Азаматтық саясат / Араб тілінен аударған және түсініктеме берген философия ғылымдарының кандидаты Ж. Сандыбаев. 9786010447561

Әл-Фараби бұл трактатында болмыс жаратылысының сатылары, оның бастамалары жайында айтып, әрбірінің ерекшеліктеріне арнай

124 19 2MB

Kazakh Pages [92] Year 2020

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Азаматтық саясат / Араб тілінен аударған және түсініктеме берген философия ғылымдарының кандидаты Ж. Сандыбаев.
 9786010447561

Citation preview

Әбу Насыр әл-Фараби

АЗАМАТТЫҚ САЯСАТ Аударған және түсініктеме берген Жалғас Сандыбаев

Алматы «Қазақ университеті» 2020

ӘОЖ 1/14 КБЖ 87 С 20 Баспаға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ғылыми кеңесі ұсынған (№ 17 хаттама, 16 наурыз 2020 жыл)

Сандыбаев Ж. С­­20 Азаматтық саясат / Араб тілінен аударған және түсінік­теме берген философия ғылымдарының кандидаты Ж. Сандыбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 92 б. ISBN 978-601-04-4756-1

Әл-Фараби бұл трактатында болмыс жаратылысының сатылары, оның бастамалары жайында айтып, әрбірінің ерекшеліктеріне арнайы тоқталған. Болмыс сатыларынан кейін жер бетіндегі қоғам, мемлекет, билік, патша, әкім және қала тұрғындарының түрлері мен жағдаяттарын баяндап, оларға анықтама береді. Ойшыл қайырымды қалаға қарама-қарсы надан қала, пасық қала, мансапқор қала, адасқан қала және т.б. қалаларды суреттейді, мұндағы басшы мен тұрғындардың психологиялық портреттерін жасайды. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

ӘОЖ 1/14 КБЖ 87 ISBN 978-601-04-4756-1

© Сандыбаев Ж., 2020 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020

Азаматтық саясат АЛҒЫ СӨЗ «Китаб ас-сияса әл-мәдания» – «Азаматтық саясат» деп аталатын әл-Фарабидің бұл еңбегі араб тілінен Әли Бумильхам әзірлеген «Әл-Фараби. Китаб ас-сияса әл-мадания. – Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1996. – 21-127 б.» шығармасы негізінде қазақ тіліне аударылды. Әуелде орыс тілінен тәржімаланып жарық көрген болатын (Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттар. – А., 1975). Соны басшылыққа алып, мәтін жоғарыда аталған араб нұсқасымен салыстырылды, қажетті жерлері толықтырылып, түзетілді. Аударманың жалпы ерекшелігіне келсек, бұл нұсқада кітап­ тың бөлімдері пайда болып, олардың тақырыпшалары жасалды, мазмұны қалыптасты, аудармадағы мәтін араб нұсқасындағы парақтың беттеріне сәйкес анықталып, нөмірлері көрсетілді. Сонымен қатар аударма мүмкіндігінше араб тіліндегі нұсқасына жақындатылды, кейбір философиялық сөздер мен ұғымдарға жаңадан түсіндірме берілді. Сөйтіп оқырман үшін ғалымның еңбегін оқып-түсіну әлдеқайда жеңілдей түсті. Себебі оқырман үшін тақырыбы жоқ, бөлімі белгісіз, мазмұны көрсетілмеген мә­ тіндер жинағын оқу ауыр әрі қиын. Біз орыс тілінен қазақ тіліне аударылған алғашқы аударманың авторлары мен ғалымдарына ауқымды да ауыр жұмыс жасап, кейінгі буынға қалдырған елеулі еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз. Сол сияқты келешекте білікті де білімді жас ғалымдар шығып, біздің бұл аударма барысында жіберуіміз мүмкін қатекемшіліктерімізді толықтырып, ұлы ойшылдың трактаттарын бұдан әрі жетік, араб нұсқасына әлі де болса жақын етіп шығарады деп сенеміз. Негізінде «Азаматтық саясат» араб тілінде бірнеше рет ба­ сылымға шыққан, атап айтар болсақ солардың алғашқылары: Хайдарабат (1927), Мабай (1938), Каир (1948) және Бейрут (1964). Сондай-ақ, трактаттың көптеген қолжазбалары да бар. Олардың кейбірін атап айтар балсақ: Add. 7518 Rich., Үндістан. M.S. I. O. 3832., Түркия, Аясофия музейі және т.б. 3

Азаматтық саясат Сөз соңында жалпы оқырман қауымға айтарымыз әл-Фара­ бидің трактаттарын оқып, онымен жақын танысуды мұрат етіп, ғалымның қозғап отырған мәселесін түсініп, оның ойын зерделеп, пайымдау үшін мүмкіндігінше мантық, логика, жалпы философия білімдерімен танысып алған мақұл. Себебі әл-Фараби еңбектерінде философия ғылымына тән көптеген терминдерді шебер қолданып, тіпті олармен ойнап отырады десек те артық айтпаған боламыз. Мысалы материя, субстарт, болмыс, предикат, силлогизм, әрекетшіл ақыл, субстанция, акциденция, табиғи мәндер, аспан денелері және т.б. Кез келген көзі ашық адам жаңа салаға кіріспес бұрын әуе­ лі сол білімге, салаға қатысты жалпы ақпарат алады, көмекші құралдармен танысады. Дәл сол сияқты әл-Фарабидің шығар­ маларын оқудан бұрын, жалпы философиядан бөлек ғалымның өзімен, шығармашылығымен, ол кісінің өмір сүрген дәуірімен танысып алғанымыз жөн. Өйткені кейбіріміз біліміміздің таяз болғанына қарамастан ғалым-энциклопедиске қатысты сын айтуға тырысамыз. Әл-Фараби бір мәселені талдаса шын ғалымның қасиетіне сай жоғарыдан қарап, оны жан-жақты зерделеп, толық түсінді­ реді. Біз көп жағдайда сол түсіндірменің өзін дұрыс түсінуге қауқар­сыздық таныта отырып, тар ойдың шеңберінен аса алмай, ғалымға қарсы пікір айтқан боламыз. Келешекте мұндай келеңсіз жағдай орын алмасы үшін данышпан бабамыз әл-Фарабимен жақыннан танысуға тиіспіз. Жалғас САНДЫБАЕВ

4

Азаматтық саясат АЗАМАТТЫҚ САЯСАТ1 Рахымды да мейірімді Алланың атымен бастаймын БІРІНШІ БӨЛІМ ЖАРАТЫЛЫС САТЫЛАРЫ (21-бет) Әбу Насыр былай деді: Денелер мен акциденциялар­ дың болмысына [себепкер] бастама алты түрге бөлінеді және оның үлкен-үлкен алты сатысы бар; бұлардың әрбірі белгілі бір топты қамтиды: Бірінші себеп – бірінші дәрежеде болады2, екінші 1 «Китаб ас-сияса әл-мәдания» – «Азаматтық саясат» деп аталатын бұл еңбек араб тілінен Әли Бумильхам әзірлеген «Әл-Фараби. Китаб ас-сияса әл-мадания. Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1996. – 21-127 б.» еңбегі негізінде қазақ тіліне аударылды. Әл-Фарабидің бұл еңбегі әуелде орыс тілінен аударылып жарық көрген болатын (Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975). 2 Әс-Сәбаб әл-Әууаәл – Бірінші Себепкер, Бірінші Қозғаушы деп әлФараби Алланы айтады. Себебі, Алла – әлемнің бар болуының себепкері. Әл-Фарабидің «бірінші себеп», «бірінші қозғаушы», «бірінші тұлға» туралы ұғымы Аристотельдің бірінші себеп, бірінші қозғаушы туралы ұғымдарынан бөлек. Аристотельдің «бірінші қозғаушысы», «дүниені жаратушы» да емес, оны «ойлап шығарушы» да емес. Бұл – тек қана өзін-өзі ойлайтын, бір орыннан қозғалмайтын дерексіз қозғаушы, бүкіл әлемге еш қатысы жоқ трансценденттік ақыл. Алла ай астындағы дүниеге тікелей емес, жанама түрде, аспандық ақылпарасаттар арқылы әсер етеді. Әл-Фарабидің Бірінші Себепкер туралы: «Бірінші дәрежеде тұратынның көп болуы мүмкін емес, ол тек біреу, жеке-дара ғана болады. Қалған дәрежедегілердің әрбірінде көптік бар. «Жалғыз» деген сөздің мағыналарының бірі әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып тұратын ерекше болмысқа тарайды. Дәл осы мағынада кез келген тұлға туралы ол жалғыз деп айтуға болады, өйткені оның өзіне ғана тән болмысы бар. Бұл өзі «тұлға» деген [сөзге] сәйкес келетін мағыналардың бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, Бірінші себеп те біреу. Ол одан тысқары барлық біреулерден гөрі, жалғыз дегеннің анықтамасы мен мағынасына анағұрлым лайық. Тұрған сатысы жағынан Оған тең түсетін ештеңе болуы мүмкін емес. Керісінше, ол – біреу, дара және жалғыз. Білу үшін Оған қандай да болсын бір мәннің керегі жоқ. Нақ осы сияқты Ол танылу үшін басқа бір мәнге мұқтаж емес», – деген сөздері Құрандағы жүз он екінші «Ихлас» сүресінің мағынасын айтып тұр, яғни «Ол Алла, біреу-ақ. Алла мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Сауд Арабия, 1991. Аударған Халифа Алтай.

5

Азаматтық саясат себептер1 – екінші дәрежеде, әрекетшіл ақыл – үшінші дәрежеде, жан – төртінші дәрежеде, форма – бесінші дәрежеде, материя – алтыншы дәрежеде тұрады. Бірінші дәрежеде тұратынның көп болуы мүмкін емес, ол тек біреу, жеке-дара ғана болады. Қалған дәрежедегілердің әрбіріне көптік тән. Бұлардың үшеуі дене емес және денелерге жатпайды. Олар: жан, форма және материя. Денелер алты түрге бөлінеді: 1) аспан денелері; 2) ақылды жануарлар; (22-бет) 3) ақылсыз жануарлар; 4) өсімдіктер; 5) минералдар; 6) төрт элемент. Денелердің осы алты тегінің орайла­ суынан дүние пайда болған2. 1 – Алла Бірінші себепке қатысты – Алла деп сену керек. Ол – Екінші себептердің және әрекетшіл ақыл жаратылуының ең жақын себепкері. 2 – Екінші себептер Екінші себептер аспан денелерінің болмысына себепкер саналады. Осылардан барып сол денелердің субстанциялары пайда болады. Екінші себептердің әрбірінен аспан денелерінің бірі 1 Әсбаб әс-Сәуани – «Екінші себептер» деп әл-Фараби жер бетіндегі жаратылыстардан тыс аспан денелерін атайды. Аспан денелері жанды және толық айналмалы қозғалыс жасайды. Бұлардың бәрінің жаны және ақыл-парасаты бар. Екінші себептердің саны аспан денелерінің санына пара-пар. Әл-Фарабидің ойынша, бірінің үстіне бірі орналасқан тоғыз аспан денесі бар. Ең алыс сфера бір орыннан қозғалмайтын жұлдыздар сферасы т.б. тоғызыншы болып ең соңында ай келеді. Орта ғасырдағы барлық араби тілдегі философияға тән бұл өзіндік космологияда неоплатонизмнің элементтері Птоломейдің сфералар системасымен ұштасып келіп отыратыны сезіледі. (Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975). 2 Әл-Фараби: «Денелердің осы алты түрінің орайласуынан пайда болатын жиынтық – дүние» деп ортағасырлық араб философиясына сәйкес дүниені жетілудің түрлі дәрежесіндегі объектілердің иерархиялық сатысы түрінде көрсетеді. Иерархияда әрбір объектінің орны Аллаға қатысы жағынан белгіленеді. Олар: аспан денелері, ақыл-парасатты жануарлар, ақыл-парасатсыз жануарлар, өсімдіктер, минералдар және төрт элемент.

6

Азаматтық саясат пайда болады. Жоғарғы дәрежедегі Екінші себептердің арасында бірінші кезекте аспанның болуы қажетті, төменгісінен – Ай сферасы туады, ал осылардың арасында орналасқан аралық себептердің әрбірінен әрбір аспан денелері пайда болады. Екінші себептер аспан денелерінің санына тура келеді (23-бет). Екінші себептерге «рухтар», «періштелер» және сол сияқты т.б.1 жатады. 3 – Әрекетшіл ақыл Әрекетшіл ақылдың негізгі қызметі – ақылды жануардың [адамның] қамын жеу және өз қабілеті шеңберінде жоғарғы дең­ гейде жетілдіруге тырысу, атап айтқанда, асқақ бақытқа жеткізу. Өз кезегінде бұл жағдай адам әрекетшіл ақыл-парасат мәр­ тебесіне көтерілгенде жүзеге асады. Ал мұның өзі адамның өз болмысына мұқтаждық танытпай, қажет десеңіз өзінен төмен тұрған мейлі бұл дене болсын, мейлі материя болсын немесе акциденция болса-дағы олардың ешбіріне мұқтаж емес күйде, яғни денеден ажыраған кезде орын алады2. Сонда ол әрдайым кемелденген күйге енеді. Әрекетшіл ақылдың мәніне келсек, оның өзі арнайы бір «мәртебе» саналады және осыған сәйкес ақыл-парасатты жануар­ дың материядан арылғанын және олардың бақытқа жеткенін көрсетеді. Әрекетшіл ақыл-парасатты «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осы секілді атаулармен атаған жөн, ал «мәртебе» 1 Әл-Фарабидің «Екінші себептерді «рухтар», «періштелер» және тағы сол сияқты сөздермен атау керек» деген сөздері «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта» кездеспейді. Сондықтан ұлы ойшыл мұндай атауларды Ислам дінінен алса керек. Дінде «рух», «періште» деген сөздер мен ұғымдар – өте көп тараған әрі мұсылмандардың арасында күнделікті өмірде кең қолданысқа ие болған сөздер. 2 `Ақл фа``аль – «әрекетшіл ақыл-парасат», бұл ай сферасына сәйкес дү­ ние­жүзілік, космостық ақыл-парасат. Адамның ақыл-парасаты потенциалдық сатыдан бастап, жүре келе пайда болатын ақыл-парасатқа қарай барлық сатылардан өтіп, ақыр соңында әрекетшіл ақыл-парасаттың әсерімен соған қосылып кетеді. Әл-Фарабидің «әрекетшіл ақыл-парасаты» осыны барлық адам бірдей және ортақ деп танитын Александр Афродизийскийдің «әрекетшіл ақылпарасатына» жақын (Әл-Фараби. Әлеуметтік- этикалық трактаттар. – Алматы, 1975).

7

Азаматтық саясат дегенімізді – періштелер әлемі немесе осы сияқты атаулармен атау керек1. 4 – Жан Жан мәртебесіне келсек, мұнда тұрған көптеген бастама себептер бар: (24-бет) мысалы, аспан денелерінің жандары, ақылды және ақылсыз жануарлардың жандары. Ақылды жануарға ойлану қабілеті, талпыну қабілеті, қиялдау қабілеті және түйсік қабілеттері тән. Ойлана білу қабілетінің арқасында адам баласы түрлі ғылым мен өнерді меңгереді және мінез-құлықтар мен іс-әрекеттердің жамандарынан жақсыларын ажыратады. Ақыл-ойдың көмегімен ол нені істеу, нені жасамау керек екенін пайымдап, пайдалы мен зияндының, жағымды мен жағымсыздың ақ, қарасын ажыратады. Ақыл-ой қабілеті теориялық және практикалық болып екі­ ге бөлінеді. Практикалық қабілет кәсіптік және ой-сана қабі­лет­ теріне бөлінеді. Теориялық қабілеттің арқасында адам өзінің қолынан мүл­ дем келмейтін нәрселердің мәнін танып біледі. Ал практикалық қабілеттің арқасында көңілі қалаған жағдайда шамасы келетін нәрсенің мәнін танып біледі. Кәсіптік қабілет арқылы адам баласы түрлі өнер мен қолөне­ рін меңгереді. Ойлау қабілеті арқылы ол өзінің нені істеуі, нені жасамауы тиіс екеніне қатысты шешім қабылдайды. Талпыну қабілеті арқылы не нәрсеге талпынып, неден бойды аулақ салу қажет, неге қатты құмартып, нені жек көруі керек, нені артық көру немесе неден сақтану керек деген мәселелер арасында күрес жүреді. Солайша одан өшпенділік пен сүйіспеншілік, достық пен қастық, қорқу мен сену, ашу-ыза мен ризашылық, тасжүректік пен мейірімділік және басқа жан аффектілері туады. 1 Әл-Фараби жоғарыда айтқанымыздай: «Әрекетшіл ақыл-парасатты «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осындай атаулармен атаған жөн, ал мәртебе дегенімізді – періштелер жайы деп және басқа осы сияқты атаулармен атау керек» дегенді исламнан алса керек. Себебі, дінде «Рух әл-Құдус» (қасиетті рух), «рух әл-Әмин» (адал рух) деп Жәбірейіл періштені атайды. Жәбірейіл періштенің қызметі – Алла мен пайғамбар арасындағы хабаршылық.

8

Азаматтық саясат Қиялдау қабілетінің көмегімен әуелгі кезекте сезім мүшеле­ рі арқылы түйсінілетін нәрселердің сыртқы кейпін санада бейне­ лейді. Содан соң өңінде немесе түсінде бір-бірімен ұштастыру яки ажырату амалын жүзеге асырады. Соның нәтижесінде қай­ сыбіреулері дұрыс, ал қайсыбіреулері жалған болып шығады. Мұнымен бірге ол пайдалысы мен зияндысын, жағымдысы мен жағымсызын ажыратады, бірақ әрекеттер мен мінез-құлықтар­ дағы жақсы мен жаманды [ажыратпайды]. Түйсік мәселесіне келсек, оның мәні мынада: ол сезім арқылы түйсінуге келетін нәрселерді жалпыға мәлім бес сезім мүшесі (25-б.) арқылы көрсетеді. Атап айтқанда, жағымды мен жағым­ сызды біледі, бірақ зиянды нәрсені пайдалыдан және жақсыны жаманнан ажырата алмайды1. Ақылсыз жануарларға келсек, оларда ақыл болмағанымен, басқа қабілет бар. Қиялдау күші бұларда ақылды жануарларға тән ақыл күшінің орнына жүреді. Олардың кейбірінде түйсінуші қабілеті мен талпынушы күштері ғана болады. Аспан денелеріне тән болмыстардың жандарына келсек, олар жер бетіндегі жаратылыстардан қабілеттері мен түрі және өзі­нің субстанциялары тұрғысынан да өзгеше. Солардың арқа­сын­да ас­пан денелері субстанцияланады және айналмалы қозғалысқа түседі. Аспан денелерінің жандары жер бетіндегі жануарларға қарағанда анағұрлым биік, анағұрлым жетілген және анағұрлым кемел болмысқа жатады. Себебі олар потенциалды емес және азын-аулақ уақыт қана өмір сүрмейді. Бұлар әрқашан белсенді күй кешеді. Белсенді күй дегенде бұлардың ақылмен пайымдалатын мәні әуел бастан-ақ үздіксіз өздеріне тән және олар әрқашанда өздерінің әрекетін орындайды. 1 «Жан мәртебесінде тұрған көптеген бастама себептер бар: бұлар – аспан денелерінің жандары, ақыл-парасатты жануарлардың жандары және ақылпарасатсыз жануарлардың жандары. Ақыл-парасатты жануарға ақыл-парасат күші, талпыну күші, қиялдау күші және түйсік күші тән» деп әл-Фараби Ақыл-парасат жанының үшеу емес төрт күштен құралатынын айтады. Ұлы ойшыл жан мәселесінде Платон мен Аристотельдің ортасындағы көзқарасты ұстанып отыр. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында әл-Фараби Аристотель сияқты жанның төртеу емес, бес күштен тұратынын айтса, бұл еңбегінде төрт күшпен шектеліп отыр.

9

Азаматтық саясат Ал біздердің жандарымызға келсек, олар алғашында потен­ циалды болады, тек содан кейін ғана шындыққа айналады. Өйт­ кені бұларда алғашында ақылмен пайымдалатын мәнді қабыл­ дауға дайын және қабілетті форма болады. Тек содан кейін ғана бұлар ақылмен пайымдалатын мәнге ие болып, шындыққа айналады. Аспан денелерінің жандарында сезімдік қабылдаулар да, қиял да болмайды. Олардың жандары тек ақылмен пайымдалады. Осы тұрғыдан алғанда олардың жандары ақылды жанмен біраз туыстығы бар. (26-бет) Ақылмен пайымдайтын аспан жандары ақылмен пайымдалатын субстанциялар болып табылады, ал бұл – материядан тыс субстанциялар. Олардың әрбіреуі Бірінші себепті, өзінің мәнін және екінші себепті ақылмен пайымдайды. Яғни олардың өздеріне тән субстанциясын бере отырып түйсінеді. Ал енді адамдардың ақылмен пайымдайтын материялық заттардағы мәндеріне келсек, оларды аспан әлеміне тән жандар ақылмен пайымдамайды: аспан жандары өздерінің субстанциялары бойынша мәртебесі жағынан биік болғандықтан, өзінен төмен жатқандарды қабылдамайды. Бірінші себеп өзін-өзі пайымдайды, ал Оның мәні белгілі бір шамада дүниедегі барлық нәрсені қамтиды. Ендеше Ол өзін-өзі пайымдай отырып, сол арқылы жаратылыстағы барлық нәрсені пайымдайды. Себебі жаратылыстағы барлық нәрсенің әрбіреуі өз болмысын Соның болмысынан алады. Екінші себептердің әрбірі Бірінші себепті пайымдайды1. Ал әрекетшіл ақылға келсек, ол Бірінші [Себепті], барлық екінші [себептерді] және өзін-өзі пайымдайды. Сондай-ақ, өзді­ гінше ақылмен пайымдалмайтын нәрселерді қабылдайды. 1 Аспан денелерінің жандарында не сезімдік қабылдаулар, не қиял бол­ майды. Аспан жандары өздерінің субстанциялары бойынша аса биікке шырқай­ тыны сонша, олар жаратылыстағы өзінен төмен жатқандарды қабылдамайды, бірақ өздерінен жоғары тұрған «Бірінші Себепті» пайымдайды. Басқаша айт­ қанда, Екінші [себептердің] әрбіреуі Бірінші себепті пайымдайды да, өзінен төмен тұрған нәрселерді пайымдамайды. Ал «Бірінші себеп» болса, Ол өзін пайымдайды және Өзін-өзі пайымдай отырып, жаратылыста бар нәрсенің барлығын белгілі мөлшерде пайымдайды. Себебі, болмыстағы жаратылыстың әрбірі өз болмысын Соның болмысынан алады.

10

Азаматтық саясат Өздігінше ақылмен пайымдалатын мәндер дегеніміз – материядан мүлдем тысқары өмір сүретін нәрселер. Бұлар – өздерінің субстанциясы бойынша ақылмен пайымдалатын нәрселер. Өйткені субстанцилары ақылмен пайымдайды және ақылмен пайымдалады. (27-бет) Басқа мәндер бұлар секілді емес. Мысалы, тастар мен өсімдіктер ақылмен пайымдалады, бірақ бұлардағы ақылмен пайымдалатын нәрселер ақылмен пайымдаушы бола алмайды. Денелер немесе денелердің ішінде болатындар өзінің мәні бойынша ақылмен пайымдамайды және бұлардың мәнінде ешбір нәрсе шын ақыл-парасат болып табылмайды. Атап айтқанда, әрекетшіл ақыл бұларды шын ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналдырады. Сөйтіп олардың кейбіреуін шын ақыл жасап, бұларға жаратылыс өзі берген мәртебеден бір саты болмысқа көтеріледі. Адамды адам еткен ақыл-ой қабілеті өзінің мәні жағынан да, берілген жаратылысы жағынан да шын ақыл-парасат болып табылмайды. Оны шын ақыл-парасат еткен – әрекетшіл ақыл. Ол оған басқа нәрселерді шын ақыл-парасат күшімен пайымдайтын нәрсе арқылы айналады.1 Егер ақыл-парасат күші шын ақыл-парасатқа айналатын болса, онда бірінші қатарда тұрған бұл ақыл-парасат ақылмен пайымдай бастайды және материядан тыс болмыстарға ұқсай түседі. Шын ақыл-парасат өз мәнін ақылмен пайымдайды. Демек, мұндағы ақылмен пайымдалатын нәрсе ақылмен пайымдаушыға пара-пар, ал ақылмен пайымдаушы ақылмен пайымдалатын болады. Сондықтан мұндағы ақылмен пайымдаушы ақылмен па­ йымдалушы және ақылмен пайымдау сайып келгенде бірнәрсе болып шығады да, ол әрекетшіл ақыл сатысына көтеріледі. Егер адам осы мәртебеге жетсе, онда ол бақыт мұратына жеткені. 1 Әл-Фарабидің айтуынша, адамды адам еткен ақыл-парасат күші өзінің мәні жағынан шын ақыл-парасат емес, ал басқа нәрселер болса, шын ақыл-пара­ сат арқылы ақыл-парасат күшімен пайымдалатын нәрсеге айналады. Сондықтан мұндағы «әл-`ақиль» (ақылмен пайымдаушы), «ма`қуль» (ақылмен пайымда­ лу­шы) және «әл-`Ақиль» (ақылмен пайымдау) сайып келгенде бірнәрсе болып шығады да, әрекетшіл ақыл-парасат сатысына көтеріледі. Олай болса, ақыл-пара­ сат күші шын ақыл-парасатқа айналып, бірінші қатарда тұрған бұл ақыл-парасат ақылмен пайымдай бастайды. Сөйтіп материядан тыс нәрселерге ұқсайды.

