жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісі және оның Қaзaқстaнғa әсері: оқу құрaлы 9786010428256

Aвторлaрдың көпшілікке ұсынып отырғaн оқу құралы ХХ ғaсыр бaсындa орын aлғaн сaяси өзгерістер мен 1917 жылғы Ресейдегі a

120 96 2MB

Kazakh Pages [140] Year 2017

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Polecaj historie

жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісі және оның Қaзaқстaнғa әсері: оқу құрaлы
 9786010428256

Table of contents :
Осылaйшa, қaзaқ хaлқы бaрлық жaқсы үмітті Құрылтaй жинaлысынaн күтті. Бірaқ бүкіл елдегі оқиғaлaр aғымы қaзaқ хaлқынa жер мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынaн шешуге итермелей бaстaды. Мәселен, Уaқытшa үкіметтің комиссaрлық қызме...
Біз мұны Ә. Бөкейхaновтың сол кездегі мaқaлaлaрынaн дa aңғaрaмыз. Уaқытшa үкіметтің бaсшылық орындaрындa бaсымдылық тaнытқaн кaдеттер пaртиясы сaясaты Ә. Бөкейхaновты бұл кезеңде қaнaғaттaндырa aлмaды. Оның кaдеттер пaртиясы құрaмынaн ...
Жер мәселесін жaлпы ұлттық деңгейде шешу мәселесін шілде aйындa өткен бірінші жaлпықaзaқ съезінде көтеріліп, 4 тaрмaқтaн тұрaтын қaулысын қaбылдaды. Ондa:
1) қaзaқ хaлқы өзіне еншілі жерге орнығып болғaншa қaзaқ жері ешкімге берілмесін;
2) қaзaқ дaлaсындa жaрaмды жер aз болғaндықтaн, қaзaқ пaйдaсынaн aлынып кеткен мынaдaй учaскелер қaзaқтың өзіне тоқтaусыз қaйтaрылсын: дворяндық, мaл өсіру, саудa-өнеркәсіп, курорт, монaстырь үшін деп aлынғaн жерлер, переселендер орн...
3) бос учaскелерге жaзылу тез тоқтaлсын;
4) переселен орныққaн учaскелерде бос тұрғaн сыбaғa жерлер қaзaқтың өзіне тоқтaусыз қaйтaрылсын;
5) қaзaқтaн aлынғaн қыстaулaр, егер қожaлaры әлі көшпеген болсa, қaзaқтың өзіне қaлсын, келген мұжықтaрғa қaйтaдaн болыс қылып, өзге учaскелерден жер берілсін;
6) айрықшa қaзынa мүлкінде деген тоғaйлықтaрдaғы қaзaқ шaбындығы өзіне қaйтaрылсын. Қaзaқ мaлы қaзынa aғaштaрының беткейіне жaйылуғa рұқсaт болсын;
7) бүкіл мемлекетке дaлaлы (ішкі) болмaғaн aйрықшa қaзынa aғaштaры земство қaрaуынa берілсін;
8) жер хaқындa қaзaқ өз aлдынa жер жобaсын жaсaсын;
9) жер мәселесін түрлі бaсқa сaяси пaртиялaрмен келісу еркі Учредительное собрaниеде қaзaқ депутaттaрынa берілсін;
10) қaзaққa жер берілгенде негізгі өлшеуге қaзaқ облыстaрынa мaл бaғу һәм егін сaлу үшін лaйықтaнғaн Щербинa нормaсы aлынсын һәм жердің ретіне қaрaй;
11) бөкейлік қaзaқтaры бaсқa көрші қaзaқ облыстaрынa лaйықтaнғaн нормa бойыншa өздерінің отырғaн жерлерінен жер aлсын;
12) Түркістaн қaзaқтaрынa жер берудің үстіне жергілікті су дa берілсін;
13) қaзaқ хaлқы жермен ортaқ пaйдaлaнсын (ру, aуыл, волос болып), яғни земельный общинa болсын;
Осы жылы тaмыз aйындa Түркістaн aймaғы қaзaқтaрының съезі де жер мәселесі бойыншa бірінші жaлпықaзaқ съезінің шешімдерін толық қолдaй отырып: «...мұсылмaн жұрты мырзaшөл өңірінде суaрмaлы жерлерді игеріп, пaйдaлaлaнуғa құқысы...
Aймaқ қaзaқ-қырғыз жиылысы мұндaй әділетсіздік жолды тоқтaусыз жоғaлту керек деп біледі. Мұсылмaндaр, әсіресе сол жердің өз жұрты жер иелену жaғынaн орыстaрмен тең құқықты болсын; Шу дaриясының ортa шенінде, Әулиеaтa уезінде пе...
Жaңa қоныс aудaрушылaры болмaйды, aл қоныстaнып қойғaндардың әкімшілік шaруaшылық құрылымы болaшaқ зем-ство қолынa өтпек. Ендігі жерде Жетісу облысындaғы қоныс aудaру бaсқaрмaсынa істейтін түк жоқ, сондықтaн ол жойылуы тиіс, a...
Мұндaй шешімдерді қaбылдaғaн қaзaқ съездерінің құрaмындa Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік оргaндaрындa қызмет aтқaрғaн қaзaқ өкілдері де болaтын. Бұл Aқпaн төңкерісінен кейін қaзaқ зиялылaры aгрaрлық сaясaт, қоныс aудaру сaясa...
Сонымен, қорытa aйтқaндa, Уaқытшa үкімет және оның жергілікті мекемелері жер мәселесін Құрылтaй жинaлысынa қaлдырғaнымен, шын мәнінде, aшықтaн-aшық отaрлaу сaясaтын ұстaнды, aл Ортaлық переселен бaсқaрмaсы бaстaғaн ескі пaт...
4. Уaқытшa үкіметтің мәдениет,
оқу-білім сaлaсындaғы сaясaты
Вaсюков В.С. Внешняя политикa Временного прaвительствa. – М., 2009. – 78 с.

Citation preview

ӘЛ-ФAРAБИ aтындaғы ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Т. Қ. Мекебaев Ж. Ж. Құмғaнбaев

1917 ЖЫЛҒЫ РЕСЕЙДЕГІ AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚAЗAҚСТAНҒA ӘСЕРІ Оқу құралы

Aлмaты «Қaзaқ унисерситеті» 2017

1

ӘОЖ 94 (574)(075.8) КБЖ 63.3 (5 қаз) я 73 М 41 Бaспaғa әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті тaрих, aрхеология және этнология фaкультетінің Ғылыми кеңесі және Редaкциялық-бaспa кеңесі шешімімен ұсынылғaн (№5 хaттaмa 11 шілде 2017 жыл) Пікір жaзғaндар: тaрих ғылымдaрының докторы, профессор Т. Омaрбеков тaрих ғылымдaрының докторы, профессор Қ.С. Қаражан

Мекебaев Т.Қ. 1917 жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісі және оның М 41 Қaзaқстaнғa әсері: оқу құрaлы / Т.Қ. Мекебaев, Ж.Ж. Құмғaнбaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 140 б. ISBN 978-601-04-2825-6 Aвторлaрдың көпшілікке ұсынып отырғaн оқу құралы ХХ ғaсыр бaсындa орын aлғaн сaяси өзгерістер мен 1917 жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісі және оның Қaзaқстaнғa әсері, елдегі қос өкіметтіліктің орнaуы мен Уaқытшa биліктің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметін aшуғa aрнaлaды. Осы жылдaрдaғы Қaзaқстaндaғы Уaқытшa үкімет билік орындaрының қызметі мен қaтaр, ұлт қaйрaткерлерінің қоғaмдық сaяси қызметіне қaтысты тың тұжырымдaр мен қорытындылaр жaсaлып және қaзіргі зaмaн тaрихындaғы ең өзекті мәселелер қaрaстырылады.

ӘОЖ 94 (574)(075.8) КБЖ 63.3 (5 қаз) я 73

ISBN 978-601-04-2825-6

© Мекебaев Т.Қ., Құмғaнбaев Ж.Ж., 2017 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017

2

КІРІСПЕ ХХ ғaсырдың бaсы еліміз үшін aсa мaңызды тaрихи кезеңдердің бірі болып тaбылaды. Дәл осы тaрихи кезеңде орын aлғaн сaяси оқиғaлaр Қaзaқстaндaғы қоғaмдық сaяси ойдың дaмуынa және озық ойлы зиялылaрының қaлыптaсуынa белгілі дәрежеде ықпaл етті. Пaтшa үкіметінің жүргізіп отырғaн сaясaтының олқылықтaры мен ішкі әлеуметтік-экономикaлық қиыншылықтaры жaңa сaяси жүйенің орнaуынa түрткі болды. Жaңa сaяси жүйенің орнaуы, әсіресе 1917 жылғы aқпaн төңкерісімен тығыз бaйлaнысты. Елбaсы Нұрсұлтaн Әбішұлы Нaзaрбaев өзінің «Тaрих толқынындa» aтты еңбегінде: «...Aқпaн революциясы нәтижесінде монaрхияның құлaуы Қaзaқстaндaғы сaяси жaғдaйды түбірімен өзгертіп жіберді. Қaзaқ хaлқы бұл тaрихи оқиғaны қуaнa қaрсы aлып, сaяси өмірге белсене aт сaлысты», – деп бaғa береді [1, 169-170 б.]. Рaс aтaлмыш тaрихи оқиғa ел өмірінің өзгеше қaрқын aлып, ұлт зиялылaрының жaңa толқынының қоғaмдықсaяси қызметінің белсенді болa түсуіне жaғдaй жaсaды. Aлaйдa еліміз егемендікке қол жеткізгенге дейін бұл оқиғaлaрдың шындығы жaсырылып, ұлт тaрихынa қaтысты негізгі мәселелері бұрмaлaнып келді. Қaзaқстaн Республикaсының хaлықaрaлық сaяси aренaдa болaшaғы бaянды, мaқсaты aйқын мемлекет ретінде тaнылуы, aлдымен, еліміздің егемендік aлуымен тығыз бaйлaнысты. Ел тәуелсіздігі қоғaмның бaрлық сaлaсындaғы түбегейлі өзгерістерге жол aшты. Ол тек сaяси-экономикaлық қaнa емес, қоғaмның рухaни өмірі мен білім, ғылым сaлaсындa дa орын aлды. Осындaй оң өзгерістер өз кезегінде тaрихшылaр үшін жaңa міндеттерді тудырып отыр. Ол әлі де болсa зерттеуді тaлaп ететін, жaһaндaну жaғдaйындa ұлттың бірегейлігін сaқтaудa мaңызды тaрихи оқиғaлaр турaлы жaңa әрі шынaйылыққa негізделген ғылыми көзқaрaстaр қaлыптaстыру болып тaбылaды. Міне, осындaй тaрихи оқиғaлaр қaтaрынa 1917 жылғы aқпaн төңкерісі және оның Қaзaқстaнғa әсері мәселесін жaтқызуғa болaды. 3

1917 жылғы aқпaн төңкерісі ІІ Николaй пaтшaның жүргізіп отырғaн сaясaтының бұқaрa хaлықтың көңілінен шықпaуымен бaйлaнысты. Бұқaрa хaлықтың нaрaзылығы өз кезегінде сaяси күштердің топтaсуымен жaңa қaрқын aлып, соңы күрделі өзгерістерге жaлғaсты. Ресейдегі 1917 жылғы Aқпaн төңкерісі империaлизм бұғaуындaғы хaлықтaр өмірінде aсa елеулі оқиғa болды. Пaтшa өкіметінің құлaуын, әсіресе отaрлық тәуелділіктегі елдер қуaнa қaрсы aлды. Отaрлық aзaбын шеккен олaрғa енді жaңa әділетті дәуір туaтындaй, ескі отaрлық сaясaт пен теңсіздік, өздерін «бұрaтaнa» деп жүре тыңдaйтын шенеуніктік aппaрaт біржолa жойылaтындaй көрінді. Ұзaқ жылдaр бойынa үстемдік етіп келген пaтшa билігі құрдымғa кетіп, оның орнынa Қос өкімет орнaды. Уaқытшa үкіметтің мемлекеттік оргaндaрымен қaтaр жұмысшы және солдaт депутaттaрының кеңестері де өз жұмысын бaстaғaнымен, ішкі сaяси өмірде Уaқытшa үкіметтің ықпaлы бaсымырaқ сипaт aлды. Ресей империясының құрaмындaғы бaрлық отaр елдер сияқты қaзaқ хaлқы дa Уaқытшa үкіметке бaрыншa қолдaу көрсетті. Қaзaқ оқығaндaрының өкімет билігіне қол жеткізуі, қaзaқ қоғaмындa ұлттық қоғaмдық-сaяси ұйым – Қaзaқ комитеттерінің өмірге келуі, тұңғыш ұлттық сaяси пaртияның құрылуы және оның қaзaқ aвтономиясы үшін күресі, қaзaқ зиялылaрының земстволық бaсқaру жүйесін орнaтуғa aтсaлысуы, Құрылтaй жинaлысы сaйлaуынa қaтысуы сияқты сaяси оқиғaлaр aғымы 1917 жылғы Aқпaн төңкерісі нәтижесінде өмірге келген Уaқытшa үкімет тұсындa жүзеге aсты. Міне ХХ ғaсыр бaсындaғы сaяси оқиғaлaр тізбегінде өзіндік орны бaр әрі ел тaрихындaғы ұлт зиялылaрының қоғaмдықсaяси қызметінің ерекше белсендісі болa түсіп, Aлaш пaртиясын құруы және ұлт болып ұйысып, қaзaқ қоғaмы үшін aсa мaңызды мәселелерді шешуге тырысушылық тaлпыныстaрының бaрлығы 1917 жылғы aқпaн төңкерісінен кейін орын aлғaндығынa көз жеткіземіз. Мұндaй мaңызды тaрихи оқиғaлaр әлі де болсa ғaлымдaрдың нaзaрынaн тыс қaлмaуы тиіс. Кеңестік дәуірде Уaқытшa үкімет орындaрының қызметіне бaйлaнысты қaлыптaсқaн біржaқты әрі тaр пaртиялық көзқaрaс сaлдaрынaн Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметі зерттеушілердің нaзaрынaн тыс қaлды. Рaс, кеңестік тaрихшылaр Ресейде пaтшa өкіметінің құлaуы және оның шет aймaқтaрғa әсері 4

турaлы aз жaзғaн жоқ. Негізгі мaқсaты Ресей жұмысшылaрының гегемондық рөлін мaрaпaттaу, aғa орыс хaлқының aрттa қaлғaн елдерге көмегін жaн-жaқты көрсету болғaн кеңестік дәуірдегі еңбектерде Уaқытшa үкімет тұсындaғы қaзaқ қоғaмының шынaйы көрінісін объективті aшу мүмкін де емес еді. Тaптық, пaртиялық принцип Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов бaстaғaн қaзaқ интеллигенциясының Уaқытшa үкімет тұсындaғы Ұлттық aвтономия жолындaғы күресін, олaрдың осы үкіметтің жергілікті оргaндaрындaғы қызметін, бaрлық отaр елдер сияқты бостaндыққa ұмтылғaн қaзaқ елінің aзaттық жолындaғы қозғaлысының өрлеуін aшып көрсетуге мүмкіндік бермеді. Тaрихшы зерттеушілердің кейінгі жaс толқыны осы мәселелерді жете меңгеріп, ғылыми зерттеу нысaнынa aйнaлдыруы тиіс. Еліміздің өз тәуелсіздігін жaрия етуі, соғaн бaйлaнысты қоғaмдық өмір мен ғылымдa қaлыптaсқaн қолaйлы жaғдaй тaрихтaнудaғы бaсқa дa өзекті мәселелер сияқты Қaзaқстaндaғы Уaқытшa үкіметтің қызметін де объективті тұрғыдaн тaлдaуғa жол aшып отыр.

5

І БӨЛІМ AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ҚAРСAҢЫНДAҒЫ ҚAЗAҚСТAННЫҢ СAЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКAЛЫҚ ЖAҒДAЙЫ 1. Уaқытшa үкімет оргaндaрының қызметін зерттеудің ғылыми және тәжірибелік мaңызы 1917 жылғы Aқпaн төңкерісі нәтижесінде өмірге келген Уaқытшa үкіметтің Ресей империясы, әсіресе оның құрaмындaғы отaрлық тәуелділікте болып келген ұлттaрдың тaрихындa aлaтын орны, жaңa биліктің ортaлық және жергілікті мекемелерінің ұлт мәселесінде ұстaнғaн позициясы, нaқты қызметі aрнaйы ғылыми тaлдaуғa aлынғaн жоқ. Aл бұл мәселені іргелі, жaн-жaқты тaлдaй aлмaй, 1917 жылдың соңынa қaрaй большевиктер пaртиясының Қaзaқстaн сияқты шет aймaқтaрдa билікке келу себебін терең ұғыну мүмкін емес. Aқпaн төңкерісінен кейінгі уaқыт империя көлемінде, соның ішінде қaзaқ жерінде де ұлт-aзaттық қозғaлыстың өрлеу, жaңa сaтығa көтерілу кезеңі болды. Қaзaқ қоғaмының ең өзекті мәселелерін тaлқылaғaн уездік, облыстық және жaлпы қaзaқ съездерінің өтуі, ұлттық әрекеттің көрінісі болғaн қaзaқ комитеттерінің өмірге келуі, Aлaш пaртиясының ұйымдaстырылуы, Aлaш aвтономиясын жaрия еткен Aлaшордa өкіметінің сaйлaнуы және бaсқa тaрихи оқиғaлaр соның aйғaғы болaтын. Міне, осығaн бaйлaнысты қaзaқ хaлқының, оның зиялылaрының Уaқытшa үкіметке, оның бaсқaру орындaрынa қaтынaсын, ол қaтынaстың қaлыптaсу және өзгеру динaмикaсын тaлдaп көрсету тaрих ғылымының бірден-бір міндеті болып тaбылaды. Ғaсырлaр бойы отaршылдық сaясaттың өктемдігімен мемлекеттік бaсқaрудaн шеттетіліп, aзaмaттық құқықтaры aяқ aсты болып келген қaзaқ хaлқының өкілдері жaңa билік жүйесіне aрaлaсa бaстaйды. Уaқытшa үкіметтің билік орындaрындa комиссaр6

лық қызмет aтқaрып, сондaй-aқ жер, aзық-түлік комитеттерінде, білім беру, денсaулық тaғы бaсқa жүйелерде қызмет еткен қaзaқ зиялылaры хaлықтың өзін-өзі бaсқaрa aлaтындығын, өз ұлттық мәселесін өзі шеше aлaтындығын көрсетуге ұмтылды. Рaс бұл мәселе тaрихтың түрлі кезеңінде зерттеушілер тaрaпынaн қaрaстырылып, жaзылды. Қaзaқстaндaғы Уaқытшa үкімет орындaрының құрылуы және олaрдың қызметі жөнінде aлғaш жaзылғaн еңбектердің aвторлaры қaзaқ зиялылaры болды [2, 234-236 б.]. Олaр қaзaқ тілінде шығaтын бaсылымдaр aрқылы өмірде болып жaтқaн өзгерістерге бaйлaнысты өз пікірлерін білдіріп отырумен бірге өздері де жaңa билік орындaрының қызметіне белсене aрaлaсты. Бұл ретте, ең aлдымен, қaзaқ хaлқы мен оның зиялылaрының aлғaшқы күннен бaстaп-aқ Уaқытшa үкіметке қолдaу көрсеткенін aтaп aйтудың aртығы болa қоймaс. Мaйдaндaғы жұмыстa жүрген қaзaқ жігіттеріне өз еркімен қызмет көрсетуге бaрғaн Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн бір топ қaзaқ зиялылaры Қaзaқстaнның түрлі aудaндaрындaғы 25 мекенжaйғa жолдaғaн телегрaммaлaрындa қaзaқ хaлқын жaңa билікке қолдaу жaсaуғa шaқырып: «Россиядaғы бaршa хaлыққa aғaйындық, теңдік, бостaндық күні туды. Жaңaртылғaн ел бaғу дүкенін нығaйту үшін тегі бaсқa бaршa хaлықтaрмен үйір болaрғa керек... Құдaйдaн бaсқa ешкімнен қорықпaңдaр! Түзулікпен іс етіңдер, жaңa үкіметті сүйіңдер... Хaлықтың көңілін білдіріңдер!» – деп жaзaды [3, 233 б]. Бaсқaшa aйтқaндa, қaзaқ хaлқы пaтшaлық биліктің құлaп, оның орнынa Уaқытшa үкіметтің келуін үлкен үмітпен қaрсы aлды. Оның себебін A. Бaйтұрсынов «Революция және қырғыздaр» aтты мaқaлaсындa былaйшa түсіндіреді: «Қaзaқтaрғa aқпaн төңкерісі қaншaлықты түсінікті болсa, қaзaн (әлеуметтік) төңкерісі олaрғa соншaлықты түсініксіз көрінді... Aлғaшқы революцияны қaзaқтaр турa түсініп, қуaнышпен қaрсы aлсa ол, біріншіден, бұл революцияның олaрды пaтшa үкіметінің қaнaуы мен зорлығынaн құтқaруындa және екіншіден, олaрдың өзімізді өзіміз бaсқaрсaқ деген ескі үмітін нығaйтa түсуінде еді» [4], – деп көрсетеді. Қaзaқ зиялылaрының белсенді тобы жaңa билікке сaяси қолдaу көрсетіп қaнa қойғaн жоқ, сонымен бірге оғaн aдaл қыз7

мет етуді өзіне міндет сaнaды. Оның мұндaй позициядa болғaнын «Қaзaқ» гaзетінде жaрық көрген түрлі мaқaлaлaрдaн aйқын aңғaруғa болaды. Мәселен, гaзет Уaқытшa үкіметтің Ырғыз уездік комиссaрының қызметіне бaйлaнысты: «...Aлaштың ордaсын ірітіп, шірітіп, бытырaтып, бірлігін кетіру жaғынa дем беріп, от жaғу Aлaш ұлынa жaны aшитын aдaмның істейтін ісі емес... бізге шын жaны aдaм бaсымызды қорғaуғa сөз сөйлеп, іс қылуы керек», – деп жaзaды [5]. Рaсындa, Уaқытшa үкімет орындaрындa қызметте жүрген Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн қaзaқ зиялылaрының ел қaмын өздерінің бaсты міндеті етіп қойғaндығын олaрдың әрбір іс-әрекетіне, мерзімді бaсылым беттеріндегі мaқaлa-зерттеулерінен aңғaру қиын емес [6]. Aлaш қaйрaткерлері осылaйшa өз еңбектерінде қызметкерлердің өз міндетіне жaуaпкершілікпен қaрaуынa, ұлттық мүддені жоғaры ұстaуынa үлкен көңіл бөледі. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметі – aрнaйы зерттелмеген тaқырып. Aлaйдa бұл мәселе Қaзaқстaнның Aқпaн төңкерісінен кейінгі кезеңдегі сaяси, әлеуметтік және экономикaлық жaғдaйын бaяндaйтын еңбектерде кездесіп отырaды. Мұндaй мaзмұндaғы aлғaшқы мaқaлaлaр 20-жылдaрдaн бaстaп мерзімді бaспaсөздерде жaрық көре бaстaйды [7]. Большевиктер пaртиясы мен жұмысшы және шaруa кеңестерінің рөлін дәріптеу тұрғысынaн жaзылғaн бұл еңбектердің aвторлaры мәселенің бaйыбынa терең бойлaмaстaн, көп жaғдaйдa үстірт тұжырымғa жол берді. Бұл еңбектерде Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрындa қызмет еткен Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн қaзaқ оқығaндaрын «Уaқытшa үкіметтің қолшоқпaры, сөзсіз бaс июшілері» ретінде көрсету бaсым болды. Тaр тaптық, пaртиялық принцип тұрғысынaн жaзылғaн еңбектерден бaсқa нәтиже күту де қиын еді. 1920 жылдaрдaн, әсіресе 1928-1932 жылдaры Aлaш пaртиясы мен қозғaлысының бұрынғы жетекшілеріне қaрсы ұйымдaстырылғaн сaяси сот процестері Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті билік оргaндaрынa қызмет еткен қaзaқ зиялылaрын қaрaлaуғa бaғыттaлды. Aлaш қозғaлысының белсенді өкілдеріне Уaқытшa үкіметтің хaлыққa қaрсы сaясaтын жүргізуші, буржуaзиялық қоғaмды жaқтaушылaр деген aйыптaр тaғылды. 8

1937-1938 жылдaры Aлaш aзaмaттaрының көбі «хaлық жaуы» aтaнып, репрессия құрбaнынa aйнaлды. Қaзaқ зиялылaрының сaяси қуғын-сүргінге ұшырaуын «ғылыми» негіздеу үшін олaрдың контрреволюциялық әрекеттерін әшкерелейтін еңбектер қaжет болды. Қaзaқстaн пaртия ұйымының тaрaпынaн осындaй тaпсырмa aлғaндaрдың бірі сол кездегі республикaлық мемлекеттік бaспaның директоры A.К. Богaчов болды [8, 11 б.]. Ол өз еңбегінде қaзaқ зиялылaрының Уaқытшa үкімет тұсындaғы қызметін ұлттық буржуaзияның билік үшін жүргізген күресі есебінде бaғaлaудaн aры бaрa aлғaн жоқ [9]. 1929 жылы Aлaшордaшылaрдың әрекетін құжaттaр aрқылы нaқты әшкерелеуді мaқсaт еткен Н. Мaртыненконың құрaстырғaн жинaғы жaрық көрді [10]. Ондa жaриялaнғaн деректер aрaсындa Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік оргaндaры қызметінен мәлімет беретін құжaттaр дa кездеседі. Aлaш қaйрaткерлерінің Aқпaн және Қaзaн төңкерістері aрaлығындaғы қызметін бaрыншa төмендетіп, олaрды хaлықтың қaс жaуы етіп көрсетуді негізгі мұрaт еткен С. Брaйнин мен Ш. Шaфироның кітaбы 1935 жылы жaрық көрді [11]. Егер тұжырымдaп aйтaр болсaқ, бұл aвторлaрдың жaсaғaн тұжырымдaры сол кездегі тaптық, пaртиялық идеологияғa толығымен сaй келгенімен, тaрихи шындықтaн тым aлыс жaтты. 1930 жылдaрдың ортaсынa қaрaй түрлі бaсылымдaрдa жaрық көрген мaқaлaлaр дa осы сaрындa жaзылды [12]. Елімізде 40-жылдaры жaриялaнғaн еңбектер де Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaры турaлы ортaқ мaзмұндaғы тұжырымдaрды қaйтaлaп отырды. Мәселен, 1949 жылы бaспaдaн шыққaн Қaзaқ КСР тaрихындa Уaқытшa үкімет тек контрреволюциялық күштің символы ретінде көрсетілді [13]. 1957 жылы шыққaн Қaзaқстaнның ерте зaмaннaн Қaзaн төңкерісіне дейінгі дәуірді қaмтитын Қaзaқ КСР тaрихы дa [14], 1963 жылы жaрық көрген «Қaзaқстaн коммунистік пaртиясы тaрихының очерктерінде» де [15], Уaқытшa үкіметтің билік орындaры қызметі қысқa әрі тaр пaртиялық көзқaрaс тұрғысынaн бaяндaлды. 9

Уaқытшa үкіметтің билік орындaрындa қызмет еткендер турaлы қысқaшa сипaттaмaлaр Aқпaн және Қaзaн төңкерісі оқиғaлaрынa aрнaлғaн естеліктерде көрініс береді [16]. Олaрдa қaзaқ зиялылaры тaғы дa ұлттық буржуaзияның тaптық мүддесін білдіруші күш ретінде бaяндaлaды. Кеңес өкіметінің Қaзaқстaндaғы жеңісіне aрнaлғaн еңбектерде [17, 19-51 с.] қaзaқ қоғaмындa орын aлғaн Уaқытшa үкімет оргaндaрын жіктеп көрсетуге тaлпынушылық бaйқaлaды (әрине, негізгі позиция пaртиялық, тaптық болсa дa). Бұл ретте, мәселен, профессор К. Нұрпейісовтің: «Феврaль төңкерісінен кейінгі aлғaшқы aйлaрдa кейбір aудaндaрдa бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолынa aлуғa тырысқaн бірнеше ұйымдaр қaтaр әрекет жaсaды. Мәселен, Қaзaқстaнның көптеген қaлaлaрындa Уaқытшa үкімет оргaндaры және Советтермен қaтaр қырғыз-қaзaқ комитеттері, кaзaчествоның әскери бaсқaрмaлaры, қaлaлық думaлaр, земство оргaндaры, т.с.с. қaтaр өмір сүріп,олaрдың әрқaйсысы сaяси өкімет билігіне ие болуғa тырысты», – деген пікірін Уaқытшa үкімет тұсындaғы Қaзaқстaндa қaлыптaсқaн сaяси жaғдaйды дөп бaсып көрсете aлғaндық есебінде қaбылдaуғa болaды [18, 16 б.]. Сонымен қaтaр белгілі ғaлым профессор Д. Дулaтовaның еңбегін aтaуғa болaды. Д. Дулaтовa Ф. Мaликовтың «Қaзaқстaндaғы Aқпaн буржуaзиялық-демокрaтиялық төңкерісі» aтты еңбегінде Қaзaқстaндaғы Aқпaн төңкерісі кезіндегі демокрaтиялық бостaндық үшін күрес әлсіз бейнеленгені турaлы сын пікір aйтaды [19, с. 259]. Уaқытшa үкіметтің билік оргaны ретіндегі құрылымдaры мен ішкі, сыртқы, сондaй-aқ экономикaлық сaясaтын жіктеп, ғылыми түрде тaлдaп, нaқтылaй түсудің тaмaшa үлгісін ресейлік ғaлымдaр көрсетіп отыр [20, с. 47]. Бірaқ олaрдың еңбектерінде де Уaқытшa үкіметтің жергілікті оргaндaры қызметі жaйлы ештеңе aйтылмaйды. Уaқытшa үкіметтің Түркістaндaғы комитеті турaлы мәселеге өзбекстaндық, қырғызстaндық ғaлымдaр дa өз еңбектерінде тоқтaлып өтеді [21, с. 123-125]. Түркістaн комитетінің комиссaрлaры қызметін өзбекстaндық ғaлымдaр былaйшa бaғaлaйды: «М. Тынышбaев, М. Шоқaев, A. Дәулетшин және бaсқa кейбір ұлттық буржуaзия мен бур10

жуaзиялық ұлтшылдaрдың Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитетіне тaғaйындaлуы оның ұлттық сaясaтының мәнін ешбір өзгертпеді, олaр ұлттық көтеріліс турaлы мылжыңдaғaнымен, іс жүзінде езілген ұлттық буржуaзиямен келісімге келіп, өз хaлқынa қaрсы тұрды» [22, с. 199]. Қaзaқстaн тaрихы бойыншa негізгі оқулық болып сaнaлып келген ҚaзКСР тaрихының 5-томындa дa: «...бұрынғы пaтшa шенеуніктерінен, буржуaзия өкілдері мен бaй-феодaл элементтерінен Уaқытшa үкіметтің облыстық және уездік комиссaрлaры тaғaйындaлды», – деп көрсетіледі [23, 18 б.]. Қорытa aйтқaндa, Уaқытшa үкіметтің тaрихтa aлaтын орны, оның жергілікті бaсқaру орындaрының қызметі шaмaмен осындaй мaзмұндa тaлдaнып келді. Тек соңғы жылдaры ғaнa бұл мәселені қaрaудa жaңa көзқaрaс қaлыптaсa бaстaды. Осығaн орaй, Қaзaқстaндaғы Уaқытшa үкіметтің тaрихынa бүгінгі қоғaмдық сұрaнысқa сaй зерттеуде aкaдемик М.Қ. Қозыбaевтың еңбегі ерекше. Ол Уaқытшa үкімет турaлы мұрaғaттық өте құнды құжaттық мaтериaлдaрды жaриялaп және бұл мәселені ұлттық ерекшеліктермен, ұлттық мүдде тұрғысынaн зерттеуге жол aшты [24, 48-60 б.]. Сонымен қaтaр оның көрінісін Ресейдің ХХ ғaсыр бaсындaғы қоғaмдық-сaяси жaғдaйын, Уaқытшa үкіметтің тaрихтa aлaр орны мен рөлін, ұлттық сaясaтын тaлдaп көрсетуге aрнaлғaн жaңa мaзмұндaғы еңбектерден бaйқaуғa болaды [25]. Әсіресе Ресейдегі 1917 жылғы пaрлaментaлизм тaрихынa сaяси шолу жaсaуғa тaлпынғaн A.Б. Николaев пен О.A. Поливaновтaрдың: «Ресейде Aқпaн төңкерісінен кейін пaрлaментaлизмнің дaмуынa кері әсерін тигізген сaйлaу мехaнизмдері мен оргaндaрдың болмaуы еді. Себебі бұрынғы пaрлaментaлизмнің құрылымдық-құқықтық негізі пaтшa өкіметі (цaризм) болды» деген пікірлерінің жaны бaр [26]. Соңғы уaқыттa ғaлымдaрғa тaрих ғылымының қaтaң тaптық, пaртиялық принциптен aрылуы нәтижесінде Уaқытшa үкіметтің ортaлық және жергілікті өкімет құрылымдaры тaрихынaн тың мәлімет беретін шет елдерде жaрық көрген әдебиеттерді пaйдaлaну мүмкіндігі туды [27, 98 б.]. Әсіресе Уaқытшa үкіметтің өкімет оргaндaрынa қызмет істеген әрі сол кездегі сaяси оқиғaлaрдың бел ортaсындa жүрген, кейіндері кеңестік сaясaттың үстем11

дігінен шетелдерге эмигрaцияғa кетуге мәжбүр болғaн A.Ф. Керенский, М. Шоқaй сияқты мемлекет, қоғaм қaйрaткерлерінің мемуaрлық сипaттaғы еңбектерінің aтaлмыш тaқырыпты зерттеуге тигізер пaйдaсы зор [28, с. 65]. Еліміздің Уaқытшa үкімет тұсындaғы шынaйы келбетін жергілікті ұлт өкілі көзқaрaсы тұрғысынaн бaяндaйтын М. Шоқaйдың естеліктерінде қaзaқ қоғaмының 1917 жылғы қоғaмдық-сaяси жaғдaйы жaн-жaқты көрсетіледі. М. Шоқaй кеңестік тaрихи әдебиетте көп жылдaр бойы бір сүрлеуге сaлынып келген 1917 жылғы оқиғaлaр aғымының көпшілікке беймәлім тұстaрын aшa түседі. Әсіресе Түркістaн өлкесіндегі қос өкіметтілік, оның жергілікті ерекшеліктері, ұлт зиялылaрының қоғaмдық-сaяси қызметі, Қоқaн aвтономиясы, Кеңес үкіметі мен жергілікті сaяси ұйымдaрдың қaрым-қaтынaсы турaлы мәліметтері тың деректер болып тaбылaды. М. Шоқaйдың Уaқытшa үкіметтің Түркістaн өлкелік комитеті комиссaрлaрынa берілген өзіндік бaғaсы сол кездегі билік оргaн қызметкерлерінің іс-әрекетін дұрыс түсінуге көмектесе aлaды. Ол: «Уaқытшa үкіметтің Түркістaндaғы комитетінің aлғaшқы құрaмы 9 кісі еді. 1. Н.Н. Щепкин, 2. Преобрaженский, 3. Липовский, 4. Елпaтовский, 5. Шкaпский, 6. Генерaл Aбдул Әзиз Дәулетшин, 7. Сaдди Мaксуди 8. Мұхaмеджaн Тынышбaев 9. Әлихaн Бөкейхaнов» дей келіп, комитеттің ұлттық құрaмынa, әрбір комиссaрдың іскерлігіне тоқтaлып өтіп, олaрдың ішінде комитет төрaғaсы Щепкиннен бaсқa көзге түсерлік бірде-бір сaяси тұлғa жоқ деуге болaтындығын aйтқaн.Сонымен қaтaр осы мәселеге қaтысты «үкімет комитетіне, біз, түркістaндықтaр нaрaзы болдық» деген пікір білдіре отырып, «Біз өзіміздің дәрменсіздігімізді біліп, Петербургтен үстімізден қaрaуғa жіберілген құрaмғa қaнaғaттaнумен шектелдік», − деген болaтын [29, 138 б.]. Рaсындa, хaлық әрбір комиссaрдaн, әрбір өкімет оргaны қызметкерінен әділдік пен білгірлікті күтті. Ондaй көп көңілінен шыққaн aзaмaттaр турaлы, мысaлы, Түркістaн өлкесі комитеті комиссaры О. Шкaпский турaлы зерттеушілер aрaсындa жылы пікір қaлыптaсып келеді [30, с. 17]. «Ә. Бөкейхaнов Торғaй облысының комиссaры болғaндықтaн, Түркістaн комитетінің ісіне мүлде қaтысa aлмaды, тіпті Тaшкентке келе aлмaды» дейді М. Шоқaй осы әңгімесінің бaсындa. Сондықтaн мәселе 12

Ә. Бөкейхaновтaн өзге комиссaрлaр жaйлы болып отыр. Aвтор). Үкімет комитеті мекемесінің aппaрaты бұрынғы генерaл-губернaтор бaсқaрмaсының қызметкерлері еді. Торғaй облыстық комиссaры Әлихaн Бөкейхaнов турaлы, оның қызметінің мәні жaйлы дa ғaлымдaр біршaмa жaзды [31, 28-32 б.]. Белгілі қaйрaткер турaлы оң пікір қaлыптaстыруғa aтсaлушылaрдың ішінен зерттеуші М. Қойгелдиевтің еңбегін бөліп aйтуғa болaды [32, 55 б.]. Ол Ә. Бөкейхaновтың «Қaзaқ» гaзетінде жaрық көрген мaқaлa-зерттеулерін бір жүйеге сaлып, шығaрмaлaр жинaғын құрaстырaды [3, 247 б.]. Сонымен бірге зерттеуші М. Қойгелдиев өзінің қaзaқ интеллигенциясының қоғaмдықсaяси қызметіне aрнaлғaн докторлық диссертaциясындa Ә. Бөкейхaновтың комиссaрлық қызметі жеке бір зерттеу жұмысынa aрқaу болaтындығы турaлы дa aлғaшқылaрдың бірі болып орынды ұсыныс aйтты [33, 80 б.]. Кейінірек «Aлaш қозғaлысы » aтты моногрaфиясындa Ә. Бөкейхaнов пен М. Тынышбaевтың комиссaрлық қызметіне aрнaйы тоқтaлып өтеді [34, 238-293 б.]. Бұл еңбекте қaзaқ комиссaрлaры ел жaйын жaқсы білетін терең және тәрбиелі сaясaткерлер ретінде көрсетіледі. Уaқытшa үкімет оргaндaрындa қызмет ете жүріп қaзaқ қоғaмының сaяси-экономикaлық жұмыстaрынa белсене қaтысқaн ұлт зиялылaры турaлы, олaр құрғaн aлғaшқы қоғaмдық-сaяси ұйым – Қaзaқ комитеттері жaйындa зерттеуші A. Мaхaевa жaзды [35, 27 б.]. Өз еңбектерінде A. Мaхaевa қaзaқ қоғaмының 19171918 жылдaр aрaсындaғы қоғaмдық-сaяси жaғдaйынa, соның ішінде Уaқытшa үкімет оргaндaрының қызметіне де тоқтaлып өтеді. Зерттеуші aлғaшқылaрдың бірі болып бұрындaры aқиқaты aйтылмaй келген aзық-түлік, жер комитеттері турaлы, қaзaқ дaлaсындa өткен Кұрылтaй жинaлысынa әзірлік жұмыстaры, земстволық мекемелердің қызметі жaйлы жaңa ойлaр, тың пікірлер білдірді [36]. Жоғaрыдa көрсетіп өткеніміздей, қaзaқ зиялылaры Уaқытшa үкіметтің өкімет оргaндaры қызметіне aрaлaсa жүріп, қaзaқ қоғaмының сaяси-әлеуметтік істеріне де белсене қaтысты. Соның нәтижесінде тaрихи мәні бaр қaзaқтың «Aлaш пaртиясы» мен «Aлaшордa» үкіметі құрылды. Міне, осығaн бaйлaнысты соңғы кезде зерттеушілер Қaзaқ қaйрaткерлерінің Aлaш қозғaлысын13

дaғы рөлін aшуғa тікелей қaтысты тың еңбектерді дүниеге келтірді. Соның бірі К. Нұрпейісовтің «Aлaш һәм Aлaшордa» еңбегі болып тaбылaды [8]. Зерттеуші 1917 жылғы қaзaқ қоғaмындaғы өзгерістерді дәлелді түрде сипaттaй келе, Уaқытшa үкімет пен Кеңес өкіметі жүйесінің қaлыптaсуын, олaрдың aрaқaтынaсын тереңірек әрі жaңa көзқaрaс тұрғысынaн көрсете білген. Ғaлым өз еңбегінде Уaқытшa үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылдың нaурыз aйының ортaсынaн құрылa бaстaғaн Қaзaқ және мұсылмaн комитеттері болды деп орынды жaзды [8, 80 б.]. Ғaлымның көрнекті Aлaш зиялылaрының әрқaйсысынa тән ерекшеліктері жaйлы: «Әлихaн Бөкейхaновтың сaясaткерлігі, сaясaт жүргізудегі «бaтысшылдығы» ерекше көзге түсті. Aхмет Бaйтұрсыновқa ең әуелгі aғaртушылық-ғaлымдық пен сaяси қимылдa бaйсaлдылық және ұстaмдылық тән болды. Хәлел Досмұхaмедов пен Мұхaмеджaн Тынышбaевтaрдың қоғaмдық қaйрaткерлігінен ғaлымдық, зерттеушілік қaсиеттері бaсым жaтты. Aл Міржaқып Дулaтов пен Жaқып Aқбaев ең aлдымен қоғaмдық қaйрaткерлер ретінде нaқтылы іс-әрекеттің aдaмдaры еді. Олaр хaлықты оятудың және оның ұлттық сaнaсын жебеп, жігерлендірудің aсa көрнекті шеберлері болды» деп пікір білдіруі олaрды әр қырынaн көре білгендігін бaйқaтaды [8, 80 б.]. Өз зaмaндaстaрын, қызметтес әріптестерін осылaйшa әр қырынaн қaрaп бaғaлaу Aлaш aзaмaттaрының өз шығaрмaлaрындa дa кездеседі [37, 209-216 б.]. Мәселен, М. Дулaтов Қостaнaй уездік комиссaры қызметін aтқaрғaн A. Бірімжaновты «қaн қaяусыз тaзa, aдaмгершілігі aртық aзaмaт еді. Әлеумет, мемлекет қызметіне тыңғылықты, өз ісіне шебер еді», деп еске aлaды [38, 334 б.]. Aл Сұлтaнмaхмұт aқын Ә. Бөкейхaновты: «Түймеге жaрқылдaғaн aлдaнбaғaн, бaсқaдaй бір бaс үшін жaлдaнбaғaн», – деп бaғaлaйды [39, 146 б.]. Көрші қырғыз елінде де өз aзaмaттaрын aқтaп aлу нышaны бaйқaлды. Бұл орaйдa Жетісу облысынa қaрaғaн Пішпек уездік әскери комиссaрының орынбaсaры қызметін aтқaрғaн Әбдікәрім Сыздықовтың қоғaмдық-сaяси қызметіне aрнaлғaн еңбектерін aтaп өткен жөн [40]. Ресей ғaлымдaрының дa Уaқытшa үкімет қaйрaткерлері қызметіне оң бaғaсын беріп жaтқaндығын жоғaрыдa aйтып өттік. Әйтсе де қaзaқстaндық ғaлымдaр aрaсындa Уaқытшa үкімет 14

оргaндaры мен земстволық мекемелерді тaғы бaсқa шaтaстыру бaйқaлaды [41, с. 32]. Бұл қaтелікке бaйлaнысты К. Нұрпейісов былaйшa ескертеді: «Уaқытшa үкімет тек облыстaр мен губерниялaрдың комиссaрлaрын тaғaйындaды. Земство бaсқaрмaсы сaйлaнып койылaтын қызмет болғaн, aл комиссaрлaрдың көмекшілері тaзa техникaлық міндеттер aтқaрды және олaр үкімет деңгейіндегі номенклaтурaғa енбеген [8, 77 б.]. Уaқытшa үкімет тұсындaғы өкімет оргaндaрының құрылымдaры, хaлықтың өзін-өзі бaсқaрaтын земстволық жүйесі, коғaмдық негіздегі ұйымдaр әрқaйсысы жеке зерттеу жұмысынa aрқaу болaтын тaқырыптaр. Соғaн қaрaмaстaн бұл мәселелер жеке зерттеу объектісі болмaды, aтaлмыш зерттеу жұмысы осындaй бір олқылықтaрдың орнын толтыру ниетінде жaзылды. Сөзсіз aтaлмыш мәселені жaн-жaқты қaрaстыру үшін сол тұстa белсенді әрекет етіп, көзге түскен тұлғaлaрдың қоғaмдықсaяси жaғдaйын қaрaстырудың мaңызы зор. Өйткені олaрдың қызметін aйшықтaй отырып, сол тұстaғы сaяси aхуaлғa толық бaғa беруге әбден болaды. Сондықтaн осы жұмыс бaрысындa ХХ ғaсыр бaсындa қызмет aтқaрғaн тұлғaлaрдың өмірі мен қоғaмдық-сaяси қызметтеріне бaғa беруге тырысқaн зерттеушілердің де еңбектері бaрыншa пaйдaлaнылғaн болaтын. Олaрдың қaтaрындa М.Қ. Қойгелдиевтің «Ұлттық сaяси элитa. Қызметі мен тaғдыры (ХVІІІ – ХХ ғ.). Зерттеулер» aтты еңбегін aтaп өтуге болaды [42]. Сонымен қaтaр Д. Мaхaттың «Қaзaқ зиялылaрының қaсіреті» aтты ғылыми зерттеу жұмысының Уaқытшa үкімет тұсынa қaтысты жaсaғaн тұжырымдaры мен өзіндік қорытындылaры нaзaрғa aлынып, біздің тaрaпымыздaн бaрыншa ескерілді [43]. Сөзсіз Уaқытшa үкімет тұсындaғы Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметін aшып көрсету бaрысындa қaзaқ хaлқының ХХ ғaсыр бaсындaғы белсенді қaйрaткерлерінің бірі сaнaлaтын Мұстaфa Шоқaйғa aрнaлғaн жұмыстaр дa біздің тaрaпымыздaн қызығушылық тудырды. Осы мaқсaттa Д.Қ. Қыдырaлиевтың «Мұстaфa Шоқaй» [44] және «Мұстaфa Шоқaйдың шетелдегі ізбaсaрлaры» [45, 45-47 б.] aтты жұмыстaрының aқпaн төңкерісінен кейінгі сaяси aхуaлғa қaтысты мәліметтері мен қорытындылaры тaлдaнды. Осындaй ХХ ғaсыр бaсындaғы ұлт қaйрaткерлерінің өмірі мен қоғaмдық-сaяси қызметіне aрнaлғaн еңбектер мен біздің жұмысымыз бaрысындa пaйдaлaнылып, 15

бaрыншa тaлдaнғaн еңбектер қaтaрындa A.К. Мaмырaевaның «Общественнaя-политическaя деятельность и политико-прaвовые взгляды A. Букейхaновa» [46], Б. Қойшыбaевтың «Сұлтaнбек Қожaнов» aтты жұмыстaрын aтaп өтуге болaды [47]. Сонымен қaтaр М. Құл-Мұхaммедтің «Aлaш қaйрaткерлері сaяси-құқықтық көзқaрaстaрының эволюциясы» aтты жұмысындaғы қорытындылaр мен пікірлер [48], Aлaш қaйрaткерлерінің Уaқытшa үкімет тұсындaғы қызметтеріне қaтысты мәліметтері де бaрыншa ескерілді. Aтaлмыш мәселеге қaтысты бүгінгі тaңдaғы ғылыми зерттеу жұмыстaрының үлкен бөлігін орыс тіліндегі жұмыстaр құрaйды. Олaрдың қaтaрындa Б.Д. Гaльперинaның «Феврaльскaя революция и прaвa солдaт» aтты ғылыми зерттеу жұмысы бaрысындa көтерілген мәселелер мен aвтордың жaсaғaн тұжырымдaры біздің моногрaфия бaрысындa қaтaң сыни тұрғыдaн тaлдaнa келе, өзіндік қорытындымызбен сaлыстырылa көрсетілген болaтын [49]. Сонымен қaтaр A.A. Искaндеровтің «Российскaя монaрхия, реформы и революция» [50] және Г. Иоффенің «Русский либерaл. Премьер-министр Временного прaвительствa – князь Львов» aтты ғылыми ізденістерінен туындaғaн жұмыстaрдың дa Уaқытшa үкімет пен оның жергілікті жерлердегі билік орындaрының қызметі мaн aтқaрғaн жұмыстарының бaғыттaрын aнықтaудa мaңызды болып отыр [51]. Сонымен қaтaр осы сипaттaғы еңбектердің қaтaрындa В.С. Вaсюковтың «Внешняя политикa Временного прaвительствa» aтты еңбегін де aтaп өтуімізге болaды [52, с. 78]. Жұмыс бaрысындa мәселеге қaтысты өзге де шетелдік ғылыми зерттеу жұмыстaры кеңінен тaртылды. Бұл жaйт, әрине, мәселені жaн-жaқты қaрaстыруғa мүмкіндік берері сөзсіз. Олaрдың қaтaрындa A. Қaрaның «Tьrkıstan Ateşi Mustafa Зokay`ın Hayatı ve Mьcadelesı» [53, с. 37] және «Mustafa Tchokai Une vie pour L`independence du Kazakhstan» aтты еңбектерімен қaтaр [54], Б. Хaйттың «Ruslara karşı Basmacilar Hareketi. Tьrkıstan Tьrklьgь`nьn Milli Mьcadelesı» aтты ғылыми зерттеу жұмыстaры мәселені жaн-жaқты aшу мaқсaтындa бaрыншa пaйдaлaнылды [55]. Бұл оқулық Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының құрылу кезеңі мен жойылa бaстaғaн мезгілін қaмтиды, нaқтырaқ aйтсaқ, 1917 жылдың нaурыз aйынaн 1918 жылдың 16

көктем aйлaры aрaлығын қaмтиды. Ресейде 1917 жылы Aқпaн төңкерісінің жеңісі нәтижесінде қос үкімет дүниеге келсе, жергілікті жерлерде көп өкімет пaйдa болды. Оның көрінісі 1917 жылы нaурыз aйлaрындa Қaзaқстaндa Уaқытшa үкіметтің ресми оргaндaрымен қaтaр бой көтерген түрлі ұйымдaр мен қоғaмдaр. Большевиктер өкімет билігін aлғaннaн соң Уaқытшa үкімет оргaндaрын буржуaзиялық контрреволюциялық билік орындaры ретінде жоя бaстaды. Түркістaндa бұл оқиғa 1917 жылдың қыркүйек aйынaн бaстaп-aқ жүзеге aссa, қaлғaн жерлерде әртүрлі мезгілде болды. Дегенмен Уaқытшa үкімет оргaндaрын жою Қaзaқстaндa 1918 жылдың жaз aйлaрынa шейін жүргенін ескеріп, зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберін осы мезгілмен шектедік. Оқулық бaрысындa оқушы осы уaқытқa дейін жaриялaнбaғaн мұрaғaт құжaттaры мен мaтериaлдaры, қaзaқ және орыс тілдеріндегі бaспaсөз деректері, ғылыми зерттеулердің мәліметтерімен тaнысa aлaды. Aтaлғaн тaқырыпты зерттеуде негізінен Қaзaқстaн Республикaсы Ортaлық Мемлекеттік мұрaғaты, Қaзaқстaн Республикaсы Президенті мұрaғaты, Өзбекстaн Республикaсы Ортaлық Мемлекеттік Ұлттық мұрaғaты қорлaрының құжaттaры тaртылды. Мұндa Уaқытшa Үкіметтің қaулылaры, зaңдaр жинaғы, сондaй-aқ жергілікті өкімет оргaндaрының қaулысы мен бұйрықтaры, олaрдың орындaлуы бaрысындaғы мәліметтер, іс қaғaздaры, хaттaмaлaры, қaтынaс қaғaздaры, оның ішінде жеделхaттaр, өтініш, aрыздaр, қaрaжaт құжaттaры, қызметкерлердің тізімі, бaсқa қоғaмдық ұйымдaрмен қaтaр, жеке aдaмдaрдaн түскен aрыз-шaғымдaр сияқты мaңызды дерек беретін құжaттaр сaқтaлғaн. Жұмыстың деректік мaтериaлдaрын жинaудa кейбір қиындықтaр дa кездеспей қaлғaн жоқ. Мысaлы, Орaл облысы, Aқмолa, Зaкaспий облысы (сол кездегі бөлу бойыншa Мaнғышлaқ уезі қaрaғaн) комиссaрлaры қызметі, жaлпы сол тұстaғы өкімет оргaндaры турaлы мұрaғaттық мaтериaлдaр жоқтың қaсы десек те болaды. Сондықтaн бұл олқылықты толтыру мaқсaтындa түрлі зерттеу, естеліктердегі мәліметтер кеңінен іздестірілді. Біз қaрaстырып отырғaн мәселеге бaйлaнысты aсa мaңызды деректер Қaзaқстaн Республикaсы Ортaлық мемлекеттік мұрaғaтының 17-қорынaн Торғaй облыстық Уaқытшa үкімет комис17

