ре­ді. Ақын­ның өз­ге көп­ші­лік айт­ыс­та­рын­ да да осын­дай "бас мі­не­су­лер" туын­дап, ұзақ­қа со­зы­ла­ды. Осы­дан кейін екін­ші маз­мұн бас­та­ла­ды.Айт­ыс шиеле­ні­се тү­се­ді. Шар­пы­ су кө­ле­мі ке­ңи­ді, айт­ыс маз­мұ­ны қо­ғам­дық мә­се­ле­лер­ге кө­те­рі­ле­ ді. Ащы тіл­мен аяу­сыз сіл­кі­ле­се­ді. Бұл ке­зең­де­гі ма­ра­пат­тау мен дат­тау­лар тай­па-ру­лар жө­нін­де бо­ла­ды. Әр ақын қар­сы жа­ғы­ның елі­нен, же­рі­нен мін тауып, оны бе­ті­не ба­са­ды. Өз елі­нің, же­рі­нің мақ­та­ны­шын әйгі­леп, мі­нін жа­сы­ра­ды, жай­ма-шуақ­тай­ды ша­бу­ ыл­ға тойтарыс бе­ре­ді. Мы­са­лы, Қой­дым­мен айтысын­да ақын: Де­ген­ге әйел тең­дік құ­лақ ас­пай, Жас қыз­ды шы­рыл­да­тып мал­ға сат­қан. Же­рі­нен мал­ға сат­қан қа­шып ке­тіп, Жал­баң­дап пы­сық­та­ры сот­қа шап­қан. Та­ғы бір жыл­пос­та­рың ат­кез­ші боп,

59

Түн қа­тып, шай та­сып жүр біз­дің жақ­тан. Бі­ле­мін сө­зім ауыр, қай­қаң­дай­сың, ­Жауыр­дай ар­қа­сы­на ері бат­қан.

деп сол кез­де ал­бан руы­нан бе­лең алып отыр­ған ке­міс­тік­тер­ді айып қып Қой­дым­ның бе­ті­не ба­са­ды. Қой­дым: Ал­ды­мен апиін­кеш ұлық­та­рың, Жа­та­тын үй­ден шық­пай тү­тін са­сып.

Не­ме­се Үс­ті­не су ти­ме­ген қы­зай­ың көп, Қау­дыр­лап та­қыр тон­мен, етін қа­сып, –

деп қы­зай руы­нан бай­қа­ла­тын ке­міс­тік­тер­ді Таң­жа­рық­тың бе­ті­не ба­са­ды. Таң­жа­рық айт­ыс­та­рын­да осын­дай өзін мақ­тау, қар­сы жа­ғы­ ның мі­нін бет­ке ба­су бол­са да, оған бо­ла ақын­дар­дың са­ғы сы­ нып, де­сі қайт­пайды. Айт­ыс­тар­дың өн бойы­нан ер бол­сын дұш­ па­ның да де­ген­дей деп, әріп­тес­тер­дің мән-жайы, порт­ре­ті, ақын­ дық өне­рі ма­дақ­та­лып оған ша­быт, қай­рат бе­рі­ліп оты­ра­тын тұс­ тар да мол­дап кез­де­се­ді. Таң­жа­рық Қой­дым­ның си­па­тын: Шір­кін­нің өзі қан­дай, сө­зі қан­дай ?! Кез бол­ған қан май­дан­да Ке­зі қан­дай ?! Құл­пы­рып гүл ті­кен­сіз өс­пе­ген­дей, Қа­дал­ды қайта бір кез, сө­зі қан­дай ?! Даусы­на таң­ға­ла­ды бар­ша ха­лық, Ди­да­ры су­дан шық­қан кү­міс ба­лық. Қып­ша бел, қы­зыл шы­рай, қи­ғаш қас­ты, Жық­қан­ның ар­ма­ны жоқ іш­тен ша­лып. Бұ­раң бел, ор­та бой­лы, кіш­ке­не аяқ, Бо­лар-ау Қой­дым­дай жан не­кен-саяқ ?! Адам­ды жалт қа­ра­тар ле­бі­зі бар, Бе­ті­нен тө­гі­ле­ді нұ­ры та­рап. Ти­гіз­бей күн­ге бе­тін, жел­ге етін, Мә­пе­леп өсі­ріп­ті өзін бап­тап, –

деп ма­дақ ете, су­рет­тейді. Таң­жа­рық айт­ыс­та­рын­да ақын­дар­дан тап­қыр­лық, ше­шен­дік, 60

зе­рек­тік, қа­ғы­лез­дік­ті та­лап ете­тін жұм­бақ айтысы да кез­де­се­ді. Таң­жа­рық­тың Бай­мұ­қа­мет­пен айтысын­да жұм­бақ ше­бер құ­рас­ ты­ры­ла­ды. Ма­тас­па­лы бір­не­ше жұм­бақ қа­тар айтыла­ды да, бір жол­да ше­ші­ле­ді. Бай­мұ­қа­мет ­Таң­жа­рық ақын­ға: Ке­те­ді әр­пі жал­ғас қи ме­нен зи, Оқыл­са обал екен қысыл­май. Нүк­те­сін таш­ти­ті­мен1 бір қо­сып айт­ып, Әм­за­сын екі ара­да­ғы қал­дыр­май жи. Шық­пайма шын оқыл­са бір бәйтерек, ­Мәуесі бек гүл­де­ніп, шық­қан ерек. Көп жер­ге кө­лең­ке­сі сая бол­ған Өл­шеу қып қа­сиетін не­ге ке­рек. Осы сөз оңай­лық­пен ше­шіл­мейді, Та­ба­ды мың­нан бі­реу бол­са зе­рек, –

деп, жұм­бақ өлең жа­за­ды. Бұл жұм­бақ­ты Таң­жа­рық: Қи мен зи қы­зай анам аты емес пе ?! Сая­сын тас­та­май айт­ға­рып са­нам. Төрт нөл мен нүк­те, таш­тит төрт ба­ла­сы, То­лық­сып осы күн­де өс­кен ба­ғам. Бә­рі­міз ата­лық­тың ба­ла­сы­мыз, Тел өс­кен бей­не қол­дың са­ла­сы­мыз. Та­ра­лып ата­лық­тан бол­дық мұн­дай, Осы­ған бар ма, бә­ке, та­ла­сы­ңыз? ­Мәуесі ұрық – ту­ған біз емес пе, Ата­лық – әл­гі биік аға­шы­ңыз, –

деп ше­шу жа­зып қайтара­ды жә­не Бай­мұ­қа­мет ақын­ның ше­шуіне үш жұм­бақ жа­зып жол­дайды. Бұл айт­ыс­тан екі ақын­ның ше­шен де тап­қыр, зер­де­лі, зе­рек бі­лім­дар­лы­ғы бай­қа­лып тұ­ра­ды. Таң­жа­рық айт­ыс­та­ры ежел­гі айт­ыс дәс­тү­рі­нің тар шең­бе­рін бұз­ды, оны жа­ңа маз­мұн­мен бай­ыт­ты. Жай бас мі­не­су не­ме­се ел мі­не­су­мен ға­на шек­те­ліп қал­ма­ды. Әлеу­мет­тік мә­ні зор қо­ғам­дық ой-пі­кір­ді пай­ым­дай ал­ды. Сол кез­де­гі сақ­та­лып отыр­ған әді­лет­ сіз­дік­ті, сұр­қия­лық­ты, қа­науды, тең­сіз­дік­ті, ме­шеулік­ті әш­ке­ре­леп, өр­ке­ниет­ті­лік­ке, ал­ға­ба­сар­лық­қа жар­шы, ха­лық­тың зат­тық жә­не 1 Әмза (араб­ша) – араб сөз­де­р ін дұ­р ыс қою үшін қой­ыла­т ын бел­гі­л ер­дің та­ғ ы бі­р і.

61

ру­ха­ни мә­де­ниетін­де­гі ая­ныш­ты жай­ла­ры­на жа­на­шыр жоқ­шы бол­ ды. Таң­жа­рық­тың айт­ыс­та­ры та­қы­рып, қо­ғам­дық ой-тол­ға­мы жа­ ғын­да­ғы биік­ті­лі­гі­мен ға­на емес қи­сын­ды ой­лар­ды та­бан ас­тын­да та­ба­тын ұш­қыр­лық пен тап­қыр­лы­қ ү­не­мі кө­рі­ніп оты­ра­ды. Таң­жа­рық ақын айт­ыс­тар­ды қайта жаз­ған­да өз ба­сын ға­на өлең­ші етіп көр­се­ту­ге бой ұр­ма­ған. Әріп­тес­тер­дің бә­рі­не де өзін ба­сып тү­сер­дей сөз бер­ген. Қар­сы­лас­тар қа­тар жүй­рік бол­ған­дық­ тан да айт­ыс­тар өре­лі бол­ған. Айтысу­шы екі жақ­тың жауап­та­су­ ла­рын­да жүйелі­лік, дәл­дік, тап­қыр­лық, ше­шен­дік, шы­мыр­лы­лық, ло­ги­ка­лы­лық, сұ­лу­лық бар. Тіл тұ­нық­ты­ғы, сөз бай­лы­ғы ай­шық­ ты, қа­нат­ты, бей­не­лі сөз тір­кес­те­рі мо­лы­нан кез­де­сіп оты­ра­ды. Қыс­қа ға­на ғұ­мы­рын­да от­ты жыр­ла­ры­мен ар­ты­на өш­пес мұ­ ра қал­дыр­ған, жас та­лант, қа­ры­мы қайт­пас, ары­ны күш­ті та­би­ғи төк­пе ақын Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы­ның (1893-1918) айт­ыс өне­ рі­нің да­му­ына әсер-ық­па­лы күш­ті бол­ды. Суы­рып сал­ма, айт­ыс өлең­де­рін ір­кел­мей тө­ге­тін Асыл­қан ал­ты жа­сы­нан бас­тап өлең шы­ға­рып, он үш жа­сы­нан тар­тып айт­ыс­қа түс­кен екен. Ақын­ның қа­зір «Нұ­ри­па­мен айтысы», «За­ғи­па­мен айтысы», «Та­ни­мен айтысы» (екі рет­кі айтысы), «Бұ­дан­мен айтысы» (екі рет­кі қа­ғы­суы) қа­тар­лы өре­лі айт­ыс­та­ры жә­не бір топ мы­сал айт­ыс­та­ры бар. Көр­кем­дік өре­сі биік, маз­мұ­ны те­рең бұл айт­ыс өлең­де­рі оның на­ғыз ұш­қыр сөз иесі еке­нін та­ны­та­ды. Ақын Асыл­қан­ның өз­ге айт­ыс ақын­да­ры­нан бір ерек­ше­лі­гі ол айт­ыс­қан қар­сы жа­ғын­да­ғы әріп­те­сі кім бол­сын, оны де­реу тұ­ қыр­ту­дан гө­рі, де­меп, елік­ті­ре, же­лік­ті­ре, аузы­на сөз, кө­кейіне ой тү­сі­ре қо­сар­ға ала­ды да, айт­ыс жүл­ге­сін құ­рып, кө­рі­гін қыз­ды­ ра­ды. Ша­ғын жә­не кө­лем­ді айт­ыс­та­ры бол­сын, бә­рі­нің со­ңы әл­ де­кім­нің ең­се­леп же­ңі­луі емес, жа­ра­сым­ды, рия­сыз іл­ти­пат­пен­ жүйелі ойға нақ тап­ты­ра­ды. Осы­мен қо­са ақын айт­ыс­та­ры­ның өн бой­ын­да шиеле­ніс­кен қақ­ты­ғыс­ты қай­шы­лық­қа же­лі тар­ты­ла­ды. Асыл­қан айт­ыс ба­ры­сын­да әріп­те­сі­нің порт­ре­тін, оның ақын­ дық өне­рін бүк­пей дәл баян­дап, өзін де асы­ра мақ­та­май, сол адам­ дар қа­та­рын­да көр­се­те­ді. Тә­ни­мен айтысын­да Тә­ни­дің ке­ліс­ті кел­бе­тін: Бір кез­де та­ни кел­ді сы­лаң қа­ғып, Түр­ле­ніп то­ты құс­тай қы­лаң қа­ғып, Жа­ғын­да ки­ме­шек­тің он сол­ке­бай, Бұл­ғақ­тап ше­ке­сі­не үкі та­ғып.

62

Кел­бе­ті хор қы­зын­дай сұ­лу екен. Япыр-ай Тұң­ғат­бай­дан ту­ған на­ғып?!... –

деп су­рет­тейді. Ал ақын­ныңНұ­ри­па­мен айтысын­да бір дәуір­дің өмір шын­ды­ ғын дәл­ме- дәл етіп көр­кем тіл­мен бей­не­лей­ді. Айт­ыс­қа түс­кен әріп­тес­тер кө­рі­ніс­те бі­рін-бі­рі мі­неп, кем­сі­тіп отыр­ған­дай, мұ­ ның өзі ру­лар ара­сын­да­ғы қақ­ты­ғыс­тай бо­лып кө­рін­ге­ні­мен, айт­ ыс­тың ас­та­ры ел ішін­де­гі ақа­лақ­шы, мам­паң, би-бо­лыс­тар­дың, зәң­гі-тө­ре­лер­дің ке­міс­ті­гін бе­ті­не ба­сып, олар­дың жек­сұ­рын, жи­ ре­ніш­ті қы­лық­та­рын ше­неп, әш­кер­леп оты­ра­ды. Мы­са­лы, Ба­ла­сы Сы­лам­жан­ның мам­паң шан­дыр, Ұйқы­дан кө­зін аш­са, елін аң­дыр. Ата­ның әруағы­мен ол да кі­сі, Туар ма мұн­дай жа­ман тә­ңір ал­ғыр... Ке­не­дей қан­ға той­ған дәуіт за­лым, Құрт­ты ғой ті­леуке­нің те­гіс бә­рін.

Осы айт­ыс­та сол кез­де­гі ру ба­сы­ла­ры­ның отыз шақ­ты­сы­ның аты ата­лып, олар­дың түр­лі­ше жа­ғым­сыз қы­лық­та­ры, оз­быр­лық­та­ ры қа­таң сы­на­ла­ды. Ақын әріп­те­сін әр сыр­ға, әр тұр­ғы­ға, әр ойға же­тек­теп, оның аузы­на сөз са­лып, өзі оған қа­ру айтады. Ен­ді бір жа­ғы­нан Ал­ла­ның атын, ді­ни на­ным­ды, әруақ­ты көл­де­нең тар­та оты­рып, өз ойын айт­ып, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­тіп оты­ра­ды. Өз тұ­ сын­да­ғы кей­бір ақын­дар­дың айтысы­мен са­лыс­тыр­ған­да, Асыл­қан­ ның Нұ­ри­па­мен айтысын­да тең­сіз­дік ру­лық жік­тен үс­тем тұ­ра­ды. Аны­ғы­рақ айт­қан­да, ол өз руын бе­тал­ды мақ­та­май­ды, Нұ­ри­па­ның елін де ал­ба­ты жа­ман­да­май­ды. Ел­ді сү­лік­тей сор­ған ұлық­тар­ға, дін­шіл­дер­ге қа­да­лып, со­лар­дың ел­ді езіп-қа­науын, дү­ниеқор­лы­ ғын, қа­раулы­ғын әш­ке­ре­лей­ді, ше­ней­ді [17, 248-б]. Ақын­ның айт­ыс өлең­де­рі құ­ры­лы­мы жи­на­қы, сөз­де­рі ши­ра­ қы, ық­шам, ұй­қас­та­ры шы­мыр ке­ле­ді. Маз­мұ­ны мен фор­ма­сы та­би­ғи қа­бы­сып, жым­да­сып жа­та­ды. Кө­бі­не­се бір ұй­қас­ты қуа­ лап ұзақ­қа дейін жал­ғас­ты­рып, айт­ар ойын шұ­бы­рт­па­лы ұй­қас­ пен шы­мыр, қо­ным­ды әдіп­тейді. Мы­са­лы: Асыл­қан мен Та­ни­дың той­да­ғы айтысын­да: Көр­сет­ші ақын бол­саң ары­ның­ды, Ба­сай­ын су сеп­кен­дей жа­лы­ның­ды.

63

Жүй­рік бол­май, тұл­пар боп кет­сең­да­ғы, Ба­са­мын бір-ақ ат­тап ады­мың­ды. Мұз ки­ген ніл да­риясы бол­саң­да­ғы, Үс­тің­нен жүр­гі­зе­мін қайы­ғым­ды. Бо­ла­ды жақ­сы адам­ның дұш­па­ны көп, Қайт­ейін бе­ті­ңе айт­ып айы­бың­ды.

деп бір ұй­қас­пен ке­ле­тін шұ­бы­рт­па­лы жол­дар ек­пін­ді, шы­мыр шық­қан айт­ыс­тың үзік үл­гі­ле­рі. Асыл­қан айт­ыс­та­рын­да тү­ре айт­ыс, сү­ре айт­ыс, жұм­бақ айт­ ыс, тұр­мыс-салт­тық айт­ыс, мы­сал айт­ыс­тың озық үл­гі­ле­рі бар. Ақын­ның «Нұ­ри­па­мен айтысы» өнер сай­ысы­ның бір жар­қын үл­гі­сі. Бұл айт­ыс­та екі ақын он то­ғыз рет­тен ке­зек алып, жал­пы отыз се­гіз шу­мақ өлең айтады. Нұ­ри­па қай­ыр­ған се­гіз жол­ды бір шу­мақ­тан бас­қа отыз же­ті шу­мақ тү­гел төрт жол­ды бо­лып ке­ле­ді. Асыл­қан айт­ыс­та­ры­ның ішін­де өзін­дік өз­ге­ше­лі­гі­мен көз тар­ та­тын «Та­ни­мен айтысы» Бір­жан, Әсет­тер­ше кең тол­ғап ке­ме­рі­ нен асы­ра ұзақ айт­ыс бол­ған. Айт­ыс ша­ма­мен 1913-1914-жыл­ дар­дың бі­рін­де Іле­де­гі Са­сан би­дің ауы­лын­да, Са­сан­ның ұлы Мат­қа­сым­ның ке­лін тү­сі­ру той­ын­да өт­кі­зіл­ген. Бұл айт­ыс ке­лін тү­сір­ген Са­сан ауылы­ның той күн­гі ке­шін­де бас­та­лып, ер­те­сі сәс­ ке­ге дейін жал­ғас­қан. Ақын­ның осы «Та­ни­мен той­да­ғы айтысы­ ның» эт­ног­ра­фиялық құн­ды­лы­ғы бар. Бұл айт­ыс ке­лін­шек ала­ тын жі­гіт­ке күйеу жол­дас бо­лып, қыз­дың ауылы­на бар­ған ақын сол ауыл­да отау жа­бар де­ген кә­де ту­ра­лы Та­ни­мен қал­жың ара­лас қа­ғы­сып қа­ла­ды. Айт­ыс үс­тін­де Та­ни: Қы­лып кел құ­на­ның­ды орыс ақ­ша, Бо­ла­ды та­лай ақ­ша со­ны шақ­са. Қа­тын­дар кә­де алам деп кел­ге­нін­де, Бол­ма­сын екі ара­да ба­сың шақ­ша, –

деп отау жа­бар кә­де­сін ал­май қой­майт­ын сы­ңай та­ны­тып соқ­ты­ ға­ды. Еру­лі­ге қа­ру­лы де­ген­дей отау жа­бар кә­де­ге үкі­леп жыл­қы әке­ліп отыр­ға­ны­на ны­ғыз­дан­ған құ­да Асыл­қан: Кә­де екен отау жа­бар ор­та­да­ғы, Той­май­ды нәп­сі құр­ғыр тол­са­да­ғы. Бір тиын бұ­дан ар­тық бе­ре­рім жоқ, Шақ­ша тұр­ғой құ­мы­ра кел­се­да­ғы, – («Қас­қал­дақ­тың қа­ны» )

деп құ­да­лық паң­дық көр­се­те­ді. 64

Бұл айт­ыс хал­қы­мыз­дың қыз ұза­ту той сал­тын­да құ­да­лар ара­ сын­да бо­ла­тын жол-жо­ра мен ырым-кә­де­ні өзек етіп айтыса­тын тұр­мыс-салт­тық айт­ыс­тың әде­мі үл­гі­сі. Ол ұлт­тық дәс­тү­рі­міз­дің кө­не­ден жет­кен бір ұш­қы­ны бо­лу си­па­ты­мен құн­ды, со­ны­сы­мен ба­ға­лы. Асыл­қан­ның жұм­бақ айт­ыс­тың да майт­ал­ма­ны еке­нін та­ғы осы Та­ни­мен бол­ған айтысы дә­лел­дейді. Айт­ыс­та екі ақын ша­ри­ғат­тан жә­не жа­ра­ты­лыс құ­бы­лыс­та­ры­нан, жұм­бақ қойы­сып ше­ші­се­ді. Бұл жұм­бақ айт­ыс­та кі­тап атау­лы кем ке­зі­ге­тін са­ха­ра елін­де ді­ни қа­ғи­да-жо­сын­дар ту­ра­лы, та­би­ғат дү­ниесі мен адам­ зат­тың жа­ра­лы­мы ту­ра­лы, жақ­сы­лық пен жа­ман­дық ту­ра­лы үл­ кен мә­лі­мет бе­ре­ді. Бұл айт­ыс­та жұм­бақ өлең, тұр­мыс- салт­тық өлең­нен сырт жер-су өлең, ше­жі­ре (ата) өлең, ша­ри­ғат өлең, қа­ра өлең қа­тар­лы түр­ле­рі де қам­тыл­ған. Асыл­қан мы­сал (тәм­сіл­дік) айт­ыс­тың да қас ше­бе­рі ре­тін­де өмір шын­ды­ғы­на не­гіз­де­ліп, кей­бір қо­ғам­дық мә­се­ле­лер­ді «Ұры ал­ған көк ат­пен айт­ыс», «Ит­пен айт­ыс», «Шо­лақ сиыр­мен айт­ ыс», «Мол­да мен тор­ғай­дың айтысы» қа­тар­лы мы­сал айт­ыс­та­ры. Ақын өз тұ­сын­да­ғы ұр­лық-қар­лық, зор­лық-зом­бы­лық, жоқ­шы­ лық, жал­қау­лық, на­дан­дық, сын­ды қо­ғам­дық ін­дет­тер­ді ал­ле­го­ риялық тә­сіл­мен мі­неп-ше­ней­ді. Де­мек Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы таяу за­ман айт­ыс поэзиясы­на мы­сал (тәм­сіл­дік) айт­ыс тү­рін қо­ сып да­мы­ту­ға, оның әлеу­мет­тік, қо­ғам­дық, та­ғы­лым­дық мә­нін, тәр­бие­лік құ­нын те­рең­де­ту­ге қос­қан үле­сі зор бол­ды. Шар­ғын Ал­ға­зыұлы қы­ру­ар ойлы, рух­ты өлең-тол­ғау­лар­ дың ав­то­ры ға­на емес, өз тұ­сы­ның суы­рып­сал­ма айт­ыс­кер ақы­ ны да бол­ға­ны бел­гі­лі. Көр­нек­ті ақын Мә­ди Әб­ді­рах­ма­нов Шар­ ғын ақын ту­ра­лы ес­те­лік- ес­се­сін­деШар­ғын­ның Нә­сіл­хан­мен айтысы­нан үзін­ді кел­ті­ре­ді. ...Іле­нің жай­ыл­ма­лы жа­ға­сын­да Бір ал­бан үл­кен той қып қы­зын бер­ген. Сол той­ға ел­мен қа­тар біз де кел­дік, Көз сал­дық жі­гіт­тер­ге қы­зып жүр­ген... Атақ­ты Нә­сіл­хан да кел­ді де­ді, Айтысар бар ма жі­гіт оны­ме­нен. Байт­ал озып бәй­ге ал­мас деп қа­лып­пын, Не­ме­не асып ту­ған сол­ғұр­лы ел­ден. Ой­бай, қиын, пә­ле деп жұрт шу­ла­ды, Шы­мыр­лап – дау­ыл­да­ды тұ­ла де­нем, –

65

деп бас­та­ла­тын бұл айт­ыс­ты шар­ғын­ның өз аузы­нан ес­ті­ген ақын Мә­ди Әб­ді­рах­ма­нов:«Шар­ғын ақын­ның Нә­сіл­хан мен Шар­ғын­ ның айтысы ат­ты 500 шу­мақ­тан ар­тық осы шы­ғар­ма­сы 1937-жы­ лы қыр­күйек­те Іле бой­ын­да жа­зыл­ған. Шы­ғар­ма­ның тіл көр­кем­ ді­гі Нә­сіл­хан­ның да, Шә­кең­нің де тап­қыш­тық тар­тым­ды өлең ұй­қас­та­ры ке­ре­мет екен. Мен сон­да мы­на айт­ыс айт­ыс қа­на емес, Іле айма­ғын ме­кен­де­ген ел-жұрт­тың көр­кем сөз ша­на­ғын­да­ғы та­ ри­хы ғой деп ойла­дым» – деп жа­за­ды. Деп жа­зып жат­ты до­сың Үрім­жі­де, Жоқ­ты­ғым ме­нің са­ған бі­лін­ді ме?

деп Үрім­жі­де абақ­ты­да жа­тып өзі­не сә­лем ар­на­ған сыр­лас, қа­ лам­дас до­сы Таң­жа­рық ақын­мен де Шар­ғын Құл­жа қа­ла­сын­да­ғы бір бас қо­су­ла­рын­даДәу­лет­кел­ді­нің қол­қа­лауы­мен сөз қа­ғыс­тыр­ ған екен. Шар­ғын: Ей, Таң­жа­рық, жез таң­дай, әкең се­нің Жол­ды ма? Ел жай­лау­ға көш­кен­де ел­мен бір­ге қон­ды ма? Көр­ге­нім жоқ әкең­ді, ша­пан­ды ма, тон­ды ма? Ша­пан киіп, ат мі­ніп, ел қа­тар­лы бол­ды ма? Аран­дай ауыз ашып ең, ын­ды­ның се­нің тол­ды ма?

Таң­жа­рық: Сөз тү­рі­не қа­ра­шы, не дей­ді мы­на ал­ба­ның, Қаз­ба­лап бі­раз тас­та­ды, ар жа­ғы мен бер жа­ғын. Әкем тек­тес ке­дей­лер тіс­теп өт­кен бар­ма­ғын. Мін тап­пай­сың өзім­нен, ал­тын­нан ауыр сал­ма­ғым.

Бұл жауап­та­су­лар­дан екі ақын­ның да бі­рі­нен бі­рі асып тү­сер жүй­рік­ті­гі, тап­қыр­лы­ғы бай­қа­лып тұр. Шар­ғын айт­ыс­та­ры да іліп тү­сер, ті­ліп тү­сер, тап бер­ге­нін тай­салт­пайт­ын арын мен да­ рын бай­қа­ла­ды. Жо­ға­ры­да­ғы ақын­дар таяу за­ман­ғы айт­ыс өне­рі­нің ту ұс­ таушы­ла­ры бол­са, олар­дың айна­ла­сын­да өт­кен, әрі айт­ыс­кер­лік дәс­түр­дің ұш­қы­ны та­ра­ған ор­та­дан нәр алып өс­кен, өз­де­рі де тар­ тым­ды айт­ыс өлең­де­рі­мен та­ны­мал ақын­дар­дан: Отар­бай Дүй­ сен­біұлы, Кә­рі­бай Та­ңа­та­рұлы, Бә­тіш Қом­ша­қы­зы, Тә­ни Тұң­ғат­ байқы­зы, Әріп­жан Жа­нұ­зақұлы, Әп­пақ Майтабан­қы­зы, Ма­ғауия 66

Орыс­байқы­зы, Ка­сым­бай Құ­сай­ынұлы, Қой­дым Дә­ру­бай­қы­зы, Ра­қым­жан Меш­пе­тұлы, Дәуіт Отар­байұлы, Қә­ні­бек Нү­сі­пұлы, Сы­ма­ғұл Қа­ли­ұлы, Ұл­жал­ғас, Нұ­ри­ла, На­си Ша­ба­құлы т.б. бар. Бұ­лар да өзін­дік үні, өзін­дік өр­не­гі­мен айт­ыс өне­рі­нің уы­ғын шан­шып, ша­ңы­ра­ғын биік кө­те­ру­ге елеу­лі есе қос­қан­дар. ­Таяу за­ман айт­ыс поэзиясы­ның бі­тім-бол­мы­сы­на кел­сек, Жү­ сіп­бек­қо­жа, Таң­жа­рық, Асыл­қан се­кіл­ді Айыр Кө­мей, Жез­таң­дай – ақын­дар­дың ұзақ тол­ғап, кө­сі­ле жыр­лайт­ын сү­ре айт­ыс­та­ры көз тар­та­ды. Бі­рақ мұн­дай үл­гі тым көп емес, оған қа­ра­ған­да қа­ ра өлең­мен қыс­қа қайы­рып айтыса­тын тү­ре айт­ыс­тар, одан қа­ла бер­се қыс­қа қа­ғы­су­лар қо­мақ­ты орын­ды ие­лей­ді. Маз­мұн жә­не фор­ма жақ­тан ке­мел­ден­ген таяу за­ман айт­ыс поэзия­сын­да­ғы бір жа­ңа­лық, жаз­ба әде­биет­тің да­муы мен жаз­ба ақын­дар­дың же­ ті­луіне орай осы тұс­та хат айтысы ке­ліп қо­сыл­ды. Бұ­дан сырт бұл дәуір­де­гі ақын­дар айтысы­ның құ­ра­мын­да ата өлең не­гі­зін­де қа­лып­тас­қан ше­жі­ре­лік айт­ыс­тар, ді­ни сауат­тық (ша­ри­ғат) айт­ ыс­тар, мы­сал айт­ыс, жұм­бақ айт­ыс, қай­ым айт­ыс, қар­ғыс айт­ыс, сау­ға сұ­рап айтысу сияқ­ты түр­ле­рі де ке­зі­ге­ді. «Сү­ре айт­ыс». Бұл суы­рып сал­ма­лық өлең­ге әб­ден ысыл­ған ақын­дар­дың әр ке­зек­те ұзақ тол­ғап, ойды өріс­те­те кең ко­сы­лып жыр­лайт­ын ты­ны­сы кең, күр­де­лі айт­ыс тү­рі. Мұн­дай айт­ыс­тар кө­бі­не­се күн­ді түн­ге жал­ғап ұзақ­қа айтыса­тын, айт­ыс­тың ке­зе­гін қар­сы­ла­сы­на оңай­лық­пен бе­ре қой­майт­ын, ілі­мі­ бө­лек ақын­дар­ дан, яғ­ни пай­ым-па­ра­са­ты, бі­лім өре­сі жо­ға­ры ақын­дар­дан кез­де­ се­ді. Әсет­тің Ырыс­жан­ның айтысы, Таң­жа­рық­тың Қой­дым­мен, Нұ­ри­ла­мен Ұл­жал­ғас­пен айт­ыс­та­ры, Асыл­қан­ның Тә­ни­мен айтысы осы сү­ре айт­ыс­тың үз­дік үл­гі­ле­рі. «Тү­ре айт­ыс». Бір-бір шу­мақ (іші­на­ра екі шу­мақ) өлең­мен қыс­қа да нұс­қа, шап­шаң жауап­та­сып айтыла­тын, ті­лі өт­кір, леп­ ті тү­ре айт­ыс тү­рі ақын­дар­дың кө­бін­де ке­зі­ге­ді. Со­ның ішін­де «Асыл­қан­ның Нұ­ри­па­мен айтысы» бір жар­қын үл­гі­сі. Таң­жа­рық­ тың Әле­кен­мен әзіл айтысы, Отар­бай­дың Най­ман қыз­бен, Қай­ша қыз­бен, Қа­ли­мен, Не­сіп­пен айт­ыс­та­ры тү­гел­дей тү­ре айт­ыс тү­рі­ де ке­ле­ді. Отар­бай­дың Най­ман қыз­бен айтысы өлең­нің бас­тап­қы екі жо­лын өз­ге­рі­сіз қайталап оты­ра­тын қай­ым өлең фор­ма­сын­да ке­ле­ді. Бұл айт­ыс­та «айт­ай­ын Әйтеке­нің ал­ла дер­гей» де­ген жол­ ды әріп­те­сі екеуі ке­зек­те­сіп ал­ты рет қайталай­ды. «Қыс­қа қа­ғы­су­лар». ХІХ ға­сыр­дан ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сы­на дейін­гі дәуір­де­гі айт­ыс поэзия­сын­да қыс­қа қа­ғы­су 67

тү­рін­де туын­да­ған айт­ыс нұс­қа­ла­ры да едәуір мол. Екі ақын­ның кез­дей­соқ жо­лы­ғып, ті­ке, ық­шам, тар­ты­сып, шар­пы­сып, айтысып қа­луы сын­ды айт­ыс түр­ле­рі әйгі­лі ақын­дар­мен қа­тар қа­тар­да­ ғы сөз зер­гер­ле­рі мен ақын­дық та­лан­ты бар адам­дар ара­сын­да да кез­де­сіп оты­ра­ды. Оның қо­ры­ның қо­мақ­ты бо­луы атал­мыш дәуір­де өлең­мен айтысу, суы­рып са­лып, ба­рын­ша кең та­ра­ған­ ды­ғы­ның айға­ғы. Ша­ғын айт­ыс, қыс­қа қа­ғы­су­лар­да тұ­жы­рым­ды ой, тап­қыр­лық, қол­ма-қол жауап­ты­лық, төк­пе­лі­лік бас­ты орын­ да тұ­ра­ды. Ар­наулы айт­ыс тұ­сын­да ақын­дар­дың айтыса­мын деп ар­найы сай­ла­нып, ойла­нып, тол­ға­нып, ке­зе­ніп ке­луіне қа­ра­ған­да қыс­қа қа­ғы­су­лар өзі­нің қә­пе­лім­де туыла­тын кез­дей­соқ­ты­ғы­мен да­ра­ла­на­ды, мұн­дайда әріп­тес­тер қы­нап­тан қы­лыш суыр­ған­дай тұт­қиыл тап бер­ме­ге тө­теп бе­ру­ге мәж­бүр бо­ла­ды. Жө­нел­де­ме­де не­ғұр­лым тез тол­ға­нып, тап­қыр ой, тар­тым­ды шу­мақ­тар құ­рауға ту­ра ке­ле­ді. Қыс­қа айт­ыс өлең­де­рі­нің құ­ра­мы­нан әдет­те­гі айт­ ыс­тар­дан та­бы­ла бер­мейт­ін тап­қыр ойға құ­рыл­ған та­ма­ша өлең шу­мақ­та­ры кез­де­сіп оты­ра­ды. Қыс­қа­сы, қыс­қа қа­ғы­су­лар тұ­тас айт­ыс өне­рі­нің құ­рам­дас бө­лі­гі, айт­ыс дәс­тү­рын да­мы­ту, суы­рып сал­ма­лық өнер­дің өр­ке­нін өсі­ру­де өзін­дік рөл ат­қар­ған. «Хат айтысы». Жаз­ба әде­биет­тің қа­лып­та­суы мен да­муының же­мі­сі айт­ыс ақын­да­ры­ның да қо­лы­на қа­лам ұс­тат­ты. Айт­ыс ақын­да­ры айт­ыс­тың та­ғы бір тү­рі- хат айт­ыс­та­рын да елі­міз­де ХХ ға­сыр­дың бас ше­нін­де айт­ыс өне­рі­міз­дің аясы­на алып кел­ді. Айт­ ыс ақын­да­ры тек сах­на­да, жиын-топ­тар­да кез­де­сіп қал­ған­да ға­на емес, кез­дес­пе­се де хат ар­қы­лы бір-бі­рі­мен сөз сайы­сын оз­ды­рып отыр­ды. Таяу за­ман­ғы хат айт­ыс­та­ры­ның біз­ге жет­кен­де­рі­нен бес ақын­ның хат айтысы (­Дәуіт, Ах­мет, Ақыт, Аб­дол­ла, Әсет), Таң­ жа­рық­тың Бай­мұ­қа­мет­пен хат айтысы, үш ақын­ның хат айтысы (Мах­мұт, Са­қи, Омар), Әсет ақын­ның Қы­зыр тө­ре­мен, Са­мет тө­ ре­мен, Қа­был Тай­жы­мен хат айт­ыс­та­ры, Бә­тіш Қом­ша­қы­зы мен Мах­мұт­тың хат айтысы, Ра­қыш мол­ла мен Ошыр­дың хат айтысы қа­тар­лы айт­ыс­тар бар. Хат айтысы­ның өзі­не тән ерек­ше­лі­гі- ол ар­наулы ұйым­дас­ты­ру­мен емес, қайта ақын­дар­дың өз ер­кі­мен жа­са­ла­ды. Он­да ар­найы уа­қыт, ор­та шек­те­ме­сі бол­майды, маз­мұ­ ны алуан түр­лі, кең ты­ныс­ты бо­лып ке­ле­ді. Жо­ға­ры­да­ғы хат айт­ыс­та­ры­ның ішін­де ең кө­лем­ді­сі бес ақын­ ның хат айтысы. Ке­зін­де Үрім­жі, Ал­тай, Тар­ба­ға­тай­да­ғы ақын­дар ара­сын­да туыл­ған бұл айт­ыс бір­не­ше жыл­ға со­зыл­ған. Айт­ыс­ тың түп нұс­қа­ла­ры – әуел­гі хат­тар сақ­тал­ма­ған, бі­рақ, ел ішін­де 68

ауыз екі сақ­тал­ған. Қа­зір­ге дейін үш нұс­қа­сы мә­лім бол­ды. Оның ал­ғаш­қы нұс­қа­сын Ас­қар Та­та­най­ұлы мен Ал­тай ауда­ны Байт­ ык мал фер­ма­сын­да­ғы Өкей Бе­ке­най­ұлы «Мұ­ра» жур­на­лы­ның 1991-жыл­ғы 3-са­нын­да жа­рияла­ды. Бұл нұс­қа сол жы­лы шық­қан «Ал­тай қа­ла­сы­ның ха­лық өлең-жыр­ла­ры» ат­ты жи­нақ­қа ен­гі­зіл­ ді. Бұл нұс­қа­да Іле­лік Дәуіт ақын­ның Ақыт ақын­ға жаз­ған өле­ңі, Ақыт­тың Дәуіт­ке жаз­ған жауап ха­ты, Үрім­жі­де тұ­ра­тын Іле­лік ақын Аб­дол­ла­ның Ақыт пен Ах­мет­ке жаз­ған ха­ты, Ал­тай­да­ғы Ах­мет ақын­ның Аб­дол­ла­ға жаз­ған ха­ты жә­не Әсет ақын­ның атал­ ған төрт ақын­ға жаз­ған ха­ты қам­тыл­ған. Қы­тай қа­зақ­та­ры хат айт­ыс­та­ры­ның ер­те­рек­те туыл­ған, көп жыл жал­ғас­қан, оның үс­ті­не бі­лік­ті ақын­дар қа­ты­нас­қан хат айтысы осы бес ақын­ның айтысы. Бұл ар­найы ұйым­дас­ты­рыл­ған айт­ыс емес, ол өмір тал­қы­сы­ның ті­ке­лей туын­ды­сы бо­луымен на­ зар ауда­ра­ды.[18, 105-109-б]. «Таң­жа­рық пен Бай­мұ­қа­мет­тің айтысы» жұм­бақ ар­қы­лы өріс­ те­ген хат айтысы бо­лып, та­бы­ла­ды. Ал­ды­мен Бай­мұ­қа­мет Таң­жа­ рық­қа жұм­бақ өлең жол­дайды, Таң­жа­рық Бай­мұ­қа­мет­тің жұм­ба­ ғын ше­шіп, оға қайтара жұм­бақ жа­за­ды. «Жұм­бақ айт­ыс». Елі­міз таяу за­ман айт­ыс та­ри­хын­да бү­кіл айт­ыс өлең­де­рі­нің ішін­де­гі ең қиын тү­рі жұм­бақ айтысы да кез­ де­се­ді. Жал­пы бұл дәуір­де айт­ыс­қа қа­тыс­қан ақын­дар көп бол­ға­ ны­мен де, олар­дың жұм­бақ айтысы­на ара­лас­қан­да­ры аз сияқ­ты. Мұ­ның өзі жұм­бақ айт­ыс­ның оңай емес­ті­гін аң­ғар­та­ды. Өйт­ке­ні ол тап­қыр­лық пен біл­гір­лік­ке құ­ры­ла­ды. Сон­дық­тан мұн­дай айт­ ыс­қа тү­су үшін ақын­ның өлең­ді суы­рып са­лып айт­уы жет­кі­лік­сіз. Бұ­ған қо­са ақын біл­гір, тап­қыр жә­не тез ой­лап, шап­шаң жауап бе­ре­тін бо­лу­ға тиіс. Сон­да ға­на ол өзі­мен айт­ыс­қа тү­сіп отыр­ған сы­нау мақ­са­ты­мен оқыс­тан бер­ген жұм­ба­ғын дұ­рыс ше­ше ала­ тын бо­ла­ды. Бұл үшін жұм­бақ­ты бе­ру­ші­нің де, оны ше­шу­ші­нің де әр нәр­се­ден ха­ба­ры, көп мә­лі­ме­ті бо­луы шарт. Де­ген­мен, бұл айт­ыс­қа атал­ған дәуір­де­гі айт­ыс ақын­да­ры­ның бә­рі бол­ма­са да бір­та­лайы қа­тыс­қа­нын бі­ле­міз. Бұ­ған дә­лел, «Отар­бай мен Най­ ман қыз­дың айтысы», «Жү­сіп­бек­қо­жа мен Ла­зи­па­ның айтысы», «Әсет­пен Ырыс­жан­ның айтысы», «Асыл­қан­мен Та­ни­дың айтысы», «Таң­жа­рық пен Бай­мұ­қа­мет­тің айтысы» қа­тар­лы айт­ыс­тар­ дан жұм­бақ айт­ыс үл­гі­ле­рін кө­ре­міз. Ақын­дар­дың осын­дай жұм­ бақ тү­рін­де­гі айт­ыс­та­ры олар­дың ақын­дық өне­рі­мен қа­тар, тап­ қыр, біл­гір адам­дар екен­дік­те­рін көр­се­те­ді. Мы­сал­ға «Әсет пен 69

Ырыс­жан­ның айтысын» алай­ық. Бұл екеуі де ірі айт­қыш, ел да­ра­ сы­на ата­ғы кең жай­ыл­ған ақын­дар бол­ған. Әсет айыр кө­мей, жез таң­дай, қау­сыр­ма жақ атан­ған ақын. Осы айт­ыс­та атақ­ты екі ақын бір-бі­рі­нен ақын­дық өнер асы­ра­мыз деп үл­кен тар­тыс­қа тү­се­ді. Бі­рақ же­ңі­се ал­май­ды. Сон­да Әсет­тің біл­гір­лік ша­ма-шар­қын сы­ на­мақ бо­лып, Ырыс­жан бір­не­ше жұм­бақ айтады. Оқыс­тан бе­ріл­ ген жұм­бақ­тар­ды Әсет ір­кіл­мес­тен та­бан ау­зын­да ше­шіп бе­ре­ді. Әсет Ырыс­жан­ның бі­рін­ші жұм­ба­ғын ше­ше оты­рып, сол за­ман­ да­ғы әкім­дер­ді, бо­лыс-би­лер­ді мей­лін­ше жа­ман­дайды. «Елу­ба­сы – құз­ғын, стар­шин – қан­ға тоят­та­ған қар­шы­ға, он­ба­сы­лар-күй­ кен­тай» деп көрс­те­те­ді. Ырыс­жан­ның екін­ші жұм­ба­ғы – адам­ның де­не мү­ше­ле­рі. Мұ­ны да Әсет әде­мі­леп ше­шіп бе­ре­ді. Ал үшін­ші жұм­ба­ғын­да: Арық­тап бір түйе өл­ді же­тіп ажал, Ал­ты бат­пан бұлы бар без­бен­ге сал. Сүйегі жер­ден, көк­тен та­был­майды, Біл­дің­бе, мұ­ның өзі қай­да өл­ген мал? – дей­ді Ырыс­жан. Бұл жұм­бақ­ты Әсет: Дом­бы­ра са­ған ер­ген бұл­бұл екен, Ырыс­жан сөй­лер сөз­ге қыр­ғын екен. Арық­тап от­тай ал­май өл­ген түйең Ақыл­мен абай­ла­сам бір жыл екен, –

деп ше­ше­ді жә­не «Ал­ты бат­пан бұлы бар» де­ге­ні бір жыл­да­ғы ал­ты ай жаз дей­ді. Сөйт­іп, ол қыз­дың бар­лық жұм­ба­ғын та­бан ау­ зын­да ше­шіп шы­ға­ды, тез ой­лап, шап­шаң жауап қай­ыра­ды. Өз ке­зін­де жұм­бақ айт­ыс­та­ры­ның мә­ні зор бол­ған. Ол ақын­ ның көп із­де­нуіне, біл­ме­ген­ді бі­луіне тал­пын­дыр­ған. Олай ет­пе­ се, айт­ыс­та же­ңі­ліп қа­ла­ты­нын біл­ген. Мұ­ның өзі кейін­де жас­ тар­дың бі­лім­ге ұм­ты­луына, дү­ние та­ну­ына, ой са­на­сын өсі­ру­ге әсер ет­кен деу­ге бо­ла­ды. «Ді­ни айтысы». Ді­ни та­қы­рып­ты өзек етіп айтыла­тын айт­ ыс тү­рі елі­міз қа­зақ­та­ры ара­сы­на ХІХ ға­сыр­дың со­ңын­да ме­шітмед­ре­се­лер­дің са­лы­нуымен бе­лең бе­ріп да­ми түс­кен. Де­мек, ді­ни айтысы таяу за­ман­ғы ақын­дар айтысы­нан өзін­дік орын ал­ған та­ қы­рып бо­лып, та­лай айт­ыс­тар­да ша­ри­ғат кей­де ар­найы, кө­бін­де жұм­бақ­тау жо­лы­мен жыр­ла­нып кел­ген. Ді­ни айтысы да ақын­нан бір­та­лай дін­дар­лық­ты, бі­лім­ді­лік­ті қа­жет­сі­не­тін қиын айт­ыс, өйт­ ке­ні ша­ри­ғат жұм­бақ­та­рын ше­шу оңай емес. Отар­бай ақын өзі­ 70

нің Най­ман қыз­бен айтысы­ның со­ңын­да ша­ри­ғат ту­ра­лы жұм­бақ айт­ыс жа­сай­ды. Най­ман қыз­дың дін ту­ра­лы қой­ған жұм­бақ­та­рын Отар­бай қай­ым өлең үл­гі­сі­мен бә­тін ше­шіп оты­ра­ды. Мы­са­лы, Най­ман қыз­дың: Ба­ла­сы ар­ғы­мақ­тың ай­дан ту­ған, Ар­да еміп, құ­на­нын­да тай­дан ту­ған. Құ­да екен, ақын бол­саң тоқ­тал­май айт­, Сүйегі пай­ғам­ба­рым қай­дан ту­ған? – де­ген жұм­ба­ғын Отар­бай ір­кіл­мес­тен: Ба­ла­сы ар­ғы­мақ­тың ай­дан ту­ған, Ар­да еміп, тай­дан ту­ған. Пай­ғам­бар­да ата да жоқ, ана да жоқ, Құ­дай­ым өзі өсі­ріп пай­да қыл­ған, –

деп жауап бе­ре­ді. Бұл айт­ыс­тан Отар­бай­дың ис­лам ді­ні­нен мағ­ лұ­мат­ты адам еке­нін бі­ле­міз. Бұл се­кіл­ді ді­ни айтысы Жү­сіп­бек­қо­жа мен Ла­зи­па­ның, Әсет пен Ырыс­жан­ның, Асыл­қан мен Та­ни­дың айт­ыс­та­ры­нан да кө­ре­ міз. Бұ­лар­да­ғы ша­ри­ғат айтысы жұм­бақ­тау жо­лы­мен өріс­тейді. Кей­бір ді­ни айт­ыс­та­рын­да же­ңіл әзіл ара­ла­сып, әріп­те­сін де, тың­ дар­ман­да­рын да жел­пін­ді­ріп оты­ра­тын тұс­та­ры да ке­зі­ге­ді. Мы­ са­лы, «Шар­ғын­мен На­сыл­қан­ның айтысын­да» Шар­ғын ақын На­ сыл­қан­ның ша­ри­ғат­тан қой­ған сұ­рауына орай: Ме­ні­мен егес­кен сен­дей­лер­ді, Ке­те­ді то­зақ жақ­қа ай­дап алып, Хор қы­зын иман­ды ер­кек құ­шақ­та­са, Қа­тын­дар күн кө­ре­ді қай­да ба­рып, –

деп әзіл-қал­жың­мен жауап бе­ре­ді. «Мы­сал(тәм­сіл­дік) айт­ыс». Бұл бір қы­ры­нан қа­ра­ған­да мы­ сал өлең­дер­ге ұқ­сап ке­те­тін айт­ыс тү­рі. Мы­сал айт­ыс­та өмір шын­ды­ғы­на не­гіз­де­ле оты­рып, өз тұ­сын­да­ғы сақ­та­лып отыр­ған қо­ғам­дық ін­дет­тер­ді, жа­ман­дық атау­лы­ны адам мен мал­ды, не­ ме­се хайуан­ды айт­ыс­ты­ру ар­қы­лы ал­ле­го­риялық тә­сіл­мен қат­ты ше­неп, әш­ке­ре­лей­ді. Мұн­дай айт­ыс тү­рі­нің та­ма­ша үл­гі­сін таяу за­ман айт­ыс та­ри­хы­на Асыл­қан Мың­жа­сар ұлы жа­рат­ты деу­ге бо­ла­ды. Бұ­ған оның «Ұры ал­ған көк ат­пен айт­ыс», «Ит­пен айт­ ыс», «Шо­лақ сиыр­мен айт­ыс», «Мол­да мен тор­ғай­дың айтысы» 71

қа­тар­лы айт­ыс­та­ры дә­лел. «Шар­ғын­ның алаяқ ат­пен айтысы» да осы мы­сал­дық айт­ыс­тың та­ғы бір жар­қы­нүл­гі­сі. Асыл­қан­ның «Ит­пен айтысын­да» ас­тын­да­ғы аты­нан ай­рыл­ ған ақын жоқ қа­рап жү­ріп, тұяғы­нан түк қал­ма­ған ақ­сақ ит­ке жо­ лы­ғып, жо­ғал­ған кер құ­нан­ның із-де­ре­гін сұ­рай­ды: Көр­дің бе көк құ­нан­ды қаң­ғып жүр­ген, Сол еді жал­ғыз атым мал қып жүр­ген. Ай­рыл­дым құ­дай атып кер құ­нан­нан, Әйт­еуір бұ­тым­ды ар­тып әл қып жүр­ген.

Бұл шу­мақ­тан кер құ­нан­ның ке­ліс­кен жыл­қы емес, кү­ті­мі де, күйі де жоқ әйт­еуір «бүт ар­тар­лы­ғы» бар еке­нін айту ар­қы­лы өзі­ нің күй­сіз­ді­гі мен ке­дей­лі­гін мыс­қыл­дай­ды. Ақын­ның сұ­рауына ит: Ай­рыл­дың ат­тан на­ғып мі­ніп жү­ріп, Ес-тү­сің­нен ай­рыл­дың кү­ліп жү­ріп. ...Сұ­рай­сың адам тү­ріп ит­тен ке­ліп, Мен бай­құс не­ні бі­лем үріп жү­ріп. Үйім­де жақ­сы бол­сам жат­пас па едім, Тұяқ жоқ ая­ғым­да жү­ріп-жү­ріп. Ай­рыл­дым ая­ғым­нан ақ­сақ бо­лып, Ұр­лық қып әр­бір үйге кі­ріп жү­ріп, –

деп, есі кет­кен ит­тен сұ­ра­ға­ның не көр­се­тер (се­нің де есің кет­ке­ ні) де­ген емеу­рін­мен ақын­ға соқ­ты­ға сұ­рау тас­та­са, бір жа­ғы­нан «байт­ал тү­гіл бас қай­ғы» бо­лып жүр­ген өз ба­сы­ның хал-күйін баян­дай­ды. Айт­ыс­та жал­ғыз ат­қа жа­ры­май жүр­ген жоқ­шы­лық, өнер-бі­лім­нен құр ала­қан жас­тар­дың ойын-той­ға ес-ақы­лы­нан ада­са бе­рі­ліп, бос­тан-бос­қа ма­стануы, жал­ғыз ат­ты, жоқ-жі­тік­ті еп­тейт­ін ұр­лық-қар­лық, ит­ке сен­се де, бір-бі­рі­не се­не ал­майт­ын се­нім­сіз­дік сын­ды ел-жұрт­ты жүй­ке­ле­тіп тұр­ған қо­ғам­дық ін­дет­ тер әш­ке­рі­ле­не­ді. Сол ар­қы­лы жас­тар мен жар­лы-жақ­пай­лар­ға ғиб­рат бе­ре­ді. [14, 231-б]. «Қар­ғыс айт­ыс». Айт­ыс ке­зін­де­гі қақ­ты­ғыс­тар­да қар­ғыс ма­ ғы­на­сын­да­ғы же­ке сөз, сөй­лем­дер ке­зі­гіп отыр­ғаын­мен әзіл үшін айт­са да, айт­ыс­та­ғы әр­бір тар­мақ, шу­мақ тү­гел­дей қар­ғыс тү­рін­де ке­ле­тін, не­ме­се тек қар­ғыс қа­на ауыз­ға алы­на­тын айт­ыс тү­рі қа­ зақ­тың айт­ыс та­ри­хын­да бұ­рын­ды-соң­ды бай­қал­ма­ған. Бұ­ны да 72

айт­ыс өне­рі­не ақын Таң­жа­рық әкел­ген жа­ңа түр деу­ге бо­ла­ды. «Таң­жа­рық пен Әле­кен­нің қар­ғыс айтысы» мұ­ның жар­қын мы­ са­лы. Айт­ыс­та әріп­тес­тер бір-бі­рі­нің қа­тын ба­ла­сы­нан тар­тып, ас­тын­да­ғы ат­та­ры мен есі­гін­де­гі ит­те­рі­не дейін тү­гел қар­ғап шы­ ға­ды. Мы­са­лы, Әле­кен: Мал-жа­ның, қа­тын-ба­лаң тып-ти­пыл боп, Жұр­тың­да жал­ғыз итің ұлып қал­сын.

Таң­жа­рық: Қа­ты­ның мен екеуің қа­тар өліп, Ар­тың­да жал­ғыз ба­лаң зар­лап қал­сын.

Тұ­тас айт­ыс осын­дай адам ба­ла­сы үшін өте ауыр тие­тін, сүйек­тен өте­тін жан­түр­ші­гер­лік қар­ғыс­тар­дан құ­ра­ла­ды. Екі ақын бір- бі­рі­нен ар­ты­ла тү­сіп қар­ға­ға­ны­мен бә­рі әзіл үшін айт­ ыл­ға­ны аң­ға­ры­лып тұ­ра­ды. Қор­тын­ды­лап айт­қан­да, таяу за­ман­ғы ақын­дар айтысы маз­ мұн жақ­тан бай­ып, фор­ма жақ­тан ке­мел­де­не то­лыс­ты. Бұл дәуір ақын­дар айт­ыс­та­рын­да за­ман-­дәуір кел­бе­ті мен шын­ды­ғы, ха­ лық­тың тағ­дыр тау­қы­ме­ті мен ты­ныс тір­ші­лі­гі, тұр­мыс-сал­ты мен әдет-ғұр­пы, дү­ние та­ны­мы, ді­ни се­нім-на­ным­да­ры, білм, мә­де­ниет өре­сі т.с.с кө­рі­ніс та­бу­мен бір­ге, ру­лық тар­тыс­тар мен тап­тық жік, алуан-түр­лі қо­ғам­ның шы­найы бей­не­сі, әлеу­мет­тік тең­сіз­дік, әді­лет­сіз­дік, зор­лық-зом­бы­лық, жоқ­шы­лық пен жо­ма­ рт­тық, әйел­дер тең­ді­гі, ел­дің бе­ре­ке-бір­лі­гі мен ын­ты­ма­ғы, кей­ бір та­ри­хы оқи­ға­лар сүр­леуі, сау­да мен өнер, жас­тар­дың ар­манмұ­ра­ты, ұлан­ғайыр да­ла за­ңы бе­дер­лен­ді. Сөйт­іп, атал­ған дәуір­де елі­міз қа­зақ­та­рын­да айт­ыс­кер­лік дәс­түр дәуір ру­хы­мен жа­ңа­рып, дәу­рен­деп өсіп, қау­лап қауа­шақ жай­ып, кейін­гі ақын­дар айтысы­ ның үл­гі алар үл­кен өнер мек­те­бі­не ай­нал­ды. (Бұл та­рауды жа­зу­да Жә­лел Нұр­пейісұлы қа­тар­лы­лар жаз­ған «Қа­зақ айтысы­ның та­ри­хы» мен Бек­сұл­тан Қа­сей­ұлы­ның «Айт­ ыс-сөз ба­рым­та­сы» де­ген кі­тап­та­рын не­гіз етіп пай­да­ла­ныл­ды.) Ар­нау өлең­дер. Ар­нау өлең жа­сам­паз­ды­ғы елі­міз таяу за­ман ақын­да­рын­да­ғы та­ғы бір түр­лі әде­би ау­қым бо­лып, ақын­дар қо­ ғам­ға, бол­мыс­қа, не­бір же­ке­ге бол­ған көз­қа­ра­сын, тұр­ғы та­ным­ 73

да­рын бей­не­леуде ар­нау өлең­дер­дің алуан тү­рін пай­да­лан­ған. Сол ар­қы­лы да өз тұ­сын­да­ғы қо­ғам­ның сан-алуан қай­шы­лы­ғын, шы­найы бет-бей­не­сін, қа­раң­ғы, жақ­та­ры мен жа­ғым­сыз мі­незқұлық­тар­ды, то­ғы­шар­лық­ты әш­ке­ре­леп діт­те­ген мақ­сат­та­ры­на же­тіп отыр­ған. Де­мек, ар­ғы та­ри­хы ха­лық ауыз әде­биеті­нен бас­ тау ал­ған ар­нау өлең­дер елі­міз таяу, қа­зір­гі за­ман қа­зақ поэзиясы­ ның та­ғы бір ар­на­сы бо­лып қо­сыл­ған. Қа­зақ ар­нау төр­кін, те­гі тым ары­дан бас­та­ла­ты­ны анық. Ары­ сын айт­сақ, ең ес­кі тұр­мыс салт жы­ры бо­лып зерт­те­ліп жүр­ген жоқ­тау өлең­де­рін де ар­нау өлең­де­рі­нің бір са­ла­сы деу­ге бо­ла­ды. Оны қа­за бо­лу­шы­ның «ті­рі күн­де­гі ке­ре­мет­те­рі, адам­гер­ші­лі­гі не ар­тын­да қал­ған қай­ғы­лы адам­дар­дың мұң мен за­ры өлең сөз­бен айтыла­ды, осы­ны зар­лай ар­нау» дей­міз деп ше­шен­дік ар­наудың бір тү­рі ре­тін­де зерт­те­ліп тұ­рақ­тан­ған жайы да бар. Ар­нау жыр­ ла­ры­ның шы­ғу те­гі ма­дақ жыр­ла­ры­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­ты жа­ғы да бар. Өйт­ке­ні ер­те­де ма­дақ жыр­ла­ры адам өмі­рін­де­гі ерек­ше оқи­ға­лар­ды, адам ба­тыр­лы­ғын, мі­нез ірі­лі­гін, та­би­ғат­тың ерек­ше құ­бы­лы­сын мақ­тау­ға ар­нал­ған. Осын­дай ар­нау са­ры­ны «Ор­хонЕни­сей ес­ке­рт­кіш­те­рін­де­гі» қа­ған­дық­ты, қа­ған­ды мақ­тау­мен ас­ тар­ла­сып та жат­са, «Қор­қыт ата кі­та­бын­да­ғы» ба­ғыт­та­ма­лы ба­таті­лек­тер, өлең-жыр үл­гі­ле­рі де осы тек­тес жыр­лар­дың та­би­ға­тын та­ны­та­ды. «Түр­кі тіл­дер сөз­ді­гін­де» ес­те­лік­ке алын­ған жыр­лар­ дың ішін­де та­би­ғат жыр­ла­ры, тұр­мыс-салт жыр­ла­ры, ди­дак­ти­ка­ лық, ли­ри­ка­лық жыр үзін­ді­ле­рі­нің кө­бі бел­гі­лі ны­са­на,объек­ті­ге ба­ғыт­тал­ған бо­лып, ар­нау өле­ңін­дік си­пат ала­тын­ды­ғын бай­қауға бо­ла­ды. Қа­зақ хан­ды­ғы дәуі­рін­де­гі жы­раулық поэзия­ның бір бө­ лі­мі ше­шен­дік ар­наулар­дың ерек­ше­лі­гін бой­ына сі­ңір­ген. Сон­ дық­тан жы­рау жыр­ла­ры да не­гі­зі­нен хан­ға, ба­тыр­лар­ға, ха­лық­қа қа­ра­тыл­ған үгіт на­си­хат­тық маз­мұн алып, ар­нау өлең­де­рі­нің үл­ гі­сін аң­да­та­ды. Ұлы Абай да өз тұ­сын­да­ғы қо­ғам­ның қай­шы­лы­ғын, қа­зақ са­ ха­ра­сы­ның сү­рең­сіз­ді­гін, қа­зақ­тың мі­нін айып­тауда ар­нау өлең­ дер­ді өт­кір құ­рал ре­тін­де пай­да­лан­ған. «Бо­лыс бол­дым мі­не­кей» (Кү­лем­бай бо­лыс­қа ар­нал­ған) ат­ты әйгі­лі са­ти­ра­лық ар­нау өле­ ңін­де би­лік ұс­та­ған­дар­ды ха­лық­қа жа­на­шыр бо­лу­ға үгіт­те­се, «Жа­сым­да ғы­лым бар деп ес­кер­ме­дім» сын­ды өзі­не қа­рай ба­ғыт­ та­лып, ар­на­лып жа­зыл­ған бір қа­тар өлең­де­рін­де өзі ар­қы­лы өз­ге­ ге өне­ге көр­се­ту, жа­ңа­лық­қа же­те­леу, өнер­ғы­лым үйре­ну­ге ын­та­ лан­ды­ру мақ­са­ты көз­дел­ген. 74

Ары­дан бас­тау ал­ған ар­нау өлең­де­рі­нің үз­дік­сіз өсіп-өр­кен­ деп, ке­мел­де­ну үс­тін­де кел­ген­ді­гін кө­ру­ге бо­ла­ды. Со­ны­мен бір­ ге әр дәуір­дің ар­нау өле­ңі өз тұ­сы­ның қо­ғам­дық мі­нез­де­ме­сі­нің айны­ма­ған маз­мұн­дық туын­ды­сы екен­ді­гін аң­ға­ра­мыз. Мі­не осын­дай құ­нар­лы то­пы­рақ­тан өсіп-өн­ген ар­нау өлең­ де­рі­нің елі­міз таяу за­ман қа­зақ поэзиясы­ның үл­кен бір ар­на­сы бол­ған­ды­ғын ұлы Абай­дан ті­ке­лей ақын­дық тә­лім қа­был­да­ған Шың­жаң қа­зақ әде­биетін­де­гі ұлы тұл­ға­лар Ақыт, Әсет, Таң­жа­ рық, Кө­дек, Асыл­қан, Отар­бай т.б. ақын­дар­дың туын­ды­ла­ры дә­ лел­дей тү­се­ді. Бұл дәуір­де ша­ғын, қыс­қа өлең­дер шо­ғы­рын­да­ғы ар­нау жыр­ла­ры қо­ры­ның қо­мақ­ты бо­лу­ына қа­ра­май, аса икем­ді бір поэзия­лық жанр ре­тін­де тұл­ға­лан­ды. Бі­рақ осы ар­нау өлең­де­ рі бү­гін­гі күн­нің та­ла­бы тұр­ғы­сы­нан, қа­зір­ге дейін­гі ба­сы­лым кө­ ріп жат­қан жо­ға­ры мек­теп оқу­лық­та­ры мен қа­тыс­ты ең­бек­те­рін­де ар­наулы, жүйелі түр­де ауыз­ға алы­нып, зерт­тел­ген жоқ. Де­ген­мен, осы дәуір­де­гі ар­нау өлең­де­рі өзі­нен бұ­рын­ғы дәуір­ лер­де­гі поэзя­ның си­па­тын дәс­түр­лі тұр­ғы­дан та­ны­ту­мен бір­ге, өзін­дік ерек­ше­лік­те­рі­мен де көз­ге тү­се­ді. Ең ал­ды­мен ар­нау жыр­ла­ры­ның жер­лік, дәуір­лік си­па­ты өте ай­шық­ты бо­лып, әр туын­ды­ның та­ри­хи арт­қы кө­рі­ні­сін та­ну­ ға зор мүм­кін­дік бер­ді. Таң­жа­рық өз за­ма­ны­ның, өз қо­ға­мы­ның ту­ды­рып отыр­ған қыл­мы­сын әш­кер­леу үшін ел би­ле­ген жер­лік мән­сап­ты­лар­ды, бай-ма­нап­тар­ды, би­лік ұс­та­ған го­мин­даң­ның ха­ лық­қа сал­ған ла­ңын ақын «Шың­шы­сай су­ре­ті­не», «Са­тыл­қан­ға» т.б. қа­тар­лы өлең­де­рі­мен аша біл­ді. Ал Әсет­тің «ар­нау өлең­де­рі қа­зақ­тың ат­қа мі­нер би-бо­лыс­та­ры­на, шен-шек­пен­ді бай ма­нап­ тар­ға, мол­да бақ­сы­лар­ға, сон­дай-ақ өнер­паз­дар­ға, адал­дық үшін маң­дай те­рін ағыз­ған ел қа­лаулы­ла­ры­на қа­ра­ты­лып» өмі­рі­нің соң­ғы кез­де­рін­де өзі кез­дес­кен нақ­ты оқи­ға­лар­ға, іс­тер­ге бай­ ла­ныс­ты туын­да­ған. Сол се­беп­ті бұл ар­нау өлең­де­рі­нің өңір­лік, дәуір­лік бол­мыс кел­бе­ті едәуір ай­қын деу­ге әб­ден бо­ла­ды. Отар­ бай Дүй­сен­біұлы­ның «Ажы гүң­ге», «Ар­қа­лық­қа» ар­на­ған жыр­ ла­ры­ның Ал­тай өңі­рін­де­гі нақ­ты би­лік ұс­та­ған­дар мен ха­лық тұл­ға­ла­ры ара­сын­да­ғы қай­шы­лық­ты ха­лық­тық тұр­ғы­дан жыр­ла­ ған көр­кем де өре­лі ар­нау өлең­де­рі есеп­те­ле­ді Өз дәуі­рін­де­гі ха­лық­қа ең ке­рек­ті, айт­па­са, кө­тер­ме­се бол­ майт­ын ма­ңыз­ды та­қы­рып­тар­ды да ақын­дар өз ор­та­сы­на, ың­ ғай­ына қа­рай ар­нау өлең­де­рін­де кө­ре­ген­дік­пен, көр­кем­дік­пен ­жыр­лай біл­ді. Ақыт, Әсет, Таң­жа­рық, Кө­дек, Ар­ғын­бек, Шіл­бі, 75

Отар­бай, Асыл­қан т.б. ақын­дар­дың жыр­ла­ры­ның, оның ішін­де ар­нау өлең­де­рі­нің ба­сым кө­бін­де, мо­мын, ұйқы­да жат­қан ел­ді жа­ңа­лық­қа, өнер бі­лім­ге ша­қыр­ған, оты­рық­ты мә­де­ниет қа­лып­ тас­ты­ру­ға үн­де­ген, не­ке тең­ді­гін, бас бос­тан­дық­ты дә­ріп­те­ген маз­мұн­дар ба­сым орын­да бол­ды. Ар­нау жыр­ла­ры­ның жанр­лық та­би­ға­ты ай­шық­ты, көр­кем­дік дең­гейі биік бол­ды. Бұл тұс­та­ғы ту­ған жыр­лар на­ғыз дәуір­ге, қо­ ғам­дық өмір­ге бай­ла­ныс­ты бо­лып, нақ­ты­лы объек­ті­лер­ге ба­ғыт­ тал­ды. Ше­шен­дік пен ше­бер­лі­тік ұш­тас­ты­ра біл­ді. Са­ти­ра­ның да, ди­дак­ти­ка­ның да, лир­ка­ның да көр­кем си­па­тын та­ныт­ты, сан жа­ ғы­нан да, са­па жа­ғы­нан да көр­нек­ті бо­лып, икем­ді бір поэзия­лық жанр ре­тін­де тұл­ға­ла­на ал­ды деу­ге бо­ла­ды. Ар­нау жыр­ла­ры­ның та­ғы бір ерек­ше­лі­гі олар­дың де­рек­тік, тәр­бие­лік құ­ны­мен бай­ла­ныс­ты. «Әде­биет адам ба­ла­сы­на ой са­ лар­лық, көр­кем ғиб­рат бе­рер­лік, мек­теп бол­са, өз мін­де­тін орын­ да­ға­ны» деп біл­сек, әде­биет­тің әр бір жан­ры­на сон­дай мін­дет жүк­те­ле­ді де­ген сөз. Ен­де­ше, ар­нау жыр­лар бел­гі­лі бір объек­ті­ ге ­ға­на ба­ғыт­тал­ған бол­са да, өз за­ма­ны, өзі жа­са­ған өңір­лер­де­ гі бү­кіл ха­лық­тың хал-күйін, қо­ғам­дық- әлеу­мет­тік жағ­дай­дың сан алуан қат­пар­ла­рын, топ­тар мен жік­тер­дің ор­та­сын­да­ғы қай­ шы­лық қақ­ты­ғыс­тар­ды, же­ке тұл­ға­лар­дың бол­мыс-бі­ті­мін, жан дү­ниесін, олар­дың өмір сүр­ген ор­та­сын т.б. то­лып жат­қан жай­ лар­дың бә­рі­нен ха­бар­дар ете­ді. Со­ны­мен бір­ге бұл ар­нау өлең­ дер өт­кір­лі­гі­мен, тұ­жы­рым­дыл­ғы­мен, тар­тым­ды­лы­ғы­мен ха­лық кө­ңі­лі­нен орын алып, ел ара­сы­на тез та­рап үл­гер­ді. Сырт­қы дү­ ниеден, жа­ңа­лық атау­лы­дан құр ала­қан қа­лып, тау са­ға­лап, өзен жа­ға­лап кө­шіп жүр­ген ха­лық­тың са­на­сы­на сәуле тө­гіп, ру­ха­ни дү­ниесі­не сіл­кі­ніс ту­дыр­ды, ру­ха­ни­жақ­тан сер­піл­тіп қа­на қой­ған жоқ, бұ­дан кейін­гі өмір­ле­рін­де не іс­теу ке­ре­ке­кен­ді­гін, қан­дай ор­ та­да өмір сү­ріп жат­қан­ды­ғын көз ал­ды­ла­ры­на жай­ып сал­ды. Сол се­беп­ті бұл кез­де­гі ар­нау өлең­де­рі­нің тәр­бие­лік ма­ңы­зы да аса жо­ға­ры бол­ған деп қор­тын­ды­лау­ға бо­ла­ды. Жо­ға­ры­да­ғы ерек­ше­лік­те­рі­не қа­рай ар­нау өлең­дер­ді са­ти­ра­ лық жә­не ди­дак­ти­ка­лық ар­наулар деп топ­тас­ты­рып, же­ке­ле­ген шы­ғар­ма­лар­дың маз­мұн­дық бі­ті­мі­не тал­дау жа­сауға бо­ла­ды. Са­ти­ра­лық ар­нау өлең­дер. Жал­пы осы тұс­та­ғы Шың­жаң қа­ зақ әде­би туын­ды­ла­ры­ның ішін­де­гі дәуір ауқы­мы­на сай жа­рық­қа шық­қан төл туын­ды­лар­дың маз­мұн­дық ың­ғай­ына үңі­ліп­көр­сек өз дәуірі­нің ащы шын­дық­та­ры, ха­лық тұр­мы­сы­ның алуан қыр­ла­ры, 76

эко­но­ми­ка­лық хал-күйі, мә­де­ниет өре­сі, қо­ғам­ның қат­пар­лы мә­се­ ле­ле­рі, та­би­ғат­тың, ту­ған ме­кен­нің сай са­ла­сы, түр­лі жік­те­гі адам­ дар бей­не­сі т.с.с то­лып жат­қан та­қы­рып­та­ғы мә­се­ле­лер сөз бол­ды. Бұл дәуір­де­гі поэзия­ның та­қы­рып аясы ке­ңей­ді, маз­мұн-мә­не­рі жа­ңа­лан­ды, бұ­рын­ғы­дай ма­дақ-ма­ра­пат­тау азай­ып, сын, әш­ке­ре­ леу кө­бей­ді. Сөйт­іп жа­сам­паз­дық ба­ғы­ты бір­тін­деп сын­шыл реа­ лизм ба­ғы­ты­на ауыс­ты. Бұ­лай бо­лу­ына сол кез­де­гі ел­дің қо­ғам­ дық-әлеу­мет­тік, саяси жағ­дайы жә­не мә­де­ни-әде­би тір­лі­гін­де­гі өз­ге­ріс­тер мен жа­ңа­лық­тар се­беп­ші бол­ды. Сон­дық­тан да зиялы қауым өкіл­де­рі әсі­ре­се, ха­лық жа­ғын­да тұр­ған ақын­дар қауымы сол тұс­та­ғы кер­тарт­па үкі­мет­тің зұлым­ды­ғын аш­кер­леп, жер­гі­лік­ті ат­қа мі­нер­лер­дің ке­міс­тік кем­ші­лік­те­рін, қа­ті­гез­дік­те­рін та­нып біл­ ді, бо­ла­шақ­қа үл­кен үміт пен се­нім­мен қа­ра­ған олар, өз­де­рі біл­ген шын­дық­ты же­рі­не жет­кі­зіп, ба­тыл айтуға, ха­лық­қа өт­кір тіл­ді шы­ ғар­ма­ла­ры ар­қы­лы үгіт на­си­хат айтуға бейім бол­ды. Әсі­ре­се, ақын­дар­дың ар­нау өлең­де­рі­нің са­ти­ра­лық бояуы­ның қа­нық бо­луы да осы бір ау­қым­ға бай­ла­ныс­ты деу­ге бо­ла­ды. Жал­ пы бұл тұс­та­ғы ар­нау өлең­де­рі­нің жа­рық­қа шы­ғу­ына нақ­ты­лы ор­та, нақ­ты­лы адам, нақ­ты­лы ке­зең, нақ­ты­лы уақи­ға се­беп бо­лып отыр­ған­дық­тан шы­ғар­ма­ла­ры­ның реа­лис­тік си­па­ты да күш­ті бо­ лып ке­ле­ді. Ақын­дар­дың дәс­түр­лі әде­биет­тің ең ұтым­ды тұс­та­ рын пай­да­ла­нуы, суы­рып сал­ма ақын­дық та­лан­ты, та­бан­да тауып айтатын айт­қыш­ты­ғы, ше­шен­ді­гі қа­тар­лы қа­сиет­те­рі не­гі­зін­де ар­нау жыр­ла­ры­ның тууы да өте та­би­ғи деу­ге бо­ла­ды. Де­мек, сол ар­нау поэзиясы­ның ішін­де, са­ти­ра­лық ар­наулар­дың ба­сым орын­ да тұ­руы да те­гін емес. Өйт­ке­ні, он­да ақын­дар­дың ма­хаб­бат-қар­ ғы­сы мен алуан әлеу­мет­тік ау­қым­ды бей­не­лейт­ін маз­мұн­дар қам­ тып, ха­лық са­на­сын ояту мақ­са­ты көз­дел­ген. Са­ти­ра ла­тын ті­лі­нен кел­ген сөз бо­лып, өзі су­рет­теп отыр­ған оқи­ға­ны, құ­бы­лыс­ты не­ме­се кейіп­кер­ді өт­кір сын­ға алып, ажуаға ай­нал­ды­ра­тын к­ өр­кем­дік­ бей­не­леу тә­сі­лі деп біл­сек, қа­зір­гі за­ман қа­зақ поэзия­сын­да­ғы са­ти­ра­лық ар­наулар­дың ең үл­кен ерек­ше­лі­ гі же­ңіл, ма­ғы­на­сыз юмор­лар­га қол арт­пай, аш­ты ше­неу, же­рі­не жет­кі­зе мі­неу, те­рең әш­кер­леу­ге сүйене­тін жа­ғы­ның ба­сым бо­лып ке­ле­ті­ні осы анық­та­ма­ға сай ке­ліп тұр. Бір бө­лім ар­нау өлең­де­рін­ де же­ңіл әзіл­дік си­пат, күл­дір­гі­лік бояуы күш­ті бол­ға­ны­мен, оның да ас­та­рын­да ма­ңы­зы бар ке­ле­меж­деу си­па­ты­ның тұ­нып тұр­ға­нын аң­ға­ра­мыз. Са­ти­ра­лық ар­нау өлең­де­рі ар­нал­ған объек­ті­нің кім, не бол­ға­ны­на қа­рай әр түр­лі си­пат ала­ты­нын айтуға бо­ла­ды. 77

Бі­рін­ші, сар­казм­дық не­ме­се ше­неулік си­пат­ты ар­нау өлең­дер. Таң­жа­рық өз за­ма­ны­ның, өз қо­ға­мы­ның ту­ды­рып отыр­ған қыл­ мы­сын әш­кер­леу үшін ел би­ле­ген ман­сап­ты­лар­ды, бай ма­нап­тар­ ды, го­мин­даң­ның ха­лық­қа сал­ған ла­ңын са­ти­ра­лық ар­нау өлең­ де­рін­де тіл қан­жа­ры­мен түй­рей­ді. Ақын «Шың­шы­сай су­ре­ті­не» дейт­ін өле­ңін­де: Отыр­сың қа­ра за­лым тү­сің қа­шып, Біз жүр­міз ай­дау­ың­да асып- са­сып. Ар­ман­сыз дү­ниеден өтер едім, Қа­ның­ды бір ұрт­та­сам жал­ғыз қа­сық, –

деп Шың­шы­сай­дың за­лым­ды­ғын бе­ті­не ба­сып, аса өш­пен­ді­лік­ пен, өң­ме­ні­нен өт­кі­зе айт­са, «Го­мин­даң­ға» де­ген өле­ңін­де: ...Қа­ра­май айна­ла­ңа көз жі­бе­ріп, Дү­ниеге жал­ғыз ға­на ту­ған­дай­сың. Бір ұр­тың у, бір ұр­тың қан­ға то­лып, Өті­рік әділ­мін деп су­маң­дай­сың, –

деп ке­ле­тін жиыр­ма ал­ты тар­мақ­тан тұ­ра­тын бір ұй­қас­пен тү­ се­тін өле­ңін­де аса бір үл­кен ше­бер­лік­пен сол бір би­леуші қо­ ғам­дық топ­тың қыл­мы­сын әш­кер­леп, қа­ты­гез, ал­дам­шы заң сая­сат­та­ры­ның төр­кі­нін ел ал­ды­на жай­ып са­ла­ды. Мұн­да­ғы ата­лып отыр­ған құз­ғын, құ­май, қас­қыр, сауыс­қан сол топ­тың, го­мин­даң­ның бел­ді ман­сап­ты­ла­ры­ның алуан ха­рек­ті­рін көз ал­ ды­ңыз­ға кел­тір­се, «Шы­қы­лық­тау», «Су­маң­дау», «Қыл­маң­дау», «Ыр­жаң­дау» т.б. қи­мыл­дық су­рет­теу­лер ар­қы­лы олар­дың алуан түр­лі айла-тә­сіл­де­рі­нің, зұлым­дық­та­ры­ның шын кес­пі­рін кес­те­ лі, об­раз­ды тіл­мен ке­ліс­ті­ріп соқ­қы­лай­ды. Мұн­дай сар­казм­дық тә­сіл­мен айтыла­тын өт­кір сын, «Сы­ғай зәң­гі­ге», «Мақ­сұт­қа», «Уго­лин­ге», «Лауға ба­ру», «Оу, жақ­сы­лар» т.б. қа­тар­лы өлең­де­ рі­нен де ай­қын кө­рі­не­ді. «Ақыт­тың өмі­рі әді­лет­сіз­дік­пен, жауыз­дық­пен кү­ре­сіп өт­кен өмір, ха­лық­ты бі­лім­ден­ді­ру, мә­де­ниет­ке же­те­леу жо­лын­да жү­рек қа­ны сар­қыл­ған­ша із­де­ніп, ең­бек­тен­ген өмір» бол­ған­дық­тан бір бө­лім ар­нау өлең­де­рі үл­кен жақ­тан на­си­хат­тық си­пат ал­ға­ны­мен ащы са­ти­ра­ға, жет­кі­зе ше­неуге бейім жыр шу­мақ­та­ры да кез­де­се­ ді. «Би­лер­ге» де­ген өле­ңін­де: 78

Әділ­дік жоқ ар­сыз би, Ақі­рет­тен қам­сыз би. Ар бі­реуге жал­та­қой, Айт­қан сө­зы нәр­сыз би. Оқу да жоқ, то­қу жоқ, Ша­ри­ғат­қа ша­бан би. Ес­кі заң­мен гүм­піл­дер, Қар­сы шауып қа­бан би, –

деп ке­ле­тін жыр жол­да­рын­да ел­ге ең­бек етіп, әділ би­лік айтудың ор­ ны­на, өз құ­қы­ғы­нан пай­да­ла­нып, ар­сыз­дық­пен, зұлым­дық­пен, түр­лі айла­мен ел­ді қан қақ­са­тып, сү­лік­тей со­рып, обал­ды ете­тін би­лер­ді ше­ті­нен ха­ре­кт­рі­не қа­рай ті­зе оты­рып қыл­мы­сын әш­кер­лейді. Кө­дек шы­ғар­ма­ла­ры­ның бір биігі бол­ған «Кең те­ке­сін» маз­ мұн аясы кең, ті­лі мір­дің оғын­дай, кө­ре­ген­дік­пен ке­ле­шек ту­ра­лы бол­жам айт­қан әде­мі са­ти­ра­лық ар­нау өлең деу­ге бо­ла­ды. Оны «тол­ғау» ре­тін­де тал­дау жа­саушы­лар бар. Ал өлең­нің өн бой­ын­ да­ғы «Па­ра­қор ал­ты ақа­лақ­шы» ту­ра­лы айт­қан­да со­лар­дың қо­ лын­да есең­гі­реп күй кеш­кен қа­ра­пай­ым ха­лық­тың ащы күйін шерт­се, Го­мин­даң би­леуші­ле­рі Яң Зың­шин, Бу Ду­тоң, Шың Шы­ сай­лар ту­ра­лы айт­қан­да «ал­пыс түр­лі айла­сы бар» түл­кі тек­те і­с-ә­ре­ке­тін ­мас­қа­ра­лай­ды. Жал­пы «Кең те­кес» деп атал­ған бұл өлең­де «сон­ша­ма кең, сон­ша­ма көр­кем Те­кес та­би­ға­ты­ның ор­ нын­да адам се­зі­мін сер­гі­тер­лік­тей бір­де-бір кө­рі­ніс жоқ. Қайта оның ор­нын­да сон­ша­ма сүр­кей, сон­ша­ма ты­мы­рық өмір бей­не­сі, қа­нау мен қа­на­лу­дың шын бояулы ашы­ныш­ты су­рет­те­рі жат­қа­ нын» кө­ру­ге бо­ла­ды. Есі­мін бү­кіл қа­зақ біл­ген әйгі­лі ән­ші, саз­гер, айт­ыс­кер ақын ре­тін­де Әсет ақын та­лай той ме­ре­ке­лер мен әйгі­лі айт­ыс­тар­дың тө­рін­де өнер көр­сет­кен, ха­лық­тың құр­ме­ті­не бө­лен­ген өнер иесі бол­ған­дық­тан, оның ма­дақ тү­рін­де­гі ар­нау жыр­ла­ры­ның бо­луы та­би­ғи. Алай­да, ақын ха­лық­тың ақы­ны әрі көр­ген-біл­ге­ні, ойына түй­ге­ні көп тұл­ға бол­ған­ды­ғы се­беп­ті, ха­лық­ты қол­дап ат­қа мі­нер­лер­дің, бай-бо­лыс­тар­дың мі­нін бе­тің-жү­зің де­мей шық­пыр­ тып оты­рып бе­ті­не ба­са біл­ді. Алып айт­сақ «Құр­ман қа­жы­ға», «Алаш­қа», «Сейіт ешен­ге», «Бо­лыс­тар­ға», «Жа­бық­пай мен Меш­ пет­ке» т.б. өлең­де­рі ел­ге та­ны­ма­лы же­ке тұл­ға­лар­ға ар­нал­ған са­ ти­ра­лық си­па­ты бар ар­нау өлең­дер бо­лып та­бы­ла­ды. Отар­бай Дүй­сен­біұлы­ның «Ажы гүң­ге», «Жә­ке би­ге сә­лем де» қа­тар­лы ар­нау өлең­де­рі өт­кір са­ти­ра­лық ар­нау жыр­ла­ры­ның 79

тар­тым­ды үл­гі­сі. «Әсі­ре­се, ақын сол «Ажы гүң­мен» сіл­кі­ле­кен кез­дер­ден бас­тап, Ажы­ның Ар­қа­лық­тай ел қор­ға­ны­на опа­сыз­дық жа­са­ға­нын ше­ней­ді. Ол­шын­дық пен жа­ла жай­ын­да, ха­лық пен өк­тем­дік жай­ын­да, тең­сіз­дік­пен тең­дік жай­ын тү­сі­ніп же­тіп» са­ на­сын­да үл­кен сіл­кі­ніс­тің туылуы ақын­ның ар­нау өлең­де­рі­нің са­ ти­ра­лық бояуын кү­шейт­кен деу­ге бо­ла­ды. Ра­бат бас­қа­лар­дан ше­шен ақ­сың, Сер­ке­дей қой бас­та­ған кө­сем ақ­сың, Бар ма­лын бес жүз үй­дің жиып ал­дың, Көз­жа­сы, мұ­рын бо­ғы ке­се­лі ат­сын...

деп «Ра­бат­қа» төн­ген жас ақын Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы­ның ар­ тын­да қал­ған са­наулы ар­нау жыр­ла­ры­ның ішін­де де осын­дай уыт­ты жақ­сы жыр жол­да­ры кез­де­се­ді. Ақын­дар­дың бұл тұс­та­ғы са­ти­ра­лық ар­нау өлең­де­рі­нің бір то­ бы иро­ниялық, эпиг­рам­ма­лық түс ала­ды. Өлең­дер­дің маз­мұ­нын­ да әсі­ре­се, өз­де­рі жа­са­ған ор­та­да өмір сүр­ген кей адам­дар­дың ба­сын­да­ғы бел­гі­лі мін­де­рін ашып бе­ру­ді, сол ар­қы­лы ағат­тық­ты тү­зе­ту­ді мақ­сат ет­кен деу­ге бо­ла­ды. Сон­дық­тан бұл топ­та­ғы са­ ти­ра­лық ар­нау өлең­дер оқыр­ман­дар­ды күл­ді­ру үшін емес, тәр­бие бе­ру үшін жа­зы­лып не­ме­се айтылып жат­қа­нын аң­ға­ра­мыз. Таң­жа­рық­тың «Қа­рын­байға» («Қа­рын­байда жер үйге ұс­та бол­ды») өле­ңін­де жа­қы­ны бол­са да жа­ны­на ба­ты­рып, Қа­рын­ бай­дың қыс қа­мы­на ер­те кі­ріс­пей, уақы­тын өт­кі­зіп ба­рып жер үй қаз­ған тір­лі­гін әзіл­ге сүйеп сы­най­ды. «Қыс кел­ме­се, аю­дың апа­ нын­дай қа­зар еді» деп оның ең­бек­ке қы­ры жоқ­ты­ғын, жал­қау кей­ пін ашып, оқыр­ма­нын ой­лан­ды­ра­ды. «Омар­мы­сың» де­ген ар­нау өле­ңін­де өзі­не та­ныс ке­дей жі­гіт­тің сә­ле­мін ал­ған соң, сон­да­ғы айт­қа­ны: Уаға­лай­кум ас­са­лам Омар­мы­сың, Осы үйге сау­ын­шы бол­ған­бы­сың? Шіл­де­нің ыс­ты­ғын­да шал­бар киіп, Қа­ра­шы бей­ша­ра­ның обал­ды­сын. Бүйіт­кен­ше өзің­ше ең­бек ет­пей­мі­сің, Та­лап­тан­саң мақ­сат­қа жет­пеймі­сің. Бір сер­піл­мей осы­лай ке­те бер­сең, Бір өмір езі­лу­мен өт­пей­мі­сің, –

80

дейт­ін бұл өле­ңін­де сә­лем­ді әзіл­дей алып, жай ға­на қы­зық үшін айт­ып отыр­ған жоқ, ана бір ал­пам­са­дай ат­пал аза­мат­тың бі­ реудің оты­мен кі­ріп, кү­лі­мен шы­ғып жүр­ген күл­ді кө­меш, сү­ рең­сіз кей­пі­не сын айт­ып, бұл ті­рі­лі­гі­нің ер аза­мат­қа лай­ық тір­ лік емес­ті­гін, «Шіл­де­нің ыс­ты­ғын­да шал­бар киіп» мә­де­ниет­тен жұр­дай бол­ған қал­пын сы­най­ды. Ен­де­ше, бұл өлең сол тұс­та­ғы қан­ша­ла­ған жал­шы, жар­лы жа­қы­пай­лар­дың са­на­сы­на сәуле тү­ сі­ріп, жа­ңа мә­де­ниет­ке, жа­ңа тір­лік­ке бейім­де­луіне түрт­кі бол­ ға­ны шын­дық. Бұ­дан бас­қа, «Мед­ре­се дің­ге­гі­не жа­зыл­ған өлең», «Мы­шан мам­паң­ға хат», «Дал­да­ға», «Әб­ден­байға», «То­ғыз шал­ға», «Мұ­ қан­ға» т.б. өлең­де­рі тү­гел­дей ақын­ның жа­қын адам­да­ры­на, құр­ бы­ла­ры­на, жол­да­сы­на,қо­ғам­да­ғы өзі­не та­ныс оқи­ға­ла­ра­ға ар­на­ лып, мақ­сат­ты ту­ған жыр­лар бол­ған­дық­тан, ақын­ның осы зіл­сіз әзіл ар­нау өлең­де­рін ке­ле­шек­ке дейт­ін се­ні­мін оя­тып, қи­сы­ғын тү­зе­тіп, асауын жуасы­тып, өмір­ге ойлы көз­бен қа­рауға же­те­ле­ген жыр­лар де­ген жөн. Әсет­тің айна­ла­сын­да­ғы адам­дар­дың мі­не­зі­не, іс-әре­ке­ті­не, тір­лі­гі­не сын көз­бен қа­рап, әр­кім­нің өз бой­ын­да­ғы ол­қы­лық­та­ рын тү­зе­ту­ге ша­қы­ра­тын зіл­сіз са­ти­ра­лық ар­нау өлең­де­рі бар. «Таң­ғыт­қа» дейт­ін ар­нау өле­ңін­де: Тә­кең­ді жұрт сай­ла­ған бас­шы­лық­қа, Ал­ты жұ­мық ере­ді ат­шы­лық­қа. Қойы мың, жыл­қы­сы жүз, ке­мел дау­лет, Жал­ғыз -ақ ақыл ойы тап­шы­лық­та, –

деп ақын қар­сы ал­дын­да­ғы объек­ті­сі­нің атын атап, тү­сін түс­теп, оның «мал­ға бай, ақыл­ға ке­дей» бей­не­сін ке­ле­ке етіп, жұрт­қа жа­ рия ете­ді, «Бір қыз­ға» де­ген өле­ңін­де: Қы­лаң­дап қы­рық құ­бы­лып тұр­ған­да қыз, Ар­ты­на құ­лаң ша­шын бұр­ған­да қыз. Әкең­нің емін ер­кін оң жа­ғын­да, Бі­зін­дей етік­ші­нің жыл­маң­да қыз. Әр ел­ден мен сен­дейді көп көр­ген­мін, Кө­те­ріп өзің­ді өзің бұл­дан ба қыз. Қал­жың айт­са, ке­кек­теп жа­рат­пай­сың, Ата­дан се­нен бас­қа ту­ған ба қыз, –

81

деп, ақын қыз ба­ла­ның өзі­не лай­ық тәр­биелі бо­лу ке­рек­ті­гін ес­ кер­тіп, мі­нез­де­гі ке­міс­ті­гін бе­ті­не ба­са­ды. Жал­пы ақын­ның бұ­дан бас­қа, «Қон­жа Іл­гі­дай­ға», «Мол­да­ға» қа­тар­лы т.б. бір­та­лай са­ти­ ра­лық шы­ғар­ма­ла­рын­да мұн­дай ерек­ше­лік­тер өте көп кез­де­се­ді. Кө­дек Ма­рал­байұлы­ның да қал­жың си­па­тын ала­тын «Ажар жең­гем», «Сен­байға», «Ал­ты адам­ға», «Жа­мал­ға», «Сай­ду­ге», «Қай­нар­байға», «Мол­ды­рах­ман­ға», «Әмі­ре­ге» т.б. көп­те­ген пиг­ рам­ма­лық, иро­ниялық өлең­де­рі бар. Бұл шы­ғар­ма­лар қа­ра­пай­ым ауыл адам­да­ры­нан тар­тып, ат­қа мі­нер ел би­леуші­ле­рі­не дейін қам­тып, әр бі­рі­нің же­ке ба­сын­да­ғы мін­де­рін, із­гі­лік­ке жат, оғаш қы­лық-әре­кет­те­рін сы­қақ ете­ді. «Ажар жең­гем» де­ген ар­нау өле­ ңі сал­пы етек, са­лақ­тау жең­ге­сі­нің қиы­лып айт­қан та­ла­бы­на сай қол­ма-қол­айт­қан туын­ды. Ажар жең­гем өзі ап­пақ, Қа­ра­май­ды ба­ла­ға. Кір қо­жа­лақ бет аузы, Үс­ті-ба­сы са­ры ала. Жыр­тыл­ған­ға жі­бі жоқ, Түй­ме үзіл­се қа­да­ма. Қу­рай­ды ат қып Ақай жүр, Үйде де ой­нап, да­ла­да. Кө­ңі­лі шат қуа­ныш, Жа­быс­қан кір жа­ға­ға...