11

Азаматтық саясат (28-бет) Адамның көз жанарына қарағанда Күн қандай орын алатын болса, әрекетшіл ақыл адамға қарағанда нақ сондай орын алады. Күннен тарайтын сәуленің арқасында көз шын көрушіге айналады, ал бұрын ол потенциалды көруші еді. Көздің шын көруіне себепкер болған Күн, сол сәуленің арқасында өзін-өзі көреді және дәл осы сәуленің арқасында бұрын потенциалды болып келген түрлі түстер шын түстерге айналады, ал потенциалды көруші болып келген көз енді шын көруші. Нақ сол сияқты әрекетшіл ақыл адамның ойлау қабілеті арқылы бейнеленетін нәрселерді адамға жеткізеді. Осы жағдайдың ойлау қабілетіне қатынасы сәуленің көз жанарына қатынасы сияқты. Осы нәрсенің арқасында парасатты жан әрекетшіл ақылды пайымдайды, дәл осы нәрсенің арқасында ақылмен пайымдалатын потенциалды нәрсе ақылмен пайымдалатын шын нәрсеге айналады. Тағы да соның арқасында адамда бұрын потенциалды болып келген ақыл шын ақыл болып шығады. Оның кемелденгені сонша, әрекетшіл ақылдың дәрежесіне жақындайды. Сөйтіп, ол өзінің мәні жағынан ақылға айналады, ал бұрын ол ақыл емес еді. Кейін ол мәні жағынан ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналады, ал бұрын ондай емес еді. Сосын ол (уахиды) түсінетін тәңірлік ақылға айналады, ал бұрын материялық еді. Әрекетшіл ақылдың көрінісі міне осында жатыр, сондықтан да ол әрекетшіл ақыл деп аталады. ФОРМА ЖӘНЕ МАТЕРИЯ Форма – денедегі денелік субстанция. Мысалы, төсекағаштың формасы – төсекағашта, ал материясы – сол төсекағаш жасалған ағашта. Форма дегеніміз – денелік субстанцияны шындық ететін нәрсе. (29-бет) Мысалы, төсекағаш ағаш болғандықтан, ол потенциалды төсекағаш және ағаш оның сыртқы формасына келгенде, шын төсекағашқа айналады. Сөйтіп, форма материяның арқасында өмір сүреді, ал материя формалар үшін субстрат болып табылады. Форма өзін-өзі құрай алмайды. Олар субстратты қажет етеді. Олардың субстраты – ма12

Азаматтық саясат терия. Материя тек форма үшін өмір сүреді. Материяның бірінші мақсаты – формалардың өмір сүруі. Формалар қандай да болсын бір субстратта өмір сүретін болғандықтан, материя формалардың субстраты болып табылады. Сондықтан формасыз материяның өмір сүруі бекер болар еді. Бірақ, табиғи нәрселердің ішінде бекер ештеңе де жоқ. Сол себепті бастапқы материя қандай да болсын формасыз болмайды. Сонымен, материя формалардың субстраты ретінде алғашқы бастама және себеп болып табылады, бірақ материяның өзі әрекетшіл [себепте емес], мақсат та емес. Оның үстіне ол өзінше алғанда, формасыз өмір сүре алмайды1. Материя да, сондайақ форма да «табиғат» деп аталады, алайда бұл атауға форма анағұрлым лайық. Бұған көру мысал бола алады. Көру – субстанция. Көздің денесі – оның материясы, ал көздің көру қабілеті формасы болып табылады. Тек осыларды біріктіргенде ғана көру шындыққа айналады. Басқа табиғи денелердің бәрінің де жағдайы осы секілді. (30-бет) Жандар қашан жетілгенше және өзінің әрекеттерін іске асырғанға дейін заттардың бейнесін қабыл алуға әзір тұрған формалардың қабілеттілігі ғана болып табылады. Мы­ салы, көру қашан көретін болғанша және онда көрінетін зат­ тардың бейнелері пайда болғанша; қиялдау күші қашан қиял­ данатын формалар болғанша; ақыл-парасат күші, қашан мұнда ақылмен пайымдалатын бейнелер пайда болғанша, олардың бәрі, бұларда шын бейнелер туатын болса да, яғни түйсіну кү­шінде сезім арқылы қабылданатын нәрселердің бейнелері, қиялдау күшінде қиялдағы заттары және ақыл-парасат күшіне Денелік субстанция екі бастамадан құралады – материя және форма. Материя субстанциялық күш, ал форма онымен бірігіп субстанцияны шын­ дыққа айналдырады. Материя форманың субстраты, форма – материяның то­ лықтырушысы, яғни форма материяның арқасында өмір сүреді, ал материя формалар үшін субстрат болып табылады. Себебі, форма субстратты қажет етеді. Материя тек форма үшін өмір сүреді. Материяның бірінші мақсаты – фор­ малардың өмір сүруі. Формалар қандай да болсын бір субстратта өмір сүретін болғандықтан, материя формалардың субстраты болып табылады. Сондықтан, материя формасыз, ал форма материясыз болуы мүмкін емес. Ендеше әуелгі материя қандай да болсын формаға ие болған. 1

13

Азаматтық саясат ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелері пайда болғанша форма болып табылады. Бірақ бұлардың, яғни материядағы формалардың айырмашылығы бар. Егер бұрынғы формаларда пайда болған бұл бейнелер материяның формаларына ұқсас болса, онда бұл формалардың аты тек ұқсастығына қарай қо­ йылады. Ақыл-парасат күшінде алынатын ақылмен пайымдалушы мәндердің бейнелері материядағы формалардың ең алшағы. Олар толықтай материядан тыс және олардың ақылпарасат күшіндегі болмысы материядағы форманың болмысымен ұқсастығы өте аз1. Егер шын ақыл-парасат әрекетшіл ақылға ұқсайтын болса, онда ол форма күйінде болмайды, сондай-ақ формаға ұқсас та болмайды. Алайда кейбіреулер денесіз субстанциялардың бәрін олардың атының бірыңғайлығына қарап, оларды да «формалар» деп атайды. Олар формаларды материядан тыс, өйткені оған зәру емес және материядан ажырамаған деп бөледі. Бұл туралы біз бұрынырақта айтқанбыз. (31-бет) Бұлай бөлу атаудың ортақ болуына негізделген. Материяны керек ететін формалардың әрқилы сатылары болады. Ең төменгі сатыда төрт элементтің формалары тұрады. Олар сан жағынан төртеу және бәрі де бір түрге енетін төрт материя­ ның ішінде болады: от үшін форманың қызметін атқаратын нәрсе, ауа үшін өзі де материя бола алады. Барлық басқа элементтерде де істің жайы нақ осы сияқты. Жаралған денелердің формалары элементтердің араласуынан және бірімен-бірінің орайла­сып ұштасуынан туады2. Біреулері жоғары, біреулері төмен болады. 1 Әл-Фараби түйсіну күшінде сезім арқылы қабылданатын нәрселердің бейнелері, қиялдау күші мен ақыл-парасат күшінде ақылмен пайымдалатын мәндердің формалары бұлардың материядағы формасынан айырмасы бар деп есептейді. Әсіресе ақыл-парасат күшінде ақылмен пайымдалатын мәндердің формалары материядағы формадан айтарлықтай алшақ. Себебі, «адамның қиялында олардың формасы материядан құралады» дейді Ұлы ойшыл. 2 Мұндағы төрт элемент антикалық грек ойшылдарының айтқанындай: топырақ, су, ауа және от. Сондай-ақ, табиғаттағы жаралған денелердің формалары төрт элементтің араласуынан және бірімен-бірінің орайласып ұштасуынан туады. Осы формалардың біреулері жоғары, біреулері төмен. Мысалы, элементтердің формаларына қарағанда минералдардың формалары

14

Азаматтық саясат Мысалы, элементтердің формаларына қарағанда минералдар­ дың формалары анағұрлым жоғары сатыда тұрады. Өсімдіктер өзінің барлық әралуан түрлерінің формалары жағынан жоғары сатыда болады. Сәйкесінше жануарлардың барлық алуан түрі өсімдіктер формаларынан бір саты жоғары. Сонан соң, ақылды жануарлардың формалары ақылсыз жануарлардың формаларына қарағанда жоғары сатыда тұрады.

анағұрлым жоғары сатыда тұрады. Өсімдіктер өзінің барлық әр алуан түрлері­ нің формалары минералдардың формаларынан анағұрлым жоғары сатыда тұра­ ды. Ақылды жануарлардың формалары ақылсыз жануарлардың формаларына қарағанда жоғары сатыда тұрады. Барлығы бес түрлі форма болады.

15

Азаматтық саясат ЕКІНШІ БӨЛІМ ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ БІР-БІРІНЕН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ 1 – Форма және материя (33-бет) Форма және алғашқы материя өздерінің болмысы жағынан бастамаларға қарағанда кем жетілген. Себебі олардың әрқайсысы өзінің болмысы үшін және өмір сүруі үшін басқасына зәру. Форма материяда ғана өмір сүре алады, ал материя өзінің субстанциясы және жаратылысы бойынша формаға тәуелді. Мұның мәні – формаға кіру. Форма өмір сүрмесе, онда материя да болмас еді. Сондықтан формасыз материяның өмір сүруі бекершілік саналады. Алайда табиғаттағы нәрселердің ешқайсысы да босқа өмір сүрмейді. Өйткені өзінің тіршілігі үшін форма белгілі бір субстратты қажет етеді. Кейін бұлардың әрқайсысында (34-бет) тек өзіне ғана тән жетілмегендік және жетілгендік болады, [бұл мына мағынада]: форманың арқасында дененің болмысы анағұрлым жетілген болады, атап айтқанда, актуальды, ал материяның арқасында оның болмысы кем жетілген болады, яғни потенциалды. Форма материя үшін өмір сүрмейді және жаратылысы тұрғысынан өмірді материя үшін қажет етпейді. Керісінше, материя формаға бола өмір сүреді, яғни форманың болмысы соған негізделген. Сондықтан форма материядан басым түседі. Ал материяның формадан басымдылығы сол, ол өзінің болмысында қандай бір субстраттың болуына мұқтаж емес, ал форма субстратқа мұқтаж. Материяда қарама-қарсы нәрсе жоқ, болмыссыздық та жоқ. Формаға келсек, онда болмыссыздық және қарама-қарсылық бар. Ал болмыссыздығы немесе қарама-қарсылығы бар нәрсе­ де үз­діксіз өмір болмайды. Формалар акциденцияларға ұқсас, өйт­­кені екеуінің де өмір сүруі үшін субстратты болуы мін­ детті. Фор­малардың акциденциялардан айырмашылығы мына16

Азаматтық саясат да: акциденциялардың субстраттары акциденциялар үшін өмір сүрмейді, иесі болу үшін тағайындалады. Ал формалардың суб­ стратына, атап айтқанда, материяға келетін болсақ, олар фор­ малардың иесі болуға арналған. Материя сондай-ақ бір-біріне қарама-қайшы формалардың субстраты болып табылады. Ол форманы да, осы форманың қарама-қарсылығын да немесе оның болмыссыздығын да қабыл алады. Әрдайым бір формадан екінші формаға өтіп отырады. Сондықтан ешқандай форма өзінің қарама-қарсылығынан басым түспейді және осыдан шыққан форма өзінің қарама-қарсы­ лықтарына тең болады1. 2 – Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл (35-бет) Формаға және материяға тән жетілмегендік денесіз субстанцияларда жоқ. Бұлардың әрқайсысы субстратта басқаға бола өмір сүрмейді, материяның арқасында, басқаға құрал ретінде немесе басқаға қызмет көрсету арқылы тіршілік етпейді. Денесіз субстанциялардың бір де бірі қосымша болмысқа, өзінің әсері арқылы келешекте басқа болмыстың жәрдеміне немесе басқа болмыстың әсеріне мұқтаж емес. Бұларда қарама-қарсылықтар немесе болмыссыздық жоқ. Бұл денесіз субстанциялар, форма мен материяға қарағанда, субстанция болуға анағұрлым лайық2. 1 Ойшыл форма мен материяны алғашқы алты бастаманың (бірінші себеп, екінші себептер, әрекетшіл ақыл-парасат, жан және форма мен материя) арасындағы кемелдігіне қарай айтады. Бірақ, форма материяда ғана өмір сүре алады. Материя өзінің субстанциясы және жаратылысы бойынша формаға бола тіршілік етеді, мұның мәні форманы алып беруде. Форма өмір сүрмесе, материя да жоқ. Форма материяның өмір сүруі үшін өмір сүрмейді, керісінше материя формаға тәуелді. Материяның өмір сүру болмысы осылай негізделген. Форманың материядан ерекшелігі – осы. Дәл сол сияқты материяның да формадан ерекшелігі – өзінің болмысында қандай бір субстраттың болуына мұқтаж емес, ал форма субстратқа мұқтаж. 2 Әл-Фараби денесіз субстанциялар, форма мен материяға қарағанда, субстанция болуға анағұрлым лайық деп Бірінші себепті, Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасатты айтып отыр. Денесіз субстанцияларда қарамақарсылық немесе бейболмыс қасиеттері жоқ. Сондай-ақ, олар қосымша

17

Азаматтық саясат Екінші себептер және әрекетшіл ақыл Бірінші себептен тө­ мен тұрады. Оның үстіне, егер бұларға осы тәріздес жетілмеген­ дік тән болса, онда басқа түрлі кемшіліктің болуы ықтимал, атап айтқанда, бұлардың субстанциялары басқадан алынады және бұлардың болмысы да басқаның болмысына ере жүреді. Субстанциялары өз-өзіне жеткілікті болатындай және басқаға тәуелділік танытпайтындай дәрежеде кемелді емес. Олар өз­ дерінің болмысынан гөрі анағұрлым жетілген болмыстан шы­ ғады. Бұл тәрізді кемшілік – Бірінші себептен басқа барлық болмыс атаулыға ортақ. Сонымен бірге екінші себептер де, әрекетшіл ақыл да өзін-өзі ғана ақылмен пайымдау арқылы өз болмысына сәулет, әшекей, шаттық, рақат және сұлулық берумен шектелмейді. Бұл үшін оларға өз мәнімен қатар анағұрлым жетілген және анағұрлым сәулетті тұлғаның мәнін ақылмен пайымдауы қажет. Сондықтан осы мағынада бұлардың әрқайсысының мәнінде көптік бар. Өйткені бір нәрсені ақылмен пайымдағанда олардың мәні қан­ дай да бір себептердің ықпалымен сол затқа айналады, бұл рет­ те соларға тән мәнді сақтап қалады, ал бұлардың мәнінің ар­ тықшылығы көпше (36-бет) болудың арқасында ғана жүзеге асады. Алайда көпше субстанциялану болған жерде заттардың болмысының кемістігіне айналады. Болмыс, оның сұлулығы мен сәулеті оның негізгі қызметін атқаруға берілгенде, өзінен төмен тұрғандардың мәнін ақыл­ мен пайымдайтын болғандықтан емес, әрқайсысы тіршілік иесі болмысының негізін құрайтындықтан берілген. Бұл жағдайда олармен ештеңе де бірікпейді және олардың ішінде ештеңе сіңісіп болмысқа мұқтаж емес. Ал енді жоғары дәрежеге бір саты көтерілетін болсақ, онда субстанция болуға Екінші себептер де, әрекетшіл ақыл-парасат та лайық болмай қалады. Себебі олар Бірінші себептен төмен тұрады. Оның үстіне, егер бұларға осы тәріздес жетілмегендік тән болса, онда басқа да түрлі жетілмегендіктерден де құр емес, дәлірек айтсақ, бұлардың субстанциялары басқадан алынады және бұлардың болмысы да басқаның болмысына ере жүреді. Сөйтіп, әл-Фараби бұл тәрізді жетілмегендік «Бірінші Себептен басқа барлық тұлғаларға ортақ қасиет. Бұлардың болмысынан анағұрлым жетілген болмыс – Алла» дейді.

18

Азаматтық саясат кетпейді. Өзгеше бірдеңе пайда болғанда, өзіндік мәнінен басқа құралды не қандайда бірнәрсені қажет етпейді1. 3 – Аспан денелері Аспан денелеріне тән жандарға келсек, оларда форма және материядағы сияқты дәрежеде кемшілік жоқ. (37-бет) Алайда олар субстраттарда болады және осы мағынада олар формалармен ұқсас. Бірақ аспан денелерінің субстраттары материялық емес, бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән субстраты бар. Олардың формалардан айырмашылығы дәл осында. Аспан денелеріне тән жандарда Екінші себептерге тән кем­ шіліктер де кездеседі, бірақ бұлар мұнан гөрі жетілмеген, өйт­ кені бұларды субстанцияландырып отырған көпшелік Екінші [себеп­терді] субстанцияландыратын көпшесінен артық. Себебі, аспан де­нелерінің жандары өзінен кейінгі Екінші себептерді және Бірінші себепті ақылмен пайымдай отырып, сұлулыққа және рақатқа ие болады. Оның үстіне басқа болмыстар туады. Бұлардан басқа мән­ дердің болмысы шыққан уақытта олар құралмен және басқа жағдаймен шектелмейді. Мысалы, бұларға мәндерінен бос нәр­ селердің барлығында тағы екі жағдай керек. «Екі жағдай» деп біз, біріншіден, бұлардың өмір сүруін, екіншіден, өздерінен шыққан нәрсеге болмыстың берілуін айтамыз. Екінші себептердің өз мәнінен өзге еш нәрсеге қатысы жоқ, әйтсе де екі жағдайдың екеуінде де олар сәулет пен сұлулыққа ие болады. Өйткені бұған себеп олардың өмір сүруі, басқа болмысқа құйылмай, тек өзімен-өзі шектелетіндіктен емес, бұлар өздері­ Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасаттың көпшелік мәні болуы­ ның себебі – әлем. Бұлардың көпше субстанциялануларының арқасында әлем пайда болды. Бірақ, бұлардың осы көпшелену қасиеті – олардың субстанция болмауына басты себеп. Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасат болмысы тұрғысынан өздерінен төмен тұрған нәрселердің мәнін пайымдамайды, тек Алланы және Оның мәнін ғана пайымдайды. 1

19

Азаматтық саясат нен төмен жатқан бар нәрсені ақылмен пайымдайтындықтан ие болады.1 Жануарлардың жандары түйсінеді және қиялдайды. Нәти­ жесінде пайда болған нәрселердің бейнелері аяқталған формада, (38-бет) кемелденген шақта материялық емес нәрселерге ұқсайды. Бұл ұқсастық олардың болмыс жаратылысынан. Ал материяны форма жаратылысынан айырмайды. Егер жанның парасатты бөлігі кемеліне жетіп, шынайы (актуальды) ақыл-парасатқа айналса, онда ол материялық емес нәр­ селерге ұқсайды. Оның болмысының жетілуі, шын күйі, сәулеті, әшекейлік пен сұлулығы өзінен жоғарыда тұрған нәр­селерді ақылмен пайымдағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз сатысынан төмен тұрған нәрселерді де пайымдағандықтан игеріледі. Оның басым бөлігі субстанцияға айналып, тез өсуінің арқасында болады. Жанның ақыл-парасатты бөлігі барлық басқа ақылдардан тыс, болмысын басқаға айналдырмай, өзімен шектеледі. Басқаға болмыс бергенде талпынушы, қиялдаушы және түйсінуші күштер арқылы береді. Ол соның болмысына анағұрлым жетілген түр беру үшін қызмет етеді. Ал оның бойында құрал болмаған жағдайда басқаға әсер ете алмайды. Өйткені мұның субстанциясынан басқа болмыс шықпайды. Сондықтан өзінің болмысын субстанциясында үздіксіз сақтаумен ғана шектеледі немесе себепке, бірақ әрекетшіл себепке емес, мақсаттық себепке айналады2.

Аспан денелерінің болмысынан басқа болмыстар туады. Сондықтан, аспан денелері Екінші себептерге тән кемшіліктерге ие, бірақ бұлар оған қарағанда жетілмеген. Өйткені бұларды субстанцияландырып отырған көптік қасиет Екінші себептерді субстанцияландыратын көптіктен артық. Аспан денелерінің жандары да Екінші себеп пен әрекетшіл ақыл-парасат сияқты жалғыз Алланы және Оның мәнін пайымдап, өзінен төмен дәрежедегілерді тыс қалдырады. 2 Жоғарыда әл-Фараби: «Оның болмысының жетілуі, оның шын күйі, оның сәулеті, сұлулығы өзінен жоғарыда тұрған нәрселерді ақылмен пайым­ дағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз сатысынан төмен тұрған нәрселерді де ақылмен қабылдағаннан игеріледі...» дейді. Яғни адам барлық нәрсені жанжақты ойлағандықтан, ақылы кемелдене түседі. Енді, бұл арада әл-Фараби, сөз жоқ, Аристотельдегі табиғи болмыстың төрт себебі туралы айтып отыр, бұлар: материялық, формальдық, мақсаттық және қозғаушы себептер. 1

20

Азаматтық саясат 4 – Бірінші Себепкердің артықшылығы (39-бет) Бірінші Себепкер абсолютті және кемшілік атаулыдан пәк1. Одан артық жетілген және Одан артық лайықты болмыс болуы мүмкін емес. Дәл сол сияқты Одан бұрын болып өткен, болмысы жағынан Онымен бір сатыда тұрған, Оған тәуелді емес нәрсенің болуы мүмкін емес. Оның өзіндік болмысын өзіне қарағанда түрлі кемшіліктер тән нәрседен алуының ешбір қисыны жоқ. Сондықтан өзінің мәні жағынан Ол басқалардың бәрінен мүлдем ерекше. Болмысы жалғыз. Өйткені өмір сүруі Соған ұқсайтын нәрсе бар болса, онда олардың да болмысы Соның болмысына сәйкес келіп, олардың арасында ешқандай айырмашылық болмас еді. Егер ол бар болса, онда ол осыларды біріктіретін нәрсе емес, басқа бірнәрсе болар еді. Ол кезде бұларды бірінен-бірін ажыратып тұрған нәрсе бұлардың өмір сүруіне себепкер болған нәрсенің бір бөлігі болар еді. Демек, Ол Бірінші болмыс болмас еді. Одан басқа бірнәрсе болар еді. Өзінің болмысында Одан бұрын өткен басқа бірнәрсе бар болар еді. Бұл – қисынсыз. Себебі Ол – Бірінші себепкер. Ал айырмасы жоқ нәрседе көпше, екі немесе одан көп мәннің болуы мүмкін емес. (40-бет) Егер Одан басқа да бір болмыс болған деп есептесек, онда бұл болмыс та Одан тәуелсіз, Оған мұқтаж емес бір болмыс саналуы тиіс еді. Өз кезегінде ол Одан тәуелсіз және өзі де сол 1 Әл-Фараби Алланың барлығы мен бірлігі туралы айтады. «Таухид» – Алланың жалғыз, даралығы ислам дініндегі ең бастапқы әрі негізгі шарттардың бірі болып табылады. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) пайғамбарлық міндеті жиырма үш жыл болса, соның он бір жылын Мекке шаһарында адамдарға Алланың жалғыздығын насихаттаған. Енді, әл-Фарабидің Алла туралы мына сөздерін салыстырыңыз: «Ол – Бірінші. Егер Ол былайша бөлінбейтін болса, онда Оның сан жағынан және бөлінудің басқа да түрлері жағынан бөлінуіне ешбір мүмкіндік жоқ. Ол бұл жөнінде де Біреу. Сондықтан да дүниедегі басқа нәрселерден ерекше тұратын Оның болмысы басқаша болуы, басқа бір нәрсе болуы мүмкін емес. Осының арқасында Ол – Өз мәніндегі Себеп. Сондықтан Оны қалған басқалардың бәрінен ажыратып тұратын жағы – Оның мәнін құрайтын жалғыздығы. «Жалғыз» деген сөздің мағыналарының бірі әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып тұратын ерекше болмысқа айтылады». № 2 түсіндірмеге қараңыз.

21

Азаматтық саясат сатыда тұратын бірдеңе болар еді. Бірақ бұл жағдайда Оның болмысы осы екі тең нәрсені біріктіріп отырған болмыстан төмен тұрған болар еді. Сонда Оның болмысы кемел болмыс болмас еді. Өйткені, кемел нәрсе ешбір жағдайда өзінің мәнінен тысқары нәрсенің бірі болуы мүмкін емес. Сондықтан, Оған тең бір болмыстың қатар болуы мүмкін емес. Себебі ондай болмыс бола қалған жағдайда Онымен бір сатыда тұрар еді. Бірақ Онымен бір сатыда тұратын, Одан тәуелсіз болмыстың болуы мүлдем мүмкін емес. Бұлай болған күнде Оның болмысы жетілмеген болмыс болар еді. Әсілінде өзіне теңі бар нәрсенің бәрі де кемел емес, ал Оның болмысының кемелдігі Өзіне тең келер нәрсенің болмауының арқасында ғана күмәнсіз. Теңі бар нәрсенің болмысы оның баламасы болған жағдайда ғана мүмкін. Олай болса, теңі бар нәрсе өзінің баламасының арқасында өмір сүріп, олардың мәні мен субстанциясынан пайда болатын нәрселерді сақтаумен өмір сүрер еді. Баламасы бар екі нәрсенің субстанциясы өзінің серігі болмаса өз мәндерін сақтай алмайды. Бұл жағдайда Бірінші Себепкердің бар болуы үшін басқа бір себептің болуы тиіс. Алайда тұрған сатысы жағынан Оған тең түсетін ештеңе болуы мүмкін емес. Керісінше, Ол – біреу, дара және жалғыз. Сондай-ақ, Оның мәні бөлінбейді. Себебі Оның не ана, не мына бөлігінің мағынасын ешбір сөз білдіре алмайды. Егер ол осылай болса, онда анықтаушының бөлшектерімен белгіленетін нәрселер (40-бет) анықтаушының бар болуының себебі болатыны сияқты және материя мен форма өздерінен құралатын нәрсенің себептері болатыны сияқты, Оны субстанциялайтын бөлшектер Бірінші [себепкердің] себептері болар еді. Алайда бұл – мүмкін емес. Себебі, Ол – Бірінші. Егер Ол былайша бөлінбейтін болса, онда оның сан жағынан және бөлінудің басқа да түрлері жағынан бөлінуіне ешбір мүм­ кіндік жоқ. Ол бұл тұрғыда – жалғыз һәм дара. Сондықтан да дү­ ниедегі басқа нәрселерден ерекше тұратын Оның болмысының басқаша болуы, одан басқа бір нәрсе болуы мүмкін емес; осы­ ның арқасында Ол – Өз болмысындағы Құдірет. Сондықтан 22

Азаматтық саясат Оны өзгелердің бәрінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелігі – Оның мәнін құрайтын жалғыздығы. «Жалғыздық» деген сөздің мағынасы бір затты басқаларынан ажыратып тұратын ерекше болмысқа ие болу. Дәл осы мағынада кез келген тұлғаны «ол – жалғыз» деп айтуға болады. Өйткені оның өзіне ғана тән болмысы бар. Осы тұрғыдан Бірінші Зат та – жалғыз. Ол өзгелерге қарағанда дара дегеннің анықтамасы мен мағынасына анағұрлым лайық. Қай жағынан алып қарасақ та материяға қатысы жоқ. Ол өзінің субстанциясы бойынша ақыл. Өйткені Ол материя атау­ лының ақылға айналуына және шынайы пайымдауына бөгет жасайды. Ақылмен пайымдау тұрғысынан алғанда Ол ақылмен пайымдалушы. Себебі, ақылмен пайымдаудан шығатын нәрсе – ақыл, яғни ақылмен пайымдалушы болып табылады. Ол басқа бір заттың сырттан ақылмен пайымдалушысы болуға зәру емес. (42бет) Керісінше, Ол Өз мәнін Өзінің ақылымен пайымдайды. Осылайша ақылмен пайымдалушыға айналады. Нақ осы сияқты ақыл-парасат болуы үшін және ақылмен пайымдаушы болу үшін ол сырттан алуға тиісті болатын басқа бір мәнге зәру болмайды, керісінше Ол Өз мәнін Өзі ақылмен пайымдаудың арқасында, Oл – ақыл, ақылмен пайымдаушы және пайымдалушы. Оның ақылмен пайымдаушы мәні – ақылмен пайымдалушының Өзі1. Оның Білуші сипаты да осы секілді. Білу үшін Оған Өзінен тысқары қандай да болсын бір мәннің керегі жоқ. Сондай-ақ, танылу үшін де Өзінен тысқары басқа бір мәнге мұқтаж емес. Керісінше, білу үшін және танылу үшін де Оған Өз субстанциясы жетіп жатыр. Оның білімі – Өз субстанциясы. Расында Ол біледі және танылады. Ол – жалғыз білім иесі және бір ғана субстанция. Оның Даналығы да осы секілді. Даналық – ең абзал нәр­се­ лерді мейлінше жақсы танып білу. Ал өз мәнін ақылмен па­йым­ дауға және білуге қабілетті болса, онда ол ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып біледі. Мейлінше жақсы білім – ешқашан 1 Ғалымның айтуынша, Жаратушы – Ақыл. Ол Өзінің мәнін пайымдау арқылы ақыл, пайымдаушы және пайымдалушыға айналады.

