Аймақтық экономика: оқу құралы 9786010403505

Оқу құралында Қазақстандағы аймақтық экономиканың, аймақтық саясаттың теориялық мəселелері баяндалған. Өндірістік күштер

483 118 2MB

Kazakh Pages [162] Year 2014

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Аймақтық экономика: оқу құралы
 9786010403505

Citation preview

Аймақтық экономика 

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ж. Я. Əубəкірова Ж. М. Құдабаева

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА Оқу құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2014

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ƏОЖ 332 КБЖ 65.9(5Қаз) А 91 Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика жəне бизнес жоғары мектебінің Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған

Пікір жазғандар: экономика ғылымдарының докторы, профессор Н.К. Нұрланова экономика ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Бибатырова экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Сансызбаева

Əубəкірова Ж., Құдабаева Ж. Аймақтық экономика: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 162 бет.

А 91

ISBN 978-601-04-0350-5 Оқу құралында Қазақстандағы аймақтық экономиканың, аймақтық саясаттың теориялық мəселелері баяндалған. Өндірістік күштерді орналастырудың заңдылықтары, қағидаттары мен факторлары көрсетілген, Қазақстанның аймақтары бойынша өнеркəсіптің салалық құрылымы, отын-энергетикалық, агроөнеркəсіптік кешені берілген, аймақтың экономикалық əлеуетін қалыптастыру мен дамыту, аймақтық даму болжамдары мен бағдарламаларын əзірлеу мəселелері зерттелген. Аймақтың қаржылық, салық, инвестициялық, инновациялық саясатын əзірлеу мəселелері талданған. Кітап экономика мамандығы бойынша оқитын бакалавриат студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары мамандары мен қызметкерлеріне арналған.

ƏОЖ 332 КБЖ 65.9(5Қаз) ISBN 978-601-04-0350-5

© Əубəкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М., 2014 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014

Аймақтық экономика 

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ................................................................................................4 І тарау. Аймақтық экономиканың теориялық негіздері § 1.1 Аймақтық экономиканың пəні, əдістері мен міндеттері ..........7 § 1.2 Аймақтарды жіктеу жəне аймақтардың тұрақты дамуының факторлары .........................................................................12 § 1.3 Аймақтық зерттеу əдістері ..........................................................16 ІІ тарау. Қазақстанның аймақтық саясаты § 2.1 Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрама бөлігі ретінде ...........................................................................23 § 2.2 Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері ....................24 § 2.3 Аймақтық экономиканың қағидаттары......................................28 § 2.4 Аймақтардың типологизациясы .................................................29 § 2.5 Аймақтық саясатты іске асыру тетіктері ...................................33 ІІІ тарау. Кеңістік экономика: өндірістік күштерді орналастыру заңдылықтары § 3.1 Өндірістік күштерді орналастырудың жалпы заңдылықтары .......................................................................................43 § 3.2 Өндірістік күштерді орналастырудың қағидаттары мен факторлары ....................................................................................45 § 3.3 Өндірістерді аумақтық ұйымдастыру жəне халықты таратып орналастыру стратегиясы .....................................................53 ІV тарау. Қазақстан аймақтарының аумақтық-салалық құрылымдары § 4.1 Аумақтық ‒ салалық құрылымдар сипаттамасы .......................60 § 4.2 Аймақтардың мамандану көрсеткіштері ...................................62 § 4.3 Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму траекториясы .........................................................................................65 § 4.4 Аймақтық дамудың басым бағыттары .......................................72 V тарау. Қазақстан өнеркəсібі жəне оны аумақтық ұйымдастыру § 5.1 Қазақстанның индустриалды даму кезеңдері............................80 § 5.2 Өнеркəсіптік саясат мақсаттары мен басымдықтары ..............84 § 5.3 Өнеркəсіпті аумақтық ұйымдастыру .........................................88 3

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

VІ тарау. Өнеркəсіптің негізгі салаларының аймақтық-салалық құрылымы § 6.1 Қара металлургия .........................................................................92 § 6.2 Түсті металлургия ........................................................................96 § 6.3 Машина жасау ..............................................................................99 VII тарау. Қазақстан аймақтарының отын-энергетикалық əлеуеті § 7.1 Отын-энергетикалық кешен ........................................................105 § 7.2 Көмір өнеркəсібі ..........................................................................107 § 7.3 Газ өнеркəсібі ...............................................................................111 § 7.4 Мұнай, химия жəне мұнай өңдеу өнеркəсібі .............................112 § 7.5 Электр энергетикасы ...................................................................115 VIII тарау. Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешені § 8.1 АӨК салалық құрылымының сипаттамасы ...............................128 § 8.2 Ауылшаруашылығы агроөнеркəсіптік кешенін құраушы саласы ретінде .....................................................................129 § 8.3 АӨК өнеркəсіптік салалары .......................................................141 § 8.4. Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың мəселелері мен келешегі ......................................................................145 Тест .......................................................................................................150 Əдебиеттер ..........................................................................................160

Аймақтық экономика 

КІРІСПЕ  Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайында түбегейлі экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін аймақтық экономиканың ‒ өндірістік күштерді орналастыру, аймақтар экономикасы туралы ғылыми ілім саласының барынша маңызы арта түседі. Қазіргі таңда негізгі шаруашылық қызмет аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға экономикалық мəселелерді дербес шешуге, аймақаралық байланыстарды жəне шет елдермен байланыстарды орнатуға құқық берілген. Қазақстанның əрбір аймағы өзіне тəн табиғи ресурстары, оларды орналастыру ерекшеліктері, тарихи ерекшеліктері, шаруашылықтың өзіндік құрылымы, мамандануы, өзіндік экономикалық даму деңгейі бар. Əрбір аймақ елдің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды алады, сонымен қатар басқа аймақтармен бірігіп, бірыңғай экономикалық біртұтастылықты құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім мемлекеттің барлық аймақтарын терең жəне жан-жақты зерттеуінен жинақталады. Ол аймақтық экономиканы игеруге үлкен маңыздылық береді. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең əуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, əлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат ‒ жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді. Біз таңдаған мемлекет дамуының саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дəлелдеді. Біздің басты жетістігіміз ‒ тəуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді [1]. Экономикалық түрлендіруді ғылыми қамтамасыз етуде, аймақаралық байланыстарды ұтымды ету кезіндегі бірыңғай экономикалық кеңістікті құруда, аймақтық нарықтарды қалыптастыру кезінде аймақтық экономика аса маңызды рөл атқарады. Экономикалық жщғары оқу орындарында оқытылатын ғылыми ілімдер саласы ішінде аймақтық экономика – пəні аумақ, аймақ, 5

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

оның табиғи-ресурстық əлеуеті, демографиялық, еңбек ресурстары, экономика, оның құрылымдық қайта құрылымы, экономикалық байланыстар болатын жалғыз сала болып табылады. Экономикалық қызметі белгілі бір аймақта жүзеге асырылатын сол аймақты жанжақты білмейтін жоғары білікті заманауи экономисті елестету қиын. Қазақстанның тəуелсіздігін алуына дейінгі аумақтық дамуы бұрынғы Кеңестің бірыңғай халықшаруашылығының кешені шеңберінде анықталынды жəне орталықтандырылған директивалық жоспарлау негізінде жүзеге асырылды. Нарықтық экономика жағдайында даму мен экономикалық əлеуетті орналастыру жəне халықты таратып орналастыру мəселелері негізінен нарықтық тетіктермен айқындалады. Мемлекет елдің тұрақты экономикалық дамуы үшін жүйелі жағдайды, халықтың қолайлы қызмет етуін жəне қолда бар ресурстық əлеуетті ұтымды пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс. Тиісінше мемлекеттің аумақтық даму үдерістерін реттеуде мақсаттары мен міндеттері өзгеруі қажет. Аймақтық дамуға назардың артуы аймақтар рөлін жете бағаламауы, аймақтық ерекшеліктерін ескерілмеуі салдарынан нарықтық реформалардың тиімсіздігіне алып келуінен туындап отыр. Аймақтық экономика курсының мақсаты:  аймақтық экономиканың экономикалық ілімдер жүйесіндегі орнын айқындау;  Қазақстан экономикасының аймақтық құрылымы, аумақтық дамудың заманауи мəселелерін ұғыну;  жалпы əлемдік үрдістер, Қазақстан жағдайындағы аймақтың даму заңдылықтарын айқындау болып табылады. Аймақтық экономика курсының негізгі міндеттері:  ұлттық экономиканың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық факторларының маңыздылығын ұғыну;  аймақтық экономикалық саясатты іске асырудың экономикалық тетіктерін құрудың əдіснамалық негіздері туралы түсініктің болуы;  ҚР аумақтары мен нақты аймақтарын зерттеу жəне диагностикасының тəсілдері мен əдістерін игеру. Аталған міндеттерді шешу үшін осы оқу-əдістемелік құралда экономиканың даму жəне аймақтық деңгейдегі əлеуметті сала мəселелері мен келешегі туралы түсінік беретін негізгі мəселелер қарастырылған. 6

Аймақтық экономика 

І тарау. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1.1 Аймақтық экономиканың пəні, əдістері мен міндеттері Аймақтық экономика ірі экономикалық аудандар, өзара əрекет ететін жəне еркін экономикалық аймақтар, жеке аумақтық-өндірістік кешендер, сонымен қатар ірі өнеркəсіптік жəне қала агломерациялары жүйесі ретінде қарастырылатын ел экономикасының дамуы мен қызмет ету заңдылықтары мəселелерін зерттейді. Экономикалық ғылымның ерекше саласы ретінде аймақтық экономика салыстырмалы тұрғыда жас ғылым. Оның негіздері ХІХ ғасырда мамандану жəне өндіріс тиімділігіне кеңістік факторларының əсерімен, мемлекеттің кəсіпорындарды орналастыру орнының аумақтық құрылымын қалыптастыру əсерімен, сондай-ақ кəсіпорынның орналасу орнын таңдауын болжайтын негізгі факторларымен байланысты мəселелер зерттеле бастаған кезде қалыптасты. ХХ ғасырдың 50-жылдары Батыста қалыптасқан аймақтық экономика өз алдына толығымен аймақтық экономиканы қамтитын синтетикалық ғылыми бағытты білдірді. Ол пəнаралық (экономика, география, əлеуметтану, саясаттану, құқық жəне т.б.) зерттеулерге баса назар аудара отырып, аймақтарды біртұтас жүйе ретінде зерттеуге ұмтылды. Жас ғылыми бағыттың идеологы мен ұйымдастырушысы У.Айзард болды. Аймақтық экономикалық ғылым дербес сала ретінде 1970-80 жылдарда қалыптасты жəне өткен ғасырдың 90-жылдары оқу пəнінің дəрежесіне ие болды [2,4 б.]. Қазіргі таңда аймақтық экономиканы экономикалық ғылымның қалыптасқан саласы ретінде санауға болады, дегенмен де бірқатар ғалымдар оны экономикалық географиямен теңестіре отырып, əлі де оны дербес сала ретінде қарастырмайды. Аймақтық экономика курсы көптеген басқа экономикалық жəне өзге ғылымдармен өзара байланысты. Ол экономикалық теория, аймақтық демография, əлеуметтану, мəдениеттану, саясаттану 7

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

жəне өзге де ғылымдармен ұштасады. Академик А.Г.Гранберг пікірінше, аймақтық экономика өзінің маңыздылығы бойынша экономика ғылымында орталық орындардың бірін алуы керек: «...экономикалық ғылымның түйіні макроэкономика, микроэкономика, аймақтық экономикадан тұратын үш полюсті жүйе ретінде құрылады» [3, 33 б.]. Аймақтық экономиканың пəні əртүрлі ғылыми еңбектер мен оқулықтарда осы ғылым шешуге бағытталған міндеттерді көрсете отыра, əрқалай түсіндіріледі. Ресейлік аймақтық экономика ғылымының негізін қалаған Н.Н.Некрасовтың айтуынша, аймақтық экономика «...əрбір аймақтағы жəне мемлекеттің аймақтық жүйесінде өндірістік күштердің жоспарлы қалыптасуына, əлеуметтік үдерістердің дамуына жағдай жасайтын экономикалық жəне əлеуметтік факторлар мен құбылыстар жиынтығын зерттейді» [4, 19 б.] А.Г.Гранберг осы ғылымның пəнін анықтауға жүйелі тұрғының қажеттілігіне ерекше көңіл аударады: «...аймақтық экономиканың пəні кең мағынада күрделі, көпқырлы. Оның басты құраушылары: жеке аймақтың экономикасы, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар; аймақтық жүйелер (ұлттық экономика өзара əрекет ететін аймақтар жүйесі ретінде); өндірістік күштерді орналастыру; экономикалық өмірдің аймақтық аспектілері» [3, 14 б]. Жалпы алғанда, аймақтық экономиканы зерттеуінің пəні өндірістік күштерді орналастыру ерекшеліктері мен заңдылықтары, жеке аудандардың (аймақтардың) даму ерекшеліктері, өндіріс жəне инфрақұрылым объектілерін мемлекет аумағында орналастыру факторлары болып табылады. Аймақтық экономика шеңберінде игерілетін теориялар экономикалық кеңістікті ұтымды пайдалану, аймақтардың əртүрлі типтерінің дамуы, аймақаралық өзара əрекеттер, қызмет түрлері, халықты орналастыру қағидаттары мен заңдылықтарын түсіндіреді. Аймақтық экономиканың зерттеу пəнінің ең басты құраушысы экономикалық дамудың кеңістік аспектісін зерттеу болып табылады. Аймақтық экономика аймақтардың тек экономикалық мəселелерін ғана емес, сондай-ақ мəселелердің барынша кең ауқымын ‒ əлеуметтік, демографиялық, экологиялық жəне т.б. аспектілерін зерттейді. Сондықтан, өз негізінде экономикалық пəн бола тұрып, ол экономикалық географиямен, əлеуметтанумен, басқарумен, 8

Аймақтық экономика 

этнографиямен жəне өзге ғылымдармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, аймақтық экономика макроэкономикалық болжамдармен, салалық экономикамен (өнеркəсіп экономикасы, ауылшаруашылық экономикасы, көлік жəне т.б. экономикасымен), статистикамен жəне басқа да əлеуметтік-экономикалық ғылымдармен байланысты. Аймақтық экономика оқу пəні ретінде оның зерттелуі экономика, қаржы жəне маркетинг салаларында маманданатын студенттермен меңгерілетін барлық жалпы білім беретін жəне жалпы кəсіби пəндерге негізделетін қолданбалы ғылымға жатады. Аймақтық экономика білімнің ғылыми саласы ретінде өндірістік күштер мен əлеуметтік инфрақұрылымның барлық элементтерінің қағидаттарын, заңдылықтарын аумақтық аспектіде зерттеуімен, талдауымен жəне болжауымен, сонымен қатар жалпы əлеуметтікэкономикалық стратегия жəне экологиялық талаптарды ескерумен өндірістік күштерді орналастыру бағыттарын негіздеуімен; республика, аймақ экономикасын жəне аймақаралық экономикалық байланыстарды зерттеумен, шаруашылықты аумақтық ұйымдастыруды зерттеумен айналысады. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту жағдайында аймақтық экономиканың маңызы арта түсті. Экономиканың аймақтық аспектілерін зерттеу республикамыздың дамуының заманауи сатысында аса өзекті. Өндірістік күштердің əркелкі орналасуы, жеке аймақтардағы экологиялық жəне əлеуметтік мəселелер, мемлекеттің батыс аймағында шоғырланған минералды шикізатты өндіруінің басым дамуы есебінен ел экономикасының өсуі жəне Қазақстан аймақтарының əлеуметтік-экономикалық даму əркелкілігімен байланысты өзге мəселелері өз шешімін табуды талап етеді. Əлеуметтік жанжалдардың шиеленісуі, ресурстармен қамтамасыз ету, экономикалық даму деңгейі, халықтың өмір сүру сапасы, экологиялық жағдайы жəне инфрақұрылымның дамуындағы кеңістік айырмашылықтар барлық мемлекеттерге тəн. Тіпті «үлкен жетілік» мемлекеттерінде жан басына шаққандағы аймақтық табыстардағы айырмашылық кей штаттарда, провинцияларда 30-50% құрайды. Оңтайлы аймақтық параметрлерлі мемлекеттерге қарағанда, Қазақстан кең аумағымен, халық тығыздығының төмендігімен, 9

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

тым бытыраңқы өндірістік əлеуетпен жəне ішкі нарықтың аз сыйымдылығымен сипатталады. Осыған орай, Қазақстан экономикасының дамуында аумақтық немесе аймақтық аспектілерін зерттеуінің маңызы зор. Аймақтық даму мəселелері, əсіресе, аймақтардың экономикалық жəне əлеуметтік дамуындағы тепе-теңсіздігінің күшеюінен нарықтық экономикаға өту кезеңінде күшейе түсті. Мемлекеттің жеке депрессиялық аймақтарында өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі, гиперурбанизация, күрделі экологиялық мəселелер туындай бастады. Қазақстандағы аймақтық даму мəселелерін шешудегі ғылыми негізделген жеке ғылым – аймақтық экономика шегінде ғана жүзеге асыруға болады. Қазақстандағы аймақтық дамудың экономикалық жəне əлеуметтік аспектілерін зерттеу аймақтық экономика, экономикалық география, аумақтық-өндірістік кешен теориялары шеңберінде дамыған кездегі кеңес заманында жүргізілген. Аймақтық экономиканың зерттеу объектісі, ғылым атауынан көрінетіндей, аймақтар болып табылады. «Аймақ» термині (лат. – region – мемлекет, өлке, облыс) əртүрлі мағынада жиі қолданылады. Белгілі көлемі бар, географиялық орналасуымен жəне басқа белгілермен сипатталатын, Жердің қатты бетінің шектелген бөлігі ретіндегі «аумақ» ұғымына қарағанда, аймақ – басқа аумақтардан бірқатар белгілері бойынша ерекшеленетін жəне біршама біртұтастылық пен оны құраушы элементтердің өзара байланысы бар белгілі аумақ. Аймақтық экономикада «аймақ» ұғымы табиғи жағдайлары азды-көпті біркелкі болатын жəне өндірістік күштердің дамуының өзіне тəн бағыты бар мемлекеттің ірі аумағын білдіреді. Экономикалық жəне географиялық əдебиетте аймақтарды қандай да бір ортақ сипаттарымен біріктірілетін əртүрлі аумақтарды атайды:  мемлекеттер тобы (мысалы, Шығыс Еуропа немесе АзияТынық мұхит аймағы);  бірнеше экономикалық аймақтарды қамтитын мемлекеттер аумағы (Ресейдегі Батыс жəне Шығыс Сібір);  жеке экономикалық аймақ (Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан жəне т.б.). 10

Аймақтық экономика 

ҚР аймақтық экономиканың объектісі ретінде облыс болып табылады. Облыста жоғары жəне төмен табысты аумақтық субъектілер болуы мүмкін. Өзге сөзбен, аймақтардың экономикалық жəне əлеуметтік жағдайларының орташа көрсеткіштері шынайы іс жағдайын көрсетпейді. Осыған орай, аймақтық экономика аумақтық аймақтардың кейбір бөліктерін – облыстарды зерттейді. Аймақтық экономиканың объектісі ретінде проблемалық облыстардан басқа, проблемалық муниципалдық құрылымдар да болуы мүмкін: депрессиялық қалалар, соның ішінде шағын жəне орта қалалар, аудандар, елді мекендер жəне т.б., осы құрылымдар аумағында орналасқан кəсіпорындар. Осы облыстар мемлекетте жүргізілетін аймақтық саясат шегінде қаржылық қолдау көрсетуінің нақты мақсаттары мен міндеттерінде көрсетілуі мүмкін. Аймақтық экономика бір мемлекеттің аймақтарын зерттейді (əлемнің мемлекет топтарын қамтитын ірі аймақтарын басқа арнайы ғылым – аймақтану ғылымы зерттейді). Экономикалық интеграция үдерістерінің дамуы аймақ экономикасының ұлтаралық деңгейге шығу үшін жағдай жасайды. Аймақтық экономика ғылымы:  мемлекеттің аймақтық саясаты;  жеке аймақ экономикасы;  экономика жəне əлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламаларын дайындау мен іске асыру;  аймақтың мамандану жəне кешенді даму тиімділігі;  экономикалық аудандастыру, аудандық жоспарлау жəне өндірістік күштерді орналастырумен, аймақтардың кешенді дамуымен байланысты басқа да мəселелерді зерттейді. Аймақтық экономиканың басты міндеті мемлекеттің жəне оның жеке аймақтарының экономикалық мүдделері арасындағы жүйелі ымыраны ғылыми негіздеу болып табылады. Аймақтық экономиканың ғылым ретіндегі міндеті мемлекет шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздеу, оның өндірістік күштерін ұтымды орналастыру болып табылады. Мемлекет аумағының жəне оның жеке аймақтарының ерекшеліктерін, табиғи ресурстар əлеуетін, қалыптасқан салалық жəне аймақтық кешендерін, олардың даму келешегі мен мəселелерін білуі басқару, маркетинг, қаржы жəне коммерциялық 11

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

қызмет, салық салу жəне т.б. салалардағы мəселелерді шешу үшін негіз болып табылады [5, 63-70 б.]. Аймақтық экономиканың міндеттеріне келесілер жатады:  аймақтардың үдемелі жəне теңдестірілген əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;  проблемалық шағын қалалар мен депрессиялық шалғай ауыл аудандарына мемлекеттік қолдау көрсету;  мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекара маңындағы аудандардың экономикалық əлеуетін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттарды дайындау жəне жүргізу;  орталық жəне жергілікті басқару органдары арасындағы қатынастарды одан ары жетілдіру.  Қазақстан аумағында халықты ұтымды таратып орналастыру. Сондай-ақ, аймақтық экономика міндеттерінің қатарына аймақтағы шаруашылық қызметті басқару жəне реттеу əдістері мен тетіктерін жетілдіру жатады. Аймақтық экономика өндірісті орналастыруды, экономикалық реттеу тетіктерін, аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін анықтайды. Экономикалық факторлардың: еңбек өнімділігінің динамикасы, ұлттық табыстың аймақтық бөлінуі, негізгі қорлардың тиімділігі мен құрылымы, баға жəне тарифтің аумақтық саралауының жəне т.б. терең талдауының маңызы зор. § 1.2 Аймақтарды жіктеу жəне аймақтардың тұрақты дамуының факторлары Жіктеу белгілі бір критерийлерге сəйкес мемлекет аймақтарының белгілі типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Аймақтарды жіктеу кезінде келесідей критерийлер қолданылады: 1) экономикалық даму деңгейі; 2) аймақтардың экономикалық даму қарқыны; 3) шаруашылықтың аумақтық құрылым типі; 4) халық тығыздығының коэффициенті; 5) халық өсімінің қарқыны; 6) өндірістік мамандануының сипаттамасы мен коэффициенті жəне т.б. 12

Аймақтық экономика 

Аймақтар жіктеуінде келесідей терминология қабылданған:  өткен кезеңдерде салыстырмалы тұрғыда дамудың жоғары қарқынын көрсеткен депрессиялық аймақтар;  дамудың өте төмен немесе «нөлдік» қарқынымен ерекшеленетін тоқыраған аймақтар;  пионерлік аймақтар немесе жаңа игерілім аймақтары;  одан ары бөлінуінде белгілері жоғалатын микроаймақтар немесе бастапқы экономикалық аймақтар;  бірінші дəрежелі (немесе негізгі) экономикалық аймақтар;  бағдарламалық (жоспарлық) аймақтар – мақсаттық даму бағдарламалары қолданылатын жəне шекаралары бірыңғай торлы аймақтармен аумақтары бойынша сəйкес келмейтін аймақтар (мəселен, Арал аймағындағы экологиялық апат зонасы ҚР-ның төрт облысының 17 ауданын қамтиды: Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Түркістан қаласы жəне барлық Орта Азия елдеріне зиянын тигізеді);  бірегей (проблемалық жəне жобалық) аймақтар дамушы елдерде ірі жаңа құрылыстарды іске асырумен ерекшеленетін немесе өте төмен даму деңгейімен сипатталатын аймақтар. Мəселен, республикамыздың жаңа астанасы ‒ Астана қаласы жəне қаржы орталығы ‒ Алматы қаласындағы құрылыстар. Аймақтардың тұрақты дамуының маңызды факторы əлеуметтік-экономикалық фактор болып табылады. Əлеуметтік-экономикалық факторлары астарында жанды жəне заттанған еңбек сипаттамаларының аумақтық саралануы, сонымен қатар заманауи жағдайда табиғи ресурстарға қарағанда, өндірістік күштерді орналастыруға, өндірісті ұйымдастыруға, тұрғындарды таратып орналастыруға үлкен əсерін тигізетін аумақтық ұдайы өндірісінің жəне сол аймақтағы тұрып жатқан халықтың экономикалық пен əлеуметтік жағдайлары ұғынылады. Тұрақты аймақтық дамудың əлеуметтік-экономикалық факторлары қатарына жинақталған өнеркəсіптік əлеует, аумақты шаруашылық игеру деңгейі, капиталдың шоғырлану деңгейі, аймақтың шаруашылық құрылымы жəне оның мамандануы, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, аумақтағы халық тығыздығы жəне халықтың сапалық сипаттамасы, демографиялық үдерістер, еңбек əлеуеті, əлеуметтік саланың даму деңгейі жəне т.б. жатады. 13

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Əлеуметтік-экономикалық факторлар аймақтың өндірістік қатынастарын қамтиды. Қазақстан аймақтарының əлеуметтікэкономикалық деңгейі едəуір айрықшаланады. Дамыған елдердің аймақтық даму бағдарламаларында бірінші кезекке аймақтың бар артықшылықтарын қолдау, сақтау жəне кеңейту мəселелері, ал Қазақстанда бар əлеуметтік-экономикалық əлеуетті теріске шығарып, сол ортаға бейімделуге қабілетті жаңа элементтерді жасау жолымен жаңа аймақтық экономиканы қалыптастыру қойылған. Жинақталған өнеркəсіптік-өндірістік əлеует пен инфрақұрылымға тоқталсақ, көптеген жағдайда, олар салааралық сипатқа ие, шағын кеңістік ширақтылығымен, жоғары құнымен жəне құрылуының ұзақ мерзімімен ерекшеленеді. Өндіріс əлеуетін шоғырлану жəне мамандану деңгейі өнім мен қызмет өндірісінің шығындарын төмендетуге, барынша жоғары пайда алуға жəне өнім өндірісінің өсу мүмкіндіктеріне тікелей əсер етеді. Дегенмен де, өнеркəсіп өндірісінің жоғары шоғырлану деңгейі аумақтың экологиялық жүктемесін арттырады, сөйтіп, тұрақты аймақтық дамуды қамтамасыз етуде тежеуші фактор қызметін атқарады. Қазақстанның экономикалық дамудағы жоғары аумақтық саралануы аймақтардың шикізат бағытына мамандануы, шикізат өндіретін аймақтардың экспортқа шектен тыс бағытталуы, ішкі интеграциялық байланыстардың əлсіздігі теріс рөл атқарады. Экономикасы отынэнергетикалық жəне минералды-шикізат ресурстарын өндіруге бағытталған аймақтарда (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) өнеркəсіптік құрылымы «ауырлады», бұл өндіруші саланың қарқынды дамыған жағдайда да, аймақ ішінде жоғары қосылған құны бар өнім өндірісі есебінен жинақтау көздерін жұмылдыру мүмкіндіктерді шектейді. Қазақстанның индустриалды аймақтары үшін, мысалға, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары үшін облыс экономикасының негізгі салаларының капиталдан айырылуы, дағдарыс кезеңінде ұзақ инвестициялық тоқырау салдарынан негізгі қорлардың кең ауқымда физикалық жəне моральды ескіруі тəн, бұл өз кезегінен тұрақты экономикалық дамуға теріс əсер етеді. Аймақтардың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуде инфрақұрылымның маңызы зор. Аумақтың өндірістік, өндірістік емес жəне əлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген деңгейі тиімді өндірісті жəне адам тіршілік əрекетін, соның ішінде 14

Аймақтық экономика 

табиғи ресурстарға бай аймақтарда да ұйымдастыру үшін айқындаушы мəні бар. Инфрақұрылымдық фактор өзінің аумақта толымды болу деңгейіне байланысты тұрақты дамуға теріс не оң əсерін тигізуі мүмкін. Инфрақұрылым объектілері көп жылдар бойына жұмыс жасайтындықтан, қызметтің көптеген аяларын ұйымдастыру үшін бірнеше рет қолданылуы мүмкін, оларға басым инвестициялау тəн болуы тиіс. Тұрақты дамудың дəстүрлі экономикалық факторларынан басқа, таза нарықтық факторларды атап көрсеткен жөн: аймақта белгілі бір салада бəсекелестік ортаның болуы, аумақта орналасқан шаруашылық қызмет объектілерімен өндірілген өнімге сұраныс көлемі мен өткізу нарығының дамуы. Аймақтардың тұрақты дамуы шығарылатын өнім немесе өндірілетін қызмет сипаттамасымен, олардың ішкі жəне сыртқы нарықтағы сұранысымен жəне бəсекеге қабілеттілігімен анықталынады. Тұрақты дамудың маңызды факторының бірі халық жəне еңбек ресурстары болып табылады. Ол дегеніміз халық санының аумақтық саралануы, демографиялық жəне миграциялық үдерістегі айырмашылықтар, жыныстық-жас құрылымындағы сапалық сипаттамасындағы, басқару, инженерлік-техникалық жəне жұмыс кадрларының біліктілігіндегі айырмашылықтар, жалпы кəсіби мəдениеттің даму деңгейі, денсаулық, ұлттық-психологиялық ерекшеліктер жəне т.б. Халықтың жəне еңбек ресурстарының сапалық сипаттамалары, олардың аумақтық ерекшеліктері, бірінші кезекте, аймақтық факторларға, елді мекен көлеміне, шаруашылығы мен құрылымына, аумақтың шаруашылық игерілген деңгейіне, халықтың өмір сүру сапасының өсуін жəне адам капиталының дамуын қамтамасыз ететін қарқынды эмиграцияны төмендететін ерекше жағдайларды қалыптастыруға тəуелді. Қазақстанның аймақтарын тұрақты дамыту мақсатында жаңа сапалы деңгейде халық пен еңбек ресурстарын кеңейтілген ұдайы өндірісі үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажет. Əлеуметтік жəне əлеуметтік-мəдени факторларды оңтайлы пайдаланған кезде ғана адам факторының тұрақты аймақтық дамуға позитивті əсері болады. Аймақтарда əлеуметтік факторларды қолдану көп жағдайда əлеуметтік объектілер құрылысын, республикалық жəне жергілікті деңгейде жүргізілетін əлеуметтік саясаттарды, ірі жəне ұсақ кəсіпкерлердің бəсекелік саясаттарын қамтитын мемлекеттік инвестициялық бағдар15

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ламаларға тəуелді болады. Бұл қайта құрылатын, қайта жаңғыртылатын немесе қалпына келтірілетін кəсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыстардың артуына, əлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге, кадрлар біліктілігін арттыру немесе қайта дайындауға, медициналық сақтандыруға қатысты. Жүйелі, əлеуметтік жəне бəсекелік саясатты жүргізу негізінде фирмалар мен кəсіпорындардың белсенді қызметі өндіріс көлемінің өсуін жəне олар орналасқан аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін фактор болып табылады. Аймақтың əлеуметтік-мəдени факторларына бірлестіктің ортақ құндылықтары, адам мінез-құлқы мен олардың кəсіпкерлік рөліне қарым-қатынасы, инновацияларға қабілеттілігі, экология мəселелеріне қарым-қатынасы жатады. Заманауи жағдайда аймақтың тұрақты дамуының инновациялық-технологиялық факторларының маңызы өсуде. Бұл факторлар қолданылатын техника мен технологиялардың деңгейін, аумақтың қолданыстағы жəне əлеуетті технологиялық пен инновациялық мүмкіндіктерін сипаттайды. Инновациялық-технологиялық фактор жоғары қалдықсыз технологиялардың кең ауқымда іске қосылуы, ресурс сыйымдылығын, өндірістің энергия жұмсалуын төмендетуге, оның экологиялылығын арттыруға, еңбек өндірісінің ұлғаюына себін тигізетін ғылыми-техникалық əзірлемелерді ендіру үшін жағдай жасайды. Бұл фактор əлеуметтік-экономикалық, экологиялық факторлармен тығыз байланысты, себебі бір жағынан, кадрлардың белгілі бір қайта дайындауды талап етеді, екінші жағынан, табиғи ортаға экологиялық жүктелімдерді төмендету кезінде өндірістің өсуін қамтамасыз етеді. Аймақтың жинақталған ғылыми-техникалық жəне ғылымибілім беру əлеуетін белсендірген жағдайда экономикалық өсуін, аймақтың динамикалық жəне тұрақты дамуын ынталандырады. § 1.3 Аймақтық зерттеу əдістері Аймақтық экономика зерттеулерінде жалпы ғылыми, сондай-ақ жеке таным əдістері қолданылады, олардың ішіндегі маңыздылары төменде келтірілген. Бағдарламалық – мақсаттық əдісті аймақтың əлеуметтік16

Аймақтық экономика 

экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, осы мақсаттарға жəне міндеттерге белгіленген мерзімде қол жеткізу бойынша өзара байланысты шараларды іске асыру əдісі ретінде сипаттауға болады. Оны іске асыру барысында мақсаттар мен міндеттер жүйесі аймақтық басқарудың бастапқы пункті болады, əрбір аймақтық мəселеге оның тиісті шешу бағдарламасы сəйкес келеді. Бағдарламалық-мақсаттық əдісінің логикасы келесідей кезектілікпен орналасады: мəселе – мақсат – ресурстар – ұйымдастыру – шешу (іске асыру). Мəселені шешудегі келтірілген ретті элементтердің жиынтығы өз алдына мақсаттық кешендік бағдарламаны білдіреді. Аймақтық экономиканы басқаруда бағдарламалық-мақсаттық əдісті қолдану белгілі бір талаптарды сақтау кезінде тиімді болады:  бағдарламалық мақсаттар мемлекет пен аймақ тіршілігіндегі маңызды мəселелерін қарастыруы керек;  бағдарламалық мақсаттар қаржылық құралдардың жетіспеушілігі салдарынан шектеулі, тиісінше, бағдарлама саны да шектеулі болуы тиіс;  мақсаттық кешендік бағдарламаларды дайындау жəне іске асыру тетігі мен арнайы əдістемелік құралдар қажет;  мақсаттық кешендік бағдарламаларды іске асырудың ұйымдастыру үдерісі ретке келтірілген болуы тиіс. «Шығын-шығару» əдісі немесе аймақтық салааралық теңгерімді дайындау əдісі. Ол талдауы маңызды жалпы экономикалық көрсеткіштерінің (жалпы аймақтық өнім, əр шаруашылық секторының аймақтық қаржылық жағдайы, өндіріс құрылысындағы пайда жəне жалақы үлесі, өнім өндірісіне кеткен шығындар) динамикасына қарай шығатын аймақ экономикасының диагностикасын болжау кезінде қолданылады. Мұндай зерттеулер өнім бөлуіне жəне өндірістің салааралық теңгеріміне негізделеді. Əлемдік тəжірибеде бұл үлгі В.Леонтьевтің «шығын-шығару» атымен белгілі. Теңгерімдік үлгілер экономикалық-математикалық үлгілердің басқа түрлерімен біріге алады, олар əлемнің 80-нен астам мемлекеттерде, бұрынғы КСРО-ның бірқатар аймақтарында құрылған, қысқамерзімді жəне ұзақмерзімді болжам мақсаттары үшін жарамды. Салааралық теңгерімнің (САТ) басты мақсаты – мемлекет, аймақ шеңберінде қоғамдық өнімді жасау жəне бөлу үдерісін көр17

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

сету. САТ талдауы салалар бойынша жиынтық қоғамдық өнімді қалыптастыру жəне қолдану үдерісін кешенді сипаттауға мүмкіндік береді. Құндық теңгерімнің негізіне қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісінде əртүрлі рөл атқаратын жиынтық өнімді екі бөлікке – аралық жəне ақырғы өнім деп бөлінуі салынған. Статистикалық əдіс жиналған деректердің жүйелілігін қамтамасыз етеді, объектінің жағдайына əсер ететін факторлардың сандық сипаттамасын береді, объектілерді нақты сандық жəне сапалық сипаттамалар бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Аймақтардың сипаттамасы кезінде орта шамаларды анықтау əдісі барынша кең қолданысқа енген. Орташа үйлесімді құбылыстың қайталану жиілігі белгісіз, ал олардың жеке мəні белгілі болғанда қолданылады. Орташа геометриялық белгілі бір географиялық кеңістікке уақыт бірлігімен көрсетілген қандай да бір құбылыстың өсу коэффициентін (мысалы, аймақтағы, қаладағы халықтың орташа жылдық өсу немесе төмендеу қарқыны) анықтау үшін қолданылады. Орташа шаршылық шаршы шақырыммен өлшенетін аудан көрсеткіштерін анықтау кезінде қолданылады. Статистикалық əдістерінің бір түрі теңгерімдік əдіс. Теңгерімдік əдіс аймақтың мамандану саласы мен аумақтық кешенді толықтыратын сала арасындағы дұрыс арақатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Теңгерімдік əдістің басты мəні аймақ ауқымында жəне оны құрайтын басқа аумақтық объектілерге деген қажеттіліктер мен ресурстардың үйлесімділігі болып табылады. Аймақтық зерттеулерде пайдаланылған еңбек ресурстары мен жағдайының теңгерімі, қор жəне табиғи ресурстарды тұтыну теңгерімі, материалды-техникалық теңгерімдер (өндіріс-тұтыну, шеттен əкелу-шетке шығару) дайындалады. Теңгерімдер ұтымды ауданаралық байланыстарды дайындау үшін де қажет. Теңгерімдік əдістер КСРО экономикасында кеңінен қолданылған. Алайда соңғы жылдары теңгерімдер бір-бірінен бөлек дайындала бастады, бұл елдің əлеуметтік-экономикалық дамуын тиімді болжауға жəне тиісті үдерістерге ықпал етуге мүмкіндік бермейді. Ол нарықтық экономикада аймақ жəне аумақтың əлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының, аймақтық болжам көрсеткіштерінің мақсаттық кешендік бағдарламаларымен өзара үйлесімділік, келісімділік əдісі ретінде қолданылуы мүмкін. 18

Аймақтық экономика 

Аймақтық жүйені ұйымдастырудың басты əдістерінің бірі салыстырмалы талдау болып табылады. Аймақтық айырмашылықтарды белгілеу табиғи алғышарттар (табиғи-ресурстық əлеует) мен дамудың экономикалық факторларын салыстыру жолымен жүзеге асады. Салыстырмалы талдаудың негізгі тəсілі ретінде шоғырлану көрсеткіші болып табылады. Олар белгілі бір құбылыстардың тығыздығы (халық, көлік жолдары, егістік жəне т.б.) арқылы көрінеді. Картографиялық əдіс жеке объектілерді (табиғи, өндірістік, əлеуметтік жəне т.б.) орналастыру ерекшеліктерін (сəйкес карталарда) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Экономикалық ‒ математикалық модельдеу əдісі (аймақ экономикасы дамуының аумақтық үйлесімдерді модельдеу; аймақтың шаруашылық салалары бойынша модельдеу; аймақтың шаруашылық кешендерінің қалыптасуын модельдеу). Заманауи электронды құралдарды қолданумен байланысты бұл əдіс еңбектің барынша төмен шығындарымен жəне уақытымен, үлкен көлемді статистикалық материалдарды, аймақтың əлеуметтік-экономикалық кешендерінің ерекшеліктерін, құрылымын, деңгейін сипаттайтын əртүрлі бастапқы деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аймақтық зерттеу алдында қойылған мақсаттарға сəйкес оңтайлы шешімдер, оңтайлы нұсқалар, модельдер таңдауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік зерттеу əдістері. Əдістердің бұл тобы да аймақтық экономиканы басқаруда орын алады, себебі қолданбалы əлеуметтануда қарастырылатын міндеттер аймақтың экономикалық өмір аясындағы жəне саласындағы нақты əлеуметтікэкономикалық үдерістерді болжау, жоспарлау, басқару, реттеуге тəуелді. Аймақ экономика саласының даму аясында əлеуметтік зерттеу əдістері келесідей міндеттерді шешу үшін қолданылады: 1) Аймақтық экономика саласын зерттеу, талдау жəне бағалау; 2) Кідіртуге болмайтын мəселелердің шешімін анықтау, оның шешім нұсқаларын дайындау; 3) Аймақтық экономика саласының жоспарлау жəне болжау басымдықтарын анықтайтын критерийлер ретінде болатын белгілі бір көрсеткіштердің жүйесін қалыптастыру; 4) Аймақ экономикасында жүргізілетін реформа мен шаралардың салдары мен ықтимал нəтижелерін бағалау жəне талдау; 19

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

5) Аймақтың экономикалық мəселелерін шешу кезінде тəжірибелік ұсыныстар мен ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуін дайындау. Нормативтік əдіс бекітілген нормалар мен нормативтердің көмегі арқылы көрсеткіштерді негіздеу əдістерін білдіреді, олардың шеңберінде жобалық, экономикалық, əлеуметтік, технологиялық құбылыстар мен үдерістер жүзеге асырылады. Норма мен нормативтердің құрамы сан алуан. Норма мен нормативтердің үш қосымша жүйесі бар: ‒ ресурстық қосымша жүйе (шығындар мен шикізат қорының, материалдардың, отынның, өнім, қызмет бірлігіне кеткен энергияның, өндірістік қуаттардың қолдану нормалары мен нормативтері; құрылыс ұзақтылығының нормалары жəне т.б.); ‒ қоғамдық өндіріс тиімділігінің қосымша жүйесі (бір теңге шығынға кеткен өнім өндірісі, қор қайтарымдылығы, еңбек өнімділігі жəне т.б.); ‒ əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық нормалардың қосымша жүйесі (жан басына шаққандағы ақша табысы, азықтүлікті тұтыну, орташа жалақы мөлшері, тұтыну бюджеті жəне т.б.) [6,8-9 б.]. Циклдық əдіс аймақтық зерттеулерде барынша кеңінен қолданысқа енуде. Жас əдістердің бірі ретінде адам (ойлап тапқанның) есімімен аталған. 1930-40 жылдарда Н.Н.Колосовский энергия өндіріс циклы (ЭӨЦ) əдісін жасады. Бұл əдіс көмегімен аймақтағы ұдайы өндіріс үдерісінің шикізат пен энергиядан басталып, дайын өніммен аяқталынатын технологиялық реттілігі анықталынады. Н.Н.Колосовский типтік ерекшеліктерге сүйене отырып, жалпыланған ЭӨЦ атап көрсетті. Ол екі мақсатқа: аумақтық-өндірістік кешендердің типологиясы мен аумақтық-өндірістік кешен құрылымында тұрақты қосымша жүйелердің бар екендігін негіздеуге қол жеткізу үшін жасағаны анық. Екі мақсат бір-бірімен тығыз байланысты. Н.Н.Колосовский өндірістік үдерістердің барлық түрлерін талдап, сегіз ЭӨЦ негіздеді: 1) қара металдардың пирометаллургиялық циклы; 2) түсті металдардың пирометаллургиялық циклы; 3) мұнай-энергия химиялық циклы; 4) орман энергетикалық циклы; 5) гидроэнергия өндірісі циклдарының жиынтығы; 20

Аймақтық экономика 

6) индустриалды-аграрлық циклдарының жиынтығы; 7) өңдеуші индустрия циклдарының жиынтығы; 8) гидромелиоративтік индустриалдық-аграрлық циклы. ЭӨЦ-нің мұндай жіктелуі сол уақыттағы ғылыми-техникалық прогреске тəн. Кейінірек бұл жіктелім Н.Н.Колосовский ізбасарларымен жəне ЭӨЦ теориясының авторымен (Т.М.Калашникова, Ю.Г.Саушник, М.Д.Шарыгин жəне т.б.) жекелей қарастырылды. И.В.Комар «табиғат-қоғам-табиғат» жүйесінде заттар мен энергия алмасуын зерттей отыра, алты жалпыланған табиғи-ресурстар циклын негіздеді: 1) энергоресурстық, энергохимиялық жəне гидроэнергетикалық қосымша циклдары бар энергиялық; 2) кокс-химиялық қосымша циклы бар металл – кен ресурстарының циклы; 3) қосымша циклдар тобы бар металл емес қазба шикізаттар циклы; 4) орман-химиялық қосымша циклы бар орман ресурстар циклы; 5) топырақ-климаттық ресурстар мен ауылшаруашылық шикізат циклдары; 6) балық өндіру кəсіпшілігімен, аңшылықпен, аң шаруашылығымен, жабайы өсімдіктерді жинақтаумен байланысты қосымша циклдар сериясы бар жабайы фауна мен флора ресурстарының циклы. И.В.Комардың пікірінше, ресурстық цикл ұғымы астарында бір заттың не заттар тобын адаммен қолданылатын барлық сатыда (оны айқындау, пайдалануға дайындау, өндіру, қайта өндіру, табиғатқа қайтару үдерістерін қоса) олардың белгілі кеңістікте көшуі жəне айналу үдерісі жатыр. Дегенмен де, «цикл» ұғымының өзі үдерістің тұйықтығын білдіреді, ал ресурстық цикл шын мəнінде тұйық емес. Ресурстық циклдың əрбір сатысында – дайындау, тасымалдау, қайта өңдіруде технология ерекшеліктеріне, не субъективті себептерге байланысты туындайтын ысыраптарды болдырмау мүмкін емес. Толығымен қалдықсыз өндіріске қол жеткізу іс жүзінде жүзеге аспайды, бұл жерде ысыраптарды барынша төмендетуі туралы ғана айтылады. Қазіргі таңда Н.Д.Кондратьев, А.Л.Чижеский жəне көптеген басқа ғалымдармен жүргізілген циклдық зерттеулер белгілі. Цикл21

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

дылық барлық кеңістік-уақыт құрылымдарына тəн, сондықтан циклдар əдісі барынша кеңінен қолданысқа енуде. Бақылау сұрақтары 1. Қазіргі таңдағы аймақ экономикасы мен саясатының негізгі міндеттері қандай? 2. Аймақтық экономика қандай мəселелерді зерттейді? 3. Аймақтардың жіктемесі кезінде қандай критерийлер қолданылады? 4. Аймақтардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуының факторын атаңыз. 5. Аймақтық экономикада барынша кеңінен қолданылатын əдістер?

