Ресей империясының Қазақстандағы орыстандыру саясаты (ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басы): оқу құралы 9786010415584

Оқу құралында мұрағат құжаттары мен шетел зерттеушілерінің мəліметтері негі - зінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғ

885 164 2MB

Kazakh Pages [196] Year 2015

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Ресей империясының Қазақстандағы орыстандыру саясаты (ХІХ ғасырдың екінші жартысы  ХХ ғасырдың басы): оқу құралы
 9786010415584

Citation preview

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

М. Ш. Эгамбердиев

РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басы) Оқу құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2015

ƏОЖ 94(574)(075.8) КБЖ 63.3(5қаз)я73 Э 17 Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология жəне этнология факультетінің Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған (№3 хаттама 4 наурыз 2015 жыл) Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Қалыш тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ə. Жолсейітова

Эгамбердиев М.Ш. Э 17 Ресей империясының Қазақстандағы орыстандыру саясаты (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы): оқу құралы / М.Ш. Эгамбердиев. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 196 б. ISBN 978-601-04-1558-4 Оқу құралында мұрағат құжаттары мен шетел зерттеушілерінің мəліметтері негізінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Қазақстанда жүргізген рухани отарлау саясаты уақыт ретімен жүйеленіп, баяндалады. Автор Ресей империясының Оңтүстік Қазақстандағы əскери отарлау саясатының мақсаты мен бағыттарына, əскери бекіністер мен гарнизондардың құрылуына, аймақта жүргізілген əкімшілік реформалардың мақсаты мен мазмұнына, орыс шаруаларын қоныстандыру саясатына, рухани отарлау саясатының тəсілдері мен салдарына назар аударады. Отар əкімшіліктің мұсылмандық ағартушылықпен жəне оларды қаржыландырған вакуфтармен күресінен, миссионерлік саясатпен шіркеулік мектептердің қызметінен, стандар мен шіркеулердің құрылу тарихынан, оқу-ағарту саласында жүргізілген орыстандыру саясатының əдістері мен орыс-түзем мектептерінің Қазақстандағы рухани отарлау саясатындағы рөлін ашып, жəдидшілдік қозғалыстың өрістеуі мен Қазақстанның ұлттық саяси интеллигенциясының рухани отарлау саясатына қарсы күресінен құнды мəліметтерді береді. Оқу құралы ЖОО-да «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «Этнология» жəне осы сала бойынша «Арнаулы курс» пəндерін оқытуға, өлкеміздің тарихын білуге, оны зерттеуге құмар көпшілік қауымға арналған.

ƏОЖ 94(574)(075.8) КБЖ 63.3(5қаз)я73 ISBN 978-601-04-1558-4

© Эгамбердиев М.Ш., 2015 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015

ÀËҒÛ ÑӨÇ

Тəуелсіз Қазақстан мəмлекеті жарияланғаннан бергі мерзімде отандық тарихымыздың көптеген проблемалары жаңа тұрғыдан зерттелуде. Кенестік кезеңде Ресей империясының Қазақстанды отарлауы белгілі деңгейде зерттелгенімен, оның зардаптары, əсіресе рухани саладағы ықпалы, отарлық биліктің басқару жүйесінің əдістері көлеңкеде қалды. Керіcінше, шетелдік тарихшылар (батыс советологтары) Ресей билігінің, онан соң КСРО билігінің аз ұлттарға деген саясатының, əсіресе оларды орыстандыру саясатын əр қырынан зерттеуге күш салды. Бұған кеңестік коммунистік идеологияға қарсы күрес жүргізген батыс елдерінің КСРО мен қарым-қатынасы ықпал еткені аян. Ал қазақстандық тарихшылар да бар, шетелде жарияланған ондай зерттеулер авторларын буржуазиялық фальсификаторлар деп бағалап, осы тұрғыдан кітаптар шығарғаны белгілі. Ресей империясының Қазақстандағы отарлау саясатының тарихы – кешенді зерттеуді талап ететін проблема. Себебі отарлаудың əртүрлі əдістері мен жолдары (дипломатиялық, экономикалық қысым, əскер күшін қолдану, т.б.) ішінде өзіне қосып алған жерлерді əкімшілік жəне экономикалық тұрғыдан игерумен қатар біртіндеп рухани жағынан да бағындыруының немесе орыстандырудың отарлық билік үшін зор маңызы болған. Автор жұмысын осындай өзекті мəселеге арнаған. Тақырыптың ауқымдылығына байланысты жəне Қазақстанның отарлық билікке тəуелді болған аймақтарының Ресейге қосылуының мерзімдеріне сəйкес, сондай-ақ Ресей шекарасынан алшақ жатқан аймақтардың халқының құрамына, жергілікті ерекшеліктеріне орай автор зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан өңірін таңдады. Осыған орай, ескертетін бір жайт – оқу құралдағы 3

Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы рухани отарлау саясаты деген анықтама шартты түрде берілген. Өйткені Қазақстанның қай өңірі болса да орыстанып кеткен жоқ. Халық өзінің тілін, мəдениетін, ұлттық сана-сезімін сақтап қалды. Бірақ сол саясаттың зардабы орасан зор зиян əкелгені белгілі. Ал мына оқу құралдағы қарастырылған Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының тығыздылығына, ондағы қазақтар өңірдегі халықтың басым көпшілігі болғандықтан кеңестік кезеңдегі орыстандыру саясатына да барынша төтеп бергендігі мəлім. Сондықтан бұл еңбектегі рухани отарлау саясаты деген анықтама отарлық биліктің саясатына байланысты берілген. Оқу құралында тың материалдар, оның ішінде Өзбекстан, Қазақстан жəне Түркия мұрағаттарынан алынған материалдар кеңінен пайдаланылған. Оқу құралында Ресей əкімшілік жүйесінің, сондайақ білім беру орындарының қалай құрылғаны, олардың мəденирухани саладағы отаршылдық саясатты қалай іске асырғаны туралы нақты деректер негізінде баяндалған. Осы тақырыпқа қатысты деректік жəне тарихнамалық шолу да жақсы жазылған. ҚР Əскери Академиясының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.С. Алдажұманов

ÊІÐІÑÏÅ

Жетпіс жыл бойы отандық тарих ғылымы кеңестік маркстіклениндік методология құрсауында дамып келді. Көптеген тарихи мəселелердің шынайы беті ашылмай біржақты қаралды. Қазақстан тарихы басқа түркі халықтарының тарихынан бөлек зерттеліп, «қызыл империяның» тұншықтырушы идеологиясы аясында ұзақ жылдар бойы бұрмаланып дамыды. Империяны басқарып отырған коммунистік партия басшылары қазақ халқының тарихына екінші дəрежелі сипат беріп, «прогрессивті даму тек орыс халқының арасында ғана болды» деген ұғымды енгізді де халықтың солай түсінуіне мəжбүр етті. Партиялық принциптер негізінде жасалған бұл тар ұғым халық санасына жоспарлы түрде бірте-бірте сіңісіп келді. Революцияға дейінгі орыс жəне кеңестік тарихнамада қазақ халқының өз бетінше даму мүмкіндігі болмаған деп тұжырымдалып, олардың көшпелі шаруашылық мəдениеті əшкереленді. Революцияға дейінгі мұсылмандық сауаттылық есептелмей, қазақтардың небары 2 %-ы ғана сауатты деген түсінік басым болды. Осылайша, қазақ халқының мұсылмандық сауаттылығы мен ұлттық білім саласының шынайы тарихы да бұрмаланды. Ұлттық сана-сезім Ресей империясының «ағайындық» идеологиясының көлеңкесіне айналды. Империяның ұлттық идеологиясы патша өкіметінің отарлық идеологиясы негізінде қалыптасып, қазақ халқының сана-сезімін, ой-өрісін, ділін өзгертуге, біртіндеп рухани кіріптар етіп, орыстандыруға бағыттады. Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде жүргізілген рухани отарлау саясатын жан-жақты зерттеу, тарихтың «ақтаңдақ» беттерінің шынайы бетін аша түсетініне күмəн жоқ. 5

Қазіргі таңда егеменді еліміздің халықаралық қауымдастықта өз орнын табуы, бізге отандық тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сол үшін шындығы айтылмаған немесе осы күнге дейін ашылмаған тарихи құбылыстарды зерде елегінен өткізіп, оған тарихи принцип негізінде объективті түрде баға беру үлкен жауапкершілік жүгін арттыра түседі. Осы орайда, Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында бұрынғы мемлекеттік хатшы М. Тажин жасаған баяндамасында «қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру» деген талаптары осының айғағы бола алады. Дүниежүзілік саяси-экономикалық жəне мəдени өзгерістер Қазақстан Республикасының даму стратегиясына өз əсерін тигізуде. Егеменді ел болып, еңсемізді көтеріп əлемдік қауымдастықтарда өзімізді жан-жақты таныта білдік. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне рухани бағыттағы енгізіп отырған жаңалықтары отандық тарих ғылымы алдында шынайы тарихын жіті зерттеу талабын күшейте түсті. Бұл талаптардың арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық, саяси-мəдени жəне рухани-ағартушылық салаларда жүргізген орыстандыру мен шоқындыру саясаты өз орнын иеленіп отыр. Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін жүргізген рухани отарлау саясатының көптеген тұстары ашыла қойған жоқ. Оңтүстік Қазақстан өңірінің бүгінгі таңда екі миллионнан астам тұрғыны бар. Мұнда он қала, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында 174 кеңестік жəне республикалық деңгейдегі өнеркəсіп орталықтары жұмыс істеген. Сондықтан өзінің территориялық көлемділігі жəне экономикалық даму ерекшелігімен Оңтүстік Қазақстан өңірі еліміздің маңызды аумақтарының бірі болып табылады. Бұл аймақ Ресей империясының құрамына кейін қосылды. Онда қазақ халқы ұзақ уақыт басым болды. Осыған қарамастан патшалық Ресей Қазақстанның оңтүстік аймағын өзінің құрамына сіңіру үшін бір қатар іс6

шаралар атқарды. Əсіресе халық ағарту саласы да, сонымен қатар орыс мұжықтарын, келімсектері мен шаруаларын қоныстандыру арқылы орыстандыруды бірінші кезекке қойды. Осы күнге дейін мұрағат қорларында патшалық Ресейдің орыстандыру жəне шоқындыру салаларында жүргізген тарихи бетбұрыстарына байланысты құнды материалдар сақталып келуде. Бұл мұрағат қорлар Кеңес өкіметі жылдарында барынша ашылмай келді. Сондықтан мұрағат қорларындағы жарияланбаған материалдарды ғылыми айналымға тартып, оны шетел зерттеушілерінің еңбектерімен салыстыра отырып, патшалық Ресейдің рухани отарлау саясатының беймəлім тұстарын ашу отандық тарих ғылымындағы өзекті мəселелер қатарында болары анық. Оқу құралында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан, яғни 1867 жылдан бастап, 1917 жылғы Ақпан революциясына дейінгі кезең қамтылады. Себебі сол жылдары Оңтүстік Қазақстан өңірі Түркістан генерал-губернаторлығына қаратылып, Ресей империясының шет аймағы ретінде дамыды. Мұнда қазақ халқының саны басым болды. Қазақтың төл мəдениеті мен ұлттық мүддесі о бастан жоққа шығарылды. Орыс ғалым-миссионерлерінің зерттеулері революцияға дейінгі отандық тарихты объективті түрде зерделеуге тосқауыл болды. Ал кеңестік тарихнама тарихымыздың шынайы көзін ашуға тіптен мүмкіндік бермеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы орыстың қазақ даласына үстемдік еткен отаршылдық бағыттағы тарихнамасы, қазақ даласын орыстандыру мен шоқындыру, төл мəдениетін орыс мəдениетінің аясында жоғалту идеясын жүзеге асыру тəсілдерін ойластыру барысында бірталай еңбектерді дүниеге əкелді. Проблемаға байланысты ең алғашқы саптарға, яғни аймақты орыстандыру мен шоқындыруға əуес болғандар қатарында Н.П. Остроумовты, С.М. Граменицкийді, А.Е. Алекторовты жəне И.Н. Ильминскийді [1] жатқызуға болады. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К.П. Кауфман: «Мектептер мен медреселердің ағарту ісі заман талабына сай болмағандықтан, заңды процесс негізінде өзінен-өзі ыдырады», – 7

деп білген. Бұл ағымды пайдалана отырып, К.П. Кауфман өлкеде аралас орыс-түзем мектептердің санын арттырып, орыстандыру жолдарын іздестірді. Оның пікірінше, «өзге халықты шошындырмай, аралас орыс-түзем мектептер ашылса империя мүддесін өз дəрежесінде орындап», бұратана халықты орыстандыруды оңайлата түсер деп білсе [2], Н.П. Остроумов «Колебания во взглядах на образование туземцев в Туркестанском крае» атты мақаласында орыстардың қазақ жеріне келгенге дейін бұратана халық қараңғылықта өмір сүргенін дəлелдеуге тырысып, мұсылмандық мектептер мен медреселердің сапа жағынан төмендеу себептерін зерттеп, орыстандыру тəсілдерін ойластырумен əлек болған. Н.П. Остроумов мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты бір қатар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар: «К истории мусульманского образовательного движения в России в ХІХ и ХХ столетиях», (СПб.: Мир ислама, 1913), «Мусульманские мактабы и русско-туземные школы в Туркестанском крае» (Журнал Министерства народного просвещения, 1906. – № 2), «Мадрасы в Туркестанском крае» (Журнал Министерства народного просвещения, 1907. – №1) болып есептеледі. Н.П. Остроумов, мұсылман оқу орындарының дамуына тосқауыл болу жолдарын егжей-тегжей зерделеп, осы еңбектерін жазған. Себебі сол жылдары мұсылмандық оқу орындар өлкенің орыстандырылуымен оның халқын православиелік дінге кіріптар етуге кедергі болған. Ол «Туркестанские ведомости» газетінде орыстандыру саясатының бірден-бір жолы – «қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси-мемлекеттік құрылымға біріктіру арқылы іске асыратынын жəне бұл бағыттағы негізгі буынды оқуағарту саласы» алатынын жазған [3]. Сондай-ақ орыстандыру тəсілдерін қазақ даласында оқу ағарту саласы арқылы жүргізуге болатынын И.Н. Ильминский де өз жұмыстарында ашық көрсеткен. Оның «Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам» (Казань, 1883) атты еңбегінде рухани отарлау мəселесі бірінші қатарға қойылған. И.Н. Ильминский бұратана халық үшін арнайы əліппе жобасын əзірлеп, аталмыш əліппені міндетті 8

түрде мұсылман оқу орындарында пайдалануды ұсынған. Ол обер прокурор Қасиетті Синод К.П. Победоносовқа жазған хатында қазақ даласын шоқындыру тəсілдері жөнінде жазған. Оның барлық еңбектері орыс православиелік миссиясы тұрғысынан жазылған. И.Н. Ильминский православиелік миссияны жүргізетін бірқатар шəкірттер де тəрбиелеген. А.Е. Алекторовтың: «Очерки из истории инородческого образования в России» атты мақаласында «жергілікті халықтың орыстандырылуы тек білім арқылы ғана іс жүзіне асады», – деген пікірі орыс əкімшілігінің өлкедегі негізгі мақсатын анық көрсеткен [4]. С.М. Граменицкий, өлкедегі мұсылмандық оқу орындары мен ашылған орыс оқу орындарының статистикалық есебін жүргізіп, бұл көрсеткішті теңестіру арқылы ғана орыс əкімшілігі орыстандыру мақсатына қол жеткізе алатыны жөнінде пікірлерін тілге тиек еткен [5]. Осылайша, орыс-миссионер ғалымдары өлкенің орыстандырылуының ең оңай жолы халық ағарту саласын таңдады. Қазақ даласын орыстандыру жолдарын іздестірген ғалым-миссионерлердің еңбектері, патшалық өкіметтің миссиясы тұрғысынан жазылғаны анық байқалады. Өз еңбектерінде аталмыш ағартушымиссионерлер, орыстандыру барысында мұсылмандық ағартушылыққа тосқауыл болудың жолы шет аймақтағы халықтарды орыс оқу орындарына тартумен іске асады деп баққан. Өлкені орыстандыру мəселесі патшалық өкіметтің тапсырмасымен революцияға дейін шыққан ресми басылымдарда көрініс тапты. Бұл басылымдар арасында «Туркестанские ведомости» газеті өз белсенділігімен көзге түсті. Н. Васильев: «К вопросу о школьном образовании у современных мусульман» атты мақаласында «өлкені оқу-білім арқылы орыстандыру қажет», – деген ойын мына сөздермен білдірген: «Выражаясь языком математики, можно сказать что школа есть функция от множества переменных величин, с изменением которых изменяется и она сама» [6]. Сонымен қатар бұл газеттің 1870 жылы №16 санында Ресей империясының Түркістан өлкесіне уақытша келіп, əскери жаулап 9

алушылықты көздемегенін, керісінше бұл аймақтың Ресейдің мемлекеттік жеріне қосуды жəне орыс «элементіне» жақындатуды мақсат еткенін ашық жазған. ХХ ғасырдың басына дейін орыс əкімшілігі мұсылмандық оқу орындарымен күресі – басты күрестерінің біріне айналды. Баспа беттерінде орыс тіліне байланысты жəне оны бұратаналар арасында нақты орнықтыру мəселесі мен қазақ даласын орыстандыру қажеттілігі жөнінде көптеген мақалалар жарияланды. 1884 жылы жарияланған «К вопросу о распространении образования среди туземцев Туркестана» [7] атты мақаладағы: «Полная ассимиляция элементов, чуждых русской народности подлежит задачами будущего», – деп жазылған сөздер, орыстардың өлкедегі жоспарлаған стратегиялық мақсатын айқын көрсетіп отыр. Қазақ халқын рухани тəуелділікке түсіру мəселесі В.П.Наливкиннің «Школа у туземцев Средней Азии» (1889. – № 32), «О постановке инородческого образования в Туркестанском крае» (1905. – № 169), «Учебное дело в Туркестанском крае» (Материал для истории народного образования в Туркестанском генерал-губернаторстве, 1880. – № 36), «Народное образование в Туркестанском крае» (1897. – № 44) мақалаларында көрініс тапты. Қазақ даласын орыстандыру жəне шоқындыру қажеттілігі туралы ұсыныстар ХХ ғасырдың басында жарық көрген еңбектерде де кездеседі. Бұл мəселені А. Добросмыслов, А. Марков, А.Л. Кун, И.А. Бобровников, А. Хорошкин, С. Рыбаков, М. Бродовской, А.В. Кривошеин, К.К. Пален жəне С.Н. Веселецкий сынды зерттеушілер қолға алған [8]. Аталмыш зерттеушілердің ізденістері жоғарыда аталған Н.П. Остроумов, А.Е. Алекторов жəне И.Н. Ильминский сынды миссионерғалымдардың пікірлерімен үндесіп келеді. «Русский язык среди туземцев» [9] атты мақаласы өлкені орыстандыру саясаты патша өкіметінің мемлекеттік мүддесі тұрғысынан жүргізілгенін ашып отыр. Бұл мақалада автор, түзем тіліндегі кітаптарды орыс жазуына көшіріп, кейбір тармақтарын орыс тіліне аудару керектігін ұсынып, басылған кітаптарды төмен бағамен немесе тегін таратуды ұйғарған. Бұл ұстаным өлкені орыстандырудың жаңа əдісі болып, бұратана халықтың ой10

өрісін орысша ойлау қабілетіне əкеліп тіреген. Мұны Шымкент қаласының тұрғыны Саттар хан Абдул-Ғафаров мойындаған. Ол «Туркестанские ведомости» газетінде жариялаған мақалада «бастапқыда орыс əкімшілігі мектеп, медреселерге орыс тілін енгізген, сонан соң орысша басылымдар көбейді. Бұл үрдіс орысшаны үйрену қажеттілігін арттырды», – деген ойын білдіріп, сол жылдары орыс тілінің кең өріс алғанын ашық айтқан [10]. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында патшалық Ресейдің оқуағарту саласындағы жүргізген саясаты «Дала уалаяты» газетінде жарияланған. Бұл газетте «Орысша қазақ балаларын оқытатын школ», «Қазақтардың медресе ашқандары», «Дала уалаятында қандай метептер пайдалы» атты мақалаларда патша өкіметінің оқу-ағарту саласында жүргізген орыстандыру саясаты ашық дəріптелген [11]. Оқу-ағарту саласындағы орыс əкімшілігінің бүркемеленген орыстандыру саясаты ұлттық басылымдарда осылай көрініс тапты. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде орыстандыру мəселесіне байланысты көптеген мақалалар жарық көрген. Бұл басылымдарда жарық көрген мақалалар ұлттық тұрғыдан жазылған [12]. Кеңестік тарихнама өкілдері партиялық принциптерді ұстана отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтарды қараңғы халық ретінде сипаттауды іске асырды. Партиялық принциптер зерттеушілері қазақ халқының артта қалғанын жəне олардың Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін ғана даму мүмкіндігіне қол жеткізгенін дəлелдеуге мəжбүр еткен. Мұндай жағдайда тарихи шындықты жазу мүмкін емес екендігі жұртшылыққа аян. Дегенмен орыс əкімшілігінің мұсылмандық ағартушылыққа деген ұстанымы М. Вахабов [13] жəне И. Брагинский [14] жұмыстарында кездеседі. Патша өкіметінің оқу-ағарту саласында жүргізген əділетсіздік саясатын сынға алғандар да болды. Олардың қатарына А. Эфиров [15] пен А. Новицкийдің [16] еңбектерін жатқызуға болады. Бұл авторлар орыс əкімшілігінің оқу-ағарту саласы арқылы бұратана халықтарын орыстандырып, Ресей империясына тəуелді етуді көздеген деген тұжырымдар жасаған. 11

Қазақ жерінде патша өкіметінің оқу-ағарту саласында ұстанған реакциялық саясатын С. Асфендияров [17] пен М. Тынышпаев [18] жазған. И. Сталиннің кезінде бұл авторлардың еңбектері ғылыми айналым қатарынан алынып тасталды. Кеңестік тарихнама өкілдері партиялық принциптерді қатаң сақтап отырғанда, қазақ даласын орыстандыру мəселесіне шетел тарихнамасы да көңіл бөлді. Бұл мəселе бойынша 1950 жылы 8 шілдеде АҚШ-тың азаттық комитеті тарапынан қолдау тауып, Германияның Мюнхен қаласында құрылған «Кеңес өкіметін зерттеу институты» күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізгені мəлім. Институт құрамында саяси қуғынға ұшыраған ғалымдар қызмет атқарған. Олардың зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – Ресей империясының тарихы туралы батыс елдеріне таныс емес жайттарды жариялау болып табылды. Институттың ресми органы ретінде 1950 жылдан бастап шыққан «Дерги» журналында зерттеп отырған тақырыпқа байланысты бірқатар мақалалар жарияланған. Орыстандыру мəселесіне байланысты онда Ю. Мироненконың «Sovyetler Bіrlіğіnіn Gayrі Rus Halklarını Ruslaştırma Vasıtası Olmak Üzere Karma Evlenmeler» (Мюнхен, 14/68. – № 54), В. Дубровскийдің «Sovyet Türkіstan’ı Hakkında Bazı Kayıtlar» (Мюнхен, 10/64. – № 38), Е.А. Писменныйдың «Yenі Adam’ın Eğіtіmі Problemі» (Мюнхен, 10/64. – № 38) зерттеу жұмыстары жарияланған. Алайда бұл зерттеулер антикоммунистік тұрғыдан идеологияландырылған іспетте жазылғандықтан, мұнда тарихи шындық бұрмаланған. Дегенмен авторлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басын қамтитын патша өкіметінің жүргізген рухани отарлау саясатын ашық қысымсыз айта білгені байқалады. Аталмыш авторлар өз еңбектерінде патша өкіметінің империалистік саясатын жалғастырған Кеңес өкіметі де орыстандыру саясатын мемлекеттік тұрғыда жүргізген деген пікірді ұстанған. Кезінде Александр Бенингсен (Ender Wіmbush, Muslіm Natіonal Communіsm іn the Sovіet Unіon. – Chіcago, 1979) мен Мэри Холдсворд (Turkestan іn the Nіneteenth Century, A bіref Hіstory of Bukhara, Kokand and Khіva. – Oxford, 1959) өз еңбектерінде 12

Түркістандағы мұсылмандардың жағдайына байланысты зерттеулер жүргізген. Бұл авторлар патшалық Ресей мен Кеңес заманында Түркістанның əлеуметтік-экономикалық өміріне көңіл бөліп, мұсылмандардың орыстандыру саясатына қарсы жүргізген күрестерін сипаттайды. 1950 жылдары Қазақстандағы оқу-ағарту саласының даму мəселелерін зерттеген К. Бержановтың, А. Сыдықовтың, А. Сембаевтың, К. Бендриковтың, Т. Тəжібаевтың, Н. Сəбитовтің т.б. еңбектері шықты [19]. Бұл авторлар еңбектерін Кеңес өкіметінің принциптері негізінде жазып, патша өкіметінің оқу-ағарту саласында жүргізген саясатын прогрессивтік тұрғыдан қарастырып, сынға ала алмаған. Соңғы жылдары Ресей империясының отаршылдық саясаты мен оған қарсы қазақ ұлттық саяси элитасының күресін зерттеуге арналған ғылыми жұмыстар арта түсті. Олардың арасында М.К. Қойгелдиевтің, К.Н. Нұрпейістің, Т. Омарбековтің, Ж. Қасымбаевтың, М. Мырзахметовтің, сондай-ақ Қазақстанды отарлауда казачествоның үлесін ашқан М. Абдировтың жұмыстарын атауға болады [20]. Қазақстан жерлерін отарлаудың, соның ішінде патшалық Ресейдің рухани саласындағы саясатының қыр-сырын ашып, М. Шоқайдың қоғамдық жəне саяси қызметін жан-жақты зерттеген К.Л. Есмағамбетовтің еңбегін ерекше атауға болады [21] Ресей империясының орыстандыру саясаты Түркия тарихнамасында да өз көрінісін тапқан. Ол туралы Мехмет Сарай ХІХ ғасырдың екінші жартысында Осман империясындағы мектептер мен медреселерді Орта Азия жəне Қазақстандағы мұсылмандық оқу орындарымен салыстыра келе, олардың сапа жағынан əлсіреу себептерін зерттеген. Бұл туралы Мехмет Сарай былай дейді: «Түркістан мектеп медреселері заманауи ғылымдардан ұзақтай түсіп, тек діни тар ғылымдарды оқытқан. Түркістан мұсылмандары шəкірттерге Құран сүрелерін жаттатып, заман ағымына сай қажетті кадрларды дайындай алмады. Мұны пайдаланған орыс миссионерлері рухани отарлау саясатын барынша жүргізді» [22]. Əрине, автордың бұл пікірі шындыққа жанасады. Мектептер мен медреселердің əлсіреуін пайдаланған, 13

сонымен қатар мұсылмандық оқу орындарды жоюды мақсат еткен патша өкіметі рухани отарлау саясатында түрлі əдістерді пайдаланып, оны өз қалаулары бойынша жүргізген. Сондай-ақ орыс өкіметінің Қазақстан жерінде жүргізген рухани отарлау саясатына байланысты Баймирза Хайт, Зеки Уəлиди Тоган, Надир Девлет, Сейфеттин Ершахин, Қаюм Кесижи, Садетдин Гомеч, Рамазан Өзей, Х. Фейзи [23] зерттеу жұмыстарын жүргізген. Аталмыш Түркия тарихшыларының арасында Башқұртстаннан иммиграцияға ұшыраған Зеки Уəлиди Тоғанның еңбектерін атауға болады. Автор мына «Bugünkü Türkіlі Türkіstan ve Yakın Tarіhі» (Стамбул, 1982) атты көлемді монографиясында түркі халықтарының даму тарихы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси-экономикалық жағдайын назарға алған. Зеки Уəлиди Тоған патшалық Ресейдің оқу-ағарту саласында атқарған шараларын да зерттеген. Сондай-ақ Зеки Уəлиди Тоған орыс əкімшілігінің мұсылмандық оқу орындарымен жүргізген күресін сипаттай келе, патша өкіметінің айла тəсілдерін зерттеген. Баймирза Хайт «Sovyet Bіrlіğіndekі Türklüğün ve İslamın Bazı Meselelerі» (Стамбул, 1987) атты еңбегінде Ресей империясының ислам дінімен күресін суреттей келіп, рухани отарлау саясатының Кеңес өкіметі жылдарында да жалғасын тапқанын жазады. Ол өз еңбектерінің басым бөлігін Ресей империясының отарлау тарихына арнаған. ХІХ ғасырдың басында Түркістандағы саяси жағдайды суреттей отырып, Баймирза Хайт патша өкіметінің отарлау бағыттары мен Ресей империясының қараңғы ойларын көрсете білген. Сонымен қатар автордың еңбектерінің бірқатары Түркістандағы жəдидшілдік қозғалысына арнаған. Олардың арасында «Türkіstan’da Cedіdçіlіk ve Sonu», (Mіllі Eğіtіm ve Kültür Dergіsі, 3 (9) Nіsan, 1981) мақаласы толығымен жəдидшілдік əрекеттің шығу себептері жəне олардың орыстандыру саясатына қарсы жүргізген күресіне арналған. Сейфеттін Ершахин жазған еңбегінде патшалық Ресей мен Кеңес өкіметі Түркістан өлкесін орыстандыру мақсатында ислам дінімен күрес жүргізгенін жазған. Автор 1917 жылы Түркістанда құрылған саяси партиялар жөнінде жəне олардың 14

тəуелсіздік үшін күрес жүргізгені туралы жазған. Еңбектің ерекшелігі – орыс деректерімен қатар, автор АҚШ-та жəне Еуропа елдеріндегі шыққан зерттеулер мен мұрағат құжаттарын да жетік пайдаланғанын көрсеткен. Бұл мəселе бойынша, сондай-ақ Қазақстандағы дəстүрлі оқу жүйесін зерттеген Н. Нуртазина мен Д. Дулатованың мақалалары мен ғылыми жұмыстарын атауға болады [24]. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің халық-ағарту саласында ұстанған реакциялық саясатымен тығыз байланысты Ж. Əмірханованың, М. Жолсейітованың жəне Э. Мырзалиеваның еңбектерін атауға болады [25]. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы жүргізген миссионерлік саясаты туралы Ғ. Батырхановтың кандидаттық диссертациясы зерттеп отырған тақырыпқа тікелей қатысы бар [26]. Мəселені зерттеу барысында Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының, Түркия Республикасының Стамбул Орталық мұрағатының құжаттары жəне Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары кеңінен пайдаланылды. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары мен шетел зерттеушілерінің ғылыми еңбектері салыстырмалы түрде зерттелді. Ресей империясының отарлау барысы мен өлкеге жіберілген əскери экспедициялардың жоспарлары мен бағыттары Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының 715-інші Серебрянниковтың қорынан пайдаланылды. Бұл құжаттар негізінде Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан жерін отарлау барысы зерттелді. Ғылыми жұмысты жазу барысында Ташкент қаласындағы И-17 қордан (Сырдария уалаятын басқару) аймақтағы бұратана халықтың рухани дүниесін орысқа жақындатып, қалыптастыру жөнінде патша өкіметінің көлемді түрдегі жоба нұсқаулары табылды. Бұл нұсқаулар орыстандыру саясатын объективті түрде ашуға үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ орыстандыру саясатын ісжүзіне асыруға күш салған орыс миссионерлердің жеке құжаттары 15

қарастырылып, олардың отаршылдық рухқа негізделген зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. Түркістан генерал-губернаторлығының халық-ағарту ісіне тікелей қатысты құжаттар 47-інші (Түркістан өлкесі оқу орындарының Бас басқармасы) қордан алынды. 1-інші қорда (Түркістан генералгубернаторы кеңсесі) Оңтүстік Қазақстанда орыс-тузем мектептердің орыстандыру саясатындағы рөлін анықтауға мүмкіндік беретін құжаттар мен өлкені зерттеуге жіберілген А. Федченконың, Н. Северцовтың, А. Регельдің, В. Бартольдтың ғылыми экспедиция есептері мəселені ашуға үлесін қосты. Халық ағарту ісінің Сырдария уалаятындағы даму ерекшеліктерін көрсететін 461 (Түркістан аудандық күзет бөлімі) жəне 1044 (Уақытша үкіметінің Түркістан комитеті) атты қордан қажетті құжаттар осы оқу құралында кеңінен пайдаланылды. Түркістандағы халық ағарту саласына байланысты құжаттар 48-інші қордан (Сырдария облысы халық училищелерінің директоры) алынды. 7-қордан (Түркістан өлкесіндегі мемлекеттік мүлік жəне шаруашылық басқармасы) Оңтүстік Қазақстандағы жер мəселесіне байланысты құжаттар қарастырылды. Патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Оңтүстік Қазақстан жерлеріне қоныстандыру саясатына байланысты материалдар 16-қордан (Сырдария өңіріндегі қоныстандыру мəселесінің басқармасы) пайдаланылды. Бұл қордағы материалдар 269-қордың (Сырдария облыстық статистикалық комитеті) құжаттарымен салыстырылды. Ресей империясының орыстандыру саясатын жан-жақты зерттеу мақсатында жеке тұлғалардың қорлары да қарастырылды. Атап айтқанда 1009 – Н.П. Остроумовтың жəне Р-2282 – Н.П. Архангельскийдің қорларында жинақталған құнды материалдардың тақырыпты зерттеуде пайдасы зор болды. Түркия Республикасының Стамбул Орталық мұрағатынан Ресей империясының отаршылдық саясатына байланысты құжаттар табылды. Онда Үндістан жəне Иранның Ресей саясатына деген ұстанымдары, бұл мемлекеттердің ағылшын жəне патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Осман мемлекетінен көмек сұрау хаттары жинақталған. 16

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатындағы 119 (Түркістан уездік басқармасы) қордағы мəліметтер орыс əкімшілігінің мұсылмандықпен күресін анықтау мақсатында пайдаланылды. Түркістан өлкесін, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін православие дініне кіріктіруге құштарлы болған миссионерлердің тапсырмалары мен нұсқаулары 64-қордан (Дала генералгубернаторлығының кеңсесі) алынды. Министрліктер мен Түркістан генерал-губернаторлығынан уездік басқармаларға берілген тапсырмалары 267 (Қазалы уездік басқармасы) қорда жинақталған. Бұл қордан Қазалы уезінде орыс шаруаларын қоныстандыру мəселесіне байланысты құжаттар, өлкеде ашылған мектептер жөніндегі ақпарат құжаттары жəне Түркістан генералгубернаторлығының мұсылмандық оқу орындарын зерттеуге арналған бұйрықтары кеңінен кездесті. 124-қордан (Шымкент уездік басқармасы) Түркістан епархиясының миссионерлік саясатына байланысты материалдар шіркеулік мектептердің қызметін анықтауға көмектесті. Патшалық Ресейдің бұратаналарды шоқындыруға байланысты құжаттары 121-қордан (Түркістан епархиалық училищелер кеңсесі) алынды. Сондай-ақ миссионерлердің православие дінін таратудағы жұмыстарына байланысты материалдар 153-қордан (Түркістан кафедрасының соборы) ғылыми айналымға тартылды. 438-қорынан (Түркістан епархиясының Əскери-Сергеев шіркеуі) Шымкент округіндегі шіркеулер жөніндегі мəліметтері мен Синод əулиенің бұйрықтары зерттелді. 115-қордан (Қоныстанушылардың шіркеулік болмысын орнықтырудағы Түркістан епархиалдық комитеті) атты Түркістан епархиясының тапсырмалары мен нұсқаулары ғылыми айналымға тартылды. Шымкент уезіне қоныс аударған орыс шаруалардың əлеуметтік жағдайы мен олардың санын анықтайтын кестелер 454-қорынан (Шымкент уезіндегі қоныстандыру мəселесінің меңгерушісі) кеңінен зерттелді. Дерек ретінде қазақ, орыс, татар, түрік жəне ағылшын тілдерінде жарық көрген мақалалар ғылыми айналымға қосылды. 17

Сонымен қатар ұлттық басылымдар ретінде «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, татарлардың «Уақыт» газетінен де материалдар зерттеліп, бұл жұмыста қарастырылды. Патшалық Ресейдің оқу-ағарту саласындағы саясатын анық көрсететін «Туркестанские ведомости», «Журнал министерства народного просвещения» атты басылымдарда жарық көрген мақалалар да кеңінен пайдаланылды. Осылайша, ұсынылып отырған оқу құралында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Қазақстандағы рухани отарлау саясатының қараңғы тұстарын нақты мұрағат құжаттары мен шетел зерттеушілердің мəліметтері негізінде ашуға талпыныс жасалды. Ұсынылатын əдебиеттер: 1.

2. 3. 4. 5.

6. 7. 8.

9.

Граменицкий С.М. О школьном образовании у магометан Средней Азии // Туркестанские ведомости. – 1876. – №47; Остроумов Н.П. Колебания во взглядах на образование туземцев в Туркестанском крае / Кауфманский сборник. – М., 1910; Алекторов А.Е. Новые течения в жизни магометанских школ // Журнал министерства народного просвещения. – СПб., 1909; Ильминский И.Н. К истории инородческих переводов. – Казань, 1884. Кауфман К.П. Начальное народное образование в Туркестанском крае. – СПб., 1910. – С. 56. Исторический очерк народного образования в городах и укреплениях Сырдарьинской линии и Туркестанской области с 1860 по 1867 г. 4 августа 1881. – С. 30. Журнал Министерства народного просвещения. – 1904. – № 7. Граменицкий С.М. Очерк развития народного образования в Туркестанском крае. – Ташкент, 1896. Отчет о поездке на всероссийскую выставку в нижний Новгород инспектора народных училищ Туркестанского края 1-района, Статского советника С. Граменицкого. – Ташкент, 1897. – 172 с. Туркестанские ведомости. – 1890. – 6 января. – № 6. Туркестанские ведомости. – 1884. – 16 ноября. – № 41. Добросмыслов А.И. Города Сырдарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-ата и Чимкент. – Ташкент, 1912; Бобровников Н.А. Русско-туземные училища, мектебы и медресы Средней Азии: Путевые заметки. – СПб., 1913. – 267 с. Туркестанские ведомости. – 1884. – 25 апреля. – № 61. 18

10. Туркестанские ведомости. – 1900. – 26 октября (8 ноября). – № 86. 11. Дала уалаятының газеті. 1882-1902 / құрастырушы Ү. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. 12. Қазақ халқына ең керегі оқу // Айқап. – 1911. – №5; Байтұрсынов А. Қазақша оқу жайында // Қазақ. – 1913. – №42; Дулатов М. Мектепмедреселер мəселесі // Қазақ. – 1913. – №12. 13. Вахабов М.Г. О социальной природе среднеазиатского джадидизма // История СССР. – 1963. – №2. 14. Брагинский И.С. О природе среднеазиатского джадидизма // История СССР. – 1965. – №6. 15. Эфиров А.Ф. Русификаторская школа у казахов дореволюционной России // Советская педагогика. – 1939. – № 11-12. 16. Новицкий К.П. Политика царского првительства в области народного образования в Средней Азии // Просвещение национальностей. – 1934. – № 6. 17. Асфендияров С. История Казахстана. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 152 с. 18. Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы: Санат, 1993. 19. Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века. – Алма-Ата: Мектеп, 1962; Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане. – М.: Издательство АПН РСФСР, 1960; Бержанов К.Б. Русско-казахское содружество в развитии просвещения. – Алма-Ата: Казахстан, 1965; Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов. Историко-педагогический очерк. – Алма-Ата, 1950. 20. Қойгелдиев М.К. Казахстан. История государственности. Новый взгляд в глубь веков (материалы круглого стола) // Горизонт. 1995, 17-23 февраля, №7; Сонікі. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ.-1917 ж.). – Астана: Елорда, 2004. – 216 б; Сонікі. Отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері // Қазақ тарихы. 1993. – № 1; Нурпейсов К.Н. Казахская интеллигенция в начале ХХ в. / Казахи: Сборник статей. – Алматы, 1997. – С. 110-115; Сонікі. Түркістан жинағындағы Қазақстан жайлы деректер // Қазақ əдебиеті. – 2003. – №4. – 21-28 ақпан; Қасымбаев Ж. Были ли мектебы и медресе очагами суеверия и фанатизма // Вечерняя АлмаАта. – 1991. – 31 мая; Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993; Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость (из истории военно-казачьей колонизации края в конце ХІХ-начале ХХ веков). – Астана: Елорда, 2000. – С. 250-252. 21. Mehmet Saray, Gaspıralı İsmaіl Bey’den Atatürk’e. Türk Dünyasında Dіl ve Kültür Bіrlіğі. – İstanbul, 1993. 22. Есмагамбетов К.Л. Əлем таныған тұлға. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 504 б. 19

23. Kayyum Kesіcі, Dün, Bugün ve Hedeftekі Kazakіstan.-Іstanbul, 2003; Saadetdіn Gömeç, Türk Cumhurіyetlerі ve Toplulukları Tarіhі. – Ankara, 1999; Ramazan Üzey, Tabіatı, İnsanı ve İktіsadı İle Türk Dünyası. – İstanbul, 1996; Seyfettіn Erşahіn, Türkіstan’da İslam ve Müslümanlar. Sovyet Dönemі. – Ankara, 1999. 24. Дулатова Д.И., Нуртазина Н.Д. К истории просвещения в Казахстане и Средней Азии в ХІХ-начале ХХ вв. // Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение. – Алматы, 1994. 25. Амерханова Ж.Б. Политика царизма в области народного образования в Казахстане (вторая половина ХІХ-начало ХХ вв): Автореферат. к.и.н. – Алматы, 1995; Жолсейітова М.Ə. Қазақстандағы халық-ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы (Тарихи аспект. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Жетісу мəліметтері бойынша): канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. 26. Батырханов Ғ.К. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы): т.ғ.к. авторефераты. – Алматы, 1997.

І òàðàó. ÏÀÒØÀËÛҚ ÐÅÑÅÉÄІҢ ҚÀÇÀҚÑÒÀÍÄÀҒÛ ÐÓÕÀÍÈ ÎÒÀÐËÀÓ ÑÀßÑÀÒÛÍÛҢ ÀËҒÛØÀÐÒÒÀÐÛ

1.1. Òүðêіñòàí өëêåñіíäå ïàòøà өêіìåòі үñòåìäіãіíің îðíàóû Тəуелсіз Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің қанат жайған кең байтақ даласымен Ресейдің саяси-экономикалық байланыстарының көп ғасырлық тарихы бар. Оңтүстік Қазақстан өңірі біртұтас қазақ тарихы секілді ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясы тарихының саясиэкономикалық жəне қоғамдық өмірімен тығыз байланыста өтті. Бұл кезеңде қазақ халқы Ресей империясының отарлық езгісіне ұшырап, əлеуметтік-рухани əсеріне түскен. Патшалық Ресей қазақ өлкесіне енуімен қатар, қазақтың мəдени өмірі мен оның дəстүрлі білім беру жүйесін де көптеген өзгерістерге ұшыратты. Өйткені Ресей империясының қазақ даласындағы негізгі мақсаты халық ағарту саласын реттеу арқылы аймақты рухани тəуелділікке түсіру мен өзінің үстемдігін жəне тұтастығын нығайту болды. Жетісу өлкесін отарлауда патша өкіметі ХІХ ғасырдың басынан жылдамдатса, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Орта Азия хандықтарын жаулап алудың жоспарын іс жүзіне асыруда бір қатар жетістіктерге қол жеткізді. Бұл саясаттың жүзеге асырылу себептерін бірнеше факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, сыртқы саяси жағдайдың өзіндік əсері болды, яғни 1854-1856 жылдары Ресей империясы Қырым соғысында жеңіліске ұшырағаннан кейін өзінің отарлау салмағын Орталық Азияға бағыттады. Бұл жерде Ресей импе21

риясы ағылшын ықпалын əлсіретуді көздеп, өзінің отар аймағын кеңейтуді болжады. Ал Ресейдегі өнеркəсіп саласының дами түсуі мен арзан шикізат нарығына деген сұранысының артуына байланысты империялық саясаттың ұшқыны одан сайын арта түсті. Екіншіден, ішкі саяси жағдайға байланысты, яғни Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілістерге шығуына тиісті болды. Яғни сол жылдары Саржан сұлтан, Исатай мен Махамбет жəне Кенесары хан бастаған ұлтазаттық көтерілістер болмаған жағдайда, Ресей империясы аз уақыт ішінде Түркістан өлкесін жаулап алатын еді. Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан жерін отарлауын екі отар шептері арқылы жүзеге асырды. Оның басты бағыты Сырдария əскери шебін құрып, Орынбор-Сібір отар бағыттарын біріктіріп, өлкеде орыс ықпалын арттыру мақсатында əскери бекініс шептерін көбейту болды. Экономикалық жағынан маңызды рөл атқаратын жəне басты сауда орталығы ретінде баршаға танымал Түркістан өлкесінде əскери бекініс шептері мен қалалар линиясын салуда патша өкіметі мемлекеттік тұрғыдан алғанда бұл аймақты өзіне баулуға тырысты. Себебі Түркістан өлкесіндегі бекіністер мен қалалар шептерінің артуы болашақта Ресей империясының рухани отарлау саясатының негізгі тіректеріне айналған. 1833 жылы В.А. Перовский Орынбор өлкесінің əскери-губернаторы болып тағайындалғаннан кейін, Түркістан өлкесінде Ресей империясының ықпалын арттыру мақсатында орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындырып, Орта Азия хандықтары шекараларына орыс əскерлерінің енуін тездетуді міндет етті [1]. Бұл міндетті іс-жүзіне асыруға жəне оған Сырдарияның төменгі ағысында əскери бекініс шептерін салуға бұйрық берілді. Осы орайда, ол 1834 жылы Маңғыстауда Жаңа-Александровск бекінісі мен Орскіден Троицкіге дейін əскери шеп салған еді [2]. ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде орыс əскерлері Сырдария маңына келгенге дейін бұл аймақтағы қазақ ауылдары жиі-жиі Хиуа жəне Қоқан хандықтарының шабуылдарына ұшырап тұрды. Сырдария аймағын өзіне қарату жоспарын дайындаған патша өкіметі əскери форпостарды салуды, Арал аймағын зерттеуді, оны 22

игеруді қолға алды. Бұл жөнінде Ресей империясының Əскери министрі Орынбор корпусының командирі В.А. Перовскийден Арал мен Сырдария айналасындағы жағдайдың тиімділігі мен оның шығындары туралы мəліметтерді талап еткен. Оған 31 қаңтар 1847 жылы Сырдария алқабын зерттеген Орынбор экспедициясы аймақта əскери форпостарын салу жоспары туралы хат жолдаған. Бұл хатта былай делінген: «С устройством укреплений я рассматривал с двух сторон: а именно на реке Темире как пункт, прекрывающий богатейшие кочевые места степи с западной части Малой Орды, который находясь в центре этой части и на одной линии с возведенными уже укреплениями, имея при том совокупный круг действий с линею и Уральским укреплением, представляет через это большое удобство для наблюдения за киргизами» [1, 31-об.-п.п.]. Хиуалықтардың Сырдария өңіріне жасаған шабуылдары патша өкіметін бір жағынан қатты толғандырды, екінші жағынан, олардың шабуылдары орыс əкімшілігіне тиімді еді. Себебі орыстар жергілікті халыққа өздерін «құтқарушылар» ретінде танытқысы келген. Сондықтан орыстар Сырдария ағысында хиуалықтардың шабуылдарын тоқтату мақсатында əскери бекіністерді көбейтуді жоспарлаған. Сырдарияда əскери бекініс шептерінің артуы патша əкімшілігіне саяси-экономикалық жағынан тиімді еді. Орынбор əскери корпусының басшысы Ресей Əскери министріне жолдаған хатында : «По моему мнению укрепления на Сырдарье имеют большую выгоду в политическом и экономическом отношении, так как с этим бы мы стали твердою ногою близ устья той реки (Сырдарьи), упрочили бы действительным образом наше влияние на Среднюю Азию, облегчили бы торговые сношения и Аральское море в непродолжительном времени было бы в руках Его Императорского Величества», – делінген [1, 31-п.]. Патша əскерлері Сырдария бойымен жылжып, 1847 жылы Сырдария алқабын толығымен жаулап алып, сол жылы Райым бекінісін салды. Ал 1848 жылы Қазалы форты құрылды. Ресей империясы Райым бекінісін салуға 133 185 күміс ақша мен азықтүлік тасымалдауға 45 062 күміс сом қаражат еткен. Сонымен 23

қатар бұл жерге 50 орыс отбасын көшіруге 8 355 күміс ақша жұмсаған [1, 32-п.]. 1847 жылы Арал аймағында құрылған Райым бекінісіне патша өкіметінің əскери күшін құрастырған 200 орыс казактары қоныстандырылды. 1856 жылы Шалқар көлі, Құшым жəне Өзен өзендерінің Каспий теңізіне құйылған, шамамен 90 км2 аймақта 73 мың орыс əскер жіберілді. Осы секілді жер ауып, екінші жерге келіп қоныс теуіп, орныққан адамдарды Еуропа «отаршыл» десе, қазақтар оны «келімсек» деп атаған. Аталмыш отаршылар мен келімсектер отар əкімшілігінің қол шапқырлары қызметін атқарып, болашақта айналаның орыстануына сүбелі үлесін қосқан [2]. Орыстардың Қазақстан жеріне келіп орналасуында Орынбор казактарының рөлі үлкен болды. 1840 жылдың 12 қаңтарында патшаның шыққан жарлығына сəйкес, бір миллион қазақ жері Орынбор казактарының шаруашылығына айналды. Осының салдарынан Орск қамалынан Тоғузақ жəне Үй өзеңдеріне дейін 500 км2 жерде əскери шептің негізі қаланды. Бұл əскери шептің айналасына орыстың 30 бекінісі салынып, казактар мен орыс əскерлері үшін қоныстану аймағына айналды. В.А.Перовскийдің пайымдауынша, Райым бекінісі салынғаннан кейін, бұл жерде Қоқан жəне Хиуа əскерлеріне қарсылық көрсетіліп, жергілікті халыққа орыс билігін мойындату мақсатында айналасына бөлек үштік тіректерді (башня) салды, екі роталық жаяу əскер, 1/4 рота гарнизондық артиллерия жəне резервтік 300 Орал казактарын қоныстандырып, атты əскер құрастыруда қырғыздардан (қазақтардан) жылқы тəркіленді [2]. Патша өкіметінің Райым бекінісіне саны жағынан көптеген орыс отбасыларын көшірудегі негізгі мақсаты аталмыш аймақта түбегейлі орнығу жəне Орта Азия жерлеріне ену процесін тездету болатын. Сол үшін Орынбордан Сырдарияға көптеген қару-жарақ тасымалданды. Əскери губернатор В.А. Перовский Сырдария алқабында тек саяси-əскери амалдарын іс-жүзіне асыруды көздемеген, сонымен қатар аталмыш бекіністе шіркеу салу мəселесін де қарастырып, жергілікті халықты орыстандыру мен шоқындандырудың ірге24

тасын қалай бастаған. Ол Əскери министрге дайындаған есебінде: «Жергілікті халыққа орыс мəдениетін таныту үшін шіркеу салу қажет», – деп жазған [3]. Сырдария бойында Райым бекінісі мен Қазалы фортының құрылуы патша өкіметінің біртіндеп тереңдеуі мен қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі болған Ақмешітке жақындай түсулеріне жағдай жасаған. Ақмешіт саяси-экономикалық жағынан стратегиялық маңызы зор орталықтың бірі еді. Осылайша, Ақмешіт қамалының жаулап алынуымен Сырдарияның төменгі ағысында орыстар Сырдария отар шебін құрды. Қамалды жаулап алуда орыс əскерлері екі бағытта жылжыды: біріншісі – оң жақтан, яғни Іледен, оның құрамына Орынбор əскери корпусынан алынған 200 Орал казактары, екіншісі – сол жақта орналасқан Орск бекінісінен, оның құрамына бір роталық жаяу əскер бірлігі кірді. Ақмешіт қамалының жаулап алынуы 20 күнге созылып, 1853 жылдың 28 маусымында орыс əскерлерінің басып алуымен аяқталды. Ақмешітті қоршауда орыс əскерлерінің бар-жоғы 39-ы жарақатталып, 9-ы қаза тапқан [4]. В.А. Перовский 31 шілде 1853 жылы Əскери министрге жолдаған есебінде Ақмешіттің қоршауға алыну процесін айқынап, қамалдың дуалдарына мəңгілік орыс туының тігілгенін мақтан етіп жазған [4, 39-п.]. Сырдария бойына бекіністер шебін салумен қатар патша өкіметі Жетісу өңірінде де əскери форпостар мен қалалар линиясының іргетасын сала бастады. 1848 жылы Жетісуда маңызды стратегиялық пункт, сондай-ақ отаршылдық экспансияны жалғастыруда басты тірекке айналған Қапал бекінісінің негізі салынды. Сол жылдың басында ұлы жүз қазақтарын басқару жəне Жетісу өңірін бақылау торабына енгізуде патша өкіметі «Үлкен Орданың приставын» құрып, оны Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына қаратты. Орыс əкімшілігінің бұл қызметті белгілеудегі басты мақсаттарын бірнеше себептермен айғақтауға болады. Біріншіден, Жетісу өлкесіндегі қазақтарды орыс басқару əкімшілігіне кіріптар ету, сондайақ рулар арасындағы келіспеушілікті пайдаланып, басқару жүйесін одан сайын күшейту болды. Екіншіден, Жетісу өңірін Ресей ықпалына түсіріп, Орта Азияны жаулап алу жоспарын дайындау, 25

оны іс жүзіне асыру. Үшіншіден, экономикалық кірісті ойластырып, Қашқария мен Орта Азияға баратын сауда жолдарын дамытудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Төртіншіден, Қытаймен шекараларын белгілеу болатын. Алайда ХІХ ғасырдың 50-жылдары Жетісу өңірінің оңтүстік аудандары Қоқан хандығының қарамағында еді. Сондықтан патша өкіметінің кейінгі стратегиялық əрекеті Қоқан хандығының ықпалындағы оңтүстік аудандарды отарлық торапқа енгізу еді. 1851 жылдың басында К.К. Гутковский мен подполковник Карбышев басшылық еткен орыс əскерлері Іленің сол жағында орналасқан Тойшыбек бекінісін талқандады. Осы жетістігі мен патша өкіметі Қоқан хандығының маңызды тірегін жойып, əрі қарай жылжуға мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша əкімшілігі отарлау тəсілдерін жетілдіріп, қазақтың шұрайлы жəне құнарлы топырағы бай жерлерінде көптеп бекіністер салу арқылы əскери əрекетін одан əрі күшейте түсті. 1848 жылы Үлкен Орда приставының майоры Премышельский жетекшілігімен арнайы отарлау отряды құрылып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай шабуылдарды тездету мақсатын алға қойды. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан өңірі бір жағынан Орынбор шебінен қоршауға алынса, екінші жағынан, Сібір отарлау шебінен қоршауға алынып, Ресей империясының құрамына ене бастады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында орналасқан Қоқан бекіністері – Əулиеата, Шымкент жəне басқа қалаларын жаулап алу жоспары аталмыш бекіністер арқылы жүзеге асырылды. Географиялық жағынан қолайлы орналасуы мен экономикалық маңызы жоғары болып табылатын аймақтардың бірі – Верный бекінісі – Жетісудың əкімшілік орталығы мен Орта Азия жəне Қашқария арасындағы сауда-саттық орталығына айналды. Ал бекіністің соғыс-стратегиялық мəнінің арта түсуіне байланысты Верный 1856 жылы құрылған Алатау округінің орталығы болып қалыптасты. Жетісу өңірінде əкімшілік басқару жүйесін құрғаннан кейін патша өкіметі Іле өлкесін түбегейлі құрамына енгізу үшін арнайы жоспар дайындады. Бұл бағыттағы оның басты мақсаты 26