23

Азаматтық саясат құрып кетпейтін, ең жетілген білім. Сондықтан ол білім – өтпелі емес, тұрақты білім. Сонымен бірге Ол – Дана, бірақ Өзінің мәнінен тысқары бірдеңені тану арқылы ие болған даналықтың арқасында дана емес, Ол – өз мәнін танып біліп, дана болуға өзіне-өзі жеткілікті. Заттың ұлықтығы, сұлулығы мен сәні өз болмысын мейлінше көрікті етуінде және өзінің жетілуін соңына дейін жеткізуінде. Егер бірінші Себепкердің болмысы ең жетілген болса, ендеше Оның (43-бет) сұлулығы да басқа сұлулық иелерінің бәрінен сан есе асып түседі1. Дәл осыны Оның дәрежесіне, ұлықтығына және сұлулығына қатысты айтуға да болады. Мұның бәрі де Оның субстанциясы мен мәнінде, яғни Өзінде және Ол бұларды өзінің мәнімен пайымдайды. Өйткені рақат, ләззат, қуаныш, шаттық тек қана ең сұлудың және ең ұлықтың құптауымен ғана пайда болады да, өзінің кемелденген дәрежесіне жетеді. Бірінші Себепкер абсолюттік мағынада сұлу, ең ұлық, ең көрікті болғандықтан және Оның өз мәнін пайымдауы неғұрлым жетілген пайымдау, ал Оның білімі ең жақсы білім болып та­ былатындықтан, Бірінші себептің рақаты біз мәнін ұғына алмайтын рақат болады. Біз мұның күшін тек аналогия арқылы және өзіміз үшін ең жетілген нәрсені, ең жетілген, ең тамаша пайымдау болып сезілетін болмашы рақатымызға салыстырып барып қана түйсіну, қиялдау яки ақыл-оймен танып-білу арқылы ғана түйсінеміз. Бұл жағдайда біздің алатын ләззатымыз қуаты жағынан барлық басқа рақат-ләззаттардан асып түсіп жатқандай көрінеді. Осыған байланысты біз өзімізді асқан бақытты деп есептейміз. Оның өзінің қуанышы мен ырзалығына өзімізге көрінетін қанағатымыз, қуанышымыз бен рақатымыздың ұқсастығы қандай болса, ең абзалы және ең көркемі Оның танып-білуі мен пайым«Бірінші себеп абсолюттік мағынада сұлу, ең ұлық, ең көрікті. Егер Бірінші себептің болмысы ең жетілген болмыс болса, ендеше Оның сұлулығы басқа сұлулық иелерінің бәрінен асып түседі», деп әл-Фараби бізге Алланың сұлу екенін, Оның сұлулығы басқа сұлулық иелерінен асып түсетінін айтады. Ол – сұлулықты басқа жаратылыстарға беруші. Сондықтан, Одан асқан сұлулық жоқ. Егер Одан асқан сұлулық болса, онда Бірінші себеп біреу емес, екеу болар еді, бірақ бұлай болуы мүмкін емес. 1

24

Азаматтық саясат дауына танымымыз бен пайымдауымыздың ұқсастығы да дәл сондай. Шынында ең тамаша мен ең сәулеттіні біздің пайымдауымыз бен Оның пайымдауының арасында, біздің біліміміз бен Оның білімінің арасында салыстырарлық ештеңе жоқ. Бұлардың арасында белгілі бір арақатынас бола қойғанның өзінде, ол тіпті болмашы ғана. Демек, біздің және Бірінші себептің рақатын, қуанышын және өзіне-өзінің ризалығын салыстыруға мүлде келмейді. Шын­ дығына келгенде, уақыт жағынан болмашы бір бөлшек болып табылатын нәрсе мен ұшы-қиыры жоқ шексіз мөлшерді, (44-бет) ең жетілген мен жетілмеген нәрселерді қалайша салыстыруға болады?! Өзімізге өзіміздің көңіліміз толуы, қуанышымыз және рақат­ қа елтуіміз, өзімізге өзіміздің сүйсінуіміз және құрметіміз қан­ ша күшті болса, онда Бірінші себептің өзін-өзі құрметтейтіні, өзін-өзі сүйетіні және өзінің мәніне өзі таң-тамаша қалатыны соншалықты күшті екені өзінен-өзі айқын болады. Бірінші се­ бептің сүйіспеншілігі мен біздің өз мәніміздің артықшылығына сүйіспеншілігіміз арасындағы қатынас Оның мәнінің артық­ шылығы және жетілгендігімен біздің өз бойымыздағы мәннің артықшылығы мен жетілгендігі арасындағы қатынас сияқты. Бі­рінші себепте сүюші әрі сүйікті, таң-тамаша қалатыны – сол таң-тамаша қалдыратын нәрсе. Ол – Бірінші Сүюші әрі Бірінші Сүйікті.

25

Азаматтық саясат ҮШІНШІ БӨЛІМ ӘЛЕМ Жаратылыс теориясы (45-бет) Болмыс Бірінші себепке тәуелді болғандықтан, мұнан табиғи жаратылыстар қажетті түрде пайда болады. Бұл жаратылыстың өмір сүру әдісі адамның қалауына тәуелді емес. Бұлардың қайсыбіреулерінің болмысы адам сезімімен тікелей қабылданады, қайсыбіреулері дәлелдеулер арқылы танылады. Жаратылуы Содан туатын болмыс басқа бір нәрсенің тіршілі­ гі үшін өмір сүреді. Бірінші себепкердің тысында басқа нәрселер­ дің болмысы Соның болмысынан бастау алады. Бірақ, солай бола тұрса да Бірінші Себепкерден шығатын нәрселердің болмысы ешбір жағдайда Оның болмысының себебі немесе мақсаты бола алмайды1. Одан пайда болған заттар Оның кемелдігін арттырмайды. Біздің көптеген әрекеттеріміз сияқты емес, яғни (46-бет) ісәрекеттеріміз арқылы туындайтын көптеген нәрселер біздің өмір сүруіміздің мақсаты. Осы мақсаттардың көбі бізді кемелдене түсуге бастайды. Бірінші [себепке] келсек, Оның бар болуының мақсаты – басқа нәрселердің тіршілігіне қатысты емес. Өйткені олай болған күнде Оның бар болуына осылар себеп саналар еді. Сөйтіп Оның болмысының себебі сыртқы себеп болар еді. Сондай-ақ Өзіне тән кемелдігі болғандықтан, басқа қандай да бір жетілуді қабылдамайды. Оның мәнінің шексіз кемелділігі біреудің, мысалы ақша немесе басқа бір нәрсе беріп, осының қолқасына рақат, 1 Әл-Фарабидің: «Басқа нәрселердің [Бірінші себептен тыс] өмір сүруі Соның бар болуынан туады» немесе «Күннен тараған күннің сәулесі сияқты әлемде Алладан тарайды» деген пікірлері Платонның әлемнің жаратылысы туралы теориясына ұқсайды. Бірақ, солай бола тұрса да Бірінші Себептен шығатын нәрселердің бар болуы ешбір жағдайда Оның бар екендігінің себебі немесе Оның бар болуының мақсаты бола алмайды. Себебі, мақсат дегеніміз – әлсіздіктің белгісі. Ол – Алла нұқсансыз, кәміл. Басқаша айтқанда, Алланың бар болуы әлемнің болмысына тәуелді емес.

26

Азаматтық саясат алғыс, артықша дәреже немесе басқа бір игілік және жетістік алғаны сияқты жетілуге мүлдем ұқсамайды. Себебі бұл жағдай Оның ең әуелгілігіне нұсқан келтірер еді. Осылайша Одан бұрын болған болмысты қажет етіп, Оның болмысына себепкер болар еді. Бұл нәрсенің барлығы қисынсыз. Ол өздігінен бар [құдірет]. Сондай-ақ Одан пайда болған басқа нәрселер Оның субстанциясымен байланысты және Содан туады. Одан жаралған нәрсе­ лер Оның субстанциясынан шыққан. Оның субстанциясынан шық­қан нәрсе Оның жаратқан Басқа нәрселерді жарату Оның суб­ станциясында жаратылатын нәрсе жаратылған болмыстың нақ өзі. Бірінші себеп, біреуі арқылы Өзі субстанцияланатын, ал басқа бөлігі басқа бір болмысты жарататын болып екі бөлікке бөлінбейді. Адамға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сүрулері үшін басқа болмыстың қажет болғаны сияқты Бірінші себепке Өз мәні мен субстанциясынан басқа еш нәрсенің керегі жоқ. (47-бет) Ол басқа нәрселерді тудыратын болмыс. Оның субстанциясынан пайда болған зат, басқа нәрселердің болмысын жарататын Оның болмысынан асқан кемел болмыс емес. Сондықтан, басқа нәрселердің болмысына бастама беретін болмыс уақыт тұрғысынан олардан кейін келе алмайды. Керісінше ол болмыс Одан көп нәрседе кенже қалады. [Бірінші себепкерге] берілетін есімдер мен сипаттар – айнала төңірегіміздегі нәрселердің кемелдігін және тамаша артықшы­ лығын көрсететін есімдер. Алайда бұл есімдердің бір де біреуі Оның субстанциясындағы Өзіне тән кемелдікті бейнелей алмайды. Сол секілді кемелдіктің түрлері де алуан. Олардың көпте­ ген атауы да бар бірақ, Оның субстанциясы сол есімдердің әр­ қайсысында сан алуан түрлі екен деп ойламау керек. Керісінше, осы алуан түрлі есімдердің астарында бөлінбейтін бір субстан­ цияны, бір болмысты түсіну керек1. 1 Фарабише Алланың кемелдігін білдіретін есім-сипаттарының әрбірінде Оның бөлек бір субстанциясы бар деп түсінбеу керек. Бұлай деп ойлау қате. Жаратушы бөліктерге бөлінбейді. Керісінше сол алуан түрлі есімдердің әрқайсысы бір субстанцияны, бір болмысты меңзейді. Ол – бір бүтін, Ол – біреу, Ол – жалғыз.

27

Азаматтық саясат Ал енді осы есім-сипаттардың бірімен төңірегіміздегі бір затты, Оның субстанциясынан тыс бір ізгілік, кемелдік ретінде атаған жағдайда, осы сипаттармен көрсетілетін нәрсе Бірінші Себепкерге тиісті сипаттардан асып түсе алмайды. Себебі ол сипаттар әуеліде Оның субстанциясының кемелдігі мен ізгілік сипаттарынан пайда болған. Мысалы, айналамыздағы түрлі нәрсені «сұлу» (ерекше) деу арқылы олардың түсінің, формасының немесе қалпының жетілгендігін меңзейміз. Бірақ, бұл сипат ол нәрсенің шынайы субстанциясын көрсетпейді1. (48-бет) Төңірегіміздегі нәрселердің жетілгендігін және ізгілігін білдіретін атаулар мынадай топтарға бөлінеді: нәрседегі бар мәнді көрсететін, көрсеткенде де ол мәннің басқа нәрсеге қатысы бары-жоғына байланыстырмай көрсететін атаулар болады. Мысалы, «Бар болу», «Біреу» тағы с.с. және одан басқа, тысқары нәрсеге қарағанда ол мәнде не бар екенін көрсететін атаулар. Мысалы, «әділеттік», «кішіпейілдік» секілді. Айналамызда бар нәрселерге қатысты қолданғанда бұл атаулар заттың мәнінің бір бөлігіндегі ізгілік пен жетілгендікті біл­ діреді. Қандайда бір зат осы бөлігі арқылы өзінің тысындағы екінші бір затпен өзара байланысады да бұл қатынас осы атаумен белгіленетін жиынтықтың бір бөлігі болып табылады және бұл ізгілік пен жетілгендік басқа затпен өзара қатынас арқасында бар болады. Сонымен біз мұндай есімдерді Бірінші себепкерге қатысты қолданамыз. Ал енді сол есімдерді Бірінші себепкерден бастау алған басқа болмыстарға қатысты қолданылған уақытта оларды, яғни сол атаумен аталатын нәрселерді Оның кемелдігінің бір бөлегі екен демеу керек және бұл кемелдік осы қатынастың арқасында болып отыр деп есептемеу қажет2. Бұл атау Оның 1 Ғалымның айтпағы, қандай да бір затты «сұлу», «ерекше», «кемел» және сол сияқты т.б. сипаттау арқылы біз сол заттың ерекшелігін меңзейміз, бірақ, бұл оның шынайы субстанциясын көрсетпейді. Басқаша айтқанда әлгі заттың субстанциясы қанша жерден «ерекше» немесе «сұлу» болғанымен Аллаға тән сипаттардан асып түсе алмайды. 2 Ғалымның айтпағы Алланың есімдері Оның Өзіне ғана тән және Сол Затты ғана меңзейді.

28

Азаматтық саясат субстанциясын және кемелдігін көрсетеді, ал қатынас осы ке­ мелдіктен туып, сол жетілгендікке тәуелді болуға және Оның субстанциясының және кемелдігінің арқасында бар болатынын көрсетеді. Бұл қатынас Соның мәніне тән жетілгендіктен қажетті түрде туатын нәрсе және соған тәуелді нәрсе ретінде қаралуға тиіс. Бұл туралы жоғарыда айтылған. Бірінші себепкер үшін де, басқа нәрселер үшін де ортақ атаулардың ішінде жаратылыстағы заттардың барлығын және кейбіреулерін қамтитындары да бар (49-бет). Бұларға Біріншіге және басқа нәрселерге қатысты қолданылатын түрлі ортақ атаулар жатады1. Оған және басқа заттарға қатысты ортақ атаулардың көпшілігі, ең алдымен, Соның кемелдігін, сонан кейін барып, Бірінші себепке қатысты өздерінің жаратылыста алатын орындарына сәйкес басқа нәрселердің жетілгендігін яки кемелдігін көрсететіні анық. Мысалы, «Бар болу» және «Біреу» сөздерін алайық. Бұлар, ең алдымен, Бірінші себепкерге қатысты тек сонан кейін барып басқа нәрселерді көрсетеді. Яғни Біріншінің арқасында субстанцияланатын мағынада, олардың болмысы Біріншіден шығатынын және бар болу нәрін Содан алатындығын көрсетеді.2 Егер Бірінші себептің субстанциясын және бар екендігін білдіретін көптеген жалпы атаулар сонымен қатар өзге де нәр­ селерді білдіретін болса, онда бұл атаулар сол басқа нәрселердің болмысында азды-көпті ұқсастықтың бар екенін ғана көрсетеді. Олай болса, Бірінші себеп бұл атаулармен әуел бастан және сөзсіз ақиқат ретінде аталады, ал басқа жаратылыстар кейіннен туған 1 Алла мен басқа болмыстардың арасындағы ортақ есім сөздердің болуы Алланың кемелдігін және сол заттардың Алладан бастау алатынын білдіреді. Біз мұндай «ортақ есіммен» қаласақ Алланы атауымызға болады, қаласақ өзіміз осы атаулармен ат қойған нәрселерді де атауымызға болады. Бұл туралы әл-Фараби былай дейді: «Ол үшін және басқа заттар үшін ортақ атаулардың көпшілігі, ең алдымен, Соның кемелдігін көрсететіні, содан кейін барып, Бірінші Себеп жөнінде өздерінің болмыста алатын орындарына сәйкес басқа нәрселердің жетілгендігін көрсететіні анық». 2 Фарабише, «бар болу» және «бір» сияқты Жаратушы мен жаратылысқа қатысты көптеген ортақ есімдер Алланың кемелдігін және олардың Бірінші себептен тарағандығын аңғартады.

29

Азаматтық саясат нәрселер ретінде аталады. Бірақ бұл ретте Бірінші себепті басқа нәрселерге қарағанда Оған қатысты кейіннен пайда болған атау­ мен атауға да болады. Өйткені біз Бірінші Себепкерді сипаттау үшін қолданатын көптеген атаулардың есімдерін көшіру әдісі арқылы кейіннен өзіміз қойған басқа нәрселерден алынғаны анық. Әйтпесе өзінің жаратылысы мен болмысы жағынан ертеден бар нәрсе уақыты жағынан өзінен кейін пайда болған нәрсеге тәуелді емес. Ежелден бері бар [Оған] кемістік тән емес1. Кемелдікті көрсететін бізге мәлім көптеген атаулар бар және бұл атаулардың басым бөлігі тек сол кемеліне жеткен нәр­се­лерді көрсету мақсатында қолданылады. Олардың солай аталуы нағыз кемелдік болып табылғандығына қатысты емес. Әйтпесе Оның кемелдігінен асып түсетін кемелдік жоқ екені анық. (50-бет) Сөйтіп, жаратылыстағы болмыстардың бойында кемелдіктің ең шыңын байқаған кезде, әрдайым өз парасат-пайым шеңберімізде сол кемелдік сипаттар тек Бірінші себепкерге тән деп санаймыз. Сондықтан Бірінші себепкерді осы атаумен си­ паттауымыз – табиғи нәрсе. Сонан соң Бірінші себепкермен салыстыра отырып, өзге нәрселерді дәрежелеріне сәйкес осы есіммен сипаттаймыз. Мә­ селен, «Бар болу», «Біреу» мысалындағы сияқты. Атаулардың кейбірі кемелдіктің тек белгілі бір түрлерін ғана білдіреді. Бұлардың бірқатары мүмкін қадерінше қиялға сыярлық шамада сол түрдің ең жоғарғы дәрежесіндегі кемелдік Бірінші себептің субстанциясына тән болар. Кемелдік атауының бұл түрінде кемшілікке жол жоқ. Мысалы білім, ақыл, даналық сипаттары сияқты. Бұл іспеттес сипаттардың түрлермен аталуға анағұрлым лайықты және анағұрлым дұрыс нәрселері бар. Ал егер кемелдіктің кейбір тұрлерінде кемшілік, сапаның нашарлауы байқалып, зардаптың салдарынан сол түрге қатыс­ ты индивидтің субстанциясы жоғалатын болса, онда бұны ке­ мелдіктің сол түрінің атымен атамау керек. Мұндай жағдайда Жаратушыға қатысты айтылатын кейбір есімдер жаратылыстағы бол­ мыстардан алынған. Негізінде оларды жаратқан Алла, бірақ, солай бола тұра олардың есімдерін алып Аллаға қатысты айтамыз. Алла кемшіліктен пәк дейді әл-Фараби. 1

30

Азаматтық саясат жаратылыстағы заттарға тән саналатын кемшін сипаттарды Бі­ рінші себепкерге қатысты қолдану орынсыз. Екінші кезектегі себептер Бірінші себепкерден кейін Екінші кезектегі себептер және әрекетшіл ақыл-парасат келеді. Екінші кезектегі себептер жаратылыс сатылары тұрғысынан екінші болып табылады. Бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән, өзінің болмысына пара-пар мәнін субстанциялайтын атрибуты бар. Басқа нәрселердің болмыстары осы мәннен туады. (51-бет) Өз субстанциясынан басқа болмысты жарату үшін Екінші себеп өз мәнінен тыс ештеңеге зәру болмайды. Ол мұның барлығын Бірінші себепкерден алған1. Олардың әрқайсысы Бірін­ ші себепті және өзінің мәнін ақылмен пайымдайды. Бұлардың ешбірі өз мәнін ғана пайымдап, өзін-өзі қанағаттандыра алмай­ ды. Ол өз мәнімен қатар Бірінші себепкердің мәніне қатысты па­ йымдау арқылы ғана қанағаттанады. Екінші кезектегі себептер өз мәнінен гөрі, Бірінші себепкер­ дің артықшылығын жақсы көреді. Бұлар өз мәнін пайымдаған­ нан гөрі, Бірінші себепті пайымдағаннан көбірек қанағат алады. Бірінші себепкерді ақылмен пайымдағанда алатын рақаты жө­ нінде де осыны айтуға болады. Екінші себептер өз мәнінің артықшылығынан гөрі, Бірінші себептің артықшылығын жақсы көреді, бұлардың өзін-өзі тамашалауы, өзіне өзі сүйсінуі осыдан келіп туады. Бірінші себепкер Өзін-өзі пайымдаған уақытта және Өзінің мәнін пайымдаған кезде Бірінші сүйіктіні және Бірінші сүюшіні табады. Демек, Бірінші себепкер, Ол – Бірінші Сүюші және Бірінші Сүйікті. Сонымен барлық Екінші кезектегі себептер өздерінің мәрте­ белеріне сай кемелдік пен нұсқалық дәрежесіне қарай бөлінеді. Бұлардың әрқайсысын Бірінші себепкерге қатысты қолданыла­ тын атаулармен салыстырмалы түрде сипаттауымыз қажет: 1

Екінші кезектегі себептердің барлығы Алланың жаратылысы.

31

Азаматтық саясат Екінші кезектегі себептердің әрқайсысы болмысы әуел бас­ тан толып қалғандай, яғни болашақта еш нәрсеге ие болмайтын сияқты мүлдем әрекет қылмайды. Сондықтан олар (52-бет) мүлдем қозғалмайды және еш нәрсеге талпынбайды. Бұлардың әрбірінің болмысынан аспан болмысы шығып отырады. Алдымен қажетті түрде Бірінші аспан болмысы шығады, сөйтіп ай орналасқан соңғы аспан қабатына дейін жалғаса береді. Әрбір аспан субстанциясы екі нәрседен құралады: субстрат және жаннан. Олардың әрқайсысына тән жан субстратта болады. Олардың әрбіріндегі жан өз мәнін, өздерін шығарған Екінші кезектегі се­ бептерді және Бірінші себепкерді ақылмен пайымдайды, сон­ дықтан ол шын ақыл болып табылады. Аспан және жер субстанциялары Аспан денелерінің субстанциялары өз алдына көптеген заттарға бөлініп, өмірде бар нәрселердің сатыларын құрайды. Бұлардың әуелгісі ақыл-парасат сатылары; субстанциялану үшін субстрат қажет. Осы жағынан аспан денелерінің субстанциялары материя мен формалардан тұратын субстанцияларға ұқсайды. Бұл ретте, олардан басқа нәрселердің шығуы үшін өз субстанциялары жеткіліксіз. Олар өз мәнінен тыс басқа болмыс алуы қажет. (53-бет) Олар өздері субстанцияланатын нәрселерден тыс болмыс шығарып, «сан», «сапа» және басқа да категориялардың арқасында өмір сүрмейтін болмыс болуы керек. Әйтпесе оларда басқа денеге әсер етерліктей кемелдік және артықшылық болмай­ ды. Сондықтан субстанциялардың әрқайсысында белгілі бір шама, форма және басқа да сапалар және категорияларға қатысы бар т.б. нәрселердің бәрі болады. Алайда, осының нәтижесінде ол субстанция ең жақсы субстанцияға айналып, оған әзірленген орын ең жақсы болады. Сол себепті бұдан қажетті түрде шығатын қоры­ тынды – әрбір дененің өзінің белгілі бір орны (мәртебесі) болады. Бұл субстанциялардың болмысының көпшілігі әуел бас­ тан жетілген. Олардың аз ғана бөлігінде бастапқыда Кемелдік 32

Азаматтық саясат қасиеті болмайды, керісінше, бұған келешекте біртіндеп ие болады. Сондықтан бұлар соған жетуге тырысады және үздіксіз қозғалыстың арқасында ғана жетеді. Үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл қозғалыс жалғасын тауып тұра береді. Бұлар тынымсыз қозғалып, анағұрлым жақсы болмысқа талпынады. Ең жоғарғы немесе ең жоғарыға жақын тұрған болмыс формалары әуел бастан жетілген күйде болады және ол болмыс формаларының әрбіреуіне бөлінген орын басқа ешбіріне тиісті болмайды, тек әуел бастан өзіне тән формасымен қоса соның өзіне ғана тиісті болады. Бұл ретте олардың субстанцияларында қарама-қайшылақтар болмайды. Аспан денелерінен төменгі нәрселерге келсек, бұлардың болмысы жетілмеген. Өйткені бұлар толығымен субстанцияланатындай нәрселердің бәрін әуел бастан ала алмайды, (54-бет) керісінше, бұлар актуальды мән емес, өздерінің болашақта болуы мүмкін мәнін ғана қамтиды. Себебі, бұларға берілгені – тек қана бірінші материя. Сондықтан олар әрдайым өздері субстанцияланатын формаға талпынады және бірінші материя аспан астындағы барлық субстанциялардың потенциясы болып табылады. Бұлар потенциалды қ субстанциялар болғандықтан, шын өмір сүруге ие болу үшін қозғалыста болады. Кейін, өзі кешеуілдеп қалғандықтан және болмысы пәс болғандықтан, сыртқы қозғаушы күш арқылы болмаса, өздігінше кемелдігіне ұмтыла алмайды. Ондай сыртқы қозғаушы болып табылатын нәрсе – өзінің бөлшектерімен қоса аспан денелері және әрекетшіл ақыл-парасат. Бұл екеуі бірлесіп, аспан астындағы күллі нәрселердің болмысын жетілдіреді. Аспан денесі өзінің субстанциясы, жаратылысы мен әрекеті тұрғысынан алдымен бірінші материяның болмысы шығуы үшін арналған, тек одан кейін ғана барлық бірінші материя өзінің жаратылысына, мүмкіншілігіне және әзірлігіне қарай форманың қандайын болса да иеленуге қабілетті. Әрекетшіл ақыл өзінің жаратылысы мен субстанциясы тұр­ ғысынан аспан денесі дүниеге келтірген және бергендерінің бәрін иеленеді. материядан ажырату үшін бұларға бұрын бергендерінің бәрін зерттеуге қабілетті. Оның берген нәрселерінің барлығын 33

Азаматтық саясат материядан ажыратып, өзіне ең таяу тұрған сатыға жеткізеді. (55бет) Мұның мәнісі – бұрын потенциалды болған ақылмен пайымдалатын мәндер актуальды нәрселерге айналады және осының салдарынан бұған дейін мүмкін болып келген ақыл-парасат енді шын ақыл-парасатқа айналады деген сөз. Бұған жетуге тек адам ғана қабілетті. Оның қолы жете алатын ең биік бақыт, ең асқан жетілгендік. Аспан денесінде бұрын жетілмеген күйде болған және өзінің болмысын сақтау үшін осындай жетілген күйге кө­ шуге зәру болып келген нәрселердің болмысы аспан денесі мен әрекетшіл ақыл-парасатта жетіледі. Аспан денелері сансыз көп. Олар қозғалыстың әрқилы түр­ лерімен жерді айнала қозғалады. Олардың бәріне де бірінші ас­ панның қозғалысы тән. Бірақ оларда қозғалысы жағынан бі­рінебірі ұқсамайтын басқа да күштер бар. Оларға ортақ күш – бар­ лық аспан денелерінің себебі, ол себептен қажетті түрде аспан астындағы барлық нәрселерге ортақ бірінші материяның болмысы шығады. Бірінші материяда әртүрлі формаларымен ажыратылатын нәрселер пайда болады. Кейін, бір-бірінің және жердің қатынасы жағынан өздерінің орналасу айырмашылықтарына байланысты аспан денелеріне бір­ де жақындап, бірде алыстау, бірде бірігіп, бірде ажырау, бір­де пайда болып, бірде жоғалу, бірде жеделдеу, бірде баяулау қасиеттері тән. (56-бет) Қарама-қайшылықтар бұлардың суб­стан­цияларына тән емес, олардың бір-біріне немесе жерге қаты­насына қатысты яки осы екі қатынастың екеуінде де бірдей болады. Қажетті түр­ де осы қатынастар тән болатын бұл қарама-қайшылықтардан бі­ рінші материя қарама-қарсы формалар пайда болады. Сосын ас­ пан астындағы денелерде де қарама-қарсы акциденциялар мен өзгерістер дүниеге келеді. Бұл бірінші ма­терияда және аспан ас­ тындағы денелерде болатын қарама-қар­сылықтардың бірінші себебі. Қарама-қарсы нәрселер материяда не қарама-қарсы нәр­се­ лерден пайда болады немесе өзінің субстанциясы мен мәнінде қарама-қарсылығы жоқ, бірақ материяның арқасында қарамақар­сы күйде және қарама-қарсы қатынаста болатын біртұтас нәр­ седен пайда болады. 34