Аймақтық экономика 

ІI тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ

§ 2.1 Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрама бөлігі ретінде Əлемнің барлық елінде географиялық орналасу ерекшеліктеріне, табиғи-климаттық жағдайларға, даму тарихы мен көптеген басқа факторларға байланысты аймақтар əлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі əртүрлі болады. Салыстырмалы түрде жақсы дамыған, артта қалған жəне ортаңғы орынды алатын аймақтар пайда бола бастады. Бұл бірқатар күрделі əлеуметтік-экономикалық мəселелерді туындатты. Сондықтан мемлекет артта қалған аймақтардың көрсеткіштерін, олардың өмір сүруінің əлеуметтік деңгейін орташа деңгейге дейін көтеру арқылы аймақтарды теңестіруге ұмтылады. Бұл Қазақстанға да қатысты. 14 облыс жəне оның екі ірі қаласының табиғи-климаттық жағдайлары, географиялық орналасуы, даму тарихы, экологиялық жағдайлары əртүрлі, сондықтан олардың барлығы əлеуметтік-экономикалық теңсіздікте болды. Реформа жылдары саралану күшейіп, мəселелер шиеленісе түсті [7]. Аймақтық органдардың назарынан стратегиялық міндеттерді шешу тыс қалып, мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер ескерілмеді, сондықтан əрбір аймақ дағдарыстан шығатын оңтайлыдан алыс өзіндік үлгі таңдайтындай жағдай қалыптасты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген аймақтық саясат тұжырымдамасын қабылдау қажеттілігі туындады. Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құраушы бөлігі ретінде елдің тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізу жəне тіршілік əрекетінің аймақтық факторларын тиімді қолдануға бағытталған. Өндірістік күштерді ұтымды орналастырудың кеңістік аспектісін (бұрынғы КСРО шеңберінде) ескеру орнына аймақтық саясатта мемлекеттің егемендігі мен нарықтық қатынастарға өту кезінде əлеуметтік міндеттерді басымдылыққа ала отырып, басты 23

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

назар экономикалық жəне əлеуметтік дамудың біртұтастылығын қамтамасыз етуіне аударылды [8]. Белгілі ғалым ‒ аймақтанушы Э.Б.Алаевтың пікірінше, «мемлекеттің аймақтық саясаты – аймақтың экономикалық, əлеуметтік жəне саяси дамуын басқарудың қызмет аясы». Өзге сөзбен, бұл мемлекетпен аймақтардың жауапкершілігін, қаржылық-экономикалық дербестігін кеңейту мен күшейту үшін, артта қалған аймақтарға қалған аймақтармен экономикалық өсу негізінде теңдей өмір сүру жəне еңбек жағдайына жету үшін бірдей мүмкіндік беру үшін қабылданатын экономикалық, құқықтық, əлеуметтік, саяси жəне басқа да шаралардың жиынтығы. Бұл саясаттың басты мəні ‒ əлеуметтік жанжалдардың туындауына негіз болатын жəне мемлекеттің динамикалық əлеуметтікэкономикалық дамуына кедергі болатын нақты аймақтарды дамытуда теңсіздіктерді барынша қысқарту. Аймақтық экономикалық саясаттың қажетті құраушы элементтері нақты тұжырымдалған мақсаттары, объектілері мен субъектілері, сонымен қатар оны іске асыру құралдары мен əдістері болып табылады. § 2.2 Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты халықтың тiршiлiк əрекетi үшiн бiрдей мүмкiндiктер беру, еңбектi аймақтық ұтымды бөлу жəне аймақтың өзiн-өзi басқаруды дамыту қағидаттарын қалыптастырудың негiзiнде əрбiр аймақтың ресурстық-өндiрiстiк мүмкiндiктерін тиiмдi пайдалану болып табылады. Аймақтық саясаттың осы мақсаттарына жетуі үшін үш кезеңқажет: 1) 1998-2000 жылдар – экономикалық өсу жəне аймақтық саясатты іске асыру үшін алғышарттар құру кезеңі; 2) 2001-2010 жылдар – елдiң экономикалық дамуының жалпы стратегиясы шеңберiнде аймақтық дамудың бiрiншi кезектегі мiндеттерiн жүзеге асыру кезеңі. 3) 2011-2030 жылдар – аймақтық саясаттың негізгі міндеттерін шешу кезеңі. Бірінші сатыда келесідей міндеттерді шешу қажетті:  аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестiгiн қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық жəне құқықтық сипаттағы шаралар кешенiн əзiрлеу; 24

Аймақтық экономика 

 экономиканың депрессиялық жағдайын еңсеруге жəне артта қалған аймақтардың əлеуметтік аясын дамытуға бағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сəйкес аумақтық басымдықтарды негіздеу;  Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрыпталған мемлекеттік қолдауымен үйлесімділігі. Екінші сатыда елдің аймақтық саясатын іске асыру бойынша шешілетін міндеттерді одан ары тереңдету қарастырылды, олардың ішінде:  институционалдық, нарықтық инфрақұрылымдардың, аймақтық пен жалпы республикалық тауар, еңбек жəне капитал нарықтарының дамуы мен оның күшеюі;  экономикалық дағдарыстан шығару мен əлеуметтiк-экономикалық дамытуды жеделдету мақсатында шағын жəне орташа қалалардың шаруашылығын қолдау көрсету жəне қайта құрылымдау;  артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшiн материалдық негiздер құру. Үшінші кезеңде шешілетін міндеттердің қатарына келесідей міндеттер қарастырылған:  экономиканың аймақтық кеңістік құрылымын қалыптастыру, оның аумақтық ұйымдастыруын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық жəне салаішілік тепе-теңсіздігін бірте-бірте деңгейлестіру;  өндiрiстiк кешендi ресурстық-мақсаттық теңгерімін қамтамасыз ету, экологиялық-экономикалық тепе-теңдiктi сақтау (қалпына келтiру), аумақтардың əлеуметтiк-экономикалық, ғылымитехникалық жəне табиғи ресурстарын барынша тиiмдi пайдалану;  аймақтардағы халықтың тұрмыс деңгейi мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды теңестiру, əлсiз дамыған аймақтардағы экономиканың жəне əлеуметтiк саласының депрессиялық жай-күйiн еңсеру [8, 36 б.]. Аймақтық саясаттың қоғамдық-саяси мақсаттары да бар. Олардың бірі Қазақстанның мемлекеттілігін жəне ұлттық қауіпсіздігін нығайту, елдің біртұтастылығын жəне бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. 25

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Тапшы қоғамдық ресурстарды бөлу мақсатынан оларды жасау жəне көбейту мақсаттарына өтуі қолайлы аймақаралық қатынастарды, елде əлеуметтік тыныштықты орнатады, аймақтық үйлесімділікке жəне олардың бірлігін унитарлы мемлекет шеңберінде нығаюына алып келеді. Осы мақсаттарды іс жүзінде іске асыру міндеттерді анықтайды:  орталық билік пен жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттілікті айқындау;  бюджетаралық қатынастарды құру жəне оңтайлы үлгіні таңдау;  аймақтардың типологизациясы;  қолдауға жататын нақты объектілерді іріктеу критерийлерін таңдау;  аймақтың экономикалық даму стратегиясы;  аймақта халықты таратып орналастыру жəне жұмысбастылықты ынталандыру стратегиясы;  аймақтық саясаттың нақты тетігін таңдау [7]. Қойылған міндеттердің дəстүрлілігіне қарамастан, олардың шешімі аймақтың экономикалық саясат объектісін нақты айқындауды талап етеді. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының басты объектісі ретінде облыс болып табылады. Мұнда объект жəне əкімшілік-аумақтық құрылым түріндегі аймақ ретінде облыс болады, себебі облыстарда «ұдайы өндірістің біртұтастылығы мен бірлігі байқалады жəне ...барлық қажетті басқарушылық өкілеттіліктер бар». Бұл облыстың кеңістікте жəне уақытта өзгермейтін нақты сызылған шекарасы, ішкі біртекті элементтері бар, олар бойынша статистикалық ақпараттар беріледі, бұл нақты аумақтың даму жағдайын талдау жəне диагностикасы үшін əрқашан қолайлы болып табылуымен негізделген [9, 48 б.]. Алайда облыста жұмысы табысты жəне əлеуметтік қызмет жиынтығы бар адамдар тұратын аумақтық субъектісі болуы мүмкін, жалпы облыстар салыстырмалы түрде дамыған ретінде қарастырыла алады, бірақ облыстағы аумақтың бір бөлігі артта қалған болуы да мүмкін. Сондай-ақ, облыс артта қалған, ал бірақ облыстағы аумақтық субъектілер салыстырмалы түрде дамыған болуы мүмкін. Өзге сөзбен, аймақтардың экономикалық жəне əлеуметтік жағдайларының орташа көрсеткіштері істің шынайы жағдайын толығымен көрсетпейді. 26

Аймақтық экономика 

Осыған байланысты аймақтық саясат аумақтық аймақ-облыстардың кейбір бөлігіне ғана қолданылады. Демек, аймақтық саясаттың объектісі проблемалық облыстар ғана емес, сондай-ақ муниципалды құрылымдар: депрессиялық қалалар, соның ішінде шағын, орта қалалар, аудандар, елді мекендер жəне жұмыс орындарын немесе бар жұмыс орындарын сақтайтын осы құрылымдар аумағындағы кəсіпорындар жəне т.б. болуы мүмкін. Осы объектілер елде жүргізілетін аймақтық саясат шеңберінде қаржылық қолдау көрсетудің нақты мақсаттары мен міндеттеріне «байлануы» мүмкін. Нарықтық экономикалы мемлекеттерде аймақтық саясаттың үлгісі өзінің дамуында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан қазіргі күнге дейін үш əдіснамалық тұжырымдамасынан өткені белгілі.  ірі аймақтарға «шұғыл жəрдем»;  экономикалық өсудің аймақаралық қайта бөлінуі;  аймақтың дербес дамуы. Əрбір мемлекет аймақтық саясаттың тұжырымдамалық аспектілерін дайындауда əлемдік тəжірибені қолданып, өзіндік даму жолын əзірлейтіні мəлім. Аймақтық саясат адамдар мен əрбір нақты жұмысшыға, əрбір нақты аумақта мемлекетпен, оның геосаяси, ішкі жəне сыртқы саясатын, өмір сүру жəне жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қоғамның саяси негізінің біртұтас буыны болып табылады. Əлемде ешбір мемлекет өзінің аумақтық бірліктерінің дербестігін қанша қамтамасыз етіп жəне қанша жарияласа да, экологиялық, экономикалық, этникалық жəне өзге де аймақтық тоқырауға жол бермеу, мемлекеттің барлық аумағын халықтың өмір сүру ортасын дамыту мəселелерінен, мемлекеттің аумақтық біртұтастылығын қамтамасыз ету жауапкершілігінен кете алмайды жəне оған құқығы да жоқ [10, 18 б.]. Тиімді жəне тиісті аймақтық саясатты жасау үшін келесідей əрекеттер қажет:  аймақтың əлеуметтік-экономикалық əлеуетінің деңгейін, аймақтық шаруашылықтың өсу мен даму қабілеттілігін бағалау;  нақты аймақтың аумақтық еңбек бөлінісіндегі орнын жəне ұлттық экономикадағы оның рөлін анықтау;  əртүрлі факторлардың əсерінен қалыптасатын аймақтық теңсіздіктердің негізгі себептеріне талдау жасау; 27

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

 ұлттық деңгейде жүргізілетін əлеуметтік-экономикалық түрлендірулерге нақты аймақтың əсер ету қабілетін айқындау. Осы деректердің талдауы мен есебі мемлекеттің жəне оның нақты аймақтарының дамуының ғылыми негізделген мақсаттарын қалыптастыруға, сонымен қатар алға қойылған мақсаттардың макроэкономикалық құралдары мен іске асыру əдістерін, осы саясаттың объектілері мен субъектілерін айқындауға мүмкіндік береді. Айта кететін жайт, аймақтық экономикалық саясат екі деңгейде: ұлттық жəне аймақтық деңгейде қалыптасады, жүзеге асырылады. Əрбір осы деңгейде белгіленген шараларды жүзеге асырудың өз мақсаттары, əдістері мен тетіктері болады: бір бағытты жəне ұлттық экономиканың, сондай-ақ, оның нақты аймақтарының динамикалық дамуына себін тигізуі керек. § 2.3 Аймақтық экономиканың қағидаттары Аймақтық саясат келесідей қағидаттарға сүйенуі тиіс:  артта қалған аймақтардың кірістерін арттыру жəне өндірістің өсуін ынталандыратын демеу шараларын қолдану;  экономикалық өсу мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, аймақтардың өз күштеріне, экономикалық өсуіне сүйенуіне бағытталған аймақтардың өзіндік күштеріне бөлінген құралдардың қосымшалылығы;  артта қалған аймақтарды қолдау үшін бөлінген құралдарды тиімді қолдану;  артта қалған аймақтарды қолдау үшін құралдарды нақты бекітілген критерийлер негізінде бөлу;  бай аймақтарға қатысты барынша жоғары ұдайы өндірістік əлеуеті бар аумақтар үшін бекітілген ренталық төлем шеңберінде кедей аймақтардың пайдасына ресурстарды қайта бөлу;  келешекте артта қалған аймақтардағы өмір сүрудің əлеуметтік қолайлы стандарттарын қамтамасыз ету;  республика мүдделерінің жеке аймақтардың, ал келешекті мүдделердің ағымдағы мүдделері алдында басымдылығы;  біртұтас Қазақстанның мемлекеттілігі шеңберінде қаржылық-экономикалық дербестілік;  қаржылық-экономикалық дербестіліктің аймақтар экономи28

Аймақтық экономика 

касының тиімді дамуына, əлеуметтік-экономикалық нəтижелілігіне жергілікті əкімшіліктердің жауапкершілігімен үйлесімділігі;  аймақтардың өзіндік дамуы мен кедейшіліктен шығу үшін құралдарды дербес табуына ауысу;  бюджетаралық қатынастардың салық мөлшерлемелерін бөлудің ұзақмерзімді тұрақты нормативтеріне өту;  аймақтарды проблемалық сипаттамасына қарай топтау. Жоғарыда аталған қағидаттар мен міндеттер аймақтардың объективті айырмашылықтарын есепке ала отырып, жүзеге асырылуы керек. Аймақтардың типтері бойынша басымдықтар, тетіктер, əлеуметтік-экономикалық даму ынталылығы саралануы қажет. Артта қалған аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған аймақтық саясаттың табыстылығы көп жағдайда қаржылық қолдау көрсету нысандары мен шарттарына жауап беретін аймақтардың типологиясына таңдалынған тəсілдемеге байланысты болады. Қазақстанның облыстарын дəстүрлі түрде аумақтық-климаттық белгілері бойынша – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан жəне Орталық Қазақстан деп бөлінуі қаржылық көмек көрсету мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес келмейді. Бір топтағы əрбір облыстың əртүрлі табиғи, демографиялық, тарихи, мəдени жəне өзге де жағдайлар тəн, экономиканың əртүрлі құрылымы мен əртүрлі экономикалық əлеуеті бар, сондықтан проблемалары да əрқилы болып келеді. § 2.4 Аймақтардың типологизациясы Көптеген статистикалық ақпараттар талдауы əрбір аймақтың нарықтық жағдайға енуіне бастапқы мүмкіндіктер мен жағдайлар береді. Оларды бірыңғай жиынтыққа келтіру келесідей аймақтардың топтары мен даму басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералдық ресурстар бірегей қорына бай жəне ғылыми-өндірістік əлеуетін қарқынды дамытуда жеткілікті дəрежеде жоғары серпіні бар, республика экономикасын əлемдік шаруашылыққа жедел қарқынмен кіріктіруге қабілетті, бірақ басым түрде шикізат салаларын дамытуға бағытталған, ұтымсыз салалық құрылымы мен экономикалық жəне əлеуметтік жағынан артта қалған ауылдары бар, экологиялық жағ29

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

дайлары шиелініскен, ал жеке аудандарда өмір сүру ортасының дағдарыстық бұзылуы тəн аймақтар (Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары). Облыстардың бұл тобына келесідей проблемалар басым болып келеді:  көмiртектi жəне минералдық шикiзаттарды өндiру мен кешендi өңдеудiң жаңа технологияларын енгiзу базасында шикiзаттың стратегиялық түрлерiнiң (көмiртегi, хромит, калий тұздары, алтын, күмiс, мыс, қорғасын, мырыш, фосфат, борат, никель, кобальт жəне т.б.) бай кен орындарын қарқынды игеру;  əлемдiк стандарттарға сай отандық жəне шетелдiк инвесторлар үшiн инвестициялық қолайлы ахуалды айқындайтын жоғары дамыған өндiрiстiк, əлеуметтiк жəне нарықтық инфрақұрылымды жасау;  аномалиялы жоғары қысым жағдайларында жұмыс істейтін жаңа бұрғылама техникасын өндіру бойынша өндірістік базаны құру. Екінші топ ‒ жоғары ғылыми-өндiрiстiк əлеуетi бар, ауыр индустрия саласында маманданған, жоғары технологиялық ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстер құру үшiн жеткiлiктi дəрежеде экономикалық қолайлы жағдайы бар аймақтар. Бұл, негiзiнен, қаржылық ресурстармен өзiн-өзi қамтамасыз ете алатын, бірақ негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі, дағдарыстық экономикалық жəне экологиялық жағдайлары тəн облыстар. Бұл аймақтарға тұрақтандыру жəне техника-технологиялық ілгерілеудегі негізгі рөлді беруге болады. Оларға Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары жатады. Бұл аймақтардың экономикасын реформалаудың басым бағыттары:  техника-технологиялық iлгерiлеу жəне экспорттық əлеуеттi, соның iшiнде шетел инвестицияларын тарту жолымен қалыптастырудың базасы ретiнде iрi өндiрiстiк əлеуеттi одан ары құрылымдық қайта жаңарту;  қаржыландырудың жаңа сыртқы көздерiн жəне шетелдiк озық технологияларды пайдалану жолымен, технологиялар (электроника, ақпараттандыру, автокөлік жасау жабдықтары (Павлодар жəне Қарағанды облыстары), жаңа композиттiк, өте таза, өткiзгiштiгi жоғары материалдар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыс30

Аймақтық экономика 

тары) базасында жаңа ғылыми сыйымды өнiмдер, машиналар мен құрал-жабдықтар шығаруды ұйымдастыру;  нарық инфрақұрылымдарын дамытуды тездету;  олардың өндiрiсiнiң жандануы мен өсуiн қамтамасыз ететiн өнеркəсiптiң жетекшi салаларының iрi кəсiпорындарын басқарудың, соның iшiнде кəсiпорындарды шетелдiк жəне отандық фирмаларға басқаруға беру, шетелдiк консалтингтiк фирмалар мен мамандарды тарту жолымен жаңа ұйымдық нысандарын құру;  өндiрiстiк жəне əлеуметтiк инфрақұрылымдардың аумақтық ұйымдастыруының ұтымды деңгейiн қалыптастыру, тұтыну нарығының теңдестiру жөнiндегi материалдық базаны жасау болуы керек. Үшінші топ ‒ елдiң азық-түлiктiк қорын қалыптастыруда агроөнеркəсiптiк кешендері жетекшi болып табылатын аймақтар (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары). Олардың əлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттары мыналар:  ауылшаруашылық өндiрiсiн реформалау, меншiктiң əртүрлi нысандарын дамыту жөнiндегi бағытты жалғастыру;  ауылшаруашылық өнiмдерi өндiрiсiн тиiмдi мамандандыру;  ауылшаруашылық өнiмдерiнiң жоғары сапасын жəне экспортын көбейтудi қамтамасыз ететiн, соның ішінде жетекші ауылшаруашылық техникаларының лизинг жүйесін дамыту жолымен жаңа технологиялар мен техникаларды енгiзу жəне өндiрiс үдерісінде пайдалану;  аймақтық АӨК қызметiнiң əртүрлi салаларын дамытуда сəйкессiздiктi жою;  республиканың тұрақты азық-түлiк кешенiн қалыптастыру мақсатында ауылшаруашылық шикiзаттарын өңдейтін шағын кəсiпорындар мен оны сақтау жөнiндегi заманауи индустрияның кең желiсiн ұйымдастыру;  қажеттi өндiрiстiк жəне əлеуметтiк инфрақұрылымдар құру, ауылшаруашылығының жəне тұтыну нарығын теңдестiре дамыту мақсатында тұтыну заттарын өндiретiн өнеркəсiп салаларының материалдық-техникалық базаларын нығайту. Бұл топтағы жұмыс күші мол аймақтарда ауылшаруашылық шикiзаттарын өңдейтiн шағын кəсiпорындармен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу жəне 31

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

халықты жұмыспен қамту мəселесін жеңiлдету мақсатында шағын жəне орта бизнестi дамыту орынды болып табылады. Төртінші топ – төтенше əлеуметтiк-экономикалық, климатты жəне техника-технологиялық жағдайдағы, экономикалық маневр жасау мүмкiндiгi қатаң шектелген депрессиялық аймақтар. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы салдарынан экономикалық жəне əлеуметтiк дағдарыс шиеленiскен деңгейге жеткен, олар дағдарыстан өз күштерiмен шыға алмайды, сондықтан мемлекеттiк реттеу шараларын қажетсінеді (Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, бұрынғы Семей облыстары, Атырау жəне Маңғыстау облыстарының ауылды жерлері). Бұл топтағы аймақтарға мынадай проблемалар басым болып табылады:  экологиялық дағдарыстың тереңдеу үдерісін болдырмау;  жергiлiктi ресурстарды пайдалануды, сол жерде тұратын халықтың салты мен дəстүрiн ескерiп, шаруашылық кешенiн түбiрiмен қайта жаңғырту;  жекелеген ауылдық аудандардағы ауылшаруашылық шикiзаттарын өнеркəсiптiк ұқсатудың бастауыш буындарды құру;  қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығы үшiн аса қауiптi шағын жəне орта қалалардың, басқа да елдi мекендердiң, ауылдық аудандардың, республиканың басқа аймақтарына қоныс аударғысы келетiн тұрғындарына қажеттi жағдайлар жасау;  шетелдiк техникалық пен гуманитарлық көмектi тарту жəне оны тиiмдi пайдалану. Кейбір экономистер аймақтардың мұндай типологиясына əртараптандырылған экономикасы мен өспелі қаржылық секторы бар, елдің қаржылық жəне интеллектуалдық капиталдары шоғырланған «астаналық» типті субъектілерді – Алматы жəне Астана қалаларын атап көрсетеді. Табиғи жəне ауқымды техногенді апаттарға ұшыраған, сондықтан мақсаттық мемлекеттік қолдауға мұқтаж қолайсыз аймақтар бар. Мұндай аумақтарға Арал жағалауы мен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағы жатады. Топтастырудың мұндай критерийлеріне сүйене отырып, мемлекеттің аумақтық дамуының экономикалық тетіктерін саралауға жəне оның басты даму бағыттарын айқындауға болады. 32

Аймақтық экономика 

Топтастырудың критерийлері өте көп, олар алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты анықталынады. Мəселен, жалпы аймақтық өнім, жұмысбастылардың саны жəне олардың біліктілік сипаттамасы, табиғи-шикізаттық ресурстармен қамтамасыз етілуі, аймақтың қаржылық ресурстары жəне т.б. секілді маңызды критерийлер бойынша аймақтарды топтастыруға болады. Сондай-ақ, облыстарды жан басына шаққандағы табыс деңгейі, күнкөріс минимум деңгейінен төмен (жоғары) өмір сүретіндердің саны, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, денсаулық сақтау жəне білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілуі жəне т.б. əлеуметтік көрсеткіштерге сүйене отыра, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапа критерийлері бойынша топтастыруға болады. Аймақтарды топтастырудың барынша кеңінен қолданысқа енген критерийлері [9] төменде көрсетілген (1-сурет). Əртүрлі аумақтық-салалық маманданған, өзіндік даму жəне өзіндік қаржыландыру үшін əртүрлі мүмкіндіктері бар Қазақстанның аймақтары өз қызметін реттеуде əртүрлі мемлекеттік тəсілдерді қарастырады. Реттеудің белгілі экономикалық əкімшілік құралдарын қолдана отырып, халық пен барлық аймақтардың бизнестеріне əлеуметтік игіліктерге теңдей қол жетімділік пен өзіндік даму үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ұмтылуы керек. § 2.5 Аймақтық саясатты іске асыру тетіктері Аймақтық саясатты іске асыру тетігінің маңызы зор. Тетікті құрудың бастапқы алғышарттары, біріншіден, мемлекет аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуына реттеу ықпалын мемлекет аумақтағы барлық субъектілердің тіршілік қызметі мен шаруашылық жүргізуін құқықтық регламентінің жүйесі арқылы, сонымен қатар ел экономикасын реформалау бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан белгіленген іс-шарадан кіріктірілген аймақтық нəтижесін жəне олардың аумақтың əлеуметтікэкономикалық кешенді даму мүдделеріне сəйкестігін есепке алу қажет. Екіншіден, қалыптасатын тетік аймақтардың ерекшеліктерін ескеретін, сараланған, икемді болуы тиіс, стратегиялық жəне тактикалық міндеттерді шешуге себін тигізуі қажет. Өзге сөзбен, ол аймақтық саясаттың əртүрлі аспектілеріне тікелей жəне жанама əдістері арқылы мемлекеттің ықпал етуін білдіреді. 33

34 ɠɨԑɚɪɵ ԑɵɥɵɦɢԧɧɞɿɪɿɫɬɿɤ ԥɥɟɭɟɬɿ ɛɚɪ

ɨɛɥɵɫɬɚɪ

ɟɥɞɿ ɦɟɤɟɧɞɟɪ, ɚɭɵɥɞɚɪ

ԕɚɥɚɥɚɪ

ɚɭɵɥɲɚɪɭɚɲɵɥɵԕ

ɦɚɲɢɧɚ ɠɚɫɚɭ

ɦɟɬɚɥɥɭɪɝɢɹɥɵԕ

ɬɚɭ ɤɟɧ ԧɧɞɿɪɿɫɿ

Ԧɧɞɿɪɿɫɬɿɤ ɦɚɦɚɧɞɚɧɭ ɛɚԑɵɬɬɚɪɵ ɛɨɣɵɧɲɚ

1-ɫɭɪɟɬ – Ⱥɭɦɚԕɬɵԕ ɠԛɣɟɧɿԙ ɚɣɦɚԕɬɵԕ ԕԝɪɵɥɵɦɵ

ɬԧɬɟɧɲɟ ɬɚɛɢԑɢɤɥɢɦɚɬɬɵԕ ɠԥɧɟ ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤɷɤɨɧɨɦɢɤɚɥɵԕ ɠɚԑɞɚɣɞɚԑɵ ɚɣɦɚԕɬɚɪ

ɚɝɪɚɪɥɵԕ-ԧɧɟɪɤԥɫɿɩɬɿɤ ԥɥɟɭɟɬɿ ɛɚɪ

ɛɿɪɟɝɟɣ ɬɚɛɢԑɢ ɪɟɫɭɪɫɬɚɪɵ ɛɚɪ

ԥɤɿɦɲɿɥɿɤ-ɲɚɪɭɚɲɵɥɵԕ ԕԝɪɵɥɵɦɞɚɪ

ɚɭɞɚɧɞɚɪ

ɗɤɨɧɨɦɢɤɚɥɵԕ ԥɥɟɭɟɬɿɧɿԙ ɞɟԙɝɟɣɿ ɛɨɣɵɧɲɚ

Ԕɵɡɦɟɬɬɿɤ ɪԧɥɿ ɠԥɧɟ ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ-ɷɤɨɧɨɦɢɤɚɥɵԕ ɦɚɡɦԝɧɵ ɛɨɣɵɧɲɚ

ɬԧɦɟɧ ɞɟԙɝɟɣɞɟ ԕɚɦɬɚɦɚɫɵɡ ɟɬɿɥɝɟɧ

ɨɪɬɚɲɚ ɞɟԙɝɟɣɞɟ ԕɚɦɬɚɦɚɫɵɡ ɟɬɿɥɝɟɧ

ɠɨԑɚɪɵ ɞɟԙɝɟɣɞɟ ԕɚɦɬɚɦɚɫɵɡ ɟɬɿɥɝɟɧ

Ԧɡɿɧɞɿɤ ɞɚɦɭ ԕԝɪɚɥɞɚɪɵɦɟɧ ԕɚɦɬɚɦɚɫɵɡ ɟɬɿɥɭɿ ɛɨɣɵɧɲɚ

ȺɃɆȺԔɌȺɊȾɕ ȿɊȿɄɒȿɅȿɍ ɄɊɂɌȿɊɂɃɅȿɊȱ

ɤԛɪɞɟɥɿ

ԕɚɪɚɩɚɣɵɦ

Ʉɟɲɟɧɞɿɥɿɤ ɠԥɧɟ ɞɚɦɭ ɞɟԙɝɟɣɿ ɛɨɣɵɧɲɚ

Аймақтық экономика 

Аумақтық дамудың экономикалық тетігінің саралану деңгейі келесідей болады. Өнеркəсіптің негізгі сала өнімдерін өңдеуге маманданатын минералды ресурстардың стратегиялық түрлері бар аймақтар (бірінші топ) үшін, сондай-ақ, əскери-өндірістік кешеннің кəсіпорындары орналасқан жоғары ғылыми-өндірістік əлеуеті бар аймақтар (екінші топ) үшін экспортқа бағытталған өнімдерді шығару мен тұтынылатын тауарлардың өсуін қамтамасыз ететін кəсіпорындардың техникалық-технологиялық қайта қаруландыруымен қоса, мемлекеттік реттеу əдістері аймақ экономикасын құрылымдық қайта құру үшін жағдай жасау мен жəрдемдесуіне бағдарлануы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу əдістері салық жеңілдіктері арқылы шетел инвестицияларын, ең алдымен, қысқа мерзім ішінде əлемдік деңгейге шыға алатын, экономиканың барлық салаларын өндірістік аппараттарын техникалық-технологиялық қайта қаруландыруға, жалпы аймақтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамытуға, сыртқы сауданың дамуы үшін жағдай жасауға жəне елдің негізгі индустриалды əлеуетін сақтай отырып, ірі кəсіпорындарды жекешелендіруге қатысатын салаларға тартылуына көмектесуі тиіс. Бірінші жəне екінші топтағы аймақтардың экономикасын реформалау үдерістерін мемлекеттің реттеу əдістеріне басты салалар бойынша амортизациялық жеңілдіктер, құрылымдық қайта құруды ынталандыратын салық несиелерін де жатқызуға болады. Елдің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақтар үшін экономикалық тұтқа мен ынталандыруды шағын жəне орта бизнестің дамуын жеделдетуге бағындыру орынды болып табылады, ол қосымша жұмыс орындарын ашуға мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуін арттыруына, техникалық көмек көрсету орталықтарын, көтерме азық-түлік нарығын, сауда үйлері мен биржаларын, маркетинг қызметтерін, лизингтік компанияларды ұйымдастыруға, кəсіпорындар мен меншіктердің əртүрлі нысанындағы ұйымдардың агроөнеркəсіптік интеграциясының жаңа тиімді нысанын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экологиялық апатты жəне экономикалық артта қалған облыстардың төртінші тобы үшін, сондай-ақ, депрессиялық шағын жəне орта қалалар мен шалғай аудандар үшін, бірінші кезекте, экономиканы көтеру мен халыққа əлеуметтік қолдау көрсету, экологияны 35

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

жақсарту мен əлеуметтік-экономикалық даму бойынша белгілі бір жобаларды жəне мақсаттық кешендік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті көмек көрсетуге, сонымен қатар шетелдік техникалық жəне ізгілікті көмек тартуға бағытталатын мемлекеттік реттеу əдістері басым болып қала береді. Аймақтық дамуға мемлекеттік ықпал ету əдістері, ең алдымен, құрылымдық қайта құру үшін жағдай жасау, импорт алмастырушы жəне экспортқа бағытталған өнімдерді арттыру мақсатында кəсіпорындарды қайта жабдықтандыруға бағдарлануы тиіс. Аталған əрбір облыстарда аймақтық саясатты жүзеге асыру кезінде қолданылатын экономикалық тұтқа мен ынталандыру түрлерін халыққа көрсетілетін əлеуметтік қызметтер, экологиялық, табиғи-ресурстық факторлар, қаржылық-экономикалық жағдайлар жəне т.б. есебінен түрлендіруге болады [10, 40 б.]. Аймақтық саясатты іске асырудың маңызды құралдары:  экономиканы дамыту, əлеуметтік мəселелерді шешуде жалпы мемлекеттік пен жергілікті аумақтық мүдделердің үйлесімділігін жəне интеграциясын қамтамасыз ететін аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуының жəне Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін ұзақмерзімге орналастырудың кешенді болжамы;  болжамда белгіленген мақсаттарды бірте-бірте сатылай іске асыруға бағытталған мемлекет, жеке аймақтар мен жеке салалар деңгейінде дайындалатын индикативтік жоспарлар жүйесі;  ірі ауқымды аймақаралық мəселелерді шешуге бағытталған жалпы мемлекеттік бағдарламалар;  экологиялық тұрғыда қолайсыз депрессиялық шағын жəне орта қалалар мен шалғай аймақтарды қоса алғанда, нақты аймақтар дамуының барынша өткір мəселелерін шешу бойынша мақсаттық бағдарламалар;  табиғи жəне экономикалық əлеуеттерді барынша толық пайдалану, сəйкес аймақтарды жедел дамыту үшін жасалынатын сəйкес заңи, институционалдық жəне əдіснамалық тұрғыда қамтамасыз етілген арнайы экономикалық аймақтар болып табылады. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің аймақтық дамуы үшін:  орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметі аумақтық 36

Аймақтық экономика 

шаруашылықтың барлық субъектілерінің, орталық жəне жергілікті атқарушы органдарының заңи, құқықтық жəне нормативтік актілерін дайындау;  аумақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;  тұру орнына тəуелсіз республика халқы үшін өмір сүрудің белгілі бір ең төменгі деңгейінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;  аймақаралық жəне жалпы республикалық сипаттағы (Арал жағалауын, Каспий маңы аймағын, Семей полигоны аймағын, артта қалған ауыл аймақтарын дамытуға) аумақтық мəселелерді шешу;  ел экономикасы үшін айрықша маңызы бар аумақтардың басымды дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Аймақтық дамуды реттеуге мемлекеттің қатысуы бюджеттен қаржыландырылатын мақсаттық кешендік бағдарламаларды, мультипликативтік сипаттағы жеке құрылым құраушы инвестициялық жобаларды, жалпы мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнімдерді жеткізуде тапсырыстарды орналастыруды жəне т.б. жүзеге асыруынан тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың реттеу қызметтері:  экологиялық аспектілерді ескерумен теңгерімді əлеуметтікэкономикалық дамыту;  жергілікті шаруашылықты ұйымдастыру, халыққа əлеуметтік-мəдени қызмет көрсету жəне халықты əлеуметтік қорғау;  табиғатты қорғауды ұйымдастыру;  табиғи, еңбек пен өзге аймақтық ресурстарды ұтымды жəне тиімді пайдалану;  тең жағдайда меншіктің барлық нысанын қолданумен, шетел инвесторларын тартумен кəсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасау;  аймақтардың дамуының индикативтік жоспарына жəне ұзақмерзімді болжамдарға ұсыныстар дайындау;  мақсаттық бағдарламаларға, аймақ үшін маңызды жобаларды мемлекеттік қолдау түрлеріне ұсыныстарды реформалау. Муниципалдық меншіктегі кəсіпорындарға қатысты аймақтық органдар тарапынан тікелей реттеу жүзеге асады. 37

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Аймақтық саясатты іс жүзінде іске асырудың маңызды аспектісі бюджеттік жүйе деңгейлерінің өзара əрекеті болып табылады. Себебі республикалық жəне жергілікті бюджеттерді құру мен атқару кезінде аймақ аумақтарында құрылатын қаржылық ресурстар жеткілікті түрде ескерілмейді, аймақтың жинақ теңгерімін дайындау мен оның мемлекеттік бюджетпен сəйкестігінің объективтік қажеттілігі туындайды. Бұл бюджет түрлері бойынша салықтар мен табыстарды негізді түрде бөлуге мүмкіндік береді. Шығындар бойынша қолданыстағы жалпы мемлекеттік нормативтер мен коэффициенттерді міндетті түрде қолданудың тəжірибесін қайта қарастыру (акциздер, заңды тұлғалардың табыс салығы, қосылған құн салығы бойынша, тек бір реттеуші табысты – жеке тұлғалардан табыс салығын қалдыру) жəне ұзақмерзімді нормативтер негізінде бюджеттер арасында табыстарды бөлуге өтуді іс жүзінде бастаған орынды. Алдағы жылдарға жергілікті бюджетті құру əлеуметтік-мəдени объектілерді кəсіпорын меншігінен жергілікті атқарушы органдар теңгеріміне өтуімен байланысты құралдарды пайдаланудың жаңа баптары мен бағыттардың пайда болуымен, сонымен қатар құрылымдық түрлендірулердің жандануымен жəне осы əлеуметтік мəселелерді шешумен байланысты. Мұндай жағдайда əлеуметтік кепілдіктердің қызмет ету жүйесіне жəне аймақтарды тиісті қаржылық тұрғыда қамтамасыз етілген нормативтерге өту қажеттілігі күшейе түседі. Нарықтық қатынастардың дамуымен аймақтық саясат үшін республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тиімді өзара əрекеті аса маңызға ие бола бастады. Оның негізгі бағыттары:  біріншіден, реттелетін салық санын қысқаруы жəне бекітілген салық есебінен жергілікті бюджеттердің негізгі бөлігін құру;  екіншіден, республикалық жəне жергілікті бюджет арасындағы трансферттерді қайта ұйымдастыру, салық тұру орнынан республикалық бюджет табысына түсіп, кейін осы аймақтарға субвенция ретінде қайтып келу тəжірибесінен бас тарту;  үшіншіден, аймақтарға орталықтандырылған көмектің атаулығын қамтамасыз ету, оның мақсатты қолдануына бақылау тетігін дайындау;  төртіншіден, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған көмектің көрсетілу нысанының əртараптандырылуы, аймақтың 38

Аймақтық экономика 

ерекшеліктерін ескерумен, білім беру, денсаулық сақтау, халықты əлеуметтік қорғау салаларына мақсаттық субвенцияларды тəжірибеге енгізу;  бесіншіден, экономикалық артта қалған аймақтар, сонымен қатар дағдарысты шағын жəне орта қалалар, шалғай ауылды аудандарға, арнайы экономикалық зоналарға олардың дамуын жеделдету мақсатында (салық, кеден жəне басқалары) айрықша тəртіп енгізу;  алтыншыдан, республикалық жəне жергілікті бюджеттер арасында қаржылық ағындардың негізгі бөлігін бюджетаралық қатынастарды реттеудің нормативтік-есеп айырысу əдісін қолданысқа ендіру;  жетіншіден, реттеуші табыстардан жоғары тұрған бюджетке түсетін аударымдардың жылдық нормативтерінің тұрақты мөлшерлемесін белгілеу болып табылады [8]. Кез келген нысанда аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу аймақтарды «теңестіруге» бағытталған. Реттеу үдерісі басты мақсаты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болатын аймақтық жүйелердің теңгерімді жəне тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған əрекеттер болып табылады. «Аймақтық даму» ұғымы аймақтық экономикалық жүйенің ұдайы өндірісінің үдемелі үдерісін, экономикалық жəне əлеуметтік даму, экологиялық тепе-теңдігі арқылы сол аумақта тұрып жатқан халықтың өмір сүрудің лайықты деңгейі мен сапасын қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл үдеріске тұрақтылық, кепілдік бейнесін «тұрақты» аймақтық даму ұғымы береді. Ол біріншіден, əлеуметтік, экономикалық жəне экологиялық салалардың өзара байланысын білдіретін осы үш саланың түйісуінде орындалады. Екіншіден, олардың əрқайсысы тұрақты жүйе ретінде қарастырылады. Əйтпесе, əлеуметтік салада тепе-теңдіктің болмауы еңбек қабілеттілігінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етпейді жəне ауыр əлеуметтік салдарға алып келуі мүмкін: экономикалық салада экономикалық дағдарысқа, экологиялық салада экологиялық ортаның жергілікті ластануына, дертке шалдығу ықтималдылығының артуына, жануарлардың қырылуына жəне т.б. алып келуі мүмкін. Стратегиялық жоспарлау жəне стратегиялық басқару – қазіргі менеджменттің тəжірибеден өткен əдістері. Тəжірибе стратегиялық жоспарлауды өнеркəсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік сала39

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ларында қолдану қажеттілігімен қатар, коммерциялық қызмет, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында сəтті қолданылатындығын көрсетті. Стратегиялық жоспарлауды аймақ дамуын басқаруда қолдану барынша өнімді бола бастайды [11,15 б.]. Даму мақсаттарын анықтау

Аймақтың даму əлеуетін

Тиімділік пен нəтижелілікті талдау, мақсаттар мен

Қолда бар жəне жаңа жергілікті

Нақты іс-əрекеттер мен стратегияны жүзеге асыру

Даму тұжырымдамасын дайындау

2-сурет – Аймақтың дамуын стратегиялық жоспарлау циклы

Стратегиялық жоспарлау аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын дайындау кезінде ғана емес, сонымен қатар аймақтарда дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде табысты қолданылуы мүмкін. Қазақстан аймақтарының объективті əлеуметтік-экономикалық дамуының əркелкілігі, олардың деңгейі мен мүмкіндіктерінің əртүрлі болуы тəн. Жəне əрбір аймақтың өзінің мəселелер жиынтығы бар, дегенмен де, олардың əрқайсысы проблемалық аймақтар қатарына жатпайды. Аймақтық экономика теориясында ерекше аумақтар ғана проблемалық аймақтар деп аталады. Ресей Федерациясының РҒА Сібір бөлімінің Экономика институтымен Ресейдің аймақтық саясатында қолданылатын аймақтық дамудың басты негізге алынатын мəселелер бойынша ресейлік аймақтардың типологиясы дайындалды. 4 негізге алынатын мəселелер қарастырылды жəне олардың негізінде аумақтар топтастырылды: экономикалық (артта қалған, депрессиялық, дағдарысты, дамыған, дамушы), геосаяси (шекара маңындағы), этникалық (жанжалды), экологиялық (апатты, техногенді салдары бар, ерекше қорғалатын аймақтар). Негізге алынатын мəселелердің ішінде экономикалық мəселелерге назар барынша көп бөлінеді. Проблемалық аймақтар кез келген мемлекеттің аумағында болады. 40

Аймақтық экономика 

Проблемалық аймақ – өзінің əлеуметтік-экономикалық мəселелерін дербес түрде шеше алмайтын немесе өзінің жоғары əлеуетін іске асыра алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды қажет ететін аумақ болып табылады [6, 17 б.]. Проблемалық аймақтардың ішінен келесідей аймақтарды атап көрсеткен жөн: артта қалған, депрессиялық жəне дағдарысты аймақтар. Бұл аймақтар басты экономикалық белгі – олардың экономикалық даму динамикасы бойынша ерекшеленеді. Сонымен, дағдарысты аймақ – бұл табиғи (жер сілкінісі, сел, көшкін) немесе техногенді апаттардың (АЭС бұзылуы, су қоймаларының таяздануы жəне т.б.) қиратушы əсеріне ұшыраған аумақ, сонымен қатар өткір қоғамдық-саяси немесе этникалық жанжалдық жағдайлар үшін негіз бар аймақтар. Бұл себептер құрылған өндірістік-техникалық əлеуеттердің бұзылуын жəне халықтың мəжбүрлі жаппай эмиграциясын туындатады, салдары ретінде елде қайтымсыз саяси жəне əлеуметтік деформациясын туындатуы мүмкін. Бұл жерде мемлекет үшін негативті салдарды болдырмау үшін сəйкес мемлекеттік шаралар қажет. Артта қалған немесе əлсіз дамыған аймақтар – елдің жалпы аймақтарымен салыстырғанда өмір сүрудің дəстүрлі түрде төмен деңгейі бар аймақтар. Жан басына шаққандағы ЖАӨ көлемі, табыс көлемі, кедейшілік коэффициенті жəне басқа маңызды экономикалық индикаторлар бойынша олардың көрсеткіштері төмен, бұл аймақтағы шаруашылық қызметтің төмен қарқындылығы мен тиімсіздігінен, аймақтық экономиканың салалық құрылымының əртараптандырылмауынан, əлсіз ғылыми-техникалық əлеует жəне төмен деңгейде дамыған əлеуметтік сала əсерінен туындаған. Артта қалған аймақтарды ерекшелеу үшін бірқатар сандық критерийлер қолданылады. Алайда, қандай да бір аймаққа «артта қалған» дəрежесін беру туралы ақырғы шешім саяси тұрғыда болуы тиіс. Бұл жерде мемлекет осы аймақтарға аймақтық шаруашылықтың даму жағдайын жəне елдің басқа аймақтарынан артта қалуын қысқарту үшін əлеуметтік саланы қамтамасыз етуге шынайы қолдау көрсететін саясат дайындауы қажет. Депрессиялық аймақтар артта қалған аймақтардан артықшылығы елдегі заманауи орташа əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша төмен болған кезде де, өткен кезеңдерде бұл аймақ41

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

тар дамыған аймақ жəне қоғамдық ұдайы өндірісте лайықты орынға ие болған аймақтар. Олардың жеткілікті түрде жоғары өндірістікэкономикалық əлеуеті, сəйкес біліктілікті еңбек ресурстары болған. Бірақ уақыт өте келе, негізгі өнімге сұраныстың төмендеуі, бəсекеге қабілеттілігінің төмендеуі, негізгі қорлардың төмен жаңаруынан негізгі капиталдың ескіруі, табиғи ресурстардың сарқылуы жəне т.б. секілді қандай да бір себептермен, бұл аймақтар өздерінің салыстырмалы жəне абсолютті артықшылықтарын жоғалтты жəне өзінің депрессиялық жағдайларынан шығу үшін қажетті жағдайлары жоқ. Бұл жерде де мемлекеттің қолдауы керек, экономиканы əртараптандыру, өндірісті жаңғырту, шағын жəне орта бизнесті ынталандыру, аймақтық инвестициялық климатты жақсарту жəне т.б. қажетті шаралар қажет. Проблемалық аймақтарға жоғарыда аталған дағдарысты, артта қалған, депрессиялық қана емес, сондай-ақ дамыған жəне дамушы аймақтар жатады, себебі бұл аймақтар өзінің бай табиғи-ресурстық əлеуетін өз күштерімен игеруге қабілетті болмағандықтан, мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Осы проблемалық аймақтарды мемлекет қолдау үшін едəуір шығындарды жəне инвестициялық ресурстарды, уақытты қажет етеді, жеке жəне шетел инвестицияларын, аймақтағы нақты кəсіпорындарға іріктемелі демеуқаржыларды тарту жəне ынталандыру əдістері, салық жəне несиелік жеңілдіктер қолданылады. Проблемалық аймақтардың дамуының басты жолы – бұл олардың дербес дамуы үшін өзіндік əлеуетті жəне өзіндік бəсекелестік артықшылықтарды қолдану негізінде тиімді жағдайлар жасау. Нақты критерийлер бойынша аймақтарды топтастыру ұқсас мəселелері бар аймақтардың типтерін қалыптастыру аймақтық тұтыну нарығын қажетті тауарлармен, аймақ халқының тіршілігін жəне өндірістің даму деңгейі қамтамасыз етілгендігін анықтауға, сонымен қатар оларды реттеу жəне дамыту бойынша қажетті экономикалық шаралардың кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бақылау сұрақтары 1. Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының мақсаты. 2. Аймақтық саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттерін атаңыз. 3. Минералдық ресурстар бірегей қорына бай аймақтар (І топ) тобының негізгі басты мəселелері қандай? 4. Еліміздің азық-түлік қорын құрайтын салалар қандай топты құрайды? 5. Қандай аймақтар проблемалы аймақтарға жатады?