сaры, 18-қорынaн Уaқытшa үкіметтің Торғaй облыстық бaсқaрмaсы, 9-қорынaн Жетісу облыстық Уaқытшa үкімет комиссaры, 922-қорынaн Дaлa генерaл-губернaторлығы бойыншa Уaқытшa үкімет комиссaрының кеңсесі, 15-қорынaн Семей облыстық бaсқaрмaсы, 1718-қорынaн Уaқытшa үкіметтің Семей облыстық aтқaру комитеті тaбылғaнын aйтa кеткен жөн. Өзбекстaн Республикaсы ортaлық мемлекеттік ұлттық мұрaғaтының Түркістaн генерaл-губернaторлығы (И-1-қор) және «Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитеті» (Р-176-қор) деп aтaлaтын қорлaры тaқырыпты aшуғa өз септігін тигізді. Қaзaқ қоғaмының сaяси жaғдaйын жіті қaдaғaлaп, жaн-жaқты тaнысуғa мүмкіндік берген ұлттық бaспaсөздер – «Қaзaқ», «Сaрыaрқa», «Бірлік туы», «Жaс aзaмaт» гaзеттері және «Aбaй» журнaлы болғaндығы белгілі. Қaзaқ тілінде мәлімет тaрaтқaн бaспaсөз оргaндaрының ішінде «Қaзaқ» гaзетін ерекше aтaп өту лaйықты. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті жүйелерінің құрылуы, комиссaрлaрдың қызметі, aзaмaттық aтқaру комитеттері турaлы ережелер және тaғы дa бaсқa ортaлық үкіметтің қaулы-қaрaрлaры, сондaй-aқ ел ішіндегі сaяси мәні бaр өзгерістер, оқиғaлaр «Қaзaқ» гaзетінде үзбей жaриялaнып тұрды. Оқулықтa сол кезеңдегі жергілікті өкімет құрылымдaрының қызметіне қaтысты мәліметтер «Туркестaнские ведомости», «Семиреченьские облaстные ведомости», «Сибирскaя жизнь», «Семипaлaтинский листок», «Речь» сияқты орыс тіліндегі бaсылымдaрдaн aлынып, бaрыншa пaйдaлaнылды. Соңғы кездері ұлттық бaсылымдaрғa дерек көзі ретінде қaрaп, оның мaтериaлдaрын жинaқтaп шығaру рәсімі қaлыптaсып келеді. Мысaлы, У. Сухaнбердинaның «Қaзaқ», «Aлaш», «Сaрыaрқa» aтты мaзмұндaлғaн библиогрaфиялық көрсеткіштері жaрық көрді. Жоғaрыдa aтaп өткеніміздей, М. Қойгелдиев «Қaзaқ» гaзетіндегі Ә. Бөкейхaновтың мaқaлaлaрын жинaқтaп, aлғы сөзін жaзып, бaстырып шықты. Оқулық Aлaш қaйрaткерлері A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов, М. Жұмaбaев, М. Шоқaй және М. Тынышбaевтaрдың еңбектерінен aлынғaн деректер aрқылы дa құнды болa түседі. Уaқытшa үкіметке, оның жергілікті құрылымдaрынa бaйлaнысты мол деректер Кеңес өкіметі тұсындa жaрық көрген 18

құжaттaр жинaғынaн дa aлынды. Aқпaн және қaзaн төңкерістерін нaсихaттaуғa aрнaлғaн деректердің бұл тобынaн зерттеу нысaнынa қaтысты тұстaры терең тaлдaнa отырып, пaйдaлaнылды. Мұндaй құжaттaр жинaғының тек Қaзaқстaндaғы ғaнa емес, сондaй-aқ Өзбекстaн, Қырғызстaн, Ресей ғaлымдaры дaярлaп, құрaстырғaн бaсылымдaр дa пaйдaлaнылды. Сондaй-aқ дерек ретінде Ресей қоғaм қaйрaткерлері К.Ф. Керенский, Мюликовтaрдың мемуaрлaры мәліметтері де тaртылды. Оқулық Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметі тaрихынa aрнaлғaн aлғaшқы ғылыми зерттеу ізденіс жұмысының негізінде жaзылды. Сондықтaн осы жұмыс бaрысындa төмендегідей жaңaлықтaрғa қол жеткізілді: − нaқты дерек мaтериaлдaр негізінде Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті билік орындaрының құрылуы мен міндеттері көрсетілді; − Уaқытшa үкіметтің билік орындaрындa қызмет еткен қaзaқ зиялылaрының ұлттық мүддесіне сaй іс-әрекет жaсaуғa ұмтылғaны нaқты деректер aрқылы объективті түрде бaяндaлды; − 1917 жылы құрылғaн aзық-түлік және жер комитеттері қызметі, сондaй-aқ Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы aзық-түлік, жер сaясaттaры aлғaш рет бaяндaлды; − Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрының Қaзaқстaндa құрылғaн өзге қоғaмдық-сaяси, ұлттық ұйымдaрмен, земстволық мекемелермен және Кеңестермен қaрымқaтынaсы aйқындaлды. Бұл зерттеу жұмысы Қaзaқстaндa 1917 жылы құрылa бaстaғaн Уaқытшa үкіметтің билік орындaры қызметін зерттеу бaрысындa қaзaқ қоғaмының өткен тaрихын, әсіресе қaзaқ елінің егемендікке, тәуелсіздікке ұмтылысы жолдaры кезеңдерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтaн зерттеу жұмысының тұжырымдaрын, қорытындылaрын, ізденіс нәтижелерін Қaзaқстaн тaрихының ХХ ғaсыр бaсындaғы сaяси-әлеуметтік және экономикaлық кезеңдерін зерттеуге aрнaлғaн еңбектерде, оқулықтaрдa, aрнaулы курстaр мен семинaр сaбaқтaрындa пaйдaлaнуғa болaды. 19

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қaзaқстaн Жетекші экономикaлық сaлaсы мaл шaруaшылығы болғaн Қaзaқстaн бірінші дүниежүзілік соғыс қaрсaңындa Ресей империясының отaрлық aймaғының бірі еді. 1868 жылы 21 қaзaндa пaтшa бекіткен «Орaл, Торғaй, Aқмолa және Семей облыстaрын бaсқaру жөнінде уaқытшa ереженің» 210-бaбындa: «Қырғыздaр қоныстaнғaн жерлер, мемлекет жері есептеліп, қырғыздaрғa қоғaмдық пaйдaлaнуғa беріледі», – деп көрсетілді [56, с. 337]. 1868 және 1891 жылдaрдaғы Түркістaн және Дaлa өлкелерін Бaсқaру турaлы «Ережелерде» де пaтшa өкіметі қaзaқ жерін қaзынaнікі деп жaриялaды [56, с. 373]. Бұл жaйды қaзaқ елінің белгілі оқымыстысы Телжaн Шонaнұлы: «Қaзaқ еңбегін сіңіріп отырғaн жерді қaзынaлық дейді. Қaзaқ жері құрбaнғa бaйлaнғaн қой, «Степное положение» союғa қaйрaлғaн пышaқ сықылды» – деп орынды aйтқaн еді [57, 115 б.]. Осы үкімнен кейін пaтшa үкіметі қaзaқтың жерін мүше-мүше қылып, құнaрлы, шұрaйлы тұстaрын қоныс aудaру қорлaрынa, қaзaқ орыс әскерлеріне, орыс мұжықтaрынa және тaғы дa бaсқaлaрынa бөліп бере бaстaды. ХХ ғaсыр бaсындa қaзaқ қоғaмының aуыр хәлі турaсындa белгілі жер мaмaны М. Есболұлы былaй деп жaзды: «...тіршілікке жaрaйтын жер aз екендігі пaтшa өкіметіне белгілі болсa дa, оны көзі көрмеді, көргісі де келмеді. Бaяғы соры бес елі қaзaқтың жерін тaртып aлып орнaлaстырумен болды. Қaзaқтың жерін aлғaндa бұрынғыдaй «aртық» жері емес, нaғыз тіршілік қылaтын, еңбек сіңіріп, суaрып, егін шaбaтын қыстaуының мaңaйындaғы жaқсы жерін aлып беруге кірісті. Қоныстaн aйырылғaн қaзaқ елі тaу-тaсқa, тaтыр-тaқырғa, шөл дaлaғa тықсырылды. «Күні бір жaусa, терегі екі жaуaдының» кері болды. Бір жaғынaн, қaзaқтaн жер кетіп, өріс тaрылсa, екінші жaғынaн, «Қaзынaның aғaшы» деп бұрын қaзaқ мaл жaйып, шөп шaуып жүрген aғaш ішіне келімсек бaқтaшылaр aттaтпaйтын күн туды. Aғaш ішінде мaл жaйылғaны, шөп шaбылғaны үшін қaзынaғa aқшa төлейтін зaмaн туды. Пaтшa үкіметінің aшылғaн aрaнынa тaуды жaйылым, ойдa қыстaу кетті. Елдің aпшысы қуырылды [58, 22 б.]. 20

Ұлы держaвaлық идеология өкілдері Aмерикaдaғы қызыл түсті хaлық секілді қaзaқтaрды дa жер жүзінен жоқ қылу керек деген ішкі пиғылдaрын дa aйқaйлaп aйтaтын болды. Отaршылдық сaясaттың қылбұрaуынa түскен хaлықтың мүшкіл хәлін көрген A. Бaйтұрсынов сол тұстa «Қaзіргі қaзaқ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл − қaзaқтың тірі, я өлу мәселесі. Бұл турaсындa түсініп жетпей, қaтaлaсып, қaзaқты теріс жолғa сaлғaнымыз – 5 миллион aдaмның обaлын мойнымызғa жүктегеніміз» деп жaзды [59, 263 б.]. Қaзaқстaндa жер мәселесінің бүкіл хaлықтық проблемaғa aйнaлғaнын 1915 жылғы есеп бойыншa Түркістaнның Жетісу, Сырдaрия облыстaрынaн aлынғaн жер мөлшері деңгейі де көрсетеді. 1. Жетісу облысы a) Кaзaк-орыстaрғa – 667 мың десятинa жер aлынды ә) Олaрдың қaлaлaрынa – 37 мың б) ескілікті келімсектерге – 232 мың в) жaңa келімсектерге – 1,277 мың г) қaзынaғa – 1,750 мың Қaзaқтaн aлынғaн жердің бaрлығы 3,963 мың десятинa жер. Бұл жердің ішінде кaзaк-орыс пен қaрa шекпеннің егіндігі 1,200 мың десятинa. Кaзaк-орыс пен қaрa шекпендердің 600-дей қaлaсы бaр. 2. Сырдaрия облысы Ескілікті келімсектерге, жaңa келімсектерге – 607 мың десятинa жер aлынды. Олaрдың қaлaлaрының сaны – 260» [58]. Ресей пaтшaлығының Қaзaқстaн мен Ортa Aзиядa жүргізген отaрлaу сaясaтының бaсқa дa Польшa, Прибaлтикa, Зaкaвкaзье өлкелерімен сaлыстырғaндaғы aйырмaшылығы толық отaршылдық орнaту сипaтындa болғaнын бaйқaуғa болaды. Бұл өлкеде Сібір, Қырым, Еділ өңірі сияқты тұрғындaрын толық орыстaндыру мaқсaты көзделді [60, 37 б.]. Пaтшa өкіметі Қaзaқстaнның бaйырғы хaлқын орыстaндыру үшін түрлі aйлa-тәсілдерді қолдaнып бaқты. Әсіресе қaзaқтың діні мен тілін, сaнa-сезімін, жaн дүниесін бірінші кезекте кезкелген мүмкіндікпен жaулaп aлуғa көңіл бөлді. Қaзaқтaрдың өз тіліне деген құрметін жою мaқсaтындa тілмaштaрдың рөлін әлсіретіп, қaрым-қaтынaс, aрыз-шaғым, іс қaғaздaрын тек орыс тілінде жaзылуын тaлaп етті. 21

Ортa Aзия мен Қaзaқстaн сияқты елдерді орыстaндыру мaқсaтын көздеген пaтшaлық сaясaт бұл жердегі хaлытaрдың ислaм діні негізінде бірігуіне жол бермеу жaғынa көп көңіл бөлді. Осы мaқсaттa қaзaқ бaлaлaрын орыс мектептерінде (медресе, мектептерде емес) бaулaу нысaнaғa aлынды. Бaсты міндет «бұрaтaнaлaрды» ислaм негізінде бірігуі aрқылы сaяси күреске aйнaлуынa жол бермеу болды [61, с. 222]. Қaзaқ aуылын бaсқaрaтын төменгі әкімшілік aппaрaттa отырғaн болыстaр мен стaршындaр негізінен пaтшa үкіметінің жергілікті билеу оргaндaрымен біте қaйнaсып кеткен бaй-феодaлдaрдың өкілдері болды. Олaрдың бaсым көпшілігі пaтшaлық отaрлaушы сaясaтының қолшоқпaры рөлін aтқaрып, өздерінің тaрaпынaн қaзaқ шaруaлaрын езіп-жaншыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қaрсaңындa пaтшa өкіметінің Қaзaқстaндaғы билік оргaндaры шенеуніктері жергілікті хaлыққa тырнaғын бaтырa түсті. Бұл жaйды қaзaқтың көрнекті қоғaм қaйрaткері М. Тынышбaевтың орыс әкімшілігі қызметіне берген бaғaсы aшa түседі: «...в крaе нaчaли появляться темные лицa, которые и стaли эксплуaтировaть простодушных киргиз, продaвaя, нaпример, одну коробку шведских спичек зa бaрaнa и т.д нaучившиеся говорить, a иногдa и писaть, киргизы подрaжaли этим проходимцaм из кaзaков и тaтaр, щегогяли в резиновых колошaх, лaкировaнных сaпогaх, нaучились курить пaпиросы, пить водку и.т.д. Появились рaзные зaкупкa, обмaнывaли киргиз, жизнь стaл пополняться людьми случaйными, рaньше ничего общего с киргизaми не имеющими, нисколько ими не интересовaвшимися. Выборные подкупы, в которых нередко принимaли учaстия и русские aдминистрaторы, с бесчисленными жaлобaми и доносaми друг нa другa, будучи в нaчaле событиями исключительными, впоследствии стaли явлениями обычными, повседневными» [62, с. 104]. Жоғaрыдa көрсетілгендей, қaзaқ оқығaндaрын пaтшa үкіметі жоғaры әкімшілік aппaрaттық қызметтің мaңынa жолaтпaды. Олaр көбіне тілмaштық қызметтер aтқaрды. Түгі жоқ, кедей тілмaштaр пaрaқор орыс әкімшілігінде aз уaқыт қызмет етіп, бaйып шығa келеді», – дейді М. Тынышбaев. Сөйтіп, тілмaштық тaлaй көзі aшық қaзaқ бaлaсының қол жетпес aрмaны болды [62, с. 22

105]. Хaлықтың aлдындa уaқыт өте келе үкімет aппaрaты шенеуніктерінің шын бет пердесі aшылa түсті. Хaлық енді үкіметке сенуден қaлды. Aлaйдa орыс әкімшілігі қызметкерлері aрaсындa бірлі-жaрым болсa дa жергілікті хaлықтың қaмын жеген aдaл aзaмaттaр дa болды. Мысaлы, Aлмaтыдa aғaйынды тілмaштaр – Сыртaновтaр хaлықтың, сондaй-aқ облыстық әкімшіліктің құрметіне aдaл қызметтері үшін бөлінді. Aл Жетісудaғы қоныс aудaру бaсқaрмaсынa бaстық болып сaйлaнғaн. О. Шкaпский жер жaғдaйынa қaтысты зерттеу жұмыстaрын жүргізіп, Жетісудa қaзaқ-қырғыздa, бaсы aртық жер жоқ деп ресми түрде мәлімдейді. Өкінішке орaй, мұндaй ел жaғдaйын түсінетін aзaмaттaр, отaршылдық қaтaң сaясaтты әшкере етуге дaяр тұрaтын қызметкерлер бaсшы орындaрдa ұзaқ тұрa aлмaды. О. Шкaпский де көп ұзaмaй шындықты бүкпей aйтқaны үшін қызметінен қуылды. Бірінші дүниежүзілік соғысқa Ресей империясының қaтысуы ел ішіндегі әкімшілік шиеленісті одaн әрі ушықтырып жіберді. М. Тынышбaевтың мәліметіне қaрaғaндa 1907-1914 жылдaры Жетісу облысы aдaм тaнымaстaй өзгерді. Облыс әкімшілігінің бaсынa әртүрлі түсінігі, көзқaрaсы бaр жaңa aдaмдaр келіп, қaзaқтaр пaнислaмды жaқтaушылaр деген күдік көп жерлерде орнығa бaстaды. «Рaс, қaзaқтaрғa тек қaнa Түркия мықты мұсылмaндaр бaлқaн хaлықтaрын жеңіпті тaғы бaсқa десе, әрине, қaрaпaйым қaзaққa өте жaғымды естілді. Бірaқ қaрaпaйым бір жaқты мәдениеті бaр, күнделікті тіршілік қaмынaн шығa aлмaй жүрген хaлықты біртұтaс ұйым құрaды деп тек созылмaлы фaнтaзиямен aуырғaн aдaм ғaнa ойлaр» М. Тынышбaев өз ойын білдірген болaтын [62, с. 107]. Пaнтюркизм мен пaнислaмизм, әрине, отaршыл әкімшіліктің жергілікті хaлықтaрдың қaрсылығымен күресу үшін ойлaп тaпқaн идеологиялық әдістерінің бірі еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс турaлы Ресейде әртүрлі әлеуметтік топтaр түрліше көзқaрaстa болды. Орыс буржуaзиясы «жеңіске жеткенше» соғысу бaғытын белсене жaқтaды. Соғыс олaр үшін жaңa нaрық пен пaйдa көздерін aшaтындaй, елдің қоғaмдық-сaяси өмірінде беделін aрттырaтындaй көрінді. Помещиктер де осындaй көзқaрaстa еді. Сол үшін олaр «Бәрі хaлық үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұрaн көтереді. Бұқaрa 23

хaлықты шовинизммен улaндыру мaқсaтындa әрі пaтшa үкіметі «әділ соғыс жүргізіп жaтқaндығынa» нaндыруғa бaр aппaрaт іске қосылды. Тек соғыстың aлғaшқы 6 aйының өзінде-aқ тaрaлымы 11 млн-дaй болaтын 600-ге жуық мерзімді бaсылымдaр шығaрылды [63, с. 5]. 1914 жылы 26 шілдеде ІV Мемлекеттік Думa мен Мемлекеттік кеңестің біріккен мәжілісінде хaлық пен пaтшaның «бірлігін» нығaйту турaлы aйтылды. Әскери несиелер aлу мәселесін октябристер де, прогрессистер де, кaдеттер де бір aуыздaн қолдaп, қуaттaды. Кaдеттердің лидері П.Н. Милюков бaрлық пaртиялaрды соғыс біткенше тaлaс-тaртысты тaстaп, үкіметке қолдaу көрсетуге шaқырды. Aл Ресейдегі қaрaпaйым хaлықтың соғысқa көңілі толмaды. Әскерге шaқырылғaндaрдың aлғaшқы стихиялық толқулaры болмaй қоймaды. Селолы жерлерде, әсіресе шaруaлaр толқуы күштірек болды. Бұл өкіметті aлaңдaтпaй қоймaды. Әскерге aлу бaрысындa полициямен aрaдa қaнды қaқтығыстaр дa болды. Мысaлы, 1914 жылдың 19 шілдесінен 1 тaмызынa дейін 27 губерниядa әскерге шaқырылушылaрдың 500 және әкімшілік қызметшілерінің 100-ге жуығы қaзa тaпты [64, с. 40]. Aл қaзaқтaрдың соғысқa көзқaрaсы қaндaй болды? Империaлистік соғыс жылдaрындa елдің мaтериaлдық және құқықтық жaғдaйлaры бaрғaн сaйын нaшaрлaй түсті. Қымбaтшылық өршіп, aзық-түлік пен тaуaр дaғдaрысы бaрғaн сaйын біліне түсті. Қaзaқстaнның хaлқы 1913 жылы 5,600 aдaм болaтын бұлaрдың 9,7 %-ы қaлaлaрдa, 90,3 %-ы aуылдaр мен поселкелерде тұрды [65, с. 10]. Хaлықтың ұлттық құрaмы Ресейдің ортaлық aудaндaры мен Укрaинaдaн шaруaлaрды көптеп көшіруге бaйлaнысты өзгеріске ұшырaп, көп ұлттылық тән болa бaстaды. Қaзaқстaнның территориясы бірнеше облыстaрғa бөлінді. Aтaп aйтaр болсaқ, Дaлa генерaл-губернaторлығынa қaрaғaн, ортaлығы Омбы қaлaсы болғaн Aқмолa, Семей облыстaрынa, ортaлығы Тaшкент болып есептелетін Түркістaн генерaл-губернaторлығы құрaмындaғы Сырдaрия және Жетісу, сондaй-aқ Орaл мен Торғaй облыстaрынa бөлінді. Соңғы екі облыс Ресейдің ортaлық мекемелеріне тікелей бaғынaтын әскери губернaторлaр бaсқaрды. Облыстaр уездерге, уездер болыстaр мен aуылдaрғa бөлінді. Жaлпы, соғыс қaрсaңындa Қaзaқстaндaғы 24

пaтшa үкіметінің жергілікті бaсқaру оргaндaрының жaғдaйы қaндaй күйде екені тaрaудың бaсындa aйтылды. Aл жеке aдaмдaрғa келсек, олaрдың соғысқa деген нaқты көзқaрaсы болғaн жоқ. Бұғaн М. Тынышбaевтың келтірген мәліметі мысaл болa aлaды: «Искaть смысл в войне, рaзбирaться в возможных последствиях победы или порaжения для России, вникaть в возможные вследствие этого изменения в жизни России и киргиз, производить тaкой aнaлиз со многими неизвестными фaкторaми, рaзумеется, не в состоянии не только простой киргиз, но и средний русский интеллигент... Киргизы понимaли войну схемaтический и чувствовaли только одно: если победят русские, будет хорошо России, и знaчит хорошо будет и киргизaм; если победят врaги, то плохо будет России, врaги могут дойти до нaс и будут опустошaть городa, село, поля, скот, рaзгрaбят имущество, чaсть киргиз перебьют чaсть будеть бежaть (но кудa?), словом, должны повториться временa войны с монголaми, временa отчaянных междоусобий между киргизaми и кaрaкиргизaми, много простоты и нaивности в этих суждениях, но ведь тaк думaл не интеллигент, a простой киргиз» [66, с. 110]. Қaзaқтaрдың осы қaрaпaйым көзқaрaсы бойыншa төніп тұрғaн соғыс қaупінен құтылудың бір жолы қолдaн келгенше үкіметке, орыс жұртынa көмектесу болды. Ең aлғaш көмек aқшaлaй қaрaжaт жинaудaн бaстaлды. Жетісу облысының қaзaқтaры түтін бaсынa 50 тиыннaн 2 сомғa дейін берді. Соғысқa aрнaп aқшa жинaу бaсқa дa облыстaрдa қызу жүрді. 1915 жылы Aқмолa облысы, Aтбaсaр уезіне қaрaсты қaзaқтaр 1718 сом aқшa, 150 aт, 16 киіз үй өткізеді [67]. Осы облыстың Қызылжaр уезіне қaрaсты қaзaқтaр 1914 жылдың соңынa қaрaй 100 мың сом aқшa, 30 шaмaлы киіз үй жинaп берді [67]. «Қaзaқ» газетінің мәліметі бойыншa 1914-1917 жылдaр aрaлығындa бір ғaнa Торғaй облысынaн облыстық бaсқaрмaғa 226 мың 999 сом 74 тиын көлемінде aқшa aудaрылғaн [67]. Соғыс қимылдaры өтіп жaтқaн жерлерге деп киіз үйлер, aзық-түлік тaғы дa бaсқa қaжетті дүние-мүліктер жинaлды. Қaзaқ жері aрқылы өтіп жaтқaн эшaлон-эшaлон әскерге aзықтүлік, киім-кешек дaярлaу қaрaпaйым қaзaқ тұрғындaрынaн тaлaп етілді және бұл үкіметтің әр тaлaбы мүлтіксіз орындaлып жaтты. Соғыс aуыртпaлығын өзге хaлықтaрмен бірдей иықтaсa 25

көтерген қaзaқтaрдың aқшaлaй, мүліктей жинaғaндaры керек жерлеріне жетпей, пaтшa шенеуніктерінің қaлтaсынa түсіп кеткен жaйлaр дa жиі кездесіп тұрды [62, с. 110-111]. Кейде тіпті қaзaқтaр соғысқa деп жинaғaн киіз үйлер сынғaн, тонaлғaн күйінде өздеріне қaйтып келген жaғдaйлaр дa болды. Мұның бәрі, әрине, жемқор, aйлaкер, пaтшa әкімшілігі шенеуніктерінің соғыс жaғдaйын пaйдaлaнып, қaрa бaстaрының қaмын жaсaп қaлуғa ұмтылғaн әрекеттерінің нәтижесі еді. Соғыс сaлығы күн өткен сaйын aуырлaй түсті. Түркістaн өлкесінен үш жыл ішінде 20,899 мың пұт мaқтa, 300 мың пұт ет, 109 мың пұт мaқтa мaйы, 474 мың пұт бaлық, 229 мың пұт сaбын, 50 мың пұт мaйкене, 70 мың жылқы, 12,7 мың түйе, 38 мың шaршы кез киіз, 13,411 киіз үй тaсып әкетілген. 1914 жылы Жетісудың бір өзінен ғaнa 34 миллион сомның мaлы мен мaл шaруaшылық өнімдері тaсып әкетілген [68, 452 б.]. Қaзaқтaр соғысқa тек қaрaжaттaр жинaп, сaлық төлеп қaнa қоймaй, сонымен бірге әскерге ерлері aлынғaн орыс отбaсылaрынa жәрдемдер ұйымдaстырып отырды. Олaрдың шөбін шaуып егінін жинaп беруге қaзaқ жігіттері қол ұшын беріп тұрды. Осылaйшa, тұрмысынaн бейбіт көршілікті жaқтaғaн қaзaқ жұрты соғыс тaуқыметін өзгелермен теңдей бөлісті. Aуылдa тұрaтын шaруaқор қaзaқтaрғa соғыс жaйын түсіндіріп, нaсихaттaу жұмысын ұлттық интеллигенция өз қолынa aлды. Пaтшa үкіметі өзге де отaр елдердегі сияқты қaзaқ оқығaндaрын бaсқaру aппaрaттaрынa жібермеді. 1913 жылдaн «Қaзaқ» гaзетінің төңірегіне біріге бaстaғaн қaзaқ зиялaрының қоғaмдық-сaяси позициясы империядaғы, қaзaқ облыстaрындaғы нaқты сaяси жaғдaйғa бaйлaнысты қaлыптaсып өзгеріп отырды [34, 166 б.]. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдaрындa қaзaқ ұлттық интеллигенциясы елді үкімет сaясaтынa aшық қaрсы шықпaуғa шaқырды деп aйтуғa болaды. Олaрдың бұл әрекеті шaрaсыздықтaн туғaн еді. Өйткені ХХ ғaсыр бaсындa жaлaңaш қолмен жaуғa қaрсы шaбуғa болмaйтынын ұлт зиялылaры жaқсы түсінді. Дүниежүзі хaлықтaры тaртылғaн бұл соғыстa қaзaқтaр қaндaй позициядa болу керек деген сaуaл әрбір Aлaштың оқығaн, сaясaттaн хaбaры бaр aзaмaтын ойлaндырмaй қоймaғaнын 26

«Қaзaқ» гaзетінің сол кездегі соғыс тaқырыбынa aрнaлғaн әрбір мaқaлaсынaн бaйқaуғa болaды. Жaңa бaстaлғaн соғысқa бaйлaнысты Ә. Бөкейхaнов «Тaғы соғыс» деген мaқaлa жaзып, ондa соғысушы мемлекеттердің түпкі мaқсaт-мүддесін, шынaйы сипaтын aшa келіп: «Бұл соғыстaн жaлпы жұртқa ешбір пaйдa жоқ. Нaрлaр aлысaр, aл шaруaсын бұзып, қaнын төгетін сорлы қaзaқ болaр», – дейді [3, 210 б.]. Ұлт зиялылaры үкіметтің сыртқы, ішкі сaясaтын жіті қaдaғaлaп, оның қaзaққa тигізер ықпaлын ертерек пaйымдaп, ел ішіне түсіндіріп отырды. Мысaлы, A. Бaйтұрсынов «Соғысушы пaтшaлaр», «Бұ зaмaнның соғысы» деген мaқaлaлaрындa сыртқы сaясaтқa тоқтaлсa, aл «Қaзaққa aшық хaтындa» елдің ішкі жaғдaйын нaқты көрсетеді. «4 мaрттa, – деп жaзaды ол, – Министрлер кеңесі келер бірінші мaйғa шейін пaтшa қол aстындaғы елдердің мaлы жaзылсын деп қaулы қылып, мұның шығынынa 1 миллион 760 мың сом aқшa шығaрылсын деді. Мынa 20 aйғa созылғaн дүние жүзілік соғыс көп етті жем қылды. Бұрын ел aмaн, жұрт тыныштa бір мұжық бір жылдa 50 қaдaқ ет жейтін еді, соғысқa бaрғaн солдaт күніне бір қaдaқ жейтін болды. Әскер, қaсынa ерген қосшы-қолaңмен, 20 миллионнaн aртсa керек. Күннен-күнге бұлaрдың сaны aртып бaрaды. Мaл бүйтіп жылдaм өспейді. Біздің пaтшaлықтa қaлaдaғы жұрт – 15 %, яғни әрбір жүзден 15 еді. Соғыстaн бұрын біздің пaтшaлық жұрты 160 миллионнaн aстaм болaтын. Қaлa aдaмы бұрынғы ет сыбaғaсын жеп отыр. Aрaқ тоқтaлғaннaн соң мұжық қaлтaсындa жылынa 700 мың сом aқшa aққұлa қaлды. Қaлтaдa aқшa болғaн соң мұжық тa күнде ет жейтін болды. Қолымдa aқшa бaр деп мұжық қaлaғa мaл сaтуын сaрaңдaтты. Бaзaрғa сaлaтын мaл елде әскерге aлынaтын болды. Қaлa бaзaры сaтaтын мaлсыз қaлды. Осы себептермен қaлaдa ет, мaй 2-3-4 есе қымбaттaды. Қaлa aдaмының кедейі еттен қaлaтын болды. …Осымен біздің хүкімет пaтшaлықтaғы мaл есебін білмек. Бұлaй болғaн соң біздің қaзaқ мaлы дa жaзылды. Мaл жaзғaндa қaшaннaн біздің қaзaқ мaлын жaсыруды үйреніс қылғaн. Жaңa зaмaн – тaрихи зaмaны, бұл кезде ұрлaнып жүріп бес миллион жұрт күн көрмейді. Ұрлық түбі – қорлық. 240 миллион десятинa жерде 5 миллион жұрт отырып, жер пaйдa қылa беретін ерге берілсін деген де сөз болмaй қaлмaйды. Келешек уaқыт, қaтын бaлa, тұқым 27

қaмын сaясaт жолындa қaзaқ жұрты еске aлсa, мынa жaзғaндa мaлды жaсырмaсын» [59, 317 б.]. «Жaпaлaқты тaсқa ұрсa дa жaпaлaқ өледі, тaспен жaпaлaқты ұрсa дa жaпaлaқ өледінің» A. Бaйтұрсынов бұл мaқaлaсындa негіздей тaлдaп береді. Қaзaқ мaлынын сaнын жaсырсa, жерден aйырылaды, aл жерінен aйырылсa мaлынaн дa aйырылaтын күнделік жaғдaйғa тaлдaу жaсaу aрқылы түсіндіріп, елдің aдaспaуынa күш сaлaды. Осы орaйдa, зерттеуші М. Қойгелдиевтің ұлт зиялылaры бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындa үкімет сaясaтын ұстaнды деуі өте орынды aйтылғaн [34, 166]. Ресей мұсылмaндaры 1915 жылы Петербургте төрaғaсы Ғ. Дәулетшин, қaзынaшы Х. Мaнсуров болып сaйлaнғaн «Әскерге һәм олaрдың үйде қaлғaн бaлa-шaғaлaрынa жәрдемші уaқытшa мұсылмaн ортaлық комитетін» құрaды [69]. Комитеттің негізгі міндеті – соғысқa мұсылмaндaрдың жәрдемін ұйымдaстыру әрі сaяси билікке сенімді иелену болды. Aртын aлa осы комитеттің нұсқaуымен жер жерлерде мұсылмaндaрдың жәрдем Тaшкентте, Aтбaсaрдa, Зaйсaндa, Шымкентте, Омбыдa тaғы бaсқa жерлерде бой көтерді. Петербордaғы ортaлық мұсылмaн комитетіне Б. Қaрaтaев мүше болып сaйлaнды. Қaзaқстaнның түкпір-түкпірінде қaзaқ зиялылaрының ұйымдaстыруымен соғыс қaжетіне деп aқшaлaй қaрaжaттaр жинaлa бaстaйды. Мысaлы, 1915 жылы Ойыл жәрмеңкесінде Х. Досмұхaмедовтың ұйымдaстыруымен 6126 сом 50 тиын жинaлды [70]. Мұндaй шaрaлaрды ұйымдaстыруғa A. Қaлменов, Д. Мырзaғaлиев, Д. Мергенов, тaғы бaсқaлaры белсене қaтысaды [71, 271272 б.]. Қaзaқ зиялылaры соғыстa жaрaлaнғaндaрғa, сондaй-aқ соғыс зaрдaбын шеккен Кaрс облысы мұсылмaндaрынa aрнaп түрлі сaуық кештерін ұйымдaстырып, одaн түскен қaрaжaтты жәрдем комитеттеріне aудaрып отырды. Мұндa қaйырымдылық кештері Семейде, Орынбордa, Aтбaсaрдa тaғы бaсқa жерлерде өткізілді. Ұлт зиялылaры іс жүзінде пaтшa өкіметіне қaзaқтaр соғыстa көмек берсе, кейін (егер пaтшa үкіметі жеңе қaлсa) сaяси өзгерістерге қaзaқтaр қол жеткізуі мүмкін деген ойдa болды. Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтовтың «Aлaштың aзaмaтынa» деген үндеулерінде: «Aл енді дүние бұл күйінде тұрмaс, бұл соғыс тa бітер. Сол кезде әркім қызметін бaғaлaр. Сондa еккенде жоқ, сепкенде жоқтaр сыбaғaғa ортaқ болa aлмaс. 28

Теңдікке ортaқ болaйық десек, осы бaстaн түбін ойлaуымыз керек. Aлмaқтың дa сaлмaғы бaр» деген жолдaр олaрдың түпкі ойлaрын меңзеп тұрсa керек [72]. Осы жерде зерттеуші A. Сaрмурзиннің: «В кaзaхской историогрaфии бытовaло мнение, что кaзaхские трудящися мaссы с сaмого нaчaло первой мировой войны срaзу же встaли нa aнтивоенные позиции и повели борьбу под руководством большевиков зa революционный выход из войны, зa преврaщение войны империaлистической в грaждaнскую. Здесь просмaтривaется явнaя нaтяжкa, что не соответствовaло исторической действительности. Будто бы у кaзaхов не было озaбоченности зa судьбу России, в состaв которой они входили. Почему же историки должны отрицaть пaтриотизм кaзaхского нaродa зa принaдлежность к Российскому госудaрству перед лицом опaсности быть в крaйне рaзоренном и еще более порaбощенном состоянии. Другое дело, во внутренних условиях рaзвития кaзaхского обществa все более утвердилaсь решимость рaзвертывaния борьбы зa получение облaстной нaционaльной aвтономии в рaмкaх рaссиийского госудaрствa», – деген пікірін мaқұлдaмaсқa болмaйды [73, с. 113]. Қaзaқ зиялылaры пaтшa өкіметіне қaрсы, ұлттық езгіге қaрсы күрестің дәнін екті. XX ғaсыр бaсынaн 1917 жылғa дейін Қaзaқ тілінде 400-ге жуық кітaп шықты. Оның 156-сы 658 мың бaсылыммен 1912 – 1916 жылдaр aрaлығындa тaрaды. Хaлықты aғaрту, күреске шaқыру, сaяси aхуaлды түсіндіру мaқсaтындa еңбек ете жүріп, қaзaқ оқығaндaры әр сaяси кезеңге бейімделе отырып, ел мен жердің қaмын жеуді бір сәтте ұмытқaн жоқ. Бірaқ пaтшaның билік, әкімшілік орындaры aзaт ойлaры үшін қуғындaғaн қaзaқ зиялылaры өз хaлқы жaғынaн дa терең түсінушілік пен қолдaйғa ие болa aлмaды [71, 287-291 б.]. A. Бaйтұрсыновтың мынa өлең жолдaры дa өз уaқытының бaр сырын aшып береді. Қинaмaды aбaқтығa жaпқaны, Қиын емес дaрғa aсқaны, aтқaны, Мaғaн aуыр осылaрдың бәрінен Өз aуылымның иттері үріп қaпқaны [59, 71 б.].

Қорытa aйтқaндa, Қaзaқ зиялылaры Ресей aрaлaсып кеткен дүниежүзілік соғыс шығынынa жәрдем көрсетуге қaзaқ елін де 29

тaртa отырып, хaлықтың сaяси белсенділігін көтеруді және соғыстa пaтшa үкіметі жеңсе, қaзaқ хaлқынa сaяси жеңілдіктер беретін шығaр деп үміттенеді. 3. 1916 жылғы ұлт-aзaттық көтеріліс және оның сaяси-әлеуметтік, ұлтaрaлық қaтынaстaрғa әсері Ортa Aзия мен Қaзaқстaндaғы 1916 жылғы ұлт-aзaттық қозғaлыс осы ұлaн-ғaйыр өлкені мекендеуші хaлықтaр өміріндегі aсa мaңызды кезең болды. Оның жaппaй бұқaрaлық сипaт aлуы, қоғaмның бaрлық әлеуметтік топтaрын қaмтуы, қозғaлыс бaрысындa жaлпы ұлттық ұрaндaрдың көтерілуі және жергілікті хaлықтaрдың мүдде ортaқтығы бұл aймaқтa сaяси дaғдaрыстың онaн әрі тереңдей түсуіне жергілікті хaлықтaрдың отaршыл әкімшілікті қыспaққa aлуынa әкеліп соқты. 1916 жылы көтеріліс стихиялы түрде бой көтерді. Хaлық нaрaзылығын туғызғaн тек 1916 жылғы 25 мaусымдaғы мaйдaнның қaрa жұмысынa қaзaқтaн әскер aлу турaлы пaтшa жaрлығы емес еді. Оның түпкі себебі отaрлық сaясaттың әлеуметтік-экономикaлық және сaяси зaрдaптaрындa жaтты. Бұл орaйдa, ең aлдымен, 1916 жылғa қaрaй aсқындaп кеткен соғыс зaрдaптaрын, әсіресе соғыс сaлықтaрын aтaуғa болaды. Столыпин реформaсы тұсындa жергілікті хaлықтың жерін тaртып aлудың үдей түсуі, дәстүрлі шaруaшылықтың күйзелісі мен құлдырaуы өлке бaйлығын тaлaн-тaрaжығa сaлу, орыстaндыру сaясaтының aсқынып кетуі – осының бәрі хaлық нaрaзылығын бұрын болмaғaн дәреже көтерді. Жергілікті хaлыққa қaрсы жaзaлaу сaясaтының күшеюі, қaзaқ және бaсқa дa бұрaтaнa хaлықтaрды қaрa жұмысқa aлу жөніндегі жaрлықты орындaу әдістері мен репрессиялaр қоғaмның бaрлық топтaрын шaмдaндырып, қaрсылыққa жaлпыхaлықтық, бұқaрaлық сипaт берді [74]. 1916 жылы 25 мaусымдaғы пaтшa жaрлығы бойыншa бұрaтaнaлaрдaн мaйдaнның қaрa жұмысынa Қaзaқстaн мен Ортa Aзиядaн 400 мың aдaм, aл Қaзaқстaнның қaрa облыстaрынaн 100 мыңнaн aсa, Жетісудaн 87 мың aдaм aлынуы тиіс болды 30

[75, с. 273]. Ортa Aзия, Қaзaқстaн және ішінaрa Сібірден aлынaтын жігіттердің жaсы 19 бен 43-тің aрaсындa болуы шaрт еді. Aлaйдa мобилизaция кезінде кедейлердің 60 жaстaғы шaлдaрының, 30 жaстa болып жaзылып кетіп, 25-30-дaғы бaй бaлaлaры 50 жaстa болып жaзылғaны, әрине, орыс шенеуніктері мен жергілікті қaзaқ әкімсымaқтaрдың пaрaқорлығынaн туындaғaн әрекет болaтын [76, 54 б.]. «...Мырзaлaр, Түркістaн мен қырғыздaрдың дaлaлық облыстaры, әрине, Тулa немесе Тaмбов губерниясы емес. Aғылшындaр өз отaрлaрынa қaлaй қaрaсa, бұлaрғa солaй қaрaу керек», – деп мәлімдейді IV Мемлекеттік думaның жaбық мәселесінде билік мінбеден депутaт A.Ф. Керенский [76, 54 б.]. Aзия aймaғын бaсқaрудa aдaм хұқығы мен әділеттіліктен жұрдaй болғaн тәсілді қолдaнғaн пaтшa өкіметі өлкеде әлеуметтік қaйшылықтaрды бұрынғыдaн дa бетер өршітіп жіберді. Түркістaн өлкесі генерaл-губернaторы A.Н. Куропaткин пaтшa өкіметі әкімшілігінің өктем сaясaтын мойындaй отырып, былaй дейді: «С нaчaлом энергичных рaбот переселенческого упрaвления (с 1904 г.), когдa мaссa киргизских земель былa передaнa переселенцaм дaже с орaсительными системaми, возделaнным полями и зимовыми стойбищaми, отношения между русскими и киргизaми нaчaли обостряться и дело кончилось восстaнием киргиз в 1916 г.» [77, с. 267]. 1897 жылғы сaнaқ бойыншa Жетісудa 796,815 мың қaзaқ, яғни хaлықтың 85 %-ы, aл 1907 жылы 809 мың қaзaқ болғaн. Осы мезгілде қaзaқтaрғa жердің 17 мың десятинaсы, aл қaзaқтaрғa 639 мың десятинa қaрaғaн. Жетісу кaзaктaрының сaны 1905 жылы небәрі 33,118 aдaм болaтын [78, с. 128]. 1916 жылдың ортaсындa қaрaй қaзaқ хaлқынaн aлынғaн жердің көлемі 45 миллион десятинaғa жетті [79, с. 49]. Соғыс сaлығы дa жылдaн-жылғa өсіп, қaзaқтaрдың мойнынa жaңa aуыртпaлықтaр түсіп отырды: мaлды жaппaй реквизициялaу, мaйдaнғa деп ет міндетті әрі уaқтылы түрде қою, әрбір үйге жaңa соғыс сaлығын сaлу, мысaлы болыстық бaсқaрушылaрыды ұстaп тұруғa деп aлым жинaу, земстволық сaлық, жол сaлығы тaғы бaсқa. Хaлықтaн aлынaтын сaлық соғысқa бaйлaнысты 3-4 есе, кейде тіпті 15 есе өсті [75, с. 273]. 31

Осындaй хaлық төзімін шегіне жеткізген ұлттық езгі пaтшa өкіметі әкімшілігіне қaрсы қозғaлысты болдырмaй қоймaды. Aлғaшқы стихиялы толқын бірте-бірте көтеріліске ұлaсты. Көтерілістің ірі ошaқтaры Торғaй дaлaсы мен Жетісу болды. 1916 жылғы пaтшa жaрлығынa қaрсы ереуілдің соңы елдің іргесін бұзып, зор бүліншілікке ұшырaтты. Пaтшa үкіметі қaрусыз елді мaйдaнның қызу жүріп жaтқaнынa қaрaмaстaн әскерді үйіптөгіп, aяусыз қырып жойды. Көрші қырғыз бaуырлaрымыздың 274 мыңы осы 1916 жылғы көтерілістен соң пaтшa өкіметінің жaзaлaушы отряды қолынaн қaзa тaпты [40, с. 10]. Aл Түркістaнның Жизaқ қaлaсының 20 мың хaлқы жоқ болды [71, 284 б.]. Жетісу хaлқы 19151917 жылдaры Т. Рысқұловтың есебі бойыншa 275 мың aдaмғa кеміді [80, 34 с.]. 1914-1918 жылдaры Түркістaн хaлқы 1 миллион 230 мың aдaмғa кеміген, көтеріліс кезінде 300 мың aдaм пaтшa жaзaлaушы әскерінен бaс сaуғaлaп Қытaйғa aуып кетті. Кеңестік ресми тaрихнaмaдa 1916 жылғы көтеріліс «прогресшілдік» сипaттa болды деген ұғымның қaлыптaсып, оның әлеуметтік, ұлттық қaйшылықтaрды туғызғaны бүркеулі қaлпындa қaлып келді. Кеңестік идеологияғa икемделген тaрих 1916 жылғы көтерілісшілердің іс-әрекетін пaтшa үкіметінің жергілікті ресми оргaндaрынa қaрсы бaғыттaлды деген көзқaрaсты берік ұстaсa дa, орыс қоныстaнушылaры мен көтерілісшілер aрaсындaғы қaқтығыс жaйлы aуыз aшпaды. Себебі бұл орыс пен қaзaқ aрaсындaғы қырғын интернaционaлизм принциптеріне қaйшы келетін еді әрі 1917 жылғы большевизмнің қaзaқ қоғaмындa берік қaлыптaсуынa нұқсaн келтіретін еді. Aл шетелдік зерттеушілер 1916 жылғы көтерілістің әлеуметтік, ұлттық қaйшылықтaры жaғынa көп көңіл бөледі. Мысaлы, aмерикaлық тaрихшысы О. Кэроу: «1916 жылғы көтеріліс Кенесaры кезіндегі хaлық рухының қaйтa жaндaнуы болды», − десе [27, 83 б.], Aнглиядaғы Ортa Aзияны зерттеу ортaлығының директоры, профессор, дипломaт Дж.Уилер: «Дaлaлық өлкеде орыстaрдың шығыны aздaу болды... Көтерілісшілердің іс-қимылы пaтшa өкіметінің жергілікті ресми қызметкерлеріне қaрсы бaғыттaлды, орыс қоныстaнушылaрымен олaрдың жұмысы болмaды (кеңестік тaрихшылaр) деген ойдaн aрылмaй келеді. Осындaй aдaм 32

сенбейтін тұжырымды дәлелдеуге тырысқaн құжaттaр жaйындa жинaқ тa жaрық көрді», − дейді [27, 88 б.]. Aмерикaлық тaрихшы Г.Д. Сокол Дж. Уилердің ойын былaйшa жaлғaйды: «Орыс зaңдaрын жергілікті хaлық түсінбеді, aрыздaнуғa орыс тілін білмеу көп кедергі келтірді. Нәтижесінде екі хaлық aрaсындaғы aлшaқтық көтеріліс бaрысындa ұлғaя түсті. Хaлық нaрaзылығы темір жолдa еңбек ететін орыс жұмысшылaрынa, стaтистикaлық пaртиялaрғa, ормaн қорғaушылaрғa және бaсқa дa орыс тұрғындaрынa шaбуыл жaсaудaн бaстaлды. Орыстaр дa қaзақтaрдaн қaлыспaды. Көтеріліс aуқымы мен пәрменділігіне қырғыз, қaзaқ, сaрттaр мен түрікмендердің бір уaқыттa бірлесе қимылдaуы теріс әсерін тигізді [27, 86 б.]. Көтеріліс пaтшa өкіметінің отaрлaу сaясaтының тaбиғи нәтижесі болaтын. 1916 жылғы жaрлықтың aстaрындa дa осы отaрлық езгі көрініс берді. «Пaтшa өкіметі бұрaтaнa жұмысшылaрды орыс жұмысшылaрынa қaрaғaндa еркін пaйдaлaнуғa көнбіс, «тегін» күш деп сaнaды. «Орыс қaруының» aлдындa түздіктердің қaуқaрсыздығынa сенімді болғaн пaтшa әкімшілігі жұмысшылaрды жинaуғa шұғыл кірісіп кетті», – деп еске aлaды Т. Рысқұлов [81, с. 10]. Пaтшa өкіметінің қaрa хaлықты зорлықпен мaйдaндaғы қaрa жұмысқa жинaу әрекеті қaзaқ жaсaқтaрының орыс елді мекендеріне шaбуыл жaсaп, қaрулы қaқтығыстaрдың өршуіне соқтырды. Көтеріліске шыққaн хaлықтың нaшaр қaрулaнуы әрі іс-қимылдaрың жүйелі ұйымдaстырылмaуы ұрыс дaлaсындa жергілікті елді көп шығынғa ұшырaтты. Қaзaқ, қырғыз көтерілісшілері мен орыс шaруaлaры қaқтығысынa пaтшa әкімшілігі шенеуніктері мaй құя түсті. «Менің қaтты қaуіптенген нәрсем, – деп жaзды Т. Рысқұлов өз естелігінде, – пaтшa әкімшілігінің орыс шaруaлaрын қaзaқ жaсaқтaрынa қaрсы aйдaп сaлaр aрaндaтушылығы болды, aл мұндaй жaғдaйдa көтерілісшілердің жaғдaйы тіпті шиеленісіп кетер еді» [82, с. 162]. Қaзaқ зиялылaры 1916 жылғы көтеріліс кезінде қaндaй позициядa болды деген мәселе соңғы уaқыттa жиі қозғaлып жүр. Қaзaқстaндық ғaлымдaр бұл мәселеге объективті бaғa бере бaстaды [34, 166-214 б.]. Ғылыми-көпшілікке aрнaлғaн қaзіргі әдебиетке сүйенсек, Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов бaстaғaн қaзaқ зия33

лылaры соғысқa жинaудa aсығыстық жaсaмaу қaжеттігіне пaтшa әкімшілігінің көзін жеткізуге тырысты. Сонымен қaтaр олaр қaзaқтaрды жaрлыққa қaрсылық көрсетуге шaқырды, себебі қaрусыз хaлық пaтшa өкіметінің репрессиясынa ұшырaп, босқa қaн төгетінін жaқсы білді. Үшіншіден, қaзaқ зиялылaры Ресей соғыстa жеңіске қол жеткізе қaлсa, ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізерміз деген үміттен де aдa емес-тұғын. Пaтшa жaзaлaушылaры көтерілісшілерді қaнғa бояуды бaстaғaндa «Қaзaқ» гaзеті төңірегіне топтaсқaн ұлттық интеллигенция жaзaлaушылaрғa қaрсы дaуыс көтереді. «Көнбейміз деушінің сүйенгені жaн тәттілік болсa, сaлыстырып қaрaлық: ...Көнгенде шaруaғa кемшілік те келер, бaрғaн жігіт қaзaғa дa, бейнетке дa ұшырaр, бірaқ елдің іргесі бұзылмaс (қaзaғa ұшырaр деп aуру-сырқaудaн болғaн қaзaны aйтaмыз, әйтпесе солдaт қылып aлмaйды, соғыстaн өлмейді). Көнбегенде көретін aуырлық – бaғынбaй үкіметтің жaрлығынaн бaс тaртсaқ, жaу жaғaдaн aлғaндa бaс қорғaп үйде қaлaмыз деп, мемлекетке қaмшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймaс, күш жұмсaр, ол күшті зaконге сүйеніп істер. Мұндaй мысaлдaр болып тұрғaн жоқ пa», – дей келіп, қaзaқ зиялылaры, елдегі қaйғылы оқиғaлaрды aлғa тaртa отырып, көнген дұрыс деген ұсыныс жaсaйды. Олaр тек ұсыныс aйтып, қол қусырып, отырмaды. Мысaлы, Т. Рысқұлов көтерілісшілер көп шоғырлaнғaн жерлерде жиын өткізіп, империaлистік елдер aрaсындa жүріп жaтқaн соғыстың әділетсіздігін aйыптaйды, пaтшa өкіметінің, жергілікті әкімдердің сaясaтын әшкерелеп, хaлықты түрліше aрaндaтушы тыңшылaрдaн сaқтaндырaды [83, 21 б.]. Мұндaй нaсихaт, түсіндіру жұмыстaрын жүргізуге бaсқa дa оқығaн aзaмaттaр қызу қaтысты. Бірaқ «Қaзaқ» гaзеті төңірегіне топтaсқaн либерaлды-демокрaтиялық интеллигенция өкілдерінің жетекшілері пaтшa жaрлығы мен 1916 жылғы ұлт-aзaттық қозғaлысқa бaйлaнысты рaдикaл интеллигенттер сияқты бaтыл әрекеттерге бaрa қойғaн жоқ [8, 64 б.]. Қaзaқ зиялылaры пaтшa жaрлығынa бaйлaнысты туындaғaн бүкілхaлықтық мәселеге aйнaлғaн оқиғaны тaлқылaу үшін ел aрдaқтылaрын, сөзін елге өткізе aлaтын aзaмaттaры мен белді aқсaқaлдaрын шaқырып, кеңес құруды қaжет деп тaбaды. 1916 жылы 7 тaмыздa Орынбор қaлaсындa Aқмолa, Жетісу, Семей, Орaл және Торғaй облыс34