Азаматтық саясат Аспан денелері өзінің субстанциясы жағынан қарама-қар­ сылықтан ада болғанымен, олардың бірінші материяға қатынасы қарама-қайшы. Дәлірек айтқанда, бірінші материямен және қа­ жетті түрде одан шығатын формалардың арқасында өмір сүруі мүмкін нәрселер жасалады. Бар болуы міндетті, мүмкін және мүмкін емес нәрселер Бар болуы мүмкін нәрселер дегеніміз – болмысы толық же­ тілмеген, кейіннен келіп туатын нәрселер. Болмысқа қаты­на­сы бар бірақ, болмыс емес. Басқаша айтқанда болмыс пен бол­мыс­ сыздықтың қосындысы. (57-бет) Өйткені бар болмауы мүмкін емес нәрсе мен өмір сүруі мүмкін емес нәрсе – бір-біріне қарамақарсы. Бұлар болмыс пен болмыссыздықтың қосылуы нәти­ жесінде пайда болады. Болмыссыздыққа қарсы қойылатын және өзімен болмыссыздық орайласып, ұштасатын болмыс. Болмыссыздық – өмір сүруі мүмкін емес нәрсе. Бар болуы мүмкін нәрсе – дүниеде бар болудың екі қырының біріне жатады. Ал енді дүниеде болуы мүмкін нәрсе – дүниедегі бар нәрсенің түріне жатады. Болмысы Өз субстанциясында болатын Бірінші Себеп өмір сүруі мүмкін болмысқа ғана емес, өмір сүрмеуі мүмкін болмысқа да ықпал етеді, олай болса Бірінші Себептен бастау алмайтын болмыс түрлері мүлдем жоқ. Өзінің жаратылысы жағынан мүмкін нәрсенің тек бір ғана болмысы болмайды. Оның бір нәрсесі болуы немесе болмауы мүмкін. Сонымен қатар оның бір нәрсесі болуы ықтимал әрі бұған қарама-қайшы нәрсесі де болуы ықтимал. Біріне-бірі қарамақайшы екі болмыстан құралған бұл күйдің өзі арнайы бір күй. Мұндай болмысқа лайықты жағдай соған қарама-қарсы болмыс­ тан артық болмайды. Бұл арадағы қарама-қайшы болып табылатын күй – я болмыссыздық немесе соның қарама-қайшылығы немесе солардың екеуі де. Мұнан сөзсіз біріне-бірі қарама-қайшы нәрселер қатар өмір сүретіні жайлы қорытынды шығады. Осы бір-біріне 35

Азаматтық саясат қарама-қайшы нәрселер үш түрлі жағдайдың бірінде ғана қатар өмір сүре алады: не әртүрлі уақытта, не бір уақыттың ішінде, бірақ әрқилы қатынаста немесе болмысы біріне-бірі қарамақайшы екі нәрседе. Екі түрлі жағдайда ғана бір нәрсенің (58-бет) біріне-бірі қарама-қайшы екі болмысы болуы мүмкін: не әртүрлі уақытта немесе тек түрліше қатынаста ғана. Қарама-қайшы болмыс­тар формалардың қарама-қарсылығына байланысты, ал форма нәр­ седе қарама-қайшы екі болмыстың болуы мүмкін жағдайдағы қарама-қарсылықтардың біреуін алса, бұл материяның арқасында жүзеге асқаны. Затқа тән болмыс материяның арқасында аяқ­тал­ маған күйде болады, ал енді форманың арқасында ол аяқтал­ған күйге ауысады. Сөйтіп, оның екі болмысы болады: қандайда бір нәрсенің ықпалымен аяқталған болмыс және басқа қандай да бір нәрсенің ықпалымен аяқталмаған болмыс. Сондықтан ма­терияның ықпалымен нәрсенің болмысы кейде бір түрлі, кейде екінші түрлі болады, ал форманың арқасында, ол қарама-қайшы күйге [ауыс­ пастан], тек бір ғана күйде болады. Сондықтан бір нәрседен бір уақыттың ішінде лажсыз екі болмыс туындайды, бір жағдайда материяның болмысы, екінші жағдайда – форманың болмысы. Мүмкіндік екі түрлі [болады] мүмкіндіктің бір түрі – қайсы­ бір заттың бар болуы да, болмауы да мүмкін болуы. Бұл – мате­рия. Екінші түрі – өз мәнінде бар болуы және бар болмауы да мүмкін. Бұл – материя мен форманың қосылуынан келіп шығатын нәрсе. Бар болуы мүмкін нәрселер1 сатылары бойынша орналасады. Ең төменгісіндегілер қарама-қайшылықтардың ешқайсысынан болмыс алмайды. Бұл – бірінші материя. Екінші сатыға бірінші 1 Мумкин әл-вуджуд – «бар болуы мүмкін», яғни оның бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін, ықтимал. «уаджиб әл-вуджуд» – «бар болуы міндетті», яғни оның жоқ болуы мүмкін емес. Әл-Фараби бойынша, жаратылыстағы бол­мыстардың бәрі де не «қажетті» немесе «мүмкін». «Бар болуы мүмкін» са­налатын болмыстардың бәрінің бір себебі бар. Ал себептер тізбегі ұшықиырсыз жалғасып кете бермейді де нәтижесінде ешбір себепсіз бар болатын құдіреттің болуын қажет етеді. Әл-Фараби бойынша, осы «қажет тұлға» / «Бар болуы міндетті» Ол – Алла тағала. Ол – алғашқы себеп, қозғалыстың бірінші қозғаушысы. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1975.

36

Азаматтық саясат материядағы қарама-қайшылықтардың нәтижесінде пайда болатындары орналасқан. Бұл – элементтер. Әйтеуір бір формаларда өмір сүретіндіктен (59-бет) басқа да қарама-қайшы нәрселердің дүниеге келуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен бұлар басқа формалар үшін материяға айналады, айналғанда егер бұл материялар өз формаларына ие болса, онда осылардың арқасында бұлар да басқа қарама-қарсы формалар мен өзге қарама-қарсы болмыстардың пайда болуына жол ашады. Осы кейінгілер де, өздері басқа формалардың туындауы үшін материяға айналады. Сөйтіп өз формаларына ие болған кезде, басқа формалардың материясына айналатын басқа қарама-қайшы болмыстардың жаратылуына себеп болады. Осылайша формалары бар нәрселер басқа формалар үшін материяға айнала алмайтын күйге жеткенше жалғаса береді. Бұл нәрселердің формалары – әлем Формалары. Бірінші материя бар болуы мүмкін нәрселердің ішіндегі ең төменгісі болса, ал бұл жағдай мүмкін болған нәрселердің ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Олардың арасындағы аралық буындар да сатылай орналас­ қан. Бірінші материяға таяу тұрғандардың бәрі ең төменгілер, ал формасына таяу тұрғандардың бәрі ең жоғарылары болып табылады. Бірінші материя әрқашан басқа нәрселер үшін ғана өмір сүреді, ал оның өзі үшін өмір сүруі мүлдем тән нәрсе емес. Мұнан шығатын қорытынды: егер оның бар болуының мақсаты болмаса, оның өзі де болмас еді. Сондықтан, егер формалар болмаса, онда материя да болмас еді. Бірінші материя ешқашан қандай да болсын бір формадан бөлек өмір сүре алмайды. (60-бет) Ал енді формасы болып табылатын нәрселерге келетін болсақ, олар әрқашан да тек өзі үшін өмір сүреді, олардың формалары басқаға бола өмір сүре алмайды. Яғни басқа нәрсенің субстанциялануы үшін немесе басқа нәрсенің материясы ретінде өзі үшін өмір сүреді. Олардың аралық буындары өзі және басқа нәрселердің болмысы үшін ғана тіршілік жасайды. Олардың материясы мен фор­ масының арқасында әрбірінің арнайы құқығы мен ізгілігі болады. Өзінің материясы арқылы қалыптасатын құқығының мәні 37

Азаматтық саясат мынада: ол қарама-қарсы болмысы бар басқа нәрсе бола алады; ал формасының арқасында болатын құқығының мәні мынада: оның өзіне тән жоғалып кетпейтін тұрақты болмысы бола алады. Егер қарама-қарсы екі лайықтық болатын болса, онда әділеттік бұлардың әрқайсысының өз үлесін алуын талап етеді. Біраз уа­қыт біреуі өмір сүріп, кейін жойылуы тиіс. Содан соң бірінші бол­мысқа қарама-қайшы басқа форма өмір сүріп, біраз уақыттан кейін бұл да жойылуы тиіс. Бұл үрдіс осылай жалғасып кете береді. Содан соң, осы бір-біріне қарама-қайшы нәрселердің ішінде әрқайсысының қарама-қайшы нәрсенің [формасын қабылдауға қабілетті] материясы болады. Бұлардың әрқайсының басқа фор­ малардың қалыптасуына қатысты қандай да бір функциясы бар болса, сол басқа форманың да оған қатысты қызметі мен функциясы болады. Өйткені олардың алғашқы материясы ортақ. Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір нәрсенің кез келген басқа нәр­ сеге қатысты құқығы болады, осы құқықтан барлығының өзге нәрселерге айналу қажеттігі келіп туады. Әділеттілік принципі бойынша кез келген нәрсеге тән қандай да бір ерекшеліктің өзге нәрседе кездесуі және жойылуы заңдылық. (61-бет) Өз болмысын сақтауға талпыну үшін өздігінше өмір сүретін заттар шектеулі болар. Себебі бұларға берілген қасиет тек бірінші материяға ғана тән болуы мүмкін. Оларға болмыс берілген күнде, өздігінше оны соңына дейін сақтап қалуға шамалары жетпейді. Дәл осы секілді, егер олар өздеріне қарама-қай­ шы күйдегі болмыстардың ерекшеліктерін иеленсе, оны соңына дейін жеткізуге өздігінше талпына алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығады: олардың әрқайсысын­ да өздерін қозғалысқа келтіріп, өздеріне анағұрлым қолайлы бол­ мысқа қарай итермелеп отыратын және алған болмыстарын өз бойларында сақтайтын сыртқы әрекетшіл себеп болады. Бар бо­луы мүмкін нәрселерді формаларына қарай қозғап отыратын және оларда осы форманы сақтайтын бірінші әрекетшіл себеп ас­ пан денесі мен соның бөлшектері болып табылады. Мұның өзі былайша көрініс табады деп ұйғарылады: бірін­ ші әрекетшіл себеп қайсыбір нәрсені дәнекерсіз және құрал38

Азаматтық саясат аспапсыз өзі соның шеңберінде өмір сүретін формаға қарай жылжытып немесе ол материяның ішінде өзі өмір сүретін формаға қарай қозғалуы үшін бірінші әрекетшіл себеп материяға күш береді, немесе ол бір нәрсеге екінші нәрсенің өзі өмір сүретін формасына қарай қозғайтын күш береді, немесе ол бар нәрсеге күш береді, ал бұл нәрсе екінші бір нәрсеге күш береді, осының арқасында екінші нәрсе материяны өзінің жаратылысы бойынша материяда болатын формаға қарай жылжытады. Бұл ретте материя екі, үш және одан да көп нәрселер арқылы қозғалады. (62-бет) Осылайша әрбір нәрсеге өзінің болмысын сақтай­ тын күш беріледі, не соның өзінің формасымен біраз өмір сүретін басқа күш беріледі, не болмаса оның болмысы басқа бір денеде, өзінен тысқарыда сақталатын күш беріледі. Бұл жағдайда сол нәрсенің болмысы осы үшін арналған басқа бір дененің есебінен болмысын сақтайды. Осы екінші дене бірінші дененің болмысын сақтау үшін бірінші денеге қызмет етеді. Бұның өзі оған не бір дененің қызмет етуі арқылы немесе соның болмысын сақтауға әзір көп денелердің бірлесіп қызмет етуі арқылы жүзеге асады. Бұл ретте көптеген денелер басқа күшпен бірігеді, осы басқа күш материядан соларға ұқсас нәрселер шығарады, бұл нәрселерге өздеріне тән формаларға ұқсаған формалар береді. Ал егер әрекетшіл себеп мұндай материяға әсер жасаса, онда бұл жағдайда осы қарама-қарсы формаларды жоятын басқа бір күш қажет болады. Басқа күш пен әрекетшіл себептің арасында өзара ықпалдасу орын алып, олар бірін-бірі ығыстыруға тырысатын жағдай туындауы да мүмкін. Мұның мағынасы мынада: басқа күш қарамақарсы [күшке] әсер етеді, ол қарама-қарсы күш біріншінің өзін жойғысы келеді. Осындай өзара әрекеттесудің нәтижесінде басқа күш басқа болмысты жойып, оны өзінің формасынан ажыратады. Бұл күш өз формасымен біріккен нәрсенің өзінде болуы мүмкін және бұл денеден тысқары тұрған басқа денеде болуы да ықтимал. Бұл дене не құрал немесе денеге тән қарама-қайшы материядан айыру үшін оған қызмет ететін болады. Мысалы, жыландардың тіршілігі дәл сондай. Жануарлардың бұл түрі элементтер үшін 39

Азаматтық саясат құрал болып табылады немесе басқа хайуанаттарды элементтер материясынан айырып, оларға қызмет етеді. Материядан түр жағынан [нәрселер] жасап шығаруға көмек­ тесетін күш жайында да нақ осыны айта аламыз. (63-бет) Бұл күш қандайда бір нәрсеге тән формамен ұштасып жататын болуы мүмкін немесе оның тысындағы басқа денеде болуы да мүмкін. Ол үшін құрал болып табылатын жануардың ұрығы дәл осындай қызмет атқарады. Бойында осындай қасиет бар денелерде олар форма болып та табылады. Бұл сияқты нәрселер басқаларға бола өмір сүреді, яғни бұлар өздерінің жаратылысы бойынша басқа­ ның құралы болу үшін өмір сүреді, басқаша айтқанда басқаға қызмет ету үшін өмір сүреді. Егер бұл құралдар бір денеде формалармен біріксе, онда бұлар ажырамас құралдар болады. Ал егер бұлар басқа денелерге [орналасқан] болса, онда бұлар алыстағы құралдар болып табылады. Дүниеде бар әрбір нәрсенің өзінің материясына және белгілі заңы мен формасына сәйкес келетін ақысы болады1. Материясы тұрғысынан алғанда қандайда бір болмысқа қарама-қайшы болмыстың табылуы әбден мүмкін, ал өзінің формасы арқылы не өз мәніне ғана бола өмір сүруге немесе басқаға бола, немесе оған басқа бір [болмыс] берілуі үшін, яғни басқа бірдеңе оның өзі­не бола өмір сүруіне, немесе бір түрде бірден екі жағдайды бі­ріктіруге құқылы болады. Өзінің өмір сүруіне бола және бас­ қаның мәніне бола, бір нәрсені өз мәніне бола жасауға, ал басқаға бола бір нәрсе жасауға құқығы болады. Өзінің формасы бойынша мәнге бола өмір сүретін нәрсе – бұл өзі не оның материясы немесе құралы, немесе соған қызмет ететін нәрсе. Ал енді осы үшін өмір сүретін басқа нәрсенің әрекеті – бұл өзі не материя немесе құрал, немесе соған қызмет қылатын зат. 1 Мәдда – «материя» және сура – «форма» әл-Фараби бойынша, барлық денелер материядан және формадан тұрады. Форма дегеніміз нәрсенің шын болмысы ал материя – ол потенция, болашақ мүмкіншілік. Материяға қарағанда форманың алғашқылығын мойындай отырып, әл-Фараби сонымен бірге оларды ажыратуға болмайтындығын атап көрсетеді. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975.

40

Азаматтық саясат Алғашында аспан денелерінен және солардың түрліше қоз­ ғалыстарынан элементтер түзіледі, содан соң минералдық денелер, сонан кейін өсімдіктер, содан кейін ақылсыз хайуанаттар, кейін ақыл- парасатты жануарлар пайда болады. (64-бет) Сондайақ көптеген қисапсыз күштер арқылы әрбір түрдің индивидтері түзіледі. Әрбір түрге тән бұл күштер индивидтердің болмысын жасау және сақтау қызметін атқарады. Мұнымен қатар аспан денелері өздеріне тән қозғалу түрі­ не қарай бұлардың бір-біріне өзара әсер етуіне жағдай жасай­ ды немесе кедергі келтіреді. Сөйтіп бұлар бірде қарама-қарсы­ лықтардың біріне жәрдемдеседі, тағы бірде кедергі жасайды не­месе басқа бір қарама-қарсылыққа жәрдемдеседі. Мысалы, жы­лы­лықтың не көбейіп, не азаюына немесе суықтың көбеюі, не азаюы жылылық пен суықтықтың бірде күшейіп, бірде бәсеңде­уі осы­ларға жатады. Бірінші материяға жақын болудың салдарынан бұлардан тө­ мен орналасқан денелер және осыларға жақын көптеген түрлер, қайсыбіреулердің формаларының ұқсастығына, басқа біреулері­ нің қарама-қарсылығына сәйкес біріне-бірі жәрдемдеседі немесе қарсы әрекет етеді. Өздерінің формаларының ұқсастығына немесе қарама-қарсылығына сәйкесі көп, аз немесе тең мөлшерде жәрдемдеседі, немесе қарсы әрекет жасайды. Қарама-қарсылар – қарсы әрекет жасайды, ал ұқсастары – жәрдемдеседі. Бар болуы мүмкін нәрселердегі бұл әрекеттер бірімен-бірі қосылып, бірігіп кетеді де бұлардан түрлі қоспалар туады. Алайда бұлар қосылып, бірігіп кеткен жағдайда, тепе-теңдігіне, үйлестігіне және мөлшеріне сәйкес өмір сүруші нәрселердің әрқайсысы өзі­ нің материясына немесе формасына, не болмаса материя мен форма біріккен жаратылысына қарай болмыстан өздеріне тиісті үлесін алады. Формасына сәйкес [болмыстан өзіне тиесілі үлесін алатындар] не өзіне бола, не басқаға бола немесе екеуі үшін де бірдей өмір сүре алады. (65-бет) Ақылды жануарлар болмыстан өзіне тиесілі үлесін өз формасына сәйкес мөлшерде алады. Ол материя ретінде де, құрал ретінде де әсте басқаға қызмет атқарушы ретінде өмір 41

Азаматтық саясат сүрмейді. Мұнан төмен тұратын әрбір зат өзінің формасына сәй­ кес не тек басқаға ғана бола өмір сүреді немесе өз бойында бірден екі жағдайды ұштастырады: өз мәніне бола және басқа бірдеңеге бола өмір сүреді. Бұлардың әрқайсысының жаратылыстан өзіне тиесілі екі үлесінің екеуін де қатар алуы – әділеттік талабы. Бұл жағдайлар өзара тең немесе көп мөлшерде яки болмаса аз көлемде көрініс табады. Сөйтіп, бар болуы ықтимал саналатын нәрселер осы түрде де орын тебеді, бұларда да әділеттік жасалады. Олай болса әрбір мүмкін нәрсе болмыстан өзіне лайықты үлесін алады. Бірақ әрекетшіл және қорғаушы күштері бар нәр­ селерде бұл күштер пайда болғаннан кейін, аспан денелері олар­ дың пайда болуына бөгет жасап, сол күштерге қарама-қарсы әре­ кет жасай алады. Бұлар осыларға бөгет жасай да алады және бі­ ре­уінің екіншісіне қарсы әрекетін әлсірете де алады. Әрекетшіл күштері бар мүмкін нәрселер не әлсіздігінен, немесе өз ішінде өз қарама-қарсылықтарының әрекеттесуі салдарынан, немесе өз­­деріндегі қарама-қарсылықтардың күші салдарынан, немесе бұлардың қарама-қарсылықтарына өздеріне ұқсас нәрселер сырттан жәрдемдескендіктен, немесе әрекетшіл себептің көрі­нуіне бұған басқа бір жағынан қарсы әрекет жасайтын басқа нәрсе кедергі жасағандықтан, ақылмен пайымдай алмауы мүмкін. Аспан денелеріне келетін болсақ, бұлар әрекет жасамауы мүмкін және өзінен төмен жатқан субстраттарға бұлардан еш­ қан­дай әрекет берілмеуі ықтимал. Мұның себебі олардың әлсіз­ дігіне қатысты емес. Өйткені әлсіздік өздеріне (66-бет) бай­ла­­ нысты, бұған себеп – олардың субстраттары. (Бар болуы) Мүм­ кін нәрселерге бұл күштер әуел бастан берілгендіктен және бұлар бір-біріне өзара ықпал ететіндіктен, аспан денелері оларға қарсы әрекет жасай алады немесе жәрдемдесе алады. Сөйтіп, оларға осындай күш бере отырып, аспан денелері оларға не жәр­ демдесуші немесе қарсы әрекет жасаушы болып шығады. Өмір сүруі мүмкін нәрселердің ішінде өзіне бола өмір сү­ ретіндері, басқа нәрселерде пайдаланылмайтындары және өзде­ рінен ешқандай әрекет шықпайтындары бар. Сонымен қатар өз­ дерінен қайсыбір әрекет шығаруға әзір тұратындары да бар: олар 42

Азаматтық саясат не өз мәнінде немесе басқаның мәнінде болады. Оның тысында басқаның әрекетін қабылдауға дайын тұратындары да бар. Өзімшілдіктен басқа нәрсенің болмысына айналу әрекетіне ие болуы мүмкін. Егер осылардың бәрі өз мәні тарапынан бөгетке кездеспей, өзінің үйреншікті зонасынан шығатын болса, онда ол жетістікке жетеді. Мысалы, көзі көретін нәрсе бір нәрсені көрген уақытта осылай болады. Ал, егер, бұлар болмыстың сондай бір күйінде болса, ай­ талық, болмыстың нақ сол кездегі күйімен салыстырғанда, одан не неғұрлым жоғары болмысқа ауыспайынша, пайда болуға тән нәрсені өздігінен жасай алмайтын күйде болса, онда осы күйі бі­ рінші жетілу күйі болады. Мысалы, хат жазуды алсақ, ұйықтап жатқан хатшы мен сергек хатшының арасындағы қатынас немесе шаршап, демалып отырған хатшы мен оның хат жазып отырған күйінің арасындағы қатынас осындай. Нәрсе өзінің соңғы жетілу күйінде болып тұрғанда және одан қайсыбір әрекет шығуға тиіс болғанда, бұл әрекет одан ажырамайды, кейінірек емес, дәл сол сәтте, дереу жасалады. (67-бет) Өзінің соңғы жетілу күйінде болатын нәрсенің әре­ кеті оның мә­нінен тыс болатын кедергінің салдарынан ғана кешеуілдейді. Мұның өзі күн сәулесі үйдің қабырғасы таса­ сындағыны жасырып тұратыны сияқты, материядан ажыра­ тылған нәрселер өзінің субстанциясы бойынша әуел бастан-ақ соңғы жетілу күйінде болады да, бұлардың бірде-бірі екі түрлі күйде болмайды. Атап айтсақ, бірінші жетілу және соңғы жетілу күйінде болмайды. Не бұлар болсын, не бұлардың субстраты болсын, өздері­ нің қарама-қарсылықтары болмағандықтан, бұларға ешбір нәрсе ке­дергі жасамайды. Сондықтан, әрекеттері солармен дөп келіп отырады. Аспан денелері өздерінің субстанциялары жағынан соңғы жетілу күйінде болады. Бұларға тән әрекеттер, ең алдымен, шамаларды, мөлшерлерді, формаларды және өздеріне тән сондайақ еш уақытта өзгермейтін барлық басқа нәрсені алуында. 43

Азаматтық саясат Бұларға тән әрекеттер, екінші кезекте қозғалыста болады. Бұл қозғалыстар осылардың соңғы жетілуінен туады. Бұл денелерде қарама-қар­сылық жоқ және олардың қарама-қарсылығы жоқ. Сондықтан бұ­лардың қозғалысы әрқашан үздіксіз болып отырады. Ал болуы мүмкін денелер кейде бірінші жетілулерде, ал кейде соңғы жетілулерде бола алады. Өйткені бұлардың әрқайсысында не біржола екі себептің екеуі бойынша немесе екі себептің бірі бойынша өздерінің әрекеттерін кідіртетін қарама-қарсылықтар бар. Мысалы, хат жазушы не өзі ұйықтап жатқандықтан әрекет жасамайды немесе ол басқа шаруамен алаң болып, нақ сол кезінде хаттың элементтері оның ойына келмегендіктен әрекет жасамайды, не болмаса осы факторлардың бәрі онда бар, бірақ тысқары бір кедергі оның қолын байлайтындықтан, әрекет жасамайды. (68-бет) Бұлардың бәрінің болмыс мақсаты соңғы жетілуге қол жеткізуді көздейді. Қандай да бір нәрсе зорлағандықтан емес, табиғи жолмен өзінің бірінші жетілу күйінде болады. Кейін осы жетілу ол үшін құрал болып табылатындықтан немесе көмекші болып табылатындықтан, соңғы жетілуге ауысады. Мысалы әре­ кеттен қалжырау нәтижесінде хайуанаттардың ұйықтап, тыны­ ғуы әрекетке қабілетін қалпына келтіреді. Содан соң, егер бұлардың ақылмен пайымдалатын сапала­ рының ішінде өздерінің субстанцияларынан тыс басқа болмыс­ тар, яғни белгілі шамалар, сыртқы формалар, қаттылық, жұмсақ­ тық, жылылық, суықтық және басқа категориялар болмаса, онда бұлардың кейбіреулерінің өздерінің жетілуі үшін субстанциялары жеткіліксіз болады. Бұл денелердің көптеген түрлерінің әрқайсысы біртектес бөлшектері және белгісіз сыртқы формалары бар индивидтерді қамтиды. Төрт элемент және минералдар дәл осындай. Формалары әрекетшіл себептің әсер ету дәрежесіне, сон­ дай-ақ осылардың төңірегіндегі нәрселердің формаларына бай­ланысты келеді. Ал олардың шамалары дәйексіз мөлшерде бо­лады. Алайда бұлар шамасы жағынан ұшы-қиырсыз емес. 44