42

Аймақтық экономика 

ІІІ тарау. КЕҢІСТІК ЭКОНОМИКА: ӨНДІРІСТІК КҮШТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

§ 3.1 Өндірістік күштерді орналастырудың жалпы заңдылықтары Табиғи ресурстар, халық, өндіріс, инфрақұрылым жəне т.б. секілді экономиканың жеке объектілері немесе жинақталған өндірістік күштері мемлекет аумағында əркелкі орналасуы мүмкін. Алдыңғы бөлімде айтылғандай, аймақтық экономиканың ғылым ретіндегі басты міндеті мемлекет шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдіру, оның өндірістік күштерін ұтымды орналастыру жолдарын іздеу болып табылады. Бұл міндеттерді шешу мемлекет аумағында экономика объектілерін (өндірістік объектілерді) орналастыру факторлары мен қағидаттарын, заңдылықтарын анықтау болып табылады. Өндірістік күштерді орналастыру заңдылықтары өз алдына экономикалық даму сатысымен, ғылыми-технологиялық прогреспен, экономикалық ұтымдылық талаптарымен қамтамасыз етілетін өндірістік күштерді орналастыруда өзара байланыс пен жалпы үрдістерді білдіреді. Маңызды заңдылықтардың қатарына келесілер жатады: ‒ өндірісті ұтымды орналастыру; ‒ экономикалық аудан шаруашылығының кешенді дамуы; ‒ аймақтардың жəне олардың аумақтары шегі арасында еңбекті ұтымды аумақтық бөлу; ‒ аймақтардың экономикалық жəне əлеуметтік даму деңгейін теңестіру. Өндірісті ұтымды орналастыру өндіріс тиімділігін арттыру жəне шығындарды үнемдеуді, нақты аумақта мүмкіндігі бойынша дайын өнім өндірісіне дейін барлық сатысын орналастыруды қамтамасыз етуді білдіреді. Табиғат ресурстары мемлекет аумағында əркелкі орналасқан, сондай-ақ, қор мөлшері, кен орындарының тау-геологиялық жағдайлары жəне т.б. бойынша секілді өзіндік 43

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ерекшеліктері тəн болғандықтан, көлік жағдайлары жəне онымен байланысты тасымалдау құнының маңызы арта түседі. Осыған байланысты өндірісті ұтымды орналастыру тым алыс тасымалдауларды қысқартуды жəне материалды көп қажет ететін өндірістерді шикізат көзіне жақындатуды, ал отын-энергетикалық өндірістерді энергия көздеріне жақындатуды қажетсінеді. Өндірісті ұтымды орналастырудың басқа бір маңызды жағдайы өндірісті кооперациялау жəне құрамдастыру, қалдықсыз технологияларды қолдану болып табылады. Бұл жерде табиғи ресурстарды сақтау жəне қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ету керек. Экономикалық аудан шаруашылығының кешенді дамуы мемлекет үшін маңызы бар өндіріс салаларының үйлесімін, олардың өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен (көлік, байланыс, тұрғын үй қоры қызмет көрсету аясындағы кəсіпорындар) үйлесуін, яғни біртұтас аймақтың аумақтық шаруашылық жүйесін құруды білдіреді. Экономикалық аудан шаруашылығының кешенді дамуы кеңестік экономикалық ғылымында «аумақтықөндірістік кешен» ұғымы арқылы көрініс алатын. Ол экономикалық жəне технологиялық тұрғыда байланысты салалар кəсіпорындары мен өндірістің пропорционалды үйлесімдігін білдіретін. Сонымен қатар, əсіресе соңғы жылдары, аймақтың кешенді дамуын талдауында олардың аумағында өндірістік, əлеуметтік-мəдени бағыттағы объектілерді салу үлкен маңызға ие болуда. Бұл экономикалық дамуының əлеуметтік бағытын күшейту қажеттілігімен байланысты. Заманауи ұғымда, аумақтық-өндірістік кешен – технологиялық тұрғыда байланысты əртүрлі өндірістердің өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымның ортақ объектілерімен үйлесімділігі. Аумақтық-өндірістік кешеннің аймақаралық, ұлттық жəне əлемдік нарық ауқымында өндірістік мамандануы болады. Аумақтық-өндірістік кешен табиғи ресурстарға бай жаңа аумақтарды шаруашылық игерудің қарапайым нысаны болып табылады. Мысал ретінде Павлодар-Екібастұз, Кенді Алтай, Қаратау-Жамбыл өндірістік-аумақтық кешендері бола алады. Аймақтардың жəне олардың аумақтары шегі арасында еңбекті ұтымды аумақтық бөлінуі əрбір аймақтың оған тəн ерекше экономикалық, табиғи-ресурстық жəне тарихи жағдайлар негізінде мамандануын қалыптастыру, басқа аймақтармен тығыз байланыс 44

Аймақтық экономика 

орнату, өндірістің тиімді аймақішілік мамандануын орнатуды білдіреді. Аймақтардың экономикалық жəне əлеуметтік даму деңгейін теңестіру əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени артта қалушылықты еңсеруді, мемлекеттің жеке аймақтарындағы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуды білдіреді. § 3.2 Өндірістік күштерді орналастырудың қағидаттары мен факторлары Өндірістік күштерді орналастыру қағидаттары өз алдына өндірісті кеңістік бөлудің, шаруашылық əдістерінің нақты көрінісін білдіреді. Олар мемлекеттің экономикалық саясаттың бастапқы, негізгі ережелері ретінде болады. Өндірістік күштерді орналастырудың негізгі қағидаттарына төмендегілер жатады:  өндірістің шикізат, отын, энергия жəне тұтыну аудандарына жақындауы;  табиғат ресурстарының барынша тиімді түрлерін бірінші кезекте игеру жəне кешенді қолдану;  экологиялық жағдайдың сауығуы, табиғатты қорғау жəне табиғатты ұтымды пайдалану бойынша тиімді шараларды қабылдау;  халықаралық еңбек бөлінісінің пайдасын пайдалану, қиыр жəне таяу шетел мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды дамыту [11, 40-44 б.]. Өндірістің шикізат, отын, энергия жəне тұтыну аудандарына жақындауы қағидаты көлік шығындарын қысқарту, еңбек шығындарын жалпы жəне өндірістің барлық сатылары бойынша төмендетуге ұмтылуды білдіреді. Мəселен, түсті металлургия немесе химиялық өнеркəсіп салалары секілді энергияны көп қажет ететін өндірістердің отын жəне энергия көзіне жақындауы маңызды. Материалды көп қажет ететін өндірістерді (өнім бірлігіне шикізаттың үлкен көлемі) – металлургия немесе ауыр машина жасауды орналастыруды шикізат көздеріне жақын жерде жүзеге асыру қажет. Шикізат көздеріне жақын болатын өндірістерге, ең алды45

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

мен, өндіру өнеркəсібінің салалары жатады: мұнай, көмір, газ, темір кендерін жəне түсті металл кендерін өңдеу. Сондай-ақ олардың қатарына кейбір қайта өңдеу өнеркəсіптерін жатқызуға болады: қара металлургия, минералды тыңайтқыштардың өндірісі. Қайта өңдеу секторының басқа салалары – тамақ жəне жеңіл өнеркəсіптері тұтыну аудандарына жақындайды. Жеңіл өнеркəсіпті еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген аймақтарда, ал ғылымды көп қажет ететін салаларды білікті еңбек ресурстары бар аудандарда орналастырған тиімді. Табиғат ресурстарының барынша тиімді түрлерін бірінші кезекте игеру жəне кешенді қолдану қағидаты бағдарламалықмақсаттық жəне аумақтық-өнеркəсіптік кешендерді құру үшін негіз бола алады, мысалы Батыс Қазақстанда – мұнай-газ, ал Шығыс Қазақстанда – металлургиялық аумақтық-өнеркəсіптік кешендер. Экологиялық жағдайдың сауығуы, табиғатты қорғау жəне табиғатты ұтымды пайдалану бойынша тиімді шараларды қабылдау қағидаты аймақтарда табиғатты пайдалануды басқаруын жетілдіруді, аймақтық дамудың экологиялық жəне ресурстық мəселелерді шешуінің кешенді жүйесінің қажеттілігін білдіреді. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа тигізген зардап үшін, экологиялық тұрғыда лас өнімдерді өндіргендігі үшін жауапкершілікті күшейту заманауи жағдайда барынша өзекті болуда. Табиғат пайдалануын басқаруды жетілдіру мəселелері Батыс, Орталық жəне Шығыс Қазақстан аймақтарында ерекше маңызы бар, бұл аймақтарда мұнай, газ, металл жəне т.б. ауқымды шикізат өндіруімен ілесе жүретін топырақтың, судың, атмосфералық ауаның ластануы жүріп жатыр. Қазақстандық экономиканың өндіруші өнеркəсіптің басымды дамуының бірбеткейлік бағдары қоршаған ортаға, халық денсулықтарына теріс əсерін тигізеді, экономиканың тұрақтылығын төмендетеді. Сондықтан табиғат пайдаланудың əртараптандыру қағидатын ұстану, қалдықтардың міндетті кəдеге жарату жəне бұзылған экожүйені жаңғырту маңызды, бір сөзбен айтқанда, кез келген өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне ұмтылу керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің пайдасын пайдалану, қиыр жəне таяу шет елдерімен экономикалық байланыстарды дамыту қағидаты шет елдерімен, əсіресе, көрші мемлекеттердің шекаралас аймақтармен ынтымақтасу мүмкіндігі мен қажеттілігін есепке ала отырып, өндірістік күштерді орналастыруын білдіреді. Бұл өндіріс46

Аймақтық экономика 

ті шикізат көздеріне жəне тұтыну аудандарына жақындастыра отырып, көлік шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Мəселен, екі мемлекет үшін Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс жəне шығыс аймақтарының Ресейдің оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аймақтарымен ынтымақтастығы өзара тиімді болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісі, əсіресе, ұлттық экономиканың өзара байланысы мен өзара тəуелділігінің күрт күшеюінің заманауи жағдайында, өзге елдің ресурстарымен ұтымды үйлесімділігі негізінде мемлекеттің өндірістік ресурстарын пайдалану тиімділігі артады. Өндірістік күштерді орналастыруда үлкен қалалардың өсуін реттеу, шағын жəне орта қалалардың дамуын белсендіру жəне т.б. қағидаттарды ескеру қажет. Мемлекет экономикасы дамуының əрбір уақытша сатысы өзіне тəн өндірістік күштерді орналастырудың қағидаттары бар. Жоғарыда аталған қағидаттар өзара тығыз байланысты жəне шаруашылықтың кез келген саласын орналастыру кезінде олардың барлық жиынтығын ескеру керек. Əрбір фактордың тиімділілік құнын нақты есептеумен ғылыми негізделген қағидаттарды ескеру жеке өндірістің, салаларды немесе сала топтарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан барынша оңтайлы нұсқаны таңдау үшін орналастыру қағидаттары мен салыстырмалы экономикалық тиімділік жиынтығы ескерілген орналастыру моделінің бірнеше нұсқаларын құру қажет. Өндірістік күштерді орналастырумен байланысты мəселелерді дұрыс шешу анықталынған жалпы заңдылықтар мен қағидаттар негізінде ғана емес, сондай-ақ, шаруашылықтың жеке салаларын нақты аумақтық орналасуына əсер ететін көптеген факторларды есепке алуы негізінде мүмкін болады. Орналастыру факторлары – бұл шаруашылық объектісін, объектілер тобын немесе саланы орналастыру орнын таңдауын алдын ала анықтайтын жағдайлар жиынтығы. Олар белгілі бір экономикалық аудан жəне жалпы мемлекеттің шаруашылық құрылымын аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруға жағдай жасайды. Өндірісті орналастыруға əсер ететін факторларды келесідей топтарға біріктіруге болады:  табиғи – аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары жəне табиғи ресурстар;  экономикалық ‒ географиялық жəне экономикалық – эконо47

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

микалық жəне ғылыми-техникалық даму деңгейі, аймақтың өндірістік инфрақұрылымының даму деңгейі;  демографиялық – аймақтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;  аймақтың əлеуметтік инфрақұрылымының жағдайы. Өнеркəсіптің жеке салаларын, ауылшаруашылығын, көлікті орналастыруда факторлардың барлық топтарының жиынтығын ескеру қажет, бірақ өндірістің жеке салаларын орналастыруына айрықша əсер ететін факторларды атап көрсеткен жөн. Өндіру өнеркəсібінің салаларын орналастыру кезінде ресурстардың экономикалық бағасы ерекше маңызды: белгілі бір ресурстардың тау-геологиялық жағдайы, қабаттың немесе кен орнының беріктілігі, тереңдігі, қор көлемі, əсіресе, теңгерімдік, сапасы (темірдің темір кеніндегі құрамы, түсті металдар кеніндегі қажетті компоненттерінің құрамы, мұнай не газдың компоненттік құрамы жəне т.б.). Өндіру өнеркəсібінің салаларын орналастыру үшін көлік факторы, яғни теміржолдың, су жолдарының, құбыр жолдарының жəне т.б. болуы маңызды. Көліктің жеке түрлерін құру үшін жағдайлар, өткізу мүмкіндігі, мысалы, темір жолдарының немесе су тасымалдары үшін кемелердің өткізу мүмкіндігі, олардың жүк көтерілімділігі, сонымен қатар өндірілген шикізаттың оның тұтынушысына дейін тасымалдау құны ескеріледі. Өндіру өнеркəсібін дамыту жəне ұтымды орналастыру үшін маңызды фактор қандай да бір ресурстың өндірудің барынша тиімділігін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық прогресс деңгейі болып табылады. Өндіру өнеркəсібінде маңызды факторларының қатарына аудандардың электр энергиясын өндіруімен қамтамасыз етілуі жатады. Өндіру өнеркəсібінің салаларын орналастыру ерекшеліктерін талдай келе, ресурстарды өндіру объектісінің шикізат базасына жақындауының шешу кезінде факторлардың жиынтығын ескерген жөн. Факторлардың одан ары күрделі жиынтығы өңдеуші өнеркəсібінің салаларын орналастыруында болады. Бұл жерде əртүрлі факторлар үйлеседі: энергетикалық, шикізаттық, су, еңбек, көлік жəне т.б. факторлар. Заманауи экономикалық əдебиетте қандай да бір факторға əртүрлі бағытына байланысты өңдеуші өнеркəсібінің салаларын 48

Аймақтық экономика 

келесідей түрде жіктеу қабылданған: шикізат бағытындағы өңдеуші өнеркəсібі, отын, энергетика, отын-энергетика, су тұтыну бағытындағы өңдеуші өнеркəсібі, тұтыну бағытындағы өңдеуші өнеркəсібі, сонымен қатар еңбек ресурстарының, əсіресе, жоғары білікті кадрлардың болуы бағытындағы өңдеуші өнеркəсібі. Табиғи факторлар тобынан өндірісті орналастыруға үлкен əсер ететін су факторы болып табылады. Ол көп жағдайда энергетикалық фактормен бірігіп кездеседі. Кейбір өндірістер энергия сыйымды жəне сол уақытта су сыйымды болып есептелінеді (мысалы, алюминий өндірісі). Халық шаруашылығында су тұтыну көлемінің үнемі өсуі кезінде су ресурстарын үнемді, ұтымды шығындау міндеті тұр. Сондай-ақ су ресурстарының орналасуының əркелкілігін ескерген жөн. Су тұтынудың негізгі критерийі дайын өнім бірлігіне таза су шығыны болып есептелінеді. Ірі су тұтынушы өнеркəсіп болып саналады, ол халықшаруашылығымен тұтынылатын барлық судың 40%-ын жұмсайды. Суды көп қажет ететін өнеркəсіп салалардың қатарына бірінші кезекте химиялық өнеркəсібінің салалары жатады, олар энергияны көп қажет ететін болып табылады. Химия салаларынан ішінен целлюлоза-қағаз, гидролиздік өнеркəсібі, синтетикалық талшық өндірісі өте көп су шығынын қажет етеді. Суды көп қажет ететін салаларға сондай-ақ тоқыма өнеркəсібі, əсіресе, мақта-мата жəне жібек маталарының өндірісі, жылу электр энергетикасы, сонымен қатар түсті жəне қара металлургия (қара мыс өндірісі) салалары жатады. Ірі су тұтынушы мұнай өңдеу өнеркəсібі болып табылады. Су үшін төлемді ендіру жəне оны кəсіпорындармен тұтынудың бекітілген лимиті, су шығынын шамадан тыс қолданғандығы үшін айыппұл енгізу су шығынын едəуір қысқартады, барынша суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығының дамуы жəне оның салаларын орналастыруын су факторымен қатар жер факторы қамтамасыз етеді. Осы фактордың маңыздылығын қарастырып отыра, қазіргі таңда ауылшаруашылық мақсаттағы емес: едəуір құрылыс алаңдары қажет өнеркəсіптік кəсіпорындардың құрылысы үшін, сондай-ақ темір, тас жолдарының, құбыр жолдарының, жоғары вольтты тасымалдау линиясының құрылысы үшін жер алаңдарының өспелі үрдістерін ескерген жөн. Бұл ауылшаруашылық жерлерінің едəуір қысқаруына алып келеді, тиісінше, жер ресурстары барынша үнемдеу, 49

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

оларды ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығын қарқындандыру қажеттіліктері туындайды. Өндірістік күштерді ұтымды орналастыруға демографиялық факторлар үлкен əсер етеді. Жеке кəсіпорындарды жəне шаруашылықтың салаларын орналастыру кезінде сол жерде қалыптасқан демографиялық жағдайды, келешектегі жағдайын, сондай-ақ өндірістің өзінің болашақ өсімін ескеру қажет. Жаңа шаруашылық объектілерінің құрылысын орналастыру кезінде еңбекке қабілетті жастағы халық саны қысқаратындығын ескерген жөн. Сондықтан еңбек ресурстарын үнемдеу, олардың барынша ұтымды пайдалану, өндірістің кешенді механикаландыру жəне автоматтандыру нəтижесінде жұмыс күшін босатып алу, еңбекті үздік ұйымдастыру міндеттері алда тұр. Қазақстандағы заманауи демографиялық жағдайы таратып орналастырудың үлкен əркелкілігімен сипатталады. Мемлекеттің оңтүстік, оңтүстік-шығыс жəне шығыс аймақтары барынша тығыз орналасқан, ал батыс аймақта халықтың өте төмен тығыздығы байқалады. Сондықтан мемлекеттің батыс жəне солтүстігінде жаңа ірі өндірістің құрылысы кезінде осы аудандарға көп халқы бар оңтүстік аудандарынан еңбек ресурстарын тарту керек, төтенше жағдайлары бар қайта игерілетін аудандарда осы кадрларды бекіту үшін оларға қолайлы əлеуметтік инфрақұрылымдарды құру қажет. Біздің еліміздің батыс аудандарында мұнай-газ өндірісінің өсуімен жəне олардағы еңбек ресурстарының, əсіресе, жоғары білікті кадрлардың тапшылығымен байланысты өндірістің барынша қарқындандыру, білікті кадрларды дайындауын жылдамдату жəне жаңа құрылыстарға мемлекеттің басқа аудандарынан еңбек ресурстарын тарту міндеттері қойылады. Еңбек факторы ауылшаруашылығының келешекті дамуында да үлкен маңызы бар. Ауылдағы маңызды əлеуметтік мəселелерді шешу, жерге жекеменшік, қала жəне ауыл өмір сүру деңгейлерінің жақындауы, тұрғын үй құрылысының жəне басқа инфрақұрылымдық салалардың барынша дамуы кадрларды, əсіресе, жастарды ауылда бекіту мүмкіндігін береді. Өндірістің дамуы мен орналасуына əсер ететін көптеген экономикалық факторлардың ішінен көлік жəне ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) факторларын ерекшелеп көрсеткен жөн. Көлік факторы шаруашылықтың барлық салаларын орналастыру кезінде өте маңызды, себебі аудандар мен орталықтар ара50

Аймақтық экономика 

сында экономикалық байланыстарды қамтамасыз етеді, қайта ашық табиғи ресурстарды игеруге себін тигізеді, аумақтың экономикалық-географиялық жағдайын өзгертеді, мемлекет шаруашылығының аумақтық ұйымдастыруын жақсартады. Кəсіпорындарды орналастыруды жоспарлаған кезде көлік құрылысы, алыс ұтымсыз тасымалдарды жою немесе қысқарту міндеттері тұр. Кəсіпорындардың оңтайлы көлемі экономикалық пайдалылықтан ғана емес, көлік шығындарын міндетті ескеруімен анықтаған жөн. Көлік шығындары едəуір қашықтыққа ресурстарды тиімді ауданаралық тасуда үлкен рөл атқарады. Көлік тиімділігі темір жолдарын электрлендіру, құбыр жолдары жүйесінің жəне алыс жоғары вольтты электр тасымалдау линияларының дамуы нəтижесінде артады. Өндірісті орналастырудың маңызды экономикалық факторы ҒТП болып табылады. Оның мəні аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіруде, жеке аймақтар мен мемлекеттің экономикалық дамуында еңбек, минералды-шикізаттық жəне отын-энергетикалық ресурстарының өсу қарқынының бəсеңдеуі жағдайында артады. Мəселен, жаңа технологиялық шешімдерді қолдану шикізатты кешенді өңдеу, олардың дəстүрлі көздерін жаңаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігінің өсуі есебінен еңбек ресурстарына қажеттілікті қысқартатын техникалық прогресс шалғай жəне жолы қиын аудандарды игерудің экономикалық стратегиясының басты бөлімі болып табылады. Ғылыми-техникалық төңкеріс өндірістік негізгі қорлардың едəуір құрылымдық жəне сапалық өзгеруін талап етеді. Соңғы онжылдықта экономикалық қуатты үдету экстенсивті сипатқа ие болды. Біздің мемлекетіміздің ғылыми-техникалық жəне өндірістік базасы қоғамдық өндірістің қарқындандыру талаптарына жауап бермейді. Жабдықтар мен машиналардың 50%-дан астамы 10 жылдан аса пайдаланылады, ал Жапониядағы жабдықтарды ауыстыру 6-8 жылды, ал Еуропа мемлекеттерінде 10-12 жылды құрайды. Өңдеу өнеркəсіпорындарының салаларында, əсіресе, машина жасау, тоқыма, былғары-аяқ киім өндірістеріне аса ауыр жағдай қалыптасты, жұмыс жасайтын кəсіпорындарда ұзақ уақыт мерзімі бойына қайта құру жəне техникалық қайта жабдықтандыру жүргізілмеді. Елімізде қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың 51

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

міндеттерін шешу ғылыми-техникалық прогрестің жеделдету жағдайында ғана мүмкін. Өндірісті орналастырудың барлық қарастырылған факторларын ескере отырып, қандай да бір кəсіпорын құрылысының орны анықталынады, кəсіпорынның орнын негіздеу үшін техникалық-экономикалық есебі жəне қажетті ізденістер жүргізіледі, көлік жағдайлары, құрылыс жүргізілетін ауданның энергетикалық, шикізаттық жəне су ресурстары айқындалады. Техникалық-экономикалық есептерде жобаланатын кəсіпорынның шамалы түрдегі қуаты (көлемі), негізгі бұйым номенклатурасы бар оның өндірістік бағдарламасы, шикізаттың басты түріне, отын жəне электр қуатына бағдарлы қажеттілік, бағдарлы бағасы жəне құрылыстың кезектілігі жəне т.б. көрсетіледі.Техникалық-экономикалық есептер жəне құрылыстың дəйектемесі кəсіпорынның дұрыс аумақтық орналасуын, олардың барынша төмен материалды жəне еңбек ресурстарымен құрылысын қамтамасыз етеді, сондықтан осы өнеркəсіптік объектілер жұмысының пайдалылығын едəуір деңгейде анықтайды. Міндеттерді шешу барысында келесілер анықталынуы мүмкін:  жұмыс жасап тұрған жəне қайта құрылатын кəсіпорындардағы өндіріс көлемі;  жаңа құрылыс бекеттері жəне жаңа объектілердің мақсатты қуаттары;  əрбір өнімді өндіру бойынша көп номенклатуралы кəсіпорындардың мамандануы;  əрбір кəсіпорында əртүрлі ресурстардың (шикізат, отын, электр энергиясы, жабдық, еңбек) шығын көлемі;  жұмыс жасап тұрған кəсіпорындардың қуаттылығын ұстап тұру үшін жəне жаңа объектілердің құрылысы мен қайта құруы үшін капитал салымдарының көлемі;  тиімсіз кəсіпорындарды жойылуынан болған жоғалтулар;  өнеркəсіптің сол саласын қамтамасыз ететін шикізат пен отын өндіру көлемі. Өндірістік күштерді орналастыруда барлық факторлар жиынтығының рөлі жоғары. Факторлардың жиынтығын есепке ала, экономикалық тұрғыда негізделген өндірістік күштердің орналасуы табиғи-ресурстық əлеуетті жəне аймақтардың кешенді дамуының барынша тиімді пайдалануына себін тигізеді. 52

Аймақтық экономика 

§ 3.3 Өндірістерді аумақтық ұйымдастыру жəне халықты таратып орналастыру стратегиясы Өндірістің аумақтық ұйымдастыру жəне халықты таратып орналастыру тиімділігі өндірісті ұтымды орналастыру əсерінен, өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымның (өндірістік, əлеуметтік жəне нарықтық) дұрыс үйлесімділігінен жəне қалыптастыруынан, негізгі өндіріс жəне ұтымды халықты таратып орналастыруынан тұрады. Халықты таратып орналастыру жүйесі өндірістің даму нұсқаларын жəне келешектегі оның бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Аймақтық экономикалық даму шикізаттық, материалдық, еңбектік жəне қаржылық ресурстардың теңгерімділік деңгейін анықтау негізінде бағаланады. Халықшаруашылығының оңтайлы салалық құрылымын орнатуға мүмкіндік беретін жаһандық үлгі (салалық, аймақтық) негізінде жəне аймақтық экономиканың ауқымдылығы мен құрылымын айқындау негізінде жүзеге асыруға болады [13, 65 б.]. Өндірістік күштерді ұтымды орналастыру жəне халықты таратып орналастырудың алғышарттары:  аймақтың ресурстық мүмкіндіктерінің болуы;  маманданудың өзара əрекеті, аймақтың бəсекеге қабілеттілігі жəне кешенділігі;  аумақта қызмет ететін кəсіпорындар, аймақтар арасындағы баламалы көлем;  əлеуметтік инфрақұрылымның жəне аймақ халқының өмір сүру сапасының жағдайы мен дамуы. Осы алғышарттарды өндірістерді орналастыру кезінде ескерілуі аймақты басқарудың экономикалық тетіктерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді, сөйтіп аймақтың əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерінің кешенді шешіміне шығуға болады. Өндірістік күштерді аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жағдайында орналастыру мəселелерін зерттеу негізінде аумақта əлеуметтік-экономикалық стратегияларды оны іске асырудың келесідей ірі блоктар бойынша жоспарларды кезекті əзірлейтін дайындамасы жатыр:  аймақ экономикасындағы құрылымдық айласы;  өндірістік, нарықтық, əлеуметтік инфрақұрылымның дамуы; 53

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

 демографиялық жағдай;  аумақта іскерлік климатты қалыптастыру жəне дамыту;  жаңа өндірістерді орналастыру жəне халықты таратып орналастыру. Материалды-техникалық базаларды қайта құрылымдау жəне жаңғыртудың жалпы мемлекеттік жəне аймақтық бағдарламаларды дайындау, табиғи ресурстардың жаңа орындарын игерудің жанында Қазақстан экономикасының дамуында өндірістік күштерді орналастыру мен халықты таратып орналастыруда қажеттілік пен өзектілік айқын бола бастады. Басымдылық материалдық-шикізаттық жəне ауылшаруашылық ресурстардың дамуына берілетін. Шикізаттық жəне аралық өнімдер өңделіп, дайын өнім Ресейде, Белоруссияда жəне Украинада өндірілетін. Экономиканың нарықтық тетікке өтуімен ұзақмерзімді əлеуметтік-экономикалық міндеттерді жəне шынайы қолдағы экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғи ресурстардың жəне стратегиямен белгіленген мақсаттардан шыға келе, олардың шешу жолдарын белгілеу мүмкін, сондай-ақ қажетті бола бастайды. Қазақстанның бұл мақсаттары, міндеттері жəне басымдылықтары «2030 Стратегиясында», сонымен қатар ұзақмерзімді, қысқамерзімді жəне ағымдағы бағдарламалар мен индикативті сипатты жоспарларды іске асыру мен дайындамаларында анықталынған. 1999 жылда республика Үкіметі 2015 жылға дейінгі кезеңге шаруашылық етудің нарықтық тəсілдерінің ерекшеліктері ескерілген өндірістік күштерді орналастыру жəне дамыту сызбасын əзірлеуді жаңғырту орынды деп таныды. Ол əрбір облыстың ерекше əлеуетін (табиғат ресурстары, халық, өндірістік қуаттар, ғылымитехникалық əлеует) жəне мемлекеттің жалпы əлеует есебімен маңызды мəселелерді шешудың негізгі бағыты мен жолдарын қамтиды. Сызбаларда өндірістік күштердің дамуы жəне облыстардағы сəйкес маңызды мəселелер қарастырылуы керек. Маңызды ерекше мəселелер мыналар болып табылады: Оңтүстік Қазақстан жəне Жамбыл облыстары үшін – отын-энергетикамен қамтамасыз етілуі, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстары үшін – ауыз су тапшылығы, Атырау, Қызылорда облыстары үшін – аумақ бойынша əлсіз инфрақұрылым, барлық облыстар үшін – бірбеткейлі құрылым, экономиканың əлсіз əртараптандырылуы. Аймақтық саясаттың 54

Аймақтық экономика 

барабар мəселелері үшін арнайы стратегияларды дайындау үшін облыстар белгілі бір критерийлері бойынша топтастыру керек. Атырау облысы мен Маңғыстау облысында экономика құрылымы тек көмірсутек шикізатын өндіруіне ғана негізделген, Батыс Қазақстан облысында машина жасау, əскери-өнеркəсіптік кешен жəне астық өндірісіне негізделген [14, 125-127 б.]. Халықты таратып орналастыру стратегиясы экономикалық əлеуеттің тиімді кеңістікте ұйымдастыруын жəне халықты таратып орналастыруды білдіреді. Ол мемлекеттің геосаяси жəне геоэкономикалық факторларын ескеретін, бірыңғай ішкі экономикалық кеңістікті құруды қамтамасыз ететін мемлекеттің жəне оның аймақтарының ұстанымының жаңа міндеттеріне жауап береді. Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік күштерді жəне халықты таратып орналастыруға көзқарастардың дамуы, ең алдымен, экономикалық реформа үдерісінде түрлендірілген жəне объективті экономикалық заңдардың əрекеттерінен туындаған алғышарттардың жиынтығын көрсетумен байланысты [15,10 б.]. Қазақстандағы халықты таратып орналастыру жүйесінің ерекшелігі минералды шикізат орындарын игеру негізінде қалалық мекен мəртебесін алған көптеген шағын қала мекендерінің болуында. Өндірістік күштерді орналастыру жəне дамыту əсерінен қалыптасқан таратып орналастыру талдауы, негізінен шағын қалалар жеткілікті түрде жетілмеген көлік құраушылары бар шөл жəне шөлейт зоналарында орналасқандығын көрсетеді, ал соңғысының салдарынан экономикалық байланыстардың шектеулігіне, өнімнің өткізу нарығына əлсіз қол жетімділігіне əсер етті. Осыған байланысты кеңістікте бөлектенген, көбінесе оқшауланған «нүктелік» қала мекендерінен мекендердің бірыңғай желісін дамытуға өтуі қажет. Өзге сөзбен, халықтың шаруашылық қызметін ұйымдастыратын бас қалалардағы адамдардың шекті сандарын, əртүрлі дəрежелі орталықтардың орынды параметрлерін бекіте отырып, аймақішілік экономикалық байланыстардың, сонымен қатар республика халқын таратып орналастыру жүйесімен байланысының одан ары даму жолдарын анықтай отыра, халықты таратып орналастыруға жүйелік тəсілді жүзеге асыру қажет. Өндірістік күштерді орналастырудағы осы тəсілге сəйкес табиғи-климаттық жағдайлар өндірістердің кешенді қызмет етуі жəне халықтың өмір сүру ортасы үшін қолайлы болатын арнайы тіректі 55

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

белдеу мен зоналар бойынша экономиканың дамуы басым болады. Осы тəсілдің жаңалығы машина жəне жабдық жасаумен айналысатын шикізатты өңдейтін ірі кəсіпорын айналасында шағын жəне орта кəсіпорындар, əртүрлі бағыттағы инфрақұрылым объектілері орналасуы мен дамуында жатыр. Шағын жəне орта кəсіпорынның қалыптасуы мен дамуы сол зоналардағы бар экономикалық əлеуетімен үйлесуі керек. Нарықтық қатынастарды кеңейту жағдайында өндірістік күштерді орналастыруға, өндірістік күштерді қолдануға, еңбек ресурстары мен халықты таратып орналастыруға тəсілдерді қайта қарастыруды талап етеді. Өндірістік күштерді орналастыруды жетілдірумен байланысты мəселелердің бірі аймақтық экономикада маманданудың өзара əрекеті, аймақтың бəсекеге қабілеттілігі жəне кешенділігін ескеру қажеттілігінде. Өндірістік күштерді орналастыруын талдау кезінде өзара байланысты екі маңызды сəттерді ескеру қажет: 1. Аймақ экономикасының бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тұрғысында аумақ бойынша экономикалық қызметтерді орналастыруды жəне құрылымдық айланы барынша ұтымды жүргізуді талап ету. 2. Орташа республикалық деңгейге қатысты жұмыссыздық, халықтың кедейшілік мəселелері шешілетіндей, əртүрлі дəрежедегі аймақтарда орта таптың ауқымды қалыптасуы жағдайлары жасалатындай аумақта өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету [13,70 б.]. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясында мемлекет аумағының дамуының мүмкіндіктері мен жан-жақты мəселелерін талдау негізінде оның нақты аймақтарының даму артықшылықтары мен күшті жақтарын қолдану арқылы мемлекеттің жедел дамуы бойынша ауқымды міндеттері жəне осы негізде мемлекеттің аймақтық жəне əлемдік экономикада ұстанымы қойылған. Аумақтық дамудың басым бағыттары ретінде келесілер анықталынған: 1. Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын жəне елдiң қалған бүкiл аумағы үшiн «локомотив» рөлiн атқаратын «басып оза» өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру. 2. Орталық Азиядағы сауда-экономикалық жəне сервистiк56

Аймақтық экономика 

технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн əлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру. 3. Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика жəне еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы жəне тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру. 4. Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру жəне iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру. Осы бағыттарды іске асыру келесі міндеттерді жедел шешу жолымен жүзеге асырылады: 1. Елдің жəне таратып орналастыру жүйесін аумақтық ұйымдастыруды жетілдіру төмендегілер арқылы жүзеге асады: 1.1. «Өсу полюстерін» қалыптастыру жəне тірек қалаларды дамыту. 1.2. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту (Қазақстанда 14 облыстың 12 шекара маңында орналасқан). 1.3. Ауыл аумақтарын дамыту. 1.4. Қолайсыз аумақтарды дамыту. 2. Аумақтық ресурстық əлеуетін ұтымды пайдалану, аумақтық дамудың инфрақұрылымдық қамтамасыз етуінің дамуы, нақтырақ айтқанда: 2.1. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру. 2.2. Көлік-коммуникациялық, су шаруашылығы, əлеуметтік, туристік-рекреациялық инфрақұрылымдардың жетілдірілуі. 3. Аумақтардың экологиялық жай-күйін жақсарту. 4. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз етуді мыналарды жетілдіру арқылы жүзеге асыру: 4.1. Жоспарлау жүйесі. 4.2. Аймақтың дамуын реттеу тетігі. 4.3. Инфрақұрылым. 4.4. Əкімшілік-аумақтық құрылысы. Осы міндеттерді шешу елдің экономикалық жүйесінің негізін Орта Азия аймағының индустриалдық жəне сервистік-технологиялық орталығы ретінде құруға мүмкіндік береді. Аймақтардың бəсекеге қабілетті мамандануы мен кластерлік дамуына жəне кəсіпкерлікті жандандыруына негізделетін елдің аумақтық-экономикалық ұйымдастыруының жаңа моделін қалыптастырады. 57

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Ел жəне оның аймақтарының əлемдік жəне аймақтық экономикада орнын анықтау, экономикалық, табиғи, еңбектік əлеуетті талдау жəне бағалау, сонымен қатар 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы негізінде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiргі кезде қолданыста бар жəне қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң аймақтық жəне əлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дəлiзi, ал аса маңызды тораптары ‒ өңiрлiк жəне жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады [9, 70 б.]. Дамудың стратегиялық осьтерi ‒ Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық осьтер аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сонымен қатар трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дəлiздер бағытында қалыптастырылатын елдің iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз ететін оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады. Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) жəне Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен ‒ Семей ‒ Павлодар ‒ Астана ‒ Қостанай (Көкшетау, Петропавл) ‒ Ақтөбе ‒ Орал бағытында жəне Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады. Ось елдiң солтүстiгi мен батысындағы «астық белдеуi» деп аталатын өмiр сүруге жəне шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық жəне көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, Таяу-шығыс жəне Шығыс Азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады жəне Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық саудаэкономикалық дəлiзiн құрады. Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша Орта Азия елдерінiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) ‒ Талдықорған ‒ Алматы ‒ Тараз ‒ Шымкент ‒ Қызылорда ‒ Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады. Ocь елдiң оңтүстiгiндегi өмiр сүруге жəне шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық жəне көлiк-комму58

Аймақтық экономика 

никациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау жəне Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық, Таяу шығыс, Шығыс Азия жəне Оңтүстiк Азиялық экономикалық кеңiстiктерiне негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады жəне Оңтүстiк қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дəлiзiн (жаңарған Ұлы жiбек жолын) құрады. Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк жəне Солтүстiк даму осьтерiн байланыстыратын Орталық ось болады. Орталық даму oci Балқашқа, Достыққа тармақталумен жəне Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар «Астана ‒ Қарағанды – Алматы» бағытында қалыптасады. Оське қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дəрежесiнiң төмендiгi, өмiр сүруге жəне шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы жəне көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы болып табылады [15]. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясына сəйкес жалпыұлттық деңгейде 2-3 iрi көшбасшықалалардың дамуы қарастырылады. Көшбасшы-қалалар жаһандық, аймақтық жəне ұлттық нарықтарға кіріктірілген өсу полюстерінің орталықтарына айналуы тиіс жəне мемлекеттің қалған барлық аймақтары үшін «локомотив» рөлін атқаруы тиіс. Бақылау сұрақтары 1. Өндірістік күштерді орналастырудың маңызды заңдылықтарын атаңыз. 2. Өндірістік күштерді орналастырудың негізгі қағидаттары қандай? 3. Өндірістің орналасуына əсер ететін факторларды атаңыз. 4. Өндірістік күштерді ұтымды орналастыру жəне халықты таратып орналастырудың алғышарттары қандай? 5. Алдағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының басты бағыттарын атаңыз.