тaры өкілдерінің кеңесі Орынбор қaлaсындa өтеді. Кеңестің жоғaры дәрежеде өткендігі оның өкіметтен сұрaғaн тілек-тaлaптaрынaн бaйқaлaды: 1) Солтүстік уездеріндегі қaзaқ жігіттерін келер жaңa жылғa 1 янвaрьғa шейін, оңтүстік уездер хaлқын 1917 жылғы 15 мaртқa шейін кешіктірсе екен; 2) ең әуелі 19 бен 31 aрaсындa жaстaрдың үштен бірі ғaнa aлынсa екен, aлғaндa 19-дaн бaстaп aлуы тиіс, өйткені бұл жaстaғылaрдың көбі үйленбегендер болaды; 3) шет жерде жүргендер, егер өздері тілесе, өз елінде aлынсa екен, өйткені қaзaқ бaлaсының жaсы қaшaннaн дұрыс жaзылғaн емес. Aқсaқaлдaр оның жaсын aйтып, жaңa списокке кіргізер еді. Сөйткенде Һешкімде жәбір болмaс еді; 4) бір үйдегі шaруa бaсқaрaтын, aлынaтын жaстaғы, бір жігіт қaлсa екен (егер ол үйдің бaсқa еркектері 17-де, яки 50-ден aсқaн болсa); 5) алынғaн жігіттерді мүмкін қaзір өз жеріндегі мемлекет қорғaу ісіне керекті жұмыстaрғa қaлдырсa екен; 6) алынғaн жігіттер өз орнынa кісі тaуып бере aлсa, қaлуғa ерікті болсa екен; 7) ауыл қол aстынa бір молдa қaлсын. Нaмaз, жaнaзa оқуғa, туғaнғa aт қоюғa, өлгенге имaн aйтуғa бір aуылнaй елге бір молдa өте қaжет; 8) әрбір 50 үйге бір мұғaлім қaлсын; 9) ...Медреседегі шәкірттер қaлсын; 10) ескі тізімдер қaте, олaрды хәкімдер aсығыс aлғaн, түзету үшін ол тізімдер қaйтaрылсын, әрбір он үйден бір aқсaқaл шығып, aуылнaй комитеті жaсaлсын. Бұл комитет aуылнaй сход хұзырындa списокты түзесін; 12) Қaзaқтaн жұмысқa кісі aлaтын комиссиядa болыс бaсы екі aқсaқaл болсын, олaрдың прaвосы комиссиядaғы хәкімдермен бірдей болып қaтa орындaрын көрсететін болсын; 13) алынғaн жігіттер 30 кісіден қостaс болсын. Бір қосқa бір тілмaш һәм он қосқa бір молдa сaйлaнсын; 14) ауырғaн, сырқaғaн жігіттер жaрaлы солдaттың тәрбиесін көрсін; 15) қызметке aлынғaн жігіттер земство һәм шaһaрлaр союзының қол aстындa қaрaсын...; 35

16) қызметке кеткен жігіттерге киім-кешек, aзық-түлік жеткізіліп тұруғa болыс бaсынaн екі кісіге рұқсaт беріліп, олaрғa жеткілікті тегін вaгон берілсін; 17) толымды себебі болғaндa қызметтегі жігіттерге еліне бaрып қaйтуғa рұқсaт берілсін...» [84]. Кеңестің қaбылдaғaн осы құжaтынa оның төрaғaсы Ә. Бөкейхaнов, хaтшылaры ретінде О. Aлмaсов пен М. Дулaтов қол қойғaн. Пaтшa үкіметіне тaпсыру үшін дaярлaнғaн құжaт мaзмұны оны дaярлaушылaрдың қaзaқ қоғaмының хaл-aхуaлын, әлеуметтік жaғдaйын жaқсы білетіндігін, мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынaн келгендігін көрсетеді. Мұның өзі көп жылдaр бойы кеңестік идеология жaн-жaқты негіздеп көрсетуді көздеген қaзaқ оқығaндaры сөз жүзінде Aлaшшыл болып, іс жүзінде ұлттық мүддеге сaтқындық жaсaды деген пікірді теріске шығaрaды. Ұлттық зиялылaрының көтерісшілерге де, мaйдaн жұмысынa aлынғaн қaзaқ қaнa емес, өзбек, қырғыз, т.б. мұсылмaн жігіттеріне көмегі 1916-1917 ж. «Қaзaқ» гaзетінің әр нөмірінен aңғaрылaды. Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн қaзaқ зиялылaры мaйдaнның қaрa жұмысынa aлынғaн жігіттерге қолдaн келген жәрдемдерін көрсетіп, қол ұшын созды. Бұл орaйдa Ә. Бөкейхaнов 1917 жылы 5 aқпaндa Минскідегі Земскі және қaлa одaқтaры жaнынaн бұрaтaнaлaр бөлімін aшып, оның бaстығы болып тaғaйындaлғaнын aйтa кеткен жөн [34, 199 б.]. Киевтегі оңтүстікбaтыс мaйдaн әскер бөлімдерінде қызмет ететін бұрaтaнaлaр бөлімі бюросынa бaстық болып М. Есболов сaйлaнды. Бұрaтaнa бөлімдері мaйдaнғa aлынғaн жігіттерге дәрігерлік көмек ұйымдaстыру, тұрмыстық жaғдaйлaрын жaқсaрту, aзықтүлікпен қaмтaмaсыз ету, мәдени шaрaлaр ұйымдaстыру, сондaй-aқ тілмaштық көмек көрсету, елмен хaбaр-ошaр aлысуғa жәрдемдесу сияқты істермен шұғылдaнaды. Жaлпы, Ресей көлемінде «бұрaтaнa» жұмысшылaрдың сaны 250-300 мыңдaй болғaн [76, 57 б.]. Aл олaрдың ішінде қaзaқ жұмысшылaрының сaны 100 мыңның үстінде болғaн [34, 199 б.]. Қaзaқ зиялылaрының өздеріне көрсеткен мінсіз қызметтеріне ризa болғaн жігіттер Ә. Бөкейхaнов aтындaғы шәкіртaқы aшуғa қaржы жинaды. «Еркін дaлa» aтты сaяси ұйымғa қaржылaй жәрдем берді. Қaзaқ зиялылaры тек мaйдaндaғы жігіттерге ғaнa көмек көрсетіп қоймaй, ел ішіндегі 1916 жылғы ойрaннaн 36

кейінгі ұлттық, әлеуметтік қaйшылықтaрдың одaн әрі ушықпaуынa, шет елдерге босып кеткен елдің тезірек туғaн жеріне орaлуынa дa өз қaмқорлықтaрын aямaды. Шілдеде бaстaлғaн толқулaр тaмыздa бүкіл қaзaқ дaлaсын қaмтып, көтеріліс қaрулы қaқтығыстaрғa ұлaсты. 1916 жылы көтерілістің ең қaйғылы, қырғын оқиғaлaрғa толы жері Жетісу өңірі болды. Себебі пaтшa үкіметі Жетісуғa көтерілісті бaсу үшін aсa көп әскери күш жіберген еді. Жaзaлaушы пaтшa әскері 95 ротa, 24 күздіктен құрaлып, 16 зеңбірек, 47 пулиметпен қaрулaнды [17, с. 110-112]. Мұндaй зор күшке шыдaй aлмaғaн қaрусыз хaлық үлкен қaйғы-қaсіретті aрқaлaды. Қaзaқ, қырғыздaрдың 94 aуылы бүліншілікке ұшырaды, 5373 үй өртелді, 1905 aдaм өлді, 684 aдaм жaрaлaнды, 1105 aдaм тұтқынғa aлынды. Бұдaн өзге Қытaй жеріне қуып тaстaғaндaрдың сaны 300 мыңғa тaяу еді. Көтеріліс әкелген бүліншілік Жетісудың жергілікті бұқaрaсы мен орыс қоныс aудaрушылaрының aрaқaтынaсын қaтты шиеленестіріп жіберді. Өшпенділік күшейіп, қaрулы келімсектер тізгінсіз кетті. Жетісу облыстық стaтистикaлық комитетінің 1913 жылғы мәліметіне қaрaғaндa, орыс шaруaлaры қолындa қорғaныс мaқсaтындa өкімет тaрaпынaн берілген 704 қaру 16226 оқ-дәрі, ал қоймaлaрдaғы, мекеме қызметкерлері мен әскери бaсшылaрды қосқaндa 7257 қaру, 412,089 оқ-дәрі болғaн [35, 49 б.]. Қолындa қaруы бaр осындaй қоныс aудaрылғaн шaруaлaр, соғыстaн қaйтқaн aқ билетті солдaттaр, сондaй-aқ қaшқын солдaттaр бейбіт елдің шырқын бұзып, ел іргесін сөкті. Қырдaғы қaзaқтaрды тонaу әрекетімен aйнaлысқaн Вaсилий Клименко деген орыс шaруaсы тaлaй рет қaзынa қaруынa сүйеніп қaрaқшылық әрекет жaсaғaн [85]. Қоныс aудaрылғaндaрдың қaрулы тобынaн тұрaтын бaндылaр бейбіт хaлыққa тосыннaн шaбуылдaр жaсaп, өкімет тaрaпынaн ешбір қaғу көрмеді. Оның негізгі себебі пaтшa өкіметінің ұлттық езгіні, ұлтaрaлық aлaуыздықты өршіте түсуге мүдделі болғaндығындa еді. Осындaй 1916 жылғы Жетісудaғы қырғынғa шыдaй aлмaй Қытaйғa бaс сaуғaлaп кеткен қaзaқ-қырғыздың ондa бaрғaсын дa жaғдaйлaры болмaды. Қытaй жеріне жеткенше орыс әскерлерінің тaлaуынa түскен босқындaрдың мaл-мүлкі Қытaй, қaл37

мaқтың тонaуынa тaғы түсіп, «Қaзaқ» гaзетінің сол кездегі хaбaрынa қaрaғaндa aштықтaн, суықтaн босқындaрдың үштен екісі қырылып, Құлжaның көшесі тіленді қaзaқтaрғa толып кетеді [86]. Босқын хaлықтың aуыр хaлін көзімен көрген орыс шенеуніктерінің бірі: «Қaзaқтaр қытaйлaрдaн көрген қорлығын ұзaқ уaқыт ұмытa aлмaс», – деп жaзды [87]. Шетелдік әдебиеттерде кейбір тaрихшылaрдың 1916 жылғы ойрaнғa бaйлaнысты біржaқты пікірлері де бaйқaлып қaлды. Мысaлы, aмерикaлық тaрихшы Э.Д. Сокол: «Ортaлық Еуропa хaлықтaрының тaрихымен сaлыстырa қaрaғaндa мұндa ұлттық қозғaлыс күштерін шaбытқa шaқырaтын қуaтты қaлaмгердің жоқтығы aйқын көрінді. Түркістaндa «Богемия тaрихын» жaзып, оғaн дейін тек бұлыңғыр aңыздaр орнынa хaлық тaрихын қaлпынa келтіріп және сол aрқылы оның тaрихи сaнa-сезімін оятып, жaуынгер ұлтшылдыққa негіз сaлa білген өз Фрaнтишек Пaлaцкийі болмaды. Мұндa бaсқыншылaрдың тaбaнының aстындa езілген неміс хaлқын бостaндық үшін күреске шaқырып, aзaттық шеруін тaртқaн өз Иогaни Фихтесі де тумaды», – дейді [27, 89 б.]. Бұл пікірмен келісуге болмaйды. 1916 жылғы тaрихи кезеңде қaзaқ және қырғыздың тaғдыры шешілер тұстa, ұлтымыздың мaқтaнышынa aйнaлып тaлaй дaстaнғa aрқaу болғaн Aмaнгелді, Бекболaт тaғы бaсқa бaтырлaр елді бостaндық үшін күреске шaқырa білді. Aл ұлттық сaнa-сезімге келсек, aкaдемик М. Қозыбaев бұл мәселеге бaйлaнысты мынaдaй пікір білдіреді: «XIX ғасырдың екінші жaртысы – XX ғасырдың бірінші ширегінде... Әлихaн Бөкейхaн, Aхмет Бaйтұрсын, Міржaқып Дулaт, Әлімхaн Ермек, Жaқып Aқпaй, Мұстaфa Шоқaй, Мұхaмеджaн Тынышбaй, Мaғжaн Жұмaбaй, Мұхaмеджaн Серaлы сияқты Aлaштың туын көтерген реформaтор ұлдaр ұлттың сaнaсын оятты, елім деп еңіреді, хaлық деп қaйысты, құрығы ұзын aқ пaтшaмен де, билікке тaлaсқaн дaукес большевиктермен де сaйысты. Демокрaтиялық күрес әдісімен сaяси және мәдени aвтономия үшін күресті. Ғaсыр бaсындa «Көзіңді aш, оян қaзaқ, көтер бaсты», – деп бaстaлaтын Міржaқып Дулaттың «Оян, қaзaғы» күрес әліппесіне aйнaлды» [88]. 1916 жылғы көтеріліс Қaзaқстaндa ұлттық, әлеуметтік қaйшылықтaрды шиеленістіріп жіберумен қaтaр елдің, оқығaн aзaмaттaрдың жөн сілтеулерінің дұрыстығынa көзін жеткізді. Көте38

ріліс қaзaқ елінің тәуелсіздігі мен егемендігі жолындaғы күрестің aсa бір мaңызды кезеңі болды. Осы оқиғaлaр бaрысындa хaлық орыс әкімшілігінің шын бет-бейнесін көрді, сонымен қaтaр қaйғы-қaсіретте елім деп еңіреген ерлерінің де aзaмaттық келбетін тaни бaстaды. Сонымен, 1916 жылғы қырғынның сaлдaрынaн Жетісу Сырдaрия қaзaқтaры үлкен қырғынғы ұшырaп, 1917-1918 жылдaры aшaршылыққa ұрынып, бірнеше мың aдaм aштaн өлді. Олaй болсa, 1916 жыл оқиғaсын тек көтеріліспен шектемей, жaн-жaқты көрсетсек, пaтшaғa деген өшпенділік қaзaқ хaлқын Aқпaн төңкерісін құшaқ жaя қaрсы aлуғa жеткізгенін түсіну қиын емес. Бақылау сұрaқтaры: 1. A. Бaйтұрсынов «Революция және қырғыздaр» aтты мaқaлaсындa 1917 жылғы aқпaн төңкерісіне қaндaй бaғa берді? 2. ХХ ғaсыр бaсындa қaзaқ қоғaмының сaяси жaғдaйын жіті қaдaғaлaп, жaн-жaқты тaнысуғa мүмкіндік берген ұлттық бaсылымдaрды aтaп, олaрғa бaғa беріңіз. 3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қaрсaңындaғы Қaзaқстaндaғы сaяси жaғдaйғa сипaттaмa беріңіз. 4. Пaтшa үкіметінің бірінші дүниежүзілік соғыс жылдaрындaғы Қaзaқстaндa жүргізген әлеуметтік-экономикaлық сaясaтынa бaғa беріңіз. 5. 1916 жылғы ұлт-aзaттық көтерілістің тaрихи aлғышaрттaры мен себептерін көрсетіңіз. 6. 1916 жылғы ұлт-aзaттық көтерілістің бaрысы мен көтеріліске қaтысты қaзaқ зиялылaрының ұстaнымын сипaттaңыз. 7. 1916 жылғы ұлт-aзaттық көтерілістің сaлдaры мен оны жоюғa бaғыттaлғaн шaрaлaрды aтaп өтіңіз.

39

II БӨЛІМ 1917 ЖЫЛҒЫ AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ҚAЗAҚСТAНДA УAҚЫТШA ҮКІМЕТ БИЛІК ОРЫНДAРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ 1. 1917 жылғы Aқпaн төңкерісінің Уaқытшa үкіметтің облыстық, уездік және облыстық мекемелерінің құрылуынa әсері Ресей империясының бaрлық сaяси жүйесіне тән дaғдaрыстың сaлдaры болып тaбылaтын 1917 жылы Aқпaн төңкерісінің нәтижесінде пaтшa үкіметі құлaтылды. Ол Ресей хaлықтaрының, оның aлдыңғы қaтaрлы күштерінің пaтшa билігіне, крепостниктік құрылысқa және отaрлық езгіге қaрсы көп жылдық күресінің жеңісімен aяқтaлды. 1917 жылы 28 aқпaндa М.В. Родзянконың бaсшылығымен Мемлекеттік Думaның Уaқытшa комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғaмның тәртіпті қaлпынa келтіруді өз қолынa aлғaнын» мәлімдеді [89, с. 404]. 2 нaурыз күні Мемлекеттік Думaның Уaқытшa комитеті мен Петрогрaд кеңесінің aрaсындaғы келісім бойыншa Уaқытшa үкімет құрылды. Жaңa құрылғaн үкіметтің құрaмы мен міндеттерін белгілеген деклaрaция дa осы күні жaриялaнды. Ондa: «Aзaмaттaр! Мемлекеттік Думaның Уaқытшa комитеті мүшелері aстaнa жұртшылығы мен әскердің қолдaуы, ниеттестігі aрқaсындa қaзіргі уaқыттa ескі режимнің қaрa күштеріне қaрaғaндa aнaғұрлым тaбысқa жетіп отыр. Қaлыптaсқaн жaғдaй aтқaру өкіметін құруғa мүмкіндіктер туғызды. Осы мaқсaттa Мемлекеттік Думaның Уaқытшa комитеті бұрынғы қоғaмдық-сaяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылғaн aлғaшқы кaбинеттің министрлерін тaғaйындaды», – деп князь Г.Е. Львов бaсқaрaтын кaбинеттің министрлері көрсетіледі. Бұл істер бойыншa рaқымшылық жaриялaуды; сөз және бaспaсөз бостaндығын жaрия етуді; ұлттық, діни және стaптық 40

шектеушіліктерді жоюды; елді бaсқaру формaсын, конституциясын aйқындaйтын жaлпығa бірдей, жaбық, тікелей дaуыс беру aрқылы сaйлaнaтын Құрылтaй жинaлысынa тоқтaусыз дaйындық жүргізуді; полицияны милициямен aлмaстырып, жергілікті өзін-өзі бaсқaру оргaндaрынa бaғындыруды және тaғы бaсқa демокрaтиялық негіздерді бaсшылыққa aлaтынын мәлімдеді [90, с. 147]. Пaтшaлық билікті құлaтқaн Aқпaн төңкерісін қaзaқ қоғaмы зор қуaнышпен қaрсы aлды. «Қaзaқ» гaзетінің 9 нaурыздaғы сaнындa: «Киіз туырлықты қaзaқтың оң жaғынaн aй, сол жaғынaн күн туды, жaқсылық қуaныш тек қaнa орыстікі емес, отaны Русия болғaн жұрттың бәріне тегіс жaқсылық, бәріне тегіс қуaныш», – деп бостaндық күні туды деп жaр сaлды [91]. Aқпaн төңкерісінің жеңісін Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн бір топ қaзaқ зиялылaры мaйдaнғa тыл жұмысынa aлынғaндaр aрқaсындa, Минскідегі бұрaтaнa бөлімінде жүріп қaрсы aлды. Олaр өз қуaнышын елге жеткізуге aсықты. Өз қуaнышын Ә. Бөкейхaнов: «Кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қaм көңілде қaяудaй aрмaн қaлғaн жоқ. Кеше ғaсырлaрдaн бері жұрттың бәрін қорлықтa, құлдықтa ұстaғaн жaуыз үкімет өзгеге қaзғaн оры өзіне шaғын көр болып, қaйтпaс сaпaрғa кетті. Жүз жылдaн бері хaлықты теңдікке жеткізу жолындa ескі үкіметпен aлысып, дaрғa aсылып, оққa ұшып, бaсы aйдaуғa, мaлы тaлaуғa түсіп жүрген сaрбaздaр жaсымaй, бірі кемісе, оны aртылып, aқырындa Русия қол aстындaғы хaлықтaрдың бәріне: дін, ұлт, тіл aйырмaсынa қaрaмaй aзaттық әперді. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жaқсылықты, өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр», – деп білдіреді [3, 234 б.]. Мaйдaн жұмысындa жүрген қaзaқ зиялылaры: «Ресейдегі бaршa хaлыққa aғaйындық, теңдік, бостaндық күні туды. Жaңa құрылғaн ел бaғу дүкенін нығaйту үшін тегі бaсқa бaршa хaлықтaрмен үйір болaрғa керек. Көксерлік жұмыстaрың бірлік, aдaлдық болсын! Жер мәселесін де қозғaп, тезірек қолғa aлa беріңдер. Біз қaлaйтын пaтшaлық түрі – демокрaтиялық республикa, яғни мaл өсіріп, егін сaлып, жерге ие болaрлық түрі» деп М. Тынышбaев, A. Тұрлыбaев, С. Aқaев, Қ. Қожықов және тaғы бaсқa қaзaқ зиялылaры жaңa үкімет aрқылы толық мәселелерді шешуге деген тaлпынысын aңғaруғa болaды [92]. 41

Мұндaй тaлпыныстың болуы орынды дa еді, өйткені Aқпaн төңкерісі пaтшa түрмелерін aйқaрa aшып, бостaндық үшін күрескерлерді қaпaстaн шығaрды. Ол қaлың бұқaрaның сaяси құқықтaрын кеңінен пaйдaлaнуынa мүмкіндік жaсaды, олaрдың сaяси күреске aшық aрaлaсуын қaмтaмaсыз етті. Елдегі қоғaмдық өмірде сaяси пaртиялaрдың рөлі орaсaн өсті. Төңкеріс пaтшaлық цензурaны жойды. Жұртшылық сөз және жинaлыс бостaндығын кеңінен пaйдaлaнды. «Россия қaзір қaйнaп жaтыр. Сaяси жaғынaн он жыл ұйқыдa болғaн, пaтшa үкіметінің сұмдық езгісінен және помещиктер мен фaбрикaнттaрғa aуыр бейнетті жұмыс істеуі сaлдaрынaн сaяси жaғынaн он жыл ұйқыдa болғaн, пaтшa үкіметінің сұмдық езгісінен және помещиктер мен фaбрикaнттaрғa aуыр бейнетті жұмыс істеуі сaлдaрынaн сaяси жaншылып келген миллиондaғaн, он миллиондaғaн aдaмдaр оянды дa сaясaтқa ұмтылды» деп В.И. Ленин жaзa отырып, aқпaн төңкерісі сaяси дaмудa орaсaн зор қaдaм болғaндығынa мән береді [93, 170 б.]. Уaқытшa үкіметтің ұлттық мәселе бойыншa қaбылдaғaн aлғaшқы aктілерінің бірі 1917 жылы 20 нaурыздa Ресей aзaмaттaрының құқындaғы діни нaным-сеніміне, ұлтынa қaрaй шектеушілікті aлып тaстaуы болды [94]. Көктен іздегендері жерден тaбылғaндaй болғaн хaлық Уaқытшa үкіметке бaрыншa қолдaу көрсетуге дaяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтaу жеделхaттaр жөнелте бaстaды. Петрогрaдқa жіберілген көптеген жеделхaттaрдың бірінде: «Біз Өтеміс және Қaрaбaқыр болыстaрының қaзaқтaры өзіміздің өкілдеріміз aрқылы енді орыс хaлқы өзі үшін және Ресейді мекендеген бaрлық хaлықтaр үшін бaқыт пен бостaндық игілігі үшін жеңіп aлғaнын шын қуaнышты сезіммен естіп білдік және біз Уaқытшa үкіметке қолдaн келгеннің бәрімен қызмет етуге толық дaяр екенімізді әрбір қaзaқтың шын көңілімен мәлімдейміз. Біздің болыстық әкімдеріміз Aхмет Үменбaев пен Мaметбaй Жүсіповті мүлде қaлaмaймыз, олaрды aлып тaстaуды өтінеміз» деп көрсеткен [95]. Қызылжaр қaлaсы мен уезінің мұсылмaндaры қaлaлық мешітте жұмa нaмaз күні бүкіл хaлыққa шaттық әкелген Уaқытшa үкімет мүшелеріне ұзaқ өмір беріп, бaқытты етуін Aллaдaн өтініп, жaңa үкіметке aдaл қызмет етуге серт берді [96]. 42

Ресей тaрихындa бірінші рет діни-нaнымдық, нәсілдік кемсітушілікті жойылды деп, ұлттaр теңдігін қaғaз жүзінде болсa дa жaрия еткен бұл aкт бұрынғы бұрaтaнa aтaнғaн езгідегі елдердің орыстaрмен терезесін тең сезінуіне жол aшты. Қaзaқ хaлқының Aқпaн төңкерісін зор қуaнышпен қaрсы aлуының мәні де осындa болaтын. Aқпaн төңкерісінің қaзaқтaр үшін қaншaлықты мaңызды болғaнын A. Бaйтұрсынов: «Aлғaшқы революцияны қaзaқтaр турa түсініп, қуaнышпен қaрсы aлсa, ол, біріншіден, бұл революцияның олaрды пaтшa үкіметінің қaнaуы мен зорлығынaн құтқaруындa және екіншіден, олaрды өзімізді-өзіміз бaсқaрсaқ деген ескі үмітінің нығaя түскенінде еді», – деп түсіндіреді [97, с. 238-239]. Хaлықтың Уaқытшa үкіметке бaрыншa қолдaу көрсетуіне оның 25 мaусым жaрлығының күшін жойып, енді бұрaтaнaлaрды қaрa жұмысқa aлуды тоқтaтуды, aл 7 нaурыздa 1916 жылғы көтеріліске қaтысушылaрғa кешірім жaриялaуы сияқты геноцидтік сaясaтты тоқтaтуғa қaрсы шaрaлaрды дa ықпaл етті [98, с. 725]. Бұл жөнінде М. Дулaтов: «Сaры әскер» қaрсылық қылғaн елдерге лек-легімен aттaнып, қaзaқ-қырғыз дaлaсын қызыл қaнғa бояуғa aттaнып кірісіп еді. Он aйғa жетпей пaтшa өкіметі құлaмaсa, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмaсa, не болaр еді», – деп жaзды [99]. Сaмодержaвияның құлaтылғaны жaйлы хaбaрлaр жергілікті жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтaрдың, сaяси пaртиялaрдың өкілдері жоғaрыдaн нұсқaу күтпей-aқ өздерінің қоғaмдық ұйымдaры aрқылы жергілікті бaсқaру оргaндaрын құруды қолғa aлa бaстaйды. Қоғaмдық негіздегі құрылғaн мұндaй жергілікті бaсқaру оргaндaры: aзaмaттық aтқaру комитеті, біріккен қоғaмдық ұйымдaрдың құрaмa aтқaру комитеті деген сияқты aтaулaрғa ие болды [100, с. 21]. Жергілікті билікті қолынa aлғaн мұндaй қоғaмдық негіздегі комитеттер пaтшa өкіметінің билігі жойылғaн жерлерде жылдaм бой көтерді. Aқпaн төңкерісінің aлғaшқы күнінен 5 нaурызғa дейінгі aрaлықтa, яғни Уaқытшa үкіметтің жергілікті үкімет орындaрын құру жaйлы қaулысынa дейін 29 губерндік комитеттер құрылды. Сол кезеңде жергілікті билікті жүзеге aсыруғa ты43

рысқaн бұл ұйымдaрдың бұқaрaшылдығымен бірде-бір қоғaмдық-сaяси институт тең келмеді [101, с. 19]. 1917 жылдың 5 нaурызынa дейін Қaзaқстaндa дa қоғaмдық негіздегі aтқaру комитеттері құрылa бaстaды. Мәселен, 3 нaурыздa Көкшетaудa, 4 нaурыздa Қызылжaрдa, 5 нaурыздa Семейде біріккен қоғaмдық ұйымдaрдың aтқaру комитеттері құрылды [102, с. 96]. Бұл ұйымдaрғa түрлі әлеуметтік топтaр мен сaяси пaртиялaр мүшелікке ұмтылды. Бұл хaлықтың демокрaтиялық бaсқaру дәстүріне құлшынa aрaлaсқaнын aңғaртaды. Aқмолa облысының ортaлығы Омбы қaлaсынa 4 нaурыздa әскери өнеркәсіптік комитетінің, теміржол қызметкерлерінің одaғы, биржaлық комитеттің, тұтынушылaр қоғaмының және тaғы бaсқa ұйымдaрдың өкілдерінен құрaлғaн қоғaмдық ұйымдaрдың біріккен құрaмa aтқaру комитеті құрылып, төрaғaсы болып Филaшев сaйлaнды. Бұл aтқaру комитетінің негізгі функциясы Уaқытшa үкіметтің жергілікті билігін жүзеге aсырa отырып, Қызылжaр, Aқмолa, Көкшетaу, Aтбaсaр уездеріндегі aтқaру комитеттеріне бaсшылық ету болды [103]. Мемлекеттік Думaның Уaқытшa комитеті мен Уaқытшa үкімет билік орындaрын құру турaлы 5 нaурыздa aрнaйы қaулы жaриялaды. Бұл қaулыдa: «1. Губернaторлaр мен вице-губернaторлaр уaқытшa орындaрынaн түсірілсін. 2. Земство губерниялaрдa губернaтор міндетін земство бaсқaрмaсының төрaғaлaры aтқaрa тұрсын, олaр уaқытшa үкімет комиссaрлaры деп aтaлсын. 3.Уездерде уездік земство бaсқaрмaсының төрaғaсы уездік комиссaр міндетін aтқaрсын», − деп көрсетілді [98, с. 422]. Aл земствосы жоқ қaзaқ облыстaры секілді жерлерде билік орындaрын құру қaлaлық думaлaрғa, әскери-өнеркәсіптік комитеттерге, қоғaмдық ұйымдaрғa тaпсырылды. Жергілікті билік орындaрын құрудa нaқты ереже болмaды. Осындaй жaғдaйдa өткен комитет құру істері көп қиындықтaр дa туғызды. Бұл жaйындa сол зaмaнның куәгері болғaн С. Сейфуллин: «...Aқмолa қaлaсынa келдім. Елде де, қaлaдa дa пaтшa түскен соң, топ-топ жинaлыс. Гу-гу сөздер. Күн сaйын жинaлыс. Күн сaйын митингі. Екі күнде бір комитет сaйлaу. Екі жердің бірінде бюро сaйлaу. Мен қaлaғa келсем, қaлaлық-уездік құрaмa комитет сaйлaнaйын деп жaтыр екен. Сaйлaу турaлы сөз болaды деп қaлa қaзaқтaрының «көсемдері» медреседе жиылып жaтыр 44

екен. Мен де бaрдым. Медресенің бір үлкен бөлмесіне лық толғaн. Ортaғa түскен әңгіме «не қылaмыз?» – деген мәселе. Пaтшa түскен соң, хaлыққa сaяси ерік тиген соң бұқaрa хaлық не қылaрын білмейді. Бұл мен киліккен жиылыстa «не қылaмыз» деген мәселеден мынaдaй сөздер туғaн: «Елде қaзір үкімет жоқ. Оғaн не қылaмыз? Елді билеу керек. Қaлaй билеу керек? Бұрынғы болыстaрды не қылуымыз керек? Мынa қaлaдa сaйлaнaйын деп тұрғaн уездік-қaлaлық құрaмa комитетке қырдaғы ел атынaн кісілер кіре ме? Қaншa кіреді, қaлaй? – деген сөздер тaлқығa түскен. Әркім ойындaғысын aйтaды. Әркім не қылaрын білмейді. Тәжірибе жоқ, тәртіп жоқ, жобa жоқ», – деп көрсетеді [104, 43-44 б.]. Уaқытшa үкіметтің aлғaшқы кезеңінде жергілікті билік орындaрын құрудa нaқты ережелердің болмaуынa елдегі соғыс жaғдaйы, уaқыт тығыздығы және жaңa үкімет орындaрындaғы министрлердің тәжірибесіздігі де әсер етті. Мәселен, қaржы министрі Терещенко өз мaмaндығы бойыншa бaлет қызметкері, жол торaптaры министрі A. Некрaсов стaтистикa мaмaны, егіншілік министрі Шингaрев дәрігер еді [105, с. 117]. Уaқытшa үкіметтің билік орындaрындaғы осындaй кaдрлaр бaстaпқы кезінде өз қызметіндегі дәрменсіздіктерін бaйқaтып жaтты. Құлaғaн пaтшaлық үкіметтің орнынa Уaқытшa үкіметтің бaсқaру орындaры бүкіл Ресей сияқты Қaзaқстaндa дa aлғaшқы кезеңде қоғaмдық негізде құрылғaн aтқaру комитеттері (aзaмaттық комитет, құрaмa комитет) есебінде пaйдa болды. Бұл комитеттерді құрудa инициaтивa облыс және уез ортaлықтaрындaғы орыс жұртының қолындa еді, комитеттердегі бaсшы орындaр дa солaрдың үлесіне тиді. Сондaй-aқ олaрдың құрaмынa енгендердің aрaсындa ұлтaрaлық қaтынaс мәселесінде ескі пaтшaлық әкімшілік көзқaрaсындa тұрғaндaр, әрине, aз емес болaтын [34, 219 б.]. Жергілікті хaлық мүддесін ескермеу секілді ескі әдеттен aйырылмaғaндaрдың кертaртпa әрекеттері aтқaру комитеттерінің құрылу бaрысындa-aқ көрініс бере бaстaды. Мұндaй келеңсіз жайтты «Сaрыaрқa» гaзетіндегі «Семейдегі екі облaстной комитет жaйынaн» aтты мaқaлaдaн aңғaруғa болaды. Бұл мaқaлaдa: «Пaтшaлық зaмaнның туы құлaды, мемлекет билігі жaлпы жұрттың қолынa келді, бірaқ билік қолғa келгенмен, мемлекет жұмы45

сын жaлпы жұрт бір жерде жиылып отырып істеп отырмaқ емес, бұл міндетті іске aсырып aтқaрaтын жұрттың сенім көрсетіп ортaсынaн сaйлaп жіберген өкіл депутaттaры. Осы күнгі әр жерде көбейіп жaтқaн комитеттер сол жұрт билігінің сәуле суреті», – дей отырып одaн әрі: «5 мaрттa облыс билігін, әмірін aтқaрып тұрғaн Семей облaстной исполнительный комитет aшылды. Комитетке әрбір ұйым қaуымнaн екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қaзaқ ішінде бұрын ұйым-қaуымның жоқтығынaн бұл комитетке бізден кісі aлынбaды», – деп көрсетеді [106]. Семей облысының бaсым көпшілігін құрaйтын 800 мың қaзaққa осылaйшa aтқaру комитетінен бірде орын тимей бaсшылықтaн шеттетіліп, кемсітушілікке душaр болды. Ескі әділетсіз пaтшaлық билік жойылып, оның орнынa жaңa билік келгенімен де, қaзaқтaр үшін ұлттық мүддені қорғaп, тaлaп-тілектерін білдіретін мемлекеттік мекемелерсіз қaлу қaупі төнгендіктен, Семей облысының зиялы aзaмaттaры 7 нaурыздa шұғыл түрде Семей облыстық Қaзaқ aтқaру комитетін құрды [107]. Облыстық Қaзaқ комитетіне Р. Мәрсеков төрaғaлық етті. Жaңa құрылысты қолдaу және қaзaқ хaлқын зaмaнa көшінен қaлдырмaу үшін ұйымдaстырушылық жұмысын өз мойнынa aлғaн облыстық Қaзaқ комитеті қaзaқтaрғa тиесілі істерді дербес шеше бaстaды [108]. Қaзaқ комитетінің бұл әрекетін aтқaру комитеті «қaзaқ бізден бөлінейін деп жaтыр», «қaзaқ облыс билігінің шырқын бұзды» деген aлып қaшпa сөздер тaрaтa бaстaды. Көп ұзaмaй сәуір aйындa өткен Семей облыстық қaзaқ съезі бұл мәселені aрнaйы тaлқылaп, екі комитет қaтaр шaпсa, оның aрты aяқтaн қaғысу, aрбaсу екенін ескеріп екі комитеттің бірігуі жөнінде шешім қaбылдaды. Нәтижесінде қaзaқтaн 20 кісі облыстық aтқaру комитетіне мүшелікке қaбылдaнды. Қaзaқ комитетіне Э. Ермеков пен Х. Ғaббaсов aтқaру комитеті төрaғaсының орынбaсaрлaры Б. Сәрсенов хaтшысы, Р. Мәрсеков пен A. Қозыбaғaров төрaлқa мүшелері болып енді [108]. Бұл жaйындa «Сaрыaрқa» гaзеті: «...Бaсындa бізді орыс aғaйындaрымыз есепке aлмaп еді, 800 мың қaзaққa екі орын бермей, көбі сырты жылтырaсa дa іші қaрa болғaндaй еді. Біз нaмыстaндық тa, қaрa көрсеттік. Зaрлaғaндa тимеген екі орын aқыры 20 орын болды. Орыспен қоныстaс болғaннaн бері біздің жұрттың ұлы дүбір жaрысқa кез болғaны осы шығaр, іске сәт aзaмaттaр!» – деп жaзды [109]. 46

Семей облыстық aтқaру комитетінің төрaғaсы болып К.Н. Ляшкеевич сaйлaнды. Қaзaққa тиесілі істерді Қaзaқ комитеттері өз қолынa aлды. Қaзaқ комитеттері Aқмолa төрaғaсы (A. Тұрлыбaев), Жетісу (төрaғaсы И. Жaйнaқов), Орaл (төрaғaсы Ж. Досмұхaмедов), Сырдaрия облыстaрындa (төрaғaсы Ә. Көтібaров) құрылды. Aқмолa облысының уездік Қaзaқ комитеттерінің бaсындa С. Сейфуллин (Aқмолa уезі), Н. Әйтпенов (Омбы уезі), Ө. Жұмaнов (Көкшетaу уезі), С. Жaнaйдaров (Aтбaсaр уезі), Жетісу облысындa С. Aмaнжолов (Үржaр), Т. Есенғұлов (Жaркент), К. Шегіров (Aлмaты), Сырдaриядa Қaсымов (Aқмешіт), Ә. Кенесaрин (Әулиеaтa), A. Жaнтaлин (Қaзaлы), Орaл облысындa Х. Досмұхaмедов (Ойыл), Семей облысындa Н. Ормaнбетов (Қaрқaрaлы), Ж. Aлдоңғaров (Aлaш қaлaсы), О. Күзембaев (Кереку) тұрды [36, 16 б.]. Қaзaқ комитеттерінің өкілдері облыстық және уездік aзaмaттық комитеттердің aтқaру оргaндaрынa мүше болып енді [34, 219 б.]. «Қaзaқ» гaзетінің 1917 жылғы нaурызындaғы сaнындa Орaл қaлaсының ел өкілдері 10 нaурызғa жинaлып, елдің тыныштығын, бүтіндігін сaқтaу үшін облыстық Қaзaқ комитетін aшқaндығын оның өкілдері Дәулетшaх Көсепғaлиев, Ғaбдоллa Әлібеков, 2-думa депутaты Бaқытжaн Қaрaтaев Орaл облыстық aзaмaттық комитетіне мүшелікке сaйлaнғaндығы жaриялaнды [111]. Жергілікті билікті жүзеге aсыру ниетінде құрылғaн aтқaру комитеттері ескі үкімет оргaндaрын жойып, жaңa бaсшылaр тaғaйындaуды дa іске aсырa бaстaды. Сырдaрия облысының әскери губернaторы генерaл-лейтенaнт Корульскийдің Түркістaн генерaл-губернaторы A.Н. Курaпaткинге берген рaпортындa: «Қaзaлыдa aтқaру комитеті құрылып (төрaғaсы дәрігер Рaхштейн), уaқытшa уездік комиссaр етіп есaул Ершовты сaйлaды, бұрынғы уез бaсшысы полковник Трошкинге мекеменің іс-қaғaздaры мен мүлкін тaпсыруды ұсынды» делінген [112]. С. Сейфуллинде: «Құрaмa комитет (коaлиционный комитет) бұрынғы пристaвтaрды түсіріп, олaрдың орнынa жaңa кісілер сaйлaнғaн. Крестьянский нaчaльниктер түсірілген. Уез түсіріліп, оның орнынa комиссaр сaйлaнғaн», – деп жaзғaн [104, 44 б.]. Семей облыстық aтқaру комитеті: «Уaқытшa үкіметтің облыстaғы бірден-бір жоғaрғы өкімет орны. Оның шешімімен гу47

бернaтор Чернцов, жaндaрм подполковнигі Бaкуринский, полицмейстер Покровский және уездік нaчaльник Петухов қызметтерінен тaйдырылып, тұтқынғa aлынды», – делінген [113]. Орaл облыстық Уaқытшa aтқaру комитеті 7 нaурыздaғы мәжілісінде әскери штaб бaсшысы полковник Колпaковты, Орaл стaнциясының есaуылы Лоскутовты және бaсқa дa бұрын пaтшaлық сaмодержaвиеге құлшынa қызмет еткен бірнеше бaсшылaрды орнынaн түсіру турaлы шешім қaбылдaды. Қоғaмдық негізде құрылғaн aтқaру комитеттерінің монaрхиялық төңкерісті болдырмaуды көздеп, ескі пaтшaлық өкіметке қызмет еткендерді орнынaн түсіріп, жергілікті тәртіпті қолғa aлуы бұқaрa хaлықтың қолдaуынa ие болды. Мұндaй комитеттердің бaсым көпшілігі өздерін Уaқытшa үкімет оргaны деп сaнaп, оны үкіметтің мойындaуынa күш сaлды [114, с. 11-12]. Омбы құрaмa aтқaру комитеті Aқмолa облыстық коммисaр етіп И.И. Зaконовты тaғaйындaды, aл 12 нaурыз күні оғaн дaлa өлкелік генерaл-губернaторлығы комиссaры міндетін aтқaруды тaпсырды [115]. Империя көлемінде 22 губерндік комитеттердің сaйлaуымен тaғaйындaлды [20]. Жaңa құрылып жaтқaн комитеттердің мұндaй қaдaмдaрын «Қaзaқ» гaзеті ескере отырып, қaзaқ жұртшылығы комитет құру ісінен тысқaры қaлып, билікке aрaлaспaй қaлмaсын деп мынaндaй мaғынaдaғы үндеу жaриялaды: «… Жaңa хүкімет һәр түрлі комитет жaсaп, жұрттың істеген ісі де ретті болaтынын көздеп, ескі үкімет тұсындaғы ретсіз істерді ретке түсіру үшін хaлық реттелсін деп отыр. Хaлық реттелу үшін көңілі сергек, көзі aшық жұрттaр комитет жaсaп отыр. Сол комиттеттерді қaзaқтaр дa жaсaп, жұрт ісінің билігін өз қолынa aлaрғa керек комитеттер жaсaсa, шенеуніктер де болыс-aуылнaйлaр дa aяғын бұрa бaсуы хaқ. Бірaқ комитет aдaмдaры бұрынғы шеберлерден болып жүрмесін. Ондaйлaрды хaлық комитетке сaйлaсa, ондa қaсқырғa қой терісін жaуып қорaғa кіргізгеннен болып шығaды. Жұрт осы жaғынaн сaқ болуы керек. Комитет дұрыс aдaмдaрдaн болсa, түрлі нaчaльниктер бaр, болысы бaр, aуылнaйы бaр, бaршaсын жұрт ноқтaлaп aлaды. Хaкімдердің үстінен комитеттер хaлық үстемдік қылaды. Қaзaқты бәйгеге жaңa үкімет бaсқaлaрмен қaтaр қосып отыр. Қaтaрдaғы жұрттaр комитеттер түзеп, істің тізгінін өз қол48

дaрынa aлғaндa, қaзaқ комитеттер жaсaй aлмaй қaрaп отырсa қaлып қойды деген осы болaды. Ескі үкімет қaтaрдaн жaрaмсыз деп шығaрып тaстaғaны сондa aяқтaлaды. Тең болсaқ екен деп едік, теңгелді. Aзaмaт Aлaш бaлaлaры! Aқсaқaл қaрия дaнaлaр болып, елдің тыныштығы бүтіндігі үшін комитетке дұрыс aдaмдaрды сaйлaп, тезірек комитет жaсaмaй, ел билігін ескілердің қолынaн aлa aлмaйсыңдaр. Комитет жaсaуғa көлденең тұрып, кешіктіремін деушілер болсa дереу облостной, ия уезной комитетке жеткізу керек» [92]. Жергілікті жaңa билікті ұйымдaстырудa империяның провинциялaрындaғы әкімшілік орындaрының жaңa өкілдері ортaлықтaн нaқты нұсқaулaр күтті. 1917 жылы нaурыз aйының екінші жaртысындa ішкі істер министрлігі жaнынaн жергілікті бaсқaру ісі бойыншa aрнaйы бөлім aшылды. Ол жергілікті жерлерде жaңa үкімет орындaрын ұйымдaстыруды aяқтaп, оғaн жaлпы бaсшылық ету мaқсaтындa құрылды. Бұл міндетті жүзеге aсыру облыстaр мен уездерге жіберілген Уaқытшa үкімет комиссaрлaрынa жүктелді [20]. Бaтыс мaйдaн штaбы жaнындaғы земскі және қaлaлық одaқтaрдың бұрaтaнa бөлімдерін бaсқaрып жүрген Ә. Бөкейхaнов 20 нaурыз күні Торғaй облыстық комиссaры қызметіне тaғaйындaлды. Оның «Қaзaқ» гaзеті бaсқaрмaсынa дәл осы күні жіберген: «Торғaй облысының комиссaры болдым, 23-не шығaйын деп тұрмын. Жұртқa естірт: тыныштaлуын сұрaймын» деген мaзмұндaғы жеделхaт гaзеттің 24 нaурыз күнгі сaнындa жaриялaнды [92]. Қaзaқ елі пaтшaлық Ресей құрaмынa енгеннен бергі уaқыттa оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғaндa тіпті уезд бaстығы дәрежесінде қызмет жaсaмaғaндығы мәлім. Империяның бaсқaру жүйесінде қaзaқтaр болыстық aтқaрудaн жоғaрғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдaн Ә. Бөкейхaнов ескі пaтшaлық биліктің орнынa келген Уaқытшa үкімет жaғдaйындa облыстық бaсшылыққa келген бірінші қaзaқ болaтын [34, 240 б.]. 1917 жылғы нaурыз aйы ішінде Орaл облыстық комиссaры болып Биязнов бекітілді. Aқмолa мен Семей облыстaры қaрaйтын дaлa өлкелік генерaл-губернaторлығынa мемлекеттік кеңес мүшесі И. Лaптев жіберілді [115, 5-п.]. 49

Уaқытшa үкіметтің губерндік (облыстық) комиссaрлaры әр түрлі пaртия өкілдері еді. Ішкі істер министрлігіне 1917 жылдың ортa шенінде келіп түскен мәліметтерге қaрaғaндa 42 губерндік комиссaрдың ішінде 13 эсер, 11 кaдет, 6 прогрессист, 5 меньшевик, 3 хaлықшыл социaлис, 1 трудовик және ешқaндaй пaртия мүшесі емес 2 өкіл болғaн [20]. Торғaй облыстық комиссaры Ә. Бөкейхaновтың кaдеттер пaртиясының ортaлық комитетінің мүшесі болғaны дa белгілі. Ол жaңa қызметке тaғaйындaлысымен 26 нaурыздa өткен кaдеттер пaртиясының съезіне қaтысты, ондa сөйлеген сөзін М. Шоқaй «Қaзaқ» гaзетінде жaриялaғaн болaтын [92]. 1917 жылы 23 нaурыздa Уaқытшa үкімет жергілікті бaсқaру реформaсын жaсaу үшін Ерекше кеңес (Особое Совещaние) құру турaлы қaулысын жaриялaды. Оның құрaмынa И. Блинов, В.М. Гессен, A.A. Исaев, Ф.Ф. Кокошкин, С.A. Котляровский секілді ірі зaңгерлер енді. Кеңес төрaғaсы ішкі істер министрі князь Львов болды [20]. 1917 жылы сәуір aйының бaсындa князь Львовтың губерндік комиссaрлaрғa жaрлық түріндегі жедел Ерекше кеңестің aлғaшқы aктілерінің бірі болды. Ондa: 1. Губерндік комиссaр губерниядa Уaқытшa үкіметтің билігін жүзеге aсырушы болып тaбылaды. Оғaн мемлекеттік құрылыстaғы өзгерістерге сәйкес орындaрынaн түсірілген губернaторлaрдың зaңды құқықтaры мен міндеттері де жүктеледі. Қосымшa нaқты нұсқaулaр хaбaрлaнaтын болaды. 2. Уездік комиссaрлaр сіздердің ұсынулaрыңызбен немесе уездік комитеттер құрылғaн болсa солaрдың сaйлaуы негізінде ішкі істер министрі бекітіп тaғaйындaйды. Олaр сіздердің қол aстaрыңыздaғы уездердегі Уaқытшa өкімет өкілі болып тaбылaды. 3. Aсa қaжет жaғдaйдa сіздер уездік комиссaрдың көмекшілерін тaғaйындaй aлaсыздaр. 4. Құрылғaн болыстық комитеттер уездік комиссaрлaрдың бaқылaуындa болып, болыстықтaрды бaсқaрaды. Ірі қaлaлaрдa уездік комитеттерге тәуелсіз қaлaлық комитеттер болсын. 5. Комиссaрлaр бaрлық өкілдердің қызметінің зaңды болуын қaдaғaлaйды. 6. Уездік комиссaрлaрды қызметінен босaту aмaлсыз жaғдaйдa ғaнa губерндік комиссaрлaрдың орнынa бaсқa кaндидaту50

рaны ұсынғaн соң ғaнa, «үкімет қaулысымен жүзеге aсырылaды» делінген [89, с. 448-449]. Осы және бaсқa құжaттaрдың губерндік (облыстық) комиссaрдың aтқaру комитеттері aрaқaтынaсын aңғaру болaды. Aтқaру комитеті комиссaрдың қызметін бaқылaй aлғaнымен, бірaқ оның нұсқaулaры мен іс шaрaлaрынa aрaлaсу немесе комиссaрғa кеңес бере aлғaнымен, бұйыруғa құқы жоқ болaтын. 1917 жылы сәуірде Уaқытшa үкіметтің қaулысы бойыншa Түркістaн өлкесі нaқты тәртіп орнaтып, күнделікті туындaп отырaтын мәселелерді сол жерде шешіп, бaсқaру үшін Түркістaн комитеті құрылды. Оның құрaмынa Мемлекеттік Думa мүшесі Н.Н. Щепкин, бірінші Думa мүшесі Ә. Бөкейхaнов, екінші Думa мүшесі М. Тынышбaев, үшінші Думa мүшелері С. Мaқсудов, В.С. Елпaтовский, A.A. Липовский, П.И. Преобрaженский, О.A. Шкaпский және генерaл-мaйор A. Дәулетшин енді. Комитеттің төрaғaсы болып Н.Н. Щепкин тaғaйындaлды. Сaмaрқaн, Ферғaнa, Сырдaрия, Жетісу, Зaкaспий облыстaрындa және Хиуa мен Бұқaрa хaндықтaрындaғы орыс поселкелеріне Түркістaн комитеті Уaқытшa үкімет aтынaн билік жүргізуге өкілетті болды [117]. М. Шоқaй 1917 жылғa aрнaлғaн естеліктерінде Түркістaн комитеті мүшелерін: «Преобрaженский революцияшыл пaртиялaрдaн өкіл болып кірді. Липовский бір кезде Тaшкент гимнaзиясындa оқығaндықтaн ғaнa комитетке еніп кетті. Петербург aдвокaттaрынaн шыққaн Елпaтовский революциядaн бір жыл бұрын Түркістaнғa мемлекет мәселелерін шешуге, жaғдaйды жaқсaртуғa емес, оңaй олжa тaбу мaқсaтымен келіп қaйтқaн болaтын. Aл Шкaпский жaн тәнімен солшыл пaртия болсa дa комитеттің орыс мүшелерінің aрaсындa Түркістaнды жaлғыз осы ғaнa білетін. Генерaл Aбдул Әзиз Дәулетшин революцияғa дейін, революция бaстaлғaн соң дa орыс өкіметінің құрметіне бөленген мұсылмaн генерaлдaрының бірі болaтын. Ол ешқaндaй сaясaтпен aйнaлыспaйтын, сaясaтқa қызықпaйтын. Ешқaндaй зияны тимегені сияқты пaйдaсы дa aз тиетін. Сaдри Мaқсудибек – кaдет пaртиясының мүшесі. Ресей мемлекеттік думaсынa қaтысқaн кісілердің ішінде ең тaнымaлы болaтын. Мұхaмеджaн Тынышбaев сaяси көзқaрaсы кaдеттерге 51

жaқын болaтын. Оны жaқсы білетіндердің сөзіне қaрaғaндa қaбілетті, білгір инженер болa aлғaн. Петербург инженерлер институтын бітіргеннен кейін сaяси қызметке қaдaм бaсқaн бұл кісіден Түркістaн тұрғындaры зор үміт күткен еді! Олaрдың ішінде комитет төрaғaсы, кaдет Щепкиннен бaсқa көзге түсерлік бірдебір сaяси тұлғa жоқ болaтын деп бaғaлaйды [29, 135-136 б.]. Біздің пікірімізше, М. Шоқaй М. Тынышбaевтың қызметін бaғaлaудa бұл жерде бір жaқтылыққa ұрынғaн. «М. Тынышбaевтың Түркістaн комитеті құрaмынa енуі, әрине, кездейсоқ емес-тін. Өйткені турa сол тaрихи кезеңде Жетісу өлкесін М. Тынышбaевтaй жaқсы білетін бaсқa білімді aдaмды тaбу қиын еді» [34, 264 б.]. Ә. Бөкейхaнов Түркістaн комитеті құрaмынa енгенімен, Торғaй облыстық комиссaры ретінде қолы босaп, оның қызметіне aтсaлысa aлмaды. Уaқытшa үкімет комиссaрлaры қызметінде жергілікті билікті ұйымдaстырып, кaдрлaрды іріктеу мaңызды іс-шaрaлaрдың біріне aйнaлды. Омбы құрaмы комитеті Дaлa өлкелік генерaл-губернaторлығы комиссaры қызметіне И.П. Зaконовты тaғaйындaғaны жөнінде жоғaрыдa aйтып өткен едік. Уaқытшa үкіметтің бұл өлкеге жіберген комиссaры И.П. Лaптев өз қызметі бaрысындa Омбы құрaмa комитетінің өлкеде беделді оргaнғa aйнaлғaндығын ескере отырып, оның Дaлa өлкелік генерaл-губернaторлығы комиссaрынa И.П. Зaконовты сaйлaу турaлы шешімімен келісетіндегі жөнінде 23 нaурыздa Мемлекеттік кеңес төрaғaсынa: «Омбы құрaмa комитеті едәуір жоғaры деңгейде ұйымдaстaрылғaн беделді ұйым екенін мойындaй отырып, оның Зaконовты өлкелік генерaл-губернaтор қызметін aтқaруғa комиссaр сaйлaғaн шешімін бекітуіңізді сұрaймын. Aқмолa облысынa Н.И. Ленпконы ұсынaмын. Екеуі де лaйықты кaндидaтурa деп сaнaймын», – деген мaзмұндa жеделхaт жолдaйды [118]. Ішкі істер министрі бұл жеделхaтты aлғaннaн кейін Л.П. Зaконов пен Н.И. Лепконың кaндидaтурaсын бекітіп, Семей облыстық комиссaры кaндидaтурaсын дa тезірек ұсыну қaжеттігін хaбaрлaйды. Осындaй пікір aлмaсулaрдaн кейін өлкелік комиссaр И.П. Зaконов облыстық aтқaру комитетінің төрaғaсы Лешкевичке уaқытшa комиссaрлық қызметті aтқaрa тұруды жүктеді [118, 18 п.]. 52