Азаматтық саясат Олар­дың бөл­шектері бірде бірігіп, бірде ажырайды. Осылардың ішінде, (69-бет) егер бірімен-бірі бір жерде кездессе, қосылып кететіндері бар. Ал бір жерде кездескен күнде де бірімен-бірі тек түйісіп, бірақ бірікпейтіндері бар. Бұлардың ажырасуы және бірігуі белгілі бір тәртіппен [жүзеге аспайды]. Осылардың бірігуін және ажырауын туғызатын әрекетшіл себептің әсері­ нен сәйкес кездейсоқ жүзеге асады. Сондықтан әрбір түрдің қамтитын нәрселерінің бірінен бірінің ажырауы міндетті емес. Мұның өзі кездейсоқ болады. Өйткені бұларға, тіпті бұлар­ дың акциденциялары қандай жағдайда болмасын, жетілгендік тән қасиет. Тіпті оларда бір-біріне тең мүмкіншіліктің болуы ықтимал. Өсімдіктер мен жануарларға келетін болсақ, олардың сан мың түрі өздерінің жаратылысы тұрғысынан бірінен-бірі бөлек және әрқайсысының болмысы өзіне ғана тән және басқа индивидтерден өзгеше. Сондықтан индивидтің жаратылыста белгілі түрлері бар. Бұл бөлшектердің әрқайсысында белгілі бір мөлшер, са­па, орын және тәртіп болады. Бар болуы мүмкін саналатын нәр­ селердің тектері, жоғарыда айтқанымыздай, түрлі болмыс сатыларынан құралады. Оның бергі жағында төменгі тектер, бар болуы мүмкін болмыстың жоғарғы сатыда тұрған тектер үшін өмір сүреді. Элементтер өздерінің әрбір бөлшектерімен оларға үш түрлі көмек көрсетеді – материя ретінде, қызмет ету арқылы және құрал ретінде. Минералдар қалған нәрселерге көмектеседі. Бірақ, әрбір түрге емес және көмектің барлық түрімен емес: бір түрі – материя ретінде, басқа бір түрі – қызмет көрсету арқылы. Мысалы, таулар бұлақтардан ағатын сулардың пайда болуына жағдай туғызады және үшінші түрі – құрал ретінде көмектеседі. Өсімдіктердің түрлері де жануарларға осындай үш жағынан пайдасы тиеді. Дәл сол сияқты жануарлар (70-бет) ақылды жануарларға үш жағынан көмектеседі: бұлардың біреулері – материал болуы арқылы, екіншілері қызмет көрсету арқылы, үшіншілері – құрал ретінде қызмет көрсету арқылы. 45

Азаматтық саясат Ақылды жануарларға келетін болсақ1, бар болуы мүмкін нәр­ селердің арасында ішінде мұнан артық кемелдікке жеткен түр кез­ деспегендіктен, олар өздерінен жоғары кемелдікке жеткен басқа нәрселерге еш уақытта көмек көрсетпейді. Өйткені ақыл-парасат­ тың арқасында олар ешбір заттың, яғни өздерінен жоғары тұрғанның да, төмен тұрғанның да материясы болып табылмайды. Қажет десе­ ңіз өзінен тыс басқа нәрсенің құралы қызметін де атқармайды һәм басқаларға қатысты мүлдем қызмет етпеуі де – табиғи жайт. Ал, енді бұлардың өзге бар болуы мүмкін нәрселерге және біріне-бірінің тигізетін көмегіне, табиғи көмегі емес, ақылпарасат пен еркіне негізделген көмегіне келетін болсақ, оның мәні мынада: ақыл-парасаттың арқасында бұлар көптеген табиғи нәрселерге олардың акциденциясын өзгерту арқылы қызмет етеді. Мысалы, суды бұлақ етіп ағызғанда, ағаш отырғызғанда, жерге тұқым сепкенде, мал бағып, мал өсіргенде және тағысын тағыларда осылайша болады. Ал табиғи көмекке келетін болсақ, бұлардың бірде-біріне басқа түр қызмет етпейді, тек бұлардың арқайсына өз түрлері ғана қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бұлардың бірі де өз түрі болмаса, басқа түрдің қызметін атқаруға пайдаланылмайды және құрал ретінде қызмет көрсетпейді. Анағұрлым жоғары тектердің соғұрлым төменгі сатыдағы бар болуы мүмкін нәрселердің көмегіне келсек, жоғарыда айтқандай, ақыл иесі жануарларда ешбір нәрсе түрі жағынан өздерінен төменгілерге ешқандай да қызмет етпейді де көмектеспейді. Мұның осылай болуы олардың формасына байланысты. Түрлердің біріне-бірінің көмегін дәл осылай түсіну керек2. 1 Хайуан натық – «ақылды жануар». «Мүмкін болмыстардың ішінде мұнан артық кемелдікке жеткен түр болмағандықтан, олар өздерінен жоғары кемелдікке жеткен басқа нәрсеге еш ауқытта да көмек көрсетпейді» деп ұлы ойшыл адамды мақұлықаттардың ішіндегі ең кәміл және «ақыл-парасатты жануар» деп атайды. Әл-Фарабидің ойынша, жеке, нақтылы нәрселерді пайым­ даудың құралы – түйсік, қиял және елестету. Бұлар – адам үшін де, хайуан үшін де ортақ қасиеттер, ал енді теориялық ойлаудың арқасында абстрактілі ұғымдарды танып-білу қабілеті тек адамға ғана тән. 2 Әл-Фарабидің: «Анағұрлым жоғары түрлердің соғұрлым төменгі мүмкін болмыстардың көмегіне келетін болсақ, [жоғарыда] өзіміз айтқандай, ақыл-

46

Азаматтық саясат Ақыл-парасатсыз жануарларға келсек, олар өздерімен са­ лыстырғанда, кем жетілгендердің материясы бола алмайды. Өзі­ нің формасы тұрғысынан бұлардың ешбірі өсімдіктер үшін ма­ те­рия болмайды. Бірақ, қызмет көрсетуіне және құрал болуы­на мұның кедергісі жоқ. Кейбір жануарлар өздерінің жаратылысы тұрғысынан элементтерге қызмет етеді, атап айтқанда, өзде­ рі­нен алыс жатқан нәрселерді элементтерге ыдырату арқылы қызмет етеді. Мысалы, өзінің жаратылысы жағынан улы жануарлар – жануарлардың басқа түрлерінің дұшпаны. Мысал үшін айтқанда, жануарлардың әрқилы түрлерін элементтерге ажырату арқылы жыландар өзінің уымен элементтерге қызмет атқарады. Өсімдіктердің уларына қатысты да осыны айтуға болады. Бұл түр екі нәрсеге қызмет етеді. Жыртқыш аңдардың жыландарға ұқсамайтынын білмек керек. Жыланның уы түрлі жан-жануарды шағу арқылы өзінің азығын жақсарту қызметі үшін жаратылмаған. Бұлар өз жаратылыстары тұрғысынан жан-жануарлардың бар­ лық түріне дұшпан болғандықтан, оларды құртуға тырысады, ал аңдардың бірін-бірі жеуіне келсек, бұл туа біткен дұшпандықтың салдарынан емес, қорегіне керек болғандықтан, солай жасайды. Сондай-ақ, минералдар элементтердің материясы болып табылмайды, оларға тек құрал ретінде ғана қызмет атқарады. Мысалы, таулар судың шығуына жағдай жасайды. Жануарлар мен өсімдіктердің әрқилы түрлерінің индивид­ тері топтарға біріккенде ғана өзіне қажетті заттарды таба алатын түрге айналады. Мұнда әрбір индивид өзіне қажетті заттарды таба алады және бірінен-бірі дараланып кетеді, бірақ бұл парасатты жануарларда ешбір нәрсе түрі жағынан өздерінен төменгілерге ешқандай да қызмет етпейді де көмектеспейді. Мұның осылай болуы бұлардың формасына байланысты. Түрлердің біріне-бірінің көмегін дәл осылай түсіну керек» деген сөздерін қате түсінбеуіміз тиіс. Басқаша айтқанда, әлФарабидің ойынша, адам өзінен төменгі жаратылысқа көмектеспейді деген пікір қалыптаспау керек. Керісінше, Ұлы ойшылдың айтқысы келген ойы мынадай: «Адам – жер бетіндегі жаратылыстардың ең кәміл түрі. Адам өзінің табиғи жаратылысынан өзге мақұлықатқа қызмет көрсету үшін жаратылмаған, керісінше олар адамға қызмет қылып, оның барлық қажеті мен пайдасына жарайды. Алайда, адам ақыл-парасат иесі болғандықтан, ол саналы түрде қоршаған орта мен жануарларға қолынан келгенше өз көмегін аянбайды».

47

Азаматтық саясат индивидтер бірімен-бірі біріккенде ғана ең жоғарғы дәрежеде жетіледі. Кейін, әрбір индивид (72-бет) бірінен-бірі оңашаланып жүрсе де, ол түрлердің барлық қажетті нәрсеге қолы жететін және ең жоғарғы дәрежеде жетілетін индивидтері де болады. Алайда, егер бұлар біріккен жағдайда да, жетілуде біріне-бірі бөгет жасамайтындары болады. Сондай-ақ біріккен жағдайда қажетті нәрсеге жетуге немесе істердің ең жоғарғы кемел сатысына жетуде біріне-бірі кедергі жасайтындары болады. Сондықтан, әр кезде де өзінің тіршілігінде, керек десеңіз, балалаған кездерде де бірінен-бірі оңашаланып шығатындары болады. Теңізде тіршілік ететін көптеген жан-жануарлардың жағдайы осындай. Сонымен қатар тіршілік ету барысында көп жағдайларда бірінен-бірі жекеленбейтіндері де бар. Олар мысалы, құмырсқалар, аралар және көптеген басқа жәндіктер, сондай-ақ топтасып ұшатын, топтасып қоректенетін құстар да осы санатқа жатады.

48

Азаматтық саясат ТӨРТІНШІ БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДАР (73-бет) Адам – қоғамдасып өмір сүрген жағдайда ғана көздеген мақсатқа қол жеткізетін және ең жоғарғы дәрежеде жетілген жануарлар түріне жатады. Адам қоғамы ұлы, орташа және шағын қоғамдарға бөлінеді. Ұлы қоғам дегеніміз – өзара біріккен және бір-біріне көмек көрсететін көптеген халықтардың жиынтығы. Орташа қоғам дегеніміз – бір халық. Шағын қоғам – бір қаланың төңірегінде топтасқан қоғам. Осы үш түр кәміл қоғам болып табылады. Қала жетілудің ең жоғарғы сатысында болады1. Ауылдар, мөлтекаудандар, көшелер және үйлер толық емес қоғам болып табылады. Бұлардың ішінде ең жетілмегені – көше. Ол – қоғамның құрамды бір бөлігі болып табылатын үй ішіндегі қоғам. Көше қоғамы – мөлтекаудан қоғамының бір бөлігі. Міне осы қоғам – қала қоғамының бір бөлігі. (74-бет) Мөлтекаудан қоғамы және ауыл қоғамы қалаға жатады, бірақ бұлардың айырмасы – мөлтекаудан қаланың бір бөлігі, ал ауыл болса, қала үшін қызмет атқарады. Қалалық қоғам – қайсыбір халықтың бір бөлігі. Халық қа­ лаларға бөлінеді.

1 Джама`а – «қоғам», мадина – «қала». Платон сияқты әл-Фараби де «қо­ ғамның пайда болу және даму себептері адамдардың өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда» деп біледі. Бұлардың ара­ сындағы айырмашылық сол, Платонда «қоғам» деген ұғым «мемлекет» деген ұғыммен бірігіп кетеді, ал әл-Фараби бойынша қоғам мемлекеттен бұрын туады, қоғам мемлекетсіз де өмір сүре алады, ал мемлекеттің қоғамсыз өмір сүруі ақылға сыйымсыз. «Адам қоғамы», «қала», «қайырымды қала», «қалалық бірлестіктің басты мүшесі», «надан қала» және басқалар сияқты ұғымдарға әлФарабидің «Философиялық трактаттар» деген кітабындағы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа» берілген ескертулерде талдау жасалған. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975.

49

Азаматтық саясат Халықтардың ерекшелігі мен оның себептері Негізі адамзат халықтарға бөлінеді. Бір халықтың екінші халықтан үш табиғи айырмашылығы бар: жаратылысы, мінезқұлық белгілері және тіл айырмашылығы. Яғни ойды білдірудің құралы болып табылатын сөз айырмашылығы. Өзарасында үлкен халықтар және кіші халықтар болып бөлінеді. Осы белгілері бойынша халықтардың әрқилылығының бірінші табиғи себебі – ең алдымен аспан денелері бөлшектерінің бірінші сферасына қарағанда өздерінің қалай орналасқандығы­ на байланысты. Кейін қозғалмайтын жұлдыздар сферасына қа­ рағанда қалай орналасқандығына қатысты айырмашылығы. Ке­ лесі, көлбеу сфераның жер бөліктеріне қарағандағы орналасу айырмашылықтары және олардың жақындасуы мен алыстауы. Мұнан соң халықтардың қоныс орны болып табылатын жер бө­ ліктерінің айырмашылықтары келеді. Сондай-ақ, алдымен жердің үстіндегі бірінші сфера бөл­ шектерінің орналасу айырмашылығына, (75-бет) кейін олардың үстінде қозғалмайтын аспан денелеріне тән жарық­тардың түсу айырмашылығына және көлбеу сфералардың орналасу айырма­ шылығына да байланысты. Жерден жоғары көтерілетін булардың ерекшелігі жердің ерекшелігіне сәйкес келеді. Жерден пайда болатын әрбір була­ нудың айырмасы жер бөліктерінің айырмашылығына байланыс­ ты. Ал ауаның айырмашылығы мен судың айырмашылығы бу­ ланудың айырмашылығына байланысты. Жердің әрбір ауданындағы су сол аудандағы жер астынан шығатын буланулардан түзіледі деседі. Жердің кез келген ау­ данының ауасы жерден ауаға көтерілетін бумен араласады. Қоз­ ғалмайтын планета сфераларының айырмашылығы, бірінші сфе­­радағы айырмашылық, көлбеу сфераларының орналасу айыр­­­машылығы, ауаның айырмашылығы, ақыл-парасатсыз жа­ нуар­­лар түрлерінің айырмашылығы, халықтардың тамақтану айыр­­машылығы осы тәртіппен жүріп жатады. Халықтардың тамақ­тану айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ай50

Азаматтық саясат налыса келген мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының айырмашылығына байланысты. Адамның жаратылыс бітімі мен мінездің табиғи қасиеттері­ нің айырмашылығы осыдан келіп туады. Дәл сол сияқты, халық­ тардың төбесінде орналасқан аспан денелерінің айырмашылығы адамның бейнесі мен мінез қасиеттерінің айырмашылықтары­ на себеп. Кейін осы айырмашылықтардың өзара әрекеттесуінен және орайласып ұштасуынан түрлі қоспалар пайда болады. Осы қоспалар халықтардың жаратылыс бітімі мен мінез қасиеттерінің өзгеруіне әсер етеді. Одан соң бұл бағытта осы табиғи заттардың бірігуі және олардың сатыларының бірімен-бірінің қосылуы арқылы осы мөлшерде аспан денелері солардың жетілуіне жағдай жасайды. Ал енді басқа заттардың жетіліуне келетін болсақ, олар аспан денелеріне тән қасиет емес. Бұл нәрсе әрекетшіл ақылдың үлесіне жатады. Бірақ, әрекетшіл ақыл басқа жетілулерді адам тегіне ғана бере алады.

51

Азаматтық саясат БЕСІНШІ БӨЛІМ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Әрекетшіл ақылдың рөлі Әрекетшіл ақыл осы жетілулерді адамға беруі тұрғысынан аспан денелеріне ұқсайды. Ол, ең алдымен, адамға күш беру арқылы әуелгі бастаманы тудырады. Осының арқасында адам өздігінше басқа барлық жетілулерге ұмтылады. Әуелгі бастама жанның түйсіктенуші бөлігіндегі алғашқы білімдер мен ақылмен пайымдалатын мәндер. Әрекетшіл ақыл бұл алғашқы білімдер мен ақылмен пайымдалатын мәндерді адамға жанның түйсікпен байланысты бөлігі дамып, сезімі қа­ лыптасқаннан кейін береді. Құштарлық пен жиреніш қасиеттері адамның сезімін құрай­ ды. Бұл екеуі дене мүшесінің қасиеті. Осы екеуінің арқасында адамда ерік күші пайда болады. Ерік күші және оның түрлері (78-бет) Ерік күші дегеніміз – ең алдымен түйсіктен шы­ ғатын қалау, ол жанның талпынушы бөлігіне, ал қабылдау болса сезімге жатады. Осыдан кейін жанның қиялдаушы бөлігі өз кезегінде одан қалау пайда болады. Бірінші ерік күшінен кейін екінші ерік күші келеді. Екінші ерік күші қиялдан шығатын қалау болып табылады. Осы ерік күшінің арқасында адам жанның ақыл-парасатты бөлігінде әрекетшіл ақыл тудыратын алғашқы мәліметті қабылдай алады. Сол кезде адамда үшінші ерік күші пайда болады. Басқаша айтқанда ойлау қабілетінен шығатын қалау туады. Бұл ерікпен таңдау деп аталады. Өзге ешбір жанжануарға қатысы жоқ, адамға ғана тән құбылыс. Сондай-ақ осының арқасында адам мақталатын яки датталатын, жақсы не жаман қылықтар жасайды және сол үшін не сый-құрмет көреді немесе жазаға тартылады. 52

Азаматтық саясат Алғашқы екі ерік күші ақылсыз жануарларда болуы мүмкін. Ал егер ерік күші түрінің барлығы адам бойында табылса, онда ол, қайырымдылық пен зұлымдықты, жақсы мен жаманды бірбірінен ажырата алатын қабілетке ие болып, бақытқа талпына алады. Бақыт және қайырымдылық пен зұлымдық (79-бет) Ал бақыт дегеніміз – абсолюттік қайырымдылық1. Бақытқа жету және бақытқа ие болу үшін қажет нәрсенің бәрі де сонымен бірге игілік болып табылады, бірақ өзі үшін емес, мұның өзі бақытқа жету үшін қажет болғандықтан. Дегенмен, қандай бір шамада бақытқа кедергі жасайтын нәрселер абсолюттік зұлымдық болып табылады. Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды. Ол да табиғи түрде, сондай-ақ қалау түрінде де бола алады, бірақ ол табиғи түрде келмейді, керісінше оны аспан денелері береді. Аспан денелері осы арқылы әрекетшіл ақылдың мақсатқа жетуіне жағдай жасауға немесе кедергі жасауға тырыспайды. Керісінше, материяға жаратылыста бар нәрсенің баршасын беріп отыру аспан денелерінің субстанцияларына тән қасиет. Оған берген уақытта оның көздегені әрекетшіл ақылдың мақсатына жету үшін пайдалы немесе зиянды қамдастырып жатпай, материяның соларды қабылдауы үшін береді. Сондықтан аспан денелерінен шығатын нәрселер әрекетшіл ақылдың мақсатына кейде қайшы келуі де ықтимал. (80-бет) Ерік күшіне негізделген қайырымдылық пен зұ­ лым­дыққа яғни жақсы және жаман қылықтарға келсек, бұлар тек адамға ғана тән. Ерік күшіне негізделген қайырымдылықтың жолы, адам жанының мынадай бес пайымдау күштері арқылы жүзеге асады: теориялық ақыл, практикалық ақыл, талпынушы, қиялдаушы және түйсінуші күштер арқылы. Адам бақытты басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл-парасат күші арқылы 1 Әл-Фараби «Бақыт – абсолюттік қайырымдылық» деп Аристотельге еліктеп отыр.

53

Азаматтық саясат ғана пайымдайды. Адамға әрекетшіл ақыл беретін осы әуелгі бас­тамалар мен әуелгі білімдерді адам пайдаланып, пайымдауы керек. Кейін, ол талпынушы күш арқылы бақытқа жету жолдарын іздегенде, практикалық ақыл-парасат күші арқылы бақытқа жету үшін не істеуі керек екенін ойластырады. Содан кейін талпынушы күш ойластыру арқылы қол жеткізген мәліметтерді негізге ала отырып әрекет жасайды. Қиялдаушы және түйсінуші күштер ақыл-парасат күшін дайындап, оған көмектеседі де адамды бақытқа жету жолында жағдай жасайтын әрекеттерге көшеді. Міне сонда адам баласы толық игілікке ие болады. Сөйтіп ерік күшіне негізделген игілікке қол жеткізеді. Ерік күшіне негізделген зұлымдыққа келсек, бұл өзі жоға­ рыда атап өткендей былайша көрініс табады: қиялдаушы күш те, түйсінуші күш те бақытты пайымдамайды, ал ақыл-парасат күші бақытты пайымдаса да, оның кез келген күйде емес, бақыт мақсатын теріс күйде ғана пайымдайды. Адамның өмір негізі мен мақсаты «осылар» деп пайымдайтын көп нәрселер бар. (81-бет) Мысалы, дәмді, пайдалы немесе абырой т.б. Адам жанның ақыл-парасатты теориялық бөлігін жетілдіруде бақыттың не екенін түсінбестен, асығыс ұмтылады Негізгі ба­ қытты емес жанама түрдегі пайдалы немесе ұнамды көрінген нәрселер мен мансап пен абыройды мақсатқа айналдырып алады. Ол талпынушы күштің жетегімен осыған жетуге тырысады, практикалық ақыл-парасаттың күші арқылы осы мақсатқа қалай жету жолын ойластырып, қиялдаушы әрі түйсінуші күштердің қолдауымен талпынушы күштің қаруы арқылы соны жүзеге асырады. Міне осы жағдайда абсолюттік зұлымдық орын алады. Содан соң егер адам бақытты пайымдап, тани алса, алайда оны өзінің негізі мен мақсаты етпесе, оны көңілі қаламай немесе оған селқос қарап, өзінің өмірлік мақсаты етіп бақыттан басқа нәрсені таңдаса және соған жету үшін бар күшін жұмсаса, онда бұдан да абсолюттік зұлымдық келіп туады1. 1 «...егер адам бақытты пайымдап, оны тани білсе, бірақ оны өзінің негізі мен мақсаты етпесе, оны көңілі қаламай немесе оған селқос қарап, өзінің өмірлік мақсаты етіп, бақыттан басқа бірдеңені таңдаса және соған жету үшін бар күшін

54

Азаматтық саясат Адамның бақытқа кенелуі Егер адамның өмір сүруінің басты мақсаты бақытқа – ең жоғарғы кемелдікке жету болса, (82-бет) онда осы бақытқа жету жолында қажетті қасиеттердің бәрін игеруі тиіс. Өз кезегінде бұл әрекетшіл ақыл-парасат алғашқы білім саналатын алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндерді білген кезде ғана жүзеге асады. Алғашқы пайымдалатын мәндерді ақылмен білуге кез кел­ ген адам жаратылысынан қабілетті бола бермейді. Адам инди­ видтеріне түрліше күштер мен қабілеттер жаратылысынан бе­ рілген. Бұлардың ішінде алғашқы негіздерден жаратылысынан еш нәрсе алмайтындар болса, ал, енді біреулері оны бұрмалан­ ған күйде алады. Бұлар – есі ауысқандар. Сондай-ақ оларды бұрмаланбаған күйде алатындар да бар. Бұлар –табиғаты дұрыс қабілетке ие адамдар. Бақытқа жетуге тек осылар ғана қабілетті. Табиғаты дұрыс қабілетке ие адамдардың бәріне ортақ қа­ сиет болады. Олар осы қасиеттің арқасында ақылмен пайымдалатын, барлығына ортақ мәндерді білуге қабілетті. Сөйтіп соның жәрдемімен жалпыға ортақ күйлерге және әрекеттерге талпы­ нады. Содан кейін ғана олар өзара жіктеліп, бір-бірінен айырма­ шылығы айқындалады. Әрқайсысы және әрбір топ өздеріне ға­на тән қасиеттерге ие болады. Кейбіреулері ақылмен пайымдалатын басқа бір ерекше сипатты мәндерді қабылдауға бейім ке­ леді. Нәтижесінде бұлар қандай да бір текке талпынады. Басқа біреулер ақылмен пайымдалатын басқа бір мәндерді қабылдауға, басқаларға ортақ емес қасиеттерге ие текке пайдалануға жарайтын мәндерді қабылдауға бейім тұрады. Қайсыбіреулері белгілі бір текте соның біреуіне ғана тән ақылмен пайымдалатын көптеген мәндерді қабылдауға бейім келеді. Дәл осы секілді адамдар зерттеу жолымен пайымдалатын жағдайларды анықтауға қабілеттілігі жағынан әрқилы. жұмсаса, онда осыдан да абсолюттік зұлымдық келіп туады», яғни бұл жерде әл-Фараби адамды жамандыққа бастайтын бес нәрсені айтып отыр. Егер адам бақытты біліп тұрып, оны өмірінің негізгі мақсаты етпей, басқа нәрсені таңдап және соның жолында ләззатқа беріліп, қиялдың соңына түсіп, оған бар жігерін салса, онда ол абсолюттік зұлымдыққа жетеді.

55

Азаматтық саясат (83-бет) Ақылмен пайымдалатын қандай да бір түрге тән мәндері екі түрлі қабілетке ие екі түрлі адамның біріне ғана бе­ рілуі мүмкін. Осы екі адамның бірі ғана ақылмен пайымдала­тын сол түрге қатысты мәндер арқылы өзінің жаратылысына қа­тыс­ ты азын-аулақ нәрсені анықтауға қабілетті. Ал екінші біреуі сол түрге жататындардың бәрін анықтауға жаратылысынан бейім. Нақ осы секілді, бір затты анықтау жағынан екі адам тең қабілетті болуы мүмкін. Бірақ біреуі оны тез арада жүзеге асырса, ал екінші бірі баяу жасайды. Сондай-ақ, осы адамдардың бірі сол тектегінің ең көркемін тез анықтаса, екінші біреуі ең пәсін тез анықтайды. Сондай-ақ олар қандай да бір нәрселерді анықтауда күші мен тездігі жағынан тең түсуі мүмкін. Алайда олардың бірі өзінің сол анықтаған нәрсесін басқа адамға түсіндіріп, оқытуға қабілетті болса, екіншісінде мұндай қабілет жоқ. Дәл сол сияқты, қара жұмысты атқаруға қабілеттілігі жағынан адамдар әртүрлі келеді. Бұл табиғи қасиеттер ешбіреуге күштеп таңылмайды және бұл әрекеттерді орындауға ешбіреуді мәжбүрлемейді. Керісінше, осы әрекетті орындауды жеңілдететін табиғи қасиеттер болады. Алайда, егер біреу өз қалауына сай ерікті түрде, оны ешбір нәрсе сырттан итермелемесе, онда, ол соған күні бұрын қарсыласуға табиғи түрде бейімделіп, өзіміз айтқан мақсатқа ұмтылады. Ал егер сыртқы қозғаушы күш оны өзінің қарама-қарсылығына қарай итермелейтін болса, онда ол өз тарапынан осы қарамақар­сылыққа қарай талпынады. Бірақ оның талпынуы қинаумен, күштеумен және қиындықпен жүзеге асады. Алайда мұның өзі ол үшін әрекеттенудің арқасында жеңілдейді (84-бет). Жаратылысы тұрғысынан өзіне бір мінез берілген адамдар да болады. Бірақ бұлар қатты қиналған кезде табиғи құлқынан бас тартады. Алайда, бұл қасиет көп адамдарға тән болмауы да әбден ықтимал. Адамның жаратылысынан дімкәс болуының нәтижесі оны ақылестің арылмайтын кеселіне ұшыратуы да мүмкін. Осы табиғи қасиеттердің бәрі ерік күшіне негізделген тәр­ биені қажет етеді. Ол нәрселер жоғарғы кемелдікке немесе со­ ған жақын дәрежеге жеткізуге арналған болуы тиіс. Қайсыбір тұрғыдан алғанда аса тамаша және өте абзал қасиеттер болуы 56

Азаматтық саясат мүмкін. Бірақ оларды елеусіз қалдырып, арнайы іс-әрекеттер ар­ қылы ол қасиетті дамытпай, тиісті нәрселермен баулымаса, осылайша көп уақытын босқа өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алуға болады. Осылардың ішінде егер оларды нашар қылықтар арқылы жүзеге асырғанда абзал амалдар құрып кетіп, жағымсыз әрі пайдасыз қылықтар пайда болуы мүмкін қасиеттер де бар1.