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ІV тарау. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ-САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

§ 4.1 Аумақтық-салалық құрылымдар сипаттамасы Заманауи экономика – бір-бірімен тығыз өзара байланысты жəне белгілі бір кеңістік ұйымы бар адамның өндірістік қызметінің көптеген түрлерінен тұратын күрделі организм. Ел экономикасы салалық жəне аумақтық құрылымымен көрсетіледі. Салалық құрылым – бұл белгілі бір пропорциялары мен өзара байланыстарымен сипатталатын халықшаруашылығы кешен салаларының жиынтығы. Салалар бойынша ел экономикасы, ең алдымен, екі аямен көрсетілген: материалдық өндіріс (өндірістік ая) жəне материалдық емес өндіріс (материалдық емес ая). Өндірістік ая келесідей салаларды қамтиды:  материалдық игіліктерді құрайтын салалар – өнеркəсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс;  тұтынушыға материалдық игіліктерді жеткізетін салалар – көлік жəне байланыс;  айналым аясындағы өндіріс үдерісімен байланысты салалар – сауда, қоғамдық тамақтану, материалды-техникалық жабдықтау, өткізу, дайындамалар. Өндірістік емес ая қызметті өндіретін салалардан тұрады:  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, халыққа қызмет көрсетумен байланысты көлік жəне байланыс;  білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, өнер, ғылым жəне ғылыми қызмет көрсету;  несиелеу, қаржы жəне сақтандыру;  мемлекеттік басқару жəне қорғаныс. Экономиканың салалық құрылымы «инфрақұрылым» ұғымы арқылы да сипатталады. Инфрақұрылымға материалдық жəне 60

Аймақтық экономика 

материалдық емес өндіріске қызмет көрсету бойынша қызметтер атқаратын кəсіпорындар, мекемелер мен ғимараттар жиынтығы жатады. Атқаратын қызметтерге байланысты өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылым болып бөлінеді. Барлық өндірістің аумақтық ұйымдастыруының жетекші құрылымы болатын өндірістік инфрақұрылым аймақтық экономикада ерекше орын алады. Өндірістік инфрақұрылымға өндірістік қажеттіліктеріне қызмет көрсететін жүк көлігі, байланыс, қойма шаруашылығы, инженерлік ғимараттар, жылу жолы, құбыр, коммуникациялар мен желілер, суландыру жүйесі жəне т.б. жатады. Əлеуметтік инфрақұрылымға жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету байланысы, коммуналдық – тұрмыстық шаруашылық, денсаулық сақтау жəне білім беру жүйелері кіреді. Нарықтық инфрақұрылымға экономиканы ұйымдастырудың нарықтық нысанын қамтамасыз ететін кəсіпорындар мен мекемелер: банк, биржа, консалтингілік, лизингтік сақтандыру, инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары жəне т.б. жатады. Аймақтық экономиканың шеңберінде экономиканың кеңістік ұйымдастырылуын, мемлекеттің шаруашылық кешені зоналарға, əртүрлі деңгейдегі аудандарға, өнеркəсіптік орталықтарға, тораптарға, шаруашылық кешенге бөлінуін білдіретін ел экономикасының аумақтық құрылымының маңызы арта түседі. Ол салалық құрылымға қарағанда, едəуір баяу өзгереді, себебі оның негізгі элементтері нақты аумақтарға өте күшті байланған. Аумақтық құрылым шаруашылықтың аумақтық ұйымдастыруының негізі ретінде орын алады. Бірегей табиғи байлықтары бар жаңа аумақтарды игеру жеке аймақтардың құрылымын өзгертеді жəне жаңа аумақтық кешендердің қалыптасуына себін тигізеді. Аймақтық экономикада экономиканың салалық жəне аумақтық құрылымы өзара тығыз байланысты. Ел экономикасының аумақтық құрылымы еңбектің аумақтық бөлінісінің көрінісі ‒ халықшаруашылығының белгілі бір салаларына аймақтардың мамандануы болып табылады. Мамандану салалары аймақтардың шаруашылық бейінін анықтайды.

61

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

§ 4.2 Аймақтардың мамандану көрсеткіштері Аймақтардың мамандану деңгейін сандық анықтау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:  оқшаулау коэффициенті;  жан басына шаққандағы өндіріс коэффициенті;  ауданаралық тауарлылық коэффициенті. Аудан аумағындағы өндірістің оқшаулау коэффициенті Ко ауданның өндіріс құрылымындағы сол сала үлес салмағының елдегі сол саланың үлес салмағына арақатынасымен есептелінеді. Есеп жалпы тауар өндірісі, негізгі өнеркəсіптік қорлар жəне өнеркəсіптік-өндірістік қызметші саны бойынша жүргізіледі: Ко = Са/ Өа. 100: См / Өм, мұнда Са – аудан саласы; См – мемлекет саласы;; Өа – ауданның барлық өнеркəсіптік өндірісі; Өм – мемлекеттің барлық өнеркəсіптік өндірісі. Жан басына шаққандағы өндіріс коэффициенті Кжб ауданның шаруашылық саласының елдегі сəйкес сала құрылымындағы үлес салмағының аудан халқының елдегі халық санындағы үлес салмағына арақатынасымен есептелінеді: Кжб = Са/ См. 100: Ха / Хм, мұнда Са – аудан саласы; См – мемлекет саласы;; Ха – аудан халқы; Хм – мемлекет халқы. Ауданаралық тауарлылық коэффициенті Кат өнімді ауданнан шығарудың аудандық өндірісіне қатынасы ретінде есептелінеді: Кат = Ша/Өа 62

Аймақтық экономика 

Нарықтық мамандануының салаларын анықтау үшін В.В.Кистановпен ұсынылған индекстік əдісі қолданады: С= Үс/ Үа мұнда С – сəйкес саласына ауданның мамандану көрсеткіші; Үс – сол өнеркəсіп саласы бойынша елдегі ауданның үлес салмағы; Үа – өнеркəсіптің барлық салалары бойынша елдегі ауданның үлес салмағы. Егер есептік көрсеткіштер 1-ге тең немесе одан көп болса, тиісінше, бұл салалар нарықтық маманданудың салалары ретінде орын алады. Белгілі бір аумағында салаларды орналастырудың басты критерийлерінің бірі олардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Өндірісті орналастырудың тиімділігі ретінде «халықшаруашылығының барынша аз жиынтық шығыны бар өнімнің белгіленген көлемін алу» көрсеткіштері қабылданған. Өндірісті орналастырудың тиімділігінің ұсынылған көрсеткіштері ретінде мыналар белгіленген: өнімнің өзіндік құны (оның тұтынушыға жеткізуін ескеру арқылы), капитал салымының үлесі (қуаттың бірлігіне) жəне пайда. Салыстырылып жатқан нұсқалары ішінен салалық нормативтік коэффициентіне үлестік капитал салымдары көрсеткіштерінің туындысы мен өнімнің өзіндік құны көрсеткіштерінің сомасы ретінде есептелінетін келтірінді шығындардың минимумы бойынша ең үздігі анықталынады (өтімділігі 7 жыл немесе 0,12 – 8,3 жыл болатын сəйкес нормативтік мерзіміне сəйкес жалпы коэффициенті 0,15). Кш = Ө+К · Е, мұнда Кш ‒ өнім бірлігіне келтірінді шығындар; Ө ‒ өзіндік құн (өнім бірлігінің өндірісіне кеткен барлық ағымдағы шығындар сомасы); К ‒ өнім бірлігіне үлестік капитал салымдары; Е – капитал салымдары тиімділігінің нормативтік коэффициенті. 63

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Өндірісті орналастырудың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау рентабельділік Р көрсеткішін қолдану арқылы да жүргізіледі: Р = Б ‒ Ө/К · 100 немесе Р = Б ‒ Ө/Қ · 100, мұнда Б ‒ баға; Ө ‒ өнім бірлігінің өзіндік құны; К ‒ өнім бірлігіне үлестік капитал салымдары; Қ ‒ негізгі өндірістік қорлар мен нормативтік айналым құралдарының сомасы [12]. Келтірілген формулалардан рентабельділік ағымдағы жəне бір жолғы шығындар көлеміне ғана емес, сондай-ақ өнімнің баға деңгейіне де тəуелді болатыны шығады. Өндірістің əрбір салалары бойынша көрсетілген көрсеткіштермен қатар, оны орналастырудың техникалық-экономикалық көрсеткіштер жүйесі дайындалады. Ол 1) шикізат пен отынның негізгі түрлерінің, жылу жəне электр энергиясының, дайын өнім бірлігіне судың үлестік шығынын; 2) өндірістік қалдықтардың шығуы (өнім бірлігіне кеткен су) жəне олардың сипаттамасын; 3) өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындары; 4) негізгі қорлардың үлестік шығындарын қамтиды. Осы бастапқы көрсеткіштер негізінде өндірісті орналастыруды негіздеу үшін маңызды рөл атқаратын басқа да бірқатар көрсеткіштері дайындалады: негізгі өндірістік қорлармен жұмысшыларды қамтамасыз ету; энергиямен жарақтандырылуы жəне басқалары. Ұтымды орналастырудың тиімділік көрсеткіштерін қолдану салалар мен өндірістер арасындағы оңтайлы пропорцияларды белгілеуге себін тигізеді. Өнеркəсіптік өндірісті барынша оңтайлы орналастырудың нұсқасын таңдау кезінде бірқатар факторлардың – материал сыйымдылық, көлік жəне тұтынушы факторларының əсерін ескерген жөн. Сонымен, өндіруші өнеркəсіп салаларында басты рөлді ресустар қоры, олардың сапасы мен көлік жағдайлары, ғылыми – техникалық прогрестің деңгейі маңызды рөл атқарады. Өндеуші өнеркəсіптің көптеген салаларын орналастыру кезінде олардың жиынтығында басым факторлардың əсерін ескерген маңызды. Энергия сыйымдылық синтетикалық каучукты, химия64

Аймақтық экономика 

лық талшықтарды, пластмасса, карамай өндірістерін, сонымен қатар түсті металлургия салаларын (алюминий, магний, никель) орналастыру кезінде басты фактор болып табылады. Өндіруші өнеркəсіптің көптеген салалары шикізаттық факторларға бағытталады – бұл қара металлургия, ауыр металды көп қажет ететін машина жасау, минералды тыңайтқыштар өндірісі, цемент, шыны, қант, целлюлоза – қағаз өндірістері. Станок жасау, аспап жасау, электротехникалық жəне радиотехникалық өнеркəсіп, сонымен қатар тоқыма, тігін, аяқ киім, трикотаж өнеркəсіптері орналасуында басты фактор болатын еңбек сыйымдылығына негізделеді. Тұтынушылық факторға мұнай өңдеу, резинатехникалық, кірпіш өнеркəсіптері, ауылшаруашылық машина жасау, нан пісіру, кондитерлік, сүт жəне ет өнеркəсіптері бағдарланады. Барлық салаларда басым факторлармен қатар орналастыруға басқа да факторлар үлкен əсер етеді. Мəселен, толық циклды қара металлургияда орналастыруға шикізаттық жəне отын – энергетикалық факторлары əсер етеді. Барлық саладағы өнеркəсіптік кəсіпорындарды орналастыру үшін орын таңдау кезінде экологиялық факторды ескерген өте маңызды. Аймақтық саясаттағы басымдықтарда ҚР аумағында барлық қызмет түрлерін экологияландыру, қалпына келетін жəне қалпына келмейтін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қарастырылғанмен, басымдықтарда көрсетілген басқа да пункттер Тұжырымдаманың экологиялық құраушыларына қайшы келеді. Тұжырымдамада жеткілікті түрде экономикалық құраушы нақты көрсетілген, дегенмен, ол экология жəне əлеуметтік аялармен өзара байланыспаған, тек экономикалық даму бағдарламасын білдіреді. § 4.3 Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму траекториясы Аймақтың қызмет ету құрылымы кем дегенде үш өзара байланысты блоктан тұрады: «экономика», «халық», «табиғи орта». «Экономика» аймақтық блогының құрылымы көп деңгейде ұлттық экономикалық жүйені ұйымдастыруға тəуелді. Аумақтар бойынша салалық құрылымның өзгеру динамикасын, сол блоктың өзгеру динамикасын ашатын кілтті индикатор ретінде оның негізінде 65

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

аумақтық-салалық құрылымының əртүрлі салалары мен сегменттерінің арақатынасы анықталынатын, ортамерзімді жəне ұзақмерзімді келешекте өсу динамикасы туралы болжам жасалынатын жалпы аймақтық өнімнің көрсеткіші болып табылады [13,137 б.]. Белгілі бір деңгейде салалық құрылымның өзгеру динамикасы əртүрлі табиғи-ресурстар жəне өсу мен дамудың əртүрлі индустриалды-экономикалық бастапқы жағдайлары бар Қазақстан облыстарының əлеуметтік-экономикалық даму траекториясымен түсіндіріледі. Аймақтың бастапқы жағдайлары экономиканың аумақтық-салалық құрылымының қалыптасуына əсер ететін басқа факторларға қарағанда, едəуір əсер ететіндігі туралы көптеген дəлелдер бар. Қазіргі таңда республика экономикасы үшін жалпы аймақтық өнімнің өсуімен қатар, оның мемлекет аумағы бойынша бөлінуінің біркелкілігі мен ұзақ уақыт бойына оның тұрақты өсуінің сақталуы өте маңызды. Өнеркəсіптің капиталды қажетсінетін өндіруші салаларының басымдылығы, өңдеуші салаларының əлсіз дамуы мен төмен рентабельділігі, ғылымды қажетсінетін жəне жоғары технологиялық салалар мен өндірістердің, технологиялық циклды аяқтайтын жəне соңғы өнімді шығаратын өндірістердің төмен үлесі, сондай-ақ қызметтер аясының жеткілікті түрде дамымаған сияқты мəселелері бар Қазақстан экономикасының қазіргі таңдағы маңызды мəселесі салалық құрылымын жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі аумақтық-салалық құрылым жақын уақытта өсудің іргелі алғышарттары, нақты айтқанда, тұтынушы сұранысының төмендеуі, даму үшін қарыз құралдарының қол жетімділігі, тиімсіз бизнесті қайта құрылымдау үдерісінің болмауы кезінде қалыптасуы болып табылады. Бұл жерде аймақтар жағдайына талдау жүргізген орынды. Соңғы он жылда ЖАӨ құрылымындағы жеке облыстардың үлесі едəуір өзгерді (1-кесте). 2002 жылы барынша үлкен үлес Атырау (10,3%), Қарағанды (9,8%) жəне Шығыс Қазақстан (7,8%) облыстарына [16, 142 б.], ал 2012 жылы өндірілген ЖАӨ көлемінің 18,6% Алматы жəне 8,9% Астана қалаларына тиесілі [17, 4 б.]. Алматы қаласы үлесінің өсуі осы кезеңде телекоммуникациялық, несие – қаржылық, сақтандыру, инновациялық саласын жəне т.б. қамтитын қызмет көрсету саласы қарқынды дамыды. 66

Аймақтық экономика 

1-кесте 2002-2012 жылдарда жалпы аймақтық өнімнің (ЖАӨ) өзгеру динамикасы ЖАӨ құрылымы, % 2002 ж. 2012 ж. 2002 ж. 2012 ж. Қазақстан Республикасы 3776,3 30 218,5 100,0 100,0 Ақмола 116,6 815,2 3,1 2,7 Ақтөбе 179,6 1534,4 4,8 5,0 Алматы 185,6 1459,5 4,9 4,8 Атырау 389,5 3105,4 10,3 10,2 Батыс Қазақстан 178,4 1728,7 4,7 5,7 Жамбыл 83,0 778,2 2,2 2,6 Қарағанды 370,5 2576,8 9,8 8,5 Қостанай 185,2 1110,5 4,9 3,6 Қызылорда 102,5 1180,3 2,7 3,9 Маңғыстау 199,8 1982,1 5,3 6,5 Оңтүстік Қазақстан 245,5 1684,1 6,5 5,5 Павлодар 216,2 1466,1 5,7 4,8 Солтүстік Қазақстан 111,4 677,5 3,0 2,2 Шығыс Қазақстан 293,3 1761,1 7,8 5,8 Астана қ. 230,7 2717,3 6,1 8,9 Алматы қ. 688,4 5641,2 18,2 18,6 Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша есептелінген Аймақ

ЖАӨ, млрд.теңге

Аумақтық құрылымда өнеркəсіптік дамыған аймақтар қатарына Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан жəне Қызылорда облыстары жатады.Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда жəне Маңғыстау облыстарында тау-кен өнеркəсібі басым. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында тау-кен өндірісінің үлесі 10% -дан аспайды, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 10-30% құрайды. Қостанай облысында соңғы он жылда тау-кен өндірісі үлесінің өсуі тəн. Бұл қайта өңдеу өнеркəсібі үлесінің, сонымен қатар электр энергиясын, газ бен суды бөлу жəне өндірісі үлесінің төмендеуі есебінен орын алды. Ақтөбе облысында осы кезеңде тау-кен өндірісінің үлесі еке есеге артты, өңдеу өнеркəсібінің үлесі елеусіз қысқарды. Мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында да байқалады. Ақтөбе жəне Батыс Қазақстан облыстарында тау-кен өнеркəсібі үлесінің екі есе өсуі 67

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

көмірсутек шикізатын өндіру көлемінің едəіуір артуымен түсіндіріледі. Бұл фактор Маңғыстау облысында тау-кен өнеркəсібі үлесінің өсуіне əсерін тигізді. Жалпы аймақтық өнімнің көрсеткіші экспортқа бағдарланған экономикасы бар аймақтарда барынша жылдам қарқынмен өсуі заңды. Олардың қатарына ЖАӨ көлемі 8 есеге өскен Атырау облысы, Ақтөбе облысы (8,6 есе), Батыс Қазақстан облысы (9,7 есе), Қарағанды облысы (7 есе), Маңғыстау облысы (10 есе) жатады. Машина мен жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен автоматтар, химиялық өнімдер, минералды отындар, азық-түлік тауарлары, дайын өнімдер мен халық тұтынатын тауарлар негізгі импортталатын өнімдер болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2002 жылдан бастап республикада экономиканың тұрақты өсуі байқалады. Аумақ бойынша бұл өсу əркелкі болды. Облыстар бойынша шынайы өсу Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының көшбасшы позицияларын көрсетеді. ЖАӨ көлеміндегі Қарағанды облысы 4 орынды (8,5%) алса, Қызылорда облысы аутсайдерлер (12 орын) қатарына жатады. 2002 жылдан бастап қазіргі таңға дейінгі кезеңдегі өсу динамикасына талдау жасай отырып, жекешелендіру, жекеменшік сыныбын құру, жаңа институционалдық құрылымды, нақтырақ айтқанда, ƏКК түрінде құруы, аймақтардағы өндірістің құлдырауы неліктен əртүрлі болады деген сұраққа əлі күнге дейін жауап бермеді. Егер жалпы аймақтық өнімнің құрылымын салалар бойынша қарастыратын болсақ, онда аймақтардағы қосылған құнның өсу қарқынының төмендеуіне өнеркəсіп, құрылыс, көлік жəне байланыс үлестерінің төмендеуі елеулі əсер еткендігін айта кету қажет. Барлық облыстардағы өнеркəсіптің қосылған құнның үлесі күрт төмендеді, республикалық маңызы бар екі қала – Астана жəне Алматы қалалары бұл тізімге кірмеді. Аймақтардың нақты өсуін айқындайтын факторлар ішінде мұнай-газ секторының рөлін, сауда жəне қызметтерді дамыту үшін аймақішілік нарықтардың ашықтығының өсуін атап көрсетуге болады. Компьютерлік технология аясында капиталдың шоғырлануы, делдалдық қызмет желілерінің белсенді дамуы, жылжымайтын мүлікпен жəне мүліктермен жүргізілетін операциялардың өсуі 68

Аймақтық экономика 

облыстардың ЖАӨ-дегі сауда жəне қызметтер үлесін арттыруына алып келді. Сонымен қатар, соңғы он жыл ішінде мердігерлік жұмыстар көлемінің төмендеуі құрылыстағы қосылған құнға теріс əсер етті, нəтижесінде Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында ЖАӨ көлемінде үлес салмағы азайды. Облыстардың экономикалық нақты өсуін анықтайтын мұнайгаз жəне тау-кен өндірісінің даму үрдісіне байланысты емес факторларды жатқызуға болады. Аумақтық-салалық құрылымды айқындайтын ұзақмерзімді факторлардың ішінде адам капиталының дамуын, жергілікті бюджеттің табыстылығына оң əсер ететін өндірістерді құру, инфрақұрылымдық базаның нығаюын ерекшелеп көрсетуге болады. Даму басымдықтары облыстар бойынша саралануы керек. Шаруашылық қызметтің аумақтық-салалық құрылымы өндірілетін өнімнің құнымен жəне ЖАӨ өсу үрдісімен қатар, аумақ экономикасының қандай да бір саласындағы жұмысшылар санымен де анықталынады. Жалпы Қазақстан бойынша халықтың жұмысбастылығы бойынша материалды-өндірістік ая басым. Талдау кезінде жеке сарапшылар сауда, материалды-техникалық жабдықтау, дайындаулар, қоғамдық тамақтану салалары секілді материалдық аяға жататын салаларды алып тастайды. Материалды өндірістің жалпы құрылымында республика бойынша өнеркəсіпте жұмыс істейтіндердің үлесі ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығында жұмысшылар үлесінен төмен. Ауылшаруашылығы жұмысбастылар саны бойынша материалды өндіріс салалары ішінде жетекші сала болып табылады, 2012 жылы ауылшаруашылығында жалпы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігіне жуығы, ал өнеркəсіпте экономикалық белсенді халықтың шамамен 20% жұмыс істейді. Соңғы жылдарда республикада шаруашылықтың салалық құрылымы едəуір өзгерді, материалды аяның, əсіресе, металды жəне еңбекті көп қажетсінетін өнеркəсіптің үлесі азайғандығы туралы қорытынды жасауға болады. Жұмысбасты халықтың жалпы құрылымында, сонымен қатар жалпы аймақтық өнім көлемінде сауда, құрылыс, қаржылық қызметтер көрсету, жылжымайтын мүлікпен, жалға берумен байланысты операциялардың жəне қызметтердің 69

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

басқа түрлерінің үлесі артты. Өнеркəсіп құрылымында отын-энергетикалық кешеннің үлесі күрт ұлғайды, бірақ машина жасау мен жеңіл өнеркəсіп үлесі күрт төмендеді. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуының өспелі саралануы негізінде объективті себептер бар. Олардың ішіндегі бастылары – бұл облыстардың салалық құрылымындағы елеулі айырмашылықтар; олардың нарыққа бейімделуінің əркелкілігі. Қазақстанда өндіруші салаларда күштердің шоғырлануы, өкінішке орай, басқа аймақтарда экономикалық қызметтің жандануына əсер ете алмады. Сондай-ақ, бұл дезинтеграция үдерісінің күшеюіне алып келді жəне ұлттық экономиканың экономикалық жүйесінде екі ерекше сектор пайда болды: əлемдік сыртқы нарыққа бағдарланған дамыған минералды-шикізаттық кешен жəне төмен деңгейдегі бəсекелі өңдеуші жəне мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз экономиканың аграрлық секторы. Мұндай жағдай бірқатар негативті салдарға алып келеді: бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырауынан əлеуметтік шиелінісу көздерінің пайда болуына дейін. Бұл елде дайындалған аймақтық саясатты барынша іске асыруды талап етеді. Аумақтықсалалық құрылымның əртүрлі деңгейі жəне нарықтық қатынастардың қалыптастырудың бастапқы кезеңінде, сондай-ақ қазіргі таңдағы əлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі жоғары дифференциация мемлекеттің реттеу рөлінің күшеюі, шағын жəне орта бизнестің дамуына себін тигізетін институционалдық құрылымдарды құру қажеттілігі туралы қорытындыға алып келеді. Аумақтық даму факторларының маңызды тобын экономикалық жүйенің өндірістік əлеуетін айқындайтын факторлар құрайды. Бұл жерде ресурстардың (су, жер, орман, минералды, еңбек жəне қаржылық, технология деңгейі) саны мен сапасы жəне оларды пайдаланғаны үшін төлемдер туралы сөз болуда. Аймақта шағын кəсіпкерліктің дамуы жəне тиісінше, олардың кəсіпорындарын аумақта орналастыру нарықтық қатынастардың объективті шартталған үдерісі болып табылады. Ірі кəсіпорындармен салыстырғанда шағын бизнес үшін өндірісті орналастырудың дəстүрлі факторлары (шикізат көздері, жұмыс күші, көлік жəне т.б.) тəн. Шағын бизнестің даму тəжірибесі өндірісті орналастыруда кəсіпкерлермен ауданды таңдауына əсер ететін факторлардың тізімін анықтады:  нарықтық факторлар, яғни аймақта өнімге жəне шағын кəсіпорынның қызметтеріне сұраныстың болуы; 70

Аймақтық экономика 

 аймақта əртүрлі біліктіліктегі арзан күштің болуы;  жергілікті шикізат пен энергияның болуы;  пайыздық мөлшерлеме деңгейі жəне аймақішілк көлік қызметтеріне тариф мөлшерлемесінің деңгейі. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы индустриалды-инновациялық үдерістердің катализаторы болатын «дəстүрлі мамандану» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторлардың ілгері дамуына бағытталған [18]. Мемлекеттің күші экономиканың келесідей басым секторларды дамытуға шоғырланған:  дəстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-металлургиялық кешен, атом жəне химиялық өнеркəсібі барынша жоғары шектегі шикізаттық өндірісіне кезекті өтуімен;  жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар жəне мемлекеттің сұраныстарына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;  шикізат секторымен байланысты емес жəне экспортқа бағдарланған өндіріс: агроөнеркəсіптік кешен, жеңіл өнеркəсіп, туризм;  алдағы 15-20 жылда əлемдік экономикада үстем болатын «болашақ экономика» секторлары: ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар, балама энергетика, биотехнология, ғарыш қызметі. Қазақстанның аймақтық дамуға қатысты бірқатар бағдарламалық құжаттарды қабылдауына қарамастан, осы аяда негізгі мəселелер болып келесілер қала береді:  əлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша экономиканың «шикізатты» жəне «шикізатты емес» бағытты аумақтар арасындағы халықтың өмір сүру сапасы бойынша жоғары саралануы;  қала жəне ауыл халқы өмір сүру деңгейіндегі өспелі айырмашылық;  көптеген аумақтардың индустриалды дамуының төмен деңгейі;  проблемалық аймақтардың жəне депрессиялық шағын қалалардың болуы;  көптеген аймақтар экономикасының ұтымсыз құрылымы; 71

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

 елдің бірқатар аймақтарында күрделі экологиялық жағдай. Алдыңғы даму кезеңінен қалған жəне одан ары жаңа экономикалық пен саяси жағдайларда шиеленіскен күрделі аймақтық мəселелердің болуы мемлекеттің аймақтық саясатын түзетуін жəне оны іске асыру тетіктерін жетілдіруді талап етеді. § 4.4 Аймақтық дамудың басым бағыттары Əлемдік тəжірибеде аймақтық экономиканың дамуының барынша тиімді бағыттары ретінде кластерді құру кеңінен қолданылады. Классикалық үлгі ретінде Калифорния штатының дамуына белсенді жандандырған АҚШ-тағы Силиконды алқаптағы ақпараттық технологиялар саласында компания топтары саналады. Қазақстанда кластерді енгізу бойынша жұмыстар 2004 жылы басталды. Аймақтар экономикасын жан-жақты талдау, олардың əлеуметтік-экономикалық əлеуетін бағалау ауылшаруашылығында, қайта өңдеуші өнеркəсіп пен қызмет аясында 7 пилоттық кластерді анықтауға мүмкіндік берді: 1) туризм: Алматы қ., Алматы облысы; 2) тоқыма: Оңтүстік Қазақстан облысы; 3) тамақ өнеркəсібі: астық қайта өңдеу кластері – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, көкөніс кластер – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сүт кластері – Қостанай облысы; 4) құрылыс материалдары: Алматы қ., Алматы, Қызылорда облыстары; 5) тасымалдау жəне логистика қызметтері: Алматы қ. 6) мұнай-газ машина жасау: Батыс Қазақстан облысы; 7) металлургия: Қарағанды облысы. Олардың құрылуы жəне іске асырылуы мемлекеттің ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркəсібінің үлесін арттыруына алып келеді, жеке тауарлар импорты төмендетіледі жəне дайын өнімнің экспорты ұлғаяды деп болжануда. Сонымен қатар, аймақ экономикасына инвестиция көлемін артады, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, бұл өз кезегінде жұмыссыздықты қысқартады жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттырады. Кластерді іс жүзінде кез келген аймақта құруға болады, оның өмір сүріп кетуі тек бизнестің бастамасы мен биліктің қолдауына 72

Аймақтық экономика 

байланысты болады. Мұндай бастама тек бизнес-қауымдастықтың кəсіпорындарының жұмысын «инновациялық рельске» түсіру керектігін түсінуіне байланысты жасалады. Инновациялық саясат Қазақстанда тарихи қалыптасқан салалық кешендік индустриалды мамандану аймақтарында кластерді ұйымдастыру ғана емес, негізделген жаңа перспективалық ұлттық кластерлер торабын құруды қарастырады. Пилоттық жобаларды жүзеге асырудан бастап, кластерлік дамудың келесідей негізгі бағыттарын көрсетуге болады: 1) Инновациялық ‒ технологиялық кластер. Осы кластерді қалыптастырудың нəтижесі салалық кəсіпорындардың бірлесуінен артықшылыққа қол жеткізу болып табылады. Кəсіпорындардың сапалық жəне сандық көрсеткіштері, бəсекеге қабілеттілігі жоғарылайды, халықтың сапасы мен өмір сүру деңгейі көтеріледі. Бұл жұмыстағы басымдық компьютерлік технология мен бағдарламаға, ядролық технологияға, ғарыш пен телекоммуникацияға, медицина мен фармацевтикаға, энергиялық тиімділікке беріледі. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Елбасы Н.А. Назарбаев «Екі жетекші инновациялық кластерді – Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркін дамыта беру керек» деп атап көрсетті. 2) Инновациялық ‒ білім беру кластері. Білім беру кластерінің мақсаты ішкі жəне сыртқы даму факторларын барынша пайдалану есебінен білім беру қызметі нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл ЖОО секторының айтарлықтай инновациялық əлеуетін барынша толық пайдалануға; барлық тұтынушылар тобының қажеттіліктерін толығырақ өтеуге береді. Қазақстанның білім беру жүйесі соңғы 20 жылда белсенді түрде дамуда. Дегенмен ең консервативті əлеуметтік институттардың бірінің даму қарқыны экономикадағы, саясаттағы, əлеуметтік өзгерістерге сай келе бермейді. Сондықтан білім беру саясатында үнемі өзгерістер енгізілуі керек, сондай-ақ көптеген білім беру құрылымдары қоғам өміріндегі табиғи өзгерістерге орай өз қызметін өзгертіп отыруға мəжбүр болады. 3) Инновациялық ‒ мұнай химиялық кластері. Бұл кластер машина құрылысы, металл өңдеу, кеме құрылысы жəне тасымал кешені кəсіпорындарын ынталандырады. Табиғи газды іріктеу, тасымалдау, сұйылту жəне өңдеуден өткізу технологиясы күрделі 73

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

технологиялық шешімдерді талап етеді, бұл өз кезегінде жаңа инновациялық кластерді қалыптастыруға алғышарттар тудырды. Мұнай-газ химиялық кластерді дамыту стратегиясы, ең алдымен, Каспий аймағындағы көмірсутекті шикізат кенін болжау жəне пайдаланумен, алынуы қиын мұнай мен газ қорларын алу əдістерін жетілдіру жөніндегі міндеттер кешенін шешумен байланысты. Келешекте атаулы кластер тиісті аумақтағы инновациялық мұнайгаз технологияларын енгізу жəне күтіп-баптау, өз технологияларын əлемдік нарыққа шығару жөнінен басты ұйым қызметін атқаруға тиіс. 4) Инновациялық-металлургиялық кластер. Қарағанды облысында өндіру жəне қайта өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары, ғылыми-зерттеу орталықтары жəне бейінді оқу орындары баршылық. Сондықтан осы аймақта бəсекеге қабілетті болатын кластер құру орынды. Қарағанды облысының қуатты металлургиялық кешенін коммерциялық пайдалануды қысқа мерзімде арттыру бағытында жарқын келешекке жол ашады. Осы кəсіпорындардың маңайында қажетті жабдықтар мен материалдар жеткізетін 300 жеткізуші шоғырланған. 5) Көлік-логистикалық кластері. Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамыту стратегиясы аймақты еуразиялық көлік байланыс жүйесіне қосу мəселесін шешуге байланысты. Елдің бəсекелестік артықшылығы – оңтайлы географиялық орналасуы. Республика аумағымен өтетін халықаралық көлік дəліздер жүйесін дамыту шеңберінде көлік торабы жүк өңдеу жəне транзиттік консолидацияның, еуразиялық байланыстың экспорттық ‒ импорттық жүк тасымалының негізгі орталықтарының біріне айналуға толық мүмкіндігі бар. 6) Тоқыма-өнеркəсіптік кластері. Қазақстанда көп көлемде экспортқа шығарылатын мақта өндірісі ұлғайып келеді. Сонымен бірге ішкі жəне сыртқы нарыққа түрлі өнімдер шығаратын тігін компаниялары да бар. Сондықтан еліміздегі компаниялармен одақтаса отырып, халықаралық сапа стандарттарына сəйкес отандық өнімдерді жасап, оны əлемдік нарыққа шығаруды қамтамасыз ететіндей, отандық жеңіл өнеркəсіп саласына əлемдік жеңіл өнеркəсіпте жоғары рейтингісі бар инвесторларды тарту мəселесін анықтау қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 6 маусымындағы №1605 Қаулысы бойынша 74

Аймақтық экономика 

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата өндірісіне қатысты пилоттық кластердің негізгі жүйесін құрайтын «Оңтүстік» АЭА құрылды. 7) Туризм кластері. Қазақстанның шетел фирмалары үшін инвестициялық тартымды артықшылықтары көп. Бүгінде «Алтын Емел», «Іле Алатауы», «Шарын каньондары» ұлттық табиғи парктерінің ресурстарын тарту арқылы туризмнің барынша тартымды бағыттарын жəне Ұлы Жібек жолындағы мəдени-танымдық жəне Байқоңыр қаласындағы туризмді («Ғарыштық айлақ») жəне т.б. дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 8) Агрокластер. Агрокластер инновациялық ауылшаруашылығы саласындағы ірі ауқымды жобаларды (мəселен табиғатты тиімді пайдалану, таза энергетика, болашақ энергиясы) жүзеге асыру көзделіп отырған ықшам аумақ болуға тиіс. Агроөнеркəсіптік кешеннің тиімділігін арттыру мақсатында үкіметтік деңгейде бірқатар мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл шаралардың маңыздылығын мойындай отырып, олардың сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерді (жаһандану үдерісі, бəсекенің күшеюі, тораптық ұйымдардың дамуы) жəне аграрлық бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысандары туындатқан мүмкіндіктерді ескеруі қажеттігін айта кету керек. Жаһандану ауылшаруашылығын да шарпып жатыр. Сол себепті агрокластерлік жобаны жасап, іске асыру агроөнеркəсіптік кешенінде жаңа технологиялық құрылыс қалыптастыруға жəне Қазақстанды өз астығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 9) Құрылыс кластері. Қазақстанда қалыптасқан өндірістік база құрылыс материалдарының көптеген түрлері, атап айтқанда, цемент, бетон өнімдері, қабырғалық жəне жылу бөлетін материалдар, гипс, асбест, арматура, гипсокартон, қиыршық тас, құм т.б. бойынша ішкі сұранысты кең ауқымда қамтамасыз етеді. Отандық кəсіпорындарға тапсырыстың аздығы құрылыс саласындағы сұранысты толығымен қамтамасыз ете алмайды, оның бір себебі жақын шетелдермен, мысалы, Қытайда өндірілген құрылыс материалдарымен салыстырғанда, отандық құрылыс материалдарының қымбаттығы. 10) Медициналық-фармацевтикалық кластер. Кластерлік саясатты өңірлік денсаулық сақтау саласында жүзеге асыру белгілі бір жағдайларды, мəселен, медициналық ұйымдардың шаруашылық 75

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

дербестігін күшейтуді, бір-бірімен сабақтас білім, ғылым, сақтандыру жəне т.б. сияқты салаларда нарықтық қатынастарды дамытуды, жекелеген салаларда өңірлік денсаулық сақтау жүйесін құруға табиғи қажеттілік пен кластерлік даму ұстанымдарына саналы түрде бірігуді талап етеді. Медициналық-фармацевтикалық кластерді Алматы қаласында құрған орынды. Бұл кластердің жүйесіне ҚР ПІБ-ның (Президент істері басқармасы) Орталық клиникалық ауруханасы, ҚР ПІБ-ның Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Алматы» шипажайы, Медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығы жəне т.с.с мекемелер кіре алады. Кластердің негізін қатысушылар арасындағы келісімшартты қарым-қатынастар құрайды. Кластерді құру денсаулық сақтау саласына жаңа тыныс сыйлап, медицинаның қарқынды дамуына жол ашары сөзсіз. Сонымен бірге, бұл үдерістер жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Ұлы Жібек жолының өн бойына туризм кластерін жасап, дамыту қажет. Сонда көп қалалық даму бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашылар еді. Жаңа үлгідегі «Ауыл» кластерін жасау – уақыт талабы. Бұл кластер ХХІ ғасырдағы қазақ ауылы қандай болу керек деген сұраққа нақты жауап берер еді. Ауылды дамыта отырып, бүкіл елді дамытуға, «Ауыл» кластерін қалыптастыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастардың қалаға ағылуын тоқтатып, елдің демографиялық мəселесін шешуге мүмкіндік береді [19, 45-52 б.]. ҚР-да аймақтық дамуының басқа да бағыттарын іздеу белсенді жүргізіледі. Қазақстан үшін жаңа бағыттар ретінде экономиканың шикізатты емес секторының дамуына себін тигізетін əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациялардың (ƏКК) құрылуын жатқызуға болады. Қазақстандағы ƏКК тұжырымдамасына сəйкес елдің жеті аймағында əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар құрылады:  Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарын жəне Астана қаласын қосатын Солтүстік макроаймақтағы «Тобыл» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы;  Атырау жəне Маңғыстау облыстарын қамтитын Каспий макроаймағынадағы «Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы;  Батыс Қазақстан жəне Ақтөбе облыстарын қамтитын Орал макроаймағындағы «Батыс» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы; 76

Аймақтық экономика 

 Шығыс Қазақстан жəне Павлодар облыстарын қосатын Ертіс макроаймағындағы «Ертіс» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы;  Қарағанды облысын қосатын Сарыарқа макроаймағындағы «Сарыарқа» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы;  Алматы облысын жəне Алматы қаласын қамтитын Жетісу макроаймағындағы «Жетісу» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы;  Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарын қосатын Оңтүстік макроаймағындағы «Оңтүстік» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы. ƏКК – бұл олардың жарғылық капиталында жүз пайыздық мемлекеттің қатысуы бар тұрақты бизнес-құрылымдар. Олардың мақсаты ‒ басқа коммерциялық корпорациялар секілді пайда алу, бірақ бұл пайда қай аймақтың мүддесіне қарай құрылса, сол аймақтағы əлеуметтік жобаларға қайта бөлінеді. Əрбір мұндай корпорация жергілікті өндірушілердің кооперациясын нығаюына себін тигізетін дамудың аймақтық институты болуы тиіс. Мемлекет кəсіпкерлер үшін бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады: инфрақұрылымды дамыту, қолайлы инвестициялық климат жасау, ақпараттық жəне ұйымдастырушылық қолдауды жүзеге асыру жəне т.б. Мұндай жеке бизнес-құрылымның мемлекетпен ынтымақтастығы өзіндік артықшылықтары бар жəне аймақтық дамытуды едəуір ынталандыруға қабілетті деп қарастырылады. ƏКК құру кезінде салалық, аумақтық (өнеркəсіптік немесе ауылдық аймақ, шалғай аймақ, экономикалық қолайсыз аймақ жəне т.б.) ерекшеліктерді, ірі немесе орта бизнеске қатысуы, табиғиклиматтық жағдайлар жəне т.б. ескеру қажет. ƏКК құруға бизнес қызығушылығының екі түрлі сипаты бар. Бір жағынан, оның қызығушылығы жергілікті инфрақұрылымның дамуына, жұмысшылар мен олардың отбасыларының өмір сүру жағдайын жақсартуына, кəсіпкерлік қызмет үшін қоғамдық климатты жақсаруына ықпал етеді. Осының барлығы, бизнестің осы мəселелерді дербес шешуде шығындарын төмендетеді жəне қажетті экономикалық ресурстардың (білікті кадрлар, инфрақұрылымның тиісті жағдайы жəне т.б.) ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, бизнеске ресурстарды сатып алуға кеткен 77

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

шығындарды қысқартумен (жер телімдеріне, коммуналды мүліктерге қол жетімділік), ақпараттарды əртүрлі преференцияларды жəне т.б. алумен байланысты белгілі бір кедергілерді еңсеру қажет. Қазіргі таңда аймақтар аумағында ƏКК құру əлеуметтік саясат мəселелерін шешуді қарастырады. Пайда болған мүмкіндіктің қалай іске асатындығы биліктің дайындығына жəне бизнестің əлеуметтік жауапты мінез-құлқын қалыптасуына байланысты. Айта кететін жайт, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар аймақтық жоспарлау жəне басқарудың əлемдік тəжірибесінде аналогы жоқ жаңа институт болып табылады. Өндірістік күштерді орналастырудың алғышарттарын ұғыну аймақтардың дамуының негізгі бағыттарын айқындау мемлекеттің деңгейі болып табылатындығы туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу жеке аймақтарда экономикалық өсуді жеделдету үшін негізгі шараларды дайындауды білдіреді. Аумақтық дамуын жаңғыртудағы басты мақсаты барлық факторларды барынша ескеру негізінде аймақтардың экономикасының тұрақты дамуын жəне экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Оларға келесілер жатады:  шикізат, отын жəне энергия көзіне өндірістерді барынша жақындату;  барынша тиімді табиғи ресурстарды кешенді пайдалану жəне айналымға тартылуы;  еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;  аймақтардың мамандануы;  урбанизация;  шағын немесе орта бизнестің дамуы;  қоршаған ортаның ұдайы өндірісі;  көлікпен қамтамасыз етілуі жəне т.б. Экономиканың нарықтық қатынастарға өзгеру үдерісінде өндірістік күштерді орналастыру факторларының жиынтығы мазмұны жағынан түрленеді. Қазақстанда жағдайында экономикалық реттеушілерде (аумақтың кеңеюі, табиғи-экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлардың əртүрлілігі) аумақтық сараланудың қандай да бір деңгейі болуы тиіс. Осыған орай, өндірістерді орналастыру жəне аймақтық дамуды реттеуде заңмен жəне жергілікті билік органдарымен бекітілетін айқын аумақтық-сараланған 78

Аймақтық экономика 

сипаты бар ресурстар үшін төлем мен табыс салығына жеңілдіктер айрықша рөл атқаруы тиіс. Бақылау сұрақтары 1. Мамандану деңгейін анықтау кезінде қандай көрсеткіштер қолданылады? 2. Аймақтар бойынша ЖАӨ көрсеткіштерін сипаттаңыз. 3. Республиканың қай аймақтары өндірістік дамыған аймақтарға жатады? 4. Ауылшаруашылығындағы, қайта өңдеу өнеркəсібі мен қызмет саласындағы 7 пилотты кластерді атаңыз. 5. Қазақстандағы əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялардың (ƏКК) негізгі тұжырымдамасы.