деп, уа­ғын­да ыдыс-ая­ғын да та­за жу­майт­ын, үй жұ­мы­сы­на жоқ бол­ға­ны­мен, «әң­гі­ме­сі мен күл­кі­сі біт­пейт­ін» бір ға­на жең­ге­сі­не айт­қан қа­таң сы­ны, ащы әзі­лі екен. Мұн­дай өлең­дер өз тұ­сын­да ел ара­сы­на та­ра­лып, көп­те­ген от­ба­сы­ның құ­тын ке­ті­ре­тін әйел­ дер үшін жа­ман әдет­тен сақ­тан­ды­ра­тын тәр­бие­лік ма­ңы­зы зор бол­ға­ны анық. Жал­пы қай дәуір­де де бол­сын осын­дай тип­те­гі әйел­дер­ге, қыз­дар­ға ой са­ла­тын, бо­ла­тын­ша­ғын­да бол­са, ша­ра­па­ ты бар құн­ды өлең деу­ге бо­ла­ды. Ақын­ның бар­лық әзіл­дік өлең­ де­рін­де де мұн­дай ерек­ше­лік­тер мен­мұн­да­лап тұ­ра­ды. Бұл дауір­де­гі ақын­дар са­ти­ра­лық си­пат­та­ғы ар­нау өлең­де­рі­ нің қай­сы бі­рін­де бол­сын, мей­лі өт­кір тіл­мен же­рі­не же­те ше­не­ сін, мей­лі ас­тар­лы әзіл­мен мыс­қыл­да­сын, мей­лі өз кейіп­ке­рі­нің на­шар ха­рак­те­рін жұрт­қа бе­тің-жү­зің де­мей жай­ып сал­сын, қа­таң ше­не­сін, не­гіз­гі мақ­са­ты жақ­сы қы­лық­ты, адам­гер­ші­лік қа­сиет­ті, із­гі тір­лік­ті, жа­ғым­ды мі­нез­де­ме­ні дә­ріп­те­ген ой- пі­кір­ле­рін ал­ға 82

тар­тып оты­ра­ды. Егер әде­би шы­ғар­ма «өзі­нің си­қыр­лы­ кү­ші ар­ қы­лы адам­дар жүре­гі­нен бір­тін­деп жол та­ба­ды, олар­дың кө­ңі­лі­не мыс­қал­дап ене­ді, сол ар­қы­лы олар­дың мі­нез-құлы­на, күл­лі тұр­мы­ сы­на асер ете­ді»де­лін­се, са­ти­ра­лық ар­нау өлең­де­рі бұл жа­ғын­да ең көр­нек­ті тәр­бие­лік мән­ге ие деп тұ­жы­рым­дау­ға әб­ден бо­ла­ды. Ди­дак­ти­ка­лық ар­нау өлең­дер. Қа­зақ хал­қы­ның поэзия­сын­ да­ғы сөз ар­нау дәс­тү­рі түр­лі жанр­лық, та­қы­рып­тық, маз­мұн­дық си­па­ты жа­ғы­нан өз­ге тү­рік ха­лық­та­ры­на қа­ра­ған­да едауір бай еке­ні фоль­кло­ры­мыз­дан да, жаз­ба поэзия­мыз­дан да ай­қын бай­ қа­ла­ды. Мұн­да ар­нау жы­ры­ның ар­ғы қай­на­ры Ор­хон-Ени­сей ес­ке­рт­ кіш­те­рін­де­гі То­ны­көк та­ғы­лы­мы­нан, Жү­сіп хас ха­жип Ба­ла­са­ғұ­ ни­дың «Құт­ты бі­лі­гі­нен», Қо­жа Ах­мет Иа­сауи қа­тар­лы со­фис­тік ди­дак­ти­ка­ның ше­бер ғұ­ла­ма ақын­дар жыр­ла­ры­нан, қа­зақ хан­ды­ ғы дәуі­рін­де­гі хан қа­сын­да­ғы ақыл­шы жы­раулар мен жо­рық жыр­ шы­ла­ры­ның фи­ло­со­фия­лық жыр­ла­ры­нан бас­тау ала­ты­ны анық. Бас­ты­сы бай­ыр­ғы ру­ха­ни құн­ды­лық­та­ры­мыз та­за, бас­тап­қы пі­ ші­нін жо­ға­лт­пай бү­гін­гі кү­ні жал­ға­сын тауып қаз-қал­пын­да бү­ гін­ге же­те ал­ға­ны. Қа­зақы сөз ар­нау за­ман өз­ге­рі­сі­не бай­ла­ныс­ты та­қы­рып­тық жа­ғы­нан түр­ле­ніп, маз­мұ­ны те­рең­деп, өлең жүйесі күр­де­лі­ле­ ніп отыр­ды. Бұл жа­ғы­нан ар­нау жан­ры өмір­шең жанр ре­тін­де әр дәуір­дің бол­мы­сы­нан, ха­лық­тың жал­пы тір­лік жағ­дайы­нан, дұ­ ние та­ны­мы­нан ха­бар­дар ете біл­ді. Әсі­ре­се, ар­наудың ди­дак­ти­ка­ лық үл­гі­сі ше­шен­дік ар­нау, ше­шен­дік тол­ғау­лар­мен үн­де­сіп, ха­ лық­тың эти­ка­сы жә­не мо­рал­дық пси­хи­ка­сы­мен ты­ғыз қа­бы­сып, әр дәуір­де тәр­бие­лік ма­ңы­зы тұр­ғы­сы­нан аса құн­ды­лық та­ныт­ ты. Хал­қы­мыз ықы­лым за­ман­нан тар­тып-ақ ке­ле­шек тағ­ды­ры­на алаң­дау­шы­лық біл­ді­ріп, ер­те­ңі­нің нұр­лы бо­лу­ын, ұр­пақ­тың ба­ қыт­ты бо­лу­ын ой­лап – тал­ған­ға­ны ата­дан қал­ған ру­ха­ни мұ­ра­лар­ дан ай­қын кө­рі­не­ді, әсі­ре­се, ди­дак­ти­ка­лық ар­нау, тол­ғау­лар­дың жал­пы са­ры­ны осы­лай бо­лып ке­ле­ді. Ха­лық­тың дү­ние та­ны­мын­ да­ғы ұлы да киелі ұғым-тү­сі­нік­тер мен жақ­сы қа­сиет­тер­ді ұр­пақ са­на­сы­на сы­ңы­рып, ата­дан ба­ла­ға ми­рас қы­лып қал­ды­ру дәс­ түр­ге ай­нал­ған де­сек, оның кө­бі ма­қал-мә­тел­дер мен осы ар­нау си­пат­ты тер­ме тол­ғау­лар ар­қы­лы үзі­ліс­сіз же­тіп кең орын ал­ған деу­ге бо­ла­ды. Ен­де­ше, елі­міз қа­зір­гі за­ман қа­зақ поэзия­сын­да­ғы ди­дак­ти­ка­ лық ар­нау өлең­дер жо­ға­ры­да­ғы­дай дәс­түр­лі ерек­ше­лік­тер­ді өте 83

ке­мел­ді қал­пын­да сақ­тау­мен бір­ге өз дәуірі­нің, өз ор­та­сы­ның жа­ не осы ор­та­да жа­сап отыр­ған ха­лық­тың мұң-мұқ­та­жы мен та­ла­ бы­на, ке­ле­шек қа­же­ті­не сай та­қы­рып­тар­ды кө­те­руімен көз­ге тү­ се­тін құн­ды жыр шо­ғы­ры есеп­те­ле­ді. – Ақыт Үлім­жіұлы­ның өлең­де­рі мей­лі фи­ло­со­фия­лық ойға құ­рыл­ға­ны бол­сын, әл­де ша­ри­ғат қа­ғи­да­ла­ры ар­қы­лы пәк­тік­ке, та­за­лық­қа тәр­бие­лейт­ін та­қы­рып­та­ғы шы­ғар­ма­ла­ры бол­сын не­ ме­се ха­лық­ты ғы­лым өнер­ге ұм­ты­лу­ға ша­қыр­ған, әділ­дік­ке, ең­ бек­шіл­дік­ке үн­де­ген шы­ғар­ма­ла­ры бол­сын, бә­рін­де адам­дық қа­ сиет­ті, да­на­лық­ты, адам­дар бой­ын­да­ғы ұлы­лық­ты, өз шы­ғар­ма­ сы­ның не­гі­зі, өзек­ті ар­қауы ете­ді деп біл­сек, әсі­ре­се тал­дау жа­сау ба­ры­сын­да ақын­ның ди­дак­ти­ка­лық ар­нау өлең­де­рін­де мұн­дай ерек­ше­лік­тер­дің көп те көр­нек­ті еке­ні­не көз жет­кі­зе­міз. Ақын­ның «Би­лер­ге», «Бай­лар­ға», «Мол­ла­лар­ға», «Ке­дей­лер­ ге», «Кә­рі­лер­ге», «Жі­гіт­тер­ге», «Әйел­дер­ге», «Қыз­дар­ға» деп ке­ле­ тін жа­сы­на, жі­гі­не қа­рай айыр­ған жүл­ге­лі ди­да­ти­ка­лық жыр­ла­рын­ да осы топ­та­ғы адам­дар­ға құр­ғақ на­си­хат айтушы емес, әр топ­тың өз ың­ғай­ына қа­рай пе­да­го­ги­ка­лық тәр­бие бер­ген, бү­кіл бір ха­лық­ тың қа­мын же­ген, бо­ла­ша­ғы үшін тол­ған­ған, мә­де­ниет­ке ша­қыр­ ған ұлы ғұ­ла­ма тұл­ға қал­пын­да көз ал­ды­мыз­ға ке­ле­ді. Ақын­ның: Өнер-ғы­лым үйре­ніп, Алыс­тан іс­ті көз­де­лік. Қы­ды­рып шай, ет із­деп, Ауыл­дан ауыл кез­бе­лік. Бат­та­сып бе­кер жат­қан­ша, Жұрт бо­лай­ық өз­ге­ріп. Ең­бек­сіз жү­ріп емі­ніп, Әр­кім­ге көз сүз­бе­лік. Бір қа­зақ­тан бас­қа­ның Бә­рі жа­тыр өз­ге­ріп, –

деп ке­ле­тін ар­нау өлең жол­да­ры хал­қы­ның ке­ле­ше­гі үшін бар ын­ та­сын са­лып, ақыл – ойын са­рып ет­кен ке­мең­гер ақын бей­не­сін көр­сек, «Қыз­дар­ға» де­ген өле­ңін­де: Ар ұят­ты сақ­тай біл, Ел үмі­тін ақ­тай біл. Ер­тең­гі жү­рер жо­лың­ды, Анаң­нан ұғып жат­тай біл, –

84

деп, ер­тең­гі «Ана» бо­ла­тын, ұр­пақ үл­гі­сі­не айна­ла­тын қа­зақ қыз­ да­ры­на ха­лық­тық дәс­түр­лі тәр­бие­нің нә­рін кес­те­лі ар­нау жы­ры­ мен жет­кі­зе­ді. Мұн­да да ха­лық­тың ке­ле­ше­гін қа­зақ­тың қыз­да­ ры­мен, ана тәр­биесі­мен бай­ла­ныс­ты­рып тү­сін­ген ұлы тұл­ға­ның кө­ре­ген­ді­гі бай­қа­ла­ды. Таң­жа­рық ақын­ның бұл топ­та­ғы ар­нау өлең­де­рі­нің қам­ты­ған та­қы­рып кө­ле­мі­кең бо­лып, сол тұс­тың әлеу­мет­тік өмі­рі­не, за­ман бе­та­лы­сы­на, адам бол­мы­сы­на те­рең үңі­лу­ден, тол­ға­ну­дан ту­ған туын­ды­лар еке­ні кө­рі­не­ді. Мұн­да, ақын ел­дің ар­қа сүйеуіне жа­ райт­ын ес­ті аза­мат­та­ры­на, айна­ла­сын­да­ғы жа­ғым­ды жа­ңа­лық­ тар­ды дә­ріп­теп, ойла­мы, тол­ға­мы бар із­ба­са­ра­ла­ры­на қа­ра­та өнер бі­лім үйре­ну­ді, үй­рен­ген­ді қа­жет­ке жа­ра­та бі­лу­ді, қа­ра­ша ха­лық­ тың қа­мын, бо­ла­ша­ғын ой­лау­ды тап­сы­ра­ды. Сон­дай-ақ ел­дің ке­ ле­ше­гі­не ті­рек бо­ла­тын ел аза­мат­та­ры­мен ке­ңе­сіп, со­лар ар­қы­лы өзі­нің ар­ман-ті­ле­гін жү­зе­ге асыр­ғы­сы ке­ле­тін ақын тұр­ғы­сын та­ ну­ға бо­ла­ды. Мұн­дай шы­ғар­ма­ла­ры­нан «Са­ды­бай­ға», «Ырым­бек­ке», «Жә­ нел­қан­ға», «Шар­ғын­ға», «Шә­ріп­қан­ға», «Бай­жұ­ма­ға» т.б. өлең­ де­рін атау­ға бо­ла­ды. «Жә­нел­қан­ға» де­ген ар­нау өле­ңін­де: Оқы­ған кім­ді көр­дің біз­дің жұрт­тан, Аң­дып жүр жауша бі­рын-бі­рі сырт­тан. Қа­зақ­тан бі­реу шық­са бі­лім­ді боп, Ал­ды­мен аң­дып жү­ріп со­ны жық­қан, –

деп сол тұс­та­ғы «қол­да бар­да ал­тын­ның қа­ді­рі­не жет­пе­ген» көр­ со­қыр­лық­ты, бе­ре­ке­сіз­дік­ті ашы­на айт­ып, мұ­ңын ша­ға­ды. «Шар­ ғын­ға» де­ген өле­ңін­де: ...Жал­ғыз ақ көш­пен­ді­лік қы­лық­тар­ды, Ойла­сам қы­зып ке­тер қа­ным ме­нің. Хал­қы­мыз оты­рық­ты бо­лу ұшін, Кел, Шә­ке, ағы­та­лық бі­лім се­лін, –

деп бү­гін­гі күн­де­рі ша­ру­ашы­лық ау­дан­дар­да жап­пай қол­ға алып жат­қан оты­рақ­та­ну саяса­тын ақын сол кез­дің өзін­де ар­ман ет­ке­ нін кө­ру­ге бо­ла­ды. Ал, «Шә­ріп­қан­ға» де­ген өле­ңін­де төң­ке­ріс­ші, қо­ғам қай­рат­ке­рі Ша­рып­қан­ның ер­лі­гі­не сүйіне оты­рып: «жақ­ та­май жат­пас елі әділ ұлын, ата­ғы ай­бар бол­ған жыр­лап ха­лық» деп ті­леулес­тік біл­ді­ріп, сол тұс­та­ғы ер­кін­дік­ті, азат­тық­ты аң­са­ 85

ған ха­лық аты­нан ша­быт, жі­гер бе­ре­ді. Ақын өзі­мен тіл та­бы­са ала­тын зиялы қауым­ның ті­рі­лі­гін өте жақ­сы тү­сі­ніп, олар­ға үл­кен аяушы­лық­пен қа­рай­ды. «Зият­қа» де­ген өле­ңін­де: ...Күн кеш­тік кү­ңі­ре­ніп күй­зе­ліс­ті, На­хақ­тан зиялы­лар бол­дық іс­ті. Отын­дай өнер­лі­ні от­қа жақ­қан, Мәс­кеу­дің алаяғы бол­ды күш­ті...

деп ке­ле­тін осы бір шу­мақ­тың өзін­де Зият­ты ға­на емес, оның жа­ сап отыр­ған қо­ғам­дық, саяси ор­та­сы­ның жағ­дайын, дәуір­лік бол­ мыс­ты те­рең се­зін­ген аң­ғар­лы ақын тұл­ға­сын се­зі­не­міз. «Мейір­ ба­нов Мең­ға­ли­ға» қа­тар­лы өлең­де­рі­нен де ақын­ның осы ерек­ше­ лі­гін то­лық көз жет­кі­зу­ге бо­ла­ды. Ақын­ның үл­кен қо­ғам­дық мә­се­ле­лер­ге дейін үңі­ліп, өз ті­ле­гі­ не жақ бо­ла­тын ор­та­ны із­де­ген тұр­ғы­сы бей­не­лен­ген ар­нау өлең­ де­рі­нен «Қа­зақ­қа ар­нау» өле­ңін­де: ...Іріт­кі са­лып ауыл­ға, Қас­тық жа­сап қауым­ға, Пә­ле қуып алыс­па. Бас­қа ұлт­тың ті­лін біл, Нан сұ­рап же­сең на­мыс па? Аға­шы бол, бал­ға соқ, Әр кә­сіп­тен қа­лыс­па. Әр кә­сіп­тен құр қа­лып, Ұр­лық қыл­саң та­быс па?!...

деп ке­ле­тін ша­ғын тол­ғау­лық си­па­ты бар осы «Қа­зақ­қа ар­на­ған» өле­ңі отыз үшін­ші жыл­дар­дың туын­ды­сы бо­лып, ақын­ның көп жер ара­лап, көп ой түйіп, өз елі­нің кем­ші­лік жақ­та­рын көр­ген соң жаз­ған өле­ңі. Бұл шы­ғар­ма­ның өзі ха­лық са­на­сы­на тез сің­ сін деп жел­дір­ме жыр са­ры­ны­мен тер­ме­леп жаз­ға­нын аң­ғар­та­ ды. Сон­дық­тан бұл өлең­нің өз ке­зін­де үл­кен қо­ғам­дық ма­ңы­зы, тәр­бие­лік рө­лі, ағар­ту­шы­лық ма­ңы­зы бол­ға­нын жоқ­қа шы­ға­ру­ға бол­майды. «Өл­ке­лік құ­рыл­тайға» өле­ңі ақын­ның тұр­ме­ден шы­ғып қо­ ғам­дық қыз­мет­тер­ге ара­лас­қан кез­де­гі туын­ды­сы бол­ған­дық­тан, он­да бел­гі­лі қо­ғам қай­рат­ке­рі ре­тін­де ой тол­ға­ны­сын өлең өр­нек­ те­рі­не тү­сір­ген се­кіл­ді. 86

Әсет Най­ман­байұлы ел ара­лап, жер кө­ріп, Абай қа­тар­лы қа­ зақ­тың көп­те­ген ұлы адам­да­ры­нан тә­лім ал­ған, дәм­дес бол­ған ірі өнер иесі, сон­дық­тан оның ди­дак­ти­ка­лық жыр­ла­ры кі­лең нә­си­хат үл­гі­сін­де кел­мейді, қайта бел­гі­лі бір кө­ңіл-күй те­бі­ре­ніс­те­рі де бай­қа­лып қа­ла­ды. Өлең­де­рін­де реа­лизм мен ро­ман­тизм­нің ұш­та­ сып ке­ле­ті­ні Әсет­тің ал­ған тә­лі­мі­мен бай­ла­ныс­ты деу­ге бо­ла­ды. Де­се де Әсет на­си­ха­ты­ның, ой-пі­кі­рі­нің за­ман­ға, адам­ға лай­ық айтылып отыр­ған­ды­ғы­нан ақын­ның бұл топ­та­ғы ар­нау өлең­де­рі­ нің тәр­бие­лік құ­ны да жо­ға­ры. «Алаш­қа» де­ген ар­нау өле­ңі кө­лем­ді тол­ғау үл­гін­сін­де ке­ліп, ұлас­па­лы үл­кен үш бө­лім­нен тұ­ра­тын өлең. Өлең­де­гі: Ала­шым, ба­сың кө­тер қа­рап жат­пай, Ғы­лым із­де ғұ­мы­рың­ды бос­қа сат­пай. Ғы­лым­мен не­ше түр­лы ке­ме жа­сап, Еуро­па жүр­ген жоқ па су­ға бат­пай. Жай­ыл­ған дү­ниеге ғы­лым­пән­нен, Құр қал­дың ғой қа­за­ғым дә­мін тат­пай, –

деп ке­ле­тін өлең жолд­ры­нан Әсет­тің бү­кіл қа­зақ­тың са­на­сы­на сәуле құй­ып, на­дан­дық­тан құт­қа­ру­ды мақ­сат ет­кен, ғы­лым, мә­ де­ниет­ке ша­қыр­ған ағар­ту­шы­лық идея­сын сон­дай-ақ Мір­жа­ қып, Байт­ұр­сы­нов­тар­мен пі­кір­лес, ниет­тес ірі тұл­ға­сын та­ни­мыз. Ақын­ның «Даяр­ға», «Меш­пет­ке», «Қал­дай­лар­ға» т.б. қа­тар­лы ар­ наула­ры­ның да ди­дак­ти­ка­лық са­ры­ны күш­ті бо­лып, ақын­ның ха­ лық­шыл­дық идеясы­ның бел­гі­лі қыр­ла­рын бай­қа­та­ды. Кө­дек­тің ар­нау өлең­де­рі­нің ба­сым кө­бі бел­гі­лі бір ұй­қас­пен құйы­лып тү­се­тін, кө­бін­де лир­ка­лық, са­ти­ра­лық си­па­ты күш­ті бо­ лып ке­ле­тін өлең­дер бол­са да, бір бө­лім ар­нау өлең­де­рі на­си­хат­ тық маз­мұн­ға да ие. «Жә­ми­ла­ға» де­ген өле­ңін­де: ...Отау­лы үш жыл бол­ды үй ұс­та­дың, Омыр­дың не­сін айт­ам қал­ған жа­ғын. Та­ма­ғың ас­па- төк­пе бол­ға­ні­мен, Ма­ңыз­ды бай­қал­майды бал бар­ма­ғың. Ал­ды­ңа бө­бек түс­се қайт­ер едің, Сұ­лу қыз мұн­дай бол­са ал­дан­ға­ның. Ке­лін боп бас­қа жұрт­қа кел­ген­нен соң, Жақ­сы ғой бо­ла­шақ­ты аң­ғар­ға­ның, –

87

деп отау бо­лып үй ұс­та­ған ке­лін­шек­тің ең ал­ды­мен игі қа­сиет­тер­ ді үйре­ніп, жақ­сы әдет қа­лып­тас­ты­рып, «са­лауат­ты­бәй­біше бо­ лу­ын» ті­леп айтыла­тын бұл ар­нау жыр бір түр­лы сы­пайы ди­дак­ ти­ка­лық маз­мұн ал­ған әде­мі жыр са­нал­ды. Ал, «Жас­тар­ға ке­ңес» ар­науын­да: Адал іс­теп, абай­лап ту­ра жү­ру Бай­лы­ғың, төрт мү­шең­нің аман­ды­ғы. Ұры, за­лым, қа­рақ­шы, то­наушы­ны, Жақ­сы деп кім айтады за­лал­ды­ны. Жас кез­де оқу­ме­нен өнер­ге ұм­тыл, Та­лап қы­лып із­ден­ген та­бар мұ­ны, –

деп сол тұс­тың жас­та­ры­на өте қа­жет­ті бо­лып отыр­ған жа­ман­дық­ тан жи­рен­ді­ріп, өнер-бі­лім­ге баулу идеясы, ақын­ның өле­ңін­де­гі өмір қа­жет­ті­лі­гі мен та­қы­рып­тық жа­ңа­лы­ғы­ның дең­гейін та­ны­ та­ды. «Шы­ғар­ма­ла­рын­да өзі та­нып біл­ген қо­ғам­дық жағ­дай­лар­ды, оқи­ға­лар мен адам­дар­дың іс-қи­мы­лын тұ­жы­рым­ды түр­де бая­ найт­ын»«За­ма­на жыр­шы­сы» атан­ған Ар­ғын­бек Апаш­байұлы­ның да ди­дак­ти­ка­лық ар­нау өлең­дер­ге де со­ға­тын кез­де­рі бар. Бұл ақын­ның, әсі­ре­се, за­ман, қо­ғам, та­рих, ха­лық ше­жі­ре­сі қа­тар­лы жақ­тар­дан көп бі­лім­ге ие бол­ған­ды­ғы­мен бай­ла­ныс­ты бол­са ке­ рек «Ке­ңес»жақ­сы мен жа­ман­ға ар­нал­ған ди­дак­ти­ка­лық жы­ры. Ер-аза­мат­тар­дың жақ­сы-жа­ман жақ­та­ры ту­ра­лы тер­ме­лей оты­ рып, жан-жақ­ты­лы пай­ым­дау жа­са­ған, кө­ңіл­ге ұя­лайт­ын­дай ойпі­кір, коз­қа­рас­та­ға то­лы кө­лем­ді тол­ғау­лық дә­ре­же­де­гі ар­нау жы­ ры. «Жақ­сы қа­тын» мен «Жа­ман қа­тын­ға» ар­нал­ған жыр­ла­ры да те­рең тар­бие­лік ма­ңы­зы бар, жал­пы әйел за­ты­ның жақ­сы, жа­ман қа­сиет­те­рін са­лыс­ты­ру тұр­ғы­сы­нан, оқыр­ма­ны­на ой са­лу­ды көз­ де­ген көр­кем­ди­дак­ти­ка­лық ар­наулар деу­ге әб­ден бо­ла­ды. Бұ­дан бас­қа Шіл­бі Кө­ме­кұлы, Дос­бер Сауры­құлы, Боз­дақ Дүз­бен­бе­тұлы, Тө­леубай Бө­же­кұлы, Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы т.б. қа­тар­лы ақын­дар­дың бә­рін­де де өре­лі де, өр­нек­ті, на­қыш­ты ди­ дак­ти­ка­лық өлең­дер­дің үл­гі­ле­рі кез­де­се­ді. Қо­ры­тын­ды­лай кел­ген­де, атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар поэзиясы­ ның бір са­ла­сы бол­ған ар­нау өлең­де­рі де бас­қа да кө­лем­ді қис­ са-дас­тан­да­ры, айт­ыс­та­ры мен көр­кем туын­ды­ла­ры се­кіл­ді тұ­тас шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның бел­гі­лі қы­ры мен қа­сиетін та­ны­та ала­ры анық. 88

3

ЖАҢА­ШЫЛ­ДЫҚ

А

бай өне­ге­сі. Елі­міз­де­гі қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің не­гі­зін қа­ла­ған ақын­дар­ға ұлы Абай­дың да әсер-ық­па­лы аз бол­ма­ған. Өйт­ке­ні XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жа­ры­мын­ да Абай мұ­ра­сы­ның идея­лық-эс­те­ти­ка­лық те­рең мә­ні Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биет­ші­ле­рі­нің де үл­гі-өне­ге­сі­не ай­нал­ған-ды. Бі­рін­ші­ ден, Абай шы­ғар­ма­ла­ры қа­лың қауым­ға ру­ха­ни нәр бер­се, екін­ ші­ден ақын­дық­ты мұ­рат ет­кен өнер иеле­рі­нің адас­тыр­мас те­мір қа­зы­ғы бол­ды. «Абай – қа­зақ­тың жа­ңа реа­лис­тік жаз­ба­ша поэзиясы­ның, әде­ биеті­нің не­гі­зін сал­ды. Абай­дың ақын­дық да­ры­ны аса қуат­ты жә­ не сан қыр­лы. Ол-ке­ре­мет су­рет­кер ақын жә­не сыр­шыл ли­ри­ка­ ның си­рек кез­де­се­тін ше­бе­рі. Со­ны­мен бір­ге біз Абай­ды ой­шыл ақын дей­міз. Мұ­ны ал­ды­мен ақын­ның өмір құ­бы­лыс­та­рын те­рең тол­ғау жа­ғы ба­сым ке­ле­тін өлең­де­рі­не қа­тыс­ты айт­сақ, со­ны­мен қа­тар өмір, адам тағ­ды­ры, дү­ние, за­ман ағы­мы жай­лы пі­кір­ле­рі, дү­ниета­ны­мы кө­бі­рек кө­рі­не­тін өлең­де­рі­не қа­тыс­ты, яғ­ни ой­ шыл-фи­ло­соф ақын де­ген ма­ғы­на­да айтамыз» – деп, ака­де­мик За­ки Ах­ме­тов ұлы да­рын­ға үл­кен ба­ға бе­ре­ді де: «ақын тұл­ға­сы қан­ша­лық­ты ірі бол­са, ық­па­лы сон­ша­лық­ты зор бо­ла­ты­ны, айна­ ла­сы­на тү­се­тін жа­ры­ғы да мол бо­ла­ты­ны анық» [ 19, 245-б], – де­ ген тұ­жы­рым жа­сай­ды. Абай елі­міз қа­зақ әде­биет­ші­ле­рі­не де «жа­ры­ғын тү­сір­ге­ні» бел­гі­лі. Өйт­ке­ні ұлы Мұх­тар Әуе­зов­тің «Абай – қа­зақ­та­ғы су­ рет­ті, сұ­лу сөз­дің ата­сы, те­рең­ге сыр­лы, кең ма­ғы­на­лы кес­те­лі өлең­нің ата­сы. Қа­зақ өле­ңі­не өр­нек бер­ген, тү­рін кө­бейт­іп, қа­ лы­бын мол­айт­қан – Абай. Ол қа­зақ­тың іші­нен оқу­шы тап­қан» [20, 230-б], – деп айт­қа­нын­дай Абай­дың ХІХ ға­сыр­дың со­ңы­нан бе­рі елі­міз қа­зақ әде­биетін­де де «оқу­шы­ла­ры» бол­ға­нын Абай дәс­тү­рін жал­ғас­ты­ру­шы ақын­дар дә­лел­дейді, яғ­ни елі­міз таяу за­ман­ғы қа­зақ ақын­да­ры Абай­дан үл­гі­қа­был­дап, мұн­да­ғы жаз­ ба әде­биеті­міз­дің та­қы­рып ая­сын ке­ңейтуге, көр­кем­дік өре­сін жо­ға­ры кө­те­ру­ге, маз­мұ­ны мен фор­ма­сы­ның жа­ңа­ла­нуына игі ық­па­лын ти­гіз­ді. 89

Ұлы Абай­дың өнер мек­те­бі­нен мол та­ғы­лым ал­ған ең ал­ғаш­ қы «оқу­шы­ла­ры­ның» бі­рі – әйгі­лі бұл­бұл кө­мей, жез­таң­дай ақын Әсет Най­ман­бай еді. Әсет­тің ақын­дық, ән­ші­лік, ком­по­зи­тор­лық өнер жо­лын­да үл­гі-өне­ге ал­ған бір­ден-бір ұс­та­зы – Абай. Өйт­ке­ні Әсет 1889-жыл­дан бас­тап ұлы ақын­ның ауы­лын­да бо­лып, Абай­ дан тә­лім-тәр­бие ал­ған ең та­ла­нт­ты шә­кір­ті бол­ған. Осы мез­гіл­де Абай ауылы бі­лім құ­мар жас­тар­дың ор­да­сы­на айна­лып, Абай өзі­ нің шә­кі­рт­те­рі­не өз та­ғы­лым-тәр­бие­сін сі­ңі­ріп қа­на қой­май, ба­ тыс пен шы­ғыс ға­лым­да­ры мен ақын-жа­зу­шы­ла­ры­ның ең­бек­те­рі жө­нін­де әң­гі­ме айт­ып бе­ре­тін бол­ған. Сон­дай-ақ ке­мең­гер Абай шә­кі­рт­те­рі­нің жаз­ған шы­ғар­ма­ла­рын мұ­қият қа­рап, жақ­сы­ла­рын құп­тап, ке­міс­тік­те­рі бол­са, әділ сын-пі­кір­ле­рін айт­ып отыр­ған. Сон­дық­тан да Әсет ақын­дық, ком­по­зи­тор­лық жа­ғы­нан Абай­ды өзі­нің ұлы ұс­та­зы деп біл­ген, да­на Абай не­гі­зін қа­ла­ған қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің жар­шы­сы­мын деп са­на­ған. Әсет ал­ға­шын­да суы­рып сал­ма, қол­ма-қол тө­гіп айтатын айт­ыс ақын­да­ры­ның дәс­түр­лі сал­тын ұс­тан­са, кейін ке­ле ақын­ дық өнер­де Абай­ды ұс­таз ете оты­рып, жаз­ба әде­биет­ке ауыса­ды. Шы­ғар­ма­шы­лық ба­ры­сын­да ұлы Абай­дың «өлең­нің іші ал­тын, сыр­ты кү­міс бол­сын» де­ген шар­ты мен эс­те­ти­ка­лық қа­ғи­да­сын бе­рік ұстана оты­рып, өзі де «тіл­ге же­ңіл, жү­рек­ке жы­лы тие­тін» әсем өр­нек­ті поэзия жа­ра­та­ды. Ұлы ұс­та­зы Абай­дан мол та­ғы­лым алып есейіп-ер­жет­кен Әсет дү­ние са­лар ал­дын­да­ғы қош­та­су­ын­да да: «Абай­дай өз ар­ты­на сөз қал­ды­рып, жақ­сы еді-ау, әт­те­ген-ай өлу де­ген» деп ұлы ұс­та­зын ес­ке алуы да те­гін емес. Ке­лер ұр­ пақ­қа Абай се­кіл­ді мол мұ­ра қал­ды­ра ал­май ке­тіп ба­ра жат­қа­ны­ на қат­ты өкі­не­ді, кө­зі ті­рі­сін­де шы­ғар­ма­ла­ры­ның бас­па­дан шы­ға ал­ма­ға­нын ар­ман ете­ді. Әсет Абай өне­ге­сі­нен үйре­ніп, Абай мұ­ра­сы­нан су­сын­дай ке­ ліп, қы­тай-қа­зақ әде­биеті­не идея­лық маз­мұн, көр­кем­дік өре жа­ ғы­нан со­ны соқ­пақ са­лып қа­на қой­май, қа­зақ­тың өлең өл­ше­мі­не де жа­ңа­лық аш­қан ақын. Абай мен Әсет­тен іл­гер­гі қа­зақ поэзия­ сын­да «қа­ра өлең», «жыр» де­лі­не­тін екі ға­на өлең тү­рі бол­ға­ны мә­лім. Біз Әсет поэзия­сын зерт­теп қа­райт­ын бол­сақ, бай­ыр­ғы осы екі өл­шем­ді ке­ңі­нен пай­да­ла­на оты­рып, қа­зақ өле­ңі­не шұ­бы­ рт­па­лы ұй­қас, қо­сар­лы ұй­қас, ша­лыс ұй­қас, ара­лас ұй­қас сы­қыл­ ды жа­ңа өлең түр­ле­рін қо­сып, қа­зақ поэзиясы­ның ке­мел­де­нуіне жа­ңа үл­гі көр­сет­ке­нін кө­ре­міз» [13, 86-б.]. Әсет­пен за­ман­дас не­ме­се оның ал­ды-ар­тын­да өт­кен бір­та­лай 90

ақын­дар Абай­дың шә­кір­ті Әсет әсе­рі­мен кө­не сүр­дек­тен, ес­кі са­ рын­нан айы­ғып, әде­биет­тің жа­ңа­шыл­дық жо­лы­на қа­рай бет бұр­ ға­ны хақ. Өлең өр­не­гі­нен, өріс­ті өне­ге­сі­нен мол нәр қа­был­дап, елі­міз қа­зақ әде­биеті­нің фольклор­лық тар шең­бер­ден шы­ғу­ына, та­қы­рып аума­ғы­ның ке­ңеюіне, көр­кем­дік-идея­лық жақ­тан өз­ге­ ріс жа­сауына, поэти­ка­лық тұр­ғы­дан ке­мел­де­нуіне ай­рық­ша ық­ пал ет­ті. Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің клас­си­гі, суы­рып­сал­ма­лық пен жаз­ба дәс­түр­ді қа­тар мең­гер­ген, ақын­дық өнер­дің ерен жүй­рі­гі Таң­жа­рық Жол­дыұлы – ұлы Абай­дың ық­па­лы­на мық­тап бой­ұр­ ған ақын­ның бі­рі. Ол Қа­зақ­стан­да бір­не­ше жыл бол­ған, бі­лім ал­ ған. Бұл ақын­ның қо­ғам­дық ой-са­на­сы­ның ке­ңеюіне, шы­ғар­ма­ шы­лық жақ­тан то­лы­су­ына әсер ет­кен. Өз хал­қы­ның тағ­ды­ры­на күйі­ніп, әді­лет­сіз­дік­тің қыл бұ­ғауы­нан құ­ты­лу­ды ойла­ған Ах­мет, Мір­жа­қып қа­тар­лы қай­рат­кер­лер­дің, Абай, Шә­кә­рім, Ыбы­рай, Сұл­тан­мах­мұт сын­ды ақын­дар­дың шы­ғар­ма­ла­ры­мен та­ны­суы оның ер­те оя­нып, хал­қы­ның қа­мын ой­лайт­ын кү­рес­кер ақын ре­ тін­де қа­лып­та­су­ына айт­ар­лық­тай рө­лі бол­ған. Сон­дық­тан Таң­ жа­рық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның ар­на тар­тар қай­нар көз­де­рі­нің бі­рі жо­ға­ры­да­ғы өнер иеле­рі деп бі­луіміз ке­рек. Ақын­ның іл­ге­рін­дікейін­ді жаз­ған кей­бір шы­ғар­ма­ла­ры­ның өзек өрі­мі­нен Абай әсе­ рін аң­ға­ру қиын емес. Таң­жа­рық өре­сі биік, тал­ға­мы жо­ға­ры ақын. Та­қы­рып таң­дау, сөз са­ра­лау жақ­та­рын­да өзі­не аса жо­ға­ры та­лап қояды. Көп жағ­ дайда ұлы Абай­ды үл­гі тұ­та­ды. Сол се­беп­ті«Ақын сы­ры» ат­ты тол­ғауын­да: Сөз­де­рі бас­қа ақын­ның ма­ған мә­лім, Құрт сал­ған шай­дай іріп был­ға­на­ды. Бә­рін де Абай сө­зі ба­сып тү­сер, Бір пар­ша шет­тен алып қыр­на­ға­ны, –

деп, Абай өле­ңі­не ерек­ше іл­ти­пат біл­ді­ре­ді. Ал өзі­не: Айтуға дәм­сіз сөз­ді қор­ға­на­мын, Бол­ма­са тұр­ға­ным жоқ бұл­да­ға­лы. Те­рең сөз тап­па­ған соң ше­рім шық­пай, Ашыл­май жү­ре­гім­де қыр қа­ла­ды, –

91

деп дәм­ді сөз, те­рең сөз­ді із­деп, өзі­не де үл­кен та­лап қояды.Та­ғы да өлең ту­ра­лы ұлы Абай: Өлең -сөз­дің пат­ша­сы, сөз са­ра­сы, Қиын­нан қиыс­ты­рар ер да­на­сы. Тіл­ге же­ңіл, жү­рек­ке жы­лы тиіп, Теп-те­гіс жұ­мыр кел­сін айна­ла­сы, –

деп, өлең сөз­дің өл­ше­мін жа­сап бер­се, Таң­жа­рық: Ақын­ға жа­ғар жұрт­тың тың­да­ға­ны, Ол сон­да өр­ше­ле­ніп, шың­да­ла­ды. Ой ашық, сөй­леу­ші­сі да­на бол­са, Сол кез­де сөз дәм­ді боп тың­да­ла­ды, –

деп Абай­сө­зін бас­қа­ша, яғ­ни өзін­ше айтуға ден қой­ған. Та­ғы да оқып кө­ре­лік: Ақи­қат, анық айт­ып, шы­нын сөй­ле, Жа­рам­сыз, жал­ған сөз­ге кім на­на­ды. Бі­ле­тін те­рең сөз­ді біл­гіш­тер­ге, Жұм­бақ сөз, пер­де іші­не ым­да­ла­ды. Кө­ңіл­сіз, көр­се қы­зар, тез оң­ғыш­тар, Су ти­мей жауын жау­май дым­да­на­ды. Шық­қан сөз бі­лім­ді­ден біл­гіш көр­се, Та­ра­зы тал­қы­сын­да сы­на­ла­ды, –

де­ген жол­дар­дан Абай­ша айтуға ұм­тыл­ған ақын аң­ға­ру қиын емес. Бас­қа­ша айт­қан­да Абай әсе­рін бір­ден аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. «Жа­рам­сыз, жал­ған сөз­ге» еш­кім­нің де сен­бейтінін ес­ке­ре­ді. Ұлы Абай се­кіл­ді шы­ғар­ма­ға жай, жауап­сыз қа­ра­мау ту­ра­лы ұла­ғат­ты ой айтады. Яғ­ни тың­дар­ман-оқыр­ман қауым сөз қа­ді­рін сал­мақ­тай біл­се, он­да ақын да өнер жо­лын­да шың­да­лып, ха­лық­ тың жү­рек түк­пі­рі­нен орын ала­ды; ал сө­зі са­ра, өзі да­на су­рет­кер бо­лу үшін өмір құ­бы­лыс­та­ры мен адам бол­мы­сын қалт жі­бер­мей се­зе ала­тын, те­рең­нен тол­ғайт­ын бі­лім­ді­лік қа­жет дей­ді. Сөйт­іп, ақын өзі­не де, оқыр­ман­ға да эс­те­ти­ка­лық тұр­ғы­дан жо­ға­ры та­лап қояды. Ол ха­лық кө­ңі­лін­де сақ­тал­ған кө­кей­кес­ті мә­се­ле­лер­ді шы­ найы се­зім­мен, «қиын­нан қиыс­ты­рып» жыр­лай ал­саң ға­на ха­лық се­нің сө­зің­ді тың­дайды, сон­да ға­на өне­рің өмір­шең бо­ла­ды дей­ді. 92

Со­ны­мен бір­ге Абай се­кіл­ді ақын­дық­ты, поэзияны сөз ет­кен­де Таң­жа­рық та­ғы да жақ­сы өлең­нің қа­сиеті мен на­шар өлең­нің бел­ гі­сі ту­ра­лы да өз ұстаны­мын ор­та­ға са­ла­ды. «Қа­зақ та­ри­хын­да бұ­рын кө­ңіл кө­те­ру құ­ра­лы ре­тін­де ға­на пай­да­ла­ны­лып кел­ген қа­зақ өле­ңін клас­сик Абай ха­лық, қо­ғам, ел мүд­де­сі үшін қыз­мет ете­тін қо­ғам­дық күш­ті қа­ру­ға ай­нал­дыр­ ған бол­са, Таң­жа­рық: Жұрт­тың бә­рі құ­мар ғой, Зар­ла­тып айт­қан өлең­ге. Бол­ма­са мә­лім біз­ге сыр, Мен бос сөз­ге ерем бе!? Ел за­ры­ғы де­ме­сем, Сон­ша сөз­ді те­рем бе!? –

деп сол клас­си­ка­лық өре­ні Қы­тай қа­зақ­та­ры ара­сын­да тұң­ғыш бо­лып екін­ші рет қайтала­ды» [15, 351-б.], – де­ген пі­кір жа­ңа­ғы айт­қан­да­ры­мыз­ды то­лық­тай тү­сін­ді­ре­ді. Таң­жа­рық өзі­не үл­гі, мақ­тан тұ­та­тын Ыбы­рай, Ах­мет, Әсет, Мыр­жа­қып, Шә­кә­рім, Әріп, Омар, Са­ра қа­тар­лы қа­зақ­стан­ның ке­зін­де­гі та­ны­мал өнер­паз, оқы­мыс­ты ұл-қыз­да­рын, олар­дың көп­тік-әлеу­мет­тік си­пат ала­тын шы­ғар­ма­ла­ры­на дейін ауыз­ға ала­ды да, олар­дың бә­рі­нен Абай­ды биік орын­ға қояды. «Бә­рін де Абай сө­зі ба­сып тү­сер!» деп аса жо­ға­ры ба­ға­лай­ды». Аба­кең әл­де қа­шан айт­ып өт­кен, «ке­зін­де Абай екең айт­қан жоқ па», «айт­қа­ ны Абай аға бар емес­пе», – деп қай-қа­шан да Абай­ды өзі­не өмір бойы үл­гі – өне­ге тұ­та­ды. Таң­жа­рық туын­ды­ла­ры­нан Абай шы­ғар­ма­ла­ры­ның ас­қан ше­ бер­лі­гі­нен, ой-пі­кір те­рең­ді­гі­нен, осы­дан ту­ған бай маз­мұн­нан, көр­кем­дік бояуы­нан көп өне­ге ал­ған­ды­ғы мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Айт­қа­ны Абай аға бар емес пе, Сө­зің­ді ұқ­па­ған­ға бер­ме де­ген. Жи­ре­ніп өз үйі­нен қа­шып жүр­ген, Бай­қа­май ант ұр­ған­ға ер­ме де­ген. Ерін­бей ең­бек етіп, та­лап тауып, Қо­лың­ды кө­тер көк­ке, сер­ме де­ген, – («Өмір сы­ры»)

деп Абай есі­мін ес­ке са­ла­ды. 93

Бә­рі не­гі­зі­нен Абай­дан та­бы­ла­тын сөз­дер. Егер Абай­ға елік­ те­ме­се, одан өне­ге ал­ма­са мұн­дай ұқ­сас­тық, са­рын­дас­тық­тың бо­ луы мүм­кін бол­ма­ған бо­лар еді. Шы­ғар­ма­шы­лық­қа осы­лай Абай­ша тал­ғам­мен, үл­кен жауап­ кер­ші­лік­пен қа­райт­ын су­рет­кер ақын қа­зақ әде­биеті тө­рі­нен орын ала­тын маз­мұ­ны те­рең, көр­кем­дік өре­сі биік асыл поэзияны қа­ лып­тас­тыр­ды. Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның та­би­ғат кө­рі­ні­сін си­пат­тау­ын­ да да Абай өлең­де­рі­нің әсе­рі ай­қын бай­қа­ла­ды. «Көк­тем мы­са­ лы»,«Жаз мы­са­лы», «Жаз та­ңы», «Жаз­дың бір кү­ні», «Тау та­би­ға­ ты» өлең­де­рін­де Абай­дың жыл­дың осы мез­гіл­де­рі ту­ра­лы жаз­ған өлең­де­рі­нің әсе­рі бар. Абай әсе­рін айт­қан­да, Таң­жа­рық­ты жа­да­ ғай кө­ші­ру­ші, жай елік­теу­ші деп тү­сі­ну­ге бол­майды. Абай­дан су­ рет­кер­лік­ті үйре­не оты­рып, бей­не­леу құ­рал­да­рын орын­ды тауып қол­да­ну ар­қы­лы та­би­ғат кө­рі­ні­сін өзін­ше бей­не­лей­ді. Ұлы Абай мұ­ра­сын бой­ына сі­ңір­ген, үй­рен­ген Таң­жа­рық жыл мез­гіл­де­рі­нің өзін­дік сыр-­бояула­рын бе­дер­лі де бей­не­лі су­рет­ тейді. Мұн­дай мез­гіл­ге тән бояу­лар­ды дәл тауып ақын­дық тап­ қыр­лық­пен әсер­лі бей­не­лейт­ін су­рет­тер Таң­жа­рық өлең­де­рі­нің өн бойы­нан та­бы­лып оты­ра­ды. Өйке­ні ол – «өлең­де­рі­нен об­раз­ ды ой туын­да­тып, мез­гіл­дің өзі­не бел­гі бо­лар­лық­тай эле­ме­нт­тер­ ді жан­ды иге­ріп, об­раз­дан­ды­ра бі­ле­тін су­рет­кер ақын» [21, 40-б]. Сө­зі­міз­дің дә­лел­ді бо­луы үшін Та­кең­нің «Жаз мы­са­лы» ат­ты өле­ңі­нен бі­раз оқиық­та оны Абай­дың «Жаз­ды кү­ні шіл­де бол­ған­ да» ат­ты өле­ңі­мен са­лыс­ты­рып кө­ре­лік: Жаз шы­ғып, жер­дің жү­зі жай­на­ған­да, Жа­ға­лай жел, жо­та­ны жай­ла­ған­да; Са­мал­ды, са­ры дөң­ге же­лі тар­тып, Ирек­теп құлын, тай­ды бай­ла­ған­да;

Бұл жай­лау­ға шы­ғып, бие бай­лап мә­ре-сә­ре бол­ған ауыл­дың бір кө­рі­ні­сі де­сек бо­ла­ды. Не бол­ма­са: Шу­ла­са қо­ра­да қой, сырт­та сиыр, Же­лі­де ай­ғыр, бие қы­ңыл­да­сып. Қа­лың көш үз­дік-сөз­діқ жө­нел­ген­де, Қақ­ты­ғып бай­лау-ба­қан ды­ңыл­да­сып.

94

Не­ме­се:

Ит үріп, ба­ла жы­лап, өгіз ту­лап, Жү­кауып, оны ба­сып, сиыр қа­шып. Бұ­рын кеп ақ­са­қал­дар қо­ныс ша­лып, «Жай­лау жай­лы бол­сын, – деп!» ырым­да­сып. Бас­ты­ра көк шал­ғын­ды жүк тү­сі­ріп, Дем алып, су­сын жұ­тып, ты­ным­да­сып. Кө­тер­тіп бір жі­гіт­ке ша­ңы­рақ­ты, Қыз, қа­тын уық шан­шып қыл­мың­да­сып, –

дей­ді. Көш­пе­лі қа­зақ ауылы­ның қым-қуыт, абыр-са­быр тір­лі­гі дәл су­рет­те­ле­ді. Тө­гі­ле жал­ғас­қан тоқ­сан тар­мақ­тан тұ­ра­тын тол­ғауда та­би­ғат ая­сын­да отыр­ған қа­зақ қо­ға­мы­ның көш­пе­лі өмі­рі­не тән жаз­ғы тір­ші­лі­кә­ре­ке­ті бей­не­лен­ген. Мі­не, бұн­дай – на­ғыз шы­найы, та­ ныс су­рет, та­би­ғи кө­рі­ніс Абай өлең­де­рін­де бар. Нақ­ты­рақ айт­ қан­да Абай­дың «Жаз­ды күн шіл­де бол­ған­да» ат­ты атақ­ты өле­ ңін­де кө­шіп ке­ліп қо­нып жат­қан ауыл кө­рі­ні­сі ба­рын­ша та­би­ғи су­рет­те­ле­ті­ні бел­гі­лі. Мә­се­лен, бір-екі шу­мақ­ты кел­ті­рейік. Он­да мы­на­дай жол­дар­ды оқу­ға бо­ла­ды: ...Шұр­қы­рап жат­қан жыл­қы­ның, Шал­ғын­нан жо­ны қыл­тыл­дап. Ат, ай­ғыр­лар, бие­лер, Бүйірі шы­ғып ың­қыл­дап. Су­да тұ­рып шы­бын­дап, Қыз- ке­лін­шек үй ті­гер, Бұ­ра­ла ба­сып был­қыл­дап, Ақ бі­ле­гін сы­ба­нып, Әзіл­де­сіп сың­қыл­дап...

Екі өлең­нің қа­лай қиы­сып, қа­лай туы­сып тұр­ға­ны ап- ай­қын кө­рі­ніп тұр. Екеуін­де де жай­лау үс­тін­де­гі кө­шіп-қон­ған жаз­ғы ауыл тір­ші­ лі­гі өте әде­мі су­рет­те­ле­ді. Бұ­лар­да­ғы үн­дес­тік, са­рын­дас­тық ту­ ра­лы про­фес­сор А.Қа­ли­ұлы «Абай поэзиясы...» ат­ты зерт­теуін­де: «Бұ­дан да үн­де­сіп, та­мыр­ла­сып тұр­ған же­рі, екі ақын­ның сон­ша­ лық көп кө­рі­ніс, мол қи­мыл, алуан тір­ші­лік­ті сы­на­лап аз өлең­ге си­ғы­зу­ын­да; ты­ным­сыз қоз­ға­лыс күйін аң­ғар­та­тын етіс­тік­тен ұй­ қас құ­рауын­да... Екі өлең­нің әр жо­лын­да бір қи­мыл, бір тір­ші­лік бар. Бұ­лар жө­нін­де­гі баян­дау мен су­рет­теу өза­ра кі­рі­гіп, баян­дау 95

ар­қы­лы қи­мыл, тір­ші­лік да­ми тү­се­ді де су­рет­теу ар­қы­лы қи­мыл, тір­ші­лік су­рет бо­лып көз ал­ды­ға елес­тейді» – де­ген тұ­жы­рым пі­ кір айтады [22, 57-б.]. Екі өлең са­рын­дас бол­ға­ны­мен, маз­мұ­ны жа­ғы­нан өз­ге­ше құ­рыл­ған. Абай өле­ңін­де жаз­дың бір сә­ті нақ­ты көр­се­ті­ліп, шіл­ де айы ке­зін­де ауыл күр­кі­реп жат­қан өзен жа­ға­сы­на кө­шіп ке­ліп қон­ған күн­дер­де­гі кө­рі­ніс су­рет­тел­се, Таң­жа­рық тол­ғауын­да ел­ дің көк май­са­лы жал, жо­та­ны жай­лап, бие бай­ла­ға­ны, са­ба-са­ба са­ры қы­мыз са­пы­ры­лып, са­маурын қай­на­ған кө­рі­ніс­тер де, көш­ пе­лі өмір­дің көш қы­зы­ғы да, шөп ша­бу т.б. тір­ші­лік қа­мы­ның бар си­па­ты кең қам­ты­ла су­рет­те­ле­ді. Абай­ды өзі­не ұс­таз, үл­гі-өне­ге тұт­қан Таң­жа­рық кей­бір көр­ кем­дік тә­сіл­ді қол­да­ну­да аса тал­ғам­паз­дық пен жа­сам­паз­дық ше­ бер­лік та­ны­та­ды. Оның«Іле си­па­тын­да» Абай­дың «Қыс», «Жаз­ ғы­тұ­рым» қа­тар­лы өлең­де­рі мен Лер­мон­тов­тан ау­дар­ған «Те­рек­ тің сиы» сын­ды шы­ғар­ма­сы та­мыр­ла­сып, қа­бы­сып жа­та­тын тұс­ та­ры бар. Де­ген­мен Таң­жа­рық­тың кейіп­теу тә­сі­лін қол­да­ну­да­ғы өзін­дік ерек­ше­лі­гі де мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Күн кү­ліп бар­ша әлем­ге шаш­ты нұ­рын, Кір­гі­зіп та­би­ғат­тың қаш­қан сұ­рын. Жа­ға­лай бо­са­ға­ны жы­мың қа­ғып, Күйеу­дей қай­ыны­на кел­ген ұрын. Шық­пе­нен бе­тін жуып, жер түр­ле­ніп, Кү­тін­ді қа­лың­дық­тай кү­ні бұ­рын.

Абай да, Таң­жа­рық та өз өлең­де­рін­де күн­ді-күйеу, жер­ді-қа­ лың­дық ре­тін­де алып су­рет­тейді. Алай­да олар­дың бұ­дан шы­ға­ра­ тын қо­ры­тын­ды­ла­ры бас­қа-бас­қа, бө­лек-бө­лек, яғ­ни, Абай күн­ді әлем­нің кін­ді­гі-пат­ша­сы, жер­ді – біз­дің пла­не­та­мыз­да­ғы тір­ші­ лік атау­лы­ның ана­сы деп ой қо­ры­та­ды; Таң­жа­рық өле­ңін­де­гі күн – ка­дім­гі нақ­ты өмір­де­гі адам, қай­ыны­на ұрын кел­ген, жы­мың қа­ғып, бо­са­ға­дан сы­ға­лай қа­райт­ын, өмір­де күн­де кө­ріп жүр­ген боз жі­гіт. Ал оны күт­кен жар – ара­мыз­да­ғы ті­рі пен­де, күйеуі­нің ке­ле­рі­нен ал­дын-ала ха­бар тауып, шық­пен бе­тін жуып, бір кие­ рін бой­ына жап­сыр­ған ка­дуіл­гі ауыл­дың қы­зы» [23, 38 б.]. Қа­лай де­сек те ақын­ның бұл өле­ңін­де Абай әсе­рі тай­ға таң­ба бас­қан­дай бай­қа­лып тұ­ра­ды. Ақыт Үлім­жіұлы да ұлы Абай­дың өлең өр­не­гі­нен көп үйре­не­ ді. Ақыт шы­ғар­ма­шы­лы­ғы ХІХ ға­сыр­дың со­ңын­да бас­тал­ға­ны­ 96

мен шы­ғар­ма­ла­ры­ның кө­бі XX ға­сыр­да ту­ған. Ақын туын­ды­ла­ ры­ның идея­лық-көр­кем­дік жа­ғы­нан то­лы­са биік­тей тү­суі Абай­ды та­ны­ған­нан кейін бас­та­ла­ды. Сон­дық­тан про­фес­сор Ә. Қа­ли­ұлы: «Ақыт – қа­зір­гі за­ман қа­зақ­та­ры­нан Абай­ды та­ны­ған, те­рең тү­ сін­ген, оны ұс­таз тұт­қан тұң­ғыш кі­сі» [24, 78-б.], – де­се, екін­ші бір тұс­та та­ғы да Ақыт ақын­ның Абай­дан үл­гі алып үй­рен­ге­нін, осы­ның нә­ти­же­сін­де көп­те­ген өлең жаз­ға­нын нақ­ты­лай тү­се­ді. Ол Абай­дан үйре­ніп, Абай­дың ық­па­лын қа­был­дап, Абай­дың жа­ ңа өлең фор­ма­сын қы­тай қа­зақ әде­биеті­не кір­гіз­ген» [25, 178-б.], – деп жа­за­ды. Бас­қа­ны бы­лай қой­ған­да «Ғақ­лия­лық үн­деулер­ді» Абай өлең­де­рін оқы­ған соң жаз­ға­нын Ақыт ақын­ның өзі де ес­ке­ рт­ті емес пе? Қол­да­ғы ма­те­ри­ал­ға қа­ра­ған­да, ақын Абай­ға елік­теп, бір­шо­ ғыр өлең­дер топ­та­ма­сын (тақ­та сөз­дер) жаз­ған. Сон­дай-ақ Ақыт «Абай өлең­де­рі­нің үзін­ді­сін ба­сы­на алып, күр­де­лі ле­біз­де­рін шеш­тім» – деп ­бе­кер ес­ке­рт­пе­ген. Бұ­ған қа­ра­ған­да ұлы Абай­дың өлең өр­не­гі­нен көп үй­рен­ген де­ген бай­лам­ға ке­лу­ге бо­ла­ды. Бі­ рақ­бұл ара­да ес­кер­те­тін бір жай Абай өлең­де­рі­нің кей­бір жол­ да­рын ана­лы түр­де сол қал­пын­даөлең­де­рі­не кі­ріс­ті­ре­ді де, әр­бір өле­ңін­де­гі айт­пақ ойын өзін­ше та­ра­та айт­ып, өзін­ше пай­ым-түйін жа­сап оты­ра­ды. Мә­се­лен, Абай­дың «Бойы бұл­ғаң» деп ата­ла­тын өле­ңі­нің үл­гі­сі­мен жа­зыл­ған мы­на өле­ңін оқып кө­ре­лік. ...Әуре ба­сым, Көз жа­сым Тын­бай ағып, Бол­ды сел. Иіл­ді мой­ын, Ме­нің ойым: Не бо­ла­ды қай­ран ел? Осы қай­ғым – Ме­нің айы­бым, Те­зі­нен ой­лап тол­ды дерт. Кей­де мұз­дап, Кей­де сыз­дап, Бол­дым өрт.

Ақын­ның (Ақыт­тың) көз­жа­сы тын­бай ағып, бойы бір­де мұз­ дап, бір­де сыз­дайт­ын се­бе­бі не? «не бо­ла­ды қай­ран ел» екен. Хал­ қын ойла­ған­бір адам­ның қай­ғы­сы осын­дай-ақ бо­лар. 97

Хал­қы­ның бо­ла­шақ тағ­ды­рын ой­лап жа­ны жай тап­пай күй­ зел­ген ақын Абай­ша ашы­на, Абай­ша тол­ға­нып жан ай­қай­ын біл­ ді­ре­ді. Ақыт­тың жо­ға­ры­да­ғы атал­ған бір жи­на­ғы Абай үл­гі­сі­мен жа­зыл­ған. Алай­да Ақыт­та өзін­ше айтуға ұм­ты­ла­ды. Алай­да Абай есі­мін атап, оған құр­мет көр­се­те сөй­лей­ді. Ақыт ақын­ның қа­зақ үшін қа­мы­ғып, өз ұл­тын жаз­ғы­руы, сы­ науы, ақыл­дық ке­ңес, аза­мат­тық пі­кір айт­уы ұлы Абай шы­ғар­ ма­ла­рын­да­ғы реа­лис­тік дәс­түр­дің Ақыт­қа көр­сет­кен бір ық­па­лы еке­ні бел­гі­лі. Абай шы­ғар­ма­ла­ры­ның бас­ты қа­сиет­те­рі­нің бі­рі – өз елі­нің, өз ұл­ты­ның жа­ман әдет, те­ріс қы­лық­та­рын, қа­зақ­тың бой­ын­да­ғы бар мі­нін аяу­сыз әш­ке­ре­леу бол­ған еді. Елі­міз қа­зақ әде­биетін­де оған ең ал­ғаш бой тү­зе­ген адам­ның бі­рі осы Ақыт бол­са, ен­ді бі­рі Таң­жа­рық. Ақын Таң­жа­рық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ ның ерек­ше кө­рі­не­тін өне­ге­ле­рі­нің бі­рі де сол Абай шы­ғар­ма­ла­ ры­ның үл­гі­сі бол­ды. Егер Абай: Қа­лың елім, қа­за­ғым, қай­ран жұр­тым, Ұс­та­ра­сыз аузы­ңа түс­ті мұр­тың. Жақ­сы ме­нен жа­ман­ды айыр­ма­дың, Бі­рі қан, бі­рі май боп екі ұр­тың, –

деп қа­зақ хал­қы­ның на­дан­дық-қа­раң­ғы­лық, ын­ты­мақ-бе­ре­ке­сіз­ дік, күн­дес­тік-кө­ре ал­маушы­лық мең­де­ген күй­кі тір­лі­гі­не күйіне­ ді. Таң­жа­рық ақын да: Біз­дің жұрт айт­пай біл­мес, аш­пай көр­мес, Се­зін­бей айт­қан сөз­ді пер­де­ле­ген... Айы­рып дос пен қас­ты та­ны­май­ды, Қор қы­лып кө­зін бас­қан шел не­де­ген!... Өсек, өті­рік, мақ­тан, айла-қу­лық, Жо­лын­да жа­ғы шар­шап тал­ған емес... Нет­кен ел қа­ны сұй­ық, ұж­да­ны жоқ, Иіл­мей қа­тып қал­ған бел не­де­ген! (Өмір сы­ры)

Не:

98

Жер жү­зі бет ал­ған­да өнер жақ­қа, Сен жүр­сің мой­ын со­зып өлер жақ­қа. Бық­сы­ған сай-сай­да­ғы жан­ған отың, Ол­да­ғы бейім боп тұр сө­нер жақ­қа...-

деп, өз ұл­ты­ның ру­ха­ни жұ­таң­ды­ғы яғ­ни ерін­шек­тік, бей­қам­дық, ғай­бат­шыл­дық, то­ғы­шар­лық, көр­се­қы­зар­лық қа­тар­лы адам­гер­ ші­лік­ке жат тір­лі­гі мен бір­лі­гі жө­нін­де сөз қоз­ғап, сын­ға ала­ды. Ашы­на, ба­ты­ра айт­ып, хал­қы үшін кө­кі­ре­гін қарс айыра­ды. Таң­ жа­рық­тың «Ел сы­ры» тол­ғауын­да да Абай­дың «Бойы бұл­ғаң», «Са­быр­сыз, ар­сыз, ерін­шек» шы­ғар­ма­ла­ры­ның әсе­рі күш­ті бол­ са, «Са­тыл­қан зәң­гі­ге», «Ал­пыс­бай ақа­лақ­шы­ға» де­ген са­ти­ра­ лық өлең­де­рі Абай­дың «Бо­лыс бол­дым, мі­не­ки», «Мәз бо­ла­ды бо­лы­сың» ат­тыөлең­де­рін ес­ке тү­сі­ре­ді. Таң­жа­рық, Ақыт шы­ғар­ма­ла­ры­ның идея­лық, көр­кем­дік жақ­ тан ке­мел­де­ніп, елі­міз қа­зақ әде­биетін­де да­ра биік шың­ға кө­те­ рі­луін Абай ық­па­лы­нан бө­ле қа­рауға бол­майды. Яғ­ни жо­ға­ры­да айт­қа­ны­мыз­дай Абай­дың реа­лис­тік дәс­тү­рі­нен, де­мок­ра­тиялықағар­ту­шы­лық идеясы­нан үл­гі үйре­нуін­де жа­тыр. Сон­дық­тан олар өз­де­рі жа­са­ған дәуір­ге Абай­ша қа­ра­ды. Шын­дық­ты Абай­ша тол­ ға­ды. Олар­дың шы­ғар­ма­ла­ры­нан бас­тау ал­ған Абай дәс­тү­рі әде­ би да­му­ға үн қос­қан ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­нан кө­рі­ніс тауып жат­ты. Ақыт ақын әсі­ре­се, ал­пыс­ты ар­қа­ла­ған ша­ғын­да жаз­ған «Ғақ­ лия­лық үн­деулер» ат­ты өлең­дер топ­та­ма­сын­да Ақыт өзі­нің осы шы­ғар­ма­ла­ры ту­ра­лы: «мар­хұм Абай Құ­нан­байқа­жы­ұлы­ның кі­ та­бы­нан өр­нек алып, осы ғақ­лия­лық, на­қыл­дық үн­деулер кі­та­бын жаз­дым. Шір­кін, Абай адам­ның жуыр­да есі­не түс­пейт­ін сөз­дер­ді тауып, со­ны өр­нек­те­ген екен. Мен де сон­дай есі­ме тү­се қал­ған сөз­дер­ді кір­гіз­дім», – деп тү­сі­нік бе­ре­ді. Ең ал­ды­мен Ақыт Абай­дың ру­ха­ни әле­мін дұ­рыс та­нып, оның ақын­дық құ­ді­ре­тін жо­ға­ры ба­ға­ла­ған. Ол: Ақын­дар біз­ден бұ­рын өт­кен та­лай, Әсі­ре­се Құ­нан­бай ба­ла­сы Абай. Со­лар­дай өт­кір сөз­ді тап­па­сам да, Ойым­ды жет­кі­зейін құ­рай-жа­май, –

деп кі­ші­пейіл­ді­лік көр­се­те сөй­леп, Абай­ды ауыз­ға алуы жай емес. Абай­дың да­на­лы­ғын, те­рең­ді­гін же­те тү­сін­ген­дік­тен оны қа­дір тұ­та­ды, өне­ге ала­ды. Ақыт­тың «Ғақ­лия­лық үн­деулер» топ­та­ма­сы Абай сын­ды ой­шыл­дан үл­гі өр­нек алуы нә­ти­же­сін­де, екін­ші­ден, ақыл-ойы­ның әб­ден ке­мел­де­ніп, қо­ғам­дық са­на-салт­ты, өмір тір­ ші­лік­ті жан-жақ­ты пай­ым­дай оты­рып жаз­ған шы­ғар­ма­сы. Сон­ 99

дық­тан бұл топ­та­ма­лар Ақыт шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның биік бе­ле­сі тә­різ­ді туын­ды­лар [1,87-88 б.]. Бұл өлең­де­рін­де Абай әсе­рі анық се­зі­ліп тұ­ра­ды. Абай­дың көп­те­ген өлең жол­да­рын сол қал­пын­да пай­да­ла­нып та отыр­ған (1,185 б.). Абай үл­гі­сі Ақыт өлең­де­рі­нің сырт­қы фор­ма­сы (буын, бу­нақ, тар­мақ, ұй­қас) яғ­ни тех­ни­ка­сы жа­ғы­нан да аң­ға­ры­лып тұ­ ра­ды. «Он бес», «Он же­тін­ші» тақ­та сөз­де­рі­нен Абай­дың «Се­гіз аяғы­ның» үл­гі­сі­мен жаз­са, бас­қа тақ­та сөз­де­рін­де Абай­дың тә­ лім-та­ғы­лы­мы бой көр­се­тіп, ой түйін­де­рі жал­ғас­тық та­ба­ды. Абай «Бір дәу­рен кем­ді күн­ге – боз­ба­ла­лық» ат­ты өле­ңін­де әр нар­се­нің өз уақы­ты бо­ла­ты­нын ес­кер­тіп, жас­тық шақ­ты пай­ да­лы іс­пен дұ­рыс өт­кі­зу ке­рек­ті­гін айтады. Екі кел­мес ғұ­мыр­да «еһе-еһе­мен елі­ріп, же­ңіл-жел­пі» өт­кі­зіп алу­дан сақ­тан­ды­ра­ды. Еш­кім­нен тек­теу-тиым көр­ме­ген са­на­сыз шал­дуар­дың тү­бін­де бір өкі­ніш­ке өр­те­не­рі хақ. Абай: Ба­сын­да әке айт­па­са ақыл-жар­лық, Ағай­ын та­был­ма­са ой са­лар­лық. Қал­жың­да­сып өт­кіз­ген қай­ран дәу­рен, Тү­бін­де тарт­қыз­бай ма ол бір зар­лық, –

де­се, Ақыт: Ба­сын­да ата­сы айт­пас тиім­ді ақыл, Те­рі­сін ағай­ыны де­се ма­құл. Сан­ды­рақ­тап жы­ғы­лып тұ­рып-жү­ріп, Жа­ңа бас­қан ба­ла­дай апыл-та­пыл. Бір зар­лы­лық ар­тын­да тарт­тыр­май ма Қай­ран өмір қал­жың­мен өт­се ға­пыл, –

дей­ді. Екі ақын­ның ойы да бес күн­дік жал­ған­нан опық же­меу, адам­ды аз­ды­ра­тын ыр­таң мен жыр­таң­ға ал­да­нып қал­мау. Ұс­таз бен шә­кірт ойы бір ар­на­ға құй­ған­дай, маз­мұн-мақ­сат са­бақ­тас­ ты­ғы бір­ден-ақ бай­қа­ла­ды [1,89б]. Абай көп нәр­се­ге қыр­сы­ғын ти­гі­зіп жүр­ген ке­сел­ді пы­сық­тар­ды ше­ней ке­ліп: Кү­шік ит­тей үріп тұр, Кі­сі­ден кем­мін де­мей­ді, –

деп кейіс­тік та­ныт­са Ақыт: 100

Кү­шік ит­тей шәуіл­деп, Ал­ды-ар­тың­ды орай­ды, –

дей­ді. Абай өле­ңі­нен еш­кім­нен кем емес­пін деп кер­дең қақ­қан ке­ сір­ді көр­ген­дей бол­сақ, Ақыт өле­ңі­нен оң­тайы кел­се ома­қас­ты­ру­ ды мақ­сат етер за­лым­дар­ды көр­ген­дей бо­ла­мыз. Абай за­ма­нын­да пат­ша әкім­ші­лі­гі­нің ел ішін­де­гі сой­ыл со­ғар ұсақ әкім­де­рі­нің ісәре­ке­ті қа­зақ да­ла­сы­на алауыз­дық­тың отын жа­ғып күң­кіл-кү­бір­ ді кө­бейт­ті. Шен-шек­пен үшін та­лас-тар­тыс­қа тү­сіп, пә­ле-жа­ла етек ал­ды. Тіп­ті­ ха­лық­тың пси­хо­ло­гиясы өз­ге­ре бас­та­ды. Осын­ дай тұс­та ке­сел­ді пы­сық­қа кейі­ген Абай: Бір сөз үшін жау бо­лып, Бір күн үшін дос бо­лып, Жүз құ­был­ған салт шық­ты, –

де­ген бо­ла­тын. Ал Ақыт кү­ні үшін ға­на дос бо­лып, бір той­ған­ға қош бо­ла­тын опа­сыз­дар­дың си­қын аша­ды. Бір күн кө­ңі­лін тап­па­саң, Қа­зір тұ­рар өш бо­лып.

Бұл қыс­қа күн­де қы­рық құ­был­ған­дар­дың қы­лы­ғы. Осы өлең жол­да­рын­да­ғы Абай әсе­рі еш­қан­дай дә­лел­деу­ді қа­жет ет­пе­се ке­ рек. Тіп­ті бұ­рын ма­хаб­бат ли­ри­ка­сын жаз­ба­ған Ақыт ал­пыс­тан ас­ қан ша­ғын­да Абай өне­ге­сі­мен ал­ғаш рет ма­хаб­бат ли­ри­ка­сын жа­ за­ды. Ақыт сұ­лу қыз­дың сырт­қы си­па­тын көр­се­ту­ді мақ­сат ет­кен Абай­дың «Қақ­та­ған ақ кү­міс­тей кең маң­дайлы» өле­ңі­нің үл­гі­сін пай­да­ла­на оты­рып: Ақ кү­міс­тей кең маң­дай, Қа­ра кө­зі­нұр жай­нар. Сы­зыл­ған қа­ра қас­та­ры, Бей­не жа­ңа ту­ған ай, –

деп сұ­лу қыз­дың сырт­қы түр-тұл­ға­сын, кес­кін-кел­бе­тін ма­дақ ете­ді. Екі ақын да қыз­дың порт­ре­тін өлең­мен өр­нек­те­ген­де«ақ кү­міс­тей кең маң­дай­дан» бас­тап әр мү­ше­сін же­ке­лей бей­не­леу 101

ар­қы­лы порт­рет­тік си­пат­та­ма бер­ген. Ақыт өлең со­ңын түйін­деп, жақ­сы жан­нан қа­пы қал­мауды мең­зейді. Мұн­дай ұқ­сас­тық­қа мы­ сал­дар­ды та­ғы да тіз­бек­теп кел­ті­ру­ге бо­лар еді. Алай­да, осы­ның өзі­нен-ақ Абай ық­па­лын бай­қауға бо­ла­ды. Ақытт­тың топ­та­ма­ла­ ры ті­ке­лей Абай шы­ғар­ма­ла­ры­нан өр­нек алып, ден қою­дан ту­ған. Де­мек Абай, Ақыт­тың эс­те­ти­ка­лық та­ны­мы­ның ке­ңеюіне әсер ет­кен. Ақын­ның «Ғақ­лия­лық үн­деуле­рі» Абай­дың«Қар­тай­дық, қай­ғы ойла­дық ұйқы сер­гек», «Қы­ран бүр­кіт не ал­май­ды сал­са бап­тап», «Қа­лың елім қа­за­ғым қай­ран жұр­тым», «Кө­ңі­лім қал­ды дос­тан да дұш­пан­нан да», «Жі­гіт­тер ойын ар­зан күл­кі қым­бат», «Са­быр­сыз ар­сыз, ерін­шек», «Мәз бо­ла­ды бо­лы­сың»,«Бойы бұл­ ғаң» т.б. сияқ­ты өлең­де­рін­де­гі ой­мен үн­дес­тік тауып, ор­тақ ар­на тарт­қан­дай бо­ла­ды. Бір ес­кер­те­тін жайт­Ақыт, Абай­ға жа­лаң елік­теп оның кө­лең­ ке­сін­де қа­лып қой­ма­ған. Абай­мен ру­ха­ни үн­дес бол­ған. Ақын за­ма­ны ал­ға тарт­қан кө­кей­кес­ті жай­лар­ды Абай­ға сүйене оты­ рып өз са­на­сын­да қайта қо­ры­тып, өзін­ше түйін­деу жа­сап отыр­ ған.«Ал­тын­шы тақ­та сөз­де» бы­лай дей­ді: Ын­сап, ақыл, ар-ұят бір бас­та­ғы, Бә­рі тү­гел бі­реуге тұр­мас­та­ғы. Бұл төр­теуі бі­реуде жиыл­ған жан, Ке­лі­сім­сіз еш мі­нез қал­мас­та­ғы.

Ақын ата­ған төрт қа­сиет бү­кіл адам­гер­ші­лік­тің ажа­ры деу­ге бо­ла­ды. Ол осы қа­сиет­тер­ді жас­тар­дың ба­сы­нан та­был­са дей­ді. Егер әр уа­қыт ар ұят­ты ой­лап, әр нәр­се­ге ара­нын аш­пай, ын­сап етіп ақыл­мен шеш­пе­се, он­да ол адам­ның аза­мат ата­нып, алыс­қа ба­ра қоюы қиын. Бұл кез кел­ген адам­ның ат­тап өтуіне бол­майт­ын кі­сі­лік бел­гі­ле­рі де­се де бо­ла­ды. Абай та­ны­мы­ның тая­ныш-тұ­ғы­ ры бү­кіл тір­ші­лік­пен ас­та­сып жат­қан адам­гер­ші­лік не­ме­се кі­сі­лік қа­лып бол­са, оны Ақыт та көп өле­ңі­нің не­гі­зі етіп өмір­лік мұ­рат тұт­қан. Абай тә­лім-тәр­бие мә­се­ле­сі­не үл­кен мән бер­ген. Өзі­нің бір­ не­ше қа­ра сөз­де­рін­де жас­тар тәр­биесі­нің бас­ты-бас­ты мә­се­ле­сі жө­нін­де ке­ле­лі ой­лар айтады. Ақын Ақыт та жас буын­ды адам­ гер­ші­лік рух­та тәр­бие­леу­ді өз шы­ғар­ма­ла­ры­ның үл­кен бір өзе­гі ете­ді. Жақ­сы адам бо­лып қа­лып­та­су­дың бір шар­ты ба­ла­ға жас ке­ зі­нен тар­бие бе­ру деп бі­ле­ді. 102

Әдеп, ғы­лым үйре­ну, Же­ті ме­нен се­гіз­ден.

Әдеп сақ­тау-адам­гер­ші­лік не­гіз­де қа­лып­тас­қан әлеу­мет­тік дәс­түр. Егер­де қа­лып­тас­қан ха­лық­тық қа­ғи­да бұ­зыл­са кі­сі­лік­ке ақау, ұлт­тық на­мыс­қа дақ тү­суі мүм­кін. Сон­дық­тан да әдеп­ті­ лік­ті та­ғы­лым та­ра­зы­сы ре­тін­де қа­ра­ған ақын «ба­ла­ны жас­тан» дейт­ін прин­цип не­гі­зін­деекі нәр­се­ні – әдеп пен ғы­лым­ды же­ке бө­ліп атай­ды. Өйт­ке­ні үл­кен адам­гер­ші­лік­ке ба­рар жол­дың ба­ сы – әдеп­ті­лік­тен бас­та­ла­тын бол­са, дү­ниенің сы­ры, ел­дің ер­те­ңі ғы­лым­ға бай­ла­ныс­ты еке­нін жақ­сы тү­сін­ген. Сон­дық­тан жас ұр­ пақ­тың бой­ына әдеп пен ғы­лым­ды жас ке­зі­нен бас­тап сі­ңі­ру ке­ рек деп ұғы­на­ды. Ал Абай да «Ғы­лым­сыз ақы­рет те жоқ, дү­ние де жоқ» деп ғы­лым­ның ор­нын жо­ға­ры қой­ға­ны бел­гі­лі. Екі ақын­ды кө­бі­рек тол­ған­дыр­ған бас­ты нар­се – адам өмі­рі, ұр­пақ тәр­биесі. Қайт­кен­де на­ғыз адам қа­лып­тас­пақ де­ген түп­кі түйін­ді­ше­шу­ге көп ден қой­ған. Абай «ба­ла­ның жақ­сы­сы – қы­зық, жа­ма­ны-күйік» дей оты­рып, жа­ңа да жақ­сы адам тәр­бие­леу­дің көп­те­ген жол-жо­ сы­ғын көр­сет­кен. Абай­дың пе­да­го­ги­ка­лық ілі­мін сүйе­ніш-ті­рек ет­кен Ақыт та жас­тар тәр­биесі­не ерек­ше на­зар ау­дар­ған. Жақ­сы ба­ла көз нұ­ры, Жа­нып тұр­ған шы­рақ­тай, –

де­ген сө­зі ар­қы­лы жақ­сы ба­ла­ны ата-ана­ның жа­нып тұр­ған шы­ ра­ғы­на ба­лай ке­ліп: Әдеп пен иба жа­қын-ды, Бұ­лар­ға тұт­қа ақыл-ды, –

дей­ді. Әдеп-иба­ны ақыл­дан бөл­мейді, ақыл­ды олар­дың ті­ре­гі ре­тін­ де қа­рай­ды. Яғ­ни тә­лім-тәр­бие әдеп, ғы­лым, ақыл – осы үш ба­ ғыт­та бо­луы ке­рек. Үшеуі­нің ба­сы бі­рік­кен­де ға­на жақ­сы адам өсіп шық­пақ. Әді­лет­сіз өкі­мет ел би­леуге «жа­ңа­лық» ен­гі­зіп, ха­лық­тың би­ лік дәс­тү­рін өз­ге­рт­ті. Әк­кі құлық, айла­кер, би­лік ар­қы­лы ел­дік тұ­тас­тық­ты бұ­зып, әлеу­мет­тік-эко­но­ми­ка­лық жә­не ру­ха­ни құл­ ды­раушы­лық­қа мәж­бүр ет­ті. Осы­дан ке­ліп жат­қан жал­баң­даушы­ лар кө­бей­ді. Ақыт­тың: 103

Ес­те­рі­нен ада­сып, Ұлық­сы­ған ұл ту­ды. Ше­ше­сі­не жар­мас­қан, Бі­лік­сін­ген қыз ту­ды, –

деп қын­жы­ла­тын се­бе­бі осы. Ен­ді қайту ке­рек? Бұ­дан құ­ты­лу­дың бір жо­лы оқу-бі­лім деп есеп­те­ді, жа­ңа ұр­пақ тәр­бие­леу­ді мақ­сат ет­ті. Тіл үй­рен, шүр­шіт, мұң­ғұл, орыс бол­сын, Мей­лі тү­зу, мей­лі ол бұ­рыс бол­сын, –

дей­ді. «Мей­лі тү­зу, мей­лі ол бұ­рыс бол­сын» де­ген сө­зін­де үл­кен мән бар. Қан­дай ха­лық бол­са да, оның ті­лін біл­сең ға­на бұ­ры­сы­ нан қа­шық бо­лып, дұ­ры­сы­нан үйре­не­сің жә­не жақ­сы, жа­ма­нын ажы­ра­ту да қиын бол­майды де­ген ойды мең­зейді. Абай да орыс ті­лін «за­ра­ры­нан қа­шық бо­лу­ға, пай­да­сы­нан ор­тақ бо­лу­ға біл­мек ке­рек», де­ді емес­пе?! Екі ақын­ның да ойы бір са­ға­ға сар­қа­тын­ дай. Екеуі де көп тіл бі­лу­ді бі­лім­ді­лік­тің ал­ғы шарт­та­ры­ның бі­рі ре­тін­де қа­рай­ды. Ұс­таз Абай өзі­нің «Ғы­лым тап­пай мақ­тан­ба» ат­ ты өле­ңін­де жас­тар­дың қан­дай нар­се­ден қа­шық, қан­дай іс­ке асық бо­луы ке­рек еке­нін са­на­ма­лап тұ­рып ата­ған ғой. Жақ­сы қа­сиет­ тер­дің қа­та­рын­да­ғы бес асыл іс­ті: Та­лап, ең­бек , те­рең ой, Қа­на­ғат, ра­хым ой­лап қой.

Абай­дың осы өле­ңін үл­гі тұ­та оты­рып, Ақыт өз ойын бы­лай­ ша са­бақ­тап үн қо­са­ды: Қа­на­ғат, қа­рын той­ғы­зар, Аран­ды ар­тық қой­ғы­зар. Ра­хым- ша­па­ғат кө­ңіл­ді, Адам­ды та­ту бол­ғы­зар. Ой ойла­нып іс қыл­са, Ақыл­ды ми­ға қон­ғы­зар. Та­лап­ты бо­лып тал­пын­бақ, Тең құр­бың­нан оз­ғы­зар. Ерін­бей ең­бек қыл­са­ңыз, Қо­лың­ды шың­ға соз­ғы­зар.

104

Осын­да­ғы Ақыт­тың айт­ып отыр­ға­ны да адам­гер­ші­лік ая­сын ке­ңейтетін- Абай ата­ған бес асыл іс. Абай­дан үйре­не оты­рып, ақын өзін­ше айт­ып, өзін­ше түйін­де­ген. Со­ны­мен «Ғақ­лия­лық үн­ деулер» – топ­та­ма өлең­де­рін­де­гі те­рең­дік пен уыт­ты­лық Абай­дан бас­тау ал­ған. Жі­гіт­тер, тір­ші­лік­тің қа­ді­рін біл, Ақыл ойла, мал із­де, тап-та­за жүр, –

де­ген жол­дар ға­қы­лиялық топ­та­ма­ның не­гіз­гі ар­қауы. Ұлы Абай сын­ды су­рет­кер­дің туын­ды­ла­рын­да­ғы шын­шыл­дық пен сыр­шыл­ дық ақын жа­нын бей-жай қал­дыр­май, ке­мең­гер ақын­ның ке­ле­лі ойы Ақыт жү­ре­гі­нің лү­пі­лін дүп бас­қан. Сөйт­іп, Абай мен ру­ха­ни үн­дес­тік тауып оны пір тұ­та­ды. Бір жа­ғын­да жауы көп, Бір жа­ғын­да дауы көп. Өк­сіп жы­лап өт­ті ғой, Қа­ра қа­зақ қа­мын жеп, –

де­ген Абай­ға ар­нау сө­зін­де те­рең шын­дық жа­тыр. Сөз өне­рі­нің пар­қын бі­ліп, та­лант да­ра­лы­ғын же­те ұғын­ған адам ға­на осы­лай сөй­ле­се ке­рек. Ақын Шыл­бы Кө­ме­кұлы да Абай поэзиясы­мен жақ­сы та­ныс бо­лып, одан үл­кен үл­гі қа­был­да­ған се­кіл­ді. Ол «Өлең сы­ны» ат­ты өле­ңін­де ұлы Абай­дың: Өлең – сөз­дың пат­ша­сы, сөз са­ра­сы, Қиын­нан қиыс­ты­рар ер да­на­сы. Тіл­ге же­ңіл, жү­рек­ке жы­лы тиіп, Теп-те­гіс жұ­мыр кел­сін айна­ла­сы, –

де­ген өле­ңі­не елік­теп, өзі­нің де өлең­ге қояр та­лап-өл­ше­мін өзін­ ше пай­ым­дай­ды: Өлең­нің биік бол­сын өре­сі де, Тең кел­сін сұ­лу­лы­ғы де­не­сі де. Кет­пе­сін айда­ла­ға сө­зің қаң­ғып, Айна­ла мық­ты бол­сын тө­бе­сі де, Өле­ңің аша біл­сін ой­дың кө­зін,

105

Кү­міс­тей сым­ға тарт­қан бол­сын сө­зің Жел бол­май жауыны жоқ жер кеп­тір­ген, Сө­зі­ңе дұ­рыс кел­сін өз мі­не­зің. Ой сал­сын ой­сыз­дар­ға өлең­де­рің, Қа­те­сін тү­зе­тің­дер, өрен­де­рім. Осын­дай нұс­қа етіп жа­зып қой­дым, Өлең­мен жа­на ма деп өз ең­бе­гім [26, 46-58-б.].