1 Әл-Фараби бұл жерде адамның бойындағы қасиеттері туралы айтады. Фарабидің пікірінше, адамның бойындағы жаратылысынан бар қасиеттер ол адамды бір іс-әрекетті жасауға күштемейді немесе оны мәжбүрлемейді. Керісінше олар сол адамға үнемі жәрдем беріп, оның істерін жеңілдетіп отырады. Егер адам өзінің бойында бар қасиеттерін ізгілікке тәрбиелеп, оны бақылап отырмаса, бойындағы қасиеттері зұлымдық пен пасықтыққа айналуы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай даралық қасиеттерді үнемі жетілдіріп отырмаса немесе белгілі бір дәрежеде қолданыс таппаса, бұлардың мүлдем жоғалып, өшіп қалу қаупі де жоқ емес.

57

Азаматтық саясат АЛТЫНШЫ БӨЛІМ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА (85-бет) Адамдардың түрлері жаратылысына, түрлі өнерлер мен ғылым сатыларына жіктелуіне қарай бір-бірінен ерекшеле­ неді. Олар осы нәрселерге жаратылысынан бейім. Қандай да бір түрге жаратылысынан жақындар сол түрдің ерекшеліктеріне сәй­ кес жіктеледі. Бұл түрдің неғұрлым пәс бөлшектеріне жаратылысынан бейім адамдар, сол түрдің неғұрлым лайықты бөлшектері­ не бейімделгендерден өзгеше болады. Қайсыбір түрге және тектің қайсыбір бөлшегіне жаратылысынан бейім адамдар, өзінің алдын ала бейімдігінің жетіліп-жетілмегендігіне қарай бөлінеді. Содан соң жаратылысында берілген қасиеттері жағынан тепе-тең адамдар өзі бейім тұратын нәрселер арқылы алатын тәр­ биесіне қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Тәрбиесі жағынан өзара тең адамдар осыған сәйкес бөлінеді. Қайсыбір салада оң нәтижеге жетуге қабілетті адамдар қабі­ леті жоқ адамдарға басшысылық жасайды. Нәтижеге жетуге кө­ бірек қабілеті бар адамдар нәтижеге жетуге қабілеті аз адам­дарға басшы болады. Бұл адамдар тәрбиенің нәтижесінде қол жеткізген жақсы немесе нашар басқару немесе кеңесші болу қабілетіне қарай бөлінеді. (86-бет) Жақсы басшылық жасап, жақсы ақылгөй болуға қабілеті бар адамдар осы нәрсеге қабілеті жоқ адамдарға басшылық қылады. Дәл осы секілді қандайда бір салада қабілеті жақсы жетілген адамдар мен қабілетсіз адамдарды салыстырар болсақ, қабілеті нашар деген адамдардың өзі жақсы тәрбиенің арқасында жетісітікке жете алады. Қайсыбір салада неғұрлым жақсы тәрбие көргендер сол сала­ да нашар тәрбие көргендерге басшы болады. Бойында табиғаты­ нан ең абзал қасиеттері бар және сол салаға бейім нәрселердің бәріне сәйкес тәрбие алған адам табиғатынан жақсы қасиеті жоқ адамға басшылық етеді. Сонымен қатар ондай адам табиғатынан жақсы қасиетке ие, бірақ тиісті тәрбие алмаған адамға да басшы бола алады. 58

Азаматтық саясат Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету десек, ол алдымен бақыт дегеннің не екенін біліп алуы қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған сай әрекет етуі тиіс. Содан кейін бақытқа жету үшін не істеу керек екенін анықтап алып, соған ұмтылуы қажет. Айтып өткен (87-бет) әртүрлі индивидтердің түрліше қа­ сиеттеріне қатысты мынадай қорытынды шығады: білуі тиіс нәр­ селер мен бақытқа жету жолдарын кез келген адам біле бермей­ді. Бұл – кез келген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін кез кел­ген адамға ақылшы ұстаз керек. Кейбір кісілерге шамалы ғана басшылық жасап, жөн сілтеу жеткілікті саналса, енді біреулер жетекшілікті көбірек қажет етеді. Бірақ, басшылықтың бұл екі түрі болған күннің өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші немесе талпындырушы себеп болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл – адамдардың көпшілігіне тән жағдай. Сондықтан ол осының бәрін үйрететін және тиісті іс-әрекеттерді орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады. Басшы басқаға үйретіп, жол көрсетеді Басқа адамға басшылық ету де әр адамның қолынан келе бер­ мейді және тиісті әрекетті жасауға ынталандыру қабілеті де әрбір адамда бола бермейді. Осы нәрселердің біріне ынталандыруға немесе оны өзге адамға жеткізе білуге мүлдем қабілетсіз адам ешбір жағдайда басшы бола алмайды. Мұндай адам тек біреудің басшылығымен ғана жүреді. Ал басшылық жасап, өзгелерге жол көрсетіп, бағыт сілтей алуға қабілетті адамдар мұндай қа­ бі­леттерін дамыта алмағандарға осы жолда басшылық жасап, жол сілтейді. Бойындағы басшылық қабілеттерін өздігінен жетілдіре алмайтын кейбір адамға бағыт беріліп, жол көрсетілген жағдайда олар бойындағы басшылық қабілеттерін дамыта алады. Осылайша оның бойында өзгелердің бойындағы қабілеттерін 59

Азаматтық саясат танып-біліп, оларға жол нұсқайтын қасиет пайда болады. Бұл қабілетін өзгелерді басқару жолында қолданады. Мұндай адамдар бір жағынан өзгелерге басшылық жасаса, екінші жағынан біреулердің басшылығымен жүріп жатады. Басқару қабілеті бар кейбір басшылар бірінші басшы болуы да және екінші басшы болуы да мүмкін. (88-бет) Екінші басшы дегеніміз – өзіне басқа кісі басшы, ал өзі басқа бір кісіге басшы. Басшылықтың осы екі түрі белгілі бір салада жүзеге асырылады. Мысалы, ауылшаруашылығында, саудада, медицинада. Сол секілді адамдарды қабілет ерекшеліктеріне қарай қолдана алу барлық салаға қатысты мәселе. Бірінші басшы Абсолюттік мағынада бірінші басшы дегеніміз кім? Ол – ғылым мен білімі өзге біреудің басшылығы мен жол көрсе­ тушілігіне мүлдем қажеттілік танытпайтын деңгейде дамыған және бұл тұрғыда өзгеге мүлдем қажеттілік танытпайтын дәре­ жеге жеткен адам. Оған орындалуы тиісті нәрсенің барлығын жеке-жеке, егжей-тегжейіне дейін білуге қабілетті болу міндет емес. Өйткені ол адам өзі білетіндердің барлығы жөнінде бас­ қаларға жетік басшылық етуге қабілетті. Сондықтан адамды бі­ ліктілігіне қарай пайдалана алады. Сонымен қатар ондай адам бақытқа жеткізетін әрекеттерді белгілеуге және оларға бағыт сілтеуге қабілетті. Бірақ, бұл қасиет әрекетшіл ақыл-парасатпен бірге біткен ізгі адамдарға ғана тән. Ал оған мына жолдармен жетуге болады: алғашында адамда бәйекшіл ақыл-парасат, содан соң онда жүре келе қалыптасатын ақыл-парасат пайда болады. Осыдан кейін ол, «Жан туралы» деген кітапта суреттелгендей, әрекетшіл ақыл-парасатпен жалғасады1. 1 Әл-Фараби «Бірінші басшы дегеніміз кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Ойшыл бірінші басшының абсолютті басшы болуы үшін басқаның басшылығын мүлдем керек етпеуі керек, ол ғылымдар мен білімдерді жақсы меңгеруі тиіс, бірақ орындалуға тиіс жұмыстардың барлығын жеке-жеке білу оған міндет емес дейді. Сол сияқты әл-Фарабидің ойынша, «ең бастысы басшы дегеніміз қарамағындағы адамдарды басқара білуі керек. Басшы болу мәртебесі кез кел-

60

Азаматтық саясат (89-бет) Мұндай адамды ертедегілер шынайы патша деп атаған. Бұл туралы оған аян берілген деуге болады. Егер адам сол сатыға жетіп, оны мен әрекетшіл ақыл-парасаттың1 арасында дәнекер ештеңе болмаса, оған аян беріледі. Бәйекшіл ақылпарасат жүре келе туатын ақыл-парасаттың субстраты және ол материяға ұқсайды. Сол сияқты жүре келе туатын ақыл-парасат та әрекетшіл ақыл-парасаттың субстраты ретінде материяға ұқсайды. Әрекетшіл ақыл-парасаттан бәйекшіл ақыл-парасатқа күш құйылған кезде адам заттар мен әрекеттерді белгілеп, оларды бақытқа жетуге бағдарлап алуына мүмкіндік туады. Әрекетшіл ақыл-парасаттан бәйекшіл ақыл-парасатқа осындай күш берілген уақытта олардың арасында жүре келе туатын ақыл-парасат дәнекерлікке түскен уақытта уахи келеді2. Әрекетшіл ақыл-парасат Бірінші себептен шығатындықтан, әрекетшіл ақыл-парасат арқылы адамға аян беруші дәл осы Бірінші себеп деуге болады. Мұндай адамның басшылығы бірінші басшылық болады, ал қалған адамдардың бәрінің басшылығы бірінші басшылықпен салыстырғанда, кейінгі басшылық және сол біріншіден тарайтын басшылық болып табылады. Бұл – айқын нәрсе. ген адамның басына қонатын бақ емес, басшылық мансап тек жаратылысынан бойындағы қасиеті өте тамаша, абзал адамдарға, яғни жандары әрекетшіл ақылпарасатпен бірге біткен адамдарға ғана тән» деп басшы болуға лайықты адам туралы пайымдайды. Әл-Фараби «Жан туралы» деп Аристотельдің кітабын айтып отыр. 1 Ақл фа`аль – «әрекетшіл ақыл», ай сферасына сәйкес дүниежүзілік, ғарыштық ақыл-парасат. Адамның ақыл-парасаты потенциалдық сатыдан бастап, жүре келе пайда болатын ақыл-парасатқа қарай барлық адам бірдей және ортақ деп танитын Александр Афродизийскийдің «әрекетшіл ақылына» жақын. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. 2 Уахийун – «уахи», Алла тарапынан Жәбірейіл періште арқылы тек пайғамбарларға келетін ашық хабар. Әл-Фараби осы арада философия мен шариғатты келтіріп отыр, яғни философты пайғамбармен теңеп, ол екеуінің араларын бір-біріне жақындату әрекеті байқалады. Себебі, пайғамбар әрекетшіл ақылдың арқасында Алламен байланысуы арқылы анық білімді үйренеді. Дәл осындай теңеуді Ибн Рушд өзінің «Дін және философия арақатынасы турасында шешім шығаратын сөз» атты трактатында Алла тарапынан келген «елші» мен халық арасынан шыққан «данагөйді» қатар қояды. Сөйтіп, пайғамбарлық миссия мен философиялық даналық түсініктерін бір-біріне жақындату әрекетін жасаған.

61

Азаматтық саясат Осы басшылыққа бағынатын адамдар қайырымды, абзал жә­ не бақытты адамдар. Егер бұл адамдар бір халық ретінде жи­нал­са, онда бұл халық – қайырымды халық, ал егер бұл адамдар бәріне ортақ жерге қоныстанып біріксе, онда осындай басшылықтың айналасына біріккен бәріне ортақ қоныс – қайырымды қала. Ал егер бұлар ортақ қонысқа бірікпей, әрқилы жерде тұратын болса және бұлардың тұрғындары (90-бет) бұл басшылыққа емес, басқа басшылыққа бағынатын болса, онда мұндай жерлердегі қайырымды адамдар бұратана болып табылады. Бұлардың бытыраңқылығы бұлардың бірігіп тұратын қала дегенді әлі кездестірмегендігінен немесе бұрын бір кезде бір қалада тұрса да кейіннен бір бақытсыздыққа ұшырауынан, жау шапқыншылығынан, індетке, қуаңшылыққа немесе тағы басқа қиын жағдайға ұшырап, лажсыз ыдырап кеткендігінен туындайды. Ізбасар басшы Егер де әкімдер бір уақытта бір қалаға, бір халықтың ішінде немесе көптеген халықтардың шеңберінде жиналып, қала құрған болса, онда бұлардың жейтін қамы, мақсаттары мен тілектеріне әрекет ету жолдары бірыңғай болудың арқасында бір әкімдей амал қылған болар еді. Сол сияқты бұлар уақыт жағынан бірінен соң бірі кезек ауысып отырса, онда бір әкім сияқты көрінер еді. Өйткені, кейінгі әкім өзінен алдыңғының жолын ұстаса, келесісі өзінен бұрынғының жолымен жүреді. Егер әкімдердің бірі ертеректе өзі енгізген заңды белгілі бір уақыттан соң өзгертуді жөн көрсе, оны орындауы әбден мүмкін. Нақ осы сияқты, келесі бір әкім өзінен бұрынғы әкімнің шығарған заңын өзінің билігі тұсында өзгерте алады. Өйткені, одан бұрынғы әкім қазіргі жағдайды көрсе, өзі де дәл солай жасаған болар еді. Ал енді адам қазіргі жағдаймен келіспесе, онда ол бұрын қала әкімдері қабылданған және бір кезде сақталып келген заңдарды жаңадан қайта енгізеді. Бұрынғы билеушілерден қалған заңдар негізінде қаланы билеуші әкім – ізбасар әкім. 62

Азаматтық саясат Мәңгілік қайырымды қала тұрғындарының бағыты Егер қаланың әр тұрғыны өзіне қатысты жазылған заңға сай қимыл-әрекет жасайтын болса, оны өзі түсініп істеп отырса да немесе басшы бағыттап отырса да, онда оның бұл әрекеттері оған жақсы рухани азық болмақ. Әсілінде мұны ұзақ уақыт хат немесе кітап жазудың салдарынан пайда болған шеберлікке ұқсатуға болады. Адам хатты ұзақ жазудың арқасында шебер, сұлу жа­ зуға машықтанады ал, мұның өзі рухани азық және ол осымен қаншалық көп айналысса, соншалықты рақатқа кенеледі. Нақ осы секілді, бақытқа жетуге бағытталған белгілі бір әре­ кеттер жаратылысынан бақытқа бейім тұрған жанның бөлшегін күшейте түседі. Ол оны актуальды қылып, кемелдендіре түседі. Өзінің кемелденуіне байланысты жан материяға зәру болудан қалып, одан арылады. Ол материямен бірге жойылып кетпейді. Өйткені жан өзінің өмір сүруі үшін бұдан былай материяға мұқ­ таждық танытпайды. Міне, сол кезде ол бақытқа жетеді. Қала тұрғындарының бақыттан алатын үлесі сан жағынан да, сапа жағынан да бірінен-бірі артық болатыны және мұның өзі қала тұрғындарының іс-әрекеттері арқасында жететін кемелдіктің бірбірінен қаншалықты артық болатыны да белгілі. Сондықтан да осыған сәйкес адамдардың алатын рақат сезімдері де бір-бірінен ерекше келеді. Егер де жан материядан денесіз бөлініп шығатын болса, онда ол денелерге тән акциденциялардан арылады, солай болған соң жан туралы «былай яки олай қозғалады» деп айта алмаймыз. Осыған орай денесіз нәрселерге сәйкес сөздерді қолдану қажет. (92-бет) Жан денеде болатын кездегі мен денеден тыс күйде орын алатын жан дүниеге қатысты жағдайлардың бір-бі­ ріне қайшы келері заңды. Өз кезегінде жанның осындай күйін бағамдай алу әрі көзге елестете білу – әдеттегіден тыс жағдай. Ал бұл дене болып табылмайтын және денелерде кездеспейтін субстанциялардың формаларын елестетудің қаншалықты қиын екенін көрсетеді. Адамдардың бір ұрпағы өліп, денелері жойылған кезде барып жандары азаттық алып, бақытқа жетеді. Содан соң кезегімен 63

Азаматтық саясат олардың орнын басатын жаңа буын келеді. Олар да өздерінен бұрынғылар секілді дүниеден өткенде, жандары тәндерінен азат болады. Жан тәннен шыққаннан соң өздерінен бұрын дүниеден өткендерге барып қосылады. Содан кейін денеден арылған материядан тыс нәрселер секілді көршілес орналасып өмір сүреді және бұл жандар бір ұрпақтағы адамдардың өздеріне ұқсас жандарымен бірігеді. Материядан ажыраған өзара ұқсас жандар бірімен-бірі қо­ сылып, тәннен ажырағаны үшін зор рақатқа кенеледі. Оларға ке­йінгі ұрпақтардың жандары және бұрынғы өткендердің жан­ дары қосылады. Сондай-ақ бұрын өткен ұрпақтардың ра­қаты да кейінгілермен қосылудың нәтижесінде арта береді. Олар­дың әрқайсысы өз мәнін ақылмен пайымдап, өзіне ұқсас жан­дар­ дың мәндерін де әлденеше қайтара ақылмен шешеді. Пайым­ далғандары болашақта соңғы ұрпақтардың жандарымен қосыл­ ғанда, олардың әрқайсысының рақаты сонсыз арта береді1. Әр ұрпақтың жағдайы осылай. Әрекетшіл ақылдың мақсаты болып табылатын ең жоғарғы бақыт – міне осында. Адасқан қала тұрғындарының бағыты (93-бет) Ал егер қайсыбір қала тұрғындарының іс-әрекет­ тері мен тіршіліктері бақытқа жетуге бағытталмаған болса, жақ­ сылыққа қол жеткізе алмайды. Жаман мақсатта жазылған хаттың алып келетін салдары да жаман болатыны сияқты. Қандай да бір өнерге қатысты амал-әрекеттер жаман болса, оның салда­ ры адамдарға және топтарға зиян келтіреді. Мұндай қала тұр­ ғындарының жандары кеселге ұшырайды. Осылайша ізгілікке жат қылықтары нәтижесінде пасық жан ләззат алатын болады. 1 Әл-Фарабидің айтпағы жан материалды тәннен ажыраған уақытта өзін бір қапастан шыққандай еркіндік пен рақат жағдайға түседі. Оның бұл сезімі бақытқа жетіп, рақатқа бөленгендей болмақ. Қуаныштың бірінші мәртебесі, жанның «дене» қапасынан шыққандығы болса, екіншісі – рухтың өзі секілді басқа рухтарды тануы екен.

64

Азаматтық саясат Тәні кеселге ұшырағандардың ішінде өзінің кеселі туралы ештеңе білмейтіндер өздерін құлан тазамыз деп ойлап, осы ойға өздерін әбден сендіріп алып, дәрігердің кеңесіне құлақ аспайтындардың кездесетіні сияқты, жандары кеселге шалдыққан адамдардың ішінде де өзінің кеселін сезбейтін және жанын қайырымды, саламат деп есептеп, басшының, ұстаздың, ақылшының сөзін мүлдем елең қылмайтындар баршылық. Олардың жандары материяға байланған бойда қалады да, материяға тәуелділіктен шығарлықтай дәрежеге көтеріліп жетілмейді. Сөйтіп соңында материяның жойылып, жоғалуымен бірге олар да жойылып кете барады. (94-бет) Қайырымды қала тұрғындарының дәрежелері әлемдегі болмыс дәрежелеріне, ал бірінші басшы жаратушыға ұқсайды Қала тұрғындары басшылық жасай білу тұрғысынан және бойларындағы туабітті ерекшеліктері мен алған тәрбиесіне сай атқаратын қызметіне қарай бірінен-бірі артық-кем түсіп жатады. Бірінші басшы деп, тұрғындардың неге лайық екеніне қарай оларға қызмет атқару немесе басшы болу дәрежесін анықтап, адамдардың әрбір тобының және белгілі бір топтың әрбір мүшесінің тиісті орны мен қызметін белгілеуші адамды айтады. Басшылық сатыларында бірінші басшының сатысына жақындайтындарымен қатар одан біраз алысырақ тұратындары да бар. Басшылық сатылары ең жоғарғы сатыдан бастап қызмет атқарушының сатысына дейін, яғни басшылыққа ешқандай қатысы жоқ және одан төмен ешқандай саты болмайтын дәрежеге дейін біртіндеп төмендей береді. Басшы осы сатыларды белгілегеннен кейін, қандай да бір жаңалық енгізгісі келсе, қаланың барлық тұрғындарына тегіс немесе осылардың қайсыбір тобына тапсырғысы келетін істер жөнінде жаңа жарлық шығара алады. Бұл жағдайда мұны өзіне ең жақын сатыларда тұрғандарға айтып, жарлықты орындатады, ал олар өздерінен төмен сатыда тұрғындарға айтады. Сөйтіп осы тәртіп бойынша ол қызметті атқару сатысы белгіленгендерге 65

Азаматтық саясат жеткенге дейін төмендей береді. Осылайша қала тұрғындарының түрлі дәрежелері жоғарыдан төмен қарай, бірінен соң бірі орналасатын сатылар секілді өзара байланыста және өзара келісулі болады. Мұндай қаланың құрылымы табиғи нәрселердікі секілді келеді. Оның сатылары Бірінші Себепкерден бастап, элементтер­ мен аяқталатын өмірде бар нәрселердің сатылары тәрізді болады, ал бұлардың өзара байланыстары және өзара үйлесімдері дүниедегі бір-біріне ұқсамайтын нәрселердің өзара байланысы мен өзара үйлесіп, келісулері тәрізді болады. Бұл қаланың әміршісі Бірінші себепкер секілді. Өзге барлық тіршілік иелері өз болмыстары тұрғысынан Бірінші Себепкерге қарыздар және осы Бірінші Себепкерден келіп шығады. (95-бет) Адамның билік сатылары жоғарыдан төменге түседі. Бұлардың әрқайсысы не басқарушы немесе басқарылушы ретінде қашан басқару ісіне ешқандай қатысы жоқ, тек басқа біреулер үшін ғана қызмет атқаратын адаммен аяқталғанша жалғаса береді. Мұның өзі көбінесе бірінші материяға, осының элементтермен байланысына қатысты жатады. Қалалар мен халықтарда зұлымдық жойылғанда ғана бақыт орнайды, зұлымдық дегенде ерік күшіне негізделген зұлымдық қана емес, табиғи зұлымдық та жойылуы керек. Сонда олар табиғи күш пен ерік күшіне негізделген барлық игілікке қол жеткізіп, бақытты тіршілік орнайды. Қала әкімінің, яғни басшының негізгі қызметі – қаланың әрбір бөлігінің өзара байланысы мен келісімін қамтамасыз ете отырып, басқару. Сондай-ақ қала тұрғындарын игілікке бас­тау­ мен қатар, зұлымдықтың тамырын жою жолында біріне-бірі көмектесетіндей тәртіп орнату яки бақытқа қол жеткізу мақса­ тында пайдасы тиетін нәрсенің бәрін шашауын шығармай сақтап, көбейтіп, зиянды нәрселердің залалдарын жою немесе қолдан келгенше азайтуға барын сала отырып, аспан денелері берген игіліктерін толықтай кәдеге асыру жолдарын қарастыру. Бір сөзбен айтқанда, ол екі зұлымдықтың екеуін де жоюға және екі бірдей игілікті орнатуға тырысады. 66

Азаматтық саясат Қайырымды қала тұрғындарының бақытқа кенелуі үшін білуі қажет нәрсе (96-бет) Қайырымды қаланың әрбір тұрғыны тіршіліктегі әрбір нәрсенің алғашқы бастамасын, бағынышты сатыларын, бақытты, қайырымды қаланың басшылығын, бұл басшылықтың сатыларын, бақытқа жетуге бастайтын мақтаулы істерді біліп алуы тиіс. Мәселе бақытқа жетелейтін бұл игі істерді білумен ғана шектелмейді. Қайырымды қаланың тұрғындары оған қол жеткізу мақсатында талпыныс жасаулары қажет. Жаратылыс бастамаларын және олардың сатыларын, бақыт­ ты, қайырымды қалаларға басшылық етуге қатысты мәселелердің бәрін адам баласы не ұғымдар түрінде ойлап, ақылмен пайымдай алады немесе қиялдайды. Егер бұлар адам жанына болмыстағы шынайы бейнесінде әсер ете алса, адам баласы бұларды ұғымдар шеңберінде ойлай алады, ал бұлардың бейнесі, ұқсастығы және қияли елестері әсер қалдыратын болса, адам бұларды қиялдай алды. Бұл – көзге көрінетін заттарда байқалатын құбылыс тәрізді. Мәселен адам өзін немесе өзінің су бетіне түскен бейнесін көреді немесе айна тәрізді басқа нәрселердің бетінен көре алады. Адамның өзін көруі – дүниедегі нәрселердің бастамаларын ұғымдар арқылы ақылмен пайымдауымыз секілді нәрсе. Адамды су бетінен көруіміз немесе оның бейнесін көруіміз қиял секілді, ал оның бейнесін айнадан көруіміз ол нәрсенің өзін емес, өзіне ұқсас бейнесінің айнада шағылуы секілді. Тура осы секілді, жоғарыда атап өткен нәрселердің қиялымыздағы бейнесі шындығына келгенде олардың өзі емес, соларды еске түсіретін елесі ғана болып табылады. (97-бет) Адамдардың көпшілігі өзінің жаратылысы неме­ се үйренген дағдысы бойынша мұны ұғымдар арқылы түсінуге және ойлауға қабілетсіз. Олар дүниедегі нәрселердің негіздерін, олардың сатыларын, әрекетшіл ақыл-парасатты, бірінші басшы­ лықты және осылардың бәрін қияли бейнелер арқылы елесте­туі керек. Атап өткен нәрселердің ұғымдары және өзгермейтін ұғым­ дар. Ал осыларға еліктеуші бейнелер әрқилы, әрқилы дегенде, 67

Азаматтық саясат өзінің еліктейтін нәрсесіне қарағанда ұқсастығы анағұрлым жақын келеді. Мысалы, адам бейнесінің су бетіне түскен ша­ ғылысынан гөрі, су бетінен көрінетін бейнесінің шын адамға ұқсастығы анағұрлым жақын. Сондықтан бір топ адам немесе бір халықпен салыстырғанда бұл нәрселерді елестетуші бейнелер түрінде басқаша елестетеді. Міне, сондықтан да, түрліше қайырымды халықтар мен қайырымды қалалардың барлығының сенетін бақыты біреу бола тұрса да, олардың діндері (заңдары) әртүрлі болуы мүмкін. Дін дегеніміз – атап өткен нәрселердің немесе олардың бейнелерінің адамдардың ішкі дүниесінде сәулеленуі. Қалың көпшілікке бұл нәрселерді және шынайы өмірде олардың қалай тіршілік ететінін пайымдау қиын болғандықтан, оған мұны басқа әдістермен, атап айтқанда ұқсас бейнелер арқылы үйретуге тырысады. Әрбір топ, жеке адам немесе әрбір халық оларды өздеріне неғұрлым белгілі, таныс нәрселерге ұқсатады. Ал олардың бі­ реулеріне неғұрлым белгілі нәрселер басқаларға белгілі нәрсе­ лерден өзгеше болуы мүмкін. Бақытқа сенетін адамдардың көп­ шілігі бұған ұғым ретінде емес, қиял елесіндегі нәрселер тү­ рінде қабылдайды. Адамдар мойындайтын ереже, құрметтейтін және ардақтайтын бастамалар туралы да осыны айтуға болады. Көпші­лігі бұларды нақты бір ұғым ретінде емес, қиял елесіндегі нәрселер түрінде қабылдайды. Бақытқа нақты бір ұғым ретінде сенушілер (98-бет) және бас­ тамаларды ұғым түрінде қабылдайтындар – даналар. Ал бақыт­ ты жан дүниесінде бір қиялдағы нәрсе ретінде қабылдайтындар – бұлар сенушілер. Бұл нәрселердің бірінен-бірінің артықшылы­ ғы мынада: біреулері қиялға анағұрлым берік орнап, анағұрлым жетілген болса, басқалары қиялда айтарлықтай кемел емес, бі­ реулері шындыққа жақындау болса, басқалары қашықтау, біреу­ лерінде даулы жерлер аздау кездессе, өзгелерде оншалықты дау­ лы емес, ал басқаларында даулы жерлер көп немесе ол жерлер анағұрлым айқын, не болмаса онымен оңай дауласып, оңай әшке­ релеуге болады. Бірақ, атап өткен нәрселердің әртүрлі бейнелер 68

Азаматтық саясат бір-бірінен айырмашылығына қарамастан, бірімен-бірі үйлесіп келісуі мүмкін. Бұл келісу мына жағдайларда көрініс табады: егер атап өткен нәрселердің ұқсас бейнелері басқа нәрселер үшін еліктеу затына айналса, ал соңғыларға үшінші нәрселер еліктесе немесе атап өткен әртүрлі түсіндірілетін бейнелер мысалы болмыс, бақыт бастамалары мен олардың сатылары түсіндірілген кезде теңдей айтылады. Егер сапасы тұрғысынан немесе бұлардағы даулы жерлер санының аздығы және беймәлімдігі тұрғысынан қарағанда, бұ­ лардың бәрі өзара тең түссе, онда осы бейнелердің бәрін немесе кез келгенін пайдалануға болады. Ал егер бұлар бір-бірінен өзгеше болса, онда сапасы тұрғы­ сынан ең жетілген бейнелер және ішінде таласы аз немесе таласы мүлдем жоқ және шындыққа анағұрлым жақын бейнелер алдымен таңдалып алынады. Қалған түсіндірме әдістері керексіз деп тасталады.

69

Азаматтық саясат ЖЕТІНШІ БӨЛІМ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАҒА ҚАРАМА-ҚАЙШЫ ҚАЛАЛАР (99-бет) Қайырымды қалаға надан қала, адамгершіліксіз қала, адасқан қала, сондай-ақ қайырымды қалада тұратын кейбір жеке индивидтер қарама-қарсы болады. Қалалардағы мұндай индивидтер – бидайдың арасындағы қарақастар, егіндік жердегі дөңбек тастар немесе егіндегі және бау-бақшадағы арам шөптер тәрізді. Осыдан кейін, жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар келеді. Жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар қала тұрғындары болып табылмайды және олардың қалалық бірлестіктері мүлдем жоқ. Бұлардың ішінде қайсыбірі мал тәріздес, басқа біреулері жабайы аң тәрізді, ал осы соңғылардың ішінде қайсыбіреулері жыртқыш хайуан тәріздес. Сондықтан бұлардың арасында тағы жерлерде жеке-дара жүретіндері бар, ал бірігіп тұрған күннің өзінде бірімен-бірі хайуанша ырылдасып тұратындары да бар. Осылардың кейбіреуі тек шикі етпен, енді біреулері өсімдікпен қоректенеді, ал басқа біреулері тапқан олжасын жыртқыш аңша жұлқылап жейді. Бұлар ел тұратын мекендерден шеткері (100бет) жерлерде – қиыр солтүстікте немесе қиыр оңтүстікте тұрады. Хайуандарға қалай қарайтын болсақ, оларға да солай қарауымыз керек. Бұлардың ішінде үй хайуандары тәрізділерін және ептеп қалаларда пайдалануға болатындарын тірі қалдыруға, оларды құлға айналдырып, үй хайуандары есебінде пайдалануға болады. Ал енді пайдалануға болмайтындарын немесе зияндылары­на зиянды хайуандарға істейтін амалдарды қолдану керек. Дәл сол сияқты, қала тұрғындарының хайуан тәріздес болып шыққан балаларына да осыны істеу керек.

70

Азаматтық саясат Надан қала Надан қалалардың тұрғындарына келсек, онда бұларға тән қала өмірі және қалалық бірлестіктер әрқилы болады: бұлардың ішінде қажет қалаларда қажеттік қоғам бар, айырбас қалаларында айырбас қоғамы, пасықтық қалада пасықтық қоғам, даңғой қа­ лаларда даңғой қоғам, мансапқор қалаларда мансапқор қоғам, ұжымдарымен азат қалаларда азат қоғам бар: А) Қажеттік қаласы мен қажеттік қоғам дегеніміз1 – адамның өмір сүруі мен қорғануы үшін қажеттілердің бәріне ие болып, өзара көмек көрсету (101-бет) әрекеті бар қалалар. Бұларға ие болудың әдістері әрқилы болып келеді: бұл әдістер – егіншілік, мал өсіру, аңшылық, шапқыншылық және т.б. Аңшылық пен шапқыншылық әдістерінің әрқайсысы құпия да, жария да болуы мүмкін. Қажеттік қалаларының ішінде қажетті нәрселерге қол жеткізу үшін өнердің барлық түрін пайдалана­ тындармен қатар қажетті нәрселерді өнердің бір ғана түрі арқылы табатындары болуы да мүмкін. Мәселен бір ғана егіншілік немесе өнерлердің басқа бір түрімен айналысу секілді. Бұл тұрғыдан алғанда оған ең лайықтылар – сол қаланың тұрғындарына тән қажетті нәрселерге қол жеткізуде неғұрлым қу, неғұрлым бас­ қарғыш, неғұрлым сақ адамдар. Өз кезегінде бұларға басшылық жасайтындар өздеріне қажетті нәрселерге иелік ету жолында тұрғындарды шебер қолдана алатын, анағұрлым айлакер болады. Олар өз беделдерін сақтап қалу үшін бар айласын жасайды немесе осыны өзі қамтамасыз ететіндер. Ә) Айырбас қаласы яки айырбас қоғамы деп ауқатты және бай болуды көздеп, тұрмысқа қажетті деген заттарды сол заттар­ дың баламасы ретінде жүретін ең қажетті заттары жеткілікті бола тұрса да дирхемдер мен динарларды көбейте беру үшін, өз бастарының өмір сүруіне қажеттінің тысында байлықтың, тойымсыз құлқынның соңына түскендіктен ғана заттарды жинаған Ғалым мұндай қала тұрғындарының ерекшелігі – олар тек күндерін көруді ғана мақсат тұтады. Оларға жейтін азықтары болса жетерлік. Басқаны ойлап, артық қам жемейді деген пікірде. 1

71

Азаматтық саясат үстіне жинай беруде тұрғындары біріне-бірі көмек көрсетіп оты­ ратын қала мен қоғамды айтамыз. Мұны олар не еселеп жинау­ дың барлық әдістерін немесе тек (102-бет) сол қалаға сай келетін әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырады. Бұлардың ішінде ең бай және байлыққа жетуде бәрінен де қулығын асырған адам қадірменді болып есептеледі. Тұрғындардың бай болу қамын жейтін және сол байлықты сақтауды жақсы басқаратын адам бұларға басшы болып табылады. Мұнда қоғамның ең қажетті мұқтаждықтарын өтеу үшін бай болудың барлық әдістері қол­ данылады: егіншілік кәсібі, мал өсіру, аңшылық және шапқын­ шылық сондай-ақ сауда-саттық, жалдау сол сияқты ерікке негіз­ делген әрекеттер жасалады. Б) Пасықтық қаласы мен пасықтық қоғамы деп көңіл көтеру, әзіл-күлкі немесе осы екеуімен де айналысып, ішіп-жеу, ойнас жасау арқылы сезім рақатына бату мақсатында тұрғындары бірбіріне көмектесетін қала мен қоғамды айтады. Мұндағы ең үлкен рақат – күн көру үшін қажетті нәрселер емес, адам тәніне ғана пайда беретін нәрселерге мән беру, тек қана жан рақатына бату. Мысалы, олар үшін көңіл көтеру, әзіл-күлкі ең зор рақат болып саналады. Надан қала тұрғындарының ойынша бұл қала бақытты, өзіне-өзі дән риза қала болып есептеледі. Өйткені бұл қала қажетті заттар мен байлыққа ие болғанда ғана мақсатына жетеді. Олардың арасында барынша ләззат алу үшін қажетті қаржылары мен мүмкіндіктері ең көп адам ең қадірменді, ең бақытты және өмірге риза адам болып табылады. В) Даңғой қала және даңғой қоғам деп, тұрғындары бұларды сөзбен де, іспен де мадақтап, басқа қалалардың тұрғындары бұларға сый-сияпат жасап, өздері де бірін-бірі мадақтап тұруы үшін біріне-бірі көмек көрсететін қала тұрғындарын айтады. (103-бет) Бірін-бірі мадақтау тепе-теңдік негізінде немесе бірінің басқа біреуінен артықшылығы негізінде жүзеге асады. Екі тарап та тең болу негізінде, бір тарап екінші жағына белгілі бір түрде құрмет көрсетсе, тағы бір кезде екінші жағы біріншісіне дәл сондай немесе одан асырып құрмет көрсеткенді айтады. 72

Азаматтық саясат Артықшылық негізінде қадірлеу деп, бірінші жағы екінші жағына құрмет жасаса, ал екінші жағы біріншіге одан асыра бір құрмет жасағанды айтады. Лайықтылық жөнінде де осыны айтуға болады. Біреу пәлен­ дей бір құрметке лайық болса, екінші біреу одан да көбірек құр­ метке лайық саналады. Ал надан қаланың тұрғындарында ла­ йықтылық дегеніміз қайырымдылық емес. Оларда лайықтылық дегеніміз – байлық немесе рақат көруге яки көңіл көтеруге жағ­ дай жасайтын нәрселер. Болмаса, осы екеуінің де қатар болуы. Адамның қажеттілігі үшін керек заттардың мейлінше мол болуы немесе сол молшылыққа жету үшін қабілетті болуы бұл қоғамда лайықтылық деп саналады. Надан қаланың көпшілік тұрғындарының аса құрметтейтін тағы бір нәрсесі – жеңіс. Олардың көбінің пікірінше, жеңіп шыққан адам бақытты болып саналады. Демек, мұны да надан қала тұрғындарының лайықтылық істерінің санатына қосу керек. Бұлардың пікірінше, адам бір немесе бірнеше жағдайларда жеңімпаз болуымен белгілі болғаны үшін, жалғыз немесе өзінің жақтаушыларының арқасында жеңіске жеткендігі үшін (104-бет) құрметтеу керек. Демек, оның өзі басқадан зорлық-зомбылық көрмей, қалаған кезінде өзі басқаға зорлық-зомбылық көрсете алатындықтан құрметтеледі. Бұларда мұндай жағдай бақыт деп саналып, мұндай адам құрметті, қадірлі саналады. Осы тұрғыдан ең лайықты адам оларда ең зор құрметке ие болады. Атақты адамға келетін болсақ, олардың пікірінше, атақ атабабадан мұра ретінде жалғасады. Атап айтқанда, егер оның әкесі мен ата-бабалары бай, дәулетті болған болса немесе рақат өмірге кенелу үшін ең қымбат дүниелер мен аста-төк материалдық игіліктерге ие болған болса, немесе олар көбіне жетістікке жетіп, ұтып шығып, соның арқасында басқаларға пайда келтірген болса, бір топ адамға немесе қаланың барлық тұрғындарына немесе жеңіске жету жолында басты қарулары саналатын өздерінің сұлулықтарымен, төзімділіктерімен және ажалдан қаймықпай­ тын айбаттары секілді қасиеттерімен көзге түскен болса, атақты болады. 73

Азаматтық саясат Теңдік негізде құрметтеу туралы айтатын болсақ, ол – бұ­ ларда құрметке қарағанда одан бөлек нәрсемен өлшенеді. Біреуге қызғанышпен қарап жүрген адам соған амалсыздан құрмет көрсетуі. Мысалы, бұл базардағы сауда-саттық барысында орын алатын құрметтеу сияқты. Тағы да, олардың пікірінше, құрмет жасаушының үстінен қарайтын адам үлкен құрметке лайықты. Бұл тұрғыда артықшы­ лықтың сатыларымен жоғарылай беру қаланың басқа тұрғын­ дарына қарағанда ең жоғары құрметке лайықты адамға барып жеткенше, тоқтамай жалғаса береді. Қала басшысы және әкімі осы болады. Егер мәселе осындай болса, онда сіңірген еңбектерін өзіміз жоғарыда атап өткен жағдайлармен салыстырғанда, ол адам ең жоғарғы дәрежеге лайықты болуға тиіс. (105-бет) Егер ол қалада құрмет тұту атақтылығына ғана негізделген болса, онда ол адам сондай-ақ басқаларға қарағанда анағұрлым атақты адам саналуы тиіс. Нақ осы сияқты, егер оларда құрмет тұту тек қана байлыққа негізделген болса, онда біреудің біреуден артықшылығы және абыройы байлығы мен атағына қарай болады. Ал атағы да, байлы­ ғы да жоқ адамдардың басшылыққа да, құрметке де мүлдем қаты­ сы жоқ. Олардың артықшылығы басқа ешбіреудің олардан асып түсе алмауында. Сондықтан осындай адамдар ең жақсы абыройлы басшы саналады. Егер осындай басшы қала тұрғындарының игілігі жолында және олардың қажеттілігін қанағаттандырып, бәрінен артық күш жұмсап, еңбектенсе, онда ол адам байлыққа жетуде, рақатқа, құрметке және қала халқына пайдалы адам деген сөз. Мұндай адам қала жұртына негізгі қажеттіліктерін өзі тауып береді немесе өзінің дұрыс басқаруы және сол нәрселерді қала тұрғындарының игілігіне сақтауымен де пайдасын тигізеді. Қала тұрғындарына осындай жағдай жасағанда, құрметтен басқа ештеңе талап етпей беретіндер әкімдердің ішінде ең абыройлысы атанады. Мысалы, әкім байлық бергенде, ақы талап етпейді немесе оларды рақатқа бөлегені үшін қарымын қайтаруды сұрамайды, сөзімен де, ісімен де тек сыйлауды, мадақтауды, құрметтеуді ғана 74

Азаматтық саясат тілейді. Тұрғындардың оның атын көзі тірісінде, өлгеннен кейін де ұзақ уақыт ұмытпай, қадірлеуін ғана қалайды. Дәл осындай адам олардың арасында құрметті саналады. Ол қала тұрғындарын байлыққа кенелту, қажеттілігін қанағаттандыру үшін өзі ақшаға мұқтаж боп жүреді. Олардың байлығы мен мамыражай өмірін сақтауды көздейді. Оның осы бағыттағы іс-әрекеті қаншалықты ауқымды болған сайын, оның байлығы да соншалық мол болуға тиісті. Өйткені бұл байлық сол қала тұрғындарының байлығы іспеттес. (106-бет) Осындай сый-сияпат жасауды ізгілік және кішіпейілділік іс деп санаған әкімдердің кейбіреулері байи түсуге тырысады. Бұл ақшаны олар қала тұрғындарынан жер салығы түрінде жинайды немесе басқа халықты жеңіп, оның байлығын тартып алады да қазынаға салады, қаланың көптеген шығынын өтеу үшін өз жұртының меншігіне айналдырады. Сондағы көз­ деген мақсаты – осы арқылы бұрынғыдан да үлкен құрметке бөлену. Алайда атаққұмар әкім кез келген әдіс-тәсілді қолдана отырып, өзінің әрі балаларының атын тарихта қалдыруға, балаларына немесе рулас туыстарына билік тізгінін тастап кетуге тырысуы мүмкін. Сонымен қатар басқа халықтар оны қадірлеуі үшін оларды бағындырады, байлықты күшпен алып, басқаларға пайдалануға тыйым салады. Жұрт құрмет тұтсын деп дүниені үсті-үстіне жинап, өзіне ғана жұмсайды. Мысалы, үй ішінің сәу­ леті, сән-салтанаты немесе ұлық дәрежемен, шен-шекпенмен өзін ерекше тұтуы мүмкін. Содан кейін ол адамдардан алшақтай түседі. Егер өзінің өкі­ меттегі билігі нығая түссе, атақ-даңқын өсіру үшін арнайы заң­ дар шығарып, елді өзі мен туысқан руластары билеуі тиіс деген пікірді халықтың құлағына құя беруге тырысады. Бұл жағдайда ол адамдарды түрлі дәрежеге бөледі де осы үшін сый-құрметке ие болады. Сонымен қатар дәрежелері мен мансаптарына қарай адамдарға мансап пен атақ түрлері мен атақ-даңқ әперетін нәр­ селерді, мәселен байлық, түрлі киім-кешектер, үй-жай, тиісті шен, мініс көліктерімен қатар адамның атақ-даңқын арттыратын басқа да нәрселердің бәрін тағайындайды. Мұның бәрін ол 75

Азаматтық саясат шендері мен мансаптарына қарай үлестіреді. Жүргізген осындай саясатының нәтижесінде әкімнің қол астындағыларының алдында құрметі мен мәртебесі артады. Қарамағындағылардың оған деген ынта-ықыласы күшейіп, алдында бас иіп, атқанын екі еткізбейтін жағдайға жетеді. Қала тұрғындарының арасында атаққұмар, жағымпаздар басшыларды жиі жағалап, әрдайым ерекше құрметтейтінін айтып жағымпазданған сайын, олардың да мәртебелері өсе түседі. Осылайша бұлар да өзінен төмен сатыда тұрғандар әрі өзінен жоғары тұрғандар алдында қадірі артып, құрметке бөлене түседі. (107-бет) Құрметтеу мен құрметтелуші сатылардың мақсаты жалпы жұртшылықтың мүддесін көздеп, пайдалы іске айналса, біз сөз еткен мұндай қала барлық белгілері тұрғысынан қайы­ рымды қалаға ұқсас болып шығады. Бұл қала – надан қалалардың ішіндегі, яғни тұрғындары «надан» немесе осы тәріздес басқа да атаулармен аталатын қалалардың ішіндегі ең жақсысы. Алайда, егер онда атаққұмар­ лық шегінен асып кетсе, онда ол жендеттер қаласына айналады. Ал егер ол өзгеріп, ерікті қалаға айналса, онда мансапқор қала болады. Г) Мансапқор қала және мансапқор қоғам жетістікке жетуде біріне-бірі қол ұшын беріп, көмектесетін адамдардан құралады. Өз кезегінде адамдарының бәрі мансапқорлық төңірегінде бірік­ кен жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Алайда олардың арасында мансапқорлықтың азды-көптігі, жетістікке жету жолдары мен құ­ралдарының әртүрлілігіне орай айырмашылықтың болуы да заңдылық. Мысалы, біреулердің жеңіске жетудегі мақсаты адам қанын төгу болса, басқа біреулері – олардың байлығын көз­ дейді, үшіншілері өзгені құлдыққа айналдыру үшін жеңіске ұм­ тылады. Бұл мәселеде мансапқорлықтың азды-көптігіне қарай адамдардың дәрежелері мынадай санаттарға бөлінеді: (108-бет) бұл адам өміріне қастандық жасау яки оны құл етуге құмарту немесе олардың байлығын алуға құмарту түрінде көрініс табуы мүмкін. Осының бәрінде де адамның көздеген мақсаты – жеңіс, қарсыласын оны жеңетін ешбір амалы қалмайтындай етіп же­ 76

Азаматтық саясат ңіп, өзіне бағындыру, құлына айналдыр, бағынышты етіп ұстау үшін қалағанын жасау, жеңіліске ұшырағанмен еш есептеспей, қарсылық танытуына мүмкіндік бермеу. Бұлардың біреулері үстемдікті қол астындағыларға жақсы қарау деп білсе, екінші біреулері зорлыққа немесе қаталдыққа негізделген басшылық деп санайды. Сондықтан қанқұмарлық­ пен әрекет жасаушылардың көпшілігі, егер өзінің жауы ұйықтап жатса, оны өлтірмей, қашан ол оянғанша ештеңесіне тимейді. Оны жеңіп, өзіне бағындыру үшін алдымен қарсылық таныт­қа­ нын күтеді, сөйтіп күшін асырып, жеңуге тырысады. Мансапқор адамның қайсысы да жеңіске құмартады. Сон­ дықтан ондайлар бәрін жеңуге ынтық келеді. Ал енді біреулері басқа біреулердің қанын төгу, мал-мүлкін тартып алуды қажет етпей-ақ, күресуден бас тартады. Қарсыластарын қантөгіссіз-ақ бағындырып, ешқайсысына тимейді, біріне-бірі жәрдемдеспейді, бірақ басқаларды жеңу үшін біріне-бірі кедергі қылмайды. Олардың басшылары дұшпандарын тізе бүктіріп, бағындыру жолында өзгелерден әрдайым озық шығады. Ол жеңіске жету жолында ешқашан дұшпанынан жеңілемін деп сескенбейді. Ара­ ларындағы ең айлакері, саясаткері басшысы болып шығады . (109-бет) Бұлар өзгелердің бәрін жау санайды. Олардың әдетғұрпы, жүріс-тұрыстары мен табиғаттары басқаларды жеңуге мейлінше бейімделген. Мұндай типтегі адамдар жеткен жеңістері мен олардың қаншалықты орасан болғандығымен немесе қаружарақтарымен мақтанып, өзара бәсекелескіш келеді. Адамның жеңіске және соған жетудің айла-тәсілдеріне деген қабілеттілік не адамның «пікірінде» немесе оның «денесінде», не болмаса «денесінен тысқары» болады. «Денесінде» деп – адамның табандылығын меңзейміз, ал «денесінен тысқарыда» деу арқылы оның қару-жарағының сай болуын айтамыз. Оның «пікірінде» дегеніміз – басқаны өзіне ба­ғындыруда ақыл-парасатты болуы. Бұларға тән қасиеттер: та­ бандылық, тайсалмаушылық, аяусыз қаталдық, өркеуделік, ішіпжеуге мешкейлік, құштарлық, зорлап та, бағындырып та бар­лы­ ғын жеңуге талпынуда қанағатсыздық таныту. 77

Азаматтық саясат Олар қаланы тұтас алғанда тұрғындарды жеңіп, өздеріне қосып алу қажет деп те ойлайды. Бірақ, жеңіліс табушылар бір қаланың ішіндегі өз көршілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, жеңіске жеткенде оларды бағындыруға (110-бет) құмартып тұра­ ды. Дегенмен, кейде олар тепе-тең жағдайда болуы немесе өздері жеңілген көршілерін жеңіп шығуда бірінен-бірінің қабілеті не асып, не кем түсуі де мүмкін. Сол сияқты, бұл қаланың тұрғындары басқаны бағындыру қабілеті және өздерінің көзқарасы жағынан өздерін басқаратын және бағындыру шараларын қолдану жөнінде нұсқау беріп отыратын әкімге жақын болуы күмән туғызбайды. Жеңісті көздеген жалғыз адам болуы ықтимал. Бірақ, осы жалғыздың қарамағында өзгелерді бағындыру үшін жәрдем көрсететін әскері болады. Бұл адамдар басқалардың дүниесіне ие болуға, мүлкін тартып алуға тырыспайды, олар тек жеңуді ғана көздеп, соған күш салады. Ондай адамның бойындағы жеңіске деген табандылығы мен ерекше жігерлілігі өзгелерді бағындыруға жеткілікті. Мұндай адамға қолғабыс жасаушылар бұл жағынан алғанда оның айтақтайтын иті, аңға салатын қаршығасы сияқты. Соңғыларды қоспағанда қала халқының барлығы дерлік сол жалғыздың не тілесе соны істейтін, өзімдікі дейтін түгі жоқ, жәбір шеккен, басыбайлы бағынышты құлдары болады. Бұлардың кей­біреуі сол үшін жер өңдейді, басқа біреулері сауда-саттық жа­сайды, ал әкім болса бір ғана мақсатты көздейді. Ол мақсат – басқалардың бәрінің өзіне бағыныштылығы, өзінің үстемдігі, олардың зәбір шеккенін көру, басқалардан пайдасыздық, мұқ­ таждық, тәуелді екенін және мансапқор қалаға бағынышты екенін көру. Бұл қаланың тұрғындарының барлығы бірдей мансапқор емес, қаланың тек жартысы ғана сондай болуы мүмкін. Әйтсе де «мансапқор қала» деген атақты ондағы тұрғындардың бәріне түгел қолдануға болады. (111-бет) Қандайда бір қала тек жеңіске жетуге ғана талпы­ нып, соны қанағат тұтып, содан рақат табатын болса, осы жағынан оны «мансапқор қала» деп атауға болады. Егер бір қаланың тұр­ ғындары жеңіске жетуде байлыққа, тұрмысқа қажетті заттарға немесе рақатқа кенеліп, құрметке бөлеуді немесе осының барлығына 78

Азаматтық саясат қол жеткізуді мақсат тұтса, онда бұл қаланың мансапқорлығы басқа түрге жатады. Өз кезегінде мұндай қалалардың тұрғындары (сипаттары мен құлықтары) туралы бұрынырақта әңгіме еткенбіз. Кейбір адамдар осындай қалалардың бәрін бір-бірінен бөліпжармай, «мансапқор қалалар» деп атайды. Бірақ мұндай атауға осы мақсаттың үшеуін де зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асыратын қалалар анағұрлым лайықтырақ. Бұл қалалар үш түрге бөлінеді: мансапқорлық қасиеті тұр­ ғындарының біреуіне ғана, тұрғындардың жартысына немесе тұрғындарының бәріне түгел тән болатын қалалар. Олар бас­ қаларды бағындырып жазалауға немесе тек бағындыруға не бас­ қа бір мақсат пен ниет үшін соғысады, тек жазалау үшін де соғы­ суы мүмкін. Демек, жеңіспен бірге тағы басқа да мақсаттарды көздейтін басқа қалалар да болады. Бір қала жеңіске немен болса да, қалай болса да жетуге тырысады. Бұл қалаларда өзіне түк пайдасы болмаса да басқаға зиян шектіру тәртіпке айналған. Мысалы, зорлық-зомбылық жасауға құнығудың салдарынан біреуді өлтіру осыған жатады. Бұл жердегі күрес әсілінде пасықтық мақсатта жүзеге асуда. Негізінен араб қоғамы туралы осылай делінеді. Екінші бір қала жеңіске жетуге ұмтылғанда ол қала тұрғын­ дары тарапынан пасықтық ретінде емес, мәртебелі, абзал санал­ ған нәрселерді мақсат етеді ал бұл жағдайда, егер оларға зорлықзомбылықсыз қол жеткізе алса, онда зұлымдыққа бармайды. Үшінші бір қалада (112-бет) жеңіске жету байлыққа, молшы­ лыққа бастайды деп топшылаған жағдайда ғана қантөгіске барып, өзгеге зиян шектіреді. Ал егер сол қалаған нәрселерін күш қолданбай немесе соғыспай-ақ молынан яки жеткілікті мөл­ шерде алуға мүмкіндік болса, оған бір адамның ерікті түрде жа­саған сыйы арқылы қол жеткізе алса, онда осының өзін-ақ қанағат тұтады. Күш қолданып, соғысқа барып жатпайды. Мұн­ дай қаланың тұрғындары өте әрекетшіл, өте қадірменді саналады. Бірінші түрдегі қаланың тұрғындары, басқаларды жеңіп, бағыныштылардан тек қажетті нәрселерді ғана алумен қанағат 79

Азаматтық саясат етеді. Жеңіске жеткен халық негізінде қарсыластарының малмүл­кін қолға түсіру үшін немесе өздерін құл еткенге дейін кү­ реседі, бірақ жеңіске жеткен кезде және өз қалауларын, көздеген мақсаттарын қанағаттандырғаннан кейін, солардың бәрін қал­ дырып кетеді. Өздеріне ештеңе алмайды. Әрине мұндай жағдай­ лар да кездеседі. Ондай адамдар да мадақтауға, сый-құрметке ла­йықты. Атаққұмар адамдар даңқ-құрметке ие болу үшін осы тә­сілдердің көбісін қолданады. Мансапқор қалалар атаққұмар қалалардан гөрі анағұрлым қатал, аяусыз келеді. Бұлар қала жұртының көз алдында өз бай­ лығына масаттанады, ойын-күлкіге, тамашаға беріледі. Өйткені олар өздерін өзге қала тұрғындарының бәрінен абзал, қадірлі санап, басқа тұрғындарға менсінбей, мұрнын шүйіре қарайды. Не күш, не атаққа деген құмартуы жоқ мұндай қалалардың алдында мансапқор қалалардың тұрғындары өктемділік, тәкаппарлық көрсетеді, даңғойланады, өздерін мақтанышпен көрсетеді. Ондай қалалар бұлардың ұстаған дәстүр-жолдарын ұстамағаны үшін және бақыттың әлгіндей екі түрінің бір де біріне де көңіл бөлмегендері үшін оларды тұрпайыларға жатқызады. Бірақ, олар еркіндікті, сәулеттілікті іздегені үшін өздерін құдіретті, ұлықпыз, өктембіз деп (113-бет) есептейді. Енді байлыққа, ойын-күлкіге, сауық-сайранға құмартуына келсек, олар бұған қолөнерлерінің арқасында емес, өздерінің жеңіске қабілеттілігі арқасында ғана жетеді. Бұлар үшін байлық­ тың да, сауық-сайран өмірге жетудің жолы да – зорлық-зомбылық жасау. Ал жеңіс бұларды одан бетер дандайсыта түседі. Бұлар қатал адамдарға жатады. Ал біріншілерге келетін болсақ, олар ақылсыздар. Сонымен, атаққұмар адамдардың ішінде сый-құрметті тек байлық үшін іздейтіндер бар. Басқалары өзіне құрмет көрсеткен­ де, сол арқылы солардан, не басқалардан байлық келіп тұрса екен деп құмартатындары бар. Мұндайлар қала тұрғындары өзіне ба­ ғынышты күй кешсін деп билікке құмартады. Ондағы мақсаты – көл-көсір байлыққа ие болу. Олардың көбі осы байлыққа ұмтылады. Өкімет билігіне және басқаларды өзіне бағындыруға 80

Азаматтық саясат құмартуының түпкі мақсаты – шалқыған байлыққа кенелу арқылы, оны өз рақатына жұмсау. Өздерінің басқаларға деген өктемдігі, басқалардың оларға бағынуы неғұрлым күшті және толық болған сайын, соғұрлым рақатымыз арта түседі деп ойлайды. Қала тұрғындарын тырп еткізбей өз билігінде ұстауға тырысады. Ондағы мақсаты – оларға үстемдік ету, тұрғындардың ішінде бір де біреуі онымен тайталаса алмайтындай мол байлыққа кенелу. Байлықтың саны мен мөлшеріне қарамай көңіл шаттығына, қалағанша ішіп-жеуге, ләззатқа жұмсау. (114-бет) Ұжымды қала – бұл әрбір тұрғыны не қаласа, соны істеуге ерікті қала1. Мұндай қала тұрғындары бір-біріне тең құқылы. Олардың заңдары жеке адамдардың ешқайсысына ешбір артықшылық бермейді. Қала тұрғындары тек басқалардың құқұғын шектемесе, еркін, қалаған нәрсесін іске асырады. Олардың ішінде түрлі құлықтар, түрліше тіршілік қамдары, ниеттілектер кездесіп отырады. Тұрғындары бір-біріне ұқсастығы да, айырмашылығы да бар топтарды құрайды. Аталған осы қалалардың барлығының ерекшеліктерін өз бойында біріктіретін бұл қалада пасықтық пен абзалдық қатар жүріп отырады. Жоғарыда атап өткендей, мұнда басшылықтың барлық түрі кездеседі. Бұл қала жұртының өздерін басқаратын басшысымен ешқандай қатысы болмайды. Өйткені олар басшыларын өздері тағайындайды, ал басшылық етушілер не істесе де өз бағыныштыларының еркін орындайды. Бұлардың басшыла1 Мәдинату әл-иджтимағия – «ұжымды қала». Мұның тұрғындары құқықтық тұрғыдан біріне-бірі тең. Заңдары жеке адамдардың ешқайсысына ешбір артықшылық бермейді. Пасықтық пен абзалдық қатар жүреді. Жоғарыда атап өткендей, басшылықтың қандайы болса да кездеседі. Бұлардың басшылары бағыныштыларының еркіне бағынады. Оларда кімде-кім қала тұрғындарына еркіндік берсе, кімде-кім солардың тілегін, талабын қанағаттандырса, олардың осы еркіндігін қорғаса және солардың бір-біріне және дұшпандарына деген алуан түрлі тілек-талаптарын орындап, өзінің құмарын қажетінше ғана тежеп отыратын болса, онда осылардың бәрі мадақтауға тұратын құрметті адамдар. Ал бұлардың басқа басшылары өз қол астындағы тұрғындардың қалауы мен талабына сәйкес игіліктерді тауып бере отырып, өздері сол тұрғындармен тең дәрежеде өмір сүреді. Осынысы үшін қала тұрғындары бұлардың сіңірген еңбегіне лайық құрмет көрсетеді, мал-мүлік сыйлайды.

81

Азаматтық саясат ры бағыныштыларының еркіне бағынады, шындығына келгенде онда басшы да жоқ, бағынушы да жоқ. Кімде-кім қала тұрғындарына еркіндік берсе, кімде-кім со­ лардың тілегін, талабын қанағаттандырса, олардың осы еркінді­ гін қорғаса және солардың бір-біріне және дұшпандарына деген алуан түрлі тілек-талаптарын орындап, өзінің құмарын қажетін­ ше ғана тежеп отыратын болса, онда осылардың бәрі мадақтауға тұратын құрметті адамдар болып табылады. Олар бағынатын ең қадірменді, ең лайықты адам осындай болады. Бұлардың басшылары өз қол астындағы тұрғындардың қалауы мен талаптарын орындай отырып, өздері сол тұрғындармен тең дәрежеде болады. Осынысы үшін қала тұрғындары бұлардың сіңірген еңбегіне лайық құрмет көрсетеді, мал-мүлік сыйлайды. (115-бет) Енді басқа басшыны қала тұрғындары өз дәрежесіне лайықты деп санамай, өздерін одан гөрі ізгілеу деп есептеуі мүмкін, өйткені олар бұл басшының жақсылығын көрмесе де оған сый көрсетіп, тарту берген болулары мүмкін. Бұл қалада сол қала тұрғындарының қалауын қанағаттан­ дырудың немесе өткен аталарының қала басқару ісіндегі даң­ қының арқасында немесе басшылыққа лайықтылығымен елдің сый-құрметіне ие болған басшылар да кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда мұндай қаланың тұрғындары осындай адам­ ның басшылығында болады да, бұл қала тұрғындарының бар­ лық надандық тілектері мен мақсаттары жүзеге асады. Мұн­ дай қала барлық надан қалалардың ішіндегі ең ғажайыбы, ба­қыттысы саналады. Өзінің сыртқы бейнесі жағынан ең сәу­ летті, ең сұлу қала болады да, осының арқасында әрбіреудің сүйікті мекеніне айналады. Өйткені бұл қалада кез келген адам өзінің қалауы мен талабын қанағаттандыра алады. Сондықтан да жұрт осындай қалаға ағылып келіп, қоныстанып қалады. Бұл қаланың шеңбері есепсіз өсе береді. Мұнда әртүрлі адамдар туып, әртүрлі некелер қиылып, әрқилы жыныс байланыс­ тары орын алады. Мұнда тегі мен тәрбиесі әртүрлі балалар өсіп, жетіледі. Бұл қала бір-бірінен өзгеше бөлшектерден құ­ ралып (116-бет), бір-біріне енетін көптеген бірлестіктерден 82

Азаматтық саясат тұрады. Мұнда шетелдіктер тұрғылықты жұрттан алаланбай­ ды. Олардың қалауы мен талап-тілектері бір мақсатта тоғы­ сады. Сондықтан уақыт өте келе бір замандарда осы қаладан ең лайықты адамдардың тууы әбден ықтимал. Мұндай қала тұрғындары арасынан небір даналар, шешендер, ақындар шы­ ғады. Бірақ кейбір адамдар қайырымды қала атанған қалаға көшуі мүмкін. Сондықтан, басқа надан қалаларға қарағанда, дәл осы қалада ізгілік пен зұлымдық қатар жүреді. Сондай-ақ бұл қала кеңейіп, халқы көбейген, толыққан сайын ізгілік пен зұлымдықтың арасалмағы өсе береді. Әрбір надан қала өз алдына мақсат қояды. Әрбір басшылық өзіне қажет заттарға, байлыққа, жан рақатына, сый-құрметке, даңққа, мадаққа, не жеңіске немесе азаттыққа жетуді мақсат етеді. Сондықтан мұндай басшылық қолдағы қаражатты түрлі нәрселер сатып алуға жұмсайды. Бұл көбіне ұжымды қаланың басшылығына тән қасиет. Мұндай қала тұрғындарының бірдебірі басшылық ету мәселесіне келгенде басқа біреуінен кем түспейді. Егер осылардың біріне билік берілсе, онда тұрғындары одан қаржылай көмек алуға немесе басқа сый-құрмет көруге тырысады. (117-бет) Мұнда кімде-кім тұрғындардың қаншалықты көп болса да сан алуан тілегі мен армандарын қанағаттандыру, жаудан қорғау үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап, ақылдылық пен сұңғылалық танытқан, сондай-ақ дүниеге құнықпай, ең қажетті нәрселерді қанағат тұтып, өз пайдасын емес, ел мүддесін ойлаған басшы ең қайырымды басшы болып есептеледі. Ондай қалаларда нағыз қайырымды басшы – қала тұрғын­ дарының тұрмыс-тіршілігін дұрыс қадағалап, басқаратын және оларды бақытты өмірге бастауды мұрат ететін басшы. Бірақ қала тұрғындары да өз тарапынан оның басшылығын қадағалап отырады. Надан қалада билік қылған басшы уақыт келе алданады, не қаза табады, не орнын басқаға беруге мәжбүр болады. Сол секілді басқа да надан қаланың тұрғындары өздерінің еркілеріне сай адамның басшылық жасағанын қалайды. Осы мақ­ сатта өздері қалаған адамдардың басшылыққа келуіне жағдай 83

Азаматтық саясат жасап, мал-дәулет береді және өз байлықтарының сақталғанын көздейді. Олар қайырымды адамдардың басшылық жасауын қа­ ламайды әрі бұған жол бермейді. Алайда қайырымды басшылық көбіне қажеттілік және ұжымдық қалаларда көрініс тауып, оңай жүзеге асырылады. Өмірге ең қажетті нәрселерге, байлыққа, жан рақатына, са­ уық-сайран мен сый-құрметке, зорлық-зомбылық жасау арқылы да, жеңіс арқылы да ие болады. Сондай-ақ мұның басқа да жолдары бар. Өздерінің алға қойған мақсаттарына сәйкес қалалар мен олардың басшылығы төрт түрге бөлінеді: Олардың қайсыбіреулері өзінің мақсатына жеңіс арқылы және зорлық-зомбылық арқылы, ал басқалары басқа да жолдармен жетуге тырысады. (118-бет) Көздеген мақсаттарына зорлық-зомбылық немесе дұшпанын тізе бүктіру арқылы жетуге ұмтылатындар күресу және күш қолдану арқылы қол жеткізген нәрселерін барынша қорғайды. Ондайлар физикалық тұрғыдан шымыр денелі, күшті келеді. Ал рухани, адамгершілік тұрғысынан оларға аяу­ сыздық, дөрекілік пен қатыгездік, ажалдан тайсалмаушылық қа­сиеттер тән. Соныман қатар олар соғыс өнерін өте жақсы меңгеріп, басқаларды қалай тізе бүктіріп, бағындыру жолдары мен тәсілдерін жетік меңгеру керек деп санайды. Бұл – олардың бәріне тән, ортақ қасиет. Жан рақатына берілген, ішіп-жемге, әйел құмарлыққа төзе алмайтындардың бойында ерік күшінің әлсіздігі соншалық оларда ашу-ыза қасиеті мүлдем кездеспейді әки түбірімен жо­ ғалып кеткен. Басқаларда керісінше жан мен тәндегі ашу-ыза, қайсарлық пен құштарлықтың күштілігі сонша, олар шапшаң әрекеттер жасайды. Мұндайлардың жан дүниесіндегі ашу-ыза мен құштарлықтың өктемдігі бірдей. Сонымен бірге өз құмарлығын қанағаттандыруға бар жа­ нын салып, тырысатын және осыған қанша күш керек болса, сон­ша­лық күш жұмсайтын адамдар да болады. Бұл ретте бой­ дағы ең абзал қасиеттер әрқашанда мейлінше пәс нәрселерге 84

Азаматтық саясат сарп етіледі. Атап айтқанда, ойлау қабілеті ашу-ыза мен құш­ тарлық күштердің қызметіне жегіледі, ал өз кезегінде ашуыза күші тағы да сол құштарлық күшінің қызметін атқарады. Адам бұл жағдайда өзінің бар ойын «ашу-ыза әрекеті мен құш­ тарлық әрекеті неліктен болады?» дегенді анықтау үшін жұм­ сайды. Кейін ашу-ыза күшін өз тәнінің ішіп-жеу рақатына, ләззат рақатын қанағаттандыру үшін үшін қол жеткізіп, соны сақтауға жағдай жасайтын нәрселерге жұмсайды. Мұндай әре­ кеттер көбіне дәулетті түріктер мен бәдәуәи (шөл дала тұр­ ғындары) арабтарда кездеседі. Өйткені билікке талпыну, ішіпжеуге мешкейлік пен зинақорлыққа құштарлық – осыларға тән қасиет. Сондықтан бұлар әйел затына табынады. Олардың көбі бұзық жолға түседі де, мұны азғындық деп есептемейді, рухани дүниесі жыныс құштарлығына белшесінен батса да, одан бойын тартпайды. Осылардың көбінің жыныстық қатынаста көрген-білгенінің бәрін әйелдер алдында мақтаныш етіп айтып отыратынын байқайсың. Олар әйелдердің алдында өздерінің дәрежесін арттыру үшін еш нәрседен тартынбайды. Әйелдердің жамандаған нәрсесін жамандық, мақтағандарын жақсылық деп санайды. Олар әйелдердің әуесқойлығының бәрін мүлт еткізбей орындайды. Сөйтіп, бұлар көбіне әйелдің жетегінде кетіп, үй тұрмысын әйелдері басқарады. Олардың көбі осылайша әйел­ дерді байлыққа үйретіп, ауыр еңбекке жекпейді. Әйелдерді сән­ қойлыққа және бос отыруға үйретіп, ең ауыр қара жұмыстың бәрін өздері орындайды. Пасық қала Пасық қала – бұл тұрғындары әуелгі бастамаға сеніп, бақытты қиялдап, соны арман ететін, соған сеніп, бақытқа жеткізетін әрекеттерді басшылыққа алатын және оларды білетіндер бірақ, сол әрекеттердің бірде-бірін орындамайтын адамдар. Керісінше өздерінің арманы мен тілегі жағынан белгілі шамада надан қала (120-бет) тұрғындарының мақсаттарына жақын. Олардағы сыйқұрмет, жеңіске жету, мансап және сол сияқты т.б. жету үшін 85

Азаматтық саясат жұмсайтын барлық әрекеттері мен қабілетін надан қаладағы сияқты көздейді. Бұл қалалардың түрлері саны жағынан надан қалалардың санына дәлме-дәл келеді. Өйткені олардың әрекеттерінің бәрі – надан әрекеттер және мінез-құлықтарының бәрі – надандыққа тән мінез-құлықтар. Бұлардың надан қала тұрғындарынан айыр­ машылығы тек өздерінің көзқарастарында ғана. Бұл қалалар­да­­ғы тұрғындардың бірде-біреуі ұлы мақсаттарға мүлдем жете алмайды. Адасқан қала Адасқан қалаларға келетін болсақ, бұлар – тұрғындары біз айтқан ұғымдарға тіпті сәйкес келмейтін түсініктерді өздеріне басшылық етіп алған қалалар. Олардың санасындағы әуелгі бас­ тама жайлы түсініктер біз тілге тиек еткен мәселелерге мүлдем сәйкес келмейтін жалған пайымдар және бақыт туралы пайымдары да шын бақыт түсінігіне қарама-қайшы. Олар бақытты өз қиялдарында мүлдем басқаша пайымдайды. Ба­қытқа жеткізе алмайтын әрекеттер мен көзқарастарды бас­шылыққа алады. Әрекет жасаушылар Қайырымды қалалардағы индивидтер көптеген түрлерге бөлінеді. Олардың ішінде (121-бет) бақытқа бастайтын әрекеттер жасаушылар да бар. Бірақ бұлар шын бақытқа емес, қайдағы бір басқа сый-құрмет, билік, байлық және т.б. сол сияқты «бақытқа» ұмтылады. Бұлардың ішінде надан қаланың кейбір қағидалары мен мақ­саттарын басшылыққа алатындар бар. Бірақ оларға қайы­ рым­ды қалалардың заңдары мен қағидалары кедергі жасайтын болғандықтан, заң шығарушының аузына қарайды. Олар заң шы­­ғарушылардың заңдарындағы сөздерін, өз қалауларына сай бұрмалап түсінеді. Осылайша сол қағидаларды бұрмалайды. Мұн­дай адамдар бұрмалаушылар деп аталады. 86

Азаматтық саясат Бұлардың ішінде бұрмалауға тырыспайтындары да бар. Олар көбіне заң шығарушының айтқандарын жете ұғынып, дұрыс түсінбегендіктен, қала заңдарын басқаша қабылдайды. Солай­ша бұл адамдардың іс-әрекеттері бірінші басшының мақсат­тарына сәйкес келмей жатады. Олардың дұрыс әрекет етпеу себептері – заңды дұрыс түсінбеулері. Бұлар да – заңды бұрма­лаушылар. Кейбір адамдар өздеріне және басқаларға арналған заңдар­ ды өз түсініктеріне қарай бұрмалауы мүмкін. Алайда олардың бұл әрекеттері қайырымды қаланың қағидаларына қайшы емес, қайта керісінше олар ақиқатты басшылыққа алып, шындыққа же­туге ұмтылады. Мұндай адамдар пайымның жоғарғы, еш нәрсе бұрмаланбайтын сатысына көтеріледі. Егер олар осы сатыға көтерілгеніне қанағат етсе, онда осында тоқтайды. Ал егер қанағаттанбаса және алдыңғы сатыдағы қайшы танымтү­сінікке жетсе, онда олар жаңа сатыға көтеріледі. Осылайша олар сол сатылардың біріне жетіп, қанағат тапқанға дейін осылай жалғастыра береді. Ал егер бұлар түсініктің бұл сатысына да қанағаттанғысы келмесе, онда ақиқат сатысына және іс жүзінде заттардың шынайы болмысы қандай болса, дәл сол күйінде түсіну сатысына көтеріледі де, пікірлері сол жерде тоқтайды. (122-бет) Бұлардың ішінде өзі түсінетін нәрсені бұрмалай­ тын адамдардың тағы басқа бір тобы бар. Бұлар келесі сатыға көтерілген сайын, оны бұрмалай береді де, ақиқат сатысына жет­кенше осылай жалғастыра береді. Бірақ, олар оны тағы да бұрмалайды. Осының бәрін олар билікке жету үшін ғана немесе өздері бейім надан қала тұрғындарының басқа бір мақсаттары үшін істейді. Қолынан келгенінің бәрін бұрмалайды да, жан дү­ ниелерінде бақыт пен ақиқатты нығайта, жақсарта және бекіте түсетін сөздердің ешқайсысын естігісі де келмейді. Олар бақытты бұрмаланған ұғым негізінде қабылдайды. Бақытқа жеттік деп қиялдайды. Сондықтан да олардың көпшілігі надан қалалардың тұрғындарына қарағанда «басқа мақсатты көздеп едік» деп, сырттай өздерін ақтауға тырысады. 87

Азаматтық саясат Ішінде басқа бір тобы бар: ол топтың бақыт пен тіршілік бастамасы туралы түсінікке иа. Өз ақылымен түсінуге мүлдем қабілетсіз әрі өз түсінігі бойынша оларды жеткілікті мөлшерде меңгеруге қауқарсыз. Сондықтан түсініктерін бұрмалайды да, қайшылықтарға тап болады. Сөйтіп ақиқатқа бір табан жақын түсініктің сатысына көтерілген мезетте оны бұрмалауға көшеді. Бұлар ешқашан ақи­ қат сатысына көтеріле алмайды. Өйткені олардың ақыл-парасаты оны танып-білуге қабілетсіз. Бұлардың көбі ақиқатты қайшы­ лық деп тапқандықтан, түсініктері жетілмегендіктен және жіті ойламағандықтан бұрмалайды. (123-бет) Көпшілігі ақиқатты жеткілікті дәрежеде жете ұғы­ нуға қабілеті жетпесе немесе шын қайшылықтарға кездесіп, соның себебінен ақиқатқа жете алмаса, онда бақыт ақиқатына жеткен немесе соған жеттім деген адамды атақ үшін, билік үшін әдейі өтірік айтып жүр деп есептейді. Олардың ақиқатты бұрмалауға тырысуының негізгі себебі – өз көзқарастарын дұрыс деп табуында. Сондықтан да олардың көбі «ақиқатқа жеттік» деп ойлаушылардың бәрі де алжасқан деп санайды. Соған сүйене отырып, кебіреулері «ешбір мәселенің шешімі жоқ» деп ой түйеді. Енді біреулері осыдан келіп «пайымдалған нәрседе ақиқат мүлдем жоқ және егер біреу бір нәрсенің ақиқатына жеттім дейтін болса, онысы алжасқандық» деген қорытынды жасайды. Міне сондықтан да қайырымды қаланың әкімі осы секілділердің әрекеттерін арнайы бақылауға алады. Адамдардың бұл топтарға белгілі бір шара қолданып, қаладан шығарып жіберу, жазалау, абақтыға отырғызу немесе сол секілді басқа да жазалау шараларын қолдану керек. Бұлардың ішінде «уақыт өте келе әркім өз ақиқатын табады және кез келген нәрсенің ақиқаты – әркімнің өзі жеткен нәтижесі саналады» деп түсінетіндері де бар. Енді кейбіреулері ақиқатты түсі секілді деп пайымдайды немесе алыстағы ақиқатты «мен көрдім немесе көрейін деп тұрмын» деп ойлайды. Енді біреулері өзін «ақиқатқа жеттім, мен оны іштей сезіп отырмын немесе мен ақиқатты жіберіп қойдым, енді оны қайта табуым үшін маған өте 88

Азаматтық саясат көп уақыт қажет» деп ойлайды немесе біреулері ақиқатты табу үшін барлық жағдай жасалса-дағы өзінің ақиқатты таба алмайтынын біледі. Әл-Фараби. Азаматтық саясат. Бейрут-Любнан. Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1996. ­­– 21-127 б.

МАЗМҰНЫ Алғы сөз......................................................................................................... 3 Бірінші бөлім Жаратылыс сатылары................................................................................... 5 1 – Алла.................................................................................................... 6 2 – Екінші себептер................................................................................. 6 3 – Әрекетшіл ақыл................................................................................. 7 4 – Жан..................................................................................................... 8 Форма және материя................................................................................... 12 Екінші бөлім Жаратылыстың бір-бірінен артықшылығы.............................................. 16 1 – Форма және материя....................................................................... 16 2 – Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл............................................ 17 3 – Аспан денелері................................................................................. 19 4 – Бірінші Себепкердің артықшылығы.............................................. 21 Үшінші бөлім Әлем............................................................................................................. 26 Жаратылыс теориясы............................................................................ 26 Екінші кезектегі себептер..................................................................... 31 Аспан және жер субстанциялары........................................................ 32 Бар болуы міндетті, мүмкін және мүмкін емес нәрселер.................. 35 Төртінші бөлім Азаматтық қоғамдар................................................................................... 49 Халықтардың ерекшелігі мен оның себептері................................... 50 Бесінші бөлім Мінез-құлық................................................................................................ 52 Әрекетшіл ақылдың рөлі...................................................................... 52 Ерік күші және оның түрлері............................................................... 52 Бақыт және қайырымдылық пен зұлымдық....................................... 53 Адамның бақытқа кенелуі.................................................................... 55

Алтыншы бөлім Қайырымды қала......................................................................................... 58 Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж.......................................... 59 Басшы басқаға үйретіп, жол көрсетеді................................................ 59 Бірінші басшы........................................................................................ 60 Ізбасар басшы........................................................................................ 62 Мәңгілік қайырымды қала тұрғындарының бағыты......................... 63 Адасқан қала тұрғындарының бағыты................................................ 64 Қайырымды қала тұрғындарының дәрежелері әлемдегі болмыс дәрежелеріне, ал бірінші басшы жаратушыға ұқсайды..................... 65 Қайырымды қала тұрғындарының бақытқа кенелуі үшін білуі қажет нәрсе................................................................................... 67 Жетінші бөлім Қайырымды қалаға қарама-қайшы қалалар............................................. 70 Надан қала............................................................................................. 71 Пасық қала............................................................................................. 85 Адасқан қала......................................................................................... 86 Әрекет жасаушылар............................................................................. 86

Әбу Насыр әл-Фараби АЗАМАТТЫҚ САЯСАТ Аударған және түсініктеме берген Жалғас Сандыбаев Редакторы А. Ауанова Беттеген Т. Есжанов Мұқабасын көркемдеген Р. Скаков ИБ № 13832 Басуға 25.09 2020 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 5,75 б.т. Тапсырыс № 11825. Таралымы 100 дана. Сандық басылыс. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды