Көсемсөздің көсемі: монография 9786010412637

Зерттеу еңбекте көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, əмбебап ғалым, көп қырлы талант, көсемсөз шебері Халел Досмұхам

1,307 190 4MB

Kazakh Pages [408] Year 2015

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Көсемсөздің көсемі: монография
 9786010412637

Citation preview

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мектеп-тегі Аманқос Құлтанұлы

КӨСЕМСӨЗДІҢ КӨСЕМІ

Алматы «Қазақ университеті» 2015

1

ƏОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) М 41 Басуға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Ғылыми жəне Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Қ. Қозыбаев филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б. Омарұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б.Б. Кəрібаев

М 41

Мектеп-тегі Аманқос Құлтанұлы Көсемсөздің көсемі: монография / А.Қ. Мектеп-тегі. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 384 б. + 22 бет жапсырма. ISBN 978-601-04-1263-7 Зерттеу еңбекте көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, əмбебап ғалым, көп қырлы талант, көсемсөз шебері Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) өмір жолы мен шығармашылық қызметінің көпшілікке бұрын беймəлім болып келген тұстарынан кең мəлімет беріліп, қазақтың Ұлттық журналистика тарихында алатын орны мен маңызы сараланып, ғылыми талдау жасалған. Еңбекте Мəскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Алматы қалаларының кітапхана мен мұрағат қорларында сақталған Халел Досмұхамедұлына қатысты қыруар құнды деректер мен ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған оның төл туындылары зерттеу жұмысының негізгі нысанына айналды. Кітап журналистика, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, қоғамдық ғылымды зерттеушілер мен ізденушілерге жəне алаштың ардақты перзентінің өмірі мен шығармашылық өнеріне қызығатын қалың оқырман қауымға арналған.

ƏОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3 (5 Қаз) ISBN 978-601-04-1263-7

2

© Мектеп-тегі А. Қ., 2015 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015

АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА

Аманқос Мектеп-тегінің «Халел Досмұхамедұлының публицистикасы» атты ғылыми жұмысы туралы Үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ халқының мəдени-рухани өмірінде орын алған тарихи-феномендік құбылыс – ұлыттық сана-сезімнің оянып, оны оятқан Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, Мағжан Жұмабайұлы сияқты тұлғалардың халқына қызмет етуі болды. Феномендік құбылыс деп отырған себебіміз бұл адамдар тікелей өз мамандықтары бойынша ғана қызмет етіп қоймай, қоғам өмірінің, ұлыт мəдениетінің көптеген салаларына араласып, атсалысып, теңдесі жоқ еңбек еткендері болды. «Бір сырлы, сегіз қырлы» дегендей, бұлардың əрқайсысы бірнеше шығармашылық ғылыми, əкімшілік, əлеуметтік жұмыстарды қатарынан атқарған жəне бұлардың əрқайсысында қоғамдық үлкен мəні бар іс-қарекеттерді жүзеге асырып, тарихи із қалдырып кеткен. Бұл алыптардың өмірі мен қызметі біраз зерттеліп, қалың жұртшылыққа да, білім-ғылым дүниесіне де танылып қалды. Соның ішінде Халел Досмұхамедұлының өз шығармалары да бірнеше басылым болып жарық көріп жатыр, оның өмірі мен қызметін жан-жақты сөз еткен конференциялар, оқулар өткізілуде, көлемді мақалалар жариялануда, біртіндеп кандидаттық диссертациялар қорғалуда. Осылардың барлығына қарамастан, Халел Досмұхамедұлының шығармашылық қарымы мен көп қырлы қайраткерлік тұлғасын танытуда зерттелуін күтетін тақырыптар баршылық. Солардың бірі – Халел Досмұхамедұлын журналист, баспагер ретінде танып, оның публицистикалық еңбектерін талдауды, баспагерлік қызметіндегі ұйымдастырушылық, басқарушылық, редакторлық қызметі мен қабі3

летін көрсетуді Аманқос Мектеп-тегі өзінің ғылыми ізденісінің тақырыбы етіп алған болатын. Жұмыстың көрсетілген мақсатына сай орындау үшін алдына қойған нақты міндеттерін Аманқос Мектеп-тегі дұрыс белгілеп, жақсы атқарып шықты деп ойлаймын. Зерттеуші бір текті материалды (айталық, тек публицистикалық не лингвистикалық туындыларды) белгілі қалыппен талдап, баяндап беру шеңберінен шығып, сол материалдың дүниеге келген кезеңіндегі қазақ қоғамының саяси-рухани тыныс-тіршілігін, ұлыттық баспа ісінің күй-қалпын қоса көрсетіп отыруды міндетіне алды. Бұл ретте белгілі мағлұматтарды баяндап беру мен шектелмей, XX ғасыр басындағы қазақ өмірінің саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени-рухани, тарихына қатысты бірқатар соны деректерді, əсіресе архив материалдарын ғылым дүниесіне ұсынды. Бұл еңбекте ғылыми ізденіс бір емес, бірнеше тақырыпты қамтиды: Біріншіден, Халел Досмұхамедұлының журналистік, баспагерлік қызметін кеңінен таныстырды, сол арқылы ұлыттық баспасөз бен баспа ісінің тарихындағы алатын орнын көрсетті. Екіншіден, оның публицистикалық шығармаларын тарамдап-жүйелеп, олардың стильдік сыр-сипатын ашты. Жұмыстың осы тұсында зерттеуші бірқатар жаңа материалды келтіріп, тың пікірлер айтты. Қазақ мəдениеті мен əдебиетінде енді-енді туып келе жатқан жаңа жанр публицистиканың тарихына барып, оның тілдік-стильдік сипатын көрсетті. Халел Досмұхамедұлы публицистік туындыларының дені сол тұстағы баспасөз беттерінде жарық көргендіктен, зерттеуші XX ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің жай-жапсарын кеңінен сөз етеді. Үшіншіден, автор Халел Досмұхамедұлының ғылыми еңбектерін, оқулықтарын көрсетіп, қазақ ғылыми стиліне, тарихына да қол созды, Досмұхамедұлының ғылыми істердегі атқарған қызметтерін, тындырған шаруаларын атап, оның ғалымдық портретін де көрсетуге тырысты. Төртіншіден, Халел Досмұхамедұлының баспагерлік қызметін баяндау арқылы қазақ мəдениетіндегі баспа ісінің тарихына барды. Бұл да өз сөзімен айтсақ, талантты публицист ретінде ұлыттық баспасөз тарихына қосқан үлесі мен алатын орнын ғылыми-методологиялық жетістігіміз бен бүгінгі талап тұрғысынан жаңаша зерттеу жүргізуді, сөйтіп, зерттей түсуді, 4

тың деректерді қажет ететін саланың бірі екені мəлім. Жұмыстың осы тұсында Халел Досмұхамедұлының жəне бір қыры ұйымдастырушылық-басқарушылық қабілетін, редакторлық талантында баса көрсетіп, оның қайраткерлік портретін айқындай түсті. Қысқасы, ізденуші Аманқос Мектеп-тегінің баспаға ұсынылып отырған ғылыми жұмысында алдына қойған мақсатын толық орындап шықты деп санаймын. Ғылыми сарапшы Рабиға Сыздықова, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. 09.09.1999 жыл.

5

Аманқос Құлтанұлы Мектеп-тегі мырзаның «Халел Досмұхамедұлының публицистикасы» атты зерттеуіне пікір ХХ ғасырдың алғашқы ширегі Ресей аймағындағы ұлыттар мен ұлыстардың тағдырында ерекше орын алады. Саяси сілкіністер мен ұлыттық ояну кезеңі басталды. Бір-біріне кереғар саяси ағымдар, партиялар, қозғалыстар дүниеге келді. Қазақ топырағындағы саяси қозғалыстар да өзінің қат-қабат, сан тараптығымен дараланады. Мəселен, халықшыл жəне пролетаршыл боп екіге бөлінген қазақ қауымы арасында ұлыттық дербестікті уағыздағандар арасында жұмысшы қозғалысына жанасқандар, өздерінің көзқарасын ресми түрде өзгерткендер, ал кедей тап мүддесін ту ғып көтергендер арасында бұқара халық мүддесін биік қойған ұлытжанды азаматтар болмай қалмады. Аманқос Құлтанұлы зерттеу еңбегінің құндылығы – ХХ ғасыр басындағы, төңкеріс алды жəне одан кейінгі кездегі Ресей, Қазақстандағы саяси ахуалды саралап талдай білгендігінде. «Қоғамнан тыс адам жоқ», қоғамдық-саяси жағдайлар ХХ ғасырдың бастапқы ширегінде іспен, сөзбен, қаламмен əрекет еткен қазақ зиялыларының көзқарастарын қалыптап, тұлғаларын сомдады. Осы ретте əу бастан өмірінің ақыр соңына дейін мұратынан айнымаған саяси көсемдеріміздің бірі – Халел Досмұхамедұлы. Қалың оқырман Халел Досмұхамедұлының Алашорда партиясына, Алаш қозғалысына сіңірген еңбегін, Оның Ойылда алаш əскері мен милициясына офицерлер дайындайтын мектеп ашып, Күнбатыс Алашорда уалаятының əскерін жасақтауға, большевиктерге қарсы Аңқаты, Жымпиты шайқастарына қатысып соғыс майданында көзге түскенін, Батыс уалаяттың казакорыстармен, қызыл большевиктермен дипломатиялық байланыстарын реттеп, алаш əскері күйрегенде капитуляциялық құжатқа қол қоюға мəжбүр болған қайраткер екенін, Оның тарих, əдебиет, жаратылыстану, тілтану ілімдері туралы байыпты зерттеулерін білгенмен, Досмұхамедұлының журналистік, баспагерлік қызметін біле бермейді екен. Біз осы жұмыстан Халел Досмұхамедұлының тілшілік, редакторлық, 6

баспагерлік қызметіне қанықтық. Журналистика ілімі тұрғысынан бұл тақырыптың кейінгі қаламгер ұрпаққа өнегелі маңызын былай қойғанда, пəн тану жөнінен ғылыми маңызының өзі айрықша зор. Зерттеуші Халел Досмұхамедұлының «Фикер», «Уральский листок», «Мусульманин», «Қазақ», «Еркін қазақ», «Шолпан», «Сана», «Жас қайрат», «Сəуле», «Ақ жол», «Қызыл Қазақстан», «Терме» мерзімдік баспасөзінде жарияланған публицистикалық мақалаларына шолу жасай келіп, "Сана" журналындағы редакторлық, Білім Комиссиясындағы баспагерлік қызметіне кең тоқталған. Журналистика тарихы үшін құнды деректерді айналымға енгізу – баспасөз ғылымын дамыта түсері сөзсіз. Досмұхамедұлының ұлыттық кітап шығару ісіндегі зор еңбегі де арнайы сараланған. Енді бір маңызды мəселе – Халел Досмұхамедұлының ғылыми мақалалары туралы. Зерттеуші оның бəрін публицистика саласына қосып, біріктіре талдаған. Ғылыми публицистика өмірде жиі кездеседі, əсіресе қазір ол мерзімдік баспасөзде шырқап тұр. Халел Досмұхамедұлының ғылыми мақалаларында зерттеушілік сараптау қаншалықты болса, халық тағдыры туралы саяси-əлеуметтік толғаулар да соншалықты мол. Қорытып айтқанда, «Қазақстан əйелдері» журналына зерттеу объектісі де, зерттеуші де өте таныс қаламгерлер. Халел Досмұхамедұлы туралы журнал көп жазды, ал Аманқос Мектеп-тегі болса авторларымыздың бірі. Оған қосып айтарым осы шағын пікірді қағазға түсіруші – «Еділ-Жайық» атты романында Халел Досмұхамедұлының көркем бейнесін жасаған қаламгер. Халқым деп еңіреген, саяси сорақылықтардың құрбаны болған төл басы зиялыларымыздың мұрасын зерттеушілерге қолдау көрсету борышымыз дегенде, не болса соны емес, толымды еңбектерді қолдауды айтпақпын. Солардың бірі «Халел Досмұхамедұлы публицистикасы» атты зерттеу. Əнес САРАЙ, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. 18.09.1999 жыл.

7

«Халел Досмұхамедұлы публицистикасы» тақырыбына Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлыттық университеті жанындағы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін беру жөніндегі К 14. А. 01. 19 Диссертациялық Кеңес мəжілісінің стенограммасынан үзінді ... Төраға (профессор Омашев Н.): – Енді диссертацияның мазмұнын талқылауға кірісеміз. Біздің Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлыттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Зейнолла Қабдолов қатысып отыр. Енді диссертант А.Қ. Мектептің жұмысына пікір айтуды өтінген академик Зейнолла Қабдоловқа сөз кезегін береміз. Академик Зейнолла Қабдолов: – Бір тентек айтқан екен: «Бұл мылтықты мен наган күнінен білемін», – деп. Сол секілді Аманқос Мектепті мен көптен білемін, университетте менен бес жыл дəріс алған шəкіртім. Аманқос Мектеп, бұл – өзі атыжөніне лайық мектеп секілді жан. Ал, енді өзі қызық! Мұның өзі мына мінбеде тұрғанда аты ізденуші, сойскатель. Атына қарағанда ғылыми дəрежені іздендіру ғана ғой! Бірақ, ғылымда мынандай мінез бар. Ана диссертантты, ізденушіні іздетіп дəрежені алу бар да, ал ізденушіні өзі іздеп келетін дəреже бар. Меніңше, осы əлгі кандидаттық дəреже аламын деп диссертант жанын салып жатыр ғой. Шынында, сол кандидаттық дəреже Аманқос Мектепті бүгін өзі іздеп келді. Оның себебін айтайын. Себебі Халел Досмұхамедұлы секілді керемет феномен, арманда кеткен ардақтыларымыздың, алаштың азаматтарының ішіндегі ғажайып білімпаз, жан-жақты білімді, Санкт-Петербург Императорлық Əскери Медициналық Академиясын бітірген адам. Ал енді осы кісіні бүкіл табиғатына, шығармашылық жайына, болмысына, бітіміне қарап отырсақ, бұл, өзі – сегіз қырлы, бір сырлы деген қазақтың заңға айналған сөзі бар ғой. Ал, мына ізденушінің əдебиеттанудан да құр алақан емес, лингвистика жағынан жаңа бірінші ресми оппоненті жақсы айтты, сірə. Сонымен Халел Досмұхамедұлының публицистикасын, көсемсөз, сегіз қырының бір қырын алып, бұл өзі қалай зерттеді екен деп оқып қарасам, шынында, ғажап іс бітірген. Біз кəзір тарихымызды түгендеп жатқан кез ғой. Сол жағынан алып қарағанда, тарихты 8

түгендеушілердің ішінде Аманқос Мектептің істеп жүрген ісі, шынында, алып əрекеттер. Сұмдық, анау Əлихан мен Ахметтер – Ахаңнан бастап, Жақаңы бар, бері қарай алып келген уақытта жұрттың бəрі осыдан көшірді, көп нəрсені бізге осы тауып берді. – Иə. Осы солай, Мағжан жағына əрине, бармаған болар, Елеукенов тұрғанда?! Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Ш.Р. Елеукенов: – Мағжантануға қосқан жаңалығы да бар. Академик Зейнолла Қабдолов: – Əнеки! Міне, осындай адам. Ғылыми жұмысын талдауға болар еді, уақыттарыңды аяп тұрмын. Мына, тек қана композициясын алып қаралық! «Досмұхамедұлы публицист» дегенде, əңгімені неден бастау керек? Əрине, əңгіме қоғамдық көзқарастан бастау керек. Сол уақыт пен кеңістіктің күллі мазмұны мен пішінін артына ала отырып сөйлеу керек. Міне, бірінші тарауы – «Халел Досмұхамедұлының қоғамдық-саяси көзқарасын қалыптастырған тарихи кезең» дейді. Атының өзінен кітап жазуға болады. Екінші – «Халел Досмұхамедұлы публицист» дегенде, мұның ең үлкен қолына алып істеген жұмысы баспасөз. Баспасөзді əрине, Халелден басталды деу қиын, бірақ, енді осы демократияландыру бар ғой, сол Халелден басталғаны рас. Аманқос Мектеп «Халел Досмұхамедұлы – қазақ демократиялық баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі» дейді. Осы тап-тұйнақтай, тастай қылып, əрқайсысын қатырып алған. Үшіншісі – «Халел Досмұхамедұлы – баспагер-редакторлығы». Ал енді, міне, осы үшеуімен айтарын айтып шыққан, оны қалай айтқанын айтар едім мен, оған уақыттарыңыз жоқ. Осы аталған атының өзі – затын танытып тұр. Мынау Əзербайжан Мəмбетов деген режиссер бар, сахнада реформа жасаған. Сол Əзербайжанның айтатыны бар еді: – Əрбір нағыз спектакль сахнада қойылатын, бұл – праздник, – дейді. Ол өзі қазақша аз біледі, орысша айтады. Со секілді нағыз ғылым Аманқос Мектептің қорғағанындай праздник болуы керек. Кəзір енді мынандай кеңестің ісінен кейін біз бəріміз осы журналистика дегеннің қандай құдіретті ғылым екенін көріп тұрмыз. Бұл жағынан алып қарағанда, Сенің əкелген еңбегің бізге тартып отырған сыйың. Менің айтарым осы. 9

Төраға: – Ал енді ғылыми жұмыс жайында пікір айтам деушілер болса, рұқсат. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ш.Р. Елеукенов: – Мен иллюстративтік мағынада ғана бір-екі ауыз сөз айтқым келеді. Кітаптану ғылымы басқа өркениетті елдерде тарихы ертерек дамыған. Бізде енді-енді ғана шындап қолға алынып жатыр. Мен əрине, бұған дейін кітаптану ғылымына жазылған азды-көпті авторлардың еңбектерін жоққа шығарудан аулақпын. Айтайын дегенім, алғашқы таралыммен шыққан қазақ кітаптарынан бастап, үстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі даму тарихы аз-маз идеологиялық қайшылығы мен ауытқулары бола тұрса да, біршама тиянақты зерттеліп келді. Ал енді Аманқос Мектеп міне, сол 20-шы жылдардағы қазақ кітаптану ісінің ақтаңдақ беттерінің орнын толықтыруға көп еңбек сіңірген. Əсіресе, зерттеусіз жатқан, кезінде Халел Досмұхамедұлының төрағалығымен Қазақ-қырғыз Білім комиссиясы дайындаған Ташкент қаласынан жарық көрген ұлыттық төлтума баспа өнімдері туралы байыпты, тыңғылықты орындалған ғылыми жұмыс болып шыққан. Жалпы кітаптану ғылымы барлық ғылымдармен байланыста дамиды. Оның қоғамдық ғылымдармен ғана байланысып қана қоймайды, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарымен тікелей ұштасып жататындығы мəлім. Диссертацияда кітаптану ғылымының осы белгілері мен ерекшеліктерін Аманқос Мектеп аса сезімталдықпен айқындап көрсеткеніне разы болдым. Аманқос Мектептің ғылыми жұмысының əрбір тарауы бірбір диссертациялық еңбектің жүгін көтеріп тұрғандай əсер алдым, осы асып, төгіліп жатыр. Ғылыми соны дерек пен бұрынсоңды ғылыми айналысқа түспеген ақпараттық маңызы зор фактілер диссертацияның құнын көтеріп тұрғандығын атап айту парыз. Аманқос Мектеп бұл жұмысты кітап етіп бастырса студенттерге, жалпы ғылымға əуестенген қауымға қажетті құрал болары сөзсіз. Диссертацияда жылт еткен сенсациялық жаңалықтар да аз емес. Мысалы, Мағжан Жұмабайұлының Жоғары көркем əдебиет институтына оқуға түсуіне Халел Досмұхамедұлының Валерий Брюсовқа хат жазып, қол ұшын беруі, ол туралы «қазақ ақындарының арасындағы аса дарынды, жарқын тұлға, егер баптауын біліп, өлең сөздің ғылыми тұрғыдағы 10

техникалық қыр-сырына машықтандырар болса, оның таланты ашылып, есімі мəшһүр дүлдүл болары шүбəсіз. Ол біздің болашақ Пушкиніміз», – деген архивтік деректі бірінші рет осы диссертациядан оқып отырмыз. Міне, бұ жағынан да келгенде Аманқос Мектептің ғылыми жұмысы шын мəнінде жоғары деңгейде орындалғанының жарқын куəсі... 22 қыркүйек 1999 жыл

11

Аманқос Мектеп-тегінің «Халел Досмұхамедұлының публицистикасы» деген монографиясы туралы ПІКІР Аманқос Мектеп-тегі – əдебиеттану, түркітану жəне баспасөз тарихы салаларын зерттеп жүрген танымал ғалымдардың бірі. Ол ғылыми басылымдарда жиі жарияланып тұратын танымдық-тағылымдық мақалалары арқылы үнемі ғылыми ортаның ықыласына бөленіп келеді. Аманқос Мектеп-тегі тəуелсіздікке бет бұрған жылдардан бастап, бұрын түрен түспеген ескі мұраны мұрағаттардан іздеп тауып, елмен қауыштыруға үзбей атсалысты. Кезінде қыспаққа қамалған талай жəдігерліктерді бүгінгі жазуға түсіріп, бірнеше кітап етіп құрастырып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктемелерін жазып, оқырманға ұсынды. Сондай-ақ ол əйгілі ғалым, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы мұрасын алғашқылардың бірі болып зерттеп, диссертациялық еңбек қорғады. «Халел Досмұхамедұлының публицистикасы» атты монография – оның осы тақырып бойынша ұзақ жылғы ізденістерінің жемісі. Зерттеуші Халел Досмұхамедұлының шығармаларын ескі басылымдардан, өткен ғасыр басында шыққан кітаптардан іздеп, тапқанын тапқандай мерзімді баспасөзде тұрақты түрде жариялап отырды. Сонымен қатар, ол қайраткер-қаламгердің бірнеше таңдамалы жинағын бастырып шығарды. Халел мұрасынан ғылыми еңбек қорғаған зерттеушілердің ішінде Аманқос Мектеп-тегінің шоқтығы биік деп сеніммен айта аламын. Біріншіден, ол бұл монографияны жазу барысында жұртқа белгісіз көптеген деректерді тауып, ғылыми айналымға қосты. Екіншіден, қайраткер-ғалымның болмыс-бітімін əр қырынан танытады, қай қыры туралы байлам-байыптамаларын да нақты деректермен дəйектейді. Үшіншіден, жиырмасыншы ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы нақты мəлімет береді, ол кезеңді қайраткердің тұлғалық қасиеттерімен байланыстырады. Төртіншіден, осы дəуірдегі қазақтың ұлыттық басылымдары жөнінде қызықты деректер ұсынады. Бесіншіден, Халел тұлғасын төрүктану ұғымымен сабақтастырады. Алтын12

шыдан, ол қайраткердің жазылған, бірақ жарияланып үлгермеген шығармалары бар екенін ескертеді. Монографияның жаңалығы – осы мəліметтердің табылуына жəне ғылыми айналымға қосылуына Аманқос Мектеп-тегінің тікелей үлес қосқандығында. Оның бұдан ширек ғасыр бұрын мұрағаттан алып, əріптестерімен бірге əзірлеп, ел игілігіне ұсынған деректері бүгінгі талай зерттеушілерге əлі күнге дейін азық болып келе жатқанын айтуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, бұл монография – елге қажетті елеулі еңбек. Сондықтан осы еңбекті тездетіп басып шығарған жөн. Бауыржан Омарұлы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор

13

Бірінші тарау

Халел Досмұхамедұлының публицистикасы КIРIСПЕ Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. Ұлытымыздың* саясаты мен мəдениетiне, ғылымы мен өнерiне, күллi рухани болмысы мен парасат əлемiне Халел Досмұхамедұлының қосқан елеулi үлесi коммунистiк диктатура үстемдiк еткен дəуiрде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан ресми ұстанған идеологиялық мұндай таным мен көзқарас халқымыздың рухани өмiрiндегi оның шығармашылық өнерiн ғылыми пайымдауға көпке дейiн шектеу жасап, шатастырып келгенi белгiлi. Елiмiздiң дербес мемлекеттiк құқыққа ие болуы, буын-буын ұрпақ армандап өткен Тəуелсiздiкке жетуi – халқымыздың аяулы перзенттерiнiң Тіл-тілдің даму барысында практикалық тұрғыда үнемдеу заңы болатыны баршаға аян. Бірақ қазақ тілінің асыл негізі үндестік заңына нұқсан келмейтіндей болуы шарт. Алаштың ардақты перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Халел Досмұхамедұлы заманында қазақ тілінің асыл негізі үндестік заңына сəйкес емлесін түзіп, ана тілінің дыбыстық əуенінің сақталуына мəн берген еді. Кеңестік "Тіл құрылысы саясаты" алаш арыстарының еңбектерін теріске шығарған дəуірде қазақ тілінің үндестік заңы кейбір тұстарда əдейі бұрмалану себептерінен ана тілінің дыбыстық əнəуенінен, əуезінен (мелодиясынан) айырылып, сөздің эстетикалық ажар қуаты кеміп, құлаққа түрпідей жалаң-жадағай естілуіне ұрындырды. Əсіресе төрүк тілдес ұлыстар арасында "ұл[ы]т", "улуут" сөзі қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілінде ғана қолданылады. Соның ішінде қырғыз тілінде атау сөздің орфографиялық заңдылығы сақталып "улут" ["ұлыт"] болып таңбаланады. Төрүктектес өзге ұлыстар араптың "миллəт" сөзін тұтынады. Ұлыт сөзінің түп төркіні адамзаттың сəбилік шағы төтемдік дəуірге тəн халқымыздың танымдық ақпараттық мағынасын сақтаған. Аккумулятивтік мəн-маңызы бар мұндай кілтті сөздің орфографиялық, орфоэпиялық дұрыс жазылуы мен айтылым нормасын қалпына келтіру мақсатында еңбектің өн бойында бір ізге түсірдік. Бұл – Халел Досмұхамедұлының "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" атты монографиялық еңбегі ғылыми құндылығын күні бүгінде жоймағандығының белгісі. Алдағы уақытта тіліміздің асыл негізі үндестік заңына сəйкес орфографиялық сөздігіне түзету енгізу – алаш арыстары арманының орындалуы. *

14

нақақ қараланған есiмдерiнiң ағаруына, тарихи əдiлеттiң қазақ топырағында орнығуына мүмкiндiк жасады. Олардың соңында қалдырған қыруар мəдени-рухани қазнасының қайтадан ортамызға оралуына, игiлiгiмiзге айналып, кəдемiзге жарауына қолайлы жағдай туғызды. Сонымен қатар Халел Досмұхамедұлы сынды iлгерiде өткен зиялыларымыздың шығармашылық өнерi мен қайраткерлiк қарекетi өз кезiнде ұлытымыздың саясирухани сана-сезiмiнiң қалыптасуы мен дамуына, қанаттануы мен кемелденуiне пəрмендi ықпал еттi. Сондықтан азаматтық тарихымыздың ақтаңдақ бетiне айналып келген ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси дүниетаным көкжиегiнiң өсу деңгейiне жаңаша ғылыми-əдiстемелiк көзқарас тұрғысынан бағасын беру – бүгiнгi күннiң талап-тiлегiнен туындап отырған заңды құбылыс. Осыған орай Халел Досмұхамедұлының журналистiк, публицистiк еңбектерi мен баспагерлiк, редакторлық қызметiн ғылыми зердеден өткiзудiң қазақ баспасөзi мен баспа iсiнiң даму тарихын тереңiрек қамтып, жан-жақты тани түсуге жəне бұл саладағы оның алатын орны мен рөлiн айқындауға жол ашады. «Халел Досмұхамедұлы публицистикасы» атты еңбек демократиялық ұлыт баспасөзi мен баспа iсiнiң қалыптасуы жəне дамуына қосқан оның сүбелi үлесi бұрын-соңды айналысқа түсе қоймаған тың деректер негiзiнде ғылыми талданды. Бұл арқылы бiз мерзiмдi баспасөз бен баспа iсi тарихынан бұған дейiн орын алып келген олқылықтар мен ағаттықтарға түзету жасап, ұлыт мəдениетiнiң шынайы кескiндемесiн толық қанды бейнелеп беруге iлгерi қадам жасадық. Өйткенi бүгiнгi таңда қазақ баспасөзi мен баспа iсiнiң тарихына қатысты Халел Досмұхамедұлы сынды жеке тұлғалардың шығармашылық еңбегi журналистика факультетiндегi оқу бағдарламаларына енбеуi өткен ғасыр басындағы қоғам өмiрiнiң саяси-рухани тыныс-тiршiлiгiнен шəкiрттерiмiздiң мол мағлұмат алуына елеулi нұқсан келтiрдi. Сонымен бiрге ұлыт баспасөзi мен баспа iсiнiң тарихын, журналистика жанрларының қалыптасуы мен кəсiби шеберлiктiң даму сатысын айқындау, теориялықметодологиялық мəселелерге байланысты алда жазылуға тиiс ғылыми зерттеулер мен нұсқалықтарға септесерiне де күмəн жоқ. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы қолына қалам ұстаған 15

ат төбелiндей оқыған аз қазақтың шығармашылық ерекшелiгi – салалық журналистиканы дамытуға зор үлес қосты. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Əрине, қаламгерлік қайратымен ұлытына қызмет етуді өздеріне бақыт санаған ақылман жандардың төл туындыларын сала-сала бойынша, тақырып-тақырыпқа бөліп саралау, жіктеу, толық шығармалар жинағын жариялау, ғылыми зерттеу міндеті енді-енді қолға алынып отырғаны баршамызға аян. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлытан Əбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлыттық тарих жылы» деп жариялауы рухани өмірімізде тың серпіліс туғызды. Міне, осы жылы Халел Досмұхамедұлының таңдамалы еңбектерінің бір томдығы «Ана тілі» баспасынан жарық көруі – бұл мəселеге шын мəнісінде мемлекеттік қамқорлықтың оң қабақ танытуының нəтижесі. Ел-жұртының жарқын болашағы үшін қанын да, жанын да аямаған əмбебап білімпаздарымызды кең ауқымда насихаттап, азаматтық тарихымыздан тиісті орнын беру – бүгінгі қазақ мемлекетінің ұлыт саясатын жүргізудегі ұстанған басты темірқазық идеясы. Демек, сталиндік қуғынсүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шеккен, нақақтан-нақақ «халық жауы» атанған саяси-рухани көсемдеріміздің ұшқан ұясын, өскен ортасын, қоғамдық-əлеуметтік атқарған қызметін, өмір жолын жан-жақты қамтып, дəріптейтін ғұмырнамалық көркемөнер туындылары мен ғылыми зерттеу монографиялар, диссертациялық еңбектердің дүниеге келуіне шынайы мүмкіндік енді ғана туды. Халел Досмұхамедұлы хақында республикалық мерзімді баспасөз беттерінде К. Нұрпейісов, З. Қабдолов, Ə. Шөкин, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова, Б. Əбілқасымов, Ғ. Əнес, Ш. Керімов, Ə. Керімов, Б. Қойшыбаев, М. Құлкенов, Б. Хабижанов, Ə. Жүнісбеков, тағы басқа ғалымдар мен жазушы, журналистердің қаламынан туған көсемсөз мақалалар, очерктер, зерттеу еңбектер жариялана бастады. Халел Досмұхамедұлының ғылыми-шығармашылық мұрасы мен қызметіне арналған арнайы диссертациялық зерттеу жұмыстары жазыла бастады1. Оның есімі мен ғылыми-шығар1 Тұрсынова А.Б. Х. Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1997; Əлмұханова Р.Т. Халел

16

машылық һəм саяси-қоғамдық қызметтері əмбебап бас кітабымыз – энциклопедиямыз бен əр алуан анықтамалық сөздіктеріміздің соңғы басылымдарына еніп те үлгерді. Бұл ретте Халел Досмұхамедұлының мұрасын жинақтау мен ардақты есімін ел есінде қалдыру шараларын ұйымдастыруға қоғамдық зор үлес қосқан жиені Дина Ерғазықызы Əбдірақымованың сіңірген қызметін ерекше бөліп айту парыз. Дина Ерғазықызы басқарған «Халел Досмұхамедұлы қорының» ықтияттылығымен 1996 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген ғұмырнамалық ғылыми көпшілікке арналған көркем туындыны атап өткен абзал2. Кітап авторлары көп қырлы талант, əмбебап ғалым, саяси-рухани көсем, ұлағатты ұстаз, кəсіби дəрігер, тамаша журналист, білікті тілтанушы, əдебиеттанушы, тарихшы, аудармашы, баспагер, профессор, Ресей Ғылым академиясы Өлкетану бюросының корреспондент мүшесі Халел Досмұхамедұлының қиын да күрделі шығармашылық жолы туралы жан-жақты баяндаған. Бұл оның кіршіксіз таза адамгершілік тұлғасы мен парасат əлеміндегі күллі даналық болмыс-бітіміне тəнті бүгінгі буын ұрпақтың талап-тілегі, сұранысы ескеріле отырып жазылған алда атқарылар үлкен істің бастамасы ғана. «Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмiрi мен шығармашылығы» атты кітаптың бүкіл қаржылық шығынын мойнына көтерген «Қазақстан коммерция» акционерлік компаниясының президенті Жауғашты Нəбиевтің азаматтық қамқорлығына дəн ризалық сезімімізді білдіреміз. Қазақ руханиятына жанашырлық танытып, үнемі сергек қарап, қолдау көрсетіп жүрген мецанат ағамыздың кəсіпкерлік абыройлы ісіне табыс тілейміз. Халел Досмұхамедұлының қоғамдық-саяси істерге араласқан уақыты – азаматтық тарихымызда аумалы-төкпелі ұлы оқиғалар мен құбылыстарға қат-қабат толы болды. Міне, осындай қазақ қоғамының басына түскен сын сағатта, шешуші кезеңде ол өзге де өзі тағдырлас ұлыт зиялыларымен бірге Алаш Досмұхамедұлы – əдебиет зерттеушісі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1998. 2 Нұрпейiсов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмiрi мен шығармашылығы. – Алматы: Санат 1996.

17

қозғалысының сапында халқының саяси тəуелсіздігі мен азаттығын қорғап, жан-тəнін салып қалам күшімен де, қолына қару алып та белсенді күресті. Ақ патшаның билеп-төстеген заманында да, қызыл коммунистердің дəурендеген шағында да туған ұлытының мүддесі тұрғысынан қызмет еткен оның қоғамдықсаяси көзқарасына империялық идеология сенімсіздік танытып, рухын жасытып, əдейі қасақана сан-саққа жүгіртіп, бұрмалауға жол берді. Мұндай дəлел-айғақтарды архив, кітапхана қорларында сақталған құжаттар мен деректерден, əдебиеттер мен мақалалардан өте көптеп кездестіруге болады. Еліміздің тəуелсіздікке қолы жетіп, дүниежүзілік қауымдастық бірауыздан дербес мемлекет ретінде таныған тарихи сəттен бастап саясирухани мəдениетіміздің өткеніне көзқарас түбегейлі өзгерді. Азаматтық тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне арналған зерттеу еңбектер жарық көре бастады3. Орайы келгенде Халел Досмұхамедұлы хақында Кеңестік дəуірде жарияланған А.М. Мамаевтың «Х.Д. Досмухамедов – врач и ученный»4, А. Əлжанов, Ə. Шөкин, Ə. Досахановтардың құрастырған «Алғашқы қазақ дəрігерлері» атты кітапшасын5 атап өткен орынды. 3 Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы, 1990; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992; Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. – Алматы: Қазақ университеті, 1992; Бес арыс. Естеліктер, эсселар жəне зерттеу мақалалар. – Алматы: Жалын, 1992; Досжанов Д. Абақты. – Алматы: Қазақстан, 1992; Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г. – Москва, 1993; Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – Москва, 1994; Аманжолова Д.А. Алаш: история и историография. – Семей, 1994; Елеукенов Ш. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі. – Алматы: Санат, 1995; Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996; Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. – Алматы, 1995; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995; Шəріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – əдебиетші. – Алматы, 1994; Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. – Алматы, 1994; Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Естеліктер мен тарихи деректер. – Алматы, 1996; Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Жақып Ақбаевтың саясиқұқылық көзқарастары. – Алматы: Жеті жарғы, 1996; Жақып Б. Мұқтар Əуезов – публицист. – Алматы: Ана тілі, 1997; Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997; Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік думасы жəне Қазақстан. (1905–1917 ж.ж.) – Алматы, 1997. 4 Мамаев А.М. Х.Д. Досмухамедов – врач и ученный // Здравохранение Казахстана. – 1958. – №10. С. 63–64. 5 Алғашқы қазақ дəрігерлері. (Құрастырушылар – А. Əлжанов, Ə. Шөкин, Ə. Досаханов). – Алматы: Қазақстан, 1984.

18

Кеңестік цензура Халел Досмұхамедұлының ардақты есімін ауызға алуға қатаң тиым салған жылдарда да ол жөнінде зерттеулер шет елдерде толастаған жоқ. Оған əсіресе, профессор Ахмет Зəки Уəлиди Тоған, Мұстафа Шоқай, Мəрия Шоқай, Хасан Оралтай, тағы басқалардың еңбектеріндегі құнды деректерді атауға əбден болады6. Əрине, шет елдерде жарияланған зерттеулердің де жетістік жақтарымен қатар жекелеген кемшін тұстары жоқ емес. Солай бола тұра бұл еңбектердегі ақпараттық мағлұматтар рухани мəдениетіміздің бізге белгісіздеу ақтаңдақ беттерінің сыр-сипатын ашып-анықтап, нақтылай түсу үшін мəн-маңызы өте зор. Осыған орай кеңестану ғылымының таптық методологиясы есімінен дүйім жұртты шошындырып келген алаш арыстарының өмірі мен шығармашылық өнерін зерттеуге көзқарас енді ғана ғылыми ортада түзеліп, орныға бастады. Міне, осындай тарихи əділеттің қалыптасуы – қоғам өмірінде үлкен рөл атқарған ұлытымыздың ірі тұлғаларын жалпы адамзаттық гуманистік тұрғыдан жаңаша зерттеудің қажеттілігін күн тəртібіне қойып отыр. Сонымен бірге ол жеке тұлғалардың сан қырлы, алуан түрлі қайраткерлік ізденістері белгілі уақыт кеңістігі аралығындағы ұлытымыздың саясирухани сана-зердесінің кемелденуімен тонның ішкі бауындай тікелей байланысты. Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Монографиялық еңбекте Халел Досмұхамедұлының публицистiк һəм баспагерлiк, редакторлық қызметтерiнiң қалыптасуы мен дамуы кезеңдерi уақыт талабына сəйкес қоғам өмiрiндегi дiлгерлiк пен қажеттiлiкке орай жан-жақты сипатталып, ғылыми пайымдалды. Осыдан келiп оның шығармашылық өнерiнiң қазақ баспасөзi мен баспа iсiнiң тарихындағы алатын орны мен рөлiне байланысты ғылыми жұмыстың мақсаты туды. Бұл ретте Халел Досмұхамедұлының шығармашылық өнерiнiң шеберлiк қыр-

6

Zeki Velidi Togan. Hatiralar. – Istanbul, 1969; Zeki Velidi Togan. Budunku Turkili (Turkistan) vey akin Tarihi. – Istanbul, 1981; Заки Валиди Тоган. Воспоминания. – Москва, 1997; Шоқай М., Шоқай М. Естеліктер. – Стамбул, 1997; Оралтай Х. «Алаш» Түркістан түріктерінің ұлыт-азаттық ұраны. – Стамбул, 1973.

19

лары мен басты ерекшелiктерiн айқындау үшiн алдымызға төмендегiдей мiндеттер қойдық: – Х. Досмұхамедұлының көсемсөз шеберлiгi ұшталып, қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-тарихи ахуал мен алғы шарттардың мəн-маңызына талдау жасау; – Х. Досмұхамедұлы көсемсөз шығармашылығының негiзгi кезеңдерi мен оның шеберлiк ерекшелiгiне назар аудару; – Х. Досмұхамедұлы көсемсөз шығармашылығы арқылы сол дəуiр шындығын, замана шежiресiнiң айнасы екендiгiн көрсету көзделдi; – Х. Досмұхамедұлының ұлыттық баспа iсiн қалыптастыру мен дамытуға қосқан баспагерлiк тарихи үлесi мен рөлiн анықтау; – Х. Досмұхамедұлының баспагерлiк, редакторлық қызметiнiң қоғамдық-саяси, мəдени-рухани өмiрдегi тарихи маңызына тоқталу; – Х. Досмұхамедұлының баспагерлiк, редакторлық қызметiнiң қоғам өмiрiндегi пəрмендiлiгi мен ерекшелiктерiн айқындау. Монографияның теориялық жəне методологиялық негiзi. Ғылыми жұмысты жазу барысында қазақ журналистикасының тарихы, теориясы мен тəжiрибесi хақында елеулi еңбектер жазған ғалымдар А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Б. Кенжебаев, Т.С. Амандосов, Х.Н. Бекхожин, Т. Қожакеев, М. Арғынбаев, Ш. Елеукенов, М. Барманқұлов, Н. Омашев, С. Қозыбаев, Қ. Смайлов, Қ. Аллаберген, Б. Жақып7, сондай-ақ 7 Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991; Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991; Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзiнiң тарихынан мəлiметтер. – Алматы, 1950,1956; Амандосов Т. Публицистика – дəуiр үнi. – Алматы: Қазақстан, 1974; Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978; Бекхожин Х. Қазақ баспасөзiнiң даму жолдары (1860–1930 жылдар). – Алматы: Қазмембас., 1964; Қожакеев Т. Жас тiлшiлер серiгi. – Алматы: Рауан, 1991; Көк сеңгiрлер. – Алматы: Қазақ университетi, 1992.; Аргынбаев М. Печать Казахстана на завершающем этапе социалистического строительства. – Алма-Ата: Казахстан, 1977; Елеукенов Ш. Жаңа жолдан: Əдеби портреттер, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989; Кiтаптану негiздерi. – Алматы: Санат, 1997; Барманкулов М. Журналистика для всех: Общность и специфика жанров печати, телевидения и радиовещания. – Алма-Ата: Казахстан, 1979; Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. –

20

журналистиканың сан қилы мəселелерiне қатысты пiкiр айтқан Е.П. Прохоров, Г.В. Колосов, В.Н. Горохов8 сынды белгiлi оқымыстылардың зерттеулерiн негiзге алдық. Сонымен қатар М. Əуезов, З. Қабдолов, Т. Кəкiшев, С. Қирабаев, Р. Сыздықова, М. Қозыбаев, К. Нұрпейiсов, М. Қойгелдиев, Р. Нұрғалиев, М. Мырзахметов сияқты қоғамтанушы ғалымдардың iргелi еңбектерiне сүйенiп, ғылыми таяныш еттiк. Монографияның зерттеу нысаны. Мəскеудегi В.И. Ленин атындағы мемлекеттiк кiтапхана мен Санкт-Петербургтегi М.Е. Салтыков-Шедрин атындағы мемлекеттiк кiтапхананың арнайы қорында, Мəскеудегi Ресей Федерациясының Орталық мемлекеттiк архивiнде, Санкт-Петербургтегi Ресейдiң мемлекеттiк тарихи архивiнде, Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiнде, Қазақстан Республикасы Ұлыттық Ғылым академиясы Орталық кiтапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлыттық кiтапханасының арнайы жəне сирек қолжазбалар қорында сақталған, Қазақстан Республикасы Ұлыттық қауiпсiздiк комитетi архивiнен, Астрахан, Орынбор, Орал, Ақтөбе облыстық мемлекеттiк архивтерiнен алынған Халел Досмұхамедұлының публицистикалық шығармалары мен ғылыми көпшiлiкке арналған мақалалары, монографиялары мен кiтаптары, сан алуан тақырыпқа байланысты түпнұсқа құжаттар мен эпистолярлық үлгiдегi хаттары жəне оның жеке басы мен қоғамдық-саяси көзқарас-танымына қатысты жазылған қыруар деректiк маңызы зор мəлiметтерге иек арттық. Бұл ретте Халел Досмұхамедұлының «Фикер», «Əл-ғасыр əл-жəдид», «Уральский листок», «Мусульманин», «Қазақ’’, «Еркiн қазақ», «Шолпан», «Жас қазақ», «Сана», «Жас қайрат», «Сəуле», «Ақ Алматы, 1992; Козыбаев С. Аудитория – весь Казахстан: Очерки истории журналистики. – Алма-Ата: Мектеп, 1984; Смаилов К. Жолданбаған 27 хат. – Алматы: Қазақстан, 1992; Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы (1870–1995 жылдар). – Алматы: Рауан, 1996; Жақып Б. Мұхтар Əуезов – публицист. – Алматы: Ана тiлi, 1997. 8 Прохоров Е.П. Искусство публицистики. – Москва, 1984; Введение в теорию журналистики. – Москва, 1995; Колосов Г.В. Становление развитие и современное состояние теории журналистики. – Москва, 1972; Публицистика как творческий процесс. – Москва, 1977; Горохов В.Н. Проблема журналистского мастерства. – Москва, 1972; Основы журналистского мастерства. – Москва, 1989.

21

жол», «Қызыл Қазақстан», «Терме», «Жаңа мектеп», т.т. мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған көсемсөз мақалалары мен зерттеулерi, проблемалық корреспонденциялары мен рецензиялары, эпистолярлық шығармалары мен тарихи очерктерiн ғылыми жұмыстың арқауы еттiк. Сондай-ақ Халел Досмұхамедұлына қатысы бар ғалымдардың iзденiстерi де монографияның зерттеу нысанының рөлiн атқарды. Ғылыми жаңалығы. ХХ ғасыр басындағы қазақ өмiрiнiң қоғамдық-саяси, əлеуметтiк-экономикалық, мəдени-рухани дамуының шынайы кескiндемесiн бейнелейтiн, ұлыттық ойсананың айнасы жеке тұлғалардың шығармашылық өнерi мен қызметi түгел ғылыми тақырып ретiнде қамтылып, зерттелiп болған жоқ. Сондай iрi саяси-рухани қайраткерлердiң бiрегейi – Халел Досмұхамедұлы. Ұлыт зиялыларының арасында ол – қазақ демократиялық баспасөзiнiң негiзiн қалаған көрнектi публицистердiң бiрi. Солай бола тұра кеңестану ғылымы Халел Досмұхамедұлы ұстанған қоғамдық-саяси көзқарас позициясы мен принциптерiн зиянды деп санап, оның күллi шығармашылық мұрасын құлыпқа салып келгенi белгiлi. Кейiнгi жылдары ғана оның есiмi мен шығармашылық өнерiнiң сан саласын қамтитын рухани қазынасы туған халқының ортасына оралып, көпшiлiк қауымның кəдесiне жарап, игiлiгiне айнала бастады. Сөйтiп бiз талантты публицистiң ұлыттық баспасөз тарихына қосқан үлесi мен алатын орнын бүгiнгi ғылымиметодологиялық жетiстiгiмiз бен талап үдесi тұрғысынан жаңаша зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк алдық. Монографияда Халел Досмұхамедұлы журналистiгiнiң шеберлiк ерекшелiктерi нақты мысалдар негiзiнде талданып, ғылыми жүйелi пайымдалып, авторлық тұжырымдар жасалынды. «Халел Досмұхамедұлының күнi бүгiнге дейiн iндетiп зерттелмей, көп айтылмай келген тағы бiр қыры – оның баспагерлiк, редакторлық қызметi. Күнбатыс Алашордасының үнi – «Еркiн қазақты» ұйымдастыру тəжiрибесi, Əрине, кейiннен Ташкентте «Сана» атты тəлiм-тəрбие журналын шығаруына жəрдемдестi. Баспа басшысы ретiнде əлеуметтiк маңызы бар кiтаптарды таңдап алу, халықтық мұраларға ерекше ыждағатпен қарау, олардың барынша кем-кетiксiз, қатесiз шығуына тiкелей араласу 22

– Халел Досмұхамедұлы атымен шыққан кiтаптардың қайқайсысына да тəн басты белгi, көрсеткiш»9. Ұлыттық баспа iсi мен полиграфиялық безендiрудiң дəстүрлi сара жолын салуға Халел Досмұхамедұлының баспагерлiк iзденiсi – кiтаптану ғылымында бұрын-соңды зерттелген жоқ. Бұл арада кiтаптану ғылымы саласының бастау көзiнде тұрған Мiржақып Дулатұлының «Қазақ тiлiнде басылған кiтаптарды КӨРСЕТКIШ» атты 1926, 1927 жылдары Қызылорданың мемлекет баспасынан жарық көрген еңбектерiн атап өткен абзал. Екi кiтаптан тұратын бұл мазмұндалған библиографиялық көрсеткiште Халел Досмұхамедұлының басшылығымен Ташкентте шыққан баспа өнiмдерi туралы мол мағлұмат бердi. «Көрсеткiштi» түзген автордың өзi де оқырманға арнау сөзiнде: «Бұл Көрсеткiшке Қазақстан мемлекет баспасы (Орынборда, Қызылордада), мұның Күншығыс бөлiмi (Ташкенде), жəне Мəскеудегi орталық баспа шығарған кiтаптардың бəрi де кiрдi. Көзге көрiнбей, қолға түспей қалған бiрлi-жарым кiтап болуға мүмкiн, бiрақ ондайлар көп бола қоймаса керек...»10, – деп жазды. Өкiнiштiсi, соңғы кезге дейiн мерзiмдi баспасөз бен кiтаптану тарихы саласында жарық көрген iрiлi-ұсақты ғылыми еңбектерде Мiржақып Дулатұлының «Көрсеткiшi» ескерiлмей келедi. Бұл ретте ғылыми айналымға түсiп отырған мазмұндалған библиографияның жиырмасыншы жылдардағы күллi рухани мəдениетiмiздiң өсу деңгейi мен ой-сана өрiсiнiң ауқымын анықтайтын өлшемi дерлiк. Халел Досмұхамедұлы ұлыттық мерзiмдi баспасөз бен баспа iсi, полиграфия саласының қалыптасып, дамуына идеялықкөркемдiк, тақырыптық-мазмұндық, жанрлық-пiшiнi һəм дизайнi мен безендiрiлуi жағынан баюына қосқан сүбелi шығармашылық үлесi тұңғыш рет ғылыми сүзгiден өткiзiлiп, жанжақты зерделенуi – монографияның ғылыми жаңалығы. Еңбектiң теориялық жəне практикалық мəнi. Кейiнгi жылдары қазақ баспасөзiнiң тарихына қатысты ақтаңдақтардың 9 Сыздықова Р., Əнес. Халел шыңдары. – Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы. – Алматы: Ана тiлi, 1998. – 25 б. 10 Дулатұлы М. Қазақ тiлiнде басылған кiтаптарды көрсеткiш. – Қызылорда: Қазақстан мемлекет баспасы, 1926. – 4 б.

23

қоғам өмiрiндегi өзгерiстерге байланысты тың деректер, жаңа есiмдермен толыға бастағаны мəлiм. Осыған орай қазақ баспасөзiнiң тарихына теориялық-методологиялық көзқарастың да өзгергенi заңды құбылыс. Əрине, мұндай жағдайда ұлыттық баспасөз тарихының құрамдас бiр бөлiгi – жеке көсемсөзшілердiң шығармашылық шеберлiгi мен ерекшелiгiнен, идеялық таным-түсiнiгi мен қоғамдық-саяси көзқарасынан тұратынын аңғартады. Олай болса, Халел Досмұхамедұлының көсемсөз шығармашылығы мен баспагерлiк, редакторлық қызметiн зерттеудiң теориялық жəне практикалық мəнi зор екендiгiн көрсетедi. Көп жылдар бойы қоғамдық ғылым саласында тарихи шындықтың бұрмалануы, «байшыл-ұлытшылдар», «алашордашыл-ескiшiлдер», «халық жаулары», «пантюркистшiлдер», «регрессивтiк басылымдар» деген ұранмен кеудемсоқ идеологияның қаһарына ұшыраған жеке тұлғалар мен төлтума басылымдардың қазақ баспасөзiнiң тарихын зерттеуге зардабын тигiздi. Мiне, осы ретте монографияның нəтижелерi алдағы уақытта шынайы ұлыттық баспасөз тарихына қатысты жаңадан теориялық жəне хрестоматиялық еңбектер жазылуына септеседi деген ойдамыз. Ғылыми жұмыс қыр-сыры қат-қабат қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қоғамдық ой-санасының көрiнiсi – мерзiмдi баспасөзiнiң тарихи бастау тегiн, төл ерекшелiктерiн, қайнар көз арналарын, дəстүр сабақтастығы мен жаңашылдығын, ұстанған саяси-идеялық позицияларын бүгiнгi күн талабына орай зерттеп бiлу тұрғысынан танымдық, тарихи тағлымдық маңызы өте зор. Монографиядағы ғылыми тұжырымдар мен келтiрiлген деректердi журналистика факультетiнiң студенттерiне арнайы курстар мен «Қазақ баспасөзiнiң тарихы», «Публицистiк шеберлiк мектебi», «Журналистік шеберлiк», «Қазақ кiтабының тарихы», «Кiтаптану негiздерi» пəндерiн оқыту кезiнде пайдалануға болады. Бұл еңбектен қоғамдық ғылымдардың басқа да саласындағы өкiлдерi өздерiне қажеттi мəлiметтердi ала алады деген ойдамыз. Зерттеудің сыннан өтiп, сарапталуы. Зерттеу жұмысының негiзгi нəтижелерi мен тұжырымдары ғылыми көпшiлiкке арналған басылымдарда, ғылыми жинақтар мен Халел Досмұхамедұлының соңында қалған қыруар рухани мұрасын құрастырып, кiтап етiп қайта бастыруда (Аламан. – Алматы: Ана тiлi, 1991; Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991; Таңдамалы. – Алматы: 24

Ана тiлi, 1998), ғұмырнамалық, ғылыми танымдық «Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмiрi мен шығармашылығы» (Алматы: Санат, 1996) атты еңбекте, Халел Досмұхамедұлының туғанына 110 жыл толуына орай ҚР Ұлыттық Ғылым академиясы мен Денсаулық сақтау министрлiгi ұйымдастырған ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамада (Халел тағлымы. Республикалық ғылыми-теориялық мəслихат материалдары. – Алматы: Ғылым, 1994) айтылып, жан-жақты талқыланып, мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған мақалаларда көрiнiс тапты. Тақырыпқа бiрден көшпес бұрын, сəл шегiнiс жасап, Халел Досмұхамедұлы мұрасымен алғаш жүздесуiмнен бастасам деймiн. ...1988 жылдың тамыз айы. Мəскеудегi əйгiлi В.И. Ленин атындағы Мемлекеттiк орталық кiтапхананың «Арнайы қор» («Спец. фонд») деп айдар таққан бөлiмiнiң оқу бөлмесiнде тұтқында жатқан еңбектердiң библиографиясымен танысып отырмын. Бұл бөлiмнiң есiгiн арнайы рұқсат қағаздары барлар ғана ашуға құқылы. Қазақстан Ғылым академиясы Тiл бiлiмi институтының (кəзiргi Ахмет Байтұрсынұлы атындағы) əкiмшiлiгi мен Ғылыми кеңесiнiң ұйғаруы бойынша менiң бұл iссапарымның негiзгi мақсаты – ұлы ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлына байланысты кездескен күллi мəлiметтiң ксерофото көшiрмелерiн алып қайту жүктелген-дi. Бұл дүйiм жұртқа белгiлi бiр кездегi Ахаңды жабылған жала, жағылған күйеден ақтау əрекетiнiң басы болатын. Каталог жəшiктерiнде сiресiп тұрған картотекаларды парақтаған сайын бұрын-соңды естiмеген жаңа есiмдердi ұшырата бастадым. Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Шəкəрiм, Ғұмар Қараш, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсiпбек Аймауытұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Елдес Омарұлы, Əлімхан Ермекұлы, Телжан Шонанұлы... Көгендеулi қозыдай сымға тiзiлген бiр жапырақ қағаздағы шағын деректердi оқыған сайын жүрегiм дүрсiлдеп, мұнша мол мағлұматты бойыма сыйдыра алмай əбден абдырадым... Үлгергенiмше тапсырыс берiп, əрбiрiн қолыммен ұстап, аударыстырып көремiн. Мұқабасы мен iшкi-тысқы беттерiндегi «қырағы бақылау орындарының» сан мəрте соққан мөр-таң25

балары менiң көз алдыма қамауда жатып қамыққан, ел-жұртын сағынып, сарғайған тағдыр-талайы мехнатқа толы жандардың кейпiн елестеткендей болды. Мiне, осылайша мен алғаш рет Халекеңнiң – Халел Досмұхамедұлының медицина, жаратылыстану, ана тiлi мен əдебиеттану саласындағы еңбектерiмен ұшырасқан едiм...11. Иə, мұнан кейiн тоталитарлық əмiршiл-əкiмшiл əңгүдiк билiктiң жылдар бойы тоң боп қатқан жүйесiн бұзып, дегдiте бастаған Тəуелсiздiктiң алтын күрек желi естi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы Əбiш Кекiлбайұлы сөзiмен айтқанда, «Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегi келдi...»12. Жаны жаннаттағы арыстарымыздың қапастағы рухани мұралары жарыққа шыға бастады. Кiтапхана қорларындағы, архив көмбелерiндегi алты алаштың ардақтыларының еңбектерiн iзденушiлердiң емiн-еркiн пайдалануына толық мүмкiндiгi туды. Осы арада тығырыққа тiреген тағы бiр гəптi айтпасқа болмайды. Кеңес өкiметi орнаған соң, саяси қысымның пəрменiмен араб қарiптi төлтума қазақ жазуы саналы түрде қолданыстан ығыстырылып, қалың бұқараның жадынан өшiрiлуi – кейiнгiлерге аманаттай боп жеткен ата мұрасының өзiне жат, ана тiлiндегi жəдiгердiң өзiне өгей күйiн кешкен бүгiнгi ұрпақтың кəдесiне жаратуына қиындық туғызды. Жəне де сол кезеңдегi соқыр идеологияның алдап-арбауымен араб əлiпбиiндегi күллi хат мəдениетiн ескiшiлдiктiң сарқыншағындай көрiп жаппай жоюды көздеген терiс таным, солақай ағымның қырсығы рухани мол қазынаның ойранын шығарды. Сондықтан там-тұмдап қолға тиген барды түгендеп, көпшiлiк қауымның сұранысын өтейтiндей етiп кəзiргi қазақ графикасымен тасқа бастырудың мəдени тарихымызды бүтiндеуге, ұлыттық сара жолымыздың бағыт-бағдарын түзуге мəн-маңызы өте зор. Бұл ретте соңғы жылдары халқымен қайта қауышқан Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Шəкəрiм Құдайбердiұлы, Ғұмар Қараш, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсiпбек Аймауытұлының таңдамалы 11

Мектеп-тегi А. Халел Досмұхамедұлы жəне əдебиеттану мəселелерi // Халел тағлымы (Республикалық ғылыми-теориялық мəслихат материалдары). – Алматы: Ғылым, 1994. – 52–53 беттер. 12 Кекiлбаев Əбiш. Ой-толғамдар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 117 б.

26

шығармаларымен қатар Халел Досмұхамедұлының да «Аламан», «Исатай-Махамбет», «Таңдамалы» кiтаптары сол игiлiктi iс-əрекеттiң кептерiндей бастама13. Монографиялық еңбекте сілтеме жасалған мұрағат деректері мен бұрынырақта жарық көрген газет-журнал жарияланымдарының емлелік заңдылықтары жəне тілдік, стильдік ерекшеліктері өзгеріссіз сол қалпында сақталғанын ескертеміз.

13 Бөкейханов Ə. Шығармалар.– Алматы: Қазақстан, 1994; Бөкейхан Ə. Таңдамалы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995; Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989; Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991; Байтұрсынов А. Тiл тағлымы. – Алматы: Ана тiлi, 1992; Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991; Дулатұлы М. Оян, қазақ! – Алматы: 1991; Шоқай М. Түркiстанның қилы тағдыры. – Алматы: Жалын, 1992; Чокаев М. Туркестан под властью советов (К характеристике диктатуры пролетариата). – Алма-Ата, 1993; Шоқай М., Шоқай М. Естелiктер. – Ыстанбул, 1997; Құдайбердиев Ш. Шығармалары. (Өлеңдер, дастандар, қара сөздер). – Алматы, Жазушы, 1988; Қараш Ғ. Замана. (Өлең, толғаулар, пəлсəпалық ой-толғамдар, мақалалар). – Алматы: Ғылым, 1994; Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989; Жұмабаев М. Шығармалар. 3 томдық. – Алматы: Бiлiм, 1995–1996; Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989; Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тiлi, 1991; Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991; Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тiлi, 1998.

27

1 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ТАРИХИ КЕЗЕҢ 1.1. ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ САЯСИ АХУАЛ ЖƏНЕ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ Заманның ыңғайын байқаған жас ұлан болашақты бiлiмде деп ұқты, оқу-өнерге ұмтылды. Ел арасындағы қисса мен əфсаналарды, ертегi мен шежiрелердi майын тамыза, құлақ құрышын қандыра əңгiмелейтiн шешендердi, жыршы, күйшiлердi зер сала тыңдайтын Халел халық мұрасына ықыласы ерекше ауып өстi. Кезiнде Мұрат ақын: «...Асылдың азбай жүрген тұқымысың... Законын екi жұрттың тегiс бiлсең, Ойладым, бiр көзiм деп iште жатқан. Адасар көзсiз адам жүрген жолдан, Адассам жетелерсiң алып қолдан. Халқымның адасқанын бастамасаң, Бiлiктен не пайда бар кеудең толған?..»14 деп батасын берiп, марапаттаған, алдындағы үлгi тұтқан немере ағасы Дəулетүмбеттiң де оған тигiзген игi əсерi зор болды. Бұл бата тiлек Халелдiң де азаматтық көзқарасының басты кредосына айналды... Темiр уезiндегi орыс-қазақ мектебiн үздiк бiтiрген қыр баласы Теке (Орал) қаласындағы Əскери реальдық училищеде орыс тiлiнде емiн-еркiн сөйлеп, ұстаздарын да, құрбыларын да таң-тамаша қалдырды. Бұл оқу орны – iргесi 1874 жылы қаланып, өзiндiк дəстүрi қалыптасқан, өнегелi, маман ұстаздар қауымы сабақ беретiн, жақсы жабдықталған бөлмелерi мен жаратылыстану пəндерiнен арнайы тəжiрибелер жасауға лайықталған лабораториялары һəм 14

Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 143–144 беттер.

28

түрлi саладағы үйiрмелерi жұмыс iстейтiн бiлiм ошағы едi. Құм арасынан келген қара бала училище қабырғасындағы бос уақытын құр жiбермей, үнемi iзденумен өткiздi. Əкiмшiлдiкəмiршiлдiк басқару жүйесiнiң жылдар бойы сыналып санаға сiңiрген ұрығынан нəр алған бiрен-саран орыс шəкiрттерi мен кей ұстаздары арасындағы түз елiне деген көзқарас, бұратана санаған халықтың өкiлдерiне менменсу Халел сынды сезiмтал жас жеткiншектердiң көңiлдерiне қаяу түсiрiп, жiгер-намыстарын қайрады. Дүниенiң кiлтi – өнер-бiлiмде екенiн ерте ұғынған талапкер қолына түскен кiтап болсын, газет-жорнал болсын, талғамай оқуды дағдысына айналдырады. Келе-келе жан серiгiне айналған рухани азығынан алған-түйгенiн ол жанындағы Нұрғали Ипмағамбетұлы, Ғұбайдолла Бердiұлы, Шабазгерей Күсепғалиұлымен бөлiсiп, өзара пiкiр алысудың соңы қызу айтыс-тартысқа ұласып кететiн. Бірде осындай əңгіме-дүкен үстінде Халел Бақшасарайда шығатын Ысмағұлбек мырза Гəспірəлінің «Тəржіман» газетін оқыған сайын көкейде жүрген талай жайдың сырына үңілдіріп, ішкі астарлы себебіне қанықтыра түсетінін ортаға салды. Ол Ысмағұлбек мырзаның «Орыс ішіндегі мұсылмандар» атты ой толғаулары мен пайымдауларынан мына жолдарды жолдастарына əдейі дауыстап оқыды: «... Қаншама ұстамдылықпен жəне сыпайылықпен жүргізілсе де ассимиляциялық саясаттың жүйесі бəрібір қысым көрсетусіз, бəзбір ұлыстың қүқығын шектеусіз жүзеге аспайды, сондықтан да ол екінің біріне ұнай қоймайды. Бірақ етек жая бастаған доктринадағы əсіре марапаттауды, тек пайдалы екендігін ғана жалау ететін ниетті аңғара отырып, біз бір ұлыттың екіншісіне жұтылу саясатын, біздің қоғамымыздағы орыстану саясатын – егер ‘орыстандыру’ деген сөзді орыстардың империядағы өзге ұлыстарды жұтуы мағынасында түсінетін болсақ – ақтап алудың еш ретін таппаймыз...»15. – Халелдің қоңыр əуенмен назар аударатын тұста сөзге екпін қойып оқуы, тыңдаушыларын бірден баурап алды. Отырғандар тым-тырыс, ой-қиялына еркін алдырып, біразға дейін лəм-мим деген ешкім болмады. Жүзінен сəбилік, пəктік сезімі байқалып тұратын, киіктің лағындай талдырмаш Нұрғали тосын 15

Ғаспрəлі Ысмағұлбек [Гаспринский]. Орыс ішіндегі мұсылмандар.

29

бірдеңеден қорыққандай реңі сұрланып, үрейлі домалақ көзі шарасынан шығардай діріл араласқан демін жұтып: – Жə, енді не істемек керек? Ресейге қараған сонша жұрттың не ойлағаны бар?! – деді іштей толғантқан көп сауалдың нақты жауабын күткендей. – Халық даналығы «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» – деп тегін айтпаған болар, – деді Халел. Ысмағұлбек мырзаның да мұсылман жастарына берген тілек-батасы сіздердің қаперлеріңізде жүргені абзал, құлақ түріңдер, – деп ол əрі қарай баяндай жөнелді: «Туысқаңдар, халыққа білім беру ісіне бел шешіп кірісіңіздер; білімпаз орыстардың көмегі мен ықпалына сүйене отырып, осы істің озық тəсілдерін талқылайық. Өзің оқығаның – мəртебе, ал оқығаныңды өзгеге үйрету, надандықтан құтқарып алуға талпыну – одан да мəртебелі, игілікті əрі қасиетті іс... Сонымен сіз оқып-тоқып, білім мен ізгі тəрбиені игердіңіз, оларды тек өз бойыңызға іркіп қалмай, бар білгеніңізді қандастарыңызға, тайпаластарыңызға үйретуге тырысыңыздар; орыстың жақсы кітаптарын түрік тіліне тəржімалап, кедей, қараңғы халыққа арнап кітап жазыңыздар, мектеп ашып, өнер мен кəсіпті таратуға талпыныңыздар... 1881 жылғы маусымның 1-жұлдызы, Бақшасарай»16. – Иə, жігіттер, ендігі жерде өнер-білім ауадай қажет. Бар жауапты міндет біздің буынға, жас жеткіншектерге түсіп отыр. Халқымызды біліммен ағартпай, езгіден қашып құтыла алмайтынымызға өткен ғасырлар куə. Олай болса, жаңа ғасырда ұлытымыздың азаттық таңына жетуіне бəріміз бірдей үлес қосуға ант етейік, сол жолда жан-тəнімізбен күресейік, – деді сөзін сабақтап Халел. – Ант етуге дайынбыз! – деп бұл пікірді өзгелер де қостады. Жүрекке жауапкершілік жүк артқан осы əңгімеден соң бозбалалық кəдуілгі қылықтарын ұмытып, өңдерінде салауаттылықтың нышаны байқалса да, əрқайсысының көңіл түкпіріндегі ауаны алысты кезіп, арман қуалап, тəтті үміттің құшағында жүрді. Содан бастап олар айнала қоршаған ортаға, ұстаздарының қам-қарекеті, сөз астарына сын көзбен қарауды əдетке айналдырды... 16

30

Сонда.

Күн – жексенбі. Таңертеңгі астан кейін шəкірттер Жайық бойына серуендеп, суға шомылып, сергіп қайтуды ұйғарды. Дорбаға кітап-құралдарын салды, таза ауада жүрек жалғайтын нан, елден келген дəм – қалған-құтқан қарынға салынған қуырдақ пен құрт, ірімшік те табылды. Бұлар тысқа шыққанда, көше ерсілі-қарсылы ағылған нөпір халық екен. Əредік араларында есауылы асай-мүсейін асынған атты казактар төңіректі барлай шолып, үш-төрттен шоқырақтатып өтеді. Ілуде бір тарантас жеккен ақсүйек төрелердің құйғыта қоңыраулатқан дабылына жол-жөнекей жұрт жарыльп жол береді. Қала шетіне шыққан олар жалғыз аяқ соқпаққа түсіп, Жайықты бетке алып, ілгері аяңдады. Көп ұзамай өзеннің екі жақ қапталына өрлей өскен тал-шіліктің демалуға оңтайлы саясына жайғасып, сəл-пəл тізе бүкті. Табиғаттың тамылжыған тамаша көрінісі жанарларын арбап, көк желек құрақ пен өзеннен соққан саф ауаның хош иісі мұрындарын қытықтап, саналарын сергітіп сала берді. Өзен жағалай өскен тал-теректің арасынан құйқылжыта салған бұлбұлдың əсем даусы маңайды салтанатты əуенге бөлейді. Қарт Жайық сол баяғы қалпы айдыны жарқырап, талай тарихты бойына бүккен күйі шолп-шолп етіп шежіре сыр шерткендей, əсте жаңылмайтын ырғағымен шалқып ағады. Аулақта балық аулаған мұжықтардың барқылдаған бейпіл сөздері əлсін-əлсін құлаққа талып жетеді. Көкте қиқулап ұшқан аппақ шағалалар бірінен соң бірі су бетіне шаншыла қадалып, аузына іліккен олжаға мəз-мейрам болысады. Кенет гүрілдеген даусымен маңайын думанға бөлеп жүретін ақ жарқын Жаһаншаһ бозбалалардың назарын өзіне аударды. – Біздің қазақ байғұс шағала құрлы да болмады-ау! Өзенге аттап бастырмаған қорсылдаған обыр немелердің ызасы зығырданыңды əбден қайнатады. Жайықтың балығы таусылатындай түге, осы жер-судың иесінен қарадай қызғануын қарашы! Ой, тоба-ай! – деп, шарасыздық кейіппен естірте өздіөзіне күбірлеп. – Жоқ, – деді Халел жұлып алғандай, тұңғиық қой көзінің оты жарқ етіп, – тағдырдың маңдайға жазғанына құр босқа налығаннан, шарға ұстаған болат кездіктей намыс-жігеріңді жаныған лазым. Кешегі өткен батыр бабаларымыз Сырым, 31

Исатай, Махамбеттің азаттық жолындағы күресінің бізге берер тағлымы осы. Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік. Теңдікті малды бермедік, Теңсіздік малга көнбедік,... –

демей ме кейінгі ұрпағына өсиет қалдырған Махамбет бабаң. Қабырғасын қаусатып, Бір-біріндеп сөксе де, Қабагын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, –

деп рухы мықты, табанды күрескерлердің күш-қайратын біріктіруі көздеген мақсат үдесіне жеткізерін өлең сөздің семсерімен тіліп айтқан емес пе? Өз-өзіне сеніп, сиынғаны – киіз туырлықты ақ ордасының төрінде үкілі домбырасы мен қобызы, босағасында шашақты найзасын кие тұтқан көшпелі өркениеттің соңғы тұяғы, дархан қазақтың даналығы мен жауынгерлігі. Ел шетіне жау тисе, «аттандап» атқа қонып, атой салған бабалар аруағы. Бертінірек тарихи қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай халқымыздың сорына Ресейге қосылуына кіріптар етті. Қазақты сыртқы шапқыншылықтан қорғау міндеті патша өкіметінің билігіне көшті. Елін, жерін қызғыштай қорыған еркек кіндікті атаулының бірте-бірте қоғамдық белсенділігі кеміп, азаматтық санасы қалғып, ұйқыға кетті; ішкенге мас, жегенге тоқ, тапқан ризығына мəз, құлқынының қамынан басқа ойлайтыны жоқ кесел жұқпалы аурудай жабысты. Дұшпанының ішінде не жатқанын ұғатын жан табылмай, ел азды, жер тозды. Осы саяси-əлеуметтік ішкі қарым-қатынасы бұзылған, бас-басына билік құрған өткен дəуірдегі қазақтың мұң мен зарын Мұрат ақын: Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – 32

Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысы болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оны дағы алғаны,... –

деп заманның бет алыс сыңайынан шошып, кестелі тілмен жырлауы да сондықтан. – Жанша, – деді Халел дауысын баяулата, жүресінен отырып қалған қалпынан көк майсаға құйрығын баса, аяқ-қолын əнтек жаза беріп, – халқымыздың өзге жұртпен терезесі теңесіп, өз ырысын жат аузына жем қылмасы үшін қоғамдық белсенділігі мен азаматтық санасын оятуымыз керек. Тəңір жарылқасын, бұйырса, училищені ойдағыдай тамамдап, одан əрі туған елімізге зəру, пайдасы ауадай қажет мамандықты игеруіміз парыз. Сонда ғана үлкен-кішінің алдында бедел жинап, өзімізден кейінгілерге үлгі-өнеге боламыз. Сөзіміз дуалы болып, ел ішінде жаппай мəдени-ағарту шараларына араласуымызға мүмкіндігіміз туады, – деп барып бір тоқтады. Сəл тыныстап, іле-шала: – Менің ақылым айтады: құр бекер қамыққаннан, бəріміз бірдей өз орнымызда жалындап, айналамызға жарығымыз бен шуағымызды шашсақ, халқымызға ділгер болған ортақ шырақты жаққанымыз. Халел сөзінен от алған бозбалалардың жүздеріне нұр ойнап шыға келді. Ауыздыға дес бермейтін Жаһаншаһ та оның шешіліп айтқан ой-пікіріне разылығын жасыра алмай үйіріп əкететін сиқыр үнімен: – Сырым бабамыздың шешендігіне тартып, түйдек-түйдек селдетіп жібердің ғой, құдды! – деп рахаттана кеңкілдеп күліп алды. Талай сыр мен жырдың куəсі Ақжайық та жалт-жұлт етіп, жымың қағып, желпіп өткен ерке самалға беті жыбырлап, аздан соң «ішімдегіні өзің біл» дегендей қайнаған қазандай тереңнен шапшып, сапырылып, толқып қоя берді. Жағадағы тал-теректер шайқалып, жапырақтар сыбдыр-сыбдыр қағып, мылқау табиғатқа тіл бітіп, шəкірт лебізіне жапа-тармағай қошамет көрсеткендей мінез танытты. 33

Жасөспірім жігіттер сырт киімдерін шеше салып, суға қойып кетті. Ақжайықтың ақ жал толқыны арасында олар сəйгүлік пырақтың жалына жабысып ұшып баратқандай көрінеді. Құмарлары тарқап, өзектері талған, балғын денелерін су шайып, жеңілдеп қалған шəкірттер жағаға шығып, күннің көзіне қыздырынды. Жап-жаңа ғана күнге тотыққан мүсіндері жалтырап, күміс моншаққа оранғандай еді, үзіліп-үзіліп домалап түскен тамшылар көзден ғайып болып, енді бал-бұл жайнап шыға келді. Таза ауада тамақтанып отырып та олардың əңгіме арқауы ерік-билігінен айырылған, күйзелген ел тағдыры, əлеуметтік теңсіздік жайлаған қоғам тынысына ойыса берді. Сол күнгі көкейде жүргендерін ақтарыла бөліскен шəкірттердің сөз лəмінен ерте есейіп, ой кіре бастағандары сезілді. Əбден бой жазып, тынығып қалған сайдың тасындай өңшең өндірдей жігіттер түс ауа келген іздерімен қаздың балапандарындай тізіліп қалаға қайтты. Училище қабырғасында өткiзген жылдар Халелдiң көп нəрсеге көзiн ашып, рухани марқайтты. Бiлiмге деген құштарлығы артып, болашағын бағдарлауға мүмкiндiк алды. Ресейдiң жүрегi саналған Петербор қаласында жаңа ғасырмен жарыса бiр топ қазақ жастары жоғары оқу орындарында бiлiм алды. Солардың қатарында 1903 жылы Орал Əскери реальды училищесiн үздiк бiтiрген Халел Досмұхамедұлы Императорлық Əскери-Медицина Академиясының сынағынан латын тiлiнен қосымша емтихан тапсырып, сүрiнбей өттi. Екiнiң бiрiнiң тiсi бата бермейтiн жоғары оқуды қыр баласы қиналмай игерiп, əрiптес жолдастары мен атақтары жер жарған ғұлама оқытушыларын аузына қаратты. Санкт-Петербургтiң мəденитарихи қасиеттi орындары, адам қолынан туған сымбат өнерiнiң таңғажайып үлгiлерi, зиялы қауымы, бай кiтапханасы, iрi-ipi дуалы ауыздар оқыған дəрiс дарынды Халелдiң қанаттануына жел бердi. Оның қоғамдық-саяси сана-сезiмiнiң тез өсiпжетiлуiне астанадағы жоғары оқу орындары студенттерiнiң жаңаруды тiлеген төңкерiсшiл көңiл күйi мен ұстанған бағытбағдарлары сан қилы саяси-əлеуметтiк мүдденi көздеген дербес партиялардың ниет-пейiлдерiнен түйген əсерi ықпал етiп, империяға деген кiрiптарлықтың аяусыз азабын тартқан халқына пана болсам деген iзгi ниет те ерте оянды. 34

Өмiрiнiң осы кезеңi туралы 1931 жылы 14 қыркүйекте Бiрiккен саяси Бас басқарманың тергеушiсiне өз қолымен жазып берген түснiктемесiнде: «Мен, – деп жазады Халел Досмұхамедұлы, – Петербургке бiрiншi орыс төңкерiсiнiң қарсаңында келдiм. Бұл кезде демократиялық күштер, оның iшiнде студенттер қауымы да жиi-жиi наразылық бiлдiрiп тұратын. Қым-қуыт, қарбалас студенттiк өмiрге араласумен қатар мен саяси бiлiмiмдi жетiлдiруге кiрiстiм. Əр түрлi саяси партиялардың бағдарламаларымен, олардың талап-тiлектерiмен таныстым... Менi жəне басқа да қазақ студенттерiн ешбiр саяси партиялардың бағдарламалары қанағаттандырмады. Социалдемократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социалистреволюционерлер шаруалар жөнiнде сөйлейтін... Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнiнде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған ауыздарын ашпайтын, ал оңшылдар болса, орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Əлi есiмде мен жəне жанымда басқалар да бар кездейсоқ П[авел] H[иколаевич] Милюковтың жасаған баяндамасына тап болғанымыз бар. Сонда ол өзiнiң сөйлеген сөзiнде былай деген: «Патша өкiметi орыс емес халықтарды аса дөрекiлiкпен жəне шектен шыққан арсыздықпен қанап отыр»17. Ол осы жылдары саясатқа ден қойып, Санкт-Петербург жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарымен қоян-қолтық араласып, күрес майданына шығады. Шын мəнiнде өнер-бiлiмге сусаған, ғылым қуған қазақ студенттерiнiң сол шақтағы дəстүрлi ерекше қасиеттерiнiң бiрi – өз мамандығымен шектелiп қалмай əр саладан жан-жақты, терең мағлұмат алуды көздеп астананың оқу орындарындағы бiлiмпаз ғұламалардың дəрiсiн iздеп жүрiп тыңдауды əдетке айналдыруы едi. Халел аты əлемге мəшhүр шығыстанушы ғалым, Санкт-Петербург Ғылым академиясының академигi Василий Васильевич Радловпен, Қазан лингвистика мектебiнiң негiзiн салушы, орыс фонологиясының атасы, профессор Бодуэн де Куртенэмен, Шығыс тарихының бiлгiрi, академик Василий Владимирович Бартольдтпен жиi араласып, олардың ақыл-кеңестерiн алып, теориялық бiлiмiн жетiлдiре түстi. Оның кейiн туған халқының əдебиетi мен тiлiне həм 17

ҚР Ұлыттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң архивi, 06610 iс, З том, 52 парақ.

35

тарихи өмiрiне қатысты iргелi еңбектер жазуына осы жылдардағы iзденiсiнiң себi тигенi шүбəсiз. 1905 жылы Бодуэн де Куртенэмен пiкiр-көзқарасы жарасқан Халел СанктПетербургтегi I Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерiн даярлайтын институтта оқып жүрген Мұхамеджан Тынышбайұлымен, украин A.А. Кусовпен, еврей Владимир Евгеньевич [Вольф Евнович] Жаботинскиймен жəне басқалармен бiрге автономист-федералистер одағын құруға атсалысады. Бұл есімдердің қай-қайсысы да өз ұлытының тарихында өшпестей із қалдырған ірі тұлғалар. Мəселен, Одессада туыпөскен сионистердің көсемі Владимир Жаботинский – Израиль мемлекетінің негізін салған интеллектуальдардың бірегейі. Ол отызыншы жылдардың қуғын-сүргінінен эмиграцияда бой тасалап, Парижде өмір сүруге мəжбүр болған. Бұл ұйымның көздеген мақсаты – Ресей империясына қараған орыстан өзге азшылық құрайтын ұлыт өкiлдерiнiң саяси дербес автономия құқығына ие болуы жəне олардың федерация құрамына енуiн жақтады. Мұндай батыл саяси идеяның ұйытқысы əрі ұйымдастыру жауапкершілігін мойнына алған əйгілі тілтанушы ғалым, еркін ой-пікірдің салтанат құруына бар саналы ғұмырын арнаған ұлы күрескер Бодуэн де Куртенэ еді. Бодуэн де Куртенэ [полякша ныспысы Ян Нецислав Игнаций] арғы тегі – əйгілі француз королі Людовик VI тарихи дара тұлғамен туысатын ақсүйектер əулетінен. Тағдырдың жазуымен 1730 жылы оның отбасы Польшаға қоныс аударады. Бодуэн де Куртенэ білімін Варшава университетінің тарихфилология факультетінде, кейін бірнеше жыл қатарынан Прага, Вена, Берлин жəне Лейпциг қалаларында оқуын жалғастырады. Этникалық көптеген тілдік деректердің өзіне ғана тəн əр алуан табиғатын ажырата зерделеп, екшей білудің нəтижесінде Бодуэн де Куртенэнің еңбегі ғылыми ортада кең таныла бастайды. Сондай-ақ тілтануға деген ерекше ықыласы аууы мен қызығушылығы оның полиглот ретінде сан алуан еуропа тілдерін терең меңгеруіне жəне ғылыми еңбектерін француз, поляк, неміс, чех, итальян, литва, орыс тілдерінде еркін көсіле жазуына мүмкіндік берді. Бодуэн де Куртенэ 1870 жылы Лейпцигте философия ғылымының докторы мəртебелі атағын алды. Оның ғылыми даңқы мен дəрежесі Польшада, еуропаның бірсыпыра елдерінде мағлұм болды. Лингвист-ғалым 1887 жылы Краков Ғылым 36

академиясының құрметті мүшесі, кейін Петербург Ғылым академиясының мүше-корреспонденті атанды. Заманында Бодуэн де Куртенэнің саяси көзқарасына сенімсіздікпен қараған Ресей империясының сауысқандай сақтығы мен өзге ұлыт өкілін жатсынудан туған қызғаныш əрекетінің зардабы тисе де, оның ғылым əлеміндегі іргелі табыстары Петербург Ғылым академиясының толық мүшелігіне əбден лайық екенін уақыт сыны дəлелдеді. Ізгіліктің жолында алған бетінен қайтпайтын қайсар мінез Бодуэн де Куртенэ отаны Польшада XIX ғасырдың аяғында қалыптасқан неміс-прусс саяси үстемдігі этникалық поляктарды өз жерінде қуғындауы мен шеттетуіне шыдамай қарсы күресті. Ол ұлыттық сезімі мен намысын қорлауға, кемсіту мен басыну фактілерін халықаралық заң актілеріне сəйкес адам құқының бұзылуы ретінде журналистік талдау жасап, поляк, француз, неміс, чех тілдерінде үнемі жариялап, қоғамдық пікір туғызуға ұйытқы болды. Бодуэн де Куртенэнің 1898 жылы Польшаның бұрынғы бас қаласы Краковте жарық көрген «Цензуралық ұсақ-түйек» («Цензурныя мелочи») кітапшасы – канцлер Бисмарк Үкіметі ұстанған бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензура саясатының қыр-сырын, жікжапсарын ашып, талдаумен ғана шектелмей, ондағы көздеген мақсат пен мүддеге қарама-қайшы поляк қоғамын азаматтық құқын қорғаудың өркениетті амалдарын шебер қолдана білуге үндеді. Аталған еңбек екі бөліктен тұрады: «I Князь Бисмарк жəне «Славянды» қудалау»; «II Поляктың жаңа поэзиясынан». Атының өзі жар сала баяндап тұрғандай екі тақырыпшада да Германия мемлекеттік механизмнің поляк ұлытын аяусыз езіпжаншып, түгел қудалауға бағытталған ақпараттық саясатын əшкерелеген. «Өзін адалмын деп санайтын кез келген пенде атаулы, мейлі ол қандай ұлыттың өкілі болмасын прустардың бұл қимыл əрекетін мақсатсыз қатыгездік пен арсыздыққа балары сөзсіз, – дейді автор. – Олардың бұл əрекетінен ақталудың бір ғана амалы, шындығында ақталудың да емес, ғылыми берілетін түсінік бар: ата тегінде бар тобырлық, тағылық инстингтің, жыртқыш жəне қаныпезерліктің белгісі оянуы»† – деп түйіндейді. XX ғасырдың оныншы жылдары †

И. Бодуэн де Куртенэ. Цензурныя мелочи. – Краков. Издание автора. Книжный магазин Гебетнера и К, 1898. – 4 стр.

37

аяғына дейін өмір сүрген Ресей патшалығында да аз ұлыттардың демократиялық бостандығы үшін күрес еш толастаған емес. Осы жылы өткен автономшылдар одағының 1 құрылтайында Мұхамеджан Тынышбайұлы «Қазақтар һəм азаттық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасап, патша əкiмшiлiгiнiң қол астына қараған шет аймақтардағы халықтарға жасап отырған озбырлық, адам төзгiсiз сасық саясатын батыл айыптап, əшкерелейдi. – Қазақ халқының саяси-əлеуметтiк, мəдени даму жолын тежеу үшiн ерекше заңға негiзделген арнайы басқару жүйесi енгiзiлдi. Сондықтан сахарадағы қозғалыстардан жалпы түсiнiк берiп, одақ мүшелерiн қазақ халқының жапа шеккен, қорланған өмiр тұрмысымен кеңiрек таныстыру мақсатымен қысқаша хабардар етудi өзiмнiң азаматтық парызым деп бiлемiн. Қазақ даласының өзiн-өзi басқару жүйесi, саяси, рухани, дiни сенiмкөзқарастары мен экономикалық əл-ауқатының жан-жақты тəркiленiп, титығына жетуiнiң салдары көшпелiлердiң наразылығын туғызып, қозғалыс толқынын өршiткен басты себепке айналып отыр, – деп бастайды баяндамашы сөзiн. Ана сүтiмен бойына сiңген «бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ» деген туған халқының даналық қағидасын қашанда бекем ұстанған Мұхамеджан орысша төселген жатық тiлмен нақты деректердi жүйе-жүйесiмен тарқата сабақтап, ғылыми дəлел-айғақтармен талдай жөнеледi. Генерал-губернаторлықты жою; əскери басқару жүйесiн азаматтық басқару жүйесiне көшiру; Мемлекеттiк Думаға халықтың санына қарай тиiстi өкiлдердiң мүше болу құқығы; əкiмшiлiк құрылымды түбегейлi қайта құру; азаматтық бостандық яки жеке үй-жай иеленуге, ар-ождан, сөз бостандығы (ауызша, жазбаша һəм баспасөз бостандығы); баспахана ашу, газет-журналдар, кiтаптар шығаруды жолға қою; қазақ халқын ұлыт ретiнде танып, iшкi iсiне араласпау жəне жерiне көз алартуды үзiлдi-кесiлдi тоқтату, тағысын тағы өзектi мəселелердiң шұғыл арада шешiлуiн қамтамасыз ету керектiгiн ашына мəлiмдейдi19. Поляк халқының ұлы перзентi, Санкт-Петербург Ғылым академиясының мүше-корреспондентi Бодуэн де Куртенэ 19

Мектеп-тегi А.Қ. Мұхамеджан Тынышбайұлы. Отарбадай ағып өткен ғұмыр // Ана тiлi. – 1992. – 9 сəуiр.

38

болашақ əскери дəрiгердiң иiнi келгенде туған тiлiнiң ғылыми жөндiгуiне ем-дом жасап, өзге тiлдерден жұғатын сөз сырқатының алдын алу шараларына септесуiне ақыл-кеңесiн бередi. Күрескер жанның жылдар өтiп саясаттан мойыны босаған соң қолына қалам алып шығармашылық жұмыспен шұғылдануы, лингвистиканың əлiпби, емле, терминология, лексика, фонетика, тiл тарихы салаларынан ғылыми тұжырымды рецепт берiп, «Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы» сияқты бiрегей еңбек жазуына дəрiгерлiк мамандығының тигiзген пайдасы аз болмады. Дүниенi дүр сiлкiндiрген 1905 жылғы 9 қаңтардағы «Қанды жексенбi» оқиғасы патша өкiметiнiң жауыздығына қарсы буырқанған халық наразылығын теңiздей тасытты. Астанадағы оқиғалардың куəсi болған студент Халел саяси хал-ахуалды түсiндiрiп, үгiт-насихат жұмысын жүргiзу үшiн елre оралады. Ол Орал қаласындағы татар, орыс тiлдерiнде шығатын «Фикер» [«Пікір»], «Уральский листок» газеттерiнiң беттерiнде жағдайдың бет алысын баяндап мақалалар жариялайды. «Фикер» – шын мəнісінде, кең мағынасында сол дəуірдегі қазақ пен татар халқының қоғамдық болмысын айнаға түскендей қаз-қалпында бейнеледі. «Фикер» – қазақ оқығандарының төлтума газет шығаруға деген сенімін нығайтқан тəжірибе мектебі болды. Газет бетінде Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйраұлы, т.б. қазақ зиялыларының мақалалары мен поэтикалық миниатюралары жарияланып тұрды. И. Рəмиевтің «Уақытылы татар мəтбуғаты» (1905-1925) альбомында келтірілген мəлімет бойынша, «Фикер» газетінің таралымы сол кезең үшін ең жоғарғы көрсеткіш – 5 мың данамен жарық көрген20. «Фикер» газеті – қазақ, татар, башқұрт, т.т. төрүк тілдес ұлыт пен ұлыстардың ортақ басылымы болғанына еш күмəн жоқ. Мұны басылымның географиялық таралу аумағынан да аңғаруға болады. Əсіресе, «Фикер» қазақ пен татар, башқұрт ұлысы үшін етене жақын, төл баспасөзі қызметін атқарғаны анық. Алайда «Фикер» бұған дейін қазақ баспасөзінің 20 Рəмиев И. Вакытлы татар матбугаты: Альбом (1905–1925). – Казан: Гажур, 1926. – С. – 232.

39

тарихында белгісіз себептермен аталмай келді. Бұл əрине, Кеңес дəуіріндегі «интернационализм» идеясын желеу етіп, ұлыттар бірлігін насихаттағанмен шындығына келгенде, төрүк тектес ұлыт пен ұлыстардың өзара рухани жақындығынан қорқып, гендік жаратылысы мен мəдени-рухани тұтастығын бұзуға, тарихи тамырластығын алыстатуға бағытталған саясаттың ықпалы болатын. Сондықтан қазақ баспасөзінің тарихында «Фикердің» аталуы бүгінгі идеология мен саяси таным, ұлыттық мүдде тұрғысынан өткен өмірлік ақиқат пен əділеттілікті орнықтыру, дұрыс пайымдау мəдениетін қалыптастыру үшін ауадай қажет. Осындай аумалы-төкпелі аласапыран шақта қазақ пен татар зиялылары Орал қаласында ұлыттық саяси ұйым құруды көздеген құрылтай өткізді. Іле-шала құрылтай қорытындысы бойынша бекітілген қазақтың болашақ «Конституциялық демократиялық партиясының» бағдарламасы мен «Жарғысын» сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ғабидолла Бердіұлы, Мірəлі Бақытгерейұлы, Ықсан Тоқбердіұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нұрəлі Ипмағамбетұлы, Мұхаммедəлі Мұқанұлы, Ғабдолкəрім Рақымбердіұлы, Ізбасарұлы, Үмітəлі Дүйсембиндер Орал қаласында Кəмил Мұттығұлұлы Тухватуллиннің редакторлығымен шығып тұрған «Фикер» [«Пікір»] һəм «Əл-ғасыр əл-жəдид» [«Ғасыр реформасы»] мерзімді баспасөз бетінде жария етті. Қазақ ұлытының саяси-əлеуметтік, мəдени-рухани өмірінің заңнамалық қадау-қадау қырын қамтыған 9 түрлі өзекті мəселе 44 баптан тұрды. Сол маңызды санаған мəселелер мыналар еді: 1. «Азаматтардың негізгі еркіндіктері», II. «Патшалықтың қалпы», III. «Халықтың өзін-өзі билеуі», IV. «Сот», V. «Дін», VI. «Жер 31. Қазақ халқының жері мен суы мəңгілік өздерінікі жəне оған ешкімнің ортақтығы жоқ делініп негізгі заңға жазылсын. Қазақтардың жері қазына жері жəне ол жерге орыс мұжықтары орналассын деген заңдар бұзылып, жоқ қылынсын. Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз орыстар мəңгілік ала алмайтындай болсын. Орыс мұжықтарының жері өздерінің отырған жерлерінде кеңейтілсін»21; VII. «Алым-салықтар», VIII.

21

40

Орал қалсында. Əл-ғасыр-ул-жəдид. – 1906. – №1. – 15 қаңтар 1906 ж.

«Жұмысшылар», IX. «Мектептер» туралы еді. Осы тарауларда жазылған мынадай баптарды оқимыз: «1.Русия патшалығының барлық азаматтары жынысына, нəсіліне қарамай бəрі заң алдында тең болсын. Азаматтарға бай не кедей немесе чиновник, ақсүйек яки қарасүйек нəсілі деп артықшылықтар, кемсітушіліктер жасалынбасын. Орыс болмағаны үшін қазақ, татар, башқұрт, поляк, еврей секілді т.б. халықтардың шекесіне тиіп келатқан таршылықтар мен кемсітушіліктер түбірімен жойылсын... 3.Əрбір азаматқа тілмен һəм хатпен пікірі мен көңілін білдіріп, газеттерге жазуға немесе басқа да жолдармен халыққа мəлім етуге ерік, кеңшілік берілсін. Осыған кедергі келтіретін цензура жойылсын. Құран Шариф һəм Хадис Шарифтер цензурасыз басылсын... 11.Русия империясының барлық мұсылмандары соның ішінде қазақ пен татар халықтары жəне басқа діндегі халықтар өз жиналыстары мен мəжілістерінде өз ана тілінде сөйлеуге ерікті екендігі негізгі заңда көрсетілген. Сондай-ақ негізгі заң бойынша халықтарға өз ана тілінде газет-журнал, кітап шығаруға ерік берілсін. Əкімдерден рұқсат сұрамай-ақ мектептер мен медреселер ашуға еркіншілік болсын... 13.Негізгі заңда Русия империясында конституция қалпы тұтылатындығы ашық жазылсын. 14.Халық өкілдері, яғни депутаттар дініне, нəсіліне жəне жынысына қарай айырылмай тегіс, тікелей тас салу арқылы сайлансын... 31.Қазақ халқының жері мен суы мəңгілік өздерінікі жəне оған ешкімнің ортақтығы жоқ делініп негізгі заңға жазылсын. Қазақтардың жері қазына жері жəне ол жерге орыс мұжықтары орналассын деген заңдар бұзылып, жоқ қылынсын. Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз орыстар мəңгілік ала алмайтындай болсын. Орыс мұжықтарының жері өздерінің отырған жерлерінде кеңейтілсін... 37. Нəсіліне, дініне жəне жынысына қарамай əркімге оқуға, білім алуға рұқсат берілсін. 38. Əр адамға жəне əр қауымға мектептер ашуға рұқсат берілсін... 40. Университеттердің жəне басқа да оқу орындарының өзінөзі басқаруына мүмкіндік берілсін. Студенттерге оқу арзан 41

болсын. Студенттердің мəжілістер, жиналыстар өткізіп тұруына рұқсат етілсін. Қазақ балаларына университеттерде оқу үшін стипендиялар көбейтілсін... 43. Қазақтар ішінде мұғалімдер мектебі көп болсын. Онда қазақ тілінде оқытылсын...»22 делінген. Демек, қазақ зиялылары дербес ұлыт ретіндегі құқы сақталуымен бірге өзіне тиісті аумақтық жер бөлінісіне ешкімнің қол сұқпауын заң жүзінде бекітуге күш салды. Сонымен қатар цензураның барлық түріне тиым салу, ана тілінде газет-журнал, кітап бастыру ісін шектемеу, мектеп мəселесін алғашқы төлтума саяси партиясының бағдарламасына енгізуі – оқу-білімге сусаған қыр елінің рухани сұранысын өтеудің құқын айқындауға бағытталған мемлекет тарапынан шешуге тиісті заң шеңберінде қойылған демократиялық талап. Айтуға жеңіл болғанмен бұл талаптың іс жүзіне асуы оңай емес еді. Өйткені патша үкіметінің билігі қол астындағы бұратана санаған ұлыт пен ұлыстарға демократиялық бостандық берудің империя үшін өте қауіпті құбылысқа апарып соғатынынан қорықты. Қазақ даласында ұлыттық мектеп ашу, төл газет-журналы мен баспа өнімдерінің жарық көруі саясимəдени зор уақиға болды. Алаштың біртуар ұлдары елдің сауатын ашып, саяси белсенділігін ояту үшін соңғы демі таусылғанша күресуге бел буды. «Фикер» арқылы қазақ даласындағы қордаланған мəселе төңірегінде елдің тұлғалы азаматтары ойларын бөлісіп, қоғамдық пікір қалыптастыру мүмкіндігіне ие болды. «Фикер» – қазақтың талапкер шығармашылық күшінің көзін ашуға ұйытқы болған баспасөз. Татар демократиялық мерзiмдi баспасөзiнiң қарлығашы – «Фикер» газетi 1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрдi. Бiр қызығы, газеттi шығаруға əкiмшiлiктiң ресми рұқсаты 1906 жылы 4 қаңтарда берiлген. «Фикердiң» (1905–1907) редакторы əрi бастырушысы татардың ұлыттық мерзiмдi баспасөзiнiң негiзiн салушылардың бiрi – Кəмiл /Камил/ Мұтығұлұлы Тухфатуллин (1883–1940) едi. Бұл газет туралы азын-аулақ мəлiмет бере кетуiмiздiң басты себебi – бiрiншiден, қазақ елiнде жарық көрдi; екiншiден, оған жазып тұрған негiзгi 22

42

Орал қалсында. Əл-ғасыр-ул-жəдид. – 1906. – №1. – 15 қаңтар 1906 ж.

авторлар қазақ оқығандары болатын; Үшiншiден, оның бетiнде көтерiлген ең өзектi мəселелер жергiлiктi халық өкiлдерiне бiрдей ортақтығы мен тiкелей қатыстылығында. Алғашқы ана тiлiндегi тырнақ алды мақалаларын Халел Досмұхамедұлы, Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы, Ахмет Мəметұлы, Ғұбайдолла Бердiұлы, Бақытжан Қаратаевтар осы мерзiмдi басылымда жариялады. Татардың əйгiлi классик ақыны Ғабдолла Тоқай шығармашылығының жамиғатқа кең таралып, бұқаралық сипатқа ие болуына да «Фикердiң» қосқан үлесi зор. Ол осы газетте шығармашылық қызметiн баспа ісі /печатник/ мамандығымен бастап, ақындық қуатының тегеурiнiн жалпақ жұртқа таныту арқылы ұлытының мақтанышына айналды. Сонымен қазақ топырағы – тұңғыш татар демократиялық мерзiмдi баспасөзiнiң қанаттанып, самғауына рухани тұғыр, Ғабдолла Тоқай мен Ғалымжан Ибрагимов сынды қырандардың миллəт мəдениетi мен əдебиетiнiң биiгiне парлауына рухани құтты кеңiстiк болғанына тарих куə. Жоғарыда атап өткенiмiздей Халел де бұл газетке қазақша, татарша көлемi шағын-шағын бiрнеше мақаласын жариялаған. Ол мақалаларының соңына «Студент Халел Досмұхамедұғлы» деп қол қойып отырған. 1988 жылы Қазан қаласында арнайы iссапармен болғанымызда «Фикер» газетiнiң түптемесiмен танысуымыздың сəтi түстi. Өкiнiштiсi, газет қағазының үлбiреген сапасыздығынан түсiрiп алған фотокөшiрмемiз пайдалануға жарамсыз болып шықты. Қазақ пен татарға ортақ рухани жəдiгер кезiнде Ресейге кең тараған жəне ұзын саны 5 мың данадан асып жығылған23. Бұл таралым көрсеткiшi сауат ашатын жүйелi мектебi жоқтың қасындағы ол дəуiр үшiн үлкен жетiстiк едi. «Фикердiң» 1907 жылғы ақпандағы сандарының бiрiнде оқырмандарды құлақтандырған тосын хабар жарияланды, онда редактор Камил Мутыгиге (Мұтығұлұлына) Сайдашевпен арадағы iске байланысты наурыздың 12-не Қазан округтiк сотының арнайы шақыртуы жiберiлгендiгi айтылған. Сəл кейiнiрек өткiзiлген сот процесi Мутыгидi он күн абақтыға қамауға үкiм шығарады. Тек беделдi зиялылардың араласуымен ғана оны абақтыдан құтқарып қалуға

23

Амирханов Р.У. Татарская демократическая печать (1905–1907 гг.). – Москва: Наука, 1988. – С. – 98.

43

əзер мүмкiндiк туған24. Ол сондай-ақ социал-демократтардың пəрмендi ықпалындағы «Уралец», «Уральский дневник» атты орыс тiлiндегi газеттер мен татарша «Əл-ғасыр-əл-жадид», «Уклар» («Оқтар») журналдарын шығарып əрi редакторы болды. Бұл басылымдардың бəрi бiрдей Орал қаласында шығып тұруы – мəдени атмосфера туғызып, қазақ зиялыларының да рухани тыныстау кеңiстiгiн қалыптастыру бағытында əрекеттенуiне оң əсерiн тигiздi. Жалпы, қазақ баспасөзiнiң тарихын зерттегенде татар мерзiмдi баспасөзiмен өзара ықпалдастығын естен шығармаған абзал. Осыған орай «Фикер» газетiн туысқан екi халықтың да ортақ мұрасы ретiнде қарастыру – бiрiншiден, тарихи əдiлеттi орнықтыруға септеседi, екiншiден, ғылым үшiн ауадай қажет-ақ. Бұл ретте қазақ мерзiмдi баспасөзiнiң тарихына ғылыми барлау жасап, бұрынғы Кеңестер Одағының бiрсыпыра архивтерiнде сақталған отандық рухани мұраның шаңын қағып, кəдеге жаратуға əл-шамасы келгенше талаптанып жүрген филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тəжiмұратов былай деп жазады: «1905 жылдан соң ғана баспасөз мəселесiнде азырақ саңылау ашылғандай болды. Баспасөздi меңгерiп алып жүрерлiк азаматтары көп татарлар мен əзiрбайжандар бұл еркiншiлiктi дереу пайдаланды. Əзiрбайжанда «Каспий», «Хаят» газеттерi, Қазанда «Жұлдыз», «Таң жұлдызы», «Тұрмыш», «Ялт-улт», Петерборда «Нұр» сияқты ондаған газет-журнал шыға бастады. Тiптi шетте жатқан Аштарханда 1906 жылдан бастап «БурханТəракки», «Хақ» тəрiздi бiрнеше газет шыққан. Ауыр қозғалып, бұл iске қазақ оқығандары да араласты. Олардың бейресми баспасөзге араласы 1905 жылы қазақ жəне татар оқығандары кадет партиясының бөлiмшесiн құрған Орал сиезiнен басталатынын айту жөн. Сол жолғы құрылтайдан соң шыққан «Фикер» газетiнiң алғашқы төрт-бес нөмiрi түгелдей Бақытжан Қаратаев, Халел Досмұхамедұлы, Ғұбайдолла Бердiұлының күшiмен жарық көрген. Алтыншы нөмiрден бастап газет саяси бетiнiң өзгеруiне орай татар оқығандарының қолына көшкен...»25. Ғалым пiкiрiн толық қуаттай отырып, оның «бейресми баспасөз» деген тiркестi қолданысына қосылмайтын24 25

44

Сонда. Тəжiмұратов Мақсат. Шəңгерей. – Алматы: Өлке, 1998. – 259 б.

дығымызды бiлдiремiз. Өкiнiштiсi, бұл ұғым басқа да бiрсыпыра зерттеушiлердiң iргелi еңбектерiнде орын алып, «дағдылы қолданысына» айналып жүр. Қандай мемлекеттiк жүйеде өмiр сүрмелiк қоғамдық-əлеуметтiк пəрменге ие болған ақпарат құралы – мемлекеттiң iшкi заңына сəйкес арнайы рұқсатымен тiркелiп, бақылауында болады. Олай болса, «бейресми» деу қисынсыз, ал белгiлi қоғамдық-саяси мүдденi көздейтiн күштiң органы болды десек, онда мəселе өз алдына бөлек. Жоғарыда аталған мерзiмдi баспасөз беттерiнде Халел қоғам өмiрiндегі орын алған саяси-əлеуметтiк дағдарыстың қарулы қан төгiске ұласқанын баяндай келiп, бұл төңкерiс шет аймақтағы қазақ даласын да шарпуы əбден ықтималдығын, сондықтан кез келген күтпеген жағдайға алдын ала тосқауыл болып, дайын отыруға баса назар аудартады. Осы жолы ол қырдағы ауылдарды аралап, Ресейде етек алған саяси күштердiң бағытбағдарын, қазақ үшiн қаншалықты пайда-залалы барлығының ара жiгiн ашып беруге тырысады. Ауқымы кең мұндай қоғамдық қатынастардың тоқырау кезiнде ең бастысы өсекаяңға, алып-қашпа сөзге ермей, босқа күюден сақ болудың шарттарын əлеуметке егжей-тегжейлi ұқтыруға бар бiлiгiн салады. Kөп ұзамай шет аймақтағы өлкелерде де бақылау күшейедi. Бейсауат жүрген, сезiктi көрiнген жандардың iсəрекетiне полиция тарапынан сырттай қатаң аңду жасалады. Халел осы бiр тарихи кезеңдi кейiн есiне алып: «1906 жылдың басында қырдағы ауылдарды аралап жүргенде, мен жəне жанымдағы басқа бiр студент (?) екеумiз тұтқындалдық; бiзге мұнан былай саяси жұмыс жүргiзуiмiзге полиция тарапынан тыйым салынды. Бiрақ дегенмен қалың бұқараға оны-мұны түсiндiрiп үлгердiк жəне қазақ арасында Шыңғыс заманынан келатқан төре тұқымының мұрагерлiк билiгiн орнатуды көксеген Бақытжан Қаратаевты мемлекеттiк Думаға сайлану үмiткерлiгiнен тайдырдық. Мұнан кейiн өрiс алған столыпиндiк реакция халық арасында жұмыс жасауымызға мүлдем мүмкiндiк бермедi де бiз оқуымызға кiрiстiк»26 дейдi. Студент Халел бұл арада тəжiрибелi саясаткер Бақытжан Қаратаевтың адамгершiлiк күллi оң қасиеттерiне бас ие отырып, оның идеялық көзқарасына сол кездiң өзiнде қарсы болғандығын ашық 26

ҚР Ұлыттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң архивi, 06610 iс, З том, 53 парақ.

45

жазады. Санкт-Петербургте ол Бақытжанмен талай мəрте дидарласып, қазақ елiнiң тағдыр-талайы туралы ұзақ-ұзақ сыр шертiсiп, сұхбаттасқан да едi. «Осы құжат ХХ ғасырдың басында Ресей империясының бас қалалары Петербор, Мəскеуде, сол сияқты Қазақстанмен жапсарлас орналасқан Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, тағы басқа қалалардың жоғарғы жəне орта оқу орындарында оқыған, ал кейiн Алаш партиясын құруға мұрындық болған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуының бастау көздерiн жəне олардың алғашқы саяси əрекеттерге араласу жолдарын анықтауға септiгiн тигiзетiндiгiмен құнды. Қазақ интеллигенциясының осы алғы легiнiң Халел Досмұхамедұлы, Əлихан Бөкейхан, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Жаһаншаһ Досмұхамедұлы сияқты белгiлi өкiлдерiнiң көпшiлiгi ғасыр басындағы Ресейде орын алған саяси хал-ахуалға сергектiкпен əрi сын көзiмен қарағандығын, ал содан кейiн барып қандай саяси ұйымнан үлгi алу мəселесiн шешкендiгiн көрсетедi»27. Басында астыртын əрекет еткен ұлыт зиялыларының күрес тобы 1905 жылғы төңкерiстiң дабылын естiп, ашық қимылдап, халық арасындағы үгiт-насихатты күшейте түседi. 1905 жылдың 26 маусымында Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы сынды ұлыт мүддесiн көздеген оқығандары Қоянды жəрмеңкесiнде бас қосып, Петербордағы кiндiк хүкiметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тiлек) жiбередi. Пошта арқылы жіберілген хат арнайы қызметтің тексеруінен өтетіндіктен қатерлі болатын. Петицияны патша ағзамның қолына тигізуді Əлихан Бөкейхан өз жауапкершілігіне алады. Бұл жолданған тарихи құжатқа 14 500 адамның қолы қойылған. «В настоящее время, когда вся Россия заявляет о необходимости полного переустройства своей жизни, киргизские степи, связанные судьбою с Россией, не могут оставаться безучастными к переживаемым ею событиям и не заявлять о своих назревших нуждах. ...Введение в стране «Степного положения», созданного бюрократическим путем без всякого 27

Нұрпейiсов К.Н. Қайраткер Халел // Халел тағлымы (Республикалық ғылыми-теориялық мəслихат материалдары). – Алматы: Ғылым, 1994. – 22 б.

46

соображения с истинными потребностями населения, неуважение к закону со стороны администрации, ставящей на место закона свое усмотрение, полное пренебрежение к правам личности и к чувству человеческого достоинства, административное насилие, вторгающееся во все стороны жизни, пренебрежение к духовным и экономическим интересам, искусственно поддерживаемое невежество народной массы, все это привело к объединению, культурное развитие к застою», – дей келе, олар патша үкiметiне 11 түрлi талаптарын қойған. Олар: 1. Дiни сенiмге қысым жасауды тоқтату; 2. Қазақ мектептерiнде қазақ тiлiнде оқыту; интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы; 3. Қазақ тiлiнде газет шығару; 4. Переселендердiң көшiп келуiн тоқтатып, жердi қазақтiкi деп жариялау; 5. Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшiрудi тоқтату; 6. «Далалық билеу Ережесiн» өзгерту; 7. Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда iстi қазақ тiлiнде жүргiзу, өтiнiштердi қазақ тiлiнде қабылдау құқығын қалпына келтiру; қызметке қазақ тiлiн бiлетiн тiлмаштарды алу; 8. Сот iсiн қазақ тiлiнде жүргiзу; 9. Бастықтар мен урядниктердiң санын қысқарту; 10. Генерал-губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю; 11. Жоғары хүкiметте қазақ депутаттардың болуы»28. Патша үкiметiнiң үнi саналатын «Санк-Петербургский Ведомости» газетiнiң 1905 жылғы №75 санында жарияланған «Қазақ даласындағы көшпелi ел тұрмысының мұқтаждығы туралы» деген мақаласында Мұхамеджан Тынышбайұлы Ресейдiң орталық аудандарынан сахараның шұрайлы, нулы-сулы жерлерiне жаппай қоныс аударушы орыс мұжықтарының жергiлiктi көшпелi халықтың шаруашылығына нұқсан келтiрiп, əлеуметтiк тұрмыс-тiршiлiгiн күрт төмендетiп жiбергендiгiн, санақшы-ғалым Фёдор Андреевич Щербина экспедициясының зерттеу мəлiметтерiндегi қате тұжырымдармен келiсуге мүлдем болмайтындығын сынай отырып, өз пiкiрiн тəптiштеп дəлелдейдi. Көшпелi халықты күшпен отырықшыландырып, 28

Петиция от участников Куяндинской ярмарки Председателю Комитета Министров об угнетенном состоянии казахов. Каркаралинский у., Семипалатинской обл. 26 июня 1905 г. ЦГА РК. Ф.И-64. Оп.1. Д.2053. Л.[10– 14].

47

«мəдениетке үйретудiң» нəтижесi зиянды зардаптарға əкелiп соғатынын жəне ондай қисынсыз тəжiрибенiң тарихта аз қайталанбағандығына көңiл аударады. Дер кезiнде Ресейдiң iшкi губернияларынан қоныс аударушылардың тасқынын тоқтатпайынша, отарлау жүйесiнiң толқыны көшпелiлердi жуыпшайып, таяу жылдардың əлетiнде башқұрт халқына туған күннiң бейбiтшiл, меймандос қазақ елiнiң басына да төнерi сөзсiздiгiн тiлге тиек етедi ол29. Дəл осылай Мұхамеджан Тынышбайұлының ұстанған қоғамдық-саяси көзқарас бағыты да қазақ зиялыларының 1905 жылғы күздегi «Қарқаралы петициясымен» үндесiп, дiттеген ойлары бiрдей шығуы заңды құбылыс едi. Қорғансыз елiнiң қамын ойлап бастарын қауiп-қатерге тiгiп, бес облыстан, жиылған қазақтың зиялылары 1905 жылдың желтоқсан айында Теке (Орал) қаласында Ресейдегi кадеттер партиясының үлгiсiмен ұлыттық саяси ұйым құруға əрекет жасағанда араларында студент Халел де бар едi. Кешiкпей патша өкiметiне қарсы бас көтерген Ресей жұмысшыларының əрекетiнен түк шықпай, аяусыз басып-жаншылып, елде қуғынсүргiн басталды. Полицияның қатал бақылауына алынған Халел де басқа жолдастары сияқты iзiн жасырып, астыртын қимылға кiрiспеске амалы қалмайды. Академия қабырғасындағы алты жылды өнер-бiлiмге құштар жан бас алмай, күнi-түнi көз майын тауысып iзденумен өткiзедi. Оның бағына академияда бүкiл əлемге беделдi ғалымдар ұстаздық ететiн. Ол көрнектi физиолог Иван Петрович Павловтың шəкiртi болу бақытына ие болды. Нобель сыйлығының лауреаты, академик ұстазының лекциясын зейiн қойып тыңдайтын Халел теориялық бiлiмiн оқу-тəжiрибе жұмысымен өте жақсы ұштастыра бiлiп, ғұлама ғалымның ыстық iлтипатына бөленiп жүрдi. Дəрiгерлiкке тiкелей қатысты пəндермен қатар Халел латын, немiс тiлдерiн жетiк меңгеруге бар ынта-жiгерiн салды. Демалыс сəтiнде Халел қаланың көрiктi тарихи орындарын аралап, театрларға баруды ұнататын. Ол студенттiк өмiрдiң

29

Тынышбаев М. Қазақ даласындағы көшпелi ел тұрмысының мұқтаждығы туралы. Санк-Петербургский Ведомости, 1905 ж., №75.

48

алғашқы күнiнен бастап естелiкке суретке түсiп, алыстағы атаанасы мен бауырларына жолдауды ұмытпаған. Оқтай зымырап студенттiк жылдар да аяқталуға таянған. Соңғы курста мiндеттi түрде өтiлуге тиiстi практикалық жұмысты Халелдiң Пермь губерниясы Чердынь уезiнде атқаруына тура келедi. Оның оқыған-түйгенiн қиындығы қатқабат дəрiгерлiк еңбек жолымен ұштастыруының алғашқы қадамы осылай басталды. Пермь губерниясындағы Чердынь уездiк Земство басқармасының 1909 жылғы 31 тамызда берген №4381 куəлiгi – осының айғағы. «Осыны көрсетуші, Императорлық Əскери-Медицина Академиясының толық курсын тəмəмдаған Халел Досмұхамедұлы Чердынь Уездiк Земствосыңда уақытша қызмет атқарып, 1909 жылғы 8 мамырдан 31 тамызға дейiн Морчан учаскесiнiң дəрiгерi лауазымында болды. Морчань учаскесi қабылдау бөлiмiмен бiрге ендi ғана ұйымдасып жатқандықтан, тап осы мезгiлде дəрiгерден таза медициналық қызметi сыртында көп қажыр-қайрат пен iскерлiк қабiлет талап етiлген-дi. Мiне, осы сəтте Досмұхамедұлы мырза өзiне жүктелген мiндеттi табыспен орындап, учаскелiк дəрiгер лауазымын дербес алып жүруге қабiлеттi екенiн дəлелдедi. Əскери ведомствода қызмет етуге мiндеттi болғандықтан Досмұхамедұлы мырзаның уездiк Земствода қалып жұмыс iстеу мүмкiндiгi жоқтығына уездiк Басқарма өте қатты өкiнедi». Куəлiкке Басқарма төрағасы, Басқарма мүшелерi жəне хатшысы қол қойып, Земствоның мөрi басылған. Ол Санкт-Петербургке келiсiмен мемлекеттiк сынақтарды ұршықтай үйіріп, бұйым құрлы көрмеді. Императорлық Əскери-Медицина Академиясын кеудесiне жарқ-жұрқ еткен алтын медаль тағып, абыроймен бiтiрiп шықты. Осы жылы Санкт-Петербург қаласындағы баспадан Абай Құнанбайұлының тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрдi. Абай поэзиясынан Халел рухани күш алды. Кесек ойлайтын «жұмбақ жанның» «мыңмен жалғыз алысқан» қасiретi ақын жүрегiнiң түбiне терең бойлаған Халелдiң көңiл санасына қонды. ...Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық бiлуге. Артық ғылым кiтапта 49

Ерiнбей оқып көруге. Военный қызмет iздеме, Оқалы киiм киюге. Бос мақтанға салынып, Бекер көкiрек керуге. Қызмет қылма оязға, Жанбай жатып сөнуге...30.

Инемен құдық қазғандай азабы мен мехнаты, қызығы мен қуанышы қым-ғуыт студенттiк жылдарды артқа тастаған Халелдiң алдында бел-белесi, бұралаң-бұлтарысы, ой-шұңқыры көп маң даланың қара жолындай – еңбек жолы, қоғам өмiрiндегi ұлыттық саяси күрес тауқыметi тосып тұрды. 1.2. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ОЯНУЫНДАҒЫ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ҚЫЗМЕТІ ХХ ғасырдың iлкi онжылдығында қазақ елiнде қалыптасқан саяси-əлеуметтiк ахуал қандай едi?! Осы тарихи өтпелi кезеңде қоғам өмiрiнде белең алған iркiлiстер мен сiлкiнiстерге аз-кем көктей шолып өткен жөн. Бұл Ресей империясының қазақ даласындағы үстемдiгi əбден шектен шығып, айтқанын iстетiп, дегенiне көндiрген шағына тұспа-тұс келдi. Түз елiндегi əкiмшiлiк басқару жүйесi түгелiмен орыс патшалығының ыңғайына көшiп, iшкi заңына бағындырылды. Патша əкiмшiлiгi шет аймақтағы жергiлiктi ұлықтарын сайлау iсiн халық сенген қалаулыларынан гөрi өз мүддесi тұрғысынан жүргiздi. Қазақ арасында ауылдық, болыстық əкiмдердi сайлауға байланысты партиягершiлiк, жемқорлық, парақорлық, жалақорлық дерттердi сiңiрiп, қоздатты; жiкшiлдiк, топшылдық, рушылдық көзқарасты ушықтырып, «тағыны тағыға айдап салу арқылы бiреудiң қолымен от көсеп, бөлшекте де билей бер» саясатын ұстанды, бюрократтық басқару əдiсiн өрбiттi. Абай айтқан «қазақтың жауы – қазаққа» айналды. Осындай жат қылық, керенаулық кiсəпiрлiк, жоқ-жiтiк мүсəпiрлiк ғасыр басында қазақтың iлгерi басуына етегiнен тартып, шаужайына жабысты. Қоғамдық30

50

Абай Құнанбайұлы. Шығармалар. – Алматы: Мөр, 1994. – 58 б.

саяси, əлеуметтiк-экономикалық жағынан жан-жақты тəркiге түскен сахара халқының ендi ең соңғы қамалы руханиэтникалық белгiлерi жойылуға шақ тұрды. Осы бiр қоғам өмiрiндегi төнген жойқын апатқа қарсы төтеп берiп, елдiк қасиетiн сақтап қалу үшiн ұлыт зиялыларының арасынан қармана iзденiп, иісi қазақтың сана-сезiмiн оятып, дерттiң дауасына ұмтылдыруға Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Жаһаншаһ пен Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Мұстафа Шоқайлар жан-тəнiн салды. Маң даланың төсiне шаншылған қадау-қадау алтын дiңгектей айнала маңайына күннiң көзiндей шапағы мен шуағын шашып, нұрға бөлеген арыстардың қай-қайсысы да «бiлектi бiрдi жығады, бiлiмдi мыңды жығады» деген даналық қағиданы жадында ұстап, азаттық пен тəуелсiздiктiң қасиеттi туын жоғары көтеру үшiн ұлы Абайдай «мыңмен жалғыз алысқан» жəне мыңмен жалғыз алысуға ел мен жұртының ой-санасын тəрбиелеген дархан жүректiң, биiк парасаттың иелерi едi. Бұл тұтынған жолында олардың көзқарастары бiр арнаға тоғысқанмен Əлихан бастаған топ қазақ пен қырғыздың басын қосу арқылы күллi төрүк қандастарын соңынан ертiп ата жауына қарсы ғаламат күшке айналуды түпкi мұрат-аңсары санаса, Мұстафа жеке-дара иісi төрүк атаулының ынтымағын жарастыруға құлшына иек артты. Қазақ көгiнде жарқырап көрiнген осы жетi жұлдыздың ұлықтығы мен кiшiктiгi өздерiнен кейiнгi жамырай өрген дарынды толқынның дүр етiп, жаңбырдан соңғы көк шалғындай қаулап өсуiне игi əсерiн тигiздi. Халқымыздың ұзын-ырға ғұмыр тарихында саясат жүзiнде, əлеумет iсiнде, мəдениет майданында сiңiрген еңбектерi жағынан олар iлкiде өткен дарабоздарды сан мəрте орап алатын жаратылысы бөлек, айырықша құбылыс болуларымен əдiл бағалануы хақ. Өмiрдiң күнгейiнен көлеңкесiн, тəттiсiнен ащысын, жеңiлiнен ауырын көп көрсе де, мойымаған тегеурiндi жандардың адами болмыс-бiтiмi кейiнгi буын-буын ұрпаққа ғибрат, үлгi-өнеге31.

31 19. Мектеп-тегi А. Əлихан Бөкейхан // ҚР. Əдiлет министрлiгiнiң хабаршысы. – 1995. – №10. – 41 б.

51

Əлекең бастаған алаш зиялылары отаршылдық тауқыметiн тартқан ел-жұртының азаттығы мен тəуелсiздiгi үшiн саясирухани күресi – азаматтық тарихымызда жаңа дəуiр туғызды. Олардың бұл қасиеттi iс-əрекеттерi бұрын-соңды болмаған өркениеттiң сапалы сатысына көтерiлген күрес əдiс-тəсiлдерiне тұспа-тұс келдi. Тектоникалық жер асты дүмпулерiнен болатын табиғи зiлзала апатындай күллi қоршаған ортаны шарпып өтетiн «соқыр, мылқау» нəубеттiң мейiрiмсiз дүлей күшiндей қоғамдық құрылысты, мемлекеттiк басқару, билiк жүйесiн қиратып, төңкерiске ұшырататын саяси-экономикалық, əлеуметтiк-рухани дағдарысқа бейтарап қалмай, ұлытының бақытты болашағы жолында белiн бекем буатын бiрегей күрескер тұлғаларды қатыгез де сараң, дархан да жомарт тарихи уақыт құрсағы жаратады. Тəңiрдiң бейiлi ерекше ауып мырза жаратқан əлгi ақылмандарымыздың қай-қайсысы да жұмыр басты пенде атаулыға үлгi-өнеге тұтуға əбден тұрарлық кiсiлiктiң эталоны десе болғандай. Ұлытының ар-ұжданына айналған жетi көсемнiң көздеген мұрат-аңсары – адамзаттық ортақ игiлiкке туған халқының бойындағы бар табиғи ерекшелiгiмен үлесiн қосып, əлемдiк өркениеттiң алдыңғы сапында жүруiне ақтық демi таусылғанша қызмет еттi. Осылардың қатарында теңiздей терең бiлiмпаз, ғұлама ғалым, əйгiлi саясаткер, мəшһүр публицист Халел Досмұхамедұлы хақында əңгiме қозғағанда, қазақ халқының басынан өткерген саяси-əлеуметтiк, мəдени-рухани ұзын-ырға тарихындағы қиын да күрделi дəуiр дидары көз алдымызға тұра қалары сөзсiз. Бiр сəт еске түсiрiп көрелiкшi: ол – екi ғасыр тоғысындағы сахара елiн сүлiктей сорып, ұлын құл, қызын күң, жұртын тұл етпек болған, қазақтың байлық-ризығын тонап, шұрайлы жер-суынан қоныс аударған, азаматтық ой-санасын өшiрiп, ұлыттық ерекшелiгi мен дəстүрлi басқару жүйесiн жоюға күллi қам-қарекетiн жұмсап баққан патша өкiметi жүргiзген отарлау саясаты; Ақпан, Қазан төңкерiстерi; ұлыт мүддесiн қорғаған тұңғыш төл саяси «Алаш» партиясы, Алашорда автономиясы; азамат соғысы; байға, кедейге бөлген тапшылдық науқаны; 1918; 1920–1921; 1931–1932 жылдардағы «аштық саясаты» (Мұстафа Шоқайұлы); 1920–1930 жылдардағы ғылым мен мəдениет майданындағы серпiлiс; 1930, 1937 жылдардағы қызыл террор, қуғын-сүргiн зұлматы... Халқы кешкен қатерлi 52

заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, ездiк пен ерлiктiң, азап пен тозақтың, өлiм мен өмiрдiң бел ортасында жүрiп, бетпе-бет келiп Халел Досмұхамедұлы ауыр сыннан өттi. Қилы кезеңдерде азаматтық нар тұлғасына дақ түсiрмеген ол азаттық пен тəуелсiздiк жолында бар күш-қайратын, бiлiмпарасатын, керек жерiнде қолына қару алып та – ұлытының жарқын болашағы үшiн ақтық демi таусылғанша күрестi. Сол жолда ол – мұрат-аңсарына жете алмай мерт болған, тағдыры қасiреттi де қайғылы тұлға. Осы орайда оны қазақ демократиялық баспасөзiнiң негiзiн қалаған көрнектi публицистердiң қатарында зерттеуге ғылыми дiлгерлiктiң уақыты əлдеқашан жеттi. Өйткенi ол өмiр сүрген дəуiрде қазақ елi саясиэкономикалық, əлеуметтiк-рухани жағынан Ресей патшалығына кiрiптар боп, оның аяусыз қанауы мен езгiсiне түстi. Халел Досмұхамедұлы өзге де ұлыт қамын ойлаған зиялылар қатарында қалам күшiн қару ғып, ел-жұртының сана-сезiмiн оятуға шындап кiрiстi. Шынайы демократиялық қоғамның басты ерекшелiгi «сөз бостандығы, баспасөз бостандығы» деген ұғымдардың қазақтың бас бостандығымен пара-пар саналуы да дəл осы кезеңге тура келдi. Ал, бұған қол жеткiзу буын-буын ұрпақтың маңдай терiмен, қажет кезiнде қан төгiс оқиғалар нəтижесiнде жүзеге асты. Кеңестiк тоталитарлық билiк үстемдiк құрған мемлекеттiк жүйе тұсында кемел ойдың кененi Мұхтар Əуезовтiң қанатты сөзге айналған «сын түзелмей, мiн түзелмейдi» деуiнiң астарында саяси-əлеуметтiк мəн-маңызы терең сыр жатқан едi. Цензураны айтпағанда, осы ғасырдың алғашқы онжылдығына дейiн Ресей патшалығы өз қанаты астына қараған атасы бөлек ұлыттар мен ұлыстарға демократиялық бостандықтарға ашықтан-ашық шектеу жасап, мемлекеттiк заңды құқық күшiмен қатаң тиым салып, қадағалап отырды. Ахмет Байтұрсынұлының мерзiмдi баспасөзге берген классикалық анықтамасына сүйенсек, қазақтың мүддесiн қорғайтын өзiнiң үнi болмауы – көзi жоқ – соқыр, құлағы жоқ – керең, тiлi жоқ – мақаудан айырмасы шамалы едi. Сондықтан айнала маңайындағы құбылысты түйсiнiп, iштегi шерiн айтып тарқата алмауы – қазақ қоғамын құсаға шалдықтырды. Мiржақып Дулатұлы айтқандай «Тiлiң шықса, үнiң шықпады. 53

Үнiң шықса, күнiң шықпады. Дүниенi қараңғы тұман басты...»32. Сайын даланы көшiп-қонып, шашырай қоныстанған елдiң жүрек түкпiрiне нұр сəулесiн түсiрiп, рухани дайындығын шыңдап, сөйтiп ынтымақ, бiрлiгiн жарастыра отырып, саяси белсендiлiгiн арттыру ұлыт зиялыларына оңайға соққан жоқ. Адамға маңдайындағы жанары биологиялық, физиологиялық жағынан қандай қызмет атқарса, алаш арыстарының саяси-рухани жанары сондай көреген болды. Бұл сол дəуірдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға ұлыт мүддесі тұрғысынан жедел əрекет етуден туған еді. ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлытының рухани ағарып, саяси белсенділігінің артуына, қоғамдық-саяси иммунитетінің қалыптасуына Халел Досмұхамедұлының қосқан үлес салмағы өте зор. Екі ғасыр бойы қазақ елін Ресей империясының терідей илеп, сана-зердесін дегеніне көндірген заманда жанартаудай бұрқ еткен ат төбеліндей тегеурінді ұлыт оқығандарының қатарында Халел де деградацияға түскен ел-жұртының рухани оянуына серпіліс туғызды. «Патша дəуiрiнде отар елдерде баспасөздiң болмауы мектептiң болмауы сияқты өкiмет саясатының салдары: баспасөз жоқ болса – ел сауатсыз, аңсыз болады. Сауатсыз болса – тонауға, жем етуге көнбiстi болады... Патша өкiметiнiң қазақ елiн баспасөзсiз ұстауы – қазақ елiн мұңдастырмайын, бiрлестiрмейiн дегенi өткен замандарда патша өкiметi қазақтың өз баспасөзiн жүргiзбек түгiл, басқа елдердiң газет-журналдарын, кiтаптарын өзiнiң тыңшылары арқылы күзетiп қазақ iшiне ендiрмей тұрған»33. Алайда мұның басты тетiгi – ана тiлiнде оқу-ағарту жұмысын шұғыл жандандырып, жедел қарқынмен жетiлдiру, баспа өнiмдерiн жолға қоюға көңiл аударып, мерзiмдi төл баспасөзiн шығаруға мұрындық болу едi. Ал, мұндай игi шараларға қадам басуға шет аймақтағы бұратана санаған елдiң көңiл-күй ауанын қадағалап, сырттай бақылап, үнемi назарында ұстаған патшалықтың тиiстi орындары əрине бюрократиялық тосқауылдар жасап, ресми рұқсат бермеуге барынша тырысты. Дегенмен, 1905–1907 жылдардағы жаппай саяси сипат алып, 32

Дулатұлы М. Сана қайда? // Қазақ. – 1917. – №256. Қазақ баспасөзi октəбiр өзгерiсiнен бұрын қандай едi, кейiн қандай болды? – Қызылорда: Қазағыстан мемлекет баспасы, 1927. – 6–8 б. 33

54

империяның зəре-құтын қашырған орыс шаруалар қозғалысының шарпуы шет аймақтағы халықтар арасында да толқу туғызып, қорқау өкiметтiң шарасыздан шегiнiс жасап, лажсыз демократиялық бостандықтарға көнуiне мəжбүрледi. Осыған орай 1907 жылы демократиялық қазақ мерзiмдi баспасөзiнiң тұңғыш қарлығашы – «Серке» газетi Петербор қаласында қанат қақты. Өкiнiштiсi, ел-жұртын сонша зарықтырған газеттiң ғұмыры онша ұзаққа созылмай, екiншi саны шығар-шықпаста отаршыл цензураның қараулына iлiгiп, түп-түгел таралым данасы тəркiлендi, сосын отқа жағылып, ерiксiз жабылды. Оқырман қауымның қолына тиiп, тарамай, баспахананың бояуы кеуiп, үлгермей тұтқындалған «Серкеден» соң тауы шағылған ұлыт зиялыларының қоғамдық ой-сананы шектеуге əрекеттенген патша жандармериясынан тауаны қайтып, сағы сына қоймады. Жатса-тұрса халқының болашақ тағдыры толғандырған алаш азаматтары əрдайым iлгерi ұмтылды... 1905–1907 жылдардағы Ресейдегi революциялық қозғалыстың ұлыт зиялыларын саяси сiлкiндiрген тарихи дəуiр болғандығына нақтырақ тоқталалық. Өйткенi кеңестану ғылымы əбден санамызға сiңiрген «Қазақстандағы революциялық қозғалыс Ресейдегi бiрiншi халықтық революцияның құрамдас бөлiгi» болды, екiншiден, бүкiл империя көлемiндегiдей «мұнда да бұл қозғалыстың гегемоны большевиктiк партия бастаған орыс пролетариаты едi жəне, үшiншiден, «революциялық қозғалыстың даму барысында қазақ еңбекшiлерiнiң орыс жұмысшыларымен жəне қоныс аударған шаруалармен интернациональдық ынтымақтастығы нығайды»34, – деген астары қатпарқатпар тұжырымды қағида тұтуға əдейi тықпалап келдi. Осыған орай кезiнде патша өкiметiнiң де, онан кейiнгi Кеңестiк идеологияның жүргiзген Түркiстандағы отарлау саясатын да аяусыз əшкерелеген Мұстафа Шоқай Францияның Ножан қаласында тұрып Германияның Берлин қаласында жарық көрген

34

Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. Под ред. Н.Н. Ванаг. – Алма-Ата – Москва, 1935. – С. 9; Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгiнге дейiн. Бес томдық. 3 том. – Алматы, 1982. – 416–417 беттер; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 81–85 б.

55

«Жас Түркiстан» журналының 1929 жылғы №1 санында жариялаған «Бiздiң жол» атты бас мақаласында «пролетариат диктатурасы» деген ұғымға былайша түсiнiктеме бередi: «...Отанымызда бiздiң жауымыз Мəскеу диктатурасы өмiр сүруде. «Түркiстан пролетариаты дегендi бұрын-соңды ешкiм естiген емес» («Не ясная категория»), «Өзбекстан Республикасы (демек, бүкiл Түркiстан) пролетариатсыз күресуде». Бұл сөздердi өткен жылы желтоқсан айында Кеңес Одағы Орталық Атқару Комитетiнiң сессиясында Шалуа Элиава айтқан болатын. Ендеше, сол «пролетариатсыз» жəне «пролетариат деген тапты ешкiм естiмеген» Түркiстанда Мəскеу «Пролетариат диктатурасын» жариялады. Ал ендi бұл өзi қандай 

Асылы, Мұстафа Шоқайұлы Еуропаның бір мемлекетінде тұрып екінші мемлекетінде мерзімді баспасөзді бастыруының сыры – Кеңестік қызыл коммунистердің дұшпандық əрекетінен сақтану, астыртын, консперативтік қорғаныс шарасы еді. Өйткені Кремль көсемдерінің Түркістан өлкесінде жүргізген миллиондаған бейкүнə жандардың қырғынға ұшырауына, езіліп, жаншылуына, нақақтан-нақақ аяусыз абақтыда азап шегуіне, қуғын-сүргінге түсуіне, шектен тыс отарлаудың нəтижесінде жерінен айырылу, қолындағы бар байлығын тəркілеу, ұлыт ретінде жойып жіберуді көздеген зұлымдық саясатын Мұстафа Шоқайұлы көптеген Еуропа тілдерінде күн құрғатпай əшкерелеп, ақпараттық соғыс жариялады. Мұстафа кеңестік коммунизм идеясының қанат жаюы əлем мемлекеттеріне аса қауіпті құбылыс екенін нақты мысал, сан алуан дерек, айғақтармен дəлелдейді. Сондықтан кеңестік коммунистік билік əлемнің қай түкпірінде жүрсе де Мұстафа Шоқайұлын қалайда қолға түсіруге, көзін құртуға əрекет жасап бақты. Талай мəрте дұшпанының бұған енді қолы жетті-ау дегенде Мұстафаның періштесі қағып, туралап келген қауіп-қатерден сытылып шығып, ажал құрығынан аман құтылып отырды. «Сақтықта қорлық жоқ» деген халық даналығын үнемі есте тұтқан Мұстафа Шоқайұлы «Яш [Жас] Түркiстан» журналын Францияда тұрып Германияның бас қаласы Берлинде бастыруының себебі осында еді. 1929–1939 жылдар аралығында үзбей жарық көрген журналдың қаржылай шығынын Польша үкіметі, əсіресе Мұстафа Шоқайұлымен пікірлес, өзара достық қарым-қатынаста болған маршал Йозеф Пильсудский тікелей қолдау көрсетті. Сондай-ақ 1933 жылы Германияның рейхсканцлері болып билік басына Адольф Гитлердің келуі əлемде «жаңа тəртіп орнатуға» дайындықты бастады. Адольф Гитлер билікке келісімен «кеңестік коммунизм құрылысына қарсы жорыққа аттануды» алдына мақсат етіп қойды. Сондықтан Мұстафа Шоқайұлы қызыл империяның туған отанына, ұлытына апат əкелген сұрқия саясатына қарсы күресуге мерзімді баспасөз құралын бастыратын Еуропада бірден-бір қауіпсіз мемлекет Германия деп Берлин қаласын таңдады. Мұнан əрине, Мұстафа Шоқайұлы Адольф Гитлер жүргізген саясатты қолдады деген жаңсақ түсінік тумаса керек. – А. Мектеп-тегі.

56

«пролетариат диктатурасы» деген сұрауға, əрине, «орыс пролетариат диктатурасы» деген жауап сəйкес келедi. Большевиктер «Түркiстан республикалары түрi – ұлыттық, мазмұны – пролетарлық» деседi. «Түркiстанда пролетариат болса, олар – еуропалықтар (демек, орыстар) деген Шалуа Элиава мойындауы Түркiстан республикаларының пролетарлық мəнiн анық көрсетiп тұрғандай. Ал бiздiң мұратымыз – Түркiстанда түрi жағынан да, мазмұны жағынан да ұлыттық болатын мемлекеттiк құрылымға қол жеткiзу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерiнiң нағыз қожасы бола алады»35. Бұл алаш зиялыларының көздеген басты мақсат-мұраты болатын. Алайда өмiрлiк шындықты бұрмалап, ұлыт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметiн жоққа шығаруда кеңестiк тарихнама ғылымының өз көздеген мақсаты мен есебi бар едi. Өйткенi ұлыт зиялыларының ұстанған саяси бағыт-бағдары айқынтұғын, ол – қайткенде де халқының саяси тiзгiндi өз қолына алып, отаршылдық езгiден мүлдем құтылуы үшiн күрестi жəне сол киелi iске олар мұрындық та, қозғаушы күш те бола бiлдi. Ал Кеңес идеологиясы қазақ халқының дербес мемлекет болып, бөлiнiп кетуiне қолайлы жағдай туған тарихи сəтте де не түрлi əдiстермен қарсы əрекет етiп, өз пайдасына шешуге ұмтылды. Сондықтан ұлыт зиялыларының қасиеттi күресiн «буржуазиялық-ұлытшылдықтың» көрiнiсi ретiнде сипаттап, ғылыми əлемдi шатастыруға мəжбүр болды. Жергiлiктi атқамiнер белсендiлердiң құқайы һəм патшалық əкiмшiлiктiң қаққы-соққысы көшпелi қазақты қу тақыр, таулы-тасты, шөлдi аймаққа ығыстырып, шамадан тыс салық мөлшерiн көбейтiп, теспей соруы – «əлеуметтiк таптық теңсiздiктiң нəтижесi» деп мəселенiң саяси астарын кеңестiк тарихнаманың басқа арнаға аударғаннан бөтен өзге амалы жоқ едi. Бұл арқылы коммунистер халықты байкедейге бөлiп, өздерiнiң қылмысын бүркемелеп, iзiн жабуды көздедi. Осы ретте тағы бiр маңызды мəселеге көңiл аудара кеткен абзал. Кеңестер Одағының ықпалы əлсiреген сексенiншi жылдардың аяқ шенiнен бастап қоғам өмiрiнде бұрынғы алаш зиялыларын «ақтауға» байланысты бет бұрыс басталды. Алаш35 Мұстафа Шоқай. Таңдамалы. Бiрiншi том. – Алматы: Қайнар, 1998. – 32–33 б.

57

тану мəселесi ғалымдар арасында түрлi пiкiрталас тудырды. Əсiресе, ұлыттық интеллигенция тарихын бiрден-бiр зерттеушi бiлгiрi саналып жүрген В.К. Григорьев – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның əлеуметтiк-экономикалық жағынан жеткен даму деңгейi соншалық, ұлыттық жұмысшы жəне буржуазия табы қалыптаса бастады. Көшпелi жəне жартылай көшпелi ауыл өзгерiске түстi. Дегенмен бұрынғыша билiк байлардың қолында едi, бiрақ кедейлер көп болды, олар сыртқа барып жалданып өмiр сүрдi, сондықтан қала өмiрiн жақсы бiлдi. Бiрсыпыра орындарда орыс-қазақ мектебiнiң түлектерi болыстық кеңсе хатшылары мен тiлмаштары қызметтерiн атқарды. Азын-аулақ қазақтар қалаларда жүкшi, арбакештер болумен қатар, сондайақ, сауда үйлерiнде, кеңселерде, басқармаларда тағы басқа орындарда қызметкерлер болды. Осы қазақ қоғамының əлеуметтiк тобының көп қабаттылығы ұлыттық интеллигенцияның құрамына да əсер етпей қоймады, – дей келiп: «В целом же интеллигенция делилась на две неравные части. В первую, элитную, входили те, кто имел высшее или незаконченное высшее образование, кто являлся выходцем из феодально-байских кругов. Среди них, например, адвокаты Д[жанша] Досмухамедов и Ш.А. Лапин. Численно эта элита составляла около ста человек. Именно она потом получила от Керенского посты комиссаров Временного правительства (А. Букейханов, М. Тынышпаев), возглавила антисоветские правительства «Уильского оляята» (Д. Досмухамедов) и Кокандской автономии (М. Тынышпаев и М. Чокаев)»36, – деген пiкiр түйедi. Зерттеушiнiң сөз лəмi қайткенде де жоғары бiлiмдi оқыған қазақты «бай-феодал ортасынан» шығаруға тырысушылығы ортағасырлық жазалау əдiсi сияқты кеңестiк дəуiрдiң тапшылдық саясатына тəн қаралау дертiн еске түсiредi. Қай заманда да əлеуметтiк тұрмысы жағынан мүмкiндiгi барлардың бiлiм алуға көбiрек құлшына ұмтылатыны табиғи заңды құбылыс. Осындай бiр жақты позициясын тарих ғылымының докторы, ҚР Ұлыттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi Кеңес Нұрпейiсов те «... В.К. Григорьев Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған жəне кадеттер жолын қуған буржуазияшыл-ұлытшыл 36

Григорьев Владислав, Шапорев Юрий. Фрагменты времени // О чем говорили. – Алматы: Жалын, 1990. – 47.

58

партия деп анықтап, ал партия жетекшiлерiнiң басты тiрегi қазақ байлары болды деген өзiнiң бұрын жарияланған пiкiрлерiн қайталады»37, – деп орынды атады. Ал ендi туған халқының отаршылдық қанаудан азаттығы мен тəуелсiздiгi үшiн жанын да, қанын да аямай, жұбын жазбай бiрге күрескен, мақсат-мұраты, мүддесi ортақ, Құдай бөлмесе адам бөлмеген Əлихан, Ахмет, Мiржақыптарды алалап, жiктеуге Григорьев мырзаның ауызы қалай барған? – деген сұрақ өз-өзiнен көкейге оралады. Оның мəлiметi бойынша бұл оқыған ақсүйектердiң шамамен жүз қаралы болуы да логикалық жағынан сол кезеңдегi алты миллион қазаққа шаққанда күмəндi екенi шүбə келтiрмейдi. Қазақтың маңдайына бiткен арыс азаматтары ел-жұртын отаршылдық езгiнiң құрсауынан құтқармақ болған күллi қызметiнен жаулық əрекет iздеу де ғалымдардың кейiнгi зерттеулерi нəтижесiнде жоққа шығарылып, дəлелденгенi белгiлi. Шындығында, қазақ зиялыларының аумалы-төкпелi ғасыр басындағы өтпелi дəуiрде ұстанған көзқарастары мен наным-сенiмдерi қайшылықты да, қасiреттi болғаны жасырын емес. Күздiң күнiндей қырық құбылған сан тарау саяси ағымдарды бiреу түсiнсе, бiреу түсiнбеген де заман болғаны ақиқат. Мiне, осындай саяси ауа райының тұрақсыздығы жағдайында зиялылардың арасында адасушылардың, аяғын шалыс басушылардың болуы табиғи құбылыс. Ал ендi бiрсыпыра интеллигенция өкiлдерi саналы түрде ұлыт мүддесi үшiн бар өмiрiн сарп еткен аяулы жандарға, халқының ар-ұждандарына айналған перзенттерiне жала жауып, оқ атып, сатқындық жасады, опасыздыққа барды, сол арқылы өзгенiң сойылын соғып, шен-шекпенге бола ар-намысын саудаға салған-ды. Тарих ондайларды да ұмыта қойған жоқ. Өкiнiштiсi, елiмiзде саясаттың желi оңнан есiп, алаштың ардақтыларын ақтау науқаны басталғанда жаңағы айтқан ар-намысын саудаға салған сатқындар мен опасыздардың архив қорында сақталған жалған ақпар, жасырын шағымдары «кейбiреулердiң» қолында тарихи маңызды құжат ретiнде тартылып, қасиеттi шаруаның жедел шешiлуiне көп кедергi туғызды. Осы арада тарихи тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен iзденушiлердiң, жазушылар мен журналистердiң бiр қатары архивтiк деректердi 37

Нұрпейiсов К. Алаш һəм алашорда. – Алматы, 1995. – 19 б.

59

зерде сүзгiсiнен өткiзіп үлгермей, сол қалпында ақиқат деп қабылдауы қынжылтады. Бұған дейiн архив империяға қызмет етiп келгенiн естен шығармауымыз керек. Ал империя қашанда принциптi мəселелердi өз мүддесi тұрғысынан шешуге тырысатыны белгiлi. Сондықтан ол көпшiлiктiң қолы жететiн деректердi өз ыңғайына лайықтап, идеологиялық қол жаулығы ретiнде жұмсайды. Ал мұндай материалдар тарихи сананы танып-бiлуге керi əсер ететiнi сөзсiз. Ондай ойдан кейбiр зерттеушiлердiң əлi де арыла алмай жүргенi жасырын емес. Осындай себептер Кеңес өкiметiнiң алаш азаматтарына тағылған кiнəлерiнен бiржолата ақтаудың əуелгi кезеңiнде тиiстi жауапты адамдардың арасында дау-дамай, айтыс-тартыс туғызды. Бiз еңбегiне сiлтеме жасаған ғалым Владислав Григорьев «Алаштың» ақиқатын айтуға келгенде» қазақ зиялыларын əсiресе, Əлихан Бөкейхан, Жаһаншаһ пен Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы сынды көсем тұлғаларға қарама-қарсы Бақытжан Қаратаев, Əлiби Жангелдин, Көлбай Төгісұлын таразының екiншi басына тең қойып, өз iшкi есебiн түгендегiсi кеп бақты. Бiз Владислав Григорьевте есемiз кетiп, өш ала алмай жүрген ештеңемiз жоқ. Алайда зерттеушiнiң алаштануға қатысты айтқан ой-тұжырымдарына жауап əлiге дейiн ашық қалып келуi – бұл мəселеге өз көзқарасымызды бiлдiрудi азаматтық парызымыз санадық. Дегенмен адам тағдыры шешiлетiн жауапты тұста қоғамдық төрешi болып, əдiлеттiң ақ туын аттап өту – кiм-кiмге де əруақтардың рухының алдында опа бермейтiн кешiрiмсiз жағдай. Ғалым еңбегiнде «Добавлю, что в числе таких интеллигентов – известный революционер-демократ, создатель национальной партии «УшЖуз» Кольбай Тогусов. Кстати, именно К[ольбай] Тогусов возродил из легенды слово «алаш», связанное с мифическим предком казахов, отважно сражавшимся с чужеземцами. Он дал это имя газете, с которую выпускал вместе со своей женой в Ташкенте с декабря 1916 по март 1917. Это уж потом, в начале октября 1917 года, приверженцы кадетской партии «позаимствовали» у К[ольбай] Тогусова возрожденное им имя, присвоив его своей партии...»38, – деген зиялылар арасын ашатын құй38

Григорьев Владислав, Шапорев Юрий. Фрагменты времени // О чем говорили. – Алматы: Жалын, 1990. – 49.

60

тырқы от тастайды. Əрине, ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тарихын жүйелi зерттемеген жан бұл мəлiметтерге сенiп қалуы əбден мүмкiн. Көлбай Төгісұлының «Алаш» газетін шығару арқылы күллі қазақтың отаншылдық сезім түйсігіне əсер етіп, жан дүниесін əбден баурап, түпкі көздеген саяси мүддесін орындамақ дəмесінен түк те өнбей, Əлихан Бөкейхан бастаған ұлыт зиялыларының «Алаш» атты партиясы мен Алашорда автономиясының бүкілхалықтық сипат алған қолдауы мен беделі, даңқы мен рухының мысы басып, ол қиялдаған үмітінен дəнеңе шықпады. Енді ол саяси бақталастарына қарсы қазақтың бөлінбейтін тұтас рəмізіне айналған қасиетті ұғымына саяси мағына үстеп, өзінің социал партиясының атына тағып, «Үш Жүз» газетін шығаруында халықты соңына ілестіруден күдерін əсте үзбегендігін көрсетеді. Төгісұлы өз қабілет деңгейінің мүмкіндігімен санаспай ұлыттың буынды, жанды тұсын дəл басып, халықтың тағдырын саяси ойынға айналдыруы – аумалы-төкпелі сұрапыл уақыт еншісіндегі қазақ қоғамы үшін сең соққан балықтай оңай сын болмады. Əрине оның далбасалаған бұл күресі еш нəтиже бермесе де, қоғамдық ойдың дамуындағы ескерерлік сабақ болғаны аян. Əлеуметтің Григорьев сияқтылардың жетегіне еріп кетпесі үшін сəл шегініс жасауға тура келеді. 1917 жылы маусым айында Ташкенттегі оқыған жастар «Бірлік туы» атты серіктік құрады. Серіктіктің мүшелік жарнасы 10 сом деп белгіленеді. Жарғыда жазылғандай алдына қойған мақсаты – серіктіктен түскен ақшаға «Бірлік туы» газетін үзбей шығарып тұруды, егер алда-жалда айналымнан еселенген пайда көрер болса, елдің мəдени-рухани сұранысын өтейтіндей іс тындыру еді. Бір қызығы, «Бірлік туы» серіктігі мен газетін ашу идеясының тууына Көлбай Төгісұлы да себеп болады. «Қазақ» газетінде жарияланған «Бірлік туы» серіктігі» деп аталатын мақалада мұғалім Уəліхан Ғұмарұғлы былай деп жазады: «Серіктіктің бұл күнде газетін шығара беруге қаржысы жетіңкіремей тұр. Бұл серіктікті ашуға себеп бұл күнде 

ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз беттерінде қазақ есімдері бір ізге түсірілмей, ала-құла таңбалануы орын алды. Мысалы, Уəліхан Ғұмарұғлы, Уəлихан Омарұғлы немесе Əлихан, Əліхан, Ғалихан; Төгісұлы, Тоғысұлы, Тоғысов деген сияқты.

61

Ташкентте шығарып тұрған Көлбай Тоғысовтың «Алаш» деген газеті бар. «Алаш» газетінің шыққаннан бері халыққа жақсы пайдалы бір жол көрсете алмауы болыпты. Болмаса газетті құр беталды көбейте берудің атақ қылып тұрғаны көрінбейді. «Бірлік туының» серіктері серіктігін алғаш ашарда орталарынан учитель Сұлтанбек Қожановты Көлбайға жіберіп: «Алаш» бұл күнде атына лайық болып Алаш газеті бола алмай тұр. «Алаштың» бұлай шығып тұруына ішіміз пысады, намыстанамыз. Сондықтан жұрт мұқтажды күзеткендей бір газет ашудан ойлы едік. Егер сіз «Алашты» жақсы алып барарлық болсаңыз, біз газет шығармай «Алашты» қолдайық. Болмаса жақсы жазушылар сайлап һəм «Алаш берекесіндегі» серіктерді көбейтіп екінші бір шығарушының қолына берейік! Бұған қалай қарайсыз? Құр газетті көбейте беруден де мағына жоқ қой» деген екен. Көлбай «Өзім өлмей «Алаштан» айырылмаймын» деген соң, бұлар «Бірлік туы» деген серіктік ашқан. Бұл күнде бұ серіктік кісілері газетіне жақсы ғана алушы һəм серіктігіне пайчиктер жиып жатыр...»39. «Бірлік туы» серіктігі мен газетін ұйымдастырушылардың Көлбайға кісі салып, ұсыныс шартын қабыл алуын өтінуі қолдарын байлаған қаржы-қаражаттың қаттығы еді. Райымжан Мəрсеков «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 21 шілде, №137 санында «Көлбайдың сөзінен шындық табылар ма екен?» атты мақаласында «...Мəрием Қапсаламованың төріне шыққан соң Ташкент судебный палатасының да төрінде жалғыз өзі отырмақшы болды...» деуінің астарында бүккен бір сыр бары анық. Өйткені ХХ ғасырдың басында қазақ даласына капиталистік қатынастар ене бастады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтың шұрайлы, нулы-сулы, құнарлы жер бөлігі Ресейдің қара топырақты аудандарындағы жерге тапшы шаруаларға күшпен тартып алынып берілді. Келімсек диқаншылар егіншілік шаруашылықты дамытты. Олар алынған мол өнімінің артығын базарға шығарды, сөйтіп əбден байып алды. Саудасаттық өрістей бастады. Қалалық мəдениет өркендеді. Қала халқы негізінен Ресей өлкесінен көшкен келімсектерден құралды. Заманның ыңғайын байқаған алаш зиялылары қазақ 39

иун.

62

Уəліхан Ғұмарұғлы. «Бірлік туы» серіктігі // Қазақ. – 1917. – №232. – 3

қоғамын ғапілдік ұйқысынан оятуды көздеп, демократиялықағартушылық бағыттағы күрес майданына белін бекем буды. Бұлар ұлытты ұйыстыратын, қоғамдық сананы қалыптастыратын пəрменді құрал – мерзімді баспасөз деп ұқты. Алайда ұлыттық мерзімді баспасөзді жарыққа шығаруға ресми рұқсат алу – империялық қыруар кедергілерге байланысты оңай тиген жоқ. Сондай-ақ алғашқы шығып бастаған «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы қаржы-қаражаттың жетімсіздігінен амалсыз жабылуға мəжбүр болды. Капитализмнің өн бойында бүлкілдеп соққан күре тамырындағы қанды жүргізетін тетік – қаржы-қаражат, яки ақша. Бұл ретте 1916 жылы «Қазақ» газеті жариялаған хабарға назар аударалық: «... «Алаш» газетінің 26 нойабірде шыққан бірінші нөмері басқармамызға келді. Шығарушы һəм бастырушы марқұм Көлбай жамағаты Тоғысова. Жұмасында неше рет шығатыны белгісіз, жазылмаған. Жылдық бағасы 3 сом 50 тиын, жарты жылдығы 2 сом 40 тиын, үш айлығы 1 сом 50 тиын. Қазақ мəтбуғаты көркейуіне, халқымыздың көзі ашылуына тілектеспіз. Бұл жолда қызмет етушілердің артуына сүйінеміз. Бірақ жаңа шыққан «Алаш» жайынан қазір пəлендей деуді асығыс деп білеміз. Бірнеше нөмері шықсын, беті ашылсын, бағыты көрінсін, жазушылары білінсін. Бұл шыққан бірінші нөмерінен жазысатын кімдер екендігі байқалмайды. Тек үш орында «Көлбай» қолы, бір-екі ханым һəм Тайыр Жомартбаев бар. Əркімге мағлұм, газет шығару үшін екі түрлі құрал керек: ақша һəм қалам. «Алаштың» қолында бұл екі құралдың барлығы бізге мағлұм емес. Өткен аз жылдық тəжірибе көрсетті, шығып тоқтаған бірер газета-журналымыз жоғарғы екі күштің жоқтығынан тоқтаған. Сондықтан «Алаштың» сырын анық білмей тұрып, көрсеқызарлықпен іліп алып кетуден тартынамыз»40. Шындығында «Алаш» газетін бастыруға кететін қағаз, бояу, қорғасын, жұмысшы күші, тағысын тағы материалдық-техникалық шығындарды іскерлікпен қаржылық айналым жүйесін реттейтін қосымша коммерциялық шаруашылығы болған жоқ. Газет оқырманды еліктіретін сүбелі идеялық-көркем туындылар туғызатын қалам қайраткерлерін тарта алмады. Демек, «Алаш» газеті ілкі əзірде материалдық-техникалық базасы жоқ бола 40

«Алаш» газеті. Ішкі хабарлар // Қазақ. – 1916. – №208. – 9 декəбір.

63

тұрып, еш қиналыссыз жарық көруі демеуші ықпалды бір күшке сүйенгендігін аңғартады. Капиталистік қатынас заңдылығы бойынша өзін өзі ақтамайтын шаруашылықтың ұзаққа бармайтындығы мəлім. Сонымен сол дəуірдің қоғам өміріндегі тыныс-тіршілігін түгел қамтыған «Қазақ» газетінің ілгерідегі күдігі расқа айналды. «Бірлік туы» атты қазақ газетінің 1 һəм 2 нөмерлері басқармамызға келді. Шығарушы Мұстафа Шоқай баласы. Газет жетісіне бір шығады. Жылдық хақы 5 сом, жарты жылдығы 3 сом, үш айлығы 1 сом 70 тиын. Баспасөздің ең керек уақытында көтерілген «Бірлік туына» құтты болсын айтамыз. «Бірлік туы» алаш ұранына жала жапқан марқұм «Алаш» газетіндей болмай, қазақ-қырғыздың шын қызметкері, шын жолбасшысы болуына тілектеспіз һəм солай болар деген үміттеміз. «Бірлік туының» адресі: г.Ташкент, ред. газ. «Бірлік туы»41. Қырсыққанда қымыран іриді демекші «Бірлік туы» газетінің ұсынысын қабыл алмай шалқақтаған Көлбайдың менмендігі «Алаш» газетінің жабылуымен тынды. 1927 жылы Ташкент қаласында Қазақ Мемлекеттік баспасынан жарық көрген Тұрар Рысқұлұлының «Қазақстан» атты еңбегінде: «1917-інші жылы Ташкенде шыққан «Алаш» газеті  онан кейін (Төгісұлы Көлбай шығарған) «Үш Жүз» газеттері «Қазақ» газетіне қарсы боп жазады. Бірақ соңғы екі газет құр солшыл ұран ұстанғанымен, мақсат жағынан белгілі бағыты жоқ, құр бəсекені қолға алған еді. Басындағылар да «ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп», оңай атақ пен оңай олжаға құмартқан, қолайсыз кісілер еді. «Қазақ» газетінің жолына жұрттың қалай қарай бастағанын көрсетуге бұл жараса керек»42 деп жазды. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгірұлының 1935 жылы жарық көрген «Жолдастар» романындағы Субай өмірдегі Көлбай Төгісұлының прототипі екені де біршама ойға қалдырады. Қаламгердің кейіпкерін Субай атауы өзіне етене таныс-біліс, лепірме, алып-ұшқан өркөкірек, өтірігі мен шынын біліп болмайтын өмірдегі образын ашудан туған сияқты. 41

«Бірлік туы» . Ішкі хабарлар // Қазақ. – 1917. – №236. – 17 иул. Дұрысы «Алаш» газеті 1916 жылдың 26 қарашасынан бастап 1917 жылдың аралығында шығып тұрды – А.Мек. 42 Рысқұлұлы Т. Қазақстан. – Ташкент, 1927. – 83 б. 

64

Көлбай Төгісұлы өзі шығарып тұрған «Үш Жүз» газетінің бетінде «Күзетші» бүркеншік атымен «Тағы алдады» атты мақала жариялап: «Қазақ» газетасының соңғы нөмірінде қазақтан шыққан «қарамаймыл»шы хан Бөкейханов «Мен «Кадет» партиясынан шығамын» деп тағы да опасыз, тиянақсыздығын көрсетіп жазып отыр. Мұны қылып отырғаны өз ықтиярымен емес, «Үш Жүз» газетасынан неше мəртебе жазып, Ғалиханның бетіне ұстаған шымылдығын жұлып əкеп түрүк-татар баласының дұшманы екендігін жұртқа танытып бастағанын, жүз қаралығын зорға ғана жазып отыр, – деп, онан əрі Көлбай ‘қазақ халқы атынан’ Əлиханның өткен саяси қайраткерлік ісінен мін іздеуге əрекеттеніп, үкім шығарады. – 1886-ыншы жылдардан бастап Ғалихан Омбы қаласында генерал-губернатордың канселарында шығатын қазақтың қауымын жаулайтын «Дала уалаятының газетасы» деген газетаға сөз жазып, хүкіметтің бір адамы болып тұрған. Сол айтылған 1886ыншы жылдан бері қарай киіп келатқан қара тонын Ғалихан мырза 1905-інші жылында бір-ақ шешіп отқа жағып, енді мен мұнан бұлай «сотсиал демократ» деп, үстіне «қызыл шапан» киген, бұл шапан көп ұзаққа бармады. 1906-ыншы жылдарда хүкімет басына Русианы қанға бояп, неше мың сарбаздардың басын алып, дүниеге қара тұманды қаптатып, Столыпин деген бір қара жүрек шықты. Сол уақытта Ғалиханға қайтадан ой түсіп (пікір) үстегі «қызыл шапанды» шешіп тастап, Петроградтағы «Кадет» партиясына член болып, Миликовтың дүние жүзіндегі мұсылман баласына көтерген «қара пышағын» сүйіп, «кадеттік майлы» тонын киіп шыққан еді. 27-інші фебралда Русиа халқы «бостандық бұйдасын» қолға алып, «Кадет» партиясындағы қуларға теріс қарағанын біле қойып, «Мен «Кадет» партиясынан шықтым» деп... Енді ... қазақ халқы менің мұсылманға тас атқан «қара жүрегімді» білмес деп «Алаш» партиясын аштым!» деп ұялмай айтып отыр. Бұған біздің айтатынымыз: «Сендей өтірікші «кірпішешенің» біздің қазақ халқына керегі жоқ! Қайтадан «Кадет» партиясына бар! Бармасаң қамшылап қуамыз! Аластап, қазақтан садаға кет! – деп айдаймыз! Жоғал сұмырай!»43. 43

Күзетші [Көлбай Тоғысұлы]. Тағы алдады // Үш Жүз, 1918. – №4.

65

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетiнiң бетiнде Көлбай Тоғысұлы «қайраткерлiгi» хақында замандастары бағасын берiп, пікірлерін жазған еді. Оның бəрiн бұл арада қайталаудың керегi шамалы деп ойлаймын. Десек те Көлбайдың өз қолымен «Сарыарқа» газетiне жазған хатын көшiрiп басқан «Қазақтағы» нұсқасын əңгiмемiзге қатысы болған соң назар аудара кеткендi жөн көрдiк. Ол осы хатында Ақмоланың облыстық Алаш комитетiне былай деп жазады: «Ардақты қазақтың комитет ағзаларына, халыққа тиянақ болатын үлкен ағалар, кiшi əкелерге... Адастым. Абақтыға енген соң ақылым ендi, қатемдi көрдiм, түстен кейiн санымды соқтым. Мен жалғыз емеспiн, маған жолдас болғандар да бар. Солардың баршасының күнəсiн маған тарттырасыңдар ма? Менi мынау түрмеден қолдарыңызға шығарып алыңыздар, Өздерiң хүкiм етiңiздер. Орысқа менiң қылған кiнəм жоқ, қазаққа қылған кiнəмдi қазақ өзi қарасын. Далада қалған қатын-балалардың баршасын көру керек, ғапу өтiнем»44. Осыған байланысты Ақмоланың облыстық Алаш комитетi мынадай қаулы қабылдаған: «1. Көлбай Төлеңгiт баласын бiз кешiп жiбере алмаймыз. Өйткенi Көлбай жалғыз Ақмола қазақтарына ғана емес, барша қазақ-қырғызға қырсығын тигiзген. Сондықтан бiз бұл iстi Алаш Орда қарамағына тапсырамыз. 2. Көлбай Төлеңгiт баласы провокация жүргiзiп, халыққа зиянды iс қылғанына басқа большевик комиссары болып тұрған уақытта əртүрлi қылмысты iстерi болды. Бұ жағын Алаш партиясы содтың тексеруiне қалдырды»45, – деп. Бұл тарихи құжаттарға қосымша түсiнiктеме берудің өзi артық. Cаяси ықпалдан оқшау, бейтарап елде шығып тұрған «Жас Түркiстан» журналының 1930 жылғы №11 санында Мұстафа Шоқайдың жариялаған «Қазақстанның он жылдығына» атты мақаласында Кеңес дəуiрiнде жағымды қырынан дəрiптелiп келген тұлғаларға былайша сипаттама бередi: «Большевиктер басқаруға келiсiмен-ақ, Ұлыт Iстер Комиссарлығы жанынан Қазақ бөлiмшесiн құрып, оның басына бұ-

44 45

66

Көлбай хаты // Қазақ. – 1918. – №264. – 10 сентəбiр. Көлбай хаты // Қазақ. – 1918. – №264. – 10 сентəбiр.

рынғы Торғай уəлаяты, Уəли мекемесiнiң тiлмəшi жəне Орынбор күзетiнiң қызметшiсi Мұқамəдияр Тұнғанчиндi отырғызды. Мiне, көрiп отырсыздар, қазақ халқының билiгi оның iштен шыққан жауының арандатушылық қолына осылайша ұстатқызылды. Одан кейiн «Бүкiл Қазақ уəлаяттарының Төтенше Комиссарлығы» орны ұйымдастырылды. Бұл орынға Кеңес үкiметi бұрынғы миссионер, бұзақы элемент, шоқынған қазақ Степновты отырғызды. Степнов өз басындағы осындай жəйттерiн жасырып, қазақ арасында Əлiби Жангелдин деген атпен жүретiн болып келiсiлдi. Бүкiл Түркiстанға мəлiм мүттəйiм [айыптаушы, ауыспалы мағынасында жалақор дегендi бiлдiредi – А.Мек.] Көлбай Тоғысовты да Кеңес үкiметi Степновқа орынбасар етiп тағайындады. 1916 жылы бүкiл Түркiстан халқы көтерiлiс жасағанда, Патша үкiметiнiң саясатын жақтап шыққан жалғыз түркiстандық осы Көлбай Тоғысов едi. Тоғысов Патша үкiметiнiң мұғажыр саясатын [орыс мұжықтарын қазақ жерiне қоныстандыру саясатын айтып отыр – А.Мек.] да жақтайтын. Арандатқыш Тұнғачин, миссионер Степнов, мүттəйiм Тоғысовтардың соңынан Кеңес Одағы бұрыннан шарлатандығымен танылған Бақытжан Қаратаевты сайлады. Бақытжан Қаратаев патшаның министрлерi Столыпин мен Кривошейндердiң мұғажыр саясатына қызмет еткен жалғыз дала қазағы едi»46, – дейдi. Осыған ұқсас пiкiрдi 1930 жылы 14 қыркүйекте Бiрiккен саяси Бас Басқарманың (ОГПУ) тергеушiсiне берген түсiнiктемесiнде Халел Досмұхамедұлы орыс тiлiнде былай деп мəлiмдеген екен: «...Я убежденно заявляю, что до 17-го года среди казахов не было ни одного настоящего С-д или С.рев.-ра, а о большевиках говорить нечего. Если находятся люди, которые говорят, что они были большевиками, и то это равносильно завлению Бахитжана Каратаева, последовательно бывшего монархистом, антифедералистом, федералистом и, коммунистом в 1920–1924 гг., заявившем потом: «я был коммунистом до Ленина»47. Бақытжан 46 Мұстафа Шоқай. Таңдамалы. Бiрiншi том. – Алматы: Қайнар, 1998. – 115–116 б. 47 ҚР ҰҚК архивi, 06610 iс, З том, 52, 52 парақтың сырты.

67

Қаратаевпен бұрыннан идеялық жағынан жұлдызы қарсы Халел Досмұхамедұлы жоғарыдағы мəлiмдемесiнде оның саяси көзқарасының тұрақсыздығын айыптаған. Сталиндiк зынданда небiр түрлi азап пен қорлықтан жүйкесi тозып, сағы сынбаған Халелдiң жау қолында, ажал аузында тұрып шындықтың бетiне тура қарап, именбей айтқан мiнездемесi бұл. Бақытжан Қаратаев та қарап қалмады, кейiн ол «Алашорда» туралы очерк жазды. Архив қорында сақталған бұл қолжазбаның алғы сөзiнде ол «Алашорданың тарихы туралы қысқаша очерктi Кеңес жұртшылығының назарына ұсына отырып, автор оқырман қауымның Алашордаға байланысты Н.И. Мартыненконың жариялаған құжаттар жинағымен, сондай-ақ, Қазақстандағы 1917–1919 жылдар аралығындағы Алашорда атты ұлыттық-буржуазиялық қозғалысқа арналған А.К. Бочаговтың қысқаша тарихи очеркiмен жеткiлiктi түрде таныс əрi дайындығын ескерiп, өз еңбегiнде бұған дейiн баспа жүзiн көрмеген тың деректердi ғана iрiктеп пайдаланып, осының негiзiнде Мартыненко мен Бочаговтың аталған зерттеулерiне орай Алашорда қайраткерлерi хақында өзiнiң түйген жеке көзқарасын бiлдiредi»48, – деп жазды. Көлемi 4 баспа табақтай болатын машинкаға басылған орыс тiлiндегi бұл қолжазба бастан-аяқ Алашорда қайраткерлерiн жеке бастың өш алу, бақастығы тұрғысынан əшкерелеуге құрылған. Жалпы аталған очерктiң композициялық құрылысы мен жазылу стилi жағынан Бақытжан Қаратаевтың өзi жазғандығына күмəн келтiрерлiк. Өйткенi оған дəлелiмiз эпиграф ретiнде алған «Алашорда лай судан балық аулады, жұмыртқадан жүн қырықты һəм су iшiнен от жақты» деген сiлтемеден соң Б.Б. Қаратаев деп өз аты-жөнiн қыстырған. Құдды оқырманға «автордың» Қаратаевтың сөзiн эпиграф қып алып отырғандай əсер қалдырады. Екiншiден, очерктiң əр тұсында жұлдызша белгi соғылып, Қаратаевтың күнделiгiнен, айырықша дəптерiнен деген сияқты түсiнiктер берiлiп отыруы көңiлге күдiк ұялата түседi. Үшiншiден, қолжазба еңбектiң алғы сөзiнен бастап өн бойынан Алашорда қайраткерлерiн қаралау мақсатын ашық көздеген үкiм ретiнде бiреулердiң тапсырысымен жазылғандығын аңғару қиын емес. Демек, бұл еңбектiң кезiнде жарық көрмеуiнiң себебi де, тиiстi мекемелердiң 48

68

ҚР ОМА, 1227 қор, 1 тiзiмдеме, 2 iс, 12 бет.

мүддесiне арнайы қызмет етуi үшiн қолдануға келiсiлген деген қорытынды шығады. Ал күнi кеше алаш зиялыларын ақтауға байланысты əңгiме шыққанда Григорьев өзi екi топқа бөлген қазақ зиялыларының «бiрiншiсiне енетiндердiң арасында айырықша оқшау тұратыны түз елiнде ең беделдi тұлға, атақты Əбiлқайыр ханның шөбересi, дəулеттi сұлтан отбасынан шыққан, бiлiмi бойынша заңгер Бақытжан Қаратаев... екiншi Мемлекеттiк Думаның мiнбесiнен депутат ретiнде ашық мəлiмдеме жасап, қазақ халқының мүддесi тұрғысынан самодержавиенi əшкерелеуi – оны көпшiлiкке танымал еттi. Тегiнде, Думаның аграрлық мəселелерге байланысты жарыссөздерiн талдау үстiнде Бақытжан Қаратаевқа В[ладимир] И[льич] Лениннiң назарын аудартқан да нақ осы жайт едi»49, – деп ерекше бүйрегiн бұра дəрiптеп, оның əлгi айтқан «Алашорда» туралы жазған очеркiн тiлге тиек етiп, айызы қана Жанша [Жаһаншаһ] мен Халел Досмұхамедұлы жəне басқа алаш қайраткерлерiн халқын сатқан опасыз қып көрсетуi бұрыннан қалыптасқан империяның идеологиялық құйтырқы əдiс-тəсiлi едi. Бұл ретте сөзiмiз ауыр болмасын, В. Григорьев өзiнiң алдындағы жол салып берген А. Бочагов, Н. Мартыненко, С. Брайнин мен Ш. Шафиро сияқты «зерттеушiлердiң» iсiн жалғастырушы iзбасарындай көрiнедi. Аталған «оқымыстылардың» кiтаптары өзiне жүктелген идеологиялық қызметiн толық атқарған соң, таралым дереу тез арада айналыстан жинап алынып, қара құлып астына салынып отырды. Сөйтiп коммунистiк идеология алдыңғы қатарлы ұлыт зиялылары туралы түсiнiктi кем-кемнен сағымдай бұлдыратып, бiрте-бiрте тарихи санадан мүлдем өшiру үшiн бұл əдiс-тəсiлдi жүйелi түрде қолданды. Нəтижесiнде өз тарихынан мақрұм жаңа ұрпақ өсiп, қалыптасты. Зады, тарихи шындықты бұрмалаушылыққа байланысты жазылған еңбектердi дұрыс мағынасында талдап, сынапмiнеушiлердiң өздерi көп ұзамай «халық жауларын қорғаушы, ұлытшыл-буржуазияшылдарды жебеушi, алашордашылдардың сойылын соғушылар» ретiнде басқарушы билік тарапынан қатаң 49 Григорьев Владислав, Шапорев Юрий. Фрагменты времени // О чем говорили. – Алматы: Жалын, 1990. – 47–48 б.

69

жазаланды. Мұндай қоғамдық қарым-қатынас əркiм өз қарақан басын ойлаған «күл болмаса, бұл болсын» деген эгоистiк құлықты қоздатып, жан сауғалаған тiрлiкке үйреттi. Отаршылдардың шым-шымдап санаға сiңiрген саяси үрдiсi – жасанды қоғамдық пiкiрдi ешбiр қарсылықсыз қабылдауға мəжбүрлеу арқылы ел-жұртты мəңгүрт тобырға айналдырды. Мiне, осы саяси тезге салынған С. Брайнин мен Ш. Шафироның «АлашОрда тарихының очерктерi» атты кiтабындағы жалған жалаға кезiнде Мұстафа Шоқайұлы «Жас Түркiстан» журналы арқылы тойтарыс берiп, масқаралаған-ды: «Туынды марксизм-ленинизм елегiнен өтiп, əбден екшелген. Қазақстан Маркс-Энгельс ғылыми-зерттеу институты, Кеңестер Одағы Орталық Атқару Комитетi жанындағы Коммунистiк Академияның тарих институты тəрiздi өткелдерден өтiп, мамандардың сарабына салынып болған соң ғана Қазақстанның өлкелiк партия баспасынан жарыққа шығарылған едi... Содан берi Қазақстан коммунистерi «мiне, бiздiң керiтартпа алашордашылар хақында шығарған кiтабымыз» деп өрепкiген сезiмдерiн баса алмай жүрген. Алайда олардың қуанышы мен мақтануы ұзаққа бармады. Мəскеудегi «Правда» газетiнiң редакциясы бұл кiтапты «алашорданың ақтаушысы» деп атап сұрапыл сынға алды, – деп оның себептерiне тоқталады. – Кiтап авторлары Алаш қозғалысын большевиктiк тəсiлмен талдап, бағалап болған соң, оқырмандарды осы қозғалыстың кейбiр құжаттарымен, соның iшiнде партия бағдарламасымен таныстыра кету пайдасыз болмас деп ойлаған. Сол себептi олар бұл құжаттарды өзгертпестен жəне оған түсiнiктеме берiп отырмастан кiтапқа енгiзiп жiберген. Мəскеу «Правдасының» ашу-ызасын келтiрген, кiтапты «Алашорда ақтаушысы» («Правда» 13.04.35) деп атауына себепкер болған, мiне, осы жəйт едi...»50. Кеңес дəуiрiндегi сырттан келетiн ақпаратқа тосқауыл жасау, цензура сүзгiсiнен елеп-екшеп өткiзу тəсiлi – Еуропаның қақ ортасынан қызыл коммунистердiң туған Отанында жүргiзiп отырған озбырлық саясатын аяусыз əшкерелеп, əлемдiк қауымдастық алдында масқаралаудан ақтық демi таусылғанша 50

Мұстафа Шоқай. Таңдамалы. Бiрiншi том. – Алматы: Қайнар, 1998. – 465–466 б.

70

танбаған Мұстафа Шоқайұлының шығармашылығымен танысуға мүмкiндiк бермедi. Мұстафа тегіне тартқан текті ұл. Қары атасы Торғай датқаның үлкен ұлы Шоқайдың баласы. Шоқай заманында би, болыс болған, əділдігімен ел құрметіне бөленген жан. Шоқайдың адамгершілік келбетін танытатын ел арасында əңгіме жетерлік. Соның бірі Шоқай мен Досбол Арқадағы Ерденнің мезгілсіз өмірден озған баласына көңіл айта барады. Досбол Ерденнің жалғыз перзентінен айырылған қайғысына ортақтасып, құран оқып, болған іске бекем болуын өтінсе де ол жатқан жерден басын көтермейді. Сонда «Шоқай малдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп: – Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайдан да құдіреттімін деп, мейманаң тасып кеткен екенсің керден?! Мыңды айдаған əкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны мына Шоқай көзімен көрген! Əулие болсаң, əкеңді де, балаңды да алып қалуға əлің кəне келген?! Кекті бу көтереді, Жүйрікті ду көтереді. Өлімді ер көтереді, Ауырды нар көтереді!

Ер емес пе едің, нар емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да айтамын басыңды көтер жерден? Құнсыз беріп, пұлсыз алды, – нең бар еді, Құдайға берген? – дейді ашына. Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін орамалымен сипап: – Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама, өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға хайыл кеткен соң, екі айналып келмек жоқ! Көтермесем басымды, көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, салмақтыларым едің санаулы! Көңілде қайғы, шеменшер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді! – деп, құшақтаса көрісіп, көңілдегі нала құсасын тарқатысып, үш-төрт күн болып, көңілін

71

демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен»51. «Өмір өмір ғой, өмірдің заңы осындай» (Мұқағали Мақатаев) демекші 1914 жылы Шоқай дүниядан өткенде алыс-жақынға жар салып, ас берілген. Сол ас туралы «Қазақ» газетінде Зəкір Ғайсин былай деп жазды: «Ақмешіт уезіне қараған шашты қыпшақ, марқұм Шоқай Торғай баласына ас берілді. Шақырған елдің бір шеті – Қазалы, бір шеті – Ташкент болды. Үш мыңға жақын жұрт жиылды. Астың бар расходы 5 мың сомнан асты. Бəйгіге 57 ат шауып, 17сіне бəйге тігілді. Бас бəйгеге 80 сом ақша, екі қара тігілді. Орынсыз кеткен 5 мың сомға Шоқай атына бір медресе салдырса, Шоқай аты мəңгіге қалар еді. Қазақтың əлі күнге қазақшылығы қалмағандығы ғой». Бұған «Қазақ» газеті тарапынан мынадай түсініктеме берілді: «Шоқай марқұмның Петерборғ университетінде оқып жүрген, бітіруіне жалғыз государственный екзамені қалған Мұстафа деген студент баласы да бар. Бірақ көптен бойға сіңген жұрт рəсімін жалғыз өз əкесінің тұсында қалай тоқтата алсын, жүре-жүре жіңішкеріп қалады да»52. Қазақта асты ел-жұртына атақ, даңқы шыққан, көпке елеулі жандарға ғана берген. Дей тұрғанмен 1914 жыл – бірінші дүниежүзілік соғыс өртінің жалыны шарпыған дағдарысқа тап келді. Бұл Ресейдің шет аймағындағы қазақ даласына да оңай тиген жоқ. Қазақтың қолындағы бар малы мен жаны, киіз үйі мен жылы киімі, жылыжұмсақ тамағы мен қымыз, шұбаты түгел майданға жөнелтілді. Міне, осындай «Бəрі майданға!» деп ұран көтерген қиын-қыстау шақта асқа жұмсалған қаражат 5 мың сомнан асуы – біреулер үшін шектен тыс мал шашу болып көрінуі де мүмкін ғой. Тас түскен жеріне ауыр. Қайғыны бөліссе жеңілдейді. Шоқай марқұмды арулап, ақтық сапарына жөнелтіп, сол асқа жиналған үш мыңға жақын тілеулес қауым шын көңілден ризашылығын білдіріп тарасқаны да рас. Ол кезде Шоқайдың атын оғланы Мұстафаның мəңгі тарихта қалдыратынын білгендер əрине, əй, кемде-кем болар. Халық нақылы «сынықтан басқаның бəрі жұғады» дейді. Шоқайдың даналығы мен тапқырлығы 51 Билер сөзі / Құрастырған Т. Кəкішев. – Алматы, «Қазақ университеті», 1992. – 91–92 беттер. 52 Ақмешіт // Қазақ. – 1914. – №89. – 10 декəбір.

72

Мұстафаға əкенің қанымен дарыған. Кемеңгер тұлғаның толғаныстан туған сөз иірімдері əсте үйіріп тартып, саналыны селт еткізе қозғайтын зияткерлік қуаттылығы оқырманды ерекше баурап алары кəміл. Мұстафа Шоқайұлы: «Варшавадағы еврейдің тісі ауырса, Америкадағы еврейдің жағы сыздайды» деп дұшпанмен күрес майданында ортақ іске жұмыла кірісетін жанашырлық сезім, қанына тартқан түрүкшілдік мүдде, ұлыт азаттығын сақтау мұраты тұрғандығын меңзейді. Мағынасы астарлы, мəтелге айналған даналық ғибрат. Бұл мысалдың өзінен-ақ Мұстафа қазақтың даналық ойы мен шешендік өнерін бойына əбден сіңіргендігі ап-анық байқалады. Бұған салыстырмалы түрде нақты көз жеткізерлік «Ойда сиырдың мүйізі сырқыраса, Қырда бұғының мүйізі сырқырайды» деп мақалдайтын көшпелі қазақтың ойшылдық пайымы көңіл айдынында тұра қалады. Мұстафаның көсемдігі ұлыттық даналық ойды қоғамдық-саяси жағдайға орай сабақтастыра дамытып, əлгі мақалдың конструкциялық қалыбын шығармашылық шеберлікпен өңін айналдырып, эмоционалдық бояуын қанық, экспрессивтік əсерін күшейтіп, қалың көпшіліктің көкейіне қонымды жеткізуінде. Бұрын оның еңбектерiн оқымақ түгiл, аты-жөнiн атаудың өзi қылмыспен пара-пар еді. Ендi мiне, заман оңалды, заманмен бiрге заң да, адам да өзгердi, бұлыт арасынан жарқ етiп шыққан алтын күндей азаматтық тарихымыздың көлеңке тұстарын, қап-қара беттерiн нұрға бөлеп, сəулелендiрiп жiбердi. Жетпiс жылғы Кеңестiк билiктiң теперiшiнен қазақтың ойсанасы құлазығандығы соншалық – мемлекеттiк тетiктi ұстағандардың бастапқы əзiрде қорқасоқтап алаш зиялыларын мiндеттi түрде саяси-рухани ақтап алуымыз керек деп, шектен тыс қырағылық танытты. Сыртқы елге есiгiмiз айқара ашыла бастағаннан шеттегi қандастарымызбен арадағы барыс-келiс көбейiп, қарым-қатынас нығая бастады. Алаш зиялыларының тарихына байланысты көптеген құнды-құнды еңбектер жазып, зерттеп жүрген Германияның Мюнхен қаласында тұратын бауырымыз Хасен Оралтай ата жұртына жолы түскен бiр сапарында «Қазақ елi» (1 желтоқсан, №21, 1995 ж.) газетiнде «Шекара тысындағы қазақтар» деген тақырыпта мақала жариялады. Аталған жарияланымда алаштанушы ғалым «...Мұстафа Шоқайұлы, оның ардагер ағалары Əлекең, Ахаң, Жақаң жəне өзге барлық алашшыл азаматтарды ақтау дегеннен гөрi, олардың 73

рухы алдында ақталуды ойластырған жөн»53, – деген қағидалы пiкiр айтқан едi. Расында, бар саналы ғұмырларын ел-жұртының рухани ағарып, саяси өзге өркениеттi мемлекеттермен терезесi тең болуы үшiн жан-тəнiмен күрескен абзал жандарды орынды бағалай бiлу бүгiнгi жас буын ұрпақтың қасиеттi борышы. Олардың соңында қалдырған рухани қазынасын ел игiлiгiне айналдырып, терең зерттей түсу арқылы азаматтық тарихымыздың олқы тұстарын бүтiндеу, алаш зиялыларының жүрiп өткен тар жол, тайғақ кешуiнiң ащы сабақтарынан ғибрат алып, тиiстi қорытынды шығару парыз. Бастапқы ой желісіне оралып, қоғамдық дамудың саяси физиономиясының жалпы сипатына көңіл аударсақ, 1917 жылғы Ақпан төңкерiсi Ресейдiң шет аймағындағы қазақ елiн де шарпып өткенi тарихи шындық, бiрақ оның өзiндiк ерекшелiктерi болғаны жасырын емес. Сөзiмiз дəлелдi болу үшiн аз-кем шегiнiс жасап, сол кездегi қалыптасқан саяси ахуалға көз жүгiртелiк. 1917 жылғы желтоқсанның 5–13 күндерi Орынборда өткен екiншi Жалпы қазақ-қырғыз сиезiнiң қаулысына сəйкес Алашорда Үкiметi Семей қаласында iске кiрiстi. Əлихан Бөкейханның жетекшiлiгiмен Алашорда Сiбiрдiң уақытша үкiметiмен жəне Зəки Уалиди басқарған Башқұрт автономиясымен арадағы одақтық ынтымақтастығын орнатты. Осыған орай оқиға барысының бет алысын жiтi бақылап отырған Кеңес үкiметiнiң басшылары Алашордамен тактикалық байланыс орнатып, ортақ мəмлеге келуге шақырды. 1918 жылдың 19-шы наурыз күнi Кеңес үкiметiнiң мүшесi, Ұлыт мəселесi жөнiндегi Халық комиссары Иосиф Виссарионович Сталин Мəскеуден Семейдегi Алашорда бастығы Əлихан Бөкейхан һəм орынбасары Халел Ғаббасұлымен төте телеграф арқылы Алашорда автономиясы туралы ауызба-ауыз пiкiр алысты. Келесi күнi Иосиф Виссарионови Сталин Халел Ғаббасұлымен байланысып, Кеңес үкiметi атынан төмендегiдей мəлiмдеме жасады. Бұл саяси мəнi бар өте маңызды құжат болғандықтан сол тұстағы аударма нұсқасын сол күйiнде толық келтiрудi жөн деп бiлемiз. 53

74

Хасен Оралтай. Елiм-айлап өткен өмiр. – Стамбұл, 1999. – 589–590 б.

«Руссиядағы халықтардың құқықтары туралы Халық Комиссарларының шығарған белгiлi ережесi бұл күнге шейiн ұлыт мəселесi тақырыпты саует хүкүметiнiң негiзгi қызмет жобасы болып келедi. Үшiншi сауеттер сіиезi осы ереженi жайғастыруға қаулы қылды. Өзiңiз бiзге тапсырып отырған Жалпы қазақ-қырғыз сіиезiнiң қаулысы түгелiмен жоғарғы жобаға муафиқ келедi. Бiрақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сiздiң сіиездiң қаулысы өкiлдерiңiздiң саует хүкүметiн тануға хилаф болмаса болғаны. Үшiншi сауеттер сіиезi сауетски федератсиа низамын жасап һəм бұл низам төртiншi сауеттер бекiтуiне салынсын деп қаулы қылды. Бұған қарағанда ендi сөздi қойып iске кiрiсу керек, йағни һəр бiр тұрмысы, салты басқа халықтар жергiлiктi сауеттермен қосылып, афтономиа, федератсиа алу хұты басыбайлы бөлiнiп кету секiлдi ұлыт ниеттерiн жарыққа шығаруға сіиез шақыратын комиссиа құруға тырысу керек. Бiз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкiлдерi тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткiзбей жергiлiктi сауеттермен бiрiгiп, əлгiдей комиссианы құрар. Сiзден өтiнемiз, бiздiң осы жобамызды Алашордасының кеңесiне салып, жауап қайтарсаңыздар екен. Əдiресi: Мəскеу, Кремiл. Халық Комиссарларының бастығы Ленинге һəм Халық Комиссары Сталинге. Ұлыт жұмысын басқарушы Халық Комиссары Сталин»54. Наурыздың 21 Кеңес үкiметiнiң жоғарыдағы ұсынысына Алашорда тарапынан мынадай жауап берiледi: «1918-iншi жылдың 21-iншi наурызында бiз Алашорданың мүшелерi ұлыт жұмысын басқарушы Халық комиссары Сталиннiң Алаш афтономиасы туралы айтқан сөзiн тексергеннен кейiн саует хүкүметiн Руссиадағы барлық афтономиалы халықтардың кiндiк хүкүметi деуге қаулы қылып мынаны бiлдiрдiк: 1) Декəбiрдiң 5-нен 13-не шейiн Орынборда болған Жалпы қазақ-қырғыз сіиезiнiң қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш афтономиасын жариалаймыз. Алаш афтономиасына кiретiн облыстар: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдариа, Ферғана, Жетiсу, Бөкей ордасы, Закаспи облысының Маңғышлақ үйезi, Самарқанд облысының Жизақ үйезi, Əмудариа отделi, Алтай 54

Қуаныш құтты болсын! // Абай. – 1918. – №3.

75

гүбернасына қараған Биiскi, Барнауыл, Земиногор үйезiндегi қазақтар; 2) Жалпы қазақ-қырғыз сіиезiнiң қаулысы бойынша Алашордаға қазақтан басқа халықтардан көбiнен көп, азынан азша он кiсi сайланып кiредi; 3) Алаш афтономиасында закон шығаратын һəм ел билейтiн хүкүмет «Алашорда» болады; 4) Учредителны сіиез шақырудың билiгi «Алашордада» болады, оған обласной сауеттер жəрдемшi боларға керек; 5) Алашқа қараған облыстардың һəм үйездердiң билiгi қазақ пен мұжық көбiнен көп, азынан азша сайлап жiберген депутаттардың сауетiнде болады; қалалардың билiгi қала халқы һəм қалада жұмысшы, солдаттардың сайлаған депутаттарының сауетiнде болады; 6) Жалпы халық көптен көп, азды аз саует сайлап шығарғанша областной, үйездни қазақ комитеттерi һəм мұнан басқа да қазақ сайлап қойған махкамалар бұрынғы күйiнде тұра бередi. Земства һəм шаһар думалары да бұрынғы күйiнде елдiң шаруасын һəм оқу-оқыту жұмыстарын басқарып тұрады; 7) Қазақ-қырғыз өз арасындағы iстерiн өздерi сайлап қойған обласной һəм үйездни соттары бiтiредi; 8) Жалпы сіиезiмiздiң қаулысы бойынша қазақ-қырғыз арасында милитсиа құрылады; 9) Жергiлiктi сауеттердiң бұйрығы бойынша ұсталып абақтыда жатқан «Алашорданың», оқу комиссиасының қазақ комитеттерiнiң һəм Земски управалардың мүшелерi тоқтаусыз босатылсын. Мұнан бұлай оларды өтiрiк шағым, жаламен қуғын-сүргiнге ұшырату тоқталсын; 10) Қазақ-қырғыз iстерi туралы елшi ретiнде саует хүкүметiнiң қасында болуға Алашорда мүшелерi Халел һəм Жаһаншаһ Досмұхамедұлын өкiл еттiк (Халел мен Жаһаншаһ кəзiр Мəскеуде афтономиа туралы Алашорда атынан сөйлесiпатыр); 11) Алашорданың жоғарғы шарттарын саует хүкүметi тексерiп тез жауап қайтарсын»55.

55

76

Кiндiк камисариат мəжiлiсi // Қазақ мұңы. – 1918. – №2. – 26(13) əпiрел.

Алашорданың ресми жолдаған нотасынан соң Ленин мен Сталиннен Əлихан Бөкейхан мен Халел Ғаббасұлының атына телеграмма келдi. «Һəр халықтың өз билiгiн өзiне беремiз деп шашқан закон жарлығымыз əлi со қалпында – айтқанымыз айтқан. Сiздердiң өкiлдерiңiз [Жаһаншаһ пен Халел Досмұхамедұлы – А.Мек.] бiзге əкелiп тапсырған Жалпы қазақ сіиезiнiң қаулысын түгелiмен қабыл аламыз; жалғыз-ақ саует хүкүметiн танисыздар. Ендi бiздiң билiк беремiз деген сөзiмiздi iске асыру керек. Ол жердегi тұрған хəкiмшiлiкпен бiрiгiп сіиез шақырып, афтономианы жариа қылу жолында болатын комиссиа жасасаңыздар. Қазақ сиақты тұрмысы, ғұрфы, елi, жерi басқа жұртқа өз билiгiн өзi алуға ерiк. Қазақтың қамқорлары тезiнен комиссиасын жасап, афтономиасын жариа қылуға асығар деп бiлемiз. Ондағы бiр ниет, бiр тiлектегi адамдармен ақылдасып, байлаған сөздерiңiздi бiзге бiлдiрiңiз»56 – деп Ленин мен Сталиннiң қолы қойылған. Семейде шығатын «Абай» журналының 1918 жылғы №3 саны теріліп қойғаннан кейін жеткен қуанышты хабарды «теңдікке, билікке сусаған алаштың ұлын қуантқалы» басқарма журнал мұқабасына асыға жариялады: «Ал, алаш! Қабағың қатып, көңілің жабығып тұр едің; ілгері басқан айағың кейін кетуге тайанып еді. Бостандық көріне түсіп, жоғала жаздап еді... Құдай берді, жарылқады! Ақ түйенің қарны жарылды! Өмірі қазақ – қазақ болғалы көрмеген қуаныш басыңа келді! Көрдің кеудесінде жаны бар, денесінде қазақдың қаны бар, жүрегінде алашдың намысы, ары бар, алашдың баласы! Көтер басыңды! Қуанышың құтты болсын! Тойың тойға ұлассын! Тіріл алаш! Сілкін алаш! Қуан алаш! Жаса алаш!»57. Сол күндері күллі қазақтың қуанышында шек болмады. Алаш жұрты аңсаған арманына жетіп, бақыттан басы айналғандай күй кешті. Күн көзінен шашылған ақ сəуле шапақтай иісі қазақ нұрланып кетті. Дербес елдіктің туын биік көтерген алаштың ардақты ұлдарына деген ризашылық асқақ сезім тебіренісі ерекше толқыды. Шалқыған шаттыққа бөленіп, жүрек жарылардай бек масаттанатын жөні бар еді. Алаш баласы 56 57

Қуаныш құтты болсын! // Абай. – 1918. – №3. Сонда.

77

азаттық пен теңдікке жетті! Ленин мен Сталин алаштың автономиясына қолын қойып, шын бейілімен мойындайтынын білдірді. Кремль көсемдері қол қойған бұл құжатты алаш арыстары ішкі күмəні бола тұра заңды саяси кепілдік деп қабылдамасқа амалы жоқ еді. 21 наурыз күнi Жаһаншаһ пен Халел Досмұхамедұлы Мəскеуден Əлихан Бөкейхан, Халел Ғаббасұлы, Əлiмхан Ермекұлы, Райымжан Мəрсекұлы атына мынадай мазмұнда тағы жеделхат жiбердi: «Халық комиссарларымен сөйлесiпатырмыз, Алаштың афтономиасына қарсылығы жоқ. Бүгiн-ертең Алашордамыз атына Ленин ауызба-ауыз сөйлеседi»58. Əйтсе де мұнан кейiн келiссөз үзiлiп қалды. Кеңес үкiметi басшыларының түпкi көздеген мақсаты – Алашорданы өз ыңғайына көндiру үшiн дəмелендiре тұрып, күш жинағанша уақыт ұту, сөйтiп қолайлы сəттi пайдаланып алдап соғу едi. Аумалы-төкпелі саяси теке тірес жағдайында Алаштың сөзін сөйлеген тұлғалардың ұлыттық мүдде тұрғысынан ортақ шешімге келуі өте күрделі мəселе болды. Əсіресе 1917–1918 жылдары Ресейде большевиктерге қарсы саяси күштердің ортақ мүдделік ауызбірлігі болмауы қарулы қақтығысқа ұласты. Қазақ елінің аумағы ақ пен қызылдың майдан алаңына айналды. Алаш арыстары тығырықтан шығудың қолайлы жолын іздеп, қарманып бақты. Ең əуелі оларды қарулы шайқастың өтінде қалған халқының қауіпсіздігі мен Алашорда автономиясын сақтап қалу міндетін шешу ерекше толғандырды. Сол күндері алаңдаған ел-жұрттың көзі мен құлағы болған баспасөзде жазылған оқиғалар сүреңі: «... Қазақтың милиция-əскеріне қару-жарақ беру жағынан бұлар тоқтау қылатын емес. Жоғарыдағы Досмұхамедовтар Орал қазағының əскері үшін Самар үкіметінің 200 мылтық, бірнеше пулемет алып, Орынбор арқылы елдеріне жіберіпті. Досмұхамедовтар осыдан Челябі қаласында болатын Государственное совещаниенің алдыңғы жиылысына бармақшы. Ол совещанияға Самар үкіметінің мүшелері тегіс бармақшы. Бастығы Вольский мен Вединапин болып, Башқұрт үкіметінің бастығы Зəки Уəлиди бармақшы. 58

78

Сонда.

Алашорда атынан Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Түркістан автономиясының бастығы Мұстафа Шоқаев бармақшы, алдыңғы жиылысы 20 августа болмақшы. Бұл жиылыста қаралатын үлкен жұмыс əр автономиялы үкіметтерден бас біріктіретін ортадан барлығына бірдей үкімет тұрғызу. Егер де бұл жиылғандар ынтымақтасып, сөзді бір жерден шығарса, бұлар бұзылмайтын болып бекімекші. Бұл совещаниеден үміт зор. Алашорданың ұнатуы бойынша совещаниеге бұрынғы Учредительное собраниеге сайланып шыққан бар члендер кірмекші һəм автономиялы үкіметтердің сайланып, белгіленген мүшелері кірмекші. Досмұхамедовтар Алашорданың бар мүшелерінің Самар үкіметімен сөйлесуге түгел келулерін ұнатады. Өздері екі мыңдай қазақ милициясын сайлап шығарды. Бұлар Орынбор казакорыстарымен қосылып Ақтөбе уезіндегі большевик əскерлеріне қарсы жүргелі жатыр. Бұл туралы əуелі атаман Дутовпен сөйлесті. Досмұхамедовтардың түнеу күнгі Орал облысының үкіметі деп сайлаған үкіметі Алашорданың бір бөлімшесі деп танылды»59. Ақпараттар ағыны саяси жағдайдың күздегі ауа райындай мың құбылып, айқындалмай тұрғанынан хабар береді. Əрбір саяси күш өз тарапынан көздеген мүддесін қорғауға жанын салып күресті. Алашорда үкіметі мүшелері бар мүмкіндіктің бəрін пайдалануға ізденудей-ақ жанталасты. Алайда көздеген мақсатқа күш-қуаты жетіңкіремеді. 1919 жылы Ұлыт мəселесi жөнiндегi Халық Комиссариатының органы, Мəскеуде шығып тұрған «Жизнь национальностей» газетiнде Ахмет Байтұрсынұлы «Төңкерiс жəне қазақтар» атты мақаласында, сол кездегi сахарада қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды былайша баяндайды: «Қазақтар үшiн Ақпан төңкерiсi қаншалықты түсiнiктi болса, Қазан (Əлеуметтiк) төңкерiсi де оларға соншалықты – түсiнiктi болып көрiндi. Олар бiрiншi төңкерiстi қандай қуанышпен қарсы алса, сондай-ақ екiншiсiн де қорқыныш, үреймен қабылдауына тура келдi. Алдыңғы һəм кейiнгi төңкерiске деген қазақтардың мұндай көзқарасының өте орынды əрi нақты болуы қазақ 59

Жас азамат. – 1918. – №5. – 1 қазан.

79

халқын етене жақсы бiлетiндер үшiн аян. Iлкi төңкерiстi қазақтардың дұрыс түсiнiп, қуана қарсы алуының себебi, бiрiншiден, ол патша өкiметiнiң езгiсi мен қанауынан азат еттi жəне екiншiден, өзiнiң ежелгi арманы дербес басқару саясатының жүзеге асырылу үмiтiн нығайта түстi...»60. Ресейдiң орталық бөлiгiндегi большевиктер қозғалысының қалай жүргендігінен қазақтар бейхабар едi. Ал шет аймақтарда оның қанаумен, тонаумен, зорлық-зомбылық арқылы үкiметтiң өктем үстемдiгiмен жүзеге асып отырғандығын Ахмет Байтұрсынұлы ашық жазды. Аталған мақаладан Қазақстанның саяси басқару құрылымының федерациялық бiртұтас одаққа енетiн дербес, өз алдына автономия болуы үшiн келiссөздiң қандай қиын жағдайда өткендiгiн төмендегi жолдардан айқын аңғаруға болады. «Қырғыз (қазақ) қайраткерлерi заңнан тысқары деп жарияланды, олардың əрқайсысының басына 25 мың сомға дейiн бəйге тiгiлдi. Мұндай жағдайда болған қазақ зиялылары орталықтағы Кеңес үкiметiмен тiкелей байланысу мүмкiндiгiнен айырылды, ал ара ағайын арқылы келiссөз жүргiзу ниетiнен түк шықпады. Содан кейiн Алашорда мүшелерi 1918 жылғы наурызда тiкелей байланыс арқылы орталықтағы үкiметпен келiссөз жүргiзбек болып едi, бiрақ Алашорда ұсынған келiсiм шарты жобасына ешқандай жауап қайтарылмағандықтан, бiздiң бұл келiсiмiмiз аяқсыз, үзiлiп қалды. Ал бұл келiсiмнiң жобасында Кеңес үкiметi жариялаған «Россия халықтары құқықтарының Декларациясындағы» негiзгi қағидаларына сəйкес келмейтiндей ештеңе болмағандықтан, Кеңес үкiметiнiң ешқандай үн қатпай, келiссөздi үзiп тастауы Алашорда үкiметiне, жұмсартып айтқанда, түсiнiксiз едi, сондықтан бiз бұл бағыттағы талабымыздан мүлде үмiт үздiк...»61. Кеңес үкiметi «көсемдерiнiң» келiссөзге деген ықылас, ниетi мен көзқарасы да жоғарыдағы мақала үзiгiнен тайға таңба басқандай ап-айқын көрiнедi. Коммунистiк идеологияның бұл келiссөздiң халқымыздың азаматтық тарихынан алатын орнын 60

Байтурсынов Ахмет. Революция и киргизы // Жизнь национальностей. – 1919. – №29. – 3 апреля. 61 Байтурсынов Ахмет. Революция и киргизы // Жизнь национальностей. – 1919. – №29. – 3 апреля.

80

сыңаржақ пайымдап келген «бұлжымас пiкiрдiң» негiзсiздiгiн дəлелдеу үшiн толық дəйек болары шүбəсiз. 1918 жылы «Бірлік туы» газетінің 20, 28 ақпандағы сандарында Сұлтанбек Қожанұлының «Өзіміздің бөлшеуіксінгендерге» деп аталатын мақаласында дəуір дидарын былай бейнелейді: «Осы күні Русия мемлекетін бір үлкен ауру əлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты – надандық, өтірік аты – бөлшеуизм (бөлшевиктік)... Русияның бүгінде қандай күйде тұрғаны көзі бар адам түгіл соқырға да аян. Ол мынау аурудың салдарынан есінен түгел айырылған жынды мысалында өз қанын өзі ішіп, өз етін өзі жеп жатыр. Ол бүгінде бұрынғы Русия емес. Оның қашаннан бері тырнақтап жиып, еңбектеп терген барлы-жоқты байлығы, азды-көпті мəдениеті тозаңдай тозып, судай төгіліп жатыр»62. Көрер көзі, айтар сөзі бар арлы азамат имандай шындықты большевиктік билікке ұмтылғандардың бетіне баспасқа шарасы қалмаған. Елдегі орын алған жағдайдың өзі ұлыт зиялыларының арасында əлгідей көзқарастың қалыптасуына əсер еткен. Өйткені, «Орталықта болған Қазан төңкерісінің шеруі ұлан-байтақ Қазақстан аумағында адам айтқысыз таптық зорлық-зомбылық жолымен жүрді»63. Осыған орай қызыл коммунистердiң үкiмет басына келуiне идеялық жағынан жұлдызы қарама-қайшы Мұстафа Шоқайдың туған елiнен жырақта, саяси əдiс ретiнде эмиграцияда жүрiп күресуiне тура келгенi белгiлi. Ол өзi шығарып тұрған «Жас Түркiстан» журналында өткен ұлыт-азаттық қозғалысының сабақтарынан алған ой-пікірін былайша түйген едi: «... 1917 жыл – бiздiң «саяси туған» жылымыз едi. Автономия бiздiң қорқа-қорқа басқан алғашқы «ұлыттық саяси» қадамымыз болатын. Большевиктердiң Түркiстан автономиясы үшiн ең көп сөккенi мен. Арадағы алакөңiл, жалған достар ғана емес, тiптi ниетiне титтей күдiктенбейтiн жақын достарым да автономия мəселесi жөнiнде менi айыптап, сынайтын. Большевиктердiң 62

Шəріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – əдебиетші. – Алматы: Ер-Дəулет– Қазақстан, 1994. – 18–19 б. 63 Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев І.М. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993. – 46 б.

81

сөгiсiн Түркiстан ұлыт-азаттық күресi жолында азды-көптi қызметiмнiң маңызын дұшпан жағының елеуi, əрi еңбегiме берiлген «сыйлық» деп есептеймiн. Алакөңiл, жалған достардың айтқан сөздерi арнайы тоқталып жатуға тұрмайды. Шын достарым өздерiн-өздерi сынады деп ойлаймын»64. Мұстафаның ұлылығы сонда – ол саяси дұшпанының қам-қарекетi арқылы өз iсiнiң парқын безбендеп, бағасын салмақтай бiлуiнде. Ұлы тұлғаның өз атамекенiнiң нағыз иесi де, қожасы да екенiн алыста, жат елде жүрсе де даусы жетiп, əлемдiк қауымдастықтың алдында əлсiн-əлсiн дұшпанының есiне салып, тiсiн қайраған ызасы белгiлi дəрежеде кеңестiк саясаткерлердiң санасуына əсер етпей қоймады. Ол өзiнiң «Автономиядан» азаттыққа!» атты мақаласында: «Автономия бiздiң өткенiмiзге тəн тарихи бiр оқиға. Бiз оны еске аламыз. Бiрақ ендi оны тiлемеймiз. Оған болса қайту жоқ. Əрбiр өсетiн адам басынан өткенiн, балалық шағын еске алса да, сол балалыққа қайтқысы келмейдi. Бұған ұқсас түрде бiз ұлытымыздың саяси өмiрiнiң балалық шағы болған Түркiстан автономиясын тек тарихи бiр кезең ретiнде еске аламыз»65, – деп жазды. Ақ патшаның министрi Столыпиннiң «бұратаналар саяси балиғатқа толған жоқ» деп мансұқтаған сол тарихи дəуiрде айтылған Мұстафаның бұл пiкiрi – шыңыраудан су тартқандай тереңнен толғанатын даналықты, көреген көсемдiктi, ұлығ саясаткерлiктi аңғартады. Ғажаптығы сонда – өткенге сын еш айна-қатасыз дəл айтылғандығында. «Бүкiлресейлiк Құрылтай таратылғаннан кейiн, сол арқылы ұлыттық автономия алудан үмiттенген Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түстi. Егер «Алаш» партиясына бiрiккен ұлыттық интеллигенция большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат əлеуметтiк тəжiрибенi зорлап таңушы, қазақ жұртына iрiткi салушы күш ретiнде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлыттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесiн жанұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш есебiнде қарады. Мəселен, Төртiншi армияның қолбасшысы М[ихаил] В[асильевич] Фрунзе 64 Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы: Жалын, 1992. – 147 б. 65 Сонда. – 63 б.

82

қазақ халқына үндеуiнде: «Поднимайтесь же, товарищи, устраивайте Советы по волостям, аулам и уездам. Сбросьте скорее буржуев – Досмухамедовых, возьмите власть в руки самих трудящихся. Действуйте смело и решительно, не как рабы, а как вольные люди. Знайте, что помощь вам уже подошла»66 деп қазақ бұқарасының таптық сезiмiне тие отырып, оны ұлыттық мемлекет туын көтерген Алаш қозғалысына қарсы қойды»67. Көзі тірісінде орайы келген академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевпен екеуара болған сұхбат еске түседі. Академик Халел Досмұхамедұлынан Ташкенттегі «Қазақ-қырғыз тəлімтəрбие үністетінде» дəрісін тыңдаған шəкірті болғанын ризалық сезіммен бөлісе отырып, сөз арасында: «1920 жылдары Халық Комиссарлар Кеңесінің мүшесі Михаил Васильевич Фрунзе Теке (Орал) қаласына келді. Сонда М[ихаил] В[асильевич] Фрунзенің Халел Досмұхамедұлын «нағыз ұлытшыл» деп жазғаны есімде» дегені бар еді. Кремль қызыл көсемдерінің арнайы тапсырмасымен ақ казактар мен алашордашылдарды түгел жоюды көздеген большевик қолбасшының Халел Досмұхамедұлы, ЖаҺаншаҺ Досмұхамедұлы басшылық еткен Алашорданың батыс қанаты өкілдерін, оларға пікірлес, ниеттес жақтастарын қолынан келгенше аямағаны анық. Оның себебі Тұрар Рысқұлұлы пікірінен анық аңғарылады. «Кеңес өкіметіне қарсы көп соғысқан да, оған бəрінен соң бағынған да Алашорданың Орал облысындағы бөлімі болды. Мұның бастығы Досмұхамедұлы Жақанша еді, қызыл əскерден Дутов жеңіліп, Колчак та құлауға айнала бастаған кезде, алашордашылар бірінен соң бірі Кеңес өкіметі жағына шыға бастайды. Ең алдымен Кеңес өкіметіне қосылған Алашорданың Жаманқаладағы бөлімі. Мұның бастығы Байтұрсынұлы Ақмет еді. Мұнан соң басқалары да Кеңес өкіметіне қосылды. Ақтарға қарсы, Алашордаға қарсы қазақтан құрылған қызыл əскер де, қазақ большевиктері де белсеніп соғысты. Қазақстанның Түркістан бөлімінде Кеңес өкіметі Қазан төңкерісі болысыменақ орнады»68. Алманияда тұратын қандасымыз, белгілі алаштанушы Хасен Өралтай [Оралтай] ұзақ жылдар бойы Түркияда 66

«Яицкая правда». Орал облревкомының органы. 1919, 16 ақпан. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 336 б. 68 Рысқұлұлы Т. Қазақстан. – Ташкент, 1927. – 83 б. 67

83

тұратын башқұрт халқының көсемі, профессор Зəки Уəлиди Тоғанмен достық қарым-қатынаста болған. Зəки Уəлиди Тоған алаштың ардақты азаматтарымен қатар жүрген, ортақ мүдде үшін бірге күрескен. 1917 жылы Ресейдегі билік басына большевиктердің келуімен əрбір ұлыт болашақ мүддесі тұрғысынан өзінің саяси мұрат тұтқан жолын қорғап қалуды талап етті. Сондықтан метраполия мен ұлыттық аймақтар арасындағы саяси мүдде қайшылықтары ширыға ұлыттық, əлеуметтік, аумақтық, қарулы қақтығыстарды туғызып, қан төгіс оқиғаларына соқтырды. Осы мемлекетаралық, ұлытаралық күрделі мəселелерді бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу барысында Мəскеу көсемдерімен екі арада талай келіссөздер, пікір алысуларға алаш арыстарымен бірге араласып, көзбен көрген, көңілге түйген ойларын Зəки Уəлиди Тоған деректік құжаттармен тарихи еңбектер, естеліктерін баспа бетінде жариялады. Міне, бұл тақырыпқа байланысты ол талай мəрте Хасен Оралтай ағамызбен оңаша дидарласып, ұзақ сұхбат құрған. Алаш идеясы, алашорда автономиясы, алашшыл азаматтар туралы зерттеуге бұл екеуара пікірлесудің тигізген əсері зор болған. «Жиһанша Досмұхамедұлы бүкіл Ресей түрүк-мұсылмандарының сол кездегі негізгі мəселесі – автономия алу, сонан соң толық тəуелсіздікке қол жеткізу жолында жан-тəнімен қызмет еткен санаулы тұлғалардың бірі болды. Сондықтан да коммунистер бүгіннің өзінде ең жиі қаралап отырған алашшылардың бірі – Жиһанша Досмұхамедұлы» – деп жазды Хасен Оралтай69. Ресейде Кеңес өкіметі билікке келісімен ұлан-ғайыр географиялық аумақтағы патшалық құрамына енген көп ұлытты аймақтар мен өлкелердегі саяси əкімшілік құрылымының дербестігін талап еткен, жеке автономиясын алып, бөлінгісі келген жергілікті күштердің көзқарас ұстанымы мен тілегін орындап, шешуге Кремль көсемдері уəдені үйіп-төгіп берді. Кеңестік билік қайткенде де Алашорда өкілдерін алдын ала шошытып алмай, емексітіп, сеніміне кіруге, уақытты соза түсуге тактикалық мүдделі болды. Кеңестік билік басындағылар əуелгі əзірде Алашорда автономиясын Ресей федерациясы құрамына 69

Оралтай Хасен. «Алаш» Түркістан түріктерінің ұлыт-азаттық ұраны. – Стамбул, 1973. – 69 б.

84

енетін тең құқықты саяси субъекті деп ресми мойындады. Большевиктер Ресейдегі биліктен үміттенген ақгвардияшылармен арадағы азамат соғысында əбден жеңіске жетіп, елдегі саяси ішкі қайшылық пен алауыздықты жойғанша Алашорда автономиясына көңіл аударуға мұршасы болған жоқ. Кеңестік билік шекараны нығайтып, Қазақстанды əскермен құрсаулай қоршап алған соң мемлекетаралық шартты бұзып, Алашорда автономиясын таратуға күш қолданды. Осындайда Отто фон Бисмарктың «Орыстармен жасалған кез-келген келісім оны жазған қағаздың құнына да татымайды» деген пікірі еріксіз ойға оралады. Қызыл əскердің Алашорда – Алаш автономиясының үкіметімен арадағы ашық күресі 1918 жылдың жазында басталып ең əуелі Алашорданың шығыс бөлімі, 1920 жылдың көктемінде Алашорданың батыс қанаты таратылды. Кеңестік билік осы жылы қазақ интеллегенциясын тізімге алып, тіркейтін №14 МІНДЕТТІ ҚАУЛЫ қабылдады. Жеті баптан тұратын бұл міндетті қаулыны көктей шолғанда тəтті сөзбен төмендегі мəселелерді жүзеге асыру көзделді. §1. ... Жаңа социалистік құрылыстың мақсаты еңбекші қазақтардың мүддесін қорғайды. Кеңес өкіметі біздің өз еркімізді айқындауды, өзімізді өзіміз басқаруға мүмкіндік береді. ... Қазақ зиялылары! Енді өмірді жаңадан бастау Сіздердің еріктеріңе байланысты. Сіздердің болашақ жарқын да еркін, уайым-қайғысыз өміріңіз, халқыңыздың тағдыры Сіздердің қалауыңызда... Алдыңғы қатарлы зиялы қауым, еңбекші халықтың мүддесінен байланысын үзбеген Сіздерден қазақ халқы көмек күтеді; бар үмітті Сіздерге артып отыр. Сіздер бұған дейінгі сүрген өмірден анағұрлым артық жаңа өмірді құрыңыздар. Қазақ зиялылары, Сіздер Кеңес ісіне шын пейілмен беріле қызмет етсеңдер еңбекші қазақ бұқарасы Кеңестік мекемелерде өз адамдары болғандықтан, Кеңес өкіметіне сенімі күшейіп, қазақ ұлытына деген оның ой-пиғылы мен əлеуметтік-мəдени жағдайын жақсартпақ ниетін түсіне бастайды; Кеңес өкіметі қазақ халқын шеттетпейтініне көздері анық жетер еді... Сонымен жолдас зиялы қазақтар! Жалқаулық пен бейқамдықты қоятын мезгіл жетті, өйткені ол Сіздің біліміңіз бен бейімділік қырыңызды құртып тынады. Қазақ Өлкесін Басқару 85

Революциялық Комитетінің тапсыруы бойынша біз Орал Губерниясы Революциялық Комитеті атынан Сіздерге бойларыңдағы бұрынғы лайықсыз, жарамсыз қылықты тастап, Кеңестік мекемелерге, Кеңестік құрылысқа белсене араласуға, қазақ халқын Кеңестік құрылысқа тартуға ұйытқы болыңыздар. §2. Губерния бойынша зиялыларды мамандығына, қалауына қарай азаматтық мекемелерге дұрыс бөлу мен дұрыс есепке алуды Қазақ Өлкесін Басқару Əскери Революциялық Комитетінің нұсқауымен Орал Губерниясы Революциялық Комитеті жанындағы комиссия қазақ зиялылар күшін жан-жаққа бөліп, тіркеуге тұрғызды. Комиссияға қазақ зиялыларының күшін жұмылдыру тапсырылды. Комиссияның төрағасы жолдас Струппе мен мүшелері Қасаболатов жəне Қаратілуов құрамында ұйымдастырылды. §3. 2 кластық қалалық училищені жəне одан жоғары білімі бар күллі қазақ оқығандары осы міндетті қаулы жарияланған күннен бастап 3 күн кесімді мерзім аралығында Уездік Басқару Бөлімінде тіркеуге тұруы тиіс. Төмендегі пішінде: 1) Аты, əкесінің аты, тегі, 2) жасы, 3) əлеуметтік тегі мен мекенжайы а) губерния, б) уезд, в) болысы, 4) білім цензасы, 5) партиялық, 6) мамандығы, 7) 1917–18 жылдары, 1917 жылдан бүгінге дейін қандай лауазымды қызмет атқарды. §4. Барлық басқарма бөлімдерінен тіркеуден өткен соң анкеталық парақты дереу Орал қаласындағы Орал ревкомы жанындағы қазақ оқыған зиялыларын тіркеу комиссиясының мекенжайына жіберуі тиіс. §5. Тіркеуден өткен қазақ оқыған зиялылары Комиссияның құзырында болып, қазақ зиялыларын лайықты орынға бөлуге, ауыстыруға жəне жауапты қызмет ұсынуға Комиссияға құқық беріледі. Комиссияның келісімінсіз қазақ зиялыларын ешқандай қызметке ауыстыруға, тағайындауға рұқсат жоқ. §6. Ары таза қазақ оқыған зиялылары өзі туралы деректі тиісті мерзім аралығында беруі парыз; өзі туралы деректі бермегендер – Кеңес өкіметіне қызмет етуді қалағысы келмейтін халық жауы, еңбек майданынан жасырынған қашқын ретінде сазайын тартады.

86

§7. Уездік Атқару Комитеті мен Уездік Революциялық Комитеттерге түгел осы қаулының қазақ халқы арасында кең таралуына барлық шараны қолдануы тапсырылады. Губревком жəне Қазақ зиялылары күшін жұмылдыру Комиссиясының төрағасы Струппе. Мүшесі С[əлімгерей] Қаратілеуов70. Бұл құжаттан Кеңес өкіметі қазақ зияткерлік күшін қатаң түрде өз назарында ұстау мен жан-жаққа əдейі шашып жіберіп басқан қадамын жүйелі бақылауға алудың əкімшілік-əміршілдік тетігін ойлап тапқанын байқаймыз. Кеңестік биліктің қабылданған №14 міндетті қаулысына сəйкес күллі қазақ интеллектуалдық күшін жиып арнайы Комиссияның құзырына байлаулы болуы – мылтықтың қарауылына алып, жаза кесуге əзірлік жұмысының басы екенін айғақтайды. Қағаз жүзінде қаттаулы қазақ ақыл-ойын қызыл империя шығыс бүйіріндегі шешімін тез арада табуға тиісті өзекті мəселе санады. Міндетті қаулының §5, §6 баптарында тіркеу парағындағы деректер егер бұрмаланар болса, заң арқылы қудаланады деп ескертудің астарында мемлекеттік қоқан-лоқы сес пен айбат шегу бар. Қызыл империяға ұлыттық мүддесін қызғыштай қорғайтын қазақ ақыл-ойының түкке қажеті жоқ еді. Сонымен қатар Кремль көсемдері алдына қойған «ұлы мақсаттарды» жүзеге асыруға кедергі болатын ішкі «саяси сенімсіз күштерден» қоғамды біржолата тазартудың жоспарын құрып, қызыл террорға дайындықты күшейте бастағаны аңғарылады. Оған дəлел жоғарыдағы құжатқа мазмұндас көптеген қосымша шаралар қабылданып, алаш зиялыларының қоғамдық қызметі мен саяси танымы туралы мониторинг жүргізілді, күллі деректер базасы жинақталып, мемлекеттік айырықша құпия сақталды. Ташкент қаласындағы мұрағат қорынан Қазақ ағарту институтының қызметкерлерін тіркеуге алған азаматтық №1 формалы жеке іс парағындағы Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Дінмұхамед (Дінше) Əділұлы, Абдолла Байтасұлы, Дəмеш Ермекованың, тағы басқа алаш зиялыларының есімдерін кездестірдік. Жеке іс парақшада белгіленген 27 сұраққа жауап беру талап етілген. Халел Досмұхамедұлының 1923 жылғы 27 қарашада толтырған жеке іс 70

ҚР ОМА, 544 қор, 1-б тізбе, 176 іс, 52–58 парақ.

87

парақшасына көз жүгірткенде əрбір сұраққа аса сақтықпен жауап бергендігін оқимыз: «2. Қашаннан бері бұл қызметтесіз» дегенге «1920 жылдан дəрігермін жəне гигена пəнінінен оқытушымын». «3. Əлеуметтік тегіңіз» – «қызметші». «4. Саяси партия қатарында барсыз ба, болдыңыз ба, қай уақыттан бері» – «жоқ». «5. Кəсіподақ мүшесісіз бе, қашаннан бері» – «1920 жылдан ағарту саласы қызметкерлерінің одағындамын». «6. Ұлыты» – «қазақ». «7. Туған мекеніңіз (Түркістанда [Түркістан автономиялы республикасын меңзеп отыр – А.Мек.] қашаннан бері тұрасыз)» – «Қазақ Республикасынан, Түркістанда 1920 жылдан бері тұрамын». «8. Қандай тілдерді білесіз, оқып, жазасыз» – «қазақ жəне орыс тілінде». «9. Жасы» – «40-та». «10. Отбасыңыз» – «əйелім, 5 балам бар». «11. Біліміңіз» – «жоғары». «12. Арнайы біліміңіз» – «дəрігерлік». «13. Негізгі мамандығыңыз» – «дəрігер». «14. Қай уақыттан бері негізгі мамандығыңызда қызметтесіз» – «1909 жылдан». «15. Шетелде болдыңыз ба» – «–». «16. Ескі армия қатарында қызмет еттіңіз бе» – «–». «17. Қызыл армия қатарында қызмет еттіңіз бе» – «–». «18. Əскери қызметке қатысыңыз» – «дəрігерлік міндетім бойынша тіркеуде тұрамын». «19.Сотқа тартылдыңызба (азаматтық, партиялық)» – «–». «20. 1905 жылы қандай қызметте болдыңыз» – «барлық уақытта участкелік дəрігер болдым». Қашан 1920 жылы

1921 жылдан 1923 жылға дейін

88

Мекенжайы Ташкент

Мекеме атауы Мемлекеттік университетте

Қазақ Ғылыми Кеңесінің

Қызметі 1921 жылға дейін клиникада ординатор болдым төрағасы болдым

1922 жылдан 1923 жылға дейін 1923 жылдың қыркүйегінен

Халық Ағарту Комиссариатының

мүшесімін

Халық Ағарту Комиссариаты Мемлекеттік Ғылыми Кеңесінің

төрағасымын

«21. Революциялық жұмыстарға қатыстыңыз ба» – «–». «22. Қандай қоғамдық жұмысқа тартылдыңыз (көрсетілуі тиіс, сайлау қызметі)» – «–». «23. Денсаулық жағдайы» – «безгектен зардап шектім, өкпе құрт ауруының бастапқы белгілері бар». «24. Қызмет орныңыз өзіңізге лайық деп білесіз бе» – «иə». «25. Қай жерде, қандай қызметті өзіңізге лайық деп білесіз» – «Ташкенттегі бүгінгі қызметімді». «26. Жалпы ескертпелер» – « – ». «27. Тұрғылықты мекенжайыңыз» – «Ташкент, Карл Маркс көшесі, 41». Жеке іс парақтың аяғында «Досмұхамедұлы жолдас өзінің тағайындалған қызметіне барлық жағынан сай келеді. 24 қаңтар 1924 жыл»71 деп директордың қолы қойылған мінездеме берілген. Халел Досмұхамедұлы 1905 жылы қазақ арасында жүргізген саяси іс-əрекеті үшін патша үкіметі құқық орындарының тұтқындағанын, Алаш партиясы қатарында Алашорда автономиясын құрушылардың жəне басшыларының бірі екенінен ешбір мəлімет бермей, лəм-мим демей сырғытып өтеді. Бұл тырнақ астынан кір іздеген дəуірде қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын еді. Мұхамеджан Тынышбайұлының 1923 жылы 2 желтоқсанда толтырған жеке іс парағындағы жауаптары да əлгіге ұқсас. «2. Қашаннан бері бұл қызметтесіз» – «оқытушымын». «3. Əлеуметтік тегіңіз» – «қарасүйек». «4. Саяси партия қатарында барсыз ба, болдыңыз ба, қай уақыттан бері» – «жоқ». «11. Біліміңіз» – «жоғары». «12. Арнайы біліміңіз» – «техникалық инженер». 71

ӨР ОМА, 34 қор, 1 тізбе, 3181 іс, 25–25 сыртқы беті.

89

«13. Негізгі мамандығыңыз» – «құрылысшы». «14. Қай уақыттан бері негізгі мамандығыңызда қызметтесіз» – «1906 жылдан». «20. 1905 жылы қандай қызметте болдыңыз» – «1906 жылға дейін оқуда, сонан кейін инженерлік қызметте болдым». «23. Денсаулық жағдайы» – «жүрек қабынуы мен ревматизмнен жəне безгектен зардап шектім». Жеке іс парақтың аяғында «Мұхамеджан Тынышбайұлы тағайындалған қызметіне толық сай келеді. 29 қаңтар 1924 жыл»72 деп директордың қолы қойылған мінездеме берілген. Мұхамеджан Тынышбайұлы да өткен өмір жолындағы саяси қайраткерлік қызметін ауызға алмауға тырысып, нақты əрі қысқа жауап берген. Алайда Халел Досмұхамедұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлының бұған дейінгі саяси қайраткерлік күрес жолындағы жүйке тоздырар сынақтар із-түзсіз кетпей, денсаулықтарына ақау түсірген. Бір ғажабы, Дінмұхамед Əділұлының 1924 жылы 24 қаңтарда толтырған жеке іс парағы кімді де болса, елең еткізері сөзсіз. «2. Қашаннан бері бұл қызметтесіз» – «1/XII–1923 жылдан уақытша директор міндетін атқарушы». «3. Əлеуметтік тегіңіз» – «жалшы». «4. Саяси партия қатарында барсыз ба, болдыңыз ба, қай уақыттан бері» – «жоқ». «7. Туған мекеніңіз (Түркістанда қашаннан бері тұрасыз)» – «Батыс Сібірден, Түркістанда 1919 жылдан бері тұрамын». «8. Қандай тілдерді білесіз, оқып, жазасыз» – «қазақ жəне орыс, неміс, француз, латын тілдерінде». «9. Жасы» – «24-те». «10. Отбасыңыз» – «бойдақ». «11. Біліміңіз» – «орташа». «12. Арнайы біліміңіз» – «–». «13. Негізгі мамандығыңыз» – «оқытушы». «14. Қай уақыттан бері негізгі мамандығыңызда қызметтесіз» – «1919 жылдан». «15. Шетелде болдыңыз ба» – «Қытайда болдым, 1918 жылы Сібірдегі іс-қимылға орай майдан кезінде». «16. Ескі армия қатарында қызмет еттіңіз бе» – «жоқ». 72

90

ӨР ОМА, 34 қор, 1 тізбе, 3181 іс, 41–41 сыртқы беті.

«17. Қызыл армия қатарында қызмет еттіңіз бе» – «Забайкал майданының Қызыл əскер бөлімінде волонтёр болдым». «18. Əскери қызметке қатысыңыз» – «болған жоқ». Қашан 1915 жылдан 1917-ға дейін

Мекенжайы Омбы қаласы

1917 жылдың сəуірінен қазан айына дейін 1917 жылдың 25/III – 25/X.

Ақмола қаласы

1919 жылдың тамызынан 1920 жылдың мамырына дейін 1920 жылдың мамырынан қыркүйекке шейін 1920 жылдың қазан айынан 1921 жылдың қазан айына дейін

Қиыр Шығыс Забайкал Ташкент

Алматы

Орынбор

Мекеме атауы Қазақ жастарының «Бірлік» жасырын қоғамы Уездік Қазақ Атқару Комитеті Семенов майданындағы Қызыл əскер штабы Қазақ педагогикалық училищесі (кəзіргі Қазақ ағарту институты) Халық ағарту облыстық бөлімі

Қазақ Орталық Атқару Комитеті

Қызметі құпия Қазақ Комиссиясының президиум мүшесі Қатардағы іс қағаздарын жүргізуші [сөздер көрінбейді] меңгеруші

меңгеруші

мүшесі

«21. Революциялық жұмыстарға қатыстыңыз ба» – «[сөздері анық емес – А.Мек.]». «22. Қандай қоғамдық жұмысқа тартылдыңыз (көрсетілуі тиіс, сайлау қызметі)» – «1917 жылдан 1924 жылға дейін Ташкент қаласы, басқа да жерлерде Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі». «23. Денсаулық жағдайы» – «денсаулығым мықты». «24. Қызмет орныңыз өзіңізге лайық деп білесіз бе» – «объективті түрде – иə». «25. Қай жерде, қандай қызметті өзіңізге лайық деп білесіз» – «ешбір жерде, ешбір қызметті». «26. Жалпы ескертпелер» – «ескертпе жоқ». 91

«27. Тұрғылықты мекенжайыңыз» – «Жизақ көшесі, №16 үй». Жеке іс парақтың аяғында «Жалындаған жас, Қазақ ағарту институты шəкірттерін рухани ұйытқан мықты администратор. 24/II–1924 жыл»73 деп əкімшілік басшысының қолы қойылған мінездеме берілген. Дінмұхамед Əділұлының өз қолымен толтырған жеке іс парағындағы мəліметтерді оқығанда, оның ұшып-қонған табиғи аңғалдығы мен албырт жастыққа тəн максималистік мінез-құлқы сезіліп тұрады. Қаламмен жазылғанды балталасаң да өшіре алмассың деген. Кейбір деректері Кеңестік биліктің сыныққа сылтау іздеген қуғын-сүргін дəуірінде ілік табуға себеп боларын жан дүниесі кіршіксіз ол аңғырттықпен мəн бермеген. Дінмұхамед Əділұлы қызыл террор басталғанда бəлені тілінен тауып, ең алдыңғы лекте ажал құшты. Халық Ағарту Комиссариаты Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы Халел Досмұхамедұлы 13 қазан 1923 жылы қол қойған, №898-ші болып тіркелген Дінмұхамед Əділұлына Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің Қазақ ғылыми комиссиясы мүшесі екендігін куəландыратын мөр басылған куəлік берілген74. Мəдениет майданында алуан түрлі сыннан өтіп, мол тəжірибе жинаған төрағаның оған сенім артуы, сірə, тектен-тек емес. Демек, жас болса да Дінмұхамед Əділұлы зияткерлік мəдени ортада жаңалыққа құмар белсенділігі, іскерлік, ұйымдастырушылық қайраткерлігімен танылып үлгерген. Кеңестік билік жаппай террорлық, қуғын-сүргін саясатын жүргізудің оңтайлы сəтін күтті. 1930, 1937–39 жылдардағы Кеңестік биліктің жаппай террорлық, қуғын-сүргін саясатын жүргізуде əлгі анкеталық парақшадағы деректерге сəйкес алаш арыстары сұрыпталып алғашқы болып құрбандыққа шалынды, екінші кезекте олардың ізін басқан Кеңестік дəуірде өсіпжетілген зиялы қауым өкілдері түгел ату жазасына кесілді. Сол арқылы Кеңестік қызыл саясат қазақ ұлытын зияткерлік ақылойынан айырып, айтқанға көнетін, айдағанға жүретін тобырға айналдырмақшы болды.

73 74

92

ӨР ОМА, 34 қор, 1 тізбе, 3181 іс, 53–53 сыртқы беті. ӨР ОМА, Р-34 қор, 1 тізбе, 2114 іс, 10 б.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының таным-түсiнiгi мен психологиялық жан дүниесiне ұзақ мерзiм бойы империяға деген кiрiптарлықтан өз бетiмен ой ойлап, əрекет етуге дəрменсiз, өзгенiң айтқанымен жүрiп, айдағанына көнетiн «жетекшiл», құлдық сана дерт боп жабысты. Бұл туралы «Қазақ» газетiнде жарияланған «Ел еркi өзiнде» атты мақалада: «... Хəкiмдердiң айдауынан, хəкiмдердiң түрткiсiнен басқа түк көрмеген бiздiң қазақ не берсе, хəкiм бередi, не iстесе хəкiм iстейдi, – деп мұрнын тескен тайлақтай жетекшiл болып қалған. Əлi де болса өз беттерiмен жұрт болып iс қыла алмайды. Əлi де болса əркiмнiң жетелеуiне қараса, онда бостаншылықтың игiлiгiн дұрыс көре алмайды...»75, – деп «дайын асқа тiк қасық болудың» түбi – өз алдына жеке-дара ел болып жарытпай, қарақан басына қарай алмай тоз-тозы шығып, шерменде күйге түсiрерiнен сақтандырды. Жетi көсемнiң тарихи еңбегiнiң айырықша бағалануға тиiс тұсы да əуелi ыңыршағы шыққан қараңғы халықты – рухани ағартуы, сосын «жетекшiл» əлеуметтiк тобырдың сана-сезiмiн оятып, саяси белсендi күшке, жетекшi, гегемондық дəрежеге көтеруi едi. Халық аузында «Бiр топ арыстанды ит басқарса, бəрi ит болып кетедi; бiр топ иттi арыстан басқарса, бəрi арыстан болып кетедi» деген ұлағатты нақыл сөз бар. Əлекең бастаған арыстарымыздың қайраткерлiгiмен Ресей патшалығының Қазақ Елiне жүргiзген озбырлық отарлау саясатынан рухани есiн жиып, бiрден сергiп кете қоймаса да, ұлыттық ұстанған идеялық тəлiм-тəрбиесiн iлген шəкiрт буынның шеттерiнен арыстанның жалын ұстаған iрi тұлғаларға айналғанына тарих куə. Сондықтан олардың мысы басқаны соншалық – большевиктер өлердей қорықты. Большевизмнiң жалпы қазақ үшiн фашизмнен айырмасы шамалы болды. Кеңестiк таптық көзқарастың шектен шыққан қаскүнемдiгi сонда – ол жетi көсемнiң идеясы сiңе бастаған зиялы жастарды аға буынның өкiлдерiне қарсы айдап салып, терiс насихат жүргiздi. Ең əуелі билік ақпараттық соғыс жүргізіп, қоғамдық пікірді қысыммен өз дегеніне көндірді, қазақтың санасын игеруге əкімшілік ресурстың бар күшін жұмсады. Екі аяқты жұмыр басты пендеге үнемі «итсің, итсің!» 75

Ел еркi өзiнде // Қазақ. – 1917. – №226. – 22 əпiрел.

93

десе, шамалыдан соң үре бастайтынына тəжірибе жасады. Ұлыт зиялыларын iштей iрiтiп, береке-бiрлiгiн қашыруды басты мақсат тұтты. Бұл үшiн билiк басына жас буынның өкiлдерiн əкелiп, коммунистiк партияның атынан қақпайлап сөйлетiп, саяси көздеген мүддесiн жүзеге асырды. Кеңес дəуiрiнде ұлыттық сананы жебеушiлердiң өмiрде болғанының өзiн жасырып, тiптi, жау ретiнде есiмдерiн атаудан қашып, қайткенде де тарихи жадтан мүлдем өшiрiп жiберуге тырысып, коммунистердiң қолынан келгенiн iстеп бағуының астарлы себебi осында секілді. Бұл патша өкiметiнiң империялық саясатынан қызыл империя идеологиясы қанатының астындағы халықтарға қаншалықты рақымсыз, тас бауыр екендiгiнiң нақты айғағы. Мəселенiң бұл жағын Кеңестiк тарихнама ғылымының жылы жауып келуiнiң себебi ендi түсiнiктi болып отыр. Бұл туралы ғалым Мəмбет Қойгелдиевтiң пайымдауы да пiкiрiмiздi тиянақтай түседi: «Кеңестiк тарихи əдебиетте 1905 жылы Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа атсалысқан əлеуметтiк күштердiң орнын ауыстыру, қазақ қоғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрiнеу асыра бағалау, осы негiзде қисынсыз теориялық тұжырымдама жасау кең етек алды. Ал шын мəнiнде əлеуметтiк-саяси сатыда орыс жұмысшыларынан төменгi дəрежеде тұрған, сан жағынан мардымсыз қазақ жұмысшыларының да, шаруашылыққа жарамды, құнарлы жерлерiнен айрылған қазақ шаруаларының да қоғамдық санасын билеген ой – əлi қалыптасып үлгермеген қазақ буржуазиясы мен «пiсiп жетiлген» қазақ феодалдарының таптық езгiсiнен құтылу емес, өз атамекенiнде саяси құқығынан айырып, шаруашылығын терең дағдарысқа əкелiп тiреп, өздерiн экономикалық кiрiптар еткен орыс əкiмшiлiгiнiң орнатқан құлдық тəртiбiнен құтылу едi»76, – дейдi ол. Жиырмасыншы жылдардың аяқ шенiнде қазақ халқының өмiрiнде күрт өзгерiстер болды. Қазақстандағы бар билiктi өз қолына алған Филип Исаевич Голощёкин [шын аты-жөні Шая Ицович-Исакович] «Kiшi Қазан» саясатын жүргiзiп, ел-жұртты тоз-тоз етiп, зиялыларын қуғын-сүргiнге ұшыратқан зобалаң басталды. Отбасының уайымын қойып, ұлытының қасiретқайғысын ойлаған бiрегей азаматтар абақтыға қамалып, ал 76

94

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 83–84 б.

бiреудiң үстiнен шағым айтқан арызқой жылтыңдар мен «қызыл көсемдердiң» əмiрiн басын шұлғып, екi етпейтiн жағымпаз белсендiлердiң тасы өрге домалады. Мыңғырған төрт түлiк малға толған сахараның бағы тайып, аш-жалаңаш мұңлы ғарiптердiң көз жасын көл қылған зарына құлақ тұнған заман туды. Баспасөз беттерiнде күн құрғатпай көңiлге салқын, көзге жат: «əшкереленген немiс-жапон жансыздары», «бет-пердесi ашылған үстем таптың өкiлдерi», «қазақтың ата жауы – ұлытшыл, алашордашылар»... «қателерiн мойындап, тиiстi жазаларын алды» деген сықылды күтпеген жан түршiктiрер оғаш хабарлар ел-жұртқа шаншудай қадалды. Əрине, алдыңғы лекте халқының ақылман ұлдары нақақ жалаға iлiктi. Қазақ Мемлекеттік Университеті 1930 жылғы қазанның 1-індегі №93 бұйрығы бойынша профессор Досмұхамедұлын 15 қыркүйектен бастап қызметінен босатуға директор [кəзіргіше ректор] Санжар Асфендиаров қолын қойған77. Солардың арасында мемлекет жəне қоғам қайраткерi, ғұлама ғалым, рухани жан мен тəн саулығының шипагерi Халел Досмұхамедұлы да тұтқынға алынып, қараңғы қапасқа жабылды. Алматы абақтысында екi жылға жуық созылған, сартап болып, сарыла күткен, дос түгiл дұшпаныңа тiлемейтiн азапты тергеудiң соңы Халел Досмұхамедұлы, Жаһаншаһ Досмұхамедұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлына Кеңестер Одағының Қылмыстық кодексiнiң 58/7, 58/10, 58/11 һəм 59 бабының 3 тармағына сəйкес iс қозғалды. Сот үкiмi Халел Досмұхамедұлын, Жаһаншаһ Досмұхамедұлын, Мұхамеджан Тынышбайұлын, Мұхтар Мурзин, Əбдiхамит Ақбайұлын, Сейiдəзiм Қадырбайұлын, Жақып Ақбайұлын, Əшiм Омарұлын, А. Yмбетбайұлын, А. Мұңайтпасұлын, Қошке Keмеңгерұлын, Mұстафа Бұралқыұлын, Жұмақан Күдерiұлын, H. Хожамқұлұлын, Жұмағали Тiлеулиндi «жазасын» бес жыл мерзiмге концлагерьде өтеуге кесiп, iзiнше ол шешiм бұзылып, Peсейдiң қаратопырақты облыстарына жер аударумен ауыстырылды. Бiрiккен саяси Бас басқарманың (ОГПУ) қаулысы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылып, «айыбын» концлагерьде өтеуге үкiм шығарылған Əлiмхан Ермекұлы мен Мұхтар Əуезовке де «жеңiлдiк жасалып», олардың тұтқында болу мерзiмiн тергеу камерасында 77

ҚР ОМА, 1142 қор, 1-б тізбе, 1 іс, 115 парақтың сыртқы беті.

95

өткiзген мерзімінен, яғни 1930 жыл қазан айының 8 күнiнен бастап есепке алынуын ұйғарады. Бұлармен бiрге Уəлихан Омарұлы, Бiлəл Сүлейұлы, Даниял Ысқақұлы айыптау қорытындысында алдын ала қамалған мерзiмi есепке саналып, темiр тордан босатылды. Сөйтiп қазақтың бiртуар перзенттерiмен Воронежге жер аударылған Халел Досмұхамедұлы тағдырдың жазғанына амалсыз көндi. Оның соңынан iле-шала бала-шағасы да келiп жеттi. Қайтадан түтiн түтетiп, бейтаныс қала тiрлiгiне үйренiсуге оларды жағдайдың өзi амалсыз мойынсұндырды. Əдiлхан осы қаладағы дəрiгерлiк институтқа емтихан тапсырып, студент қатарына қабылданды. Ал онан кейiнгi Сəуле, Қарашаш, Төле Александр Сергеевич Пушкин атындағы №1 орыс мектебiне оқуға орналасты. Тұрмыс құрып Алматыда қалған Рабиғадан өзге отбасы мүшелерi бiр шаңырақ астында бастарына төнген зауалдан есеңгiреген естерiн жия бастады. Халекең өзiнiң мамандығы бойынша Воронеждегi Дəрiгерлер бiлiмiн жетілдiру институтында əлеуметтiк гигиена жəне денсаулық сақтаудың ұйымдастыру кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет еттi əрi ақ халатты абзал жандарға шипагерлiктiң қыр-сырынан дəрiс бердi. Əйтсе де оның ештеңеге зауқы соқпай, бойын зiл батпан басып, жабысқан кесел əбден меңдеттi. Науқастың тамырын ұстап дертiн тап басып айыратын бiлiктi емшiнiң абақтының сыз еденiнен етiнен өтiп, сүйегiне жеткен, суық шалған күндерi мен түндерi, əпербақан тергеушiлерден шеккен аяусыз азабы мен жан шошырлық тепкiсi iз-түзсiз кетпедi. Оның үстiне ит қорлықты басынан кешiрген ардақты азаматтың бiрден тынымсыз жұмысқа араласуы мен тұрмыс деңгейiнiң тым төмендiгi, тосын ауа райының денсаулығына жақпауы өкпе сырқатына шалдығуына, жүйкесiн қоздырып, тұла бойы дамыл таппай қышыма ауруына душар еттi. Кеңестер Одағының Бiрiккен саяси Бас басқармасының алқасына жолдаған арызында ол өзiнiң денсаулығына орай ерекше күтiмнiң керектiгiн, жыл сайын Қырымға, Кавказға немесе қымызбен емдейтiн санаторийлерге бiрнеше ай бойы жатып ем қабылдағанда ғана дертiне дауа боларын, ал дəл кəзiр саяси сенiмсiз ретiнде мұндай мүмкiндiктi пайдаланудан ерiксiз айырылып отырғанын қынжыла баяндады. Осындай төтенше жағдайға байланысты қалған кесiмдi жаза мерзiмiнен босатуды не 96

болмаса уақыт межесiн қысқартуды өтiндi. Халел Досмұхамедұлы 28 наурыз 1934 жылы жазған осы арызының аяғында тұрақты мекен жайын «Воронеж қаласы, Ветеринарный көшесi, 13 үй» деп көрсетедi. Арызға қосымша: қалалық тубдиспансер анықтамасы; Воронеж медицина институтының Жүйке ауруы емханасының берген анықтамасы; Воронеж қалалық тубдиспансердiң бактериологиялық қорытындысы, қақырық пен қанын тексерген анықтамасы тiркелген78 Халел Досмұхамедұлы күткен тiлегi орындалып, кезектi еңбек демалысы кезiнде қалаған санаторийiне барып емделуiне Бiрiккен саяси Бас басқарманың арнайы рұқсаты берiлдi, мұнан соң жыл сайын бала-шағасымен Қырымға барып демалып, денсаулығын күтуiне мүмкiндiк туды. Туған жерден жырақ Воронежде өткiзген жылдары ресми белгіленген мейрам күндерiн сылтау ғып саналы ғұмырында ажырап көрмеген, тағдырлас Халел, Жаhаншаh, Мұхамеджан дастарқан басында қауышып, өткен-кеткендi ecкe алып, елжұртқа деген сағыныш сезiмдерiн бөлiсiп, iштегi шемен боп қатқан шерлерiн тарқатуды əдеттерiне айналдырды. Осындай бас қосудың сəтi түскенде Жаhаншаh егiздiң сыңарындай болған Халелге достықтың белгiсiндей күмiс саптыаяқ сыйға тартты. Ғылымның қай саласынан да терең хабардар дархан жүрек күмiс ыдыстың адам денсаулығына тигiзер пайдасын, сiрə, нəзiк ұғынғандықтан əдейi ұсынған болар?! Осы ретте халқы қастерлеген жол қатынасы инженерi, бiлiмпаз тарихшы Мұхамеджан Тынышбайұлының қаhары бет қаратпайтын Бiрiккен саяси Бас басқарманың тергеушiсi Альшанскийге 1931 жылы 5 қарашада «Екi Дос» атанған қос Досмұхамедұлы хақында шындықты бұқпантайламай айтқан жауабы еске түседi. Онда ол тайсалмай былай дейдi: «Саяси қызметте Досмұхамедовтердің екеуі де ерекше көзге түсті. Дегенмен Халелге ең алдымен теориялық мəселелерде білімпаздық, белгілі бір идеяны ұсынуда алғырлық, адами қатынаста байсалдылық пен парасаттылық тəн еді» (ҚР Ұлыттық қауіпсіздік архиві)79.

78

ҚР ҰҚК архивi, 06610 iс, З том, 200, 210 парақтар. ҚР ҰҚК архивi, 06610 iс, 1 том, 967 парақ; Қайраткер Халел Досмұхамедов. Жалын. – 1994. – 253 б. №7–8. 79

97

Халел мен Жаншаның сырластығы – ұлыттық мүддені көздеуден туған идеялық ұлы достық. Қос азаматтың əлеуметтік көзқарас танымы мен болмыс-бітімі, қоғамдық ортадағы зияткерлік өре деңгейі ұлыттық мұратқа жету жолындағы күллі жауапкершілік тауқыметті мойындарымен теңдей көтеруге саналы түрде серттесіп, бел шешіп күресуге мəжбүр етті. Ойпікірлері ұштасып, қоғамдық санаға əсер ететін, ықпал жасайтын қайраткер жеке тұлғалардың тұтас əлеуметтік пəрменді күшке айналу мысалы қазақ топырағында аз емес. Иса мен Досан, Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, тағы басқа есімдері қатар аталатын ел қорғаған ерлер, жер қорғаған батырлар жетерлік. Қазақ айтатын: «Құдай айырмаса, адам айырмаған» тумысы бөлек болғанмен екінің біріндей, егіздің сыңарындай саяси күресте жұбын жазбаған Екі Дос – Халел мен Жанша достығы əлгі пікіріміздің жарқын куəсі. Қазақ – ұлыт ретінде бауырмал, мейірбан, ағайыншыл, көпшіл. Ұлы көшпелі өркениеттің соңғы тұяғы қазақтың атабабасынан мирас болып қалған, қанына сіңген мінезі – қауымшылдығы. Қазақтың бұл қасиеті ел шетіне жау тигенде, ағайынның басына іс түскенде, қабырғалы қазада, қуанышты бөлісетін шашулы той-томалақта көрінеді. Қарға тамырлы қазақ үй салса, қора-жай тұрғызса ағайын-туысты, жақын-жуықты жиып үме жасайды. Ұлыттық дəстүр мен халықтық тəлімтəрбиеден нəр алған алаш арыстарының қай-қайсысы да табиғат заңдылықтарын жете зерделеген шеттерінен білімпаз марқасқалар. Халел – көсемсөздің көсемі, Жанша – шешенсөздің шешені. Халел мен Жанша бірін-бірі жан-жақты толықтырған біртуар азаматтар, ел-жұртына өте ықпалды шешен де, көсем тұлғалар екендігі өкшесін басқан буын өкілдерінің пікірінен анық аңғарылады. Қызыл коммунистердің ұранына қосылып, өзі де сол қан құмар билік жүйесінің үкімімен аяусыз азапталып, оққа ұшқан Сəкен Сейфоллаұлы тарихи мемуарлық «Тар жол тайғақ кешу» романында: «Алашорда» көсемдерінің ішінде жұртты сөзбен ертіп əкететін айырықша екі кісі бар. Бірі – Мержақып Дулатұлы; Бірі – Жанша Досмұқамбетұлы. Мержақып – жазу сөздің шебері. Жанша – ауызша сөздің шебері. Мержақыптың сөз əдістері жатық, сымпиғандау шығады. Жаншанікі ірі, оғаштау шығады. 98

Сүйтіп, Жанша қызып, екпіндеп сөйледі. Толқып отырған сиез жым болды. Теп-тегіс қимылдамай қатып қалды. Бəрі бір кісідей көздерін Жаншаға қадады. Ұшқын атқан көздерін Жанша да айнала, əр көзге бір қадап, сиезді билеп алды. Қайрат керекті жерде сықырлап жұдырықтары түйілді. Нандыратын жерде – сілкініп қолдары созылып жайылды. Ұғындыратын, түсіндіретін жерде – қолдарын қанатша жұмсақ қағып, бір қолын бір қолына қаттады. Керекті жерінде қолын айбалташа жарқылдатып, орап сілтеді. Телміріп қадалып отырған жұртқа ұшқын атқан көзімен жағалай қарап, «əпсін» оқығандай, айтып тұрған сөзін, ойын, көңіл сезімін жағалай құйды. Беті нешетүрлі құбылды, дауысы нешетүрлі өзгерді. Айтып тұрған сөздерінің керекті жеріне қарай барлық денесі сөйледі...»80. Бұл еңбек – алаш арыстарының көзі тірісінде 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланып, 1927 жылы Қызылорда қаласында араб графикасындағы қазақ жазуымен жеке кітап болып басылды. Қазақстанда кеңес өкіметі орнасымен алаштың бетке ұстар азаматтарына ақпараттық майдан ашып, ізбасар буынның талантты өкілдерін оларға қарсы айдап салу, «қоғамды ескінің идеялық сарқынынан тазарту» дегенді желеу етіп, мінеу, сынау, «əшкерелеу» саясаты зор қарқынмен күнбе-күн үдей түсті. Осы орайда фашистік Германияның рейхсминистрі Пауль Йозеф Геббельстің «Маған бұқаралық ақпарат құралын беріңіз, мен кез келген халықты шошқаның тобырына айналдырамын» дейтін «əйгілі» пікірі еріксіз ойға оралады. Қызыл саясат қазақтың ары болған азаматтарды «халық жауына» айналдырды. Кеңестік қазақ əдебиетінің негізін қалаған Сəкен Сейфоллаұлының мемуарлық шығармасында алашорда автономиясын құрған алаш азаматтарына байланысты өмірлік деректерді қазқалпында көркем баяндаған. Автор алаш зиялыларының айналасында өрбитін оқиғаларды суреттегенде күлкі үйіретін кекесін, əжуалау сарыны анық сезіледі. Солай бола тұра қаламгер Жаншаның бейнесін шынайы сомдағандығы еш шүбə келтірмейді. Бұлай болуына себеп қоғамдағы негізгі ұстанған қарама-қарсы екі идеялық бағытты ашып көрсететін қайшылық 80 Cəкен (Садуақас) Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу. Үшінші рет басылуы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1960. – 155–156 б.

99

пен ішкі тартыстың күштілігінен еді. Əлбетте, ұлыт мүддесіне орай Алашорда автономиясын құру, дербес мемлекеттік билік жүйесін орнатуға бар ақыл-парасатымен күрескен жеке тұлғалардың интеллектуалдық өре деңгейінің биік тұруы да əсер етпеуі мүмкін емес еді. Құлагер ақын, көркем сөздің зергері Ілияс Жансүгірұлының 1929 жылы жарыққа шыққан «Хан адвокат» деректі əңгімесі шамасы кеңестік əкімшілік тапсырыспен жазылғаны даусыз. Өйткені ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы кеңестік қызыл саясат алаш ардақтыларын ақпарат құралдарында «жаппай мүйіздеу, қаралау шараларын» науқанға айналдырып жіберді. Бұл алаш азаматтарының «кінəсін мойнына қоюға» бұқаралық сипат алған 30 жылғы сталиндік репрессия алдындағы идеологиялық дайындық болатын. Əңгіменің сюжеті лирикалық шегіністерге құрылған кейіпкердің болашаққа деген ішкі алаңы, психологиялық толғанысы монолог пішінінде өрілген. «... Мен болсам, о дүниеге кетіп барам... ... Ырай қызық кісі. Ауызы орақ орады, белі ауырмайды. Көңілі пырақ, шабады, болдырмайды... ...Ырай əбден түлеген. Өлі жүні түскен. Өзгерген. Жалғыз өзгермегені – ол сүйегі, жарлауыт қабағы, пышақ жанығандай жағы, қошқар тұмсығы, өрт сөндірген көсеудей өңі, түйедей тұлғасы. Тіпті өзгермегені – мінезі. Ұрман-бермен ормалығы. Арсыкүрсі ала құйындығы. Алдындағы кісінің аңғарымен ағындап отыратындығы. Тіпті өзгермегені – шолақ атқамінерлігі, өтірік қамқорлығы. Поезд, вагон. Бір топ адам əңгімелесіп отыр. Ташкенде оқитын Күзденұлы Əбдестердің қақ ортасында Ырай. Баяғы өзі, баяғы сөзі: – Е, жастар, жарық жалғанды айтсаңшы... Мен болсам, о дүниеге кетіп барам... Қалған қара Досан не болар? Қара қазан, сары баланың қамы үшін қандай азамат қайғырар? Біздің Досан ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес пе?.. Ырай дəл баяғысынан бастады: – ...Бүгінгі заман – заман емес, аз ғана ауыл Досекең (Қазақстан) атағы болмаса, əлі Россияға бағынып отыр. Бағынғаны былай тұрсын, Қазақстан Россияға жем болып отыр. Оған мысал, осы күнгі Қазақстанда ұн жоқ. Жұрттың бəрі нанға 100

зар. Сол аш Қазақстанның өзі Россияға 35 000 пұт ұн жіберіп отыр. Ол ол ма, қазақтың жерін орыстың мұжықтарына алып берейін деп отыр. Басқа беріп жатқан тері-терсек заттардың есебі жоқ... ...Бірақ, заман өтеді. Өзгереді. Түбі қазақ Россияға бағынып отырмайды. Күндердің күнінде өз алдына өкіметі болады. Сөз жоқ... Ырай осыны түйдектеп айтып бір тастады да, мəселесінің борбайын тым жоғары көтерді: – Əсіресе, Америкада жұмысшы тұрмысы жақсы. Біздің комиссарларымыздан артық тұрады. Басқасы былай тұрсын, əуелі үй арасына жаяу жүрмейді. Автомобиль. Керек десе, тамақтарын да өздері тасымайды. Есіктерінің алдында почта ящигі бар. Не керек болса, бəрін сонан алады. Айлық ақшаны көп алады. Ең түк білмейтін жұмысшы күніне 12 сом алады. Ондай қарны тоқ, қайғысы жоқ жұмысшының төңкерісте несі бар? Олардан төңкеріс дəмету – бұқадан сүт күткенмен бірдей... Ырай осыны айтып қатты күрсінді. «Мынау Алматының сары бұйрасы» деп қасындағыларға шылым ұсынды. Енді сөз шылбырын жиюға айналды: – Жастар, көп айтып не керек. Аз ғана ауыл Досекең – қазақ халқы қазір ел болуда емес, жем болуда. Жалғыз үміт өздерің, өздеріңдей оқып жүрген жастар болмаса... Біз болсақ, о дүниеге кетіп барамыз...»81. Осы үзік сырдан елге ес, халқына қорған, пана болған заңғар тұлғаның күллі болмыс-бітімі ерекшеленіп тұр. Кейіпкер аузынан шыққан пайымдаудың логикалық қисынды екені большевизмнің қазаққа жасаған сұмдық ойранын көзімен көрген ұрпақтың мəңгі есінде қалды. Маң далаға сыймаған мыңғырған малы мен жанын қынадай қыруды саясатқа айналдырған қызыл большевизмнің салған қайғы-қасіретінен қазақ əлі есін жиып, айығып үлгере қоймаған еді. Бейкүнə халықты аштан қатырып, ен далаға сүйегі шашылған, аузындағысын жырып, бар астықты шет жұртқа асырған, талауға түскен, тоз-тозын шығарып, бас 81

Жансүгіров Ілияс. Бес томдық шығармалар жинағы (ҚазССР Ғылым академиясы М.О. Əуезов атындағы əдебиет пен өнер институты. – Алматы: Жазушы, 1986. –) Т. 4: Əңгімелер, очерктер, фельетондар. – 1988. – 359–361 беттер.

101

сауғалатып қаңғытып жіберген зұлымдықты қалай айыптамасқа. Бас көтерген азаматты жер-көкке сыйғызбай қудалап, бұйдаланған тайлақтай жетекке ерген Мырқымбайларға ел басқартқан қызыл саясаттың есебі əрине түгел. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол – ниет-пиғылы харам қоршаған қара күшке қарсы тұрар шара жоқ. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген өзекті өртеген, жаныңды жаралаған, қауіп еткенді өсиет қып айту парыз. Талай сабазбен бетпе-бет келгенде мысы басып, ойындағысын айтпай-ақ біле қоятын табиғат жомарт жаратқан жан бəлшебектік биліктің сұры жаманын, əлі басты да, тілді де кесетінін сезген. Басқа не салса да мойнымен көтеруге дайын еді. «...Бірақ, заман өтеді. Өзгереді. Түбі қазақ Россияға бағынып отырмайды. Күндердің күнінде өз алдына өкіметі болады. Сөз жоқ...». Жастар, алаштың елі мен жерінің болашақ тағдыры сендердің қолдарыңда екенін ұмытпағайсыңдар! Əңгіменің идеялық нысаны – алаштың арда ұлын қаралау болғанмен, оның өмірдегі жасымаған жігерін, жалындаған өр рухын, арындаған қайраткерлік өре қуатын, азаматтық биік ұстанымын, елін-жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмауды көксеген асыл арман-аңсарын бейнелі тілмен даралау басымдау сияқты. Қаламгер кейіпкерінің жай-күйін, көзі тірісінде ой-арманының орындалмағанына опынуын, «рухани қазасы ерте келгеніне» күйреу, қамығу, күйзелісін мысқылдап, табалаған сыңаймен, уытты тілмен сипаттаған. Бірақ бұл оның тауы шағылған пессимистік торығуы емес, дұшпанының қолындағы қаруына айналған өз ұлытынан шыққан тобырлық санаға, тексіздіктің уақытша үстемдік құрғанына ыза буған, жанын жегідей жеген қайнаған кектің күйігі екені білініп тұрады. «Ырайдың ендігі əңгімесін вагонда қалғандар қозғады: – Əлгі осы «қамқорым» кім өзі? – Ағаң. – Қай ағам? – Интеллигент. – Қай интеллигент? – Адвокат. – Қай адвокат. – Хан адвокат. Қарқ-қарқ күлісті. 102

– Что, ты с ума сошел? «Хан адвокат» деген бола ма? Бірінші – хан орта ғасырдың омыртқасын мүжіген, феодал. То есть, элемент консервативный. Екінші – адвокат интеллигент. 20-сыншы ғасырдың қара көзі, то есть, элемент прогрессивный. Осы екеуі қалай бір кісінің басында болады? Совсем невозможно! – деді бір оқушы. – Ой, товарищ, өзің с ума сошел. Қазақтың басына бəрі де сыя береді. Шəгіңе шаһитым бар. Сомненияңа фактім бар. Орыстар айтқандай «факт» сөйлемейді, ұрады; тыңда: – Бұл – юрист. Присяжный поверенный адвокат. Бүгінде қорғаушы. Бұл, «Алаш» кіндігінің ағасы, батыс орданың төбесі. Байшыл, ұлытшыл; жəдитше айтсақ – тараққишыл. – Ендеше, элемент «прогрессивный»82. Əңгіме желісі тұтас алғанда Жаншаны зілді кекесінмен түйреп, мүйіздеп, шаншып, əжуа қылу, даттау мазмұнында, үңіле оқыған талғампаз оқырманға алаш арысын ақтау сияқты астарлы ой қабаты көмескіленеді. Қаламгер шеберлігі идеологиялық ағымға қарсы жүзбей əдейі бейтарап көзқарасты ұстанған тəрізді. Дүние – кезек. Құлагер ақын алаш ардагерлерінен соң іле-шала бəлшебектің балтасынан мерт боларын ол кезде қаперіне еш кірмеген де болар. Қызыл империяның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, барша əлемді аузына қаратып, дүрілдеп тұрған ХХ ғасырдың 60 жылдары Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» трилогиясында: «Екі Досмұқамбетовтің мінездері де, түрлері де екі басқа, сырт көзге де бірден көрінетін айырмалары мықты еді. Жанша сүйекті, келбетті, ашық, билеп-төстеп еркін сөйлейтін жəне əрі жиі, əрі қатты күлетін адам. Ал, жез сағақты сопақ көзілдірік киген орта бойлы, дөңгелек қара сақал қойған, қараторы доктор өр мінезді жан. Қазір ол қадалған жерінен қан алатын сүлік сияқты, қабағын шытып орындықта тік шаншылып отыр. Ескі заманның көзі – аяқтары оймышты үлкен қоңыр үстелдің 82

Жансүгіров Ілияс. Бес томдық шығармалар жинағы (ҚазССР Ғылым академиясы М.О. Əуезов атындағы əдебиет пен өнер институты. – Алматы: Жазушы, 1986. –) Т. 4: Əңгімелер, очерктер, фельетондар. – 1988. – 362 бет.  Мұрағат қорында сақталған құжаттар мен авторлар еңбегінде Досмұқамедұлы, Досмұқамедов, Досмұқамбетұлы болып ала-құла таңбаланғанын ескертеміз – А. Мектеп-тегі.

103

жанында тұрған бойшаң Жаншаның қасында Халел ұсақ көрінеді, оның үстіне қақырайған биік, арқалы үлкен орындық оны шамадан тыс кішірейтіп көрсетіп тұр, ол, – бейне ұяда отырған өткір көзді кішкене күйкентай сияқты»83, – деп Екі Достың образын дəл сипаттайды. Қарашаш Халелқызымен кездесудің орайы келген сəтте Жанша Досмұхамедұлы туралы білетінін айтып беруді өтіндім: – Жаншаның бейнесі менің көз алдымда. Ол өте көңілді, мінезі ашық, дауысы гүрілдеген, ұзын бойлы кісі болатын. Шляпа киіп, галстук тағып жүретін. Жанша келген ортада жұрттың бəрі шеттерінен жадырап, жарқырап, нұрланып кететін. Ағай елдің бəрімен есендесіп, əйелдердің қолынан сүйіп, отырыстың шырайын кіргізіп, демде айналаға жан бітіріп жіберетін. Өте мəдениетті, еуропаша киінетін, жауырыны қақпақтай, сымбатты кісі еді. Жанша 1928 жылдан бастап Мəскеуде тұрды... 1930 жылы Воронежге жер аударылғанда да біздің отбасылық аралас-құраластығымыз əманда үзілген емес. Воронежде біз Ветеренарный көшесі, 13 үйде, Жанша ағайлар 9 январь көшесінде тұрды. Мен Жаншаның үйіне жиі барып, ылғи қонып қалушы едім. Ольга Константиновна кішіпейілді, қазақша əдемі сөйлейтін, маған орысша «Я тебя с пеленок знаю», – деп, емешегі езіліп тұратын еді. Ольга Константиновна қазақша неке қиып, мұсылман дінін қабылдаған, қазақтар оны құрметтеп Зайра деп кеткен. Мен Зайра Консантиновна Досмұхамедовамен өмірінің соңына шейін қатынасымды үзген жоқпын. Сексенінші жылдарға дейін жыл сайын жаз шыға Қырымға санаторийге демалушы едім. Жолай Мəскеуге тоқтап, барарда да, келерде де Зайра жеңгеміздің үйіне соғып, мəре-сəре болушы едік. Зайра жеңгей менің келгеніме ерекше шаттанып, қазақша шəй қойып, ет асып, дастархан басында ұзақ əңгімелескенді жақсы көруші еді. Жанша Сəбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботакөз») романын орыс тіліне тұңғыш аударған – аудармашы. Жанша аударма қаламақысын алып үлгермей 1938 жылы қамауға алынды.., – деді, алыстап кеткен сол балалық шақтан ұзақ сыр шертіп.

83

Хамза Есенжанов. Ақ Жайық. Трилогия. – Екінші кітап. Шыңдалу. – Алматы: Жазушы, 1988. – 234 б.

104

Жанша мен Халел туралы жазылған еңбектерде мейлі ол қандай идеяны көздесе де, Екі Достың азаматтық-қайраткерлік бейнесі əр қырынан ашылғаны еш талас тудырмайды. Мəселен, «Жұмбақ жалау» («Ботакөз») романын орыс тіліне аудару арқылы Жанша көрнекті қаламгер Сəбит Мұқановтың есімін күллі көп ұлытты Кеңес Одағы оқырмандарына танымал етуінің өзі не тұрады. Сəбит Мұқанов 1937 жылы шілде айынан бастап қазан айына дейін арнайы іссапармен Мəскеуде болып «Жұмбақ жалау» романын аяқтайды. Осы сапар қаламгер Мəскеуде тұратын Жаншамен құпия кездесіп, романды орыс тіліне аударуға сөз байласқан. Өйткені 1937 жылдан бастап КСРО Халық Комиссариаты Ішкі істер [НКВД] Басқармасы органы қазақтың бетке ұстар азаматтарын «халық жауы» деген жаламен бірінен соң бірін ұстап, «үштіктің» шешімімен көздерін жою үдерісі қауырт жүрді. Ұлытшыл, алашорда көсемдерінің бірі саналған Жанша Досмұхамедұлының басынан да қауіп-қатердің бұлты əлі сейіле қоймаған шақ еді. Алаш ардақтысы уəде бойынша үйден шықпай, көлденең көзге түспей «Жұмбақ жалау» романының орысша аудармасын бітірген. Қарашаш Халелқызының дерегі бойынша 1958 жылы Зайра-Ольга Константиновна күйеуінің «ақталғандығы» туралы ресми құжатты алған соң, Қазақстан Жазушылар одағына Сəбит Мұқановтың атына хат жазып, аударманың қаламақысын талап етеді. Сəбит Мұқанов азаматтық жасап, алаш ардақтысы Жаншаның адал еңбегі аударма қаламақысын Зайра жеңгейге бергізеді. Дəл осы арада Қарашаш Халелқызының 80 жылдардың аяғында сең қозғалып, алаш арыстарының есімдері мен мұралары қайта жарыққа шыға бастаған тұста өз əкесімен қатар Жанша Досмұхамедұлының да жоқтаушысы болып, Қазақстан Республикасы Ұлыттық қауіпсіздік комитетіне хат жазып, сұрау салуы, оған ресми қанағаттанарлық (13.07.1995 г. №Д-408) жауап алуы – əділет жолындағы табандылықтың, перзенттік парызға адалдығы еді. XX ғасырдың 20-шы жылдарының басында алаш көсемдері қызыл коммунистердің жазасынан құтылмайтынына көздері анық жетті. Сондықтан идеялық ұстанымына адал Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жанша мен Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы күрес əдісі мен тактикасын өзгертті. Қатар жүрген, ізін басқан 105

мұраттас, ең сенімді алашшыл азаматтардың қызыл қырғыннан қайткенде де аман қалуына саналы түрде мүдделі болды. Мұндай шешім қабылдаудың өзі – алаш арыстарының ұлыт болашағын биік қойған өр рухы мен кемеңгерлігін танытады. Əлімхан Ермекұлының 1930 жылғы 15 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген мəлімдемесінде мынандай жолдар бар: «... Ұлыт мəселесін түбегейлі шешу империализмді толық жеңгенде ғана мүмкін болады. Пролетариаттың жеңісінен тыс империализмді жеңу мүмкін емес. Осыдан ұлыт мəселесі пролетарлық революцияның құрамдас бөлегі болып табылады. Тек совет өкіметі ұлыт мəселесін дұрыс шешуге кепілдік бере алады. Революция тəжірибесінен алған басты саяси бағыт осы болды. Маған бірден Семей облысын Казревкомның басқаруына беру мəселесін өткізу үшін іссапармен Орынборға жүруіме тура келді. – Орынбордан мені Мəскеуге іссапарға жіберді. Ондағы мақсат – Семей мен Ақмола облыстарын Казревкомның басқаруына енгізу мен Қазақ республикасын құру туралы декретті дайындау мəселелерін шешуге қатынасу болды. Мəскеуде Казревком мүшелері маған Республиканың шекараларын анықтауды негіздеу үшін қажетті құжаттарды даярлауды жəне Ұлыт істері жөніндегі Халық Комиссариатымен келісе отырып декреттің [Қазақ АССР-ін] жобасын жасауды тапсырды. Осы мəселелерді шешу үшін мен БОАК-нің жанындағы Казревкомның уақытша өкілі ретінде Мəскеуде қалдырылдым. Мəскеуде мен Халел жəне Жаһанша Досмұхамедовтармен кездестім. Олар менің саяси бағытымның өзгергендігіне біршама таңғалыс білдіріп, менің солшылдануыма байланысты əзілдер айтты. Осыған орай болған біздің айтыстарымыз ұрыскеріске ұласа жаздады...»84. Бұл үзіндіде қызыл коммунистердің жүргізген саясатын өзіне қарсы қолданып, «пролетариаттың жеңісінен тыс империализмді жеңу мүмкін емес», «ұлыт мəселесі пролетарлық революцияның құрамдас бөлегі», «Революция тəжірибесінен алған басты саяси бағыт осы болды» деп Қазақ даласында жоқ пролетариат диктатурасын біле тұра, із 84

253 б.

106

Нұрпейісов Кеңес. Алаш һəм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 252–

тастап Əлімхан Ермекұлының əдейі ауызға алуы – бір жағы қорғану, екіншіден, «ақталуы» үшін тергеушіні адастыру тəсілі еді. Халел мен Жаһанша Досмұхамедұлы мұраттас, қанаттас жүрген Əлімхан Ермекұлының саяси бағытын күрт өзгертіп, табан астында нілдей бұзылған көзқарас ұстанымын естіген сəттегі логикалық тұрғыдан болуға тиісті əрекет идеялық қақтығыстың нышаны еді. Əлбетте, мұрат тұтқан саяси бағытынан анттасып алып, серт бұзып, тайқып, айнып кету – сатқындық болатын. Кеше ғана таңдаған жолы бір, идеялас серігіңнің баррикаданың екінші жағына шығып кетуін басқаша қабылдау еш мүмкін емес. Сырт көзге бұл қайшылық рас сияқты болып көрінгенімен шындығында, алаш ақылмандары ісін жалғастыратын ізбасарларын қалайда құтқарып қалудың амалын ойлап, бар ауыртпалықты ерлерше көтерген өмір сахнасындағы саяси қойылымы еді. Ұлыт ісіне шын берілген ар алдындағы жауапкершілікті сезіну – осындай-ақ болар! 1989 жылы Ахмет Байтұрсынұлын «ақтауға» байланысты арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның тапсырмасы бойынша ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты деректер мен төл мұраларын кітапхана жəне мұрағат қорларынан іздестіру мақсатымен Мəскеу, Ленинград (Петербург), Қазан, Уфа қалаларында бір ай іссапарда болған едік. Сол жолы Мəскеу қаласында тұратын Орта ғасырлар ескерткіштерінің білгірі, төрүктанушы Əмір Нəджип ақсақалға жолығып, дидарласудың сəті түсті. Келісілген уақытта пəтер қоңырауы түймесін бастық. Есікті ашқан немересі «Ата, сізге қонақтар келді», – деп дауыстап белгі берді. Əмір ақсақал бізді бастап келген академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевты құшағын жая, бетінен сүйіп қарсы алды. Əмір ақсақалға бұған дейін 17 рет ота жасалып, соңғы операция үстінде екі литр қан жоғалтқан екен. Сырқат əбден қалжыратып, денесінен еті қашып, ақсақал имиіп қалыпты. Академик Шора Сарыбаев 

Ə.Н. Нəджип қаламынан Историко – сравнительный словарь тюркских языков XIV века. В четырёх книгах. На материале «Хосрау и Ширин» Кутба. Книга I. – Главная редакция восточной литературы. М., 1979; Исследования по истории тюркских языков XI–XIV веков. – М.: Наука. Главная редакция восточной литературы, 1989; т.б. ондаған ғылыми монографиялық еңбектер туған төрүктанушы ғалым.

107

ағамыз əдеттегі əзіл-қалжыңымен Əмір ақсақалды ара-тұра езу тартқызып, жөн сұрасып, жағдай біліскен соң, келген шаруамызды қысқаша хабардар етті. Алаш азаматтары туралы білетінін айтып беруді қиыла өтіндік. Əмір ақсақал жадында қалғанды əңгімелеп беруге шамасы жетіңкіремей, демігіп, əлсінəлсін алқынып, демін əрең алып, кісі аттары мен оқиғаны жөнді есіне түсіре алмай, кəдімгідей қиналды. Біз де ақсақалды шіли шаршатып алудан қорықтық. Оған қоса ол – оң құлағым түк естімейді, – деді. Дей тұрғанмен, алаш арыстары Əлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабайұлы, Нəзір Төреқұлұлымен Əмір ақсақал Мəскеудегі «Центриздат» баспасының қазақ кітаптары бөлімінде қызмет бабымен жиі араласып тұрыпты. Əмір ақсақал негізі Семей қаласының тумасы. Балалық шағында əйгілі қаламгер Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен Семей қаласында құрылған «Ярыш» [«Жарыс»] футбол командасында ойнапты. Сол сəтте Мұхтар Омарханұлының футбол командасында доп тепкендігін айғақтайтын таныс тарихи фотосурет менің көз алдыма тұра қалды. Суретте бейнеленген балғын футболшылар арасында Əмір Наджиптің де тұрғаны бізге енді белгілі болды. Əлиханды НКВД 1937 жылы соңғы рет ұстағанға дейін Мəскеуде тұрғандығы мəлім. Əмір ақсақалдың айтуынша, И.В. Сталин 20 жылдың аяғында алаш зиялыларының саяси көзқарасына сенімсіздік білдіріп, жан-жаққа бытыратып, жер аударғанда Əлиханды əдейі Мəскеуде үй қамақта ұстауды ұйғарған екен. Əлиханнан қауіптеніп, көз алдынан ұзамауын тəуір көрген сыңайлы. И.В. Сталин сеніміне кірген халықшыл (народоволец) арқылы Əлиханның басқан қадамын үнемі қадағалап, бақылап отырады. Өкініштісі, əлгі халықшылдың аты-жөнін Əмір ақсақал қапелімде есіне түсіре алмады. Əлихан кей кездері қазақтың дархан даласын аңсап, атқа мініп, желігін басып, сары қымызды сапырып ішкенді сағынғанда жер-дүниеге сыймай, адасқан ата қаздай əбден мазасы қашады екен. Сондайда əлгі халықшыл азамат И.В. Сталинге мəн-жайды баяндап отырған. Иосиф Виссарионович Сталин жедел Əлиханның бір ай Уфа губерниясында арқайын демалуын ұйымдастыруды арнайы тапсырып, атқа мініп, сейіл-сайран құрып, қымыз ішіп, мауқын басып қайтуына жағдай жасап, рұқсат 108

береді екен. Əлихан 1935–1937 жылдары ара-тұра Мəскеуде тұратын Жанша Досмұхамедұлымен кездесіп, пікірлесіп тұрған. Сол жылдары Мəскеуге жолы түскен алаштың ардақтылары Əлихан Бөкейхан мен Жанша Досмұхамедұлына соқпай кетпеген екен. Заманында Николай Иванович Бухарин билік басындағы Иосиф Виссарионович Сталиннің рақымсыз саяси болмысын: «Карл Маркстi оқып алған Шыңғысхан»85 деп сипаттаған екен. Əрине, бұл салыстыруларды сəттi туған деуге болмас. Дегенмен, Сталиннiң репрессия машинасының көмейiне жұтылып кеткен бейкүнə зиялыларымызды қазақтан өзге жоқтаушысының да болмағаны ақиқат. Өзi де көп ұзамай сол зұлматтың құрбанына айналған Мағжан Жұмабайұлы ауызша жеткен бəдиhа эпиграммаларында: Қайда екi дос? Орал боп-бос... Қайда олар? «Алла – хақ»,– деп «Бiз нахақ»,– деп Жүр бұлар86,–

деген жолдары осы сұрапыл кезеңде туған. Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы сынды алаштың көсемдерi бiрi – Мəскеудe, екiншiсi – Архангельскiде, үшiншiсi – Соловкийде жер аударылып жүрiп бiр-бiрiне жазған хаттарында «Екi Достың» кейiнгi тағдыр-талайынан бiлетiндерiн сұрасады. Ұлы тұлғалардың санаулы ғана сөз жазуларына мүмкіндіктері бар бiр жапырақ ашық қағаз бетіндегі жұмбақтаған қолтаңба астарынан сағынышқа толы сыр аңғарылады. Ұлытының болашақ мүддесi үшiн қанын да, жанын да аямаған кəнiгi күрескерлердiң өмiр жолы – жас өскiн ұрпаққа өнеге-ғибрат. Халел Досмұхамедұлы «Қазақ» газетiнiң дүниеге 85 Борев Юрий. Сталиниада: мемуары по чужим воспоминаниям с историческими притчами и размышлениями автора. – Москва: Книга, 1991. – С. 16. 86 Жұмабаев Мағжан. Шығармалары (Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер). – Алматы: Жазушы, 1989. – 215 б.

109

келуi, оны ұйымдастырған қайраткерлер həм олардың ұлыттың саяси-қоғамдық ойын қалыптастырудағы қызметi туралы өз пiкiрiн қылышынан қан тамған Бiрiккен саяси Бас басқарманың жан алғыштары алдында 1931 жылы қасқайып былай бiлдiредi: «1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы мен Мiржақып Дулатұлы ұлыттық-демократиялық бағытты уағыздайтын «Қазақ» газетiн шығара бастады. Газет өзiнiң төңiрегiне мұғалiмдердiң айтарлықтай бөлiгiн, Орынбор мен Уфа қалаларындағы «Хұсаиния» мен «Ғалия» медреселерiнде оқитын шəкiрттердi топтастыра бiлдi... Орта жəне жоғары бiлiмдi қазақ зиялыларының басым көпшiлiгi «Қазаққа» ердi. Əлихан Бөкейхан «Қазақтың» басты жетекшiсi болды, оның бағыт-бағдарын анықтауға атсалысты, бiрақ газеттiң күнделiктi жұмысына араласып тұруына мүмкiндiгi болмады. «Қазақ» газетi бiрiншi орыс төңкерiсi оятқан қазақ халқының белгiлi қауымын ұйымдастыратын жəне оған басшылық жасайтын орталыққа айналды. Газет қазақтың саяси өмiрi жөнiнен маңызды мақалалар берiп тұрды, көптеген көкейкестi мəселелер бойынша пiкiрталастар ұйымдастырды жəне сол кезеңдегi қоғамдық-саяси ойды бiр арнаға бағыттаушы болды»87. Бүкпесiз ашық мiнездi Қарашаш Халелқызы өткен балалық шағын, аяулы əкесiн есiне алып: – Əкеммен Воронежде Жаhаншаh Досмұхамедұлы, Əбдiхамит жəне Жақып Ақбайұлы, Əшiм Омарұлы, Сейiдəзiм Қадырбайұлы, Кəрiм Тоқтабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жұмақан Күдерiұлы, Мұхтар Мурзиндер бiрге болды, – деп жалғастырады жадында қалған абзал азамат өмiрiнiң соңғы кезеңiн жаңғыртып. – Осы қалада оқыған болашақ тарихшығалым Ермұхан Бекмаханов пен кейiн партия қайраткерiне дейiн өскен Жақыпбек Жанғозиндер бiздiң үйiмiзге жиi қонаққа келiп тұратын. Əлi күнге шейiн көз алдымда: жаз шыға күзге дейiн əкем қала сыртынан бау-бақшасымен үй жалдап алатын. Олардың Дубовка, Сосновка, Сомово деген аттары да жадымда қалыпты. Əкем қаладағы қызметiне пойызбен қатынайтын, кешкi астан соң менi, Сəуле, Төле үшеумiздi серуенге орманға алып шығып, ағаштар мен шөптердiң бүрлерінен түрлерiн, құстардың сайраған үндерiн тыңдап, аттарын ажыратуды пысықтап, қайта-қайта сұрайтын. Əкем үйге арнайы мұғалiм 87

110

ҚР ҰҚК архивi, 06610 iс, З том, 52 парақ.

жалдап, бiз үшеумiздi пианиноға баулыды. Воронежде біздің үйде пианино болатын. Екі жағында екі шырағы бар, «Шрёдер» деген фирманың шығарған пианиносы. Əкем немісше таза білетін. Өзi қолы қалт еткенде менімен, інім Төлемен дойбы, ағам Əдiлханмен шахмат ойнағанды ұнататын. Қайран əкем, бізді кішкентай кезімізден классикалық музыкаға баулығысы келді ме, Жорж Бизенiң «Кармен» операсын, сол «Карменнің» увертюрасы жазылған күйтабақ болатын. Əлгі күйтабақтан «Антракт к 4 действию», «Хабанера» ариясын тыңдаттырып, Еуропаның ұлы композиторлары туралы қызықты деректерді айтып беруден жалықпайтын. 1936 жылы Қазақстанның Мəскеудегi онкүндiгiне арнап жаңадан шыққан «Қыз Жiбек», «Ер Тарғын» арияларының қазақша күйтабақтарын үйдегі қызыл патефонда ойнатып, бiзге тыңдататын. Əкем ылғи отырып та, жатып та Н.В. Гоголь, М. Салтыков-Щедрин, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, А.П. Чеховтың əдеби шығармаларын көп оқушы еді. Күнде ертеңгілік сағат 10-ды соққанда терезенің желдеткішін ашып, радиодан соңғы хабарды тыңдайтын. Əкеміз де, шешеміз де мінездері тұйық, біртоға жандар еді. Воронежде біздің үйімізге Сейдазым Қадырбаев, Кəрім Тоқтабаев жиі келетін. Кəрім Тоқтабаев Мəскеуде поспред [өкілетті елші], кейін Наркомзем болды. – Қарашаш апайдың үйінде болған жүздесудің бірінде «əкеңіз карта ойынына қызығып, темекі шегу, ішімдік ішкен бе еді?» деген сауал қойдым. Апай: – Əкем карта ойнаған емес, – деп бірден кесіп айтты. – Темекіні жастау кезінде тартты, бірақ кейін қойып кетті. Əсіресе мемлекет пен билік ауысқан аласапыран шақта, саясатпен айналысқан, Алашорданы басқарған жылдары трубкамен де шекті, сосын «Сафо» деп аталатын темекі болушы еді, соны тартушы еді. Жанша ағайда темекі тартатын. Сол заманда «Спотыкач» дейтін арақ болды. Құтысының мойны сорайған, соны ішетін аздап, коньяктан ұрттайтын. Воронежде лимон көп болушы еді. Сол лимонның қабығын араққа салып қойып, пікірлес, тағдырлас, қанаттас жүрген азаматтармен бас қосқанда көңіл көтеру, шер тарқату, қажыған шақта қайғы-қасіретті жеңу үшін ішетін сияқты. Ол кісілердің ешқайсысы арақ ішіп бір-бірімен байланысу, шатақ шығару дегенді білмейтін... 1938 жылғы шiлденiң 26 күнгi түн менiң мəңгi есiмде қалды. Iңiрде шайтан көшкендей түн ауа бiз үйдiң сыртқы есiгiнiң 111

қатты тарсылынан шошып ояндық. Есiк ашылғанда iшке əскери киiнген екi кiсi суыт кiрiп келдi. Əкеме қолдарындағы арнайы ресми құжаттарын көрсетiп, ай-шайға қарамай бөлме ішіне тiнту жасай бастады. Ағам Əдiлхан əкеммен қазақша тілдесе бастап едi, келген кiсiнiң бiрi: «Сiз қазақша сөйлескенді доғарыңыз!»,– деп əмірлі үн қатты. «Мен орысша бiлмеймiн»,– деген Əдiлханның жауабына: «Сiз қалайша бiлмейсiз, медицина институтында оқымайсыз ба?!» – деп түсiн суытты əлгi адам. Бəрiн бiлiп отыр екен. НКВД-ның екi қызметкері үйдiң астан-кестеңiн шығарып, үштөрт кiтап, тағы бiрдеңелердi алды. Əкем кетерiнде: «Менi ендi күтпеңдер. Алматыға көшiңдер!» – дедi де қараңғы түн құшағына сiңiп кеттi. Өткен iске өкiнгенмен пайда жоқ. Иə, күн шықпайын десе де, таң қоймайды. Уақыт – eмшi деген осы. Отандық тарихнаманың зобалаң жылдары – дүбiрлi сiлкiнiстер мен iркiлiстерде, дауылдар мен жауындарда, құйындар мен жалындарда «жаным арымның садағасы» деген дара тұлғалар ғана тағдыр талқысына түсiп, бақ-талайына қарай бар ауыртпалықты нарларша жон арқасын тосып, «қыңқ!» демей көтердi. Небiр сынға шыдап, қайсарлық пен қайрат, ақыл мен парасат танытып, иiлсе де, бүгiлсе де сынбаған ұлытымыздың ұлыларына мəңгi тағзым!.. Арыстарымыздың асыл бейнесiн шыншылдықпен жан-жақты ашып беру арқылы буын-буын жас ұрпақты отаншылдық пен мəрттiкке, имандылық пен ар-ұждан тазалығына тəрбиелеймiз. Сонда ғана ұлы бабалардың əруағы желеп, рухы қолдайды. Бабалар рухы қонған елден дұшпанының құты қашады. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Алаш арыстары шеттерінен ұлытының байрағындай рухы биіктігін іс-əрекеті, ақыл-парасаты, болмыс-бітімімен танытты. Түйiп айтқанда, əлгi төл тарихнамамызда тыңнан түрен салған «алыптардың алыбы», iзашар санаткерлердiң лайықты бағаланып, өз биiгiнде есiмдерi аталмауы – ғылыми этикалық, саяси-рухани жағынан да, адамгершiлiк, кiсiлiк тұрғыдан да ақтаудың еш қисыны жоқ. Сондай-ақ дербес мемлекеттiгiмiзбен бiрге бүгiнгi қалыптасу үстiндегi ұлыттық идеологиямыздың əдiстемелiк iргетасы дұрыс қалануы үшін маңызы айрықша.

112

Суретте: Халел Досмұхамедұлы Императорлық Əскери-медицина академиясының 1-курс студенті. С.-Петербург, 1903 жыл.

Суретте: Халел Досмұхамедұлы 3-курс студенті. 1906 ж.

Суретте: Халелдің алғашқы мақалалары жарияланған Орал қаласында Камиль Мұттығұлұлы Тухваттулиннің редакторлығымен шығып тұрған «Фикир» газеті (1905–1907). Газет фотосы бірінші рет жарияланып отыр.

Суретте: (Алдыңғысы) Мұттығұл Тухваттулин мен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқай. Қылқалам шебері салған портрет Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай мұражайынан алынды.

Суретте: Халел тіл ғылымына қатысты дəрісін тыңдаған Қазан лингвистикалық бағытының негізін салушы, орыс фонологиясының атасы, профессор, академик Бодуэн де Куртенэ.

Суретте: Санкт-Петербургте оқып жүрген қазақ студенттер: Н. Ипмағамбетов (алдағы); 1-қатарда: Мəриям жəне Гүлсім Асфандияровалар, М. Тынышбайұлы, С. Шалымбаев; 2-қатарда: Ж. Сейдалин (солдан екінші), Халел Досмұхамедұлы. С.-Петербург, 1908 жыл.

Суретте: Солдан оңға қарай: Халел Досмұхамедұлы, Қазан ветеринариялық институтының студенті Ғұбайдолла Бердиев, Императорлық Əскери-медицина академиясының студенті Нұрғали Ипмағамбетов. С.-Петербург, [1908].

Cуретте: Кəсіби дəрігер Халелдің алғашқы еңбек жолының басталуы.

Суретте: Алашорданың Батыс жəне Торғай бөлімшелерінің жетекшілері: 1-қатарда солдан оңға қарай: Мырзағазы Есболұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы.

Суретте: 1913–1918 жылдар арлығында Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті. Газетте Халелдің мақалалары жарияланып тұрды.

Суретте: Ташкенттегі «Ақ жол» газетінің қосымшасы «Сəуле» журналы. Журнал бетінде Халелдің мақалалары жиі жарияланып тұрды.

Суретте: Ташкент қаласындағы қазақ зиялылары. Алдыңғы қатарда (солдан оңға қарай): 1) Əбдірахман Құдайқұлұлы; 2) Сабыр Қапин; 3) Хасан-Мəлік Ысмайылұлы; 4) Əшім Молдабекұлы. 2-қатарда: 1) Мағжан Жұмабайұлы; 2) Елдес Омарұлы; 3) Мырзағазы Есболұлы; 4) Халел Досмұхамедұлы; 5) Жаһанша Досмұхамедұлы; 6) Кəрім Жəленұлы; 7) Иса Қашқынбайұлы. 3-қатарда: 1) Əлімгерей Ершин; 2) Сəдуақас Оспанұлы; 3) Зейнолла Имажанұлы; 4) Темірбек Жүргенов; 5) Мұхтар Əуезов; 6) Файзолла Ғалымжанұлы. 1924 жыл.

Суретте: Екінші қатарда (солдан оңға қарай) 4) Телжан Шонанұлы; Үшінші қатарда 1) Ахмет Байтұрсынұлы; 3) Əлихан Бөкейхан; Төртінші қатарда 5) Халел Досмұхамедұлы. Семей, 1924 жыл.

Суретте: Профессор Халел Досмұхамедұлының қазақ тілінде жарық көрген төлтума оқулықтарының бір парасы.

2 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ҚАЗАҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСПАСӨЗI НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БIРI 2.1. КӨСЕМСӨЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ интеллектуалдық күштерiнiң ұлыттық баспасөз төңiрегiне тоғысуы қажеттiлiктен туған едi. Олардың жұмылып жұдырық болуына, қосылып күш бiрiктiрiп iс-əрекет жасауына итермелеген қазақ елiн жайлаған əдiлетсiздiк пен адам төзгiсiз саяси-əлеуметтiк ауыр хал болатын. Халел Досмұхамедұлы ескi дүниенiң тозығы əбден жетiп, яки бұрынғы мемлекеттiк шексiз билеп-төстеу жүйесiнiң (монархияның) қиуы қашып, қауқары қайта бастаған тарихи тұста халқының қоғам өмiрiндегi белең алған саяси эпидемиялардан аман-есен өтiп, дұрыс жол таңдауына күрестi. Бұл ретте ол қалам күшiн пайдалануды жөн көрдi. Əзiрге табылған қолда бар дерекке сүйенсек, оның iлкi мақалалары 1905–1906 жылдары Орал қаласында шығып тұрған «Фикер», «Уральский листок» газеттерiнде қазақша, орысша жарияланған. Бұл студент Халелдiң Ресейдiң кiндiк қаласында оқып жүрген жерiнен саяси ауа-райының күрт бұзыла бастағанын өз көзiмен көрген соң, шұғыл туған елiне қайтып оралып, қоғамдық iс шараларға дайындық жұмысына кiрiскен кезi болатын. Ол көп ұзамай жандармерияның назарына iлiгiп, ойлаған ойына, көздеген мақсатына жете алмады. Оның бұл кездегi «Фикер», «Уральский листок» газеттерiне жазған мақалалары жанрлық пiшiнi жағынан ақпараттық хабарлар, корреспонденциялар. Өйткенi Ресей патшалығының орталық бөлiгiндегi қоғамдық-саяси жағдайдың күрт өзгеруi, əлме-əлi саяси күштердiң арасындағы шиеленiстiң күшейiп, оқиғаның төтенше сипат алуы қазақ халқының да құлағын елеңдетiп, алаңдатып отырды. Сондықтан Халел елегзiген ел-жұртты соңғы жаңалықпен жеделдетiп таныстырып, саяси астарына түсiнiк берiп отыруды мақсат етті. Халел Досмұхамедұлы өз ұлытының мүддесі төңірегінде интеллектуалдық өресі биік, оқыған-тоқыған атасы басқа жұрт өкілдерімен аралас-құралас еңбек етті. Ауқымды ойлайтын 113

азамат елінің санасын билеген зиянды кесел-кесапаттың себепсалдарын ашып, одан арылудың жолы мен жөнін түсіндіруден еш жалыққан емес. Бұл мақсатын жүзеге асыруға ол өзінің ниеттес дос-жарандарының арасындағы абыройы мен беделін орынды пайдаланғанын байқаймыз. Осының бір айғағы демократиялық үрдістің үлгісі Еуропаның кіндігі саналатын Парижде Магомед-Бек Хаджетлаштың редакторлығымен орыс тілінде шығып тұратын «Мусульманин» журналының 1911 жылғы №24 санында Халел Досмұхамедұлының «Киргизский управитель [Картинки современности]» атты мақаласы жарияланды. Журнал Ресей мұсылмандарының қоғамдық-əлеуметтік өмір тұрмысынан жан-жақты мағлұматтар беріп отырды. Басылымның осы санында Садық Бисалиевтің «Степь и ея обитатели [Родные картинки]», Ахмет Салықовтың [Цаликовтың] «Еще о мусульманах и «Мусульманин» (Из газ. Куб. Кр. №176)», Күчүк Мамедовтің «Легенды и предания сартов (Очерки Ферганы)», т.т. жарияланымдар жарық көрді. Əсіресе, Садық Бисалиев «Степь и ея обитатели [Родные картинки]» атты суреттемесінде ХХ ғасырдың басындағы Қазақ Даласының ғажайып сұлу ажарын, бай фаунасы мен флорасын қаз-қалпында бейнелі сөзбен сомдап, табиғаттың күллі бояу гаммасы мен тыныс-тіршілік болмысын жанды кейіпінде, көркем тіл өрнегімен шебер кескіндеген. Автор таңмен бірге жарыса оянған маң Дала төсіндегі жаратылыстың құдіретін астына мінген сəйгүлігімен тамашалап, көзімен көргенін, көңілімен сезінгенін қағаз бетіне мөлдіретіп шебер көшірген. Сондай-ақ журналға белсенді араласқан Ахмет Салықов есімі де өткен ғасыр басындағы Ресейдің қоғамдық-саяси өмірінде танымал тұлға. Əлбетте, ұлытының болашақ тағдырына алаңдаған саяси белсенді қайраткерлер жалпы Ресейлік деңгейдегі алуан түрлі бас қосқан мəжілістерде кездесіп, пікір жарыстырып тұрғандықтан олардың көзқарас ұстанымдары да бір-біріне таныс болатын. 1917 жылғы мамырдың 1–11 аралығында Петербургте өткен Ресей мұсылмандарының сіиезі саяси елеулі уақиға болғаны белгілі. Осы мəртебелі жиынның төрағасы Ахмет Салықов пен Кавказ-Əзербайжан өкілі Əминбек Расулзада сиездің күн тəртібіндегі «мемлекет түрі қандай болу керек» деген мəселеге өз көзқарас түйіндерін білдірген баяндамаларын жасап, екеуі де 114

үш реттен мінбеге жарыссөзге шығып, тірек еткен уəжді дəлелдерімен пікірлерін қорғап сөйледі. Ресейдің саяси билік құрылымы мен басқару жүйесіне өзгеріс енгізбек болған бұл сиез жұмысына «Қазақ» газетінің тапсырмасымен арнайы қатысқан Жұмағали Тілеулин «Жалпы мұсылман сіиезі» атты мақала жазды. Ол бұл форумға 800 астам өкіл қатысқанынан дерек беріп, «Бастапқынікі мемлекет түрі демократическая дицентрализованная парламентарная, унитарная республика, яғни мемлекет билігі халықтың өз қолында болып, бүтін Русиядағы жұрт бөлінбей, тұтас тұру. Соңғынікі демократическая федеративная республика, яғни əр жұрт өз тізгінін өзі алып, өз ісін өзі бітіріп бөлектеніп, жалғыз-ақ мемлекетке ортақ іске қатынасып тұру. Осы екі доклад сіиездегі өкілдердей болып, екі жақ қылып: бір жағы – унитаристер, екінші жағы – федералистер. Ахметбек Салықов, Ғиаз Асхақов – бұлар унитаристер басшылары, үш шығып сөйлегенде, сөзін үш түрлі негізге тіреп сөйледі»88, – деп көрген-білгенін жүйе-жүйесімен мəлім етеді. 1917 жылдың сəуір айының 2–8 аралығында Орынбор қаласында өткен Орал, Ақмола, Семей, Сырдария жəне Бөкейордасы қазақтарының өкілдері қатысқан Торғай облысы қазақтарының құрылтайында Мəскеудегі мұсылман сиезіне делегат етіп Ораз Тəтіұлы, Сейдазым Қадырбайұлы, Аққағаз Досщанқызы мен Сұлтанғазы Исқақұлын жіберді. Осы жылы 19 сəуірде патшаның тақтан таюына байланысты мемлекет құрылымы мен саяси-экономикалық билік жүйесіндегі шешуін күткен маңызды мəселелерге орай Орал облысы қазақтарының сиезі өтті. Сиезге Томскі аймақтық сотының Қайыңды уездік бөліміне жауапты прокуроры, юстиция генералы шеніндегі Жанша [Жаһаншаһ] Досмұхамедұлы арнайы шақырылды. Ол лауазымды қызметін өз еркімен өткізіп, туған еліне оралды. Облыстың барлық болысынан 800-ден астам өкілдер қатысқан Оралда өткен сиезде төрағалыққа бірауыздан Жанша Досмұхамедұлы сайланды. Ол мұндай жоғары сенім артқан сиезге жиналған депутаттарға ризашылығын білдіріп, азаттық пен бостандық жолында шейіт болғандардың рухының алдында бас иіп, дұға бағыштап, бір сəт 88

Тілеулин Жұмағали. Жалпы мұсылман сиезі // Қазақ, 1917 жыл, №232.

115

еске алуды ұсынды. Мемлекет басында болған төңкеріске байланысты төрағаның жасаған қысқаша баяндамасын тыңдаған соң, сиез Уақытша үкіметті құттықтаған князь Львовқа, Мемлекеттік думаның төрағасы Родзянкоға, Петроград кеңесінің жұмысшы жəне солдат депутаттары мен юстиция министрі Керенскийге жеделхат жіберуге қаулы шығарды. Сиезге төрағалық еткен Жанша Досмұхамедұлы белгіленген бағдарламаның алдыңғы үш бөлімін: мемлекеттік басқару пішіні, Уақытша үкімет пен тұтанған дүниежүзілік соғыс өртіне деген көзқарасын талқыға салуды өтінді. Ортаға салған бұл сұрақтарға ойларын бөлісіп, пікір алыса келе сиез бірауыздан төмендегідей қаулы қабылдады. 1. «Демократиялық тұрғыдан қылмысты монархиялық мемлекеттік бұрынғы құрылымның оның жауапсыз үкіметін əшкерелеп, сиез қазақ халқы атынан монархияны – бір ұлытты бір ұлытқа айдап салудың, ұлыт араздығын туғызудың құралы, құлдықдың рəмізі ретінде мүлдем жойылуға тиіс; қазақ халқы демократиялық республика идеясын қуана қарсы алады, ұлыттық-территориялық федерацияға байланысты сұрақ айырықша федеративтік-демократиялық республиканың құрылтай жиналысына əзірше ашық қалдырылады». 2. «Соғыс жəне бейбіт өмір туралы пікір алыса келе сіиез қазақ халқы басқа халықтармен бірдей жаппай отан қорғауға əскер қатарына алынуымен ер-азаматтарынан айырылуына, елді экономикалық ауыртпалықтарға душар етті, сиез əлемнің бейбітшілігіне қауіп төндіріп тұрған герман милитаризмінің толық талқандалуын мойындай отырып, аннекция мен контрибуциясыз, алайда бытыраңқы елдердің тəуелсіздігі қалпына келтіріліп, ұсақ ұлыт пен ұлыстардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жəне ірі мемлекеттердің келешекте қарусыздануы іске асуы тиіс». 3. «Уақытша үкіметтің қызметі əзірше жариялаған бағдарламасын іс жүзіне асыруға бағытталуы мен демократия мүддесін қорғауы, оны барынша қолдауды қажет етеді». Сиездің үшінші күнгі отырыста жергілікті басқарманы тіркеу туралы пікір алысылды. Жанша мен Халел Досмұхамедұлы баяндамасындағы Орал өңіріндегі облыстық бұрынғы бюрократиялық басқарманы ауылдық, болыстық, уездік жəне облыстық комитет түріндегі халықтық басқармаға айналдыру 116

қажеттігін тыңдап, сиез баяндамашылардың қорытындысын толық мақұлдап, қарар қабылдады. Жергілікті басқарманы тіркеген жобаны қабылдаған соң, сиез Мəскеуде өтетін Бүкілресейлік мұсылман сиезіне Жанша Досмұхамедұлы, Ғұбайдолла Əлібекұлы, Сұбханұлы, Хайырша Ахметжанұғлы, Хасан Нұрмұхамедұлы, Хаж-Мулиберди, К. Андабайұлы, Кашаф Тəржіманұғлы, И. Байкүренұлы, Халел Досмұхамедұлын Орал облысынан қатысатын өкілдер қатарына сайлады. Бүкілресейлік мұсылман сиезі жұмысының қорытындысында Ахмед Салықов «Соғысқа көзқарас» деген мəселе бойынша ұсынған сиез қарарының жобасын делегаттар бірауыздан қолдады. Оның ұсынысы бойынша сиез соғысты империалистік саясаттың құралы ретінде айыптап, мұсылмандардың «европалық империализмнің құрбандығы» болып отырғандығын баса көрсетті»89. Əминбек Расулзада ұсынған «Мемлекет құрылысы, яки мемлекетті басқарудың пішіні» туралы қарар жобасын (271 делегат қарсы) 446 көпшілік дауыспен сиез қабылдады, бұл мəселе бойынша Ахмед Салықов жобасы (490 қарсы) 271 азшылық дауыспен өтпей қалды, И. Тоқтарованың «Əйел мəселесі», полковник Əлиевтің «Əскери мəселе», Шəкір Мұхамедиаровтың «Аграрлық мəселе», Н. Мұхтаровтың «Жұмысшы мəселесі», Зəкір Қадыровтың «Мəдени-ағарту мəселесі», Салихиджан Ормановтың «Мұсылмандардың уақытша рухани ұйымдары», Гөмер Төреғұловтың «Құрылтай жиналысына дайындық», Ғаяз Исқақовтың «Мұсылмандардың орталық органы туралы» ұсынған жобасының сиез қабылдаған қарарына қосымша Халел Досмұхамедұлы мен Ахмед Салықовтың кезектен тыс мəлімдемесі енгізілді. Бұған Бүкілресейлік мұсылмандар сіиезінің президиумына түрікмен мен ноғай халықтарының өкілдері берген арызы себеп болған. Арыз бойынша Ставрополь губерниясының комиссары, Мемлекеттік думаның мүшесі Старлычановтың егін шаруашылығы министрлігіне түрікмен мен ноғай жерінің «алым құқы» («оброчных статей») 89 Революция и национальный вопрос. – М., 1930. Т.3. С.294; Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. – А.: «Ататек», 1995. 109 б.

117

деп аталатын бір бөлігін аталған халықтың меншігінен алу туралы мəлімдеген. Осы «алым құқынан» түскен, жалға төлеген ақыдан арнайы қаржы қоры жасалып, осының негізінде түрлі мəдени-ағарту мекемелері мен елдің басқа да мəдени сұраныстары өтелді. Əлгі жерді алуды құрылтай жиналысына дейін жүзеге асыру көзделген... Бұған көңіл тоқтата тұра, осыған ұқсас жаңа биліктің əдіс əрекеті басқа да жерлерде көрініс тапты, мысалы, Қазақ Даласында. Бүкілресейлік мұсылман сиезі қаулы қабылдап, Уақытша үкіметтің хабардар болуына төмендегідей тілек білдірді: «1. В местности с мусульманским населением комиссары Временного правительства и вообще все чиновники правительства должны назначаться из лиц, пользующихся доверием местного мусульманского населения, по указанию местных мусульманских организаций. 2. Все пожелания местного мусульманского населения, не затрагивающие интересов какого-либо другого населения, должны немедленно проводиться в жизнь. 3. Из пожеланий местного немусульманского населения должны быть проводимы только те, которые не затрагивают интересов местных мусульман. 4. В тех областях, где нет местного самоуправления, функции органов местного самоуправления должны быть немедленно переданы соответствующим местным комитетам, образованным на основании четырехчленной формулы. 5. Разрешение земельного вопроса должно быть отложено до Учредительного собрания, а до того времени всякое одностороннее разрешение земельного вопроса, хотя бы и частичное, недопустимо. 6. Временное положение о местном самоуправлении для мусульманских окраин должно быть выработано при участии представителей местного населения»90. «Сіиез мұсылмандық Кеңес құрды, ол өзінің құрамына атқару комитетін сайлады. Атқару комитетке мүше болған90

Программные документы мусульманских политических партий 1917– 1920 гг. // Общество исследования Средней Азии. – Оксфорд, 1985. С. 31–33.

118

дардың қатарында Жаһанша Досмұхамедұлы, Уəлихан Танашұлы, Жақып Ақбайұлы жəне Көлбай Тоғысұлы болды»91. Қош, сонымен əңгімеміздің желісін демократиялық үрдістің үлгісі саналған туған елден шалғай жырақтағы Еуропада жарық көрген «Мұсылман» журналына бұрып, ойымызды қайта тарқатсақ, аталған басылымда есімдері ұшырасқан Ахмед Салықов пен Халел Досмұхамедұлы 1917 жылы Бүкілресейлік мұсылман сиезінде жекелеген мəселеде көзқарастары тоғысып, пікірлері бір ортақ арнаға құйған еді. Халел Досмұхамедұлы «Киргизский управитель [Картинки современности]» атты мақаласында ХХ ғасырдың 10-жылдарындағы Қазақ Даласында үстемдік еткен биліктің құқықтық мəдениетін тайға таңба басқандай бейнелеген. Ол орыс əкімшілігінің Қазақ Даласын басқарудың билік жүйесін енгізгеннен бергі уақыт аралығына көктей шолу жасап, империяның жүргізген отарлау саясаты қыр елінің берекесін қашырып, қаншалықты ұлыттық рухани болмыс-бітімін бұзып, дəстүр сабақтастығын дағдарысқа түсіргенін нақты дəйектерді сөйлетіп, сана-сезімге əсерлі айшықтайды. Сондай-ақ қазақтың ұлыттық өмір сүру дағдысы мен шаруашылығында, дүниетаным үрдісі мен мінез-құлық табиғатындағы қоғамдық күрделі құбылыстың белгі, нышандарын нəзік аңғарған саяси тұлғаға тəн сирек кездесетін сергектік қасиетін байқау қиын емес. Ол дəуірде Қазақ Елі Ресей империясына қоғамдық-əлеуметтік кіріптар болғандықтан, үлкен саясат додасына түсіп, өз ұлытының мүддесін қорғау үшін орыстың тілін жетік меңгеру қажеттілік еді. Халел сол үдеден шықты жəне ұлыт-азаттық күрес жолында орыстың тілін тиісті орнында құрал ретінде жұмсай білді. Сондықтан Досмұхамедұлы мақаласын аудармай түпнұсқасынан үзік келтірер болсақ, оның стильдік қолтаңбасы мен шеберлік машығын айқындауға, ең бастысы қазақ елінің шынайы өмір тынысынан ақпарат алуға мүмкіндік береді: «В настоящий момент киргизский народ переживает тяжелое время. Он сейчас на пути от кочевого к оседлому, от пастушескаго к земледельческому образу жизни. Находясь в 91 Революция и национальный вопрос. – М., 1930. Т.3. С.294; Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. – А.: Ататек, 1995. 110 б.

119

таком периоде своего развития, переходя от тьмы в полумрак, наш народ теперь нуждается в массе руководителей, которые сумели бы показать ему путь его будущей жизни; но увы! их нет у народа...»92. Автор тарихи өтпелі кезеңде дамудың мұндай сатысында халыққа жол көрсететін жолбасшы тұлғалардың көптеп қажет ететініне назар аударды. Ал ондай бас-көз болатын жетекшіні қайдан табарсың? Өйткені орыс əкімшілігінің қазақтың қоғамдық ой-пікірінің өсуі мен дамуының тамырына балта шапқан құйтырқы саяси əрекетін, оның себеп-салдары мен түпкі көздеген мақсатын онан əрі талдап берді. «Известно, что с 1868 года в киргизских степях была введена русская администрация, а судебная часть была номинально отделена от административной, но та и другая действуют совершенно самостоятельно применяясь к нравам и обычаям. Казалось бы, что при такой организации управления нет народа, счастливее киргиз, и это было-бы так, находись власть в умелых руках. В первое время введения русской администрации, на должности аульных старшин, биев и управителей действительно выбирали людей толковых, хорошо знающих местные обычаи, нравы, даже психологию народа. Этот факт подтверждается тем, что тогда мало было тяжеб между киргизами, конокрадства, кляузничества, чем теперь, не смотря на редкие тогда, чрезвычайные съезды народных судей, которые являются в большинстве случаев примиряющей инстанцией тяжущихся киргиз»93, – дейді. Онан əрі ілкі əзірдегі орыс əкімшілігі орнатқан қазақ қоғамындағы болыстық биліктің халық алдындағы беделін автор былайша сипаттайды: «Раньше обиженные по суду киргизы видели в волостном управителе своего прямого заступника и добивались от него всячески правды, ставили его в идеал справедливаго человека,

92

Досмухамедулы Х. Киргизский Управитель [Картины современности] // Мусульманин. – 1911. – №24. – С. 976. 93 Досмухамедулы Х. Киргизский Управитель [Картины современности] // Мусульманин. – 1911. – №24. – С. 976–977.

120

говорили им «төрелігіңе құлдық, тақсыр» (справедлив твой суд, господин)»94. Уақыт өте келе биліктің тізгінін ұстаған ұлық, төрелерге деген халық сенімі түбегейлі өзгерді. Өйткені империя отарлау саясатын жеделдету мақсатымен жергілікті билік басына екіжүзді, парақор, жалтақ, құлқынқұмарларды тартты. Сол арқылы ұлытты іштей ірітіп, алауыздықты қоздатып, топ-топқа, жақ-жаққа бөлініп өш алу, кек қайтару, бір руды екінші руға айдап салу, өзді-өзі жауласуына қоғамдық-əлеуметтік ахуал туғызды. Мыңдаған жылдар бойы дəстүрі үзілмеген иерархиялық далалық тəртіп, моральдық-этикалық тəлім-тəрбие сабақтастығын бұзу – қазақтың ұлыттық иммунитет қорғанышынан айырылуына, тарих сахнасынан өздігінен із-түзсіз жоғалып кетуіне қауіп төндірді. Қазақты саяси сергітіп, ғапылдық ұйқысынан ояту – ұлыт болашағына алаңдаған шын жанашыр алаш азаматтарының ар-намысына үлкен сын болды. «Теперь один из сотни управителей не может похвастаться ролью честнаго человека, благодаря взяточничеству, несправедливости, грубости, произволу, которыми они так безсовестно злоупотребляют. Управитель в степи – князек, ему позволено делать все, что угодно. Он имеет право держать при себе шайки воров, разослать их по ночам в соседние аулы, для похищения барашков, телят на жаркое, днем разъезжать по аулам, находить тяжущихся людей и под предлогом примерения выпросить у них ковришки, кошмы, меняться собственною плохою с их хорошею лошадью, не брезгать получать иногда халатишки, поясы, особенно, если они серебряные, если кто, заподозрив, обратится к кому-нибудь изворов его, сначала обругав как следует, сказать ему «это что», показав казенную печать, «составлю протокол, за кого ты принимаешь меня?»95. – Қарақан басының мүддесін жоғары қойған жергілікті билік иелері, – дейді Халел Досмұхамедұлы, – халықпен санасуды қойып, білгенін істеді. Елдің қолындағы барын тонауға олардың жүзі жанбады. Қол астына өңшең қарулы жігіттерді жинап, 94

Досмухамедулы Х. Киргизский Управитель [Картины современности] // Мусульманин. – 1911. – №24. – С. 977–978. 95 Досмухамедулы Х. Киргизский Управитель [Картины современности] // Мусульманин. – 1911. – №24. – С. 977.

121

көрші ауылдың малын барымталауға жұмсауды болыс біткен əдетіне айналдырды. Егер жазатайым түнгі қарақшылық шабуыл үстінде барымташылардың бірі қолға түсіп қалса, болыс ертесіне биліктің пəрменін пайдаланып, қалайда қарсы жақтың үстінен жалған шағым ұйымдастырып, қоқан-лоқы жасау арқылы зардап шеккендердің өздері амалсыз «пəледен құтылу үшін» сый-сияпат беріп, аяғына жығылуға мəжбүр етеді. Жыл сайын болыстық құрылтай кезінде ұлықты күтуге кем дегенде 80 қой сойылады, демек, оған үш жылда 300 шамасында мал басы шығындалады екен. Бір ғажабы, қазақтар олардың бұл тонаушылығы мен зорлық-зомбылығына шарасыздықтан əбден бойы үйреніп, көндіккені сондай – ондайға «ел – теңіз, ұры – қасық», қасыққа теңіздің суы сарқыла қоймас деп немқұрайдылықпен қарайды. Демек, жылдан жылға қазақтар арасында айтыс-тартыс, егестің өсіп баратқаны неліктен? Бұл бəленің түптамыры – би-болыстардың тұрпайы надандығы мен бассыздық əрекетінде. Əлбетте, «бұған халықтың өзі кінəлі емес пе, ондай адамдарды болыстыққа неге сайлайды?» деген сауал туады. Жоқ, халық кінəлі емес, – оларды халық сайлаған жоқ, қалың бұқараға əлгінің немесе басқаларының болыстыққа қалай сайланғандығын білмейді, тіпті түсінбейді, – дейді. Патшалық Ресейдің жергілікті билік басындағы ұлықтар мен бұқара қауым санасын улап елді қанша тонаса да «теңіз қасыққа сарқылмайды» деген өзі отырған бұтақты өзі кесу құлқы, жемқорлық дерті – бүгінгі жасампаз қоғам əлі толық арыла қоймаған, тамырын тереңге жіберген қауіпті кесел екені таңғаларлық жағдай. Ізгілік пен адамшылықтың ұрығын сеуіп, жасампаздық ойдың қашанда жаршысы, халқын жақсылыққа бастаған ұстаздардың атқарған қиын да, абыройлы еңбегін Халел ескерусіз қалдырмайды. «Ал халық мұғаліміне келер болсақ, қазақтар олардың тигізетін пайдасын əлі түсінбейді, сондай-ақ, мұғалімдердің жауы көп, бұған жəне болыстың өзі – бас болып отыр», – деп ол қоғамдық-əлеуметтік қайшылықтың астарын ашып, сырын тарқатады. Туған ұлытының рухани сапалық деңгейін көтеруге бар саналы ғұмырын арнаған тұлға Қазақ Даласын тұмшалаған қара күштен тазартуға тек ақыл мен парасатты қарсы қойғанда ғана нəтижеге жетуге болатынына сендіреді. Асылы, ұлыттық 122

сананың дамуында төңкеріс туғызған, қоғамдық ойлау жүйесіндегі соны өзгерістің ескен лебін Халекеңнің 1911 жылғы осы мақаласын түйіндеген оптимистік көзқарасынан анық аңғарылып тұрады: «Долг наших интеллигентов не взирать на препятствия, не падать духом, а смело идти вперед и с упованием на свет...»96. Осы өршіл рух, болашаққа деген сенім Халел Досмұхамедұлының азаматтық ұстанымын айқын танытты. Халел Досмұхамедұлы бірсыпыра мақалаларын Табиғатұлы бүркеншік есімімен жариялаған. Ол бұл псевдонимді 1922 жылы тұңғыш ана тілінде басылған «Табиғаттану» оқулығына байланысты қолданған сыңайлы. Осы бүркеншік есіммен 1923 жылы «Дүние қалай жаратылған» атты танымдық мақала жариялайды. Бұл мақаланың көркемдік-идеялық, тілдік-стильдік қолтаңбасы дəл осы жылы «Сана» журналында жарық көрген «Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?» атты туындысына үндес, сарындас. Ағартушы-ғалымның ғылыми-көпшілік тақырыпқа жиі-жиі қалам тартуы – жаңадан бетбұрыс жасалған оқубілім саласындағы сан алуан пəн оқулықтарына деген сұранысты қанағаттандыруға жəне ұлыттық терминологияны қалыптастыруға шама-шарқынша үлес қосуды мақсат еткендіктен болар. Қазақ топырағында ұлыттық мектеп пен жоғары оқу орнына арналған оқулық жəне оқу құралдарына тəн баспа өнімдері, кітап, монография жүгін көтерген шағын мақалалар, зерттеулер XX ғасырдың 20–30 жылдары Кеңестік биліктің «саяси сенімсіз» ретінде ұдайы бақылауында бола тұра, алаш арыстары жанталасып негізін салғанына бүгінгі таңда тұтқыннан босап, сағына қайта жүздескен мол мұра куə. Тəуелсіздікпен бірге арамызға оралған алаштың ардақтыларының жыл сайын бізге беймəлім жаңа есімдері ашылып жəне олардың мирас етіп қалдырған рухани мұрасымен толыға түсуі қандай ғанибет. «Күздің желсіз, бұлытсыз, сүтдей жарық түнінде далаға шығыб басымызды көтеріб, жоғары қарасақ: саны-сапасы жоқ быжынаб, құртдай қайнаған жалтырауық нəрселерді көреміз. Олардың қай біреулері қызылырақ түсде зор, қай біреулері 96

Досмухамедулы Х. Киргизский Управитель [Картины современности] // Мусульманин. – 1911. – №24. – С. 978.

123

ағырақ түсде, қай біреулері брилиант тасындай жарқыраб тұр. Біз бұларды бір сөзбен жұлдыз деб атаймыз. Жана да бұлардың арасында, бəрінен де зорырақ, жарығырақ айды көреміз. Асбандағы жұлдыз, ай болсын, бəрі де астымыздағы басыб тұрған жермен шағыстырғанда көб кем, кіші сықылды көрінеді. Түн ауады. Бірнеше сағаттан кейін жердің бір жағы жарық бола бастайды. Таң атады. Жұлдыздар да ақырындаб жоғалады. Жердің көк бен тұтасқан жері (горизонт) қызарыб, артынша күн шығады. Бұл күн көлемімен де, жарықтығымен де біз түнде көрген асбан – көкдегі жарқыраған затдардың анақұрлым артық; солай да күн біз тұрған жерден кіб-кішкене сықылды көрінеді...»97. Автор қарапайым тілмен аспан денелері: Күн, Ай, Жұлдыз бен Жердің жаратылысына байланысты ел аузындағы əңгімелер мен діни кітаптардағы наным-сенімдерге жəне мифтік, қиял-ғажайып түсініктерді ғылыми зерттеулердің нəтижесімен салыстыра келіп, өз ойын түйіндейді. Шағын мақалада сол уақыт шеңберімен алғанда қыруар жаңа ұғымдар, тың ойлар, соны атау сөздер кездеседі. «Бізге жарық сəулесі түсіб тұрған Күннің үлкендігін, көлемі Жердің үлкендігінен 1290000 рет артық. Жердің ортасы қызу. Жер, Ай һəм Жұлдыздар Күнді айналыб жүреді. Біздің көзімізге олардың кішкене һəм Жерді айналыб жүрген сықылды боб көрінулері – көздің артық жырақдан көре алмауы. Нашар көруі...»98. Мақала тілге орамды жеңіл оқылып əрі ойға қона қалады. Осы үш-төрт сөйлемге автор шеберлігі қаншама дерек пен жаңалықты сыйдырған. Мақала көлемі шағын болғанмен жалғасы бірнеше бөліктен тұратын сияқты. Өйткені автор мақала соңында «бұл тақырыбты толық ғылу мақ[сатымен] ендігі ретде жазылар» деп оқырманға ескерту жасайды. Ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық-саяси басқару жүйесін, мемлекеттік биліктің платформасын өзгерткен үлкен шығынмен келген қан төгіс төңкерістен кейінгі кеңестік дəуірде Халел Досмұхамедұлының пікір алысу ретінде жазған «Ауыл мұғəллемдерінің білімін толықтырыу мен мамандығын көтеріу жайында» атты мақаласындағы оқу-əдістемелік ұстанымы, ұлыттық оқу-білім жүйесінің қауіпсіздігі мен мақсат-мұраты 97 98

124

Табиғатұлы. Дүние қалай жаратылған // Жас қазақ. – 1911. – №24. Табиғатұлы. Дүние қалай жаратылған // Жас қазақ. – 1911. – №24.

туралы ойлары Оның зияткерлік парызына адал болғандығын дəлелдейді. «Əлсіз аз ұлыттарға патша үкіметінің қолданған сайасаты мен əдістерін бұл жерде көб айтыудың қажаты жоқ. Оны сайасый саңлауы бар азаматтың бəрі біледі. Төңкерістен бұрын қазақ арасында мəденийет жұмысының жүрмегендігі, жүре қалса белгілі бағыт-капийтал тілегін тілеб, оның соққысын соғатын шенеунік жетістіріу, болмаса, месианерлік жолы мен ғана істелгендігі əлемге айан, тарыйққа белгілі. Осы сыйақты сайасаттың нəтійжасында төңкерістен бұрын қазақ арасында ана тілінде білім беретін мектеб ашылған жоқ, ашыу түгіл оны ашқандар мен күресілді. Патша заңы бойынша ана тілінде білім беретін мектебтерді мешіттің қасында ғана (!) ашыуға болатын қалықтың тілегі мен жалғыз-жарым мұғаллімнің жігері арқылы ел арасында мектеб ашыла қалса – ол мектеб «заңнан тыс» – ұрлығ іретінде ғана ашылатын. Мұндай мектебтерге жəрдемдесіу түгіл, біле қалса шатақтаб үкімет оны жойыуға амал жасайтын. Төңкеріс болыб, кеңес үкіметі орнауы мен қатар қазақ арасында ана тілінде білім беретін мектеб ашылды. Білімге сусаған ел, мектебті ашыу мен ғана қойған жоқ, жылдан-жылға оның санын көбейтіб отыр, төңкерістің бас кезін алмағанда, соңғы 5 жылдың ішінде Қазағыстандағы мектеб саны екі есеге жақын көбейіб отыр. Мысалы, 1924–25 жылы қазақ мектебінің саны 1248 еді, үстіміздегі 28–29 оқыу жылында 2031 болыб отыр. Бұл – бөджетке алыныб отырғандары. Бөджеттен тыс қалықтың өз қаржысы мен жыл сайын жүздеген мектеб ашылыб келеді»99, – деп жазады ол. Мəтінді оқи бастағаннан қазақы сөйлеу қалыбы мен табиғи тілдік əуен-əуезінің ырғағы жаныңа майдай жағып, тіл мəдениеті мен тазалығын сақтаудың кепілі емле заңдылығын ұлыттың дыбыстық жүйесінің қағидаларына үйлестірудің қаншалықты айшықты əрі көркем екендігін ұғынғандай боласың. Оқу-білім саласындағы қазаққа жасалған империялық ұстаным мен көзқарастың қандай болғанын емеурінмен түсіндіреді. Көсем тұлғаның келтірген деректері мен 99 Қалел. Ауыл мұғəллемдерінің білімін толықтырыу мен мамандығын көтеріу жайында // Жаңа мектеб. –1929 ж. – №6. – 4 б.

125

цифр көрсеткіштеріне қарағанда қазақтың ұлыттық санасы оянып, мəдени даму сатысы жоғарылағандай əсер қалдырады. Алайда Халел Досмұхамедұлы қазақ еліндегі бұл көз алдарқатарлық саяси-идеологиялық ағымның қауіптілігі – ұлыттық оқу-білім, сауаттану ісіндегі құйтырқы ішкі иірімдерінің сыр-сипатын ашу арқылы білім беру саласындағы ұлыттық мүдденің жоқтығынан ұлыттық санадан біржола мақрұм қалатын мəңгүрттік дертке əкеліп соғатындығына дабыл қағады. Оқу-білім беру саласындағы көзқарас пен ғылымиəдістемелік жүйе ұлыт мүддесіне кереғар қайшы келсе, сол ұлыттың қадір-қасиеті мен ерекшелігін жойып тынуына себеп болатындығын жасырып-жаппай ашып көрсетеді. Ұлыт мектебі мен ұстаздың қоғам өміріндегі орнының маңызы Халелді қатты толғандырды: «Мектебтің көбейіуі оқытыушының санын көбейтіуді керек қылады. Мысалы, 1924–25 жылы Қазағыстанда 1527 қазақ оқытыушысы болса, 28–29 жылы 2572-ге жетіб отыр. Мұның ішінде төңкерістен бұрын арнаулы білім алған маман оқытыушы өте аз. Ондай адамдардың жалпы саны аздығы өз алдына, көбі қазақ тіліне шорқақ болғандықтан ана тіліндегі мектебте жұмыс етіуден тыйылыб қалды. Болмаса бір қатары əкімшілікке кетті. Ағартыу, тəрбійə мəселесіне екі қайнаса сорпасы қосылмаған күні үшін «ійкімделіб», «мұғаллем» болыб жүрген кешегі молда, сопы, бақсы, ескі əкім, дауысынан айырылғандардың кіріб кеткені өз алдына тұрсын. Əлгі көрсетіліб отырған екі мың жарым оқытыушының көбінде мамандық жоқ. Жөнді, тəртібті мектебте оқыб көрмеген, пырығрам, оқытыу əдісі түгіл жалпы білімнен əзірліктері аз. Мұғəллемдік уқоқы бар (знание учителя) оқытыушының саны 10–15 пұрсентке жə жетіб, жə жетбейді. Бұл айтылғандарды толығырақ сүуреттеу үшін кей-бір өкіріктік оқыу бөлімдерінің қорытындыларын келтіріуге болады. Ақмола өкіріктік оқыу бөлімі былай дейді: «қазақ мұғəлімдерінің жайы өте нашар. Көбінің білімі төмен, жартысынан артығы шала сауатты. Мұндағы бір кəсіб – олардың кей біреулері білімін арттырыуға жігер салмайды. Кешегі молда, болмаса қызметтен босаб қалған кеңсе қызметкерлерінің мұғəллемдікке кіріб кеткендері де аз емес». Ақтөбе өкріктік оқыу бөлімі: «1928 жылдың жазында өкірікте ашылған пысықтау курсіне келген 71 қазақ оқытыушының 126

ішінен бірінші басқыш мектебтің көлемінде білігі бары 42 пұрсент, қалғандарының білімі одан да кем» дейді»100. Қазақ еліндегі оқу-білім беру саласындағы өзекті мəселелерге байланысты қоғамдық пікір қоздатқан Халел Досмұхамедұлы орын алған кемшіліктер мен олқылықтарды дереу жоюдың жолдарын көрсетіп, өзі атаған қадау-қадау жеті түрлі нақты шараларды жүзеге асырғанда ғана «оқытыушылардың мамандығы артыб, мектеб жұмысы жемісті болар еді»101, – деп қорытынды жасады. Осы мақаласынан Халел Досмұхамедұлының жəне бір қыры – білім беру, оқу үдерісінің ұлыттық технологиясын əбден меңгерген ұстаз ғана емес, əдістемешіғалым екеніне көз жеткіземіз. Халел Досмұхамедұлының ұлытты ағарту мəселесін онан əрі дамытуға үндейтін мақаласының бірі «Мəдениет майданында сатсиалдық жарыс» деп аталады. Кеңестік билік нығайған сайын Кремль көсемдері мемлекеттік саяси жүйені күшейтуге көңілді айырықша аударды. Қызыл коммунистер мемлекеттің экономикалық əлеуетін арттыруға негіз болатын «жаңа əдіске» көшті. Кеңес одағы қоғам өмірінің барлық саласын қамтитын бəсекелестікті дамыту арқылы алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден озуды межелеп, ол үшін өзара социалистік жарысқа түсуді коммунистік партия алға нысана етіп қойды. ХІІ партия конференциясы мен кеңестер сиезінде осыған орай қабылданған одақ көлемінде шаруашылық 5 жылдық жоспарды бекітті. Міне, осы партияның ұранына ауылшаруашылығы мен өндіріс орындарында ішкі өнімді еселеп өсіруді жеделдету машиналандыруға бейімдеуге күш салынды. Коммунистер билік еткен қазақ елінде де кеңестендіру, жаңарған мемлекеттік құрылысқа лайық жаңа тұрпатты қоғамдық сананы өзгерту, партия тапсырмасын бір ауыздан қолдауға шақырған шектен тыс саясаттанған ұраншылдық, бес жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындауға үгіт-насихат науқаны қызу жүрді. Орталықтан берілген əмірге, қызыл коммунистер партиясының қаулықарарларының шешімін дер кезінде орындауға – жергілікті жерлердегі шолақ белсенділер шаш ал десе, бас алған 100 Қалел. Ауыл мұғəллемдерінің білімін толықтырыу мен мамандығын көтеріу жайында // Жаңа мектеб. –1929 ж. – №6. – 5 б. 101 Сонда. – 8 б.

127

əрекеттерімен орны толмайтын зор шығындарға ұрындырып, халықты əбден титықтатып, тоз-тозын шығарған қасіреттерге душар етті. Бұл бассыздық əрекеттерге қарсы тұрғандар, наразылық шараларын танытқандар кеңестік құрылыстың қас дұшпаны, тап жауы, саботаж жасаушылар, ескішілікті аңсаушылар саналып, аяусыз жазаға тартылды, көздері жойылды. Мұндай саяси көрсоқырлық жағдайында алаштың айтулы азаматтарының əрбір ісіне күдікпен, күмəнмен қараған қиын шақта Халел сынды ұлыт тағдырына бейтарап қалуға ішкі ары жібермейтін тұлғалардың басқан қадамы үнемі қауіп пен қатерге толы болды. Солай бола тұрса да зиаткерлік өресі биік Халел Досмұхамедұлы ұлыт ісіне араласып, қызыл коммунистердің жүргізген саясатын қазақ мəдениетін жанжақты дамытуға, ұлыт мүддесі тұрғысынан қалайда есесін жіберіп алмауға ақыл-парасаты мен қажыр-қайратын аянып қалған жоқ. «... Осы күнгі газет бетін қарасақ шым-шытырық, ерсіліқарсылы белсеніп кіріскен бəсеке, сатсиалдық тұрмыс бəсекесі. Бəсекенің жалпы ағымына толығымен қосыла алмайатқан жұмыс – мəдениет жұмыстары... – дей келіп ол, – Сатсиалдық жарысқа түспеген, өзімен өзі болып, қаймағы бұзылмайатқан мектептеріміз бар, олардың жетекшілері – оқытушыларымыз бар. Оқу жылы тайалып қалды. Мектептеріміз, оқытушыларымыз бұл күнге дейін оқу ағарту жұмысындағы кемшіліктерді көз алдарыңа толық елестетіп, сол кемшіліктерді жойуға, жалпы мəдениет жұмысын жөнге салуға атсалысулары керек. Сатсиалдық жарыстағы басты ұрандар: кемді түзету, азды молайту, еңбекті, оның өнімін күшейту, аз шығынмен көп нəтиже шығару – сүйтіп, барып алдымызға қойып отырған жоспарымызды толық орындап, сатсиалдық тұрмысты тезірек құру. Бұл ұрандар мəдениет жұмысына да дəлме-дəл келеді. Мəдениет жұмысындағы кемшілік əсіресе Қазағыстанда көп. Оқу ағарту жұмысындағы кемшіліктерімізді санап өтсек, сатсиалдық жарыстағы міндеттеріміз өзінен өзі айқындалса керек. Кемшіліктеріміздің бастыларымен ол іреттегі шаралардың ірілері, бізіңше, төмендегі көрсетілгендер болу 128

керек:»102 – деп ол қадау-қадау ең негізгілеріне тоқталады. Кез келген істің оңтайлы жүруі кəсіби маманға жəне ұйымдастыру мен қаржыға тірелетіні мəлім. Халел оқу ағарту саласындағы сансыз ұсақ-түйек кемшілік біткенді теріп көрсетуді мақсат етпеген. Сол өзекті мəселелердің түйінін шешетін басты себептерін нақты мысал арқылы түсіндірген. «Мысалы, бір қазақ ауданындағы ініспектірдің жұмысын тергегенде мынадай болып шықты: аудандық бүджет құру жұмысына қатынаспаған, аудан қол астындағы оқу-ағарту орындарының санын көбейту, шығын мөлшерін белгілеу жұмысына араласпаған, бұл жұмыстың бəрін ауданның ақша бөлімімен басқа қызметкерлері жасаған. Сондықтан аудандық ініспектір ағарту жұмысына аудан қорынан берілетін қарыз мөлшерін де, берілгеннің қай орынға жұмсалатынын да білмейді. Қызмет істеген уақытының 55 пұрсент ағарту жұмысынан басқа жұмыстарға жұмсалған. Аудандағы таяныш мектеппен қатынас жасап, оған жол басшылық бермеген, мектептердің көбінің жұмысын тергемеген. Тергеу жасаған мектептердің кемшіліктерін тауып, оларды жойу жайында толық нұсқау бере алмаған. Аудан көлеміндегі оқу орындарының қал жайын білмейді. Мектептерден түскен есеп санақ, байандамалар есепке алынбай түйдек-түйдегімен іске тігіліп жата берген»103. Халел Досмұхамедұлы қазақ қоғамындағы оқу ағарту саласындағы кемшін тұстарды мінеген болып, шұғыл түзеудің жолы мен жай-жапсарын бірден көрсетіп береді. Басынан талай зауалды өткізген, шебер ұйымдастырушы, ұлағатты ұстаздың көздегені кемшілік іздеу емес, оқу ағарту саласындағы əлі тəжірибесі толыспаған мамандарға бағыт-бағдарын айқындап, ұлыт мүддесіне тиімді үдеріспен жөн-жобасын таңдауға септесу еді. «Мектепте саяси тəрбие, дене тəрбиесі, мектептің қоғамға пайдалы жұмысы, оның бірлестік шаруалармен, жалпы бұқарамен қатынасы іретінде бұл күнге дейін іштеңе жасалмады десе болғандай, – деп сипай қамшылаған көсем тұлға:

102 Қалел. Мəдениет майданында сатсиалдық жарыс // Жаңа мектеб. –1929 ж. – №7. – 1–5 беттер. 103 Сонда.

129

– Мəдениет құрылысы Кеңестер Одағындағы жалпы сатсиалдық құрылысының бір маңызды бөлімі мəдениет құрылысын ілгерілетпей, мəдениет аттанысын дұрыстап жүргізбей 5 жылдық жоспарды көңілдегідей асыруға болмайды. Жалпы сатсиалдық құрылысқа бөгеліш жасалады. Сондықтан барлық ағарту қызметкерлері, барлық мектептер сатсиалдық жарысқа қатынасып, жұмысқа кедергі болып отырған көп кемшіліктерді жойуға ұран салысып кірісулері керек»104. Ұлыт тағдырының тетігі өскелең ұрпақтың мектептегі сапалы білімі, саналы тəрбиесіне тікелей байлаулы екенін көреген жан іштей терең сезінді. Стратегиялық маңызды қару – ұлыттық оқу ағарту саласына жан бітіріп, тың серпін беруге Халел Досмұхамедұлы бойындағы бар күш-жігері мен ақылпарасатын жұмсады. Ұлыттық мектептің іргетасы қалай қаланса, этникалық мəдени өркендеудің болашағы да соған сəйкес қалыптасады. Сондықтан партияның саясатына үн қосып, ұлыттық ағарту мен мəдениет саласында социалистік жарысты жеделдету – кəсіби маман өкілдерінің бəсекеге қабілеттілігін шыңдауға, мемлекеттің рухани əлеуеті мен экономикалық қуатын арттыруға даңғыл жол ашады. Уақыт талабы, қоғамдық қалыптасқан жағдай солай – кеңестік идеологиялық саясатты ұлыт мүддесіне лайық қаруланбаса, өркениет жолына түсудің басқа амалы жоқ екенін алаш азаматы əріден өте нəзік түсінді. Императорлық Əскери-Медициналық Академияның түлегi Халел Досмұхамедұлы əуелi Пермь губерниясында, сонан соң 2 Түркiстан, кейiн 2 Орал казак-орыс атқыштар батальонына əскери кiшi дəрiгер қызметiне тағайындалды. Əскери мiндеттi борышын өтей жүрiп, Халел туған халқының дəрiгерлiк көмекке мұқтаждығын көзiмен көредi. Ол өз өмiрiнiң осы кезеңiн 1930 жылы 14 қыркүйекте Бiрiккен саяси Бас Басқарманың (ОГПУ) тергеушiсiне берген түсiнiктемесiнде орыс тiлiнде маржандай əрiптермен қағаз бетiне былай түсiрiптi: «...По окончании вуза я с 1910 года по день Февральской революции работал участковым врачом и отдал дань «народническому культуртрегерству», работал много раз по борьбе с чумой...»105. Түрлi аурулардың алдын алатын қарапайым шараларын бiлмеудiң 104 105

130

Сонда. ҚР ҰҚК архивi, 06610 iс, З том, 52, 52 парақтың сырты.

ақыры елге үлкен қасiрет əкелiп, орны толмастай өкiнiштермен аяқталып отыратындығына дəрiгер ретiнде ол қолдан келген жəрдемiн жасап, бар күш-жiгерiн жұмсады. Ел iшiнде етек алған обаға қарсы күресiп, аурудан сақтанудың жолдарын əлеуметке түсiндiрдi. Халқының болашақ саналы да, салауатты ұрпағын тəрбиелеудiң маңызды iс екендiгiн ерекше түсiнген жан, бұл бағытта аянбай еңбек еттi. Ұлытының саяси-əлеуметтiк қорғансыздығы мен қоғамдық-экономикалық дəрменсiздiгi, рухани жаны мен тəн саулығының əлжуаздығы тəртiпке үйренген əскери маманның күрес əдiс-тəсiлдерiнiң тиiмдi жақтарын ойластыруға мəжбүрледi. Бұл мақсатты ойын жүзеге асыру үшiн ол қалам күшiн пайдаланудың керек екенiне көзi жеттi106. 1913 жылдан бастап əскери қызметтен мойны босап, Темiр уезiне бөлiмшелiк дəрiгер болып орналасқан Халел қолына қалам алып, баспасөзге араласты. «Осы орайда əскери борышын өтеп жүрген Халелдің жеке бас тұрмыс-тіршілігі ешкімнен кем емес, қайта көптен озық болғанын айта кету жөн. Оған мына бір архивтік құжат дəлел бола алады. Мəселен, оның штаб қызметкерлері мұқият толтырып отырған əскери қызмет кітапшасының VIII пункітінде алатын қаражаты санамалап берілген. Олар: «Жалақы – 720 сом; Қосымша – 264 сом; Тамақтануға – 96 сом; Пəтерге –72 сом; Қызметші – 50 сом; Отын мен шыраққа – 25 сом». Ал ол кезде жылқы бəсі 5 сом екенін ескерсек, оның тұрмыс хəлі жаман болмағаны өз-өзінен түсінікті. Оның үстіне ол əскер қатарында «Романовтар үйі Патшалық құруының 300 жылдық естелігіне» Императорлық қола медалімен марапатталады. Ал оба індетінің тарауына қарсы шара қолданудағы əрбір күні Заңға сəйкес 12 күнге есептеледі. Осы еңбектерін алға тарта жүріп, ол 1913 жылы Орал обылысы вице-губернаторы берген №6618 куəлікпен əскери борыштан босанады»107. 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлы редакторлығымен «Қазақ» газетiнің шыға бастауы мəдени-рухани өмірдегі елеулі оқиға болды. «Қазақ» 106

Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы. Халқының рухани жаны мен тəн саулығының шипагерi // Ана тiлi. – 1990. – №15–16. 107 Əбілқасымов Б., Əнесов Ғ. Атыраулық алғашқы ғалым // Толқынды Каспий. – 1994. – №1–2. – наурыз айы.

131

газеті – ХХ ғасыр басындағы сахара елінің күллі қоғамдықсаяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени-рухани тыныстіршілігін, салт-санасын, əдет-ғұрпын, тіл байлығын қаз-қалпында айнаға түскендей бейнелеп берген энциклопедиялық басылым. Əрине, газеттің мұндай діттеген деңгейге жетіп, биіктен көрінуі – оның бас сарашысы мен идеялық-саяси дем берушісіне, рухани жебеушісі мен қаржылай демеушісіне өзара байлаулы екені аян. Бұл ретте қадау-қадау нақ осындай іргелі де күрделі əрі жауапкершілігі зор міндетті тағдыр-талайлары қоғамдық-саяси өмірдің қиыр-шиыр соқтықпалы, соқпақсыз жолында тоғысқан Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Əлихан Бөкейхан сынды күрескер үш алып кемеңгер ынтымағы жарасып бірге атқарды. Абай заманында қазақ оқыған азаматқа зəру еді. Ахаң, Жақаңдар семинария білімі мен ұлытының тəлім-тəрбиесін терең ұштастырған көсем тұлғалар, ұлыт мүддесін биік көтерген данагөй жолбасшы болды. Кеңестік дəуірде білім алғандар арасынан шыққан мұндай «жаным – арымның садағасы» дейтіндей азаматтар кемде-кем. Демек, ең басты мəселе білімде емес, ұлыттық тəлім-тəрбиеде екен. Əбу Насыр əл Фараби бабамыздың «Тəрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидалы пікірі өмір тəжірибесінен алынғандығын дəлелдейтін мысалдар жетерлік. «Қазақ» газетiн үздіксіз шығарып тұру мақсатын көздеп Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «Азамат» серіктігін құрды. Өйткені бұған дейін шығып тұрған «Қазақстан» газеті қаржылық мұқтаждықтан амалсыз жұмысын тоқтатуға мəжбүр болған еді. «Азамат» серіктігінің жарғысын жазған қос алып, оның мүшелігіне кіретін жарнасы 100 сом деп белгіледі. Əрине бұл мүшелік жарна сол заман мөлшерімен алғанда өте көп ақша еді. Газеттің жылдық жазылымы 3 сом 50 тиын, яғни натуралдық шаруашылықпен айналысатын қазақ қоғамындағы құнан қойдың бағасы болатын. Ал жылқы түлігінің базардағы бəсі 5 сом тұратын. Егер 100 сомды жылқы жануардың бағасына шақсақ, 20 жылқыға пара-пар болады. Ахаң мен Жақаңа сүйген жарлары Бəдрисафа мен Ғайни-Жамал қосылып, бір отбасынан 200 сомнан «Азамат» серіктігіне мүшелік жарнасын төледі. Сонда Ахаң мен Жақаң отбасы ұлыттық игі іске үлгі болып, жылқыға шаққанда ортақ қазынаға 132

40 жылқыдан 80 жылқының құнын салып отыр. Демек, бұл цифрды бүгінгі күнгі нарық бағасына аударғанда екі отбасының қазынаға қосқан үлесі орташа есеппен 160 000 мың АҚШ долларына тең болып тұр. «Азамат» серіктігі жиналған қаржыны коммерциялық бағытта айналысқа түсіру нəтижесінде «Қазақ» газетiнiң мықты материалдық базасын құрып, ұлыттық руханиятымызға таза қазақ емлесімен басылған ана тіліндегі елуден астам ауыз əдебиетінің үлгілері мен алғашқы оқу құралдарын, көркем шығармаларды жарыққа шығарды. Алаш арыстарының алдыңғы легінде Халел Досмұхамедұлы да «Азамат» серіктігіне мүше болып, «Қазақ» газетiне қалам күшімен өз үлесін қосты. 1913 жылы «Қазақ» газетiнiң бетiнде Ахмет Байтұрсынұлы сахараның түкпiр-түкпiрiнен сырқат адамдардан келiп түскен, емделудiң жолын сұраған хаттарға орай «Ауру жайынан» деп бас мақала жазып, қазақ дəрiгерлерiне бұйымтайын айтады. Онда ол: «...қазақтың дəрiгер ғылымын оқыған адамдары аурудан күтiну жайынан һəм жеңiл-желпi емдер жайынан жазып, елге ұсақ кiтапшалар таратса екен. Көбiне қазақ iшiнде жеңiл-желпi аурулар зор ауруға ұласып кетедi»108 деген уəждi өтiнiш жасайды. Ахаң ұсынысы дiттеген ойынан шыққан оған қамшы боп, көңiлiне жел бердi. «Қазақ» газетi бетiнде оның түрлi аурулардан сақтанудың шаралары, əр дерттiң өзiне тəн белгiлерi, емделудiң жолдары мен қолданылатын дəрi-дəрмектiң түрлерi жөнiнде егжей-тегжейлi мағлұматтар берген ондаған мақалалары жарық көрдi. Аталған газеттiң 1913 жылғы №13 санында Халелдiң «Тамыр дəрi хақында» деген мақаласы жарық көрдi. Бұл шағын еңбегiнде ол қазақ арасында емдiк шөптер мен дəрi-дəрмектi орынды қолданбай, жөн-жосықсыз мөлшерде қабылдаудың нəтижесiнде дертке шалдығып жүрген оқиғалардың жиi кездесетiндiгiн ескерiп, осындай келеңсiз жайдан қалың елдi сақтандыру үшiн жазған. Мақалада «тамыр дəрi дегенiмiз не?» деген сауалға дəрiгер тиянақты толық жауап берген. Дəрiгердiң осы шағын мақаласынан халқының болашағына деген алаңдаушылық, ұлы жүректi жанның жан айқайы сезiледi. Халел Досмұхамедұлы заманында қазақ елiн жайлаған жұқпалы ауруларға қарсы дəрiгерлiк бiлiмiмен де, қаламгерлiк қарымы108

август.

Байтұрсынұлы Ахмет. Ауру жайынан // Қазақ. – 1913. – №27. – 25

133

мен де жан аямай күрестi. Ауруға шалдығу екi дүниенiң арасында дəрменсiз жатумен тең. Сондықтан дертiнен айығып, сауығу үшiн кiм де болса барын аянбайтыны аян. Мiне, қазақтың осындай мүшкiл хəлiн пайдаланып талай алааяқ қулар дəрiгерi мен ауруханасы жоқ елдi алдап, күн көрiс көзiне айналдырғанына ол ыза болып, ашынып жазды. Адам жанын саудаға салған «бақсылардың» безбүйректiгiн қылмыс ретiнде танып, ондайларды заң жүзiнде рақымсыз жазалау керектiгiн ескерттi. Олардың залалы қоғамға тиiп отырған зор кесапат, қастандық екендiгiне жұртшылықтың назарын аударды. «...Үшкiрiп-түшкiрiп, темiр жалап, ауруды сабап, сарнап, айқайлап, жын шақырған кiсiлердi денi дұрыс деп айтуға болмайды. Бұлар мүсəфiр науқас адамдар, оларды ел iшiнен қуып, ауру бақтыру емес, өздерiн ауруханаға салып бағу керек. Бұлардың iшiнде саулары – нағыз алдаушы залымдар...»109, – деп жазды Досмұхамедұлы. Бақсымын дегендердiң көбi табиғи бойына дарыған қадiр-қасиетi жоқ, мұсылман дiнiнiң догмасына əбден елтіген, алды-артын ойламайтын фанатиктер, «надан халыққа арамза молдалар» деп түйедi ол. Екінші – қазақ киелі санап, «əулие шөп» деп қадірлеген «тамыр дəрі» хақында жан-жақты мағлұмат береді. Аталған емдiк шөптiң латынша атауы «Радикс сар сапарила» екенiн, дəрiханадан «Радикс сар сапарила, һондурас контсиза» деп сұрау керектiгiн, iрi қалалардағы оның сатылу бағасы, басқа да бiлуге қажеттi анықтамаларды тұтынушылардың қаперiне салады. Ол өзi көзiмен көрiп, талай мəрте куə болып жүрген қыр елiндегi тəуiптердiң ауру-сырқау бiткеннiң бəрiне бiрдей пайда-зияны бар-жоғына қарамай тамыр дəрiнi емге қолданған топастықтарын айыптап, қаскүнемдiктерiн əшкерелейдi. Аталған газеттiң 1914 жылғы №60, 62, 63 сандарында Халел «Жұқпалы аурулар» деп аталатын көлемдi ғылыми-көпшiлiк мақаласын жариялайды. Қазақтың «Сынықтан басқа жұғады» деген мақалын эпиграф етiп алған ол осы еңбегiнен-ақ ойын қағаз бетiнде оқырманға еркiн жеткiзе алатын публицистiк шеберлiгiмен де танылды. 109

134

Тамыр дəрі хақында // Қазақ. – 1913. – №13. – 8 май; – №14. – 16 май.

«Алла тағаланың жер жаһанға жiберген аурулары бар; бұл аурулардың бiр қатары жұқпайды, бiр қатары жұқпалы. Жұқпалы аурулардың көбi құрт аурулар. Бiр адамның iшiне йəки қанына бiр аурудың құрты кiре қалса һəм өсiп-өнетiн жұғымды орын тапса, бiр құрт бiр неше минөтте бiр неше мың йəки милион болып өсiп-өнiп кетедi. Бұл құрттардың көбi уын шашады, уы қанға таралып, адамды ауру қылады. Һəр түрлi құрт тек өзiне тиiстi ауру бередi. Кезiктiң құрты кезiк қылып ауыртады. Шуманың құрты шума қылып ауыртады. Обаның құрты оба қылып ауыртады. Обаның құрты кезiк йəки шума қылып ауыртпайды. Құрт аурулар жұқпалы дедiк, ауырған кiсiнiң қаны құртпен йəки құрттың зəһiрiмен толып кетедi. Һəм ондай кiсiнiң iшiнен шыққан заттың бəрi құртты болады. Ауыздан аққан сiлекей, түкiрiк, қақырық, құсық, мұрыннан аққан су, арттан шыққан нəжiс, сiдiк, қан жұқпалы болады...»110. Бұл мақаласында публицист жұқпалы аурулардың адамдар арасында қалай жəне қандай жолдармен кең етек алатындығын, олардың алғашқы белгiлерi мен түрлi себептерiн ғылыми тұрғыда ашып жазады. Аурудың жұғуының негiзгi себепсалдарын қоғамның əлеуметтiк-тұрмыстық деңгейiнiң төмендiгiнен деп түсiндiредi ол. Дəрiгер ретiнде қара халықтың гигиеналық тазалығын сақтауға дұрыс көңiл бөлмейтiндiгiне өкiнiш бiлдiредi. Ғасыр басында қазақ ауылдарында өршiген жұқпалы аурулар ошағының қатерлi бетiн дер кезiнде тойтарып, қалың бұқараға медициналық көмек көрсету жағдайы, санитарлықэпидемиялогилық жұмыс жүргiзу iсi өте нашар дамығандығы, бұл мəселенiң оң шешiлуiн күрделiлендiре түстi. Тiптi, осы iндеттi империя құпия эксперимент үшiн пайдаланбады ма екен? – деген де дүдəмал ойлар сананы қамалайды. Ондай тəжiрибелердiң қазақ жерi алуан-алуан түрiн бастан кешкенi екiнiң бiрiне мəлiм. Бақсақ, дəрiгер-публицист жеке адамдардың сырқатын сөз ете отырып, кең мағынасында күллi қазақ қоғамын жайлаған кеселдiң ұлыттың салауаттылығына қауiп төндiрiп тұрғанынан құлағдар етеді. Осы ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Əбіш Кекілбайұлы Ахмет 110

Жұқпалы аурулар хақында // Қазақ. – 1914. – №60. – 30 апрель; – №62. – 17 май; – №63. – 24 май.

135

Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанатта ұстаз ұлағатын терең пайымдаған сөзінде: «Бір ғана «ш» дыбысы мен «ш» əрпіне қанықтыру үшін: «мынау сорлы шал, бойына назар сал, сақал-шашы ақ, қайраты шақ; баладан ада, қарадан таза; ауқаты – шабақ, сусыны – шалап, аяқта – шарық, қатқан аш, арық, шабақтан, шалаптан болсын ба қарық?» – деп, əлеуметтік тұрмыстың күллі бір эпопеясын көз алдыңа көлденең тартатын, тіл таныта отырып, тіршілік танытатын əліппелерін» еске түсіреді111. Халел Досмұхамедұлы бұл мақаласын қоғам өмiрiндегi саяси-əлеуметтiк жағдаймен де орайластырды. Ғасырлар бойы көшпелi өмiр салтымен ғұмыр кешкен қазақ халқын күшпен отырықшыландырудың зиянды жақтарын тiлге тиек еттi. Халықтың жаңадан тосын өмiр үрдiсiне дайын еместiгiн Халел дəрiгерлiк тұрғыдан айқын аңғартып, өз ой-тұжырымдарын бiлдiрдi. Бұл, əсiресе, ғасыр басында патша өкiметiнiң қазақ даласында отарлау саясатын жеделдету мақсатымен отырықшыландыруға мүдделi етуiне байланысты ұлыт зиялыларының көзқарас танымы екi айырылуына себеп болды. Осы саяси əдiстiң iшкi иiрiмдерiн терең ұғынған Халел Досмұхамедұлы отырықшылық тұрмыстың нақты жағдайдағы ұлытымызды күтiп тұрған үлкен шығындардан, зор апаттан қорғап қалуына сеп болғаны шүбəсiз. «Қазақтың əзiр күн көрiп жүргенi жаз киiз үйге шығып, көшiп жүргенiнен. Қазақ қала болып көшудi тастап, осы күнгiдей жер үйлерде отыратын болса, жұқпалы аурудың құртымен айрылмайтын дос болады. Бұл құрттар кетiре алмайтын құтсыз қонақ болар, талай қысаға, бейнетке себеп болар. Көшудi тастап қалада отырған қазақтардың жайы бiзге мағлұм, бұлардың тұрмысын Құдай басқа бермесiн. Жұқпалы аурулар қазақ арасынан бiр кiрсе, жуық арада шыға қоймас. Бұрын естiмеген-бiлмеген шума жиырма жылдай Бөкейлiк пен Орал облысының қазақтарынан кетудi қойды. Жыл сайын жүздеп-жүздеп садақа алып тұр. Тегiс қала болу əзiр қазаққа ерте деген алаштың азаматтарын кей бiреулер мысқылдап келемеж қылады. Қала болып алған соң, киiз үй 111

қазан.

136

Кекілбайұлы Ə. Ұстаз ұлағаты // Қазақ əдебиеті. – 1998. – №41. – 16

тiгудi тастаған соң, көп кешiкпей-ақ көрерсiң, қазақ, жұқпалы аурудың араларыңда қандай болып қыдырғанын! «Қарағым, бауырым, қазағым, қала болсаң, құрт-бəлесiн ала боларсың» деген азаматтың зары сонда есiңе түсер»112, – деуiнде қаншалықты ел-жұртын аман сақтап қалу үшiн қорған боларлық ақылпарасат пен соған шақырған жалынды үндеу мен насихат бар. Ол Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлының көшпелi тұрмыс салтында қала берудi ұстанған саяси бағытын баз бiреулердiң астарын терiс айналдырып түсiндiру ниет-пиғылдарының түпкi көздеген ойларын бетке шыжғырып басты. Ен даланың Тəңiрi берген иесi қандастарын бiр оқ шығындамай табиғи даму үрдiсiн бұзу арқылы жойып жiберудi басты мақсаты тұтқан империялық мүдде Халекең сынды ұлытшыл күрескерлердiң қам-қарекетi нəтижесiнде жүзеге аспай қалды. Ол отырықшылыққа үйрене алмай отырған халыққа жеке бастың гигиенасы ғана емес, тұрған ортаның, яки айналаның (жер, су, ауа) экологиялық жағынан таза болуының маңызды екендiгiн ескертедi. Халел Досмұхамедұлының медицина тақырыбына қатысты мақалалары кезiнде емдеу орталықтары жоқтың қасы түз елiне дерттi жазатұғұн дəрi-дəрмектен кем соқпады. «Сары кезiк – сүзек» атты «Қазақ» газетiнiң 1914 жылғы №64, 65 сандарында жарияланған мақаласы күнi бүгiн де маңызын жойған жоқ. Бұл аурумен сырқаттанған науқастың алғашқы белгiлерi қандай? Дəрiгердiң өзiн тыңдап көрелiк: «Сары кезiк – ұзақ ауру. Бұл аурумен ауырған кiсi бiр ай, ай жарым төсек тартып жатады... Науқас болған кiсiнiң басы ауырады, Əлi кетедi, тамақ iшкiсi келмейдi, тұла бойы қыза бастайды. 3–4 күннен соң жатып қалады. Аз-кем сандырақтай бастайды. Тұла бойының қызуы күндiзгiден кешке, түнде көбiрек болады, тiлi ағарып, не қоңырайып, ернi жарылып кетедi. Алғашқы уақытта көбiне iш жүрмейдi. Көбiне iштi қолмен басқанда, оң жақ шаптың үстiнен ауырсынады, iшi құрылдайды. Ауруы күннен-күнге қатаяды. Өстiп бiр жетi өтедi. Ауыра бастағаннан санағанда бiрiншi жетiнiң аяғында, екiншi жетiнiң басында байқаған кiсiге кiшкене болып қызарып, iштiң 112

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 181 б.

137

терiсiнде қызылдар бiлiнедi, қолмен басқанда бұл қызылдар батып кетедi, қолды алса, қайта шығады...»113. Осылайша адам тəнiнде кездесетiн тоқсан түрлi дерттiң атын атап, түсiн түстейдi. Жалпақ елге белгiлi ауру аттары, ұғымдар қазақы сөз саптаумен қиюын келтiрiп, оқушының қабылдауына лайықтап, қарапайым тiлмен жеңiл жеткiзiлген. Осындайда ой келедi, бүгiнгi таңда баз бiреулер, ойбай, медициналық оқу орындарында студенттердi ана тiлiнде, мемлекеттiк қазақ тiлiнде дəрiс беруге қалыптасқан ғылыми терминологиямыз жоқ, – деп байбалам салып, ат-тонын ала қашатындар Досмұхамедұлының шығармашылық өнерiне көңiл бөлгендерi абзал. Мақалада бiр ғана «құрт» сөзiнiң вирус, микроп ұғымдарын бiлдiретiн терминдiк мағынада жұмсалуының өзi, автордың ана тiлiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн сəттi пайдаланған iзденiмпаздығының айғағы. Досмұхамедұлының бұл еңбегi де қазақтың қолдан қолына көшiп, қарып-қасер, көмекке зəру шарасыз жандарға «жедел жəрдемдей» жүктелген мiндетiн абыроймен орындады, көпшiлiктiң алғысына иелендi. Бұл саладағы еңбегiн Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетiнiң шыға бастаған бiр жылы iшiнде оған атсалысқан, қаламымен қызмет еткен он алты азаматтың есiмiн атаған тұста, сол кездегi оқыған дəрiгерлер Əбубəкiр Алдияров, Ырғызғазы Поштаев, Дəулетше Күсебғалиевтармен қатар Халел Досмұхамедұлын да iлтипатпен ауызға алды114. Көсемсөз шеберi туған халқының тəн саулығына зор мəн берiп, үнемi назарынан шығармады. Сондықтан бұл тақырыпқа жиi-жиi ат басын бұрып, үн қатып отырды. Оның денсаулық мəселесiне байланысты жазған ғылыми-көпшiлiк публицистикалық мақалаларының пəрмендiлiгi сондай – өз дəуiрiнде жүздеген, мыңдаған жанның өмiрiн дiн аман сақтап қалғандығына күмəн жоқ. Сөйтiп мерзiмдi баспасөз бетiнде жарық көрген дəрiгердiң көсемсөз шығармалары қоғам өмiрiнiң əлеуметтiк-тұрмыстық, ұлыттықсаяси мəнi зор қырларын қамтыған сан-салалы мəселелердi сөз етедi.

113 Досмұхамедұлы Х. Сары кезік – сүзек // Қазақ. – 1914. – №64. – 31 май; – №65. – 8 йөн. 114 Орынборғ, 9-шы йануар // Қазақ. – 1914. – №45. – 9 йануар.

138

Халел Досмұхамедұлы қазақ баспасөзi тарихында салалық журналистиканың негiзiн қалаушылардың бiрi екендiгiн атап айтқан орынды. Ол – дəрiгер-публицист; ол – тарихи-очеркшi; ол – тiлшi-лингвист; ол – əдебиетшi-фольклоршы; ол – саясаттанушы; ол – табиғаттанушы; ол – кинорецензент; ол – баспагер-редактор; ол – кітаптанушы. Əмбебап жан не туралы қалам тербесе де сол саланы індете терең əрi түбегейлi қаузап зерттеп, қанықтыра жазады. Досмұхамедұлының дəрiгер ретiндегi кəсiби дағдысы мен негiзгi мамандығының ерекшелiгi – күллi шығармашылық өнерi мен қаламгерлiк шеберлiк машығынан көрiнiс тауып отырады. Қысқасы, ол – сегiз қырлы бiр сырлы табиғи тума талант. Жалпы, Халел Досмұхамедұлы публицистикасының ерекшелiгi – тiлiнiң өте қарапайым бұқарашылдығы. Ол не туралы қалам тартса да – оқырманының қабылдауына жеңiл əрi көкейiне қонымды етiп жазады. Қиналып, қалың ойды сiрестiрiп жазу, күшеншектiк оның қаламгерлiк машығына жат. Публицистiң шығармашылық шеберлiгiне тəн қасиетi, үнемi ана тiлiнiң сөздiк қорын жаңа термин, соны сөзжасам қолданыспен толықтырып, дамытып, байытып отыруы. Мəселен, жоғарыдағы талданған мақалаларында аурухана, дəрiхана, дəретхана, бұқырлау, құрт, т.б. көптеген лексикалық тұлғаларды тiлiмiздiң белсендi айналысына қосқандығын көремiз. Халел Досмұхамедұлы «бұқырлау» сөзiн – ауру тудырытын вирус, микробтарды химиялық заттармен тазарту əдiсi, яки дезинфекциялау терминiнiң орнына қолданған. Бiр қызығы, лингвистер тарапынан дəрiгердiң есiмiн айтуға тиым салған кеңес дəуiрiнiң өзiнде оның «Қазақ» газетiнде жарық көрген мақаласына сiлтеме жасап, «бұқырла, бұқырлат» сөздерi «Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнiң» 2 томына115 енгiзiлуiнен ғылыми айналымға түсiру əрекетiн аңғарамыз. Бұл тұрғыда публицистiң мерзiмдi баспасөздi əдеби тiлдi шыңдап, жетiлдiретiн шығармашылық көрiк ретiнде көпшiлiк қауымның талғам-танымы мен сынына салып, елеп-екшеп алатын тезiне айналдыруын атап өткен абзал. Ел ішінде əлі күнге дейін көнекөз қариялар Халел Досмұхамедұлының азаматтық бейнесін аңыз қылып шертеді. Арғы аталары Халелмен бірге туысатын Сүйесінұлы Қаршыға 115

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 том. – Алматы: Ғылым, 1976. – 507 б.

139

қарттың айтуынша, «Сырым Датұлымен замандас би болған Алдардың Таймас атты баласынан туған Жəлеке 108 жасқа келіп өмірден өтіпті. Ол Халелмен түйдей құрдас екен. Осы Жəлеке атамыздың баласы Əлдеш қатты сырқаттанып, қал үстінде жатады. Жəлеке атамыз елге Халел келді дегенді естіп, сауып отырған биесіне міне сала Халелге құйғытып барып, амансаулық сұрасып, «Ана жалғыз ұл сырқаттанып жатыр. Мен барғанша бар ма, жоқ па, білмеймін» деп суыт кейін қарай шаба жөнеледі. Алыс жолдан шаршап-шалдығып, енді ғана жеткен Халел сол бойда пар атты тарантасқа жектіріп, киіз үйдің ішінде сырқатқа шұғыл ота жасап, аман алып қалады. Сол Əлдеш ағай кешегі ел басына түскен сұрапыл соғыста Берлинге шейін барып, аман оралған азамат еді. Ағай «мынау Халел атамның жасаған операциясының орны деп қолтығының астындағы тыртықты талай мəрте маған көрсеткені көз алдымда». Оба ауруы тарап талай үйдің түндігі мен есігі ашылмай қалғанда, сол дертті Атырау, Қаратөбе, Ойыл өңірінде тоқтатып, қыруар адамды ажал аузынан аман сақтаған Халелдің қажырқайратының арқасы еді дегенді үлкендер ерекше ілтипатпен сыр ғып айтып отырушы еді» дейді. Халел Досмұхамедұлы 1916 жылғы қазақ даласын дүр сiлкiндiрген дүрбелеңнен бастап 1920 жылдардың аралығында саясатпен айналысып, елiнiң азаттығы мен тəуелсiздiгi жолында күрес майданына шыққаны мəлiм. Бұл кезеңде оның түрлi бас қосуларда сөйлеген сөздерi мен баяндамалары, жазған саяси бағдарламалары мен эпистолярлық туындылары баршылық. Бiрақ бұл еңбектерiнiң бəрi бiрдей жинақталып болды деп айтуға əлi ерте. Көпшiлiгi ТМД елдерiнiң архивi мен кiтапхана қорларында сақтаулы екенi күмəн туғызбайды. Жəне Халел Досмұхамедұлы орысша, қазақша бiрдей жосылта жаза бiлуi мен кез келген деңгейдегi мiнбеден екi тiлде еркiн көсiлте сөйлей бiлген шешен. 1917 жылы 1–11 мамыр аралығында Мəскеуде өткен Бiрiншi Бүкiлресейлiк Мұсылмандар құрылтайына ол депутат ретiнде арнайы қатысып, «Мұсылмандардың орталық органы туралы» Гаяз Исхаковтың жасаған қарарына қосымша кезектен тыс мəлiмдеме жасаған Халел

140

Досмұхамедұлы мен Ахмед Цаликовтың түзетуi енгiзiлдi116. Бұл мəлiмдемесiнде қос саясаткер түрiкмендер мен ноғайлардың жерiн пайдалану ережелерi мен заңын қорғай отырып, қазақ жерi мен жергiлiктi əкiмшiлiк басқару құқығын өз қолдарына беру туралы Бүкiлресейлiк мұсылман құрылтайы қаулы етiп, Уақытша үкiметтiң назарына алты баптан тұратын мəселенi қойды. «Қазақ баспасөзi тарихында ерекше орны бар басылымның бiрi – Батыс Алашорда көсемдерiнiң басшылығымен жарыққа шыққан «Еркiн қазақ» газетi»117, – деп жазды бағзы мұраға көзi қарақты жанашыр Бейсенбай Байғалиев «Қазақ елi» газетi арқылы ҚР ОМА-ның қорында сақталған тұңғыш санын оқырман қауымға тұтастай жариялай отырып. Бұл газет туралы соны деректi алғаш рет профессор Бейсенбай Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзiнiң тарихы» атты еңбегiнен оқимыз: «Еркiн қазақ» газетi 1919 жылы 26 сентябрьден бастап Ойылда шыққан, бiраз саны шығып тоқтаған. Ұлытшылалашордашылар газетi»118. Осы екi-ақ ауыз сөзге қоса «Бұл газеттер жөнiнде «Жаңа арқа» газетiнiң 1929 жылғы 17санындағы «Газет-журналдарымыз» деген мақаланы қараңыз» – деген сiлтеме жасайды. Аталған «Жаңа арқа» газетiн табудың мүмкiндiгi болмады. Батыс Қазақстандық өлкетанушы Ж. Ақбаев «Жанша» атты кiтапшасында: «Ойылда «Жаңа қазақ» деген атақпен Алаш газетi жарық көрдi, оның редакторы болып дəрiгер Ахмет Мəметов жұмыс атқарды»119, – деген мағлұмат келтiредi. Əрине, оның айтып отырғаны ел аузынан созылып бүгiнге жеткен, «Еркiн қазақ» газетi болар. Аталған апталықтың жарыққа шығуына мұрындық болған ұйымдастырушысының бiрi Халел Досмұхамедұлы екендiгiн оның өзi жазған мəлiметiнен аңғарамыз. Дей тұрғанмен, 1917 жылы 19–22 сəуір аралығында өткен Орал облыстық сиезінде қабылданған таяу арада жолға қойылуға тиісті ең маңызды мəселенің бірі – қазақ 116 Программные документы мусульманских политических партий 1917– 1920 гг. // Общество исследования Средней Азии. – Оксфорд, 1985. С. 31–33. 117 Байғалиев Бейсенбай. «Еркін қазақ» туралы // Қазақ елі. – 1997. – №13. – сəуірдің 4-і. 118 Бейсембай Кенжебаев. Қазақ баспасөзінің тарихынан. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1950. – 25 б. 119 Ақбаев Ж. Жанша. – Орал, 1994. – 121 б.

141

тілінде газет пен баспа өнімдерін шығару жұмысы жоспарланған еді. Бұл жобаның іс жүзіне дер кезінде асырылмауына Ресей мемлекетіндегі орын алған ішкі-сыртқы қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыс себеп болғаны аян. Бұл күрделі саяси-əлеуметтік, ұлыттық мүдденің түйінін шешудің соңы қарулы төңкеріске ұласты, онан əрі тұтанған азамат соғысының жалыны қазақ даласын түгел шарпыды. Ерсілі-қарсылы қазақтың елді мекендерін көктеп басып өткен ақ пен қызылдың жаралы қасқырдай əскері жүрген жерлерін аяусыз тонау мен мал-мүлкін тартып алу, азаматтарын қорлау мен зорлық-зомбылық жасап, үлкен-кішінің төбесіне əңгіртаяқ ойнатып, үрейін алды. Осы қарулы қарақшылардың бейбастақтығынан ел-жұртын қорғап, аман-есен сақтап қалған Алашорданың əскери күштері еді. Əсіресе, Жанша мен Халел Досмұхамедұлы басшылық еткен Алашорданың Батыс қанаты өз аумағындағы жаудың бақайшағына дейін қаруланған тұрақты əскери күшімен кескілескен ұрыстар жүргізіп, ақтардың бас штабы мен күллі қару-жарағына дейін қолға түсіріп, бейбіт елге төнген қауіп-қатердің бетін қайтарды. Бұл ұлыт-азаттық күрес жолындағы отан қорғаудың үлгісін көрсеткен Алаш қозғалысы тарихының жарқын беті болатын. «Еркiн қазақ» газетінiң алдына қойған мақсаты мен идеялық бағыты туралы тұңғыш санында «Бөкейлiк баласы» деген бүркеншiк атпен арнау өлеңi жарияланған Ахмет Мəметов [бұл басылымда өзi Мамытов деп қол қойған – А.Мек.] пен Халел Досмұхамедұлының бас мақаласынан оқып танысамыз. Апталықтың редакторы мiндетiн Ахмет Мəметов атқарған. Халелдiң дерегi бойынша қазақ тiлiнде газет шығару iсiн Орал зиялы азаматтары «1918-iншi жыл, 27-хұт өзгерiсi болғаннан берi қарай» қолға алған. Текеден 60 мыңға алынған баспахана Жымпитыға əкелiнiп құрылады. Газеттi ендi шығармақшы болған əзірде «Текенi бəлшебектер келiп алады.» Күнбатыс Алашордасы амалсыз өз мекемелерiн Қызылқоғаға қарай көшiредi. Жазға салым баспахананы Ойылға əкелiп орнатады. Əрi-берi көшiп-қонып жүргенде баспахананың керектi бiрсыпыра құралжабдықтары жоғалып, оны Теке, Орынбор сияқты iрi қалалардан алдыруға бiраз уақытқа шейiн жол ашылмай iс созылып кетедi. Көшiп-қонуға байланысты жалданып келген маман əрiп 142

терушiлер де Текеге қайтып оралып, əрiп терушiлiкке жергiлiктi қазақ жастарын үйретуге тура келедi. 1919 жыл – саяси өмiрде аумалы-төкпелi аласапыран уақыт болғаны белгiлi. Ресей аумағында азамат соғысының нағыз қызған шағы-тұғұн. Осындай саяси тұрақсыздық жағдайында елдiң тiл-құлағынан айырылғандай бұрынғы мемлекеттiк байланыс жүйелерiнiң қызметi тоқтауы, сыртқы дүниедегі ақпарат хабарларынан құлақ кескендей мақұрым қалу – онсыз да көңiлi алаң əлеуметтiң бойын қорқыныш билеп, үрей ұялатты. Мiне, осындай жағдайда газетке Ресейдегі жүріпатқан оқиғалардың бет алыс бағыттары, «Алашорда һəм оның бастанаяқ тарихтары жазылып тұрмақ»120 болды. Бұл бас мақала сол тұстағы саяси өмiрдiң айнасы десек, артық емес. Газеттiң мұнан кейiнгi сандары табыла қалса, Халел Досмұхамедұлының талайталай шығармашылық жауһар үлгiлерiне куə боларымыз шүбəсiз. Сондай-ақ бұл қазақ мəдениетiне қосылар құнды мұра, тарихи дəуiрдiң шындығын нақтылай түсу үшiн жəдiгер қазына болар едi. Жалпы, бұл тарихи кезеңдегi жалпақ қазақ жұртының жолбасшысы, көш бастаған көсемi болған Халел Досмұхамедұлының ғұмыры жорық үстiнде күреспен өттi. Саяси-идеялық ұстанған көзқарас танымы ол өмiр сүрген ортадағы мемлекеттiң тiзгiнiне таласқан саяси күштердiң қай-қайсысына да ұнай қойған жоқ. Ұнамағаны – ежелден империяның сауын сиырына айналып келген отары Дала өлкесiнiң өз билiгi өзiнде дербес ел болып кетуiнен қауiптендi. Мiне, отаршылдық пиғылдың менсiнбей шекесінен қараған, бұратана санаған халықтың көсем тұлғаларының тəркiленген тарихи құжаттары мен шығармашылық еңбектерi кезiнде «зиянды» деп есептелiп жойылып жiберілген. Бiрсыпыра бөлiгi бұрынғы империяның архив қорларында шашылып қалған. Сондықтан ондай көмбелердiң тура үстiнен түсiп, алаш зиялыларының бүгiнгi буын ұрпағына беймəлiм деректер табыла қалса, ол əрине, тарихи құнды үлкен олжа саналар едi. Айтып-айтпай не керек, Халел Досмұхамедұлының саяси күрес додасына шындап араласқан жылдардағы баяндамалары мен сөйлеген сөздерi, публицистiк мақалалары мен хаттары, күнделiктерi мен естелiктерi əлi түгел қолымызға 120

Досмұхамедоғлы Халел. 26-ыншы мизан. Ойыл // Еркін қазақ. – 1919. – №1. – 26-ыншы мизан.

143

тимеуi ғылыми талдап, пiкiр түюiмiзге бөгет боп отыр. Десек те, қолдағы бар мағлұмат оның бұл салада терең із қалдырғандығын айғақтайды. Алайда оның саясаткерлiк қайраткерлiгi өз кезiнде өмірдің талап-тілегінен туған халқы үшiн ауадай қажет іс болды. Ресей патшалығы сияқты алып мемлекеттiң құқықтық билiк жүйесi тоқырап, орнына жаңадан билiкке дəмелi саяси-идеялық ағымдар арасындағы қырғиқабақтық қайшылықтың бара-бара ұлғайып, iрi-iрi қарама-қарсы күштердiң ризығын бөлiсе алмай, мəселенi қан төгiп, жан алысқан қарулы əскери-соғыс қимылдары арқылы күшпен шешуге əкелiп соқты. Бейбiт елдi заңсыздық пен берекесiздiктен, зорлық-зомбылық пен тонаушылықтан, қарақшылық пен анархиядан қорғап, дүйiм жұртты қырғыннан сақтап, ұлыттың киесi, қазақ жерiнiң иесi барлығын жат жерлiк жаулары мен балақтан тiстеген дұшпанына түйсiнткен, аяғын тартқызып, тəубесiне келтiрткен Алашорда үкiметi болатын. Сол айбынды Алашорданың Күнбатыс қанатының басында Жаһаншаһ пен Халел Досмұхамедұлы отырған-ды. Ендеше, бүгiнгi Тəуелсiз Қазақ елi мен жерiнiң, мемлекеттiгiнiң тағдыр-талайы сынға түскен шақта бойына бiткен ақыл-ойы мен бiлiм-парасатын, күш-жiгерi мен қажырқайратын сарқа жұмсаған, күрес майданында қолына қалам мен қаруды бiрдей ұстап, туған отанын қызғыштай қорғаған есiл ердiң қаһармандығы – кейiнгi толқын ұрпаққа үлгi-өнеге, елеусiз қалмауы парыз. Кирревкомның [Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетi – А.Мек.] 1920 жылғы наурыздың 5 Пестковскийдiң төрағалығымен өткiзген мəжiлiсiнiң №10 хаттамасы бойынша қабылданған қаулысына сəйкес ұлыттық Алашорда Үкiметiнiң Күнбатыс қанаты толықтай таратылады, ал оның белсендi басшылары Орал казактарымен һəм өзге де буржуазиялық құрылысты қорғаушылармен одақтас болуы себептi кешiрiм жасалғанына қарамастан алдағы уақытта олардың қазақ елiнiң аумағында қалуы Кеңес құрылысын жергiлiктi жерде жүзеге асыруға зиянды əсер етуi мүмкiн. Сондықтан ұлыттық Алашорда үкiметiнiң Күнбатыс қанатының жауапты басшылары мұнан былай Кеңес өкiметi қазақ өлкесiнде əбден орныққанға дейiн еңбекшi қазақ бұқарасынан оқшауландырылып Жаһаншаһ Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Иса Қашқынбайұлы, 144

Кəрiм Жəленұлы жəне Беркiнғали Атшыбекұлы Мəскеуге, Ресейдiң басқа да орталық губернияларына жiберiлдi121. Қырғыз өлкесін басқару Əскери-Революциялық Комитетінің 1920 жылғы наурыздың 5-де өткен отырысының №10 хаттамасында қаулыға сəйкес ұлыттық Алашорда Үкіметінің Күнбатыс қанатына тиесілі жəне басшылары тұтынған барлық мүлігі мен қазынасы, жеке заттары мейлі қайда тығылса да түгел тəркіленіп, Ревкомның қарамағына берілсін122 делінген. Осылайша, Халел Досмұхамедұлының саясаттағы күрескерлiк жолына Кеңес өкiметi тиым салды. 1920 жылы жаз шыға ол Ташкент қаласына келiп, ғылымиағартушылық һəм ұстаздық-шығармашылық жұмыстарымен қызу айналысады. 1-ші тамызда Қазақ халық ағарту институты Комитетінің мəжілісі өтеді. Мəжіліске Қожықұлы, Досмұхамедұлы, Көшербаев қатысады. 21 шілде айындағы Халық Ағарту Комитетінің №3482 тағайындауы бойынша Қазақ халық ағарту институты қызметінен босанған Комитет мүшесі Добровольский орнына В.Н. Көшербаевты ауыстыру тыңдалады. Комитет мəжілісі қаулы етті: а) Комитет төрағасына жолдас Қожықұлын сайлау. б)Комитет мүшелерін Емберген Табынбайұлы, Михаил Федорович Дьяконовпен толықтыру. в) канцелярийді ұйымдастыруға В.В. Лосевамен толықтыру. г) Комитет мүшелері арасындағы міндеттерін бөліп беру: Барлық шаруашылықты басқару жəне шығын сомасы мен санақшылықтың дұрыстығын қадағалау §6 сəйкес Табынбайұлына жүктеледі. Оқу-ғылым жөніндегі іс жəне институттағы курстар мен тəжірибе жұмыстарының барысын бақылау Дьконов пен Көшербаевқа жүктеледі. Қожықұлына §6 сəйкес есеп-қисаптан басқа, əкімшілік басқару жұмысы жүктеледі. Досмұхамедұлына шұғыл түрде ғимарат ішінің санитарлық жағдайын тексеріп Комитетке баяндау тапсырылды. Табынбайұлына шарушылық жəне институт ғимаратының жөндеу жұмыстарының сметасын жасау жүктелді. 121 Алашорда. Сборник документов. Составитель Н. Мартыненко. – АлмаАта: Айкап, 1992. – С. 188–190. 122 ЦАОР КССР, ф.544, оп.2, д.19, лл. 63–65.

145

д)Институт пен Курс мамандарына бағдарлама түзуге арнайы сыйақыға уақытша жұмысқа тартуды ұйымдастыру. е) 13-і тамыз жұма күніне Институттың жалпы конференциясын шақыру белгіленді. Комитет төрағасы: Қожықұлы [қолы] Комитет мүшелері: В.Н. Көшербаев [қолы] Х. Досмұхамедұлы [қолы] М.Ф. Дьяконов [қолы]123. Тамыз айының 27-де Түркістан Орталық Атқару Комитеті президиумына Халық Ағарту Комиссариаты атынан Қазақ ағарту институтында қызметтегі Халел Досмұхамедұлының əйеліне Қазақ өлкесін басқару Əскери-Революциялық Комитеті еш кедергісіз рұқсат беруіне жағдай туғызуын, сондай-ақ Досмұхамедұлы отбасын көшіріп əкелуге жолдас Ершин мандатпен қамтамасыз етілуін ресми өтінеді. Сонымен қосақабат көбейе бастаған газет-журналдар бетiнде жаратылыстану мен қоғамтану саласына байланысты ғылыми-танымдық, тарихи-ағартушылық бағыттағы зерттеулерiн, публицистiк шығармаларын жиi жариялайды. 1920 жылдың 7-желтоқсанында Ташкентте «Ақ жол» газеті шыға бастады. Газетке кіндік қаладағы кеңес, партия қызметтеріндегі қазақ зиялыларының үлкен шоғыры қалам күшімен өз үлестерін қосты. Халекең де бұл игілікті шаруадан тыс қалмады. Осы орайда мына бір құжат назар аудартады. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің жанындағы Қазақ-қырғыз бөлімінің 1921 жылғы ақпанның 5-дегі мəжілісінде Күлетұлы, Мадалыұлы, Қасымұлы жəне Халел Досмұхамедұлы өздері атқарып жүрген міндеттерінен босатып, «Ақ жолға» жіберу жөнінде өтініштерін білдірді. Осыған байланысты: «Халел Досмұхамедұлын жіберуге келісім берілмесін, ал газеттегі идеялық жұмысқа сұранып отырған өзгелеріне қатысты мəселе осы мəжіліске қатыса алмаған «Ақ жол» газеті басқармасының жауапты шығарушысы болып табылатын Сұлтанбек Қожанұлының келуіне қарай шешілсін»124 – деген қаулы алынды. Бұл шешімнің астарынан бұрынғы Алашорда басшыларының бірі Халелдің 123

ӨР ОМА, 34 қор, 1 тізбе, 431 іс, 12 парақ. ӨР ОМА, 17 қор, 1 тізбе, 293 іс, 25 парақ; Шəріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – əдебиетші. – Алматы: Ер-Дəулет–Қазақстан, 1994. – 25 б. 124

146

саяси көзқарасына əлі де болса сенімсіздіктің сейіле қоймағандығы аңғарылады. Халел Досмұхамедұлы, амал жоқ, өз міндетіне шындап кірісуге мəжбүр болды. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ зиялыларының өмірі мен қызметіне, ұлыттық баспасөз тарихына қатысты елеулі ізденістерімен көзге түсіп жүрген ғалым Амантай Шəріповтің төмендегі пікір түйінінен абзал азаматтың қайраткерлік қыры байқалары сөзсіз: «Архив құжаттарының айғағынша, Халел Досмұхамедұлы, Сəдуақас Оспанұлы, Міржақып Дулатұлы, Ғазымбек Бірімжанұлы, т.б. айтулы азаматтар баспасөз ісін баяулатпауды дүркін-дүркін талап етіп, тілекхаттардың легін толастатпаған»125, – дей келіп, зерттеуші 1920 жылы қарашаның 1 өткен Түркістан республикасының Кеңестері Орталық Атқару Комитетінің төралқа мəжілісінде «Ақ жол» газетінің тоқтаусыз шығып тұруына өзін-өзі қаржыландырудың қосымша шараларын белгілегендігінен дерек берерлік тарихи құжат мəтінінен хабардар етеді. Кеңес билігі орнасымен бұрынғы отаршылық езгіні көп көрген Түркістан өлкесінде де мерзімді баспасөзге ерекше көңіл аударыла бастады. Баспасөздің пəрменді, ықпалды болу жағын, ел-жұрттың күнделікті ішіп-жейтін тамағындай рухани қажеттілігі жолында іс-шараларды жүзеге асыру белгіленді. Кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясатын, партияның жолын, əлеуметтік-экономикалық бағыт-бағдарын қалың еңбекші бұқараға түсіндіру, насихаттау мерзімді баспасөздің басты міндеттерінің бірі болды. Жаңа өмірге байланысты елдің əлеуметтік тұрмысында, шаруа жайында, мəдени-рухани салада толыпатқан өзекті мəселелерді шешуге мерзімді баспасөз қолғабыс тигізіп, ақылшы, сыншы болды, басшылық етті. Жалпы, əлеуметтің білмегенін білдіретін, сауатын аштыратын, сана-сезімін сілкінтетін, жаңалықты ұқтыратын, тəлім-тəрбиені жұқтыратын, жаманнан жиіркентетін басты құралы – баспасөздің мүмкіндігіне ықылас-пейілі қатты ауды. «Əр жұрттың, əр мемлекеттің мəдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші – баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі 125

Шəріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – əдебиетші. – Алматы: Ер-Дəулет– Қазақстан, 1994. – 23 б.

147

көрінеді, яки қай жұрт өнерлі болса, оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық, бұған еш нəрсе білмейтін надандар, соқырлар болмаса, көзі ашық, көңілі тетіктер көптен иман келтірген. Сондықтан Еуропа жұрты баспасөзге «алтыншы мемлекет» деп ат қойған»126 – деп Міржақып Дулатұлы мерзімді баспасөздің қадыр-қасиетіне қазақ сияқты ұлыстың шындап көңіл бөлуі керектігін ескерткен-ді. Айтса-айтқандай, Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдары қоғамдық-саяси, əлеуметтікэкономикалық қиыншылықтарға қарамастан қазақ зиялылары ұлыт баспасөзінің мəртебесін көтеруге, саны мен сапасын, мəні мен мазмұнын байытып, түрлендіруге айрықша табандылықпен күресті. Саяси-əкімшілік, аумақтық-территориялық жағынан қазақ елін Кеңес өкіметінің екіге жарғанымен, оның руханимəдени күші жарықшақталып, бөлініп кеткен жоқ, қайта үнемі шығармашылық ізденіс үстінде өсіп, өрлеп, биіктеп, біріге, тұтаса түсті. Тағдыр-талайы тіршілік ағымының қиын соқпағына салған қазақ зиялылары туған халқының жаппай рухани ағарып, өнер-білімге қаныққан, саяси сауатты, ғылымның жетістіктерімен қаруланған, өркениетті ел қатарына қосылуына берік негіз жасауға аянбай еңбектенді. Бұл ұлы мақсатқа Түркістан автономиялы республикасында қызмет еткен қазақ зиялы қауымы адамгершілік пен ізгіліктің, имандылық пен инабаттылықтың, даналықтың тұқымын бойға еккен рухани диқаншысы бола білді. Халел Досмұхамедұлының саяси көзқарасына Кеңестік билік өкілдері сенімсіздікпен қарағанмен, ұлыт ісіне шын берілген азамат өмірлік ұстанымынан еш айныған емес. Ол қоғам өміріндегі қазақ ұлытының мəдени-рухани əлеуеті жан-жақты дамуына тынбай белсенділік танытты. Халелдің «Ақ жол» газетінде қызмет етуге білдірген өтініші ресми билік тарапынан қанағаттандырылмаса да, ол Кеңес үкіметі Түркістан автономиялы республикасында жүргізген саяси науқандарының ұлыт мүддесіне тигізетін қаншалықты пайда, зияны барын ұдайы мерзімді баспасөз бетінде талдап жазудан тайынған жоқ. Əсіресе, Халел Досмұхамедұлы «Ақ жол» газетінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақты жалмаған қызыл империяның алапат «аштық саясаты», «тіл құрылысы» 126

148

Дулатұлы М. Баспасөз үмесі // Еңбекші қазақ. – 1923. – 5 мамыр.

деген желеумен қолданыстағы əліпбиін ауыстырып, ұлыттық жадын өшірмек болған зымияндық əрекеттің салдары, ғасырлар бойы көшпелі өмір сүрген елді күшпен отырықшыландырудың психологиялық, физиологиялық, гигеналық, шаруашылық жəне кəсіби бейімделуге тигізетін зардаптары туралы ашық жазды. «Ақ жол» газетінің тізгінін ұстаған Сұлтанбек Қожанұлы бастаған алаш зиялыларының коммунистік идеяны жамылған, іштен шыққан, сырттан келген қаскүнемдерге қазақ мүддесі тұрғысынан қарсы тұрып, ұлыттық дамуына тигізген үлесі орасан зор. Газеттің қазақ қоғамына тигізген ықпалы мен беделі дұшпандарының қитығына тиді. Елдегі əлеуметтік жағдай қандай қиын болса да, аштық пен жоқтық қанша жерден қинаса да, бір ғажабы, «Ақ жол» газетінің таралымы өскен үстіне өсе түсті. Оған мұрағаттан алынған қолымыздағы құжат куə. «Ақ жол» газетінің атынан ресми Түркістан Орталық Атқару Комитетіне 7 ақпан 1922 жылы №106 орыс тілінде қолмен жазылған хат мəтінінде: «Редакцияның бірнеше дүркін жолдаған төмендегідей сұрақтарына осыған дейін тиісті жауап алынбады. Ал өтініштегінің бəрі редакцияның зəру қажеттілігі еді, осы мəселелердің шешіміне орай, кейбір қызметкерлердің тіпті тағдыр талайы да байланысты. Əңгіме арқауы мынада: 1) Қызметкерлердің киім-кешегі мен азық-түлігі. 2)Түркістан Орталық Атқару Комитеті ел аралауға еңбек демалысын беру жəне жегілетін ат, жеңіл арбамен қамту. Өйткен себебі 1 желтоқсан 1921 жылдан бастап «Ақ жол» газеті өз күнін өзі көруге көшті. Сондықтан редакция қызметкерлері тапсырма бойынша қалалар мен мекемелерге өте көп баруына тура келеді. Бұл əрине қызметкерлердің денсаулығы мен аяқ киімінің тез тозуына өте күшті əсер етті. Сондай-ақ аттың басқа да іске ауадай қажеттігі бар. Мəселен, Мемлекеттік баспа қоймасынан газет қағазын баспаханаға тасуға, тағыда басқаға пайдалануға керек. Бүгінгідей қиын жағдайда редакция осындай жұмыстарға ай сайын 800. 000 сом ақша төлейді. 3) Редакция орналасқан үй-жай мен жиһазды, сонымен қатар жылу пештерін жөндеу жұмыстары. Жаңбыр жауса редакцияның шатырынан су тамшылап, бөлме ішіне жағалай қақ тұрады. Осының əсерінен төбенің сылағы опырылып түседі. 149

Есік пен терезенің дұрыс жабылмауы, пештің жанбауынан бөлме ішінің азынаған суықтығы редакция қызметкерлерінің тапсырылған істі дер кезінде орындауына кедергі жасайды. Кеңсе жиһаздарының бəрі сынған, арнайы жөндеу жұмыстарын талап етеді. 4) Редакция қызметкерлерінің іссапары мен еңбекақысына күн көрістің ең төменгі деңгейінде қаржы төленуі тиіс. Бұл жөнінде Түркістан Орталық Атқару Комитетінің атына осы жылдың 28 қаңтарында №78 рапорт беріліп, қызметкерлердің өмір жағдайы тəптіштеп толық баяндалды. 5) Редакцияның қағазын көшіруге контор қызметкерлерінің сметасы бойынша (3 адам) өте аз, сондықтан бір жазу машинкасын бөліп жəне ол үшін Түркістан Орталық Атқару Комитеті бір машинистканы іссапарға жіберсе, егер олай болмаған жағдайда редакцияның өз бетімен машинистка жалдауына құқ берілсе. 7) Түркістан Орталық Атқару Комитеті Ташоблчеканың қызметкері Сəтбаеваны іссапармен жіберіп, оны редакция меңгерушісі міндетіне ресми тағайындауы, осыған орай «Ақ жол» газеті жолдас Сəтбаеваға төленетін еңбекақы мөлшерін анықтап беруді өтінеді. Редакция меңгерушісі [қолы]»127. «Жұт жеті ағайынды» дегендей қазақтың қай ісінің де қиюы қашып, аштық титықтатқан елдің есі шығып, шамасы келгені тірі қалуды көздеп басы ауған жағына босқан шағы еді. Аштық жайлаған елдің руханиятты ойлауға мұршасы қайдан келсін. Бар үміті жол сілтер, бағыт берер зиялы қауым мойнына жүктелді. «Ақ жол» ел суреттерін қаз-қалпында бейнелеп, Кеңестік қызыл ұраннан гөрі іс жүзінде көмек қолын созған əрекетке көшті. Газет ұлытының жанашыры болып, ажал тырнағынан ұрпағын аман сақтап қалуға шыр-пыр етті. Бұл ниетін Кеңестік қызыл билік жақтырмай, кесе-көлденең тұрып, кедергі болуға барынша тырысып бақты. «Арым – жанымның садағасы» дейтін қазақ небір қиын кезде де иманына берік екенін дəлелдеді. «Ақ жол» газеті редакциясы атынан Түркістан Орталық Атқару Комитетіне (ТУРЦИКке) 23 мамыр 1922 жылы №444 жедел хат жолданған: 127

150

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 13–13 парақтың сырты.

«Мұсылмандар мейрамы «Ораза айы» тууымен «Ақ жол» газеті қызметкерлері мамыр айының екінші жартысына тиісті жалақысын қалайда төлеуді талап етеді. Сондай-ақ 1922 жылғы ақша белгісіне сəйкес қаламақыға тиесілі 35000 рубль; мұнан өзге, яғни шаруашылық, кеңсе керек-жарақтарына жəне мемлекеттік баспаға 50000 рубль, барлығы 1922 жылғы ақша белгісі бойынша 85000 рубль төленіп, есептесуі тиіс. Редакция осы ретте биліктің аталған мұсылмандар мейрамына орай «Қызыл байрақ» газеті қызметкерлерін мамыр айына тиісті қаржысын толық қанағаттандырғанын баяндайды. Редакция меңгерушісі [қолы қойылған] Бухгалтер [қолы қойылған]»128. Жедел хат сол күні тіркеліп, мəтін шекесіне «ТУРЦИК сметасына енгізу өтініші қабылданбасын. 24/05-22.» деп бұрыштама қол қойылған. Демек, өзбектің «Қызыл байрақ» газетімен салыстырғанда «Ақ жол» газетіне Кеңестік биліктің көзқарасы оң қабақ таныта қоймағандығы аңғарылады. «Ақ жол» газеті басшылығы да ұстанған идеялық, принциптік бағытынан еш ауытқымауға шама-шарқынша тырысқан. Оған мұрағат қорында дəйек болар құжаттар аз емес. «Ақ жол» газетінің 15 мамыр 1922 жылы №389, №3953 «ТУРЦИКке, Орталық Атқару Комитетінің хатшысына» деп басталған қызметтік хатта: «Редакция басқармасы осы жылдың 14 мамырында жіберілген ТУРЦИКтің қаулысын газеттің кезекті санында жариялайтындығын хабарлайды. Оның себебі бұл материал газеттің бүгінгі теріліп қойған санынан кешігіп қалды. Сондықтан шұғыл материалды өз уақытында жіберуді өтінеміз. Редакция меңгерушісі [қолы қойылған]»129. «Ақ жол» газетінің арнайы бланкісіне 7 маусым 1922 жылы №489 Түркістан Орталық Атқару Комитетіне жіберілген анықтама 10 тамыз 1922 жылы №6777 болып тіркелген. «1922 жылдан бастап газет таралымы 3500 данаға жетті. Соңғы уақытқа дейін осы саны басылып жəне таратылып келді. Осы жылдың 8 маусымынан таралым саны 500 данаға қысқартылып, оған қоса 1921 жылғы газетке жазылушылардың ақысы шотқа түспеуі себепті Мемлекеттік баспаға редакцияның 128 129

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 88–88 парақтың сырты. ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 83 парақ.

151

қарызы өте-мөте сенгісіз мөлшерде өсіп, нақ бүгінгі таңда қаржы көлемі 4 миллиардқа жеткен. Осы жылдың 11 шілдесінен газеттің таралым саны 3000 мың данаға теңелді, бірақ редакция тарапынан қаржыны үнемдеуді дұрыс деп тауып жəне 500 данаға қысқартып, газет таралымы 2500 данаға теңелді. Көрсетілген таралым санының 1800 данасы Кеңестік мекеме орындарына жіберіледі, редакцияның қажетіне 10, бөлшек саудаға 40, ... 350, жергілікті жəне сырттан жазылушыларға 300, редакция əзірше осы таралым данасына да қанағат тұтады. Жеке жазылушыларға байланысты қолы қойылған ұсыныстар түскенмен, дей тұрғанмен олардың берешегі 30000 мың 1922 жылғы ақшаға тең. Редакция меңгерушісі [қолы қойылған]»130. Коммунистік идея, Кеңестік құрылыс науқаны 20-шы жылдардан бастап қазақ елін жай түскендей жайпап өтті. Ұйыған елдің береке-бірлігін қашырып, таптық мүддені қоздатты, іштен ірітуді саясатқа айналдырды. Ең бастысы, көшпелі елдің алдындағы малын алып, ұжымдастырудың ақыры алапат ашаршылыққа ұрындырды. Елге ес болған алаш азаматтарын мүйіздеп, «халықтың жауы» етіп сипаттауға Кеңестік əкімшілік ресурс идеялық бейім тұрды. Алаштың айбоздары не қиындық көрсе де, төзіп, асқан табандылықпен ұлыттық мүддесін биік ұстауға күрес майданынан қайтқан жоқ. Ұлытының тілі болған «Ақ жол» газеті – идеялық бағытынан, тура жолынан ауытқыған емес. Онысы қызыл коммунистік билікке жаққан жоқ. Сондықтан газеттің ілгері басқан адымын аштырмауға түрлі себеп тауып, тұсау салу жиіледі. Əкімшілік жоғарғы билік газетке бақылауды күшейтті. Идеологиялық насихат құралы саналған газеттің қазақ мүддесіне қайшы келетін кез келген мəселені сынап, мінеп, кемшілігін жайып салуы – биліктегі кейбіреуге ұнамады. «Ақ жолды» рухани тұқыртудың, əлеуметтік аяқтан шалудың, қаржылық, материалдық қысым жасаудың небір сорақылығы жасалды. «Ақ жолдықтар» да қарап қалмай, жоғарыға ақ-қарасын ашып жазып, шағымданып отырды. Түркістан Орталық Атқару Комитетіне 10 маусым 1922 жылы №491жолданған анықтамада 130

парақ.

152

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 125–125 парақтың сырты, 126

газеттің күллі қаржылық кірісі мен шығысын тиынына дейін есебін берген. Түркістан Орталық Атқару Комитетіне 10 тамыз 1922 жылы №6774 болып тіркелген құжатта: «Маусым айындағы редакция шотына түскен кіріс 1922 жылғы ақша белгісі бойынша 281 844 сом. Осы ақшадан мемлекеттік баспаға газет қағазын алуға 28700 сом, ал газет бастыруға 71923 сом, жалпы, бəріне 100 628 сом жұмсалған. Қалған 181221 сом қаламақыға, сақтандыру қоғамына, пошта мен телеграф қызметіне, шаруашылық жəне кеңсе керекжарақтарына жұмсалды. Редакция меңгерушісі [қолы]»131. «Ақ жол» газетінің ұжымы атынан Түркістан Орталық Атқару Комитетіндегі жауапты лауазым иелеріне жіберілген дүркіндүркін дабыл соғылған қызметтік хаттар мен жедел хаттардың санында шек жоқ еді. Кремльге бағынған Кеңестік Түркістан автономиясы билігінің ұлыттық баспасөзге нақты көмек беруге дəрменсіз болды. Əлі де болса ұлыттық баспасөз құралдарына сенімсіздік пен күмəн сейілмеуі орталықтың нұсқауы бойынша цензуралық бақылау мен сақтық шараларын күшейтті. Мемлекеттің идеологиясын қалың бұқараға насихаттап, дəріптеп отырған тілі – «Ақ жол» газеті ұжымының мүшкіл халін түсінер деген үмітпен Санжар Асфендиаровқа 22 тамыз 1922 жылғы №558 қызметтік хатта: «Ақ жол» газеті редакциясы қызметкерлерінің тамыз айындағы қаржысын өтеуге қажет тиісті ақша сомасы: айлық жалақысын төлеуге 138000 рубль, сақтандыру капиталы 45000 рубль, Ташкен пошта кеңсесіне маусым айындағы жіберілген корреспонденцияға 4000 рубль, қызмет телефонына 6000 рубль, барлығы 343000 рубль. Барша қызметкерлерді сақтауға, қызметкерлерге төленетін қаламақы көлемі Тарифтік Кеңестің түсіндіруі бойынша тамыз айының басында өсірілуі тиіс еді. Алайда 22 тамызға дейін редакция Түркістан Орталық Атқару Комитетінен көк тиын алған жоқ. Осыған орай «Ақ жол» газетінің қызметшілері мен əдеби қызметкерлері қатты абыржып жəне тиісті еңбекақысын Тарифтік Кеңестің қаулысына сəйкес төленуін қатаң талап етеді. Қалыптасқан жағдайда редакция тарапынан Сіздің Түркістан Орталық Атқару Комитетіне осы мəселені қойып, қолдау 131

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 124–124 парақтың сырты.

153

көрсетіп, жедел түрде редакцияға тиісті соманы, яғни 343000 рубльді жібертуге ұйытқы болып, қызметкерлерге көмек қолын созуыңызды өтінеміз. Егер бұл мəселеге Сіз араласпасаңыз, біз өз күшімізбен бірдеңе тындыруға ешбір қайран жоқ болып тұр. Редакция меңгерушісі [қолы]»132. «Ақ жол» газеті ұлыттың өсіп, дамуына кесел болған мəселенің мəнін ашып, жан-жақты талдап беруге, саяси-əлеуметтік, мəдени-рухани тосқауыл мен кедергінің себебі мен салдарын түсіндіруге əрдайым əрекет жасады. Қажетті жағдайда ұлытқа төнген қатерден қорғану мен сақтанудың шараларын ұсынды. Қызыл қырғынның саяси технологиялық құйтырқы əдіс-тəсілдерінің астарлы сырын ашып беруге дейін батыл ұмтылды. Кеңестік билік пролетариат диктатурасы саясатын жүргізіп, «таптық күрес» тартысына дем беріп, ұйыған елдің береке, бірлігін қашырып, атыстырып, шабыстырып, адамды адамға, қазақты қазаққа қарсы қою арқылы қоғам өмірін жүгенсіздікке, бейбастақтыққа айналдырды. Мағжанның «Сұм өмір абақты ғой ойлағанға» деуінің сыры сонда еді. Қазақ айтатын «адамның күні адаммен» дейтін даналық қағиданы танымдық-тағылымдық «түбегейлі терістеп», жақсы мен жайсаңды «халық жауына» айналдыру науқаны қыз-қыз қайнады. Қызыл коммунистер күллі қасиетті ұғымның қадірін қашырып, асыл азаматтардың елге сіңірген еңбегін жоққа шығаруды əкімшілік ресурс мүмкіндігін жұмылдыру нəтижесінде қоғамдық ортаға ауадай жайды. Шындық атаулы жанын қоярға жер таппай шыр-шыр еткен кесапат заман туды. Дін ислам бойынша қасиетті Құран Кəрімде: « ‫ق َو َمن قُت َل َمظلوما ً فقد َجعلنا لوليّه‬ ‫َوال تقتلوا‬ ّ ‫النفس التی َح ّرم ﷲ اال بالح‬ َ 133 ‫صورا‬ ُ ‫سلطانا ً فال يُسرف فی القتل ِ انّهُ کانَ َمن‬ ُ ً◌», – деп жазылған. Теолог мамандардың пайымдауынша: «мұсылмандықтың шарты бойынша кімде-кім бір адамды нақақ өлтірсе, тұтас адамзатты өлтіргенмен бірдей саналады», – делінеді. Ал 1920–1924 жылдары лениндік саясат бұрын-соңды құлақ естімеген қылмыс – қазақты аштан бунап, миллиондап қырғынға ұшыратты. Лениндік атеиcтік көзқарас, жалпы, коммунистік қызыл 132

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 137–137 парақтың сырты. Құран Кəрим. Қазақша мағына жəне түсінігі. Аударған Халифа Алтай. – 1991 жыл. – 285 б. Ісра сүресі, 33 аят. 133

154

саясаттың қазақ ұлытына жасаған ауыр қылмысы – адамзатқа бағытталған қылмыс екенін алаш арыстары «Ақ жол» газеті арқылы жар салды. Аш халықтың есі ауып, əл-дəрмені келгені басы ауған жаққа жан сауғалап босып кетті. «Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» қилы-қилы қиын-қыспақ шақта да «Ақ жол» газеті оқырманынан айырылған жоқ. Демек, «Ақ жол» газетінің беделі мен ықпалын осы көрсеткіштен анық аңғаруға болады. Бірақ аяушылықты білмейтін Кеңестік саясат «Ақ жол» газетінің жарияланымдары алдын ала арнайы ресми сүзгіден өтіп, жарық көруіне рұқсат берілсін» дейтін заң енгізді. Мұндағы мақсат газеттің саяси-идеологиялық бағыт бағдарына толық бақылау жасау еді. «Ақ жол» газетінің редакциясына 26/XII–1922 жылы №852 жолданған хатта: «ТурЦИК «Ақ жол» газеті мұнан былай Ресми бөлімнің визасы қойылмаса жарыққа шығуына мүлдем рұқсат жоқ екенін хабарлайды. Сондықтан Сізге міндетті түрде НАРКОМЮСТің [«Əділет Халық Комиссарының»] бөлім меңгерушісі Васильев жолдастың ақыл-кеңесіне жүгініп, «Туркправда» газетінің ұстанған бағыт бағдарын үлгі тұта отырып, арнайы белгіленген тəртіпті сақтау ұйғарылады. ТурЦИКтің Іс Басқарушысы Дутовик. ТурЦИКтің Кеңсе меңгерушісі Евгеньев.»134. Дəл осы күні ТурЦИК Іс Басқарушысының жоғарыдағы мазмұнда бұйрығы шықты. «Ақ жол» газетінің редакциясына жолданған ТурЦИКтің бұйрығында былай деп атап көрсетілген: «Осы жылдың 21 желтоқсаны №160 ТурЦИК бұйрығы бойынша «Ақ жол» газетіне жауапты ресми бөлім редакторы болып НАРКОМЮСТің бөлім меңгерушісі Васильев жолдас тағайындалды. Оның рұқсат еткен визасы басылмаса, газеттің бірде-бір материалы баспа жүзінен жарық көруге құқы жоқ. Мұнан былай редакция басқармасы бұйрықтарын, қаулықарарларын, тағы басқа іс қағаздарын жолдас Васильевтің виза қоюына жіберіп отыруын өтінеді. Аталған ресми бөлімнің қолы қойылмаған материалдар газетке басылмайды...»135 деп ескертілді. Солай бола тұрса да газеттің редакторы Сұлтанбек Қожанұлының қажыр-қайратымен ұлыт мүддесін қорғауға 134 135

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 217 парақ. ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 218 парақ.

155

барынша күш салынды. Газеттің онан да зор шығармашылық мүмкіндігіне Кеңестік биліктің тікелей тосқауыл болғандығы жоғарыдағы жасырын құжат мəтіні толық айғақ. Бір ғажабы, «Ақ жол» газетіне ел сеніммен қарағандығы, азаматтық құқының қорғаны санағандығы сондай – кезекті санын асыға күтіп, жаңалыққа елеңдеп отырды. Газетті жаздырып алуға қаржылай шамасы келмегендер редакция орналасқан мекенжайға ағылып, жаңа шыққан нөмірдегі жарияланымдарды оқып, танысуға кезекке тұрды. Редакцияның аядай бөлмесіне мұндай леклегімен толассыз қонақ сыймайтын жəне қызметкерлердің шығармашылық жұмысына да кедергі келтіретін еді. Сондықтан газет басқармасы ТурЦИК атына қызметтік хат жазады. 13 ақпан 1922 жылы №606 болып ресми тіркелген бұл қызметтік хат мəтінінде: «ТурЦИКке. ТурЦИК қаперіне мынаны еске салғым келеді: «Ақ жол» басқармасына күнделікті жергілікті тұрғындар толассыз ағылып, бірсыпырасы газеттің жаңа санын алуға, ал бір қатары газет оқу үшін кіреді. Редакция кеңсесі бұл екі жағдайға да есептелмеген, өкініштісі, редакцияға тиісті оқуға арналған бос бөлме жоқ. Дегенмен редакция жанындағы жапсарлас екі бос бөлмеге біреу иелік етеді. Осыған орай алдағы уақытта мекенжайды жөндеу жұмыстарына байланысты редакция қарамағына ғимаратты тұтастай беруді өтінеміз. Тұрғын үй комиссиясы əлгі екі бос бөлмені иемденіп отырған азаматтан алып берсе, дауыстап оқуға арналған бөлме ашуға мүмкіндік туар еді. Редакция меңгерушісі [қолы] Іс қағазын жүргізуші [қолы]»136. Тəртіп бойынша қызметтік хатқа жедел жауап берілуі тиіс. Сондықтан хат шекесіне «Ақ жол» газетіне. Бос екі бөлмеде кім тұратынын хабарлауыңызды өтінемін. 14/II–1922 ж. Дутовик» деп бұрыштама соғылған. Мұның нəтижесі немен аяқталғаны бізге беймəлім. Алаштың ардақтылары ұлыт мүддесін мұрат тұтқан төлтума мерзімді басылымы «Ақ жол» газетінің үзбей шығуына қалам күшін де, қайраткерлік қамқорлығын да аянған жоқ. «Ақ жол» газетінің 7 желтоқсан 1923 жылғы №377 саны басылымның шыға бастағанына үш жыл толу құрметіне арналды. Газеттің сол 136

156

ӨР ОМА, Р-17 қор, 1 тізбе, 1080 іс, 18–18 парақтың сырты.

жақ бұрышына «Ақ жол»ды бастап ұйыстырып шығарушы Сұлтанбек Қожанұлы» делініп, оның фотосуреті астына «Ақ жол»дың беті – Кеңес майданы. Қандай сөзіңіз болса да жазып, жазылған сөзді оқып, оқығанды ұғып, Кеңестің ортасында болыңдар!» – деген Бас редактордың сөзді ойнату шеберлігімен оқырман қауымды қоғамдық белсенділікке үндеген жалынды лебізі əдемі жарнамаланған. Басылымның оң жақ бұрышына терілген «Ақ жол»дың шыққан күнінен бері қаламымен қызмет қылушы Міржақып Дулатұлы» деген жолдар көзге түседі, оның фотобейнесі астына «Еңбекшілер шаруашылығының өркендеуіне, кəсібінің жөнделуіне қызмет етуге «Ақ жол» белін байлап тұр. «Ақ жол»дан қол үзбеңіздер!» – деп ұрандаған Алаш азаматының көзқарас танымы бірден сезіліп тұр. «Ақ жол» газеті мерейтойын мемлекеттік билік орындары мен құзырлы мекемелер атынан ресми құттықтаған жеделхаттар легі жарияланды. «Түркістан коммунистер партиясы атынан: Көпшілігі сауатсыз болған қазақ, қырғыз тілінде күндіккүндік газет шығып тұруы өте зор жұмыс. Халықты маданиатқа бастауда, ағартуда «Ақ жол»дың ұстайтын орны зор. Түркістан шарттарында бір жолмен үш жыл қызмет өтеу аз уақыт емес. Түркістан коммунистер партиясы кіндік кəмитеті «Ақ жол»дың үш жылдық қызметін құттықтайды. Қазақ-қырғыз еңбекшілері, партия жəрдемімен өздерінің шаруашылық һəм маданиат жөнінде кемшіліктерін толтырып, ілгері аяқ басу жолында қолындағы туы бұрынғыдай «Ақ жол» болатынына шын сенеді. Түркістан коммунистер партиясы кіндік кəмитетінің жауапкер хатшысы [...] А. Рахымбаев»137. «ТУРТСИГден [ТУРЦИГден] Түркістан Кіндік Атқару һəм Кіндік Партия Кəмитеттерінің тілі «Ақ жол» газетінің шыққанына бүгін үш жыл толғандықтан «Ақ жол» басқармасының барлық жазушыларын һəм қызметкерлерін құттықтаймыз. «Ақ жол» үш жылдық өмірі бойынша колонизаторлық һəм ұлытшылдықпен бірдей арпалысып, кеңес хүкүметін қара халық арасына орнатуға есебсіз еңбек сіңірді. Қырғыз-қазақ еңбекшілеріне басшылық қылыб, сəулесін шашты. 137

«Ақ жол» газеті. – 1923 ж. – №377. – 7 желтоқсан.

157

Жасасын жергілікті еңбекшілер ішіне Кеңес хүкүметінің тұқымын шашқан «Ақ жол»! Жасасын еңбекшілер талабын жарыққа шығару басшысы жергілікті тілдегі баспасөз! Түркістан Кіндік Атқару Кəмитетінің төрағасы Айтақұлы Хатшысы Шотамов»138. «Кəмисарлар Кеңесінен телеграм Үш жылдай ұдайына шаршамай, шалдықпай колонизаторлардың қара күшімен күрескен қайратың, атқамінер, тілмаш, бай, манаптарға қарсы жұмсаған күшің босқа кеткен жоқ. Қазаққырғыз кедейлері арасында тап сезімін тудырып, кеңес хүкүметінің шын жолын орнатудан бас тартқан емессін. Қара халық арасына, мал баққан, кетпен шапқан жалшылар ішіне білім шашу, өнер жаю міндетің біліп келдің. Досқа сəулең шын түсіп, дұшманнан сескенбей, мойынға артқан борышыңды тіршілік жүзінде жарыққа шығарғаныңды көріп отырмыз. Бұдан бұлай да бұрынғы беттеген жолыңнан қайтпай, ұзақ өмір сүруіңізді тілейміз. Түркістан Халық Кəмисарлар Кеңесінің төрағасы Рысқұлұлы»139. Қазақ қоғамының бетке ұстар белсенді буыны, ұлыт жауапкершілігін жон арқасымен көтерген азын-аулақ жолбасшы зиялылары «Ақ жол» мерейтойының маңызын қаншалықты сезінгенін Міржақыптың көсіле толғаған көсемсөзінен оқимыз: «... Дүние жаратылғалы тарих жүзінде болмаған оқиғаларды аз жылдың ішінде өз көзімізбен көрдік. Қазіргі заманның сағаты айдай, күні жылдай, жылы ғасырдай екенін еске алсақ, өткен үш жылдың өзі ұзыннан ұзақ бір өмір, меңзең меңіреу өмір емес, дарияның толқынындай, найзағайдың сатырындай, жер жүзі күңіреніп, тау қозғалып, тас шайқалғандай, тіршілік таласы, тап тартысы адам баласын қан майданға айдап салып, ат шашасынан қан кештірген, дүниені түрлі ұранға жаңғырықтырған, даулы, шулы өмір... «Ақ жол»дың үш жылдық өмірін бұл іреттен ұзын десек, екінші жағынан да бұған зор мағына береміз. Қазақ-қырғыз мəдениет сатысының ең төменгі басқышында тұрған жұрт 138 139

158

Сонда. Сонда.

болғандықтан бұл күнге шейін жасы 10-ға толған бір газеті жоқтығы белгілі... Төңкеріс толқыны ортасында жел аудармай, сең соқпай ауыр үш жылды аман өткізген «Ақ жол» бұдан былай да еңбекшіл қазақ-қырғыз елін көп айлар, көп жылдар адастырмай түзу бастауына тілектеспіз»140, – депті Жақаң. Əлбетте, мұндайда Халел Досмұхамедұлының үнсіз қалмасы анық ғой. Ол «Түркістан Білім Кеңесі атынан: Арымай-талмай мəмлəкəтіміздің күйзелісті халге ұшыраған тарихи күндерінде 3 жыл ұдайымен езілген елге қызмет еткен «Ақ жол»дың 4 жасқа шығуын құттықтаймыз. Бұдан соң да қажымас қайратпен «Ақ жол»дың қараңғыдағы елге игілік жолда еңбек көрсетіп қарақшы болуын тілейміз. Халел Досмұхамедұлы»141. «Ақ жол»дың қараңғыдағы елге қарақшы болуын тілейміз» дегенде Халел «қарақшы» сөзін оң мағынасында қолданып отыр. Ит қорыған жерге өш. Əдетте егін салған, бақша еккен жерге иесі қалқайтып қоятын кісі пішініндегі қарақшы даланың соққан самалымен бірге үстіндегі киімі желпілдеп, сырттай қарағанға тірі жандай əсер етеді. Халел Досмұхамедұлы «Ақ жол» газетінің қазақ ұлытына қызметін бейнелі тілмен егін мен бақшаны зиянкес ит-құстан қоритын осы қарақшыға теңеп отыр. Түркістан автономиялы республикасы Халық Ағарту Комиссариатының ақпанның 21-і 1923 жылғы бұйрығы бойынша: §1. Евгений Дмитриевич Поливанов жолдас Главлиттің саяси редакторы міндеті қызметін атқаруға тағайындалды. §2. Түркістан автономиялы республикасы Халық Ағарту Комиссариаты мен РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты арасында тығыз байланыс орнату мақсатымен барлық Главкаларға міндетті түрде төмендегілерді орындауы тиіс: 1) Барлық Главкалардың мерзімді басылымдарға қатысты ай сайынғы баяндамалары мен есептерінің көшірмесі Мəскеудегі Түркістан елшілігіне жіберіліп отыруы тиіс.

140 141

Мадияр. Үш жыл // Ақ жол. – 1923 ж. – №377. – 7 желтоқсан. «Ақ жол» газеті. – 1923 ж. – №377. – 7 желтоқсан.

159

2) Сондай-ақ Халық Ағарту Комиссариаты мəжілістері қарарларының көшірмесі жіберіліп отыруы тиіс. 3) Міндетті түрде Халық Ағарту Комиссариаты бастыратын барлық басылымдарының Мəскеуге кімге жəне қанша данасы жіберілгені көрсетілуі тиіс. 4) Əсіресе Халық Ағарту Комиссариатының күллі смета мен штаттағы материалы жəне статистикалық бөлімшенің ұйымдастыру бөлімі арқылы өткен барлық статистика мəліметі мұқият жіберіліп отыруы тиіс. 5) Мəскеуге рұқсат сұрауға жіберілген барлық сұрақтар бойынша жауаптың көшірмесі Түркістан елшілігіне жіберіліп отырады жəне Халық Ағарту Комиссариатының құзырынан да тікелей талап етуге болады. Қарапайым осы шарттарды орындау жұмысты дұрыс ұйымдастыруға өте қажет. 6) Барлық көрсетілген материал Халық Ағарту Комиссариаты Басқарма Ісінде топтастырылып, Главлиттің бұйрығы орындалу міндеті қадағалануы тиіс. §4. Халық Ағарту Комиссариаты 18/XII–22 жылғы №162 бұйрығының §3 өзгерісіне байланысты оқушыларды эксперттеу Комиссиясына Ефанова, Федорова, Ишан-Қожаева, Севастьянова, жəне Досмұхамедұлы жолдастар тағайындалады. Комиссия төрағасына Иванов жолдас тағайындалды142. Жаппай террор алдындағы дəуірде Кеңестік цензура тəртібі өзгеріп, талабы қатайды. Маусымның 6-сы 1922 жылы баспасөзге монополиялық басшылық етуге РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты жанынан «цензуралық бақылаудың барлық түрін біріктіру мақсатында» əдебиет пен баспа ісінің Бас басқармасы – Главлит құрылды. Кеңестік билік күшейген сайын ішкі таптық күрестің жаңа жағдайға байланысты пішіні де өзгеріп, тап жаулары баспахана мен газет жəне журнал редакцияларына кіріп алып, баспасөз бетінде өзінің идеялық ұстанымы мен көзқарасын жариялауға пайдаланады деген əсіресақтық белең алды. Сондықтан Главлиттен қырағылықты күшейтуді талап етті143. Кейінірек «тап жаулары», «алашордашылар», «буржуазияшылдар», «ескішілдер», «феодализмді көксеушілер», «халық 142 143

160

ӨР ОМА, Р-34 қор, 1 тізбе, 1337 іс, 84 парақ ЦГАЛИ СПб. Ф.281. Оп.1. Д.43. Л.288; Д.37. ЛЛ. 15–16.

жаулары», тағысын тағы жалған айып тағумен алаштың бетке ұстар азаматтарын Кеңестік билік «саяси сенімсіздік танытып» идеологиялық құралдарға жолатпай қойды. Главлит өз құзіретіне қараған инстанцияларға мемлекеттік құпия ретінде басылуға тиым салынған жəне қара тізімге енген жеке тұлғалардың аты-жөндері, тұтқындалған газет, журнал, кітап, музыка, картина, т.б. атаулары «өте құпия» деген грифпен таратылып, айрықша назарда ұсталды. Төнген қауіп-қатерді жан-тəнімен саналы түрде сезінгендей алаш азаматтары да 20– 30-шы жылдары ғылыми-ағартушылық, шығармашылық жұмыстың барлық саласында аянбай еңбек етті. Бiр мезгiлде бiрнеше қоғамдық, мемлекеттiк қызметтерi мен шығармашылық, ғылыми-ағартушылық мiндеттерiнiң жүгiн ауырсынбай арқалаған Халел Досмұхамедұлының жазып тұрған тақырып ауқымы кең, сан салалы. Мəселен, жас буын жеткiншектiң денi таза, дұрыс болып өсуiнiң шарттарын түсiндiрген «Оқушының саулығын сақтау» деген насихаттық үлгiдегi ақылнамасы мектептiң бүлдiршiн шəкiрттерiне заманында едəуiр əсер еттi. Əуелi «Жас қазақ» журналының 1924 жылғы №4 санында жарияланған бұл мақаласы кейiн сұранысқа орай жеке кiтапша болып қайта-қайта басылды. Бұл еңбегiне автордың өзi мынандай түсiнiктеме бередi: «Оқушының саулығын сақтау» Ауропа сынында жүлде алған, шет тiлдерге тəржiмеленген, Голландия халық ағарту министрлiгi барлық мектептерде қолдануға мiндет қылған. Бiз орысшасынан қазақшаға аудардық, өзiмiздiң тұрмысымызға лайықтадық, бiраз өңдедiк, бiраз қосымшалар кiргiздiк»144 – деп жазады. Шындығында, сыпайылық сақтағаны болмаса, Халел сүзгiсiнен өткен аударма бастан-аяқ қазақы рухқа иеленiп, төлтумалық қасиетке көшкен. Бұл еңбекті кəзір де бастауыш сынып оқушыларына гигеналық тазалық сақтаудың əліппесі ретінде қолдануға əбден болады. Халел Досмұхамедұлының публицистiк шығармашылығының бiр парасы – жеке тұлғаларға арналған ғұмырнамалықпортреттiк тарихи зерттеу мақалалары мен очерктерi. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, мəдени-рухани тарихында елеулi орын алатын, заманында атақ-даңқы жер жарған батырлар мен 144

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 192 б.

161

ақындар, шешендер мен жыраулар Исатай, Махамбет, Жалаңтөс батыр, Мұрат ақын, Ығылман, Базар жырау, Шернияз шешен, Баймағамбет төре, тағы басқалар туралы Халелдiң жазғандары – ғылыми құнын жоғалтпайтын аса бағалы еңбектер. Публицистiң портреттiк мақалалары мен очерктерiнiң бəрiне ортақ басты ерекшелiктерi – бiрiншiден, кейiпкерлерiнiң өмiрдегi болған тарихи адамдарға арналуы. Екiншiден, кiсi аттары мен жер-су атаулары, ру аттары мен ел аузында сақталған аңызға құрылған сюжеттердiң, ақпараттық мəнi терең қазақы сөз орамдары мен мақал-мəтелдердiң, оқиғалардың деректiлiгi. Үшiншiден, қоғамдық-саяси, əлеуметтiк-рухани өмiрдiң шынайы бейнесiн айнаға түскендей көрсете бiлу шеберлiгi. Төртiншiден, публицистiң зияткерлік өре деңгейі, зерттеушiлiк қабiлет, дарынымен қатар жидашылық қыры образды жан-жақты ашуға септiгiн тигiзген. Халел-публицистiң «Мұрат ақын» атты ғұмырнамалық зерттеу очеркi 1924 жылы қазан айында «Сəуле» журналының №5, қараша айындағы №6 санында жарық көрдi. Журнал Ташкент қаласындағы «Советский Восток» баспаханасында шығып тұрған. «Сəуле» журналы – «Ақ жол» газетiнiң жанынан ұйымдастырылған «қазақ тiлiнде айында бiр рет шығатын бiлiмəдебиет құрасыны». Журналдың №5 саны «Ақ жолдың» 493iншi, ал №6-шысы 506-ыншы сандарына қосымша ретiнде шыққан. Осы жылы Ташкент қаласынан жарық көрген Халел Досмұхамедұлының «Мұрат ақынның сөздерi» кiтабына автордың «Сəуле» журналында жарияланған аталған зерттеуi шамалы ғана өзгерісі болмаса, негізінен, со күйiнде алғы сөз орнына енген. Кезiнде Ығылман Шөрекұлы «Мұр-екең көлдария едi көзiн алған, шашылып өзi өлсе де сөзi қалған; болса да сан азамат, самсаған қол, бəйгенi жүйрiк едi озып алған» деген Мұрат Мөңкеұлы кең тынысты, ақпа-төкпе, шалқыған ғажайып шабыттың иесi едi. Көсемсөздiң дүлдүлi Досмұхамедұлы ақынның ақындық күллi стихиясын, табиғи болмыс-бiтiмiн, оны тудырған қоғам мен ортаның мiнез-құлқы мен ауа райының құбылыс-құнарын дiрiл, қозғалысына дейiн зейiнмен зерделеп, тiлмен түйiндеген. Құба даланың құйма құлақ көшпелiлерi құндағынан бойына бiткен асыл қасиетi ананың ақ сүтiмен енiп, сүйегiне сiңген сөз өнерi арқылы дарыған. Сөз өнерiн қадiр тұтқан қара халық сөз зергерiн тани бiлген. Iлкiде өткен айтулы 162

ақын-жыраулар өзi өнеге-үлгi алған марқасқаларға тəу етпей сөзiн бастамаған. Мiне, бұл ғұрып пен дəстүр Мұрат ақын бойында да бар. Заманының желдей ескен, судай аққан өзгеше өзгеріс-дамуын мігірсіз со қалпында шабытты сөздiң сырлы бояуымен суреттеп берген ақынның мүмкіндік құлашын Халелдей зерттеп, жазған жан баласы жоқ. Публицистiң əрбiр тұспал, ишара бiлдiрiп, желе-жортатын тұстарындағы мəтiн астарын кен қазғандай аршып, байқаса, сырға толы мəн бары анық. Өйткенi, қазақ айтқан «басқа пəле тiлден», «аузы күйген, үрлеп iшедi» деген өмiр тəжiрибесiнен өткен Халел Досмұхамедұлы замандастары Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сияқты жұмбақтап сөйлеуге келгенде алдына жан салмайды. ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының шығармашылық ерекшелігінің бірі – өзіне-өзі цензура жасауға, астарлауға, пернелеуге, егіздеуге, жұмбақтауға, цифр тілін сөйлетуге, аллегориялық тəсілмен шебер жазуға машықтығы. Оның себебі де белгілі, өмір шындығын сол қалпында бейнелеуге, ойпиғылын бүкпей ашық мəлімдеуге қалыптасқан қоғамдық-саяси, идеологиялық ахуал ерік бермеді, əкімшілік биліктің қысымынан жасқанды. Əдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметов: «Автоцензура немесе самоцензура деп аталатын əдеби тəсілді жазушы тарапынан көбінесе өзі суреттеп отырған кезеңнің бар шындығын сол қалпында баяндап беруге белгілі бір кезеңнің саяси-əлеуметтік талабына орай ашық айта беруге жол берілмеген тұста қолдануға мəжбүр болады...»145 – дейді. Шегенiң қалпағы бiреу, оны балғамен қақсаң, қаққан жерiне кiредi. Айтатын сөзiңнiң дəлелдi əрi өткiрлiгi шарт, шеге болып керек жерiнде қағылып қалуы тиiс. Ал дəлелсiз, пəтуасыз айтыла салған пiспеген, шикi сөз таяқтың екi ұшы сияқты, абайламасаң екiншi ұшы келiп өз басыңа тиедi. «Мұраттың ескi сөздерiнде жерлердiң аттары, бұрыңғы адамдардың аттары көп ұшырайды. Бұлардың бiр қатары осы күнi Едiл, Жайықтың алабтарында ұшырайды. Мəселен: Самар, Сақмар, Тал-өкпе, Үш өзен, Жан-арыстан, Ақсу, Ақ-төбе, Бозан,

145

Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра– Қазақстан, 1993. – 5–6 беттер.

163

тағы тағысын. Боқсақты, Теңгелiк, Оғызтау, Бес-ешкi, Бадашы, Қараша секiлдi жерлердiң аттары бар. Бұлар қай жерде? Асан Қайғы, Қазтуған, Телағыс, Айсаның ұлы Əнет, Қараның ұлы Сидақ тағы талай адамдардың аттары келедi. Бұлар кiм? Қай уақытта болған? Ноғайлы деген кiм? Қазақтың Ноғайлыға қандай жақындығы бар? Мұраттың өлеңдерiн оқыған адамдардың ойына осы сұраулар ерiксiз келедi. Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секiлдi ақындардың сөздерiн елеусiз қалдыра алмайды»146, – деуi публицистзерттеушiнiң көп қабатты ой ағысына оқырманын үйiрiп алып кету, тереңiне сүңгiту сырын аңғартады. Əңгiме желiсi ақын туралы, ақындық өнер хақында болғандықтан, қаламгер Мұраттың өр рухын, отаншылдық мөлдiр сезiмiн, кемел ой-парасатын өзiне кезек бере отырып талдайды. Елдiң жан-тəнiмен бiрге жаралған шайыры, оның сөзiн сөйлемей тұра ала ма, тəйiрi?! Сарнайды. Iштегi шерiн шығарып, қазақтың тартқан тауқыметi мен кешкен қияметiне арнап, қызыл тiлiн безейдi. «Əуелi жеңiп орыс Едiлдi алды, Сарытау, Аштарханның жерiн де алды. Артынан Едiлден соң Нарынды алды, Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды. Ар жақтан Қайыпалды мен Науша қашып, Тарлықтың сонан берi қабынғаны. Тəмəмi сумен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды өлтiрген соң, Заманның содан берi тарылғаны...»147.

Асылы, «сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген рас. Оған дəлел Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы Кеңес өкiметi күш алған соң Халел Досмұхамедұлымен тағдырлас «тамұққа» тасталды. Сөйтiп жас өскін буын-буын ұрпаққа қызыл коммунистер билеген дəуiрде аруақты ақынды байшыл заманды көксеген байбаламшыл, «ұлы халыққа қарсы» феодалшыл-кертартпа деп дəріптелді. Алайда өшкен үмiт оты тағы да Халел есiмiмен бiрге қайта жарқ етiп, халқының 146 147

164

Досмұхамедұлы Х. Мұрат ақын // Сəуле. – 1924. – №5. – 9 б. Досмұхамедұлы Х. Мұрат ақын // Сəуле. – 1924. – №5. – 9–10 беттер.

жүрегiне жол тартты. Демек, сөз семсерi қын түбiнде жатпасын өмірдің өзі дəлелдеп берді. Халел Мұраттың идеялық-əлеуметтік аңсарын «Сəуле» журналының оқырмандарына «Үш қиян» толғау-дастанын ұсына отырып, от ауызды, орақ тiлдi ақынның кестелi поэзиясымен жеткiзедi. 31 шумақтан тұратын аталған толғау-дастан Ресей патшалығының қазақ даласындағы отарлық саясатының кескіндемесі, елдiң озбырлық қанаудан шеккен зауалын ақынның өлең бояуымен əсерлі айшықтаған көркем бейнесi. «Замана қайтып түзелсiн, Қоңсыдан туған би болды... Азамат ердiң баласы Айдарына малы жоқ Топ көрерге зар болды... Қоспақтан туған қортықша Қатарға шығып нар болды... Ақылсыздың баласы Ақшасына сүйенiп, Айтқан сөзi пұл болды... Заманың мұндай сұм болды!!»148.

Отарлық саясат елдiң iшкi өмiр сүру заңдылықтарының тiгiсiн сөгiп, əдет-ғұрып, дəстүрлерiн бұзу арқылы аздырутоздыру жолына салудың бағдарламасын күшпен, айламен, зорлық-зомбылықпен, алдап-арбаумен енгiздi. «Iштен шыққан шұбар жылан» дейтiн өз балаңды өзiңе айдап салған сұрқия заман туды. Осыны көзi көрген Мұрат зар запыранын төктi. «Мен қауiп еткеннен айтамын: Ақ борықтай иiлген, Кейiңгi туған баланың Ұстай ма деп бiлегiн, Шая ма деп жүрегiн, Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұзама деп iреңiн. Адыра қалғыр заманның Мен жаратпаймын сүреңiн»149. 148 149

Досмұхамедұлы Х. Мұрат ақын // Сəуле. – 1924. – №5. – 14 б. Бұл да сонда.

165

Əулие ақынның бiр ғасыр бұрын айтқан көрегендiк көріпкелдігіне таңғалып, таңдай қағарлық. Бүгiнгi таңда Мұрат ескерткен моральдық-этикалық ұлыттық этномəдени тəлімтəрбиені көздің қарашығындай сақтау проблемасы күн тəртібінен түскен жоқ. «Мұрат шығармаларының əрбiр жолы кезiнде Халел берген бағаға дəл келедi»150, – дептi белгiлi ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Сүйiншəлиев. Бұл мұраттанудың іргетасы боп қаланған алғашқы зерттеуінен бастап, əдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Халел Досмұхамедұлы еңбегіне берілген əділ баға. Мұраттың ақындық қуатымен бірге əдеби тілдің дамуы мен қалыптасуына тигізген ықпалы, оның шығармашылық өнерінде қазақ əдебиетіне тəн төлтума жанрлық түрлерінің көркем үлгілеріне бай екендігін сараптап, тұңғыш ғылыми негіздеу зерттеушінің осы мақаласынан басталады. «…Мұраттың тілі – əдебиетімізге негіз болған ел əдебиетінің тілі. Мұраттың өлеңдерінде қазақтың ел əдебиетінде ұшырайтұн жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, сөгу, сықақ, қыз-жігіт өлеңдері, тойбастар, жоқтау секілді өлеңдердің бəрі де бар. Əдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің өте керек екендігі шексіз»151, – деуі көсемсөзшінің əмбебаптық қырын танытады. Осы ой байламы мен қағидалы пікір сабақтауы Халелдің əдебиеттанушы ғалым екендігін көрсетеді. Əдебиет тарихында Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасын зерттеуші белгілі ғалымдардың (С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншəлиев, З. Қабдолов, С. Қасқабасов, Қ. Сыдиқов, Ш. Керімов, Б. Омарұлы, т.б.) Халел Досмұхамедұлы еңбектеріне соқпай өте алмауы, оның бұл саладағы ізашарлығының нақты куəсі. «Диуани лұғат ат-түрүк» атты мақаласында Халел Досмұхамедұлы төрүк халықтарына ортақ ежелгі ескерткіш, рухани мұраны туған халқына алғаш таныстырумен қатар, ондағы əдеби, тілдік һəм тарихи деректерге назар аударды. Алтынның сынығындай осы еңбегінде Халел Досмұхамедұлы шығыс тілдері мен əдебиетіне, мəдениеті мен дəстүріне жетік, желдей есілген білімпаздығы һəм құнды жəдігерлерге қанықтығы 150 Сүйіншəлиев Ханғали. Қазақ əдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1997. – 612 б. 151 Досмұхамедұлы Х. Мұрат ақын // Сəуле. – 1924. – №5. – 11 б.

166

кемеріне толған көл суындай лықылдаған кенендігі өз-өзінен сезіліп те, байқалып та тұрады. Оның «Құдатғу білік», «Жамиғ ат-тауарих», «Кодекс Куманикус», «Китаб ал-инсаб», «Саясатнаме», «Китаб ал-идракы», «Гүлстан», тағысын тағы ескерткіштер туралы сөз етуі осының айғағы. Халел Досмұхамедұлы аталған рухани қазынаның төрүк ұлыты мен ұлыстарын былай қойғанда, күллі шығыс мəдениетіндегі алатын тарихи орнын, оның ғылыми айналымға түсуі мен бақталайының шынтуайтқа келгенде жанған мерзімін, баға жетпес құнын тап басып, безбендей білуі һəм зерттеушілердің көңіл көзімен зерделеуіне бағдар беруінің өзі – білікті ғұламаның ойөріс қарымын, көрегендік шалымын дəлелдейді. Оқымыстының пайымдауынша: «...Бұл уақиға, иағни Махмұд Қашғаридың өзі шахси ислам һəм түрүк тарихында үлкен бір уақиға болуында кəдік жоқ. Махмұд Қашғаридың кітабына келгенде, бұл – кітап туралы əзірге біз Еуропаның түрүк тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ. Бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен, бірақ Бартольдтың бұл кітап туралы бір нəрсе жазыпжазбағанын білмедік. Қалай болса да, біздің мынаны айтуға шамамыз келеді: Түрүк қауымының тілі, əдебиет һəм мəдениет тарихы үшін 1889-ыншы жылы Орхон жағаларында Ядринцев тапқан, Томсон, Радлов һəм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп, нəшр етілген, бірақ мəдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен) ескі түрүк, Орхон «бітіктастары» қандай аһамиаты болса, Махмұд Қашғари кітабының да аһамиаты сондай. Махмұд Қашғаридың түрүк қауымына, өз ұлытына мунасабаты Күлтегін, Білге хандардың мунасабатындай һəм түрүк руларын, түрүк тілін білуі, əсіресе, білімі олардан артық болған...»152. Зейіндей білсек, кемеңгер жанның тесе тексеріп, нық сеніммен жосыла жөнелген пайымдау тұжырымы дүние дөңгелегі арада талай мəрте дөңгелеп, санамыз ғарышқа, ойымыз көз ілеспес алысқа самғаса да Халел Досмұхамедұлының байыпты байламынан ғылыми асып түсер қисын көрінбейді. Қайта сергек ғалымның ұлыт мəдениетіне сіңірген өлшеусіз еңбегін мансұқ етіп, есімін атаудан безінткен кезеңде, оның рухани мұрасынан амалсыз 152

беттер.

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 158–159

167

аттап өтудің ғылымның дамуына қаншалықты зияны тигенін енді сезінсек керек. Мынандай жағдайды ескеруіміз қажет. Осы уақытқа дейін бізге жеткен тас бітіктер түгел емес, бірақ жұрнағы қалды. Ұлттық идеологиямызды айқындайтын көптеген жəдігер дүниелер жойылған. Орта ғасырда арабтың əскербасы əл-Мүслим Кутейба қазіргі қазақтың жерінен бастап, Қашқарға дейінгі аралықтағы тас бітіктерді мыңдаған қолмен бірнеше жыл қатарынан тып-тыпыл етіп құртты. Өйткені маң дала тас бітіктерге толы болатын. Бұл – көшпелі қазақтың саяси санасы мен азаматтық ұстанымын, отаншылдық сезімін тəрбиелейтін қасиетті құрал еді. Ұшқан құстың қанаты талатын ұшы-қиырсыз аумақта тас бітіктен тұратын дала кітапханасы қазақтан басқа жер бетінде салыстырарлық бірде-бір халықта болған жоқ. Ол – тек ғана кітапхана емес, əрі мұрағатымыз, əрі мұражайымыз еді. Тас бітіктерге жер тарпыған тұлпармен сейіл құрып, көзбен көріп, оқыған-тоқығанын қолмен ұстап, дана бабалардың алақанының табы қалған киесін бойына сіңіріп, рухтанып қайтатын сол кездің оғыландары. Дала мемлекетінің өз заңы бар. Кім болса, соған бітік тастың жұмысымен айналысуға рұқсат берілмеген. Тек абыздар ғана ұлттық мүдде тұрғысынан сүзгіден өткен шынайы ақпаратты жазу-сызумен шұғылданған. Жазу дегенді ерекше қастер тұтқан, қасиет санаған. Қазір кітап таралыммен дүкен сөрелерінде тұрады. Қалаған кітабыңды жата-жастана оқуыңа, құлағыңа тығып қойып тыңдауыңа толық мүмкіндік бар. Ол кезде тас бітікке арнайы өз аяғыңмен баруың керек-тұғын. Сол тас бітіктен бүгінгі қағаз кітап, заманауи электронды нұсқасына дейін адамзат мəдениеті дамудың эволюциялық ұзақ жолынан өтті. Ақпаратты таратып жəне сақтайтын құралдың сатылап сапалық өсуі технологиялық жасампаздыққа байланысты. Демек, бұл саладағы заманауи технологиялық жетістіктің бас тұғыры – тас бітік, яки тас кітап екенін ұмытпаған лазым. Əлемдегі ілкі жазулардың бірі де сол – біздің руна таңбаларымен бəдізделген. Тарихын тасқа жазған елдің ұрпағымыз. Алайда IX-X ғасырларда дəуірлеп тұрған қағанатымыздың саяси дағдарысқа түскені мəлім. Дəл осы көшпелі қағанаттың осал тұсын сəтті пайдаланған арабтар шапқыншылығы аяусыз болды. Қазақ даласына арабтардың ислам дінін енгізуі – тасқа жазылған ғажайып ескерткіштеріміз бен мұраларымызды жою, төлтума 168

руна таңбасымен сауаттанғандарды бірін қалдырмай қырғынға ұшыратумен жүзеге асты. Бəлкім, Талас бойынан табылған руника таңбасымен бəдізделген он тас бітік – əл-Мүслим Кутейбаның жорығы кезінде көзге түспей, қалтарыста қалып қойған, Құдайдың бізге жасаған сыйы болар. Жəдігердің тағы бірі – Қазақстанның бренді саналатын, біздің жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдағы тарихи-археологиялық сирек құндылық – Есіктен табылған Алтын Адам жанындағы күміс тостағандағы жазу. Жер-Ана қойнына жасырылған бағзы ескерткіш қазынамыз əлі талайы табылары шүбəсіз. Арабтың аяғы тимеген ата-бабамыздың қоныстанған мекені бүгінгі Моңғолия өңірінде аспан асты, жер үстінде мыңдаған жыл бойы жел-құздың өтінде тұрып сыры кетсе де, сынын жоғалтпаған тас бітіктеріміз бен мүсін өнеріміз тұнып тұр. Бумын қаған, Істемі қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тонұқұқ, Мөде қаған, Аттила [Аттылы], т.б. мəңгі тасқа жазылған қаны таза төрүк даналары рухының алдында тағзым етіп, көше, даңғыл, гүлзар, ескерткіш мүсінін орнатуға, деректі, көркем фильмдер, бөбектерге арналған мультфильм дайындауға ақыл шіркін жетпей отыр. Сол баяғы жат жұрттың ауызға салып берген XV ғасырда мемлекетін қайта тіктеген Қазақ хандығынан тарихын бастауды əйтеуір, жаңылмай тоты құстай қайталап келеді. Бұл – Қазақстанда тарихи сананың сауығуы тасбақаның жүрісіндей баяу қозғалуына дəлел. Оқымыстының сөз лəміне қарағанда, төрүктану ғылымында зерттеушілердің қолынан түспей жүрген лұғаттың мəнмаңызын, сыр-сипатын жан-жақты талдап жазып шығу жоспары тамамдалмай қалғанға ұқсайды. Əйтсе-дағы пікірін нақпа-нақ, қысқа да нұсқа таратып айтуға дағдыланған ғалымның сөз иіні, дəйек қисыны тың ойларға жетелейді. Ол төрүк тілінің шығу тегі, түп төркіні һəм көрші елдермен бағзы аралас-құраластығын анықтауға жəдігер мұраның бұлтартпас деректілігі мен ғылыми құндылығын ашып жазады. «... Түрүктің өз арасынан шыққан бұл ғалымның мəдени, ижтимаий-тарихи, иқтисадий мағлұматтары истахдері (термин) арасында күнбатыс Тукиу-түрүк хүкіметі бұзылғаннан татарлар дəуіріне дейін тұрған бұл күнгеше фақат ибн Хордадбек, Кудама, Гардизи, Ауфи уа ғайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзынқұлақ хабарынша, жазған жарқым-жұрты шатақ жазуларына һəм 169

Қытай мағлұматына қарап үйренілген түрүктердің ішкі тіршіліктері анық мəлім болды. Түрүк ру һəм қабилаларының түзілісінде түрүк тілдерінде татарлар дəуірінде һəм онан соң хасыл болған төңкерістер, лұғат һəм лəһже мына себептер группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін фрадис (гипотеза) болып қана жүрген һəм түрлі ғалымдар (мəселен, Радлов, Бартольд, Аристов, Корш һəм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Фи ал-жумлə (вообще) қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, түрікмен тілдерінің асылдары (нұры) мəлім болды...»153, – деуінің астарын қаузап, сабақтай түссе талай сырдың қоздарына, жамиғатқа жұмбақ боп келген сауалдарға сындарлы сипат дарытарына күмəн жоқ. Əмбебап білімпаздың «Бұхарадағы Көгілташ медресесін салу туралы əпсана» (1927), «Самарқан қаласындағы ТиллəКары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі» (1928) сияқты зерттеулерінде тарихи аңыздар мен этнографиялық деректер шендестіре қаралып, ұлыт мəдениетінің ежелгі қабатына қатысты ізденістерінде өзінше тың жол, соны сүрлеу салынды. Соңғы ғылыми мақаласында ол Самарқанды билеп тұрған кезінде сəулет өнерінің жауһары Тиллə-Кары мен Ширдор медреселерін салдырған, кіші жүздегі əлім-төртқара руынан шыққан тарихи тұлға – əмір Жалаңтөс батырдың [араб графикасындағы қадым жазуымен ИалантушБахадүр] ерлік істері мен тұқым-заузатынан мол мағлұмат береді. Жидашы ғалым Қара бала бүркеншік есімімен алғаш рет ел аузындағы Қожа Нəсіреддинге қатысты тəрбиелік мəні бар əзіл-оспақ, сын-сықақ, күлкі-мазақ əңгімелер мен əпсаналарды іріктеп «Жас қайрат» журналының 1924 жылғы мамыр айындағы №5 санында «Қожа Нəсіреддин əңгімелері» деген атпен жариялайды. Бүгінгі таңда Халел Досмұхамедұлы арманы орындалып, «мың өліп, мың тірілген» халқының азаттық пен тəуелсіздікке қолы жетті. Кейінгі кездері көп қырлы дарын иесі саяси һəм мемлекет қайраткері Халел Досмұхамедұлын мəңгі есте қалдыруды көздеген Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 153

беттер.

170

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 161–162

бірсыпыра іс-шаралар жүзеге асты, оның есімі университет пен мектеп, ауыл мен көше аттарына берілді. Абзал жанның атында Алматыда аймақтық Халел Досмұхамедұлы қоры құрылды. Қордың төрайымы – асылдың сынығы, Халел Досмұхамедұлының жиен немересі Дина Ерғазықызы Əбдірахимова. 1995 жылдың жазында меценат Жауғашты Нəбиевтің қаржылай қолдау көрсетуі жəне Қордың ұйғарымымен Ташкент шаһарына арнайы іссапармен барып, оның соңында қалдырған рухани қазынасын іздестірудің сəті туған еді. Қаланың кітапханалары мен архив қоймаларын шама-шарқымызша сүзіп, Досмұхамедұлына қатысы бар мол мағлұмат жинадық. Осы табылған құжаттар мен деректердің бірсыпырасы Халел Досмұхамедұлының 1998 жылы жарық көрген «Таңдамалы» жинағына «Қосымшалар» бөліміне енді. Арыс азаматтың қолының табы қалған, уақыт сарғайтқан қағаз тігінділерін парақтаған сайын бұрын-соңды беймəлім талай жайдың куəсі болдық. Халел Досмұхамедұлы өз қолымен толтырған құжаттарының арасынан Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының 1921 жылдың қаңтарынан 1922 жылдың қазан айына дейінгі Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске берген жылдық қорытынды есебі154 көзге жылы ұшырайды. Осы құжат мазмұнына көктей шолсақ, Комиссияның негізгі атқарған қызметіне қосымша сан түрлі тапсырмаларды орындағаны, ғылыми ұйымдастырған алуаналуан тақырыпты қамтыған əрқилы деңгейдегі мəжілістерге (мəселен, оқымыстылар Фалев пен Поливановтардың жасаған ғылыми баяндамалары, өзбек мəдени-ағарту қызметкерлерінің съезі, т.т.) қатысып, өндіріске жіберілетін оқу құралдары мен салалық əдебиеттердің қателерін де тексеру міндеті корректорлардың жоқтығынан өздерінің мойындарына түскендігін, халық аузындағы «Бекет батыр» жырының оқиға желісі бойынша қазақ киномотографиясындағы ізашар туындының сценарийіне Халел Досмұхамедұлының сын пікір жазғандығын оқимыз. Елең еткізер осы жолдар қамшы боп, архив қоймасын сарыла ақтарыстырып киносценарий мəтіні мен ол жөніндегі рецензияны тауып алдық. Қалың буманың арасына тігілген көлемі жеті беттік, 86 бабқа бөлінген шағын «Бекет батыр» киносценарийінің алдындағы іліктес жалаң парақтың маңдай154

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 91–93 парақтың сырты.

171

шасына «Əбубəкір Диваев, Халел Досмұхамедұлы»155 деп жазылған. Біздің топшылауымызша, бұл шығарманың авторы Əбубəкір Диваев екендігі күмəн келтірмейді. Олай деуімізге екі түрлі дəйек бар. Біріншіден, Əбубəкір Диваев 1922 жылы «Бекет батыр» жырын Ташкенттегі Түркістан Республикасының баспасынан жеке кітап етіп бастырды. Осы еңбек туралы Нəзір Төреқұлұлы редакторлығымен Мəскеуде шығатын «Темір қазық» журналының 1923 жылғы 1-санында Əлихан Бөкейханның қысқаша пікірі жарияланды. «Бекеттің тарихи болған адам екендігі, ол ұсталып Сібірге айдалғанда артынан əйелінің баруын декабристердің ханымдары Княгина Волконская, Трубецкая əрекеттерімен теңдес іс деп қарады»156. Екіншіден, қазақ топырағында тұңғыш қанат қаққан синкретті өнердің құрамдас маңызды атрибуты – музыкалық көркемдігі. Отаршылдық үстемдікке қарсы ұлыт азаттық күрес идеясын дəріптеудегі тақырып пен оқиға желісін таңдау, отаншылдық сезімді ояту, ел-жұртының дəстүрі мен əдет-ғұрып, мінез-құлық иірімдері, психологиялық қат-қабат таным-түсінігі дəуір тынысы, уақыт кеңістігімен табиғи үндесуі шарт. Киносценарийдің басталуындағы автордың музыкалық құлақ күйі, яки əуен ырғағымен көріктеуіне көңіл аударалық: «Тылсым қараңғылықтан баяу ғана шығыс сазына тəн дабыл үні құлаққа келіп, экраннан оркестр көрінеді. Жарты шеңбер тəрізді айнала тізбектелген иерихон кернейшілеріне аралас тұрған даңыра қағушылар мен зурна тартқан өнерпаздар. Қара барқыт фонында түсірілген»157. Тегінде, театр, кино өнерінде өмірден алынған құбылыстың көркемдік, эстетикалық күшқуатын, сыр-сипатын, сұлулық əлемін көрермен санасына сіңіруге, ұғымына ұялатуға музыканың əсер-ықпалы айырықша. Кең-байтақ қазақ даласының жомарт жаратылған табиғаты, ұшы-қиырсыз жері қандай болса, ұлыттық мəдени мұрасы да көл-көсір бай, ағыл-тегіл кенен. Сөйте тұра, қазақтың төл əнəуені, күмбірлеген күйі жетпегендей шығыстың сазын орынсыз тықпалау өмірлік шындықпен үйлеспейді. Жіберілген бұл 155

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 142–145 парақтың сырты. Қыр баласы. Бекет батыр (Ə. Диваев, Ташкент, 1922 ж.) // Темір қазық. – 1923. – №1. 157 ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 142 парақ. 156

172

олқылықты бірден аңғарған Халел Досмұхамедұлы «оркестрге түсіруі қазақы емес» деп ұсақ-түйек жаңсақтық тұтас шығармашылық өнерді ақсатарын, дəлдік еленбесе, көрерменді сендіре де, иландыра да алмасын ескертеді. Осы арада еріксіз ойландыратын гəп бар. 1922 жыл – қазақ тарихындағы қасіретті жыл. Кеңестік билік «күн көсем» деп төбеге көтерген Владимир Ильич Лениннің «көреген басшылығы» көшпелі елді аттан түсіріп, алдындағы күн көріс малын тəркілеп, отырықшыландыру, ұжымдастыруды желеу етіп, Қазақ Даласында «аштық саясатын» (Мұстафа Шоқайұлы) жүргізді. Лениндік жоспарланған аштықтың алапаттығы сондай – қазақты мың-миллиондап жалмап, жапан даланы өлексеге толтырған сұламаға айналдырды. Байтал түгіл, бас қайғы демекші ұлыт тағдыры сынға түскен шешуші шақта көркем фильм қойылымына дайындыққа жоғарыдан пəрмен келуі құдды, ештеңе болмағандай ел назарын басқаға аудару Кремль басшыларының саяси жымысқы əдісі сияқты көрінеді. Халық талғажау қыларға дым таппай аштан қатып, өмір мен өлім арпалысқан əрбір сəт қымбат төтенше жағдайда идеологиялық сөз бұйдаға салып, алаш зиялыларының арашаға түсуіне, қабырғасымен кеңесіп, ойласуына мұрсат бермей, ойын ойнату, қойылым қоюға алаңдатуының негізгі мəні опасыздығын бүркемелей тұру. Көркем фильм тақырыбы империяның отарлау саясатын əшкерелейтін «Бекет батыр» деп таңдалуына цензуралық тосқауыл жасалмауындағы мақсат та əуелгі кезекте күдік тудырмай қақпанға түсіру еді. Асылы, Кеңестік идеологтар ұлыттық көркем фильмге «рұқсат берудегі» түпкі есебі елдің қамын жеген азаматтарды «рухани құбылыс болар тосын жаңалық істің» жауапкершілігімен жіпсіз байлап, қоғамдық аса маңызды басқа шараларға араластырмай оқшаулап, мейлінше бөгей тұруды көздеді. Сөйтіп алаш зиялыларын арам тер қылып, онымен біткен іс те жоқ, құр далақтатып, алдап соқты. «ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМ КОМИССИЯСЫНА көркем суретті киноның сценарийі (Қазақтың «Бекет батыр» жыры) Рұқсат етіледі. Аталған туынды мазмұнының тəрбиелік-саяси мағынасын ескеріп, бұл бастамаға барлық Кеңестік жəне басқа да мекемелердің қолдан келгенше жəрдемдесуін сұраймын. 173

Орталық Комитеттің жауапты хатшысы жəне Түркістан Атқару Комитеті Президиумының мүшесі Нəзір Төреқұлов. 30.IV.22 жыл». «ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНА Жергілікті халықтың тұрмысынан киноматографиялық көрсетілім жасау дұрыс бастама əрі барлық жағынан да құптарлық іс екенін, мұнымен үгіт-насихат шаралары байланысты болатынын, өйткені бұл сценарий қазақтарға (қазақпен қабат өзбекке де) аса таныс жыр негізінде жазылғанын əрі қазақ тұрмысын суреттеуде көркемдік шындық тұрғысынан сын көтере алатындығын (бұл жерде Қазақ Ғылым Комиссиясы, Ғылыми Кеңесі пікіріне сүйенуге болады) ескеріп, Ғылыми Кеңес аталған сценарий бойынша) Қазақ Ғылым Комиссиясының шаралары жасалуын қажет деп тапты. Ғылыми Кеңес төрағасының орынбасары Е. Поливанов. 30.IV.22 жыл». «ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНЫҢ КОЛЛЕГИЯСЫНА «Бекет батыр» жыры кино-картинасы сценарийінің жəне ол туралы Нəзір Төреқұлов пен проф. Евгений Дмитриевич Поливанов жолдастардың пікірін жібере отырып, Ғылыми Кеңес бұл мəселені Коллегиядан арнайы қарауын сұрайды. 6.V. – 22 жыл». «Бекет батыр» картинасын түсіруге кететін шығынның шамамен алғандағы мөлшері: 1.Сценарий жəне оны техникалық жағынан əрлеу – 3.000 2.Түсіру – 7.500 3.Жол, тасымал – 7.500 4.Əртістер жəне декорация – 30.000 5.Баку қаласына бару – 7.000 6.Пленка, оны ұқсату – 15.000 – 70.000 сом. (Жетпіс мың сом). Шығын 22-жылғы ақша құны бойынша əзірленді»158. Тарихи бұл құжаттар «Бекет батыр» фильмін түсірудің Түркістан автономиясы Орталық Комитетінде арнайы қаралып, 158

Дихан Қамзабекұлы. Алғашқы киносценарий // Қазақ əдебиеті. – 1997. – №23. – 10 маусым.

174

тиісті құзырлы ресми орындардың ғылыми-шығармашылық, идеялық-көркемдік сынынан өткендігін мақұлдаған жəне қуаттағандығын аңғартады. Алайда бұл лениндік саясаттың қазақты ұлыт ретінде жоюға бағытталған ашық қылмысын бүркемелеп, сырттай білдіртпеуді көздеген арам пиғылы еді. Мұстафа Шоқайұлы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлұлының «Төңкеріс жəне Түркістанның жергілікті халқы» атты кітабына сілтеме жасап, «Түркістандағы қазан төңкерісінің еңбегі сіңген басшыларының» бірі – [Иван] Тоболиннің Түркістан Орталық Атқару комитетінің мəжілісінде тұп-тура былай деп мəлімдегенін айғақтайды: «қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан əлжуаз, марксистердің көзқарасы бойынша бəрібір құрып-бітуі тиіс. Сондықтан да төңкеріс үшін қаржыны аштық пен күреске шығындағаннан да... майдандарды қолдауға жұмсаған маңызды...»159 деп ойындағысын бүкпей ашық айтқан. Алаш арыстарына ондай революцияның, ондай марксистік көзқарастың көк тиынға да қажеті жоқ еді. «Түркістандағы «Бірлік туы» атынан ашылған аштарға жəрдем комитеті осы марттың 12-нен бастап бір асхана ашты. Қазір 200-ден артығырақ аштарға ас беріп тұр. Енді алаш азаматтарынан өтінеміз, аз демей, көп демей қолдан келген көмектерін айтып, осы ізгі істің тоқтап қалмауына жəрдемдес болуларын орыс һəм бұлардан басқа халықтар да аш қазақтарды көріп, шыдай алмай жəрдем етіп жатқанын көре тұра, біздің бұл іске қатыспай қарап қалуымызды ар көріп кірістік. Енді біздің бұл ісімізге көмек беріп көтермелеу жалпы алаш азаматтарына ортақ, һəм иулде жəрдем комитетін ашқанымыздағы сенгеніміз де халық еді. Жəрдем жіберушілер «Бірлік туы» басқармасына жіберсе болады. «Аштарға жəрдем комитеті». Басқармадан. Адрес түзету һəм басқа бір жұмыс туралы басқармаға хат жазушылар өзінің газет алып тұрған адресіндегі нөмерін жазып жіберсе екен»160. 159

Түркістанның қилы тағдыры. Құрастырған – Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай. – А.: Жалын, 1992, қараңыз, алғысөз ХІІ бет. 160 Аштарға жəрдем комитетінің алаш азаматтарына жолдаған өтініші//Бірлік туы. – 1918. – №27. – 12 март.

175

Қазақ даласын, Түркістан өлкесін 1917–1919 жылдар аралығында қамтыған ашаршылық туралы бұған дейін азаматтық тарихымызда тіс жарып сөз қатпай келді. Тек бұл қырғынға қатысты деректер мен оның бетін қайтаруға жасалған ісшаралар сол дəуірдегі алаш баспасөзі бетінде сақталып қалды. Қызыл көсемдердің алдын ала жасырын дайындалған құзғындық əрекеті иісі қазақты аш-жалаңаш ес жидырмай жер бетінен түбегейлі жойып жіберу шараларын жеделдету жоспарын қауырт жүргізді. Төтелеп келген жан шошырлық жойқын қасіреттен қазақты сақтап қалу алаш азаматына жауапты сын болды. «... Тоқ ағайын, аш бауырды көріңдер! Барың болса, аш балаға бөліңдер! Жүздеп, мыңдап өліп жатыр қарашы! Жас буындар, алдағы өмір ағасы. Күшті салып сен құтқарсаң, тарихта Рақмет айтар кейін қазақ баласы...»161 –

деп жар салды Абдолла Асылбеков. Абдолла Асылбекұлы 1917 жылы Сəкен Сейфоллаұлы ұйымдастырған «Жас қазақ» ұйымына мүше болды. Ұйым мүшелері «Айна» атты журнал, кейін «Тіршілік» газетін шығарып тұрды. Ол 1918 жылы Сəкенмен бірге ақтардың қолына тұтқынға түсті. Анненковтың «Өлім вагонында» ауыр азап шегіп, табандылық пен төзімнің үлгісін көрсетті. Екі жылға жуық жау қолында тұтқында жүріп, қапысын тауып қашып шықты. Ердің еріне сын болған тарихи шешуші сəтте азаматтық нар тұлғасын танытқан Абдолла Асылбеков 1922 жылы қазақ қызметкерлерінің кеңесінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Смағұл Сəдуақасұлының «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. Үркіншілік жылдары ұлыт қасіретін көзі көріп, қызыл саясаттың халқына жасаған əділетсіздігі мен опасыздығына қарсы күресіп, қайраткерлік танытқан абзал

161

176

Абдолла Асылбеков. Қызыл Қазақстан. – 1922. – №4.

азамат 1937 жылғы сталиндік қуғын-сүргіннің нақақ құрбанына айналды. Дəл осындай ұлыт басына қауіп-қатер төнген шешуші шақта Халел Досмұхамедұлы сынды алаштың азаматтары алдамшы саясатқа еріп, аш-жалаңаш, есі ауған қарайған халықты аман-сау алып қалуға қол ұшын созбауы мүмкін бе еді?! Əлбетте, кеудесінде жаны бар алаштың азаматы бауырының көз алдында қиналғанын көріп тұрып жəрдемге келмеуге дəті шыдамас та еді. Қайда жүрсе де алаш азаматтарының жүрек түкпіріндегі алаңдатқан өзекті мəселе – ұлыт тұтастығы, ұлыт мүддесі болды. Сондықтан қазақ жеріндегі «қолдан жасалған аштықты» олар ұлыттық апат деп түсінді. Ажал құрсауындағы ел-жұртын құтқаруды перзенттік парызы санаған Ташкенттегі Халел Досмұхамедұлы бастаған алаштың айтулы тұлғалары «Ақ жол» газетінде үндеу жариялап, көмек қолын созып, атқа қонды. Ол үндеуде былай делінді: «АРДАҚТЫ АЗАМАТТАР! Бұл күнгі мына сұрапыл ашаршылықтың жұртты жан алқымға алып, састырып тұрғандығын өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Бұрынғы тарихтарда мысалы көрілмеген бұл ашаршылық, жұрттың қолын байлап, танауын тарс бітіріп отыр. Аштық аудандағы бауырларың босуда, қырылуда, ашаршылық құрығына іліккен бұл бауырларыңды осы күйі қоя бергенде жұрт болып ел қатарына кіреді, баяғыдай болып үйірге қосылады деуге болмайды. Сондықтан бұл бəленің алдын алып, ерте бастан қамын жеп, тың тұяқ, тоқшылық жердегі бауырлары туысқандық, елдің қайырымын жоғалтпас, ыңырсып өлімнің құшағында жатқан ағайындарын ескерер, жəрдем қолдарын созар деген үміттеміз. Бұл туралы ел ішіндегі ақсақал, жұрт ағасы азаматтар елді түсіндірер, үгіттер деп сенеміз. Ал енді ардақты ақсақалдар, ел ағасы азаматтар: 15-інші майдан бастап Арқадағы ашыққан қазақ, башқұрт бауырларымыздың пайдалары үшін ұдайымен екі жетілік жəрдем аптасы болады. «Өле жегенше, бөле же» деп айтқан бабаларының мақалын қазақ-қырғыз ұмытпас деген ниетпен сіздерге жүзімізді салып, сөзімізді айтып отырмыз. Ендігісін жұрт өзі білер. 177

Халел Дос-Мұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жаһанша Дос-Мұхамедұлы, Иса Қашқымбайұлы, Қоңыр Қожа Ходжықұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Санжар Асфандиарұлы, Мырзағазы Есполұлы, Кəрім Жəленұлы, Сəдуақас Сейфуллин, Əшім Омарұлы, Уəлихан Омарұлы һəм басқалар»162.

Қазақтың досы – қазақ, қазаққа – қазақтың ғана жаны ашитындығын қиын-қыстау шақта алаштың оқығандары ісімен дəлелдеп, қыр өлкесіндегі ауыл-ауылдың тұрғындарын ажал ауызынан құтқарып, елге ес болды. Олар Түркістан азық-түлік комитетін құрып, автономияға қараған ауқатты қазақтың ұждан сезіміне тиіп, аштық жайлаған аудандардағы хал үстінде жатқан бауырларына қайырымдылық көмек беруін жария етуі мұң екен, аянып қалған ешкім болмады. Түркістан азық-түлік комитетінің ұйымдастыруымен жауапты азаматтарды ел ішіне арнайы жіберіп, жиналған астық пен аяқты малды аштық жайлаған аудандарға дереу жеткізу жолдарын қарастыруды қатал қадағалау тапсырылды. 1921–1922 жылдары Жаһаншаһ Досмұхамедұлы Түркістан азық-түлік комитетінің тапсырмасы бойынша Қарақол (Пржевальск) қаласында болып, Қазақстанның ашаршылыққа ұшыраған солтүстігі мен батыс облыстарына жиналған ішім-жем, ас-ауқат жіберумен айналысты. Ашаршылық дерті кең өрістеген əрбір өлкеге ас-су, талғажау етер тамақ жеткізетін жауапты азаматтар бөлініп, қандастарының шығынын азайтуға, шыбын жанына араша түсуге орасан зор септігі тиді. Алаш арыстары ашыққан қырғыз бен башқұртты алаламай, бірдей көмек беруді туысқандық парызы санады. Түркістан автономиясына қараған қазақ-қырғызды аштық бунап, елді аман сақтап қалу қауіпі күн тəртібіндегі төтенше жағдай бола тұрса да, мемлекеттік билік басында атқарылар 162

178

Ардақты азаматтар // Ақ жол. – 1922. – №171. – 11 май.

нақты істен гөрі үсті-үстіне талқыға түскен мəселелерді шешуге арналған жиналыстан жиналыс көп еді. Халел Досмұхамедұлының алтын уақытын алып, қолын байлаған нəтижесі мардымсыз билік тарапынан міндетті болған сан алуан ресми бас қосулар. Əрбір минут қазақ-қырғыздың тағдырын шешкен күйіп тұрған шақта жиналыстап жүру – Халел Досмұхамедұлы сынды алаш азаматының жүрегін жаралау еді. Тарихи айғақ үшін сондай отырыстардың бір парасына тоқталалық. 13 желтоқсан 1922 жылы Түркістан Республикасы Экономикалық Кеңесінің отырысы өтеді. Мəжіліске 13 адам қатысқан. Хаттамада 10 болып Халел Досмұхамедұлы тіркелген. Қаралған мəселе республикадағы экономикалық жағдай. Мəжіліс төрағасы Троцкий. Хатшы Панькин163. 25 желтоқсан 1922 жылы Түркістан Республикасы Халық Комиссарларының Кеңейтілген Кеңес жиылысы өтеді. Отырыс сағат кешкі 18:00 басталып түнгі 23:00 дейін созылды. Мəжіліске 20 адам қатысқан. Олардың ішінде Ішкі Істер Халық Комиссариаты Аралбаев, Денсаулық Сақтау Халық Комиссариаты Гельфгот, Денсаулық Сақтау Халық Комиссариаты Алқасының мүшесі Халел Досмұхамедұлы, Халық Комиссариаты Орталық Кеңесінің Президиум мүшесі Испулов [Мырзағазы Есболұлы – А.Мек.] бар. Алқа мүшесі [Иса] Қашқынбайұлы өтініші бойынша қызмет орнынан босаған. Мемлекеттік Баспа Ісі Алқасының мүшесі болып [Кəрім] Тоқтыбайұлы бекіген164. Бір басында сансыз жұмысы бар Халел Досмұхамедұлының сіңбіруге де мұршасы келмеген. Кеңестік билік қасақана қызметтегі алаш зиялыларының аяқ-қолын нəтижесіз сансыз жиналыс, қағазбастылықпен жіпсіз байлап қойды. Халел Досмұхамедұлы «Ақ жол» газетінде жариялаған «Екі [қиыншылық]тарым» атты мақаласында 1921–22 жылғы қазақ еліндегі ашаршылықты ұлыттық апат ретінде сипаттап, оның саяси-əлеуметтік себеп-салдарын «Ақтабан шұбырынды,

163

ӨР ОМА. 25 қор, 1 тiзбе, 733б iс, 90–98 сыртқы парақ. ӨР ОМА. 25 қор, 1 тiзбе, 433б iс, 99–100а.  Араб графикасымен жарияланып тұрған газет бетіндегі мақала атының тік жақшаға алынған сөз басы өшіп кеткен – А. Мектеп-тегі. 164

179

Алқакөл сұлама. Сауран айналу» тарихи оқиғасының қасіретімен сабақтастыра талдайды. XV ғасырдың 50 жылдары Қазақ хандығының геосаяси картасы шығысында көшпелі Жоңғар мемлекетімен іргелес орналасты. Жоңғар мемлекеті шығысында Цинь империясы арасында аумақтық дау-жанжалмен үнемі қақтығысып қалып отырды. Цинь империясы батысындағы шекара аймағын кеңітуді көздеп, Жоңғарға қарсы үздіксіз жорық ұйымдастырды. Ресей империясы да сыртқы саясатта шығыстағы шекарасын нығайтуға өте-мөте мүдделі еді. Қалыптасқан сыртқы геосаяси жағдайды тиімді шешуге байланысты Цинь империясы мен Ресей патшалығының өзара біріккен дипломатиялық құпия келіссөз жүргізуіне негіз болды. Цинь империясы мен Ресей патшалығы екі арада орналасқан көшпелі Жоңғар мемлекетімен Қазақ хандығын бір-біріне айдап салып, жауластыруды мақсат тұтты. Əлемдік тарихи тəжірибеде сирек кездесетін ұзаққа созылған жоңғар-қазақ шайқасының басталуына сыртқы күштердің итермелеуі себеп болды. Сөйтіп Цинь империясы мен Ресей патшалығы бейбіт жатқан екі ел: жоңғар мен қазақ хандығының арасына от салып, өз майына өзін қуырғандай күшқуаты сарқылып, əбден қалжыраған қолайлы сəтін күтті. Жоңғармен екі арада бірнеше ғасырға созылған жойқын соғыстың зардабы мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, ұлыттық даму жүйесіне өзгеріс енгізді. Көршілес екі алып көшпелі мемлекет арасындағы ұрыс жоңғардың тарихи тізе бүгуімен аяқталды. Цинь жəне Ресей империясы арасындағы өзара əрекеттестік дипломатиялық қарым-қатынастың ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделестігі геосаяси ойында ірі табысқа жеткізді. Цинь империясы жоңғар иелігіндегі ұлан-асыр жерді еш қиындықсыз, оп-оңай еншіледі. Отанын қорғауда қазақ ерліктің үлгісін көрсетіп, ұлы жеңіске жетті. Алайда ұзақ мерзім бойы елдің рухани-жасампаздық, əлеуметтік-экономикалық, ішкі өндірістік-шаруашылығын тұралатқан соғыстың тигізген қисапсыз мол шығыны мен зардабы орны толмас дағдарысқа түсіріп, бөтен жұртқа саяси кіріптар болуға мəжбүр етті. «... 1723-інші жылы қазақ қалмақпен соғысты. Жеңіліп қалды. Адам көп қырылды, ел шабылды. Қатын-бала шулады. Қонысын тастап ел босты. Ақ-табан шұбырынды болды. О заманда қазақ тегіс көшпелі еді. Аууы оңай еді. Бүтін ел тегісінен 180

əскер еді. Босқан ел көршілерін ығыстырып қоныс тапты. Ешкімнен жəрдем сұрамады, ешкім жəрдем бермеді. Ел өз күшімен, өз еңбегімен жуығ арада-ақ жетісіп кетті. Əрбір зор оқиғаның соңынан зор салдары болашақ. Ақ-табан шұбырындының салдары бөтен жұртқа бағыну болды. Жатқа бағынудың толғағы тым ұзақ созылды. Ел амалсыздан еркінен айырылды. Жел жақты күзету қолдан кетті. Ел тынышайды. Қорасы мықты қойдай болды. Күзетші күшті болды. Жарақтың керегі жоқ болды. Темірқазық жастану, бес-алты малта асы қылу қалды. Сүйек егілді, жүрек босады, жігер құм болды. Жарақ ұстаушылар жойылды. Күзетшіге сеніп ел ұйқыға салынды. Майлы тамақ, ашшы қымыз, мамық төсек көңілді бөлді, күзетшінің əлдиі ұйқыға сеп болды. Жауыңгер халық құл болды. Қазақтың басына «рахат» дəуірі туды»165. Халық басынан кешкен тарихи қасіретті толғаған Қожаберген Толыбайұлы жыраудың əйгілі «Елім-ай!» өлеңі көкейіңде тұра қалары сөзсіз: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған қиын екен, Қара көзден мөлтілдеп жас келеді...» – деген төбе құйқаңды шымырлатып, тұла бойыңды түршіктіретін азалы əуен құлаққа келгендей əсерде боласыз. Тарих оқулығында қалыптасқан «Ресей патшалығына қосылуға Кіші Жүздің ханы Əбілхайыр 1731 жылы қазан айында Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді» дейтін қазақты іштей ыдыратып, арандатуды көздеген саяси идеологиялық пікірдің негізсіздігін Халел Досмұхамедұлы талқанын шығарып, талдап бергенін күні бүгінге дейін ғылыми элита байыптай алмай келеді. Тəуелсіздік алған жылдары Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Мен Əбілқайыр емеспін!»166 дегені бар. Оның астарындағы мағына «Мен Əбілқайыр сияқты енді Ресейге тəуелді қылмаймын» дегенді меңзеу еді. Бұл көзқарастың қоздауына ілгерідегі алаш арыстарының

165 Халел Дос-Мұхамедов. Екі [қиыншылықта]рым // Ақ жол. – 1922. – №171. – 11 май. 166 «Егемен Қазақстан», 14 ақпан 1992 жыл.

181

пайымдаған пікірлерінің əлі толық қоғамдық санаға сіңбегіндігінен деп ойлаймыз. Халел Досмұхамедұлы сөніп-жанып, үздік-создық үш ғасырға созылған соғыс өртінің із-түзсіз кетпей, қандай қуатты мемлекет болса да, ел іргесі шайқалып, береке-бірлігі қашарына, əлеуметтік-шаруашылық əлеуеті тоқырауға ұшырарына, қабілет күші əлсірегеннің табиғатта өзінен мықтының ықпалына еріксіз көнуге бейім тұратыны заңдылық екенін қарапайым-ақ тілмен əдемі жеткізеді. Ол қазақтың басына туған сол «рахат» дəуірі ұлыт маңдайына жазылған айықпайтын сор, орны толмас қайғықасірет əкелгенін қысқа да, нұсқа жан дүниесі егіліп, бауыр еті езіле, «зар заманның» ақындарындай себептің салдарын тарқатып, көктей аңғартып қана өтеді. Əрине, себебін егжей-тегжей талдауға үй артында кісі бар. «Ауропа соғысы басталды. Алыстағы күркілді жақындайды деп ел ойламады. Қысылғаннан патша қазақ-қырғызға жармасты. Майданға жұмысқа жігіт алатын болды. Ел шулады, қарсылық қылды. Қарсылық қылған жер қан болды. Ел ояна бастады. Алақтап жан-жаққа қарады. Заманның өзгеріп кеткенін сезе бастады. Төңкеріс болды. Патша құлады. Ел қуанды. Нұр үміт көз алдына елестей қалды. Патшалықта өзара тап соғысы басталды. Темір құрсанғандардың арасында қазақ-қырғыз таяқсыз болды. Біресе оған, біресе бұған жүгінді. Екі ара жүре-жүре [жол] болды. Түркістанға жылан туды, мал қырылды. Ел састы. Жұтпен бірге талау кірді. Тонын теріс жамылған бұзақылар елді бақты. Аштық пен талау елдің есін кетірді. Жұрт қырылды, босты, күң болды, құл болды. Бұл дəурен бастан өтті. Орта түскен қазан толуға жақындады. Талаушылар қайта құсды, жаза тартды. Бұзақылардың жабуы түсді. Ел оянғандай болды. Кім дос, кім қас, болашақ мұратқа түсінерлік заман туды»167. Мəтінде артық ауыз сөз жоқ. Төтенше жағдайды суыт жеткізген телеграф хабарындай шолақ-шолақ, қысқа-қысқа ғана қайырған. Қазақтың қаралы да, қасіретті тарихи дəуір шын167

Халел Дос-Мұхамедов. Екі [қиыншылықта]рым // Ақ жол. – 1922. – №171. – 11 май.

182

дығын Халел Досмұхамедұлы сүйектен өтетін сөз құдіретімен қаз-қалпынша бейнелеген. Көсемсөздің көсемі ердің құнын екіақ ауыз сөзбен қайырған бұрынғының билерінше шынайы ақиқатты тұжырымды оймен түйіп-түйіп, термелеген. «Жел жақты күзету қолдан кетті. Ел тынышайды. Қорасы мықты қойдай болды. Күзетші күшті болды. Жарақтың керегі жоқ болды. Темірқазық жастану, бес-алты малта асы қылу қалды». Жау осал емес еді. Ең əуелі қазақты қораға қамағандай іргесін бекітіп, ел мен жерін көздің қарашығындай қорғау арұжданындай қанына біткен ішкі түйсігін жойып, бейқам тірлікке бойын əбден үйретіп алды. Жаппай əскер болған елдің азаматтық санасын қалғытып, ғафылдық ұйқысына қол-аяғын матап, бөледі. Сосын дегеніне көнбеген елдің бас көтергенінің жазасын ептеп шетінен бере бастады. Қарсы тұрар ел оянуға дəрменсіз, қолда жарақ жоқ. Махамбетше: «Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!» – деген азаматтық өр рух жел жағынан желпіген білте шамдай өшкен. Ат үстінде ел мен жерін қорғап, жеті қараңғы түнде ер-тоқымын Темірқазыққа жастанып, ен далада көз шырымын алған ерлік дəстүр мифке айналған. Қатпар-қатпар ойды терең қаузап, шым-шымдап жүрекке əсерлі жеткізу – ірі таланттарға ғана тəн шеберлік. Қазақ қара сөзінің сүтін емген емшісі тіліміздегі «қару-жарақ» орнына «жарақ» сыңарын үнемді қолдануы бұған дейінгі мұраларда сирек ұшырасатын жаңалық. Мұндай реформаторлық, жаратушылық қасиет Халел Досмұхамедұлы шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі. «Түркістанның жыланы Арқаға мешінде келді. Қой жылы ен далаға симаған қара құрымдай көп мал бір қыс да жоқ болды. Ит жеді, құс жеді, кім болса, сол жеді. Қазақ жұтады, ашықты. Мешін өтіп тауық келді, екі қанатын жайып келді. Адам мал болып далаға жайылды, ат шоңқай мен көсік жеді, тышқан аулап, мысық жеді. Жүрерге жол таппады, барарға жер таппады. Теріс тондылар күзетші болды. Алысқа сөз жетпеді, жақынға қол жетпеді. 183

Қалтаман-қарылар ел шапты, азаматты қырды. Күзетшілер сөйлеуді білді, ел жылауды білді. Өстіп бір кінə қазақдан тауық өшін алды. Тауық кетті, ит келді. Шөп таусылды, тышқан бітті, ет құрыды. Атасы баласын, анасы қызын жей бастады. Ел қырылды. Жүрерге жол жоқ, барарға жер жоқ. Келген тағы жəрдем жоқ. Бұ қиыншылықтың түбінің неге соғарын айталмаймыз. Аштықтың тоқтығы, қайғының қуанышы болады деген. Бес жылдан бергі қазақ-қырғыздың басына түскен зор оқиғалар бос өтпесе керек. Бұның салдары алдымызда білінер. Бұндай қиыншылықты қазақ-қырғыз жұрты Ақтабан шұбырындыдан бері көрген жоқ. Бір-ақ кəзіргі Сары-арқадағы əңгіме шұбырынды болмай, тек сұлама болып тұр. Сұлаған елге итті шығарып салу қиын болып тұр. Ит кетсе доңыз бен тышқан тұр. Бұлардың қалай боларын сұрап келген кісі жоқ. ...»168. Баяғының аузы дуалы шешендерінің сөз саптауындай құлақ құрышын қандыратын ақпараттық маңызы, аккумулятивтік қызметі, эмоционалдық-экспрессивтік бояуы қанықтығы сондай – көсемсөздің көтерген əлеуметтік жүгі ғылыми монографиядан да, тарихи желіге құрылған роман-эпопеядан да бір мысқал кем емес. Халел мақала мəтінінде «күзетшілер» сөзін тырнақшаға алмай-ақ «орыс отаршылдары» мəн-мағынасында қолданып отыр. Бұл жұмбақтап айтылған тұспал оқырман қауымға түсінікті, екіншіден, сөзді ойнату арқылы цензура назарына ілікпеудің амалы. Бүгін ғана арада шауып жүрген азаматтан мезгілсіз айырылу – орны үңірейіп бос қалса, ал тұтас мемлекетті құраған қалың елдің көзден біржола ғайып болуы – ұлыттың орны толмайтын қасіреті. Халел Досмұхамедұлының ұлыт басына түскен жан шошырлық қасіретті толқып, əкесі өлгенде де естіртеді, көмейіне өксік тығылғандай сөйлемдері шолтиып, екі сөз, үш сөзден құралуының өзінде қаралы мағына жүктегендей гəп бар. Сол қып-қысқа сөйлем астарында азалы да, қазалы шер-шеменді сөзбен жеткізудің оптимистік бекемдікке үндейтін қуатты сарын бар. Бұл ұлылыққа тəн шеберлікті танытады. 168

184

Бұл да сонда.

Этнограф, ауыз əдебиетінің білгірі Əбубəкір Диваевтың шығармашылық қызметінің 25 жылдығына орай 1915 жылы «Қазақ» газетінің бетінде арнайы мақала жазған Мұстафа Шоқай: «Біздің қазақ халқын шын көңілімен жақсы көріп, қолынан келген қадірінше қалам өнерімен қызмет қылғандардың алдыңғы қатарында... Əбубəкір мырзаның қолынан шығып таралған сөздер көп. Мысалы, Ерназар Бекет (Бекет батыр), Шора батыр, Алпамыс батыр... Бұлардан басқа неше түрлі өлеңдер, жар-жар, беташар, бала жұбату, құдалық жайы, біздің кəдімгі аты шулы атқамінерлеріміздің жайы, ертегілер, мақалдар... Қазақтың өзінен басқаларға түсінуге қиын бір аунама сөздері кез келіп қиналтыңқырамаса, Əбубəкір мырзаның тəржіма еткен тілі тым-ақ жатық. Бұл кісі қазақ халқына ғылым жолымен таныс орыс ғалымдарының бəріне көптен белгілі»169, – деп ілтипат білдірген еді. Көреген жанның ықыласына бөленген, саналы ғұмырын халық мұрасын жинау мен насихаттауға сарп еткен Əбубəкір Диваев қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүріне байланысты жаңсақтыққа жол бере қоюы ақылға қонбайды. Демек, мұнда бір мəн бар!? Сценарийдің екінші бабындағы көріністе «Киіз үйге лық толған қазақтар. Ортада жыршы, оның оң қапталында қолына домбыра ұстаған сүйемелдеуші отыр» деген жолдарды Халел «Жыршы жырды домбырамен өзі орындауы тиіс, оның жанында қобызбен сүйемелдеуші жəне біреудің болғаны абзал»170, – деп түзету енгізгенді дұрыс көреді. Рецензенттің ұсыныстары мен сценарий мəтінін салыстыра тексергенде бірсыпыра өзгерістер енгізілгені аңғарылады. Бірақ, неге екені белгісіз, біз əңгімеге арқау еткен сценарийдің жоғарыдағы тұстары бəз қалпында өзгеріссіз қалдырылған. Біздіңше, мұның себебі – «Түркістан автономиялы республикасы қазақпен бірге туысқан өзбек, түрікмен, қырғыз, тəжік ұлыстарының ортақ ресми отаны, сондықтан мəдени игілігін де оқшаулауға болмайды» дейтін Кеңестік солақай идеологиялық қақпайлаудың нəтижесі сияқты. Халел Досмұхамедұлы сценарийдің 15 бабындағы «уездік жəне болыстық бастықтар мен аудандық старшиналар» деген 169 Шоқаев Мұстафа. Əбубəкір Диваев // Қазақ. – 1915. – №156. – 31 октəбір. 170 ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 147 парақ.

185

сөздерді «Барлық бастықтар мен қырғыз [қазақ] старшиналары» деп өзгертілуі тиіс, себебі оқиғаның жазылған уақытында Дала өлкесінде уездер мен болыстар болған жоқ. Губерния бастығы ұғымы өлке бастығы, генерал-губернатор болып өзгертілуі тиіс»171 деген ұсынысын енгізеді. Дəл осылай қоғамдықəлеуметтік ұғымдар мен атау сөздерді қолданғанда нақты тарихи шындықпен сəйкес келуіне баса назар аударудың қажеттілігін ескертіп, бірнеше мысалдар келтіреді. Қазақтың əдет-ғұрпы, тəлім-тəрбиесіне, əскерилер мен лауазымды төрелердің киім үлгілеріне шейін ерекше мəн беріп, заманына лайық болуын қадағалау лəзім дейді. Мəселен, мəтіннің 84 бабында: «Бекет əйелін емес, шешесін құшақтауы керек»172 деуі де қазақ тұрмысындағы əдеп тұрғысынан шындықпен үйлесіп, нанымды болуы шарт екенін меңзеген. Міне, Дала өмірінің тарихи əлеуметтік кескідемесін шынайы сипаттауда əрбір деталь мен штрихқа мəн бергенде ғана көркемфильм өз мақсатына жететініне рецензент күмəн туғызбайды. Мұхтар Əуезов 1927 жылы жарық көрген «Əдебиет тарихы» кітабында «Бекет батыр» жырының идеялық-көркемдік мəніне арнайы тоқталып: «Заманында Исатай істеген ерлікті істеп, қалың елдің қамын ойлап, көптің тілеуіне сүйеніп, өз басын құрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ұлықты өлтіріп, патша өкіметіне қазақ елінің жүрегінде жатқан қарсылықты ақырғы рет осындай үлкен іспен көрсеткен. Сондықтан Бекеттің даңқы қазақ даласына көп жайылып, жоғарыда айтқандай ертегіге ұқсас əңгіме болған. Бекетті тарихи өлеңнің қаһарманына қосатын себеп осы»173, – деп түйеді. Ғұлама ғалымның бұл еңбегіне алғаш орыс тілінде талдау жасап, ғылыми құндылығын дəлелдеп, оң бағасын берген «Алаш» партиясы бағдарламасын түзгендердердің бірі, алаштың біртуар азаматы Елдес Омарұлы еді. «... «История литературы» М.О. Ауэзова (около 300 стр., Казгосиздат, 1927, Ташкент) предоставляет собою первый опыт систематизации и научного анализа образцов устного творчества казакского народа, не только на казакском языке. Автор в 171

Сонда. Бұл да сонда. 173 Əуезов Мұхтар. Əдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 167 б. 172

186

этой книге разбирает образцы народной поэзии классифицируя их по жанрам, причем им охвачены также и периоды индивидуального творчества вплоть до Абая; т[о] е[сть] до начала новой казакской литературы. Историко-литературный анализ материалов произведений на основе культурно-исторического метода. Данный труд М.О. Ауэзова является весьма ценным не только в отношении литературоведения в казакском масштабе, но и в отношении тюркологии вообще... Преподаватель Востфака САГУ по казакскому языку Елдес Омаров»174. Елдес Омарұлы жаңа ашыла бастаған ұлыттық мектептер мен жоғары білім ордаларының рухани сұранысын өтеген ана тіліндегі оқу құралдарын жазды. Ол – буын-буын жас ұрпақтың ғылым-білімге көзін ашқан «Физика» /Орынбор, 1923 ж., 397+XXXI+12 бет. Таралымы 5000 дана/, «Пішіндеме» (ол «Геометрия» терминіне осылай қазақша балама таққан – А.Мек.) /Қызылорда, 1928, I бөлімі 230 бет, суреттері бар; II бөлімі 217 бет/, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен сөйлем жүйесіне, əртүрлі өзекті мəселелеріне қатысты бірнеше іргелі ғылыми еңбектің, көптеген көсемсөз мақалалардың авторы. Ал əлгі аталған екі оқулық – қазақ – қазақ болғалы ана тілінде жазылған тырнақалды еңбек екендігімен құнды. Елдес Омарұлының «Əдебиет тарихына», жалпы, Мұхтар Əуезов шығармашылығына əдеби талдау жасаған, сыни пікірі Кеңес билігі заманында ғылыми айналымнан мүлдем шығарылып, тиым салынған еді. Жырға арқау болған оқиға желісі өмірлік шындықтан алынғандығына Телжан Шонанұлының «Қазақ жер мəселесі тарихы» деген атпен 1923 жылы жазылып, 1926 жылы Ташкент қаласында жарық көрген іргелі еңбегінде нақты дерек береді: «Көтібардың Есетінің Арыстанды өлтірген себебі де – осы қоныс таласы, Жем мен Елек арасындағы жер үшін болатын. Қазақтың аға сұлтан мен сұлтан-правительге жарыған күні жоқ, Жантөренің Арыстаны Есетті орысқа жамандап, Жем мен Електің арасынан Борсыққа қарай, Шеңгелге қарай асырған. Есет – Шектінің Қабақ деген аталығы, Көтібардың баласы. Есет тұқымы осы күні Ырғыз уезі, Шалқар ауданы, Орда қонған болысында. Əбубəкір Диваевтің жинаған Бекет жырындағы 174

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 19–19 парақтың сырты.

187

Аненко-Бернадтың өлеңмен жазған орысша Бекет драмасындағы Арыстанды Бекет өлтірді деген сөздер қате. Жантөрені өлтірген Қарақай болатын. Арыстанды өлтірген Есет болатын. Бұл оқиғалар Ырғыз, Торғай қалалары салынар кезде болған»175. Қазақта көркем фильмге тақырып боларлық бұл тақылеттес сюжеттер көптеп саналады. Алайда сценарий авторының қалауы «Бекет батырға» түскен. Өнер туындысының сюжеті орталық кейіпкер Бекеттің айналасында өрбиді. Шығармада қазақ өмірінің бастан кешкен саяси-əлеуметтік шындығын бейнелеуге талпыныс жасалған. Ұлыттық əдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, ат бəйгесі, көкпар тартысы, баршасы қаһарманның қыр-сырын, образын ашуға, сананы өсірген əлеуметтік күрестерді айқындауға құрылған. Сценарийдегі алғашқы əрекет түз елінің тəуелсіздігі мен азаттығы жолындағы Бекеттің басқыншы орыс əскерлерімен стихиялы қақтығысынан басталып, оқиға ширыға түседі. Бекет соңына ерткен төрт жүз сарбазымен патша əскері орналасқан лагерьге шабуыл жасап, жекпе-жек айқаста қаруланған жау полковнигін мерт қылады. Осы ұрыста ол жендеттермен ауыз жаласқан қанқұйлы дұшпаны Арыстан ханды жер жастандырады. Генерал-губернатор Бекетті ұстап Орынборға жеткізуге əмір береді. Бүлікшіні айла-шарғымен торға түсіруге ең жақын досы Шернияз көмектеседі. Оқиға тартысы сатылап дамып, шарықтау шегіне көтеріледі. Бекет абақтыға жабылады. Алыс итжеккенге айдалады. Оның соңынан əйелі іздеп барады. Ержүрек батыр тұтқыннан қашып шығып, туған еліне, отбасы, ошақ қасына оралады; Шернияздан кегін қайырады. Шығарманың өн бойы осындай драмалық тартыс пен шиеленіске құрылған. Сценарий финалы саясатпен шендестіріліп: «Дүние жүзі жұмысшы күшінің тегеурінді күресі – отаршылдық қанаудың бұғауын үзді. Езілген Шығыс халықтарына азаттық таңы атты. Жасасын Коммунистік Интернационал!» – деп «идеялық мұратын меңзеген» ұран сөздермен аяқталады. Оркестр əуезімен Шығыс сарынында дабыл соғылып, фильм бітеді.

175

Шонанұлы Телжан. Жер тағдыры – ел тағдыры. – Алматы: Санат, 1995. – 34 б.

188

Cол дəуірдің талабына сəйкес сценарий де, оған берілген рецензия да орыс тілінде жазылған. Осы айтылғандарды ойша қорытсақ, жоғарыдағы дүдəмал жайдың шешуін, жұмбақ гəптің сырын біршама ұғуға болады. Біріншіден, Түркістан республикасы құрамында қазақ ұлытының өкілінен гөрі өзбек, түрікмен, қырғыз, тəжік жəне басқа шығыс халықтарының үлес салмағы əлдеқайда басымдау болды. Екіншіден, кеңестендіру саясаты күшті қарқын алған шақта «ұлыттар бірлігі» деген жалған ұран, бояма қағида шеңберінен шығу «саяси көрсоқырлық» немесе əдейі жасалған «зиянкестік əрекет» ретінде бағаланды. Үшіншіден, Түркістан республикасынан шығатын тұңғыш кинофильмнің жергілікті халықтың мəдени ортақ мұрасы болу жағы көзделді. Төртіншіден, Бекет батыр өмір сүрген дəуірде əлеумет санасында елесі де жоқ «Коммунистік Интернационалды» жөнсіз тықпалауы – жыртыққа жамау жапсырғандай еп-ерсі көрінетін қызыл идеологиялық зомбидің қаншалықты пəрменді екенін айқындайды. Сондай-ақ Телжан Шонанұлының мəлімдеуінше, Əбубəкір Диваевтің халық аузынан жинаған «Бекет» жырының негізінде орыс тіліндегі сценарийдің авторы Аненко-Бернад екеніне көзіміз жете түседі. Олай болса, сценарий мəтініндегі олқылықтардың Аненко-Бернадтың қазақ өмірін жетік білмеуінен кеткен дейтін жорамал айтуға да болады. Халел Досмұхамедұлы өз пікірінде: «Егер жоғарыда көрсетілген түзетулер енетін болса, онда сценарий тарихи тұрғыдан да, тұрмыстық жағынан да өмірлік шындыққа жақындайды. Түркістанды мекендейтін күллі қазақ жұртына белгілі «Бекет батыр» жырының киноматографиялық картинасын қалың бұқара қуана қарсы алады деп ойлаймын. Жергілікті жердің тұрмысында «Бекет» – кинотеатр экранында ойналатын бірінші пьеса, Түркістан өлкесін мекендейтін байырғы халықтың мəдени өміріндегі елеулі оқиға. Ең бастысы, түсірілген бейнесуреттердің қазақтың бет-пішіміне, салт-дəстүрі мен  Аненко-Бернад есімі мен тегі сол дəуірдегі қазақ тілінің артикуляциялық-акустикалық айтылымы мен араб графикасына негізделген емлелік жазу заңдылығына сəйкес таңбаланған орыс жазушысы əрі сахна шебері Анненко[ва] Берна[р]д Анна Павловна (1859–1933) деп топшылаймыз – А. Мектеп-тегі.

189

тіршілік-ғұрпына міндетті түрде сəйкес келуі тиіс»176 – дейді. Ал ұлыттық кино өнерінің тарихын зерттеуші мамандар 1938 жылы түсірілген «Аманкелді» көркем фильмін қазақ мəдениетіндегі тұңғыш фильм санап келді. Олай болатын себебі 1930 жылы алаш арыстары жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға қамалып, жат жерге аударылған соң, енді елдің санасын Кеңестік құрылысқа сай өзгертуге тарихи оқиғаны экрандау əлеуметтің визуалды қабылдау əсерін, эффектілік қуатын пайдалану тиімділігі күн тəртібіне қойылды. 1934 жылы Иосиф Виссарионович Сталин Мəскеуде əдебиет пен мəдениет қызметкерлерінің бүкілодақтық мəжілісін өткізеді. Кеңес Одағына енген республикалардың əдебиет жəне мəдениет саласына қатысты майталман өкілдері алдында Сталин жолдас сөз сөйлеп, жиналғандарға Кеңестік жаңа адамның көркем бейнесін сомдау міндетін жүктейді. Нақ осы жылы азамат соғысының қаһарманы, қызыл комиссар Василий Иванович Чапаев туралы көркем фильмнің экранға шығуы мəдени өмірдегі зор жаңалық болды. Мəжілісте ұлыт республикаларынан келген əдебиет жəне мəдениет қайраткерлері мəртебелі мінбеден өз ой-пікірлерін ортаға салады. Солардың қатарында украйналық Александр Довженко да алдағы шығармашылық жоспарын баян етеді. Президиумда мұқият тыңдап отырған Иосиф Виссарионович Сталин шешеннің сөзін бөліп: – Довженко жолдас, украйндардың Чапаевы туралы кинофильм қашан түсіріледі!? – деп ақырын ғана өзіне тəн жұмсақ кавказдық аксентпен тосын реплика, сауал қояды. Көсемнің аузынан шыққан əрбір лебізі орындалуға тиіс ишарат белгідей «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда!» дегенді меңзейтін. Ымды білмеген – дымды білмейді. Делегацияны бастап барған Қазақстан ВКП(б) Өлкелік Комитетінің бірінші хатшысы Левон Исаевич Мирзоян елге оралысымен «қазақтың Чапаевын» киноға түсіруді дереу ұйымдастыру мəселесін кезекті күн тəртібіне қояды. Сөйтіп «Амангелді» фильмін 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы экранға шығарды. Көркем фильмнің сценарийін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповке тапсырыспен жаздырды. Сценарийде алаш арыстарын Кеңес өкіметінің тап жауы ретінде сипаттайды. Фильмнің түсірілімі бітер176

190

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 148 парақ.

бітпесте Бейімбет Майлин «халық жауы» деген жаламен нақақтан-нақақ қуғын-сүргін құрбаны болды. Қызыл коммунистер жүргізген саясат алаш арыстарының есімімен байланысты күллі рухани-мəдени мұрамызға қатысты жəдігерлерімізді ғылыми айналымнан шығарып, вакуумда ұстап, ұлыттың тарихи жадынан мүлдем өшіруді көздеді. Алайда олардың бұл ойлаған пасық жоспарының күлі көкке ұшты. Ендеше, ұлыттық кино саласындағы алғашқы қадам 1922 жылы жасалғанына «Бекет батыр» киносценарийі айғақ болып тұр. Егер сценарий негізінде картинасы түсірілген болса, Ташкенттің архив қорында кинотаспасы сақталуға тиіс. Өкініштісі, Ташкентте болған арнайы іссапарымызда кино-фотоқұжаттарды қарауымызға архив басшылары тарапынан рұқсат етілмеді. Тарихи лента табыла қалса, қазақ кино өнерінің қарлығашын экрандауға қатысқан шығармашылық топты анықтауға да себі тиер еді. Мұның өзі тұңғыш ұлыттық кино өнері өндірісінің дамуына, кəсіби төлтума киносценарий, кинорецензия жанрларының қалыптасуына Халел Досмұхамедұлының қосқан үлесін айқындайды. Сөйтіп қазақ мəдениеті мен өнеріне жаңалық енгізер жəне бір жəдігермен толыға түсер еді. Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің қызметі Түркістан өлкесіне ғана емес, мұқым қазақ даласына білім мен өнердің нұрлы сəулесін шашқан, рухани қасиетті ұяға айналды. Ел-жұртты жаппай мəдениетке тартудың ұтымды жолдарын ізденген іс басындағы төрағаның қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік əдебиеттер мен көркем туындыларды, баспасөз бетіндегі жарияланымдарды насихаттауға дауысты зорайтқыш аспаптарды пайдалана отырып, ауыл-ауылда мəнерлеп оқып, қалың бұқара санасына сіңіруді көздеген тапқырлық əрекеті де қызық-ақ. Сөз асылын айыратын, жады таза, құйма құлақ туған халқының мінез-құлық, жан-жүйесін ағартушы-ұстаздың өте нəзік сезінгендігіне осы амал-айласының өзі толық айғақ. Халел ойлап тапқан бұл құлақпен оқу əдісі – əліпті таяқ деп білмейтін қауым үшін ғылым-өнердің құдіретін жүрегімен ұғып, білімге ұмтылуына заманында ықпалы өте күшті болды. «Халыққа баспа газеті жетпейтін жерде, сондай-ақ халықтың сауаттылығы төмен жағдайда газетті осылай оқуға тура келді. Мұндай оқу кезінде уақыт, орын, лайықты үй, арнайы оқушылар дайындалды, кəдімгі газет материалдары тыңдаушыларды жалық191

тырмайтындай жəне жылдам түсінілетіндей етіп өңделді»177, – деп, профессор Намазалы Омашұлы радиогазеттің əлеуметтік қажеттіліктен тууына байланыстыра пайымдайды. Олай болса, Халел Досмұхамедұлы – алғашқы ана тіліндегі радиогазетті ұйымдастырушылардың бірі деуге толық негіз бар. Халел Досмұхамедұлы маман дəрігер ретінде медицина тақырыбына Кеңес дəуірінде де жиі-жиі мақала жазуына тура келді. Өйткені буыны бекіп, бұғанасы қатып үлгермеген мемлекеттік денсаулық қорғау орындарының қызметі бұқаралық сипатқа ие болып кете алмауы, кəсіби мамандар мен қажетті дəрі-дəрмек, құрал-жабдықтардың жетіспеуі, елдің əлеуметтік тұрмыс деңгейінің өте төмендігі, бұл салада шешуін күткен мəселе шаш етектен еді. Демі бардың емі бар. Дəрігердің «Шума қандай ауру?» («Ақ жол» газеті, 1924, №430), «Бит туралы» («Жас қайрат» журналы, 1924, №3–4), «Биттен сақтану жолы» («Жас қайрат» журналы, 1924, №5), «Жұқпалы аурулар» («Ақ жол» газеті, 1925, №552), т.т. мақалалары аурудың алдын алу шараларын елге түсіндіруде үнпарақтай қолдан-қолға тарап, ақпараттық, насихаттық маңызы орасан зор болды. Тəні саудың – жаны сау. Қоғамның рухани салауатты болуы, оны құрайтын жеке адамдардың тəн саулығына байланысты. Бұл қай уақытта да мемлекеттің күн тəртібінен түспейтін стратегиялық ең маңызды саяси ұстанымы болып қала бермек. Дəрігер-көсемсөзшінің жазғандары қазақ елінде мемлекеттің қалың бұқараны əлеуметтік қорғауға қауқарсыз қиын-қыстау шағында ауадай қажет болды. Ол жоғарыдағы «Шума қандай ауру?» атты ғылыми-көпшілікке арналған мақаласында қазаққа қасірет əкелген дерт туралы толық мағлұмат береді. «Айсадан 435 жыл бұрын гректің Фокидет деген адамы елінде болған бір індеттің белгілерін жазып кеткен. Тексергенде бұл шума болып шығады. Фокидеттің сөзіне қарағанда, бұл індет Абиссинеден (Хабашстаннан) басталып, Мысырға, Парсияға жайылып, грек жеріне келіп, он жылдай ел ішін қыдырып, көп қырғын тапқызған.

177

80 б.

192

Омашұлы Н. Жол үстінде – журналист. – Алматы: Атамұра, 1999. –

...1912-інші жылы Мəскеуде шумадан жүз жиырма жеті мыңдай адам өлген...»178, – деп, ел басына түскен ауыртпалық апаттың жан шошырлық қауіптілігіне назар аудартады. Шағын ғана үзіндіден індеттің таралу аумағы мен топалаң тигендей жүрген жерін ойран-топырын шығаратын сұрапылдығынан мағлұмат берілген. Тірі пендені шетінен жалмаған тажалды пернелеп, «ел ішін қыдырып, көп қырғын тапқызған» ертегідегі құбыжықтай əсірелеуі – күрестің қаншалықты күрделі екендігін көсемсөз шебері əлеумет санасына сезінте білген. Талайға ажал қаптырған бəлекеттің көпшілікке түсінуіне жеңіл, ұғынуына оңай, қорытуына ыңғайлы болуы үшін жеке-жеке тақырыпшаларға бөліп, жіктеп берген. Мақаланың композициялық сүйегі: «Шума қандай ауру?», «Шума құрты не?», «Шума қалай жұғады?», «Шума қалай жайылады?», «Шуманың түрлері», «Без шумасы», «Шуманың орындары», «Хəзіргі шума қайдан келген?», «Шумадан қалай сақтану керек?», «Шума таралмас үшін қандай шара қылу керек?» – деген өзекті мəселелерді атапатап, соған орай жеке-жеке жауап береді. Композициялық пішіні жағынан бұлай жүйелеп, əлеуметтің көкейіне қонымды етіп құю əдісі – көсемсөз шеберінің ерекшелік қыры. Бүгінгі таңда медицина тəжірибесінде қалың бұқараға қауіпті ауру-сырқаудан алдын ала қорғанудың басты кепілі қысқа əрі нұсқа жазылған жаднамалар (жарнамалар, бейнежазбалар, бейнематериалдар, қабырға газеттері, үнпарақтар, ақпарат құралдары) арқылы алдын-ала сақтандыру шаралары кең қолданылады. Халел Досмұхамедұлы тəн саулығымен қатар ана тілінің де табиғатын сақтау, тіл мəдениеті мен үндестік заңдылығын, əуезі мен ырғағын, күллі жазылу қағидасын естен шығармайды. Бұл оның шығармашылық өнеріндегі қалыптасқан дағдысы мен машығы деуге болады. Көсемсөз шебері «Дүния қалай жаратылған?» («Жас қазақ» журналы, 1923, №1), «Түрүк тілдері туралы» («Шолпан» журналы, 1923, №3–5), «Диуани лұғат ат-түрүк» («Шолпан» журналы, 1923, №6–7–8), «Басқармаға хат» («Ақ жол» газеті, 1924, №416), «Қазақ тіліне латын хəрфін алу мəселесі» («Ақ

178

əпірел.

Досмұхамедұлы Х. Шума қандай ауру? // Ақ жол, 1924. – №430. – 27

193

жол» газеті, 1924, №435), т.б. көптеген ғылыми-танымдық, зерттеу мақалаларын жариялады. Бір ғажабы, осы жылдары Халел Досмұхамедұлы Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы, Мемлекеттік баспаның ғылыми-редакторлық бөлімін меңгеруші, Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының Емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі əрі Алқа мүшесі, Оба дертіне қарсы күрес Орталық Комиссиясының төрағасы қызметтерін қатар атқарды. Ол қандай қызмет жүктелсе де абыроймен жарқырап көрініп, ұлытының рухани жаны мен тəн саулығының шипагері бола білді. Жалпы, Халел Досмұхамедұлы көсемсөзінің ерекшелiгi – тiлiнiң өте қарапайым бұқарашылдығы. Ол не туралы толғанса да – елдiң қабылдауына жеңiл əрi көкейiне қонымды етiп жазады. Қиналып, қара тер болу, күшеншектiк оның жазу машығына жат. Публицистiң жəне бiр тəлiмдi ерекшелiгi – əр мақаласында қазақ тiлiнiң сөздiк қорын толықтырып, жаңа термин, соны сөзжасам қолданыспен өрістетіп, шығармашылықпен дамытуы. Бұл тұрғыда мерзiмдi баспасөздi, əдеби тiлдi шыңдап, жетiлдiретiн шығармашылық көрiк ретiнде көпшiлiк қауымның талғам-танымы мен сынына салып, елеп-екшеп алатын тезiне айналдыруын атап өткен абзал. Қарымды көсемсөз шебері, бiлiктi дəрiгер Халел Досмұхамедұлы қазақ қоғамының тамырын ұстап, жүрек соғысын байқап, дерттiң дауасы мен сауықтырудың амалын iздедi. Шындығында, аурудың асқынып кеткенi соншалық – қазақ қоғамының рухани жаны мен тəн саулығына арашаға түсетiн шипагер жандарға зəру болды. Осындай алмағайып заманда Халел Досмұхамедұлы публицистикасының құдiретi елжұртының жан-тəнiне қуат бердi, əлеуметтi саяси-мəдени эпидемиялық түрлi кеселден дер кезiнде аман алып қалды. Бұл ретте Халел Досмұхамедұлын ұлытымыздың медициналық мəдениетін ғана емес, саяси-рухани сауығуына өлшеусiз үлес қосқандығын көремiз. Сайып келгенде, Халел Досмұхамедұлының шығармашылық шеберлігі мен ізденіс машығы, əмбебап білімпаздығы мен қалыптасқан стильдік қолтаңбасы ұлыттық көсемсөз мектебінің дамуына елеулі үлес қосты. Көсемсөздің көсемі қоғамдық өмірдің қай саласына байланысты толғақты мəселені көтерсе де кəсіби дəрігерге тəн рухани-əлеуметтік дерттің диагнозын 194

қойып, одан шұғыл айығатын ем-домның дауасын табуға, қажеттілік туа қалса, лезде ота жасап, кеселді сылып тастауға машықтанған біліктілігін танытты. 2.2. «САНА» ЖУРНАЛЫ – ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КӨСЕМСӨЗДІҢ ҚАНАТ ЖАЮЫ Халел Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы төрағасы бола жүрiп, қан тамырындай сан тарау жұмысқа мұрындық болды. «Сана» атты ғылыми көпшiлiк əдеби журнал шығарды. Халел Досмұхамедұлы ғылыми-көпшiлiк əдеби альманах шығаруды 1922 жылы-ақ Казақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының жоспарына енгiздi. Ол бұл мерзiмдi басылымды ауыл мектептерiндегi мұғалiмдер мен шəкiрттерге, өнер-бiлiмге талпынған жалпы оқырман қауымға ғылыми бағдар-бағыт беретiн педагогикалық құралға айналдыруды көздедi. Мемлекеттiк Ғылыми Кеңес Халекеңнiң дəлелдi ұсыныстары мен тiлек-хаттарына ден қойып, қаражат бөлуге уəде бердi. Төрағаның оқу-ағарту саласында арнайы баспасөзге деген сұраныстың маңыздылығын дүркiн-дүркiн талап етуiнiң нəтижесiнде ақыры жоғарыда айтылған «Сана» журналының жарық көруiнiң сəтi туды. Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң Түркiстан Республикасы Халық Ағарту Комиссариатының алқасына жазған дəйектемесiнде ол журналдың күллi шығынына жұмсалатын ақшалай қаржының есеп-қисап мөлшерiн көрсетедi: «Қазақ тiлiндегi «Сана» журналы. Таралымы – 2000 дана. Көлемi – 8 баспа табақ. Жылына төрт рет шығады. 1. Редакциялануына, басылуы мен қаламақысына кететiн шығын: №

1 баспа табағына құны алтын ақшамен

8 баспа табағына құны алтын ақшамен

32 баспа табағына құны алтын ақшамен

1. 2. 3. 4.

Қаламақы 50.96 Редакциялануына 14.09 Шығарылуына 2.42 Жалпы есебi 67.47

407.68 112.72 19.36 539.76

1630.72 450.88 76.44 2158.04 195

Ескерту: Редакциялануға, басылуы мен қаламақыға кететiн шығын есебiн Журналистер Бюросы Секциясының (19/V–23 ж.) тарифына сəйкес орташа баға мөлшерiне сүйендiк.

II. Қағаз бен баспахана iсiне кететiн шығын: 1 баспа табағына құны алтын ақшамен ... ...

8 баспа табағына құны алтын ақшамен ... ...

32 баспа табағына құны алтын ақшамен ... ...

[Бiз көп нүкте қойған тұстардағы сандық көрсеткiш белгiлер түпнұсқада өшiп қалған – А.Мек.].

Ескерту: Баспахана жұмыстарының баға жөнiндегi дəйегiне Түркiстан мемлекеттiк баспасының анықтамасын негiзге алдық.

Қажеттi жалпы есебi: жылына – 8316.84 алтын ақшамен айына – 693.07 алтын ақшамен Егер типографиялық шығынның жəне басқа да себептердiң нəтижесiнде бағаның құбылуын ескерiп, дөңгелектесек: «Сана» журналына жылына 8500 алтын ақша жұмсалады»179. Осыдан соң Халық Ағарту Комиссариаты өлкеде қалыптасқан экономикалық қиындыққа қарамастан аталған басылымға тиiстi мөлшерде қаржылай демеу жасайды. «Сананың» жекелеген санының сауда орындарында сатылу бағасы шамамен 50 тиыннан айналды. Қалың көпшiлiк қауымға арналған журнал үшiн бұл ең жоғары баға едi. Сондықтан Халел Досмұхамедұлы Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестен осы мəселеге көңiл бөлiп, мерзiмдi баспасөздiң iлкi сандарын жартылай арзандатуға ықпал етуiн өтiндi. Шалғай орналасқан аймақтардағы оқырмандардың қолына тегiс жетуiн ойлаған редактор каникулға шыққан қазақ педагогикалық институты студенттерi арқылы «Сананы» жержерге таратып та отырды. 1923 жылы 29 желтоқсанда Түркістан Республикасы Халық Ағарту Комиссариаты Комиссиясына жолданған Ғылым Кеңесінің «Наука и Просвещение», «Сана», «Билим-очаги»

179

196

ӨР ОМА. P-34 қор, I тiзбе, 2096 iс, 5–5 парақтың сырты.

басылымдарын жарыққа шығару туралы баяндамасын 8 қаңтар 1924 жылы №26 болып тіркеген. Бұл құжатта былай делінген: «Кең байтақ Түркістан Республикасында мəдени күштің шашыраңқылығы орталықпен шалғай орналасқан аймақтың идеялық байланысы ағарту саласындағы қызметкерлер арасында үзіліп қалмауы үшін Халық Ағарту Комиссариатының бағытбағдар беріп, бір арнаға тоғыстыратын арнайы басылымы болуы қажет. Халық Ағарту Комиссариатының ұйымдастыру жұмысын таныстыратын, методологиялық, педагогикалық жəне ғылыми бағыттағы, атап айтқанда, этнографиялық, өлкетану мен өлкені зерттеуге арналған еңбектерді ұдайы жариялап отыратын «Наука и Просвещение» журналы болуға тиіс. Сонда ғана Түркістан Республикасындағы байырғы халықтардың мəдени ісшараларын өткізгенде сауаттылық деңгейі көрініп тұрады. Мемлекеттік Ғылыми Кеңес жанындағы Ғылыми-педагогикалық Комиссиясының төрағасы Архангельский жолдастың пікірінше, осы уақытқа дейін жарық көрген орыс тілінде мұндай журнал болған жоқ. Əдетте бірінші саны шығар-шықпаста-ақ журнал өзінің қызметін тоқтатын, өйткені жеткілікті түрде таратуды ұйымдастыра алмау мен материалдық базаның жоқтығынан болатын. Себебі мынада: а) журнал мазмұнына байланысты; б) тарату мəселесін ұйымдастыра алмаудан. I. Мазмұны бойынша. Журналдың күйі өте декларативтік, сөз жүзінде ғана шығып мұғалімге нақты материал ұсынылған жоқ, немесе тым академиялық бағыт ұстанғандықтан оқытушы мүддесіне еш үйлеспейді, сонымен құр шикі қисынсыз материалға құрылған. Барлық журналдарға тəн белгі мұғалімге қатысты қойылатын басты талаптарға сай мəселелер əлсіз немесе мүлдем қамтылмаған. Журналдарды мынандай бағдарлама ізімен қалыптастырса: 1. «Наука и Просвещение» ағарту саласындағы мəселеге байланысты принципті жағдайдағы сүйенетін ең басты заң мен өкім ... 2. Түркістан Республикасындағы ағартушылық құрылыстағы тəжірибені айқындауға байланысты мақалалар. 3. Педагогикалық ойларға байланысты жаңалықтар. 197

4. Ғылым мен өмір жайындағы жаңалықтар. 5. Мұғалім мен мектепке арналған кітаптар. 6. Түркістан Республикасындағы ұлыстардың халық ағарту саласы бойынша статистика мен хроника. 7. Өлкетану – Түркістанды ғылыми зерттеудегі хроника жəне жергілікті ғылыми қызметкерлерге нұсқау. Журнал осындай үлгіде шығар болса, жолдас Ахангельскийдің ойынша, бастыруға əбден тұрады. Енді журнал ай сайын емес, жылына 4 мəрте жарық көреді. Қазақ Ғылыми Комиссиясының журнал көлемі 8 баспа табақ, құрылымы басты мынадай бөлімдерге бөлінді: 1. Ғылыми-педагогикалық бөлім – 3 баспа табақ. 2. Көркем-əдеби жəне этнографиялық бөлім – 4 баспа табақ. 3. Басқа бөлімдер (ақпараттық, статистикалық, библиографиялық, анықтамалық, қаулы-қарарлар) – 1 баспа табақ... Басылым аты «Наука и Просвещение» «Сана» «Билим-очаги»

Бір жылға 7462.80

621.90

Бір айға

8316.84 8316.84 Барлығы – 24.096.28 алтын ақшамен

693.07 693.07 2008-04 алтын ақшамен

Баспахана шығынының өзгеріп отыруын ескеріп, дөңгелектесек: «Наука и Просвещение» жылына 7500 алтын ақшамен «Сана» 8500 алтын ақшамен «Билим-очаги» 8500 алтын ақшамен _______________________________________ Барлығы – 24 500 алтын ақшамен. Халық Ағарту Комиссариатының Алқасы осы сметалық есепті қарап, ай сайын көрсетілген сомамен қаржыландырып, аталған басылымдарды бастырып отыруға Мемлекеттік Ғылыми Кеңес ұсыныс жасады... II. Журналдарды таратуды шешу үшін: 1. Журналдың жарық көргендігі жөнінде мектептерді жəне ағарту бағытындағы мекемелерді кең түрде құлақтандырып, 198

бірінші санында оның сатылым бағасы мен алатын мекенжай орнынан ақпарат беру. 2. Журналға жазылуды жəне жекелеген сандарын сатып алуды барлық институттарда ұйымдастыру. 3. Бəлкім, Халық Ағарту Комиссариатына қарайтын кейбір мекемелерге журналға жазылуды міндеттеу керек шығар. Архангельский жолдастың пікіріне қосыла отырып, Мемлекеттік Ғылыми Кеңес оның баяндамасы мен толық сметалық жобасын талқыға салып, құптайды деген ойда. Смета орыс тіліндегі «Наука и Просвещение» журналын баcтыруға (жылдық жұмсалатын қаржы). Ескерту: Таралымы 1000 дана. Журнал көлемі 6 баспа табақ. Жылына – 6 саны, көлемі 36 баспа табақ. I. Редакциялау, бастыру мен қаламақы шығыны 1 баспа табақ бет алтын ақшамен Қаламақы Редакциялау Бастыру Барлығы

50.96 рубль 14.09 2.42 67.47

6 баспа табақ беттің алтын ақшамен бағасы 305.76 рубль 84.54 14.52 404.82

36 баспа табақ бет алтын ақшамен бағасы 1834.56 рубль 507.24 87.12 2428.52

Ескерту: Қаламақы, редациялау мен бастыру жұмыстарына шыққан шығын мөлшері Журналистер Секциясы Бюросының (19/V–23 ж.) тарифына сəйкес есептелді. Цифрлар – орташа айлық максимум жəне минимум.

II. Қағаз бен бастыруға кеткен шығын. Қағазға, теруге, бастыруға, бүктеуге

1 баспа табақ беттің бағасы алтын ақшамен 139.83

6 баспа табақ беттің бағасы алтын ақшамен 838.98

36 баспа табақ беттің бағасы алтын ақшамен 5033.88

Ескерту: Баспаханалық жұмыстардың бағасына байланысты деректер Түркістан мемлекеттік баспасының анықтамасы негізге алынған (26/V–23 ж.). 199

Нəтижесінде: бір жылға – 7462.80 алтын ақша. бір айға – 621.90 алтын ақша қажет. «Наука и Просвещение» басылымымен бірге қазақ тілінде «Сана» (Мысль) жəне өзбек тілінде «Билим-Очаги» (Очаг знания) журналдары қатар жарық көреді. Бұл екі басылым да Түркістан Республикасының аталған ұлыттарының тұңғыш ғылыми-көпшілікке арналған, иллюстрациялы журналы, 11баспа табақ, əрбір санында 176 бет жəне 5 сурет қамтылған. Анықтама: Түркістан Халық Ағарту Комиссариатының басылымдарына сметалық есеп бойынша (қосымша тіркелген) қажетті сома. «Наука и Просвещение» /таралымы 1000 дана, 2 айға 6 баспа табақ бір кітап немесе бір жылға 6 кітап, 7500 алтын ақша. «Сана» /таралымы 2000 дана, 3 айға 8 баспа табақ бір кітап немесе бір жылға 4 кітап, 6700 алтын ақша. «Билим-очаги» /таралымы 2000 дана, 3 айға 8 баспа табақ бір кітап немесе бір жылға 4 кітап, 6700 алтын ақша. _____________________________ Барлығына шығатын шығын 20.900 алтын ақша немесе айына 1750 алтын ақша. Ғылыми хатшы [қолы] 29/XII–23»180. Халық Ағарту Комиссариаты Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің тілі «Сана» журналына міндетті түрде жазушы тілшілердің қатарында мыналар бар: Арабайұлы Ишанғали, Асфандиярұлы Санжар, Əуезов Мұхтар, Байғурин Əлжан, Тынышбайұлы Мұхамеджан, Жандосұлы Ораз, Жəленұлы Кəрім, Жұмабайұлы Мағжан, профессор Шмит Александр, Қожанұлы Сұлтанбек, Досмұхамедұлы Жанша, Досмұхамедұлы Халел, Досжанова Аққағаз, Диваев Əбубəкір, Рысқұлұлы Тұрар, Сүлейұлы Білəл, Ғалымжанов Файзолла, Қашқымбайұлы Иса, Оликов Федот, Есболұлы Мырзағазы, Омарұлы Уəлихан, тағы басқалар181. Журналдың мақсатын оның беташар санында: «Заманымыз мəдениет заманы, мəдениетке бiлiм жеткiзедi. Бiлiм оңайлықпен 180 181

200

ӨР ОМА. P-34 қор, I тiзбе, 2096 iс, 4–8 парақ. Сана, 1923. – №1. – 2 б.

қолға түспейдi. Бiлiм алуға көп еңбек, аса сабыр керек... «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса... кемшiлiктердi жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалiмдерге, жас өспiрiм шəкiрттерге түсiнiктi сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс, дегенмен де кiрiспеске амал жоқ»182, – деп жазды Бас редактор. Журнал бетiнде ғылымның түрлi саласынан танымдық хабарлар, шет елдердiң мəдениетi мен өнерi, үлгiлi iстерi жөнiнде қызықты деректер басылып тұрды. Негiзiнен журналдың ұстанған бағыты қазақ халқының өткен тарихи-мəдени ескерткiштерi, əдет-ғұрпы, салт-санасы, киген киiмi, тұтынған бұйымдары мен заттары, дүниенiң жаралу, даму заңдылықтары, демографиялық санақ, жан-жануарлар əлемi, бағзыдан жеткен əдеби жəдiгер, ойын-сауық тамашалары, өткен дəуiрдегi iрi тарихи тұлғалардың ғұмыр жолдары, қалдырған ғибратты сөздерi жайында толық мағлұмат берудi мақсат еттi. Бұл басылымды бүгiнгi ғылыми-көпшiлiк, əдеби-көркем həм қоғамдық-саяси, салалық журналдарымыздың («Зерде», «Жалын» сияқты) басы десе де болады. Жоғарыдағы мақалада Халекең өзi де: «Сана» шындығында журнал емес, бөлек басылып шықпайтын уақ бiлiм сөздерiнiң жиынтығы. Оқу кiтабын жазу қиын жұмыс, ұзаққа созылатын, жиi шығарып тұру қолымыздан келмегендiктен, бiлiм беретiн уақ сөздердi жиып, журнал ретiнде шығарып тұруға ойладық»183, – дейдi. Қазаққырғыз Бiлiм Комиссиясының ұжымы төрағаның ұйымдастыруымен журналды өндiрiске дайындауға жұмыла атсалысты. «Сананың» тұңғыш санында Мұхамеджан Тынышбайұлының «Түрiк-монғол тарихы», Кəрiм Жəленұлының «Химия өзгерiстерi», Əбубəкiр Диваевтың «Бұрынғы заманнан қалған заттарды қалай həм қайдан iздеуге», Мұхтар Əуезовтің «Қазақстан, Түркiстанның жерiнiң, халқының саны», Кəрiм Құлназарұлының «Қымбат намаз», Мағжан Жұмабайұлының «Ақан серi», «Сəрсембайдың жерi», «Жұлдызды – жүзiк, айды – алқа ғып берейiн», Халел Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясынан», «Ұйқы деген немене?», «Машинаның күшi», 182

Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесінен // Сана, 1923. – №1. – 3 б. 183 Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесінен // Сана, 1923. – №1. – 5 б.

201

«Жұлдыздарды күндiз көруге бола ма?», «Миллион деген немене?», «Шəкiрттер саулығын сақтау», тағысын тағы тарихиэтнографиялық, ғылыми танымдық, əдеби-мəдени өмiрдегi жаңалықтарға байланысты əр түрлi жанрдағы көсемсөз мақалалар мен зерттеу еңбектер, өлең-жырлар жарық көрдi. Журнал бетінде жарияланған Мұхамеджан Тынышбайұлының «Түрүк-моңғол тарихы» атты зерттеу еңбегі ғылыми құнды ой-пікірлерімен маңыздылығын əліге дейін жоғалтқан жоқ. «Тарих жолымен жер жүзіндегі жұрттар екі бөлінеді: өнерлі, талапты қатардан қалыспаған жұрттар, бұларды тарихи жұрттар деп атайды. Ауропа һəм Азия халықтары, Америка һəм Априкадағы өнерлі халықтар (Ауропа тұқымдары) – бұлар тарихты жұрттар. Екінші – неше мың жылдардан бері бір қалыпта тұрған, ілгері баспаған, аң сияқты халықтар, тарихсыз халықтар. Априкадағы занжилер, Америкадағы үнділер, Абстралия жақтағы малайлар – бұлар тарихсыз жұрттарға жатады. Тарихқа жазылатындай іс көрсетпеген соң бұларды тарих сөйлемейді. Өнерлі жұрттар бұларды айуан есебіне санап, жем қылып отыр, мұндай болғанда түрүк, моңғол қайсысына жатады?»184, – деп, осы сауалға зерделі зерттеуші жауап іздейді. Тарих ғылымы саласында қалыптасқан қағидаларға сын көзімен қараған автор ежелгі кітаптар мен ұлыстық шежірелердегі, шет елдік жиһанкездер мен оқымыстылар еңбектеріндегі, ауыздан-ауызға көшіп жұқанасы жеткен аңыз əңгімелердегі деректерге сүйене түрүк, моңғол қарым-қатынасы мен байланысын, ру-тайпалардың этностық-нəсілдік бірігуі мен құралуы, олардың жүрген жерлері мен тараған аумағы хақында тың пайымдаулары мамандардың назарын аударары шүбəсіз. Көлемі бір жарым баспа табақ ғылыми еңбектің кезінде журнал оқырмандарының тарихи таным-түсінігін кеңейтуге зор əсер еткендігі даусыз. Күрделі тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында автор Шыңғыс ханға дейінгі дəуірдегі хун, үйсін, қырғыз, сақ, йуз, қаңлы, сəнби, жұжан (ауад), оғыз, ұйғұр, тоғыз-оғыз, қарлұқ, бежінек, бұлғар, қазар, мажар, башқұрт, қыпшақ, тағы басқа ру-тайпалар мен этностар туралы мол дерек береді. Қалам күшiмен жəрдем беретiн бiлiмпаздардың зəрулiгiнен басылым бетiнде танымал авторлардың аты-жөнi бiрнеше мəрте 184

202

Тынышбайұлы М. Түрүк-монғол тарихы // Сана, 1923. – №1. – 8 б.

қайталануы журналистiк этика тұрғысынан оғаштау болғандықтан, бүркеншік атпен жазып тұруы да үрдiске айналды. Мəселен, Халел Досмұхамедұлы аббревиатура əдiсiмен жасалған «X.Д.», «Х», «Қара бала», Мағжан Жұмабайұлы «Жажеке», Мұхтар Əуезов «Қоңыр», Ишанғали Арабайұлы «Қырғыз» псевдонимін қолданған. Əрине, басылымның бар жауапкершiлiк салмағы, негiзiнен, бас сарашының мойнына түстi. Баспасөздiң көркемдiк сапасы, ғылыми тереңдiгi, материалдарының алуан тақырыпты қамтуы, əдеби тартымдылығы, полиграфиялық мүмкiндiктiң төмендiгiне қарамастан, ұлыттық бояу-нышандары, емлелiк бiрiздiлiгi, сауаттылығы жағынан Халел Досмұхамедұлының бiлiктiлiгi мен эстетикалық талғам деңгейiнiң биiктiгiн жəне бiр қырынан айғақтары хақ. 1931 жылы 4 мамырда Біріккен саяси Бас басқарманың тергеушісіне берген түсініктемесінде Халел Досмұхамедұлы өз қолымен былай деп жазды: «...Халық Ағарту Комиссариатының тағайындауымен «Сана» журналының редакторы мен болдым. Сол бір шақтағы əдеби жұмыстарға бейімділігі бар жандардың тым жетіспеушілігінен журналды үзбей шығарып тұру өте-мөте қиынға соқты, сондықтан ол басылым екінші санында тоқтады. Жарық көрген екі санында ұмытпасам, менің, Диваев пен Жұмабайұлының мақалалары бар. Басқа кімдердің мақалалары болғаны жадымда жоқ, сондай-ақ, Ысқақовтың мақаласы болды ма, жоқ па, оны да білмедім. Ол кезде коммунистердің еркін жазуға төселгендері бірен-саран еді, бірақ олар жоғары қызмет орындарын иеленді жəне əдеттегідей журнал жұмысына араласуға уақыттары бола бермеді. Меніңше, бұл журналда олардың мақалалары болған жоқ. Журналға енген мақалалар Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясында қаралып, сараланды жəне сонымен қатар, əсіресе, педагогикалық бағыттағы мақалаларды іріктеуге ғылыми-педагогикалық комиссия, оның төрағасы Архангельский жəрдемдесті. Журналдағы мақалаларда əдейі ұлытшылдықты уағыздайтын дəнеме болған жоқ. Менің Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясында жүргенімде Ысқақов жанама рөл атқарғандықтан, комиссия жұмысының ол аралықтағы жауапкершілігін мойнына алуға тиісті емес. «Сана» журналының бағыт-бағдарына Мемлекеттік Ғылыми Кеңес, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы жəне жауапты əрі тікелей 203

редакторы ретінде мен жауап беремін. Ұмытпасам, Əуезов пен Кемеңгерұлы журналға, жалпы, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының жұмысына араласқан емес. Кемеңгерұлы ол кезде Ташкентте болған да жоқ. 1923 жылдан кейін мен Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясынан Денсаулық сақтау Халық Комиссариатына қызметке ауыстым. Менің қызметтен кетуіммен Қазаққырғыз Білім Комиссиясының жұмысы əлсіреп, 1924 жылғы шекараны межелеуге байланысты жабылды. Межелеу аяқталған соң Əуезов, Кемеңгерұлы, Ысқақовтар газет, журналдарда əдеби қызметтер атқарды»185. Бұл Кеңес өкіметінің саналы түрде 1928 жылдан бастап ұлыт зиялыларына қасақана жүргізген қуғынсүргін саясатының «Алашорда ісі» атты əйгілі тергеу «эпопеясы» еді. Алаш қайраткерлері жаппай тұтқындалып, «контрреволюциялық-ұлытшыл ұйым» құрды деген желеумен жауапталды. Олардың арасында Мұхтар Əуезов, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, Даниял Ысқақовтар да бар еді. Халел Досмұхамедұлы түсініктемесінде өзі басқарған «Сана» журналы мен Қазаққырғыз Білім Комиссиясының ісіне əлгі айтылған алаш азаматтарының еш қатысы болмағандығын мəлімдеп, есімдеріне шаң шуытпауы, біріншіден, өзінің зияны тиіп кетпеуін көздесе, екіншіден, олардың өміріне төнген қауіп-қатерден қорғап қалу əрекеті анық аңғарылады. Шындығында, Халел Досмұхамедұлы өзі ұйымдастырған «Санаға» қалам күшімен жəрдем берген Мұхтар Əуезовті ұмытуы, журналдың тұңғыш санында «Жас жүректер» атты əңгімесінің соңына оның «Қоңыр» деп қол қойғандығын білмей қалуы мүмкін емес еді. Енді Біріккен саяси Бас басқарманың тергеу ісінде тіркелген Мұхтар Əуезовтің сол кездегі республика басшысы Голощекинге жазған арыз мəтініне құлақ түріп көрелік: «...Менің түсінуімше, Досмұхамедұлы, Тынышбайұлы ұйымына еніп, сол ұйымның құқын іске асыру жолында совет құрылысына өзімнің ой-пікір, көзқарасымды өткізіп, совет үкіметінің жер бөлу, баспасөз, мектеп, тағы басқа күрделі шараларына залалымды тигізіп, сол жұмыстарының ақсауына ат салысқан болып шығыппын... Ең ақырында «Тынышбайұлы, Досмұхамедұлы ұйымына» қатысың бар деп желімше жапсыруды үзілді-кесілді мойындамаймын...»186, – 185 186

204

ҚР ҰҚК мұрағаты, 06610 іс, 1 том, 919–919 парақтың сырты. Досжанов Д. Абақты. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 10–11 беттер.

деуінен оқиғаның жалпы ыңғай бағытын бажайлауға болады. Алаштың көсем тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы Кеңестік жазалаудың қуғын-сүргін құрығынан құтылмасын сол кездің өзінде-ақ білді, қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды саналы түрде түсініп, сезінді. Енді олар неде болса, соңдарынан өкшелеп, іздерін басқан, үміт артқан буын өкілдерінің қалайда аман қалуына ақылмен күресуге бірауыздан іштей уəделескен тəрізді. Оларға тағылған айыптау хаттамаларындағы берген жауаптарының өн бойынан болашаққа аманаттай астарында сыр аңғарылады. Мұхтар Омарханұлы Əуезовтің тағдыр-талайы қазақ халқының ұлыттық санасезіміндегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланыстылығын зерде сүзгісінен елеп-екшеп, терең пайымдаған Əбіш Кекілбайұлының замана сөзі біздің ой топшымызбен дөп ұштасады. «Ел тағдыры қызыл империяның қолына біржола көшкен кезде «Алаш» қозғалысына алдымен тұзақ түсті. Ұлыттық мүдде мен тəуелсіздік мұратына біржола құрып кету қаупі төнді. Оны жойып алмаудың жалғыз ғана жолы бар еді. Ол – осынау өміршең мұратты жүректеріне мықтап еккен арыс азаматтардың қандай зобалаңды да, елмен бірге кешіріп, бірге көріп алуға тəукел етулері еді. Осының бəрін терең түсінген, заман мен қоғамға əріден қарай білген, ойлы да зерделі Əуезов 1932 жылы баспасөз бетінде өзінің райынан қайтқанын айтып, кешірім сұраған хат жариялатуға мəжбүр болды. Соның арқасында алыптар тобының қиямет заманға қалдырып кеткен жалғыз аманатындай болып, тірі қалды. Ел арасында бұны жазушы бұрынғы əріптестерінің айтуымен істеді деген де əңгіме бар. Қайткен күнде де бұл сорымызға емес, бағымызға қызмет еткен əрекет болды»187, – деп өте əділ əрі орынды бағалады. Шындығында, Алаш көсемдерінің абақтыда жатып күрескен үміттері ақталды. «Қазақстандағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың төтенше өкілеттігі жанындағы үштіктің өткізген мəжілісі №111/к хаттамасының шешімі бойынша Əуезов Мұхтарды үш жыл концлагерьге қамауға кесіп, уақыты абақтыда отырған 1930 жылғы қазанның 8-нен бастап есептеліп, үкім шартты түрде 187

Кекілбайұлы Ə. Азаттықтың ақ таңы. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 667–668 беттер.

205

орындалды. Ысқақов Даниял тергеу кезіндегі отырғаны ескеріліп, қамаудан босатылды»188. Өз өмірлері азап пен қорлықта, шыбын жандары қыл үстінде бола тұра, мұрат тұтқан ақ жолдан таймай, бар ниет, пейілімен демеп, жебеген арыстардың аманатын Мұхтар Əуезов соңғы демі таусылғанша адал атқарып өтті. Əттең, бір өкініштісі, Алаш зиялыларының ардақты есімдері мен рухани мұрасы халқының ортасына оралғанын, туған елінің тəуелсіздік тұғырына қонғанын ұлы тұлға көре алмай кетті. Егер мұндай бақыт Əуезов Мұхтардың маңдайына жазатайым жазылғанда, алаш арыстарының беймəлім талай құпия сырына қанық қылар еді. Журнал бетiнде редактор мырза көптеген публицистикалық мақалалар жазды, ауыз əдебиетi нұсқаларын жариялады. Халел Досмұхамедұлы «Сана» журналының 1924 жылғы №2–3сандарында «Аруақпен айтысу» дейтін сирек мұраны жариялайды жəне оған мынадай түсінік береді: «Қазақ жұрты өліктерін өте сыйлайды. Там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдар қазақтың бұрынғы шамандығынан қалған. Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жауап береді. Мола басында айтыс болады. Аруақпен айтысу – жоқтаудың бір түрі...»189. Ғылым дамыған бүгінгі таңда ел ішінде əлі де болса жұрнағы сақталған аруақпен айтысудың бұл – жоқтау түрі фольклор зерттеуші, əдебиеттанушы ғалымдарымыздың назарынан тыс қалып келді. Бейіт басындағы бұл айтыстың мəнін психологиялық тұрғыдан ғылыми зерттеудің ұлыттың тектік мінез-құлқына байланысты ізгілік, бауырмалдық қырларын ашуға мүмкіндік берері шүбəсіз. Оның шығармашылық машығынан оқыған жанға ой-өрiсiнiң тұңғиықтығы мен ауқымдылығы, бiлiм-парасатының тереңдiгi мен кiршiксiз тазалығының əсер күшi өз-өзiнен сезіліп тұрады. Қаламгер ғалымдық, ұстаздық тəлiм-тəрбиесi мен үлгi-өнегесi арқылы жас-кəрiнi бірден баурап, сана сарайларын шам 188

Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 287–288 беттер. Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 37–39 беттер. 189

206

жаққандай ғажайып асқақ күйге бөледi. Халекең мақалаларының тақырыбынан бастап оқушысының бiлуге құштарлығын оятып, eciл-дертiн үйiрiп əкетедi. Назар аударып көрелiк. «Миллион деген немене?» деп қарапайым ғана сауал қояды. Сосын «миллион» деген ұғымның астарына үңiлтедi: «Көптiң миллионды мұнша желеңдетiп жiбергенi дұрыс емес. Миллион баяғы миллион күйiнде қалды, бiрақ ақшаның бəсi кемiдi. Осы күнi қағаз ақшаның қадiрi кеттi, бұрынғы бiр сом ақшаның бəсi осы күнгi əлденеше миллион сомның бəсiмен тең болды. Қолы толған миллион деп аталған қағаз болған соң, сағат сайын «миллион» деп естiген соң, адам шатасып, миллионды жеңiл нəрсе деп ойлап кеттi. Миллионның не екенiн анық ескеру үшiн миллионды бəсi өзгергiш ақшамен өлшеу керек емес. Өлшемi өзгермейтiн нəрсемен санау керек. Миллионды түсiну үшiн бiрнеше үлгi келтiрелiк. Бiр байдың миллион қойы болсын. Бар қойын көгендесiн. Сонда көгеннiң ұзындығы екi жүз алпыс шақырым болмақшы. Ташкент пен Түркiстанның арасы жүз елу шақырым»190. Автор салыстыру əдiсiмен қоғам өмiрiнде цифрдың атқарар саяси-экономикалық, əлеуметтiк-мəдени тұрмыстағы мəн-маңызын қатар өріп, əдемi сипаттаған. Жеке тұлғаның, тұтас əлеуметтің маңдай тер, табан ақысы, еткен еңбегі, жұмсаған күшінің көрсеткіші – санмен белгіленген мемлекеттің құнды қағаз, ақшасында екені. Мемлекеттің əлеуеті мен байлығы, қазына қоры – экономикалық өсім мен даму деңгейіне, қаржылық номинал кірісіне байланысты екені. Егер мемлекеттің өндірісі мен шаруашылығы тоқыраса, қаржылық институттары да дағдарысқа түсіп, гиперинфляцияға ұшырауға əкеледі. Түркістан автономиясындағы тауардың бағасы шектен тыс өсіп, ақшаның күрт құнсызданған экономикалық ахуалды Халел Досмұхамедұлы миллион саны мен мəнінің арасындағы себеп-салдары заңдылығын қарапайым мысал арқылы ашып береді. Халекең ұлыттық сананың саннан жаңылған қоғамдық зерде түйсігін əдейі оятуды көздегендігі аңғарылып тұр. Халел Досмұхамедұлының «Ұйқы деген немене?» атты мақаласы да көлемі шағын болғанмен, оқырманына ой салатын, 190

беттер.

Досмұхамедұлы Х. Милион деген немене? // Сана, 1923. – №1. – 31–33

207

ғылыми-танымдық жағынан көпшіліктің білуіне пайдалы мəселе төңірегінде сөз қозғайды. «Ұйқысыз тірі жан күнелте алмайды. Сергек болу адамға қандай мұқтаж болса, ұйқы да сондай мұқтаж. Ұйқысы кемісе адамның тіршілігі бұзылады. Ұзақ ұйықтамаса – адам өледі»191. Осының сыры неде? Қамшының сабындай ғана адам ғұмырының тең жартысынан көбі ұйқымен өтеді. Егер адам баласының ұйықтамауына амал тапса, яки ұйықтамайтын етсе, қоғам өмірінде қаншалықты өзгеріс боларын ойша елестетудің өзі таңғаларлықтай ерекше құбылыс. Алайда тірі жанның биологиялық, физиологиялық табиғаты ұйқысыз қалыпты ғұмыр кешуі мүмкін емес. Өйткені мидың үнемі қызмет етуінен пайда болатын зиянды нəрселерден уланады екен. Сондықтан ми жұмыс қабілетінен айырылып, адамды ұйқы басады. Ұйықтаған əзірде ми демалып, удан тазарады. Ұйқының тіршілікте қажеттілігі соншалық, «асырауын дұрыс қылып-ақ, итті онжиырма күн ұйықтатпасақ, өліп қалады. Қытай жұрты өлімге бұйырылған жазалы адамды ұйықтатпайды. Ұрмай-соқпай ұйқысыздықтан өлтіреді»192. Халық даналығы «ұйқы – дұшпан» деп тегін айтпаған. Ұйқыны қытайлықтар жазалау əдісінің қоғамдық-құқықтық түрі ретінде енгізуі де сонан. «Тіршіліктен туған денені улайтын нəрселерді «токсин» деп атайды» екен. Міне, осы удан тазартып тұратын антитоксинді табуға оқымысты дəрігерлер іздену үстінде екендігін автор əдемі баяндап береді. «Санада» жарияланған редактордың ғылыми-танымдық мақаласының бірі – «Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?». Бұл мақаласында ол өмірде күнде көріп жүрген аспан денелері турасында қызықты мəліметтер береді. Аспан шам-шырақтарының қадір-қасиеттері хақында ғылыми деректер мен болжамдардан хабардар етеді. Күн сəулесі деп жүргеніміздің ауаға шағылысып пайда болған «ауа жарығы» екенін, немесе Айдың күндіз көрінуі, Ай жарығы деп жүргеніміздің Күннің сəулесі Аймен шағылысқанда пайда болған жарығы екенін қаперге салады. Жұлдыздарды күндіз көру үшін Жерді қоршаған ауаның жарығын байқалтпайтын əдістер арқылы анық аңғаруға болаты191 192

208

Досмұхамедұлы Х. Ұйқы деген немене? // Сана, 1923. – №1. – 25 б. Сонда. – 27 б.

нын жазады. Бұл ретте астрономдар арнайы телескоп деген аспаппен жұлдыздарды күндіз де көріп, олардың қозғалыс əрекетін жіті бақылап отыру мүмкіншілігі барлығынан мақала иесі оқырманның дүниетаным өрісін кеңейте түседі. Журнал бетінде жарық көрген Халел Досмұхамедұлының «Мəшиненің күші» атты мақаласы оқыған жанға алғашқы сəтте əдеттегідей ғылыми-танымдық, ағартушылық бағытта жазылғандай сезімде қалдырары сөзсіз. Ал егер мақалаға тереңірек бойлап, мəн берер болса, автордың меңзеген əлеуметтік-саяси астарына көңіл көзі жете түсері кəміл. Кəзіргі заманда адамзаттың сенімді көмекшісі мəшиненің күшінсіз тіршілік өмірді көзге елестету мүмкін емес. Үстімізге киген киім, ішкен тамақ, мінген көлік, қысқасы, бəрі мəшиненің көмегімен атқарылады. Бұл мəшинелерді жұмысын жеңілдетіп, сапасын, өнімін, уақытын жеделдете түсу үшін адамның ақылы ойлап тапқан. Бұған жеткізген ғылым. Адамды қыруар жұмыстан азат қылған ғылымды игеру үшін білім ауадай қажет. Халел халқының шұғыл арада сауаттануына үндей отырып, «осы мəшинелердің астында тапталып қалмас үшін бізге де білімге ұмтылу керек. Шын азаттықты білім береді»193, – деп ұлыттың интеллектуалдық біліктілігі ғана саяси-əлеуметтік тəуелсіздігінің кепілі екендігіне назар аударады, сол жолда тынбай еңбектену нəтижеге жеткізетініне сендіреді. Əйтпесе ғылыми-техникалық əлеуеті қуатты елдің табанының астында тапталып қалу қауіпі барын ол жасырмайды. «Сана» журналы қазақ тілінде жаңадан жарық көре бастаған туындыларға пікір білдіруді де ұмытқан жоқ. Төлтума библиография ғылымы саласында ана тілінде тұңғыш рет жазылған Міржақып Дулатұлының «Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш» атты еңбегінде отандық баспалар өнімдеріне арнайы аннотация бергенде «Сана» журналына да сілтеме жасап отырады. Сондай аннотацияның біріне назар аударалық: «Күн күркіреуі мен найзағай». Орысшадан аударушы Басығара ұлы Жүсіпбек. Ташкент. 1923 жыл. 45 бет. Бəсі 20 тиін. «Кітəп ұғымды тілмен жазылған. Найзағайдың əлденеше түрде, түсте болатыны, электрдің қандай нəрселерден шығатыны, найзағайдың электрден пайда болатындығы, найзағайды 193

Досмұхамедұлы Х. Мəшиненің күші // Сана, 1923. – №1. – 29 б.

209

тексерген білімпаздардың тəжірибесі, күн күркіреудің себебі, найзағайдың қандай зиян келтіретіні, найзағайдан сақтану жолы толық жазылған...». «Сана» журналы. №2–3, 1924 жыл»194. Халел Досмұхамедұлы 1923 жылы 13-желтоқсанда Ташкенттегi оқыған зиялылардың басын қосып, мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң жанынан «Талап» қауымын құрды. Қауымның мекенжайы Карл Маркс даңғылы, 41 үй, 35-пəтерге орналасты. Қазаққырғыз мəдениетiн көркейтушiлер қауымы «Талапқа» мүше болғандар саны қысқа мерзiмде 103-ке жеттi. Олар кiсi басы жылына 120 сом мүшелiк жарна төлеп тұрды. Қауымның төрағасы Халел Досмұхамедұлы, мүшелерiнiң қатарында шығыстанушы, профессор Александр Эдуардович Шмидт, инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, студенттер Мұхтар Омарханұлы Əуезов, Қасым Тыныстанұлы, этнограф-ғалым Əбубəкiр Диваев, ақын Мағжан Жұмабайұлы, Кəрiм Жəленұлы, Николай Архангельский, Иса Тоқтыбайұлы, тағы басқа азаматтар болды. «Талаптың» Жетiсу облысының орталығы Алматы қаласында бөлiмшесi жұмыс жасады. Халел Досмұхамедұлы «Талап» қауымының бағдарламасын 1923 жылы «Сана» журналының №1 санында жариялады. Онда былай делінген: «1.Қазақ-қырғыз халқының мəдениетi өркендеуiне қауымның көздеген мақсаттары мыналар: а)Қазақ-қырғыз халқының əдеби, пəн, ғылым атауларын həм басқа мəселелердi тексеру; б)Ұлыт өнерiн (искусствасы) тəптiштеу..; п)Қазақ-қырғыз халқының тарихын həм салтын тексерiп қарастыру..; т)Қазақ-қырғыз мектептерiнде оқыту мəселесiн peттеп, жөнге салу; ж)Қазақ-қырғыз халқының бiлiм қызметкерлерiне həм өнер қайраткерлерiне жəрдем көрсету...»195. Ұлыт мəдениетiн өркендетуге «Талап» қауымы өзiнiң қомақты үлесiн қосты. «Талаптың» бiлiктi мүшелерi көпшiлiк алдында дəрiс оқып, баяндамалар жасап, түрлi көрмелер 194

Дулатұлы М. Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш. – Қызыл– Орда, 1926. – 51 б. 195 Қазақ-қырғыз мəдениетін көркейтушілер қауымы «Талап»тың жолы // Сана, 1923. – №1. – 123–127 б.

210

ұйымдастырды, ел арасынан бағзы мұрағаттарды, кiтаптар мен қолжазбаларды, өнердiң сан алуан үлгiлерiн, ескiлiктiң тамтықтарын жинап, кiтапхана, оқу залын ашты. Қауым көздеген мақсатын түбегейлi орындап, ойлаған үдесiнен толық шықпаса да, көп iс тындырғанға ұқсайды. Ең бастысы, бұл игiлiктi бастаманың iз-түзсiз қалмай, ұлыт мəдениетiнiң дамуына өз кезiнде серпiлiс тудырғаны кəмiл. Өкініштісі, алаш арыстарының рухани бекзаттық əрекетінен зиянкестік іздеген кеңестік биліктің əсіресақтығы «Талап» қоғамын жапқызуға мəжбүр етеді. 1925 жылы 14 желтоқсанда Қазақ Өлкесін зерттеу қоғамы басқармасының кезектен тыс мəжілісі өтеді. Бұл басқосуды Қазақ Өлкесін зерттеу басқармасының төрағасы Молдағали Жолдыбайұлы жүргізіп, Басқарма мүшелері Ақмет Бірімжанұлы, Телжан Шонанұлы жəне Халық Ағарту Комиссариаты ғылыми мекемелер мен қоғамдардың меңгерушісі Н.А. Лебедев, мəжіліске хатшылық еткен Нейзель жолдас қатысты. Осы мəжілістің қорытындысы бойынша №17 хаттама толтырылған. Хаттама мəтінінде күн тəртібіндегі мəселе тыңдалды: «1. Қазақ Өлкесін зерттеу қоғамы басқармасы Ташкент қаласындағы қазақ мəдениетін жан-тəнімен қолдаушы «Талаптың» қызметін талқылап, 21 қараша 1925 жылдан бастап бұл қоғамдық ұйымды тарату мəселесі көтерілді. Қабылданған қарар бойынша: Ташкент қаласындағы «Талап» қоғамы қызметі тоқтатылды. Осы қоғамның басқарма мүшесі жолдас Мұхамеджан Тынышбайұлына «Талаптың» түгел кітапханасын, ақша қаражаты мен іс жүргізу жұмысын Қазақ Өлкесін зерттеу қоғамы канцеляриясына тапсыру жүктелді. [Жеке қолдары қойылған]»196. Сөйтіп талапшылардың алдына қойған таудай талабы орындалуына билік тұтқасын ұстағандар жолын біржола кесіп тынды. Бұрынғы Алаш қайраткерлерінің есімі – қазақтың рухани орталығы болған Ташкент қаласымен байланысты екені мəлім. Олардың қоғамдық сан-салалы қызметі əкімшілік-билік тарапынан жіті қадағалау мен бақылауға алынуы – алаш арыстарының идеялық мақсат-мұратына сенімсіздік сейілмегендігінің айғағы. 196

ҚР ОМА. 40 қор, 1 тізбе, 395 іс, 25 бума, 96 парақ.

211

Мұрағат қорында сақталған құжаттар арасында Түркістан Республикасы Халық Ағарту Комиссариятының Мемлекеттік Ғылыми Кеңесі 1924 жылы 30 желтоқсанда бекіткен «Сана» журналына қаламақыға жұмсалған ақша есебі көрсетілген ведомосы сақталған. Онан мынадай мəліметтерді оқимыз: «Х. Досмұхамедұлы журналдың редакциясына – 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 24 сом 38 тиін; Қ. Кемеңгерұлы журналдың материалдарын редакциялағаны үшін – 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 58 сом 13 тиін; Д. Ысқақұлы журналдың материалдарын редакциялағаны үшін – 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 153 сом 76 тиін, корректорлық қызметіне – 36 сом; Ғ. Байтасұлы жарық көрген мақалаларына – 111 сом 58 тиін, корректорлық қызметіне – 12 сом; Ж. Аймауытұлы жарық көрген мақалаларына – 28 сом 13 тиін; М. Тынышбайұлы жарық көрген мақалаларына – 30 сом, журнал қосымшасына – 11 сом 25 тиін; І. Жансүгірұлы жарық көрген мақаласына – 13 сом; М. Жұмабайұлы жарық көрген жарияланымдары үшін – 52 сом 50 тиін қаламақы алған»197. Халел Досмұхамедұлы жазған əрбiр мақаланың арқалаған қоғамдық-саяси, əлеуметтік-мəдени жүгi, айтар жаңалығы бар. Əйтсе де, өкiнiштiсi, маман қаламгерлердiң аздығы, мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң берген ақшасы журналдың техникалық жұмыстарынан артылмауы, жəрдем беретiн, көмек қылатын кiсiнiң кемдiгi «Сананың» 1924 жылы амалсыз жабылуына себеп болды. Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеген еңбектерде «Сана» журналы туралы пікірлер ала-құла. Олай болатын себебі бұл журналды шығарып тұрған Халел Досмұхамедұлының жеке басы мен оған қатысқан бұрынғы Алаш азаматтарының саясиидеялық көзқарас танымына Кеңестік дəуірдегі ғылыми-методологиялық ұстаным тұрғысынан қалыптасқан теріс насихаттың ықпалынан туғаны бүгінгі таңда жасырын емес. Сондықтан журналдың бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі хақында ғалым зерттеушілердің шынайы ақиқатты жазуға еркіндігі жетпеді. Тіпті, көп жағдайда баспасөздің түпнұсқасымен танысудың да мүмкіншілігі болмағандай əсер етеді. Себебі журналдың шыққан, жабылған жылдарына байланысты жаңсақ айтылған 197

212

ҚР ОМА. 1901 қор, 1 тізбе, 26 іс, 19–20 парақ.

пікірлер соны байқатады. Мəселен, қазақ баспасөзінің тарихына іргелі еңбектер жазған профессор Бейсенбай Кенжебаев: «Сана» журналы, 1924 жылы Ташкентте шықты. «Қазаққырғыздың мəдениетін өркендетушілердің «Талап» қауымы шығарды»... Газет, журналда көбінше бұрынғы ұлытшылдар-алашордашылдар, ескі зиялылар отырды. Олар адал істемеді. Осыдан кейбір газеттер атына «алаш» деген сөздер араласты; газет, журналдарда кейде бірді-екілі ұлытшыл бағытты материалдар басылып жүрді; «Шолпан», «Сана» сияқты журналдар, көп ретте «Ақ жол» газеті ашық ұлытшыл бағытта шықты. Ұлытшылдар совет баспасөзін ұлытшылдықты үгіттеу құралы етуге тырысты»198, – деген пікір түйді. Əрине, бұл амалсыздықтың кебін киген сол дəуірдегі Кеңестік идеологияның шеңгелінен шыға алмағандығына дауымыз жоқ. Дей тұрғанмен, осында нақтылауды қажет ететін екі мəселе бар. Біріншіден, «Шолпан» журналы 1922-1923 жылдары, «Сана» журналы 1923-1924 жылдар аралығында жарық көрді. Екіншіден, «Сана» журналын «Мемлекеттік Білім Кеңесінің тілі» ретінде Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы шығарып тұрғандығын шатастыруға болмайды. Аталған басылым туралы негізгі мəліметті нақтылы сол тұстағы жағдаймен санаса отырып, «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты еңбегінде профессор Хайыржан Бекхожин тəуір сипаттаған. Ғалым «Сананың» бірсыпыра пайдалы жақтарын сөз етіп келіп, кемшіліктеріне тоқталады. «Бірақ журнал жұмысында ірі кемшіліктер, көптеген теріс пікірлер болды, – дейді ол. – Журнал материалдары халықтың ой-санасын, қоғамдық пікірді сол кездегі саяси-əлеуметтік мəселелерге аудармайды. Сол күннің, сол таңның көкейтесті əлеуметтік, саясат мəселелерін көтермейді, ол жөнінде өз пікірін айтпайды, жаңаны насихаттамайды. Үнемі ескіні, өткенкеткенді сөз етеді. Ел назарын артқа аударып, күн өткен мəселелерді уағыздайды. Бұрынғы жеке билерді, бектерді мадақтап кетеді. Ескі салт, ескі сананы дəріптейді. «Сана» кей ретте əдебиеттің тазалығы, идеялығы дегенді ескермейді. Онда жарияланған бірсыпыра шығармалар ұлыт198

Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. – Алматы: Қазақ Мемлекет Баспасы, 1950. – 35–36 беттер.

213

шылдықты уағыздайды. Əрине, мұндай жат идеялы, саяси бағыты теріс материалдар халықтар достығына зор нұқсан келтіретін еді. Міне, осындай қателіктері үшін «Сана» үш нөмірінен соң 1924 жылы ноябрьде жабылды»199, – деп тұжырымдайды ғалым. Шындығында, профессор Хайыржан Бекхожиннің де уақытында бұлай демеске шарасы болмағаны белгілі. Оның «əлеуметтік-саяси мəселелерді көтермеді» деп журналды кіналауы қисынға келіңкіремейді. Редактордың саяси күресте əбден шыңдалғаны мен қырағылығы, оған деген Кеңес өкіметінің «ерекше көзқарасы» Халел Досмұхамеұлының бұл мəселеге өте сақ болғандығын кейінгі қуғын-сүргін жылдары Біріккен саяси Бас басқарманың əпербақан тергеушілерінің қаншалықты əдіс-айлаға салып, қарманса да, «Санаға» байланысты ешқандай айып таға алмауынан анық көруге болады. Жəне бір ескерерлігі «ескі салт, ескі сананы дəріптеу» емес, жалпы ұлыттық сананы қалыптастыру бағытында өткен-кеткен, əдет-ғұрып, этнопсихология мен дəстүрді жас өскін шəкірт буынға сіңіре түсу үшін журналды о баста мектепте көмекші құрал ретінде пайдалану жағы көзделген-ді. Сондықтан «Сананың» өзін оқыған жанға жоғарыдағы ескертпелердің негізсіздігін аңғару қиын емес. Сонымен қатар «Сана» журналы қателіктері үшін жабылған ештеңесі жоқ, оның тоқтауына негізгі себеп болған ақшалай қаражат мəселесінің шешілмеуінен еді. Журнал хақында əдемі ой-пікірін білдірген белгілі ғалымның бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев. Бұл зерттеушінің де «Сана» журналының кемшілігін көрсеткен тұстары Хайыржан Бекхожиннің пайымдауымен сабақтас деуге болады. Ғалымның өз сөзіне жүгінсек: «Сана» мазмұнында да ірі кемшіліктер, теріс пікірлер орын алды. Онда саясат бөлімі болмады. Партия саясатын насихаттау, партия жолы үшін күресу айқын көрінбеді. Журнал материалдары халықтың ой-санасын, қоғамдық пікірін сол кездегі саясиəлеуметтік мəселелерге көп аудармады. Ол жөнінде өз пікірін саралап отырмады. Жаңаны жеткілікті насихаттамады. Үнемі ескіні, өткен-кеткенді сөз етті. Ел назарын артқа аударып, күн өткен нəрселерді баса уағыздады. Бұрынғы жеке билерді, 199

Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930). – Алматы: Қазақ Мемлекет Баспасы, 1964. –192–193 беттер.

214

бектерді мадақтау, ескі салт, ескі сананы дəріптеужиі орын алды»200, – дейді. Зерттеуші журнал «мазмұнында ірі кемшіліктер, теріс пікірлер» орын алды дей тұра нақты дəлел-айғақтарын көрсетпейді. Сол сияқты ғалымның журналда «саясат бөлімі болмады, партия саясатын насихаттау, т.т.» дегенімен де келісудің жөні жоқ. Біріншіден, Халел Досмұхамедұлы Қазаққырғыз Білім комиссиясы атынан жазған «Сана» журналының бағдарламалық мақаласында алға қойған басты ұстанатын сегіз түрлі мəселеге арнайы тоқталып өткен. Бір сөзбен айтқанда, журналды əдеби-көркем, педагогикалық-ағартушылық, тарихиэтнографиялық, ғылыми-танымдық бағытта шығару көзделгенін ол ап-анық жазды. Редактор саяси-əлеуметтік мəселені тікелей қозғамады, дегенмен, «Санада» жарияланған тақырыптың күллі мазмұн астарынан қазақ өмірінің ауыр тұрмысымен байланыстыра отырып, оқырманның өзін іштей толғанысқа түсіре, қорытынды ой түйетіндей етіп қабылдату шеберлігі айқын көрінеді. Екіншіден, Темірбек Қожакеев ескерткендей «Сана» нағыз журнал емес, білім-ғылым материалдарының жинағы»201 болса, онда журналда «саясат бөлімі жоқ, партияны насихаттамады» деген уəж орынсыздау. Ғалымның «Санаға» қатысты аталған пікірі де кезіндегі идеологиялық қақпайдың нəтижесінен туғандығына күмəн келтірмейміз жəне журналдың «қаржы, қағаз, əріп жетімсіздігінен 1924 жылы қарашада шығуын тоқтатты» – деуі шындық. Бұл тұрғыда профессор Темірбек Қожакеев өзіне дейінгі зерттеушілердің «Сана» журналы идеялық-саяси қателіктері үшін жабылды» дейтін жалаң, дəйексіз тұжырымына түзету жасайды. Əрине, «Сана» журналы мінсіз шықты деуден аулақпыз. Кəсіби білімі бар мамандардың жоқтығы, техникалық мүмкіндіктің төмен жағдайында, қағаз, бояу, əріп, тағысын тағы баспа ісіне қажетті керек-жарақтың жетіспеуі, басқа да түрлі кедергілерге қарамастан, «Сана» сияқты журнал шығаруды ұйымдастырған Халел Досмұхамедұлы еңбегі қалай айтсақ та ұлыттық баспасөзіміздің даму жолындағы мақтанышы десек, қателеспейміз. Журналдың тұңғыш санында-ақ басталған игі іске қол ұшын берем деушілер табылар деген үмітпен редактордың «Көңіл шабады, жүрек 200 201

Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 64 б. Сонда.

215

талпынады, бірақ қолда қуат кем. Жəрдем беретін, көмек қылатын кісі аз. Қанат, құйрық болмай, сүйеуші тіреу болмай жұмыс көркеймейді. Сондықтан білімі бар саналы азаматтарға, əсіресе мұғалімдерге жəрдемші болып, сүйеңдер деген өтініш айтамыз. Ақшамен болсын, жазумен болсын жəрдем беріңіз»202 – деуі арқылы қалыптасқан нақтылы жағдайды тайға таңба басқандай ашық бейнелейді. Халел Досмұхамедұлы журналдың үлкен қиыншылықпен жарық көргендігіне оқырман назарын аудара отырып, лажсыздықтан жіберген олқылықтарын термелеп атап-атап өтеді. «Сананың» бірінші саны нағыз ойлағандай болмады, біраз кемдіктері бар. Бұған бірінші себеп – істің жаңалығы, бұрынғыдан үлгі болмағандығы. Екінші себеп мынау болды: көп адам сөз жазбақшы болып уəде берсе де, бірқатары уəдесінде тұрмады, бірқатары журналға лайықты сөз жаза алмады. Журналымызға сөз жазған кісілердің бірен-сараны болмаса ақы алғаны жоқ. Білім Кеңесінің берген ақшасы журналдың техникалық жұмыстарынан артылған жоқ. Халық Ағарту Комиссарлығының жарлығын ойға алсақ, болашақта да ақша мол болады деген үміт аз. Бұл оқушы мен жазушының есінде болсын. Еңбегін сатпай, халық үшін бос қызмет қылған азаматтарға Тəңірі жарылғасын айтамыз!»203– дейді Халел Досмұхамедұлы. Журналдың тілі мен мазмұндық сипатына, тақырыптық-жанрлық пішіні мен ұлыттық тəлім-тəрбиелік қадір-қасиетіне, дəстүр сабақтастығы мен ғылыми-техникалық үдерістің жаңалықтарына редактор шамасы келгенше талғампаздықпен қарағандығын «Сананы» оқыған сайын сезіне түсеміз. Ал ол оңай іс жүзіне аспағанын Халелдің жоғарыдағы өз пікірінен ұғынарымыз шүбəсіз. «Сананы» да шығарған, негізінен, «еңбегін сатпай, халық үшін бос қызмет қылған азаматтар» екеніне көзіміз жеткендей болады. Сондықтан журналдан кемшілік іздеудің еш қисыны жоқ, кем-кетігі болса, ол ырыққа көнбеген заманның салған ауыртпалығынан көру лəзім. Ал осындай қиын-қыстау шақта елдің рухани санасын ағартуға, ой өрісін дамытуға үлес қосқан, кейінгілерге ғибратты нұсқа қалдырған 202 Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесінен // Сана, 1923. – №1. – 7 б. 203 Сонда.

216

«Сана» журналы, оның шығарушы əрі Бас редакторы Халел Досмұхамедұлы өзінің тарихи əділетті бағасын енді ала бастады. Бас редактор «Сананы» шын мəнісінде «Ұлыттық Сананың» жалауы етіп көтеруді көздеген еді. Халел ғасырлар бойы талай түрлі сыннан өткен ұлыттың бай саяси-əлеуметтік тəжірибесін, даңқты көсем тұлғаларын, өнер саңлақтарын, асқан ерлігімен ел қорғаған, дала бөрілеріндей ешкімнің құқайы мен қақпайына көнбеген, еркіндік сүйгіш батыр ұлдарын дəріптеу арқылы ұлыттық сананың Темірқазығына бағыттауды мақсат етті. Бұл – елдің рухын жасытпақ болған жат идеологияның күлпаршасын шығарып, тарихи сананы жаңғыртқан, қалың бұқараның жігерін жанып, намысын ұштаған алмас қайрақ еді. Халелдің асқақ арманы орындалды, ұлыттық сана бүгінгі таңда кемелдену сатысында. Сайып келгенде, ақиқат енді ғана орнығу үстінде. Əлі алда талай-талай сүбелі зерттеу еңбектер жазыларына да еш күмəніміз жоқ. «Сана» журналының бар болғаны үш-ақ (№1; №2–3 сандары бірге) саны жарық көрсе де елдің көңілінен шыққан, бағытбағдары айқын, үлгі тұтарлық, ізашар басылым ретінде қазақ баспасөзінің тарихында алтын əріппен мəңгі жазылып қалды. Əлбетте, бұл – «Сананың» Бас редакторы Халел Досмұхамедұлы шығармашылығы мен қайраткерлік-ұйымдастырушылық еңбегінің жемісі еді.

217

Суретте: Халелдің зайыбы балаларымен. Мамыр, 1921 жыл.

Суретте: Халелдің əскери есептегі билеті.

Суретте: Түркістан автономиялы республикасы Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы Халел Досмұхамедұлының жедел қызмет хаты. 1923 жыл. Құжат Ташкент мұрағатынан алынды.

Суретте: Халел редакторы болған «Сана» журналы. Ташкент, 1924 жыл.

Суретте: Халелдің отбасы. 2 қазан, 1928 жыл. Оң жақта шешесімен бас түйістіріп отырған үлкен қызы Рабиға, түрегеліп тұрған ұлы Əділхан жəне кішкентайлары Сəуле мен Қарашаш.

Суретте: Халел Досмұхамедұлы – Қазақ педагогикалық институтының проректоры. Алматы, 1929 жыл.

Суретте: Қырым, 1929 жыл, тамыз айы. (Солдан оңға қарай отырғандар) 1), 2) Иса Қашқынбайұлы қызы Зүлфиямен; 3) Халел Досмұхамедұлы; 4) Халелдің үлкен ұлы Əділхан; Екінші қатарда тұрғандар: 5) Əмина Сейдалина; 6) Мəдина Қашқынбаева (Сейдалина); 7) Сара; 8) Рабиға Халелқызы Досмұхамедова.

Суретте: Халелдің Қырымда емделген кезі. Екінші қатарда: (солдан оңға қарай 5-ші). 18 шілде, 1929 жыл.

Суретте: Жаһанша зайыбымен Қырымда демалыста. 1929 жыл.

Суретте: НКВД құжаттарынан алынған тұтқындағы Жаһанша.

Суретте: НКВД құжаттарынан алынған тұтқындағы Халел.

Суретте: НКВД құжаттарынан алынған тұтқындағы Мұхаметжан Тынышбайұлы.

Суретте: Айдауда жүргенде Халелге Жаһаншаһ Досмұхамедұлы сыйлаған күміс саптыаяқ. Халелдің никель күлсалғышы мен жеке мөрі.

Суретте: Айдауда. Воронеж, 1935 жыл.

Суретте: Айдауда. Воронеж, 1936 жыл.

Суретте: Халелдің ең соңғы суреті. Воронеж қаласы, 1938 жылдың тамыз айы.

Халелдің зайыбы Сағира. 1958 жыл.

3 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – БАСПАГЕР ҺӘМ РЕДАКТОР 3.1. ҰЛЫТТЫҚ КIТАП ШЫҒАРУ IСIН ЖОЛҒА ҚОЮШЫ Халел Досмұхамедұлының қазақ мəдениеті мен ғылымына қосқан айтулы еңбегі – кітаптану саласындағы қызметі. Оның бұл саладағы қосқан орасан зор үлесі бұған дейін аталып қана кеткені204болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ. Ұлыттық рухани мəдениетіміздің баспагерлік, кітап басу, тарату, кітап репертуары, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, библиографиятану, полиграфиялық безендіру, кітаптану ісінің қалыптасуы мен дамуына сіңірген Халелдің көл-көсір маңдай тері текке кеткен жоқ, отандық кітаптану ісінің қаз тұруына игі əсер етті. Оның есімін бұл ретте ең көрнекті кітап ісін дамытушы қайраткерлердің алдыңғы буын қатарына қою əбден заңды деп ойлаймыз. Бұл салаға Халел Досмұхамедұлының ерекше ықылас аударып, бар ақыл-парасатымен құлшына кірісуінің өзі, біздіңше, со заманда табиғи құбылыс еді. Өйткені тұтас болмыс-бітімі мен жаратылысы, азаматтық тұлғасы мен табиғи білімпаздығы оқшаулануға ерік бермеген Халел бұғанасы бекіп, қалыптаса қоймаған жаңа қоғамның кем-кетігін толтыруға өзі құлықтылық танытты. Оның бұлай əрекет етпеуге басқа шарасы да жоқ болатын. Саяси күрестегі алдына қойған мақсаты жеңіліспен аяқталды. Кеңес өкіметі енді оның саясатпен шұғылдануына жол бермесі анық-тұғұн. Дəрігерлік мамандығы бойынша қалың елдің тəн жарасын емдеп қана жүру оған аздық етті, ол енді дүйім жұрттың жан жарасын жазуды басты мұрат етті. Ол рухани аштықтан санасы арыған ұлытына білімнің нəрін құйып, аққа жарыту үшін ежелгі Египет кітапханасының маңдайшасына жазып қойғандай «адам 204 Құлкенов М. Баспагер һəм редактор // Халел тағлымы (Республикалық ғылыми-теориялық мəслихат материалдары). – Алматы: Ғылым, 1994. – 42–45 беттер; Мектепов А. Əдебиеттанушы ғалым, этнограф-тарихшы, профессор // Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмірі мен шығармашылығы. – Алматы: Санат, 1996. – 114–156 беттер.

218

рухының дəрісі» кітап ісін мықтап қолға алды. Ұзақ жылдар бойы республикалық баспа ісі мен полиграфия саласын ұйымдастырып, басшылық қызметте болған, кейінгі кезде бұл мəселеге байланысты тікелей зерттеу жұмысымен шұғылданып, бірсыпыра елеулі еңбектер жазған филология ғылымдарының докторы, профессор Шерияздан Елеукеновтің пайымдауынша: «Кітаптану – тұтас, жүйелі ғылым. Ол кітап жəне кітап ісін зерттейді: баспагерлік іс, кітап өнері, кітап саудасы, кітапхана, библиография салаларын кейде бір сөзбен кітап ісі деп атайды»205. Саналы өмірінде жатса да, тұрса да кітапты жан серігі еткен Халел Досмұхамедұлының кітаптану өнеріне руханиэстетикалық талғамының өте биік екендігін Махмуд бин алХусейн бин Махмуд ал-Қашғаридың «Диуан лұғат ат-түрүк» атты іргелі еңбегіне жазған пікірінен анық аңғарылары шүбəсіз. «Түрүктің білімді ерлерінің бұл кітепке артықша назар салғандықтары, қадырын білгендіктері кітепті түзетіп, қарап бастырған Ахмад Рифат əфəндінің (3-інші китап аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр. Түрүк ғалымдары бұл кітептің жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрүк ұлыты əрбір түп (жилда) шыққан сайын пайдаланып, əдебиеті, тарихы туралы көп жаңа білімдер, сөздер майданға шығарыпты. Түрүк азаматтарының білімге, түрүк ұлытының тілі һəм əдебиетіне мынадай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр»206 дейді ғұлама ғалым. Егер ғалым бұл еңбектің төрүктекті ұлыстарға ғылыми баға жетпес құндылығын пайымдай білмесе, шын көңілден жүрегі жарыла қуанбаған да болар еді. Ол қуанышы қойнына сыймай тұра тарихи аманат, рухани жəдігерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі ұқыптылығы мен кісілік жауапкершілігіне ризалығын білдіріп, түрүк ғалымдарын, Ахмад Рифат сынды азаматтардың ерлік істеріне Тəңір жарылқасын айтады. Халел Досмұхамедұлы сонымен қатар осман түрүк ағайындардың ғылыми əдебиеттерді жарыққа шығарудағы ұстанған жолы мен баспа мəдениетіне деген көзқарасы, баспа ісіндегі жеткен жетістігі мен баспа өнімінің сапалық 205 206

Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. – Алматы: Санат, 1997. – 80 б. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 155 б.

219

деңгейі, сауаттылығы, бірізділігіне көңілі толғандығын білдіреді. «Османлы түрүктері бұл соңғы заманға дейін білім кітептерін бастыруда Аурупадаға жол-жобаға (əсіресе де Гуе сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмаушы еді. Бұрынғы Қазанда, Тəшкенде басылған «Қысас ул-анбиа» кітебіндей қылып, қалай болса, солай баса салушы еді. Ғылыми кітептерді баспаханалардың өз түзетушілері (корректор) қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмад Рифат əфəндінің де азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. (Османлы жазушыларында артық таралған жақша белгісін () орынды-орынсыз көп жұмсауы, мəселен, 3-інші кітепте 503-бетін «шу» баб деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды жаңылдырады. Ахмад Рифат əфəндінің осындайы аз емес). Бірақ сонда-дағы бұл кітептің басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітептерден айырылып тұр. Қатасын түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітептің суретін сақтауға ыждаһат қылғандық кітептен көрініпақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түрүктерінде фəн кітептерін басу туралы Аурупа жол-жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді...»207 деп Халел Досмұхамедұлы ХХ ғасырдың басындағы Түркия баспа ісіндегі оң өзгерісті құптап, ғылыми əдебиет саласын дамытудағы жағымды жаңалыққа үн қосып, сын пікірін білдіреді. Түрүк ағайындардың баспа ісіндегі Еуропа үлгісін алуын жаңашылдық соны бағыт ретінде бағалайды. Ғалымның «Қазанда, Тəшкенде басылған «Қысас уланбиа» кітебіндей қылып, қалай болса, солай баса салушы» империялық цензура сүзгісінен күллі көркемдік-идеялық қуаты мен ажарынан айырылған өткеннің баспа өнімдері ұлыттың рухани азығы болуға жарамайтынын – бұл салада қойылар талаптың өте жауапты екендігін астарлап ескертеді. Жан дүниенің ырысы, қаһары күшті қару – баспа ісінің кең өріс алып, ел ішіне тез таралуына зиялылар атсалысты. Олардың көздеген мүддесін зерттеп, үнемі бақылауда ұстаған ресми өкімет орындары онсыз да оңай емес шаруаның ілгері басуына аз кедергі келтірмеген. Сөз бен ісі екі айырылып, екіжүзді саясат ұстанған Кеңестік идеологияға бастапқы кезде Алаш 207

220

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 155 б.

білімпаздары сенер-сенбесін білмей де қалды. Оның себебі енді белгілі болып отыр. Империя қашанда өзіне қараған ұлыстың саяси-рухани еркіне қоя беруге іс жүзінде үзілді-кесілді қарсы еді. Əуелгі кездегі Кеңестік саясаткерлердің өкімет билігін нығайтып алғанға дейінгі ұзын арқан, кең тұсауы күрестен қалжыраған қазақ зиялыларына рухани тыныс берді. Осындай көктен тілегені, жерден табылған азат ойдың ауасын емін-еркін жұту – олардың қоғамдық белсенділігі мен шығармашылық шабытына қанат бітірді. «Неше ғасырдан бері басымызда ерік, малымызда билік болмаудың себебі надандығымыздан екенін білсек, енді ерікке де, билікке де жеткен шағымызда надандықтан құтылып, шын жарыққа шығудың шарасын көздеуіміз керек. Үнемі біреуге масыл болып, жетімдік көрсек жеткізетін жетекшіміз бар деп телміре бермей, өз теңдігімізді, өз елдігімізді өзіміз қорғайтын, енді қайтып өзгеге қол болмайтын қам қылуымыз керек. Бұл мақсаттарға жеткізетін өнер-білім екені даусыз болса, бұған керекті құралдарды сай қылу бірінші міндетіміз. Өнер-білім құралы алдымен мектептерде оқылатын кітаптар, жалпының жанына азық беретін кестелі əдебиет, заман жайынан мағлұмат беретін газет-журнал, бəрін жиып қысқартып айтқанда – баспасөз»208, – деп толғанды алып тұлғаларымыздың маңдайына жазған мамыра-жай сол бір шақта Міржақып Дулатұлы. Ал баспасөз – бұқаралық ақпарат алу мен рухани-саяси білім берудің, үгіт-насихаттың аса маңызды құралы. Баспасөзді ғылыми əдебиеттерде екіге бөледі. «Ол мерзімді, ұзақ мерзімді (газет, журнал, бюллетень, жинақ, т.б.) жəне мерзімсіз (кітап, кітапша, плакат, т.б.) болады»209. Зады, баспа бетін көрген сөздің ғұмыры ұзақ, оның идеялық-көркемдік қуаты, тəрбиелікэстетикалық əсері мен талғамына байланысты буын-буын ұрпақ өкілдері өз бағасын береді. Біз еңбегіміздің бұл тарауында ұлыттық кітаптану саласының тарихында Халел Досмұхамедұлының маңызды орын алатындығын жан-жақты жүйелі түрде айқындап беруге алғаш рет əрекет жасап отырмыз. 208 209

87 б.

Мадияр // Еңбекшіл қазақ, 1923. – №60. – 2–4 беттер. Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия. 1-том. – Алматы, 1984. –

221

Бүкiлресейлiк Орталық Атқару Комитетiнiң (ВЦИК) қаулысымен 1919 жылы алашордашыларға кешiрiм жасалып, олар ендi Кеңес өкiметiнiң жұмысына тартыла бастайды. Осылардың қатарында «Алашорда» үкiметiнiң батыс бөлiмi жетекшiлерiнiң бiрi – Халел Досмұхамедұлы да бойындағы бар бiлiм-парасаты мен күш-қайратын аямай ұлытына қалтқысыз қызмет етудiң үлгiсiн көрсеттi. Ол 1920 жылы Ташкентке келiп, Орта Азия университетi медицина факультетiнiң ауруханасында ординатор жəне сонымен бiр мезгiлде Халық ағарту институтында оқытушы бола жүрiп, ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады, əрi мектептiң санитарлық дəрiгерi мiндетiн қоса қабат атқарады. Ташкент шаhары бұл кезде 1918 жылдың 1-мамырынан бастап ресми жарияланған Түркiстан Автономиялы Peспубликасының орталығы болатын. Автономия құрамына Қазақстанның сол тұстағы Сырдария мен Жетiсу облыстары түгел ендi. Түркiстан Республикасының жоғары басшылық орындарында халқымыздың белгiлi қоғам жəне мемлекет қайраткерлерi Тұрар Рысқұлұлы, Нəзiр Төреқұлұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Санжар Асфендиярұлы, тағысын тағы көрнектi өкiлдерi болды. Ұлыттық жаңару мен түлеудің басы сияқты көрінген Түркістан Автономиялы Республикасы көптеген игі шаралардың ұйытқысы болды. Ислам мəдениетінің ықпалымен Қазақ Даласына орта ғасырда Шығыстық сарынның əсері күшті болды. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің үлес салмағы да дəл осы дəуірде лексикалық қорымызға ене бастады. Ұлы Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деп аталатын еңбегінде: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы Күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта жаңа дінге кірген соң бір Бұхарадан басқа шаһарлардың да, жер-сулардың да, халықтың да бұрынғы аттарын бұзыпты...»210 – дейді. Иə, қазақ халқы өмір сүрген тарихында тоқырау мен дамудың небір өзгерістерін бастан кешіргені мəлім. Түркістан Автономиясын

210

Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазақтың Мемлекеттік Көркем Əдебиет Баспасы. – Алматы, 1961. – 492 бет.

222

басқарған бір шоғыр қазақ зиялылары ұлыттық салт-дəстүрді жаңғыртып, жаңа өң, соны сипат дарытуға үлес қосты. «Кеңес Орталық Атқару Комитеті Ресей Социалистік Федерациясы Кеңестік Түркістан Республикасы №256 БҰЙРЫҚ 20 март 1920 ж. Ташкент қаласы Кеңес Орталық Атқару Комитеті Ресей Социалистік Федерациясы Кеңестік Түркістан Республикасы қаулысына сəйкес осы жылдың 20 мартынан бастап 22 март күнін бүкілхалықтық «Көктемнің басы» – «Наурыз» мейрамы деп бекітті. Бұл күнді Үкіметтік мекемелерден бастап Республиканың барлық көлемінде демалыс деп жарияланып, міндетті түрде орындалуы тиіс. Осы бұйрықты телеграф, телефон арқылы баршаға құлақтандыру іс жүзіне ассын. Кеңес Орталық Атқару Комитеті Ресей Социалистік Федерациясы Кеңестік Түркістан Республикасы төрағасы Тұрар Рысқұлұлы. Хатшы [қолы]»211. Кеңестік дəуірде төлтума мейрамымызды қалпына келтіру – ерлікпен пара-пар еді. Сондай-ақ Түркістан Автономиялы Республикасы құрамында бүгінгі дербес бес республиканың өкілдері: өзбек, тəжік, түрікмен, қазақ, қырғыз ұлыты енген еді. Сондықтан саяси-мəдени мəні бар кез келген мəселеде келісіп пішіп, ортақ мүдде тұрғысынан шешу көзделді. Жыл басы демей, «Көктемнің басы» – «Наурыз» мейрамы деуде осындай сыр бар еді. Жылдың басы саналатын мейрамды ежелден қазақ «Ұлыстың Ұлы Күні» дейді. Парсының «Наурыз» атауы қазаққа келгенге дейін де жұртымыз жыл басы ретінде тойлаған. Өйткені көшпелі қазақ тіршілігі: жаз – жайлау, күз – күзеу, қыс – қыстау, көктем – көктеу – жылдың төрт мезгілін экологиялық тиімді пайдаланған. Көшпелі өмір салты табиғатпен қойындас тіршілік еткен соң аспан денелерінің сырын өте-мөте қанық білді. Дала астрономдары аспан денелерінің қозғалысын жіті 211

ӨР ОМА. 17 қор, 1 тізбе, 43 іс, 186 парақ.

223

бақылап, өмірде тəжірибеден түйген тұжырымына сүйенді. Халық есепшілерінің «Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар; Ел жатқанда Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар», «Толған ай тұрса Үркерге қарсы қарап, қыс түсер шақырайып, боран сабап», «Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс» деген сияқты мəтелдер соған айғақ. Аспан шамшырақтарын қасиеттеп ұл-қыздарына ат қойды: Күнсұлу, Айсұлу, Жұлдыз, Айжарық, Айбек, Шолпан, Болпан, т.т. «Ұл[ы]т», «Ұлыс» ұғымы біздің ежелгі тотемдік наным-сенімімізден қалыптасқан бөрілік дəуірден бастау алады. Тəуелсіздікпен бірге төл мейрамымызды қайта жаңғырттық. Ендеше, кез келген саладағы төлтума атауларымызды қайтаруымыз қажет. Ұлыттың дербестігін, ерекшелігін білдіретін барлық маңызды элементтер: амандасудан бастап, аты-жөнімізді ресми дұрыс таңбалау, мемлекеттік рəміздік мағынасы бар атрибутқа дейінгі кілтті сөздер бағзыдан жеткен төлтума атаудан құралуы тиіс. Бұл біздің өркениетімізді, мəдениетімізді, жасампаздығымызды, мемлекет болғанымызды куəлікке тартып, дəлелдейтін осындай байырғы атауларымыз. Енді төл атауларымыз ұмыт қалып, шеттен келген сөздерді пайдаланып жүрміз. Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деуінде гəп бар. Зады, бұл терминолог ғалымдардың қателігі. Терминкомда жұмыс істейтін ғалымдардың кəсіби біліксіздігі мен өресіздігінен ұлыттық мүддемізге нұқсан келетін кемшіліктер жіберілді. «Наурыз» сөзі бізге парсыдан енді. Парсылар болмаса, қазақ осы тойды тойламас па еді?! Жалпы, еуроцентристік оқымыстылардың қазаққа тəн құндылықты қарадай қызғанып, парсыға бұратын ауруы бар. Бұл біздің дұшпандарымыздың саяси мүддесіне орай ғылымды қолжаулық етуі. Кеңес Одағының ғылыми мектебінен өскен қазақ ғалымдары да орысқа жалтақтап, солқылдақтық танытатын əдетінен əлі жаңылған жоқ. Есіктен табылған Алтын Адамды, оның жанындағы күміс тостағандағы жазуды да «бетке ұстар өз білгіштеріміз» парсыныкі деп, қазаққа қиғысы келмей біраз тулағаны естен кетпейді. «Ұлыстың Ұлы Күні» деген мейрамның атауын қазақта білмейтін жан жоқ. Мемлекеттік билік уыстан шығып кеткен дəуірде «Ұлыстың Ұлы Күні» деп ресми тойлауға ерік бермегені түсінікті жайт. Кеңес үкіметі тұсында ұлытшылдықпен байланыстырды, тіпті, «діни мейрам» 224

деп тиым салғаны да мəлім ғой. Бұхар жырау бабамыз: «Жар басына үй тікпе, дауыл соқса, үй кетер; Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер» демеді ме?! Ұлыттың мейрамы түгіл қазақтың ары болған алтын басты азаматтарымыз нақақтаннақақ атылып, асылып, абақтыға тоғытылды, миллиондаған бейкүна жандар аштан қатырылып, сүйегі көмусіз далада шашылып қалғаны – Бұхар бабамыз айтқандай, биліктің тізгінін жатқа ұстатқанның кесірі. Өз билігіміз өзімізден сусыған дəуірде қасиет тұтқан киеміздің бəрінен айырылдық. Енді сол олқылықтың орнын толтырып, өшкеніміз жанып, жоғалтқан асыл қазынамызды түгендеу үстіндеміз. Бұл алауыздықтан тапқан тарихтың бізге берген ащы сабағы. Сондықтан оны əлсін-əлі қымыз піскендей қайталап, буын-буын өскелең ұрпаққа тəлім-тəрбие болу үшін еске түсіріп тұру парыз. «Ұлыстың Ұлы Күні» деген тіркесті қазақтан өзге бірде-бір төрүктілдес елдерден кездестірмейсіз. Жер жүзіндегі алғашқы жазулардың бірегейі руника десек, сол «руника» сөзінің шығуы «ру», «ұлыс» ұғымдарымен астасады. Қазақтың рулық таңбалары бічік, яки жазу əріптерінің бір парасы. Осы рулық таңбалар орыстың, көптеген Еуропа елдерінің геральдикасына негіз болғанын да біліп қойған абзал. Рулардың конфедерациясы – ұлыс. Ұлыстың Ұлы Күні – кіші-гірім рулық мемлекеттердің бірігуінің символы. Себебі дəл осы күні, яғни 21-нен 22-не қараған шақта Күн календары бойынша аспан денелері бастапқы нүктесіне келіп, жаңа цикл басталады. Ахмет Байтұрсынұлы біздің əдеби тілімізді қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосты. Ахаңның қазақ терминологиясына сіңірген еңбегі үшін алтыннан ескерткіш қойса да, артықтық етпейді. Басқа жұрттар бізді «миллəт» деп жазып, осы атауды сөздік қоржынымызға енгізуге барын салды. Сол дəуірдегі əдеби тілдің өзінде арабпарсы сөздері мидай араласып, төрүктік сөздік қорымыздың берекесі қашты. Ахаң тіл тазалығы мен мəдениетіне барынша көңіл бөлді. Ол «миллəттың» орнына өзіміздің «ұлыт», «ұлыс» атауын сөздік қорымызға қайта оралтты. Империя өз мүддесі тұрғысынан əліпбиді өзгерткенде сингармонизм заңдылығы бойынша жазылатын «ұлыт» сөзінен «ы» дыбысын алып тастап, оның айтылу əуезділігін бұзды. Өктем империя Ахметтер шейіт болған соң орфографияны қайта-қайта өзгертіп, қазақ тілін ақсатуға тырысты. Тілдегі əуез бен əуенді алып тастау арқылы 225

адамның психологиясына кері əсер тудырып, қазақ сөзінің энергетикалық қуатын солғындату саясаты жүргізілді. Бөрінің ұлуы негізінде туындаған «ұлыт» пен «ұлыс» атауы бір-біріне мəндес синоним. Біз – «дала серісінің» қайсарлығы мен ақылдылығына, мəрттігі мен шыдамдылығына, сезімталдығы мен табандылығына, иісшілдігі мен тістегенін жұлып алатын жойқын күшіне еліктегенбіз, осы мінездерін бойымызға сіңіргенбіз. Себебі төрт түлік мал шаруашылығын кəсіп еткен көшпелі қазақтың бөрі ең басты оппоненті. Сондықтан біздің жұрт бөріні əбден зерттеген. Сонан да болар бөрі біздің тотемдік-атамыз. Ұлысу деген ұғым бар. Ұялас қасқырлар əлдебір қауіп-қатер төнгенде, ұзақ сапарға шығар алдында ұлып ұяластарын шақырады. «Ұлыс» сөзінің екінші мағынасы бірігу дегенді білдіреді. Наурыз айын тас бітікте «Ілкі ай», яғни «Бірінші ай» деп атады. Ахмет Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газетінде мынадай мəлімет берілген: «Əз-əз: жаз-иаз дейтін сөзден өзгерген... Мақал: «Əз болмай, жаз болмайды; жаз болмай мəз болмайды». Сол мақалдағы «əз»-іңіз, март болмай не болады?», – дейді. Маңғыстау, Ақтөбе қазақтары «мартты» амал деп те атайды. Ұлыстың Ұлы Күні ұлан-ғайыр қазақ даласында екі рет тойланады. Мұның себебі Ай күнтізбесі бойынша жыл басындағы ілкі айдың 14-де ай толып, жаңасы басталады. Қазақтың халық əні «Дайдидау» мəтінінде «Хат жаздым қалам алып сізге, еркем, Жүзің бар, он төртінші айдай көркем...» деудің мəні осында. Міне, дəл осы күні аспан денелері өзінің бастапқы нүктесіне келіп, бір цикл аяқталып, жаңасы басталады. Қазақстанның батыс өлкесіндегі қазақтар Ұлыстың Ұлы Күнін наурыз айының 14-де мейрамдау əліге дейін дəстүрден қалған жоқ. Бала кезімізде 14-не күн шықпай жүгіріп, бір-бірімізбен жарыса 40 ақсақалдың қолын алып, көрісетінбіз. Ел елең-алаңнан шұбырып, көрісуге ауылдағы шалдарды іздеп кетеді. Қазақтың «Қырықтың бірі – Қыдыр» деуі осыған байланысты айтылған. Үлкендер жағы төс қағыстырып, бір-бірімен арқа-жарқа болып көріседі, ескі реніштерін кешіреді. «Кім таң сəріде ерте тұрса, Қыдыр Ата несібе шашады» дейді үлкендер. Бұл күнді үлкен-кіші асыға күтеді, думандатып тойлайды. Екінші – Күн күнтізбесі бойынша Ұлыстың Ұлы Күнін, яки Жаңа Жылды тойлау осы айдың 22-не сəйкес келеді. 226

Наурыз – біздің тілімізге орта ғасырдың ішінде енген кірме сөз. Қазақ ат қоюға өте шебер. Кеңес үкіметі орнасымен Советбек, Сəбет, Совхозбек деген сияқты тілімізде антропонимдер көбейді. Əрбір жаңа құбылысты білдіретін ұғым тілдік мəдениетімізде ізін қалдырары даусыз. Тіліміздегі кісі есімдері Наурыз, Наурызбай, Наурызбек соның белгісі. Төрүк тілдес ұлт пен ұлыс арасында қазіргі «Наурыз» мейрамын «Ұлыстың Ұлы Күні» деп төлтума атауын тек қана қазақ сақтап қалған. Қаншама билік пен сенім, қоғамдық-саяси, мəденирухани идеологиялық ұстаным өзгерсе де «Ұлыстың Ұлы Күні» тілімізде жарыса қолданылып, сан алуан тиым салынса да халықтың жадында қайта жаңғырып, бүгінге жетті. Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлының «20-ыншы ғасырға шейін түрүктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас»212 – деген қағидалы пікірін ескерген абзал. Ұлыстың Ұлы Күнінің қоғамдық-əлеуметтік маңызы – көшпелі ел табиғаттың қатал сыны ауыр қыстан соң ұлан-ғайыр аумақтағы шашыла қонған рулардың бір-бірімен қуаныса қауышуы, мəре-сəре боп көрісуі, бірлігі мен татулығы, жарастығы мен ықпалдастығының рəмізіндей атаулы мейрам. Бұл ұлысу – Еуразия кеңістігін мекендеген тілі мен дүниетанымы, салт-санасы мен дəстүрі ортақ рулардың конфедерациясына негіз болған, яғни ҚазаҚ этносының біртұтастығын айқындаған есте жоқ өте ежелгі дəуірден сыр шертетін қасиетті күн. Қазақ бір-біріне бұл күні тілек білдіргенде – Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – деп ұрандайды. Мұндағы «ұлыс» деп отырғаны əлгі жан-жақтан жамырасып бас қосқан мүдделес рулардың органикалық бірлігі мен тұтастығын сипаттайтын, идеологиялық ынтымағының белгісі. 1920 жылы Түркiстан Автономиялы Республикасының Орталық Атқару Комитетiнiң жанынан Қазақ (қырғыз) бөлiмi ашылып, оның мүшелерi Нəзiр Төреқұлұлы, Георгий Сафаров, Сұлтанбек Қожанұлы, Санжар Асфендиярұлы, хатшылары Халел Досмұхамедұлы мен Махмуд Бұдайұлы сайланады. 21 212

Ахмет Байтұрсынұлы. «Шора» журналы, 1913, №4, 113 б.

227

тамыз Халық Ағарту Комиссариаты алқасының кеңейтiлген мəжiлiсi өлкенiң рухани мəдениетiн өркендету мақсатымен Бiлiм Комиссиясын құрып, оның Қазақ-қырғыз бөлiмiнiң төрағасы Иса Тоқтыбайұлы, мүшелерi Халел Досмұхамедұлы, Ходжиков, Көшербайұлы құрамында iске кiрiстi. Алайда Комиссия мардымды дəнеме де бiтiре қоймады. Сондықтан жауапкершiлiгi зор жұмысты жандандырып, жолға қою үшiн 1921 жылдың қазан айынан бастап Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының төрағалығына Халел Досмұхамедұлы бекідi. Нақ осы шақта Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы Халық Ағарту Комиссариаты жанынан құрылған Ғылыми Кеңестiң құзырына өттi. Бiлiм Комиссиясының басшысы ретiнде Халекең бiрден қазақ-қырғыз мектептерi мен жоғары оқу орындарында оқылатын пəндердiң бағдарламаларын жасауға, түрлi саладағы оқулық кiтаптар жазуға, ғылыми терминологияны қалыптастыру, халық ауыз əдебиетiнiң үлгiлерiн жинап, жүйелеу, бастыру жұмыстарына белсендi түрде атсалысты. Оның ғылыми-шығармашылық қыры мен ұйымдастырушылық қабiлетiнiң жан-жақты ашылып, көрiнген тұсы да – осы кезең. Халекең басы-қасында жүрiп, тiкелей мұрындық болуымен 1921 жылдың өзiнде Бiлiм Комиссиясы Ахмет Байтұрсынұлының «Əлiппе», «Баяншы», «Тiл – құрал» (1 жəне II бөлiмдерiн), Мiржақып Дулатұлының «Оқулық құралы», «Есеп құралы», Иса Тоқтыбайұлының «Жалпы жағырапия», «Түркiстан жағырапиясы», Халел Досмұхамедұлының «Табиғат тану», «Жануарлар» (I бөлiмi) кiтаптарын Орта Азия мемлекеттiк баспасына өндіріске тапсырды. 1921 жылдың қоңыр күзi де өтiп, қыс қаhары бiлiне бастады. Отынның жоқтығы, кеңсе бөлмесiнiң суықтығы, жермай мен шамның тапшылығы күн ұясына қона жұмыс жасау мүмкiндiгiнен айырды. Оны-мұны көшiруге қолғабыс беретiн Қазақ-қырғыз институтының студенттерi күндiз сабақта, кешке жағдай тағы мəз емес. Материалдық қажеттi құрал-жабдықтарға зəрулiк Бiлiм Комиссиясының iлгерi басқан қадамын керi тартып, қалыпты жұмыс ырғағына нұқсан келтiрдi. Ең бастысы, бiлiктi мамандардың жетiспеуi ойға алған қыруар шаруаны дер кезiнде жүзеге асыруға кесiрiн тигiзсе, өзге мекемелерден ғылымға бейiмi барларды тартуға қаражаттың қаттығы үмiт отын онан сайын өшiре түстi. Ал орындалған еңбектердiң 228

қаламақысы айлар бойы кешiктiрiлiп, əбден əуре-сарсаңға салып барып ақшасы өз құнын жолғалтқанда берiлуiне келiсе қоюшылардың табылуы жəне екiталай еді. Мемлекеттiк баспаға жiберiлген қолжазбалардың ұзақ жатып қалуы Бiлiм Комиссиясының да, жекелеген қызметкерлердiң де ықылас-пейiлiнiң суынуына, мектеп мұғалiмдерiнiң оқу құралдарымен қамтамасыз етiлмеуiнiң салдары барлық кiнəнi Ғылыми Кеңеске аударуына əкелiп соқты. Бұл жөнінде Халел Досмұхамедұлының өзі қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты кезінде тиісті құзырлы басшылыққа былай деп баяндаған екен: «Басылуға қабыл алынған кітептердің жазу ақысын (гонорарын) госиздат беретін еді. Шығынын кеміту үшін госиздат жазушылардың қаламақысын екі бөліп төлейміз деп қаулы қылды. Ақының жартысы кітепті тапсырғанда берілетін, жартысы кітеп басылып шыққанда берілетін болды. Бұл қаулы Білім Кəмисиесіне жығылғанның үстіне жұдырықтай болып тиді. Кітеп жазушылар уақытымен таксы бойынша ақысын алалмайтын болдық деп, жазудан тіпті безерге қалды. Тəшкендегі мұсылман баспаханаларының жайы бұрыннан да онша жақсы емес еді. Мұсылманша кітептер өте шабан басылатын еді. Жаңа шаруашылық саясаты баспаханаларға да салқынын салды. Қағаз, қəріптер, түрлі баспаға керек саймандар, құралдар мезгілімен жетісіп тұрмады. Кітептердің шабан басылуына мұның бəрі себеп болды»213. Мiне, осы олқылықтарға қарамастан, Халел Досмұхамедұлының жатпай-тұрмай iзденiсi мен қам-қарекетi өз жемiсiн бере бастады. Ол бұл тұйықтан шығудың жолдарын қарастырып, пiкiр алысу мақсатында атқамiнер қазақ-қырғыз зиялыларын шақырып, қол ұшын берудi өтiндi. Осыдан соң көптеп-көмектеп, жақсылардың шарапаты тиiп, Бiлiм Комиссиясының есеп-шотында ақша айналысының тамыры бүлк-бүлк соға бастайды. Халекең əдепкiде Түркiстан Республикасын түгелге жуық қамтыған сұрапыл экономикалық дағдарыстың шалығынан қысқарып қалған орындарды қайта қалпына келтiрiп, Əбубəкiр Диваев пен Уəлихан Омарұлын мүшелiкке қабылдайды. Ол ендi Қазаққырғыз Бiлiм Koмиссиясының жүйесiне өзгерiстер енгiзiп, жаңа 213

Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесі жайынан қысқаша баяндама // Шолпан, 1922. – №1. – 45 б.

229

үй-жайға көшiрдi, мекеменiң өз кеңсесін ұйымдастырды. Комиссияның мұнан былай басшылыққа алатын ережежобасын, жақын аралықта атқарылатын жұмыс ауқымының жоспарын анықтап, қазақ-қырғыз тiлдерiнде жазылатын оқу құралдарына ынталандыру сыйлықтарын берудiң шарттарын белгiледi. Мұның бəрi айтуға ғана жеңiл болғанымен, жүйкені құртып, діңкелеткен тынымсыз еңбек пен көп қажыр-қайратты сарп еттi. Күнi-түнi дамыл таппаған iзденiсi арқасында қиындыққа мойымай, шыдам мен төзiмге еркiн билеткен Халел Досмұхамеұлы кездескен кедергi атаулыны абыроймен жеңiп шықты. Осы жылдары Бiлiм Комиссиясы баспаға дайындаған Əбубəкiр Диваевтың «Бекет батыр», «Мырза Едiге», «Алпамыс», «Нəрiкұлы Шора», «Шора батыр», «Қобыланды», «Тарту» жинағы, Сұлтанбек Қожанұлының «Арифметика» (I бөлiм), Жəленұлының «Арифметика» (ІІ бөлiм), Халел Досмұхамедұлының «Жануарлар» (II бөлiм), «Адамның тəн тiрлiгi», Табынбайұлының «Педагогика», «Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi», «Қыз Жiбек», «Кенесары – Наурызбай», Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның «Сұлтан Keнесары тарихына қосымша материал» (орыс тiлiнде), «Абай өлеңдерiнiң таңдамалы жинағын» (алғы сөз, түсiнiктемелерiмен) жеке-жеке кiтап қылып шығарды. Оның сыртында қазақтың халық əндерiн нотаға түсiру, мектепте өтілетiн пəндердiң бағдарламаларын, қазақ тiлiнде тұңғыш рет жағырапиялық карталар, күнтiзбе кaлендарлар шығару, қазақша-орысша, орысша-қазақша екi тiлдiк сөздiктердiң түзiлуi, ғылыми конференцияларда баяндама жасау, қысқасы, мəдени-рухани өмiрдегi жаңалық бiткеннiң бəрiнен Бiлiм Комиссиясы шет қалмай өзiнiң үнiн қосып отырды. Халел Досмұхамедұлы маман баспагер ретінде Білім Комиссиясының жалпыға дайындаған рухани азығын жоғары эстетикалық талапқа сай ұлыттық бояу, өзгеше нақышпен безендірілуіне, сыртқы пішінінің дизайні мен техникалық жағынан орындалу шеберлігіне аса зор мəн берді. Баспа бұйымының көркемдік-идеялық, мазмұндық-сапалық мəдени деңгейі оқырман талғамының үдесінен шығуына шығармашылық үнемі ізденісті, тəжірибені қажет ететінін ол əрдайым есте тұтты. Əсіресе, ғылыми-танымдық əдебиеттер мен ғылымның сан қилы 230

саласына арналған кітаптарды басқанда қажетті көрнекі құралдар мен суреттердің, карталар мен штрихтардың, диаграммалар мен цифр көрсеткіштерін, қысқартулар мен шартты белгілердің ұлыттық этнопсихологияға лайықтап берілуін мейілінше ескеріп, жəне мұндай принципті мəселеге қатаң бақылау жасап отырды. Оның тікелей араласуымен тұңғыш рет қазақ тілінде басылған географиялық карталар мен глобустар, музыкалық ноты дəптерлері ғылыми-техникалық үдерістің дамыған, компьютерлік технология мүмкіндіктерінің соңғы жетістіктерімен қаруланған бүгінгі күні де жоққа тəн десек, қателеспейміз. Осының өзі – Халел Досмұхамедұлы тұтынған баспа құралдарының техникалық мүмкіншілігі жетілмеген қарабайырлығына қарамастан, сол тұстағы ұлыт руханиятына істеген қызметінің жасампаздық өре деңгейі қаншалықты биік екендігінің көрсеткіші. Баспагер Халел: «Білім кітептері, əсіресе, оқу кітептері технике жағынан айыпсыз болып, дұрыстап басылып шығуы керек. Алғашқы уақытта қазақша басылып шыққан кітептер технике жағынан өте нашар болды. Бұның себептері: баспаларда саймандардың кемдігі, қазақ-қырғыздан корректірлердің болмағандығы болды»214, – деп баспа машиналарының тозығы жеткендігі мен бұл саладағы істің мəн-жəйін толық игерген ұлыттық маман кадрлардың жетіспеушілігі қолбайлау екендігіне назар аударады. Кеңес дəуiрiнде ең алғашқылардың бiрi боп ұлы Абай тақырыбына түрен салған да Бiлiм Комиссиясы едi. Бiрақ бұл кiтаптың дiттеген үдеден шықпағандығын «Оқырманға ескертуiнде» ашығын айтып: «Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы Абайдың «Таңдамалы өлеңдерiн» бастырғанда Абайдың өмiрi туралы толық баяндама, Абайдың өлеңдерi туралы толық сын бермекшi болды. Осы жұмысты мойнына Нəзiр Төреқұлұлы алып едi. Түрлi саяси-əлеуметтiк жұмысы көп болғандықтан Нəзiр мойнына алған мiндетiн тез өтей алмай ұзаққа созып, қолы тимедi. Сондықтан жазғытұры шығатын Абайымыз кешiгiңкiреп шықты жəне де Абайдың өлеңдерi туралы сын

214

Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесі жайынан қысқаша баяндама // Шолпан, 1922. – №1. – 46 б.

231

берiлмедi. Абайдың өмiрi туралы Кəкiтайдың сөзiн түзетiп бастық...»215, – деп түсiнiк бердi. Задында, «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен, Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен...» – деген адамзаттың Абайын терең түсiнiп, сол уақыт межесiнде данышпан тұлғасын толыққанды түрде оқырман зердесiне жеткiзудi мұрат тұтудың өзi – Халел сынды халқының бiртуар перзентiнiң көрегендiгiн, ұлыт мəдениетiнiң асыл қазынасын тап басып, тани бiлгендiгiнiң айғағы. Əрине, жоққа жүйрiк жетпейдi, саяси күрт өзгерiстiң салдарынан тұралап қалған əлеуметтiк-экономикалық хал-ахуалды сауықтыру, қоғамдық жаңа құрылысты қалың бұқараға насихаттау, санасын жаңғырту, мемлекеттiң даму жүйесiн аяғынан тiк тұрғызу оңай болған жоқ. Осындай тарихи өтпелi дəуiрде, өлiара шақта халқының рухани жанына шипа болар, бойына қуат берер құдiреттi күш – Абай поэзиясы, Абай ғақлиясы, Абай ақыл-парасаты, Абай ойшылдығы, Абай данышпандығы өте-мөте қажеттiгiн Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының сезiнуiнiң өзi шығармашылық дайындығының мықтылығын меңзейдi; оның төбе ағасы [сол кездегi Халекеңнiң ғылыми айналымға қосқан тарихи терминi – А.Мек.] Халел Досмұхамедұлының есiмi аталуының өзi көп жайдан хабар берерi аян. Қазақ-қырғыз Бiлiм Koмиссиясының «Баспаға берген қолжазбада «Абайымыздың» сыртында екiншi басылуы делiнген едi. Қазанда шыққан «Абайға» жол берiп, екiншiсiн үшiншi деп түзеттiк»216 деуiнiң себебiн де жоғарыда айтқан Түркiстан Peспубликасы Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы Нəзiр Төреқұлұлының жұмыс бастылығынан жүктелген iстi дер кезiнде бiтiрiп бере алмауымен байланыстырды. Байыптап қарасақ, мұның екiншi жағы – Халекеңдей жұғысып кетce айналасына жылуын төгiп, жарығын шашатын ғибраты мол жанның өркениет əлемiндегi баспагерлiк мəдениеттiң əдебiнен аттап өтпеудi өзiне де, өзгеге де үлгi-өнеге тұтудан деп ұғынғанымыз абзал. Əйтпесе жыр жинағының күллi 215

беттер. 216

232

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 105–106 Сонда.

редакциясын басқарған Халел Досмұхамедұлы мен Уəлихан Омарұлының бiрлескен «Алғы сөзi» 25 көкек айында, яки Қазан қаласында жарық көрген нұсқасының «Сөз басы» авторы Бернияз Күлейұлынан төрт ай бұрын жазылғандығын дəйек етер болсақ, бұл еңбектiң баспаға бұрынырақ əзiрленгендiгiне шүбə келтiрмеймiз. Халел мен Уəлиханның өз сөздерiмен айтсақ, «дұрыстаушылардың», яғни редакторлардың пiкiрi: «Тексерудегi жұмыстың қиындығын, түзетушiлерге түсетiн мiндеттiң ауырлығын, баспа iсiнiң шабандығын ескерiп жəне де Қазақстанның Абайды толық қылып басуға кiрiскенiн ойға алып, Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы Абайды жуық арада баспаға берудi ойлаған жоқ едi. Абайдың тарамағандығынан қазаққырғыз əдебиетiне, оқушыларға, шəкiрттерге, мұғалiмдерге келетiн кемшiлiктердi көрсетiп, шапшаңдықпен Абайды жұмыстауға Бiлiм Комиссиясына қамшы болған Нəзiр Төреқұлұлы болды. Баспахана жағынан да тоқталмай тездiкпен жөнделiп, басылып шығуына да Нəзiр мiндеттi болды»217, – деп билiк басындағы азаматтың сiңiрген еңбегiн əдiл бағалайды. Кеңес үкiметiнiң шаңырақ көтерген алғашқы жылдарында дүниеге келген Абай шығармаларының зерттеушiлердiң назарына осы уақытқа дейiн iлiкпей келген елеулi ерекшелiгi – Қазаннан шыққан нұсқасы тырнақалды басылымының емлелiк алақұлалығын түзеп, кейбiр мағынасы күңгiрт жекелеген сөздерге ғана түсiнiк берумен шектелсе, аталған кiтапта Абай өлеңдерiнiң тұңғыш рет ара жiгi ажыратылды, хронологиялық жүйемен, текстологиялық саралау-сұрыптаудан өткiзiлді, өлең ұйқасы мен өлшемiне тоқталып, жат тiлдерден енген кiрме сөздер мен диалектiлердiң мəн-маңызына ғылыми сипаттама берiлiп, қазақша жаңа емлемен терiлдi. Рухани мəдениеттiң қанатын кең жая бастауымен бiрге Кеңес үкiметi идеологиялық бақылау орындарының «қырағылығын» мейлiнше күшейттi. Əсiресе ұлыт тiлдерiндегi басылымдарға күдiкпен қарап, үтiр-нүктесiне дейiн шұқшия қадалып, тырнақ астынан кiр iздеудi олардың кəсiби əдетiне айналдырды. Мұны Абай өлеңдерiнiң астарына шүйлiгiп, күмəндi деген шумақ-шумақ жыр жолдарының алынып 217

Сонда.

233

тасталуынан анық байқауға болады. Халел мен Уəлиханның: «Өзiмiзден болмаған себептерден Семей интернатындағы орысша оқыған балалар туралы айтылған өлеңнiң де бiразы жiберiлмедi»218 деуiндегi негiзгi гəптің сыры осы. Коммунистiк партияның «ұлыт араздығын» туғызады деген желеумен орысқа қатысты сын пiкiрлерге шек қойып, сақтана, үрейлене қарауының салдары цензураны ұлыорысшылдық iндеттi қоздырудың көзiне айналдырды. Рас, Ташкент басылымы ұлы ақын шығармаларының қалың оқырман қауымға тегiс таралуына себi тиген, халқымыздың рухани мəдениетiне қосылған айтулы жаңалық болды. Демек, «Абайдың таңдамалы өлеңдерiнiң» көркемдiк-сапалық, əлеуметтiк-эстетикалық деңгейi жағынан да кейiнгi басылымдарына бiрден-бiр сүйенетiн тiрек болуы сондықтан. 1921 жылы маусымның 19-ындағы «Ақ жол» газетiнiң 69 санында əмбебап ғалым Телжан Шонанұлының «Абай кiтабын бастыру керек» атты күн тəртiбiнде тұрған өзектi мəселенi көтерген мақаласы жарияланды. Бұл кезеңде Абайдың өзiн дұрыс танып болмаған, таптық тегiне қарай ұлы ақынды байшылдық əдебиеттiң өкiлi, дiншiлдiктi көксеген деп сан саққа жүгiртiп, əйтеуiр, оны халықтан аулақтатуды көздеген терiс пiкiрлер, солақай көзқарастар өрiстедi. Абайға майдан ашқан шабуылдың толастамай тұрған шағында Бiлiм Комиссиясының кiтап шығаруды ойға алуының өзi тарихи ерлiкпен пара-пар деуге əбден лайық. Классик ақынның есiмiне тағылған жалған жаладан арашалап, оның қазақ əдебиетi мен мəдениетiндегi алатын орнын, бүкiлхалықтық, адамзаттық мəселелердi көтере  Уəлихан Омарұлы Қызылжар өңірінің тумасы. Уəлиханның шығармашылық қызметі қазақ қоғамына «Айқап» журналынан таныс. Ол ел ішінде мұғалім бола жүріп, қолына қалам алып қоғам ішіндегі қалыптасқан əлеуметтік-рухани келелі мəселелерді шешуге өз ой-пікірін батыл білдіруге азаматтық белсенділік танытты. Оның «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Ақ жол», «Сана», «Еңбекші қазақ», т.б. газет-журналдарда əртүрлі жанрда жарияланған қыруар əңгіме, фельетон, аударма, сын мақалалары баспасөз тарихында елеулі еңбегі бар екендігінің айғағы. Сондай-ақ Уəлихан Омарұлы 20 жылдары Ташкент қаласында Қазақ-қырғыз Білім комиссиясында Халел Досмұхамедұлымен мəдени-ағартушылық, шығармашылық салада қанаттас жүріп, жемісті қызмет етті – А. Мектеп-тегі. 218 Сонда.

234

бiлген, өз заманынан озып туған iрi суреткер, сирек жаратылған ойшылдығын, дүниетанымын түбегейлi түсiндiрiп, құдiретiн жеткiзуге Халел Досмұхамедұлының сiңiрген еңбегi айрықша, сондықтан 1922 жылы Ташкенттен шыққан «Абайдың таңдамалы өлеңдерi» жинағының «Абайтану» ғылымына қосылған құнды үлес екенiне дау жоқ. Халқымыздың қоғамдық-мəдени өмiрiнде абыз ақынның таңдамалы өлеңдерiнiң кiтап болып жарыққа шығуы, кезiнде тура мағынасында Абайдың тiрiлiп, өмiрге қайта келуiндей əсер еттi. Дана тұлғаның рухы қазақ шаңырағына оралып, поэтикалық энциклопедиясы төрiнен орын алды. Сөйтiп, күллi ұлыт ұстазының мəңгi дəрiсiн өмiр мектебiнiң басты оқулығына айналдырды. Қазақтың ұлыттық мəдени-рухани əлеміндегі елеулі жаңалық болған бұл оқиғаны мерзімді баспасөз де атап өтті. Енді соның бірінен үзік келтірелік: «Құнанбай ұлы Ыбырай (Абай). Өлеңдерінің жинағы. Ташкент. 1922 жыл. 3-інші басылуы. 293 бет. (Сатылып бітті). «...Ақын адам басқа адамдарға қарағанда сезімді, сөздері суретті, ұйқасымды болады. Арқасы бар кісіше, өлең ойға түскенде, құрыстанып, өлеңді жазса, дария толқынындай толқынданып, түйдектетіп жазады. Ойына келгенді қиналмай түсіреді. Шын ақынның жазған өлеңі оқыған адамды иіріп-иіріп ішіне тартып əкетеді, əсер береді. Бұлардың бəрі Абай өлеңдерінде бар деп ойланып, қиналмай айта аламыз... ...Абай елдің сүйкімсіз қылықтарын сықақ қылып, онан құтылуға жол көрсетіп, өсиет үйреткенде бай, кедей деп айырмайды, бəріне бір көзбен қарайды... ...Сондықтан Абайды халықтың ақыны дейміз. ...Абайдың қазақ əдебиетіне сіңірген еңбектерін еске түсіріп келген соң, Абайдың қазақ əдебиетіндегі орнын анықтау қиын емес. Біздіңше, Абай қазақтың жазба əдебиетін бастады, соған негіз салды. Сондықтан Абай қазақ жазба əдебиетінің ағасы... «. «Еңбекші қазақ» газеті. №359–60, 1925 жыл»219. Халел Досмұхамедұлының халық-ағарту саласындағы қыруар еңбегiнiң бiр парасы – күнi бүгiнге дейiн өз бағасын алмай жүрген, сол кезеңнiң аса дiлгер сұранысын өтеген, 219

Дулатұлы М. Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш. – ҚызылОрда, 1926. – 88–89 беттер.

235

медицина, жаратылыстану, ана тiлi мен əдебиеттану ғылымы саласындағы қазақша тұңғыш жазылған оқу құралдары мен ғылыми-көпшiлiк қолды кiтаптары. Əсiресе, «Табиғат тану» (Ташкент, 1922 жыл, 127 бет. Бəсі 1 сом 20 тиін), «Жануарлар» (бiрiншi басылымы 1922 жылы Ташкентте 35000 дана, 184 бет. Бəсі 1 сом 20 тиін. Екiншi рет бiрiншi бөлiмi «Сүйектiлер туралы» Қызылорда–Мəскеу қалаларында 1928 жылы көлемi 228 бет, толықтырған, түзеткен күйiнде қайта жарық көрдi», «Жануарлар» (Екінші бөлім. «Жап-жайшалар, бір-қуыстылар, бұлыттар, тікенділер, құрттар, былқылдақ-тəнділер турасында». Ташкент, 1922 жыл. 126 бет. Бəсі 1 сом), «Адамның тəн тiрлiгi» (Ташкент, 1923 жыл, екiншi басылымы Қызылорда – Мəскеу, 1927, 303 бет, таралымы 5000 дана), «Как бороться с чумой среди населения Киргизского края» (орыс тiлiнде, бiрiншi басылымы 1918 жылы, екiншi басылымы Ташкент, 1924), «Оқушылардың саулығын сақтау» (бiрiншi басылымы, Ташкент, 1923, екiншiсi – 1925 жыл. Көлемi 23 бет), «Қойшының саулығын сақтау» (Ташкент, 1925. 23 бет. Бəсі 12 тиін), «Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы» (Ташкент, 1924, 53 бет), «Адамның тəн тiршiлiгi» (қазақша-орысша жаратылыс тану сөздiгi, бiрiншi басылымы, Қызылорда – Мəскеу, 1927 жыл) сияқты өз саласында ғылыми маңызын əлiге дейiн жоймаған iзашар төл туындыларын атап өткен жөн. Жəне мұның сыртында Халелдiң баспасөз беттерiнде, алуан түрлi жинақтарда жарияланған жүздеген мақалалары мен аудармалары, рецензиялары мен редакторлығын, конференция, мəжiлiстерде жасаған баяндамалары мен ондаған өзi құрастырып, алғы сөз, түснiктерiмен бастырған кiтаптарын қоссаңыз, бiр ғана жанның иығына түскен аз жүк емес. Халел Досмұхамедұлының ұйымдастыруымен қазақ тілінде зəру ғылымның сан тарау саласындағы əдебиеттерді аудару жұмысы да осы кезеңде қолға алынды. Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы төбе ағасының тапсыруымен бір ғана профессор Ю. Вагнердің еңбектерін орыс тілінен аударуға қазақ оқығандарына бөлініп берілді. Жеке-жеке кітапша болып шыққан осы аудармаларға қоғамдық пікірді сол тұстағы мерзімді баспасөз бетінен оқимыз. «1. Профессор Вагнер. «Ауа туралы əңгімелер». «Білім басы»ның бірінші бөлімі. Аударушы Смайыл ұлы Қ.М. Ташкент. 1924 жыл. 77 бет. Бəсі 35 тиін. 236

«Бұл кітапша «Білім басы кітапханасының» бірінші бөлімі. Ю. Вагнер жазған кітапшалардың ең оңайы – осы кітапша. Қазақ баласына ең бір керек кітапша. Бірақ бұл кітапша қазақшаға нашар аударылған...». «Еңбекші қазақ» газеті. №307, 1925 жыл. 2. Бұ да соныкі. «Су туралы əңгімелер». «Білім басы»ның екінші бөлімі. Аударушы Есбол ұлы М. Ташкент. 1924 жыл. 99 бет. Бəсі 30 тиін. «Бұл кітапшада қазақ тілінде аударуға ең оңай кітапшаның бірі. Кітапшада жазылған білім жемістері адасқанға айдай керек. Бірақ, қазақшасының жібі түзу емес, жақсы жазылған жері таздың шашындай...». «Еңбекші қазақ» газеті. №315, 1925 жыл. 3. Бұ да соныкі. «Жердің жаратылысы жайындағы əңгімелер». «Білім басы»ның үшінші бөлімі. Аударушы Əуез ұлы Мұқтар. Ташкент. 1924 жыл. 96 бет. Бəсі 40 тиін. «…Бұл кітапта тау жыныстарын жел қағу жайы, бұл ретте ауаның, судың, желдің əсері, жел қағудан не болатыны, жер үсті өте шабан да болса, бірте-бірте тегістеліп отыратындығы əдемі жазылған. Одан кейін тас көмір, көмір-алмас, гранит, металдардың жаратылысы баяндалған. Кітап қазақшаға өте əдемі аударылған... Бұл кітапты əрбір хат білетін қазақ, мұғалім, шəкірттер оқып шығулары керек». «Книганоша» журналы. №6, 1925 жыл. 4. Профессор Гейке. «Физикалық жағырапия». «Білім басы»ның төртінші бөлімі. Аударушы Байтас ұлы Абдолла. Ташкент. 1923 жыл. 204 бет. Бəсі 1 сом. «Адам баласының көріп, естіп, иіскеп, тыңдап, татып білетін дүниедегі нəрселер – көрініс физикаға жатады... Бұл кітапта ана бес күзетші бақылап білетін табиғат мүшесінің бəрі де қысқаша əдемі жазылған...

 «Книганоша» журналында баспа бетінде жарық көрген еңбектер хақында толық мағлұматтар мен деректер беріліп, сын пікірлер жазылып отырған. Өкініштісі, бұл журналды кітапхана мен мұрағат қорларынан, «Кітап палатасының» тізімінен əзірге кездестіре алмадық. Міржақып Дулатұлының (Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш. – Қызыл-Орда, 1926.) еңбегінде «Книганоша» журналына жиі сілтеме жасалады. Демек, бұл журнал табыла қалса, бізге беймəлім болып келген баспа ісіне қатысты тың мағлұматтан ақпарат алуымыз əбден мүмкін – А. Мектеп-тегі.

237

Абдолла жолдас орыс кітабын қазақшалауға шебер. Кітаптың сөзі хат білетін қазаққа түсінікті. Бұл кітап мектеп сайын болғаны оң. Мұғалім қолына алып отырып балаларға сабақты əңгіме қылып айтуға жақсы құрал. Хат танитын қазақ бұл кітапты оқу керек...». «Еңбекші қазақ» газеті. №320, 1925 жыл. 5. Бұ да соныкі. «Геология». «Білім басы»ның бесінші бөлімі. Аударушы Ғалымжан ұлы П. Ташкент. 1924 жыл. 231 бет. Бəсі 85 тиін. «...Жерді жонан-грек жұрты «геу» дейді, «логия»-сы білім дегені, сонымен геология – жер білімі болады. Бұл кітапшаның қазақшасы оқушыға түсінікті, беретін білімі артық. Бұ кітапшаны жақсылап оқып, ішіндегі оңай тəжірибесін өз қолымен істеп көрген жастар жерді əліпбидей оқиды, жер қызықты болып кетеді. Бұ кітапшаны қолға алып отырып мұғалімдер балаларға сабақ берсе, тауды, даланы, жолды, өзенді кезіп жүріп балаларды жермен таныстырып баулыса, бұ тəрбиені басынан өткерген жастар, бəйгеге қосатын аттай, білім бəйгесіне даярланады. Осылардан барып біздің қазақ білімпаздары шығады...». «Еңбекші қазақ» газеті. №289, 1925 жыл. 6. Профессор Вагнер. «Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы əңгімелер». «Білім басы»ның алтыншы бөлімі. Аударушы Досмұхамбет ұлы Қалел. Ташкент. 1924 жыл. 104 бет. Бəсі 45 тиін. «Біздің қазақ, мектебіндегі баладан бастап, шалына шейін, өзімен бірге туып, бір өскен өсімдік, жануар өмірінен хабарсыз. Өсімдік, жануардың өмірін, бұл өмірдің өзгеріс, құбылысын тексеретін білім жолын өмір білімі дейді... Өмір білімі тамам білімнің қожасы, қарауыл қарайтын төбесі, мақсатқа апаратын ақ қасқа жолы. Өмір білімінен тысқары білім жоқ. Бар болса, шолақ: басқа тартса – етекке, аяққа тартса – кеудеге жетпейтін қу көрпе... Бұл кітаптың қазақшасы артықша түсінікті; бұл түрлі кітаптың алдыңғысы десек, күнəлі болмаспыз. Жаңылыс басылғандары бар. Кітаптың кінəсі – осы-ақ». «Еңбекші қазақ» газеті. №313, 1925 жыл. 7. Бұ да соныкі. «Жануарлар туралы əңгімелер». «Білім басы»ның жетінші бөлімі. Аударушы Байтас ұлы Абдолла. Ташкент. 1924 жыл. 126 бет. Бəсі 50 тиін. 238

«Білім – шөпті, малды, адамды бір туысқан деп табады. Бəрін де бір зəредей заттан шығарып, өрдіріп жаяды. Адам баласының көбі айналасындағы бірге жүрген, бірге өмір сүрген шөп болсын, балық болсын, құрт-құмырсқа болсын, затқа терең қарап, тексеріп бойламайды. Күн үшін, тамақ үшін сабылған өмір таласы мұндай ойға орын қоймайды. Көп үшін бұларды білім мергені, білім шешені тексереді... Табиғат жылжып-жымиып, өзгеріліп тұрады... Бұл кітапшада осы жазған бет дəлелденген. Дүние алты күнде жаратылған деген адасқан жол. Дүние қандай, табиғат қандай, соны жақсылап білем десек, осы кітапты қара! Абдолла жолдас орыс кітабын қазақшалауға шебер, кітаптың қазақшасы хат білетін қазаққа түсінікті. Бұл кітапша мектепте, мұғалімде болғаны оң. Мұны оқып алған мұғалім балаларға сабақ берсе, құрал болады. Орыс тілін білмейтін жастар бұл кітапты оқымаса болмайды. Өзгеріс, құбылыс жолынан тысқары осы күні білім жоқ...». «Еңбекші қазақ» газеті. №325, 1925 жыл. 8. Бұ да соныкі. «Денеміздің түзілуі мен жұмыс қылуы туралы əңгімелер». «Білім басы»ның сегізінші бөлімі. Аударушы Досмұхамбет ұлы Қалел. Ташкент. 1924 жыл. 128 бет. Бəсі 75 тиін. «…Біздің қазақ баласы, қой соя білмесе, жылқы етін бұза алмаса, кісі санына кірмейді. Осы күнгі зерек ақыл жеңіп тапқан білімде адам да, жануар да бір атаға, бір тұқымға жатады. Малдың денесін ашшы шегіне шейін біздің қазақ баласы білсе де, өз денесіне шорқақ. Бұл кітапшада қазақтың жақсы тілімен адам денесінің түзілісі жазылған... Хат білетін қазақ бұл кітапшаны алып оқыса, адамның дене құрылысымен танысады. Бұ кітап, əсіресе, мектепте балаға сабақ беретін мұғалімге, оқудағы балаларға өте-мөте керек. Мұғалім бұл кітапты қолына алып отырып, балаларға сабақ беруіне өте жақсы құрал деп санауға болады. Бұ кітапты мектеп басы кітапханада сақтаған оң». «Еңбекші қазақ» газеті, №291, 1925 жыл»220. Халел Досмұхамедұлының «Білім басы кітапханасы» сериясы бұған дейін қазақ баспа ісі тарихында кездеспеген соны жол-жоба. Бұл оның баспа ісі тəжірибесіндегі ұлыттық мүддеге 220

Дулатұлы М. Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш. – ҚызылОрда, 1926. – 63–67 беттер.

239

қанат бітірген кəсіби біліктілігі мен шығармашылық жасампаздығының бір қыры. Сол дəуір тұрғысынан рухани мұқтаждықтан аударылған қажетті ғылыми-танымдық əдебиеттердің қаншалықты қазақ қоғамына пайдасы тигенін газетжурналдар беттерінде жарияланған сын пікірлерден айқын көрініп тұр. Əсіресе, бұл аудармалар мектеп, жоғары дəрежелі білім ордаларының ұстаздары мен шəкірттеріне көмекші құрал ретінде пайдаланылса, екіншіден, тəржіме саласындағы жинақталған тəжірибе болды. Қазақ ішінде аудармашылардың қатары көбейді. Өйткені ғылымның əрбір саласына байланысты өзіне тəн тілі мен стильдік ерекшеліктері болатыны мəлім. Сондықтан ілкі кездегі ғылым тілі енді-енді қалыптаса бастаған əзірдегі аудармаларға шығармашылық көп ізденісті, тынымсыз еңбектенуді талап етті. Бұл аудармалар қазақ тілінің сөздік қорын байытты, ғылыми таным көкжиегі кеңуіне септесті. Жаратылыстану саласындағы танымал ғалымдар еңбектерінің аудармаларын жарыққа шығару – қазақтың мəдени-рухани өміріндегі айтулы құбылыс болды. Ең бастысы, қалың бұқараны ғылымның тылсым күші иландыра бастады. Ғылыми ілімнен сусындау оқыған жанның көкірек көзін ашып, өмірлік ұстанымын, ұлыттық мұратын айқындауға жол көрсетті. Сондай-ақ, аударма кітаптардың бəрі бірдей керемет, талапқа сай десек, жауырды жаба тоқығандай болар ек. Аудармашылар арасында еңбегімен үздік шыққандар қатарында Халел Досмұхамедұлы, Мұқтар Əуезұлы, Абдолла Байтасұлы, П. Ғалымжанұлы есімдері ілтипатқа бөленіп, шығармашылық шеберліктері көпке үлгі етілгендіктеріне əдейі мысал келтірдік. Халел Досмұхамедұлы іс басында отырған мүмкіндікті текке жіберіп алмай, жанталаса баспа өнімдерін шығаруға қазақ зиялыларын жұмылдырып, құлшына, қауырт кіріскенін мына фактілер аңғартады. Омарұлы Уəлихан. «Нұржан». Бір перделік пьеса. Ташкент, 1922 жыл. 11 бет. 15 тиін; Жұмабайұлы Мағжан. «Бастауыш мектепте ана тілі». Ташкент, 1923 жыл. 19 бет; Жұмабайұлы Мағжан. Өлеңдерінің жинағы. Ташкент, 1923 жыл. 263 бет. Бəсі 1 сом 75 тиін; Жұмабайұлы Мағжан. «Педагогика». Екінші басылуы. Ташкент, 1923 жыл. 108 бет. Бəсі 75 тиін; Жұмабайұлы Мағжан. «Тарту». Ташкент, 1924 жыл. 215 бет. Бəсі 1 сом 35 тиін; Қожанұлы Сұлытанбек. «Есеп тану құралы». 240

1-інші бөлім. Ташкент, 1924 жыл. 64 бет. Бəсі 40 тиін; Жəленұлы К. «Есеп тану». 2-інші бөлім. Бөлшек сандар. Ташкент, 1923 жыл. 58 бет. Бəсі 40 тиін; Жəленұлы К. «Есеп тану жобасы». Ташкент, 1923 жыл. 12 бет. Бəсі 15 тиін; Тоқтыбайұлы И. «Жағырапия». Бірінші басқыш мектептер үшін. Ташкент, 1923 жыл. 96 бет. Бəсі 60 тиін; Тоқтыбайұлы И. «Түркістан». Ташкент, 1923 жыл. 54 бет. Бəсі 45 тиін; Есболұлы М. «Түркістанда келімсектер орнаған аудандарда жер мəселесі». Ташкент, 1923 жыл. 50 бет; Рысқұлұлы Т. «Жетісу мəселелері». Ташкент, 1923 жыл. 33 бет; Профессор Кудревский. «Арғы мəдениет» (ертеде жұрт қалай тіршілік қылған). Аударушы Есболұлы М. Ташкент, 1924 жыл. 211 бет. Бəсі 70 тиін; Семен Чуйков. «Тау еліндегі оқиға» (əңгіме). Аударушы Аймауытұлы Жүсіпбек. Ташкент, 1925 жыл. 78 бет. Бəсі 50 тиін; Профессор Покровский. «Орыс тарихы». І-нші бөлім. Аударушылар Қаржаубайұлы мен Баймұқамбетұлы. Қызылорда–Ташкент, 1925 жыл. 312 бет. Бəсі 2 сом; «Кеспе əліпби». Қызылорда– Ташкент, 1925 жыл. Бір табақ; «Көбейту кестесі». Қызылорда– Ташкент, 1925 жыл. Бір табақ. Бəсі 15 тиін; «Түркістан картасы». Ташкентте басылған. Бəсі 16 тиін; «Еуропаның картасы». Ташкентте басылған. Бəсі 16 тиін; «Түркістан білім кеңесі». «4 жылдық мектеп үшін програм». І–2-нші бөлімі.Ташкент, 1924 жыл. 69 бет. Бəсі 60 тиін; Байтұрсынұлы Ақмет. «Əдебиет танытқыш». Қызылорда–Ташкент. 284 бет. Бəсі 1 сом 35 тиін; Покровский. «Ресейде 19, 20-ы ғасырлардағы төңкеріс қозғалыстары тарихынан». Аударушы Аймауытұлы Жүсіпбек. Ташкент, 1926 жыл. 313 бет. Бəсі 1 сом 80 тиін; Аймауытұлы Жүсіпбек. «Психология». Ташкент, 1926 жыл. 382 бет. Бəсі 1 сом 33 тиін; Досмұхамедұлы Қалел. «Жануарлар». Үшінші бөлім. 1 – құрт-құмырсқалар, 2 – су шаяндар, 3 – өрмекшілер, 4 – қырықаяқтар, 5 – жануарлар арасындағы өзгешеліктер. 190 сүгіреті бар. Ташкент, 1926 жыл. 255 бет. Бəсі 1 сом 18 тиін; Кемеңгерұлы Қошмұхамед. «Оқу құралы». (Жауропалықтар үшін). 1-інші бөлім. Ташкент, 1928. Біздің мақсатымыз бұл тізімді соза беру емес, тасқа басылған алуан түрлі əдебиеттер мен оқу құралдарының сан салалы тақырыптық аясының кеңдігін көрсете отырып, Халел Досмұхамедұлының баспагерлік, ұйымдастырушылық іскерлігін аша түсу. Бұған қоса мұрағат қорында сақталған қыруар 241

деректерге сүйенсек, Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы қызметінде ол қазақ-қырғыз кітаптарының іркіліссіз жарық көруіне жан-тəнімен мұрындық болғандығына көзіміз жетеді. Ендеше, тарихи құжаттар мəтініне назар аударалық: 1. 1924 жылғы 4 ақпан күнгі Түркістан Республикасының Халық Ағарту Комиссарияты Мемлекеттік Ғылыми Кеңесі атына №20 болып тіркелген ресми өтініш хатта: «Басымов жолдастың 1) жасөспірімдерге арналған «Балалар» пьесасы мен 2) «Айнала қонақтар» атты комедиясының қолжазбасын ұсына отырып, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы кітап етіп басылуына рұқсат беруді сұрайды. Төраға Арабаев. Комиссия мүшесі, ғалым хатшы Ысқақов»221, – деп қолдары қойылған. Құжаттың шекесіне «Мемлекеттік баспаға бастырылсын. Халел Досмұхамедұлы 4/II–1924»222, – деген бұрыштама соғылған. 2. Мемлекеттік Ғылыми Кеңес атына жіберілген, №21 болып тіркелген ресми өтініш хат: «Қазақ тілінде жазылған Баймаханов пен Дəулетбековтің Зинченкодан аударған есеп құралының 2 бөлімін ұсына отырып, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы кітап етіп бастыруға рұқсат беруді сұрайды. Төраға Арабаев, мүшесі Ысқақов»223, – деп қолдары қойылған. Дəл сол күні ресми хаттың шекесіне «Мемлекеттік баспаның қолжазбаны өндіріске жіберуін өтінемін. Халел Досмұхамедұлы»224, – деп Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы бұрыштама рұқсат белгі соққан. Халел Досмұхамедұлы осы қыруар ғылыми-шығармашылық жұмысты Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының төрағасы қызметiнде əрi Қазақ педагогикалық институтында ұстаздық ете жүрiп, басқа да сан алуан мемлекеттiк-қоғамдық қызметтерiмен қатар шыңырау құдықтан су тартқандай жазу мехнатына уақыт табуы кiм-кiмдi де қайран қалдырары сөзсiз. Осыдан-ақ Халел Досмұхамедұлының алдына қойған мақсатына бар күшқайратын сарқа жұмсағанына көз жеткiземіз. Өйткенi Қазаққырғыз Бiлiм Комиссиясының негiзгi ауыртпалығы Халел, 221

ӨР ОМА. 34 қор, I тiзбе, 2114 iс, 47 парақ. Сонда. 223 ӨР ОМА. 34 қор, I тiзбе, 2114 iс, 46 парақ. 224 Сонда. 222

242

Əбубəкiр, Уəлихан үшеуiнiң мойнына түстi. Бiр жағынан, Бiлiм Комиссиясының материалдық-қаржы қорының кедейшiлiгi қысып, қарапайым қағаз бен қарындаш сияқты күнделiктi тұтынатын кеңсе құрал-жабдығының тапшылығы аяқтан шалып, етектен тартты. Оның үстiне қарамағындағы қызметкерлердiң əлеуметтiк тұрмыс-тiршiлiк күйiн көтеруге Халық Ағарту Комиссариаты тарапынан көңiлдiң аз бөлiнуi ғылыми-шығармашылық, зерттеу жұмыстарының қарқынына едəуiр керi əсерiн тигiздi. Əбубəкiр Диваевтың Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттiк Ғылыми Кеңеске жазған арызында былай делiнген: «Мен қазiр ұзақ жылдар бойы ел арасынан өзiм жинаған орасан көлемдi, ғылыми мəн-маңызы жағынан өте бағалы тарихи-этнографиялық материалдарды шұғыл түрде баспаға дайындау үшiн сұрыптап, саралап, бiр жүйеге түсiрiп, əдеби өңдеу жұмыстарымен айналысу үстіндемін. Бiрақ менiң ғылыми тереңiрек бойлап, алаңсыз жұмыс жасауыма оңаша бөлменiң зəрулiгi қинап тұр. Себебi менiң отбасыммен тұратын жалғыз бөлмелi пəтерiмде төсектен айналуға орынның жоқтығы, оның үстiне тамақтануымызға да осы аядай жерде тура келетiндiктен шығармашылық жұмыспен шұғылдану мүлдем мүмкін емес. Сондықтан Түркiстан Республикасы Халық Кеңесi Комиссариатының осы жылғы 12-шi ақпандағы №35 қаулысының 6бабына сəйкес жанымыздағы iргелес бөлменi қосымша бекiтiп берудi көптен-көп өтiнемiн, бұған дейiн маған тиесiлi болған аталған бөлмеден қуып шығарған едi. Ташкент, наурыздың 11-i, 1922 жыл. Садовая көшесi, №2 үй. Ə. Диваев»225. Мемлекеттiк Ғылыми Кеңесте №48 болып тiркелген бұл арыздың шекесiне мынадай бұрыштама соғылған: «Ғылыми Кеңес Əбубəкір Диваевтың өтiнiшiн қолдайды жəне өз тарапынан тиiстi мекеменiң оған ғылыми-шығармашылық жұмысына мүмкiндiк туғызуды тапсырады. Диваев жолдас жоғары дəрежелi маман қызметкер, оның еңбектерi өз елiмiздi былай қойғанда əлемдiк маңызы зор»226. Қоғамдық өмiрдiң қым-қуыт қайшылығы титықтатып, əлеуметтiк тұрмыс225 226

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 iс, 107 парақ. Сонда.

243

тың төмендiгi шаршатса да «көппен көрген ұлы той» Əбубəкiр Диваев Бiлiм Комиссиясындағы қызметiнен қол үзбей, қазақ халқына адал еңбек еттi. Оның Жетiсу мен Сырдария облыстарынан жинаған халық ауыз əдебиетiнiң үлгiлерiне, ұлыттық əдет-ғұрып пен салт-дəстүрге қатысты құнды зерттеулерiнiң ғылыми мəн-маңызын бiрiншi боп Халел Досмұхамедұлы лайықты бағалап, фольклор білгірінің еңбектерін жеке-жеке кiтап етiп бастыруға белсендiлiк танытып, ұйытқы болды. Оның Ғылыми Кеңеске жазған Бiлiм Koмиссиясының атқарған жылдық қорытынды есептерiнде Əбубəкiр Диваевтың ғылымишығармашылық iзденiстерiне қанағаттанғандық сезiммен жылы лебiздер бiлдiргеніне, сол тұстағы өз қолымен толтырған архив қорында сақталған құжаттары айғақ. Бұл жылдары Халел Досмұхамедұлы ғылымға шын көңiлмен ден қойып, шабыттана, жемiстi еңбек еттi. Keмелiне келген ғалым, ысылған ұйымдастырушыны қанша жерден жоқшылық бунаса да, таршылық қинаса да ерiк-жiгерiн жасыта алмады. Ол болашаққа үлкен сенiммен қарады. Жас ұрпаққа тəлiм-тəрбие берудi, халқын ағартып мəдениетке сүйреудi, замана көшiнен қалмауды өзiнiң азаматтық борышы санады. Халекең өзi басқарған Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясын күллi ұлыттық ғылыми орталыққа, мəдени ошаққа айналдырды. Ол Ташкент шаhарындағы қазақ-қырғыздың бiлiмпаз өкiлдерiнiң басын қосып, ұлыт болашағына бағытталған қасиеттi iске жұмылдыра түстi. Бiлiм Комиссиясының жұмысына шама-шарқынша өз үлестерiн қосқандардың арасында Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жаhаншаh Досмұхамедұлы, Нəзiр Төреқұлұлы, Сұлытанбек Қожанұлы, Жүсiпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Телжан Шонанұлы, Қазмұхамед Күлетұлы, Ғазымбек Бiрiмжанұлы, Санжар Асфендиярұлы, Бiлəл Сүлейұлы, Кəрiм Жəленұлы, Мырзағазы Есболұлы, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, Қайретдин Болғамбайұлы, Абдолла Байтасұлы, Данияр Ысқақұлы, Ибрагим Бөкейханұлы, Iлияс Жансүгiрұлы, Ишанғали Арабайұлы, Қасым Тыныстанұлы, Дiнше Əдiлұлы, тағы басқалар бар. Шынтуайтына келгенде, Орынбор мен Ташкент қалалары со кездегi қазақтың ұлыттық рухани орталықтарына айналды. Барлық саладағы ғылым мен бiлiм жүйесiнiң тетiгiн, мəдениеттiң ықпалды буынының тiзгiнiн Орынборда Ахмет Байтұрсынұлы, Ташкентте Халел Дос244

мұхамедұлы өз қолдарына берiк ұстады. Сахараның шартарабында есiктерiн айқара аша бастаған ана тiлiндегi мектептердiң шəкiрттерi, қаладағы жоғары дəрежелi бiлiм ордаларының студенттерi тұтынған оқулықтар мен оқу құралдары, қырдағыойдағы малшы-жалшы, еңбекшiлердiң қолынан түспейтiн көркем əдебиеттер осы екi қаладан таралды. Халел мен Ахмет бiрiнде шыққан еңбектi екiншiсi қайталамас үшiн, жалпы, жуық арада атқарылар шығармашылық-өндiрiстiк жұмыс жоспарларымен өзара танысып, хабардар болып отыруды дағдыға айналдырды. Бұрыннан тонның iшкi бауындай бiрiн-бiрi жақсы бiлетiн, саналы өмiрiн халқының бақытты болашағына арнап саяси күресте сыналған сырлас жандардың мəдениет майданында да араларынан қыл өтпейтін, байланыстың үзiлмегендiгi Халелдiң Орынборға жолдаған тiлдей жеделхат мазмұнынан анық көрiнедi. «Орынбор. Халық Ағарту Комиссариатына Түркiстан Халық Ағарту Комиссариатының Ғылыми Кеңесi өкiлеттi өкiл Жүргенұлы арқылы бiрiншi, екiншi басқыш қазақ мектептерiне, педагогикалық училищеге арналған бағдарламалар, ережелер həм Академиялық Орталықтың қазақ оқулықтарын шығаруға түзген жұмыс жоспарын берiп жiберудi өтiнедi. Түркiстан Мемлекеттiк Ғылыми Кеңесiнiң төрағасы X[алел] Досмұхамедұлы»227. Халелдiң Ахмет Байтұрсынұлы мен Мiржақып Дулатұлының оқу құралдарын жəне Сəбит Дөнентайұлы, Ғұмар Караш, Мағжан Жұмабайұлы сияқты көрнектi қазақ ақындарының қатарында Ахмет пен Мiржақыптың да жыр жинақтарын бастыруды Бiлiм Комиссиясының шығармашылық-өндiрiстiк жоспарына енгiзуi, олардың өмiрде азаматтық қарым-қатынасының суымай, пiкiрлес, сырлас, сыйлас болып өткендiгiнiң айқын дəлелі. Халел Досмұхамедұлы 1920 жылы ашылған Казақ xaлық ағарту институтында ұстаздық еткенi мəлiм. Түркістан АССР-і Халық Ағарту Комиссариаты шешімімен 1919 жылы Орыс педагогикалық училищесі жанынан қазақ бөлімі ашылды. Осы жылдың 1-ші шілдесінде қазақ бөлімі өз алдына дербес училище атанды. 1920 жыл қазан айының 1-де өлкелік Қазақ ағарту 227

ӨР ОМА. Р–34 қор, I тiзбе, 2114 iс, 36 парақ.

245

институты (Казинпрос) болып құрылды. Қазақ ағарту институтында оқытушылық қызметте: Мұхамеджан Тынышбайұлы, Халел Досмұхамедұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, И[са] Тоқтыбайұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Кəрім Жəленұлы, Қайретдин Болғанбаев, Қоңырқожа Қожықұлы, Ф. Күлтасұлы, Емберген Табынбайұлы, С[адық] Өтегенұлы, Абдолла Байтасұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Дінше Əділұлы, Д. Сəрсенұлы, тағы басқалар жемісті еңбек етті228. Бұл қазақ – қазақ болғаннан бергi тұңғыш жоғары оқу ордасы едi. Ұлыт мəдениетi мен ғылымының дамуына институт айрықша серпiлiс туғызды. 1920 жылы қыркүйектiң 11 күнi институттың ұйымдастыру комитетiнiң мəжiлiсi өттi. Мəжiлiске төрағалық еткен Емберген Табынбайұлы, мүшелерi Халел Досмұхамедұлы мен Қоңырқожа Қожықұлының қатысуымен күн тəртiбiнде бес түрлi мəселе қаралды: 1) институт жанынан лазарет ашу; 2) жұмсалатын қаржыны бекiту; 3) ұстаздар құрамын анықтау; 4) бас есепшiнiң орынбасарын тағайындау; 5) шеберханаға қолайлы қосалқы үйжайды шешу. Ұйымдастыру комитетiнiң қараған мəселелерiнiң бəрiне бiрдей тоқталып жатпай-ақ, ең маңызды деген түйiнiн айтар болсақ: 1) институт жанынан ауру-сырқауларға арнайы сегiз орынға лайық лазарет ашуды, оған дəрiгер, медбике, үш санитар ұстауды қажет деп тапты; 3) Халық Ағарту Комиссариаты арқылы төмендегiдей ұстаз-педагогтарды институтқа қызметке шақыруды ұйғарды: Ыбырай Қасымұлы, Омар Жанғалиұлы, Уəлихан Омарұлы, Əзиз Бəйсейiтұлы, Бердiкен Мергенбайұлы, Taббай Құлқашұлы, Əбду-Расул Мəмбейұлы, Сəтжанұлы, Ғани Мұратбайұлы, Мəдина Қасымқызы, Айша Оразқызы, Николай Проненко, Мартынек, Yмбетбайұлы, Абланұлы, Əбдiрахман Мұңайтбасұлы. Халекеңнің дəрісін тыңдаған шəкiртi, лингвист ғалым, академик Iсмет Кеңесбаевтан көзi тiрiсiнде сыр тартқанымызда мəртебелі ұстаз бейнесін ол тебірене баяндаған еді: «Институт орналасқан ғимараттың екi жақ қабырғасына керiлген қызыл матаға ақ бояумен кiшiгiрiм баланың үлкендiгiндей «ҚАЗАҚ-ҚЬIРҒЬIЗ ТƏЛIМ-ТƏРБИЕ YHICTETI» деген араб қарпiмен нақышталған сұлу жазу алыстан көзге шалынатыны əлi жадымда. Институтта бiзге қазақ тiлiнен Елдес 228

246

ӨР ОМА. 372 қор, I тiзбе, 60 iс, 5, 6 парақ.

Омарұлы, əдебиеттен Смағұл Сəдуақасұлы, педалогия, анатомия мен физиология пəндерiнен Халел Досмұхамедұлы дəрiс бердi. Педалогия iлiмiн Ресейде Блонский Павел Петрович, Выготский Лев Семенович дейтiн ғалымдар, ал Қазақстан мен Орта Азияда Халел Досмұхамедұлы негiзiн салып, iргесiн қалады. Халекең өте кiшiпейiл, үлкенге де кiшiге де iзеттi, көп сыр шашып үндемейтiн, тұйық адам болатын. Институтта жазатайым ауырған-сырқағандар бола қалса, ол студент пе, оқытушы ма, мейлi, Халекең дереу ем жасап, құлантаза айықтырып жiберетiн. Ол кiсiнi атағанда «доктор» деген анықтауышты аты-жөнiне қосып айту дағдысы зиялылар арасында бұрыннан қалыптасқандықтан, бiздер шəкiрттерi де бұл дəстүрдi əрдайым бұзбауға тырысатын едiк»229. 1924 жылы Ташкенттегі Қазақ-қырғыз тəлім-тəрбие институты тұңғыш түлектерін ұшырды. Көптен күткен оқиға қазақ қоғамына жанған шамдай əсер етті. Институтті бітірген О. Əлиұлы, С. Баймақанұлы, Ə. Бұқарбайұлы, Б. Даниярұлы, Н. Қожамқұлұлы, Ж. Нұрбекұлы, Ш. Оспанұлы келешегінен ұлыт зиялылары зор үміт күтті. Сұлтанбек Қожанұлы «Ақ жол» газетінің бетінде бұл жаңалықты жақсылық ырымға балап: «Қылтанақ өсіп, алып болады. Ұшқыннан өрт шығады. Кеңес билігі дəуірінде тұрған Қырғыз-қазақ институты жеміс бере бастады. Бірте-бірте міндетін түгел атқарады деп сенеміз»230, – деп қуаныш сезімін жасырмады. Халқымыз: «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді», – деп мақалдайды. Ата салтдəстүрдің жосығымен Халел Досмұхамедұлы шəкірттерінің руханият кеңістігінде қанаты талмай, ұлытына ұзақ уақыт адал қызмет етуін Тəңірден тілеп, ақ батасын берді: «Түркістанның сəні бол, Жұрт ауызында əні бол, Надандарға молда бол, Елің үшін жолда бол, Нашарларға қорған бол, Əділдікке құрбан бол, 229 Нұрпейiсов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмiрi мен шығармашылығы. – Алматы: Санат, 1996. – 124 б. 230 Тоқпақ. Қырғыз-қазақ институты һəм мектеп жұмысы // Ақ жол, 1924. – №402. – 5 ақпан.

247

Адасқанға басшы бол, Жақсылыққа қосшы бол, Жамандыққа ашшы бол, Адалдыққа серік бол, Əзəзілге берік бол, Сасқанға көмек бол, Тасқанға шүмек бол, Дұрыстықта біреу бол, Адамдыққа тіреу бол, Арамдыққа сүлгі бол, Кейіңгілерге үлгі бол!»231.

Түлектер алдында Халекең берген бата «Ақ жол» газетінде жарық көрді. Қазақта батаны ел-жұртқа ақыл-парасатымен танылған, ауызы дуалы ақсақалға бергізеді. Демек, батаны көш бастаған көсем тұлға Халел Досмұхамедұлы беруінің рəміздік мəні бар. Бiлiктi ұстаз Халел Досмұхамедұлының ұйымдастырушылық қабiлетi мен ғылыми-шығармашылық талантына бек сенiм артып, Халық Ағарту Комиссариаты 1926 жылы оны Жоғары педагогикалық институттың проректоры қызметiне тағайындады. Халел Досмұхамедұлы Қазақтың Жоғары педагогикалық институтының ғылыми-шығармашылық əлеуеті қалыптасуы мен дамуына ұйымдастырушылық сіңірген еңбегі ұшантеңіз. Жаңа құрылған білім-ғылым шаңырағының атына заты лайық болуы білімпаз мамандарға байланысты екені мəлім. Сондықтан ол ғылыми ортада танымал зерттеуші, өз мектебін қалыптастырған ғалым, білікті ұстаздарды институтқа қызметке тартып, ұлыттық мамандарды өсіріп, тəрбиелеуге ықпал етуге барынша күш салды. «Қазақтың Жоғары педагогикалық институты 15 қараша 1927 №49 Ташкент қаласы Карл Маркс даңғылы, №49 Телефон №1071 КУƏЛІК 231

Халел Досмұхамедұлы. Қазақ-қырғыз институтын бітіріп шыққандарға // Ақ жол, 1924. – №403. – 11 ақпан.

248

Профессор Абрам Львович Бродский 15 қазан 1926 жылдан Қазақтың Жоғары педагогикалық институты биология кафедрасының профессоры екендігін қол қойып, мөр басып растаймын. Негіздеме: Алқа мəжілісінің қаулысына сəйкес 15/X-26 жыл №25 бұйрық 16/XI-26 жыл. Қазақтың Жоғары педагогикалық институты ректорының орынбасары Халел Досмұхамедұлы Іс жүргізуші Леонтьев»232. Профессор Абрам Львович Бродский САГУ-дің [Орта Азия Мемлекеттік университеті] 1920–1943 жылдар аралығында биология кафедрасының негізін салушылардың бірі жəне 1921–1926 жылдары ректоры қызметін атқарды. Өкiнiштiсi, ұлыттық ғылымның ендi-ендi ғана қанатын жазып, қаз-қаз баса бастаған шағында аяқтанып кетуiне əкiмшiлiк басқарудың бiр орталыққа бағындырылмауы едəуiр кеселiн тигiздi. Қазақ халқының негiзгi шоғырланған сандық үлес мөлшерi басым бөлiгi оңтүстiк пен Жетiсу өлкесi Түркiстан Республикасының құрамында оқшау қалып келдi. Сондықтан əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң тарихи əдiлеттi шешiлмеуi – қазақ халқының саяси-экономикалық, мəдени-рухани даму жүйесiнде iркiлiстер тууына себепшi болды. Бұл мəселе қазақ елiнiң саяситерриториялық тұтастығы реттелiп, бас қаласы Алматыға əбден орныққаннан соң түзелiп, бiр арнаға түсті. Əлбетте, қоғамдық өмiрдегi, мемлекеттiк деңгейдегi қай iсте болсын Халекең оның бел ортасында жүрiп, алдыңғы лектен көрiндi. Бар күш-қуатын сарқа жұмсаған Халел Досмұхамедұлы өзін рухани толықтыруды жыл сайын бір мезгіл тыныс алатын демалыс кездерін сəтті пайдаланды. Оның жан дүниесін рахат сезімге бөлейтін қолы қалт еткенде қызығатын ісі, хоббиі – таза ауада серуен құру, аңшылықпен айналысу, ел ішіндегі көне көз қариялар мен көкірегі қазына білікті жандармен дидарласу, сұхбат құру болған. Қарашаш Халелқызы өткен күндерді еске алып: «Менің əкем аңшылықпен айналысқан кісі. Ташкентте тұрғанда əкемнің медалі бар текті иттері болатын. Ташкент жазда өте қапырық, ыссы ғой. Бізді əкеміз ылғи пойызбен елге алып баратын. Сонда əкем арнайы итін алып шығатын жəне 232

ӨР ОМА. 13 қор, 1 тізбе, 178 іс, 97 парақ.

249

итіне де жеке билет алатын. Итінің мұрындығы, қарғы бауы бар. Бізді туыстарымыз Рай, Қайыржан дейтін жігіттер жылда барған сайын алдымыздан күтіп алушы еді. Темірде алдын ала бір үйді дайындап қойып, бізді қарсы алған соң, əбден тынықтырып, əрі қарай елге ат жеккен арбамен алып кететін. Елде əке-шешеміздің сегіз қанат үйін барлық жабдығымен алдын ала тігіп қоятын. Бізді ел-жұрт тайлы-таяғы қалмай түгел қарсы алады. Қарсы алушылардың арасында міндетті түрде Ығылман Шөрекұлы, халық мұғалімі Шəріп болады. Шəй қойылып, мал сойылады. Шешеміз қалада киетін киімдерінің орнына қос етек бүрмелі көйлек, қыжым орамал тартып, иығына камзолын іліп, таза қазақ дəстүрінше киініп алады. Сосын елге келгенде өзбектің тай-тай жібек маталарын, өрік, мейіз, жаңғақ, набат, шəй, тағысын тағы жеміс-жидекті керемет көп əкеліп базарлыққа үлестіреді. Мұның бəрін шешем жайғастыратын, əкемнің онымен ісі жоқ. Осы қалада Технология институтының ректоры болған, кəзір ҚазПУ-де профессор Маху деген жігіт бар. Бимұхан ағайдың шешесінің туысқандары, соның Қалампыр дейтін анасы Ақтөбе жақта қызының қолында тұрады. Сол кісі маған көрген, естігенін талай рет əңгімелеп те берді. Келесі күні əкем өз итін, сосын елдегі тазы иттерді ертіп аңға шығады. Бірнеше күн əкем табиғат аясында аң аулап, бойын жазып, сергіп қайтады. Жағалай ел біздерді кезекпен қонаққа шақырады. Сауық-сайран құрып, күй тартылады, жыртерме шертіледі, тарихи əңгіменің тиегі ағытылады. Жиырма шақты күннен соң əкем Ташкентке қайтып кетеді. Межелі уақыт жеткенде, ел улап-шулап қайтадан біздерді шығарып салатын. Сегіз қанат киіз үйді қайтадан біз келгенше жығып, жинап қояды. Рай, Қайыржандар Темірге дейін ат арбамен алып келіп, бізді пойызға мінгізіп салады. Ташкентте біз тура САГУ-дің жанында Карл Маркс көшесі, 41 үйде тұрдық» – деп ағынан жарылған еді. Ташкентке арнайы іссапармен барғанымда Халел Досмұхамедұлы тұрған үйді əдей іздедім, өкініштісі, бірер жыл бұрын сүріліп кеткен екен. Шығармашылық өнермен айналысуға мүмкiндiгi туған Ташкентте өткiзген өмiрiнiң кезеңiнде Халекең педагогикалық ағарту жұмыстарын қазақ тiлiндегi төлтума оқулықтар шығару iсiмен шебер ұштастыра бiлдi. Казақ баласы тұңғыш рет ана тiлiнде оқыған «Табиғат тану» кiтабының алғы сөзiне назар 250

аударып көрелiк: «Бұл кiтəп қылып шығарып отырғанымыз – Тəшкенттегi Қазақ-қырғыз институтының шəкiрттерiне оқылған дəрiстiктiң бiр бөлегi. Ғылым ретiнен кiтəп жоқ болған соң, балалардың өтiнуi бойынша баспаға берiлiп отыр. Термин табу бек қиын. Сөйткенмен, қолдан келгенше терминдердi нағыз қазақ сөзiнен алдық. Қата кеткен терминдер болса, хат арқылы бiлдiрулерiңiздi өтiнемiз. Кiтəп асығыс жазылған соң, қолымызда Қазақстан, Түркiстан хақында мағлұмат берерлiк кiтəптер көп болмаған соң, суреттердi өз жерiмiзден ала алмадық həм Түркiстан, Қазақстан хақында да көңiлдегiдей мағлұмат бере алмадық. Табиғат ғылымын тəжiрибесiз оқыту – жарты оқыту болады. Тəжiрибелердi амал келгенше оңай iстелетiн қылып айттық; əрбiр мектепте табылатын құралдармен тəжiрибе қылатын қылып жаздық. «Бiздiң қолымыздан келген – осы, қолдарыңнан келсе арттырыңдар» деген латын жұртының мақалын ескертемiз. Қалел Досмұхамедұлы. Тəшкент, 1921-iншi жыл, 15-iншi май»233. Тырнақ алды бұл еңбектiң көркемдiк безендiрiлуi мен полиграфиялық сапалық деңгейi тəп-тəуiр, ең бастысы, қаулап ашыла бастаған жаңа жүйелi ұлыттық мектептердегi буын-буын шəкiрттердiң «бұйым, ауа, су, жер, кен, жер жүзiнiң өзгерiлуi», яки табиғатты, айнала қоршаған ортаны танып, бiлу туралы iлiмнен мол мағлұмат алатын оқу құралы болуымен құнды едi. Зерделi ұстаз, ағартушы ғалым жаратылыс тану пəндерiне қатысты оқыту бағдарламаларын да өзi жазған. Оның əдiстемесi бойынша мұғалiмдердiң жаратылыс тану пəндерiн түрлi тəжiрибелерге сүйене отырып оқытуы шарт. Сондай-ақ, ол айнала қоршаған ортадан (ауа, су, жер) бастап, өсiмдiктер əлемi, жануарлардың дене түзiлiсi, мүше қызметтерi хақында шəкiрттердi тиiстi мəлiметтермен толық хабардар қылып болған соң ғана адам жайына кiрiсiп, бiлiм беру iсiн сатылап күрделiлендiре берудi ұсынады. «Жануарлар» (Сүйектiлер туралы) атты оқу-құралының кiрiспесiнде Халел Досмұхамедұлы оқу-ағарту саласындағы 233

Досмұхамедұлы Қалел. Табиғат тану. Бірінші бөлім. Бұйым, ауа, су, жер, кен, жер жүзінің өзгерілуі. – Ташкент, 1922. – 3 б.

251

iстелу үстіндегі шаралар мен уақыт талабына байланысты кездесетiн қиындықтар жөнiнде баяндай келiп: «Қазақ тiлiнде шəкiрттер оқырлық дəрiс кiтəптерiнiң жоқтығы бұрыннан мəлiм болса да қазақ тiлiнде тəртiптi оқу жоқ болған соң, қазақтың саяси iстерi оңбаған соң көп сезiлмейтiн едi. Төңкерiстен соң саяси суреттер өзгерiлдi. Елдi ағартып, надандықты жоюдың шын жолына түсудiң заманы келдi. Надандықты жоюдың шын жолы – ана тiлiмен ғылым үйрету, ғылым үйрететiн мектептердi көбейту; осы күнде қазақ халқы осы жолға түсе бастаған сықылды көрiнедi. Қазақ iшiнен тəртiптi мектептер ашыла бастады, бұл мектептерде тəртiптi оқулар оқыла басталды. Тəшкендегi Қазақ-қырғыз үнiстетi сықылды ұлы дəрежелi медiреселер ашылды, барлық ғылым пəндерi қазақ тiлiнде оқыла басталды. Мiне, осы кезде дəрiстiк кiтəптердiң жоқтығы бегiрек сезiле бастады. Казақ тiлiнде жалғыз-жарым дəрiстiктер бастауыш мектептердiң екi-үш жылдығына ғана жарайды; онан жоғары кеткен соң дəрiстiк кiтəп жоқ, шəкiрттерге сабақ тек ауызбен ғана айтылып жүр. Шəкiрттер бұған мiсе етпей, бөтен тiлдерден қанағаттандыратын кiтəптер iздейдi. Шəкiрттердiң көбi орысша, йа бөтен Ауропа халқының тiлдерiн жақсы бiлмейдi. Сондықтан ноғай, ғұсманлы түрiк тiлдерiндегi кiтəптердi оқиды. Бұл тiлдерде шəкiрттерге дұрыс пайда беретiн кiтептер тым аз. Дəрiстiк кiтəп жоқтықтан қазақ медiреселерiндегi шəкiрттер ғылымның суына дұрыс қана алмай, сусаған адамдай сандалып жүр. Дəрiстiк кiтəптердiң жоқтығы үлкен кемшiлiк жəне халық ағарту жолындағы зор кедергi. Осындай кемшiлiктi жойып, кедергiнi бұзу – бiлiмi бар қазақ зиялыларының мiндетi. Алаштың iшiндегi бiлiмдiлердiң мойнындағы борышын атқаратын заман келдi. Бiлiмдi дегендердiң көбi дəрiстiк кiтəптердi не өз бетiнен жазуға, не бөтен тiлдерден аударуы керек...»234 дейдi. Шынында, Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлының шақыруына белгiлi мемлекет həм қоғам қайраткерлерi, ақын-жазушылар Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жүсiпбек Аймауытұлы, Сұлтанбек 234

Досмұхамедұлы Қалел. Жануарлар. Бірінші бөлім. (Сүйектілер қақында). – Ташкент, 1922. – 5 б.

252

Қожанұлы, Əбубəкiр Диваев, Мұхтар Əуезов, тағы басқалардың үн қосып, педагогика, тарих, психология, арифметика, əдебиеттанудан оқулықтар жазуы осындай қажеттiлiктен туды. Халел Досмұхамедұлы Ю. Вагнердің «Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы əңгімелер» (Ташкент, 1924. 107 б.), «Денеміздің түзілуі мен жұмыс қылуы» (Ташкент, 1924. 130 б.) атты екі еңбегін қазақ тіліне аударды. Аударманың сапалық, көркемдік деңгейін салыстырмалы түрде түйсінту мақсатында бірер мысалға жүгінелік. «Например, из подсолнечных семян добывают подсолнечное масла, из конопли – конопляное, из горчицы – горчичное и т.д.» (Ю. Вагнер. Как устроены и как живут растения. Москва, 1901. С. 21). «Күн қабақ (семішке) дəнде семішке майы, кенеп дəнінде – кенеп майы, андақ дəнінде – андақ майы, т.б.» (Ю. Вагнер. «Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы əңгімелер» (Ташкент, 1924. 39 б.). Осы аудармадағы «күн қабақ» атауы кəзіргі əдеби тілімізде «күнбағыс» тұлғасында қолданылады. Солай бола тұра «күн қабақ» сөз жасамы да сəтті табылған деп ойлаймыз. Халел Досмұхамедұлы «күн қабақ» деуінде өсімдіктің күннің қабағын баққан табиғи болмысы мен тіршілік мінезіне қарап образды бейнелеуден атау сөзді жасау əдісі аңғарылып тұр. Сондықтан естіген құлақтың қабылдауына жеңіл əрі өмірдің өзіндей қарапайым атау сөз жүйесін таңдау – ұлыттық сезімі терең білімпаз жанның шығармашылық шеберлігінің басты ерекшелігі. Бұл аударма жөнінде «Еңбекші қазақ» газетінде Қыр баласы [Əлихан] «Жаңа кітəп» айдарымен пікірін білдіріп: «...Бұ кiтəптi қазақтың жақсы тiлiмен адам денесiнiң түзiлiсi жазылған. Бiздiң қазақты дəрiгер оқуын оқыған адам қолдың саусағымен саналады. Өз денесiн бiлмеген қазақта аз десек күнə бола қойар ма екен? Хат бiлетiн қазақ бұ кiтəптi алып оқыса, адамның дене құрылысымен танысады. Үлкен олжа болады. Бұ кiтəп əсiресе мектепте сабақ беретiн мұғалiмдерге, оқудағы балаларға өте-мөте керек. Мұғалiм бұ кiтəптi қолына алып отырып, балаларға сабақ беруiне өте жақсы құрал деп санауға

253

болады. Бұ кiтəптi мектеп басы кiтəпханада сақтаған оң»235, – деді. Қазақ халқының рухани мəдениетiне қатысты орталықтың бiрi – Ташкент қаласы. Орталық Азия кiндiгi саналған бұл қаланың архивтерi мен кiтапхана қорларында қазақтың ежелгі дəуiр, орта ғасыр, онан бергi ғұмыр тарихына байланысты құнды деректер зерттеушiсiн күтуде. Оның да өзiндiк себептерi бар. Иə, Ташкент жиырмасыншы ғасырдың басында, əсiресе Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында Орталық Азия халықтарымен бiрге қазаққа да ортақ кiндiк орда болғаны белгiлi. Ұлытымыздың аяулы ұлдары мен қыздары, зиялы қауымы осы арада еңбек етiп, өмiрде де, өнерде де өздерiнiң iзiн қалдырды. Осылардың арасында жазық маңдайлы, қою қара мұртты, көзəйнектен үңiлген ойға толы қос жанарынан ақыл мен парасаттың ұшқынын шашқан, шығыс даналарындай келбеттi, дүйiм жұрт «дəрiгер» атаған Халел Досмұхамедұлы да жаңа заманның жаршысы болды. Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының шет аймақтардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жер шалғайлығы, жол қатынасының нашарлығы, саяси-əкiмшiлiк əрi мəдени орталық Ташкентпен екi арадағы жүйелi байланыстың жоқтығы əжептəуiр қиындық туғызды. Өйткенi Түркiстан Автономиялы Республикасының құрамына енген Жетiсу облысына қазiргi Қырғызстан Республикасы мен Алматы, Талдықорған облыстары түгел қарады. Бұл өлкенi жиi-жиi аралап, мəдени саладағы жаңалықты дер кезiнде жеткiзiп, ғылыми бағыттағы iзденiстерiн жүзеге асыру көп күш пен қаражат жұмсауды қажет еттi. Қазақ-қырғыз Бiлiм Koмиссиясы мен Ғылыми Кеңестiң мұндай ауқымды шараларға мүмкiндiгi келе бермейтiн едi. Сондықтан Халел Досмұхамедұлы бұл атырапты мекендейтiн халықтың этникалық жағынан əртектiлiгiн ескерiп, тарихи-археологиялық жəне этнографиялық материалдарға өте бай екендiгiн дəлелдеп, Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының Жетiсу облысынан бөлiмшесiн ашудың, оның орталығына Алматы қаласын белгiлеудi Мемлекеттiк Ғылыми Кеңес алдында толғағы жеткен мəселе 235

254

Қыр баласы. «Жаңа кітəп» // – Еңбекші қазақ. – 1925. – №291.

ретiнде көтердi. 1922 жылы 25 желтоқсанда жазылған осы iс қағазында Халекең Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы Жетiсу бөлiмшесiнiң жұмыс ережесi мен жоспарын жасап, төрағалығына Ишанғали Арабайұлын, хатшылығына Халсима Тəсiмқызы, мүшелiгiне Бiлəл Сүлейұлын ұсынды. Жаңа 1923 жылдың 22 күнi Халық Ағарту Комиссары Сұлтанбек Қожанұлының қолымен Халел Досмұхамедұлы өтiнiшi қолдау тауып, заң жүзiнде бекідi. Осыған орай көкек айының 6-сы күнi Мемлекеттiк Ғылымы Кеңестiң кеңейтiлген мəжiлiсiнде Халел Досмұхамедұлын Түркiстан Орталық Атқару Комитетi мен Халық Комиссарлары Кеңесiнiң мұрындық болуымен жабдықталған экспедиция құрамында Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының Жетiсу бөлiмшесiн ұйымдастыру жұмыстарымен осы облысқа iссапарға жiберуге қаулы қабылданды. Оның орнына уақытша төраға мiндетiн атқару Комиссияның мүшесi Мағжан Жұмабайұлына жүктелдi236. Əңгiменiң ыңғайы келгенде, қазақтың екi ұлы перзентiнiң жеке бастарының өзара адамгершiлiк сыйластығына соқпай өтуге болмайды. Ол үшiн ҚР ҰҚK-нiң архив қорында сақталған тергеу хаттамасы №78754 iсiнiң 3-шi томы, 156–158 беттерiндегi ақынның өз сөзiнен үзiк келтiре кеткен жөн. «1923 жылы Ташкентке бардым, онда Халық Ағарту Комиссары Қожанұлының көмегiмен қазақ оқу-ағарту институтына оқытушы болып орналастым, əрi қазақтың Ғылыми Комиссиясына мүше боп сайландым. 1924 жылы Мəскеуге Əдебиеткөркемөнер институтына барып түстiм, ол оқуға жолдама жазып жəрдем жасағандар Нəзiр Төреқұлұлы, профессор Евгений Дмитриевич Поливанов болды. Поливанов өзiнiң досы профессор Ричеге хат жазып бердi. Қазақ Ғылыми Комиссиясының жолдамасы болды. Оқуымның бiрiншi жылы Түркiстаннан стипендия алып тұрдым, былайғы жерде Орталық баспада қызмет iстеп жүргендiктен ол стипендияны төлемейтiн болды»237. Қолымыздағы дерекке сүйенсек, Мағжан Жұмабайұлының бұл айтқандарының еш жалғандығы жоқ. Бiрақ екі жылға жуық Мағжанның Ташкенттегi ғылыми педагогикалық қызметiне, оның кейiн Мəскеудегi Жоғары көркем əдебиет 236 237

ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тізбе, 1188 іс, 280–282 парақ. Досжанов Дүкенбай. Абақты. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 244 б.

255

институтына оқуға түсуiне Халел Досмұхамедұлының тiкелей жəрдемi тигенiн ол бүгiп қалған. Оның себебi де белгiлi, бұрынғы Алашорда қозғалысының көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Халел Досмұхамедұлы есiмiн ауызға алу – тырнақ астынан кiр iздеген ол кезең үшiн Кеңес өкiметiне қарсы оқ атумен пара-пар едi. Сондықтан ол амалсыздан Халел хақында лəм-мим демейдi. Əрине, Мағжанның оқыған зиялы қауым шоғырланған ортада қатар жүрiп еңбек етуi, олармен қоян-қолтық араласуы шығармашылық iзденiсiне игi бетбұрыс жасағанын жоққа шығаруға болмайды. Алайда табиғи дарынды жанның ақындық, ұстаздық өнерiн ғылыммен ұштастырып, бiлiм нəрiне сусаған халқының мейiрiн қандырып, рухани мұқтажын өтейтiн ана тiлiндегi төл туындылар жазуға Халел Досмұхамедұлының ықпалы шүбəсiз. Халелдiң бұрыннан таныс-бiлiс Мағжанды Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясына жұмысқа шақырып, мүше ғып алуы да оған үлкен сенiм артқандығының белгiсi. Мұрағат қорында Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске жолданған ресми ісқағаздары арасында: «Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының мүшелігіне Мағжан Жұмабайұлын бекітіп, бұл міндетті бұған дейін атқарып келген Имақановтың арызы бойынша 1922 жыл 11 қарашадан бастап қызметінен босатуды сұраймын. Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлы 11/XI-1922. Қосымша: Имақанов арызы тіркелді»238 – делінген құжат сақталған. Демек, Мағжан Ташкентке 1923 жылы емес, 1922 жылы Халел Досмұхамедұлының шақыртуымен келген екен. Оның ақындық қуатын, сөзбен сурет салатын суреткерлiк шеберлiгiн таныта түскен эпикалық «Батыр Баян» дастаны, «Түркiстан», тағы басқа бiрсыпыра өлеңдерiнiң тууы нақ осы кезге тұспа-тұс келдi. Шалқар шабыт иесiнiң мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған сандаған көсемсөз, əңгiме, аудармалары, Əбубəкiр Диваевтiң ғылыми-шығармашылық қызметiнiң қырық жылдығына орай ғалымның ұзақ жылдар бойы көз майын тауысып, жинаған халық ауыз əдебиетiнiң iнжу-маржан нұсқаларын 238

256

ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тізбе, 722 іс, 97 парақ.

«Тарту» деген атпен бастыруы да аз ғана уақыт еншiсiндегi жемiстi iсi. Əдеби-этнографиялық жинақ қазақ халқының өмiрi мен шығармашылық өнерiн бiлгiсi келетiндерге таптырмайтын оқу құралы екендiгiн, сондықтан тез арада мектеп шəкiрттерiне нұсқалық ретiнде қолдануға кiтап етiп бастыру керектiгiн Мемлекеттiк баспаға жолдаған Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң 1923 жылғы 13-маусымдағы №433 хатында арнайы баяндаған239. Мағжан Жұмабайұлы кiтаптың беташар мақаласында: «Осы 1923 жылы 22 наурызда Ташкентте Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының бастауымен қазақ-қырғыз елi Əбубəкiр ақсақалдың қырық жылдық еңбегiне ұлы той (юбилей) жасап, өзiнiң шын ризалығын бiлдiрiп, Əбубəкiр ақсақалға: «Ұлым!..» – дедi. Ердiң еңбегiн ел ақтады həм ақтамақ. Ақтағаны – шын көңiлмен мақтағаны, елге ер қымбат, елгe ердiң адал жүрегi қымбат»240 – деп этнограф-ғалымның қазақ мəдениетi мен ғылымына қосқан өлшеусiз үлесiн лайықты бағалады. Ақиық ақынның сыршыл сезiмге бөлейтiн жауhар жырлары мен «Қазақ көркемсөз өнерiнiң қисыны», «Көркемсөз өнерiнiң нұсқалығы» атты оқулық кiтаптарын Бiлiм Комиссиясының жоспарына енгiзген де Халел болатын. Жоспарға iлiнген Мағжанның таңдаулы өлеңдер жинағы Сұлтанбек Қожанұлының алғы сөзiмен 1923 жылы Ташкентте жарық көрдi. Дəл осы жылы сəуір айында Мемлекеттiк Ғылыми Кеңес жанындағы Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы Түркістан республикасына қарайтын облыстарды тегіс аралап этнографиялық, тарихи, лингвистикалық жəне басқа да материалдар жинау мақсатында экспедиция жасақтап, оның құрамын бекітеді. 1. Жұмабайұлы Мағжан – Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының мүшесі. 2. Османұлы С. – Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының ғылыми қызметкері. 3. Досмұхамедұлы Жаһанша – заңгер. 4. Əуезов Мұхтар Омарханұлы – «Шолпан» журналы алқасының мүшесі.

239

ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тізбе, 1188 іс, 294–294 парақтың сырты. Жұмабаев Мағжан. Шығармалары (Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер). – Алматы: Жазушы, 1989. – 347 б. 240

257

5. Даниярұлы Б. – Қазақ халық ағарту институтының 3 курс студенті. 6. Баймаханұлы С. – Қазақ халық ағарту институтының 3 курс студенті. Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлының іссапарда жүруіне байланысты оның орнына Мағжан Жұмабайұлы қол қойған241. Халел Досмұхамедұлы ұлыт ісі жолында талай сыннан өткен алаштың арқалы ақыны Мағжан Жұмабайұлын сенімді серігі санаған. Аса маңызды ғылымизерттеу жəне өндірістік шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда Мағжан Жұмабайұлы белсенділік танытып, төрағаның тапсырмасын абыроймен орындап, сенім үдесінен шығып отырған. «КУƏЛІК №8 №870 Қазан айы 1923 ж. Түркістан Республикасы Халық Ағарту Комиссариаты жергілікті Түркістан Республикасының халқына, ең бастысы қазақтануға қатысы бар этнография, педагогика жəне басқа да ғылыми, мəдени-ағарту саласында мекемелер мен ұйымдар, баспалар мен жеке тұлғалар арасында келіссөз жүргізуге Қазақ Ғылыми Комиссиясының қызметкері М.Б. Жұмабаев өкілетті өкіл. Жұмабаевқа жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша ақпараттық мəндегі жауапкершілік жүктеледі, ол жасаған келісім шартына сəйкес Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске уақытылы мəлімдеп тұруға міндетті. Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы [қолы] Ғылыми хатшы [қолы]»242. Мағжан Жұмабайұлы 1923 жылы Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының мүшесі, Қазақ халық ағарту институтының оқытушысы əрі «Сана» журналының əдеби қызметкері, бір басында бірнеше жауапты шығармашылық жұмысты қатар алып жүру оңайға соқпаған. Күні-түні инемен құдық қазғандай толғандырған тынымсыз ой еңбегі – оның денсаулығына əсер

241 242

258

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тізбе, 1191 іс, 92 парақ. ӨР ОМА. Р-34 қор, 1 тізбе, 2114 іс, 14 парақ.

етіп, буындары қақсап, жүйкесі сыр береді. Шұғыл түрде емделмесе, оның денсаулығына қауіп төнеді. «КУƏЛІК Бұл куəлікті ұсынушы Жұмабаева Зылиха Қазақ халық ағарту институтының оқытушысы Мағжан Жұмабайұлының жұбайы, Əулие-Ата уезіне күйеуімен бірге ем қабылдауға жүретіндігін растау үшін берілді. 4.VII.1923 ж. Қазақ халық ағарту институты [қолы] Инспектор [қолы]»243. Осы жылы қазан айында Халел Досмұхамедұлы Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң жолдамасымен Мағжан Жұмабайұлын Мəскеуге Жоғары көркем əдебиет институтына оқуға жiбередi. Келiсiм-шарт бойынша Түркiстан Халық Ағарту Комиссариатының Мемлекеттiк Ғылыми Кеңесi Мағжанға ай сайын 87 сом 50 тиын стипендия төлеп тұруды мойнына алды. Мағжан Жұмабайұлы Мəскеудегі Жоғары көркем əдебиет институтына оқуға қабылдануына байланысты Қазақ халық ағарту институтындағы оқытушылық қызметін де тоқтатады. «№1 бұйрық 1-ші қазан 1923 жыл, Ташкент қаласындағы Қазақ халық ағарту институты бойынша: §1Ана тілі пəнінің оқытушысы Мағжан Жұмабайұлы бүгінгі күннен бастап Мəскеуге оқуға жүруіне байланысты жүктелген қызметінен босатылады. Директор Айзунов А.С. Инспектор Юдахин П.К. Оқу бөлімінің меңгерушісі Шамшин М.И.»244. Халел Мəскеу Жоғары көркем əдебиет институтын ұйымдастырушы əрі ғылыми шығармашылық ұжымның басшысы, əйгілі орыс ақыны Валерий Яковлевич Брюсовпен танысбілістігі Петербургте студенттік шағында басталған еді. Валерий Брюсовтің тарихи танымын өлең жолдарымен жұптаған: «Мы – те, о ком шептали в старину, с невольной дрожью, эллинские мифы: 243 244

ӨР ОМА. 372 қор, 1 тізбе, 41 іс, 90 парақ. ӨР ОМА. 372 қор, 1 тізбе, 61 іс, 1 парақ.

259

Народ, взлюбивший буйство и войну, Сыны Геракла и Эхидны, – скифы», – деген шумақты нақышына келтіріп, дауыстап оқыған сайын Халелдің жүрегіне жігер беріп, рухани лəззатқа бөленетін. Студенттік жылдары қаладағы əдеби ортада жиі бас қосатын шығармашылық кештердің бірінде Халел жыр сүйер қауымның айырықша ілтипатына бөленген ақынмен жүздесіп, жақынырақ сырласты. Осы екеуара дидарласу олардың кейінгі өмірінде бір-біріне деген ізгі ниеттегі сыйластыққа ұласқан еді. Валерий Яковлевич Брюсов орыс əдебиеті тарихында Француз символизмінің негізін салушы ақындардың бірі Поль Верленнің поэзиясын аударудан бастап, 1894–1895 жылдар аралығында «Русские символисты» атты үш жыр жинағын бастырушы əрі бас редакторы болды. Орыс поэзиясына жаңа түр, соны көркемдік пішін, тың ұйқас өлшемімен құбылыс жасаған суреткер Пушкин мен Майков, Тютчев пен Феттің, Баратынский мен Некрасов дəстүрін шығармашылықпен ілгері дамытты. Əсіресе, Валерий Яковлевич пушкинтану саласында орасан зор еңбек сіңірді. Бұл тақырыпқа ол сексеннен астам теориялық-аналитикалық зерттеу мақалаларын арнап, ұлы ақынның өмірі мен өнер жолын, өлең техникасы мен шеберлік ізденістерін пайымдаған құнды ойпікірлерін жариялады. Тіпті, Валерий Яковлевич Брюсов Пушкиннің аяқталмай қалған «Мысыр түндері» («Египетские ночи») поэмасын логикалық түйінін жасап тамамдаған. Телжан Шонанұлы Еуропа классиктерінің шығармаларын көркемдік-идеялық рухын қаз-қалпында қазақ оқырмандарына жеткізудің басты шарты түпнұсқадан ана тіліне тікелей қотарудың маңызды екенін ғылыми талдап, ұлыт əдебиетінің дамуындағы өзекті мəселе ғып мерзімді баспасөз бетінде өткен ғасырдың отызыншы жылдары көтерген еді. Өйткені қазақ тіліндегі шетелдік бірен-саран аударма орысша нұсқадан тəржімаланғандықтан түпнұсқадан едəуір ауытқу болатыны түсінікті. «Сүйтіп, біздің талай тілдің өткелінен өткен аудармамыз, түбірге үш қайнаса сорпасы қосылмай шығады. Біздің Еуропадан аударған шығармамыз «құданың құдасы, құнан қойдың сорпасы» болады. Біздің көркем аудармамыздың иə дəл мəні, иə ырғағы, иə ұйқасы Еуропалық түбірдің жарасына соқпайды. Біздікі аударма емес, сол темеге [темаға – А.Мек.] өзімізше жазған болып шығады. Сонан аудармамыз түбірдің 260

ұлы ма, иə «көлденең көк атты» ма, өзіміз де біле алмаймыз. Бірекі мысал алалық. Абайдың аудармаға ұсталығына дау болмасы, Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін Лермонтоптың «…Горные вершины» деген өлеңінен аударған. Лермонтоп бұл өлеңі Гетенің «Vanderers Nachtlіed» деген өлеңінің аудармасы. Осы аудармаларды түбірмен салыстыралық. Неміс түбірі

Өлеңсіз сөзбе-сөз аудармасы

Uber allen Gіpeln (6) ___________ Ruh; (2) – allen vіpeln (6) Spurest du (3) Kaut өіnen Hauch, (6) Dіe wogleіn Schveіgen Іm valde. Varte nur, balde Ruhest du auch

Барлық шоқылар үстінде Тыныштық. Барлық шөп басының Сезесін сен Сəл желбіреуін Құстар томсарат Орманда. Күт төк-тез. Сенде тыншығарсын

Лермонтоп аудармасы

Лермонтоптан Абайдың аудармасы

Брүусептің аудармасы

Горные верщины Свет во тьме ночной, Тихие долины. Волны свежей мьлой Не пылит дорога. Недрожат листы. Подожди немного Отдохнеть и ты.

Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел- сал ғып, Түн басады салбырап, Шаң шығармай жолдағы. Сыбдырламас жапырақ. Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ.

На всех – вершинах покой; В листве, в долинах ни одной Не дрогнет черты Птицы спят в молчании бора Подожди только – скоро уснеш и ты

Гетенің түбіріне ең жақыны Брүусоптің аудармасы, Брүусоп түбірдің мəнісінде, ырғағында, ұйқасында келтірген деуге болады. Лермонтоп басқа ырғақ, басқа бернелер, басқа сөздер 261

қосып, түбірді өзінше ажарлап өңдеген. Абай келіп енді Лермонтопты өзінше əшекейлеп, ажарлап аударған. Ақырында Абай аудармасы, қанша əдемі болғанмен, түбірдің аудармасы емес, тек соның бағытымен жазылған өлең болып шыққан. Абай түбірден аударса, əрине мұндай болып шықпас еді. Гетенің сөзі, Гетенің ырғағы, Гетенің ұйқасы білініп тұрар еді. Айталық, Брүусоптен аударылса да, бұл өлең тағы бір түрлі болып шығар еді...»245. Алман əдебиеті жауһарларын түпнұсқадан ана тіліндей бойына рухани азық еткен Телжан Шонанұлының осы еңбегі арқылы Валерий Брюсовтың қаншалықты мықты ақын екендігін Гетені орысша сөйлете білу шеберлігінен танимыз. Орыс символизмінің атасы саналған, əйгілі əдебиеттанушы, тамаша аудармашы Валерий Яковлевич Брюсовқа Халелдің хат жазып, Мағжан туралы «қазақ ақындарының арасындағы аса дарынды, жарқын тұлға; егер бабын тауып, өлең сөздiң машығына қанықтырар болса, оның талантының мүмкіндігі ашылып, есiмi мəшһүр нағыз дүлдүл болары шүбəсiз. Ол бiздiң болашақ Пушкинiмiз»246 деп жүректен шыққан мiнездемесiн бердi. Сонымен қатар Халел Досмұхамедұлы Валерий Брюсовтан өз құзырындағы оқу ордасына Мағжанды қызметке орналастыруға қол ұшын берiп, қамқорлық жасауын өтiндi. Табиғат-ана жомарт жаратқан Халел Досмұхамедұлының өзi туған Тайсойған құмының қойны-қонышына тығылған бай қазба кенi сықылды тұла бойына біткен қадыр-қасиетiнiң бiрегейi – əдебиеттанушылығы. Профессор Халел Досмұхамедұлының əдебиеттану саласындағы iзденiстерiн үш түрлi бағытта жүргiзгенiн атап айтқан жөн. Ол, бiрiншiден, халық ауыз əдебиетiнiң үлгiлерiн жинауға айырықша ықылас қойды; екiншiден, халық əдебиетiн ғылыми саралау, оны зерделеудiң теориялықəдiстемелiк мəселелерiне зор көңiл бөлдi; үшiншiден, төрүк тiлдi ұлыт пен ұлыстарға ортақ бағзы мұраларды əдеби жəне лингвистикалық сабақтастыра зерттедi. Халел Қазақстанның батыс өлкесiнiң, əсiресе Атырау, Маңғыстау, Орал аймағындағы халық ауыз əдебиетiнiң iнжумаржандарын терiп, жазып алумен ертеден-ақ шұғылдана 245 Телжан Шонанұлы. Көркем əдебиетті түбірден аударалық // Қазақ əдебиеті. – 1935. – №6(37). – 2 март. 246 ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тiзбе, 2114, 15 парақ.

262

бастаған. Оның да өзiндiк себебi жоқ емес. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлесiң» дейдi. Қашаннан ата дəстүрдiң қаймағы бұзылмаған Ақ Жайық – шалқыған, жырдың, төгiлген күйдiң, толқыған ойдың өлкесi. Құт дарыған осы топырақта дүниеге келген Халел ес бiлген балаң шағынан Махамбет, Мұрат сынды от ауызды, орақ тiлдi ақын-жыраулардың сөз кестесiмен сусындап, Ығылмандай (Шөрекұлы) жүйрiктiң өзiн көрiп, өнерiне тəнтi болды, сөз өнерiнiң киесi өзiне де жұқты. Осы орайда Халекеңнiң қызы Қарашаш, Бимұхан Мəмбетжанұлы мен Жағыпар Мақашұлы ақсақалдардың айтқан əңгiмесi еске түседi. Ташкент шаhарынан жазғы демалыста Халекең бала-шағасын ертiп жыл сайын туған елiне келедi. Пойызбен Ақтөбе облысының Темiр стансасына жеткен соң, ел жiгiттерi ат арбамен күтіп алады. Халекеңнiң сапарынан хабардар ағайын алдын ала сегiз қанат үй тiгiп, тайлы-таяғы қалмай түгел қарсы алады. Əңгiме айтылып, жыр тыңдалады. Ығылман сынды ақындардың аузынан шыққан сөз сол қалпында қағазға түсiрiледi. Халел Досмұхамедұлы жиналған осы материалдар негiзiнде өзi алғы сөзi мен түсiнiктерiн жазып, «Мұрат ақын сөздерi» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925) жəне «Аламан» (1926) жинақтарын бастырып шығарды. Аталған үш кiтап соңғы кездегi Махамбет, Мұрат, Қалнияз тағы басқа көптеген ақындар мұраларын қайта бастыруда бiрден-бiр сүйенетiн сенiмдi нұсқа болатыны да сондықтан. Халық поэзиясының ақпа-төкпе өкiлi Мұрат ақынның қазақтың мұңы мен зарын, Ноғайлы заманынан берi созылып жеткен шежiре сырын жырлаған көркем туындыларының əдебиетiмiз қорына қосылып, өзiнiң лайықты орнын алуына Халекеңнiң сiңiрген еңбегi ұшан-теңiз. Ол 1924 жылы «Сəуле» журналына «Мұрат ақын» атты беташар мақаласы мен ақынның ұзақ толғауы «Yш қиянды» өз тарапынан ғылыми түсiнiгімен бастырды247. Едiлдi тартып алғаны – Етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны –

247 Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 109 б.

263

Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны-дағы алғаны. Yргенiш бенен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны – Қоныстың бар ма қалғаны? –

дейтiн патша өкiметiнiң қазақты атақонысынан қуып, нулысулы жерлерiн тартып алған отарлау саясатын əшкерелейтiн ақынның жыр жолдарын Халел ес білген бала шағынан жаттап өстi, тұңғыш рет тасқа бастырып, қалың елге таратудың еншiсi де өзiне тидi. Ташкент қаласында шығып тұрған мерзiмдi қазақ баспасөзi беттерiнен ол жинаған халық əдебиетiнiң үлгiлерiн көптеп ұшыратуға болады. Қазақ əдебиетi тарихында ұлы Абайды тұңғыш рет дүниеге танытып, шығармаларын 1909 жылы алғаш кiтап етiп бастыруға мұрындық болған Əлихан Бөкейхан болса, Махамбеттiң атойлаған жауынгерлiк жырларының хатқа түсiрiлiп, қалың елге таралуы – Халел Досмұхамедұлының еңбегi. Оның құрастыруымен 1925 жылы Ташкент қаласынан «Исатай-Махамбет» кiтабы жарық көрдi. Жинақтың алғы сөзi орнына Халекең көлемдi мақала жариялап, онда Исатай Махамбет бастаған ұлыт-азаттық қозғалысқа кеңiрек тоқталды. «Исатай көтерілісінің соңы 60–70-інші жылдағы ауа. Бір өршіп, бір сөніп, Исатайдың жаққан оты қырық жылдай тұтанды. Ақырында ауада жалпылдап тағы жалындады. Бірақ қырық жылдың ішінде заман өзгерген еді. Патша өкіметі өте күшейген еді, қазақ əлсіреп езілген еді. Езілгеннің белгісі ауада ел алауыз болды. Бір бөлегі өкіметке бағынып қалды. Көтерілгендерінде де бірлік болмады»248, – деп ұлыт-азаттық қозғалыстың қазақ еліне тигізген əсер-ықпалы мен оның соңы немен тынғанына сабақ боларлық ой түйіндері мен толғаныстарын оқырман талқысына салды. Ғалымның осы зерттеуiнде берген бағасы мен ой-байламдары, пiкiр-тұжырымдары мен деректiк мол мағлұматтары қазiрде де ғылыми құндылығын жойған жоқ. Автор Қазақ248

264

Досмұхамедұлы Х. Исатай–Махамбет. – Алматы, 1991. – 66 б.

станның батыс бөлiгiндегi Кiшi Жүз қазақтарының XVIII-XIX ғасырлар аралығында Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы тəуелсiздiк пен бостандық жолындағы жанқиярлық ерлiк күрестерiнiң басты-бастыларына шолу жасай келiп, Исатай мен Махамбет бастаған ұлыт-азаттық көтерiлiстiң шығуы həм жеңiлiске ұшырауының тарихи ceбеп-салдарына терең талдау жасайды. Мақалада сонымен бiрге қос арысты жарық дүниеге əкелген туған-өскен ортасы, тұқым-зəузаты, елдiң саяси-əлеуметтiк тыныс-тiршiлiгi жан-жақты баяндалған. Ел басына түскен сын сағатта халқының рухын асқақтата көтерiп, қол бастаған Исатай мен Махамбет сынды xac батырлардың есiмдерiн ең алғаш рет ардақ тұтып, сөзден ескерткiш орнату – сол арқылы күллi қазақ оқырмандарына таныстыру мiндетiнiң абыройы Халел Досмұхамедұлының маңдайына жазылды. Оның 1924 жылы «Сəуле» журналының бетiнде «Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет» деген шағын мақала мен Махамбет ақынның топтама жырларын жариялауы – осының айғағы249. Рас, 1910 жылы Орынборда Ғұмар Қарашаұлы құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырларынан» атты жинаққа Махамбеттiң бiр-екi əйгiлi өлеңi енген-дi. Бiз Кеңес өкiметi тұсында талай мəрте баспа жүзiн көрген осы əдеби мұраларымызды Халел Досмұхамедұлы жариялаған нұсқасымен лингвотекстологиялық салыстырғанымызда, кейiнгi басылымдарда көптеген өзгешелiктер мен бұрмалаушылықтарға жол берiлгенiн анықтадық. Мəтiндегi жекелеген сөздер мен сөз тiркестерi өзгертiлiп, тiптi кейде шумақ-шумақ өлең жолдары мүлдем алынып тасталып отырған. Махамбеттiң əйгiлi: «Едiлдi көрiп еңсеген, Жайықты көрiп жемсеген Таудағы тарлан шұбар бiз едiк» –

деп басталатын өлеңiнiң:

«Шабытымыз келгенде, Ауызы түктi кəуiрдiң Шетiнен сүйреп жеп едiк» –

249 Халел Досмұхамедұлы. Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет // Сəуле. – 1924 (Қазақ əдебиет-білім құрасымы №3, «Ақ жол» газетінің 416-санына қосымша).

265

деген шумағындағы екiншi жолы кейiнгi басылымдарының бəрiнде «Ерегескен дұшпанды» болып əдейi өзгертiлген. Сол сияқты ақынның: «Əрайна, билер, əрайна, Арғымағым жарай ма? Астыма мiнген арғымақ Күшiген жүндi шал жебе, Кəуiрге қардай борай ма!» –

деген жыр шумағының соңғы жолындағы «кəуiрге» сөзi «жауына» болып басылып келдi. Осы орайда Махамбет өлеңдерiнiң текстологиясы төңiрегiнде баспасөз бетiндегi пiкiрталасқа салиқалы төрелiк айтқан академик Зейнолла Қабдоловтың жауабы ерiксiз еске түседi: «Махамбеттiң əр сөзi – құйылған құрыш, қорытылған қорғасын. Оны өңдеп-жөндеймiн деп жасытпау керек. Махамбет пен Абайға редакция жүрмейдi»250 – дейдi ол. Иə, бұл салада да ақынның болашақ канондық мəтiнiн жасауға тiрек етер ең сенiмдi нұсқа Халел Досмұхамедұлы бастырған 1925 жылғы жинақ ауызға оралары сөзсiз. Махамбеттану ғылымына қосылған аса бағалы осы кiтапта Халекең Ығылманның «Исатай – Махамбет» дастаны мен жекелеген өлеңдерiне де орын бердi. Ол шығармалар да кейiнгi басылымдарында жоғарыдағы Махамбет өлеңдерiнiң кебiн киiп келдi. Бiрер мысалға жүгiнелiк: «Қатарда жұртты қарасаң Күншығыс, Қытай, Арқа, орыс, Түстiгiнде қызылбас Ұлыт үшiн жүрген намысқа. Қарауын шеттен молайтып, Патшалығын зорайтып Кеткен жоқ па алысқа?! Ел үшiн туған ер болсаң Мəдениет қолданып, Сендер де сонан үлгi алып, 250

Зейнолла Қабдолов. «Ереулі» де емес, «ерулі» де емес, «ереуіл» // Арна. Зерттеу, сын, эссе. – Алматы: Жазушы, 1988. – 255 б.

266

Алаштың басын бiр қосып, Қатарыңнан қалыспа!!!» –

деген өлең шумақтары немесе «Шегi бiр қытай гiрендес Талқанда Қарақұрымнан. Сол Талқаннан шəр салып, Шыңғыстың тағы құрылған. Түркiстаннан қор төгiп, Атаң бiр қазақ мекендеп, Хандары сонда тұрылған» –

деп басталатын 37 жол кейiнгi басылымдарда түсiп қалған. «Исатай – Махамбет» дастанының өзектi идеялық нысанасы да осы өлең жолдарының астарын түсiнген оқушыға ап-айқын ашылары хақ. «Тəржiме қалiн ерлердiң» дегендегi «тəржiме қалi» сөз тiркесi бағзы нұсқаларда қазiргi «өмiрбаян», «ғұмырнама» ұғымдарын бiлдiредi. Ығылман Шөрекұлының 100 жылдық мерейтойына арналып шығарылған «Исатай–Махамбет» кiтабында «тəржiме қалпын»251, – деп қате басылған. Ал, бұлай бұрмалау, түпнұсқадағы емлелiк ерекшелiктердi сақтамау мұраның құнын түсiредi, тарихи құжаттық сипатынан айырады. «Қырағы көздер» əсiресе «орыс» атаулы сөздердiң бəрiн «патшаға» өзгертiп, түпнұсқаның идеялық-көркемдiк ерекшелiгiне, өлең құрылысы мен ұйқасына көп нұқсан келтiрген. Осы тұрғыдан келгенде, профессор Халел Досмұхамедұлы жинап, алғы сөз, түсiнiктерiмен жариялаған бұл еңбектердiң ғылыми мəн-маңызы өте зор. Жидашы-ғалым жоғарыда əңгiме болған «Аламан» (1926) жинағында ел арасынан жазып алынған «Қармыс батыр», «Байбоз–Жанбоз», «Балуанияз», «Даусым саған не болды?», «Жиембет батырдың ашуы», «Қалмақтың қарғысы», «Адай Абыл ақынның сөздерiнен қалған бiр жұрнақ» өлең-жырларын топтастырып, тұңғыш рет кiтапқа енгiзген-дi. Осы жырлардың мысалында автор iлгepгi дəуiрдегi халқымыздың салтына орай санасының, тұрмысына қарай құлқының туғызған мiнезi – 251

Шөреков Ығылман. Исатай–Махамбет. Дастан мен өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 25 б.

267

аламандығын дəлелдейдi. Бəлкiм, бағзыдан жеткен «берсе қолынан, бермесе жолынан» деген қазақтың мақалы, сол замандағы аламандық қасиетiнiң куəсi де болар? Ғалымның фольклортану саласындағы еңбектерiнiң арасында оқшау тұратыны – «Қазақ халық əдебиетi» («Казахская народная литература») атты очеркi. Зерттеушiнiң Қазақ жоғары педагогика институтының қазақ тiлi кабинетiнде оқыған баяндамасы 1928 жылы Ташкентте орыс тiлiнде шыққан «Год работы Казахского высшего педагогического института» жинағында жарияланды. Халел Досмұхамедұлы Петербургте өткiзген студенттiк жылдарында атақты физиолог, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Иван Петрович Павлов, əйгiлi шығыстанушы, академик Василий Васильевич Радлов, Казан лингвистика мектебiнiң негiзiн салушы, Ресей Ғылым Академиясының мүше-корреспондентi, профессор Бодуэн де Куртенэ сынды марқасқа ғұламалардан алған ғылымның жан-жақты caла-саласынан терең бiлiмiн өзiнiң төлтума еңбектерiнде шығармашылықпен дамытты. Ол халық аузындағы аса құнды мəдени мұраларды жинап қана қойған жоқ, бастыpy жариялау, ғылыми тұрғыдан зерттеу, талдау мəселелерiне ерекше көңiл бөлдi. Халел Досмұхамедұлының есiмiн атауға тыйым салынған заманның өзiнде, оның еңбектерiне кейiнгi зерттеушiлер сүйенiп, үлгiге алып отырды. Мұның өзi – ғалымның ойтұжырымдарының өмiршеңдiгiнiң айғағы. Салыстырып айтар болсақ, қазақ тiл бiлiмi ғылымы тарихында Ахмет Байтұрсынұлының үш кiтаптан тұратын «Тiл – құралының» алатын орны қандай болса, əдебиеттану тарихында Халекеңнiң «Қазақ халық əдебиетi» еңбегiнiң де орны дəл сондай дерлік. Ғалым фольклорды тек жалаң сөз өнерi деп танып қоймаған, оның əдет-ғұрып, салт-сана, наным-сенiммен байланысты, этнографиялық мəлiметтерден бөле-жармай қарау керектiгiн жақсы сезiнген. Мұндай таным белгiлерiн жоғарыда көрсетiлген халық ауыз əдебиетiнiң түрлерiн жiктеген зерттеуiнен айқын көремiз. Халекең кезiнде түстеп, саралаған «ырым», «дем салу», «қағу», «үшкiру», «бал ашу», «бойтұмар», «түс жору», «құмалақ ашу», тағы басқа жөн-жосықтардың ұзақ уақыт бойы фольклоршылардың, жидашы-ғалымдардың назарынан тыс қалып келгенi белгiлi. Бұған 30-жылдардан бастап қоғамдық ғылымдарды жайлаған тұрпайы əлеуметтiк танымның, ескiлiк атаулыға 268

майдан ашқан идеологиялық шабуылдардың, Кеңес өкіметінің қабылдаған түрлі қаулы-қарарларының ықпалы тидi. Мəдени мұраға жаңаша, жанашыр көзбен қарай бастаған қазiргi жағдайда бiр кезде саясаттың пəрменiмен сыртқа тебiлген төл жəдiгерлерiмiздi алаламай, тұтастай жинастыру қажеттiлiгi күн тəртiбiне қайта қойылып отыр. Жетпiс жылға жуық ғылыми айналымнан шеттетiлген аталмыш iргелi еңбектiң əлi де фольклористер үшiн басшылыққа алатын тұстары баршылық. Халел Досмұхамедұлының «Шернияз шешен» (1925), «Бұхарадағы Көгiлташ медресесiн салу туралы əпсана» (1927), «Самарқан қаласындағы Тиллə-Қары мен Ширдор медреселерiн салғызған Жалаңтөс батыр шежiресi» (1928) сияқты зерттеулерiнде тарихи аңыздар мен этнографиялық деректер шендестiре қаралып, халқымыздың байырғы тарихына қатысты iзденiстерiнде өзiнше тың жол, соны сүрлey салынды. Соңғы ғылыми мақаласында ол Самарқанды билеп тұрған кезiнде сəулет өнерiнiң жауhары Тиллə-Қары мен Шердор медреселерiн салдырған, Кiшi жүздегі əлiм-төртқара руынан шыққан тарихи тұлға – əмiр Жалаңтөс батырдың (араб графикасындағы қадым жазуымен Ялантуш-Бахадүр) ерлiк iстерi мен тұқым-заузатынан мол мағлұмат бередi. Ғалымның қаламынан туған, бiрақ кезiнде басылып үлгiрмеген «Түрiк халықтарындағы жəне қазақтардағы атау есiмдердiң шығуы», «Қазақ оқушысының дене тəрбиесi» həм «Казақ ғашықтық өлеңдерi» сияқты зерттеулерi табыла қалса, ғылыми ортаның ықыласын аударар жаңалық болары сөзсiз. Халел Досмұхамедұлының шығармашылық қызметiнiң ендi бiр легi – редакторлығы мен сын-пiкiрлерi. Ол Казақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының, Ғылыми Кеңестiң төрағасы болған, Мемлекеттiк баспаның ғылыми-редакторлық бөлiмiн басқарған жылдары ана тiлiнде шығып тұрған барша ғылыми-педагогикалық басылымдарды саралап, сын-ескертпелерiн жазып отырды. Оның «Қыз Жiбек» (1923), «Кенесары–Наурызбай» (1923) жыр кiтаптарына, сонымен бiрге Абайдың «Таңдамалы өлеңдерiнiң» Ташкентте басылған нұсқасына редакторлық етiп, алғы сөздерiн жазуы Халекеңнiң бiлгiр əдебиетшi екендiгiн танытады. Халық аузындағы əдебиеттің философиясына терең үңіле, талғам таразысына салып, елге пайда-зияны тұрғысынан пайымдайтын ғалым сұңғылалығы таңғалдырады. 269

«Кенесары–Наурызбайдың» Алатаудағы соғысы туралы Нысамбай ақынның шығарған өлеңі бүтін қазақ арасына жайылулы. Дұрысталып тасқа басылып шықпаған соң Нысамбайдың өлеңі өзгертіліп, əр жерде əр түрлі айтылады. Əсіресе Түркістан арасындағы қазақтардың айтып жүрген «Кенесары– Наурызбайында» көп жалған бар. Ел ішінде айтылып жүрген өлеңдердің көбі қырғызды жамандап, мұқатып, кемітіп, орынсыз қазақты мақтайды, екі рудың арасына орынсыз алакөңілдік кіргізеді»252, – деп салған жерден сөз айырығынан бастауы төсекте басы, төскейде малы қосылған, рухы бір ағайын екі ұлыстың арасына жік түспеуін ойлаған, алысты болжайтын көреген стратегтігін аңғартады. Сонымен қатар Халелдің кітапқа жазған алғы сөзі мен ғылыми түсініктерінде, аннотациялары мен дəйектемелерінде, қысқасы, жеке мəселелер төңірегіндегі ескертпелеріне дейін өте-мөте маңызды жəне əрқайсысы ғылыми зерттеу жұмысына лайық. Бұл ғалымның сирек кездесетін еңбек сүйгіштігі мен ауқымы кең ойшылдық эрудициясының, табиғи шалқар кемеңгерлігінің куəсі. Ол мұраны бастырудағы алдына қойған басты-басты ғылымиметодологиялық темірқазық бағдарын тарата, негізгі байламдарын түйіп пайымдайды. «Кенесары–Наурызбайды» Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының шығарғандағы мақсаты мынау болды: 1) Алатаудағы соғыс туралы Нысамбай ақынның шығарған сөзінің дұрыс нұсқасын беру; 2) Ел арасындағы Нысамбай сөзі аталып, сыңар езу сөйленіп жүрген сөздердің əсерін жою; 3) Мектептерде оқылатын ана тілі үшін тарихи поэманың жақсы үлгісін беру; 4) Ел əдебиетінен алынған сөздерді қалай етіп шығару туралы қолдан келгенше үлгі көрсетіп, жол салу. Нысамбай ақынның «Кенесары–Наурызбай» деген сөзін дұрыстап, 1897 жылы Əбубəкір Диваевқа берген Жүсіпбек Басықараұлы екен. Біздің естуімізше, Жүсіпбек сумұрын жаппас Ораз деген ақынға жаздырып алған...»253, – деп тарихи дастанның қоғамдықəлеуметтік, мəдени-рухани астарын, əдеби қазынаны ауыздан252

Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 100 б. 253 Сонда.

270

ауызға аманат етіп жеткізуге дəнекер болған адамдар хақында қалдырмай мəлімет береді. Сондай-ақ Халел бұл кітаптың редакторы əрі бастырушысы ретінде тарихи ұлыт-азаттық қозғалысына байланысты жазылған еңбектердің бəрімен түгел танысқанын, Шəкəрімнің шежіресін, Ахмет төре Кенесарыұлының Смирновке «Кенесары мен Садық төре туралы» жазып бергендерін, Қоңырқожа Қожықұлынан, Мұқамеджан Тынышбайұлынан, Жанқараш немересі Сатарқұл Диқанбайұлынан, Ишанғали Арабайұлынан, Кенесары немересі Əзімхан Ахметұлынан, тағы басқа азаматтардан алынған мағлұматтарды пайдаланған. Жазушы Мереке Құлкенов Халел Досмұхамедұлының баспагерлік-редакторлық қырын сипаттаған мақаласында: «Ол атақты дастанды баспаға дайындап қана қойған жоқ, Кенесары Қасымов бастаған ұлыт-азаттық қозғалысы туралы қазақ тілінде тұңғыш рет тарихи очерк жазды. Əрине, кеңес үкіметіне дейін Кенесары туралы, ол бастаған ұлыт-азаттық көтеріліс туралы орыс оқығандары аз жазған жоқ. Арнайы жеке кітап болып, тасқа басылып шыққандары да бар. Ал қазақ тарихында ерекше орын алатын Кенесары бастаған ұлытазаттық көтерілісі туралы ана тілімізде жарық көрген тұңғыш кітаптың редакторы Халел Досмұхамедұлының болуы көрнекті ғалымның баспа ісіне үлкен дайындықпен келгенін дəлелдейді»254, – деп бағалайды. Жалпы, бұған дейін Халел Досмұхамедұлы хақында жазылған анықтамалық іргелі еңбектерде, энциклопедиялар мен антологияларда, ұлыттық баспасөз тарихын зерттеген монографиялар мен жеке тұлғалар туралы библиографиялық деректерде кітаптану саласындағы оның қыруар іс тындырғаны жөнінде ешбір мəлімет берілмейді. Мұнан туатын қорытынды ардақты азаматтың көп қырлы, алуан сырлы ғылыми-шығармашылық қызметі зерттеушілер назарына ілінбеген еді. Міне, сол олқылықтың орнын толтыруға, Досмұхамедұлының баспагерлігі мен редакторлығын, кітап ісін ұйымдастыру қабілеті мен кітапхана ісін жолға қою, библио-

254 Құлкенов М. Баспагер һəм редактор // Халел тағлымы (Республикалық ғылыми-теориялық мəслихат материалдары). – Алматы: Ғылым, 1994. – 42–43 беттер.

271

графия мен баспа өнімдерін тарату, реттеу қызметтерін айқындаудың кезегі «сабақты ине сəтімен» енді келді. Халел Досмұхамедұлы баспагер-редактор ғана емес, мəдени мұраға көзі қарақты зерек зерттеуші, кітаптанушы ғалым екендігін айту парыз. Оның бұл тұрғыда өз жазғандарында əлі ұлыттық ғылыми ойдың жете қоймаған көкжиектерінен қыруар тың да соны мəліметтер алуға болады. Отандық төрүктану ғылымына орасан зор үлес қосқан Халел Досмұхамедұлының еңбегі əлі өзінің лайықты шын бағасын ала қоймағанына келтіретін мысал шаш етектен. Ол үшін оқымыстыларды жазғырудың да реті жоқ. Өйткені Халел Досмұхамедұлының есімі мен шығармашылық еңбектеріне ұзақ жылдар бойы мемлекеттік цензуралық күзет қойылуы, насихаттауға тиым салынуы, шектеп келуі – төрүктану саласындағы оның салиқалы ой-байламдарының ғылыми айналысқа түспей, рухани игілікке аспауына себеп болды. Халел Досмұхамедұлының ғылыми тынысының кеңдігі мен білімпаздық талғамының ерендігін, арғы-бергі тарихи уақиғаны саралау-сараптау шеберлігі мен қадым заманның қоламтасын көсеген дана ойдың көсемдігін, жаратылыстың бізге беймəлім құпия сыры мен шексіз жұмбағын шешуге аса қабілеттілігін «Диуан лұғат ат түрүк» аталатын зерттеуінен анық байқалады. Кеңестік төрүктану ғылымында есімдері мəшһүр В.В. Бартольд, С.Е. Малов, В.А. Гордлевский, Т.А. Боровков, А.Н. Кононов, С.М. Муталибов, М.Ш. Шералиев, А.М. Демирчизаде, Т.М. Гарипов, В.И. Асланов, Ш. Шукуров, Х.Г. Нигматов, Ə.И. Фазылов, тағы басқалармен қатар қазақ ғалымдары Қ. Жұбанұлы, Н.Т. Сауранбаев, С.А. Аманжолов... Махмұд Қашқаридың «Диуан лұғат ат түрүк» туралы зерттеу жазғанын да ескеретін кез жетті. Əрине, осылардың арасында Халел Досмұхамедұлының бағзы мəдени мұраның мəнмаңызын, сыр-сипатын терең ашқан ой топшылаулары ғылыми құндылығы жағынан шоқтығы биік тұр. Бұл, біріншіден, ғалым аруағына бас иіп, шығармашылық еңбегіне құрмет көрсету болса, екіншіден, өркениет əлеміндегі ғылыми этикалық норма, мəдени əдеп сақтаудың қарапайым белгісі. Үшіншіден, ардақты азаматтың ғылыми пəтуасын бүгінгі жеткен ой-сана биігінен қайыра қорыту міндеті. «Түрүк тілі һəм əдебиеті туралы «Диуан лұғат ат-түрүк» деген бір кітəптің Ыстамбұлда табылғанын дүние соғысының 272

алдында ғана (1914-інші жыл) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл кітəпті көруге құмарланып, толықмағлұмат сұрап хат жазып едік, бірақ соғыстар себебінен Түркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады»255, – деуі – Халел Досмұхамедұлының түрүк дүниесінде, оның рухани əлеміндегі жаңалықтарды үнемі қалт жібермей, қадағалап отырғанына айғақ. Махмұд Қашқари есімі, оның аты шулы біздің заманымыздың XI ғасырында жазылған «Диуан лұғат ат-түрүк» атты үш томдық сөздігі Ресейге қараған төрүк қандас ұлыт пен ұлыстардың оқығандары мен төрүктанушы зерттеушілер Халелдің ғылыми мақаласы арқылы бірінші рет танысқан. Ол осы мақаласында тіл, əдебиет, тарих, қоғамтану, жаратылыстану, теология ғылымдарымен бірге кітаптану ісінің Осман түріктеріндегі аяғын қаз-қаз басқан ілкі қадамына қатысты деректерді жүйе-жүйесімен баяндайды. «Түркия Мағариф назараты артықша қарап, өз қаражатымен əлгі айтылған «Диуан лұғат ат-түрүк» кітəбін 1917-інші жылы жақсы қағазға 60-форматта үш түп кітəп (1-інші түп 843 бет, 2інші – 320 бет, 3-інші – 253 бет) қылып бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бұл кітəпқа артықша назар салғандықтары, қадырын білгендіктері кітəпті түзетіп, қарап бастырған Ахмад Рифат əфəндінің (3-інші кітəп аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр. Түрік ғалымдары бұл кітəптің жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлыты əрбір түп (жилда) шыққан сайын пайдаланып, əдебиеті, тарихы туралы көп жаңа білімдер, сөздер майданға шығарыпты. Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлытының тілі һəм əдебиетіне мынадай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр»256, – деп төрүк ұлыты мен ұлыстарына ортақ байырғы жəдігердің ұқыпты сақталуы мен ғылыми айналымға түсуіне байланысты жауапкершілік пен ыждағаттылық танытқан бауырластарының тарихи баға жетпес еңбегіне Халел Досмұхамедұлы шын пейілден тілектестігін білдіреді. Ол білімнің көзі – кітап бастыру ісіне ден қоя бастаған түрік оқығандарының қадамына сүйсінеді. 255 Досмұхамедұлы Х. Диуан лұғат ат-түрүк // Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 155 б. 256 Сонда.

273

«Османлы түріктері бұл соңғы заманға дейін білім кітəптəрін бастыруда Ауропадағы жол-жобаға (əсіресе, де Гуе сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмаушы еді. Бұрынғы Қазанда, Тəшкенде басылған «Қысас ул-анбиа» кітəбіндей қылып, қалай болса, солай баса салушы еді. Ғылыми кітəптəрді баспаханалардың өз түзетушілері (корректор) қарап, түзетеміз деп, былықтырып қоюшы еді. Ахмад Рифат əфəндінің де азынаулақ сондай кемшілігі жоқ емес...»257, – деуі Халелдің баспа ісі мен кітаптану саласынан мол мағлұматы барлығына ыспат. Төрүк ұлыстарының баспагерлік өнерінің дамуына серпіліс туғызған рухани орталықтар Қазан мен Тəшкен қалаларында бұрындары басылған кітаптардың техникалық орындалуы мен полиграфиялық безендірілуіндегі кем-кетіктер, ғылыми аппаратындағы ақаулар мен жат сөздердің əсерінен болған тіл жүйесіндегі селкеулігін мысалға келтіре отырып, ұлағатты істің жолбасшысы болған Ахмад Рифат мырзаның да бұл жолдан айналып өтпегеніне аз-мұз өкініш білдіреді. Ол кітаптың стильдік-емлелік, көркемдік-эстетикалық жоғары талапқа сай болуын кейінгі басылымдарда қаперден əсте шығармауды ескертеді. Халел Досмұхамедұлының ғылыми байламдарына ауық-ауық кезек беріп, сілтеме жасауымыз, оның кітаптану саласындағы пайымдауларының бүгінгі таңда да ескірмей, өскелең заман ағымынан қалып қоймай, мəнін жоймаған өміршеңдігін тасқа басқан таңбадай айқындау. Шоқтығы биік əмбебап сөздікке Халелдің алғашқылардың бірі боп пікір білдіріп, ғылыми баға беруін шындығында, мақтаныш тұтуға тұрарлық. «Бірақ сонда-дағы бұл кітəптің басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітəптəрден айырылып тұр. Қатасын түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітəптің суретін сақтауға ыждаһат қылғандық кітəптəн көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түріктерінде фəн кітəптəрін басу туралы Ауропа жол-жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді»258, – дейді. Кітаптанушы ғалымның қадымша жазылған орта ғасырлық еңбекті 257 258

274

Сонда. Сонда.

қиналмай ішек-қарынын ақтарып, бақайшағына дейін саралап, безбендеуі – ежелгі төрүк тілімен бірге араб, парсы тілдерін жетік меңгерген жүйріктігінің нəтижесі. Санаткер жан байырғы төрүк мемлекетінің тасы өрге домалап, өз ықпалын Византия мен Иранға жүргізіп тұрған, өркениеті дамыған дəуірде Мұхамед пайғамбардың келгендігінен ақпар береді. Бұл тарих үшін бұған дейін ескерілмей келген тосын жаңалық. «Бұхара, Нишабур молдаларының айтуынша, «Мұхамед пайғамбар түрүк тілін үйреніңіздер, өйткені олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады» дейдіміс. Бұл хадис шын ба, өтірік пе – оны сол молдалардың өздері біледі»259, – дейді Махмұд Қашқари. Мəселе Мұхамед пайғамбардың төрүк еліне келуінде емес, төрүк өркениетінің айналасындағы күшті мемлекеттерге сол заманда пəрменді болғанын тіркеген жылнамалық, тарихи деректік маңызында. Қазақ ғалымдары Махмұд Қашқаридың «Диуан лұғат ат-түрүк», яки үш кітаптан тұратын «Төрүк сөзінің жинағын» көпшілік қауымның қазіргі əдеби тілімізде еркін оқып, рухани сусындауына аударма нұсқасын жасау тəжірибелері мəлім. Атап айтқанда, Қ. Бекетаев пен Ə. Ибатовтың бірлесіп тəржімалаған «Түбі бір түркі тілі» («Диуани лұғат ит-турк») – Алматы, «Ана тілі», 1993. – 192 бет; «Түрік тілінің сөздігі» («Диуани лұғат-ит-түрік»). 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубай. – Алматы: Хант, 1997–1998. Бұл ретте де Халел Досмұхамедұлы еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс. Кітаптың басындағы Махмұд Қашқари ақпаратын Халелдің аудармасында оқып көрелік: «Тəңірі дəулет күнінің көзін төрүктердің көгінде тудырды. Жер, Азияның дəһрелерін олардың қолына берді. Оларға төрүк деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды заманның иесі, патшасы қылды һəм дүниедегі ұлыттардың (əһл-ад-дəһр) тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққа берік қылды. Төрүкке сиынған кісі жоғары болды, күшті болды һəм қалағанына жетті. Бəлелерден, бəле шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың бəлесінен құтылды. Төрүктің найзасынан құтыламын деген һəр бір ақылды кісі 259

Сонда, 159 б.

275

олардың етегіне жабыссын. Бірақ төрүктерге жақын болуы үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амал жоқ»260, – деуі ғажап қой. Махмұд Қашқари «Диуан лұғат ат-түрүк» іргелі еңбегін таза араб тілінде жазды. Өйткені араб тілі орта ғасырда бүгінгі ағылшын тілі сияқты əлемдік саяси-мəдени, қоғамдық ақпарат кеңістігінде үстем тілге айналған еді. «Бірақ қандай себеппенен екені белгісіз, бұл түрүк ғалымы, түрүк қаһарман бегі Бағдад халифасының алдына барған. Кітəбін халифа ал-Қаим биəміраллаһның патшалығының соңғы жылында жазып, оның өзін Басари ал-Мұқтади биəміраллаһға тарту қылған»261, – дейді Халел Досмұхамедұлы. «Жəне де түрүктердің руларын жаздым. Бұлар жиырма [20] шамасында болды. Бірақ ұсақ рулардың санын Құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түрүкмен мен оғыз руын-ақ айттым һəм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нəрсе»262, – деген Қашқари ақпараты түрүк тұқымдас рулардың шығу тегі мен Құдайдың берген генетикалық коды рулық таңбасымен сабақтастығын Халелдің ішкі түйсігі білдірмесе, құр бекер ойып тұрып оған сілтеме жасамаған болар еді. Əрине, бұл мəселені тарқатып ғылыми түсінік беруге Халелдің қызыл идеологтардың «пантүрүкшіл» дейтін жалған айып тағуынан сескенгендігі əбден мүмкін. Дегенмен ғұлама ғалымның отаншылдығы мен ғылымдағы асқан ерлігіне Халелдің тəнті болғандығы сезіліп тұр. Махмұд Қашқари – діни догмат та, қияли мистик те емес, табиғат сырын жетік меңгерген ұлы ойшыл, тіл сиқырын зерттеген дана тұлға. Біздің пайымымызды Халелдің зерделеу түйсігі: «бұл адам дін ғалымы емес, бəлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған»263 – деп растай түседі. Ендеше, төрүк жұртына, төрүк ұлысы атына қарата айтылған батагөй кемеңгердің əлгі пəтуасының астарында шындық барына имандай сенгіміз келеді. Бұлай деуімізге жəне бір себеп соңғы жылдардағы қазақ рунологтарының ғылыми ізденістерінен бабатөрүк [прототюрк] мəдени ескерткіштерінің түп-төркініне, генезисіне байланысты соны пікір көзқарастың қалыптасуы. 260

Сонда. Сонда, 156 б. 262 Сонда, 159 б. 263 Сонда, 157 б. 261

276

Тəңірдің адамзатқа жіберген Руникалық Концепциясы туралы құпия ілімнің графикалық ақпараттық сырын [кодын] ашу264 – Халел Досмұхамедұлы дəл байқаған Махмұд Қашқаридың ғылыми тұжырымдарының ар жағында сүйенген негіз барлығын дəлелдейді. Алайда заманның таршылығы алаштың арда ұлына тиісті ғылыми дерек қорын пайдалана, оңаша шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы орын мен мүмкіндік туған шақта іс жүзіне асырмақ болған дəмесі орындалмағаны өкінішті. «Диуани лұғат ат-түрүк» атты мақаласында Халел Досмұхамедұлы төрүк ұлыстарына ортақ бағзы ескерткiш, рухани мұраны туған халқына алғаш таныстырумен қатар, ондағы əдеби, тiлдiк həм тарихи деректерге назар аударды. Алтынның сынығындай осы еңбегiнде Халекеңнiң шығыс тiлдepi мен əдеби-мəдени қазынасын терең меңгерген бiлiмпаздығы жəне байырғы жəдiгерлерден хабары молдығы ерекше сезіліп тұрады. Оның «Құтадғу бiлiк», «Жамиғ ат-тауарих», «Кодекс Куманикус», «Китаб ал-инсаб», «Саясатнаме», «Китаб ал-идракы», «Гүлстан», тағысын тағы ескерткiштер туралы сөз етуi осының айғағы. Халел Досмұхамедұлы аталған рухани қазынаның төрүк халықтарын былай қойғанда, күллi шығыс мəдениетiндегi алатын тарихи орнын, оның ғылымы айналымға түсуi мен бақталайының шынтуайтқа келгенде жанған мерзiмiн, баға жетпес құнын тап басып, безбендей бiлуi həм зерттеушiлердiң көңiл көзiмен зерделеуiне бағдар беруiнiң өзi – бiлiктi ғұламаның ойөрiс қарымын, көрегендiк шалымын дəлелдейдi. Оқымыстының пайымдауынша: «...Бұл уақиға, иағни Махмұд Кашғаридiң өзi шахси ислам həм түрүк тарихында үлкен бiр уақиға болуында кəдiк жоқ. Махмұд Қашғаридың кiтəбінə келгенде, бұл – кiтəп туралы əзiрге бiз Еуропаның түрүк тiлi мамандарының пiкiрiн естiгенiмiз жоқ. Бiр нұсқасы академик Бартольдқа берiлген екен, бiрақ Бартольдтың бұл кiтəп туралы бiр нəрсе жазыпжазбағанын бiлмедiк. Қалай болса да бiздiң мынаны айтуға шамамыз келедi: Түрүк қауымының тiлi, əдебиет həм мəдениет тарихы үшiн 1889-ыншы жыл Орхон жағаларында Ядринцев 264

Досанов Т.С. Письмо небесного гостя или Тайна древнетюркской руники. – Алматы, 1997; Мектеп-тегі Аманқос. «Ғарыштан келген қонақтың хаты немесе көне түрік руникасының құпиясы»… атты монографияға этнолингвистикалық, тарихи пайымдама // Ана тілі. – 1998. – №18. – 7 мамыр.

277

тапқан, Томсон, Радлов həм басқа ғалымдар тарапынан үйренiлiп, нəшр етiлген, бiрақ мəдениет, хан дүниесiнiң назарын өзiне қаратқан, хан ерлерiнiң пiкiрiн алыстырған (өзгерткен) ескi түрүк, Орхон «бiтiктастары» қандай аhамиаты болса, Махмұд Қашғари кiтабының да аhамиаты сондай. Махмұд Қашғаридың түрүк қауымына, өз ұлытына мунасабаты Күлтегiн, Бiлге хандардың мунасабатындай həм түрүк руларын, түрүк тiлiн бiлуi, əсiресе, бiлiмi олардан артық болған...»265. Зерделей білген жанға дүние дөңгелегi арада талай мəрте дөңгелеп, санамыз ғарышқа, ойымыз көз iлеспес биікке самғаса да Халел Досмұхамедұлының байыпты байламынан асып түсер ғылыми қисын əзірге көрiнбейдi. Қайта сергек ғалымның соңында қалған баға жетпес еңбегін мансұқ етiп, атын атаудан безiнткен дəуірде, оның рухани мұрасынан амалсыз аттап өтудiң отандық ғылымның дамуын қаншалықты тежегенiн ендi сезiнсек керек. Оқымыстының сөз лəмiне қарағанда, төрүктану ғылымында зерттеушiлердiң қолынан түспей келген лұғаттың мəн-маңызын, сыр-сипатын жан-жақты талдап жазып шығу жоспары тəмəмдалмай қалғанға ұқсайды. Əйтсе-дағы пiкiрiн нақпа-нақ, қысқа да нұсқа таратып айтуға дағдыланған ғалымның сөз иiнi, дəйек қисыны тың ойларға жетелейдi. Ол төрүк тiлiнiң шығу тегi, түп төркiнi həм көршi елдермен бағзы аралас-құраластығын анықтауға бағзы мұраның бұлытартпас деректiлiгi мен құндылығын ашып жазды. «...Түрүктiң өз арасынан шыққан бұл ғалымның мəдени, ижтимаий-тарихи, иқтисадий мағлұматтары истахдерi (термин) арасында күнбатыс Тукиу-түрүк хүкiметi бұзылғаннан татарлар дəуiрiне дейiн тұрған бұл кұнгеше фақат ибн Хордадбек, Кудама, Гардизи, Ауфи уа ғайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзынқұлақ хабарынша, жазған жарқым-жұрты шатақ жазуларына həм Қытай мағлұматына қарап үйренiлген түрүктердiң iшкi тiршiлiктерi анық мəлiм болды. Түрүк ру həм қабилаларының түзiлiсiнде түрүк тiлдерiнде татарлар дəуiрiнде həм онан соң хасыл болған төңкерiстер, лұғат həм лəhже мына себептер группаларға бөлiну туралы бұл күнге дейiн фрадис (гипотеза) болып қана жүрген həм түрлi ғалымдар 265

Досмұхамедұлы Х. Диуан лұғат ат-түрүк // Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 158–159 беттер.

278

(мəселен, Радлов, Бартольд, Аристов, Корш həм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйiндер шешiлдi. Фи ал-жумлə (вообще) қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, түрiкмен тiлдерiнiң асылдары (нұры) мəлiм болды...»266 деуiнiң астарын қаузап, сабақтай түссе талай сырдың қоздарына, жамиғатқа жұмбақ боп келген сауалдарға сындарлы сипат дарытарына күмəн жоқ. Халел Досмұхамедұлы ресми іс тетігінің басында отырғанда əрекеттенген мəдени-рухани өмірдегі елеулі шарасы – ұлыттық кітапхана ашуды қолға алуы еді. Ол ұлытты мəдени ағартудың тетігі кітапты жаппай оқуға деген үдерісті оңтайлы шешу деп ұқты. Кітап ісі саласына қатысты мəселе туындай қалса, зиялылар арасында Халел Досмұхамедұлына базына айту əдетке айналған. «ТГУ [Ташкент мемлекеттік университеті] кітапханашысының сұратуына орай қазақ тіліндегі 1917 жылға дейінгі жарық көрген басылымдар, бəлкім, кездейсоқ табылмаса, қолға түсуі қиын. 1917 жылға дейінгі қазақ тіліндегі басылымдар Қазан, Орынбор қалаларында жарық көрді. Ол басылымдардың тізімін бере алмаймын. 1917 жылдан былайғы қазақ тіліндегі жарық көрген басылымдарды Ташкенттегі «Түркмембаспасы» мен Орынбордағы «Қазақмембаспасынан»сұрату керек. Қазақ Ғылыми Комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлы. 20/IV–1922»267. Баспа жүзін көрген отандық кітап тарихын жетік білген ғалым Ресей империясы баспа өнімдерінің қазақ даласына таралуына өте мұқият бақылау жасағанын жанамалап, емеурінмен білдіреді: «Қазақ Ғылыми Комиссиясы Түркістан өлкесінде қазақ тілінде ешқандай кітап басылмағанын хабарлайды. Қазанда басылған бірен-саран кітап пен кітапшалар Түркістан өлкесінде кездесіп қалады. Олардың ішінде кейбір діни сарындағы жəне порнографиялық мазмұндағы басылымдарды атап айтуға болады, бірақ оларды қазіргі уақытта Түркістан өлкесінен табудың өзі төтенше қиын. Қазан төңкерісінен соң Мемлекеттік баспадан 266 267

Сонда, 161–162 беттер. ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1138 іс, 149 парақ.

279

қазақ тілінде кітаптар шыға бастады. Олардың арасында [ұлыттық маңыздысы] жоқ. Қазақ Ғылыми Комиссиясының төбе ағасы Халел Досмұхамедұлы. 26/III–23 ж.»268. Бұл құжатқа «В Турк... проверит сообщение 2 делу Киргизск. 4...» деп бұрыштама соғылған. Мұрағат қорында мұндай хаттар жиі ұшырасады. Соның бірінде «Шұғыл Қазақ Ғылыми Комиссиясына Мемлекеттік Ғылыми Кеңес жедел түрде Педагогикалық Комиссияға қазақ тіліндегі (көркем жəне ғылыми-танымдық) бар əдебиеттің тізімін ұсынып, қышлақ пен ауылдардағы №1, 2, 3, 4 ересектердің мектептерінде дауыстап оқу үшін пайдалануды сұрайды. 2/V–1924 ж.»269 – делінген. Мұның мəнісі елдегі сауатсыздықты жою мақсатында жазу мəдениетін тез арада меңгеруге қызықтырудың əрі құйма құлақ ересектерге баспа өнімдеріндегі алуан түрлі əдебиеттен мағлұмат берудің тəжірибе жүзіндегі қолданған ұтымды əдісі еді. Кеңес үкіметі күш алып, нығайған сайын бұрынғы көшпелі қазақ елін отырықшыландыру үдерісі жеделдетіле түсті. Ұлыттық мектептердің саны өсіп, оған қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтарының сұранысы күннен-күнге артты. Кеңес қызметіне жергілікті ұлыт өкілдерін тарту, партияның саяси бағыт-бағдары мен шыққан қаулы-қарарларын қалың бұқараға жеткізіп, дер кезінде түсіндіретін мерзімді баспасөздер мен үнпарақтар, көркем безендірілген плакаттар мен əдебиеттерді тарату, насихаттау жұмысы қауырт жүрді. Ескінің ыдырап, қоғамдық-саяси өзгеріс əкелген мемлекеттік құрылысты түзу – шаруашылық жаңа экономикалық реформа жасауға мəжбүрледі. Бұл қоғамдық-əлеуметтік сұранысты өтейтін қисапсыз тапсырыс баспа өнімдерін шығаруды қиындатты. Баспа өнімдерінің өзіндік құнының күрт өсуі, ақша инфляциясын ауыздықтаудың мемлекеттік шеңберде оңайға түспеуі – оқу-ағарту саласында зор қиындықтар тудырды. Осындай ел-жұрттың басындағы ауыртпалықты жеңілдету, газет-журналдар, оқу құралдары мен саяси-ағарту əдебиеттерін тегін тұтынуды ұйымдастыру, көп

Түпнұсқа сапасы өте төмен болғандықтан, шамамыз келгенше ажыратып оқыдық – А. Мектеп-тегі. 268 ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 іс, 249 парақ. 269 ӨР ОМА. Р-34 қор, 1 тiзбе, 2114 іс, 37 парақ.

280

шілік шоғырланған кіндік қалада мемлекет қалтасынан шығатын қаржы-қаражатқа ұлыттық кітапхана мен оқу залын ашу идеясын көтеріп, Түркістан автономиялы республикасының Халық Ағарту Комиссары атына Халел Досмұхамедұлы ұсыныс түсірді. Арнайы бланкаға басылып, ресми іс қағаздарының тəртібімен №1029 болып тіркеуден өткен осы құжат 3 желтоқсан 1923 жылы толтырылған: «Соңғы жылдары қазақ тілінде шыққан көптеген əдебиеттер жинақталды, қазақтың қалың бұқарасы бұл əдеби байлықты пайдалануға мүмкіншілігі жетпей отыр. Аталған əдебиеттерді қала тұрғындары арасында кеңірек таныстыратын жəне қалың бұқараға оны жақынырақ жеткізу мақсатымен Қазақ Ғылым Комиссиясы Ташкентте бірінші рет кітапхана əрі оқу залын ұйымдастырды, мұндай кітапхана-оқу залы бұрын-соңды қазақта болмаған һəм жоқ та еді. Ғылыми Комиссия аталған мақсатқа орай кітаптар мен басқа да баспа өнімдерін қоятын бөлмелерді тауып, арнайы жабдықталған орынмен қамтамасыз еткенмен, техникалық жағынан оқырмандармен кітапхана ісін жүргізетін кітапханашысы жоқ. Осыған байланысты пісіп-жетілген мəселенің енді ақшалай үлкен қаржы жұмсамай-ақ шешуін тауып, қазақтың рухани сұранысын өтеу үшін Мемлекеттік Ғылыми Кеңес жолдас Комиссар Сізден Қазақ Ғылым Комиссиясына 12 разряд бойынша кітапханашылық қызметке Халық Ағарту Комиссариаты тиісті кісінің (қазақтың) бөлінуіне рұқсат беруін сұрайды. Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің төрағасы Халел Досмұхамедұлы. Ғалым хатшы [қолы қойылған]»270. Осыған орай құжаттың шекесіне бірнеше бұрыштама соғылған. Онда былай делінген: «Жолдас Досмұхамедұлына. Осы мəселе жөнінде менімен оңаша сөйлесуіңізді Сізден риясыз өтінемін. 8.XII. [қолы қойылған]». «Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске. Ай сайынғы есеп бойынша Халық Ағарту Комиссариятының кассасынан 12 разрядтан 270

ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тiзбе, 2114 іс, 26–26 парақтың сырты.

281

жоғары емес жауапты қызметкерді жұмысқа алуға қарсы емеспін. 11.XII. [қолы қойылған]». «Қазақ Ғылым Комиссиясына бұрыштаманың мазмұнын хабарлап, сол бойынша олар тиісті кісіні жұмысқа шақырып, шұғыл арада кітапхананы ашуға қажетті керек-жарақты дайындауға кіріссін. Халел Досмұхамедұлы. 12.XII.»271, – деп талап етті төраға. Сөйтіп көп ұзамай қазақ тарихында ресми түрде ұлыттық кітапхана қызметіне кірісті. Қынжылтатыны, экономикалық қаржы қыспағын мəдениет саласындағы мамандарды қысқарту есебінен шешпек болған лауазымды шендішекпенділердің жоғарыдан жауған нұсқаулары толастамағанын айғақтайтын мұрағат қорында құжаттар жетерлік. Бұл қысқартудың қармағына ұлыттық кітапхананың жалғыз меңгерушісінің ілігу қауіпі төнді. Осы мəселеге байланысты біршама созылған сөзбұйданың жалпы нəтижесі Халел Досмұхамедұлының табандылығымен сəтті аяқталды. 1924 жылғы ақпанның 18-інде Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске жіберілген №47 құжаттың мəтіні мынадай: «Сіздің қарауыңызға жіберіліп отырған Қазақ Ғылым Комиссиясының қазақ қызметкерлерімен бірігіп өткізген 1924 жылғы 16-шы ақпандағы мəжілісінің хаттамасы. Төраға Ишанғали Арабаев. Мүшесі Даниял Ысқақов»272. Мемлекеттік Ғылыми Кеңес бұл мəселені Халық Ағарту Комиссариатының коллегиясында арнайы қарауға жібереді. Сонымен «Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске. Сіздің қорытындыңызды беруіңізді өтінемін. Меніңше, кітапханашылыққа штат Мемлекеттік кітапханадан бөлінуі тиіс. 19/2. [қолы қойылған]», – деп қайтарылған құжаттың шекесіне Халел Досмұхамедұлы Қазақ Ғылым Комиссиясы Ұлыттық кітапхананың жалғыз меңгерушісінің орнын қалайда сақтап, қысқарту мəселесін жалпы тəртіппен шешуін тапсырды. Демек, Халел Досмұхамедұлының бұрын беймəлім болып келген Ұлыттық кітапхананың негізін салуға қосқан қайраткерлік үлесі – мəдениет тарихымызда орынды бағалануы лазым.

271 272

282

Сонда. ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тiзбе, 2114 іс, 94 парақ.

Мұрағат қорында 10 тамыз 1926 жылғы Қазақстанды Зерттеу Қоғамы басқармасы отырысының №12 Хаттамасы сақталған. Қатысқандар: А.Л. Мелков, Б.В. Голоднов, М.Ж. Жолдыбайұлы, Х.Д. Досмұхамедұлы, М.Г. Сириус жəне И.В. Ларин. Тыңдалды: 1.Қоғамның VIII томын баспаға əзірлеу.

2.Редакциялық коллегияның құрамынан шығып кеткен мүшесі П.В. Ивановтың орнына үміткерді сайлау. 3.Келісім бойынша Наркомземмен бірігіп Қазақстанды зерттеу жұмысына байланысты жиналған материалдарды баспа бетінде жарыққа шығару (НКЗнің редакциялық бюросының 8 шілде 1926 жылғы хаттамасы) 4.Басқарма мүшесі Халел Досмұхамедұлының Қазақстанды Зерттеу Қоғамы кітапханасының меңгерушісі міндетінен босатуын өтінген арызы. 5.»Большая Советская энциклопедия» редакциясынан келген хат.

Қаулы қабылдады: 1.Қоғам еңбегінің VIII томын баспаға əзірлеу жұмысына екі секция да: жаратылыстану мен география жəне тарихиэтнография саласы бойынша материал жинауға кірісу. 2.Редакциялық коллегияның құрамына И.В Ларинды алу. 3.Келісімді бекіту.

4.Мəселенің шешімі кейінге қалдырылды.

5.Жаратылыстану мен ауылшаруашылығы бөліміне қызметке П.В. Иванов, М.Г. Сириус жəне И.В. Ларинді ұсыну. Қазақстан медицинасы бөліміне Бак. Институтына сұрау салу. Саяси экономика бөліміне: Жолдыбайұлы, Ғаббасұлы, Ермекұлы, Жандосұлы, Соколовский мен Полочанский. Тарих-этнография бөліміне: 283

6.Бүкілодақтық Ғылым Академиясының экспедиция материалдары туралы

7.Азамат Архиповтың Қоғам мүшелігіне қабылдауға өтінген арызы.

А.Б. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М.Тынышбайұлы мен Т. Шонанұлы. Қоғамдық ғылым бөліміне: А.Л. Мелкова жəне Х. Досмұхамедұлы. Ағарту бөліміне: Жолдыбайұлы мен Сəдуақасұлы. И.И. Лариннен Ғылым Академиясының экспедиция материалдарын Қоғам мен Халық Ағарту Комиссариатының еңбектерінде бастыруға жəне оқыту əдістемесін өлкетану пəніне қолдануға сұрату. 7.Қоғамның мүшелігі қызметіне қабылдап, кейін жалпы жиналыста бекіту.

Басқарма төрағасының орынбасары [қолы] Басқарма мүшелері [қолы] Растаймын [қолы]273. Халел Досмұхамедұлы Қазақстанды Зерттеу Қоғамының мүшесі ретінде де рухани-мəдени саладаға сан алуан істің ұйытқысы болғанына шүбə жоқ. Жоғарыдағы құжатты куəлікке тартуымыздың себебі – Қазақстанды Зерттеу Қоғамы кітапханасының меңгерушісі қызметін атқару жəне сол дəуірдегі баспаға дайындалған ғылыми танымдық, ағартушылық бағыттағы монографиялар мен анықтамалық сөздіктер, оқулықтар мен энциклопедиялық іргелі еңбектерді сараптамалық сүзгіден өткізетін ғылыми-көркемдік кеңестің мүшесі ретінде де Халел Досмұхамедұлы алапат іс тындырды. Кеңестік идеологияның екпіні қарқынмен дамып, мəдени құрылыстың бастапқы жылдарында ең беделді басылым қатарында саналған «Большая Советская энциклопедия» көп томдығының Қазақстан мен Орта Азияға қатысты материалдарын дайындауда да Халел Досмұхамедұлының аса белсенділігі мен елеулі орны барлығы 273

284

ҚР ОМА. 40 қор, 1 тізбе, 395 іс, 135 парақ.

қатталған тарихи құжаттарда сақталған. Ташкент кезеңінде де, одан кейінгі Алматыда өткізген жылдары да мемлекеттік деңгейдегі рухани-мəдени саладағы жаңалық оқиғаның бірдебіреуі Халел Досмұхамедұлының қатысуынсыз өтпегені мəлім. Профессор Шериаздан Елеукенов: «Кітапхана ісі – əлеуметтік құбылыс. Оның қамтитын мəселелері сан алуан. Бұлар – кітап қоры, кітап оқу жəне оқырман, оқуға басшылық, кітапхана жəне тəрбие, кітапхана жəне ғылыми-техникалық прогресс, кітапхана жəне информация, т.б. Осының бəрі, сайып келгенде, зиялы қауымның уақытын тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс істеуіне бағытталуы керек»274, – деп кітапхана ісінің қоғамдықəлеуметтік қызметі мен мəнін тамаша айқындаған. Еліміздің барлық өлкесінде кітапхана ісінің орнығып, ең шалғай ауылаймақтарға шейін бүршік жарып, көктеген білім жемісі – қилы заманда Халел Досмұхамедұлы белсенділігімен тамырын тереңге жайған игі бастамасының нəтижесі десек, асылық болмас. Кітапты саналы өмірінің серігі еткен Халел Досмұхамедұлының жеке кітапханасында қыздары Сəуле мен Қарашаштың куəлік етуі бойынша, библиографиялық сирек кездесетін, ерекше құнды антикварлық еңбектер көп болған. Оның бірсыпырасы отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде заң орындарының өрескел тəркілеуіне ұшыраған, біразы жер аударылып көшіп-қонып жүргенде қолды болған, ал бір қатарын отбасы мүшелерінің ортақ ұйғарымымен республикалық музей, кітапхана қорларына табыстап, аманаттаған. Қазақстан Республикасы Ұлыттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының сирек кітаптар қорында Халелдің жеке кітапханасынан алынған жəдігердің бірі сақтаулы. Бұл қазақ елінің этномəдени тарихын зерттеген миссионер ғалым Александр Ефимович Алекторовтың 1900 жылы Қазан қаласында басылған «Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші. Өзінің идеологиялық мүддесі айқын осы іргелі еңбектің титул бетіне Халелдің орыс тілінде жəне араб графикасымен қазақша экслибрис белгісі соғылған. Онда: «Досмұхамбет ұлы Қалелдің кітептерінен» делінген. Сол 274

Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. – Алматы: Санат, 1997. – 114 б.

285

парақтың екінші бетінде орыс тілінде «Дорогому Халилю Досмухамедову на добрую память. А. Диваев. 15/V. 24 г. Ташкент»275 – деп ұлы фольклортанушы, этнограф жайсаң жанға сыйға тартқан библиографиялық көрсеткішке қолтаңбасын қалдырған. Білімпаз екі арыстың арасындағы достық қарымқатынасына куə болған бұл кітап – таза əрі өте ұқыпты ұсталған. Көрсеткіштің кей беттерінде Халел назар аудару үшін нотабене белгісін соққанына қарағанда, зерде сүзгісінен өткізіп, мұқият оқығаны байқалады. Өйткені Ресей империясы Қазақ Даласын отарлауды ұзақ мерзімді саты-сатыға бөліп, жүйелі түрде жоспарлы жүргізді. Ең əуелі Қазақ Даласын саяси отарлау, одан кейін əлеуметтік-экономикалық, соңғы кезекте руханиэтникалық отарлауды жүзеге асыруды алдына мақсат етіп қойды. Ресей империясы үшін Қазақ Даласын түбегейлі отарлау – Шығысқа ашылған қақпа болумен қатар геосаяси стратегиялық маңызды плацдарм қызметін атқарды. Империя қол астына қараған қазақ ұлытын жəне төрүк тілдес өзге де ұлыт пен ұлыстарды рухани-этникалық отарлау үшін интеллектуалдық күш-қуаты мен қаржыны аямады. Бұл ретте Қазан қаласындағы миссионер ғалымдар дайындаған Рухани Академияның алатын орны айрықша еді. Сол Рухани Академияның негізін салған əйгілі миссионер ғалым Н.И. Ильминскийдің Қазақ Даласында қыр балаларына арналған орыс мектептерін ашу, ұлыттық жазба мəдениетін кирилл графикасына көшіруді дəріптеген қазақша баспа өнімдерін тарату арқылы отарлау идеясын сіңіруді көздеді. «Дала қоңырауы» атанған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин заманында Н.И. Ильминский бастаған бірсыпыра миссионер ғалымдармен қазақ арасында мектеп ашу, білім беру ісі жөнінде пікір алысып, хат жазысып, «достық» қарымқатынаста болғаны аян. Ұлы ағартушы өзінің жақын туысы ағайынды Сейдалиндерге жазған хатында «Миссионер Ильминскийдің қазақ халқына деген пиғылы өте зиянды, онымен араласа қалған жағдайда, тек қазақ халқының мүддесі тұрғы275

ҚР Ұлыттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының сирек кітаптар бөлімінде сақталған Р-016/А-481 шифрлі Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. – Казан, 1900.

286

сынан пайдалануды құпия ескертеді». Осы орайда 80 жылдардың аяғында тілші-ғалым Бабаш Əбілқасымовпен болған əңгіме еріксіз еске түседі: «Ильминскийдің əркімге жазған құпия хаттарын оқи отырып, осы Ильминскийді мақтауға тұра ма, тұрмай ма, қазақ тілін алғашқы зерттеуші деп жүргеніміз қалай өзі деп, академик Смет Кеңесбаевтан сұрағаным бар. Сонда Смет Кеңесбаев: «Бұл сұрақ кезінде мені де ойландырған, осыны Мұхтар Əуезовке айтқанымда, ол кісі: – Смет-ау, бір шеті бұзылған алманы көрсең лақтырып тастайсың ба? Тастамайсың! Бұзылған жағын кесіп тастап, таза жағын жей беруге болады ғой! – дегені бар. Сондай-ақ ана жағын да айту керек, қазаққа, жалпы төрүк халқына деген түпкі ниетін де бүгіп қалмау керек» дегені жадымда». Александр Ефимович Алекторов аталған Академияның іссапарымен Орынборға келгенде Қазақ Даласының əр аймағынан жүздеген білікті жандарды ақшаға жалдатып, ұлыттың ауыз əдебиеті мен этномəдениетінің асыл үлгілерін қағазға түсіртті. Александр Ефимович жиналған қыруар ауыз əдебиетінің жауһар үлгілері мен этномəдени материалдарды өз атынан империяның баспасөз бетінде ұдайы жариялап отырды. Əлбетте, Александр Ефимович Алекторовтың ол жариялаған еңбектерінен миссионерлік көзқарасы, империяның саяси ұстанымы тайға таңба басқандай айқын аңғарылып тұрады. Халел Досмұхамедұлының бұл еңбекті мұқият оқу барысында автордың көздеген идеясының астар-тігісін əбден зерделегені ап-анық байқалады. Сондай-ақ оның арғы-бергі дəуірдегі библиография саласындағы жарыққа шыққан еңбектерден мол хабардарлығы сезіледі. Ол орыс тіліндегі «Қазақтың халық əдебиеті» атты очеркінің басында «Қазақ ауыз əдебиеті үлгілерін қырық бес жыл бойы ерінбей-жалықпай жинаған Əбубəкір Ахмеджанұлы Диваевқа арнаймын», – деп оған деген ерекше ілтипат сезімін білдіреді. Бұл Халелдің «Қазақтың халық əдебиеті» атынан Əбубəкір Диваевтың омырауына таққан мəңгі құрмет ордені еді. Осы зерттеуінің соңында қазақ халық əдебиетінің үлгілеріне байланысты ана тілімен қатар орысша жарияланған еңбектердің маңыздылары мен ең қажеттілерінің библиографиялық тізімін беруі – Халел Досмұхамедұлының ғылыми ізденісіндегі жүйелілігін, жинақталған тəжірибесін, білгірлігін танытады. 287

Ол əсіресе, ғылыми сынға ерекше мəн берді. Ана тіліндегі төлтума оқулықтар мен салалық əдебиеттердің ғылымиəдістемелік ұстанымдар мен педагогикалық талаптарға сай өндіріске жіберілуіне Халелдің басшылығымен Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы ұжымының жұмсаған қажыр-қайраты ұшантеңіз. Ташкенттің мұрағат қорында Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының мектеп оқулықтары мен əдістемелік құралдарына сын пікір жазған авторларға төлеген қаламақысының ведомості сақталған. Осы құжаттағы нақты дерекке сүйенсек, Халел Досмұхамедұлы «Ересектерге арналған əліппеге» – 20 сом, «4 сыныптық мектеп бағдарламасына» – 10 сом, «Есеп құралына» – 15 сом, «Географияға» – 20 сом; Қошке Кемеңгерұлы «Төрт күн» кітабына – 5 сом, «Географияға» – 20 сом; Даниял Ысхақұлы «Географияға» – 20 сом; Ғабдолла Байтасұлы үш кітапшаға жазған рецензияға – 15 сом; Жүсіпбек Аймауытұлы «Географияға» – 20 сом; Сұлтанбек Қожанұлы үш кітапшаға жазған рецензияға – 25 сом; Мырзағазы Есболұлы «Есеп құралының 3 бөліміне» – 10 сом»276, – қаламақы алыпты. Бұл Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясының баспадан жарық көрген мектеп оқулықтары мен əдебиеттеріне берілген ішкі рецензиясының бір ғана айғағы. Мұндай сын-пікірлер басқа еш жерде сақталған жоқ. Сондықтан жоғарыдағы деректі келтіргендегі мақсатымыз – мектептегі мұғалімдер мен шəкірттерге кезінде бұл еңбектер жұтатын ауадай аса қажет болғандығы, ал сол сұранысты өтеуге тапсырыс берілген авторлардың қолжазбасын баспа өндірісіне жібермес бұрын сыннан өткізіп, ғылыми-əдістемелік, көркемдік-идеялық, оқу-бағдарламалық, тілдік-төлтумалық белгілеріне қарай сапалық деңгей-дəрежесін тексеріп, бақылап отырудың мəні зор болды. Бұл тұрғыда ішкі рецензияның маңызы айырықша екенінде сөз жоқ. «1921 ж. 16/IV ҰЛЫТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КОМИССИЯНЫҢ БІРІККЕН МƏЖІЛІСІ Қатысқандар: жолдас Əбубəкір Махмұдов, Елдес Омарұлы, Ф. Сайфи. Төраға Ф. Сайфи 276

288

Диваев,

ҚР ОМА. 1901 қор, 1 тізбе, 26 іс, 19–20 парақ.

Мүфте-зада,

Күн тəртібінде: Қазақ Ғылыми Комиссиясы Тохтабаевтың [Иса Тоқтыбаев] «Отантану» оқулығын талқылау, қаулыны бекіту. Тыңдалды: Счастнева жолдас Қазақ Ғылыми Комиссиясы оқулықты бекіту қаулысы туралы баяндады Оқулық туралы рецензент, жолдас Елдес Омарұлы баяндамасы тыңдалды:

Қаулы қабылданды

Рецензент жолдас Елдес Омарұлы Қазақ Ғылыми Комиссиясының осы жылғы 30 қарашада қабылдаған қаулысын негізге ала отырып, төмендегідей толықтыру енгізді: 1) жолдас Тохтабаев [Иса Тоқтыбаев] оқулықта Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасының əкімшілік жəне саяси құрылымын Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылтайында қабылдаған конституция негізіне сүйеніп енгізуі қажет; 2) жолдас Тоқтыбевтың құрастырған оқулығын мектепте қолдануға жарамды екендігін педагогикалық комиссияның құзіреті құптағаны өте маңызды.

Хатшы Ф. Сайфий»277. Түркістан автономиялы республикасы Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңесі баспаға ұсынған кез келген оқулық пен оқу құралы, көркем жəне ғылыми əдебиет, карта мен глобус, нота мен əн мəтіндері, тағысын тағы баспа өнімдері міндетті түрде көркемдік-идеялық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-əдістемелік сапасы талқыға салынып, оң бағасын алған, көпшілік дауыспен қабылданған соң ғана өндіріске жіберілді.

277

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 іс, 57 парақ.

289

Түркістан автономиялы республикасы Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңесінің 1922 жылғы қорытынды есебінде қазақ тіліндегі мектепке арналған əдебиеттермен қамтамасыз ету жайына тоқталып, баға берген. Ташкентте басылған қазақ тіліндегі мектепке арналған əдебиеттер өзбектермен салыстырғанда саны жағынан бірнеше есе кедейлеу, бірақ сапасы жағынан олардан əлдеқайда жоғары тұр. Олай болатын себебі – қазақтар шығармашылық əдеби күші жөнінен өзбектерден əлдеқайда басым түсті. Баспа бетінде басылатын əдебиеттер ара-тұра Қазақ республикасынан алынып, сан жағынан толығып отырады. Дей тұрғанмен, кітап ісінде өзара ұдайы байланыс əлі жеткілікті дұрыс жолға қойылған жоқ. Түркістан автономиялы республикасындағы жергілікті ұлыттар арасында оқу ісіне қатысты əдебиеттер мəселесінде қазақтардың жағдайы көш ілгері, тек мектепке арналған əдебиеттермен толық қамтуды шешуге басты кедергі болып тұрған кемшілік қаражат жетімсіздігі мен баспа ресурсы. Керісінше, өзге ұлыттар бұл мəселені оңай шешкенмен, оларды тежеп тұрған əдеби күштің, кəсіби мамандардың мөлшері тым аздығы еді278. Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы құрылған 1920 жылдан бастап алдына қойған басты міндеті – ел-жұрттың рухани мəдениетін көркейту бағытындағы іс шаралар екені аян. Осы қызметінің шын мəнісінде жолға қойылып, қазақ қоғамында оң серпіліс туғызуы əлгі ресми мекеменің төрағалығына Халел Досмұхамедұлының келуімен байланысты. Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы Түркістан автономиялы республикасының Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің құзырына қарады. Сондықтан Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы дайындаған күллі баспа өнімдері Түркістан мемлекеттік баспасында жарық көрді. Ал «Қазақстан мемлекеттік баспасы 1922 жылдан бастап құрылған. Ол уақыттағы соғыс, төңкеріс алапаттарынан туған ашаршылық, республикамыздың жалпы жұмысына кесел болған секілді, жаңа ұйымдасқан қаржысы аз, іскері жоқ, буыны қатпаған баспа жұмысына да зор зиян тигізді деуге болады. Ол кездегі баспа жұмысының күнделік істері сол дəуірдің ыңғайына қарап бірлі-жарымды 278

290

ӨР ОМА. 18 қор, 2 тiзбе, 27 іс, 76 парақ.

газет шығару, партия мен үкімет атынан үгіт-насихат үндеулер таратумен ғана болды»279. Мұны айтып отырғандағымыз – саяси субъекті ретінде мемлекеттік аумақтық меншігі, əкімшілікбасқару билігі жағынан қызыл коммунистердің ықпалымен екіге бөлшектенген қазақтың рухани-мəдени дамуындағы ерекшеліктерге назар аударту. Осы кезеңдегі қазақ кітаптарының тақырыптық репертуары мен идеялық мазмұнына көңіл қояр болсақ, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы дайындаған Ташкентте басылған кітаптардың, негізінен, оқу-ағарту, сауат ашу, білім беру, ғылыми-танымдық бағытта шыққан. Қазақстан мемлекет баспасы жəне Мəскеуде жарық көрген кітаптардың басым бөлігі уақытқа қызмет еткен коммунистік рухтағы партияның нұсқаулары мен қаулы-қарарлары, революция көсемдерінің өмірі мен қызметін дəріптеген еңбектер, саяси оқиғалар мен үгіт-насихат құралдарының қазақша аудармалары еді. Қазақтың белгілі қаламгер білімпаздарын коммунистер партиясының нұсқауы жəне жүргізіп отырған саясатын қалың бұқараның сана-сезіміне сіңіріп, уағыздауға бағытталған əдебиеттерді қазақша көбірек шығаруды міндеттеуінің мəнісі бар. Бұл, біріншіден, қазақ қаламгерлерінің елге нағыз керекті дүние жазуға қолын байлап, алтын уақытын алды, екіншіден, сауаты төмен көпшілік қауымның санасын саясаттандыру еді. Үшіншіден, саяси əдебиеттерді аударған еңбектерге қаламақының жоғары қойылуы жан бағыс үшін еліктірмей қоймады. Бірер мысал келтірелік: РСФСР-дың сот түзеу туралы низамы. Аударушы Жаһаншаһ Досмұхамедұлы. Ташкент: Түрмембас, 1922 ж.; РСФСР-дың жауыздық низамнамасы. Тəржімесін басқарушы Жаһаншаһ Досмұхамедұлы. Ташкент: Түрмембас, 1924 ж.; РСФСР-дың жауыздықты тексеру низамнамасы. Аударушы Жаһаншаһ Досмұхамедұлы. Ташкент: Түрмембас, 1924 ж.; Түркістан жүмһүриятының жер низамнамасы. Аударушы Жаһаншаһ Досмұхамедұлы. Ташкент: Түркістан хұқықы комиссариатының баспасөз тарататын комиссиясы, 1924 ж.; Г. Зиновьев. «Ресейлік комунист (бөлшевик) партиясының тарихы». Аударушы Дулатұлы Міржақып. Орынбор, 1925 ж.; Вардин. «Русияның саяси партиялары əм революция». 279

Зияш. Қазағыстан мемлекет басбасы // Еңбекші қазақ. – 1926. – №64. – 24 март.

291

Аударушы М[анап] Шəміл. Орынбор, 1924 ж.; И. Сталин. «Партияның ауылдағы кезекті істері туралы». Аударушы Мадияр. Орынбор, 1925 ж.; Н. Крупская. «Ауыл арасында саяси ағарту жұмысы». Аударушы Шонанұлы Телжан. Орынбор, 1925 ж.; Г. Якубовский. «Төңкеріс данышпаны». Аударушы Жүсіпұлы Сапа. Орынбор, 1925 ж.; З. Лилина. «Лениннің адамгершілігі». Аударушы Жүсіпұлы Сапа. Орынбор, 1925 ж.; Ю. Стеклов. «Көсемнің моласы». Аударушы Жүсіпұлы Сапа. Орынбор – Қызылорда, 1925 ж.; Л. Троцкий. «Ленин ұлыт көсемі сияқты». Аударушы Жүсіпұлы Сапа. Орынбор-Қызылорда, 1925 ж.; В.И. Ленин. «1905 жыл төңкерісі». Аударушы Мадияр. Қызылорда, 1926 ж.; З. Лилина. «Ұстазымыз Ленин». Аударушы Жəжеке. Мəскеу, 1925 ж.; Н. Ленин. «Париж коммуны». Аударушы Жұмабайұлы Мағжан. Мəскеу, 1925 ж.; В.И. Ленин. «Жастар ұйымының мақсаты». Аударушы Арыстанұлы Жүсіпбек. Мəскеу, 1925 ж.; Крупская. «Халықты ағарту туралы Лениннің өсиеті». Аударушы Қыр баласы. Мəскеу, 1925 жыл, тағы да басқа. Бұл еңбектерді кеңес дəуірінде қазақ ленианасының тарихын жазған еңбектерден де оқудың мүмкіндігі болмағаны белгілі. Солай бола тұра, ақиқаты сол – қажет болса, қазақ ленианасының бастау көзінде тұрғандығын енді еріксіз мойындауымызға тура келеді. Осыншама еңбектенген ұлыт зиялыларының есімдерін санадан өшіру үшін бұл аударма кітаптарды да кезінде кеңес саясаты тарихи құрбандыққа шалды. Алаш арыстарының аударма кітаптарға тапсырыс алуға бейім тұруының тағы бір себебі – əлеуметке Кеңес өкіметінің саясатын жеткілікті дəрежеде түсіндіру болса, сонымен қатар өздерінің азаматтық саяси көзқарас позициясын білдіруді көздеген қорғанысы сияқты. Бұл – Қазақстандағы рухани мəдениетті қалайда өздерінің еркіне жіберіп алмай, Кеңес өкіметі ерекше бақылауда ұстағанының айғағы. Міне, осы жағынан салыстырғанда Түркістан автономиялы республикасындағы Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы ең маңызды да қажетті кітаптарды баспаға дайындаумен айналысты. Əрине, мұнан Ташкенде басылған кітаптардың бəрі бірдей керемет деген ұғым тумайды, онда да партияның пəрменімен уақыттың үніне жауап берген басылымдардың болғанын жоққа шығара алмаймыз. 1924 жылдан бастап Қазақстан мемлекет баспасы 292

Ташкенттен өз бөлімшесін ашты. Ташкенттегі Күншығыс баспасы жанындағы «Қазақстан мемлекет баспасының бөлімшесінде 98 қызметкер айына 30 баспа табақ қазақша, 38 баспа табақ орысша кітап басып шығарып отырған»280. Халел Досмұхамедұлының отызыншы жылдары жазып бітірген, бірақ бастыруға үлгермеген «Түрүк халықтарындағы жəне қазақтардағы атау есімдердің шығуы», «Қазақ оқушысының дене тəрбиесі», «Қазақ ғашықтық өлеңдері» атты еңбектерін іздеп тауып, жариялау да зерттеуші ғалымдардың мойнындағы борышы. Сайып келгенде, қазақ ұлытының рухани мəдениетінің бүгінгі кемелденуі мен гүлденуіне, жер жүзіндегі бірден-бір сауат деңгейі жоғары көрсеткішке көтерілуіне Кеңес өкіметі билік құра бастаған аумалы-төкпелі заманда алғы шарт негізін салуға Халел Досмұхамедұлының ақыл-парасаты мен қайраткерлік еңбегі айырықша. Бұл ретте оның есімімен Түркістан автономиялы республикасының Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңесі, Қазақ-қырғыз Білім Комиссиясы, Ташкент қаласы тығыз байланысты. Осы қалада өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың алдыңғы ширегінде шығып, тараған баспа өнімдерінің нобайына Халел Досмұхамедұлының шарапаты тигені тарихи ақиқат. Жалпы, оның шығармашылық қызметіндегі бір ерекшелігі – мезгілдің алдамшы саяси ұрандарына еріп, уақытын босқа жіберген емес. Тіпті ондай науқанға ол пысқырып та қараған жоқ. Қазақтың маңдайына біткен Халел Досмұхамедұлы сынды мың жылда бір туатын алаштың ардақты перзенттері ұлыт үшін алып істер тындырды. Мұнан да зор істерге оларға Мəскеудің билігі күшпен ерік бермеді. Қазақтың ары саналған Ақаң – Ақмет Байтұрсынұлы: «Ескі үкімет тұсында, қазақтың басына қаптаған қара бұлыттай қалың пəле торлаған заманда, жұрт үшін, ұлыт үшін қызмет қылған, қиналған адамдарға «жұртшыл», «ұлытшыл» деген таңба басылып, олар қораға жолатпайтын қотыр мал сияқты шетке шығарылып, əлеумет жұмысынан аулақ ұсталды. Қазаққа жаны ашып, қазақ сөзін сөйлеген адам болса, оны ұлытшыл деп əдепсіздік еткен сиырдай қылатын болды» деп 280

Қазанғабұлы Қанаш. Қазағыстан мемлекет басбасы // Еңбекші қазақ. – 1929. –№208. – 21 сентябрь.

293

1922 жылы Кеңестік идеологиялық саясаттың күш алып, қазақты жаппай аштан қатырған дəуірде пікірін бүкпесіз білдірген еді. Тағы да сол Ақаң: «Қазақ қалам қайраткерлері қайдан туған, қашан шыққан деп сұрау қойылса, жауап қиын емес. 1) Қазақ қалам қайраткерлері орыстың қорлық көрген, таяқ жеген, орыстың табанында езілген жұрттан туған. 2) Қазақ қалам қайраткерлері қазақ басына қиын қыстау бар заман түсіп, үстін торлап, қайғы бұлыты қаптаған шақта шыққан. Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлытының ауырын жеңілту, ауруын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлытшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болса, онда табиғат заңынан тысқары, адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сияқты болып шығады...»281– деп пайымдаған. Алаш арыстарының мəдени-рухани саладағы ізгі мұратынан шошынған Кеңестік саясат оларды түп-тұқиянымен құртып жіберуді мақсат етті. Кеңестік биліктің қаралау мекемесі алаш азаматтарын ашықтан-ашық қудалауға бар күшін салып, қазақтың маңдай алды ұлдары жаппай тұтқындалды. Ақты қара деп, сүйекке таңба соққан сол империялық саясаттың жазалау науқанын куəлікке тартатын тарихи құжаттарға назар аударалық: «Жекелеген əдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тəртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп берілді. «Алқа» атты астыртын əдеби үйірменің өмір сүруі əдеби еңбектерді белгілі бір тəртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев Мағжан жəне айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов Халел, Əуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты.

281

Қалам қайраткерлерінің жайынан // «Еңбекші қазақ» газеті. – 1922. – №29. – 8 иул.

294

«Осы кезде əдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті... Əуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нəтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров жəне Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» (Досмұхамедов Х., №2370 іс, 1 т., 221 парақ). ... «...біздің ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкіметінің мемлекеттік басқару аппараты арқылы жүргізіліп, іске асты. Басқа салалаларға қарағанда мəдениет майданында біз көп іс тындырдық. а) Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жəне Ысқақов қызмет істеді. ... ... в) Қазақ мəдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Халел Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Əуезов, Тынышбаев жəне Жанша Досмұхамедов пен Иса Қашқынбаев болды. г) Қазақтың мемлекеттік баспаларында – Досмұхамедов пен Ысқақов Даниял (Ташкентте), Дулатов (Қызылорда да), Бөкейханов пен Əуезов (Мəскеуде) қызмет істеді. д) Оқулықтарды – Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов Халел жəне басқалар («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. е) Аударма əдебиеттерімен – Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов (аудармалардың мағынасын бұрмалап, керексіз, кеңес мектептері мен бұқара халыққа аса қажетті емес кітаптарды аударумен) шұғылданды. ж) Қазақ тілінде мыналар: Халел Досмұхамедов (қазақтардың тəуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі əндер мен халық аңыздары), Əуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп көрсетті), Жұмабаев (сол сарындағы əндер мен өлеңдер), Тынышбаев (орыс тілінде – кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы 295

тəуелсіз өмірдің, өзге халықтарға тəуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. з) Ескі араб əліпбиін жақтап, қорғағандар [бұл арада қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімделген, Ахмет Байтұрсынұлының жаңашылдықпен түзген əліпбиін меңзеп отыр – А.Мек.]: Байтұрсынов, Елдес Омаров, Əзіз Байсейітов. и) Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Халел Досмұхамедов. к) Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеологиясының негізінде мектепке: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Байтасов, Жəленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Əзіз, Əділев, Əуезов, Халел Досмұхамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. л) Баспасөзде пікір білдіргендер: («Ақ жол» жəне басқа да «Алашорданың» идеологиясының ықпалында болған басылымдар арқылы) Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Əуезов, Есболов, Аймауытов, Омаров Уəлихан, Досмұхамедов Х., Қашқынбаев, Қожамқұлов, т.б. м) Көпшіліктің алдында лекция оқып, баяндама жасағандар (қазақтың мəдениеті мен тарихын, өмірін «Алашорданың» идеологиясы» тұрғысынан түсіндіргендер): Досмұхамедов Х., Есболов, Қашқынбаев, Жұмабаев, Əуезов, Тынышбаев – бұлар Ташкенттегілер, Орынбордағыларды білмеймін, Қожанов та баяндама жасаған, Аспендиаров пен И. Тоқтыбаев жəне басқалар да араласты. н) Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов Халел (университеттің ашылу кезінде Байтұрсынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі). Осы кезде шыққан кітаптардың көпшілігі «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектері сол идеямен қаруланып шықты. (Тынышбаевтың 3.X.30 жылғы жауабынан. №2370 іс, 1 т., 277–278 парақтар)282. Алаш арыстарын «халық жауы» ретінде айыптаған кеңестік саяси билік күллі қазақ ұлытын жер бетінен қатыгездікпен жойып жіберуді көздеді. Алайда ұлыттың даңқты перзенттері мен миллиондаған бейкүнə жандардың сүйегі ұлан-байтақ дала 282

296

Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 285–286 беттер.

төсінде шашылып, құзғынға жемтік болса да, алаштың ұрпағын түгел қырып жіберуге қызыл империяның құдіреті жетпеді. Алаш азаматтарының идеологиялық майданда алдына қойған мүддесі айқын еді. Ол мəдени-рухани салада болсын, жалпыға бірдей білім беру жүйесінде болсын, ұстанған басты идеясы халықтық тəлім-тəрбие мен еркіндік аңсаған ұлыттық мүддеге сəйкес тарихи сабақтастықты жаңашылдықпен ғылыми тірек етті. Бұл орайда кеңес одағының Бiрiккен саяси Бас басқармасының (ОГПУ) əпербақан тергеушілеріне берген жауабында алаш көсемдері ойын бүкпей, жазбаша баяндады. «Қазақ жастары оқып жатқан Қазақ мемлекеттік университетіне, біз өзіміздің идеологиямызды кеңінен таратуға мүмкіндік беретін оқу орыны ретінде қарадық. Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп шыққан соң мектептерде сабақ беретін, қалың бұқарамен тығыз байланыста болатын жастарды оқытады, сондықтанда, біз үшін бұл жастарды «Алашорданың» рухында тəрбиелеудің маңызы ерекше болды. ҚазМУ-дің ректоры Аспендиаров пен оның орынбасары Жандосов бізбен жақсы араласып тұрды жəне бізге сенді, сондықтанда олар біздің пиғылымызды аңғарған жоқ. Мысал үшін, біздің оқу орындарындағы жүргізген əрекетіміз туралы маған Досмұхамедов хабарлаған бір жайды айта кетейін: Досмұхамедов ҚазМУ-де рефлекстанудан дəріс берді жəне шəкірттерге маркстік емес тұрғыда түсінік берді. Мұны байқап қалған студенттер, одан сабақты маркстік тұрғыдан түсіндіруді талап етіпті. Сонда ол: «Мен марксшіл емеспін, сондықтан маркстік тұрғыдан түсіндіріп бере алмаймын, егер қажет болса рефлекстануды маркстік негізде оқытатын адамды өздерің тауып алыңдар» – депті (Тынышбаевтың 4/X–30 жылғы жауабынан. №2370 іс, 1 т., 312 парақ)283. Əлбетте, алаш зиялыларының соңынан шам алып түскен Кеңестік саяси жүйе небір тұзақтар құрып, жас өскін буын өкілдерін амалын тауып оларға қарсы қоюға əрекет етті. Əсіресе студенттер арасынан ұстазына жала жауып, мін тағуды ұйымдастыру – бұрын-соңды білім беру, оқу-тəрбие ісінің тəжірибесінде кездеспеген биəдеп. Бұл арқылы алаш білімпаздарының психикалық жан дүниесін жаралау, моральдық қадыр-қасиетін түсіру, тұқыртуды көздеуді 283

Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 286-бет.

297

мақсат етті. Алдау, арбауға көнген əлгіндей жастардың аузына саяси талаптарды салып қана қоймай, оқу орнының əкімшілігі тарапынан қолдау жасауы, қоғамдық байбаламға тамызық пікір туғызуы, мұның соңы қылмыстық іс қозғауға айғақ ретінде тартылды. Міне, осы тəрізді жеке бастың азаматтық құқын қасақана бұзушылық фактісіне мұрағат қорында нақты деректер жетерлік. Бұл жолы да білімпаз азаматты нақақ қаралаудың бұрыннан таныс айла-шарғысы аңғарылып тұр. Əйтпесе оңсолын əлі ажыратып үлгермеген сарыауыз балапан шəкірттердің «рефлекстану пəнін маркстік негізде түсіндіріп беруді талап етуінің» астарында көздегені саяси арандату екендігі күмəнсіз. «Оқу-ағарту комиссариатының нұсқауы бойынша біз оқу орындарында қызмет етуге жəне кейбір кітаптарымызды шығаруға мүмкіндік алдық. Досмұхамедов пен Ермеков ҚазМУде, Сүлеев – Семейдің Аймақтық оқу-ағарту бөлімінде қызмет етті» (Сонда, 313 парақ)284 – деп көрсетті. Алаш азаматтарының мəдени-рухани саладағы əрбір басқан қадамы, істеген қамқаракеті жіпке тізгендей ерекше бақылауға алынғаны жəне олардың бұл қызметін Кеңестік билік басындағылар ашықтанашық қылмысқа пара-пар балаған. Осындай шектен тыс қоғамдық ортадағы өктем қысым мен озбыр қиянатқа қарамастан алаш ақылмандары тығырықтан үнемі жол тауып, жас ұрпақтың бойына ұлыттық рухқа суарылған білім дəнін сеуіп қалуға жан аямай əрекеттенді. Қызыл коммунистердің Қазақ Даласында жоқ «пролетариат диктатурасын» орнату идеясын о баста алаш арыстары қабылдай алмады. Алаштың көсем тұлғалары өмірлік шындықпен жанаспайтын саяси идеяны «коммунистік утопия» деп бағалаған еді. Қас қылғандай Ресейдегі билік большевиктерге көшіп, бірте-бірте күш алып, нығайған соң, олар өз дегенін істеп бақты. Кеңестік билік федерацияға біріккен мемлекет ішіндегі интеллектуалдық күштердің идеялық-саяси көзқарас қайшылықтары мен арман-аңсарын, атасы бөлек ұлыт пен ұлыстардың мүддесі мен этникалық сипатын біржолата жою үшін таптық белгісіне, əлеуметтік тегіне қарап жік-жікке бөліп, ала ауыз етті. Сөйтіп қызыл коммунистер гегемондығы мəңгі үстемдік құруы – қоғамды бірегейлендіруде, кеңестендіруде деп пайымдады. ХХ 284

298

Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 286-бет.

ғасырдың 20–30 жылдары Кеңестік билік «бөліп алда, билей бер!» дейтін қағиданы қазақ ұлытын бөлшектеп, этникалық жою үшін қолданды. Кеңестік билік қазақты таптық белгісі мен əлеуметтік тегіне қарап бай мен кедейге, ақсүйек пен қарасүйекке, буржуазияшыл, алашордашыл, ұлытшыл, ескішіл, діншіл, арабшыл, латыншыл, байтұрсыновшыл, шоқаевшыл, сəдуақасовшыл, қожановшыл, рысқұловшыл, досмұхамедов бандысы, тынышбаев шайкасы, рушылдық, жүзшілдік, тағысын тағы жікке бөліп, айтыстырып-алыстырып, атыстырып-шабыстырып, артынан бəрін қырып салып, «төрелігін айтты». Кеңестік саясаткерлердің түпкі ойын алаш зиялылары сезінгенмен оларға қарсы тұруға қоғамдық қалыптасқан жағдай ерік бермеді. Алаш азаматтары қазақтың ұлыттық тұтастығы мен бірлігін сақтауға бар ақыл-ойы мен парасатын салып күресті. Бұл олардың саналы өміріндегі қағидаға айналған ұстанымы еді. Халел Досмұхамедұлының Кеңестік биліктің жазалау мекемесі тергеушісіне берген жауабында мынандай жолдар бар: «...байдың балаларын ҚазМУ-ден шығарып тастаған кезде мен оны (Аспендиаровты – тергеушілердің ескертуі Т.Ж.) бұлар байдың балалары емес деп сендіруге тырыстым». (Досмұхамедовтің 21.IX–1930 ж. жауабынан. №2370 іс, 1 т., 209 парақ)285. Алаш арыстары қазақты байға, кедейге бөліп алаламағанына бұл нақты айғақ. Демек, Кеңестік билік алаш қайраткерлерін «буржуазиялық интеллегенция», «байманаптардың мүддесін қорғағандар», «ат төбеліндей азын-аулақ қанаушы топтың мүддесін көздегендер» деген сипаттағы жалған идеологиялық жаласын түбегейлі жоққа шығаратын дəйек. Зады, Кремльдің көсемдері жүргізген қызыл саясат қазақ қоғамында «бай» атауын желеу етіп, дəулеті өз отбасынан артылмайтын, қолында азын-аулақ күнкөріс малы барларды түгел тəркілеп, жер аударды. Қазақтың сана-сезіміне тілдегі позитив «бай» ұғымын қолданудың қылмыспен бірдей түсінік екенін Кеңестік билік күшпен таңуға идеологиялық ресурсты түгел жұмылдырды. Тіпті, аты-жөні, тегіне жалғанатын «бай» қосымшасынан жаулық іздеп қудалау оқиғалары жиі кездесті. Сондықтан зəрезап болған алаш зиялыларының арасында ресми 285

Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 286 бет.

299

құжаттарда тегін бұрмалап таңбалау мысалы аз емес. Мəселен, Тынышпаев, Сəтпаев, тағысын тағы дегендей. Егер тілдік дерекке сүйенетін болсақ, орыс тілінен енген деп жүрген кісі тегіне жалғанатын -ов, -ев жалғауының о баста төрүк тілінің əсерінен қалыптасқандығын екінің бірі біле бермейді. Орыс тіліндегі кісі тегіне жалғанатын -ов, -ев қосымшасы бағзы қазақ тілінде жеке тұрғанда «үй» мағынасын білдіретін лексикалық тұлға. Күні бүгінге шейін осман түріктері тілінде «үй» атауын «ев» деп қолданады. Қазақта «Кедей бай болсам, бай Құдай болсам» дейтін нақыл бар. Мұның мəнісі дүниенің бар байлығы Құдайға тəн, яғни Құдай бірінші бай дегенді білдіреді. Сосын бай деудің дүниеқоңыздық емес, рухы, көңілі, жан дүниесі бай деп ұққан абзал. Бағзы деректерде дулат руының аты дулеби деп таңбаланған. Дулеби – дулаттың үйі дегенді білдіреді. Бүгінгі күні кісі тегіне жалғанатын -ев, -ов қосымшасынан біздің қашуымыздың себебі – бұл орыстың ұлыттық бірегейлендіру белгісінің айғағындай посткеңестік аумақта қоғамдық санаға əбден сіңісті болуына байланысты отарлық танымнан ақи-тақи тазару шарасы. Тіл-тілдің даму үдерісінде генетикалық жат сөзді бойына дарытып, төл ұғымына айналдырып алу құбылысы əлемдік тəжірибеде мол ұшырасады. Демек, мұндай тілдік құбылысқа таңғаларлық дəнеңесі жоқ. Дана тұлғаның жарқын істері мен ізгілікті, жасампаз ойпайымдары ел жадынан ешқашан өшпейді. Кітап – ұрпақ санасын өсіретін рухани жеміс қорегі, сусағанда мейірін қандырар өмір бұлағы. Даналардың өзі де, сөзі де кітапқа айналуы – мəңгі жасайтындығының кепілі. Кітап – замана сырын, дəуір шындығын, ел-жұрты кешкен өмірлік тəжірибесі мен арда туған перзенттерінің ғибратты өнегесін, ұлағатты өсиетін қаз-қалпында толқын-толқын, буынбуын ұрпаққа жеткізетін, тілдестіріп, мұңдастырып, толғантатын ғажайып құрал. Бұл – адамзатқа бағыт-бағдар берер бағдаршам, адастырмас Темірқазық, «мен мұндалаған» маяк екендігінің белгісі. Абай, Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһаншаһ Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, т.т. сондай – бірегей, біртуар тұлғалар тірісінде де, ақиқат өмірден өздері кетсе де, асыл 300

сөздері мен идеялық ізгі ойлары мəңгі жасайтын Темірқазық, маяктар. «Кітап – рухани шырақ» деудің мəні содан. Сол рухани шырақтан от алып, жалын боп лаулап, жылуы мен жарығын айналасына шашатын жандар қаншама... Біз бұл тарауда Халел Досмұхамедұлының көп қырлы қоғамдық-əлеуметтік, рухани-мəдени, ғылыми-педагогикалық қызметінің кітап ісіне қатысты жағын ғана зерттеуге, кітаптанушы ғалым ретіндегі еңбегін айқындауға арнадық. Оның бұл саладағы ізашар ұлыт санаткерлерінің алдыңғы легінен орын алатын бірден-бір кəсіби деңгейі биік маман-ғалым екендігін мұрағат деректері мен құжаттарын сөйлете ғылыми пайымдадық. Осыған орай Ташкентте жарық көрген қазақ баспа ісі мен өнерінің мəдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан кітаптардан да мол мағлұмат бердік. 3.2. ТӨЛТУМА ҒЫЛЫМ ТІЛІН ЖАСАУШЫ БІРЕГЕЙ ТҰЛҒА Халел Досмұхамедұлы 1923 жылы қыркүйек айынан бастап Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң төрағасы қызметiне тағайындалды. Бұл жылдары Кеңес өкiметi жүргiзген идеологиялық науқанның бiрi – тiл құрылысы саясаты едi. Бұл өкiмет Кеңестер Одағына қараған түркі* халықтарының тұтынып келген араб графикасындағы жазу үлгiсiн латын алфавитіне көшiрудi мемлекеттiк маңызды мəселеге айналдырды. Мамандығы əскери дəрiгер, тiлге қатысты iргелi ғылыми еңбектер жазған Халел Досмұхамедұлы латыншаны жетiк бiлетiндiгiн сəттi пайдаланып, қазақ жазу жүйесiне лайықталған алғашқы жобаны жасады. Бiр ғажабы, Халел латын алфавитiн алуға қарсы бола тұра, өзiне жүктелген iске ғылыми тұрғыда тиянақты жауабын беруге саналы түрде бел шешiп кiрiстi. Өйткенi көрерге көзi, айтарға сөзi бар, бiлiмпаз жанның бұл мəселе төңiрегiнде азды-көптi өз ойын бiлдiруге, бiр жағынан, қызмет орнының да ықпалы болды. Латын əлiпбиiн шұғыл түрде көшiруге байланысты «орталықтан» жiберiлген нұсқаудың мүлтiксiз орындалуын талап * төрүк, яки күллі төрүктілдес ұлыт пен ұлыстардың –А.Мек.

301

еткен жергiлiктi əкiмшiлiкке ол қызмет бабының тəртiбi бойынша ресми жазбаша жауап қайырды. «Əзiрбайжанда енгiзiлген Еуропа (латын) алфавитiн жанжақты талқылай келiп, – дейдi Халел Досмұхамедұлы, – Бiлiм Комиссиясы мынадай қорытындыға келдi: 1) араб əлiпбиiнiң орнына латындiкiн алу негiзiнде дұрыс, ал, бiрақ тез арада, əсiресе, əкiмшiлiк əдiспен көшiру мəдениет iсi үшiн залалды һəм саяси тұрғыдан да байыпты деп айтуға болмайды; 2) Əзiрбайжанда қабылданған алфавит қазақ тiлiне мүлдем қолайсыз, сондықтан қазақ тiлiне икемдеу үшiн қайтадан қарап шығуды қажет етедi. Бiлiм Комиссиясы латын əлiпбиiн қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiне лайықтап қайыра түзудi орынды санайды. Осы қойылған талап үдесiнен шығысымен бұл мəселе хақында арнайы «Ғылым həм оқу-ағарту» («Наука и просвещения») журналына мақала берiледi. Қазақ əлiпбиi дəл қазiргi жағдайда орныққандығын жəне қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiне аз ба, əлде көп пе сайма-сай келетiндiгiн мойындаған абзал. Koмиссияның пiкiрiнше, мұнан былайғы кезеңде қазақ əлiпбиiн жетiлдiре түсудiң шаралары төмендегiдей болуға тиiс: 1) apaб əрiптерiн əлi де жетiлдiре түсу; 2) 3–4 түрлi белгiмен таңбаланатын араб əрпiн алмастырып, бастапқы бiр сыңарын ғана алу. Осы күнi бұл үлгiнi Қазанда дайындау үстiнде. Бұл бастаманы бiздiң қолдағанымыз лазым. 1923 жыл, 7 ақпан»286. Халел Досмұхамедұлының əлiпбиге қатысты өз көзқарасын ақыл таразысына салып, бүкпесiз əдiл пiкiрiн жайып салғандығы осыдан-ақ көрiнедi. Халел түзген латын графикасындағы қазақ əлiпбиiнiң басқа төрүк ұлыты мен ұлыстарының үлгiге алған нұсқасынан ерекшелiгi күллi Еуропа жазуларындағы дыбыстарды таңбалау тəжiрибелерiн басшылыққа алуы. Қазақ тiлiндегi дыбыс жүйесiне тура келетiн 14 əрiп таңбасын сол күйiнде өзгертпей қабылдап, ана тiлiнiң дыбысталу табиғатына сəйкес өңге əрiп таңбаларын немiс, мадияр, француз, ағылшын, поляктардың үйлесетiн белгiлерiнен зерделiлiкпен талғап-таңдап, елеп-екшеп пiшедi. Қазақ жазуындағы дəйекшенi (~) еуропалықтардың апострофа (‘) белгiсiмен алмастырып ұсынады. Бұл жоба 1924 286

302

ӨР ОМА. 34 қор, 1 тiзбе, 1188 іс, 244–244 парақтың сырты.

жылы көкек айының 17 күнi Ташкенттегi Шығыстану институтында маман ғалымдардың талқысына түсiп, мақұлданды. Ғалым дыбыстар үйлесуiн сақтау – ана тiлiнiң алтын дiңгегi, айырықша қасиетi үндестiк заңына бағындыру үшiн Ахмет Байтұрсынұлы түзген араб əлiпбиiнiң жүйесiн бұзбай латынға шебер аударған. Егер дыбыстың əрiппен бейнеленген тұрпаты, яғни суретi сол дыбыстың мазмұнын аша алатын болса, ондай жағдайда əлiпби жүйесi сетiнемейдi. Əрине əлiпби жүйесiн ұстап тұрған қағида дыбыс жүйесiн əрiппен таңбалауға тiкелей байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы түзген əлiпби жүйесi Менделеевтiң химиялық элементтер кестесi сияқты бiртұтас тiлдiк заңдылыққа бағынған. Осы əлiпбидiң ғылыми нəрi мен əрiн бiр ыдыстан екiншiсiне төкпей-шашпай, жұғын тамшысын қалдырмай, мəн-маңызымен сарқып аударуда Халел Досмұхамедұлы ғаламат бiлiктiлiк танытты. Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң жанынан құрылған Əрiп түзу комиссиясының мүшесi ретiнде де Халел қыруар iстiң ұйтқысы болды. Бұл жұмыс тобының хатшысы Ғабдолла Алпарұлы həм өзбек Бiлiм Комиссиясының төрағасы Мешiрiк Иунiсұлының жетекшiлiгiмен 1923 жылы өткiзген кезектi мəжiлiстерiнiң бiрiнде apaб əрiптерiн өнер құралдарына, əсiресе, баспа құралдары мен жазу машинкасына үйлестiруге орай бəйгеге түскен жобаларды саралап, тұтынып жүрген жазба нұсқасына лайық деп танылғанын таңдап алады. Дегенмен аталған жоба негiзiне сүйенiп жасалған техникалық құралдардың кемшiлiктерi тəжiрибеде шым-шытырық қиындықтар туғызды. Халық Ағарту Комиссариатының алқасы осы олқылықтардан бiржола құтылуды көздеп 20 желтоқсан күнгi бас қосуында қолға алған шараны аяғына дейiн жеткiзудi Мемлекеттiк Ғылыми Кеңеске қайыра жүктейдi. Дау-дамайлы пiкiр тартысының нəтижесiнде Халелдiң уəждi ұсынысына тоқтап, комиссия Ахмет Байтұрсынұлының дара пiшiндi қарiптiң үзбе жобасына сəл-пəл өзгерiс енгiзiп қабылдауды қуаттайды. Бiлiктi ғалымның қисынды байламын Халық Ағарту Комиссариатының алқасы да құптап, өндiрiске жiбердi. Халел Досмұхамедұлының apaб əлiпбиiн шыр-пыр болып қорғауының сыры, бiрiншiден, мың жылға жуық қордаланған рухани қазынаның сабақтастығы үзiлiп, қоғамдық сананың тоқырау қаупiнен сақтанса, екiншiден, экономикалық бос шығынның тигiзетiн жайсыздығы елге оңай соқпасын нақты 303

жағдаймен санасқанда жақсы түсiндi. Yшiншiден, өмiрдiң басқа буынында кенже қалғанмен жазу мəдениетiне келгенде қазақтың шашасына шаң жұқтырмас озықтығына талас жоқ едi. Халел Досмұхамедұлы – көп қырлы дарын иесi. Ол – дəрiгер, саяси жəне мемлекет қайраткерi, публицист, тарихшы, табиғаттанушы, ұстаз, ғалым, əдебиетшi, ауыз əдебиетiнiң тамаша үлгiлерiн жинап, насихаттаушы həм шебер аудармашы да. Бiр ғажабы, 30 жылдардың зұлматы түгел сыпырып əкеткен қазақ зиялыларының (Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жүсiпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Құдайберген Жұбанұлы, т.б.) бəрi шетiнен талай ғылымның басын шалған əмбебап жандар екенi мəлiм. Мұның сыры – уызынан ауызданған ұлыттық тəлiм-тəрбиенiң тамырынан ажырамаған дəстүрлi жарастығында. Маңдай алды осындай азаматтардың қатарында «жетi жұрттың тiлiн бiл, жетi түрлi бiлiм бiл» деген аталы сөздi бойына сiңiрiп өскен Халел Досмұхамедұлының көп тiл бiлетiн – полиглот екенiн айтпасқа болмайды. Оның бұл өнерi – ана тiлiнiң жекелеген мəселелерiне қағидалы пiкiрлер айтуына, өзге жұрттың озық үлгiлерiн терең меңгерген бiлiмпаздығы қазақ топырағында өте зəру оқулық құралдар жазу iсiнде зор көмегiн тигiздi. Тiл бiлу – жарты байлық, егер Халел орыс, немiс, латын, apaб, парсы, туыстас төрүк ұлыты мен ұлыстарының тiлдерiнде емiн-еркiн сөйлеп, түсiнiсе алса, ол – əрине, кез келгеннiң пешенесiне жазбаған Тəңірдің берген сыйы едi. Халел Досмұхамедұлы – Ахмет Байтұрсынұлы негiзiн салған қазақ тiл бiлiмi ғылымының мерейiн көтерген айтулы өкiлi. Ғалымның «Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы» (Ташкент, 1924 жыл. 53 бет) деп аталатын еңбегi қазақ тiл бiлiмi ғылымының тарихынан ерекше орын алады. Көп уақытқа дейiн оқымыстылар назарынан тыс қалып келген бұл монографияда автор қазақ тiлiнiң табиғатына сай, ерекше белгiсi – үндестiк заңын, басқа туысқан төрүк тiлдерiмен салыстыра отырып зерттеген. Ол жат сөздердi (кiрме сөздердi, терминдердi) қолданғанда сингармонизм, яки дыбыс үндестiгi заңымен өзгертiп тiлiмiзге лайықтап алудың керектiгiн ескертедi. Ал бұл заңдылықты сақтамаса, тiлдiң табиғи құрылымы өзгерiп, осы айырықша қасиетiнен айырылып қалатындығын төрүк 304

тiлдерiнiң (Стамбул түрiктерi, Қазан татарлары, өзбектер, т.б.) мысалы арқылы дəлелдейдi. 20-жылдардағы жазу, емле мəселелерiне қатысты айтыс, тартыстың қызған шағында сарабдал лингвист Елдес Омарұлы Жүсiпбек Аймауытұлының өзге жұрттың ғалымдарының зерттеулерiне елiктеп, қазақ тiлiнiң жаратылыс ерекшелiгiне деген қисынсыз пiкiр-пайымына келiспейтiндiгiн бiлдiрiп былай дейдi: «Менiмше, қазақ тiлiне келгенде Ушакоп, Томсондардан Байтұрсынұлы Ақмет, Досмұхамедұлы Қалелдердiң беделi Құдайдай, Қалел «Казақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы» деген кiтабында: «Он тоғызыншы ғасырдың екiншi бөлiмiнде қазақ елi отырықшы бола бастады да, өзара араласуы кемiдi. Көршiлес отырған «əдебиетi» бар ноғай-сарттардың тiлi отырықшы елдiң арасына жайыла бастады. Осы ағайындар арқылы бiр қатар парсы, apaб сөздерi өзгермейiнше тiлiмiзге кiре бастады» деп, ноғай, сарттар мектебiнiң жазуы қазақ тiлiн бұза бастағанын айтады. Қалел оны Жүсiпбекшiлеп айта салмай, толық дəлелдермен ыспаттаған. Жүсiпбек қазақ тiлiн менсiнiп, қазақ тiлiн тексерген Ақмет пен Қалелдiң сөздерiн оқыса: қазақ тiлi ‘араб, парсы, татар, сарт миссионерлер əдебиетiнiң ықпалына жүрiп, айдауына көнбедi’ демес едi»287, – деп Ахмет пен Халелдiң ана тiлi ғылымына қосқан сүбелi үлесiн айрықша қастерлейдi. Аталған зерттеудің ғылыми құндылығына лингвист ғалымдар соңғы кезде көңіл бөле бастады. Белгілі тілші-ғалым, профессор Шора Сарыбаев «Қазақ тіліне қатысты туындыларының ішінде аса бір білімдарлықпен жазылған еңбегі – «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы»288, – деп, оның лингвистика саласындағы маңызын жоғары бағалайды. Халел Досмұхамедұлының осы іргелі зерттеуі хақындағы пікірін академик-жазушы Зейнолла Қабдолов тебірене сабақтайды: «Ал елдің, егемендігі мен ұлыт азаттығының негіздеріне негіз боп қаланатын сол ұлыттың ана тілі мен əдебиеті екенін кеуделеріне күллі діріл-имандай ұялатқан ұлы санаткерлер өздері шыққан парасат биігінен тағы бір саты жоғарылап, 287

Омарұлы Елдес. – Еңбекші қазақ. – 1924. – №213. Сарыбаев Ш. Тіл білімпазы // Халел тағлымы (Республикалық ғылымитеориялық мəслихат материалдары). – Алматы: Ғылым, 1994. – 34 б. 288

305

жаппай тіл мен əдебиет проблемаларын мəңгілік күн тəртібіне қойды. Халел Досмұхамедұлының бұл тұрғыдағы тұлғалылығын көріп-біліп, тауып-танысаңыз... О, бұл тіпті ғажап! Ғалымның ғұламалығы осы салада тағы да асқақтап көрінеді... ... Бұл қазақ тілінің Конституциясы яки Негізгі Заңы туралы зерттеу. – Қазақ, ел болам десең тіліңді сақта! – деген өсиет осы еңбектің əр қайырымынан таң самалындай тап-таза леппен есіп тұр»289, – деп Халел Досмұхамедұлының ғылыми-шығармашылық табиғатындағы күре тамырдай тартылған өзекті идеяның ішкі астарын ашады. Жазу мəдениетiнiң сол жазуды тұтынушыларға ортақ негiзгi шартының бiрi – белгiлi емле заңдылығына бағынған қағидасының болуы тиiс. Əйтпесе жүйелі сауат ашу, білім алу, мерзімді баспасөз шығару, баспа ісін дамыту мүмкін емес. Бұл ретте Түркiстан Peспубликасындағы аймақтық Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясы 1923 жылдың 23 наурызында №71 қаулысымен қазақ емлесiнiң жаңа ережелерiн бекiтiп, оның жазу тəжiрибесiнде басшылыққа алынуы мiндеттелдi. Түркiстан Республикасында шығатын мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған бұл ереженi зерттеп, түзуге Халел Досмұхамедұлының жетекшiлiгiмен Мағжан Жұмабайұлы, Əбубəкiр Диваев қатысты. Ана тiлiнде сауат ашу бiлiм алу, оқу-ағарту саласында аталған орфографиялық қағида айтарлықтай қызмет еттi. Халел Ташкентте қырғыз тiл бiлiмiнiң негiзiн салған Ишанғали Арабайұлы, отыз бес ұлыт пен ұлыстың тiлiн меңгерген дүниежүзiне мəшhүр ғалым Евгений Дмитриевич Поливанов сынды дарабоздармен қызметтес, пiкiрлес, шығармашылық өзара байланыста болды. Оның ұйымдастыруымен құрылған Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясының Жетiсу бөлiмшесi төрағалығына Ишанғали Арабайұлын ұсынуы да – онымен жақын бiлiс болуының айғағы. Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң төрағасы Халел Досмұхамедұлына 1924 жылы 4 ақпан күнi Ишанғали Арабайұлы қырғыз тiлiндегi тұңғыш «Əлiппе» оқулығының қолжазбасын тапсырып, басылып шығуына

289

306

Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. – 94 б.

көмектесуiн өтiнедi. Бұл кiтап Халекеңнiң қолдауымен көп ұзамай баспадан жарық көрдi290. 1924 жылы 12 маусым күнi Орынбордағы Оқу қызметкерлерi ұйымы мəдениет үйiнде Қазақ-қырғыз бiлiмпаздарының тұңғыш құрылтайы өттi. Түркiстан автономиялы республикасынан өкiл болып Халел Досмұхамедұлы мен Ишанғали Арабайұлы қатысты. Осы кеңесте Халекең халық ауыз əдебиетiн жинау жəне оны жариялау, емле, терминология мəселелерi бойынша түйiндi пiкiрлер айтып, бiрнеше мəрте сөз сөйледi. Ол қазақ тілінің əлі ғылыми жете зерттелмегендігін, сондықтан қызу қарқынмен өзгеріп отырған бүгінгі өмір ағымына ілесу үшін сан түрлі өзекті мəселелерді шешуді қажет ететінін, əсіресе, жат тілден енген сөздерге өте сақтықпен қарап, оны тұтынғанда ана тілінің табиғатын ластамайтындай етіп алуды ескертеді. Бұл тұрғыда жалпы қазақ ұлыты терминдерді елепекшеп отыратын Білім кеңесін құруды ұсынды. Халел Досмұхамедұлы профессор Евгений Дмитриевич Поливановпен бiрге 1923 жылы орыс тiлiнде жарияланған Əлихан Бөкейханның «Сұлтан Кенесары Қасымұлының тарихына қосымша» кiтапшасына редактор болды. Бiр қалада ғұмыр кешкен, бiлiмге кенен қос ғұлама мəдениет пен ғылымға қатысты жиi-жиi сұхбат құрып, ой бөлiсiп тұрды. Евгений Дмитриевичпен Халел Досмұхамедұлы студенттiк өмiрден бастап достық қарым-қатынаста болды. Есiмiн əлем таныған болашақ ғалым Петербург университетi филология факультетiнiң славян-орыс бөлiмi мен шығыс тiлдерi факультетiн қосақабат 1908–1912 жылдар аралығында оқып бiтiрдi. Оның құрмет тұтқан көптеген ұлағатты ұстаздарының арасында ерекше ықыласы ауған, өмiрiнiң соңына дейiн өзiн шəкiртi санаған Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ едi. Евгений Дмитриевич пен Халелдiң алғаш танысып, достасуына ұлы ұстаздары Бодуэн де Куртенэ дəнекер болған-ды. Поливановтың эпистолярлық мұрасының арасында орыстың əйгiлi əдiстемешi-педагогы Василий Порфирьевич Вахтеровқа жазысқан хатынан мынандай жолдарды оқимыз: «Аса қадiрлi Василий Порфирьевич, кеше Сiз, бəлкiм, Бодуэндi екiншi мəрте айыптағанын газеттен оқыған боларсыз, 290

ӨР ОМА. Р–34 қор, 1 тiзбе, 2114 іс, 49 парақ.

307

жексенбi күнi ол сабақты соңғы рет өз үйiнде өткiзедi, сосын масқара оны темiр тордың арғы жағынан көретiн боламыз. Мен оны əлi көре алмадым, ол сотта болған жоқ. Бұл оның шəкiрттерiне сұмдық қаралы жағдай, əрине, бiр ғана тек оларға деуге де болмайды...»291. Бұл арадағы əңгiме И.А. Бодуэн де Куртенэнiң 1913 жылы жарыққа шыққан «Автономияның ұлыттық жəне аумақтық белгiлерi»292 атты кiтапшасына патша өкiметi тарапынан мемлекетке қарсы бағытталған деген айып тағылғандығы жөнiнде болып отыр. Саяси батыл əрекеттердi қолдаушы ғалым жұрт алдында жəбiрленiп, 1914 жылы бiрнеше айға абақтыға жабылды. Əрбiр ұлыт өкiлiнiң қоғамдық-саяси бейтараптығын сақтауды азаматтық идеясының негiзгi кредосы санаған Бодуэн де Куртенэнiң алдына қойған мұраты шəкiрттерiне үлгi болды. Евгений Дмитриевичтiң қаламынан туған «Грамматика казахского языка», «Казак-найманский говор», «Казакский язык среди языков мира» атты зерттеулерiне Халел сияқты халқымыздың бiлiктi ұлдарының игi əсерi болғаны шүбəсiз. Мұрағат қорында Евгений Дмитриевич Поливановтың Түркiстандағы Мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң төрағасына жазған хаты сақталған, ол алдағы өзiнiң ғылыми жоспарына материалдық жағынан септесуiн өтiнедi: «Председателю ТГУСа тов. Досмухамедову Закончив работы по составлению «Pyc. букваря для шк. кор. населения» (Букварь сдан в ГИздат) и др. пособий для киргизск. и узб. школ по русскому языку («Второй концентр грамматики и др.), я принялся за составление алфавита и букваря для дунган. Но моя работа не будет иметь значения без встречи с дунганами на месте и обсуждения ими моего алфавита. Потому из самой суть дела вытекает необходимость моей командировки в Дунгановку (Александровку). Прошу командировать меня на 2 недели (сейчас же могу ехать) и выдать вперед жалование за январь с. г.

291

Ларцев В. Евгений Дмитриевич Поливанов. Страницы жизни и деятельности. – Москва, 1988. – С. 288–289. 292 Бодуэн де Куртенэ И.А. Национальный и территориальный признак в автономии. – Санкт-Петербург, 1913. – V, с. 84.

308

Профессор Поливанов. 20.01.1924»293. Кейiнiрек осы iссапардың нəтижесiнде профессор Евгений Дмитриевич Поливанов екi кiтаптан тұратын «Грамматика дунганского языка», «Говор дунган Джетысуйского района» атты ғылыми еңбектерiн жазды. Мемлекеттiк Ғылымы Кеңестiң қызметi Түркiстан өлкесiне ғана емес, мұқым қазақ даласына бiлiм мен өнердiң нұрлы сəулесiн шашқан, рухани қасиеттi ұяға айналды. Ел-жұртты жаппай мəдениетке тартудың ұтымды жолдарын iзденген iс басындағы төрағаның қазақ тiлiндегi ғылыми-көпшiлiк əдебиеттер мен көркем туындыларды насихаттауға дауысты зорайтқыш аспаптарды пайдалануы, ауыл-ауылда мəнерлеп оқып, қалың бұқара санасына сiңiрудi көздеген əрекетi де қызық-ақ. Сөз асылын айыратын, жады тұнық, құйма құлақ халқының жанжүйесiн ағартушы-ұстаздың өте нəзiк сезiнгендiгiне – осы тапқырлық əдіс-тəсілінің өзi дəлел. Бұл ғылыми əдiстiң əлiптi таяқ деп бiлмейтiндердiң оқу-өнердiң құдiрет күшiн жүрегiмен ұғып, бар ықыласымен бiлiмге ұмтылуына заманында ықпалы күштi болды. Бiр ғажабы, осы жылдары Халел Досмұхамедұлы мемлекеттiк Ғылыми Кеңестiң төрағасы, Мемлекеттiк баспаның ғылыми-редакторлық бөлiмiн меңгерушi, Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының Емдеу-санитарлық бөлiмiнiң меңгерушiсi əрi Алқа мүшесi, Оба дертiне қарсы күрес Орталық Комиссиясының төрағасы қызметтерiн қатар атқарды. Ол қай қызметте де жарқырап көрiнiп, халқының рухани жаны мен тəн саулығының шипагерi бола бiлдi. Тiл мен əдебиет – егiз ұғым. Əдебиеттiң əдебиет болуы тiлiне байланысты. Ғалым өз еңбектерiнде осы мəселеге арнайы көңiл бөлiп отыруды ұмытпайды. Ол: «Əдебиет тiлi дұрыстап түзелмесе, қара тiлдiң заңымен жүрмесе, əдебиет тiлi көп бұқараға түснiксiз жат тiл болады, елге сiңбейдi; сондықтан жер жүзiндегi жұрттың көбi əдебиет тiлiн қара тiлге жақын қылып елге түсiнiктi қылуға тырысады. Əдебиет тiлiнiң қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тiл елге ақырында сiңбей қалмайды. 293

ӨР ОМА. №1–34 қор, 1 тiзбе, 2096 іс, 23 парақ.

309

Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс тiл болса, елдiң тiлiн көркейтiп, байытып, гүлдендiредi; мектеп пен баспадан қолданған тiл шатасқан тiл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды...»294десе, ендi бiрде «...Тiл жұрттың жаны... Өз тiлiн өзi бiлмеген ел – ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тiлi өзгермекшi, тiлi бұзылмақшы. Тiлiнен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Тiлiмiздi бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт əдебиетiнен, көркем əдебиеттен үлгiлер көрсетiп, өрнектi түрлерiмен таныстыру...»295 керектiгiн ескертедi. Бұл ретте ғалымның ғылым тiлiн жасауға қосқан азды-көптi үлесiн айтпай кетуте болмайды. Бiр ғана мысал, «аламан жыр», «аламандық» деген терминдi ауыз əдебиетiн жiктеп-саралаған ғылыми əдебиеттерден бұрын-соңды бiз кездестiрген жоқпыз. Халекеңнiң берген анықтамасына құлақ түрелiк: «Бұрынғы əдебиетпен танысқанда қазақтың бойына бiткен мiнездiң бiрнеше түрi орасан адырайып тұр. Қазақ арасында болып өткен бiрнеше əлеумет қимылдар да көрiнiп тұр. Ел əдебиетiмен танысқанда осындай бадырайып көрiнгеннiң бəрi – аламандық. Көптiң пайдасын ойлай тұрса да, бүтiн жұрттың қамын жей тұрса да, өзiнiң менмендiгiн, көп күшiн құрбан қыла алмайтын, өз дегенiн күшпен орындайтын; өз басын артыққа санап, сөзiн сөйлеп, соңына ермегендердi, қарсы тұрғандарды түсiнбегендiгiнен, ақылсыздығынан қылды деп бiлетiн, көңiлiне жақпаса өзi қойған бастығының бұйрығына, өзi қалаған тəртiптiң жолына бас ұрмайтын; Отан сезiмi, мемлекет сезiмi кем, менмендiк сезiмi өте күштi құлықты – аламандық деймiз...»296 – дейдi. Қазақ ауыз əдебиетiнде мұндай мыңмен жалғыз алысқан, көзсiз батырлықты дəрiптеген қаhармандарға мысалдар көп. Олай болса, халық аузында бұрыннан ұғымы бар 294

Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 91 б. 295 Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз Білім Кəмисиесінен // Сана, 1923. – №1. – 5–6 беттер. 296 Халел Досмұхамедұлы. Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 147 б.

310

сөздi ғалым ғылыми терминдiк сипат дарытып, тəжiрибеде қалыптастырса, оған бүгiнгi күнi де жатырқамай, батыл түрде кəдеге жарату лазым. Өшкен сөздi тiрiлтiп, алтынмен пара-пар мұрағат ретiнде қабылдайтын кез жеттi. Ғалым еңбегiнiң əзiрге ғылыми ортада əңгiме болмай жүрген тағы бiр қыры – ана тiлiнде тұңғыш ғылым тiлiн жасаушылар Ахмет Байтұрсынұлы, Əлихан Бөкейхан, Мiржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Елдес Омарұлы, Мұхтар Мурзин, өзге де қазақ бiлiмпаздарымен бiрге есiмi қатар аталуында. Бұл, əрине, оның алғашқы төлтума оқу құралдарын жазумен тiкелей байланысты. Осы орайда бұрынғы алашорда қозғалысының өкiлдерiне коммунистiк саясаттың пəрмендi ықпалымен жалған жала жабылып, оларға қатысты оң iстiң бəрi əлеуметтiк ойсанада өшiрiлiп келдi. Ендi бүгiнгi Ұлыттық Ғылым академиямыз бен мəдени, өнер-бiлiм ошақтарының Кеңес дəуiрiнiң алғашқы жылдарында iргесi қаланған Орынбордағы Академиялық Орталық пен Ташкенттегi Қазақ-қырғыз Бiлiм комиссиясының заңды мұрагерi екенiн айтып, тарихнамамызға əдiлеттi түзету енгiзудiң уақыты жеттi. Тегінде, «Ұлытымыздың Ғылым академиясы» деген қасиеттi ұғымды Қазақстанда 1921 жылы шаңырақ көтерген Академиялық Орталықтан, оның тұңғыш төрағасы [кəзiргiше – президентi] Ахмет Байтұрсынұлынан бөлiп-жарудың еш қисыны жоқтығын мойындаған абзал. Ал сол жылы қазақ жерiнiң бiраз бөлегi қараған Түркiстан автономиялы республикасындағы Қазақ-қырғыз Бiлiм комиссиясының атқарған миссиясы да ғылым мен бiлiмнiң ұрығын сеуiп, қалың елдi рухани қорегiне кенелту едi. Дана халқымыз «не ексең, соны орарсың» демей ме?! Қазақ елiнiң бүгiнгi қол жеткен жетiстiгi мен табыстары – сол дəуiрдiң айқын жемiсi, сол абзал жандардың еңбегiнiң нақты нəтижесi. Алайда сол кездiң өзiнде бұрынғы Алашорда қайраткерлерiне деген күдiк пен сенiмсiздiк ұшқыны сейiлмей, көлеңкедей соңдарынан ерiп, айнала жандарынан қалмады. 20 жылдардың екiншi жартысынан бастап баспасөз бетiнен ызғырық суықтың сызы бiлiнді. 1929–1930 жылдардағы қазақ мерзiмдi баспасөзiнiң əрбiр санын ел-жұрт бұрынғыдай жаңалықтың жаршысы ретiнде қуана қарсы алудың орнына үлкен күдiкпен, қолына қаралы қағаз ұстағандай жан-жүрегi шошып парақтады. Өйткенi идеологиялық бұқаралық ақпарат құралдары, соның iшiнде 311

газет, журналдар қоғамда қаралы тiзiм жарияланатын құжатқа айналды, оның бетiнде «əшкереленген халық жауларының» кейiнгi тағдыры немен тынатыны қалың елге аян болатын. Сондықтан мерзiмдi баспасөз жұртшылық көңiлiне алаң мен үрей туғызып, үнемi жантүршігерлік қорқыныш пен қобалжу елдi зəрезап қылды. Коммунистердiң дəуiрi жүрiп, ақ дегенi – алғыс, қара дегенi – қарғыс болып тұрған шақта тұлғалы Тұрар Рысқұлұлының алашордашылардың 1920–1930 жылдардағы «Кеңес өкiметiне тигiзген қаскүнемдiк зиянкестiгiн» термелеп, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы жəне басқалар қазақтың оқуағарту, бiлiм беру жүйесiн түгел өз қолдарына алды. Оқу орындары, бiлiм ошақтарының қабырғасында олардың портреттерi iлiндi...»297, – деуі – онсыз да Кеңестiк саясаткерлердiң алашты тап пен жiкке бөлiп, береке-бiрлiктерiн қашыруға ойына келгенiн iстеп баққан заманда шығарылған қатаң үкiммен парапар едi... Ендi əдепкi ойымызды ширатып, ғылым тiлiне қайта оралсақ, тағы да Ахмет, Халел шығармашылықтарына соқпай өту мүмкiн емес. Жоғарыда аталған оқу құралында Халел Досмұхамедұлы қазақ тiлiнiң ғылыми терминологиясын қалыптастыру жолындағы батыл ұсыныстары мен тың ойларын ортаға салып, былай дейдi: «Қазақ тiлiнде бұған дейiн Ақыметтiң «Тiл – құралынан» басқа ешбiр ғылым жайында жазылған кiтəп болмады. Алдымызда үлгi болмаған соң, ғылым кiтəбiн жазу деген өте қиын болды. Казақ тiлi ғылым жолына шалынбаған, сөздерi ғылым ретiне қарай жөндiкпеген – тiл. Сондықтан қазақ тiлiн ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келдi. Ғылымды өз тiлiмiзге аударғанда, ең керегi ғылым тiлiндегi атауларды (термин) дұрыстап, түсiнiктi қылып аудару. Ғылым тiлiндегi қолданылған атауларды қазақ тiлiне дұрыстап түсiнiктi қылып аудару өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келiстi ат тағу деген алғашқы уақытта қиын болса

297

Рыскулов Т.Р. О контрреволюционной Алаш-орде и ее осколках. – Избранные труды. – Алма–Ата: Казахстан, 1984. – С. 210.

312

да, өте мұқтаж нəрсе...»298. Халел Досмұхамедұлы мұнан əрi ғылым тiлiн жасаудағы өзi ұстанған қағидасын бiлдiре, бұл жұмыстың маңызы зорлығына шəкiрттерге жеткiлiктi дəрежеде түсiнiк бердi. Ғылым атауларын табу – шығармашылық үздiксiз iзденiстiң, шыныққан зерденiң жемiсi екендiгiне көңiл аудартты. Өнер-бiлiмнiң шəкiрт бойына сiңiп, санасына ұялауы үшiн ғылым тiлiнiң жүйелi болуы шарт екендiгiн ескерттi. Мұнан əрi ғалым пiкiрiне жəне көз жүгiртелiк: «Бiздiң алған жолымыз мынау болды: ғылым атауларына ең əуелi лайықты сөздердi қазақ-қырғыз тiлiндегi сөйленiп жүрген, аталып жүрген сөздерден алуға iздендiк. Қолайлы сөз табылмаған қалде ескi ұмытылған түрүк сөздерiнен, өзбек, ноғай, ғұсманлы сықылды ағайын түрүктердiң сөздерiнен ыңғайлы сөздердi iздедiк. Бұл peттен қолайлы сөздер табылмаған қалде қазақ тiлiнде сөйленiп жүрген сөзден лайықты туынды сөздер шығаруға тырыстық. Жаңадан туынды сөз шығару деген тым қиын нəрсе, жаңа туған сөз – тiлдi бұзбайтын, жаңалығы көп сезiлмейтiн, сөз болуы керек. Сондықтан бұ жолды өте сақтықпен қолдану керек. Бiз де туынды сөздi шамамыз келгенше аз тудыруға тырыстық, осы реттiң бəрiнен қолайлы сөз табылмағанда, ғылым атауларына латын тiлiндегi сөздердi алдық... Қолайлы келген жалғыз-жарым араб, парсы йе pyc сөздерiнен де қашпадық, көбiне мұндай сөздер елдiң аузына кiрген, йе шет жағалап кiре бастаған сөздер болса керек. Бiздiң тəжiрибемiзде қазақ тiлi – бай тiл. Олай-бұлай созуға өте ыңғайлы келе беретiн тiл. Тек сөздерi ғылым жолына салынып реттелсе, ешбiр жұрттың тiлiнен кем болатын емес, бұған илануымыз толық. Ғылым атауларын дұрыстап таба алмай, тiлiмiздi ғылым жолына дұрыстап сала алмай, кей жұрттарша араб пен парсыны, латын мен орысшаны араластырып былжырақтатсақ, бұл тiлi-

298 Досмұхамедұлы Қалел. Жануарлар. Екiншi бөлiм. /Жап-жайшалар, бiрқуыстылар, бұлыттар, тiкендiлер, құрттар, былқылдақ-тəндiлер турасында/. – Ташкент, 1922. – 4 б.

313

мiздiң жарлылығынан, кемдiгiнен емес, кiтəп жазушыларымыздың нашарлығынан, өз тiлiн əбден бiлмегендiгiнен болады...»299. Асылы, ғалымның көз майын тауысып жазып шыққан оқулықтарының ғылыми құндылығы қай жағынан болса да үлгi тұтарлық. Өйткенi ол өзгелерге жалаң елiктеп, дайын нұсқаның көшiрмесiн жасауға əуестенбедi, қолына қалам алдырған ғылымның арғы-бергi тарихына, ежелгi отанына зер салып, үңiле зерттеп, жiлiк-жiлiкке, мүше-мүшеге бөлiп, əрбiр ұғымға барабар ана тiлiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн сарқа пайдаланып, ат берiп, атау тағып, көркемдiк-құрылымдық жүйесiн үндестiре, ұлыттық болмысы мен ерекшелiгiне тəн етiп түздi. Ол «Адамның тəн тiрлiгi» деген кiтабының «Сөз басы» бөлiмiнде пəннiң мақсатын қазақы сөз орамымен қиюын келтiрiп, оқушының қабылдауына лайықтап қарапайым тiлмен жеңiл жеткiздi: «Адамның денесiнiң қалай түзiлгенiн тексерiп анықтайтын бiлiмдi «анатомия», не «тəн жүйесiн тану» деп атайды. «Анатомия» деген сөз грек деген халықтың тiлiнде «сою» деген сөз... Дененiң неден, қалай болып жаралғандығын бiлумен дене тану бiтпейдi. Денедегi мүшелердiң не үшiн жаратылғандығын, мүшенiң не үшiн қызмет қылатынын бiлу керек. Адамның тiрлiгi дегенiмiз де дененiң тiрлiгi. Дененiң тiрлiгi – мүшелердiң тiрлiгiнен құралады. Мүшенiң тiрлiгi iстейтiн жұмысынан пайда болады. Ақырында мүшелердiң түрлi қимылы құралып денеге тiрлiк бередi. Дененiң тiрлiгiн бiз адам тiрлiгi деп атаймыз. Денедегi мүшелердiң жұмысын тексеретiн, қимылдарын танитын бiлiмдi «тəн тiрлiгiн таныту» не «пизиелогiйе» деп атайды. Сонымен пизиелогiйе – тiрлiктiң қайдан пайда болатынын шешетiн бiлiм...»300. Халел Досмұхамедұлы жазған, буын-буын ұрпақтың көкірек көзiн ашқан оқулықтар өз кезiнде бiрнеше мəрте баспа жүзiн көрдi. Бұл кiтаптардың өне бойындағы сəттi қолданыстар мен 299 Досмұхамедұлы Қалел. Жануарлар. Екiншi бөлiм. /Жап-жайшалар, бiрқуыстылар, бұлыттар, тiкендiлер, құрттар, былқылдақ-тəндiлер турасында/. – Ташкент, 1922. – 4–5 б. 300 Досмұхамедұлы Қалел. Адамның тəн тiрлiгi. – Қызыл-Орда–Мəскеу, 1927. – 4 б.

314

тың балама сөздердi ұлыттық ғылым тiлiн дамыту жолында кəдемiзге жалтақтамай жаратуға əбден болады. Қазақ мектебiнiң табалдырығынан аттап, тəлiм-тəрбие алған жас-кəрiнiң бəрiне бiрдей құлағына сiңiп, жаттанды боп кеткен «Табиғат тану» пəнiнiң атын тұңғыш рет ғылыми терминологиямызға енгiзген Xалел Досмұхамедұлы екендiгiн ұзақ жылдар айтуға тыйым салынып келдi. Немеce бiр кезде ғалым қолданғандай, қазiргi «зоология» орнына «жануарлар», «анатомияны» – «адамның тəн тiрлiгi» деп алсақ қандай жарасымды болар едi. Ол əсiресе ғылыми сынға ерекше мəн бердi. Ана тiлiндегi «Арифметика», «Жағырапия», «Əлiппе», «Оқу бағдарламаларына», тағы басқа төлтума кiтаптарға жазған сын-пiкiрлерi осының куəсi. Нəзiр Төреқұлұлының «Жат сөздер» атты кiтабына жазған пiкiрiнен ғалымның ғылыми уəжбен кiрме сөздiң құлағына қалай ен салудың шарттарын дəлелдi түсiндiруi бүгiнгi күнi де өз мəнiн жойған жоқ. Тiл тазалығына ғылыми талғампаздықпен қараған Халел Досмұхамедұлы тiлдiң табиғи құрылысына, даму жүйесiне өте-мөте көңiл бөлiп: «Жат сөздердi өзгертпейiнше жүргiземiз деп қазақтың тiлiн бұзатындар да, «мəдениетке үйретемiз, өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бiр есеп. Арақ, шылым, аурулар адамның денесiн бұзса, зорлықпен кiргiзiлген жат сөздер елдiң түп қазығы болған тiлдi бұзады»301 деп пайымдайды. Жəне ана тiлiнде өнер-ғылым шашатын бiлiмпаздарға осы төңiректе көбiрек ойлануға кеңес бередi. Ол бұл тұрғыда Нəзiр Төреқұлұлының: «Басқаның сөзiн бұзбай айтам деп, тiлiңдi бұрып жүргенде – өз тiлiңнен айырылып қаларсың»302, – деген ескертпесiн шын пейiлмен қолдайды. Сондай-ақ ол кiтап авторының жеке басына қатысты сын пiкiрлерiн де айтуды ұмытпаған. «Үйiрге түскен сəурiк айғыр үйiрiндегi тай-тулақты қуып, үйiрiне жақындаған бөтен жылқыны тiстеп, үйiрiне жан жуытпайды. Нəзiрде де сəурiктiң мiнезi бар. Бiреудi «тiстемей, 301

Халел Досмұхамедұлы. Қазақ-қырғыз сингармонизм заңы // Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзiн жəне түсiнiктемелерiн жазғандар: Ғарифолла Əнесов, Аманқос Мектепов, Шəмшəдин Керiмов. – Алматы: Ана тiлi, 1991. – 92 б. 302 Төреқұлұлы Нəзiр. Жат сөздер туралы. – Мəскеу: Кеңес Одағындағы елдердiң кiндiк баспасы, 1926. – 17–18 беттер.

315

шанышпай, найзаламай» сөз жазбайды. Жат сөздер туралы жазып отырып «Мiржақыптар» мен «Ишаналыны» қыстырып қойыпты. Былтырғы жазған «Жаңа əлiпбиiнде» де талай адамдарға құлағын жымитып ұмтылған едi. Бiлiм сөзiнде мұндай мiнез бiзге ерсi көрiнедi. Осы мiнезiн жойса, Нəзiрдiң жазуы «нағыз бiлiм сөзi» болар едi»303, – деп əлеумет алдында ғалымға тəн этиканы ұстанған абзал екенiн Халел əрiптес замандасының қаперiне салады. Жаңадан үйiр ала бастаған жас айғырдың образы арқылы Нəзiрдiң шымшыма удай тiлiн ажуалайды. Ғылым-бiлiм жолында ұстаздық етушiге абырой бермейтiн қотыр сөздiң тəлiм-тəрбиелiк қандай мəнi бар дегендi меңзейдi ол. Алайда тоқетер ойы Нəзiрмен орайлас оның: «Бұл кiтəп əрбiр жазушының, тiл тексерушiнiң, газетжорнал шығарушының, оқытушының қолында болуы керек»304, – деуiнiң себебi де сондықтан. Халел Досмұхамедұлына 1927 жылы 21-наурызда қазақ мемлекеттiк университетiн ұйымдастыруға байланысты Комиссияның төрағасы мiндетi жүктелдi. Халел құрамында үш факультетi бар Қазақ мемлекеттiк университетiн ұйымдастыру мен бiлiм беру жұмысының толық жоспарын, күллi кiрiс-шығыс қаржысының есебiн жасады. 1929 жылы қазан айында Ташкенттегi пединституттың негiзiнде Алматы қаласында Казақ мемлекеттiк университетiн ашудың мүмкiндiгi туды (ол қазiргi Абай атындағы мемлекеттiк педагогика университетi). Халел халқымыздың қара шаңырағы осы бiлiм ошағын ұйымдастыруға белсене араласып, оның тұңғыш проректоры болды. Университет іргесінде күні бүгінге дейін бір қанатында ректор Санжар Асфандиарұлы, екінші қанатында проректор Халел Досмұхамедұлы тұрған үйі сақталған. «Алматыдағы сол үйде тұрғанымызда, – деп еске алады асылдың сынығы Қарашаш Халелқызы: – көршіміз ректор Санжар Асфандиарұлының үйінде қонақта болдық. Санжар Асфандиарұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, менің əкем ортаға шығып, халық əн-жырын əуелете салып, вальс, мазурка, кадриль билерін билеп еді. Иə, сол үй талай тарихтың куəсі...». Проректорлық қызметiмен бiрге Халел Досмұхамедұлы 1926 303 Досмұхамедұлы Қалел. Жат сөздер туралы // Қызыл Қазақстан. – 1926. – №11–15. – 138–142 беттер. 304 Сонда.

316

жылдан бастап педалогия курсынан студенттерге дəрiс оқыды. Осы жылы арнайы комиссияның шешiмiмен оған педалогия ғылымының доцентi атағы берiлдi. 1929 жылы Халекең педалогия профессоры əрi кафедра меңгерушiсi мiндетiн қоса атқарды. Қазақ мемлекеттiк университетi əкiмшiлiгiнiң 1930 жылғы №13 бұйрығында мынадай жолдар жазылған: «Педалогия профессоры Досмұхамедұлы Ленинград қаласында өтетiн «Адам миының қам-қарекетiн ғылыми зерттеуге» арналған бүкiлодақтық съезд жұмысына қатысуға iссапарға жiберiлсiн...» – Басқарма мəжiлiсiнiң 14 қаңтардағы хаттамасын Халық Ағарту Комиссариаты ақпанның 16-сы күнi бекiткен. Оның қызмет бабымен iссапарда жүруiне байланысты кафедра меңгерушiсiнiң мiндетi мен 1–II курс студенттерiне педалогия пəнiнен сабақ өткiзу аға ассисент Кеплерге тапсырылды305. Педалогия iлiмiн БК(б)П OK-нiң 1936 жылы 4 шілдедегі «Халық Ағарту Комиссариатының жүйесiндегi педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы»306 қаулысы нəсiлдiкке апарады деп мүлдем жойып жiбердi. Сондай-ақ қызыл идеология сақшыларының қырағылығы Халел Досмұхамедұлының педалогияға қатысты жазған ғылыми еңбектерін, бірсыпыра баспаға дайындап қойған туындылары мен қолжазбаларын оның өзін қуғын-сүргінге ұшыратқан зұлмат жылдары жеке мұрағатынан тəркілеп, бірге алып кеткен. Жаратылысы бөлек, көп қырлы тұлғаның қолды болған баға жетпес осы еңбектері табыла қалса, қазақ ғылымы мен біліміне, рухани мəдениетіне сүбелі олжа боп қосылар еді. Ғалымның қоғамдық, ғылыми-ағарту саласындағы атқарған қыруар жұмысы iз-түзсiз кеткен жоқ. Ресей Ғылым академиясы Мəскеу бөлiмшесiнiң 1924 жылы 6 қарашада берiлген №367 куəлiгiнде былай делiнген: «Халел Досмұхамедұлына. Осы жылдың 15–18 қаңтары аралығында Петроградта өткен Ресей Ғылым Академиясы Орталық Өлкетану Бюросының Президиумы Сiздi бiрауыздан Ресей Ғылым Академиясы Орталық Өлкетану Бюросының мүше-корреспонденттiгiне сайлағанын хабарлайды. Бюроның құрметтi төрағасы, академик А. Павлов (қолы) Бюроның төрағасы (қолы) В. Богданов Төрағаның орынбасары (қолы) 305 306

ҚP ОMA. 1142 қор, 1 тiзбе, 1 iс, 81–82 парақтар. Қазақ совет энциклопедиясы. 9 том. – Алматы, 1976. – 178 б.

317

Бюро мүшелерi: (қолы) Профессор (қолы) Профессор (қолы) Ғалым-хатшы (қолы)»307. Қысқасы, ұлыт тəуелсiздiгi мен азаттығы жолында саяси күресте шыңдалған бiрегей тұлғаның қоғам өмiрiндегi, мəдениет майданындағы қызметтерi мен ғылыми-шығармашылық еңбектерi өлшеусiз, оның қыр-сырын зерттей түсу алдағы уақыттың еншiсi. Əсіресе бүгінгі Тəуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік тілі мəртебесін алған қазақ тілінің төлтума ғылыми терминологиясының қалыптасуы мен даму үдерісінің оң жолға қойылуына Халел Досмұхамедұлы бар саналы өмірінің мағынасына айналдырды. Кемеңгер ғалым қалдырған тіл мəселесіне қатысты мол мұраның ғылыми құндылығы ешқашан мəнін жоймайды. Уақыт өткен сайын оның ғылыми құндылығы арта түсері шүбəсіз. Өйткені ол қазақ тілінің табиғи заңдылығын аша білді. Қазақ тілінің табиғи дыбыстық үндестік заңына сəйкес сөйлеу мен жазу тəжірибесінде ұстанатын қағиданы қалыптастырды. Кеңестік тіл ғылымы төрүктектес тілдердегі үндестік (сингармонизм) заңын мойындағанымен, іс жүзінде осы қағидаға қарсы əрекет етті. Оның нəтижесі тілдің табиғи заңдылығын бұзуға əсер етті. Əрине, заман аяғына тұсау салмағанда, əмбебап ғалым, ерекше дарын иесi – профессор Халел Досмұхамедұлының қаламынан əлi талай тамсандырар зерттеулер туар едi.

307

318

Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы. – Алматы: Ана тiлi, 1998. – 374 б.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдықсаяси, əлеуметтік-рухани дамуын шынайы зерттеуде жеке тұлғалардың алатын орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы тарихи өткенімізді қаз-қалпында сипаттап, таразылауға мүмкіндік беретін, сол дəуірдің сырлы шежіресі, замана рухын бейнелейтін айнасы – мерзімді баспасөз бен баспа өнімдерін емін-еркін тұтынуға идеологиялық шектеу жасалуы, түрлі себептермен тиым салынуы – ұлыттық ой-сананың ойсырап, бұрмалануына мəжбүр етті. Бұл ретте қалың елі, қазағын рухани ағартуға, саяси белсенділігін оятуға жолбасшы, қозғаушы күш болған санаткерлердің тағдыр-талайы көп уақыт бойы құпия сақталып, тарихи жадтан өшірілді. Сондықтан жасыратыны жоқ, қоғамдық ғылымның қай саласында болмасын, қордаланған білім мен сабақтастық дəстүрдің үзілуі – өткенге тарихи əділ баға беру, байыпты талдау, білікті зерттеуге кедергі жасады. Бағымызға өз алдына саяси дербес құқықты мемлекеттер қатарына қосылған Қазақстан Республикасының ұстанған ұлыттық идеологиясына сəйкес рухани-мəдени мұрамызды жаңаша ғылыми-əдістемелік тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы күн тəртібіне қойылды. Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына байланысты бұрынғы идеологиялық ұстанымдар мен қисын, қағидалардың бұзылуы – бүгінгі уақыт тынысының талап-тілегіне жауап беретіндей ғылыми сүзгіден өткен түбегейлі зерттеулердің жазылуын қажет етеді. Міне, осы тұрғыдан Халел Досмұхамедұлы көсемсөзін зерттеудің қазақ баспасөзі тарихы, ұлыттық азаматтық тарихында алатын орны мен рөлі айырықша зор. Өйткені оның саналы ғұмыры ұлыт азаттығы мен саяси дербестікке жетуі жолындағы қалам күшін қару қылып күресудің үлгі-өнегесі. Зерттеудің алғашқы тарауында Халел Досмұхамедұлының өткен ғасыр басындағы қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасу эволюциясына барлау жүргізіп, оның озық ойлы ұлыт зиялылары сапында ел-жұртының азаттығы мен тəуелсіздігі үшін жанқиярлық еңбегін ашып көрсетуді мақсат еттік. Бұл жөнінде сол дəуірде жарық көрген ұлыттық мерзімді басылымдар мен мұрағат қорларынан алынған қыруар мəліметтерге жəне 319

кейінгі жылдары жариялана бастаған ғалымдар ізденістеріне сүйендік. Сонымен бірге Алаш азаматтарын «ақтауға» байланысты қоғам өміріндегі белсенділіктің белең алған бастапқы кезеңінде қалыптасып қалған Кеңестік танымтүсініктің көзімен қарауға, бойға сіңген «ескі əдеттің» екпінімен қабылдауға һəм пайымдауға үйренгендерге уəжді пікір білдірдік. Əлбетте, Халел Досмұхамедұлының қазақ ұлытының тағдыр-талайына тікелей қатысты қоғамдық-саяси, əлеуметтікрухани ірі оқиғаларға дер кезінде үн қосуы мен бас-көз болған тарихи миссиясын айқындау – еңбектің өн бойына тартылған негізгі күре тамыр желі. Көсем тұлғаның қолына қалам алғызған, публицистік шеберлігінің ұшталуына ықпал еткен қалыптасқан қоғамдық-тарихи ахуал мен алғы шарттардың мəнмаңызына талдау жасалды. Еңбектің «Халел Досмұхамедұлы – қазақ демократиялық баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі» атты екінші тарауында көсемсөз шығармашылығының шеберлік қырлары мен ерекшелігі айқындалды. Дəрігер-көсемсөзші қазақ мерзімді баспасөз тарихында салалық журналистиканың іргетасын қалаған ізашарлығы мен əмбебап жаңашыл үрдісін ғылыми тұжырымдадық. Оның «Еркін қазақ» газетін ұйымдастыруы мен «Сана» журналына редакторлық ету тəжірибесінің ұлыт баспасөзінің дамуына тигізген игі əсерін атап-атап көрсеттік. Халел Досмұхамедұлының шығармашылық жолын ғылыми зерделеудің нəтижесінде ұлыттық көсемсөз мектебінің қалыптасуы мен өркендеуіне елеулі серпіліс туғызған, демократиялық бағыттағы төлтума баспасөзіміздің дем беруші өкілдерінің бірі деген пікір түйіндедік. «Халел Досмұхамедұлы – баспагер-редактор» аталатын үшінші тарауда көтерілген мəселені өзара сабақтас, бір-бірін толықтыратын «ұлыттық кітап шығару ісін жолға қоюшы» жəне «төлтума ғылым тілін жасаушылардың бірі» деген қос тақырыпшаға жүйеледік. Оның сан алуан ғылыми-шығармашылығының əліге дейін зерттеу нысанына айналмай келген маңызды саласы – баспагерлік-редакторлық қызметіне баға бердік. Халел Досмұхамедұлының ұлыттық баспасөз бен баспа ісі, полиграфия саласының қалыптасуы мен дамуына идеялықкөркемдік, тақырыптық-мазмұндық, жанрлық-пішіндік жəне дизайні мен безендірілу жағынан баюына қосқан сүбелі 320

шығармашылық жасампаздығына тұңғыш рет ғылыми сараптамалық талдау жасалды. Жалынды көсемсөзші, əмбебап ғалымның тарихи уақыт кеңістігі аралығындағы кітаптану ісінің өркендеуіне тигізген кəсіби ұйымдастырушылық қабілеті, қоғам өміріндегі атқарған рухани-ағартушылық пəрменділігінің ерекшеліктерін анықтадық. Халел Досмұхамедұлының қазақ мəдениетіндегі бұған дейін еленбей, беймəлім болып келген қайраткерлік-ұйымдастырушылық сүбелі еңбегі – ұлыттық кітапхана ісінің негізін салуы еді. Рационалды ойлайтын жан ұлыттық кітапхана қызметін кешенді түрде жолға қоюға кəсіби маман дайындау, оқырман мəдениетін тəрбиелеу, оның рухани сұранысын өтеуге жаңадан ұйымдастырылған қордағы жинақталған күллі əдебиеттердің ғылыми тұрғыда сала-сала бойынша алфавиттік каталогке түсірілуін, мерзімді баспасөз құралдарымен танысуға жағдай жасау, техникалық басқа да мүмкіндіктерін қарастыруды жауапкершілікпен ерекше бақылауда ұстады. Мəдениетке аяқ басқан дəуірде қазаққа білім нəрінен еркін сусындайтын рухани орталық – ұлыттық кітапхананың ауадай қажеттігін дəлелдеген 3 желтоқсан 1923 жылы ресми жолданған білімпаз ұсынысын Түркістан автономиялы республикасының Халық Ағарту Комиссары қолдады. Халел Досмұхамедұлы мемлекеттік деңгейде ұлыттық кітапхананың шаңырағын көтеріп, уығын қадаған ізашар тұлға екені мұрағат қорында сақталған құжаттарды сөйлете отырып айқындадық. «Алтын қараймайды» деген Халел Досмұхамедұлының ұлыттық руханият пен ғылымбілімге, баспасөз бен баспа ісіне, кітəпхана мен бітіктану [кітəптану] саласына, ұстаздық-тəрбиелік жəне ағартушылықұйымдастырушылық қызметі, оның сыртында көп қырлы саясиəлеуметтік қайраткерлігі уақыт өткен сайын жарқырай түсеріне күмəн жоқ. Ол – үлкен стратег, Ойылда алаш офицерлерін даярлайтын мектеп ашып, əскери өнерге баулуды ұйымдастырушы; ұлыттық мемлекет тағдырына ықпалы бар маңызды елшілік мəселелердің оң шешілуіне үлес қосқан дипломат; қазақ əн-күйін нотаға түсіртіп, баспа бетінде жариялатушы жəне ана тілінде күнтізбе, саяси-əкімшілік һəм əлемдік саясигеографиялық карта, глобустарды жарыққа шығаруға тікелей атсалысып, креативті бастамаларға ұйытқы болған білімпаз, көп қырлы тұлға. 321

Қысқасы, Халел Досмұхамедұлының көсемсөз мұрасын зерттеу арқылы империялық бұғаудағы қазақ қоғамының саясирухани азаттығы жолындағы демократиялық күрес тарихы ұлыттық баспасөз бен баспа ісінің жай-күйі арқылы сабақтастырыла сипатталды. Елімізде Халел Досмұхамедұлының есімін ардақтап мəңгі есте қалдыру мақсатында бірсыпыра игілікті шаралар іске аса бастағаны мəлім. Осы ретте мынадай ұсыныс білдіргенді жөн санаймын: 1) Отандық көсемсөз шеберлері мен баспагерлердің шығармашылық ізденістерін ынталандыратын жыл сайын Халел Досмұхамедұлы атындағы арнайы сыйлық белгіленсе; 2) Халел Досмұхамедұлының толық шығармалары баспа бетінен жарық көруіне мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілсе; 3) Еліміздегі маңдайалды кітапханалардың біріне ұлыттық кітапхананың негізін салған Халел Досмұхамедұлы есімі берілсе – тарихи əділетті шешім болар еді; 4) Екі Дос – Халел мен Жаһаншаһ Досмұхамедұлына Алматы мен Астана қалаларында еңселі ескерткіш орнатылса, еліміздің өткен саяси-əлеуметтік өмірінде жұбы жазылмаған қос арыстың ұлытқа сіңірген шексіз қызметіне тарихи берілген баға, жас ұрпақты отаншылдыққа тəрбиелеуде ғибратты өнеге болар еді. 1999 жыл

322

Екінші тарау

КӨСЕМСӨЗ МАҚАЛАЛАР ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖАНЫ МЕН ТƏН САУЛЫҒЫНЫҢ ШИПАГЕРІ «Қылыштай қиғыр алмас ем, Шарға шауып мұқалдым. Суаруы қанық көк сүңгі ем, Сұғуын таппай тот алдым...»

Махамбет. «...Ардақты ер! Ұмытылмас еткен ісің Күні ертең айбынды алаш жинап есін. Көксеген көп заманнан тілегіңді, Жарыққа шығаруға жұмсар күшін». Мағжан.

«...Тіл жұрттың жаны... Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт əдебиетінен, көркем əдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру («Сана», №1, 1923 ж., 3–7 беттер.) керектігін мұнан табаны күректей алпыс жеті жыл бұрын Халел Досмұхамедұлы ескерткен екен. Ғасырлар бойы жасап келген ата-бабамыздың асыл мұрасы – ана тіліміз ауыр дертке шалдығып, мүшкіл халге түскен, тілімізге мемлекеттік мəртебе əперуге əрең қол жеткен бүгінгі таңда жоғарыдағы пікірдің мəні өз-өзінен салмақтана түседі. Ұлы төңкеріске дейін-ақ оқыған аз қазақтың ішінде шоқтығы биік тұрған тұлғаның бірі – таяуда ғана «ағарып», есімі халқына қайта оралған Халел Досмұхамедұлының тағдыры да соқтықпалы, соқпақсыз екені көпшілікке енді мəлім болып отыр. «Қыр қуарып, Сыр суалып, күйзелген» елдің бағына жариялылықтың желі есті. Халқымыздың арыс ұлдарының сіңірген еңбегі, төккен тері сарапқа салынып, 323

қалыптасқан қағида бұзылды; ой-санамызды сусатқан рухани қазынамыздың бұлақ көздері ашыла бастады. Ұлан-байтақ қазақ сахарасының батыс өлкесінде сол шақтарда қара халыққа тосындау бір оқиғалар туындап жатты. «... Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдағы Кіші Жүздің ішіндегі түрлі қимылдар жоғарғы сөздерге ыспат. Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты əбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды; қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дəуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, Кіші Жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды...» (Халел Досмұхамедұлы, «Исатай–Махамбет». Ташкент, 1925, 3 бет). Осындай ірі бас көтеруді Исатай, Махамбет бастады. Өрісін малдан, даласын жаннан қысып, өрлік-өктемдікпен билік етіп, ноқталамақ болған патша əміршілдігі мен хан Жəңгірдің тепкісіне шыдамай қарсы тұрған, ел мен жерін қорғау үшін атқа қонған Исатай мен Махамбет мұратына жете алмай дүниеден өтті. Ұлы дүбірдің дүмпуі басылмай жатып, дүниеге келген сəби есімін азан шақырып, Мұрат деп қойғанда ырымшыл қазақ, бəлкім, болашағына үлкен үміт артқан да болар!? Жастайынан өлең шығарып, айтысқа түскен Мұрат ақынның келе-келе жыр маржанынан шашу шашқан төкпелігімен, от тілді, орақ ауызды өткірлігі көптің көкейінен шықты. «... Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы, өлеңдердің сыртқы жағына келсек, Мұраттың тілі – əдебиетімізге негіз болған ел əдебиетінің тілі. Мұраттың өлеңдерінде қазақтың ел əдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, сықақ, жоқтау секілді үлгілерінің бəрі бар... (Мұрат ақын сөздері, Ташкент, 1924 ж.). Осындай ортада, халық əдебиетінде қайсарлық пен батырлықтың, өрлік пен ерліктің туын көтерген, қадау-қадау асыл діңгек, мық шегедей мықтыларды дүниеге əкелген қүтмекенде Досмұхамед пен Əйкеннің отбасында тағы да бір аймаңдай ұл шыр етіп жарық сəулемен дидарласты... Бұл оқиға 1883 жылы Гурьев (Үйшік) облысының Қызылқоға ауданында ел жайлауға қонған, көктемнің жазға ұласар шағында болған еді. Шілдеханаға əдейі Мұрат ақын шақырылды. Ақсақал қариялар «бауы берік болсын!» деп тілек-батасын білдірісті. Əйтсе де нəрестенің ержеткен соң мұнан жүз 324

жыл бұрын дүниеге келген Махамбет пен осы өңірдегі «елдің өзінен шыққан, қанымен қаны бір, жанымен жаны бір» мұңын айтып, жоғын жоқтаған Мұраттың алмас қылыштай жырларын тасқа бастырып, болашақ ұрпағына мəңгілік мұра етіп сыйларын ол кезде кім білсін... Заманның ыңғайын байқаған бозбала болашақты білімде деп ұқты, оқуға ұмтылды. Ел арасындағы қисса мен əфсаналарды, ертегі мен шежірелерді майын тамыза, құлақ құрышын қандыра əңгімелейтін шешендерді, жыршы, күйшілерді зер сала тыңдайтын Халел халық мұрасына ықыласы ерекше болып өсті. Ауылдық молдадан хат таныған ол орыс-қазақ мектебін тəмəмдап, Теке (Орал) қаласындағы реалдық училищеге түседі. Жас талапкердің оқуға деген зеректігі мұғалімдерді тəнті етеді. 1903 жыл. Əлемдегі санаулы ірі патшалықтардың бірі – Ресей болса, оның бас қаласы – Петербор. Петербордың тұманды, жаңбырлы бір күнінде отарбадан қыр қазағының қара домалақ баласы түсті. Ол – оқу іздеп келген Халел еді. Таудай талаппен келген жампоз жігіт Императорлық Əскери-медициналық академияның сынағынан сүрінбей өтті. Алайда соңғы талап бойынша академияның студенті атану үшін латын тілінен емтихан тапсыруы тиіс еді. Академия əкімшілігі Халел Досмұхамедұлының бұған дейін латын тілі пəнін мүлдем оқымағандығын ескеріп, бір ай мерзім дайындалуға мұрсат береді. Алған бетінен қайтпайтын алғыр жігіт латын тілінің оқулығын кітапхана қорынан іздеп тауып, бір ай өз бетімен əзірленіп, емтиханды беске тапсырады. Осы оқиғаның өзі академия ұстаздарын ерекше таңғалтып, көпке дейін тосын құбылыс ауыздан түспей жүрді. Көрінгеннің тісі бата бермейтін жоғары оқу орнын қыр баласы дөңгелек айналдырып, əріптес жолдастары мен алдынан талайлар өткен мəртебелі оқытушыларын аузына қаратты. Петербордың мəдени-тарихи орындары, адам қолынан туған сымбат өнерінің таңғажайып үлгілері, зиялы қауымы, бай кітапханасы, атышулы ғұламалардың дəрісі дарынды Халелдің қанаттануына жел берді. Қазақ ұланының саяси сана-сезімінің өсіп-жетілуіне астанадағы жоғары оқу орындары студенттерінің жаңаруды тілеген (реформатор) төңкерісшіл көңіл күйі түрткі салды. Оның үстіне дүниенің азабын тартқан халқына пана болсам деген ізгі ниет те балаң жігіттің кеудесінде ерте оянды. Академия қабырғасында өткен 325

алты жылды өнер-білімге құштар жан бас алмай, күні-түні көз майын тауысып ізденумен өткізді. Петербор кезеңіндегі Халел Досмұхамедұлының рухани дүниетанымы өсіп-жетіліп, ғылымға шындап ден қойған тұсында Ресейді дүр сілкіндірген ірі оқиға 1905–1907 жылғы төңкеріс болды. Оны өз көзімен көру, жеңілістің ащы сабақтары болашақ саяси қайраткердің идеялық жағынан қалыптасуына зор əсер етті... ДƏРІГЕР 1909 жылы Халел Досмұхамедұлы Императорлық Əскеримедициналық академияны алтын медальмен бітіріп, əуелі Пермь губерниясында, сонан-соң 2-ші Түркістан, кейін 2-ші Орал қазақ-орыс атқыштар батальонына əскери кіші дəрігер болып тағайындалды. Əскери борышын өтей жүріп, Халел туған халқының дəрігерлік көмекке мұқтаждығын көзбен көреді. Түрлі аурулардың алдын алатын қарапайым шараларын білмеудің ақыры елге үлкен қасірет əкеліп, орны толмастай өкініштермен аяқталып отыратындығына дəрігер ретінде қолдан келген көмегін жасап, бар күш-жігерін жұмсайды. Ел ішінде етек алған обаға қарсы күресіп, аурудан сақтанудың жолдарын əлеуметке түсіндіреді. Халқының болашақ саналы да, салауатты ұрпағын тəрбиелеудің маңызды іс екенін ерекше түсінген жан, бұл бағытта аянбай еңбек етті. Бұл мақсатты ойын жүзеге асыру үшін ол қалам күшін пайдаланудың керек екеніне көзі əбден жетеді. 1913 жылдан бастап əскери қызметтен мойны босап, Темір уезіне бөлімшелік дəрігер болып орналасқан Халел қолына қалам алып, баспасөзге араласты. Дəл осы жылы «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұрсынұлы сахараның түкпіртүкпірінен сырқат адамдардан келіп түскен, емделудің жолын сұраған хаттарға орай «Ауру жайынан» деп бас мақала жазып, қазақ дəрігерлеріне бұйымтайын айтады. Онда ол: «...қазақтың дəрігер ғылымын оқыған адамдары аурудан күтіну жайынан һəм жеңіл-желпі емдер жайынан жазып, елге ұсақ кітапшалар таратса екен. Көбіне қазақ ішінде жеңіл-желпі аурулар зор ауруға ұласып кетеді.» («Қазақ», 1913 ж.), деген уəжді өтініш жасайды. Ахаң ұсынысы діттеген ойынан шыққан оған қамшы боп, көңіліне дем берді. «Қазақ» газеті бетінде оның түрлі 326

аурулардан сақтанудың шаралары, əр дерттің өзіне тəн белгілері, емделудің жолдары мен қолданылатын дəрі-дəрмектің түрлері егжей-тегжейлі мағлұматтар берген ондаған мақалары жарық көрді. Аталған газеттің 1914 жылғы №60, 62, 63 сандарында Халел «Жұқпалы аурулар» деп аталатын көлемді мақаласын жариялайды. Қазақтың «Сынықтан басқа жұғады» деген мақалын эпиграф етіп алған ол осы еңбегінен-ақ ойын қағаз бетінде оқушыға еркін жеткізе алатын қаламгерлік шеберлігімен-ақ танылды. «Алла тағаланың жер жиһанға жіберген аурулары бар, бұл аурулардың бірқатары жұқпайды. Бірқатары жұқпалы. Жұқпалы аурулардың көбі – құрт аурулар. Бір адамның ішіне яки қанына бір аурудың құрты кіре қалса һəм өсіп-өнетін жұғымды орын тапса, бір құрт бірнеше минутта бірнеше мың, яки миллион болып өсіп-өніп кетеді. Бұл құрттардың көбі уын шашады, уы қанға таралып, адамды ауру қылады. Əр түрлі құрт тек өзіне тиісті ауру береді. Кезіктің құрты тек кезік қылып ауыртады, жұманың құрты жұма қылып ауыртады, обаның құрты оба қылып ауыртады. Обаның құрты кезік, яки жұма қылып ауырпайды. Құрт аурулар жұқпалы дедік, ауырған кісінің қаны құртпен, яки құрттың заһарымен толып кетеді. Һəм ондай кісінің ішінен шыққан заттың бəрі құртты болады. Ауыздан аққан сілекей, түкірік, қақырық, құсық, мұрнынан аққан су, арттан шыққан нəжіс, сідік, қан жұқпалы болады. Немесе сары кезік сүзегі (брюшной тиф) дегеніміз не? Бұл аурумен ауырған науқастың алғашқы белгілері қандай? Дəрігердің өзін тыңдап көрелік: «Сары кезік ұзақ ауру. Бұл аурумен ауырған кісі бір ай, ай жарым төсек тартып жатады. Науқас болған кісінің басы ауырады, əлі кетеді, тамақ ішкісі келмейді, тұла-бойы қыза бастайды... Аз-кем сандырақтай бастайды. Тұла бойының қызуы күндізгіден кешке, түнде көбірек болады, тілі ағарып не қоңырайып, ерні жарылып кетеді. Алғашқы уақытта көбіне іші жүрмейді. Көбіне ішті қолмен басқанда оң жақ шаптың үстінен ауырсынады, іші құрылдайды. Ауруы күннен-күнге қатаяды. Өстіп бір жеті өтеді. Ауыра бастағаннан санағанда бірінші жетінің аяғында, екінші жетінің басында байқаған кісіге кішкене болып қызарып іштің терісінде қызылдар білінеді, қолмен басқанда бұл қызылдар батып кетеді, қолды алса қайта шығады...» («Қазақ», №64, 65, 1914 ж.). 327

Осылайша адам тəнінде кездесетін тоқсан түрлі дерттің атын айтып, түсін түстейді. Жалпақ елге белгілі ауру аттары, ұғымдар қазақы сөз саптаумен қиюын келтіріп, оқушының қабылдауына лайықтап, қарапайым тілмен жеңіл жеткізілген. Осындайда ой келеді, бүгінгі таңда базбіреулер, ойбай, медициналық оқу орындарында студенттерді ана тілінде оқытуға қазақ тілінде қалыптасқан ғылыми терминологиямыз жоқ, – деп аттонын ала қашатындар, осы ғасырдың басында жарық көрген еңбектерді оқуға мүмкіндігі болмаған, болса да көңіл бөлмеген немесе қиындықтан құтылып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді қалайтын жандардай көрінеді. Мақалада бір ғана «құрт» сөзінің микроп, вирус ұғымын білдіретін терминдік мағынада жұмсалуының өзі, автордың ана тілінің ішкі мүмкіншілігін сəтті пайдаланған ізденімпаздығының айғағы. Бұл саладағы еңбегін Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің шыға бастаған бір жылы ішінде оған атсалысқан, қаламымен қызмет еткен он төрт азаматтың есімін атаған тұста, сол кездегі оқыған дəрігерлер Əбубəкір Алдияров, Ырғызғазы Поштаев, Дəулетше Күсепғұловтармен қатар Халел Досмұхамедұлы есімін де зор ілтипатпен ауызға алды. Бас редактордың бұл марапаты ұлан-байтақ аумақты мекендеген қазақ ұлытының атынан берілген орденге пара-пар еді. Өйткені «Қазақ» газетінің пəрмені мен абыройы – иісі қазаққа ұлыттық мемлекеттік билік рəмізіндей əсер етті. Күллі саналы өмірін халқына қызмет етуден басқа бақыт жоқ деп білген Халелдің табиғи дарынының мол мүмкіндіктері Кеңес өкіметі тұсында жан-жақты ашылды. Ол 1920 жылдан бастап 1926 жылдар аралығында Орта Азия университетінің медицина факультетінде, онан кейін Қазақ АССР Халық денсаулығын сақтау комитетінде жоспарлау-ұйымдастырушы қызметтерінде жүріп қыруар істер тындырды. Қазақтың ұлыттық дəрігер мамандарын дайындаудағы Досмұхамедұлының қосқан үлесі өз алдына бір төбе. «Сегіз қырлы, бір сырлы» телегей-теңіз білім иесі, абзал азаматтың бөліп айтатын көп қырының бір парасы – сол кезеңнің аса ділгер сұранысын өтеген, медицина, жаратылыстану ғылымы бойынша тұңғыш ана тілінде жазылған оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік қолды кітаптары. Əсіресе, «Оқушылардың саулығын сақтау» (Ташкент, 1925 жылы, 23 бет), «Жануарлар» (бірінші 328

басылымы 1922 жылы Ташкентте 35000 данамен, екінші рет бірінші бөлімі «Сүйектілер туралы» Қызылорда–Мəскеу қалаларында 1928 жылы көлемі 228 бет, толықтырған, түзеткен күйінде қайта жарық көрді.), «Адамның тəн тірлігі» (Қызылорда–Мəскеу, 1927 жыл, 303 бет, тиражы 5000 дана), «Как бороться с чумой среди киргизского населения» (орыс тілінде) жəне Ю. Вагнерьдің «Рассказы о том, как устроена и работает наше тело» (Денелеріміздің түзілуі мен жұмыс қылуы», 1924), «Рассказы о том, как живут и устроены растения» (Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы əңгімелер», 1924) бұған қоса тоғыз кітаптан тұратын «Жаратылыстану бойынша алғашқы білімдер» сияқты іргелі еңбектерін айрықша атаған жөн. Ана тіліндегі жаратылыстану ғылымының бастау көзіндегі тырнақалды дүниені жазу үстінде ғалым алдына қойған мақсатты ісінің жауапкершілігі өте зор екенін мына сөздері арқылы аңғартады. «Қазақ тілінде бұған дейін Ақыметтің «Тіл – құралынан» басқа ешбір ғылым жайында жазылған кітап болмады. Алдымызда үлгі болмаған соң ғылым кітабын жазу деген өте қиын болды. Қазақ тілі ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым ретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (термин) дұрыстап, түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап, түсінікті қылып аудару өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу алғашқы уақытта қиын болса да, өте мұқтаж нəрсе. Сөздің жүйесін келтіріп көркем қылып жазу да керекті нəрсе. Ғылым атауларына лайықты ат қою алғашқы уақытта тым мұқтаж, бүтін ілгергі болашаққа жол салатын нəрсе. Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда əсем қылып, сөздің жүйесін келтіріп жазудан гөрі ғылым атауларына лайықты атақ тағу жағын қарастыру керек дейміз»... (Жануарлар», 1928). Жалпы, Досмұхамедұлының мақаладан бастап, кітап болып басылып шыққан ірілі-ұсақты жоғарыда басын құрап, медицина оқу орындарының қазақ бөлімдерінде дəріске пайдалануға əбден болады деп ойлаймыз. Екінші, Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңына орай қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеге ие болып, тынысы ашылып, өрісі кеңейген бүгінгі таңда ғылымның жаңа 329

жетістіктерін төл мəдениетімізге сіңіру үшін де, ілгерідегі еңбектердің негізіне сүйене отырып, оқулықтар жасаудың ерекше мəні бар. Халел Досмұхамедұлы өмірінің ақырына дейін негізгі мамандығы – дəрігерліктен қол үзбей, Воронеж Əлеуметтік денсаулық жəне гигиена институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ Қорғансыз елінің теңсіздігі үшін бастарын қауіп-қатерге тігіп, бес облыстан жиылған қазақтың зиялы ұлдары 1905 жылы Теке (Орал) қаласында конститутциялық-демократиялық саяси партия құрғанда араларында студент Халел де бар еді. Көп ұзамай патша өкіметіне қарсы бас көтерген жұмысшылардың əрекетінен түк шықпай, аяусыз басып-жаншылып, елде қуғынсүргін басталды. Патша охранкасының қатал бақылауына алынған Халел де басқа жолдастары сияқты ізін жасырып, астыртын қимылға кіріспеске амалы қалмайды. Оқуын үздік аяқтаған ол үстіміздегі ғасырдың 10 жылдарында қызмет бабымен Орал өңіріне келіп, халқының саясиəлеуметтік ахуалымен жақынырақ танысты. Танысқан сайын патша əкімшілігі мен жергілікті атқамінер ақсүйектердің екі жақты езгісінен ауыр азап шеккен қалың бұқараға қол ұшын беріп, тығырықтан шығудың жолын іздейді. Одан шығатын бірден-бір жол – халқының рухани сауығуы оқу-білімге ұмтылғанда ғана сана-сезімі оянатынына түсінеді. Халқының рухани жан саулығы мен тəн саулығының шипагері бола білген Халелдің 1916 жыл дүрбелеңі, Ақпан мен Ұлы Қазан төңкерістері тұсындағы атқарған қоғамдық-саяси қызметтері, ұстанған идеялық бағыт-бағдарларын айғақтайтын құжаттар мен дəйектемелердің əзірге қолымызға түспеуі əлі де болса зерттей түсуді қажет етеді. Бұл кезең туралы білетініміз – 1917 жылы Орынбор қаласында «Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің» болғандығы. Желтоқсанның 5 мен 13-і аралығында өткен құрылтайға Халел арнайы шақырылады. Құрылтайда ұлыттық түрлі мəселе қаралып, қазақ-қырғыз өлкелік автономиясы жарияланып, «Алашорда» өкіметі құрылады. Саяси алмағайып, аумалы-төкпелі заманда жалпақ қазақтың сорына қазақ 330

зиялыларының үшке бөлініп, үш жаққа тартты. Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы Семейде, Халел Досмұхамедұлы мен Жанша Досмұхамедұлы Оралда Батыс Қазақстан «Алашордасын» құрса, ал Мұстафа Шоқайұлы Жетісу, Қоқан автономиясы тізгінінен қатар ұстауға тырысты. 1918 жылы Жанша мен Халел Досмұхамедұлы Мəскеуде Владимир Ильич Ленинмен жəне Ұлыт мəселесі жөніндегі Халық Комиссары Иосиф Виссарионович Сталинның қабылдауында болып «2-ші жалпы қазақ-қырғыз құрылтайының» шешіміне орай автономия құруға байланысты пікір алысады. Бұл тарихи оқиғаға байланысты дерек 1927 жылдан бастап шыққан «Алашорда» туралы жазылған еңбектерде: «Буржуазиялық-ұлытшыл «Алашорда» өкіметінің өкілдері Халел мен Жанша Досмұхамедұлы Қазақстанға буржуазиялық негізде автономия беруді талап етті» (В.И. Ленин. Биографическая хроника. Том 5. М., 1974, 352 б.) деп айтылып келеді. Осы саяси мəні бар ресми сұхбатқа тарихшылар тарапынан əділ баға беріліп, жазбасы əлі күнге шейін жарияланбай келеді. Бұл қазіргі жариялылық заманында «қазақ лениннамасы» тарихының да орны үңірейген ақтаңдақ беті. 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) қаулысымен алашордашыларға «кешірім жасалып», олар енді Кеңес өкіметінің жұмысына тартыла бастады. Осылардың қатарында Халел Досмұхамедұлы да күллі білімі мен күшқуатын аямай халқына қызмет етті. Ол 1920 жылы Тəшкен қаласында Халық ағарту институтында оқытушы бола жүріп, ғылыми-педагокикалық жұмыстармен айналысады. Осы жылдары ол Қазақ-қырғыз Білім комиссиясының төрағасы ретінде қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарында оқылатын пəндердің бағдарламасын жасауға, түрлі саладағы оқулық кітаптарын жазуға, ғылыми терминологияны қалыптастыру жұмыстарына атсалысады. Досмұхамедұлының халық-ағарту саласындағы еңбегінің бір парасы – күні бүгінге дейін бағасын алмай жүрген ана тілінде оқулықтар шығару ісі. Қазақ баласы тұңғыш рет ана тілінде оқыған «Табиғат тану» кітабының алғы-сөзін оқып көрелік: «Бұл кітап қылып шығарып отырғанымыз Тəшкендегі Қазаққырғыз институтының шəкірттеріне оқылған дəрістіктің бір 331

бөлегі. Ғылым ретінен кітап жоқ болған соң, балалардың өтінуі бойынша баспаға беріліп отыр. Термин табу бек қиын. Сөйткенмен, қолдан келгенше терминдерді нағыз қазақ сөзінен алдық...» («Табиғат тану». Ташкент, 1922 ж.). Осы аталған еңбегінің жалғасы «Жануарлар» (Сүйектілер туралы) атты оқу құралының кіріспесінде Халел оқу-ағарту саласындағы істелінудегі шаралар мен уақыт талабына байланысты кездесетін қиындықтар жөнінде мол мəлімет береді. Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын қалыптастыру жолындағы батыл ұсыныстары мен тың ойларын ортаға салады. «...Біздің тəжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Олай-бұлай созуға өте ыңғайлы келе беретін тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып, реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем емес, бұған илануымыз керек» («Жануарлар». Қызылорда–Мəскеу, 1928 ж.). Талай буынның рухани көзін ашқан Халел жазған оқулықтардың өз дəуірінде бірнеше рет баспа жүзін көргені енді белгілі болып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеге ие болған бүгінгі күні де бұл кітаптардың тіліндегі ұтымды жаңа қолданыстар мен тың балама сөздерді ұлыттық ғылым тілін дамыту жолында кəдемізге жаратуға əбден болады. Бүгін біздің құлағымызға сіңіп, жаттанды болып кеткен «Табиғат тану» пəнінің атын тұңғыш рет ғылыми терминологиямызға енгізген Халел Досмұхамедұлы екендігін айта алмай келдік. Немесе бір кезде ғалым алғандай қазіргі «зоология» орнына «жануарлар», «анатомия» орнына «адамның тəн тірлігі» деп алсақ қандай жарасымды болар еді. ЖОҒАРЫДА АЙТТЫҚ, Халел Досмұхамедұлы – көп қырлы дарын иесі. Ол – дəрігер, қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, ұстаз ғалым, əдебиетші жəне ауыз əдебиетінің тамаша үлгілерін жинап, насихаттаушы һəм шебер аудармашы да. Бір ғажабы, 30 жылдардың зұлматы түгел сыпырып əкеткен, қаны шыққан реппресияға дейінгі қазақ зиялыларының (Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Құдайберген Жұбанұлы, т.б.) бəрі шетінен талай ғылымның басын шалған əмбебап жандар екені мəлім. Мұның сыры – уызынан ауызданған ұлыттық тəлім-тəрбиенің тамырынан ажырамаған 332

дəстүрлі жалғастығында болса керек. Маңдай алды осындай азаматтардың қатарында «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзді бойына сіңіріп өскен Халелдің көп тіл білетін – полиглот екенін айтпасқа болмайды. Оның бұл өнері – ана тілінің жекелеген мəселелеріне қағидалы пікірлер айтуына, өзге жұрттың озық үлгілерін терең меңгерген білімпаздығы қазақ топырағында өте зəру оқулық құралдар жазу ісінде зор көмегін тигізді. Тіл білу – жарты байлық. Егер ғалым орыс, неміс, латын, араб, парсы, туыстас түркі халықтарының тілдерінде емінеркін сөйлеп, түсінісе алса, ол – əрине, кез келгеннің пешенесіне жазбаған бақыттылығы еді. Бүкпесіз ашық мінезді Қарашаш Халелқызына арнайы жолыққан əңгіме үстінде, өткен балалық шағын, аяулы əкесін есіне алып: «Воронежде мен Александр Сергеевич Пушкин атындағы №1 орыс орта мектебінде шет тілі пəнінен немісше оқыдым. Əкем менімен немісше сөйлесіп, үйге берілген тапсырманы үнемі қадағалап, пысықтап, қайта-қайта сұрап, тексеріп отыратын. Сондықтан біз (Сəуле апай, мен, Төле інім) неміс тілін жақсы біліп шықтық», – деген еді. Əйгілі ғалымның «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» (Ташкент, 1924. 53 бет.) деп аталатын еңбегі Қазақ тіл білімі ғылымының тарихынан ерекше орын алады. Осы уақытқа дейін ғалымдар назарынан тыс қалып келген, бұл монографияда автор қазақ тілінің табиғатына сай, ерекше белгісі – үндестік заңын, басқа туысқан түркі тілдерімен салыстыра отырып зерттеген. Ол жат сөздерді (кірме сөздерді, терминдерді) қолданғанда сингармонизм, яки дыбыс үндестігі заңдылығын сақтау керектігін ескертеді. Ал бұл заңдылықты сақтамаса тілдің табиғи құрылымы өзгеріп, осы айрықша қасиетінен айырылып қалатындығын түркі тілдерінің (Стамбул түріктері, Қазан ноғайлары, өзбек, т.б.) мысалы арқылы дəлелдейді. Халел Досмұхамедұлы Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Қазақ-қырғыз Білім комиссиясын басқара жүріп, «Сана» атты ғылыми-көпшілік, əдеби журнал шығарды. Журнал шығарудағы мақсатын беташар санында: «Заманымыз мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек... 333

«Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса... кемшіліктерді жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс, дегенмен де кіріспеске амал жоқ...» («Сана», №1, 1923 ж.). Журнал бетінде ғылымның түрлі саласынан танымдық хабарлар, шет елдердің мəдениеті мен өнері, үлгілі істері жөнінде қызықты деректер басылып отырды. Негізінен журналдың ұстанған бағыты қазақ халқының өткен тарихи-мəдени ескерткіштері, əдет-ғұрпы, салт-санасы, дүниенің жаралу, даму заңдылықтыры, демографиялық санақ, киген киімі, тұтылған бұйымдары мен заттары, жан-жануарлар əлемі, бағзы əдеби жəдігермен, ойын-сауық, өткен ірі тарихи тұлғалардың өмір жолдары, қалдырған ғибратты сөздері жайында толық мағлұмат беруді мақсат етті. Демек, бұл басылымды бүгінгі ғылыми-көпшілік журналдарымыздың («Зерде» сияқты) төлбасы десе де болады. Жоғарыдағы мақалада Халел өзі де: «Сана» шындығында журнал емес, бөлек басылып шықпайтын уақ білім сөздерінің жиынтығы. Оқу кітабын жазу қиын жұмыс, ұзаққа созылатын жиі шығарып тұру қолымыздан келмегендіктен білім беретін уақ сөздерді жиып, журнал ретінде шығарып тұруға ойладық...» дейді. Журнал бетінде Бас редактор көп мақалалар жазды, ауыз əдебиеті нұсқаларын жариялады. Əйтсе де, өкінішке орай, маман қаламгерлерінің аздығы, «Білім Кеңесінің берген ақшасы журналдың техника жұмыстарынан артпауы», жəрдем беретін, көмек қылатын кісінің аздығы «Сананың» 1924 жылы амалсыз жабылуына себеп болды. Оның орыс тілінде жарияланған «Бұхарадағы Көгелташ медресесінің құрылысы туралы аңыз» жəне «Самарқанд қаласындағы Тіллəқары мен Ширдар медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі» мақалаларының тарихи мəні құнды. Соңғы мақаласында ол Самарқандты билеп тұрған кезінде сəулет өнерінің жауһары Тіллə-қары мен Ширдар медреселерін салдырған Кіші жүздегі əлім-төртқара руынан шыққан тарихи тұлға – əмір Жалаңтөс батырдың (Ялантуш-Бахадур) ерлік істері мен тұқым-заузатынан мол дерек беретін мəліметтер келтіреді. Халел Досмұхамедұлының Ташкентте өткен (1920–1928 жылдар) өмірі творчестволық жемісті жылдары. Поливановпен бірге «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қосымша 334

материал» кітапшасына (1924 ж.) жəне «Қыз Жібек» (1923 ж.) «Кенесары–Наурызбай» (1923 ж.) жыр кітаптарына редакторлық етті. 1924 жылы маусымның 12-сі күні Орынбордағы Оқу қызметкерлері ұйымының мəдениет үйінде қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайы өтті. Түркістан қазақ-қырғызынан өкіл болып Халел Досмұхамедұлы мен қырғыз Ишанали Арабайұлы қатысады. Осы съезде Халел халық ауыз əдебиетін жинау жəне оны жариялау, емле, терминология мəселелері бойынша түйінді пікірлер айтып, бірнеше рет сөз сөйлейді. Осы жылдары оның қоғамдық, ғылыми-ағарту саласында атқарған қыруар жұмыстары ескеріліп, Россия Ғылым Академиясының мүше корреспонденттігіне бірауыздан сайланады, Қазақстан Өлкесін зерттеу қоғамының мүшесі, Халық Комиссариатының Денсаулық сақтау коллегиясының мүшесі жəне де басқа қызметтерді қатар атқарады. Қазақ əдебиеті тарихында ұлы Абайды тұңғыш рет дүниеге танытып, шығармаларын 1909 жылы алғаш кітап етіп бастыруға мұрындық болған Əлихан Бөкейханов болса, Махамбеттің атойлаған жауынгерлік рухтағы жырларының тасқа басылып, қалың елге таралуы – Халел Досмұхаммедұлының еңбегі. Ол Батыс Қазақстанның Гурьев (Үйшік), Орал (Теке) аймағындағы халық əдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауға атсалысты. Оның ішінде Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын «Мұрат ақын сөздері» (1924 ж., 152 бет.), «Исатай–Махамбет» (Ташкент, 1925 ж., 161 бет.) алғы сөз орнына көлемді зерттеу мақалаларымен шығарды. Жиырмасыншы жылдардың аяғында қазақ халқының өмірінде күрт өзгерістер болды. Қазақстандағы бар билікті қолына алған Филип Исаевич Голощёкин «Кіші Октябрь» саясатын жүргізіп, елді тоз-тоз етіп, зиялыларын қуғынға ұшыратқан зобалаң басталды. Отбасының уайымын қойып, жұрт басының қайғысын ойлаған азаматтар абақтыға қамалып, біреу үстінен шағым айтқан жылпос арызқойлар мен «жоғарының» əмірін басын шұлғып, екі етпейтін белсенділердің тасы өрге домалады. Төрт түлік малға толған сахараның бағы тайып, аш-жалаңаш мұңлы ғаріптердің көз жасын көл қылған зарлы заманы туды. Баспасөз беттерінде көңілге салқын, көзге жат оғаш хабарлар «əшкереленген неміс-жапон жансыздары», «бет335

пердесі ашылған үстем таптың өкілдері», «қазақтың ата жауы ұлытшыл, алашордашылар» қателерін мойындап тиісті жазаларын алып жатты. Əрине алдыңғы лекте халқының ақылман ұлдары нақақ жалаға бірінші боп ілікті. Солардың ішінде Халел Досмұхамеұлы да тұтқынға алынып, қараңғы үйге қамалды. Сот үкімі айыпты деп тауып, бес жылға Воронежге жер аударылды. Торға түскен торғайдай бала-шағасымен бірге барған ол, тағдырдың жазғанына көнеді. «Əкеммен Воронежде Жанша Досмұхамедұлы, Əбдіхамит, Жақып Ақбайұлдары, Əшім Омарұлы, Сейдəзім Қадырбайұлы, Кəрім Тоқтабайұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жұмақан Күдеріұлы, Мұхтар Мурзиндер бірге болды», – деп жалғастырды абзал азамат өмірінің соңғы кезеңін есіне алып Қарашаш Халелқызы, «осы қалада оқыған болашақ тарихшығалым Ермұқан Бекмахановпен кейін партия қайраткері болған Жақыпбек Жанғозиндер де біздің үйімізге жиі келіп тұратын. Əлі күнге шейін көз алдымда: жаз шыға əкем қала сыртынан бау-бақшасымен үй жалдап алатын. Олардың Дубовка, Сосновка, Сомово деген аттары да жадымда қалыпты. Қаладағы қызметіне пойызбен қатынайтын ол, кешкі астан соң мені, Сəуле, Төле үшеуімізді серуенге орманға алып шығып, ағаштар мен шөптердің түрлерін, құстардың салған үндерін тыңдатып, аттарын ажыратуды үйрететін. Біз үшеуімізді үйге мұғалім жалдап пианино үйреттіретін. Өзі қолы босаса, ағам Əділханмен шахмат ойнағанды ұнататын. Əкем Жорж Бизенің «Кармен», 1936 жылы Қазақстанның Мəскеудегі онкүндігіне арнап, жаңадан шыққан «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» арияларының қазақша күйтабақтарын патефонға ойнатып, бізге тыңдаттыратын... 1938 жылы шілденің 26-сы күнгі түн менің мəңгі есімде қалды. Түн ауа біз үйдің сыртқы есігінің қатты тарсылынан шошып ояндық. Есік ашылғанда ішке əскери киінген екі кісі суыт кіріп келді. Əкеме қолдарындағы ресми арнайы рұқсат қағаздарын көрсетіп, ай-шайға қарамай тінту жасай бастады. Ағам Əділхан əкеммен қазақша тілдесе бастап еді, келген кісінің бірі: – Сіз қазақша сөйлескенді доғарыңыз! – деп əмірлі үн қатты. – Мен орысша білмеймін, – деген Əділханның жауабына: – Сіз қалайша білмейсіз, медицина институтында оқымайсыз ба!? 336

– деп түсін суытты əлгі адам. Бəрін біліп отыр екен. НКВД-ның екі қызметкері үйдің астан-кестеңін шығарып, үш-төрт кітап, тағы бірдеңелерді алды. Əкем кетерінде: – Мені енді күтпеңдер, Алматыға көшіңдер! – деді де қараңғы түн құшағына сіңіп кетті... Өткен іске өкінгенмен пайда жоқ. Иə, күн шықпайын десе де, таң қоймайды. Уақыт – емші деген осы. «Ана тiлi» газеті, 1990. – 28 маусым; – 5 шiлде.

СЫР ТҰНҒАН КҮМІС САПТЫАЯҚ Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі, ұлытымыздың ардақты перзенті Халел Досмұхамедұлы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының аяғында кеңестік тоталитарлық жүйенің нақақ жаласымен тұтқындалып, абақтыға жабылды. Бұл қызыл империяның қазақты айдағанға көніп, айтқанға жүретін тобырға айналдыру мақсатында сатылап «санасын тазартудың» құпия жоспары болатын. Бірінші кезекте алаш зиялыларына қарсы ұдайы баспасөз бетінде ұйымдастырылған ақпарат соғысының нəтижесі ұлыттың жақсысы мен жайсаңдарын «жау қылып» көрсетіп, оларды жаппай жазалауға, сағын сындыруға, рухын жасытуға негіз болды. Екі жылға жуық созылған істі тергеу жұмысын жүргізген Біріккен саяси бас басқармасының (ОГПУ) жалған айыптау мен қаралауға құрылған заңсыз əрекеттері оның əбден жүйкесін шаршатып, абақтының сыз еденінен өтіп, сүйегіне жеткен, суықтан бебеулеген күндері мен түндері, əпербақан тергеушілерден шеккен аяусыз азабы мен жан шошырлық тепкісі із-түзсіз кетпеді. Сот үкімі Халел Досмұхамедұлын, Жанша (Жаһаншаһ) Досмұхамедұлын, Мұқамеджан Тынышбайұлын, тағы басқа бірсыпыра алаш арыстарын Кеңес Одағы Қылмыстық кодексінің 58/7, 58/10, 58/11 жəне 59 бабының 3 тармағына сəйкес іс қозғап, «жазаларын» бес жыл мерзімге концлагерьде өтеуге кесіп, іле-шала ол шешім бұзылып, Ресейдің қаратопырақты облыстарына жер аударумен ауыстырылды. Сөйтіп қазақтың біртуар ұлдарымен Воронежге жер аударылған Халел Досмұхамедұлы əр күні жылға татырлық қиямет-қайым тозақтың шеңгелінен əзер дегенде аз-кем 337

босанғандай үміт оты жылт еткен еді. Алайда бейтаныс жат өлкеде тіршілік үшін тынымсыз еңбекке араласып, өзімен бірге болуға рұқсат берілген отбасын асырауға жанкештілікпен бар күші мен қайратын жұмсауға тура келеді. Басына түскен қиындықты мойымай көтеретін нар тұлғаның денсаулығы сыр беріп, оның үстіне тұрмыс деңгейінің төмендігі мен ауа райының тосын ерекшелігі өкпе сырқатына шалдығуына, жүйке дерті қозып, тұла бойы дамыл таппай қышыма ауруына душар етті. Императорлық Əскери медициналық академияны алтын медальмен бітірген, талайлардың жанына араша түсіп ажал тырнағынан құтқарып қалған; қазақ даласында жүздеп, мыңдап «садақа алып тұрған» жұқпалы індетке қарсы өзі сұранып барып тажалдың бетін қайырып, халқына қорған болған ізгі жүректі дəрігер, есіл ер нақ осылай тағдыр тəлкегіне ұшырайды деп кім ойлаған. Кеңес Одағы Біріккен саяси бас басқармасының алқасына жолдаған арызында ол өзінің денсаулығына орай арнайы күтімнің керектігін, жыл сайын Қырымға, Кавказға немесе қымызбен емдейтін санаторийлерге бірнеше ай бойы жүйелі ем қабылдағанда ғана дертіне дауа боларын, ал дəл кəзір саяси сенімсіз ретінде мұндай мүмкіндікті пайдаланудан еріксіз айырылып отырғанын қынжыла баяндайды. Осындай төтенше жағдайға байланысты қалған кесімді жаза мерзімінен бұрын босатуды не болмаса уақыт межесін қысқартуды өтінеді. Халел Досмұхамедұлы 28 наурыз 1934 жылы жазған осы арызының аяғында тұрақты мекен жайын «Воронеж қаласы, Ветеринарный көшесі, 13-үй» деп көрсетеді. Арызға қосымша: қалалық тубдиспансер анықтамасы; Воронеж медицина институтының Жүйке ауруы емханасының берген анықтамасы; Воронеж қалалық тубдиспансердің бактериологиялық қорытындысы, қақырық пен қанын тексерген анықтамасы тіркелген (ҚР ҰҚК архиві, 06610-іс, 3-том, 200, 210-парақтар). Халел Досмұхамедұлының үміті ақталып, кезекті еңбек демалысы кезінде қалаған санаторийіне барып емделуіне Біріккен саяси бас басқарманың арнайы рұқсаты беріледі. Мұнан соң ол жыл сайын бала-шағасымен Қырымға барып демалып, денсаулығын күтуіне мұрсат алады. Атажұрттан жырақ Воронежде өткізген жылдары жалпыға бірдей ресми салтанатты мейрам күндерін сылтау ғып саналы ғұмырында бір-бірінен ажырап көрмеген, тағдырлас Халел, 338

Жаһаншаһ, Мұхамеджан дастархан басында қауышып, өткенкеткенді еске алып, ел-жұртқа деген сағыныш сезімдерін өзара бөлісіп, іштегі шемен боп қатқан шерлерін тарқатуды əдеттеріне айналдырады. Осындай бас қосудың оңаша бір сəтінде Жаһаншаһ егіздің сыңарындай болған қанаттас серігі Халелге достықтың белгісіндей, бекзаттықтың рəмізіндей күміс саптыаяқ сыйға тартады. Ғылымның сан саласынан жан-жақты білікті қазақтың даласындай кең пішілген дархан жүрек, көсем тұлға күміс ыдыстың адам ағзасына тигізер пайдасын нəзік ұғынғандықтан, сірə, əдейі ұсынған болар?! Өйткені асыл металдан жасалған алтын, күміс ыдыс-аяқ сыйлау қадым заманнан жалғасқан ата салтымызда бар дəстүр. Қазақтың ұшқан құстың қанаты талатын маң даласында қолына құмыра ұстаған балбалдар «шөлдегеннің мейірін қандыратын» рухани астарлы нышанды меңзейді... Күміс саптыаяққа байланысты осы оқиғаны мен өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында Халекеңнің қызы марқұм Қарашаш апайдың өз ауызынан естідім. Апайдың тəбəріктей сақтап келген əкесінің көзі тірісінде тұтынған заттарының арасынан Халекеңнің жеке мөрі, никель күлсалғышы мен күміс саптыаяғы көзіме оттай басылды. Халекеңнің қолының табы қалған əлгі алтынның сынығындай жəдігерлерді аударып-төңкеріп тамашалап, біраз отырдым. Қолыма ұстаған мезетте ұлылар рухының қуаты тебірендірді ме алпыс екі тамырым иіп, ұлыт болашағы үшін құрбандыққа шалынған, жазықсыз жапа шеккен ғазиз жандарға деген аяныш сезім қолқама тығылып, жанарымнан мөлт еткен ыстық жас үзіліп түскенін байқамай қалдым. Қарашаш апай қиындық пен қатыгездікті ерте көріп, қатайған жəне өте кірпияз, сезімтал жан болатын. Жақсының ізі емес пе, қаншама зұлматты бастан кешсе де, қаншама қорлық пен құқайды көрсе де Қарашаш апайдың жүрегі таза əрі əділ-тұғын. Бір басқа оңай соқпаған өмірдегі күйзеліс, ұдайы кеңестік идеологияның қуғын-сүргін тоқпағы, қоғамдық ортадан аластатпақ ниетпен «алашордашылдың қызы, халық жауының қызы» деп басқан қадамын аңдыған даттау мен табалау əрекеттер Қарашаш апайдың зағип болуының басты себебі. Оның маңдайындағы жанары мөлтілдеп тұрса да, көзінің оты жанбайтын, бірақ көңілі ояу, естігені мен көргенін ғұмырында ұмытпайтын жады таза, орысша, қазақша 339

сауатты кісі еді. Апай менің іштей толқып, сəл босағанымды діріл араласқан дауысымнан аңғарды ма, əлде жазмыштың тауқыметі талай мəрте сан соқтырған өкініштен бе, əйтеуір сауысқандай сақ қимылдап, əкесінен қалған мұрадан айырылатындай тез жинап алуға асықты. 1990 жылдың көктемі жазға ұласқан жайма-шуақ шағы еді. Қарашаш апайға əкесі туралы «Халқының рухани жаны мен тəн саулығының шипагері» атты мақала дайындап жүргенімді желеу ғып, соған Халекең тұтынған жеке мөрі, никель күлсалғышы мен күміс саптыаяғын көркемдік безендіру əрі тарихи айғақ ретінде суретке түсіруге бір-ақ күнге қиылып сұрап алдым. Дереу басыма бір ой сап ете қалды. Қазақ осы «Сынықтан басқаның бəрі жұғады» деп мəтелдейді Халел, Жанша сынды кемеңгерлеріміздің сусындаған күміс саптыаяғынан бірдеңе жұтып, ырымдап көрсек қайтеді?! Бəлкім, сол даналардың сарқытын ішкендей əруақтары желеп-жебер деген тəтті қиялмен жол-жөнекей дүкеннен екі шиша ақ арақ алып, өзім қызмет ететін Құрманғазы мен кəзіргі Достық даңғылы қиылысқан бұрыштағы «Ана тілі» газетінің редакциясына құстай ұшып, асыға жеттім. Құдайдың құдыретін қарасаңшы, бұл өзі газеттің кезекті əзірленген санын баспаханаға жіберіп, мойын сəл босаған кезге дөп келген. Менің желпінген көңіліме елең ете қалған бөлімдегі əріптес жігіттерге бірден ойымды баяндадым. Ұрыста тұрыс жоқ дегендей барлығы бірауыздан мені қолдады. Сонымен сəлден соң бөлменің қақ ортасына қарағай үстелді құрып, газеттің Бас редакторы Жарылғап Бейсенбайұлы, Бақыт Сарбалаұлы, Ертай Айғалиұлы, Ғарифолла Əнес, Қонысбек Ботбайұлы жəне осы жолдардың авторы замандастары «Екі Дос» атаған Халекең мен Жанша ағаларымыздың қолының табы, ауызының демі қалған күміс саптыаяқтан таңдайымызды жібітіп, тектен-тек, бейкүнə қуғын-сүргінге ұшыраған күллі алаш арыстарын еске алып, олардың рухтарының алдында басымызды иіп, тағзым еттік. Ар алдында ұлытының болашағы үшін ақ адал ғұмыр кешкен асылдарымызды «Ана тілінде» ардақтауға пəтуаластық. Бір ғажабы, əлгі күміс саптыаяққа «тентек суды» шүпілдете құйғанда шарадағы сапырған шұбаттай шып-шып көпіршіп, ащы дəмі мен ашуын лезде қайырып, сіміріп салғанда бой балбырап, көңіл шіркін, жадырап қоя берді... 340

Ол күндер де өтті, кетті, өшкені жанған, жоғалтқанын түгендей бастаған сол шақтағы ел-жұрттың мəре-сəре қуанышында шек болған жоқ. Ұлытымен қайта қауышқан алаш азаматтарын зарықтырған сағыныштың көз жасындай мөпмөлдір сыр тұнған күміс саптыаяқтан сусаған шөлді басқан «Ана тілі» газеті шаңырағындағы сол отырыс менің есіме жиі оралады. Абзалы, «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген рас. «Ана тілі» газеті, 2008. – №46(935).

ГЕНОЦИД миллиондаған қазақты аштан қатырған қызыл империя саясаты «Орда босап орнынан, Болмай қалды сапамыз. Тау ұшқандай орнынан, Босап қалды ортамыз...» (Халық жоқтауынан)

Қазақтың аяусыз қырғынға ұшыраған аса қасіретті, тарихи қаралы кезеңі, ұлыт ретінде тұтастай жойылып кету қауіпі төнген ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қызыл империя ұйымдастырған «аштық саясат» [Чокаев М. Голод и голодная политика большевиков в Туркестане // Дни. 1923, 22 марта.] – нəсілшілдік геноцид. Мұстафа Шоқайұлы айтқандай, қазақ ұлытын «коммунистің «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастау» көзделді. Қазақ жері сияқты географиялық ұлан-байтақ кеңістікті мыңдаған жылдар бойы игерген, климатына, ауа райына сəйкес шаруашылығы мен тұрмыс-салт дəстүрі қалыптасқан көшпелі елдің мəдени дүниетанымы мен кəсіби күн көріс жүйесін эволюциялық жолмен емес, революциялық жолмен бірден өзгеріске түсіру – ұлытты саналы түрде орны толмайтын шығынға душар етті. Ресей империясы өз мүддесі тұрғысынан ХІХ ғасырда Қазақ Даласын ғылыми зерттеген Ф.А. Щербина, 341

Л.К. Чермак, А.В. Переплетчиков, Н.И. Кузнецов, т.т. «есебіне» сүйеніп, қазақтың санын кемітіп жазуға, «артық жер» үлесін көбірек алуға жан таласа кірісті. 1896-1903 жылдардың аралығында Щербинаның экспедициясы құрамында болған Əлихан Бөкейхан егін салуға қолайлы құнарлы жерлердің топырағын аударып жыртудың ауа-райының жағдайына байланысты табиғатқа зияндылығын дəлелдеді. Өйткені Сарыарқаның соққан жел екпінінің күштілігі сондай – аударып жырту əдісін қолданған жағдайда тың жердің жоғарғы қабатындағы 15 сантиметр қара топырақты ұшырып əкету қауіпі барын, егер бұл шарт орындалмаса, таяу жылда Дала табиғаты құлазып, жердің құнарлы бетін ұстап тұрған өсімдік əлемінен ажырап, эррозияға ұшырауы əбден мүмкін екендігін Əлекең ғылыми уəжбен тұжырымдаған еді. Қазақ Даласының соқа тимеген тың өлкелеріне патша үкіметі ішкі Ресейден келімсектерді шегірткедей қаптатып, қоныстанушылар арқылы отарлау саясатын тереңдете түсуді қарқынды жүргізді. Қоныс аударушылар үлесіне тиген аудандардың егіске жарамды-жарамсыздығына қарамай жыртып, қысқа ғана мерзім аралығында жердің түгін кетіріп, ақ топыраққа айналдырып сақараның сəнін қашырды. Көздің жауын алатын құба жон, жапан түздің табиғи көрік келбеті мен өсімдіктер əлемінің танауды қытықтап, ерекше сезімге бөлейтін жұпар иісі, аққу қонып, қаз ұшқан мөп-мөлдір көлдері, жыртылып-айырылған аң-құстары қандай ғажайып сурет еді! Даланың ажарын кетіріп, сүреңін қашырған жаттың пейілі мен ниеті, сұғанақ көзі мен қиянат қолы тигеннен киесі мен берекесін қашырды. Жайылым тарылып, төрт түлік мал азайды, қазақтың күннен күнге күйі тайды. Қызыл империя Орта Азияда ең əуелі көшпелі қазақтарды, ішінара қырғыздарды аштан қатыруды мұрат тұтты. Көшпелі елді отырықшыландыру барысында коммунистер «қазақ пен қырғыз тосын жағдайға бейімделе алмай, ұжымдасып өмір сүруге көндікпей қырғынға ұшырады» деген қауесет таратып, билік өзін жауапкершіліктен ақтап алудың амалын алдын ала ойластырып қойды. Оған салыстырмалы мысал арқылы өз топшылауын дəйектеуді де көшпелілердің ауыздарына салды. «Орта Азиядағы өзбек, тəжік ағайындар аштан неге өлмеді?» деген сауал тастап, оған берер жауабы да дайын еді. Өйткені ол халықтар ежелден жерді емген диқаншы, еңбекпен жанын 342

бағатын жасампаз, ал қазақ пен қырғыз малдың соңында жүрген «дайын асқа тік қасық» масыл дегенге сайды. Сондықтан бұл ұлысты мəдениетке тартып, отырықшыландыруға мəжбүрлеп едік, тағылыққа үйренген жабайы жұрт еңбек еткеннен аштан қатқанын тəуір көрді. Қазақ, қырғызға көрші отырған төрүк тектес ұлыт пен ұлыстар да аштық деген болған жоқ, – деп қызыл саясат бар пəлені қазақ, қырғыздың өзіне аударып салды. Империя орыстың түбі бір туысы славяндар ішіндегі өзінен кейінгі сан жағынан басым ұлыт украйндарды да аяған жоқ. Украйндардың саясаттағы белсенділігі мен азаттық аңсаған ұстанымы өзін гегемон санаған революциялық қозғалыстың ұйытқысы орыс шовинистеріне ұнаған жоқ. Сондықтан туыстық жақын, тарихи тағдыры бір, тілдік ара жігі шамалы ұлытты əкімшілік-билік ресурсын пайдаланып ассимиляцияға түсіріп, орыстандырып жіберуді көксегендер оп-оңай деп жорыды. Қазақтың ұлыт ретінде тірі сақталуы – алаш арыстарының төккен қасиетті қаны мен терінің қайтарымы. Оны бүгінгі ұрпақ ешқашан естен шығаруына болмайды. Өйткені Алаш ұранын көтерген көсем тұлғалар тарих құрсағы мың жылда бір толғататын ұлытын өрге сүйреген ақыл-ой қазынасы еді. Бұл білімпаз жандар ат үстіндегі көшпелі елді бас-аяғы оншақты жыл ішінде ұлыттық құндылықтары таласқа түскендей дүрмекте ешкімге дес бермейтін саясат сахнасында белсенді, рухы өжет азаматтарды тəрбиелеп өсірді. Қызыл империяның этникалықрухани отарлауды мақсатты жүзеге асыруға кешенді қауырт кіріскен өткен ғасырдың 20–30 жылдары алаш арыстарының тəлім-тəрбиесін бойына сіңірген шəкірт буын оқығандар ұлыт мүддесіне лайықты қорғаныш бола білді. Кеңестік идеология бұрынғы Алашорда өкіметіне мүше болғандар мен əйтеуір оған қатысы барлардың азаматтық көзқарасына саяси сенімсіздікпен күдіктене қарады. Əкімшілік-билік мүмкіндіктерін асыра қолданған кеңестік идеологтар қазақ қоғамын, жергілікті коммунистерді «ескішіл көзқарастағы, түп төркіні, тегі байманаптан тарайтын зиянды элементтерден, алашордашыл, ұлытшылдардан» тазарту деген большевиктердің нұсқауын сылтау ғып, ел-жұртына шын жаны ашитын отаншыл азаматтардың арасына от жағу, арына тию, «əшкерелейтін қарсы деректер» жинау, жалған айып тағу, алдап-арбау, өсек тарату, басқан ізін аңду, қудалау, нақақ жазалау, арандату, т.т. адам құқын аяққа 343

таптаған заңсыздықтар арқылы қырғидай тиіп, сағын сындырды. Кеңестік саясат қалыптастырған қоғамдық ахуал ұлыттық мүддемен тіпті де санасқысы келмей ашық жаншып тастауды көздеді. Мемлекет жазалаудың адам төзгісіз жабайы, тағы əдістəсілдерін қолданса да алаштың ардақтылары идеялық ашық айқаста қарсыластарына мойынсұнбай ұлы мақсат жолында адалдығын танытты. Алаш оқығандары кеңестік идеология саласындағы қызметтің барлық түрлерінен шеттетіліп, абақтыдан абақты, жер аударылу, концлагерьлердегі азаптаулар, атылу жазасына кесілген ақырғы сəтінде де дұшпанына басын имей, еңсесін тік ұстап, қасқайып қарсы тұрды. Қоғам өмірінде үстемдік еткен төтенше жазалау жүйесінің қалыптасқан бақылауына қарамай алаштың арыстары жергілікті билік орындарындағы сенімді серіктері арқылы астыртын идеялық ақыл-кеңес беруді тоқтатқан жоқ. Əлбетте, 20 жылдардағы қазақ даласындағы кеңестік «аштық саясатының» зардаптарын жою мен елді аман сақтап қалуға алаш арыстары тікелей атсалысты. Бұл ретте қызыл коммунистердің орталықтан жүргізген билігінің ықпалымен 1918 жылдан бастап қазақтың Сырдария облысы (оның құрамына кəзіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Ташкент облыстары енетін) мен Жетісу облысы (кəзіргі Алматы, Шығыс Қазақстан облысының бірсыпыра жерлері жəне Қырғызстан толық енетін) Қазақ автономиясынан бөлініп, Түркістан автономиясының құрамына енді. Бұл біріншіден, Кремль басшыларының өте белсенді қазақтың жақсысы мен жайсаңдарының негізін құрайтын бұрынғы алашордашыларды бөліп тастауды көздесе, екіншіден, қазақ жерінің аумақтық меншігін саяси кесіп-пішу мүддесі алдағы күн тəртібіндегі жоспары еді. 1924 жылы Түркістан автономиясын таратып, жаңадан межелеуге байланысты бес ғасыр бойы қазақтың бас қаласы атанған Ташкентті Мəскеу саясаткерлерінің ұйымдастыруымен өзбектің иелігіне бергізді. Қазақ автономиясы басшыларының бірі, коммунист Сейітқали Меңдешұлы бұған ішкі наразылығын ашық білдіріп: «Ташкенттен айырылу – қазақтың басынан айырылғанмен пара-пар», – деуі соның нақты айғағы. Мұны айтып отырғанымыз кеңестік «бөлшекте де билей бер» саясаты – ұлыт мүддесінің органикалық бірлігін бұзумен қатар қоғам өмірінің əлеуметтік-шаруашылық, мəдени-рухани 344

саласының барлық буынында авантюралық іріткі салып, адастырумен болды. Алайда қайда жүрсе де алаш азаматтарының жүрек түкпіріндегі алаңдатқан маңызды мəселе – ұлыт тұтастығы, ұлыт мүддесі болды. Сондықтан қазақ жеріндегі «қолдан жасалған аштықты» олар ұлыттық апат деп түсінді. Ажал құрсауындағы ел-жұртын құтқаруды перзенттік парызы санаған Ташкенттегі Халел Досмұхамедұлы бастаған алаштың айтулы тұлғалары «Ақ жол» газетінде үндеу жариялап, көмек қолын созып, атқа қонды. Ол үндеуде былай делінді: «АРДАҚТЫ АЗАМАТТАР! Бұл күнгі мына сұрапыл ашаршылықтың жұртты жан алқымға алып, састырып тұрғандығын өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Бұрынғы тарихтарда мысалы көрілмеген бұл ашаршылық, жұрттың қолын байлап, танауын тарс бітіріп отыр. Аштық аудандағы бауырларың босуда, қырылуда, ашаршылық құрығына іліккен бұл бауырларыңды осы күйі қоя бергенде жұрт болып ел қатарына кіреді, баяғыдай болып үйірге қосылады деуге болмайды. Сондықтан бұл бəленің алдын алып, ерте бастан қамын жеп, тың тұяқ, тоқшылық жердегі бауырлары туысқандық, елдің қайырымын жоғалтпас, ыңырсып өлімнің құшағында жатқан ағайындарын ескерер, жəрдем қолдарын созар деген үміттеміз. Бұл туралы ел ішіндегі ақсақал, жұрт ағасы азаматтар елді түсіндірер, үгіттер деп сенеміз. Ал енді ардақты ақсақалдар, ел ағасы азаматтар: 15-інші майдан бастап Арқадағы ашыққан қазақ, башқұрт бауырларымыздың пайдалары үшін ұдайымен екі жетілік жəрдем аптасы болады. «Өле жегенше, бөле же» деп айтқан бабаларының мақалын қазақ-қырғыз ұмытпас деген ниетпен сіздерге жүзімізді салып, сөзімізді айтып отырмыз. Ендігісін жұрт өзі білер. Халел Дос-Мұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жаһанша Дос-Мұхамедұлы, Иса Қашқымбайұлы, Қоңыр Қожа Ходжықұлы, Сұлытанбек Қожанұлы, Санжар Асфандиарұлы, 345

Мырзағазы Есполұлы, Кəрім Жəленұлы, Сəдуақас Сейфуллин, Əшім Омарұлы, Уəлихан Омарұлы һəм басқалар».

Қазақтың досы – қазақ, қазаққа – қазақтың ғана жаны ашитындығын қиын-қыстау шақта алаштың оқығандары ісімен дəлелдеп, қыр өлкесіндегі ауыл-ауылдың тұрғындарын ажал ауызынан құтқарып, елге ес болды. Олар Түркістан азық-түлік комитетін құрып, автономияға қараған ауқатты қазақтың ұждан сезіміне тиіп, аштық жайлаған аудандардағы хал үстінде жатқан бауырларына қайырымдылық көмек беруін жария етуі мұң екен, аянып қалған ешкім болмады. Түркістан азық-түлік комитетінің ұйымдастыруымен жауапты азаматтарды ел ішіне арнайы жіберіп, жиналған астық пен аяқты малды аштық жайлаған аудандарға дереу жеткізу жолдарын қарастыруды қатал қадағалау тапсырылды. 1921–1922 жылдары Жаһаншаһ Досмұхамедұлы Түркістан азық-түлік комитетінің тапсырмасы бойынша Қарақол (Пржевальск) қаласында болып, Қазақстанның ашаршылыққа ұшыраған солтүстігі мен батыс облыстарына жиналған ішім-жем, ас-ауқат жіберумен айналысты. Ашаршылық дерті кең өрістеген əрбір өлкеге ас-су, талғажау етер тамақ жеткізетін жауапты азаматтар бөлініп, қандастарының шығынын азайтуға, шыбын жанына араша түсуге орасан зор септігі тиді. Алаш арыстары ашыққан қырғыз бен башқұртты алаламай, бірдей көмек беруді туысқандық парызы санады. Аштық тұтқынындағы қазақтың мейілінше титықтаған, арыған, аянышты халі, ақыл-есінен айырылған құбыжық кейіпі – кеңестік қызыл империя саясатының шектен шыққан «зұлымдығы» екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистік концлагерь азабынан асып түскендігіне дəлел. 1921 жылғы қазақ еліндегі аштықты көзі көрген Ахмет Байтұрсынұлы сұм дүлейден соры қайнаған жұртының тартқан азабын бірге шеккендей күй кешіп, жан дүниесі аласұрды. Ел басына төнген қайғы-қасірет ұлыттың ары Ахаңды өңінде де, түсінде де еш маза бермеді: «Ауру адамның, аш адамның есі, ақылы орнында болмайды. «Мастық не дегізбейді, аштық не жегізбейді» деген қазақта 346

мақал бар. Өткен қыс аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мегілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті. Мұның бəрі аштық əсерінен адамның есі шығып, ақылы қалмайтындығын көрсетеді. Аштық ақылын алмаса, адам аң дəрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін-бірі жер ме еді? Анасы баласын жеуге келгенде, ол анада ақылдан түк қалды деуге болар ма? Міне, тəн сау болса, жан да сау болатындықтың сипаты. Аштықтан адамның тəні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті...». Бұл Ахаңның 1922 жылғы «Қазақ календарына» жазған «Тəні саудың – жаны сау» атты мақаласынан алынған үзік. Оқығаныңды көріп тұрғандай жаншошырлық сұмдық жағдайды дұшпаныңа да тілемессің. Жан-жүйкеңді біз сұғып алғандай дір еткізер қорқынышты көрініс. Қазақтың басына түскен қайғықасіреттің түпкі себебін білімпаз жанның тереңірек талдап, астарын ашып жазуына ерік бермегені байқалып-ақ тұр. Оған əрине күш алған кеңестік билік басындағы коммунистердің Орынбордағы баспасөз құралдарын түгел өз бақылауына алуы – баспа жүзін көретін жарияланымдардың мұқият сүзгіден өтіп, сараптама жасалып тұрғандығы. Екіншіден, Ахаң 1920 жылдан бастап Қазақ Кеңестік Социалистік автономиялық Республикасының Үкіметі – Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамына еніп, Оқу-ағарту комиссары (министрі) болып сайланған еді. Ол 1922 жылдан Оқу-ағарту комиссариаты жанындағы академиялық [ғылыми] орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Осы құзырлы қызметтері мен лауазымын Ахаң туған ұлытының асыл арманына жетуіне жұмсаймын деген дəмесі зор еді. Алайда оның ол үміті көңілінен шықпай, күдер үзгені аян. Оның үстіне Ахаңның 50 жасқа толу мерейтойы қарсаңында дəл осы қайғылы оқиғалардың қат-қабат келуі көңіліне қаяу түсіргені күмəнсіз. Ол туған елі – Торғайдағы алапат аштықтан талай адамның ажал 347

құрығына іліккенін естіп, ресми биліктің де, ынталы алаш азаматтарын нақты көмек беруге ұйымдастырып, жатпай-тұрмай əрекет етумен басы қатты. Сондықтан «Бұған толық жауап беру үшін бірнеше том кітəб жазу керек. Бұл жазылып отырған кітəб емес, кəлендəр болғандықтан, жауап толық болмай, қысқаша ғана беріледі», – деуінің мəні осында еді. Əрине Ахмет Байтұрсынұлы қол қусырып қарап отырған жоқ. Ол ауызы жеткенше қазанның құлағын ұстағандарға ықпал етіп, қалам қайратымен ұлытқа жасалған бұл қаскүнемдіктің құныкері кеңестік саяси көрсоқырлық екенін тайға таңба басқандай көрсетті. Ахаң «Партия десек, Ленин дегеніміз» деп пір тұтқызған «күн көсемнің» өзімен бұл мəселеге байланысты жүзбе-жүз, ауызбаауыз тілдесіп қызыл саясаттың ұлытына жасаған шектен шыққан қатыгездік қиянатын бетіне басып, тиісті мемлекеттік шара қолдануды мəселе етіп қойды. Қайран елін қынадай қырған коммунистік зорлық-зомбылықтың күйігі қысқан Ахаңның сүйектен өтетін ащы сауалынан Владимир Ильич Ленин жауап қатуға дəті жетпей, тайғанақтап, сырғанақтай берді. Башқұрттың саяси жəне мемлекет қайраткері, төрүктанушы ғалым Зəки Уəлиди «Естеліктер» атты еңбегінде 1920 жылы қазақ өкілдерімен бірге Мəскеуге сапары туралы егжейтегжейлі баяндайды. Бұл ресми іссапарға қазақ өкілдерін Ахмет Байтұрсынұлы мен Байқадам Қаралдин бастап барады. «Жоғарыдан берілген арнайы нұсқау бойынша бізге қызыл командирлер мен офицерлер ерекше құрметпен қарады. Ол кезде большевиктердің құпия полициясы (ГПУ) мен шпиондық, тыңшылық қызметі кереметтей дамымаған еді. Ахаңмен оңаша «Метрополь» қонақүйінде емін-еркін, арқа-жарқа пікір алысудың сəті түсті. Осы жолы ұлыттық мəселе, ұлыттың өзін-өзі басқаруына құқықтық билігін беру жөнінде В.И. Лениннің де, И.В. Сталиннің де жеке қабылдауында болып, кең отырып дидарласудың, пікірлесудің мүмкіндігі туды». Ең əуелі Ахаң мен Зəкиді ұлыт мəселесі жөніндегі көзқарастарын өз ыңғайларына бұру үшін Л.Д. Троцкий, Н.И. Бухарин, Г.К. Орджоникидзе, Л.Б. Каменев, жұмысшы кəсіподағының төрағасы Г.Л. Пятаковтармен кездестіріп, Мəскеудің ұлыттық мəселеге қатысты идеялық ой топшылауларын ашық білдіреді. Бұл сұхбаттасулар пікір қайшылығын туғызған полемикаға ұласып, көңіл түкпірінде жағымсыз əсер қалдырды. Олар В.И. Ленин 348

мен И.В. Сталиннің кіші ұлыт пен ұлыстардың жанашыры болып көрінуі саяси ұпай жинау екендігін аңғарады. Əзірше көңілді аулай тұрып, ұлыттық саясаткерлер арасынан кеңес идеологиясын қолдайтын қайраткерлерді өсіріп алған соң, бұрынғы аға буын ұлытының қамын ойлаған, ұлыт мүддесі үшін күрескен көсем тұлғалардың көзін жоюды алдын ала жоспарлағаны білініп-ақ тұрды. Ресейдің архив қорынан алынған мəліметке түсінік берген Д. Аманжолова былай деп жазады: «В июле 1919 г., сразу после создания КирВРК, И.В. Сталин писал секретарю ЦК РКП(б) Е.Д. Стасовой о Байтурсунове: «Я его не считал и не считаю революционеромкоммунистом или сочуствующим, тем не менее его присутствие в ревкоме необходимо» (Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. М.: «Россия молодая», 1994, стр. 187). Сталиннің идеологиялық пікірлесіне жолдаған осы құпиялап ескерткен сөз лəмінде – қатыгез деспот, саяси маньяктың ойындағы жоспарынан хабар беріп тұр. «29 маусым 1920 жылы мен Лениннен күдерімді үзіп, күрес туын жоғары көтеруге ашық белімді бекем буып, Түркістан таулары мен даласына бет түзедім. Егер бұл күресімнен ештеңе шықпаса, бəлкім, Еуропаға кетуім əбден ықтимал... 30 маусым 1920 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен пойыз үстінде қоштастым. Ахмет Байтұрсынұлы көзіне жас алды», – деп жазады ол. (Заки Валиди Тоган. Воспоминания. Борьба мусульман Туркестана и других восточных тюрок за национальное существование и культуру. Москва, 1997. С. 196–198; 259.). 1920 жылы 24 маусымда Ахмет Байтұрсынұлы А.З. Валиди, Ф. Ходжаев, Т. Рысқұлұлы бірге Ленинге жолдаған хатында ұлыт республикаларындағы колонизаторлық бейбастақ жүгенсіздікті, жергілікті билік арқылы елді тонау мен қанаушылық саясатты түбірімен өзгертуді талап етті. «Қымбатты Ленин жолдас!» деп басталатын хаттың мəтінінде метрополиялық пиғылды Ахмет Байтұрсынұлы: «Боқты сідікпен жуып болмайды», – деп, саяси көзбояушылықты, шовинистік астамшылықты қадап тұрып жазды. Ахаңның осы пікірі «пролетариат диктатурасы», «интернационализм», т.т. жалған ұран жамылған лениндік саяси платформаға берілген əділ бағасы еді. Ол 1919–1920 жылы «Жизнь национальностей» газетінде «Қазақтар жəне революция», «Тағы да аштық туралы» атты мақалалар жазып, 349

коммунистердің өтірікке құрылған «қырып-жою» саясатының астарын ашып берді. «1921 жылғы қарашаның 16-сында Берлинде шығатын «Новый мир» журналының 244 нөмірінде А. Байтұрсынұлының шағын мақаласы (сірə, көшіріп басқан) жарық көрді, – деп жазады шет елде эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқайұлы. – Соған қарағанда, қазақ жеріндегі қазіргі ашаршылықтың себептері мынада: 1) жұт, малдың көктайғақтан қырылуы; 2) 1920 жылы қатал қыстың ерте түсуі; 3) пішеннің жетіспеуі, жайылымның тақырлығы, өйткені мұның алдында бірнеше жыл қатарынан шөп шықпаған болатын. Басқаша айтқанда, қазақ халқының бұл қырылуы табиғаттың қолайсыз құбылыстарының кесапаты деп көрсетілді». Мұстафа Шоқайұлы бұл жазылған жайға сын көзімен қарап, ондағы деректерге бірсыпыра толықтырулар жасайды. Онан əрі ол: «1918 жылы бүкіл жаз бойы жəне 1918–1919 жылғы қыста мен Торғай, Орал жəне Закаспий облыстарындағы қазақтардың ортасында болдым. Бұлар (Торғай жəне Орал облыстары) кеңес газеттерінің мəліметтеріне қарағанда, жəне өз көзіммен көргенімді айтсам (мен қазақтардың ең шалғай қоныстарына дейін бардым), сол жылғы жазда шөп бітік шыққан еді. Пішен молынан дайындалды. Қазақтар бір ғана нəрседен қорықты: 1917–1918 жылдардың қысында «тəжірибе» бойынша жергілікті большевиктердің малды Қызыл армияның пайдасына алу пиғылы жəне ақтөбелік Скулкин дейтін уездік халық комиссары сияқты заңсыз тартып алу ниеті елді қатты алаңдатуда... «. Демек, əлгі «Новый мир» журналындағы келтірілген дəйектің шындыққа мүлдем жанаспайтын қисынсыздығы аңғарылады. Саяси күрестің қазанында қайнаған Мұстафа Шоқайұлы дос пен дұшпанын сөз лəмінен ажырататын сұңғылалығы тəнті етеді. «Мен большевик Сафаровтың айғақтарына сүйенемін, – дейді Мұстафа Шоқайұлы. – Ол – ВЦИК-тің Түркістан істері жөніндегі арнаулы комиссиясының мүшесі. Сафаров былай деп жазады («Правда», №133, 20 маусым, 1920 жыл): «Бұл жерде социалистік декреттер» қабылданғанымен (бұл хұқ барлық атқару комитеттеріне берілгенді) олар сөз жүзінде қалған, ал іс жүзінде «национализациялау», «конфискелеу» деген сылтаумен жер-жерде малды халықтан зорлықпен тартып алу орын 350

алған. «Перовскіде (Сырдария облысы) патша жендеті Гержот деген билік етуде. Ол тұтас бір халықты – қазақтарды қырғынға ұшыратты. Соның кесірінен бір миллиондай қазақ аштан өлді», – дейді одан əрі Сафаров...». Большевик Сафаровтың жазғанына қарағанда, бір ғана Сырдария облысында 1920 жылы миллион қазақ аштан өлді. Бұл дегеніңіз бес жылға созылған екінші дүниежүзілік соғыста опат болған қазақтардан екі есе артық, сол сияқты дүниені дүр сілкіндірген АҚШ-тың 1945 жылы 6-шы жəне 9-шы тамызда Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына əуеден тастаған атом бомбасынан зардап шеккендердің санын екі орап алады. Демек, тек қана Сырдариядағы ашаршылықтан бір-ақ жылда қаза тапқандар саны осындай болса, сол тұстағы қалған жеті губерния бір уездегі қазақтың шығынын көзге елестетудің өзі жантүршігерлік оқиға. Сонда екінші дүниежүзілік соғыстағы мерт болғандардан кеңестік аштықтың бізге тигізген зауалы жүздеген есе зор екен. Осы миллиондаған қазақтың көз жасын бір жерге жинаса кəдімгідей ащы көл пайда болар еді. Қазақты миллиондап жалмаған саяси тапсырыс Құдайдан да қорықпады. Малы жоғалса іздеу салатын қазақтың қисапсыз шашылған мəйіті көмусіз, сұрауы жоқ, жабулы қазан жабулы күйінде ұзақ уақыт қала берді. Мұстафаның Ахмет туралы пікірінің кіршіксіз тазалығы, қоспасыз мөлдірлігі сондай – елден жырақта, жат жерде жүрсе де, алдағы тағдыры не боларын сезсе де, адамгершілік арұжданына қылау түспейтін ақ-адал екендіктеріне мəңгі сенген, осы кісілік қасиеті – олардың биік парасатының, даналық жаратылысының, көреген көсемдігінің айғағы. Оған Мұстафаның «Ол [А. Байтұрсынұлы – А.Мек.] қандай лагерьді жақтаса да, біздер қазақ зиялылары, оның көзқарастарының мөлдір екеніне күмəн келтірмейміз», – деп алыстағы Еуропада жүріп шын жүректен ақ жарма сырын ақтарып салуы куə. Кеңестік идеологияның ақиқатты бұрмалауға шебер, дағдылы машығына бұрыннан қанық Мұстафа қорыта келе: «Ал қазір «Новый мир» журналында жарияланып отырған «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген мақаланың авторы – шынайы Ахмет Байтұрсынұлы емес. Оның мақаласын кеңестік цензураның 99 процентке өзгертіп жібергені аңғарылып тұр, өйткені Ахмет Байтұрсынұлы ешқашан айтқан фактілерге қарама-қайшы келмейді», – деп түйіндейді. Аңызға айналған Мұстафаның ішкі интуициясы, 351

терең білімпаздығы, көкірек көзі – Ахаңның шығармашылық қолтаңбасын жаулары қаскөйлікпен 180 градусқа теріс бұрып басқанмен, оның теңіз түбінен маржан тергендей шындығын сүзе білген қабілетін жəне тіл ұшына оралған пікір парықтауын сабақтап қағазға түсіруі қандай ғанибет. Күллі төрүк жұртын құшағына сыйғызған дархан, нағыз отаншыл, ержүрек кемеңгердің осы пайымдауларынан сол сəттегі ішкі жан дүниесіндегі сапырылысқан сезім ағымдары мен қиялындағы қым-қуыт ойармандарын аңғартатын ірі тұлғасы, күрескерлік кесек бітімболмысын кескіндейтін бейнесі сомдалып тұр. Ұлытын аман сақтаудың жолын іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрып аласұрған Ахмет Байтұрсынұлы бір жылдай мүше болған коммунистік партиядан əбден түңілді. Ол миллиондаған бейкүнə жанның қанын жүктеген коммунистік партия қатарынан өз еркімен шығатындығын 1921 жылы баспасөз бетінде жария етті. Ахмет Байтұрсынұлы кеңестік əкімшілік-билік жүйесінің Қазақ еліндегі жүргізген кез келген əділетсіздігін дер кезінде əшкерелеп, дұрыс шешімін табудың жолын көрсетуден танған жоқ. Ит жылы мамыр айының аяқ шенінде Орынбордағы Оқу комиссариаты Халық ағартушылардың құрылтайын өткізеді. Форумға елдің барлық түкпірінен 40 шақты өкіл қатысады. Бұл мəртебелі жиынға Ахаңнан басқа екі-ақ қазақ шақырылған болып шығады. Оның өзі орысы жоқ Бөкей губерниясы мен губерния есебіндегі Адай уезінен екен. Ұяттан жерге кірердей қызарған Ахаң иісі қазақтың намысын қамшылап, сыбағасын қолдан берген боркемік жігерсіздігін айыптап мақала жазады. «Билеп əдеттеніп қалған үлкен ауылдың балалары, өзгеріс болған екен деп, қалай бірден өзгере қойсын? Оқу бөліміне бастығы болса да, өз қолында болғанын тəуір көріп, қазаққа қия алмаған көрінеді. Бастық болып үйренген əдет қандай күшті болса, бағынып үйренген əдет сондай күшті. Орыс қазаққа бастықтық қылса, басып көктеп, басынып, хəкімшілігін жүргізеді. Ол орып жатсын, қырып жатсын – бірде ерсі көрінбейді. Бəрі дағдылы, қалыпты нəрсе болып көрінеді. Қазақ мойынсұнып бас иіп, құлдық дегеннен басқаны білмейді. Қазақ орысқа бастықтық қылса, тіпті үйлеспей, келіспей тұрады. Байлап қойған қасқырдың қасына əкелгенде қабағы жасып, еңсесі түсіп, құйрығын қысып, үрейі ұшып тұрған ит сияқты болып көрінеді. Қимылдаған амалының бəрінде де бата алма352

ғандық, қаймыққандық, жасқаншақ болып қалғандық білініп тұрады. Оны орыс жолдастар жақсы біледі. Сондықтан орысы бар губерналарда «қазақ бастықтық қылып істі жөндеп апара алмайды» деп əкімшілік біткенді өз қолдарында ұстауға тырысады. Орысы бар губерналардан кілең орыс жолдастар, орысы жоқ губерналардан ғана қазақтар сиезге келуінің мəнісі осы», – деп «рухани көсем» (Мұхтар Əуезов) ұлыт қорғанышының бек сенімді құралы оқу-ағарту саласындағы басқару тізгінін уыстан шығармай, азаматтық сергектік пен айырықша өткірлікті талап етті. «Ауру қалса да əдет қалмайды» деген Қазақ Елінің тəуелсіздік алғанына он сегіз жылға аяқ басса да əлі конституциялық мемлекеттік тілі салтанат құра алмауы құзырлы билік басындағылардың ескі дертінен арылғысы келмейтіндігі мен орыстың мысы басқан үрейшілдігі істің оңға басуына құлықсыз боп тұр. Батпандап бойға сіңген нигилизм – ұлыттық жасампаздық өрлеудің қас жауы. Ендеше, Ахаңның зілді ойлары дəл бүгінгі күні де өзектілігін əлі жойған жоқ. Оның: «... қазақ жолдастардың ақты-қараны айырып білмегендігін, оң қолымен сол қолын танып жетпегендігін көрсетеді; дақпыртқа еріп, далақтап шаба беруге ғана жарайтындығын білдіреді. Əйтпесе, орыс жолдастар орынсыз жерде ұлық болуға ұялса керек еді, қазақ жолдастар жылқыға сиырды қалай қосақтаймыз деп ойланса керек еді. ... Мұны істемей, қазақты қалың қараға қосып жіберіп, қарасына мəз болып, арасына келгенде қазаққа істелген істі таба алмай отырсақ, қазақ сыбағасына орысты оқытып, өзіміз түк білмей қалатынымыз шексіз. Осы күймен бара берсек, қазақ оқу оқып, білім ала алмай, орыс оқып оза беру болады. Қазақ құр қарасына ере беру болады. Ондай ере берудің ақыры не болатыны мағлұм», – деуі нақ тарихи шындыққа айналды. Кəзіргі қазақтың ғылыми шығармашылық зияткерлік күші егіздің сыңарындай орыстың көшірмесі екенін несіне жасырамыз. Көшірме – түпнұсқа емес. «Қазақтың жаманы орыс болады» деудің де астарында ащы шындық бар. Яғни өмірімізге енген нарықтық экономикалық қатынасқа сəйкес қазақтың миын ұлыттық мүдде тұрғысынан қайта құруға ғылыми-технологиялық жетістікті тиімді де, батылырақ пайдаланған жөн. Демек, еліміздің жаңа тұрпатты ұлыттық мемлекет ретінде жаңғыруы мен түлеуіне, ғаламдастыру дəуірінде бəсекеге 353

қабілеттілігіне ғылым-білім саласында атқарылар іс алда шаш етектен. Əлбетте, ұлыттық ғылым-білімге салынған капитал өз жемісін берері жəне ол қаржы-қаражатты еселеп ақтары кəміл. Қыз Жібектің көшіндей сəн-салтанатымыздың шырқын бұзып, ел-жұрттың алдындағы малын, қолындағы барын тəркілеп, аттан түсірген, қарсылық білдіргенін аямай, табан астында сотсыз, үкімсіз атып тастаған кеңестік биліктің анархиялық ойран-топыр, сұрапыл жазасынан тентіреген ауыл-аймақ көтеріле көшіп, мінерге көлігі, ішерге асы жоқтар жаяу-жалпылап басы ауған жаққа жан сауғалады. Қызыл сөзден қуырдақ қуырып, сорпа қайнатқан кеңестік алаяқтарға сеніп қалған аңғал жандарды аштық бунап титықтатқан, əбден тарыққан, ісініпкебініп, əлсіздік меңдеген, күңіренген азалы үнін тас керең өкімет естігісі түгіл елегісі де келмеді. Үндістер: «Əр адамда Құдайдың бейнесі бар», – дейді. Бейкүнə жандарға зəбір жасап, тірілей көзін жоюды ұйымдастырған мейманасы асып-тасқандардың жазасын Құдай береді. Жаманат хабар ел ішінде жата ма? Мерзімді баспасөз бетінде қазақтың аштан өлуін ресми саясат «табиғаттың қолайсыз құбылыстарының кесапаты» деп ақиқатты бұрмалауға тырысты. «Жұрт жұтағанда, сен шарпыл» деген ата-баба өсиетін орындауға алаштың арыстары жан-тəнін салды. Егер олардың жазғандары сақталмағанда, тоз-тозы шыққан, шілдің қиындай шашылған миллиондаған қазақтың қайғылы тағдырын, қан қақсатып, жер қаптырған дөкір саясаттың солақайлығын білер ме едік!? Бұл тарихтың ащы сабағы бүгінгі тəуелсіздікке жетудің қаншалықты азабы мол болғанын безбендеуге жəне бұл қасіреттің енді қайталанбауы үшін ұдайы еске салып тұрудың қоғамдық ой-сананы сауықтырудағы маңызы ерекше. «Газет жүзінде жалпы Қазақстанда аштық бар, Қазақстан қазақтары қырылып жатыр деген сөзден басқа осы күнге шейін аштықтың мөлшері санмен көрсетілген емес. Соның үшін аз да болса, халық алдына Қазақстандағы аштық[ты] санменен баяндап өтуді мақұл көрдім, – дейді Мұхамеджан Тынышбайұлы. – Қазақстанда шойын жолдың жоқтығы соғыстан кейін халық арасында пошта қатынасының да үзілуі əркімге мəлім. Əлі неғұрлым қатынас кем болса, соғұрлым ол халық туралы мағлұмат та аз болмақ. Сондықтан менің санмен көрсететін мағлұматтарымда бірінші уақыты өткен, екінші осы күні 354

ескірген. [Оқи]ға ескі һəм көп жері дұрыс емес деуге болады. Сонда да мүлде жоқтан бар жақсы деген оймен жазып отырмын», – деп баяндайды ол. Оның билік жүйесіндегі аштық жайлаған өлкеден жіберілген жедел ақпардың ресми қорытынды дерегіне сүйенгендігі байқалады. Мұхамеджанның өзі ескерткендей бұл ауқымды əлеуметтік кеселдің географиялық аумақтық шеңбер аясы мен сандық шамасын білмей, оған жасалатын тиісті шаралардың бағыт-бағдарын, мөлшерін анықтау қиынға соғады. Дегенмен Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерналары мен Адай уезінен алынған бірнеше есе кемітілген аштықтың ресми дерегінен шындықты тап басқан Мұхамеджанның топшылаған пікірі назар аудартады: «...көректік көмек жалпы аштардың жүзден бүтін екі ондық (9,2%) бөліміне ғана жетіскен болып табылады. Бұл болып жатқан көмектер қай халықтың арасында болып жатыр деген сұрауға жауап бермекші болсақ, көмек қалаға, шойын жолға жақын арасында ғана болып жатыр дейміз. Қазақ халқының қаладан, шойын жолдан алыстығы айтпай-ақ мəлім. Олай болса, ашыққандардың жартысындай (Анық есеп жоқ, мөлшер – автордың ескертпесі.) қазақ арасында ешбір көмек болмағаны өзінен өзі ап-айқын...». Тынышбайұлына сүйенсек, үкіметтің азын-аулақ көмегі темір жолдың бойындағы қалалы мекендерге жеткізілген, яғни жіберілген азық-түліктің қызығын тек қазақтан басқа ұлыттың өкілдері көрген. Аштықтыққа ұрындырған, қазақтың дəрменсіздігіне мəжбүр еткен саяси-əлеуметтік құбылыстың себебін, Халел Досмұхамедұлы тарихи түп-тамырынан қозғап, қоғамдық сананың даму үдерісін киношежіредей сөзбен суреттеп өтеді. «... 1723-інші жылы қазақ қалмақпен соғысты. Жеңіліп қалды. Адам көп қырылды, ел шабылды. Қатын-бала шулады. Қонысын тастап ел босты. Ақтабан шұбырынды болды. О заманда қазақ тегіс көшпелі еді. Аууы оңай еді. Бүтін ел тегісінен əскер еді. Босқан ел көршілерін ығыстырып қоныс тапты. Ешкімнен жəрдем сұрамады, ешкім жəрдем бермеді. Ел өз күшімен, өз еңбегімен жуығ арада-ақ жетісіп кетті. Əрбір зор оқиғаның соңынан зор салдары болашақ. Ақтабан шұбырындының салдары бөтен жұртқа бағыну болды. Жатқа бағынудың толғағы тым ұзақ созылды. Ел амалсыздан еркінен айырылды. Жел жақты күзету қолдан кетті. Ел тынышайды. 355

Қорасы мықты қойдай болды. Күзетші күшті болды. Жарақтың керегі жоқ болды. Темірқазық жастану, бес-алты малта асы қылу қалды. Сүйек егілді, жүрек босады, жігер құм болды. Жарақ ұстаушылар жойылды. Күзетшіге сеніп ел ұйқыға салынды. Майлы тамақ, ашшы қымыз, мамық төсек көңілді бөлді, күзетшінің əлдиі ұйқыға сеп болды. Жауыңгер халық құл болды. Қазақтың басына «рахат» дəуірі туды…». Бұл ұлытының маңдайына жазған тағдыры осылай қалыптасқанын, тарихтың қалауын өзгертуге Халекеңнің қауқары жоқ қайрансыздығына налыған іштегі зəр запыранын төгіп, шершеменін тарқатқан толғанысы. Көсемсөздің көсемі ұлыттың ғасырларға созылған күрес жолының диалектикалық даму сипатының тұжырымды қисынын ащы ішектей шұбатпай екі-ақ ауыз сөзге сыйғызған. Бұл идеялық тарихи деректі кесек-кесек роман, поэма, драмалық, трагедиялық қойылымдардың сахналануына, кинофильмдер сценарийінің желісіне арқау боларлық соқталы-соқталы ой мəйегінің логикалық түйінді фабуласы. Мұны Халекеңнің қазақ ғұрпында төрдегі бас ұстаған ардақты ақсақалдың дастархан шетіндегі бүлдіршінге құлақ бергеніндей əдемі емеурінмен жеткізген даналығы деп жорыған абзал. Қаулаған өрт ішінде жүріп Оның шындықтың иінін қандырып, тарата баяндауға заманның мұрша да, ыңғай да бермегені аян. Досмұхамедұлын Мемлекеттік Біріккен ерекше саяси бөлімнің (ОГПУ) қызметкерлері əрбір мəрте тұтқындаған сайын оның үйінен баспаға дайын тұрған оқулықтар мен еңбектерін, қолжазбалары мен хаттарын, құжаттары мен жеке мүліктерін тəркілегендігін көзімен көрген марқұм қыздары Қарашаш пен Сəуле апайлардан талай рет естігенім бар. Өзекті өртейтіні ұлыттық мəдениетке қосылар баға жетпес жəдігерлердің қарақшыларға қолды болып кетуі. «Түркістанның жыланы Арқаға мешінде келді. Қой жылы ен далаға симаған қара құрымдай көп мал бір қыс да жоқ болды. Ит жеді, құс жеді, кім болса, сол жеді. Қазақ жұтады, ашықты. Мешін өтіп тауық келді, екі қанатын жайып келді. Адам мал болып далаға жайылды, атшоңқай мен көсік жеді, тышқан аулап, мысық жеді. Жүрерге жол таппады, барарға жер таппады. Теріс тондылар күзетші болды. Алысқа сөз жетпеді, жақынға қол жетпеді. 356

Қалтаман-қарылар ел шапты, азаматты қырды. Күзетшілер сөйлеуді білді, ел жылауды білді. Өстіп бір кінə қазақдан тауық өшін алды. Тауық кетті, ит келді. Шөп таусылды, тышқан бітті, ет құрыды. Атасы баласын, анасы қызын жей бастады. Ел қырылды. Жүрерге жол жоқ, барарға жер жоқ. Келген тағы жəрдем жоқ. Бұ қиыншылықтың түбінің неге соғарын айталмаймыз. Аштықтың тоқтығы, қайғының қуанышы болады деген. Бес жылдан бергі қазақ-қырғыздың басына түскен зор оқиғалар бос өтпесе керек. Бұның салдары алдымызда білінер. Бұндай қиыншылықты қазақ-қырғыз жұрты Ақтабан шұбырындыдан бері көрген жоқ. Бір-ақ кəзіргі Сарыарқадағы əңгіме шұбырынды болмай, тек сұлама болып тұр. Сұлаған елге итті шығарып салу қиын болып тұр. Ит кетсе доңыз бен тышқан тұр. Бұлардың қалай боларын сұрап келген кісі жоқ. Құлағанды көтеру адамшылықтың белгісі! Сұлағанды көтеру ағайыншылықтың белгісі! Қарны тоқ ағайын, ашыққан тумаңа қарасар күнің осы күн!», – деп Халекең қабырғасы сөгіле, аза бойы қаза боп, «əкесі өлгенді де естіртеді» көпшілік қауымды ортақ қайғыға топтастыра отырып, көңілін демеді. Халелдің жүйке тамырыңды солқылдата қозғайтын тебіренісі соқыр көзден жас шығарардай əсер етті. Қиналған ел-жұртының жаны алқымға тірелген арпалыс азабын көріп оның дегбірі қашты. Телеграф хабарындай қысқа да нұсқа Халекең тілінен ұлыт қауіпсіздігі шұғыл шешім мен əрекетке көшуді талап еткен əмірдей азаматтық жауапкершілік жүктеп тұр. Қасіреттің себебі мен салдары ұлы тұлғаның жан күйзелісіндегі өксік қысқан ар-ұждан буырқанысы шолақ қайырылған əрбір сөйлемнің астарынан сезіліп тұр. Баяндау тəсілі екі, үш, төрт-ақ сөзден тұратын синтаксистік конструкция – ел басына күн туған сын сағатта тілі мен жағына сүйенген ділмарсыну емес, аштықты жеңуге бар күшті жұмылдыруға жұмсаған азаматтық қуатты рух есіледі. Сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының шығармашылық шеберлігі хақында сөз еткенде, стильдік қолтаңбасынан ежелгі төрүк бітіктастарындағы эпитафиялық ақпарат таратудың үлгі нышандарымен арадағы тіні үзілмеген сабақтастық байланыс анық аңғарылады. Салыстырып көрелік: 357

«...Əкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі [төрүк] халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым... Содан кейін Тəңірі жарылқады бағым бар үшін, үлесім бар үшін, өлмеші халықты тірілте көтердім. Жалаңаш халықты тонды, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым, иланған елге игілік қылдым». (Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Зерттеунама. А.: «Ана тілі», 1995, 176–177 беттер). Бұл екі мəтін арада он үш ғасыр уақыт кеңістігі бөліп тұрса да, пішіндік жəне ішкі əуезіндегі (мелодиясындағы) үндестікті, ұлытшылдық пен отаншылдық ізгі қасиеттің сарындастығы, бойға рух құятын құдіретін жоғалтпаған. Мың өліп, мың тірілген қазақтың қорғанышы Алаш арыстары əрқайсысы мыңның қызметін жалғыз атқарған нар тұлға екендіктерін тарихи сіңірген еңбектерімен дəлелдеді. Тұйыққа тірелген қазақтың қашанда басы-қасынан табылатын Міржақып Дулатұлы сөзімен де, ісімен де туған ел-жұртын айтуға ауыз бармайтын тажалдан құтқарып қалудың жолын іздеп шарқ ұрды. Ол атқа мінгендер мен ел билегендерге, жуан атаның тұқымдары мен болыс-би, мырзаларға соры қайнаған қара бұқараның обалына да, сауабына да ортақ болуға үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өйткені бұлардың көзі ашық, көкірегі ояу, көмейдегіні ұғатын сезімтал қағылездігі бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса, елге келер пəле жоқ деп пайымдады. Жұрты көрген ауыртпалықты жеңуге Жақаңның жорғалаған қаламының ізі, қарымының күші ізденгенге мұрағат сөрелерінде қаттаулы тұр. Мір оғындай Мəдияр арқаға аяздай батқан бұл үрейлі уақиғаның мəн-маңызын былай сипатайды: «Соңғы жылдардағы оқиғалардың қазіргі қазақ халқының басынан кешіп отырған ашаршылық апатының қасында ойыншық болып қалды. Енді алты Алаш, алты миллион елім бар деп, үйде отырып өзіңді толықтырып, атың, қазағың жоқ болудың алдында тұр. Күні кеше пəлен киіктей емін-еркін жортып жүріп сайран еткен Сарыарқаң қан сасып, топалаң тиген қойдай қырылған адам өлексесіне толып, сасық жел иіскеп отыр. Қазақ күйі осындай болған соң, аман елдегі басшыларымыз бұрын да сондай болатын деп өкпелеп, күдерімізді үзе алмай отырмыз... Өйткені бұрын əділеті, мейірімі кем болса да, бұ жолы қазақ халқының көпшілігі бай-кедей, кəрі-жас демей, тегіс ашаршы358

лық апатына ұшырап, елдіктен, жұртшылықтан кетіп баратқанда жақсыларымыздың адамгершілік, ұлыттық, бауырмалдық, рақымшылдық сезімдері оянар деп үміт етіп отырмыз. Жайшылықтағы өзімшілдік мінездерін тастар. Екі дүниеде лағынат естуден сақтанар... Біздің атқа мінгендеріміз дəл осы айтқандай істесе, Алаш алдында, адамгершілік алдында, тарих алдында борыштарын өтегені, бұрынғы қателерін жуғаны, мұны істемесе екі дүниеде бірдей қара жүзді болғаны аштан қырылып жатқан қазақ баласының Тəңірі алдында екі қолы солардың жағасында». Ұлытының тауқыметін арқалаған Жақаң сынды Алаш азаматтарының рухы алдында жер басқан бүгінгі ұрпағы тағзым етуге борышты. Сол тұстағы қазақша, орысша мерзімді баспасөздің көтерген басты мəселесі – аштықтан зардап шеккен аудандардағы құтқару шараларына арналды. Əсіресе бұған Ташкенттегі Сұлтанбек Қожанұлы редакторлық ететін «Ақ жол» мен Семейдегі «Қазақ тілі» газеттері ерекше үлес қосты. Бұлай болуының өзі заңды құбылыс еді. Өйткені Ташкент пен Семей қашаннан қазақтың дəстүрі үзілмеген рухани орталығы əрі оқығандардың шоғырланған мекені болатын. Семейдегі «Қазақ тілі» газеті шын мəнінде күллі қазақтың тіліне айналған ұлыттық басылымға айналды. Ұлыт басына бұлыт үйірілген мұндай төтенше жағдайда «Қазақ тілі» газеті елді жəрдем беруге үндеп, есті азаматтарды өзге қызметтің бəрін уақытша тастап, осы жұмысқа жұдырықтай жұмыла кірісуге шақырды. Бұл іске ұйытқы болған Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхтар Əуезов, Даниал Ысқақұлы, Мəнəн Тұрғанбайұлы, Əбікей Сəтбайұлы, т.т. «... Жалғыз үкімет тарапынан көрсетілген жəрдемге ғана сүйеніп отырсақ, елдің көбін қырып аламыз. Үкімет жəрдемін көрсете берсін, ол өз алдына. Біз өзіміз жұрттың қамын ойлауымыз керек... Елді ел қылу үшін, қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа міну керек», – деп дабыл қақты олар. Құр үгітпен де шектелген жоқ, Жүсіпбек Аймауытұлы бастаған қазақ азаматтары мəжіліс құрып, ашыққан елдерге Семей губерниясынан жылу жинау мəселесін тексеріп, наурыздың 15 күні Қазақстан Кіндік Атқару Комитетіне, Қазақстанның аштарға жəрдем беретін Кіндік Комитетіне, Ресейлік Кіндік 359

Атқару Комитетіне, Ресейлік аштарға жəрдем беретін комитетке жеделхат жолдады: «Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлер жиылысы Қазақстан республикасындағы ашыққан елге жəрдем беру мəселесін қарастырғаннан кейін мынадай қорытындыға келді: Қазақстанның кең даласында елі бытыранды, жер теміржолдан шалғай болғандықтан қазіргі үкіметтің Аштар комитеті арқылы берген жəрдемі қазақ халқын аштықтан құтқаруға анағұрлым жетпейді. Мүмкін емес. Сондықтан қазақ халқына жəрдем беру шарасы басқаша болу керек. Жиылысының пікірі бойынша ол шара – қазақтың жауапты қызметкерлері билейтін айырықша жəрдем комитетін ашу, комитет мүшелері, тіленген қазақ азаматтары елге шығып, жұртты көмек беруге үндеп, барлық халықты осы жұмысқа кірістіру, өз еркімен беретін жəрдемін жию, яғни сауындай, астықтай, көліктей, басқа түрлі де жиналған нəрселерді ашыққан елдерге төтесінен қызмет жеткізу, аш халықты керуен жасап, Қазақстанның, Түркістанның тоқ губернияларына, уездеріне көшіру. Үстіміздегі жалпақ ел апатқа ұшырап, күйзеліп жатқан ауыр жылда еңбекші қазақ азаматтары атқа мінбей тек жатуды əлеумет алдында, тарих алдында зор қылмыс деп біледі. Сондықтан кіндік үкіметтің тезінен рұқсатын өтінеді. 1. Семей губерниясында қазіргі аштар комитетінен басқа, ашыққан елге өз тұсынан жəрдем беретін айырықша қазақ комитетін жасауға. 2. Ол комитеттің іс қылатын ауданы Семей, Ақмоламен ашыққан губерниялар болуға. 3. Бұл жолда қызмет қылуға тіленген, я қазақ жиылысы керекті тапқа азаматтарды партия, кеңес қызметтерінен босатуға» («Қазақ тілі» газеті, 1922, №183). Көп ұзамай бұл жеделхатқа жоғарғы үкіметтен жауап келіп, Семей азаматтарына губерниялық аштар комитеті арқылы елден жылу жинауға рұқсат беріледі. Азамат біткен атқа қонды. Күнітүні дамыл таппай, табан еті, маңдай терін саудаға салмай, ақысыз-пұлсыз жаз бойы шапқылап мал жиды. Алайда арқа сүйеген үкіметтің аштықтан ашынған жұртқа жаны ашығансып, ары таза ұлытының келешегіне алаңдаған шын қамқорлық иелерін қайткенде де сүріндіруге ілік іздеді. Аштықтың зауалын тартқан, көзі қарауытқан елде қайбір ақыл болушы еді. Мал 360

үлестірушілердің кінəсінен біреуге жетіп, біреуге жетпеген де болар. Оның үстіне ашыққан əлеуметтің бойындағы күш-қуаты сарқылып, қалжыраған, талмаурыған, үзілер шағын өзінің арам пиғылына пайдаланған жүзіқара құзғын қарғалар да отқа май құйып, арыз-шағымды өршітті. Қайырымдылық жасаған жандардың адал ниеті кейін өзіне «жаманат» боп жабысып, басы дауға қаларын кім білген? Сол арқылы ізгілікке сес көрсеткен мейірімсіз қара күштің түпкі мақсаты анық аңғарылды. Алаш азаматтарының қилы тағдыры туралы ҚР Ұлыттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорында сақтаулы тергеу ісінің деректерін ыждағаттылықпен жүйелі талдау жасап, елеп-екшеп, байыпты сүзгіден өткізіп, ғылыми байламмен сөйлеткен қаламгерзерттеуші Тұрсын Жұртбаев: «Соның ішінде көктемнен бастап бүкіл Семей губерниясын аралап мал жиып, Сарыарқаны кесіп өтіп, жердің түбі Торғайға екі мəрте барып, 8 мың мал айдап апарған, ең адал азамат ретінде жұрт сеніп тапсырған өкіл – Жүсіпбек Аймауытұлына қарсы астыртын арандату əрекеті жүргізілгені тіпті де түсініксіз. Тіміскі тыңшылар өзі аштықтан ашынған, аш өзегі өртенген адамдардың ашкөзденген сəтін пайдаланып, арғын мен қыпшақ руының аштарын бір-біріне айдап салды, сүйекке таластырды. Оны ұйымдастырған жергілікті жердегі кеңес өкіметі мен партия ұйымдарының белсенділері еді. Ал олар жоғарыдан арнайы нұсқау түспесе, өз бетімен мұндай əрекетке бара алмайтын» (Талқы. А.: Қазақстан, 1997, 142 б.), – деп пайымдайды. Қазақтың ұлыттық тұтастығы рулық бірлігінен тұрады. Осы сүттей ұйыған этникалық табиғи біртұтастықты түбегейлі бұзу үшін қазақтың рулық намысына тиетін қақтығысты өршіту, руаралық алауыздықты қоздыру, ымыраға келмейтіндей «кекшілдік дертін» ушықтырудың қызыл империя идеологиялық сан алуан сынақтарын жасады. Қазақты іштей ыдырату, өзді-өзі қырқыстыру арқылы «пролетарлық диктатура» бөлшектеп билеуді негізгі идеологиялық қуатты қаруына айналдырды. Бұл «бөлшектеу» саяси əдісі – өткен ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақтың сүт бетіне қалқып шыққан қаймақтай асыл азаматтарын түгел сыпырып, жалмап өтті. Қазақты əлеуметтік таптық белгісіне қарап жіктеу, ата даңқына орай алалау, руға, жүзге, ағымшылдық шартты топқа бөлу – «байшыл, ескішіл, 361

алашордашыл, «арғын, қыпшақ, т.т.», «ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз», «байтұрсыншылдық, сəдуақасовшылдық, меңдешовшылдық, рысқұловшылдық, қожановшылдық, т.т.», талантты шығармашылық өкілдерін бір-біріне қарсы айдап салу, «халық жауы» деген қарғы бау тақтырып, қуғын-сүргінге, қызыл қырғынға ұшыратты, төбесінен əңгіртаяқ ойнатты. Қазақтың жақсысы мен жайсаңын жою – сталиндік-голощёкиндік, т.т. билік басындағылардың «ұлыттық мəселені оңай шешудің криминалдық жолы еді». Қызыл империяның қазақты мансұқтаудың не түрлі қиянаты мен мазағына куəлік беретін сан алуан мағлұматтар мен құжаттар мұрағат қорында жетерлік. Ал ғылыми айналысқа түспей Ленин мен Сталиннің жеке қорында, басқа да арнаулы құпия қорларда қазақ тағдырына қатысты сақталған құжаттар қаншама? Мұрағат демекші, онан табылған ақпараттық дерек атаулыға сындарлы талғампаздық, аса сақтықпен қарап, жүйелі түрде сұрыптау мен салыстыруды, тыңғылықты ғылыми тексеруді қажет етеді. Өйткені о баста біздегі мұрағат қоры – қазақ мəдениеті мен тарихын шынайы зерттеуді мақсат етпеген. Бұл – империяның отарлау саясатын жүргізетін, идеологиялық мүддесін көздейтін ғылыми орталық. Сондықтан тарихи құжаттар арасында, əсіресе ұлыттық мүддеге қайшы келетін «саяси құрылған қақпандар мен қармақтар» кездесіп қалуы əбден ықтимал. Тарихи оқиғаға мемлекеттік мүдде тұрғысынан тұжырым жасалып, баға берілуі заңды құбылыс. Ұлыттық экономикасын басқарудың құралы – төл ақша банкнотын жасау қандай қажеттілік болса, мемлекет мүддесі тұрғысынан кез келген дəуірдегі құжатты, тиісті мөрі басылған, қолы қойылған дайындау империя үшін түкте қиындық тудырмайтындығын ескерген абзал. Сонымен əдепкі ойымыздың желісіне оралсақ, 1922 жылы Оқу Комиссариаты Орынборда жазушылар құрылтайын шақыруды мəлім етеді. Осыған орай «Қазақ тілі» газетінің сол жылғы №193 санында ел ашығып, есі шығып өлім ауызында жатқанда Оқу Комиссариатының бұл əрекетіне бұлқан-талқан шамданған Жүсіпбек шыдай алмай «Топалаң уақытындағы той» атты мақала жазды. «... Жолдастар-ау! Ойласаңдаршы! Қазақстанның басына қандай ауыртпалық түсіп отыр? Осы күнде сіиез жасайтын, 362

сейіл құратын, əңгіме соғатын заман ба?.. Қазақстанның үштен екі есесі жоғалғалы тұрғанда не бетімізбен план жасауымыз, əдебиет гүлдендіремін деп ауызымыз барып сөйлейміз... өзгені тастап, мезгілсіз ажалмен алысуға атқа міну керек. Сіиез құрамыз деу елдің бір жағына топалаң тиіп жатқанда, бір жағы той қылып жатқанмен бір есеп», – деп терісіне сыймаған Жүсіпбек отты тілімен биліктің кезек күттірмейтін, өзекті мəселені қоя тұрып, дым болмағандай əлеуметтің көңілін əдейі басқаға алаңдату, көлденең іске бұру амалына наразылығын білдірді. Жазушының бұл байбаламы зердесі жүйрік сұңғылаларды қатты ойландырып-ақ тастады. Кейін өлкелік атқару комитетінің жанынан құрылған арнайы комиссия Семейден көмекке деп жиналған малды Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахметсапа Жүсіпұлы, Шайқы Құлжанұлы, Ілияс Байменұлы, Қазкелді Қарпықұлы сынды азаматтардың аштық жайлаған Торғай өңіріне айдап əкеп, «бас пайдаларын көздеп үлестірген» деген жалған айып тағылды. Имандылық жолында, жақсылық істемек болғандардың моральдық жаны жараланып, ар-ұжданы тапталды. Бұл мəселеге байланысты «қылмыстық іс» қозғалып, сот жұмысы 8 күнге созылды. 1926 жылғы 22 наурыз күнгі сот отырысының мəжілісінде қоғамдық айыптаушы Бекұлының қорытынды сөзінде: «...Бұл қылмыс – 1922-інші жылдың жазында еңбекші елдің басына аштықтың қара тұманы түсіп, ана баласын, бала анасын жеп жатқанда, аштар тышқан аулап, ісіп, ыңыранып, өліп жатқанда істелген. Бұл қылмыс – аш адамдардың ауыздарынан бір жапырақ нанын жұлып жеп, сол заманда байлар мен молдалардың семіруін, баюын көздеген қылмыс. Бұл мəселе зор. Мұның зор болуы аштар комитетіне кіріп мынау малды жинаушылар да, малды аш елге айдап келушілер де жəне сол малды болушылар да «Қазағым!» деп өзеуреп, қазақтың қорғанымын деп жүрген қазақтың оқыған азаматтары еді. Тіпті, бұлардың кейбіреулері ебін тауып партияға да, исполкомға да кіріп алып еді. Бұлар қазақтан шыққан азғантай большевиктерді қазақтың еңбекші табына жаны ашымайды деп, қалың елге бұзық қып көрсететін еді... ...Бұлар – нашарлар табын байлар, молдалар табының табанына салғысы келгендер. Əлеумет мүлкін орынсыз 363

шашушылар... Қоғамға зиянды, тапқа жау адамдар. Сондықтан бұлар жазаның ауырын тарту керек»(«Еңбекші қазақ» газеті, 1926 ж., №66, наурыздың 26-сы.), – деп саяси тапсырыс бойынша қара бояуды қалыңдау жағып, істің өңін теріс айналдырып, əлеуметті адастыратын ақпар таратты. Қызыл тілде буын жоқ. Ақты қара, қараны ақ деу бұл орталық өкіметтің пəрменімен ұлыт зиялыларының соңына шам алып түсудің нақты айғағы еді. Жүсіпбек Аймауытұлы сот мəжілісі үстінде өзін-өзі қорғап, үкіметтің істеуге тиіс жұмысына ерікті түрде мыңдаған шақырым жерді көктей басып, мыңдаған қандастарын ажал тырнағынан алып қалғаны үшін алғыстың орнына «жазаға тарту» – қасақана зиянкестік, жеке бастың құқын өрескелдікпен бұзу екендігін шегелеп жеткізді. Сот үкімі Жүсіпбек Аймауытұлына тағылған қылмысты істен лажсыз «ақтап», қалған азаматтарды 4 жыл мен 3 жылдың аралығында бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Мұстафа Шоқайұлы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлұлының «Төңкеріс жəне Түркістанның жергілікті халқы» атты кітабына сілтеме жасап, «Түркістандағы қазан төңкерісінің еңбегі сіңген басшыларының» бірі – Тоболиннің Түркістан Орталық Атқару комитетінің мəжілісінде тұп-тура былай деп мəлімдегенін айғақтайды: «қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан əлжуаз, марксистердің көзқарасы бойынша бəрібір құрып-бітуі тиіс. Сондықтан да төңкеріс үшін қаржыны аштық пен күреске шығындағаннан да... майдандарды қолдауға жұмсаған маңызды...» (қараңыз, алғысөз ХІІ бет). «Аштықтан өлгендердің (мұсылмандардың) санының мөлшері, – дейді Рысқұлұлы (77 бет), – орасан көп...» (Түркістанның қилы тағдыры. Құрастырған – Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай. А.: Жалын, 1992, 75 б.). Шоқайұлы аштықтан жаппай қырғынға ұшыраған қазақ ұлытының тағдыр-талайы туралы кеңестік биліктің шен-шекпенін киген лауазымды ұлықтың не ойлайтындығын жасырмай, ашық білдірген жоғарыдағы пікірін əдейі келтірген. Бұл – Түркістан өлкесінде большевиктік идеяны уағыздау мен таратуға жіберген «маркстік іліммен қаруланған» сенімді өкілдің жергілікті ұлыт мəселесіне қатысты Ленин мен Сталиннің саяси ұстанымын қалтқысыз орындағандығын айқындап тұр. 364

Жаны нəзік Мағжан Жұмабайұлының «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деуіндегі метафоралық бейнелі «сұм өмірі» – сол өзі ауасын жұтып тыныстап, суын ішіп сусындап, күллі азаматтық болмыс-бітімін, табиғи келбетін қалыптастырған кіндік қаны тамған атамекеніне, жер дүниеге сыйғызбай, байыз таптырмай тентіреткен қан-қасап, қапас кеңестік тоталитарлық билік жүйесіне ішкі наласы мен лағынеті еді. Қазақстанда кеңестік билік орнасымен бюрократтық басқару аппаратын нығайту мен даурықпа ұранға айналдырған саяси науқаншылдықты үдетті. Қоғамдық ой-сананы кеңестік идеал тұтқан ауқымды жобаларды орындауға қауырт майдан ашты. Жиналыстар мен мəжілістер, конференциялар мен съездер көбейіп, ескіліктің кеселімен ымырасыз күресудің өзекті мəселелеріне пікір жарыстырған жаңа үрдістің насихатшы белсенділері білек сыбана саяси сахна төріне шықты. Өмір салтына сəйкес мəдениет майданында да тың бастамалардың көкжиегі кеңіді. Қызыл коммунистер өмірдің барлық саласында қазақтың дəстүрлі сабақтастық қалыбын бұзу арқылы астан-кестенін шығару, былық-шылыққа айналдыруды көкседі, сосын ғана ауа жайылған ретсіздікті өзінің саяси мүддесіне орай үйлестіруді мақсат етті. Əйтеуір қиқу салған алашапқын көз алдарқату жаппай етек алды. Елдің ығырын шығарған саяси сілкіністер мен дүмпулер қазақтың шаруашылығын шатқаяқтатып, бар малын шаштырды. Мұның ақыры ішер асқа зар қылып, қыл үстінде тұрғанда кеңестік идеологтар өртенген үйдің жасауын ұрлағандай ұлыттың əлеуметтік дағдарысын өз пайдасына жаратып, жығылған үстіне жұдырық рухани есінен айырып, графикалық тілін ауыстыруды ойлап тапты. Бұл тіл құрылысы саясаты – төрүк тілдес ұлыт пен ұлыстардың рухани бірлігін ыдырату мен этникалық отарлау үдерісін тездетті. Мың жылдық мəдениетінен қол үзгісі келмей, елдің əлеуметтік тұрмыс деңгейін көтеруге ауадай қажетті қаржы-қаражаттың орынсыз текке жұмсалуына қарсылық білдірген зиялы қауымды «ескішілжаңашыл», «арабшыл-латыншыл» деп жікке бөлудің, араларына сына қағудың ұтымды сəті туды. Зады, өткен ғасырдың 20–30 жылдары аралығында ұлыттық мəдениеттің дамуына субъективті, объективті сан алуан кедергілер болғанына қарамастан, Алаш азаматтары ғажайып ғылыми төлтума тырнақалды еңбектерді өмірге əкелгені қайран 365

қалдырады. Қоғам өміріндегі өріс алған аштық, түрлі эпидемиялар, тұралап қалған шаруашылықтар, гиперинфляция, ұлыттың бас көтерген тұлғаларына қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін мəдени-рухани саладағы серпіліске бөгет бола алмады. Манап Шəміл бүркеншік есімімен Сəкен Сейфоллаұлы «Аштардың рухтары» атты мақала жазып, ит қорлықпен жандары ұшқандардың əруақтарымен бақұлдасты. Аққу ақын жантүршігерлік ашаршылық қасіретін көргенде ерекше толқыды, жүйе-жүйесі босады, көздің ып-ыстық жасындай тебіреніс сезімі мөлт-мөлт етіп, аппақ қағаз бетіне үзіліп-үзіліп түсті: «...Əрең басқан... өңі қашқан, Тəлтіректеп аш, аруақ қуарған. Шыққан жерден, тұрған көрден Өліктей боп, ұрттары суалған. Біраз жүрді... біраз тұрды... Аш аруақ жол ауызына құлады! Біраз жатты... ышқынып қатты Əлін жинап көтерілді, сұлады. ...Төңірекке көзін сүзіп, Қазақ жұртын – бауырларын іздеді! Өлгенінше жəрдем күтіп, Тіршіліктен əлі күдер үзбеді. ...Жомарт едің, мейірімді едің, Бауырларым, бабам қазақ, қайдасың? Бар еді ғой сансыз малың, Ол мал қайда,.. Кім көрді оның пайдасын?..» (Аш қазақ.»Ақ жол» газеті, 1922 жыл, 22 сəуір.). Төңкерістің отжалынынан өткен «Қызыл сұңқар» отызыншы жылдары аштан өлген қандастарының мəйіттері шашылған Алматының аяқ алып жүргісіз көшелерін көргенде не ойлады екен! Сегіз қырлы, бір сырлы Сəкен сері шабыттана жырға қосқан «Советстаны», сірə, кейін «Зымыстанға» айналарын ол əрине білмеген де болар!? Сəкеннің бір қыры – əдебиет тарихын зерттеушілігі. «Əдебиет һəм оның ағымдары» аталатын еңбегінде Сəкен былай дейді: 366

«... Бұған еліктеп Русианың 18 ғасырдағы ақыны Хирсакоф өзінің «Русиада» деген жырмен жазылған кітəбін бастағанда былай деп бастаған: «Пою Россию Освобожденную, От ига варваров татар». Оның қазақша мəнісі мынадай болады: «Русианы жырлаймын, – Аң-хайуандай татардың Құлдығынан құтылған...». Хирсакоф «Илиадаға» еліктеп, кітəбін соған ұйқас «Русиада» қылған. Осындай рухбен орыстың Екатерина деген хатын падшасын мадахлаб Держауин деген сол хатын падша заманының ақыны да азырақ еліктеб жазыб жүрді. Мəселен: «О, Богоподобная царевна, Киргиз-Касацкой орды!». Оның мəнісі мынадай болады: «Уа, Қазақ-Қырғыз Ордасының Тəңірдей падша ханымы!». (Екатеринаны Держауин, бір мақтап өлең қылғанда қырғызқазақтың падша ханымы деп айтқан. Бұрын қырғыз-қазақтың, татардың мырзасы деп айтқан. Держауин Русианың ең алғашқы ақыны, өзі христиан дініне кірген ноғайдың мырзасы екені рас – Сəкеннің түсініктемесі.)» («Қызыл Қазақстан»,1923 жыл, №15, 43 бет). Қазақта «Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас» дейтін мақал бар. Ресей патшалық құрған заманнан саяси ұстанған бағыты – атасы төрүк ұлыты мен ұлыстарын бөлшектеу, бір-біріне қарсы айдап салу, жерінің аумақтық тұтастығын бұзу, құтты қонысынан ығыстыру, рухани ауызбіршілігін жою, əлеуметтік жік салу, шаруашылық тұрмысын əлсірету, этникалық ассимиляцияға түсіріп, сіңіріп жіберуді мұрат тұтты. Бұл əрекетті ашық түрде жасағаны құпия емес. 1917 жылы билікке қарулы көтеріліс арқылы қызыл большевиктер келісімен төрүктекті ұлыт пен ұлысты қудалау, қыру, жоюдың диктатуралық, садистік зорлық-зомбылық əдіс-тəсілі шектен шыққанына өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ этносы 75-80 пайызынан тірілей айырылып, бас сауғалап туған жерінен босып кетуіне мəжбүр 

Мұра болғандықтан түпнұсқадағы емлелік, орфографиялық ерекшелікті сол қалпында сақтадық – А. Мектеп-тегі.

367

етті. Қызыл империяның зұлымдығы қазақтың Кеңес өкіметін жан-тəнімен қолдаған зиялы өкілдеріне шейін түгелімен азаптау, қорлаудан кейін ату жазасына кесудегі мақсаты ұлыт ретінде жер бетінен түбегейлі жойып жіберу еді. Кеңестік қазақ əдебиетінің негізін салған Сəкен Сейфуллиннің ауыздан-ауызға жеткен атылар алдындағы соңғы сөзі қаншалықты өрлік пен өжеттікке, тəкəпарлық пен қайсарлыққа, ар-ұжданына қылау түсірмеген мəрттігі құлағыңның түбінен саңқылдап тұрғандай жігерді жаниды. «...Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да, Елімді сатқаным жоқ, сатпаймын да, Ақтығы жүрегімнің өзіме аян, Бұл жолдан қайтамын деп, айтпаймын да...». Ресейде билікке қолы жетісімен қызыл коммунистер қазақты отарлаудың стратегиялық құпия жобасын жасады. Ең əуелі қазақты соңынан еріткен саяси-рухани жетекші интеллектуалдық күшінің ықпалын əлсірету, олардың ұлыт алдындағы абыройы мен беделін түсіру мақсатында өмірдің барлық саласында кешенді іс-əрекеттер жүргізу, алаштың пəрменді тұлғаларына қарсы ақпараттық соғыс ашу көзделді. Арбаның алдыңғы доңғалағы қалай жүрсе, соңғы доңғалақ солай жүреді. Сондықтан алаштың бас адамдары салған сара жолды өскелең ұрпақтың мүлдем жадынан өшіру мақсатындағы идеологиялық ұстанымды əкімшілік-билік жүйесі қалтқысыз орындауға барынша белсенділік танытты. Алаштың асыл перзенттерін туған ұлытының тарихынан бөліп, жетпіс жыл бойы қапаста, қараңғыда жасыру – бұл күннің көзін қолмен жапқысы кеп тыраштанғандай сорақылық еді. Филип Исаевич Голощёкин [шын аты-жөні Шая ИцовичИсакович] қоғамда орын алған кез келген қарсылық пен наразылық белгілері, келеңсіз құбылыстарды аяусыз жаншып, кеңестік идеологияға көзсіз сенетін сананы қалыптастыру «ұлы құрбандықсыз» əсте болмайды деп ақталды. Бұл ретте жоғарыдан басқарылған ерекше нұсқау бойынша жергілікті əкімшілікбилік пен атқарушы органдар бұқара халыққа террорлық қысым жасаудың барлық шараларын қолданып, зорлық-зомбылықтың, жазалаудың не түріне ерік берді. Бейкүнə ел-жұрттың қолындағы бар дүние-мүлкін, азын-аулақ дəн-дақылы мен жан баққан малын шырылдатып тартып алып, арытып, жұтатып, өлгені 368

өліп, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс Кеңес өкіметінің талаптарын мүлтіксіз орындауды еріксіз мойынсұндырды. Қоғамдық өмірдегі болмыстың бетін бүркемелеу, жалған ақпарат тарату – ғылыми теріс пайымдауға, зерттеушілік қабілетті, табиғи таланттарды ақиқат жолдан тайдырып, жетпіс жылдан астам ұрпақтың ақыл-ойын шатастыруға мəжбүрледі. Алайда «алмас кездік қап түбінде жатпасы» аян. Күндердің күнінде шындық алмас кездіктей жарқ етіп, жарып шығарына шүбə жоқ. Ауруын жасырған өледі. Қанға малшынған қызыл империяның өтірікті саясатқа айналдырған ұстанымы ақыры түбіне жетіп, қураған теректей морт сынды. Мемлекет атаулының ілім-білімі мұрат тұтқан саяси бағытбағдарына байлаулы. Қазақ жастарына сапалы білім беруді желеу етіп, Мəскеуде оқуына таңдау жасаудың мақсаты – кеңестік құрылыстың идеологиялық мүддесін қорғауға жергілікті ұлыт өкілдерінен кəсіби мамандар даярлау мен іске тарту еді. Мəскеуде білім алған Ғаббас Тоғжанұлы, Ілияс Қабылұлы, [...], т.б. жастар қазақ елін «кеңестендіру саясатына» жан-тəнімен үлес қосып, Алаш зиялыларын, ұлыт басына төнген қиынқыстау аумалы-төкпелі, аласапыран заманда өмірін құрбан еткен ақ-адал перзенттерін Айдың, Күннің аманында кір жағып, қаралап, опасыздық пен сатқындық жасап, ары мен қаны төгілген қасіретке ұрындырды. «Екі аяқты, жұмыр басты пендеге «итсің, итсің» десе, үре бастайды» демекші қызыл коммунистердің идеологиялық дуасына арбалған «өзгерісшіл оқығандар» алаштың ардақтыларына ауыз салып, үргені былай тұрсын, қаба бастады. Демек, білімдінің бəрі бірдей ұлыттық қауіпсіздікке қызмет ете алмайтыны осыдан-ақ көрініп тұр. Қанша жерден жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ деп əлгілердің қылмысын ақтағанмен, қазақтың тарихи танымында жуылмайтын дық қалып қойды. Қазақтың ойлау жүйесін, ұлыттық қадір-қасиетін, этникалық ерекшелік белгілерін жоюға барын салған идеологиялық ұстаным қайткенде де көшпелі елді дəстүрлі тіршілік үдерісінен жаңылтып, империяның айтқанымен жүру, айдағанына көнуге мəжбүрледі. Осы саясатты Қазақстанда жүзеге асыруға өткен ғасырдың 20 жылдары Мəскеуде білім алған «қазақ оқығандарының» бірсыпырасы қолжаулық болды. «Іштен шыққан жау жаман». Қазақты құртқан өз ішінен шыққан сатқындар. Бұл қазақ арасынан екіжүзді, жалтақ, көріп 369

тұрғанын айтуға жасқанатын жасанды «зиялы қауымды» қалыптастырды. Саяси ірі қайраткер, бейбітшілік үшін күрестің көрнекті өкілі Джавахарлал Неру «Отарлаушы елдің тəрбиесін көрген зиялы қауым – өз халқының басты жауы» деп тұжырымдайды. Талантты жастарды өз ұлытының ізашар санаткерлеріне қарсы қойып, ақ жолдан тайдырған кеңестік қызыл идеологтар қазақ этносына сұмдық зұлмат туғызды. Бір рет ұлытына опасыздық жасаған жанның бойы үйреніп, кез келген қиын-қыстау сəтте сатқындыққа психологиялық-моральдық жағынан бейім тұрады. Өйткені, ұлыт мұратына қиянат жасаған «зиялыларды» кеңестік саясат əрқашан марапаттау мен сый көрсету, ерекше құрмет пен биік мансапқа жеткізу арқылы қызыл империяның дегенін істетудің идеологиялық сенімді құралына айналдырды. Егер айтқанға көнбесе, тиісті мекемелер «күнəсін» жіпке тізгендей ел алдында əшкерелеп, құрта салу, оларға түк те емес еді. Сондықтан ұлытының мүддесіне қарсы əрекет еткен ондайлар Кеңес дəуірінде жалғанды жалпағынан басып өтті. Бұған біздің өткен тарихи тəжірибемізде мысал жетерлік. Ал, кейбір ірі істерге тапсырыс бойынша теріс куəлік бергендердің артында із қалмас үшін «құпия қауіпсіздік орындар» олардың көзін құртып отырған. «Құлағын сатқан Тəңірі атқан, Оңдырар ма, оңар ма?!» деп Абай айтқандай, Алаш ардақтыларының арасында жүріп, дұшпанға «қоңырау» қызметін атқарған Əбдірахман Байділдин сияқты біреуге қазған орға өзі түскендер де аз емес. Мағжанның Байділдинге жазған эпиграммасында: «Чик-чик, Колокольчик Дин, дин, дин. Сылдыр-сылдыр, Былдыр-былдыр Байділдин», – деуінің астарындағы уытты кекесін сыр осында еді. Ресей патшалығынан жалғасқан, кеңестік қызыл коммунистердің дəуіріне ұласқан империялық басқыншылық саясаттың қазаққа жасаған сан түрлі қысымдары мен нақақтан-нақақ қуғын-сүргіні, аштан қатыруы мен жүргізілген құпия тəжірибелердің зардабы, ядролық қарудың жəне космостық сынақтардың жантүршігерлік зұлымдығы бейбіт күнде де жалғасты. 370

Қазақ елінде ұдайы үстемдік еткен ұлыттық-этникалық ерекшелікке қарсы жойымпаздық саяси-идеологиялық майданның əсер-ықпалы іштен іріген шұбар жыландардың шығуына сеп болды. Ондайлар қазақ бола тұрса да, өз қандасына шекесінен қарайтын эгойстік астамшыл, мансұқтауға дайын тексіз, ана тілінде сөйлеуге арланатын сұрқия, тілі мен діліне өлердей өш жəдігөй, ұлыттық мүддесін табан астында тəрк етуге шімірікпейтін қуыс кеуделер. Мұндай халқының құнарлы қасиеті бойына сіңбеген сатқындар қай қоғамда да, қандай ұлыт пен ұлыста да болған. Демек, ондайлар қай қоғамдық құрылыста да өте қауіпті құбылыс. Егер ел басына сын сағат туа қалса, мұндай екіжүзділер туғанын да сатып жіберуден тайынбайтынын тарихтың ащы сабағы дəлел. 1922–24 жылдары кəсіп игеріп, мамандық алу мақсатымен Алманияда (Германияда) оқуда болып қайтқан Ғ[азымбек] Бірімжанұлы, А. Мұңайтпасұлы, Қазыбекұлы, Битілеуұлы, Мұстафа Бөкейханов сынды азаматтарды «шет елге қызмет еткен жансыз» деп айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратты. Мəскеуде білім алғандардан бұлардың ерекшелігі – бар ақылойымен ұлытының кəдесіне жарауға талаптанғандығы. Олар сол үшін жазаланды. Кеңестік саясаттың шектен шыққан сұрқиялығы мен қатыгездігі Қазақ Елін каторгаға айналдырды. Эшелон-эшелон ұлыттар мен ұлыстар арнаулы күзетпен қазақ жеріне депортацияланды. «Таспен ұрғанды, аспен ұру» қазақтың қанына сіңген қасиеті. Бейтаныс жат жұрттың өкілдерін, тұтас мыңдаған аш-жалаңаш этникалық əртекті ұлыстарды қызыл империя атамекенінен көшірген, тағдырдың тəлкегіне ұшыраған шақта, оларды қазақ халқы үйіне кіргізіп, бауырына тартып, аяғынан тік тұрып кетуіне жəрдем қолын созды. Алаш азаматтарының артында қалған сүйген жарлары мен балалары да «халық жауының» отбасы ретінде жылы ұясынан күшпен сыртқа шығарылып, азап лагерьлерінде нақақ жазаланды. НКВД-ның «Алжир», «Ақлаг», «Қарлаг», т.т. «лагтерде» мыңдаған аналар ондаған жыл бойы қамақта ұсталды. Сондай алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы, қазақтың тұңғыш кинорежиссері – Ескендір Тынышбаев. Мəскеуде киноматография институтында оқып жүрген Ескендір аға қарындасынан əкесінің абақтыға қамалғандығы, кейін Воронежге жер аударылғандығы туралы 371

жеделхат алады. Бұл суыт хабарды ести сала ол алып ұшып əкесіне жетеді. Барар жер, басар тауы жоқ, бейтаныс қалада көше сенделген Мұқамеджанға тұрғылықты мекенжайы мен азын-аулақ азық-түлігін дайындасуға жəне əзірше жетерлік қаражатпен көмектесіп, Мəскеуге оралған Есағаңды сол күні түн ортасы ауа «алашорданың байланысшысы» деген айыппен ОГПУ тұтқындап, жастық шағының 10 жылын концлагерьде өткізді. Бұдан тура он сегіз жыл бұрын марқұм Есағаңмен өз үйінде дидарласудың, оңаша сұхбат құрудың сəті түскен еді: – Ең жаманы – өз еліңде, өз жеріңде, өз қандастарың, ет жақын бауырларың нұқып, «жаудың баласы» деп жүрсе, содан жаманы жоқ. Оны басынан өткізген жан жақсы біледі. Ал, абақтыда, концлагерьде барлық адам бірдей болды. Əлімхан Ермекұлы – мемлекет қайраткері, тау-кен инженері, əкеммен көп жыл пікірлес, қанаттас жүрген азамат. Ол екі рет Қазақ Елінің атынан Владимир Ильич Лениннің жеке қабылдауында болған. Əлімхан ағай қамаудан босанғасын Шымкентке келді. Ол кісіге əдейі барғанымда екеуіміз құшақтасып амандастық. Ағайға ағымнан жарыла, ант-су ішіп, «мен стукач емеспін!», «Алаш» партиясына, менің əкеме шын жүрегіңізден адалын айтып, мінездеме беріңізші! – деп жалбарына өтіндім. Əлекең ба-а-р мейірімін төгіп, – Сені ақылды деп жүрсем! – деді де кеңкілдеп күліп алды. Сосын Ол «Нас можно сломать, но согнуть не может», – деп орыс тілінде сауалыма көпше жауап қатты. – Коммунистік партияға кіргендер не тапты, бəрі атылып кетті. Мұхтар Əуезов екеуіміздің ойымызша, олар сатқындар, бəлкім, қулық та болған шығар, əркімнің өз ақылы өзіне жетеді. Ал, сенің əкеңе жететін адам жоқ, – деді. Міне, «Шалқайғанға – шалқай, төбең көкке жеткенше, Еңкейгенге – еңкей, төбең жерге тигенше» деген халық даналығын бойына сіңірген Алаш ардақтыларының өмірлік кредосы. Ашаршылықтың себебі көп. Соның бірі – Кеңес өкіметі орнасымен бай, би, оқығын-тоқығандардың барлығын «феодализмнің өкілі, буржуазиялық интеллигенция» деген жалған ұран көтеріп, кедей, жалшыны билікке тартып, қоғамды қолдан надандандырып, тектілікке, рухани көсемдікке, өзінің көзқарасы, пікірі бар қазақ оқығандарына таптық жіктеу арқылы ақпараттық майдан ашып, саяси-идеологиялық шабуыл жасады. 372

Байды жою, оның орнына кедей, жалшыны қою саясаты – тексіздіктің салтанат құруына жол берді. Ауқаттылардың бəрін қуғын-сүргінге салудың қаһары көп ұзамай қалың бұқараны, тұтас ел-жұртты қамтып, талғауға дым нəр таппай тірілей аштан қатқан ұлыттық апатқа, айтуға ауыз бармайтын қасіретке соқтырған əлеуметтік-этникалық дағдарысты бастан кешірді. Сөйтіп көзінің алдын көре алмайтын «рухани соқырлар», екіжүзді жылтыңдар, жағымпаз желбағарлар, парақор, жалақор имансыздар, шаш ал десе, бас алатын əңгүдіктер, ар-ұжданын аяққа басқан нақұрыстар, əпербақан, ұр да жық белсенділер ел бастауға, билік айтуға, қоғамдық тəртіпті сақтауға, заң орындарына, ұлыт тағдырына қатысты жауапты қызметтерге тартылды. Қазақтың «қолымен от көсетіп» қазақты қырғызудың саяси түрлі амалдарын жасауға мəжбүрледі. «Қолдан жасалған атқамінерлер» қазақтың обалына қалды. «Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы» деген халық даналығы еріксіз еске түсті. Идеологиялық насихат құралы саналған мерзімді баспасөз аттарын «Кедей», «Кедей теңдігі», «Кедей еркі», «Кедей айнасы», «Кедей тілі»,»Жалшы», т.т. деп қою сəнге айналды. Қазақ қоғамын рухани кедейлендіруге саяси мүдде ақынжазушылардың шығармашылық қуатымен əдебиет пен мəдениет майданында үлес қосуына ықпал етті. Өмірдің барлық саласында Мырқымбайлар, Шоқпыттар тізгінді қолға алған «жаңа заманның» тыныс-тіршілігі мен көркем шежіресін кескіндеді. Сонымен социалистік реализм əдісі «Ұлы Қазан» тудырған «жаңа адам» бейнесін көркем өнер мен əдебиетте сомдауды басшылыққа алып, қазақ қоғамының əлеуметтік билік жүйесін, буын-буын ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға жаршы болды. Алғашқы төлтума оқулықтар мен оқу құралдарын Алаш білімпаздары жазғаны аян. Статистикалық дерек бойынша, 98% қара танымайтын сауатсыз елді тарихи қысқа мерзім аралығында ағарту шараларын жүзеге асырудың абыройы сол ардақтыларымыздың еншісіне тиесілі. Кеңестік дəуірде Алаш ақылмандарының тəрбиесін көрген шəкірт буын жаңа заманға лайық оқулықтар жазуға атсалысты жəне оны қолданыстағы оқу құралдарының ғылыми-əдістемелік деңгейінен əлдеқайда жоғары, əлдеқайда сапалы орындау үшін шығармашылық бəсекелестікке түсті. Мұндай талаптың өзі əуелгі əзірде бір373

сыпыра ізденуге, шындап еңбектенуге жетеледі. Бүгінгі таңда біздің елімізде жазу-сызуды меңгермеген пенде жоқ. Алайда ғылыми-технологиялық үдерістің қарыштаған ақпараттану заманында төл оқулықтардың ұлыттық тəрбие мен танымдық деңгейі Алаш арыстарының бір ғасыр бұрынғы еңбектерінен əлі аса қойған жоқ. ВКП(б) Орталық Комитеті Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшылығына «саяси маньяк» Шая Ицович Голощёкинді жіберді. «Ауылды кеңестендіру – бұл шын мəнінде Қазақстанды кеңестендіру. Сондықтан барлық салада біздің жұмысымыздың ілгерілеуі үшін қазақ кедейлерін ұйымдастырмай əсте мүмкін емес, – деді Голощёкин («Советская степь», 1926, 5 мая) Екінші пленумде сөйлеген сөзінде» (В. Михайлов. Хроника великого джута. Документальное повествование. Алма-Ата СП «Интербук», 1990. С. 58–59.). Билік басына келгеніне екі ай өтер-өтпесте ол ауыл-аймақты аралап, таныспай-ақ «…ауылда байдың үстемдігі, рудың үстемдігі өзгеріссіз сақталған, шын мəнісінде өлкеде кеңес өкіметі орнамаған» («Советская степь», 1925, 4 декабря) деп байбалам салған көріпкел тұжырым жасады. «Советская степь» пен «Еңбекші қазақ» газеттерінің бетінде «Ауылды кеңестендіру», «Асыра сілтеу болмасын, аша-тұяқ қалмасын» деген Голощёкиннің сөзі ұран етіп көтерілді. Көшпелі мал шаруашылығын кəсіп еткен қазақ ауылының тыныс-тіршілігі мен қалыптасқан дəстүрлі қоғамдық ахуалымен мүлдем санасқысы келмеген Голощёкиннің «Кіші Қазан» өткізуді жар салған максималистік кеудемсоқ, оспадарлығы – қойға топалаң тигендей елдің есін шығарды. «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» дейтін текті ұлытымыздың жер қайысқан төрт түлік малын түгел сыпырып, мемлекет меншігіне күшпен тартып алудың сыры – биліктің не ойлағаны барын айтпай-ақ сездіргендей еді. Ораз Исаев Қазақстан Өлкелік Комитетінің VI пленумында сөйлеген сөзінде 1929 жылы 40 миллион бас малдың 1933 жылы саны 4 миллионға жетержетпес екендігін мойындауға мəжбүр болды. Сталиннен жəне Партияның Орталық Комитетіндегі негізгі басшылардан төтенше шаралар жүргізуге, авантюристік бағытты берік ұстауға рұқсат алған Голощёкин ашықтан-ашық: 374

«...Сіздер Зиновьевтің: «Қазақстан Голощекиннің жеке билік құруы үшін басыбайлы берілді», – дегенін білесіздер. Кез келген топтың көсемдері Қазақстанға [яғни бұл арада Республика атын Голощёкин билік басындағы өзінің есімімен байланыстырып тұр – А.Мек.] қарсы шығып байқасын – бір аптаның ішінде күлі көкке ұшады» (VI Всеказакстанская конференция ВКП(б), стенографический отчет, Кзыл-Орда, 15–23 ноября, 1927 г., стр. 137.), – деп (Нəубет. Құрастырушы З[ахардин] Қыстаубаев. А.: Жалын, 1990, 75 б.) өзеурей айбат шеге екпіндеуі тірек етер сүйенгені мықтылығының белгісі еді. Қолына тиген шексіз билікті оңды-солды пайдаланған Голощёкин бірінші кезекте өзіне бақталас білікті азаматтарды қудалап, тоз-тозын шығарып, жан-жаққа шашып жіберді. Сосын қой дейтін қожа, əй дейтін ажа болмаған соң «ұжымдастыру» деген желеумен көшпелі елді теспей сорған, шектен шыққан арсыздықпен тонаудың салдарынан бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген аштық зобалаңына ұрындырды. Қужақ (Алаш арыстарының Голощёкинге қойған лақап аты – А.Мек.) қолдан ұйымдастырған жан мен тəнді ашықтырудың, қасақана жұтатудың қазаққа түрлі пішіні мен əдісін қолданып-ақ бақты. 1931-32 жылдары қазақ даласындағы аштықты баспасөз бетінде жазуға кеңестік цензура тиым салды. Бұл Алаш арыстары жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған, елден жырақ жат өлкелерге жер аударылып, концлагерьлерде нақақтан-нақақ азап шекті. Кеңестік билік бұл саяси науқанға қарсылық көрсететін ұлыттың əлеуметтік белсенді бөлігінің əрекет етуіне алдын ала қоғамнан оқшаулау əдістерімен мүмкіндігінен айырды. Сөйтіп Алаш азаматтарының құқын өрескелдікпен бұзған заңсыздық арқылы қазақ ұлытына қарсы жасалған нəсілшілдік қылмысын қызыл империя əлемдік қауымдастық алдында жасыруды мақсат етті. Бұл өмір сахнасындағы қасіретті қойылымның сценарийінің авторы Иосиф Виссарионович Сталин, режиссері Филип Исаевич Голощёкин [шын аты-жөні Шая ИцовичИсакович] болды. Жоқ-жітік, аш-жалаңаш адамдар үйіндегі бар асыл дүниесін, атадан балаға мұра болған жəдігер бұйымын тірі қалу үшін талғажау етер талшыққа айырбастады. Осы ретте 1995 жылы абыз Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға 375

қатысқан Кёльн қаласынан келген Баймырза Хайт ақсақалдың баяндамасы еске түседі. Ол Германияға оқуға аттануға жиналған өткен ғасырдың 20 жылдары қазақ жерінде антиквар заттар мен кітаптар су тегінге сатылғанын, оның үйінде күлше нанға айырбастап алған сол кездегі қазақ тарихы мен мəдениетіне қатысты жалғыз-ақ данамен басылған 3 мың кітаптың сақталғанын айтқаны бар. Ол қандай кітаптар, оның қазақ мəдениеті мен тарихы үшін ғылыми маңызы бар ма? «Мəдени мұраға» байланысты тиісті мемлекеттік мекемелердің бұл деректің анық-қанығын зерттеу, іздестіру шаралары туралы бұған дейін бізге ақпарат белгісіз. «Алтын-күміс тас екен, арпабидай ас екен» дегізген қарғыс атқыр шарасыздықтан жаны алқымға тірелген жұрт ескі-құсқы тулақ, тері-терсек, былғары етік, белдік, торсық, т.т. қолына іліккенін қазанға қайнатып, тісіне басты. Күш-қайраты барлар індетіп тышқан аулады, даладағы өскен шөптің тамырын қазып жеді. Ел ішіне түрлі жұқпалы індет тарады. Ел ішінде əкімшілік биліктің жүргізген арандату саясатына наразылық дүмпулер өріс жайды. Ашынған жұрт əділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа төзбей жергілікті өкімет орындарына қарсы күресті. Билік басындағылардың күткені де осы еді. Бұл жалаң қолмен бас көтерген қарсылықтар мемлекетке жасалған қылмыс ретінде аяусыз жаншылып тасталды. Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың мəліметі бойынша, 1929 жылы Қазақстанда қатарында 350 адам бар 31 «бандалық құрылым», 1930 жылы 1925 адамнан тұратын 82, 1931 жылы 3192 қатысушысы бар 80 «банда» əрекет еткен. Осы кезде селолар мен ауылдарда бұлардан басқа 2001 «дұшпандық топ» анықталған, оларда 9906 адам болған, сондай-ақ 10 396 жеке қаскөйлер тұтқындалған. Осылардың əрекеттері салдарынан 1929–1931 жылдары 460 партия-совет қызметкері өлтірілген, 372 дұшпандық антисоветтік əрекет жасалып, 127 рет астық өртеу жəне малды уландыру оқиғалары болған (Нəубет. Құрастырушы З[ахардин] Қыстаубаев. А.: Жалын, 1990, 93 б.). 1931–1933 жылдар аралығында Адай округіне қараған Табын ауданында (Ақтөбе облысы кəзіргі Байғанин ауданы) кеңес өкіметінің саясатына қарсы көтеріліске шыққан. Табын ауданының 1930 жылдың 1 қазанындағы партия хатшысы Əлжановтың мəліметі бойынша үй саны 1930 жылы 11782, жан 376

саны 62663 болса, 1932 жылы 5769 шаңырақ, 27943 адам қалды немесе тұрғын халықтың 52 ашаршылықтың құрбаны болды. Бұл цифрлар сол дəуірдің шындығын бейнелейді. Кемелденген социализм құрған өткен ғасырдың 80-ші жылдары Байғанин ауданының халық саны 28000 мыңға шаққа жетті. Мұнан шығатын қорытынды аудан халқының 30-шы жылғы демографиялық деңгейін қалпына келтіруге əлі алда талай жыл бар екен. Патша заманында да, кеңес дəуірінде де ресми жүргізілген халық санағында қазақтың саны ұдайы империялық мүдде тұрғысынан кемітіліп жазылды. Əрине, оның басқа да себептері бар болар. Көшпелі өмір салты тұсында қазақ метірке алуды, яки тууы туралы куəлік алуды білген жоқ. Сондықтан көшіпқонған елдің саны империяның түтін салығының санымен есептелді. Бұл біріншіден, қазақтардың түтін салығын аз төлеуі үшін отбасының санын кемітіп айтуына итермеледі. Дəл осылай мал басының санын да шектеп берді. Екіншіден, империяның əскер қатарына алуынан сақтанып, еркек кіндікті жасыруына мəжбүрледі. Үшіншіден, жемқорлық, парақорлық өрістеген патшалықтың бюракраттық аппаратындағы шенеуніктері елден жиылған түтін салығынан «өз үлесін» айырып қалмауы мүмкін емес еді. Ал кеңес дəуірінде қазақтың нақты санын бұрмалаудың себебі əлеуметтік-этникалық мəселелерді шешуге жұмсалатын бюджет қаржысының құлағын ұстағандардың іштарлық қызғанышы мен империялық мүдде тұрғысынан бөлуіне негіз болды. Ең бастысы, қазақтың табиғи шикізат қорының байлығы мен санаткерлік, интеллектуалдық қабілетқарымы (потенциалы) қызықтырғаны сондай – империя ерте ме, кеш пе этникалық-рухани ассимиляцияға түсіруді, яғни ұлыт ретінде түбегейлі жұтып қоюды көздеді. Мəселен, Қытайда бұдан елу жыл бұрын ресми есеп бойынша қазақтың саны бір миллион жарым деп көрсетілсе, сол дерек бүгінгі таңда да еш өзгере қойған жоқ. Демек, бұл империя атаулыға тəн ортақ құбылыс. Бұдан шығатын қорытынды əр дəуірдегі қазақтың санына қатысты демографтардың сүйенген деректерінде елеулі ауытқушылықтардың болуы заңды құбылыс. «Молда айтқанның бəрі шариғат емес, Ғалым айтқанның бəрі қағидат емес» деген. Қазақтың санына қатысты бұған дейінгі «қатып қалған» цифрларға сын көзбен қараған жөн. Ол түгіл технологиялық 377

жарақтың ақпараттану мүмкіндігі көз ілеспеген бүгінгі күні қазақтың өз қолы өз ауызына енді жетті-ау деген шағындағы санаққа бөлінген қаржы да шенеуніктердің жемсауына түсіп кетіп, анық дерегін біле алмай отырмыз емес пе? Орынборда «Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынұлына салынған талай айыппұлдан құтқаруға демеу болған, миллионер, «Шора» журналының иесі, татардың классик ақыны Зəкір Рамеевтің бар байлығын большевиктер тартып алғаны, Дəрдман деген əдеби бүркеншік атпен төрүк əлеміне əйгілі тұлғаның ақыры аянышпен аштан өлгені белгілі. Сол сияқты Уфада қолжазба «Садақ» журналын Бейімбет Майлинмен бірге шығарған қазақтың классик жазушысы Жиенғали Тілепбергенұлы да аштықтың құрбаны болды. Пародокс сонда – ақ тарыдан дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсеұлы да аштықтан ажал құшыпты. Тере берсе, мұндай фактілер өте көп. Кеңестік ашаршылық саясаты мен қуғын-сүргіннің зобалаңы қазақтың зияткерлік ойлау жүйесі мен биік өресін ойсыратып кеткені сондай – ұлытқа тəн дархан даналықтың көзі тартылып, босаған шелектей қаңғырлап қалды. Репрессия мəшинесі қоғадай жайпап өткен соң, қазақ қоғамы қаншалықты рухани құлазығандығын абыз Абайдың батасын алған, ілгерідегі Алаш алыптарының тəлім-тəрбиесін көрген жалғыз-жарым сарқыты Мұхтар Омарханұлы Əуезов сынды шалқыған түпсіз теңіз, асқар таудай биік білімпаз тұлғалары санасақ бір қолдың саусағына да жетпеді. Бұл геноцид – ұлыттың тектік құнарының табиғи өсуі мен кемелденуіне, рухани-жасампаздық даму сипатының сапалық деңгейін ұзақ уақытқа тежеген этникалық тоқырауға ұшыратты. Ашаршылық қазақтың ұлыттық құндылықтарынан түгел айырды. Қазақтың мыңдаған жылдық сұрыптауынан өткен асыл тұқымды төрт түлік малының тұқымы, ит пен құсының тұқымына шейін көз жазып қалуына əкеп соқтырды. Ашаршылық – қазақ ұлытын түбегейлі жоюға бағытталған кеңестік саяси-əлеуметтік, жойымпаздық жоба. Владимир Ильич Ленин – Ресейдегі 1905–1907 жылдардағы орыс буржуазиялық төңкерісінің сəтсіздікке ұшырауының себебін талдай келіп, бұл – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісінің жеңіске жетуіне үлкен дайындық болды деп бағалаған еді. Дəл осы сценарий бойынша 378

қызыл империяның 1920-24 жылдардағы жүргізген ашаршылық саясаты қазақ ұлытын түбегейлі этникалық жойып жіберудің 1931-34 жылдардағы геноцидіне басты дайындық еді. Сондықтан 1931-34 жылдардағы қазақ еліндегі аштықты кеңестік баспасөз құралдары жазуға идеологиялық қатаң бақылау жасап, цензуралық тиым салды. Бұл қызыл империяның қазақ ұлытына ашықтан-ашық бағытталған қылмысын бүркемелеген айлашарғысы еді. Осы екі аштықтың зардабынан қазақ арасында қанша қарны тойынса да, яғни өзі тойса да, көзі тоймайтын жемқор, бұрынсоңды жоқ мешкейлік, кембағал құлықты қандастар пайда болды. Əйтпесе мемлекеттік жүйе өзгерген тарихи өтпелі дəуірде қазақ жерінің табиғи шикізат қорын оңды-солды талантаражға салып, ұлыттық қазынамызды шет елге таратқандар байып, аз ғана жыл ішінде қалталы миллиардерлер шықты. Ал, сол деуге жарамаса да, жеуге жараған миллиардер шонжарлар қазақ мəдениетіне, ұлыттың рухани дүниетанымына айтулы үлес қосарлық не тындырды?! Бұл сұмдықты көзбен көргендердің көңіл айнасындағы мəңгі қалып қойған көрініс суреті: «Сол тұста не көп – шаруаға салатын салық көп: ет, жүн, май, тері-терсекті айтпағанда, сүйек салығы, мүйіз-тұқай салығы, тіпті ит терісінің салығына шейін (неге керек екенін бір Құдайдың өзі білсін) болғаны əлі есімде. Əкімдер мен өкілдер: «ет керек», «жүн керек», «май керек», «сүт керек», «астық керек», «бəрін де орындау керек!» деп ұрандатқанды ғана білді. Жоспар біткенді асыра орындаймыз деп жанталасқан олардың жəне жергілікті белсенділердің аузындағы сөзі: «Жерден қаз, көктен сау – бəрін тап!» немесе «қайдан тапсаң одан тап: қаптың түбін қақ!». Зіркілдеген өкілдердің зорлап, қару асынған милициямен қорқытып кедейдің жалғыз сиырын етке тапсырттырғанын көзім көрді. Əлгі байғұстың: «Енді қатын-балам аштан өлетін болды ғой!..» – деп еңірегенде етегі толды. Оған қарап жатқан өкіл мен милиция жоқ...» (Нəубет. Құрастырушы З[ахардин] Қыстаубаев. Өтебай Қанахин. Өз көзіммен көрдім. А.: Жалын, 1990, 53 б.). Батыс Қазақстанға əйгілі Қырдалыұлы Қызыл ақынның ашаршылық жылдары «Мешін-Тауық» атты əні ел арасына кең тараған. Жоқтау сарынындағы мұңды əннің мəтінінде мынадай жолдар бар: 379

«Қазаққа салмақ түсті Мешін-Тауық, Жігітке атқа мінген болды қауіп. Алаштан əн оздырған Қызыл ағаң, Үйінен іше алмады көже тауып. Қайырмасы: О-о, ерлерім-ай, О-о, елдерім-ай!.. Жем-Сағыз, Ойыл-Қиыл бойлай жайлап, Сан сатып, сала сайын бие байлап, Кешегі баста бағым бар шағында, Бəйгеге ат қосушы ем, Майлыбайлап... Қайырмасы: О-о, ерлерім-ай, О-о, елдерім-ай!.. Жайлаған сахараны елдерім-ай, Алашқа аты мəлім ерлерім-ай!.. Заманының жан алқымнан алған шақта, Шағайын кімге қайғы шерлерімді-ай!.. Қайырмасы: О-о, ерлерім-ай, О-о, елдерім-ай!..», – деп келеді. Кеңестік аштық саясаты қазақ ұлытының сапалық жəне сандық өсуін жүз жылға кері шегерді. Қазақ ұлытының дамуы бір ғасырға тоқтатылып, күллі генофонды жойылып кетуге шақ қалды. Өз жерінде азшылыққа ұшырауы ұлыттық табиғи болмыс-бітімінің дамуы шектелуіне, рухани нəр алатын бұлақ көздері бітеліп, ана тілінің əлеуметтік-рухани қызмет аясының тарылуына ықпал етті. Бейнелеп айтқанда, бұл мың жыл бұрын бəйгеге қосылғандармен «қазақтың атын» салыстыратын бəз біреулердің негізсіз мансұқтауына себеп болды. Бұл біздің тарихымыздағы орны толмайтын зор шығын, Ұлы Қасірет. Қазақтың бестен үш бөлігі аштықтың құрбанына айналып сүйегі көмусіз иен далада шашылып қалды, бір бөлігі жан сауғалап шет жұртқа жер ауып кетуге мəжбүр болды, бір бөлігі қалт-құлт етіп, əупірімдеп, əрең дегенде ес жиып, ел қатарына қосылды. Демограф ғалымдар ХХ ғасырдың басындағы екі аштықтың зардабы болмағанда, қазақтың саны бүгінгі күні 30–35 380

миллионға жетер еді деген ғылыми болжам жасайды. Біздің пайымдауымызша, бұл цифр нақты емес. Себебі 1897 жылғы патша өкіметінің санағы бойынша қазақ көрші өзбек ұлысынан [мамандардың зерттеуінше, бұнда өзбектердің Ресейге енген аймақтары ғана қамтылған дейді] үш есеге жуық артық, яғни 4 миллион 84 мың болғаны аян (Козлов В. Национальности СССР. М., 1983 г.). Аштық зұлматын көрмеген, жаппай қуғынсүргіннен аман өзбек халқы бүгінгі күні 30 миллионға жуық. Ал, қазақтар шет елдегісін қосып есептегенде 15–17 миллион шамасында. Демек, аштық болмағанда қазақтың саны 60 миллионның үстінде болар еді. Ендеше, ұлыт басына төнген аса қатерлі зобалаңды – тұтас этносты аштан қатырып, ақыл-есінен айырып, құтын қашырған сұмдықты қалай ұмытуға болады!? Мұндай қатерлі кесапаттың себеп-салдарын зерттемей, оған ғылыми бағасын бермеген ұлыттың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан көктемнің жазға ұласар соңғы аптасын қазақты қынадай қырған «аштық саясатын» айыптайтын, орны толмас қасіретін еске алатын мемлекеттік деңгейдегі күнтізбеге енетін ҰЛЫТТЫҚ ҚАРАЛЫ КҮН жариялап, сүйегі алдақашан қураған, əр жерде көмусіз шашылып қалған ата-бабаның рухына тағзым етуді жыл сайын үрдіске айналдыру лəзім. Бұл əлі талайлардың жүрегінде жарасы жазылмаған тарихтың ащы сабағы – бейкүнə бейбіт елді бір оқ шығармай аштан қатырған империялық саясаттың опасыздығы. Қазақ даналығы «Өлі риза болмай, тірі байымайды», – дейді. Демек, бұл – əруақ алдындағы ұрпағының азаматтық парызы. Осы игі шара бізді өз тарихымызға құрметпен қарауымызға үйретеді, сол арқылы ұлыттық топтасуымыз бен ынтымағымызға қызмет етуді, жас ұрпақтың отаншылдық сезімін оятуды насихаттайды. Ашаршылық туралы бұған дейін Жақан Сыздықұлы, Валерий Михайлов, Татьяна Невадовская, Шахан Мусин, Ғалым Ахметов, Өтебай Қанахин, Сапар Байжанов, Манаш Қозыбаев, Бексұлтан Нұржекеев, Адам Мекебаев, Талас Омарбеков, Смағұл Елубаев, Тұрсын Жұртбаев, Мақаш Тəтімов, Бəйдібек Төлепбаев, Бейбіт Қойшыбаев, В. Осипов, т.б. қалам тартты. «Қазақтелефильмнен» «Великий джут» атты деректі фильм экранға шықты. Сценарий авторы – Валерий Михайлов, режиссёры – Қалила Омаров. 381

Жалпы, қоғамтанушы ғалымдар, əсіресе заңгерлер ашаршылықтың қазақ ұлытына тигізген кесапатын құқықтық тұрғыдан жан-жақты ашып беруге атсалысуы керек-ақ. Генетик ғалымдар ашаршылықтың ұлытымызға тигізген зиянын ашық айтатын уақыт келді. Өйткені қазақ «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» дейді, ал, тұтас ұлытты ашықтырудың зардабы қаншаға созылатынын кім білген? Əлбетте, украиндар сияқты біз империяның рухани мұрагерінен құн сұрауға əзір дайын емеспіз. Ол үшін əлі ғылыми-ағарту шараларын пəрмендірек жүргізу қажет. Мұстафа Шоқайұлы «Варшавадағы еврейдің тісі ауырса, Америкадағы еврейдің жүрегі ауырады» дегендей, қазақтың мəселесі – қазақтың бас ауруына айналғанда ғана бұл, бəлкім, өз нəтижесін берер... Табиғат-Ана көктемде жаңбыр, қыста қар жауып, кірқоқыстан тазарып, иіс-қоңыстан жуынып-шайынып, шомылып тұрмаса – қоршаған ортаның экожүйесі бұзылады. Табиғаттың төлтума перзенті жұмыр басты пенде де дəл сондай – тəнін де, жан дүниесін де ауық-ауық мұнтаздай тазартып, рухани шомылып тұрмаса, көңіл айнасын айғыз-айғыз кір басады. Жоқшысы жоқ ел жетім. Жоғалтқанымызды түгендеу – елдік мұрат. Еркіндік сүйгіш, жасампаз ұлытымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы тəуелсіздігіне жетіп, əлемдік қауымдастық дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасын танығанына да екінші онжылдық. Бүгінгі таңда еліміз қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық іргесі қаланған, ішкі-сыртқы жағдайы тұрақты, бағыт-бағдары айқындалған, əлемдегі бəсекеге қабілетті мемлекеттердің санатында толық қалыптасты. Енді өз билігі өзіндегі мемлекеттің тарихи танымын ұлыттық мүдде тұрғысынан мұқият ғылыми тазартудың, қоғамдық сананы рухани сауықтырудың кезегі келді. Осы ретте мынадай ұсыныстарды ортаға салғанды жөн санаймыз: 1. «Ана тілі» ұлыттық апталығы «Аштық құрбандары» атты айдар ашып, оған аштықтың зауалын тартқандар мен естіген ұрпақтары өздерінің көрген-білгенімен бөлісіп, қалың көпшілік үн қосса, тарихи вакуумды толтыруға себі тиер, əруақ алдындағы игілікті іс болар еді. 2.Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақфильм» киностудиясы ұлыттық қасіретті бейнелейтін деректі жəне көркем көп сериялы кинофильм түсіруге бəйге жарияланса. 382

3. Елорда мен Алматыда жəне облыс орталықтарында аштық құрбандарына арналған көздің жасы көл болған ұлыттық апатты бейнелейтін айналасы қырмызы қызыл гүлге оранған композициялық субұрқақ (фонтан) ескерткіш орнатылса. 4. Республикамызда көктемнің соңғы бір аптасы аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын ресми мемлекеттік аза тұту күндері жарияланса. 5. Шығармашылық одақтар мен жекелеген өнер қайраткерлері аштық тақырыбына өздерінің зияткерлік қабілетімен атсалысса. 6. Бұл күндері Құдайдың Үйі – мешіттер мен шіркеулер де аштық құрбандарының рухына арнап дұға оқылса. 7. Өткен ғасырдың 20–30-жылдарындағы аштық тақырыбына тың құжаттарды сөйлетіп, арнайы ғылыми зерттеу монографиялар жазылса. 8. Мұрағат, кітапхана қорларында сақталған құжаттар мен фотосуреттер жəне бейнетаспалардың көрмесі ұйымдастырылса. 9. Бұл күндері бұқаралық ақпарат құралдары аштық тақырыбына арналған цикл хабарлардың бағдарламасын жасаса. «Ана тілі» газеті, 2009. – №21 (926) 28 мамыр – 3 маусым. №22 (963) 4‒10 маусым. №23 (964) 11‒17 маусым. №24 (965) 18‒24 маусым. №25 (966) 25 маусым – 1 шілде.

383

МАЗМҰНЫ Алғысөз орнына ..................................................................................... 3 Бірінші тарау. ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ ............................................... 14 Кiрiспе...................................................................................................... 14 1 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ТАРИХИ КЕЗЕҢ..... 28 1.1. Ғасыр басындағы саяси ахуал жəне Халел Досмұхамедұлы ................................................................................................ 28 1.2. Қоғамдық сананың оянуындағы Халел Досмұхамедұлы қызметі .................................................................................... 50 2 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ҚАЗАҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСПАСӨЗI НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БIРI ............... 113 2.1. Көсемсөз шығармашылығы .................................................. 113 2.2. «Сана» журналы – ғылыми-танымдық көсемсөздің қанат жаюы ...................................................................................... 195 3 ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – БАСПАГЕР ҺƏМ РЕДАКТОР ...................................................................................... 218 3.1. Ұлыттық кiтап шығару iсiн жолға қоюшы .......................... 218 3.2 . Төлтума ғылым тілін жасаушы бірегей тұлға ..................... 301 Қорытынды ............................................................................................. 319 Екінші тарау.

КӨСЕМСӨЗ МАҚАЛАЛАР

Халел Досмұхамедұлы. Халқының рухани жаны мен тəн саулығының шипагері ............................................................................ 323 Сыр тұнған күміс саптыаяқ ................................................................... 337 Геноцид ................................................................................................... 341

384

Ғылыми басылым Мектеп-тегі Аманқос Құлтанұлы

КӨСЕМСӨЗДІҢ КӨСЕМІ Компьютерде беттеген Г. Шаккозова Мұқаба дизайны Р. Сқақов Кітап авторлық редакциямен жарыққа шықты ИБ №8389 Басуға 25.06.2015 жылы қол қойылды. Формат 60х84 1/16. Көлемі 25,5 б. т. Тапсырыс №140. Таралымы 100 дана. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.

«ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ» БАСПА ҮЙІНІҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ Əбдиманұлы Ө. Ахметтану: оқу құралы. – 2015. – 273 б. ISBN 978-601-04-1132-6 Бұл кітап Ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық болмысын тануға арналған Тəуелсіз еліміздегі тұңғыш оқу құралы. Сондықтан да «Ахметтану» атты оқу құралында А. Бай тұр сын ұлының қазыналы мұрасы шығармашылық даналығымен, даралығымен ұштастырыла берілген. Əр тарау Ахаң шығармашылығының белгілі бір салаларына бағытталып, шығармашылық болмысын терең игеру сұрақ-тапсырмалар арқылы байыпталып, əр тарау соңындағы түйіндер мен қорытындылар тақырыптың мəнін ашуға игі əсер етті. Оқу құралы жоғары мектептің филология, журналистика факультеттерінің Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған арнаулы пəндер оқытылатын бакалавр мен магистранттарға, жалпы Ахаң мұрасы қызықтыратын оқырмандарға арналған. Құлжанова Б.Р. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология (сөздік құрам): оқу құралы. – 2015. – 41 б. ISBN 978-601-04-1277-4 Оқу құралы қазіргі қазақ тілі лексикологиясының «Сөздік құрам» бөлімін тереңдетіп жазуға арналған. Мұнда «Көне сөздер», «Жаңа сөздер», «Кірме сөздер», «Термин сөздер», «Эмоционалды-экспрессивті сөздер», «Қарапайым сөздер», «Кітаби лексика», «Варваризмдер» əңгімеленеді. Оқу құралы жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған. Абдрахманова Ж.Ə. Қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер прагматикасы: монография, 2-бас. – 2015. – 160 б. ISBN 978-601-04-1176-0 Кітапта окказионал фразеологизмдердің коммуникативтік прагматикалық мəселелері, көркем мəтіндердегі окказионал фразеологизмдер, бұқаралық ақпарат құралдарында окказионал сөз орамдарының қолданылу ерекшеліктері мен ұлттық сипаты көрсетіліп, олардың пайда болу себептері, жасалу жолдары, тілдік нормамен аражігі ажыратылады. Бұл монография бакалавриаттарға, магистранттар мен оқытушыларға арналған. Медеубекұлы С. Шешенсөз: оқу құралы / С. Медеубекұлы. – 2015. – 152 б. ІSBN 978-601-04-1130-2 Оқу құралында Ахмет Байтұрсынов айқындамасын жазып кеткен ауызша ақпарат айту арқылы қоғамдық санаға қозғау салу өнері – шешен сөздің зерттелуі, туу, қалыптасу сатылары тұңғыш рет сараланады. Зерделенеді. Шешен сөздің анықтамасы жəне оған қатысты ұғымдар мен түсініктердің ғылыми қорытындылары жасалады. ЖОО білім беру талаптарына сай жазылған бұл оқу құралы журналистика, филология, мəдениеттану, өнертану, тіл мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттерге, магистранттарға, докторанттарға жəне олардың оқытушы ұстаздарына, сондай-ақ осы салаға қызығушы оқырманның баршасына арналады.

Кітаптарды сатып алу үшін «Қазақ университеті» баспа үйінің маркетинг жəне сату бөліміне хабарласу керек. Байланыс тел.: 8 (727) 377-34-11. E-mail: [email protected], cайт: www.read.kz, www.magkaznu.com.