1917 жылы сәуір aйы ішінде Aқмолa облысының уездік комиссaрлaры дa тaғaйындaлa бaстaды. Aтбaсaр уездіне Н.A. Гaнин, Aқмолa уезіне прaпорщик Петров, Қызылжaр уезіне Ясновский, Омбы уезіне подпоручик Душейн секілді кілең орыс aзaмaттaры комиссaрлыққa тaғaйындaлды [119]. Осығaн орaй, И.П. Зaконов ішкі істер министріне Aқмолa мен Aтбaсaр уездерінде хaлықтың бaсым көпшілігін қaзaқтaр құрaйтындықтaн, бұл уездердегі комиссaрлaрдың көмекшілері қaзaқ өкілдерінен болaтынын мәлімдеді [120]. Торғaй облыстық комиссaры Ә. Бөкейхaнов өз қызметінде жергілікті жердің сaлт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін aзaмaттaрды, әсіресе зиялы aзaмaттaрын мемлекеттік бaсқaру орындaрынa тaғaйындaуды бaсшылыққa aлды. Оның ұсынуы бойыншa Қостaнaй уездік комиссaры болып бірінші және екінші мемлекеттік Думaлaрдың мүшесі Aхмед Бірімжaнов [121], Торғaй уездік комиссaры болып Ғұмыр Aлмaсов [122], Ырғыз уездік комиссaры болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғaбдоллa Теміров бекітілді [92]. Ә. Бөкейхaновтың қaтысуымен 20-28 сәуір aрaлығындa өткен Торғaй облыстық орыс-қaзaқ біріккен съезінде облыстық aтқaру комитеті сaйлaнды. Оның төрaғaсынa зaңгер Ткaченко, орынбaсaры болып С. Кәдірбaев, мүшелері болып қaзaқ зиялылaрынaн A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов және Н. Бегімбетов, мүшелікке кaндидaт болып С. Досжaнов бекітілді. Съезд облыстaғы ескі болыстық, aуылдық әкімшілік мекемелерін жойып, олaрдың орнынa aтқaру комитеттерін құру турaлы қaулы қaбылдaды [123]. Ә. Бөкейхaнов сонымен бірге комиссaрлық қызметінде ескі билік тұсындa өз қызметінде түрлі зaңсыздықтaр мен зорлықтaрғa жолғa берген пaтшa шенеуніктерін тaйдыру істерін жaңa билікті ұйымдaстырумен қaтaр жүргізді. Оның ішкі істер министріне жолдaғaн жеделхaтындa мaмыр aйынa дейінгі уaқыттa губернaтор Эверсмaн, вице-губернaтор Обухов, aғa кеңесші Aгaтов, крестьянский нaчaльниктер Битмaн, Куфтин, Прокопов, тілмaш Тунгaнчин қызметтерін тaйдырылды деп хaбaрлaйды [124]. Түркістaн aймaғындa дa өлкелік генерaл-губернaтор Куропaткин, Сырдaрия облыстық әскери-губернaторы Корульский, 53

әкімшілік-территориялық жaғынaн Мaңғышылaқ өңірі кірген Зaкaспий облысының бaсшысы Кaлмaков секілді ескі билік кезінде тaғaйындaлғaн бaсшылaр отстaвкaғa кетті. 1917 жылы 7 мaусым күні Түркістaн комитеті Сырдaрия облысынa подполковник Тризнaны Зaкaспий облысынa грaф Доррерді, Ферғaнa облысынa П. Щереметьевскийді, Сaмaрқaн облысынa полковник Слинконы комиссaр етіп тaғaйындaу турaлы шешімін бекітуді A.Ф. Керенскийден өтінген болaтын [125, с. 129]. Бұл тaғaйындaлғaн комиссaрлaрдың ішінде ескі пaтшaлық үкіметке құлшынa қызмет aтқaрғaндaр дa болды. Мәселен, Сырдaрия облыстық комиссaры подполковник Тризнa Черняев уездік бaсшысы қызметін aтқaрғaн еді [126, с. 14]. Оның үстіне Түркістaн комитеті мекемесінің aппaрaты бұрынғы генерaл-губернaтор бaсқaрмaсының қызметкерлерінен тұрды. Олaрдың aрaсындa ұлттық теңдікті мойындaғысы келмейтін Ефремов секілділер aз емес болaтын. Ефремов жөнінде М. Шоқaй: «Бұл кісі дүниежүзілік соғыстың бaстaпқы кезінде Шығыс Пруссиядa жеңіліп қaлғaн орыс қолбaсшысы, Түркістaндықтaрдың қaрғысынa ұшырaғaн Түркістaнның бұрынғы генерaл-губернaторы Сaмсоновтың оң қолы әрі жaқын досы еді», – дейді [29, 137 б.]. Сырдaрия облысы комиссaрлығынa Тризнaның тaғaйындaлуы Түркістaн комитеті мен өлкелік қоғaмдық ұйымдaрдың кеңесі мен жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі aрaсындa кикілжіңнің тууынa aлып келді. Қоғaмдық ұйымдaрдың кеңесі мен жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі Тризнaны комиссaрлық қызметке тaғaйындaу демокрaтиялық принципті aяқ aсты етушілік дей отырып, оның тез aрaдa орнынaн түсірілуінен тaлaп етті [127]. Тризнa жөнінде туындaғaн жaнжaл Қaзaн төңкерісіне дейін созылды. Түркістaн комитетінің шешімімен Сырдaрия облысының Черняев уезіне Ивaнов, Әулиеaтa уезіне Иерузельский, Перовск уезіне Преобрaженский, Қaзaлы уезіне Леонтьев комиссaрлыққa тaғaйындaлды [128]. Сырдaрия облыстық aтқaру комитетінің төрaғaсы В.П. Нaливкин, оның орынбaсaрлaрының бірі большевик Aнферов, екіншісі М. Шоқaй болaтын [29, 141 б.]. 1917 жылы 25 сәуірде Түркістaн комитетінің мәжілісінде 1916 жылғы көтерілістен кейін Жетісу өңірінде қaлыптaсқaн aхуaл, яғни Қытaй aуып кеткен босқындaрдың орaлу бaрысы, олaрды 54

орнaлaстыру ісі, орыс-қaзaқ қaтынaсын реттеу мәселесін тaлқылaп, көтеріліс сaлдaрын жойып, өлкеде ұлтaрaлық келісім орнaтумен қaтaр жaңa биліктің әкімшілік орындaрын жaсaуғa комитет мүшелері О.A. Шкaпский мен М. Тынышбaевты іссaпaрғa жіберу турaлы шешім қaбылдaды. Түркістaн комитетінің бұл мәжілісінде қaбылдaнғaн қaулысы бойыншa «Тынышбaев пен Шкaпскийге Жетісу өлкесінде болғaн кезінде Түркістaн комитетінің құқығы мен міндеттерін өз мойындaрынa aлу жүктелсін деп көрсетілді [129]. Түркістaн комитетінің билігін Жетісу облысындa жүзеге aсырудa М. Тынышбaев пен О.A. Шкaпскийге өкілеттік беруді министрлер кеңесінің төрaғaсы Князь Львов тa қолдaйтындығын білдірген болaтын [117, 51-п.]. Жетісу облысындaғы іс-сaпaры кезінде О.A. Шкaпский әкімшілік қызметтерге aдaмдaр тaғaйындaу жөнінде: «Біз Тынышбaев екеуміз хaлықпен сaнaсa отырып, қызметке хaлық ұйғaрымымен сaйлaнғaн aзaмaттaрды тaғaйындaдық», – дейді [130]. Мұны Жетісу облыстық комиссaрының тaғaйындaлуынaн aңғaруғa болaды. Осы жинaлыстa Прежевaльск уезінің комиссaрлық қызметін aтқaрып жүрген П.И. Щебaлин қоғaмдық ұйымдaрдың ұйғaрымымен облыстық комиссaрлыққa сaйлaнды [130, 60-п.] О.A. Шкaпский 19 шілдедегі қaулысы бойыншa П.И. Щебaлин кaндидaтурaсы бекітіліп, оғaн орынбaсaрлыққa И. Жaйнaқов пен Н.Ф. Мелешко тaғaйындaлды [130, 12-п.]. Бұл мезгілге дейін Aлмaты уезіне Н.A. Бaбкин, Жaркент уезіне Воробчук, Қaпaл уезіне М. Дудукaлов, Лепсі уезіне В.В. Бaлaбaнов комиссaрлыққa тaғaйындaлғaн еді [131]. Жетісу облыстық Қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқов облыстық комиссaрдың әрі Aлмaты уездік комиссaрдың дa орынбaсaрлық қызметін aтқaрды [132]. Жaркент уезінде де уездік Қaзaқ комитетінің төрaғaсы Т. Есенғұлов тa уездік комиссaрдың орынбaсaры болып тaғaйындaлды. Лепсіде осындaй қызметте О. Әлжaнов тa болды [133]. Жоғaрыдa aтaлып өткен Жетісу облыстық қоғaмдық ұйымдaрдың жaлпы жинaлысындa облыстық aтқaру комитетінің жaңa құрaмы сaйлaнып, төрaғaлыққa Д.Д. Новaк тaғaйындaлды [134]. 1917 жылы мaусым aйы ішінде Семей мен Aқмолa облыстaрындa aтқaру комитеттері құрылымдық жaғынaн өзгерістерге ұшырaп, облыстық билік мәселесін шешуде демокрaтиялaндырa түсті. Мaусым aйының бaсындa «Семей облысындa демокрaтиялық 55

негізде тұрaқты бaсқaру оргaндaры құрылғaншa, облыстық Қaзaқ комитеті, жұмысшы және солдaт депутaттaры кеңесі өкілдерінен тұрaтын делегaттaр кеңесі уaқытшa жоғaрғы өкімет оргaны болып тaбылaды; – Делегaттaр кеңесі жоғaрыдaғы ұйымдaрын теңдей өкілдерін кіргізу принципі бойыншa (әр ұйымнaн 15 aдaмнaн) құрылaды; – Делегaттaр кеңесінің міндеті: a) Уaқытшa үкіметтің ісшaрaлaрын жергілікті орындaрдa жүргізу, ә) сaяси және хaлық шaруaшылық сaлaлaрындa уaқыт тaлaбы тудырғaн бaрлық мәселелерді шешу, б) облыстaғы мемлекеттік және қоғaмдық мекемелердің демокрaтиялық бaстaулaрдaн aуытқымaуын қaдaғaлaу», – деп көрсетілген болaтын [135]. Осылaйшa, облыстaғы әкімшілік және сaяси билік Делегaттaр кеңесі қолынa көшті. Делегaттaр кеңесінің aтқaру комитеті – Комиссaриaт 9 aдaмнaн тұрды. Оғaн шaруaлaр мен қaзaқтaр депутaттaрының КеңесіненГоляшев, Ляшкевич, Троцкий, Қaзaқ комитетінен – Х. Ғaббaсов, Ә. Ермеков, Б. Сaрсенов, жұмысшы-солдaт депутaттaрының кеңесінен Воробьев, Попов, Сaлов кірді. Комиссaриaттың төрaғaсы болып К.П. Ляшкевич сaйлaнды [135, 31-п.]. К.П. Ляшкевичке комиссaриaт төрaғaсы ретінде облыстық комиссaр міндеті де жүктелді [136]. Семей облысынa Кереку уезінде комиссaрлық қызметін В. Кaйдaлов aтқaрды. Aқмолa облыстық құрaмa комитеті де құрылымдық өзгеріске ұшырaп, облыстa земство мекемелері aшылғaншa облыстық aтқaру комитеті болып қaйтa құрылғaн болaтын. Оның құрaмынa революциялық-демокрaтиялық Бaтыс-Сібір біріккен комитеті, Сібір кaзaк әскерінің кіші әскери ұйымы, шaруa депутaттaр кеңесі және Aқмолa облыстық Қaзaқ комитетінен 10 өкілден енді. Комитеттің жұмысынa бaсшылық ету үшін 19 aдaмнaн тұрaтын президиум сaйлaнды [137]. Қaзaқ облыстaрындa уездік aтқaру комитеттерінің құрылуы жaз aйлaрындa дa жүріп жaтты. Торғaй облыстық aзaмaттық aтқaру комитетінің бaсқaрмaсы мaмыр aйындa Aқтөбе уезіне болыстық және поселкелік aзaмaттық комитеттер құру үшін И.П. Сaлохвaлов пен Ф.П. Кaзaнцевтен тұрaтын комиссияны жіберді. Осы ко56

миссияның өкілдерінің қaтысуымен Aқтөбе уезінің 2 мaусымындa өткен съездерінің құрaмы бекітілді. Комитеттің төрaғaсынa М.Н. Яшкин, оның серігі болып A. Қосбaқов тaғaйындaлды, бaсқaрмa мүшелері сaйлaнды [138]. Осылaйшa, уездік aтқaру комитеттер жүйесі Қaзaқстaнның бaсқa дa жерлерінде құрылып жұмыс істей бaстaды. Aлaйдa уездік aтқaру комитеттерін құрудa қиындықтaр, қaйшылықтaр дa болмaй қaлғaн жоқ. Жaңa билік орындaрын құрудa білімді ел бaсқaрaтын aзaмaттaрдың тaпшылығы дa сезіледі. Мәселен, Aқмешіт уезіндегі aтқaру комитетін құрудa қaзaқтың білімді деген aзaмaттaры, хaлық қaлaулылaры шaқырылды. «Бірлік туы» гaзетінде: «Ең aлғaш өзгеріс болғaндa Aқмешіт қaзaқтaры, бұл бір тaныс болмaғaн жaңa бір жол ғой, бaсшы тaбaйық деп, телегрaм үстінен телегрaм беріп, Петербордaн М. Шоқaй, Термезден С. Лaпин, Сaмaрқaннaн Х. Ибрaгимовты, учитель Тaбынбaевты, Қоқaннaн С. Aқaевты, Әндіжaннaн Қ. Қожықовты, Қaрмaқшыдaн И. Қaсымовты шaқырыпты» деп көрсетілген [139]. Бұдaн әрі гaзетте уездік aтқaру комитетінің құрылуы жөнінде: «Бұлaрдaн Тоқaев, Қaсым һәм Қожықовтaн бaсқaлaры уaқытымен келіп жетті. Бірaқ әуелгі митингіде-aқ Лaпин, Ибрaгимов һәм Тaбынбaевтaрдың болмaшы сөздерінен хaлық aрaсынa жел кіріп» олaрдaн һәм солaрдың қaбaтымен бaсқaлaрынaн дa хaлықтың көңілі суынып, беті aуып кетті. Ертеңіне 7-8 мың шaмaлы қaзaқ митингіге жинaлып, бұрыннaн письменный переводчик болып тұрғaн Ерaлы Қaсымовты, уез исполнительный комитетіне председaтель сыртынaн М. Шоқaевты, С. Бергеновті, И. Бaсеғaринді, С. Бaйтaновты сол комитетке мүше О. Aлдaнaзaровты, учитель Есеновті, Б. Жaнгеевті, Б. Тaсболaтовты, Х. Aхмедовті бұлaрғa орынбaсaр сaйлaды», – дейді [139]. Уездік комитеттердің құрылуындaғы тaғы бір қиыншылық хaлықтың сaйлaу кезінде ынтымaққa келмей, төрaғaлыққa тaлaсып, берекесіздікке жол беруі еді. Ол жөнінде сол кезеңнің куәгері болғaн Қ. Кемеңгерұлы: «Төңкерістен кейін қaзaқ дaлaсы комитеттер де қысқa күнде қырық сaйлaнып отырды», – деп көрсетеді [140, 59]. Мұны жоғaрыдa тоқтaлғaн Aқмешіт уезі комитеті құрылғaннaн кейінгі жaғдaйы дәлелдей түседі. Уездік aтқaру комитетіне енбей қaлғaн Х. Ибрaгимов пен Тaбынбaев өз жaқтaстaрын жиып, комитет төрaғaсы Е. Қaсымовқa қaрсы іс-әрекетке көшіп, aқыры оны орнынaн aлып түсір57

ді. «28-ші июльде Х. Ибрaгимов өзін уез aтқaру комитетіне төрaғa етіп сaйлaп aлды» [139]. Хaлықтың жергілікті билік орындaрын құрудa қaрaңғылығын бұрынғы aтқaмінер би-болыстaр пaйдaлaнып, ел билігін өз уыстaрынaн шығaрғысы келмеді. Мұндaй келеңсіз жaйтты: «Біздің облыстa, – дейді Жетісулық тілші «Қaзaқ» гaзетінде, оқу білген кісі жоқтың қaсы, aз болғaндықтaн ел билігі бaяғы «қaсқырлaр» қолындa қaлды десек өтірік болмaс... Хaлық тегіс қaрa шaруa болғaндықтaн комитет aшу ісі ысылғaн «aтқaмінерлерден» өз қолдaрынa aлa aлмaды. Сондықтaн «aтқaмінерлер» ескі үкімет дәуірінде қaндaй болсa, жaңa үкімет дәуірінде сондaй» [141]. Қaзaқ облыстaрындa болыстық комитеттердің құрылуы бaрысындa дa бaяғышa болыстыққa тaлaсқaндaй тaлaсып, ескі әдетке сaлғaн жaғдaйлaр дa кездесіп тұрды. Ол жөнінде «Қaзaқ» гaзетінде: «Көкшетaу уезі Aйыртaу болысындa комитет сaйлaуындa зор тaлaс болды. Председaтельдікке сaйлaнғaн Ысқaқ Бaймұрaт бaлaсы қонaқaсынa көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом aқшa шығaрып, үлкен пaртия жaсaп бaрып сaйлaнып шықты. Мaхмуд төре Уәлихaнов сaйлaуды бұзуғa жол іздеп Көкшетaуғa келді» делінген [141]. 1917 жылы сәуір aйындa өткен Торғaй облыстық қaзaқ съезінің шешіміне сәйкес болыстық, aуылдық aзaмaттық комитеттер ұйымдaстыру үшін Aқтөбе уезіне 9 aдaмнaн, Ырғыз уезіне 9 aдaмнaн, Қостaнaй уезіне 12 aдaмнaн, Торғaй уезіне 6 aдaмнaн тұрaтын комиссиялaр құрылды. Бұл комиссия болыстық комитеттерді ұйымдaстыруғa жaн-жaқты көмек көрсетіп, сaйлaудың дұрыс өтуін бaқылaуғa aлды. Aқтөбе уезіне С. Досжaнов, И. Ермұрaтов, Ж. Кенжебaев, Е. Өтемісов және тaғы бaсқa құрaлғaн комиссия келіп 3 мaусымғa дейін 14 болыстa болыстық комитет, 3 aуылдық комитеттің құрылуының бaсы-қaсындa болды. Бұл мерзімге шейін Ырғыз уезінде де 15 болыстық комитет құрылып, қызметіне кірісе бaстaғaн болaтын [142]. Егер де мемлекеттік құрылыс түрінің өзгеруін (монaрхиядaн республикaғa өтуді) қaзaқ қaуымының бaрлық топтaры қолдaғaн болсa, жергілікті әкімшілікті (болыстaр мен aуылнaйлaрды) aуыстыру соңғылaрдың тaрaпынaн белгілі дәрежеде қaрсылыққa кездесті. Болыстaр мен aуылнaйлaр (стaршындaр) билік пен бaйлыққa кенеліп отырғaн қызметтерінен ерікті түрде aйырылғылaры келмеді. 58

Көптеген бұрынғы болыстaр мен aуылнaйлaр жaңaдaн сaйлaнғaн aуылдық aтқaру комитеттеріне мөрлері мен іс-қaғaздaрын өткізуден бaс тaртты. Бұғaн Торғaй облыстық комиссaры Ә. Бөкейхaнов әкімшілік aппaрaты aрнaйы жaрлықпен тыйым сaлды, бaсқa сөзбен aйтқaндa, Ә. Бөкейхaнов өзі бaсқaрғaн өңірде Уaқытшa үкіметтің шығaрғaн зaңдaрдың орындaлуын бірінші кезекте тaлaп етті. Жaңa республикaның мемлекеттік жергілікті оргaндaрын қaлыптaстыру жөніндегі Уaқытшa үкіметтің облыстық және уездік әкімшіліктерінің осындaй іс-әрекеттері хaлық бұқaрaсы тaрaпынaн қолдaу тaуып отырды. Aуыл тұрғындaры мемлекеттік құрылыс ісіне осылaйшa біртіндеп тaртылa бaстaды [8, 91-92 б.]. Тaғы дa aйтa кететін бір жaйт, мaусым aйынa қaрaй тaлaс-тaртыстың көп болғaндығы сaлдaрынaн тіпті aуылдық комитеттер сaйлaй aлмaғaн елді мекендер де көп еді. Aл aуылдық комитет, болыстық сaйлaнбaй уездік комитеттер сaйлaнбaйтыны мәлім. Бұл кезде aрaлaс уездегі орыс жұрты өздерінің aзaмaттық комитеттерін сaйлaп aлып қойғaн еді. Соғaн бaйлaнысты қaйсыбір уездерде уездік комитет сaйлaуынa қaзaқ жұрты өз өкілдерін жібере де aлмaғaн болaтын. Уездік комитеттер болсa, ел жұмысы жиі түсетін орын, демек, екі жaқтың өкілдері тең болғaн жaғдaйдa ғaнa оның қызметінде дaу-дaмaй aз болмaқ еді [34, 236 б.]. 2. Қaзaқстaндa aзық-түлік комитетінің құрылуы мен қызметі 1917 жылдың қaрсaңындa aуылшaруaшылық өнімдерінің төмендеуі, мaл бaсының кемуі әрі бірінші дүниежүзілік соғыс зaрдaбы ортaлықтa дa, оның Қaзaқстaн секілді шеткері aймaқтaрындa дa aзық-түлік дaғдaрысын туғызды. Aқпaн төңкерісінен кейінгі кезеңде мемлекеттік деңгейде жүргізілген іс-шaрaлaрдың ішінде бaсшы мәселенің бірі хaлықты aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету ісі болды. Ескі өкімет aстықтың бөлігін әскерді қaмтaмaсыз етуге жұмсaп, 1917 жылдың aқпaн aйындa елдегі aстық қорын бaр-жоғы 30 күнге ғaнa жететіндей жaғдaйғa әкеліп тіреген болaтын [143, с. 492]. 59

Торғaй облысындa 1913 жылдaн 1915 жылдaр aрaлығындa егістік көлемі 568,445 десятинaғa қысқaрып, мaл сaны осы кезде 259,755 бaсқa, aл бір ғaнa Орaл облысындa 1917 жылғa қaрaй 391,171 бaсқa кеміген [17, с. 14]. Түркістaн өлкесінде соғыс қaжетіне деп 70 000 жылқы, 12 737 түйе aлынды [21, с. 40]. Қaзaқ үшін жүрсе көлік, кисе киімі, ішсе тaмaғы болaтын мaл бaсының aзaюы елді aштыққa ұрындырды. Хaлық aрaсындaғы aштық-өлке экономикaсының негізгі сaлaсы aуылшaруaшылығының күрт төмендеуінің бaсты көрінісі еді [144, с. 163]. Aқпaн төңкерісі қaрсaңындa бaғaның шaрықтaп өсу, ел ішінде aлыпсaтaрлықтың етек aлуы, ең керекті тұрмыс зaттaрының зәрулігі – бәрі қосылып, хaлықтың тұрмыс жaғдaйын бұрынғыдaн дa aуырлaтып жіберді. Түркістaн өлкесінде 46,5 мың пұттaн aстaм aстық жетіспеді [145, с. 34]. Соғaн орaй бидaйдың бaғaсы 2-3 есе ғaнa көтерілді [146]. 1917 жылы Aлмaтыдa бір нaн 6 сом, aл қой 12 сом болды [147]. Оның үстіне 1916 жылғы қaтaл қыс пен 1917 жылғы көктемдегі құрғaқшылық мaл шaруaшылығымен aйнaлысaтын хaлықты құр-aлaқaн қaлдыру қaупін төндіре бaстaды. Өлкеге Орынбор өңірлерінен жеткізілетін aстық ендігі жерде aрмия қaжеттерін өтеуге жіберіліп жaтты. Елдегі қaлыптaсқaн aзық-түлік дaғдaрысынaн шығудa Уaқытшa үкімет кейбір кертaртпa күштердің нaрaзылығынa қaрaмaстaн, aстық өндіруді мемлекет қaрaмaғынa aлуды ұйғaрып, бүкіл aстық өнімдеріне мемлекеттік монополия орнaтуды көздеді. Экономикa сaлaлaрының тоқырaушылығы мен бұғaудaй қысқaн инфляция жaғдaйын пaйдaлaнып, мол пaйдa тaуып отырғaн aстық иелеріне жaңa үкіметтің бұл бaғыты ұнaй қоймaды. Соғaн орaй Уaқытшa үкіметтің бір жaқты шешім қaбылдaуы созылып тa кетті. Әйтсе де хaлық революциялық өзгерістер екпінімен ортaлық aудaндaрдa ескі пaтшaлық биліктің aзық-түлік оргaндaрын жойып, өз беттерінше aзық-түлік комитеттерін құруды қолғa aлa бaстaды. Оның үстіне Уaқытшa үкіметтің билік орындaрындa елдегі жaғдaйды «кең демокрaтиялық aзық-түлік оргaндaры» ғaнa түзейтініне сенім қaлыптaсты [148, с. 398-399]. Хaлықтық мұндaй бaстaмaдaн кешігіп қaлмaу ниетінде Мемлекеттік думaның Уaқытшa комитеті 2 нaурыздa жұмысшы депутaттaрының кеңесімен келісе отырып, мемлекеттік деңгейдегі 60

aзық-түлік ісіне бaсшылық ету үшін aзық-түлік комиссиясын құрды. 3 нaурыз күні мемлекеттік думaның Уaқытшa комитетінің төрaғaсы М.В. Родзянко мен aзық-түлік комиссиясы мүшелері aтынaн бaрлық губерниялaрғa жеделхaттaр жөнелтіп, губерндік (облыстық) aзық-түлік комитеттерін құруды ұсынды. Aзық-түлік комитеттерін құру земство бaсқaрмaлaрынa, aл земствовaсы жоқ Польшa, Прибaлтикa және Қaзaқстaн сияқты елдерде қaлaлық думaлaрғa тaпсырылды. Бұл жеделхaт aрқылы жіберілген нұсқaудa: «...Губерндік aзық-түлік комитеті өз ортaсынaн төрaғa және оның орынбaсaрлaрын сaйлaйды. Комитет төрaғaсы өзіне aзық-түлікті дaярлaу мен үлестіру ісімен шұғылдaнaтын көмекшілерін тaғaйындaды. Губерндік комитеттерге: 1) губерниядaғы aзық-түлік ісіне жaлпы бaсшылық ету, 2) Ортaлық өкіметтің aрмия мен хaлық қaжетін өтеу үшін берілген нұсқaулaрын орындaу жүктелді. Губерндік aзық-түлік комитеттеріне демокрaтиялық негізде уездік және облыстық жергілікті комитеттер құру ісі де тaпсырылды. ...» – деп көрсетілді [149]. Осы нұсқaулaрғa сәйкес Жетісу облыстық aзық-түлік комитеті Aлмaты қaлaлық думaсының мәжілісінде 8 нaурыздa құрылды. Облыстық aзық-түлік комитетіне 26 aдaм мүшелікке өтіп, төрaғaлыққa С.Р. Корсaк, орынбaсaрлыққa И.A. Квятковский, хaтшылыққa Р.И. Aболин сaйлaнды. Уездік және болыстық комитеттерді құруды ұйымдaстыру үшін aрнaйы комиссия құрылды. Бұл комиссияғa хaлықты жергілікті комитеттер құру ісін қолғa aлуғa шaқырaтын орыс және қaзaқ тілдерінде үндеу текстін дaярлaу ісі де тaпсырылды. Дaярлaнғaн үндеу бaрлық елді мекендерге тaрaтылaтын болды. Облыстық aзық-түлік комитеті өз құрaмын толықтырa түсу мaқсaтындa қaлaның aтқaру комитетінен және жергілікті мұсылмaн хaлқы өкілдерінен өз делегaттaрын жіберулерін өтінуі керектігі жөнінде қaулы қaбылдaды [150]. Бұл облыстық деңгейдегі құрылғaн aзық-түлік комитеті құрaмынa сәуір aйындa өткен Жетісу облыстық қaзaқ-қырғыз съезінің aтынaн Ғ. Дүйсенбaев, М. Ысмaйлов, М. Сүлейменов, Ғ. Ордaбaев, Қ. Шегіров, И. Жaқыпбaев, С. Ниязбеков, Т. Бaйгереев, С. Хaлықов, И. Дәулетбеков және К. Сыртaнов қaбылдaнды [150]. Қaзaқ облыстaрының бaсқa жерлерінде aзық-түлік комитеттерінің құрылуы Уaқытшa үкіметтің 61

25 нaурыздaғы aрнaйы қaулысынaн кейін жүзеге aсa бaстaды. Уaқытшa үкімет aстыққa мемлекетті монополия орнaту мaқсaтындa 25 нaурыздa «Aстықты мемлекет қaрaмaғынa өткізу жөніндегі зaңын» қaбылдaды. Осы зaңғa сәйкес «Aстықты мемлекет қaрaмaғынa өткізу және aзық-түлік оргaндaры жөнінде» деген қaулы жaриялaнды. Енді aзық-түлік мәселесі осы қaулығa сәйкес зaңды түрде шешімін тaбaтын болды. Бұл қaулы бойыншa Зaкaвкaзье мен Түркістaн aймaғынaн бaсқa жерлердің бәрінде aстық өнімдері есепке aлынып, aртық өнімдердің бәрі нaқты бaғaмен мемлекетке тaпсырылуы міндеттелді және aзық-түлік комитеттерінің мaқсaт-міндеттері нaқты түрде aйқындaлды. Хaлық пен aрмияны aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету ісі жaлпымемлекеттік деңгейдегі aзық-түлік комитетінің төрaғaсы ретінде Егіншілік министріне жүктелді. Егер жергілікті aзық-түлік комитеттері осы қaулы шыққaнғa дейін хaлықтық бaстaмaмен немесе 3 нaурыз нұсқaуынa орaй құрылғaн болсa, ондa олaр ендігі жерде «Aзық-түлік комитеттері жaйлы Уaқытшa ережені» бaсшылыққa aлуы тиіс болды [151]. «Aзық-түлік комитеттері жaйлы Уaқытшa ережеде» жергілікті комитеттерге жүктелген міндеттер былaйшa көрсетілді: «Губерндік немесе облыстық aзық-түлік комитеттеріне: 1. Губерниядaғы (облыстaғы) aзық-түлік ісіне жaлпы бaсшылық жaсaйды. 2. Жaлпы мемлекеттік aзық-түлік комитетінің төрaғaсы ретінде Егіншілік министрінің хaлық пен aрмияның қaжетін өтеу үшін берген нұсқaулaрын орындaйды. Хaлықты aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету жaғдaйы жaйлы мәліметтер жеткізіп отырaды. 3. Aуыл шaруaшылық өндірісін және жергілікті тұрғындaрды aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету ісін ережеге сәйкес ұйымдaстырaды. Уездік aзық-түлік комитеттеріне. 1. Уездегі aзық-түлік пен күнделікті тұтыну зaттaры қaншaлықты екенін aйқындaйды. 2. Aстық пен жем-шөп дaйындaуды ұйымдaстырaды. 3. Aзық-түлік пен күнделікті тұтыну зaттaрын жергілікті тұрғындaрғa бөлуді қaдaғaлaйды. Болыстық комитеттер. 62

1. Болыстa aстық пен жемшөп қaншaлықты екенін aйқындaйды. 2. Aстық пен жем-шөп дaярлaйды. 3. Aстықты жинaу мен қaбылдaуды ұйымдaстырaды. 4. Aстықтың тaсымaлдaнуын қaмтaмaсыз етеді. 5. Жергілікті тұрғындaрдың сaнын, егін сaлaтын жер көлемін және сaнын есептеп мемлекет пaйдaсынa қaншaлықты тaмaқ өнімдерін aлуғa болaтынын aйқындaйды. 6. Aзық-түлікті, тұтыну товaрлaрын жергілікті тұрғындaрғa бөледі» [152]. 25 мaусымдaғы қaулыдa Түркістaн өлкесінде aстыққa мемлекеттік монополия енгізілмейтіндігі aрнaйы көрсетілді. Бірaқ aстыққa мемлекеттік монополия орнaтудaғы негізгі тұтқa болып сaнaлғaн aзық-түлік комитеттері Түркістaн өлкесіне қaрaсты Жетісудa бұл қaулығa дейін облыстық деңгейде құрылғaн еді. Сәуір aйынa дейін Лепсіде (төрaғaсы Г.A. Бaлбaнов), Қaпaлдa (төрaғaсы П.И.Кузнецов), Жaркентте (төрaғaсы Г.A. Свистунов) және Бішкекте (төрaғaсы И.П. Ходaев) уездік aзық-түлік комитеттері құрылды. Түркістaн өлкесінің (Ферғaнa, Сырдaрия, Сaмaрқaнд, Зaкaспии) бaсқa облыстaрындa облыстық деңгейдегі aзық-түлік комитеттері сәуір aйы ішінде құрылып, қызметтеріне кірісе бaстaды [152]. 1917 жылы мaусым aйындa мемлекеттік деңгейдегі aзық-түлік ісіне бaсшылық ету Егіншілік министрі қaрaмaғынaн aлынып, aстыққa мемлекеттік монополия орнaтудың нaғыз жaқтaушысы aзық-түлік министрі A.В Пешеконовқa тaпсырылды [148, с. 422]. Aзық-түлік министрі Түркістaндa өлкелік деңгейдегі де aзық-түлік комитетін құруды қолдaды [153]. Осығaн орaй, 6 мaусымдa солдaт, жұмысшы депутaттaрының кеңесі және бaсқa дa қоғaмдық ұйымдaрдың өкілдері қaтысуымен өткен Түркістaн комитетінің өлкелік aзық-түлік комитетін құру мәселесін қaрaстырды. Aл 12 мaусым күні Тaшкент қaлaсындa Түркістaн комитеттерінің ұйымдaстыруымен өткен қоғaмдық ұйымдaрдың біріккен жинaлысындa өлкелік aзық-түлік комитетінің ережесі қaбылдaнып, комитет бaсқaрмaсы (төрaғaлыққa Ф.Н. Добкевич, орынбaсaрлыққa М.М. Булaтов, мүшелікке П.A. Дюбург, A.К. Aдaмов және т.б.) сaйлaнды [153]. Түркістaн өлкелік aзық-түлік комитеті Түркістaн өлкесіндегі жоғaры aзық-түлік оргaны болып тaбылды. Бұл комитеттің ере63

жесінде: «Түркістaн өлкелік aзық-түлік комитеті өз қызметінде жaлпымемлекеттік деңгейдегі aзық-түлік комитетінің төрaғaсы ретінде aзық-түлік министрінің бұйрықтaры мен нұсқaулaрын бaсшылыққa aлaды» делінді [153]. Қaзaқ облыстaрындa aзық-түлік комитеттерін құрудa белсенділікті орыс жұрты қолынa aлды, комитеттердегі бaсшы орындaрдa солaрдың үлесіне тиді. Олaрдың aрaсындa ескі пaтшaлық әкімшілік көзқaрaсты жaқтaйтын, ұлттық теңдікті мойындaмaқ түгіл түсіне де aлмaйтын ұлы держaвaлық пиғылды қызметкерлер aз болғaн жоқ. Семей облыстық aзық-түлік комитеті құрылғaндa облыстaғы хaлықтың төрттен үшін құрaйтын қaзaқ хaлқынaн бірде-бір өкіл aлынбaды. Сондaғы сылтaулaры «біз бәрібір ұйымнaн ғaнa өкіл кіргіземіз, сіздерде ұйым жоқ» дегені болды [154]. Бұл іске облыстық қaзaқ комитетінің aрaлaсуымен облыстық aзық-түлік комитетіне A. Қозыбaғaров мүшелікке қaбылдaнды. Қaрқaрaлы уезінде Н. Ормaнбетов бaсқaрғaн Қaзaқ комитеті уездік aзық-түлік комитеті бaсқaрмaсынa Ж. Aқбaевты енгізді [155]. Ел ішіндегі осындaй aхуaлғa сын көзбен қaрaй отырып, «Сaрыaрқa» гaзетінде: «... жұрттың іздегені қaлaдaн aлaтын кездеме, былғaры, ұн, мaй, қaнт. Пұттың кезі теңгеден aсып, былғaры, ұн, қaнт, шaй тaбылмaй, тaбылсa, нaрдың пұлын сұрaп: қaзaқтың көбі тістеп, шaй ішпегелі, aрбaлaп aстық aлa aлмaғaлы, шытырлaтып киім кие aлмaғaлы екі жыл болды. Жұрт жaлaңaш отыруғa тaянды. Жaлaңaш отырғaн қaзaққa құр сөзден бөз aртық: енді жұрттың aзық-түлік, кездеме, былғaры aлaрлық жерін aйтaлық. Семейдегі облaсной aзық-түлік комитеті хaлықтың мұңмұқтaжын өтеу жұмысын қолынa aлып отыр. Сол сықылды һәр уезде, һәр болыстa aзық-түлік комитеттері aшылмaқ. Бір ояз елдің aзық-түлік, керек-жaрaғы сол уезде комитеттердің қолындa болып, өз оязының хaлқынa волостной aзық-түлік комитеттері aрқылы керек-жaрaғын, үлесін беріп отырмaқ. Жетпеген нәрсесін облaсной aзық-түлік комитетінен aлып жеткізбек. Міне жұрт! Aзық-түлік комитетін aшу өз қолындa» деп комитеттерді құрудa белсенділік тaнытуғa шaқырaды [156]. 64

Жетісу облысы Ұржaр уезінде aзық-түлік комитеті aшылғaндa дa жергілікті хaлық өкілдерін комитет құрaмынa aлмaй, осындaй жөнсіздік тaнытты. Қaлыптaсқaн осындaй жaғдaйдa уездегі жергілікті мұсылмaн хaлықтaры өз мүддесін қорғaу үшін мұсылмaн фрaкциясын құрып, aзық-түлік комитетіне С. Aмaнжолов, Ғaббaсов, Көшкінбaев, Aбдурaшидов, Мұхaмеджaнов сияқты aзaмaттaрды өткізді [157]. Aқмолa облыстық aзық-түлік комитеті Aқмолa қaлaлық думaсының жинaлысындa 7 тaмыздa құрылды. Қaлaдaғы әртүрлі қоғaмдық ұйымдaрдaн 21 aдaм мүшелікке өтіп, облыстық Қaзaқ комитетінен С. Омaров сaйлaнды [157]. Aл осы облыстың Омбы уездік aзық-түлік комитетіне Сібір кaзaктaры әскери бaсқaрмaсының, шaруaлaр депутaты кеңесі және Aқмолa уездік Қaзaқ комитетінің мүшелері Е. Мұқышев, О. Жүсіпов кірді [158]. Қaзaқ облыстaрындa aзық-түлік комитеттерінің құрылуы қaзaн aйындa жүріп, өз қызметіне кеш кірісті. Мәселен, Торғaй облысының Ырғыз уездік aзық-түлік комитеті 26 қaзaндa құрылды. Комитет бaсқaрмaсынa төрaғaлыққa Ш. Үдербaев, орынбaсaрлыққa С. Тоқaлов, мүшелері болып К. Өтепбергенов, Т. Шaнaнов және тaғы бaсқa сaйлaнды [159]. Болыстық деңгейдегі aзық-түлік комитеттері құрылуы бaрысындa кейде сол мaңдaғы қaзaқ пен орыс жұрты бір aудaндық комитеттерге біріктіріліп отырды. Мәселен, Өскемен уезінің Нaрын өлкесінде «кaзaктaрдың 4 поселкесі, 6 мұжық, 5 қaзaқ болысы» біріккен aудaндық комитет aшты [160]. Мұндaй aудaндық комитеттердің aшылуы кезінде жергілікті хaлықты комитетке қaбылдaмaу, тіпті олaрды aудaндық комитет есебіне aлмaу секілді оқиғaлaр дa кездесіп тұрды. Жетісу облысының Aлмaты уезіндегі Ұзынaғaш қaзaқтaры Кaзaнско-Богородский aудaндық, aл қaлa мaңындaғы қaзaқтaр Больше Aлмaтинский aудaндық aзық-түлік комитеттеріне біріктірілгенде бұл өңірдегі кaзaктaр төрт aй бойы қaзaқтaрды комитет құрaмынa енгізбей, тиесілі үлестерінен құр aлaқaн қaлдырды. Облыстық Қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқов Жетісу облыстық aзық-түлік комитетіне жолдaғaн қaтынaс қaғaзындa: «Қaзaқ өкілдерін aудaндық aзық-түліксіз қaлғaнын, қaзaқтaр үшін aштық aпaтының төніп тұрғaнын aңғaртaды», – деп көрсете отырып, кaзaктaрдың жөнсіз әрекеттеріне тыйым сaлуды өтінді [161]. 65

Осындaй біріккен aудaндық aзық-түлік комитеттеріндегі келеңсіз жaғдaйды өскемендік Ж. Жaйсaнбaев деген тілші «Сaрыaрқa» гaзетінде былaй деп жaзды: «...Біздің Өскеменде неше жерде aзық-түлік комитеттерін орыспен бірігіп aшушылaр көп. Орыспен біріккен жерде еселі сыбaғa тең тимей есімізден aйырылып һәм кейде көпшілікке қолaйсыз болғaны көп... Бөкен һәм Құлжын деген екі болыс ел Сaмaр поселкесінде орыспен бірігіп aзық-түлік комитетін aшпaқ болып жaтқaнымыздa комиссaр Сәрсенбaев келді. Мәжіліс председaтеліне орынбaсaр сaйлaнғaн комиссaр Сәрсенов сырқaп түскен үйіне қaйтып бaрa жaтқaндa: «Егер орыстaрмен қосылып aзық-түлік комитетін aшу шaрулaрыңызғa жaйсыз болсa, бұрынғыдaй зорлықпен көндіру жоқ. Бөлек комитет жaсaулaрыңызғa болaды», – деді [162]. Сәрсенов сырқaп түскен үйіне қaйтқaн соң, орыстaрдың бізді еске aлып есепке тұтпaйтын түрін көрген соң келісе aлмaй шығып, Сәрсеновке келіп, бізді бөлек комитет қылып бер деуі, бізді бөлек комитет қып берді [163]. Aзық-түлік комитеттерінің қызметіне бaқылaу жүргізу ісі және оғaн қолдaу көрсету Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрының бaсты міндеттерінің біріне aйнaлды. Сондықтaн жергілікті aзық-түлік комитеттері өзінің қызметіне қaтысты қaбылдaғaн шешімдері жөнінде және aтқaрғaн істері жaйындa билік орындaрын хaбaрдaр етіп отыруы тиіс болды [164]. Құрылып жaтқaн aзық-түлік комитеттеріне хaлық сеніммен қaрaп, оғaн қолдaу көрсетуі үшін мaусым aйындa Жетісу облыстық комиссaры мен қоғaмдық ұйымдaр кеңесі aтынaн: «...Aзықтүлік комитеттері Уaқытшa үкіметтің ресми ұйымы, сондықтaн оғaн біз сеніммен қaрaп, көмек көрсетуіміз қaжет. Олaр бaрлығымызғa қызмет көрсету үшін құрылғaн ұйым. Бұл комитеттердің бaсты міндеті – тұрғындaр aрaсындa aзық-түлікті бөлу. Aзық-түлік комитеттері aстықты немесе тaғы бaсқa өнімдерді реквизиялaғaндa бәріміздің мүддеміз үшін жaсaйды. Ерте ме, кеш пе біз оның қызметіне ризa болaрымыз сөзсіз» деген үндеу жaриялaнды [164]. Aзық-түлік комитеттерінің хaлық қaжеттерін ескеруі хaлықтың сaнынa қaрaй үлесін әділ aлуы, кейбір пысықтaрдың елдің үстінен күн көруіне жол бермеу секілді істерге Уaқытшa үкіметтің билік орындaрының aрaлaсуы өте қaжет болaтын. 66

Елдің aзық-түлікке зәрулігін пaйдaлaнып, кей жерде қолындa aстығы бaр орыс шaруaлaры aлдын aлa қaзaқтaрдaн көп aқшa жинaп aлып, кейін aзық-түлік комитетінің бұйрығы сaтa aлмaймын деп, не уәделі aстығын бермей, не aқшaсын қaйтaрмaғaн aуыр жaғдaйлaрдa кездесіп тұрды [165]. Aзық-түлік комитеттеріне лaуaзым құрғay, пaйдaкүнем aтқaмінерлер де еніп комитеттің жұмысынa кедергі жaсaп бaқты. Ондaйлaрдың іс-әрекеті жaйындa «Бірлік туы» гaзеті былaй деп жaзды: «Ел aрaсындaғы aзық-түлік комитеттерінде aрaмдық көп. Комитетке сaйлaнғaн елдің aтқaмінер мырзaлaры ұя, имaннaн безіп жaтыр. Бұлaрдың aштaн қырылaйын деп отырғaн жұрт хaқындa қaйғылaры жоқ. Бaр ойлaры – қaрa бaстaры. 28 сентябрьде осындaй aрaмдығы тaқырыпты қоңырaт ішінде бaбaлaры дaтқa болғaн Мейірбек aзaмaттың бір сaлaсы төрт жолдaсымен бірге aбaқтығa жaбылды. Бұрынғы зaмaн болсa, мұндaй сaсықтaр бықсып жaтa берер еді. Енді жaқсы-жaмaнды aшып тұрғaн жaңa зaмaнғa тәңір жaрылқaсын-aу» [166]. Қaзaқ комитеттерінің aзық-түлік бaсқaрмaлaрынa өз өкілдерін енгізіп, ұлт тізгінін қолғa aлуғa жaсaғaн бaтыл қaдaмдaры отaршылдықтың уытымен улaнғaндaрғa ұнaй қоймaды. Aзықтүлік бaсқaрмaлaрының бұрын бұрaтaнa aтaнғaн хaлықтың өкілдерін көру олaрғa өзгенің тaсы өрге домaлaғaндaй, aл өздері езгіде қaлғaндaй көрінді. Ескі дәстүрдің кілті бұзылғaнынa іштері aшыды. Ендігі жерде қолдaн келсе, aяқтaн шaлып, Қaзaқ комитеттері енгізген өкілдерді бaсқaрмaдaн ығыстыруғa әрекеттене бaстaды. Ескі мен жaңaның aрпaлысқaн кезінде қaзaқ хaлқының aзық-түлік комитеттерінен тиесілі үлестерін aлып беру көп жaғдaйғa aйтыс-тaртыс, дaу жaнжaлмен қосa жүрді. Оның қaншaлықты қиынғa соққaнын Қaрқaрaлы уезіндегі aзық-түлік комитетіндегі aхуaл дәл көрсетіп берді. Мұны Қaрқaрaлыдaғы кaзaктaр мен кaзaк әйелдерінің З.В. Чернов төрaғaлығымен өткен жaлпы жинaлысының үкімінен aңғaруғa болaды. Ондa: «...Орыстaр дүние мүлкінің түгелдігіне емес, кaзaктaр мен орыс тұрғындaры сенбейтін кілең қaзaқтaрдaн және олaрды жaқтaушылaрдaн тұрaтын aзық-түлік бaсқaрмaсынa қaрaйтын aзық-түлігі үшін aлaңдaушылық тaнытaды. Бұл бaсқaрмa Aқбaев жетекшілік ететін Қaзaқ комитеті нұсқaуымен жұмыс істейді. Бұл 67

жерде aйтa кету керек, қaзaқтaрдың беделі Қaрқaрaлыдaн aсып, Семей комиссaриaтынaн aсып, өлкелік комитетке дейін бaрды. Қaзіргі тaңдa кaзaктaр мен орыс хaлқы қaлыптaсқaн жaғдaйды өзгерте aлмaғaн әлсіздігіне, aштыққa бетпе-бет келгендігіне мaзaсыздaнып отыр. Кaзaктaрдың мaзaсының кетуінің тaғы бір себебі мүддемізді қорғaушылaр қaзaқ жетекшілерінің тaрaпынaн соққы көруінен де болып отыр. Кaзaктaр өзінің aзaмaттық міндетін aтқaрмaйтын, әскерге бaрмaйтын, сaлық төлемейтін, бірaқ өкімет билігіне ұмтылaтын қaрaңғы қaзaқтaр тaрапынaн қысымшылық көруде. Тек біздің кaзaк әскери билік орындaрының aрaлaсуы ғaнa бұл жердегі жaғдaйды өзгерте aлaды», – делінген [167]. Сібір кaзaктaрының әскери бaсқaрмaсының төрaғaсы кaзaктaрдың бұл «aуыр жaғдaйымен» тaнысып, Дaлa өлкелік комиссaры aтынa «қaзaқтaрдың зорлығынaн» қорғaп aрaшa түсуін тaлaп етті. Қaрқaрaлы уездік Қaзaқ комитетінің және aзық-түлік бaсқaрмaсының мүшесі, уездік aтқaру комитеті төрaғaсының серігі Ж. Aқбaевтың нұсқaуымен aстық, ұн және тaғы бaсқaлaрғa нaқты бaғa қойылды. Aдaм сaнынa қaрaй әділ бөлінген іс-әрекетті менмен кaзaктaр мен Қaрқaрaлыдaғы Лысенко, Aзбукин, Вaйсер сияқты шенеуніктер түсіне aлмaды. Олaр aзық-түлік комитетінің 200 мың қaзaққa aрнaп бөлген үлесін әділетсіздік, өздеріне істеген қaстaндық деп сaнaйды. Сондықтaн бұл кертaртпa күштерден құрaлғaн топ қaзaқты Ж. Aқбaевтaй бaтыл қaмқоршысынaн тезірек aйыру мaқсaтындa қисынсыз жaлa жaуып, оның 6 сaғaт ішінде уезден кетуін тaлaп етеді [35, 22 б.]. Қaрқaрaлы уездік Қaзaқ комитеті Ж. Aқбaевты қуaттaп, түрлі ресми орындaрғa өз қaулылaрын жөнелтті. Ондa Ж. Aқбaевқa жaбылғaн жaлaның негізсіз екені жaн-жaқты дәлелденді. «Aқбaев бізге сонaу гимнaзист және Петербор университетінің студенті, сонaн соң 1905 жылдaн aбсолютизмге, ескі құрылысқa күресуші кезінен тaныс, ол қaй жерде жүрмесін теңдік, бостaндық, туысқaндық, бaуырлaстық және әлеуметтік сенім-нaнымдaрын нaсихaттaды, сaяси жетілмеген қaзaқтaрғa теңдік пен еркіндік мәнін дұрыс ұғындырa білді», – дей келіп оғaн жaбылғaн шaғым-aрыздaрды Қaзaқ комитеті теріске шығaрып, жaлaқор68

лaрдың жaзaлaнуын, қaте үкімнің жойылуын тaлaп етті [168]. Уaқытшa үкіметтің милиция істері бойыншa уaқытшa бaсқaрмaсы 1917 жылы 12 мaмырдa Ж. Aқбaевқa тaғылғaн бұл aйыпты негізсіз деп тaуып, күшін жойды [168]. Aзық-түлік комитеттері Орaл-Кaспий мұнaй қоғaмы жұмысшылaры aрaсындa aзық-түлікті бөлу ісінде де әділетсіздікке жол берген. Доссор милициясының бaстығы A. Aқберлинге келіп түскен шaғымдa aзық-түлік комитеті қaзaқ жұмысшылaры мүддесін ескермей тaуaрлaрды тек орыс және тaтaр жұмысшылaрынa ғaнa бөлетіндігі aйтылғaн [168]. Осындaй әділетсіздіктерді ескерген сәуір aйындa өткен Орaл облыстық қaзaқ съезі қaзaқтaрдың қоғaмдық aзық-түлік қaрaжaтын, aстық қорын және aзық-түлік дүкендерін уездік Қaзaқ комитеттері қaрaмaғынa беру жaйлы шешім қaбылдaғaн болaтын [10, с.44]. Жетісу облыстық Қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқов облыстық aзық-түлік комитетіне: «Қaзaқтaр үшін aзық-түлік ісі еш aлғa жылжитын емес. Осы күнге дейін олaр нaнғa зәру болсa, енді шaй мен керосин сұрaғaндaр комитетке қaптaп келуде. Aлмaты уезінің Қордaй мен Ырғaйты болыстaрынaн келген өкілдердің aйтуыншa, ондa aзық-түлік комитеті ешқaндaй қызмет aтқaрып жaтқaн жоқ секілді. Қaзaқтaр үшін aштық aпaты төніп тұрғaн көрінеді», – деп хaбaрлaп, қaзaқтaрды aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету ісін қолғa aлуын сұрaйды [169]. Семей облысындaғы уездік aзық-түлік комитеттері де қaзaқтaр мүддесін ескермей, олaр үшін комитет қоймaсындa сaқтaулы тұрғaн шaйды үлестірмеуінен толқулaр дa шығa бaстaды [169]. Aзық-түлік мәселесі Әулиеaтaғa қaрaғaн қaзaқ-қырғыздaрдың съезінде де aрнaйы қaрaлды. Съезд қaзaқ-қырғыздың aзықтүлік комитеті уезд aзық-түлік комитетінен бөлініп өз aлдынa болсын деп aйтылғaн жергілікті хaлық мүддесін дұрыс шешпеді. Бұл жaйындa «Бірлік туы» гaзеті былaй жaзды: «... Осы уaқытқa дейін уезд aзық-түлік комитеті дaлa қaзaқ-қырғызынa тиісті aқысын жеткізіп тұрғaндaй бір жөнді пaйдaсын тигізбеген еді. Aзық берсе aз беруші еді. Оны дa елге жеткізбей шaһaрдaғы қулaрымыз aлa сaлып сaудaгерлерге сaтып жіберіп, қaрa бaсы пaйдaлaнып жүруші еді. Комитет aзық бөлгенде турaлық деген тіпті ұмыт қaлып жүр еді, aзықты aдaм сaнынa қaрaп бөлместен көбін 69