Алатау қырғыздары мен Шу алқабында қоқандық ықпалына тосқауыл қою болды. 1857-1858 жылдары орыстар Шымкент жəне Əулиеата аудандарында өткен қоқандық ықпалына қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек берді. Көтерілістің аяусыз басылуына қарамастан, қазақтардың басым бөлігінің орыстар тарапына өтуіне себеп болды. Полковник Полторацкийдің Қоқан отар линиясын құру жөніндегі жасаған есебінде жаулап алынған аудандарда басқару жүйесінің реттелу мəселесі оны қатты толғандырғаны байқалады. Ол былай дейді: «Взятием Аулиеаты и Туркестана приводится в исполнение давно уже признанное необходимым, соединение наших Сибирских и Оренбургских границ; и затем является вопрос, какое устройство должно быть дано всей передовой линии?» [5]. 1860 жылдан бастап орыс əскерлері белсенді түрде қоқандықтарға қарсы соғысқа аттанды. Сол жылы Тоқмақ, Бішкек жəне Ұзынағашқа жақын жерде ірі шайқастар болып өтті. Орыс əскерлерін Алатау округінің подполковнигі Колпаковский басқарып, қоқандықтарға қарсы аяусыз соққы берді. Соғысу барысында қоқандықтардың агрессиялық ұстанымына қарамастан, Жетісу қазақтары мен қырғыздардың едəуір бөлігі оларға қолдау көрсетті. Қазақтар мен қырғыздардың бұл əрекетін біріншіден, аймақтағы халықтың «кəпірлерге» қарсы қасиетті соғыс деп ұғынуға, екіншіден, Алатау округінің бастығы Колпаковскийдің кезінде жергілікті халыққа қарсы ұстанған қаталдығымен байланыстыруға болады. Себебі ол кез келген құлақ аспағандарды өлім жазасына кесіп отырған [6]. ХІХ ғасырдың 50-жылдарында-ақ Орынбор əскери губернаторы А.А. Катенин бірнеше рет Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын жаулап алу қимылдарын қолға алу қажеттілігі жөнінде Петерборға хат жолдаған. Мəселен, 13 қаңтар 1858 жылы Əскери министрге жіберген хатында, ол орыс əскерлерінің Оңтүстік Қазақстандағы соғыс қимылдарын білдіріп, Ілекпен Темір арқылы Ембіге шығуды, сол жерде жаңа бекініс құрып, Түркістан, Шымкент, Əулиеата шептерін біріктіруді ұсынған [7]. 27

А.А. Катенин экспедициясының құрамына Орынбор, Орал жəне Башқұрт əскерлерінен құрылған 130 казак пен жергілікті батальоннан шыққан 25 мың жаяу əскер конвойін кіргізуді ұсынған. Орданың батыс бөлігінде жаңа əскери бекіністің құрылуы А.А. Катениннің сөзімен айтқанда: «Возведение в западной части орды нового укрепления, состовляет в настоящее время предмет первостепенной важности» [8]. А.А. Катениннің саяси бағытын жалғастырған А.П. Безак, Əскери министр Милютинді Орталық Азиядағы соғыс қимылдарын қолдау қажет деп тауып, сенімділікпен қарады. Ол ОрынборСібір отар шептерін біріктіруде, Ташкент қаласын қосып алуды ұсынған. Осыған байланысты Орынбор жəне Батыс-Сібір генералгубернаторы А.П. Безак пен А.О. Дюгемальдің қатысуымен 1863 жылы Петерборда өткізілген жиналыста, Сырдария мен Сібір отар шептері арасындағы территорияны мұқият зерттеу шешімі қабылданды [9, 36-б.]. Патшаның бекіткен шешімі бойынша Оңтүстік Қазақстанға төрт миссия жіберілді. Біріншісі, Арал флотилиясын басқарған А.И. Бутаковқа Сырдарияның жоғарғы ағысын зерттеу міндеті жүктелді. Екіншісі, М.Г. Черняевқа Жөлектен Түркістан қаласына дейінгі аралықтың əскери жағдайын зерттеу мəселесі тапсырылды. Үшіншісі, Іле мен Əулиеата арасындағы аралық полковник Дерьхенге жүктеліп, штабс-капитан Н.И. Поценков басқарған отрядқа Нарын өзені арқылы Қашқарияны барлау міндеті берілді [10, 334-335-б.б.]. Аталмыш төрт əскери экспедицияның жетістіктері нəтижесінде Оңтүстік Қазақстан өңірі Ресей империясының құрамына толықтай ене бастады. 1864 жылы Түркістан қаласына полковник Н.А. Веревкин басқарған орыс əскерлері жылжыса, М.Г. Черняевтің отряды Верный бекінісінен аттанды. М.Г. Черняев 4 шілде 1864 жылы Мерке бекінісін жаулап алып, Əулиеатаға бет алды. 1864 жылы Түркістан мен Шымкент қалаларының жаулап алынуымен Орынбор жəне Батыс-Сібір отар шептері тұйықталды. Дегенмен əрі қарай жаулап алу соғыс əрекетін жалғастырған орыс əскерлері мұны қанағат тұтпады. Жаңадан құрылған Түркістан облысының 28

əскери губернаторы қызметіне тағайындалған генерал-майор М.Г. Черняев, Қоқан мен Бұқара арасындағы Ташкентті иелену жөніндегі жанжалды пайдаланып, 1865 жылдың маусым айында Ташкентке шабуыл жасап, оны аз уақыт ішінде өзіне қаратты [11]. Орыс əскерлері Ташкентті жаулап алғаннан кейін, қаланың Ресей империясы құрамына ену жөніндегі жарлықты 1866 жылы шығарды. Жарлықта Орта Азия хандықтарын жаулап алу процесін тездету мəселесі қарастырылып, отарланған аймақта орыс əкімшілігі 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын құрды. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан өңірі Ресей империясының құрамына толықтай еніп, ұзақ жылдар бойы отарлық шет аймағы ретінде дамыды. Патшалық Ресей Түркістанның əкімшілік-саяси құрылысында жергілікті халықтардың территориялық тұтастығы жəне олардың ұлттық құндылықтарымен санаспады. Себебі əкімшілік басқару жүйесі өзі белгілеген мақсаттарды іске асыруды, аймаққа жаңа қалыпты енгізу арқылы орыстандыру саясатын жүргізуді, халықтан түрлі салықтарды жинап, аймақты шикізат қоры ретінде пайдалануды көздеді. Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан өңірін жаулап алып, Орта Азия хандықтарына бет алу мəселесі көрші Үндістан мен Иран елдерін толғандырған. Үндістан Сыртқы істер министрлігінен Осман мемлекетінің Ішкі істер министрлігіне келіп түскен ақпаратхатында бұл мəселелер нақты баяндалған. Онда патша ағзамнан орыс əскерлеріне қарсы бірігіп соғысу мəселесі былай баяндалады: «Патша ағзам, сіздер көп жылдардан бері орыстармен соғысып келе жатырсыз. Орыстардың соғысу тактикасы сіздерге таныс. Көрші мұсылман елдерін жаулап алудағы орыстардың мақсаты да белгілі. Сондықтан сізден өтінерім, орыстарды тоқтатудағы амалды бірігіп жасайық. Орыстардың əскер құрамы жөнінде маған түскен ақпараттар жеткіліксіз» [11]. Осман мемлекетінің Ішкі істер басқармасы бұл өтінішхатқа былай деп жауап қайтарды: «Мемлекетіміздің Орта Азияға əскери көмек көрсететін жағдайы жоқ. Біз қазір орыстардың Кавказ елдеріне енуін тоқтатуға талпыныс жасап отырмыз. Соған қарамастан, бізге Орта Азияның балалары 29

білім алу мақсатында келеді. Бұл жағдай біздің Ресеймен арақатынасымызды шиеленістіріп келуде. Сіз өз мəселелеріңізді өзіңіз шешуге тырысыңыз» [11, 178-п.]. Осы хаттарға сүйенсек, мұсылман елдерінің Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірмегендігі байқалады. Ал Осман мемлекеті болса өзінің ішкі саяси мəселелерімен батыс елдерінің ықпалынан басын көтере алмады. Ресеймен арақатынасын одан əрі шиеленістірмеуге тырысқан Осман мемлекеті Орталық Азия мүддесінен бас тартты. Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан жерлерін отарлағаннан кейін, оны басқару жөніндегі мəселесін қарастырып, елдің шаруашылық аудандарын, əдет-ғұрпын, дəстүрлі басқару жүйесін зерттеуге кірісті. Бұл үшін орыс үкіметі қазақ даласын басқару туралы ережені дайындау мақсатында 1865 жылы «Дала комиссиясын» құрып, оның құрамына Ресей Ішкі істер министрлігінің өкілдерін жəне Орынбор мен Батыс-Сібірдің депутаттарын кіргізді. Комиссия алдында қазақ даласында жаңа басқару жүйені енгізу мүмкіндігін жəне жергілікті халықты орыстандырудың жолдарын қарастырып, христиан дінін таратудың амалдарын анықтау міндеттері жүктелді. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тəуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол əскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын əкеп орналастырды. Отарлаудың осы əскери – əкімшілік кезеңінде əскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тəсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. 30

1865-1866 жылдары Дала комиссиясы Қазақстан жерін Орынбор, Батыс-Сібір жəне Түркістан генерал-губернаторлықтарына қаратып, оған басқару жөніндегі ереже жобасын дайындады. Жобаны арнайы комитет мақұлдады. Генерал-губернаторларға барлық əскери жəне азаматтық билік құқықтары берілді. Əрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. 1867 жылдың 11 шілде айында Сырдария жəне Жетісу облыстарын басқару ережесі бекітілді. Ережеге сəйкес, Оңтүстік Қазақстанды құрайтын екі облыс, орталығы Ташкент қаласы болып, Түркістан генерал-губернаторлығына қаратылды. Түркістан генералгубернаторлығының құрамына 1868 жылы Заравшан, 1873 Əмудария, 1876 жылы Ферғана, ал 1899 жылы барлық Каспийдің арғы жақ жағалауы (Закаспий) қаратылды. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тəжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл «тəжірибе» жергілікті халыққа теріс əсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкеде əкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жəне Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана 5, Самаркан 4 уезден тұрды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор жəне Батыс Сібір генерал- губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай жəне Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генералгубернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, əскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал-губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс жəне кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік 31

қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту əскери-губернатор құзырында болды. Түркістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы болып К.П. Кауфман тағайындалды. К.П. Кауфман бұл қызметке жайдан-жай тағайындалған жоқ, ол баста Латвияда (Вилен) генерал-губернаторлық қызметін атқарып, сол жерде орыстандыру саясатын іс-жүзіне асыруда бірқатар жетістіктерге қол жеткізу арқылы патшаның көзіне түскен. Ол жөнінде тарихта мынадай пікір қалыптасқан: «К.П. Кауфман Түркістан генерал-губернаторлығының негізін қалаушы емес, ол жергілікті халықты барынша қинап, шексіз билікке иеленген қанішер, сонымен бірге қызметтегі құқығын кеңінен пайдаланған жауыз» [12]. А.И. Добросмыслов өз еңбектерінде К.П. Кауфманның Ресей империясының əкімшілік басқару жүйесін енгізуге əуесті болғанын, оның 22 қаңтар 1868 жылы Ташкент қаласының тұрғындарын жинап, қабылданған ереженің түркістандықтарға бейбіт өмір əкелетінін, бұл ережеге барлық бұратаналар бас ию керектігі туралы үгіт-насихат жүргізгені жөнінде жазған [13]. К.П. Кауфман Ресей империясының отаршылдық стратегияларын 1867-1876 жылдар аралығында жиі-жиі өткізетін əскери шерулерде көрсеткен. Мұндай шерулер оның атын Ресейде Түркістанның құрметті азаматы жəне отаршылдық саясатты нақты орындаушы етіп танытты. Алайда Ресей агенті жəне Түркістан мəселелерінде патша ағзамның кеңесшісі Ф. Гирс өзінің естеліктерінде «генерал-губернаторлық көлеміндегі жұмыстар заң негізінде жүргізілудің орнына К.П. Кауфман кезінде көптеген мəселелер оның жеке амбицияларына негізделіп, атқарылатын» – деп жазған [14]. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен қатар 1867 жылы «аймақты бақылау ережесі» де əзірленді. Ереженің басты мақсаты Түркістан өлкесін Ресей империясымен біртұтас қалыпқа біріктіру болды. Отар əкімшіліктің өлкеде жүргізген саясаты жергілікті халықты үркіте бастады. Түркістан өлкесінің əлеуметтік-экономикалық өмірін түбірімен өзгертуге бағытталған отаршылдық саясаты жергілікті өнеркəсіп жəне сауда 32

орталықтарының да наразылығын тудырды. Нəтижеде əкімшілік басқару аппараты Түркістан генерал-губернаторлығының саясиэкономикалық функцияларына шектеу қойып, əскери-экономикалық бағытта Ресей империясына етене жақындастыратын жаңа орталықтардың құрылуына мұрындық болды. Жергілікті орталықтарды құрған орыс əкімшілігі Ресейдің аймақтағы пайдасын арттыруды көздеп, салық түрлерін енгізді. Түркістан өңірінің мақтасы мен шикізат байлықтары орыстардың қомақты шексіз пайда көзіне айналды. Патшалық Ресейдің жүргізген əкімшілік реформаларының нəтижесін төмендегідей саралауға болады: өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты; феодалдықпатриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады; таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы); отарлық басқару күшейді; қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды; орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. Аймақты Ресейге жақындастыру мақсатында, көлемді түрде темір жол төсеу жұмыстары да жүргізілді. 1878 жылдан бастап, Каспий аймағын Түркістан генерал-губернаторлығымен біріктіру іс-шаралары атқарылды. Бұл теміржол бағыты кейіннен ҚызылАрбат жəне Шарджоға дейін ұзартылды. Осылайша, Оңтүстік Қазақстанды қамтыған Мервтен Самарқан, Ферғана, Ташкент, Əндіжан теміржолы төселді. Патша өкіметі теміржол линиясын төсеуде аймаққа көптеп орыс шаруаларын қоныстануына жағдай жасауды көздеген. Осыған байланысты «Туркестанские ведомости» газетінде С. Гестектің жарияланған мақаласы орыс əкімшілігінің басты мақсаттарын мына сөздермен айқындайды: «Түркістан халқының ұлттық санасезімі жоқ, олар өзара кішігірім хандықтарға бөлінген, халық бір-бірімен соғысуда. Сондықтан бастапқыда жергілікті халық жəне орыстар арасындағы түсініспеушілікті жойып, аймақтағы орыс халқының санын 50 %-ға дейін жеткізуіміз қажет. Бұл үшін теміржол линиясы бізге үлкен мүмкіндіктер береді» [15]. 33

Ресей империясы аймақты жаулап алғаннан кейін басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер еңгізді. Сырдария мен Жетісу облысын əскери губернаторлар басқарды, оған əскери жəне азаматтық билік берілді. Əр облыстың əскери губернаторлары шекаралық мəселелермен де айналысты. Оларды Əскери министрліктің ұсынысы бойынша патша қызметке тағайындап, қызметтен босатып отырды. Əскери губернаторлар жанынан облыстық басқармалар құрылды. Олар өзара жарлық шығарушы, сот, шаруашылық бөлімдеріне бөлінді. Əрбір бөлімді аға-кеңесші басқарды. Басқарманың төрағасы болып вице-министр қызметі саналды. Облыстар өз кезеңінде уездерге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан өңіріне жататын Сырдария облысына аталмыш ережемен бекі тілген Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Ташкент, Ходжент жəне Жызақ уездері қаратылды. 1887 жылы патшалық басқару əкімшілігінің жаңа өзгерістер енгізуімен қайтадан құрылған Түркістан өңірі, басқару ережесі бойынша Ходжент уезі жаңа құрылған Самарқан облысының құрамына енді. Түркістан уезі қысқартылып, Шымкент жəне Перовскі уездері арасында екіге бөлінді. Əмудариядан уезд дəрежесі алынып, ол Сырдария облысының құрамына енді. Осылайша, түркі-мұсылман халықтарының бірігуінде маңызды орынға ие Түркістан географиялық атауы қалалық дəрежеге дейін түсірілді. Уезд басшыларын облыс əскери губернаторының ұсынысы бойынша генерал-губернаторлар тағайындап отырды. Оларға əкімшілік жəне полицейлік биліктері берілді. Уезд басшылары патша əкімшілігі мен генерал-губернаторлық тарапынан ендірілген заңдардың, отарлық аппараттың қаулылары мен өкімдердің орындалуын жіті қадағалап, уездік басқару аппаратының қызметін бақылау міндеттемелерін жүктеді. Сонымен қатар уезд басшыларына уездік барлаушы жəне полицейлік міндеттерін атқару жүктелді. Оған қоса уезде орналасқан əскери бөлімдерді қарамағына алу құқығы берілді. Əрбір уезд территориялық принцип негізінде болыстармен дараланып, өзара шаруашылық жағынан бірнеше аудандарға 34

бөлінді. 100-200 шаңырақтан тұратын əкімшілік ауылдар пайда болды. Болыстар 1000 мен 3000 арасындағы шаңырақтарды қамтып отырды. Əкімшілік ауылдарын ауыл старшыны немесе болыс билеушісі басқарды. Олар қызметке үш жылда бір рет сайлау арқылы тағайындалды. Ауыл старшындары, сонымен бірге, отарлау саясатына қызмет етті. Сол себептен отарлау саясатын беріле атқаратын адам ғана болыс билеушісі жəне ауыл старшыны қызметін атқара алды. Бұл қызметке үміткерлерді облыс əскери губернаторы бекіткеннен кейін заңды болып танылды. Болыс билеушісі жарлықшы жəне полиция билігін өз қолына алып, айналада тыныштық пен тəртіптің сақталуын, алымдардың жиналуын қадағалап отырды. Тəртіп бұзушыларды болыс басшылары үш күн мерзімге қамауға алып, олардан ақшалай айып пұл төлетіп отырған. Ауыл старшыны болса, өзіне қарасты аймаққа ғана үстемдігін жүргізе алатын. Полицейлік пен жарлық шығарушы билікті ұстанған ақсақалдар Сырдария облысының қыстақтарын жүргізе алатын. Алайда тек əскери губернатордың рұқсатымен ақсақал шағын екі қыстақты ғана басқара алды. Ақсақалдар үш жылға сайлау арқылы əскери губернатор бекіткеннен кейін билік жүргізу құқығына ие болатын. 1867 жылғы Түркістан өлкесіне енгізілген ережеге сəйкес, жергілікті орыс əкімшілігі жаппай мұсылмандықпен күрес жұмысын жеделдетті. Орыс əкімшілігі мұсылмандық дін басыларының құқықтарын шектеуді мақсат етті. Аймақтың діни істері Орынбор діни жиналысы қарауынан алынып, азаматтық əкімшілікке қаратылды. Мектептер мен медреселерді, мешіттерді салуға шек қойылды, оларға бақылау орнатылды. Əрбір болыста бір ғана молда болуына рұқсат етілді. Оны əскери губернатор өз қалауы бойынша бекітіп, босатып отырды. Енгізілген ережеге сəйкес əрбір уездік қалада аралас бір мектеп ашу мəселесі қолға алынды. Патша өкіметінің бұл ұстанымын оқу-ағарту саласындағы орыстандыру саясатының алғашқы қадамдары ретінде қарастырған жөн. Себебі осы сəттен бастап қазақ балаларына, орыс жер аударушылардың деревнялары мен казак станцияларында 35

ашылған мектептерде тегін немесе шамалы төлем ақы беріп, білім алуларына рұқсат етілді. Нəтижесінде, 1867 жылғы ереже бойынша Оңтүстік Қазақстан өңірі Ресей империясының заң торабына тəуелді етіліп, Қазақстанның басқа да жерлері сыңайлы жалпы империялық меншігі болып жарияланды. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен «үш жыл көлемінде патша өкіметі өз əскерлерін бұратана халықтан түрлі салықтарды жинау арқылы қамтамасыз етемін» деген түсінікпен тонаушылық пиғылдарын күшейтті. Азаматтық-əскери биліктің нығаюымен əкімшілік-полицейлік, соттық, қаржы жəне басқа да функциялық қызметтерді атқаратын билік күші, орталық аппаратпен шоғырланғаны деп табылды. 1885 жылы «Түркістан уалаятын уақытша басқару ережесінде» бұл билік жүйесі Кавказ елдеріне қарағанда «əскери-халықтық билеу» деп аталған. Басқару жүйесі патша өкіметінің полицейлікбюрократиялық əрекеттерімен сабақтасып, бұратаналарды билептөстеу тəсілдерімен толықтырылды. Патшалық басқару аппаратының пікірінше, аккупациялық жүйе, салық жүйесінің толық орнығуымен бұратаналар арасында орыс тонаушылығына қарсы шыққандардың саяси əсерін əлсіретуде тиісті нəтижелер шығарды. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы жəне «1867 жылғы ереже жобасының» енгізілуімен аталмыш талантараж қалпынан, яғни аймақты əскери-отарлау мүмкіндіктерінен бас тартылып, сатылы түрде патшалық Ресейдің отарлаған аймақпен сіңісіп кетуіне жəне жалпы ипериялық заңдарға тəуелді етуіне жағдай жасады. «1867 жылғы басқару жобасының» практикалық қолданысқа енуінің алғашқы жылдарында отарлық əкімшілік басқарудың өз кемшіліктері болды. Отарланған аймақтардан қанағаттанарлық нəтижелер шықпады. Қаржы жүйесінің тұрақсыздығы салдарынан өкімет отар билеушілерін қаржыландыра алмады жəне жоғарғы бюрократиялық аппараттың сенімін ақтамады. Екінші жақтан патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы жəне Орта Азиядағы əлеуметтік-экономикалық саясаты сауда-өнеркəсіп бюрократтардың наразылығын тудырып қана қоймай, олардың аймақтағы қимыл іс36

əрекеттерін белсендіре əсіреледі. К.П. Кауфман кезінде енгізілген жан-жақты əкімшілік бақылау жүйесі, бюрократтарға қомақты пайда табу көзіне тосқауыл қойды. Сондықтан өкімет мүддесі тұрғысынан алғанда «əскери-халықтық басқару жүйесі» болашақта Түркістан өлкесін жалпы империялық саяси құрылыспен сіңістіру мақсаттарымен өзгертілуі қажет деп тапты. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында тіршілігін жасап күн көрген мал өсіруші халықтан 1867 жылы ережеге сəйкес жылына 2 сом 75 тиын мөлшерінде салық алынатын. Сондай-ақ Қазақстан халқына земстволық салық түрі жүктелді. Жергілікті халық байланыс жолдарын жөндеуге, əскерилерді тасымалдауға, оларды көлікпен қамтамасыз етуге жəне де қосалқы қосымша жұмыстарға қаражат жинау міндеттері жүктелді. Оңтүстік Қазақстан құрамына енген болыстардан жиналған салықтың шығын сметасы төмендегідей болды [16]. 1-кесте Оңтүстік Қазақстан болыстарынан жиналған салық мөлшері Болыстар

Отбасы саны

Ай сайын 1 сом 50 тиыннан жиналатын салық

Жыл сайын 30 тиыннан жиналатын салық

Сом

Тиын

Сом

Тиын

2

3

4

5

6

Арыстанды

1940

2910



582



Байжігіт

801

1201

50

240

30

Бөген

863

1294

50

258

90

Үлікті

927

1390

50

278

10

Шаян

1278

1917



383

40

Машат

1050

1575



315



Ақсу

944

1416



283

20

Қарамұрт

1044

1566



313

20

Бадам

2310

3465



693



Қазығұрт

1746

2619



523

80

1

37

Манкент

1491

2236

50

447

30

Түлкібас

1257

1885

50

377

10

Буралды

1465

2197

50

439

30

Қошқарата

1685

2527

50

505

50

Сарыбұлақ

1052

1578



315

60

Қаратөбе

1010

1515



303



Арыс

1484

2226



445

20

Ақтас

1661

2491

50

498

30

Бұржар

1158

1737



347

40

Сырдария

2046

3069



613

80

Сарыкүл

1141

1711

50

342

30

Байырқұм

1385

2077

50

415

50

Сайрам Қарабұлақ

4765

7147

50

1429

50

34503

51754

50

10350

90

Жалпы

Патша өкіметінің 1867 жылы əзірлеген «Түркістан генералгубернаторлығын басқару ережесі» тəртібінің қолдану кестесі 1871 жылы аяқталды. Осыған дейін Түркістан өлкесінің алғашқы генералгубернаторы К.П. Кауфман өлкеде орыс əкімшілігінің ықпалын күшейту мақсатында, отаршыл-əкімшілік дайындаған жобаны үкіметке ұсынды. Ереженің кіріспесінде ол былай деп жазған: «Всем, кто знает Восток, а в особенности Среднюю Азию, хорошо известно, что представитель власти должен высоко стоять над туземцем» [17]. К.П. Кауфманның əзірлеген жобасы Ресей империясының көптеген министрліктер мен ведомстволарында қаралып, кемшіліктері сынға ұшырап, оларды пысықтау үшін кері қайтарылды. Осы мақсатта Ташкент қаласында арнайы комиссия құрылды. Аталмыш комиссия Түркістан генерал-губернаторлығының басқару ережесін екі жыл көлемінде қарап, кемшіліктері толықтырылды жəне жоба 1873 жылы Əскери министрге бекітуге ұсынылды. Алайда екінші ұсынылған жоба да қанағаттанарлықсыз деп табылды. 1880 жылдан бастап, бірқатар пікірталастардан кейін, Түркістан генерал-губернаторлығын басқару ережесі генерал М.Д. Скобелев 38

төрағалық еткен комиссияның талқысына ұсынылды. Бұл сəттегі патша өкіметінің ұмтылған басты қағидасы басқару шығындарын мүмкіндігінше азайту болды. Тап осы мезгілде Түркістан өлкесіне сенатор Ф.К. Гирс жергілікті əкімшілік орындарын тексеруге жөнелтілді. 1882 жылы К.П. Кауфманның орнына генерал М.Г. Черняев тағайындалды. Ол генерал-губернаторлық ауқымында реформаларды қайта жүргізуге бет алды. Түркістан мəселесі жөнінде арнайы комиссия құрылып, оны Ф.К. Гирс басқаратын болды. Комиссия құрамына Азия департаментінің кеңесшісі Кобеко, офицер Иванов, генерал Куропаткин кірді. 1883 жылы Ф.К. Гирс Түркістан өлкесін басқарудың жаңа жобасын жасап, оны 1884 жылы Игнатьевтің төрағалығымен комиссия талқысына ұсынды. Гирс пен Игнатьевтің дайындаған жобада отаршылдық саясатын күшейту тəсілдері мен өлкені орыстандыру мəселелері қаралды. Жоғарғы мекемелерде талқылаудан өткен жоба12 маусым 1886 жылы заң жүзінде бекітілді. 1886 жылғы реформа бойынша жаңа нормативті акт өзгертілмеді. «Əскери-халықтық» басқарудың негізгі ұстанымдары сақталды. Аймақтың экономикалық өмірі мен сот саласы отар əкімшілігінің құқықтарының негізі болып табылды. Экономикалық өмірде отаршылдық əкімшілігінің құқықтары мейілінше тарылғанымен Əскери министрлікке, басқа да мемлекеттік ведомстволарға, əсіресе Қаржы жəне Шаруашылық министрліктеріне қарасты жаңа мемлекеттік мекемелер мен олардың жергілікті органдары арасында байланыстыратын орталық негізіне айналды. Қаржы министрлігінің жергілікті мекемелердің құрылуының негізгі мақсаты – Түркістан өлкесіндегі отарланған аймақтың қаржы кірісін арттыру, келімсектердің қоныстануына жол ашу арқылы орыстандыру саясаты белең алды. Əсіресе осы іспеттес пиғылдарды 1880 жылдың аяғы мен 1890 жылдың басы аралықтарында құрылған акциздік басқару, Түркістан кедендік округ, салық институттары, фабрикалық инспекция жүйесі іске асырды. Əрбір мемлекеттік мекемелердің өзіне сай жұмыстары мен мақсат-міндеттері болды. Айталық, патша қазынасына 39

1895 жылы құрылған Түркістан округі тау-кен өнеркəсіп саласынан түскен ақшалай қаржыға толтыру міндеті жүктелді. Оған геологиялық жəне табиғи байлық қорлар қаратылды. Түркістан аймағының табиғи ресурстарын бақылау, шаруашылық жəне мемлекеттік мүлік басқармасына сеніп тапсырылды. Оның міндеті деп табиғи байлықтарды Ресей пайдасына жұмсау көзделді. Бұл мəселені ол бұратана халықтан құнарлы жерлерді тəркілеп, жеке кəсіпкерлерге беру арқылы шешіп отырды. Басқарманың қосымша міндеті – орыс шаруаларының едəуір сан көрсеткішін Қазақстан жерінде арттыру болды. Түркістан шаруашылық жəне мемлекеттік мүлік басқармасы 1895 жылдан бастап Ресей империясының орталық губерниялардағы орыс шаруаларын Оңтүстік Қазақстан жəне Орта Азияның басқа да аймақтарына қоныстандыру мəселесімен де айналысқан, оларға ұйытқы болып, жағдайларын жақсартуға əрекет еткен. Отаршылдық əкімшіліктің жүйелі түрде жүргізген өзгерістерінің басты мақсаты – ағылып келіп қоныстанып жатқан казактар мен орыс шаруаларына жағдай жасау қарастырылды. Себебі жаңа заң – орыс басқарушыларының құнарлы жерлерді аяусыз пайдалануына мол ықпалын тигізе бастады. Жаңа заңның негізгі бабында қазақ жері туралы былай деп жазылған: «Көшпелілердің орналасқан жерлері мен оның байлығы, соның ішінде орман тоғайы да мемлекет меншігі болып табылады. Ал көшпелілерден артық болып саналатын жерлердің иесі мемлекеттік мүлік министрлігінің еншісіне өтті» [18]. Қазақ жері туралы жасалған бұл жаңа қағидалар күн өткен сайын көбейіп келіп жатқан орыс қоныстанушыларының үлкен қызығушылықтарын туғызды. Олар кез келген жерден өз үлесін ашық тартып алуға кірісе бастады. 1891 жылы патша өкіметінің дін жөніндегі саясаты жалғасын тауып, жаңа ереже мұқият бекітілді. Мысалы, діни істер жөніндегі тараулардың бірінде «көшпелілер мен отырықшылардың мекен тепкен болыстарында өзінің бір ғана молдасының қызмет етуіне рұқсат берілді» [19]. Халық молданы өзінің арасынан сайлау негізінде шешіп алатын болды. Ал сайланған молда болса, өз қызметін атқару үшін тек əскери губернатордың рұқсатымен 40

бастай алды. Молданың жұмысы орыс əкімшілігіне қайшы келген жағдайда əскери губернатор оны дəрежесінен айыруға құқығы бар болатын. Осылайша, діни істер де жергілікті отаршылдық əкімшілігінің бақылауына қаратылды. Реформа бойынша, көшпелі халықтан алынатын түтін салық түрі 4 сомға дейін өсті. Халыққа білім беру, мектеп шығыны да бұратаналардан жиналатын салықтан қаржыланатын. Қазақтар өз балдарын оқытуда земство салығын пайдалана алмады. Жиналған қаражат орыс балдардың білімін қаржыландыруда молынан пайдаланылды. 1890 жылы аймақтық жəне облыстық деңгейде сот жүйесінің əкімшіліктен бөліну процесі аяқталды. Генерал-губернаторлықтың кеңсе басқармасы мен қысқартылған облыстық сот бөлімшелерінің міндеттерін атқаратын облыстық соттар құрыла бастады. Облыстық соттар құрамында прокурорлық барлап-төстеу органдары қызметтерін өз дəрежесінде жүргізді. Басты соттық инстанция болып Ташкент соттық палатасы есептелді. Түркістан өлкесіндегі соттық мекемелерінің жоғарғы инстанциясы деп, патшалық сенат танылды. Төменгі сатыны аумақтық соттар құрастырды. Олар Юстиция министрлігі тарапынан тағайындалды. Аймақтық соттармен қатар «халық соттары» өз қызметтерін жүргізді. Олардың қызметіне жергілікті халықтың 90 %-ы мұқтаж болған. Саяси жəне мемлекеттік қылмыстар, сонымен бірге кісі өлтіру мəселесі мен ірі азаматтық қылмыстық істер ескі жүргізіліп келген Халықтық сот құқығынан алынды. Сол жылдары «əскери-халықтық басқарудың» əкімшілікполицейлік функциялары кеңінен белең алды. Бұратана халыққа қарсы полицейлік билеп-төстеу тəсілдері күшейе түсті. 1890 жылы аймақтық пристава институты ашылды. Уезд басшылары бұратана халықты бақылап қана қоймай, олардан түрлі салықтар жинап, енгізілген жаңа өзгерістердің орындалу ағымын қадағалап отырды. Бас имеген халық жазаланып, оларға айыппұл салынып отырды [20]. Түркістан басқару аппаратының жүргізген зорлық-зомбылық жəне қуғын-сүргін саясатына қосымша ретінде 1889-1898 жылдар аралығында Түркістан генерал-губернатор қызметін атқарған 41

А.Б. Вревскийдің шовенистік саясаты əсерін тигізді. Одесса əскери округінің бұл қызметіне оны генерал Обручев тағайындаған. А.Б. Вревский жергілікті салт-дəстүр мен мəдениетінен хабары жоқ кісі еді. Оның басты бағытының бірі қазылар мен билерді саясаттан аластату болды. Сол үшін ол арнайы «халықтық соттарға нұсқау» дайындады. Алайда оның əзірлеген бұл жобасы Азия штабы тарапынан қолдау таппады [21]. А.Б. Вревскийді бұратана халықтың қалалық Думада жалпы орынның 1/3, яғни 24 орынды иемденгені мазасыздандырып, басты штабқа бұл мəселе жөнінде хаттар жолдап, «бұратана халықтың санасы мен деңгейінің төмен екендігін» нақтылай көрсетіп, бұл көрсеткішті 1/5, яғни 14 орынға кеміту керектігін талап еткен. Хатында: «Такой порядок необходимо сохранить на неопределенное будущее пока обрусевшее поколение туземцев не окажется на высоте восприятия благ самодержавия», – деп жазған [22]. Аймақтың жаппай орыстандырылу керектігін баса тілге тиек етіп, А.Б. Вревский орыстандыру тəсілдерін жетілдіруде үлкен шеберлік танытқан. Əкімшілік бұйрықтар талабымен бұратаналар империя өкілдерін «бас иіп сый сияпатпен» қарсы алу керектігін қалады. Бұл мəселе жөнінде Мансырев жергілікті базардағы көрген оқиғасын былай деп жазған: «Когда мы были в нескольких десятках саженей от базара, то внезапно во весь карьер незнакомцы так же как и мой джигит, помчались на базар, врезались в тысячную толпу, которая была на этом базаре и начали изо всех сил угощать присутствующих там торговцев и покупателей ударами нагаек не разбирая по чему эта нагайка попадет… оказывается, это в обычае. Для внушения наибольшего почтения к местным чиновникам практикуются такого рода встречи туземного населения с представителями русской власти» [23]. Тапа-тал түсте осы іспеттес келеңсіз жағдайлар үйреншікті əдетке айналған еді. Орталықтан басқарылған орыс саясаты мен жергілікті орындардағы орындаушылар əлеуметтік-экономикалық реформаларын енгізіп, дəл осы саясат Оңтүстік Қазақстан өңіріне айтарлықтай жаңалық əкелмеді. Олардың жүргізген саясатында басты орынды билеп-төстеу, халыққа тауқымет көрсету, оларды қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары белең алып отырған. 1892 жылы Түркістан 42

өлкесіне енгізілген «бақылауды күшейту ережесі» патша əкімшілігінің бұратаналарды тежеу əрекетімен сабақтас еді. Ресей империясы 1886 жылдың реформаларын төмендегідей қорытындылады: «Результатом реформы 1886 года явились: вопервых двоевластие и сильное понижение значения уездных и других начальников, что уронило в глазах туземцев русскую власть вообще, а административную в особенности, а во-вторых, разъяснение русской партии и разрыв тесной связи между русской и туземной администрацией, что привело к разрушению прекрасного созданного моста для установления доверия и уважения к русским властям. Около туземца уже привыкщего к доброжелательной и заботливой, но крепкой и единой русской власти, не стало такого близкого и сильного попечителя, каким был уездный начальник, на смену которого явился другой-сравнительно слабый, переутомленный не обладающий достаточными правами и средствами для защиты и воздействия на туземное население» [24]. 1886 жылғы енгізілген ереже бойынша Түркістан өңірін басқару Əскери министрліктің қарауына берілді. Қаржы саласы, оқу мəселесі жəне байланыс ведомстволардан тыс басқару мəселелерді тікелей өзі тағайындаған, генерал-губернатор тарапынан іске асырылған. Патшаның генерал-губернатор жанынан арнайы кеңес, кеңсе əкімшілігі жəне күрделі тапсырмаларды орындайтын шенеуніктер қызметі ашылды. Аталмыш өзгерістерге қарамастан енгізілген ережеде: Түркістан өлкесін Ресей империясы құрамына сатылы түрде сіңіру саясатының негізгі ұстанымдары сақталды. Жергілікті халықтың өзін-өзі басқару жүйесі өзгерістерге ұшырамады. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын сайлау принципі күшін жоймады. 1886 жылы, одан соң 1899 жылдары енгізілген ережелер Түркістан өлкесін орталық Ресей жүйесіне бірте-бірте жақындатып, отырықшы жəне көшпелі халықтың орыс өкіметіне деген тəуелділігін арттыруға əсерін тигізді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласын тонау үрдісі күшейе түсті, халық арасында күйзеліске ұшырағандардың саны артып, олар жалдануға мəжбүр болды. «Өз елінде өзге халық» дəрежесіне түскен қарабайыр халық енгізілген заңдар салдарынан өз тағдырын 43

шешу мүмкіншіліктерінен айырылды. Себебі патшалық Ресейдің отар аймақтарында жүргізілген рухани-саяси езгісі өте ауыр соққы болып, полицейлік бақылау тəртібі одан сайын күшейді. Ресей империясының бастапқыдағы заң жобалары, одан соң түзетулері қазақтың жеке басымен оның мүлкінің сақталуына кепілдік бермеді. Əсіресе халық үшін рухани отарлаудың қаупі төнді. Орыстандыру мен шоқындыру саясаты шексіз жүргізілді. Патша өкіметінің отарлық езгісіне қарамастан, қазақ халқы тəуелсіздік жолындағы күресін жалғастырды. ХХ ғасырдың басында басталған ұлт-азаттық күрес бұрынғысынан да күшейе түсті. 30 млн-нан астам түркі-мұсылман халықтары тілі мен дінін, ұлттық дербестігін сақтап қалуға күреске аттанды. Осылайша, қазақ тілі мен болмысының орыстануын қалаған Ресей империясы бар күшқұдіретін салып, негізін қалаған еді. Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5.

Патшалық Ресейдің ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы ұстанған саясатын саралаңыз. Ресей империясының отар шептерін құру тарихын зерделеңіз. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан өлкесінде жүргізілген əкімшілік реформалардың мазмұнын ашып, салдарына тоқталыңыз. Əскери-саяси отарлау мен орыстандыру саясатының өзара байланыстарын анықтаңыз. Сырдария облысы халқының құрамын талдаңыз.

Үсынылатын əдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.

Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ӨРОММ). 715-қ., 1-т., 8-і., 30-п. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. – Т. 3. – Алматы, 2002. – 362 б. Фомченко А.П. Русские поселения в Туркестанском крае в конце ХІХ- начале ХХ вв. – Ташкент, 1983. – С. 34. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРОММ). 454-қ., 1-т., 13-і., 18-п. ӨРОММ. 715-қ., 1-т., 14-і., 37-п. ӨРОММ. 715-қ., 1-т., 21-і., 335-п. Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.). – Алматы, 1976. – 303 б. 44

8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24.

ӨРОММ. 715-қ., 1-т., 19-і.,86-п. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. – СПб., 1906. – С. 273-274. Халфин Н.А. Присоединение Средней Азии к России (60-90-е г.г. ХІХ в.). – М., 1965. – С. 140-150. Түркия Республикасының Стамбул Орталық мұрағаты (ТРСОМ). 928-т., 2-і.,170-п. Кастельская З.Д. Из истории Туркестанского края. – М., 1986. – С. 29. Добросмыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. – Ташкент, 1912. – С. 63. Туркестанские ведомости. – 1881. –15 мая. – № 38. Гестек С. По вопросу о колонизации Туркестана // Туркестанские ведомости. – 1881. – 24 ноября. – № 46. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 954-і., 136-п. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 31137-і., 38 об-п. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т. 2. / составитель М.Г. Моисевич. – Алма-Ата, 1960. – С. 68, 395. ӨРОММ. 7-қ., 1-т., 15278-і., 2-п. ӨРОММ. И-1-қ., 13-т., 1156-і., 65-п. Абрамов И.Ф. Положение об управлении Туркестанского края. – Ташкент, 1916. – С. 121. ӨРОММ. И-1-қ., 11-т., 737-і., 129, 196-пп. Стенагрофический отчет государственной Думы, созыв ІV, сессия V, заседание 17. – 1916. – 15 декабря. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 31137-і., 39-п.

1.2. Îңòүñòіê Қàçàқñòàíäàғû қîíûñ àóäàðó ñàÿñàòûíûң îðûñòàíäûðó іñіìåí áàéëàíûñòûðûëóû ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанға орыстар өз еркімен жəне мемлекеттің тікелей қамқорлығымен қоныс аударды. Ресей империясының орыс шаруаларын қазақ еліне көптеп қоныстандыруы орыстандыру саясатының басты əдіс-тəсілдерінің бірі еді. Отар əкімшілігі қазақтармен орыс келімсектерінің тығыз қарым-қатынас жасап, православ діні мен тілінің терең таралуына жəне оның насихатталуына толық сенім артты. Оңтүстік Қазақстан өңірінде 45

Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда орыстандыру саясаты баяу жүргізілгеніне қарамастан, бұл өңірге қоныс аударған орыс келімсектерінің саны көп болмаса аз бола қойған жоқ. Келімсектердің қазақ даласына келіп қоныстануының салдарын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, Қазақстан жеріне миграцияның баяу қарқынмен жүруі, яғни ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың ортасы. Екіншіден, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Оңтүстік Қазақстанға қарай орыстардың ағыла қоныстануы. Үшінші кезеңде ХХ ғасырдың басында орыс келімсектерінің қоныстану үрдісі төтенше қарқынмен жүргізілді. Ал ХХ ғасырдың 20-жылдары орыстар қазақ даласына тереңдей ене бастады. 1858 жылы қазақ даласында 38, 6 мың келімсек орыс шаруалары тұрса, 1870 жылы бұл көрсеткіш 52, 6 мыңға дейін жетіп артылды [1]. Бұратаналарды орыс шаруаларымен араластыра қоныстандыру, олардың санын жыл сайын арттыра отырып, орыстандыру мен шоқындыру саясатының жаңа айла-тəсілі орын алды. Бұл тəсілді жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігін жан-жақты егжейтегжейлі зерттеген генерал-губернаторлар мен орыс миссионерлері білікті түрде іс-жүзіне асырды. П.Г. Галузо «бұл саясат – патша өкіметінің ойластырып келген дəстүрлі əдісі», – деп өз еңбегінде баса көрсеткен [2]. Ресми отарлау кезеңі – қазақтар Ресей империясының қол астына кірген мезгілден кейін басталды. Ал қазақ жерін талаған, қазақ даласына көптеген зиян тигізген осы ресми отарлау болып табылады. Ресми отарлау жылдарында орыстандыру саясаты қарқынды түрде жүргізілді. Бұл дəуірде патша өкіметі қазақ жерін казактардың түрлі қызметтегі адамдары үшін талап, оларды талан-таражға салумен айналысты. Өкімет қазақ жерін казак пайдасына шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін бөліп берді, яғни оның өзіндік экономикалық себептері бар болатын. Қазақ жерін талаудың түптамыры экономикалық талаппен бастау алып, соңы саяси талаптармен сабақтасты. Ресей империясы Қазақстан жерін өз құрамына алып, жергілікті халықты орыстандыру арқылы біртұтас орыс еліне айналдыруды мұрат тұтты. Осының 46

салдарынан Ресейдің ішкі саясатындағы полицейлік мақсаттар сыртқы саясатқа да үстемдігін жүргізді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Түркістан өңірінде ресми отарлау процесі жүргізілді. 1886 жылы шыққан «Түркістан өңіріне православ дінділерді ғана көшіру» заңы келімсектердің Сырдарияның солтүстігі, Əулиеата, Шымкент, Ташкент уездері мен Жетісу облысына қоныстануына жағдай жасап, миссионерлік саясатпен қазақтардың шұрайлы жерлерінен ығыстырылуына ықпалын тигізді. Түркістан өңірін келімсектермен толтыру үрдісі 1875 жылдан басталып, Əулиеата уезінде алғашқы орыс қонысы пайда болды. Бір жылдан кейін Жетісу мен Ташкент қаласын байланыстыратын 100 отбасыдан құралған Шалдовар қонысы құрылды. Дегенмен Оңтүстік Қазақстан өңіріне орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты 1875-1888 жылдар аралығында баяу жүргізілді. Мұны мұрағат құжаттары дəлелдей түсіп, орыс шаруаларының Түркістан өңіріне қоныстандырылуының маңызын атап өтеді. Құжаттың біреуінде: «Как ни важна была в политическом и экономическом отношениях задача увеличения русского элемента в только что покоренной стране такт и осторожность требовать особенных приемов. Форсировать переселение не позволяли весьма многие соображения. Нельзя например было не считаясь с местными условиями и интересами туземного населения садить русских крестьян, во всех тех местностях, агрикультурные условия которых соответствовали исторически сложившемуся характеру деятельности русского крестьянина. Такою системою колонизации можно было нарушить экономические интересы туземца и тем самым создать почву не для братского единения русского человека, несущего в Азию европейскую культуру, с кочевников или оседлым сартом, а для глухой вражды, которая конечно должна была бы заботить русскую администрацию и не позволяла бы смотреть на места заселенные крестьянами как на окончательно умиротверенные оазисы призвания распространять занания и основы русской гражданственности в темной массе туземца фанатизируемого главарями мусульманства» [3], – деп орыс шаруаларының келіп қоныстана қоймай, елде орыс мəдениетін таратуымен де айналысу қажеттілігі туралы аталып өтілген. 47

1888 жылдан бастап орыс шаруаларын қоныстандыру үрдісі интенсивті жолға түсіп, сол жылы 2000 отбасыдан тұратын жаңа үш қоныс пайда болды. Олар Əулиеата мен Шымкент уездеріне көптеп қоныстанып, «бос жатқан жерлерді» иемденген. Мұндай саясат жергілікті халықтың жайылымдық жерлерін мейлінше тарылта бастады. Ол жөнінде қоныстандыру комитетінің есебінен анық көруге болады: «С 1892 года в пределы края под влиянием недорода в европейских губерниях империи, пришло свыше 2000 семейств переселенцев для устройства быта которых туземное население Аулиеатинского, Чимкентского и Ташкентского уездов уступало годных для культуры земель около 20 000 десятин, что дало возможность без расходов на орошение и отчуждения земли устроить 22 новых русских селения» [3, 19-20-п.п.]. Патша өкіметі қазақ жерінде үстемдік етіп қана қоймай, бұратана халықты бір-біріне айдап салып, араздастырып қол шоқпар ретінде пайдаланды. Өкімет «елді жауластырсаң билейсің» деген ұстанымын қатаң қадағалап, қазақтар мен басқа да түркі тектес халықтарды бір-біріне айдап салу арқылы өзінің қараңғы істерін жасырып, бүркемеледі. Казактар керек кезінде қазақтарға қарсы патша өкіметінің дауын даулап шоқпарын соқты, сауда капиталының даму жолында болған кедергілерді де жойып отырды. Қазақстанның көптеген аймақтарына христиан дінінің миссионерлері келіп, сол аймақтарда дəрігер ретінде православие дінін уағыздады. Олар жергілікті халықты шоқынуға шақырып, мұсылмандықты жамандауда аса шеберлік танытты. Соған қоса қазақ балаларын орыс оқу орындарына шақырып, сауаттылық пен өркениеттің шыңына тек христиандықты жəне орыс тілін меңгерген жағдайда ғана жете алатынына сендіріп отырды. Орыс əкімшілігінің отарлаған аймақтардағы мұсылмандықтың қуаттылығы жөнінде мəлімет жинағандары да жайдан-жай оқиға емес. Себебі миссионерлік əрекетті орыс əкімшілігі қай жерде қалай жүргізу керектігін сараптап отырған. Мəселен, Қазақстанның солтүстік аймақтарына қарағанда оңтүстік өңірде мұсылмандық ұстанымдары басымдырақ болған. Сол үшін К.П. Кауфманның Түркістан өңірін орыстандыру саясатын мейілінше сақтықпен жүргізуге шақырған [4]. 48

Қазақ тарихын зерттеуде орыс өкіметінің қазақты жуасыту, айтқанын істету, өз аранын толтыруды іске асыру саясатын оның құпиялы беттерін ашу арқылы ғана көз жеткізе аламыз. Елді казактар мен орыстарды толтыруды көздеген патша өкіметінің басты мақсаты – қазақ жерінде жергілікті халықтың пайыздық мөлшерін төмендету арқылы əскер орналастырып, орыс шаруаларына жер беруді қажет етті. Аталмыш мақсат тұрғысынан қарағанда, 1869 жылы Мəскеуде арнайы миссионерлік қоғам ашылды, оған патшалық өкіметтің саяси идеологиялық ұстанымдарын жүзеге асыру міндеті жүктелді. Бұл ағымда патша өкіметі, əрине, орыс халқын бұратаналармен кіріптар етуде сенімді тəсіл ретінде қоныс аударушыларға үміт артқан-ды. Осы тұрғыда генерал-губернаторлықтың кеңсе меңгерушісі арнайы қоныстандыру комитетін құрды. Бұл комитет орыс халқының негізгі тобын құрайтын дворяндардың, шіркеудің қара жұмыстарын атқаратын мұжықтардың қоныстануын қалады. Сонымен қатар Ресейге зияннан басқа еш пайдасын келтірмейтін қылмыскерлерді, жазаға бұйырғандарды қазақ даласына көшіруге ғана лайық деп қарап бақты. Комитет, біріншіден, өлім жазасына кесілген жəне саяси өлімге арналғандарды жіберді, екіншіден ,салық төлеуге шамасы келмеген шаруашылығы күйзелген Ресейге пайда келтіруден қалған мұжықтарды көшірді. Үшіншіден тарихтан басы бос, еркін жауынгер казактарды орналастырды. Казактарға қазақтың төл жерін тартып алып беру арқылы оларды қазақтармен өштестірді, жауықтырды. Казактар қазақтардың ауылдарына қоңсы бола отырып, орыс тілі мен əдет-ғұрпын, дінін насихаттап, үйретіп те отырды [5]. Сонымен қатар патша өкіметі Қазақстанға түрлі содырларды, некесіз туылғандарды, ауыр қылмыстыларды, басына бостандық беріліп қуылып жіберілген құлдарды, яғни соғыс қызметіне алынбайтын, онда қызмет етуге болмайтын жарамсыздарды жəне салық төлей алмайтындарды айдаған. Патша өкіметі бұл саясат арқылы қазақ жерін талап, тонаудың сорақылық жолдарына барынша ерік берді. Өйткені өз елдерінде адам қатарынан шыққандар жаңа жерде топтасқан соң зардабы көп неше түрлі келеңсіз əрекеттерге баратынына шүбə жоқ еді. 49

Қазақстанның құнарлы да шұрайлы жерлерін атап өткендей, отаршылдық саясаты өз ісін беріле орындайтын казактарға бөлініп берілді. Осы мақсатта Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілістерді басу жəне отаршылдық тəртіпті қорғау үшін 11 казачество құрылды. Олардың төртеуі тап осы Қазақстан жерінде орналастырылды. Түркістан өлкесін тұтас отарлап, билікті қолға алғаннан кейін Ресей бұл жердегі түркі халықтарын мəңгі бодандық бұғауда ұстаудың саяси-əлеуметтік жолдарын қарастыра бастады. Патша отаршылары бұл халықтарды жаулап алғанға дейін əртүрлі мақсат көздеген арнаулы экспедициялар жіберу арқылы жан-жақты зерттеп біліп, отарлаудың қандай айла-тəсілдерін қолдану жолдарын да анықтап алған еді. Ресейге бодан болған халықтардың ішінде ең саны көбі де əрі жер көлемі зоры да қазақтар болуы себепті отаршылдар бұл халыққа ерекше көңіл бөлді. Өйткені қазақ жерін бір жарым ғасырда əрең бағындырған Ресей империясы ұлттық санасы күшті, жауынгер, көшпелі өмір бесігінде тербеліп шыныққан, ұлттық рухы жоғары қазақтарға алдымен назар аударып, олардың көшпелі өмір қалыптастырған тұрмыстық қалпын бүлдіріп, ұлттық тілін өзгертіп, орыстандырып жіберу саясатын саналы, жоспарлы түрде жүргізуді қолға алды. Отарланған барлық түркі халықтарын мəңгі рухани құлдықта ұстау үшін, алдымен, қазақтарды рухани жағынан шөктіріп, шамалары келсе, оларды аспай-саспай жер бетінен біртіндеп жоғалтуды да көздеді. Егер өткенге көз жіберсек, орыс казактарының тарихы төңкеріске дейінгі Ресейдің тарихымен тығыз байланысты. Ықылым заманнан бері казактар əскери күш ретінде Ресей мемлекетінің шет аймақтарының қорғаны болып келген-тін. Олар ерікті казактар бірлестігінен Ресей империясының айрықша құқы мен артықшылыққа ие əскери құрамына дейінгі күрделі жолдан өткен. «Козак», «казак» – татар сөзі. Бұл славян жəне одан кейін орыс тілдеріне борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек жəне сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымдарды білдіретін сөз ретінде енген. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейіннен Жайық казактары деп аталып кеткен ерікті казак қауымдастығы құрыла 50

бастады. XVI ғасырдың 80-жылдарында Дон казактарының бір бөлігі Мəскеу мемлекетінің əскерінен жеңіліп, атаман Ермакпен бірге Сібірге кетті. Бұл жерде олар Сібірді басып алуға қатысты. Екінші бөлігі Волга бойымен Каспий теңізіне түседі. Жайық бойымен жүзе отырып, Үлкен Ноғай Ордасының астанасы Сарайшық қаласына келеді. Сарайшықты талқандап, теңіз арқылы қайтадан Донға кетеді. 1808 жылғы Ережеге сəйкес, Сібір линиялық əскері казак тарды қызметке өз қаруларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен жəне жылқыларымен алуға тиіс болды. Сібір казак əскерлерін құрған кезде патша үкіметі бірінші кезекте казактардың полицейлік рөл атқару керектігін ескерді. Ал енді Сібір казак əскерлері «барлық бүлікшілерді тыныштандырушы жəне жуасытушы» ретінде өздерінің міндеттерін қатыгездікпен орындады. Оңтүстік Қазақстан территориясына орыс мұжықтарының алғашқы легі келгенге дейін патша əкімшілігі қазақ даласын əскери казак-орыстардың отарлауымен шектеді. Түркістан өлкесінде казак-орыстардың тұрақтары Жетісу облысында пайда болып, оның тұрғындарының саны уақыт өткен сайын өсіп отырды. Облысқа орыстардың енуі 1831 жылы Жетісуға таяу жерде Сібір гарнизоны орналасқан Аягөз приказдығының құрылуымен басталған еді. 1847 жылы жүзбасы Абакумов 200 казакпен бірге Қапал өзені бойында жаңа қамал – Қапалдың негізін қалады. Патша əскерлерінің Жетісудағы жылжуының келесі нысанасы Іле өзені бойы болды. Орыс əскерлері ілгері жылжыған сайын өздеріне қарсы шыққан қазақ ауылдарын қатыгездікпен талқандап отырды. 1853 жылы Қапалдан бүкіл Іле өлкесін жаулап алу мақсатымен арнайы экспедиция шығып, маусым-тамыз айларында өлкеде тірек орталығын салуға қолайлы жер іздестірілді. Қамал тұрғызу үшін суы мол, жері құнарлы, құрылыс жүргізуге қажетті қалың орманды Үлкен жəне Кіші Алматы өзендері аралығындағы кең дала таңдалып, мұнда 1854 жылы Заилийское деп аталған бекініс салынды. Ал келесі жылы бұл елді мекен Верный форты деген атпен өзгертілді. Қамалға таяу жерге Іле өлкесіндегі алғашқы орыс поселкесі болып табылатын Алматы казак станицасының негізі де осы жылы қаланды. 51

1856 жылы мұнда тағы 139 казак жəне 200 шаруа отбасы Томбы жəне Тобыл губернияларынан, Воронеж губерниясынан 242 шаруа отбасы келіп қоныстанды. Талғар, Есік, Қаскелең жəне Шамалған өзендері бойында да жаңа казак жəне шаруа поселкелері пайда бола бастады. Империя шекарасы оңтүстікке: Лепсіден-Ілеге, одан соң Шу өзеніне қарай жылжи берді. 1855 жылы Үржар жəне Лепсі станицалары, 1858-1860 жылдары Көксу, Қаскелең, Арасан, Қарабұлақ, т.б. казак станицалары салынды. Нəтижесінде 1867 жылға дейін Жетісуда құрылған 14 казак поселкелесі мен станицасында 14648 адам өмір сүрді. 1867 жылғы 13 шілдеде ІІ Александр патшаның жарлығымен Жетісу казак əскерлері құрылды. Оның міндеттеріне отарлануға тиіс аймақтарды Ресей құрамына біртұтас кіргізу, басып алған сол жерлердегі шекараны қорғау, форпос, бекініс салу жұмыстары кірді. Жаңа əскер штатында 600 адамнан тұратын екі атты полкті қоса есептегенде барлығы 1768 адам болды. Келімсек казактар мұндағы қазақтардың өңделген ең құнарлы егіс алқаптарын, су жүйелерін, мал жайылымдарын тартып алып, халқымыздың дəстүрлі мал жəне егін шаруашылығының дамуына орасан зор нұқсан келтірді. Бұл жөнінде Телжан Шонайұлы былай дейді: «Үкімет, əуелі қылмысты болып, жазаға бұйырылып, Ресейге зияннан басқа пайда тигізбейді деп түсінген, шіріген жұмыртқаға есептелген адамдарды қазақ даласына орнықтыруға ұмтылды. Өлім жазасына кесілген жəне саяси өлімге арналғандарды жіберді. Екінші, тіпті салық төлемей шаруашылық күші үзіліп, Ресейге пайда келтіруден қалған мұжықтарды көшірді. Бұларды атты казак қылып жазды. Үшіншіден, бұрыннан басы бос жауынгер атты казактарды орналастырды, жауынгерлігінің үстіне казак-орыс бұрыннан қазақпен соғысып үйренген». 1867 жылы Оңтүстік Қазақстан жері Ресей империясының меншігі ретінде жарияланғаннан кейін, отарлық сипат үлгісін алған аграрлық саясат жүргізуге жағдай жасады. Осы тұста патша өкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруға бет алды. Отаршыл 52

аппарат өлкені орыс келімсектерімен толтыру арқылы орыстандыру саясатын жүргізуді көздеп, бірқатар шаралар қарастыра бастады. Ол жоба ретінде əзірленген көптеген мекемелерде талқыланды. Алғаш рет Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастамасымен өлкені жаппай орыстандыру мақсатында 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру» ережесінің жобасы əзірленіп, ол 1883 жылға дейін күшін жоймады. Г.А. Колпаковскийдің дайындаған ережесі бойынша, əрбір адамға 30 десятина жер бөлініп, 15 жыл көлемінде қоныс аударған орыс шаруалары түрлі салықтар мен міндеттемелерден босатылды. Сондай-ақ кедей отбасыларына 100 сомға дейін жəрдем ақы берілді Осылайша, өлкеге келетін орыс келімсектерге жағдай жасалып, көптеген іс-шаралар атқарылды [6]. Орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аудару үрдісі ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында айтарлықтай қарқынмен дамыды. Əсіресе орыс шаруаларының ағыла қоныстануы Ресейдің екі губерниясы мен Сібірде күрделі түрде жүргізілді. Əулиеата жəне Шымкент əскери губернаторларының Ташкентке жіберген жедел хатында: Донской əскерлері мен Воронеж губернияларынан жалпы саны 263 орыс отбасы келіп қоныстанғаны жөнінде хабар 1891 жылы түскен болатын [7, 23-б.]. Ал П.Г. Галузоның мəліметтері бойынша, 1895 жылы Жетісу өлкесінде 63 орыс шаруа поселкесі құрылып, ондағы халықтың саны 35 569 дейін жеткен [8]. Келімсек орыс шаруаларының поселкелері Сырдария уалаятында жыл сайын артып отырды. Паленнің беріп отырған мəліметтеріне қарағанда1874 жылдан 1882 жылға дейін уалаятта 6 шаруа селосы құрылса, 1884 жылмен 1890 жыл арасында 14 поселке орын тепкен. Ал 1891-1892 жылдар аралығында 17 жаңа орыс қонысы пайда болып, нəтижесінде аталмыш жылдар болып Сырдария уалаятында 37 поселке құрылған [9]. 1869 жылы орыс шаруаларын қоныстандыру туралы жарияланған циркулярда: «Имея в виду распространения земледелия и пресечения развития безземельного бродячего элемента, разрешается предоставить не занятые, впусте лежащие земли, с разрешения губернатора, желающим под распашку, впрочем, без предоставления 53

им не прав собственности, ни даже прав постоянного пользования», – делінген [10]. Сондықтан орыс шаруаларының қоныс аударғанға дейін, Оңтүстік Қазақстанда казактар 610 484 десятина жерді иемденген еді [11]. Олар өлкедегі суға бай жəне құнарлы жерлерді жаулап қана қоймай, отырықшы жəне көшпелі халықтың дəстүрлі шаруашылығына үлкен зардабын тигізді. 6 сəуір 1899 жылы Сырдария уалаяты əскери-губернаторының есебі бойынша, Əулиеата уезінің халықтары орыс-кулактары мен шаруаларынан көп зəбір шеккенін жазған: «Возникают споры с переселенцами о земле и воде, киргизы поголовную жалуются на крестьян (на русских переселенцев кулаков), которые насильно отбирают у них землю и воду» [12]. Мал жəне егін шаруашылығымен айналысқан халық, дəстүрлі өмір-тіршілігін дамыту мүмкіндігінен айрылып, құнарсыз жерлерге еріксіз ығысуына мəжбүр болды. Сондай-ақ көшпелі халықтың мал жайылымдары тарылды, себебі қоныс тепкен казактар қоныстанған жерлерді ысырапсыз пайдаланды, орман-тоғайды жоқ етті жəне өлкенің сұлу табиғатына нұқсанын тигізді. Қазақстанға түрлі жолдармен келген казактардың кезінде ұлттық ерекшелігі болмаған жəне орыстар оларды үнемі кемсіткен. Казактардың атамандарын ақсүйек тобына жатқызбаған. Себебі Иван Грозныйдың заманынан бастап, орыстар оларды «құлдар мен ұрылар» деп таныған [13]. 1861 жылы ІІ Александр казактардың дəрежесін көтеремін деген мақсатта Қазақстанға қоныс аудару жөнінде арнайы заң қабылдады. Осы заң шыққан күннен бастап, 1917 жылдың революциясына дейін Қазақстанға қоныс аударған казактар мен орыс шаруаларының пайыздық көрсеткіші 42 %-ға дейін жеткен. 1848 жылы казактар бір ғана Қапал станциясында 22 376 десятин жерді иемденіп, сол жердің орыс əкімшілігінің аппарат өкілдері айтқандай, 1855 жылға дейін 1826 десятина жері егінге пайдаланылған [14]. Бұл мəліметтерге қарағанда қалған жерлер бос жатқан, ол жерлерді жергілікті халықтың пайдалануына рұқсат берілмеген. Соның салдарынан қазақтардың мал өсіру дəстүріне қысым жасалған. 54

Осы мəселеге байланысты Ресей империясы зерттеу жұмыстарын жүргізуді жөн көрді. Түркістандағы жерді пайдалану тəртібін анықтауға Жер жəне мемлекеттік мүлік министрлігінің ғалымдар комитетінің мүшесі А.А. Кауфман жіберілді. Оның жүргізген зерттеу мəліметтеріне қарағанда, Николаевск атындағы орыс деревнясы 40 отбасыдан құрылған. Тек үшеуі ғана егін шаруашылығымен айналысқан, қалғандары болса, өзіне қарасты жерлердің бір десятинасын 50-90 сом көлемінде жергілікті тұрғындарға жалға берген. Өзен айналасының құнарлы, жайылымды əрі қолайлы жерлерін жылдық 900 сомға дейін жалға беріп отырған [15]. Осыған қарамастан орыс шаруалары өздерінің əлеуметтіктұрмыстық жағдайын қанағатсыз деп танып, қырғыздардан (қазақтардан) жиналатын салық мөлшерінен өздеріне көмек берілуін талап ететін. Бұл айғақты 25 қазан 1867 жылы Түркістан облысының оң фланг бұратана халқының басшысы, Сырдария облысы əскери-губернаторының атына жіберген 960 нөмірлі құжатынан көруге болады. Онда былай делінген: «На нужды крестьян был собран кибиточный сбор с киргизов Сырдарьинской области. За 1866 год поступило 26 385 кибиток 39 572 р. 50 коп, из них принадлежит к району Перовский 17 986 кибиток, к району Форт-І 8 396 кибиток» [16]. Алайда орыс шаруаларының біреуі өзінің туысына жолдаған хатында, əлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жоғарғы деңгейде екенін ашық көрсеткен. Ол хатта былай жазылған: «Любезный сват Аггей Михеевичъ, переселился я на реку Арысь, на выселок Высокий, а живу, слава тебе Господи. Кубанку сею, родить хорошо, и солома выше головы. Кругом выгон вольной, лучшего места не надо. И покорно прошу тебя, любезный сват, переселяйся к нам, как у вас слышно не урожай и притеснение из земли, лучшего места не найдешь. А идти надо на г. Оренбург и на Казалу и на Перовский город и на Чимкент, а по железной дороге не ходидорого на счет скота. А прейдешь в Ташкент, найди (прописано только имя и очество одного чиновника, он хотя начальник не большой, да у него все маршруты водяные и сухопутные. И он 55

тебе в настоящее место произведет и пособие выпросит и куда надо по начальству он тоже может. И вот, с таким маршрутом в руках, с проблематическим именем чиновника- гида, изнуренный храническим неурожаем пускается в путь переселенцев, и благодаря энергии и настойчивости голодного человека, отягощенного большой семьей, находит и чиновника гида, и Высокий выселок на р. Арыс и, наконец, ту вольную землю, которая делается его тихою пристанью, удовлетворяя его земледельческие идеалы» [16, 15-п.]. Орыс шаруалары 1890 жылдан бастап келіп қоныстанғаннан кейін, Оңтүстік Қазақстанда 18 орыс селосын құрды, шаруашылықпен айналыса бастады жəне жергілікті əкімшіліктен орыс оқу орнының ашылуымен қатар шіркеулер құрылысын бастау үшін көмектесуін талап етті. Келешекте ашылған бұл шіркеулер орыстандыру үрдісінің қарқынмен жүргізілуіне септігін тигізді. Орыс шаруаларының əлеуметтік тұрмыстары жақсы еді. Орыс əкімшілігі оларға материалдық көмек көрсетуімен қатар жермен, малмен қамтамасыз етті. Мұны мұрағат қорларынан табылған құжаттар дəлелдейді. Мұрағат құжаттарында қоныстанған орыс отбасыларының жергілікті халықтан мал тартып алғандары жөнінде тіркелген. Мəселен, мына кестеден сол жылдары əрбір отбасының малмен қамтамасыз етілгендігі туралы жəне жалпы орыс шаруаларының əлеуметтік тұрмысының дəрежесін көруге болады [17]. 2-кесте Құрылған орыс селолары мен олардың əлеуметтік жағдайы Село аты 1

Құрылған жылы

Отбасы саны

Жалпы адам саны

Мал саны Ірі қара 5

Ұсақ мал 6

2

3

4

Антоновка

1890

32

222

470

60

Белые воды Ванновка

1889 1891

70 104

465 880

610 1030

410 1080

Вревское

1893

32

214

289

145

Высокое

1888

168

1080

1670

1020

56

Дорофеевка

1892

111

718

1560

770

Егорьевка

1890

111

743

1550

1360

Ермолово

1894

29

168

222

1022

Каменная балка

1892

23

169

200

110

Корниловка

1897

34

224

350

320

Красноводское

1891

35

178

285

55

Мамаевка

1892

69

354

636

112

Обручево

1892

33

275

299

676

Петропавловское

1900

52

324

95

45

Темирлановка

1892

74

471

526

1075

Вогелево

1896

10

61

125

45

Черная речка

1890

54

383

460

210

Чубаровка

1892

27

206

343

736

Жалпы

1070

7133

10720

9251

А.С. Гейер Түркістан өңіріне қоныстанған орыс шаруаларын үш топқа бөлген. Бірінші тобына отарлау саясатын белсенді түрде атқарған əскерилерді жатқызған. Олар қалалар айналасындағы жерлерді иемденіп, кейіннен сол жерлерді жергілікті халыққа жалға беріп отырған. Екінші тобына ол құлдықтан құтылғысы келген орыс шаруаларын жатқызады. Олар əуелі Орынбор, Башқұртстан жəне Дон айналасына қоныс теуіп, одан кейін Торғай далаларын қамтып, 1891 жылы басталған Ресей ашаршылығынан соң Сырдария уалаятына келіп сая тапқандар. Үшінші тобына ХІХ ғасырдың соңында Ресей қалаларында табылатын туған-туысқандарынан естіп, олардың шақыруымен келген орыс шаруаларын жатқызады [18]. ХІХ ғасырдың аяғында Оңтүстік Қазақстанда 116 орыс дерев -нялары құрылды. Бұл деревняларға 70 745 орыс шаруасы қоныстандырылып, оның саны ХХ ғасырдың басында 197 420-ға дейін өсті [19, 75-б.]. Олардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстандағы солтүстік аймақтардағы құнарлы жерлерге қоныстандырылды. А.П. Фомченконың ұсынып отырған төмендегі кестеден қоныс 57

аударған орыс шаруалары мен оларға бөлінген жер көлемін аңғаруға болады. 3-кесте Орыс шаруаларына бөлінген жер көлемі Орыс деревнялары Тоқмақ Лебединское Новотроицкое Беловодское Покровское Михайловское Ыстық ата Гиоргиеская Ивановское Петровское Архангельское Новопокровское Павловское

Құрылған жылы 1866 1868 1866 1868 1870 1871 1882 1893 1893 1902 1907 1907 1907

Отбасы саны 510 278 155 437 115 49 48 181 201 324 200 260 151

Адам саны 4037 2150 1508 4218 941 352 450 1621 1149 2462 1466 2403 954

Бөлінген жер көлемі 11435 4895 4329 5550 4148 1918 1160 6357 7110 6500 5799 7185 3761

Орыстандыру саясатының кезекті əдісі отарланған аймақтарда жаңа қоныс деревнялардың орысша атау немесе елді мекендердің атауларын ауыстыру арқылы үстемдіктерін арттыру болды. Əсіресе Романовтар əулетінен шыққан ақсүйектерге, жаулап алу саясатында белсенділігімен ерекшеленген генералдардың құрметіне кісі есімі пайдаланылды. Отарлаушы аппараттың пайымдауынша, жергілікті атауларды орысша атаумен ауыстыру немесе жаңа деревня, селоларға жаңа орыс атауын беру, бұратана халықтың орыстармен қоянқолтық сіңісіп кетуінің тиімді факторы болып келеді [19, 76-б.]. Е.М. Поспелов отар əкімшілігінің елді мекендер мен жаңадан пайда болған поселкелерді орысша атаумен аталуын мына сөздермен білдірген. Ол былай дейді: «Географиялық атаулардың аты да, сол сияқты қоғамдық институттардың өзі де мазмұны жағынан саясатпен тікелей байланыста болды. Қоғамдағы үстемтап жер атауларын да өзінің идеологиясы мен саясатына бағындырмай тұра алмады» [20]. Осыны ескере келе, мынадай қорытынды 58

жасауға болады: біріншіден, Қазақстан картасына енген барлық орыс атаулары жергілікті халықтың еркінен тыс отаршылдық мазмұндағы топономикалық жер атаулары болып келеді. Екіншіден – Ресей империясы елді мекендер мен ауылдық жерлерді орысша атауының басты мақсаты Қазақстан жерін Ресейдің меншігі деп қабылдау жөн деп тапты. Сондай-ақ «Туркестанские ведомости» газетін парақтағанымызда отар əкімшілігінің осы іспеттес əдістерінің мақсаты, мазмұны тіпті жергілікті халықты күштеп ассимиляциялау саясатының бар болмыс нышанын төмендегідей сөздермен дəлелдеген: «Жергілікті атауларды орысшамен ауыстыру, кейде үстемдік етуші халық пен байырғы халықтың сіңісіп кетуі үшін таптырмайтын фактор болды. Жайықты Оралға, Алматыны Верныйға, Ақмешітті Перовскіге өзгертіп атауда белгілі себептер болғанын тілге тиек еткен» [21]. Мұндай саясат Кеңес өкіметі жылдарында коммунистік идеология тұрғысынан жүргізілді. Əрине, оның астарында рухани отарлау саясаты жатқаны мəлім. Тіпті, қазақтарға қатысы жоқ неміс, испан, грек, т.б. коммунистерінің аттары қаладағы көшелер немесе шағын аудандарына берілген. Мəселен, 1932 жылы Германияда Гитлермен сайлауға түскен коммунист Тельманның аты Түркістан қаласының бір көшесіне берілген. Түрлі айла-тəсілдерді пайдаланған генерал-губернаторлардың отарлаған қазақ жеріндегі географиялық жер атауларын орысша атаулармен ауыстыру əдісін мынадай ерекшеліктермен əшкерелеуге болады: Отаршылдық саясат аяқталғаннан кейін көп ұзамай-ақ қалалар мен жаңадан бой түзеген поселкелерге Романовтар əулеті өкілдерінің аттарын, отарлау ісіне тікелей байланысты əскери қолбасшылардың жəне генерал-губернаторлардың есімдерін беру тəсілі кеңінен белең алды. Қазақ еліндегі ежелден сақталған үйреншікті дəстүрлі атауларын орысшаға аударып, оған отаршылдық рухты сіңіре беру əдісі жүзеге асты. Мəселен, М. Мырзахметовтің жарық көрген бір мақаласында Ақсу Беловодқа, Шортанды Шучьеге, Көкшетау Синегорьеге, Балықшы Рыбачьеге, т.б. деп ауыстырылып, отар əкімшіліктің орыстандыру саясатының əсері деп көрсетілген [22]. 59

Миссионерлік саясатты беріле жүргізген дінбасылары мен миссионер ғалымдардың құрметіне берілген атаулар шоқындыру саясатының негізін қалады. Жаңа отарланған метрополияларға қосарланған орыс атауларын беру əдісі пайдаланылды. Мұндай саясаттың негізгі мақсаты-жергілікті халықтың құлағына қайта-қайта дін рухын құю болды. Орыс шаруаларының қоныс тепкен аудандары Н.И.Гродековтің бастауымен Шымкент жəне Əулиеата уездерінде құрылды. Ол алғашқыда бос жерлерде шіркеу мен базар орталықтарын құрып, жоспарлы түрде аталмыш уездерге орыс шаруаларын қоныстандырған. Н.И. Гродековтің кезінде Сырдария уалаятында 50 деревня сап түзеді. Сондай-ақ бұл уездерге 1891 жылы 3000 орыс отбасы қоныстандырылған еді [23]. Н.И. Гродеков жер аударған орыс шаруаларын қарумен қамтамасыз ету қажеттілігін баспа беттерінде белсенді жазып, оны іс-жүзіне асырған. Оның пікіріне сүйенсек, орыс əкімшілігінің бұл ұстанымы отарланған аймақтардағы орыс əкімшілік жүйесін күшейтіп қана қоймай, бұратаналардың орыс қауымына деген құрметін арттыра түседі. Осыған байланысты Н.И. Гродеков 12 желтоқсан 1891 жылы Əскери министрге құпия хат жолдап, орыс шаруаларының қаруландырылуы туралы заң қабылдауына елеулі ықпал жасады [24]. Бұл жөнінде Ғ. Сапарғалиев былай тұжырымдама жасаған: «890 жылы Сырдария облысының губернаторы Гродеков генерал губернатордың атына арнайы мəлімдеме жасап, қол астындағы бұратаналардың тыныш тұрғанын, бірақ олардың ұлттық санасы, қарсылық оты тұтанып кетуі мүмкін екенін ескеріп, ішкі Ресейден қоныс аударғандарды қаруландыру жөнінде ұсыныс жасады. Генерал-губернатор оны қош көріп, қоныс аударушыларды қаруландыру жөнінде арнайы ереже қабылдаған. Ол 1891 жылы 29 қарашада бекітіліп, заң күшіне енген. Осы заңның негізінде Түркістан округінде 1903 жылы 35 мың адам қаруланған. 1912 жылға дейін қоныс аударушыларға қару-жарақ тегін берілген. 1912 жылдан бастап қана қару-жарақ сатылатын болған» [25]. 60

1892 жылдан бастап Түркістан өңірінде əскери бақылау жүйесі күшіне еніп, орыстардың бұратаналарға деген қарымқатынасы қатая түскен. Перовскі, Черняев, Əулиеата, Ташкент уездерінде орыс шаруаларына берілген қару-жарақ саны Сырдария уалаятының əкімшілік өкілдерінің берген мəліметтері бойынша төмендегідей болған [26]. 4-кесте Орыс отбасыларының қаруландырылуы Уездер Перовск Черняев Əулиеата Ташкент Жалпы

Отбасы Отбасы саны Қару-жарақ саны саны Ерлер Əйелдер Балалар 245 1043 835 217 29 3402 10217 10146 3073 34 5210 16838 16277 4974 552 1402 4405 4602 1803 143 10259 32508 31860 10380 728

Оңтүстік Қазақстанға қоныс аударған орыс отбасыларына қосымша көмек те көрсетілді, əр ай басында оларға 200 сом көлемінде материалдық көмек берілді. Балалары болса, уақытша əскери міндеттемелерден босатылған еді [27]. Сондай-ақ, генерал-губернаторлық тарапынан көрсетілген көмектерден тыс, орыс шаруаларына орталық Ресейден 1893 жылы шілде айында 15 мың сом ақшалай көмек жіберілді [27]. Ендігі жерде патша өкіметі қазақ жеріне орыс мұжықтарын орналастыруға айрықша көңіл бөле бастады, себебі бұл ұстаным, əкімшіліктің бұратаналар арасындағы сенімін арттырып, біржола отарлаудың тереңдеуіне көмектесетін-ді. Бұл мəселе заң жүзінде 1886 жылдың 2 маусымында «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ережеде» тиянақты қарастырылған еді. Оңтүстік Қазақстан өңіріне орыс шаруаларының ағыла қоныстану үрдісі 1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың өз еркімен қоныс аудару» туралы ережесі қабылданғаннан соң басталды. Себебі патша өкіметі қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып беріп, аграрлық саясаттың өз дəрежесінде жүргізілуіне елеулі ықпал етті. 61

Сырдария уалаятының жер көлемі мен оның құнарлылығын зерттеген А.А.Тилло жəне Ю.М. Шокальский 28 қаңтар 1897 жылы халық санағына негізделіп, «452 840 шақырым аймақта 1 478 398 адам, оның 803 411 ерлер болса 674 987 əйелдер өмір сүрген», – деген мəліметтерді қалдырған [28]. Жалпы алғанда, аталмыш көрсеткіштер нəтижесінде Оңтүстік Қазақстан өңіріне ХІХ ғасыр дың екінші жартысында көптеген ұлттар қоныс аударған. Статистикалық мəліметтерге қарағанда: Сырдария уалаятында 1897 жылы великорустар 31 900, малорустар 12 853, белорустар 81, поляктар 2825, немістер 1887, еврейлер 1975, молдовалықтар 275, татарлар 5257, қытайлықтар 509, арабтар 634 тіркелген. Олардың арасында православ – 42 266, старообрядтар – 2 855, католиктер – 2 956, протестандар – 1 921, иудейлер – 2 869 [28, 12-б.]. 1886 жылы 12 шілдеде Түркістан генерал-губернаторлығын басқару ережесінде қоныстанушыларды орналастыру туралы жаңа қағидалар қамтылған. Онда православ орыс шаруаларының келіп қоныстануына шексіз рұқсат беріліп, қазақтардың төл жерінің есебінен əрбір адамға шаққанда 10 десятинадан жер бөліп беру мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар оларды алғашқы бес жылда түрлі салықтардан толық босатса, кейінгі бес жылда ішінара алым-салықтардан босату секілді жеңілдіктер жасалды. Бұл енгізілген ереже Оңтүстік Қазақстан өңірін отарлау үрдісін нығайта түсірді. Орынбор мен Ташкент арасындағы жолдың ашылуы, орыс шаруаларына Түркістанға баратын жолды жеңілдете түсіп, олардың Оңтүстік Қазақстан өңіріне ағыла қоныстануына себепкер болды. Ал Ресейдегі 1891 жылғы ашаршылық оқиғасы орыс кедейлерін өз мекендерін тастап, шығысқа қарай бет алуына мəжбүр етті. Ашаршылық салдарынан Сырдария уалаятында екі жыл ішінде 17 жаңа поселке пайда болды. Дегенмен отар əкімшілігі келіп қоныстанған орыс кедейлерін жермен қамтамасыз ете алмады. 1905 жылғы орыс-жапон соғысы Ресей империясының əскери қуатының əлсіздігін көрсетті. Патшалық Ресейде революциялық процестер басталып, ол аяқталғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан жеріне қоныстанушылар саны екі есеге күрт артты. Сондықтан ХІХ 62

ғасырдың соңғы жылдарында орыс шаруаларының Қазақстанға жер аудару процесі жылдамдатылса, Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты қоныстандыру үрдісі ХХ ғасырдың басында мейлінше күшейе түсті. Орынбор, Орал, Сібір жəне Жетісу казактарына құнарлы жерлер тартып алынып, жергілікті халық шөл жəне шөлейт жерлерге ығысуға мəжбүр болды. Жалпы есеппен алғанда 1871-1916 жылдар аралығында 1,6 миллионнан астам адам Қазақстан жеріне келіп қоныстанған. Олардың басым көпшілігі ХХ ғасырдың басында келіп қоныстанған [29]. Орыс революциясына дейін Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанның Ферғана, Самарқан облыстарына селолық мещандарды қоныстандырудың «ерікті жолы» туралы ережесі патша өкіметінің сойылын соғып, қазақ ауылдарын ығыстыруда ерекше рөл атқарды. Бұл ереже 10 маусым 1903 жылы күшіне енді. Оны мынадай мəселелер тұрғысынан жіктеуге болады. Біріншіден, Ресей Ішкі министрлігінің келісімімен тек православ орыстарын қоныстандыруға рұқсат беру. Екіншіден, əскери округтің төменгі шенді əскерлерінің қоныстануына жол ашып, қоныстанушылардың барлығына жерді тұрақты пайдалануға беру. Үшіншіден, қоныстанушылар уақытша оброктық салықты төлеп отырды жəне оларға көптеген жеңілдіктер жасалды, бес жыл көлемінде алымсалықтардан босату, кейінгі жер пайдалану мерзімін жарты мөлшерге төмендету, т.б. Аталмыш заңдармен салыстыратын болсақ, отар əкімшілігі қазақ жерін игеруде белгілі дəрежеде ретке келтіруге ұмытушылықтарын байқауға болады. Сондай-ақ Сырдария уалаятында Жетісу өңірімен салыстырғанда орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты асып түспесе кем соқпаған. Оны 1891 жылғы мəліметтерден аңғаруға болады. Осының салдарынан Оңтүстік Қазақстанда бос жатқан жерлер азайған. Сондықтан мұны көрген Сырдария уалаятының əскери-губернаторы Түркістан генералгубернаторының тапсырмасымен бос жатқан жерлер жөніндегі мəліметтерді жинауға кіріскен. Ол жаңа қоныстанатын орыс шаруаларына жер бөліп беруді мақсат етіп, белсенділік танытқан. Байқап қарасақ, 1891 жылы Сырдария облысында 27 орыс селосы пайда болып, 1894 жылы бұл көрсеткіш 48-ге жеткен. Сырдария 63

қоныстандыру ауданы статистикалық партияның экспедиция деректеріне қарағанда, тек Шымкент уезінде 1906 жылы 18 шаруа селосы болған, ал олар 8062 тұрғыны бар 1189 шаруашылықтан тұрған [30]. Сөйтіп, Шымкент уезі қоныстандыру қозғалысының ең жоғары пайыздық көрсеткішіне ие болды (57, 14 %). Жалпы есеппен алғанда, Шымкент уездінің 27 ауданынан 25 415 десятина тартып алынса, жалпы Сырдария уалаяты бойынша 3 204 696 жер қазақтардан тартып алынып, оны орыс кулактарына үлестіріп берген [31]. Үш жыл көлемінде Оңтүстік Қазақстан өңіріне он екі мың келімсек жіберілгені анықталды. Олардың 8 807-сі бір ғана Əулиеата уезіне қоныстандырылды. Осылайша, бұл қоныстанған келімсектер бірнеше ұсақ орыс поселкелерінің негізін қалады [32]. 1907 жылғы мəліметтерге қарағанда, Сырдария уалаятында 48 мың қоныстанушы тіркелген [32, 5-п.]. Келесі мұрағат деректеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан өңірінің қазақтар қоныстанған аудандарынан 500 мың десятинадай жер, соның ішінде Шымкент уезінен 181 793, Əулиеата уезінен 104 398 десятина жер зорлық-зомбылықпен тартып алынған [33]. Келімсектердің көпшілігі Ресейдің капиталистік қатынаста дамыған губернияларынан келіп, облыстағы капиталистік қатынастардың тездеп енуіне ықпал жасады. Дегенмен, Сыр, Шу жəне Талас өзендері жағалауында орналасқан ауылдарда əлеуметтік жіктеуліктердің барысында мүліктік дифференсация басым болды. Бұл бір жақтан орыс деревнялардың көбеюіне себеп болса, миграциялық процесін екі есеге арттырып, қазақтың шаруашылық өмірін күйзеліске ұшыратты [34]. Патша өкіметі Оңтүстік Қазақстан өңіріне орыс шаруаларымен қатар басқа да ұлт өкілдерін қоныстандыру арқылы жергілікті халықтың ассимиляциялау уақытын қысқартуды көздеген жəне бұл халықтарды араластырып, кез келген бас көтерушілерді басып отыруды мақсат еткен болатын [35]. 1896 жылы Ресей Ішкі істер министрлігі жанынан қоныстану басқармасы ашылды. Бұл орган 1905 жылдан бастап, Егіншілік жəне мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына өтті [36]. Патша өкіметінің 1904-1905 жылдары аралығында Қазақстанда жүргізген реттеулер салдарынан, оның бес аумаққа, яғни Торғай-Орал, Ақ64

мола, Жетісу, Сырдария жəне Семей облыстарына бөлінуін қамтамасыз етті. Аталмыш облыстардың барлығында аумақтық қоныстандыру органдары өз қызметін бастады. Патша өкіметі қоныс аударуды мекемелер басшылықтарына, көп жағдайда империялық отарлау саясатын беріле атқаратын, сондай-ақ, оны жақсы түсінетін шенеуніктерді тағайындады. Оларға міндеттеме ретінде Қазақстандағы бос жерлерді белгіленген жаңа қоныстар құру, қоныстанған орыс шаруаларының мүддесін қорғау, əлеуметтік проблемаларын шешіп беру, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мəселелері кіретін. Сонымен қатар Ресей империясының отарлау саясатын мүмкіндігінше атқарып, өлкені орыстандыру бағыт-бағдарын ұстанды. Осылайша, отар əкімшілік органдары жергілікті халықтың жерін талан-таражға салуға, елдің ішкі губернияларындағы революциялық қозғалыстарға кедергілерін жасап бақты. Артық жерлердің есебін қарқынды түрде жүргізіп, қоныстанушылар қорын ұйымдастырды. Мұрағат құжатының бірінен «Түркістанда бос жерлерді іздеп табу қажет. Дақылға жарайтын жерлер аз екенін ескере отырып, көшпелі халықтың бұрыннан пайдаланып келе жатқан меншіктерін тартып алу керек» [37], – деп отар əкімшіліктің талантараж саясатын ашық жүргізгенін байқаймыз. Қоныс аудару ісін өз деңгейінде жүргізу үшін күшті билік қажет деп білген С.Н. Веселецкий, Жетісу облысының қоныс аудару мекемесінің басшылық қызметін 1906-1914 жылдар аралығында атқарып, небір сұрқия істерді паш етті. «Бұратаналарды барынша таптау қажет», – деп ашық айтатын. Ұлы державалық шовинистік рухта тəрбиеленген С.Н. Веселецкийдің ұстанған саясаты жергілікті халықтың, сонымен қатар облыс əкімшілігінің де үрейін ұшырған [38]. 1891 жылы Ресейдегі ашаршылықтан кейін, Оңтүстік Қазақстан өңіріне келіп қоныстанған, одан соң түрлі жағдайларға байланысты еліне кері қайтқан орыс шаруаларының жалпы санын мына кестеден көруге болады. Бұл кестеде екі облыс салыстырмалы түрде берілген. Кестеден байқап қарасақ, ХІХ ғасырдың соңы мен революцияға дейінгі кезеңде оңтүстік өңірге қоныс аударған шаруалардың саны 65

артып отырған. Дегенмен еліне кері қайтқан орыс шаруалардың пайыздық көрсеткіші жоғары емес. Оның басты себебі қоныс тепкен орыс шаруалардың мұндағы əлеуметтік тұрмысы жоғары еді. Оған еліне оралып, кейіннен қайтадан кері қайтқан орыс шаруалары туралы мұрағат құжаттары дəлел бола алады. 5-кесте Орыс шаруаларының қоныстануы мен еліне оралғандардың сандық жəне пайыздық көрсеткіші Жылдар

Келіп қоныстанғандар Жетісу

Сырдария

Еліне оралғандар Жалпы

Жетісу

Сырдария

Жалпы %

жалпы

%

1896-1909 17911

9824

27735

2284

12,8

1859

18,9

1910

6575

15559

22134

906

13,8

491

31,5

1911

4842

7995

12837

1535

31,8

-

-

1912

11298

1166

12432

834

7,4

-

-

1913

14321

2454

16775

1233

8,7

-

-

1914

10574

13245

13819

763

7,2

127

9,4

ХХ ғасырдың басында «Туркестанские ведомости» газетінде «Сырдария уалаятының мемлекеттік жерлерді пайдалану» ережесі жарияланды [39]. Осылайша, жергілікті халықты жыл сайын барынша қыспаққа алу жəне олардан молынан салық түсіру əдісі кеңінен белең алды. Ереженің 5 жəне 6-баптарына сəйкес, бұратаналар жайылымдарды пайдалану үшін Шаруашылық министрлігінің Түркістан өлкесіндегі өкілінен рұқсат алулары қажет болды. Жайылымға шыққан мал басқа бір уезд шекарасына өткен жағдайда рұқсат қағазын қайтадан алуына тура келді. Ал рұқсат қағазы болмаған жағдайда Түркістан генералгубернаторлығының 148-бабына сəйкес бір ұсақ малға 6 тиын, ірі қара басына 30 тиын айып пұл төлейтін [39]. 66

ХХ ғасырдың басында қазақ даласын тонау үрдісі кең белең алды. Халық арасында күйзеліске ұшырағандардың саны күрт артып, олар жұмысқа жалдануға мəжбүр болды. Орыс шаруалары мен түрлі мұжықтардың Қазақстан жеріне көшірілуі миссионерлікке өз ықпалын тигізді. Бұл саясат патшалық Ресей үстем тап өкілдерінің тікелей араласуымен жүзеге асты. Отар əкімшілігі қоныстандыру үрдісімен қазақтардың рухын таптайтынына, олардың құнарлы жерлерін тартып алуға жəне орыс мəдениетін ел арасына насихаттайтынына сенім артты. Қоныстандыру үрдісінің əрі қарай даму салдарынан қазақ тіліне қысым жасалып, қазақтардың құқықтарына шектеу қойыла бастады. Отар əкімшілігі орыстандыру мен шоқындыру саясатын жүзеге асыруда түрлі əдістерді пайдалана отырып, қазақ даласын жан-жақты зерттеп, түрлі жоспарларды дайындаған. Ол жөнінде мұрағат деректерінде нақты мəліметтер сақталған. 1910 жылдың 31 мамырдағы Дала генерал-губернаторы Шмидтің «Дала өлкесіндегі отарлау жұмысының жағдайы жəне алдағы қойылған мəселелері» жөніндегі баяндамасында: «Степной край на карте Российской империи занимает видное место и охватывает площадь 919. 663. 2 кв. верст, превосходя по пространству в два раза Францию и более чем, в три раза Италию. Общее колличество в крае определяется в 2. 195. 550 душ обеего пола. В истории колонизации края есть две выдающиеся даты – 1893-1906 г.г. с которыми тесно связываются нынешние успехи заселения киргизской степи. По данным Челябинской области регистрации за один 1908 год в Степной край прошло переселенцев и ходоков 163. 301, что к общему движению в Азиатскую Россию составляет 22. 5 %. Всего переселенцев в Степном крае устроено 229. 804 мужских душ или около 450. 000 обоего пола» [40], – деп қазақ еліне қоныс аударған орыс шаруаларының санын белгілеген. Ресей империясының отаршылдық саясаты жергілікті халыққа ауыр тигенін жəне патшаның жер саясатының негативті салдары жөнінде С. Асфендияров өз зерттеулерінде нақты көрсеткен. Ол орыс шаруаларының қоныстану саясатын зерттеп, қазақтардың 67

екі ауыр жүктің астында қалғанын жазған. Біріншісі – ол патша өкіметінің талауы, жақсы жерлерді келімсектерге беріп, шөл жəне шөлейт жерлерге байырғы халықтың ығыстырылуы. Екіншісі – байлардың қолтығына су бүркіп, кедейлерден жерлерін тартып алуы [41]. Осы тұста санада мынадай сұрақ туындайды: Оңтүстік Қазақстан өңірінде шоқынған қазақтардың көрсеткіші төмен болғанымен басқа аймақтардағы қазақтар не себептен шоқынып, орыс əдет-ғұрпын бойына сіңіріп, мəдениеті мен тілін үйренді? Оның себептерін бірнеше факторлармен байланыстыруға болады: Орыс шаруаларын жергілікті халықпен араластыра қоныстандыру жыл өткен сайын артуы мен орыс əкімшілігінің шоқындырып əрі орыстандыру тəсілдерінің асқақтауы. Қоныстанған орыс отбасылары қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болып, өздерінің əдет-ғұрпын, тілін, дінін жəне мəдениетін сатылы түрде уағыздады. Басқарып отырған генерал-губернаторлар тікелей қолдау көрсетіп, миссионерлердің стандар маңында егістік жерлермен үй салатын поселкелер құрды жəне мұндай поселкелерде шіркеулер салынып, орыс оқу орындары ашылды. Осы секілді поселкелерде негізінен шоқынған қазақтар өмір сүріп, оларға тегін пайдаланатын, жер өңдейтін құрал-саймандар берілді. Əлеуметтік тұрмысы төмен болған қазақ отбасылары орыстардың шоқынған қазақтарға жағдай жасалғанын көріп, қызығып мұсылман дінін тастап, христиан дінін қабылдаған. Орыс əкімшілігі шоқынған қазақты мұсылмандарға айдап салып, олардың қандастарына идеологиялық кеңес беру жөнінде үгітнасихат жүргізген. Жаңа поселкелер мен деревнялардың пайда болуымен қатар, сол мекенді жерлерде базар орталықтары мен діни мейрамдарды өткізетін шіркеулер ашылған. Базарлардың көптеп ашылуының астарында орыстар мен жергілікті халықтың араласып, саудасаттық жасау арқылы орыс тілін үйренетін құйтырқы ниеті жатқан. Сондықтан отар əкімшілігінің кезекті орыстандыру əдісінің бірі елді мекендерде базар жəрмеңкелерін ашу болды. Бұл жəрмеңкелер тек сауда орталықтары қызметін атқарып 68

қоймай, түрлі ұлттардың, діни өкілдердің жиналатын орталығына айналған. Ал жəрмеңкелердегі мұндай жиындарын христиан діни өкілдері миссионерлік мақсатта пайдаланатын. Сондықтан жəрмеңкелерде миссионерлік жұмыстар атқарылғанын атап өткен жөн [42]. Осылайша, Ресей империясы түрлі айла-тəсілдерін пайдалана отырып, жергілікті халықтың ерекшеліктерін елеп-екшеп, таразылап əр аймаққа өзіндік саясат жүргізіп, асықпай-саспай өздерінің негізгі мақсаттарына жетіп отырды. Орыстандыру мен шоқындыру саясаты бірте-бірте сақтықпен жергілікті халықтың санасына сіңе берді. Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5.

Патшалық Ресейдің отаршылдық қоныс аудару саясатын талдаңыз. Түркістан өлкесінде жүргізілген аграрлық саясатының мазмұнын ашып, саралаңыз. Отаршылдық саясаттың көшпелі өркениетке тигізген зардаптарын анықтаңыз. Түркістанның 1900-1917 жж. қоғамдық-саяси жағдайын зерделеңіз. Орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының Оңтүстік Қазақстанның этнодемографиясына тигізген əсерін сараптаңыз.

Ұсынылатын əдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.

Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии в последней четверти ХVІІІ в. – 60-х гг. ХІХ в. – М., 1980. – С. 121. Галузо П.Г. Туркестан-колония. – Ташкент, 1930. – С. 81. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 15613-і., 18-п. ҚРОММ. И-121-қ., 1-т., 147-і., 6-п. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник второй / под ред. С. Асфендиярова. – Алма-Ата, 1936. – С. 108. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 247-і., 67-п. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. – СПб., 1906. – С. 273-274. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1917 г.г./ под ред. С.М. Дубровского. – Алма-Ата: Наука. – 1965. – С. 345. Пален К.К. Переселенческое дело в Туркестане. – СПб., 1910. – С. 177-178. 69

10. Скрыплев П.А. Материалы по обследованию переселенческих хозяйств в Туркестанском крае. Русские поселения в Чимкентском уезде Сырдарьинской области. – Ташкент, 1909. – С. 61-65. 11. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). – АлмаАта, 1993. – С. 304. 12. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 100-іс, 1-2-пп. 13. Қозыбаев М.К. Тарих зердесі. –Т. 1. – Алма-Ата,1998. – 201. б. 14. Граф Головкин, К вопросу о колонизации Туркестанского края // Туркестанские ведомости. – 1907. – 25 мая. – № 76. 15. Отчет члена ученого комитета Мин-ва земельных и государственных имуществ А.А. Кауфмана по командировке летом 1903 г. Статистический отдел Сырдарьинского переселенческого отдела. К вопросу о колонизации Туркестанского края. – Петербург, 1903. – С.6. 16. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 26-і., 25-27-пп. 17. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15613-і., 200-201-пп. 18. Гейер А.С. Крестьянская колонизация Сырдарьинской области / Сборник материалов для статистики Сырдарьинской области. – Т. ІІ. – Ташкент, 1892. – С. 219. 19. Поспелов Е.М. Топонимка в школьной географии. – М., 1981. – С. 40. 20. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. – Т. ІІІ. – Алматы, 2002. 21. Мырзахметов М. Отаршылдық топонимдар // Парасат. – 1991. – №1. –16 б. 22. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? – Алматы: АтамұраҚазақстан, 1993. –128 б. 23. По поводу статей в «Санкт-Петербургских ведомостях» и «Мировых отголосках» // Туркестанские ведомости. – 189728 августа (9 сентября). – № 68. 24. Галузо П.Г. Вооружение русских переселенцев в Средней Азии. Ташкент, 1926. – С. 6. 25. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. – Алматы, 1966. – С. 71-75. 26. ӨРОММ, 17-қ., 1-т., 654-іс, 72-75-пп. 27. Крестьянский вопрос в Туркестане // Туркестанские ведомости. – 1900. – 2 (15) апреля. – № 2. 28. Шировский Г. История Сырдарьинской области. – Ташкент, 1905. – С. 4. 29. Асылбеков М., Абжанов Х. Əрекеттер Қазақстандағы демографиялық процес тарихы мен ақтандақтар // Қазақстан коммунисі. – 1990. 30. 30. Материалы по обследованию переселенческого хозяйства в Туркестанском крае / Русские селения в Чимкентском уезде Сырдарьинской области. – Ташкент, 1909. – С. 11-24. 31. ӨРОММ. 7-қ., 3-т., 5040-і., 55-59-пп. 32. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 349-і., 1-п. 70

33. ҚРОММ. 74-қ., 4-т., 655-і., 65-66-пп. 34. Кабиров М.Н. Переселение Илийских уйгур в Семиречье. – АлмаАта: Изд-во АН Каз ССР, 1955. – С. 154. 35. Материалы к характеристике народного хозяйства Туркестана. Ч. ІІ. – СПб., 1914. – С. 262. 36. Собрание узаконений и распоряжений правительства, издаваемое при правительствующем сенате 6-мая 1905 г. – 578, ІІ. – С. 220. 37. ӨРОММ. 7-қ., 3-т., 5040-і., 58-60-пп. 38. Тынышбаев М. История казахского народа. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. – С. 224. 39. Правила пользования государственными землями Сырдарьинской области для пастьбы скота принадлежащего скотоводцам промышленникам // Туркестанские ведомости. – 1908. – 10 марта. – № 31. 40. ҚРОММ. 64-қ., 1-т., 5938-і., 4-6-пп. 41. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994. – 38 б. 42. Таймасов Л.А. Миссионерско-идеологическая деятельность православной церкви противоцерковное движение Чувашского народа в первой половине ХІХ века. – Чебоксары, 1991. – С. 41-45.