Жа­сам­паз­дық­қа Абай­ша жауап­кер­ші­лік­пен қа­ра­ған ақын өлең­нің өр­не­гі мен өрі­сі ту­ра­лы өзі­нің сын­дар­лы пі­кі­рін ор­та­ға са­ла­ды. Қо­ры­та айт­қан­да, елі­міз таяу за­ман қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­ та­сып, да­му жо­лын­да қа­лам тарт­қан ақын­дар­дың ке­мел­де­ніп, ру­ ха­ни же­ті­луіне ті­рек бол­ған үш бұ­лақ көз­ді айт­қан орын­ды. Оның бі­рі­ші­сі, ха­лық­тың бай фольклор, екін­ші­сі, шы­ғыс әде­биеті. Үшін­ші­сі, Абай­мұ­ра­сы. Әсі­ре­се, ха­лық әде­биеті­нің сан ға­сыр­лық өш­пес өр­нек-үл­гі­сі­не сүйенуі ақын­дар шы­ғар­ма­ла­ры­на ерек­ше ажар ашып бер­ген­ді­гін кө­ре­міз. Шы­ғыс әде­биеті­нің де ғиб­рат та­ ғы­лы­мы, үйре­тер үл­гі­сі аз бол­ма­ған бол­са, Абай үл­гі­сі­мен өлең­ дер дес­те­сін жаз­ған. Оның да­на­лық жо­лын жал­ғас­ты­рып, өл­мес өлең­де­рін көп­теп та­рат­қан. Шы­ғар­ма­ла­рын өне­ге тұт­қан. Со­ны­ мен ке­зін­де Абай үні елі­міз­де­гі қа­зақ қауымы­на да кең та­ра­ған, өнер иеле­рі­не нәр бе­ріп ұс­таз­дық ет­кен [1,87-95 б.]. Дас­тан­дар. Қы­тай таяу за­ман қа­зақ әде­биетін­де­гі эпи­ка­лық шы­ғар­ма­лар­дың ен­ді­гі бір шо­ғы­ры су­рет­те­ле­тін оқи­ға не­гі­зі­нен өзі өмір сүр­ген ор­та, қа­зақ қо­ға­мы­на тән тір­ші­лік кө­рі­ні­сі­нен алы­нып, дәуір шын­ды­ғы бей­не­ле­не­тін не­ме­се ха­лық­тың іл­ге­рін­ді-кейін­ді өмі­рін су­рет­тейт­ін шы­ғар­ма­лар, бас­қа­ша айт­қан­да ха­лық ба­сы­нан өт­кен та­ри­хи оқи­ға­ға, же­ке тұл­ға­лар­ға ар­нал­ған я бел­гі­лі ке­зең­де бо­луы мүм­кін шын­дық не­гі­зін­де жа­зыл­ған, кей­де тіп­ті ақын­ның өз тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты жай­лар да орай­лас­ты­рып жыр­ла­на­тын туын­ ды­лар бо­лып та­бы­ла­ды. Яғ­ни, атал­ған дәуір­де­гі елі­міз қа­зақ жаз­ ба әде­биетін­де дас­тан жан­ры да қа­рыш­тап да­мы­ды. Сол тұс­та­ғы ақын­дар идея­лық маз­мұн, көр­кем­дік өре­сі жа­ғы­нан шұ­рай­лы дас­ тан­дар жа­зып, жаз­ба әде­биеті­міз­дің та­қы­рып ая­сын ке­ңейт­іп, көр­ кем­дік ар­на­сын мо­лайтуға үл­кен үлес қос­ты. Бұл дәуір­де жа­зыл­ған дас­тан­дар­дың бір то­бын­да ер­те кез­де­гі, со­нау қа­зақ хан­дық­та­ры дәуі­рін­де­гі кей­бір та­ри­хи оқи­ға­лар баян­ дал­са, кей­бі­реуін­де дас­тан­ға ар­қау бол­ған оқи­ға бер­тін­гі дәуір­ ден, тіп­ті ақын өмір сүр­ген за­ман­нан алы­на­ды. Ен­ді бір бө­лім 106

дас­тан­дар­дың туылуына қа­зақ ара­сын­да та­рап жүр­ген бел­гі­лі бір хи­кая яки аңыз се­беп­ші бол­ған. Та­рих­тан бел­гі­лі кей­бір та­ри­хи тұл­ға­лар да дас­тан­дар­ға ар­қау бо­ла­ды. Бір бө­лім дас­тан­дар қиял­ дық, аңыз­дық си­па­ты ба­сым бо­лып, ро­ман­ти­ка­лық түс­ке ие бол­са, кө­бі­нің оқи­ға­лы­ғы шын­дық өмір­ге жа­қын яғ­ни реа­лис­тік си­па­ты ба­сым ке­ле­ді. Кей­де ас­қақ ро­ман­тизм мен реа­лизм ты­ғыз ұш­та­ сып жа­та­ды. Кейі­нің маз­мұ­ны ға­шық­тық­қа құ­ры­лып, ес­кі не­ке тү­зі­мі­не қар­сы тұ­рып, әйел тең­ді­гі, жас­тар­дың ма­хаб­бат ер­кін­ді­гі дә­ріп­те­ліп жат­са, кей­бі­рі ба­тыр­лық ­хи­каяға құ­ры­лып, ер­лік рух жыр­ла­на­ды. Мей­лі қай­сы­сы бол­сын бә­рін­де де ұлт­тық салт-са­на, ғұ­рып-әдет, жо­ра-жо­сын­дар, яғ­ни ұлт­тық ерек­ше­лі­кай­қын кө­рі­ ніс тауып жа­та­ды. Бай­ыр­ғы ес­кі жыр, қис­са­лар­ды жыр­лау­мен ға­на шек­тел­мей, өз тұ­сын­да­ғы әлеу­мет­тік өмір­дің реал­ды­ғы­на на­зар ауда­рып, ең ал­ғаш ха­лық райы­мен үн­дес та­ри­хи та­қы­рып­та дас­тан­дар жаз­ған ақын­ның бі­рі – Жү­сіп­бек Шай­хис­ла­мұлы. Оның ХІХ ға­сыр­дың со­ңы жә­неХХ ға­сыр­дың бас­ше­нін­де жаз­ған «Ер­на­зар-Бе­кет», «Шер­нияз» сияқ­ты дас­тан­да­ры өз тұ­сын­да­ғы әлеу­мет­тік өмір­дің шын­ды­ғын бей­не­лейт­ін тың туын­ды­ла­ры. Бұл дас­тан­дар­да қа­ зақ хал­қы­ның пат­ша­лық рос­сия әс­кер­ле­рі­нің қа­зақ же­рін жау­лап алуына қар­сы ха­лық кө­те­рі­лі­сі, отар­шыл­дық­қа қар­сы­ха­лық на­ ра­зы­лы­ғы, кө­те­рі­ліс­ті бас­та­ған ха­лық ба­тыр­ла­ры­ның іс-әре­ке­ті ­ар­қау бол­ған. Осы екі дас­тан­ның ой ар­қауы­нан ақын­ның отар­ шыл­дық­қа қар­сы кү­ре­су, әді­лет жақ­тау идеясы­ның қа­лып­тас­қа­ нын бай­қай ала­мыз. Пат­ша әс­кер­ле­рі қа­зақ же­рін жау­лап алып, қа­дам сай­ын қор­ған са­лып, қа­ла-қа­ла­шық құ­рып, үс­тем­ді­гін бе­ кем­де­ген әлеу­мет­тік ор­та­да саяси жақ­та олар­ға қар­сы дас­тан жа­ зып, отар­шыл­дар жа­ғы­нан жа­ныш­тал­ған ба­тыр­лар­дың аруа­ғын жоқ­тап, об­ра­зын ай­шық­тап, ма­дақ­тау сол кез үшін үл­кен ер­лік­ке ба­ра­бар игі іс еді. Ақын та­ғы осы дас­тан­дар­мен са­рын­дас идеяны қоз­ғайт­ын «Ер Нау­рыз­бай тө­ре» ат­ты ке­сек дас­тан жаз­ға­ны бел­ гі­лі. Бұн­да да өз тұ­сын­да пат­ша­лық рос­сия­ның отар­лы­ғы­на қар­сы кү­рес­кен Ке­не­са­рі, Нау­рыз­бай қа­тар­лы кө­те­рі­ліс­ші­лер ма­дақ­та­ ла­ды. Қыс­қа­сы, атал­ған дас­тан­дар­да ХІХ ға­сыр­дың бас ше­нін­де­гі қа­зақ хал­қы­ның дәс­түр­лы салт-са­на­сы мен әлеу­мет­тік өмі­рі шы­ найы бей­не­ле­ніп, ер­лік рух сақ­тал­ған. Абай­дың ең ал­ғаш­қы та­ла­нт­ты шә­кі­рт­те­рі­нің бі­рі Әсет Най­ ман­байұлы ұлы ұс­та­зы­ның ық­па­лы­мен тың та­қы­рып­тар­ға қа­лам тер­беп, әде­биет­тің жа­ңа­шыл­дық жо­лы­на қа­рай бе­та­лып, реа­лис­ 107

тік си­пат­қа, әлеу­мет­тік мә­се­ле­ге ойы­сып, кө­лем­ді көр­кем дас­тан­ дар жаз­ған. Оның бү­гін­гі қол­да бар, бас­па бе­тін көр­ген «Мұң­лы қыз», «Нұр­лан­ған мен Айгү­лім», «Тү­сіп­қан», «Ке­шу­бай-Жа­ми­ ла», «Са­ли­ха-Сә­мен» қа­тар­лы дас­тан­да­ры елі­міз­де­гі өзі­мен за­ ман­дас не­ме­се ал­ды-ар­тын­да­ғы ақын­дар­дың үл­гі ала­тын үз­дік туын­ды­лар бол­ға­ны бел­гі­лі. Бұл дас­тан­дар­да кө­не қо­ғам­ның қат-қа­бат қай­шы­лық­та­рын әш­ке­ре­ле­не­ді. Кей­бі­рін­де із­гі­лік пен жауыз­дық, шын­дық пен өті­ рік, әді­лет пен әде­лет­сіз­дік шы­тыр­ман шай­қас­қа тү­сіп, ақы­рын­да із­гі­лік, әді­лет, шын­дық же­ңіс­ке же­тіп отыр­са, кө­бі­нің кө­тер­ген бас­ты та­қы­ры­бы-не­ке ер­кін­ді­гін дә­ріп­теу, жас­тар­дың бас ер­кін­ді­ гі­не же­ту жо­лын­да­ғы кү­рес­те­рі, әрі сол кү­рес ба­ры­сын­да әді­лет­ сіз кө­не қо­ғам­ның, фео­дал­дық ес­кі салт­тың құр­ба­ны бол­ған тра­ ге­диялық жағ­дайы баян­да­лып, тең­сіз не­ке тү­зі­мі­не де­ген қар­ғыс пен қар­сы­лық біл­ді­рі­ле­ді. Әсет­тің осын­дай ға­шық­тық хи­каяға құ­ры­лып, ма­хаб­бат ер­ кін­ді­гі дә­ріп­те­ле­тін да­станы «Са­ли­ха-Сә­мен» 1911-жыл­дар ша­ ма­сы жа­зыл­са ке­рек. Со­дан бас­тап дас­тан Әсет аты­мен қол­данқол­ға, ауыз­дан-ауыз­ға кө­шіп, ел ара­сы­на кең та­ра­ған. 1946-жы­лы тұң­ғыш рет «Ерік­ті Ал­тай» га­зе­ті­нің бас­па­сы­нан же­ке кі­тап бо­ лып бас­па­дан шық­қан. Дас­тан өр Ал­тай хал­қы­ның өмі­рі­нен, яғ­ ни осы өңір­ді ме­кен­де­ген мон­ғол мен қа­зақ хал­қы­ның ер­те­рек­те өт­кен тұр­мы­сы­нан алын­ған оқи­ға же­лі­сі­не құ­рыл­ған. Дас­тан­да бір-бі­рі­не ға­шық бол­ған екі жас­тың ая­ныш­ты тра­ге­дияліқ тағ­ ды­ры, ма­хаб­бат бос­тан­ды­ғы­на де­ген ар­ман-ті­лек­те­рі, әры со­ған же­ту жо­лын­да­ғы ар­па­лыс­та­ры көр­кем ше­бер­лік­пен су­рет­те­ле­ді. Қы­тай қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің не­гі­зін қа­лаушы қа­лам­гер­лер­ дің ішін­де ту ұс­таушы­лар­дың бі­рі есеп­те­ле­тін әйгі­лі ақын Таң­жа­ рық Жол­дыұлы­ның өзі Әсет­тің осы «Са­ли­ха-Сә­мен» да­станы­нан үл­гі ал­ға­ны бай­қа­ла­ды. Таң­жа­рық­тың «На­зи­гүл» да­станын осы дас­тан­мен «са­лыс­тыр­ма­лы әде­биет» тә­сі­лі бой­ын­ша зерт­теп кө­ ре­тін бол­сақ, ұқ­сас са­рын мен ор­тақ ар­на, ете­не жа­қын­дық­тар­ды аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Екеуі де ұқ­сас та­қы­рып, са­рын­дас идеяны қоз­ ғайды. Екі дас­тан да ға­шық­тық хи­кая же­лі­сі­не құ­ры­лып, бі­рін-бі­ рі ел­жі­рей сүй­ген ға­шық­тар­дың адал ма­хаб­ба­та­рын қор­ғау, ер­кін­ дік­ке қол жет­кі­зу жо­лын­да­ғы кү­рес­те­рі, әрі сол кү­рес ба­ры­сын­да мерт бол­ған қай­ғы­лы өмі­рі баян­да­ла­ды. Бас кейіп­кер­лер – Са­ли­ха мен На­зи­гүл дү­лей, на­дан қа­ра күш­тер­мен имен­бей қар­сы­ла­сып, бас­та­ры­на қа­тер төн­ген шақ­та тау­ға қа­шып ба­рып па­на­лай­ды. 108

Екеуі­нің де жан жа­ры тау асып, тас ба­сып Са­ли­ха мен На­зи­гүл­ды із­деп дал бо­ла­ды. Са­ли­ха – мон­ғол ха­ны Ясу­кей­дің қы­зы бол­са, На­зи­гүл мы­сыр ша­һа­ры­ның уалиі Мах­мұт­тың жиені Қа­сым дейт­ ін кө­пес­тің қы­зы. Са­ли­ха мен На­зи­гүл­дің жас ша­ма­сы да бір­дей, он бес­тен он ал­ты­ға кел­ген кез­де­рі. Дас­тан­да екеуі­нің жан жар­ ла­рыының кес­кін кел­бе­ті, ба­тыр­лық­қа тән сом тұл­ға­ла­ры ұқ­сас бей­не­де су­рет­тел­се, ма­хаб­бат оты­на өр­тен­ген Са­ли­ха мен На­зи­ гүл­дің иен тау­дың ішін­де, үрей­лі үң­гір­де жан жар­ла­рын са­ғы­нып, зар илеп отыр­ған кө­ңіл-күй­ле­рі, құ­ла­зы­ған іш­кі жан дү­ниеле­рі, пси­хо­ло­гия­лық иі­рім­де­рі де ұқ­сас са­рын­мен бей­не­ле­не­ді. Де­мек, Әсет поэзиясы­ның идея­лық, көр­кем­дік жә­не стиль­ дік жақ­тан Таң­жа­рық­қа бел­гі­лі игі әсе­рі бол­ға­ны аян. Сон­дық­тан Таң­жа­рық­тың: Абай, Әсет, Ах­мет, Мыр­жа­қып­тар, Жет­пейді оған жи­саң мың ақын­ды, –

деп Әсет­ті Абай бас­та­ған ұлы клас­сик­тер­дің қа­та­рын­да жо­ға­ры ба­ға­лауы бе­кер емес. «Ха­лық бас­тан кеш­кен өмір­дың алуан түр­лі си­па­ты мен та­ри­хи да­му­дың өз­ге­ше­лі­гі­не сәй­кес қа­зақ­тар да өз әде­биетін жа­ңар­тып, маз­мұ­ны мен тү­рі жа­ғы­нан үл­гі ту­ғы­зып отыр­ған» [27, 11-б.], – де­п а­ка­де­мик Се­рік Қи­ра­баев айт­қан­дай елі­міз қа­зақ жаз­ба әде­биетін­ де А­бай ық­па­лы­мен жа­ңа­шыл­дық­қа ұм­ты­лып, та­ри­хи та­қы­рып­та қа­лам тарт­қан ақын­дар­дың та­ғы бі­рі – Ақыт Үлім­жіұлы. XVIII ға­сыр қа­зақ хал­қы­ның сан ға­сыр­лық та­ри­хын­да­ғы бет­ бұ­рыс, әрі ауыр ке­зең бол­ды. Ежел­ден ит­жы­ғыс­пен ке­ле жат­қан ес­кі жау жоң­ғар қал­мақ­та­ры­ның тұт­қиыл­дан жа­са­ған шап­қын­ шы­лы­ғы қа­зақ­тар­ды үл­кен қыр­ғын­ға ұшы­рат­ты, ха­лық са­на­ сын­да те­рең із қал­дыр­ған «Ақ­та­бан шұ­бы­рын­ды­ның» тақ­сі­ре­тін тарт­ты. Бі­рақ ту­мы­сы­нан ер жү­рек, ба­тыр ха­лық жауы­ның же­ мі бо­лып, же­те­гін­де ке­те бер­ме­ді. Жа­нын ту­ған хал­қы үшін ту етіп кө­тер­ген жү­рек­ті де бі­лек­ті ба­тыр­лар бас қо­сып хал­қы­ның ар-на­мы­сын қор­ғай біл­ді. Ақыт­тың «Жә­ні­бек ба­тыр» да­станын­ да осын­дай қи­қу­лы қиын за­ман­ның та­ри­хи бет­бұ­ры­сын бей­не­ леумен бір­ге, ел қор­ға­ған ер­дің ерен тұл­ға­сын сом­дайды. «Жә­ні­бек ба­тыр» да­станы та­ри­хи та­қы­рып­қа жа­зы­ған ал­ғаш­ қы туын­ды­сы. Дас­тан кі­ріс­пе­сін­де­гі: 109

Жа­сым­нан үл­кен­дер­ден көп ес­ті­ген, Бұл өзі хи­кая еді жаз­са жақ­сы-ақ, –

де­ген сө­зі­не қа­ра­ған­да ел ау­зын­да­ғы аңыз­ға сүйе­ніп жаз­ға­ны бай­ қа­ла­ды. Дас­тан­ға Жә­ні­бек ба­тыр өмі­рі­нің әр түр­лі ме­зет­те­рі ар­ қау бол­ған. Жә­ні­бек­тің ат жа­лын тар­тып мін­ге­ні­нен тар­тып көз жұм­ған­ша ел қа­мын ой­лап өт­кен ер-аза­мат ре­тін­де әр қы­ры­нан ашу­ға ты­ры­са­ды. Шы­ғар­ма­да Жә­ні­бек­тің бір­не­ше ер­лі­гі кі­рін­ ген. Со­ның бі­рі Жә­ні­бек­ті Абы­лай сы­нау үшін түн ішін­де зи­рат­қа жұм­сайды. Екін­ші­сі аюды өл­ті­руі айтыла­ды. Үшін­ші­сі қал­мақ­ тар­мен бол­ған шай­қас­та ер­лік көр­се­тіп, Абы­лай­ды қауіп­тен құт­ қа­руы сөз бо­ла­ды. Ақын шы­ғар­ма­ның сю­жет­тік же­лі­сін Жә­ні­бек­тің ба­сы­нан өт­ кен елеу­лі оқи­ға­лар­ға құ­ра оты­рып, оның об­ра­зын да­ра­лай тү­су­ мен бір­ге, бар­лық күш-жі­ге­рін ел тәуел­сіз­ді­гін сақ­тау­ға жұм­са­ған ке­мең­гер қол­бас­шы Абы­лай­дың да бей­не­сін сом­дайды. Ақыт бұл да­станын қа­зақ эпи­ка­лық жыр­ла­ры­ның дәс­түр­лі тә­сіл­де­рін ер­кін пай­да­ла­на оты­рып жаз­ған­дық­тан, екі ба­тыр­дың жек­пе-же­гі эпос­тық жыр­лар­дың са­ры­нын сақ­та­ған. Алай­да ас­ қақ­та­та әсі­ре­леу жоқ­қа тән. Дас­тан­да ақи­қат пен аңыз ара­лас ке­ ліп отыр­са да та­ри­хи шын­дық­тан ал­шақ кет­пе­ген. Ав­тор бү­кіл ғұ­мы­рын хал­қы­ның бос­тан­ды­ғы мен ба­қы­ты­на ар­нап, ел­дік туын кө­тер­ген Жә­ні­бек ба­тыр­дың ер­лі­гін шын­дық шең­бе­рін­де ха­лық­қа та­ны­ту­ды мақ­сат ет­кен. Сон­дық­тан бел­гі­лі дәуір шын­ды­ғын ар­ қау ете оты­рып, ел үшін ба­сын қауіп­ке тік­кен ха­лық­тың қайт­пас қа­һар­ма­ны­ның бей­не­сін сом­да­ған. Ақыт­тың бұ­дан бас­қа ке­зін­де­гі Моң­ғо­лия қа­зақ­та­ры­ның өмі­ рін­де бол­ған оқи­ға не­гі­зін­де жа­зыл­ған «Қоб­да ке­ңес» да­станы да тең­сіз өкі­мет­тің те­геурі­ні мен те­пе­рі­ші­нен бос­қын бол­ған ел­дің үр­кін-қор­қын өмі­рін, яғ­ни моң­ғо­лия қа­зақ­та­ры­ның ба­сы­нан өт­ кен, екін­ші бір «Ақ­та­бан шұ­бы­рын­ды» бол­ған тау­қы­мет­ті тағ­ды­ рын та­ри­хи шын­дық не­гі­зін­де ай­қын су­рет­тейт­ін, де­рек­тік құн­ ды­лы­ғы бар көр­кем туын­ды. Елі­міз таяу за­ман қа­зақ әде­биетін­де дас­тан­дар­дың жанр­лық мүм­кін­ді­гін ат­ты­ру­ға, са­па­лық дең­гейін кө­те­ру­ге, та­қы­рып ая­ сын ке­ңейт­іп, көр­кем­дік ар­на­сын мо­лайтуға ай­рық­ша үлес қос­ қан ақын- Таң­жа­рық Жол­дыұлы деу­ге бо­ла­ды. Таң­жа­рық шы­ғар­ ма­ла­ры­ның қо­мақ­ты бір са­ла­сы- қи­са­ла­ры бол­са, та­ғы бір үл­кен са­ла­сы осы дас­тан­да­ры. Ақын­ның бү­гін­гі қол­да бар, жи­на­лып 110

бас­па бе­тін көр­ген алуан та­қы­рып­та­ғы дас­тан­да­ры­нан «Абақ­ты», «Ойла­сам, ай­ғай­ға ер­ген мен бір жаз­ған», «Бө­рі мен Бө­рі­ба­сар», «Мол­да мен бақ­сы», «Анар-Сәуле», «Нүп­те­бек­тің асы», «Са­дық пен Са­ли­хан», «Қош бол, төрт тү­лі­гім» қа­тар­лы се­гіз да­станы же­ тіп отыр. Бұ­лар кө­ле­мі жа­ғы­нан әр кел­кі. Таң­жа­рық поэзия­сын өзі­нің өмі­рі­нен, бас­тан ке­шір­ген тағ­ ды­ры­нан бө­ле-жа­ра қа­рауға бол­майды. Ақын туын­ды­ла­ры­ның та­ри­хи не­гі­зі, туу се­беп­те­рі өз өмі­рі­не, кө­ріп, біл­ген оқи­ға­ла­ры­ на ба­рып ті­ре­ле­ді. Әсі­ре­се,абақ­ты өмі­рін бей­не­лейт­ін «Абақ­ты» да­станы­мен та­ныс­ты­ру үшін Таң­жа­рық өмі­рі­нен нақ­ты де­рек­ тер кел­ті­ріп оты­ру ар­тық емес деп ой­лай­мыз. Өйт­ке­ні Таң­жа­рық ақын­ның шы­ғар­ма­шы­лық ғұ­мыр­на­ма­сы та­қы­рып­тық, стиль­ дік, поэти­ка­лық тұр­ғы­дан ерек­ше­ле­не­ді. Ол шың­жаң­да­ғы қа­зақ поэзия­сын­да та­би­ғат, ма­хаб­бат ли­ри­ка­сы­нан бас­қа әлеу­мет­тік ли­ ри­ка­ның да қа­лып­та­сып, да­му­ына үлес қос­қан. Ес­кі­лік шыр­мауы, ер­кін­дік үшін кү­рес ке­зе­ңі Таң­жа­рық­ты ең ауыр тағ­дыр тал­қы­ сы­на ая­май сал­ды. Қыс­қа ғұ­мы­ры­ның са­на­лы бө­лі­гі тү­гел­дей қу­ ғын-сүр­гін­де бол­ды, ал­ты жыл­дан ас­там уа­қыт бойы абақ­ты­ның ауыр аза­бын бас­тан ке­шір­ді. Түр­ме­де­гі тү­нек өмір­дің жан түр­ші­ гер бей­не­сі өлең-тол­ғаула­рын­да бар бол­мы­сы­мен, шын кей­пі­мен кө­рі­ніс тап­ты. Бір қы­зы­ғы та­тар хал­қы­ның ақиық ақы­ны Мұ­са Жа­лел фа­шис­тік гер­ма­нияның моа­бит түр­ме­сін­де өзі­нің жү­рек­ тен шық­қан жа­лын­ды жыр­ла­рын жа­зып жат­қан­да, Үрім­жі түр­ ме­сін­де қа­зақ хал­қы­ның бір пер­зен­ті Таң­жа­рық ақын да азат­тық идеяға, отан­шыл­дық се­зім­ге то­лы, ұлт­тық өр­не­гі мол жан тол­ қы­тар өлең­де­рі мен қис­са-дас­тан­да­рын жаз­ған еді. Дәл осы тұр­ ғы­дан кел­ген­де, Таң­жа­рық­тың түр­ме та­қы­ры­бын­да че­хос­ло­ва­кия жа­зу­шы­сы Юлус Фу­чик шы­ғар­ма­ла­ры­мен де үн­де­сіп жат­қа­нын бай­қауға бо­ла­ды. Алай­да бұл ұқ­сас­тық – бір-бі­рі­нен үл­гі алу жо­ лы­мен емес, екі мем­ле­кет­те тұ­рып, бір дәуір­де жа­са­ған қа­лам­гер­ лер­дің ұқ­сас тағ­дыр­ға тап бо­лып, ұқ­сас азап тарт­қан ха­лық­тың хал-күйі­н өз кө­зі­мен көр­ген­дік­тен бол­ған үн­дес­тік. Шын­ды­ғын­да да, Таң­жа­рық­тың қа­зір­ге дейін жа­рық көр­ген мол мұ­ра­сы­ның ба­ сым көп­ші­лі­гі сол түр­ме­де жат­қан ке­зін­де жа­зыл­ған. Ар­ғы-бер­гі дәуір­де түр­ме тағ­ды­рын кеш­кен қа­зақ ақын­да­ры аз емес. Алай­да түр­ме хә­лін, абақ­ты аза­бын ұзақ әрі қи­нау әре­ке­ті­нің не­ше тү­рін ба­сы­нан ке­шір­ген, оны же­рі­не жет­кі­зе су­рет­теп, өлең жол­да­ры­ на тү­сір­ген ақын ре­тін­де Таң­жа­рық­тың ор­ны оқ­шау тұ­ра­ты­ны­на еш­кім де шек кел­тір­мей­ді деп есеп­тей­міз. Оның өмі­рі мен шы­ 111

ғар­ма­шы­лы­ғы ХХ ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да­ғы Қы­тай­да­ғы қа­зақ­тар­дың шын­дық ше­жі­ре­сі деу­ге бо­ла­ды. Таң­жа­рық­тың өмір сүр­ген дәуірі біз­ге әрі жа­қын, әрі алыс деу­ге бо­ла­ды, жа­қын бо­ла­ты­ны ол та­рих қой­науына кү­ні ке­ше ға­на жыл­жы­ған ХХ ға­сыр­да өмір сүр­ді. Алыс бо­ла­ты­ны өз­ге­ше ор­та, бө­лек қо­ғам­да жа­са­ды. Тағ­дыр оның маң­дайына бұ­ра­ла­ңы көп кү­рес пен азап­қа то­лы оз­ге­ше өмір сый­ла­ды. Таң­жа­рық Жол­дыұлы 1903-жы­лы нау­рыз­дың 15-жұл­ды­зын­да Шың­жаң Іле қа­зақ ав­то­но­миялы об­лы­сы­на қа­рас­ты Кү­нес ауда­ нын­да­ғы Қа­мыс­ты де­ген ауыл­да дү­ниеге кел­ді. Ба­ла Таң­жа­рық он жа­сын­да Мың­бай де­ген мол­да­дан дін оқуын оқып, араб әліп­пе­сі не­гі­зін­де­гі ша­ға­тай жа­зу­ын­да сауа­тын аша­ды. Ауыл мол­да­сы­нан үш қыс оқы­ған­нан кейін ауыл­дық мед­ре­се­ден бір­не­ше жыл үз­діксоз­дық оқы­ды. Ол оқы­ған оқуына қо­са ха­лық ара­сын­да­ғы ха­лық ауыз әде­биеті мұ­ра­ла­ры­мен та­ны­сып, ха­лық ақын­да­рын ұс­таз тұт­ты. Сол өңір­де өлең-той, шіл­де­ха­на, айт­ыс, бәйіт айту бол­са, Таң­жа­рық одан қал­ма­ды. Сөйт­іп, ба­ла кү­ні­нен өлең­ге құш­тар­бо­ ла­ды. Ол кім­нен ше­шен­дік өнер мен жақ­сы ән бай­қал­са, со­ны жа­ға­ла­ды. Кім­де өлең кі­тап бол­са, жа­бы­сып сұ­рап алып, со­ны күн­діз күл­кі, түн­де ұйқы­дан қа­лып кө­шір­ді, жат­та­ды. «Қо­бы­ лан­ды­ны», «Ал­па­мыс», «Ер­тар­ғын», «Қам­бар», «Қо­зы Көр­пешБаян­сұ­лу», «Қыз Жі­бек», «Ай­ман-Шол­пан», «Ләй­лі-Мәж­нүн», «Бір­жан-Са­ра», «Мың бір түн» сияқ­ты ха­лық­тық жа­не шы­ғыс­тық эпос, жыр, аңыз, ер­тек­тер Таң­жа­рық­қа сол тұс­та та­ныс бол­ды. Оның ақын­дық өне­рі­сол­қа­зақ­тың ба­тыр­лық, ға­шық­тық эпос­та­ рын жат­тау­мен жа­ры­са 11-12 жас­та бас­тал­ды. Әр жа­ғы­нан жыр ағы­ны кер­неп тұр­ған өжет ба­ла ал­ды­на не кез­дес­се де тай­сал­май, қы­сыл­май со­ны өлең­ге қос­ты. Бұл тұс­та­ғы өлең­де­рі, әри­не, ба­ ла таң­жа­рық­тың жа­сы­на, жа­са­ған ор­та­сы­на бай­ла­ныс­ты еді, де­ні ауыл­да­ғы кей­бір со­ра­қы­лық­тар мен өз құр­бы-құр­дас­та­ры­на ар­ нал­ған тап­қыр да, тық ет­пе дү­ниелер еді. Таң­жа­рық 1919-жы­лы күз­де Кү­ре қа­ла­шы­ғын­да­ғы моң­ғұл-қа­ зақ мек­те­бі­нің қы­тай ті­лі сы­ны­бы­на оқу­ға тү­се­ді. Ол кез – Іле өңі­ рін мил­ли­та­рис­тер би­леп тұр­ған за­ман, ай­мақ ор­та­лы­ғы Қор­ғас ауда­ны­на қа­райт­ын Кү­ре қа­ла­шы­ғы бо­ла­тын. Іле ду­ба­ны өзі­нің сой­ыл со­ғар­ла­ры­мен­бек-тө­ре­ле­рі­нің ба­ла­ла­рын оқы­ту­ға ар­нап, сол қа­ла­шық­тан 1910-жыл­дың ор­та ше­нін­де же­ті жыл­дық мек­теп аш­қан. Ду­бан жа­ғы­нан осы ме­кеп­те оқу­ға Таң­жа­рық ауылы­на бір ба­ла са­лық бо­лып түс­кен­де, қа­раң­ғы ха­лық ара­сы­нан «ба­ла­мыз 112

қы­тай­ша оқы­са, қы­тай бо­лып ке­те­ді, оқу қа­ра­жа­тын қа­лай тө­ле­ мек­піз?» де­ген­дер шы­ғып, ба­ла­ла­рын бұл оқу­ға жі­бе­ру­ден қаш­ қа­лақ­тайды. Сон­да жоқ-жі­тік Жол­ды­ның ұлы Таң­жа­рық суыры­ лып шы­ғып, сол са­лық­қа ме­ні жі­бе­рің­дер деп өзі ті­ле­ніп, оқу­ға ке­те­ді. Бұл мек­теп­те үш жыл­дай оқып, хан­зу ті­лін, хан­зу жа­зу­ын мең­гер­ген Таң­жа­рық та­ным­дық тұр­ғы­да мүл­де ой-өре­сі өз­ге­ре­ ді. Мек­теп қа­быр­ға­сын­да жү­ріп бо­ла­шақ ақын ар­ғы жақ­та, со­вет же­рін­де өр­кен­де­ген мә­де­ниет, өс­кен әде­биет ба­рын бі­ле­ді. Ер­те есей­ген,кө­кі­ре­гіояу ба­ла жі­гіт­көз­бен кө­ріп, өне­ге ал­мақ, жо­ға­ры бі­лім игер­мек, әді­лет тап­пақ бо­лып, Кү­ре­де­гі оқуын қа­на­ғат тұт­ пай, 1923-жыл­дың қаң­та­рын­да Шап­шал ауда­ны­ның ба­ты­сын­да­ ғы Қал­жат ше­ка­ра­сы­нан Қа­зақ­стан­ға қа­шып өте­ді. Кел­ген бой­да На­рын­қол ауда­нын­да­ғы жұрт­тас жа­қы­ны Кә­рі­бай ауы­лын па­на­ лай­ды.«жұ­рат­шы­лап, та­ғы бір жақ­тан оқу із­деп кел­дім», – деп, өзін жер­гі­лік­ті үкі­мет­ке­мә­лім­дейді. Сол жер­гі­лік­ті ұйым­дар­дың қам­қор­лы­ғы жә­не туыс­қан­да­ры­ ның кө­ме­гі­мен Таң­жа­рық оқу­ға тү­се­ді. Сол кез­де Қа­зақ­стан бас­ па­сө­зін­де­гі озық ойлы ақын-жа­зу­шы­лар­дың шы­ғар­ма­ла­ры­мен та­ны­са­ды, бұ­дан тыс қа­зақ ті­лі­не ауда­рыл­ған әлем әде­биеті­нің клас­сик­те­рін оқи­ды. Әсі­ре­се Ыбы­рай Ал­тын­са­рин, Абай Құ­нан­ байев мұ­ра­ла­ры­на ерек­ше зейін қояды. Әли­хан Бө­кей­хан, Ах­мет байт­ұр­сы­нұлы, Шә­кә­рім Құ­дай­бер­діұлы, Мағ­жан Жұ­ма­бай, Мір­ жа­қып Ду­ла­тұлы сын­ды қа­зақ зиялы­ла­ры­ның шы­ғар­ма­ла­ры­мен та­ны­су нә­ти­же­сін­де жі­ге­рін шың­дай тү­се­ді. Оқу­мен ға­на шек­ тел­мей, ақын­дық­қа бой ұра­ды. Та­лай жер­ді, та­лай ел­ді ара­лай­ды. көп­те­ген ақын, не­бір ше­шен, төк­пе жыр­шы­лар­мен, қо­ғам қай­рат­ кер­ле­рі­мен­та­ны­са­ды. Топ жа­рып бәй­ге бер­мей жүр­ген Қой­дым де­ген әйел ақын­мен айтыса­ды. Бұл жақ­та­ғы игі жақ­сы­лар­дың өне­ге – ны­сан­да­ры­мен та­ны­су, жа­ңа­ша бі­лім алу, жа­ңа қо­ғам­ды ара­лап кө­ру Таң­жа­рық­тың қо­ғам­дық са­на­сы­ның бір бе­лес­тен ке­ ңеюіне кө­те­рі­луіне ма­ңыз­дыық­пал ет­ті. Ақын ақи­қат­ты ту қып кө­те­ру­ден тай­ын­байт­ын, ха­лық, ұлт на­мы­сын еш­кім­ге тап­та­ту­ды қа­ла­майт­ын, қы­ра­ғы, прин­цип­шіл аза­мат бо­лып қа­лып­тас­ты. Ол ел-жұр­тын қа­ра тү­нек қор­лық­тан құт­қа­ру­ға, гүл­ден­ді­ру­ге, шы­ найы әді­лет­ке ке­нел­ту­ге, із­де­ніп тап­қан ақи­қат­та­ры мен бі­лім са­ на­сын өмір бойы сол жол­ға ар­науға бе­рік бел бай­лай­ды. Со­дан үш жыл­ды өт­ке­ріп, 1925-жыл­дың со­ңын­да қор­жын тол­ты­рып, көр­ке­м ә­де­биет­те­рін алып, ауылы­на қайт­ып ора­ла­ды. 113

Қа­зақ­стан­да бол­ған аз уа­қыт­тың ішін­де-ақ ой-са­на, пай­ым-па­ра­ сат, шы­ғар­ма­шы­лық жа­ғы­нан жа­ңа бір биік ­бе­лес­ке кө­те­ріл­ген ақын ел-жұрт­қа Қа­зақ­стан­нан көр­ген-біл­ген­де­рін, оған қо­сып әді­лет, ер­кін­дік, тең­дік, өмір жө­нін­де­гі жа­ңа пай­ым­да­рын өлең­ мен ел­ге та­рат­ты. Поэзия­сын­да сын­шыл реализм­нің бел­гі­ле­рі ай­қын бай­қал­ды. Сол тұс­та­ғы қо­ғам­ның ке­ре­ғар­лы­ғын, би­лік ба­сын­да отыр­ған шон­жар­лар­дың жә­не қа­наушы сая­сат­тың«сой­ ыл-со­ға­ры» бол­ған жер­гі­лік­ті бай мен бек­тер­дің ха­лық­қа жа­са­ ған оз­быр­лық қия­нат­та­рын өз поэзия­сын­да аяу­сыз әш­ке­ре­ле­ді. Осы «қыл­мы­сы» үшін ақын Таң­жа­рық ел ішін­де те­ріс үгіт жә­не «қы­зыл орыс­тың сө­зін та­ра­тып жүр» де­ген жа­ла­мен ұлық­тар та­ ра­пы­нан 1926-жыл­дың кү­зін­де тұт­қын­да­лып, Құл­жа­да­ғы Дау­тай жам­бы­лы­ның зын­да­ны­на са­лын­ды. Жа­ра­мас қа­лам ал­май жат­қан, Тә­ке, Кө­бей­ді сырт­тан дұш­пан сат­қан, Тә­ке. Аң­да­май аяқ ба­су қа­тер екен, Жо­лық­ты жол­ға құр­ған қақ­пан, Тә­ке, –

деп сол кез­гі тұт­қын­да­луын бей­не­леп, «Іле түр­ме­сі» ат­ты тол­ ғауын шы­ға­ра­ды. Бұл тұт­қын­да­луына бо­ла ақын ал­ған бе­ті­нен қайт­ып жа­сып кет­пе­ді. Тең­сіз­дік, әді­лет­сіз­дік, оз­быр­лық­ты айып­ таудан тіл тарт­па­ды. Ал­да­ғы күн­дер­ден кү­де­рін еш­қа­шан да үз­бе­ ді. Оған мы­на өлең жол­да­ры куә: Тар­тын­ба бір есеп­тен жау­дан, Тә­ке, Бол­са да бас­тан ба­ғың ау­ған,Тә­ке. Қы­зық көп өмір бол­са кө­ре­тұ­ғын, Біт­кен жоқ осы­ме­нен сау­даң,Тә­ке. Ей, Тә­ке, құ­ла­ғың сал мы­на сөз­ге, Қы­зы­ғып жүр­ге­нім жоқ пұл мен бөз­ге. Кө­ңіл­де көз­де­ге­нің шын әділ­дік, Ойла­сам ар­ма­ным жоқ онан өз­ге.

Ақын­да­ры­ның тұт­қын­да­луына ха­лық­тан на­ра­зы­лық туыла­ ды. Ақын да зын­дан­да тек жат­пайды. «Ел-жұрт­тың өлең жаз­дым атын са­лып», – деп ел-жұр­ты­на жә­не «Сә­лем де Әл­пе­ке­ңе», – деп, ел ақа­лақ­шы­сы Ал­пыс­байға жаз­ған ха­тын­да: 114

Сыр­тым сау, ішім тү­тін, қа­па­лық­пен, Бұл күн­де кө­ңі­лім жү­деу, қа­сі­ре­тім мол. Те­рең­ге тү­сіп кет­тім, ұс­тар тал жоқ, Ел-жұр­тым, есі­ңе алып, жар­дам­шы бол! –

деп елі­не ша­ғы­на­ды. Ен­ді бір­де: Бұ­қа­раң қай же­рі­ңе мәз бо­ла­ды, Ба­сы­на кел­ген дер­тін қа­ға ал­ма­саң. Бұл ме­нің ит­те бол­са бұ­қа­рам деп, Бір ке­зек нең ке­те­ді ха­бар ал­саң... –

деп ба­зы­на айта, ел би­леуші­сі Ал­пыс­бай ақа­лақ­шы­ға да ті­лек біл­ ді­ре­ді. Ел-жұр­ты ақын­ның ті­ле­гін жер­де қал­дыр­май­ды: «аза­ма­ты­ мыз­ды бо­сат, бол­ма­са тар­тып әке­те­міз», – деп ұлық­қа арыз­да­на­ ды. Қа­сы­на аза­мат­тар қо­сып бе­ріп, әке­сі Жол­ды­ны Дау­тай­дың Жам­бы­лы­на жі­бе­ре­ді. Ал­пыс­бай ақа­лақ­шы да ақын на­зы мен ті­ ле­гі­нен ат­тап өте ал­май­ды».«Таң­жа­рық­ты бо­са­тып бер», – деп ол да өті­ніш айт­ып, сол за­ман­ның қа­бын­дап тұр­ған өз жо­сы­ны бой­ ын­ша жам­был ман­сап­ты­ла­ры­ның обыр кө­мей­ле­рі­не па­ра ты­ғын­ дайды. Бір жыл­ға жуық уа­қыт­тан соң, Таң­жа­рық ақы­ры ел-жұр­ ты­ның кө­ме­гі­мен зын­дан­нан да бо­сап шы­ға­ды. Бұ­дан бы­лай ақын бай-ма­нап­тар­ды мі­неп-ше­неумен қо­са күр­де­лі әлеу­мет­тік та­қы­ рып­қа да ойыс­ты. Ол ха­лық­ты ояту тұр­ғы­сын­да ағар­ту­шы­лық си­ пат­та­ғы өлең-жыр жа­зып қа­на қой­ған жоқ, қо­ғам­дық, әлеу­мет­тік іс­тер­ге де бел­се­не ара­лас­ты. Шы­ғар­ма­ла­рын­да аза­мат­тық әуен, жауын­гер­лік рух кү­шей­ді. Оты­зын­шы жыл­да­ры Шың­жаң­да етек ал­ған де­мок­ра­тиялық қоз­ға­лыс ақын­ның ты­ны­сын ке­ңі­тіп, оған бі­раз жол аш­қан сияқ­ты бо­ла­ды. Осы тұс­та Таң­жа­рық көп жұ­ мыс­тар ат­қа­рып үл­ге­ре­ді. Жа­ңа­дан шы­ға бас­та­ған «Іле га­зе­ті­нің» тұң­ғыш ре­дак­то­ры бо­ла­ды. Құл­жа қа­ла­сын­да­ғы ұлт­тық театр­дың не­гі­зін қа­лап, оның ал­ғаш­қы шы­мыл­ды­ғын Бейім­бет Май­лин­ның «Шұ­ға»ат­ты пьеса­сы­мен аша­ды. Га­зет бе­тін­де «Оқып көр га­зе­ тім­ді», «Осы таң кім­нің та­ңы», «Мыс қа­зан» т.б. өлең­де­рін жа­ риялай­ды. Бұл ту­ра­лы мы­на жол­дар­ды оқып кө­рейік: Қа­лың ел, қа­зақ ен­ді аш кө­зің­ді, Оқып көр га­зе­тің­ді – өз сө­зің­ді. Әді­лет, шын­дық жо­лын үйре­те­ді,

115

Аша­ды аш­ты шай­дай аң-се­зім­ді. Айна­дай жар­қы­ра­тып көр­се­те­ді, Мін бар ма, қо­лы­ңа алып көр өзің­ді... («Оқып көр га­зе­тім­ді») Ал «Осы ­таң кім­нің та­ңы» өле­ңін­де: Осы таң кім­нің та­ңы – же­тім та­ңы, Күн кеш­кен күн­дік­пе­нен же­сір та­ңы. Тең­дік­ке қо­лы жет­пей кү­ңі­ре­ніп, Қор­лық­пен өтіп кет­кен есіл та­ңы. Та­ңы ат­пай, айы ба­тып, тү­нек кеш­кен, Қа­тар­ға ға­ріп-қа­сер кел­сін та­ғы. Кө­зің­ді аш, езіл­ген ел, таң се­ні­кі, Айы­рып дос пен қас­ты же­те та­ңы,-

дей­ді. Бір құп­тар­лық жай сол кез­де­гі Құл­жа қа­ла­сын­да қо­ғам­дық са­на­ның оянуы тұр­ғы­сы­нан көп­ші­лік­ті әде­би-мә­де­ни ша­ра­ға жұ­ мыл­ды­ру, сол ар­қы­лы ха­лық­тың сауа­тын ашу, өр­ке­ниет ба­ғы­ты­ на же­те­леу мақ­са­тын­да туыс­тас ұлт­тар­ды бө­ліп-жар­май бір­лік­те іс-қи­мыл жа­сау еді. Бұл орай­да да Таң­жа­рық­тың ұйт­қы бо­лып, жақ­сы іс­тің ба­сын­да жүр­ген­ді­гі жө­нін­де Д. Ма­сым­ха­нұлы­ның: «Көп өт­пей Құл­жа қа­ла­сы­на ке­ліп, ай­мақ­тық қа­зақ-қыр­ғыз ұйы­ мын­да әде­биет-мә­де­ниет са­ла­сын бас­қар­ды. Он­да, не­гі­зі­нен, мә­ де­ни топ­тар ашу, әде­би кеш­тер өт­кі­зу іс­те­рі жо­лын­да бел­се­не тер төк­ті. Бұл тұс­та Іле өңі­рін­де әлі де бол­са қа­зақ ті­лін­де га­зет, театр де­ген­дер аты­мен жоқ еді. «Ақын Таң­жа­рық­тың бел­сен­ді­лі­гі мен ұйым­дас­ты­руы ар­қа­сын­да Құл­жа қа­ла­сын­да «Іле га­зе­ті», қа­зақ теат­ры дү­ниеге кел­ді. Бұл 1930-жыл­дар­дың ор­та ше­ні еді. Осы кез­дер­де ақын бір жа­ғы­нан га­зет­тің қауырт ре­дак­ция­лық жұ­мы­ сы­мен айна­лы­са жү­ріп, та­ғы бір жа­ғы­нан қойы­лым­дар­да бас рөл­ дер­де ой­нап жүр­ді» [28], – деп жаз­ға­нын­дай, ел өмі­рі­не мә­де­ниет ұры­ғын сеуіп, са­на­сын ояту­ға құл­шы­на кі­ріс­ті. Бұ­лар­дан сырт ақын ауыл­дық мек­теп­тер құ­ру­ға, оған қа­зақ­тан оқы­ту­шы­лар дай­ ын­дауға қол­ға­бы­сын ти­гіз­ді. Осы ба­рыс­тар­дың бар­лы­ғын­да да ол жауап­ты мін­дет­тер өте­ді.Бі­рақ бұл уа­қыт­ша ға­на то­лас бо­ла­тын. Көп ұза­май Шын­жаң ас­па­нын­да қа­ра бұлт үйірі­ліп, ел ба­сы­на ауыр апат төн­ды. Төң­ке­ріс пен де­мок­ра­тияға опа­сыз­дық жа­сап, ми­ли­та­ризм­ге бет бұр­ған шың шы­сай үкі­ме­ті ха­лық­тың са­на­лы де­ген аза­мат­та­рын қой­дай кө­ген­деп, Үрім­жі түр­ме­сі­не апа­рып 116

ты­ға бас­та­ды. Со­ны­мен Таң­жа­рық 1940-жыл­дың ба­сын­да Үрім­ жі түр­ме­сі­не айда­лып ке­те бар­ды. Сол жат­қан­нан мол жат­қан ақын әйт­еуір абақ­ты­да өл­ген жоқ, өл­ген­нен бас­қа қор­лық пен қи­ наудың бә­рін көр­ді. Әри­не, го­мин­даң би­леуші­ле­рі ақын­ды абақ­ ты­ға отыр­ғы­зу ар­қы­лы өз­де­рі­нің оң­бай ұтыл­ға­нын біл­ген жоқ. Ол го­мин­даң жен­дет­те­рі­нің қа­ні­пе­зер қа­тал­ды­ғын әш­ке­ре­лейт­ін ең та­ма­ша өлең­де­рін осы түр­ме­де оты­рып жаз­ды. Же­ті жыл бойы ақын­ның үні бір то­лас­та­май, оның өлең­де­рі ауыз­дан-ауыз­ға та­ ра­лып, жаула­ры­ның бе­ті­не қар­ғыс таң­ба­сын­дай ба­сы­лып жат­ты. Абақ­ты­ның азап­ты шын­ды­ғы­ның нақ­ты су­ре­ті жа­сал­ды. Ол ту­ ра­лы жа­зыл­ған ақын­ның «Абақ­ты» да­станы бар­ша қа­зақ­қа әйгі­лі. Таң­жа­рық Үрім­жі түр­ме­сін­де жат­қа­ны­на 4 жыл ша­ма­сы бол­ ған кез­де Шың Шы­сай Со­вет ода­ғы­мен дос­тық қа­рым-қа­ты­на­сын үзе­ді жә­не го­мин­даң ор­та­лы­ғы құ­лау қау­пін­де қал­ған би­лі­гін сақ­ тау­ға жан­та­ла­са кі­рі­се­ді. Ха­лық­тың қар­сы­лы­ғы кү­шей­ген кез­де Шың Шы­сай­ды 1944-жы­лы күз­де Шың­жаң­нан ауыс­ты­рып әке­те­ ді. Оның ор­ны­на У Жуң­шин де­ген­ді өл­ке­ні би­леуге әке­ле­ді. Өзін бояп ха­лық­тан бе­дел та­бу үшін ол Шың­жаң­ға ке­ле са­лып, Шың Шы­сай ке­зін­де қа­мауға алын­ған адам­дар­дың бір бө­лі­гін абақ­ ты­дан бо­са­та­ды. Сол қа­тар­да Таң­жа­рық та абақ­ты­дан бо­сай­ды. Ақын өзі­нің бұл жо­лы абақ­ты­дан бо­сауын: Бір кү­ні жа­ңа­дан бір Жу­ши кел­ді, Түр­ме­ні тек­сер­ген боп жым­си кел­ді. «Бұл өзі әді­лет­сіз­дік жұ­мыс екен, Бар­лы­ғын тү­зе­те­мін «деп қың­си кел­ді. Ұза­май қол­да­ры­на қа­ғаз бе­ріп, Шы­ғар­ды айт­қа­нын­дай бір мұн­ша ел­ді. Қуан­дық, жо­лық­тық деп жа­на­шыр­ға, Бол­ма­дық тү­сін­ген­дей ар­ғы сыр­ға, –

деп су­рет­тейді. Ол кез­де Үрім­жі­де қа­зақ, ұй­ғұр жас­та­ры мен зиялы қауым­ ның­ның го­мин­даң­ға қар­сы төң­ке­ріс­тік жа­сы­рын ұйымы бар еді. Ұйым­ның мақ­са­ты 1945-жы­лы ма­мыр кү­ні Үрім­жі­де кө­те­рі­ліс жа­сап, Үрім­жі­нің шы­ғыс қақ­па­сы Дауан­чың­ды бе­кі­тіп, ар­ғы жа­ ғы құ­мыл пар­ти­зан­да­ры­мен, ба­тыс жақ­та үш ай­мақ төң­ке­ріс­ші­ле­ рі­мен то­ғы­су бо­ла­тын. Абақ­ты­дан шы­ға са­лып, кө­кі­рек­те оян­ған ой-ар­ман­да­ры үшін Таң­жа­рық осы ұйым­ға қа­ты­на­са­ды.Үрім­жі қа­ла­сын­да, Нән­сан тау­ын­да­ғы қа­зақ­тар ара­сын­да, Ма­нас тө­ңі­ре­ 117

гін­де төң­ке­ріс­тік құ­пия жұ­мыс­тар­да бо­ла­ды. Бұл қыз­мет­ті бір­ не­ше ай жал­ғас­ты­ра­ды. Ар­ты­нан сат­қын­дар ұйым­ды әш­ке­ре­леп қой­ып, сол се­беп­тен Таң­жа­рық қайтадан тұт­қын­да­ла­ды. Осы ұс­ тал­ған бе­тін­де ол 1946-жыл­дың кү­зі­не дейін Үрім­жі абақ­ты­сын­ да қа­ма­ла­ды. Үрім­жі абақ­ты­сын­да жо­ға­ры­да­ғы­дай екі рет қа­мауда бо­лу ба­ ры­сын­да Таң­жа­рық ақын го­мин­даң тұт­қын­да­ған көп ұлт­тың озық ойлы адам­да­ры­мен пі­кір­лес бо­ла­ды. Өл­сек­те біз­дің өл­мес ата­ғы­мыз, Бел­гі­лі іс­теп жүр­ген ша­та­ғы­мыз. Алыс­тан ал­тын сәуле бір кү­лім­дер, Бол­ған­мен қа­зір тү­нек жа­та­ғы­мыз, –

деп іш­кі сы­рын бүк­пей, жай­ып са­ла­ды. Та­ғы бір мы­сал кел­ті­рейік: Зұлым­ға қар­сы тұр­ға­ны­мыз, Ол да рас құ­пия ұйым құр­ға­ны­мыз. Кек­пе­нен қо­лы­мыз­ға құ­рал алып, Жел­ке­ден го­мин­даң­ды ұр­ма­ғы­мыз. Қа­шан да тең­дік ал­май тұ­ра ал­май­мыз, Бұл ойды бас­қа жақ­қа бұ­ра ал­май­мыз,-

деп әді­лет, ұлт тең­ді­гі, ер­кін­дік, тәуел­сіз­дік жо­лын­да­ғы ұлы мұ­ ра­тын ашық айт­ып, көп­ші­лік­ке ұғын­дыр­ған­дай бо­ла­ды. Жа­зып өлең, оқып өл… Өлейін, өл­сем-да­ғы айт­ып-айт­ып. Шы­дай­ды дә­тім қа­лай ті­рі жа­тып!? Де­ген ғой «мың­нан тұл­пар, жүз­ден жүй­рік», –

де­ген жол­дар­дан ақын­ның жауын­гер­лік ру­хы­ның қо­ғам­дық си­пат ал­ға­нын кө­ре­міз. 1946-жы­лы үш ай­мақ үкі­ме­ті мен Үрім­жі­де­гі го­мин­даң би­ леуші­ле­рі ара­сын­да он бір тар­мақ­ты бі­тім жа­са­ла­ды. Сол он бір та­ лап­тың бі­рі ре­тін­де«го­мин­даң түр­ме­сін­де­гі саяси қыл­мыс­ты­лар­ды тұ­тас бо­са­ту» бел­гі­ле­не­ді. Осы­лай­ша жұрт қа­та­рын­да Таң­жа­рық ақын да ауылы­на ора­ла­ды. Ұза­май, ақын өк­пе ауруына шал­ды­ғып, ақы­ры осы ауру­дан 1947-жы­лы 6-та­мыз­да қайт­ыс бо­ла­ды. 118

Аяулы ақын қа­мал бұ­зар ша­ғын­да, ке­ме­лі­не кел­ген ке­зін­де мез­гіл­сіз мерт бол­ды. Алай­да аза­мат ақын тар жол, тай­ғақ ке­шу­лі қыс­қа ғұ­мы­рын­да ар­ты­на ұшан-те­ңіз, көп мұ­ра қал­ды­рып кет­ті. Ен­де­ше, ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның жай-күйіне ке­лер бол­сақ, бү­гін­ге дейін та­бы­лып, жа­риялан­ған ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның кө­ ле­мін ең соң­ғы тү­гел тұяғы дей ал­май­мыз. Ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ ның бір бө­лі­мі аты шу­лы «Мә­де­ниет төң­ке­рі­сі» ке­зін­де өр­тел­ді. Ха­лық ара­сын­да ауыз­ша та­ра­лып жүр­ген­де­рі тү­гел­дей жи­на­лып бол­ған жоқ. Мұн­да­ғы әде­биет­ші қауым ақын мұ­ра­сын жи­науды, рет­теу­ді, жа­риялау­ды із суыт­пай әлі де жал­ғас­ты­рып ке­ле­ді. Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның өлең­де­рі 1930-жыл­дар­дың ор­та ше­ ні­нен бас­тап жа­рық кө­ре бас­та­ды. Яғ­ни, ақын­ның сол тұс­та өзі бас бо­лып шы­ғар­ған «Іле га­зе­ті» жә­не «Ал­ға»га­зе­тін­де «Оқып көр га­зе­тім­ді», «Құт­тық­тау», «Осы таң кім­нің та­ңы?», «Мыс қа­зан», «Шың­жаң нұ­ры», «Жас­тар та­ңы», «Жас кү­нім», «Саң­ қыл­дап көк­ке­сам­ғап»қа­тар­лы өлең­де­рі жа­риялан­ды [29]. Бұ­лар ақын­ның кө­зі ті­рі­сін­де жа­рық көр­ген туын­ды­ла­ры бо­лып есеп­ те­ле­ді. 1949-жыл­дан кейін де ақын өлең­де­рі мер­зім­ді бас­па­сөз­де бір мез­гіл жа­рияла­нып тұр­ды. Ақын­ның абақ­ты өмі­рі бас­тан-аяқ тас­қын­да­ған поэзия өмі­рі бол­ды. Туын­ды­ла­ры­ның ба­сым көп­ші­лі­гін абақ­ты ішін­де жаз­ды. Өйт­ке­ні ақын­ның са­на­лы ғұ­мы­ры­ның көп бө­лі­гі қу­ғын-сүр­гін­де бол­ды, та­лай азап­ты кө­ріп түр­ме­де өт­ті. Сон­дық­тан Таң­жа­рық­ ты қу­ғын-сүр­гін­де жү­ріп есей­ген, түр­ме­де тү­ле­ген ақын деу­ге де бо­ла­ды. Сол шы­ғар­ма­ла­ры ар­қы­лы Шың Щы­сай го­мин­даң дәуірі дейт­ін бір ке­зең­нің, оның адам қа­ны са­сы­ған қа­сап түр­ме­сі­нің бей­не­сін жә­не өзі­нің нұр­лы мұ­рат-мақ­са­ты­ның құ­нын мәң­гі­лік жой­майт­ын ру­ха­ни ар­хи­він жә­не на­ғыз кел­бе­тін та­ныт­ты. Қа­зақ та­ри­хын­да та­лай ғұ­ла­ма­лар­дың, та­ла­нт­ты ақын-жа­зу­шы­лар­дың ғұ­мы­ры абақ­ты­да сор­лап сөн­ген. Таң­жа­рық поэзиясы абақ­ты­ ның жан­түр­ші­гер­лік жауыз­дық өмі­рі­нің күн­де­лі­гі си­пат­тас, он­да абақ­ты­да күн сай­ын тү­леп, же­ті­ліп отыр­ған өз­де­рі­нің асыл мұ­ратмақ­сат­та­ры­нан ха­бар бе­ре­тін же­ке өлең­дер бар. Мұн­дай же­ке бір ли­ри­ка­лық цикл­ды құ­райт­ын Таң­жа­рық ақын­ның өлең­де­рін­дей мұ­ра си­рек. Осын­дай шын­шыл да сын­шыл, ұлт жан­ды,көр­кем­ дік­қуаты мол ақын поэзиясы түр­ме ішін­де­гі түр­ме­лес­те­рін ояту, баулу­дың үс­ті­не, сон­дай қыс­пақ­ты қиын шақ­тар­да да, кө­ңіл­де­ рі­не үміт отын жа­ғып, бір жа­рық сәуле тү­сір­ген­дей бо­ла­ды. Жа­ лын­ды жыр­ға зын­дан-түр­ме бө­гет бо­ла ала­ды. Ол қа­пас-қа­маудай 119

шы­ғып, кең байт­ақ ел-жұр­ты­мен, қан май­дан­да әділ­дік, ұлт­тық ер­кін­дік, тең­дік үшін сай­ыс­та жүр­ген сар­дар-сар­баз­дар­дың жү­ре­ гі­не жол тауып жат­ты. Олар­ды әділ­дік­ке, үміт­ке, тай­сал­мас­тық­қа, нұр­лы бо­ла­шақ­қа се­ну­ге ша­қыр­ды. Қай дәуір­дің, қай ха­лық­тың қа­лам­ге­рі бол­ма­сын, егер ол шын­дық­ты айна­лып өтіп, өз жа­нын ға­на күйт­теп, жал­ған­дық­қа жол бер­се, он­да ол адам­ның қас та­лант, ха­лық ұлы бол­ма­ға­ны. Егер ол шын та­лант, үл­кен жү­рек­ті аза­мат бо­ла­тын бол­са, өзі өмір сүр­ген дәуір­дің шын­ды­ғын бе­дер­ле­мей тұ­ра ал­май­ды. Бұл тұр­ғы­ дан қа­ра­ған­да, Шың­жаң қа­зақ әде­биеті­нің клас­си­гі, әйгі­лі ақын Таң­жа­рық Жол­дыұлы – өз за­ма­ны­ның бар шын­ды­ғын көр­кем ой, кес­те­лі тіл­мен өр­нек­теп кет­кен ұлы тұл­ға. Шын­дық­ты шым­ байына ба­ты­ра айт­қа­ны үшін, ха­лық ті­ле­гі, ұлт мүд­де­сін жыр­ ла­ға­ны үшін, ол тең­сіз­дік жай­ла­ған қо­ғам­да әді­лет­сіз үкі­мет­тің те­геурі­ні­не ілік­ті. Ши­рек ға­сыр­ға жуық ат қойы­лып, ай­дар та­ғы­ лып, орын­сыз айып­тал­ды. Қу­ғын-сүр­гын көр­ді, же­ті жыл­ға жуық түр­ме­де отыр­ды. Алай­да оның бә­рі жү­ре­гі­нің оты бар, өр мі­нез­ді, өжет ақын­ды жа­сы­та ал­ма­ды. Жі­ге­рін мұ­қал­та ал­ма­ды. Қайта қа­ жы­рын қай­рап, өр­ше­ле­не өр­ге жүз­ді. От­ты жыр­ла­рын дау­ыл­да­та түс­ті.. Да­рын­ды ақын Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның қа­зір­ге дейін біз­ге жет­кен мұ­ра са­ны 25858 жол бо­лып, шы­ғар­ма­ла­ры­ның екі том­ дық то­лық жи­на­ғы Қы­тай­да жә­не Қа­зақ­стан­да 2001, 2002-жыл­ да­ры бас­па­дан шы­ғып, хал­қы­мен қауыш­ты. Осы екі том­нан тұ­ ра­тын шы­ғар­ма­ла­рын па­рақ­тап көр­се­ңіз, түр­ме­де жа­тып (түр­ме та­қы­ры­бы мен бас­қа та­қы­рып­тар­да) жаз­ған өлең­де­рі жал­пы шы­ ғар­ма­сы­ның жар­ты­сы­на жуы­ғын ие­лен­ге­нін бай­қай­мыз. Бұл орай­да шы­ғар­ма­ла­рын жи­нап, зерт­теу­ші О.Егеубаев­тің ақын өлең­де­рі мен қис­са-дас­тан­да­ры­ның отыз мың жол­ға жуығы сон­дай үрей­лі, тар жол тай­ғақ ке­шу, қы­сыл­таяң жағ­дайда өмір­ге кел­ген­ді­гін айта ке­ліп: «ұл­ты­мыз­дың та­ри­хын­да ар­ғы бет, бер­гі бет­те қан­ша­ла­ған бағ­лан ақын­дар­дың жа­рық жұл­ды­зы абақ­ты­ да, ай­дау­да сөн­ген­ді­гін бар­лы­ғы­мыз да қа­нық бі­ле­міз. Бі­рақ со­ лар­дан бір-екі­лі шы­ғар­ма­сы бол­ма­са түр­ме құ­пиясын, жауыз­дық сы­рын, өзі­нің жан аза­бын Таң­жа­рық­тай түр­ме тү­бін­де кі­сен­деу­лі, оты­рып, қан­ша мың­да­ған өлең жол­да­ры­мен қа­ғаз бе­ті­не таң­ба­ лап кет­кен бір­де-бі­рі бол­ма­ған. Таң­жа­рық – бү­кіл қа­зақ әде­биеті­ не түр­ме та­қы­ры­бын әкел­ген тұң­ғыш ақын [30], – деп түйін­деуі шын­дық­қа сай ке­ле­тін тә­різ­ді. 120

Ақын­ның 1940-жы­лы тұт­қын­да­луы­ның се­бе­бі­не кел­сек, Шың Шы­сай 1937-жыл­дан бас­тап «та­за­лау» жүр­гі­зе­ді. Ол та­за­лаудың бас­ты мақ­са­ты жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ішін­де­гі кө­зі ашық, кө­кі­ре­гі ояу зиялы­лар мен, ұл­ты­ның мүд­де­сін, ер­кін­дік-тең­ді­гін аң­са­ған, ұл­тың на­мы­сын мұ­рат тұт­қан аза­мат­тар­ды – ха­лық­тың ар­да­гер ұл-қыз­да­ры­ның кө­зін жою бо­ла­тын. «Аза­ма­ты алаш­тың – қай­ран Та­кең мен едім, өліп кет­сем ар­тым­да айтыла жұ­рер өле­ңім» деп жар сал­ған, ха­лық­шыл қай­рат­кер Таң­жа­рық та, әри­не, бұл«та­за­ лаудан» тыс­қа­ры қал­ма­сы анық еді. «Ста­лин мен Шың Шы­сай бір­ле­сіп құр­ған әк­кі сұ­рақ­шы­ла­ры­ның тер­геу те­зі­не алы­на­ды. Тер­геу үш тіл­де – орыс­ша, қы­тай­ша, қа­зақ­ша жал­ға­са­ды. Ол үкі­ мет­ке қар­сы ұйым құр­ған, ұлт­шыл­дық­ты қоз­дыр­ған, қа­зақ­тар­ды қо­ныс ауда­ру­ға, қа­ру-жа­рақ тап­сыр­мауға же­лік­тір­ген, қа­ру-жа­рақ топ­та­ған, кө­сем­ді көз­ге іл­ме­ген, үкі­мет­тің әмір-сая­сат­та­рын сөк­ кен, қа­зақ ті­лін­де­гі га­зет­те жауық­қан ой үгіт­теп, га­зет ре­дак­ция­ лау­да қа­та­лық­ты кү­шейіт­кен, жа­сап хат жа­зып, заң қыз­мет­кер­ле­ рі­нен өш алу қас­тан­ды­ғы­на бар­ған, қа­шып ке­ту қаупі бар, кү­мән өте күш­ті, – деп қо­ры­тын­ды жа­сай­ды [31, 109-б.]. Абақ­ты­ның сү­рең­сіз, ауыр тұр­мы­сы­на ті­зе бүк­пей тө­зе оты­ рып, абақ­ты өмі­рін, құ­пиясын, го­мин­даң үкі­ме­ті­нің әді­лет­сіз­ді­ гін, жауыз­ды­ғын түр­ме тү­бін­де кі­сен­деу­лі оты­рып, сор­ға­ла­ған қа­ ны­мен қа­ғаз­ға жа­зып кет­кен Таң­жа­рық­тай жау жү­рек ақын жоқ, сі­рә. Қыс­қа­сы, түр­ме­та­қы­ры­бын ең көп жаз­ған, ке­ме­лі­не кел­ті­ріп жаз­ған Таң­жа­рық деу­ге бо­ла­ды. Же­ке та­қы­рып­тық өлең­де­рі­нің са­ны бой­ын­ша ал­ған­да да, абақ­ты жө­нін­де жаз­ған өлең­де­рі­нің са­ны жал­пы шы­ғар­ма­сы­ның сал­мақ­ты ор­нын ие­лей­ді. Ақын­ның шы­ғар­ма­лар жи­на­ғын­да­ғы «Іле түр­ме­сі­нен», «Тұт­ қын­да­лу», «Ел­мен, жер­мен қош­та­су», «Абақ­ты­да кім жа­тыр», «Түр­ме та­ри­хы», «Түр­ме хә­лі», «Елес», «Ел­ге аман­да­су», «Жер­ге аман­да­су» қа­тар­лы же­ке та­қы­рып­тар­да ба­сыл­ған өлең­де­рі бірбі­рі­не тұ­тас же­лі қуып жа­зыл­ған. Бұ­лар­да жал­ғас­қан, үзу­ге бол­ майт­ын ұзақ бір жүйе жа­тыр. Яғ­ни бұл өлең­де­рін тұ­тас бір өмір­дің сыр- си­па­тын, қо­ғам­дық, әлеу­мет­тік мә­нін қам­ты­ған ли­ри­ка­лық цикл ре­тін­де қа­рауға бо­ла­ды. Ал маз­мұн жа­ғы­нан қа­рас­тыр­сақ, жүйелі, ке­сек дас­тан деу­ге бо­ла­ды. Бұл ту­ра­лы про­фес­сор Зұ­фар Сейіт­жа­нов «Шың­жаң қа­зақ әде­биеті» ат­ты мо­ног­ра­фиясын­да: «Абақ­ты» ай­мақ әде­биетін қой­ып, бү­кіл қа­зақ әде­биетін­де түр­ме ту­ра­лы жа­зыл­ған ал­ғаш­қы кө­лем­ді шы­ғар­ма бо­лып та­бы­ла­ды» [1, 136-б.] – де­ген-ді. 121

Жо­ға­ры­да айт­қа­ны­мыз­дай елі­міз­де шы­ғар­ма­шы­лық іс­са­пар­да бол­ған ака­де­мик, жа­зу­шы С. Мұ­қа­нов Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­ры­ мен та­ны­сып, сол са­па­ры­нан жаз­ған « Алып­тың ады­мы» кі­та­бы­ на ақын­ның «Түр­ме хә­лі» ат­ты тол­ғауын тұ­тас ен­гі­зе­ді әрі бұл шы­ғар­ма­ға «Таң­жа­рық­тың бұл жы­ры­на еш­қан­дай ком­мен­та­рий­ дің қа­же­ті жоқ, сон­дай-ақ оның кім екен­ді­гін де осы ең­бе­гі­нен анық кө­ру­ге бо­ла­ды» [2], – деп жо­ға­ры ба­ға бе­ре­ді. Дас­тан­да оты­зын­шы жыл­дар­дың со­ңын ала «үкі­мет­ке қар­сы­ лар, ұлт­шыл­дар» де­ген ат­пен го­мин­даң үкі­ме­ті жа­ғы­нан жүр­гі­зіл­ ген қан­ды қыр­ғын қа­пы­сыз бей­не­ле­не­ді. Оқи­ға ли­ри­ка­лық кейіп­ кер­дің аты­нан баян­да­ла­ды. Ли­ри­ка­лық кейіп­кер – ақын­ның өзі. Ол-түр­ме тү­не­гін­де­гі азап­ты өз ба­сы­нан кеш­кен, азат­тық үшін ар­па­лыс­қан ер­лер­дің бі­рі. Ақын өзі­нің екі рет­кі қа­лай тұт­қын­да­ луы­нан бас­тап, абақ­ты­дан шық­қан­ға дейін­гі көр­ген қор­лы­ғы мен жан­түр­ші­гер­лік қи­наула­рын, абақ­ты­ның азап­ты өмі­рін су­рет­теу ар­қы­лы сол тұс­та­ғы ұлт­тың ру­хын өші­ру­ді­мақ­сат тұт­қан әді­лет­ сіз үкі­мет­тің зор­лық-зом­бы­лы­ғын шын­шыл­дық­пен әш­ке­ре­лей­ді. Құ­ғын-сүр­гін жыл­дар­дың қа­сі­ре­тін, жа­зық­сыз жә­бір­лен­ген ел ар­ да­гер­ле­рі­нің ая­ныш­ты тағ­ды­рын баян­дай­ды. Ли­ри­ка­лық цикл құ­райт­ын туын­ды­лар­дың та­ри­хи құн­ды­лы­ ғы да осы тұр­ғы­дан. Ақын та­ри­хи шын­дық­ты ас­қан су­рет­кер­ лік­пен, көр­кем тіл­мен өр­нек­теп бе­ре­ді. Го­мин­даң, Шың Шы­сай түр­ме­сі­нің нақ­ты кар­ти­на­сын сы­зып бе­ре­ді. Аяулы аза­мат­тар мен ар­да­гер­лер­дің қы­зыл қа­ны тө­гіл­ген Шың Шы­сай­дың Үрім­ жі түр­ме­сі­нің фа­шис­тік әре­кет­те­рі жө­нін­де қы­ру­ар фак­ті­лер бар. Го­мин­даң­ның Шың­жаң­да үс­тем­дік жүр­гіз­ген алаяқ жен­де­ті Шың Шы­сай са­на­лы, ұлт­жан­ды, сау­ат­ты, зиялы қауым уә­кіл­де­рін әр түр­лі жа­ла­мен тұт­қын­дап, жа­за­ның ең ауыр тү­рін қол­да­нып, көз­ де­рін жоюға дейін бар­ды. Қа­ра ма­ши­на­ға мін­ген қа­ні­шер­лер«қа­ ла­ған» ада­мын түн­де­ле­тіп ке­ліп тұт­қын­дап әке­тіп отыр­ған. Дас­тан­ды оқи оты­рып, абақ­ты­да­ғы осы жауыз­дық­тың, сұр­ қия­лық­тың, қан­құйлы­лық­тың сы­ры­на қа­ны­ға­сыз, он­да­ғы адам ба­ла­сы төз­гі­сіз алуан түр­лі тән жа­за­ла­рын көр­ген­де, сай-сүйе­ гің сыр­қы­рап, жа­ның шо­ши­ды. Түр­ме­нің азап­ты тұр­мы­сын өз ба­сы­ңыз­дан өт­кі­зіп жат­қан­дай се­зім­ге ке­не­ле­сіз. Зұлым­дық­қа, Хаюан­нан бе­тер жауыз­дық­қа бар­ған та­ғы­лар­ға де­ген ке­гі­ңіз етіп қа­зан­дай қай­най­ды. Тұт­қын­дар­ға де­ген ай­рық­ша аяушы­лық жа­ на­шыр­лық біл­ді­ре­сіз. Ақын: 122

Мі­не, осы әң­гі­ме­сі түр­ме-та­рих, Жат­қан соң жа­зып шық­тым бо­лып ға­ріп, –

деп абақ­ты та­ри­хын, қа­ра­лы жыл­дар­дың қа­тал шын­ды­ғын мәң­гі тас­қа қа­шал­ған ше­жі­ре­дей, өт­кен күн­нің бел­гі­сін­дей етіп таң­ба­ лай­ды. Ұлы Абай­ды ұс­таз тұ­тып, одан үл­гі, өне­ге ал­ған Таң­жа­рық­тың түр­ме та­қы­ры­бын­да­ғы өлең­де­рі Абай­дың Лер­мон­тов­тан ау­дар­ған, өз тұ­сын­да­ғы қо­ғам­дық құр­сау­ға қар­сы бұр­қы­ра­ған ке­гі мен дау­ ыл­ды ыза­сы­ның ле­бі ес­кен «Жа­лау», «Қан­жар» ат­ты өлең­де­рін ерік­сіз ес­ке са­ла­ды. Бә­рі де бір са­рын­нан шы­ғып жа­та­ды. Яң Зың­шың дәуірі­нен кейін­гі Жың Шу­рын, Шың Шы­сай за­ ман­да­ры да ұлт мүд­де­сін, ұлт тең­ді­гін ту етіп кө­тер­ген қоз­ға­лыс­ тар­ға оң көз­бен қа­ра­ма­ды. Өте-мө­те Шың Шы­сай за­ма­ны улы шөп­тей ота­ды. Қа­зан төң­ке­рі­сі­нен кейін Қа­зақ­стан­нан Шин­жияң­ ға қа­шып кел­ген алаш ор­да аза­мат­та­ры өз­де­рі­нің құ­пия ұйым­да­ рын құ­рып, бұ­рын­ғы қи­мыл­да­ры­на кі­рі­се бас­тайды. Бұ­ны Ке­ңес ода­ғы да, Шың­жаң би­леуші­ле­рі де әр екі жақ­қа тиім­сіз деп бі­ ліп, оны екі жақ бір­лік­те жою бай­ла­мы­на ке­ле­ді. Со­ны­мен ұлт­ тық қоз­ға­лыс­ты өр­шіт­пей ұя­сын­да жа­ныш­та­мақ бо­лып, олар­ды тұт­қын­дау үшін ел іші­не «уиуан» (жо­ра) де­ген ат­пен жағ­дай ба­ қы­лайт­ын жан­сыз­дар жі­бе­ре­ді, қап­та­тып тың­шы қояды. Олар­ды «ұлт­шыл­дар, үкі­мет­ке қар­сы­лар, қа­ру-жа­рақ жа­сыр­ған­дар» деп әр сақ­қа құ­был­тып атай­ды. Олар­дың қа­ру­лы бү­лік ту­ды­руынан се­зік­те­ніп, ха­лық ара­сы­нан жап­пай құ­рал жи­най­ды [32,21-б]. Бұл де­рек­ті ақын: Бас­тық­ты ел­ден қал­ған жә­не ұс­та­ды, Мақ­са­ты құ­рал жи­нау ама­лын­да. «Дай­биау» де­ген ат­пен ке­ліп жат­ты, Ду­бан­ның «қа­ра қақ­па, қа­ма­лы­на» Ар­тын­да шар­шы шпион уыюан­дар­дың, Қал­ды ғой қа­зақ бай­құс та­ба­нын­да. Қа­зақ­тан шық­ты тың­шы қан­ша «ба­тыр», Әр­бі­рі бес жүз үй­лік ел­ге та­тыр. «Бар екен тық­қан мыл­тық бе­ре­сің» деп Жет­піс пе­нен сек­сен­нен қа­мап жа­тыр, –

деп бей­не­лей­ді «Тұт­қын­да­лу» өле­ңін­де. Бұл та­за­лау ба­ры­сын­да «алаш ор­да ұлт­шыл­да­ры­мен тіл бі­рік­ 123

тір­ген, үкі­мет­ке қар­сы ұйым құр­ған», – де­ген айып та­ғып, 1937жы­лы тек бір Іле айма­ғы­ның өзі­нен қа­зақ-қыр­ғыз ұйымы­ның бас­ ты­ғы Мах­сұт бас­та­ған жет­піс адам­ды бір жол­да ұс­та­ды [32 , 22-б. ]. Со­ны­мен бір, екі, үш ай өт­кен кез­де, Дүр­бе­лең сәл сая­быр өт­кен кез­де, Та­ғы ал­ды Мах­сұт бас­та­ған жет­піс адам, Көр­ме­ген адам сен­бес мұн­дай

Шы­ғар­ма­да та­ри­хи де­рек­тен мә­лім сол кез­де тұ­тас Шың­жаң бой­ын­ша тұт­қын­дал­ған Қа­зақ­стан­дық жә­не қа­дір­лі аза­мат­тар­дың аты не­гі­зі­нен тү­гел ата­лып шы­ға­ды. Іле­ден Мақ­сұт пе­нен Айса тө­ре, Қо­жа­бек, Қа­ми кет­ті оны ко­ре. Емен­бай, Уаң Қа­дыр, Си­сар, Тас­тан, Бас­ты­ғы Абы­лаев, Сұл­тан тө­ре. Бай­бат­ша – Ыбы­рай­ым, Жай­на­ков­пен Жө­нел­ді Са­ғат­бек­тер со­ңы­на ере. Тұр­да­қын, За­кір­жан мен Әкім­қо­жа, Да­мол­да, Жа­лел, Нұр­тай кет­кен оза. Шың­да­ли, Әбіл­ма­жын, Ах­мет­бек Ажал­ға ұм­тыл­ған­дар қо­лын со­за, –

деп бас­ты-бас­ты адам­дар­ды бір ті­зіп шы­ға­ды. Екін­ші ке­зек­те Шәуе­шек қа­ла­сы мен Ал­тай­дан ұс­та­лып, азап көр­ген­дер­дің есі­ мін атай­ды. Мә­се­лен: ­ әуе­шек­тен Қа­на­ғат, Алым­ға­зы, Ш Нұр­та­за, Қа­зез кет­ті ке­лер жа­зы. Ал­тай­дан Ша­қаң, Ман­кей, Ақыт қа­жы, Бұ­қат бей­сі, Зия мен Ха­лел тай­жы. Үрім­жі­ден кет­ті Абеу, тың­жаң Жү­ніс, Қо­жа­нияз, Бай­мол­ла бә­рі бір іс. Жү­ніс қа­жы, Са­тар­қан, Мұ­қаш­пе­нен Хош айт­ыс­ты дү­ниеге-біт­ті жұ­мыс. Та­ғы өл­ді Қа­жен мен Қа­ли­ак­бар, Жо­лы­ғып сер­гел­дең­ге қайт­қан бақ­тар. Бар­лы­ғы осы­лар­дың қи­науда өл­ді, Бір кел­мей қош айтуға тіл мен жақ­тар....

124

Бір атап өтер­лік жай тұт­қын­да­ғы адам­дар­дың еш­қан­дай қыл­ мыс­та­ры жоқ еді. Тек кө­зі ашық, кө­кі­ре­гі ояу аза­мат­тар бо­ла­тын. Мі­не, бұ­лар­дың бә­рі ұл­ты­ның ер­кін­дік-тең­ді­гін аң­са­ған, елі­ нің кө­се­ге­сін кө­гер­тіп, озық ел­дер са­на­ты­на қо­су­ды мұ­рат тұт­қан, ең­се­сі биік егей тұл­ға­лар, сай­дың та­сын­дай саң­лақ­тар, ар­ман­да кет­кен арыс­тар еді. Зұл­мат за­ман­ның мез­гіл­сіз құр­ба­ны бол­ған, қи­науда өл­ген, із-түз­сіз дү­ниемен қош­тас­қан есіл ер­лер­ді ел­жі­рей ес­ке ал­ған ақын: Осы­лар ел бас­ты­ғы бә­рі ма­нап, Бас­ты ғып мың­нан бі­рін көр­сет­ке­нім, –

дей­ді. Шың Шы­сай үкі­ме­ті­нің қол­ға түс­кен­дер­ді ті­рі­дей кө­міп өл­ тір­ге­ні, у бе­ріп кө­зін жой­ға­ны, кей­бі­реуін ке­ңес ода­ғы­на алып ке­ тіп із-түз­сіз жо­ға­лт­қа­ны та­ри­хи факт, де­рек­тер­ден жақ­сы мә­лім [31,104 б]. Ақын қа­ла­мы­нан бұл шын­дық та қа­ғыс қал­майды: Қан ішіп қар­ға-құз­ғын қыл­мың­дай­ды, Май та­мып бет­те­рі­нен жыл­мың­дай­ды. Қа­ла­ның шет жа­ғы­нан ұра қа­зып, Апа­рып не­ше жер­ден қыр­ғын­дай­ды

Сөйт­іп, тұт­қын­дар­ды өл­ті­ру­дің де алуан түр­лі айла-ама­лы бол­ған. Бір­де нәр та­тыр­май аш­тан өл­тір­се, кей­бі­реуін ұрып, ті­рі­ дей най­за­лап өл­тір­ген. Ті­рі­дей кей­бі­реуге най­за са­лып, Ар­ты­на екі қо­лын бай­лап алып. Сұқ­қы­лап сүй­реп жү­ріп өл­ті­ре­ді, Шың­ғы­рып, қа­ра­май­ды жат­са та­лып.

Тұт­қын­дар­дың бі­рін-бі­рі­не көр­сет­пей, шет­те­рі­нен қы­на­дай қы­ру­ды ға­на мақ­сат ет­кен. Әйт­еуір бір нәр­се­ні сы­нық­қа сыл­тау ете­ді. Ең бас­ты­сы «қауіп­ті» адам­дар­дың бі­рін де қал­дыр­мау қа­ жет. Та­ғы оқып кө­рейік: Ке­сіл­ген кей­де қол мен са­нын кө­ріп, Қыр­ғын­дап, киіз жап­қан ыл­ғи өлік.

125

Адам­ның ішек-қар­ны шұ­ба­ты­лып, Қа­ла­мыз кей­де жат­қан ба­сын кө­ріп.

Не: Он метр, же­ті метр зын­да­ны бар, Төс­ті­кей қақ­тайт­ұғын «құм­да­ны» бар. Сол жер­де аш­тан өліп, са­сып қал­ған Адам­ды та­за­ла­ған мұн­да біз бар.

Дү­ниеде мей­лі қан­дай ел­дің абақ­ты­сы бол­сын, он­да қан­дай жа­за қол­дан­сын, қан­дай на­шар та­мақ бер­ді де­ген­де де, та­мақ бер­ мей ашық­ты­рып өл­ті­ріп­ті де­ген­ді си­рек ес­ти­ті­ні­міз хақ. Нет­кен жауыз­дық де­се­ңіз­ші! Қа­ні­шер қа­рақ­шы­лар ен­ді бір­де бір-екі күн же­ке қа­ма­ған соң, екі есі­гі бар оңа­ша үйге«сұ­рақ­қа» деп әке­ле­ді де, осы ара­да қы­лыш­пен ба­сын ке­сіп ала­ды. Адам­ды өл­ті­ре­тін әтей қас­тап, Киі­мін ше­шіп алып жа­ла­ңаш­тап. Ар­наулы екі ауыз­ды сұм­дық үй бар, Сұ­рақ деп әке­ле­ді со­ған бас­тап.

Мұн­дай та­ғы­лық­қа ақын не іс­те­сін? Қол­дан ке­лер қай­ран жоқ. Ке­зе­гін то­сып жа­ту­дан бас­қа еш­қан­дай әре­кет ету­ге мүм­кін емес еді. Та­ғы бір әді­сі мы­на­дай: Оңа­ша екі ауыз­да, екі-ақ есік, Же­рі бар айқа­са­тын тү­бі те­сік. Кі­рер­де сол те­сік­тен то­сып тұ­рып, Ала­ды қы­лыш­пе­нен ба­сын ке­сіп.

Бұл шу­мақ­тар­дан абақ­ты­ның ыз­ғар­лы да үрей­лі бей­не­сі елес­ теп, қан иісі мұ­ры­ны­ңа ке­ле­ді. Сөйт­іп, го­мин­даң түр­ме­сін­де аш­ тан, ұрып, най­за­лап, жа­дауда тұ­рап, атып өл­ті­ріл­ген адам­дар­да сан жоқ. Есеп­сіз, мі­не, осын­дай өл­ген жан­дар, Бар қа­зір өл­ген­дер­ді көм­ген жан­дар. Күз бол­са не­ше мың­дай көр даяр­лап, Кө­зі­мен бә­рін іс­теп көр­ген жан­дар. (Түр­ме хә­лі)

126

Осы жауыз­дық­тың бә­рін өз кө­зі­мен көр­ген ақын ет жү­ре­гі езі­ ліп, жа­ны­нан тү­ңі­ле­ді. Бә­рақ көз ал­дын­да бо­лып жат­қан сұм­дық­ ты қа­ғаз­ға тү­сі­ру­ді па­рыз са­на­ған. Ке­лер ұр­пақ үшін, та­рих үшін жауыз­дық жа­сы­рыл­мауы ке­рек. Осын­дай сұм­дық­пе­нен өліп жат­қан Кі­сі­нің бә­рі отан­ның бөл­ті­рі­гі, –

де­се, ен­ді бір­де: Түр­ме­де то­ғыз жыл­да өл­ген адам, Асып­ты ор­та есеп­пен ал­пыс мың­нан, –

дей­ді. Таң­жа­рық­тың «Түр­ме хә­лі» да­станы­ның та­ри­хи не­гі­зі­не, өмір­лік шын­ды­ғы­на, се­беп-сал­да­ры­на бар­лау жа­са­ған Ы. Әді­ш­ ұлы кел­тір­ген тө­мен­де­гі мы­сал, де­рек­тер го­мин­даң, Шың шы­сай үкі­ме­ті­нің Шың­жаң­ның тұр­ғы­лық­ты хал­қы­на ту­дыр­ған зо­ба­ла­ ңы­ның ащы нә­ти­же­сін пай­ым­дауға мүм­кін­дік бе­ре­ді. Сол кез­де бү­кіл Шың­жаң­ның жан са­ны не­бә­рі үш мил­лион мөл­ше­рін­де екен. Сон­да түр­ме­де өл­ген­дер­дің өзі 2 % -ке же­тіп, әр жүз адам­ ның екеуі го­мин­даң түр­ме­ле­рін­де өл­ді де­ген нет­кен ашы­ныш­ты жайт­[33,60-б.]. Мі­не, осы сан­ды мә­лі­мет­тің өзі­нен го­мин­даң түр­ ме­ле­рі­нің ха­лық­ты қан қақ­са­тып, жа­зық­сыз жа­за­лайт­ын на­ғыз то­зақ бол­ға­нын аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Де­мек, жан жү­ре­гің­ді бау­рап ала­тын шын­дық шы­ғар­ма­ны шы­рай­лан­ды­ра түс­кен. Дас­тан­да го­мин­даң абақ­ты­сы­ның адам ба­ла­сы көр­ген­ді қой­ ып, құ­лақ ес­ті­ме­ген не­ше түр­лі жа­за­лаудың, қи­наудың не­бір сұм­ дық­та­рын қол­да­нып, бей­кү­нә жан­дар­ды ті­рі­дей шы­рыл­да­тып жат­қа­ны көз ал­ды­ңа елес­тейді. Абақ­ты­ның аза­бын тар­тып аш­ тық­тан бұ­рал­ған адам­дар­ды қи­наудан он шақ­ты тү­рін ой­лап та­ ба­ды. Со­ның бі­рі бір­не­ше тәу­лік не та­мақ, не су бер­мей қояды. Адам­ны­ң е­ті сүйегі­не жа­бы­сып қай­ыс­тай қа­тып қа­ла­ды. Осын­ дай сәт­те ар­найы ті­ліп алын­ған қат­ты Ұлт­хан­мен екі бет­ке ұра­ды. Сөй­леу­ге тіл жоқ адам­ды осы­лай есең­гі­ре­тіп құ­ла­та­ды. Ал ен­ді жа­за­лаудың екін­ші тү­рі мы­на­дай: Кө­мір­ге отыр­ғы­зып ұсақ ша­ғып, Қан де­ген май құй­рық­тан су­дай ағып.

127

Үр­пі­ңе ши жү­гір­тіп боз­дат­қан­да, Шы­бын жан шы­ғып кет­пей тұр­сың на­ғып!?

Адам­ның жан­ды мү­ше­сі­не ши жү­гір­ту қан­дай қор­лық. Мұн­ дай қи­науға екі­нің бі­рі тө­зе ал­ма­ған. Бұ­дан кейін: Дөң­ге­лек бір тақ­тай бар қа­лың шап­қан, Бе­ті­не қан­мен сыр­лап бояу жақ­қан. – «Жа­ла­ңаш құй­рық қой­ып отыр», – дей­ді, Қа­ра­тып ұшын өр­ге ше­ге қақ­қан.

Тақ­тайға ше­ге қа­ғып, со­ның үш­кір жа­ғы­на отыр­ғы­зу – на­ ғыз та­ғы­лық, қи­нау бол­са, тыр­нақ­тың кө­бе­ле­рі ине сұқ­қан кез­де адам­ның шы­бын жа­ны шыр­қы­рап есі­нен та­на­ры хақ. Та­ғы бір ке­зек­те қи­наудың бас­қа бір тү­рін қол­да­на­ды. Тек­теутиым бол­ма­ған соң го­мин­даң жен­дет­те­рі ойла­ры­на кел­ген­ді іс­те­ ген. Бі­рақ осын­дай қа­ті­гез әре­кет­ке өз­де­рі ра­хат­та­на­тын се­кіл­ді. Ке­лер деп қа­шан өлім, қай­ғы ба­сып, Те­сі­ліп әр же­рің­нен етің са­сып. Кен­дір­мен ба­қай­ың­нан бай­лап алып, Ба­сың­ды са­лақ­та­тып қояды асып.

Ке­ле­сі бір жа­за тү­рі кен­дір жіп­пен ба­қай­ың­нан бай­лап, ба­ сың­ды тө­мен қа­ра­тып қояды. Есі ау­ған ті­рі өлік адам не­ні бі­ле­ді. Бұ­ған да шы­дай­ды, тө­зе ал­ма­са ба­қи­ға ат­та­нып ке­те бе­ре­ді. Қа­раң­ғы көр қы­ла­ды ме­ке­нің­ді, Біл­мей­сің есің ауып не еке­нің­ді. Қоян­дай қол­ға түс­кен шың­ғы­ра­сың, Шерт­кен­де қы­сып тұ­рып екі енің­ді, –

дей­ді ав­тор. Адам ба­ла­сы­ның осын­ша сі­лік­пе­сін шы­ға­ра қи­напқор­лау көп ел­дер­де қол­да­ныл­майды. Со­ған қа­ра­мас­тан го­мин­даң өкі­ме­ті осын­дай жауыз­дық­қа жол бер­ген. Ал адам өл­тір­ме­се қол­ да­ры қы­шып тұ­ра­тын қа­ні­шер жен­дет­тер үшін бұл әдет­те­гі жағ­ дай де­се де бо­ла­ды. Бұл – ең жы­мыс­қы тә­сіл. Бір ес­кер­те ке­тер нәр­се осы сияқ­ты адам­ды ай­дан бе­тер қи­нап мас­қа­ра­лау, өл­ті­ру «Мә­де­ниет төң­ке­рі­сі» ке­зе­ңін­де та­ғы қайтала­на­ды. Ли­ри­ка­лық кейіп­кер­дің ба­сы­нан өт­кен бұл оқи­ға Шың­жаң­да­ғы қа­зақ та­ри­ хы­ның қа­ра­лы бет­те­рі еке­ні дау­сыз. 128

Ет жү­рек­ті пен­де­нің қи­на­луы, жә­бір кө­руі дәл осы жыр­да баян­дал­ған­нан ар­тық бол­мас. Қан­дай жа­за бол­ған­да да, осын­дай адам ба­ла­сы төз­гі­сіз, адам тү­гіл хайуан екеш хайуан­ға да іс­тет­ пейт­ін жа­за қол­да­нып, қор­лау, қан қақ­са­ту қа­ні­шер жауыз­дар­ дың, адам то­нын жа­мыл­ған та­ғы­лар­дың әре­ке­ті. Бұл – аңыз емес, шын­дық. Су­рет­кер ақын осы шын­дық­ты өз ба­сы­нан өт­кіз­ді де, оны қаз-қал­пын­да аса ше­бер­лік­пен оқыр­ман­ның жан дү­ниесі­не ерек­ше әсер ете­тін­дей пси­хо­ло­гия­лық сер­пін ар­қы­лы бей­не­лей­ді. Өлең жол­да­рын оқып оты­рып, жа­ны­ңыз түр­ші­ге­ді. Бұ­дан бас­қа да адам­ның аза бойы қа­за бо­ла­тын қи­нау түр­ле­рі – ас­пақ­қа асып қой­ып ұру, та­бан­ға те­мір үс­кі жү­гір­ту, ба­сы­на те­мір құр­сау са­лу, да­ғар­ға са­лып сүй­реу т.б. Бә­рі-бә­рі де бар. Мі­не, бұ­ның бар­лы­ғы фа­шис­тік қор­лау­дан ас­па­са кем түс­пейтіні аян. Абақ­ты­да­ғы бей­бақ жан­дар бә­рі де әділ сұ­рақ көр­мейді. Қа­раң­ғы зын­дан бол­ды тұ­рақ­та­рым, Са­ңы­рау түк ес­ті­мей құ­лақ­та­рым. Тік тұр­ды тө­бе ша­шым жа­ным шо­шып, Ал­ғаш­қы ес­ті­ген­де сұ­рақ­та­рын, –

­ еуі орын­ды. Өйт­ке­ні тұт­қын­ға қой­ыла­тын сұ­рақ өз­де­рі­нің ой­ д лап-тап­қан сан­ды­рақ­та­ры. Не «түй­ме­дей­ді түйе­дей ет­кен» жа­ла­ сы еке­ні хақ. Тас­тайды кір­ген бой­да бе­тің­ді ашып, Отыр­ған төрт-бес адам қа­ны қа­шып, – «Қар­ның­ды жа­ра­мын», – деп, – «айт­шы­ның­ды»? Ақы­рып арыс­тан­дай за­һар ша­шып, –

де­ге­нін­дей сұ­рақ қор­қы­ныш­ты бо­ла­ды. Қа­сап­шы­ның итін­дей жа­ лаң қақ­қан сұ­рақ­шы­лар: Не іс­те­дің, не көр­дің шы­ның­ды айт­деп, Дү­ре­леп аш­ты тіл­мен тіл­деп жа­тыр. – «Құ­лат­пақ бол­ған­сың­дар үкі­мет­ті, Құ­ты­рт­қан осы се­ні кім?», – деп жа­тыр. Те­рі­сін те­ріс­кей­дей сой­ып алып, Жү­нін қой­ып тү­бі­тін жүн­деп жа­тыр! – (Абақ­ты­да кім жа­тыр)

де­ге­нін­дей олар­ға қар­ғыс қа­мы­тын ки­гі­зіп, ит те­рі­сін ба­сы­на қап­ тап, те­рі­сін ті­рі­дей сой­ып, жү­нін жүн­деп жа­та­тын. 129

Та­рих фак­ты бой­ын­ша Шың Шы­сай Шың­жаң­ға өк­тем­дік жүр­гіз­ген он бір жыл ішін­де жан түр­ші­гер­лік тер­рор­лық­ты қол­ да­нып, 200 мың­нан ас­там адам­ды тұт­қын­ға алып, әр ұлт хал­қы­ ның 60 мың­нан ас­там ада­мын қыр­ғын­да­ға­ны мә­лім [34,22-б.]. Ақын дас­тан­да абақ­ты­да­ғы осы ақи­қат­ты айна-қа­те­сіз бей­не­лей­ ді. Қа­ра­лы жыл­дар­да­ғы қан­ды нау­бет­тің қа­лай бас­та­лып, қан­ ша­ма адам­дар­дың өмі­рін қи­ға­нын ха­бар­дар ете­ді. Шың­жаң­да­ғы бар­лық ұлт­тың ел­ге қа­ді­рі бар бел­гі­лі аза­мат­та­рын жал­мап жат­қа­ ны­на ыза­лы кек­пен қар­ғыс жауды­ра­ды. Абақ­ты­да жат­қан әр ұлт хал­қы­ның тағ­дыр-тау­қы­ме­ті­не көр­ген аза­бы­на ақын өз ба­сы­ның, өз ұл­ты­ның тау­қы­ме­тін­дей ор­тақ кү­ңі­ре­не­ді. Кім жа­тыр, абақ­ты­да хан­зу жа­тыр, Олар да арық қой­дай жұ­тап жа­тыр... Кім жа­тыр, абақ­ты­да қал­мақ жа­тыр, ­Дауысы көк­ке же­тіп зар­лап жа­тыр... Кім жа­тыр абақ­ты­да қа­зақ жа­тыр, Жү­ре­гін аш­ты қай­ғы қа­жап жа­тыр... Кім жа­тыр, абақ­ты­да ұй­ғыр жа­тыр, Азап­тан құ­ты­лу­ды ой қып жа­тыр... Кім жа­тыр абақ­ты­да та­тар жа­тыр, Өз­бек пен та­жік, қыр­ғыз қа­тар жа­тыр. Дүң­ге­ні, кер­жақ орыс, сі­бе, со­лаң, Олар да көр аузы­на та­қап жа­тыр, –

де­ген жол­дар еш­қан­дай тү­сі­нік­ті қа­жет ет­пей­ді. Кө­ріп отыр­сыз­дар, абақ­ты­да аяқ­та кі­сен, қол­да кө­зір, әб­ден ти­тық­тап, көр аузы­на та­қап жат­қан бір ға­на ұлт емес, сол кез­де­гі он үш ұлт­тың бә­рі бар. Алаң­сыз өмір сү­ріп, ер­кін тір­лік жа­сап жат­қан бі­рі жоқ. Бә­рі­нің кө­кі­ре­гін ащы қай­ғы-қа­сі­рет қа­жап жа­ тыр. Ақын бар­лық ұлт­тың ар­ма­ны мен арын аяқ­қа ба­сып, тағ­ды­ рын тәл­кек қыл­ған зұлым­дық­ты ашып көр­се­те­ді. Шың­жаң­да­ғы бар­лық ха­лық­қа үл­кен қа­сі­рет әке­ліп, не­ше он мың­да­ған адам­дар­дың қан қа­ры­зын мой­ны­на жүк­те­ген Шың Шы­сай – на­ғыз зұлым. Сол се­беп­ті ақын оған қат­ты кек­те­не, қа­ ны қай­нап: «Шың Шы­сай су­ре­ті­не» ат­ты өле­ңін­де: Отыр­сың қа­ра за­лым тұ­сың қа­шып, Біз жүр­міз ай­дау­ың­да асып-са­сып. Ар­ман­сыз дү­ниеден өтер едім, Қа­ның­ды бір ұрт­та­сам жал­ғыз қа­сық, –

деп ті­сін қай­рай­ды. 130

Абақ­ты­да­ғы атал­ған азап­тың бә­рін ба­сы­нан өт­кер­ген қай­сар ақын қор­лық пен зор­лық­тың бә­рі­не тө­зе біл­ді. Са­ғын сын­дыр­ма­ ды. Зұлым­дық­қа, әді­лет­сіз­дік­ке ісі­мен де, жы­ры­мен де қас­қайып қар­сы шық­ты. Бас ке­те­ді деп тіл тарт­па­ды. Зұлым­ға рас қар­сы тұр­ға­ны­мыз, Ол да рас құ­пия ұйым құр­ға­ны­мыз. Кек­пе­нен қо­лы­мыз­ға құ­рал алып, Жел­ке­ден го­мин­даң­ды ұр­ма­ғы­мыз, –

де­ген жол­дар мұ­ның дә­ле­лі. Бо­ла­шақ­қа зор се­нім­мен қа­ра­ған ақын жа­лын­ды жыр­ла­ры­мен түр­ме­лес­те­рі­ні­нің ­бойына жі­гер бе­ ріп, се­ні­мін сер­гіт­ті. Өл­сек те өл­мес біз­дің ата­ғы­мыз, Бел­гі­лі іс­теп түс­кен ша­та­ғы­мыз. Алыс­тан ал­тын сәуле бір кү­лім­дер, Бол­ған­мен қа­зір тү­нек жа­та­ғы­мыз, –

деп жі­ге­рін құм қыл­мауға, ке­ле­шек­ке се­нім ар­ту­ға үн­де­ді. Бел ше­шіп, бі­лек ­сы­ба­нып кү­рес­кен­де ға­на азап­тан ары­лып, ер­кін­дік – тең­дік­ке қол же­те­тін­ді­гі сын­ды ақи­қат­ты ұғын­дыр­ды. Қа­шан да тең­дік ал­май тұ­ра ал­май­мыз, Бұл ойды бас­қа жақ­қа бұ­ра ал­май­мыз. Ар­ман жоқ отан үшін өліп кет­сек, Ен­ді біз қор­лық кө­ріп жү­ре ал­май­мыз, –

деп жар сал­ды. Ел тағ­ды­рын, ұлт азат­ты­ғын жы­ры­ның қай­на­ры, кү­ре­сі­нің мұ­ра­ты ете біл­ген кү­рес­кер ақын: Бә­рі қан үрім­жы­ның айна­ла­сы, Ес­кі там, ұң­ғыл-шұң­ғыл, сай-са­ла­сы. Іше­гін ит сүй­ре­леп өл­ген жан­ның, Құс шұ­қып, до­ма­ла­нып жа­тыр ба­сы, –

деп қан­ды қыр­ғын­ды та­ғы бір елес­те­тіп өте­ді де: Кел­сең­дер үрім­жі­нің қа­ла­сы­на, Кө­зің сал қал­та­рыс сай-са­ла­сы­на.

131

Ұмыт­па өле-өл­ген­ше осы­ны деп, Тап­сы­рып кет ба­лаң­ның ба­ла­сы­на, – (Түр­ме хә­лі)

деп осы қы­сым-қия­нат­ты өле-өл­ген­ше ұмыт­пауға, қан­ды кек қайтарып, ер­кін­дік үшін кү­рес­ті тоқ­тат­пауға, ұр­пақ­ты бау­лып кү­ рес­ке ша­қы­ра­ды. Осы­лай­ша ақын өзі­нің әді­лет­шіл, бос­тан­дық­ты аң­са­ған, отан­шыл, кү­рес­кер ақын екен­ді­гін әйгі­леп кет­ті. Қыс­қа­сы, ақын­ның «Абақ­ты» да­станы – ха­лық тағ­ды­ры­ның қа­ра­лы бет­те­рін қа­пы­сыз бей­не­ле­ген, озі­нің ажар-айшы­ғы­мен, көр­кем­дік қуаты­мен, тәр­бие­лік құн­ды­лы­ғы­мен өт­кен күн­нің ға­ на емес, бү­гін­гі, тіп­ты, ер­тең­гі күн­нің де та­лап-ті­ле­гі­не сай ке­ ле­тін өмір­шең, реа­лис­тік қуаты мол, де­рек­ті туын­ды.Ақын ас­қан шын­шыл­дық­пен өз ке­зін­де­гі қан­құйлы зұлым­дық­ты тал­дап, таң­ ба­лай­ды. Таң­жа­рық­тың «Анар-Сәуле» жә­не «Са­дық пен Са­ли­хан» дас­ тан­да­ры ау­қым­ды сю­жет­ке құ­рыл­ған, мол оқи­ға­лы, кең ты­ныс­ты эпи­ка­лық дең­гейде жа­зыл­ған. Екі дас­тан («Бө­рі мен Бө­рі­ба­сар», «Қош бол, төрт тү­лі­гім») хайуа­нат, төрт тү­лік та­қы­ры­бы­на ар­ на­ла­ды. Кө­ле­мі жа­ғы­нан ша­ғын (5 бет)бір оқи­ға­ға не­гіз­дел­ген. «Мол­да мен бақ­сы» – дас­тан­нан гө­рі сю­жет­ті ұзақ өлең не­ме­се тол­ғау деу­ге ке­ле­тін туын­ды. Шы­ғар­ма­да мол­да мен бақ­сы­ның әлеу­мет­тік өмір­де­гі ор­ны, қо­ғам­да­ғы ат­қа­рар мін­де­ті де­ген мә­ се­ле­ге на­зар ауда­ры­ла­ды. На­дан­дық шыр­мауын­да отыр­ған ел­де­ гі ша­ла сау­ат­ты мол­да­лар­дың са­на­сыз кей­пі, дүм­ше­лік іс-әре­ке­ ті сы­на­ла­ды. Өл­ген адам­ның асы­на кел­ген мол­да мен бақ­сы­ны ақын бір та­бақ­қа ор­тақ­тас­ты­ру ар­қы­лы бір-бі­рі­не қа­рар­ма-қар­сы пси­хо­ло­гия­лық бол­мы­сын ашу­ды көз­дейді. Бұл шы­ғар­ма­сын­да да Таң­жа­рық бас­қа өлең, дас­тан­да­рын­да­ғы ұстаным­да­рын бе­рік сақ­тап, көп­ті жа­ман­нан жи­ре­ну­ге, жақ­сы­лық­ты үйре­ну­ге, бі­лім­ді иге­ру­ге үн­дей­ді. «Са­дық пен Са­ли­хан», «Анар-Сәуле» дас­тан­да­рын­да қыз бен жі­гіт ара­сын­да­ғы мөл­дір ма­хаб­бат, ға­шық­тық ха­кая жыр­ла­на­ды. Екі дас­тан да ұқ­сас та­қы­рып, са­рын­дас идеяны қоз­ғайды. Сон­ дық­тан біз Таң­жа­рық­тың орын­да­луы жа­ғы­нан ұқ­сас, идея­лық тұр­ғы­дан са­рын­дас, маз­мұ­ны жа­ғы­нан үн­дес боп ке­ле­тін дас­тан­ да­ры­ның бә­рін бір­дей тал­дап жат­пай­мыз. Таң­жа­рық­тың шы­ғар­ма­ла­рын­да Абай ық­па­лы, ХІХ ға­сыр­ дың со­ңы мен ХХ ға­сыр­дың ба­сын­да­ғы қа­зақ әде­биеті өкіл­де­рі­ 132

нің жа­ңа ба­ғыт­та­ғы өне­ге­лі си­пат­та­ры­ның әсе­рі мо­лы­нан кө­рі­ніс та­буымен бір­ге ха­лық­тық дәс­түр, эпи­ка­лық жыр ту­ды­ру үл­гі­сі ерек­ше сақ­тал­ған. Бұл си­пат әсі­ре­се қис­са-дас­тан­дар­да жыр­ла­на­тын оқи­ға­лар­ дың бір-бі­рі­мен бай­ла­ны­сын­да, бір оқи­ға­дан екін­ші оқи­ға­ға кө­шу тә­сі­лін­де, жыр жол­да­рын­да­ғы буын са­ны, ұй­қас түр­ле­рі­не қа­тыс­ ты өл­шем­дік шарт­тар­да ерек­ше бай­қа­ла­ды. Ақын­ның «Ойла­сам, ай­ғай­ға ер­ген мен бір жаз­ған» ат­ты та­ри­ хи да­станы – 19 бет­тен ға­на тұ­ра­тын ша­ғын дү­ние. Дас­тан сю­же­ті өмір­де нақ­ты бол­ған, оқи­ға­ға ақын­ның өз ба­сы­нан өт­кен, кө­зі­мен көр­ген жай­лар­ға құ­рыл­ған. 1926-жы­лы жа­зыл­ған бұл дас­тан­ды ақын­ның дас­тан жан­рын­да­ғы тыр­нақ ал­ды туын­ды­сы деу­ге бо­ ла­ды. Бұл кез Таң­жа­рық­тың Қа­зақ­стан­да үш жыл жү­ріп, ту­ған же­рі­не қайта орал­ған тұ­сы еді. Жо­ға­ры­да айт­ыл­ған­дай Абай­дан бас­тап сол ке­зең­ге дейін жа­рық көр­ген қа­зақ әде­биеті үл­гі­ле­рі­мен мо­лы­нан та­ны­сып, мүм­кін­ді­гін­ше те­ре­ңі­не бой­ла­ған, көр­кем­дік нә­рі­нен, идея­лық ба­ғы­ты­нан ба­рын­ша су­сы­нын қан­дыр­ған, та­ғы­ лы­мын сі­ңір­ген уақы­ты бо­ла­тын. Сон­дық­тан Таң­жа­рық ақын­ның идея­лық оянуы да, өз ор­та­сы дең­гейі тұр­ғы­сы­нан жа­ңа көз­қа­рас ұстаны­мы мен шы­ғар­ма­шы­лық жо­лы­ның қа­лып­та­са бас­тауыда осы жыл­дар бо­ла­тын. Ұлт тең­ді­гі мен екі жақ­ты ез­гі­ден құ­ты­лу жо­лын­да, бұ­қа­ра ха­лық­тың сауа­тын ашып, өр­ке­ниет­ті ел­дер қа­ та­ры­на қо­су мақ­са­тын­да­ғы кү­рес жо­лын­да ақын­дық өне­рін қа­ру ете біл­ды. Қа­раң­ғы ха­лық­ты оя­тып, бі­лім алу­ға, өр­ке­ниет жо­лы­ на тү­су­ге үн­де­ді. Ел жақ­сы­ла­рын, би­лік тұт­қа­сын ұс­та­ған­дар­ды ұлт бо­ла­ша­ғы үшін қыз­мет ету­ге ша­қыр­ды. Қа­зақ­стан­да үш жыл жү­руы оның кө­кі­рек кө­зін аш­ты, қо­ғам­дық құ­ры­лым­ның бұ­рын бол­ма­ған тү­рін көр­ді, қа­зақ хал­қы үшін оның қай­шы­лық­ты тұс­ та­рын се­зін­ді. Сон­дық­тан қо­ғам­дық-әлеу­мет­тік мә­се­ле­нің қай са­ ла­сы бол­сын ха­лық са­на­сы­ның жа­ңа са­ты­ға кө­те­рі­луіне қыз­мет жа­сау мақ­са­тын­да Таң­жа­рық өз дас­тан­да­рын­да за­ман ағы­мы­на, уа­қыт ыр­ға­ғы­на сай идея ұсы­ну ар­қы­лы ұлт ру­хын кө­те­ріп, жі­гер бе­ру­ге ты­ры­са­ды. Біз сөз етіп отыр­ған«Ойла­сам, ай­ғай­ға ер­ген мен бір жаз­ ған» да­станы тағ­дыр жа­зып үш жыл бол­ған со­вет ода­ғы тер­ри­ то­риясы­на кі­ре­тін Қа­зақ­стан­ның Қар­қа­ра, Кет­пен өңі­рі­не екін­ші рет жо­лы түс­кен кез­де­гі кө­зі­мен кө­ріп, ба­сы­нан ке­шір­ген оқи­ға­ға құ­рыл­ған. Дас­тан бі­рін­ші жақ­пен баян­да­ла­ды. 133

Сиын­дым бір өзі­ңе әуел ке­рім, Бес­тө­бе, Шақ­пы ме­нен жүр­ген же­рім. Тал­ды-қыс­тау, жай­лауым – Көк­шо­қы еді, Маң­дай­дан ойла­ған­да ағар те­рім. Қа­мыс­ты айна­лай­ын ор­ның өз­ге, Кір жуып, кін­ді­гім­ді кес­кен же­рім. Шақ­ша­қай, қар­ға қуып, тас­пен ұрып, Не­ше ойып та­ба­ным­ды тес­кен же­рім. Өт­пе­ген не­лер қы­зық ба­ла­лық­та, Қой­май­ды жат­сам-тұр­сам ес­тен ме­нің, –

деп бас­та­ла­тын дас­тан­да ақын­ның өз өмі­рі­нің ба­ла­лық ша­ғы, жас­тық дәуре­ні­нің кей­бір кө­рі­ніс­те­рі нақ­ты су­рет­те­ле­ді. Бес­тө­бе, Шап­қы, Тал­ды, Көк­шо­қы, Құл­жа, Төрт­сұ­мыл, Іле­ху-Таң­жа­рық­ тың ту­ған айма­ғы, Шын­жаң же­рін­де­гі жер атау­ла­ры бол­са, Қал­ жат, Кет­пен, Пияз­дық, Үш­ме­кі, Шал­кө­де, Кө­мір­ші, Сар­жаз, Қа­ ра­саз, Қу­лық т.б. Қа­зақ­стан­да­ғы жер атау­ла­ры. Қай ел­де­гі бол­сын қа­зақ қо­ныс­тан­ған ай­мақ­та­ғы геог­ра­фия­лық ор­та, жер-су атау­ла­ ры қаз-қал­пын­да дәл айтыла­ды. Ба­ла­лық шақ­та­ғы алаң­сыз күн­дер, қай­ғы­сыз, қам­сыз кез­ дер, күн ұзақ­қа мой­ын бұр­ғыз­байт­ын ойын қы­зы­ғы арт­та қа­лып, әуейі­лік­ке то­лы сол бір кез­дер есі­не түс­кен­де, қы­зық қуу же­лі­гі­ мен ал­дам­шы өмір же­те­гін­де кет­кен ма­ғы­на­сыз тір­лік үшін ақын жа­ны мұң­ға ора­нып, өкі­ніш дер­ті­не шал­дық­қан­дай бо­ла­ды. Ба­ла­ лық кез­де­гі тыш­қан іні­не су құй­ып ұс­тай, жыл­қы­ның құй­ры­ғы­ нан тұ­зақ етіп ке­кі­лік ұс­тайт­ын жас­тық же­лік­те­гі бір сәт­ті есі­не ала­ды. Қыс бойы осын­дай ойын­ға ал­да­нып жү­ріп өмір өт­ке­лі­не ре­ніш та­ны­та­ды. Бі­рақ ба­ла­ның аты ба­ла емес пе? Ойна­майт­ын ба­ла бо­ла ма? Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де бү­лі­ніп кет­кен еш­нәр­се жоқ сияқ­ты. Оқып кө­рейік: ...Қы­дыр­бек бас­ты­ғы­мыз бір топ ба­ла, Қыл­ма­дық не­лер іс­ті ша­ла­лық­та. Су құй­ып, тыш­қан ұс­тап, ай­ғыр мі­ніп, Деуші едік: мұ­ны су­ға са­ла­лық та. Жү­ру­шы ек шақ­ша­қай­ға құ­рып тұ­зақ, Қой­май­мыз шық­са егер ін­нен ұзап. Қуа­нып мал тап­қан­дай бо­лу­шы едік, Көк мия ат бол­ған соң, қар­шы­ға – ұзақ, –

деп ақын ба­ла­лық­тың ба­за­рын осы­лай есі­не ала­ды. 134

Көш­пе­лі қа­зақ тұр­мы­сын­да­ғы ойын ба­ла­сы­на тән мі­нез, әре­ кет, се­зім күйі қаз-қал­пын­да кө­рі­ніс та­ба­тын бұл шу­мақ­тар­да қан­дай өкі­ніш сы­ры жа­ту­ға тиыс де­ген ойға ке­лу­ге бо­ла­ды. Бар бол­ға­ны қа­зақ ауылы­ның жан­ды су­ре­ті, ба­ла­лық кез­дің пси­хо­ло­ гия­лық бол­мы­сы­мен шы­найы жа­сал­ған бей­не­сі көз ал­ды­ға ке­ле­ ді. Ауыл­да туып-өс­кен кез-кел­ген қа­зақ оқыр­ма­ны­на та­ныс су­ рет­тер, та­лай­лар өз ба­сы­нан өт­кіз­ген бел­гі­лі жай­лар. Дас­тан­ның кі­ріс­пе деу­ге бо­ла­тын ақын­ның өз ба­сы­нан ке­ шір­ген ба­ла­лық шақ баяны көп оқыр­ман­ның да ба­сы­нан өт­ке­нін ес­ке тү­сі­ріп, жан се­зі­мін оята­ры, кө­ңі­лін баура­ры, алыс­та қал­ ған алаң­сыз жыл­дар­дың еле­сі­не ора­нып, қиял әле­мі­не шо­мы­ла­ ры, ләз­зат­ты әсер­ге бө­ле­не­рі рас. Сол се­зім­ге өзі де бө­ле­не тұ­ра ақын жа­нын тол­ған­тып, қа­сі­рет, дер­тін қоз­ғайт­ын се­беп не ?! Ол – Қа­зақ­стан же­рін­де кең өріс ал­ған ұлы Абай мен Ыбы­рай Ал­ тын­са­рин шы­ғар­ма­ла­ры­ның ық­па­лы, Ах­мет, Мір­жа­қып бас­та­ған қай­рат­кер­лер­дің ағар­ту­шы­лық идеяла­ры­ның кө­кі­ре­гі­не ұя­лап, са­на­сы­на сы­ңуының кө­рі­ні­сі. Ұл­ты­мы­зы­дың ұлы тұл­ға­ла­ры­ның өз ке­зе­ңін­де ха­лық­ты бі­лім­ге, өнер үйре­ну­ге, кә­сіп ету­ге, ғы­лым иге­ру­ге, өнер­лі ел­дер­ден өне­ге алу­ға ша­қыр­ған ең­бек­те­рін зер­де­ леп оқы­ған Таң­жа­рық ақын қа­раң­ғы­лық тұм­ша­ла­ған ту­ған айма­ ғы­ның қо­ғам да­муының әлем­дік дең­гейі­нен тым тө­мен­де қа­лып, өз­ге­ріс­сіз отыр­ған ха­лы­ның ас­та­рын із­дей­ді. Өз ұл­ты­ның ба­сын­ да­ғы қа­сі­рет­ті сауат­сыз­дық деп бі­ле­ді ақын. Сон­дық­тан қан­ша қы­зық бол­са да, қыс бойы оқу оқып, бі­лім нә­рін жи­наудың ор­ны­ на қы­зық қуып қа­на ойын­мен өт­кіз­ген күн­дер­ді әуейі­лік­ке ал­да­ну деп тү­сі­не­ді. Ақын жү­ре­гі со­ған ауыра­ды, ха­лық ба­сын­да­ғы дерт деп се­зі­не­ді. Ұлт бол­мы­сын­да­ғы кез­де­сіп отыр­ған кем­ші­лік­тер­ге осы­лай­ ша жү­ре­гі сыз­дай тол­ған­ған ақын дас­тан­ның не­гіз­гі бө­лі­гін­де со­ вет өкі­ме­ті ор­на­ған қа­зақ же­рі­нен қа­шып кел­ген қан­дас­тар­дың тағ­ды­ры, олар­дың жа­ңа үкі­мет қы­сы­мы­на төз­бей ке­рі қай­ыру жо­лы­на түс­кен­ді­гін баян­дай­ды. Қа­зақ­стан­да со­вет үкі­ме­ті­нің ор­ науы­ның нә­ти­же­сін­де мал-мүл­кі­ тәр­кі­лен­ген көп­те­ген қа­зақ­тың үде­ре кө­шіп, түн жа­мы­лып көр­ші­лес жат­қан ше­тел­дер­ге қа­шып өт­ке­ні бел­гі­лі. Шы­ғыс ше­ка­ра­ға жа­қын ел­дің кө­бі Қы­тай же­рі­не қа­шып кел­ді. Омар­бек, Асыл­хан, Суық­жан т.б. тә­різ­ды жі­гіт­тер – Қар­қа­ра, На­рын­қол өңі­рі­нен ауып кел­ген тағ­дыр иеле­рі бо­ла­тын. Олар­дың өз­ге жұрт ор­та­сы­на, Қы­зай елі­нің іші­не кел­ген­де, өз­де­рі сыр­ты­нан жақ­сы бі­ле­тін, ел іші­не абы­рой-ата­ғы, бе­де­лі бар Таң­ 135

жа­рық ақын­ды із­деуі заң­ды. Өйт­ке­ні Таң­жа­рық Қар­қа­ра, На­рын­ қол өңі­рін­де бұ­ған дейін үш жыл тұ­рып кет­кен, ақын­ды­ғы­мен даң­қы шы­ғып, ел­ге әб­ден та­ны­мал бол­ған еді. Сон­дық­тан со­вет же­рі­нен, қа­зақ жө­ні­мен айт­қан­да, ал­бан елі­нен кел­ген бес жі­гіт қа­шып ке­лі­сі­мен өз­де­рі жақ­сы бі­ле­тін қы­зай жұр­ты­ның атақ­ ты ақы­ны­на айна­ла бас­та­ған Таң­жа­рық­ты сұ­рас­ты­ра бас­тайды. Мақ­сат­та­ры екі жақ­та­ғы да ел жағ­дайы мен жер жағ­дайын жақ­сы бі­ле­тін Таң­жа­рық­ты қас­та­ры­на ер­тіп алып, арт­та қал­ған мал-мүл­ кін алып ке­лу, сөйт­іп жа­ңа үкі­мет бел­сен­ді­ле­рі­нен кек қайтару, өш алу еді. Қи­нал­ған шақ­та қол ұшын бе­ру­ді сұ­ра­ған аза­мат­тар­дың ті­ ле­гін қайтара ал­ма­ған Таң­жа­рық уәде­лес­кен уа­қыт­тан ке­шік­пей ке­ліп, со­вет ода­ғы қай­да­сың деп қа­ру­лан­ған топ­пен бір­ге тар­тып оты­ра­ды. Алай­да бұл са­пар ойла­ған­дай бол­майды. Өз­де­рі­нің мал­да­ры­на же­те ал­ма­ған­дық­тан, кө­кі­рек­те­рін кек жа­лы­ны кер­ не­ген топ жа­зық­сыз ел­дің ма­лын ай­дап әке­ту әре­ке­ті­не кі­рі­се­ді. Бұл, әри­не, әді­лет­сіз­дік жо­лы еді. Ашын­ған жан­дар осы­лай­ша қа­ рақ­шы­лық қи­мыл­ға ба­ра­ды. Түп­кі мақ­сат­та­рын өз дә­ре­же­сін­де орын­дай ал­ма­ған топ ақы­рын­да көп қиын­дық­қа тап бо­лып, тү­гел­ дей қы­ры­лып қа­лу қау­пін ба­сы­нан ке­ші­ре оты­рып, зор­ға де­ген­де ше­ка­ра­дан өтіп аман қа­ла­ды. Дас­тан­ның бар маз­мұ­ны осы. Дас­ тан­да сол дәуір­де­гі Қа­зақ­стан шын­ды­ғы дәл су­рет­те­ле­ді, қа­зақ ұл­ты­ның тағ­дыр-та­лайы бояма­сыз кө­рі­ніс та­ба­ды. Ашын­ған, кек­ тен­ген ел адам­да­ры­ның өш алу жо­лын­да адал­дық­тан та­нып, ісәре­кет­те­рі­нің жа­ман­дық ар­на­сы­на бұ­ры­лып ке­туі қаз-қал­пын­да бей­не­ле­не­ді. Дас­тан­ды ақын­ның өзі көз­бен кө­ріп, бас­тан өт­кіз­ген жай­лар­ға ой кө­зі­мен қа­рай оты­рып жа­са­ған қо­ры­тын­ды­сы деу­ге бо­ла­ды. Сон­дық­тан да ол ашын­ған жан­дар­ға ой­лан­бас­тан, ақыл­ға сал­мас­тан ере кет­ке­ні­не на­ли­ды, жа­ман­дық­қа, ма­ғы­на­сыз іс-әре­ кет­ке ара­лас­қа­ны­на күйіне­ді. Осы се­беп­тен де да­станын«Ойла­ сам, ай­ғай­ға ер­ген мен бір жаз­ған» деп оты­рып, өз өмі­рі­нен та­ғы­ лым ұсы­на­ды. Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­ры­ның де­ні 1940-1946-жыл­да­ры Үрім­ жі түр­ме­сін­де отыр­ған жыл­да­ры жа­зыл­ған. «Анар-Сәуле» да­ станы да со­лар­дың қа­та­ры­на жа­та­ды. Оқи­ға­сы қы­зық­ты, эпи­ка­ лық ты­ны­сы кең «Анар-Сәуле» да­станы – Таң­жа­рық ақын­ның ір­ге­лі туын­ды­ла­ры­ның бі­рі. Ақын шы­ғар­ма­ла­рын жи­нап бас­ты­ ру­шы, зерт­теу­ші Ора­зан­бай Егеубаев бұл дас­тан­ды сю­жет­тік құ­ ры­лы­мы­на қа­рай «өлең-ро­ман» [15, 69-б.] – деп те атай­ды. Қа­зақ 136

әде­биеті­нің та­ри­хын­да кей­бір дас­тан­дар­дың, поэма­лар­дың ро­ман деп ата­ла­ты­ны рас. С. То­рай­ғы­ров­ты «Кім жа­зық­ты», С. Мұ­қа­нов­ тың «Сұ­лу­шаш» сияқ­ты туын­ды­ла­ры өлең тү­рін­де жа­зыл­ға­ны­на қа­ра­мас­тан ро­ман де­лі­ніп ке­ле­ді. Шы­ғар­ма сю­жет­ке құ­ры­лып, мол оқи­ға қам­ты­ла су­рет­те­ле­тін бол­ған­дық­тан әде­би-теория­лық ұғым то­лық бе­кіп, қа­лып­та­са қой­ма­ған кез­де осы­лай­ша «ро­ман» ата­лып ке­туі мүм­кін. Зерт­теу­ші О. Егеубаев та қа­зақ әде­биеті та­ ри­хын­да­ғы осы кө­рі­ніс­ті бас­шы­лық­қа алып, Таң­жа­рық ақын­ның эпи­ка­лық си­пат­та баян­да­лып, түр­лі кейіп­кер тағ­ды­ры су­рет­те­ле­ тін, бір оқи­ға­дан екін­ші оқи­ға­ға кө­шіп оты­ра­тын сю­жет­ке құ­рыл­ ған«Анар-Сәуле» да­станын өлең-ро­ман деп ата­ған тә­різ­ді. Біз­дің­ше, әде­би-теория­лық ұғым­дар ор­ны­ғып, тия­нақ­тал­ған тұс­та­ғы жанр­лық түр тұр­ғы­сы­нан кел­сек, «Анар-Сәуле­ні» дас­ тан ре­тін­де қа­ра­ған орын­ды деп ой­лай­мыз. Дас­тан сю­же­ті­не XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы ши­ре­гін­де елі­міз қа­зақ­та­ры ара­сын­да бол­ған оқи­ға­лар не­гіз бол­ған. Дас­тан­да ха­лық­тық дәс­түр, ха­лық ауыз әде­биеті­не тән ерек­ше­лік­тер мол сақ­тал­ған. Сон­дай-ақ ­ха­лық ауыз әде­биеті үл­гі­ле­рі­мен қо­са, Абай­дан бас­тап дас­тан жа­зыл­ ған кез­ге дейін­гі ақын­дар­дың ық­па­лы да ай­қын кө­рі­ніп оты­ра­ ды. Дас­тан­да­ғы оқи­ға­ның баян­да­луы мен бай­ла­ны­су тә­сіл­де­рін­ де, шы­ғар­ма­ның атын қою үр­ді­сін­де де бұ­рын­нан қа­лып­тас­қан дәс­түр орын ала­ды. Бұл орай­да қа­зақ ха­лық ауыз әде­биеті­нің үл­гі­ле­рі«Қо­зы Көр­пеш-Баян сұ­лу», «Ай­ман-Шол­пан» тә­різ­ді ли­ ро-эпос­тық жыр­лар, шы­ғыс хи­каяла­ры­ның же­лі­сі­не құ­рыл­ған «Та­һир-Зуһ­ра», «Мұң­лық-Зар­лық», «Жү­сіп-Зы­ли­ха», «Боз­жі­ гіт», «Сей­фүл­мә­лік» т.б. қа­зақ дас­тан­да­ры«Мед­ғат-қа­сым»,«Ең­ лік-Ке­бек», «Қал­қа­ман-Ма­мыр», «Са­ли­ха-Сә­мен» поэма­ла­ры бас кейіп­кер­лер­дің ат­та­ры­мен ата­ла­ды. Жа­сы­нан ха­лық ауыз әде­ биетін жат­тап өс­кен, өзі­не дейін­гі шық­қан қа­зақ ақын­да­ры­ның кең та­ра­ған клас­си­ка­лық туын­ды­ла­рын ын­та­мен оқып, та­ғы­лым ала біл­ген Таң­жа­рық өз дас­тан­да­рын­да ат қою­дан бас­тап клас­ си­ка­лық дәс­түр­ді ер­кін пай­да­лан­ған.«Анар–Сәуле» да­станы да – сол дәс­түр­ді мең­ге­ру­дің жар­қын мы­са­лы. «Анар –Сәуле» – ли­ро-эпос­тық си­пат­та жа­зыл­ған дас­тан. Кө­ ле­мі үш мың се­гіз жүз он то­ғыз өлең жо­лы­нан тұ­ра­тын ау­қым­ды шы­ғар­ма­ның про­ло­гы, бе­та­ша­ры іс­пет­тес: Дү­ниеден жақ­сы да өт­ті, жа­ман да өт­ті, Түр­ле­ніп не­ше қиын за­ман да өт­ті.

137

Бай, пат­ша, ба­лу­ан, мыр­за, ақын, ше­шен, Ғұ­ла­ма не­лер біл­гіш адам да өт­ті. Да­ныш­пан не­лер ба­тыр, кө­пес, жо­март, Қан шық­пас ке­сіп ал­са са­раң да өт­ті. Қы­зы­ғын өз әлін­ше шай­қап кө­ріп, Ішін­де осы­лар­дың қа­ман да өт­ті. Сау қа­лып дү­ниенің құ­ры­ғы­нан, Ойла­саң қай пен­де­сі аман кет­ті?! –

деп ақын­ның өт­кін­ші өмір, тұр­лау­сыз тір­лік тә­різ­ді өмір заң­ды­ лық­та­ры жай­ын­да­ғы фи­ло­со­фия­лық көз­қа­рас­та­рын біл­ді­ре­тін тол­ға­ны­сы­нан бас­та­ла­ды. Дас­тан­да Анар қыз бен Сәуле­бек ат­ты жі­гіт­тің ға­шық­тық хи­каясы, бір-бі­рі­не қо­сы­лу, ер­лі-зайіп­ті ата­ну жо­лын­да­ғы көр­ген ме­ха­нат­та­ры, кез­дес­кен ке­дер­гі­ле­рі су­рет­те­ле­ ді. Екі жас­тың бір-бі­рі­не ма­хаб­ба­ты ар­қау бол­ған дас­тан­да фео­ дал­дық қо­ғам жүйесі­нің қа­зақ өмір сал­ты­на тән құ­бы­лыс­тың бір кө­рі­ні­сі бей­не­ле­не­ді. Анар­дың Сәуле­бек­ке, Сәуле­бек­тің Анар­ға де­ген ыс­тық сүйіс­пен­ші­лі­гін ақын аса бір ын­ты­зар құш­тар­лық­ пен су­рет­тейді. Рас, ха­лық шы­ғар­ма­ла­рын­да кө­бі­не­се жі­гіт­тің қыз­ға де­ген ға­шық­ты­ғы ба­сы­мы­рақ су­рет­те­ле­ті­ні бел­гі­лі. Таң­жа­ рық ақын өзі­нің бұл да­станын­да сол дәс­түр­ды бұ­зып, Анар­дың Сәуле­бек­ке де­ген ға­шық­тық се­зі­мін, ын­ты­зар кө­ңі­лін бі­рін­ші­ке­ зек­ке­шы­ға­ра­ды ...Сәуле­ні Анар көр­се бұ­раң­да­ған, Түр­ле­ніп ша­шын та­рап сы­лаң­да­ған. Те­сі­ліп көз қа­раудан бір той­май­ды, Ар­бас­қан дәуіт ұқ­сас жы­лан­ме­нен, –

деп ке­ліп, одан ары: Кел­ті­ріп кел­те­сі­нен кес­кен ке­кіл, Үкі­сі кам­ша­ты­ның бұ­лаң­да­ған. Адам­ды ыс­тық ле­бі от­тай тар­тып, Көр­ген­де са­быр қы­лып тұ­ра ал­ма­ған. Ерік­сіз көр­ген­дер­дің кө­зі тұ­нып, Мойы­нын бас­қа жақ­қа бұ­ра ал­ма­ған. Түп-тү­гел адам­зат­қа он­дай мү­ше, Еш­қа­шан то­лық бо­лып құ­рал­ма­ған, – 138

де­ген жол­дар­мен жал­ғас­ты­ра Анар қыз­дың сырт кел­бе­тін әсер­ ле­не жыр­лап, сұ­лу тұл­ға­сын, мін­сіз бей­не­сін жа­сай­ды. Әр­түр­лі нәр­се­лер­ге­ са­лыс­ты­ры­ла су­рет­тел­ген Анар тұл­ға­сы не­ше түр­лі ін­жу-мар­жан сөз­дер­мен өрі­ле, ға­жай­ып те­ңеулер­мен өр­нек­те­ле­ ді. Ер­те­гі­лер­де­гі пе­ріш­те­лер­дей, ли­ро-эпос­тық жыр­лар­да­ғы сұ­ лу­лар­дай бей­не­ле­не­ді. Ав­тор бұл ара­да ­ха­лық әде­биеті дәс­тү­рін ке­ңі­нен пай­да­лан­ған.Кей тұс­тар­да «Қыз Жі­бек» жы­ры­ның да әсе­ рі бай­қа­лып тұ­ра­тын­дай. Осын­ша­лық көр­кі­не мі­не­зі сай, па­ра­сат­ты қыз­ға де­ген Сәуле­ бек­тің ға­шық­тық се­зі­мі, ің­кәр­лі­гі­ар­найы су­рет­тел­ме­ге­ні­мен, Анар­дың өз ойын жү­зе­ге асы­ру­ға ұм­ты­лу әре­ке­ті­не қа­тыс­ты тұс­ тар­да бай­қа­лып оты­ра­ды. «Әрі ән­ші, әрі мер­ген, әрі ақын, жел сөз­ге сөй­ле­ген­де су­дай ақ­қан» се­гіз қыр­лы, бір сыр­лы, сан түр­лі өнер бір бой­ына біт­кен жі­гіт сұл­та­ны Сәуле­бек­тің Анар­ға де­ген кө­ңі­лі , ар­лы­лы­ғы мен адам­гер­ші­лі­гі, адал­ды­ғы мен мәрт­ті­гі, ер­ лі­гі мен ақыл па­ра­са­ты оның айт­қан ойла­ры мен іс-әре­ке­ті ар­қы­ лы кө­рі­ніс та­ба­ды. «Оқы­ған жас кү­ні­нен өзі әдеп­ті, иба­лы қы­лы­ ғы­мен жұрт­қа жақ­қан» Сәуле­нің дұш­па­ны да жоқ емес еді. Ол – өзі­мен құр­дас, жас­тайы­нан бір­ге өс­кен құр­бы­сы Нә­зір. «Кө­ңі­лі­ не қыз­ға­ныш­тың қы­зыл құр­ты ұяла­ған» Нә­зір Анар­дың Сәуле­ге де­ген ма­хаб­ба­тын тү­бе­гей­лі үзу жо­лын ой­лай­ды. Осы жол­дар­да бі­раз әре­кет­тер­ге ба­ра­ды. Ақын Анар­дың сұ­лу си­па­ты­на ерек­ше мән бе­ріп, оның бей­не­ сін әсі­ре­лей бей­не­лей­ді. Дас­тан­да оның тұл­ға бі­ті­мі­не, жү­ріс- тұ­ ры­сы­на кең орын бе­рі­ліп, ке­ліс­ті­рі­ле су­рет­тейді. Ша­ғы­лып күн ­түс­кен­дей маң­дайы­нан, Сөй­ле­се бал та­ма­ды таң­дайы­нан. Әдеп­ті өзі іс­мер жә­не оқы­ған, ­Жауап­тың жа­ңыл­майды қан­дайы­нан. Кө­ре­ді до­сы тұр­мақ, дұш­пан жақ­сы, Адам­ға жа­қын­ды­ғы жан­дайы­нан. Тұ­ра­сың сөй­ле­се деп жауап кү­тіп, Аузы­нан шық­қан сө­зы бал­дайы­нан, –

деп си­пат­та­ла­тын, «ай­мақ­қа, ауыл­ға да қа­ді­рі ар­тық» Анар­ды өзі­ не жар ету­ді көз­дейді. Әри­не, қыз­ға кім-кім­нің де ға­шық бо­лу­ға, оны жақ­сы кө­ру­ге, өз ойын біл­ді­ру­ге құ­қы­лы еке­ні рас. Алай­да бұл орай­да қыз­дың қа­лауы, көз­қа­ра­сы мен сүйіс­пен­ші­лік се­зі­мі ес­ке­ріл­ме­се, оны­мен са­нас­па­са, іс­тің ар­ты на­сыр­ға ша­ба­ты­ны 139

ықы­лым за­ман­нан бел­гі­лі жай. Өйт­ке­ні мұн­дай әре­кет – қа­зақы дәс­түр­де­гі ата-ана­ның қа­лауы­мен құ­да­лас­ты­ру не­ме­се бел құ­да, бе­сік құ­да сал­ты бой­ын­ша атас­ты­ру емес. Бұл екеуі­нің ара­сын­да­ ғы сүйіс­пе­не­ші­лік өз қа­лаула­ры­на, екі жас­тың өза­ра се­зім, көз­қа­ рас бір­лі­гі­не тәуел­ді құ­бы­лыс. Ал Нә­зір бол­са қыз се­зі­мін аяқ­қа тап­тайт­ын зор­лық­шыл­ды­ғы­мен, өзім­шіл­ді­гі­мен кө­рі­не­ді. Ол – қыз­ға де­ген көз­қа­ра­сын, жү­рек се­зі­мін ашық біл­ді­ре ал­ майт­ын дәр­мен­сіз, қыз кө­ңі­лін ­бау­рап ала­тын жі­гіт­ке тән асыл қа­сиет­тер­ден ада, өз ойын, арам ние­тін жа­сы­рын, жы­мыс­қы әре­ ке­ті ар­қы­лы іс­ке асы­ру­ға ты­ры­са­тын қор­қау жан. Анар­дың Сәуле ті­рі тұр­ған­да өзі­не бұй­ыр­майтынын се­зін­ген Нә­зір жа­сы­нан бір­ ге өс­кен до­сы, құр­да­сы, адал кө­ңіл, адам­шыл­дық мі­не­зі­мен ға­ на та­ны­мал Сәуле­бек­ті өл­ті­ру­ге дейін ниет ет­кен арам ойға ба­ ра­ды. Алай­да Нә­зір­дің бұл арам ойы жү­зе­ге ас­пай­ды. Анар мен Сәуле­бек­тің бір-бі­рі­не де­ген адал ма­хаб­ба­ты­на, мөл­дір се­зім­де­ рі­не сүй­сі­не бі­ліп, шын жа­на­шыр­лық­пен, аяушы­лық­пен қа­ра­ған ақ ниет­ті адам­дар­дың ар­қа­сын­да Нә­зір­ден ке­лер қаупі ал­дын ала ес­ту­дің нә­ти­же­сін­де Сәуле­ге ба­ғыт­тал­ған қас­тан­дық жа­сал­май қа­ла­ды. Бай­дың есі­гін­де­гі қыз­мет­ші бо­лып та­ма­ғын асы­рап жүр­ ген ақ ниет, мейір­лі ана Би­ке­шес­тіп қа­ла­ды да, бір-бі­рі­не шын ға­шық екі жас­қа жа­ны ашып, Нә­зір мен оның кө­ңіл­де­сі, был­ға­ ныш қы­лық­ты Зей­неп­тің сұр­қия­лық жос­па­рын Анар­ға жек­кі­зе­ді. Сөйт­іп, Анар мен Сәуле­нің ара­сы­на қа­ра ті­кен бо­лып қыс­ты­ры­ла бас­та­ған Нә­зір жос­па­ры іс­ке ас­пай, өзі­нің аб­ройы тө­гі­ле­ді, ар­сыз­ дық­пен ант ішіп, «бұ­дан бы­лай шар­ты­ңа кө­не­мін» деп уәде бе­ріп бі­ті­се­ді. Екі ға­шық – Анар мен Сәуле­бек бақ­та­лас­тық пи­ғыл­да­ғы кө­ңі­лі па­сық жан­дар та­ра­пы­нан бо­ла жаз­да­ған ал­ғаш­қы қас­тан­ дық­тан осы­лай­ша құ­ты­ла­ды. Алай­да жү­рек әмі­рі­мен бі­рін-бі­рі қа­лап, ша­ңы­рақ кө­те­ру­ге бе­кін­ген екі жас­қа екін­ші бір ке­дер­гі тап бо­ла­ды. Ол қыз ер­кі­нен тыс құ­да­ла­су, қа­лың мал алу ық­па­лы­ мен сүй­ме­ген ада­мы­на зор­лап қо­су еді. Қа­зақ­тың фео­дал­дық қо­ғам­ға тән осы бір кө­не дәс­тү­рі бірбі­рін шын сүй­ген екі жас тағ­ды­рын шыр­мауға са­ла­ды. Анар­дың ба­сы­на ес­кі салт­тың ке­са­пат­ты бұл­ты үйірі­ле бас­тайды. Осы ай­ мақ­қа ма­лы­ның көп­ті­гі­мен аты шық­қан Жо­март де­ген бай Ер­мек ат­ты ын­жық ұлы­на алып бе­ру үшін Анар қыз­ға құ­да тү­се­ді. Қа­ лың­мал­ға қы­зық­қан Анар­дың әке­сі Қа­ман қы­зы­ның ой-пі­кі­рі­мен са­нас­пай-ақ құ­да­лық­қа ке­лі­се­ді. Ол кез­де­гі қо­ғам­дық са­на, көз­ қа­рас үшін мұ­ның еш­қан­дай ер­сі­лі­гі жоқ екен­ді­гі рас. Қа­лып­тас­ 140

қан ха­лық­тық дәс­түр, ұлт­тық салт-са­на, әдет-ғұ­рып ая­сын­да­ғы бұ­зыл­майт­ын әре­кет бо­лып кө­рі­не­тін еді. Әй­кен­мен ға­шық­тар тағ­ды­рын жү­ре­гі­мен се­зі­ніп, дос­тық адал кө­ңі­лі­мен, туыс­тық жа­на­шыр­лық­пен кө­мек қо­лын со­зып, қам­қор­лық көр­се­те­тін­дер де ұшы­ра­са­ды. Дас­тан­да­ғы Не­сіп­бек, Ғай­ша, Қыр­ғи, Мә­тен т.б. осын­дай жан­дар қа­та­ры­на жа­та­тын­дар. Бұ­лар екі жас­қа ақ­ниет, адал кө­ңіл көр­се­те­ді: Анар­дың ше­ше­сі Маң­лық пен сің­лі­сі­Қа­мар­ ды, Сәуле­бек­тің ту­ған аға-іні­ле­рін де осы­лар­ға – ті­лек­тес адам­дар қа­та­ры­на қо­су­ға бо­ла­ды. Осын­дай адал ниет­ті қол­дау­шы­лар­дың ар­қа­сын­да Сәуле мен Анар өз ма­хаб­бат­та­рын қор­ғауға, қа­ті­гез дәс­түр­дің шыр­мауы­нан шы­ғу­ға тал­пы­на­ды. Адал ма­хаб­бат­та­ рын«қа­лың мал­дың қа­ра тұяғы­на тап­тат­пауға, қа­ра­нө­пір ша­ңы­ на тұн­шық­тыр­мауға бел бай­ла­ды» [15, 60-б.]. Не­сіп­бек­тер­дің кө­ ме­гі­мен ке­рек-жа­ра­ғын тү­гел дай­ын­дап алып, құ­зар тау қор­шап жат­қан «Құ­сөт­пес» де­ген шат­қал­ға ба­рып жа­сы­ры­на­ды. Алай­да бай­лы­ғы­ның кү­ші­мен па­ра­қор ұлық­қа ар­қа сүйе­ген Қа­ман бай то­бы құ­ры­ғы ұзын­ды­ғын жа­сап, Сәуле мен Анар­ды тауып ұс­тап алып әке­лу үшін әс­кер жал­дайды. Олар он-он­нан бө­лі­ніп, төрт жақ­тап із­дей­ді. Бі­рақ Сәуле мен Анар­дың қия-шат­қал ара­сын­ да­ғы бе­кін­ген же­рін аң ау­лап жүр­ген Сәт­бай мер­ген кө­ре­ді де, қыз­дың аға­сы Қа­был­ға ба­рып ха­бар­лап, шүйін­ші сұ­рай­ды. Сөйт­ іп, Сәт­бай аң­шы­ның жол бас­тауы­мен әс­кер жә­не ант бұз­ғыш, екі жүз­ді, қа­ра­жү­рек Нә­зір мен Қа­был то­бы «Құ­сөт­пес» шат­қа­лын­да отыр­ған Сәуле мен Анар­дың ша­ты­рын та­ба­ды. Тауға ті­ре­ліп тұй­ ық­тал­ға­ны­мен тас қал­қа­сы­на бе­кі­ніп үл­гер­ген Сәуле «құ­ра­лай­ ды көз­ге ат­қан мер­ген­ді­гі­нің» нә­ти­же­сін­де қас­тық ету­ге ант-су ішіп, жал­ба­ры­нып уәде бер­ген Нә­зір­ді бі­рін­ші ке­зек­те оқ­қа ұшы­ ра­ды. Одан кейін Сәт­бай­дың қо­лын көз­деп атып, жа­ра­қат ете­ді, мер­ген­нің мыл­тық ату мүм­кін­ді­гі бол­май қа­ла­ды. Сәуле­бек­тер­ді ұс­тайтыны­на кү­ман­дан­ған, бі­рақ бір­де бір оқ да­ры­та ал­ма­ған Қа­ был то­бы ақы­рын­да бас сау­ға­лап, өз­де­рі қа­шып құ­ты­лу­ға мәж­бүр бо­ла­ды. Ал Сәуле­бек бол­са, тү­бін­де бә­рі­бір құ­тыл­майтынын се­зе­ді де, ушық­қан іс­ті же­ңіл­де­ту­дің жо­лын қа­рас­ты­ру­ды ой­лай­ды. Анар екеуі ақыл­да­са ке­ліп, өз­де­рін кү­тіп тұр­ған қа­ті­гез жа­за­ның ал­дын алу үшін па­ра­ға бө­гіп, өз­де­рін із­деп тауып ке­лу­ге ар­найы қа­ру­ лы әс­кер жі­бер­ге­нұлық­тың өзі­не ба­рып тіл­де­су­ге бел бай­лай­ды. Ақы­лы­на ба­тыр­лы­ғы, па­ра­са­ты­на ба­тыл­ды­ғы сай Сәуле бас ер­ кін­дік­те­рін қор­ғау­дың, бар шын­дық­ты тү­сін­ді­ру­ге тал­пы­ну­дың 141

соң­ғы мүм­кін­ді­гіосы деп тү­сі­не­ді, бұ­дан бас­қа жол жоқ деп бі­ ле­ді. Би­лік­ тұт­қа­сын ұс­та­ған­дар­дың өз­де­рі­не ар­қа сүйеу ар­қы­лы мақ­сат­қа же­ту айла­сын із­дей бас­тайды. Ел­ге сүй­кім­ді, та­ны­мал Сәуле өзі­нің қа­ла­да тұ­ра­тын бай сау­да­гер та­ны­сы ар­қы­лы ұлық­ тың өзін өз мақ­сат­та­ры­ның орын­да­лу­ына қыз­мет ет­кі­зу­ді көз­ дейді. Осын­дай ойға бе­кін­ген олар қа­ла­да­ғы ұлық ал­ды­на өз­де­рі бас­та­рын ұсы­на ба­рып, тай­сал­май бар шын­дық­ты жай­ып са­ла­ды. Мен бол­дым он жа­сым­нан қыз­ға ға­шық, Көр­ме­дік ауыл ат­тап, қыр­дан асып, Жа­қын-жат, ауыл-ай­мақ тұ­тас ел­ге, Осы сыр тү­гел мә­лім ай­дан ашық. «Қас қыл­сам өл­тір­сең де қү­нім жоқ» –

деп жас кез­де­рі­нен бі­рін-бі­рі ұнат­қа­нын айтады. Анар­ға қол жет­ кі­зу­дің бір ға­на жо­лы алып қа­шу еке­нін жет­кі­зіп, ке­ші­рім сұ­рай­ ды. Өз бас­та­рын қор­ғау мақ­са­тын­да Нә­зір­ді атып, Сәт­байды жа­ ра­ла­ға­нын­да жай­ып са­ла­ды. Ерік­сіз осы­лай ету­ге мәж­бүр бол­ға­ нын баян ете­ді. Қа­ла­да­ғы ұлық ал­дын­да ағы­нан ақ­та­ры­лып, жәр­дем бе­руін өті­не­ді. Қайта өзін па­на­лауға кел­ге­нін мә­лім ете­ді: ...Со­ңым­нан өл­ті­рем деп қу­ған­нан соң, Нә­зір­ды атып, Сәт­байды жа­ра­ла­дым. Жа­на­шыр жір­дем­ші адам шық­па­ған соң, Қа­шып кеп өзі­ңіз­ды па­на­ла­дым, –

дей­ді. Шын­дық­тан жал­та­рып жан қал­майтынын ұға­ды. Сон­дық­ тан ұлық ал­дын­да бар кү­нә­сін мой­ын­дай­ды. «Ал­ды­ңа кел­се атаң­ ның құ­нын кеш» де­ген ха­лық на­қы­лын тіл­ге тиек етіп, ұлық­тың мәр­те­бе­сін кө­те­ре сөй­лей­ді, әділ­ді­гін айтуды өті­не­ді. Оның үс­ті­ не әб­ді­қай­ым сау­да­гер ар­қы­лы қа­ман­дар­дан да асы­рып көп па­ра бе­ріп үл­гер­ген еді. Жа­зық­сыз әре­кет, ақ іс­тің өзін за­ма­ны­на сай, қо­ғам­ды ден­де­ген лас амал-айла қол­да­на оты­рып, үл­кен ақыл-па­ ра­сат­қа ұлас­қан өтім­ді сөз ар­қы­лы әрең де­ген­де ер­кін­дік алу­ға мүм­кін бо­ла­ды. Ұлық қа­лауын­ша ал­ған па­ра­ның кү­ші­мен­жақ­та­ ған­ның өзін­де абақ­ты­ға жа­бы­лып, та­лай қиын­дық­тар­ды бас­тан ке­шір­ген Сәуле бір жыл­дан кейін ға­на уәде бер­ген сол ұлық­тың жәр­де­мі­мен Анар­ға қайта қо­сы­ла­ды. Қар­сы­лас­та­рын же­ңіп, де­ ген­де­рі­не же­те­ді. 142

Екі жас­тың ма­хаб­бат хи­каясы жыр­ла­на­тын дас­тан­да әр түр­лі мі­нез­ді кейіп­кер бей­не­сін сом­дай оты­рып, жа­ман­дық пен жақ­сы­ лық, на­дан­дық пен па­ра­сат­ты­лық, за­лым­дық пен адам­дық, арам­ дық пен адал­дық ара­сын­да­ғы мәң­гі­лік тар­тыс, бі­тіс­пес май­дан кө­рі­ні­сі ақын­дық пай­ым­мен­ ше­бер су­рет­те­ле­ді. Ұлт­тық өмір сал­ты­мыз­дың ес­кі­ріп, то­за бас­та­ған кө­не дәс­түр­дің кей­бі­реуі сы­на­лып, жа­ңа­шыл ба­ғыт­та­ғы іс-қи­мыл, же­ке құ­қық­ты қор­ғау мақ­са­тын­да­ғы тал­пы­ныс өне­ге­лік, та­ғы­лым­дық си­пат­та кө­рі­не­ ді. Дас­тан­да қо­ғам да­муының сол уа­қыт­қа тән өз­ге­ріс бел­гі­ле­рі, за­ман ты­ны­сы, уа­қыт бе­де­рі ай­қын си­пат­та­ла­ды. Қа­зақ қо­ға­мын­ да тұр­мыс-тір­ші­лі­гі­не тән кей­бір әдет-ғұ­рып­тың то­зы­ғы же­тіп ығыс­ты­ры­ла бас­тауы, жа­ңа­шыл идея, же­ке құ­қық­тық мақ­сат­тар­ дың же­ңіс­ке же­тіп, әлеу­мет­тік өмір­ге бір­те-бір­те ене бас­тауы на­ ным­ды жа­сал­ған бей­не­лер әре­ке­ті­мен шы­найы кө­рі­ніс та­ба­ды. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, Таң­жа­рық­тың өзі ұс­таз тұт­қан, шы­ғар­ ма­шы­лы­ғы­нан та­ғы­лым ал­ған Абай, Шә­кә­рім, Әсет т.б. Бел­гі­лі ақын­дар­дың за­ман шын­ды­ғын, дәуір ты­ны­сын бей­не­леп бе­ру­де­гі ше­бер­лік қыр­ла­ры мен па­ра­сат-пайы­мын зер­де­леп ұғып, бас­шы­ лық­қа ала із­ден­ге­ні ай­қын бі­лі­не­ді. Осы­ған бай­ла­ныс­ты та­қы­ры­бы, кө­тер­ген мә­се­ле­сі ұқ­сас бол­ са да, «Анар-Сәуле» да­станы­ның ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сы мен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы ши­ре­гін­де дү­ниеге кел­ген әйел тең­ сіз­ді­гін, жас­тар ма­хаб­ба­тын ар­қау ет­кен шы­ғар­ма­лар­дан өзін­ді­ кай­ыр­ма­шы­лы­ғы бар. Ол айыр­ма­шы­лық дас­тан­да­ғы ав­тор­лық ой-мақ­сат,көр­кем­дік ше­шім тұр­ғы­сы­нан ай­қын­да­ла­ды. Дәуір шын­ды­ғы де­ге­ні­міз де-осы.Шә­кә­рім, Сұл­тан­мах­мұт, Бейім­бет, Әсет шы­ғар­ма­ла­ры дү­ниеге кел­ген уа­қыт пен Таң­жа­рық өмір сүр­ген, туын­ды­лар бер­ген уа­қыт­тың айыр­ма­шы­лы­ғы да «АнарСәуле» да­станы­ның сю­же­тік же­лі­сі­нен, идея­лық түйіні­нен анық аң­ға­ры­ла­ды. Рас, дас­тан сю­же­тін­де­гі кей­бір де­таль­дар қа­зақ дас­тан­да­ рын­да бұ­рын да қол­да­ны­лып кел­ген. Шә­кә­рім­нің «Ең­лік-Ке­бек «Әсет­тің «Са­ли­ха-Са­мен» т.б. Ақын­дар­дың кей­бір дас­тан­да­рын­ да бас кейіп­кер­лер өз­де­рі­нің ма­хаб­бат­та­рын қор­ғап, ті­лек­те­рі­не же­ту үшін адам ба­ра бер­мейт­ін тау қой­науына па­на­лап, қия-жар­ тас­тар ара­сы­на жа­сы­ры­на­ды. Алай­да Таң­жа­рық да­станын­да бас кейіп­кер­лер­дің тағ­ды­ры тра­ге­диялық жағ­дай­мен аяқ­тал­майды. Дас­тан­да әйел тең­ді­гі, әр­кім­нің­ бас азат­ты­ғы үшін кү­рес­ке үн­ деу идеясы, со­ған ұсы­ныл­ған үл­гі, өне­ге кө­рі­ні­сі жа­тыр. Қа­лың 143

бұ­қа­ра­ны за­ман ты­ны­сын се­зі­ну­ге, уа­қыт ыр­ға­ғын пай­ым­дауға ша­қыр­ған ой бағ­да­ры жа­тыр. Таң­жа­рық­тың за­ман­дас­та­ры қал­дыр­ған ес­те­лік­те­рі­нен, ақын­ ның өзі жа­зып кет­кен де­рек­тер­ден өр­би­тін бір бол­жам – дас­тан сю­же­ті өмір­де бол­ған оқи­ға не­гі­зін­де құ­рыл­ған­ды­ғы. Дас­тан кейіп­кер­ле­рі­нің про­то­тип­те­рі­нің бар екен­ді­гі, ат­та­ры өз­гер­ті­ліп, Сәуле, Қыр­ғи, Анар, Қа­мар т.б. бо­лып ата­ла­тын­ды­ғы Таң­жа­ рық ту­ра­лы зерт­теу ма­қа­ла [34], ес­те­лік-әң­гі­ме­лер­де нақ­ты­лап айтыла­ды [36]. Сю­жет же­лі­сі өмір­де бол­ған оқи­ға со­ра­бы­на құ­ рыл­ған, кейіп­кер­ле­рі­нің про­то­тип­те­рі бар, әу бас­та екі жас­тың адал ма­хаб­ба­ты­нан бас­тау алып, түр­лі шы­тыр­ман оқи­ға­ға то­лы өмір кө­рі­ні­сін , яғ­ни бел­гі­лі оқи­ға­ны ақын ке­ңейте жыр­лап, көр­ кем­дік дең­гейі жо­ға­ры шы­ғар­ма­ға ай­нал­дыр­ған. Жас­тар­дың бас ер­кін­ді­гін жақ­тап жауыз­дық-жа­ман­дық­тан жи­рен­ді­ре­ді. Бұл жай әсі­ре­се Нә­зір­дің іс-әре­ке­ті­нен аң­ға­ры­ла­ды. Сон­дық­тан жақ­тау­ға үн­дей­ді. Шы­ғар­ма­да ес­кі салт-са­на, әдет-ғұ­рып, жо­ра-жол­дас­тар­ ға кең орын бе­рі­ліп, Анар мен Сәуле­бек әре­кет­те­рі­не қа­бат­тас­ты­ ры­ла су­рет­те­ліп оты­ра­ды. Ақын­дар әйел­дер­дің бас ер­кін­ді­гі­нің бол­мауын әлеу­мет­тік тең­сіз­дік ре­тін­де қа­ра­ған­дық­тан, «АнарСәуле» да­станын­да осы мә­се­ле­ні өзек­ті та­қы­рып­қа ай­нал­ды­ра жыр­ла­ған. Бас­қа­ша айт­қан­да бұ­рын­ғы қа­зақ қо­ға­мы­ның әдетсал­ты­нан туын­да­ған әйел тең­сіз­ді­гін өзек-өрім ете­ді. Бұл, сөз жоқ, сол тұс­та­ғы мән­ді­мә­се­ле­нің бі­рі бо­ла­тын. Жас­тар­дың өз­де­ рі­нің таң­дауын бы­лай қой­ған­да жас кез­де­рін­де бі­реуге атас­ты­ру кей­де ер­жет­кен қыз­дар­ды қа­лың­мал алып ұнат­па­ған адам­да­ры­на қо­са­тын ке­лең­сіз­дік жап­пай етек ал­ма­са да, ұшы­ра­сып қа­ла­ты­ны шын­дық еді. Ақын осын­дай ес­кі-та­ным-тү­сі­нік­ке қар­сы үн кө­те­ ре­ді, адам құ­қы­ғын қор­ғайды. Туын­ды­ның бір же­тіс­ті­гі- әр кейіп­ кер­дің (әсі­ре­се бас­ты кейіп­кер­дің мі­нез-құлық те­бі­ре­ніс­те­рі (пси­ хо­ло­гиясы)) мен пей­заж­дық (та­би­ғат кө­рі­ні­сі) су­рет­тер дас­тан же­лі­сі­нен та­би­ғи бай­ла­ныс­та жыр­ла­нуы ав­тор­дың айт­пақ ойын аша тү­сіп, әсе­рін есе­лей түс­кен. «Анар-Сәуле» да­станы елі­міз қа­зақ­та­ры­ның қо­ғам да­муы ба­ ры­сын­да­ғы өмір­лік ты­ны­сы­ның сол уа­қыт­қа тән дәуір­лік кел­бе­тін бе­ре ал­ған туын­ды деу­ге бо­ла­ды. Дас­тан ауыз тол­ты­рып айт­ар­ лық­тай көр­кем­дік дең­гейде жа­зыл­ған. Әсі­ре­се ақын­ның тіл бай­ лы­ғы, сөз қо­ры­ның мол­ды­ғы, өр­нек­ті­лі­гі, әсем на­қыш­пен көм­ ке­рі­ле бей­не­леуі сүй­сін­ді­ре­ді. Сөз қол­да­ну­да­ғы ше­бер­лі­гі, ойды жет­кі­зу­де­гі сөз­ге жүй­рік­ті­лі­гі, көр­кем­дік амал­дар­ды сан құ­был­та 144

су­рет жа­сайт­ын тап­қыр­лы­ғы бау­рап оты­ра­ды. Те­ңеу, эпи­тет, ме­ то­фо­ра­ның сан тү­рін бі­рі­нен кейін бі­рін тіз­бе­леп, сөз на­қы­шын кел­ті­ре Анар­ды си­пат­та­ған жол­дар­дың өзі бір­не­ше бет­ке со­зы­ла­ ды. Сол си­пат­тар­дың кей­бір тұ­сын оқып кө­рейік: Ақ маң­дай жарқ ете­ді ал­са бөр­кін, Көз той­ып, кө­ңі­лің шат көр­сең көр­кін. Гау­һар­дай қа­ра­қат көз жай­на­ған­да, Адам­ның қай-қай­да­ғы қоз­ғар дер­тін.

Не­ме­се:

Ар­шын төс, ал­ма мой­ын, сұң­қар иық, Кө­рі­нер ақ та­мақ­тан жұт­қан асы. Тал бойы ұзын да емес, қыс­қа да емес, Та­ра­зы тал шы­бық­тай дәл ша­ма­сы.

Ав­тор Анар­дың тұр-тұл­ға­сын әсер­лі өр­нек­тейді. Кей­де «ақ маң­дай», «қа­ра­қат көз», «ар­шын төс», «ал­ма мой­ын», «тал шы­ бық­тай» тә­різ­ді дәс­түр­лі үл­гі­лер­ді пай­да­ла­на оты­рып, өзі­нің де тал­ға­мын та­ны­та­ды. Дас­тан­ның кез-кел­ген тұ­сы­нан мұн­дай көр­кем­дік құ­рал­ға то­лы шу­мақ­ты көп­теп кез­де­се­ді. Осын­дай көр­кем­дік жа­ғы­нан ал­ған­да дас­тан кейіп­кер­ле­рі­нің бі­рі, Сәуле­нің сыр­лас до­сы әрі Анар­дың жа­на­шыр аға­сы Не­сіп­бек мін­ген­сұр­құлық ат­тың си­па­ ты, ба­тыр­лық эпос­тар­да­ғы­дай өлең­нің әсі­ре­леу тү­рін­де жыр­ла­ нып, аса сұ­лу тір­кес­тер­мен өте ше­бер су­рет­те­ле­ді. Кө­ле­мі жа­ғы­нан «Қо­бы­лан­ды ба­тыр» жы­рын­да­ғы Тай­бу­рыл­ дың ша­бы­сы­нан бір де кем емес Сұр­кұлык ат­ты си­пат­тайт­ын тұс­ тың көр­кем­ді­гі де сол ха­лық­тық жыр­мен иық те­ңес­ті­ре ала­ды. Сұр­кұлык­тың құс­тай ұша­тын жүй­рік­ті­гі, қа­жы­майт­ын күш­ті­лі­гі ерек­ше әсі­ре­ле­ніп жыр­ла­на­ды. Үш күн­дік жол­ды бір таң­да ба­сып өтер ұш­қыр­лы­ғын, сон­дай алыс жол­ға шы­дай бе­ре­тін күш­ті­лі­гін: Бә­рі бір ой мен қы­ры, құс­тай ұш­ты, Жү­ріс­ті, үс­ті ты­ныш, өзі күш­ті, Ат де­ген ер қа­на­ты ма­қал рас, Үс­ті­нен ер ау­май­ды жа­зы-қы­сы, –

деп тіз­бе­леп оты­рып жыр­ға қо­са­ды. Одан ары ша­быт­пен тө­гіл­ген жыр жол­да­ры бы­лай­ша жал­ға­са­ды: 145

Ақ кө­бік сұр­кұлык­тен бұр­қы­ра­ды, Са­ғым­дай қыз­ған сай­ын сыр­қы­ра­ды. Там­шы­лап үл­пер­шек­тен тө­гіл­ген тер, Суын­дай те­сік ше­лек ыр­шы­ла­ды, –

деп ба­тыр­лық жыр­ла­рын­да­ғы­дай да­мы­ту тә­сі­лін қол­да­на­ды. Со­ ны­мен бір­ге жан­сыз за­тар­ды кейіп­теу тә­сі­лі­мен жан­дан­ды­ра су­ рет­тейді. Біз бір-екі шу­мақ өлең жол­да­рын кел­ті­ру­мен ға­на шек­ тел­дік. Сөз жоқ, ат­тың «не­ше сай, не­ше қыр­қа, бел­ден ас­қан» ша­бы­сын су­рет­тейт­ін жол­дар ба­тыр­лық жыр­лар­да­ғы ат­тар­дың жүй­рік­ті­гін ес­ке тү­сі­ре­ді. Бұл – дәс­түр жал­ғас­ты­ғы. Ақын ара-тұ­ра егіз ұй­қас­ты, ара­лас ұй­қас­ты, қа­ра өлең ұй­қас­ ты қа­тар­лас­ты­ра қол­да­на оты­рып, не­гі­зі­нен, ке­зек­ті ұй­қас­пен сөз мар­жа­нын тө­гіл­ді­ре өр­нек­теп, Сұр­кұлық­тай «ер қа­на­ты» бол­ған тұл­пар тек­ті ат бей­не­сін­жа­сай­ды. Бұл орай­да сұр­кұлык­тың ша­ бы­сы, жер ап­шы­сын қуыра ал­ға ұм­тыл­ған ұш­қыр­лы­ғы Не­сіп­бек­ тің кө­ңіл күйі­мен орай­лас­ты­ра су­рет­те­ле­ді. Үш күн­дік жол ше­ гін­де ажал оғы­на тап бо­лар жағ­дайда қал­ған Сәуле до­сын аман алып қа­лу­ға асық­қан Не­сіп­бек­тің, осы ті­лек­ті­бар бол­мы­сы­мен ті­ леп отыр­ған Анар мен Ғай­ша т.б. жа­на­шыр жан­дар­дың аман кө­рі­ су­ге асық­қан пейіл­де­рі­нің кө­рі­ні­сі, түп­кі ниеті ұш­тас­ты­ры­ла­ды. Жал­пы Таң­жа­рық ұй­қас түр­ле­рін қа­бат­тас­ты­ра қа­тар қол­да­на бе­ре­ді. Алай­да шы­ғар­ма­ла­рын­да ке­зек­ті ұй­қас кө­бі­рек қол­да­ныс та­ба­ты­ны­на кел­ті­ріл­ген үзін­ді ай­қын мы­сал бо­ла ала­ды. Дас­тан­ да­ғы осы Сұр­құлық ат­тың си­пат­та­рын бе­ру­де­гі ақын ше­бер­лі­гі ту­ра­лы бел­гі­лі ға­лым, фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­ фес­сор Се­рік Не­ги­мов бы­лай дей­ді: «ұлт­тық поэзияда, (төрт тұяғы құй­ған бо­лат­тай, төрт аяғы төрт дің­гек­тей, мой­ны са­лы құ­лаш, жауыры­ны кез, екі кө­зі шы­рақ­тай, жа­лы жі­бек­тей, құй­ ры­ғы қы­нап­тан шық­қан қы­лыш­тай) жел жет­пес­ тұл­пар­лар об­ра­ зы жа­са­лын­ға­ны бар­ша­мыз­ға мә­лім... – дей ке­ліп, ға­лым өз ойын бы­лай­ша жал­ғас­ты­ра­ды: «Таң­жа­рық ақын­ның­ көр­кем­дік ой­лау дә­ре­же­сін, фи­ло­со­фия­лық дү­ние та­ны­мын, эс­те­ти­ка­лық қа­был­ дауын, су­рет­кер­лік ше­бер­лі­гін көр­се­те­тін бір қа­сиет бар. Бұл – ме­та­фо­ра. Ол ақын­ның буыр­қа­нып тол­қын ат­қан ойы­нан, қиял өрі­сі­нен, да­рия се­зі­мі­нен, дү­ниеге көз­қа­ра­сы­нан, ас­со­сия­лық ше­ бер­лі­гі­нен туын­дай­ды (37,67-б.). Жы­лан­дай бі­рін-бі­рім­ен ар­бап, Уы­мен ма­хаб­бат­тың іш­тен шық­қан [37, 67-б.], –

146

деп Таң­жа­рық туын­ды­ла­ры­ның көр­кем­дік кес­те­сі жай­ын­да жо­ ға­ры ба­ға бе­ре­ді. Ға­лым­ның ба­ға­лауын­ша, Таң­жа­рық­тың көр­кем та­би­ғат су­ре­тін бе­ру үс­тін­де ұлт­тық тіл­дің мей­лін­ше нә­зік, мөл­ дір, те­рең сыр­ла­рын, сөз­дің му­зы­ка­лық, поэзия­лық, кор­кем­дік қа­сиет­те­рін жар­қы­ра­та аша біл­ген. Про­фес­сор С. Не­ги­мов сон­ дай-ақ тіл­дің жаз­ба­ша, ауыз­ша түр­ле­рін на­ғыз әде­би тіл­дің дә­ ре­же­сін­де қол­да­на бі­лу қа­бі­ле­ті, то­сын­нан ша­быт­қа мі­ніп, қа­пы­ лыс­та сөз тауып, жү­рек­ті жа­пы­рақ­ша дір ет­кіз­ген құ­бы­лыс­тар­ды, нәр­се­лер­ді, оқи­ға­лар­ды, тіл­ге тиек, сөз­ге жиек етіп, тап­қыр­лық­ пен та­бан ас­тын­да өлең­ге ай­нал­ды­рып, ке­мел ке­лі­сім­мен си­пат­ тай ала­тын суы­рып сал­ма­лық қа­сиеті жа­ғы­нан дүл­дүл ақын Иса Бай­зақов­пен ұқ­сас­ты­ғын да қи­сын­ды пай­ым­дай­ды. Дас­тан құ­ры­лы­мын тү­зу­де­гі ақын ше­бер­лі­гі­нің бір си­па­ты – оқи­ға­дан оқи­ға­ға ауыс­қан сәт­те­гі оқыр­ман не тың­дау­шы ойы­ның жі­гін бұз­бай же­те­леп оты­ра­тын амал-тә­сыл ар­қы­лы орын­да­ла­ды. Дас­тан­да ақын же­ке-же­ке оқи­ға­лар­ды та­рау, бо­лім­дер­ге бө­лып ар­ найы та­қы­рып қой­ып­ не­ме­се­ цифр ар­қы­лы бел­гі­леп отыр­майды, кө­не дәс­түр, ха­лық ауыз әде­биеті үл­гі­сі­мен, ха­лық­тық аң­гі­ме, ер­ те­гі айту үр­ді­сі­мен ке­ліп өлең жол­да­ры ар­қы­лы бел­гі­лей­ді. Мы­са­ лы,«Анар-Сәуле» да­станы­ның сю­же­ті Сәуле­бек­пен Анар тө­ңі­ре­гі­ не қа­тыс­ты құ­рыл­ған­дық­тан, оқи­ға екеуіні­ңің бір­ге бол­ған сәт­те­ рі­не не­ме­се екі бө­лі­ніп қал­ған жағ­дайға қа­тыс­ты өр­біп ке­зек-ке­зек баян­да­лып оты­ра­ды. Дас­тан­ның ал­ғаш­қы бө­лі­гі іс­пет­тес оқи­ға­лар­ дан кейін екін­ші оқи­ға­ға кө­шу сә­ті мы­на жол­дар ар­қы­лы кө­рі­не­ді. Аң қуып тау­да Сәуле жү­ре тұр­сын, Тың­даң­дар әң­гі­ме­сін ал Анар­дың.

Бұ­дан кейін үшін­ші оқи­ға­ға ауысу тә­сі­лі бы­лай бел­гі­ле­не­ді. Со­ны­мен Анар бі­раз са­быр тап­қан, Тоқ­та­лып көз­ден жа­сы көл боп ақ­қан. Бі­рі үйде, бі­рі түз­де жү­ре тұр­сын, Айтатын кел­ді әң­гі­ме бас­қа жақ­тан.

Осы­лай­ша бір оқи­ға­дан екін­ші оқи­ға, бір сю­жет­тен екін­ші сю­жет­ке ауысу бел­гі, құ­лақ­қа­ғыс, ес­кер­ту, қы­зық­ты­ру ре­тін­де поэзия өр­не­гі­мен бе­рі­ліп оты­ра­ды. Таң­жа­рық ақын ежел­ден бар бұл ха­лық­тық көр­кем­дік тә­сіл­ді сол дәуір­де­гі сау­ат­ты­лық дең­ гейге тәуел­ді жыр тың­дау­шы қауым­ның жағ­дайын ес­кер­ген­дік­ 147

тен әдейі қол­дан­ған деу­ге бо­ла­ды. Яғ­ни дас­тан­ды ауыз­ша айтуға не­ме­се оқып бе­ру­ші поэти­ка­лық ыр­ғақ­ты бұз­бай, тың­дау­шы әсе­ рін жо­ға­лт­па­ған күй­де ке­зек­ті бір оқи­ға­ға еніп ек­ту­ге қо­лай­лы жағ­дай жа­са­ған. «Ал­па­мыс» жы­рын­да кей­де­бір оқи­ға­дан екін­ші оқи­ға­ға ауысу қа­ра сөз ар­қы­лы бай­ла­ны­са­ты­ны бел­гі­лі.Қо­ры­та айт­қан­да, Таң­жа­рық «қи­на­лып қыс­пақ жер­де жаз­дым әрең» де­ге­ ні­не қа­ра­мас­тан осы да­станы ар­қы­лы ақын­дық ша­быт-ша­лы­мын жо­ға­ры дең­гейде еке­нін та­ны­та бі­ле­ді. Кө­дек Ма­рал­байұлы да әлеу­мет­тік та­қы­рып­та кө­лем­ді бір­не­ ше дас­тан жаз­ған қуат­ты ақын­дар­дың бі­рі. Оның әді­лет­сіз үкі­ мет­тің қы­сы­мы­нан бос­қын бо­лып ауа көш­ке­нел­дің тарт­қан тау­ қы­ме­ті мен шек­кен аза­бын ет жү­ре­гі езі­ле оты­рып тол­ғайт­ын «16-жыл ту­ра­лы» жә­не өзі­нің ба­сы­нан өт­кен, кө­ріп-біл­ген оқи­ға­ лар­ды баян­дайт­ын «Бұ­қа­ра­ға ба­рып қайт­қан­да» ат­ты дас­тан­да­ры жұрт­қа әйгі­лі бол­са, бұ­рын­ғы қа­зақ қо­ға­мы­ның әдет-сал­ты бой­ ын­ша сә­би ба­ла­ға бой­жет­кен қыз­ды атас­ты­руы сын­ды тең­сіз не­ке за­ңын әш­ке­ре­лейт­ін «Қай­ын­ға бар­ған­да» ат­ты­ ша­ғын да­станын 1904-жы­лы жаз­ға­ны бел­гі­лі. Сол тұс­та жас­тар­дың өз­де­рін­де таң­дау бол­ма­ды. Жас кез­ де­рін­де-ақ бі­реуге атас­ты­ру, кей­де қыз­дар­ды қа­лың мал алып, ұнат­па­ған адам­да­ры­на қо­са­тын ке­лең­сіз әдет­тер де бол­ған. Өз тең­де­рі­не қо­сы­ла ал­май, тағ­ды­ры тәл­кек бол­ған жас­тар­дың өмі­ рі өкі­ніш­пен аяқ­та­ла­тын. Әйел­дің қо­ғам­дық ор­ны тө­мен­де­ті­ліп, олар­ды кем са­найт­ын. Дас­тан­да, мі­не, осын­дай та­ным-тү­сі­нік­тің кө­лең­ке­лі кө­рі­ні­сіө­зек-өрім еті­ліп, ес­кі жол-жо­сық сал­да­ры­нан туын­дайт­ын не­ке тең­сіз­ді­гі сы­на­ла­ды. Дас­тан оқи­ға­сы ли­ри­ка­лық кейіп­кер­дің аты­нан баян­да­ла­ды. Оқи­ға­сы қы­зық­ты, ті­лі тар­тым­ды әры са­ти­ра­лық си­па­ты ба­сым. Шы­ғар­ма­да күйеу мен қа­лың­дық­тың тең бол­ма­ған жас са­лыс­ тыр­ма­сын аса ұтым­ды, ше­бер ұқ­са­ту­лар­мен көр­се­те­ді. Күйеу «қал­пақ­та­ғы ша­шақ­тай ба­ла» бо­лып бей­не­лен­се, қа­лың­дық: Қыз екен ұзын бой­лы, жал­пақ са­ры, Бо­ла ма бір пә­ле­кет бар­сақ та­ғы. Қа­рай­мын бөк­се­сі­нің жуаны­на, Өт­кен­дей баяғы­да-ақ бал шақ­та­ры. Кө­рін­ді тар маң­дайы әжім-әжім, Осы ма қа­лын­дық боп аң­сат­қа­ны, –

деп су­рет­те­ле­ді. 148

Бір­де қа­лың­дық­ты бол­ған ба­ла­ның сә­би се­зі­мін«лақ те­ке­дей пыс­қыр­ған бір мі­нез бі­те қал­ды» деп әжуа ет­се, ен­ді бір­де қа­ лың­дық­тың оны«ба­ла екен» деп бой­ына то­ғыт­па­ға­ны да орын­ды шен­дес­ті­рі­ле­ді. Күйеу жас, қыз ере­сек бол­ған­нан соң, Жөн­дік­пен ала ал­май­ды ала­са­сын.

Қыз бен жі­гіт тең бол­ма­са, олар­ды қан­ша зор­лап таң­ға­ны­мен, одан жақ­сы на­ти­же шық­пайды деп ақын ары­дан ке­ле жат­қан қо­ ғам­дық шын­дық­қа күйін­ген­ді­гін біл­ді­ре­ді. Дас­тан со­ңын: Күйеу боп аша­май­мен ал­ған ке­лін, Бол­ды екен қан­дай қа­тын бұ­рын дей­мін, –

де­ген сұ­рау мән­ді жол­дар­мен аяқ­тай­ды. Осы дас­тан­мен са­рын­дас та­қы­рып­ты өзек-өрім ете­тін, яғ­ни ес­кі фео­дал­дық тү­зім­нің, ме­шеу ғұ­рып-әдет­тің са­ха­ра­да­ғы қа­ зақ қыз­да­ры­на сал­ған тра­ге­диялық ауыр ха­лін бей­не­лейт­ін Ас­ қар Та­та­най­ұлы­ның «Мал­би­ке­нің өмі­рі» ат­ты да­станы бар. Ас­қар ақын­ның бұл да­станы 1938-жы­лы Ал­тай­да шы­ға­тын «Таң шол­ пан» жур­на­лын­да жа­риялан­ған бо­лып, елі­міз қа­зір­гі за­ман қа­зақ әде­биетін­де­гі сү­бе­лі де үл­гі­лі реа­лис­тік туын­ды есеп­те­ле­ді. Дас­ тан­да азат­тық­тан бұ­рын­ғы қа­зақ қыз­да­ры­ның фео­дал­дық салтса­на­ның құр­ба­ны бо­лып, дер­бес өмір сү­ру ер­кін­ді­гі­нен ай­рыл­ған ашы­ныш­ты тра­ге­диялық жағ­дайы бас­ты та­қы­рып етіл­ген. Дү­ние әде­биеті, тіп­ті елі­міз­дің қа­зір­гі за­ман қа­зақ әде­биеті­ нің та­ри­хы­на көз жі­бер­сек, на­ғыз сын­шыл реа­лизм ба­ғы­тын­да­ғы­ әде­биет­ші­ле­рі­нің бар­лы­ғы бұл та­қы­рып­қа ай­рық­ша на­зар ау­дар­ ға­ны бел­гі­лі. Қа­зақ­тың ұлы ақы­ны Абай қа­зақ қыз­да­ры­ның ая­ ныш­ты өмі­рі­мен ­бас бос­тан­ды­ғы жө­нін­де көп тол­ғап, әйел­дер­дің қо­ғам­да­ғы рөлін ерек­ше ба­ға­ла­ған. Бұ­ған Абай­дың «Бір сұ­лу қыз тұ­рып­ты хан қо­лын­да» де­ген өле­ңі жан­ды мы­сал. Ұлы жа­зу­шы Лу­шұн өз шы­ғар­ма­ла­рын­да фео­дал­дық тү­зім­нің қы­тай әйел­де­ рі­нің ба­сы­на төн­дір­ген тра­ге­диялық мүш­кіл ха­лін «Ті­леу» ат­ты әң­гі­ме­сін­де Шиау­лин жең­гей­дің об­ра­зы­на жи­нақ­тап, фео­дал­дық салт-са­на­ны қа­таң әш­ке­ре­ле­се, елі­міз­де­гі қа­зақ әде­биетін­де фео­ дал­дық қо­ғам­ның қа­зақ са­ха­ра­сын­да­ғы әйел­дер­ге кел­тір­ген ауыр күйін, қа­зақ қыз­да­ры­ның ес­кі салт­пен жо­ра-жо­сын­ның құр­ба­ны 149

бол­ған ая­ныш­ты тағ­ды­рын Ас­қар Та­та­най­ұлы «Мал­би­ке­нің өмі­ рі» да­станын­да Нұр­ба­қыт­тың обы­ра­зы­на жи­нақ­тайды. Дас­тан кө­тер­ген та­қы­ры­бы, реа­лис­тік си­па­ты­мен, әлеу­мет­тік үн­ге ие бо­ луымен құн­ды, со­ны­сы­мен үл­кен ма­ңыз­ға ие. Қо­ры­тын­ды­лап айт­қан­да, ал­ғаш­қы адым­да­рын шы­ғыс сю­ жет­те­рін не­гіз етіп шы­ғар­ма жа­зу­дан бас­та­ған ақын­да­ры­мыз бір­ тін­деп қо­ғам­дық-әлеу­мет­тік шын­дық­ты ар­қау ет­кен туын­ды­лар жа­зып, елі­міз қа­зақ жаз­ба әде­биеті­нің жанр­лық мүм­кін­ді­гін арт­ ты­ру­ға, дас­тан-поэма жан­ры­ның ­көр­кем­дік шарт­та­рын қа­лып­ тас­ты­рып, та­қы­рып­тық ау­қым-ар­на­сын ке­ңейте тү­су­ге үл­кен рөл ат­қар­ған. Та­би­ғат ли­ри­ка­ла­ры. Біз сөз ет­кен ке­зең­де елі­міз қа­зақ поэзия­сын­да та­би­ғат ли­ри­ка­сы не­гіз­гі са­рын бол­ма­ға­ны­мен, та­ би­ғат ана өс­кен ор­та­ның құ­бы­лыс-кө­рі­ніс­те­рі ақын­дар­ды әсер­ лен­дір­мей қой­ма­ған. Елі­міз таяу за­ман қа­зақ та­би­ғат ли­ри­ка­сы­ ның қа­лып­та­сып, да­му­ына не­гіз сал­ған ақын­дар­дың қөш­бас­шы­сы ‫ ـ‬Ақыт пен Таң­жа­рық деу­ге бо­ла­ды. Өйт­ке­ні Таң­жа­рық поэзиясы­ ның көр­кем­дік қуаты­ның өз­ге­ше­лі­гі, бей­не­леу ше­бер­лі­гі жа­ғы­ нан да­ра тұ­ра­ты­ны бел­гі­лі. Ол не­ні су­рет­те­се де көз ал­ды­ға ке­ ле­тін­дей су­рет са­лу­ға ұм­ты­ла­ды. Оның ­су­рет­кер­лі­гі не­ме­се бұл та­қы­рып­та­ғы та­бы­сы та­би­ғат ли­ри­ка­ла­ры­нан да кө­рі­ніс та­ба­ды. Таң­жа­рық те­рең ой­дың, қа­жыр­лы рух­тың иесі бо­лу­мен бір­ ге­се­зі­мі нә­зік, ар­ма­ны көп, сұ­лу­лық­қа құш­тар жан бол­ған. Таң­ жа­рық шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да та­би­ғат кө­рі­ніс­те­рі­нің жыр­ла­нуы, ақын­ның ше­бер­лі­гін та­ны­ту­да та­би­ғат ли­ри­ка­сы­ның ерек­ше орын ала­ты­ны, ата­ме­кен та­би­ға­ты­ның көр­кем кел­бе­тін әсер­лі бей­не­лей ал­ған­ды­ғы ту­ра­лы З.Сейіт­жа­нов [1,73-б.], О. Егеубаев [15,173–182-б.] тә­різ­ды ға­лым­дар да өз ең­бек­те­рін­де бел­гі­лі дә­ре­ же­де на­зар ау­дар­ған. Ақын жаз­ба әде­биет үл­гі­сін ту­ды­рып, да­мы­ту­да қа­зақ­тың клас­сик ақын­да­ры­нан ­та­ғы­лым ал­ған, ше­бер­лік қыр­ла­ры­нан ба­рын­ша үй­рен­ген. Сон­дай-ақТ.Жол­дыұлы­ның та­би­ғат кө­рі­ні­ сін си­пат­тау­ын­да Абай өлең­де­рі­нің әсе­рі мен Ілияс Жан­сү­гі­ров ық­па­лы да ай­қын бай­қа­ла­ды. «Көк­тем мы­са­лы»,«Жаз мы­са­лы», «Жаз та­ңы», «Жаз­дың бір кү­ні», «Тау та­би­ға­ты» өлең­де­рін­де Абай­дың жыл­дың осы мез­гіл­де­рі ту­ра­лы жаз­ған өлең­де­рі­нің әсе­ рі кө­рін­се, «Іле си­па­тын­да» Ілияс Жан­сү­гі­ров­тың әйгі­лі «Же­ті­су су­рет­те­рі» тол­ғауы­мен ұқ­сас­тық бар. Абай әсе­рі Ақыт­тың «Жаз шіл­де­сі бол­ған­да жақ­сы жай­лау» ат­ты өле­ңі­нен де бай­қа­ла­ды. 150

Ақыт пен Таң­жа­рық­ты елік­теу­ші деп тү­сі­ну­ге бол­майды. Олар өзі­нің ал­дын­да­ғы қа­зақ ақын­да­ры­нан үйре­не оты­рып, та­би­ғат кө­ рі­ніс­те­рін өзін­ше бей­не­леуге ден қояды. Қа­зақ хал­қы – та­би­ғат­пен егіз, ете­не ха­лық. Со­нау ықы­лым за­ман­нан тар­тып са­ха­ра­ның сал­қын са­ма­лын жұ­тып, таң­ға­жай­ып та­би­ға­тын қы­зық­тап, оның іш­кі қы­ры мен сы­ры­на те­рең үңі­ле біл­ген, көр­кем­дік­ке бар­лау қа­бі­ле­ті бар ха­лық. Ке­зін­де М. Әуе­ зов­тің: «…Кең да­ла­да, ер­кін ауада сай­ран қы­лып, жер мен көк,су мен ағаш, тау мен тас­тың та­ма­ша сыр­ла­ры­мен бір­ге туы­сып, бі­те қай­нап, ба­сы бос, қиялы күш­ті, бұл­ғақ­тап жүр­ген дұ­ниенің бір ер­ке ба­ла­сы» [38,140 – б.], – деп жаз­ға­нын­дай қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биетін­де бас­қа­лар­ға ұқ­са­майт­ын се­зім­тал­дық­пен та­би­ғат кө­ рі­ні­сін бей­не­ле­ген су­рет­кер Таң­жа­рық де­сек ар­тық бол­мас. Рас, бай ха­лық әде­биеті­міз­де жер-су­ға ар­нал­ған өлең­дер, та­би­ғат су­ рет­те­рі бар­шы­лық. Таң­жа­рық та осы­дан нәр ал­ған, бі­рақ се­зім бояуы ұқ­са­май­ды. Ақын­ның ше­бер су­рет­кер­лі­гі ол су­рет­те­ген мез­гіл кө­рі­ніс­те­ рі­нен де бай­қа­ла­ды. «Көк­тем мы­са­лы» де­ген өле­ңін­де­гі: Қыс өтіп, күн жы­лы­нып, қы­зық же­тіп, Жер­де қар, көк­те суық – бә­рі ке­тіп. Аш той­ып, кем же­ті­ліп, жер жаң­ғы­рар, Мал­ға жай, жан­ға ра­хат уа­қыт же­тіп... Қа­сық­тай қар, то­бық­тай тоң қал­майды, Та­би­ғат жер жү­зі­не ра­хым етіп..., –

де­ген жол­дар­да Абай­дың «Жаз­ғы­тұ­ры» өле­ңі­нің маз­мұ­ны­мен үн­ дес­ті­гін аң­ға­ру қиын емес. Таң­жа­рық­тың ата ме­кен та­би­ға­тын су­ рет­те­ген өлең­де­рін оқы­ған сай­ын кө­кі­ре­гің­де бір са­ғы­ныш ле­бі есіп, сол бір қо­ңыр тұр­мыс­қа ерік­сіз еле­гі­зе тү­се­сің. Көз ал­дың­да бір жан­ды су­рет ашы­лып, се­зі­мің­ді сер­гі­те тү­се­ді. Өзің­ді со­лар­ дың ор­та­сын­да жүр­ген­дей әсер де бо­ла­сың. Ақын мей­лі та­би­ғат су­ре­ті бол­сын, мей­лі мал­шы қауым­ның тір­ші­лік қи­мы­лы бол­сын, оны оқыр­ман жа­ны­мен се­зі­ніп, өз көз­де­рі­мен кө­ріп отыр­ған­дай дең­гейде ай­шық­ты тіл­мен, пси­хо­ло­гия­лық мі­нез­деу­мен су­рет­ тейді. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, бел­гі­лі ға­лым З.Сейіт­жа­нов­тың: «та­би­ғат­тың кі­на­рат­сіз, кір­шік­сіз ша­ғы жай­лау­да отыр­ған ауыл­ дың тұр­мыс-тір­ші­лік, ең­бекк әсі­бі­мен ас­та­сып жа­та­ды. Таң­жа­ рық өлең­де­рін­де­гі ұлт­тық бояу­дың қа­нық­ты­лы­ғы оның су­рет­кер­ 151

лік қа­сиетін та­ғы бір қы­ры­нан та­ны­та­ды. Ақын та­би­ғат ая­сын­да отыр­ған ел­дің тір­лік-ты­ны­сын, ру­ха­ни өз­ге­ше­лік­те­рін өз бол­мысбі­ті­мі­мен дәл­ме-дәл етіп, аса ше­бер­лік­пен өмір­дің шы­найы шын­ ды­ғы не­гі­зін­де ажар­лы да ай­шық­ты су­рет­тейді» [1,74- б], – де­ге­ні біз­дің ойы­мыз­ды бе­кі­те түс­кен­дей. Таң­жа­рық ата­ме­кен­нің та­би­ға­тын су­рет­те­ген­де алуан ай­шық­ ты өр­нек­тер та­ба­ды... Ата­ме­кен та­би­ға­ты ті­рі­ліп, жан­да­нып ке­те­ ді. Оған ән сал­ды­ра­ды, сөз сөй­ле­те­ді, би би­ле­те­ді. Оның кел­бе­ті­ не ал­тын зер­дей сұ­лу­лық да­ры­та­ды. Оны оқы­ған­да, жү­ре­гің дір ет­кен­дей бо­ла­ды. Та­би­ғат­тың шын­шы­лы­на, сыр­шыл­ды­ғы­на жан дү­ниең сұ­лу­лы­ғы­на сүй­сі­не­ді. Та­би­ғат құ­ша­ғы­на ерік­сіз ене жө­не­ ле­сің. Оған құш­тар­лы­ғың, ма­хаб­ба­тың ар­ты­ла, арын­дай тү­се­ді[15, 178-б]. Ақын­ның «Жаз­дың бір кү­ні» ат­ты өле­ңін оқып кө­ре­лік: … Күн кү­ліп­бар­ша әлем­ге шаш­ты нұ­рын, Кір­гі­зіп та­би­ғат­тың қаш­қан сұ­рын. Жа­ға­лай бо­са­ға­ны жы­мың қа­ғып, Күйеу­дей қай­ыны­на кел­ген ұрын. Шық­пе­нен бе­тін жуып, жер түр­ле­ніп, Кү­тін­ді қа­лың­дық­тай кү­ні бұ­рын. Аң­қы­тып жұ­пар исін түр­лы гүл­дер, Сал­бы­рап ше­ке­сін­де жа­сыл тұлым...

Бұл жол­дар­да ақын жаз­дың кү­міс кү­нін, яғ­ни шы­ғыс­тан ен­ді ға­на кө­те­ріл­ген күн шуа­ғын қай­ны­на ұрын кел­ген күйеуге, жер­ ді, яғ­ни жер бе­тін күйеуін қар­сы алу­ға дай­ын­дал­ған қа­лың­дық­қа ұқ­са­та­ды. Күн мен қа­ра жер­дің бай­ла­ны­сын адам өмі­рі­не шен­ дес­ті­ріп, кейіп­теуді әде­мі қол­да­на оты­рып, адам ба­ла­сы­ның жан се­зі­мін та­би­ғат құ­бы­лыс­та­ры­на то­ғыс­ты­рып жі­бе­ре­ді. Бұл ара­да ес­кер­те­тін бір жай «Күн-күйеу, жер-қа­лың­дық са­ғы­ныш­ты» де­ ген Абай ора­лы­мы ойға ора­ла­ды. Бұ­дан шы­ғар түйін­же­ке ­жат­қан ай­мақ әде­биеті­не ұлы Абай­дың қай­шы­лық­ты әсер-ық­па­лы бол­ға­ нын аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Таң­жа­рық «Жаз та­ңы» ат­ты өле­ңін­де: ...Сы­зы­лып таң бел­гі­сі мә­шү­рық­тан, Бо­за­рып, ай, жұл­дыз­дың өңі қаш­қан. Кө­рі­ніп ан­да­ғай­лап ақ­боз үй­лер, Қо­ра­дан сиыр өріп маң-маң бас­қан, –

деп мал­ды ауыл­дың таң­ғы су­ре­тін осы­лай су­рет­тей ке­ліп: 152

...Тұй­ғын­нан қаш­қан қу­дай ай ба­ра­ды, Құ­ди­ып ал­ды-ар­ты­на қа­ра­мас­тан. Кір­пі­гін ан­да-сан­да бір қа­ға­ды, Жұл­дыз­дар пен­де сын­ды қа­ра бас­қан, –

деп одан ары қа­рай таң нұ­ры­ның түн түн­ді­гін түр­ген шақ­та­ғы таң­ғы та­би­ғат­тың жан­ды құ­бы­лы­сын оқыр­ман­ның жан се­зі­мін қы­тық­тайт­ын та­ма­ша су­рет­пен, ерек­ше ес­те қа­ла­тын те­ңеулер ар­қы­лы көз ал­ды­ға әке­ле­ді. Айды тұй­ғын­нан қаш­қан ақ­қу­ға, жұл­ дыз­ды кір­пі­гін ан­да-сан­да бір қа­ға­тын са­мар­қау пен­де­ге, шол­пан­ ды көр­пе­сі­нен тұ­ру­дан ұя­лып жат­қан ар­лы ару­ға ба­лай­ды. Аса се­ зім­тал­дық­пен қол­да­ныл­ған көр­кем­деу құ­рал­да­ры ой­дың ажа­рын аша тү­се­ді. Осы өлең­нің со­ңын: Ке­зең­нен күн кү­лім­деп шы­ға кел­ді, Сұ­лу­дай бөр­кін бі­реу ала қаш­қан. Күл­кі­сі бар­ша әлем­ді шат­тан­ды­рып, Та­ңыр­қап жан-жа­ну­ар қа­ма­лас­қан, –

дей­ді. Ке­зең­нен жай ға­на кө­те­ріл­ген сұ­лу емес, бі­реу ала қаш­қан бөр­кін ала қаш­қан, қуа шық­қан сүй­кім­ді­қыз бей­не­сі, оның рия­ сыз күл­кі­сі на­ғыз жан­ды бей­не­нің өзін­дей елес бе­ре­ді. Осы өлең­ ді оқып отыр­ған­да, өзі­ңіз де өлең ыр­ға­ғы­мен бір­ге күн­нің­ кү­міс нұ­ры­на елі­тіп, жаз шуағы­на жа­ды­рап ба­ра жат­қа­ны­ңыз­ды бі­ле­ сіз. Оны­мен қо­са, адам­зат­тың, бар­ша тір­ші­лік атау­лы­ның жаз кү­ ні­не бол­ған ға­жай­ып ыс­тық ма­хаб­ба­тын шын жү­ре­гі­ңіз­ден се­зі­не бас­тай­сыз. Таң­жа­рық­тың ауыл өмі­рін бей­не­ле­ген өлең­де­рін оқы­са­ңыз, дәл сол ауыл­дың өзін­де жүр­ген­дей күй­ге ке­не­ле­сіз. Мы­са­лы, ақын­ның мал­ды ауыл­дың жаз­ғы тұр­мы­сын бей­не­ле­ген өле­ңі­нің бір шу­ма­ғы мы­на­дай: ...Қа­лың қой шық­ты бет­ке қап­тай өріп, Жыл­қы­шы жыл­қы аман­дап, қайт­ты кө­ріп. Ас­тын­да ала өгі­зі, жан­да тор­сық, Ба­ра­ды қой­шы қой­дың со­ңы­на еріп.

Өлең­ді тұ­тас оқы­ған­да жаз­дың жай­лы бір кү­ні­нің та­ңер­тең­гі­ лі­гі көз ал­ды­ңа ке­ле­ді. Қа­зақ ауылы­ның қа­лып­ты тір­ші­лі­гі – тор­ 153

сы­ғын бай­ла­нып, қой­ын өр­гі­зіп ба­ра жат­қан қой­шы, таң бо­зы­нан ке­тіп, қайта орал­ған жыл­қы­шы, те­зек те­ріп дөң­де жүр­ген ке­лін­ шек­тер, күр­піл­де­тіп сау­ға­ны­на сүй­сі­ніп. Күй­сеп тұр­ған сиыр­лар – бә­рі жаз­ғы ауыл­дың ты­ныс тір­ші­лі­гі, су­ре­ті. Қа­зақ хал­қы­ның жаз­ғы тір­лік-ты­ны­сы жан­ды кар­ти­на­ға ай­нал­ған­дай. Бұ­дан ақын­ ның тұр­мыс бояуын бе­ру­де­гі ше­бер­лі­гі ашық аң­ға­ры­ла­ды. Біз ақын­ның та­би­ғат ли­ри­ка­ла­ры мен ауыл өмі­рін су­рет­те­ген өлең­де­рін оқы­ға­ны­мыз­да, одан Іле сын­ды сұ­лу өл­ке­нің жан­ды да әсем та­би­ға­тын көр­сек, сол та­би­ғат­қа ете­не ара­ла­сып, бі­те қай­ нас­қан қа­зақ хал­қы­ның өз тұ­сын­да­ғы та­ма­ша тұр­мыс өр­не­гін де се­зі­не ала­мыз. Қыс­қа­сы, Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­ры – қа­зақ хал­ қы­ның сол бір дәуірі­нің жан­ды кар­ти­на­сы әрі Іле та­би­ға­ты­ның айна­сы. «Әде­биеті­міз та­ри­хын­да бұ­рын-соң­ды қы­тай­да қа­зақ­та­ ры­ның бір дәуір­лік ке­шу­ле­рін, тұр­мыс-тір­ші­лі­гін, са­ха­ра та­би­ға­ тын, салт-са­на­сын, мә­де­ниетін, эт­ног­ра­фиясын бір-бі­рін Таң­жа­ рық­тай шын­шыл­дық­пен, те­рең тол­ға­ныс­пен, қайталан­бас да­ра­ лық­пен жыр­ла­ған ақын бол­ған емес» [39, 135-б.], – де­ген пі­кір орын­ды сияқ­ты. Таң­жа­рық­тың қай өле­ңін оқы­са­ңыз да, Іле­нің әсем та­би­ға­ты мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Ақын ха­лық­тың кө­ңіл-күйін, қуаны­шы мен жұ­ба­ны­шын та­би­ғат­тың іш­кі иі­рім­де­рі­не сі­ңі­ре оты­рып, оны өзі­нің ту­ған жер­ге, өс­кен ел­ге де­ген те­рең сүйіс­пен­ші­лі­гі­мен ұш­ тас­ты­ра жыр­лайды. Ілияс Жан­сү­гі­ров­тің та­би­ғат ли­ри­ка­сын тал­дау ба­ры­сын­да ака­де­мик Рым­ға­ли Нұр­ға­ли­дың: «Ілияс­тың пей­заж ли­ри­ка­сы­ ның ішін­де­гі ев­ро­па­лық үл­гі­лер­ге ұқ­са­майт­ын, ұлт­тық бояуы ай­ рық­ша қа­нық, қа­зақ ті­лі­нің бей­не­леу қуаты­ның ке­ре­мет қуа­тын көр­сет­кен, ерек­ше бі­тім­ді, стил­дік – көр­кем­дік тұр­ғы­дан бі­ре­гей туын­ды­сы – «Же­ті­су су­рет­те­рі» [40, 481-482 б.], – деп жаз­ға­нын Таң­жа­рық­қа да айтуға бо­ла­ды. Та­би­ғат ли­ри­ка­сын­да ақын­ның тал­ғам-та­лан­тын та­ны­тар­лық, шоқ­ты­ғы биік шы­ғар­ма­сы «­Тауы ал­тын, та­сы кү­міс, аға­шы жез» құт ме­кен – Іле­нің та­би­ға­тын кес­ те­ле­ген«Іле си­па­ты» ат­ты ең та­ма­ша ли­ри­ка­лық тол­ғауы еке­ні анық. Ақын өлең­де­рін бір тау тіз­бе­гі де­сек, оның­көк­ті­ре­ген шы­ ңы осы өле­ңі деу­ге бо­ла­ды. Ілияс су­рет­теп отыр­ған Же­ті­су да, Таң­жа­рық жыр­лап отыр­ған Іле де ше­ка­ра­лас екі мем­ле­кет­ке бө­лі­ніп қал­ға­ны бол­ма­са, жағ­ра­ пиялық ор­та­сы жа­ғы­нан бір ай­мақ, бір өл­ке еке­ні бел­гі­лі. Таң­жа­ рық өлең­мен су­ре­тін сал­ған Іле де- жер жа­на­ты атал­ған Же­ті­су­дің 154

бір бө­лі­гі. Бір-бі­рі­не жал­ға­сып жат­қан­дық­тан жер бе­де­рі де, та­ би­ғат кө­рі­ні­сі де бір­дей бо­луы се­беп­ті екі ақын­ның су­рет­теуін­де де ұқ­сас­тық, са­бақ­тас­тық бо­луы заң­ды. Бұл жа­ғы­нан Ілияс­тың та­би­ғат ли­ри­ка­сы­мен үн­дес­ті­гі бар еке­ні­не мы­сал­дар көп. Алай­ да екі өлең­де­гі ұқ­сас­тық­ты, үн­дес­тік­ті кейін­гі­сі ал­дың­ғы­сын қайталау емес, ке­рі­сін­ше бір өл­ке­ні, он­да­ғы та­би­ғат кө­рі­ні­сін су­ рет­теу­де­гі жал­ғас­тық, бір-бі­рін то­лық­ты­ру деп тү­сі­нуіміз ке­рек. Қан­ша ұқ­сас­тық бар де­ген­нің өзін­де сөз қол­да­ныс, ұй­қас тү­рі, бей­не­леу ті­лі, су­рет­теу тә­сі­лі жа­ғы­нан Таң­жа­рық өзін­дік қол­таң­ ба­сын та­ны­та біл­ген. Оның өлең­де­рін­де та­би­ғат­тың көр­кем кө­рі­ ні­сі сон­ша­лық­ты дәл, жа­ра­сым­ды, сай­кес бояу­лар­мен кес­те­ле­не­ ді. Өз­де­рі­нің туып- өс­кен ба­ла­лық, жі­гіт­тік,аза­мат­тық шақ­та­рын өт­кіз­ген, за­ры мен мұ­ңы, күйіні­ші мен сүйіні­ші, қуа­ныш­та­ры­ның күәсі бол­ған ту­ған жер та­би­ға­ты екі ақын­ды да те­бі­ре­нт­пей, кө­ ңіл­де­рін тер­бе­мей қой­ма­ған. Ілияс Жан­сү­гі­ров«Же­ті­су су­рет­те­рін­де»: Ыс­тық­көл-жер айна­сы мөл­тіл­дей­ді, Бал­қаш­ты қа­мыс қа­мап жел­кіл­дей­ді. Ат­тан­ған ал­ты өзе­ні Же­ті­су­дың, Бал­қаш­қа бауы­рым­дап ең­кіл­дейді.

Не­ме­се: Қар­қа­ра қа­лың қа­зақ кө­бе­сін­дей, Ал­бан­ның ал­бырт- ер­ке ене­сін­дей.. Қа­ра­ғай қап­тал­да­ғы, жы­ныс ар­ша, Қы­дыр­лы мал­дың құт­ты ке­ле­сін­дей, -

деп Же­ті­су айма­ғы­на кі­ре­тін геог­ра­фия­лық ме­кен, өзен мен көл, тау мен жо­та, шың мен қия, жай­лау кө­рі­ні­сі, сыр-си­па­ты, өзі­не тән ерек­ше­лі­гі нақ­ты­ла­на су­рет­те­ле­ді.Таң­жа­рық«Іле си­па­тын­ да»: Ше­тен тұр қа­та­рын­да былқ – сылқ етіп, Бай­лар­дың жа­ңа өс­пі­рім мыр­за­сын­дай. Кү­бір­леп жа­пы­рақ­тар қы­ла­ды өсек, Бұ­лар­дың жай­ын біл­ген сыр­ла­сын­дай.

155

Не­ме­се:

Тұн­жы­рап тү­сі суық ұш­па тас­тар, Ша­па­ны- ар­ша бо­лып, жал­быр ас­тар... Ит­мұ­рын итиіп тұр сөз аша ал­май, Өмі­рі қа­па­лық­тан көз аша ал­май, –

де­ген тә­різ­ді ор­ман ағаш­та­рын, тау-тас­ты, өсім­дік әле­мін адам кел­бе­ті­не кел­ті­ре, жан бі­ті­ре бей­не­лей­ді. Ілияс та, Таң­жа­рық та өз­де­рі­нің кін­дік қан­да­ры там­ған өл­ке­нің тау-да­ла­сын, өзен-кө­лін, ор­ман-то­ғай­ын, тас қиясы мен май­са­лы жа­зы­ғын, жер бе­де­рін, он­ да­ғы өсім­дік дү­ниесін, жа­байы аң мен жан-жа­ну­ар әле­мін ерек­ше се­зім­мен жыр­лайды. Та­би­ғат ая­сын­да өс­кен ха­лық­тың өкі­лі ға­на жі­ті аң­ға­ра ала­тын қа­сиет­те­рін, сұ­лу­лық­қа то­лы та­би­ғат ана­ның мейір­бан кейіп кө­рі­ні­сін тал­ғам­паз­дық­пен та­ны­та ал­ған. «Іле си­па­тын» оқы­ған­да ақын­ның се­зім­тал ал­ғыр­лы­ғы, ой-са­ на бай­лы­ғы, эс­те­ти­ка­лық тал­ғам­паз­ды­ғы, ақын­дық қуаты бір­дей аң­ға­ры­лып тұ­ра­ды. Де­мек, бұл өлең­ді Іле­нің су­рет­ті-сөз­бен са­ лын­ған геог­ра­фия­лық кар­та­сы де­сек те бол­ған­дай. Поэзия ті­лі­ мен осын­дай жан­ды су­рет са­лу тек Таң­жа­рық­тың та­бы­сы­ деу­ге бо­ла­ды. Ен­де­ше өлең шу­мақ­та­ры­на зер са­лып­кө­рейік. Іле­нің тауы биік, ені жал­пақ, Жа­мыл­ған жа­сыл көр­пе, бас­та ақ қал­пақ. Жі­бе­ріп екі бұ­тын екі жақ­қа, Кө­сі­ліп жа­тыр жай­ға, кеуде шал­қақ.

Та­би­ғат­қа қи­мыл-қоз­ға­лыс бі­ті­ріп, адам кей­пі­не кел­ті­ре бей­ не­лей­ді. Ақын екі жа­ғы екі үл­кен тау тіз­бе­ле­рі­мен қор­шал­ған Іле­нің та­би­ғи кө­рі­ні­сін су­рет­теп, ете­гі кө­ко­рай шал­ғын, қа­лың ор­ман­ мен көм­ке­рі­ліп тұр­ған, ба­сын мәң­гі қар­лар мен мұз қап­та­ған Тә­ ңір­тауы­ның тұл­ға-бі­ті­мін жа­сай­ды.Ен­ді бір­де: Жа­мыл­ған түл­кі іші­гін бәй­біше­дей, Шын­тақ­тап жа­тыр көл­беп, тө­сін ашып, –

деп са­раб­дал са­быр­лы бәй­біше­ге, мейі­рім­ді ана­ға ба­лай­ды. Қа­лай де­сек те мұн­да­ғы са­лыс­ты­ру­лар орын­ды таң­дап алын­ға­нын бай­ қау қиын емес.Бұл су­рет­теу­ден ақын­ның ту­ған жер­ге де­ген те­рең сұйіс­пен­ші­лі­гі, са­ғы­ны­шы мен ыс­тық ықы­ла­сы­ның ле­бі есе­ді. Ке­ле­сі жол­дар­да кес­кін­деу, қи­мыл-әре­кет, се­зім қуаты ба­сым: 156

Жар­тас­та жал­бы­ра­ған жа­пы­рақ­тар, Жа­лаудай жал­пыл­дай­ды қой­ған асып. Сы­лық етіп, сү­зе қа­рап, кү­лім­сі­реп, «Қы­лық-қы­лық» деп суы жа­тыр жыл­жып ба­сып. Шым ба­тып, шы­мыр қа­ғып, шыр айна­лып, Кө­бі­гін езуі­нен шет­ке ша­шып...

Бүк бас­қан ну ор­ман­ды жар­тас­тар­да жа­лаудай жал­пыл­дап тұр­ған жа­пы­рақ­тар, тау бау­рай­ын­да сы­нап­тай сыр­ғып жат­қан бұ­лақ­тар, топ-то­бы­мен жү­зіп жүр­ген ба­лық­тар тә­різ­ді үл­кен­ ді-кі­ші­лі де­таль­дар осы ор­та­ға тән­ жа­ра­сым­ды­лық пен үйле­сім ақын­ның жүй­рік қа­ла­мы­нан қа­ғыс қал­ма­ған. Мұн­дай жа­сыл шөп, жұ­пар гүл­дер­ге бө­лен­ген Айна­көл, арын­ды өзен­ді ме­кен­ге адам ға­на емес, түр­лі жа­ну­ар­лар да ке­ліп тұ­рақ­та­ған. Бұл да жер-ана­ ның көр­кін асы­ра түс­кен.Ақын ен­ді бір ке­зек­те құс­тар дү­ниесін су­рет­теп: ...Бал­паң­дап үй­рек пе­нен са­ры ала қаз, Ұрыс­қан кем­пір-шал­дай мың­қыл­да­сып. Та­ра­нып қа­нат­та­рын қа­ра­бай­лар, Күр­сі­ніп, нау­қас шал­дай ың­қыл­да­сып. Әс­кер­дей марш ойна­ған сап-сап бо­лып, Көк­құ­тан, тыр­на көл­де сың­қыл­да­сып... –

дей­ді. Мұн­дай кө­рік­ті та­би­ғат­қа адам емес, жан-жа­ну­ар да бауыр бас­қан. Ақын­ның қы­ра­ғы кө­зі­нен еш­нәр­се сырт қал­ма­ған. Та­би­ ғат­та­ғы ерек­ше үйле­сім-жа­рас­тық ақын­дық сүз­гі­ден өте­ді, еш­бі­ рі сырт қал­майды. Ли­ри­ка­лық кейіп­кер­дің ту­ған жер­ге, он­да­ғы әр­бір жан иесі­не де­ген ің­кәр­лі­гі ерек­ше. Сон­дық­тан ақын осы­ лар­дың бар­лы­ғын кө­те­рің­кі құл­шы­ныс­пен ­жыр ете­ді. Мұн­дай сұ­ лу­лық Іле сияқ­ты құ­нар­лы өл­ке­ге тән екен­ді­гі де бай­қа­ла­ды. Өлең­нің ен­ді­гі бір бө­лі­гін­де Іле өзе­ні мен оны құ­рап, оған құй­ып жат­қан та­раула­рын: Іле­нің ба­сы Кү­нес жыл­жып ақ­қан, Сар­қы­рап құй­ған бұ­лақ әр та­рап­тан. Қа­сын­да шақ­пы де­ген бір та­рауы, Ағы­ны ар­ты­ғы­рақ шап­қан ат­тан. Қас де­ген сол жа­ғын­да бір сің­лі­сі,

157



Ба­ла­дай асау мін­ген жал­баң қақ­қан. Жыр­ға­лаң, кКө­су, Те­кес оң жа­ғын­да, Те­кір­тіп мас адам­дай ат­қа шап­қан. Қо­сы­лып бә­рі ке­ліп бір Іле­ге, Ап­ты­ғын сон­да ба­сып, ты­ным тап­қан, –

деп Іле­нің са­быр­лы аға­тын не­гіз­гі тұл­ға­сы – ап­ты­ғып шап­қы­ лайт­ын бұ­лақ­тар мен өзен­ше­лер­ден құ­ра­ла­тын­ды­ғын бір қы­ры­ нан әде­мі етіп, жан­ды бей­не­де су­рет­тейді [41, 27-б.]. «Іле си­па­тын­да» Іле­нің бү­кіл жер тү­зі­лі­сін, та­би­ға­тын, бай­ лық қай­на­рын жағ­ра­фиялық кар­та­ға ұқ­сас көз ал­ды­ңа жай­ып са­ ла­ды. Кө­рі­ніс пен кө­ңіл-күй нақ­ты қа­быс­қан,орын­ды қол­да­ныл­ ған кейіп­теу мен те­ңеу қи­мыл-әре­кет­пен ас­та­сып Іле өңі­рі­нің кел­ бет-кес­кі­ні бү­тін бі­тім тап­қан­дай бо­ла­ды. Ақын­ның бұл шы­ғар­ ма­сын ту­ған жер­жің көз тар­тар көр­кін ерек­ше қуат­пен жыр­ла­ған таң­дау­лы туын­ды­сы де­сек жа­ра­са­ды. Ақын қа­ла­мы­ның таң­дау мен тал­ғам­паз­ды­ғы кі­ре­ге түс­ке­нін кө­ре­міз. Та­би­ғат­тан тыс адам өмір сү­ре ал­май­ды. Өз елің­ді сүю- та­ би­ғат­ты сүю­ден бас­тал­мақ. Өзі­нің туып-өс­кен ме­ке­ні Ал­тай өңі­ рін Ақыт ақын да ықы­лас­пен жыр­ла­ған, оның «Жер-су тол­ғауы», «Жаз­ғы­тұ­ры Ал­тай­дың», «Шың­жаң қар­та­сы» қа­тар­лы өлең­де­рі та­би­ғат та­қы­ры­бы­на ар­нал­ған сәт­ті туын­ды­ла­ры. Бұл шы­ғар­ма­ ла­рын­да ақын­ның ой-се­зі­мі, жан құ­бы­лы­сы бір­ден бай­қа­ла­ды. «Жаз­ғы­тұ­ры Ал­тай­дың» ат­ты өле­ңін­де жыл ба­сы көк­тем кө­рі­ні­ сін тар­тым­ды бей­не­лей­ді. Қа­ра­ғай, қай­ың иі­ліп, Қа­рай­сың оған сүй­сі­ніп. Күн қа­рай­ды ас­пан­нан, Сұ­лу­дай қа­сы қиы­лып. Көк шал­ғы­ны жай­қа­лып, Бұ­ра­лып ағаш шай­қа­лып, Са­мал соқ­са сай құл­дап, Шөп жор­ға­лар тай­па­лып.

Та­би­ғат­қа жан бі­тір­ген кок­тем көр­кі­не ақын сал­қын қа­рай ал­май­ды. Қор­ша­ған ор­та­ны қи­мыл-қоз­ға­лыс­қа кел­ті­ре сүй­сі­не жыр­лайды. Ас­пан­нан қа­ра­ған күн сұ­лу, иіле бұ­рал­ған қа­ра­ғай, қай­ың са­мал мен тер­бе­ліп, «тай­па­ла жор­ға­ла­ған» көк шал­ғынбә­рі ақын жа­нын жа­ды­ра­тып, ко­ңі­лін шал­қы­та­ды. 158

Ал­тай­дың әр сайы­нан тау жаң­ғыр­та ақ­қан тұ­нық су­лы өзен­ де­рі мен «же­тім қо­зы мар­қай­ған» шүй­гін шө­бі әде­мі рең алып, әр­бі­рі өзі­нің түр-­бояуы­мен көз ал­ды­ға ке­ле­ді. «Суы сон­дай жұ­ ғым­ды» еке­нін айту ар­қы­лы бұл өңір­дің ха­лық өмі­рін­де қан­дай ма­ңы­зы бар еке­нін аң­ғар­та­ды. Қай­қай­ыс­та қы­ран бар, Же­рі қан­дай сы­наң­дар. Суы­ның құ­мы са­ры ал­тын, Ба­лы­ғы жү­зіп бұ­раң­дар. Саяда сай­рап бұл­бұлы, Ақ­қу-қа­зы сы­лаң­дар. Кө­ко­рай шал­ғын көк жай­саң, Ба­ла­лар ау­нап ты­раң­дар.

Ав­тор «ба­лы­ғы жү­зіп бұ­раң­да­ған, ақ­қу-қа­зы сы­лаң­да­ған» өзен суы­ның құ­мын са­ры ал­тын­ға ба­лау ар­қы­лы тұ­нық су­лы тау өзе­ні- қы­ран­ды көз ал­ды­ға ай­қын елес­те­те­ді. Шы­ғар­ма­да­ғы бей­ не­лі тір­кес­тер өлең­нің көр­кем­дік дең­гейін кө­те­ріп ақын ше­бер­лі­ гін ай­ғақ­тай түс­кен­дей. Ақыт­тың зең­гір тау, ағын­ды өзен, жа­сыл жай­лау жай­ын­да­ғы өлең­де­рін­де та­би­ғат қой­науы­нан ты­ныс алып тір­ші­лік ет­кен жанжа­ну­ар­лар­дың бар­лы­ғы елес бе­ре­ді [1,71-72 б.]. Ақын пей­заж­дық су­рет са­лып қа­на қой­май, та­би­ғат та­ма­ша­сын оның бай­лы­ғы мен са­бақ­тас­ты­ра жыр­лайды.

Не­ме­се:

Күз­дің кү­ні бол­ған­да, Қаз бен үй­рек, қар­лы­ғаш. Не­ше түр­лі күй са­лар. Ша­ған, Да­ра, Қүй­дің, Аң­да­ры бар ба­ға­лы. Кер­без ке­лер Ал­тай­дың, Бұ­ғы­сы мен ма­ра­лы.

Ақын кө­ңіл кы­рын аша­тын қыр­дың күз­гі кө­рі­ні­сі­не, түр­лі үн­ мен сай­ра­ған сан­ду­ғаш бұл­бұлы­на, көл көр­кі қаз-үйре­гі­не, кер­без ке­ріл­ген бұ­ғы-ма­ра­лы­на сүйіне­ді, әсер ала­ды. Ақын­ның кө­ңілкүйі та­би­ғат кө­рі­ні­сі­мен ас­та­сып жа­та­ды. Ақыт ақ­бас ал­тай­дың әсем та­би­ға­тын құт-бе­ре­ке да­ры­ған ме­ кен ре­тін­де кө­те­рің­кі кө­ңіл­мен жыр­ла­са, екін­ші жа­ғы­нан, әр өл­ке 159

өз ерек­ше­лі­гі өз бояу-бе­де­рі­мен та­би­ғи қал­пын­да кө­рі­ніс бе­ре­ ді. Ер­те­ден бе­рі қа­зақ­тар ме­кен ет­кен жер­дің өзі­не тән си­па­тын аша­ды. Бір­де сыр­ғы­ған құ­мы­нан бас­қа қыл­та­на­ғы жоқ шөл­ге тап бол­сақ, бір­де қа­ра же­лі қақ­са­ған Қоб­да кө­рі­ні­сі көз ал­ды­ға ке­ле­ді. Ақын қа­ла­мы­на ілін­ген өл­ке-өңір та­би­ғи кө­рі­ні­сі­мен ерек­ше­ле­ не­ді. Ба­рын­ша шын­шыл­дық­пен су­рет­те­ле­ді. Қоб­да бет жақ: Ұлан, Құ­сын, Сак­сайды, Же­лі со­ғып қақ­сайды. Оты­ны жоқ, шө­бі жоқ, Оны не­сін мақ­тайды. Да­ла көл, Тұл­ба екі көл, Ор­та­сын­да жал­ғыз бел. Ара­лық­та қаң­ғы­рып, Сан­да­лып жүр­ген қай­ран ел.

Жа­дау та­би­ғат кө­рі­ні­сі ел тір­ші­лі­гі­мен бай­ла­ныс­ты алы­на­ды. Ав­тор «Сан­да­лып жүр­ген қай­ран ел­ге» жа­на­шыр­лық та­ны­та­ды. Же­лі со­ғып қақ­са­ған Қоб­да бет­тің өзін­дік сыр-си­па­ты са­лыс­тыр­ ма­лы түр­де на­ным­ды бей­не­ле­не­ді. Алай­да та­би­ғат ту­ра­лы өлең­ де­рін­де ақын­ның ту­ған жер, ата ме­кен­ге де­ген құш­тар­лық се­зі­мі, жү­рек лү­пі­лі анық аң­ға­ры­лып тұ­ра­ды. Оның ой түйіні Ал­тай, Сауыр жер­дің құ­ты. Ақын­ның «Шың­жаң қар­та­сы» тол­ғауын оқы­ған­да қор­ша­ған дү­ние, тал бе­сік-та­би­ғат­тың алуан түр­лы сыр-сым­ба­ты бей­не бір ки­но тас­па­дай рет-ре­ті­мен көз ал­дың­нан өтіп жа­та­ды. Қиялы ұш­ қыр ақын Ал­тай, Сауыр­дан бас­тап баяғы за­ман­нан бер­гі қа­зақ­тар ме­кен­де­ген жер­ді тіз­бек­тей жыр­лап, өлең­мен қар­та сыз­ған­дай әсер қал­ды­ра­ды. Сон­дай-ақ ақын су­рет­те­ген жер­ле­рі­нің өзі­не тән ерек­ ше­лік қа­сиетін аша оты­рып, ре­ті­не қа­рай ба­ға­да бе­ріп оты­ра­ды. Со­ны­мен бір­ге Ақыт Абай­дың әсе­рі­мен та­би­ғат та­қы­ры­бын­ да екі өлең жаз­ған. Бі­рі – «Жаз шіл­де­сі бол­ған­да жақ­сы жай­лау», екін­ші­сі – «Жаз­ғы­тұ­ры қар ке­тіп бал­қи­ды жер» деп ата­ла­ды. Ал­ ғаш­қы өле­ңін­де:

дей­ді. 160

Жаз шіл­де­сі бол­ған­да жақ­сы жай­лау, Кө­ко­рай­ға ел қо­нып бие бай­лау. Бәй­ше­шек, көк жа­пы­рақ шал­ғын өсіп, Ағаш­та кө­кек пе­нен бұл­бұл сай­рау, –

Бұл жыл мез­гіл­де­рі­нің ең ке­ме­лі­не кел­ген ша­ғы­ның бір үзік сы­рын­дай әсер ете­ді. Көк жай­лау, қон­ған ел, бай­лан­ған бие бә­рі де бір-бі­рі­мен үн­дес­тік-үй­лес­тік тап­қан. Адам­дар­дың жа­ны жа­ ды­раң­қы, кө­ңіл­де­рі кө­те­рің­кі. Өлең­нің ең соң­ғы екі жо­лын­да «де­ нің та­за, ба­сың бос, елің аман» бол­са деп ақын ас­тар­лы түйін­деу жа­сай­ды. Адам­ның азат, ел­дің аман­ды­ғын аң­сай­ды. Та­би­ғат­ты кө­ңіл күй­мен қа­быс­ты­ра жыр­лайды. Ақыт­тың та­би­ғат ту­ра­лы өлең­де­рі оның қа­лам қа­ры­мы­ның бір қы­рын бай­қат­са, екін­ші жа­ғы­нан елі­міз­де­гі ұлт­тық поэзия­ мыз­дың осы та­қы­рып­ты жыр­лау­ға бас­та­ма бол­ға­нын да айт­уы­ мыз ке­рек [1,71-73 б.]. Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы да ата­ме­кен та­би­ға­тын, көр­кем кө­ рі­ні­сін там­сан­ды­ра жыр­лау­да та­лан­тын әйгі­леп, күш­ті ық­пал ту­ дыр­ған ақын­дар­дың бі­рі. ...Қо­сы­лар өне­рі бар ұлы дұ­ға, Кей­бі­реу ту­ра ша­бар бе­кер бу­ға. Азы­рақ кө­ңіл бө­лып мен сөй­лейін, Ық­шам­дап атын бі­лер жер мен су­ға..., –

деп бас­та­ла­тын «Жер-су тол­ғауын­да» ақын қа­зақ­тың атам за­ман­ нан бе­рі қа­рай ме­кен ет­кен, бауыр бас­қан шұ­рай­лы да көр­кем, құт­ты да құ­нар­лы қо­ныс­та­рын емі­ре­не жыр ете­ді. Со­ны­мен қо­ са сырт­қы жер­лер­ді, ұлы құр­лық­тар­ды, мұ­хит­тар­ды шо­лып өте­ ді. Ая­көз, Көк­са­ла, Көк­ше­тау, Қар­қа­ра­лы, Бая­науыл, Қа­ра­қол­дан тар­тып, Іле­нің сырт­қы жа­ғын жіп­ке тіз­ген мар­жан­дай рет-ре­ті­мен баян­дай­ды. Мұн­да тек жер-су ат­та­ры ға­на емес, бұ­дан сырт со­нау Абы­лай­дан тар­тып, та­ри­хи ірі оқи­ға­лар­ды, өз ке­зін­де­гі жоң­ғар фео­дал­да­ры­ның қа­зақ да­ла­сын­да жүр­гіз­ген қы­зыл қыр­ғын нау­ бет­те­рін, қан­ды қақ­ты­ғыс­тар мен қыр­қы­су­ла­рын елес­те­тіп өте­ді. Со­ңын­да бе­та­лыс­ты Іле­нің іш­кі жа­ғын­да­ғы жер-су ат­та­ры­на ауда­ ра­ды. Іле­нің жер-суын, кө­рік­ті та­би­ға­тын көр­кем тіл­мен кес­те­ леп, өлең жаз­ған, өне­ге қал­дыр­ған Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы деу­ге бо­ла­ды. Оның бұл тол­ғауы кейін­гі қа­зақ ақын­дар­дың ойына өріс, жы­ры­на ша­быт бол­ға­ны бел­гі­лі. Асыл­қан­нан отыз жыл кейін дү­ ниеден қайт­қан ақын Таң­жа­рық Жол­дыұлы­ның«Іле си­па­ты» де­ ген өле­ңін­де­гі кей­бір шу­мақ­тар Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы­ның: Ара­сан, Арыс­тан мен Қас­тың ба­сы, Бор­қо­ра, Са­ры қа­быр­ға бер­гі ба­сы.

161

Ақ­күн­гей, Ал­тыөгіз­сай, Бел­қа­ра­ғай, Шық­па­ған тү­рік­пе­нен да­бы­ра­сы..., –

деп бас­та­ла­тын ұзақ өле­ңі­мен үн­де­се­ті­ні аң­ға­ры­ла­ды. Бұ­ған қа­ра­ған­да, тұң­ғыш рет Іле­нің жер-суын көр­кем тіл­мен те­бі­ре­не жыр­лап, ай­шық­ты су­ре­тін сал­ған Асыл­қан Мың­жа­са­ рұлы бо­ла­тын. ...Ақ­бұр­қан, Ам­бы-жам­бы, Тал­ды, Шақ­пы, Сор­бұ­лақ, Қа­ра­бу­ра, Са­рым­сақ­ты, Көл­де­нең, На­рат, Кең­су, Арал­тө­бе, Үш­кеп­тер, Күн­гей зек­ті, Түр­ген қақ­ты...

Іле­нің іш­кі жа­ғын­да­ғы жер-су ат­та­рын то­лық та көр­кем, мә­ нер­лі етіп си­пат­тап, олар­дың өзі­не тән ерек­ше­лік­те­рі мен қа­сиет­ те­рін на­қы­шы­на кел­ті­ре су­рет­тейді. Жан-жа­ғын ең­се­лі тау­лар қор­ша­ған, Тал­ғар шың­да­ры ас­пан­мен бой та­лас­қан, арыс­тан­дай ақы­рып, айда­ғар­дай ире­ті­ліп, не­ше жүз ша­қы­рым­ға буыр­қа­на дол­да­нып, өр­кеш­тей ағып жат­қан өзе­ні, кү­міс­тей сыл­ды­ра­ған мың­нан ас­там бұ­ла­ғы, дерт­ке ши­па­лы ара­сан­да­ры, сам­сы­ған ну ор­ма­ны, көп аң-құс­та­ры бар, ас­ты-үс­ті кен­ге то­лы, то­ты­құс­тай құл­пыр­ған, кө­рік­ты де қа­сиет­ті, құт да­ры­ған ме­кен­нің кес­кі­нін өте ше­бер­лік­пен сы­зып шы­ға­ды. Шар­ғын Ал­ға­зыұлы айт­ыс­тың майт­ал­ман жүй­рі­гі бо­лу­мен бір­ге өре­сі биік су­рет­кер ақын. Оның су­рет­кер­лі­гі ту­ған ел, өс­кен жер­ле­рі мен көр­кем та­би­ғат су­рет­те­рі­не ар­нал­ған, кө­ңіл­ге әсер етер­лік сұ­лу, та­ма­ша ли­ри­ка­ла­ры­нан кө­рі­ніс та­ба­ды. Ақын 1952-жы­лы жа­риялан­ған «Те­кес­тің са­ла­ла­ры» деп ата­ ла­тын ұзақ тол­ғауын­да өсіп- өн­ген ме­ке­нін, оның көр­кем та­би­ға­ тын үл­кен сүйіс­пен­ші­лік, те­рең те­бі­ре­ніс­пен жыр­лайды. ...Түр­ле­ніп жа­ра­ты­лыс жай­нап әсем, Таң­ға­лып бар­ған адам қа­ла­тын­дай. Сұ­лу­дай көк шал­ғы­ны бұ­раң­дайды, Үс­ті­ңе көк көр­пе­сін жа­ба­тын­дай. Сай­рай­ды ая­сын­да бұл­бұл әнін, Қа­на­тын шат­тық күй­ге қа­ға­тын­дай. Ба­сын­да қо­на­қай­дың құр жай­лауы, Мал­ға құт шөп со­ны­сын ша­ла­тын­дай... [42]

162

Бар та­би­ғат ті­рі қал­пын­да, өз бей­не­сі­мен көз ал­ды­ға ке­ле­тін бұл өлең­де Те­кес­те­гі жиыр­ма­дан ар­тық жер аты ата­ла­ды. Ба­ры­ ның геог­ра­фия­лық, жа­ра­ты­лыс­тық ерек­ше­лік­те­рі сөз бо­ла­ды. Яғ­ни Те­кес­тің көр­кем қой­нау­ла­ры, кө­ко­рай шал­ғы­ны мен ну ор­ ма­ны, тауы мен та­сы, бұ­ла­ғы мен өзе­ні, жа­сыл жай­лауы мен баубақ­ша­сы, егіс ала­ңы­на т.б. дейін ке­ліс­ті кел­бе­ті­мен та­мыл­жы­та су­рет­те­ле­ді. Шар­ғын­ның бұл тол­ғауы әйгі­лі су­рет­кер Таң­жа­рық­тың Іле та­ би­ға­тын аса ын­тық кө­ңіл­мен, ықы­ла­стана тол­ға­ған «Іле си­па­ты» ат­ты ли­ри­ка­лық тол­ғауы­мен өзек­те­сіп жа­та­ды. «Те­кес­тің са­ла­ла­ рын» со­ның ішін­де­гі, яғ­ни Те­кес­тің ша­ғын геог­ра­фия­лық кар­та­ сы де­сек те бол­ған­дай. Со­ны­мен бір­ге бұл өлең ақын Асыл­хан Мың­жа­са­рұлы­ның: ...Те­кес­тің Кет­пен тө­бе жа­ға­сын­да, Мә­ні­сін ма­рал тас­тың та­ба­сың ба. Ой­нақ көл, Ат­тың тауын ал­бан ал­ды, Жа­рал­ған ке­ліс­ті-ақ жер ау ба­сын­да. ...Көк су мен Көк те­рек­ті, Шо­лақ те­рек, Жі­гіт­ке той бол­ған­да өлең ке­рек, Аяң­дап Мың­бұ­лақ­тан өте шық­саң, Ат тауы, Ақ­да­ла­мен тұр­ған бө­лек..., –

деп жыр­ла­на­тын «Жер-су тол­ғауы­мен» де «туыс­тық» тауып жат­ қан­дай бо­ла­ды. Мұ­ның бә­рін кез­дей­соқ­тық деу­ге бол­мас. Іл­ге­рін­ ді-кейін­ді өмір кеш­кен ақын­дар бі­рі­нің шы­ғар­ма­сын бі­рі оқы­ған. Одан өне­ге алу­ға ден қой­ған де­ген қо­ры­тын­ды­ға ке­лу­ге бо­ла­ды. Кез-кел­ген өнер иесі­нің құ­нар­лы то­пы­ра­ғы, үл­гі алар мек­те­бі бол­мақ. Көр­кем­дік ай­шық­тар. Ақын­дық қа­ры­мы мен да­ры­ны, көр­ кем­дік қуаты­ның ке­ліс­ті­лі­гі жа­ғы­нан тар­тым­ды туын­ды­лар бер­ ген ақын­дар өз өлең­де­рін­де көр­кем­дік­ке ұм­тыл­ды, өлең жа­зу­да­ғы Абай та­лап­та­ры­на тал­пын­ды. Жа­тық тір­кес, шы­мыр ұй­қас құ­ру­ ға, ажар­лы сөз­бен бей­не­леуге, шы­рай­лы шу­мақ жа­сауға, осы­лар­ дың бә­рін үй­лес­ті­ре ке­ліп, ой са­лар, жү­рек тер­бер көр­кем поэзия ту­ды­ру­ға ты­рыс­ты. Ол бел­гі­лі дә­ре­же­де Абай бас­та­ған қа­зақ­тың жа­ңа жаз­ба әде­биетін­де­гі көр­кем үл­гі­ні бас­шы­лық­қа ал­ды. Та­би­ ғат кө­рі­ніс­те­рін бе­ру­де, жер-су, тау-да­ла,қор­ша­ған ор­та­ны, өмір құ­бы­лыс­та­рын су­рет­теу­де ал­дың­ғы буын­ға көз сал­ды, із­ден­ді, со­лар­мен үн­де­се­тін аз­ды-көп­ті туын­ды­лар бер­ді. Алай­да ақын 163

поэзия­сын­да өзі­нің бой­ына ба­ла ке­зі­нен сің­ген ха­лық­тық си­пат, ұлт­тық дәс­түр­де­гі көр­кем­дік үл­гі ба­сым бай­қа­ла­ты­ны шын­дық. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, шы­ғар­ма­шы­лық ше­бер­лі­гі жа­ғы­нан өз­ге­лер­ден оқ­шау тұр­ған да Таң­жа­рық еке­ні та­лас ту­дыр­майтыны хақ. Таң­жа­рық бой­ын­да­ғы туа біт­кен,қа­ны­на сің­ген қа­сиет та­бан ас­тын­да тауып айт­ар се­зім­тал ақын­дық қуат Абай, Мағ­жан, Ілияс туын­ды­ла­рын оқу ар­қы­лы сі­ңір­ген бі­лім нә­рі­мен са­бақ­та­са ке­ле, Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзия­сын жа­ңа са­ты­ға кө­тер­ді. Бұл орай­да ол Ілияс Жан­сү­гі­ров­пен кө­бі­рек үн­де­се­тін тә­різ­ді. Өлең­де­рін­де те­ ңеулер­ді үс­те­ме­леп қол­да­нып,ерек­ше рең бе­рер­лік саз­ды, бояуы қа­нық сөз­дер­ді тө­гіл­те тіз­бек­те­ген­де, ерек­ше бір әсер­ге бө­лей­ді. Ол ту­дыр­ған поэзия тү­сі­ні­гін те­рең­де­тіп, эс­те­ти­ка­лық тал­ға­мын арт­ты­ра­тын маз­мұ­ны­мен ерек­ше­ле­не­ді. Ақын қол­дан­ған түр­лі көр­кем­деу құ­рал­да­ры оның ше­бер­лі­гін де, сәт­ті із­де­ні­сін де көр­ се­те­ді. Ақын­ның өлең­де­рін тұ­шы­на, те­бі­ре­не оқи­сың. Мұ­ны өзі ыр­ғақ­қа, үн­дес­тік­ке де қа­тыс­ты. Ақын туын­ды­ла­ры «тіл­ге же­ ңіл, жү­рек­ке жы­лы тиер» ажар-ай­шық­қа бай еке­нін айту ке­рек. Мұ­ның бә­рін ақын ті­лі­нің әде­мі стиль­дік бояуы­нан бө­ле қа­рауға бол­майды. Ақын ті­лі­нің бай­лы­ғы маз­мұн те­рең­ді­гі­не әсер ете­рі дау­сыз. Маз­мұн те­рең­ді­гі адам­ның сыр-се­зі­мін қоз­ғайды. Осы тұр­ ғы­дан кел­ген­де Таң­жа­рық тал­ға­мы биік су­рет­кер. За­ман ауқы­мы, дәуір кел­бе­ті мен қа­зақ өмі­рі, тір­ші­лік-ты­ны­сы қаз-қал­пын­да бей­ не­лен­ген Таң­жа­рық мұ­ра­сы өзі­не тән айшы­ғы­мен, өз­ге­ше көр­кем­ дік қа­сиеті­мен бау­райтынын айту па­рыз. Сан ға­сыр сүз­гі­сі­нен өтіп біз­ге жет­кен ха­лық әде­биеті­нің таң­дау­лы үл­гі­ле­рін ақын бой­ына сі­ңір­ген жә­не Абай бас­та­ған қа­зақ­тың бір шо­ғыр көр­нек­ті ақын­да­ ры­нан үйре­ніп үл­гі ал­ған Таң­жа­рық ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ ты­сын­да Шың­жаң қа­зақ әде­биеті­нің та­ла­нт­ты тұл­ға­сы­на ай­нал­ды. Бел­гі­лі өңір әде­биеті­нің да­му­ына үл­кен үлес қос­ты. «Әде­биет-тіл өне­рі», ал осы тіл өне­рі жа­ғын­да әде­биет­тің бас­ қа жанр­ла­ры­нан гө­рі өлең сөз­ге қой­ыла­тын та­лап ауыр бо­ла­ды. «Сөз пат­ша­сы» есеп­те­ле­тін поэзияда ша­рық­та­ған қиял­ды, те­рең ойды, ір­кі­ліс­сіз, әсер­лі бей­не­леу үшін оның ті­лі көр­кем­жә­не бей­ не­лі, бе­дер­лі бо­луы ке­рек.Тіл сон­да ға­на шы­ғар­ма­да баян­дал­ған оқи­ға сю­же­ті­не, кейіп­кер об­ра­зы­на сәй­ке­се ала­ды. Шы­ғар­ма сон­ да ға­на қан мен сө­лі бар, көр­кем туын­ды­ға айна­ла ала­ды. Таң­жа­ рық поэзиясы­ның ті­лі осын­дай та­лап­тар­ға дер­лік­тей сай ке­ле­ді. Тіл об­раз­ды­лы­ғы не­гі­зі­нен тіл­ді көр­кем­деу амал­да­ры ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ты­ны бел­гі­лі. Біз сөз етіп отыр­ған ақын­дар по164

эзиясы көр­кем­деу амал­да­ры­ның бай қам­ба­сы де­се де бо­ла­тын­ дай. Он­да­ғы көр­кем амал­дар­дың бір өз­ге­ше­лі­гі- бі­рі­мен-бі­рі­нің бай­ла­ны­сы аса ете­не ке­ле­ді. Олар­ды есе­леп, өр­бі­те қол­да­на­ды. Осын­дай жа­рыс­ты­ра қол­да­ныл­ған көр­кем амал­дар Таң­жа­рық поэзия­сын сұ­лу­лық­қа, әсем­дік­ке­бө­леп құл­пыр­тып жі­бе­ре­ді. Ақыт пен Кө­дек, Әсет, Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­ры маз­мұн­дық, пі­шін­дік тұр­ғы­дан ерек­ше­ле­не­ді. Олар­дың поэзия­сын­да ажар­лау, құ­был­ту, ай­шық­тау­дың бар­лық түр­ле­рі, яғ­ни те­ңеу, ай­қын­дауыш (эпи­тет), ме­та­фо­ра (ті­ке те­ңеу), ауыс­ты­ру (си­нек­до­ха), әсі­ре­леу, сим­вол (пер­не­леу), кейіп­теу т.б. көр­кем­ді­к а­мал­дар­дың қай-қай­ сы­сы да мол кез­де­се­ді. Атал­ған ақын­дар шы­ғар­ма­ла­ры­на тән бір ерек­ше­лік – ең көп қол­да­ныл­ған ай­шық­тау тү­рі – те­ңеу. Сө­зі­міз дә­лел­ді бо­лу үшін бір­не­ше мы­сал кел­ті­рейік: Бас са­лып, қой­дай та­лап, ба­сың­ды жеп Жү­рек­ке отыр са­лып кет­пес дық­ты. Бас­қа­лар құс­тай ұшып жүр ба­сын­да Қоян­дай бүр­кіт көр­ген қа­зақ мық­ты. (Таң­жа­рық) Көп­ке жақ­қан жі­гіт­тер, Жа­пан­ға біт­кен те­рек­тей. Мі­не­зі сұ­лу қыз­дар бар Қол­ға сал­ған жү­зік­тей. (Ақыт) Хош иі­сің бе­сік­те, Жұ­пар­дай боп аң­қы­ған. Жай­лау­да­ғы са­мал­дай Гүл­ді ба­сып шал­қы­ған. (Кө­дек) Ақыл­ды­ның жі­бек­тей ті­лі жұм­сақ, Елі­не емі­ре­нер миын жұм­сап. Өзі үшін өң­мең­дейт­ін өлім­тік­тей Жақ­сы­ға-­жау, жат ниет қа­ра құр­сақ, – (Әсет)

де­ген жол­дар­да­ғы са­лыс­ты­ру­лар өлең маз­мұ­нын ашып, құ­нар­ лан­ды­ра түс­кен. Орын­ды қол­да­ныл­ған ­бей­не­леу құ­рал­да­ры­ның қай-қай­сы­сы бол­са да шы­ғар­ма­ға өз­ге­ше өр­нек­тер да­ры­та­ды. Біз бі­рер мы­сал кел­ті­ру­мен шек­тел­дік. Алай­да атал­ған ақын­дар мұ­ ра­сын­да поэти­ка­лық тіл­дің не­бір әде­мі үл­гі­ле­рі ұшы­ра­са­ды. 165

Со­ны­мен бір­ге кей­де Таң­жа­рық бір өлең­де, яки шу­мақ­та те­ ңеуді үс­ті-үс­ті­не жа­рыс­ты­ры­ла қол­да­на­ты­нын бай­қауға бо­ла­ды. Бұл ақын­ның дәс­түр­ді бе­рік ұс­тан­ған­ды­ғы­мен жә­не өзі­не тән суы­рып сал­ма­лық ерек­ше­лі­гі­мен, қа­зақ жы­раула­ры­ның жыр, тер­ме­ле­рі­не бой ұр­ған­ды­ғы жә­не осы­мен қо­са Абай ық­па­лы­мен орай­ла­сып жат­са ке­рек. Ақын Анар­ға жаз­ған ха­тын­да: Ей, қал­қам, то­ты­құс­тың тү­рін­дей­сің, Жай­қал­ған бәй­ше­шек­тің гү­лін­дей­сің, Си­па­тың тауыс пе­нен сан­ду­ғаш­тай, Изен­нің жа­ңа шық­қан бү­рін­дей­сің.

Анар­дың ди­да­рын, мі­нез-құл­қын, тұл­ға­сын арт-ар­ты­нан он шақ­ты түр­лі зат­қа, құ­бы­лыс­қа те­ңеп, оның сыр-си­па­тын ай­рық­ ша жан­ды елес­тет­кен. Мұн­дай ір­кес-тір­кес те­ңеу қол­да­ну ар­қы­ лы ойды өріс­те­те су­рет­теу әді­сі әсі­ре­се «Іле си­па­ты» ат­ты ұзақ тол­ғауын­да ай­қын бай­қа­ла­ды. Қа­һа­ры до­лы шал­дың тұр ба­сыл­май, Қа­рай­ып кір­піш үй­дің мор­жа­сын­дай. Байтерек қа­ғып, шым­шып қал­жың­дай­ды, За­ман­дас бір жыл ту­ған құр­да­сын­дай.

Сон­дай-ақ те­ңеулер тіз­бек­те­ліп ке­лу­мен қа­тар, жан­сыз зат­қа адам­дық қа­сиет, адам­дық іс-әре­кет бе­ріп тұр­ған жан­дан­ды­ру тү­рі қа­бат қол­да­ны­лып тұр.Мұн­дай те­ңеулер­ді түй­дек­те те қа­тар қол­ да­ну тә­сі­лі Ақыт­тың кей­бір өлең­де­рі­нен ара­кі­дік ұшы­ра­сып оты­ ра­ды. Бі­рақ Таң­жа­рық­тай жиі қол­дан­ба­ған. «Іле си­па­ты» – бас­тан-аяқ тө­гі­ліп тұр­ған сөз мар­жа­ны. Оның сұ­лу­лық си­па­тын арт­ты­ра тү­се­тін тап­қыр са­лыс­ты­ру­лар еке­ні аян. Өл­ке­сі бәй­біше­нің де­не­сін­дей, Мұ­хит­тың кеуде­сі бар ке­ме­сін­дей... Екі тау – екі жақ­та бі­ле­гін­дей, Ас­пан­ның ағаш­та­ры ті­реуін­дей.

Мұн­да­ғы тіз­бек­тел­ген те­ңеулер «тол­ғауы тоқ­сан қы­зыл тіл­ дің» құ­ді­ре­тін же­те се­зін­ген та­ла­нт­ты ақын же­тіс­ті­гі деп бі­лу ке­ рек.. Тол­ғауда тұ­тас Іле өңі­ріадам де­не­сі­не ұқ­са­ты­ла­ды. Одан соң 166

со­ған жал­ғас Іле ал­қа­бын­да­ғы тау мен да­ла, жо­та­лар, жан-жа­ну­ ар­лар, өсім­дік­тер кә­дім­гі адам­ға, сол адам­ның де­не мү­ше­ле­рі­не ке­лі­сім­ді те­ңе­ліп, бір­тұ­тас тұл­ға­лы бей­не қа­лып­тас­ты­ра­ды. Бұл тек те­ңеулік тә­сіл­дер­мен бей­не­лен­ген көр­кем кө­рі­ніс қа­на емес, кейіп­теу, ай­қын­дауыш (эпи­тет), әсі­ре­леу (ұл­ғайту, кі­ші­рейту) фор­ма­сы­на кел­ті­ріл­ген не­ше түр­лы кө­рік­теу­дің то­ ғы­суынан ту­ған алып адам тұл­ға­сы ай­қын елес­тейді. «Іле си­па­ ты­нан» мы­сал­ға алын­ған жол­дар­дан Абай шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның нә­рі мен ізі бей­қа­ла­ды. «Осы­ның Абай­ға тар­тып тұр­ған бір же­рі бар, – дей­ді қа­тыс­ты зерт­теуін­де про­фес­сор А. Қа­ли­ұлы: ол-көп те­ңеудің тір­ке­суі, көп жол­дың ұйқа­суы. «Қақ­та­ған ақ кү­міс­тей кең маң­дайлы­ны», «Шоқ­пар­дай ке­кі­лі бар қа­мыс құ­лақ­ты», «бі­ лек­тей ар­қа­сын­да өр­ген бұ­рым­ды» ес­ке са­ла­ды» [22, 57-б.].Осын­ дай өлең жол­да­рын Ақыт ақын­нан да оқу­ға бо­ла­ды: Қа­жыр­лы, қай­сар ер едің, Ақы­лы ас­қан кен едің. Ел­ге суат да­рия Ай­дын шал­қар көл едің. Жер жы­лы­са жы­лы­мас Ас­қар са­ры бел едің, –

дей­ді. Таң­жа­рық жо­ға­ры­да кел­ті­ріл­ген мы­сал­дар­да те­ңеудің те­ңе­лу­ ші(тү­бір­лік), те­ңеуші (те­ңеулік), дә­не­кер (де­меулік) – үш жа­ғы еш­ қан­дай бүк­пе­сіз, жа­ры­са кө­рі­не­тін ашық те­ңеу тү­рі қол­да­ныл­са, ақын­ның өлең, тол­ғау, айт­ыс, дас­тан­да­ры­ның кез-кел­ген же­рі­нен те­ ңеудің ба­лай те­ңеу жә­не ті­ке те­ңеу түр­ле­рін де ке­зік­ті­ру­ге бо­ла­ды. Те­ңеудің бұл тү­рі тіл-әде­биет теория­сын­да ме­та­фо­ра деп айтылып ке­ле­ді. Кей­бір әде­биет­ші­лер оның өзін же­ке көр­кем­дік амал ре­тін­де қа­рас­ты­рып, зерт­теп жүр. Үңі­ле зер сал­ған­да, ме­та­фо­ра­лық те­ңеудің бір тү­рі – осы ті­ке те­ңеуге ете­не жа­қын ке­ле­ті­ні аң­ға­ры­ла­ды. «Таң­жа­рық ақын­ның көр­кем­дік ой­лау дә­ре­же­сін, фи­ло­со­фия­ лық дү­ние та­ны­мын, эс­те­ти­ка­лық қа­был­дауын, су­рет­кер­лік ше­ бер­лі­гін көр­се­те­тін бір қа­сиет бар. Бұл – ме­та­фо­ра» [37,67-б.], – деп про­фес­сор С. Не­ги­мов айт­қан­дай, Таң­жа­рық поэзия­сын­ да ме­та­фо­ра зер­де­лі кес­те­дей ажар­ла­нып, көз­дың жауын ала­ды. Ақын ме­та­фо­ра­ның бар­лық үл­гі­ле­рін (жай тү­рін, ұл­ғай­ған тү­рін) ше­бер қол­да­на біл­ген 167

Жа­ран­дар, құ­ла­ғың сал ке­ңе­сі­ме, Қай­ғы­ның мі­ніп тұр­мын ке­ме­сі­не. Отыр­мын құй­рық қой­ып осы күн­де, Үш қыр­лы қа­сі­рет­тің ше­ге­сі­не... Бұл күн­де біз қай­ғы­да, қу­лар аман, Ха­лық­тың шай қай­нат­қан тө­бе­сі­не. (Тұт­қын­да­лу)

Осы өлең жол­да­рын­да­ғы «қай­ғы­ның ке­ме­сі», «қа­сі­рет­тің ше­ ге­сі», «тө­бе­ге шай қай­на­ту» сияқ­ты орам­дар – та­ла­нт­ты ақын ті­ лі­нің әсер­лі­лі­гін арт­ты­ра­тын бей­не­лі сөз тір­кес­те­рі еке­ні бір­ден аң­ға­ры­ла­ды. Ақын кей­де өлең әсе­рін арт­ты­ру үшін құ­был­ту­дың түр­ле­рін де қол­дан­ған. Бас­қа­ша айт­қан­да, сөз­ді ауыс­ты­ру ма­ғы­ на­сын­да пай­да­ла­на­ды. Мә­се­лен: Бі­рің-жал, бі­рің-қа­нат, бі­рің-құй­рық, Қу­дан ұш­қыр, құ­лан­нан өң­кей жүй­рік.

Не­ме­се:

Тұм­ша­лап ал­ғы өмір­ді тұ­ман­ме­нен, Кө­зім­ді көр­мес қы­лып та­ға­лат­тың, –

деп сөз­ді ер­кін құ­был­та қол­да­на­ды. Сөз­дің әу бас­та­ғы лек­си­ка­лық ма­ғы­на­сын­да емес, ұқ­са­ту жо­ лы­мен ме­та­фо­ра жа­сап, сөз мә­нер­лі­гін арт­тыл­ған. Мұн­дай ерек­ ше­лік шы­ғар­ма­ла­рын сөз ет­кен ақын­дар­дың кө­бі­нен та­бы­ла­ды. Ойла­саң, өмір-­сау­да, дү­ние- ба­зар, Ал­дан­ған бай­ып­та­май жыл­дан азар. (Ақыт)

Не­ме­се:

Ақыл-ал­тын, ой-­сауап, де­не- қор­ған, Ғы­лым­ме­нен кеуде­міз нұр­ға тол­ған. (Әсет)

Не бол­ма­са:

Ел-те­ңіз, ақын-үй­рек де­ген дейт­ін Ха­лық­тан те­ріп жүр­міз не­сі­бе­ні. (Кө­дек)

168

Поэзияда­ғы осын­дай өр­нек­тер­ді ақын­дар өз туын­ды­ла­рын­ да«қи­сы­нын тауып, қиыс­ты­ра» біл­ген. Қа­зақ ті­лін­де­гі алуан түр­лі те­ңеу ті­сіл­де­рі­нің бә­рі де Таң­жа­ рық, Ақыт, Әсет, Кө­дек, Асыл­қан т.б. өнер иеле­рі­нің­шы­ғар­ма­ла­ рын­да қи­лы-қи­лы жол­дар­мен ке­лі­сім тауып кез­де­сіп оты­ра­ды. Жан са­рай­ың­ды нұр­лан­ды­ра­тын мұн­дай бей­не­леу құ­рал­да­ры айт­пақ­шы бол­ған ой­мен іш­тей қа­бы­сып, бір-бі­рі­мен өрі­ле жал­ға­ сып, өлең­де­рі­нің са­па­сын, әсе­рін биік­те те тү­се­ді. Ақын­дар ту­ған то­пы­ра­ғы­ның та­би­ға­тын тал­ғам­паз­дық­пен жыр­лап отыр­ған. Олар­дың ішін­де Таң­жа­рық оқ­шау тұ­ра­ды. Көр­ кем та­би­ғат ақын­ның өзі­не тән сти­лін, әде­би бе­тін, қа­лам қуа­тын ай­қын­дау­ға да мүм­кін­дік бе­ре­ді. Өйт­ке­ні адам та­би­ғат ая­сын­да өмір сү­ре­ді. «Адам­ның тағ­ды­ры­нан, се­зі­мі­нен, кө­ңіл-күйі­нен тыс та­би­ғат су­ре­ті жоқ. Та­би­ғат су­ре­ті жа­зу­шы­ның сти­лін де бел­гі­ лей­ді, ал, стиль – адам! Та­би­ғат су­ре­ті об­раз сы­рын аша­ды, ал об­раз-адам!» [43, 127-б.], – деп, ака­де­мик Зей­нол­ла Қаб­до­лов айт­қан­дай, Таң­жа­рық­тың та­би­ғат­тан алуан ай­шық­ты өр­нек­тер та­бу­да өзін­дік ба­ғы­ты, сти­лі бар. Ақын­ның та­би­ғат ли­ри­ка­ла­рын «Мың құл­пыр­ған та­би­ғат құ­бы­лыс­та­ры адам ба­ла­сы­ның ұш­қын ат­қан се­зім дү­ниесі­не өз­ге­ріп, біз­дің көз ал­ды­мыз қи­мыл­ға, әре­ кет­ке, сыр­ға, наз­ға, үн­ге, ән­ге то­лып ке­те ба­ра­ды» [23,37-б.]. Таң­ жа­рық­тың жа­ра­ты­лыс құ­бы­лыс­та­ры­мен та­би­ғат­тың сы­рын, ке­ ре­мет құ­пиясын дөп ба­су­да кө­бі­рек қол­да­на­тын тә­сі­лі кейіп­теу бо­лып ке­ле­ді. Ақын­ның өз­ге жанр­да­ғы шы­ғар­ма­ла­рын­да қол­дан­ ған кейіп­теуле­рі­не қа­ра­ған­да, та­би­ғат ли­ри­ка­ла­рын­да қол­дан­ған кейіп­теуле­рі­нің эс­те­ти­ка­лық әсе­рі ба­сым. Он­да бар та­би­ғат ті­рі адам­дай мү­сін­де­ле­ді. «Қа­лың ағаш жа­пы­ра­ғы сы­быр­ла­сып өз­ді – өзі» деп ұлы Абай айт­қан­дай, Таң­жа­рық су­рет­теу­ле­рін­де­гі жанжа­ну­ар, тал-те­рек, гүл-шөп­тер­ге жан бі­тіп, қы­зу қи­мыл­ға кө­ше­ді. Адам­ша сөй­лей­ді, кү­ле­ді, рен­жи­ді, ән са­ла­ды, би би­лей­ді.әр шоқ гүл,әр түп ағаш, әр түр­лі жа­ну­ар өз ал­ды­на бір-бір кейіп­кер, жан­ ды об­раз тә­різ­ді»[44,59-б.]. Кейіп­теу ама­лы қа­зақ­тың ха­лық­тық фоль­кло­рын­да, әде­би ті­ лін­де ежел­ден бар кө­рік­теу құ­ра­лы. Оны ең ал­ғаш ас­қан ше­бер­ лік­пен құ­был­та қол­дан­ған да­на Абай еді. Абай­ды өзі­не ұс­таз­тұт­ қан Таң­жа­рық бұл тә­сіл­ді­қол­да­ну­да аса тал­ғам­паз­дық пен жа­сам­ паз­дық та­ны­та­ды Таң­жа­рық­тың тау та­би­ға­тын су­рет­те­ген өле­ңі бас­тан-аяқ кейіп­теу тә­сі­лі­мен жа­зыл­ған де­се де бол­ған­дай. Өлең­де тау­да­ғы 169

бар жа­ра­ты­лыс, өсім­дік, жан-жа­ну­ар атау­лы адам кей­пі­не, адам­ дар­да бо­ла­тын ха­рак­тер­лік ерек­ше­лік­тер­ге, адам­дар­дың ара қа­ ты­на­сы­на кө­ші­ріп бел­гі­лі­тір­ші­лік ор­та­сы тұл­ға­ла­на­ды. Бұл су­ рет­теу­лер­ді оқы­ған­да, ақын­ның су­рет­кер­лік да­ра­лы­ғы­на кө­зі­міз же­те­ді. Ерек­ше се­зім күй­ге бө­ле­ген­дей бо­ла­ды. Тау кө­рі­ні­сін бей­не­ле­ген­де тап­қыр ойлы ақын­ның су­рет­кер­ лік қол­таң­ба­сы мен ­мұн­да­лай­ды. Ен­ді бір сәт Анар мен Сәуле­нің ал­ғаш рет айлы түн­де, бұ­лақ бой­ын­да, қа­лың ағаш ара­сын­да кез­ дес­кен сә­тін оқып кө­ре­лік: Қар­сы алып екі жас­тың қо­сыл­ға­нын, Жел шап­ты шүйін­ші­ге оң мен сол­ға. Жа­пы­рақ бір-бі­рі­не сы­быр­лап тұр, Соқ­қан­дай ала­қа­нын ер­кін ол да.

Та­би­ғат­қа жан­да­нып қо­ше­мет ет­кен­дей кө­ңіл-күй­ді сер­гі­те­ді. Анар мен Сәуле­нің бір-бі­рі­не де­ген ің­кәр­лі­гі­не адам ға­на емес, бар­лық жа­ра­ты­лыс қы­зы­ға қа­рай­ды, құп­та­ған­дай кейіп та­ны­та­ды Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­рын­да жан­сыз зат­тар­мен қа­тар хайуа­ нат­тар­ға адам­дық қа­сиет, адам­дық іс-әре­кет бе­ре­тін кейіп­теу ама­ лы­ның пер­не­леу (ал­ле­го­рия) тү­рі де қиюуын тауып қол­да­ны­ла­ды. «Бө­рі мен Бө­рі­ба­сар» – мы­сал туын­ды­сын­да ал­ле­го­риялау­мен бір­ге ке­кеу (иро­ния), сы­қақ (сар­казм) жә­не сим­вол амал­да­ры да жат­қа­нын аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Бө­рі­ба­сар­дың сө­зі: Бұл жер­ге ке­ліп қап­сың ме­ні біл­мей, Ке­ле­сің ба­са көк­теп кө­зі­ңе іл­мей, –

деп қыр көр­се­те сөй­ле­се, Бө­рі­нің сө­зі:

– Ей бай­ғұс, ті­лің­ді тарт, Бө­рі­ба­са­рым, Кім ар­тық, құ­дай бі­лер, көп жа­са­рын, –

деп ны­ғыз­да­ла­ды. Бө­рі мен Бө­рі­ба­сар­ға адам­дық кейіп бе­рі­лу­мен қа­тар,бө­рі – зор­лық­тың, ит – адал­дық­тың сим­во­лы ре­тін­де алы­на­ды. Ал­ле­го­ рия ама­лы ар­қы­лы арам қу­лық пен адал­дық­тың тар­ты­сы кейіп­те­ ле­ді. Ақын­ның осы туын­ды­сы­на зер сал­сақ, та­ғы да Абай ық­па­ лы бай­қа­ла­ды. Абай­дың Кры­лов­тан ау­дар­ған, «Есек пен бұл­бұл», 170

«Қар­ға мен түл­кі», «Өгіз бен ба­қа» сияқ­ты мы­сал­да­ры­на елік­теп жаз­ға­нын ай­қын аң­ға­ра­мыз. Ақын өзі жа­са­ған аума­лы-төк­пе­лі тар за­ман мен қым қуыт қай­шы­лық­та­рын Абай­ша ше­неп, әжуа ете­ді. Жас ет де­сем мы­науы сі­рі екен ғой, Қан жай­лау­да қаң­ғы­рып жүр екен ғой. Шы­ғай­бай бі­реу де­сем, екеу екен, Аға­сы өліп, іні­сі ті­рі екен ғой. – («Сі­рі екен ғой»)

деп, сол тұс­та­ғы кей­бір ұлық­тар мен бай­лар­дың дү­ниеқор қа­ раулы­ғы мен жем­қор­лы­ғын сай­қы ма­зақ ете­ді. Осын­дай ащы мыс­қыл Әсет­тің «Қы­зыр тө­ре­ге», Кө­дек­тің «Бір бо­лыс­қа», «Құрт­ қа-Ма­май» қа­ғыт­па­ла­ры­нан да бай­қа­ла­ды. Осы ар­қы­лы ха­лық­ты мә­де­ниет­ке, адам­гер­ші­лік-із­гі­лік­ке ша­ қы­ра­ды.Таң­жа­рық­тан зіл­сіз әжуа, бүк­пе­сіз қал­жың не­ме­се ащы сы­қақ, уыт­ты мыс­қыл­ды оқы­ған­да, тың­да­ған­да әр түр­лі адам­дар ерік­сіз езу тар­тып, шын­дық­ты амал­сыз мой­ын­даумен бір­ге та­ғы­ лым да алып жа­та­ды. Таң­жа­рық жа­са­ған дәуір әді­лет­сіз үкі­мет­тің те­геурі­ні мен ез­ гі­сі ас­қын­дап тұр­ған, на­дан­дық пен тең­сіз­дік жай­ла­ған за­ман еді. Әсі­ре­се, өт­кен ға­сыр­дың 40-жыл­да­ры Шың­жаң хал­қы­ның ба­сы­ на қа­ра бұлт үйі­ріл­ген ауыр ке­зең бол­ды. Шың Шы­сай го­мин­даң үкі­ме­ті­нің екі­бет­кей тер­рор­лық саяса­ты Шың­жаң хал­қы­на қа­ра­ лы күн ту­дыр­ды. Әр ұлт хал­қы­ның бей­кү­нә адам­да­ры «жап­тым жа­ла, жақ­тым күйеге» ұшы­рап, үл­кен күй­зе­ліс­ке тап бол­ды. Ха­ лық­тың бе­дел­ді, сау­ат­ты аза­мат­та­ры абақ­ты­ға айда­лып ке­те бар­ ды. Ақын­дар қа­ра­лы жыл­дар­дың қа­сі­ре­ті мен қа­тал шын­ды­ғын, го­мин­даң жен­дет­те­рі­нің жауыз­ды­ғын әш­ке­ре­леуде жә­не бей­кү­на ха­лық бұ­қа­ра­сы мен алаяқ жауыз­дар­дың айыр­ма­шы­лы­ғын көр­ се­ту­де кө­бі­не­се сим­вол, ауыс­ты­ру (си­нек­до­ха), әсі­ре­леу қа­тар­лы көр­кем­деу амал­да­рын ұтым­ды пай­да­ла­нып, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­тіп оты­ра­ды.Олар мұн­дайда ұнам­ды об­раз­дар­ды не­ме­се бір об­раз­дың ұнам­ды қа­сиет­те­рін бей­не­леуде ла­шын, сұң­қар, ақ­қу, қар­шы­ға, тұй­ғын сы­қыл­ды құс об­раз­да­рын қол­да­на­ды. Ал ұнам­ сыз об­раз­дар мен жа­ғым­сыз жайт­тер­ді бей­не­леуде кө­бін­де қар­ғақұз­ғын, құ­май, сауыс­қан жә­не қас­қыр, ит сияқ­ты­лар­ды кө­бі­рек қол­да­на­ды. Таң­жа­рық ақын бы­лай дей­ді: 171

Дү­ние бү­гін таң­да өз­ге­ріп тұр, Бас­тау­шы жал­ған, жа­ла сөз­ге еріп тұр. Ме­зі боп шұ­қы­ла­ған сауыс­қан­нан, Жыл­қы­дай әл­сі­ре­ген сен­де­ліп тұр. Бү­лік сап жыл­қы ішін­де ман­дам ай­ғыр, Жы­ми­ып құ­лақ­та­рын кез ке­ліп тұр...

Бұл сияқ­ты ерек­ше­лік бас­қа ақын­дар мұ­ра­ла­ры­нан да та­бы­ ла­ды. Ақын ас­тар­лау ар­қы­лы түй­сі­ну мен тү­сі­ну­дің жа­ңа бір сырси­па­тын көр­сет­кен­дей бо­ла­ды. Тө­мен­де­гі жол­дар­ға зер са­лай­ық: Көк ке­зең бұл­дыр­лай­ды шы­ғыс жақ­тан, Түс­кен­дей мұ­нар ба­сып пат­ша тақ­тан. Жол са­лып тау­ды бұ­зып, тас­ты жа­рып, Дол­да­нып ашу­лы су шап­шып ақ­қан. («Іле си­па­ты»)

Ақын кей­бір өлең­де­рін­де қо­ғам­да­ғы түр­лі мә­се­ле­ні әсі­ре­се үш ай­мақ төң­ке­ріс­ші­ле­рі­нің жо­рық­та­ры мен же­ңіс­те­рін сим­вол­ мен кө­ңіл­ге ұяла­та­ды. Айталық, «Іле си­па­ты» ат­ты өле­ңін­де де ас­тар­лау ба­сым. Қа­ра­ғай­ды ту­ған хал­қы­ның азат­ты­ғы үшін жа­нын ту етіп кө­ тер­ген адал ер ұл­да­ры­ның, ха­лық­қа қор­ған, ел­ге ұйыт­қы бол­ған арыс аза­мат­та­ры­ның сим­во­лы етіп, олар­дың ха­лық­тың қа­мын жеп, елі­нің мүш­кіл тағ­ды­ры­на қа­быр­ға­сы қай­ыс­қан, қа­мық­қан кө­ңі­лі ас­тар­лы бей­не­ле­не­ді. Қор­лық­пен қор боп өт­кен не­лер се­рі, Адам­ды күй­ді­ре­тін осы же­рі. Жем бол­ды қар­ға, құз­ғын, ит пен құс­қа, Елім­нің, амал бар ма, есіл ері.

Не­ме­се Кө­дек­тің: Жиыр­ма же­тін­ші жыл бол­ға­нын­да, Тас­қын­ның та­сыр­ла­ды де­ре­гі көп. Жы­лы­на оты­зын­шы бар­ға­нын­да Ар­на­ның ас­қын­да­ды ке­ме­рі жоқ, –

де­ген жол­да­ры да ұтым­ды айт­ыл­ған. Мұн­да да ту­ра айтудың ор­ ны­на ас­тар­лау ар­қы­лы айтылар шын­дық­қа ерек­ше рең бе­рі­ле­ді. 172

Таң­жа­рық­тың ал­дың­ғы бір шу­ма­ғын­да кө­рік­теу құ­ра­лы­ның сим­вол­дау ама­лы да, зат­тың ор­ны­на зат­тың ерек­ше­лі­гі жү­ре­тін не­ме­се адам жө­ні­нен ал­ған­да, бел­гі­лі бір адам­ның бел­гі­лі бір об­ раз­ды­лық ерек­ше­лі­гі көр­се­ті­ле­тін ауыс­ты­ру ама­лы да бар. Қор­ лық­пен өл­ті­ріл­ген адам­дар­дың ор­ны­на «адам» де­ген өз атауы қол­да­ныл­май, адам­ның ең асыл об­раз­ды қа­сиет­те­рі­нің бі­рі – «се­ рі» атауы ауыс­ты­ры­лып қол­да­ныл­са, қа­зақ хал­қы ең жек кө­ре­тін, жауыз, жем­тік­құ­мар са­найт­ын құс­тар-қар­ға, құз­ғын,ит пен құс го­мин­даң жен­дет­те­рі­нің сим­во­лы ре­тін­де алы­нып отыр. Ен­ді бір жа­ғы­нан, го­мин­даң қан ішер­ле­рі­ні­ңөз атауы қол­да­ныл­май, оның ор­ны­на бұл құс­тар­дың ат­та­ры ауыс­ты­ры­лып қол­да­ны­лып, айтылар ой, пі­кір об­раз­дан­ды­ры­лып, көр­кем­де­ліп жет­кі­зі­ліп отыр. Кей­де ақын бү­тін­нің ор­ны­на бөл­шек, жал­пы­ның ор­ны­на жал­ қы қол­да­ны­лу ар­қы­лы, ауы­сып кел­ген зат­тың си­па­ты, об­раз­ды ерек­ше­лі­гін да­ра­лап бей­не­лі­лі­гін арт­ты­ра­ды. Маз­мұн те­рең­деп, бояуы қоюла­на түс­кен. Қа­лың­ды­ғы төрт елі, Отыз па­ра құ­ран­дай. ­Сауал­дың тү­рін көр­ген­де, Ор­ным­нан қал­дым тұ­ра ал­май. («Тұт­қын­да­лу»)

Жа­быс­қан пә­ле мен жа­ла­ның көп­ті­гін біл­ді­ру үшін, ақын жа­ зыл­ған ма­те­ри­ал­ды әсі­ре­леп те­ңей­ді жә­не оны көр­ген­де, ор­ны­нан тұ­ра ал­май қал­ған­ды­ғын айтады. Өз ба­сы осын­дай тау­қі­мет тар­ тып, қор­лық кө­ріп жат­қан тұс­та­ғы өз ұл­ты­ның да көр­ген аза­бы мен тақ­сі­ре­тін жә­не жауыз­жен­дет­тер­дің хайуан­дық та­ғы­лы­ғын: Сой­ған­дай қуа­нып жүр қы­зыл түл­кі, Қа­зақ­тың қа­нын ішіп, ба­сын мү­жіп, –

деп го­мин­даң жен­дет­те­рі­нің қа­зақ­қа ба­тыр­ған тіс-тыр­на­ғын, қа­ті­ гез­ді­гін әсі­ре­леп елес­те­те­ді. Ал «Анар-Сәуле» да­станын­да Не­сіп­бек­тің Сұр­кү­лі­гі­нің жүй­рік­ ті­гін жә­не ақ­қан те­рін ұш­қан құс­тай жер бауыр­лап ке­ле­ді, тер те­сік ше­лек суын­дай сыр­қы­ра­ды деп мей­лін­ше әсі­ре­лей су­рет­тейді. Ақ кө­бік Сұр­кү­лік­тен бұр­қы­ра­ды, Са­ғым­дай қыз­ған сай­ын сыр­қы­ра­ды.

173

Там­шы­лап үл­пер­шек­тен тө­гіл­ген тер, Суын­дай те­сік ше­лек ыр­шы­ла­ды, –

дей­ді. Ал Ақыт бір да­станын­да: Дұш­пан­ның бой­ын көр­сең мұ­на­ра­дай, Ауызы үл­кен үң­гір те­рең жар­дай, –

деп әсі­ре­леу тә­сі­лі­мен адам­ның шы­ма­дан тыс тұл­ға­сын көз ал­ ды­ға әке­ле­ді. Жо­ға­ры­да­ғы мы­сал­дар­да ақын­дар әсі­ре­леу ама­лы­ның те­ңеу ар­қы­лы қо­сал­қы әсі­ре­лейт­ін әрі еш­қан­дай дә­не­кер­сіз ті­ке әсі­ре­ лейт­ін ги­пер­бо­ла (ұл­ғайту) тү­рін қол­дан­ған. Әсі­ре­леудің ен­ді­гі бір тү­рі – ли­то­та (кі­ші­рейту) де­лі­не­ді. Мы­са­лы, «Іле си­па­тын­да»: Бес­тө­бе, бес­та­мақ­тар – бүй­рек, бауыр, Қа­те­сіз Арал­тө­бе – жү­ре­гін­дей. Көк көр­пе жа­тыр бой­ға өл­ше­ніл­мей, Есеп­тің бұ­лақ­та­ры бөл­ше­гін­дей, –

деп те­ңеу дә­не­кер­лі­гі мен тау­ды мей­лін­ше кі­ші­рейт­іп көр­се­те­ ді. Ақын­дар сан түр­лі өмір құ­бы­лыс­та­ры­ның қа­ра­ма-қай­шы­лық­ та­рын, іш­кі мә­нін ашып көр­се­ту­де шен­дес­ті­ру ама­лын ше­бер­лік­ пен пай­да­ла­нып, айт­ар ойла­рын ай­шық­тай тү­се­ді. Жо­март бар жоқ-жі­тік­ке па­на бол­ған, Қын­жыл­май он­ды бер­се, бір­ді ала­ды. Са­раң бар қол­дан тиын шы­ғар­майт­ын, Ал­дауме­нен ай тү­гі­лі жыл­ды ала­ды, –

деп «Ел сы­ры» ат­ты өле­ңін­де жо­март пен са­раң­ның, қу­лар мен мо­мын­ның екі түр­лі ха­рак­тер­ле­рі са­лыс­ты­ры­лып, бі­рі­нің жақ­ сы, ма­ра­пат­тар­лық ерек­ше­лі­гі, ен­ді бі­рі­нің жа­ман, жир­ке­ніш­ті қы­лы­ғы көр­нек­ті­ле­не­ді, шен­дес­ті­ру ар­қы­лы кейіп­кер ха­рак­те­рі ашы­ла­ды. «Дү­ние зыр­лап» өле­ңін­де де шен­дес­ті­ру ама­лы­ның бір зат­тың өз бой­ын­да­ғы екі жақ­ты ке­ре­ғар­лы­ғын са­лыс­ты­ра­тын тү­ рі қол­дан­ған. Өмір­дің бір­де қуа­ныш, бір­де қай­ғы­лы, өр­лі-қыр­лы, кей­де тү­зу, кей­де бұ­раң бо­ла­тын екі түр­лі фи­ло­со­фиясы са­лыс­ты­ ры­лып, бол­мыс­тың қай­шы­лық­ты қа­ты­на­сы ашыл­ған. 174

Құ­ры­лы­мы қа­рай­лас, ма­ғы­на­сы орай­лас, тіл­дік ек­пі­ні бі­рың­ ғай ке­ле­тін қа­тар­лау ама­лы да Таң­жа­рық­тың бол­мыс­ты си­пат­тау­ да­ғы тап­қыр­лы­ғы мен та­ма­ша тә­сі­лі­не ай­нал­ған. Жі­бер­ді ән­ді Сәуле сор­ға­ла­тып, Мың бұ­рап, жүз құ­был­тып, жор­ға­ла­тып. Бір­де аш­ты, бір­де қо­ңыр, бір­де нә­зік, Бір­де бос, бір­де баяу, қор­ға­ла­тып...

Осы өлең Әсет ақын­ның «Ән сал­саң, Әсет­тей сал аңы­ра­тып, жай­лан­тып, жа­ды­ра­тып, қо­ңыр­ла­тып» деп бас­та­ла­тын өле­ңі­мен үн­де­сіп жа­та­ды. Екеуі де – ша­быт­тан ту­ған, тө­гі­ліп тұр­ған поэ­ зия. Қа­тар­лау әді­сін еп­пен, се­зім­тал­діқ­пен пай­да­ла­нып, «өлең­ге құ­лақ­тан кі­ріп бой­ды ала­тын» сыр­лы му­зы­ка­лық әуен сі­ңір­ген. Біз шы­ғар­ма­ла­рын сөз ет­кен ақын­дар­дың шы­найы се­зім, те­ рең ой-та­ным­да­рын жет­кі­зу­де ше­шен­дік сөз­дер­дің не­бір түр­ле­ рін қол­да­на­ды. Атап айт­қан­да Ақыт­тың «Ас­пан­да­ғы ай мен күн», «Ал, жа­раң­дар, тың­дай бер», Таң­жа­рық­тың «Бір мы­сал», «Мы­ на аты­ңыз қа­ра­ма?», Кө­дек­тің «Жай­сыз өт­кен жай­лау­дан», «Қа­ ра су ас бол­майды қай­на­ған­мен» т.б. өлең­де­рін­де ше­шен­дік сөз­ дің үл­гі-өр­не­гі бір­ден бай­қа­ла­ды. Бұл туын­ды­ла­рын­да ақын­дар ора­лым­ды ойды тө­гіп айту ар­қы­лы те­рең те­бі­ре­ніс­ке бой ұра­ды. Ақын­дық пен ше­шен­дік бір-бі­рі­не өте жа­қын өнер бол­ған­дық­ тан мұн­дай сәй­кес­тік бо­луы орын­ды еке­нін айту қа­жет. Біз сөз ет­кен ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да ше­шен­дік-тап­қыр­лық сөз­дер­дің көп ұшы­ра­суы ше­шен­дік сөз­дер­дің айт­ыс-­дау­да туып да­муының да әсе­рі бол­май қал­ма­ған. Екін­ші­ден, бұл ақын­дар­дың бә­рі де ха­ лық ауыз әде­биеті­нен үй­рен­ген, үл­гі ал­ған өнер иеле­рі. Бұл рет­те де ше­шен­дік бай­лау­ғаете­не жа­қын өнер бол­ған. Өйт­ке­ні көп­тің кө­ңі­лі­нен шық­қан сөз ға­на жа­ды да көп сақ­та­ла­ды. Олай бол­са өз туын­ды­ла­рын­да қо­ғам­дық-әлеу­мет­тік мә­се­ле­лер­ді кө­те­ре­тін ақын­дар­дың ше­шен­дік өнер­ден ал­шақ­тауы мүм­кін емес. Ажар­лау­дың бір тү­рі кө­не дәуір­ден бас­тау ала­тын- қайталау. Ақын­дар ды­быс­ты не же­ке­ле­ген сөз­дер­ді қайтала­ған­да бел­гі­лі бір мақ­сат­ты көз­дейді. Кей­де бір нәр­се­ге ерек­ше на­зар ауда­ру­ды жөн кө­ре­ді. Сон­дық­тан бір сөз­ге ерек­ше ек­пін тү­сі­ріп қайталап оты­ра­ды. Бұл шы­ғар­ма­ның эмо­циялық әсе­рін кү­шейт­уі мүм­кін. Ақын­дар мұн­дай тә­сіл­ді оң­тай­лы қол­дан­ған. Мә­се­лен, Таң­жа­рық «Ел­ге хат» өле­ңін­де бы­лай дей­ді. 175

Ар­ма­ным- әт­тең дү­ние, хә­лім ме­нің, Бол­ма­ды-ау сө­зім күш­ті, ма­лым ме­нің. Бо­са­ға ке­дей­ді­кі, төр бай­ді­кі, Қай­на­ды сол же­рі­не қа­ным ме­нің...

Бұл өлең­де «ме­нің» де­ген сөз өлең аяқ­тал­ған­ша он бір рет қайтала­на­ды. Мұн­дай бір сөз ой тияна­ғы ре­тін­де үз­дік­сіз, үс­ті-үс­ті­ не қайтала­на­тын өлең­дер Таң­жа­рық­та аз емес. Әсі­ре­се, «Өт­кен күн» тол­ғауын­да ең көп бо­лып, «күн» де­ген сөз 59 рет қайтала­на­ды. Мұн­дай ерек­ше­лік Ақыт ақын­да да жиі ұшы­ра­са­ды. Мы­са­ лы, «Асан ата деп еді» тол­ғауын­да «азар» сө­зі жиыр­ма бір, «Біс­ міл­лә тә­ңі­рім бір бо­лар» өле­ңін­де «күн бо­лар» сө­зін қы­рық рет қайталай­ды. Әсет «Отыз­да­ғы ой» тол­ғауын­да «екен» сө­зін он бес рет қайталай­ды. Кө­дек ақын «Ұшық» өле­ңін­де «кет» сө­зін ал­ты рет қайталап қол­да­на­ды.Бұл қайталаулар шы­ғар­ма­ның үн­ді­лі­гі мен ыр­ғақ­ты­лы­ғын арт­ты­рып, әсе­рін кү­шейте түс­кен. Екін­ші­ден, айт­ар ойла­рын са­ты­лап те­рең­де­те тү­су­ге мүм­кін­дік ту­дыр­ған. Жи­нақ­тай айт­қан­да, ақын­дар шы­ғар­ма­ла­рын­да­ғы көр­кем­дік амал­дар осы­лар ға­на емес. Поэти­ка­лық сөз өр­не­гі­нің бар­лық түр­ ле­рін та­бу­ға бо­ла­ды. Ақын­дар поэзиясы­ның тар­тым­ды тіл кес­те­ сі олар­дың та­ным-тал­ға­мын да та­ны­та­ды. Олар­дың кей­бір өлең жол­да­ры ақыл-на­қыл қа­нат­ты сөз­дер­дей әсер қал­ды­ра­ды. Кей­де ха­лық­тың ма­қал-мә­тел­де­рін пай­да­ла­нып, айт­ар ойла­ры­ның мә­ нін кү­шейте тү­се­ді. Ақын­дар мұ­ра­сын­да құ­нар­лы ой­дан ту­ған құн­ды сөз­дер бар­шы­лық. Әсі­ре­се бұ­лар­дың үл­кен­ді-кі­ші­лі туын­ ды­ла­рын­да көп, жиі қол­да­ны­ла­тын көр­кем құ­рал­да­ры эпи­тет пен те­ңеу еке­ні аң­ға­ры­ла­ды. Поэзияда­ғы құ­ді­рет­ті күш­тің бі­рі нә­зік се­зім­ді тер­бер ажар­лы айшы­ғын­да еке­ні дау­сыз. Әде­би шы­ғар­ ма­ның мә­ні оның та­ным­дық-тәр­бие­лік, көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық си­пат­та­ры­ның бір­лі­гі­не не­гіз­де­ле­ді де­сек, біз шы­ғар­ма­ла­рын қа­ рас­тыр­ған ақын­дар осы та­лап­қа лай­ық­ты тұл­ға­лар де­сек ар­тық айт­қан­дық емес.

176

4

АҚЫН­ДЫҚ ОРТА ЖӘНЕ ӘДЕБИ ҮР­ДІС

ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы­нан ХХ ға­сыр­дың 50-жыл­да­ ры­на дейін Қы­тай­да­ғы қа­зақ­тар­дың мә­де­ни-әлеу­мет­тік өмі­рін­ де­гі әра­лу­ан қай­шы­лық­тар­дың шиеле­ніс­кен ке­зі бол­ды. Қо­ғам­ дық жүйеде­гі тұ­рақ­сыз­дық, сан құ­был­ған сая­сат ру­ха­ни дү­ниеге қат­ты әсер ет­ті. Атал­мыш ке­зең әде­биеті­нің өзі­не дейін­гі ұлт­тық әде­биет­пен са­бақ­тас­ты­ғы, жал­ғас­ты­ғы бар, со­ны­мен қа­тар шы­ ғар­ма­шы­лы­ғы тұр­ғы­сы­нан елеу­лі ерек­ше­лі­гі мен айыр­ма­сы да же­тер­лік. Осы тұс­та ха­лық әде­биеті үл­гі­ле­рі көп ба­сыл­ды, бас­па сөз да­ми бас­та­ды. Қы­тай қа­зақ­та­ры­ның ара­сын­да Қа­зан, Таш­кент бас­па­ла­ры­нан шық­қан кей­бір кі­тап­тар та­ра­тыл­ды. Әде­би өмір­ де жаз­ба­ша әде­би сын да қа­лып­тас­ты. Мұ­ның бә­рі әде­би- мә­де­ ни өмір­дің елеу­лі оқи­ға­ла­ры бол­са, әде­биет­тің іш­кі маз­мұ­нын­ да, сырт­қы пі­ші­нін­де өз­ге­ру, жа­ңа­ру үр­діс­те­рі де бай­қал­ды. Абай поэзия­сын­да­ғы реа­лис­тік дәс­түр­дің ық­па­лы да аз бол­ма­ған. Оған қо­са ді­ни-ағар­ту­шы­лық әде­биет­тің са­рын­да­ры да әсер ет­ті. На­ зи­ра­шыл­дық да да­мы­ды. Кей­бір ақын­дар шы­ғар­ма­ла­ры­нан зар за­ман әде­биеті­нің сі­лем­де­рі ай­қын аң­ға­рыл­ды. Ес­кі­ше оқы­ғанто­қы­ға­ны мол, жа­ңа­ша сау­ат­ты әде­би ор­та ­қа­лып­тас­ты. Елі­міз­де, та­ри­хи-мә­де­ни са­ла­да бо­лып жат­қан өз­ге­ріс­тер­дің де әсер- ық­па­ лы зор бол­ды. Атал­мыш ке­зең­де­гі елі­міз қа­зақ­та­ры­ның өне­рі мен әде­биеті жал­пы ұлт­тық сөз өне­рін­де бо­лып жат­қан өз­ге­ріс­тер­мен үн­дес, са­бақ­тас бол­ған. Бір дәуір­де өмір сү­ріп, бел­гі­лі бір қо­ғам­дықәлеу­мет­тік жағ­дайды ба­сы­нан өт­кер­ген ақын­дық ор­та­да да ұқ­ сас­тық, жал­ғас­тық ба­сым бо­ла­ды. Ой – ар­ман бір­лі­гі, көз­қа­рас­ та­рын­да­ғы ұқ­сас­тық, бел­гі­лі жанр­лар­да­ғы та­қы­рып ар­на­сы­ның ба­ғыт­тас­ты­ғы, ағар­ту­шы­лық-кү­рес­кер­лік рух­тың кө­рі­нуі, мешеу қо­ғам­ға қар­сы ке­ке­сін мен мыс­қыл­дың ар­туы, ха­лық­ты ояту­ға ден қою сияқ­ты са­рын­дар елі­міз қа­зақ әде­биетін­де де кө­рі­ніс тауып, дәс­түр­лі ақын­дық ор­та мен әде­би үр­діс­тің не­гі­зін қа­ла­ды. Оның өкіл­де­рі өзі­не дейін­гі әде­биет­тің асы­лын, үл­гі­сін ала оты­рып, дәуір­ге сай жа­ңа көр­кем­дік мүм­кін­дік­те­рін аш­ты. Өмір­ ді су­рет­теу сан алуан бол­ға­ны­мен, бә­рін бі­рік­тір­ген ор­тақ­мақ­сат 177

өз хал­қы­ның са­на­сын ояту, ер­кін­дік-тең­дік­ке қол жет­кі­зу еді. Бі­ рақ бұл идея­ның бі­рің­ғай күй­де кө­рі­ніс тап­па­сы бел­гі­лі, өйт­ке­ні әр­бір ақын­ның көр­кем­дік қа­лам қа­ры­мы­ның ше­гі, із­де­ніс ба­ғы­ты бар еке­нін ес­те ұс­тау қа­жет. Атал­мыш ор­та­да­кү­ні оз­ған кей салт­ тар мен қо­ғам­дық өмір әкел­ген ке­са­пат­тар­ға қар­сы кү­рес нақ­ты кө­рі­ніс тап­ты. Олар әлеу­мет­тік тең­сіз­дік­ті, адам өмі­рі­нің, құ­қы­ ғы­ның аяқ ас­ты бол­ға­нын көз­бен кө­ріп, іш­тей се­зі­ніп өс­кен­дер бо­ла­тын. Азат­шыл­дық рух ру­ха­ни жаң­ғы­ру мен тү­леудің, ой-са­на ояну­ дың бас­ты жар­шы­сы бол­ды. Әде­би үр­діс өз­ге­ру, тү­леу,жаң­ғы­ру, жал­ға­су, жа­ңа­ру, да­му сияқ­ты ұғым­дар­мен бай­ла­ныс­ты, осы­ған орай жал­пы­ның жал­қы­ға, жал­қы­ның жал­пы­ға ти­гі­зер әсер-ық­ па­лы бо­ла­ты­ны анық. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, таяу за­ман ақын­ дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын өзі­не дейін­гі жә­не өзі­нен кейін­гі көр­нек­ті тұл­ға­лар­мен бір­лік­те, тұ­тас­тық­та қа­рас­ты­ру ХІХ-ХХ ға­сыр­да­ғы Қы­тай қа­зақ поэзия­сын­да­ғы әде­би үр­діс­ті жә­не он­да­ғы же­тек­ші әде­би күш­тер­ді ай­қын та­ну­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді. Қы­тай­да­ғы таяу, қа­зі­ріы за­ман қа­зақ әде­биетін­де­гі ақын­дар та­қыр жер­ден пай­да бол­ған жоқ. Та­ғы­лым алар, та­ғы­лым бе­рер ал­ды-ар­ты, ақын­дық айна­ла­сы бол­ды. Олар бі­рі­мен- бі­рі іле­се, қа­тар­ла­са шы­ғып, бір ба­ғыт­та, бір мақ­сат­та қа­лам тар­тып, әде­би ор­та қа­лып­тас­тас­тыр­ды. Қа­лай де­ген­мен де ық­пал­дас­тық рай­да­ ғы ақын­дық ор­та жа­са­ды. Осы рет­те біз сөз етіп отыр­ған Таң­жа­ рық, Ақыт, Шыл­бы, Асыл­хан, Кө­дек, Дос­бер, Шар­ғын қа­тар­лы ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да­ғы үн­дес­тік не­гі­зі­нен ағар­ту­шы­лық идея­ның да­муы мен әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­рі­ну ба­ғыт­та­рын­да то­ғы­са­ды. Ағар­ту­шы­лық идея да, әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­рі­нуі де бар­лық ақын­ның шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­на тән бол­ға­ны­мен, олар­ дың бір то­бы ағар­ту­шы­лық ба­ғыт­та ба­сы­мы­рақ қа­лам тер­бе­се, екін­ші­ле­рі әлеу­мет­тік мә­се­ле­ні кө­бі­рек қоз­ға­ған өлең­дер жаз­ды. Бұл орай­да Ақыт, Шыл­бы, Шар­ғын сын­ды ақын­дар ағар­ту­шы­лық идея­ның да­му­ына ба­рын­ша үлес қо­сып, ба­сым­ды­лық та­ныт­са, Асыл­хан, Кө­дек, Дос­бер­лер­дің шы­ғар­ма­ла­рын­да әлеу­мет­тік са­ рын мо­лы­нан кө­рі­не­ді. Ал Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­рын­да бұл айт­ ыл­ған мә­се­ле­лер­дің қай-қай­сы­сы да ашық­тау кө­рі­ніп, же­тіл­ді­рі­ле тү­се­ді. Әри­не, шы­ғар­ма­ла­ры тал­да­нып отыр­ған ақын­дар тек осы шең­бер ая­сын­да ға­на өлең ту­дыр­ды де­ген тү­сі­нік бол­мау ке­рек. Біз­дің бө­ліп қа­рап отыр­ға­ны­мыз – бел­гі­лі ке­зең әсе­рін­де ту­ған әде­биет­ті жүйе­леп көр­се­ту мақ­са­тын­да­ғы айт­ыл­ған ой. Әйт­пе­се 178

бұл ақын­дар аз­ды-көп­ті бол­са да алуан түр­лі та­қы­рып­та қа­лам тарт­қа­ны бел­гі­лі. Ағар­ту­шы­лық идея­ның да­муы. Ағар­ту­шы­лық идея­ның да­му­ын ай­қын­дайт­ын шы­ғар­ма­лар бе­ру тұр­ғы­сы­нан кел­ген­де, көш ба­сын­да Ақыт Үлім­жіұлы тұ­ра­ры анық. Мі­не, осы бір ке­ зең­де, бір өл­ке­де өмір кеш­кен ақын­дар­дың бас­қы буы­нын­да тұр­ ған ағар­ту­шы ақын, ха­лық­шыл қай­рат­кер Ақыт Үлім­жіұлы өзі­нің түр­лі ә­леу­мет­тік мә­се­ле­лер­ді қоз­ғайт­ын, алуан та­қы­рып­қа жаз­ған туын­ды­ла­ры­ның ішін­де ағар­ту­шы­лық, со­ны­мен қа­тар ді­ни-ағар­ ту­шы­лық идея­лар­ды са­бақ­тас­ты­ра өр­біт­кен, оның да­му­ына бар қа­жыр- қай­ра­тын жұм­са­ған ақын бол­ды. Ол – Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­сып, да­му­ына жә­не он­да­ғы ха­лық­тың ой-са­ на­сын ояту­ға елеу­лі үлес қос­қан та­ла­нт­ты, ірі су­рет­кер. Оның әде­би мұ­ра­сын жан-жақ­ты зерт­теу Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­ нің жал­пы ба­ғыт-са­ры­нын ай­қын­дау­ға мүм­кін­дік бе­ре­рі шү­бә­сіз. Сон­дық­тан Ақыт­тың ақын­дық әле­мі­не өзі жа­са­ған дауір­дің та­ ри­хи-әлеу­мет­тік жағ­дайы­мен бай­ла­ныс­ты­ра ғы­лы­ми бар­лау жа­ сап, оның көр­кем ой­дың кө­ше­лі нұс­қа­сын жа­сауға қос­қан үле­сін ашып көр­се­тіп, Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нен алар ор­ны ғы­лы­ ми тұр­ғы­да көр­се­ті­луі ке­рек­ті­гі – әри­не, өте зә­ру игі ша­ра­лар­дың бі­рі. За­ман­ға сай ақын­дық дәс­түр, әде­би үр­діс қа­лып­тас­тыр­ған қай­рат­кер ақын шы­ғар­ма­шы­лы­ғын та­ри­хи тұр­ғы­дан ба­ғам­дау қа­ жет-ақ. Кейін­гі ақын­дар мұ­ра­сын Ақыт поэзиясы­мен са­лыс­ты­ра, сал­ғас­ты­ра, жал­ғас­ты­ра зерт­теу­дің бе­ре­рі мол. Бү­гін­ге дейін Ақыт­тың 1994 жә­не 1999-жыл­да­ры екі том­дық шы­ғар­ма­лар жи­на­ғы [43] , [44] бас­па­дан шық­ты. Та­ғы бір то­мы -3) то­мы (ба­сы­лу ал­дын­да тұр). Әлі қол­ға түс­пе­ген бір қы­ды­ру шы­ғар­ма­сы бар еке­ні мә­лім. Сон­да ақын­ның бұ­рын ба­сы­лым көр­ген жә­не әлі ба­сы­лым көр­ме­ген шы­ғар­ма­сы бо­лып жал­пы мұ­ ра­сы­ның ұзын ыр­ға­сы 60-70 мың жол кө­ле­мін­де [47, 79-б.] деп мөл­шер­ле­ну­де. Мі­не, мұ­ның өзі бір ав­тор жө­ні­нен ал­ған­да, тіп­ті бір ұлт­тың ру­ха­ни қа­зы­на­сы үшін аз ең­бек бол­ма­са ке­рек. Ал­тай айма­ғы Көк­то­ғай ауда­ны­ның Қай­ыр­ты де­ген же­рін­де 1868-жы­лы дү­ние есі­гін аш­қан Ақыт­тың әке­сі Үлім­жі бай да, ақыр­ған мән­сап­ты да емес, ша­ғын ға­на дау­ле­ті бар қа­ра­пай­ым ша­руа ада­мы бол­ған. Бо­ла­шақ ақын же­ті жас­қа кел­ген­де не­ме­ре аға­сы Са­дық Же­бе­нұлы­нан, онан кейін ауыл мол­ла­сы Ғұс­ман­нан оқып сауа­тын аша­ды. Ер же­те ке­ле Бұ­ха­ра­дан кел­ген оқы­мыс­ты Мах­бу­бұл­ла­дан (Мыр­за­ба­қа) оқып, араб, пар­сы тіл­де­рін үйре­не­ 179

ді. Со­ны­мен бір­ге Қа­зан, Стам­бұл бас­па­ла­ры­нан шық­қан араб, пар­сы, түр­кі, ша­ға­тай тіл­де­рін­де­гі әде­биет­тер­мен та­ны­са­ды. Ол бұл кі­тап­тар­ды өз ұс­та­зы­нан алып оқып, бі­лі­мін же­тіл­ді­ре тү­се­ді. Алай­да оның жал­ғас­ты бі­лім ие­леуіне тап­шы тұр­мыс жар бер­ мейді. Әрі ол кез­де ел ішін­де тұ­рақ­ты оқы­та­тын мек­теп те жоқ бо­ла­тын-ды. Со­ны­мен өз ор­та­сын­да едәуір сау­ат­ты, сер­гек жі­гіт 1890-1900-жыл­да­ры (Ал­тай, Қоб­да, Зай­сан ара­лы­ғын­да­ғы поч­ та бо­лім­ше­сін­де) ме­ден­де жұ­мыс іс­тей­ді. Осы қыз­мет­те жү­ріп, Ор­та Азия ара­лы­ғын­да­ғы хат-қа­ты­нас ар­қы­лы бір­та­лай әде­би кі­тап­тар­ды тауып оқи­ды. Фир­дау­си, Қо­жа Ха­физ, ни­за­ми, Науай, Со­фы Ал­лаяр т.б. Әйгі­лі шы­ғыс клас­сик­те­рі­нің ші­ғар­ма­ла­ ры­мен та­ны­са­ды. Қар­ша­дайы­нан өнер- бі­лім­ге құш­тар, зер­де­лі жас жұ­мыс іс­тей жү­ріп, өз бе­ті­мен бі­лі­мін кө­те­ре тү­су­мен бір­ге, қа­ла­мын да қо­лы­нан бір сәт тас­та­ған емес. Осы тұс­та ол өзі­ның тыр­нақ ал­ды да­станы – «Жи­һан­ша­ны» 22 жа­сын­да жа­зып бі­ті­ріп, қа­зан бас­па­сы­на жол­дайды. Дас­тан 1897-жы­лы жек кі­тап бо­лып ба­сы­лып шы­ға­ды. Осы­дан бас­тап ауыл ара­сын­да салт­тық айт­ыс­ тар­ға қа­ты­на­сып, сөз қа­ғыс­ты­ра­тын, қа­ғыт­па-қал­жың, ар­нау өлең айтатын дағ­ды­сын тас­тап бы­рың­ғай жа­зу­ға кө­ше­ді. Өлең­де­рі­нің бет-бағ­да­ры да әлеу­мет­тік-аза­мат­тық та­қы­рып­қа ойыса­ды. На­зи­ ра­лық дәс­түр мен шы­ғыс ер­те­гі­ле­рі же­лі­сін­де көп­те­ген қис­са­лар жа­за­ды. «Жи­һан­ша» да­станы­на жал­ғас қа­зан бас­па­сы­нан «Хис­ саи Жи­һан­шах Та­мұз­ша­хұғ­лы»(1901), «Хис­саи Ғаб­дул­мү­лі­кұлы» (1901), «Ахуал қия­мет» (1908), «Абият ға­хи­дия» (1909), «Ке­рей иша­ны Мұ­ха­мет мө­мін» (1909), «Хис­саи Сай­фұл­мә­лік»,«Хис­саи ма­на­хып нур­лан ға­зи­зан»жә­не«Ақыт Үлім­жіұлы­ның өмір­баяны» [12, 31-б.]. Қа­тар­лы то­ғыз кі­та­бы ба­сы­лып та­ра­ты­ла­ды. Бұ­лар­дың кей­бі­рі сол жыл­дар­да бір­не­ше мәр­те қайта ба­сы­лып­ты. Ақыт­тың бі­лі­мін, та­лан­тын ба­ға­ла­ған әрі жоқ­шы­лық, тап­шы­ лы­ғы­на жан­да­ры ашы­ған Қоб­да­да­ғы дос­та­ры – Бар­дам, Лай­ық, Ораз­бек­тер оны өз қа­та­ры­на кө­ші­ріп ап, ба­ла­ла­рын оқы­та бас­ тайды. Сөйт­іп, бі­раз жыл ағар­ту­шы­лық­пен айна­лы­са жү­ріп, оған қо­са жан се­рі­гі өле­ңін тас­та­май­жа­за жү­ре­ді. Осы Бар­дам, Лай­ық, Ораз­бек­тер бас­та­ған бі­раз адам (Қоб­да, Ал­тай, Тар­ба­ға­тай өңі­рі­нен) қа­жы­ға бар­ған­да араб-пар­сы тіл­де­ рін бір­ша­ма қа­нық бі­ле­тін, еті ті­рі, ел­ге­зек Ақыт­ты қол­қа­лап, жол қа­ра­жа­тын кө­те­ріп, әрі тіл­маш, әрі ат­қос­шы ре­тін­де мек­ке­ге бір­ге ер­тіп апа­ра­ды. Ақыт осы са­па­рын­да ел кө­ріп, жер та­ну, көз ая­ сын ке­ңейту мақ­са­ты­мен са­пар­лас­та­ры­нан бө­лі­ніп, жал­ғыз қа­ла­ 180

ды. Со­нан Ара­бияның бір­не­ше қа­ла­ла­рын ара­лап (Мә­ди­не, Шам, Стам­бұл), ел­дің тұр­мыс-тір­ші­лі­гі, мә­де­ниеті­мен та­ны­са­ды. Араб мә­де­ниетін көз­бен кө­ріп, бі­лі­мін то­лық­ты­ра­ды. Ке­ме­жай­лар­да жал­да­нып жұ­мыс іс­теп, тап­қан ақ­ша­сы­на өнер-бі­лім кі­тап­та­рын са­тып ала бе­ре­ді. Со­нан бір жа­рым жыл де­ген­де, қор­жын тол­ ты­рып,кі­тап­та­ры­нар­қа­лап ел­ге ора­ла­ды. Бұл жол­ғы араб ел­де­рін ара­лау, бас­қа мә­де­ни ор­та­мен та­ны­су Ақыт­тың са­на- са­рай­ын, дұ­ ниета­ны­мын онан ары ке­ңі­тіп, оның әде­биет­ке, мә­де­ниет­ке де­ген қы­зы­ғу­ын тіп­ті де кү­шейте тү­се­ді. Осы­лай­ша та­ным­дық тұр­ғы­ да мүл­де биік са­ты­ға кө­те­ріл­ген Ақыт өз ұл­тын мә­де­ниет­ті, озық ел­дер са­на­ты­на жет­кі­зу­ге өзін­дік үлес қо­су­ға бе­кі­не­ді. Ол үшін ха­лық­ты жап­пай сауат­тан­ды­ру әсі­ре­се жас­тар­ды оқы­тып тар­бие­ леу, олар­ға бі­лім ұры­ғын сеуіп, дү­ниенің сы­рын ұғын­ды­ру ке­рек деп ша­ма­лап, өз ауы­лын­да мек­теп ашып, ба­ла оқы­та­ды. Ха­лық­ты өнер-бі­лім­ге үн­деп, тә­лім-тәр­бие та­ра­ту­ға құл­шы­на кі­рі­се­ді. Яғ­ ни ағар­ту­шы­лық ба­ғыт­та­ғы поэзия­ның не­гі­зін қа­лай­ды. Кейін Бу­рыл­то­ғай, Көк­то­ғай, Шің­гіл ау­дан­да­рын­да­ғы төрт тай­жы ел мол бі­лім­ды, із­гі мұ­рат­ты Ақыт­ты қа­зы етіп сай­лап, ат шап­ты­рып, той жа­сай­ды. Сол той­да­ғы Ақыт­тың ұсы­ны­сы бой­ын­ ша, Көк­то­ғай­дың Шә­күр­ті де­ген же­рі­нен бір ме­шіт, бір мед­ре­се са­лы­на­ды. Ақыт ме­шіт­тің бас има­мы бо­лып сай­ла­нып, мед­ре­се­де ба­ла оқы­ту жұ­мы­сын жал­ғас­ты­ра­ды. Қа­зы­лық жә­не ұс­таз­дық мін­де­тін ат­қа­ра жү­ріп алуан та­қы­ рып­ты, алуан фор­ма­лы өлең­дер жа­за­ды. Әсі­ре­се көп өлең­де­рін­де дү­ниеден бей­ха­бар, шырт ұйқы­да жат­қан хал­қын сер­пі­лу­ге, бас кө­те­ру­ге, өз­ге дү­ниеге көз ті­гу­ге, ер­кін­дік-тең­дік­ке қол жет­кі­зу­ге жат­пай-тұр­май на­си­хат­тайды. Мұн­дай елім деп өмір­ден еңі­реп өт­кен да­рын­ның, қан­шыл аза­мат­тың сол ер­кін­ді­гі жоқ тең­сіз, сү­ рең­сіз қо­ғам­да, әри­не, «сыз­да­ған бар­лық жа­ра­ның ау­зын­да» жү­ ре­ті­ні бе­се­не­ден бел­гі­лі. Ту­ған ел мен жер тағ­ды­рын, ел­дің ер­ кін­дік-тең­ді­гін, ар-има­нын жыр­ла­ған ақын­ды го­мин­даң үкі­ме­ті «кү­дік­ті» адам ре­тін­де қа­рай­ды, 1939 жы­лы 27-жел­тоқ­сан­да го­ мин­даң­ның Шың­жаң­да­ғы қа­ні­шер би­леуші­сі Шың Шы­сай жа­ғы­ нан тұт­қын­да­лып, Үрім­жі абақ­ты­сы­на қа­ма­ла­ды. 1940-жы­лы есіл ер жен­дет Шың шы­сай­дың тар есік, тас бо­са­ға, қа­раң­ғы түр­ме­ сін­де көп қи­нау мен аш­тық сал­да­ры­нан 72 жа­сын­да қайт­ыс бо­ла­ ды. Ақын мұ­ра­сы­ның көп­ті­гі, маз­мұн бай­лы­ғы көр­кем­дік кес­те­сі, фи­ло­со­фия­лық те­рең­ді­гі жа­ғы­нан бас­қа­лар­дан оқ бойы озық тұ­ ра­ты­нын айту па­рыз. 181

Ақыт­тың ар­ты­на қал­дыр­ған әде­би мұ­ра­сы сан жа­ғы­нан өте мол. Со­ған сәй­кес шы­ғар­ма­ла­ры­ның маз­мұн ауқы­мы да өте кең. Кей­бір зерт­теу­ші­лер ақын шы­ғар­ма­ла­рын маз­мұн­дық жақ­тан: оқу-ағар­ту, мә­де­ниет, бе­ре­ке-бір­лік, ең­бек-өнер, қо­ғам­ның қа­ раң­ғы жа­ғын әш­ке­ре­леу, адам­гер­ші­лік, мо­раль т.б. та­қы­рып­та­ ғы шы­ғар­ма­лар деп бір­не­ше топ­қа жік­теп тал­дау жа­сай­ды [48,­ 120-б.]. Бұл да – ақын­дық бол­мыс пен ақын­дық ерек­ше­лік­ті ай­ қын­дау­да­ғы бір тә­сіл. Дей тұр­ған­мен Ақыт шы­ғар­ма­ла­рын са­ра­ ла­ған­да, оның ат­қар­ған әлеу­мет­тік қыз­мет­те­рі, аза­мат­тық тұр­ ғы­сы, ағар­ту­шы­лық идеясы мұ­қият ес­ке­рі­луі ке­рек. Ол мек­теп ашып, мұ­ға­лім бол­ған. Қа­зы бо­лып, ді­ни тұр­ғы­дан би­лік ұс­та­ған. Бұл – бір. Екін­ші, оның шы­ғар­ма­шы­лық жо­лын ке­зең­дер­ге бө­ ліп ой жү­гі­рт­кен­де де, бір­ша­ма жүйелі­лік, ың­ғай­лы­лық ту­ды­руы мүм­кін. Ақыт­тың шы­ғар­ма­шы­лық жо­лын жо­ра­мал жа­сауға ке­ле­ тін қо­лай­лы де­рек­тер­ге сүйе­ніп, шарт­ты түр­де үш ке­зең­ге бө­ліп қа­рас­ты­ру­ға бо­ла­тын сияқ­ты. Бі­рін­ші ке­зең – 1910-жыл­ға дейін­ гі мез­гіл; екін­ші ке­зең – 1910-жыл мен 1930-жыл­дың ара­лы­ғы; үшін­ші ке­зең – 1930-жыл мен 1940-жыл­дың ара­лы­ғы. Біз жо­ға­ры­да ақын­ның 1897-1909-жыл­дар ара­лы­ғын­да қа­ зан­да ба­сы­лып шық­қан қис­са-дас­тан­да­ры­ның ті­зі­мін көр­сет­тік. Мі­не, бұ­лар бі­рін­ші ке­зең­ге кі­ре­тін шы­ғар­ма­ла­ры. Бұ­лар­дан қал­ са, ақын­ның ба­ла­сы Ға­зез Ақы­тұлы «Жиыр­ма бұл кі­неш­ке ба­ ға тиын», «Ғы­лым-сәуле­ге, нұр-жа­рық», «Құл­тайбо­лат Тұң­ғыш­ бай», «Жақ­сы қа­тын мен жа­ман қа­тын», «Әліп өлең», «Ке­сік қол ке­лін­шек», «Тәйтекең­нің үйін­де» қа­тар­лы өлең­де­рін осы ке­зең­ де­гі, яғ­ни Ақыт­тың ұс­таз­дық етіп, ба­ла оқы­тып жүр­ген ке­зін­де­гі шы­ғар­ма­ла­ры деп тұс­пал жа­сай­ды. Ақын­ның Мек­ке са­па­ры­нан жа­зыл­ған да­станы «Ха­жы баян» екін­ші ке­зең­ге кі­ре­ді. Бұл ке­зең­ге Ға­зез Ақы­тұлы та­ғы мы­на шы­ғар­ма­лар­ды жат­қы­за­ды: «Асан ата деп еді», «Ға­зыл баян», «Абақ ке­рей ше­жі­ре­сі», «Ер Жә­ні­бек», «Са­мұ­рық құс», «Бай­лар­ ға», «Жі­гіт­тер­ге», «Әйел­дер­ге», «Би­лер­ге», «Мол­ла­лар­ға» [49,­ 9-11-б.] бұ­дан өз­ге то­лып жат­қан өлең-тол­ғаула­рын да осы ке­ зең­ге жат­қы­зу­ға бо­ла­ды. Мы­са­лы, «За­ма­на­ны сөй­лейін», «За­ман қа­лай де­се­ңіз», «Қа­лам сия көз жа­сы», «Зар за­ман», «Бө­ке­нің жы­ры», «Бис­мыл­ла деп бас­тайын», «Бис­мыл­ла қис­са жа­зай­ын», «Ас­пан­да­ғы ай мен күн» т.б. Ақыт шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның үшін­ші ке­зе­ңі­не Абай­ға елік­теп жаз­ған 55 өлең­нен құ­рал­ған «Ғақ­лия­лық үн­деуле­рі» т.б. шы­ғар­ ма­ла­ры ене­ді. 182

Ақыт жа­сам­паз­ды­ғы­ның бі­рін­ші са­ты­сы – ба­ла ке­зі­нен дін оқу­ға бір­жо­ла бас қой­ып, ша­ри­ғат ілі­мі­не құ­лай бе­ріл­ген ке­зі бо­ ла­тын. Сон­дық­тан бұл кез­де­гі шы­ғар­ма­ла­ры­ның өн бойы­нан қа­ ра­ған­да ді­ни са­рын ба­сым. Оған қо­са ел­ді із­гі­лік­ке, адам­гер­ші­лік, иман­ды­лық, адал­дық­қа ша­қы­ра­тын маз­мұн­дар­ды кө­бі­рек ке­зік­ті­ ру­ге бо­ла­ды. Екін­ші ке­зе­ңін­де ақын­ның қо­ғам­дық қыз­ме­ті­не орай, сөз ете­ тін та­қы­рып аясы ке­ңи­ді, айт­ар ойы ірі­ле­не тү­се­ді, ғақ­лиа­лық әуені мо­лаяды. Бұл кез­де Ақыт мек­ке­ден қайт­ып ке­ліп, қа­зы бо­лып, ді­ни би­лік ұс­тай­ды. Осы­ған сәй­кес би­лік ба­сы ре­тін­де әрі дін тұр­ғы­сы­ нан ді­ни үгіт-на­си­хат айтады, ел­ді иман­ды­лық­қа, өр­ке­ниет­ке ша­ қы­ра­ды. Ді­ни-ағар­ту­шы­лық идея ба­сым тү­сіп жа­та­ды. Үшін­ші са­ты­сы – Ақыт­тың жа­сам­паз­дық жақ­тан то­лыс­қан ке­зе­ңі бо­лып, шы­ғар­ма­ла­ры­ның маз­мұ­ны­нан ақын­ның идея­лық жақ­та­ғы үл­кен бұ­ры­лы­сын бай­қауға бо­ла­ды. Ақыт 1930-жыл­дар­ дың ба­сын­да ұлы Абай шы­ғар­ма­ла­ры­мен та­ны­са­ды әрі одан үл­гіөне­ге ала­ды. Бұ­рын­ғы­дай емес бұл кез­де­гі шы­ғар­ма­ла­рын­да ді­ни са­рын бір­ша­ма бә­сең­дейді. Туын­ды­ла­ры­ның идея­лық-көр­кем­дік қуаты ай­рық­ша жо­ға­ры дең­гейге кө­те­рі­ле­ді. Ақыт­тың мұн­дай биік­теуін­де да­на Абай­дың үле­сі бар. Өз ұл­ты – қа­зақ­ты қат­ты сы­на­ған адам­ның бі­рі – Ақыт. Ұлы Абай да ке­зін­де өз ұл­тын көп сы­нап еді. «Ішім тол­ған у мен өрт» деп қа­зақ үшін қа­пы­рық жұ­тып, өмір­ден кү­ңі­ре­ніп өтіп еді. Ақыт та Абай­мен үн­дес бол­ды. Ол да өз ұл­тын сы­най оты­рып, хал­қын ояту­ды, са­на­сын сер­піл­ту­ді, қа­раң­ғы тү­нек­тен шы­ға­рып, ең­се кө­ тер­ту­ді, озық ел­дер қа­та­ры­на қо­су­ды мақ­сат ет­ті. Осын­дай үл­кен мақ­сат­пен ақын қа­зақ­тың бой­ын­да­ғы мі­нін жа­сыр­май айт­ып, оны ер-аза­мат на­мы­сын кө­те­ру, адам­дық­ты сақ­тап, осы ін­дет­тер­ден құ­ты­лу­дың жо­лын да қа­рас­ты­ра­ды. Ақыт қа­зақ­та­ғы көк­тет­пе­ген дерт ре­тін­де: на­дан­дық, өнер-бі­лім­нен құр қал­ған көр­со­қыр­лық, та­лап­сыз­дық, ын­та­сыз­дық, та­ма­ғы той­ға­ны­на мәз бо­лу­шы­лық, жал­қау­лық, то­ғы­шар­лық, бой­күйез­дік, ке­ре­нау-ке­ре­ғар­лық, есер­ соқ да­ра­қы­лық, дау­рық­па­лық, ша­ру­аға қыр­сыз­дық т.б. а­тап көр­ се­те­ді. Ақын қа­зақ­тың осы мін­де­рін көз­ге шұ­қып, кө­кей­ге нұ­қып көр­се­тіп, сын­мен жас­қап алып, ақыл­мен же­те­леуді ны­са­на ете­ді. Сон­дық­тан ақын­ның бұл топ­та­ғы өлең­де­рі кө­бі­не­се ақыл-ке­ңес, үгіт-на­си­хат тү­рін­де ке­ле­ді. Аны­ғын­да Ақыт ақын­ның өз ұл­тын жаз­ғы­ру­ына, сы­науына, ақыл­дық ке­ңес, аза­мат­тық пі­кір айт­уына ха­қы­сы да бар еді. Се­ 183

бе­бі ол кез­де сол ор­та, сол за­ман жө­ні­нен, оқы­ға­ны да, то­қы­ға­ны да көп, ақы­лы мен аз­мат­ты­ғы сай тұл­ға­ның бі­рі әрі бі­ре­гейі осы Ақыт ақын бо­ла­тын-ды. Ақыт ха­лық­ты жо­ға­ры­да­ғы­дай дерт­тен арыл­ту үшін өнер-бі­ лім үйре­ну­ге, оқу-ағар­ту­ға, мә­де­ниет­ке, бе­ре­ке-бір­лі­ке, бір ауыз­ ды­лық­қа, адам­гер­ші­лі­ке, із­гі­лік­ке ша­қы­ра­ды. Тер тө­гіп ең­бек­те­ ну­ге, өте-мө­те оты­рық­та­нып, егін са­лу­ға үн­дей­ді. Ақыт ақын бо­лу­мен бір­ге Қы­тай­да­ғы қа­зақ­тар­дан тұң­ғыш мек­теп ашып, ба­ла оқыт­қан ұла­ғат­ты ұс­таз, ғұ­ла­ма ағар­ту­шы. Ол 40 жыл­ға жуық ба­ла оқы­ту қыз­ме­ті­мен шұ­ғыл­да­нып, Ыбы­рай Ал­тын­са­рин се­кіл­ді өлең мен ағар­ту­шы­лық­ты қа­тар алып жүр­ ген. Осы­ған сәй­кес ағар­ту­шы­лық идеясы көп өлең­де­рін­де ба­сым орын ала­ды. Ақыт­тың 30-жыл­дар­дан бұ­рын­ғы өлең­де­рін­де кө­бі­не­се ді­ниағар­ту­шы­лық ағым­ның бел­гі­ле­рі анық бай­қал­са, кейін­гі туын­ды­ла­ рын­да ақын­ның аза­мат­тық биік­ке кө­те­ріл­ге­ні ай­қын аң­ға­ры­ла­ды. Қа­зақ­тың де­мок­рат ақын-жа­зу­шы­ла­ры се­кіл­ді Ақыт та, ғы­ лым-өнер ар­қы­лы ұлт­ты құт­қа­ру­ға бо­ла­ды деп ұғын­ды. Ұлт­тың ер­кін­дік­ке, мә­де­ни жа­не саяси жақ­тан тең­дік­ке же­туінің не­гі­ зі-ғы­лым, өнер деп есеп­те­ді. Өр­ке­ниет­ті, озық өре­де­гі ұлт­тар­ға те­ңе­су­дің кіл­ті – оқу-ағар­ту­ды жап­пай жал­пы­лас­ты­ру деп ұқ­қан ақын өле­ңін де, өмі­рін де ағар­ту­ға ар­нап, озық ел­ді үл­гі ете оты­ рып, ха­лық­ты жап­пай бі­лім­мен қа­ру­ла­ну ке­рек­ті­гін жат­пай-тұр­ май на­си­хат­тайды. Тат бас­тыр­май жү­рек­ті, Өт­кір қы­лып қай­раң­дар. Өнер-ғы­лым үйре­ніп, Бұл­бұл құс­тай сай­раң­дар. Ба­ла оқы­тып мек­теп сап, Ағар­тып ел­ді жай­наң­дар! –

де­ген із­гі ті­ле­гін ха­лық­қа айтады. Бұ­дан соң ғы­лым­ды жо­ға­ры ба­ға­лап, сол ар­қы­лы ға­на көз ашы­лып нұр-жа­рық­қа қол жет­кі­зу­ ге бо­ла­ты­нын ес­кер­те­ді, ес­ке са­ла­ды. Дү­ние кіл­ті-ғы­лым­да де­ген бай­лам­ға ке­ле­ді. Осы ойын да­мы­та, та­ра­та ке­ліп та­ғы да бы­лай­ша са­бақ­тайды: Біз жа­тыр­мыз жа­быр­қау, Ға­пыл, жа­һыл са­мар­қау.

184

Су­ға жү­зіп, көк­ке ұш­қан Ел­ге қа­рап та­ңыр­қау. Ұйқы­ны аш, елім, тұ­ра­лық, Адам­шы­лық қы­ла­лық. Бі­лім­нен бас­қа өнер жоқ, Бұ­ған маһ­кам на­ның­дар. «Бі­лім тү­бі-те­ңіз» деп, Айт­қан екен ға­лым­дар, –

деп, «су­ға жү­зіп, көк­ке ұш­қан ел­ге қа­рап та­ңыр­қап», са­мар­қау, ұйқы­да жа­та бер­мей, бас кө­те­ріп, жан-жа­ғы­ңа кө­зің сал, бі­лім иеле деп жар са­ла­ды. «Бай­лық» деп тек мал жи­наумен күн өт­кі­зіп, өз­ге ел­дің кө­ші­ не іле­се ал­май, мә­де­ниет­тен кен­же қал­ған елі­нің күй­кі тір­лі­гі­не күйіне­ді. ­ ауыт жоқ, қа­зы­на жоқ мал сақ­та­ған, З Мал ба­ғып бай де­ге­ні сал­пақ­та­ған. Ас­пан, су, жер ас­ты­мен жүр­ді бә­рі, Жа­тыр­сың әлі ұйқы­да жал­пақ та­бан. Сүйен­бе мал­ға ға­на, егін де сал, Та­лап­тан­саң бар­лық іс қол­ға кел­мек, –

деп мал со­ңын­да сал­пақ­тап, кө­ше бер­мей, за­ман та­ла­бы­на сай егін егіп, оты­рық­та­су­ды ұсы­на­ды. «Қор­ша­ған тө­ңі­рек­ті со­қыр тұ­ман, Ғы­лым­сыз құ­тыл­май­сың тіп­ті мұ­нан» –

деп ақын өнер-бі­лім ар­қы­лы қа­зақ са­ха­ра­сын­да­ғы қа­раң­ғы бей­ ғам­дық­тан, ең­бек­сіз жал­қау­лық­тан, ме­шеулік­тен ары­лу­ға бо­ла­ды деп пай­ым­дай­ды. Ақын­ның ел­ді мә­де­ниет­ке, ең­бек­шіл­дік­ке, та­лап­ты­лық­қа, бе­ ре­ке-бір­лік­ке, адам­гер­ші­лік­ке ша­қы­руы да оның ағар­ту идеясы­ мен ас­та­сып жа­та­ды. Ақын ең­се­сі биік ел бо­лу­дың жо­лын көп­те­ ген өлең­де­рі­нің өрім-өзе­гі­не ар­қау ете­ді. Елі­нің ер­те­ңі үшін үне­мі ойла­нып, тол­ға­на­ды. На­дан­дық де­ген те­рең ор, Үйме­леп түс­тік біз ке­ліп. Ма­лай­лық­қа қуа­нып,

185

Екі қол­ды сер­ме­дік. Ал­ты­ба­қан ала боп, Тоз­дық қой жұр­тым сөз­ге еріп...

«Ақыт ең­бек­сіз, те­рін сат­пай, тел­мі­ріп кө­зін са­тып», бе­кер күн өт­кі­зу­ге қар­сы, он­дай­ды са­на­сыз­дық са­на­ты­на жат­қы­за­ды. Бас­қа ха­лық­тың тұр­мыс-тір­ші­лік, іс-әре­ке­ті­не қа­рап ойла­ну­ға ша­қы­ра­ды. «Ең­бек – бә­рін де жең­бек» де­мек­ші, ха­лық өнер-бі­ лім­мен қа­ру­ла­нып, «іс із­деп, ең­бек қы­лып, та­лап ойла­са» бә­рі­не де қол жет­кі­зе ала­ды деп есеп­тейді. Ең­бек­ті үл­кен қа­жет­ті­лік дә­ ре­же­сі­не кө­те­ре жыр­лайды. Бұл орай­да Таң­жа­рық Жол­дыұлы да нақ­ты ұсы­ныс­тар жа­сап, ел­ді өр­ке­ниет­ке жет­кі­зе­тін жол­ды нұс­қайды, ха­лық­ты ояту­ға де­ ген тал­пы­ны­сын кү­шейте тү­се­ді. Өнер­лі ел­ден өне­ге ап, Олар­дан еш қа­лыс­па. Ас­пан­да­та ша­рық­та, Ба­ла­пан құс­тай қа­лық­та, –

деп ұл­ты­ның, хал­қы­ның са­на­сы­на жі­гер отын та­мы­зу­ға ты­ры­са­ ды. Мек­теп ашып ба­ла оқыт, Үйре­ну­ден жа­лық­па. Өсек айт­ып, өрт қой­ып, Бір-бі­рің­мен алыс­па, –

деп, ел бо­ла­ша­ғын, ұр­пақ қа­мын ой­лау­ға, олар­дың өр­ке­ниет да­ муынан қа­лып қал­мау үшін мек­теп ашып, бі­лім­мен қа­ру­лан­ды­ ру­ға, дү­ниеге кө­зін ашып, ой-са­на­сын ояту­ға ша­қы­ра­ды. Жа­ман әдет­тен ары­лу­ға, бі­рін-бі­рі сый­лап, ын­ты­мақ­ты бо­лу­ға үн­дей­ді. «Жа­ман әдет, на­дан­тү­сі­нік­тің бір па­ра­сы» мән­сап де­се шап­қы­ лап, па­ра бе­ріп пұл ша­шу еке­нін ашы­на айт­ып, оның ор­ны­на ең­ бек ет, ма­ғы­на­лы тір­лік іс­теп, ар­ты­ңа өне­ге­лі іс қал­дыр деп ті­лек біл­ді­ре­ді. Қа­ла са­лып, ағаш ек, Қал­сын атың та­рих­та. Ең­бек іс­теп, пұл жиып,

186

Ақ- қа­ра­ны па­рық­та. Ас­тық ай­дат, мал өсір, Кө­рін­ген­ге көз сат­па. Ал, қа­за­ғым, тез ат­тан, Бой­ыңа се­ніп тек жат­па, –

деп, Ақыт өлең­де­рін­де­гі ағар­ту­шы­лық идеяны одан ары да­мы­та тү­се­ді, жа­ңа маз­мұн­мен то­лық­ты­рып, ха­лық­тың да тұр­мыс-тір­ші­ лі­гі­нің жа­ңа­ру­ын та­лап ете­ді. Ал «Оқы, жас­тар, қа­лам ал!» де­ген өле­ңін­де Таң­жа­рық жас­ тар­ға ті­ке­лей ба­ғыт­тап ой тас­тайды, оқу­ға, ғы­лым-бі­лім­ге жап­ пай бет бұ­ру ке­рек­ті­гін, ен­ді ке­ші­гу­ге бол­майтынын бар ықы­ла­ сы­мен ес­кер­те­ді. Оқы, жас­тар, қа­лам ал! Тал­пы­нар кү­нің туыл­ды. Бі­лім­мен шық­қан да­на­лар, Бо­сат­пай оқы буын­ды... –

дей ке­ліп, бо­ла­шақ­тың қа­мы еке­нін ұғын­ды­ра­ды. Ақын ашы­на сөй­леп, ел­дік пен тең­дік бі­лім-ғы­лым­ға­да деп түйін жа­сай­ды. Көр­сет­кен дү­ние кең­дік­ті, Әпе­ре­тін тең­дік­ті, Ны­ғайтатын ел­дік­ті, Жа­са­сын ғы­лым, жа­са­сын! –

деп, бар дауысы­мен жар са­ла­ды. Ел бо­ла­ша­ғы­на көз жі­бе­ре айт­ қан екі ақын­ның мұн­дай сөз­де­рі ол кез үшін ғиб­рат­ты, та­ғы­лым­ ды ой еке­ні анық. Дү­ние сы­рын бі­лу не­гі­зі тек қа­на бі­лім мен ғы­лым­ды иге­ру­де жат­қа­нын аң­ғар­ту­ды көз­дейді. М. Сейіт­қа­лі­мұлы «Ақыт­тың әлеу­мет­тік көз­қа­ра­сы» ат­ты ма­қа­ла­сын­да: «ел­дің ел­ді­гін, бе­ре­ке­сі­нің бе­рік­ті­гін сы­найт­ын өл­шем-бе­ре­ке мен бір­лі­гі. Ұлт­тың, ха­лық­тың өз ал­ды­на дер­бес мә­де­ниеті, өнер-ғы­лы­мы бар, бас­қа­лар­мен бел­де­сіп те, тең­де­сіп те шы­дай ала­тын бо­луы үшін, ал­ды­мен бе­рік ұйым­дас­қан күш­ ті қо­ғам­дық құ­ры­лым­да­ры бо­луы шарт» [50,43-б], – деп жа­за­ды. Ақыт ұлт­тық ын­ты­мақ-бір­лік­ті де бас­ты та­қы­рып­тар­дың бі­рі ре­ тін­де кө­тер­ді. Өйт­ке­ні бұл ха­лық­тың ар­ман-аң­са­ры еді. Қай кез­де де ха­лық бе­ре­ке-бір­лік­ті бас­ты мә­се­ле­нің қа­та­ры­на қой­ған. Сон­ 187

дық­тан Ақыт та өнер-бі­лім ал­май, сый­лас­тық-бір­лік­ті сақ­та­май бел­гі­лі бір мақ­сат­қа қол жет­пейтінін жақ­сы аң­ғар­ған. Сол се­беп­ті көп­те­ген өлең-тол­ғаула­рын­да қайталап айт­ып, бас­ты қа­жет­ті­лік­ тің бі­рі ре­тін­де жыр­ла­ған. Ол «Өсиет­на­ма» тол­ғауын­да: Жі­ге­рің бол­са жі­гіт­тер, Жі­гің­ді бө­ліп ашыл­ма. Ақы­лы же­тік, аға­лар Би­лік бол­са ба­сың­да, –

деп бе­кер айт­ып отыр­ған жоқ. Ел өмі­рін­де­гі па­рық­сыз­дық­ты ше­ ней оты­рып, жі­ге­рі бар жі­гіт­тер мен би­лі­гі бар ел аға­ла­ры­на сал­ мақ са­ла тіл қа­та­ды. Се­бе­бі «ал­ты­ба­қан алаауыз­дық» бар жер­де үл­ кен ел­дік мұ­рат-мақ­сат­қа же­ту­ге бол­майды деп ұға­ды. Шы­нын­да да, ел­дің ір­ге та­сы­ның бе­рік бо­лып, бас­қа­лар­мен те­ре­зе­сі­нің тең бо­луы ын­ты­мақ-бір­лік­ке ті­ке­лей бай­ла­ныс­ты еке­нін дә­леодеу­ді қа­ жет ет­пейт­ін шын­дық еке­ні дау­сыз. Ен­де­ше жұ­ды­рық­тай жұ­мы­ лып, «ал­тау ала бо­лып ауыз­ды­ғы­нан кел­тір­меуді» ақын­дар орын­ды кө­те­ріп отыр­ған мә­се­ле­нің бі­рі деп бі­луіміз ке­рек. Адам жә­не адам­гер­ші­лік – ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның та­ғы бір та­қы­ры­бы бол­ған. Кім-кім­де қо­ғам­нан, өз ор­та­сы­нан тыс өмір сү­ ре ал­майтыны бел­гі­лі. Осы жа­ғы­нан алып қа­ра­ған­да да, қо­ғам­дық өмір­де­гі то­лып жат­қан жақ­сы, жа­ман қа­сиет­тер­ді адам­дар­дың бол­мыс-бі­ті­мі­мен қа­бат­тас­ты­ра жыр­лау­да Ақыт те­рең та­ным­дық қа­сиетін та­ны­та ал­ған. Қо­ғам­да­ғы түр­лі жік­те­гі адам­дар­дың қо­ ғам­дық ор­ны, қыз­мет- кә­сі­бі, са­на-се­зі­мі, ақыл-ойына кө­ңіл ауда­ рып, тұр­пайы іс-әре­кет­тер­ге, жа­ғым­сыз мі­нез-құлық, арам пи­ ғыл­дар­ға өт­кір сын айтады. Оның «Адам сы­ны», «Анық жақ­сы әйел­ді», «Кә­рі­лер­ге», «Жі­гіт­тер­ге», «Бай­лар­ға», «Ке­дей­лер­ге», «Би­лер­ге», «Қыз­дар­ға», «Жақ­сы қа­тын мен жа­ман қа­тын», «Бір сыр­лы се­гіз қыр­лы бол», «Жі­гіт­тің же­ті сы­ны» т.б. өлең­де­рін­де бір қа­тар мо­рал­дық мә­се­ле­лер қа­ра­лып, адам бой­ын­да бо­лу­ға тиіс­ті адам­гер­ші­лік қа­сиет­тер­ді же­тіл­ді­ре тү­су көз­дел­ген. Ақын әр түр­лі топ­тың, жік­тің уә­кіл­де­рі­нің бол­мыс-бі­ті­мін, мі­нез қа­лып­та­рын жи­на­қы етіп су­рет­тей ке­ле, қай­ыр­сыз бай, па­ ра­қор би, ша­ла мол­ла, көр­со­қыр на­дан, қа­ра ниет, пи­ғы­лы жа­ ман адам, ха­ре­кет­сіз ке­дей, жа­ман қа­тын, қа­дір­сіз жі­гіт, ша­ру­аға қыр­сыз, кеуде­лі, дау­рық­па-жа­ман­дар­ды сын те­зі­не ала­ды. Со­ны­ мен бір­ге мо­рал­дық нор­ма­ға сай кел­мейт­ін ар­сыз­дық, күн­шіл­дік, 188

ны­сап­сыз­дық, көр­се­қы­зар­лық, ала-ауыз­дық, өті­рік-өсек, мақ­тан­ шақ­тық сияқ­ты әдет­тер­ді қа­зақ ара­сын­да­ғы ауру-ін­дет ре­тін­де қа­рай­ды. Бұ­лар­ға адам­гер­ші­лік, із­гі­лік-иман­ды­лық­ты қар­сы қоя жыр­лайды. Адам­ның жақ­сы, жа­ман бо­луы оның бай­лы­ғы мен мән­са­бы­на бай­ла­ныс­ты емес. Сон­дық­тан на­ғыз ада­ми қа­сиет­тер­ ді сақ­тау, бас­ты па­рыз де­ген түйін­деу жа­сай­ды.Қыс­қа­сы, ақын адам­ға тән қа­сиет­тер­дің еш­қай­сы­сы­на ел­жар қа­ра­ма­ған. Ақыт қа­ла­мы тер­бе­ген та­ғы бір та­қы­рып – әйел­дер мә­се­ле­ сі. Ақын жақ­сы, жа­ман әйел­дер­ді са­лыс­ты­ра жыр­лайды. Тіп­ті жақ­сы, жа­ман әйел­дер­дің мі­нез-құл­қы, іс-әре­ке­тін­де­гі айыр­ма­ шы­лық­тар­ды та­ра­та-тал­дап көр­се­те­ді. Әйел­дің жақ­сы бо­луы ераза­мат­тың ға­на емес, жал­пы әлеу­мет­ке қа­тыс­ты мә­се­ле деп ұғы­ ны­на­ды. Өйт­ке­ні ұр­пақ­тың тәр­биелі бо­луы, аза­мат­тың алаң­сыз өмі­рі әйел­ге бай­ла­ныс­ты деп бі­ле­ді. Сөйт­іп әйел­ді екі топ­қа бө­ ліп, әйел за­ты­на ой са­лу­ды мақ­сат ете­ді. Қа­ра қас, жа­зық маң­дай, қа­ра көз­ды, Бұ­рал­ған тал шы­бық­тай жұм­сақ сөз­ді. Бай­сал­ды, сө­зі ор­нық­ты, жы­лы жүз­ді, Көр­сең де ер­те­лі-кеш бір мі­нез­ді, –

деп әдеп­ті, иба­лы да ина­бат­ты, оңі сұ­лу, жі­бек мі­нез­ді, жұм­сақ сөз­ді, мейі­рім­ді, жұ­мыс­қа еп­ті, үйге ұқып­ты әйел­ді үл­гі ете­ді. Ал: Мей­ман кел­се үйіне, Ба­ла­ла­рын жы­ла­тар, Ора­ғы­тып құ­ма­нын, От ба­сы­на құ­ла­тар. Құ­ма­нын қо­нақ тұр­ғы­зып, Ба­ла­сын байы уа­тар, –

деп әдеп-ина­бат­ты біл­мейт­ін, туыс­қа мейірі­мі жоқ, қо­нақ­қа жай­ сыз, үй-ша­ру­асы­на сал­дыр-са­лақ, ті­лі ащы, өсек­ке үйір әйел­дер­ ге тоқ­тау-тиым айтады. Жақ­сы­дан үйре­ну­ге, жа­ман­нан жи­ре­ну­ге ша­қы­ра­ды. «Бе­та­шар», «Уа, да­ри­ға бір қы­зық», «Жақ­сы қа­тын мен жа­ман қа­тын», «Әйел­дер­ге» қа­тар­лы бір шо­ғыр өлең­де­рін­де әйел­дер­дің мі­нез-құл­қы­на, әде­бі­не қа­тыс­ты ма­се­ле­лер­ге тоқ­та­ла­ды. От­ба­сы, ошақ қа­сы­ның бе­ре­ке­лі тір­лі­гі әйел за­ты­на қа­тыс­ты еке­нін айта 189

оты­рып, олар­ға қой­ыла­тын әдеп­ті­лік-адам­гер­ші­лік тұр­ғы­да­ғы та­ лап-ті­лек­те­рін көр­се­те­ді. Қо­ры­тып айт­қан­да, Ақыт Үлім­жіұлы – Қы­тай қа­зақ­та­ры­ның көр­кем әде­биеті­нің көш­ба­сы, ша­ңы­ра­ғын кө­те­ру­ші. Шы­ғар­ма­ла­ ры­ның са­ны мен са­па­сы жа­ғы­нан да, өзі­нің қо­ғам­дық, қай­рат­кер­ лі­гі, ағар­ту­шы­лы­ғы жа­ғы­нан да ке­зін­де айт­ар­лық­тай ық­пал-әсер ту­дыр­ған да­рын­ды ақын. Сон­дық­тан оның бай әде­би мұ­ра­сын жан-жақ­ты­лы зерт­теу­ді ХІХ ға­сыр­дың ІІ жар­ты­сы жә­не ХX ға­ сыр­дың І жар­ты­сын­да­ғы Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзиясы­ның да­му­ ына ти­гіз­ген «әсер-ық­па­лы­мен бай­ла­ныс­ты­ра қа­ра­ған жөн. Ақыт ақын­нан бас­тау ал­ған ді­ни ағар­ту­шы­лық идея кейін­гі Таң­жа­рық жә­не бас­қа ақын­дар­да­ғы де­мок­рат­тық көз­қа­рас­пен жал­ға­са­ды. Ағар­ту­шы­лық идеяны өзін­ше да­мыт­қан, ха­лық­тың са­на­сын ояту­ға бел­сен­ді үлес қос­қан өз дәуірі­нің озық ойлы ақын­да­ры­ның бі­рі – Шыл­бы Кө­ме­кұлы 1860-жы­лы қа­зір­гі Бұ­ра­та­ла об­лы­сы­ның Қө­сем­шек де­ген же­рін­де ту­ған.1936-жы­лы Іле об­лы­сы Кү­нес ауда­нын­да дү­ниеден өт­кен. Әке­сі Кө­мек ша­ла сау­ат­ты бол­ға­ны­ мен, ауыл-ай­мақ­қа ина­бат­ты, кө­зі ашық, сө­зі өтім­ды адам бол­ ған. На­ға­шы ата­сы Жан­сейіт өз ке­зін­де Се­мей қа­ла­сы­нан төрт жыл оқып кел­ген оқы­мыс­ты, мә­де­ниет пен оқу­ға жа­ны құ­мар кі­сі екен. Зиялы әке­нің баулуын­да Шыл­бы­ның ше­ше­сі Ди­на мағ­лұ­ мат­ты, өне­ге­лі бо­лып өс­кен. Ба­ла тәр­биесі­не құнт­ты, көз­қа­рақ­ты ана Шыл­бы­ны өзі ал­ғаш хат та­ны­тып, сауа­тын аша­ды. Шыл­бы же­ті жас­тан он жас­қа дейін ауыл мед­ре­се­сін­де оқы­ған соң, на­ ға­шы ата­сы Жан­сейіт өз ауы­лын­да аш­қан мек­те­бін­де төрт жыл оқы­та­ды. Сөйт­іп, ауыл­да же­ті жыл­дай оқы­ған Шыл­бы бір­ша­ма жақ­сы ді­ни жә­не пә­ни бі­лім ала­ды. Шыл­бы сә­би ке­зі­нен үл­кен­дер­дің са­рын­ды әң­гі­ме­ле­рі мен ше­шен­дік сөз­де­рі­не құ­лақ түр­гіш, өлең сөз­ге жа­ны жа­қын бо­ лып, ақын-ше­шен­дер­дің аузы­нан шық­қан­да­рын қақ­па­қыл­дай қа­ ғып алып, жат­қа айт­ып жү­ре­тін бол­ған. Оқу­да­ғы ке­зін­де Шыл­бы өзі­нің ал­ғыр­лы­ғы­мен, зейін­ді­лі­гі­мен ұс­та­зын сүй­сін­ді­ре­ді. Жан­ сейіт әде­биет­ке әуес ді­ни­жә­не та­ри­хи қис­са-дас­тан­дар­ды көп бі­ ле­тін адам бол­ған. Шыл­бы­ға үл­кен үміт арт­қан ол өзі бі­ле­тін ха­ лық ауыз әде­биет үл­гі­ле­рін айт­ып бе­ріп, жат­та­та­ды. Шыл­бы өзі­нің ту­ма зе­рек­ті­гі, ең­бек­қор­лы­ғы­ның ар­қа­сын­да, есейе ке­ле бас­қа­лар­дан те­мір­ші­лік, зер­гер­лік, өнер­ді де тез үйре­ ніп ала­ды. Со­ны­мен ол сол кез­де­гі Іле айма­ғы­ның саяси ор­та­лы­ғы бол­ған Кү­ре қа­ла­шы­ғы­нан дү­кен ашып, ұс­та­лық жә­не зер­гер­лік 190

кә­сі­бі­мен шұ­ғыл­да­на­ды. Да­рын­ды жас жұ­мыс іс­тей жү­ріп хан­зу, мән­жұр жә­не ұй­ғыр тіл­де­рін де жақ­сы иге­ре­ді. Қо­ғам­дық-саяси өмір­ге де ара­ла­сып, ауыл­дан қа­ла­ға арыз-ша­ғым айт­ып кел­ген қа­зақ­тар­дың та­лап-ті­лек­те­рін Іле әкім­ші­лі­гін­де­гі мән­жұр, хан­зу бас­шы­ла­ры­на жет­кі­зу­ге кө­мек­те­сіп, ауыл­да­ғы ха­лық­тың жо­ғын жоқ­тайды, тіп­ті әділ­дік жо­лын­да бі­лек сы­ба­нып, кү­рес жа­сауға кі­рі­се­ді. Ол өзі­нің саяси қа­ғы­лез­ді­гі мен ше­шен­ді­гі­не сүйе­ніп, та­ лай дау-да­май­да же­ңіс­ке же­тіп, ха­лық­қа та­ны­ла­ды. Со­лай­ша ол оқу-ағар­ту ар­қы­лы хал­қы­ның бі­лі­мін кө­те­ру ке­рек бо­лып отыр­ ған­ды­ғын се­зі­ніп, өзі қа­ла­дан ауыл­ға ба­рып өз қа­ра­жа­ты­мен мед­ ре­се, мек­теп сал­ды­рып, оқу- ағар­ту­мен айна­лы­са­ды. Сон­дай-ақ ол өзі ел ара­лап жү­ріп, ха­лық­ты ба­ла­ла­рын мед­ре­се, ме­шіт­тер­ге бе­ріп оқы­ту­ды на­си­хат­тайды [51, 268-б]. Шыл­бы 1919-жы­лы Құл­жа ауда­ны Шо­ла­қай ауылы­нан мед­ ре­се-мек­теп сал­ды­рып, ауыл ба­ла­ла­рын оқы­та бас­та­ған­да, оның ағар­ту­шы­лық іс-әре­ке­тін жақ­тыр­ма­ған, бір жа­ғы бұ­рын­нан оған өші­гіп, ті­сін ба­сып жүр­ген жер­гі­лік­ті ман­сап­ты­лар­дың бі­рі Шыл­ бы­ға на­хақ жа­ла жауып, Кү­ре­де­гі ұлық­қа ас­тыр­тын ша­ғым жол­ дайды. Бұ­ған илан­ған Кү­ре әкім­ші­лі­гі де­реу қол жі­бе­ріп, мек­теп­ті бұз­ды­рып тас­тайды, әрі же­рін тар­тып ала­ды. Сон­да ақын Шыл­бы: Ме­шіт, мек­теп қи­рат­тың са­рай­ым­ды, Жа­рат­қан кө­тер­се екен та­лай­ым­ды. Қан құ­мар – қа­ра ниет қа­рақ­шы­лар, Құ­дай­ым өзі бер­сін са­зай­ың­ды, –

деп өзі­нің ­қар­ғыс-ке­гін бей­не­лей­ді. Осы­дан соң Шыл­бы Кү­ре ұлы­ғы­на арыз­да­нып ба­ра­ды. Ха­лық на­ра­зы­лы­ғы­нан қо­рық­қан ұлық бұл жер­ді қайтарып бе­ру жай­лы бұй­рық шы­ға­ра­ды. Со­ны­ мен Шыл­бы қайтадан мек­теп сал­ды­ра­ды. Бұл ту­ра­лы:

дей­ді.

ұлым­дар мә­де­ниет­ті қа­ла­ма­дың, Қа­лың ше­рік ауы­лым­ды қа­ма­ла­дың. Ме­шіт, мек­теп, үй-жай­ды құ­лат­қан­да, Еп бол­ды деп кей зұлым та­ба­ла­дың. Қа­па­лық-ыза кер­неп жү­ре­гім­ді, Арыз айт­ып ұлық­қа жә­не бар­дым. Бұй­рық алып қайтадан кел­ге­нім­де, Та­ба­шы­лар жер үшін жа­ға­ла­дың[52], –

191

Сөйт­іп ол өзі­нің ағар­ту­шы­лық үгіт-на­си­ха­тын жә­не ба­ла оқы­ тып бі­лім бе­ру жұ­мы­сын одан әрі жал­ғас­ты­ра­ды. Шыл­бы Кө­ме­кұлы көр­нек­ті ағар­ту­шы әрі дін­дар абыз бо­лу­ мен бір­ге таяу за­ман Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзиясы­нан өзін­дік орын ала­тын өре­сі биік, озық ойлы ақын бол­ған. Өзі­нің са­на­лы ғұ­мы­ рын­да жаз­ған поэзия­лық шы­ғар­ма­ла­ры көп бол­ған. Алай­да оның бір­та­лайы аты­шу­лы мә­де­ниет төң­ке­рі­сі ке­зін­де жо­ға­лып кет­ті. Ха­лық ара­сын­да та­ра­лып жүр­ген­де­рі­нің жи­на­лып, рет­тел­ге­ні де ша­ма­лы. Ақын­ның 1895-жыл­дан бе­рі жаз­ған шы­ғар­ма­ла­ры­ның бір бө­лі­мі ға­на мер­зім­ді ба­сы­лым­дар­да жа­риялан­ды. Шыл­бы Кө­ме­кұлы­ның «Та­лап», «Жі­гіт­тік», «Жұрт­тан оз­ған ға­лым­дар», «Қыз ту­ра­лы», «Әйел­дер жө­нін­де», «Шал ту­ра­лы», «Кем­пір ту­ра­лы», «Ал­дам­шы ту­ра­лы», «Жас ту­ра­лы», «Өлең­ нің сы­ны», «Өмір сы­ры», «Жаз», «Ей, жа­ран­лар», «Ға­шық­тар­ ға», «Мал біт­се, ақы­мақ адам сөз біл­мейді», «Ора­за­лі­ге», «Әсет­ті жоқ­тауы» ат­ты өлең-тол­ғаула­ры мен «На­си­хат» ат­ты да­станы жә­ не бас­қа да туын­ды­ла­ры біз­ге жет­ті. Шыл­бы­ның әлі де қол­ға түс­пей отыр­ған «Әті­кей-Нұр­же­кей», «Қы­зыл гүл», «Май­мұ­на», «Қар­жан до­сым», «Қия­мет ахуалы», «Хұң­шы хан»қа­тар­лы қис­са-дас­тан­да­ры бол­ған [53, 114-б.]. Ақын Шыл­бы­ның өмі­рі мен қо­ғам­дық қыз­ме­ті жә­не шы­ғар­ма­ла­ ры жө­нін­де бү­гін­ге дейін бір­ді-екі­лі ма­қа­ла жа­зыл­ға­ны бол­ма­са, ке­мел­ді­рек зерт­теу жа­рық көр­ме­ді. Ақын жа­сам­паз­ды­ғы­ның маз­мұн айды­ны бір­ша­ма кең. Бас­ ты­ла­рын айт­ар бол­сақ, қо­ғам­да­ғы кер­тарт­па әпер­ба­қан­дар­ды, олар­дың оз­быр­лық­та­рын, на­дан­дық­ты, то­ғы­шар­лық­ты, тең­сіз­дік­ ті әш­ке­ре­леп, адам­гер­ші­лік­ті, із­гі­лік­ті, та­лап­ты­лық, ең­бек­шіл­дік, өнер-бі­лім та­ғы бас­қа жақ­сы қа­сиет­тер­ді дә­ріп­тейді. Сон­дай-ақ шы­ғар­ма­ла­рын­да ис­лам ді­ні­нің ере­же-қа­ғи­да­ла­ры, тағ­дыр­дың үкі­мі сияқ­ты­лар да қам­ты­лып жа­та­ды. Шыл­бы өлең­де­рін­де де кө­бі­не­се ағар­ту­шы­лық идея, ғақ­лия­ лық са­рын ба­сым бо­лып, ақыл-ке­ңес, өмір­дің қо­ры­тын­ды­сы ар­ қау еті­ле­ді. Та­лап қыл өнер­сіз­де үй­рен кә­сіп, Өнер­лі ха­лық­тар­мен ара­ла­сып. Жа­рат­қан дү­ниені на­ғыз ең­бек, Ол өзі бай­ла­ныс­ты ғы­лым­ме­нен [54, 236-б], –

192

деп со­нау ме­ңі­реу за­ман­да тұ­рып, ақын бү­гі­ні дәуір­дің өре­сі­мен ты­ныс­тас ой тас­тайды. Әлеу­мет­тік эко­но­ми­ка­лық жә­не бі­лім мен мә­де­ниет жа­ғы­нан арт­та қал­ған қа­раң­ғы ха­лық­тың кө­зін тек ғы­ лым, өнер ар­қы­лы ға­на ашу­ға бо­ла­ды деп пай­ым­да­ған ақын өзі­ нің үл­гі­ліісі­мен де, жы­ры­мен де ха­лық­ты бі­лім ие­леу­ге, ояну­ға, бас кө­те­ру­ге на­си­хат­тайды: Бір қа­раң­ғы, бір жа­рық ке­зек­теу бақ, Әш­ке­ре тең қыл­ма­ған күн мен түн­ді. Да­на ме­нен на­дан­ның пар­қы сон­дай, Ақыл­ме­нен да­на бі­лер ра­сым­ды, –

деп да­на­лық пен на­дан­дық­ты қа­раң­ғы мен жа­рық­қа те­ңе­се, бұ­дан әрі ойын жал­ғап: Жақ­сы­дан тә­лім алып, та­лап қыл­са, Та­лап­ты ер күн­нен күн­ге өр­ге өр­лей­ді. Жі­гіт­тер та­ла­бы жоқ ақы­мақ бо­лар, Өмі­рі өт­кен сай­ын тө­мен­дейді, –

дей­ді. Та­лап пен та­лап­сыз­дық­ты қа­ра­ма-қар­сы қояды. Бі­рі мұ­рат­ қа жет­кі­зе­ді, бі­рі ке­рі кет­кі­зе­ді. Ен­де­ше та­лап әр­бір адам­ның се­ рі­гі бо­луы ке­рек деп мә­лім­дейді. Ең­бек қыл­са же­те­ді ер мұ­рат­қа, Еш адам ең­бек­тен­бей гау­һар тап­пас. Қай­рат­ты ер­ден құ­тыл­мас дәу­лет қа­шып, Ері­ніп еш нар­се­ден кө­ңіл тарт­пас, –

деп та­лап қы­лып, ерін­бей ең­бек­тен­се ер­жі­гіт мұ­ра­ты­на же­те­ті­нін, дәу­лет тауып та­сы өр­ге до­ма­лайтынын, ке­рі­сін­ше бол­ған­да өмір­ ден ала­са­сын ала ал­майтынын мең­зейді. Ең­бек­ті адам­гер­ші­лік­тің бас­ты си­па­ты ре­тін­де қа­рай­ды. Абай ата­ған бес асыл іс­тің екеуі «та­лап, ең­бек» еке­нін ақын ес­ке са­ла­ды. Ең­бек­ті ба­қыт­тың ба­сы ре­тін­де қа­рай­ды. Жі­гіт­тік дү­ниенің гү­лі емес пе, Жас­шы­лық жан­ған от­пен бір емес пе. Жа­ра­сар ер­жі­гіт­ке ең­бек ет­се, Не та­бар бе­кер жү­ріп өмір өт­се,

193

Та­лап қыл, аза­мат­тар жас кү­нің­де, Жақ­сы­лық та­ра­пы­на қо­лың сер­меп [55, 54-48-б.] –

дей­ді ен­ді бір­де. Жас­тық көк­тем­ді ма­ғы­на­лы өт­кі­зу­дің кіл­ті де осы ең­бек пен та­лап деп бі­ле­ді. Ең­бек ет­пе­ген адам жан­бай жа­ тып сө­не­ді, өс­пей жа­тып өле­ді. Сон­дық­тан адам­дық бол­мыс­тың қа­лып­та­су­ын ең­бек­пен бай­ла­ныс­ты­ра өсиет ете­ді. Ақын жас­тар­ды ар­лы, ақыл­ды, шын­шыл, адал, кі­ші­пейіл, көп­ шіл бо­лу­ға үн­дей­ді. Мы­на өлең­нің бағ­дар­ла­ма­лық си­па­ты бар: Жет­се де тө­бең көк­ке асып кет­пе, Көр­сең де тау­дай пә­ле жа­сып кет­пе. Егер де жі­гіт бол­саң се­гіз қыр­лы, Шын­шыл бол, шы­дам­ды бол, са­сып кет­пе, –

деп, шын­шыл­дық­қа, тө­зім­ді­лік­ке, ұс­там­ды­лық­қа үн­дей­ді. Мұ­ны көр­ген­ді­лік дей­ді. Көр­ген­ді де ха­лық­тың әдеп-ина­ба­тын бой­ына сі­ңі­ре­ді.Ақын осын­дай ұнам­ды мі­нез-құлық­ты та­лап ете­ді. Та­ғы оқып кө­рейік: Ал­ды­мен көп­ші­лік­тің қа­мын ойла, Мас бо­лып қы­зы­ғы­ңа бе­кер той­ма Адал бол, кі­ші­пейіл, арын­ды бол, Қырт мақ­тан пай­да бер­мес оны да ойла [54, 236-237 б], –

де­ген сөз­де­рі де тәр­биелі көр­ген­ді бол дейт­ін ойға саяды. Әлеу­ мет­тік өмір қа­лып­тас­тыр­ған ақы­лақ (мо­раль) та­лап­та­рын бұз­ бауды ес­кер­те­ді. Өйт­ке­ні тәр­бие­лік­тің көр­сет­кі­ші кө­ре­ген­ді­лік. Көр­ген­ді адам үл­кен-кі­ші­ге құр­мет­пен қа­рай­ды. Сы­пайы-сы­нық мі­нез­ге бай бо­ла­ды. Мұн­дай адам­ның өзі­не де, көп­ші­лік­ке де пай­да­сы көп бо­ла­ды. Сон­дық­тан ақын үл­гі-өне­ге­лі мі­нез әре­кет­ ті на­си­хат ете­ді, жас­тар­ға да ой са­ла­ды. Жа­лын­ды жас­тық­та тым арын­да­май, ұс­там­ды бай­ып­ты бо­лу­ға, эти­ка­лық нор­ма­ны бұз­ бауды қа­лай­ды. Жас­тар­ға осы­лай­ша жол сіл­теп, үл­гі көр­сет­кен са­раб­дал ақын бұл орай­да есер­соқ, ес­сіз қыр­сық­ты жі­гіт пен ес­ті, та­лап­кер, ел­ ге үл­гі бо­лар­лық жі­гіт­ті са­лыс­ты­ра­ды. Екі түр­лі си­пат­та­ғы аза­ мат бол­мы­сын аша­ды. Сон­да жа­ман жі­гіт­тің си­па­ты қан­дай? Ол айт­қан­ға көн­бейт­ін, ақыл­ды тың­да­майт­ын адам, екін­ші аузы­мен орақ ора­тын кү­піл­дек мақ­тан­шақ, үшін­ші өмі­рі өсек­пен өте­тін, 194

үй қы­ды­рып өті­рік-өсек­ті өр­бі­те­те­тін жі­гіт. Сай­ып кел­ген­де қу­ лық-сұм­дық, аяр­лық сияқ­ты жа­ман әдет­тер осы­лар­дан шы­ға­ды. Мұн­дайл­дар өзін-өзі бас­қа­ра ал­майт­ын са­на­сыз аза­мат­тар бо­ла­ ды. Олар­дан қан­дай мейір-қай­ыр кү­ту­ге бо­ла­ды. Мұн­дай жан­дар адам­гер­ші­лік­тен де ада бо­ла­ды. Бұ­дан ар­тық ба­қыт­сыз­дық­та бол­ майды. Ал жақ­сы жі­гіт­тің си­па­ты қан­дай? Ол сө­зі- май­да, мі­не­зі- сы­ пайы. Екін­ші, ол ел­ге жай­лы, көп­шіл аза­мат. Кі­ші­пейіл көп­шіл бо­лу – адам­ның жақ­сы қа­сиеті. Мұн­дай адам­ды көп­ші­лік құр­мет ете­ді. Кі­ші­пейіл­дік­ті ха­лық кі­сі­лік­тен бө­ліп қа­ра­ма­ған. Мұн­дай адам­дар­да аума­лы, төк­пе­лі­мі­нез бол­майды. Өзін бас­қа­лар­дан ар­тық қой­май­ды. Қыс­қа­сы, сы­пайы сөз, сы­нық мі­нез тәр­бие­лік­ тің бел­гі­сі. Ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дың осын­дай мі­не­зін қы­лық­ты аза­ мат­тар­ға үміт арт­қан. Мұ­ның бір жа­ғы ел мүд­де­сі­мен ас­та­сып жат­қан­дық­тан, ақын өлең­мен өріп, бі­рін дат­тап, бі­рін құп­тайды. Жақ­сы жі­гіт­ті «Са­ры мой­ын елік­ке, ұс­тал­ма­ған кез­дік­ке, қол­қа бауыр жү­рек­ке» ба­лауы – тап­қыр­лық. Се­бе­бі, жақ­сы адам­ның ша­ра­па­ты көп­ке көп­ке шуақ бо­лып ша­шыл­мақ. Бұл жал­қы­ның да, жал­пы­ның да ар­ман ті­ле­гі. Осы­ның бә­рі ер­кін­ді­гі бар, ең­се­сі биік ел бо­лу­дан ту­ған ой-пі­кір деп қа­ра­ған дұ­рыс бол­мақ. Ақын өзі өмір сүр­ген кез­дің тү­бі­не бой­лап, қал­та­рыс қат­па­рын ашып, шын­дық­ты айтуға ден қояды. Бір­де қо­ғам­дық – әлеу­мет­тік мә­ се­ле­лер­ге, бір­де aдам бол­мы­сы­на үңі­ле­ді. Жақ­сы­лық­ты жақ­тап, жа­ман­дық­ты ше­ней­ді. Шыл­бы Кө­ме­кұлы­ның өлең­де­рі­нің кө­бі афо­рис­тік са­рын­да ке­ліп, об­раз­ды ойға, те­рең тол­ғам­ға құ­ры­ла­ды. «Асы­лы, бір не­ ме­се екі жақ­сы өлең жа­зу, сол ар­қы­лы бір не­ме­се екі сыр аң­ғар­ту, шын­дық та­ны­ту кез-кел­ген өлең­ші­нің қо­лы­нан ке­луі мүм­кін. Ал өзі жаз­ған өлең­дер ар­қы­лы өзі­нің өз­ге­лер­ден бө­лек ақын­дық бі­ ті­мі мен мі­не­зін та­ны­ту, сол ар­қы­лы өзі­нің өнер әле­мін­де­гі тұ­тас твор­чест­во­лық бе­ті мен ба­ғы­тын та­ны­ту кез кел­ген қа­лам­гер­дің қо­лы­нан ке­ле бер­мейді» [56, 171-б.], – де­ген ака­де­мик Зей­нол­ла Қаб­до­лов­тың бір ұла­ғат­ты сө­зі бар еді. Сол се­кіл­ді Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзия­сын­да­ғы ағар­ту­шы­лық идея­ның да­му­ын­да, жү­зе­ге асуын­да ірі тұл­ға, өзін­дік ақын­дық жо­лы ай­қын, жа­сам­паз­дық­та өзін­дік өр­нек-­бояуы, өзін­дік үні бар та­ла­нт­ты ақын­дар­дың бі­рі – Шар­ғын Ал­ға­зыұлы. Шы­ғар­ма­ла­ры­ның өз ке­зін­де то­лық жи­ нал­мауы, рет­тел­меуі се­беп­ті де бо­лар бұл та­лант иесі­нің ақын­дық әле­мі­нің сыр- си­па­ты бү­гін­ге дейін ба­ға­лан­бай, шы­ғар­ма­шы­лық 195

та­би­ға­ты зерт­тел­мей ке­ле жат­қа­ны кө­ңіл­ге қаяу тү­сі­ре­ті­ні анық. Бол­ма­са Шар­ғын ақын Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің өр­кен жаюына, қа­лып­та­сып, да­му­ына бір кі­сі­дей үлес қос­қан да­рын­ды, қуат­ты ақын­дар­дың бі­рі еді. Шар­ғын Ал­ға­зы ұлы 1903-жы­лы Қа­зақ­стан­ның бү­гін­гі Ал­ма­ ты об­лы­сы­ның Ұй­ғыр ауда­нын­да­ғы Тиір­мен де­ген жер­де ту­ған. Сол жер­де оқып, бі­лім ал­ған. Жас­тайы­нан өлең-жыр­ға әуес­те­ніп, бір­та­лай қис­са-дас­тан­дар­ды жат­тап өс­кен. Той-то­ма­лақ, жиынтоп­та айт­ыс­қа ара­лас­қан. көп­те­ген әде­би кі­тап­тар­ды тауып оқып, әде­биет әле­мі­не ке­лу­ге үл­кен дай­ын­дық жа­сап жүр­ген­де, 30-жыл­ да­ры асы­ра сіл­теу­дің әпер­ба­қан­да­ры сал­ған лаң­ның сал­да­ры­нан ел ба­сы­на қа­тер­лі күн туып, ха­лық күй­зе­ліс­ке ұшы­рай­ды. Ер­кі­ нен, ма­лы­нан, же­рі­нен ай­рыл­ған ха­лық­қа ара­нын аш­қан ашар­ шы­лық тө­не­ді. Ажал аж­да­һа бо­лы­п а­ра­нын аша­ды. Жан сақ­та­мақ па­рыз. Жан аза­бы­на, ру­ха­ни қы­сым­ға шы­да­ма­ған ша­ра­сыз жан­ дар ажал­дың те­мір тыр­на­ғы­нан, зұлым­дар­дың оз­быр­лы­ғы­нан құ­ ты­лу үшін Қы­тай же­рі­не қа­шып өте­ді. Сол бос­қын топ­тың ішін­де Шар­ғын ақын да бар еді. Кел­ген бой­да Іле­нің Те­кес ауда­ны­на кеп тұ­рақ­тайды. Бұл кез­де­рі Іле өңі­рін ежел­ден ме­кен­деп ке­ле жат­қан тұр­ғы­ лық­ты ха­лық­тар да қа­раң­ғы­лық­тың, зор­лық-зом­бы­лық­тың құр­ сау­ын­да сан­сы­рап жат­қан-ды. Сол ел­дің қа­мын ой­лап, жар­ғақ құ­ лақ­та­ры жас­тық­қа ти­мей жүр­ген ағар­ту­шы Дәу­лет­кел­ді мен ақын Таң­жа­рық се­кіл­ді ар­дақ­ты аза­мат­тар­мен ұшы­ра­суы Шар­ғын­ның ойына өріс, жы­ры­на ша­быт бе­ріп, жі­ге­рін қай­рай­ды. Со­лар­мен бір­ге оқу-ағар­ту ісін ұйым­дас­ты­ру­ға құл­шы­на кі­рі­се­ді. Өзі ме­кен тұ­тып тұр­ған Үй­сін тауы­ның бөк­те­рін­де­гі қа­зақ ауыл­да­рын­да ал­ ғаш мек­теп ашып, ба­ла жи­нап оқы­ту ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­ ды. Бі­раз жыл­дан соң, Шар­ғын Те­кес ауда­ны­ның оқу-ағар­ту ісін бас­қа­ру­ға жұ­мыс­қа та­ғай­ын­да­ла­ды. Бұл қыз­мет­ті бір­не­ше жыл іс­теп, Тә­ңір тауы­ның бау­рай­ын­да­ғы қа­зақ­тар­дың ұр­па­ғын өнербі­лім­ге баули­ды. Игі тәр­бие бе­ре­ді. Ағар­ту ісі­не пе­да­гог­тік- ұс­ таз­дық ең­бе­гі­мен үлес қо­су­мен бір­ге өзі­нің жыр жа­сам­паз­ды­ғы­ мен де ба­рын­ша ат са­лы­са­ды. Тұ­ра­тын бір қа­лып­та нәр­се бар ма, Кейы­сып, кей­де жү­рек сал­қын­дар­сың. Ұм­ты­лып мә­де­ниет­ке қол со­зың­дар, Бұ­рын­ғы ес­кі­лік­тің сал­ты қал­сын.

196

Өт­кен­де оқы­ма­ған адам­дар боп, Зор­ла­ған кө­не қо­ғам қар­ғыс ат­сын. Өнер-бі­лім, оқу­сыз бе­кер қал­саң, Ой­лан­шы, қан­ша нәр­се жа­пы­ра­сың [57, 58-б ], –

де­ген шу­мақ­тар ұлы мақ­сат­тар жо­лын­да­ғы дауыл­паз ақын­ның шы­найы жү­рек сө­зі еді. Шын­жаң­да­ғы қа­зақ­тар ара­сы­нан шық­қан аса да­рын­ды ақын Таң­жа­рық­пен қа­тар­ла­са жү­ріп, қа­зақ әде­биеті­нің өріс­теуіне, да­ му­ына елеу­лі үлес қо­са­ды. Бұл тұс­та­ғы шы­ғар­ма­ла­рын­да екі ақын да қа­зақ хал­қын оя­нып, өнер-бі­лім­ге құ­лаш ұру­ға, бе­ре­кебір­лі­гін ны­ғайтуға үн­дей­ді. На­мы­сын қоз­ды­рып, та­бан­ды әре­кет жа­сауға жі­гер­лен­ді­ре­ді. Таң­жа­рық: Та­ғы­сы бо­лып ал­дың тау­дың, қа­зақ, Жая мен дә­мін та­тып жал­дың, қа­зақ. Құз­ғын­дай құ­зар шат­қа ұяла­ған, Әр сай­ға бір­ден қо­ра сал­дың, қа­зақ. Өс­тіп-ақ жа­байы боп өте­мі­сің, Ішін­де қа­ра­ғай мен тал­дың, қа­зақ? Кө­зің­ді айна­ла­ңа бір сал­саң­шы Та­ба­сы бо­ла бер­мей жан­ның, қа­зақ. Жа­тыр­сың на­дан­дық­тан өрт ішін­де, Ба­сың­ды кө­тер­ме­сең жан­дың, қа­зақ, –

де­се, осы мұ­рат­ты Шар­ғын да ту қып кө­те­ре­ді: Бі­лім­ге өнер­ме­нен сер­ме құ­лаш, Ал­ма піс, аузы­ма түс де­ме, қа­зақ. Ын­ты­мақ – ырыс ал­ды де­ген сөз шын, Бі­рің жау, бі­рің жат көр­ме, қа­зақ. Ел бо­лып есею­дің қа­мын ойла, Жат жауға на­мы­сың­ды бер­ме, қа­зақ!

Екі ақын да «қа­зақ» де­ген сөз­ге ерек­ше ек­пін тү­сі­ріп, әл­де­не­ ше рет қайта­лай­ды. Өз ұл­ты­ның кей­бір тұр­мыс-тір­лік­те­рі­не кө­ ңі­лі тол­майды. Қайт­кен­де ел бо­лып есею­дің жо­лы­на түс­пек. Бас­ қа­лар­мен те­ре­зе­сі тең бол­са де­ген ар­ман-ойла­рын ал­ға тар­та­ды. На­мыс­та­рын қай­рап, жо­лын сіл­тейді. Шар­ғын ақын­ның кө­зін кө­ріп, сө­зін ес­ті­ген, өлең-жыр­ла­ры­ нан су­сын­дап, та­ғы­лым алып өс­кен іні­сі, бел­гі­лі Құр­ман­бай То­ 197

лы­баев­тың қос да­рын ту­ра­лы: «бұл екі ақын­ның ба­ла кез­де­рі­нен өне­ге ал­ған, ұс­таз тұт­қан Абай Құ­нан­баев, Ах­мет Байт­ұр­сы­нов, Мір­жа­қып Ду­ла­тов, Мағ­жан Жұ­ма­баев сын­ды қа­зақ ой­шыл­да­ры сал­ған ақ жол­дың, із­гі ті­лек­тің үзіл­мей жал­ғас­қан са­ры­ны еді. Жас ақын­дар қа­зақ хал­қы­ның бо­ла­ша­ғы үшін тол­ға­на ой ке­шіп, өз түй­сік­те­рін ор­та­ға ашық жаяды. Сөйт­іп, Шын­жаң қа­зақ­та­ ры та­ри­хын­да ағар­ту­шы­лық ба­ғыт­та­ғы әде­би ой­дың өріс­теуіне ақыл-па­ра­сат­та­рын жұм­сайды. Ойлы өлең­де­рі мен аң­ғар­лы тол­ ға­ныс­та­ры ту­ған хал­қы­ның жү­ре­гі­нен жол та­ба­ды» [58], – деп жаз­ға­нын­дай Шар­ғын ақын өзі­нің бар ғұ­мы­рын ағар­ту­шы­лық жол­ға ар­на­са, шы­ғар­ма­шы­лық ба­ғы­тын да сол ағар­ту­шы­лық идеяға жұм­са­ды. Жа­тып-тұ­рып ой­лай­мын дү­ниені, Уайым­шыл мен жүр­ген бір адам­мын. Бұл қа­зақ осы күй­де ке­тер ме­кен, Ба­сы­на быр шық­пас­тан мұ­на­ра­ның [59, 79-б], –

де­ген жол­да­ры­ның кө­зі ашық, кө­кі­ре­гі ояу ақын­ның ар­ман-за­ рын­дай ес­ті­ле­ді. Хал­қы­ның өнер-бі­лім­нен кен­же қа­лып, дәуір ағы­ны­на іле­се ал­май арт­та қа­лып ба­ра жат­қа­ны­на қын­жы­ла мұ­ ңын ша­ға­ды. Алай­да ға­лам­ның сыр-си­па­тын, ер­кін­дік­ тең­дік­ті озық ой, сер­гек са­на­мен та­нып өс­кен са­раб­дал ақын хал­қы­ның бо­ла­ша­ғы­нан кү­дер үзіп, үміт­сіз­дік­ке са­лын­байды. Адам­мен – адам­ды, ұлт­пен – ұлт­ты те­ңес­ті­ре­тін нәр­се – ғы­лым де­ген ата­лы сөз­ге, қа­жет­ті қа­ғи­да­ға жү­гі­не­ді. Тек ғы­лым-бі­лім ға­на ха­лық­ты ал­ға же­те­лей­ді, кө­се­ге­сін кө­гер­тіп, озық ел­дер са­на­ты­на қо­са­ды, ер­кін­дік-тең­дік­ке қол жет­кі­зе­ді. Сон­дық­тан: Ғы­лым­сыз жұрт қа­тар­ға қо­сыл­майды, Қол соз, ұр­пақ, ғы­лым­ға тіл ал­ға­ның. Исі қа­зақ ұл­ты­на мың бір са­лем, Жал­ғыз- ақ мін­де­ті емес бір адам­ның, –

деп ағы­нан жа­ры­ла­ды. Бұл шы­ғар­ма­ла­рын ­тал­дан­ған ақын­дар­дың бә­рі­не ор­тақ түйін-тұ­жы­рым еді. Олар іл­ге­рін­ді-кейін­ді жаз­ған шы­ғар­ма­ла­ры­ның бә­рін­де ұл­ты­ның, елі­нің қа­мын жыр­ла­ды. Әде­би үр­діс­ке өзін­дік үлес қос­қан, азат ой­дың жар­шы­сы, ақын­дық ор­та­ның та­ғы бір өкі­лі – Дос­бер Сауры­құлы. Ол 1894жы­лы Іле об­лы­сы Ныл­қы ауда­ны­ның Жа­лын­құл де­ген же­рін­де 198

ау­қат­ты от­ба­сын­да өмір­ге ке­ле­ді. Он бір жас­қа шық­қан жы­лы әке­сі дү­ние са­ла­ды да, ше­ше­сі Та­қия Дос­бер­ді үйін­де мол­да жал­ дап, ес­кі­ше оқы­тып, сауа­тын аша­ды. Қар­ша­дайы­нан ақыл­ды-зе­ рек­ті­гін та­ныт­қан Дос­бер араб-пар­сы тіл-жа­зу­ын өз­ді­гі­нен үйре­ ніп, бір­ша­ма қа­нық иге­ре­ді. Он бес жа­сын­да ауыл мед­ре­се­сі­нің мол­да­сы бо­ла­ды. Әрі заң­ды, ақа­лақ­шы­лар­ға­хат­шы­лық жұ­мыс іс­ тей­ді. Ер же­те ке­ле тай­жы ­жә­не ­зәң­гі­лік ­ман­сап­тар­ға да ие бо­ла­ ды. Дос­бер ба­ла жа­сы­нан өлең-жыр­ға әуес бо­лып, ел ара­сын­да­ғы үл­гі­лі қис­са-дас­тан­дар­ды жә­не кей­бір әде­би, та­ри­хи кі­тап­тар­ды тауып құ­ны­ға оқи­ды. Со­ны­мен бір­ге өз­ге ұлт­тар әде­биетін де бе­ рі­ле зерт­теп үйре­не­ді. Кө­зі қа­рақ­ты ақын ха­лық ішін­де­гі ха­лық ауыз әде­биет үл­гі­ле­рін де жи­нап, зерт­тей­ді. Дос­бер Сауры­құлы әйгі­лі үш ай­мақ төң­ке­рі­сі ең ал­ғаш Ныл­ қы­да бас­тал­ған­да төң­ке­ріс­тің бел ор­та­сын­да жү­ре­ді. Осы төң­ке­ ріс отын тұ­тан­дыр­ған әрі ту ұс­таушы­ла­ры, же­тек­ші­ле­рі бол­ған Әк­бар мен Сейіт­тің се­нім­ді се­рік­те­рі­нің бі­рі бо­ла­ды. Елі­міз азат­ ты­ғы­нан соң, Дос­бер Ныл­қы ау­дан­дық жер-су ме­ке­ме­сін­де жә­не бір­лік сап бө­лі­мін­де қыз­мет іс­тей­ді. Дос­бер Сауры­құлы өз өмі­рін­де көп­те­ген өлең, тол­ғау, дас­тан жаз­ған қуат­ты ақын бол­ған.Бір бө­лім өлең­де­рі 1940-жыл­дың соң­ ғы мер­зі­мі мен 50-жыл­дар­дың бас ше­нін­де мер­зім­ді ба­сы­лым­ дар­да жа­риялан­ған. 1947-жыл­да­ры ақын үш ай­мақ уа­қыт­тық үкі­ мет­тік жа­ғы­нан шы­ға­рыл­ған «Төң­ке­ріс та­ңы» ат­ты га­зет­тің тіл­ші­сі бол­ған. 1959-жыл­ ға кел­ген­де жер­гі­лік­ті ұлт­шыл­дар­ға, оң­шыл­дар­ға қар­сы кү­рес ке­зін­де ақын­ға «оң­шыл» қал­па­ғы ки­гі­зі­ле­ді. Бі­рер жыл­дан соң «оң­шыл» қал­па­ғы алын­ған бол­са да, өзі­мен бір­ге қо­са ауыл­да­ғы туыс-ту­ған­да­ры­ның бар­лы­ғы дер­лік «бай-құ­лақ» ата­нып, шет­ке қа­ғы­ла­ды. Бұл ту­ра­лы ақын: Сө­зім­ді та­ра­зы­ға тү­зу тар­тып, Бе­ре­тін ту­ра ба­ға-на­рық қай­да? Жақ­сы ме­нен жа­ман­ды айыра­тын, Қақ жар­ған қа­ра қыл­ды анық қай­да? Әлі жүр әсі­ре қы­зыл, оң­ғақ бояу, Өс­ті­ген соң ақы­ның та­рық­пай ма?

Өз би­лі­гі өзін­де жоқ ақынк ең кө­сі­ліп, ой тол­ғап жа­за да ал­ май­ды. Ара-тұ­ра жаз­ған шы­ғар­ма­ла­рын кө­бі­не­се жа­сы­рып ұс­ тай­ды. Аты шу­лы он жыл­дық мә­де­ниет төң­ке­рі­сі ке­зін­де бір­та­лай 199

құ­қай кө­ре­ді. Ұзақ жыл­дар бойы ең­бек­те­ніп жаз­ған-сыз­ған­да­ры мен жи­ған-тер­ген­де­рін кө­не ошақ­тың ор­ны­на, там қуысы­на, құ­ рым киіз­ге орап, тық­қыш­тап жүр­ді. Со­ның өзін­де де бір­сы­пы­ра қол­жаз­ба­сы жыр­ты­лып біт­ті, дым тар­тып, жа­зу­ла­ры өш­кен. Ақын осы­лай­ша әсі­ре «сол­шыл­дық» ба­ғыт дәу­рен­деп тұр­ған кез­де 1971-жы­лы дү­ниеден қайт­ты. Мә­де­ниет төң­ке­рі­сі аяқ­та­лып, 70-жыл­дар­дың со­ңы­на кел­ ген­де, сая­сат оңа­лып, жал­пы аз ұлт­тар әде­биеті мен мә­де­ниеті­не оң қа­бақ та­ныт­қан оң­тай­лы ба­ғыт-ұстаным­дар жол­ға қой­ыл­ды. Осын­дай сәт­те ақын­ның от ор­нын­да қал­ған қо­лам­та­дай бо­лып жет­кен бір бө­лім туын­ды­ла­ры қол­ға ти­ді. «Есен­гел­ді» («қы­зай та­ ри­хы»), «Ал­дар кө­се», «Са­қау қыз», «Сә­дуақас жо­март» қа­тар­лы қис­са-дас­тан­да­ры, «Дос­бер мен Ал­тын­ның айтысы» ат­ты айтысы жә­не бір бө­лім өлең-тол­ғаула­ры жи­нал­ды, рет­тел­ді. 1982-жыл­дан бе­рі «Есен­гел­ді» ат­ты та­ри­хи да­станы, «Қа­лам мен ба­ла­ға» ат­ ты тол­ғауы сон­дай-ақ он­нан ас­там өле­ңі мер­зім­ді ба­сы­лым­дар­да жа­риялан­ды. 2000-жыл­ға кел­ген­де туын­ды­ла­ры та­ғы сұ­рып­та­ лып, Іле ха­лық бас­па­сы жа­ғы­нан шы­ғар­ма­лар жи­на­ғы [60] жа­рық көр­ді.Ақын жал­пы өлең-сөз­ге ер­те ара­лас­қан әрі өмі­рі­нің со­ңы­на дейін жал­ғас­тыр­ған. Жа­сым­нан жа­зып едім өлең-жыр­ды, Ел бі­лер өле­ңім­нен іш­кі сыр­ды, -

де­ге­нін­дей ақын он бес жа­сы­нан дү­ниеден қайт­қан­ға дейін өлеңжыр­ды сел­де­тіп көп жаз­ған. Алай­да біз­ге жет­кен са­наулы туын­ ды­ла­ры­ның өзі-ақ ақын­ның ақын­дық өнер­де­гі қуат­ты­лы­ғын, қа­ ла­мы­ның жүй­рік­ті­гін та­ныт­қан­дай. Ал­ғаш­қы не­ме­се соң­ғы мез­ гіл­дер­де жаз­ған шы­ғар­ма­ла­ры бол­сын бә­рі де те­рең ойға құ­рыл­ ған, көп кө­ңі­лі­нен шы­ға­тын, ті­лі кес­те­лі бо­лып ке­ле­ді. ... Ар­ғы атам Есен­гел­ді ел бас­та­ған, Уақы­тын­да ор­та жүз­ге бол­ған үл­гі... Бе­сін­ші сол ба­бам­ның не­ме­ре­сі – Тү­сім­де ба­та бер­ген ақын Шыл­бы, –

деп өзі­нен бұ­ры­ны­ра­қ өт­кен Шыл­бы ақын­ды өзі­не пір, ұс­таз тұт­ қан арын­ды ақын:

200

Тоқ­та­май зыр­ла, жүй­рік, қарт қа­ла­мым, Өзің­ді қо­лы­ма ал­сам шат­та­на­мын. Жа­сым­нан кө­не жол­дас, жан се­рі­гім, Шын сөз­ді шың­нан асып тарт, қа­ла­мым. Сүй­сі­ніп ес­ті­ген жан тың­да­ған­дай, Үл­гі­лі, жүйелі сөз тап, қа­ла­мым, –

деп тол­ғайды. Ақын­ның арын­ды­лы­ғы мен да­рын­ды­лы­ғы өлең­ді бо­ра­тып көп жаз­ған­ды­ғын­да емес, қайта өлең­нің ма­ңыз­ды­лы­ғы мен мән­ ді­лі­гін­де жа­тыр. Өлең­де­рі «ті­лі же­ңіл, жү­рек­ке жы­лы тие­тін» өр­ нек­ті, сұ­лу поэзия бо­лып ке­ле­ді. Ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның маз­мұн аясы бір­ша­ма кең, та­қы­рып­та­ ры сан алуан. Сон­дай-ақ өлең­де­рін­де дін ис­лам жо­лы, тағ­дыр­дың жа­зуы сияқ­ты ді­ни қа­ғи­да­лар да қам­ты­лып жа­та­ды. «Құ­дай­сыз қу­ рай сын­байды» – дей­ді ақын. Бұл да тү­сі­нік­ті. Өйт­ке­ні бұл ақын­ның ал­ғаш көр­ген тәр­биесі­мен, яғ­ни ал­ған ді­ни бі­лі­мі­мен бай­ла­ныс­ты. Дос­бер Сауры­құлы соң­ғы ұр­пақ­қа үл­гі бо­лар­лық көп­те­ген ақыл- ке­ңес­тер айтады. «Қа­лам мен ба­ла­ға» ат­ты тол­ғауын­да ақын жас­тар­ға өнер-бі­лім­ге ұм­ты­лу, та­лап­кер, үміт­кер бо­лу, жақ­ сы­дан үйре­ніп, жа­ман­нан жи­ре­ну, ой­лам­ды-тол­ғам­ды, шын­шыл да адал, кі­ші­пейіл, ең­бек­қор бо­лу сын­ды то­лып жат­қан жақ­сы қа­ сиет­тер­ді дә­ріп­тейді. Қа­зы­на тау­сыл­майт­ын – ғы­лым-бі­лім, Се­нім жоқ мал бай­лы­ғы – бақ­қа, ба­лам. Бі­лім­сіз би­лік айт­ып тұ­ра ал­май­сың, Мін­сең де пат­ша бо­лып тақ­қа, ба­лам.

Адам­ның ба­ғы­ның жа­нуы мал мен бай­лық­қа емес, қайта ғы­ лым­ға бай­ла­ныс­ты деп, ғы­лым-бі­лім­нің рө­лін аса жо­ға­ры ба­ға­ лай­ды. Тәр­тіп­ті, өне­ге­лі, тә­жі­ри­бе­лі, Үл­гі­лі, бі­лім­паз­ды жақ­та, ба­лам. Әр­қа­шан ал­ға бас та нық қа­дам­мен, Бө­ге­ліп кейін қа­рай тарт­па, ба­лам...

Жас­тар­дың бі­лім алып, бі­лім­паз­ды қа­дір­леу ке­рек­ті­гін ес­кер­ те­ді. Ақын өзі­нің ал­дын­да­ғы үл­гі ал­ған­да­ры­ның дәс­тү­рін бе­рік 201

ұстана­ды, жал­ғас­ты­ра­ды. Жол­дас бол­саң бі­лім­ді, өне­ге­лі адам­ дар­мен жол­дас бол, олар­дан үл­гі ал да үй­рен, ал бі­лім­сіз­ге жа­нас­ па да жи­рен дей­ді: Жол­дас бол­ма бі­лім­сіз қу­ға, ба­лам, Сон­да адам боп шық­қа­ның қыр­ға, ба­лам. Ті­лі­не ер­сең қу­лар­дың құлы бол­дың, Се­ні апа­рып си­гі­зер су­ға, ба­лам.

Мұн­дай­лар­ға ер­се абы­рой тап­пайтынын, қайта сор­ла­та­ты­ нын айтады. Жақ­сы­лар­мен жа­на­сып, өсек ұр­лық-қар­лық сын­ды жа­ман қа­сиет­тер­ден бой­ың­ды ау­лақ ұс­тап, шын­шыл, мейі­рім­ді, адал бол, сон­да хал­қың се­ні ар­дақ­тап, қол­дайды дей­ді. Сақ­та­нып оты­рып, өсек, ұр­лық­тар­дан, Ие бол жақ­сы де­ген ат­қа, ба­лам. Бай­қа­май жақ­сы екен деп жа­ман­ға еріп, На­хақ­тан бір жа­ман ат тап­па, ба­лам.

Мұ­ның бә­рін жал­қы ар­қы­лы жал­пы­ға айт­қан сө­зі деп ұғу ке­ рек, бұл сөз­дер­ді де мүлт кет­пейң әсе­рі­нің күш­ті бо­ла­ры кү­мән ту­ғыз­байды. Шын­шыл бол, мейі­рім­ді, адал жү­рек, Бе­ре­ді ал­ла жәр­дем ақ­қа, ба­лам. Сез­гір деп, се­нім­ді деп сен­се ха­лық, Сый­лай­ды өзің тү­гіл жат та, ба­лам.

Ақын ең­бек, ең­бек­кер­лік, та­лап­ты­лық­ты да ай­рық­ша ауыз­ға ала­ды. Бар­лық бай­лық пен ба­қыт­қа же­ту­дің кіл­ті осы ең­бек­те деп түйеді. Та­лап­ты нұр жауады ер­ге, ба­лам, Ең­бек­тен­сең шы­ға­сың бел­ге, ба­лам. Қо­лың­ды еш нәр­се­ге жет­кіз­бейт­ін Со­ңы­нан ерін­шек­тің ер­ме, ба­лам...

Осы айт­ыл­ған­дар­дың бә­рі ха­лық­тық­қа­ғи­да де­сек те не­ме­се ата-ба­ба ама­на­ты де­сек те ар­тық айт­қан­дық бол­майды. Ақын ба­ ла­сы­на айт­қан бо­лып оты­рып, көп­тің кө­кейін­де­гі­сін дөп ба­са­ды. 202

Та­лап­та­нып, ерін­бей ең­бек­тен­сең, ал­ға қой­ған мақ­са­ты­ңа, мұ­ ра­ты­ңа қол жет­кі­зе ала­сың, ерін­шек ез бол­саң өмір­ден құр ала­қан қа­ла­сың, яғ­ни, «жат­қан­ға жан жуы­май­ды» де­ген пі­кі­рін ор­та­ға са­ла­ды. Ақын ен­ді бір­де ел­ге жай­лы, әдеп­ті, із­гі ниет­ті жан­дар мен сұм-сұр­қия, күн­шіл, ел бұз­ғыш қа­ра ниет­ті­лер­ді са­лыс­ты­ра­ды. Ел­ге қор­ған бір жі­гіт, Бәйтерек­тің бү­рін айт­. Ел­дің сә­ні жас ару, Рай­хан­ның гү­лін айт­. Шал­қар көл­дің сар­қыл­мас, Кәу­сар-зәм­зәм суын айт­, –

деп ел­ге қор­ған бол­ған ар­дақ­ты аза­мат пен ел­дің сә­ні жас ару­ды ас­қар бел­ге, шал­қар көл­ге, шөл қан­ды­рар зәм­зәм суына, бәйтерек­ тің бү­рі­не, рай­хан гү­лі­не ба­лай­ды. Ел қор­ға­ны жас жі­гіт­пен ел­ді сә­ні жас ару­ды қа­дір тұ­та­ды, үл­гі ете­ді. Бұ­дан кейін ойын өр­бі­тіп сұм-сұр­қия­лық сы­ры­на үңі­ле­ді. Сұм- сұр­қия құ­был­ғыш, Сүй­кім­сіз­дің тү­рін айт­. Ша­ма­сы кел­се қас қы­лар, Ішін­де­гі зі­лін айт­. Өсек­ші, күн­шіл, ел бұз­ғыш, Өті­рік май­да ті­лін айт­,-

дей­ді. Адам ба­ла­сы­ның бә­рі бір­дей емес екен. «Адам ала­сы ішін­ де» де­ген қа­ғи­да­ны қа­ға бе­ріс қал­дыр­май­ды. Өті­рік көл­гір­си­ тін екі жүз­ді жан­нан сақ­тан­ба­са, ор­ға құ­лаудың да мүм­кін екен. Сон­дық­тан адам ара­сын­да­ғы қа­рым қа­ты­нас­қа үл­кен мән бе­ре­ді. Тіп­ті, мұн­дай сұм сұр­қия­лар қа­зір­де ұшы­ра­сып қа­ла­ты­нын ес­те ұс­тау қа­жет екен. «Сы­рын біл­ме­ген ат­тың сыр­ты­нан жүр­меуге» үн­дей­ді. Әр кез адам­гер­ші­лік қа­сиет­ті ес­ке ұс­тау па­рыз деп тү­ сін­ді­ре­ді. Сұм-сұр­қия, қа­ра ниет­ті жан­дар­дың жек­сұ­рын кейіп-кес­пі­рі мен жа­ғым­сыз іс-әре­ке­тін өт­кір тіл­мен ше­ней­ді. Ақын­ның ой-тол­ға­мы, пай­ым-па­ра­са­ты осы за­ман­мен сәй­кес, ты­ныс­тас жа­та­ды. «Жел сөз­дің же­лі­сін ағыт­қан» ақын­ның ақын­ дық­қа қояр та­ла­бы да күш­ті. Ақын­ның сө­зі дәм­ді, бі­лі­мі те­рең бо­ 203

луы ке­рек. Сон­да ға­на оқыр­ман­ның қа­жет­ті­гі­нен шы­ға ала­ды. Ал сө­зі дәм­сіз, бі­лім­сіз бол­са, тың­дау­шы­сын жо­ғал­тып ала­ды дей­ ді. Ақын қойы­лар та­лап­тың жо­ға­ры бо­ла­ты­ны­на на­зар ауда­ра­ды. Ақын «Өлең – сөз­дің пат­ша­сы» еке­нін жақ­сы аң­ғар­ған. Ел – сез­гір, сөй­леу­ші ақын біл­гіш бол­са, Же­лі­сін жел сө­зі­нің ағыт­пай ма? Ақын­ның сө­зі дәм­сіз, мыл­жың бол­са, Тың­дау­шы құр­ғақ сөз­ден жа­лық­пай ма? Тау­сыл­мас асыл сөз­дің қа­зы­на­сы, Бе­ру­ге да­рын­ды ақын арық­тай ма? Ләз­за­ты бол­ма­са сө­зі­ңіз­дің, Ақ­сұң­қар­дай ас­пан­да ша­рық­тай ма?

Өлең сөз өр­не­гі­нің өзін­дік шар­тын ес­кер­ген ақын поэзиясы­ ның да құ­ры­лы­мы шы­мыр, ойы те­рең бо­лып ке­ле­ді. Айт­пақ­шы ой-пі­кі­рін тө­гіп-шаш­пай, ша­шау шы­ғар­май ба­рын­ша жи­на­қы етіп бе­ру­ге ты­ры­са­ды. Ол өзі­не жо­ға­ры та­лап қоя біл­ген өнер иесі. Әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­рі­нуі. Елі­міз­де­гі қа­зақ поэзиясы да­му үр­ді­сін­де­гі та­ғы бір ар­на- он­да­ғы әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­ рі­нуі. Әде­биет та­ри­хын қо­ғам да­муының жан­ды кө­рі­ні­сін елес­те­ тер жә­ді­гер деу­ге бо­ла­ды. Та­рих та­ри­хи оқи­ға­лар­ға, ке­зең­дер­ге, дәуір­лер­ге хро­но­ло­гия­лық тәр­тіп­пен си­пат­та­ма бе­ре­тін бол­са, әде­биет сол құ­бы­лыс­тар­ға за­ма­на биігі­нен ба­ға бе­ре­ді, жал­пы­лық си­пат, оның іш­кі өмі­рін бей­не­леу, да­ра­лау мен жал­пы­лау ар­қы­лы бел­гі­лі ке­зең­нің көр­кем об­ра­зын қа­лып­тас­ты­ра­ды. XIX ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен 20-ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да елі­міз­дің ес­кі бас­қа­ру жүйесі­не сай­кес әді­лет­сіз өкі­мет пен олар­дың жан­дай­шап­та­ры жә­не жер­гі­лік­ті әкім қа­ра­ лар та­ра­пы­нан бол­ған екі жақ­ты ез­гі­нің қыс­па­ғын­да қал­ған ел әб­ден күй­зел­ді. Ел бас­қа­ру ісін­де әді­лет­сіз­дік­тер кө­бей­ді. Ұлық­ тар­дың, олар­дың ел ішін­де­гі өкіл­де­рі­нің пи­ғыл­да­ры бұ­зыл­ды, жем­қор­лық, па­ра­қор­лық өр­ші­ді. Ежел­ден ке­ле жат­қан ел бір­лі­гі ыды­рауға, ха­лық иман­ды­лық­тан ажы­рауға айна­ла бас­та­ды. Бұл құ­бы­лыс­тың бә­рі де сол кез­де­гі кө­зі ашық, кө­ңі­лі ояу, зер­де­лі аза­ мат­тар­дың жа­нын тол­қы­тып, жү­ре­гін сыз­дат­ты. Олар бұ­рын­нан да ел­дің бұй­ығы тір­лі­гі­не күй­зе­ліп, ме­шеу тұр­мы­сы­на қа­мық­ты. Ту­ған хал­қын өр­ке­ниет аясы­на кір­гі­зу­дің қа­мын ойла­ған, ол үшін ғы­лым, бі­лім­нің мә­нін тү­сін­ді­ріп, ағар­ту­шы­лық ба­ғыт­ты ұс­тан­ 204

ған ақын­дар та­ғы да ал­ғаш­қы бо­лып за­ман күйін жыр­лай бас­та­ ды. Бір кез­де­гі Ду­лат, Шор­тан­бай­лар тә­різ­ді бү­лін­ген ел­дің бол­ мы­сын, «ел сен­ген жақ­сы­лар­дың» қор­қау кей­пін тол­ға­са, бір­де Ыбы­рай­ша мек­теп ашып ұр­пақ­тар­ды сауат­тан­ды­рып, са­на­сын ояту­ға ұм­тыл­ды. Абай­ша тол­ғап ар­лы іс қы­лу­ға, ғы­лым, бі­лім­ ді мең­ге­ру­ге ша­қыр­ды, ен­ді бір­де Ах­мет Байт­ұр­сы­нов бас­та­ған алаш әде­биет ық­па­лын­да үн кө­те­ру үр­ді­сін жү­зе­ге асыр­ды. Бұл орай­да да жо­ға­ры­да айт­қа­ны­мыз­дай та­ғы да Ақыт, Шыл­ бы, Асыл­хан, Кө­дек, Шар­ғын, Дос­бер бо­лып, ор­та­лық тұл­ға ре­ тін­де­гі Таң­жа­рық қа­тар­лы ақын­дар ха­лық сө­зін айт­ып, ел өмі­рі­ нің жан­ды су­ре­тін өз өлең­де­рін­де бей­не­леп бер­ді. Бұ­лар қо­ғам­ ның, әлем­нің да­му ба­ғыт­та­рын ба­ғам­дап қа­на қал­май, қо­ғам­дық ой-са­на­ға әсер ет­ті. Өз­де­рі­нің ұс­тан­ған ба­ғыт­та­рын адам­дар­дың ру­ха­ни жа­ңа­ру­ына пай­да­ла­ну­ды, за­ман­ның қат­қан қа­ті­гез заң­ да­ры­на әсер ету­ді, ір­ге­лі ел­дер­дің қа­та­ры­на қо­сы­лу үшін на­дан­ дық­тан ары­лып, бі­лім­ге, ғы­лым­ға ұм­ты­лу­ды на­си­хат­тайды. Өз за­ман­да­ры­ның қа­лып­тас­қан ор­та­сы­нан оза туып, хал­қы­ның қа­ лаулы то­бы­на ай­нал­ды, қо­ғам­ның қоз­ғаушы кү­ші бол­ды. Олар­ дың өлең­де­рін­де әлеу­мет­тік са­рын бұ­рын­ғы­ға қа­ра­ған­да мо­лая тү­сіп, жан-жақ­ты кө­рі­ніс тап­ты. Ақыт Үлім­жіұлы,Кө­дек Ма­рал­ байұлы, Асыл­хан Мың­жа­са­рұлы қа­тар­лы ақын­дар­дың өлең­де­рін­ де Таң­жа­рық­тың мол әде­би мұ­ра­сын­дай бол­ма­са да көр­кем­дік, за­ма­науи­лық тұр­ғы­дан бір­де-бір кем түс­пейт­ін­дей дең­гейде әлеу­ мет­тік са­рын ба­рын­ша кө­рін­ді. Ежел­ден сөз­ді қа­дір­леп ақын­ды пір тұ­тып, ат­тың жа­лы, түйе­ нің қо­мын­да өне­рін өріс­те­тіп дағ­ды­лан­ған хал­қы­мыз әр дәуір­дің өзі­не лай­ық әде­биеті мен өне­рін ту­ды­ра біл­ді. Әсі­ре­се өлең-жыр­ ды қай ке­зең­нің бол­са да өт­кір қа­руы есеп­те­ген хал­қы­мыз өз дәуірі­нің бол­мыс бі­ті­мін, шын­ды­ғын, өз­де­рі­нің тағ­дыр та­лай­ын өр­нек­теп, соң­ғы ұр­пақ­қа жет­кі­зіп отыр­ға­ны бел­гі­лі. Сон­дай жағ­ дай атал­ған дәуір­де­гі қа­зақ әде­биетін­де де бол­май қал­ған жоқ. Әлеу­мет­тік са­рын­ды ай­қын­дайт­ын шы­ғар­ма­лар бе­ру тұр­ғы­ сы­нан кел­ген­де, көш ба­сын­да та­ғы да Ақыт Үлім­жіұлы тұ­ра­ды. Ақыт ақын өзі­нің қо­ғам­дық іс-әре­ке­ті­мен де, жаз­ған өлең­ де­рі­мен де Ал­тай, Боғ­да, Тар­ба­ға­тай өңі­рі­не бел­гі­лі дә­ре­же­де ық­пал ет­кен, өз тұ­сын­да­ғы үкі­мет та­ра­пы­нан да аты бел­гі­лі са­наулы адам­дар­дың бі­рі бол­ған. Про­фес­сор Ә. Қа­ли­ұлы­ның айт­уы бой­ын­ша, Ақыт шы­ғар­ма­ла­ры ХХ ға­сыр­дың 90-жыл­да­ рын­да-ақ ше­тел­де жа­рық кө­ре бас­та­ған. Ал өзі­нің ту­ған елін­де 205

қа­дір­ле­ніп, на­си­хат­та­ла, зерт­те­ле бас­та­ға­ны тым бер­тін, жуық­та ға­на [61, 14-б.]. Оның ақын­дық жол­ға тү­суіне, ха­лық мұ­ңы­на үн қо­су­ына, түр­лі әлеу­мет­тік мә­се­ле­лер­ді кө­те­ріп, ағар­ту­шы­лық идея­ның да­ муы үшін қа­лам тар­туына өмір­де кө­ріп, ба­сы­нан ке­шір­ген­де­рі, ел тір­ші­лі­гін бай­қап, кө­ңі­лі­не түй­ген жай­лар се­беп бол­ға­ны сөз­сіз. Жал­пы ақын өмі­рі елім деп «өк­сіп жы­лап», «қа­ра қа­зақ­тың қа­мын жеп» өт­кен өмір бол­ды. Сон­дық­тан ақын мұ­ра­ла­рын жи­ науда, зерт­теу­де бір­та­лай жыл­дан бе­рі бел­сен­ді жұ­мыс іс­теп жүр­ ген бас­па­гер Қа­ли­ол­ла Нұр­та­за­ұлы: «оның ба­ла­лық дәуі­рін айт­ па­ған­да, бү­кіл өмі­рі ақ­тық де­мі­не дейін ха­лық ісі, ха­лық мұ­ра­ты жо­лын­да ең­бек­тен­ген өмір бол­ды » [62, 57-б.], – деп жа­за­ды. Бис­мил­ла­дан бас­тайын, Аз­ға­на ке­ңес сөз ба­сын. Ой тү­бі­не көз сал­сам, Қа­ғаз­ға та­мар көз жа­сым. Сыр­тым сау, ішім өлік­тей, Мү­шем шық­ты бе­рік­тей Өк­сіп жы­лап өт­тім ғой, Қа­ра қа­зақ қа­мын жеп. Мен де алыс­тым се­ні­мен, Са­на­ңа са­рық елің­мен, –

де­ген өлең жол­да­ры­нан жа­нын ту­ған хал­қы үшін ту етіп кө­тер­ген аза­мат ақын­ның аза­лы үні ес­ті­ліп тұр­са, ен­ді бір жа­ғы­нан Ыбы­ рай мен Абай поэзиясы­ның са­ры­ны да бай­қа­ла­ды. Ақыт­тың біз­ге қал­дыр­ған әде­би мұ­ра­сы­ның та­қы­рып ауқы­мы өте кең. Ақын­ның бас­ты кө­ңіл бөл­ген бір­не­ше та­қы­рып­та­ры бар. Со­ның бі­рі – ха­лық­тың жай-күйіне, тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты қо­ғам­ дық та­қы­рып бол­ды. Осы кез­де­гі шы­ғар­ма­ла­ры­ның жал­пы но­байы­нан Ақыт­тың тең­сіз­дік­ке қар­сы, шын­шыл­дық, сын­шыл­дық ба­ғы­ты мен мұн­да­ лап тұ­ра­ды. Ақын­ның өк­тем­дік­ке, ба­сы­бай­лы, ке­лең­сіз­дік пен кер за­ман­ға кек­те­ніп, оны сы­на­ған, елім деп еңі­ре­ген тұс­та­ры көп. Ақыт шы­ғар­ма­ла­ры өз дәуірі­нің айна­сы іс­пет­тес. Қо­ғам­дық өмір­ дің қа­тал шын­ды­ғын су­рет­кер қа­ла­мы­нан қа­ғыс қал­май қаз-қал­пын­ да бей­не­лен­ді. Ақын­ның өмір сүр­ген ке­зі қа­зақ са­ха­ра­сы­ның ас­па­нын қа­раң­ғы­лық пен на­дан­дық, жоқ­шы­лық пен сү­рең­сіз­дік жай­ла­ған за­ ман еді. Сол се­беп­ті тұ­тас за­ман­ға Ақыт­тың іші жы­лы­ған емес. 206

Ей, зар за­ман, зар за­ман, ар­ла­тып өт­кен тар за­ман. Бай­қап тұр­сам адам жоқ, Шын ақыл­ды ойла­ған, –

деп қа­мық­қан кө­ңіл­мен, қайтерін біл­мей шиыр­шық ат­са,зар за­ ман­ның бол­мы­сын аша­ды: Мы­нау аз­ған за­ман­да, Алуан-алуан жан шық­ты. Қай­ыры жоқ бай шық­ты. Сауып ішер сү­ті жоқ, Мі­ніп кө­рер кү­ші жоқ, Ақ­ша де­ген мал шық­ты, –

деп за­ман бел­гі­сін көр­се­тіп на­ли­ды. Одан ары: Бұ­зыл­ды за­ман қа­ғы­на, Жыл­пос­тар­дың ба­ғы­на. Те­ріс­ті­гін көр­сет­сең, Қа­ла­сың біт­пес ша­мы­на. Бе­ре­ке кет­ті асың­нан, Би­лік кет­ті ба­сың­нан. Жы­ла­ған­мен не пай­да, Көз­ден ақ­қан жа­сың­нан, –

деп бас­қа­ның бас­қа­ру­ына тап бо­лып қо­лын­да­ғы би­лі­гі­нен, бе­ре­ ке-бір­лі­гі­нен айы­рыл­ған елі­нің мүш­кіл ха­лі­не на­ли­ды. Зор­лы­ғы мен қор­лы­ғы­на кө­ну­ден бас­қа амал жоқ­ты­ғы­на шер­ле­не­ді. Осын­ дай қа­ғын­ған за­ман­ға қар­ғыс айтады. Жал­пы ха­лық аты­нан қа­ сі­рет ше­ге, қа­ра тү­нек қо­ғам­ның шы­найы кес­кі­нін аша тү­се­ді. Ақын­ның за­ман жай­лы тол­ға­ны­сы бұ­рын­ғы зар за­ман ақын­да­рын ес­ке тү­сі­ріп, ха­лық тағ­ды­ры­ның қа­ра­лы бет­те­рі­не қа­нық­ты­рып, қа­мық­ты­ра­ды. Әлеу­мет­тік ­са­рын ай­қын кө­рі­не­ді. Ер­кін­ді­гі­нен айы­рыл­ған ел­дің бұ­рын­нан ке­ле жат­қан мо­рал­ дық-эти­ка­лық нор­ма­ла­ры мен әдет-салт­та­ры­ның өз­ге­ріс­ке ұшы­ рап тоз­ғын­да­ға­ны ақын жа­нын же­гі­дей жей­ді. Бұ­ның бә­рі кер­ тарт­па би­лік үс­тем­дік ет­кен кер за­ман­ның ке­ре­ғар­лы­ғы мен қай­ шы­лы­ғы­нан деп та­ни­ды.

207

Зар за­ман­ның тұ­сын­да, Бай ке­дей­ді көр­мейді. Ағай­ыны па­қыр­ға. Пай­да­сыз сауын бер­мейді. Иман­ды кө­бі біл­мейді, Тү­зу жол­мен жүр­мейді. Не де­сек те, жа­ран­дар, Ха­лық бұ­лай тоз­ған­да. Ту­ра дін­ге кір­мейді.

Ағай­ын ара­сы­ның жі­гі ашыл­ға­ны­на, иман­ды­лық адам­гер­ші­ лік­тен айыры­лып, аз­ғын­дап-тоз­ғын­да­ған тұр­мыс-тір­ші­лік­ке өкі­ не­ді. Осы­ның се­беп сал­да­ры­нан ашып, ха­лық­қа тоқ­тау-тый­ым айтады.Ақыл осы ойын та­ғы жал­ғас­ты­ра тү­се­ді. Ақи­қат­ты айт­ пауға бол­майтынын ұға­ды. Бас ке­тіп, тіл ке­сі­ле­ті­нін бі­ле тұ­ра аза­ мат­тық-ақын­дық па­ры­зын орын­дау­ға ұм­ты­ла­ды. Ол: Бе­ре­ке­ні біл­мейді, Се­ні­мі, ары кір­лейді... За­ман­ның жай­ын мен айт­сам. Пат­ша­ның кет­ті қуаты, Би­дің ылай суаты. Жақ­сы­ның тоз­ды мұ­ра­ты, Пен­де­нің кет­ті ұяты, Бай­дан қай­ыр жо­ға­лып, Жат бо­лып кет­ті жұ­ра­ты. Бай­дың кө­ңі­лі өр бол­ды, Ке­дей біт­кен кер бол­ды, Са­на­сы бар жақ­сы­ның. Жү­ре­гі тол­ған шер бол­ды, –

дей­ді. Ақыт сү­рең­сіз за­ман­ға кек­те­ніп, ха­лық­тың бо­ла­ша­ғы­нан тү­ ңі­ле­ді. Өйт­ке­ні адам­дар­дың ны­са­бы азай­ып, пи­ғы­лы бұ­зыл­ған. Жақ­сы­ның мұ­ра­ты то­зып, пен­де­нің ұяты кет­кен. Кө­бі­нің има­ны жо­ға­лып, қи­сық жол­ға бет­те­ген. Бе­ре­ке­ні ұмыт­қан. Се­ні­мін, арын жо­ға­лт­қан. «Бай­да қай­ыр, би­де ту­ра би­лік жоқ». Са­на­сы бар жақ­ сы­ның жү­ре­гі тол­ған шер бол­ған кер­тарт­па­лық, әді­лет­сіз­дік, заң­ сыз­дық кү­шей­ген. Сон­дық­тан ақын:

208

Сөз жа­за­мын аңы­рап, Кү­ле ал­май­мын жа­ды­рап. Қай­ран елім – қа­за­ғым, Со­рың се­нің қа­лың-ақ, –

деп со­ры қа­лың қа­зақ­тың қа­мын ой­лап, жол та­ба ал­май ши­ры­ғып, қа­пы­рық жұ­та­ды. Алай­да са­на­лы да сау­ат­ты ақын үміт­сіз­дік­ке, са­ры уайым­ға са­лын­байды. Кей­де сол азып тоз­ған тар за­ман­ға кек­те­не қа­рап,қар­сы­лы­ғын үде­те тү­се­ді. Көп­ші­лік­ке қо­ғам­дық дерт­тің се­бе­бін ұғын­ды­ру­ға қар­ма­нып, одан арыл­ту­дың жо­лын қа­рас­ты­ра­ды. Ха­лық­тың са­на­сы­на сіл­кі­ніс жа­сауға ұм­ты­ла­ды. Ол өлең-тол­ғаула­рын­да әлеу­мет­тік мә­се­ле кө­тер­сін, мей­лі бас­қа та­қы­рып­та жаз­сын өзі­нің ағар­ту­шы­лық идеясы­мен са­бақ­тас­ты­ рып оты­ра­ды. Кө­рін­ген­ге те­лім боп, Бол­ма, қа­зақ, бос­қа қор. Те­лім бол­ған на­шар­ға Кө­рін­ген­нің бә­рі зор, –

деп бас кө­те­ру­ге, ер­кін­дік-тең­дік­ке қол жет­кі­зу­ге үгіт­тейді. Ен­ді бір­де: За­ман-ай жі­гіт бар ма сө­зім­ді ашар, Ой бар­ма ақыл қо­сып кө­зім­ді ашар,

Не­ме­се

Өт­кі­зе ал­май ті­лім­ді, Шар­ша­дым жұр­тым тер бо­лып, –

деп сө­зін тың­дар ес­тияр пен­де­нің бол­ма­ға­ны­на іш­тей құ­са­ла­нып мұ­ңын ша­ға­ды. Ақыт жал­пы­ жо­ға­ры жақ­ты­ң ө­кіл­де­рі­не, яғ­ни әді­лет­сіз үкі­ мет­тің жер­гі­лік­ті қол-шоқ­пар­ла­ры­на, олар­дың сат­қын бел­сен­ді­ ле­рі­не күш­ті қар­сы­лық біл­ді­ре­ді.«Хан қай­қы, биің бү­кір, мол­ла со­қыр, тым тү­зу де­ге­нің­нің бә­рі бұ­раң», – деп олар­дың сұм-сұр­ қия кей­пін, кек­ті се­зім, әжуа­лап ше­ней­ді. Осы­лай­ша «бұ­раң» шон­жар­лар­ға қан­ша­лық­ты қар­ғыс жау­дыр­ға­ны­мен, та­ғы бір жа­ ғы­нан ақын­ның олар­ға жоқ-жі­тік­тер­ді ая­лау, қор­ла­мау, қан қақ­ сат­пау, па­ра-пай­да ал­мау жө­нін­де ке­ңес­тер айт­ып, олар­ды ақыл­ 209

мен, адам­гер­ші­лік, мо­рал­дық жол­мен жөн­ге са­лу­ға ты­рыс­қа­нын да аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Ақын Шыл­бы Кө­ме­кұлы жа­са­ған ор­та­да да тең­сіз қо­ғам­ның те­геурі­ні мен ез­гі­сі ас­қын­дап, ха­лық тұр­мы­сы на­шар­ла­ған, қа­раң­ ғы­лық пен на­дан­дық, тең­сіз­дік, әді­лет­сіз­дік жай­ла­ған еді. Па­ра­ қор­лық, жем­қор­лық, ауыр ал­ман-са­лық сал­да­ры­нан жо­ға­ры үкі­ мет­ке ар­қа сүйе­ген жер­гі­лік­ті па­ра­қор мән­сап­ты­лар мен күн қақ­ ты қа­ра­ша­лар ор­та­сын­да үне­мі қай­шы­лық-қақ­ты­ғыс­тар туы­лып тұ­ра­тын. Мұн­дайда ақын ха­лық жа­ғын­да бо­лып, олар­дың мұ­ңын мұң­дап, сө­зін сөй­лейт­ін, туын кө­те­ре­тін. Та­лап-ті­лек арыз-ар­ман­ да­рын Кү­ре әкім­ші­лі­гі­не жет­кі­зе­тін. Жер­гі­лік­ті әкім­дер­дің әді­ лет­сіз­ді­гін, сұр­қиялы­ғын, аш­көз­ді­гін айып­тап, поэзия­лық уыт­ты ті­лі­мен түй­рейт­ін. Шыл­бы ұлық­тан жә­не оның ор­да мән­сап­ты­ла­ ры­нан име­ну­ді біл­ме­ген, от­ты жыр­ла­ры­мен азу­лы­лар­ға ар­қа­сын ал­дыр­ма­ған өр мі­нез­ді, өжет ақын бол­ған. Ор­та­лық­та­ғы шен­ді­лер мен жер­гі­лік­ті бо­лыс­тар­ды қой­ға шап­ қан, жыл­маң­дап жем­тік із­де­ген қор­қау қас­қыр мен ит­ке те­ңей­ді. Қас­қыр ке­ліп же­мек­ке қой­ға ша­бар, Қо­тан ит те қас­қыр­мен бір­ге та­лар. Қас­қыр­ме­нен бір­ле­сіп қой­ды же­сіп, Ер­тең бір­дей сақ ит боп қа­ла бе­рер. Мұр­тын май­лап, жыл­маң­дап, жем­тік із­деп, Қор­қау қас­қыр, қо­тан ит, әне, со­лар [53 ].

Әлеу­мет­тік ке­ке­сін, мыс­қыл ба­сым осы жол­дар­да мо­мын ша­ ру­аны то­на­ған оз­быр­лар­дың си­қын аша­ды, уыт­ты тіл­мен­мас­қа­ра ете­ді. Ауыл­да­ғы ат­қа мі­нер­лер мән­сап алар ша­ғын­да Кү­ре ұлы­ғы­ на қол­да ба­рын ая­май па­ра бе­ріп жа­ғы­на­тын. Жо­ға­ры үкі­мет те олар­ды бір-бі­рі­мен бә­се­ке­лес­ті­ру, қыр­қыс­ты­ру ар­қы­лы өз мақ­ сат­та­ры­на же­тіп оты­ра­тын. Мі­не, мұн­дай ащы шын­дық­ты ақын жа­сыр­май айтады, айла-құлық­та­рын көп ал­ды­на жай­ып са­ла­ды.

Бол­ма­са:

210

Әр ру­ға бір-бір бо­лыс сай­лап ал­ды, Го­мин­даң­ға көп пұлы­мен пай­да қал­ды. Мән­сап та­лас, жер та­лас анық қыр­ды, Өті­рік­ке шын­дай бо­лып на­нып кір­ді.

Бір пай­да бір жа­ғы­нан шы­ға ма деп, Ара­ға шын бү­лік­ті са­лып кір­ді [63, 13-б.].

Ақын­ның бұл топ­та­ғы өлең­де­рі сын-сы­қақ­қа бейім. Мы­са­ лы,«Мы­са­ға» де­ген өле­ңін­де: Ас­са­лау­ма­ға­лей­кум, Мы­са қа­зы, Зәң­гі­бо­лар адам­ның ақы­лы азы. Мал­ды бе­ріп ұлық­тан мән­сап алып, Ел­ге ты­ным қой­мас­сың қы­сы-жа­зы[63, 158-б], –

деп өз мүд­де­сі үшін ба­рын жұм­сап, ел­ді ба­сын­ған зер­де­сіз зәң­гі­ нің кес­пі­рін ке­ле­ке­лей­ді. Ен­ді бір­де бай­лы­ғы қа­ра ба­сы­нан ас­па­ ған, қа­лың қауым­ға қай­ыры жоқ бай­лар­ды да жер­ден алып жер­ге са­ла­ды: Дү­ниесі кө­зі­не ілін­бей-ақ, Қайы­рым­сыз мал до­ңыз­дың тү­гін­дей-ақ. Бір тарт­қан дом­бы­ра­ның күйін­дей боп, Ол да ке­тер бір кү­ні бі­лін­бей-ақ [55, 62-б].

Өмір­де­гі бе­лең алып отыр­ған­ке­лең­сіз­дік­тер­ге күйін­ген ақын жан ай­қай­ын біл­ді­ріп мұ­ңын ша­ға­ды. Ел үшін дү­ниеде ты­ным тұр­май, На­дан­ға әуре бол­дым ұқ­ты­ра ал­май. О, шір­кін, жү­ре­гі­ме бір дерт бол­ды, Бо­лыс­қа ке­гім кет­ті күш қы­ла ал­май.

Кө­кі­ре­гін­де сәуле­сі жоқ жан­дар­ға сө­зін ұқ­ты­ра ал­ма­ған, жо­ ға­ры жік­ке күш қы­ла ал­ма­ған кей­бір сә­ті­не ашы­нып, қа­быр­ға­сы қай­ыс­қан, елі үшін емі­рен­ген ақын­ның бұл өле­ңі – мың­мен жал­ ғыз алыс­қа­нұлы Абай­дың«қай­ран сө­зім қор бол­ды, то­бық­ты­ның езі­не» де­ге­нін ес­ке тү­сі­ре­ді. Ке­мең­гер Абай­ша тол­ған­ған ақын хал­қы­ның та­ма­ғы той­ға­ны­ на мәз бо­лып тырп ет­пей ұйқы­да жат­қа­ны­на жа­ны түр­ші­ге­ді. Та­ма­ғың той­ға­ны­на ма­сат­та­нып, От­тың ғой сор­лы қа­зақ ұйқы ба­сып [ 55, 57-б].

211

Ақын мұн­да: «та­ма­ғы тоқ­тық, жұ­мы­сы жоқ­тық, аз­ды­рар адам ба­ла­сын», – деп да­на Абай айт­қан­дай ха­ра­кет қыл­май, ой­ сыз, күй­сіз жа­та бер­се, на­дан­дық жай­лап, өз­ге ел­дің ша­ңы­на да іле­се ал­май, бә­рі­нен құ­ра­ла­қан қа­лып, өмі­рі өк­су­мен өте бе­ре­ді. Сон­дық­тан өз­ге дү­ниеге көз ті­гіп, сер­пі­лу, ең­бек ету, өнер-ғы­лым елеу сон­да ға­на озық ел­дер са­на­ты­на же­те ала­ды деп түйін­дей­ді. Өзі­нің қо­ғам­дық қи­мы­лы­мен де, жа­лын­ды жы­ры­мен де қа­ раң­ғы хал­қы­ның кө­кі­ре­гі­не нұр құй­ған, екі дү­ниенің си­па­тын қа­тар та­нып өс­кен Шар­ғын Ал­ға­зыұлы да 30-жыл­дар­да­ғы асы­ ра сіл­теу­дің әпер­ба­қан­да­ры сал­ған зо­ба­лаң­ның сал­да­ры­нан жан сау­ға­лап елі­міз­ге қа­шып кел­ген ха­лық­тың тарт­қан тау­қы­ме­ті мен ая­ныш­ты жағ­дайла­рын тол­ғап, әлеу­мет­тік мә­се­ле­лер­ді кө­бі­рек кө­тер­ді. «Шар­ғын ақын тра­ге­дияға то­лы жағ­даят­тар­дың куаге­рі ре­ тін­де сол тұс­та­ғы мұң-зар­ды ерек­ше әсер­лі, ая­ныш­ты етіп жыр­ лайды. Ел то­зып, үзіл­ме­се шын үмі­ті, Бұл жақ­қа жо­сып ха­лық не­ге өте­ді? Ана­дан ба­ла айыры­лып екі жақ­та, Көл қы­лып көз­дің жа­сын сел ете­ді...

Са­на­лы да сау­ат­ты, жі­гер­лі де на­мыс­ты ақын сол та­ри­хи ке­ зең­нің қа­сі­ре­тін дөп ба­сып көр­се­те­ді. Сон­дық­тан да Шар­ғын өлең­де­рі 30-жыл­дар­да­ғы қа­сі­рет­ті күй­зе­ліс­тің көр­кем ше­жі­ре­сі се­кіл­ді [64, 171-б] . Жан сау­ға­лап қа­шып-пыс­қан ел жол бойы то­наушы-қа­рақ­шы­ лар­дың ла­ңы­на жо­лы­ғып, мех­нат тар­тып, мұн­да кел­ген­де де бе­ре­ ке тап­пайды. Тоз­ған ел­ді то­нап, қо­қаң­дап күш көр­се­ту­ші­лер көп ке­зі­ге­ді. Ара­лап бай­қап еді өр­де­гі ел­ді, Көз көр­ді та­лай-та­лай көр­ме­ген­ді. Сі­бе мен қал­мақ жол­да то­нап алып, Қаш­қын ел төрт аяқ­тап өр­ме­ле­ді. Жа­ға­лап іле өл­ке­сін бар­ған ха­лық, Жер­сін­бей без­гек­тен көп өл­ген­де­рі.

Қай­да бар­са «Қор­қыт­тың кө­рін» тап бол­ған қаш­қын қа­зақ­тар өте қиын ауыр­лық­ты бас­та­ры­нан өт­кі­зе­ді. Бір жа­ғы­нан аш­тық қыс­са, екін­ші жа­ғы­нан ауру қы­са­ды. 212

Зәң­гі мен ақа­лақ­шы ал­ды та­ғыКе­сір­лі кер­дең бас­қан көр кеуде­лі. Қа­шақ­сың, қа­шып кел­ген қаң­ғы­бас деп, Бой­ына еш­бі­реуі тең­гер­ме­ді. Аш­тық­тан жан сау­ға­лап бар­ған шақ­та, Көр­дік сан­сы­рат­қан сер­гел­дең­ді. Сон­да екен жан ашы­мас ді­лі қат­ты, Қам­шы­мен көн­ді­ре­ді көн­бе­ген­ді... [65 ], –

деп сол кез­де­гі ел ба­сын­да­ғы қы­сым-қия­нат пен ауыр азап­ты ашы­на ес­ке ала­ды. Жер­гі­лік­ті кер­дең­де­ген ке­сір­лі адам­дар ауын кел­ген­дер­ді бой­ына та­ғыт­пай, ас­там­шы­лық көр­се­те­ді. Ара­ша тү­ се­тін адам да жоқ. Қай за­ман­да да, қай ха­лық­та да ақын, жа­зу­шы хал­қы­мен тағ­ дыр­лас, ел жұр­ты­мен ты­ныс­тас. Біз­дер­ді жа­ра­тып­сың қа­зақ қы­лып, Қор­ла­ды қа­зақ елін ма­зақ қы­лып. Ойға бар­сақ шы­ға­ды ойра­ны­мыз Қыр­ға бар­сақ қы­лыш­тар азап қы­лып. Қа­зақ­ты жа­рат­тың ба мал­ға ға­на, Мал­ды да ол ер­кі­ме­нен мал­да­на ма?! Зор тә­ңі­рім, кө­зің­ді сал­саң нет­ті, Қор­лық кө­ріп, бас­қа­дан зар­ла­ған­ға [65], –

де­ген шу­мақ­тар әне сон­дай өз ке­зе­ңін­де, өз ор­та­сын­да хал­қы­ ның нар кес­кен на­мы­сы мен ар ұж­да­ны­на айна­ла біл­ген Шар­ғын ақын­ның да жү­рек үні еді бұл. Елі мен же­рі­нің оң-со­лын, ақ-қа­ра­сын бай­ып­тап са­ра­ла­ған сер­ге­к ой­лы, се­зі­мі ояу, аң­ғар­лы ақын: О, жал­ған, құ­был­ма­лы сы­рың­ды ал­дым, Сен кім­ге мұ­ңың­ды айт­ып сы­быр­ла­дың? Са­на­дың мал ор­ны­на адам де­мей, Та­лай­ын құр­бан қы­лып жұлым­да­дың. Қой­ша ай­дап ал­ды­на сап де­дек­те­тіп, Құз­ғын­дай тө­бе­сі­не қо­нып ал­дың. Құ­дай да қу­лар жақ­қа ауна­ды ма Қой­ып­ты қо­жай­ын қып қу­дың бә­рін, –

213

де­ген жол­дар шы­найы шын­дық­тан ту­ған жыр­лар. Ақын сол тұс­тың қай­ғы-мұ­ңын ба­рын­ша әсер­лі жыр­лайды, бүк­пей айтады. Аш­тық пен реп­рес­сиядан көр­ші ел­ге ат ба­сын бұр­ған қан­дас­тар­дың көр­ген кү­ні­нің бір си­па­ты осын­дай еді. Ата-жұрт­тан ауу­дың қан­ща­лық­ты қа­сі­рет-қай­ғы әке­ле­ті­ні­не кө­зің жет­кен­дей бо­ла­ды. Бұ­дан әрі: О, шір­кін, ти­се ма­ған есе бір күн, Тө­ле­тіп алар едім құн­ның бә­рін. Тол­ма­ған аш өзе­гің осы ма деп, Кө­зі­не құяр едім құм­ның бә­рін...[65], –

деп ха­лық ба­сы­на зо­ба­лаң сал­ған то­қы­рау за­ман­ға кек­те­не, кү­ ңі­ре­не тол­ғайды. Бі­рақ әділ­дік жоқ жер­де тең­дік қай­дан бол­сын. Мұн­дай ке­лең­сіз­дік­ті кө­ре­тін көз де, ес­ти­тін құ­лақ­та жоқ-ты. Хал­қы­ның қа­мын ой­лап қа­мық­қан Шар­ғын ақын жиын-топ­ тар­да, да­бы­ра­лы бас қо­су­лар­да айт­ыс­қа тү­сіп, ха­лық­тың мұ­ңын ша­ғып, олар­дың сү­рең­сіз ауыр ха­лін, жә­не зұлым­дық пен жауыз­ дық­қа қар­сы ашу-ыза­сын ашық айта бас­тайды. Бұл тұс­тар­да, яғ­ ни 1939-1940-жыл­да­ры го­мин­даң­ның Шың­жаң­да­ғы қа­ні­шер би­ леуші­сі Шың Шы­сай ер­кін ой мен ер­кін әре­кет­ке тос­қауыл қой­ ып, ха­лық­тың іші­нен шық­қан кө­зі ашық, кө­кі­ре­гі ояу, ел мұ­ңын айт­ар зиялы қауым өкіл­де­рін жал­ған жа­ла­мен тұт­қын­дап, ба­сы­на қа­тер төн­ді­ре­ді. Бұл ала­пат зұлым­дық Ақыт, Шар­ғын, Таң­жа­рық се­кіл­ді ха­лық қам­қор­ла­рын ал­ды­мен іліп әке­те­рі екі бас­тан бел­ гі­лі жағ­дай бо­ла­тын. Со­ны­мен Құл­жа­да га­зет шы­ға­рып жүр­ген Таң­жа­рық Үрім­жі түр­ме­сі­не ай­дал­са, Шар­ғын да та­лай қы­сым­ шы­лық­қа ұшы­рай­ды. Алай­да олар тар қа­пас­та оты­рып та, ел ба­ сы­на төн­ген қа­сі­рет­тің қа­ра тұ­ма­нын, «абақ­ты­дан азап­ты» жыр ар­қауы ет­ті. Таң­жа­рық «Түр­ме ха­лі» ат­ты тол­ғауын­да: Шәуе­шек, Ал­тай, Үрім­жі­ден ұс­тал­ған аза­мат­тар­ды ті­зіп тұ­ра айтады. Бұл жа­зыл­ған құ­жат­тай әсер етер өлең жол­да­ры: ...­Шәуе­шек­тен Қа­на­ғат, Әлім­ға­зы, Нұр­та­за, Қа­зез кет­ті ке­лер жа­зы. Ал­тай­дан Ша­қаң, Мәң­кей, Ақыт қа­жы, Бұ­қат бей­сі, Зия мен Ха­лел тай­жы. Үрім­жі­ден кет­ті Әбеу тың­жаң, Жү­ніс, Қо­жа­нияз, Бай­мол­ла бә­рі бір іс. Жү­ніс қа­жы, Са­тар­қан, Мұ­қаш пе­нен Қош айтысып дү­ниеге – біт­ті жұ­мыс, –

214

деп зұл­мат за­ман­ның мез­гіл­сіз құр­ба­ны бол­ған, қи­науда өл­ген, із-түзс­сіз жа­рық күн­мен қош­тас­қан, хал­қы­ның ер­кін­дік тең­ді­гін аң­са­ған есіл ер­лер­ді ел­жі­рей ес­ке ал­са, Шар­ғын да: Те­кес­тен Ажы ме­нен ха­лық кет­ті, Қо­сақ­тап екі арыс­ты алып кет­ті. Жа­лын­ды Ах­мет­жан­дай қай­ран жас­тың, Бір түн­де ішек-қар­нын жа­рып кет­ті. Бер­ме­се, құ­дай тү­бін кім бі­ле­ді, Ба­ла­ға ата-ана­ны зар ғып кет­ті. Үйін­де аза­мат­тар жү­ре ал­мас­тан, Әр жер­ге жан сау­ға­лап қаң­ғып кет­ті. Тү­рі­не бұл жал­ған­ның қа­ра жұр­тым, Ес­сіз ғып, ел­дің кө­ңі­лін дал ғып кет­ті [65], –

де­ген жол­дар ха­лық­тың есі­нен айыры­лып, жан-жақ­қа бас сау­ға­ лап қаң­ғып кет­кен мүш­кіл әре­ке­ті еді. Жал­ғыз ға­на бас аман­ды­ ғын ойла­ған ел­дің бас­қа­дай ар­ман аң­са­ры да жоқ ты. Түн­де ұйқы­ дан, күн­діз күл­кі­ден айы­рыл­ған ел­ді үрей би­лей­ді. Аяушы­лық­ты біл­мейт­ін жен­дет­тер­дің сұм­дық әре­ке­ті­нен шо­ши­ды. Ақын деп сол тұс­та­ғы Шың Шы­сай дик­та­ту­ра­сы­ның қан­ды қыр­ғы­нын ба­рын­ша ай­қын бей­не­лей­ді. 1944-жы­лы бү­кіл ха­лық­тық си­пат ала бас­та­ған үш ай­мақ төң­ ке­рі­сі­нің ал­ғаш­қы же­ңі­сі­нен кейін ақын қайта тү­леп, ор­ны­нан тұ­ ра­ды. Бой­ына тың ша­быт құйы­лып, жі­ге­рі та­си­ды. Бұл төң­ке­ріс­ті қол­дап, құл­шы­на жыр­лайды. 1949-жы­лы ел ба­сы­на ком­му­нис­тік пар­тия­ның би­лі­гі ор­най­ ды. Шар­ғын ақын да оны құт­тық­тап, ер­кін ой­дың өріс­тейтіні­ не,се­не­ді. Жал­пы хал­қым ді­лі­мен Шын ақи­қат се­не­тін. Ын­ты­ма­ғым нық бе­рік, Та­быс қол­ға ке­ле­тін [66], –

деп ота­нын, ха­лық­тар бір­лі­гін жыр­ға қо­са­ды. Бұл тұс­та әде­биет пен өнер­ге қол­дау да көр­се­ті­ле бас­та­ған-ды. Ал 1957-жы­лы Қы­ тай жа­зу­шы­лар ода­ғы­ның Шың­жаң бө­лім­ше­сі құ­рыл­ған кез­де, оның ал­ғаш­қы жо­ба мү­ше­ле­рі­нің бі­рі бол­ды. Осы тұс­та ол сол өңір­ге ар­найы са­пар­мен бар­ған Ға­бит Мү­сі­ре­пов­пен та­ны­са­ды. 215

Бұл оның шы­ғар­ма­шы­лық жо­лы­на үл­кен сер­пін бе­ре­ді. Осы жыл­ да­ры ақын Те­кес­тен Құл­жа қа­ла­сы­на кө­шіп ке­ліп, Іле қа­зақ ав­то­ но­миялы об­лыс­тық саяси-мәс­ли­хат ке­ңе­сін­де қыз­мет іс­тей­ді. 1958-жы­лы бе­лең ал­ған«оң­шыл­дар­ға», «жер­гі­лік­ті ұлт­шыл­ дар­ға қар­сы» кү­рес ке­зін­де көп­те­ген са­на­лы, ұлт­жан­ды аза­мат­тар әсі­ре­се ақын-жа­зу­шы­лар қақ­пайға ұшы­рай­ды.Кей­бі­реуі тұт­қын­ да­ла бас­тайды. Бұ­ның ар­ты үл­кен апат­қа апа­рып со­ға­рын жақ­сы біл­ген аң­ғар­лы ақын 1959-жы­лы Қа­зақ­стан­ға ке­ле­ді. Бұл ақын­ ның жа­сам­паз­ды­ғын­да өзін­дік үні, бе­ті бар, жа­лын­ды да ке­мел ке­зе­ңі еді. Мұн­да кел­ген соң да ақын жү­рек жар­ды ойла­рын ақ­ та­ра жыр жа­за­ды. Со­ның­ күәсі се­кіл­ді «Ата­ме­кен», «Шал­кө­де» тол­ғаула­ры ту­ды: Жер қай­да Шал­кө­де­нің са­ла­сын­дай, Ішік­тің құн­дыз­да­ған жа­ға­сын­дай. Ақ­тас­тан кө­зің сал­саң тұз кө­лі­не, Ор­та­да қа­тық құй­ған ша­ра­сын­дай. Тас­та­ры тү­зу, қи­сық екі ақ­тас­тың, Жар­қы­рар сұ­лу­лар­дың та­на­сын­дай. Көк май­са жел­кіл­де­ген жа­ға­лауы, Үл­піл­дер ақ үкі­нің ба­ла­сын­дай, –

деп та­би­ғат сұ­лу­лы­ғын там­са­на жыр­лайды. Осы­лай­ша ақ­тық де­мі біт­кен­ше са­на­лы өмі­рін қа­зақ­тың өлең өне­рі­не ар­нап, қо­ғам­дық-әлеу­мет­тік, әде­би-көр­кем ой-са­на­ның өсуіне елеу­лі үлес қос­қан, сөйт­іп, Қы­тай қа­зақ әде­биеті­нің кө­шін бір бел­ге шы­ға­рыс­қан та­ла­нт­ты ақын, ағар­ту­шы Шар­ғын Ал­ға­ зыұлы 1988-жы­лы Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Рай­ым­бек ауда­нын­да 86ға қа­ра­ған ша­ғын­да жа­рық дү­ниемен қош­тас­ты. Қы­тай қа­зақ­та­ры та­ри­хын­да де­мок­ра­тиялық ба­ғыт­та­ғы азат әде­би ой­дың өріс­теуіне, ор­ны­ғуына бел­се­не ат са­лыс­қан Шар­ғын ақын осы күн­ге дейін бел­гі­сіз бо­лып кел­ге­ні бол­ма­са, бе­ріп кет­ ке­ні мол еді. Алай­да оның кө­бі аума­лы-төк­пе­лі ау­қым­ға бай­ла­ ныс­ты жо­ғал­ды. Бар­ла­ры­ның өзі әлі күн­ге то­лық жи­нақ­тал­ма­ды. Бү­гін­гі күн­де Іле өңі­рін­де­гі жас­та­ры жет­піс пен сек­сен­ге жет­кен қа­риялар­дан: «Шар­ғын мы­на­дай өлең жа­зып шы­ғар­ған, ол па­ лен­мен айт­ыс­қан­да, қар­сы­ла­сы­на тап бер­ген­де бы­лай деп айт­ып жең­ген», – деп Ша­кең­нің өлең­де­рін жа­ңыл­май жат­қа айтатын­дар бар екен. Мі­не, бұл хал­қы­мен тағ­дыр­лас, мұң­дас тар­лан­боз ақын­ ның ха­лық жү­ре­гі­нен мық­тап орын ал­ға­ны көр­сет­се ке­рек. Яғ­ 216

ни ха­лық­тық са­рын­мен өзек­те­сіп жа­та­тын те­рең ойлы, көр­кем­дік са­па­сы жо­ға­ры өре­лі жыр­ла­ры хал­қы­ның са­на­сы­на сі­ңіп, бір­ге жа­сап ке­ле­ді. Шар­ғын өлең­де­рі ал­ғаш үш ай­мақ төң­ке­рі­сі ке­зін­де үш ай­мақ уа­қыт­ша үкі­ме­ті­нің ор­ган«Ал­ға», «Төң­ке­ріс та­ңы» га­зет­те­рін­де жә­не «Одақ»жур­на­лын­да жа­риялан­ған. Кейін «Шын­жаң га­зе­ті», «Іле га­зе­ті», «Шың­жаң әде­биет-ис­ку­сс­тва­сы» қа­тар­лы ба­сы­лым­ дар­да да бір топ өлең­де­рі жа­риялан­ған.1957-жы­лы өлең­дер жи­ на­ғы бас­па­ға ұсы­ныл­ған бол­са да, кейін­гі ала­са­пы­ран жағ­дайға бай­ла­ныс­ты ба­сы­лым көр­мей, сол бойы ұш­ты-күй­лі жал­ға­са­ ды. Ара­да та­лай қым-қуыт, за­ман­ды өт­ке­ріп ба­рып, 1992-жы­лы «Көш-ке­руен» [67] ат­ты тұң­ғыш жи­на­ғы Ал­ма­ты­да жа­рық көр­ді. Шар­ғын ақын­ның өлең­де­рі өз за­ма­ны­ның кел­бе­тін, шын­ды­ ғын көр­кем ой, кес­те­лі тіл­мен қаз-қал­пын­да бей­не­лей­ді. Ақын шы­ғар­ма­шы­лы­ғы ел та­ри­хы­ның көр­кем си­пат­та­ма­сы, қа­зақ өмі­ рі­нің өнер­де­гі айна­сы іс­пет­ті. Шар­ғын шы­ғар­ма­ла­ры кө­бі­не­се сол дәуір­дің саяси-әлеу­мет­тік та­ла­бы­на сай, қа­зақ хал­қы­ның на­ шар хал- күйін, көр­ген қор­лы­ғы мен тарт­қан аза­бын, мұң-на­ла­сы мен ар­ман-мұ­ра­тын бей­не­леуге ба­ғыш­та­лып, хал­қы­ның бо­ла­ша­ ғы, тағ­ды­ры үшін тол­ғақ­ты ой кеш­кен аза­мат ақын­ның шы­найы жан ай­қай­ын біл­ді­ре­ді. Қыс­қа­сы, Шар­ғын ақын да – де­мок­ра­тиялық идея­ның да­му­ ына үл­кен үлес қос­қан озық ойлы, өре­сі биік, ақын. Шы­ғар­ма­ла­ ры­ның көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық өре­сі жо­ға­ры, тәр­бие­лік ма­ңы­зы зор, өмір­шең­дік қуаты күш­ті. Хал­қы­мыз­дың өмі­рін­де өш­пес­тей те­рең із қал­дыр­ған не­бір қиын да қи­лы за­ман­дар көп бол­ға­ны та­рих­тан мә­лім. Ең соң­ғы­сы XX ға­сыр­дың бас ке­зі­нен бас­та­ла­тын тау­қы­мет. Осы аума­лы-төк­ пе­лі за­ман­да тағ­дыр тал­қы­сы­на жас­тай тү­сіп,қа­ті­гез өмір­ге илік­ пей, кер за­ман­ға кек­те­ніп, оның әді­лет­сіз нор­ма­ла­рын сы­нап, хал­ қы­ның қа­сі­рет-қай­ғы­сы­на ор­тақ­та­са ­біл­ген та­ла­нт­ты ­тұл­ға­ның бі­рі – Кө­дек. Өзі­нің азат­шыл, от­ты жыр­ла­ры­мен әлеу­мет­тік мә­се­ ле­ні кө­бі­рек қоз­ға­ған, осы ар­қы­лы Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­сып, өсіп-өк­рен­деуіне елеу­лі үлес қос­қан өнер иесі. Қыс­қа ғұ­мыр кеш­се де, ар­ты­на өш­пес мұ­ра қал­дыр­ған Кө­дек Ма­ рал­байұлы ақын­дық та­би­ға­ты жа­ғы­нан өзін­дік өр­нек бояуы, өзін­дік үні бар, сын­шыл да шын­шыл әрі мұң­шыл, та­би­ғи төк­пе ақын. Ақын 1888-жы­лы Қа­зақ­стан­ның Ал­ма­ты об­лы­сы бү­гін­гі Рай­ ым­бек ауда­ны­на қа­рас­ты Шал­кө­де де­ген жер­де дү­ние есі­гін аш­ 217

ты. Кө­дек­тің өз әке­сі – Бай­шы­ған. Кө­дек туыл­ған­да ата­сы Ма­ рал­бай ті­рі екен. Не­ме­ре­ле­рі­нің ал­ды бол­ған­дық­тан, қа­зақ сал­ты бой­ын­ша Ма­рал­бай Кө­дек­ті бауыры­на са­лып алып, «Кө­дек Ма­ рал­байұлы» атан­ды­ра­ды. Ма­рал­бай бай да, мән­сап­ты да бол­ма­ ға­ны­мен ба­ла тәр­биесі­не сал­ғырт қа­ра­майт­ын, са­раб­дал кі­сі бол­ ған­дық­тан жа­сы­нан зе­рек­ті­гі, ал­ғыр­лы­ғы бай­қал­ған Кө­дек­ті сол қа­бі­ле­ті­не орай ел­ге үл­гі­лі етіп тәр­бие­леу­ге кө­ңіл бө­ліп­ті. Қай­да жиын-той бол­са, үл­гі ал­сын деп не­ме­ре­сін бір­ге ер­тіп ба­рып жү­ ріп­ті. «Ма­рал­бай­дың кем­пі­рі Ма­зи­на әже ду­лат руы­ның жа­ныс тай­па­сы­ның қы­зы еді. Ол кі­сі жал­пы кө­ріп­кел әулиелі­гі бар, тұ­ла бойы қа­дір-қа­сиет­ке, ша­па­ғат-нұр­ға то­лы кейуана бол­ған кө­рі­не­ ді» [68, 9-б.]. Жас ке­зін­де қа­ра өлең­ді қай­ық қып мін­ген Ма­зи­на ба­ла­сы­на айт­ыс өлең­де­рі мен ша­ғын қис­са-дас­тан­дар­ды айт­ып бе­ру­мен бір­ге өзі­нен бұ­рын өт­кен ақын-жыр­шы­лар мен ше­шен­ дер­дің өлең-тақ­пақ­та­рын жат­та­тып­ты. Кө­дек­тің шық­қан те­гі – ұлы жүз үй­сін ішін­де ал­бан, оның ішін­де айт­руы­ның сүйін­дік деп ата­ла­тын ата­сы­нан та­рай­ды. Осы Сүйін­дік де­ген кі­сі за­ма­нын­да от ауыз­ды, орақ тіл­ді, айтулы ше­ шен­нің бі­рі бол­ған. Сол Сүйін­дік­тен та­райт­ын ұр­пақ­қа ақын­дық, ше­шен­дік өнер мық­тап да­ры­ған. Жоқ де­ген­нің өзі бұқ­па-қа­ғыт­ па қал­жың сөз­ге ше­бер, жа­тып атар бол­ған. Сон­дық­тан исі ал­бан руы ішін­де «сүйін­дік­тің сүй­ке­ме­сі­нен сақ­та» де­ген на­қыл сөз де сақ­тал­ған.«Ата көр­ген оқ жо­нар» де­ген­дей сол сүйін­дік тұ­қым­да­ ры­нан бол­ған Кө­дек­тің өз әке­сі Бай­шы­ған да, ата­сы Ма­рал­бай да кө­мей­ле­рі­не өлең-құс ұя сал­ған, өз дәуірі­нің бел­гі­лі айт­ыс ақын­ да­ры бол­ған, олар қай­да сөз сай­ысы, өлең жа­ры­сы бол­са со­дан та­ был­ған. Осын­дай қан­ға сің­ген қа­сиет­ті өнер, ата­дан ба­ла­ға қа­лар дәс­түр­лі салт ба­ла Кө­дек­ке де ық­па­лын ти­гіз­ген. Де­мек, осын­дай өнер да­ры­ған ор­та мен өнер­лі от­ба­сы­нан үл­гі алуы Кө­дек­тің те­гін тел­қо­ңыр емес­ті­гін ай­ғақ­та­са ке­рек. Бұл Кө­дек­тің ті­ке өз қа­нын­да­ғы қа­сиет тұр­ғы­сы­нан айт­ыл­ған сөз бол­са, Кө­дек­тің ақын­дық өнер­ге бет бұ­руының екін­ші бір не­ гі­зі не­ме­се оның су­сын­да­ған сар­қыл­мас қай­нар бұ­ла­ғы өз ұл­ты­ ның бай ­ха­лық ауыз әде­биеті бол­ды. Он бір­ден он екі­ге сыр­ға­на­дым, Ақыл­ды жақ­сы-жа­ман шыр­ға­ла­дым, –

деп ақын­ның өзі айт­пақ­шы, ойын ба­ла­сы ке­зі­нен-ақ өз айна­ла­ сын­да­ғы ақын­дар­дың, ше­шен­дер­дің сөз өне­рін ба­ғып, өзі­нің оң­ 218

ды-со­лын па­рық­тай ала­тын дә­ре­же­ге жет­кен әрі өзі­нің ақыл­ды, зе­рек­ті­гін та­ныт­қан. Ба­ла ке­зін­де түр­лі се­беп­тер­дің сал­да­ры­нан мек­теп бе­тін көр­ ме­ген. Тек он үш жас­қа кел­ген­де өз жа­ма­ғай­ыны Мұ­қай­дан «әліпби­ді» үйре­ніп, сауа­тын аш­қан. Осы­дан кейін ол бұ­рын­ғы­дан да кө­зі ашы­лып, ел ішін­де­гі ер­те­ден ке­ле жат­қан қис­са-дас­тан­дар­ ды, өне­ге­лі жаз­ба кі­тап­тар­ды оқып, кө­ңіл са­райы онан ары ашы­ла тү­се­ді. Өз ал­ды­на өлең құ­рап жа­за­тын бо­ла­ды [69]. Кө­дек есейе ке­ле, қо­ғам дер­тін, тағ­дыр тау­қы­ме­тін көп тарт­ ты. Кө­дек ба­сы­нан кеш­кен осы ащы-тұ­щы тағ­дыр­лар оның да­ рын­ды ақын бо­лып же­ті­луінің та­ғы бір не­гі­зі, қо­ғам­дық қай­на­ры еді. 1916-жы­лы Же­ті­су же­рін­де­гі Қар­қа­ра кө­те­рі­лі­сі пат­ша­лық Ре­сей­дің қан­ды қыр­ғы­ны­на ұшы­рап, оған қа­ты­су­шы­лар қу­да­ла­ на бас­та­ған­да, осы кө­те­рі­ліс­тің бел ор­та­сын­да жүр­ген Кө­дек те ауа көш­кен бос­қын ел­мен бір­ге Қы­тай ше­ка­ра­сы­нан бе­рі қа­шып өте­ді. Ел ба­сы­на төн­ген осы бір тра­ге­диялы ауыр хал­ді а­қын өзі­ нің«16-жыл ту­ра­лы» да­станын­да әде­мі бей­не­лей­ді. 1917-жы­лы ке­ңес өкі­ме­ті ор­нап, ақ пат­ша ауда­ры­лып­ты. Ел ес жиып, тең­дік­ ке қо­лы же­тіп­ті деп ес­тіп, елең­деп қо­паң­да­ған бір бө­лім бос­қын жұрт қайа­дан көш­кен­де, со­лар­мен бір­ге топ ба­сын­да Кө­дек те ке­ ле­ді. Ауыл­дық ке­ңес­тің тө­ра­ға­сы бо­лып іс­тей­ді. Бұл мез­гіл­дер­де ақын ке­ңес үкі­ме­тін жыр­лап «Мұ­ға­лім­дер­ге», «Ке­ңес» қа­тар­лы өлең­де­рін жаз­са, та­ғы бір жақ­тан шаш ал де­се бас ала­тын со­ла­қай асы­ра сіл­теу­ші­лер­ді ше­неп өлең шы­ға­ра­ды. 30-жыл­дар­ға кел­ген­де, әсі­ре асы­ра сіл­теу кү­шейіп, ел­дің бас кө­те­рер­ле­рін қу­ғын-сүр­гін­ге са­лу, атып-ша­бу, кәм­пес­кі­леу ас­ қы­на тү­се­ді. Осы қа­тар­да ақын Кө­дек те «ке­ңес үкі­ме­ті­не қар­сы шық­ты » деп ай­дар та­ғы­лып, Сі­бір­ге сүр­гін­ге ай­дат­пақ бол­ған­да, ту­ған же­рі­нен бойтаса­лап ке­ту­ге мәж­бүр бо­ла­ды. Сөйт­іп, ол та­ғы да Қы­тай ше­ка­ра­сы­нан жа­сы­ры­нып өтіп, үй іші­мен Іле об­лы­сы Моң­ғұл­кү­ре ауда­ны­ның Ақ­да­ла ауылы­на тұ­рақ­тайды. Ол ту­ра­лы ақын: Бұл жақ­қа жа­ным­ды алып өтіп кет­тім, Орыс­тың ілін­ген соң жа­ла­сы­на-ай. Ойла­дым ама­ным­да ке­тейін деп, Ту­ра кел­мей тұр­ған­да жа­за­сы­на-ай.

219

Шо­шаң­дап ақы­рын­да қа­шып тын­дық, Мал-жан­ды қа­рақ­шы­ға то­на­тып-ай. Кел­дік те Ат тау­ын­да тұ­рып қал­дық, Не күй бар жай­лы қо­ныс шо­ла­тын­дай –

деп тол­ғайды [64, 153-154 б.]. Кө­дек­тің осы­дан кейін­гі өмі­рі де он­ша мәз бол­майды. Өйт­ке­ ні бұн­да­ғы әді­лет­сіз өкі­мет­тің оз­быр саяса­ты «қаш­қын-бос­қын» ел­ді де едәуір әуре-сар­саң­ға тү­сі­ре­ді. Алай­да құ­был­ма­лы за­ман­ ның қы­ры мен сы­рын, дәуір ауқы­мын са­рап­тай біл­ген өр мі­нез­ ді, өжет ақын қы­ты­мыр қыс­пақ­қа мой­ын­сұн­бай ба­рын­ша ши­рап, от­ты жыр­ла­рын сел­де­те­ді. Тұ­тас Іле өңі­рін – Іле-Те­кес, Қас-Кү­ нес­ті ара­лап ақын­ды­ғын ұш­тай тү­се­ді. «Бұл за­ман»,«Кең Те­кес», «Са­сан ауылы­на бар­ған­да», «­Жауап хат», «Тұр­ғын ел­ді ара­лау» қа­тар­лы алуан та­қы­рып­ты тол­ғау­лар жа­зып, он­да­ғы ха­лық­тың ая­ныш­ты ха­лін, азап­ты тір­ші­лі­гін жы­ры­на ар­қау ете­ді. Олар­ды ояну­ға, бас кө­те­ру­ге ша­қы­ра­ды. Осы ар­қы­лы өзі­нің шын­шыл да сын­шыл реа­лист ақын екен­ді­гін әйгі­лей­ді. Кө­дек Ма­рал­байұлы 1937-жы­лы нау­қас­қа шал­ды­ғып, көп ұза­ май ха­лық ара­сын­да жүр­ген бір ем­ші­нің ал­мас­пен қа­те ем­деуі­нің сал­да­ры­нан Те­кес­тің Мыс де­ген же­рін­де 49 жа­сын­да жа­рық дү­ ниемен қош­тас­ты. Бай­қап отыр­сақ, Кө­дек ақын­ның өлі­мі дәл Әсет­тің тағ­ды­ры­ на ұқ­сай­ды. Кө­дек мұ­ра­ла­рын жи­наушы, ақын Та­лып­бай Қа­баев: «Әсет ән­де­рі­нің бір шыр­қа­лып жат­қан тұ­сын­да, ауылы­мыз­дың ақ­са­қа­лы Сы­ман де­ген кі­сі­нің : – Дү­ниеде екі сор­лы ақын бар,-де­ге­ні әлі есім­де. – Ол кім? – Не­ге? – дес­кен­дер­ге ол кі­сі: – Әсет ақын өле­рін­де: «дү­ниеде ме­нен сор­лы ақын бар ма, бір сө­зі бас­па­сөз­ге бе­ріл­ме­ген», – де­ген еді. Кө­де­к а­қын да осы Әсет сияқ­ты Ре­сей­де де ба­ғы жан­ба­ған бо­ла­тын. Мұн­да да же­ті­сіп өл­ ген жоқ сор­лы», – де­ген [70, 127-б.], – деп жа­за­ды. Кө­дек шы­ғар­ма­ла­ры өз за­ма­нын­да, одан кейін­гі жыл­дар­да да еш­қан­дай ба­сы­лым көр­ме­ді. Көбі­рек ел кө­кейін­де жат­та­лып қал­ды. Оның ха­лық жү­ре­гі­нен жол та­буының бас­ты се­бе­бі де ақын­дық қуаты мен сол қуат­ты ту­дыр­ған өмір­шең жыр­ла­ры­ның бол­ған­ды­ғы еді. Ха­лық ара­сын­да бояуы өш­кін­де­мей, та­за күйін­ де сақ­та­лып кел­ген­дік­тен ақын­ның бір бө­лім мұ­ра­ла­ры бір із­ге 220

тү­сіп жи­нақ­та­лып, 80-жыл­дар­дың ба­сын­да ға­на бас­па бе­тін кө­ре бас­та­ды. Бұл игі­лік­ті жұ­мыс­ты ат­қар­ған ақын­ның өз ұлы Айтуған мен бел­гі­лі ақын, бас­па­гер Та­лып­бай Қа­баев­тің ең­бе­гін ай­рық­ ша айтуға бо­ла­ды. Мі­не, осы кі­сі­лер­дің жи­нақ­тауы ар­қы­лы 1984жы­лы Шын­жаң жас­тар- өрен­дер бас­па­сы жа­ғы­нан «Кө­дек» де­ген ат­пен же­ке кі­тап бо­лып ба­сы­лып шық­ты. Со­нан 1988-жыл­ға кел­ ген­де бұл кі­тап ақын­ның кейін та­был­ған бір­қа­тар өлең, тол­ғаула­ ры­мен то­лық­ты­ры­лып, екін­ші рет қайта ба­сыл­ды. Осы­данк ейін­ де та­был­ған бір­қа­тар туын­ды­ла­ры бас­па бе­тін­де жа­риялан­ды. Кө­дек – өлең­ге ер­те кел­ген, ақын­дық та­лан­ты ер­те қа­лып­тас­ қан ақын. Айтуған Кө­де­кұлы­ның мә­лі­ме­тін­ше, ақын 7-8 жа­сы­нан бас­тап өлең шы­ға­ра бас­та­ған. Он екі­ден он үш­ке адым­да­дым, Атым­ды өзім ерт­теп жа­бын­да­дым... Той бол­ған та­ма­ша­лы жер­ге ба­рып, Өлең­ге сол ке­зім­нен ағын­да­дым, –

де­ген­дей, ақын әуелі 13 жа­сы­нан бас­тап өнер сай­ысы бол­ған айт­ ыс­қа да ара­ла­са бас­тап­ты. 13 жа­сы­нан, яғ­ни 1901-жыл­дан бас­тап есеп­те­ген­де Кө­дек ақын­ның 34 жыл­дық жа­сам­паз­дық та­ри­хы бар. Өкі­ніш­ке орай, ақын мұ­ра­сы­нан біз­ге жет­кен­де­рі сан жақ­тан он­ша мол емес. Осы туын­ды­ла­ры­ның өзі-ақ Кө­дек­тің ақын­дық өнер­де­гі та­ла­нт­ты­лы­ ғын, қуат­ты­лы­ғын ай­ғақ­тайды. Ақын шы­ғар­ма­ла­ры: іліп-қақ­па өлең­дер, тол­ғау­лар, дас­тан­ дар, жоқ­тау-­дауыс­тар сияқ­ты түр­лер­ге жік­те­ле­ді. Кө­дек­тің ба­ла ке­зін­де­гі өлең­де­рі кө­бін­де тық ет­пе, әзіл-ос­пақ не­гі­зін­де­гі бір-бір шу­мақ­тан ас­пайт­ын қыс­қа, бі­рақ ны­са­на­ға дәл тие­тін қа­ғыт­па, ұр­ма өлең­дер бо­лып ке­ле­ді. Ат жа­лын тар­тып мі­ ніп, ба­ли­ғат­қа то­ла бас­та­ған­да өлең­де­рі­нің бет-бағ­да­ры әлеу­мет­ тік-аза­мат­тық та­қы­рып­қа ойыса­ды. Ақын­ның іліп-қақ­па өлең­де­рі­нің бә­рі не­гі­зі­нен ауыз­ша әрі бел­гі­лі бір әлеу­мет­тік жай­ға сәй­кес ту­ған, яғ­ни бар­лы­ғы­ның да нақ­ты шы­ғу та­ри­хы, кейі­нің тіп­ті про­то­тип­те­рі де бар [70, 138б]. Бұл – ақын­ның сөз тап­қыш­тық, тап­бер­ме­лік сын­ды ақын­дық қуа­тын әйгі­лейт­ін жыр­ла­ры. Мұн­дай өлең­де­рі­нен отыз­дан ас­та­ мы біз­ге жет­кен. Бұл өлең­дер­де өмір құ­бы­лы­сы­ның ең мән­дік қа­ сиеті шо­ғыр­лы жи­нақ­тал­ған бо­лып, қал­жың-қа­ғыт­па мен әш­ке­ ре­ле­гіш­тік ба­сым жа­та­ды. 221

Бо­лыс­тың бөр­кі жақ­сы ша­шақ­тал­ған, Аты­ма шө­бі тұ­рып, қа­шақ сал­ған. Бер­ді ғой би­дай май­лап қо­на­қа­сы­ға, Бо­ла­ма бұ­дан ар­тық аш ат­тан­ған. («Бір бо­лыс­қа»)

Осы төрт жол өлең­нің өзі­нен-ақ дү­ниеқор бо­лыс­тың жа­ғым­ сыз бей­не­сі елес­те­се: Құрт­қа-ма­май, Отыр­мын ақ суың­ды ұрт­тай ал­май. Жүз үй­ден бір қай­на­тым шай шық­па­ды, Жүр едің қайт­ып бай­ғұс жұрт­та қал­май!? –

де­ген бір шу­мақ өле­ңін­де ал­ма­ғай­ып ауыр күн­дер­де­гі ел­дің жа­ да­ғай тұр­мы­сы мен ақын­ның жа­на­шыр­лық, аяушы­лық се­зі­мі бей­ не­ле­ніп тұр. «Ақ­мар­қа­ға» ат­ты өле­ңін­де­гі: Ақ­мар­қа ақ­қу құс­тың ма­мы­ғын­дай, Те­рі­сі піс­кен ал­ма қа­бы­ғын­дай. Ақ бе­тің, ай­дай көр­кің, қа­ра ша­шың, Пе­рі мен пе­ріш­те­нің аруын­дай. Ақ­мар­қа са­ған көз­дің майы кет­ті, Са­ғы­нып түн­де ұйық­та­май за­рың өт­ті. Са­ры­лып се­ні із­деп та­ба­мын деп, Мой­ны­нан боз ай­ғыр­дың жа­лы кет­ті, –

де­ген жол­дар­дан Ақ­мар­қа де­ген ару үшін бай­ыз тап­па­ған боз­ба­ ла­лық ын­тық кө­ңіл мен са­ғы­ныш ле­бі есе­ді. Кө­дек – қыс­қа жыр­дың қыр­пу­лы ақы­ны. Оның іліп-қақ­па өлең­­де­рін­де қыс­қа­лық­пен қо­са нұс­қа­лық та бар. Бұ­лар ұт­қыр да ұрым­тал, ойна­қы, кө­кей­ге қо­ным­ды бо­лып, ақын­дық ше­бер­лік пен тап­қыр­лық­ты та­ны­та­ды. Ат жа­лын тар­тып мі­ніп, есейе ке­ле, ақын қа­ла­мы­нан әлеу­ мет­тік өмір­дің бар са­ла­сын қам­ты­ған аза­мат­тық, ли­ро-эпи­ка­лық жыр­лар тө­гі­ле­ді. «Қай­ын­ға бар­ған­да», «Бұ­қа­ра­ға ба­рып қайт­қан­ да» ат­ты дас­тан­дар мен бір­не­ше кең ты­ныс­ты, ма­қам­ды тол­ғау­ лар жа­за­ды. Ке­зін­де әс­кер Той­ған­бе­кұлы­ның: «Кө­дек өлең­де­рі-өз дәуірі­нің 222

айна­сы. Ақын өлең­де­рін оқып отыр­ға­ны­мыз­да, әр жыл, әр тап, жай бұ­қа­ра­ны да, тіп­ті өзін де кө­ру­ге бо­ла­ды. За­ма­на да, ел ба­сы­нан кеш­кен күн­дер де мен мұн­да­лап шұ­бы­рып өтіп жа­та­ды. Әр­қай­сы­ сын дәл та­ра­зы­лап, өзін­дік ­ба­ға­сын, кел­бе­ті­не шақ­ты жа­ра­сым­ды қал­па­ғын ки­гі­зе, ша­па­нын жа­ба біл­ген [71, 60-б.], – деп жа­за­ды. Кө­де­к ө­лең­де­рін­де өзі жа­са­ған дәуір­дің қо­ғам­дық бі­ті­мі ай­ қын бе­дер­лен­ді. Ақын за­ман­ның сыр-си­па­ты­на үңі­ле оты­рып, оған өзі­нің тұр­ғы-та­ным­да­рын, бай­ла­мын бай­ып­тап айтуды дәс­ түр тұ­тып, за­ма­на сы­ры, қор­лық пен зор­лық кө­ріп, азып-тоз­ған ел жайы, ха­лық­тың мұң-на­ла­сы мен ыза-ке­гі, ар­ман-мұ­ра­ты­ның айна­сы іс­пет­ті көр­кем туын­ды­лар жаз­ды. Кө­дек­тің шын­шыл да мұң­шыл әрі көп­шіл ақын бо­ла­ты­ны сол-со­нау Ре­сей пат­ша­лы­ғы мен қа­ра тү­нек Қы­тай­дың сол кез­де­гі кер­бақ­па, зор­лық­шыл саяса­ты мен ел­дің ба­сы­на төн­ген ауыр да, мүш­кіл ха­лын бүк­пе­сіз көр­се­ту­мен бір­ге, бар­ша ха­лық­тың мұ­ ңын мұң­дап, жо­ғын жоқ­тай біл­ді. Ол әс­те же­ке ба­сы­ның күйін шерт­кен ақын емес. Мы­са­лы, «Ал­бан та­ри­хы» де­ген тол­ғауда: Қа­зір­гі пат­ша­ның за­ма­ны­ның, То­ғай­дай өр­тең шал­ған әрі кет­кен. Ор­да­лы жы­лан­дай боп ша­ғып отыр, Ха­лық­қа қы­сы­мы мен зә­бі­рі өт­кен.

Не­ме­се:

Қа­ра­ған пат­ша­ға ел­ді көр­сең, То­ғай­дай өр­тең шал­ған әрі кет­кен. Қыр­шаң­қы қы­зыл шұ­нақ ат сияқ­ты, Сым­пиып құй­ры­ғы мен жа­лы кет­кен, –

деп «ха­лық­қа қы­сы­мы мен зә­бі­рі өт­кен» пат­ша­лық Ре­сей­дің отар­ лау саяса­ты­ның қияна­тын та­нып, ең­се­сі түс­кен қа­лың қауым­ның ауыр ха­лын дәл бей­не­ле­се, ақын­дық биігі мен аза­мат­тық бол­мы­ сын та­ны­тар та­ри­хи туын­ды­сы «16-жыл ту­ра­лы» да­станын­да: Ақ пат­ша әді­лет­тен тай­ған­нан соң, Со­ғыс­қа ба­ла бер деп қыл­ды пәр­ман. Өл­сек те бұ­ған ба­ла бер­ме­лі деп, Қы­рыл­ды қа­ра­қол­да өң­шең бағ­лан. Бас­шы­дан ақыл та­бар айы­рыл­ған соң, Сан­да­лып, бұ­қа­ра­дан кет­ті дәр­мен…

223

деп кө­те­рі­ліс­тің шы­ғу се­бе­бін, пат­ша өкі­ме­ті­нің оз­быр­лық саяса­ ты­ның ке­сі­рі­нен көп ел бас­шы­ла­ры мен жер­гі­лік­ті аза­мат­тар­дың қы­зыл қыр­ғын­ға ұшы­ра­ға­нын дәл көр­се­те­ді. Бұл нәу­бет­тің ке­сі­ рі­нен тек қа­зақ­қа ға­на емес, көр­ші­лес қыр­ғыз елі­нің де көр­ге­нін тіл­ге тиек ете оты­рып, сол тұс­та­ғы ха­лық­тың көр­ге­нін та­ра­та тү­ се­ді, әрі бол­ған шын­дық­ты ауыт­қы­май, қаз қал­пын­да су­рет­тейді. Ол бы­лай дей­ді: Қы­рыл­ды Қа­ра­қол­дың түр­ме­сін­де Ке­мең­гер жұрт бас­та­ған саң­ла­ғым-ай. Бас­шы­дан ақыл та­бар айы­рыл­ған соң, Ал­бан­ның бе­кер бос­қа сан­да­луы-ай.

Мі­не,ел­ді бас­та­ған ер­лер­ді Қа­ра­қол абақ­ты­сы­на жауып, көз­ де­рін құр­та­ды. Екін­ші­ден, кө­те­рі­ліс­ті же­леу етіп кез кел­ген бұ­қа­ ра ха­лы­ққ­ты қы­ра­ды. Мұн­дай oзбыр­лық­қа шы­да­ма­ған көп адам­ дар ата-ме­кен­де­рі­нен ауып ке­ту­ге мәж­бүр бо­ла­ды. Ат­қы­лап кез кел­ге­нін қыр­ған­нан соң, Шы­да­май қа­шып кет­тік зар­да­бы­на-ай, –

деп әді­лет­сіз өкі­мет­тің қы­сы­мы­нан бос­қын бо­лып ауа көш­кен ел­ дің тарт­қан тау­қы­ме­ті мен шек­кен аза­бын ет жү­ре­гі езі­ле оты­рып тол­ғайды. Бұл кез­дің жағ­дайын зерт­теу­ші Д. Мә­сім­ха­нұлы­ның сө­зі­мен айт­сақ: Қы­тай­ға бар­ған қаш­қын-бос­қын­ды бы­лай қой­ып, он­да­ғы жер­гі­лік­ті ағай­ын­дар­дың да же­ті­сіп отыр­ма­ға­ны бел­гі­лі бо­ла­тын. Яғ­ни, ол кез әді­лет­сіз үкі­мет­тің жер­гі­лік­ті би­леуші­ле­рі мен олар­ дың қа­зақ қол­шоқ­пар­ла­ры ха­лық­ты қа­нау мен ез­гі­ні ең бір ас­қын­ ды­рып тұр­ған ке­зі еді [68]. Сол бір нәу­бет жыл­дар­да­ғы ха­лық­тың ба­сы­на қа­ра бұлт үйірі­ліп, күй­зе­ліс­ті күй ке­шіп отыр­ған жа­да­ғай тұр­мы­сын ақын «Кең Те­кес» ат­ты тол­ғауын­да: Мен­шік­ті жер мен су­дың иесі бар, Ке­дей мен кем­ба­ғал­ға жер жет­пе­ген. Қы­сы-жаз, күн­діз-тү­ні ты­ным ал­май, Өмі­рі ба­ра­ды өтіп бей­нет­пе­нен. –

де­ген­дей ке­дей-кеп­шік­тер­дің тұр­мы­сы ауыр еке­ні шын­дық еді. Қалт-құлт етіп әрең кү­нін кө­ріп жүр­ген қа­ра­ша­лар көп бо­ла­тын. 224

Осы­лар­дың бә­рі ақын жіп­ке тіз­ген­дей етіп кө­зал­ды­ға әке­ле­ді, оқиық: Күйі ау­ған на­шар бай­ғұс то­лып жа­тыр, Ке­тіп­ті есең­гі­реп шы­ғын­ме­нен. Күн қақ­ты қа­ра­ша­лар көп- ақ екен, Жыл­қы­ның жауы­рын­дай шы­бын же­ген, –

деп мей­лін­ше шы­найы су­рет­тейді. Сол тұс­та­ғы әді­лет­сіз өкі­мет­ қа­шып бар­ған жұрт­тың да тұр­мы­сын едәуір тұ­ра­ла­тып, олар­ды әб­ден ти­тық­тат­қа­ны бел­гі­лі. Мұ­ны да ақын жа­сыр­май айтады: Үйі жоқ қа­шып ел­ген қаш­қын бай­ғұс, Қыс­та­ғы шы­да­ма­ды бо­ра­сын­ға-ай. Жер қа­зып, суыр құ­сап кі­ріп ал­ған, Жа­па­сы үш сиыр­дың қо­ра­сын­дай. (Бұл за­ман)

Зор­лық-зом­бы­лық­тан қа­шып- пы­сып бар­ған ел­дің ха­лі осын­ дай. Әуелі көп нәр­се­ден шек­те­ліп те, шет­те­ліп те, қо­лын­да­ғы ба­ рын та­ла­тып та күн­ке­ше­ді. Тіп­ті жер­гі­лік­ті өкі­мет­ке ар­қа сүйен­ ген па­ра­қор пы­сы­қай­лар ау­ған ел­ді ол­жа­лап қа­лу­ды мақ­сат ете­ді. Та­лаудан тәуір атың аман кел­се, Сұ­ра­тып мән­сап­ты­лар ала­тын-ай. Қо­лы­нан сұ­ра­ған­ға бер­мей қой­саң, Ала­тын ша­бар­ман­ға са­ба­тып-ай [1, 23-б.]

«Бас­қа түс­се бас­пақ­шыл» де­мек­ші, мұн­дай ас­там­шы­лық­қа да, жоқ­шы­лық­қа да шы­дай­ды. Жа­быр­қап жү­ріп жа­нын ба­ғып, кү­нін кө­ре­ді. Сон­дық­тан да ақын: «Жүр­ген­де мұрт­қа өк­пе­леп, са­қал шық­ты», Мұ­ны­сы жақ­сы­лық па, сұм­дық ен­ді. Ел бол­май осы бой­дан ке­тер ме екен, Қо­лы­на ти­мей тіз­гін, шыл­бы­ры ен­ді?! –

деп елі­нің ер­те­ңін ой­лап қа­быр­ға­сы қай­ыса­ды. Ке­ңес үкі­ме­ті­нің қор­лық-зор­лы­ғы­нан қа­шып, Қы­тай­ды па­на­лап кел­ген­де­гі көр­ ген кү­ні мы­нау бол­ған­да, бү­тін­ді­гі бө­лі­ніп, тор­ғай­дай тоз­ған ел қайтадан ба­сы қо­сы­лып, өз тіз­гі­ні­не өзі ие бо­ла ала ма де­ген­ге өзі­нің кү­дік-кү­мә­нін да жа­сыр­майды. Ау­ған ел­дің ауыр тұр­мы­ 225

сын кө­зі­мен кө­ріп, өзі де ба­сы­нан ке­шір­ген ақын­ның жа­ны жай тап­пай күй­зе­ле­ді. Алай­да та­лай құ­қай­ды ба­сы­нан өт­кер­ген аң­ ғар­лы ақын­ның пай­ым­дауын­ша, кер за­ман­ның ке­ре­ғар­лы­ғы мен зұлым­ды­ғы­на, илі­гіп, «шық­па жа­ным шық­па­мен» тір­ші­лік етіп жа­та бер­се, зұлым­дық­тың мәң­гі­лік құлы бо­лып, өмі­рі өк­су­мен өте бе­ре­ді. Сон­дық­тан: Оңай­лық­ша бұл азап арыл­майды, Нө­сер бұр­шақ ал­ма­са сел бол кел­ген, –

деп тек етек-же­ңін жи­нап сер­піл­ген­де, бел ше­шіп, бі­лек сы­ба­нып бас кө­тер­ген­де ға­на азап­ты өмір­ден ары­лып, ер­кін­дік, тең­дік­ке қо­лы же­те­тін­ді­гін айт­ып, жат­пай-тұр­май на­си­хат­тайды. Кө­дек ақын қан­дай та­қы­рып­қа кел­се де баяғы өзі­нің шын­шыл­ды­ғы­нан тай­ма­ған. Өк­тем­дік пен ке­лең­сіз­дік­ке кек­те­ніп, оны сы­на­ған, елім деп еңі­ре­ген тұс­та­ры көп.«Көз­ден жас, кө­ңіл­ден шер кет­пе­ген» ел­дің күйі мен жан аза­бын же­те тү­сі­ніп, за­ман мі­не­зін айып­тауды бас­ты ны­са­на­ға ай­нал­дыр­ған. «Кө­дек ақын­ның та­ғы бір қы­ры – сын-ыс­қақ­қа бейім­ді­лі­гін­ де. Ол сын сем­се­рін қу­лар­дың сұм-сұр­қиялы­ғы­на, зор­лық­шы­ лар­дың ас­қақ ас­там­шы­лы­ғы­на қар­сы сіл­тейді [1,47-б.]. Әді­лет­сіз үкі­мет­тің жер­гі­лік­ті қол шоқ­пар­ла­ры – ауыл­да­ғы ел бас­қар­ған ат­қа­мі­нер­лер­дің жа­ғым­сыз мі­нез-құлық, бей­не-порт­рет, іс-әре­ кет­те­рін уыт­ты ті­лі­мен түй­рей­ді. Мә­се­лен, «Са­сан ауылы­на бар­ ған­да» ат­ты тол­ғауын­да­ бол­ған­мен сыр­ты бү­тін, іші тү­тін Са­сан ауылы­ның сыр-си­па­тын өзек ете оты­рып, сол кез­де­гі ха­лық­тың әлеу­мет­тік жағ­дайын ай­шық­ты бей­не­лей­ді. Осы ауыл­да­ғы мән­ сап пен бай­лық­қа мас­тан­ған «азу­лы, аты шу­лы» ел би­леуші­ле­рін бір-бір­леп та­ныс­ты­рып, олар­дың жа­ғым­сыз об­ра­зын жа­сай­ды. Дәуле­ті ата­сы­нан үзіл­ме­ген, Шұ­бар төс, шын­шыр ба­лақ шон­жа­рың жүр. Әл­сіз­ге әкі­рең­деп, бай­ға шұл­ғып, Азу­лы, аты шу­лы шом­ба­лың жүр. Се­мір­ген жуан қа­рын Нү­ке­жан­ды, Бір жыл­қы әрең тар­тып, зор­ға алып жүр, –

дей­ді. Бай­лық­қа мас­тан­ған­дар­дың кеуде­ле­рі кө­те­рің­кі. Олар­дың өз­де­рін бы­лай қой­ған­да алып кел, шауып кел ша­бар­ман­да­ры­ның да айда­ры­на жел есе­ді. 226

Бір-екі ша­бар­ма­нын мен де көр­дім, Елі­нен жүй­рік­пе­нен жор­ға алып жүр. Бі­реудің па­лен атын әкел де­се, Ерік­сіз ұра­ды екен шал­ма­ны бір. Ырыс­құт соятұ­ғын ке­рек бол­са, Ілін­ген қой-сиыр­ға қар­ма­ғы жүр. Бі­реудің қо­ра-жай­ын бы­лай алып, Әр­кім­ге ти­ген екен зар­да­бы бір.

Әл­сіз­ге әкі­рең­деу­ді әдет­ке ай­нал­дыр­ған «шын­жыр ба­лақ, шұ­бар төс» жуан жұ­ды­рық­тар­дың си­қы осы. Олар қа­ра ха­лық­ қа аяушы­лық ету де­ген­ді біл­мейді. Іс­тейтіні зор­лық пен қас­тық, ой­лайтыны баю­дың, па­ра алу­дың амал-айла­сын жа­сау. Тіп­ті осы­ лар­дың бұй­рық-жар­лық­та­рын орын­дайт­ын, шаш ал де­се, бас ала­ тын ша­бар­ман­дар­дың ха­лық­қа жа­сайт­ын ыла­ңы, әуре-сар­са­ңы да аз емес. Олар-жүр­ген жер­ле­рін­де шу-шұр­қан шы­ға­рып жү­ре­тін қы­ңыр-қи­сық жы­рын­ды­лар. Бі­реудің ас­тын­да­ғы аты, қо­ра­да­ғы қойы, ба­сын­да­ғы үйі, қап­та­ ғы та­ры­сы – бә­рі әкі­рең­де­ген әкім­дер­дің аш­са ала­қа­нын­да, жұм­са жұ­ды­ры­ғын­да. Жұрт­тың ыза-ке­гін қай­на­та­тын бұ­лар­ға ақын­ның әжуа, мыс­қыл, өт­кір сын сем­се­рін түй­рейтіні сон­дық­тан. Ұлық­тан мақ­сұт мы­ғым жо­лық­ты деп, Елі­нің бә­рі жы­лап, зар қа­ғып жүр. Та­бан­ды бай кі­сі­дей ма­ңыз­ды емес, Се­кіл­ді же­мір сиыр жал­ма­нып жүр.

Елін зар жы­лат­қан қа­ра жү­рек, ара­нын аш­қан той­ым­сыз ұлық­ тың сиық­сыз кей­пін «же­мір сиыр­дай жал­ма­нып жүр» деп ащы әжуа­мен ке­ле­ке ете­ді. Ен­ді бір­де: Бір ауыз сөз­дің жө­нін айт­ар бол­саң, Қақ­бас­қа қам­шы­ме­нен сал­ға­лы жүр. Ша­ла­ғай, ша­ты­на­ған мі­не­зі бар, Ішің­ді ашу­лан­са, жар­ға­лы жүр, –

деп «ша­ты­на­ған мі­не­зі бар» қо­қаң­да­ған за­лым­дар­дың, қа­ті­гез қи­ тұр­қы­лы­ғын мі­ней­ді. Мұн­дай әш­ке­ре­леу мен мі­неп, ше­неу «Кең Те­кес» ат­ты тол­ғауын­да да қо­мақ­ты орын ала­ды. Мы­са­лы:

227

За­ма­нын бұ ду­тың­ның кө­ріп едік, Ең­бе­гін бұ­қа­ра­ның сі­ңір­ме­ген. Ша­бар­ман ше­рік­те­рі жүр­ге­нін­де, Жыл­қы­да ат қал­ды ма мі­ніл­ме­ген. Жар­лы­ның жал­ғыз атын мі­ніп алып, Ар­қа­сы жауыр бо­лып ірің­де­ген.

Не:

Бір ауыз сөз қайы­рып жауап айт­саң, Ылын­дың бір пә­ле­ге қы­рын кел­ген. На­шар­ға өте-мө­те қы­рын ке­ліп, Кім қал­ды ол уа­қыт­та сү­рін­бе­ген? Тоң­қайт­ып дү­ре ба­сып ке­ту­ші еді, Бие­нің құй­ры­ғын­дай құлын же­ген. Жа­ның­ды ұр­ған сай­ын шы­ға­ра­тын, Бұ­зау тіс қам­шы­сы­мен жұ­мыр кел­ген, –

де­ген жол­дар­ға еш­қан­дай тү­сі­нік­тің қа­же­ті жоқ. Зор­лық­қа заңтү­зім ар­қы­лы шек­теу қой­ма­ған ел­де осын­дай дө­ре­кі іс-әре­кет­тер үне­мі бо­лып тұр­ған. Ойла­ры­на кел­ге­нін іс­теп, бар­лық ақыл-айла­сын қа­ра ба­сы­ ның қа­мы үшін жұм­сайт­ын зор­лық­шыл жуан­дар­дың ха­лық­ты қан қақ­са­тып, әб­ден ығыр ет­кен ос­па­дар­лы­ғы мен ра­қым­сыз жауыз кес­пі­рін уыт­ты са­ти­ра­лық сер­пін­мен аша­ды. Де­мек, тал­дан­ған өлең­дер­де «ақыр­ған ман­сап­ты­ның да, ас­қан оз­быр бай­лар­дың да об­ра­зы бар, зор­лық-зом­бы­лы­ғы бар, ал­дапар­бауы бар. Ал ке­дей қауым­ның қа­сі­рет­ке тол­ған ая­ныш­ты өмі­рі бар. Ақын­ның олар­ға бол­ған ыс­тық аяушы­лық се­зі­мі бар» [70, 23-б.]. Кө­дек­тің ақын­дық ерек­ше­лі­гі жа­ғы­на ке­лер бол­сақ, оның өлең­де­рін­де төк­пе­лік ба­сым бо­лып ұй­қас, ек­пін, ыр­ғақ жақ­тан бір­кел­кі­лік сақ­тап, үн­дес­тік тауып оты­ра­ды. Кө­дек не­гі­зі­нен он бір буын­ды қа­ра өлең мен же­ті-се­гіз буын­ды жыр үл­гі­сін қол­да­ на­ды. Алай­да ақын өз өлең­де­рін бас­тан-аяқ бір не екі ұй­қас тү­рі­ мен ға­на шек­тейді. яғ­ни ол ал­ған ұй­қас­тар төрт жол­мен аяқ­та­лып отыр­майды. Айт­ай­ын деп отыр­ған ойы­нан бір түйін түйіп ба­рып қа­на, бас­қа ұй­қас­қа ауыс «­жауап хат» де­ген тол­ғау өле­ңі­нің ұйқа­ сы­ның өзі «мал ба­сың- ай», «шал­ма­сын- ай» деп бас­тал­са, аяғы «ол­жа­сын-ай» деп ақ­са­май не бас­қа ұй­қас­қа орын ауыс­тыр­май бір ұй­қас­пен аяқ­тай­ды. Бұл жа­ғы­нан Таң­жа­рық­пен үн­де­сіп жа­та­ды. 228

Таң­жа­рық та әс­те ұй­қас шек­те­ме­сі­не ұшы­ра­май­ды. Бас­тан-ақыр бір ұй­қас­тың түр­ле­нуі, құ­бы­луы ар­қы­лы өлең жол­да­ры бар­ған сай­ын тас­қын­дап, кі­ді­ріс­сіз, үзі­ліс­сіз, ақау­сыз шы­ға­ды. Ұй­қас­қа бо­ла ой са­ры­ны­нан ай­рыл­майды.«Ақын сы­ры» де­ген өле­ңін­де Таң­жа­рық ма­ғы­на­сы ұқ­са­майт­ын, ды­быс үн­дес­ті­гі жа­қын сөз жә­ не сөз тір­кес­те­рі­нен 41-ін та­ры­ғып та, зор­ла­нып та жат­пай ор­нын тауып ше­бер­лік­пен қол­да­на біл­ген. Бұл ілік­тес­тік­ті ақын­дық ор­ та­да­ғы көр­кем­дік дәс­түр жал­ғас­ты­ғы­нан бө­ле қа­рауға бол­майды. Бас­тап­қы үл­гі­сі фольклор­лық жыр­лар­дан бас­тау алар тә­сі еке­ні бел­гі­лі. Көдек өлең­де­рі – ағы­сы қат­ты өзен­дей тас­қын­дап, буыр­ қа­нып өз ар­на­сы­нан асып тө­гі­ліп жа­та­тын, ұйқа­сы шы­мыр, ті­лі жа­тық, құ­ры­лы­мы бе­рік сұ­лу поэ­зия. Сон­дық­тан: Кө­ңі­лі тұ­нық кі­сі әб­ден бай­қар, Сө­зім­нің ал­тын сыр­лы бу еке­нін, –

дей­ді ақын өзі де. Өзі­нің қыс­қа ға­на ғұ­мы­рын­да от­ты өле­ңі­мен ар­ты­на құн­ды мұ­ра қал­дыр­ған, арын­ды ақын – Асыл­қан Мың­ жа­са­рұлы да өз дәуірі­нің шын­ды­ғын бей­не­леуде, әлеу­мет­тік мә­се­ле­лер­ді кө­те­ру­де бел­сен­ді­лік та­ныт­ты. 1893-жы­лы қа­ра­ша айын­да Іле қа­зақ об­лы­сы­на қа­рас­ты Ныл­қы ауда­ны­ның Мыс де­ ген ауы­лын­да ке­дей ша­руа от­ба­сын­да дү­ниеге кел­ген Асыл­қан­ ның жал­пы ба­ла кү­ні­нен-ақ жағ­дайы мәз бол­ма­ған.Үш жа­сын­да әке­сі, же­ті жа­сын­да ше­ше­сі қайт­ыс бо­лып, жас­тай же­тім қа­ла­ды. Тек кө­кі­ре­гіояу ұлы әке­сі Бес­пай­дың еті­нің ті­рі­лі­гі­нен кем, қор бол­май тәр­биеле­не­ді. Әри­не, за­ман­ның қиын­ды­ғы қа­шан бол­ма­ сын, ең ал­ды­мен же­тім-же­сір­дің жел­ке­сі­не тү­се­ді емес пе?! Көп ұза­май ұлы әке­сі­нен де айы­рыл­ған Асыл­қан күн кө­ріс үшін Бес­ бай­дың бас­қа ба­ла­ла­ры­мен бір­ге же­ті жа­сы­нан бас­тап кі­сі есі­ гін­де жал­шы­лық­та жү­ріп, өз­ге­лер­дің қо­зы-ла­ғын, бұ­зауын бақ­ты. Кейін на­ға­шы ата­сы­ның қо­лы­на ба­рып екі жыл­ға жуық ес­кі­ше оқу орай­ына ие бо­ла­ды. Се­гіз­ден өтер­де ауыл­да­ғы үл­кен ғұ­ла­ма Ыр­ғыз­бай де­ген қа­зы­дан са­бақ оқи­ды. Ол қар­ша­дайы­нан өте зе­ рек, ал­ғыр бол­ды да, он жа­сын­да араб, пар­сы, тү­рік тіл­де­рін­де­гі кі­тап­тар­ды тү­сі­ніп оқи ала­тын дә­ре­же­ге же­те­ді. Бұл ту­ра­лы ақын «Өмір ту­ра­лы» өле­ңін­де: То­ғыз­дан ен­ді айла­нып он­ға кел­дім, Ой тоқ­тап тү­зу жү­рер жол­ға кел­дім.

229

Араб, пар­сы, тү­рік­ше тіл­ді бі­ліп. Он жас­та үш ха­ты бар мол­да бол­дым [72, 697-б.] –

дей­ді. Осы­лай­ша қа­ғі­лез, ес­ти­ар­лы­ғы­мен та­ныл­ған ол ұс­та­зы­ ның ұсы­ны­сы бой­ын­ша он екі жа­сын­да өз ауылы­ның ба­ла­ла­рын жиып оқы­та­ды. «Ба­ла мол­да», «ба­ла ақын» де­ген аты­мен ауыл ара­сы­на ата­ғы жай­ыла­ды. Асыл­қан он бес жас­қа шық­қан­да, сол кез­де­гі Іле­де­гі қы­зай руы­ның бе­дел­ді ақыл­шы­сы­Қа­дір­сіз­ге хат­ шы бо­ла­ды. Осы ба­рыс­та ел ара­лап, жер та­нып, көп нәр­се­нің сы­ ры­на қа­ны­ға­ды. Өмір­мен те­рең ара­ла­сып, көз аясы ке­ңи­ді. Сол тұс­та­ғы ме­шеу қа­зақ са­ха­ра­сын­да­ғы ке­лең­сіз жайт­тер­ді, қымқуыт қай­шы­лық қақ­ты­ғыс­тар­ды, жер дауы, же­сір дауы сын­ды дау-шар­лар мен би-бо­лыс­тар­дың ара­сын­да­ғы құ­қық, мұд­де та­ла­ сын кө­ре­ді. Осы­мен өзек­те­сіп жа­та­тын үкі­мет пен ұлық­тар­дың іш­кі сыр-си­па­тын бай­қай­ды. Мі­не, бұ­лар ақын шы­ғар­ма­ла­ры­ның туын­дай тү­суінің қо­ғам­дық шар­ты бо­ла­ды. 1916-жы­лы Те­кес ауда­ны­ның Қа­ра­жон де­ген жай­лау­ын­да бол­ған үл­кен, да­бы­ра­лы ас­та Асыл­қан атақ­ты Әсет Най­ман­байұлы­мен жүз­де­се­ді. Әсет те Асыл­қан­ның ақын­дық өне­рі­не ай­рық­ша сүй­сі­ніп, ықы­ла­сын біл­ ді­ре­ді. Дуалы аузы­нан: «жет­ке­лі тұр­ған же­те­лі ба­ла екен», – деп орын­ды ба­ға­сын бе­ре­ді. Сол ас үс­тін­де Асыл­қан «ат ша­быс» ат­ты да­станын шы­ға­ра­ды [73, 19-б.]. Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы 1918-жы­лы не­бә­рі 25 мү­шел жа­сын­ да қас­тан­дық­қа ұшы­рап қайт­ыс бо­ла­ды. Ақын жа­са­ған дәуір­де қа­зақ шон­жар­ла­ры мән­сап алар ша­ғын­да сол тұс­та­ғы Іле­нің би­ лік ор­га­ны тұр­ған Кү­ре­ге (қа­зір­гі Қор­ғас ауда­нын­да) ба­рып, он­ да­ғы ұлық­тар­ға па­ра бе­ріп жа­ғы­на­тын. Кү­ре­де­гі ұлық­тар да кім құл­қы­ны­на кө­бі­рек құй­са, ал­тын, кү­міс, жам­бы­ны кім көп бер­се, со­ған мән­сап бе­ре­тін. Асыл­қан Әділ­қайыр бо­лыс­қа іле­сіп Кү­ре­ге бар­ған­да, Кү­ре ұлы­ғы­ның осы әді­лет­сіз­ді­гін кө­ріп: Кү­ре­де съезд ашып ке­ңес құр­дың, Жиып ап би-бо­лыс­ты егес­тір­дің. Жам­бы­ны көп бер­ген­ге мән­сап бер­дің, Ұлық-ау, ту­ра би­лік емес мұ­ның! –

деп айы­бын бе­ті­не ба­сып, өлең шы­ға­ра­ды. Бұл өлең құ­ла­ғы­на жет­кен ұлық ба­рын­ша уыт­та­нып айт­ыс­та же­ңіп, бо­лыс­тық ал­ған Әділ­қайыр­ды да, Асыл­қан­ды да қас­тан­дық­пен мез­гіл­сіз мерт қы­ ла­ды. Ақын көз жұ­мар ал­дын­да: 230

Жиыр­ма­ға кел­ген­де, Шы­на­рың кет­ті-ау үзі­ліп. Ақ қа­ғаз­дың бе­тін­де, Жа­зу­ың қал­ды сы­зы­лып. Сан­ды­ғың­ды аш­қан­да, Кі­та­бың тұр ті­зі­ліп...,-

деп өзі­не ар­нап жоқ­тау жа­зып қал­дыр­ған. Жел сөз­дің гү­лі бо­лып ашы­ла­мын, Кір­ген­ше қа­ра жер­дің бе­рі­гі­не..., –

деп ақ­тық де­мі біт­кен­ше өлең нө­се­рін сел­де­тіп өт­кен төк­пе ақын қыс­қа ғұ­мы­рын­да мол мұ­ра қал­дыр­ған. Алай­да оның кө­бі (жи­ нал­ға­ны) аты-шу­лы «мә­де­ниет зор төң­ке­рі­сі» ке­зін­де өр­тел­ді, жо­ ғал­ды. Біз­ге жет­кен­де­рі «Ке­ңес», «Тор­ғай­лар», «Ит­пен айт­ыс», «Өзі­нің 20 жа­сы ту­ра­лы», «Қа­зақ үй-мүл­кі ту­ра­лы, Кү­ре­де жат­ қан­да», «­Сауыс­қан­ға», «Бо­дан­ға», «Айбө­пе­ге» т.б. Жә­не бір­не­ше би-бо­лыс­тар­ға айт­қан өлең­де­рі, «Нұ­ри­па­мен айтысы», «Та­ни­мен екі рет­кі айтысы», «Бо­дан­мен айтысы», «Жа­шы­ман­мен айтысы», қа­тар­лы айт­ыс­та­ры, «Ұры мен жол­ба­рыс», «Ат­ша­быс», «Көк ат­ пен айт­ыс» қа­тар­лы дас­тан­да­ры, «Жер-су өле­ңі», «Ата-те­гі жө­ нін­де­гі ше­жі­ре», «Мә­ші­реп» сын­ды тол­ғаула­ры бар [73, 17-б]. Ақын шы­ғар­ма­ла­ры өз дәуірі­нің та­ри­хи айна­сы іс­пет­ті, яғ­ни сол тұс­та­ғы көш­пе­лі қа­зақ өмі­рі­нің та­ри­хи-әлеу­мет­тік ше­жі­ре­сі сияқ­ты. Оның өлең­де­рі мен тол­ғаула­ры, айт­ыс­та­ры мен дас­тан­ да­ры бір-бі­рі­не ұқ­са­ма­ған фор­ма­лар мен сан алуан та­қы­рып­тар­ға құ­рыл­ды. Ақын аз­ға­на өмі­рін­де осын­дай асыл қа­зы­на­лар қал­ды­ руы – ең ал­ды­мен, құ­дай­дың оған сый­ла­ған та­за да­ры­ны; екін­ші­ ден, сол да­рын­ды бо­ла­шақ ақын сә­би ша­ғы­нан шың­дай, ұш­қыр­ лай тү­суі бол­са; үшін­ші­ден, Ақыт, Таң­жа­рық, Кө­дек қа­лып­тас­ тыр­ған дәс­түр жә­не ақын­дық ор­та деп есеп­те­ген жөн. Мә­се­лен, он жа­сын­да араб, пар­сы, тү­рік тіл­де­рін иге­ріп, 12 жа­сын­да «ба­ла мол­да» атан­ған ұш­қыр та­лант иесі осы тіл­дер­де­гі «­тауа­рих хам­ са», «ноп­тайыл жа­нан» қа­тар­лы кі­тап­тар­ды тауып оқи­ды. Бір жа­ ғы ха­лық­тың бай ру­ха­ни қа­зы­на­сы­нан су­сын­дап нәр ал­ды. Өзі­нен бұ­рын­ғы Абай, Әсет, Ақыт, Жү­сіп­бек­қо­жа қа­тар­лы қа­зақ ақын­да­ ры­ның ең­бек­те­рі­мен та­ныс­ты, жат­та­ды. Ен­ді бір жа­ғы, кө­ре­ген ата­сы мен әже­сі де Асыл­қан­ның шоқ­тай жай­нап ке­ле жат­қан та­ ла­бын үр­леп тұ­тан­ды­рып, маз­да­та түс­ті. 231

Асыл­қан­ды ел-жұр­ты «ті­лі ер­те шық­қан, та­қыл­дап да­на сөй­ лейт­ін, жөр­ге­гін­де өлең қон­ған, ту­ма та­ла­нт­ты ақын» [74, 47-б.], – де­се­ді. Асыл­қан ал­ты жа­сы­нан бас­тап ел­ден ес­ті­ген өлең­дер­ді жат­тап, ән­дер­ді айтумен бір­ге, өз ойы­нан ұй­қас­ты­ра сөз қо­сып бір­не­ше шу­мақ­қа дейін өлең құ­рап айта бас­та­ған. Же­ті жа­сын­да ше­ше­сі қайт­ыс бол­ған­да «ағай­ын-ау, ағай­ын, ат­қа то­қым жа­бай­ ын» де­ген ха­лық жы­ры­ның тар­мақ­та­рын пай­да­ла­на оты­рып: Ақ сүт бер­ген бақ ше­шем, Қай­дан із­деп та­бай­ын. Та­ба­мын қай­дан із­де­сем, Ақ сү­тін ма­ған еміз­ген. Шо­мыл­ды­рып мә­пе­леп, Адам етіп өсір­ген, –

де­ген жы­рын жы­лап тұ­рып айтады. Жаз нө­се­рі құй­ып тұр­ған­да бұ­зауға бар­мақ­шы бол­ған Асыл­ қан­ға ше­ше­сі: «жаң­быр ба­сыл­ған соң бар­саң да бо­лар», – дей­ді. Бі­рақ ана­сы­ның бұл сө­зі не Асыл­қан қол­ма-қол ұтым­ды жауап қайт­ар­ды: Ке­лер ме бұ­зауқан­дар ауқаула­сам, Өріс­тен зең­гі ба­ба қайт­ар қа­шан, Бір бұ­зау еміп қой­са, са­бай­ды бай, Тез ба­рып ал­дын- ала қайт­ар­ма­сам. Ана­шым, кө­зің­нен жас тө­гі­ле­ді-ау, Ар­қа­ма қам­шы тиіп қай­қаң­да­сам, Жүр­мес ем жа­ла­ңа­яқ бұ­зау ба­ғып, Тай мі­ніп, бай ұлын­дай тайт­аң­да­сам..., –

де­ген­де ше­ше­сі жы­лап жі­бе­ре­ді де, оны бе­ті­нен қайт­ар­майды [73, 28-б.]. Ес­пер де­ген мол­да қо­лы қыс­қа­лау бі­реудің үйіне қо­на­ды. Қо­ на­ға­сы­ға кө­ңі­лі көн­ші­ме­ген ол әл­гі үйді ат-ша­пан айып­қа жы­ға­ ды. Мұ­ны ес­ті­ген ба­ла Асыл­қан Ес­пер­дің үйіне ба­рып, мы­на­дай өлең жа­зып ке­те­ді: Сә­лем де Ес­пе­рі­ңе есір­ме­сін, Ес­пер­дің ал­ған екен ке­сір не­сін? Ес­пе­рің өк­пе­леу­ден түк тап­пайды, Ты­ныш жү­ріп, шай­ын ішіп, етін же­сін...

232

Ақын­ның ба­ла ке­зін­де та­бан ас­тын­да тауып айт­қан өлең­де­рі кө­ле­мі ша­ғын бір­не­ше жол­дан, бір­не­ше шу­мақ­қа дейін бо­ла­ды. Бар­лы­ғы­ның туылу се­беп­те­рі мен айт­ар ойы ай­қын ке­ле­ді. Бел­гі­лі ша­ғын оқи­ға­ға құ­ры­ла­ды. Не­ме­се өмір кө­рі­ні­сі­нің те­рең әлеу­мет­ тік ас­та­рын ашу­ға ба­ғыт­та­ла­ды. Асыл­қан­ның әке­сі­нен бір жақ­сы ат қа­ла­ды, оған кө­зі түс­кен Аяп­бер­ген де­ген зәң­гі Мың­жа­сар­дың тө­лей ал­май кет­кен қа­ры­зы бар де­ген сыл­тау­мен қояр­да қой­май жү­ріп, же­тім ба­ла, же­сір қа­тын­ды зар иле­тіп тар­тып әке­те­ді. Сол күн­дер­дің бі­рін­де Қа­дір­сіз ақа­лақ­шы бір топ кі­сі­мен ке­ле жа­та­ ды. Ішін­де Аяп­бер­ген зәң­гі де бар екен. Мұ­ны көр­ген Асыл­қан ат ағаш­тың ба­сы­на шы­ғып алып ішін­де­гі ше­рін шы­ға­ра: Етім – боз­дақ, сүйе­гім қой­бас еді, Әкем бол­са ақым­ды қой­мас еді. Сіз­ге айт­пай, мұ­ңым­ды кім­ге айтамын, Әкем сіз­бен за­ман­дас жол­дас еді. Шер кө­кі­рек же­тім­мін па­на­сы жоқ. Мен­дей па­қыр же­тім­ді ойла­шы ен­ді. Аяп­бер­ген жал­ғыз ат­ты тар­тып ал­ды, Апы­рау бұл не де­ген той­мас еді. Же­тім ме­нен же­сір­ді зар иле­тіп, Бүйт­іп же­се заң­гі­лер бол­мас ел­ді, –

де­ген­де қар­ша­дай же­тім­нің жай оғын­дай ти­ген сө­зі­не мұрт­тай ұш­қан ақа­лақ­шы Аяп­бер­ген зәң­гі­ден атын сол кү­ні қайт­ар­тып бе­ ре­ді [73, 29-б.]. Шо­ғын­дай сек­сеуіл­дің шоқ­та­най­ын, Тұй­ғын­дай үй­рек ал­ған оқ­та­лай­ын. Ал­ды­ма айт­ар кі­сім кел­ге­нін­де, Не­сі­не бұқ­пан­тай­лап тоқ­та­лай­ын, –

де­ген арын­ды да да­рын­ды төк­пе ақын өмі­рі­нің соң­ғы он жы­лын­ да дау­ыл­да­тып, нө­сер­ле­тіп, өлең-жыр­ды көп төк­ті. Ақын жа­сам­паз­ды­ғы­ның жал­пы но­байы­нан оның қо­ғам­дық ой-пі­кір­де әді­лет­ті жақ­тайт­ын­ды­ғы бай­қа­ла­ды. Оның көп өлең­ де­рін­де сол кез­де­гі қо­ғам­ның та­ри­хи ас­та­ры, ха­лық­тың әлеу­мет­ тік, саяси-ша­ру­ашы­лық күйі мен салт-са­на­сы, са­ха­ра та­би­ға­ты ай­қын су­рет­те­ле­ді. Асыл­қан өлең­де­рі­нің ен­ді бір са­ла­сы өмір тол­ғаула­ры – адам­ 233

ның мі­нез құл­қы, жас ерек­ше­лік­те­рі, үй мү­лік­те­рі, тұ­ты­ну бұй­ым­ да­ры, жер-су, ас-той, ту­ған жер та­би­ға­ты т.б. кең ты­ныс­пен су­рет­ те­ліп, та­ным­дық, тәр­бие­лік мә­ні зор шы­ғар­ма­лар бо­лып ке­ле­ді. Ақын­ның «Өз өмі­рі ту­ра­лы тол­ғауы­ның» туылуы­ның мән-жайы бы­лай бол­ған. Асыл­қан жиыр­ма жас­тар ша­ма­сын­да­ғы ке­зін­де ел ара­лап жүр­ген қы­зай руына әйгі­лі Ра­бат дейт­ін тө­ре­ге ке­зі­гіп қа­ ла­ды. Асыл­қан­ның даң­қын ес­тіп жүр­ген тө­ре оған: «туыл­ға­ның­ нан тар­тып қа­зір­ге дейін­гі өмі­рің­ды өлең­мен айт­ып бер», – деп бұй­ыра­ды. Сон­да Асыл­қан ір­кіл­мес­тен: Асыл­қан – сұ­ра­са­ңыз ме­нің атым, Мың­жа­сар – сұ­ра­са­ңыз әкем атын. Тә­ңір­бер­ді үл­ке­ні – Құт­тым­бет­пін*1*.



Тә­ңір­бер­ді, Құл­мам­бет – ру ат­та­ры. Ар­дақ­ты Қы­зай ана – ар­ғы за­тым. Ша­мам­ның ке­лі­сін­ше мен сөй­лейін, Есі­не қал­сын кейін жа­ма­ғат­тың…, –

деп бас­тап, 20 жас­қа дейін­гі өмі­рін баян­дап, та­бан­да сы­дыр­та жө­ не­ле­ді. Оған ри­за бол­ған тө­ре ен­ді бір ке­зек­те: «ен­ді ме­ні жа­ман­ дап бір өлең айт­шы», – дей­ді. Сон­да Асыл­қан: Ра­бат, бас­қа­лар­дан ше­шен-ақ­сың, Сер­ке­дей қой бас­та­ған кө­сем-ақ­сың. Бес жүз үй тө­ре-тө­лең­гіт­ті зар жы­лат­тың, Кө­зің­нің жа­сы, мұр­ның­ның бо­ғы, ке­се­лі ат­сын! –

дей­ді. Ашу­лан­бас­қа уәде бер­ген, ақын ал­дын­да сөз ұс­тат­қан жа­ не өне­рі­не сүй­сін­ген тө­ре оны шам көр­мейді. Қайта қат­ты әсер­ ле­ніп: «ті­рі бол­са, Әсет­тен де ар­ты­ла­ды екен», – де­ген ба­ға­сын айт­ып, жо­лын бе­ріп ат­тан­ды­ра­ды [74,44-б.] . «Қа­зақ үй мү­лік­те­рі» ат­ты тол­ғауын­да ақын: Ша­ңы­рақ, күл­ді­реуіш, ке­ре­ге, уық, Тұ­ра­ды ши, туыр­лық оған жуық. Маң­дайша, та­бал­ды­рық, есік ағаш, Тә­ңір­бер­ді, Құт­тым­бет- ру ат­та­ры. Тая­ныш өлең қыл­дым бә­рін қуып.

234

Бал­та,шот, бә­кі- пы­шақ, кет­пен, те­се, Шәу­гім, орақ, тос­та­ған, шал­ғы, ке­се, Те­ге­не, аяқ, та­бақ, қа­зан-ошақ. Та­ғы бар айт­ыл­ма­ған әл­де­не­ше...[75, 85-б.], –

деп қа­зақ үй мү­лік­те­рі­нің жүз­ге жуығы­ның атын ір­кіл­мей ши­ ра­қы етіп өлең­мен өр­нек­теп шы­ға­ды. Ал «Мә­ші­реп» тол­ғауын­да көш­пе­лі қа­зақ хал­қы­ның жаз жай­лау үс­тін­де­гі тір­ші­лік ты­ны­сы­ ның көр­неу әрі кө­ңіл­ге қо­ным­ды бір кө­рі­ні­сін су­рет­теу ар­қы­лы сол тұс­та­ғы са­ха­ра өмі­рі­нің ай­шық­ты кел­бе­тін кес­те­лей­ді. Ал­ды­мен алып кел­ді «Бой­ға та­рар»1 Қы­мыз­да ша­ма бар ма бет­ке қа­рар2...» Мұ­ны ой­лап тап­қан адам нет­кен ше­бер. Төрт шы­ны қо­сақ­тау­лы жә­не де бар. •1 •2

Бой­ға тар­тар – 11 шы­ны қы­мыз. Бет­ке қа­рар – 18 шы­ны (ағаш те­ге­не­мен іше­ді) Іше­тін « мой­ын иер, көз­ге тиер»3. «Ын­тық­па»4,.«Ат­ты-кет­ті»5,. «Ба­та аяғы6» Ет пі­сіп дай­ын бол­ды ба­ға­на­ғы. Кү­міс­бек күн­де Ах­мет бұ­лар құ­сып, Та­лай жан қа­ра­ғай­ды са­ға­ла­ды…, – .

Та­ным­дық, эт­ног­ра­фиялық та­ғы­лы­мы бар бұл жол­дар­да қы­ мыз ішу­дің ал­ты тү­рін айта ке­ліп, қа­зақ да­ла­сын­да­ғы мә­де­ниет­ тен кен­же­лік­тің де ар­ғы түк­пі­рін аң­ғар­та ке­те­ді. Ақын­ның «Ұры мен жол­ба­рыс» ат­ты да­станы­ның оқи­ға­сы қа­ ра­пай­ым бол­ға­ны­мен қыз­ғы­лық­ты, тар­тым­ды ше­бер сю­жет­ке құ­ рыл­ған бо­лып, оқыр­ма­нын бау­рап, елік­ті­ріп оты­ра­ды. Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы­ның қай жанр­да­ғы шы­ғар­ма­ла­рын ал­сақ та те­рең, бай маз­мұн­ды, алуан фор­ма­лы бо­лып, жо­ға­ры көр­кем­дік­ке, өзін­дік си­пат­қа ие.Ақын өмі­рі қай­шы­лық­қа то­лы қақ­ты­ғыс­ты ор­та­да өт­ті. Ақын­дық өне­рі­мен де, қо­ғам­дық қи­ мыл­да­ры­мен де өмір­ге те­рең ара­ла­сып, сол тұс­та­ғы қо­ғам­дық құ­бы­лыс­тар­дың қы­ры мен сы­рын, си­па­тын, те­рең, же­те аң­ға­ра біл­ды. Әрі оны өзі­нің тар­тым­ды жыр­ла­рын­да айна-қа­те­сіз бей­ не­ле­ді. Әді­лет­сіз­дік, жем­қор­лық, па­ра­қор­лық, ман­сап­құ­мар­лық, то­ғы­шар­лық­ты аяу­сыз әш­ке­ре­ле­ді. Өз хал­қы­ның қа­мын жыр­лап, 235

қа­сі­рет-қай­ғы­сы­на ор­тақ­тас­ты. Әділ­дік­ті жақ­та­ды, аң­са­ды. Ел­жі­ ре­ген дос­тық­ты, ба­ла­лық шақ­ты, жас­тық дәу­рен­ді, ту­ған жер­дің көр­кем кө­рі­ні­сі мен таң­ға­жай­ып та­би­ға­тын су­рет­те­ді. Сөйт­іп, ол өзін өз дәуірі­нің мұз­ба­лақ, дауыл­паз бір туар ақы­ны еке­нін әйгі­ леп кет­ті. Ақын­ның ша­бы­ты ен­ді ша­рық­тап, ағы­ны қат­ты қас суын­дай буыр­қа­нып тас­қын­дай бас­та­ған ке­зін­де өмір­мен жас­ тай қош­тас­ты. Алай­да оның жа­сын тағ­ды­ры­ның жар­қы­лын­дай жа­лын­ды жыр­ла­ры мен жар­қын об­ра­зы ха­лық жү­ре­гін­де маң­гі сақ­та­ла бер­мек. Ол аза­мат­тық поэзиясы­мен, кү­рес­кер­лік ру­хы­ мен Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзиясы­ның да­му­ына, әде­би үр­діс­тің іл­ге­ рі­леуіне мол үлес қос­ты. • Мой­ын иер, көз­ге тиер – 4 шы­ны. • Ын­тық­па – 9 шы­ны. • Ат­ты кет­ті – 7 шы­ны

• Ба­та аяғы – 5 шы­ны. • Жиыны 54 шы­ны қы­мыз.

Әлеу­мет­тік құ­ры­лым­ға ор­нық­ты ба­ғыт­пен ара­ла­сып, аза­мат­ тық әуен­ді сан-са­ла­лы си­пат­та өріс­тет­кен Дос­бер Сауыры­құлы да бай-қуат­ты от­ба­сын­да дү­ниеге кел­ге­ні­мен, қа­ра тү­нек ­қап­та­ған ме­ңі­реу за­ман­да, на­дан­дық жай­ла­ған ор­та­да есейіп-ер­жет­ті. Ал ке­мел ша­ғы­нан асып, жа­сам­паз­дық жақ­тан то­лы­сып, же­міс бе­ре­ тін кез­де тағ­дыр те­пе­рі­шін бір кі­сі­дей тарт­ты. Со­ла­қай сая­сат­тың қыс­па­ғы­на іл­кі­ті. «Оң­шыл» эле­мент ата­нып: Өз үйіңе қиыны-ай, Абақ­ты­дай қа­мал­мақ. Жа­зық­сыз не қыл­мыс­сыз, Жа­ман де­ген ат ал­мақ. Не де­рім­ді біл­мей­мін. Шер­лі кө­ңыл алаң­дап, –

де­ге­нін­дей әр нәр­се­ден шек­те­ліп те, шет­те­ліп те жүр­ді. Қа­ла­мын да ер­кін сіл­тей ал­ма­ды. Сон­дық­тан: Ел­емей­ді өлең жаз­сам, ша­быт қай­да? Атақ­ты ақын де­ген даңқ қай­да? Шын­дық­ты шың­нан із­деп шыр­қап жаз­сам, Тың­дайт­ын асыл сөз­ді ха­лық қай­да?! Ақын-ба­лық, тың­дау­шы су ми­сал­ды, Жү­зе­тін құр­ғақ жер­де ба­лық қай­да, –

236

деп ол кез­де ақын сө­зін тың­дайт­ын ес­тияр пен­де­нің де бол­ма­ға­ нын айт­ып мұ­ңын ша­ға­ды. Өмі­рі­нің соң­ғы мез­гі­лін­де өмір­де­гі ке­лең­сіз­дік, әді­лет­сіз­дік­ке ашын­ған ақын­ның кө­кі­ре­гі шер­ле­ніп өт­кен сияқ­ты. Іші­на­ра өлең­де­рін­де күр­сі­ну мен тү­ңі­лу са­ры­ны бай­қа­ла­ды. ­ әуе­кел бір өзі­ңе, жа­рат­қан хақ, Т Жа­сым­да бе­ріп едің ба­сы­ма бақ. Бол­ған­да сыр­тым бү­тін, ішім тү­тін, Бір құ­дай, бұл тү­тін­нің дауа­сын тап.

Сон­да да ақын жа­рық дү­ниемен қош­тас­қан­ға дейін қа­ла­мын қо­лы­нан тас­та­ма­ды. Жа­ны жа­быр­қап, кө­ңі­лі күп­ті сәт­те­рін­де осы қа­лам­ды ме­дет тұт­ты. Қа­лам­мен қай­ра­тын шың­дап, жі­ге­рін ұш­ та­ды. Ша­быт­тан­сам жыр жа­зып, Қа­ну­шы еді «же­рі­гім». Хат-қа­лам, са­ған сүйе­ніп, Жақ­сы өт­ті өт­кен өмі­рім, –

дей­ді бұ­ры­ны­рақ жаз­ған өлең­де­рі­нің бі­рін­де. Хат-қа­лам­ға сүйе­ ніп өт­кен сә­тін мән­ді өт­кен өмі­рі есеп­тейді. Ақын­ның ер­те­рек жаз­ған өлең­де­рі от­ты да жа­лын­ды, үміт-ті­лек­ке то­лы бо­лып ке­ле­ді. Мей­лі қай дәуір­де жа­зыл­ған шы­ғар­ма­сы бол­сын ба­ры­ ның өн бойы­нан оның өз дәуірі­нің озық ойлы, өре­лі де бі­лім­ді ақы­ны екен­ді­гі мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Қо­ры­тып айт­қан­да, Ақыт Үлім­жіұлы, Кө­дек Ма­рал­байұлы, Таң­жа­рық Жол­дыұлы бас­та­ ған жо­ға­ры­да­ғы ақын­дар шо­ғы­ры­ның өлең­де­рі өз ке­зін­де ха­лық жү­ре­гі­нен те­рең орын алып, қол­дан қол­ға кө­ші­рі­ліп, ауыз­данауыз­ға жат­тал­ды. Әр қы­ры­нан әр түр­лі ерек­ше­лік­ке ие адам­дар олар­дан кү­ні бү­гін­ге дейін өз тал­ғам­да­ры­на қа­рай эс­те­ти­ка­лық ләз­зат ала­ды. Мұ­ның өзі олар жа­рат­қан туын­ды­лар­дың көр­кем­ дік-эс­те­ти­ка­лық өре­сі жо­ға­ры, өмір­шең­дік қуаты күш­ті еке­нін дә­лел­дейді. Де­мок­ра­тиялық ба­ғыт­та­ғы азат әде­би ой мен әлеу­мет­тік идея ұқ­сас өл­ке­де, ұқ­сас дәуір­де, ұқ­сас тағ­дыр­ға тап бо­лып отыр­ған Шын­жаң­да­ғы туыс­қан аз ұлт­тар ақын-жа­зу­шы­ла­ры­ның шы­ғар­ ма­ла­рын­да да мо­лы­нан кө­рі­ніс та­ба­ды. Бұ­ған бі­рер мы­сал кел­тір­ сек, Қы­тай қа­зір­гі за­ман ұй­ғұр әде­биеті­нің не­гі­зін қа­лаушы­ла­ры, 237

от­ты да отан­шыл ақын­да­ры Әб­ді­ха­лық ұй­ғыр мен Лұт­бұл­ла Мү­ та­ліп шы­ғар­ма­ла­рын­да тіп­ті де ай­қын бей­не­ле­не­ді. Ақын Әб­ді­ха­лық Ұй­ғыр 1921-жы­лы жаз­ған «Оян» ат­ты өле­ ңін­де: Мыс­кын ұй­ғыр оян­шы ұй­қың же­тер, Сен­де мал жоқ, ал ен­ді жа­ның ке­тер. Бұл өлім­нен өзің­ді құт­қар­ма­саң, Аһ! се­нің ха­лың қа­тер, ха­лың қа­тер. Кө­зің­ді үл­кен ашып жан-жақ­қа бақ, Өз тағ­ды­рың жө­ні­нен ой­лан ұзақ, Кет­се қол­дан бұл ға­ни­бет орайы, Ке­ле­шек тір­лі­гі­ңе тү­сер тұ­зақ, –

деп, хал­қы­ның қа­мын ой­лап қа­мы­ға оты­рып, ұл­ты­на тырп ет­пей ұйқы­да жа­та бер­мей, тез сер­пі­ліп, бас кө­те­ріп, өз тағ­ды­рын ше­ шу жо­лын­да­ғы кү­рес­ке ат­та­ну­ды жат­пай-тұр­май на­си­хат­тайды. Ақын ұй­ғыр хал­қы ара­сын­да бе­лең бе­ріп отыр­ған күш­ті­лер­дің әл­сіз­дер­ді ба­сы­нуы мен қор­лауы жа­не өзін-өзі қо­раш­сы­ну, өзінөзі жұ­ба­ту, өзін-өзі бе­зеу, өмі­рі­нің қор­ла­нып, өк­сіп өтіп жат­қа­ ны­мен есеп­тес­пей қа­на­ғат­шыл­дық­қа, шү­кір­ші­лік ету­ге бой ал­ды­ ру, ма­ғы­на­лы бір іс­ке жұм­сал­май бос­қа өтіп ба­ра жат­қан өмір­ ле­рі­не ашын­бау, ға­ни­бет орай­лар­ды құр жі­бер­ге­ні­не қа­мық­пау, қын­жыл­мау сын­ды қо­ғам­дық ін­дет­тер­ді әш­ке­ре­лей­ді. Мұн­дай ру­ха­ни ін­дет пен идея­лық ме­шеулік­тің өз­ге­лер­дің қор­лауы мен жа­ныш­тауына, өмір бойы, тіп­ті ұр­пақ­тан-ұр­пақ­қа дейін зор­лық пен зом­бы­лық­тың құр­сау­ын­да сан­сы­рап жа­ту­ына ду­шар ете­ті­нін юмор ара­лас­ты­ра оты­рып ашып көр­се­те­ді. Ең­се кө­те­рем де­сең ор­ның­нан тұр; ұлт­тық жі­гер-на­мы­сың­ды аяқ-ас­ты ет­кіз­бей­мін де­сең, оян; тір­ші­лік ор­таң­ды өз­гер­те­мін, тү­зей­мін де­сең, ал­ды­ мен өзің­ді тү­зе; ер­кін, бей­біт өмір сү­рем де­сең кү­рес жа­са де­ген се­кіл­ді жа­лын­ды жауын­гер­лік идеяны ор­та­ға қояды. Ал Лұт­бұл­ла Мү­тә­ліп­тің 1944-жы­лы жаз­ған «Жыл­дар­ға жауап» ат­ты өле­ңін өмір­ге на­ғыз төң­ке­ріс­тік көз­қа­рас­пен қа­ра­ған өле­ңі деу­ге бо­ла­ды. Адам­ның бір қы­зық ке­зі жас­тық шақ, Тез-ақ өтіп ке­те­ді ол жар­қыл­дап. Жыр­тыл­ған­да ка­лен­дар­дың бір бе­ті, Жас өмір­ден тө­гі­лер бір жа­пы­рақ.

238

Жыл­дар жер­ге та­лай­лар­ды кө­ме­ді, Жа­пы­рақ­сыз ағаш қу­рап, се­ме­ді. Жыл­дар жо­март, құр кел­мейді олар да, Қыз­дар­ға әжім, ер­ге са­қал бе­ре­ді.

Ақын бұл өле­ңін­де өте ай­шық­ты өлең­дік об­раз ар­қы­лы «өмір­ ді, сі­рә, қа­лай өт­кі­зу ке­рек?» де­ген сұ­рауға адам­зат­тың ке­ле­ше­гі­ не күйіну тұр­ғы­сы­нан тұ­жы­рым­ды дұ­рыс жауап бе­ре­ді. Мұн­да уа­қыт пен өмір­дің диа­лек­ти­ка­лық бай­ла­ны­сы­ның ас­ та­ры­на те­рең де, сал­мақ­ты саяси ны­сай­ды да жа­сы­ра­ды. Өлең жол­да­ры­ның іш­кі мә­ні­не те­рең үңіл­сек, он­да күн­де­лек­ті өмір­дің мән­сіз­ді­гі­не, жа­рам­ды жа­ңа­лы­ғы, тар­тым­ды та­бы­сы жоқ бо­лып отыр­ған­ды­ғы­на айтыла сал­ған жай өкі­ніш се­зі­мі ға­на емес, қайта кер­тарт­па өкі­мет­тің құ­был­ма­лы өк­тем­ді­гі­нің сал­да­ры­нан адам­ дар өмі­рі­нің бей­мез­гіл «қар­тайып» іс­тен шы­ға­ры­лып отыр­ған­ ды­ғы­на қа­ра­та күш­ті на­ра­зы­лық­ты, ыза­лы кек­ті, қа­на­лу, қор­ла­ ну ба­ры­сын­да­ғы «жа­пы­рақ­сыз», «құ­рап», «се­міп» қал­ған ха­лық бұ­қа­ра­сы­на де­ген жа­на­шыр­лық се­зі­мін аң­дауға да бо­ла­ды. Ақын бас­қа­ның бас­қа­ру­ын­да­ғы қо­ғам­да қа­лай жа­сау ке­рек­ті­гі ту­ра­лы сұ­рауға жауап қайтару ба­ры­сын­да кү­рес­ке үн­дей­ді. Жыл­дар қой­ нау­ын­да қам­сыз-ха­ре­кет­сіз, те­лім-тен­тек­тік ­пе­н ой­сыз-күй­сіз өт­ кен өмір­ге қын­жы­лыс біл­ді­ре­ді. Уа­қыт­қа де­ген та­лап-та­ны­мын ашық айт­ып, әсі­ре­се, жас­тық көк­тем­ді ай­рық­ша қа­дір­леу­ді, оны мән­сіз-ма­ғы­на­сыз өт­кіз­беуге ша­қы­ра­ды. Жыл­жы­ған жыл­дар ағы­ сын­да­ғы кү­рес­тің әс­те тоқ­тау­сыз бо­ла­тын­ды­ғын, адам­дық өмір тек кү­рес ар­қы­лы ға­на ба­қыт пен бай­лық-шат­тық­қа ке­не­ле­тін­ді­ гін әйгі­леп бе­ре­ді [76]. Ер­кін­ді­гі шек­теу­лі ел­дің кө­ңіл-күйін­де­гі кө­лең­ке­ден ары­лу­ға үн­дей­ді. Бір­лі­гі жа­рас­қан ел бо­лу­да мақ­сат ет­кен ха­лық­тың ар­ ман- аң­са­рын жыр­лайды.

239

ҚОРЫ­ТЫН­ДЫ XIX ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сы мен XXға­сыр­дың ба­сын­да қа­ лып­тас­қан, ар­ғы та­ри­хы қа­зақ хал­қы­ның өне­рі­мен өзек­тес, же­лі­ лес Шың­жан­да­ғы қа­зақ­тар­дың жаз­ба әде­биетін­де поэзия же­тек­ші жанр бо­лып, Әсет, Ақыт, Таң­жа­рық, Жү­сіп­бек­қо­жа, Кө­дек, Асыл­ хан, Шар­ғын, Шыл­бы, Әріп­жан, Дос­бер, Ар­ғын­бек, Отар­бай, Ас­ қар Та­та­най т.б. ақын­дар шо­ғы­ры өмір сүр­ді. Бұ­лар өз дәуі­рін­де­гі қо­ғам­дық өмір­ді өз­де­рін­ше шо­лып, өз­де­рін­ше тол­ға­ды. Шы­ғар­ ма­ла­ры­на ха­лық тағ­ды­рын, ел­дің ты­ныс-тір­ші­лі­гін, за­ман шын­ ды­ғын, дәуір кел­бе­тін ар­қау ет­ті. Сол ақын­дық ар­на ар­қы­лы Қы­ тай­да­ғы­қа­зақ­тар­дың өз­ге­ше си­пат­қа то­лы бір өңір­ге тән әде­биеті қа­лып­та­сып, да­му жо­лы­на түс­ті. Атал­ған дәуір­де­гі ақын­дар­дың шы­ғар­ма­ла­рын ғы­лы­ми тұр­ғы­дан зер­де­ле­ген­де, он­да­ғы ор­тақ идеяны, ұқ­сас та­қы­рып ая­сын­да қа­лам тар­ту­ды, ба­ғыт­тас са­рын­ ды се­зін­дік. Ол та­мыр­лас­тық ағар­ту­шы­лық идея­ның да­муы мен әлеу­мет­тік са­рын­ның ­ба­сым­ды­ғы­нан аң­ға­ры­ла­ды. Елі­міз таяу за­ман қа­зақ әде­биеті­нің қа­лып­та­сып, да­му жо­ лын­да қа­лам тарт­қан ақын­дар­дың ке­мел­де­ніп, ру­ха­ни же­ті­луіне, нәр алуына ті­рек бол­ған үш қай­нар бұ­ла­ғы бол­ды. Оның бі­рі-ха­ лық ауыз әде­биеті, екін­ші­сі – Абай мұ­ра­сы, үшін­ші­сі – шы­ғыс­ тың клас­си­ка­лық әде­биеті. Әсі­ре­се, Абай сын­ды ұлы ақын ық­па­ лы­ның мол бол­ға­нын ай­рық­ша ес­кер­ге­ні­міз жөн. Бұл дәуір ақын­ да­ры­ның шы­ғар­ма­шы­лық өмір­ жол­да­ры XIX ға­сыр­дың соң­ғы жар­ты­сы мен XX ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да­ғы Шың­жан­да­ ғы қа­зақ поэзиясы­ның бар бол­мы­сы мен дең­гейін, та­қы­рып­тықидея­лық, көр­кем­дік өре­сін та­ны­та­ды. Бұл дәуір­де­гі атал­ған ақын­ дар өз өмір­ле­рін­де же­ке бас пай­да­ның же­те­гін­де ке­тіп, бай-бар­ дам­ды жыр­лау­мен өмі­рін өт­кіз­бе­ген, қайта омі­рі­нің со­ңы­на дейін ха­лық­қа қам­қор­шы, шын­дық­қа адал, ха­лық тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты ке­ле­лі іс­тер­ге бас­та­ма­шы бол­ды. Олар өз­де­рі жа­са­ған қо­ғам­ның, за­ман­ның та­мы­рын қалт жі­бер­мей қа­да­ға­лап, одан түй­ге­ні мен сез­ге­нін өлең өр­не­гі­не ай­нал­ды­рып отыр­ды. Хал­қы­мен ой бө­лі­ се біл­ді. Қо­ғам­да сақ­та­лып отыр­ған алуан түр­лі әлеу­мет­тік тең­ сіз­дік, бе­ре­ке­сіз­дік, па­ра­қор­лық, ал­дап-ар­бауды же­рі­не жет­кі­зе ше­не­ді. Ту­ған хал­қы­ның ша­ру­ашы­лық хал-күйі­нің на­шар­лы­ғы, саяси, эко­но­ми­ка жақ­тан кен­же­лі­гі, мә­де­ни мағ­лұ­ма­ты­ның аз­ды­ ғы, ша­ру­аға қыр­сыз­ды­ғы олар­ды ашын­дыр­ды. Күйін­ген ақын­дар жар­ғақ құ­лақ­та­ры жас­тық­қа ти­мей ха­лық­ты ғы­лым-бі­лім­ге, ер­ 240

кін­дік-тең­дік­ке же­беп, мә­де­ниет­ті жа­ңа қо­ғам құ­ру­ға, озық ел­дер са­на­ты­на қо­сы­лу­ға ша­қыр­ды, жі­гер­лен­дір­ді, өлең­мен дем бер­ ді. Осы ар­қы­лы өз хал­қы­ның ру­ха­ни дү­ниесі­не сіл­кі­ніс ту­дыр­ ды. Тіп­ті кей­бір ақын­дар қа­зақ хал­қы­ның ой-са­на­сы­на бұ­ры­лыс жа­сауға тал­пы­ну­мен бір­ге, бү­кіл дү­ние жү­зі ха­лық­та­ры­ның да азат­тық, бей­біт­ші­лік та­ңын аң­сай біл­ді. Сөйт­іп, әлем әде­биеті­ нің әйгі­лі клас­сик­те­рі­мен ой бө­лі­сіп, әлем­дік өре­де­гі ой-пі­кір­ді пай­ым­дай ал­ды. Бұл орай­да Таң­жа­рық­тың та­тар хал­қы­ның ақы­ ны Мұ­са Жа­лел, Че­хос­ло­ва­кия қа­лам­ге­рі Юлус Фу­чик­тер­мен идея­лық тұр­ғы­дан ұқ­сас, са­рын­дас өлең­дер жаз­ға­нын айт­сақ та жет­кі­лік­ті. Ақыт, Жү­сіп­бек­қо­жа, Әсет, Таң­жа­рық, Шыл­бы, Шар­ ғын қа­тар­лы ақын­дар-тек, өлең жаз­ды ер­мек ет­кен жоқ, са­ха­ра­да­ ғы ме­шеу қа­зақ хал­қы­ның са­на­сын жа­ңар­ту­ға құл­шы­на кі­ріс­кен ағар­ту­шы да бол­ды. Олар­дың ағар­ту­шы­лық идеясы – олар­дың қай­рат­кер­лік, суы­рып сал­ма жы­раулық, ән­ші­лік-күй­ші­лік, күл­ дір­гі-ак­тер­лік, ау­дар­ма­шы­лық сияқ­ты, өнер­ле­рі ар­қы­лы ха­лық­қа ке­ңі­нен та­рал­ды. Сол бір бас­па жұ­мы­сы кең өріс­те­ме­ген ке­зең­ дер­де ақын­дар өлең­де­рі ха­лық жү­ре­гі­нен те­рең орын алып, қол­ дан-қол­ға кө­ші­рі­ліп, ауыз­дан-ауыз­ға жат­тал­ды. Мұн­дай ерек­ше­ лік олар шы­ғар­ған туын­ды­лар­дың көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық өре­сі жо­ға­ры, өмір­шең қуаты күш­ті еке­ні­нің бел­гі­сі еді. Осы тұр­ғы­дан кел­ген­де, ақын­дар ме­шеулік пен на­дан­дық бұл­ты қор­шап тұр­ған жағ­дайға қа­ра­мас­тан, Шың­жан­да­ғы қа­зақ поэзиясы­на жа­ңа стил, жа­ңа түр қа­лып­тас­ты­ру­ға зор үлес қо­сып, оны маз­мұн­дық, көр­ кем­дік, стиль­дік жақ­тар­дан жо­ға­ры дең­гейге кө­те­руі қа­зақ әде­ биетін­де­гі олар­дың әр қай­сы­сы­ның өзін­дік ор­нын ай­қын­да­са ке­ рек. Таң­жа­рық се­кіл­ді ақын­дар­дың ақын­дық бол­мы­сы мен ақын­ дық ерек­ше­лі­гі, поэзиясы­ның бей­не­леу ше­бер­лі­гі­не тоқ­та­лар бол­сақ, олар­дың кей­бі­рі қа­рым­ды да алым­ды та­би­ғи төк­пе ақын­ дар бол­ды. Ша­бы­ты кел­ген­де бі­рер өлең емес, бі­рер тол­ғауды да жа­за са­ла­ды. Қи­сы­ны­мен сөз тауып, қиял құ­ді­ре­ті­не мін­ген­де, қыр­ғи­дай шүйі­ліп, қар­шы­ға­дай түйілі­п ө­мір құ­бы­лыс­та­рын қал­ пы­сыз қам­тып, ақи­қат­ты айта біл­ді. Шын­дық­тың шы­рай­ын ке­тір­ мей қа­ғаз бе­ті­не тү­сі­ре де біл­ді. Өлең­де­рі ­мен дас­тан­да­рын­да­ғы ой ағыс­та­ры бір­де жа­ды­ра­та, бір­де жа­быр­қат­ты. Өйт­ке­ні бұ­лар шы­ғар­ма­ла­рын­да өмір­дің өзін қыр­ла­май да сыр­ла­май та­би­ғи, на­ ным­ды жыр­ла­ды. Мұн­дай поэ­зия, сөз жоқ, ха­лық­тың кө­кі­ре­гі­нен орын ал­ды, кө­ңі­лі­нен шық­ты. Ажар­лы да ай­шық­ты тіл, об­раз­ды ой кө­кей­ге қо­ным­ды ке­ле­ді де оңай жат­та­ла­ды. 241

Бұ­ха­ра ха­лық қауымы ұна­тып оқы­ды, олар­дан өз тағ­дыр­ла­ рын, көр­ген­дей бол­ды. Рух­та­рын биік­те­тіп эс­те­ти­ка­лық ләз­зат ала­ды. Бұл топ­та­ғы ақын­дар ха­лық­тың ең қа­жет­ті мә­се­ле­ле­рін бас­ты на­зар­да ұс­та­ды. «Өлең­ді ер­мек үшін» жаз­байт­ын­да­рын дә­ лел­де­ді. Бас­қа­ша айт­қан­да, өз­де­рі­нің ой-ар­ман­да­рын көп­ке өлең­ мен жет­кі­зу­ді мақ­сат ет­ті, қа­ла­мын қа­ру­ға ай­нал­дыр­ды. Олар то­ сын­нан сөз тауып, ер­кін ұй­қас­ты­ра­ды. Осы топ­та­ғы ақын­дар­дың ішін­де, әсі­ре­се, Таң­жа­рық­тың суы­рып сал­ма­лық ерек­ше­лі­гі ай­ рық­ша көз­ге тү­се­ді. Ол кей­бір ақын­да­ры­мыз сияқ­ты өлең жаз­ ған­да қи­на­лып, қы­рық құ­рақ­ты жа­мап-жас­қап кі­бір­тік­теп отыр­ майды, ұзақ тол­ға­нып, ша­быт ша­қы­рып та жат­пайды. Ол кез кел­ ген уа­қыт­та тез әсер­ле­ніп, тез тұ­та­нып, өзі­нің кө­ңіл-күйі­н ір­кі­ліс­ сіз ­тө­гіп-тө­гіп жі­бе­ре­тін өнер иесі бол­ған. Атал­ған ақын­дар поэзиясы­ның та­қы­рып ауқы­мы­ның кең­ді­гі, көр­кем­дік қуаты­ның өз­ге­ше­лі­гі жа­ғы­нан өмір құ­бы­лыс­та­рын біл­ гір­лік­пен жыр­лау­да ше­бер­лік­те­рі биік, оқ­шау шы­ғар­ма­ла­ры­ның­ қы­ры мен сы­ры қат-қа­бат да­рын иеле­рі. Бұ­лар­дың кө­бі өлең­ді тө­гіп айтатын жә­не айт­ыс­та­ғы бәй­ге­ ні бер­мейт­ін ал­ғыр­лы­ғы­мен ерек­ше­ле­не­ді. ХIX ға­сыр­дың екін­ші жә­не ХХ ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да ғұ­мыр кеш­кен ақын­дар мұ­ра­ла­рын­да дәс­түр­лі ою-өр­нек­тер, шы­ғыс­тық әуен­дер жә­не жа­ ңа үл­гі­де­гі поэзия­ның бі­тім-бол­мы­сы мо­лы­нан бай­қа­ла­ды. Шы­ ғар­ма­ла­рын­да әрі ли­ри­ка­лық, әрі эпи­ка­лық си­пат­тар бар. Жанр­ лық із­де­ніс жа­ғы­нан Ақыт­тың, Таң­жа­рық­тың, Әсет­тің жа­ңа­шыл­ ды­ғы ай­қын бай­қа­лып тұ­ра­ды. Ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның не­гіз­гі бас­тау­ла­ры қа­зақ­тың ұлт­тық поэзиясы жә­не шы­ғыс­тың клас­си­ка­лық поэзиясы бол­ды. Көп ақын­дар та­қы­рып таң­дау, сөз са­ра­лау жақ­та­рын­да өзі­не аса жо­ға­ры та­лап қояды. Көп жағ­дайда ұлы Абай­ды үл­гі тұ­та­ды. Ақын­дар­дың ли­ри­ка­лық шы­ғар­ма­ла­рын­да аза­мат­тық ли­ри­ка мен та­би­ғат ли­ри­ка­сы тұл­ға­лы орын­да тұ­ра­ды. Аза­мат­тық ли­ри­ ка­ла­рын­да олар ха­лық тағ­ды­рын, қа­ра­лы жыл­дар­дың қа­тал шын­ ды­ғын, өз ба­сын­да­ғы күйіні­ші мен сүйіні­шін көр­кем ой, кес­те­лі тіл­мен өр­нек­тейді. Өк­тем­дік­ке, тең­сіз­дік­ке, кер за­ман­ға кек­те­ ніп, оны сы­най­ды.Таң­жа­рық абақ­ты ақи­қа­тын, түр­ме құ­пиясын, жауыз­дық сы­рын әш­ке­ре­леп, қа­зақ әде­биеті­не түр­ме та­қы­ры­бын әкел­ді. Ақын­дар ли­ри­ка­лық шы­ғар­ма­ла­рын­да ажар­лау, ай­шық­ тау, ай­қын­дау, ауыс­ты­ру, құ­был­ту­дың – бей­не­леу құ­рал­да­ры­ның бар­лық түр­ле­рін орын­ды қол­да­на­ды. Кей дәс­түр­лі поэти­ка­ға бой 242

ұр­са, кей­де өз­де­рі­не ға­на тән көр­кем­деу құ­рал­да­рын тап­қыр­лық­ пен тауып пайда­ла­на­ды. Әсі­ре­се, Таң­жа­рық та­би­ғат ли­ри­ка­ла­ рын­да көр­кем­дік құ­рал­дар­дың бір тү­рі – кейіп­теуді жиі қол­да­на­ ды. Та­би­ғат­ты жан­дан­ды­ра су­рет­теу ақын­ның се­зім­тал – тал­ғам­ паз­ды­ғын өлең­нің әсе­рі ар­та­ды. Атал­мыш дәуір­де ақын­дар­дың кө­бі та­би­ғат ана өс­кен ор­та­ның құ­бы­лыс-кө­рі­нс­те­рін су­рет­теу­ге де мән бер­ген. Кей­бір ақын­дар су­рет­кер­лі­гі та­би­ғат ли­ри­ка­сы­нан да кө­рі­ніс та­ба­ды. Олар ата­ме­кен та­би­ға­ты­ның көр­кем кел­бе­тін әсер­лі бей­не­леуде алуан ай­шық­ты өр­нек­тер та­ба­ды. Та­би­ғат кө­рі­ ні­сін си­пат­тау­ын­да Абай өлең­де­рі­нің әсе­рі мен Ілияс Жан­сү­гі­ров ық­па­лы ай­қын се­зі­ле­ді. Атал­ған дәуір­де ақын­дар айт­ыс жан­рын да­мы­ту­ға, оның әлеу­мет­тік, қо­ғам­дық мә­нін те­рең­де­ту­ге ықы­лас­ ты бол­ды. Олар­дың айт­ыс­та­рын­да дәс­түр­лі қыз бен жі­гіт айтысы, ақын­дар айтысы, қай­ым айт­ыс түр­ле­рі кез­де­се­ді. Со­ны­мен қа­тар бұл дәуір­де­гі ақын­дар айтысы­ның құ­ра­мын­да ата өлең не­гі­зін­де қа­лып­тас­қан ше­жі­ре­лік айт­ыс­тар, ди­ни сауат­тық (ша­ри­ғат) айт­ ыс­тар, мы­сал айт­ыс, жұм­бақ айт­ыс, жә­не маз­мұн­дық, пі­шін­дік жа­ғы­нан ерек­ше­ле­ніп тұ­ра­тын қар­ғыс айт­ыс сияқ­ты түр­ле­рі де ке­зі­ге­ді. Ақын­дар айт­ыс мә­де­ниеті­не, айт­ыс­тың өту ба­ры­сы­на жә­не тың­дау­шы ор­та­ның ру­ха­ни әсе­рін да­мы­ту­ға ерек­ше на­зар ау­дар­ды. Ақын­дар­дың қис­са, дас­тан­да­рын­да ха­лық­тық дәс­түр, эпи­ка­ лық жыр ту­ды­ру үл­гі­сі сақ­та­лу­мен бір­ге нә­зи­ра­шыл­дық пен жа­ңа поэзия­ның дәс­түр­ле­рі жал­ға­сып жа­та­ды. Қо­ғам­дық-әлеу­мет­тік, та­ри­хи-саяси өз­ге­ріс, құ­бы­лыс­тар әде­би са­на мен та­ным­ды бел­ гі­лі бір ар­на­лар­ға ба­ғыт­тау­да, шы­ғар­ма­шы­лық күш­тер­ді жұ­мыл­ ды­ру­да ше­шу­ші ық­па­лы бол­ды. көр­кем­дік дәс­түр мен із­де­ніс­тер­ дің ын­ты­мақ­тас­ты­ғы әрі жа­ңа дәуір та­ла­бы­мен то­ғы­са оты­рып, әде­би үр­діс­те өз­ге­ру, тү­леу, жа­ңа­ру, да­му жо­лы­на қа­дам бас­қан поэзия­лық әлеу­мет­тік мә­ні арт­ты. Ұлы Абай поэзия­сын­да­ғы көр­ кем­дік тә­жі­ри­бе­нің Қы­тай­да­ғы қа­зақ поэзиясы­ның да­му­ына әсе­рі зор бол­ды. Жап­пай сау­ат­ты­лық дең­гейіне жет­пе­ген қауым үшін же­ңіл же­те­тін жыр­мен әсер ету не­гі­зін­де көп­тің ойына қоз­ғау са­ ла­тын ұран­шыл, үгіт­шіл поэзия ту­ды. Әде­биет­ті әлеу­мет­тен­ді­ ру, сая­сат­тан­ды­ру ті­ке­лей жү­зе­ге асы­ры­ла бас­та­ды. Мі­не, бұ­лар ақын­дар поэзиясы­ның бі­тім-бол­мы­сы­на ық­пал жа­са­ған фак­тор­ лар бол­ды. Елі­міз таяу, за­ман ақын­дар поэзия­сын­да­ғы ың­ғай­лас­тық, үн­ дес­тік не­гі­зі­нен ағар­ту­шы­лық идея­ның да­муы мен әлеу­мет­тік са­ 243

рын­ның кө­рі­ну ба­ғыт­та­рын­да то­ғы­са­ды. Ағар­ту­шы­лық идея да, әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­рі­нуі де бар­лық ақын­ның шы­ғар­ма­шы­ лы­ғы­на тән бол­ға­ны­мен, олар­дың бір то­бы ағар­ту­шы­лық ба­ғыт­ та ба­сы­мы­рақ қа­лам тер­бе­се, егін­ші­ле­рі әлеу­мет­тік ма­се­ле кө­бі­ рек қоз­ға­ған өлең­дер жаз­ды. Бұл орай­да Ақыт, Шыл­бы, Шар­ғын, Дос­бер сын­ды ақын­дар ағар­ту­шы­лық идея­ның да­му­ына ба­рын­ ша үлес қо­сып, ба­сым­ды­лық та­ныт­са, Кө­дек қан­дар­дың шы­ғар­ ма­ла­рын­да әлеу­мет­тік са­рын мо­лы­нан кө­рі­не­ді. Ал Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­рын­да бұл айт­ыл­ған мә­се­ле­лер­дің қай-қай­сы­сы да то­лы­ғы­мен, да­мы­ты­ла, же­тіл­ді­рі­ле түс­ты. Әри­не, шы­ғар­ма­ла­ры тал­да­нып отыр­ған ақын­дар тек осы шең­бер ая­сын­да ға­на өлең ту­дыр­ды де­ген тү­сі­нік бол­мау ке­рек. Біз­дің бө­ліп қа­рап отыр­ға­ ны­мыз- бел­гі­лі ке­зең әсе­рін­де ту­ған әде­биет­ті жүйе­леп көр­се­ту мақ­са­тын­да­ғы айт­ыл­ған ой. Әйт­пе­се бұл ақын­дар аз­ды-көп­ті бол­са да алуан түр­лі та­қы­рып­та қа­лам тарт­қа­ны шын­дық. Мұн­ дай де­мок­ра­тиялық ба­ғыт­та­ғы азат әде­би ой, ағар­ту­шы­лық жа­не әлеу­мет­тік идея Шың­жаң­да­ғы туыс­қан аз ұлт­тар ақын-жа­зу­шы­ ла­ры­ның шы­ғар­ма­ла­рын­да да мо­лы­нан кө­рі­ніс та­ба­ды. Со­ны­мен қор­тын­ды­лай кел­ген­де, зерт­те­ліп отыр­ған мә­се­ле тө­ңі­ре­гін­де­гі ой-бағ­да­рын бы­лай­ша түйін­деуге бо­ла­ды: 1. Қы­тай­да­ғы аз ұлт­тар әде­биет­та­ну ғы­лы­мы­на жа­ңа бір ар­на ке­ліп қо­сыл­ды. Ол – бел­гі­лі бір ай­мақ­та­ғы әде­би мұ­ра­ны бү­гін­гі күн тұр­ғы­сы­нан зер­де­леу. 2. Әр­бір ақын­дар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын өзі­не дейін­гі жә­не өзі­ нен кейін­гі көр­нек­ті тұл­ға­лар­мен бір­лік­те, тұ­тас­тық­та қа­рас­ты­ ру атал­мыш дәуір Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биетін­де­гі әде­би дәс­түр­ лі жа­не он­да­ғы же­тек­ші әде­би күш­тер­ді ай­қын та­ну­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді. 3. Ақын­дар­дың ақын­дық қы­рын, бол­мы­сын та­ну­да оның әде­ би мұ­ра­сын ке­зең­дер­ге бө­ліп қа­рас­ты­ру қа­жет­ті­лі­гі де аң­ға­ры­ла­ ды. 4.Ақыт, Таң­жа­рық, Кө­дек се­кіл­ді ақын­дар­дың өлең-тол­ғаула­ рын, қис­са дас­тан­да­рын, айт­ыс­та­рын же­ке-же­ке мо­ног­ра­фиялық дең­гейде зерт­теу де ке­лер күн­дер­дің ен­ші­сін­де. 5. Шың­жаң­да­ғы қа­зақ поэзия­сын атал­ған дәуір­де­гі­қа­ра ша­ ңы­рақ­та­ғы қа­зақ жә­не түр­кі тіл­дес, тіп­ті ұлт­тар поэзия жа­сам­паз­ ды­ғы­мен са­лыс­ты­ра қа­рас­ты­ру­дың, зерт­теу­дің мә­ні мен ма­ңы­зы да зор. 244

ӘДЕБИЕТ­ТЕР 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

Сейіт­жа­нұлы З. Шын­жаң қа­зақ әде­биеті. – Ал­ма­ты, 1999. – 185 б. Мұ­қа­нов С. Алып­тың адым­да­ры. Ал­ма­ты: 1959. – 362 -б. Жол­дыұлы Т. Ар­ман тау. Ал­ма­ты. 1974. – 146. – б. Ах­ме­тов З. Өлең сөз­дің теориясы. – Ал­ма­ты, 1973. – 212 б. Әуе­зов М. Әр жыл­дар ойла­ры. Ал­ма­ты, 1959-жыл, 150-бет. Қы­раубаева А. Шы­ғыс­тық қис­са-дас­тан­дар. – Ал­ма­ты: 2010. – 186-б. Қа­зақ әде­биеті­нің та­ри­хы 1-кі­тап, 2002. – 605-б. Мың­жа­ни Н. Қа­зақ­тың ха­лық қис­са­сы – «Бақ­тияр» жә­не оның қы­рық бұ­та­ғы­жай­ын­да, қа­зақ ауыз әде­биеті ту­ра­лы бай­ым­даулар, 622-б. 9. Егеубаев О. Қа­зақ ха­лық дас­тан­да­ры ту­ра­лы // қа­зақ ауыз әде­биеті ту­ра­ лы бай­ым­даулар.- Шын­жаң ха­лық бас­па­сы, 1984, 138-б. 10. Мың­жа­ни Н. Қа­зақ ха­лық қис­са­сы жай­ын­да // Мұ­ра, 1982.- 1-сан. 11. Қа­зақ Со­вет Эн­цик­ло­пе­диясы. – Ал­ма­ты. – 4- т. – 553-б. 12. Ақы­тұлы Ғ. Ақыт Үлім­жіұлы. Пе­кин, 2000. – 145-б. 13. Қа­зақ әде­биеті­нің та­ри­хы. – 3-кі­тап, Үрім­жі. – 2003. – 63-б. 14. «Қа­зақ айтысы­ның та­ри­хы». – Үрім­жі, 2009. – 218-б. 15. Егеубаев О. Таң­жа­рық­та­ну, Құл­жа ха­лық бас­па­сы, 2002. – 2-т. 249-б. 16. Егеубаев О. Таң­жа­рық Жол­дыұлы, Ұлт­тар бас­па­сы, 2000. – 167-б. 17. Қа­ли­ұлы Ә. Қа­зақ ауыз әде­биеті ту­ра­лы, Шың­жаң ха­лық бас­па­сы, 1985.– 248-б. 18. Қа­сей­ұлы Б. Айт­ыс-сөз өне­рі. – Үрім­жі, Ұлт­тар бас­па­сы, 2005. – 105109-б. 19. Ах­ме­тов З. Абай­дың ақын­дық әле­мі. – Ал­ма­ты, 1995. – 245-б. 20. Әуе­зов М. Әде­биет та­ри­хы. Ал­ма­ты, 1991. – 230-б. 21. Тоқ­тау­бай­ұлы М. Ақын Таң­жа­рық өлең­де­рін­де­гі су­рет­кер­лік өнер // Іле пе­да­го­ги­ка­лық инс­ти­ту­ты ғы­лы­ми жур­на­лы. – 1991. – №2. – 40-б. 22. Қа­ли­ұлы А. Абай поэзиясы қы­тай­да // Абай па­ра­са­ты, Іле ха­лық бас­па­ сы, 1995. – 57-б. 23. Әбіл­қа­құлы М. Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­рын­да­ғы сти­лис­ти­ка­лық тә­сіл­дер­ дің қол­да­ны­луы // Шұ­ғы­ла, 2003. – №3. 24. Қа­ли­ұлы Ә. Ақыт Ұлым­жыұлы – төрт­те тұң­ғыш ақын // Қо­ғам­дық ғы­ лым мін­бе­сі, 1994. – №2-3. – 78-б. 25. Қа­ли­ұлы Ә. Әде­биет­ке ал­қау сөз, Шын­жаң жас­тар – өрен­дер бас­па­сы, 1992-ж. – 256-б. 26. Кө­ме­кұлы Ш. Өлеңдері // мұра, 1982. – 2, 114-б. 27. Қирабаев С. Әе­биеті­міз­дің ақ­таң­дақ бет­те­рі. Ал­ма­ты, 1995. – 11-б. 28. Мә­сім­ха­нұлы Д. Аң­са­ған ат­ты та­ңы Таң­жа­рық­тың // Же­ті­су га­зе­ті, 2000. – 25 қаң­тар. 29. Жү­ні­сұлы Ж, Егеубаев О. Ақын өмі­рі // Іле та­ри­хи ма­те­ри­ал­да­ры. – Құл­ жа, 1998, 13-б. 30. Егеубаев О. Қы­тай­да­ғы қа­зақ әде­биеті­нің жа­рық жұл­ды­зы // Таң­жа­рық­ тың жүз жыл­дық ме­рей той­ына орай өт­кі­зіл­ген ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­митеория­лық кон­фе­рен­цияда жа­сал­ған баян­да­ма. – Ал­ма­ты, 2003.

245

31. Егеубаев О. Таң­жа­рық ту­ра­лы ақи­қат // Жұл­дыз. – 2001. – №4. 32. Таң­жа­рық шы­ғар­ма­ла­ры // Ал­ғы сөз- Шын­жаң ха­лық бас­па­сы, 2001. 33. Әді­шұлы Ы. Түр­ме ха­лы­на үңіл­ген­де // Іле пе­да­го­ги­ка­лық инс­ти­ту­ты ғы­лы­ми жур­на­лы. – 1994-жыл, №3. – 60-б. 34. Әуе­зов Қ. Төң­ке­ріс­шіл ақын Таң­жа­рық­ты ес­ке ал­ған­да // «Төң­ке­ріс­шіл ақын Таң­жа­рық», Құл­жа , 1985. – 454-б. 35. Кі­наз­бе­кұлы Ә. Анар-Сәуле­ге аял­да­ған­да // Төң­ке­ріс­шіл ақын Таң­жа­ рық, Құл­жа, 1985. – 370-385-б. 36. Жақ­сы­лы­құлы Ә. Ар­дақ­ты ақын, аяулы дос // «Төң­ке­ріс­шіл ақын Таң­жа­ рық», – Құл­жа, 1985.- 90-94- б. 37. Не­ги­мов С. Таң­жа­рық поэзиясы­ның көр­кем­дікк ес­те­сі // Іле пе­да­го­ги­ка­ лық инс­ти­ту­ты ғы­лы­ми жур­на­лы, 2004. – №2. 38. Әуе­зов М. Абай та­ғы­лы­мы // Абай, 1995. – №1-2. – 140-б. 39. Ах­ме­тов О. Сөн­бес алау // Сөн­бес алау. – 1994. – 322-б. 40. Нұр­ға­ли Р. «Ар­қау». – Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1991 ж. – 2 т, 576-б. 41. Тұт­қа­бе­кұлы Ж. Іле си­па­ты­на тал­дау // Іле пе­да­го­ги­ка­лық инс­ти­ту­ты ғы­ лы­ми жур­на­лы, 1988. – №1. 42. Әб­ды­рах­ма­нов М. Ақын Шар­ғын // Іле ке­ші. – 1998. – 21-қа­зан. 43. Қаб­до­лов З. Өлең сөз­дің теориясы. – Шын­жаң ха­лық бас­па­сы, 1992. 44. Нұ­ра­дыл­қы­зы З. Таң­жа­рық да­ра стиль­ді ақын // Шын­жаң қо­ғам­дық ғы­ лы­мы, 1998. – № 3. – 50-59-б. 45. Ақыт Ұлым­жыұлы шы­ғар­ма­ла­ры. – Үрім­жі, 1994. – 1-т, 689-б. 46. Ақыт Ұлым­жыұлы шы­ғар­ма­ла­ры, Құл­жа ха­лық бас­па­сы, 1999. – 2-т, 685-б. 47. Нұр­та­за­ұлы Қ. Ақыт Ұлым­жыұлы­ның өмі­рі мен ең­бек­те­рі // Шын­жаң қо­ғам­дық ғы­лы­мы, 2003. – №4. – 79-б. 48. Құ­ма­рұлы Ш. Әде­биет жә­не шын­дық, Іле ха­лық бас­па­сы, 49. Ақы­тұлы Ғ. Ақын ата­ны ес­ке ал­ған­да // Ғақ­лиа, – Баян-өл­ги, 1994. –­ 328-б. 50. Сейіт­қа­лы­мұлы М. Ақыт­тың әлеу­мет­тік­көз­қа­ра­сы // Шың­жаң қо­ғам­дық ғы­лым мін­бе­сі, 1995. – № 4. – 43-б. 51. Мұ­ха­мет­қа­нұлы Н. Қы­тай­да қа­зақ­тар­дың қо­ғам­дық та­ри­хы. – Ал­ма­ты: 2000. – 268-б. 52. Кө­ме­кұлы Ш. Өлең­де­рі // мұ­ра, 1982. – 2, 114-б. 53. Шыл­быұлы Д. Әкем Шыл­бы жө­нін­де // «Іле та­ри­хи ма­те­ри­ал­да­ры». Құл­жа, 1988. – 4-кі­тап. – 108-122-б. 54. Әде­биет оқу­лы­ғы (10-класс). Шын­жаң оқу-ағар­ту бас­па­сы, 1983. – 236237-б. 55. Ырыс­кел­диев Т. Шыл­бы Кө­ме­кұлы жә­не оның шы­ғар­ма­ла­ры жө­нін­де // Шал­ғын, 1983. – №1. – 48-62-б. 56. Қаб­до­лов З. Же­бе. – Ал­ма­ты: 1977. – 171-б. 57. Шар­ғын өлең­де­рі­нен // Мұ­ра, 2000. – № 4, 58-б. 58. То­лы­баев Қ. Шар­ғын ақын // Еге­мен Қа­зақ­стан га­зе­ті, 1994.- 23- жел­тоқ­ сан. 59. Шар­ғын өлең­де­рі­нен // Мұ­ра, 2002. – №1. – 75- 80-б.

246

60. Сауыры­құлы Д. шы­ғар­ма­ла­ры, – Іле ха­лық бас­па­сы, 2000. – 135-б. 61. Қа­ли­ұлы Ә. Ақыт­тың өлең­де­рі мен тол­ғаула­ры // Мұ­ра, 1988. – 4. – 14-б. 62. Нұр­та­за­ұлы Қ. Ақыт жай­лы ал­ғаш­қы із­де­ніс­тер // Шың­жаң қо­ғам­дық ғы­лы­мы, 1993. – №2. – 57-б. 63. Өлең-жыр­лар. – Құл­жа. 1990. – 198-б. 64 . Мә­сім­ха­нұлы Д. Са­рап. – Астана, 2001. – 238-б. 65. Шар­ғын өлең­де­рі // Еге­мен Қа­зақ­стан га­зе­ті, 1994. – 23 жел­тоқ­сан. 66. Шар­ғын өлең­де­рі // Ал­ға. – Құл­жа, 1949. – 14-ма­мыр. 67. Ал­ға­зыұлы Ш. «Көш ке­руен». – Ал­ма­ты: 1992. – 182-б. 68. Мә­сім­ха­нұлы Д. Әсет өл­ді, ал Кө­дек не­ден өл­ді? // «Қа­зақ әде­биеті» га­ зе­ті, 2000. – 21-қаң­тар. 69. Қа­баев Т. Кө­дек-де­мок­рат ақын // Шың­жаң га­зе­ті, 1999. – 17-та­мыз. 70. Кө­дек шы­ғар­ма­ла­ры. – Құл­жа, 1988. – 142-б. 71. Той­ған­бе­кұлы А. Өлең құ­шақ­тап өт­кен ақын // Шұ­ғы­ла. – 1998. – №4. –­ 60-б. 72. Кі­ріш­баев А. Қа­зақ әде­биеті та­ри­хы­нан таң­да­ма­лы үл­гі­лер. Шын­жаң уни­вер­си­те­ті, 1989 ж. 2-т. 829-б. 73. Жа­ра­сұлы К. Асыл­қан шы­ғар­ма­ла­ры жө­нін­де // Шал­ғын, 1982. – №3. – 17-29-б. 74. Шө­ке­ма­нұлы М. Асыл­қан Мың­жа­са­рұлы­ның өмі­рі мен өлең­де­рі ту­ра­лы // Шын­жаң қо­ғам­дық ғы­лы­мы, 1993. – № 4. – 44-47-б. 75. Ха­лық қа­зы­на­сы.- Бей­жиң: ұлт­тар бас­па­сы, 1997. – 1-т. – 496-б. 76. За­ман Н. Ұй­ғыр қа­зір­гі за­ман әде­биет та­ри­хы. Үрім­жі, 2002.

247

МАЗ­МҰНЫ Кі­ріс­пе ......................................................................................................3 1-тарау. XІX ҒА­СЫР­ДЫҢ БІ­РІН­ШІ ЖӘНЕ XX ҒА­СЫР­ДЫҢ ЕКІН­ШІ ЖАР­ТЫ­СЫН­ДАҒЫ ҚЫ­ТАЙ ҚА­ЗАҚ ӘДЕБИЕТІ­НІҢ ҚА­ЛЫП­ТАСУЫ МЕН ДАМУЫ..............8 2-тарау. ДӘС­ТҮР ЖАЛ­ҒАСТЫҒЫ...................................................16 Фольклор­лық үл­гі ...................................................................................16 На­зи­ра­лық дәс­түр ...................................................................................24 Айт­ыс­кер­лік дәс­түр ................................................................................47 Ар­нау өлең­дер .........................................................................................73 Сатиралық арнау өлеңдер........................................................................76 Дидактикалық . ........................................................................................83 3-тарау. ЖАҢА­ШЫЛ­ДЫҚ....................................................................89 Абай өне­ге­сі ............................................................................................89 Дас­тан­дар . ...............................................................................................106 Та­би­ғат ли­ри­ка­ла­ры . ..............................................................................150 Көр­кем­ді­кай­шық­тар................................................................................163 4-тарау. АҚЫН­ДЫҚ ОРТА ЖӘНЕ ӘДЕБИ ҮР­ДІС..........................177 Ағар­ту­шы­лық идея­ның да­муы ..............................................................179 әлеу­мет­тік са­рын­ның кө­рі­нуі.................................................................. 204 Қоры­тын­ды...............................................................................................240 Пай­дала­ныл­ған әдебиет­тер тізімі...........................................................245

Ғылыми басылым

Сы­рай­ыл Ысқақұлы Зұ­фар Сейітжанұлы Шо­қан Шор­танбаев ҚЫ­ТАЙ­ДА­ҒЫ ҚА­ЗАҚ ӘДЕ­БИЕТІ ДА­МУЫНЫҢ АЛ­ҒАШ­ҚЫ КЕ­ЗЕ­ҢІ

Монография Шығарушы редакторы А. Иманғалиева Компьютерде беттеген Г. Шаккозова Мұқабасын безендірген Р. Сқақов Мұқабаны безендіруде қолданылған сайт www. ИБ №8519

Басуға 03.09.2015 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 15,7 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №2665. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.