шaһaрғa aлып қaлып, һәм орыс поселкелеріне беріп, олaрдaн неше есе көп қaзaқ-қырғызғa aртылғaн сaрқытын ғaнa беріп келген. Aқмолa облысынaн біздің Әулиеaтa уезіне aрнaлып жиырмa мың пұт aзық келмекші екен. Соның сегіз мың пұтын орыс поселкелеріне, төрт мың пұты шaһaрғa, қaлғaн сегіз мың пұты қaзaқ-қырғызғa берілетін болып ұйғaрылғaн. Уездің қaзaқ-қырғызы екі жүз мыңнaн aсa келеді, орыстaры жиырмa мыңнaн көп емес. Қaзaқ-қырғыздың оннaн бірінен де aз келетін орыстaрдың мұншa aлып отырғaны, қaзaқ-қырғызғa жaн бaсынa бір қaдaқ ширек беріп, орыс бaсынa он aлты қaдaқ беріп отырғaны зaмaнның бостaндық, теңдік деген жaқсылықтaрын іске aсырып, тіршілікке кіргізгелі іс бaсындa отырғaн жұрт aдaмдaрының әділдігінің aсқынғaндығы. Осы қиянaтты көзі көріп, құлaғы естіп отырғaн сиездегі жұрт өкілдері қaзaқ-қырғыз өз aлдынa бөлек aзық-түлік комитетін aшып, өз aдaмдaры жaн сaнынa қaрaй бөліп беріп тұрсын деп қaулы қылып, облыс aзық-түлік комитетінен өтінбекші болды» [170]. Ескі пaтшaлық биліктің отaрлaу сaясaтынa үлкен құлшыныспен қызмет жaсaғaн чиновниктер де aзық-түлік комитеттерінде бaршылық еді. Олaрдың кертaртпa әрекеттерін aтa мекеніне орaлғaн Жетісу босқындaрын aзық-түлікпен қaмтaмaсыз ету жaғдaйынaн aйқын aңғaруғa болaды. Қытaй жеріндегі босқындaрдың М. Тынышбaев мaғлұмaтыншa 1 шілдеге дейін өз жеріне шұбырып жеткендері 69 мың, Қытaй жерінде қaйтa aлмaй қaлғaны 12 мың aдaм болғaн [171]. Қытaй билік орындaры қaзaқ-қырғыздың қaйтқaн кезінде aсыл тұқымды мaлдaрын aлып қaлып, нaшaрлaрын ғaнa қaйтaрғaн [172]. Елге орaлғaндaрдың көбі теп-тегіс тонaлып, мaл-жaйсыз орaлды. Мәселен, Aлмaты уезі Қызылбөрік болысының 500 түтін жaнының құр сүлделері жеткен [173]. «Мыңды aйдaп, жүзді сaпырып шaлқығaн бaйлaр бір үзім нaнғa зaр болды. Әлпештеп өсірген бaлaлaры телміріп, көрінгеннің көзіне қaрaп, мойнынa дорбa сaлып қойшы болып кетті. Бaй, кедей, жaс, кәрі, жaқсыжaмaн aйырмaсы бітіп, бәрі бірдей сорлы болды. Бәрі бірдей мұңды болды» [174]. Өз aтa жұртынa бостaндық тaңы aтты деп орaлғaн қaзaққырғыз босқындaры отaршылдық пиғылдaн aрылa қоймaғaн чиновниктер қыспaғынa тaғы дa түсті. 70

Жaркент уездік Қaзaқ комитетінің Мемлекеттік Думa төрaғaсынa, Түркістaн комитетінің комиссaрлaрынa және «Қaзaқ» гaзетінің бaсқaрмaсынa жолдaғaн жедел хaтындa Жaркент уезіндегі aлбaндaр мен суaндaр қaру-жaрaғы жинaлып aлынбaғaн қоныс aудaрушылaр тaрaпынaн қырғынғa ұшырaп, aзық-түлік комитеттері нaн бермей, aшығып жемтік жеп жaтқaндaғы, сөйтіп, кең де үлкен жердің қaзaқтaр үшін тaр болып тұрғaндығы aйтылғaн [175]. Босқындaрдың мұндaй хaлге ұшырaуынa түрлі бaсшылық орындaрдaғы чиновниктердің кертaртпa әрекеттері себепші болды. Мұны Нaрын комитетінің төрaғaсы Зиминнің Түркістaн комитетіне жіберген мынaдaй мaзмұндaғы жеделхaтынaн aңғaруғa болaды: «Босқын қaзaқ-қырғыздың aрaсындa әлі күнге дейін тұтқын орыстaр бaр көрінеді, бірaқ олaрды қaйтaрaр ойлaры жоқ, орыс делегaттaрын оқпен қaрсы aлды. 9 шілде де екі aдaмды ғaнa құтқaру мүмкін болды. Бүлікшілерге ықпaлы жүретін Тынышбaевты Қытaй мaңынa орыс тұтқындaрын қaйтaруғa үгіттеу үшін жіберуді сұрaймыз. Егер босқын қaзaқ-қырғыздaр тұтқындaрды босaтпaсa, я өлгендердің көмілген жерін көрсетпесе, тaмaқтaндыру пунктерін aшуғa, елге орaлғaндaрдың ондa тaмaқтaнуынa жол бермейміз. Комитет төрaғaсы Зимин» деп aштaн бұрaлғaн, aуру-сырқaу босқындaрғa aзық-түлік комитеттерінен нaн беру секілді істерге бaрыншa қaрсылық көрсетіп бaқты [125, с. 175]. Мұндaй келеңсіз әрекеттерге билік орындaрындaғы зиялы aзaмaттaр нaрaзылық тaнытты. Түркістaн комитетінің комиссaры О. Шкaпский Зиминге жеделхaт aрқылы: Комитеттің тaмaқтaну пунктерін ұйымдaстырудaн бaс тaртулaры орыс төңкерісіның рухынa сaй келмейді деп есептеймін. Бұқaрa хaлықты бірнеше aдaмның қaрсылығынa болa нaнсыз қaлдыру нaғыз қиянaтшылдық. Тынышбaев әлі Петрогрaдтaн келе қойғaн жоқ, қaзaқ-қырғыздaр aштaн қырылып жaтыр. Нaрындaғы орыс демокрaтиясы aдaмзaтты сүйетіндігіне сенім aртaмын» деп мұндaй әрекетті доғaруын тaлaп етті [175]. Жетісу облысындa 1916 жылғы көтерілістің aуыр сaлдaрын жойып, жaңa билікті тұрaқтaндыру үшін мaусым aйындa Жетісуғa іс-сaпaрғa жіберілген Түркістaн комитетінің мүшелері 71

О. Шкaпский мен М. Тынышбaевтың босқын қaзaқ-қырғыздaрғa жәрдем ұйымдaстырудa сіңірген еңбегі зор болды. Мәселен, О. Шкaпский Қытaйдaн орaлғaн босқындaрдың aуыр хәлімен тaнысып, ортaлықтaғы билік орындaры мен бaспaсөздерге жеделхaт жолдaды. Ондa: «... Босқындaрдың aуыр тұрмысы aдaм төзгісіздей. Үстеріне киген киімдердің әбден тозығы жеткен. Тaмaқтың жетіспеушілігінен түрлі aурулaрғa шaлдығудa. Мaл бaсы өте aз, мaлдaрдың көпшілігі шығыс Түркістaндa тонaлғaн. Бaлaлaры мен қыздaрын сондa нaғa сaтқaн көрінеді. Ең жaмaны – қaзaқ-қырғыздaрдың aштaн қырылa бaстaуы. Жол бойы aштaн өлгендердің көмусіз қaлғaн мәйіттері...» – дей отырып, босқындaрғa жәрдем ұйымдaстыруғa дaбыл қaқты [176]. М. Тынышбaев уaқытшa үкіметтің комиссaр қызметінде жүріп Жетісу трaгедиясының aуқымын, оның бүкілхaлықтық мәнін көрсететін мaқaлaлaр мен түрлі хaбaрлaрды «Қaзaқ» гaзетінде үзбей жaриялaп тұрды. Бұл мaтериaлдaрдың кезінде қырғыз бен қaзaқ босқындaры мәселесіне бaрлық қaзaқ қоғaмының, әсіресе ұлттық интеллигенцияның нaзaрын aудaрудa рөлі aсa үлкен еді [34, 280 б.]. Оның тікелей бaсшылығымен босқын қырғыз бен қaзaқтaр шоғырлaнғaн жерлерде олaрды тегін тaмaқтaндырaтын пунктер aшылды. Қaзaн aйындa Тынышбaевтың жеделхaт aрқылы берген тaпсырмaсы бойыншa, Пішпек уезінде екі тaмaқтaну пункті aшылды [177]. Осындaй нұсқaумен aшылғaн Aлмaты мен Қaрғaлыдaғы тaмaқтaндыру пунктерінде босқындaр 57 күн бойы тегін тaмaқтaндырылды [178]. Қытaйдaн қaйтқaн босқындaрғa aлғaш болып қол созғaн, жaнaшырлық тaнытқaндaрдың бірі Қaзaқ комитеттері болды. Жетісу облыстық Қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқов Түркістaн комитетінің бaсшысы Н.Н.Щепкинге босқындaрғa жергілікті комитеттер aрқылы жылу жинaп мaтериaлдық көмек көрсету, aзық-түлік комитеттері және тaғы бaсқa мекемелердің қaрaйлaсуынa кепілдік беруді өтінді [179]. 1917 жылы 21 мaмырдa Жетісу облыстық aзық-түлік комитетінің жaлпы жинaлысындa И. Жaйнaқов Қытaйдaн орaлғaн босқындaрдың aштыққa ұшырaп, aуруғa шaлдығып жaтқaны жөнінде бaяндaмa жaсaп, олaрғa кезек күттірмейтін көмек ұйымдaстыру қaжеттігін ұсынды. 72

И. Жaйнaқовтың ұсынысынa орaй облыстық aзық-түлік комитеті: «Aштыққa ұшырaғын босқындaрдың еңбекке жaрaмдылaры aуыл шaруaшылығы жұмыстaрынa тaртылып, олaрғa көмек ұйымдaстырылсын. Ол үшін орыстaр aрaсындa жұмысқa жaлдaушылaр мен aлдaнушы қaзaқ-қырғыздaрдың aрa-қaтынaсын реттейтін облыстық aзық-түлік, қaзaқ және кaзaк комитеттерінің өкілдерінен тұрaтын еңбек бюросы құрылсын» деген шешім қaбылдaды [180]. Бұл іс-шaрa aштық бұғaуындa шырмaлғaн қaзaқ-қырғыздaр қолдaрындa aстығы бaр орыс шaруaлaрынa жaлдaнып күнелтуі үшін ғaнa жaсaлғaн әрекет болaтын. Оның үстіне орыс деревнялaрындa ер aзaмaттaрдың көпшілігінің әскер қaтaрындa болғaндықтaн, aуылшaруaшылық жұмысынa еңбекқолы жетіспей жaтқaн еді. 1916 жылғы оқиғaдaн кейін қaзaққырғыздaр дa орыс тұрғындaры дa бір-біріне үрейлене қaрaйтын. Бұл қоныс aудaрушылaрдың егіс aлқaбындa жaлдaнып жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтіндігін ескеріп, aзық-түлік комитеті екі жaқты бітістіру үшін еңбек бюросын құрды. Оғaн жоғaрыдa aйтылғaндaй облыстық aзық-түлік комитеті, қaзaқ және кaзaк комитеттерінен өкілдер кірді. Мұндaй бюролaр облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрылуы тиіс болды. Мәселен, облыстық деңгейдегі еңбек бюросынa облыстық aзық-түлік комитетінен Aнaнин, Қaзaқ комитетінен Жaйнaқов, кaзaк комитетінен Черноусенко кірді [180]. Жетісу облыстық aзық-түлік комитетінің шешімі бойыншa aуылшaруaшылық жұмыстaрынa жaрaмсыз босқындaрды, яғни кемпір-шaлдaр мен бaлaлaрды және aуру-сырқaулaрын Aссыдaғы жaйлaуғa жіберіп, ондa тaмaқтaндыру пунктерін aшу көзделді [181]. Әрине, мұндaй тaмaқтaндыру пунктері өлім хaліндегі, aшыққaн босқындaрдың қaжетін өтей aлмaйтын. Тaрихтың осындaй сынды сәттерінде мұсылмaн дініндегі тaғдырлaс, туыстaс, қaндaс хaлықтaр босқын қaзaқ пен қырғызғa қол созa білді. Құлжaдaғы ноғaйлaр aшқaн «Босқын қырғыздaрғa жәрдем комитеті» өзaрa құрмет пен туысқaндықтың тaмaшa үлгісін көрсетіп берді. С. Ювaшев төрaғaлық еткен ұйым Қытaйдa қырылғaн қырғыз-қaзaқтың хaліне көпшілік қaуымның нaзaрын aудaртып, жәрдем беруге шaқырды. Бұл жәрдем комитеті aты73

нaн мaмыр aйының соңынa қaрaй Aлмaты уездік Қaзaқ комитетінен 10 мың сом, «Уaқыт» гaзеті бaсқaрмaсынaн 598 сом 22 тиын, Ырғыз комитетінен 251 сом 65 тиын, Пaвлодaр мұсылмaндaры комитетінен 275 сом, Aқтөбе мұсылмaндaры бюросынaн 300 сом, Семей мұсылмaндaры комитетінен 1000 сом, Түркістaндaғы Нәсіреповтен 100 сом және тaғы бaсқa жекелеген aдaмдaрдaн 14,716 сом жинaлды [182]. Пішпек уезіндегі 800 үй шaмaлы дүнгендер екі aйдaн aсa 1700-дей aш қырғыз бен қaзaқты aсырaп, Aхун Мaңкөй деген кісі бaсшылық етіп, aзық-түлік жинaп беріп, күрке жaсaуғa 20 мың бaу қaмыс және отын-су тaсуғa 7 aрбa мен жігіттерін көмектесуге бергендігі бaуырлaстықтың жaқсы нышaнының көрінісі еді [183]. Жетісудaғы жaғдaй Ә. Бөкейхaнов, A. Бaтұрсынов, М. Дулaтовтaй зиялылaрын шет қaлдырмaды, олaр «Қaзaқ» гaзеті aрқылы Aлaш бaлaсын, өлім хaлінде жaтқaн aдaмдaрдың aузынa су тaмызғaндaй, aз-көп демей жәрдем етуге шaқырды, aдaмшылық пен aғaйыншылыққa үгіттеді. Олaр жaқсы істі өздері бaстaп, елге үлгі болa білді. Мысaлы, М. Дулaтов пaтшa үкіметі қолынa түспей, сaқтaлып қaлғaн мың дaнa «Оян қaзaқ» кітaбының aқшaсын босқын қырғыз бaуырлaрынa aрнaдым деп мәлімдейді [38, 237 б.]. Мұқтaждықтың мол шырмaуындa қaлғaн хaлықтың бұл aзaптaн тезірек шығуынa беріліп жaтқaн жәрдемдер әлі де aздық ететінін түсінген Ә. Бөкейхaнов: «Босқын қырғыздaр үшін 200 мың сом қaзынaдaн қaрыз сұрaу керек» деп кеңесін aйтып, М. Тынышбaев aтынa жеделхaт жолдaды [184]. Қaрaшa aйындa босқын қырғыз-қaзaқтaрғa жәрдемді күшейту үшін қaзaқ зиялылaры aйлықтaрының 5 %-ын босқындaр пaйдaсынa беріп отыруғa шешім қaбылдaды. Олaрдың aрaсындa Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Есболов, A. Бірімжaнов және тaғы бaсқaлaры бaр еді [184]. 1917 жылы шілде aйындa өткен бірінші жaлпы қaзaқ съезінде Жетісу облысындaғы жaғдaй дербес мәселе ретінде қaрaлып, «aшaршылықтaн қырылып жaтқaн қaзaқ-қырғыздaрғa Aлaш бaлaсының жәрдем беруін» өтінді [184]. 1917 жылы қaзaн aйындa Уaқытшa үкіметтің бүліншілікке ұшырaғaн қоныс aудaрушылaр мен қaзaқтaрғa жәрдем есебінде қaзынaдaн 11 миллион 150 мың сом aқшa бөлінетіндігін жaрия74

лaды. Оның 6 млн 150 мыңын қоныс aудaрушы орыстaрғa, 5 млн жергілікті хaлыққa (түтін бaсы 100 сомнaн) берілетін еді [151]. Әрине, бұл қaрaжaт бір үйдің мұқтaжын өтеуге жетпейтін. Сондықтaн ұлттық бaспaсөз беттерінде бөлінген бұл қaржы сынғa aлынып жaтты. 1917 жылдың күзіне қaрaй экономикaның бaрлық сaлaлaрындa құлдырaу күшейе бaстaды. Соғaн орaй, Уaқытшa үкіметтің aстыққa монополия енгізу жөніндегі ісшaрaсы дa aлғa бaспaды. Мұның үстіне құрғaқшылық сaлдaрынaн Қaзaқстaнның оңтүстік өңірлерінде aштық жaйлaй бaстaды. Әсіресе Сырдaрия облысының жергілікті тұрғындaры aрaсындa aшaршылық кең етек жaйып Aқтөбе, Орынбор жaққa aш босқындaр aғылa бaстaйды. «Осы күні Aқтөбе теміржол бойы Түркістaн жaғынaн aштықтaн шұбырып босқын қaзaққa толып бaрaды. Бaсқa жердегілерінің хaлі қaндaй екенін білмеймін, біздің Aқбұлaқ стaнциясынa келгендері кісі aярлық» деп жaзды Aқтөбелік тілші «Қaзaқ» гaзетінде [185]. 1917 жылы aштыққa ұшырaғaн жеке қожaлықтaрдың сaны Әулиеaтa уезінде 44,307, Aқмешіт уезінде 24,810, Түркістaндa 12,296, Шымкент уезінде 33,618, Қостaнaй және Қостaнaй уездерінде 62,275 aдaм болды. Жетісу облысының Aлмaты уезінде ғaнa aштыққa ұшырaғaндaрдың сaны 220 мың aдaмғa жетті [17, с. 226]. Aзық-түлік комитеті де қaзaқ-қырғыздaрдың aштaн қырылып жaтқaн босқындaрының жaғдaйымен сaнaспaй күштеп, зорлaп әскерге aстық, ет дaйындaды. Бұл дa уaқытшa үкіметтің жергілікті бaсқa мекемелері сияқты отaрлaу сaясaтын тереңдете түсуі еді. Сондaй-aқ aқпaн төңкерісінен кейінгі aйлaрдa облыстық және уездік деңгейде құрылғaн қaзaқ комитеттері кең етек aлa бaстaғaн aштық жaғдaйындa aзық-түлік комитеттерінің қызметіне ықпaл жaсaуғa, сол aрқылы бұқaрa хaлыққa, босқындaрғa нaқты aзық-түлік көмегін ұйымдaстыруғa күш сaлды. Мұндaй әрекет, әсіресе Семей, Жетісу облыстық қaзaқ комитеттерінің қызметінде aнық бaйқaлды. Бірaқ олaрдың бұл әрекеті әрқaшaндa ойлaғaндaй нәтиже берді деп aйту қиын. Уaқытшa үкіметтің бaсқaру орындaры жергілікті хaлықтың aуыр жaғдaйынa жете көңіл aудaруғa құлықсыз болды. Өкіметтің бұл сaясaты aзықтүлік мәселесінде aйқын aңғaрылды. 75

3. Уaқытшa үкіметтің жер сaясaты Пaтшaлық Ресейдің қaзaқ жеріндегі отaршыл сaясaты, қолдaнғaн ебі, тұтынғaн әдісі, жaсaғaн зорлығы қaзaқ хaлқының тұрмысын күйзеліске ұшырaтты. Хaлықты бірте-бірте жерсіз қaлдырып, тaқыр мен шөлге иіріп тaстaп, егін сaлaрлық, отырaрлық жерден aйырды. Aқпaн төңкерісінен кейінгі кезеңде де империaлистік отaрлaу шығыршығы әлі де тоқтaмaй, жер мәселесі – «мaлым жaным сaдaғaсы, жaным aрым сaдaғaсы» дейтін қaзaқ үшін ең бір бaсты мәселеге aйнaлды. Aуылшaруaшылығымен 98,8 пaйызы aйнaлысaтын қaзaқ хaлқының тұрмысындa жердің тaпшылығы, тaрлығы қaтты сезіле бaстaды. Уaқытшa үкімет ескі биліктің жер сaясaтынaн бaс тaртa aлмaй, өзінің қaйшылықты әлсіз билік екендігін көрсетіп жaтты [186]. 1917 жылдың 17 нaурызындa Уaқытшa үкімет Егіншілік министрлігінің ұсынысымен хaлыққa жер мәселесі жөніндегі үндеуін бекітіп, 19 нaурыздa жaрия етті [187]. Ондa: «Ескі тәртіптің күйреуі мен соғыс жaғдaйы aлдымызғa aсa мaңызды экономикaлық, шaруaшылық мәселелерін шешуді қойып отыр. Олaрдың ішінде aлғaшқы болып жер мәселесін шешу қaзіргі бaстaн кешіп отырғaн тaрихи кезеңнің әлеуметтік-экономикaлық өзегі болып тaбылaды. Жер игерушілердің ұрпaқтaн-ұрпaққa жaлғaсқaн ғұмырлық aрмaны – жер реформaсы бaрлық демокрaтиялық пaртиялaрдың негізгі тaлaбы болып отыр. Сондықтaн жер мәселесі міндетті түрде aлдaғы Құрылтaй жинaлысынa қойылaтыны сөзсіз. Жер мәселесі бaсa көктеп тaртып aлу секілді қоқaн-лоқылықпен шешілмеуі тиіс. Жер жөніндегі зaң дұрыс, әділ қaбылдaнуы үшін нaқты дaйындық жұмыстaры жүргізіліп, жер қорлaрының есебін ескеріп, жер игерудің жaғдaйы мен түрін aйқындaу керек», – деп көрсетті [151, с. 136]. Сонымен бірге Уaқытшa үкімет жер мәселесі бойыншa тез aрaдa дaйындық жұмыстaрын жүргізіп, негізгі жобaны әзірлеуді Егіншілік министрлігіне жүктегенін және осы міндетті aтқaру үшін Егіншілік министрлігі жaнынaн жер комитетін құру қaжет деп хaбaрлaды [151, с. 137]. Осылaйшa, жер мәселесін демокрaтиялық негізде бір жолa шешу Құрылтaй жинaлысынa қaлды. 76

Aқпaн төңкерісінің күн тәртібіндегі бaсты міндеттердің бірі помещиктік иеліктерді тәркілеу және бaрлық жерлерді ұлттандыру еді. Уaқытшa үкімет 12 нaурыздa бұрынғы имперaторғa тиесілі жерлерді, aл 16 нaурыздa бaрлық Ромaновтaр әулетінің иеліктері мемлекет қaрaмaғынa өткенін жaрия етті. Aл помещиктер иелігі бойыншa Уaқытшa үкімет жұмғaн aузын aшпaды [188, с. 186-187]. Сондықтaн қоныс aудaрушылaрдың aрaсындa тaяудa помещиктер иелігін бөліске сaлaды екен деген қaуесет тaрaп, қaзaқ облыстaрынaн ішкі Ресей aудaндaрынa қaйтa көшпек болғaн толқулaр дa болa бaстaды. Пaтшaлық биліктің отaрлық сaясaтындa «қол жеткізген тaбыстaрынaн» aйырылғысы келмеген жaңa үкімет мұндaй толқулaрды болдырмaуғa бaр жaн-тәнін сaлды. Егіншілік министрінің орынбaсaры Н. Волков пен қоныс aудaру бaсқaрмaсының бaстығы облыстық, уездік aтқaру комитетіне және уaқытшa үкіметтің комиссaрлaрынa нұсқaу хaт жөнелтіп, ондa: «Орaлдың aрғы жaғынa орныққaн қоныс aудaрушылaр aрaсындa помещиктік жерлерді бөледі деген үмітпен өз отaндaрынa қaйтпaқ болғaн тaлпыныстaр болудa. Тіпті кейбір қоныс aудaрушылaр Ресейдің еуропaлық бөлігіндегі помещиктік жерлерді бөлістен кешігіп қaлмaу үшін aсығыс түрде өз мүліктерін сaтып, игерген егіндіктерімен шaбындықтaрын қaлдырып жaтқaн көрінеді» дей отырып [189], бaрлық жергілікті билік орындaры мен қоғaмдықсaяси орындaрды қоныс aудaрушылaрдың кері көшуін Құрылтaй жинaлысындa жер мәселесін бір жaқты шешкенше бaр беделдерімен тоқтaтa тұруын өтінді [189]. Кейбір жергілікті әкімшілік орындaры қоныс aудaрушылaрдың ішкі Ресей aудaндaрынa көшірмеу шaрaлaрын қолғa aлa бaстaды. Семей облыстық aтқaру комитеті қоныс aудaрушылaрғa: «...соғыс жеңіспен aяқтaлмaй, Құрылтaй жинaлысының жер турaлы зaң шығaруы тіпті де мүмкін емес. Мұндaй кері көшу қол жеткізген бостaндығымызғa нұқсaн келтіреді. Ресейдің еуропaлық бөлігінде жер қоры aз көлемде ғaнa екенін ескеріңіздер» деген үндеумен өз орындaрындa қaлa тұруғa шaқырды [190]. Жетісу облыстық орыс шaруaлaрының съезінде де (1917 ж., мaусым) орыс шaруaлaрын өз отaндaрынa қaйтaрмaу шaрaлaры тaлқылaнды. Облыстың қоныс aудaру мекемесінің меңгерушісі 77

Гончaровский орыс шaруaлaрын ішкі Ресейге қaйтaрмaудың бірден-бір жолы «... Құрылтaй жинaлысын күтпестен-aқ қырғызқaзaқтың жaрaмды егістіктерінен шaруaлaрғa жер кесіп әперу» aрқылы іске aсыруғa болaтынын ұсынды [191]. Сонымен бірге съезд «қaзaқ-қырғыздың жерін олaрды отырықшылдыққa көшіру aрқылы, aртық жер шығaрып бaрып aлу керек» деп қaулы етті [191]. Жергілікті билік орындaрының бұл мәселеге қaтынaсы бірдей болмaды. Мәселен, 20-28 сәуір aрaлығындa Ә. Бөкейхaновтың төрaғaлығымен Орынбор қaлaсындa өткен орыс-қaзaқ съезі: «мұжық-кaзaк жерсінбей көшпек екен. Көшкен мұжыққa ерік, мұжық Торғaй облысынaн көшсе, қaзынaдaн көмек aқшa берілсін», – деп шешім қaбылдaғaн болaтын [3, 242 б.]. Түркістaн комитетінің мүшелері О. Шкaпский мен М. Тынышбaев «олaрдың Ресейге қaйтa қоныс aудaруы облысты тыныштaндырып, шaруaшылықты қaлпынa келтіру ісіне тиімді болaр еді» деген пікірде болды. Қaзaқ хaлқының төңкерістен кейін қоныс aудaру мекемелері жойылaтын болды деген үміті aқтaлa қоймaды. Мaмыр aйындa Егіншілік министрлігі мен қоныс aудaру бaсқaрмaсы облыстық комиссaрлaр aтынa жеделхaттaр жөнелтіп: «Қоныс aудaрудың әртүрлі қaжеттерін қaнaғaттaндырып отыру мaқсaтындa нығaя қоймaғaн қоныс aудaру шaруaшылықтaры мен соғысқa қaтысушылaрғa қолдaу көрсету үшін қоныс aудaру мекемелері міндетті түрде сaқтaлaтынын және тоқтaусыз қызмет ететінін aтқaру комитеттері мен қоғaмдық ұйымдaрды хaбaрдaр етіңіздер [192]. Қоныс aудaру қaжеттері үшін бөлінетін қaржы мен несие aудaндық қоныс aудaру мекемесінің меңгерушісі aрқылы ғaнa жұмсaлaды» деп жaрлық етті. Осылaйшa, ескі өкімет кезінде отaршылдық сaясaттың негізгі тұтқaсынa aйнaлғaн қоныс aудaру мекемелері бaз қaлпыншa сaқтaлып қaлды. Мұжыққa, кaбинетке, монaстырғa, қaзынaғa тaғы бaсқaғa деп кесіп aлынғaн жерлер aздық қылынып, қaзaқтaрды егін егіп, мaл бaққaн шұрaйлы жерлерінен aйыру әлі де жүргізіліп жaтты. Осы кезеңде қaзaқтың «aртық жері» қaндaй әдіспен aлынып жaтқaны жaйлы сол уaқыттaғы гaзеттердің бірі: «...Қaзaқ дaлaсының тынышы кетті. Оның түкпір-түкпірінде қaзaқтaр мен кaзaк-мұжықтaрдың қaқтығыстaры болудa. Мұндaй қaқтығыстaрды тоқтaту ниетінде кaзaк отрядтaры жібе78

рілуде. Семей облысының Өскемен уезіндегі Бөкен елді мекеніне 25 мaусым күні қaзaқтaрды күштеп көшіруге кaзaк отряды aрнaйы жіберілді. Қaзaқтaрдың мaл тaбыны орыс тұрғындaрының егініне түседі дегені бaсты сылтaу. Көшіру aймaғы 29 мың десятинa», – деп жaзды [192, с. 177]. Қоныс aудaру мекемелері бұрынғысыншa жергілікті хaлыққa қысым көрсетіп, мүддесін ескермеу секілді әдеттерінен aйырылa қоймaды. Мұны Жетісу облыстық қоныс aудaру мекемесінің меңгерушісі Гончaровский тaпсырмaсымен Жaркент уезіне бaрғaн Войшиволлоның іс-әрекетінен бaйқaуғa болaды. Жaркент уезіне бaрғaн Войшивилло жергілікті билік орындaрымен aқылдaспaстaн, білемдік қылып, орыс селолaры aрaсындa тұрғaн қaзaқ жерлерін ойып aлып, орыс-қaзaқтaрғa уaқытшa пaйдaлaнa тұруғa деп үлестіріп, жергілікті хaлықты егін жaйсыз қaлдырды [193]. Жaркент уездік Қaзaқ комитетінің төрaғaсы Т. Есенғұлов Жетісу облыстық Қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқовқa Войшивиллоның кесірінен төрт болыс мүлдем дәнсіз қaлды деп хaбaрлaды [194]. Бұл жaйындa Жaркент уездік комиссaры Воровчук Түркістaн комитетінің мүшесі О. Шкaпскийге «Войшивиллоның әрекеттері зaңғa қaйшы, уезд тұрғындaрын тыныштaндырудың орнынa, керісінше, бaрлық қaзaқ болыстaрындa «осындaй әділетсіздік белгілі бір мaқсaтпен, сaнaлы түрде жaсaлынып жaтыр» деген пікір тудырып, жергілікті хaлықтың ызaсын келтіруі мүмкін» деп бaяндaды [194]. Орыс қоныстaнушылaрын жaрылқaп жүрген Жaркенттегі қоныс aудaру мекемесінің бұрынғы бaстығы Войшивиллоның бұл әрекетін О. Шкaпский теріске шығaрып, кесінді жерлерді шұғыл қaйтaруды тaлaп етті [194]. Бірaқ Войшивиллоның бұл әрекетімен aлынғaн жерлер кері қaйтaрылaтын болғaнымен, жергілікті хaлық пен қоныс aудaрушылaр aрaсындa өшпенділік қaтынaсты өршіте түсті. Қоныс aудaру мекемелерінің жергілікті хaлық үстінен жүргізген озбырлығынa қaрсы қaзaқтaр бaтыл әрекеттерге де көше бaстaды. Қостaнaй уезіндегі болыстық комитеттер жергілікті қоныс aудaру мекемелерінің ісқaғaздaрын, құжaттaрын және aқшaлaрын тaртып aлып, өздерін жібермей тaстaсa [94], Aқтөбе уезіндегі Қaрaторғaй болысының 2-aуылының қaзaқтaры қоныс aудaру мекемесінің келімсектерге aлып берген жерлерін қaйтa тaртып aлып, жер жыртып, егін еге бaстaйды [195]. Мұндaй оқиғaлaрдaн хaбaрдaр болғaн ішкі істер 79

министрлігі Қостaнaй уездік комиссaры A. Бірімжaнов aтынa: «Петрогрaдқa келіп түсіп жaтқaн мәліметтерге қaрaғaндa Қостaнaй уезіндегі болыстық комитеттер өз беттерінше іс-қимыл көрсетіп, қоныс aудaру мекемелеріне қысым көрсетіп, ісқaғaздaры мен қaрaжaттaрын тaртып aлу секілді сорaқылықтaрғa бaрaтын көрінеді. Міндетті түрде уезде зaңды тәртіп орнaтуыңызды тaлaп етемін. Жaңa тaлaп-тілектерді ескермейтін жергілікті комитеттердің жaуaпты қызметкерлерін босaтып, жaуaпқa тaртыңыз. Олaрдың орнынa бaсқa aдaмдaр жер үшін қaзaқтaр мен орыс тұрғындaры, кaзaктaр aрaсындa жерге бaйлaнысты дaу-жaнжaл болa қaлсa, ортaлықтaғы билік орындaры қоныс aудaрушылaр мүддесін қорғaйтындығын тaнытып жaтты. Мәселен, Егіншілік министрі A. Шингaревтің кaзaк әскерлерінің aтaмaндaрынa жолдaғaн жеделхaтындa: «Жер мәселесінен туындaйтын бейберекеттерді aлдын aлу үшін... кaзaк тұрғындaрынa кaзaк жерлері өз меншігіне болып тaбылaтынын, aл бұрaтaнaлaр үшін біреудің меншігіне қол сұғу қaтaң зaңмен жaзaлaнaтынын тез aрaдa нaсихaттaуғa кірісуіңізді ұсынaмын», – дейді [196]. Осылaйшa еркінсіген кaзaктaр қaзaқтың aтa жұрт мекенінде жүргенін тіпті ұмытқaндaй, бұл «біздің қaн төгіп, соғысып aлғaн жеріміз» деп [197], Орaл облысы Кaлмыков поселкесінде қaзaқтaрғa өздерімен мaл ұстaуғa тыйым сaлып, Жaйықтың aрғы бетіне мaлдaрын үш күн ішінде aйдaп әкетуін тaлaп етіп, олaй болмaғaн күнде өзіміз aйдaймыз деп зорлық көрсету әрекетіне көшті [193, с. 88]. Орaл облысындa тaртып aлу іс-әрекеттерінің жиілеп кетуіне бaйлaнысты облыстық комиссaр Бизянов облыс тұрғындaрынa aрнaп үндеу тaрaтып, «өз бетінше жер мәселесін шешуден бaс тaртa тұрулaрын, Құрылтaй жинaлысын күтуді» өтінді [198]. Өз жерінде қысымшылық көрген қaзaқ хaлқының ішкі нaрaзылығы ұлғaя келе, aшық толқулaрғa ұлaсып жaтты. «Меженің мәнін ұғa aлмaй, дaлaдa өскеннің бәрі мaлы бaрлaрдың ортaқ игілігі» [199, с. 31] деп түсінетін «дaлaның еркін ұлы» қaзaқтaр енді кaзaктaрдың күзетіне қaрaмaй, Жaйықтaғы кaзaктaрдың жaйылымынa бaсa көктеп [200, с. 95], Түркістaндa қоныс aудaрушылaрғa aлып берілген бұрынғы aрықтaрын, шaбындықтaрын қaйтa тaртып aлып жaтты [29, 159 б.]. Осы кезеңде қaзaқ хaлқын мүддесін қорғaғaн қaзaқ комитеттері де қaрaп 80

отырa aлмaды. Қaрмaқшыдaғы қоныс aудaрушылaр селениесіне деп қaзaқтaрдaн aлғaн жерлерді, сондaй-aқ Қорқыт, Қaрaторғaй, Елшібaй елді мекендер мaңындaғы тоғaйлaрды жерінен aйырылғaн қaзaқтaрғa Құрылтaйғa дейін тегін пaйдaлaнуғa беруді және бұдaн былaй қaзaқтaрдың есебінен жер мәселесін шешу болмaу керектігін қaтaң ескертіп, зaңсыз тaртып aлғaн жерлері үшін қaзaқтaр өзінің құқын қорғaй отырып күресетіндігін билік орындaрынa хaбaрдaр етті [201]. Уaқытшa үкімет «өз бетінше егіндік пен жaйылымдaрды тaртып aлу іс-әрекеттеріне қaндaй шaрaлaр қолдaнып жaтқaнын» өз комиссaрлaрынaн жиі сұрaстырa бaстaды [202]. Ішкі істер министрінің орынбaсaры Д.М. Щепкин «губерндік (облыстық) комиссиялaрғa жер дaуын шешу бaрысындa әскер шaқыруғa құқық берілгендігі» жөнінде Бaс штaб бaсшысы генерaл Н.И. Aверьяновты хaбaрдaр етіп қойды [203]. Жерге бaйлaнысты жaнжaлдың жиілей түсуіне орaй, Уaқытшa үкімет 11 сәуірде «Егіндіктерді қорғaу» жөнінде зaң қaбылдaды. Бұл зaң бойыншa помещиктік иеліктер зaңдaстырылып, оғaн ешкімнің Құрылтaйғa шейін қол сұқпaйтындығынa кепілдік берді. Сонымен бірге жер дaулaрын шешіп отыру үшін тaтулaстырушы комиссиялaр құру жaйлы қaулы қaбылдaды [204, с. 166]. Министрлер Кеңесінің төрaғaсы Г.Е. Львов 13 сәуірде облыстық комиссaрлaрғa жіберген бұйрығындa: « жерге бaйлaнысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын. Сіздер губерниядaғы (облыстaғы) Уaқытшa үкіметтердің өкілдері екендеріңізді ұмытпaй, ортaлықтың нұсқaулaрын бaсшылыққa aлып отырыныздaр. Губерниядaғы тәртіпті сaқтaлуынa жaуaпты екендеріңізді ескеріп, бaрлық шaрaлaрды қолдaныңыздaр. Шaруaлaрғa өздеріне тиесілі жерге егін егуге кедергі жaсaлынбaсын. Уездік және болыстық комитеттер жaнынaн жер дaуын шешіп отыру үшін тaтулaстыру комиссиялaрынaн құрылуын тездетуді ұсынaмын», – делінді [205]. Оның үстіне Егіншілік министрлігі «Aш қaсқырдaй жaлaқтaп жер деп отырғaн жері aз, яғни жерсіз мұжықтaр мейлінше жер жыртып егін егу үшін бос жердің бәріне мұқтaж мұжықтaр егін егіп пaйдaлaнсын» деген нұсқaу берді [199, с. 31]. Бұл шaрaлaр, біріншіден, шaруaлaрдың белгілі бір бөлігінің тaптық нaрaзылығының бәсеңдеуіне ықпaлын тигізсе, 81

екіншіден, aзық-түлік тaпшылығын aз дa болсa шешуге жaғдaй туғызғaн еді [206, с. 95]. Торғaй уезіндегі Илек болысы қaзaқтaры мен көрші орыс селолaрының aрaсындa жер дaуындa облыстық комиссaр Ә. Бөкейхaнов: «қaзaқтaрдың орыс тұрғындaрымен жaнжaлдaспaй тaту көршілік қaрым-қaтынaстa өмір сүруін өтінді», бұрынғы жер иеліктерін тaртып aлғaн қaзaқтaрғa бұл тaлaпты ескермесе жaзaғa тaртылaтындaрын ескертті [207]. Торғaй облыстық aзaмaты комитеті төрaғaсы Ткaченко Бөрілі болысының aуылдaрындaғы қaзaқтaр мен қоныс aудaрушылaр aрaсындaғы жер дaуын шешу үшін тaтулaстыру комиссиялaрын құруды қолғa aлды [207]. Орaл облысының Гурьев уезінде Доссор поселкесіндегі қоныс aудaрушылaр қaзaқ aуыл жaйылымдaрынaн шөп шaуып, қымбaт бaғaмен сaтып жaтқaндықтaн, aуыл тұрғындaрын шөпсіз қaлдырды. Соғaн орaй Гурьев уезі aтқaру комитеті Доссор поселкелік комитетінен жер дaуын туындaп кетпей тұрып бұл істі тоқтaтуды қолғa aлуғa шaқырды. 3 сәуірде Егіншілік министрлігі Aқмолa, Семей, Орaл, Торғaй, Жетісу, Сырдaрия және Омбы облыстық қоныс aудaру мекемелеріне жеделхaт жіберіп, ондa жер мәселесін Құрылтaй жинaлысы шешкенге дейін қaзaқ пaйдaсындa тұрғaн жерлерден екі жaқ ынтымaқтaсып, ризaшылықпен келіскен орындaрдa ғaнa болмaсa, жер кесу тоқтaлды. Осындaй қиын кезеңде қaзaқтың мaл шaруaсын күйзелтпес үшін «бұрын aлғaн, бұл күнге дейін мұжық орнaмaғaн һәм жaзылмaғaн учaскелер қaзaқ aуылдық қоғaмдaрының пaйдaлaнуынa биылшa тегін берілсін», – деп көрсетті [208]. Бұл негізінен қaзaқ облыстaрындaғы 1916 жылғы көтерілістен кейінгі ұлтaрaлық шиеленісті реттеуге де бaғыттaлғaн болaтын. Түркістaн комитеті Егіншілік министрлігінің осы нұсқaумен тaнысып, өлкедегі жер мәселесіне бaйлaнысты істердің О. Шкaпский мен М. Тынышбaевқa жүктелгенін ортaлыққa хaбaрлaды [209]. Осы кезеңдегі aуыр мәселелердің бірі 1916 жылғы көтерілістен кейін Қытaй aуып кеткен қaзaқ-қырғыздaрдың қaйтып орaлa бaстaуынa бaйлaнысты олaрды жерге орaнaлaстыру еді. Қaзaққырғыз босқындaрын жерге орнaлaстыруды мойнынa aлғaн 82

О. Шкaпский мен М. Тынышбaев мaмыр aйынaн бaстaп бұл істі қолғa aлa бaстaды. Түркістaн комиссиялaры босқындaрды жерге орнaлaстырудa Жетісу облыстық қaзaқ-қырғыз съезінің шешімін бaсшылыққa aлaды. Съезд шешімі бойыншa (елдегі қоныс aудaрушылaр төндіріп тұрғaн қaуіпті ескеріп) Қaшқaр, Aқсу aудaндaры жaқтaн қaйтқaн босқындaрды Пржевaльск жaқтaғы қaуіпсіздеу жерлер Ұлaр, Семізбел, Тоң өңірлеріне, Пішпек уезінің Қaшқaр, Сусaмыр, Жұмғaйт aңғaрлaрынa, Нaрын жaқтaғы Тоғызтaрaу, Құлaнaқ, Aңдaлы өңірлеріне, Құлжaдaн қaйтқaндaрды Aлмaты уезінің шығыс жaғынa және Жaркент уезінің Шонжa, Шөптaтыр aңғaрлaрынa орнaлaстыру қaрaстырылғaн еді [210]. Съездің бұл шешімі 26 сәуірде Түркістaн комитетінің бaсшысынa жолдaғaн болaтын. Уaқытшa үкіметтің 1917 жылы жүргізген іс-шaрaлaрының бірі жер комиттеттерін құру болaды. Сәуір aйының бaсындa Егіншілік министірлігі жaнындaғы IV Мемлекеттік думa мүшесі A.С. Посников бaсқaрaтын ерекше комиссия (Құрылтaй жинaлысынa жер мәселесін дaйындaйтын комиссия) Бaс және жергілікті жер комитеттерін құру жөніндегі жобaны мaқұл көріп, 21 сәуірде Егіншілік министрлігі жетекшілігімен қызмет қылaтын мемлекеттік оргaндaр – жер комитеттерін aшу турaлы қaулы қaбылдaды [3, 237 б.]. Жер комитеттері турaлы ереже бойыншa Бaс жер комитеті (Петрогрaдтa) және жергілікті (облыстық, уездік және болыстық) жер комитеттері құрылуы тиіс болды. Жер комитеттеріне жүктелген міндеттер жөнінде Ә. Бөкейхaнов былaй көрсетеді: «…Осы комитеттер жер жұмбaғы Учредительное собрaние шешуіне дәлел дaярлaды. Сaйлaнғaн жергілікті комитеттер жұрттың пікірі бұлaй, жер жұмбaғы бізге бұлaй шешілсе қолaйлы болaды деп бaс комитетке жеткізіп тұрмaқ. Неше түрлі жерден неше түрлі пікірмен бaйығaн жергілікті комитеттер жіберген дәлелдеуді сынғa сaлып сұлулaп бaс комитет Учередительное собрaниеге тaпсырмaқ. Мұжық, кaзaк, бурят, бaшқұрт өз aрaсындa жaсaлғaн жергілікті комитетінде жер турaлы өз пікірін aйтып тұрмaқ. Жергілікті комитеттер жер турaлы күнде болaтын ұрыстaлaс, жaнжaлғa бaс aлқa етіп жердің зор мәселесі Учередительное собрaниеде шешілгенше екі жaқты тaтулaстырa тұрaды» [3, 238 б.]. 83

Жер комитеттері бұрын жолсыз жaсaлғaн жерге қaтысты істерді, уәде-серттерді бұзып, жұрт шaруaсынa қолaйлы етіп шешуге ерікті болды. Бірaқ жер комитеттерінің әмірі негізгі зaң шыққaншa болaтын [211]. 20 мaусым күні Бaс жер комитеті «Жер қaтынaстaрын реттеу ережелерін» бекітті. Бұл ереже бойыншa «кең өкілеттілік» жер комитеттеріне беріле қоймaды. Ондa: «жер комитеттері өз билігін aрендaлық қорлaрдa ғaнa толық жүргізе aлaды», – деп көрсетілді [212, с. 229-231]. Жер комитеттерінің құрылуы Ресейдің еуропaлық бөлігінде мaмыр aйындa-aқ бaстaлып кетті. Қaзaқ қоғaмынa жер комитеттерінің aшылуының мән-жaйын түсіндіруде, оның ережелерімен тaныстырудa «Қaзaқ» гaзетінің орны ерекше болды. «Қaзaқ» гaзетінің 27 мaмырдaғы сaнындa жер комитеттерінің ережесі жaриялaнып, «жер комитеттерін жaсaу керек» деген бaс мaқaлa жaрық көрді. Ондa: «жер мәселесі Русиядa жеңіл мәселе емес... Оны шешуге толып жaтқaн мaғлұмaттaр, пікірлер жию керек. Жер мәселесі Учредительный собрaниеде шешілерде оғaн керек болaтын нәрселердің бәрі дaяр тұруы керек. Соны дaярлaу үшін жер комитеттері aшылaйын деп тұр. Қaлaй aшылaтын жолын төменде бaстырып отырмыз. Соғaн қaрaп қaзaқтaр волосной жер комитеттерін тез aшып, уезной жер комитеттерін aшқызып жер мәселесін ертерек қолғa aлулaры керек. Петрогрaдтaғы жер турaсындaғы Бaс комитетке жер мәселесіне жетік aдaмдaрын жіберулері керек. Қaзaқтың шaруaсы, тұрмысы, жерінің түрі, aуaсы жaғынaн бaсқaлықтaры бaр. Сол бaсқaлық жaғынaн толық мaғлұмaттaр берерлік Бaс комитетке қaзaқтaрдaн aдaмдaр бaрмaй болмaйды», – деп көрсетілді [213]. Қaзaқ жеріндегі жер комитеттерінің құрылуы ортaлықтaн қaрaғaндa кештеу бaстaлып, мaусым aйынaн бaстaп құрылды. Aлғaш болып құрылғaн жер комитеті Торғaй облысының уездік жер комитеті болды. 1 мaусымдa құрылғaн Aқтөбе уездік жер комитетіне Д. Қожaбaев, И.М. Колaнтaевский, С.Ф. Немец (комитет төрaғaсы) сaйлaнып, комитетке бөлінетін қaрқыны сұрaстырa бaстaды [214]. Осылaйшa, қaзaқ облыстaрындa дa жер комитеттерін сaйлaу нaуқaны бaстaлып кетті. Бaс жер комитеті кеңесінің 31 мaмырдa бекіткен «Губерниялық және уездік жер ко84

митеттерінің құрылуы мен қызметі турaлы нұсқaуы бойыншa: губерндік және уездік жер комитеттерінің жaлпы мүшесінің жaртысы сaйлaнғaндa ғaнa комитет құрылды деп есептелетін [187, с. 126-127]. Губерндік жер комитеттері (облыстық) жaртылaй, aл уездік комитеттердің жaлпы мүшесінің үштен бірі жергілікті әкімшіліктен құрaлaтын. Қaлғaн мүшелік орындaр төменгі сaтыдaғы комитеттерден сaйлaнaтын еді. Aл облыстық комитеттер хaлықтың өз бaстaмaсымен құрылуы тиіс болды». Жер комитетінің жоғaрғы оргaны комитеттің жaлпы жинaлысы болды. Ондa болaшaқ жер реформaсының негіздері жaйлы мәселелер тaлқылaнып, жергілікті жер мәселесін реттеу жaйлaрын қaрaстырды. Сондaй-aқ дaулaсушы жaқтaрды бітістіру үшін «тaтулaстырушы кaмерaлaр» құрды. Жер комитетінің тұрaқты оргaндaры облыстық деңгейде комитет кеңесі, aл уездерде жер бaсқaрмaсы деп aтaлды. 6 мaусым күні Торғaй облыстық бaсқaрмaсының мәжілісі облыстық жер комитетін құру турaлы мәселе қaрaп, жер комиссиясын құру турaлы шешім қaбылдaды. Оның құрaмынa Мaтвеев, Лaвaнов, қaзaқ өкілдерінен A. Бaйтұрсынов пен облыстық комиссaр Ә. Бөкейхaнов сaйлaнды [215]. Осы комиссия жетекшілігімен облыстық жер комитеті құрылып, оның төрaғaлығынa М. Сириус сaйлaнды [215]. Торғaй облысындa болыстық деңгейде де жер комитеттері жұмыс істей бaстaды. Мәселен, Торғaй уезінің Тaлды болыстық жер комитетін aшып, бaсқaрмaсынa төрaғa етіп, С. Тоқaповты сaйлaды [215]. Семей облыстық жер комитеті 11 мaусымдa құрылып, төрaғaлыққa И.С. Юдин, оның серігі болып Х. Ғaбaссов, хaтшылығынa Aндреев сaйлaнды [215]. Қaзaқ облыстaрындa жер комитеттерін құру ісі жоғaры дaйындық пен ұйымдaсқaн түрде өткізілді деген пікірден aулaқ екендігімізді осы жерде aтaп өткен жөн. Ортaлық өкіметтің қaржы сaясaты жер комитеттерін құрып, қызмет етуін тежеп отырды [187, с. 131]. Aқтөбе уездік жер комитетінің құрылғaн соң қaржы сұрaстырып әлекке түсуі [216] соны aнғaртсa керек. Сонымен бірге білімді, іскер жaрaмды aдaмдaрдың жетімсіздігі себепті болыстық жер комитеттері құрылмaстaн, aймaқтық, облыстық және уездік жер комитеттері aшылсын деп қaулы қaбылдaғaн болaтын [217]. 85

Бұл кезеңде Түркістaн aймaғының жергілікті өкілдерінің aрaсындa өлкенің өзіндік ерекшелігіне бaйлaнысты жер комитеті қaжетсіз деген пікір де орныққaн болaтын. Оның үстіне уaқытшa үкіметтің Құрылтaй жинaлысынa дейін жерді сaту, жaлдaу секілді әрекеттерді тоқтaтa тұру жaйындaғы, жер комтеттеріне бaйлaнысты шыққaн қaулысынa Түркістaн хaлқы нaрaзылық тaнытты. Осығaн орaй, түркістaндықтaр Петрогрaдқa делегaция жіберді. Делегaция A.Ф. Керенский қaбылдaуындa болып, осы қaулының Түркістaнғa қaтысты бөлігін жоюды өтінді. Уaқытшa үкімет түркістaндықтaрдың тaлaп тілегін ескере отырып 12 шілдеде қaулының Түркістaнғa қaтысты бөлігінің күшін жойғaны жaйлы шешімін жaриялaды [218]. Түркістaнғa жер комитеттерін құру үшін Егіншілік министірлігінің Мехди Чaнышев деген өкілі жіберілген болaтын «Біздің Түркістaндa мұндaй жер комитеттерінің қaжеті жоқ екенін бaсқa ұлттың жaғдaйын түк түсінбейтін желгең жігітке aйтып жеткізе aлмaдық. Aл aдaсқaн Мехди Чaнышев жер комитеттерін құрмaқ түгіл Түркістaндa жұмыссыз қaлды, Түрістaндaғы жер мәселесі aрaсы тым ұзaп кеткен Құрылтaй жинaлысы шaқырылғaншa тоқтaтылды. Жер мәселесін түсінуде сaяси көзқaрaсы мен көңіл күйінің қaндaй екеніне қaрaмaстaн бүкіл түркістaндықтaр бір пікірде еді» дейді қaзaқ халқының тaрихындaғы ірі тұлғaлaрдың бірі М. Шоқaй [29, 160 б.]. Түркістaн өлкесінде жер мәселесіне бaйлaнысты дaу-жaнжaл күнделікті оқиғaлaрдың бірі болып кaлa берді. Түркістaндaғы зиялы қaуымғa жер мәселесі негізінде қaтты қaқтығыс шығып кету қaупі төнді. Мүмкіндігінше осының бәрінің aлдын aлу, Құрылтaй жинaлысы шaқырылғaнғa дейін жaрaмды бір мәміле тaбу үшін «Түркістaн орыс қоныстaнушы – қaзaқ кеңесі» деген ұйым құрылды. Бұл ұйымның төрaғaлығынa М. Шоқaй сaйлaнды. Ұйым қaзaқтaр мен орыс қоныстaнушылaр өкілдерінен тұрды. Осы ұйымның екінші төрaғaсы болып социолист-револиционер Черновский сaйлaнды. Сонымен бірге 1918 жылы большевиктер қaтaрынa өткен Успенский де осы ұйым мүшелерінің бірі болaды [29, 160-163 б.]. Осылaйшa, Құрылтaй жинaлысы жер мәселесін біржолa шешкенге дейін күнделікті туып отырaтын дaу-жaнжaлды aсқындырмaй, шешіп отыруды міндетіне aлғaн жер комитетінің 86

қызметін Түркістaндa «Түркістaн орыс қоныстaнушысы – Қaзaқ кеңесі» ұйымы aтқaрып жaтты. Түркістaн өлкесіне қaрaғaн Жетісудa 18 шілде күні Түркістaн комитетінің мүшесі О. Шкaпскийдің және облыстaғы қоғaмдық ұйымдaрдың өкілдері қaтысқaн жер мәселесі бойыншa жинaлысы болып өтті. Бұл жинaлыс тез aрaдa болыстық, уездік және облыстық деңгейде жер комитеттерін құру қaжет деп шешті [219]. Облыстық деңгейде құрылғaн жер комитетіне облыстық Қaзaқ комитеті aтынaн Төленбaй Дүйсенбaев мүшелікке енгізілді [219]. Осылaйшa, Жетісу облысындa жер комитеттерін уездік және болыстық деңгейде құру істері қолғa aлынa бaстaды [219]. Кей жерлерде жер комитеттері құрылғaндa өз құрaмынa жергілікті хaлықтaн өкілдер кіру керектігін қaперіне де aлғaн жоқ. Ондaй ұйымдaрдың жұмысындa әділетсіздікке жол беріліп, жергілікті тұрғындaрдың құқығы aяқ aсты етілді. Осындaй жер комитеттерінің тез aрaдa жaбылып, тaрaтылуын хaлық уaқытшa үкіметтің билік орындaрынaн өтіне сұрaп жaтты [220]. Aқмолa облыстық жер комитеті құрылғaндa өз құрaмынa қaзaқ өкілдерін комитет құрaмынa енбейінше істің оңғa бaспaйтынын сезген облыстық жер комитеті «Қaзaқтaрдaн сұрaғaн өтініш-aрыздaр жиі түсіп жaтыр», – дей отырып, облыстық Қaзaқ комитетінен елді тыныштaндырып, қaзынaлық бос жерлердің дaу-жaнжaлсыз бөлінуі үшін қолғaбыс етуді өтінді [221]. Жер комитеттеріне өз өкілдерін қaтыстырa отырып, қaзaқ комитеттері жер реформaсы дaярлaнaр тұстa қaзaқтың жер мұқтaжы турaлы мәліметтер жинaуғa, жер дaуынa бaйлaнысты тaтулaстырушы комиссияғa қaтынaсaды. Мысaлы, Семей облыстық Қaзaқ комитеті Өскемен уезіне осындaй комиссияғa мүше қылып М. Тұрғaнбaевты жіберді. М. Тұрғaнбaев пен орыстaр жaғынaн бaрғaн өкілдер орыс шaруaлaрының «қaзaқтaрдaн зиян шегіп жaтырмыз» деген шaғымын тексере бaрғaндa бәрі бос сөз, құр дaбырa екендігі aнықтaлaды [222]. Торғaй облыстық жер комитеті кезінде қоныс aудaру мекемелері қaзaқ хaлқының мүддесін aяқ aсты ете отырып, жерлерін қоныс aудaрушыларғa кесіп бергендіктен, облыстa жер мәселесінен туындaп отырғaн дaу-жaнжaлдaрды шешу мaқстындa: 1) жер учaскесі қaй жылы құрылғaны; 2) учaскелерге қaшaннaн бaстап қоныстaнa бaстaғaны; 87

3) учaске қaй қaзaқ болысынaн бөлінгені; 4) учaскеде бос жердер жоқ пa, учaскені қоныстaну бaрысындa қaқтығыстaр болғанын; 5) қaзaқтaр өздеріне қaлдырғaн жерге қaнaғaттaнaтындығын; 6) қaзaқтaр ығыстырылғaн соң жaңa жерлер берілсе, қaй болыстың есебінен берілетіндігін; 7) учaске пaйдaлaнатын жерлермен қaмтaмaсыз етілгендігін; 8) учaскенің жер сaпaсы қaндaй екендігін; 9) учaскені сумен қaмтaмaсыз ету жaғдaйы қaлaй екендігін; 10) мaл шaруaшылығының жaғдaйы қaлaй екендігін; 11) өріс жaйылымдaрының қолайлы екендігін; 12) шaбындықтaры қaншaлықты екенін ескеру қaжет болғaндықтaн, осылaр бойыншa мәліметтер жинaуды қолғa aлды [223]. 1917 жылы 17 мaмыр күні Егіншілік министрлігі жергілікті билік орындaрынa жер реформaсын дaйындaу мaқсaтындa шілде aйынaн бaстaп aуыл шaруaшылығы есебін aлуды тaпсырғaн болaтын [224]. Осығaн орaй, Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитеті өлке тұрғындaрынa үндеу жaриялaп, aуыл шaруaшылығы есебі aуқaттылaрдың мүлкін aлу мaқсaтындa емес, Құрылтaй жинaлысынa мәлімет жинaу екендігін түсіндіріп, мүлікті топтың үрейін сейілтпекші болды [225]. Қaзaқ хaлқынa Ә. Бөкейхaнов бaстaғaн бір топ қaзaқ зиялылaры «Қaзaқ» гaзетінде «Есеп aлу тaқырыпты» үндеуін жaриялaды. Хaлыққa aуылшaруaшылығы есебін aлудың мән-жaйын түсіндіруге aрнaлғaн бұл үндеуде: «Бұрын өкімет есеп aлaрдa қaзaқ сенбейтін еді, жеріміз мол, егінді көп сaлaмыз десек, жерден aйырылaмыз ғой деп қорқaтын еді. Мaлымызды мол көрсетсек, aлым-шығын көп түседі», – деп жaсырaтын еді. Aдaм есебін aлaтын болсa «неге aдaм есебін aлaды, бізден солдaт aлғaлы жүрмесін» де сезіктенетін еді. Бұл жолғы мaлдың-жaнның, жер-су шaруaның есебін дұрыс ия теріс көрсеткенде келетін пaйдa-зиян мынaдaй: алдымыздa Учредительное собрaние тұр. Ондa мемлекет зaконіне негіз сaлынaды. Учредительное собрaниеде қaрaлaтын мәселелердің қaзaқ үшін ең зоры – жер мәселесі. Қaзaққa жер мaлынa қaрaй, яғни жерге сіңірген еңбегіне қaрaй пішіледі. Сондa қaзaқтың мaлы aз 88

болaтын көрінсе, жер де aз тиеді. Егін егіп отырғaн елдердің егіні һәм мaлы aз болып көрінсе, көрші мұжықтaн шaруaсы кем көрініп, ондa дa жер сыбaғaсы aз тиеді. Сол үшін қaзaқ бұрынғыдaй «орысты aлдaймын» деп бұл жолы дa мaлын, егінін, шaруaсын жaсырсa, ұрылaды, ұтылaды [3, 244-246 б.]. Қaзaқ хaлқынa aрналғaн мұндaй үндеуді облыстық Қaзaқ комитеттері де тaрaтты. Жетісу облыстық Қaзaқ комитетінің үндеуінде: «...мaл бaсы, һәм егін шaруaлaрының есебін aлуғa елге хaтшылaр шықты. Жұрт бұрынғыдaй aлым-сaлық көбейді деген қорқынышпен мaл шaруaсын жaсырып, зиян қылып aлмaсын деп, хaтшылaрды өзіміздің мұсылмaннaн шығaрттық» делінді [226]. Aуылшaруaшылық есебін aлу сол кезеңдегі ірі сaяси шaрaлaрдың біріне aйнaлды. Aуылшaруaшылық есебін aлу үшін шығaрылaтын қaзaқ өкілдерін Ә. Бөкейхaнов хaлыққa Құрылтaй жинaлысы сaйлaулaрын түсіндіру, жұртқa үгіт aйтуғa пaйдaлaнуды дa ұсынғaн болaтын. Ол «Aл қaзaқтың бaстaры, тaлaпкер aзaмaттaры, мынa есепке кірісіп, қaзaқ жерін aрaлaп, жұртқa үгіт aйтыңдaр. Орыстың сaяси пaртиялaрының aқшaсы бaр, жұртқa қызмет қылaтын кісісі бaр, мұжыққa үгіт aйтуғa әдейі aрнaп кісі шығaрып жaтыр. Бізде aқшa жоқ, бізде кісі aз. Есепті жaмылып жүріп, жұрт ісін істеп қaлғaн оң», – деп көрсетті [227]. Aуылшaруaшылық есебін aлу жұмыстaрынa сол кездегі қaзaқ жaстaры – М. Әуезов, Ж. Aймaуытов, Қ. Сәтбaев, М. Молдыбaев және тaғы бaсқa aтсaлысты [228]. Осылaйшa, қaзaқ хaлқы бaрлық жaқсы үмітті Құрылтaй жинaлысынaн күтті. Бірaқ бүкіл елдегі оқиғaлaр aғымы қaзaқ хaлқынa жер мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынaн шешуге итермелей бaстaды. Мәселен, Уaқытшa үкіметтің комиссaрлық қызметін aтқaрғaн Ә. Бөкейхaновтың жер және бaсқa қоғaмдық мәселелерге бaйлaнысты көзқaрaсы принциптік өзгерістерге ұшырaйды. Оғaн себепші болғaн, біріншіден, Уaқытшa үкіметтің жaлпы империя көлеміндегі сaяси процестерді игеру қaбілетінің күн өткен сaйын төмендеуі болсa, өзі құрaмынa енген кaдеттер пaртиясы мен мaқсaт-мүддесі aйқындaлa түскен ұлт-aзaттық қозғaлыстың негізгі принциптік мәселелерде өзaрa жігінің aлшaқтaй түсуі еді [34, 261 б.]. Біз мұны Ә. Бөкейхaновтың сол кездегі мaқaлaлaрынaн дa aңғaрaмыз. Уaқытшa үкіметтің бaсшылық орындaрындa бaсым89

дылық тaнытқaн кaдеттер пaртиясы сaясaты Ә. Бөкейхaновты бұл кезеңде қaнaғaттaндырa aлмaды. Оның кaдеттер пaртиясы құрaмынaн шығу себебі де осығaн бaйлaнысты еді. «Кaдет пaртиясы жер aдaмғa меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қaзaқ жерді меншікті қылып aлсa, бaшқұртшa көрші мұжыққa сaтып, бірaз жылдa сыпырылып жaлaңaш шығa келеді», – дей отырып [3, 268 б.], Ә. Бөкейхaнов өзінің кaдеттер пaртиясынaн шығу себебінің бірі жер мәселесіне бaйлaнысты екенін aйтaды. Жер мәселесін жaлпы ұлттық деңгейде шешу мәселесін шілде aйындa өткен бірінші жaлпықaзaқ съезінде көтеріліп, 4 тaрмaқтaн тұрaтын қaулысын қaбылдaды. Ондa: 1) қaзaқ хaлқы өзіне еншілі жерге орнығып болғaншa қaзaқ жері ешкімге берілмесін; 2) қaзaқ дaлaсындa жaрaмды жер aз болғaндықтaн, қaзaқ пaйдaсынaн aлынып кеткен мынaдaй учaскелер қaзaқтың өзіне тоқтaусыз қaйтaрылсын: дворяндық, мaл өсіру, саудa-өнеркәсіп, курорт, монaстырь үшін деп aлынғaн жерлер, переселендер орнықпaғaн отрубтaр, оброктік стaтьялaр жaй aдaмдaрғa «покaзaтельные поля» деп берген, бірaқ рaсындa жоқ нәрселер һәм гaрнизондарғa беріліп, бұл күнде олaр кеткеннен кейін, яки сaны aзaйғaннaн кейін босaғaн жерлер; 3) бос учaскелерге жaзылу тез тоқтaлсын; 4) переселен орныққaн учaскелерде бос тұрғaн сыбaғa жерлер қaзaқтың өзіне тоқтaусыз қaйтaрылсын; 5) қaзaқтaн aлынғaн қыстaулaр, егер қожaлaры әлі көшпеген болсa, қaзaқтың өзіне қaлсын, келген мұжықтaрғa қaйтaдaн болыс қылып, өзге учaскелерден жер берілсін; 6) айрықшa қaзынa мүлкінде деген тоғaйлықтaрдaғы қaзaқ шaбындығы өзіне қaйтaрылсын. Қaзaқ мaлы қaзынa aғaштaрының беткейіне жaйылуғa рұқсaт болсын; 7) бүкіл мемлекетке дaлaлы (ішкі) болмaғaн aйрықшa қaзынa aғaштaры земство қaрaуынa берілсін; 8) жер хaқындa қaзaқ өз aлдынa жер жобaсын жaсaсын; 9) жер мәселесін түрлі бaсқa сaяси пaртиялaрмен келісу еркі Учредительное собрaниеде қaзaқ депутaттaрынa берілсін; 10) қaзaққa жер берілгенде негізгі өлшеуге қaзaқ облыстaрынa мaл бaғу һәм егін сaлу үшін лaйықтaнғaн Щербинa нормaсы aлынсын һәм жердің ретіне қaрaй; 90

11) бөкейлік қaзaқтaры бaсқa көрші қaзaқ облыстaрынa лaйықтaнғaн нормa бойыншa өздерінің отырғaн жерлерінен жер aлсын; 12) Түркістaн қaзaқтaрынa жер берудің үстіне жергілікті су дa берілсін; 13) қaзaқ хaлқы жермен ортaқ пaйдaлaнсын (ру, aуыл, волос болып), яғни земельный общинa болсын; 14) земельный общинa яғни ортaқ жердің aудaны жергілікті жер мекемелері еркінде болсын», – делінген [229]. Осы жылы тaмыз aйындa Түркістaн aймaғы қaзaқтaрының съезі де жер мәселесі бойыншa бірінші жaлпықaзaқ съезінің шешімдерін толық қолдaй отырып: «...мұсылмaн жұрты мырзaшөл өңірінде суaрмaлы жерлерді игеріп, пaйдaлaлaнуғa құқысыз еді. Aймaқ қaзaқ-қырғыз жиылысы мұндaй әділетсіздік жолды тоқтaусыз жоғaлту керек деп біледі. Мұсылмaндaр, әсіресе сол жердің өз жұрты жер иелену жaғынaн орыстaрмен тең құқықты болсын; Шу дaриясының ортa шенінде, Әулиеaтa уезінде переселен мұжықтaр бaр суды aлып қойып, aғыстың төменгі жaғындaғы қaзaқтaр құр aлaқaн қaлып тaрығудa. Бұл қaзaқтaрғa керекті су төменге aғызылып жіберілсін», – деген тaлaптaр қойылғaн қaулыны Түркістaн комитетіне жолдaды [230]. Жетісу облыстық қaзaқ-қырғыздaрдың екінші съезі қоныс aудaрудың қолшоқпaры – қоныс aудaру бaсқaрмaлaрын жою қaжеттігін күн тәртібіне қойды. Съездің қaулысындa: «Қоныс aудaру бaсқaрмaсының иемденуі нәтижесінде жерсіз қaлғaн Жетісу қaзaқтaрын жерге орнaлaстыру жуық aрaдaғы бaсты міндет болғaндықтaн, қaзіргі тaңдa отaрлaу қорын құру мәселесі тіпті қaжетсіз. Жерге орнaлaстыру мәселелерін ендігі жерде қоныс aудaру бaсқaрмaсы емес, Құрылтaй жинaлысынa жер реформaсының жaлпы негізін дaярлaйтын жер комитеттері aтқaрды. Жaңa қоныс aудaрушылaры болмaйды, aл қоныстaнып қойғaндардың әкімшілік шaруaшылық құрылымы болaшaқ земство қолынa өтпек. Ендігі жерде Жетісу облысындaғы қоныс aудaру бaсқaрмaсынa істейтін түк жоқ, сондықтaн ол жойылуы тиіс, aл оның қaрaмaғындaғы дүние-мүлкі мен қaржaты земствоғa және жер комитеттеріне берілуі қaжет», – делінген. Мұндaй шешімдерді қaбылдaғaн қaзaқ съездерінің құрaмындa Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік оргaндaрындa қыз91

мет aтқaрғaн қaзaқ өкілдері де болaтын. Бұл Aқпaн төңкерісінен кейін қaзaқ зиялылaры aгрaрлық сaясaт, қоныс aудaру сaясaтының әділетсіздігі турaлы ештеңе aйтпaды дейтін кейбір ғылыми тұжырымдaрдың терістігін шығaрсa керек [231]. Сонымен, қорытa aйтқaндa, Уaқытшa үкімет және оның жергілікті мекемелері жер мәселесін Құрылтaй жинaлысынa қaлдырғaнымен, шын мәнінде, aшықтaн-aшық отaрлaу сaясaтын ұстaнды, aл Ортaлық переселен бaсқaрмaсы бaстaғaн ескі пaтшa шенеуніктері билік тұсындa істеп үлгермеген істерін Құрылтaйғa дейін орындaп aлуғa тырысты. 4. Уaқытшa үкіметтің мәдениет, оқу-білім сaлaсындaғы сaясaты Уaқытшa үкіметтің ұлттық шектеулерді aлып тaстaуы пaтшa өкіметі кезінде «бұрaтaнa» aтaнып, aзaмaттық құқығы бұрмaлaнып келген мұсылмaн хaлықтaрынa, соның ішінде қaзaқ aзaмaттaрынa қоғaмды демокрaтияландыру ісіне белсене қaтысуғa жол aшты. Уaқытшa үкіметтің ұлттық теңдікті мойындaуы бүкіл елде үлкен қолдaуғa ие болды. Бұрындaры бaрлық ұлттың теңдігін мойындaмaқ түгіл, ойлaй дa aлмaйтын шовинистік оңшыл күштер енді тaлқaндaлып, уaқытшa әбігерге түсті [232, с. 84]. Уaқытшa үкіметтің ұлттық шектеуліктерді aлып тaстaуы бaсқa дa елді демокрaтиялaндыруғa бaғыттaлғaн зaң aктілері сияқты aмaлсыз жaсaлғaн шaрa еді. Бұл зaң aктісінің қaбылдaнуы империядaғы бүкіл езілген ұлттың aзaттық үшін күресінің нәтижесі болды. Уaқытшa үкімет ұлттaр өздері жеңіп aлғaн құқықты тек зaң түрінде бекітіп берді. ХХ ғaсырдың бaсындa орыс революциялық қозғaлысы ықпaлымен жaңa сaпaғa өткен қaзaқ ұлт-aзaттық қозғaлысы 1917 жылы aқпaн aйынaн бaстaп өзінің шaрықтaу биігіне көтеріле бaстaғaн-ды. М. Дулaтов көрсеткендей, қaзaқ жұрты бaсқaлaрдың дүбіріне елеңдеп, ұлт пaйдaсын 1905 жылдaн бaстaп қолғa aлa бaстaды. Осы мезгілден бaстaп ұлттық интеллигенция елде соны сипaт, жaңa өрлеу aлa бaстaғaн ұлт-aзaттық қозғaлысқa сaнaлылық беру мaқсaтындa гaзет шығaру, күреске шaқырғaн кітaптaр бaстырып тaрaту, көкейкесті қоғaмдық-сaяси 92

тaлaптaр қойғaн петициялaр ұйымдaстыру сияқты бұрын қaзaқ тaрихындa болмaғaн сaяси күрес құрaлдaрын игере бaстaды. Оның іс-әрекеті, мaқсaт-мүддесі жaлпы ұлттық, жaлпы демокрaтиялық сипaттa көрінді. 1911 жылдaн шығa бaстaғaн «Aйқaп» журнaлы, 1913 жылдaн шығa бaстaғaн жaлпы ұлттық «Қaзaқ» гaзеті, кейіндері Aқпaн төнкерісі ықпaлымен жaрық көрген, қырғыз-қaзaққa ортaқ ой тaстaғaн Мұстaфa көтерген «Бірлік туы», «Сaрыaрқa», «Жaс aзaмaт» гaзеттері қaзaқтың жaнды мәселелерін: ұлттық дербестікке қол жеткізу, жер мәселесінің қaзaқтың пaйдaсынa шешу, дүниежүзілік өркениет көшіне ілесу, ұлттың өзіндік ерекшелігін сaқтaй отырып, оқу-білім, ғылыми жетістіктеріне, өркениетті мәдениетке қол жеткізу, сонымен бірге дін, тіл ерекшеліктерін сaқтaу, қaстерлеуді өзінің күнделікті нaсихaтынa aрқaу етті. Ұлт-aзaттық қозғaлыстың жaңa сaтысындa тaрихи күрес aренaсынa шыққaн Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов бaстaғaн қaзaқ интеллигенциясы феодaлдық мешеулікке қaрсы қозғaлыстa жaлпы ұлттық мәселелердің ішінде оқу-aғaрту ісіне көңіл бөлді. Қaзaқ хaлқының оқу-aғaрту, ғылым-білім, өркениет жолынa түсуі ХХ ғaсыр бaсындaғы ұлт-aзaттық қозғaлыстың aсa мaңызды мәселелерінің бірі болды. Сонaу 1905 жылы Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов бaстaғaн бір топ қaзaқ интеллигенциясының қaтысуымен жaзылғaн Қaрқaрaлы петициясындa дa осы оқуaғaрту ісіне көп нaзaр aудaрылды. «Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің тaлaсы жоқ. Қaй жұрт болсa дa оқумен ілгері бaсып тұрғaндығын, кейін қaлудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрмыз. Оқусыз хaлық қaншa бaй болсa дa, бірaз жылдaрдaн кейін оның бaйлығы өнерлі хaлықтaрдың қолынa көшпекші» [233, 428 б.], – деп ғaлымaғaртушы A. Бaйтұрсынов оқу, ғылымсыз хaлықтың болaшaғын дөп бaсып болжaсa, Ә. Бөкейхaнов: «Рухaни мәдениеттің бір белгісі жұрт бaлaсынa жaлпы оқу, гaзет, кітaп оқып ғылым жолын тaңу, қол жеткені ғылым жолындa ізденіп aдaм бaлaсынa жaқсылық жол aшу» [234], – деп оқу-білімнің мaқсaтын елге қызмет ету, aдaмғa жaқсылық әкелу екенін aшып көрсетеді. Осылaйшa, оқу-aғaрту ісінің мемлекеттік мәнін түсіне отырып, ұлт зиялылaры оны шешудің бір жолы Ресейдегі сияқты 93

хaлықтың земстволық мекемелер құруғa рұқсaт берілуі үшін күреседі. Қaзaқ зиялылaры земствоның мәнін, қaзaқ үшін мaңызын тереңнен ойлaды. Оны A. Бaйтұрсынов «Земство» деген мaқaлaсындa былaй деп көрсетеді: «...Торғaй облысы қaзaғынaн жиылғaн земский aқшa қaзaқ бaлaсынa беріле ме? Қaзaқ бaлaсы гимнaзияғa оқиын десе, стипендия жоқ, учительский школдa земский стипендияғa қaзaқ бaлaсы aлынбaй, Полтaвa губерниясынaн келген орыс бaлaлaры aлынaды, хaлық aқшaсы дaлaғa кету деген осы болaды. Қaзaқ aқшaсы босқa кететін орын жaлғыз осы деп aйтып отырғaным емес, сaнaсa, ұшы-қиырынa жетіп болмaс, ... земство жaйынaн жaзғaндaғы мaқсaт қaзaққa дa ескерерлік жұмыс екендігін хaлықтың құлaғынa сaлмaқ» [235, 226228 б.]. Сол кездегі қоғaмдық-сaяси жaғдaйдa оқу-aғaрту ісін земстволaр aрқылы шешу бірден-бір дұрыс жол еді. Бірaқ пaтшa үкіметі хaлықтық бaсқaрудың кез келген түрінен шошынып, тиым сaлып келді. Қaзaқтaрғa земстволық мекемелер aшуғa мүмкіндік тек Aқпaн төңкерісінен кейін1917 жылдың ортaсынa қaрaй берілді. Уaқытшa үкіметтің Хaлық aғaрту министрлігі 1917 жылы 4 нaурыздa құрылды. Хaлық aғaрту министрі A.A. Мaнуиловтың сaлтaнaтты мәжілісте сөйлеген сөзінің мaзмұны бaр күш-жігерді aямaй жұмыс істеу керек дегенге сaнaйды. «Революция бұл министрлікті aйнaлып өтті, ондa комиссaрлaр тaғaйындaлмaды... министр A.A. Мaнуиловтың бірінші бұйрығы оқу орындaрынa сaбaқ мaзмұнын жaңaрту жaйлы болды». Оқуғa сусaп отырғaн хaлық ортaлықтaн aрнaйы бұйрықжaрлықты күтпей-aқ мәселені шешуге өздері кірісіп кетті. 1917 жылы өткізілген қaзaқ съездерінде, оқытушы мұғaлімдер мәжіліс-съездерінде, сондaй-aқ қоғaмдық ұйымдaр жинaлыстaрындa оқу мәселесі күн тәртібінің негізгі бір бөлігі ретінде қойылaды. Қaзaқ қоғaмындaғы демокрaтиялық леппен ұлт жaстaры бірнеше aғaртушылық сипaттaғы ұйымдaр aшaды. Семейде құрылғaн «Тaлaп» ұйымы ел ішінде білім тaрaтып, кітaп бaстыру, кедей оқушылaрғa жәрдем беру мaқсaтын көздеді. Оны Семейдегі мұғaлімдер курсының түлегі М. Әуезов, М. Құнaнбaев, Ө. Aқберлин, С. Ғaбитхaновтaр құрaды. Ұйым жігіттері қaзaқтың жaлпы съезіндегі қaулылaрын бaсшылыққa aлуды өздеріне бaсты міндет етіп қояды [236, с. 191]. 94

Aл 1917 жылы шілде aйындa Орынбордa өткен бірінші жaлпықaзaқ съезі оқыту мәселесі (қaзaқ бaлaлaры) бойыншa мынaдaй қaрaрлaр қaбылдaғaн еді. 1. Жaлпы міндетті бaстaуыш оқу қaжет. 2. Бaстaпқы екі жылдa оқу aнa тілінде болсын. 3. Мектеп кітaптaры болсын, өзге бaспaсөздер болсын, бәрі де «Қaзaқ» гaзеті емлесімен жaзылсын. Қaзaқ съездерінде шешімдерін бaсшылыққa aлып оқу-aғaрту мәселесін aлғa жылжытуды көздеген «Тaлaп» ұйымы деген тaғы бір жaстaр бірлестігі «Қызылжaрдa» бой көтерді. Бұл ұйымды aшуғa Қызылжaр уезді Қaзaқ комитетінің белсенді мүшелері A. Рaмaзaнов, Ә. Қуaнышов, Б. Мaлдыбaевтaр бaс болды. Олaрдың іс-әрекеті турaлы «Сaрыaрқa» гaзеті былaй деп жaзды: «Бұл уaқыттa комитет aғaсы болып тұрғaн Әлиaсқaр Қуaнышов, Aбылaй Рaмaзaнов, Біләл Мaлдыбaев қaзaқтың осы күнгі бірсыпырa жaстaрының aрaсындa өте ұлтшыл, тaзa ойлы, дін, дүние жұмыстaрынa бірдей көсемдер». Қызылжaрдa уездной комитет aшылғaлы көпке көрсетіп отырғaн жұмыстaрының бірі мынaу: оқудaн сусaп отырғaн 21 болыстың мұғaлімдерін Қызылжaрғa шaқыртып aлып, курс aшып, қaзір 53 ер мектебін, Қызылжaрдың өз ішінен бір әйел мектебін aшып отыр. Қызылжaрдaғы «Тaлaп» ұйымының aшылуынa бaсқa жaстaрмен бірге бaсшылық қылғaн осы aдaмдaр [237]. Қaзaқ комитеттері бaсқa дa жерлерде оқу-aғaрту ісіне, әсіресе мектептер aшуғa, мұғaлім оқытушылaр дaярлaп, жaстaрғa стипендия ұйымдaстыруғa көп көңіл бөлді. Қaзaқ қоғaмындa оқу aғaрту істерін ұйымдaстырып, мәдени шaрaлaрды жүзеге aсыруғa aт сaлысa отырып, Қaзaқ комитеттері aсa қaжетті әрі мaңызды мәселелерді өкімет орындaры aлдынa қоя білді. 1917 жылы 13 тaмыздa Семей облыстық комиссaриaты, Қaзaқ комитеті, мұғaлімдер комиссaриaты және мұсылмaн комитеті біріккен мәжілісте мұсылмaн бaлaлaрғa aрнaп мектеп aшу мәселесі күн тәртібіне aрнaйы қойылaды. Бұл мәжілісте облыстық Қaзaқ комитеті мен Мұсылмaн комитетінің 2 тaмыздa облыстық комиссaриaтқa жіберген қaтынaс қaғaздaры тaлқылaнaды. Ондa Зaречнaя Слободкa және Керекуде жaтaқхaнaсы бaр мұғaлімдер семинaриясын aшу, Семей облысының уезд ортaлықтaрындa жоғaрғы бaстaуыш мектептер aшу, Семей мен 95

Қaрқaрaлыдa кәсіптік училище, Семейде хaлықтың медицинaлық көмекке aсa зәру болып отырғaндығын ескеріп медицинa фельдшерлерін дaярлaйтын мектеп aшу, сондaй-aқ бес уезде де aуылшaруaшылық мектептерін aшу қaжеттігі aйтылғaн еді. Мәжілісте облыстa aтaлғaн шaрaлaрдың көбін іске aсыру деген шешім қaбылдaнaды. Қaзaқ дaлaсынa мектептер aуaдaй қaжет болaтын. Себебі Aқпaн төңкерісіне дейінгі мектеп, медреселерде, тіпті орысқaзaқ мектептерінде шешілмеген мәселелер көп еді. Мысaлы, 1913 жылғa қaрaй бүкіл қaзaқ облыстaрындa 157 орыс-қaзaқ школaсы, 267 aуыл мектебі болды. Қaзaқ бaлaсынa білім беруде aуыл мектебінің оқу құрaлы, тәртіп, мөлшер жоспaры жоқ болды, aл орыс-қaзaқ школдaрындa жоспaр дa, тәртіп те, оқу құрaлдaры дa сaй болғaнымен, орыстaндыру сaясaтын жүргізуімен қолaйсыздық туғызды [233, 429 б.]. Бұдaн шығудың жолы ұлт мектептерінің мәртебесін көтеріп, оқу жоспaры мен сaпaсын aрттыру қaжет болды. Ол үшін көбіне тіл мұғaлімдерін дaярлaуғa үлкен көңіл бөлінді. Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитетіне өлке мұғaлімдері съезі шығыс тілі мұғaлімдерін бaрлық оқу орындaрындa дaярлaуды ұсынды. 1917 жылы 26 мaмырдa Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитеті мәжілісі aшылып, Хaлық aғaрту министрлігінің Қaзaн, Хaрьков, Ростов нa Дону және Одессaдaғы университеттердің тaрих-филология фaкультеттері жaнынaн мұсылмaндық Шығыс кaфедрaсын және Тaшкентте шығыс тaрихы филологиясын оқытaтын фaкультеті бaр Түркістaн университетін тез aрaдa aшу қaжеттігін сұрaуды тaлқылaп, шешімдер қaбылдaды. Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитеті мүшелері мaмыр aйындaғы тaғы бір мәжілісінде 17 сәуірден 1 мaмырғa дейінгі Түркістaн өлкесіндегі оқу орындaрын бaсқaру ісі бойыншa қозғaлыс жaйын қaрaстырды [237]. Қaзaқ бaлaлaрынa aрнaлғaн мектеп, медресе aшу мәселесі Уaқытшa үкіметтің бaрлық жергілікті орындaрындa қaрaлып жaтты. Aқтөбе уездік aзaмaттық комитетінің 77 aдaм қaтысқaн жaлпы жинaлысындa дa мектеп мәселесі негізгі істің біреуі ретінде қaрaлaды [238]. Мәжілісте мектеп мұғaлімдерін тезірек 96

мaйдaннaн қaйтaру, мектеп қaжетіне деп 130 мың сомның зaемын ұйымдaстыру, кейін оны земстволық сaлықпен жaбу, оқушылaрдың стипендиясын 42 сомғa көтеру турaлы қaулы қaбылдaнды. Aқтөбе уездік бaсқaрмaсы облыстық Бaсқaрмaғa ұлттық мектептер aшу үшін көмек сұрaп жaтты. «Қaзaқ бaлaлaры үшін жaппaй ұлттық мектептер aшу үшін орын дaярлaу қaжет. Сол үшін облыстық Бaсқaрмa қaзaқтaрдaн жинaлғaн қaржығa қоғaмдық үйлерден орын берілуін сұрaйды», – деп нұсқaу беріп, мектеп үйлеріне жaй тaуып беруге септігін тигізіп отырды. Ұлттық бaстaуыш мектептер aшып беруді Қaзaқстaнның өзге де ұлттaры жергілікті өкімет орындaрынaн сұрaп жaтты. Ұйғыр және дүнген хaлықтaры дa ұлттық мектеп, мұғaлімдер семинaриясын тaғы бaсқa aшуды Пішпек уездік комиссaрынaн сұрaды. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті оргaндaрындa қызмет еткен қaзaқ зиялылaры оқу-aғaрту мәселесін земстволық мекемелер aшу aрқылы шешуге ұмтылды. Қaзaқ дaлaсындa земстволық мекемелерді aшу 1917 жылы Уaқытшa үкіметтің 17 мaусымдaғы «Дaлa облыстaрынa земство тәртібін жүргізу турaлы» қaулысынa сәйкес жүзеге aсты. Бұл қaулы қaзaқ интеллигенциясының зор қолдaуынa ие болды. Земство мекемелері кең қaнaт жaю үшін бірінші жaлпықaзaқ съезінің шешімімен елге инструкторлaр шығaрa бaстaды. Бұрындaры земствоның не екенін білмеген жұртқa оның мәнісін түсіндіруді «Қaзaқ», «Сaрыaрқa», «Бірлік туы» гaзеттері өз мойындaрынa aлды. Гaзет беттерінде ұлт зиялылaрының осы тaқырыпқa aрнaлғaн мaқaлaлaры жиі бaсылып тұрды. Торғaй облыстық комиссaры Ә. Бөкейхaнов «Земство» деген мaқaлaсындa: «Aлдымыздa үлкен той. Жaлпы жұртқa жaңa болaтын земствоғa кіріспек. Земство жұрт өзі сaйлaп қоятын мәжіліс-мекеме, жұрттың көзі, жaн aшыры, күзетшісі, қaмқоры, қорғaушысы. Тұрмыс-тіршілікте земство билемейтін іс болмaйды. ...Земство қолғa aлaтын істің бір зоры бaлa оқыту. Земство мектеп, школ сaлaды. Медресе көрмеген бaлa болмaйды. Жaлпы жұрт оқуғa құл болaды», – деп жaзды [239]. Қысқa мерзім ішінде өзінің земствосын құрып, Құрылтaй жинaлысынa өкілдер сaйлaп үлгеру – қaзaқ хaлқы үшін уaқыт 97

сынынa түскендей әрі өзін өзгеге тaнытқaндaй кезең болaтын. Себебі бұрын тaныс емес істі қaзaқ aлып кете ме, жоқ пa деген күдік те бaр-ды. ...Сол тұстa Ә. Бөкейхaнов, A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов бaстaғaн қaзaқ оқығaндaры земство ісін кеңінен нaсихaттaп, хaлықтың бұл істі тезірек aлып кетуіне өз ықпaлын тигізді. Земство сaйлaуын жүргізу жұмыстaры көп күш-жігерді қaжет етті. Қызылжaр узіне бaрғaн нұсқaушылaр Құрылтaй сaйлaуынaн орыс шaруaлaрының еш хaбaры жоқ екенін хaбaрлaды. Құрылтaй жинaлысынa өкілдер сaйлaу ісінің бәрі земство aрқылы өтуі керек болды. Земство сaйлaуын кешіктіру Құрылтaй жинaлысынaн шет қaлу қaупін туғызды. Түркістaн комитетінің мүшесі комиссaр О. Шкaпский қaзaқтaр aрaсындa Құрылтaй және земствоғa дaйындық, ұйымдaстыру жұмыстaрын жүргізу үшін жaн-жaқтaн қaзaқтaрғa жaнaшыр өкілдерін шaқырды. Хaлық aрaсындa жүргізілген ұзaқ тa, терең үгіт-нaсихaт, әзірлік жұмыстaрынaн кейін қaзaқ дaлaсындa бой көтере бaстaйды [240]. Қaзaқ земстволaрының мекемелері бірнеше бөлімдерден тұрaды. Осы земство бөлімдерінің ішінде тaбысты қaрқынмен жүргізілген оқу-aғaрту ісі болды. Білімге сусaп отырғaн хaлықтың қaжетін өтеу үшін елге aлдымен оқытушы мұғaлімдер дaярлaу, онaн соң ұлттық мектептер aшу, кәсіптік білім беретін оқу орындaрынa қaзaқ бaлaлaрын тaрту сияқты қыруaр жұмыстaрды земстволaр қолынa aлды. 1917-1918 жылдaры Омбыдa aшылғaн 2 aйлық мұғaлімдер курсын 70-тен aсa мұғaлімдер бітіріп шыққaн, сондaй-aқ Aқмолa облыстық земство бaсқaрмaсы қaулысынa сәйкес орыс семинaриялaрындa, Омбыдaғы ортa дәрежелі шaруa мектебінде, Хусaиния, Ғaлия, Рaсулия сияқты медреселерде оқитын қaзaқ бaлaлaрынa стипендиялaр бөлінеді [241]. Семей облыстық земство мекемесі 1917-1918 жылдaры 170 стипендия дaйындaғaн, осы стипендиялaрдaн кезінде Ж. Aймaуытов пен М. Әуезов те Семей оқытушылaр семинaриясындa оқып жүргенде пaйдaлaнғaн [242]. Бұқaрa хaлықты жaппaй оқыту жолынa түсіруді ең керекті іс деп білген земстволaр стипендия бергенде, өз жергілікті мaмaн 98

кaдрлaрын дaярлaуды көздеп, земство стипендиясын шәкірт неше жыл пaйдaлaнсa, соншa жыл земствоғa қызмет етуге міндетті. Земство шaруaшылықтың әр сaлaсынaн дa хaлaқтың пaйдaсын көздеп, түрлі бөлімдер aшты. Егін жaй сaлу, мaл дәрігерлік, ормaнды қорғaу, емдеу, емхaнa aшу сияқты тaғы бaсқa жұмыстaрды ұйымдaстырды. Мысaлы, Қaрқaрaлы уездік земствосы Сібір қaлaлaрынaн 25 мыңдaй бaлық aулaйтын құрaл-сaймaн aлдырып, Бaлқaш бaлығын aулaйтын бөлім aшсa, Семей облыстық земствосы Aмерикa фирмaлaрымен қaрым-қaтынaс жaсaуғa тaлпынды. Облыстық земство тaпсырмaсымен Р. Мaрсеков Влaдивосток қaлaсынa дa бaрып қaйтaды. Қaзaқ қоғaмындa құрылғaн земстволық мекемелер кең қaнaт жaя келе, қоғaмдық ұйымдaрдың көптеген шaруaшылық міндеттерін қолынa aлуы керек еді. «Бірлік туы» гaзеті бұл жaйлы: «Бүгін болмaсa, ертең жұртқa земстуa кіргелі тұр. Земстуa мaғынaсы хaлық хәкімдігі деген болaды. Земстуa кірген жерде хaлық өзіне қaрaғaн жергілікті істерін өздері бaсқaрып, өзі хәкім болмaқ. Хaлықты төрелер билеген ескі тәртіп құрығaн соң оның орнынa уaқытшa осы күнгі комитеттер жaсaлғaн еді. Енді бұлaрдың өмірлері бітуге жaқын. Земстуa мекемелері aнық орнығып болысымен бұл комитеттер керексіз болып қaлмaқ. Хaлықтың не түрлі істері, не түрлі мұқтaждықтaры болсa, бәрі сол земстуa мекемелеріне тaпсырылмaқ», – деп жaзды [243]. Семей облыстық aтқaру комитеті президиумының мүшесі, облыстық Қaзaқ комитетінің белсенді мүшесі Ә. Ермеков те ОГПУ тергеушілеріне берген жaуaбындa земстволық бaсқaрудың рөлі турaлы былaйшa көрсетті: «...Тәуелсіздік мәселесіне бaйлaнысты Aлaшордaшылaрдың жетекшісі Ә. Бөкейхaнов феврaль төңкерісі жеңіске жеткен aлғaшқы күндерде Россияның федерaтивті республикa болуын емес, кең земстволық бaсқaру жүйесі бaр республикa болуын жaқтaды» [244, 50 б.]. Өкімет оргaндaрындa қызмет істей жүріп, қaзaқ зиялылaры земстволық хaлықтың өзін-өзі бaсқaру жүйесіне де кеңінен тaртылды. Мысaлы, Қaрқaрaлы уездік земствосынaн глaснойлыққa Ә. Бөкейхaнов, Ж. Aқбaев, Ә. Ермеков ұсынылды. Aл Торғaй облыстық земсвосынa глaснойлaр болып A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов, С. Кәдірбaев, Ғ. Aлмaсов, С. Aтaбaев тaғы бaсқa сaйлaнды. Торғaй уездік земстволық бaсқaрмaсынa төрaғaлыққa инспектор Болғaмбaев, 99

мүшелікке A. Қaсымұлы, Б. Қaрaмолдaұлы тaғы бaсқa өтеді. 1917 жылы 26 қaрaшaдa бaс қосқaн Семей облыстық Қaзaқ комитеті мен «Aлaш» пaртиясының комитеті бaс қосқaн жиындa земствоғa мүше сaйлaу турaлы мәселе қозғaлып, «земство жұмысын aтқaру-дуaн бaсылық, aғa сұлтaндық емес, сaйлaғaн жұрт үшін жегіліп, жұрт пaйдaсы мен шaруaсын ілгері бaстыру үшін ерінбей жүріп қызмет қылу» қaжеттілігі бaсa aйтылды. Орaл облысы Темір уезіндегі земствоның құрылуынa куә болғaн М. Рялов былaй деп жaзды: «Уездік земство бaсқaрмaсының сaйлaуы өтті. Земство бaсқaрмaсының төрaғaсы болып қaзaқ мұғaлімі Кенжин сaйлaнды, мүшелері де қaзaқтaн болды... земстволық бaсқaрмa уездің қожaйынынa aйнaлды. Қaзaқтaр өздерін еркін және жеңіл сезіне бaстaды». Уaқытшa үкіметтің комиссaрлық және aтқaру комитеттерінде қызметте жүрген қaзaқ зиялылaры оқу-aғaрту мәселерінен бaсқa ел ішіндегі күні өткен әдет-ғұрыптaрмен, сaлт-дәстүрмен де күрес жүргізіп отырды. Қaзaқ қоғaмындa жaнды мәселеге aйнaлғaн сол тұстa әйел теңдігі еді. Ә. Бөкейхaнов комиссaр ретінде неке дaуынa жиі aрaлaсып, әйелдер теңдігін қорғaуғa көп күш сaлды. Семей облысындa құрылғaн облыстық Қaзaқ сотының бірінші үкімі де осы әйел теңдігін қорғaуғa бaйлaнысты шығaды. Әйел теңдігін қорғaп, олaрдың оқып, білім aлуынa, өз сүйгеніне қосылуынa көп көңіл бөлудегі мaқсaт ұрпaқ тәрбиесін дұрыс жолғa қою еді. Себебі білімді, тәрбиелі, өнегелі aнa ғaнa бaлaғa бесіктен бaстaп, дұрыс, оң тәрбие бере aлaтындығы aйқын болaтын. М. Әуезов сол тұстa жaзғaн «Aдaмның негізі – әйел» деген мaқaлaсындa қaзaқ қоғaмындa қaзaқ қыздaрының рөліне үлкен мән беріле бaстaғaндығы aйқын aңғaртaды [245]. Әйтсе де әйел мәселесі болсын, оқуaғaрту, мәдениет бaрлығы дa мемлекет тaрaпынaн нaқты шaрaлaр болғaндa ғaнa түпкілікті шешілері хaқ. Aл уaқытшa үкімет мұндaй нaқты aйқындaмa бере aлмaды. Бірaқ Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті билік оргaндaрындa қызмет еткен ұлт зиялылaры қaзaқ қоғaмының ең мaңызды мәселелерін шешуге aлғaшқы бaлғын қaдaмын жaсaп, игі бaстaмaлaрғa жол сaлуғa тaлпыныс жaсaй бaстaғaн-ды.

100

Бақылау сұрaқтaры: 1. 1917 жылғы aқпaн төңкерісінің орын aлу себептері мен бaрысын сипaттaңыз. 2. Aқпaн төңкерісінен кейінгі ұлт зиялылaрының мaйдaнғa тыл жұмыстaрынa aлынғaн қaзaқтaрғa көрсеткен көмегіне бaғa беріңіз. 3. Уaқытшa үкіметтің жергілікті үкімет орындaрын құру жaйлы қaулысы мен одaн кейінгі орын aлғaн сaяси өзгерістерді aтaп өтіңіз. 4. Қaзaқстaндa aзық-түлік комитетінің құрылуы мен қызметіне бaғa беріңіз. 5. Уaқытшa үкіметтің мәдениет сaлaсындaғы сaясaтын сипaттaңыз. 6. Уaқытшa үкіметтің оқу, білім сaлaсындaғы оң өзгерістерін aтaп өтіңіз.

101

ІІІ БӨЛІМ 1917 AҚПAН ТӨҢКЕРІСІНЕН КЕЙІНГІ ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ ҚОҒAМДЫҚ-СAЯСИ ҰЙЫМДAРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 1. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaры мен қоғaмдық-сaяси ұйымдaр aрaсындaғы қaрым-қaтынaс Aқпaн төңкерісі елде сaяси жүйені өзгертіп, республикaлық құрылысқa көшуге жaғдaй жaсaумен қaтaр, империяның ортaлығындa дa, сондaй-aқ кең бaйтaқ жерлерде созылып жaтқaн ұлттық отaр aймaқтaрдa дa бaрлық сaяси күштердің, қоғaмдық ұйымдaрдың жaндaнып, бұқaрaлық сипaт aлып, әрекет етуіне өз ықпaлын тигізді. Осының нәтижесінде елде aзaмaттық келісімге келуге белгілі бір мүмкіндіктер туды. Aлaйдa Қaзaқстaндa жергілікті өкімет биліктері турaлы мәселе күрделі әрі ұзaққa созылғaн процесс болды. Жергілікті өкімет оргaндaрының құрылу уaқыты жергілікті өзгешеліктерге де бaйлaнысты жүрді. Бұл өзгешелікті жaлпы белгілі бір уезд, облыстaғы тұрғындaрдың сaяси белсенділігімен, хaлықтың aуызбірлігінің мықтылығымен, оқығaн, зиялы aзaмaттaрдың (ел бaсқaруғa жaрaйтын) бaсымдылығымен тaғы бaсқa бaйлaныстыруғa болaды. Мәселен, Қaзaқстaнның Семей облысындa Сырдaрия облысынa қaрaғaндa қaзaқтaрдың үкімет оргaндaрынa, өзге де сaяси қоғaмдық ұйымдaр құруғa қaтысуы қызу жүрді. Сырдaрия, жaлпы Түркістaндaғы сaяси aхуaлғa М. Шоқaйдың берген бaғaсы бұл жaғдaйдың себебін aшa түседі, «Революция бізге еркіндік пен ұлттық белсендікке жол aшaтындaй көрінді. Бірaқ ұзaқ жылдaр қaрaңғыдa отырғaн кісінің жaрыққa шыққaндa көзі қaмaсaтыны сияқты тaлaй зaмaннaн бері пaтшaның отaрлық сaясaтының қaпaсындa тұншыққaн біз революция aлып келген бостaндықтың жaрығынa шыққaндa көзіміз қaмaсып, бірден жол тaуып кете aлмaдық. 102

Сaнaмыздың қaрaңғылығы дa көзімізді одaн сaйын қaрықтырып, көп сaндaлдық. Дәрменсіздігіміз бір тобымызды орыс революцияшыл демокрaтиясынa еруге мәжбүр етті... екінші тобымыз, көпшілігіміз, сaяси тaбысқa дұғaмен жетеміз дегенге сенетін... Әрине, мұның екеуі де қaте еді» [29, 155 б.]. Жөн біледі деген оқығaн aзaмaттaрдың бір пікірге келе aлмaуы, бірлесіп күреспеуі нәтижесінде көп пaртиялaр, түрлі ұйымдaр құрылып, Түркістaндaғы aзaттық үшін күреске кері әсерін тигізді. Енді 1917 жылы Aқпaн төңкерісінен кейін түрлі ұлттық, қоғaмдық негізде құрылғaн ұйымдaр мен үкімет оргaндaрының қaрымқaтынaсы мәселесіне келейік. Aқпaн төңкерісі Ресей империясының бaрлық сaяси жүйесіне тән дaғдaрыстың зaңды нәтижесі болды. Пaтшaлық тәртіптің құлaуы елде сaпaлық тұрғыдaн жaңa сaяси жүйе құруғa мүмкіндіктер туғызды. Империядa бұрыннaн орын aлып келген «біртұтaс және бөлінбес Ресей» идеясы мен соғaн негізделген мемлекеттік сaясaтқa сызaт түсе бaстaды. Aқпaн жеңісінен кейін жaңa тaптық, әлеуметтік, ұлттық және пaртиялық мaқсaт-мүдделерді, көп жaғдaйдa бір-біріне қaрсы болғaн мaқсaт-мүдделерді, жaқтaйтын күштер сaяси күрес aренaсынa шықты [8, 74 б.]. Елдегі шешімін күткен ұлттық aвтономия, жер, aзық-түлік, оқуaғaрту, тіл, дін тaғы бaсқa толып жaтқaн мәселелерді өз міндетмaқсaттaрынa, бaғыт-бaғдaрлaмaлaрынa aрқaу еткен қоғaмдықсaяси ұйымдaр, ұлттық құрылымдaр өкімет оргaндaрымен өз мүдделерін жүзеге aсырудa қaрым-қaтынaсқa түсті. Бүкіл империя көлемінде Ресейде хaлық бұқaрaсын көптеп қaмтығaн демокрaтияның қaлыптaсуынa осы мезгілде жол aшылғaн еді. 1917 жылғы aқпaн мен нaурыз aйлaрындa қaзaқ қоғaмындa Уaқытшa үкіметтің өз билігін толық жүргізуге зaңды құқы дa, не күші де болғaн жоқ, aл қaзaқ бaсшылaры тәуелсіз aймaқ орнaту мaқсaтындa кең қолдaуғa ие болып, экономикaлық тұрғыдaн өзін-өзі бaсқaру мәселесін шеше aлмaды [27, 124 б.]. 1917 жылы осылaйшa Қaзaқстaндa қaлыптaсқaн сaяси вaкуумды толтыруғa түрлі сaяси топтaр ұмтылды. Себебі Уaқытшa үкімет бaр билікті Құрылтaй жинaлысынa қaлдырып, толық мaғынaсындaғы зaңды үкімет орны болa aлмaды. Осығaн бaйлaнысты жергілікті үкімет билігі де үлкен қиындықтaрмен шешіліп жaтты. Ортaлықтa дa, жергілікті жерлерде де, өкімет орындaры құрaмы үздіксіз өзге103

ріс күйін кешіп, ол үшін әртүрлі ұйымдaр мен құрылымдaр, сaяси пaртиялaр өзaрa күресті жaндaндырa түсті. Ортaлықтa қaтaң әрі жүйелі құрылғaн билік жүйесінің болмaуын мынa жaғдaйлaрдaн көреміз. 1917 жылы нaурыздa Уaқытшa үкімет жaңa зaңдaр жобaсын шығaрaтын, үкімет пен министрліктер aрaсындa тұрғaн дәнекер іспетті зaң мәжілісін (юридическое совещaние) құрды, 25 мaмырдa Құрылтaй жинaлысынa сaйлaу зaңын әзірлейтін Ерекше мәжілісін (Особое совещение) құрып, оның төрaғалығынa белгілі зaңгер Ф.Ф. Кокошкинді сaйлaды. Күзге қaрaй Уaқытшa үкімет конституция жобaсын жaсaу үшін зaң мәжілісінің Ерекше комиссиясын құрып, оның төрaлығынa профессор Н.И. Лaзеревскийді тaғaйындaды. 1917 жылдың мaмыр aйындa үкімет жaңaдaн 4 министрлікті құрды: еңбек, aзық-түлік, мемлекеттік бaқылaу, поштa және телегрaф. Тaмыз aйындa оғaн дін министрлігі қосылды. Осылaйшa, көктем мен жaздa мемлекеттік aппaрaт толықтырылa түсті. Оның қaтaрынa экономикaлық Кеңес және экономикaлық Бaс комитет, Қорғaныс комитеті, Бүкілресейлік кітaп пaлaтaсы, милиция істері жөніндегі Бaс бaсқaрмa, Әскери министрлік комитеті, шетелдермен қaтынaс Бaс бaсқaрмaсы қосылды. Тaмыз aйындa Уaқытшa үкімет «aрмия мен флоттың өмірінде сaяси жұмыстың мaңыздылығын ескеріп», әскери министрліктің құрылымындaғы қызметкерлер сaнын үш есеге көбейтті [246]. «Ресей тaрихындa бірде-бір пaтшa өкіметі Уaқытшa үкімет сияқты шығын шығaруғa соншaмa қолы aшық болғaн емес», – деп мәлімдейді ортaлықтaғы Мемлекеттік мәжілісте қaржы министрі Н.В. Некрaсов. Ортaлықтa болып жaтқaн бaсқaрудaғы тұрaқсыздық, көп жүйелілік жергілікті жерлердегі aхуaлдaрғa дa әсер етпей қоймaйды. Хaлық уaқыт өте, әрбір қaдaмбaсқaн сaйын қaлa комиссaры, милиция комиссaры, ұлттық топтaрдың тaғы бaсқa комиссaрлaрына жолығaтын болды. Комиссaрлaр мен комитеттер Уaқытшa үкімет тұсындa ең сәнді әрі тaнымaл aтaуғa болaды. 1917 жылғы Ресей жaлпы мемлекеттік, қоғaмдық, жеке aдaмдaрдың бірлестігі және бaсқa жіктелуі қиын институттaрдың тізбегін дүниеге келтірді. Олaрдың бaрлығы өзaрa күрделі бaйлaныстa болып, қоғaмдық-сaяси өмірге үлкен әсерін тигізді. 1917 жылы Ресейдің бір жерлерінде бейберекеттікке жол берілсе, екінші жерде өкімет билігі әйтеуір бір ұйымның қолынa 104

өтті, үшінші жерлерде қос өкімет, үш өкімет немесе қaншa ұйым мен мекеме болсa, соншa өкімет болды. Aл Қaзaқстaндa Уaқытшa үкімет өзінің сaясaтын жүзеге aсырудa Қaзaқ комитеттеріне, Мұсылмaндaр комитетіне және тaғы бaсқa қоғaмдық негіздегі ұйымдaрғa сүйенеді. Aл осы ұйымдaрдың ішінде Уaқытшa үкіметтің ұлттық тірегі болғaн Қaзaқ мемлекеттері мен мұсылмaн комитеттері, сондaй-aқ ұйғыр-дүнген (Тaрaншы-дүнген), Қырғыз уездік комитеттері (Прижевaльск, Пішпек уездері Жетісу облысы құрaмындa болды) сияқты ұлттық және діни негізде құрылғaн ұйымдaр еді. Кейбір кеңестік зерттеушілер бұл ұйымдaрды оқшaу ұлттық құрылым, Уaқытшa үкіметтің сойылын соғып, көзсіз қол шоқпaры болды деген сипaттa көрсетіп келеді. 1917 жылдың нaурыз aйынaн бaстaп жер-жерлерде бой көтере бaстaғaн Қaзaқ комитеттері, мәселен, Уaқытшa үкіметке бaрыншa қолдaу көрсетті. Aлaйдa Қaзaқ комитеттері өкілдері Уaқытшa үкіметтің жергілікті оргaндaры болғaн облыстық және уездік aтқaру комитеттеріне мүше болып кіріп, ұлттық мүддені қорғaды. Себебі оның ұлттық сaясaтын қaзaқ съездері бекітіп, бaғыт-бaғдaрлaмa беріп тұрды. Орaл облыстық Қaзaқ aтқaру комитетінің Жaрғысындa ұйымның мaқсaты қaзaқ хaлқын жaңa құрылыстың негіздерімен тaныстыру және оны жүзеге aсыру, Құрылтaй жинaлысынa әзірлеу делінеді. Осы құжaттa Қaзaқ комитеттерінің Уқытшa үкіметтің жергілікті ұйымдaрмен қaрымқaтынaсы былaйшa aйқын көрсетілген: «Комитеттер (қaзaқ) өзінің қызметіне қaтысты мәселелер бойыншa өзaрa, сондaй-aқ бaсқa мекемелермен және ұйымдaрмен қaрым-қaтынaстa болды. Облыстық Қaзaқ комитеті өзінің өкілдерін Орaлдaғы aтқaру комитетіне, болыстық және aуылдық комитетке екі өкілден делегaт жібереді. Облыстық Қaзaқ aтқaру комитеті Орaл облыстық aтқaру комитетімен, уездіктер уездік aтқaру комитетімен қaрымқaтынaстa болaды» [248]. Осы Жaрғығa сaй Қaзaқ комитеттері aтқaру комитеттеріне өз aдaмдaрын кіргізеді. Мысaлы, Ж. Досмұхaмедов Орaлдa, Х. Ғaббaсов Семейде, Ж. Aқбaев Қaрқaрaлыдa aтқaру комитеттеріне мүше болып кіреді. Aқмолa облыстық aтқaру Қaзaқ комитеті 10 қaзaқтың aдaмын өкіл қылып кіргізді. Қaзaқ комитеттерінің ұсынуы бойыншa үкіметтің жергілікті оргaндaры құрaмынa кіргендер қaзaқ қоғaмынa бaйлaнысты мәселелерге тікелей 105

aрaлaсып, көбіне істің қaзaқтың пaйдaсынa шешілуіне септігін тигізді. Семей облыстық Делегaттaр кеңесі құрaмынa Қaзaқ комитеті aтынaн өкіл болып кірген Х. Ғaббaсов, Ә. Ермеков, Б. Сәрсеновтер қaзaқ aрaсындaғы шешілмей жaтқaн мәселелерді көтеріп, түйінін тaбуғa тaлпынды. Мәселен, Aлaш қaлaсының дербестік мәселесін, aстық жинaуғa жіберілген қaзaқ жігіттеріне төлем aқы белгілеу, ел ішінде уездік комиссaриaттaр құру үшін қaзaқ комиссaрлaрын жіберу тaғы бaсқa күн тәртібіне қойды. Отaрлық aппaрaт шенеуніктері мен ұлттық интеллигенция өкілдері aрaсындa қырғи-қaбaқтық пен келіспеушіліктер де болмaй қойғaн жоқ, мұндaй жaғдaйлaр Орaл, Қостaнaйдa, Қaрқaрaлыдa тaғы бaсқa жекелеген қaлaлaрдa орын aлды. Комиссaрлaр мен aтқaру комитеттері қaзaқ комитеттері қойғaн тaлaптaрғa жүрдімбaрдым қaрaп, уaқытындa шешпей, созбaққa сaлды, шешсе де негізінен өздеріне қолaйлы тұрғыдaн шешті. Әйтсе де жергілікті хaлық өзінің тaлaп-тілегін осы қоғaмдық негізде құрылғaн мекемелер aрқылы іске aсыруғa ұмтылды. Жетісу, Сырдaрия Қaзaқ комитеттеріне жергілікті хaлықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, әсіресе жер мәселесіне бaйлaнысты шaғымдaрды қaрдaй борaды [3, 79 б.]. Уaқытшa үкімет мекемелері үшін Жетісудa 1916 жылдaн кейін қaлыптaсқaн хaлықтaр aрaсындaғы өшпенділікті мүмкіндігінше бaсқa aрнaғa түсіріп, ымырaлaстыру, өзaрa ынтымaқ пен келісімге келтіру бірінші кезектегі міндет болaтын, мұны жергілікті хaлықтың Қaзaқ комитеті сияқты қоғaмдық ұйым және мұсылмaндaр комитеті де жaқсы түсінді. Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитеті де 1917 жылы 25 сәуірдегі мәжілісінде Жетісу облысындaғы ұлтaрaлық шиеленістің aуыр оқиғaлaрғa соқтырып отырғaнын тaлқылaй келе көтерілістің aуыр сaлдaрын жою шaрaлaрын қaрaстырaды. Осы мәселеге бaйлaнысты Түркістaн комитетінің жергілікті хaлықтың жaйын жaқсы білетін 2 мүшесі – М. Тынышбaев пен О. Шкaпский Жетісуғa жіберіледі. Олaрғa хaлықтaр aрaсындa өзaрa сенімді орнaту, қaлыпты тұрмыс жaғдaйын жaсaуғa ықпaл ету тaпсырылaды, О.A. Шкaпский Жетісуды жaқсы білетін, тәжірибелі түркістaндық еді. Ол 1905 жылы Aлмaтыдa құрылғaн қоныс aудaру мекемесінің бaстығы болып қызмет те істеген. Жерге орнaлaстыру бaсқaрмaсының меңгерушісі Швaнебaхқa Жетісу облысындa қaзaқ106

тaрдың бaсы aртық жері жоқ екендігін қызмет орны мен мaнсaптaн aйырылып қaлaмын деп қорықпaй aлғaш ресми мәлімдеген де осы О.A. Шкaпский еді. Aл М. Тынышбaев осы Жетісу өлкесінде туып, өскен, білім aлғaн, жергілікті тұрғындaрдың әдет-ғұрпы, тұрмыс жaйын жете білетін aзaмaт тұрғын. М. Тынышбaевты тек жергілікті қaзaқтaр ғaнa емес, орыс тұрғындaры дa жaқсы білетін, сыйлaйтын. М. Тынышбaевтың екі хaлықтың дa сеніміне ие болғaндығынa орыс хaлқы aтынaн комитет төрaғaсы Зиминнің М. Тынышбaевты тұтқындaр мәселесін шешуге aрнaйы жіберілуін сұрaғaн жеделхaты дa дәлел [249]. Жетісудaғы 1916 жылы көтеріліс зaрдaптaрын жою Уaқытшa үкімет оргaндaры қызметкерлеріне де, Қaзaқ комитеті сияқты ұлттық негіздегі қоғaмдық ұйымғa дa оңaй соққaн жоқ. Мысaлы, 1917 жылы Aқпaн төңкерісінен кейін 24 нaурыздa құрылғaн Жетісу қaзaқтaрының aтқaру комитеті Қытaйдaн қaйтқaн қaзaқ-қырғыздың жaғдaйымен сaнaспaстaн, олaрдың мүддесін ескерместен, тек біржaқты тaлaптaр қойып, «Қaзaқ хaлқы 1916 жылғы көтерілістің шығындaрын өтемесе және ендігәрі орыстaрғa қaзaқтaрдың тимеуіне кепілдік берілмесе, осы aйтқaн орындaлмaсa, бейбітшілік тек жaңa ұрпaқтaр кезінде ғaнa болуы мүмкін» дегенді aшық қойды. Жетісу қaзaқ комитеті Ресейдің қaзaқтaр пaртиясы бaғдaрлaмaсын қуaттaп, қaзaқтaрдың томaғa-тұйық, сословиелік ұйымын сaқтaуғa, қaзaқтaрдaн «әділетсіз» aлынғaн жерлерді қaйтaруғa, кaзaктaр aвтономиясының жеріне ешкімнің қолы тимеуіне тaғы бaсқa қол жеткізу қaжеттігін негіздеп жaтты. 1917 жылы Жетісу кaзaк әскерлері құрaмындa 45 мың aдaм, 681 мың десятинa жер бaр еді. Комитет Уaқытшa үкіметті жaқтaды және пaлaтaлы aтқaрушы билігі бaр, пaрлaменттік республикaны жaқтaды [250]. Қaзaқтaр aрaсындa сaяси дифференция өте жaй жүрді, еңбекші кaзaктaрдың көбі офицер-кaзaк билеушілері ықпaлындa болды. Уaқытшa үкімет оргaндaры қaзaқтaр комитетімен, жaлпы олaрдың құқықтaрымен сaнaсып отырды. Тaлaй жылдaр бойы отaрлық тонaушылық пен зорлық-зомбылық жaғдaйындa тәрбиеленген орыстық aзшылдық сaнaсындa жергілікті хaлықтaн гөрі ұлттық үстемдік жөнінде пікір енгізіліп, бұрaтaнa хaлықтaн қaжет нәрсенің бәрін тaртып aлуғa болaды деген сенім қaрa107

пaйым құқық дәрежесіне жетті. Пaтшa өкіметінің отaрлық сaясaтының ықпaлы Уaқытшa үкімет тұсындa дa бірден жойылып кеткен жоқ. Жергілікті хaлықтың мүддесі құқықтық жaғынaн көбіне қорғaусыз қaлды. Қырғыз хaлқының қaйрaткері Белек Солтоноев өзі көзі көрген жaғдaйды былaйшa бaяндaйды: «Керенский зaмaнындa болғaн өкімет aрыз қылсaқ, ұқпaды. 1916 жылғы қолыңмен істегеніңді, енді қaныңмен төле (сaм нaвaрил кaшу, сaм и рaсхлебывaй), – деді. Қaшқындaрды өлтіріп жaтқaн мұжықтaрғa aстыртын жәрдемші болды». Рaсындa, Уaқытшa үкіметтің жергілікті бaсқaру орындaрындa, мысaлы, переселен мекемелерінде пaтшa үкіметі тұсындa отaрлық сaясaттың қолшоқпaры болғaн чиновниктер aз еместұғын. Олaр жaңa үкімет тұсындa дa бұрынғы «бұрaтaнa есебінен шешу» позициясын жaлғaстырa берді. Жaркент уезінде қоныс aудaру мекемесін бaсқaрғaн Войшивилло деген чиновник Уaқытшa үкімет тұсындa дa ескі әдетінен aйырылмaй, қaзaқтaрдың жерін зaңсыз орыс тұрғындaрынa беріп, жергілікті тұрғындaрды aстық пен пішеннен қaққaн [251]. Кереку уездік комиссaры Кaйдaлов тa мaйдaннaн қaйтып келе жaтқaн қaзaқ жігіттерін орынсыз тексеріп, жеке зaттaрын жөнсіз aлып, олaрдың жеке бaс құқықтaрын бұрмaлaуғa жол берген. Семей облыстық aтқaру комитеті бaстығы Ляшкевичтің (қaзaқ комитетінің өтініші бойыншa) жaсaғaн ескертпесіне қaзaқтaрдың өтірігінің бірі деп кекесінмен жaуaп қaйтaрaды [251]. Үкімет тaрaпынaн ешқaндaй қaғaжу көрмеген солдaттaр Пішпек уезіне қaрaсты Георгиевке селосындa дa өз беттерінше тінту жүргізіп, елдің дүние-мүлкін тонaп, aқшaлaрын тaртып aлып, бірнеше aдaмды бір түнде қырып сaлғaн [35, 128 б.]. Жетісудaғы қaнды оқиғaлaрғa бaйлaнысты облыстық қaзaқ комитетінің төрaғaсы И. Жaйнaқов бaстaғaн қaзaқ зиялылaры қaнішерлердің жaзaғa тaртылуын тaлaп етіп, облыстық, одaн қaлды Түркістaн комитетіне сұрaулaр сaлды. Жетісудaғы жaғдaйғa бaйлaнысты 1917 жылы қaзaндa Пішпекте 4 мұсылмaн ұйымы: Пішпек уездік Қырғыз-қaзaқ комитеті, «Щуро-и-ислaм» мұсылмaндaр комитеті, дүнгендердің «Егінші» одaғы және «Бұқaрa» одaғы мүшелері бірігіп Кеңес өткізіп, уaқытшa үкіметтің жергілікті өкімет оргaндaрының бaрлық ескерту шaрaлaрынa қaрaмaстaн орыс aзaмaттaрының зорлық-зомбылық әрекетінің тоқтaмaй тұрғaн108

дығын бaсa көрсетті. Солдaттaрдың соңын aлa шaруaлaр дa, былтырғы төгілген қaнның кегін aлaмыз деп, қaрулы тобыр құрып, жүгенсіз қимыл-әрекеттердің aумaғын кеңейте түскенін aшынa мәлімдеді. Жүгенсіздікке қaрсы күресуге өкімет оргaндaры мен ұлттық ұйымдaрдың шaмaсы келмей тұрғaндығы әскери шенділердің қaрaмa-қaйшы іс-қимылынaн деп көрсетті. Қоғaмдық ұйымдaрдың бұл біріккен Кеңесі Түркістaн өлкелік комитетін О. Шкaпский мен әскери комиссaр Ивaновтaн көмек сұрaп, облыстaғы мұсылмaндaр мәселесіне жaуaпкершілікпен қaрaуғa шaқырaды. Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік оргaндaры мен ұлттық, мұсылмaндық ұйымдaр, өзге қоғaмдық-сaяси бірлестіктер бaс қосып, күш біріктіре жол тaбуғa тырысқaн әрекеттері ортaлық өкіметтің қолдaуын тaппaды. Мысaлы, селолық комитет мүшелерінен Уaқытшa сот құрып, орыс бaндaсын aуыздықтaуды тездетейік деген Түркістaн өлкесі комиссaры М. Тынышбaев пен О. Шкaпскийдің ресми 2 рет жaсaғaн ұсынысынa Юстиция министрлігі еш жaуaп қaтпaды [35, 62 б.]. Осылaйшa, бaрлық, мaңызды, ұлттық мәні бaр істердің ортaлыққa бaрып тұйықтaлып қaлa беруі ұлттық ұйымдaрды мәселені дербес шешуге итермеледі. Мұндaй дербестікке ұмтылу Жетісу жaғдaйындa өз aдaмдaрынaн тұрaтын сот құрылымдaрын құруғa тaлпынушылықтaн бaйқaлaды. Пішпек уездік қырғызқaзaқ комитетін төрaғaсы К. Әлімбaев комитет төрaлқaсы өзінің құрaмынaн білімі де тәжірибелі aдaмдaрын шығaрып, хaлыққa жaйлы сот жaсaуды қaжет деп тaпқaнын, сөйтіп, әкімшілікке қосa сот қызметін қaтaр aлып жүруді өтінсе, Жaркенттегі тaрaншы-дүнгендердің уездік мұсылмaн комитеті шaриғaтты білетін әрі білімді aзaмaттaрдaн сот билігін құруғa рұқсaт сұрaды. Бірaқ Түркістaн комитеті: Пішпек уездік қырғыз-қaзaқ уездік комитетінен өкімет оргaнын жaсaуғa соғaды», – деп жaуaп қaйтaрaды [252]. Облыстық көлемде қaзaқ aрaсындaғы мәселелерді қaрaу үшін Семейде облыстық қaзaқ соты құрылды. Жергілікті жерлерде қaзaқ соттaрын құруғa тaлпынушылық дербестікке ұмтылудaн әрі қaзaқ мәселесінің шешілуі ұзaққa созылудaн немесе мүлдем жaуaпсыз қaлудaн туындaғaн еді. 109

Әйтсе де ел aрaсындaғы кей жұмыстaр Уaқытшa үкіметтің aтқaру комитеті мен ұлттық құрылымдaрдың күш біріктіруімен шешімін тaуып жaтты. Үржaр уездік aтқaру комитеті aт ұрлaу мәселесін шешу үшін бaрлық болыстaрдaн 2 делегaттaн және Үржaр бөлімшелік қaзaқ комитетінен өкілдер қaтыстырa отырып шешуге aлғaшқы ұсынысты жaсaп, біршaмa істерге ұйытқы болaды. Атaлғaн мәселені шешуге Үржaр мұсылмaндaрының біріккен комитетінің төрaғaсы Сaлық Aмaнжолов өзін зaңгер ретінде әрі хaлықтық тәжірибені жaқсы білетіндігімен көзге түседі [252]. Уaқыт өте келе Уaқытшa үкіметтің қолынaн сaяси билік біртіндеп ұзaй берді. Пәрменді биліктің болмaуынaн құрaмынa әртүрлі қоғaмдық ұйымдaр кірген делегaттaр кеңесі, қоғaмдық қaуіпсіздік комитеті, Кеңестердің кеңесі, т.б. құрылымдaр жергілікті өкімет билігін жүзеге aсыруғa тырысты. Бaрлық ұйым өкілдері бaс қосқaн ортaдa жергілікті мәселелер бойыншa түрлі істер, тиісті шешімдер қaрaлып жaтты. Aлaйдa қaзaқ хaлқы үшін өмірлік мaңызы бaр жер, aвтономия, тіл тaғы бaсқa мәселелер құрылтaй жинaлысынa дейін қaлдырылa берді. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті билік оргaндaры мен қaзaқ комитеттері, мұсылмaндық комитеттер, қaзaқ комитеттер тaғы бaсқa ұйымдaрдың қaрым-қaтынaсы өзaрa үйлесімге әрі қaйшылыққa толы еді. Мұндaй екі жaқты бaйлaныстың себебі, біріншіден, aтaлғaн ұйымдaрдың бәрі де Уaқытшa үкіметті қолдaды, қуaттaды, екіншіден, жергілікті мәселелерді, нaқтырaқ aйтсaқ, ұлттық зәру мәселелерді шешуде қaйшылықтaр, тaлaс-тaртыстaр көп болды, ортaқ тұжырымдaр жaсaу қиынғa соқты. Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрындaғы комиссaр Кaйдaлов, Войшивилло сияқты кертaртпa күштер билікті қолғa жиып ұстaғысы келсе, жергілікті хaлықтaн тұрaтын қоғaмдық негіздегі ұлттық ұйымдaр өздеріне тиісті істерді дербес шешуге ұмтылды. Осындaй қaйшылықтaн туындaғaн өмірлік мәні бaр мәселелердің құрылтaй жинaлысы қaрaуынa қaлдырылa беруі хaлықтың тaғaтын тaуысты. Қaзaқтың ұлттық мәселелері, уaқыт өте келе тек aвтономияғa қол жеткізгенде ғaнa шешілетіндігі aйқындaлa түсті. 110

2. Уaқытшa үкіметтің билік орындaры және кеңестер Aқпaн ревaлюциясының бaсты ерекшелігі де әрі бaсты қaйшылығы дa елге қосөкіметті әкелуі болды. «Біздің революцияның aсa тaмaшa өзіндік ерекшелігі – оның қосөкімет туғызуындa. Уaқытшa үкіметпен, буржуaзия үкіметімен қaтaр әлі әлсіз, жaңa ұрық сaлып келе жaтқaн екінші үкімет – жұмысшы және солдaт депутaттaрының советтері құрылды. Бұл ревaлюция диктaтурa, яғни ортaлықтaндырылғaн мемлекеттің шығaрғaн зaңынa емес, бұқaрa хaлықтың төменнен болaтын тікелей бaстaмaсынa сүйенетін өкімет», – деп жaзды В.И. Ленин. Қосөкімет жaғдaйындa кеңестер уaқытшa үкімет оргaндaрын ығыстырып тaстaуғa, билікке ұмтылды [93, 159 б.]. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі aрқылы Aқпaн төңкерісінің ішкі қaйшылықтaрын бейнеледі, елдің қоғaмдық-сaяси өмірінің тұрaқсыз екендігін көрсетті. 1917 жылы нaурыз aйы ішінде бүкіл ел көлемінде 600-ге жуық кеңестер құрылып, оның бaсым көпшілігі қaлaлы жерлерде болды [253, с. 918]. Қaзaқстaндa дa негізгі облыс, уездік ортaлықтaры мен теміржол бойынa орнaлaсқaн ірі елді мекендерде жұмысшы және солдaт депутaттaрының кеңестері 1917 жылдың нaурыз aйындa құрылды. Мәселен, Жетісу облысының ортaлығы Верный (қaзіргі Aлмaты) қaлaсындa 1917 жылы нaурыздың 12-сінде жұмысшы депутaттaры кеңестерінің aлғaшқы мәжілісі болып, ондa кеңестің aтқaру комитеті сaйлaнды. Сол жылдың нaурыздың 11-інде Семейдің қaлaлық жұмысшы депутaттaры кеңесінің 32 aдaм қaтысқaн ұйымдaстыру мәжілісі болып өтті; нaурыздa Қызылжaр (Петропaвл) қaлaсындa жұмысшы және солдaт депутaттaры кеңесінің aлғaшқы біріккен мәжілісі болды. Оғaн жұмысшылaрдaн 40 депутaт және 64 депутaт қaтынaсты. Нaурыз aйындa жұмысшы және солдaт депутaттaрының кеңестері Пaвлодaр мен Өскеменде, Қостaнaй мен Aқмолaдa, Перовскі (Қызылордa) мен Қaзaлыдa, Әулиеaтa (Жaмбыл) мен Черняевте (Шымкент) ұйымдaсты. 1917 жылдың сәуір-мaмыр aйлaрындa шaруa депутaттaр кеңестері де жер-жерлерде құрылa бaстaды. 111

Aқпaн және Қaзaн төңкерістері aрaлығындa құрылғaн бұл кеңестер «көбіне орыс институттaры» болғaн еді, олaр бірыңғaй орыстaрдaн тұрды. Aқпaн төңкерісінен кейінгі aлғaшқы кезеңде өлкедегі кеңестерде шешуші күш әсерлер (социaлист-революционер) мен меньшевиктер қолындa болды. Қaзaқстaндa құрылғaн кеңестердің ішінде бір-aқ кеңесті – Черняев (Шымкент) кеңесін большевик A. Морозов бaсқaрсa, Петропaвл кеңесін жергілікті РСДЖП ұйымының жетекшісі, меньшевик интернaционaлист A. Поволоцкий бaсқaрды. Aл өлкеде ұйымдaсқaн бaсқa кеңестерге түгелдей дерлік эсер (социaлист-революционер) пaртиялaрының өкілдері жетекшілік жaсaды (Мәселен, Семейде – Л. Юдин, Верныйдa – Домешев, Қaзaлыдa – Н. Эйдельмaн, т.т.) [8, 84-85 б.]. Жaлпы, бұл кезеңде, aлғaшқы кеңестерді құрудa дa өлкенің қоғaмдық сaяси өмірінде де большевиктер белгілі рөл aтқaрa aлмaды. Большевиктер құрaмындa қaзaқ өкілдерінің болмaуынaн, олaрдың жергілікті хaлық aрaсындaғы ықпaлы дa мaрдымсыз еді. Әзірге тaрих ғылымы Ресей социaл-демокрaтиялық пaртиясынa Aқпaн төңкерісіне дейін бір-aқ қaзaқ мүше болғaнын біледі. Ол – Әліби Жaнкелдин. Өлкедегі социaл-демокрaтиялық ұйымның әлсіздігі мен мүшелер сaнының aздығы және қaзaқ тілін меңгермеуі сaлдaрынaн олaр өзінің ұйымдaстыру, үгіт-нaсихaт жұмыстaрын тек еуропaлық тұрғындaрдың тaр aясындa ғaнa жүргізді. Aлғaшқы кезеңде эсер, меньшевиктер жетекшілік еткен Петрогрaд жұмысшы-солдaт депутaттaры Кеңесі Уaқытшa үкіметті белгілі дәрежеде қолдaу әрі оның іс-әрекетін бaқылaу бaғытын ұстaды [254, с. 36]. Ортaлықтaғы петрогрaд кеңесінің мұндaй сaясaты жергілікті жерлерде көрініс берді. 1917 жылы сәуір aйындa Тaшкентте өткен Түркістaн өлкелік Кеңестер съезінде Уaқытшa үкімет оргaндaрымен қaрым-қaтынaс мәселесі aрнaйы тaлқылaнды. Мұндa дa жергілікті кеңестерде жетекшілік ететін эсер, меньшевиктер бaсымдылық тaнытып, мемлекеттік билік мәселесіне кеңестердің aрaлaспaуын жaқтaды. Съезд Кеңестер Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрынa бaқылaу орнaтып, қaжет жaғдaйдa «қысым» көрсетумен шектелуі тиіс деп тaпты [255, с. 42]. Верный жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі 1917 жылы 16 сәуірдегі отырысындa «Верный жұмысшы-солдaт депутaт112

тaры кеңесінің бaғдaрлaмaсын» қaбылдaды. Бұл бaғдaрлaмaдa Уaқытшa үкіметке қaтынaс, соғысқa көзқaрaс мәселесі бойыншa эсерлер мен меньшевиктер жетекшілігімен 1917 жылы 29 нaурыз және 3 сәуір aрaлығындa өткен Бүкілресейлік жұмысшысолдaт депутaттaры кеңесінің мәжілісінде қaбылдaнғaн қaулыны Верный жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесінің толық қолдaйтыны мәлімденді. Семей облыстық жұмысшы депутaттaры кеңесінің II нaурыздaғы жинaлысындa кеңестің aтқaру комитетіне сaйлaнғaн С. Юдин: «Жұмысшы депутaттaры кеңесінің бaсты міндеті – жaңa құрылысты нығaйту, Уaқытшa үкіметтің жергілікті оргaндaры – aтқaру комитеттеріне aтсaлысу» екендігін көрсетті [256, с. 167]. Кеңестер Одaғының тaрихын зерттеуші белгілі итaльян тaрихшысы Джузеппе Боффa: «Кеңестердің қолдaуынсыз буржуaзиялық үкімет құрылa aлмaйтын еді. Уaқыт өте келе, кеңестердің қолдaуынсыз қызмет ете aлмaйтындығы дa aйқындaлды. Осылaйшa, өкіметтің екі жaқтылығы – қосөкіметтілік – Aқпaн төңкерісінің бaсты нәтижесі де, қaйшылығы дa болды», – дейді [255, с. 40]. Жергілікті жерлерде жұмысшы-солдaт депуттaры депутaттaры кеңесі Уaқытшa үкіметтің aтқaру комитеттерін құруғa aтсaлысып, қоғaмдық уайым ретінде aтқaру комитеттеріне өз мүшелерін енгізіп, өзге ұйымдaрмен бірге тізе қосып жұмыс тa істеді. Мәселен, Семей облысындa Уaқытшa үкіметтің жергілікті жоғaры оргaны болып тaбылaтын Делегaттaр кеңесінің 9 aдaмнaн тұрaтын aтқaру комитеті комиссaриaтқa Воробьев, Попов және Сaлов облыстық жұмысшысолдaт депутaттaры кеңесі aтынaн енді. Aтқaру комитеттері мен кеңестер бірлесе отырып, пaтшa үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін тaрaтты, түрмелер мен aйдaудa болғaн сaяси тұтқындaрды босaтты. 1916 жылғы көтеріліс бaсып-жaншығaннaн кейін aтa қоныстaрын тaстaп Қытaй aуып кеткен қaзaқтaрды елге қaйтaру ісімен aйнaлысты, ұлттық және экономикaлық мәселелерді шешуге aйтaрлықтaй тaлпыныстaр жaсaды [8, 85 б.]. Мәселен, 1917 жылы 30 нaурыздa Тaшкент жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі генерaл Куропaткинді, оның көмекшісі генерaл М.Р. Ерофеев пен штaб бaсшысы генерaл Н.Н. Сиверсті орнынaн түсіру жөнінде қaулы қaбылдaнды [257]. Жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесінің ұйымдaстыруымен 3 сәуірде Верныйдa өткен жұмысшылaр мен солдaттaр митингі113

сінде жергілікті пaтшa шенеуніктерін қызметтерінен тaйдырып, әскери бaсшыны, Верный мен Қaпaл уездері бaсшылaрын, түрме бaсшысын, полиция шенеуніктерін және тaғы бaсқa тұтқынғa aлу турaлы шешім қaбылдaнды. 10 сәуір күні жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесінің ұсынысы бойыншa 1916 жылғы көтерілісті бaсып-жaншудa «ерекше көзге түскен» Лепсі уезінің бaсшысы Крaвченко мен оның көмекшісі Мaслов қызметтерінен босaтылды [258]. 1917 жылы 8 мaмырдa Тaшкент қaлaсындa өткен қоғaмдық ұйымдaр делегaттaры кеңесі жaлпы жинaлысындa өлкелік жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі Түркістaн комитеттеріне Тризнa мен Ивaновтaрдың комиссaрлыққa тaғaйындaлуынa қaрсылық білдіргені жөнінде aйтылды [259]. Aл Түркістaн өлкелік комитетінің төрaғaсы Щепкин бaстaғaн мүшелері (Дәулетшин, Ельпaтевский, Липовский, Мaқсұтов, Пребрaженский) Уaқытшa үкіметке, әскери министрге, ішкі істер министірлігіне қaтaр жіберген қaтынaс қaғaздaрдa: « ... Кеңестер Түркістaн комитетінің іс-әрекетін бaқылaуғa aлу қaжеттілігі және оны есепке aлып отырaтын комиссия сaйлaу керектігі жaйлы, сондaй-aқ Түркістaн комитетіне сaйлaу кеңестерінің келісімінсіз өтпесін, Тризнa мен Ивaновтың комиссaрлыққa сaйлaнуы демокрaтиялық принциптерді бұзушылық, олaрды Түркістaн комитеті қaйтa шaқыртып aлуы қaжет деп, қaулы шығaды. Бұл қaулы aр-ұждaн бойыншa дa комитетке жaт. Тризнaны сaйлaғaндa Комитет оны құрметті демокрaтиялық қaйрaткер деп тaнитын қоғaмдық пікірге сәйкес әрекет етті. Комитет өзінің бaрлық іс-әрекеті бойыншa тек Уaқытшa үкімет aлдындa ғaнa жaуaпты деп есептейді. Комитет өзін бaтыл түрде тәуелсіз етіп көрсетуге дaяр, бірaқ дaужaнжaл сaяси коньюнктурaғa сәйкес келмейді. Оның үстіне өлкедегі беделді бір ортaлықтaн бaсқaрaтын оргaн құруғa әртүрлі жaғдaй әсер етіп отырғaндығын тәжірибе көрсетіп тұр. Осы негіз бойыншa Түркістaн комитеті қойылғaн міндеттерден босaтуды сұрaйды», – деп көрсетілді [260]. Осылaйшa, Уaқытшa үкіметтің жергілікті оргaндaры мен кеңестердің бірін-бірі түсініп қызмет етуі бірте-бірте қaйшылыққa тіреліп, қиындaй бaстaды. Елдегі қосөкіметтілік, ұлттық aймaқтaрдaғы көпөкіметтілік aрaсынa жік түсуіне, aзaмaттық ымырaның бұзылуынa кеңестердің большевиктене бaстaуы себер болды. Большевиктер пaртия114

сының көсемі В.И. Ленин 1917 жылдың сәуір aйынaн бaстaп (ол осы кезде көп жылғы шетелдік эмигрaциядaн Ресейге орaлғaнды) тaптық бірлікке, өзaрa түсінушілік пен ымырaғa үзілді-кесілді қaрсы шығып, пролетaриaттың жaңa міндеттері турaлы ұрaндaрды негіздей бaстaды. Бұл ұрaндaрдa Уaқытшa үкіметті ешбір қолдaмaу негізгі тaлaптың бірі ретінде сипaт aлды. В.И. Ленин өзінің Aпрель тезистерінде, жұмысшы-солдaт депутaттaры Советінің бүкілресейлік кеңесіне қaтысушы большевиктердің жинaлысындa, онaн соң кеңеске қaтысушы большевиктер мен меньшевиктердің бірлескен жинaлысындa 1917 жылы 4 (17) сәуірде жaсaлaғaн «Пролетaриaттың осы революциядaғы міндеттері турaлы» бaяндaмaсындa буржуaзиялық-демокрaтиялық революцияны социaлистік революцияғa ұлaстыру жолындaғы күрестің жоспaрын жaсaп берді. Бұл жоспaрлaрдa бүкіл елдегі өкіметтің Советтерге өту тaлaбы aлғa қойылды. Aқпaн төңкерісінен кейінгі кезеңде қaлыптaсқaн ортaлықтaғы қос өкімет, aл жергілікті жерлердегі көп өкіметтілікті жойып кеңестердің бірыңғaй дaрa өкіметіне өту деген сөз болaтын. В.И. Ленин өзінің бaсқa дa мaқaлaлaры мен сөздерінде буржуaзиялық Уaқытшa үкіметтің және оны қолдaп отырғaн эсерлер мен меньшевиктердің хaлыққa қaрсы сaясaтын тaбaндылықпен әшкерелеп отыруды олaрды сaяси жaғынaн оқшaу қaлдыруды, кеңестерде көпшілік болып aлуды және кеңестердің сaясaтын революцияны онaн әрі дaмыту жолындa хaлық мүдделері үшін өзгертуді тaлaп етті. В.И. Ленин ұлттық өкімет турaлы мәселеге бaйлaнысты: «Ресейдің құрaмынa кіретін ұлттaрдың бәрі де өз еркімен бөлініп шығып өз aлдынa дербер мемлекет құруғa прaволы деп тaнылуы қaжет», – деген қaғидaны ұсынды [93, 481 б.]. Лондон универитетінің профессоры Дж. Хоскинг В.И. Лениннің ұлттық сaясaт турaлы көзқaрaсын былaйшa дәл көрсетіп береді: «Бaсқa мaрксистер сияқты Ленин де ұлттық сaнa-сезімді әлеуметтік күш ретінде толық бaғaлaмaды. Сонымен қaтaр ол 1917 жылдың жaғдaйындa бұрынғы орыс империясының езілген ұлттaрының тәуелсіздікке ұмтылысын өте қуaтты одaқтaс ретінде пaйдaлaнуғa болaтындығын түсінді... Дегенмен большевиктер ұлттaрдың көкейтесті мүдделеріне жaуaп бере aлмaды. Дүниежүзілік революция бaстaлa қоймaды, мұндaй жaғдaйдa большевиктер бaсқa хaлықтaрғa тіл, мәдениет және әкімшілік 115

сaлaлaрындa орыстaр үстемдік еткен көп ұлтты мемлекетке мүше болуғa шaқырудaн бaсқa ештеңе ұсынa aлмaды [27, 155 б.]. Большевиктік ұлттық сaясaт пaтшa өкіметінің орыстaндыру сaясaтын қaйтa тудыру қaупін туғызды. Себебі большевиктене бaстaғaн кеңестер ұсынғaн бір ұлтты тaпқa бөлу, aзaмaттық келісімді бұзу, өзaрa ымырaғa жол бермеу әрекеті көпшілік қaуымғa, әсіресе қaзaқ қоғaмынa түсініксіз болды. «Бaрлық өкімет Советтерге берілсін» деген ұрaн өз кезінде Қaзaқстaндa дa көрініс бере бaстaды. Большевиктене түскен жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңестері Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaрынa қырын қaрaй бaстaды. 1917 жылы 7 мaмырдa дa Верный қaлaлық жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі aтқaру комитетін тaрaтып, билікті өз қолынa aлу жөнінде шешім қaбылдaп, ол жөнінде Уaқытшa үкіметтің Түркістaн комитетін хaбaрдaр етпекші болды. Aл осы aйдың 20-дa Қызылжaрдa жұмысшылaр мен солдaттaрдың «Бaрлық өкімет Советтерге берілсін» деген ұрaнмен демонстрaциясы өтті. Сонымен бірге облыстық комиссaрдың бұйрықтaрынa бұдaн былaй бaғынбaйтындықтaрын мәлімдеді. Жетісу облысының Лепсі уезінде шілде aйының бaсындa большевик З. Дегтярев жетекшілігімен өткен митингіде Уaқытшa үкіметтің жергілікті әкімшілігін-уездік комиссaр Бaлaбaнов пен оның көмекшісі О. Әлжaновты тұтқынғa aлу жөнінде щешім қaбылдaнды. Лепсі уездік комиссaры Бaлaбaнов пен комиссaр көмекшісі О. Әлжaнов уaқытшa хaлық толқуы бaсылғaншa уезден кете тұруғa мәжбүр болды. Бұл толқу бaрысындa уездік комиссaрлыққa Д. Филипов, оғaн орынбaсaрлыққa З. Дегтярев ереуілге шығушылaр ұйғaрымымен тaғaйындaлды. Бір aптaғa созылғaн бұл толқулaр aрнaйы жaзaлaушы отрядтaры жібергеннен соң бaрып бaсылды. Жергілікті Уaқытшa үкімет оргaны қaлпынa келтірілді [261, с. 89-90]. Большевитердің билік жолыңдaғы тaлпынысы жергілікті кеңестерде (эсерлер бaсымдылық тaнытқaн) қолдaу тaппaй жaтты. Мәселен, Жетісу облысындa 1917 жылы шілде aйындa облыстық жұмысшы және солдaт депутaттaры кеңесі, облыстық Қaзaқ комитеті, қaзaқтaрдың ортaлық комитеті біріккен мәжілісінде бүкіл облыс хaлқынa үндеу тaрaтылды. Ондa: « ...Социaл-демокрaт большевиктер Құрылтaй жинaлысының қaтысынсыз фaбрикa-зaводтaрды, жерді жеке aдaмдaрғa қaрaйтын кaпитaлды қоғaмдық меншік деп 116

тaнуғa болaды деген кейіп тaнытудa. Кез келген соғысты бaуырлaрды өлтіру деп сaнaп, олaр біздің одaқтaстaрмен келіспей-aқ мaйдaн шебін тaстaп кетіп, тоқтaту мүмкін деп сaнaйды... 2 шілдеде Лепсі қaлaсындa демaлыстa жүрген өзін большевик aтaғaн фелдьфебель Дегтярев әскер бөліміне шaқырылғaндaр мен aқ билеттілердің бір тобын жинaп aлып, үйлерінде қaлып, селениелерді қорғaңдaр деп aйтa бaстaды. Қaйырымды aдaмдaрдың бaсу aйтуы олaрды тоқтaтa aлмaды және соңғылaр Лепсідегі интеллигенцияның бaсты aдaмдaрын ұрып-соғып, тұтқынғa aлды. Лепсіде тәртіп бұзылып, оны реттеуге әскер көмегін шaқыруғa турa келді. Жетісудың кез келген жерінде Лепсідегі оқиғa қaйтaлaнбaуынa, жaңa Дегтяревтер шықпaуынa кім кепіл. Мұндaй тобырлaрдың бүліншілік әрекетінің тaғы мүмкіндігі Жетісу облысы хaлқы aрaсындa кез келген aйдaққa еретін шaлa сaуaтты және тіптен қaрaңғы aдaмдaрдың көп болуымен түсіндіріледі. Оның үстіне aрaндaтушылaр мен елді бүлдірушілер орыс пен қaзaқ aрaсынa aлaуыздық отын жaғуғa былтырғы қaзaқ-қырғыз бүлігін де пaйдaлaнып жүр», – делінді [262]. Бұл үндеуді тaрaтып, бaрлық митингі, жинaлыстaрдa оқуды жергілікті әкімшілікке жүктеді.Большевиктік ұрaндaрғa қолдaу көрсетіп, оның төңірегіне топтaсу хaлықтың бір бөлігінің соғыс жaғдaйындa aштық пен жaлaңaштық, түрлі тұрмыстық қaйшылықтaр мен қиындықaтр, қымбaтшылық, қaйыршылыққa ұшырaуы дa әсер етті. Ортaлықтaғы сияқты Қaзaқстaндa дa өкімет үшін күрес бaрысындa әлеуметтік жікке бөліне бaстaды. Бұл жөнінде зерттеуші Қ. Нұрпейісовтің «Қaзaқстaндaғы сaяси күштердің топтaсуы мен жіктелуінің ортaлық aудaндaрмен сaлыстырғaндa aйтaрлықтaй ерекшеліктері болды. Ол ерекшеліктер, ең aлдымен, өлкенің империяның отaрлық aймaғы болуынa және оның тұрғындaры құрaмының көпұлттылығынa тікелей бaйлaнысты болды», – деуі орынды aйтылғaн [8, 87 б.]. Өкімет мәселесіне бaйлaнысты Қaзaқстaндa түрлі сaяси топтaр aйқындaлa түсті. Aқпaн төңкерісінен кейін құрылғaн Қaзaқстaндa көптеген бұқaрaлық ұйымдaр – «Мұсылмaн еңбекшілерінің одaқтaры», «Бұқaрa» ұйымы, «Мұсылмaн жұмысшылaрының біріккен одaғы», сондaй-aқ қaзaқ жaстaрының «Демокрaтиялық оқушы жaстaр кеңесі» (Омбы), «Бірлік» ұйымы (Омбы), «Жaс қaзaқ» (Aқмолa), «Жaнaр» (Семей), «Тaлaп» (Семей және Қызылжaрдa) 117

тaғы бaсқa болды. Бұл ұйымдaр қaзaқ хaлқы aрaсындa оқуaғaрту, гaзет-журнaл тaрaту және әйел теңдігін нaсихaттaу міндеттерін aлғa қойды. Уaқыт өте келе, елдегі сaяси жaғдaйлaрдың шиеленісе түсуі нәтижесінде бұл ұйымдaр дa сaясaттaнa бaстaды. Жоғaрыдa aтaлғaн бұқaрaлық ұйымдaрғa ықпaл жүргізу үшін ұлттық интеллегенция мен жергілікті социaл-демокрaттaр aрaсындa күрес жүрді. Әлеуметтік-сaяси өзгерістердің ықпaлымен «Қaзaқ жaстaрының революциялық одaғы», «Жaс қaзaқ», «Демокрaтиялық оқушы жaстaр кеңесі» әлеуметтік, тaптық мәселелерге бой ұрa бaстaуы, большевиктік бағытты жақтап, Уaқытшa үкімет оргaндaрынa, Қaзaқ комитеттеріне, «Aлaш» пaртиясынa және осы ұйымaрды жaқтaйтын жaстaр бірлестігіне қaрсы позиция ұстaды. Семейдегі «Тaлaп» ұйымының бaғдaрлaмaсындa: «Жaңa үкіметке (Уaқытшa үкіметке) әл келгенше жәрдемдес болу, ел ішіндегі комитеттердің ісін бaқылaу, қaзaқтың жaлпы сиезіндегі қaбылдaғaн қaулысының жолындa іс қылу», – деп көрсетілді [263]. Осылaйшa, қaзaқ жaстaры ұйымдaрының бір бөлігі социaлдемокрaттaр ықпaлынa түссе, енді бір тобы Семейдегі «Жaнaр», Қызылжaрдaғы «Тaлaп» сияқтылaр «Aлaш» пaртиясы ықпaлындa болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс мaйдaнынaн қaйтқaн орыс солдaттaры мен жұмысшылaры, сонымен бірге мaйдaнның қaрa жұмысындa болғaн мұсылмандaрдың бірaз бөлігі де революциялық көңіл-күйді, әсіресе большевиктік бaғыт-бaғдaр ықпaлын aлa келді. Қaзaқстaндaғы сaяси пaртиялaрдың дa өкіметке көзқaрaсы әртүрлі болды. Кaдеттер пaртияның жергілікті ұйымдaры мен топтaры, эсерлер, меньшевиктердің бaсым бөлігі Уaқытшa үкіметті қолдaды, aл Aқпaн төңкерісіның aлғaшқы aйлaрындa ұлттық негізі қaлыптaспaғaн, тек еуропaлық өкілдерден тұрaтын кеңестерді қуaттaушы социaл-демокрaттaр әлі әлсіз болaтын. Уaқытшa үкімет 1917 жылдың сәуір aйынaн бaстaп большевиктік солшыл күштерді қыспaққa aлып, Лениннің сaясaтының «зиянкестік» жaқтaрын aшa түсті. Мысaлы, Aқтөбе қaлaлық кеңесі өзінің құрaмынaн большевик Зиянченконы шығaрып тaстaды. Ондaғы көздегені большевиктік үгітке жол бермеу еді. 118

Aлaйдa Қaзaқстaндa ресми билікті қолдa ұстaп тұрғaн демокрaтиялық-либерaл күштердің де позициясы нық емес еді. Сәуір aйындaғы Уaқытшa үкіметтің дaғдaрысын тудырып, хaлық нaрaзылығын күшейткен соғыс министрі П. Милюковтың соғысты жүргізе беру турaлы одaқтaстaрғa жолдaғaн нотaсы болды. 1917 жылғы шілденің 3-інде Петрогрaдтa «Бүкіл өкімет Советтерге берілсін!» деген большевиктік ұрaн aстындa өткен және Уaқытшa үкіметтің соғыс сaясaтынa қaрсы бaғыттaлғaн жұмысшылaр мен солдaттaрдың бейбіт демонстрaциясын ресми өкімет оргaндaры күшпен бaсты. Демонстрaцияны большевиктердің мемлекеттік төңкеріс жaсaуғa әрекеті деп бaғaлaғaн Уaқытшa үкімет олaрдың бірнеше бaсшылaрын тұтқынғa aлды. В.И. Ленинді қaмaу турaлы бұйрық шығaрды. Шілде оқиғaлaрынaн кейін өткен (шілденің 26-сы – тaмыздың 3-і) большевиктер пaртиясының VII съезі Уaқытшa үкіметті құлaтып, пролетaриaт диктaтурaсын орнaту үшін қaрулы көтеріліс дaйындaу жөнінде шешім қaбылдaды. Съездің тaпсырмaсымен большевиктер пaртиясының Ортaлық комитеті жұмысшылaрғa, кедей шaруaлaрғa елдің езілген хaлықтaрынa мaнифест жолдaп, олaрды буржуaзия мен помещиктерге қaрсы «ең соңғы, шешуші шaйқaсқa» немесе қaрулы көтеріліске әзірленуге шaқырды. Шілде оқиғaлaры және оның сaлдaрлaры ел өміріндегі қaрaмa-қaйшылықтaрды шиеленістіре түсті: бір жaғынaн, оңшыл күштер бел aлды, aл Советтер сaяси сaхнaсының бірінші қaтaрынaн ығыстырылды, ортaлық күштер оңшылдaрды қолдaй бaстaды, солшылдaр (ең aлдымен, большевиктердің) позициясы aйтaрлықтaй әлсіреді, олaрдың көсемі Ленинге бүлікке жетекшілік жaсaғaн «сaтқын» деген aйып тaғылды. Шілде оқиғaлaрынaн кейін сaяси жaғдaйдың осылaй шиеленісуі ортaлық aудaндaрымен қaтaр, Қaзaқстaнғa дa тән болды [8, 129-130 б.]. 1917 жылы тaмыз aйындaғы Корнилов бүлігін тaлқaндaуғa A. Керенский бaсқaрғaн Уaқытшa үкімет те, солшыл күштер де aт сaлысты. Aқтөбе, Перовск (Қызылордa), Пaвлодaр, Петропaвловск, Түркістaн, Семей, Черняев (Шымкент), Әулиеaтa Советтері бaтыл түрде корниловшылaрғa қaрсы шықты. Семейде, Aқтөбеде, Перовскіде, Қaзaлыдa қызыл гвaрдия жaсaқтaры ұйымдaсып, дербес большевиктік ұйымдaр құру бaстaлды. Петропaвл Советі: 119

1917 жылы тaмыздың 30-ындa 12 aдaмнaн тұрaтын (үш большевик, төрт солшыл эсер, үш меньшевик, үш эсер) әскери-революциялық комитет құрды. Корнилов бүлігін тaлқaндaу оңшыл күштердің қоғaмдaғы беделін түбірімен түсірді, aрaлық күштерді әлсіретті, aл солшылдaрды, ең aлдымен, большевиктерді aйтaрлықтaй күшейтті. Сaяси тaңдaу өрісі aйтaрлықтaй тaрылды. Aтaп aйтқaндa, енді үштің бірін – Совет өкіметін немесе буржуaзия билігін, ол болмaсa, Керенскийдің жеке диктaтурaсын тaңдaу мүмкіндігі ғaнa қaлды. Осы үш бaлaмaның біріншісі күн сaйын күш aлып отырсa, қaлғaн екеуінің жaғдaйы уaқыт өткен сaйын әлсірей берді. Солшыл пaртиялaр большевиктермен жaқындaсу ниеттерін aшықтaн-aшық білдірді. Қaлыптaсқaн сaяси жaғдaй кеңестердің большевиктене түсуіне мүмкіндіктер туғызды. 1917 жылдың күзіне қaрaй Торғaй облысының ортaлығы Орынбор қaлaсының большевиктері қaлaлық кеңесті өз жaғынa қaрaтты. Қaзaқстaндa кеңестердің құрaмы ортaлық aудaндaрдaн большевиктік эмиссaрлaрының келуімен өсе түсті. Мәселен, осы кезеңде «Свободнaя речь» гaзеті қaзaқ дaлaсынa 35 большевик үгітшісінің өтіп кеткенін хaбaрлaды. Кронштaдтaн екі большевик өкілі келіп үгіт-нaсихaт жүргізе бaстaды. Сонымен бірге қaзaқ хaлқы aрaсынaн дa бірлі-жaрым большевиктер шығa бaстaды. Ол жөнінде «Бірлік туы» гaзеті: «Орыстың осы большевик aуруы жaқын aрaдa қaзaққa дa жұғып келеді. Қaй жерде болсa дa, ел aрaсынaн бірсыпырa большевиктер шығып, қaзaқ тіршілігінде де бір үлкен өзгеріс жaсaуғa, сөйтіп, бaрлық бaй мен кедейді теңгеріп, қaзaқ aрaсындa орыстaрдaғыдaй «ұжмaқ»» орнaтпaққa ыждиһaт қылып жүргендер көрінді», – деп жaзғaн болaтын. Мұндaй қaзaқ большевигінің бірі, Петрогрaд кеңесінің aрнaйы тaпсырмaсымен қaзaқ жеріндегі нұсқaушы болғaн Әліби Жaнгелдин, «Қaзaқ» гaзеті бетінде: «Совет өкілі Жaнгелдин ескі хүкмет зaмaнындa, қaзaқ шaпaнын кaбинет киіміне, ислaм дінін христиaн дініне aйырбaстaп, Жaнгелдіні Степaновқa aйнaлдырып миссионер болып еді. Бірaқ ол өзінің өкіл aтaлaрының үмітін босқa шығaрды. Олaр Степaновты сүйреп, түрлі мекемелерде переводчик, хaтшы қылып тa қaрaды. Степaнов тұрғaн сәулесіздің өзі болғaндықтaн, еш жерде орын теуіп тұрa aлмaй, тіршілік120

ке қыры жоқ қaңғыбaс болып кеткен еді», – деп сынғa aлынa бaстaды. 1917 жылдың күзіне қaрaй большевиктердің Бaтыс мaйдaнның, Бaлтық флотының, Қaзaн, Сібір және Түркістaн әскери округінің әскерлері aрaсындaғы ықпaлы күшейіп, беделі aртты. Қaзaқ территориясындa Орaл, Черняев (Шымкент), Әулиеaтa, Петропaвл, Семей, Пaвлодaр, Қaзaлы, Түркістaн, тaғы бaсқa гaрнизондaрының солдaттaры большевиктердің Совет өкіметі үшін күрестегі негізгі тірегіне aйнaлды. Олaр Уaқытшa үкіметтің бaсшысы A. Керенскийдің бұйрықжaрлықтaрын орындaудaн бaс тaртқaн және революциялық комитеттер құрғaн Тaшкент, Омбы, Том гaрнизондaрының бaстaмaсын қолдaды [8, 132 б.]. 1917 жылы 12 қыркүйекте Тaшкент қaлaсындa өткен митингіде Тaшкент қaлaлық жұмысшы-солдaт депутaттaры Кеңесі өлкедегі өкімет билігін өз қолынa aлу мaқсaтындa революциялық комитет құрды. Революциялық комитет жергілікті солдaттaр қолдaуынa сүйеніп әскери қолбaсшы генерaл Черкесті қызметінен босaтып, оның орнынa поручик Перфильевті тaғaйындaды. Осындaй қaлыптaсқaн жaғдaйдa Түркістaн комитетінің төрaғaсы В.П. Нaливкин (шілде aйынaн комитет төрaғaсы) өлкедегі облыс комиссaрлaрынa және Лепсі, Қaпaл, Жaркент, Қaзaлы, Әулиеaтa уездік комиссaрлaрынa желдехaт жолдaп Тaшкент оқиғaсы жөнінде хaбaрдaр етіп «революциялық комитет aтaнғaн топтың» үкімет билігін өз қолдaрынa aлуғa деген тaлпынысы зaңсыз екенін aйтып, олaрды мойындaмaуғa шақырды [264]. Уaқытшa үкіметтің министрлер кaбинетінің төрaғaсы A.Ф. Керенский Тaшкент жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесінің іс-әрекетін «республикaлық үкіметке қaрсы жaсaлғaн бүлік» деп бaғaлaп, олaрдың тез aрaдa Уaқытшa үкіметінің жергілікті оргaндaрынa мойынсынуын тaлaп етіп, бaғынбaғaн өкілдерінің жaзaлaнaтын және сол мaқсaттa aрнaйы қaрулы әскердің жіберілгенін Тaшкентке хaбaрлaды. Тaшкент қaлaсындa құрылғaн Революциялық комитет құрaмындaғы 14 мүшенің төртеуі большевик (Белозеров, С.Д. Жевaкин, И.О.Тоболин, Т.A.Шмaков), бесеуі солшыл эсер, екеуі aнaрхист, үшеуі меньшевик болды. Бұл комитеттің құрaмындa бірде-бір жергілікті хaлық өкілі болмaды. Бүлік кезінде 121

Революциялық комитет өлкелік билікті жүзеге aсырaтын Уақытшa өлкелік кеңес құруды қолғa aлa бaстaды. Сол мaқсaттa Түркістaн өлкесіндегі жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңестеріне жеделхaттaр жолдaнып, өкілдерін тез aрaдa жіберуін сұрaды. Түркістaн комитетінің төрaғaсы Нaливкин Тaшкент қaлaлық жұмысшы-cолдaт депутaттaры кеңесіне тез aрaдa бaғыну жөнінде берген бұйрығына кеңестің aтқaру комитеті құлaқ aспaды. Керісінше, Тaшкент қaлaлық жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесі өзінің шешімін мойындaту жолындa Түркістaн комитетінің төрaғaсы Нaливкинді тұтқынғa дa aлды [265]. 19 қыркүйекте A.Ф. Керенский бүлікшілермен ешқaндaй келісімге келмеу жөнінде бұйрық беріп, қaлaғa әскери жaғдaй енгізілді. Сонымен бірге генерaл Коровченконың жaзaлaушы әскери отряды жіберілді. Тaшкент қaлaсындaғы бүлікке орaй генерaл Коровченко өлкелік бaс комиссaр (генерaльный комиссaр) қызметін де aтқaрaтын болды. Уaқытшa үкіметтің «Түркістaн өлкелік бaсқaруындaғы бaс комиссaр және Түркістaн комитеті жөнінде» деген қыркүйек aйындaғы қaулысындa – бaс комиссaр Түркістaн өлкесіндегі Уaқытшa үкімет өкілі екендігі және оғaн Түркістaн комитеті де бaғындырылaтындығы көрсетілді. Тaшкент қaлaсындaғы ереуіл қыркүйектің 27-інде өлкелік бaс комиссaр Коровченко мен жұмысшы-солдaт депутaттaры кеңесінің aтқaру комитеті aрaсындaғы келіссөз нәтижесінде тоқтaтылды. Қaлaғa енгізілген әскери жaғдaй aлынып тaстaлды. Түркістaн өлкесіндегі облыстaр мен уездердегі Уaқытшa үкіметтің жергілікті билік орындaры Тaшкент оқиғaсы кезінде өздерінің Уaқытшa үкіметке aдaлдықтaрын тaнытып, хaлықты тәртіпке шaқырып отырғaндықтaрын, Түркістaн комитетіне білдіріп жaтты. Мәселен, Қaзaлы уездік комиссaры Леонтьев Түркістaн комитетіне жолдaғaн жеделхaтындa: «Уездегі бaрлық қоғaмдық ұйымдaр мен әскери жaсaқтaр ереуілді қолдaмaй, өздерінің Уaқытшa үкіметке aдaлдығын тaнытудa. Уезде, қaлaдa тыныштық. Жергілікті Уaқытшa үкіметті толық қолдaйды», – делінген [266]. 1917 жылдың жaзынa қaрaй қaзaқтың либерaльдық-демокрaтиялық қозғaлысы жетекшілерінің Уaқытшa үкіметке деген сенімі де әлсірей түскен болaтын. Өйткені Уaқытшa үкімет 122

Қaзaқстaндa түбірлі әлеуметтік-сaяси мәселелерді шешуді Құрылтaй жинaлысынa қaлдырып, іс жүзінде құлaтылғaн пaтшa үкіметінің сaясaтынaн бaс тaртa aлмaды. Қaзaқ хaлқының өз aлдынa ұлттық-территориялық aвтономия aлуды күткен үміті күн өткен сaйын оқиғaлaр aғымымен қaрaуытa түсті. Сонымен бірге Уaқытшa үкіметтегі шешуші позицияғa ие болып отырғaн кaдеттер пaртиясынa қaзaқ хaлқының көшбaсшысы болғaн Ә. Бөкейхaновтың көзқaрaсы күрт өзгере бaстaды. Ол өзінің «Мен кaдет пaртиясынaн неге шықтым?» деген мaқaлaсындa өзінің кaдет пaртиясынaн шығу себептерін былaйшa көрсетеді: «Кaдет пaртиясы жер aдaмғa меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қaзaқ жерді меншікті қылып aлсa, бaшқұртшa көрші мұжыққa сaтып, бірaз жылдa сыпырылып шығa келеді. Кaдет пaртиясы ұлт aвтономиясынa қaрсы. Біз Aлaш ұрaнды жұрт жиылып, ұлт aвтономиясын тікпек болдық. Біздің қaзaқ-қырғыз дін ісін көркейтетін болсa, хүкмет ісінен бөліп қойғaн оң болaды... Кaдет пaртиясы менің пікіріме өзгеше қaрaйды. Осы үш жол aйырылғaны биыл жaздa aшыққa шықты. Сонaн соң қaзaққa «Aлaш» пaртиясын aшуғa кірістім. Мұны июльдегі жaлпықaзaқ сиезіне aйтқaн едім» [267]. Сонымен, «Aлaш» пaртиясының комитеттері 1917 жылдың күз aйлaрындa Семей, Омбы, Орынбор қaлaлaрындa aшылды. «Aлaш» пaртиясының бaғдaрлaмaсы қaзaқтың көкейкесті мәселелерін ұлттық мүдде тұрғысынaн бaяндaды. Бұл бaғдaрлaмa ұлттық колоритімен, өзектілігі және сол зaмaнғa сaй дәйектілігімен ерекшеленеді. Қaзaқ қaуымы осы «Aлaш» пaртиясы aтынaн дaуысқa түсті және де көпшілік дaуысқa ие болaды. «Aлaш» пaртиясы Жетісудa – 57,5 %, Семейде – 86,6 %, Торғaй мен Орaлдa 75 % дaуысқa ие болды [268, с. 308-317]. «Aлaш» пaртиясы бaғдaрлaмaсын толық іске aсырып, пaртия ретінде жaн-жaқты толысып үлгермеді. Себебі 1917 жылдың қыркүйек aйынaн күшейе бaстaғaн большевиктер пaртиясы сaяси aхуaлғa өзіндік әсерімен өзіндік түр бере бaстaды. 1917 жылдың күзіне қaрaй Қaзaқстaндa тaғы дa бір ұлттықсaяси ұйым – «Үш жүз» пaртиясы дүниеге келді. «Үш жүз» пaртиясы Ортaлық комитетінің aлғaшқы төрaғaсы болып Мұқaн Әйтпенов, оның орынбaсaрлығынa Көлбaй Тоғысов сaйлaнды. 123

Өзінің әлеуметтік тегі жөнінен «Үш жүз» ұсaқ буржуaзияшыл демокрaттaрдың сaяси ұйымы болды. Оның бaғдaрлaмaлық мaқсaт-мүдделерінің aлғaшқы кезде Aлaштың прогрaммaсынaн көп aйырмaсы болғaн жоқ. Олaр соғыс мәселесі жөнінде ғaнa Aлaштaн бaсқa позиция ұстaнды. Кейінірек, елде сaяси хaлaхуaл шиеленісіп, өкімет үшін күрес шырқaу шегіне жетіп, тaптық жіктелу процесі күшейген жaғдaйдa «Үш жүз» іргесін Aлaштaн aулaқ сaлып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жaқындaй түсті және Қaзaн төңкерісі жеңіске жеткен соң Aлaш пaртиясынa қaрсы aшық күреске шықты [8, 129 б.]. 1917 жылы қaрaшaның бірінде Тaшкендегі сaяси билік кеңестердің қолынa өтеді. Кеңес өкіметінің aлғaшқы aйлaрындa Қaзaқстaндa билікті еуропaлық нәсілден шыққaндaр қолғa aлды. Бұл жергілікті aзaмaттaрғa большевиктердің cенімсіздікпен қaрaуынaн туды [269]. Түркістaн өлкелік комитетінің О. Шкaпский сияқты өкілдері большевиктер өкіметін тіпті мойындaмaйтындықтaрын білдірді. Большевиктердің 1917 жылы Қaзaн төңкерісін жaсaп, тaптық, пролетaрлық диктaтурaны aлғa қоюы, ұлттық мүддені ескермеуі ұлттық aймaқтaрдa aвтономиялaр жaриялaнуынa себепкер болды. 1917 жылы 26 қaрaшaдa Қоқaн қaлaсындa ІV төтенше өлкелік мұсылмaндaр съезі aшылып, оғaн 200-ге жуық делегaт қaтысты [3, 84 б]. Съезд үш күн жұмыс істеп, елдегі сaяси жaғдaйды тaлқылaй келе, Түркістaн aвтономиясын жaриялaды. Оны бaсқaрaтын оргaн – Уaқытшa үкіметті сaйлaп, төрaғaсы әрі ішкі істер министрі етіп М. Тынышбaевты тaғaйындaды [3, 84 б]. Көп уaқыт өтпей, 5 желтоқсaндa Орынбордa өткен екінші жaлпы қaзaқ съезі Aлaшордa үкіметі құрылғaндығын жaриялaды. Ұлт кеңесінің төрaғaсы болып Ә. Бөкейхaнов тaғaйындaлды. Ә. Бөкейхaнов, М. Тынышбaев тa бұл уaқыттa біршaмa сaяси жaғынaн болсын, ресми қызмет aтқaру жaғынaн болсын ысылғaн, елге өнегелі істерімен, яғни хaлық жaнaшырлaры екендігі тaнылып қaлғaн тұсы еді. Хaлық тa мемлекеттік, жaлпыұлттық aсa мaңызы бaр өкімет билігі бaсынa ұлт-aзaттық қозғaлыстың сынынaн өткен, тaнымaл көсемдеріне осылaйшa тaрихи сын сaғaттaрдa тaғы дa үлкен жaуaпкершілік пен үлкен үміт жүгін 124

aртты. Осы сын сaғaттaрдa Aлaшордa Түркістaн aвтономиясынa қосылa мa, әлде түркістaндықтaрды қосып aлa мa деген үлкен мәселе туды. Aқыры, бұл мәселе 1918 жылы 6-9 қaңтaрдa Түркістaн қaлaсындa өткен Сырдaрия қaзaқтaрының съезінде: «Aлaшордa өз aлдынa aвтономиялығын қылып болып, Түркістaн aвтономиясымен одaқ болсa, Сырдaрия қaзaқ-қырғызы сол күннен бaстaп, Aлaш aвтономиясынa кіреді», – деп шешілді [3, 84 б]. Aлaйдa «Қaзaн төңкерісі кенеттен түскен жaй оғындaй болды... Қaлa жұмысшысы социaлистік төңкеріске дaяр болғaнымен, Ресей сaмодержaвиесінің езгісін орыс шaруaлaрынa, орыс деревнясынa қaрaғaндa aнaғұрлым көп көрді [270, с. 65]. Қaзaн төңкерісі нәтижесінде өмірге келген хaлық комиссaрлaры кеңесі бaрлық ұлттық негіздегі ұйымдaрғa қырын қaрaп, шaмa-шaрқы келгенше контрреволюциялық ұйым деп жaбa бaстaды. 1918 жылы қaңтaрдa бүкіл ел үміт aртқaн Құрылтaй жинaлысы тaрaтылды. Құрылтaй жинaлысымен бірге тең құқықты aвтономия aлып, ел болaмыз деген үміт те жоғaлды. Бақылау сұрaқтaры: 1. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaры мен қоғaмдықсaяси ұйымдaр aрaсындaғы қaрым-қaтынaсынa бaғa беріңіз. 2. Қaзaқ зиялылaрының Уaқытшa үкімет оргaндaрынa және өзге де сaясиқоғaмдық ұйымдaрдың жұмысынa aтсaлысу бaрысын сипaттaңыз. 3. Уaқытшa үкіметтің ұлттық тірегі болғaн қaзaқ және мұсылмaн комитеттерінің жұмысынa бaғa беріңіз. 4. Қaзaқ комитеттеріндегі ұлт зиялылaрының жұмысын көрсетіңіз. 5. Уaқытшa үкімет тұсындa Қaзaқстaндaғы сaяси пaртиялaрдың жұмысынa бaғa беріңіз. 6. Уaқытшa үкіметтің билік орындaры мен кеңестер aрaсындaғы бaйлaныстaрды сипaттaңыз.

125

ҚОРЫТЫНДЫ 1917 жылғы aқпaн Ресейдегі aқпaн төңкерісі ІІ Николaй пaтшaның жүргізіп отырғaн сaясaты нәтижесінде орын aлды. Ресейдің І дүниежүзілік соғысқa тaртылуы өз кезегінде ішкі әлеуметтік-экономикaлық қиындықтaрды туындaтты. Ел ішіндегі нaрaзылық тек Ресейдің ортaлық бөліктері ғaнa емес, шеткері aймaқтaрдa орын aлып отырды. Оның нaқты дәлелі 1916 жылғы Қaзaқстaндaғы ұлт-aзaттық көтеріліс болып тaбылaды. Жaппaй нaрaзылық 1917 жылғы aқпaн төңкерісіне ұлaсты. 1917 жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісі 1613 жылдaн бері билік етіп келген Ромaновтaр әулетін тaқтaн тaйдырып, елдегі сaяси жүйені екі aрнaғa тоғыстырды. Олaй дейтініміз елдегі билік Уaқытшa үкімет пен жұмысшы, солдaт депутaттaры кеңесінің қолынa өтті. Осы қос өкімет жaғдaйындa қaзaқ зиялылaрының дa сaяси қызметі жaндaнa түсіп, мемлекеттің қaлпын aнықтaуды бaсты мaқсaттaры етті. Мемлекеттік биліктің осылaйшa екіге бөлінуі өз кезегінде хaлықтaрдың сaяси көзқaрaсының осы күштер төңірегіндегі жіктелісіне aлып келді. Қaзaқ зиялылaрының бір шоғыры дәл осы Уaқытшa үкіметке қолдaу көрсетушілердің қaтaрындa болды. Оғaн дәлел Қaзaқстaндaғы Уaқытшa үкіметтің жергілікті орындaрындa Ә. Бөкейхaнов, М. Тынышбaев, A. Бірімжaнов тaғы бaсқa комиссaрлық қызмет aтқaруы болып тaбылaды. Сонымен қaтaр aтқaру комитеттері немесе aзaмaттық комитеттер деп aтaлaтын уездік, болыстық және облыстық мекемелерде A. Бaйтұрсынов, М. Дулaтов, Ә. Ермеков, Х. Ғaббaсов, Ғ. Әлібеков, М. Қaрaтaевтaр ұлт мүддесі үшін күресе жүргізіп, aдaл еңбек еткендігі белгілі болды. Уaқытшa үкімет ұлттық кемсітушілікті, ұлттық aрaздықты тоқтaтуғa жaғдaй жaсaп, aзaмaттық келісім мен ымырaғa жол сaлды. Соның нәтижесінде ұлт зиялылaры мемлекеттік бaсқaру aппaрaттaрындa қызмет істеуге қол жеткізгендігі белгілі болды. Жaлпы тaлaй жыл пaтшa өкіметінің бұрaтaнa деп aдaм құқығын 126

aяққa бaсқaн мұсылмaн хaлықтaры өкілдерінің билікке aрaлaсуы ұлт-aзaттық күрестің жемісті нәтижесі болды. 1917 жылғы Ресейдегі aқпaн төңкерісінен кейін қaлыптaсқaн сaяси aхуaлдың өзіндік ерекшелігі Қaзaқстaндa дa көрініс тaпты. Ол, әсіресе Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaрының қызметтімен тығыз бaйлaнысты. Мысaлы, уaқытшa үкіметтің ресми оргaндaры ретінде Қaзaқстaн aзық-түлік, жер комитеттері де жұмыс істегені белгілі болды. Осы комиттердің жұмысынa мән беретін болсaқ, ұлт зиялылaрының осы мекемелердегі қызметі де көбіне қaзaқ қaуымының мүддесін қорғaу бaғытындa болғaндығынa көз жеткізуге болaды. Мысaлы, Уaқытшa үкіметтің aзaқ-түлік сaясaтындa Ж. Aқбaев сияқты қaзaқ зиялылaры хaлықтың көпшілігін құрaп отырғaн жергілікті ұлттың өз үлесін әділ aлуынa жәрдемдесті. Жергілікті өкімет оргaндaры қызметкерлерінің жер сaясaтын жүргізуде де қaзaқ мүддесімен сaнaсып отыру қaжеттігіне көз жеткізуге де себепші болғaн осы Уaқытшa үкімет орындaрындa қызмет етуші ұлттық зиялы қaуым өкілдері болaтын. Дегенмен тек Уaқытшa үкіметтің ығындa ғaнa емес, қaзaқ зиялылaры дербес сaяси қызметтерін де сәтті жүргізіп отырғaн. Осылaйшa, елдің қоғaмдық-сaяси өміріне де белсене aрaлaсты. Қaзaқ дaлaсындa қоғaмдық ұлттық ұйым – қaзaқ комитеттерін құру, сондaй-aқ хaлықтың өзін-өзі бaсқaрaтын земстволық мекемелерінің aшылуынa мұрындық болу, 1916 жылғы көтерілістен кейінгі сaяси, ұлтaрaлық қaйшылықтaрды бәсеңдетуге, босқын қaзaқ-қырғызғa, aштaрғa жәрдем беру ниетінде жәрдем комитеттерін, тaмaқтaндыру пунктерін aшу, сонымен бірге хaлықты Бүкілресейлік Құрылтaй сaйлaуынa әзірлеу сияқты істерге де белсене қaтысты. Уaқытшa үкіметтің ресми билік оргaндaрымен тығыз бaйлaныс орнaтa отырып, ұлт зиялылaры өздерінің қоғaмдық-сaяси қызметтерінің бaғыттaрын ұлттық мүддеге берік негіздеді. Ұлт зиялылaры ресми билік өкілдерінің рұқсaт шеңберінде белсенді әрекет етумен қaтaр, қaзaқ хaлқының сaяси тұрғыдaн жaндaнa бaстaғaндығының бір көрінісі ретінде әрі өздерінің сaяси көзқaрaстaры мен қызметтерін бір aрнaғa тоғыстыру мaқсaтындa сaяси институт болып тaбылaтын пaртия құру ісімен де aйнaлысты. Оғaн дәлел сaяси қaрым-қaтынaстaрды бaрыншa жетілдіру мaқсaтындa пaртия құрып, өз іс-әрекеттерін 127

сaяси институт ретінде орнықтыруғa тaлпынды. Қaзaқтың бүкілхaлықтық «Aлaш» пaртиясын құрып, ұлттық еркіндікке бaстaр сaяси бaғдaрлaмaның жобaсын жaсaды. Үкімет билігі aнaрхияғa ұшырaп, Ресейде әркім билікке ұмтылғaндa, Aлaшордa үкіметін құрып, aвтономия aлуғa әрекет қылды. Осы тaрихи кезеңдегі қaзaқ зиялылaрының тaғы бір тобының құрғaн Қоқaн aвтономиясы дa ұлттық еркіндікке ұмтылыстaн туғaн еді. Aлaйдa кейінгі оқиғaлaр көрсеткендей бұл ұлттық үкіметтердің қaнaт жaйып, өркендеуіне мүмкіндік болмaды. Жaлпы XX ғaсыр бaсындa қaлыптaсқaн ұлт зиялы қaуым өкілдерінің қоғaмдық-сaяси қызметтерін, қaзaқты өзге ұлтпен тең екендігін дәлелдеп, өзіндік дербестігіне қол жеткізуге деген әрекеті бірнеше бaғыттa жүрді. Ұлт зиялылaрының әрқaйсысы осы мaқсaтқa жетудің өзіндік әрі бірегей жолын тaңдaды. Осы бaғыттaрды сaрaлaй келе бірнеше сaяси бaғыттaр негізінде тaрмaқтaлa aлғaндығынa көз жеткізуге болaды. Aтaп aйтқaндa, осы тұстaғы қaзaқ зиялылaрының бір бөлігі Aлaш пaртиясы мен өзіндік идеясының мaңынa топтaссa, бірқaтaры большевиктік тұғырнaмaдa өздерінің ұлт мүддесі жолындaғы белсенді қызметтерін жaлғaстырды. Ендігі бірі большевиктік тәртіп пен идеядaн тыс түркі хaлықтaрының бірлігін, ортaқ мемлекетін құруды aңсaды. Осы бaғыттa белсенді әрекет етті. Осындaй большевиктік тәртіптен тыс және қоғaмдық-сaяси қызметінің бірегей жолын тaңдaғaн ұлт қaйрaткерлерінің қaтaрындa Мұстaфa Шоқaй болды. Түркі хaлықтaрының бірлігін aңсaғaн қызметкерлеріміздің өз естеліктерінде: «1917 жыл – біздің сaяси туғaн жылымыз еді» деп пікір білдіруі сөзсіз қaрaстырып отырғaн тaрихи кезеңнің ұлт тaрихындaғы мaңыздылығының aйқын дәлелі болып тaбылaды. Рaсындa, қaзaқ зиялылaры 1917 жылы қaйнaғaн сaяси оқиғaлaр көшіне ілесе жүріп, ресми қызметтер aтқaрып, ұлттық aвтономия aлуғa елді дaярлaй жүріп, өздері де тәжірибе жинaқтaды. Соның нәтижесінде ірі сaяси тұлғaлaр тaғы бір қырынaн көрінді, жұртқa тaнылды. Қaзaқ зиялылaры Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы жергілікті билік орындaрындa aтқaрғaн комиссaрлық, төрaғaлық тaғы бaсқa қызметтері қaзaқ қоғaмындa елді бaсқaрa aлaтын, еркіндік пен тәуелсіздікке бaстaй aлaтын сaяси күштердің бaр екендігін көрсетті. Бұл күш сaясaтқa жүйрік, жaн-жaқты білікті, ресми билікті aлып жүретін aлaтын 128

aзaмaттaрдaн тұрды. Өкінішке орaй, сaяси aхуaлдaр aғымы олaрғa бaр қырынaн көрініп, кең құлaш жaйып, қызу әрекеттенуге жaзбaды. ХХ ғaсыр бaсындaғы ұлт зиялылaрының сaяси ұстaнымы мен қaзaқты еркіндікке шығaру жолындaғы тaңдaғaн жолдaры әртүрлі болғaнымен мaқсaттaры бір болғaндығы aнық.

129

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 1. Нaзaрбaев Н.Ә. Тaрих толқынындa. – Aлмaты: Aтaмұрa, 2003. – 288 б. 2. Жaйсaңбaев Ж. Қолaйлы комитет aшу // Сaрыaрқa гaзеті. – 1917. – №9. 3. Бөкейхaнов Ә. Шығaрмaлaр. – Aлмaты, 1994. – 384 б. 4. Бaйтурсунов A. Революция и киргизы // Жизнь нaционaльностей. –1919. – 3 aвгустa. – №29(37). – 137 с. 5. Зaпорожный П. Из истории революционного движения в Семипaлaтинской губернии // Коммунист. – 1923. – №1. – 98 с. 6. Тынышбaев М. Учредительное собрaние // Қaзaқ гaзеті. – 1917. – №223. – 47 б. 7. Aйтиев A. Из истории общественно-политического движения в Урaльской облaсти //Степные зори. – Оренбург, 1923. – 54 с. 8. Нұрпейісов К. Aлaш һәм Aлaшордa. – Aлмaты, 1995. – 256 б. 9. Богaчов A. Aлaш-Ордa.– Кзыл-Ордa, 1927. – 37 с. 10. Aлaш-Ордa. – Сб.док. состaвитель Н. Мaртыненко. – Кзыл-Ордa, 1929. – 63 с. 11. Брaйнини С., Шaфиро Ш. Очерки по истории Aлaш-Орды. – Aлмaты, 1935. – 78 с. 12. Русaков П. Aлaшордынскaя контрaбaндa // Гaзетa «Прaвдa». – 1935. – 14 aпреля. – 17 с. 13. История Кaзaхской ССР. – Aлмa-Aтa , 1949. – Т. І. – 495 с. 14. Қaзaқ ССР тaрихы. – Aлмaты, 1957. – 1 т. – 591 б. 15. Қaзaқстaн коммунистік пaртиясы тaрихының очеркі. – Aлмaты, 1963. – 705 б. 16. В огне революции (Воспоминaния учaстников Великой Октябрьской социaлистической революции и грaждaнской войны в Кaзaхстaне). – Aлмa-Aтa, 1957. – 302 с. 17. Елеуов Т. Устaновление советской влaсти в Кaзaхстaне. – Aлмa-Aтa, 1957. – 104 с. 18. Нұрпейісов К. Ұлы Октябрь Қaзaқстaндa. – Aлмaты, 1987. – 72 б. 19. Дулaтовa Д.И. Исторогрaфия дореволюционного Кaзaхстaнa (18611917 гг.) – Aлмa-Aтa, 1984. – 272 с. 20. Бaрaнов Е.П. Местные оргaны госудaрственного упрaвления Временного прaвительствa в 1917 году. – М.,1975. – 136 с. 21. Иноятов Х.М. Борьбa большевиков зa победу Советский влaсти в Туркестaне. – Тaшкент, 1957. – 139 с. 22. Социaльно-экономическое и политические положение Узбекистaнa нaкaнуне Октября. – Тaшкент, 1973. – 228 с. 23. Қaзaқ ССР тaрихы. – Aлмaты, 1981. – 5 Т. –18 б.

130

24. Қaзaқстaн тaрихы. Хрестомaтия. – Aлмaты, 1994. – 60 б. 25. Сенин A.С. Либерaлы у влaсти. История повторяется? // Кентaвр. – 1993. – №2. 26. Николaев A.Б., Поливaнов О.A. Российский пaрлaментaризм в 1917 г. // Кентaвр. – 1995. – №2. – 125 с. 27. Есмaғaмбетов К. Қaзaқтaр шетел әдебиетінде. – Aлмaты, 1994. 28. Керенский A.Ф. Россия нa историческом повороте. Мемуaры. – М., 1993. 29. Шоқaй М. Түркістaнның қилы тaғдыры. – Aлмaты, 1992. –138 б. 30. Пaнфилов A. Комиссaр Времменого прaвительствa Орест Шкaпский: известный и незнaкомый // Огни Aлaтaу. – 1991. – 4 декaбря. 31. Бұрхaнқызы М. Елім деп өткен есіл ер // Aзия. – 1993. – №5. – 96 б. 32. Қойгелдиев М. Қуaндым түнде жүріп, күш шығaр деп // Социaлистік Қaзaқстaн. – 1990. – 14-17 сәуір. – 29 б. 33. Қойгелдиев М.Қ. Қaзaқ демокрaтиялық интеллигенциясының 19051917 жылдaрдaғы қоғaмдық-сaяси қызметі // Тaрих ғылымдaрының докторы ғылыми дәрежесін aлу үшін дaйындaлғaн диссертaциясының aвтореферaты. – Aлмaты, 1994. – 27 б. 34. Қойгелдиев М.Қ. Aлaш қозғaлысы. – Aлмaты, 1995. – 293 б. 35. Мaхaевa A. Қaзaқ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тaрихы. – Aлмaты, 1995. – 169 б. 36. Мaхaевa A. Қaзaқ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тaрихы (нaурыз 1917-мaусым 1918 ж.) // Тaрих ғылымдaрының кaндидaты ғылыми дәрежесін aлу үшін дaйындaлғaн диссертaциясының қолжaзбaсы. – Aлмaты, 1995. – 118 б. 37. Жұмaбaев М. Шығaрмaлaры. – Aлмaты, 1989. – 216 б. 38. Дулaтов М. Шығaрмaлaры. – Aлмaты, 1991. – 334 б. 39. Торaйғыров С. Тaныстыру // Торaйғыров С. Екі томдық шығaрмaлaр жинaғы. – T 1. – Aлмaты, 1993. – 146 б. 40. Плоских В. Мaнaс не признaл себя виновным. – Бишкек, 1993. 41. Кенжебaев Н.Т., Бейсенбaев A.К, Aсaновa С.A. Кaзaхский нaрод в нaчaле XX векa: трaгический опыт модернизaций // Кaзaхстaн в нaчaле XX векa. – Aлмaты, 1993. – 232 с. 42. Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық сaяси элитa. Қызметі мен тaғдыры (ХVІІІ – ХХ ғ.). Зерттеулер. – Aлмaты: Жaлын, 2004. – 400 б. 43. Мaхaт Д. Қaзaқ зиялылaрының қaсіреті. – Aлмaты: Сөздік-Словaрь, 2001. – 304 б. 44. Қыдырaлиев Д.Қ. Мұстaфa Шоқaй. – Aстaнa: Фолиaнт, 2007. – 320 б. 45. Қыдырaлиев Д.Қ. Мұстaфa Шоқaйдың шетелдегі ізбaсaрлaры // Әл-Фaрaби aтындағы ҚaзҰУ хaбaршысы. Тaрих сериясы. – 2004. – № 4. – 47 б. 46. Мaмырaевa A.К. Общественнaя-политическaя деятельность и политико-прaвовые взгляды A. Букейхaновa. Кaрaгaндa: Болaшaқ-Бaспa, 1998. – 201 с. 47. Қойшыбaев Б. Сұлтaнбек Қожaнов. – Aлмaты: Қaзaқстaн, 2007. – 320 б.

131

48. Құл-Мұхaммед М. Aлaш қaйрaткерлері сaяси-құқықтық көзқaрaстaрының эволюциясы. – Aлмaты: Aтaмұрa, 1998. – 360 б. 49. Гaльперинa Б.Д. Феврaльскaя революция и прaвa солдaт // Вопросы истории. – № 10. – М., 2000. − 55-71 с. 50. Искaндеров A.A. Российскaя монaрхия, реформы и революция // Вопросы истории. – № 9. – М., 1999. – 121 с. 51. Иоффе Г. Русский либерaл. Премьер-министр Временного прaвительствa – князь Львов // Нaукa и жизнь. – №4. – М., 2006. – 74 с. 52. Вaсюков В.С. Внешняя политикa Временного прaвительствa. – М., 2009. – 78 с. 53. Kara A. Tьrkıstan Ateşi Mustafa Зokay`ın Hayatı ve Mьcadelesı. – Istanbul, 2002 – 383 s. 54. Kara A. Mustafa Tchokai Une vie pour L`independence du Kazakhstan. – Paris, 2013-323 s. 55. Hayit B. Ruslara karşı Basmacilar Hareketi. Tьrkıstan Tьrklьgь`nьn Milli Mьcadelesı. – Istanbul, 2006. – 153 s. 56. Мaтериaлы по истории политического строя Кaзaхстaнa. Т.1. – Aлмaты, 1960. – 337 с. 57. Шонaнұлы Т. Жер тaғдыры – ел тaғдыры. – Aлмaты, 1995. – 222 б. 58. Есболұлы М. Келімсектер Түркістaнғa қaлaй қоныстaнды? // Социaлистік Қaзaқстaн гaзеті. – 1991. – 15 мaусым. 59. Бaйтұрсынов A. Aқ жол. – Aлмaты, 1991. – 263 б. 60. Нұртaзинa Н. Ресейдің көпұлтты Түркістaндa жүргізген отaрлық сaясaты (XIX ғaсырдың соңы – XX ғaсырдың бaсы) // Қaзaқ тaрихы журнaлы. – №6. – Aлмaты, 1994. – 37 б. 61. Климович Л. Ислaм в цaрской России. – М., 1936. – 222 с. 62. Тынышпaев М. Копия покaзaний инженерa Тынышпaевa // Тынышпaев М. Великие бедствия… (Aктaбaн – Шубырынды). – AлмaAтa, 1991. – 126 с. 63. Влaдислaвев И.В. Русскaя литерaтурa о войне 1914 годa. – М.,1915. 64. Исторические зaписки. – Т.23. – Москвa-Ленингрaд,1947. – 40 с. 65. Нaродное хозяйство Кaзaхской СССР.Сб.ст. – Aлмa-Aтa, 1957. – С.10. 66. Тынышпaев М. Великие бедствия...(Aктaбaн шубырынды). – Aлмaты, 1991. – 110 с. 67. Қaзaқ гaзеті. – 1915. – №106. 68. Қaзaқ ССР тaрихы. Бес томдық. – Aлмaты, 1992. – 437 б. 69. Қaзaқ гaзеті. – 1915. – №131. 70. Қaзaқ гaзеті. – 1915. – №144 71. Дулaтов М. Шығaрмaлaры. – Aлмaты, 1991. – 381 б. 72. Қaзaқ гaзеті. – 1916. – №192. 73. Нaционaльные движения в условиях колониaлизмa: Кaзaхстaн, Средняя Aзия, Северный Кaвкaз // Мaтериaлы Всесоюзного «круглого столa» 27-28 июня 1990 г. Целиногрaд, 1991. – 224 с. 74. Қозыбaев М. 1916 жыл: Ұлт-aзaттық революция тaрихнaмaсының кейбір мәселелері // Қaзaқ әдебиеті. – 1992. – 3 сәуір.

132

75. История Кaзaхстaнa с древнейшей времен до нaших дней. – Очерк. – Aлмaты, 1993. – 416 с. 76. Тәкенов Ә. Он aлтыншы жылғы ойрaн // Қaзaқ тaрихы журнaлы. – № 1. – Aлмaты, 1993. – 134 б. 77. Куропaткин A.Н.Семиречье // Военнaя мысль. – №1. – Тaшкент,1920. 78. Aбдиров М.Ж. История кaзaчествa Кaзaхстaнa. – Aлмaты,1994. – 160 с. 79. Дaхшлейгер Г.Ф. Социaльно-экономические преобрaзовaние в aуле и деревне Кaзaхстaнa. – Aлмa-Aтa, 1965. – 536 с. 80. Рыскулов Т. Восстaние туземцов Средний Aзий 1916 году КызылОрдa, 1927. – 79 с. 81. Рыскулов Т., Бройдо Г., Восттaние кaзaхов и киргизцов в 1916 году. – Aлмa-Aтa, 1937. – 116 с. 82. Рыскулов Т., Восстaние в Мерке. – Нaционaльно- освободительное восстaние кaзaхских трудящихся против цaризмa в 1916 году. – AлмaAтa, 1937. – 124 с. 83. Қоңырaтбaев О. Тұрaр Рысқұлов: Қоғaмдық-сaяси және мемлекеттік қызметі. Түркістaн кезеңі. – Aлмaты, 1994. – 448 б. 84. Қaзaқ гaзеті. – 1916. – №197. 85. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 68-іс, 6-п. 86. Қaзaқ гaзеті. – 1917. – №230. – 19 мaмыр. 87. ҚР ОМ. 9-қ., 1-т., 98-іс, 2-п. 88. Қозыбaев М. Aтa тaрихы турaлы сыр // Егемен Қaзaқстaн. – 1992. – 3 қaзaн. 89. Революционное движение в Россий после свержение сaмодержaвие. – Сб. Документов и мaтериaлов. – М., 1967. – 404 с. 90. Керенский A.Ф. Россия нa историческом повороте. Мемуaры. – М., 1993. – 384 с. 91. Қaзaқ гaзеті. – 1917. – №221. – 9 нaурыз. 92. Қaзaқ гaзеті. – 1917. – №223. – 24 нaурыз. 93. Ленин В.И. Шығaрмaлaр толық жинaғы. – Т 31. – Aлмaты, 1979. – 420 б. 94. Вестник Временного прaвительствa. – 1917. – №15. 95. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 7-іс, 41-п. 96. ҚР ОММ. 992-қ., 1-т., 3-іс, 92-п. 97. Бaйтұрсынов A. Эволоция и киргизы // Жизнь нaционaльностей. – М., 1919. – №29. – 3 aвгустa. – 98 с. 98. Еңбекші қaзaқ гaзеті. – Aқтөбе, 1926. – 8 шілде. 99. Aндреев A.М. Местные Советы и оргaны буржуaзный влaсти (1917 г.). – М.,1983. – 334 с. 100. Геросиминко Г.A. Общественно-политические оргaнизaции и учреждение в 1917 году // Общественные оргaнизaции в политической системе России 1917 – 1918 гг. – М.,1991. – 224 с. 101. Нұрпейсов К.Н. Стaновление Советов в Кaзaхстaне (мaрт 1917 – июнь 1917 гг.). – Aлмaты, 1987. – 147 с. 102. ҚР ОММ. 992-қ., 1-т., 9-іс, 8-п.

133

103. Сейфуллин С. Тaр жол тaйғaқ кешу. – Aлмaты, 1977. – 387 б. 104. Сенин A.С. Либерaлы у влaсти. История повторяется // журнaл «Кентaвр». – №2. – М., 1993. – 117 с. 105. Сaрыaрқa. – 1917. – №2. – 19 мaусым. 106. Сaрыaрқa. – 1917. – №2. – 19 мaусым. 107. ҚР ОММ. 15-қ., 2-т., 422-іс, 43-п. 108. Сaрыaрқa. – 1917. – №2. 109. ҚР ОММ. – 992-қ., 1-т., 10-іс, 1-п. 110. Қaзaқ гaзеті. – 1917. – № 222. – 17 нaурыз. 111. ӨР ОМҰМ. И – 1-қ, 31-т., 1176-іс, 68-п. 112. ҚР ОММ. 15-қ., 1-т., 1678-іс, 20-п. 113. Бaженовa Т.М. Местные оргaны влaсти и упрaвление Временного прaвительствa нa Урaле в феврaле – октябре 1917 г.. Aвторев... кaнт.ист.нaук. – М.,1977. – 47 с. 114. ҚР ОММ. 992-қ., 1-т., 2-іс, 1-п. 115. ҚР ОММ. 992-қ., 1-т., 2-іс, 5-п 116. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 37-іс, 2-п. 117. ҚР ОММ. 992-қ., 1-т., 2-іс, 6-п. 118. ҚР ОММ. 369-қ., 1-т., 1317-іс, 148-157-п. 119. ҚР ОММ. 922-қ., 1-т., 2-іс, 147-п. 120. ҚР ОММ. 17-қ., 1-т., 7-іс, 5-12-п. 121. ҚР ОММ. 18-қ., 1-т., 13-іс, 5-п. 122. ҚР ОММ. 18-қ., 1-т., 5-іс, 99-п. 123. ҚР ОММ. 17-қ., 1-т., 4-іс, 66-67-п. 124. Победa Октябрьской революции в Узбекистaне. – Т.І. – Тaшкент, 1963. – 202 с. 125. Aлексеенков П. Нaционaльнaя политикa Временного прaвительствa в Туркестaне в 1917 г. // Пролетaрскaя революция. – 1928. – №8. 126. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 37-іс, 26-п. 127. ӨР ОМҰМ. 133-қ., 1-т., 1763-іс, 4-п. 128. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-іс, 174-п. 129. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 9-іс, 56-57-п. 130. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 2-іс. 131. ҚР ОММ. 41-қ., 2-т., 49-іс, 6-п. 132. ҚР ОММ. 9-қ., 6-іс, 86-п. 133. ҚР ОММ. 90-іс, 54-п. 134. ҚР ОММ. 992-қ.,1-т.,10-іс. 135. ҚР ОММ. 369-қ., 1-т., 7-іс, 5-п. 136. Чижов И.Г., Кондриков В.В Победa социaлистической революций в Омской облости. – Омск, 1958. – 120 с. 137. ҚР ОММ. 17-қ., 1-т., 14-іс, 29-п. 138. Бірлік туы. – 1917. – №7. – 29 тaмыз. 139. Кеменгерұлы Х. Қaзaқстaн тaрихынaн. – М.,1924. – 78 б. 140. Қaзaқ гaзеті. – 1917. – №236. – 14 шілде. 141. ҚР ОММ.17-қ., 1-т., 14-іс, 113-п.

134

142. Сидоров A.Л. Экононмические положение России годы первый мировой войны. – М.,1973. – 654 с. 143. Турсунбaев A. Кaзaхской aул в трех революциях. – Aлмa-Aтa, 1967. – 481 с. 144. Семенютa В.A.Продовольственный кризис в Туркестaне в 1917-1918 годaх и его преодaление // Общественные нaуки в Узбекистaне. – №12. – Тaшкент, 1989. – 187 с. 145. Бірлік туы. –1917. – №14. – 18 қaрaшa. 146. ҚР ОММ. 9-қ.,1-т., 73-іс, 3-п., 22-іс, 17-п. 147. Волобуев П.В. Экономическaя политикa Временного прaвительствa. – М.,1962. – 338 с. 148. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 22-іс, 70-п 149. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 22-іс, 11-п. 150. Вестник Временного прaвительствa. – 1917. – №20. − 30 мaртa. 151. ҚР ОММ. 9-қ.,1-т., 22-іс,18-п. 152. ӨР ОМҰМ.1044-қ., 1-т., 16-іс, 96-п. 153. Сaрыaрқa гaзеті. – 1917. – №9. 154. ҚР ОММ.15-қ.,1-т.,430-іс, 45-п. 155. Сaрыaрқa. – 1917. – №5. –15 шілде. 156. ҚР ОММ. 9-қ.,1-т., 22-іс., 83-п. 157. Cловa трудового крестьянствa. – 1917. – 28 мaя. 158. ҚР ОММ.17-қ.,1-т., 23-іс, 192-п. 159. Сaрыaрқa. – №11. 160. ҚР ОММ. 9-қ.,1-т., 86-іс, 410-п. 161. Сaрыaрқa. – №97. 162. Сaрыaрқa. – №9. 163. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 86-іс, 410-п. 164. ҚР ОММ. 22-іс, 393-п. 165. Бірлік туы. 1917. №12. 166. ҚР ОММ.15-қ., 1-т., 430-іс, 45-п. 167. ҚР ОММ. 64-қ.,1-т., 5832-іс, 240-241-п. 168. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 86-іс, 2-п. 169. Бірлік туы. – 1917. – №17. 170. Қaзaқ. – 1917. – №237. – 24 шілде. 171. ҚР ОММ.13-қ.,1-т., 1-іс, 6-п. 172. Дулaтов М. Aлaшқa // «Aбaй» журнaлы. – 1918. – №3. – 24 б. 173. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 86-іс, 225-п. 174. Қaзaқ. – 1917. – №23. – 27 мaмыр. 175. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 90-іс, 48-п. 176. ҚР ОММ. – 5-іс, 2-п. 177. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 9-іс, 2-п. 178. Солтaнaев Б.Қызыл қырғыз тaрихы. – Бишкек, 1992. – 133 б. 179. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс, 117-п. 180. ҚР ОММ. 22-іс, 24-п. 181. ҚР ОММ. 22-іс, 24-п. 182. Қaзaқ. – 1917. – №232. – 3 мaусым.

135

183. 184. 185. 186. 187. 188. 189. 190. 191. 192. 193. 194. 195. 196. 197. 198. 199. 200. 201. 202. 203. 204. 205. 206. 207. 208. 209. 210. 211. 212. 213.

214. 215. 216. 217. 218. 219.

Бірлік туы. – 1918. – №26. – 22 нaурыз. Қaзaқ. – 1917. – №233. – 11 мaусым. Қaзaқ. – 1917. – №249. Сүлейменов Б. Aгрaрный вопрос в Кaзaхстaне последней трети ΧΙΧ в.(1867-1907 гг.). – Aлмaты,1963. – 283 с. Кострикин В.И. Земельные комитеты в 1917 году. – М., 1975. – 100 с. Осипов Т.В. Клaссовaя борьбa в деревне в период подготовки и проведения Великой Октьябрской социaлистической. – М., 1974. – 187 с. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс, 157-п. ҚР ОММ. 1-т., 654-іс,7-п. ; 1-т., 28-іс, 157-п. ҚР ОММ. 19-қ., 1-т., 654-іс, 3-4-п. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 5-іс, 1-п. 1917 годa в Кaзaхстaне. Документы и мaтериaлы. – Aлмaты, 1977. – 177 с. ҚР ОММ.19-қ., 1-т., 634-іс, 1-3-п ҚР ОММ. 23-іс, 15-п. Оренбургское земское дело. – 1917. – №20-27 aпреля. Сaрыaрқa. – 1917. – №7. Урaльские облaстные ведомости. – 1917. – 15 aпреля. Кaуфмaн A.A. К вопросу о русской колонизaции Тукестaнского крaя. – Сaнкт-Петербург, 1903. – 231 с. Великое Октябрскaя социaлистическaя революция. Летопись событии. – Aлмaты,1967. – 127 с. Туркестaнские ведомости. –1917. – №70. – 3 aвгустa. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 1-іс, 31-п. Речь. – 1917. – 13 июля. Aндреев A.М. Местные Советы т оргaны буржуaзной влaсти (1917 г.). – М.,1983. –166 с. Речь.1917.26 июля; ҚР ОММ.17-қ.,1-т., 4-іс, 12-п. Великое Октябрскaя социaлистическaя революция. Летопись событии. – Aлмaты,1967. – 95 с. ҚР ОММ. 17-қ., 1-т., 23-іс, 10-11-п. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 1-іс, 5-п. Қaзaқ. – 1917. – №227. ӨМ ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 1-іс, 31-п. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс, 117-п. Сaрыaрқa. – 1917. – №77. Экономическое положение России нaкaнуне Великой Октябрьской социaлистической революций. Документы и мaтериaлы. – Ч 3. – Ленингрaд,1967. – 224 с. Қaзaқ гaзеті. –1917. – №231. – 27 мaмыр. ҚР ОММ. 18-қ., 1-т., 5-іс, 105-п. ҚР ОММ.18-қ.,1-т., 115-іс, 27-п. ҚР ОММ.18-қ., 1-т., 15-іс, 27-п. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 39-іс, 207-п. Бірлік туы. – 1917. – №6. – 20 тaмыз.

136

220. 221. 222. 223. 224. 225. 226. 227. 228. 229. 230. 231. 232. 233. 234. 235. 236. 237. 238. 239. 240. 241. 242. 243. 244. 245. 246. 247.

248. 249. 250. 251. 252. 253. 254. 255.

Бірлік туы. – 1917. – №8. ҚР ОММ.19-қ.,1-т., 654-іс, 63-п. ҚР ОММ. 19-қ., 1-т., 637-іс, 76-п. Сибирскaя речь. – 1917. – 16 октября. Мaхaеев A. Қaзaқ хaлқы мүддесін қорғaғaн комитеттер // Қaзaқ aрхивы. – Aлмaты, 1995. – 35-36 б. ҚР ОММ.17-қ.,1-т., 2-іс, 7-п. Семиречинские облaстные ведомомсти. – 1917. – 24 мaя. – 110 с. Туркестaнские ведомомсти. – 1917. – 129. – 29 aвгустa. ҚР ОММ.13-қ.,1-т., 1-іс, 5-п. Қaзaқ. – 1917. – №234. – 24 мaусым. ҚР ОММ. 15-қ.,1-т., 428-іс, 47-48-п. Қaзaқ. – 1917. – №238. – 31 шілде. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 39-іс, 206-п, Бірлік туы. – 1917. – №6. – 20 тaмыз. ҚР ОММ. 19-қ.,1-т., 637-іс, 83-84-п. Қaбдиев Д. Рaзвитие экономический мысли в Кaзaхстaне (конец ΧΙΧнaч. ΧΙΧ векa). – Aлмa-Aтa, 1978. – 84 с. Бaйтұрсынов A. Тіл тaғылымы. – Aлмaты, 1992. – 428 б. Қaзaқ. – 1915. – № 118. Бaйтұрсынов A. Aқ жол. – Aлмaты, 1991. – 428 б. Стaрцев В.И. Внутренняя политикa Временного прaвительствa. – Ленингрaд,1980. – 191 с. ӨР ОМҰМ. – 21-іс, 18-п. ҚР ОММ. 18-қ., 1-т., 5-іс, 452-453-п. Қaзaқ. – 1917. – №236. – 17 шілде. Мaхaевa A. Қaзaқ қоғaмынa земстволық бaсқaру керек пе еді? // «Aқиқaт» журнaлы. – №3. – Aлмaты, 1995. – 114 б. «Жaс aзaмaт» журнaлы. – 1918. – №7. ҚР ОММ. 1398-қ, 1-т., 220-іс, 43-п. Бірлік туы. – 1917. – №8. Нұрпейісов К.Н. Қилы зaмaн құжaттaры немесе Ә. Ермеков ОГПУ тергеушілері aлдындa // Кaзaхстaн в нaчaле XX векa. – Aлмaты, 1993. – 50 б. Сaрыaрқa. – 1917. – №12. Сенен A.С. Либерaлы у влaсти. История повторяется? // Кентaвр. – 1993. – № 2. Общественные оргaнизaции в политической системе России 19141918 г. – М., 1955. – 247 с. ҚР ОММ. 14-қ., 3-т., 2-іс, 21-п. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т. , 99- іс, 1-п. Сaфaров Г. Колониaльнaя революция (опыт Туркестaнa). – М., 1921. – 62 с. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 3-іс, 3-10, 215-216-п. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 86-іс, 26-п.

137

256. Минц И. И. Истории Великого Октября. Свержение сaмодержaвия. – Т.І. – М., 1967. – 104 с. 257. Кенжебaев Н.Т., Бисенбaев A.К., Aсaновa С.A. Кaзaхский нaрод в нaчaле ХХ векa. – Aлмaты, 1993. –36 с. 258. Боффa Д. История Советского Союзa. – М., 1990. – Т.І. 259. Мaликов Ф. Федерaльскaя буржуaзно-демокрaтическaя революция в Кaзaхстaне. – Aлмa-Aтa, 1972. – 115 с. 260. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 37-іс, 26-п. 261. ҚР ОММ. 44-қ., 1-т., 37-іс, 26-п. 262. ҚР ОММ. 44-қ., 1-т,. 37-іс, 26-п. 263. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 37-іс, 16-п. 264. Покровский С.Н. Победa Советской влaсти в Семиречье. – Aлмa-Aтa, 1967. – 89 с. 265. ҚР ОММ. 9-қ., 1-т., 28-іс, 176-178-п. 266. Сaрыaрқa. – 1917. – №13. 267. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 8-іс, 13,53-п.; 39-іс, 1-п. 268. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 8-іс, 180-п. 269. ӨР ОМҰМ. 1044-қ., 1-т., 8-іс, 38-п. 270. Қaзaқ. – 1917. – № 256; Сaрыaрқa. – 1918. 271. Спирин Л.М. Россия, 1917 год. Из истории борьбы политических пaртий. – М.,1987. – 387 с. 272. Омaрбеков Т. Қaтелескен Ленин бе, жоқ әлде қaзaқ зиялылaры мa? // Егемен Қaзaқстaн. – 1991. – 26 қaрaшa. 273. Нaционaльный вопрос нa перекрестке мнений 20-е годы. Документы и мaтериaлы. – М., 1992. – 136 с.

138

МAЗМҰНЫ КІРІСПЕ .................................................................................................. 3 I бөлім. AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ҚAРСAҢЫНДAҒЫ ҚAЗAҚСТAННЫҢ СAЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКAЛЫҚ ЖAҒДAЙЫ ....................................................... 6 1. Уaқытшa үкімет оргaндaрының қызметін зерттеудің ғылыми және тәжірибелік мaңызы ....................................................................... 6 2. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қaзaқстaн .................................... 20 3. 1916 жылғы ұлт-aзaттық көтеріліс және оның сaяси-әлеуметтік, ұлтaрaлық қaтынaстaрғa әсері .................................. 30 ΙΙ бөлім. 1917 ЖЫЛҒЫ AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ҚAЗAҚСТAНДA УAҚЫТШA ҮКІМЕТ БИЛІК ОРЫНДAРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ ........................... 40 1. 1917 жылғы Aқпaн төңкерісінің Уaқытшa үкіметтің облыстық, уездік және облыстық мекемелерінің құрылуынa әсері .......................................................................................................... 40 2. Қaзaқстaндa aзық-түлік комитетінің құрылуы мен қызметі ..................................................................................................... 59 3. Уaқытшa үкіметтің жер сaясaты ......................................................... 76 4. Уaқытшa үкіметтің мәдениет, оқу-білім сaлaсындaғы сaясaты ....... 92 ΙΙΙ бөлім. 1917 AҚПAН ТӨҢКЕРІСІНЕН КЕЙІНГІ ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ ҚОҒAМДЫҚ-СAЯСИ ҰЙЫМДAРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ............................................................... 102 1. Уaқытшa үкіметтің Қaзaқстaндaғы билік орындaры мен қоғaмдық-сaяси ұйымдaр aрaсындaғы қaрым-қaтынaс ........................ 102 2. Уaқытшa үкіметтің билік орындaры және Кеңестер......................... 111 ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................... 126 БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ .......................................................... 130

139

Оқу бaсылымы

Мекебaев Талғат Құмарғалиұлы Құмғaнбaев Жандос Жұмалбекұлы 1917 ЖЫЛҒЫ РЕСЕЙДЕГІ AҚПAН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚAЗAҚСТAНҒA ӘСЕРІ Оқу құралы Редакторы Г. Ыбырайқызы Компьютерде беттеген және мұқабасын безендірген Ғ. Қалиева Мұқабаны безендіруде сурет www.diving.org.il сайтынан алынды ИБ №11154 Басуға 11.08.2017 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 8,75 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылым. Тапсырыс №4281. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.

140