ІІ òàðàó. ҚÀÇÀҚÑÒÀÍÄÀҒÛ ÐÓÕÀÍÈ ÎÒÀÐËÀÓÄÛҢ ÁÀÐÛÑÛ

2.1. Èñëàìғà æәíå ìұñûëìàíäûқ àғàðòóøûëûққà қàðñû ұéûìäàñòûðûëғàí øàðàëàðäûң æүçåãå àñûðûëóû ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды толығымен отарлаған патша өкіметі бұратаналар арасында орыс мəдениеті мен тілін ислам дініне тосқауыл қойып, мұсылмандық оқу-ағарту саласын реттеу арқылы ғана енгізе алатынына сенім арттырған. Дегенмен Иван Грозный кезінен бастау алған Ресей мпериясының исламға қарсы ресми саясатын екі кезең негізінде айғақтауға болады: біріншісі – ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін, яғни діни кітаптардың таралуына қаржы жұмсалып, мешіттер мен медреселердің ашылуы жəне исламның одан əрі күшейген кезеңі. Бұл жылдары патша өкіметі əр ашылған мектепке 500 сом бөліп отырған [1]. Екінші кезеңде патша өкіметі исламның таралуына шектеу қойып, жергілікті халықты шоқындыру арқылы орыстандыруға бет алды. Сондай-ақ Түркістан өңіріндегі орыс əкімшілігінің өкілдері ислам дінін қаралауға кірісіп, оны фанатизммен байланыстырып, баспа беттерінде түрлі мақалалар жариялады. Мысалы, «Народное образование в Туркестанском крае» атты мақалада С.М. Граменицкий мұсылмандық білім беру тарихына тоқталып, орыс өкіметінің стратегиялық ұстанымдарын күшейту қажеттіліктерін ұсынған. Автор ислам дінін барынша қаралап, оның білімге ешқандай пайда келтірмейтінін сөз етіп: «Так же как и христианству, ислам враждебен и науке», – деген [2]. Ресей империясының отарлау саясатының бастапқы кезінде жергілікті халықтың дініне қол сұғудан тартынып, оған 72

ерік беру бағытын ұстанған еді. Алайда жергілікті халықтың рухани болмысын зерттеуден бас тартпаған. 1869 жыдың өзінде ақ Түркістан генерал-губернаторы уезд басшыларына басқарып отырған аймақтағы халықтың рухани болмысын зерттеуді тапсырған еді. Осыған байланысты Əулиеата көшпелі халықтың жергілікті мұсылмандық оқу орындарға деген көзқарастары жөнінде материалдар жиналды. Əулиеата уезді əскери губернаторының пайымдауы бойынша: «Ислам в Туркестане укоренился в массе киргиз устойчиво и крепко. Киргизы стараются по возможности исполнять в точности изложенные предписания религии и на эти подобные – сим пожертвования и приношения содержатся у киргиз мечети и медресе» [3]. Оның зерттеуі бойынша сол жылдардың өзінде ақ Əулиеата уезінің І учаскесінде 17, ІІ учаскесінде, 27, ІІІ учаскесінде 6 мектеп ағартушылық қызметін жүргізген. Сондықтан орыс əкімшілігі, біріншіден, Оңтүстік Қазақстан халқының ислам дініне деген ұстанымына өзгеріс енгізуді асығыстық деп таныса, екіншіден, отарлық саясатты əрі қарай тереңдете жүргізу үшін жергілікті феодалдық тап өкілдерінің орыстарға деген сенімділігін арттыру мақсатында алдын ала дайындаған айла-əрекеттерінің бірі еді. Бастапқыда, патша өкіметі қазақтардың мешіт, медресе салуына қарсы шықпай, керісінше, исламға қолдау көрсету керек деп сеніп бақты. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстанда ислам дінін зерттеумен айналысқан шенеуніктердің орталыққа жіберіп отырған мəлімдемелерінен аңғаруға болады. Дала өлкесінен орталыққа жолданған бір мəлімдемеде: «Для усиления нашей политической власти среди киргизов и вообще в Средней Азии на начальном этапе необходимо было придерживаться политики невмешательства в религиозные убеждения туземцев. Эта позиция нам помогла при привлечении на свою сторону влиятельных ханов и султанов. Из-за этого с вступлением русской власти в степь царская администрация оказывала поддержку мусульманским убеждениям края», – делінген [4]. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін өңірдің əдет-ғұрпы мен халықтың діни ұстанымдарын зерттеу барысы 73

қарқынды түрде дамыды. Осыған байланысты Ташкент ерлер гимназиясының директоры Н.П. Остроумов славян халықтары мен мұсылман халықтарының арасындағы əдет-ғұрып, мəдениетіндегі ерекшеліктерін мойындап, Түркістан өлкесі отар əкімшілігінің саясаты жергілікті халықты ығыстыруға емес, керісінше, оларды Ресей заңына тəуелді ету принципі негізінде жүргізілу керектігі туралы ашық айтты. Ол ислам дініне қарсы сақтықпен саясат ұстанып, діннің ықпалын тежеуге бағытталған мына шаралардың атқарылуын қалады: Түркістан жерінде татарлардың қызмет атқаруына тосқауыл қою; имамдарды, қазыларды жəне төменгі əкімшілік қызметкерлерін жергілікті халықтың арасынан сайлау; жергілікті халықтың арасында ислам ілімінің дамуына ықпал ететін түрлі ағымдарды қысқарту; қажылық сапарына баруға бақылау орнату, т.б. Н.П. Остроумовтың аталмыш ұсыныстары орыс идеологиясын жақтаушы патша шенеуніктері арасынан қолдау тапты. Бұл бағдарламаны патша өкіметінің жергілікті халықты рухани отарлауға түсірудегі жаңа əдісі еді. Ислам дінімен байланысты орыс саясатының қолданған түрлі тəсілдерін, генерал-лейтенант Духовскойдың Жетісу əскери-губернаторының атына жазған баяндамасынан зерделеуге болады. Ол барлық кеңсе қызметкерлерінің ислам жөнінде түсінігін тереңдететін «мұсылмандық туралы материалдар жинағын» шығарып тұру керектігін баса айтқан. Духовскойдың бұл ұсынысы басқа да əскери-губернаторлар арасынан қолдау тауып, олар исламға қарсы іс-шараларын атқару мақсатында əрбір əкімшілікке мұсылмандық оқу орындар, оларды қаржыландыратын мекемелер, мұсылман мазарлар, ишандар жəне мүдəрістер мен шəкірттер туралы мəлімет жинау бұйрығын берді [5]. Сондай- ақ Духовскойды қатты əбіржіткен жағдайларының бірі өлкедегі мұсылмандық оқу орындарының жылдан-жылға көбеюі еді. Ол жөнінде біз Духовскойдың 1899 жылы Ресей Халық ағарту министрлігіне жолдаған «Ислам в Туркестане» атты құжатынан көре аламыз. Онда Духовской Сырдария, Ферғана жəне Самарқан уалаяттарында ашылған 119 орыс оқу орындарына қарсы 5 246 мектептер мен медреселер қызмет атқарса, өлкедегі 42 православ шіркеуіне қарсы 11 964 мешіт орналасқанын жазып, бұл көрсеткіштің теңестірілу қажеттілігін баса көрсеткен. 74

Оның пайымдауынша, ислам діні орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы түркі халықтарын біріктіруші рухани қуатты күш екендігін жазған [6]. Отар əкімшіліктің Түркістан халқы арасында исламның тереңдете тамыр жаюынан үрейі ұшқаны соншалықты, «Положение об усиленной охране для районов со сплошным мусульманским населением» атты ереженің дайындалуын талап етті [7]. Онда төмендегі мəселелерге баса назар аударылу қажеттілігі ескерілді: – империя көлемінде барлық мұсылман басқармаларын жауып, орыс əкімшілігіне тəуелді ету; – мұсылман баспасөзіндегі цензураға арнайы регламент белгілеу; – христиандар мен мұсылмандар арасындағы некелік қатынастарға рұқсат етпеу жəне ортақ балаларды асырап алуды жеңілдету; – исламның христиан дініне деген зиянды пиғылдарын дер кезінде басып отыру іс-шараларының жүзеге асырылуы. Патша өкіметі халық арасында ислам дінінің таралуын тоқтату мақсатында некеге байланысты мəселелерде шариғатқа сүйенуге тыйым салды. Бұл мəселе, 1891 жылғы бекітілген заңдар жинағының 289 бабында арнайы көрсетілген. Онда, тіпті қазақтардың дəстүрлі некелік қатынасына шариғат тұрғысынан қарауға тиым салынған [8]. Орыс əкімшілігін ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында қатты толғандырған мəселелерінің бірі – қажылыққа бару болды. Қажылыққа бару қарқыны ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өз деңгейінде дамыды. Себебі қажылық исламның бес парызының біріне жатады. Сондықтан сол жылдары қажылық санының артуы орыс отаршылардың мазасын ала бастаған-ды. Ал статистикалық мəліметтерге қарағанда 1893 жылы – 25, 1897 жылы – 34, 1900 жылы – 322, 1902 жылы – 38, 1913 жылы – 143 қазақ қажылыққа барған [9]. Дегенмен қажылыққа бару кез келген адамның қолынан келмейін жайт. Ол денсаулық пен мол қаражат қажет ететін парызды сапарларының бірі. Ал ХІХ ғасырда қаражаттан басқа мұсылмандардың жолдағы қиындықтарға төтеп беруіне тура 75

келді. Н. Лыкошин «К статистике поломничества в Мекку» атты мақаласында қажылыққа баратындардың саны жыл сайын өзгеріп тұрғаны жөнінде баса көрсеткен. 1901 жылдың соңында Шымкент уезіндегі қажылыққа барғандардың саны 188-ге жетуі ол үшін күтпеген жағдай болды. Сондай-ақ сарттар көптеп тұратын Шымкент, Түркістан қалаларынан ғана емес, негізінен, қырғыздардан тұратын шалғай аудандардың көшпелі халықтар арасында қажылар санының артуы Н. Лыкошинды қатты мазасыздандырған көрінеді. Оның есептеуінше Шу ауданынан 126 адам, соның ішінде Қаратау өңірінен 20 адам қажылыққа барған. Ол мақаласын былай жалғастырады: «Қажылыққа барғандардың көбі кəрі кісілер, онымен қоса балалары мен əйелдерін қосып алған. Шетел төлқұжатын алу жолын білмегендіктен, олар көптеген қиындықтарға тап болады. Бұл жерде оларға «сауабын аламыз», – деген оймен сарттар көмектессе, қасиетті орындарда арабтар қолына түскен қырғыздардың жағдайын көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Ал Жиддадағы Ресей консулының оларға шетелде тоналмауына қолынан келгенше көмек берсе екен», – деген өтінішін білдірген [9, 12 об.-13-п.п.]. Түркістанда мұсылмандықпен ашық күресіп, оның халықтарын шоқындырудан бас тарту саясатын К.П. Кауфманның ұстанымынан да байқауға болады. Түркістан өлкесіндегі жергілікті халықтың өмір сүру салтын ескере отырып, халық ағарту саласын реттеу жəне ол үшін арнайы жүйе қалыптастырумен оны заңдастыру мақсатында К.П. Кауфман алғашқыда Н.И. Ильминскиймен ақылдасты. К.П. Кауфманның оқу-ағарту саласына өзгертулер енгізу жоспарын болымды қарсылаған Н.И. Ильминский 1869 жылдың көктемінде өлкедегі білім жүйесін мұсылмандық оқу орындарының орнына христиандық орыс училищелерін ашу арқылы жоя алатынына сенім арттырып, соған байланысты арнайы жоспар дайындаған. Халық ағарту саласын реттеу үшін Н.И. Ильминский Қазан рухани академиясының түлегі И.С. Ястребовты ұсынды. Алайда К.П. Кауфман Н.И. Ильминскийдің əзірлеген жоспарымен келіспей былай деп жауап берген: «Мы должны вводить в Туркестанском крае христианскую цивилизацию, но не должны стараться предлагать туземному населению православной веры» [10]. 76

К.П. Кауфман үшін бұратаналар мен орыс халқын кіріктіруде «парвославтық миссия идеясы асығыстық жəне тиімсіз болды». Ол жергілікті мұсылмандардың патшалық Ресейдің орыстандыру жəне өлкеде орыс əкімшілік басқаруын орнықтыруда наразылық танытпауына назар аударып, өлкеде миссионерлік іс-əрекеттің ашық түрде жүргізілуіне қарсы шықты. Сондай-ақ Түркістан өлкесінде мұсылмандықтың дамып кетуін де қаламады [11]. К.П. Кауфман ислам дінінің бұратаналар арасында күшейіп кетпеуіне қарсы сауаттылықпен күрес жүргізуге шақырды. Оның мұсылмандыққа деген наразылығын 1876 жылдың 6 ақпанында Халық ағарту министрі граф Д.А. Толстойға жіберген хатынан ашық көруге болады. Ол былай деп жазған: «Мне часто попадают сведения о казанских татарах которые продают разного рода мусульманские издания. Данные издания дешевые, что дает возможность раздавать среди кочевого народа бесплатно. Я считаю что агитация данными книгами окажет негативное воздействие на нашу политику в Средней Азии. С годами ислам укрепляется среди киргизского народа из-за казанских татар ведущих торговлю дешевыми изданиями. Я прошу вас высокопочтенный государь связаться с Министерством внутренних дел, администрацией печати, чтоб они ограничили мусульманские издания» [11, 3-5-п.п.]. Орыс əкімшілігі отарлау барысында ислам дінін Ресейдің мемлекеттік мүддесіне қарсы қуатты рухани күш ретінде қарастырып, мұның алдын алу жəне түркі халықтарының арасында, алдымен, ислам дінін əлсіретіп, сонан соң оны түбегейлі көзін жоюға кірісті. 1867 жылғы Түркістан өлкесін басқару ережесі бойынша қырғыздарды Орынбор муфтилігіне тəуелді еткенде, патша əкімшілігі келешекте қырғыздыр (қазақтар) шоқынады деп үміт артқан болатын [12]. 1867 жылы Түркістан аймағына ендірілген ережелерге сəйкес, мұсылман дін басыларының құқықтары мен артықшылықтарына шектеу қойылды. Діни істер Орынбор діни мүфтилігінен азаматтық əкімшілік басқармасына қаратылды. Орыс əкімшілігі мұсылмандық жөнінде бірқатар реттеулер жасап, мектеп, медресе, мешіт салуға бақылау орнатты. Əрбір болыстан тек бір молданың қызмет етуіне рұқсат берілді. Молда болса, сайлау негізінде 77

генерал-губернатордың тағайындауымен жұмысын бастай алатын болды. Мектеп медреселерін қаржыландырып отырған вакуфтардың қызмет етуіне тыйым салынды [13]. Ислам діні Ресей империясының саяси-идеологиялық мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы басты кедергі болып келетіні жөнінде, Халық ағарту министрі граф Д.А. Толстой көтерген циркулярлар мен бұйрықтарында ашық көрсеткен [14]. Халық ағарту министрі көшпелілерді орыстандырудың жолы – өлкеде көптеп аралас оқу орындарын ашу арқылы мұсылмандыққа тосқауыл болатынын баса айтқан. Ол 1867 өзінің əзірлеген есебінде: «Просвещать постепенно инородцев, сближать их с русским духом и с Россией составляет задачу величайшей политической важности в будущем» – деп Ресей империясының негізгі мүддесін ортаға салған [15]. Бұл жөнінде Н.И. Ильминский, С.М. Граменицкий жəне Н.П. Остроумовта көптеген еңбектерінде ашық жазған. Сондықтан да орыс миссионерлерінің ислам дінімен күресуді жəне орыстандыру жолындағы сойылын соғушылық айла-əрекетін жалғастыруда ғасырлар бойы мұсылман халқының пайдаланып келе жатқан араб графикасын қолданыстан шығаруға баса назар аударылған еді. Н.И. Ильминский мұсылман халқының қолданыстағы төте жазуын орыс жазуымен ауыстырып, түркі халықтарының түп мəдениетінен ажырату қажет деп білген. Оның ұстанымы мұсылман халқын ислам дінінен айыру негізінде православие дініне көшіру болды [15]. А. Асфендияров Н.И. Ильминскийдің идеясын былай сипаттайды: «Для облегчения принятия «инородцами» христианства более быстрой их русификации и парализования влияния мусульманства необходимо распространения грамоты на родном языке. Однако, в основу письма должен быть положен русский алфавит. Таким образом, когда ребенок в первые годы обучения овладеет грамотой на родном языке (что ему будет даваться легко) он впоследствии, при дальнейшем обучении будет легче овладевать русским языком, так как алфавит этого языка будет знаком. Таким образом Ильминский расчитывал вытеснить арабский алфавит, а затем постепенно приучить «инородцев» и к русскому языку. Другая сторона системы Ильминского заключалась 78

в соответствуюшие воспитании молодежи. Он предлагал побольше открыть учительских семинарий, где ученики из «инородцев» должны быть воспитываться в духе незыблимых начал самодержавия и православия с тем, чтобы в будущем самим являться воспитателями своего народа на этих началах. Казахские дети вербовались в учительские семинарии, а в Ташкенте при учительской семинарии был открыт интернат для казахских детей. Во главе этой семинарии стоял известный ученик Ильминского, миссионер Остроумов. Таким образом просвещение проникало в Казахстан под большим контролем правительства. Контингент учащихся подбирался из числа детей султанов и аксакалов, биев и т.д. Однако, на ряду с этим проникали в школу и дети бедных, особенно на первых порах, в следствие своеобразной «мобилизации» когда, чтобы исполнить волю начальства, приходилось во чтобы то не стало поставлять необходимый контингент, причем в таких случаях детьми бедняков заменяли байских сынков» [16, 243-244-б.]. Осыған байланысты, орыс миссионерлері талай рет жиналыстар өткізді, бұратаналарды шоқындырудың негізгі жолы ретінде, оқу-ағарту саласын қолға алды жəне жергілікті халықты рухани қыспаққа алу бағытын шешті. Бұл процесс орыстардың Түркістан өңіріне енуімен-ақ басталған еді. Орыс миссионерлерінің тікелей араласуымен Халық ағарту министрлігі 1870 жылы 16 наурыз айында оқу ағарту саласын реттеу ережесін əзірледі. Ережеге сəйкес, мұсылман халқын рухани құлдыққа түсіру мəселесіне көңіл аударылып, мектептер мен медреселерге қарсы орыс ұстанымына деген назар күшейтілді. Ережені дайындау барысында, Түркістан халқының дəстүрлі ағарту саласын зерттеуге арнайы экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедициялардың міндетіне жергілікті оқу орындарының статистикалық есебін жүргізу, олармен күрес жүргізу тəсілдерін ойластыру кірді. Халық ағарту министрлігінің бұйрығына сəйкес «Түркістандағы мұсылмандық оқу орындары мен вакуфтық мекемелерді орыс басқаруына қаратып, жергілікті халықты рухани тəуелділікке түсіру жоспарын дайындауда бұратаналар арасынан сенімді кісілерді осы экспедицияға енгізу» болды [13, 17-18-п.]. Жүргізілген зерттеулер нəтижесінде 79

экспедицияның есептері мен жергілікті əкімшілік орындарының ұсыныстары ескеріліп, Н.И. Ильминскийдің əзірлеген жүйесі негізге алынды. Н.И. Ильминскийдің пайымдауынша, кез келген халық алфавитті дінмен қоса қабылдаған. Мəселен, орыстар грек алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаса, Батыс Еуропа латын шіркеуі арқылы латын алфавитін қабылдаған. Ал түркі халықтары ислам дінінің таралуы салдарынан араб жазуына көшкен. Сол үшін И.Н. Ильминскийдің ойынша, араб жазуы түркі халықтарын ислам дінімен байланыстырушы қуатты құралы болып келеді. Ал егер түркі халықтарының жазуына орыс жазуы енгізілсе, оларды мұсылман дінінен айырып, біртіндеп православие дініне көшіруге оңай болады [17]. Осы сəттен бастап мұсылмандыққа жəне оның өркениетіне қарсы бүркемеленген сауатты күрес басталды. Алғашқы жылдары мұсылмандық оқу орындарға соққы беріліп, оның дамуына тосқауыл қойылса, кейінгі жылдары «жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру» арқылы орыстар мен жергілікті халықты бір-бірімен сіңістіру міндетін атқаратын аралас орыс-түзем мектептердің санын көбейту шаралары жүзеге асырылды [18]. Ендігі жерде, отарлаушылар мектеп-медреселердің келешекте Ресей империясының жүргізген рухани отарлау саясатына тосқауыл болатынын біліп, мұсылмандық оқу орындар қызметін толық жоюға кірісті. Бастапқыда, басқару əкімшілігі бұратаналарды шошытып алмау жəне мектептер мен медреселердің күшейіп кетпеуі үшін өзіне қарасты орыс оқу орындарын аша бастады. Мұсылмандық оқу орындарын қаржыландырып отырған вакуфтардың қызметін шектеп, өз бақылауына алды. Сырдария уалаяты əскери губернатордың бұйрығына сəйкес əрбір уездің вакуфтар жөніндегі статистикалық мəліметтер жинау талабы күшейтілді. Ол бойынша вакуфтардың санымен олардың жылдық пайдасын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, вакуфтардың қызметіне мүмкіндігінше шектеу қою тапсырылды. Себебі вакуфтар мұсылмандық оқу орындарын қаржыландырып, орыс əкімшілігінің көздеген орыстандыру саясатына қарсы экономикалық күшті құрастырғанды. Құрылған комиссияның есептеуіне қарағанда: Перовскі жəне 80

Түркістан уездерінде 4, Шымкентте 7, Құрамыда 18, Əулиеатада 9 вакуф жұмыс істеген. Олардың танаптық жерлері Перовскі мен Түркістанда 5, Шымкентте 102, Құрамыда 8186 болған. Ал комиссияның анықтауы бойынша Сырдария уалаятындағы вакуфтардың мұсылмандық оқу орындарына бөліп отырған жылдық қаржысы – Перовскі мен Түркістанда 201, Шымкентте 202, Құрамыда 3033, Əулиеатада 720 сомды құрастырған еді [19]. 6-кесте Əулиеатадағы вакуфтардың қызметі Орналасқан жері

Неден тұрды

1 Əулиеата қаласы бойынша Амабек махалласы Атабек махалласы Николаевск көшесі Ескі базарда

2

30 лавка Керуен сарай

Қаржыландырылған мешіт 3

Жауапты мутевали

4

Атабек мешітін Ол да соны

15 лавка

Мир Усман Абдуқадыров Ол да сол

Кенжеқұл Əлімжан мешітін Мірқасымов Байқожа 3 лавка мен Байқожа Қасымбай махалласы бір үй мешітін Баймахамбетов Ахмет 10 лавка Ахмет Мырза Абдулла Мағзум мен бір Мағзум Мырза махалласы сарай мешітін Шарипбай Бесдейірмен 5 лавка мен Бесдейірмен Рахимбай махалласы бір сарай мешітіне Разыбаев МухамБақшалы МухаммеИманхан медали үймен 5 дали Бұрзық Қожаев махалласы лавка мешітін Садықожа 3 үймен 3 Садықожа Садықожа махалласы лавка мешітін Якупбаев

81

Үкімет Мешітке рұқсаты бөлген болған қаржы ба 5 6

-

1400

-

200

-

1332

-

800

-

1600

-

700

-

860

-

720

Салыбек махалласы Нығметбай махалласы

7 лавка

Салимбай махалласы

5 лавка

8 лавка

Салыбек мешітін Нығметбай мешітін

Салимбай мешітін

Мырзахан Үсен Əлиханов Абдулла Азизқожа Мухаммед Разықбаев Ханджақ Қожаев

-

450

-

670

-

70

Исламның кеңінен тараған аймақтарында вакуфтық жүйе оқуағарту саласының қуатты экономикалық орталығы болып есептеледі. Ол жүйе күні бүгінге дейін өз қызметін жалғастыруда. Мəселен, Қазақстандағы ашылған қазақ-түрік лицейлері осы вакуфтық қаржыландыру негізінде өз қызметін жалғастыруда. Түркиядағы ең ірі фирмалар, мəселен, тəтті тағамдарды шығаратын «Үлкер», «Сарай» фирмалары жыл сайын аталмыш лицейлерге өз қаражаттарын бөліп отырады. Ал 1992 жылдан бастап Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Анкара қаласында «Қ.А. Ясауи» деп аталатын арнайы қаржы қоры бар. Сол қор мемлекеттің қаржысынан тыс жыл сайын түркі мемлекеттерінен келетін студенттердің шығындары мен құрылыс жұмыстарына қомақты қаржы бөліп отырады. Комиссияның анықтауы бойынша, Əулиеатада төмендегідей вакуфтар мұсылмандық оқу орындарын қаржыландырып отырған. Жалпы алғанда, Əулиеата қаласы бойынша-27, Мерке бөлімшесінде-8 вакуф қызметін атқарып, мешіттер жанынан ашылған мектептерді қаржыландырып отырған [20]. Кестеде байқағандай, бұл вакуфтардың барлығы отар əкімшіліктің рұқсатынсыз-ақ өз қызметтерін көрсеткен. Əрбір вакуфтың жекеменшік жерлері мен базар ішінде қажетті заттарын сататын орындары болған. Олар «Алланың жолына» деп қаржыларын мұсылмандық оқу орындары мен мешіттің қаражатына ақша бөліп отырған. Ал патша өкіметі вакуфтардың қызметін орыс өкіметіне қарсы саяси қимылдарды бастау үшін ақша бөлген деп оларды айыптайтын. Ресей империясының қысымына қарамастан, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында мұсылмандық оқу орындарының саны артып, олардың оқу құралдары басылып жарық көре бастады. Мектептер мен медреселер, əсіресе Сыр82

дария аудандары мен Бұқара, Ферғана жəне Самарқан қалаларында көптеп ашылды. Бұлардың қатарындағы Бұқара медреселерінің орны ерекше еді. Қазақ балалары Қазан қаласындағы «Мухамедия», Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусайния» медреселерінде де білім алған. Мəселен, Уфадағы аталмыш медреседе 1907-1917 жылдар аралығында білім алған 950 шəкірттің 154-і қазақ болған. Олардың арасында мүфтилікке емтихан тапсырған 59 қазақ баланың 51 мүдəріс болып шықса, 8 имам хатиб мұғалімі болып шыққан [21]. Имам хатибтер – барлық Құран сүрелерін жатқа білетін кісілер, олар сүрелерді оқып қана қоймай, оның мəн-мағынасын халыққа жеткізіп отырған. Мұсылмандық сауаттылық алған қазақ жастарының саяси ойының дамуына байланысты 1911 жылы «Əліппе немесе төте оқу» атты қазақ тілінде оқулықты шығарған. Ал жыл сайын мұсылмандық сауаттылығын алып шыққан қазақ балалары санының арта түсуі елдегі саяси баспасөз саласының дамуына да əсерін тигізді. Б. Майлин, Т. Жомартбаев, Қ. Оразаев, И. Тасболатов, Ш. Назаров, Ғ. Камлин, Ғ. Қайыров сынды қазақ зиялылары осы медреселерден білім алып шыққан. Оңтүстік Қазақстан өңірінде мектептер мұсылмандық оқу орындарының жүйесін құрастырды. Олар оқу-ағарту саласындағы бастауыш білім берудің негізін қалаған. Бұл мектептер татар, дүнген, ұйғыр, өзбек халықтарының қаржыларына ашылғандықтан, оларды татар немесе өзбек мектебі деп те атаған. Ал орыстар болса, бұл мектептерді «Мусульманские школы» деп атайтын. Алайда бұл мəселе мұсылмандық мектептердің қазақтар арасында тұрақты оқу орны болып қалыптаспады деген ұғымына сай келмейді. Мəселен, Шымкент уезіндегі мұсылмандық оқу орында татар, өзбек балаларымен қатар, қазақ балалары да білім алып отырған. Мектепте 128-ге жуық бала білім алған. Оқушылардың жас ерекшелігі Духовскойдың берген мəліметтеріне қарағанда, 8-30 жас аралығында еді. Олардың арасында 60 жастағы кісіде білім алып отырғаны байқалады. Духовскойдың айтуы бойынша: 60 жастағы кісінің мектепте білім алудағы басты мақсаты, ол намаз жəне Құран оқуды жетік меңгеру үшін дəріс алуға баратын [22]. 83

Қазақ даласында молдалардың қызметін ерекше атап өткен жөн. Олардың ХІХ ғасырдың екінші жартысында идеологиялық ықпалы басым болған. Молдалар беделінің артуын мұрағат деректері дəлелдей түседі. Онда былай деп жазылған: «Эти люди (ишаны, аглямы, муллы) однако в массе населения пользуются высоким уважением и влиянием, имеют много приверженцев и, собственно говоря, являются носителями и руководителями общественного мнения, а в известных случаях вожаками толпы. С такого рода личностями считаются безусловно все в туземном городе не исключая более просвещенных представителей местной аристократии» [23]. Шымкент мектебінде Əмин Сүлейменов атты молда дəріс берген. Ол бастапқыда жергілікті мектепте білім алып, оны Бұқара медресесінде жетілдірген. Одан соң Мысырда жəне Меккеде білімін тереңдетіп, Түркияда жалғастырған. Əмин Сүлейменов беделді діндар кісілердің бірі еді, тек татар балаларымен шектеліп қоймай, сонымен қатар қазақ, өзбек балаларына мұсылмандықтың қыр-сырын терең үйретуге ат салысқан [24]. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан қаласында 18 мұсылмандық оқу орны жұмыс істеген. Олардың 14-і мектеп болса, 2-еуі медресе жəне 2 бастауыш мектеп еді [25]. Жалпы Түркістан қаласы бойынша молдалар мен діни қызметкерлердің саны – 1628, соның ішінде əйелдер – 67, ерлер – 65, ер балалар – 752, қыз балалар – 744 . Түркістан уезінде 3123 молда қызмет жасаған, оның ішінде еразаматтар – 735, əйелдер – 729, ер балалар – 841, қыз балалар – 854. Түркістанда мұсылмандық сауаттылықты қожалар да атқарды, олардың Түркістан қаласындағы саны 876 еді, соның ішінде ерлер – 305, əйелдер –341, ер балалар – 121, қыз балалар – 109 [26]. Қазақ балалары Оңтүстік Қазақстандағы татар мектептерінде білім алатын. Өңірдегі Шымкент жəне Əулиеата болыстарындағы қырғыз (қазақ) балалары өзбектердің ашқан мешіттері жанындағы «Құран курстары» діни салауатты білімдерін шыңдататын. Шəкірттердің алға қойған мақсаты Құран сүрелерін жетік меңгеріп, келешекте мешіттердегі имамдардың орнын басу немесе білімдерін 84

одан əрі жетілдіріп, Бұқарада жалғастыру болды. Өңірдегі барлық мұсылман балалары мектептерде араласып, бірге білім алып отырған. Наливкин өзінің 1892 жылдың есебінде көшпелі мектептер жөнінде хабарлайды. Ол былай деп жазған: «Летом несколько сот (а может и тысяч) мактабов кочевого типа разбросаны по Туркестанскому краю. Некоторые из этих мактабов зимуют со своими аулами на левом берегу Сыра, в Кызылкуме, весну провдят на првом берегу, а в середину лета кочуют под шородом Троицком» [27]. Бұл мектептер қоныстармен бірге көшіп жүріп, қоныстарынан 20 шақырым жерде орналасатын. Онда көшпелілердің 5-6 баласы ғана білім алатын. Ал білімді медресенің түлегі немесе сол ауылдың молдасы беретін. Наливкиннің есебіне қарағанда мұндай мектептердің санын анықтау қиынға соққан. Себебі көшіпқонып жүретін халықтың қайда барып қоныстанатыны белгісіз еді. Сондықтан жергілікті əкімшілік басқармасына осы іспеттес құбылыс ұнамайтын. Патшалық Ресейдің отарлаған аймақтарға жіберген жантайшаптары түркі халықтары арасына алауыздық орнату саясатын белсенді түрде жүргізіп, оларды біріне-бірін айдап салып, осы ұлттардың бірлігіне қолынан келгенше айла-əрекеттерін жасап бақты. Басты мақсат етіп, қазақ пен қырғызды татарлардың рухани əсерінен аулақ ұстауды, мектептерде мейлінше татар молдалардың қызмет етуіне шек қоюға тырысты жəне олардың тығыз араласуына түбегейлі қарсы болды. Жергілікті əкімшілік əрбір мұсылман баласын бақылап, олардың бір-бірінен бөлек оқуын жіті қадағалап, топтасып оқуына қарсы шықты. Мұның бірден-бір дəлелі болып, 1878 жылы Сырдария облыстық оқу ісі меңгерушісінің Шымкенттегі бір ғана татар мектебіндегі дəріс алып жатқан балаларды мектептен қуып шығып, олардың қайта оралуына қатаң тыйым салды [28]. Жергілікті орыс əкімшілігінің мұндай əрекеттерінің заңдық ережелерге сай келмейтінін баса айтып, «мұсылмандық оқу орындарында мұсылман балалары бөлек оқысын» деп ешқандай оқу ережесінде көрсетілмеген-ді. Дегенмен патшалық Ресейдің 85

мүддесіне қайшы келгендіктен, орыстандыру саясатын өз деңгейінде жүргізуге тосқауыл болғандықтан, аталмыш əрекетті оқу инспекторлары жиі-жиі басқарып отыратын. Сырдария облыстық оқу ісі меңгерушісінің бұл əрекетін шовенистік саясатының нақты көрінісі ретінде айғақтауға болады. Төмендегі кестеден жалпы Түркістан өлкесі бойынша мектептерде дəріс алған балалардың санын көруге болады: 7-кесте Түркістандағы мектептердің шəкірттер саны Жыл 1899 1907 1913

Мектеп саны 4632 5688 7290

Шəкірт саны 44773 70087 70864

Бұл кестеден жыл өткен сайын мектеп санының артуымен қатар онда білім алатын шəкірттер санының көбеюін байқаймыз. Ал Оңтүстік Қазақстан өңірінде: мектеп саны 1892 жылы 1487-ден 1895 жылы 2409-ға дейін өскен. 1899 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде орналасқан 1809 мектепте 19453 шəкірт, 1907 жылы 804 мектепте 13118 шəкірт, 1913 жылы 1411 мектепте 15978 шəкірт дəріс алған [29]. Мектептер санының артуы өлкедегі медреселер санының артуына да септігін тигізді. Əрине, мұндай көрсеткіш орыс əкімшілігінің үрейін ұшырып, елде оған тосқауыл қою үшін іс-шаралар атқарылу қажет болды. Соған байланысты 14 наурыз 1894 жылы генерал-губернатордың бекітуімен «Түркістан медреселеріне арналған ережелер» қабылданды. Оған қарамастан Шымкент, Əулиеата, Түркістан қалаларында медреселер саны артты. Жалпы Сырдария уалаяты бойынша 1899 жылы 2409 медреседе 28997 шəкірт білім алған; 1899 жылы 49 медреседе 1099 шəкірт, 1907 жылы 28 медреседе 862 шəкірт, 1911 жылы 31 медреседе 1203 шəкірт білім алған [30]. Түркістан өлкесінде ислам дінінің дамуынан сескенген орыс əкімшілігі бұратана халықтарға байланысты мұсылман дінінің 86

дамуына ықпал ету саясатынан бас тарта бастады. Ресей империясы мұсылмандарға қарсы басқа бағыттағы саясатты таңдады. Қазақ балалары осыған дейін мектеп, медреселерде білім алып келген болса, енді олар отар əкімшіліктің ашқан азаматтық мектептерге тартылды. Ұлы державалық Ресей саясаты сауаттылықтың көзі – орыс тілі мен оқу-жазуда ғана деген түсінігін қалыптастыра бастады. Бұл мəселені С.М. Граменицкий өз зерттеулерінде талай рет қозғаған. Біріншіден, ол барлық іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілуі қажет деп білсе, екіншіден, С.М. Граменицкий мұсылмандық оқу орындардың оқу жоспарына орыс тілі мен тарихы пəндерін міндетті пəн ретінде енгізуді ұсынған [31]. Кейіннен, С.М. Граменицкийдің ұсынысы іс жүзіне асып, қабылданған ережеге сəйкес, мұсылмандық оқу орындарына орыс тілін оқу міндетті пəн ретінде енгізілді. С.М. Граменицкийді М. Михайлов қолдапқолпаштап «Русский язык среди туземцев» атты мақаласында мынадай пікірін жариялаған: «Объязательное введение русского языка во всех медресе было бы безрассудно; по моему мнению, следует ввести это лишь в некоторых медресе, а в последствии изучение русского языка привьется, в чем я уверен, и в остальных. Таким образом русский язык будет в чужде по крайней мере тем, которые будут обучаться в медресе» [32]. Отаршыл əкімшілік жергілікті тіл тек сауда орталықтарында қолданылуы қажет деген ұғымды енгізуге барынша атсалысты. Мұсылман халқының дəстүрлі түрік тіліндегі жазуы сауаттылықтың өлшемі ретінде қарастырылмады. Мұндай жазу-сызуды қолданыстан шығару шаралары жүргізіле бастады [33]. Біріншіден, орыс тілі мұғалімдері болған жағдайда ғана мектеп медресе ашуға рұқсат берілді. Екіншіден, шығыс елдерінде, Түркия мен Бұқара медреселерінде білім алып қайтқан мүдəрістер мен молдаларға империя көлеміндегі мұсылмандық оқу орындарында мұғалімдік қызметін атқаруға тыйым салынды. Мысалы, Стамбул медресесін бітіріп қайтқан Мұхаммед Əмин жəне Аманбай атты молдаларға орыс өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізушілер деген айып тағылып, олар қамауға алынған еді [34]. 87

Мектеп, медреселерде өз балаларын оқытқысы келгендер оқу орын басшылығынан бұл үшін рұқсат куəлігін 50 тиын алым төлеп алулары тиіс болды. Аталмыш куəлікті алудан бас тартқан немесе одан хабары болмастан балаларын мектеп медреселерге өз бетімен берген бұратаналар əкімшілікке айыппұл төлейтін. Бірінші ретте 10 рубл төлесе, қайталанған жағдайда 30 рубл төлейтін. Ал құлақ аспай үшінші рет қайталаған бұратаналар 5-15 тəулік арасында абақтыға қамауға жабылатын. Нəтижеде, балаларын мұсылмандық оқу орындарында оқыту рұқсатынан мүлдем айырылатын [35]. Орыс əкімшілігінің мұсылмандық оқу орындарға байланысты енгізген ережелерге мойынсұнбаған жəне жергілікті халықтың бұл оқу орындарға өз балаларын оқытқысы келген себептерін С.М. Граменицкий мына сөздермен дəлелдейді: «Какой ничтожный багаж выносят учащиеся из медресе и как мало он содействует их умственному развитию. Причины распространения мусульманских школ и стремление туземцев обучаться в этих школах нужно искать не в жажде знания и не в стремлениях человеческой души к удовлетворению пытливости ума, а прежде всего в более низких меркантильных побуждениях: в стремлении получить впоследствии почетное и духовное место казия или мудариса и преобретать необходимые средства» [36]. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К.П. Кауфман өлкедегі мұсылмандық оқу орындарға араласпау принципін ұстана келіп, мұсылмандық оқу орындары өзінен-өзі күйреу қажет деп сенім арттырып, мектеп медреселеріне қаржылай көмек көрсететін вакуфтарға қысым жасады. К.П. Кауфман орыс шенеуніктердің мектеп жəне медреселердің ісіне араласуын қисынсыз деп санады, себебі мұсылмандық оқу орындарын күнделікті өмірден аралас орыс-түзем мектептер ығыстыратынына сенді. Генерал-губернатор мұсылман оқу орындарын ығыстыру əрекетін сақтықпен жүргізу керектігін білдіріп, аралас мектептерде орыс балалары мен бұратана балаларын бірге тəлім-тəрбие алулары жөн деп, ол Сырдария уалаяты əскери губернаторын ескерткен еді. 1868 жылы Перовск қаласында ашылған орыс-қырғыз мектебін тексеру барысында К.П. Кауфман мектептің білім деңгейі 88

төмен екендігін көріп, келешекте «воспитывать детей русских и туземцев вместе и для устранения вредного в экономическом и полтическом отношениях обособления школ мусульманских от русских, принять в основание не религиозные различия, а одни и те же правила, при помощи которых можно как православных, так и мусульман сделать одинаково полезными гражданами России» [37] деген. Дегенмен К.П. Кауфманның «араласпау принципі» Халық ағарту министрлігінің мұсылмандық оқу орындар жөніндегі нұсқауымен үйлеспейтін. Ол жөнінде 1879 жылы Халық ағарту министрлігі халық училищелері инспекторларына мұсылмандық оқу орындарына қатаң бақылау орнату бұйрығын беріп, тексеру меселесі жөнінде нұсқау жолдаған болатын. Қатаң бақылауды 1884 жылы Түркістан өлкесі генерал-губернаторлық қызметіне тағайындалған Розенбах келісімен бастады. Ол көшпелілерді отырықшы халықтан ажыратып, көшпелілер арасында мұсылмандық насихаттың барысын қарастыратын арнайы комиссия құру жөнінде шешім қабылдады. Комиссия жетекшісі болып, Сырдария облысы əскери губернаторы Гродеков тағайындалды. Құрылған комиссияның міндетіне тез арада мұсылмандар жөнінде қорытынды жасап, нəтижесін генерал-губернаторға жеткізуі тиіс болды. Комиссия көшпелілер арасында мұсылмандықтың алдын алудан бас тартып, мектеп медреселермен күресу қажет деп ұйғарды. Нəтижеде, генерал-губернатор Розенбах басқаруымен мұсылмандық оқу орындарының жағдайы анықталып, орыс өкіметінің бақылауына алу жөнінде шешім қабылданды [38]. Дегенмен Түркістан өлкесі мұсылмандарының ислам дініне деген ұстанымдары ескерілді жəне Розенбах К.П. Кауфманның ізбасары ретінде өлкедегі мұсылмандыққа сақтықпен қарау қажет деп империяның саясатын осы тұрғыдан жалғастырды. 1887 жылы Розенбах Ресей Халық ағарту министрлігіне көлемді баяндама жолдады. Онда, біріншіден, Ресейдің шығыстағы саясатына кедергі болатын Дели жəне Бомбей баспаханаларында басылып, Түркістанға жіберілетін мұсылмандық басылымдарының алдын алу керектігі жөнінде ескерту жасалған. Екіншіден, мұсылмандық оқу орындарымен жақыннан танысып, оларды 89

шариғаттан аулақ ұстау, мұсылмандық білім беру дəстүрін орыс оқу ағарту жүйесіне тəуелді ету жəне аралас мектептердің санын арттыру қажеттілігі жөнінде жазылған еді. Үшіншіден, Розенбахты толғандырған мəселе ол өлкедегі мұсылмандық оқу орындарының сан жағынан басым түскені еді. Сондықтан да Розенбах аталмыш оқу орындарының статистикалық мəліметтерін жинап, «Түркістан өлкесіндегі мұсылмандық оқу орындарын бір орталыққа бағындыратын инспекторлық қызметін ашу қажет» , – деп ұйғарды. Сонымен қатар инспекторлардың міндетіне мұсылмандық оқу орындар жөнінде мəліметтерді жинау жəне дер кезінде алдын алу кірген еді [39]. Түркістан өлкесінде мұсылмандықтың қуаттылығы жөнінде Розенбахтың Ресей Халық ағарту министрлігімен үш жыл көлеміндегі алыс-беріс хаттарынан аңғаруға болады. 1888 жылдың қыркүйек айында мұсылмандық оқу орындарына байланысты Розенбахтың жіберген хатында оның көлемді іс-шаралар атқарғаны байқалады. Ондағы берілген статистикалық мəліметтер мұны дəлелдей түседі. Ол былай деп жазған: «В Туркестанском крае на данный момент существует 206 медресе, 1160 мектебов, в них работают 4000 мударисов и учатся 49000 детей туземцев. Эти статистические данные свидетельствуют о мощи мусульманского взгляда» [40]. Мұндай мəліметтерді Ресей Халық ағарту министрлігі ескеріп, Розенбахтың ұстанымын қанағат тұтты жəне 1890 жылы мұсылмандық оқу орындарының инспекторы қызметіне Розенбахтың ұсынысы бойынша, В.П. Наливкинді тағайындады. Осылайша, жаңа қызметтің ашылуымен жергілікті орыс əкімшілігі мұсылмандық оқу орындарға қарсы нақтылы түрде күресуге бет бұрды. Түркі тілдері мен басқа да шығыс тілдерін жетік меңгерген В.П. Наливкин инспектор қызметін бастаған сəттен-ақ мұсылмандық оқу орындардың ішкі дүниесін зерттеуге кірісті. Ол отбасымен Ферғана уалаятының Нанай ауылында 8 жыл көлемінде өмір сүріп, жергілікті салт-дəстүрді егжей-тегжей зерттеген. Жергілікті халықты орыстандырудың оңай жолы деп орыстар мен бұратаналардың тығыз байланыста болулары қажет деп білген. В.П. Наливкин келісімен-ақ генерал-губернаторға өлкедегі 90

орыс əсерін күшейту үшін екі мəселеге көңіл бөлу қажет деп жазған: «Орыстар мен бұратаналарды бір бірімен жақындатып, оларды өзара сіңістіру мен байланысын мығымдастыру жəне бұратаналардың орыс тіліне деген мұқтаждығын арттырып, əкімшілік басқару орындарына жергілікті əдет-ғұрпы мен тілін меңгерген орыстарды тағайындау» [41]. В.П. Наливкин Түркістан тарихын барынша зерттеген жəне мұғалімдерге арналған көптеген кітаптарды да жариялаған. Ол инспектор ретінде мектеп медреселер жанында орыс тілі курсын ашып, мұсылмандық оқу орындарын мемлекеттік мүддеге сай реформалауды ұсынған. Түркістан генерал-губернаторлықтың құрамында өмір сүрген бұратаналарды орыс əкімшілігі зорлықпен шоқындырмаған. Оның өзіндік себептері болды. Түркістан генерал-губернаторлықтың бұратана халқының ислам дініне деген ұстанымы күшті болатын. Сөйтіп, патша өкіметінің дін саласындағы өзгерістерге қарсылық білдіріп отырған. Христиан негіздері халық арасында жат дін ретінде қабылданатын. Дегенмен шоқынған бұратаналарға Түркістан генерал-губернаторлығы тарапынан қолдау көрсетіліп, оларға түрлі жағдайлар жасалды [42, 34-б.]. Түркістан тарихын зерттеген тарихшылардың бірі З.Д. Кастельскаяның зерттеуі бойынша, оқу білім саласындағы бұратана халықтың біліміне губернаторлық қазынасынан 1 % бөлінсе, аралас орыс-түзем мектептеріне 25 %, орыс жəне шіркеулік мектептеріне 74 % бөлінетінін білдірген [42, 35-36-б.]. Түркістан мектеп медреселерінің білім сапасының төмендеуі патша өкіметінің жүргізіп отырған орыстандыру саясатына тиімді болды. Миссионер ғалымдар бұл тарихи үрдісті есепке ала отырып, мұсылмандық оқу орындарын қыспаққа алып, бұратаналарды орыс рухани тəуелділігіне түсіру мəселесін жаңадан қарастыра бастады. Орыс əкімшілігі ислам дінін бұратаналардың рухани біріктіруші күш ретінде қарастырған. Сондықтан патша өкіметінің саясатына қарсы бұл мектептер келешекте үлкен саяси қуат ретінде қалыптасуына тосқауыл қою жəне оларды толығымен жоюды көздеді [43]. 91

Мұсылмандық оқу орындарға генерал-губернаторлық қазынасынан материалдық көмек көрсетілмеді, керісінше оларға қарсы ұстаным нығая түсті. Мектептер мен медреселер қызметтерін жалғастыру үшін генерал-губернаторлықтан рұқсат алу ережесі ендірілді. Ережені училищелердің басты инспекторы Ф. Керенский дайындады. Екі тілде дайындалып, 25 баптан тұратын бұл ереже Түркістан генерал-губернаторлығының барлық аймақтарын қамтыған еді. Ереже бойынша əр медресе мүдəрістерінің арасынан патша өкіметіне сенімді мүдəріс тағайындалған, басқа төменгі мүдəрістер мен молдалар басты мүдəріске бағынған. Желтоқсан айының басында басты мүдəріс инспекторға оқытушылар құрамын білдіріп отырған жəне молдаларға қатаң бақылау орнатылып, олардың жылдық өтілімен дəрежесі есептеліп отырған [44]. Инспектор басты мүдəрістен вакуфтар тарапынан медресеге түскен пайданы талап етіп отырған. Вакуфтардан түскен пайда жөнінде мүдəріс ақпан айында инспекторға есеп беруге міндетті болған. Мүдəрістерден медреселердің айналасын тазалау, жыл сайын бояп тұру міндеті де жүктелген еді. Мұсылмандық оқу орындар оқытушылары ешбір қарсылықсыз генерал-губернаторлықтың енгізіп отырған бұйрықтарын орындауды жүктеген. Ереженің 24-25 бабында: «мударисы, виновные в неисполнении обязанностей, указанных инструкцией, подвергаются выговорам инспектора. Мударисы получившие от инспектора три выговора, подлежат установленным порядкам отчисление от занимаемых ими должностей» делінген [44, 3-п.]. Генерал-губернаторлық мұсылмандық оқу орындарына қарсы жыл сайын жаңа өзгерістер енгізіп отырған. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты сатылы түрде бірте-бірте мұсылмандық оқу орындарына тосқауыл қою болатын. 17 маусым 1895 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы Ферғана, Самарқан жəне Сырдария облыстарына жаңа медресе ашу үшін арнайы жаңа заң қабылдады. Қабылданған заң бойынша басты екі мəселеге ерекше көңіл бөлінді. Біріншіден, медреселерді өзін-өзі қаржыландырып, генерал-губернаторлыққа салық төлеп тұруға міндеттеген. Екіншіден, медреселердің оқу жоспарына орыс тілі мен оның тарихы енгізілуін жүктеген [45]. 92

Медреселерді бақылауға алу керектігі туралы генерал Кондратович Ресей Халық ағарту министрлігіне жолдаған есебінде жазған. Бұл үшін ол «бақылау комитетін» құрып, мұсылмандық оқу орындарын реформалау қажеттілігін баса айтқан. Сондықтан Кондратович «бақылау комитетіне» бұратана тілін жетік меңгерген, олардың оқу құралдарымен жақыннан таныс болған аралас орыс-түзем мектептеріне оқытушыларын енгізді. Кондратовичтің ұсынысын қолдаған Түркістан генералгубернаторлығының кеңсе меңгерушісі мұсылмандық оқу орындарына қайтадан жаңа ереже дайындады [46]. Дайындалған ереже бойынша, мүдəрістер қарсылықсыз «бақылау комитеттің» бұйрықтарын орындауға, сонымен қатар мұсылмандық оқу орындарында патшалық Ресей саясатына қарсы кез келген пиғылдарды «бақылау комитетіне» жеткізіп отыруға міндеттелген. Ал Түркістан генерал-губернаторлық халық ағарту директоры Ф. Керенскийге Сырдария əскери губернатордан мүдəрістердің өтініштері мен арыздары, басқа да іс-қағаздары орыс тілінде дайындалып немесе аударылып ұсыну міндеті жүктелген еді [47]. ХІХ ғасырда мұсылмандық оқу орындар білім сапасы жөнінен əлсірей бастағанын біз жоққа шығара алмаймыз. Бұл оқу орындардың заман ағымына сай көшке ере алмағандығын, олардың тек діни ілімдерге көңіл бөліп, нақты ғылымдардан ұзақтай түскенімен байланыстыруға болады. «Медресе оқушылары жаттауға негізделіп үйренген парсы мен араб аудармасын білмейтін жəне алған білімдерін өмір тəжірибесінде пайдалана алмайтын», – деп Түркия тарихшысы Мехмет Сарай өз еңбегінде жазған [48]. Баймирза Хайт «Түркістанда жəдидшілік жəне оның нəтижелері» атты мақаласында мұсылмандық оқу орындарының білім сапасы жөнінен əлсіреуін мына себептермен байланыстырады: «10-12 жыл көлемінде медреселерде білім алған оқушылар тек діни ілімдерді ғана оқыды; риязият (математика), хендесе (геометрия), тарих, медицина жəне əдебиеттерінен хабарсыз еді. ХІХ ғасырда барлық медреселерде таасүп (діни фанатизм) үстемдік етіп, халықты мəдени, рухани əлсіздік «бұлттардың» арасына соққан» [49]. Мұсылмандық оқу орындары сапа жағынан əлсіреу мəселесімен байланысты орыс миссионер, отарлаушы қызметкер ғалымдар да 93

зерттеу жұмыстарын жүргізіп, медреселердің жеткілікті дəрежеде білім бермегендігі туралы аралас орыс-түзем мектептің оқытушысы В.П. Наливкиннің «Орта Азиядағы бұратаналардың мектебі» [50], Ф.М. Керенскийдің «Түркістан аймағының мектептері» [51], Түркістан генерал-губернаторлығының халық ағарту бақылаушысы С.М. Граменицкийдің «Түркістан аймағында халық ағарту ісінің даму мəселелері» (Ташкент, 1896) зерттеп отырған тақырыпқа байланысты құнды мəліметтерді қалдырған. Түркістан генерал-губернаторы Духовской аймақтағы мұсылмандық оқу орындары туралы зерттеулер жүргізіп, оның тарихи ағымына көңіл бөлген. Оның пайымдауынша: отарлаушылардың Түркістанға енуден бұрын мектептер мен медреселер мешіттердің құрамында ашылатын. Мектеп орындары бұратана халықтың садақа етіп берген қаржысымен құрылатын. Ал оқытушылық қызметін мешіт имамы атқаратын. Имамдардың жалақысы да халықтың берген садағасымен қаржыланып отырған. Сонымен қатар кезкелген оқушы оқу орынды тамамдаған соң имамға сыйлық ретінде шапан немесе ақшалай рақметін білдіретін. Мектеп оқушыларын ың жасы 6-15 арасында өзгеріп отырған. Сыныпта оқушылар саны болса 8-30 арасы еді. Кей-кездерде бұл көрсеткіш 40-қа дейін көтерілген [52]. Мұсылмандық оқу орындарының тарихы туралы сол жылдардағы баспа беттерінде де өз көрінісін тапқан [53]. Бұл зерттеулерге қарағанда мұсылмандық оқу орындарда білім алу араб əріптерінің жатталуымен басталатын. Одан соң жаттау əдісі қолданылып, оқушылар Құрандағы сүрелерді жаттайтын. Бұдан тыс, мектептерде парсы жəне түркі тілінде жазылған Қожа Хафиз, Бидыл, Физули, Сопы Алла Жардың кітабымен сусындаған. Ф.М. Керенскийдің айтуы бойынша: аталмыш кітаптың ешбірі тіл, сана, ой-өріс жəне методика жөнінен жарамсыз еді [54]. «Жығылғанға жұдырық», – деп оқытушылардың өзі арапша мəтіндердің мағынасын білмейтін жəне мəтінді түсіндірмей немесе оқушыларға аудармасын жасамай тек қана оқып беретін. Жазуға оқушылар сүрелерді жаттап болған соң өтетін. Өкінішке орай, мұсылмандық оқу орындарды бітірген оқушылар жазуды оңдыра алмайтын еді. В.П. Наливкин 1864 жылы аралас 94

орыс-түзем мектептің ашылуы барысында өте жақсы деңгейде бітірген түзем баласын сынақтан өткізген соң мына пікірін білдірген: «Ученик мектеба, окончивший на отлично проделывал несколько элементарных грамматических ошибок при писании слова» [55]. Төрт жылдық мектепті бітіргеннен кейін оқушы алған білімін қысқа мерзім ішінде-ақ ұмытатын. Отарлаушы аппараттың статистикалық зерттеулер нəтижесіне қарағанда Ташкент қаласындағы 167 жəне Сырдария уалаятындағы 1402 мектеп түлектерінің 50 пайызы оқу-жазуды білмейтін [56]. Бұл көрсеткіштің себептері, біріншіден, мектепте үйретілген немесе оқытылған мəтіндердің оқушылардың ұқпауынан, екіншіден, оқушылардың қосымша əдебиет оқымауында болды. Мектеп түлектерінің біршамасы ғана медреселерде оқуын жалғастыра алған. Ер балалар оқушыларынан тыс мұсылмандық оқу орындарында қыз балалар да білім алып отырған. Олар мешіт имамдарының жұбайларынан сауат алған. Қыздар үшін де мұсылмандық оқу орындар халықтан жиналған қаражаттан ашылатын. Алайда олардың материалдық базасы төмен еді жəне əр сыныпта 3-5 қыз бала ғана білім алатын еді. Отарлық жүйе орнаған соң бұратана қыздардың орыс отбасында білім алу үрдісі кеңінен тараған. 1891 жылан бастап отарлаушы аппарат медресе мүдəрістерін жұмысқа орналастыру жəне босату мəселесін өз қолына алды. С.М. Граменицкий медресе мүдəрістері Ресейдің идеологиялық саясатына бағынатын жəне оны қарсылықсыз орындайтын тұлғаларды қызметке алатынын білдірген [57]. Оның берген мəліметтеріне қарағанда Ташкент қаласында 1876 жылы 11 медресе өз қызметін атқарған, 1910 жылы бұл көрсеткіш 22-ге дейін өскен. Бұл көрсеткіштің өсу себебі бұратаналардың орыс мектептерінде білім алуды қаламағандығымен дəлелдейді. Саны жағынан көп медреселер Ферғана мен Самарқан қалаларында орналасқан. Сырдария уалаятында болса, медресе саны 31 болған. Ал В.П. Наливкиннің пайымдауы бойынша, 1900 жылы жалпы Түркістан генерал-губернатор95

лығында 313 медресе өз қызметін жалғастырып отырған жəне онда 7502 оқушы білім алған [58]. С.М. Граменицкийдің 1913 жылы жалпы Түркістан генерал-губернаторлығының бес уалаятында медресе саны 376-ға өскенін айтады. Оның ұсынып отырған статистикалық мəліметтері төмендегідей [59]. 8-кесте Түркістан генерал-губернаторлығы құрамындағы мектептер мен медреселердің саны Түркістан генералгубернаторлығы Сырдария уалаяты Ферғана уалаяты Самарқан уалаяты Барлығы

Мектептер Медреселер Оқытушылар Оқушылар саны саны 364 5 369 4536 441 98 823 10739 1430 32 535 16499 2235

125

1727

31774

Мұсылмандардың рухани болмысын бақылауға алу үшін 1897 жылы арнайы «мұсылмандық рухани болмысын басқару» комитеті құрылды. Комитеттің əзірлеген ережесі 31 баптан тұрды. Оның құрамына бір төраға, алты мүше жəне бір хатшы кірді. Комитет жергілікті халық арасынан тыңшыларды таңдап, оларға мұсылмандық жөнінде хабарларды жинауға тапсырма берген. Комитеттің жылдық шығыны 25 340 сомды құрастырып, оның ішінде төрағаға 3000, əрбір мүшесіне 1500, хатшыға 1200, тыңшылықты жасайтын төрт мырзаның əрқайсысына 600, мырзалардың жинаған хабарын орталыққа дер кезінде жіберіп отыратын төрт жігіттің əрбіріне 240, кеңсе шығындарына 440, жалға алған бөлмеге 600 сом [60]. Комиттеттің алға қойған мақсаты – мұсылмандардың топтасып отырған жерлердегі əңгімелерін тыңдап, Ресейге қарсы көзқарастарын анықтау, вакуфтар жөнінде статистикалық мəліметтерді жүргізу, мұсылмандық оқу орындарындағы шəкірттер санын анықтап отыру, мүридтер, ишандар, молдалар жөнінде хабарларды топтастырып, олардың идеологиялық мақсаттарын анықтау, шетелден келген азаматтардың Түркістанға келу мақсатын анықтап отыру кірді. 96

ХІХ ғасырдың соңынан Ресей империясы қазақ даласында исламды тарату саясатынан бас тартып, шоқындыру арқылы орыстандыру саясатына бет бұрды. Ал бұл саясатты орыс əкімшілігі мұсылман оқу орындарын отар əкімшілігінің қарамағына өткізіп, оның дамуына шек қоюға тырысты. Оңтүстік Қазақстан өңірінде діни мəселелерде қаталдықтың пайдасынан зияны көп екеніне көзі жеткен орыс шенеуніктері бірден мұсылман мектептердің қызмет атқаруына тиым салудан бас тартып, мектеп медреселермен қатар, орыс-түзем мектептердің санын арттырды. Қазақ балаларының жоғарғы деңгейде білім алуынан шошынған Н.И. Ильминский «Бұратаналарды жоғарғы деңгейде сауатын ашу біздің жүргізіп отырған саясатымызға нұқсан келтіруі мүмкін. Тіпті, қырғыздарды біздің орта дəрежелі оқу орындарында оқыту аса қауіпті», – деп орыс саясатының астыртын мақсатын ашып берді. Осының салдарынан Түркістан өңірінде жаңа мешіттер, мектептер мен медреселерді ашуға немесе салуға бақылау орнатылды. Ғасырлар бойы ислам дінінің қазақтың дүниетанымына тереңдеп енуі, əдет-ғұрпы жəне мəдениетімен араласып кетуі отар əкімшілігін қатты толғандырды. Сақтықпен болса да орыс əкімшілігінің қазақтың мəдени өміріне қол сұғуын қазақтар қаламай, оған наразылық білдіре бастады. Патша өкіметі мектеп, медресе, мешіт жəне басқа да діни орталықтарының ашылуына тыйым салғанына қарамастан, қазақтар өз қаражаттарына мұсылмандық оқу орындарын ашты, балаларын орыс мектептеріне бермеді жəне аралас мектептердің ашылуына қарсы шығып, қаражат жинамады. Мұндай қарсылықтар Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, оңтүстікте көптеп көрініс тапты. Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысында мұсылман оқу орындары Оңтүстік Қазақстанда басым болды. Дегенмен орыс əкімшілігінің мұсылмандыққа қарсы атқарған шаралары қазақтың салттық жəне идеологиялық қызметіне тосқауыл бола алмады. Керісінше, орыс əкімшілігі саясатының қатаюы, қазақтардың ұлттық мүддесі мен намысын қорғауға деген ұмтылысын одан сайын қуаттандыра түсірді. Ресей империясы исламға қысым жасаған сайын мұсылмандар бірігуін тоқтатпады. Оның бір айғағы ретінде Əндіжан көтерілісі болды. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанға да өз əсерін тигізіп, Ресей империясының үрейін ұшырған-ды. 97

Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4.

5.

Қазақстандағы мұсылмандық оқу орындары мен ағартушылық қоғамдар (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы) жайлы талдау жасаңыз. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметі жүргізген реформалардың Қазақстандағы ұлттық білім беру жүйесіне əсерін анықтаңыз. Қазақ қоғамындағы татар зиялыларының ағартушылық қызметін саралаңыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Сыр бойындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің ойларына талдау жасаңыз. Ағартушы діни тұлғалар тарихының зерттелуі мен зерделенуіне салыстырмалы сараптама жасаңыз.

Үсынылатын əдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16.

17. 18. 19. 20. 21. 22. 23.

ҚРОММ. 33-қ., 1-т., 50-і., 24-25-пп. Туркестанские ведомости. - 1897, 22 июля (4 июля). - № 45. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 1023-і., 89-п. ӨРОММ. 44-қ., 1-т., 48280-і., 5-7-пп. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 55-і., 16-п ӨРОММ. И-1-қ., 32-т., 384-і., 1-11-пп. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 594-і., 7-п. ӨРОММ. И-1-қ., 22-т., 84-і., 15-п. ӨРОММ. 16-қ., 1-т., 174-і., 12-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15499-і., 77-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 11-і., 2-3-пп. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 76-і., 26-п. ӨРОММ. И-17-қ., 1- т., 20003-і., 36-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 181-і., 16-17-пп. Ильминский Н.И. Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам. – Казань, 1883. – С. 20. Скрыплев П.А. Материалы по обследованию переселенческих хозяйств в Туркестанском крае. Русские поселения в Чимкентском уезде Сырдарьинской области. – Ташкент, 1909. – С. 61-65. Үлфəт. – 1906. – 23 ақпан. – № 12. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 314-і., 86-87-пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 15449-і., 102-103-пп. ҚРОММ. 146-қ., 1-т., 67-і., 16-17-пп. ӨРОММ. И-1-қ., 27-т., 148-і., 4-п. ӨРОММ. И-1-қ., 27-т., 329-і., 11-п. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 31137-і., 11-12-пп. 98

24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36. 37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55. 56. 57.

ӨРОММ. И-1-қ., 18-т., 24-і., 2-п. ӨРОММ. 49-қ., 1-т., 198-і., 15-п. ӨРОММ. И-1-қ., 10-т., 98-і., 45-п. ӨРОММ. Р-2282-қ., 1-т., 170-і., 4-п. ӨРОММ. И-1-қ., 18-т., 25-і., 18-п. ӨРОММ. И-1-қ., 20-т., 3252-і., 32-п. ӨРОММ. И-1-қ., 20-т., 4107-і., 17-п. Граменицкий С.М. Главные правила русского прописания и примеры для упражнений. – Ташкент, 1908. – С. 76. Туркестанские ведомости. – 1901. – 8 марта. – № 19. Али М. История подотчетно только правде / Тюркский мир. – 1991. – № 1. – С. 27. ӨРОММ. 1-қ., 19-т., 360-і., 258-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 1004-і., 38-п. ӨРОММ. 1010-қ., 1-т., 20-іс, 7-п. Граменицкий С.М. Положение инородческого образования в Сырдарьинской области. – Ташкент, 1916. – С. 4. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 4989-і., 72-75-пп. ӨРОММ. 1-қ., 22-т., 382-і., 112-113-пп. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 4989-і., 80-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 3027- і., 74-85-пп. Кастельская З.Д. Из истории Туркестанского края. – М., 1986. Климович Л.И. Ислам в царской России. – М., 1936. – С. 222-223. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 396-і., 1-2-пп. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 486-і., 15-п. ӨРОММ. И-1-қ., 27-т., 213-іс, 5-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15278-іс, 1-п. Сарай Мехмет, Gaspıralı İsmaіl Bey’den Atatьrk’e. Tьrk Dьnyasında Dіl ve Kьltьr Bіrlіğі. – İstanbul, 1993. – S. 32-33. Хайт Баймирза, Tьrkіstan’da Cedіdзіlіk ve Sonu // Mіllі Eğіtіm ve Kьltьr Dergіsі. - 1981, 3 (9) Nіsan. - S. 67-68. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1486-і., 43-п. Журнал Министерства Народного образования, 1892. - № 65. ӨРОММ. И-1-қ., 27-т., 32-і., 3-5-пп Народное образование в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. – 1897. – 19 июня. – № 44. Керенский Ф.М. Медресе Туркестанского края // Журнал министерства народного образования. – 1892. – октябрь. – № 16. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 239-і., 1-п. Народное образование в Туркестанском каре // Туркестанские ведомости. – 1897. – 1 июля. – № 44. Инородческо образование в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. – 1900. –16 (18) декабря. – № 2. 99

58. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 239-і., 19-п. 59. Туркестанские ведомости. – 1900. – 16 (18) декабря. – № 2. 60. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15449-і., 8-11-пп.

2.2. Ìèññèîíåðëіê әðåêåòòåð Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан өңірін толық отарлағаннан кейін-ақ бұл аймақты орыстың рухани тəуелділігіне түсіру мақсатында миссионерлік əрекеттерге көшкен еді. Өлкедегі миссионерлік əрекеттің өрістей түсуі – патша өкіметінің рухани отарлау саясатының жаңа əдістерінің бірі еді. Алайда күні бүгінге дейін бұл мəселе ғалымдардың тікелей зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Сондықтан бұл мəселені егжей-тегжей зерттеу, оқу құралында қойылған мақсаттардың қыр-сырын аша түсетініне күмəн келтірмейміз. Бұл тараушада Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты мен оның барысы жəне нəтижелері қарастырылады. Сондай-ақ миссионерлік саясаттың қыр-сырын ашу мақсатында өлкеде шіркеулік мектептердің қызметі, орыс əкімшілігінің шіркеу құрылыстарын жүргізу барысы қолға алынған. Патшалық Ресейдің Түркістан өңірінде жүргізген миссионерлік саясатын төрт сатыға бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, өлкеде миссионерлік комитеттер мен мекемелердің ашылуы жəне олардың қызметі мен нəтижелері, екіншіден, отар əкімшілігінің христиан дініндегі мамандарды даярлаудағы үлесі мен шоқындыру үрдісінің барысы, үшіншіден, ассимиляциялау процесін халық-ағарту саласы бойынша тарату, төртіншіден, Түркістан өңіріне орыс шаруалары мен казактарды қоныстандыру саясатының негізінде шоқындыру іс-жұмыстарын жүзеге асыру. Қазақ еліне ислам діні арабтардың келуімен таралғаны баршаға аян. Бұл дінді қазақ халқы өзінің төл діні ретінде санайтынын ұмытпағанымыз абзал. Дегенмен Ресей империясы күшіне еніп, қазақ елін отарлап қана қоймай, ол халықты рухани құлдыққа түсіру процесін жүргізе бастады. Сол мақсатта отар əкімшілігі ұстанған тəжірибесін пайдаланып, əуелі, қазақ халқы арасында шоқындыруды жүзеге асырып, кейіннен орыстандыру тəсілін жетілдіріп, қазақ100

тарды орыстарға кіріптар етуді көздеді. Бұл мақсатты жүзеге асырудан бұрын қазақ халқын қайткен күнде де ғасырлар бойы тəу етіп келген ислам дінінен ажырату қажет деп тапты. Сондықтан отарлау мəселесі аяқталғаннан кейін, қазақ еліне жіберілген генерал-губернаторлар, əскери-губернаторлар жəне христиан дін басылары ислам дініне қарсы күресін аса сақтықпен жүргізді. Ал өз дінінен алшақтаған халық тілі мен дінінен, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрінен, мəдениеті мен жерінен айырылары сөзсіз деген мағынаға келері анық. Ол жөнінде біз жоғарыда атап өткен едік. Дегенмен мына жайтқа назар аударған жөн. Түркістан өлкесінде орыс миссионерлеріне басшылық еткен Н.И. Ильминскийдің шəкірті Н.П. Остроумовтың миссионерлік саясаттағы орны мен ол өлкедегі мұсылмандық ағымға қарсы күресі. Сондай-ақ «Туркестанские ведомости» газетінде Түркістанның жан-жақты зерттелу қажеттілігі аталып өтілген: «Систематическое, подробное изучение Туркестана, быта и жизни его населения, этнографических особенностей, народных, бытовых и юридических особенностей, обычаев, языка и религиозных воззрений, должно лечь в основу всех действий и распоряжений русской миссии и администрации» [1]. Н.П.Остроумовтың басшылығымен «Түркістан халықтарының рухани болмысын» зерттеуге арналған бағдарлама жасалды. Бағдарламаға сəйкес, Н.П. Остроумов біріншіден, мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының мұсылмандыққа деген ұстанымын зерделеп, сонан соң шоқындыруды іске асыруды ойластырған-ды. Бағдарламада жергілікті отар əкімшілігі мешіт, мектеп, медреселердің статистикалық есебін жүргізуге, орыстүзем мектептердің орыстандыру жолындағы атқарып жатқан шараларын анықтауға, өлкеде Ресей империясына қарсы жасалатын пиғылдардың алдын алуға міндеттелген еді. Сондай-ақ өлкеге қоныс тепкен орыс шаруалардың есебін жүргізіп, олардың мекен жайы мен селолар, поселкелерде шіркеу мен діни мектептердің құрылысына Святой Синодпен халық ағарту басқармасы қаржысынан қаражат бөліп тұруға белсене кіріскен-ді [2]. Алайда Н.П.Остроумовқа Сырдария уалаятында православие дінін тарату қиынға соққан. Себебі ондағы сарттар мен бұқаралықтардың мұсылмандыққа деген ұстанымы, қазақтарға қарағанда 101

айрықша еді. Бұл жөнінде Н.И. Ильминский Святой Синодтың обер-прокуроры К.П. Победоносовқа жіберген хатында жазған. Онда Н.И. Ильминский Н.П. Остроумовқа үміт артып, бұл аймақта миссионерлік жұмысты жандандыратынына сенім арттырды [3]. Н.П. Остроумов Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласына келісімен-ақ, Жетісу мен Самарқан жерлерімен танысып шықты. Сол жердегі халықтардың діни болмысын зерттеп, əдет-ғұрпымен танысып, орыстандыру тəсілдерін ойластырумен əлек болды. Н.И. Ильминскийдің шоқындыру, сонан соң орыстандыру тəсілінен бас тартып, керісінше, оқу-ағарту саласын ретке қою арқылы бұратана халқын орыстандырудан қол үзбеді. Оны Н.П. Остроумов Түркістан семинариясының жиырма жылдық есебінде ашық көрсеткен: «… сближение туземцев с русским государством и русским народом велось при посредстве русской транскрипции в основу которой был заложен русский алфавит без всяких изменений, дополнений и сокращений» [4]. Ол «орыстанған халық өзіненөзі шоқынары сөзсіз», – деген принципті қатты ұстанды [5]. Мұны Н.П. Остроумовтың Түркістанда атқарған қызметтерінен аңғаруға болады. Н.П. Остроумов 1883-1901 жылдар аралығында Ташкенттегі гимназияның директоры, кейіннен 34 жыл көлемінде «Туркестанская туземная газетаның» редакторы қызметтерін атқарған. Өмірінің басым бөлігін ислам дінін зерттеумен айналысқан Н.П. Остроумов, бұратана халқын шоқындыруға құштар еді. Оның дүниеге əкелген 42 еңбегінің барлығы миссионерлік мақсатпен жазылғанын М. Мырзахметов өз еңбегінде атап өткен [6, 48-б.]. Сондықтан миссионерлік əрекеттің тоқетері өлкеде қаптаған шіркеулермен түрлі православ орталықтарының ашылуы мен жұмыс істеуіне мықтап көңіл бөлген. Қазақтарды ассимиляциялауға құштарлы болған миссионерлердің бірі Н.И. Ильминский қазақ жерінде көптеген діни мектептер мен орталықтардың ашылуына тікелей мұрындық болған. 1867 жылы Н.И. Ильминскийдің бас көтеруімен Қазан қаласында «Братство святого Гурия» атты миссионерлік қоғам құрылды. Бұл қоғамның бір бөлігі Түркістан епархиясынан ашылып, миссионерлік жұмыстар 102

қызу жүріп кетті. Ол құрамға сол жылдары қазақ жерін басқарып отырған шенеуніктер мен дін басылары кірген. Олар – Түркістан мен Ташкент епископаттары, Түркістан генерал-губернаторы барон А.Б. Вревский, Жетісу облысының əскери-губернаторы Г.И. Иванов, т.б. [7]. Аталмыш лауазымды кісілер «Братствоны» құрып, елді шоқындыру мен орыстандырудың түрлі тəсілдерін пайдаланды. Сондай-ақ өз қызметтерін асыра пайдаланып орыстарға кіріптар ету мəселесіне үлкен мəн берді. Н.И. Ильминскийдің өмірі мен қызметін, шығармаларын зерттеген В.М. Горохов, оның тюркология мен педагогика бағытындағы жұмыстарының тек миссионерлік мақсатта жазылғандығын, сонымен қатар Қазан академиясының құрметті профессоры болғанын атап өтіп, Н.И. Ильминскийдің тюркология мен шығыстануға ешбір жаңалық енгізбегенін баса жазған [8]. Осыған қарамастан 1846 жылы Қазан академиясын бітірген Н.И. Ильминский миссионерлік мақсатта ашылған «противомусульманское отделение» кафедрасының меңгеруші қызметін, 1847 жылы құрылған «аудармашылар комитетінің» басқарушы қызметтерін атқарды. Мұнда православие дінінің қасиетті кітаптары бұратана тілдеріне аударылды. Комитеттің құрамына миссионерлікке əуестенген Н.Я. Близновский, В.Т. Трофимов, Е.А. Малов, Н.П. Остроумов, Н.И. Золотницкий, Н.Я. Яковлев, Н.Я. Бобровников, В.В. Катаринскийлер кірді. Қазақтарды тілі мен дінінен ажырату арқылы орыстандыру саясатын ұстанған орыс əкімшілігі 1869 жылы Мəскеуде арнайы миссионерлік қоғам құрып, оған саяси идеологиялық міндеттерді жүзеге асыру тапсырмаларын жүктеді. Сол жылы аталмыш қоғам өзінің жарғысын қабылдап, оған 21 қараша 1896 жылы Санкт-Петербургте патшаның жəне Министрлер кабинетінің іс басқарушысы стан-хатшысы Корнилов қол қойып, мақұлдады [9]. Төрт тарау жəне 64 тараушадан тұратын бұл жарғының алға қойған мақсаттарының бірі қайткен күнде де Ресей империясы құрамындағы бұратаналарды шоқындырып, орыстандыру арқылы Ресей империясының ішіне «еріте сіңістіру» болды. Миссионерлік саясат тікелей империяның идеологиялық ұстанымы екендігі жөнінде жарғының кіріспесінде аталып өтілген. Онда: «Православное 103

Миссионерское Общество состоит под Всемилостивейшим покровительством Ее Императорского Величества Государыни Императрицы» [9], – делінген. Сондай-ақ миссионерлік қоғам үнемі Синод əулиенің бақылауында болып, қоғамның төрағалығын Мəскеудің Митрополитеті жүргізгендігін атап өткен. Арнайы ашылған епархия Түркістан өңірін шоқындыруда саяси қызмет атқарған. Түркістан епархиясының 1891-1892 жылғы «шіркеулік мектептер мен сауаттандыру (школа грамот) мектептерінің» есебінде аталмыш епархияның бақылайтын аймағы көрсетілген. Онда: «Туркестанская епархия занимает собою 939 683 квадратных верст, на этом пространстве расположен весь Туркестанский край и одна область Степного генерал-губернаторства. В епархии четыре области и один отдел составляющий 19 уездов и три участка разделенных на 8 благочиннеческих округов», – деп православ дін басыларының аймаққа қарай миссионерлік ұстанымын белгілеу қажеттілігі аталған [10]. Есеп бойынша, Түркістан генералгубернаторлығының құрамының ең көлемді жерін Сырдария уалаяты иемденіп, 364713 квадраттық верстқа жайылған. Сонымен қатар Түркістан епархиясы бойынша православ дінділердің саны 117 400 болған. Оны облыстар бойынша бөлсек, Сырдария уалаятында 3319, Верныйда 23900, Ферғанада 8249, Ташкентте 20360, Самарқанда 15182 болған [10]. Түркістан епархиясы кафедрасының орталығы баста Верный қаласында орналасқан еді. Верный қалалық Думасының 15 қыркүйек 1897 жылғы жиналыс журналында православ орталығының Верный қаласында ашылғандығы жөнінде мынадай пікір жазылған: «К.П. Кауфман прекрасно понимавшый нужды устраиваемого им края при возбуждении ходотайства пред Святым Синодом об учреждении Туркестанской кафедры, наметил резиденцией епископа именно город Верный, при том не из-за одной только численности населения, но и потому что вполне русский, Ташкент же,- свою резиденцию, не признал удобным для православной кафедры, как центр фанатического мусульманства» [11]. К.П. Кауфман Түркістан генерал-губернаторлығының əлеуметтік-саяси жағдайын жан-жақты біліп, соған байланысты 104

,алдымен, сарттар мен бұқаралықтарды шоқындыру, олардың ислам дініне деген ұстанымын əлсірете отырып, орыстандыруды ғана көздеген. Ол бұл халықтардың шоқынатынына сене де қойған жоқ. Ал көшпелілердің ислам дініне деген сенімі осалдау болғандықтан, К.П. Кауфман: «Жетісу өңірі шоқына берсін, сонан соң Орта Азиядағы басқару жүйесі нақты орныққаннан кейін бұл аймақты да православ дініне кіріптар ете жатармыз» деген көзқараста болған. Ол жөнінде мына мұрағат құжаты дəлел бола алады. Онда, «Дело миссии, в этом случаи епархиальное начальство должно было начать и может ожидать большого успеха здесь в Семиречии, а не там в Туркестане, ибо иноверцы (киргизы) менее фанатичны чем сарты», – делінген [11]. Сондықтан 1868 жылғы реформа Оңтүстік Қазақстан өңіріне орыс шаруалары мен казактарды шама-шарқынша қоныстандырып, оларға шіркеу мен шіркеулік мектептердің көптеп құрылуына мүмкіндік берді. Патша өкіметі күштеп ассимиляциялау саясатында орыс қоныстанушыларына үлкен үміт арттырып, православ дінін кеңінен таратуға кірісті. Себебі «қоныстандыру комитетінің» ұйымдастырылуы өлкедегі миссионерлік əрекетке жаңа септігін тигізіп, орыстандыру саясатын жандандыра түсірді. Сөйтіп, отар əкімшілігі орыстандырумен тікелей айналысуды арнайы құрылған «орыстандыру палатасына» жүктеді. Бұл жағдайды К.П. Кауфман сараптай отырып: «По мере возможности нужно увеличивать колличество русского элемента в Туркестане, в особенности в Аулиеата и Чимкенте, так как область этих районов густо населена киргизами, а они менее фанатичны чем сарты. Чем больше мы будем строить церкви и приходские школы в районых русского элемента, тем больше мы придадим облик православного государства» [12], – деп алғашқы генерал-губернатор Ресей империясының саяси идеологиялық мақсатын айқын көрсетіп, өзінің де Түркістан өңірін тереңінен зерттегенін дəлелдеді жəне православ дінін халық арасына сіңіре енгізу тəсілдерін білетіндігін көрсетті. Қазақ жерін православ дініне кіріптар ету мəселесіне қамқорлығын тек Мəскеудегі миссионерлік қоғам емес, сонымен қатар Ресейдегі басқа да епархиялық комитеттер қаражатпен кітаптарды 105

жіберіп отырған. Мəселен, Ярославль епархиалық комитет 4317, Дон епархиалық комитет 1500, Вологда епархиалық комитет 2312 сомды Түркістан епархиалдық комитетке шіркеулік мектептердің құрылысына жіберген [13]. Осыған байланысты, православ дінін өз деңгейінде тарататын мекемелердің құрылу жөнінде 1869 жылы Консистория арнайы қаулы қабылдады. Бұл мекемелердің қажеттілігі туралы мұрағат материалдарының бірі былай сараптайды: «При беседе с киргизами мне дозволено было узнать, что они не расположены к христианской вере. Но я думаю если их старшины и начальники примут христианство, то они все пойдут в след за ними. Для этого необходимо увеличение станов» [14]. Алайда миссионерлік қоғамның талпынысына қарамастан, қаржы мен мамандардың тапшылығы салдарынан бұл стандар ашылмай қалды. Түрлі тартысулардан жəне православ дін басылардың стандардың ашылуы жөніндегі тиісті мекемелерге талай рет ұсыныс хаттарды жолдауынан, ХІХ ғасырдың екінші жартысында стандарды ашу қолға алынып, 1881 жылы ғана орындалды. Сол жылы «мұсылмандарға қарсы рухани миссия» атты мекеме ашылып, 14 миссионерлік станның негізін қалады. Оның біреуі ғана Жетісу облысында Сарқан станы болып 1885 жылы құрылып, қалғандары Семей мен Ақмола обылыстарында орналасты. Бірақ осы Сарқан станы Оңтүстік Қазақстанда бірнеше шіркеулік мектептер мен училищелердің пайда болуына септігін тигізді. 1885 жылы Синод əулиеге қарасты оқытушылар кеңесі ашылды. Бұл кеңестің ашылудағы мақсаты – өлкедегі халықағарту саласын православ шіркеуінің жүргізіп жатқан саясатына сай мектептерді ретке келтіру болатын. 1 қаңтар 1886 жылғы өлкеде шіркеулік мектептердің саны арта түсіп, барлық Түркістан епархиясын қамти бастады. Есеп бойынша, Түркістан епархиясы көлемінде 4 шіркеулік мектеп, 1 екі сыныптық діни мектеп жəне 5 сауаттандыру мектебі ашылды. Ондағы оқушылардың саны: ер балалар 255, қыз балалар 96 жəне 7 бұратана баласы оқитын. Дегенмен бұл мектептерді бітіре алған балалардың саны күрт төмен еді, жалпы 7 бала ғана аталмыш мектептерді бітірген, қалғандары болса қайта оқуға мəжбүр болған [15]. 106

1891-1892 жылдары шіркеулік жəне сауаттандыру мектептердің саны арта түсті. Мұны Түркістан епархиясының жыл сайын беріп отыратын статистикалық есептерінен көруге болады. Алайда Түркістан епархиясының орталығы Верный қаласы болғандықтан, аталмыш мектептер Жетісу облысында көптеп ашылды, онда 8 шіркеулік мектеп, 14 сауат ашу мектебі ашылған. Сырдария уалаятында болса, бір ғана шіркеулік жəне бір сауат ашу мектебі ашылған-ды. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында Əулиеата, Шымкент, Қазалы жəне Түркістан уездерінде орыс қоныстанушылардың арта түсуіне байланысты, əрбір құрылған село мен поселкеде приходтар ұйымдастырыла бастады. Приходтар орыс шаруаларының сыйынатын орталығы мен жер мəселесін талқылайтын мекенге айналды. Приходтарда православ дініне жататын қасиетті кітаптар мен иконалары ілулі тұратын. Приходтар, біріншіден, жаңа қоныс тепкен орыс шаруаларының білім алу ошағына айналса, екіншіден, жаңа шоқынған қырғыздардың (новокрещенные киргизы) да келіп провослав ілімін тереңдететін орталық қызметін атқарған. Олардың құрамында оншақты оқушыға арналған шіркеулік мектеп те жұмыс істейтін. Мұрағат құжаттарының бірі «Приходские школы при новых поселениях русских переселенцев приходов открывались с целью поддержания и укрепления новообращенных киргизов христианской веры и в целях для постоянного общения их с русскими. Епархиальное начальство и миссионерские комитеты зоботились открытием особого русско-инородческого прихода, который состоит из поселков Михайловского и Макаровского» [16], – деп приходтардың ашылу мақсаты мен міндеттерін ашық ортаға салып отыр. Отар əкімшілігі приходтарды қазақ ауылдарына жақын жерлерде орналастыратын. Шымкент пен Əулиеата уездерінде «бос жерлерге» орыс шаруаларын қоныстандыру барысында осы мəселеге аса зор мəн берілген. Əрбір приходтың шіркеу құрылысына бөлінетін қаржысы белгіленіп отырған. Мəселен Əулиеата уезінің Петровск селосына 8 поселке қарайтын, олар: Петровск – 96 двор, Тысяча ключей – 47 двор, Зыковский – 61 двор, Кремневой – 142 двор, Юрьевский – 40 двор, 107

Юсуповский- 31 двор, Людмиловский – 61 двор, Яснополянский – 42 двор, жалпы 519 двордан тұратын жаңа орыс қоныс аудандары пайда болып, əрқайсысында өз приходтары болатын [17]. Байқап қарасақ, пайда болатын əрбір жаңа қонысқа орысша атау берілетін. Бұл Түркістан епархиясының кезекті миссионерлік əдісі болып келеді. Аталмыш приходтардың барлығына Түркістан епархиясы мен əкімшілік органдар қолынан келгенше қамқорлық көрсетуге тырысқан. Приходтар өзін-өзі қаржыландыратын дəрежеге жеткенге дейін Түркістан епархиясы қаржысынан оларға шіркеулік мектеп ашу мақсатында ақша бөлетін. Сондай-ақ приходттардың əрқасысына қазыналық жерлері де болатын. Мəселен, Əулиеата уезінің Голованово селосында шіркеулік мектеп ашу үшін Святой Синод тарапынан 5000 сом, Шымкент уезінің Казанск поселкесінде осы іспеттес мектептің ашылуына 6000 сом жəне Əулиеата уезінде жаңа пайда болған Михайловск селосында приход ішінде шіркеулік мектеп ашу үшін 6000 сом ақша бөлінген еді [17, 50-п.]. Шіркеулік қызметкерлердің аздығынан, селоларды аралап жүріп православ мерекелерін ұйымдастыратын арнайы папа тағайындалған еді. Аталмыш селолардың арасында тұрақты шіркеу қызметкерлері; Казанскийде- Григорий Чистов, Петровскийде Павел Ефимов, Ново-Троицкийде Иоан Моисей, ал қалған селоларды аралайтын діни қызметкер ол Елисей Келаскин болған. Бұл діни қызметкерлердің барлығы Восторгов курстарын ғана бітірген. Шіркеу қызметкерлерінің əрқайсысына Синод əулиенің тарапынан 600 сом көлемінде жалақы төленіп, олар православиелік миссияны атқаруға міндеттелген еді [17, 70-п.]. Синод əулиенің Шымкент пен Əулиата уездерінде қызмет атқарған священниктерге жүктеген тапсырмасы: «Не ущимляя интересы местого мусульманского населения нужно вести миссионерскую политику в нужной степени. Осуществляя православные празднества необходимо в дни воскресные раздавать подарки местному населению и рассказывать о сущности православной веры» [18]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде шіркеулік мектептердің санын арттырып, шіркеу құрылысын жүргізу мақсатында Синод əулие кезекті жиналысын өткізіп, арнайы жоспар дайындады. Жоспар 108

негізінде приход мектептерінің бөлмелері мен сыйынатын жері кең болуы қажет еді. Мəселен, Ново-Троицкийде ашылған шіркеуге Синод əулие мен қоныстандыру басқармасы 15000 сом, Чичкан ауылында құрылған притча үйіне қоныстандыру басқармасы тарапынан 4000 сом, Перовск уезінің Герасимово селосында құрылған шіркеулік мектебіне 6000 сом, Жөлек шіркеуінің құрылысына 1000 сом, Арыстағы құрылған шіркеуге Святой Синодтың тікелей араласуымен қоныстандыру басқармасы 5000 сом қаражат бөлген [19]. Бұл мұрағат құжаттары отарланған аймақтарда шіркеулік мектептер мен шіркеу санын арттырудағы орыс лауазымды қызметкерлердің «қайтсек те қазақтардың барлығын шоқындырамыз», – деген үмітте болғанын дəлелдейді. Синод əулиенің бастамасымен Əулиеата қаласында шіркеу құрылысы басталған еді. Құрылыс үшін арнайы комитет ұйымдастырылды. Бұл комитет Святой Синодтың бөлген қаражатының жеткіліксіз болатындығын білдіріп, Сырдария уалаятының əскери-губернаторына Əулиеата шіркеу құрылысына жергілікті халықтан салық жинауын талап еткен. Бұған Қаржы министрлігін уақытша басқарушы Романовтың мұрағат құжаты дəлел бола алады: «С 1869 по 1897 года произведено было в Туркестане расходов на 290 млн. рублей а получено доходов 158 млн. А потому чтобы строить церкви и церковные училища необходимо привлечь население Туркестанского края к какому либо новому виду обложения. В Аулиеатинском уезде имеются 103 двора дунган, которые не платят поземельной подати» [20]. Дүнгендер Əулиеата уезіне 1878 жылдан қоныстана бастап, бұл жерде Домной-төбе жəне Сайлақ қоныстарын құрған. Онда жалпы 107 отбасы өмір сүрген. Дүнгендер қоныстанған бұл ауылдарда бір мешіт жəне жергілікті халықтан шыққан бір молда, дүнген балаларына мұсылмандық ілімін үйрететін. Мектепте 8 бен 14 жас аралығында 20-25 бала мұсылмандық білім алған [21]. Отар əкімшілігі дүнгендерді салық төлеуге мəжбүрлеп, Əулиеата шіркеуінің құрылысына əкімшіліктің қарама-қарсысында орналасқан базар маңында жер бөлді [22]. Оған 1890 жылы жергілікті халықтан жиналған 12 430 сом 25 тиын қаражат 109

бөлінді. Комитет апта сайын жиналыс өткізіп, шіркеудің Əулиеата тұрғындарын шоқындыруда маңызды орын алатынын атап өтетін, сондай-ақ Əулиеата айналасына қоныс аударған орыс шаруаларының жексенбіліктерін өткізуіне қажетті болатынын атаған. Шіркеу құрылысын священник А. Высоцкий басқарды, оған штат-капитан В.Д. Маслов, поручик Н.Н. Латышев, мещан М. Козлов көмектесті. Орыс дін басылары Қазалы уезіне айрықша мəн берді. 1899 жылы 2 қыркүйекте Түркістан генерал-губернаторы Қазалы уезі тұрғындарының мұсылмандық ұстанымын зерттеуге арнайы тапсырма берді. Соған байланысты Қазалы уезінің əкімшілігі «Қазалы уезі мұсылман халқының рухани болмысы» атты баяндама дайындады. Отар əкімшіліктің Қазалы уезіне ерекше мəн бергендігін түсіну үшін баяндаманың өзекті жерлерін атап өтелік: «Среди киргизского кочевого населения Казалинского уезда орденские учения мусульман не так ярко выражаются как среди оседлого населения Ферганских и Самаркандских областей. Кроме того собирание сведений среди кочевников очень трудно, ввиду раздробленности самого населения. По отношению и составу мусульманской духовности я должен заметить, что так как среди киргизского населения нет таких условий быта, которые имеются среди оседлых мусульман, то нет и такой строгой системы в предопределениях духов которые установились среди оседлых мусульман. Среди киргиз кочевников редкий мусульманин имеет какое либо представление о мусульманских орденах, но они считают себя суннитами. Однако на сколько нетерпимо среди христиан главным образом ее чисто политическую надкладку, в виду настолько в политическом отношении в видах явных стремлений к отуречиванию в признании Турецкого султана. С этой стороны мусульманство должно бы ограничить как и любые политические учения со взглядом предписанным никаким основным законом потому все помыслы исповедников этой веры приступны по отношению нашего государства» [23]. 1898 жылы Мамадəли ишан басқарған Əндіжан көтерілісі отар əкімшіліктің Түркістан мұсылман халықтарының болмысын, 110

соның ішінде Қазалы мұсылмандарының рухани жағдайын зерттеуге одан сайын ден қойған. Мұндай көтерілістердің қайталанбауы үшін отар əкімшілігі Түркістанның барлық аймақтарындағы мұсылмандардың болмысын зерттеуді қолға алуға кіріскен-ді. Осы тұста Қазалы уезінде көптеген шіркеулік жəне жексенбілік мектептер ашыла бастады. Əсіресе Қазалыда қыздар мен ер балаларға арналған шіркеулік мектептер назарға алынып, ондағы тəртіп күшейтілді. Өлкедегі мұсылмандық оқу орындар жаппай жабыла бастады. Ал мұсылмандық қызметкерлер бақылауға алынып, олардың барлық жұмыстары əкімшілікке қаратылды. Осы тұста Қазалыдағы қыздарға арналған шіркеулік мектептің оқу жоспарын ашып көрсетуді жөн көрдік. Өйткені бұл жоспар тікелей өлкені шоқындыруға бағытталып жасалған. Мектеп екіге бөлінген: төменгі сынып жəне жоғарғы сынып. Төменгі сыныпта оқу мен сызуды үйренуге арналған, аптада оқушылардың 6 сағаттық сабағында Ушинский хрестоматиясы, Столяпинский мен Добровольцевтің əліппесі оқытылатын. Арифметика сабағы аптада 4 сағат өтіп, онда оқушы қыздар ауызша жəне жазбаша санауды үйренетін. Басты назар Божий закон пəніне аударылған еді. Онда оқушылар сыйынудың ауызша түсініктемесін, шіркеу жəне қасиетті шіркеулік заттардың атаулары мен түсініктемесін үйренетін. Бұл сабақ аптада 2 рет өтетін. Алайда оқушы қыздар сабақ аяқталысымен шіркеуге қызмет етуге баратын, онда олар аула тазалап, діни суреттерді салуды үйренетін. Жоғарғы сыныпта аптада төрт сабақ өтетін орыс тілі, аптада екі рет өтілетін Божий закон, арифметика сабағына екі сағат бөлінген, география мен орыс тарихын аптасына төрт рет оқитын. Орыс тілі мұғаліміне аптада он сағаттық сабақ өткізгені үшін 350 сом жалақы төленетін. Сондай-ақ бұл оқытушы сабақтан тыс қосымша дəріс бергендіктен оған қосымша 150 сом төленетін. Арифметика, география жəне Ресей тарихы оқытушыларына аптада 10 сағаттық дəріс бергендіктен олардың да жалақысы 350 сомды құрайтын. Төменгі айлықты дін сабағын аптада 4 сағат өткізетін шіркеу қызметкері 140 сом жалақы алатын. Отар əкімшілігі орыс тіліне көңіл аударғаны соншалықты, ең жоғары жалақыны орыс тілі пəні 111

мұғаліміне төлейтін. Өйткені оқу-ағарту саласы арқылы баста бұратана балаларын орыс тіліне баулып, одан кейін шоқындыруға назар аударған [24]. ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда бірнеше шіркеу мектебі ашылған еді. 1913-1914 жылдары Түркістан епархиясының есебі бойынша, екі сауаттандыру мектебі ашылған, біріншісі Шымкент уезіне қарасты Арыс ауылында, екіншісі Аралға жақын Мұйнақ ауылында. Арыстағы сауаттандыру мектебі 1913 жылы 1 желтоқсанда ашылып, ондағы дін дəрісін священник О. Алексей өткізетін, ал қалған сабақтарды псаламщик Моисей Заграфский өткізді. Мектепте жалпы 50 оқушы білім алатын, олардың 26-сы ер, 24-і қыз бала еді [24]. Бұл мектепке көбінесе Арыс маңына қоныстанған орыс шаруаларының балалары баратын. Алайда кейінгі жылдары аталмыш мектепке қазақ балалары да қызығушылық танытты. Орыс шаруаларының насихаты салдарынан жəне орыс балаларының қазақ балаларымен араласа бастауы оларға əсерін тигізбей қоймады. Дегенмен Арыстағы жергілікті халықтың шоқынғаны жөнінде мұрағат құжаттары табылмады. Түркістан епархиясының тікелей қамқорлығымен ашылған шіркеулік мектептер бір жəне екі сыныптық еді. Жоғарыда аталған Түркістан епархиясының есебі негізінде аймақта ХХ ғасырдың басында 85 шіркеулік мектеп қызметін атқарған. Олардың 3-еуі ер балаларға арналған, 21-і қыз балаларға арналған, қалған 61-і аралас мектептер еді. Статистикалық есеп бойынша, шіркеулік мектептердің ең көп ашылған аймағы Жетісу болып келеді, Сырдария уалаятында 6, Ферғанада 2, Закаспийде 3, Самарқанда 1 [24, 7-п.]. ХХ ғасырдың басында Түркістан епархиясы көлемінде 5 екі сыныптық шіркеулік мектеп ашылды. Оның біреуі ер балалар үшін ашылған, екіншісі қыз балаларға арналған, қалған үшеуі аралас мектептер еді. Ашылған бұл шіркеулік мектептерде мына пəндер оқытылатын: Божий закон, Церковное писание, орыс тілі, шіркеулік славян тілі, санақ, география, тарих, сызу, таза жазу, қолмен өрнек ою, гимнастика, жалпы 11 сабақ оқытылатын [24, 7 об. – 8-п.п.]. Ал енді мына кестеден ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан бойынша ашылған шіркеулік мектептердің санын аңғаруға болады. 112

9-кесте Оңтүстік Қазақстандағы шіркеулік мектептер мен ондағы оқушылардың саны Шіркеулік мектептер Шымкенттегі екі мектеп Əулиеата мектебі Сары Қамар мектебі Покровскі мектебі Түркістан мектебі Перовск мектебі

Оқушылар саны (ер балалар) 29 12 2 7 19 26

Оқушылар саны (қыз балалар) 10 5 1 10

Статистикалық материалдарға қарасақ, ашылған шіркеулік мектептердің көбі қыз балаларына арналған. Синод əулие бұратана қыздарын православ діні рухында тəрбиелеу керектігін көптеген жиналыстарда баса айтатын. Орыс қыз балалары мен бұратана қыздарының араласып білім алулары жөнінде кезінде К.П. Кауфман да атап өтетін. Оның пайымдауынша: қыз баласы келешекте ана болатындықтан, оны православ рухында тəрбиелеу қажет. 1 қыркүйек 1868 жылы Сырдария уалаяты əскеригубернаторына берген тапсырмасында К.П. Кауфман: «… как матерям и воспитанницам будущего поколения, никак не менее мальчиков необходимо давать соответствующее образование и девочкам в особенности туземкам» [25], – деп бұратана қыздарының орыс рухында білім алып, келешекте өз балаларын осы рухта тəрбиелейді деген үмітте болды. 13 шілде 1884 жылы патша шіркеулік мектептер жөніндегі жаңа ережеге қол қойды. Ереже бойынша шіркеулік мектептердің діни ілімдерге көптеп көңіл аударып, аймақты шоқындыру үрдісінің кеңейтілуі қарастырылды. Осыған байланысты, Обер Прокурор Əулие Синод жиналыс өткізіп: «Надеюсь что приходское духовенство окажется достойным своего высокого призвания в этом важном деле», – деп өлкеде миссионерлік саясаттың одан сайын дамуын ұйғарды. Осы жиналыстан кейін Синод əулие шіркеулік жəне жексенбілік мектептердің Түркістан аймағының түкпіртүкпір жерлерінен ашылу қажеттілігін атап өтті. Ол былай деді: 113

«Нужда в нравственном и религиозном развитии всего населения крайне необходима; одно умственное развитие молодого поколения не застраховывает от порочной жизни, ограничиваться же одним преподаванием Закона Божия в классах тоже недостаточно, необходимо, чтобы духовенство имело возможность пользоваться всеми средствами для распространения нравственно-религиозных идей, только преподаванием Закона Божия в классах и церковных поучениях, но также через воскресные школы, устройства библиотек для чтения. Но для того чтобы деятельность духовенства была успешна, необходимо нравственное и материальное содержание всех просвященных и влиятельных граждан. Таким образом в свою очередь благодетельно повлиять на туземное инородческое население» [26]. Шіркеулік мектептер жөніндегі ереженің қабылдануы Түркістан генерал-губернаторлығының барлық аймақтарына өз əсерін тигізді. 6 желтоқсан 1884 жылы Түркістан жəне Ташкент Епископы Неофит Ташкент ерлер гимназиясында литургияны өткізгеннен кейін арнайы жиналыс өткізді. Жиналысқа Сырдария уалаятының əскеригубернаторы Гродеков, Түркістан қазыналық палатасының меңгерушісі кеңесші Идаров, Түркістан өлкесі училищелердің басты инспекторы Забелин, Түркістан семинариясының директоры Крачковский, Ташкент ерлер гимназиясының директоры Остроумов, осы гимназияның оқытушылары Смирнов, Преображенский, Мюллер, Граменицкий, Новиков, т.б. қатысты. Бұл жиналыста қаралған басты мəселелер – ереженің барлық бабын мүмкіндігінше бұратаналар арасына тарату; шіркеулік мектептерге бұратана балаларын шексіз қабылдау; шіркеулік жəне сауаттандыру мектептерінің жанынан орыс тілін оқыту курстарын ашу. Жиналысқа қатысушылар мұсылман халқы мен орыс халқын араластыруда түрлі шаралардың атқарылуын талап етті. Ол жөнінде сөйлеген С.М. Граменицкий: «Мы должны большое внимание уделить на сближение мусльманского населения края с русским. О чем русское правительство и церковь обязанны постоянно серьезно заботиться в интересах русско- государственных. Считая постепенное ознакомление туземцев-мусульман с русским разговорным языком и русской грамотою самым первым средством 114

сближения туземцев с русскими, после чего только желающие могут удобные выслушивать и наставления христианской веры» , – деп оқытушы семинариялар жанынан бұратаналарға арналған орыс тілі курстарынның маңыздылығын атап өтті. Қаралған мəселелердің барлығы қолға алынып, «Туркестанская туземная газетасының» 48 санында жарияланды [27]. Түркістан халқын мүмкіндігінше шоқындыруға əуесті болған жəне миссионер ғалымдарының оған елеулі мəн берген мəселелерінің бірі – баспасөз арқылы миссионерлік идеяларын тарату, сондай-ақ миссионерлікке байланысты түрлі жинақтар мен кітаптарды басып шығару болды. Миссионер ғалымдар православие дінінің қасиетті кітаптарын жергілікті халықтың тіліне аударып қана қоймай, оны насихаттауды орыс шаруалары мен шіркеу қызметкерлеріне жүктеді. Православ дінінің қасиетті кітаптарын басып шығару мəселесі 1875 жылы миссионерлік қоғамның кеңесінде аудармашылар қоғамын қайта құрып, оған Ильминскийдің ат салысуын ұйғарды. Ильминский осы қоғамның төрағалығын жүргізе бастады жəне оның жұмыс атқарған жылдары аралығында татар тіліне 31 кітап аударылса, қазақ тіліне 15 кітап аударылған [28]. Бұл кітап Түркістан епархиясына да таратылды. Мəселен, Н.Н. Пантусовтың жеке кітапханасында қырғыз (қазақ) жəне татар тілдерінде жарық көрген кітаптар барлық оқырмандарға тегін оқуға берілетін. Н.Н. Пантусов, əсіресе бұратаналардың бұл кітаптарды оқуын қалаған. Бұл кітаптар шіркеулік жəне сауаттандыру мектептеріне тегін таратылатын. Мəселен, Əулиеата қаласындағы шіркеулік мектептің қорында: «Первоначальные сведения о православной христианской вере, сообщаемые киргизу готовящимуся к святому крещению», «Молитвенник на татарском языке», «Св. Ев. Господа нашего Иисуса Христа от Луки на киргизском языке», «Жизнь и страдание Св. Вел. Евстафия плакады на киргизском языке», «Учение о православной вере на татарском языке, наставление христианское Св. Тихана на татарском языке» кітаптары сақталған [29]. Түркістан епархиясында миссионерлікті жандандыру мақсатында 20 наурыз 1895 жылы «Братство Св. Гурияның» кезекті жиналысы өтіп, онда төмендегідей шаралар атқарылуы ұйғарылды: 115

– Түркістан епархиясы көлемінде мұсылман халықтарына православ дінін уағыздайтын аудармаларды төмен бағада сату, қажетті жерлерде оларды тіпті тегін тарату; – Аудармашылар комитеті қазақ тіліне аударатын кітаптардың санын көбейтіп, христиандықты уағыздау үшін шұғыл түрде оларды тарату; – кітаптарды таратқаны үшін миссионерлерге қосымша жалақы төлеу. Ал жарық көрген православ дініндегі кітапты көп таратқан миссионерлерге силықтар беру [30]. Қазақ халқын шоқындыруда православ діни өкілдері осы іспеттес шараларды кеңінен пайдаланғаны байқалады. Мұндай шараларды мүлтіксіз орындағаны 1895 жылы Түркістан епархиясының кезекті жиналыс хаттамаларында тіркелген. Онда 115 православ діни кітабы аударылып, қазақ тілінде кириллицамен басып шығарылғаны жөнінде жазылған. Сонымен қатар аталмыш кітап қазақтарды православ дініне кіріктіруде үлкен рөл атқаратыны ескеріліп, орыс миссионерлері үшін таптырмайтын дүние екені айтылған [31]. Осы іспеттес кітаптар Қазан қаласында аударылғанымен, Түркістан епархиясына бұл кітаптарды таратуда Ташкент пен Верный баспаларының орны ерекше болды. Мəселен, əрбір шіркеулік мектептерге аударылған православ діни кітаптарды жеткізіп көбейту үшін Əулиеата қаласының сол жылдары Пушкин көшесінде орналасқан типографиясын атауға да болады [32]. Миссионерлік бағытта жазылған кітаптарды Түркістан епархиясы шіркеулік мектептер кітапханаларының тіркеме журналынан кездестіруге болады. Бұл кітаптардың барлығы миссионерлік рухта əзірленіп, елге христиан дінінің негізгі конондарын тарату мақсатында Ресейдің басты қалаларынан арнайы əкелінген. Жалпы тізбектемеде 65 кітап тіркелген, солардың біразын атап өтейік: Увещание во утверждение истины и в надежду действия любви Евангелийские, Москва 1882; Сведения о существующих в России сектах. Сочинение Архимандрита Павла, Моска 1896; Вопросы о церкви, иерархии и таинствах, в разное время подданые именуемым старообрядческим епископом старообрядцам усум116

нивавшимися в правоте старообрядчества, Москва 1884; Богословие Павла Белокрещенного, Москва 1887; Наставления священнику относительно заблуждающих от истины веры, Москва 1885; Православному простолюдину о православной хритианской вере по учению слова Божьего против моложан, баптистов. Спб, 1897; История русского раскола Митрополитета Макария, Спб, 1889; Народно-миссионерская библиотечка, Киев, 1897. Байқап қарасақ, аталмыш енбектердің басым бөлігі православ дінінің негіздері мен христиан дініне іріткі салып жүрген түрлі сектанттар мен старообрядтар жəне раскольниктерге арналған. Шын мəнінде, Түркістан көлемінде түрлі сектанттардың пайда болуы, миссионерлердің православ дінін тарауына үлкен кедергі болған. Олар орыс шаруаларының қоныстарынан бөлек аудандарға келіп, қоныс теуіп жергілікті халыққа өз діни ұстанымдарын уағыздаған. Ол жөнінде 1898 жылы 5 желтоқсанда Əулиеата қаласының шіркеу қызметкері Түркістан епархиясына жазған есебінде нақты баяндаған. Онда шіркеу қызметкері раскольниктер мен сектанттардың Ресейдің миссионерлік саясатына қайшы үгіт-насихат жүргізгені туралы былай жазған: «Во всех уездах Сырдарьинской области, в Амударьинском отделе и в Пржевальском уезде Семиреченской области имеются расколиники и в некоторых названных пунктах и сектанты. Проживая в различных пунктах епархии совместно с православным населением этих пунктов они может бать и в не заметном для себя образом, но всетакинеблаготворно влияют на это последнее, что в связи с значительным влиянием на него и метной мусульманской среды грозит издать в его лице если не таких же сектантов и раскольников, то во всяком случаи и не людей на настолько религиозных, что-бы им с честью носить имя представителей православия на нашей далекой окраине» [33]. Сектанттар Түркістан епархиясында өздерінің ұстанымдарын уағыздап, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Бірақ олардың жергілікті халық арасында беделі болмаған. Мұсылмандар өзге ұлттан келіп қоныстанғандарды немесе қуғын-сүргін салдарынан мəжбүр осы өлкеде өмір сүргендерді «кəпірлерге» жатқызатын. Сондықтан православ миссионерлері 117

бір жақтан мұсылмандар арасында миссионерлік саясат жүргізсе, екінші жақтан қоныс тепкен орыс шаруаларына да православ негіздерін үгіттеумен əлек болған. Түркістан епархиясы раскольниктер мен сектанттардың жүргізген үгіт-насихаттарын ескере отырып, православтар жəне мұсылман халықтарымен араласып өмір сүрген түрлі сектанттардың əсерінен оларды қорғаштауға кірісті. Сол үшін Түркістан епархиясының тікелей тапсырмасымен өлкеде православ миссиясының үгіт-насихаты кеңінен өріс алып, жаңа миссионерлік мектептер мен қоғамдардың ашылуы жоспарланды [33, 2-п.]. Дегенмен жаңа миссионерлік мектептер мен қоғамдардың ашылуы Түркістан епархиясына қымбатқа түсетін болғандықтан, 1898 жылдың тамыз айында аяқ астынан өткізілген епархияның оқытушылар кеңесінде мынадай шешім қабылданды: «Все школы находящиеся в местностях с русско-сектантским населением объединить под общим ведением Епархиальных Училищных Советов, с сохранением существующих средств их содержания» [33, 3-п.]. Бұл шешім епархияның шіркеулік мектептері мен министрліктің ашқан діни училищелерін біріктіреді деген мағынаға келеді. Ал министрліктің халық ағарту саласына бөлген қаражаты қомақтылау еді. Осының салдарынан епархия мен министрлік өкілдері арасында келіспеушіліктер орын алды. Себебі екі жақтың оқу жоспарында өзіндік ерекшеліктер болған. Түркістан епархиясының оқытушылар кеңесінің талабы болса, қосылған мектептерде миссионерлік саясаттың басым болуы шарт еді. Бұл талаптың мұсылмандардың көптеп өмір сүрген Сырдария уалаятында орындалуы екі талай еді. Екі жақтың мектептерін біріктіру мəселесінің жүзеге асуы шешілмегендіктен, епархия тапсырмасымен «епархиалық бақылаушы» комитет құрылды. Оның құрамына жергілікті шіркеу қызметкерлері мен уездегі барлаушылар кірді. Олардың міндетіне түрлі сектанттардың алдын алу, статистикалық есеп жүргізіп, бұратаналармен сектанттардың араласуына тосқауыл болу, ел арасында тек православиелік миссияны кеңінен жүргізу кірді. Сектанттар мен раскольниктер көптеп Сырдария уалаятының Шымкент, Əулиеата жəне Қазалы уездеріне қоныс аударған. 118

Шымкент пен Əулиеата уездерінде сектанттар мен раскольниктер арасында православ діні туралы əңгімелерді Верный қаласының шіркеулік мектептер оқытушылары жүргізіп, олар арасында православиелік кітапты таратумен айналысты. Қазалы уезіндегі сектанттар мен раскольниктер арасында православиелік үгітнасихатын жергілікті шіркеу қызметкерлері мен барлаушылар жүргізді. Ол үшін православ миссиясын таратушы шіркеулік қызметкерлер мен барлаушылардың жалақысы 900 сомға дейін көтерілді [33, 4-п.]. Жалпы, статистикалық есеп бойынша, Əулиеата қаласында православ тұрғындарының, соның ішінде түрлі сектанттардың 734-і ер, 541-і əйел болған. Мектеп жасына жеткен ер балалар 74, қыздар 61 еді. Бұл балалар қалада ашылған төрт министрлік мектепте оқитын. Олар – қалалық екі сыныптық училище, шіркеулік ер жəне қыз балаларына арналған мектептер мен орыс-түзем мектептер. Бұл мектептерде білім алған 82 ер бала, 79 қыз бала раскольниктер, 57 ер бала, 2 қыз бала рим-католиктер, 10 ер бала протестанттар, 1 бала менонит, 15 ер бала, 10 қыз бала еврейлер еді [34]. Қазалы қаласында да түрлі дін өкілдерінің саны аз болған жоқ. 21 мамыр 1899 жылы болып өткен Түркістан епархиясы оқытушылар кеңесінің жиналыс хаттамасында Қазалы қаласында мектеп жасына жеткен 109 ер, 112 қыз бала деп тіркелген. Сондай-ақ бұл хаттамада раскольниктер тұрғындарының 394-і ер, 361-і əйел, мектеп жасына жеткен ер бала 117 болса, қыздардың саны 201 еді. Рим-католиктердің 8-і ер жəне əйел адам болған, олардың 6 ер баласы жəне 3 қыз баласы мектеп жасына жеткен еді. Сонымен қатар еврейлердің 38-і ер, 36-сы əйел адам болған. Мектеп жасына жеткен еврейлердің 18-і – ер бала [34, 14-п.]. Оңтүстік Қазақстандағы мұндай көрсеткіш Түркістан епархиясын қатты əбіржіткен. Сондықтан Түркістан епархиясы оқытушылар кеңесінің кезекті жиналысында бұл балаларға православ дінінің негіздерін жеткізу мəселесі талқыға салынып, мынадай шешімдер қабылданды: біріншіден, мүмкіндігінше бұл балаларға православ дінінің негіздерін жеткізу, екіншіден, сабақтан тыс православ діні туралы əңгімелер өткізу жəне оларды православиелік діни кітаптармен қамтамасыз ету. 119

1919 жылы Ташкент жəне Темясово (Башкирия) социалистерінің құрған «Эрк» партиясының теориялық бағдарламасында жазылған мəселелер, отар əкімшілігі мен миссионер ғалымдардың Түркістандағы жүргізген саясатының мақсатын ашық көрсетеді. Онда былай деп жазылған: «Дело в том, что нациейзавоевательницей являются в Туркестане русские, а русская колониальная политика, в отличие, например от английской в Индии, основана на идее полной и окончательной русификации и христианизации завоеванных областей. Русский империализм поставил себе определенную цель: основаться в Туркестане окончательно, превратить край в истинно русский, заменить туземное большинство населения большинством переселяемых ими из европейской Росии русских, обратить Туркестан в базу для своих дальнейших грабительских завоеваний в Средней, Южной и Восточной Азии. Русский империализм добивается этой своей цели путем применения различных мероприятий: как, например, вооруженное истребление или ограбление туземцев, внедрение русификаторской политики путем образования и т.д.» [35]. Осылайша, Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан өңіріне түрлі миссионерлер мен орыс шаруаларын қоныстандыру арқылы қараңғы істерін жүзеге асыруға тырысқан. Бірақ бұл өңір мұсылман халықтарының ислам дініне деген ұстанымы қуатты болғандықтан, православ дінінен көшкен қазақтардың саны аз болған. Дегенмен отаршылдық рухта жүргізілген миссионерлік саясат Қазақстанның басқа өңірлеріне жетерліктей із қалдырған. Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5.

Ресей империясының Қазақстандағы алғашқы діни мектептері мен мекемелерін анықтаңыз. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлық жүйесінің картасын жасаңыз. Верныйда православтық шіркеулер мен оқу орындарының қызметін саралаңыз. Түркістан өлкесіндегі православтық миссионерлердің жергілікті халықты рухани езгіге тартуының мақсатын анықтаңыз. Орыс шаруалардың қоныстандыру саясаты мен миссионерлік əрекеттерді салыстырмалы зерттеңіз. 120

Ұсынылатын əдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35.

Туркестанские ведомости. – 1891. – 2 апреля. – № 14. ҚРОММ. И- 121-қ., 1-т., 112г -і., 17-п. ҚРОММ. 374-қ., 1-т., 2807-і., 8-9-пп. Остроумов Н.П. Отчет Туркестанской учительской семинарии за ХХ лет ее существования. – 1879 года, 30 августа. – Ташкент, 1904. – С. 25. Ильминский Н.И. Программа школы для крещенных инородцев восточной России. – Казань, 1866. – С. 30. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? – Алматы: АтамұраҚазақстан, 1993. ҚРОММ. И-121-қ., 1-т., 170-і., 3-п. Горохов В.М. Реакционная школьная политика в отношении татар. – Казань, 1941. – С. 37. ҚРОММ. 64-қ., 1-т., 747-і., 1-4-пп. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 32-і., 5-п. ҚРОММ. 64-қ., 1-т., 854-і., 12-п. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 540-і., 32-п. ҚРОММ. 64-қ., 1-т., 747-і., 6-7-пп. ҚРОММ. 64-қ., 1-т., 975-і., 17-п.. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 1-і., 22, 35-пп. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 38-і., 54-п. ҚРОММ. 184-қ., 1-т., 146-і., 21-п. ҚРОММ. И-115-қ., 1-т., 27 а-і., 4-п. ҚРОММ. 124-қ., 1-т., 7-і., 43-п. ҚРОММ. 146-қ., 1-т., 68-і., 12-п. ҚРОММ. 146-қ., 1-т., 80а-і., 19-п. ҚРОММ. 146-қ., 1-т., 80б-і., 10-п. ҚРОММ. И- 267-қ., 1-т., 285а-і., 2-6-пп. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 331-і., 6-п. ҚРОММ. 267-қ., 1-т., 6-і., 4-п. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 3-і., 2-3-пп. Туркестанская туземная газета. – 1884. – № 48. Благовещенский А. История Казанской духовной семинарии. – Казань, 1881. – С. 20-23. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 32-і., 7-8-пп. ҚРОММ. 15-қ., 1-т., 401-і., 8-п. ҚРОММ. 15-қ., 1-т., 421-і., 16-п. ҚРОММ. 146-қ., 1-т., 68-і., 29-п. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 125-і.,1-п. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 147-і., 7-п. Валеев Д.Ж., Мадьяри А., Ураксин З.Г., Юлдашбаев А.М. Судьба и наследие башкирских ученых-эмигрантов. – Уфа, 1995. – С. 9-10. 121

2.3. Õàëûқ-àғàðòó іñіíің îðûñòàíäûðó іñіìåí áàéëàíûñòûðûëóû Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі оқу-ағарту тарихын Қазақстанның басқа аудандарымен салыстырғанда, мұнда өзіндік ерекшеліктері болды. Біріншіден, Оңтүстік Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің құрылымында өзіне тəн ерекшеліктері басым. Оның себебі өлкедегі өзге мұсылман ұлттардың ислам дініне деген ұстамдылығымен байланысты. Екіншіден, Ақпан революциясына дейін жəне кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің халық арасында терең күш алуы, қазақ халқының өзбек жəне татар ұлттарымен тығыз байланыста болуы. Дегенмен, Ресей империясы қолынан келгенше жергілікті халықтың санасына құлдық психологияны енгізуге қолынан келгенше тырысып бақты. Оңтүстік Қазақстан өңіріне Ресей империясының үстемдігі орнағаннан кейін, онда орыс балаларына арналған оқу орындары кеңінен ашылып, орыстандыру саясатын жүргізе бастады. Бұл жерде орыс оқу орындары отаршыл əкімшіліктің қолдауымен приход училищелері немесе поселкелік мектептер тəрізді бой көтерді. Орыс оқу орындары 1828 жылғы приход училищелері жөніндегі уставы негізінде жəне 1861 жылғы 15 наурыздағы станциялық мектептер жөніндегі ережеге сəйкес бастауыш мектептер болып бой көтерді. 1860-1867 жылдар аралығында орыс əскерлері Сырдария отар шебімен Орта Азияға жылжу барысында үш маңызды отар бекінісін құрды. Олар – Форт 1, Форт 2 жəне Перовск. Отарлау барысында аталмыш маңызды отар тіректерінде орыс отбасылары мен əскерилер мекен еткен [1]. Орыс отбасылары өз балаларын жергілікті мұсылмандық оқу орындарында оқытқысы келмегендіктен, Перовск жəне Қазалы отар бекіністерінде орыс оқу орындарын ашуға бел буды [2]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде алғашқы орыс мектептері Қазалы жəне Перовскі бекіністерінде ашылды. 1858 жылы 28 тамызда Орынбор, Орск папасы Тимашев тарапынан Форт 1 122

папасы Александр Победоносовқа мектеп ашу құқығын берді. Бұл оқу орындарын тікелей Орынбор жəне Уфа епископы қолдап отырды. Бастапқыда, ашылған бұл мектептерде орыс балалары мен жергілікті халықтың балалары бөлек оқытылды. Мектептерде шіркеу қызметкері дəріс бергендіктен, жергілікті халық өз балаларын бұл оқу орындарына беруден бас тартты. Онда оқытушылық қызметін прапорщик Батыршин мен юркер Давыдов атқарды. Мектеп бірнеше бөлмеден тұрып, оқу бағдарламасына орысша оқу, жазу, сондай-ақ христиан негіздерін оқу кіретін [3]. Бұл бекіністе орыс оқу орнының ашылуын қолдаған Сырдария отар шебінің генералы Данзас мектеп үшін жаңа ғимараттың салынып, оның жылдық шығынын белгілеу жəне мектепті кітаптармен қамтамасыз етуін талап етіп, бұйрық шығарды. Кейінгі жылдары бұл мектепте ер балалар мен қыз балалар араласып оқыды. Жалпы алғанда, алғашқыда мектепке православ балалары қабылданатын, оларға христиан негіздерінен тыс арифметика сабағы да берілді. Сондай-ақ бұл мектепте қазақ болыс басшыларының балалары да білім алды. Осылайша, отар əкімшілігі халық-ағарту саласында нақты қадам жасап, 1859 жылы наурызда мектеп үшін арнайы оқу бағдарламасын дайындады. Папа Победоносов оқу жоспарын дайындау барысында үш сыныптық мектепті ашуды жоспарлаған. Сыныпта 7-14 жас аралығында 33 ер жəне 23 қыз баланың қабылдануы жоспарланған еді. Победоносовтың əзірлеген оқу жоспарына сəйкес, дайындық сыныпта балалар оқу-жазумен қатар христиан негіздерін оқыды. Дəрісте «Өз-өзіне орыс тілі кітабы» атты оқулық пайдаланылды. Кітаптың мазмұнына: орыс əліппесі, христиан негіздері, христиан тарихы, қысқаша орыс грамматикасы жəне Ресей тарихы мен арифметика кіретін. Осылайша, мектептің дайындық сыныбында балалар энциклопедия тəрізді кітаппен білім алған. Екінші сыныпқа өту үшін балалардан орыс тілі мен жазуды жетік меңгеру талабы қойылған. Екінші сыныпта олардан Ресей тарихының маңызды оқиғаларын, христиан негіздерін, христиан тарихын жəне оған талдау жасай білу талабы қойылған-ды. Екінші 123

сынып қыз балалары үшін арифметика сабағын оқу міндетті емес еді. Үшінші сыныпқа тек ер балалар өте алды. Үшінші сыныптағы оқу жоспарына мына пəндер кіретін: оқу-жазу, орыс тілі грамматикасы, Ресей географиясы мен оның тарихы жəне арифметика сабақтары. Қазалы бекінісінде орыс оқу орны 1860 жылы 21 қаңтарда ашылды. Бұл 50 орындық оқу орнына төменгі əлеуметтік сатыны құрайтын 31 орыс жəне екі қыз оқушысы қабылданды [4]. Мектеп қариүй басынан жиналған 7214 сомдық ақшаға құрылған еді [3]. Қазалы мен Перовскі орыс мектептерінде Ланкостр тəсілімен дəріс берілді. Бұл тəсіл негізінде оқытушы тек белсенді оқушыларға сабақты нақты түсіндіріп, ол оқушыларды дəріс беруге дайындайтын. Ал дəрісті толық меңгерген белсенді оқушылар кейіннен мұғалімнің бақылауында басқа оқушыларға сабақты түсіндіретін. Əрине, аталмыш тəсіл білім жолында ешбір нəтиже бермеді. Соның салдарынан Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін мектептерді тексеруден өткізген К.П. Кауфман, орыс оқу орындарының деңгейінің төмен екенін ескеріп, келешекте бұратана балалары мен орыс балаларының араласып білім алуларын талап еткен. Ол орыс балаларымен бұратана балаларының араласып оқу барысында мұсылмандыққа уақытша қол сұғылмауын ұйғарды [5]. К.П. Кауфманның бұл ұстанымындағы басты мақсаты – орыстар мен жергілікті халықты біріктіріп, олардың орыс əкімшілігіне пайдалы етіп тəрбиелеуді бұйырды. Кейіннен К.П. Кауфман барлық əскери губернаторларға орыс балаларына арналған мектептерде төмендегі негізгі мəселелерді басшылыққа алып, реттеуді ұйғарды: біріншіден, барлық орыс қоныстарда сауаттандыру мектептерін ашу; екіншіден, бұратана балаларына бұл мектептерде білім алуларына жол ашу; үшіншіден, мектеп құрамында мамандандыру бөлімдерін ашу [4]. Осылайша, жергілікті халықтың сана-сезіміне орыс мəдениеті мен ойлау қабілеті бірте-бірте сіңіріле бастады. Патша əкімшілігінің орыс мектептерін ашу барысындағы мақсаты бұратана балаларын сауаттылықа үйретіп, оларға білім нұрын шашу емес, керісінше, орыс əкімшілігіне пайдалы төменгі дəрежелі кадрларды дайындау болды. Бұратана балаларының 124

сауатын белгілі бір дəрежеге дейін ашу қажеттілігі туралы 1881 жылы Н.И. Ильминскийдің А.П. Масловскойға жазған хатынан анық көруге болады. Онда Н.И. Ильминскийді, əсіресе қазақ балаларының мұғалімдер семинариясында сауат алғандары қатты үркіткенін жəне мұның Моңғол шапқыншылығынан да орасан зор зардабын тигізетінін баса көрсеткенін аңғаруға болады. Ол: «Қырғыздардың (қазақтар) өз грамматикасын оқып білгендері астамшылық болар. Сондықтан оларды белгілі дəрежеге дейін оқыту қажет» [6] – деп жазып, өзінің қараңғы ойын білдірген. Сондай-ақ ашылған бұл орыс мектептердің барлығы миссионерлік бағыттағы мақсат, міндетін қатты ұстанғанын атап өткен жөн. Оны «совершенно секретно» деген белгісі басылған Халық ағарту министрлігінің арнаулы нұсқауынан көруге болады. Онда: «Народное образование на окраинах русской державы есть своего рода миссионерство…, а миссионерство есть своего родадуховная война, воюющие стороны никогда не разглашают своих планов» [7], – деп жазылған. Осылайша, орыс əкімшілігі мектеп арқылы біртіндеп жүргізетін бүркемеленген орыстандыру мен шоқындыру мақсатына «қасиетті соғыс» ашып, жете алатынына аса назар аударды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін аймақтағы орыс оқу орындарын басқару жергілікті əкімшіліктің қолына өтті. Дегенмен аталмыш оқу орындарын басқару мəселесі Түркістан көлемінде бірден шешімін таба алмады. Ал Түркістан көлемінде халық-ағарту саласын бақылайтын арнайы əкімшілік орталығы 1876 жылға дейін болмады. Сондықтан да орыс əкімшілігінің мұндай кешеуіл əрекетін жаңа отар аймақты əскери-əкімшілік жағынан игеруді бірінші кезекке қойғаныменақ байланыстыруға болады. Ол үшін Түркістан көлемінде халық ағарту саласын басқаруды генерал-губернатор тікелей өзінің қарамағына алуға тура келді. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығында халық ағарту саласын басқаратын арнайы комитет құрылды. 1875 жылға дейін бұл комитет халық ағарту саласында нақты қадамдар жасай алмады жəне сол жылдары Түркістан көлемінде бұратана балалары оқитын 10 орыс оқу орнын ашуға ықпалын тигізді. Одан 125

соң 1875 жылы 17-29 мамырда Мемлекеттік кеңеспен Халық ағарту министрлігінің шешімі бойынша арнайы жаңа халық ағарту саласын реттейтін комитет құрылды. Комитеттің басты міндеті: өлкедегі бұратана балаларын орыс оқу орындарына тарту болып келді. 1875 жылы орталық үкіметтің тапсырмасымен Түркістан өлкесіндегі оқу орындар Халық ағарту министрлігі қарамағына өтті. Бір жыл өткеннен кейін 1876 жылы 1 шілдеде Халық ағарту министрлігіне тікелей бағынатын Түркістан өлкесі оқу орындарының Бас басқармасы құрылды [8]. Сөйтіп, өлкедегі оқу орындарды басқару генерал-губернатор жанындағы Бас оқу инспекторына жүктелді. Орыс мектептеріндегі оқу ағымын бақылап, тексеріп тұру мақсатында 1877 жылдан бастап халық училищелердің инспекторы қызметі ашылды. Бұл қызмет ашылғаннан кейін, оның басшылығын Н.П. Остроумов атқарды. 1878 жылы К.П. Кауфманның бекітуімен «Түркістан өлкесіндегі қалалық училищелердің жанынан мұсылман ер балаларына арналған дайындық бөлмелерін ашу туралы уақытша ереже» мен «Түркістан өлкесіндегі қалалық училищелердің жанынан орыс жəне мұсылман балалары араласып оқитын ер балаларға арнап, оқушы пəтерлерін ашу туралы ереже» күшіне енді. Бұл бөлімшелер аталмыш ережеге сəйкес мемлекеттік қазына есебінен емес, қоғамдық қаражаттың есебінен ашылатын болды. Соның салдарынан Перовскіде, Қазалыда, Шымкентте 1872 жылғы ережеге сəйкес, бұратана балаларына арналған қалалық училищелер ашылды. Кейіннен осы іспеттес училище Əулиеата қаласында да бой көтерді. Сонымен қатар, Əулиеата мен Шымкент қалаларында қыздарға арналған училищелер өз жұмысын бастады. Кейінгі уақытта Перовскі, Əулиеата, Шымкент жəне Қазалы қалалық училищилер құрамында бұратана балаларына арналған оқушылар пəтерлері ұйымдастырылды. Бұдан тыс Перовскі, Қазалы жəне Əулиеата училищелерінде қолөнер сыныбы ашылды. 1879 жылы Түркістан қаласында 1872 жылғы ережеге сəйкес, училище бой көтеріп, оның құрамына бұратана балаларына арналған оқушылар пəтері ашылды [9]. Мəселен, Əулиеата қалалық уилищесінде бұратана балаларына арналған интернатта бау-бақша, етікші, тігінші жұмыстары үйре126

тілді. Онда 1890 жылғы есеп бойынша, 24 орыс, 12 бұратана баласы білім алған. Ал интернатта 11 қазақ баласы мен 7 орыс баласы тұрақты қалып, білім алып отырған [10]. Интернаттағы сауат алған бала міндетті түрде орыстанып шыққан. Себебі интернатта жатқан баланың əке-шешесі қасында болмаған, орыс əкімшілігі «біз оларды тамақтандырып жатырмыз» деген сылтаумен барлық орыстандырудың əдістерін өз білгендерінше қазақ балаларының санасына сіңірген. Интернаты бар орыс мектептерінің ашылуының мақсатын «Туркестанские ведомости» газетінің «Народное образование в Туркестанском крае» атты мақаласында былай келтірілген: «Орыс балаларымен бұратана балаларын араластыра отырып, екі халық арасындағы байланысты жақындата түсу қажет. Бұратана балалары мен орыс балалары бір жерде білім алып, бірге жатып, тұрып, тамақтанып, бірдей киім киюі, оларды теңестіреді жəне бұратана балаларының орыс рухына жақындата түседі» [11]. Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде орыс-миссионер ғалымдар қырғыз балаларын орыс тілін оқуға құштарлы болғанын атап өткен едік. Оның себебін олар жергілікті сарттардың қырғыз балаларына жеткілікті деңгейде мұсылмандық əсерін тигізбеумен байланыстырады. Сонымен қатар қырғыз балаларынан көптеген тілмаштарды дайындағанын атайды. Мұрағат құжаттарының бірінде бұл мəселе былай жазылған: «Из киргиз мы имеем уже не мало учителей русско-туземных школ, переводчиков, чиновников, есть офицеры и врачи. Сартовское и таджикское пока отстает от киргиз в изучении русского языка. При расширении сети учебных заведений для обучения туземцев русскому языку необходимо давать преимущество киргизскому населению перед сартами и таджиками: надо идти на встречу тем, кто сам стремиться к изучению государственного языка» [12]. Осылайша, орыс əкімшілігі қырғыздарға көптеп көңіл аударып, олардың орыс тілін меңгеруіне баса назар аударған. Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде жүргізілген орыстандыру саятында интернаттары бар шіркеулік мектептердің де атқаратын рөлі үлкен еді. М. Михайлов священниктердің жəне орыс оқытушылардың интернаттардағы жүргізген сабақтарына 127

таңғалып, бұратана балаларының арасындағы үздік оқитын баланың орыс ағарту жүйесіне шыдай алмай, дəріс аяқталғаннан кейін интернаттан қашқанын жазған. Алайда қашқан балалар қайтадан интернатқа зорлықпен əкелінетін де оған жаза ретінде православ дуаларын жаттау берілетін [13]. Бұл балалар жетім болғандықтан, олардың барар панасы болмаған. С.М. Граменицкий 1896 жылы 1 қаңтарда интернаты бар мектептерді тексеру барысында əрбір интернатта шамамен 55 орыс жəне 98 бұратана баласы өмір сүріп, білім алғанын жазған. Оның пайымдауынша, екі ел балаларының арасында ешбір түсініспеушілік тіркелмеген. Олар өзара орыс тілінде сөйлесіп, бір-бірімен жақсы түсінісетін дəрежеге дейін жеткен. Интернаттарда көбінесе жетім балалар қалғандықтан, орыс оқытушылыры оларға барынша орыс мəдениеті мен рухын сіңіруге тырысқан. Сөйтіп, бұл балаларды келешекте əкімшілік орындарға əкелуге мықтап бел буған. Өйткені орыс рухында тəрбиеленген бала орыс əкімшілігінің құзырында болып, келешекте орыстандыру саясатын империялық мүддеге сай жүргізетініне сенген. Осылайша, отар əкімшілігі халық-ағарту саласында реттеулер жүргізіп, бұл саланы Ресей империясының мүддесіне лайық деп құрған [14, 18-21-б.]. Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы 18771896 жылдар аралығында қызмет еткен жалпы орыс мектептері мен оқушылар санын мына кестеден көруге болады: Бұл кестеден мынадай қорытынды жасауға болады: біріншіден, орыс əкімшілігі ашқан оқу орындары жиырма жыл ішінде он есеге дейін өскен, екіншіден, бұл мектептердегі оқушылар саны жиырма жыл ішінде жеті есе өссе, үшіншіден, қыз балалар арасында оқушылар санының артуы байқалады. Орыс миссионер зерттеушілерінің пайымдауынша, қыз балалар оқушыларының саны жиырма жыл ішінде он бір есе артса, ер бала оқушыларының саны жеті есеге дейін өскен. Орыс əкімшілігі интернаттағы балалардың киіміне де ерекше мəн берген. Бұл киімдерге орыс мəдениетіне жататын оюлар түскен-ді. Күн сайын балаларға азын-аулақ тамақ берілетін. Мəселен, таңертең шай мен бір жұмыртқа, түскі жəне кешкі аста орысша əзірленген тамақтар берілетін. Бұл да орыстандыру 128

саясатының бір бөлшегі еді. Себебі орыстар өздерінің өмір сүру салтын бұратаналардың санасына мықтап сіңіруге тырысқан. Ас мəзірін дайындағанда оған ерекше мəн берілген. 10-кесте 1887-1896 жылдар аралығында ашылған орыс оқу орындары жəне ондағы оқушылар саны

1

2

3

4

5

7

8

9

10

1877 11

377

139

154

5

675

324

74

154

-

552

1878 11

396

224

63

5

688

303

121

60

-

484

1879 22

437

232

106

8

783

317

97

101

1

516

1880 30

539

409

122

8

1078 347

228

101

2

688

1881 30

623

450

160

15

1248 367

255

138

10

770

1882 30

662

581

215

21

1429 343

299

194

15

821

1883 30

762

616

261

21

1660 448

293

232

11

984

1884 31

887

681

184

11

1763 563

348

163

1

1075

1885 32

906

682

215

14

1817 585

366

191

5

1147

1886 39

1023 690

353

9

2075 707

403

331

3

1444

1887 50

1035 725

369

7

2130 736

423

352

-

1511

1888 55

1038 709

601

6

2354 764

439

582

-

1785

1889 58

1081 694

550

4

2338 791

452

538

-

1781

1890 58

1145

730

486

3

2364 847

472

468

-

1787

1891 66

1341 978

497

7

2823 1023 504

478

2

2007

1892 70

1643 1020 570

9

3242 1289 539

553

2

2888

129

11

Жалпы

Қыздар

Ерлер

Қыздар

Жалпы

6

Ерлер

Бастауыш жəне қалалық училищелер оқушыларының саны Орыс Бұратана

Бұратана Қыздар

Ерлер

Қыздар

Орыс

Ерлер

Оқу орындары

Жылдар

Оқушылар саны

12

1893 77

1972 1158 609

11

3375 587

683

592

3

2995

1894 91

2251 1072 579

9

4211 1868 1000 566

3

3266

1895 100

2451 1400 617

14

4522 2057 985

599

6

3688

1896 108

2650 1510 824

14

5003 2196 1140 803

4

3997

Интернаттарда сабақ белгіленген жоспар негізінде өтетін. Сабақтан кейін оқушылар кезекші мұғалімнің бақылауында үй тапсырмаларын орындап, орысша практикалық сабақтарын жасайтын. Ондағы оқушылардың орысша сөйлеу əдісін жетік меңгеруіне мəн берілген. Оқытушылар бұратаналардың түсінбеген жерінде ғана жергілікті тілді пайдаланатын. Күнделікті орысша сөйлеген бұратана баласы орыс тілін меңгеріп шыққан. Интернаттағы оқу жоспары тиянақты жасалып, онда орыс тіліне көптеп сағат бөлінген. Мұны төмендегі кестеден көруге болады: 11-кесте Интернаттардағы апталық сабақ жоспары

Екінші сынып

Бірінші сынып

Үшінші сынып

Апталық сабақ жоспары Дайындық сыныптың екінші бөлімі

Сабақтар Дайындық сыныптың бірінші бөлімі



1

Закон Божий

2

-

2

2

2

2

Орыс тілі

16

9

6

4

3

3 4

Арифметика Геометрия

-

4 -

3 4

3 3

4 3

5

География

-

6

6

4

4

6

Француз тілі

-

4

4

4

3

7 8

Неміс тілі Əлем жəне Ресей

-

-

-

3

4 3

130

9

Тарих

-

-

-

-

3

10

Латын тілі

-

-

1

1

1

11

Грек тілі

-

1

1

1

-

12

Сурет

-

1

2

2

1

13

Калеография

-

1

2

2

2

14

Музыка жəне табиғат тарихы Жалпы

-

-

-

2

3

26

37

31

35

15

18

Оқу жоспар бойынша; интернаты бар гимназияларда латын жəне грек тілдеріне көңіл аударылған. Гимназия басшылары бұл пəндердің орнына қазақ балаларына орыс тілін оқыту керектігін жақтаған. Осыған байланысты Түркістан өлкесі оқу орындарының Бас басқармасы Халық ағарту министрлігіне жергілікті халық балаларын аталмыш пəндерден босатып, орнына орыс тілін оқыту керектігі жөнінде ұсыныс жасаған. 1877 жылы Халық ағарту министрлігінің шешімі бойынша: Түркістан өлкесіндегі гимназиялар мен прогимназияларда мұсылман балалары грек тілін оқудан босатылды [15]. Сондай-ақ орыс қоныстанушылардың артуынан ауылдық жерлерде діни мектептер ашыла бастады. 30 тамыз 1879 жылы орыс балалары мен бұратана балаларына арналған интернатпен бірге, Түркістан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария орыс мектептері мен орыс-түзем мектептер үшін орыстандыру саясатын жүргізетін оқытушыларды дайындап шығарды. Семинария құрамында орыс жəне орыс-түзем метептер ашылған еді. Орыс мектебі 1882 жылы ашылып, революцияға дейін қызмет атқарды. Орыс-түзем мектеп болса, 1885 жылы ашылып, 1 қаңтар 1894 жылы жабылды. Семинарияда ашылған күннен батап, 1 қаңтар 1909 жылға дейін 552 оқушы білім алған, олардың 434-і орыс, 88-і бұратана балалары еді. Бұл семинарияны 273 орыс жəне 49 бұратана баласы ойдағыдай бітіре алған. Бітірген оқушылар жөнінде С.М. Граменицкий: «В числе окончившых курс семинарии преобладают киргизы, затем следуют сарты, туркмены и 131

1 дунганин; наиболее успевающими были киргизы и туркмены, менее других- сарты», – деп қырғыз (қазақ) балаларының оқуда озат болғандарын атап өткен [16]. Түркістан мұғалімдер семинариясының 1888/89 жылғы есебі бойынша аталмыш семинарияда үш сынып болды. Онда 50 оқушы білім алған, оның 38-і православ, 1-еуі лютеран, 11-і мұсылман баласы. Мұсылмандар арасында 8 қырғыз, 2 сарт жəне 1 тəжік баласы білім алған [17]. Отар əкімшілігі ашқан мұғалімдер семинариясында орыс тілі сабағына аптасына 13 сағат бөлінген. Сондай-ақ семинарияда парсы тілі, бұратана тілі, Закон Божий, арифметика, орыс тарихы мен география сабақтарын, сабақтан тыс еңбек жəне бау-бақша дəрістерін де өтетін [18]. Семинарияның кітапханасы болды. Онда 8239 томдық түрлі салаларға байланысты 3587 кітап болған [17, 26-б.] К.П. Кауфманның басқару жылдарында Оңтүстік Қазақстан өңірінде 28 орыс оқу орны, 2 семинария жəне 1 приход мектебі ашылған еді [19]. Дегенмен ашылған бұл оқу орындары отар əкімшілігінің өлкедегі мүддесіне сай нақты əрі тиянақты орындауына жеткіліксіз баға берді. Себебі орыс мектептері жергілікті халық үшін жат болып, аталмыш оқу орындарында білім алып келген балалардың саны аз мөлшерде еді. С.М. Граменицкийдің жасаған статистикалық есебі бойынша, Түркістан генерал-губернаторлық көлемінде 1 қаңтар 1885 жылға дейін небары 176 мұсылман оқушы білім алған, оның 14-і ерлер гимназиясы интернаттарында, 10-ы семинария интернаттарында, 145-і қалалық училищелер интернаттарында жəне 7-еуі діни мектептерде білім алып келген [14, 11-б.]. Орыс мектептеріндегі үстелдер мен орындықтар жəне орыс тіліндегі түсініктемелер бұратана балалары үшін жат болып келетін. Бұл кемшіліктерді көз алдында ұстап, отаршыл аппараттың халық ағарту саласында жаңа саясатты ұстануына тура келді. Сенатор К.К. Пален «бұратана балаларын орыс оқу орындарына үйрететін жаңа негіз қалау немесе жаңа аралас мектеп ашу қажеттілігін» [20] атап, Түркістан өлкесінде аралас орыс-түзем мектептердің ашылу идеясын негіздеген. Оңтүстік Қазақстанда орыс-түзем мектептердің ашылуы тікелей орыстандыру саясатымен байланысты болып, орыстандыру 132

саясатын жүзеге асыру шаралары ретінде көрініс тапты. Бұл оқу орындары орыс емес балалары үшін ашылған арнайы оқу орындары еді. Ал Түркістан өңірінде аталмыш мектептер 1884 жылдан бастап ашыла бастады. Патша өкіметінің орыс-түзем мектептерінің ашылуына назар аударуы, өлкені жаңа отарлаудың əдісімен тікелей байланысты болды. Отар əкімшілігі жергілікті халықтың қонысына жақынырақ орналасу үшін арнайы жоспарлар дайындап, айтарлықтай жұмыс атқарды. Алайда орыс балалары мен бұратана балаларын бір жерде оқытып сіңістіру əрекетінің алғашқы қадамдары өз нəтижелерін бермеді. Себебі жоғарыда атап өткендей, екі елдің діні мен тілі бөлектеніп, мұсылмандық оқу орындарындағы оқыту əдісімен отар əкімшілігінің оқыту тəсілінің көп айырмашылығы болды. Сондықтан араластырып оқыту мəселесі отар əкімшілігі үшін қиынға соқты. Аталмыш себептердің кесірінен жергілікті халыққа білім беру ісінің ұйымдастыру саласының ақсап отырғандығы жөнінде Түркістан өлкесі комитетінің 1883 жылғы 29 мамырдағы хаттамасында баса көрсетіліп, жергілікті халықтың санасы мен көзқарасына сай, арнайы мектептер ашу қажеттілігі туындады, сондай-ақ жергілікті халықты үркітпейтін жəне мұсылмандық оқу орындарымен қатар, бұратаналар үшін патша əкімшілігінің мүддесіне жауап беретін арнайы оқу орындарды ашу шешімі қабылданды. Бұл мектептердің алдына бірнеше міндеттер қойылды, біріншіден, бір мезгілде ана тілінде сауат ашу жəне мұсылмандық негіздерін үйрену, екіншіден, орыс тіліне баулып, келешекте орыс əкімшілігі үшін пайдалы азаматтарды дайындау. Себебі отар əкімшілігі басқа тыс жолдармен мұсылман балаларын орыс оқуына тартуда көптеген қиыншылықтармен кездесетінін сезді. Бұл мəселе мемлекеттік саясат деңгейінде қойылды жəне шамаға қарай миссионерлік-ағартушылық саясатты жүргізу талабы күшейтілді. Кезінде К.П. Кауфман Халық ағарту министріне жазған хатында, «қазақтарды ислам дінін бекем ұстанатын халықтардан бөлек ұстап, орыс жазуы негізінде оқытылатын мектеп арқылы тездетіп ассимиляциялау қажет», – деп міндетін алға қойған еді [21]. 1884 жылы генерал-губернатор Розенбах төрағалығымен жиналған комиссия, мектеп медреселердің оқу жоспарына «орыс 133

тілі пəнін енгізіп, бұратана халқын орыстандыра аламыз», – деген бір мəмілеге келген болатын. Алайда комиссияның бұл пікірін генерал-губернатор тиімсіз деп тауып, аралас орыс-түзем мектептерді ашу арқылы ғана империялық мақсат көшіне ере алатынын айтқан. Осылайша, Түркістан өлкесінде орыстандыру саясатын жүзеге асыратын интернаттар мен бірге аралас орыстүзем мектептердің ашылуы жөнінде шешім қабылданып, бұл мектептерде мұсылмандық ілімімен отар əкімшілігіне сенімді молданың бергені жөн деп табылды [22]. Орыс-түзем мектептердің оқу жоспарында орысша сөйлесу, жазу, арифметика, орыс тарихы мен география жəне мұсылмандық негіздегі пəндер орын алды. Жергілікті тілді бұратана балаларының сабақты түсінбеген жағдайында ғана пайдаланылуы ескерілді. Сол жылдың 27 тамызында Түркістан училищелерінің басты инспекторы ұйымдастырған жиналысында орыс-түзем мектептерді ашу жөнінде бірқатар мəселелер қарастырылып, төмендегі шаралардың атқарылуы ұйғарылды: – орыс-түзем мектептерді ұйымдастыру жəне оны қаржыландыру мəселелері; – орыс-түзем мектептердің мақсаты мен міндетін анықтап, уездердегі мектеп жасына жеткен балалардың статистикалық есебін жүргізу жəне ол туралы рапорттарды тез арада инспекторларға жеткізу; – мектептің оқу бағдарламасын дайындап, оқу жоспарларын əзірлеу; – мұсылмандық оқу жоспары жөнінде талдау жасалып, оның қорытындысын инспекторларға жеткізу; – орыс-түзем мектептерді оқу құралдармен қамтамасыз ету мəселесін шешу; – мұсылмандардың бұл оқу орындарын ашудағы пікірлерін білу; – орыс-түземдік мектептерін ашқаннан кейін онымен бəсекеге түсетін мектептер жөнінде материал жинау; – орыс-түзем мектептер орыстандырудың негізгі тірегі болғандықтан, қандай аумақта бұл мектептердің ашылуы тиімдірек болатыны жөнінде ақпарат жинау [23]. 134

Училищелердің басты инспекторының талап еткен бұл мəселелері іс-жүзіне асып, мұсылмандар жөнінде көптеген материалдар жиналды. Осының негізінде орыс-түзем мектептерінде Н.И. Ильминскийдің жергілікті тілдерге аударған кітабынан дəріс беру, орыс тілі сабағында жаттауға негізделген тəсілді пайдалану талабы қойылды. Орыс-түзем мектептерде шамамен он жыл көлемінде Н.И. Ильминскийдің төл əдісімен сабақ беріліп келді. Кейінгі жылдары Түркістан мұсылман балаларын аталмыш тəсілмен оқыту меселесі өлкеде өз қолдауын таппады. Н.И. Ильминскийдің бұл əдісін С.М. Граменицкий сынға ұшыратып, оның орыстандыру саясатында ешбір нəтиже бермейтіні жөнінде Халық ағарту министрлігіне хат жазған. Онда мынадай тұжырымдамалар орын алды: «Система Ильминского основана на том, что дети инородцев не должны знать арабского языка и читать напечатанные этим алфавитом книги, содержание которых главным образом, религиозно-мусульманское, поэтому в училище вводился только русский алфавит. Преподавние Закона Божьего и основ православной веры начинается с самого начала обучения, проходит через весь курс школы, заниматься в нем главное место и программа этого предмета разработана весьма полно и подробно; обучение же русскому языку отводится на второй план, ему уделено менее времени, и программа этого предмета мало разработана. Против применения этой системы в отношении инородцев-христиан не было никаких возражений. Но, очевидно, невозможно применять эту систему в деле образования других инородцев, так как задача образования их совсем иная. Русско-туземная школа предназначена для образования инородцев- не христиан, она должна преследовать не миссионерские, а исключительно культурно-образовательные задачи. Поэтому уже заранее можно предвидеть, что указанная система в этом деле едва ли будет применима» [24]. Н.И. Ильминский өзінің əзірлеген жүйесінің Түркістан халықтарына тиімсіз болатынын өз тұжырымдамасында көрсеткен. Ол: «В Туркестанском генерал-губернаторстве, в этом обширном крае, населенном частью оседлыми магометанами, частью кочевыми племенами, задумываемое школьное образование еще более ново и более затруднительно» [25], – деп Түркістанның 135

ерекшелігін атап өткен. Соған қарамастан, Түркістанға келген орыс шенеуніктері оның анық-қанығына жетпей, бұл жүйені халық ағарту саласына енгізуге барынша тырысып баққан. Көптеген тартыстардан кейін С.М. Граменицкий мынадай қорытындыға келген: Татарларды орыстандыруға арналған Н.И. Ильминскийдің халық ағарту саласына əзірлеген жүйесін Түркістанда пайдалану тиімсіз. Оның қырғыздарды оқытуға əзірлеген жоспары қырғыздарды татар əсерінен ажыратуға негізделіп, орыстарға кəріп етуді мақсат тұтқан. Ал Түркістан халқына бұл тəсілді пайдалану, мұсылмандардың бірігуіне əкеліп соғады; Бұл мəселелерді көз алдымызға елестетіп, мұсылман халқын үркітіп алмау үшін орыс-түзем мектептерде өз тілінде оқуға мүмкіндік беруіміз қажет [25, 8-9-п.п.]. Түркістан генерал-губернаторлығында алғашқы орыстүзем мектебі 1884 жылы 19 қаңтарда орыстың рухын өзіне толық сіңірген Сейіт Ғани байдың үйінде ашылды. Бұл мектеп мұсылмандық оқу орны тəрізді ашылып, оның бөлмелеріне ешқандай жиһаз қойылмады. Балалар өздерін мұсылмандық мектепте дəріс алып жатқандай сезініп, қолдарына кітап алып, орыс тілін біртіндеп меңгере бастады [26]. Бұл тəсілді орыс əкімшілігі мұсылман балаларын орыс оқуына баулу мақсатында ойластырып тапқан. Орыс-түзем мектептерінде орыс жəне жергілікті халықтың арасынан шыққан оқытушы дəріс берді. Əрбір оқушы екі сағат орыс сыныбында орысшаны оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйреніп, қалған екі сағатта мұсылмандық ілімдерді оқуға кірісетін. Осылайша, əрбір оқушының орыс оқуына тəуелді болу процесі басталған-ды. Осыған байланысты 1887 жылы генерал-губернаторлық тарапынан орыс-түзем мектеп директорларына орыс балалары мен мұсылман балаларын араластыруға арналған түрлі ойындар мен мерекелік шараларды атқару тапсырмасы берілді. Кейінгі жылдары жергілікті оқушыларға мұсылмандық сауат орысша түсіндіріле бастады. Дегенмен орыс ағартушы миссионерлерін орыс-түзем мектептеріндегі сабақ түсіндіру мен оқу тəсілі қанағаттандырмады. Бұл 136

мекептердегі сабақ беру əдістеріне өзгерту енгізу туралы Остроумов көптеген мақалаларында жазған. Оның пайымдауынша, он жыл көлеміндегі орыс-түзем мектептерінде жергілікті диалектерге орыс жазуымен аударылған кітап пайдаланылып, сабақтар аударма тəсілімен түсіндірілетін. Бірнеше жылдық тəжірибе, орыс миссионерінің пайымдауынша, өз нəтижелерін бермеді. Сондықтан жергілікті қамқорлық комитетінің рұқсатымен орыс тіліндегі аударма тəсілімен көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақ өту методикасымен ауыстырылған. Яғни орыс тілінде тақырыпқа сай түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып, оны тек орыс тілінде түсіндіру болды. Бұл мəселені ол былай деп жазған: «Основания для предпочтения этого метода переводному я нахожу прежде всего в невыгоде психологических актов восприятия новых слов не непосредственно при созерцании их образов, а через посредство родного языка, а так же обратного воспроизведения этих образов не непосредственно за словами изучаемого языка, а через посредство соответствующих слов родного языка. Происходит таким образом постоянная излишняя умственная работа, утомляющая учеников и уменьшающая продуктивность работы. Кроме того здесь необходимо принять во внимание и то обстоятельство, что зрительные восприятия гораздо резче и яснее запечетливаются в уме, чем слуховые. Затем при наглядном методе центр тяжести обучения лежит на русском языке, систематические занятия по изучению его ведут с самого начала обучения и проходят через весь курс его; ученики постоянно слушают русскую речь и сами упражняются в разговоре на этом языке, тогда как в переводном методе большая часть классного времени употребляется на переводы и разговор на родном языке и на усвоение русского разговорного языка уделятся менее времени» [26]. В.П. Ровнягин өлкедегі ашылған орыс-түзем мектептердің біреуін ғана тексеруден өткізіп, мұсылман балаларының жаттау қабілетінің жоғары деңгейде екенін атап, орыс тілі пəніне баса көңіл бөлуін сұранған. Ол мұсылман балаларының орыс тілін бір-екі аптада меңгеретініне сенім арттып, оған арнайы орыс тілінің жаңа жоспарын дайындады. Бұл жоспар негізінде оқушылар бастапқыда орыс жазуын меңгеріп, кейіннен орысша 137

сөздерін жаттауға кірісетін. В.П. Ровнягиннің бұл жоспары Н.И. Ильинскийдің əзірлеген оқу жүйесіне ұқсастық танытып, оқытушылар кеңесінде өз қолдауын таба алмады [27]. Орыс əкімшілігінің оқу-ағарту саласында жасаған барлық бұл реттеулеріне қарамастан, мұсылман ата-аналар өз балаларын орыс-түзем мектептеріне беруден үзілді-кесілді бас тартатын. Соған қарамастан, орыс əкімшілігі кейде зорлық көрсетіп, кейде мұсылман отбасыларына түрлі сыйлықтар мен азын-аулақ ақша беріп, орыс-түзем мектептердің беделін көтеруге тырысты. Бұл да орыс əкімшілігінің көп айла тəсілдерінің бірі еді. Мұрағат құжаттарының бірінде тұрмысы ауқатты бір қазақ, орыс шенеунігінің зорлығымен Əулиеата қаласындағы орыс-түзем мектебіне баласын бермеу амалымен, кедей отбасынан шыққан бір балаға ұлының аты-жөнін беріп, мектепке жібергені жөнінде жазылған [28]. Алайда бұл жағдайды біліп қойған орыс шенеунігі сол қазақты жазаландырған. Сырдария облысы халық училищелер инспекторының 1883 жыл 14 сəуірдегі есебінде орыс-түзем мектепті тексеруден өткізгені жəне онда жалдамалы оқушылардың оқығаны туралы фактілерді растайды. Онда бір жылға 15 сомға жалданған Юлдаш Байгин есімді шаруаның баласы тіркелген [29]. Халық училищелердің инспекторы жиырма жылдан кейін өткізген тексеру нəтижесінде де мұндай жағдай қайталанғанын жазады [29]. Жалдамалы оқушылар жөнінде «Закаспийское обозрение» газетінің 1905 жылдың 148 санында «Вредный обычай» атты мақалада жазылған. Орыс-түзем мектептеріне бармаған қазақ балаларын полицейлік барлаушылар, тіпті күштеп əкелетін. Ал сол мектепке жиі-жиі қатысқан қазақ балаларына ақшалай сыйлық немесе азынаулақ тамақ беріп, қызықтырып отырған. 12 қараша 1892 жылы Сырдария уалаятының халық ағарту басқармасына, Шымкент қаласындағы орыс-түзем мектептегі мұсылман балаларының сабаққа қатысу пайызының көрсеткіші күрт төмен екендігі жөнінде мектеп əкімшілігінен арыз түскен. Мұның себептерін анықтау жəне алдын алу үшін мектеп директоры полицейлік барлаушылармен байланысып, мұсылман отбасыларын аралап шықты. Мұсылман балаларының орыс-түзем мектептерде оқығысы келмегендіктерін екі фактормен байланыстыруға бола138

ды. Біріншісі – діни жəне саяси, жергілікті мұсылмандардың орыстарға қарсы күреске шақыруының үгіт-насихатының жүргізілуі салдарынан болса, екіншісі – орыс-түзем мектептердің мұсылмандарға жат болуы [28, 289]. «Өте құпиялы» белгісі бар мұрағат құжаттарының бірінде бұратана балаларының орыс-түзем мектептерге бармауының айрықша себептері былай түсіндіріледі: «Озабочиваясь выяснением причин понижения числа учащихся, фактически посещающих русско-туземные школы, я посвятил весь день на посещение нескольких туземцев, от которых расчитывал узнать о причинах появившегося охлаждения к русской школе. Выяснилось в достаточной мере следующие два факта, несомненно дурно повлиявшие и продолжающие влиять на дело русского просвещения туземных детей. Один факт имеет религиознополитический характер, это – появление в последнее время ишанов, неизвестно по какому праву наводящих в Туркестанский край такое явление. Из-за этого необходимо подчинить всех имамов и ишанов административно-полицейскому надзору – в том смысле чтобы без письменного разрешения ни один из них не смел бы творить общественных молитв или проповедовать среди народа. Другой факт – туземным мальчикам русские школы непривычны» [30]. ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында Сырдария уалаятындағы орыс-түзем мектептерінде білім алған мұсылман балаларының саны төмендегідей болған [31]: 12-кесте Орыс-түзем мектептердегі оқушылар саны мен пайыздық көрсеткіші Жылдар

Орыс-түзем мектептеріндегі оқушылар саны

1885

%

39

-

1886

16

%+197

1887

235

%+103

1888

461

%+96

1889

426

%-7,5

139

1890

377

%-11,6

1891

375

%-0,5

1892

415

%+11

1893

464

%+12

1894

428

%-8

1895

447

%+4,5

1896

650

%+43

Кестеден байқағандай, алғашқы жылдары орыс-түзем мектептерде оқыған мұсылман балаларының саны өсіп тұрған. 1888-1895 жылдар аралығында оқыған балалардың пайыздық көрсеткішінде өзгеріс байқалмайды. 1895 жылдан бастап, орыстүзем мектептерде білім алған мұсылман баларының пайыздық көрсеткіші өсе бастаған. Мұны, біріншіден, өлкеде орыс-түзем мектептердің көптеп ашылуымен, екіншіден, орыс əкімшілігінің түрлі айла-тəсілдерін пайдаланып, мұсылман балаларын орыс-түзем мектептеріне тартуымен байланыстыруға болады. «Туркестанские ведомости» газетінің беріп отырған мəліметтеріне қарағанда 1885-1887 жылдар аралығында Сырдария уалаятында 22 орыстүзем мектеп жұмыс істеген. 1899 жылы 4 орыс-түзем мектеп ашылды. Осы жылдан бастап, өлкеде орыстандыру саясатын жүргізген 27 орыс-түзем мектептерінде оқыған 665 оқушының 650-і мұсылман балалары еді. 6 интернаты бар орыс-түзем мектебінде 65 оқушының 60-ы мұсылман балалары еді [32]. Сырдария уалаятында ашылған орыс-түзем мектептерінде аудармаға негізделген өзіндік тəсіл пайдаланылды. Жалпы мектептерде оқулық тапшылығы басым болып, мұғалімдер өздері əзірлеген оқулықпен дəріс беретін. 1907 жылдан бастап, жоғарыда аталған Остроумовтың көрнекі құралдарды пайдаланып, барлық дəрістер тек орысша жүргізілу əдісіне көшірілді. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, орыс-түзем мектептердің оқу жоспары қайта құрыла бастады. Комиссияның дайындаған оқу жоспары негізінде: балаларға ауызша орыс сөздерін жаттату жəне оның мағынасын түсіндіру тəсілі пайдаланылды. Бұл мектептерде мұсылман балаларына тек базарда, ауыл шаруашылық жұмыстарда жəне 140

көшеде қолданатын орыс сөздері үйретілді. Онда басты мақсатмұсылман балаларын тек қара жұмыстар істейтін арзан еңбек күш адамы ретінде пайдалану идеясы жатты. ХХ ғасырдың басында Сырдария уалаятында орыс-түзем мектептердің саны біршама өсе бастады. Статистикалық мəліметтерге қарағанда Сырдария уалаятында 1 354 оқушысы бар 34 орыс-түзем мектеп жұмысын атқарған [33]. 1899 жылдың 28 мамырында Н. Малицкийдің есебінде Ф.М. Керенскийдің басшылығымен гимназия мен шіркеулік мектептердің директорлары жиналған комиссия, Шымкент қаласындағы орыс-түзем мектебінің түлектерін емтиханнан өткізген-ді. Өткізілген бұл емтиханның мақсаты – мұсылман балаларының орыс тілін қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау болды. Есепке қарағанда, емтиханға кірген мұсылман балалар орыс тілін жетік меңгергендерін көрсетті. Оқушылар тек орыс тілінде сөйлеп, жазып қана қоймай, орысша қойылған сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берген. Сонымен қатар орысша өлеңдер оқып, Ресей тарихына байланысты қойылған сұрақтарға да нақты жауап берген. Емтихан аяқталғаннан кейін, түлектерге А.С. Пушкиннің өлеңдер жинағы сыйлық ретінде тапсырылды [34]. Бұл Шымкент қаласы орыс-түзем мектептің орыстандыру саясатындағы ең басты жетістігі болып есептеледі. Осының салдарынан Н. Малицкий, орыс мəдениеті мен тілін мұсылман халқы арасында тарататын орыс-түзем мектептердің санын арттыру қажеттілігі жөнінде Түркістан генерал-губернаторлығы құрамындағы барлық облыс əскери-губернаторларына хат жолдады. Түркістан өлкесі училищелердің басты испекторы Перовскі орыс-түзем мектебін тексеру барысында мектеп бөлмелерінің тарлығын жəне оқушылардың жеткілікті деңгейде білім алмай жатқандықтары туралы Сырдария əскери-губернаторлығына жазған. Бұл кемшіліктердің алдын алып, бұратана балаларының орыс тілімен сауатын тереңдету қажеттелігі жөнінде ескерткен. Сонымен қатар мектеп оқытушылары бұратана балаларын қара жұмыстарында жұмсап, пайдаланатынын атап өткен [35]. Оған жауап ретінде Сырдария уалаяты училищелердің басты инспекторы С.М. Граменицкий, Перовскі орыс-түзем мектебі ғимаратының ескіргенін, бұратана 141

балаларының орыс балаларымен араласып-ақ орыс тілін меңгеретінін жазған. Сондай-ақ мектеп үшін жаңа ғимаратты салуға жергілікті халықтан шамамен 8000 сом жиналғанын атап өткен. Ол аталған кемшіліктердің алдын алып, келешекте бұратана балаларының орыс тілін қайтсе де меңгеріп шығатынын ескерткен [35, 197-п.]. Түркістан генерал-губернаторлығы орыс-түзем мектептерін үздік бітірген түлектеріне Ресейдің орталық қалаларына жорықсаяхаттар ұйымдастыратын. Бұл саяхаттардың мақсаты Түркістан генерал-губернаторлығы халық ағарту инспекторының есебінде орын алған. Онда былай деп жазылған: «Түркістандық жастарға еуропалық Ресейге ұйымдастырылып жатқан саяхат өте маңызды рөл атқаратын. Осы іспеттес саяхаттар түркістандық балалардың санасына орыс мəдениеті мен тілінің нақты сіңуіне жəрдемін тигізері сөзсіз. Орыстармен тығыз байланыста болатын бұл балалардың ұлттық санасы орыс мəдениетінің қарсылығында астасып кетеді. Түркістандық жастар патша өкіметінің жүргізіп жатқан мəдени өзгерістеріне қарсы шықпайды жəне үкіметтің бұйрықтарын түсінушілікпен қабылдайды. Қырғыздар мен сарттардың балалары Ресейдің құдіреттілігін жəне байлығын, орыстардың олардан жоғары тұратынын, сондай-ақ сауда-саттықта да дамып кеткендігін мəңгі бақи санасында жаңартып, оны Түркістан халқына үнемі түсіндіріп жүреді» [36]. 13-кесте Орыс-түзем мектептерін ашу үшін Перовск уезді болыс тұрғындарынан жиналған қаражат [35, 34-п.]. Болыстар Айнақұл Байұзақ Жөлек Головачев Қараөзек Қарақұл-Хуандария Күткеншек Қысбөгет

Ауылдар саны 8 11 10 8 7 10 7 7

Отбасы саны 1342 1862 1865 1502 1139 1810 1181 1267 142

Сом 939 1303 1305 1051 797 1267 826 886

Сомма Тиын 40 40 50 40 30 70 90

Кінтүб Сарышағанақ Сырдария Сауран Царская Шаған Жанақорған Жалпы

8 12 8 9 7 10 6 128

1205 2057 1478 1824 1249 1859 1173 22818

843 1439 1034 1276 874 1301 824 15972

50 90 60 80 30 30 60 60

Түркістан генерал-губернаторлығы училищелерінің басты инспекторы Н. Остроумовтың басшылығымен 1911 жылы 26 желтоқсан-3 қаңтарда Ташкент қаласында орта мектеп оқытушыларының съезі болып өтті. Съездің өту мақсатын Н. Остроумов былай білдірді: «Программа съезда должна быть пополнена вопросом о религиозном и патриотическом воспитании учащихся на которое современная русская школа должна обращать особое внимание» [37]. Съезді ұйымдастыру үшін арнайы қаржылық қорынан əр мектепке 25 мың сом ақша бөлінді. Съезді ұйымдастырушы комиссия құрамына лейтенант Покотило, Д.Н. Люшин, В.Д. Городецкий, Тобольский, Е.Н. Вознесенский, А.К. Келров, М.Ф. Дьяконов, С.М. Граменицкий т. б. кірді. Съезд николай патшаның жіберген мына телеграммасымен ашылды: «Передайте членам съезда преподователей мою благодарность за выражение мне верноподданические чувства. Буду рад убедиться на деле в их готовности воспитывать честных и верных слуг своим государям и родине» [37, 60]. Съезд еңбектері төрт хаттамамен, бес баяндамамен, сонымен бірге 35 секциялық хаттамамен Божий закон, атап айтсақ; орыс тілі, əлеуметтік ғылымдар, математика, физика, тарих, география, география өнері жəне дене шынықтыру салалары бойынша дайындалған он бір баяндамамен шектелді. Басты назар орыс тілі жəне тарих пəндеріне, география мен əлеуметтік ғылым салаларына аударылды. Өйткені аталмыш пəндер орыстандыру саясатындағы методикалық тəсілдер қатарында үлкен рөл атқаратын. Съезде Түркістан өңіріндегі бұратана балаларының діни сипаттағы тəрбиесіне немесе керісінше олардың орыстану əдістерінің жетілдіру мəселе143

леріне көп көңіл бөлді. Себебі Ресей империясының отарына айналған халықтарды басқа өңірлермен салыстырғанда Түркістан генерал губернаторлығы құрамындағы елдердің ислам дініне деген сенімі басым түсті. Сондықтан отаршыл ұйымдастырушылардың ең басты міндеті болып, бұл балаларды əуелі орыстандырып, одан кейін шоқындыруға бет бұру мəселелері қарастырылды. Съезге қатысушылардың пікірі бойынша: Түркістандағы мұсылман халықтарыныңРесейге деген сүйіспеншілігін арттыруда орыс мектептерінің маңызы зор. Бұл үшін өлкедегі Бас оқу инспекторы Н.П. Остороумов, съезде мұсылмандардың діни ұстанымдары мен Отанға деген сүйіспеншілік тəрбиесіне аса мəн берілу керектігін атап өтті. Ол бұратаналардың бұл сезімдерін оятуда аса сақтықпен, олардың діни ұстанымдарына құрмет көрсете отырып, патша өкіметінің орыстандыру саясатындағы астыртын идеяларын паш ету керектігін айтты. Айтылған бұл пікірлердің барлығы патшалық Ресейдің Түркістан халықтарын орыстандырып, бұл жерді Ресейдің меншігіне айналдыруды көздеген. Сонымен қатар болып өткен бұл съезд орыстандыру саясатының жаңа əдістері мен оны орындайтын шараларды іздестіруде маңызды орынды иеленді. Себебі Түркістанның ежелден келе жатқан əдет-ғұрпы, салтдəстүрі, орыс оқытушылардың жаңа оқу дəрістерді енгізуіне жəне жаңа методикалық əдістерді ойластыруына əкеп соқты. Мəселен, «Орыс отаны Түркістан», «Түркістан тарихы», «Жергілікті тілдер», «Жаратылыстану» пəндердің оқу жоспарына енгізілуі, бұл дəрістердің орыс оқу методикасы негізінде берілу мəселесі съезд қатысушыларының өзекті тақырыбына айналды [37, 67-п.]. Аталмыш мəселелер бойынша, съезд екі секция негізінде өтті. Съездің бірінші жиналысы жалпы педагогикалық жəне мұсылмандарды тəрбиелеу мəселесіне көңіл аударды. Бұл отырыста басты проблеманы бастауыш мектептер делегациясы көтерді. Олар: бастауыш мектептердің санын арттыруын жəне қаражаттың қазыналық есептен мықтап бөлінуін талап етті. Оның себебін: «Біз Түркістанда əрбір бұратананың санасына орыс рухы мен православ негіздерін таратумен айналысамыз. Бастауыш мектепте мұндай тəрбиеден өткен бала келешекте Ресейдің «қызметкері» болады», – деген сөздермен байланыстырды. 144

Сонымен қатар мектептердегі оқу жоспардың қайта қаралуын ұйғарды. Мəселен, орыс тілі пəнін төртке бөлу қажеттілігі айтылды; орысша оқу-сызу, оқу сабағы, нақты грамматиканы оқу сабағы жəне православ өлеңдерін оқу сабағы. Тарих пəніне алты сағат бөлуді ұсынды. Бастауыш сыныпта Ресей тарихының жалпы мəліметтері мен ауызша түсіндіру əдісі мен Ресей тарихының оқытылуы, «Ресей тарихы» атауының «Отан тарихы» деп өзгертілуі жəне жоғарғы сыныпта Ресей тарихының егжей-тегжей оқытылуы ұсынылды. Барлық сыныпқа «Отан тарихы» сабағын енгізіп, əлем тарихымен байланыстыруды жəне əлемде Ресейдің қаншалықты қуатты екенін мұсылмандардың санасына жеткізуге ерекше мəн берді [37, 68-69-п.п.]. Бұл құрылтайдан кейін отар əкімшілігі барлық қаралған мəселелерді басты назарға алып, 1912 жылдан бастап бастауыш мектептер жүйесін қайта құруға кірісті. Мемлекеттік Думаның 1912 жылы қабылдаған заңына сəйкес, қалалық училищелер бастауыш училищелер болып қайта құрылып, алты жыл білім беретін оқу орнына айналды. Діни училищелер болса халықтың бастауыш училищелері болып өзгеріп, үш сыныптық оқу орны болып қайта құрылды. Екінші күнінде отырыста орта дəрежелі мектептерде орыс тілі пəні мен арнайы жүргізілетін сабақтардың мəселелері көтерілді. Бұл отырыста орыс-түзем жəне арнайы мамандандыру мектептеріне көптеп көңіл бөлінді. Екі елді біріктіруші міндетін атқаратын, бұл мектептердің бірінші сыныбында ауызша орыс сөздерін жаттату жəне тəржімаға аса мəн берілу талабы қойылды. Арнайы мамандандыру мектептерінде етікшілік пен шаруашылық мамандықтарына жіті назар аудару, бұратаналар арасында орыс тілінің орны белең алып, орыс мəдениеті мен рухын насихаттау мəселелеріне көңіл бөлінді. Съезде балалардың саналық тəлімтəрбиесіне де мəн берілді. Мəселен, балалардың діни жəне отансүйгіштік сезімдері, олардың мектеп ішіндегі жəне мектептен тыс тəрбиесі, орыс əдебиеті туралы жəне орыс театрлары мен түрлі мерекелік кештердің ұйымдастырылуы, сондай-ақ дəрістен кейін 145

оқушылардың орыс романдарын оқу, бұратаналарды қызықтыратын түрлі ойындардың ұйымдастырылу мəселелері басты назарға ілікті [37, 70-п.]. Патшалық Ресейдің бұл съездегі көздеген басты мақсатының бірі – Түркістанда бірнеше жыл жүргізген орыстандыру тəсілдерінің қорытындысын жасап, алға қойылған мəселелерді шешіп, халық ағарту саласында Түркістан халқының ұлттық болмысы мен санасын орыстармен байланыстыратын жаңа айла-тəсілдерін ойластыру бірінші кезекке қойылды. Сондай-ақ өлке халқының төл тарихы мен мəдениетін ұмытқызуда белсенділік танытқан орыс-түземдік, мамандандыру жəне орыс орта дəрежелі мектептердің санын көбейтіп, аталмыш мектептердің мəдени саласында Түркістандағы мұсылман балаларының өз болмысын ұмытқызатын шаралардың атқарылуына аса қолдау көрсету жатты. Осылайша, орыстандыру саясаты Түркістанның ежелден келе жатқан мəдениеті мен халықтың санасын, орыстың рухани əсеріне тəуелді етуді мақсат етті. Генерал Мациевский Шығыстану зерттеу иститутының Ташкент бөлімшесіне жіберген хатында: «Шығыстану институты əдебиет пен орьянтализм үшін емес, сол жердегі халықты орыстың рухани тəуелділігіне түсіріп, орыстандырудың мақсаты мен əдісін жетілдіру үшін қызмет ету қажет», – деп орыстандыру саясатының ниетін айқын көрсеткен [38]. Оңтүстік Қазақстанның кез келген жерінде ашылған орыс оқу орындары жемістерін бере бастады. Осыған қарамастан жергілікті халық өз болмысын қорғауға аттанып, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтарын ашық білдіруге бел буды. Студенттерге арналға пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3.

4.

Орыс-түзем мектептерінің орыстандыру саясатындағы рөлін анықтаңыз. Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы халық ағарту ісінің дамуы мен орыстандыру саясатын салыстырыңыз. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы елдегі өзгерістер мен жағдайлар əсерінен ағартушы демократтар мен зиялы қауым өкілдерінің тарих сахнасына шығуын талдаңыз. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстарын зерделеңіз. 146

5.

Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары жəне олардың дүниетанымдық көзқарастарын салыстырыңыз.

Ұсынылатын əдебиеттер: 1.

2. 3.

4.

5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22.

Остроумов Н. Исторический очерк народного образования в городах и укреплениях Сырдарьинской линии и Туркестанской области с 1860 по 1867 года // Туркестанские ведомости. – 1881. – 4 августа. – № 30. РОММ. 47-қ., 1-т., 1-і., 2-3-пп. Остроумов Н. Первые училища для детей русских в Казалинске, Перовске и Ташкенте в 1860-1867 годах // Туркестанские ведомости. – 1881. – 11 августа. – № 30. Остроумов Н. Первые училища для детей русских в Казалинске, Перовске и Ташкенте в 1860-1867 годах // Туркестанские ведомости. – 1881. – 25 августа. – № 37. Проект всеподданейшего отчета генерал-адъютанта К.П. фонКауфмана по гражданскому управлению и устройству в области Туркестанского генерал-губернаторства. – СПб., 1885. – С. 434. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 333-і., 6-п. ҚРОММ. 121-қ., 1-т., 47-і., 8-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 2494-і., 50-53-п. Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенный по Высочайшему повелению Сенатором Гофмейстером Графом К.К. Паленом: учебное дело. – СПб., 1910. – С. 7. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 15107-і., 10-п. Туркестанские ведомости. – 1892. – 14 сентября. – № 68. ӨРОММ. Р-2282-қ., 1-т., 130-і., 4-6-пп. Туркестанские ведомости. – 1884, 16 октября. – № 41. Граменицкий С.М. Положение инородческого образования в Сырдарьинской области. – Ташкент, 1916. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 32-і., 4-п. ҚРОММ. 119-қ., 1-т., 171-і., 23-п. Отчет о состоянии Туркестанской учительской семинарии за 1888/9 г.г. / Составитель секретарь педагогического совета, преподователь математики Н.Ф. Воскресенский. – Ташкент, 1889. – С. 6-7. ҚРОММ. 119-қ., 1-т., 196-і., 3-п. Оразаев М.Ф. Царская колонизация в Казахстане. По материалам русской периодической печати ХІХ века. – Алматы, 1995. – С. 11. Пален К.К. Учебное дело. Отчет по ревизии Туркестанского края произведенной по Высочайшему повелению сенатором грофмейстером К.К. Паленом. – Петербург, 1910. – С. 94. ҚРОММ. 119-қ., 1-т., 341-і., 2-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 743-і., 78-п. 147

23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36. 37. 38.

ӨРОММ. 1010-қ., 1-т., 8-і., 22-23-пп. ӨРОММ. 1010-қ., 1-т., 9-і., 2-п. ӨРОММ. 1010-қ., 1-т., 13-і., 4-п. Туркестанские ведомости. – 1905, 4 января. – № 177. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1004-і., 143-п. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 289-і., 96-п. ӨРОММ. 2282-қ., 1-т., 107-і., 12-14-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 289-і., 97-п. Туркестанские ведомости. - 1899, 5 (17 сентября). – № 69. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15407-і., 60-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 15423-і., 14-п. ӨРОММ. 1-қ., 28-т., 551-і., 4-7-п. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 15434-і., 34-п. ӨРОММ. 19-қ., 1-т., 5948-і., 1-п. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1075-і., 3-п. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 91-і., 10-п.

ІІІ òàðàó. ÐÓÕÀÍÈ ÎÒÀÐËÀÓ ÑÀßÑÀÒÛÍÀ ҚÀÐÑÛ ÍÀÐÀÇÛËÛҚÒÛҢ ӨÐІÑÒÅÓІ

3.1. Æәäèäøіëäіê қîçғàëûñòûң ðóõàíè æàңғûðòóғà òèãіçãåí ûқïàëû Ресей империясының отарлаған аймақтарында жүргізген рухани отарлау саясатына қарсы мұсылман ағартушылары қарсылық көрсете бастады. Əндіжəн көтерілісі күшпен бастырылғаннан кейін, мұсылман ағартушылары Ресеймен білім арқылы бəсекеге түсе алатынына көз жеткізіп, мұсылмандық оқу орындарын біртіндеп қайта құруға кірісті. Күрес «жəдидшілдік» қозғалыс сипатын алып, қуатты күшке айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-мəдени өмірінде кең өріс алған бұл жəдидшілдік қозғалыс тарихы көптеген отандық жəне шетел зерттеушілерінің объектісіне айналды [1]. Бұл прогрессивті түркі халықтары саяси элитаның қоғамдық өмірді қайта құруға бағытталған қозғалысын арттырып, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қанатын жайып өрістей түсті. Түркістан өңірінде діни схоластикалық негізде дамып келген мектеп, медреселердің ескіргенін сезінген «қадыми» (қадым-арабша «көне» деген мағынаға келеді) мұсылман зиялылары мен орысша ілім алған жəне өмірге жаңа көқараспен қарай бастаған кейбір озат пікірлер, «қадым» оқуының даму əкелмейтінін сезіп, мектеп, медреселерде діни ілімдермен қатар, заманауи пəндерді де оқыту қажеттілігін түсінді. Сөйтіп, бұрынғы 149

«усул-и қадим» (усул-и қадим – арабша «көне əдіс») мұсылмандық оқу орындарының орнына «усул-и жəдид» (усул-жəдид – арабша «жаңа əдіс») мектеп, медреселерін аша бастады. Мұны мұсылман халықтарының ұлттық сана сезімінің оянуымен жəне олардың еуропалық мəдениетке ұмтылысымен, сондай-ақ өмірін қайта құруға талпынысының жандана түсуімен байланыстыруға болды. Патшалық Ресейдің отарлаған аймақты экономикалық жағынан игеруі өлкенің əлеуметтік-экономикалық дамуын өзгертті. Жергілікті халық арасынан байыған тəуелсіз топ саудамен Ресей арқылы шет аймақтарға шығып, өмірге жəне өлкені басқару ісіне сын көзбен қарау мүмкіндігін алды. Осының салдарынан көне мұсылмандық білім беретін жүйеде өзгеріс басталып, жалпы оқуағарту саласында қозғалыс күшіне мінді. Түркістандағы прогрессивті мұсылман зиялыларына Түркия, Мысыр жəне Ресейдің басқа да мұсылман өлкелеріндегі ағарту саласында болып жатқан қайта құрулар өз əсерін тигізіп қана қоймай, бұл өзгерістерді олар өз халахуалына сəйкес өзгертуге кірісті. Алғаш рет «жаңа əдісті» мектеп, медреселерін ашқан Ысмайыл Гаспыралы (Түркі əлемінде оны осылай атайды) болды. Оның «Русское мусульманство» атты саяси памфлеті Ресей мұсылмандары арасында ұлттық дербестік идеяның таралуына себеп болды. Памфлетте Ресей империясының орыстандыру саясаты мен білім беру жүйесі сынға ұшырады. Ысмайыл Гаспыралының бұл памфлетті жариялаудағы басты мақсаты патша өкіметінен мұсылмандардың рухани өсуіне мүмкіндік беруді талап ету болды [2]. Ысмайыл Гаспыралының мақсатын орыс миссионер ғалымдары былай сипаттайды: «Цели И. Гаспринского были просты и ясны: правильное воспитание русских мусульман, развитие популярной литературы, возможное распространение русского языка, науки и культуры среди русских мусульман и тесное сплочение их с русскими на почве науки и материального прогресса» [3]. Н.П. Остроумов өзінің күнделігінде «Гаспринский не допускает «кровного химического единения» мусульманских подданых России с русскими, а желает единения нравственного, ассимиляции нравственной и духовной, основанной на принципе национальной 150

индивидуальности, свободы и самоуправления», – деп жазып Ы. Гаспыралының нақты мақсаттарын ортаға салған [4]. Ысмайыл Гаспыралы Бақшысарай қаласында 1883 жылы жиырма жыл ішінде баспасөз органы қызметін атқарған жəне түркі халықтарының оқу-ағарту саласында қызмет еткен «Тəржімəн» (аудармашы) газетінің редакторы болып, өзі құрастырған əліппе негізінде: «Тілде, пікірде жəне тірлікте бірлік» ұранымен Ресей боданына тап болған түркі халықтарының ортақ əдеби тіліне қажеттілік мəселесін көтерді. Газет түрік тілінде шығып, көптеген мұсылман елдеріне таратылатын. Түрік тілі ортақ тіл ретінде таңдалуының басты мақсаты – түркі халықтарын бір араға біріктіру болды [5]. Газетті Кавказ елдерінде, Түркияда, қазақ даласында, орталық жəне шығыс Ресейдегі барлық мұсылман халықтары оқыды. Газеттің өзінің арнайы қаржы қоры болған. Сол қордың қаржыландыруымен көптеген жастар Стамбул қаласында сауатын жалғастыруға мүмкіншілік алған. Ал Түркия болса, оларды құшақ жая қарсы алып, қалаған оқу орындарында оқытқан, ақшалай көмек те көрсеткен. Кейбір жастар білімін жетілдіру мақсатында əрі қарай Үндістанда, Парсы елінде жəне Каирде жалғастырған. Аталмыш елдердің арасында білім саласындағы қайта құруды ертеден бастаған Каирдегі мұсылмандық оқу орындары болды. Онда дүниеге мəшһүр Х ғасырда салынған «Асар» мешіті орналасқан. Осы мешіттің жанынан ашылған мұсылман академиясында 200 ұстаз бен 1200 шəкірт білімін жетілдірген. Бұл мешіттен тыс Каирде 522 мешіт жанында діни мектептер мен кітапханалар жұмыс істеген. Ағылшын ықпалындағы Каир оқу орындарында мұсылмандық ілімдерімен қатар, заманауи ғылымдар оқытылатын. Каир сол жылдары ғылымның дамыған орталықтарының бірі саналғандықтан, онда Ресейдің мұсылмандары да білім алған [6]. Түрікшілдік мəселесі патшалық Ресейде едəуір сынға алынып, оған қарсы күрес жұмыстары жүргізілгені баршаға аян. Бұл мəселені патша үкіметі кезінде де Кеңес заманында да қаралап, түркі халықтарын ұлтшылдықпен айыптайтын. Қуғынға ұшыраған 151

тарихшылардың бірі Баймирза Хайт «Түрікшілдік» жөнінде өзінің мынадай пікірін жазған: «Кезінде патша өкіметі мен Кеңес дəуіріндегі саясаткерлер мен тарихшылар «Түрікшілдікке» саяси қозғалыс сипатын берген. Бірақ бұл саяси қозғалыс емес. «Түрікшілдік» – ғылыми-этикалық, философиялық мектеп, мəдени жолындағы бірігу идеясын уағыздайтын жəне агрессиядан қорғанатын бірден-бір тəсіл» [7]. 1890 жылдары Ресейде алғаш рет Ысмайыл Гаспыралы татарларға ана тілі мен сауаттылығын үйрететін «Устул-и жəдид» атты оқулығын шығарды. Бұл оқулық дыбыстық əдіспен құрастырылып, түркі халықтарының сол əдіспен оқуына мүмкіншілік тұғызды. Мұсылман халықтары заманауи Еуропа ғылымдарын түріктер мен орыстар арқылы таныды. Себебі Еділ өңіріндегі «жəдидшілердің» басым бөлігі орысша сауат алмаған, олар медреседе білім алған қызметкерлер еді. Ал медреседе бұл қызметкерлер мұсылмандық сауатты түрік тілінде алған [8]. Ысмайыл Гаспыралы мұсылмандар арасында мұсылмандық іліммен қатар, дүниауи ғылымдарды – математика, география, тарих, биология , т.б. заман талабына сай пəндерді оқу қажеттілігін насихаттады. Ол жаңа əдісті мектептерде аталмыш пəндерден тыс, балаларға ұлттық тəрбие беру керектігін баса айтатын [9]. Ысмайыл Гаспыралының насихаттап жүрген бұл идеясы алдыңғы қатарлы мұсылман зиялылары арасында қолдау тауып, олар өз өлкелеріндегі мұсылмандық оқу орындарын заман талабына сай қайта құруға бет бұрды. Ысмайыл Гаспыралының Түркістандағы ескі мұсылмандық оқу орындарын қайта құруға қатысқандығы жөнінде мұрағат құжаттары сақталған. Ол 1892 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына хат жолдап, патша өкіметі əкімшілік органдарының мұсылмандық оқу орындарын заман талабына сай қайта құруда араласуын жəне оған қолдау көрсетуін сұраған [10]. Алайда бұл хатқа Ысмайыл Гаспыралы кері жауап алмады. Сөйтіп, Ысмайыл Гаспыралы 1893 жылы Түркістанға келіп, Самарқан мен Бұқараны аралап, сол жерде мұсылмандық оқу орындарын заман талабына сай қайта құруды насихаттаған [10, 11]. Осының салдарынан ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында беделінен айырылғысы 152

келмеген, «кадым-и» жүйені қалпында қалдыруды ұстанған дінбасылардың қарсылықтарына қарамастан, Түркістан өлкесінде жəдидшілдік қозғалыс кең өрісін жайды. Консервативті пиғылдағы дінбасылар жəдидшілдік қозғалыстың мазмұнын түсінбей, жаңашыл əрекетті мұсылмандыққа қарсы деп бағалады. Жəдидшілердің басты идеясы – ашылған жаңа əдісті мектептерде Құрандағы сүрелерді түрік тіліне аударып, оның мəн-мағынасын халыққа тікелей жеткізу керектігі аталмыш дінбасылардың санасына жетпейтін. Жəдидшілер Құран сабағын жаңа əдісті мектептерге негізгі пəн ретінде енгізумен қатар, дүниауи ғылымдардың да оқытылу тарапын ұстанған. Зеки Уəлиди Тоган өз еңбектерінде жəдидшілдік қозғалыстың мазмұны мен идеологтардың қызметін талқылауға талпыныс жасап, бұл қозғалысқа «түркі халықтарының қоғамдық өмірін өзгертіп, Еуропа мəдениетімен бірігуді мақсат еткен сауатты-мəдени қозғалыс», – деген баға берді [11]. Сондайақ Зеки Уəлиди Тоган жəдидшілдік қозғалыстың əлеуметтік бағыт-бағдарын белгілеп, «бұл жүйе бір жақтан қоғамның ең төменгі сатысын көтеруге талпынса, екінші жақтан ұсақ буржуазияның практикалық міндеттеріне жауап берген», – деп жəдидшілердің халықты діни-адамгершілік жағынан тəрбиелеуді мақсат еткенін жазған [11]. Ол жəдидшілдік қозғалысты екі кезеңге бөлген: біріншісі – ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бірінші орыс революциясына дейінгі кезең. Бұл кезеңде халық жəдидшілдік идеяларынан жатырқады. Отар əкімшілігі де оған онша мəн бермеді. Екінші кезең – бірінші орыс революциясынан 1917 жылғы революцияға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жəдидшілер мектеп реформаларын жүргізіп, қоғамдық-саяси жəне əлеуметтікмəдени өмірді өзгерте бастаған [11]. Жəдидшілердің ағартушылық реформалары қоғамдық өмірде өз орнын алған феодалдық тəртіп пен патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған. Олар баспа беттерінде: «Біз мұсылман халықтарының өзінің зауыт, фабрикаларымен қатар дамыған оқу орындары болып, олардың ерікті əрі өркениетті, болғанын қалаймыз», – деп басқа елдер секілді тəуелсіз өмір сүруін аңсаған [11, 26-б.]. Ал патша өкіметі болса, «мұсылман 153

халықтары еуропалық өркениетке тек орыстанып барып, жете алады», – деген пікірде болды. Жəдидшілер бұл пікірге қарсы шығып, ұлттық болмысын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына жете алатындарын дəлелдеуге тырысты. Түркістан өлкесінде алғашқы жаңа əдісті мектептің негізін қалаған ташкенттік Мұнавар Қары Абдурашидханов болды. Ол Ташкент қаласында жақсы жабдықталған екі сыныптық мектеп ашып, онда жаңа əдісті мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарды дайындаған. Мұнавар Қары Абдурашитханов ашқан бұл жаңа əдісті мектепке арналған оқу бағдарламасы бір жəне екі сыныпты мектептерге бірдей еді. Бір сыныпты мектепті бітірген балалар емтихансыз жаңа əдісті екі сыныпты Мұнавар Қарының мектебіне қабылданатын. Бұл мектепте сабақтарда пайдаланатын «Адиби-Аввал» (бірінші ұстаз) атты мұсылман əліппесін Мұнавар Қары өзі құрастырған. Бұл кітап бойынша: оқушылар араб əріптерін буындап оқығаннан кейін қысқаша əңгімелерді оқитын. Мұнавар Қары арабша жазуларын оқуды оңайлату үшін тыныс белгілерін қойған. Ал ескі əдісті мектептердің оқулықтарында тыныс белгісі қойылмайтын. Сондай-ақ бұл оқулықта дін ілімі мен географиялық мəліметтерге қатысты мақалалар жазылған [12]. Соныман қатар жеке-дара шыққан Мұнавар Қары мен Исмаил Əлиевтің құрастырған «Тəжуид» оқулығы Құранды дұрыс оқуға мүмкіншілік беретін. Ашылған бұл мектеп Түркістан өлкесінде басқа да жаңа əдісті мектептердің ашылуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл мектепте оқыған оқушылар көптеген жетістіктерге жетіп, халық арасында беделге ие болды. Н.П. Остроумовтың берген мəліметтеріне қарағанда Түркістан өңірінде алғашқы жəдидтік мектеп Ферғана алқабында 1890 жылы ашылған [13]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде алғашқы жаңа əдісті мектептер ХХ ғасырдың басында ғана ашылып, көбейе түскен [10]. Жыл өткен сайын жəдид мектептері көбейіп, 1905 жылға дейін тек Түркістан өңірінде оның саны 35-ке жеткен [14]. Түркістан өлкесінде ашылған жаңа əдісті мектептерде татар тілінде басылған оқулықтар пайдаланылды. Татар тілін түсінуде 154

Түркістан балалары қиналғандықтан, кейіннен бұл оқулықтар өзгертіліп, өңделді [15]. Жаңа əдісті мектептердегі білім сапасын сезген мұсылман отбасылары өз балаларын ескі мұсылмандық оқу орындарынан жаңа əдісті мектептерге ауыстыратын. Ескі мұсылмандық оқу орындарында шəкірттер саны азайып, кейіннен олар амалсыздан жабылып жатты. Жаңа əдісті мектептерге мамандарды даярлауға Уфа, Орынбор жəне Қазандағы медреселер елеулі ықпалын тигізді. Бұл медреселерде оқыған қазақ балаларының саны жыл өткен сайын асып жығылды. Аталмыш қалалардағы медреселердің оқытушылары мен шəкірттері кейіннен қазақ даласында көшпелі төте жазу мектептерін ашқан. Бұл мектептерге орыс-түзем мектептерінде жұмыс істеген оқытушылар ауыса бастады [16]. В.В. Бартольд Еуропа мəдениетін үйретуде татарлар орыстардың бəсеке күшіне айналғаны жөнінде жазған [14]. Жаңа əдісті мектептерде мұғалімдердің жалақы мəселесі ескі мұсылмандық оқу орындарына қарағанда өзгеше болған. Мектептер жекеменшік болғандықтан, оқытушылар балаларды оқытқаны үшін ақша алатын. Ақша балалардың тұрмыс жағдайына қарап алынатын. Жалақы мөлшері елу тиыннан бір сом елу тиын арасы еді [17]. Орта есеппен мұғалім жаңа əдісті мектепте айына 20-30 сом шамасында жалақы алатын. Мектептер болса ауқатты оқушылардың əкелген сыйлықтары мен жергілікті бай адамдардың бөліп тұрған ақшасына ашылатын. Мектепке кіретін барлық шығындар, атап айтсақ, парта сатып алу, мерекелік кештерді ұйымдастыру, оқу құралдарды сатып алу аталмыш кіріс көзінен алынатын [17, 20-п.]. Жаңа əдісті мектепте сыныптан сыныпқа өту немесе бітіру емтихандарына міндетті түрде əке-шешелерін қатыстыратын. Сондай-ақ бұл емтихандарға оқушылардың жақын жолдастары мен туысқандары қонақ ретінде қатыстырылатын. Бұл емтихандар үлкен салтанатты түрде өтетін. Аталмыш тəсіл өзіндік жарнама іспеттес еді. Осындай жарнамаларды жасап, жаңа əдісті мектептерге оқушылар саны күннен-күнге артып отыратын. Жаңа əдісті бұл мектептерге сегіз бен он екі жас аралығындағы балалар 155

қабылданатын. Мектепке қабылданар алдында балалардың атааналарынан міндетті түрде келісім алынатын. Сондай-ақ əрбір бала мектептің барлық ережесімен танысатын. Жаңа əдісті мектептерде балалар адамгершіліктің барлық қасиеттерін үйренетін. Тəртіпті бұзған шəкірттер жеңіл-желпі жаза алатын, бұрышта тұру немесе сабақтардан кейінге қалдыру секілді. Тек ауыр түрде тəртіпті бұзған шəкірттер мектептен шығарылатын. Шəкірттердің үлгерімін белгілейтін арнайы сынып журналы болатын. Балалардың үлгерімі бес балдық жүйе бойынша бағаланатын. Жаңа əдісті мектеп ережесінде оқытушылардың шəкірттермен қандай қарым-қатынаста болу керектігі жөнінде, сондай-ақ оқытушылардың міндеттеріне байланысты бабы болған. Мектепке байланысты кез келген мəселелерді шешу үшін апта сайын оқытушылар кеңесі жиналыс жасайтын. Мектепке үлкен шығындар қажет ететін жағдайларда жиналысқа жергілікті ауқатты кісілердің бірі қатыстырылатын. Жиналысқа қатыспаған оқытушы арнайы тіркеме журналына тіркелетін. Оның себебі белгіленгеннен кейін мұғалімдерге де шара қолданатын [18]. Өз кезегінде Орынборда шығатын «Уақыт» газетінің кезекті санында: «Школа и наши вероучителя» атты мақалада: «Школаизбавление нации от гибели. Известно что вероучителя являются людьми которые ведут к оздоровлению народы… наш народ начал пробуждаться, хотя и медленно, но только с тех пор, как начали появляться среди нас ново-методные школы и в них вероучителя. Эти ново-методные школы внеся новую струю в нашу нацию, пробудили ее от векового невежественного сна. Они (т.е. школы) показали, что наше положение печально (плохое) наше будущее мрачно и всяк ухватился за школу. Повсеместная жажда обучения мальчиков и девочек обуяла наш народ. Народ показал что он не пожалеет денег на расходы мектебам и вероучителям. В этом отношении выдвинулись и богачи-благодетели. Нашлись среди них имамы и молодые шакирды – энергичные люди, которые взяли на себя роль учителя» [19], – деп жаңа əдісті мектептердің жылдар бойы ұйықтаған халықтың өміріне едəуір өзгерістер енгізгенін жазған. 156

ХХ ғасырдың басында жаңа идеяларды сіңірген «Тəржіман», «Уақыт» жəне «Үлфат» татар газеттер беттерінде жаңа əдісті оқу орындарының мұсылмандар арасында қолдау тауып, күнненкүнге көбейіп келгені жөнінде хабарлар жиі-жиі кездесетін. Бұл құбылысты атақты ғалым М. Қойгелдиев былай сараптады: «ХХ ғасырдың басында жалпытүркілік азаттық идеясының күш алуына татар (қырымдық жəне қазандық) жəне башқұрт халықтарының зиялыларының біразы еңбек етті. Бұл табиғи құбылыс болатын. Өйткені орыстық отарлық езгінің, ең алдымен, басынан өткерген, сондықтан да онымен күрестің бағасын терең ұғынған жəне осы жолда біраз тəжірибе жинаған да осы халықтар еді. И. Гаспринскийдің «Тəржіман», Ф. Каримовтың «Уақыт» газеттері татар зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, азаттық идеясының қайта жаңғаруына қызмет жасады» [20]. Түркістан генерал-губернаторлығында кеңінен өріс алған жаңа əдісті мектептер патша өкіметінің үрейін ұшырды. Олар бұл мектептерге сескене үрке қарай бастады. Полиция департаментінің 1901 жылы Сырдария уалаяты əскери-губернаторына жолдаған мына нұсқау хатынан орыс əкімшілігінің ашылған жəдидшіл мектептерден қаншалықты сескенгенін көре аламыз. Онда былай деп жазылған: «В последнее время в татарской литературе встречаются статьи связанные с пробуждением 14 миллионного мусульманского населения. Все это началось с азбуки опубликованной в 1884 году Гаспринским под названием «Ховадже-и- Субьян»… в связи с последствиями Андижанского восстания мы должны с острожностью относиться к мусульманству и предпринять меры в отношении открывающихся ново-методных школ» [21]. Жергілікті əкімшілік орындарынан Ішкі істер министрлігіне Қазан жəне Қырым татарлардың Түркістан өңірінде қанат жайып, жергілікті халық арасында Ресейге қарсы үгіт-насихат жүргізгені жөнінде көптеген шағым-арыздар түскен. Бұл шағымдарда аталмыш татарлардың, əсіресе қырғыздар (қазақтар) арасында ислам дінін уағыздап, түрлі басылымдар таратып қана қоймай, өздерінің зиянды ықпалын сол халықтарға тигізгені жөнінде мəліметтер бар. Орыс əкімшілігінің пікірінше, бұл татарлар орыстардың 157

нағыз жаулары болып, орыстандыру саясатына тосқауыл болған. Ол жөнінде Остроумовтың мына сөздері дəлел бола алады: «Самыми вредными пропагандистами в Туркестане являются татары. Они добиваются всевозможных прав и полномочий и действуют везде, где только можно в городах и степях. Многие богатые татары расходуют на это тысячи. При этом особенно нужно иметь в виду Измаила Гаспринского, который начал свою панисламистскую деятельность в Бахчесарае и справедливо считается одним из самых влиятельных передовых борцов за интересы ислама во всех отношениях и может быть сравниваем с мадьярским патриотом Кошутом» [22]. Орыс əкімшілігінің пікірінше, Түркістан өңіріне тəуелсіздік идеяларын татарлардан басқа түрік «эмиссарлары» таратқан. Олар мұсылман халықтарын өз медреселерінде оқытып қана қоймай, Түркістан өңірін түрлі басылымдармен қамтамасыз етіп жүргені жөнінде көптеген мұрағат құжаттары дəлел бола алады. Мұрағат құжаттарының бірінде: «Кроме татар на Туркестанских мусульман имеют большое влияние разные турецкие эмиссары. Во время греко-турецкой войны с почты получались картины сражений, где все турецкое прекрашивалось, а христианство представлялось в искаженном и обидном для него виде. Внешним признаком турецкого влияния являются так же: факт ношения туземцами турецких фесок, вместо обычного головного убора, украшение куполов местных мечетей изабражением луны и большое распространение турецких гравюр религиозного характера в домах туземцев, особенно в кельях при медресе» [23], – деп жазылып, түріктердің де Түркістан өңіріне ықпал еткенін жазған. Түркістан районының қарауыл бөлімшесінің бастығы 1912 жылы 31 қазанда Түркістан өлкесінің училищелердің басты инспекторына жазған шағымдамасында Абдурашитханов есімді кісінің үйін тексеру барысында түрік тілінде жазылған кітапты тапқанын жазған. Сонымен қатар Абдурашитхановты ол түріктермен байланыс құрғаны жөнінде айып тағып, оның 1908 жылдан бастап «Шухрат» атты газетін шығаруға тыйым салғаны туралы жазған [24]. Осылайша, отар əкімшілігі кез келген жағдайға күдікпен қарап, жергілікті халықты бақылап отырған. 158

Осы іспеттес шағымдар, «татарлардың ауыл жастарын орыс өкіметіне қарсы тəрбиелеп жүр», – деген сылтаумен, қуылуына себебін тигізген. Олардың Түркістан өңірінің барлық аймақтарына келіп дəріс берулеріне, тіптен, бұл аймаққа сауда-саттық немесе қыдырып келулеріне шектеу қойылды [25]. Патша өкіметі халықтың ұлттық сана-сезімін қолынан келгенше тұмшалап тырысқанымен, жəдидшіл қозғалыстың өрістей түсуіне қарсы тұра алмады. ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда көптеген жаңа əдісті мектептер ашыла бастады. Тек Сырдария облысының бірінші аудандық инспекциясында 1914 жылы 17 жаңа əдісті мектеп тіркелген [26]. Олардың арасында Əулиеата қаласында ашылған «Шамсие» мектебі, Қазалы қаласында «Хусаинов» татар мешіті жанындағы жаңа əдісті мектеп, Перовскі қаласында ашылған «Шаги Ахмет Валиуллинов» атты жаңа əдісті мектеп, Түркістан қаласындағы жаңа əдіспен дəріс берген т.б. мектептер қызметін атқарған. Əулиеата қаласындағы татар мешіті жанындағы мектептің ұйымдастырушысы Хусаин Бегиев бұл мектепті жаңа əдісті мектеп ретінде қайта құру үшін оған өтініш білдірген атааналардың арызын негізге алып, Сырдария облысының екінші аудандық халық училищесінің инспекторына өтініш жазған. Осы өтінішке жауап ретінде ол инспектордың рұқсатын алып, «Шамсие» атты жаңа əдісті мектепті Николаев көшесі бойындағы татар мешіті жанынан ұйымдастырды. Онда 30 оқушының 2 сарт, 8 татар, 5 қазақ ұлы жəне 5 қыз оқушы білім алған. Бұл мектепте мұғалім қызметін Самара губерниясының Бузулук уезінің шаруасы Халим Абдулгамит Умиров атқарған. Халим Абдулгамит Гафаров медресесін бітіріп, мұсылмандық ілімдерімен қатар жаратылыстану пəндерін жергілікті тілде беретін [26, 8-9-п.п.] «Шамсие» жаңа əдісті мектебінің оқу бағдарламасы төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде шəкірттер екі сатылы аптада 11 сағаттық əліппе сабағын оқитын. Бірінші сатыда «МуғалимАввал» əліппе сабағына 6 сағат бөлінсе, екінші сатыда «МұғалимСани» əліппе сабағына 5 сағат бөлінген. Əліппе сабағымен қатар шəкірттер ауызша дін заңы сабағын өтетін, оған аптада 3 сағат 159

бөлінген-ді. «Қираат-Турки» деп аталатын ана тілін үйрену сабағына аптада 4 сағат бөлінген. Арифметика сабағына (ХисапЗихни, арабша-«хисап» есеп деген мағынаға келеді, ал «Зихни» ойлау дегенді білдіреді) аптасына 2 сағат бөлінген. Шəкірттердің көркем жазу сабағына аптасына 2 сағат бөлініп, жалпы бірінші бөлімде шəкірттер аптасына 22 сағаттық дəріс оқитын [27]. Екінші бөлімде – Құран сабағына аптасына 6 сағат бөлінсе, «Мұғалимул-Ибадат» дін заңы сабағына 3 сағат бөлінген. Екінші бөлімде де шəкірттер аптасына 2 сағат бөлінген ана тілін оқитын. «Рахбар-Имла» атты ана тілінде диктант жазу сабағын аптасына 3 сағат бөлінген. Сондай-ақ «Тарих-Анбия» қасиетті тарих сабағын аптасына 3 сағат алып, есеп сабағын аптасына 4 сағат оқитын. Жалпы екінші бөлімде шəкірттер 21 сағаттық дəріс алатын [27]. Үшінші бөлімде Құран сабағына аптасына 5 сағат бөлінген. Дін заңы сабағына 4 сағат бөлінген. Үшінші бөлімде шəкірттер география (Мұхтасар-Жағрафия) сабағын аптасына 4 сағат оқитын. Бұл бөлімде гигиена сабағына аптасына 2 сағаттық дəріс бөлінген. Сондай-ақ шікірттер ислам тарихын (аптасына 4 сағат), арифметика (3 сағат) жəне диктант сабағын аптасына 4 сағат оқитын, жалпы бұл бөлімде оқушылар 30 сағаттық дəріс оқитын [27, 42-43 об.-п.п.] Төртінші бөлімде оқушылар Құран (4 сағат), дін ілімін (2 сағат), қысқаша жалпы жəне Ресей географиясын (3 сағат), арифметика сабағын (6 сағат), ислам тарихын (6 сағат), диктант жəне ауызша гигиена сабақтарын оқитын, жалпы бұл бөлімде оқушылар жоспар бойынша жасалған 31 сағаттық дəріс оқитын [28]. «Шамсие» атты жаңа əдісті мектепте Қазан мен Орынбордан шыққан татар оқулықтары бойынша сабақ берілетін. ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Қазалы қаласында ашылған «Хусаинов» атты мешіт жанындағы жаңа əдісті мектепте 80 оқушы білім алған болса, «Дивар-Хусаинов СейфунМаликов» мектебінде 35 қыз бала білім алған [29]. Бұл мектепте Орынбор медресесін бітірген екі оқытушыға қоса бір молда сабақ беретін. Мектептегі оқу процесі төрт сыныпқа бөлінгендіктен, оқушылар Еуропа үлгісімен жабдықталған төрт бөлек сыныпта 160

дəріс алатын. Бұл мектептің 80 %-ы татар, 10 %-ы сарт, 5 %-ы қазақ, 2 %-ы татар қыз балалары еді [30]. Мектепте білім алу тегін болғанымен, оқушылардың ата-аналары мүмкіндігінше ақшалай немес түрлі сыйлықтарын бұл мектепке беріп отырған. Мектепке қажетті қаражатты «Ғани Ғаниұлы Хусаинов» мешітінің қауым мүшелері жинаған. 1906 жылы Қазалыда ер балаларға арналған жаңа əдісті қазақ метебі ашылды. Бұл мектепте бір қазақ оқытушы ата-аналардың қаржысымен күн көріп, дəріс берген, ондағы оқушы саны 50 болған [31, 204-б.]. Қазан қаласында білім алып қайтқан жас молда Перовскі қаласындағы «Шаги Ахмет Валиуллинов» жəдидшіл мектебінде дəріс берді. Бұл мектепте 33 шəкірт білім алған. 1906 жылы Перовскі қаласында ашылған Бек Булатовтың қыздарға арналған жəдидшіл мектебінде 16 қыз бала оқушысы білім алған [32]. «Яр-Мухаммед Ярболовтың» мектебінде 26 оқушы оқыды. Сол жылдары Шымкент қаласында жаңа əдісті татар мектебі жұмыс істеген [33]. Сырдария уалаятының Түркістан қаласында жаңа əдіспен жұмыс істейтін мектеп 1900 жылдан бастап жұмысын атқарып келді. Онда татар оқытушы қызмет атқарды. Мектептің құрамында қыздарға арналған сыныпта 10-нан астам қыз баласы білім алған. Сол жылы Түркістан қаласындағы екі мектеп жаңа əдісте сабақ беру жүйесіне өтті [31, 134-б.]. ХХ ғасырдың басында Əулиеата қаласында екі жаңа əдісті мектеп жұмыс істеп келді. Бірінші, татар мешіті жанындағы мектепте 35 оқушы оқыса, екінші, Көш-Төме мекенінде орналасқан жаңа əдісті мектепте 16 оқушы білімін жетілдірген [31, 127-б.]. Оңтүстік Қазақстан жерінде ашылған жаңа əдісті мектептердің арасында осы Əулиеата қаласындағы мектептер төмен деңгеймен жабдықталған-ды. Аталмыш мектептердің бөлмелеріне парталар орнына қираған орындықтар қойылған еді. Кейбір балаларға орындықтар жетпей, олар киіз төселген еденде отырған. Ал Перовскі мен Қазалы қалаларындағы жаңа əдісті мектептер бөлмелеріне жаңа үстелдер мен орындықтар 161

қойылған-ды. Барлық сыныпта тақта ілініп тұрған. Оқытушының да жеке орындығы мен үстелі болған. Жалпы алғанда, Оңтүстік Қазақстанда жəдидшіл мектептердің саны ескі мұсылмандық мектептерге қарағанда аз еді. Статистикалық мəліметтерге жүгінсек, 1903 жылы Шымкент уезінде 172 ескі мұсылмандық мектебінде 2496 ер бала, 176 қыз бала оқыды. Сол жылдары Қазалы уезінде 99 ескі əдісті мұсылмандық мектеп жұмыс атқарған [34]. Ал 1905 жылы Шымкент уезінде 172, Əулиеата уезінде 147, Перовскі уезінде 84, Қазалы уезінде 99 ескі мұсылмандық мектеп жұмыс атқарған. Жалпы облыста 502 ескі əдісті мектеп болды [34, 18-п.]. Енді Оңтүстік Қазақстан өңірінде жəдидшіл мектептердің санын байқап көрсек. Статистикалық есеп бойынша, Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде жалпы 63 жаңа əдісті мектеп халыққа қызмет еткен. Оның Сырдария уалаятында 16 жаңа əдісті мектепте 1650 шəкірт білім алған болса, Жетісу облысында 12 мектепте 825 оқушы білім алған [35]. Атап айтатын болсақ, Оңтүстік Қазақстан өңірінде Əулиеата қаласында 2 жаңа əдісті мектеп, Перовскіде 2 ер балаларға жəне 1 қыз балаларға арналған жаңа əдісті мектеп, Қазалы қаласында 3 жаңа əдісті мектеп, Шымкент қаласында «Шəми» мешіті маңында басшылық келісімімен ашылған жаңа əдісті мектеп, Түркістан қаласында ашылған 1 жаңа əдісті мектеп халыққа қызмет көрсетіп отырған [36]. Аталмыш жаңа əдісті мектептердің барлығы басшылық рұқсатымен қалаларда ашылып, тіркеуден өткен. Сонымен қатар тіркеуден өтпеген көшпелі жаңа əдісті мектептердің санын анықтау қиынға соқты. Себебі мұрағат құжаттарында олар жөнінде нақты мəліметтер табылған жоқ. Сондықтан олардың санын нақты көрсету мүмкін емес. Аталмыш мектептердегі дəрістер белгіленген оқу жоспар негізінде толық өтетін. Сабақтар жеке кітап негізінде емес, пəн бойынша өтілді. Сондықтан жаңа əдісті мектептердегі оқытушылар жергілікті молдалардан сауатты болғанын айта аламыз. Себебі олар арнайы медреселерде білім алып, оны тереңдетіп жүрген. Алайда барлық жаңа əдісті мектептер жоғары көрсеткішке ие болды деп айту қиынға соғады. Бұл мектептердің басым бөлігі материалдық 162

жəне білімді мамандардың тапшылығынан, сондай-ақ оқу құралдардың аздығынан өздерін биік белестерден көрсете алмады. Дегенмен жаңа əдіс мектептерінің түлектері бір сыныпты жаңа əдісті мектепте оқытушы немесе мешіт имамы бола алды. Сонымен қатар олар елдегі сауда істерін жүргізе алды, елдің экономикалық дамуына үлесін қосты. Жаңа əдісті мектептердің оқу бағдарламасы еуропалық мектептердің бағдарламасы негізінде жасалған. Алайда Ресей империясы құрамындағы мұсылман халқы арасында кең тараған барлық жəдидшіл мектептердің оқу бағдарламасы бірдей болды деуге болмайды. Жəдидшіл мектептерді бір жүйеге келтіру мақсаты Нижний-Новгородта 1906 жылдың 16-21 тамыз аралығында өткен бүкілресейлік мұсылман съезінде қаралған еді. Бұл съезде оқу мəселесіне байланысты 33 тармақтан тұратын шешім қабылданды. Онда, біріншіден, барлық елді мекендерде мұсылман балаларына арналған бастауыш жəне орта мектептердің ашылуы, оқу процесі араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізілуі, балаларды сегіз жастан мектепке қабылдау мəселелері қолға алынды. Сондай-ақ съезде оқыту мəселесіне басты назар аударылды. Съезге қатысушылар барлық жаңа əдісті мектептерге бірдей оқу бағдарламасының енгізілуі, ол үшін 1907 жылдың мамыр айында орталық қалаларда, атап айтқанда, Қазан, Ташкент, Қызылжар, Бақшысарай, Омбы қалаларында оқытушылар съезі шақырылсын делінді. Нəтижесінде, түркі халықтарының бірлігін арттыру мақсатында жаңа əдісті мектептерде дəрістер ортақ түрік тілінде өтілсін деп шешілді [37]. Бірақ Ресейде болып өткен бірінші орыс революция салдарынан съезде қабылданған шешімдерді іс-жүзіне асыру қиынға соқты. Жаңа əдісті мектептерде мына кітаппен сабақ берілген: Насайхул Атвал (балаларға кеңес), Ахмет Қожа авторлығымен шыққан оқулық діни мазмұнды екі бөлімнен тұрды. Бұл кітап оқушыларды адамгершілікке жəне тазалыққа үйретті. Хисаб (есеп) – арифметика сабағы. Оның авторы – Абдул Мəжіт Қадыров. Абди-Сани-география, жаратылыстану мен тарихи жəне адамгершілік мазмұндағы мақалалардан тұратын бұл кітапта түрлі 163

тарихи оқиғалар мен маңызды географиялық орындар қамтылған. Оның авторы – Мұнаввар Қары. Тарих Муқаддас – қасиетті тарих кітабы. Оның авторы жаңа əдісті оқытушы Шəкіртжан Рахимов еді. Рахбар-Фарси-парсы грамматикасы. Мұны Мұхаммед Расул Имам Расулов құрастырған. Бұл кітап парсы грамматикасының хрестоматиясы еді. Мунта Хаби Гулистан – парсы тіліндегі адамгершілік мазмұндағы Гулистан кітабынан үзінділер жинағы. Оны да Мұхаммед Расул Имам Расулов басып шығарған. Адабият – өлеңдер жинағы. Бұл кітап оқушыларды поэзияға баулап, əн-күй сабақтарында қолданыс тапты. Оның авторы Абдулла Авлявов еді [38]. Аталмыш оқулықтардың басым бөлігі Ташкент баспаханасынан басылып шыққан. Кітапта балаларды адамгершілік жолында тəрбиелейтін түрлі адам бейнелері мен иллюстрациялар басылып шығарылатын. Нақты пəндерден берілетін сабақтарда татар тілінде басылып шығарылған кітап пайдаланылатын. Бұл кітаптың көптегінен бөлігі орыс тілінен аударылған еді. Мəселен, «Мухтар-и Хандиса» оқулығы А. Давыдовтың қысқаша геометрия оқу құралынан, «Таби-Кангашляр» оқулығы дəрігер О. Федоровтың гигиена кітабынан аударылған-ды [39]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде жаңа əдісті мектептер санының аздығын патша өкіметі тарапынан қолдау тауып отырған жергілікті консервативті элементтер мен жергілікті отаршыл барлаушылар жаңа əдісті мектептердің ашылуына қарсылық көрсетіп тұрғанымен байланыстыруға болады. Мұсылмандардың рухани болмысы мен оларға ықпал ететін татарларды аңду мақсатында Түркістан генерал-губернаторлығы тарапынан 2000 сом бөлінген еді. Бұл ақша генерал-губернатордың сөзімен айтқанда: «Чтобы организовать правильное расследование мусульман необходимо в Аулиетинский, Чимкентский и Ташкентские уезды послать тайных агентов из благонадежных туземцев, по два в каждый, с тем непременным условим, чтобы агенты эти не знали друг друга и чтобы один не знал, что посылается в тот же уезд другой. Эти агенты могли бы путешествовать инкогнито: 164

один например в качестве мелкого торговца, а другой- в качестве странствующего дуваны, нищего. Эти агенты по инструкции должны собирать сведения о настроении мусульман и действий татар, а так же открывающихсы ново-методных школах» [40]. Осылайша, патша үкіметі ашылып жатқан жаңа əдісті мектептерге тосқауыл болу мақсатында түрлі жолдарды қарастырып, оларды жабу үшін қолынан келгенін аямады. Жəдидшіл оқу орындардың мəселесін қарастыру мақсатында 1909 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы оқу істерінің басты инспекторының ұйымдастыруымен мəжіліс өткізілді. Бұл жиналысқа Сырдария, Жетісу, Самарқан жəне Ферғана облыстарының оқу инспекторлары қатысты. Қатысушылар, жаңа əдісті мектептердің 1907 жылғы бастауыш мектептер туралы ережесіне сай басқаруға келмейтінін айтып, бұл мектептерге арнайы ереженің дайындалу керектігі жөнінде сөз қозғады. Аталмыш жиналыста «жəдидшіл мектептерді мүмкіндігінше қауіпсіз ету» туралы ереженің жобасы əзірленді. Сөйтіп, бұл мектептерді бақылауға алуды көздеген ереже жобасы Түркістан генерал-губернаторлығының келісімімен Халық ағарту министрлігіне жіберілді [41]. Алайда ереже жобасы жоғарғы инстанцияда қарала қоймады. Нəтижеде жəдидшіл мектептерді бақылауға алу мəселесі 1911 жылы шілдеде Түркістан генерал-губернаторлығы уезд басшылары съезінде қаралды. Уезд басшылары Түркістан генералгубернаторлығы оқу істері басты инспекторының ұйымдастырған жиналыста əзірленген жобаны жақтап, тез арада бекітілуін талап етті [42]. Генерал-губернатор Халық ағарту министрлігінен жауап күтпестен жаңа əдісті мектептер жөніндегі ережені 1912 жылдың қаңтар айында бекітті. Ереже бойынша, жалпы білім беру оқу орындарын ашу мəселесі тікелей халық училищелер инспекторының рұқсатымен ғана жүзеге асты. Бір тайпа өкілдерінен шыққан түземдік оқушылары мен мұғалімдері жаңадан ашылатын немесе ашылған мектептерде болуы жіті қадағаланатын болды. Жаңа əдісті мектеп ұйымдастырушыларына, қалалық жəне ауылдық қоғамдарға ашылатын немесе ашылған мектептерде жалпы мемлекеттік орыс тілі сабағын оқыту ескерілді [43]. Сондай-ақ жаңа əдісті мектептер ұйымдастырушыларынан мектептің оқу бағдарламасы, мұғалімдер 165

жөніндегі ақпарат, оқулықтардың тізімі талап етіліп, жаңа əдісті мектептер генерал-губернаторлық тарапынан бекітілген осы ережеге бағынды [44]. Осылайша, барлық жаңа əдісті мектептер əкімшілік орындарға тəуелді болды. Орыс əкімшілігінің бұл ұстанымы жаңа əдісті мектептердің дамуына тосқауыл қойды. Өйткені ереженің екінші тармағы бойынша мұсылман халықтарының араласып оқуына тыйым салынды. Сонымен қатар ережені дайындаған орыс басқарушылар жаңа əдісті мектептердің қоғамдағы қызметіне шектеу қойып, олардың біртіндеп ығысуын, тіпті барлаушылар мен оқу инспекторларын араластырып, бұл мектептерді жабуды көздеді. Орыс əкімшілігі жаңа əдісті мектептердегі кез келген кемшіліктерді сылтауратып, оны жауып отырды. Мəселен, мектептегі гигиеналық тазалық жағдайы басты сылтауларының бірі еді. Училищелер инспекторлары бұл мектептердің бөлмелеріне жарық түспейтіні, санитарлық талапқа сай келмейтіні жөнінде актілер жасап, үкімет орындарына мектептердің жабылу қажеттілігі жөнінде өтініштер жазып отырған. Жəдидшіл мектептердің қызметін жалғастыру тікелей қаражатқа байланысты болғандықтан, міндетті түрде орыс əкімшілігінің байқаған кемшіліктері басым болған. Бірақ оған орыс əкімшілігі қол ұшын бермей, керісінше оларды тезірек жабуға тырысып баққан [45]. Түркістан генерал-губернаторлығы аумағында күшіне енген бұл ережеге қарсы мұсылман халқы наразылығын білдіре бастады. Əсіресе ереженің екінші тармағы, яғни мұсылмандардың араласып оқуына тыйым салу мəселесі мұсылман халықтарын қатты əбіржіткен. Сондықтан жəдидшіл мектептер ұйымдастырушылары қызметін жалғастыру мақсатында оқу инспекторларына оқушылардың тізімін ұсынғанда, олардың бір ұлттан шыққандығы көрсетіліп, орыс тілі пəні оқытушының мұсылман болуын талап еткен. Оған Түркістан аудандық күзет бөліміне түскен құпия мəліметі дəлел бола алады. Бұл мұрағат құжатында: Шымкент мұсылмандарының бас қосып, орыс тілі пəні оқытушының орыс болғандығына қарсы шығып, жалпы мектеп жағдайы жөнінде сұхбат жүргізгені жазылған. Сондайақ бұл жиналыста орыс əкімшілігінің мұсылмандарды барынша кемсітіп, ережені мұсылмандық оқу орындарын жабу мақсатында ғана бекіткені жөнінде сұхбат еткен мəліметтері бар. Мұсылман 166

халықтары жаңа əдісті мекептердің өлкеде халыққа қызмет етуді жалғастыру туралы сөйлескенін жəне орыс тілі пəнінен мұсылман мұғалімінің сабақ беруін талап ету жөнінде бір келісімге келгенін жазған [46]. 1912 жылы қабылданған «Жəдидшіл мектептерді бақылау» ережесі Түркістан өлкесінде бұл мектептердің дамуына тосқауыл болып, аталмыш мектептерді қатаң бақылауға алды. Жаңа əдісті мектептерін жабу мəселесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында өрістей түсті. Соған қарамастан мұсылман халықтары Ресей империясының орыстандыру саясатына қарсы күресін одан сайын күшейтіп, ұлттың мүддесін қорғауға барынша ат салысты. Жəдидшілдік қозғалыс ағарту саласында өзіндік із қалдырып, ұлттық оқу жүйенің қалыптасып даму жолындағы күрестің өрістей түсуіне жол ашты. 1916 жылғы мұсылман халықтарының ұлтазаттық көтерілісі мұның бір айғағы болып келеді. Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістерге тоқталыңыз. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстарына баға беріңіз. Ағартушы əрі қоғам қайраткері болған ірі тұлғалардың педагогикалық көзқарастарының бүгінгі таңда заман талабымен үйлесе үндесуі мен сабақтастығын саралаңыз. Жəдидшілдік қозғалыс жəне түрікшілдік əрекетті салыстырыңыз. Ы. Гаспыралының «тілде, дінде жəне ойда бірлік» идеясының Қазақстанда белең алуына тоқталыңыз.

Ұсынылатын əдебиеттер: 1.

Вахабов М.Г. О социальной природе среднеазиатского джадидизма и его эволюции в Великой октябрьской революции / История СССР. – 1963. – № 2; Кочаров В.Т. Из истории народного образования в Туркестанском крае. – Ташкент, 1959. – С. 15; Худайкулов А.М. Просветительская деятельность джадидов Туркестана (конец ХІХ начало ХХ веков): Автореф. к.ф.н. – Ташкент, 1996; Мехмет Сарай. Rusya’nın Tьrk İllerіnde Yayılması. – İstanbul, 1975; Tьrk Dьnyasında Eğіtіm Reformu ve Gaspıralı İsmaіl Bey. – Ankara, 1987; Надир Девлет. 167

2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31.

Rusya Tьrklerіnіn Mіllі Mьcadele Tarіhі. 1905-1907. – Anraka, 1985. Гаспринский И. Из наследия. – Симферополь: Таврида, 1991. – С. 164 -165. ӨРОММ. 1009-қ., 1-т., 90-і., 1-п. ӨРОММ. 1009-қ., 1-т., 12-і., 42-п. Ершахин Сейфеттин, Tьrkіstanda İslam ve Mьslьmanlar. Sovyet Dцnemі. – Ankara, 1999. – S. 258. Алекторов А.Е. Новые течения в жизни могометанских школ // Журнал министерства народного просвещения. – СПб., 1909. ч. ХХ. Апрель. Баймирза Хайт. Sovyet Rusya Іmperyalіzmі ve Tьrk Dьnyası. – Ankara, 1975. S.15. Мехмет Сарай. Tьrk Dьnyasında Eğіtіm Reformu ve Gaspıralı İsmaіl Bey. – Ankara, 1987. – S. 45-47. Надир Девлет. Rusya Tьrklerіnіn Mіllі Mьcadele Tarіhі, 1905-1907. - Anraka, 1985. - S. 17. ӨРОММ. 1-қ., 2-т., 123-і., 7-9- пп Зеки Уəлиди Тоган, Bugunkь Tьrkіlі Tьrkіstan ve Yakın Tarіhі. – İstanbul, 1982. – S. 23-25. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 956-і., 96-97-пп. Остроумов Н.П. К истории мусульманского образовательного движения в России в ХІХ и ХХ столетиях // Мир ислама. – СПб., 1913. – С. 27. Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области. – Ташкент, 1912. – С. 117. ӨРОММ. P-2282-қ., 1-т., 1812-і., 1-2-пп. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 125-і., 78-п. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Соч. Т. ІІ. Ч. 1. – М., 1963. – С. 340. ӨРОММ. 1009-қ., 1-т., 51-і., 18-19-пп. ӨРОММ. 1009-қ., 1-т., 58-і., 43-п. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 926-і., 182-п. Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы жəне Мұстафа Шоқай ұлы. – Алматы, 1997. – 53 б. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1148-і., 112-п. ӨРОММ. 1-қ., 31-т., 540-і., 27-п. ӨРОММ. 17-қ., 1-т., 9829-і., 123-124-пп. ӨРОММ. 49-қ., 1-т., 255-і., 1-п. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 11-і., 8-п. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1150-і., 378-п. ӨРОММ. И-49-қ., 1-т., 255-і., 41-42-пп. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1148-і., 47-48- пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1712-і., 6-п. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1760-і., 89-п. 168

32. 33. 34. 35. 36. 37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46.

ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 1148-і., 148-п. Русский Туркестан. - 1901. - № 16. ӨРОММ. И-48-қ., 1-т., 65-і., 15-п. ӨРОММ. И-47-қ., 1-т., 955-і., 110-111-пп. ҚРОММ. 232-қ., 1-т., 37-і., 7-п. Mary Holdsworth, Turkestan іn the Nіneteenth Century, A bіref Hіstory of Bukhara, Kokand and Khіva. – Oxford, 1997. – P. 9. ӨРОММ. И- 17-қ., 1-т., 79-і., 78- 80-пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1940-і., 1-3-пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1685-і., 35-36-пп. Обзор Сырдарьинской области за 1910 год. – Ташкент, 1912. – С. 188189. ҚРОММ. 44-қ., 1-т., 24236-і., 95-96-пп. ӨРОММ. 47-қ., 1-т., 3382-і., 63-64-пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1848-і., 4-пп. ҚРОММ. 44-қ., 1-т., 24237-і., 2-11-пп. ӨРОММ. 1-қ., 27-т., 213-і., 16-20-пп.

3.2. Òүðêіñòàí өëêåñіíäå ұëòòûқ ñàÿñè ýëèòàíûң îòàðøûëäûққà қàðñû êүðåñі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясы Қазақстанда отарлау саясатын жедел қарқынмен жүргізді. Патша өкіметінің көздеген орыстандыру саясаты барлық салаларды қамтыды. Əсіресе халық-ағарту саласында жүргізген орыстандыру мен шоқындыру саясаты халыққа ауыр тиді. Патша өкіметі Түркістан өлкесінде бірқатар реформалар жүргізіп, мұсылман халқын надандықта ұстауды қарап бақты. Оның бір айғағы ретінде 1897 жылы болып өткен бүкілресейлік халық санағы дəлел болып келеді. Осы санақ патша өкіметінің өлкедегі халық ағарту саласында жүргізген саясатын ашық көрсетті. Біріншіден, империя тұрғындарының 21,1 %-ы ғана сауатты екендігін көрсетті. Ресейдің шығыс отар аймақтарының жағдайы бұдан да сорақы еді. Сырдария уалаяты тұрғындарының 4 %-ы сауатты деп көрсетті [1]. Бұл санақ түркі халықтарының мыңнан 96-сы еркек, 50 əйел заты оқи алатынын ортаға шығарды. Ал 1917 жылғы революцияға дейін Түркістан өлкесіндегі сауаттылық көрсеткіші бар-жоғы 169

0,4 % құраған екен [2]. Бірақ 1897 жылғы санақ мұсылмандық сауаттылықты есептемегенін атап өту қажет. Өйткені Түркістан өлкесіндегі мыңдаған мұсылман халықтары араб, парсы тілдерін меңгергенмен шектелмей, білімдерін шетелдерге барып жетілдірген жəне өз еліне оралып, орыс əкімшілігі оған қаншалықты бөгет болам десе де қызмет жасаған. Патшалық Ресейдің мақсатын сезінген халық оның орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы күреске аттанды. 1905 жылы Ресей империясы құрамындағы мұсылман халықтары ой-санасын еркіндік үшін күреске бағыттап, олар үшін бұл кезең мəдениетінің гүлденіп, дамыған кезеңі болып келді. Осы тұста түрлі реформалар мен азаттық қозғалыстар күшейіп, мұсылман халықтарын жандануға бағыттады. Мұның бір айғағы ретінде Нижний-Новгородта болып өткен бүкілресейлік мұсылман съезі бола алады. Съезде мұсылмандар мəдениеті мен болмысын қорғаудың жолдарын іздеді, соған байланысты бірауыздан шешімдер қабылдады. Бұл съезге Қырымнан, Кавказ елінен, Қазаннан, Түркістан мен Сібірден мұсылман өкілдері ағыла қатысты. Бес күн ішінде мұсылман делегаттары саяси, діни, мəдени жəне азаматтық мəселелерді талқылап, алға қойған мақсат-міндеттерін бір уставқа жинақтады. Осылайша, Ресей құрамындағы мұсылман халықтары патша өкіметінің орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы бірігіп күресу қажет деген идеяны ортаға салды. Бүкілресейлік мұсылмандардың съезі 1906 жылы НижнийНовгородта жалғасын тапты. Бұл съезде де қатысушылар мұсылман ағартушылығының өзекті мəселелерін талқылады. Осы тұста 13-23 қаңтар аралығында Петербург қаласында өткен екінші жалпыресейлік съез мұсылмандардың арасында прогрессивтік қозғалыстың өрістей түсуіне серпінін тигізді. Сол жылдары жасырын ашылып жатқан саяси қоғамдар мен газеттер мұсылмандардың құқықтарын қорғауға тырысты. Сондайақ түрлі саяси партиялар пайда бола бастады. Ресей мұсылмандары арасында мазмұны мен мəні жағынан аса маңызды Петербургтегі «Үлфат», Орынбордағы «Уақыт» жəне Баку қаласындағы «Хиат» 170

саяси органдары халық арасында оқу-білімнің кеңінен таралуын қалады. Бұл партиялардың бастауымен съездер шақырылып, түрлі одақтар құрыла бастады. 16-21 тамыз 1906 жылы өткен үшінші бүкіл ресейлік мұсылмандар съезінде партия өкілдері тек дін мен оқу-ағарту саласына мəн бере отырып, мұсылмандардың ана тілінде білім алуларын жақтады. Бұл съезде қабылданған бағдарлама төрт басты бапта жинақталды: Мұсылмандарға қолайлы уағыздар мен баспасөз арқылы Мұхаммед пайғамбардың іліміне қайшы келетін ілімдер мен ағымдарға қарсы бірігіп күресу; Мұсылмандық оқу орындарын толығымен қайта құру, оларды басқаруды мұсылман діни басқармасына беру; Төменгі жəне жоғарғы діни басқармаларының қайғылы жағдайға тап болуына байланысты аталмыш діни басқармалардың бағдарламаларын қайта əзірлеу жəне исламға тəн мəдениет пен прогресс, сондай-ақ төзімділік негізінде оның тəсілдерін дайындау; Мұсылмандық оқу орындарын қаржыландыру мəселесін шешу [3]. Аталмыш үш бапқа қарсы «консервативті» деп атауға болатын мұсылман партиясы құралды. Бұл партияның құрамына барлық мұсылман діни қызметкерлері кіргендіктен, оның ықпалы басымырақ болған. Партияның баспасөз органдары – Петербургтегі «Нұр», Қазандағы «Қазан-Мұхбери», Башқұртстандағы «Иршад», т.б. газеттер болды. Саны жағынан аз мұсылман партиясы орыстардың социалдемократиялық партиясына қосылған мұсылман жастарының тобы болды. Алайда олар мұсылмандар арасында беделге ие бола алмады. Оның баспасөз органы «Тан-Жұлдыз» газеті еді. Бұл партиялардың идеялары əртүрлі болғанымен, олар мұсылмандардың сауаттылығын ойлаған. 1909 жылы оныншы тамызда Ташкент қаласында «Көмек» мұсылмандар қоғамы құрылды. Құрылған бұл қоғамның мақсаты материалдық жəне рухани жағдайға мұқтаж Сырдария облысы мұсылмандарына қаржылай көмек көрсету, сондай-ақ жетім-жесірлерге, қарттарға, мүгедектерге арналған емханалар, асханалар, баспаналар салу жəне оқытушылардың жағдайын жақсарту мақсатында жəрдем 171

Устав негізінде қоғам Сырдария уалаятының халық қоныстанған пунктерде өз бөлімшелерін ашып алды. Қоғамның құрылтайшылары, атап айтқандай: Ташқожа Тұяқбаев, низан-Қары Молда Хусаинов, Молда Абдулла Авлянов, Мұнавар Қары Абдурашидханов, Баширулла жəне Асадулла Ходжаевтар болды. [267, 69-п.] Осы іспеттес қоғамдар Жетісу облысы Қапал уезінде «Мұсылман ағартушылық жəне қайырымдылық қоғамы» [5], Жаркент қаласында «Мұсылман-прогресшілер қоғамы» ұйымдастырылды [6]. Бұл тарихи кезең Түркістан өлкесі халықтарының арасында да ерекше сипатқа ие болды. Патша өкіметі өзінің қараңғы саясатын бүркемелеп жүргізуін тоқтатпады. 1906 жылы 31 наурызда «Ресейдің шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігіндегі түз (инородцы) халықтарының бастауыш училищелер туралы ереже» Түркістан халықтарын ана тілінде білім алуын шектеп қана қоймай, оларды жазу ісінің орыс алфавитіне көшіруді заңды түрде бекітіп, бүкіл мұсылмандық оқу орындарын Халық ағарту министрлігіне қаратты [7]. Бұл халық аузында «31 наурыз ережесі» болып есте қалды. Осы сəтте, Түркістан өлкесі мұсылман зиялылары өз құқықтарын қорғау мақсатында Нижний-Новгородта өтіп жатқан съезге жедел хат жолдап, жергілікті халықтың «31 наурыз ережесіне» наразылық көрсетіп жатқанын жəне съезде мұсылман халықтарының мүддесін қорғауды сұранды. Съезд делегаттары бұл жедел хатта жергілікті халықтың талап еткен мəселелерін қарастырып, қабылданған ереженің бабын өзгерту жолдарын іздестірді. Олар бір шешімге келіп, Халық ағарту министрі атына өтініш жолдады. Өтініште 17 қазан манифесіндегі қабылданған империядағы барлық халықтарға теңдік негіздерін жүзеге асуын талап етіп, қабылданған «31 наурыз ережесінің» бұған қарама-қайшы келетіні жөнінде жазылған. Олар Халық ағарту министрінен мұсылмандардың ана тілінде білім алуларына мүмкіндік беруді сұраған [8]. Осылайша, Түркістан өлкесінде «31 наурыз ережесіне» қарсы қозғалыс өрістей түсті. Бұл ереже өлкедегі зиялы қауымның наразылығын туғызды. Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы ашық түрде оқу-ағарту саласын қорғауға кірісіп, патшалық Ресейдің орыстандыру саясатын сынға ала бастады. Парламент 172

наразылығын туғызды. Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы ашық түрде оқу-ағарту саласын қорғауға кірісіп, патшалық Ресейдің орыстандыру саясатын сынға ала бастады. Парламент шеңберінде оқу-ағарту саласында орыс əкімшілігінің мұсылман халықтарына қысым жасап жатқаны айтылып тұрды. Мұсылман фракциясының өкілі Ғ. Еникеев 20 сəуір 1909 жылы болып өткен Думаның мəжілісінде Халық ағарту министрлігінің оқу-ағарту саласында жүргізген орыстандыру саясатын жалғастырып, ашқан оқу орындарының тек миссионерлік сипатта болғанын айтқан. Сондай-ақ Ғ. Еникеев мұсылман балалары орыстандыру мақсатында ашылған орыс оқу орындарында оқып, ана тілінен, əліппесінен айырылып жатқанын жəне орыс əкімшілігі оларды мұсылман мəдениетінен, жалпы мұсылмандық негіздерінен ажырату үшін қолынан келгенше бүркемеленген саясат жүргізгенін тартынбай сынға алған. Ол «31 наурыз ережесі» мен патша өкіметінің оқуағарту саласында жүргізген орыстандыру саясатын реакциялық сипатта болғанын білдіріп, мұсылмандар атынан, біріншіден, жүргізіліп жатқан орыстандыру саясатының жойылуын, екіншіден, жалпыға бірдей білім беретін бастауыш мектептерді ашқанда мұсылмандардың этнографиялық жəне тұрмыстық ерекшеліктері ескеріліп, ашылған мектептерде ана тілінде оқытылуын, үшіншіден, мұсылман оқу орындарын мұсылман діни басқармасы қарамағына беруін талап еткен [9]. Ғ. Еникеевтің бұл талабына Мемлекеттік Думаның ұлы державалық пиғылдағы депутаты Березовский қарсы шығып, орыс мектептерінің таза орыс болуы керектігін айтып, мұсылмандардың өз тілдерінде білім алғылары келсе, онда өз қаражаттарына мектеп ашып, балаларын сол мектепте оқытсын деген шовенистік ойын білдірді [10]. Дегенмен мұсылман фракциясының оқу-ағарту саласындағы белсенді қызметі 1910 жылы жалпыға бірдей білім беру туралы заң жобасы енгізілген кезде байқалды. Орыс өкіметі бұл заң жобасын енгізу барысында оқу-ағарту саласын мұсылмандарды рухани қанаудың құралына айналдыруды көздегенін білдірді. Бұл жобада барлық мектептерде алғашқы екі жыл ішінде балалар ана тілдерінде білім алса, қалған жылдары орыс тілінде оқитыны 173

нағыз сорақылықтың көкесі болды. Бұл жобаны енгізудегі орыс əкімшілігінің басты мақсаты – мұсылман балаларына жарымжартылай білім беріп, оны керексіз маман етіп шығару болды. Сондай-ақ мұсылман балаларын орыс рухына тəуелді етіп, «мəңгүрт» дəрежесінде қалдыру болды. Бұл жоба енгізілгеннен кейін, оның реакциялық сипатта екенін халыққа түсіндіру жəне халықты бұл жобаға қарсы аттануды насихаттау мақсатында думадағы мұсылман фракциясының өкілі С. Мақсудов 1910 жылы Түркістан өлкесін зиярат етіп қайтты. Бұл сапардан кейін Түркістан генерал-губернаторлығының барлық облыстарынан Мемлекеттік Думаға мұсылмандарға ана тілінде білім алуға мүмкіндік беруді талап ететін жедел хаттар жіберілді [11]. С. Мақсудов Қазан қаласында екінші медресені аяқтағаннан кейін, оқытушылар мектебінде оқуын жалғастырды. Ол Париж қаласындағы Сорбонн университетін бітіргеннен соң 1906 жылы Қазан қаласына оралып, екінші жəне үшінші Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланған-ды [12]. Сөйтіп, Мемлекеттік Дума мінбесінен шовенистік пиғылдағы əзірленген заң жобасына мұсылмандардың қарсылығын Ғ. Еникеев пен С. Мақсудов батылдықпен мəлімдеме жасап, бұл жобаға түзетулер енгізуді талап етті. Барлық депутаттар оларды қолдап, ана тілдің мұсылмандар болмысын қорғайтын құрал, оны ешбір саясат жоя алмайтынын баса айтты [13]. Осыған қарамастан мұсылман фракциясының талабы көп жағдайда қарсылыққа ұшырап жатты. Оның бір айғағы ретінде Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген оңшыл депутат Марковтың ұлы державалық шовенистік пиғылдарды қорғайтын мəлімдемесінен көруге болады. Ол былай деді: «Я считаю, что будет не справедливо если потерявшие свою независимость или не сумевшие сохранить ее туземцы, будут иметь одинаковые права с нами. В этом отношении я хочу выразить следующее: Уважаемые депутаты, вы не сможите нас перевоспитать. Наши предки наше государство строили не для вас. Они строили государство для нас и наших детей и внуков, а о вас они не думали… В православном государстве школа должна распространять православные знания. Это государственная необходимость» [14]. Нəтижеде мұсылман зиялы 174

қауымының Мемлекеттік Дума арқылы ұлттық мектеп мəселесін шешу талпынысы жүзеге аспады. Александр Бенингсен «Түркістанға большевиктер келместен бұрын, халық арасында көшбасшылықты интеллигенция, жер иелері, бай саудагерлер мен ғұламалар құрастырды. Олар арасынан халықты біріктіріп, соларға басшылық жасайтын көшбасшы шықпады. Түркістан халқы бөлек-бөлек топтасып қана күрес жүргізді. 1905-1917 жылдар аралығында Түркістан мұсылмандары аяқ астынан саяси күреске аттанды. Оның екі негізі болды: біріншісі – тəуелсіздікті алу, екіншісі – исламды қорғау. Осы екі негіз халықтың болмысын орыстардан сақтап қалды. Бірақ Кеңес өкіметі жылдарында орыстандыру саясаты «екіжүзділік» сипатқа ие болды» [15], – деп сол кездегі Түркістан өлкесіндегі саяси жағдайды сипаттай келе объективті баға береді. Алайда біз сол кезеңдегі саяси жағдайдың шиеленісті екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі таңда өткен тарихи құбылыстарды сараптау, оған объективті немесе субъективті баға беру оңайға түсетін сынды. Бірақ кез келген тарихи мəселені сараптағанда біз сол кезеңге барып қайтып, оған жан-тəнімізбен сезінуіміз шарт. Одан кейін тарихи процесті бағалауымыз дұрыс болар. Сондықтан сол жылдары қазақтардың талабына сай заң жобасы қабылдануы мүмкін емес еді. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінде жариялаған «Қазақ һəм Дума» атты мақаласында Ресей империясының «демократиялық» ұстанымын былай айғақтайды: «Қазақтың көбі Думаның атын білсе де, жайын жақсы білмейді. Білгеннен соң ойлайды: Тілеген тілегі Думаға жетсе, тілегі бола қалады деп. Бүгінгі Дума ондай күннен алыс» [16]. Шовенистік рухқа малынған орыс отарлаушылар қолынан келгенше қазақтардың ұлттық дербестігі былай тұрсын, ана тілінде білім алуына шек қойып отырған. 1911 жылдың 1 қаңтар айында «Шуро» журналында Түркістандағы мұсылмандар тарихи санасын сақтамаса, өз тарихын оқымаса келешегіне ешкім кепілдік бере алмайтынын ашына жазған. Онда патшалық Ресейдің орыстандыру саясаты қатаң сынға алынып, мұсылмандардың өз келешегін қазірден ойлауын 175

жазған. Онда былай деп жазылған: «Если мы мусульмане не будем изучать историю, то нам трудно будет дать ответы на вопросы: «Кто мы такие, кто наши предки, как жили наши предки?» И мы не будем знать кто наши друзья и враги. Изучая историю шакирды будут знать людей полезных или вредных для их религии и нации и, сообразно с этим, они будут любить первых и испытывать чувство отвращения ко вторым. И они- шакирды будут знать, что притеснители, ослепленные славой и могуществом угнетают и насилуют других и что последствием этого является несчастье многих» [17]. 1912 жылы Мемлекеттік Думаның өткен жиналысында С. Мақсудов Ресей ішкі істер министрлігінің мұсылмандарға қарсы жүргізілген саясатын қатты сынға ұшыратты. Ол патша өкіметі тарапынан мұсылмандарға қарсы жасалып жатқан түрлі репрессиялар мен шектеулерді ашына айтқан. Сол жылдары үкімет тарапынан «Куняш» газеті, «Хилал мен Мағлумат» журналдары жабылды, «Уақыт» газетіне төрт рет 800 сомнан айып пұл салынды, «Айқап» жұрналына да 100 сом айып пұл салынған-ды. Орыс əкімшілігінің бұл əрекетін ол сескенбей ашық айтты. Сондай-ақ С. Мақсудов орыс əкімшілігінің мұсылмандардың діни болысына, мəдениетіне, оқу-ағарту саласына қол сұққанын да атап өтті [18]. Оның берген статистикалық мəліметтеріне қарағанда: бір жыл ішінде 150 мұсылман тінтуден өткен, 70-тен астам оқу орындары мен ағартушылық мекемелер, журналдар мен газеттер жабылған. Осыдан орыс əкімшілігінің мұсылмандардың жəдидшіл қозғалысы мен мəдени өмірін толығымен жоюға тырысқанын байқауға болады. Орыс əкімшілігі мұсылмандық дамуды «панисламизммен» айыптап, оны бұрмалап қозғалыс ретінде қарастырды. Қазан қаласында 1910 жылы өткен миссионерлік съезде «панисламизмге» қарсы шаралар белгіленді. Синод əулие мұсылмандардың шығарып жатқан газет мəтіндерімен қоса, оған орысша аудармасын бірге жариялауды талап етті. Миссионерлер бұл талапты мұсылмандардың əрекетін біліп, оларды өз шеңгелінде ұстауды мақсат еткен. Соның салдарынан миссионерлер Ішкі істер министрлігі жанынан «панисламизмге» қарсы арнайы кеңес ашты 176

[18, 160-п.]. Кеңес мүшелері Қазан қаласының миссионерлері болды. Миссионерлер «панисламизмге» қарсы бірқатар шаралар атқаратын болды. Мəселен, мұсылмандық оқу орындарының оқу бағдарламасынан жалпы пəндер мен орыс тілі пəнін оқуды алып тастап, оның бағдарламасын тек мұсылмандыққа қатысты дəрістермен шектеп, оның бақылауын Халық ағарту министрлігіне қаратуды көздеді [18, 161-п.]. Мұнда орыс миссионерлері жалпы пəндер мен мұсылмандық ілімі арасында шек қойып, оларды надандықта ұстау арқылы орыстандыруға сеніп бақты. Соған қарамастан ХХ ғасыр басындағы қазақтың саяси элитасы өздерінің еңбектерімен қазақтың ұлттық сана-сезімін оятуда, сондай-ақ халықтың зердесіне тағдырларын тек өздері ғана шеше алатынын жеткізу үшін аянбай жұмыстар атқарды. Олар аймақтық баспасөз органдарын құрды, елдегі əлеуметтікэкономикалық, рухани-мəдени жəне қоғамдық-саяси өмірді қайта құру қажеттілігін басты мəселе деп шешті. Қазақ интеллигенциясы халық-ағарту саласын көтеру, ұлттың тең құқықты болу, отаршылардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру секілді мəселелерді еңбектерінің басты тақырыбына айналдырды. М. Дулатовтың бірнеше рет басылған «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы осы іспеттес тақырыпқа сай келеді. Бұл еңбекте ХХ ғасыр басындағы оқу-ағарту саласының жағдайы, елдің қоғамдық-саяси өмірі мен əлеуметтік-экономикалық даму мəселелері көтерілген. Еңбек қазақ жастарын білім мен ғылымға шақырумен қатар, халықтың қошеметіне ие болды. Көп кешікпей бұл еңбек орыс əкімшілігі тарапынан зиянды деп табылды. Барлаушылар еңбектің таралымын анықтау мақсатында тыңшыларды жіберді, дүкендерді тексеруден өткізді. Кітаптың халық арасында таралып кетпеуіне барынша күш-жігерін аямады. Ендігі жерде қазақтың саяси элитасы «Қазақ» газетінің айналасына топтасып, халықтың көкейкесті мəселелерін шешуге бел буды. Атап айтқандай, «Қазақ» газеті төнірегіне жиналған қазақ зиялылары бар қуатын ағартушылық мақсатта кеңінен пайдаланды. ХХ ғасырың басында жер мəселесі басты тақырыпқа айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс əкімшілігінің орыс 177

шаруаларын қоныстандыру саясаты елді орыстандырумен тікелей байланыста жүріп, көптеген құнарлы жерлер тартылып алынып, ысырапсыз пайдаланды. Бұл саясат қазақты отырықшылыққа бейімдеуін көздеп, қазақтың көшпелі өркениетіне балта шапты. Жер мəселесі «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтеріліп, пікірталасқа арқау болды. Қазақ ұлтының зиялылары халықтың отырықшылыққа емес, қазақ жерінде қалалар салып, білім мен өнер ошақтарын құруын қалады. Əсіресе бұл пікірді «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан Ж. Сейдалин, М. Қаратаев пен М. Сералин жақтады [19]. Ал «Қазақ» газеті төңірегінде жиналған Ə. Бөкейханов бастаған қазақтың ұлдары көшпелілік жер нормасын жақтады. Олар қазақтардың құнарлы жерлерді егеленіп, сол жерде зəулім ғимараттардың салынуын, мешіт, мектептердің ашылуымен қатар, көшпелі өркениетті ұмытпайтынын жақтады [20]. Бұл екі топтың зиялылары қазақты қайткен күнде де алдыңғы қатарлы елге жеткізуде күресті. Олардың басты көңіл аударған мəселесі оқу-ағарту саласын көтеріп, қазақтың жастарын білім мен ғылымға баулу болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтың саяси элитасының басты тақырыбына айналды. Патшалық Ресейдің шығарған «қазақтан əскер алу» мəселесі ұлт зиялыларын қатты толғандырды. Бұл мəселе жөнінде «Қазақ» газетінде көптеген мақалалар жарияланды [21]. «Қазақ» газеті патшаның шыққан жарлығына қарсы халықтың көтеріліске шықпауын уағыздаған. Газеттің ойын жалғастырған М. Тынышпаев, И. Жайнақов, О. Əлжанов халыққа күштің тең еместігін жеткізуге тырысқан. Бұл үгіт-насихаттарға қарамастан, ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. ХХ ғасырдың басында қазақ балаларын беделді мектепте оқытуға қазыналық есептен орын аз бөлінген-ді. Жоғары оқу орындарында болса, қазақтарға бөлінген небары екі-үш орын ғана болды. Əр қазақ баласы өз қаражатына оқуға жағдайы болмады. Осылайша, оқу-ағарту саласына бөлінген мардымсыз қаражаттың салдарынан қазақ елінде сауатсыздықтың артуына жол ашты. 178

1915 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының бюджеті 25 млн құрастырса, оның 575 мыңы немесе 2-3 %-ы ғана оқу-ағарту саласына бөлінген. Ал бұл ақшаны халықтың адам басына шаққанда 13-26 тиыннан ғана түседі екен. Ал А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газетіне жариялаған «Орысша оқушылар» атты мақаласында əрбір оқушы 150 сом төлеп білім алғандығы жөнінде жазған болатын. Жалпы статистикалық мəліметтерге жүгінсек, Қазақстан бойынша 1913 жылы жұмсалған қаржы бір адамға шаққанда бар-жоғы 40 тиыннан аспаған [22]. Мемлекет тарапынан оқу-ағарту саласына жұмсалатын арзымайтын ақшаның келешекте де осы күйде қалатынын білген қазақ зиялылары тығырықтан шығатын жол іздестіре бастады. Бұл тығырықтан шығатын жолды қазақ зиялылары земство қаражатынан тапты. Мұның қазақтарға қаншалықты пайдалы екенін білген А. Байтұрсынов «Земство» мақаласында жазған болатын. Ол земствоның пайдасы көп екенін жəне өзге жұрттың не үшін көз тіккенін түсіндіре келіп былай жалғастырған: «Земствоға берген тиынан жұрт сомдық пайда көреді. Земство жоқ жерде де земской сбор деген ақша алады, бірақ оның пайдасын ақша төлегендер көрмей, басқалар көреді… Жиналған земстволық ақша оқимын деген қазақ баласына беріле ме? Қазақ баласы гимназияға оқимын десе, стипендия жоқ, учительский школда земский стипендияға қазақ баласы алынбай, Полтава губерниясынан келген орыс балалары алынады халық ақшасы далаға кетеді деген осы болады. Қазақ ақшасы босқа кететін орын жалғыз осы деп айтып отырғаным жоқ, санаса, ұшықиыры жетіп болмас, мұны əшейін мысал үшін келтірдік. Земство жайынан жазғандағы мақсат – қазаққа да ескерерлік жұмыс екендігін халықтың құлағына салмақ» [23]. Ə. Бөкейханов Мемлекеттік думаның жылдық земстволық сметасын есептеп, «Земский қазақ ақшасы» атты мақаласында Жетісу облысынан жыл сайын 454 850 сом земство салығы жиналатынын жəне сол салықтың 324 881 сомын қазақтар төлейтінін атап көрсеткен. Қоғам қайраткерінің пайымдауынша, сол жылдары бір мектепті салуға мың сом жұмсалады екен. 179

Ал есептеп көрсек, сол жылдары қазақтардың төлеген земство салығына қаншама мектеп көтеруге болады [24]. Қазақ зиялылары земство жүйесін енгізуге талай рет талпыныс жасады. Алайда орыс əкімшілігі оны қазақ жеріне енгізуді қаламады. Тек Уақытша үкімет тұсында көптеген өтініштер жазу арқылы ғана қазақ жерінде земство жүйесі енгізілді. Сөйтіп, патша өкіметі жылдарында қазақ зиялылары ойлаған мақсатына жете алмады. Осылайша, қаржы тапшылығының салдарынан қазақ жеріндегі оқу-ағарту саласының дамуы бірқатар қиыншылықтарға тап болды. Сондықтан сол жылдары оқу орындар тиісті мөлшерде ашылмады, қазақ балалары оқуға тартылмады, оқулықтар мен оқу құралдар шықпады, оқытушылар жетіспеді, нəтижеде оқу-ағарту саласы ілгері қадам жасай алмай тұралап қала берді. Дегенмен, қазақ зиялыларының күш салуымен патша өкіметі құлағаннан кейін, оқуағарту саласындағы проблемалар біртіндеп шешімін таба бастады. Оған 1917 жылғы Ақпан революциясы өз ықпалын тигізді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Түркістан жерінде көптеген саяси-мəдени органдар құрыла бастады. Олар тəуелсіздікті аңсаған жəне өз бетінше даму жолын таңдаған азаматтар еді. Оған арқау болған Уақытша үкіметтің ұлттық мəселе бойынша қабылдаған алғашқы актісі болды. 20 наурыз 1917 жылы Ресей азаматтарының құқындағы діни-наным сеніміне, ұлтқа қарай шектеуліктерді алып тастау болды. Ақпан революциясынан кейін жəдидшілердің бір қанатын құрастырған Тұран жамағатының бастамасымен 14 наурыз 1917 жылы құрылған «Шура-и Исламия» партиясы ұлттың тағдырын шешуге тырысты. Бұл қозғалыс жəдидшілердің Ташкентте Абдулуəли Қажы Абдулмəлікбайұлының үйінде Абдулуахит Қары мен Мұнавар Қарының басқаруында өткен жиналыс нəтижесінде пайда болды. Партияның құрамына қазақтар мен татарлар кірді. 17-26 сəуір 1917 жылы шамамамен 450 делегаттың қатысуымен Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының І құрылтайы өтті. Бұл құрылтайға «ескі өмір аңсаушылар» да қатысты. Жəдидшілер мен «қадым» делегаттарының арасында Түркістанда құрылатын басқару мəселесі төңірегінде тартысулар 180

болды. «Ескі өмір аңсаушылардың» алға қойған мақсаты: «Құрылатын үкіметтің мұсылман əмірлігі кезіндегі хандық жүйе болсын, оның басына хан қойылсын; Құдайға мың шүкір Худаяр ханның немерелері бар, солардың біреуін басқаруға қояйық» [25], – деген ұсыныстар болды. Оған қарсы шыққан жəдидшілер тобы: «Құрылатын өкімет заманға сай халықтың Республикасы болу қажет», – деген пікірді қатты ұстанды. Нəтижеде, Ресейде, Түркістанды да өзіне қаратқан демократиялық федеративті мемлекеттің құрылуы – мұсылмандарға тең құқық пен олардың өмірлерінің жақсартылуы тиіс деген шешім қабылданды. Сонымен қатар Түркістанның барлық жерін қамтитын Түркістан Мұсылмандарының Орталық Шұрасы құрылды. Халық арасында Ұлттық Орталық атына ие болған бұл органның Түркістанның ірі қалаларында бөлімшелері ашылды [25, 23-24]. Олардың арасында Сырдарияда Шах Ысмайыл, Жетісуда М. Тынышбаев, Закаспийде Ораз Сердар, Ферғанада Насыр хан Төре, Самарқандта Бехбуди басқарған кісілерді атауға болады. Түркістан мұсылмандарының І құрылтайында «Шура-и Исламия» саяси мақсаттары мен оған жету үшін атқарылатын шараларын «Нежат» газетінің 1917 жыл 28 сəуірдегі санында жариялады [26]. Оның басты мəселелері: – Түркістан мұсылмандары арасында заман талабына сай саяси, білім жəне қоғамдық пікірлерді тарату; – Түркістанның барлық мұсылмандары бір ойдан шығуы қажет; – Түркістанның барлық қалалары мен ауылдық жерлерде саяси, оқу-ағарту жəне əлеуметтік мəселелерге байланысты сұхбаттар жүргізу. Дегенмен З.У. Тоган мамыр 1917 жылы Ташкентте шыққан «Кенгеш» атты журналда: «Түркістан мұсылмандары тəуелсіздігін жариялағаннан бері төрт ай өткеніне қарамастан, мемлекеттік құрылысты нақты құра алмады. Бəлкім, нақты бағдарламаларының жəне өлкедегі тұрақсыздықтын, барлық жерге зиянын тигізіп жүр» – деген ойын білдіріп, сол жылдардағы бұл партияның қызметін ашық ортаға салды [27]. 181

Ақпан революциясынан кейін Түркістандағы қоғамдықсаяси өмір барынша жандана түсті. Сол жылдары уездік жəне облыстық деңгейде қазақ съездері де көптеп өткізілді. Мұндай съездер дерлік дін, мемлекеттік құрылыс секілді мəселелер мен бірге халық-ағарту ісінің өркендету туралы мəселелерді қарастырды. Халық ағарту ісі мəселесі 1-11 мамыр 1917 жылы Мəскеуде болып өткен жалпы Ресейлік мұсылман съезінің күн тəртібіне қойылған еді. Оған Еділ бойы мен Қырымнан, Бұқара мен Хиуа хандықтарынан, Кавказ бен Сібірден, Түркістан өлкесі мен қазақ даласынан 830-ға жуық делегаттар қатысты. Делегаттар арасында Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, А. Досжан, У. Танашев, Қ. Тоғысов сынды қазақ зиялылары қатысты [28]. Жалпы, Ресейлік мұсылман съезінде Түркістан өлкесі мен Қазақстандағы халық-ағарту мəселесіне көңіл аударылды. Онда Уақытша үкімет департаментінен С. Котляровский сөз сөйлеп, патша өкіметінің халық ағарту жəне дін саласында жасалған қысымдары тоқтатылып, жаңа үкіметтің мұндай қысымдарға жол бермейтінін атап айтты. С. Котляровский мұсылмандарға қатысты заң жобасын əзірлеп жатқанын айтып, осы съездегі шешімдер басшылыққа алынады деді [28]. Съезде қабылданған басты шешімдер мынандай: «біріншіден, оқу-ағарту саласы əр ұлттың өзінің қолында болсын, екіншіден, оқу орындарындағы оқу ана тілінде жүргізілсін, үшіншіден, барлық мұсылман халықтарына бірдей ортақ «түрік тілінде» оқытылсын, төртіншіден, жалпыға бірдей оқу міндетті жəне тегін болсын, оқытушылардың құқығы орыс оқытушыларымен теңестірілсін, ұлттық орта мектеп түлектеріне жоғарғы оқу орындарына түсу құқығы берілсін, ұлттық оқу-орындары мемлекет тарапынан қаржыландырылсын, ұлттық оқу орындарын оқытушылармен қамтамасыз ету үшін мұғалімдер семинариясы ашылсын», – деген мəселелер талап етілді [29]. Дегенмен, Ақпан революциясынан кейін Түркістандағы оқу-ағарту жүйесі көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Уақытша үкімет құрылғаннан кейін, өлкедегі халық-ағарту ісін комитет мүшесі Липовский басқарды. Одан кейін Түркістан комитетінің І құрамы 182

отставкіге кеткеннен кейін, өлкедегі оқу-ағарту ісін Наливкин басқарды. Осылайша, қиын жылдары қазақ халқы патшалық Ресейдің орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы күресін жүргізді. Патшалық жүйе құлағаннан кейін, орнына келген «орыстың» Кеңестік мемлекеті бас кезінде өзін көрсетпегенімен, кейінгі жылдары патшалық Ресейдің орыстандыру саясатын жалғастырды. Соған қарамастан қазақ халқы, соның ішінде қазақтың саяси элитасы тəуелсіздік үшін күресін жалғастыра берді. Ендігі жерде Тəуелсіз Қазақстан егенмендігін алғаннан кейін, оның келешегі жарқын болатынына сенім мол. Студенттерге арналған пысықтау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5.

Ресейдегі түрік халықтарының ұлттық құқықтарын қорғау жолындағы күресі, түрікшілдіктің алғышарттарына тоқталыңыз. Түрікшілдік пікірінің қоғамдық өмірдегі көрінісін анықтаңыз. Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептерін сараптаңыз. Отарлық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі мен «Ресей мұсылмандары одағының» құрылуына баға беріңіз. «Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі» жəне Қазақстанның саяси жағдайын салыстырыңыз.

Əдебиеттер 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.

8. 9.

ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 725-і., 8-9-пп. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 456-і., 31-пп. ӨРОММ. И-1009-қ., 1-т., 97-і., 158 п. ӨРОММ. И-461-қ., 1-т., 1116-і., 67-68-пп. ҚРОММ. 44-қ., 1-т., 3171-і., 4-п. ҚРОММ. 44-қ., 1-т., 4033-і., 2-п. Правила о начальных училищах для инородцев, живущих в восточной и юго-восточной России, утвержденные министерством народного просвещения 31 марта 1906 года дополненные в 1907 году. – СПб., 1907. – С. 3. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 806-і., 14-15-пп. Государственная дума. Третий созыв. Стенографические отчеты 1909 года. Сессия вторая. Часть ІІІ. Заседание 71-100. – СПб., 1909. – С. 295. 183

10. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 920-і., 3-4-пп. 11. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 1685-і., 56-56 об.-пп. 12. Валидов Д. Очерк истории образованности и литературы татар (до революции 1917 года). – Москва-Петербург, 1923. – С. 100-110. 13. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 33-і., 1-п. 14. ӨРОММ. И-17-қ., 1-т., 82-і., 67-п. 15. Alexandre Bennіngsen, S. Ender Wіmbush, Muslіm Natіonal Communіsm іn the Sovіet Unіon. – Chіcago, 1979. – P. 21-22. 16. Қазақ, 1914. – № 57. 17. ӨРОММ. 1009-қ., 1-т., 21-і., 34-п. 18. ӨРОММ. И-461-қ., 1-т., 1260-і., 4-5-п. 19. Айқап, 1913. – № 20. – 18 б. 20. Қазақ, 1914. – № 48. 21. Қазақ, 1915.– № 154. 22. Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. – Алма-Ата, 1962. – С. 25. 23. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 461 б. 24. Бөкейхан Ə. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 478 б. 25. Feyzі H. Oktebır Gьnlerınde Ulemalar. Hudasızlar. – 1929. – № 10. – S. 14-15. 26. Azamhoca Sayіtakbar. Şura-yı İslamіye, Fen ve Turmuş. 1992. – № 5-6. – S.18. 27. Тоган А. З. Түркістанда ташкилат мəселесі. – Кенгеш, 1917. – № 3. – 9 б. 28. Рүстемов С.К. Бүкілресейлік мұсылман съезі // Қазақ тарихы, 1997. – № 6. – 42 б. 29. Жолсейітова М.Ə. Қазақстанда халық-ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы (Тарихи аспект. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы. Жетісу мəліметтері бойынша) // канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. – 125 б.

184

ҚÎÐÛÒÛÍÄÛ

Ресей империясы Қазақстан жерін толық отарлағаннан кейін бұл жерде тек экономикалық мақсаттарды ғана көздеп қана қоймай, халқын рухани бодандыққа түсіруді бірінші кезекке қойды. Империялық мүдде қазақ халқын орысқа кіріптар ету, оны тарихтан мүлдем жойып жіберу болды. Мұның ең қорқынышты жағы – өлкедегі халық ағарту ісі арқылы қазақ жастарының санасына орыс рухын сіңіру, қазақтың құнарлы жерлеріне қарқынды түрде орыс келімсектері мен қара мұжықтарының едəуір бөлігін қоныстандырып, оның пайыздық көрсеткішін көтеру арқылы рухани тəуелділікке түсіру, сондай-ақ орысмиссионерлерінің ұстанған шовенистік саясаты еді. Ресей империясының жүргізген орыстандыру мен шоқындыру саясаты Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда оңтүстік өңірде пəлендей із қалдырған жоқ. Оның өзіндік себептері болды, атап айтқанда, біріншіден, Оңтүстік Қазақстан Ресейге кейін қостырылды жəне мұндағы халықтың діни ұстанымының қуаттылығы оған кедергі болды, екіншіден, Орта Азия мұсылмандары мен татар əсерінің кеңінен таралуы себеп болды, үшіншіден, халықтың орыс басқару жүйесіне оңайлықпен мойын сұнбауы, төртіншіден, орыс шаруалары мен жергілікті мұсылман халқы арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі де патша өкіметі саясатына керісінше əсер етті. Осыған қарамастан Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан өңірін өзінің рухани тəуелділігіне бағындаруға арналған бірқатар іс-шараларын атқарды. Орыс халқының мүддесін көздейтін оқуағарту жүйесін құрды, орыс қоныстанушыларына деп православиелік шіркеулік мектептер мен шіркеу құрылыстарын жүргізді, көптеп орыс шаруаларын қоныстандырды. Орыс оқу орындарының 185

басына орыстандыру саясатын құлшына атқаратын мисионерғалымдарын əкелді. Бұл миссионер-ғалымдар шіркеулік мектептердегі орыс шаруалары балаларының православиелік рухта тəрбиеленуіне мүдделі болды. Оларға патша əкімшілігінің ағарту саласында қызмет жасайтын ірі шенеуніктері мен жергілікті мекеме басқарушылары рухани жəне қаржылай қолдау көрсетті. Осылайша, Оңтүстік Қазақстанда орыс оқу орындарының саны артып, орыстандыру саясатына қызмет етті. Орыс оқу орындарының жүйесін құрудағы басты мақсаты – жергілікті мұсылман халқының сауатын ашып, бұл аймақтың өркендеуіне жол ашу емес, керісінше қазақ жастарын орысша оқытып, оларды православие дініне кіріптар етіп, орыстандыру болды. Алғашқы орыс оқу орындары ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс шаруаларының қоныстанған станциялар мен поселкелерінде бой көтерді. Оларға бастауыш мектепте білім беретін станциялық жəне поселкелік мектептер кірді. Кейінгі жылдары орыстандыруды нақты атқаратын лицейлер мен аралас орыстүзем мектептер ашылды. Аралас орыс-түзем мектептердің түп мақсаты мұсылман балаларына орыс тілін үйретіп, оларды түбегейлі орыстандыру еді. Бұл мектептердің жанынан, əсіресе шоқындыруды іске асыратын интернаттар мен пəтерлерді ашты. Онда мұсылман балалары орыс рухында тəрбие алды. Осы мақсатта орыс əкімшілігі жергілікті халықтан түрлі алымдар жинады. Көбінесе, жергілікті халықтан жиналған қаражаттың рахатын орыс халқы көрді. Мұнда Ресей империясы мұсылман балаларынан христиандық-православиелік рухта тəрбиеленген, төменгі дəрежелі азаматтарды шығаруды мақсат етті. Миссионерлік мақсатта аталмыш оқу орындарына қасиетті Синод қаржылай көмек көрсетіп отырды. Сондықтан миссионерлік мүддені көздеген миссионер-мұғалімдер халыққа білім берумен қатар миссионерлік саясатты ұштастыра жүрізді. Өлкеде мұғалімдердің жетіспеушілігінен жергілікті халық арасында орыс тілі мен православиелік миссияны қатар жүргізетін арнайы мұғалімдер семинариясы ашылды. Мұндай оқу орындарында орыс балалары оқытылды. Олар семинарияны 186

аяқтағаннан кейін, жергілікті мұсылман халқы арасында орыс мəдениетін «уағыздаушы» қызметін атқарды. Рухани отарлау саясатын өз деңгейінде жүргізетін осы іспеттес кəсіптік оқу орындарымен қатар, ХХ ғасырдың басында шаруашылық мектептердің саны да арта түсті. Шаруашылық мектептер, мұсылман балаларын орыс халқына қызмет ететін жəне қара жұмыстарын істейтін қызметкерлерді дайындады. Сонымен қатар бұл оқу орындары қоныстанған орыс шаруаларының балаларын жаңа қоныстарда шаруашылық жұмыстарына баулайтын мүддені атқарды. Оңтүстік Қазақстан өңірі ислам діні мен орыстандыру саясатына қарсы қолданатын құралға айналды. Ал дəстүрлі мұсылмандық оқу орындары жергілікті халықтың діни-рухани тұтастығын сақтап келді. Жергілікті халықтың осы мұсылмандық ұстанымына орыс əкімшілігі үлкен күдікпен қарады. Ендігі жерде орыс əкімшілігі мұсылмандықпен күресуді көз алдында бақылады. Осыған байланысты ислам дінінің ықпалын халық санысынан жоюды, сондай-ақ мұсылмандар арасында орыстандыруды оңайлататын түрлі айла-тəсілдерін ойлап тапты. Біріншіден, мұсылмандық оқу орындарын орыс басқару жүйесіне тəуелді ету, екіншіден, бұл оқу орындарды фанатизммен байланыстырып, оларды қараңғылықтың ошағына айналдыратын үгіт-насихаттар жүргізілді, үшіншіден, мұсылмандық оқу орындарын қаржысыз қалдырып, олардың қаржы көзі болған вакуфтарға қысым жасалды, төртіншіден, жаңа мұсылмандық оқу орынын ашу үшін арнайы кеңселерден міндетті түрде рұқсат алу жүйесін еңгізді, бесіншіден, қазақтар арасында мұсылмандық ілімді тарататын татар жəне өзбек молдаларының қызметіне шектеу қойылды. Орыс əкімшілігі ислам дінін Оңтүстік Қазақстан халықтарының арасында рухани-қарсылық жəне қорғаныс-ұйытқылық күш деп қабылдады. Бұл процесс орыс-православиесінің өлкеде қанат жаюына тосқауыл болатынын сезінген орыс-миссионерлері, уезд орталықтарында шіркеу құрылысын жүргізді. Қасиетті Синодтың қолдауымен Шымкент, Əулиеата, Қазалы жəне Перовскі қалаларында православиелік шіркеулер салынып, христиан дінін насихаттап жүрді. 187

Алайда православиелік миссияның қызу кірісуіне тек ислам діні емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанға жер аударған түрлі сектанттар мен бөлушілер де тосқауыл болды. Орыс əкімшілігі оған қарсы да шаралар тапты. Жергілікті халықты сектанттар мен бөлушілерге қарсы айдап салды, олардың статистикалық есебін жүргізіп, əрбір қоныстарға првославтық миссияны атқаратын священниктерін жіберді. Патша өкіметінің мүддесін қорғаған священниктер, миссионерлік саясатты жүргізумен қатар, орыс мəдениетінің таралуына септігін тигізді. Өлкеде миссионерлік стандар мен кітапханалар ашылып, православие дініне байланысты кітаппмен толтырылды. Кітапхана оқулықтарымен танысқысы келген барлық оқырмандарға толық жағдай жасалды. Ресей империясының орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы мұсылмандық оқу орындарын қайта құруға кіріскен жəдидшілдік əрекет ХІХ ғасырдың аяғынан бастап кең өріс алды. Ашылған жəдидшіл мектептер «ескі» оқу əдістен бас тартып, жаңа оқу жүйесін қалыптастыруға бет бұрды. Онда мұсылмандық ілімдермен қатар, дүниауи ілімдер де оқытылды. Мұндай мектептер Оңтүстік Қазақстанның Шымкент, Əулиеата, Түркістан, Перовскі жəне Қазалы қалаларында бой көтерді. Бұл мектептер орыс оқу жүйесіне қарсы тұра алатын қуатты күшке айналды. Жаңа əдісті мектептер беделінің артуы салдарынан көптеген мұсылман балалары «ескі» мұсылмандық оқу орындарынан осы мектептерге ауыса бастады. Сонымен қатар орыс əкімшілігінің қолдауымен ашылған орыс-түзем мектептер оқушылары да бұл мектепке ауысып, білімдерін жалғастырды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде қанат жайған жəдидшіл мектептер орыс əкімшілігінің үрейін ұшырды. Бірақ соған қарамастан бұл мектептер халық арасында үлкен беделге ие болып, ұлттық оқу жүйесінің қалыптастыру жолындағы қозғалыстың өрістеуіне əсерін тигізді. Ресей империясының орыстандыру саясатына қарсы ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының күресі күшейді. Əсіресе, қазақ зиялыларын толғандырған мəселе – орыс əкімшілігінің халық-ағарту саласындағы жүргізген саясаты еді. Қазақ зиялылары оқу орындарында қазақ тілінде білім алу мəселесін көтерді. 188

Сондай-ақ қазақ зиялыларының көтерген мəселелердің бірі – орыс шаруаларының қоныстандыру саясаты мен өлкеде шіркеу құрылыстарын жүргізу болды. Бұл мəселені Оңтүстік Қазақстандағы қазақ зиялылары да көтерді. Қазақ зиялылары 1917 жылғы Ақпан революциясы жылдарында қалыптасқан саяси жағдайға байланысты ұлттық мектептер құру жолында нақтылы қадамдар жасап, бір қатар іс-шаралар атқарды. Осылайша, қазақ зиялылары өздерінің ұлттық мүддесін қорғай алатындығын дəлелдеп берді. Ресей империясының ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан жерінде жүргізген орыстандыру саясатын нақтылы деректер негізінде зерттей келе автор төмендегі практикалық ұсыныстарын жасауды жөн көрді: Патшалық Ресей орыстандыру саясатын түрлі айл-тəсілдерін ойластырып жүргізді. Бұл тарихи процестерді сараптай келе, патшалық Ресейдің түрлі салаларда жүргізген ассимиляциялық саясатын анық көрсететін құжаттар жинағын жариялауды қолға алу қажет. Жалпы түркі халықтарын рухани отарлау процесін көрсететін жоғарғы орындарына арналған оқулықты шығарып, арнаулы курстарды оқытудың жағдайын қарастыру қажет. Практикалық-саяси маңызы бар патшалық Ресейдің орыстандыру саясатын шетел тарихнамасында қарастыратын зерттеу жұмыстарын жандандыра түсіру абзал. Түркия Республикасы Стамбул Орталық мұрағатында, Анкара қаласының ұлттық кітапханасында қазақ тарихына байланысты көптеген мұрағат құжаттары жинақталған. Атап айтқанда, Ресей империясы отарлау үрдісін бір жақтан Кавказ елдеріне, екінші жақтан Орта Азияға бағыттағанына байланысты Осман мемлекетінің өз ұстанымы, Орта Азия хандықтары мен Осман мемлекетінің патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын тоқтатуына байланысты хат алысберісі болған. Сол сияқты бұл мəселе бойынша онда көрші Иран мен Үндістан елдерінен де ресми құжаттар жинақталған. Сонымен қатар онда Түркия Республикасы империалистік мемлекеттер қоршауына алынғанда Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының ақшалай көмек көрсеткені туралы мəліметтер де жинақталған. Қазақ тарихының 189

ашылмай келген тұстарын толықтырып, оны жаңа тұрғыдан объективті түрде жазуға осы мұрағат құжаттары да өзек болар еді. Сондықтан осы тақырыпқа байланысты түрік деректерінің жинағын шығару қажет. Бүгінгі таңда Ресей империясының отаршылдық саясаты, оның мақсаты, міндеттері жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді. Алайда Ресей империясының осы отаршылдық саясаты жылдарындағы Ұлыбритания мен Осман мемлекетінің мақсат, мүдделері ашылмай келеді. Бұл тарихи құбылысты зерттеу қарқынын жандандыра түсіру қажет. Сонда қазақ халқы тарихының ашылмай келген жаңа беттері толықтырылады.

ҚÎÑÛÌØÀËÀÐ

Ресей империясы заңдарының толық жинағы. 1649 ж. Т.1-45 С-Петербург. «Император канцеляриясының ІІ бөлімі» 1830 ж. 191

Патшалық Ресей тұсында миссионерлік саясаттың жүзеге асырылуы

1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжаттан үзінді сурет. Орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты 192

1854 жыл 19 мамыр «Империяның жалпы заңын қырғыздарға (қазақтарға) да тарату туралы» ереже. Үзінді сурет

Жəдид мектептері 193

Мұсылмандық мектептер

ÌÀÇÌҰÍÛ

АЛҒЫ СӨЗ .................................................................................................3 КІРІСПЕ .....................................................................................................5 І тарау. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.....................................................21 1.1. Түркістан өлкесінде патша өкіметі үстемдігінің орнауы .............................................................................21 1.2. Оңтүстік Қазақстандағы қоныс аудару саясатының орыстандыру ісімен байланыстырылуы ............................................45 ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ ОТАРЛАУДЫҢ БАРЫСЫ ........................................................................72 2.1. Исламға жəне мұсылмандық ағартушылыққа қарсы ұйымдастырылған шаралардың жүзеге асырылуы .................................................................................72 2.2. Миссионерлік əрекеттер ..............................................................100 2.3. Халық ағарту ісінің орыстандыру саясатымен байланыстырылуы ..........................................................122 ІІІ тарау. РУХАНИ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ ӨРІСТЕУІ ................................................................149 3.1. Жəдидшілдік қозғалыстың рухани жаңаруға тигізген ықпалы ..................................................................149 3.2. Түркістан өлкесінде ұлттық саяси элитаның отаршылдыққа қарсы күресі .............................................................169 ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................185 ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................191

195

Оқу басылымы

Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы

РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басы) Оқу құралы Редакторы Г. Рүстембекова Компьютерде беттеген Ұ. Əбдіқайымова Мұқабасын безендірген Н. Базарбаева Мұқабаны безендіруде сурет www.bag.kz сайтынан алынды ИБ №8727 1 Басуға 23.11.2015 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 /16. Көлемі 12,62 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №3239. Таралымы 300 дана. Бағасы келісімді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.