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

V тарау. ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКƏСІБІ ЖƏНЕ ОНЫ АУМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ

§ 5.1 Қазақстанның индустриалды даму кезеңдері Салалар бойынша ел экономикасы, ең алдымен, индустриалды дамыған мемлекеттерде материалды өндірістің жетекші аясы болып табылатын өнеркəсібімен айқындалады. Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдардың басында, бұрынғы КСРО басқа мемлекеттері секілді, ЖІӨ құрылымында, сондай-ақ халықтың жұмысбастылығы құрылымында да өнеркəсіптің басымдылығы бар өндірістің индустриалды типі қалыптасты. Қазақстанды индустриалдандыру 1920-1930 жылдары бай жəне қазбалы шикізаттың əртүрлі ресурстарын – түсті металл кендерін, көмірді, мұнайды қолданатын тау-кен өнеркəсібін құрудан басталды. Кейінірек, барланған жерлердің негізінде жаңа тау-кен жəне металлургиялық өнеркəсіптер құрыла бастады. Ірі энергетикалық кешен отын жəне гидроэнергетикалық ресурстар негізінде қалыптасты. Химиялық өнеркəсіптің құрылуы мен дамуы сондай-ақ химиялық шикізаттардың үлкен ресурстарына жəне басқа өндірістердің қалдықтарына сүйенді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғы КСРО батыс аудандарынан эвакуацияланған зауыттар негізінде машина жасау зауыттары салынды. Осы кəсіпорындарды орналастыру кезінде көлік-географиялық жəне еңбек факторлары ескерілді. Қазақстанның өнеркəсібі 60-80 жылдары барынша жедел қарқынмен өсті. Ол Кеңес Одағының бірыңғай халықшаруашылығы кешенінің құрама бөлігі ретінде құрылды, өндіруші жəне шикізат салаларының өсуі өнеркəсіптің өңдеуші салаларының дамуынан ілгері басты. Кеңес билігі жылдарында шикізат базасын дамыту бойынша, сонымен қатар үздіксіз алуға дайындалған пайдалы қазбалардың барлық түрлерін өндіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді. Кен, металда (əсіресе, түсті металл) өндірілген барлық 80

Аймақтық экономика 

дерлік өнім, шикізат түріндегі мұнай жəне газ Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды. Кеңес кезеңінде қалыптасқан өнеркəсіптік өндірістің салалық құрылымы халық жəне шаруашылық салаларын көптеген өнім түрлері бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. 1991 жылы Қазақстанда шеттен əкелінетін материалдық ресурстар көлемінің 80% басқа республикалардан əкелінді. Өзіндік өндіріс есебінен тұтынушы тауарларға сұраныс 42% ғана қанағаттандырылды, яғни Қазақстанның өнеркəсібі бұрынғы Одақ республикаларымен интеграцияланды [20]. Сондықтан 1990 жылдары шаруашылық байланыстардың үзілуі өңдеуші өнеркəсіпті шикізатпен, өндіруші салаларды қажетті жабдықтармен, ал халықты тұтынушы тауарларымен қамтамасыз етуде үлкен қиыншылықтарды тудырды. Сондай-ақ, бұрынғы КСРО мемлекеттердегі экономикалық саясат ірі мемлекеттік кəсіпорындарды құруға бағытталған. 1-2 кəсіпорынның қызметіне толығымен тəуелді болатын айналасындағы жəне өзі үшін ғана белгілі бір инфрақұрылымды дамыта отырып, қуатты тау-кен кəсіпорындары құрылды. Нəтижесінде Қазақстанда, ең алдымен, жалпы одақ нарығына жұмыс істейтін ірі, бəсекеге қабілетсіз өндірістер қалыптасты. Айта кететін жайт, егер өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанның индустриалды саясатының мəні кəсіпорын жұмысының тұрақты режімін қамтамасыз ету жəне оларды жеке секторға ауыстыру болса, онда ол қазіргі таңда түбегейлі ауысты. Елдің өнеркəсіптік кешені басым шикізат бағытындағы жеке салалардың жиынтығын көрсететіндігі құпия емес. Сонымен қатар, отандық өнеркəсіптің мəселелері макроэкономикалық, аймақтық-салалық жəне қаржылық сипатқа ие. Олардың ішіндегі бастылары: өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, өнеркəсіптік өндірістердің құрылымында шикізат салалары өнімінің басым болуы, негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі жəне əлсіз белсенділік. КСРО ыдырағаннан кейін мұндай саясат Қазақстанның шағын жəне орта қалаларының жағдайына теріс əсер етті, себебі олар таукен өнеркəсібінің орталықтары ретінде құрылған болатын. Мəні жағынан, өздерінің орналасуы бойынша олар пайдалы қазбалар81

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

дың орындары картасын қайталайды. Бұл қалалардың көлемі кен орындарының ауқымымен анықталынады. Бұл шахтер қалалары – Шахтинск, Абай, Сарань, Екібастұз қалалары жəне кен орындарында пайда болған жұмысшы елді мекендері – Рудный, Жетіқара, Жаңатас, Қаратау, мұнай кəсіпорындары негізінде пайда болған елді мекендер – Көлсары, Өзен, минералды шикізаттарды өңдеу орталықтары – Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақсу (бұрынғы Ермак). Бұрынғы Одақ республикаларымен шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан шағын жəне орта қалалар күрт құлдырауды сезінді. Оларға өткір əлеуметтік-экономикалық мəселелер тəн, салдары ретінде, халықтың ірі қалаларға жəне республикадан тыс жерлерге жаппай көшуі тəн. Көптеген қалалық жəне жұмысшы елді мекендер өнеркəсіптік өндірістердің, мəдени-ағарту мекемелерінің жабылуынан немесе тоқтап қалуынан облыстардың жəне аудандардың өнеркəсіптік жəне əкімшілік орталықтары ретінде бастапқы маңызын жоғалтты. Өтпелі кезең дағдарысы жалпы өнеркəсіптік өндірістің күрт құлдырауына алып келді: 1996 жылы Қазақстан өнеркəсібі өнімдерінің жалпы көлемі (үй шаруашылығы жəне ұйымдастырылмаған қызмет секторындағы оның өндірісін ескере отыра) 1990 жылдың көлеміне қатысты тек 48,1% құрады. Республикада 90-жылдардың басында өндіріс көлемін одан ары қысқартуын тоқтатуына бағытталған жəне жаңа нарықтық жағдайларға сəйкес экономиканың құрылымдық қайта құрылуының басына есептелінген заң актілері қабылданды. Экономика дамуының басты қозғалтқыш күші шикізат ресурстарының тиімді экспорты болуы керек болған. Осыған сəйкес əлемнің көптеген мемлекеттерімен сыртқы кономикалық ынтымақтастық дами бастады, өндіруші салаға, ең бастысы мұнай-гақ секторына шетел инвестициялары тартылды. 30 жуық ірі кəсіпорындар шетел компанияларының басқаруына берілді. Қазіргі таңда бірінші кезекте шикізат тауарларын экспорттауға бағдарланған өнеркəсіп салалары барынша динамикалық тұрғыда дамуда: мұнай, газ, металдардың өндірісі мен сыртқа шығарылуы өсуде. Өндірістің жəне шикізат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикалық дағдарысты еңсеруге жəне соңғы жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 82

Аймақтық экономика 

Өнеркəсіп өндіруші жəне өңдеуші өнеркəсібі болып екіге бөлінеді. Өндіруші өнеркəсібіне рудалы, рудасыз шикізаттарды өндірумен жəне байытумен байланысты, сонымен қатар теңіз жануарларын ұстаумен, балық аулаумен жəне теңіздің басқа өнімдерін өндірумен байланысты салалар жатады. Өңдеуші өнеркəсібіне өндіруші өнеркəсіп өнімдерін, жартылай фабрикат жəне ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша кəсіпорындар жатады. Өңдеуші өнеркəсіп салалары ауыр индустрияның негізін құрайды. Экономикалық реформа кезеңінде өндіруші жəне өңдеуші салалар құрылымында елеулі өзгерістер орын алды. Отандық экономика құрылымында тау-кен өндірісінің басымдылығының, ірі кен орындарын дайындауына оның мамандануының негізі нарықтық кезеңге дейін еңбектің одақішілік бөлінісі жағдайында қаланды. Қазақстан Республикасының өнеркəсіптік өндірісінің құрылымында 2012 жылы тау-кен өндіру салаларының үлесі 61,3%, ал өңдеуші салаларының үлесі 31,8% құрады. Электр энергиясы, газ жəне су өндірісі мен бөлінуі 6,9% құрады. Кеңес кезеңінде қалыптасқан өндіруші жəне шикізат салаларының ілгері өсу үрдісі одан ары күшейе түсті. Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық-салалық құрылымында индустриалдық даму деңгейіне сай келетін аймақтардың үш типін көрсетуге болады: 1. Жұмысбастылар саны жəне өнімнің құны бойынша шаруашылықтың басты саласы ауылшаруашылығы болып табылатын шаруашылықтың индустриалдыға дейінгі құрылымы бар аймақтар – Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 2. Шаруашылықтың басты саласы – өңдеуші өнеркəсіп (Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары) немесе тау-кен өндіру өнеркəсібі болатын шаруашылықтың индустриалдық құрылымы бар аймақтар – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары. 3. Шаруашылық құрылымында өндірістік емес ая басым болатын экономика дамуының индустриалды типі бар аймақтар. Қазақстан Республикасында тек екі аумақтық бірлікке шаруашылықтың постиндустриалды құрылымы тəн – Астана жəне Алматы қалалары. 83

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Экономиканы одан ары жаңғырту жəне индустриалды дамуды жеделдету мақсатында Үкімет еліміздің барлық аймағында 100-ден астам бизнес-жобаларды жүзеге асыруды қарастыратын Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын қабылдады. § 5.2 Өнеркəсіптік саясат мақсаттары мен басымдықтары Тəуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан жаһандандық экономика жағдайында əлемдік тауар нарығына мұнай, газ, қара, түсті, асыл жəне сирек кездесетін металдарды жəне уран өнімін қоятын мемлекет ретінде танылған. Қазіргі таңда Қазақстан өнеркəсібінің дамуы бұрынғыдай пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуымен анықталынады. Республикада байыту фабрикаларын, мұнайды қайта өңдеу зауыттарын жəне металлургиялық комбинаттарды қосатын қуатты тау-кен өндіретін кешені бар. Өндірудің қазіргі деңгейінде өндіруші кəсіпорындар жеткілікті ұзақ уақытқа шикізат қорларымен қамтамасыз етілген. Сол уақытта машина жасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптерінде едəуір құлдырауы байқалды. Тек соңғы жылдары машина жасау жоғары өсу қарқынын көрсетуде, алайда, оның республика өнеркəсібінде үлесі реформаға дейінгі кезеңдегіден əлдеқайда алыс. Өткен онжылдықта Қазақстан өнеркəсібінің салалық жəне аумақтық құрылымында келесідей өзгерістер орын алды:  көмірсутек шикізаттарын (мұнай жəне газ) өндіру үлесі артты;  шикізатты өндірудің негізгі орталығы Қазақстанның батыс облыстары болды;  өңдеу өнеркəсібінің салалары тиімділігі төмен (тамақ, машина жасау) немесе тіпті залалды (химия, тоқыма, былғары-аяқ киім) өндіріске айналды. Өнеркəсіптік өндірістің, əсіресе өңдеуші секторын одан ары өсуін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды, соның ішінде шетел инвестицияларын өндірісті жаңғыртуға жəне жаңа технологияларды ендіруге ұлғайту керек. 84

Аймақтық экономика 

Өнеркəсіптің шикізат салаларына шетел инвестицияларын тарту жəне қаржылық аяда құрылымдық-институционалдық түрлендірулерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясаттарды жүргізу арқылы елде қаржылық ресурстардың жинақталу жəне өмір сүру деңгейінің өсуі орын алады, оның көмегімен ұзақмерзімді келешекте индустриалдыдан кейінгі сервистік-технологиялық дамуына көшуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қазақстан отын жəне минералды шикізаттың ірі əлеуетін шоғырлаған шағын экономика ретінде өнеркəсіптің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін тартымдылығы төмен. Осыған орай өнеркəсіптің өңдеуші салаларына, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер атқаратын салалар өзінің қажетті түрде дамымады. Бұл ел экономикасын шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгерістеріне əлсіз қылады. Өңдеуші өнеркəсіпте тек металлургиялық өнеркəсіп қана сыртқы нарықта бəсекелеске түсе алады. Тамақ өнеркəсібінің кейбір өнімдері шетел аналогтарымен ішкі нарықта бəсекелесе алса, ал өңдеуші өнеркəсібінің қалған өнімдеріне қазіргі таңда тікелей жəне жанама субсидиялар (электр энергиясына, өнімді тасымалдауға төмен тарифтер, қорғаныс кеден баждарын белгілеу) беру есебінен демеу көрсетіледі. 2003 жылға дейін өнеркəсіптің кейбір салаларына (тігін, тоқыма жəне машина жасау) ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бекітілді, бюджетке өткен кезеңдерде борыш болған міндеттемелерді төлеудің кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Қазақстандық экономика 2000 жылдың басынан жоғары қарқынмен өсе бастады. Экономиканың өсуі жағымды сыртқы экономикалық жағдаяттармен, ең алдымен əлемдік нарықтағы мұнай, газ жəне металдарға бағалардың өсуімен байланысты. Алайда өсу тек экспортқа бағдарланған салаларда ғана жүрген жоқ. Соңғы жылдары жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптері, құрылыс материалдарының өнеркəсібі, машина жасау жəне химиялық өнеркəсіптерінің кейбір салалары, тұрғын үй құрылысы жандана бастады. Заманауи жағдайда Қазақстанның өнеркəсіптік дамуында келесідей мəселелер бар:  біржақты шикізаттық бағыттылық;  əлемдік экономикаға əлсіз интеграциялану;  мемлекет ішінде салааралық жəне аймақаралық əлсіз экономикалық интеграция; 85

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

 өңдеуші өнеркəсібінің төмен өнімділігі;  мұнай-газ жəне тау-металлургиялық кешеніне кірмейтін экономикалық салалардағы негізгі қорлардың өспелі тозуы;  кəсіпорындардың жалпы техникалық жəне технологиялық артта қалушылығы;  ҒЗТҚЖ төмен шығындары, ғылым мен өндіріс арасындағы тиімді өзара əрекетінің болмауы;  мамандар мен жұмыс кадрларын дайындау жəне қайта дайындаудың заманауи жүйесінің болмауы;  экономиканың өңдеуші секторына инвестицияларға ынталандырудың болмауы. Аталған мəселелердің шешуі басты мақсаты өңдеуші өнеркəсібінің бəсекеге қабілетті салаларын құру жəне даму бағытында өнеркəсіптің құрылымдық қайта құрылысы болып табылатын мемлекеттің өнеркəсіп саясатын жүргізуін қажет етеді. Мұндай саясат ретінде 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы (ИИДС) бола алады. Оның негізінде экономиканы қайта өңдеу өнеркəсіп жағына қарай қайта бағдарлау жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, осы негізде өндірістің технологиялық деңгейін арттыруды қарастырады. Бұл байланыста Қазақстан экономикасының дамуы басымдылықтардың шикізаттық мамандану салаларынан шикізатты өңдеу жəне қосылған құнының жоғары үлесі бар өнімнің өндірісіне қарай өзгеруін білдіреді. Бар экспорт əлеуетінің өсуімен қатар, заманауи қайта өңдеу өнеркəсібін дамыту бойынша оның өсуі үшін жағдай жасау қарастырылуда. Өндіруші өнеркəсіптің жоғары үлес салмағының сақталуына қарамастан, Қазақстан əлемдік қауымдастыққа шикізат тауарларымен бірге, жоғары қосылған құны бар өнімдерімен табысты интеграциялануы күтілуде. Өңдеуші өнеркəсібінің жалпы көлемінде ғылыми сыйымды жəне жоғары технологиялық өнімдердің үлесі артады. ИИДС шеңберінде өнеркəсіптік саясаттың басты мақсаты отандық тауар өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсету болуы керек. Оны іске асыру үшін инвестициялық жобаларға жеңілдігі бар несиелеудің тиімді сызбаларын дайындау жəне ендіруді қажет етеді. Бұл шаруашылық айналымға жұмыссыз еңбек ресурстары жəне 86

Аймақтық экономика 

тоқтап қалған өндірістік қуаттар түріндегі қолданбайтын қорларды тартуға, ішкі нарықта қазақстандық тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі мұнай-химиялық өнеркəсіптің дамуы болып табылады. Негізгі мұнай-химиялық өнімдерді – полиэтилен, полипропилен, стирол жəне полистирол, этиленгликоль жəне бензол, метанол жəне өндірістің қажетті факторлары бар аймақтарда басқа өнімдерді шығару бойынша мұнайхимиялық өндірістерді құру қарастырылады. ИИДС бағдарламасы шеңберінде келесідей мəселелер өзекті болып табылады [21]: 1) мұнай-газ өнеркəсібі мен басқа да өндіруші салаларда ҒЗТҚЖ-ды, сонымен қатар жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін жəне кəсіби дағдыларын арттыру бойыншы ынталандыру; 2) Солтүстік Каспийдің ілеспе көмірсутек газдарының орындары негізінде бірлескен мұнай-химиялық кəсіпорынды құру. Ресей тарапынан Орынбор ГӨЗ негізінде Қарашығанақ табиғи газ орындарын, сонымен қатар Солтүстік Каспий кен орындарын тереңірек өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында БК (бірлескен кəсіпорын) құру қарастырылуда; 3) инновациялық технологиялар негізінде Қазақстан көмірсутек шикізаттарын кешенді дамыту жəне құрылысқа инвестицияларды тарту мақсатымен «Атырау облысында ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағын құру. Ішкі нарықты одан ары ырықтандыру жолымен ішкі тұтыну мақсаты үшін мұнай өңдеу жəн газ өңдеу секторларын дамытуды ынталандыру жұмыстары жүргізілуде. «Мұнай-газ машина жасау» кластерінде бəсекеге қабілетті мұнай-газ кешені үшін техникалық құралдарды, жабдықтарды жəне механизмдерді шығаруды арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары дайындалды. Металлургияда жоғары қосылған құны бар тауарлардың өндірісін қамтамасыз ететін жаңа бəсекеге қаблетті кəсіпорындарды құру жəне жұмыс жасап тұрған кəсіпорындарды қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Отандық тоқыма өндірісін барынша жоғары технологиялық деңгейде дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ құрылды. 87

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Қазақстанның ұлттық экономикасының жедел дамушы секторларының бірі қазіргі таңда құрылыс кешені болды. 2005-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс материалдарын, бұйымдарды жəне конструкциялар өнеркəсібін дамыту бағдарламасы қабылданды. Жаңа құрылыс материалдар түрлерінің пайда болуы жəне даму, сапаның арту жəне ассортименттердің кеңеюі үрдістері байқалады. Сонымен, ИИДС басты міндеті өңдеуші секторын жеделдетілген əртараптандыру жəне ұлттық экономиканың басты бағыттарында экономикалық жетістіктеріне қол жеткізу жолдарымен тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. § 5.3 Өнеркəсіпті аумақтық ұйымдастыру Аймақтық экономиканың негізгі зерттеу объектісі оны аумақтық ұйымдастыру болып табылады. Шаруашылық дамуының аумақтық экономикалық пропорцияларының талдауы мен синтезі үшін, мемлекет аумағында өндірістік күштерді орналастырудың басты бағыттарын айқындау үшін ірі экономикалық зоналарды ерекшелейді. Ірі экономикалық зоналар құрамына өнеркəсіптік аудандар кіреді. Олар қалыптасқан материалды-техникалық базасы, өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымы бар өндірістік күштердің даму бағытымен біртекті табиғи жағдайлары бір ірі аумақтарды білдіреді. Өнеркəсіптік агломерация ұғымы астарында шаруашылықтың əртүрлі сала кəсіпорындарының, инфрақұрылымдық объектілердің жəне ғылыми ұйымдардың аумақтық шоғырланудың, сонымен қатар халық тығыздығының жоғары деңгейімен ерекшеленетін аумақтық экономикалық құрылымдар ұғынылады. Өнеркəсіптік агломерациялар дамуының экономикалық алғышарты: 1. Өндірістің шоғырлану жəне əртараптанудың жоғары деңгейі, бұл оның барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. 2. Өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін барынша тиімді қолдану. Мемлекет аумағында шаруашылықтың əртүрлі сала кəсіпорындар топтарын орналастыру өнеркəсіптің құрылыс үшін қажетті аумақты қысқарту өнеркəсіптің құрылыс үшін қажетті аумақты 88

Аймақтық экономика 

қысқартуға алып келеді, орташа шамамен олардың бытыраңқы орналасуымен салыстырғанда 30% қысқартады, құрылыстың сметалық құны 3% төмендейді, 25%-ға ғимараттар саны кемиді. Өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымның, қосалқы-көмекші мақсаттағы бірыңғай объектілерді құру арқылы жалпы объектілерге кететін шығындарды үнемділік 20% құрайды. Өнеркəсіптік торап – бұл аумақта орналасқан өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымның ортақ объектілерімен бірге бір немесе бірнеше елді мекендердің, өнеркəсіптік кəсіпорындардың үйлесімділігі. Оның басты белгісі мемлекеттің еңбектің аумақтық бөлу жүйесіне қатысуы, кəсіпорындар арасында өндірістік байланыстардың болуы, таратып орналастыру жүйесінің, əлеуметтік жəне техникалық инфрақұрылымның ортақтығы болып табылады. Заманауи өнеркəсіптік тораптар автономды өнеркəсіптік орталық ретінде емес, аумақтық-өндірістік кешеннің бөлшектенген өндірістік құрылымдары ретінде жоспарланып, дамиды. Өнеркəсіптік тораптар өндірісті кезекті құрамдастыру жəне тораптық инфрақұрылымдық объектліерді құру негізінде құрылған өнеркəсіптік тораптар өз алдына шаруашылықтың аумақтық құрылымының дамуы реттелетін үдерісте сапалы жаңа құбылысты білдіреді. Өнеркəсіптік тораптарға қарағанда өнеркəсіптік тораптар өзара технологиялық байланыстары жоқ өнеркəсіптік кəсіпорындардың жиынтығын білдіреді. Мұндай орналастыру кооперацияның даму мүмкіндіктерін, тиісінше, жəне өнеркəсіптік орталықтардың өсу тиімділігін төмендетеді. Мысал ретінде облыс орталықтары болады [12]. Заманауи сатыда өнеркəсіпті аумақтық ұйымдастырудың прогрессивті нысандарының бірі өндірісті құрамдастыру болып табылады: комбинатты құрайтын кəсіпорындар тығыз технологиялық, экономикалық жəне ұйымдық байланыстары бар. Өндірістік комбинаттар шикізатты терең өңдеуінің жəне өндірістік қалдықтарын кəдеге жарату кең мүмкіндіктеріне ие, бұл қоршаған ортаға зиянсыз қалдықсыз, технологиялық таза өндірістерді ұйымдастыру үшін алғышарттарды құрайды, сонымен қатар олардың тиімділігін арттырады. Өндірісті құрамдастыру ауыр жəне жеңіл өнеркəсіпте кеңінен қолданысқа ие болды. Минералды-шикізаттық ресурстарды кешенді пайдалану негізінде құрылған жəне шаруашылық89

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

тың əртүрлі саланың кəсіпорындарымен (газ-химиялық кешендерді құру, химиялық өндірісі бар қара жəне түсті металлургия кəсіпорындарын құрамдастыру жəне т.б.) көрсетілетін өнеркəсіптік комбинаттар елеулі экономикалық əсер береді. Құрамдастырудың экономикалық əсері шикізатты, материалдарды, электр энергияларын, жылуды үнемдеу, шығындарды азайту жəне өнімдерді арзандату есебінен қалыптасады. Жеке кəсіпорындарды орналастырумен салыстырғанда комбинаттарды құру капитал салымдарын 30-35%ға дейін қысқартуды жəне шығарылған өнімдердің өзіндік құнын 20-25% төмендетуді қамтамасыз етеді. Қазақстан өнеркəсібінің құрамында пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын көптеген өндіруші салалары бар. Сол уақытта Қазақстанда ақырғы дайын өнімді шығаратын өңдеуші өнеркəсіп салалары жеткілікті түрде дамымаған. Отандық өнеркəсіп жарқын көрсетілген шикізат бағыттылығымен, негізгі қорлар тозуының жоғары деңгейімен, өнімнің бəсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейімен жəне жұмыс істеп тұрған өндірістердің техникалық жаңауы үшін инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігімен сипатталады. Нарықтық қатынастардың дамуы өнеркəсіпті инвестициялаудың жаңа жүйесін құрудың қажеттілігіне жағдай жасады, бұл заманауи экономикалық жағдайда дербес дамуға қабілетті жаңа интеграцияланған құрылымдарды қалыптастыруға алып келді. Мұндай жүйелердің бірі ретінде қаржылық-өнеркəсіптік топтар болып табылады. Оларды құрудың негізгі мақсаты ‒ өндірістің тиімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын кеңейтуге жəне бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін технологиялық немесе экономикалық интеграция. Қазақстан Республикасының экономикасы əлемдік экономикаға кіріктірілген жəне оның жүйелік құрылымына тікелей тəуекел. Заманауи жағдайда экономикалық қауіпсіздікті арттыру жəне экономикалық өсуге жол ішкі экономикалық жүйемен тығыз байланысты жəне əлемдік жүйемен барабар бəсекеге қабілетті жоғары технологиялық өндірістерді дамытуда жатыр. Қазақстанда қаржылық-өнеркəсіп топтарын құру қажеттілігі объективті нарықтық жағдайларға байланысты туындайды. 90

Аймақтық экономика 

Қаржылық-өнеркəсіптік топтарды топ қатысушылары арасында тығыз шаруашылық байланыстар есебінен өндірісті тұрақтандыруға, өнеркəсіпке инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін корпоративтік капиталдың барынша бəсекеге қабілетті нысандарының бірі ретінде қарастыруға болады Ішкі жəне сыртқы нарықта бəсекеге қабілетті бола алатын жоғары қосылған құны бар өнімді шығаратын бəсекеге қабілетті, жоғары технологиялық өндірістерді құру қаржылық-өнеркəсіптік топтарды құрудағы басты мақсаты болып табылады. Мұндай құрылымдар бар мəселелерді шешуге жəне заманауи бəсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға себін тигізуге қабілетті. Қазіргі таңда Қазақстанның өнеркəсіптік кəсіпорындары жеткілікті əлеуетке ие жəне олардың негізінде қаржылық-өнеркəсіптік топтар құруға дайын. Бақылау сұрақтары 1. Қандай негізгі экономикалық факторлармен өнеркəсіптің салалық құрылымы айқындалады? 2. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан өнеркəсібінің салалық жəне аумақтық құрылымында қандай өзгерістер болды? 3. Қазақстанның өнеркəсіптік дамуында қазіргі кезде қандай мəселелер бар? 4. Өнеркəсіптік агломерацияның экономикалық алғышарттары қандай? 5. «Өнеркəсіптік торап» ұғымына сипаттама беріңіз. 6. Қазақстанда қаржылық-өнеркəсіп топтарын құрудың негізгі мақсаты жəне құру қажеттілігі қандай?

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

VІ тарау. ӨНЕРКƏСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ-САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

§ 6.1 Қара металлургия Өнеркəсіптің салалық құрылымы елдің индустриалды даму деңгейімен, экономикалық дербестілік деңгейімен сипатталынады. Осы құрылымның динамикасын зерттеу аймақтық экономиканың міндеті болып табылады. Қазақстанның өнеркəсіптік əлеуеті жоғары. Республиканың өнеркəсіптік құрылымы объективті жəне субъективті себептерге байланысты қатты түрленді жəне соңғы қоғамдық қажеттіліктер құрылымына сəйкес келмейді. Өндіру салаларының үлес салмағы əлі күнге дейін жоғары, өнеркəсіптің қайта өңдеу салаларының көптеген түрлері жоқ. Қара металлургия – Қазақстанның ауыр өнеркəсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Ол екінші дүниежүзілік соғысы жылдарынан кейін пайда болды жəне қазіргі таңда толық жəне толық емес циклді өндіріс кəсіпорындарын қамтиды. Қара металлургия саласы шойын, болат, прокат бұйымдары мен ферроқорытпа өндіреді. Республиканың қара металлургиясының ірі кəсіпорындары – Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургиялық комбинаты. Ол екі зауытты – Қостанай облысынан алып келетін темір кен концентраттарын қолданатын толық циклді өндіріс, жəне қайта балқыту металлургияны немесе металл сынығында жұмыс істейтін толық емес өндірісті біріктіреді. Комбинат шойын, болат, құбырлар, рельс, жұқа ақ қаңылтыр шығарады. Қазақстанның қара металлургиясының маңызды саласы Соколов-Сарыбай, Лисаковск жəне Қашар темір кендерін Қостанай облысындағы тау-кен байыту комбинаттарында өндіру жəне байыту болып табылады. Осы жерден темір кендерінің концентраттары миллион тоннамен Теміртау жəне Магнитогорск қалаларына жөнелтіледі. Республикада қара металлургия саласы бойынша Ақтөбеде жəне Ақсуда ферроқорытпа зауыттары бар. Ақтөбедегі ферро92

Аймақтық экономика 

қорытпа зауыты Хромтау хромиттері негізінде жұмыс істейді жəне феррохром шығарады. Ақсудағы ферроқорытпа зауыты Оралдан жеткізілетін кварцит негізінде жұмыс жасайды жəне ферросилиций өндіреді. Екі зауытта ірі жылу электр станциялары бар қалаларда салынған, өйткені ферроқорытпа өндірісі энергияны көп қажетсінетін сала болып табылады. Қара металлургия металлургиялық шикізаттың əртүрлі түрлерін өндіру жəне қара металлургия өндірісі бойынша ірі ұлттық кешен ретінде қалыптасты. Бұл салада өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейіне жеткен: республикада прокат өндірісі Карметкомбинатта шоғырланған, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты үлесіне республикада өндірілетін темір кенінің 61% келеді, Ермаков ферроқорытпа зауытының үлесі олардың жалпы өндірісінің 81%-ын құрайды. Қара металлургияда кəсіпорынның мынадай типтері бөліп көрсетіледі: ‒ толық циклды металлургиялық зауыттары, яғни шойын, болат жəне прокат шығаратын (кейде олардың құрамына темір кіреді); ‒ болат балқыту жəне болат прокаттау зауыттары (қайта қорыту металлургиясы); ‒ ферроқорытпа өндірісі – темірді хроммен, марганецпен, кремниймен жəне басқа элементтермен байыту, бұл қосындылар одан əрі болат балқытуда оларға қажетті қасиет беруде пайдаланылады: ‒ кіші металлургия – машина жасау зауыттарында болат жəне прокат өндіру; ‒ домнасыз металлургия – темірді тікелей қалыпқа келтіру (электр пештерінде сапалы темір кенінен окатышь алу) Қара металлургия кəсіпорындары аумақ бойынша пайдалы қазба кен орындары мен су энергетикалық ресурстары бар республиканың бес облысында орналасқан (Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған жəне Павлодар облыстары). Темір кен өнеркəсібі. Қазақстан темір кен қоры 16,6 млрд. тонна, бұл əлемдегі барлық қордың 6% құрайды, оның ішінде 8800 млн. тоннасы барланған. ТМД бойынша Қазақстан темір кені қоры жөнінен Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 90%-ы шоғырланған. Республикадағы темір кенінің сапасы жоғары. 93

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Өндірілетін темір кенінің негізгі бөлігі шет елге, негізінен Ресейге экспортталады. Республиканың темір кен өнеркəсібі өнімін ішкі тұтынушылары Қарағанды металлургиялық комбинаты, Ермаков жəне Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары болып табылады. Қазақстанның темір кен өнеркəсібінің ірі кəсіпорындары қатарына Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі, Лисаковск тау-кен байыту комбинаты мен Атасу кен балқыту жатады. Темір кен орындарының өңделуі негізінен Қостанай облысында (Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігімен өңделетін Соколов-Сарыбай жəне Қашар кен орындары) жүргізіледі. Жылына 30-40 млн. тонна темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарылады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Марганец кен өнеркəсібі. Республикада жоғары сапалы марганец кенінің барланған ірі қоры бар. Қазақстан марганец кені қоры бойынша əлемде екінші орын алады. Қазақстанда шамамен 600 миллион тоннаны құрайтын болжалды қорларды есепке ала отырып, актив қоры 426 миллион тоннадан астам марганецтің 36 кен орны жəне 163 кен білінуі бар. Қазақстанда марганец кенін негізгі өндіруі Жезді кен балқытуда өндіріледі. Марганец кенін ілеспе өндіруі Атасу кен балқыту жəне Жəйрем кен байыту комбинатында жүзеге асырылады. Қазақстанда өндірілетін кеннің жартысынан астамы Жезді байыту фабрикасында қайта өңделеді. Кəсіпорынның негізгі тұтынушылары Ермаков ферроқорытпа зауыты мен Ресейдің металлургиялық зауыты болып табылады. Хром кен өнеркəсібі. Қазақстанда əлемдік хром кені қорының 30%-ы шоғырланған. Республикадағы хром кенінің көлемі мен сапасы хром жəне қорытпа əлемдік нарықта жақсы позицияны қамтамасыз ете алады. Республикада хромиттің барланған қоры көлемі бойынша ОАР ғана тізгінді береді, ал сапасы бойынша əлемде үздік болып табылады. ТМД-дағы хром кенінің жалпы қорының 95%-ын құрайды. 94

Аймақтық экономика 

Ақтөбе жəне Ермаков ферроқорытпа зауыттарында Дон тау-кен байыту комбинатымен жеткізілетін хром кенін пайдаланады. Қазіргі таңда осы үш кəсіпорын өндіріс тиімділігін арттыру жəне шығарылатын өнімнің бəсекеге қабілеттін арттыру мақсатында хромы бар шикізатты жəне феррохромды өндіру, шығару, іске асыру үйлесімділік құқығына ие бір құрылымға («Қазхром» ТҰК» АҚ) біріктірілді Қазақстан əлемдік нарықта сұраныс пен бағасы өскен феррохром қорытпаларын ғана емес, сондай-ақ Дон комбинатымен жеткізілетін хром кенін экспорттайтындықтан бірігу идеясы туындады. Металлургиялық өндіріс. Негізінен қаңылтыр прокатының əртүрлі түрлерін дайындауға, ферроқорытпа өндірісіне – ферросилиция жəне феррохром жасап шығаруға маманданатын металлургиялық өндірісі қара металлургияның салалық құрылымында барынша жоғары үлесті алады. Қазақстанның қара металлургияның металлургиялық өндірісінің кəсіпорындарына Қарағанды металлургиялық комбинаты, Ақтөбе жəне Ермаков ферроқорытпа зауыттары жатады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты феррохром жəне ферротитан негізінде қорытпалар өндірісіне маманданған. Соңғы жылдары зауыттың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері біршама нашарлады. Басты мəселесі – өндірістің өте төмен техникалық деңгейі, сондай-ақ өндірістік алаңдардың шектен тыс жүктелуі. Ермаков ферроқорытпа зауыты кремнийлі жəне хром қорытпа өндірісінде ірі кəсіпорын болып табылады. Зауытта ферросилиция мен ферросиликохром өндірісі игерілген. Қара металлургия экономиканың қажеттіліктерін қажетті материалдармен қамтамасыз ететін өнеркəсіптің негізгі саласы ретінде айқындалады. Отандық қара металлургияның құрылымды құраушы рөлі қара металлургия кəсіпорындары жергілікті бюджеттерін ірі толтырушы жəне қала құраушы қызметін атқаратындығы болып табылады. Қазіргі таңда сала отандық экономиканың əлеуетін анықтайды жəне өнеркəсіптің өңдеу секторын дамыту үшін шынайы негіз болып табылады. Саланы дамытудың міндетті шарты елдің металлургиялық кəсіпорындарда технологиялық үдерістерді басқару, талдау жəне мониторинг технологияларына сапалы жаңа тəсілді қалыптастыру қажет. 95

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

§ 6.2 Түсті металлургия Түсті металлургия ХVІІІ ғасырда Алтайда пайда болған елдегі өнеркəсіптің жетекші салаларының бірі болып табылады жəне ХХ ғасырдың 30-жылдарында қарқынды дами бастады. Бастапқыда түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс жəне Орталық Қазақстан болды, ал кейінгі 20-30 жылдарда оның республиканың оңтүстік жəне солтүстігіне қарай жылжуы басталды. Осы үдерістің арқасында елдің жеке аймақтарының экономикалық даму деңгейінің теңесуі жүреді. Түсті металлургияға арналған шикізаттың нақты қоры олардың таяудағы 25-40 жыл бойы азды-көпті тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Қазақстанның түсті металдарының сапасы жоғары. Өскемен мырышы, Балқаш жəне Жезқазған мысы сапа үлгісі ретінде Лондондағы түсті металл биржасында тіркелген. Қазақстанда мыс өндірісі мен қорытуы республиканың орталық жəне шығыс аймақтарында шоғырланған. Олар Қоңырат, Саяқ жəне Жезқазған мыс кендерімен жұмыс істейді. Өскеменге жақын орналасқан Глубокое елді мекеніндегі Ертіс зауыты жəне Жезқазған маңындағы Қарсақпай зауыты ‒ қуаты шағын мыс балқыту зауыттары. Қазақстан өндіріс деңгейі бойынша əлемдегі ірі өндірушілердің жəне тазартылған мыс экспорттаушылар қатарына жатады. Мыс, қорғасын-мырыш жəне таяуда пайда болған алюминий мен титан-магний өндірістері – Қазақстан металлургиясының басты салалары. Бұл салалардың əрқайсысының халықаралық зор маңызы бар жəне олардың кейде ірі комбинаттар түзетін кеніштері мен карьерлері, кен байыту комбинаттары мен зауыттары болады. Қазақстанда түсті металдар өндірісін ұйымдастырудың мұндай нысандары олардың кендерінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кендерде таза металл (1-5% ‒ ға дейін) аз, ал шашыранды металдар тіпті 1%-дан аз болады. Сондықтан түсті металдар кендері əлденеше рет байытылған соң ғана құрамында металы көп концентрат алынады. Оның үстіне, əдетте кенде бірнеше пайдалы элементтер кездеседі жəне олардың əрқайсысы əртүрлі цехтарда шикізатты кешенді өңдеу қағидаты бойынша жекелей алынады. 1. Қорғасын-мырыш өнеркəсібінің он екі кəсіпорны бар, соның ішінде үшеуі металлургиялық, тоғызы тау-кен байыту кəсіпорын96

Аймақтық экономика 

дары болып табылады. Металлургиялық – бұл Өскемен қорғасынмырыш, Риддер полиметалл комбинаттары жəне Шымкент қорғасын зауыты. Тау-кен байыту – Ащысай, Ертіс жəне Риддер полиметалл, Шығыс Қазақстан мыс-химиялық, Зырян қорғасын, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, Жəйрем, Жезкент жəне Қарағайлы тау-кен байыту комбинаты. Олардың көбісі «Қазцинк» АҚ құрамына кіреді. 2. Мыс саласы. Қазақстандағы мыстың бекітілген қоры 37 млн. тонна деп бағаланды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасы Чили, Индонезия жəне АҚШ-тан кейін төртінші орын алады. Қазақстан аумағында мыстың 90-ға жуық кен орны барланған. Қазақстан аумағында құрамында мыс бар кендерді өндіруді мыс өндіру бойынша əлемнің жетекші компаниялар ондығына кіретін «Қазақмыс» АҚ қатар, Жезкент тау-кен байыту комбинаты жəне Шығыс Қазақстан мыс химиялық комбинаты, Көктау кеніші мен Ақтөбе облысындағы Шиелісай фабрикасы мыс өндіру жəне қайта өңдеуді жүзеге асырады. Жезкент тау-кен байыту комбинаты жəне «Жезқазған» мыс кен орны мыспен қатар, қорғасын жəне мырыш концентратын, ілеспе түрде қорғасын мырыш, кадмий, күміс, никель, висмут алатын «Жезқазғанцветмет» бірлестігінің құрамына кіреді. Өндірілетін мыс концентратының негізгі көлемі тазартылатын мысты шығару үшін қолданылады, Республикада шығарылатын мыс концентратының бөлігі экспортталады. 3. Алюминий өнеркəсібі – Қазақстанда бокситтердің 20-дан астам кен орны барланған, Республикадағы қордың негізгі бөлігі Қостанай облысының аумағында (Батыс Торғай жəне Орталық Торғай боксит аудандары) орналасқан кен орындарында шоғырланған. Алюминий өнеркəсібінің шикізаты – боксит, нефелин, алункит. Торғай боксит кеніші Шығыс Торғай тобының бокситтерін өндіреді. Энергияны көп қажет ететін бұл металдар арзан электр энергиясын көп өндіретін ірі жылу жəне су электр станциялары бар Павлодар алюмний зауытында қорытылады, сонымен қатар алюминий саласы бойынша Торғай жəне Краснооктябрь кен басқармасы жұмыс жасайды. 4. Алтын өндіру саласы Қазақстанның валюта қоры мен алтын қорын құруда аса маңызды рөл атқарады. Қазақстан алтынның 97

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

қоры бойынша алтыншы орын алады. Қазақстанда алтынның 190 кен орны бар. Қордың негізгі үлесі мыс жəне полиметал кен орындарының кеніне тиесілі. Олардың ішіндегі ірі кен орны Васильковск жəне Бақыршы кен орындары. Негізгі экспорт өнімі өңделмеген алтын болып табылады. Кəсіпорынның дамуына келеңсіз əсер ететін үрдістерге мыналар жатады:  басқа түсті металдармен салыстырғанда алтын бойынша шикізат базасы аз игерілген, ірі жəне орта кен орындарын игеру баланс қорларының 5%-ынан аспайды.  қорлардың елеулі бөлігі (қорлардың 60%-ы) сульфитті кендерге тиесілігі алтын өнеркəсібі шикізат базасының негізгі проблемасы болып табылады, оның құрамында күшəла, сурьма жəне көміртегі көп болады;  сульфидті кендерден алтын алу технологиясының жоқтығы (Бақыршы кен орны үшін тиімді технология əлі əзірленген жоқ);  алтын кенді кен орындарынан алтын өндіру көлемінің төмендігі (негізінен өндіру шашыратпа кен орындарынан, тотыққан кені бар кен орындарынан топтық сілтілеу жəне полиметалл кендерінен жанама алу əдісімен жүргізіледі);  шығындардың жоғары деңгейі) тау-кен байыту қайта өңдеуі үлесіне жатады. 5. Вольфрам – молибден өнеркəсібі. Қазақстан вольфрамның барланған қоры бойынша əлемде бірінші орын алады, сондай-ақ молибден шикізатының едəуір қоры бар. Өнеркəсіптің бұл саласы Қазвольфрам бірлестігі жұмыс істейді, ол вольфрам, қалайы-молибден жəне висмут концентраттарын жасап шығарады. Вольфрам концентраттары Ресейге экспортталады. Қазақстандағы молибден қоры 30-дан астам кен орнында, ал вольфрам қоры 12 кен орнында шоғырланған. 6. Титан-магний. Бұл сала Шығыс Қазақстанда дамуын алды, себебі титан-магний өндірісі алюминий өндірісіне қарағанда біршама энергияны көп қажет етеді. Бір тонна магний алу үшін 20 мың кВт/сағат шығындалады. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндірісі бойынша əлемде 3-орынды алады. Титан – ХХІ ғасырдың металы, берік, коррозияға қарсы жоғары ерекшеліктері бар. Авиациялық, атом жəне зымыран өнеркəсібінде 98

Аймақтық экономика 

қолданылады. «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамы кеуекті титанның 7 əлемдік өндірушілерінің бірі болып табылады, ол 1965 жылы құрылған. Негізгі өнімі – легирленген болатқа арналған маркадан бастап аэроғарыш мақсаттарына арналған маркаларға дейін əртүрлі мақсаттағы 15 сұрыпты кеуекті титан; құймалардағы металл магнийі; магний ұнтағы; ванадий бес тотығы. Сəтпаев кен орнындағы кенішті игеру «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамының ильменит концентраттарына мұқтаждығын ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 7. Сирек металл. Қазақстанда сирек металдар түсті металдарды өндіру кезінде жол-жөнекей өндіріледі. Катодты мыс өндіру кезінде рений, глинозем өндіру кезінде галлий, индий, таллий, селенді қорғасын өндірісінің тозаңынан, теллурды – қара қорғасынды тазартып сілтілі қорытпа алады. Риддер металлургия алаңында құрамында қорғасын бар концентраттарды өңдеу кезінде кадмий мен таллий алады. Қазақстанда сирек кездесетін сирек металдарды өндіруге Қостанай облысындағы Құндыбай кен орны, ал сирек металдарды өндіруге Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орны барынша перспективалы болып табылады [22]. Қазақстанның түсті металлургиясының артықшылығы өзіндік минерал – шикізат базасының болуы болып табылады. Қазақстанның құрамында түсті металдар бар кені кешенді, құрылымдықминералогиялық құрамы күрделі болып келеді. Қазақстан кен құрылымы, физикалық, химиялық жəне басқа сипаттамалары өндіру, байыту жəне металлургиялық қайта өңдеу кезінде əрбір кен орындары үшін жеке технологияны қажет етеді. Айта кететін жайт, Қазақстандағы минералды шикізат қорлары көп болғанымен, бəсекеге қабілетті бола бермейді. Қазақстанда қолданылатын түсті жəне сирек металдарды өндіру технологиясы толық көлемде экология, экономика жəне минералды шикізаттарды кешенді қолдану талаптарына сəйкес келе бермейді. § 6.3 Машина жасау Машина жасау саласы кез келген елдің ұлттық экономикасының жетекші секторларының бірі болып табылады, ғылыми-техникалық прогресс жəне мемлекеттің қорғаныс қабілеттілік деңгейін 99

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

көрсетеді, шаруашылықтың басқа салаларының дамуын айқындайды. Машина жасау – машина, жабдықтар, аспаптар, көлік құралдарын, дайын өнімнің құрама бөліктерін өндіретін өңдеуші өнеркəсіп салаларының кешені, негізгі материал ретінде металл қолданылады. Қазақстан экономикасында машина жасау саласының маңызы зор. Бұл сала өнеркəсіптің ең күрделі жəне сараланған саласы, басқа салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыстары бар. Машина жасау саласының үлесіне Қазақстанның тауар өнімі өндірісі көлемінің үштен бір бөлігі тиесілі. Қазақстанның көптеген өнеркəсіптік орталықтары тарихи қалыптасты. Қазақстан өнеркəсібінің қалыптасуы пайдалы қазба орындарында шашырап орналасқан кеніш, шахта, мұнай кəсіпшілігі жəне басқа да кəсіпорындарының құрылуынан басталды. Машина жасау кешенінің құрылымы күрделі. Оның құрамына кəсіпорындарды орналастыру қағидаттары мен өндірісі технологиялары бойынша ерекшеленетін бірнеше салалар кіреді. Олар – ауыр машина жасау, станок жасау, энергетикалық машина жасау, аспап жасау, ауылшаруашылық машина жасау, салалар үшін жабдықтар өндірісі. Соңғы он жылда дамыған жаңа салаларға электротехникалық жəне автокөлік жасау жатады. Қазақстанның машина жасау кешенінің барлық салаларының қазіргі таңдағы жағдайы өндіріс көлемінің төмендеуін жəне өнімнің көптеген түрлері бойынша импортқа тəуелділігін көрсетеді. Қазақстанда осы саланың реформасы жүріп жатыр, машина жасау саласын дамытудың жаңа бағдарламасы дайындалуда, себебі Қазақстан Республикасының əлемнің бəсекеге қабілетті алдыңғы елдер қатарына қосылудың шешуші шарты өзіндік машина жасау өнеркəсібін құру болып табылады. Машина жасау секторында бірнеше стратегиялық қосалқы секторлары бар: темір жол, мұнай-газ, тау өнеркəсібі мен металлургиялық, ауылшаруашылық, автокөлік құрылыс, электр жүйелері жəне т.б. Көліктік машина жасау саласының 5 басты қосалқы секторына келесідей өнім түрлері кіреді:  теміржол локомотивтері жəне теміржол көлік құралдары; 100

Аймақтық экономика 

 ауылшаруашылық машина (трактор жəне комбайндар);  көлік құралдары (жеңіл жəне жүк автокөліктері);  өзен жəне теңіз көліктері (Каспий теңізі алабы негізінде);  аккумулятор, қосалқы бөлшектер. Ауылшаруашылық техникасын өндіру бойынша зауыттар негізінен астық аудандарында орналасқан. Астанадағы «Казахсельмаш» зауыты ауылшаруашылық құрал-саймандар жиынтығын, малшаруашылығы мен егін шаруашылығында жұмыстарды механикаландыру үшін машиналар жасап шығарады. Автокөлік жасау саласының дамуына барынша назар аударылуда. Агромашхолдинг» АҚ қазіргі таңда Қазақстанда SsangYong, Chance автокөлік маркалары мен ауылшаруашылық техникаларын, соның ішінде ESSIL КЗС-760", "ESSIL КЗС-740" астық жинайтын комбайндары, КСК-600 жем-шөп комбайнын, сонымен қатар кең ассортиментте қосымша өнімдерді шығаратын жалғыз өнеркəсіптік кəсіпорын болып табылады. «АЗИЯ АВТО» АО Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің жұмыс істеп тұрған өндіруші зауыты болып табылады. Зауыттың серіктестері ішінде əлемнің жетекші концерндері бар: «Volkswagen Group», «General Motors», «Renault-Nissan-АвтоВАЗ» жəне «KIA Motors». Өскемен жинақтаушы Lada 4x4, KIA Cerato жəне Chevrolet Cruze арасындағы барынша сұранысқа ие. Қазақстан нарығындағы С-класындағы барынша танымал автокөліктер үштігіне Седан Cruze жəне Cerato кіреді. Алматы облысында Hyundai жүк жəне қоғамдық көліктерін жинақтау бойынша конвейерлер пайда болды. Сонымен қатар, Алматы қаласында «Іскер-газ» кəсіпорнында «ГАЗель» автокөліктерін жинақтау жүргізіледі. Көкшетауда танымал «КамАЗ» автокөліктерін жинақтау бойынша зауыт жұмыс жасайды. Қазақстан – Ресей бірлескен «КамАЗ-Инжиринг» кəсіпорны Қазақстандағы жүк автокөліктерін толыққанды жинақтайтын жалғыз кəсіпорын болып табылады. «Қайнар АКБ» ЖШС BARS маркасын экспортқа шығарады. Ал «Zhersu Power» ЖШС автомобильді қорғасын-кальций аккумулятор батареясын өндіруге маманданған. Аккумуляторлық стартерлік батереялар өндірісінде «Кальций-Кальций» жаңа технологиясын пайдаланады. 101

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Теміржол машина жасау саласында вагон жасау Солтүстік Қазақстанның жəне Алматы, Орал қалаларының кəсіпорындарымен, сонымен қатар Алматы, Астана жəне Тараз қалаларында арнайы зауыттармен тығыз байланыста ұйымдастырылған. Қазақстан үшін басым бағыт мұнай-газ өнеркəсібінің дамуы болғандықтан, осы сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін машина жасау саласы дамуының келешегі зор. Қазіргі таңда қазақстандық кəсіпорындары мұнай жəне газ өндіру, тасымалдау, өңдеу, ұңғыманы бұрғылаудың кең ауқымын өндіреді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мұнай-газ жабдықтарын өндіретін негізгі қазақстандық өндіруші болып табылады. Кəсіпорын барлық технологиялық үдерістері бар өндірістік қуаттарымен жабдықталған. Ауыр машина жасау – кен өндіруші жəне металлургиялық өнеркəсіп үшін жабдықтар. Кен өндіруші жəне металлургиялық өнеркəсіп үшін өнімдер: жүк тиеу – жүк түсіру көлігі, гидроперфораторлар мен ауа перфораторлар, редукторлар, конвейерлік желілер, металл прокаты үшін əртүрлі жабдықтар, қосалқы бөлшектер өндірісі жəне т.б. Қазақстанда электр жабдықтарын өндіретін 27 ірі жəне орта кəсіпорындары тіркелген, оның ішінде сегізі компьютер, электроника жəне оптикалық аспаптарды өндіреді, он тоғызы электр жабдықтары өндірісіне қатысады. «Корпорация Сайман» ЖШС Орта Азиядағы электр энергиясын есептеу құралын өндіру саласында жалғыз компания. Жетекші өзінің жəне халықаралық тəжірибелерге негізделген энергетикалық өнеркəсіптер үшін бірегей шешімдер дайындап, өнімдер шығарады. «КАЗЭЛЕКТРОМОНТАЖ» АҚ электротехникалық жабдықтар шығарады, қара жəне түсті металлургия, құрылыс индустриясы, химия, ауылшаруашылық жəне басқа салалар объектілерінде Қазақстанда жəне шетелдерде монтаж жасайды. «Өскемен конденсат зауыты» АҚ күштік конденсаторларды шығару көлемі бойынша алдыңғы орында болуға мүмкіндік беретін кешенді конденсатор орнатулар мен өндірістік қуаттары бар. Қазақстанды индустрияландырудың картасы бойынша машина жасау саласында 9 жаңа ірі жобалар іске асырылуда, атап айтқанда: 102

Аймақтық экономика 

 көліктік машина жасауда: «Азия Авто» АҚ», жүк жəне қоғамдық көлік; «ЗИКСТО» АҚ, вагон жасау; «Бəйтерек-А» АҚ, электровоздар; «Қамқор Менеджмент» ЖШС, жүк вагондары.  мұнай-газ машина жасауда: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, газ айдау агрегаттарын жəне газтурбиналық электр станцияларын жасау;  тау-металлургиялық машина жасауда: «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, жүк таситын теміржол вагондарына арналған бөлшектер шығару.  ауылшаруашылық техника өндірісінде: «АгромашХолдинг» АҚ, комбайн шығару.  электротехникалық жабдықтар өндірісінде: «Қайнар-АКБ» ЖШС, индустриалды қорғасын-қышқылды аккумуляторлық батарея өндірісі; «EAST INDUSTRY COMPANY Ltd» ЖШС, күштік жəне бақылау кабельдерінің өндірісі. Кəсіпорындарды келесідей өндірістік аймақтарда орналастыру орынды:  ауылшаруашылығы машинасын жасау ‒ ауылшаруашылығы қызметі қомақты аймақтарда ‒ солтүстік жəне шығыс аймақта;  мұнай-газ машинасын жасау ‒ мұнай-газ өндіру жəне қайта өңдеу кəсіпорындарының мамандандырылған жабдықтарға, шығыс материалдарымен олардың құрамдауыштары сұранысына бағдарлана отырып, қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өндіруді технологиялық қамтамасыз ету мақсатында батыс аймақта жəне қазіргі өндірістік қуаттар ‒ Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан жəне Шығыс Қазақстан облыстарында;  тау-кен машинасын жасау ‒ тау-кен металлургия кешенінің ірі кəсіпорындарының сұранысына бағдарлана отырып, орталық жəне шығыс аймақта;  электротехникалық машина жасау ‒ қолда бар өндірістік базаға бағдарлана отырып, оңтүстік жəне орталық өңірлерде;  көліктік машина жасау ‒ білікті еңбек ресурстарының, аралас саладағы құрамдауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісінің болуына бағдарлана отырып, солтүстік, орталық жəне шығыс аймақта [23]. Қазіргі таңда машина жасау саласын дамытуға шетел инвестицияларын республикада жаңа өндірістерді ұйымдастыру үшін 103

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

тартылады, соның ішінде медициналық жабдықтар, ауылшаруашылық техникасы, дизель қозғалтқыштары, тамақ өнеркəсібі үшін жабдықтар, электр қозғалтқыштар жəне өндірістік-техникалық мақсаттағы басқа да құралдар. Машина жасау саласының мəселесі технологиялық артта қалумен, инвестицияның жоқтығымен, өнімнің бəсекеге қабілетсіздігімен, білікті мамандардың жоқтығымен байланысты. Осы мəселелерді шешу Қазақстанның машина жасау кешенін дамыту үшін бірінші кезектегі мəселе болып табылады. Бақылау сұрақтары 1. Қара металлургия құрамына қандай салалар кіреді? 2. Қазақстанның қандай кəсіпорындары темір кені өндірісімен айналысады? 3. Қазақстанның түсті металлургиясына сипаттама беріңіз. 4. Түсті металлургияның негізгі қосалқы салаларын атаңыз. 5. Машина жасау саласының қандай түрлері Қазақстанда бар? 6. Қазақстандағы машина жасау саласындағы негізгі мəселелерді атаңыз.

Аймақтық экономика 

VII тарау. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ƏЛЕУЕТІ

§ 7.1 Отын-энергетикалық кешен Қазақстанның отын-энергетикалық кешені (ОЭК) отын өнеркəсібін (көмір, мұнай, газ) жəне электр энергетикасын (жылу энергетикасын, гидроэнергетикасын, атом энергетикасын) қамтиды. Отын-энергетикалық кешен салалары Қазақстан экономикасында жетекші орынды алады. Қазақстан өзінің бай табиғи ресурстарымен өзін отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар отын экспортын жүзеге асырады жəне электр энергиясын шет мемлекеттерге тасымалдайды. Қазақстан көмір жəне уран өндіру өнеркəсібі, қара жəне түсті металлургия, алтын өндіруді дамыту үшін қуатты минералдышикізат базасы бар. Қазақстан көмір, темір кендерін, бокситтерді, мыс, марганец, күміс, фосфат өндірудің жылдық көлемі бойынша əлемде көшбасшы орындарды алады. Сонымен қатар, ҚР уран қоры бойынша əлем көшбасшысы болып табылады, оның жер қойнауында əлемнің 25% жуық уран қоры бар. Қазіргі таңда Қазақстан мұнай, газ жəне газ конденсатының барланған қор көлемі, мұнай өндіру көлемі бойынша ірі мемлекеттердің бірі болып табылады, сондай-ақ Қазақстанның үлесіне барланған жəне расталған мұнайдың əлемдік қорының (каспий шельефін есептемегенде) 2%дан келеді. 200-ден астам казақстандық мұнай жəне газ кен орындарының 2,2 млрд. тонна қоры, конденсаттың 700 млн. тоннаға жуық қоры бар. Мемлекеттің болжамдық мұнай ресурстары жуық шамамен 13 млрд. тонна деп бағаланды. Қазақстандағы табиғи газдың барланған қоры жуық шамамен 2-2,5 трлн. куб метрді құрайды. Қазақстан Республикасындағы əлеуетті ресурстар 10 трлн. куб метрді құрайды. Қазақстан Республикасы күн, гидроэнергия жəне жел энергиясы түріндегі жаңартылатын ресурстарға бай. Алайда, қазіргі таңға дейін гидростанцияларда электр энергияларын өндіру үшін қолда105

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

нылатын тек гидроэнергиядан басқа, бұл ресурстар кең қолдануын алмады. Елдің энергетикалық теңгерімде жаңартылатын энергия үлесі гидроэнергияны пайдалану есебінен бір-екі пайыз деңгейінде. Республика аумағында минералды-шикізаттық жəне отын ресурстары əркелкі орналасқан: түсті жəне сирек металдар – негізінен Шығыс жəне Орталық Қазақстанда, қара металл жəне көмір – Солтүстік жəне Орталықта, ал мұнай жəне газ – Батыс, ал фосфор рудалары – Оңтүстік Қазақстанда. Аталған аймақтарда энергия тұтыну көлемін жəне оның құрылымын анықтайтын өнеркəсіптің сəйкес салалары дамиды. Мемлекет аумағында отын-энергетикалық ресурстарының əркелкі орналасуы жеке аймақтардың отын-энергиямен қамтамасыз етілуіне əсер етеді. 95% көмір Орталық жəне Солтүстік Қазақстанда шоғырланған, барлық дерлік гидроэнергетикалық ресурстары Шығыс жəне Оңтүстік Шығыс Қазақстанда, мұнай жəне газ кен орындарының басым бөлігі Батыс Қазақстанда орналасқан. Энергия ресурстарының осылайша орналасуы республиканың жеке аймақтарының қуаттарының даму сипаты мен құрылым ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен, Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда оның электр энергиясы республиканың басқа аудандарына жəне оның шекарасынан тыс жерлерге тасымалданатын көмір негізіндегі ірі МАЭС құрылуы керек. ҚР ОЭК көрші мем-лекеттердің, əсіресе, Ресейдің отын-энергетикалық кешенімен тығыз байланысты, бұл байланыстар республика ішінде əлсіз дамыған. Жеке аймақтарда энергетика дамуының келесідей негізгі бағыттары көрініс алады:  Шығыс Қазақстанда алып келінетін отын (Солтүстік Қазақстан жəне Кузбасс көмірі) жəне Солтүстік Қазақстан жəне Батыс Сібірден тасымалданатын электр энергия негізіндегі СЭС, ЖЭО базасында;  Оңтүстік Шығыс Қазақстанда Солтүстік Қазақстан жəне Орталық Азия БЭЖ-нен алып келінетін отын жəне электр энергия негізіндегі СЭС, ЖЭС базасында;  Батыс Қазақстанда жергілікті ілеспе газ, Торғай көміріндегі МАЭС, Орта Еділ БЭЖ-нен электр энергия негізіндегі жұмыс жасайтын МАЭС жəне ЖЭО негізінде. Маңғыстау облысында 70 жуық кен орындары ашылды, оның ішіндегі жиырма жетісі белсенді түрде өндірілуде. Қазіргі таңда ірі 106

Аймақтық экономика 

кен орындары Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас болып табылады. Мұнай жəне газ болашағы зор Батыс Қазақстан (республикадағы ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ кен орны) жəне Ақтөбе облыстары (кен орындарының Жаңа жол топтары) болып табылады [24]. Қазақстанның отын-энергетикалық кешені, елдің жалпы экономикасы секілді қарқынды дамуда жəне жалпы ішкі өніміне едəуір үлесін қосуда. Отын-энергетикалық кешен салаларының дамуы орта жəне ұзақмерзімге қабылданған бағдарламалық құжаттармен сəйкес жүзеге асырылады. ОЭК негізінде келесідей ұйымдастырушылық-экономикалық міндеттерді шешу қарастырылған:  ОЭК жəне онымен байланысты салаларды дамыту үшін бөлінетін материалдық жəне қаржылық ресурстарды арттыру негізінде олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;  Қазақстанның негізгі отын-энергетикалық базаларына отын тұтынушыларын жақындату бағытында республиканың өндірістік күштерін жетілдіру;  мұнай, газ, көмір жəне т.б. өндіру көлемінің негізгі өсімі қамтамасыз етілетін солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жəне солтүстікшығыс Қазақстаннан энергетикалық ресурстарды тасымалдаудың əртүрлі тəсілдерді дайындау. § 7.2 Көмір өнеркəсібі Көмір өнеркəсібі ‒ ауыр индустрияның аса маңызды салаларының бірі. Ол қазба көмірді өндіру жəне өңдеу шараларын қамтиды. Көмір өнеркəсібі халықшаруашылығының ең көне саласы. Отын ресурстарының 90% көмір үлесіне келеді. Қазақстанның көмір кен орындары өзара қорлары жəне көмірдің сапалық сипаттамалары, игерілген жəне барланған, көмір өндірудің техникалықэкономикалық көрсеткіштері, өндіру тəсілі бойынша айрықшаланады. Республиканың жалпы геологиялық көмір қоры шамамен 150 млрд. астам тоннаны құрайды жəне көмір қорының көрсеткіші бойынша Солтүстік жəне Орталық Қазақстан, содан кейін Оңтүстік, Шығыс, Батыс аймақтары кезекпен келеді. ТМД елдері арасында Қазақстан көмір қоры мен өндіру бойынша үшінші орын 107

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

жəне жан басына шаққандағы көмір өндіру бойынша бірінші орын алады. Қазақстанда көмір өнеркəсібінің пайда болуы ХІХ ғасырдың ортасына жатады, 1855 жылы Қарағанды көмір алабы, 1869 жылдан бастап Леңгір алабы, 1895 жылдан бастап Екібастұз көмір алабының кен орындарының өндіруі басталды. Шағын кеніштер мен зауыттар жəне жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кішігірім көмір кен орындары да пайдаланылды [25]. Қарағанды көмір алабының экономикалық маңызының артуына себеп, біріншіден, алапқа жақын жерде темір, марганец жəне мыс кендерінің үлкен қорларының ашылуы, сөйтіп, металлургиялық, тау-химиялық жəне өнеркəсіптің басқа салаларын дамыту үшін қолайлы жағдай тууы; екіншіден, Қарағанды көмір алабының өнімін тұтынатын Оралға, Еділ бойына, Орта Азияға жақын орналасуы болып табылады. Павлодар облысындағы Екібастұз алабының көмір кен орнының болашағы зор. Екібастұз алабының көмір қабаты 160-180 метр құрайды, ал тау-геологиялық жағдайлар көмірді ашық тəсілмен өндіруге мүмкіндік береді. Нарық жағдайында көмір өнеркəсібін дамыту Еуро-Азиялық отын-энергетикалық кешеніне интеграциялануды ескерумен Қазақстанның энергетикалық тəуелсіздігін алу қажеттілігімен анықталынады. «Богатырь» разрезі өндірудің қолайлы тау-геологиялық жағдайлары жəне қолайлы табиғи жағдайлардың жоғары коэффициенті тəн. Бұл ашық тəсілмен өндірістің жаңа құралдарын қолдану негізінде көмірдің ірі ауқымын өндіруді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Екібастұз алабының басқа да разрездері сияқты «Богатырь» разрезінің көмірі Қазақстанның қуатты электр станцияларында жəне қиыр, таяу шетелдердің электр станцияларында қолданылатын көмір түрлеріне жатады. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС республика жəне экспортқа шығарылатын энергетикалық көмірдің барынша ірі жеткізушілері болып табылады. Қазақстанның көмір өнеркəсібін дамытумен байланысты мəселелерді шешу кезінде технологиялық жəне экономикалық сипаттағы екі негізгі фактордың күрделі өзара əрекетін ескерген жөн. 108

Аймақтық экономика 

Біріншісі, көмірдің əртүрлі қасиетінің сапалық сипаты жəне оларды халықшаруашылығында қолдану ерекшеліктерін шарттауында жатыр; екіншісі, көмір өнеркəсібінің экономикалық тиімділігінің деңгейін көрсетеді. Отын-энергетикалық құрылымын талдауы республикада коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен қат-қабат пеш пайдаланатын қазандықтар орнатылған кəсіпорындарға қажет арзан көмірлер жетіспейтіндігін көрсетті. Осыған орай, Павлодар облысындағы Майкүбі алабында көмір өндіруін кеңейтудің маңызы зор. Майкүбі кен орнында ашық тəсілмен жоғары сапалы қоңыр көмір өндіріледі. Осы алаптың көмірі жоғары сұрыптылығымен, жеңіл байытылуымен жəне арзандылығымен ерекшеленеді. Бұл көмір негізінен халықпен коммуналдық-тұрмыстық жəне солтүстік Қазақстанның басқа да тұтынушыларымен қолданылады. Қостанай облысының шығыс бөлігінде Обаған көмір алабында көмірдің ірі қорлары барланған, олардың геологиялық қоры 50 млрд. тоннадан астам. Көмір кен орны ашық өндіру үшін жарамды, сондай-ақ өнеркəсіптік Орал жəне оңтүстік-сібір темір жолына жақын қолайлы орналасуы Обаған көмірін Ресейге экспорттауға жақсы жағдайлар жасайды. Екібастұз көмірі республикадағы ең арзан жəне жоғары күлді болып табылады. Осыған орай, Екібастұз көмірінің күл қалуын төмендету мəселесі туындайды, ол үшін көмірді байыту керек жəне оның сапасын арттыру қажет. Бұл өз кезегінде өткізу нарығын кеңейтеді. Болашағы зор кен орындарына Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл, Кендірік, Батыстағы Мамыт, оңтүстік-шығыстағы Ойқарағай, оңтүстік аймағындағы Құлан, Кетпескөл жəне Леңгір көмір кен орындары жатады. Алакөл кен орны Алакөл өзенінен шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жерде жыл сайын 300 мыңнан астам тонна өндіруге болады. Мамыт кен орны Батыс Қазақстандағы қатты отынның негізгі шикізат базасы болып табылады жəне оның үлесіне Батыс Қазақстанның барлық қорының 70%-ы келеді. Ақмола облысында Теңіз-Қоржүнкөл алабының 4 кен орны орналасқан. Осы алаптың Сарыадыр алабында жыл сайын 1 млн. тонна көмір өндіруге болады. 109

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Болашақта энергетикалық көмірдің ең ірі тұтынушысы Қазақстанның электр энергетикасы жəне негізінен солтүстік, орталық жəне шығыс Қазақстан аймақтары мен Алматы қаласындағы жылу электр стансалары болады. Қазақстанның көмір экспортының көлемін республикада белгіленген көмір өндірудің көлеміне жету үшін, біріншіден, карьерлер мен шахталардың тиісті қуаттарын құру; екіншіден, сала құралдарының физикалық тозуының жоғары деңгейін ескере отырып, көмір өндіру кəсіпорындарын қайта құру үшін қажетті инвестициялар салу керек. Айта кететін жайт, энергетикалық көмірге мұқтаждық жыл сайын тек Қазақстанда ғана емес жалпы əлемде өсуде, кейбір мəліметтер бойынша дамушы елдерде көмірге деген қажеттілік жыл сайын 6% өсетін болады. Энергетикалық көмір тұтынудың өсуі электр жəне жылу энергияларын өндіретін көптеген жылу электр стансаларында қажеттілігімен шартталған. Тиісінше, көмір өндіру жəне жаңа көмір кен орындарын өндіру қысқармайды, қарқынды түрде ұлғаятын болады. Қазіргі таңда Қазақстан əлемдік нарықта көмірді өндіретін ірі өндірушілердің, сондай-ақ ірі экспорттаушылардың ондығына кіреді. Қазақстан өндірілетін көмірдің үштен бір бөлігін экспортқа шығарады. Теңіз экспорт терминалынан елдің алшақтығы экспортта қиындық тудырады. Сондықтан оның негізгі бөлігі көрші елдерге, бірінші кезекте Ресейге шығарылады. Бұрынғы Одақ елдеріне шамамен 1 млн.тоннасы жеткізіледі, соның ішінде Беларусь, Украина, Молдавия жəне Эстония. Қазақстан көмірін тұтынуда белгілі бір «мамандану» бар. «Богатырь» разрезі көмірді қазақстандық жылу электр стансаларына жеткізеді. Осы разрезден 10 млн. тоннадан астамы Орал жəне Сібір жылу электр стансаларына шығарылады. Қарағанды алабынан көмір өзінің металлургиялық өнеркəсіп кəсіпорындарына, бөлшектей электр энергия өндірісі үшін жеткізіледі. Көмір өнеркəсібі Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешеннің маңызды құраушысы болған жəне бола бермек. Ол ‒ энергетиканы, металлургияны, барлық өнеркəсіпті жəне ауылшаруашылықты отынмен қамтамасыз ететін кілтті салалардың бірі. 110

Аймақтық экономика 

§ 7.3 Газ өнеркəсібі Газ өнеркəсібі – отын-энергетикалық кешеннің ең жас саласы. Бұл сала барынша тиімді болып табылады. Қазақстан табиғи газ қоры бойынша əлемде он бесінші орын алады. Табиғи газдың барланған қоры Каспий шельефінде жаңа ашылған кен орындары есепке алғанда, жəне қор бойынша Мемлекеттік комиссиямен бекітілген газ қоры 3,7 трлн. куб метрді құрайды, соның ішінде: еріген газ – 2,4 трлн. куб метр, бос газ – 1,3 трлн. куб метр, газдың əлеуетті жəне болжамдық қоры 6-8 трлн. куб метрді құрайды, бұл Каспийдің қазақстандық шельефін белсенді игерумен байланысты. Дегенмен де, жалпы əлемдік табиғи газ өндіру көлемінде Қазақстанның үлесі 0,9% ғана. Сонымен қатар, республикада өндірілетін газдың едəуір көлемі Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнына келеді, оның үлесі 45% құрайды. Айта кететін жайт, республиканың барлық ірі мұнай-газ кен орындарында өндірілетін мұнайдың құрамында жоғары деңгейде күкіртті сутек пен басқа да күкірттің қосындылары болатын еріген газ бар. Сондықтан да газ өнеркəсібін дамытудың негізгі мəселелерінің бірі өндірілетін мұнай мен газды күкіртті қосындылардан тазалау, содан кейін алынатын күкіртті пайдалану мен оны тауар жайына дейін жеткізу болып табылады. Ілеспе мұнай газының үлесі 50%-ға жетеді жəне өсуде, сондықтан компаниялар қысымды ұстап тұру үшін жəне көмірсутек шикізаттарының сұйық компоненттерін алу тиімділігін арттыру үшін кен орындарының өнімді қабаттарына кері толтыру бойынша шараларды қабылдауда. Республикадағы барланған табиғи газ қорларының ерекшелігі барлық дерлік кен орындарында газ өндірісі мұнай мен газ конденсатын өндірісімен қоса жүргізіледі. Өнеркəсіптік санаттағы бос газ қорлары 70-тен астам газ, газконденсатының жəне мұнай-газ кен орындарында барланған. Өнеркəсіптік санаттағы газдың бастапқы қорының 86% байланысты 30 жуық кен орындары өңделуде. Қазақстанның отынэнергетикалық кешені теңгерімде табиғи газ үлесі 16% астамын құрайды. Табиғи газ бастапқы отын ретінде электр энергиясының 30% жуық өндірісін қамтамасыз етеді. Қазақстандағы газ ресурстарының негізгі бөлігі ірі өңделетін немесе өңделуге дайын кен орындарында шоғырланған, соның 111

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ішінде мұнай кен орындары – Теңіз, Қашаған, Королевское (Атырау облысы), газ конденсаты – Қарашығанақ (Батыс Қазақстан), Жаңажол, Өріктау (Ақтөбе облысы) жəне басқалары. Газдың болжамды ресурстарының айрықша ерекшелік Каспий маңы ойысында тұзды шөгінділерде орналасуында, жəне алуының күрделілігімен, ең алдымен, тереңдігімен (5 мың метр жуық), құрамның көп компоненттлігімен жəне құрамында күкіртті сутек қосындылардың жоғарылығымен сипатталады. Күкірт қосындылары құрамында жоқ біршама жақын тереңдікте орналасқан кен орындары салыстырмалы түрде газдың шамалы ғана қоры бар, бұл жергілікті аумақты газдандыру үшін маңызды. Егер газ қорларын аймақ бойынша салыстыратын болсақ, онда табиғи газ ресурстарының Атырау облысында 43%-ға жуығы, Маңғыстау облысында ‒ 29%, Батыс Қазақстан облысында 19% жəне Ақтөбе облысында 5%-ы шоғырланған. Қазіргі таңда Қазақстанның газ өнеркəсібіне теңдестірілген салалық жүйе қажет. Өндірілетін табиғи газдың қайта өңдеуі толық көлемде жүзеге асырылмайды, ал газды қайта өңдейтін зауыттар тек 70% ‒ ға жүктелген. Сонымен қатар, газдың өндіру орнынан өз ресурстары есебінен республика қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында негізгі тұтыну аумағына қайта бөлу мүмкіндігі жоқ. Ортамерзімді келешекте газды тазалаудың арнайы құрылғыларын орнатумен бірге істеп тұрған зауыттарды кеңейту жəне газды қайта өңдеуінің жаңа зауыттарын салу қажет. Ұзақмерзімді келешекте отынның экологиялық таза түрі ретінде отын-энергетикалық ресурстардың жалпы құрылымында табиғи газ үлесінің артуы жоспарланған. § 7.4 Мұнай, химия жəне мұнай өңдеу өнеркəсібі Қазақстан Республикасының мұнай өнеркəсібі мұнайды өндіру, қазақстандық МӨЗ-де ішінара қайта өңдеумен жəне мұнай шикізатын шетелге сатуымен көрсетілген. Республика мұнай қорына ерекше бай. Мұнайдың ашық кен орындарында мұнай қоры 2 млрд. тонна куб метр құрайды. Маңғыстауда соңғы 10 жылда өндірілетін мұнай көлемінің өсімі Қаламқас жəне Қаражанбас секілді жаңа кен орындарын игеру есебінен жүзеге асырылуда. Бұл кен орындарының мұнай құрамында өнеркəсіптік мақсатта қолданылатын ванадий бар. 112

Аймақтық экономика 

172 мұнай кен орындары мен 42 конденсаттық (соның ішінде 80 жуығы өңделуде) кен орындары бар республиканың мұнайлы аудандары Қазақстанның 62% жер аумағын алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қоры (90% астамы) Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Кенбай ірі кен орындарында, жартысы екі алып мұнай кен орындарында Қашаған жəне Теңіз кен орындарында шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алты облысы аумағында орналасқан. Бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда жəне Маңғыстау облыстары. 70%-ға жуық көмірсутек қорлары Батыс Қазақстанда шоғырланған. Барынша барланған мұнай қорлары Атырау облысында, оның аумағында 930 млн тонна өнеркəсіптік санаттағы қорлары бар 75-ке жуық кен орындары ашылған. Облыстың ірі кен орны – Теңіз кен орны. Облыстың қалған кен орындарының үлесіне 150 млн тонна келеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы Королевское жəне Кенбай кен орындарына тиесілі. Маңғыстау облысының аумағында 725 млн.тонна мұнайдың өнеркəсіптік санатының қоры, конденсаттың 5,6 млн.тонна қоры бар 70 астам кен орындары ашылған. Кен орындарының жартысынан көбі жұмыс істеуде. Олардың көбісі – өңдеудің кейінгі сатысында. Қалған қорлардың басым бөлігі қиын өндірілетін санатқа жатады. Ірі кен орындары – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Қазіргі таңда Солтүстік-Батыс жəне Оңтүстік-Батыс Қазақстан алдағы 25-30 жылға болашағы зор республиканың негізгі мұнай өндіретін аудандары болып табылады. Мұнай экспорты жыл сайын қолданыста бар мұнай құбырының көліктік мүмкіндіктерінің артуы есебінен өсуде. Мемлекет мұнай өңдеу жəне химиялық өнеркəсіптерін дамыту үшін бірегей шикізат базасы бар: мұнай өңдеу қалдықтары, коксхимия, минералды шикізаттар (тұз, фосфорит, апатит, күкірт) жəне қара жəне түсті металлургияның жəне химиялық өнеркəсібі қалдықтарының көптеген түрлері. Шикізат жəне өндірістік база негізінде химиялық өнеркəсіп республиканың солтүстік-батыс жəне оңтүстік аймақтарында дамыған. Республикада автожанармайын, дизель отынын, авиациялық керосинді, қазандық отынын, мұнай битумдары мен өзге өнімдерді 113

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

өндіретін үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Осы саланың даму келешегі Батыс Қазақстан мұнайын кешенді қайта өңдеуімен жəне фосфорит орындарының негізінде өнімнің жаңа түрлерін ұйымдастырумен байланысты. Химиялық кешен салалары – тау химиясы, негізгі химия, органикалық синтез химиясы, полимерхимиясы жəне полимерлерді өңдеу. Химиялық өнеркəсіп шаруашылықтың барлық дерлік салаларымен байланысты, біреулері үшін шикізат пен материалдарды жеткізуші, екіншілері үшін олардың өнімдерін немесе өңдеу үшін өндірістердің қалдықтарын тұтынушы ретінде болады. Химиялық өнеркəсіптің дамуы келесідей бағыттар бойынша жүреді:  фосфориттердің бай қорларын игеру жəне фосфат тыңайтқыштарын өндіру;  түсті жəне қара металлургияның күкіртті газдарын пайдаға асыру;  шаруашылық айналымға əртүрлі тұз қорларын жəне т.б. тарту. Республикада минералды тыңайтқыштар химиясы кеңінен дамып келеді. Оңтүстік Қазақстанда сары фосфорды, минералды тыңайтқыштарды, синтетикалық жуу құралдарын шығаратын фосфорит кенін өңдеу бойынша ірі кешен құралды. Фосфорит кенінің үлкен қоры мен фосфат тыңайтқыштарына аймақтық қажеттілік оңтүстік жəне Солтүстік-Батыс Қазақстанда Қаратау жəне Ақтөбе фосфориттер негізінде ірі фосфор өнеркəсібі құрылуына жəне дамуына себін тигізді. Бұл минералды тыңайтқыштар химиясының дамуына негіз салды. Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің жақын аймақтарында фосфор тыңайтқыштарына өспелі қажеттіліктеріне байланысты Ақтөбе фосфорит алабының дамуының маңызы зор. Ақтөбе фосфорит алабының ең ірі кен орны алаптың 80% шоғырланған Шиелісай болып табылады. Ақтөбе фосфориттерінің маңызды ерекшелігі – оларды қышқыл топыраққа тікелей енгізу үшін жарамдылығы. Тау-техникалық жағдайлар фосфориттерді ашық тəсілмен өндіруге мүмкіндік береді, бұл олардан өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Қазақстанда мұнай химиясының дамуы негізінде пластмасса мен синтетикалық қарамай өнеркəсібінің дамуы үшін объективті 114

Аймақтық экономика 

алғышарттар бар. Органикалық синтез химиясы да дамуда. 2003 жылы Атырау қаласында полиэтиленді құбырларды өндіретін зауыт ашылды. Полиэтилен мен пропиленді өндіруге Атырау химиялық зауыты маманданады, ал Ақтау пластмасса зауыты соққыға берік жəне көбіктенетін полистиролдар шығарады. Сонымен қатар, химиялық жəне мұнай-химиялық өнеркəсіп кəсіпорындары автокөліктер мен ауылшаруашылығы машиналары үшін шиналар, резеңке техникалық заттар мен пластмассаның кең ассортиментін, химиялық талшықтар мен жіптер, хром қосындылары, кальций карбиді, каустикалық сода, əртүрлі қышқылдар мен басқа өнімдерді өндіреді. ТМД-дағы хром қосындыларын өндіретін үш өндірушілердің бірі «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ болып табылады. Кəсіпорын Ақтөбе облысында өндірілетін натрий бихроматын, хром тотығын, хром ангидридін, хром сульфатын шығаруға бағдарланған. Хром кенінің өндіру орнына жақындығы бəсекелестері алдындағы маңызды артықшылық болып табылады. АХҚЗ хром тұзының 90% астамы қиыр жəне таяу шетелдерге экспортталады. Мұнай-химия саласындағы негізгі жобалар 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған, оның ішінде:  Ақтау пластмасса зауытының базасында жол битумын өндіру;  хош иісті көмірсутек өндіретін Атырау МӨЗ кешенін салу;  Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу [26]. Қазақстанның мұнайды қайта өңдеу саласы алдында шикізатты қайта өңдеу тереңдігін арттыру үшін қуаттарды кеңейту жəне жаңғырту бойынша үлкен міндеттер тұр. Қазіргі таңда үкімет Республиканың мұнай қайта өңдеу зауыттарын жаңғыртудың кешенді жоспарын бекітті. § 7.5 Электр энергетикасы Электр энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының аса маңызды салаларының бірі. Электр энергетикасы электр энергияның өндірісімен жəне тасымалдауымен айналысады жəне ауыр өнеркəсібінің негізгі салаларының бірі болып табылады. 115

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Қазақстан энергия ресурстарының ірі қорларына (мұнай, газ, көмір, уран) бай жəне энергия тасымалдаудың табиғи қорын сататын шикізатты мемлекет болып табылады. 2010 жылға дейін Қазақстан электр энергиясының нетто-экспорттаушысы болса, 2010 жылдан кейін нетто-импорттаушы мемлекет болды, яғни электр энергиясын өндіруге қарағанда көбірек тұтынады. Солтүстік Қазақстан кеңес заманында құрылған Екібастұз МАЭС-1 өндірілетін электр энергиясын Ресейге экспорттайды, ал республикамыздың оңтүстігін электр энергиясын Қырғызстан жəне Өзбекстан мемлекеттерінен импорттайды. Өкінішке орай, көптеген электр стансаларының өндірісі белгіленген қуатқа жетпейді. Электр стансалары өндіру типтері бойынша келесідей түрде болады: − ЖЭС (жылу электр стансасы) – 87,7%, соның ішінде: − КЭС (конденсациялық электр станциясы) – 48,9%; − ЖЭО – (жылу электр орталықтары) – 36,6%; − ГТЭС (газтурбиналық электр стансасы) – 2,3%; − СЭС (су электр стансасы) – 12,3%. Қазақстанда электр энергияның 72% жуығы көмірден, ал 12,3% су ресурстарынан, 10,6% ‒ газдан жəне 4,9% ‒ мұнайдан өндіріледі. Сонымен, электр стансасының негізгі төрт түрімен 99,8% электр энергиясы, ал балама көздеріне 0,2%-ға жуығы келеді. Электр стансалары ұлттық маңызы бар электр стансалары, өнеркəсіптік мақсаттағы электр стансалары жəне өңірлік мақсаттағы электр стансалары деп бөлінеді. Ұлттық маңызы бар электр стансаларын электр энергиясын өндіруді жəне Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр стансасы жатады:  «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;  «Екібастұз МАЭС-2 стансасы» АҚ;  «Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС);  «Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;  «Жамбыл МАЭС» АҚ. Сондай-ақ қосымша жəне ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр стансалары: 116

Аймақтық экономика 

   

«Қазцинк» АҚ Бұқтырма МЭК; «AES Өскемен ГЭС» ЖШС; «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС. Өнеркəсіптік мақсаттағы электр стансаларына электр жəне жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркəсіптік кəсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен жəне жылумен жабдықтайды:  ЖЭО-3 «Қарағанды-Жылу ЖШС;  ЖЭО ПВС, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;  Рудный ЖЭО («ССГПО» АҚ);  Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;  Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ;  Шымкент ЖЭО-1,2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) жəне тағы басқа.  Өңірлік мақсаттағы электр стансалар – бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізетін ұйымдардың торабымен электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын жəне жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО. Су энергетикалық ресурстары. Батыс, Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда су ресурстарының шектеулігі, жоқтығы жəне СЭС өндіру жəне режімінің Оңтүстік Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстанда суармалы егін шаруашылығы мүдделеріне тəуелділігі – өнеркəсіптік орталық маңында МАЭС салудың мүмкін еместігін көрсетеді. Шығыс Қазақстан Ертіс алқабының жоғары бөлігінің (республиканың барлық қорының 42% жуығы) су энергетикалық ресурстарымен сипатталады. Гидравликалық энергиядан басқа ауданда классикалық энергия ресурстарынан көмірдің едəуір қоры мен тақтатастың біршама қоры бар. Оңтүстік Қазақстан су энергия қоры бойынша (Қазақстанның барлық ресурстарының 54,5%) республика бойынша бірінші орынды алады, алайда олар жоғары деңгейде шашырап орналасқан. Су энергия ресурстарын Алматы облысында ірі ауқымда қолдануы мүмкін. Бұл аймақта отын ресурстары тек көмір қоры (республмкадағы көмірдің геологиялық қорының 17%) ғана бар. 117

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Батыс Қазақстанда энергия ресурстарының негізгі түрлері ‒ мұнай, конденсат, табиғи газ жəне қоңыр көмір қорлары бар. Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда су энергетикалық ресурстары жоқ дерліктей. Бұл аймақта мұнай жəне табиғи газ қорлары да табылмаған. Республикадағы барлық өнеркəсіптік көмір өндіру осы аймақтарға тиесілі. Қазақстан жағдайында дəстүрлі емес энергетикалық ресурстар ретінде жел энергиясы, күн радиациясы мен геотермалды су энергиялары болады. Оларды пайдалану органикалық отынның едəуір көлемін үнемдеуге жəне энергиямен жабдықтауға кететін жалпы халықшаруашылық шығындарын төмендетуге алып келуі мүмкін. Жел энергетикалық ресурстар. Энергияның бұл көзінің артықшылығы – оның сарқылмауы, өндіруге, қайта өндіруге жəне жеткізуге шығынның болмауы, салқын судың қажетсінбеуі, оны пайдалану барысында күл қалдықтары мен ыдырау өнімдерінің болмауы. Оның кемшіліктеріне уақыт, сондай-ақ əлеует бойынша өзгеруін, жəне ең бастысы əлсіз шоғырлануын жатқызуға болады. Осы факторлар жел энергиясының əлеуетті қорының едəуір бөлігін пайдалануын экономикалық тұрғыда орынды ете алады. Осыған орай, жел энергетикалық ресурстары қызығушылық тудырады, оны пайдалану үшін сəйкес энергетикалық қондырғылардың құрылысы экономикалық тұрғыдан ақталуы мүмкін. Қазақстан кең байтақ жерінің жел энергетикалық ресурстарының əлеуеті өте жоғары. Қазақстан Республикасы өзінің географиялық орны бойынша солтүстік жарты шардың жел белдеуінде орналасқан, мемлекет аумағының біршама бөлігінде қатты ауа ағымдары байқалады. Елдің үлкен аумағында желдің орташа жылдық жылдамдықтары 4-5 м/с құрайды, ал өңірлердің бірқатарында 6 м/с құрайды, бұл жел энергетикасын дамыту үшін тартымды болып табылады. Осыған орай, Қазақстан жел энергиясын пайдалану үшін лайықты мемлекеттердің бірі болып табылады. Жел энергетикалық əлеуетін игеру үшін БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ҚР Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігімен 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында жел энергетикасын дамыту бағдарламасы əзірленді. Бұл бағдарлама шеңберінде жел энергиясын өндіру жөніндегі болжамдық сценарий 2015 жылы жылына шамамен 250 МВт жəне 2030 жылға қарай жылына шамамен 2000 МВт өндіруді көздейді. Жел энергетикасының жел 118

Аймақтық экономика 

энергиясын жалпы өндіруге кірігу деңгейі 2015 жылы электр энергиясын жалпы өндірудің 1%-нан азын жəне 2030 жылға қарай шамамен 4%-ды құрайтын болады. Бұл электр станцияларда 2015 жылы электр энергияның 1 млрд. кВтс-нан 2030 жылға қарай 5 млрд. кВтс дейін өндіретін болады [27]. Жаңартылатын энергияны пайдалануды заңды түрде қолдауды қамтамасыз ету үшін жəне инвестицияны тарту мақсатында 2009 жылдың маусым айында «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заңмен электр энергия нарығында жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша бірқатар шаралар қарастырылған, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері объектісін желіні салу жəне қосу кезінде, желілер бойынша электр энергиясын тасымалдау жəне электр энергияларын аймақтық электр тасымалдау компанияларына жəне КЕГОК сату кезінде қолдау көрсету. Қазақстан Республикасында 2009 жылдың ақпанында Киот хаттамасы бекітілді, бұл жаңартылатын энергия жобаларын қолдау үшін қаржылық тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен, Қазақстанда жел энергетикасын коммерциялық дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қазақстанда жел энергетикасын дамытудағы табыс құзыретті мемлекеттік органдар жəне жергілікті билік органдары тарапынан инвестициялық жобаларды қолдаумен анықталынатын болады. Геотермалды су ресурстары республиканың көптеген аудандарында бар. Кейбір жоғары термалды сулар жылу, ыстық сумен жабдықтау жəне Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар кəсіпорынның көшет-жылыжай шаруашылықтарын жылыту үшін қолдануда. Қазақстанның халықшаруашылығының барлық салаларында энергия сақтау саясатын жүзеге асыру үшін өнім бірлігіне кеткен энергия ресурстарының ең аз көлемін шығындайтын өндірістіктехнологиялық үдерістерді дайындау жəне кеңінен қолданысқа енгізу қажет. Бұл шарт міндетті болуы тиіс жəне құрылысы жобаланатын кəсіпорын өнімнің сол түрін алудың таңдалынған нұсқаның оңтайлылықтың негізгі критерий қызметін атқаруы керек. Электр энергетиканы дамыту бағдарламасы айқын сипатта ие жəне Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын іске асыратын стратегияның бөлігі ретінде қарастырыл119

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ған. Электр энергетикасы негізгі саланың бірі бола тұрып, кез келген мемлекеттік экономикалық, əлеуметтік аясында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электр энергетикалық кешен Қазақстан Республикасы экономикасының басты секторының бірі ретінде анықталынған жəне елдің жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын тұрақты төмендету жəне жаңа тиімділігі жоғары технологиялар негізінде электр энергетикасын тұрақты дамыту кезінде энергетика – экономика – қоғам табиғаты динамикалық теңгерімді жүйе ретінде қарастырылады. Электр энергетикасын дамыту бағдарламасының мақсаты [28]:  экономика мен халықты электр энергетикасымен өзіндік қамтамасыз ету; осы негізде еліміздің энергетикалық тəуелсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздігі, экономикалық өсу үшін сенімді энергетикалық базаның қамтамасыз етілуі;  электр энергиясының экспорттық, бəсекеге қабілетті ресурстарын шекаралас жəне үшінші елдердің энергетикалық нарықтарына олардың ұсыну мүмкіндігін құру;  электр энергия бəсекелі нарығын дамыту. Электр энергетикалық саладағы негізгі стратегиялық бағыттар:  Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесін (БЭЖ) қалыптастыру;  қолдағы бар электр көздерін оларды қайта құру жəне жаңашылдандыру арқылы барынша жоғары пайдалану;  дəстүрлі емес энергетиканы дамытудың есебінен электр энергиясын өндіру құрылымын жақсарту;  органикалық отынның шығынын айтарлықтай азайтуға жəне буланған газдардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді энергия үнемдейтін технология ретіндегі электр энергиясы мен жылу күрделі өңдеуге ие қолдағы бар жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру əрі жаңашылдандыру;  электр энергия нарығының ашық бəсекелестік нарық моделін дайындау;  жаңа қуаттарды тек импорт алмастырушы ретінде ғана ендіру;  Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) жəне Орталық Азия республикаларының энергия жүйелерімен қосарлы жұмыстарды қалпына келтіру. 120

Аймақтық экономика 

Қазақстан аумағы энергетикалық қатынаста үш аймаққа бөлінеді: Солтүстік жəне Орталық Қазақстан – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай жəне Павлодар облыстары кіреді, олардың энергия шаруашылығы ортақ желімен біріктірілген жəне Ресеймен байланыстары дамыған. Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары кіретін Оңтүстік аймақ ортақ электр желісімен біріктірілген жəне Қырғызстан жəне Өзбекстанмен байланыстары дамыған. 1998 жылы Оңтүстік аймақ Солтүстік аймақпен қосарлас жұмысқа қосылған. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғыстау облыстары кіретін Батыс аймақтың энергия шаруашылығы Ресеймен электр байланысы бар. Маңғыстау, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстары ортақ электр желісімен біріктірілген, ал Ақтөбе облысының энергия шаруашылығы бөлек жұмыс істейді. Электр энергетикасының негізі арзан Екібастұз көміріне негізделетін көмір электр энергетикасы болып табылады. Көмір өнеркəсібі мен энергетикасына өткен кезеңде ірі капитал салымдары салынған жəне оның болашақта дамуы үшін едəуір негіз жасалынған. Көмір кен орындары Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда шоғырланған, осы аймақтарда электр энергиясының негізгі көздері орналасқан. Бұл аймақтар электр энергиясымен өзін қамтамасыз ете алады жəне ішкі жəне сыртқы электр энергиясының нарығына ұсынуға болатын əлеуетті түрде оның молшылығы байқалады. Оңтүстік Қазақстан аймағында жеткілікті түрде бастапқы энергетикалық ресурстары жоқ, жəне оның электр энергетикасы тасымалданып келетін көмір мен газ импортына негізделеді. Электр энергиясына қажеттіліктің бір бөлігі Орталық Азия республикаларынан импорт есебінен қанағаттандырылады. Батыс Қазақстан аймағы өзіндік көмірсутек отын қоры бола тұрса да, электр энергетикасына қажеттіліктің бөлігі Ресейден импорт есебінен өтеледі. Бар отын ресурстарының дайындауымен қысқа мерзімде өзіндік қажеттілікті қамтамасыз ету, қажеттілік туындаған жағдайда экспорттық ресурстарды дайындау мүмкіндігі туындайды. Қазіргі таңда Қазақстанның электр стансалары өз қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге қабілетті əлеуеті бар. Алайда қалып121

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

тасқан желі сызбалары жəне нарықтық жағдаяттар салдарынан Оңтүстік жəне Батыс аймақтар электр энергияны басқа мемлекеттерден импорттайды. Орталық Азия жəне БЭЖ негізгі қағидаттарына қалыптасқан Ресейдің Шығыс жəне Батыс бөлігінің энергия жүйелері арасында орталық географиялық жағдайда орналасқан Қазақстан электр энергетикасы қазіргі таңда нарықтық қатынастарды ендіру негізінде салаларды реформалаумен байланысты терең түрлендіру кезеңін бастан кешіруде. Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесін қалыптастыратын орталық электр энергия көзінің үлкен бөлігі шоғырланған жəне Қазақстанның БЭЖ-н Ресейдің БЭЖ-н байланыстыратын дамыған электр желілері бар Қазақстанның Солтүстік аймағы болып табылады. Республиканың электр энергетикасын реформалау нəтижесінде экономикалық тəуелсіз құрылымдардан тұратын келесідей ұйымдық құрылымдары бар: 1. Ұлттық электр энергетикалық жүйе (КЕGОС АҚ), ол кернеуі 220 ‒ 500 ‒ 1150кВ-тық жүйе аралық жəне мемлекет аралық жүйе құраушы электр тораптарынан, ірі тұтынушыларды қоректендіруші электр тораптарынан, конденсациялық жəне су электр станцияларының қуат беру желілерінен құралады. 2. Аймақтық электр желілік компаниялар. Олардың құрамына аймақтық қызмет көрсететін кернеуі 110 кВ жəне одан төмен электр тарату тораптары енеді. 3. Электр энергиясын тəуелсіз өндірушілер. Оған электр стансаларының акционерлік қоғамдары жатады. Ұлттық энергетикалық жүйе келесідей рөл атқарады:  жалпы ішкі өнімнің барлық түрлері үшін баға тепе-теңдігін құру;  ішкі отын-энергетикалық кешен теңгерімін қалыптастыру;  Қазақстанның Энергопул құрудың базасы болып табылады. Қуатты өндірушілер, аймақтық электр желілік компаниялар жəне ірі тұтынушылар арасыда байланыстырушы буын болып табылатын КЕGОС электр желілері республиканың əртүрлі меншік нысанындағы энергетикалық кəсіпорындарын Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне біріктіреді. Сонымен, БЭЖ технологиялық негізі төмендегілерден тұратын Қазақстанның Ұлттық электр энергетикалық жүйесі болып табылады: 122

Аймақтық экономика 

 мемлекетаралық электр желілері;  аймақаралық электр желілері;  конденсациялық (жылу) жəне гидравликалық электр стансаларынан қуаттарды беру линиялары;  50 МВт жəне одан да көп қуаты бар тікелей тұтынушыларға жеткізу линиялары;  мемлекетаралық, аймақаралық жəне аймақтық маңызы бар тірек қосалқы стансалар;  ұлттық маңызы бар электр стансалары. Қазақстанның жылумен қамтамасыз ету жүйесі. Қазақстанда жылумен жабдықтау жүйесінің үш түрі дамыған: ЖЭО-дан жылыту жүйесі, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету – аудандық, кварталдық жəне топтық қазандықтардан жəне жергілікті үй қазандықтары мен пештерінен дербес жылумен қамтамасыз ету. Ортақтандырылған жылумен қамтамасыз ету Қазақстанда отызыншы жылдардың ортасында пайда болды жəне 1960-1990 жылдарда Қазақстандағы өнеркəсіптік дамыған қалаларда жылумен жабдықтаудың басты жүйесі болды. Жылу графиктері бойынша құрылған жəне қазіргі таңда қолданыстағы ЖЭО бекітілген электрлік қуаты 6700 МВт (барлық электр стансасы қуаттарының 38%) құрайды. Жылуды тұтынудың 40% жуығы жəне мемлекеттің электр тұтынудың 46% өтеледі. Сонымен, Қазақстан ауқымы бойынша Еуропалық жетістіктеріне тізгінді бермейтін жылытудың дамыған жүйесін алды. Қазақстан қалаларында жылу жəне электр энергияларын құрамдастыратын өндірумен орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жоғары дамыған инфрақұрылымы су құбыры немесе канализация секілді əлеуметтік жағдайлардың атрибуты болды. Сонымен қатар, жылыту экологиялық жағдайдың жақсаруына себін тигізеді жəне жоғары білікті халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Нарықтық қатынастарға өту кезінде энергетикада электр энергиясын жəне жылуды өндірудің құрамдастырылған тəсілі орталықтандырылған капитал салымдарының толығымен тоқтатылған кезде, қала қалдықтары мен күл-қоқыстарды өртеуді қоса, жергілікті отын ресурстарын барынша пайдалануымен орта жəне шағын қуатты ЖЭО құрылысына қайта бағдарлану қажеттілігімен байла123

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

нысты. Көптеген қалаларда электр қуатының тапшылығы жағдайында мұндай электр стансалардың құрылыстары энергиямен қамтамасыз ету мəселесін ішінара шешуі мүмкін. Жаңа жылу желілерін салу жəне қолданыстағы жылу желілерді қайта құрылысын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жəне жылыту жүйелерін дамытатын Еуропалық мемлекеттердің жетістіктеріне бағдарлау тиіс. Атом өнеркəсібін дамыту. Қазақстанның өзіндік ядролықэнергетикалық салаларын құру жəне атом электр станцияларының құрылысы үшін негіз болып оның келесідей негізгі құрама бөліктерінің болуы мүмкін: 1. Өзіндік шикізат базасының жəне өндіруші саласының болуы. 2. Шикізатты өңдеудің, оның ішінара байыту жəне дайын отын өндірісінің дамыған өнеркəсібі. 3. Реакторлар үшін материалдар мен жабдықтарды дайындауға қабілетті машина жасау кешені. 4. Кешеннің қызмет етуін, оның басқарылуын, бақылауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті басқару аппараты жəне ғылыми-техникалық əлеует. Атомдық өнеркəсiптік-энергетикалық кешен атом энергетикасының өзiн жəне атом станцияларын отынмен қамтамасыз етушi жəне атом энергетикасы сияқты халық шаруашылығының жоғары технологиялы əрi ғылымды қажетсiнетiн саласы болып табылатын уран өнеркəсiбiн қамтиды. Атом энергиясы көздерiнен экономикалық тиiмдi, қауiпсiз жəне экологиялық таза энергия алу тек екi құраушының ‒ атом энергетикасы мен уран өнеркəсiбiнiң бiр мезгiлде, үйлесімдi дамуы кезiнде ғана болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Үкіметімен атом электр энергетикасын дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген «Қазақстан Республикасының атом энергетикасын 2030 жылға дейін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы əзірленіп, қабылданды. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстанның электр энергияға қажеттіліктерін өтеу мақсатында қуаттылығы 1935 МВт болатын Балқаш АЭС құрылысын техникалық-экономикалық негіздемесі сарапқа салынуда. Атом энергетикасы бойынша Халықаралық агенттігінің сараптамалық қорытысын алу қарастырылған. Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық кешені келесідей негізгі үш қағидатқа негізделуі тиіс: 124

Аймақтық экономика 

 барлық үш энергетикалық аймақтың бірігуіне негізделетін мемлекеттің бірыңғай ұлттық электр энергетикалық жүйесін құру;  елде электр энергиясының бірыңғай нарығын құру. Энергияны тиімді пайдалану экономикалық, əлеуметтік дамудың, сонымен қатар қоршаған ортаның экологиясын жақсартудың қажетті шарты болып табылады. Жылу электр станцияларын негізгі жабдықтау жұмысы көрсеткішінің бірі 1 кВтс электр энергиясын өндіруге кететін отын шығыны болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан жылу энергетикасы əлемдік көрсеткіштерден 10-15%-дан асады. Негізінен, бұл стансалардың төмен сұрыпты көмірлермен жұмыс істеуімен, сонымен қатар Қазақстанның ЖЭС жабдықтары ауыстыруын жəне жаңғыртуын қажетсінуімен байланысты. Қазақстан жаңартылатын энергетикалық ресурстар əлеуеті (гидроэнергия, жел жəне күн энергиясы) елеулі мəнге ие. Қазақстанның географиялық орналасуының солтүстік ендігіне қарамастан, елдегі күн энергия ресурстары тұрақты жəне қолайлы климаттық жағдайлар арқасында лайықты болып табылады. Күн сағатының саны жылына 2200-3000 сағатты құрайды, ал күн сəулесінің энергиясы – жылына 1 шаршы метрге 1300-1800 кВт құрайды, бұл ауылды жерлерде күн батарея панелдерін жасауына мүмкіндік береді. Күн сəулесі энергиясының мұндай деңгейінде күн су ысытқыштары табиғи газға қол жетпейтін шалғай аудандарда тіршілікке икемді болуы керек. Күн су ысытқыштарын нарыққа табысты жылжыту үшін олардың барынша арзан болуына ұмтылу керек. Энергияның əртүрлі көздерінің үлкен көлемі бар қалаларда күн су ысытқыштарын қолдану экономикалық тиімді болады. Республикада бар геотермалдық жəне биологиялық ресурстардың талдауы олардың сапасы мен əлеуеті электр энергиясын өндіру үшін жеткілікті түрде жоғары емес. Геотермалды энергияны жылумен қамтамасыз ету үшін, ал биологиялық ресурстарды оны кезекті тамақты жылыту жəне дайындау, сонымен тыңайтқыштарды өндіру үшін пайдаланумен биогазды алу үшін қолдану барынша орынды болып табылады. Энергияның дəстүрлі емес көздердің қатарында мұнай өндірудің ілеспе газы болып табылады. Шағын газ кен орындарының мен мұнай өндірудің ілеспе газының теңгерімді қорлары Қазақстанның 125

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

112 кен орындарында (Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) бар. Заманауи ілеспе газ өндірісі жылына 946 млн. м3 құрайды. Қазақстанның электр энергиясының негізін энергияның 80%-дан астамын өндіретін көмір электр стансалары құрайды. Қазіргі таңда Қазақстанның электр энергетикасында қолданылатын көмірдің үлкен бөлігі төмен сұрыпты, нақтырақ айтқанда, жоғары күлді, бұл олардың сəйкес энергетикалық, экологиялық жəне экономикалық тиімділігін анықтайды. Электр энергетикасында көмір технологиясын қолданудың тиімділігі кешенді түрде шешілуі керек, яғни көмір өнеркəсібінде барынша бəсекеге қабілетті отынды алу бойынша жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар қазандық техникасында жаңа технологияларды қолдану. Стратегиялық отын ретінде көмірдің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін төмен сұрыпты көмірді жағу тиімділігін арттырумен, сондай-ақ көмір электр стансаларынан шығатын газ жəне шаң-тозаңмен қоршаған ортаның ластануымен байланысты бірқатар мəселелерді шешу қажет. Экология жəне жағу мəселелері біруақытта шешілетін көмір технологиялары барынша қызығушылықты танытуы тиіс. Электр энергетика секторының қызметі мен дамуының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының барлық ішкі тұтынушыларды электр энергиясын қолайлы бағамен сенімді жəне тұрақты қамтамасыз ету; энергетикалық тəуелсіздікпен жəне мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін, тұрақты экономикалық өсу үшін берік энергетикалық базаны қамтамасыз ету. Барлық əлемде жаңартылатын энергия көздері табиғатты сақтау шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңартылатын энергия көздерінде энергияны өндіру дəстүрлі көздермен салыстырып қарағанда қымбат. Сондықтан Үкімет заңнамаға мұндай энергия көздерін орнатумен айналысатын компанияларды сəйкес жабдықтарды шеттен алып келуіне кеден баждарынан босату, сондай-ақ сол энергия көздеріне ие компанияларды электр энергиясына ҚҚС босатуды қарастыратын қосымша енгізу керек. Бұл өз кезегінде таза ауа үшін төлем ретінде болады. Тарифтік жəне инвестициялық саясат электр энергетикасын дамытудың басты міндеттерін уақтылы шешуін қамтамасыз етуі қажет. Оларды Республиканың Бірыңғай энергетикалық жүйесінде 126

Аймақтық экономика 

бірлескен жұмыстың артықшылықтарын іске асырумен бірге шешу мемлекеттің тұрақты экономикалық өсу үшін базаны қамтамасыз етуі керек. Саланың одан ары дамуы:  Қазақстанның Солтүстік аймағының біріккен энергия жүйесінің Республиканың Оңтүстік жəне Батыс аймақтарымен қосатын жүйеаралық электр желілерін салу жолымен Бірыңғай Энергетикалық Жүйесін құрумен;  ішкі қажеттіліктерді өтеуін қамтамасыз ететін ірі энергия көздерін құрылысын салумен, жəне саланың экспортқа бағдарланған бағытын дамытуымен;  электр энергия нарығын одан ары дамуымен жəне энергия сақтау саясатын іске асырумен;  энергияның жаңартылатын жəне дəстүрлі емес көздерін пайдаланумен анықталынады. Бақылау сұрақтары 1. Отын-энергетикалық кешеннің салаларын атаңыз. 2. Электр энергетика саласындағы негізгі стратегиялық бағыттар жəне олардың мақсаттары қандай? 3. Республикада өзіндік ядролық-энергетикалық саланы құру үшін алғышарттар бар ма? 4. Қазақстанда көмір өнеркəсібінің пайда болуы қай кезеңге жатады? 5. Республикадағы химия өнеркəсібінің басты бағыттарын көрсетіңіз.

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

VIII тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКƏСІПТІК КЕШЕНІ § 8.1 АӨК салалық құрылымының сипаттамасы Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешені – ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу жəне сақтауға мамандандырылған тығыз экономикалық жəне өндірістік түрде өзара байланысты, сонымен қатар, ауылшаруашылығын жəне қайта өңдеу өнеркəсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін салалар кешені. Бірақ АӨК өндіріс қана емес, сондай-ақ халықтың елеулі бөлігінің өмір сүру ортасы. Ауылшаруашылық өндірісінің деңгейі елдің азық-түлік қауіпсіздік жағдайына тікелей əсер етеді. Өндірістік күштер дамуының барынша төменгі деңгейінде тұрған ауылшаруашылығы – өзгермелі экономикалық жəне технологиялық жағдайларына қабілетті басқа салаларға қарағанда салыстырмалы тұрақты сала. Сондықтан аграрлық сектор халық шаруашылығының басқа салалары арасында ерекше орынды алады. Республиканың АӨК өзара байланысты төрт өндірістік буыннан тұрады. Ауылшаруашылығы – өсімдік шаруашылығы, малшаруашылығы, фермер шаруашылығы, жеке қосалқы шаруашылық жəне т.б. тұратын АӨК өзегі. Ауылшаруашылығын өндіріс құралдарымен жəне минералды ресурстармен қамтамасыз ететін салалар жəне қызметтер(трактор жəне ауылшаруашылық машина жасау, минералды тыңайтқыштар өндірісі, химикат жəне т.б.). Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеумен айналысатын салалар: тамақ өнеркəсібі, жеңіл өнеркəсібі үшін шикізатты бастапқы қайта өңдеу салалары. Инфрақұрылымдық блок – ауылшаруашылық шикізатын дайындаумен, тасымалдаумен, сақтаумен, тұтынушылық тауарлар саудасымен, ауылшаруашылық, АӨК салаларындағы құрылыс үшін кадрларды дайындаумен айналысатын өндіріс. Агрөнеркəсіптік кешен күрделі салалық құрылымды білдіреді: тікелей немесе жанама түрде халықшаруашылығының шамамен 80 саласы бар. АӨК өнеркəсіптік салаларына тамақ (қант, нан пісіру, кондитерлік, макарон, май, көкөніс), ет, сүт, ұн тарту-жармалық 128

Аймақтық экономика 

жəне құрама жем; жеңіл (тоқыма, былғары, аяқ киім); агроөнеркəсіптік кешен үшін машина жасау жəне т.б. АӨК кешенін құрайтын сала ауылшаруашылығы болып табылады. АӨК барлық буындарының үйлесімді дамуы – елді азық-түлік жəне ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ететін мəселелерді шешудің қажетті жағдайы. Қазіргі таңда АӨК өңдеу салаларының, кешеннің өндірістік инфрақұрылымының əлсіз дамуы ауылшаруашылығы өнімдерінің үлкен жоғалтуларына алып келеді. § 8.2 Ауылшаруашылығы агроөнеркəсіптік кешенін құраушы саласы ретінде Ауылшаруашылығы Қазақстан АӨК негізгі буыны болып табылады, жалпы жиынтық өнімнің 60%-ы өндіріледі жəне республиканың агроөнеркəсіптік кешенінің негізгі өндірістік қорының шамамен 80%-ы шоғырланған. 2012 жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны 7,632 млн. адамды (жалпы республикадағы халықтың 45,1%-ын) құрады. Қазақстанның ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер саны елдегі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 23,2%-ын құрайды [29]. Соңғы 20 жылда ЖІӨдегі ауылшаруашылығының үлесі 34%-дан 4,3%-ға дейін төмендеуі тəн. Аграрлық сектордың даму деңгейі əркез қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық-саяси тұрақтылығын айқындаушы факторы болып қала беруде. Республика экономикасының дамуының басты бағыттарының бірі бола тұрып, ауылшаруашылығы үлкен əлеуетке жəне қорға бай. Қазақстанның əртүрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылу белдеуінің барлық дерлік дақылдарын өсіруге жəне малшаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылығының маңызды ерекшелігі оның маусымдылығы болып табылады. Бұл ауылшаруашылығын табиғат жағдайларына тəуелді етеді, жұмыс күшін жыл бойына əркелкі қолдануға, жыл бойына ақша табыстары мен өнімдердің əркелкі келіп түсуіне алып келеді. Ауылшаруашылығының ерекшелігі ол биологиялық сипатқа ие, яғни өндіріс құралы ретінде өсімдік жəне жануарлар болады. 129

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктерін ауылшаруашылық салаларын орналастыру жəне мамандандыруға экономикалық жəне əлеуметтік-демографиялық факторлармен салыстырғанда табиғи факторларының басым əсерімен түсіндіріледі. Табиғи факторлардың əсері ауылшаруашылық дақылдарын өсіру белгілі бір табиғи жағдайларға мұқтаж. Белгілі бір ауылшаруашылық дақылдарының вегетациялық кезеңінің ұзақтылығына, жылуға, жарыққа жəне топырақ құнарлығына деген қажеттілігі əртүрлі, дақылдардың таралуының шекарасы жəне жеке шаруашылықтары ішінде олардың үйлесуі мүмкіндіктері əркелкі. Табиғи факторлардың мал шаруашылығын орналастыруына əсері жемшөп қоры арқылы болады. Ғылым мен техника жетістіктері табиғи жағдайлардың əсерін əлсіздетуге мүмкіндік береді, бірақ белгілі бір шекте жəне басқа да факторлардың болуы кезінде ғана (мəселен, қуаң егіншілік жағдайында суландыру, жылу мен жоғары құнарлы топырақ кезінде қант қызылшасын, астық дақылдарын жəне т.б. өсіру алқабын кеңейтуге мүмкіндік береді). Ауылшаруашылықты орналастыру жəне мамандандырудың маңызды табиғи факторлары келесідей болып табылады: топырақ құнарлығы, жылы кезеңнің ұзақтылығы, белсенді температураның жиынтығы (жылумен қамтамасыз етілуі); жалпы күн радиациясы (жарықпен қамтамасыз етілуі); ылғалдандыру жағдайы, жауыншашын көлемі, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың қайталану ықтималдылығы (құрғақшылық, суық, жел жəне су эрозиясы); су ресурстарымен қамтамасыз етілуі; жергілікті топографиялық жағдайы жəне т.б. Табиғи факторлар өсімдік шаруашылығының салаларын орналастыруда барынша жоғары деңгейде əртүрлі өсіру алқабын айқындай отыра, түрлі деңгейде əсер етеді. Бірқатар дақылдар үшін (жылу сүйгіштер) бұл алаңдар өте шектелген. Басқалары үшін бұл өте кең (арпа, жаздық бидай, картоп жəне т.б.). Табиғи-климаттық жағдайларға барынша тəуелді жайылымды малшаруашылығы болып табылады (қой шаруашылығының, малшаруашылығының кейбір бағыттары; бұғы шаруашылығы, жылқы шаруашылығы жəне т.б.). Оған тағы да жайылым, олардың көлемі, өсімдік құрамы жəне оларды пайдалану кезеңінің ұзақтылығы секілді факторлар ықпал етеді. 130

Аймақтық экономика 

Ауылшаруашылығын орналастыру үшін əлеуметтік-демографиялық факторлары өте маңызды. Халық – ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі тұтынушысы; сол өнімді тұтыну құрылымының аймақтық ерекшеліктері бар. Ауылшаруашылығының мамандануына қала жəне ауыл тұрғындарының арасындағы арақатынас əсер етеді. Сонымен қатар, халық сала үшін еңбек ресурстарының ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты əртүрлі еңбек сыйымдылығымен сипатталатын ауылшаруашылық өнімінің қандай да бір өндірісі дамиды. Барынша еңбек сыйымдылығы жоғары салалар көкөністер, картоп, қант қызылшасы жəне техникалық дақылдар, мал шаруашылығының кейбір салалары болып табылады. Мамандандырылған білікті кадрларды қолдану еңбек өнімділігінің өсуіне, ауылшаруашылық өнімдері өндірісіне еңбек шығындарының төмендеуіне себін тигізеді. Орналасуы мен мамандануына жергілікті халықтың мүдделері де əсер етеді, бұрынғыда бұл жеткілікті ескерілмеген болатын. Өнімнің көптеген түрлерін шығарылуына өндірістің мүмкіндіктерін едəуір шектейді. Ауылшаруашылықтың орналасуы мен мамандануына барынша əсер ететін экономикалық факторларға мыналар жатады: 1. Шаруашылықтардың өткізу нарықтарына қатысты орналасқан орны жəне қайта өңдеуші кəсіпорындардың, шикізатты жəне ақырғы өнімді сақтау үшін сыйымдылықтың болуы, көлік құралдары мен хабарлама жолдарының сапасы. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері өзінің тасымалдылығымен едəуір ерекшеленеді. Ірі қалалар айналасында қала маңы мен шикізат аймақтарын жəне қайта өңдеу өнеркəсіптерінің кəсіпорын құруына жағдай жасайды. Ірі елді мекендердің болуы халықтың жоғары тығыздығына себін тигізеді, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөністер жəне тасымалдауға қолайсыз басқа өнімдер өндірісіне ауылшаруашылық кəсіпорындарының мамандануын анықтайды. Хабарлама жолдарының сипаттамасы мен жағдайы ауылшаруашылықтың мамандануы мен оның салаларының орналасуына тікелей əсер етеді. Тасымалдауға жеңіл өнімдердің өндірісін олар барынша тиімді болатын жерлерге шоғырландыруға болады. Өнімдерді үлкен көлемдермен тасымалдау мүмкіндігі тасымалдаудың арзандауын тудырады. 131

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

2. Ауылшаруашылықтың қалыптасқан өндірістік əлеуеті: мелиорациялық жерлер, өнімді мал басы, ауылшаруашылық нысанды құрылыстар, өндірістік құрылымдар жəне т.б. 3. Ауылшаруашылық жерлерінің ауданы, олардың құрылымы: егістік алқабының жəне жан басына шаққандағы ауылшаруашылық жерлерінің көлемі. 4. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі, ол көрсеткіштер жүйесімен айқындалады, олардың ішіндегі негізгілері өндіріс пайдалылығы, материалдық жəне еңбек шығындары жəне жер ауданы бірлігіне жалпы табыс жəне ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі болып табылады. Айта кететін жайт, экономикалық тиімділікке ауылшаруашылықтың орналасуы мен мамандануының қарастырылып отырған барлық факторлардың жиынтығы əсер етеді. 5. Ауылшаруашылық өнімдерінің аймақаралық байланыстарының ерекшеліктері мен тұрақтылығы. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу мүмкіндіктері, олардың кепілдіктері жеке аймақтарда барынша қолайлы жағдай жасалынған ауылшаруашылықтың қандай да бір саласын дамыту үшін негіз жасайды. Есепке қажетті ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, сол аймақта оның өндірісі шығындарымен салыстырғанда оны тасымалдау шығындары алынады. 6. Өнеркəсіппен жеткізілетін өндіріс құралдарымен ауылшаруашылығының қамтамасыз етілуі. Осы өнеркəсіптік өнімнің баға деңгейінің ауылшаруашылық шикізат пен оның қайта өңделуінің өнімі баға деңгейіне сəйкестігі. 7. Ауылшаруашылық кəсіпорындарының көлемі. Мəселен, ұсақ шаруа қожалығы мамандану мүмкіндіктерін шектейді. Əсер ететін өзге факторлардың қатарына ғылыми-техникалық прогресс те жатады. Ғылым мен техниканың жетістіктері ауылшаруашылық өндірісі тиімділігін күрт арттыруға, өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде əртүрлі экономикалық əдістерді (жүргізілетін аймақтық саясатты ескее отырып, ауылшаруашылық кəсіпорындарға несие беру, ауылшаруашылық өндірісін ғылыми қамтамасыз ету) пайдаланып, ауылшаруашылықтың ұтымды орналасуы мен мамандануына белсенді əсер ететін мемлекет секілді факторды атап көрсетеді. 132

Аймақтық экономика 

Қазақстанның географиялық орналасуы ауылшаруашылық қатынаста оны ерекше аумақ етеді. Егін шаруашылығы тұрғысынан елдің барлық аумағы ‒ тəуекелі жоғары егіншілік аймақ дерлік, су тапшылығы да тəн. Салдары ретінде егін шаруашылығының суарылмайтын нысаны тиімсіз жəне тұрақсыз болады. Ауылшаруашылықтың ұдайы өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету өте күрделі жəне қымбат. Сондықтан қазақстандық ауылшаруашылығы үлкен көлемде инвестицияны қажет етеді. Көптеген ауылшаруашылық кəсіпорындар – инвестиция үшін тартымдылығы төмен. Агроөнеркəсіптік бірлестіктер құрамында олардың тартымдылығы едəуір өседі. Ел экономикасының даму ерекшеліктерін ескере отыра, АӨК саласында елдегі басты инвестор мемлекет болып табылады. Ауылшаруашылық – өндірістің ерекше саласы, мұнда жер – өндірістің негізгі құралы. Жер өндірістің басқа құралдарына қарағанда – адам еңбегінің өнімі емес, оның көлемі артуы мүмкін емес. Ауылшаруашылығында жерді ұтымды пайдалану кезінде өзінің сапасын жоғалтпаумен қатар, сапасы артады, ал өндірістің басқа құралдары сапалық жəне физикалық тозады, басқалармен алмыстырылады. Жер өндірістің құралы бола тұра, еңбек құралы жəне еңбек пəні ретінде бола алады. Өндірістік күштердің дамудың қазіргі деңгейі кезінде ауылшаруашылығы табиғи-климаттық жағдайларға едəуір тəуелді болады. Халықшаруашылығының бұл саласында басты жəне негізгі құрал жер болып табылады, əртүрлі ауылшаруашылық аймақтарда əркелкі құнарлылық пен сумен қамтамасыз етілген. Бұл өндіріске құралдар мен еңбектің бірдей салымы кезінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерініңді ақырғы нəтижесіне үлкен əсер етеді. Тəуелсіздікті алу кезеңінде Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенінде мемлекет меншігінен алу үдерісі басталды. Қазіргі таңда мемлекеттік сектор үстемдік етуден айырылды. Көпсалалы экономиканың негізі құрылды, шаруашылық жүргізудің нысанын таңдауына құқық заңды түрде бекітілді. Бұрынғы кеңшар мен басқа мемлекеттік ауылшаруашылық кəсіпорын негізінде қысқа уақыт ішінде меншіктің мемлекеттік емес нысанды көптеген ұйымдар құрылды. Барлығы 1489 кеңшар немесе олардың жалпы санының 70%-ы жекешелендірілді. Сол кезеңде меншіктің барлық нысанын133

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

дағы кəсіпорындар өндірілген өнімді дербес басқарды, өндіріс бағытын, құрылымы мен көлемін анықтады. Жердің қайта бөлінуі, ірі тауар кəсіпорындарының бөлшектенуі орын болды. Ұсақ тауарлы сектор кеңейді. Бау-бақша телімдерінің саны көбейді. Көптеген кеңшар мен ұжымшар қайта тіркелді жəне акционерлік қоғам, серіктестіктерге, ауылшаруашылық кооперативтерге, қожа шаруашылығының ассоциацияларына қайта түрлендірілді. Алайда, жүргізілген реформаларға қарамастан, АӨК дағдарыстық жағдайы шиеленісе түсті, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігі төмендеді. Меншік иелерінің пайда болуы шаруашылық жүргізудің стилі мен əдістеріне түбегейлі өзгерістер алып келмеді [30,169 б.]. Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жекеменшікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды. Экономикалық салдары өндірістік жəне жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бəсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды. Қазақстан АӨК дамуы соңғы жылдары оң нəтижелер көрсетті, сыртқы қауіптер əсерінің күшеюінен, ішкі тəуекелдердің сақталуынан, əлемдік агроөнеркəсіптік нарықтың қалыптасып жатқан келешегі салдарынан мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру, аграрлық өндірісте интеграция жəне кооперация үдерістерін ынталандыру, табиғи-климаттық жəне əлеуметтік-экономикалық факторларына сəйкес өндірісті əртараптандыру қажеттілігі туындайды. АӨК-де республиканың тəуелсіздігі жарияланған сəттен бастап елдің бүкіл экономикасында едəуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды. «Біздің мақсатымыз Қазақстанды өзіміздің азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сонымен қатар отандық ауылшаруашылықтың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл біздің ауылдарымыздың дамуы мен көркеюіне себін тигізеді», ‒ деп Елбасы Үкімет алдына тапсырма берді. Оны іске асыру үшін АӨК саласында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар көмектесті. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашы134

Аймақтық экономика 

лығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін тұрақтандыруға, ауылшаруашылықтың бəсекеге қабілетті салаларының экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне бағытталған. Ауылшаруашылығы өндірісінің одан əрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті. Сонымен қатар АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, салада ауыспалы кезеңнің бірқатар проблемалары сақталып қалды. Аграрлық салада одан арғы экономикалық өзгерістер логикасы сапалы жаңа өсу деңгейіне өтуді талап етті. Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының 20032005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды. Осы жылдары АӨК-нің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тəжірибенің нормаларына сəйкес келтіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған агроазық-түліктік мемлекеттік бағдарламасы агроөнеркəсіптік өндірістің тиімді жүйесін құру жəне бəсекеге қабілетті өнімді шығару көлемін арттыру негізінде республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қарастырды. Елде агроөнеркəсіптік кешеннің қалыптасуына ауылда орналасуды оңтайландыру негізінде ауылдың тіршілігін қамтамасыз етуге қалыпты жағдайлар туғызуға бағытталған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруына өз үлесін қосты. Еңбек өнімділігінің өсуі, оның салаларының пайдалылығы мен отандық өнімнің бəсекелік артықшылықтарын дамыту негізінде осы барлық құжаттардың міндеттерін АӨК тұрақты дамуын қамтамасыз ету ретінде қорытындылауға болады. Мемлекеттік қолдау мен стратегиялық бағдарламаларды іске асыру нəтижесінде қазіргі жағдайда Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жəне ішкі азық-түлік нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті экономиканың тұрақты дамушы секторы ретінде сипаттауға болады. Өндірістің жыл сайынғы өсу қарқыны 7-8% құрайды жəне ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуі мен экспорт көлемі артуда. Агроөнеркəсіптік кешен салаларына бағытталған инвестиция ағыны бірнеше есе артты. Барлық аймақтарда жоғарғы 135

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

қарқынмен ауылшаруашылығы дамыды. Ауылшаруашылық көлемін кеңейту интенсивті жəне экстенсивті факторлары есебінен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасында агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында агроөнеркəсіптік кешені салаларының негізгі жалпы республикалық даму параметрлері көрсетілген. Олар шынайы мүмкіндіктерге негізделген жəне сəйкес аймақтық бағдарламаларда көрсетілген нақты аймақтық параметрлермен бекітілген. Қазақстанның үш елдің Кеден Одағына кіруі, ДСҰ-ға кіру алдындағы сыртқы жəне ішкі ортаның өзгерген жағдайында саланы мемлекеттік реттеудің жаңа құралдарын қолдану жəне жаңғырту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасында 20132020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» агроөнеркəсіптік кешенді дамыту бойынша жаңа салалық бағдарламасы əзірленді. Саладағы өнімділіктің төмен деңгейі, қолданылатын технологиялардың жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлығы ауылшаруашылық өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек жəне басқа да ресурстарды барынша толық қолдануға, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бəсекеге қабілеттілігін төмендетеді, ал бұл жағдай ДСҰ жəне КО жағдайында шетел өнімі импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарығынан ығыстыруына алып келуі мүмкін. Осыған орай, агроөнеркəсіптік кешенді дамытудың аймақтық бағдарламаларын барынша нақты нысанда, атап айтқанда, аймақтың агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың басым бағыттарының дамудың барынша оңтайлы нұсқасын техникалық негіздемесі түрінде дайындау ұсынылады, яғни олар саланың басым бағыттары бойынша болашақ бизнес-жоспардың техникалық негіздемесінің жинағы болуы керек. Əрбір басым бағыт бір-бірімен ортақ мəселені шешу үшін осы бағытты жылдам, тиімді дамыту жəне алға қойылған нəтижелерге жету мақсатында кластер немесе кооперация арқылы экономикалық түрде байланысты əлеуетті серіктестердің нақты тізімі бар жеке агрокешеннің нысанын алуы қажет. Аграрлық саясаттың маңызды стратегиялық мақсаты елдің азық-түлік нарығын қорғау болып табылады: отандық тауар өн136

Аймақтық экономика 

дірушілерді импорттаушылардың адал емес бəсекесінен, олар жүргізетін демпинг саясатынан қорғау, сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді төмен сапалы импорттық өнімнен қорғау. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің ұлғаюы нарықтық экономиканы дамуын жеделдету жəне əлеуметтік мəселелерді шешу бойынша басым жəне маңызды мақсаты болып табылады. Шетел тəжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында фермерлік шаруашылықтардың жағдайы мемлекет тарапынан қуатты қолдауға, ауылшаруашылық өндірісіне демеу қаржы берумен байланысты. Жапониядағы фермерлер табысының шамамен 70%, ЕО елдерінде ‒ 50%, Канадада ‒ 40%, АҚШ-та ‒ 25% ‒ бұл мемлекеттің демеу қаржысы. Біздің Елбасымыздың жүргізіп отырған реформалары нəтижесінде қазіргі таңда ауылшаруашылығына ақша құралдарын бағыттау орын алуда, бұл азық-түлік тауарлардың отандық өндіріс үшін шикізат базасын дамытуға мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды сатып алу есебінен ауылшаруашылықтағы жоғалтуларды төмендетуді əлемдік тəжірибені қолдана отырып, қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан қолдау жəне реттеу келесідей бағыттармен жүргізу керек: шикізат базасын арттыру мақсатында ауылшаруашылығының дамуына мемлекеттік қаржылық қолдаудың тиімді жүйесін құру, ауыл тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғау, импорттық өнімдерден бас тарту. Мемлекеттік қолдау тұтынушы кооперациясының қайта өркендеуіне, өнеркəсіптік кəсіпорындар жанынан қосалқы ауылшаруашылығын құруына себін тигізеді. Ауыл тауар өндірушілерін ынталандыру мақсатында барынша төмен кепілдендірілген бағамен сатып алу тетігін енгізу, оларға өнімнің кепілдендірілген өткізуін қамтамасыз ету, салық салу, несиелеу бойынша жеңілдіктер белгілеуді ендірген жөн. Азық-түлік тауарлар нарығын мемлекеттік реттеу кəсіпорындарды басқаруды жетілдіретін, олардың қызметін өндірістің тиімділігін жəне өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуіне, шығындарды төмендету жəне барынша жоғары пайда алуына ынталандыратын АӨК салаларының кəсіпорындарын қайта құрылуына жəрдемдеседі. Азық-түлік тауарлар нарығын мемлекеттік реттеу мақсаттары туралы шешімді қабылдау үшін критерий халықтың өмір сүру 137

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

сапасы мен деңгейі, яғни аса маңызды тамақтану өнімдерінің сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі болуы керек. Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуында ұлттық өндіріс құрылымында ауылшаруашылық үлесінің төмендеуі, соның ішінде аграрлық аймақтардың ЖАӨ құрылымында да төмендеуі байқалады. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі көлемінің артуы республиканың көптеген аймақтарында байқалады, тізімнің басында Павлодар, Ақмола жəне Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Азық-түлік нарығының толуының маңызды шарттары ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсететін оның салаларының теңгерімді жəне пропорционалды дамуы, соңғы жоғарғы нəтижеге бағытталған халық шаруашылығы кешенінің барлық буындарында басқаруды жетілдіру болып табылады. Агроөнеркəсіптік интеграцияның материалдық алғышарты тиісті материалдық-техникалық базасын құру, ауылшаруашылығының нарықтық қатынастарға өтуі болып табылады. Ауылшаруашылығының негізгі салалары – өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы, олардың əрқайсысының қосалқы салалардан тұрады: астық шаруашылығы, жемшөп өндірісі, техникалық дақылдарды өсіру, бау-бақша шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы жəне т.б. Қазақстанның аграрлық секторының ірі саласы – өсімдік шаруашылығы, 2012 жылы ауылшаруашылығы жалпы өнімінің 49%-ын құрады. Қазақстан бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (əлемнің экспорттаушылардың ондығына кіреді) болып табылады. Ауылшаруашылығы дақылдары арасында бірінші орынды дəнді дақылдары алады, олардың егістік алқабы республика бойынша 2012 жылы 77% құрады [31, 300 б.], ал астық өндірісіне тартылатын еңбек, материалдық, қаржылық ресурстар бойынша бұл сала жетекші сала болып табылады. Қазақстанда қоңыржай климаттық белдеуге тəн барлық астық дақылдары егіледі, алайда негізгі дақыл қатты сұрыпты жаздық бидай болып табылады. Күздік бидай табиғи климат суармалы жерлерде жоғары жəне тұрақты өнімін алуға мүмкіндік беретін оңтүстікте өсіріледі. Республикада өзге де астық дақылдары өсіріледі: арпа,сұлы, тары, жүгері, бұршақ дəнділер жəне т.б. 138

Аймақтық экономика 

Оңтүстікте жəне оңтүстік-шығыста техникалық дақылдар, соның ішінде мақта (Оңтүстік Қазақстан облысы), қант қызылшасы, темекі (Жамбыл, Алматы облыстары), күнбағыс, шашақты зығыр (Шығыс Қазақстан облысы) егіледі. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзім шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығының да маңызы көп, олар республиканың оңтүстігінде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы жəне Жамбыл облыстары) барынша дамыған. Сырдария, Іле сағаларында жəне Қаратал өзенінің алқабының суармалы жерлерінде күріш егудің ірі ауданы қалыптасты. Жемшөп базасын нығайтудың маңызды шарттары ауыспалы егістегі жемшөп дақылдары мен шөптері егудің алқабын кеңейту, шабындықтар мен жайылымдарды жəне оларды суландыру жүйесін жақсарту, мелиорациялық іс-шаралар негізінде жаңа аумақтарды игеру болып табылады. Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы – республиканың ауылшаруашылығының дəстүрлі жəне жетекші салаларының бірі болып табылады. Республиканың барлық ауылшаруашылық жерлерінің төрттен үш бөлігін жайылымдық алқаптар алады. Қазақстанның орталық жəне оңтүстік-батыстағы шөлді жəне шөлейт аумақтар мал үшін маусымдық жайылым ретінде пайдаланылады. Республиканың мал шаруашылығының маңызды салалары қой шаруашылығы мен ірі қара мал шаруашылығы болып табылады, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, республиканың шығысында марал шаруашылығы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қой шаруашылығы дамыған. Бұл облыстарда биязы жүнді қойлардың жергілікті жоғары өнімді тұқымдары шығарылды, қаракөл шаруашылығы дамыған. Табиғи жемшөп алқаптары қой шаруашылығының, етті ірі қара мал шаруашылығының (олардың үлесіне республикадағы ет өндірісінің шамамен 65% тиесілі) дамуына жағдай жасайды. Солтүстік-оңтүстік жəне оңтүстік-шығыстың таулы етегінде ірі қара малшаруашылығын өсіру кеңінен таралған, оңтүстік жəне батыс аймақтарда түйе шаруашылығы, Кенді Алтай тауларында маралшаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған. Солтүстік Қазақстанда ірі қара мал шаруашылығы мал шаруашылығының маманданған саласы болып табылады. Бұл жерде республиканың ірі қара мал шаруашылығының жартысынан астамы шоғырланған. 139

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Тобыл, Обаған, Есіл жəне Ертіс өзендерінің суармалы шабындығы жаз бойына ұсақ малды жасыл жеммен қамтамасыз етеді. Еліміздің оңтүстік жəне оңтүстік-шығыстың таулы аймағында да ірі қара мал шаруашылығы дамиды, Орталық Қазақстандағы қазақ ақ басты етті жəне солтүстіктегі қызыл дала тұқымдарына қарағанда, əулиеата жəне алғабас тұқымдары басым. Марал шаруашылығы – мал шаруашылығының жоғары табысты саласы. Ол дəрі-дəрмек жасайтын мүйіз, ет жəне жақсы былғары секілді құнды тауарлар береді. Марал шаруашылығының негізгі аймағы Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданы болып табылады. Алатаудың тау бөктерінде, Кенді Алтай тауларында ара шаруашылығы дамуын алды, Оңтүстік Қазақстан облысында тұт ағашының жібек құртын өсіру шаруашылығы бар. Республиканың солтүстік аймағында бағалы аң терісімен, сирек жануарларды өсірумен айналысатын мамандандырылған бес шаруашылығы бар. Соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің едəуір төмендеуі мал санының азаюынан, қоғамдық табын өнімділігінің нашарлауынан орын алды. Мал шаруашылығының саласын реформалау төлем құралдарының жетіспеушілігі жағдайында жүргізілді, бұл ет өнімін құрылыс жəне жанар-жағармай материалдарына, машинаға, жабдықтарға жəне т.б. бартерлік айырбастауына себеп болды. Республика үшін дəстүрлі сала – қой шаруашылығы зиян шекті, себебі айырбас операциясының негізгі құралы ретінде мал болды. Нəтижесінде қой, құс, шошқа жəне т.б. мал саны едəуір азайды. Мал шаруашылығын дамытудың маңызды мəселелерінің бірі берік жемшөп базасын құру, жемшөпті ұтымды пайдалану болып табылады. Бұл егістік жемшөп өндірісін одан ары қарқындандыруды, дақыл жайылымдары мен шабындықтарын құруын жеделдетуді, жемшөптерді дайындау мен сақтау технологиясын жетілдіруді қажет етеді. Фермерлік шаруашылықты, құрама жем өндірісін дамыту мақсатында өнімді тұтыну жеріне жақын орналасқан ұсақ құрама жем зауыттарында оларды ұйымдастырған орынды. Мал шаруашылығының тиімділігін арттыруда мал тұқымдарын сапалы жақсартудың маңызы зор. Осыған орай, мал шаруашылығында селекциялық жұмысты күшейту қажет. Мал шаруашылығы саласындағы оң жетістіктерге малшаруашылығындағы жүргізіле140

Аймақтық экономика 

тін селекциялық асыл тұқымдық жұмыстар анық əсерін тигізді. Мал шаруашылығындағы тұқымдық база тұқымдық шаруашылықтар санының тұрақты өсуімен сипатталады, жыл сайын олардың саны 40-50 бірлікке өсуде. Алайда, жалпы мал басындағы тұқымдық малдардың үлесі төмен деңгейде қалуда. Қазақстанда ауылшаруашылығы экстенсивті негізде дамыды, осыған орай оны дамудың интенсивті жолына ауыстыру керек, бұл өз кезегінде үлкен инвестицияны қажет етеді. Нарықтық қатынастардың дамуымен экономиканың аграрлық секторында өсімдік шаруашылығының, əсіресе, мал шаруашылығының бірқатар өнімдерінің өндірісі Қазақстан жағдайында шығынды болды. Бұл АӨК буындарында баға құруды жетілдіруді, ауылшаруашылық дақылдарын егу алаңдарының құрылымдарын, республика жəне оның аймақтары бойынша ауылшаруашылық мамандануын қайта қарастыруды қажет етеді. Солтүстік, Батыс, Орталық жəне Шығыс Қазақстан облыстарында астық өндірісі мен етті мал шаруашылығын ауылшаруашылықтың осы салаларының өнімдерін қайта өңдеу бойынша өнеркəсіптік кəсіпорындарымен интеграциясы кеңінен қолданысқа енді, ал оңтүстік облыстарда – көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы жəне жүзім шаруашылығы азық-түлік өнеркəсібінің консерві жəне шарап жасау салаларымен интеграцияланады. Қазақстанның ауылшаруашылық кəсіпорындары өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы салаларының ірі көлемімен жəне əртүрлілігімен, олардың аумақтық бытыраңқылығымен, сонымен қатар ауыл тауар өндірушілерінің қайта өңдеу кəсіпорындары мен көлік магистралінен алшақтылығымен сипатталынады. Бұл ауылшаруашылық өнімдерінің едəуір жоғалуына, шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға көлік шығындарының өсуіне алып келеді. § 8.3 АӨК өнеркəсіптік салалары Қазақстанда ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеумен айнылысатын салаға тамақ өнеркəсібі жатады. Тамақ өнеркəсібі – агроөнеркəсіптік кешендегі негізгі қайта өңдеу саласы. Қазақстанның тамақ өнеркəсібі 800-дан астам азық-түлік өнімдерін шығаратын көптеген қосалқы салалардан тұрады жəне өнеркəсіптік қайта өңдеуден өткен шикізатты пайдалану жəне азық-түлік өнімдерін 141

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

өндірумен өсімдік жəне мал шаруашылық шикізатты қайта өңдеумен байланысты. Ұн-жарма, нан пісіру өнеркəсібі (Алматы, Қарағанды, Қостанай, Астана) дамыған. Солтүстік Қазақстанда сары май жасау-ірімшік қайнату өнеркəсібі дамуын алды. Қызылша өсіру жерлерінде (Жамбыл, Алматы облысы) қант өнеркəсібі дамып жатыр. Күнбағыс майын өндіретін май шығару өндірісі (май зауыты) Өскемен облысында, мақта майы Шымкентте шоғырланған. Каспий солтүстігінде балық шаруашылығы дамыған. Атырау қаласында Қазақстандағы бекіре, қызыл балық жəне т.б. секілді құнды тұқымдарын қайта өңдейтін ірі балық консервілеу комбинаты жұмыс істейді. Балық шаруашылығы Балқаш жəне Зайсан көлдерінде де дамыған. Өкінішке орай, өтпелі кезеңде тамақ өнеркəсібінде өндіріс құлдырады: ет, шұжық өнімдерінің, қаймағы алынбаған сүт өнімдері, өсімдік майы, қант жəне т.б. өндірісі күрт қысқарды. Тек 1997 жылы тамақ өнеркəсібінің өсімі басталды, сол уақыттан сүт өнімдері, шұжық, макаронды жəне кондитерлік өнімдерін, жеміс жəне көкөніс шырындарының ассортименті едəуір кеңейді. Олардың ішінде «Рахат» АҚ, «Ақсай-нан» ЖШС, «Беккер и К» ЖШС жəне т.б. секілді кəсіпорындар бар [22, 79-80 б.]. Қазақстанның ет өнеркəсібі маңызды рөл атқарады. Қазақстан ет өндірісі бойынша ТМД-да Ресей жəне Украинадан кейін үшінші орынды алады. Өткен ғасырдың 30-жылдарда КСРО үкіметі елде қуатты азықтүлік индустриясын құру бағдарламасын дайындады, алғашқылардың бірі Семей ет консервілеу комбинаты болды, қуаттылығы бойынша ТМД-да үшінші орын алады. Ірі ет өнеркəсіпорындары Алматы, Петропавл, Орал жəне басқа қалаларда бар. Ауылшаруашылық пен республиканың қайта өңдеу өнеркəсібінің дамуы нəтижесі ретінде азық-түлік өндірісі көлемінің артуы жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін тұтынуының өсуіне алып келеді. Оң нəтижелерге қарамастан, əлі күнге дейін қайта өңдеу саласында өткізу жəне өндіріс жүйесімен өзара əрекет қатынастарының тұрақты тетігі құрылмаған, əрекеттердің үйлесімділігі мен кешенділігі жоқ. Бұл негізгі азық-түлік айырбастау еркін нарықта жүзеге асатын тауар қозғалысының көп деңгейлі арналардың құрылуына алып келді. 142

Аймақтық экономика 

Табиғи шикізаттан жасалынған сапалы өнім өндірісі бойынша тəжірибесі бар отандық өнеркəсіптің Қазақстан экономикасының дамуына үлесін қоса отырып, сыртқы нарықтарға өз өнімдерін шығаруға үлкен мүмкіндіктері бар. Ауылшаруашылық мақсаттағы өндірістік қорларының барынша жылдам тозуы жəне оларды жыл бойына теңдей қолданудың мүмкінсіздігі өнеркəсіпке қарағанда, барынша жоғары еңбектің қормен жарақтандырылуына жағдай жасайды, осыны аграрлық түрленуді жүргізу кезінде ескеру қажет. Алайда бірқатар аймақтарда реформа жүргізу кезінде қателіктердің нəтижесінде күрделі жағдай туындады, аграрлық саясат өзгертілмей, барлық республика бойынша бұл жағдай шешілмейді. Ашық экономика жағдайында жеңіл өнеркəсіп ауыр күйді бастан кешуде, дегенмен, болашағы зор сала, себебі Қазақстан жүн, былғары, мақта секілді шикізаттың ірі өндірушілері болып табылады. Қазақстанның жеңіл өнеркəсібін орналастыру тиісті шикізаты бар аудандармен, білікті жұмыс күші мен дайын өнім тұтынушылары бар қалалармен тығыз байланысты. Жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарын орналастыру факторлары əртүрлі, алайда негізгілерін атап көрсетуге болады.  Шикізат факторы, шикізатты бастапқы өңдеу кəсіпорындарын орналастыруына басым түрде əсер етеді (мəселен, жүн жуу кəсіпорындары – қой шаруашылығы аумағында, былғарыны бастапқы өңдеу кəсіпорындары – ірі ет комбинаттары жанында);  Халық, яғни тұтынушылық фактор. Жеңіл өнеркəсібінің дайын өнімі жартылай фабрикаттармен салыстырғанда тасымалдауға қолайсыз.  Еңбек ресурс факторы, олардың едəуір көлемі мен біліктілігін қарастырады, себебі жеңіл өнеркəсібінің барлық салалары еңбекті көп қажет етеді. Жеңіл өнеркəсібінің салаларында басым түрде əйел еңбегі пайдаланылады, сондықтан аймақтарда əйел жəне ер еңбектерін пайдалану мүмкіндіктерін ескеру керек (яғни, ауыр индустрия шоғырланатын аудандарда жеңіл өнеркəсібін дамыту, жеңіл өнеркəсібінің шоғырлану аймақтарында тиісті өндіріс құру). Жеңіл өнеркəсіп – үш негізгі топқа біріктіруге болатын жиырмадан астам қосалқы саладан тұратын кешенді сала. Жеңіл өнер143

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

кəсібінің құрылымында барынша үлес салмақты тігін жəне тоқыма салаларының өнімдері алады. 1. Тоқыма, соның ішінде зығыр, мақта-мата, жүн, жібек, трикотаж, сондай-ақ қатар зығырдың, жүннің бастапқы өңдеуі, тоқусыз материалдар өндірісі, киіз басу жəне т.б.). 2. Тігін. 3. Былғары, аяқ киім. Жеңіл өнеркəсібінің қосалқы салалары көп жағдайда аймақтардың тек ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аймақтардың қосалқы шаруашылық кешені болып табылады. Жеңіл өнеркəсібі саласындағы мəселелер қатарына төмен еңбек өнімділігі, ескірген технологиялар, өнімнің сапасы төмен, əлсіз маркетинг, шикізат базасының қысқаруы жатады. Жеңіл өнеркəсіпті дағдарыстан шығару үшін келесідей мəселелерді шешу керек:  ішкі нарықты импорт экспансиясынан қорғау;  жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарын қаржылық сауықтыру;  осы саланың кəсіпорындарының қайта жабдықтануын жеделдету. Осыған орай, келесідей міндеттерді жүзеге асырған орынды:  арзан импортқа арнайы баждарды жəне Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен əкелінетін жеңіл өнеркəсіп тауарларына квоталарды ендіру;  шикізат шығарылымына бажды көтеру;  толымдайтын жəне соңғы өнім өндірушілеріне төмен пайызды ұзақмерзімді несие беру, үш-бес жылға салық бөлігін төлеуден босату (мəселен, табыс салығы – өндіріске қайта инвестицияланатын құралдар);  шетелден сатып алынатын технологиялық жабдықтарды ҚҚС жəне баж төлеуден босату жəне мемлекеттің қатысуымен осы жабдықтарды жеңілдік жағдайымен сатып алу үшін лизингтік фирма ашу;  білікті кадрларды дайындау мəселесін шешу. Кадр тапшылығы мəселесін ішінара шешетін Бірыңғай экономикалық кеңістік болуы мүмкін. Қорыта келгенде, салада мемлекеттік қолдау керек, себебі жеңіл өнеркəсіп – экономикалық жəне əлеуметтік маңызы бар сала. 144

Аймақтық экономика 

Қазақстанда жеңіл өнеркəсіп халқы көп аймақтарда жұмыссыздықты төмендетудің жалғыз жолы болып табылады, себебі жоғары жұмысбастылықты қамтамасыз етеді. § 8.4 Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың мəселелері мен келешегі АӨК – нің негізгі мəселелері:  өсімдік шаруашылығы саласының мономамандандырылуының сақталынуы, биоклиматтық əлеуеттің ұдайы өндірісінің төмен деңгейі, сыртқы жағдаяттардың, ішкі табиғи факторлардың ауытқу жағдайында белгілі бір тəуекелдерге алып келеді;  ауылшаруашылық өнімдерінің құны мен көлемінің маусымдық ауытқуын төмендету, өндірістің пайдалылығын арттыру, тауар өндірушілерді ынталандыру мақсатында өндірілетін өнімді одан ары сақтау жəне өткізу үшін қайта өңделуі мүмкін тауар өткізуші жүйесінің болмауы;  мал шаруашылығы саласындағы негізгі мəселе мал басын бөлудің қалыптасқан құрылымы болып табылады, сала өнімі өндірісінің тұрақты сандық жəне сапалы қатынастарының мүмкіндіктеріне, аяқталған технологиялық кешендерді қалыптастыруына əсерін тигізеді;  ауылшаруашылығындағы ұсақ тауарлы сипаттағы өндірісі АӨК, оның барлық секторларының кешенді даму мүмкіндіктерін, ЖІӨ-дегі сала үлесінің өсуін, инвестициялық тартымдылығының артуын шектейді;  АӨК техникалық жəне технологиялық қамтамасыз ету деңгейі алдыңғы фактормен айқындалады, себебі ұсақ шаруашылықтар жекелей ауылшаруашылық техника, агротехнология жəне т.б. нарығын қалыптастыра алмайды. Ауылшаруашылығындағы ресурсты үнемдеу мəселесі артады, себебі соңғы жылда отын-энергетикалық кешен жəне АӨК арасындағы өзара байланыстың өсуі байқалады. Агроөнеркəсіптік кешен барынша энергияны көп қажет ете бастады. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын механикаландырудың өсуінен, ауыл жерлерінде тұрғын жəне коммуналдық шаруашылықта электр энергиясы шығынының ұлғаюынан ауылшаруашылығында энергия ресурстарының əртүрлі түрлерін тұтыну артады. 145

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Қазақстан АӨК-де, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде, соңғы жылдары негізгі көрсеткіштердің өсуі, əлемдік азықтүлік нарығының үрдістері ықпалынан сапалы сипаттағы өзгерістер де байқалады. Оларды бекіту жəне дамыту үшін агробизнес жəне мемлекеттің күш-жігерін біріктіру негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау керек. Азық-түлік қауіпсіздігі мен тəуелсіздігін тұрақты қамтамасыз ету қауіптерінің күшеюі жағдайында басты міндет елдің агроөнеркəсіптік кешенін дамыту аясында саясаттың сапалы жоспарлауы мен іске асыруы болып табылады. Азық-түлік тауарларының біршама бөлігінің, ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркəсібі үшін машиналар мен жабдықтардың импортына тəуелділігінің сақталынуы жағдайында Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың негізі отандық АӨК жəне оның негізгі салаларының келесілердің есебінен тиімді қызмет етуін арттыру болып табылады:  халықты отандық азық-түлікпен, бірінші кезекте, əлемдік азық-түлік нарығының жағдаятына тəуелсіз оның негізгі түрлерін сенімді қамтамасыз етуге кепілдік беруге қабілетті агроөнеркəсіптік өндірісінің əлеуетін жұмылдыру;  бəсекелі азық-түлік нарығын құру, заң жəне инфрақұрылымдық тиімді дамуы үшін олардың базасын жасау, ауылшаруашылық өнімдерінің, шикізат жəне азық-түліктің əлемдік нарығының жағымсыз жағдаяттарынан ауылшаруашылық отандық өндірушілерін қорғау;  ауылшаруашылығындағы кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқынының өсуін ынталандыратын ауылшаруашылық жəне өнеркəсіп өнімдері бағасының арақатынасына қол жеткізу үшін салааралық экономикалық қатынастарды оңтайландыруды қамтамасыз ету;  несие беру жүйесін жетілдіру, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне несиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылық жəне ауылшаруашылықта жəне агроөнеркəсіптік өндірісте инвестициялық белсенділіктің өсуі үшін жағымды экономикалық күш-жігерді құру;  ішкі нарыққа келіп түсетін азық-түліктің тұрақты сапасының сенімді кепілінің жүйесін құру, барлық азық-түлік тізбектерімен қолданылатын технологияларына, əсіресе, импортталатын өнімдерге бақылауды қамтамасыз ету; 146

Аймақтық экономика 

 аграрлық өндірістің технологиялық деңгейін арттыру арқылы азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалану жəне ресурсты үнемдеу технологиясын ендіруді ынталандыру;  ішкі жəне сыртқы нарықтарындағы ресурстар мен тұтынудың теңгерімінен шыға ауылшаруашылық өнімінің негізгі түрлерін өндірудің ірі ауқымды мамандандырылған аймақтарын құру жəне дамыту. Қазақстан Республикасындағы АӨК дамуының күшті жақтары даму бағдарламаларын мемлекеттік қолдау, агротехнологияны қолданудың үлкен тəжірибесі болып табылады. АӨК дамуының осал жақтары сақтау қуаттарының, логистикалық қуаттарының жетіспеуі, ғылыми-зерттеу тəжірибелі-құрылымдық жұмыстарды ендірудің төмен деңгейі, ветеринарлық қауіпсіздігінің төмен деңгейі жəне дамудағы басқа теңгерімсіздіктер болып табылады (2-кесте) [32]. Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешеннің мақсатын белгілеу АӨК-де сыртқы ортада қалыптасқан негізгі үрдістерді жəне елімздегі АӨК-нің ағымдағы жағдайын ескеру қажет: 1) экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды; 2) технологияны жаңғырту жəне өнімділікті арттыру қажет; 3) 1990-жылдардағы реформаларға дейінгі кезеңнің сандық, алайда бірқатар кіші салалар бойынша сапалы өзге нарықтық негіздегі көрсеткіштерге шыға отырып, дамудың қалпына келтіру кезеңі аяқталуда; 4) алдағы ДСҰ-ға кіру жəне КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік жəне коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауларының өзгеруі жəне мемлекеттік қолдау деңгейін төмендету кезінде бəсекеге қабілеттілігіне жəне онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мəселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады. Сөйтіп, АӨК даму мақсаты оның барлық салалары мен секторын тұрақты дамуы болып табылады. Ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы материалды, еңбек, жер жəне қаржы ресурстарының тиімді ұдайы өндірісінде, технологиялық жетілдіруді жүзеге асыруда, қоршаған ортаны сақтауда жатыр, олардың жиынтығы ауылшаруашылық өніміне қажет-тіліктерді қанағаттандыруға жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге алып келеді. 147

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

2-кесте АӨК-тің SWOT – талдауы Күшті жақтары  АӨК жалпы өнімінің тұрақты өсуі;  Қазақстан бидай жəне бидай ұны өндірісінде əлемдік көшбасшы болып табылады;  Қазақстанның АӨК-і едəуір мемлекеттік қолдау алады;  жер жəне су ресурстарымен қамтамасыз етілуі;  өндіріс пен органикалық өнім экспортының жоғары əлеуеті. Мүмкіндіктері  бірқатар АӨК салаларында экспорт əлеуетін іске асыру жəне импорт алмастырудың дамуы;  саланың тиімді мемлекеттік қолдауын қалыптастыру;  тауарлы балық шаруашылығының, ірі қара мал етінің экспортын, жайы-лымдық мал шаруашылығын, алма, майлы дақылдар, басқа өнім түрлері өндірісін дамуы.

148

Əлсіз жақтары  малдардың төмен өнімділігі;  өсімдік шаруашылығының негізгі дақылдарының төмен өнімділігі;  төмен еңбек өнімділігі;  кəсіпкерлік субъектісі пайдалылығының төмен деңгейі;  ҒЗТҚЖ төмен ендірілуі;  заманауи агротенологиялық білімді таратудың төмен деңгейі;  қаржыландыру жəне сақтандыру жүйесінің төмен тиімділігі. Қауіптері мен тəуекелдері  сала өніміне əлемдік бағаның ішкі жəне сыртқы жағдаяттарының нашарлауымен байланысты макроэкономикалық тəуекелдер;  ДСҰ-ға кіруіне байланысты өнімнің бірқатар түрлері бойынша əлемдік нарықта бəсекенің өсуі;  ұзақмерзімді (шөл жəне шөлейт жерлердің өсуімен байланысты климаттың жаһандық жылуы, су ресурстары тапшылығының өсуі, табиғат жағдайларының тұрақсыздығы жəне т.б.) жəне қысқа мерзімді табиғи-климаттық жағдайларының жағымсыз өзгеруі;  өткізудің мақсатты нарықтарға дейін өнімдерді тасымалдау инфрақұрылымының тозуы жəне осымен байланысты жеткізу қызметінің қымбаттауы;  мал, өсімдік ауруларының таралуы, табиғи ортаның ластануы, өсімдіктің, жануарлардың, балық, жəндіктердің паразитті түрлерінің таралуы саланың өнімділігінің төмендеуіне, ҚР АӨК экспорт əлеуетінің төмендеуіне, жер, су жəне басқа ресурстардың қол жетімділігінің төмендеуіне алып келеді;  қысқа мерзімді пайдаға ұмтылу, қаржыландыру тапшылығы, ресурстарды пайдаланудың ғылыми-ұсынылған нормативтерді сақтамау нəтижесінен туындаған жер, су, биологиялық ресурстардың, мал, өсімдік, балықтардың генетикалық əлеуетінің таусылуы;  саланы тиімсіз мемлекеттік реттеу тəуекелі, ол ауылшаруашылық тауар өндірісінің транзакциялық шығындарының өсуі, саланың дамуына бөлінген мемлекеттік қаражаттардың тиімсіз қолдануын тудыруы мүмкін.

Аймақтық экономика 

Еліміздің АӨК-де əлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар – саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының төмен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауылшаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы жəне т.б. Сонымен қатар, саланың инвестициялық қызметіне əсер еткен қаржы, ал одан кейін азық-түлік дағдарысы қосымша мəселелерді тудырды дегенмен де, Қазақстандағы ауылшаруашылығы экономиканың перспективалы секторларының бірі болып саналады. Осыған орай үлкен жəне жауапты міндеттер алда тұр – экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл əсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен бірігу жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады. Бақылау сұрақтары 1. АӨК-нің салалық құрылымын сипаттаңыз. 2. Ауылшаруашылық өндірісіне тəн ерекшеліктерді атаңыз. 3. Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенінің басты салаларына сипаттама беріңіз. 4. Қазақстанның ауылшаруашылығын орналастыру жəне мамандануындағы барынша маңызды экономикалық факторларын атаңыз. 5. Еліміздің аграрлық саясатының стратегиялық мақсаты қандай? 6. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірушілеріне қандай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда?

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ТЕСТ 1. Аймақтық саясатқа кіретіндер: A) Экономикалық саясат, əлеуметтік саясат, демографиялық саясат, экологиялық саясат, ғылыми-техникалық саясат B) Экономикалық саясат, көші-қон саясаты, құрылымдық саясат, экологиялық саясат, қаржылық саясат C) Экономикалық саясат, əлеуметтік саясат, демографиялық саясат, қаржылық саясат, ақша-несие саясаты D) Экономикалық саясат, əлеуметтік саясат, бюджеттік саясат, демографиялық саясат, экологиялық саясат E) Экономикалық саясат, əлеуметтік саясат, ғылыми-техникалық саясат, қаржы-несиелік саясат, көші-қон саясаты, инновациялық саясат 2. Аймақтарды жіктеудің негізіне қандай критерийлер кіреді? A) Экономикалық даму деңгейі; аймақтардың экономикалық даму қарқыны B) Шаруашылықтың аумақтық құрылымының типі; өндірістік мамандануының сипаттамасы мен коэффициенті C) Халық тығыздығының коэффициенті; халық өсімінің қарқыны D) Барлық жауап дұрыс E) Дұрыс жауап жоқ 3. Аймақтық саясаттың негізгі функционалдық нысандарына жататындар: А) Болжамдау, жоспарлау, бағдарламалау B) Бағдарламалау, жоспарлау, басқару С) Басқару, жоспарлау D) Барлық жауап дұрыс Е) Дұрыс жауап жоқ 4. Барлық елдерге тəн аймақтық саясаттың жалпы мақсаттары: A) Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жəне нығайту; мемлекеттіліктің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жəне ұйымдастырушылық негіздерін қамтамасыз ету B) Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайларын салыстырмалы теңестіру; стратегиялық маңызы бар аймақтарды басымды дамыту C) Аймақтың табиғи, оның ішінде аймақтық ерекшеліктерін барынша қолдану; қоршаған ортаның ластануынан сақтау, аймақта табиғатты пайдалануды экологияландыру 150

Аймақтық экономика 

D) Дұрыс жауап жоқ E) Барлық жауап дұрыс 5. Эталон əдісі төменде келтірілген қай əдістің бір түрі болып табылады? А) Циклдық əдіс B) Теңгерімдік əдіс С) Статистикалық əдіс D) Салыстырмалы-географиялық əдіс Е) Модельдеу əдісі 6. Статистистикалық əдіс неге мүмкіндік береді? A) Жинақталған деректердің жүйелендіруді қамтамасыз етуге; объектілердің жай-күйіне əсер ететін сандық сипаттама беруге, объектілерді өзара салыстыруға B) Аумақтық адамдар қауымдастығының қызмет етудің əлеуметтік жағдайларын анықтауға C) Объектілердің сандық жəне сапалық сипаттамаларын анықтауға D) Барлық жауап дұрыс E) Дұрыс жауап жоқ 7. Осы əдістің басты мəні аймақ жəне оның басқа аумақтық объектілер ауқымында ресурстар мен қажеттіліктердің үйлесуінде болып табылады: А) «Шығын шығару» əдісі В) Корреляция əдісі С) Теңгерімдік əдісі D) Дисперсті талдау əдісі Е) Барлық жауап дұрыс 8. Маңызды жалпы экономикалық көрсеткіштердің динамикасын көрсететін аймақтың ұдайы өндіріс үдерісін талдау жəне болжау кезінде қолданылатын əдіс: А) Теңгерімдік əдіс В) «Шығын-шығару» əдісі С) Болжау əдісі D) Барлық жауап дұрыс Е) Дұрыс жауап жоқ 9. Табиғи жағдайлардан ерекшеленіп жүретін құбылыстарды, үдерістерді, объектілерді зерттеу: А) Құрылымдық əдіс 151

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

В) Салыстырмалы-географиялық əдіс С) Модельдеу əдісі D) Ғылыми абстракция əдісі Е) Барлық жауап дұрыс 10. Мемлекет пен оның аймақтарының əлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді болжамдарын дайындауымен байланысты күрделі мəселелерді шешуге бағытталған əдіс: А) Бағдарламалық-мақсаттық əдіс Б) Болжамдық-талдау əдісі С) Циклдық əдіс D) Барлық жауап дұрыс Е) Дұрыс жауап жоқ 11. Географиялық белгілер бойынша аймақтар тобына кіретіндер: A) Экономикалық-географиялық жағдайы B) Табиғи жағдайлар жəне табиғи-ресурстық əлеует C) Демографиялық əлеует D) Шаруашылық жəне экономикалық ресурс E) Барлық жауап дұрыс 12. Əлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша аймақтардың тобына кіретіндер: A) Донор аймақтар B) Реципиент аймақтар C) Елдегі өнеркəсіп өнімінің барынша үлкен көлемін өндіретін аймақтар D) Халқы көп аумақтар E) Барлық жауап дұрыс 13. Шығу тегі бойынша табиғат ресурстарының түрлері: A) Жер, су, биологиялық, еңбек B) Жер, су, биологиялық, минералды-шикізаттық, Дүниежүзілік мұхит ресурстары C) Биологиялық, су, жер, рекреациялық, орман, энергетикалық D) Минералды-шикізаттық, жер, орман, энергетикалық, су E) Су, биологиялық, жер, рекреациялық, орман, энергетикалық 14. Инвестициялық кешен құрылымына не кіреді? A) Машина жасау, күрделі құрылыс, байланыс, коммуникация B) Машина жасау, күрделі құрылыс, тұрғын үй шаруашылығы 152

Аймақтық экономика 

C) Машина жасау, күрделі құрылыс, құрылыс материалдарының өнеркəсібі D) Машина жасау, бизнес – инфрақұрылым, құрылыс материалдарының өндірісі E) Машина жасау, өнеркəсіп, жабдықтау жəне өткізу 15. Аймақтық инфрақұрылымның элементтеріне не жатады? А) Көлік, энергетикалық жүйе, жабдықтау жəне өткізу В) Ғылым, білім беру, денсаулық сақтау С) Байланыс, коммуникация, ақпараттық желі D) Тұрғын үй шаруашылығы, бизнес – инфрақұрылым, əлеуметтік сала Е) Барлық жауап дұрыс 16. Өмір сүру сапасын құраушылар: A) Денсаулық, өмір сүру ұзақтылығы, өмір сүру деңгейі B) Денсаулық пен өмір сүру ұзақтылығының деңгейі, өмір сүру деңгейі, өмір салты C) Өмір сүру ұзақтылығының деңгейі, өмір сүру деңгейі, тұлғаның дамуы D) Денсаулық деңгейі, өмір сүру деңгейі, тұтынушылық игіліктермен қамтамасыз етілуі E) Өмір сүру ұзақтылығы, өмір сүру деңгейі, өмір салты, əлеуметтік жағдайы 17. Аймақтың электр энергиясымен қамтамасыз етілу деңгейіне не кіреді? А) Аймақ аумағында электр стансаларын орналастыру В) Электр тарату желісінің географиясы, олардың жай-күйі С) Электр стансасының отын теңгерімінің құрылымы D) Электр энергиясының өндіріс көлемі Е) Барлық жауап дұрыс 18. Ауыр өнеркəсібінің құрылымы: A) Энергетика, қара металлургия, түсті металлургия, машина жасау, химиялық, құрылыс материалдары B) Энергетика, отын өнеркəсібі, түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркəсібі, құрылыс материалдары C) Көмір, мұнай өнеркəсібі, қара металлургия, түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркəсібі, құрылыс материалдары D) Энергетика, газ өнеркəсібі, қара металлургия, түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркəсібі, құрылыс материалдары 153

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

E) Энергетика, электр энергетикасы, қара металлургия, түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркəсібі 19. Қазақстан Республикасындағы машина жасаудың жетекші салалары: A) Станок жасау, ауыр жəне электротехникалық машина жасау B) Автокөлік жасау, станок жасау жəне авиақұрылыс C) Ауылшаруашылық, ауыр жəне электротехникалық машина жасау D) Ауылшаруашылық, жүк машиналарын жасау, медициналық техника өндірісі E) Ауылшаруашылық, электртехникалық машина жасау, кеме жасау 20. Ертісте қандай электр стансасы салынған: А) Бұқтырма, Өскемен ГЭС-і В) Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі ГЭС-і С) Шүлбі, Өскемен, Шардара ГЭС-і D) Бұқтырма, Шардара ГЭС-і Е) Қапшағай, Өскемен ГЭС-і 21. Қазақстанда көліктің қай түрі барынша дамыған: А) Теміржолы В) Автомобиль жолы С) Құбыр жолы D) Авиация Е) Теңіз жолы 22. Əлеуметтік даму стратегиясының басты назарында: A) Ғылым, мəдениет, білім беру, денсаулық сақтауды мемлекеттік қолдау B) Жұмыссыздық бойынша əлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету C) Еңбекке жарамсыздар мен халықтың ауқатсыз жіктеріне мемлекеттік қолдау D) Қазақстан халқын əлеуметтік қорғау E) Барлық жауап дұрыс 23. Қазақстандағы тоқыма өнеркəсібінің ірі орталықтары: А) Семей, Орал, Тараз В) Алматы, Павлодар, Атырау С) Өскемен, Алматы, Қостанай D) Алматы, Шымкент, Семей Е) Алматы, Петропавл, Өскемен 154

Аймақтық экономика 

24. ҚР-дағы өнеркəсіптік жабдықтар өндірісінің ірі орталықтары: А) Өскемен, Шымкент, Атырау, Ақтау В) Шымкент, Атырау, Алматы, Астана С) Қарағанды, Павлодар, Атырау, Астана D) Қарағанды, Өскемен, Алматы Е) Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Атырау 25. Қазақстандағы ауылшаруашылық машина жасау қалаларда дамыған? А) Павлодар, Астана Б) Астана, Талдықорған С) Алматы, Қостанай D) Павлодар, Қостанай Е) Алматы, Астана

қай

26. Мемлекеттік емес аймақтық саясат субъектілері: А) Аймақаралық қауымдастықтар В) Жергілікті өзін ‒ өзі басқару органдары С) Қаржылық қолдау көрсететін шет мемлекеттер D) Қаржылық, өндірістік компаниялар жəне банктер Е) Барлық жауап дұрыс 27. Экономикалық белсенді халық: A) Экономикадағы жұмысбастылар, жұмыссыздар B) Экономикадағы жұмысбастылар, үй шаруашылығымен айналысушылар C) Экономикадағы жұмысбастылар, еңбекке қабілетті жастағы оқушылар D) Еңбек ресурстары E) Еңбекке жарамды халық 28. Ауылшаруашылығын орналастыру қандай факторлармен айқындалады? А) Табиғат жағдайларымен В) Топырақ құнарлығымен С) Қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен D) Барлық жауап дұрыс Е) Дұрыс жауап жоқ 29. Қазақстан аумағында қанша АЭС бар? А) 1 В) 2 155

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

С) 3 D) 4 Е) 5 30. Аталған кəсіпорындардың қайсысы материалды көп қажет етеді? А) Металлургиялық зауыт В) Аяқ киім фабрикасы С) Тоқыма комбинаты D) Аспап құру зауыты Е) Макарон фабрикасы 31. Аталған өндірістердің қайсысы энергияны көп қажет етеді? А) Құрылыс материалдар өндірісі В) Химиялық комбинат С) Темір кен өндірісі D) Ауылшаруашылық тыңайтқыштарының өндірісі Е) Алюминий өндірісі 32. Астық өндірісі бойынша жетекші орын алатын Қазақстанның экономикалық аймағын көрсетіңіз: А) Оңтүстік В) Орталық С) Солтүстік D) Шығыс Е) Батыс 33. Ірі қаланың айналасында елді мекендердің шоғырлануы қалай аталады? А) Қала агломерациясы В) Аудан С) Мегаполис D) Серіктес қала Е) Урбандалған қала 34. Қазақстанның қай аталған облыстарында ауыл халқы басым болып келеді? А) Атырау В) Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда С) Павлодар D) Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан Е) Қостанай, Қарағанды 156

Аймақтық экономика 

35. Қазақстандағы ең арзан көмір қайдан өндіріледі? А) Қарағандыдан В) Екібастұздан С) Риддерден D) Майкүбіден Е) Торғайдан 36. Темір кенінің негізгі жеткізушісі Қазақстанның қай облысы болып табылады? А) Қарағанды В) Алматы С) Оңтүстік Қазақстан D) Шығыс Қазақстан Е) Қостанай 37. Қазақстанның қай аймағында темір жолдарының барынша тығыз желісі бар? А) Батыста В) Солтүстікте, солтүстік-шығыста С) Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте D) Оңтүстікте Е) Оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38. Қазіргі таңда Қазақстанда машина жасаудың қандай саласы жоқ? А) Трактор жасау В) Энергетикалық машина жасау С) Құрылыс-жол машинасын жасау D) Станок жасау Е) Көлік машинасын жасау 39. Ауыр машина жасау кəсіпорнын қай жерде салған ұтымды? А) Тұтынушыға жақын В) Электр энергиясы көзіне жақын С) Теңіз порттарында D) Шикізат көздеріне жақын Е) Су көздеріне жақын 40. Төменде көрсетілген салалардың қайсысы өндірістің қалдықсыз саласы деп саналады? А) Ағаш өңдеу 157

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

В) Химиялық С) Машина жасау D) Тоқыма Е) Қалдықсыз өндіріс болмайды 41. Қазақстандағы электротехникалық машина жасау орталықтары: А) Ақтау, Атырау В) Талдықорган, Ақтөбе С) Жамбыл, Семей D) Орал, Алматы Е) Қызылорда, Шымкент 42. Машина жасауды орналастыру кезінде қандай факторды ескеру қажет? А) Көлік В) Климаттық С) Еңбек ресурсы D) Тұтынушыға жақындылығы жəне металлургиялық базаның орналасуы Е) Аумақтық 43. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталықтарын атаңыз: А) Шымкент, Өскемен, Балқаш В) Жезқазған, Жезді, Ақтөбе С) Арқалық, Рудный, Семей D) Павлодар, Риддер, Астана Е) Тараз, Кентау, Костанай 44. Отын-энергетикалық теңгерім – бұл: А) Отынның жиынтық өндірісі мен шығыны В) Отын-энергетикалық ресурстары қоры көлемінің оларды тұтынуына арақатынасы С) Энергия өндірісіне кеткен ресурстар шығындары D) Отын мен энергияның арақатынасы Е) Энергия ресурстарын сақтау жəне оларды тиімді пайдалану 45. Географиялық еңбек бөлінісі немен айқындалады? A) Əлемдік нарықтың қалыптасуымен B) Мемлекет типімен 158

Аймақтық экономика 

C) Тек географиялық жағдаймен D) Мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің айырбасымен E) Мемлекет пен аймақтардың белгілі бір өнімді өндіруіне мамандануымен 46. Қазақстанның қай облысында отын-энергетикалық кешені дамыған? А) Павлодар В) Батыс Қазақстан С) Алматы D) Ақмола Е) Жамбыл 47. Павлодарда алюминий зауытын салуының басты себебін анықтаңыз? А) Еңбек ресурстары В) Қолайлы климаттық жағдайлар С) Арзан электр энергиясы жəне су ресурстары D) Шикізат көздерін жақындығы Е) Барлық жауап дұрыс 48. «Еркін экономикалық аймақтың» басты мəні? А) Мемлекет тарапынан капитал салымдарының артуы В) Жеңілдігі бар салықтар жəне кеден тəртібі С) Əлеуметтік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету D) Бірлескен кəсіпорындарды құру Е) Еңбек ресурстарының еркін нарығы 49. Орталық Қазақстан шаруашылығының мамандануы? А) Түсті, қара металлургия, отын өнеркəсібі В) Ет-сүтті мал шаруашылығы С) Тоқыма, аяқ киім өнеркəсібі D) Көлік машинасын жасау Е) Егін шаруашылығы жəне орман шаруашылығы 50. Қарағанды – Теміртау аумақтық-өнеркəсіптік кешені өндірістің қандай типіне жатады? А) Бəсекеге қабілетті өндіріс В) Бəсекеге қабілетсіз өндіріс С) Қара металлургияның толық циклы D) Өндірістің толық емес циклы Е) Дұрыс жауап жоқ 159

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

ƏДЕБИЕТТЕР 1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан ‒ 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда. 14 желтоқсан 2012 жыл. 2. Алехин Э.В. Региональная экономика и управление. Учебное пособие. Пенза, 2007. – 99 с. 3. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. Учебник для вузов. 4-е изд. ‒ М.: ГУ ВШЭ, 2004. ‒ 495 с. 4. Некрасов, Н.Н. Региональная экономика. Теория, проблемы, методы. ‒ М.: Экономика, 2004. ‒ 268 c. 5. Нурланова Н.К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: проблемы теории и практики. ‒ Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2009. ‒ 328 с. 6. Под ред. Коваленко Е. Г. Региональная экономика и управление: Учебное пособие. -2.изд., Питер, 2008. – 310 с. 7. Концепция региональной политики Республики Казахстан на 2002‒ 2006 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2001 г. № 1598// САПП РК, № 45-46. 2001. 8. Отв. ред. Кенжегузина М.Б. Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизмы релаизации. ‒ Алматы. Институт экономики МН-АН РК, 1998. -189 с. 9. Бибатырова И.А. Региональная экономика и управление. Учебное пособие. – Алматы, 2012. ‒ 220 с. 10. Интыкбаева С.Ж. Финансовые проблемы регионального развития в Республике Казахстан. ‒ Алматы. Қаржы-Қаражат, 2003. ‒ 128 с. 11. Под ред. Видяпина В.И. и Степанова М.В. Региональная экономика: Учебник. ‒ М.: ИНФРА-М, 2007.‒ 666 с. 12. Под ред. Т.Г. Морозовой Региональная экономика: Учебник для вузов. – 4-е изд., перераб. и доп. ‒ М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 527 с. 13. Под ред. Нурлановой Н.К. Конкурентоспособность регионов Казахстана: потенциал и механизмы повышения. Коллевтивная монография Института экономики КН МОН РК, посвященная его 60-летию. ‒ Алматы. Институт экономики КН МОН РК, 2012. – 288 с. 14. Бримбетова Н.Ж. Модернизация территориального развития Казахстана: методология и приоритеты. Алматы: Институт экономики КН МОН РК. 2011. ‒ 229 с. 15. Стратегия территориального развития Республики Казахстан до 2015 года. Указ Президента РК от 28 августа 2006 г., № 167. 16. Под общ. ред. Б.К. Султанова Современное экономическое развитие Казахстана: отраслевые, региональные, внешнеэкономические приоритеты. ‒ Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011. ‒ 236 с. 17. Регионы Казахстана. Брошюра. Агенство Республики Казахстан по статистики. – Астана, 2013. – 28 с. 160

Аймақтық экономика 

18. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010 жылғы №958 Жарлығы. 19. Еспаев С.С., Киреева А.А. Ұлттық кластерлерді қалыптастыру жəне дамыту тұжырымдамасы. – Алматы. 2013. ‒ 234 б. 20. Нургалиев К.Р., Нургалиев А.К. Экономика Казахстана. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университетi, 2005. ‒ 336 с. 21. 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығы. 22. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире. Алматы: Учреждение «Центр обуслуживания предпринимателей «Секрет-Сервис». 2003. Издание 3е. – 136 с. 23. Приоритетные отрасли: машиностроение.Электронды ресурс. Кіру тəртібі: http://invest.gov.kz/?option=content§ion=3&itemid=94&lang=ru 24. Топливно-энергетический потенциал Казахстана (Общая ситуация‒ Стратегия-Проблемы-Перспективы). Аналитический доклад. Электронды ресурс. Кіру тəртібі: http://www.analitika.org/kazakhstan/kz-economics/233220050523040334967.html 25. Угольная промышленность Казахстана. Электронды ресурс. Кіру тəртібі: http://una.kz/company/news/otkryitie-kluba-modx-v-minske 26. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 958 Жарлығы. 27. «Қазақстан – жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірлескен жобасы, 27 маусым 2004 жыл. 28. Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сəуірдегі № 384 Қаулысы. 29. Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі. 2008 ‒ 2012 жж. Статистикалық жинақ. ‒ Астана. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, 2013. ‒ 260 б. 30. Каренов Р.С., Дюсембаев А.Д., Андарова Р.К. Региональная экономика:(проблемы, концепции, решения). Алматы: «Ғылым», 1997. – 224 с. 31. «Қазақстан 2012 жылы». Статистикалық жылнамалығы. ‒ Астана, 2013. – 487 б. 32. Қазақстан Республикасында агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 Қаулысы.

161

Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. 

Оқу басылымы

Əубəкірова Жанар Яхияқызы Құдабаева Жұлдыз Мəуленқызы АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА Оқу құралы

Редакторы Шаргүл Биекеева Компьютерде беттеген Тұраш Сапарова Мұқабасын көркемдеген Ринат Скаков

ИБ № 7102 Басуға 24.02.2014 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 10,125 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №211. Таралымы 200 дана. Бағасы келісімді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды