Атаулы күндер тəрбие тағылымы: оқу-əдістемелік құралы 9786010409057

«Атаулы күндер – тəрбие тағылымы» оқу-əдістемелік құралында мем- ле кеттік жəне халықаралық деңгейде, сонымен қатар елім

1,017 125 2MB

Kazakh Pages [292] Year 2014

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Атаулы күндер  тəрбие тағылымы: оқу-əдістемелік құралы
 9786010409057

Citation preview

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Алғы сөз

Қ.Қ. Құнапина

АТАУЛЫ КҮНДЕР – ТƏРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ Оқу-əдістемелік құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2014

3

4

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

ƏОЖ 391/395 КБЖ 63.5 Қ 76 Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих жəне археология факультетінің Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған

Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Ə. Төлебаев тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К Алпысбаева тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Е. Сабденова тарих ғылымдарының кандидаты Г.М. Жусанбаева

Құнапина Қ.Қ. Қ 76 Атаулы күндер – тəрбие тағылымы: оқу-əдістемелік құралы / Қ.Қ. Құнапина. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 292 б. ISBN 978-601-04-0905-7 «Атаулы күндер – тəрбие тағылымы» оқу-əдістемелік құралында мемлекеттік жəне халықаралық деңгейде, сонымен қатар елімізде аталып өтілетін мерекелі күндер, олардың тарихы, ерекшелігі, тарихи маңызы, өткізу шарттары, осы мерекелердің əрқайсысына сабақ үлгілері, тəрбие сағаттары жəне сыныптан тыс жұмыстардың іс-шаралары жинақталып берілген. Оқу-əдістемелік құралында еліміздің атаулы мерекелер тарихынан мəлімет беріп отырмыз. Тағылымдық, тəрбиелік маңызы бар бұл жинақ студенттерге, ұстаздарға, ата-аналарға арналған.

ƏОЖ 391/395 КБЖ 63.5 ISBN 978-601-04-0905-7

© Құнапина Қ.Қ., 2014 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .........................................................................................7 30 тамыз – Конституция күні .......................................................11 1 қыркүйек – Білім күні ................................................................19 Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні ......................................................................32 22 қыркүйек – Тіл мерекесі .........................................................42 Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні ............................................................................54 25 қазан – Республика күні...........................................................65 15 қараша ‒ Ұлттық валюта – теңге күні ....................................91 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні .....................................95 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні .......................107 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні ..................................................112 17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні .............................128 1-2 қаңтар – Жаңа жыл .................................................................140 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні .......................................156 22 наурыз – Наурыз мейрамы ......................................................163 12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні ...............................176

6

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

18 сəуір – Ескерткіштер мен тарихи жəдігерлердің халықаралық күні ....................................188 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні ......................191 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні..............................................201 9 мамыр – Жеңіс күні ....................................................................209 25 мамыр – Соңғы қоңырау..........................................................235 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ...........................................................250 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рəміздер күні ...........................................................272 6 шілде – Астана күні ...................................................................282

Алғы сөз

7

АЛҒЫ СӨЗ

Республиканың бүкіл тіршілігі, оның жер-суы, табиғат-байлығы – республиканың өз ісі, өзінің дəулеті. Тəуелсіздік баянды болады сонда ғана: егер біз халықтар арасында дұрыс саясат ұстасақ, егер біз қанжоса қақтығысқа жол бермесек, егер біз бірлігімізді сақтай білсек, егер біз сөзден гөрі іске көшіп, жұмыла жұмыс істеп, барлық салада өнімді көбейтсек, сол еңбек арқылы басқаларға тіленші болып алақан жаймасақ... 14 ақпан, 1992 жыл Ата Заңымызда тілімізге мемлекеттік мəртебе берілді. Қазіргі «Тіл туралы» заңда оның қоғамда қолданылу аясы да нақты көрсетілген. Осы заң негізінде Үкімет бағдарламасы бекітілуге тиіс. Сондықтан қазақ тілінің басына төнген қауіп (жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрып еді ғой) қазір жоқ, ендігі мақсат – оның беделін көтеру, қолдану аясын кеңейту. Бұл – уақыттың еншісі. Өз басым өзгелерге сабақ болсын деп əрбір жоғары дəрежелі келіссөздерде, баспасөз конференцияларында, телеарналардан, биік мінберлердегі сөздерімде үнемі жəне міндетті түрде қазақша сөйлеп жүрмін. Тілді сыйлауды өзімізден бастауымыз қажет.

8

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ешкімге зорлап тіл үйрете алмаймыз. Ондай «отбасы ошақ қасылық» патриотизм ешкімге пайда бермейді. Айтатыны жоқ, егемен ел болған соң қазақтың тіліне көңіл бөлуіміз керек. 19 сəуір, 1997 жыл Өнерсіз елдің өрісі тар екені рас. Əсіресе бұл – оңы-солын енді ажыратып, əлемдік алып кеңістікке жаңадан шыға бастаған қазақ жұрты үшін, қазақ этносы үшін мəдениет пен əдебиет өзін сақтаудың, өткенін қызғыштай қорудың, əдет пен салт-дəстүрлерін өлтіріп алмаудың, ұлтты, халықты ертеңге аманаттаудың бірденбір жолы. Дегенмен ұлтты сақтаудың факторы тек қана рухани дүниелеріміз емес екені де көпшілікке мəлім. Саяси біліктілігіміз, экономикалық дербестігіміз халқымыздың ой-санасын, болмысын танытар ірі факторлар бар екенін де ұмытпауымыз керек. Осы үш ұғым терең тамырлы байланыста болуы керек. Өмір тек ақша санаудан немесе елшіліктерде болатын саяси ойындардан тұрмайды. Өмірдің қарапайым халыққа ең өтімді бір қыры – əн мен күй, сурет пен би, театр, эстрада, кино тəрізді рухани дүниелеріміздің дəреже-деңгейі. Мен ұлтты танытар үш бірлікті – этностың мүмкіндігін байқатар үш түрлі кредоны тек осы тұрғыдан айтып отырмын. Ел бірлігі – ең асыл қазына. Бұдан, əрине, «тегіңнің кім екенін білу міндет емес» деген ұшқары пікір тумауға тиіс. «Жеті атасын білмейтін жетесіз» дегеннен сақтасын. Əр адам өзінің тегін, шыққан жерін білуі керек. Бабаларының ішінде батырлар болса, ол еліне қызмет істеген болса, оны неге мақтан тұтпасқа? 23 маусым, 1993 жыл Спорт – денсаулық кепілі. Бір нəрсені айта кеткім келеді. Елдің ойынан шығып кетеді, баяғыда еуропалықтар Америка құрлығын жаулап алар кезде жас баладай табиғаттың аясында жүрген адал, сол кездің тұрақты халқы – үндістерге арақ-шарап беріп, жылтыраған заттармен алдап барып, сол елді жеңіп алған. Біздің қазақтарымызды Ресей патшасы да, отаршылардың бəрі де сөйтіп жеңіп алған жоқ па?! Маскүнемдікке салынған адам дүниеде артта қалады. Ол ешнəрсеге қол жеткізе алмайды. Ата-

Алғы сөз

9

бабаларымыз бала кезден үйреткені – осы пəледен аулақ болу ғой. Еліміз егеменді болып, тəуелсіздік алып, адам болам дегенде ішімдіктен ажырамасақ болмайды. Мысалы, темекі тартқанның адамға қандай пайдасы бар? Жас кезінде бəрі де темекі тартады. Темекі тартқан əйелдің баласы қабілетті болып тумайды. Темекі деген не пəле? Мысалы, 86 жылы менің басымда да қиынқыстау заман болды. Əсіресе Колбиннің тұсында. Мен сол кезде 86 жылдан 89 жылға дейін үш жыл темекі тарттым. Өзіме-өзім темекіні тастап, тоқтата алмағаныма ұрсамын. Қазіргі кездегі денсаулығым мен сол кездегі денсаулығымды сезінуім екі түрлі. Сондықтан спорт мəселесіне келсек, ол былай, егер адам дүниеде неғұрлым көп нəрсені білетін болса, соғұрлым өмір қызық. Мен теннисті қырық жасымда қолыма алдып, үйрене бастадым. (5 шілде, 1997 жыл. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбаттар, «Елбасы» кітабынан үзінді Құрметті оқырман! «Атаулы күндер – тəрбие тағылымы» атты оқу-əдістемелік құралдың алғы сөзін «Елбасы» кітабынан алынған үзінділермен беріп отырмыз. Жас жеткіншектер, ел Президенті де сіздер сияқты оқушы болып, ата-ана, ұстаздарының тəрбиесінен тəлім алып, осындай қазақ елінің тарихи тұлғасына, дүниежүзіне қазақ деген ұлы халықты танытқан ірі тұлғаларымыздың бірі де бірегейі дəрежесіне жетті. Адам баласының өмірде жетістіктерге жетуінің басты кілті – еңбек екені түсінікті. Сонымен қатар жас жеткіншектер əрқашан «мен қазір қандаймын, болашақта қандай боламын» деген ойды əрқашан жадында ұстау керек. Өмір – өзен. Ағысы тоқтамайды. Сіз – бүгінгі бала. Ертеңгі ата-анасыз! Осыны əрдайым есте сақтаңыз! Елбасының осындай дəрежеге жетуінің басты себебі – ол əрқашан еңбектене білді, еңбектің қадірін білді. Сіз де еңбектеніңіз! Елбасының бойындағы тағы да бір ерекшеліктер – ол əрқашан өзіне есеп берді, алдына мақсат қойды. Жоғарыдағы үзіндіден темекі туралы оқыдыңыздар ғой. Ендеше адам өзіне-өзі ие болуға, яғни жат қылықтардан аулақ болуға өзін тəрбиелеу қажет. «Ең күшті адам – өзінің сезіміне ие болған адам» деген екен философтар.

10

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Осы жинақты құрастыруға ат салысқан тəжірбиелі ұстаз ҚР Білім беру ісінің үздігі, Алматыдағы №12 Ш. Уəлиханов атындағы мектеп-гимназияның тарих пəні мұғалімі, аға буын өкілі – Ахметов Қайырбек; орта буын өкілі, №58 мектеп-гимназияның тəжірибелі мұғалімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің үздік түлегі – Самсалиева Сəуле; жас буын өкілі, №151 жалпы білім беретін мектептің тарих пəні мұғалімі, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қоғамдық ғылымдар магистрі – Момынтаева Лəззатқа, ұрпақ сабақтастығын басшылыққа алған ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз! «Жемісі бар ағаш жерге жақын иіледі» деген сөз бар қазақта. Тəрбиелі, білімді болған тұлға əрқашан өз халқымен бірге. Елім деген ерін, елі де ардақ тұтады. Ал тəрбие тал бесіктен басталып, əр адамның өмір тарихына жалғасады ғой. Осы əдістемелікте еліміздегі атаулы мерекелер тарихынан мəлімет беріп отырмыз. Тағылымдық, тəрбиелік маңызы бар бұл жинақ көпшілік оқырмандардың, жас ұрпақтың, ұстаздар мен студенттердің игілігіне қажет деп сенеміз. Автор

30 тамыз – Конституция күні

11

30 тамыз –

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

1995 жыл 30 тамыз – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. «Конституция» сөзі латыншадан аударғанда «құрылыс» деген мағынаны беретінін ескерсек, онда біздің Конституциямызды қабылдауымыз өз мемлекетімізді құрып, егемендігіміздің еңсесін тіктегенімізді білдірері хақ. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, алғашқы Конституцияның нұсқасы Англияда 1679 жəне 1688 жылдары құқықтар жөніндегі құжат есебінде өмірге келгенекен. Ал тұңғыш жазбаша Конституция 1787 жылы АҚШ-та, 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Ал елімізде ол алғаш 1924 жылы, одан соң 1937, 1978, 1993 жылдары қабылданған, соңғысы жаңартылып, толықтырылып 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қайта қабылданды. Десек те, Ата Заңымыздың тарихын арыдан бастағанымыз дұрыс шығар. Себебі ата-бабаларымызға кезінде кең байтақ қазақ жерін билеп тұру үшін темірдей тəртіп керек болғаны белгілі. Кең даланы ен жайлаған халықты бір тəртіпке бағындырмаса, ел мен жердің тұтастығын сақтап тұру мүмкін емес екенін ерте түсінген бабаларымыз атақты «Жеті жарғыны» қабылдады. Бұл Жарғы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы

12

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, онда бір бүтіндей бір халықтың рухы, мақсаты мен арманы, ұлттық мүддесі көрініс тапқан. Жалғыз қазақ халқы ғана емес, ертедегі басқа елдерде де халық бағынатын бұлжымайтын бір заң, бір тəртіп болған. Мысалы, Месопотамияда «Хаммурапи заңы», Грекияда «Солон заңы», Римде «12 кесте заңы» секілді заңдарға бағынған. Тəуелсіз елдің алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Бірақ араға екі жыл салып 1995 жылы қайта қабылдадық. Өйткені 1993 жылы қабылданған Конституция біздің кейбір жаңа заңдарымыздың қабылдануына, əсіресе нарық қатынастарына байланысты заңдарымызға сəйкес келмеді. Сондықтан да құқықтық мемлекет құру бағытын ұстаған, нарықтық жүйе құруға қадам басқан еліміз үшін жаңа Конституция қажет болды. 1995 жылы 30 маусымнан 30 шілдеге дейін Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Еңбек ұжымдарының жəне заңгерлердің талқылауынан кейін Конституцияның 55-бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сөйтіп, Ата Заңымыздың өзінде жазылғандай: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркін, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдадық». Жұрт болып жұмыла қабылдаған заңдық құжаттың қадір-қасиеті қашан да жоғары болатынына ағылшын ойшылы Бентама Иереминнің «Халық қабылдаған Конституция – ең үздік Конституция» деген сөзі дəлел іспетті. Құқықтық құрылымға негізделген мемлекетте адам бостандықтары мен құқықтары алдыңғы орынға шығатыны заңды. 9 бөлім, 98 баптан тұратын Конституцияның тағдыр талайына тоқсан тараулы жолдан өткен ұлтымыздың басын бір арнаға тоғыстырған зор мəн-маңызға ие – құжат. Ата Заңымызға екі рет, яғни 1998 жəне 2007 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес Парламенттің өкілеттігі неғұрлым кеңейтіліп, Парламенттің Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастырудағы, сондайақ тұтастай алғанда бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылаудағы

30 тамыз – Конституция күні

13

өкілеттіктері ұлғайтылды. Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы рөлі күшейтілді. Сот-құқық жүйесін жетілдіру мақсатында тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы шешім қабылданды жəне соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілді. Сөйтіп, осы заманғы ашық тұрпатты сот өндірісі қалыптасты. Сондай-ақ жергілікті өкілетті органдарды дамытуға бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оның ішінде маслихаттарды күшейтіп, қосымша өкілеттіктер берілді. Қазақстанның Ата Заңы əлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Біздің Конституциямыз Елбасы негізге алған төрт ұстаныммен астасып жатыр. Бұл – біріншіден, қоғамдық келісім жəне саяси тұрақтылық, екіншіден, экономикалық даму, үшіншіден, қазақстандық патриотизм, төртіншіден, маңызды мəселелерге референдум жасау жəне парламентте дауыс беру арқылы шешу. Сайланбалылық, биліктің барлық институттарының халық алдындағы есептілігі, адам құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру – мемлекеттік құрылымымыздың базалық негізі. Конституцияда біздің халқымыздың болмысы мен құқықтық дəстүрлері де бүтіндей ескерілген. Ұлтына, дініне, əлеуметтік тегіне қарамастан, қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың теңдігі туралы қағида Конституциялық тəртіптің діңгегі болып табылады. Этносаралық келісімнің басты тетігі – Қазақстан Халқы Ассамблеясының Конституциялық мəртебесі де айрықша сипатқа ие. Ассамблея біздің еліміздегі бүкіл 140 этностың мүдделерін қамтамасыз ете отырып, өз өкілдерін Парламент Мəжілісіне сайлады. Мұндай жағдай əлемнің өзге бірде-бір елінде жоқ. 2009 жылдан бастап Астана төрінде əскери шеру өткізіп, Конституция күнін халық болып мерекелеу дəстүрге айналған. 2010 жылы аталмыш дəстүрлі шараға 3 мыңнан астам əскери қызметкер мен 250 бірлік əскери жабдық пен əскери техника қатысқанын айта кету керек. Алайда 2012 жылы бұл салтанатты шара өткізілмейтін болған. Қорғаныс министрлігі мұның себебін 3-6 мамырда Астанада KADEX – 2012 көрмесінің өткізілуімен байланыстырған болатын. Мемлекеттің негізіне, елдегі тұрақтылықтың кепіліне баланатын Конституцияның қадірін түсірмеу, Ата Заңда айшықталған мндеттемлерді күнделікті өмірде сақтай білу – əрбір азаматтың парызы.

14

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ БАЯНДЫ БЕЛГІСІ Ш.С. Таңмамбетова №104 ЖББМ тарих пəні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға ҚР Конституциясының тұңғыш қабылдануы, жаңа Конституцияның қабылдануының негізгі себептері, Конституцияның жетістіктері, демократиялығы, ел тарихындағы алатын орны туралы жанжақты түсіндіру; б) тəрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтейтін, сақтайтын жəне оның талаптарын орындайтын білімді тəрбиелі ұрпақ тəрбиелеу; в) дамытушылық: Конституция баптарымен жұмыс істей отырып, оқушыларды өз беттерінше еркін сөйлетуге баулу, олардың қоғамдық көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың əдісі: дамыта оқыту. Сабақтың көрнекілігі: карта, буклет сызбалар, дидактикалық материалдар, суреттер, карточкалар, кабинетті безендіру, нақыл сөздер. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару) II Мемлекеттік əнұранды айту. А) Бүгінгі білім күнінің тақырыбымен таныстыру. Б) Оқушыларға сұрақ беру арқылы Конституция туралы əңгімелеу

30 тамыз – Конституция күні

15

1. Конституция қай елдің сөзі? 2. Тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? 3. Жаңа Конституция қай жылы қабылданды? 4. Конституция қанша бөлім, қанша баптан тұрады? 5. Жаңа Конституцияға биыл неше жыл? Осындай сұрақтар беру арқылы тақырыпқа алғы шарт жасап алып, тəуелсіздігіміздің баянды белгісі деп не үшін аталатынына тоқталу. Мазмұны: Конституция – латын сөзі, құрылыс, құру, ұйымдастыру, орнату, жарғы, заң деген ұғымды білдіреді. Мемлекеттік жəне қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстан өз алдына мемлекет болды, сол Кеңес Одағы кезінде қабылданған соңғы 1978 жылғы Конституция бойынша 1993 жылға дейін жұмыс жүрді. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Конституция Қазақстанның тəуелсіздігін, дербестігін жариялады. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Бұл Конституция мынадай мəселелерге ерекше көңіл бөлді: 1. Республика жері біртұтас, ол бөлінбейді. Оған қол сұғуға болмайды. 2. Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір бастауы, қайнар көзі. 3. Ұлтаралық жарасымдықты сақтауға негізделген 4. Қазақстандықтарды тəрбиелеуде адам құқығы бостандығы танылды. 5. Қазақтарды дүниежүзі таныды. 6. Əлем тарихында демократиялық мемлекет болды. «Жарғы» деген сөзді біз Тəуке ханның «Жеті жарғысынан» білеміз.Тəуке хан «Жеті жарғы» арқылы мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайын реттеп заңдастырған еді. Ол кезде біз түбегейлі тəуелсіздігімізді сақтап тұра алмадық. 2. «Жеті жарғы» Ғасырдан мынау. Ғаламат ұғар, Сарғайтып ілдің санама тұмар.

16

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ата Заңымда... Ат жолын құшқан – Аталарымның аманаты бар.

XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында «Жеті жарғы» заңдар жинағы шығарылды. Жарғы сөзі əділдік ұғымын білдірген. «Жеті жарғыда» қарастырылған мəселелер:  жер дауы;  үй-іші мен бала тəрбиелеу;  ұрлық-қарлық, барымта;  ұлтын жаудан қорғау, т.б.  «Жеті жарғы» заңының маңызы:  қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады;  ру мен тайпа арасындағы алауыздықтар, қайшылықтар азайды;  хандық биліктің заң негізінде күшейюі, ел бірлігін сақтауға өз үлесін қосты. Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ тарихынан бастау алған. Сонымен, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы, құқықты əрі демократиялық мемлекеттің негізін қалаған қазақ халқының тəуелсіздігі мен дербестігінің жемісі. Тəуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституция – ол қазақ мемлекетінің күллі тарихының тобықтай түйіні, қоғам мен мемлекет, экономика мен мəдениет саласындағы күллі өзгерістердің айнасы. (Тақтада) «Ата Заң – халық болашағының айнасы» Сондықтан Негізгі Заң аса маңызды саяси құжат, оның жасампаздары қазақ халқы жəне Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдері. Бұл жерде халыққа үлкен қолдау көрсетіліп отыр, ол Заңда былай көрсетіледі: 1-бап. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтар мен бостандықтары. 3-бап. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. (Тақтада)

30 тамыз – Конституция күні

17

Қазағым қайрат танытты, Нарыққа да мойымай, Ата Заңым – намысым, Алысқа тартар ар үшін, Қияда көзін тігеді, Қазақстаным барысым!

Халық қайраттанып өзінің сара жолын айқын көрсеткен Ата Заңын қабылдады. Конституция – мемлекеттің саяси бағыт-бағдарын, мемлекеттік органдар жүйесін айқындайтын, олардың құрылымы мен қызмет ету тəртібін бекітетін, адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттерін тұжырымдайтын Ата Заң болып табылады. Конституция – тəуелсіздіктің баянды белгісі. Біздің мемлекетіміздің ешкімге тəуелді болмай өмір сүретіндігімізді дəлелдейтін бірден-бір құжат. Біздің мəселелерімізді ешкім сырттан шеше алмайды. Оны шешетін республика халықтары. Билік халықтың қолында, ал халық билікті еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Ȼɢɥɿɤ

заң шығарушы

атқарушы

сот

3-бап. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтары. 2-бап. Қазақстан Республикасы Президент басқаруындағы біртұтас мемлекет Егемендіктің тағы бір белгісі.

18

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері – туы, елтаңбасы жəне əнұраны бар. Осындай берік Конституция тəуелсіздіктің баянды белгісін айғақтайды. Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында болашаққа зор үмітпен қарап былай деді: «2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына өздерінің мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады». Қорытындылау: Еліміздің тəуелсіздігі баянды болуы үшін бəріміз жақсы оқып, адал еңбекпен қызу жұмыс істеуіміз қажет. «Еңбек етсе, бақ қонады ерге епті, Еңбекпенен ел өркендей бермекті» Биіктерге лашын құс боп талпынған, Жүрегімнің түкпіріне əн тұнған. Тəуелсіздік болашағы – бəріміз, Өз елінің өнерімен мақтанған, –

деген əрбір толғаныс бəріміздің жүрегімізде болуы шарт.

1 қыркүйек – Білім күні

19

1 қыркүйек –

БІЛІМ КҮНІ

Аталған күннің тарихын іздегіміз келсе, б.з. IV ғасырына сапар шегуімізге тура келеді. Мұның сыры мынада: 325 жылы атақты Рим императоры Константин əлемді таңғалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде жəне басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сəуір айларында өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы III Иоаннаның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дəстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады. Бұл жылдары мектептер шіркеу қабырғаларында орналасқандығынан хабардар боларсыз. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа жылмен бірдей етіп белгіленеді. Айтпақшы, бұл күні Жаңа жыл, Білім күні мерекелері ғана емес, салық жинайтын да күн болған. Дəл осы күні патшалықтың мұрагерін таныстыру шаралары өткізіліп, «Дəндер» күні де атап өтілген екен. Дəстүр бойынша, мерекеде адамдар өз аулаларындағы ағаштарға ленталар байлап, шырақтармен, моншақтармен безендірген. Иоаннаның жарлығынан кейін қыркүйек «жылбасы» ретінде жалғаса берген болатын, тек 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды

20

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

бірінші қаңтарға дейін ауыстырады. Бір қызығы, дəл осы жыл – төрт айға ғана созылған екен (1 қыркүйектен 1 қаңтарға дейін). Неге оқу жылының басталу күні өзгертілмеді деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Өйткені ол кезеңде оқушылардың білім алуына кедергі келтіруге болмайтын еді. Олай болған жағдайда, балалар бір сыныпты төрт айда аяқтап тастаулары керек болатын. Ал бұл мүмкін емес. Бір жағынан, климаттың да əсері болғанға ұқсайды, өйткені оқушыларға күздің қарасуық күндеріне қарағанда, жаздың жаймашуақ күндерінде демалған əлдеқайда ыңғайлы еді. Сонымен, оқушылардың мектепке қыркүйектің бірінде баруларының басты себебі бағзы замандарда бұл күн алғашқы күн ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған. 1984 жылдан бастап, «Білім күні» күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды. Білім күнінің міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерінің пайда болу тарихы мен маңызын зерделеу, мемлекеттік елтаңба мен мемлекеттік ту бейнесінің, Қазақстанның мемлекеттік əнұран мəтінінің мағыналық маңызын, тəуелсіздіктің мемлекеттік рəміздерін жасаудың құқықтық негіздерін ашу жолымен патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымға тəрбиелеу; – мемлекеттік рəміздерді сыйлау мен құрметтеуге негізделген, өз еліне, оның бай тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тəрбиелеу; – қазақ тіліне, қазақ халқының, Қазақстанның басқа этностары мен этникалық топтарының дəстүрлері мен салттарына деген сүйіспеншілік жəне құрмет сезімін тəрбиелеу; – балалар мен жастарды рухани-адамгершілікке тəрбиелеу; – зияткерлік қабілетін дамыту болып табылады.

1 қыркүйек – Білім күні

21

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Алғашқы қоңырау – жаңа оқу жылына арналған мектептің салтанатты жиыны. Бұл – мектептің табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге арналған, олардың есінде ерекше қалатын қоңырау. Салтанатты жиынның, алғашқы қоңырау үнінің маңызы мен алатын орны ерекше. Салтанатты музыка ырғағымен мектеп оқушылары мереке өткізілетін алаңға жиналады. Келген қонақтар, мектеп əкімшілігі, жүргізушілер мектеп алаңындағы биіктеу жерге тұрады. Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Міне, алтын ұя мектебіміз тағы да салтанатты жиынға сап түзеді. Жүргізуші: Мектеп – анаң бүгіннен, Мектеп – алтын босағаң. Мектеп берген білімнен Марқаясың жас адам, –

дей келе .... оқу жылына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын (əнұран орындалады). Жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Əр адамда өз анасынан басқа да, Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

22

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Туған дəстүр, салт-санасы – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Жəне туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр əрі қасіретті болса да, Төрт анаға əнін жолдай алмаған, Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың, Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы! –

деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, осыдан ... жыл бұрын республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар елтаңбамыз қабылданды. Еліміздің рəміздерін, соның ішінде қасиетті туымыз бен елтаңбамызды, əнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау бəріміздің де абыройлы міндетіміз. Əсіресе еліміздің ертеңгі болашағы сендер үшін бұдан асқан мақтаныш жоқ! 1-оқушы: Өзіңдікі – елің де, Өзіңдікі – жерің де. Өзіңді-өзің етпе бос, Тəуелсіздік төрінде.

2-оқушы: Бір ата бір ананың түлегіміз, Бір болсын, қайда жүрсек тілегіміз. «Бірлік барда – тірлік бар», – деген бабам, «Бірлік» деп бірге соғар жүрегіміз.

3-оқушы: Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мəңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім.

1 қыркүйек – Білім күні

23

4-оқушы: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім!

Жүргізуші: Ата-бабаларымыздың рухына бас иіп, олардың даңқын жаңғыртар, өсиетін шындыққа айналдырар ұрпақтары – біздерміз. Арыстардың бірі – М. Жұмабай аталарың жастарға былай деген еді: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанаты, Мен жастарға сенемін.

Ендеше бүгінгі салтанатты жиында дəл осындай сенімді білдіре отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ................. береміз. Абзал жандар биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп, Құттықтайды ........ баршаңды.

Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп оқу-тəрбие ісінің меңгерушісі ..................... береміз. (Бұйрық оқылып, мектепке қабылдағандарды құттықтайды) Мектеп ана күтіп тұр тағы, Шақырады қыркүйектің нұр таңы. Асығады əліппені алуға, Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.

Биылғы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді жəне балдырғандар қатарынан ұландар қатарына аттағалы отырған 5-сынып оқушыларының сынып жетекшілерімен таныстырып өтейін (сынып жетекшілерімен таныстыру).

24

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Келесі құттықтау сөз кезегін, жас бүлдіршіндерге əліппе тапсыру рəсімін 11-сынып оқушыларына береміз (9-11 сынып оқушылары сөз алады). Əлемдегі ақылды адам, Бəрінен сол жақын маған. Ол жанымды жүрсе мен де, Батырларша батырланам.

Келесі сөз кезегі ата-аналарға ....................... беріледі (ата-ана құттықтап, бата береді). (1-сыныпқа келген оқушылар өлең оқиды) 1-оқушы: Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың.

2-оқушы: Шіркін-ай, күйші болсам, Бал тамған бармағынан. Шіркін-ай, биші болсам, Шығып бір арманымнан!

3-оқушы: Шіркін-ай, əнші болсам, Кəдімгі күміс таңдай. Шіркін-ай, батыр болсам, Айбатты арыстандай!

4-оқушы: Шіркін-ай, ғалым болсам, Тілдескен даналықпен! Əлемге мəлім болсам, Ашқан көп жаңалықпен!

1 қыркүйек – Білім күні

25

Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап, Естілер жылы жаныма. Күлкідей əсем сылдырлап Бөбекті жиды жанына, –

дей келе, аса бір толғанар сəт алғашқы қоңырау соғу рəсімін 11-сынып оқушысы мен 1-сынып оқушысына ................... берейік. Жүргізуші: Заман жаңа, өзгерді шабыс бүгін, Қолыңды соз, білінбес алыстығың, Күнің туды, қанеки, қамшыңды бас Көтерейік қазақтың намыс туын, –

дей келе салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын (əнұран орындалады) (11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларын жетектеп мектепке немесе сыныпқа кіргізеді). Соңы. БІЛІМ КҮНІ (Салтанатты жиын) (Мектеп ауласы. Музыка ойнап, балалар көрсетілген жерге келіп тұрады). Дене шынықтыру мұғалімі: – Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! Жүргізуші: Біз қазақпыз есігі ашық төрі кең, Жылап өттік жылдар өмір өрінен. Жетер енді желпінейік қарайық, Мына өмірге иегердің көзімен.

– Иə, ертеңгі егеменді ел иесі – бүгінгі ұрпақтар. Тəуелсіз елдің болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасындағы дені сау, жаны таза, саналы, білімді білгір азаматы сенсің.

26

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

– Еліміздің ең қымбат қазынасы, ертеңгі ел болашағы – сенсің. – Білім берудегі басты мақсат пен міндеті: жоғары деңгейлі адами қасиеттерге ие, рухы мықты ел азаматын тəрбиелеу. Жүргізуші: Күллі ел тілегін марқайтқан Ата Заңымыз берген елдік туын мықты ұстар азаматтар бүгінгі мектеп қабырғасын аттағалы отырған жас бүлдіршіндер емес пе? Жүргізуші: Ендеше құрметті ата-аналар, қонақтар мектеп қабырғасын алғаш аттағалы отырған шəкірттерді қарсы алайық. Жүргізуші: Алғашқы қонырау үні өздеріңе арналады (бір оқушының қолында қоңырау. Микрофонға жақындатып сыңғырлатып отырады, оны музыка жалғастыруда. Оқушылар қол ұстасып, алғашқы ұстаздарымен салтанатты қошемет пен көрсетілген орынға келіп тұрады. Олар шығып келе жатқанда екі 11-сынып оқушысы бір ұл бір қыз өлең оқиды, артынан ақырын күй ойнап тұр). 1-оқушы: Қуаныш бүгін мереке, Шуағын шашып тұр əлем. Мектепке келген алғашқы, Жас досым, саған, (бəрі) мың сəлем.

2-оқушы: Жадыраған күн қандай, Алып ұшып сен жеттің. Гүл құшақтап тұрғандай, Кең ауласы мектептің.

1-оқушы: Қоңырауың сылдырлап, Шақырады «кел», «кел», деп. Қолыңда гүл бір бума, Құттықтайды жер мен көк.

(Бүлдіршіндер орындарына келіп тұрады) Спорт жетекшісі: Оқушылар, түзулен, түзу тұр! М. Жұмабаев атындағы мектеп туын кіргізуге даярланыңдар! Мектеп туы кіргізілсін! (3 оқушы музыкамен туды кіргізеді)

1 қыркүйек – Білім күні

27

Жүргізуші: Міне, тағы да бір қыркүйектің арайлы таңы атып, жас бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап отыр. Олай болса, «Алғашқы қоңырау» салтанатын ашық деп жариялаймыз (гимн ойналып, оқушылар қосылады). Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл... ендеше алғашқы құттықтау сөз мектеп басшысына (директорға) беріледі (Келген қонақтармен таныстыру, жыл ерекшелігін айту, мектеп дəстүріне тоқталу, мектеп мақсатын айту, 5-6 минутқа сыйдыру). Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды, Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды, Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтайды...баршаңды, –

дей отырып, сөз кезегі қалалық оқу бөлімінен келген.....сізге беріледі (3-5 минут). (жазғы табыстармен құттықтап, грамота тапсырылады. Спортшылар түрлі жаттығулар көрсетуге, оркестр күй ойнауға болады). Жүргізуші: Мектеп-ана күтіп тұр тағы, Шақырады қыркүйектің нұр таңы, Асығады əліппені алуға Еліміздің тағы бір жас ұрпағы, –

дей отырып мектеп табалдырығын аттағалы отырған шəкірттерді алғашқы ұстаздарымен таныстыру жəне 5-сынып жетекшілерімен таныстыруға сөз кезегі оқу тəрбие ісінің меңгерушісіне беріледі (Алғашқы ұстаздар мен жаңа келген ұстаздар жəне жетекшілерімен таныстырады, оқушылар гүл шоқтарымен құттықтайды, бір алғашқы ұстаз сөз сөйлеп, қадамдарына сəттілік тілейді, би биленеді). Жүргізуші: Аз сөзге құлағың сал, бүлдіршінім, Ой-пікір, рухымыз жақын бүгін.

28

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ағалық правосын қолыма алып, Тұрмын мен айтайын деп ақыл, інім! –

деп М. Жұмабаев аталарың айтқандай, биылғы жас бүдіршіндерге 2-сыныпты бітіргелі отырған аға-əпкелері аманат тапсырады, ортаға жас бүлдіршіндер мен ағаларын шақыралық (1 ұл, 1 қыз 1-сыныптан, 1 ұл, 1 қыз, 2-сыныптан шығады). 2-сынып: (ұл) Тапсырам саған аманат, Келтірме бізге жаман ат! Жақсы оқып, адам бол, Өмірің болар салтанат!

Қыз: (10 пунктен аманатты оқиды) 1-сынып оқушылары (ұл, қыз): Сəн салтымен көрінген, Ағаны сыйлау міндет ол. Үлгі болар біздерге, Сіздер салған үлкен жол.

Жүргізуші: Келесі кезек құттықтауға беріледі. 2-сынып оқушылары: 1-оқушы: Мектебің мынау класың, Осында он бір жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың.

2-оқушы: Мектеп – анаң бүгіннен, Мектеп– алтын бесігің. Мектеп берген біліммен, Марқаясың жас ұлан.

1 қыркүйек – Білім күні

29

3-оқушы: Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың. Мағжан атаң айтқандай, Білім отын жаға біл.

4-оқушы: Қош келдіңдер, балдырған, Оқушылық өмірге. Мектеп өмір белесі, Тоқи біл сен көңілге.

(«Туған күніңмен», əні: А.Ш. Исағұлованікі, сөзі: С. Тойлыбаевтікі. Əні орындалып жатқанда естелік открыткалар, гүлдер, əліппе тапсырылады). Жүргізуші: иə, құрметті 2-сынып оқушылары, сіздер айтқан «аманат» мəңгі естерінде қалады, рақмет. Ендеше сөз кезегі жүректері лүпілдеп, тұлымдары желбіреп тұрған жас бүлдіршіндерге берелік (1-сынып оқушылары мектеппен достаса, қуанышпен өлең оқиды) 1-сынып оқушылары: Мектеп, мектеп, төңіректеп, Жүруші едім мен кеше. Сұраушы едім, жылаушы едім, Əпкем кітап бермесе.

2-оқушы: Міне, мен де үлкен болдым, Жасым толды жетіге. Кітаптағы ертегілерді, Енді оқимын шетінен.

3-оқушы: Биыл күзде мектепке, Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке,

30

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Дайын дəптер қаламым, Мынау – есеп кітабым, Мынау – менің əліппем, Бəрін жинап сықадым. Тұрмын түгел танып мен. Ойыншығым қаларсың, Берем енді ініме, Дейін бе əлде: аларсың.

4-оқушы: Нұр шашып тұр көктен күн, Өмірімнің көктемін. «Гүлдендірем» – деп келдім, Алтын ұя мектебім!

5-оқушы: Оқып сыннан өтемін, Мақсатыма жетемін. Білім алып ағамдай, Қиындықтан өтемін.

6-оқушы: Сыңғырлайды, сырдырлайды, Мектеп жақта қоңырау. Ұмытпаймыз, бұл күнді біз, Гүлге толы омырау.

(1-сынып оқушылары бір əн орындайды) Жүргізуші: Қоңырау үні сылдырлап, Естілер жылы жаныма. Күлкідей əсем сылдырап Бөбекті жиды маңына, –

міне, қадамың құтты болсын, жас бүлдіршін! – дейтін кезде жеткен сияқты. Ендеше, құрметті жас бүлдіршіндер, сіздерге арналған алғашқы қоңырау үнін естуге шақырамыз. Қоңырау соғу рəсімі 11-сынып оқушылары Медеуов Дархан жəне Айдарқұлова Əйгерімге, 1-сынып оқушылары Дания мен Нұрдəулетке тапсырылсын.

1 қыркүйек – Білім күні

31

(Қолында Қазақстан жалаушасы бар Нұрдəулет пен Əйгерім алда жүреді. Соңынан Дархан Данияны көтере қоңырау соғып жүреді. Олар бара жатқанда өлең оқылады, күй ойнайды). Жүргізуші: Өмірде еш өкініш болмасын, Имандылық сенің болсын жолдасың. Жетем деген биігіңе жете бер, Мағжан ата аруағы қолдасын!

(Екеуі келіп тұрады) Жүргізуші: Міне, көптен күткен қобалжулы сəт те келіп жеткен сияқты. Ендеше бірінші сынып оқушыларына ақ жол тілеп, мектепке алып кірелік. Мектепке алып кіру рəсімі бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Тəнзилə Бəкірқызына тапсырылады (мектеп туы қоса шығарылады алдында). (2-сынып оқушылары ұзын ақ матадан тігілген ақ жолды жүгіріп шығып мектеп табалдырығына асыра төсейді. 1-сынып оқушыларының алдына осы матаның үстіне гүл шоқтары тасталады. 1-сынып оқушылары апайларымен ілесе мектепке кіреді. 2-сынып оқушылары жетелей қосылады). Жүргізуші: Ұрпақтар жолы ашылды, Алдында ғасыр алаңы. Сенімді мына біз артқан, Олар алып барады.

Жүргізуші: Үстінде мөлдір аспаны, Алдында ғасыр алаңы. Ұрпақтар кетіп барады, Қуантып бүкіл даланы.

Спорт жетекшісі: Оқушылар түзеліңдер, түзу тұрыңдар! Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

32

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі –

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІ Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан əсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дəл осы жерде аты əлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы – Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғыс хан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (18391883). 1921 жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Əскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мəртебесін алуына байланысты Жетісу əкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілді». 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тəуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сəттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-Ата Алма-

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні

33

ты деп өзгертілді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мəртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мəдени, тарихи, қаржылық жəне өндірістік орталық болады. 1997 жылы қаланы одан əрі іскерлік, əрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды. Басты қала құндылықтарының бірі – Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дəл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куəсі бола аласыздар. Ал əлемге əйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км қашықтықта орналасқан. Алматы қаласының күні жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланып келе жатқан болатын. Қала басшылығы 2009 жылдың маусым айында өткен қалалық мəслихаттың XIX сессиясында мерекені қыркүйек айының үшінші жексенбісіне ауыстыру жөнінде ұсыныс жасады. Себебі бұл күн кей кезде қазан айының басында аталып өтетін Қарттар жəне Мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келіп қалады. Қала күнін ауыстырудағы тағы бір жайт, – қыркүйекте күн де жылы болуына байланысты. Ал бұл негізгі мерекелік шаралардың өз деңгейінде өтуіне ықпал етеді. Мұндай ұсыныс жасаудағы басты мақсат үлкен мегаполистің күнін өз алдына жеке атап өту болып табылады. Ескерте кететін бір жайт, бұл мереке ұлттық жəне мемлекеттік мерекелер қатарына кірмейді. Десек те үлкен мегаполисте осы айтулы мерекеге қатысты үлкен мерекелік шаралар өтеді, қайта жасалған субұрқақтар ашылып, жаңа тұрғын кешендері мен əкімшілік нысандар есігін айқара ашатын болады. Қалада «Күй кеші», «Алматы – жастар қаласы», «Алматым жүрегімде», «Алматы – менің алғашқы махаббатым», «Ана тілім – ардағым» атты фестивальдер мен «Мисс Казахстан» ұлттық конкурсы, «Алматы – менің сүйікті қалам» фото байқауы, Алматы туралы балалардың сурет салу конкурсы, «Мейірімді адамдар қаласы» атты кітап көрмесі, мəдениет орындарының ашық есіктері, «Антиграффити» жастар акциясы, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ретрофильмдерінің көрсетілімі жəне нағыз алматылық мереке – «Apple Fest» алмалар

34

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

фестивалі, басқа да көптеген мерекелік шаралар өтеді. Мереке күні алматылықтар, қала қонақтары театрландырылған жəне балалардың шығармашылық қойылымдарын, «Алматы, мен сені сүйемін» атты байкерлер мен веложүгірушілердің жарыстарын тамашалай алады.

АЛМАТЫ – АТА-БАБАЛАРДЫҢ ЕСКІ ҚОНЫСЫ, БҮГІНГІНІҢ БАСТАУЫ Ғ.Ж. Əбдіхалықова Алматы мемлекттік жаңа технологиялар колледжі Жоғарғы санатты тарих пəнінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Алматының көнеден бүгінге дейін тарихына шолу жасай отырып, теориялық білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойын жеткізудегі сөйлеу мəдениетін қалыптастыру жəне сайыс арқылы тапқырлық қабілетін дамыту. 3. Тəрбиелігі: Оқушылардың Отаншылдық санасын арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тəрбиелеу. Сабақтың əдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап. Сабақтың типі: сайыс сабағы, рөлді сомдау. Сабақтың жүру барысы: I. Кіріспе сөз. Сайыс сабағының іс-шаралары:

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні

35

1. «Өткенге тағзым, бүгінге елес» бөлімі бойынша таныстыру (топтың атауы, топтың ұраны, топтың эмблемасын топ мүшелерінің қорғауы). 2. «Алматы – қыл қаламында» бөлімі бойынша Алматы жайында ақын, жазушылардың өлеңдері мен қара сөздерінен мəнерлеп жатқа айту. 3. «Алматы тарихына шолу» бөлімі бойынша «Кім тапқыр?» Викториналық сұрақтар (əр командаға 3-деңгейлі сұрақ беріледі). 4. «Əнім сенсің, Алматы» бөлімі бойынша Алматы жайында əн шырқау. 5. Алматы жайында бейнелік көрініс. 5.1. «Жер жаннаты – Алматы» («Алматы») тобы 5.2. «Алматы ескерткіштері – өркениет құндылықтары» («Алма-Ата») тобы 5.3. «Алматы сəулет туындысы – өткеннің тарихы» («Верный») тобы Сабақты қорытындылау: Алматы – Республикалық дəрежедегі қала. Өзіне тəн теңдесі жоқ тарихы мол ата-бабалардың ескі қонысы. Президент пен Үкіметтің Алматыны халықаралық туризм орталығына айналдыру үшін «Алматы қаласында туризмді дамытудың бағдарламасы» жасалды. Сабақты бекіту: Алматы құндылықтарын қорғап, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің аманатымыз. «Тарихи – өлкелік клубтың» «Алматы – ата-бабалардың ескі қонысы, бүгінгінің бастауы» тақырыбы бойынша сайыс сабағының іс-шаралары: Кіріспе сөз. Қазақстан тарихы пəні бойынша «Тарихи – өлкелік клубтың» «Алматы – ата-бабалардың ескі қонысы бүгінгінің бастауы» атты тақырыбына сайыс сабағының мақсаты

36

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

оқушылардың өлке тарихын зерттей отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру. Түрлі тарихи деректер бүгінгі Алматының орнында X-XIX ғасырларда едəуір ірі қалалық елді мекеннің болғанын дəлелдейді. Верный бекінісіне дейін Алмату (Алмалы тау), Алмалық (Алмалы) қоныстары болған. Оған дəлел сақ, үйсін тайпаларының материалдық құндылықтары қазба кезінде табылған. Ол құндылықтар бүгін мұражайда сақталған. Топтың атауы: Верный. Топты Верный деп атау себебіміз – оның ескіден келе жатқан көне тарихын зерттеп бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Оның тарихына келетін болсақ, 1854 жылы Алматы қонысының орнына Верный бекінісі Ұлы жүз приставы майор МД Перемышельскийдің бастауымен салынды. Бекініске 1855 жылы алғашқы болып қоныстанғандар – Іле тобының 470 əскері, Сібірден келген 400 отбасы. Ұлы жүздін приставының резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылып, əкімшілік қалаға айналды.Онда 1857 жылы тұңғыш су диірмені, 1858 жылы сыра зауыты салынып қала бой көтере бастады. Сонымен бірге жаңа сəулет ғимараттары ел мақсатына байланысты бой түзеді. 1867 жылы 11 сəуірде Верный қаласы Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысының орталығына айналды, сөйтіп, облыстың елтаңбасы бекітілді. Бірінші елтаңбаның сызбасын сызған сəулеткер – Поль Луи Станислас. Топтың ұраны: «Өткенін білмей, ертеңін білмес!» Топтың эмблемасы: Верный қаласы елтаңбасының бейнесі бейнеленген. Оны таңдауымыз – оқушыларға бүгінгі Алматы қаласының елтаңбасына əр тарихи кезеңнің өзгеріп отырғанын көрсету. Елтаңбада ненің бейнеленгенін сипаттап кететін болсам, елтаңбасы көкшіл жəне қызыл түсті болған, қалған үш бөлікке бөлінген, жоғары жағында қамал (басында Верный қамал болған) орналасқан, ортасында – алтын крест (орыс тілінде верный сөзі «вера» деген сөзден шығады, француз тілінде ол «foi»). Крестің жанында алтын ай орналасқан. Елтаңба Александр таспасымен байланған үш алтынданған мүйізден жəне алма ағашының екі бұтағынан жасалған гүл шоқпен көмкерілген.

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні

37

Түйін сөздер: Верный – үлкен тарихы бар, ата-бабалардың ескі қонысы, бүгінгінің бастауы. Верный қаласында алғашқы салынған сəулет ғимараттары – бүгінге дейін бой түзеген кафедралық сабор өркениет туындысы. Верный архитектуралық үлгісі жағынан ешкімге тең келмейтін өз құндылығымен Жетісу орталығы болған бүкіл əлемге əйгілі. Бүгінде оның келбеті таңғаларлықтай. Көне тарихын еске түсіретін, көнеден қалған сəулет ғимараттарын қорғау біздің парызымыз. Верныйдың елтаңбасы – бүгінге дейін сақталған тарихи құндылық. Ол – өткен тарихын бейнелейтін өз ерекшелігімен сипатталатын мол қазына. Бізде туризм басталу кезеңінде тұр, – деді Елбасымыз, – туризм индустриясы Алматыдан басталуы қажет. Топтың атауы: Алма-Ата 1921 жылы 3 ақпанда Верный театр ғимаратында большевиктік басшылардың тарихи мəжілісі өтті.Осы жиында А. Лептің ұсынысы бойынша бұрынғы царизмнің тірегі Верный қаласының атын өзгерту туралы ұсыныс жасады. 1921 жылы 5 ақпаннан бастап Жетісу облыстық ревкомының №12 бұйрығы бойынша Верный бекінісі қазақ тілінде өзі құрылған мекеннің атауы бойынша Алма-Ата қаласы делінген. Ал «Алма» сөзінің негізіне сүйенсек, оған себеп тіл үйірерлік дəмі, көлемі аңызға айналған апорт алманың сорттарын Верныйға императорлық дəріханашы Иоганн Сиверс бұл тұқымды таратқан.Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан əсем қаланы «бақша қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында жеміс-жидектер гүлдеген кезде қала ертегіге айналды. Ал Алматы сөзінің негізіне сүйенсек, көне түркі тарихындағы ресми аты Алмату болған. Топтың ұраны: Алматымыз астанасы қазақтың… Топтың эмблемасы: Біздің топтың эмблемасы қаланың аты Алматы болып өзгергеннен кейін, қабылданған елтаңбасынан алынған. Эмблемамызда Алма-Ата сөзі жəне алма, күн бейнеленген. Онда қызыл, жасыл, сары, ақ түстермен нақышталған. Олай болса, Елтаңбаның тарихына келетін болсақ, қаланың аты АлмаАта болып өзгертілгеннен кейін «бақ қала», КСРО-ның ең жасыл желекті қаласы, «алмалардың атасы» деген атауларына сай болу

38

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

керек деп, алма бейнеленген елтаңбаның үлгісі пайда болды. Міне, сол себепті осы эмблемаға сол бейнені түсірдік. Түйін сөздер: Алма-Ата – ертеден бастау алатын құндылықтары мұражайда сақталған Алмату қонысы. Алма-Ата – ғылым мен білімнің, мəдениет пен тарих, қаржылық пен өндірістің қаласы. Алма-Ата – спорт пен туризмнің қаласы екенін кешегі өткен олимпиадада анық таныды. Алма-Ата – ғашықтар мен армандар қаласы. Алма-Ата – тарих пен ескерткіштердің орталығы. Топтың атауы: Алматы. Алматы деп атау жөніндегі шешім қаланың қоғамдық ұйымдарының 1921 жылы ақпан айында өткен бірлескен мəжілісінде қабылданған. Алматы 1929 жылдан бастап 1997 жылға дейін республика астанасы атанды. Алматы атауын алғаннан кейін де əртүрлі тарихи кезеңдерден өтіп, өзіндік ерекшелігі бар қайталанбас қалаға айналды. Алматы – республикалық дəрежедегі қала. 1993 жылы Алматы қаласының жаңа елтаңбасы бекітілді. Онда барыс,тау шыңдары бейнеленген. Алматы жеті өзен мен көлдердің төрінде.Табиғаттың қайталанбас кереметін Алматы төңірегінен көре аламыз. Топтың ұраны: «Болашақты құрамын десең, өткен тарихыңды біл! Біздің мақсат – қаламыздың өткеніне ұқыптылықпен қарап, мүлтіксіз алға жылжи отырып, түбегейлі өзгергенін көрсету». Топтың эмблемасы: Эмблемада пішіні домалақ, ішінде алманың суреті, оның ортасына əртүрлі бояуда жазылған Алматы сөзі бейнеленген. Бейнелеудің өзіне тəн ерекшелігі сол Алмтыда өсірілген апорттың тарихымен байланыстылығы əсер етті. Алматы апортын Верныйға XIX ғасырдың 2-жартысында Воронеж губерниясынан қоныстанушылар əкелген, оны селекционер Н.Т. Моисеев бұл сортты таратқан. Байырғы алманың көлемі жетісулық өлшем бойынша кішігірім қарбызбен пара-пар болатын деп еске ала отырып, алманың суретін бейнеледік, эмблемадағы жасыл бояу – Алматы жасыл желекке оранған қала екенін таныту. Түйін сөздер. «Алматы – ғажайып бақ қала». «Алма патшасы – Алматының апорты əртүрлі дəрежедегі 20-дан астам мара-

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні

39

паттау сыйлықтарына ие болған дəмі балдай дастарқанның сəні мен мақтанышы». «Алматы – дəулеті мен сəулеті жарасқан сəнді қала». «Алматы – көнеден бастау алатын, Ұлы Жібек жолының тоғысып тараған нүктесі». «Алматы – сирек сəулеткерлік ойлар мен бай тарихтың, гүлдер мен алмалардың, бүгін мен болашақтың қаласы». II «Алматы – қыл қаламында» бөлімі бойынша Алматы жайында ақын, жазушылардың өлеңдері мен қара сөздерінен мəнерлеп жатқа айту. III «Алматы тарихына шолу» бөлімі бойынша «Кім тапқыр?» Викториналық сұрақтар (əр командаға 3 деңгейлі сұрақ беріледі). 1. Қай жылдары Верный қаласының аты өзгертіліп, Алма-ата деп аталды? (1921 жылы 5 ақпанда) 2. Қай қалада қай жылы дүниежүзілік көрмеде апорттың қайталанбас иісі мен дəмі туралы ерекше айтылды? (1900 жылы Париж) 3. Алматы қаласының (1993 ж.) елтаңбасында не бейнеленген? (бүгінгі Алматы елтаңбасының пішіні – домалақ. Ортасында гүл тістеген барыс бейнеленген. Артқы көріністе тау шыңдары бейнеленген, түстік гаммасы қызыл, көк жəне сары (алтын) – спектордың ең айқын, жарық, «жанды» түстері). 4. Верный бекінісін салуға, оның жобасын жасаған танымал инженер кім? (Павел Зенков) 5. Верныйдағы ең бірінші монументальді ескерткіш кімнің құрметіне салынған? (ІІ Александр) 6. 1870 жылы наурыз айында Верныйда қандай газет шыға бастады? (Семиреченские областные ведомости) 7. Қазіргі Достық даңғылы – Верный негізі қаланған кезде қалай аталған? (Соборная, одан кейін генерал Колпаковский, Ленин, қазіргі Достық даңғылы 8. Қай жылдары кіші Алматы өзенінің арнасымен қаланы ғаламат лай мен тас араласқан тасқын болды? (1921 жылдың шілде айының 8-9-ына қараған түнде) 9. «Медеу» таулы спорт кешені қашан салынды? (1972 жылы)

40

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

10. Алматы апорты Верныйға қашан əкелінген? (XIX ғасырдың 2-жартысында, Верныйға Воронеж губерниясынан қоныстанушылар əкелген. Селекционер Н.Т. Моисеев бұл сортты таратқан). 11. Əл-Фараби даңғылының 1975 жылға дейінгі ескі атауы? (Водозаборная). 16. Шыңбұлақ Қазақстанның тау шаңғылық курорты қаланың қай жерінде орналасқан? (Алматы маңында, Іле Алатауының жанында орналасқан) 17. 1902 жылы қалада Верныйда қандай бөлімше құрылды? (Орыс-географиялық қоғамның Жетісу бөлімшесі құрылды). 18. Алма-Ата қаласының алғашқы (ХХ ғасырдың ортасы) елтаңбасында не бейнеленген? (кейіннен қаланың аты Алматы болып өзгергеннен кейін, «бақ қала», КСРОның ең жасыл желекті қаласы, «алмалардың атасы» деген атауларына сай болуы керек деп, алма бейнеленген елтаңбаның үлгісі пайда болды). 19. Қай жылдары Кеңестердің бүкіл қазақстандықтар VI съезі астананы Қызылордадан Алматыға көшіру туралы шешім қабылдады? (1927 жылдың 28 наурызында) 20. Алматы қаласының маңында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте салынған спорттық кешенді атаңыз? (Медеу) 21. Алматыда Абай ескерткіші қай жылы тұрғызылды? (1960 жылы, биіктігі 13,7 м., қоладан, қызыл гранит тастан жасалған, авторлары: мүсінші Х.И. Наурызбаев, Ш.И. Белоцерковский). 22. 1887 жылы 28 мамырда «Керуен сарай» алаңында қандай ғимарат тұрғызды? Ол бүгінде бар ма? (Табиғаттың дүлей күшінен қаза болғандар құрметіне шіркеу салынды. Бұл Кеңес дəуірінде 1927 жылы қиратылды. 23. Верный қаласының алғашқы (1908 ж.) елтаңбасында не бейнеленген? (елтаңбасы көкшіл жəне қызыл түсті болған, қалған үш бөлікке бөлінген, жоғары жағында қамал (басында Верный қамал болған) орналасқан, ортасында алтын крес (орыс тілінде верный сөзі «вера» деген сөзден шығады, француз тілінде ол «foi»). Крестің жанында алтын ай орналасқан. Елтаңба Александр таспасымен

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Алматы қаласы күні

41

байланған үш алтынданған мүйізден жəне алма ағашының екі бұтағынан жасалған гүлшоқпен көмкерілген). 24. Татар слободосында бірінші су диірмен қашан салынды? (1857 жылы) 25. Алматыдағы Қазақстанның ең ірі білім беру жəне ғылым орталығын атаңыз жəне қай жылы ашылған? (Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Ол 1934 жылы 15 қаңтарда ашылған) IV «Əнім сенсің, Алматы» бөлімі бойынша Алматы жайында əн шырқау. V Алматы жайында бейнелік көрініс. 1. «Жер жаннаты – Алматы» («Алматы») тобы 2. «Алматы ескерткіштері – өркениет құндылықтары» («Алма-Ата») тобы 3. «Алматы сəулет туындысы – өткеннің тарихы» («Верный») тобы

42

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

22 қыркүйек –

ТІЛ МЕРЕКЕСІ

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі. Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілі қанатын кеңге жайып келеді. Оған, біріншіден, елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған тілдік саясаты ықпалын тигізуде. Ал, екіншіден, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мектептердің сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, əдеби кеш өткізулері барысында қазақ тілін насихаттаулары да өз үлестерін қосуда. Қысқаша тарихына тоқталар болсақ, Қазақ елінде мемлекеттік тіл үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Оны ХХ ғасырдың басында қабылданған құжаттардан да көруге болады. Мəселен, 1923 жылдың 22 қарашасындағы Орынборда жарияланған Тіл туралы декретте, қазақ, орыс тілдеріне бірдей мемлекеттік тіл мəртебесі берілді. Қоғам қайраткері С. Оразалинов «осы бір баптың кейіннен қазақ тілінің өрісін тарылтып, маңдайына сор болып жабысқанын» ашына жазады. Бірақ бұл кездегі құжаттарда қазақ тілінің мəртебесін көтеретін көптеген шаралар да белгіленді. 1924 жылдың 26 маусымында Еңбек халық комиссариаты «орыс қызметкерлерін қазақ немесе қазақ тілі мен жазуын білетін қызметкерлермен алмастыру жөнінде»

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

43

хат жіберіп, «Мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындарда қазақ тілінде іс жүргізуде жұмысшылар мен қызметкерлердің санын молайту жəне қазақ тілі мен жазуын білетін мамандармен алмастырудың тəртібін күшейту жөнінде» қаулы қабылдайды. Сондайақ БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті 1933 жылдың 4 сəуірінде батыл қадамға барып, төмендегі жоғарғы мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліне көшуін жоспарлайды: ҚазОАК; Ағарту халкомы; Денсаулық сақтау халкомы; Əділет халкомы; Жұмысшы-шаруа милициясы. Осы қаулыны жүзеге асыру барысында ҚазОАК мен ХКК түрлі ынталандыру шараларын да қолданған. Мəселен, қазақ тілінде еркін сөйлейтіндерге 10 %, іс жүргізе білетіндерге 15 % үстеме ақы төленсе, ал жоғары оқу орындарында қазақ тілінде дəріс оқитын оқытушылардың еңбекақысына 25 % қосымша қосылған. Тіпті 1934 жылы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерінен басқа мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» қаулысы да шығады. Осы құжаттарды іске асыру барысында қыруар шаруа атқарылып, қазақ тілінде іс жүргізу қолға алынды. Қазақ тілі ортағасырлық түркілік элементтерден тазартылып, лексикалық тұрғыдан дамып, біраз терминдер атау ретінде қалыптасты. Сондай-ақ морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылымы жағынан бір ізге түсіп нормаланды. Бұл тұрғыда, əсіресе қазақ тіл білімінің алғашқы ғылыми негізін қалаған белгілі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамбетов, Қ. Жұбанов, т.б. сияқты тұлғаларды ерекше айтуға болады. Алайда бұл жұмыстар түрлі əлеуметтік саяси себептердің салдарынан аяқсыз қалып, қазақ тілі ескерусіз қалды. 1941 жылы 1 тамызда жоғарыда аталған жеңілдіктерді қайтып алу жөнінде қаулы шықты. Осыдан кейін-ақ қазақ тілінің көші түзеле қоймады. Қазақ тіліне төніп келе жатқан қауіпті алғашқылардың бірі болып, даңқты батыр Б. Момышұлы байқады. Батырдың қырағы көңілі мен көреген ақылы 1944 жылы елде болған аз ғана күнде осы қатерді нақ басып тани білді жəне оған деген өз қарсылығын жариялап та үлгерді. Қазақтар арасындағы тілдік бөліну, міне осы жылдардан-ақ бастау ала бастады. Ал 1955 жылы 4 маусымда Министрлер кеңесі Төрағасының Жарлығымен ҚазКСР Оқу министрлігінде орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқытудан босату жөнінде нұсқау берілген. Бұл онсыз да халі мүшкілге айнала бастаған

44

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

қазақ тіліне шығарылған қатаң үкім еді. Осыдан кейін-ақ солтүстік облыстардағы мыңдаған қазақ мектептері жабыла бастады. Дегенмен 1957 жылы ҚазКСР Министрлер кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да қаулы қабылдайды. Бұл іс те əуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бəсең тартып, жетпісінші, сексенінші жылдары мүлдем тоқталып қалады. Оған қатал жүйе жүргізген, бұра тартқан солақай саясаттың ықпалы тимей қалмағаны анық. Қайта құру жылдары елімізде қос тілділік саясаты белең алды. «Қос тіл – қос қанатың» деген жалған ұранды жалаулатқан біршама ресми құжаттар қабылданады. Мəселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер кеңесі 1987 жылдың 3 наурызында орыс тілі мен қазақ тілін оқытуды жақсатру туралы екі қаулы мен 1989 жылдың 15 тамызындағы осы қаулылардың орындалуы туралы тағы екі қаулы қабылдайды. Алайда бұл қаулылардың бойынан орыс тіліне деген басымдық пен ішбұрушылық айқын сезіліп тұрды. Үкіметтің бұл ашық ұстанымы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өркендеуіне жол бермеді. Міне, осындай ұзақ жылдардағы қара түнектен кейін қазақ тіліне деген жарық сəуле алғаш рет 1989 жылы түсті. Осы жылы 22 қыркүйекте «ҚазКСР-індегі Тілдер туралы Заң» қабылданды. Көптеген айтыс-тартыстан, ұлтжанды азаматтарымыздың табанды талабынан кейін осы Заңда «Қазақ тілі – ҚазКСР-дің мемлекеттік тілі» болып жарияланды. Бұл – ұлт жанашырлары мен халықтың сол кезеңдегі саяси-əкімшілік, психологиялық-моральдық жағынан үлкен жетістігі мен жеңісі жəне ірі қуанышы еді. Осы Заңның құрметіне 1989 жылдан бастап біз елімізде жыл сайын «Тіл мерекесін» атап өтіп келеміз. Алайда бұл Заңда қазақ тіліне ресми мемлекеттік тіл мəртебесі берілгенмен, оны қолдануды жақсатру мен дамытудың нақты тетіктері көрсетілмеді. Билік тарапынан ана тілімізге деген көзқарас пен қамқорлық өзгеріп, тұтасқан сең бұзылғанмен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы əлі де көп шектеулі еді. Жазушы С. Оразалиновтің сөзімен айтсақ, бұл заң: «тілдердің сіңісуі жөніндегі солақай саясатқа біржола нүкте қойған жəне Қазақстанда тұратын барша халықтар тілінің тең дамуына бағдар түзеген заң болды. Бірақ ол тілдерді дамыту шараларының қалай жүзеге асырылу керектігінің келешек жолдарын толық айқындай алмады».

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

45

1999 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» ретінде белгіленгендіктен, мемлекеттік тіл мерекесі ретінде 21 қыркүйекте тойлау ұсынылған болатын. Сөйтіп, Тəуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар жаңа атаулы күн пайда болды. Бұл – Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерінің тіл мерекесі. Елімізде «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» болып ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітіліп, 1998 жылғы 22 қыркүйек күні бірінші рет ресми түрде аталып өтілді. Бұл – Тəуелсіз еліміздегі тілге арналған тұңғыш мереке. Еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін де ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде дамуы мен нығаюына бағытталған көптеген ресми құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңында (11 шілде, 1997 ж.) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп атап көрсетілді. Сондай-ақ қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесін нығайту мен дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы» (4 қараша, 1996 ж.) мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (7 ақпан, 2001 ж.) қабылданды. Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген Тіл туралы Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу жəне іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы», – деп ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі мəртебесі құқықтық тұрғыдан толық негізделген. Осы ресми құжаттардың арқасында қазіргі кезде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының біршама өсіп келе жатқаны байқалады. Дегенмен қол жеткен нəтижелерге қарамастан, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің əлеуетін іске асыру деңгейі əлі де төмен. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екені анық. Болашақтың бүгіннен басталатынын да ұмытпайық.

46

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

22 ҚЫРКҮЙЕК – ТІЛ МЕРЕКЕСІ К.Қ. Биғатова № 58 ЖББМ қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ Мақсаты: Ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға, мəртебесін көтеруге тəрбиелеу. Ана тілі құдіреті туралы түсініктерін кеңейту жəне дамыту. Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі, т.б Ана тіліміздің академиясы – қазақ деген халық көше жүрсе де, бытырай жүрсе де, оқымаса да ана тілін таза сақтаған. Ғ. Мүсірепов Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш. Айтматов

Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен,əсем ауыз əдебиетімен де мықты. С.Е. Малов Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тəуелсіз елдің жас ұландары! 2-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар, кеш қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген зор құрмет. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік! Əрқашан аспанымыз ашық болсын!

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

47

1-жүргізуші: Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жариялануы аса маңызды əлеуметтік қадам. Ол, ең алдымен, тілге, сол арқылы жасалатын мəдениет пен өнерге деген қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. 2-жүргізуші: Тіл – əрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды көрінісі, халық тарихы, мəдениеттің даму жолы. 1-жүргізуші: Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дəстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз. 2-жүргізуші: Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас, –

деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз. 1-жүргізуші: Тілден асқан асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ, Тілден асқан теңіз жоқ, –

дей келе Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған əдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер. 1-жүргізуші: Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол əр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Əр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сəні, дəлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дəстүрі. Ана тіліміз туралы М. Мақатаев, Ə. Тəжібаев, Д. Əбілев, М. Шаханов, Ж. Аймауытов сияқты көптеген ақиық ақындарымыз жырлар жазды.

48

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1-жүргізуші: Ана тілім,өзгелерден бөлексің, Бала жүрек саған арнап жыр төксін. Қай асылға теңесем де жарасар Ана тілім, баға жетпес өнерсің, –

дей отырып, оқушыларымыздың оқуында ана тілі туралы ақындарымыздың өлеңдерін тыңдайық. Оқушы: Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін. Серпіп таста, Мұңды жүрек түндігін. «Тіл туралы» Заңым енді күшіне, Паш еткендей Кескен жаңа кіндігін.

Оқушы: Қуан, бабам! Қуанатын жөнің бар. Деген едің – Тіл бар жерде өмір бар. Халық жауы атандың-ау, Сол үшін ғұмырыңды Құрбан етіп жолында ар.

Оқушы: Қуан, анам! Ұзағынан сүйініп, Сəтің де көп Кейде кеткен түңіліп. Ақ сүтіңмен Бойға біткен тілімді, Пір тұтамын Мен алдыңда иіліп.

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

49

Оқушы: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Əр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мəңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы, айбыны Туған тілі – мəңгі өнеге айдыны, Жан байлығы, салт-дəстүрі – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Жəне туған тарихы, Еске алуға қаншама Ауыр əрі қасіретті болса да. Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас, Төрт анасын менсінбеген пенделер. Төрт анадан сенім таба алмаған, Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес, күрестердің ұлысы!

Оқушы: Əрбір тілде сөйле əлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мəңгілік!

1-жүргізуші: «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ жерінде, қазақ елінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуға тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дəріптеуіміз, насихаттауымыз керек. 1-жүргізуші: Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.

50

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Əлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуге міндеттіміз. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, яғни қазақ баласына ананың сүтімен сіңген тіл. 1-жүргізуші: Ана тілінде таза сөйлеу, оған деген оң көзқарас ең зор адамдық, мəдениеттілік, тəрбиелілік болып саналады. 1-жүргізуші: Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны əлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өз Отанының нағыз патриоты етіп тəрбиелеу – бəрімізге ортақ қасиетті парыз. Оқушы: Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мəңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім.

Оқушы: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Ə. Тінəлиевтің «Ананың тілі» əні Оқушы: Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Оқушы: Туған тілім – бабам тілі, өз тілім! Туған тілім – анам тілі, өз тілім!

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

51

Туған тілім – далам тілі, өз тілім! Туған тілім – адам тілі, өз тілім!

Оқушы: Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.

Оқушы: Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте.

Оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз! Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз. Ана тілін бағаласақ қалай біз, Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Жүргізуші: Тілдің мəртебесі – ұлттың мəртебесі, елдің мерейі. 1-жүргізуші: Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мəселесі – ұлттың мəселесі. 1-жүргізуші: Тіл – мəртебе, ұлт мерейі, сəніміз, Мəңгі бақи шырқалатын əніміз.

Құрманғазының күйі «Сарыарқа» Оқушы: Тілім менің! Жауға айбарым, ұраным, туған тілім! Найзасымен тең ұстап осы тілді,

52

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Намысымды қорғады Сырым менің! Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны, Қызыл тіл жол бастады, қол бастады. Даланың өз даусы деп түсінем Шалкиіз, Асан қайғы, Марғасқаны. Қаныңды отты толқын тулататын, Ғасырлар қатпарынан үн қататын, Қазақтың ар-намысы, жан дауысы, Қазтуған, Махамбет пен Дулат ақын.

Жүргізуші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін, Ашатын жан сарайын білімдінің. Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан, Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Оқушы: Асан қайғы, Жиренше, Сөйлеп өткен қызыл тіл. Əз Жəнібек, Қойлыбай, Сыйлап өткен ғажап тіл. Осы тілді жек көрген, Дүниеден қалар құр. Бағаласаң шынымен, Баба тілі асыл дүр.

Оқушы: Əкемнің құты, шешемнің сүті, Сіңірген тұла бойыма. Бар асылын халықтың, Өткен ұлы тарихтың, Құйған сана ойына. Туған тілім, өркенде, Бола бер күшті, көркем де.

Оқушы: Ана тіл – біздің туған анамыз, Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.

22 қыркүйек – Тіл мерекесі

53

Ана тілін бағаласақ қалай біз, Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ана тілін кім аялай білмесе, «Анасынан безген ұл» деп қараңыз.

1-жүргізуші: Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Бүгінгі тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын! Ана тілінің мəртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі! «Жаса, қазағым!» Əні мен сөзі: Т. Досымовтікі.

54

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Қазан айының бірінші жексенбісі –

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ Ұстаздар – ұлттың тірегі, Ұстаздар – мектеп жүрегі, Ұрпаққа жетер ұстазбен Халықтың ұлы тілегі. «Ұстазым» деген ұлы сөз, Жүректің берген бағасы. Мұғалім ұстаз бола алса, Баланың көп қой данасы!!!

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің кəсіби мерекесі. Бұл мереке 1965 жылдың 29 қыркүйегінде Жоғары Кеңес Президиумының Қаулысымен қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтілсін деп бекітілді. 1966 жылы 5 қазан күні Париж қаласында жоғары деңгейдегі конференция болды. Нəтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық Еңбек Ұйымы арасында «Мұғалімдердің статусын анықтайтын рекомендация» қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылдың 3 қазанындағы №1961 қаулысында мұғалімдер күні 5 қазаннан бастап мерекелене бастаған. Ал 01.03.2013 жылғы №511 жарлығы бойынша «Мұғалім күні» қазанның бірінші жексенбісіне белгіленген. Қазіргі уақытта Білім жəне ғылым министрі бұл күнді мерекелеуді басқа елдердегідей қайтадан 5 қазан

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні

55

күніне ауыстыру туралы мəселені көтеріп жүргендігін айта кету керек. Мұғалім – əрбір адам өміріндегі маңызды адам. Əрбір ата-анадан сіздің балаңыз қалай жақсы оқиды деп сұрасаңыз, ол мұғалімнің еңбегі деп жауап берері сөзсіз. Тек жақсы, білімді мұғалімнің арқасында ғана əрбір оқушы жоғарыдан көрініп, білім ала алады. Мұғалім болу үшін талап болу керек. Өзіңнің мектептегі уақытыңды ойыңа алсаң, мұғалім атағына ие болған адамдар қаншама. Қай адамның балалармен жұмыс істеуге қабілеті бар, сол адам ғана мұғалім деген атаққа ие бола алады. Мұғалім – балаларға білім беріп қана қоймай, өмірге жол сілтер адам. Мұғалім – бұл мамандықтың ішіндегі ең маңыздысы. Ұрпаққа білім бере отырып, өмірге дұрыс бағдар көрсетеді. Оқытушылар оқу жүйесінде ғана білім беріп қоймай, өмір сүруге үйретеді. Мұғалімдер күнінің мақсаты мұғалімдерге мектептегі қиындықты бір сəтке де болса ұмыттырып, көңіл көтерту емес. Мақсаты, жұртшылық назарын бір сəт болса да жұмысы қиын əрі жауапты мұғалімдердің қоғамдағы орны мен олардың əлеуметтік жағдайларына назар аударту, оларды бағалап, құрметтеу. Егер əрбіріңіз ой жүгіртіп көрсеңіздер, бала кезден бастап білім мен тəрбие берген ұстаздардың өмірлеріңізден алар орны ерекше екенін байқайсыздар. Жүсіпбек Аймауытовтың: «Ел ісін түзеуді білім беру ісін түзеуден бастау керек», – дейтіні бар. Яғни, білім беру жүйесі мықты болса, мемлекеттің де болашағы баянды болады. Білім беру саласының сала құлаш бұйдасы білікті ұстаздың қолында. Тек білікті ұстаз ғана білімді шəкірт тəрбиелей алады, ал білімді шəкірттен халыққа пайдасы тиер білгір маман шығады. Өміріміздің маңызды қадамдарының бірі мектепке, яғни бастауыш сыныпқа барар кезден басталады. Өкінішке орай, кейбір адамдар өздерінің алғаш қалам ұстатып білім нəрін сусындатқан ұстаздарын мүлдем ұмытып кетсе де, соған қарамастан ұстаздарымыз біздің жүрегімізден мəңгі орын алады. Мұғалім ең қиын мамандықтың бірі болып саналады. Олардың бізге берген білімі біз үшін өте маңызды да пайдалы. Қазір еліміздегі 7960 мектепте 300 мыңдай мұғалім қызмет етеді. ЖОО-да 40 мыңнан аса ұстаз-ғалым жұмыс істеп жүр. Жалпы, елімізде мұғалімнің алдын көрмеген адам жоқ. Бүгінде игі жақсы атанып жүрген министр, депутат, əнші, спортшы, жазушының бəрін үлкен өмірге дайындайтын, жанамын дегенге от, шабамын де-

56

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

генге ат беретін сол кісілер. Бірақ еңбегі ерен болғанымен, осы мамандық иелері көбіне еленбей жатады. Жалақының аздығы, əлеуметтік жағдайдың нашарлығы мұғалім атаулының қоғамдағы бедел-салмағының солғын тартуына əкеп соқтырды. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деп аяулы ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, жылында бір рет келетін Мұғалім күніне орай, педагогтарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалады. Ұстаздар күніне арналған кеш Тарихтың қыры мен сырын шəкірттерге үлкен ізденіспен жеткізер, бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға – ұстаз. Ендеше жыл мерекелерінің ішіндегі аса бір қадірлі мереке қазанның бірінші жексенбісінде болатын – Ұстаздар мерекесі. Бұл күні шəкірттері ұстаздарын гүлге орап, тек құттықтау сөздер айтып қана қоймайды, сол күнді «өзін-өзі басқару күні» немесе «Ұстаз болам мен бүгін» деп аталып, шəкірттер 1 күн ұстаз еңбегінің қиын да қызықты сəтіне бойлайды. Таңертеңнен 5-6 күн бұрын ұстаздардың өз басқаруымен даярланған сабақтарға кірмес бұрын, оқушы – директор, оқушы – оқу-тəрбие ісінің меңгерушілері, оқушы – кезекші, оқушы – сынып жетекшілері, оқушы – пəн мұғалімдері жиын өткізіп, қоңыраумен сабаққа кіріп, сабақ өткізеді. Тəртіпті, мектеп тазалығын, сабақтың өтуін қадағалайды. Балдырғандармен ойын ойнап, тамақтандырады. Олар бұл кезеңді 1 жыл күтеді. Өйткені ұстазына демалыс сыйлау өте қуаныш екенін жүрегімен сезеді. Соңы ұстаздарға арналған кешке ұласып, келесі күнгі жиында нəтиже шығады. Ендеше бұл мерекенің сценарийі де өте қажет деп ойлап, ұсынып отырмыз.

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні

57

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ! (МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ) М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Сахна əдеттегіден де əдемі безендірілген. Түрлі-түсті жарықтар тізбегімен «Ұстазым менің, ұстазым» деп жазылған. Шарлар ілініп, гүлмен безендірілген. Балалық көңілден алғыс айтып жазылған түрлі газеттер, нақыл сөздер ілінген. Музыка ырғағымен қол соғып, əр ұстазға гүл ұсынып, қарсы алынады. Ұл: Апайлар, ағайлар, ұстаздар! Бүгін біз сіздерді ............. Қыз: Нұржан, Нұржан тоқта. Саған не болған сонша сасқалақтап? Ұл: – Ақмарал, мен бір түрлі қобалжып, былай неден бастарымды білмей қалдым, жаттаған сияқты едім... Қыз: Ендеше, бүгінгі күн ерекше күн. Ардақты да аяулы ұстаздарымыздың «Ұлы мерекесі» болғандықтан амандасып алайық. Ұл мен қыз бірге: Армысың, аяулы біздің ұстаздар! Ұл: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға табыс тілейміз! Бүгінгі əн-күйіміз өздеріңізге арналады. («Ұстазым» əні орындалады. Авторы: Ə. Бекжан). Қыз: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нəрсе! «Ұстаздық ету – өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау». Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-

58

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздың міндетін патша да бай да батыр да – бірі де атқара алмайды... Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рақат, ал ұстаздық ету – бейнет. Ұл: Ендеше аяулы ұстаздар, «бейнеттің де зейнеті бар», – дейді ғой қазақ аталарымыз. Бүгін бəрін ұмытып, шəкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауын қабыл алыңыздар! Сахнаға 5-6, 1-11 сынып оқушылары шығып құттықтау жолдайды, көңілді музыка ырғағымен «балдырғандар» тобы билеп шығады, екінші жағынан «ұландар» тобы шығады, қол шапалақтап, үшінші жағынан ерекше киінген «Мұрагерлер» тобы шығады да 3 топқа бөлініп тұрады. 1-оқушы: Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп, Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды!

2-оқушы: Ұстазым – екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған. Оқысын, білім алсын, үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды арман.

3-оқушы: Есімде мектепке алғаш келгенім, Өз қолыңмен Əліппені бергенің. Санай ашып Əліппенің парағын, Əріптерді үнсіз тұрып көргенім.

Ұландар тобы: Түзетеміз шалалықты, Есейттіңіз балалықты. Ойламайтын ертеңін,

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні

59

Ойсыз кейбір еркені. Түзеп жолға салдыңыз, Ел алғысын алдыңыз! Сабырыңыз құрыштай, Жөн айтыңыз ұрыспай. Түзетіңіз тентекті, Тұрғызбай-ақ бұрышқа-ай!

Хормен: Сізден ізгі кішілікті, Үйрендік біз кісілікті.

Мұрагерлер: Анамыздай сыр шерткен, Ақыл-білім үйреткен. Алдыңда бас иеміз, Ерекше бір құрметпен! (деп бас иеді) Үйретіп алғаш бізге əріптерді, Ұстазым, ғылымға жол салып бердің. Болашақ ой-арманым, мақсаттарым, Өзің берген білімнен жарық көрді.

Бəрі: Нұрын төккен біздерге, Рақмет сіздерге! Оқушылар тез қимылдап 1-қатарға қол ұстасып «Балдырғандар» оң қанатта, сəл артта «Ұландар», сол жақта «Мұрагерлер» сəл қиғаштау екеуіне қарап тұрып, бəрі қосылып Б. Гизатовтың «Ұстаздарға мың алғыс» əнін орындайды. 1-оқушы: Шəкірттерін баптаған, Ұстазыма мақтанам. Тəрбие берген біздерге, Көп рақмет сіздерге!

60

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бəрі: Ұстаздарға мың алғыс 2 рет 2-оқушы: Ақыл құйған санама, Жеткізер ол данаға. Білім берген біздерге, Алғыс айтамыз сіздерге! Бəрі: Ұстаздарға мың алғыс! – 2 рет

3-оқушы: Сен жалықпай жетелеп, Мен ғарышқа жетермін. Айтқаныңды ұғып ап, Сеніміңді өтермін!

Бəрі: Ағайларға мың алғыс! Апайларға мың алғыс!

4-оқушы: Əнімізге қалықтай, Қиялменен шарықтай, Құттықтаймыз дəл бүгін Мерекемен шалықтай!

Бəрі: Ұстазыма мың алғыс! (2 рет) (Ырғақты музыка ойналып, оқушылардың қол соғуымен тұрған оқушылар Ұстаздарға гүл ұсынады) Ұландар тобы: Құрметті ұстаздар, біздер сіздерге арнап мектеп өмірінен достық əзіл (пародия), еліктеу, өздік шығармаларымызды көрсеткіміз келеді. Сахнада «Ұландар»! 1-əзіл: «Алмамды əкел» деп аталады.

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні

61

Орындаушыларды өздеріңіз табасыздар. Авторы өзіміз. Көрініс – сахнада 2 алма ағашы өсіп тұр, 1-сі аласа, жаңа өсіп келе жатыр. – 1 оқушы қолында бұтақтар бар, отыр. 2-сі үлкен алма ағашы, түрегеп тұр, қолында бұтақтары бар, 2 қыз əндете секіріп жүгіріп шығады. 1-қыз: – Жанел, мына алма ағаштары неге екі түрлі өскен? 2-қыз: – Əсем, соны да білмейсің бе? Біреуін суғарып күткен, екіншісін қарамаған. 1-қыз: – Ей, қойшы-ей! Оған қарап тұрған түкте жоқ! 2-қыз: – Жоқ, Əсем! Адам да сол сияқты. 1-қыз: А, шынба-ей?! Қалайша? 2-қыз: Əрине, мына бізде адамды тəрбиелеп баптасаң, білім берсең, қатесі болса, түзетсең, ол да түзу өседі. Нанбасаң апайлардан сұрайық. 1-қыз: – Шын ба, апайлар, айтыңыздаршы? (залдан «шын» деген сөз шығады) Причем тут алма ағашы, немене оның қисаюы бізге қарап қалып па? 2-қыз: Əрине, нанбасаң байқауға болады. Мен мына ағашты алып жаз бойы күтейін, сен мына ағашты күт. Күзде жемісін бірге жейміз. Апайлар да мəз болып қалсын. 1-қыз: Ей, қойшы-ей, шын ба? Келістік (үлкен алма ағашын алғанына мəз болып, көзін қысып қояды. Жаз бойы баптап күткен Жанелдің алма ағашы өсіп, жемістері көп болып өседі де, Əсемдікі солып қалады, алма бермейді. Оны оқушылар арқылы көрсетеді). 1-қыз: Мынаны қара-ей, Жанел! Мынау менің алмаларым ғой (үлкен алма ағашын ұстайды).

62

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

2-қыз: Ой, Алла-ай! Иə, мынау менікі, саған не болған-ей? Алмам қайда? Əкел, алмамды, алмамды бер деп сілкілей бастайды да Жанел өз алмасын себетке салады, арасында əндетіп риза болып қояды. Əсем жылайды. Жанел: Міне, Əсел, ұстаздар, көрдіңдер ме, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген осы болады. Қисайған жерлеріңіз болса, түзетуге тырысыңыздар (деп шығып кетеді). Жүргізуші: Апайлар, шынында қисайғанды түзеп, солғанға нəр беріп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор-ау! Рақмет айтып, бас иеміз. Енді сахнада «Мұрагерлер» тобы. Қыз: Құрметті ұстаздар! Сіздер бағанадан бізді тыңдағанға жалыққан боларсыздар? Біз сіздермен кішкене ойнағымыз келіп тұр. Ұл: Кімдер біздің апайларды өнерсіз деп ойлайды. Шаршамайды тіптен де, бізбен бірге ойнайды деп сіздерді ойын-сайысқа шақырамыз. 2 топ керек. 1-топ – «ҰШҚЫН» 2-топ – «ЖАЛЫН» болсын. (2 топ сахнаға шығып, көрсетілген жерге отырады) Қыз: Ойын шартымен танысыңыздар. Ойын 3 бөлімнен тұрады: 1-бөлім «Ойлан, тап» деп аталады. Біз екеуміз, мына қағаздағы суретке қарап, сіздерге суреттейміз. Сіздер қолдарыңыздағы қағазға не зат екенін жазасыздар, қай топ тапса, сол ұтқаны. Мен «Жалын» тобын аламын, сен Нұржан – «Ұшқынды» ал. (ойын ойналады) Нұржан: Ақмарал, қəне, көрейік. Бəрекелді, менің тобым жеңді! Ду қол шапалақтау. Нұржан: Яғни, 2-ойын. 2 топқа да бір сөз беріледі, сол сөзден 1 минутта сөздер құрау керек, қай топ ұзақ сөз құраса, сол топ жеңеді (ойын ойналады, нəтижесі бірден шығарылып, жеңуші топ анықталады). Қыз: Енді менің тобым жеңді, жарайсыңдар «Жалын»! Ал енді 3-бөлімде 2 топтан 2 адам шығып, жатқан қағаздардан алып,

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні

63

суреттегі аңды немесе затты мимикамен көрсетеді де, қалғандары табады. 1-ақ рет жауап беріледі. Нұржан: Ақмарал, алақай мен жеңдім, яғни «Ұшқын» жеңді, сыйлығымды əкел?! Ақмарал: Жарайды. Бұл жолы сендер, келесі жылы біздер жеңеміз. Тоқтай тұр. Жеңілген біздер үлкен сыйлық сыйлар едік, өзің білесің мұғалімдердің ақшасы аз, 1 əн сыйлайық. Бəрі тұрып бір əнді қосылып айтады. Нұржан: Рақмет! 2-ойын: «Сиқырлы сандық» деп аталады. Оған 2 мұғалім қатысады. Мына сандықтың ішінде сізге сыйлық бар, тапсаңыз аласыз. Ал аша бастаңыз! (Сандықтың ішінде көптеген қағазға қабаттай оралған затты тездетіп ашады. Оның ішінен 1 қағаз шығады, онда тапсырма бар. 1 алманы тез жеуі керек немесе 1 стакан суды ішу керек немесе 3 картошканы аршуы керек, т.б. Екеуіне бірдей тапсырма беріледі. Жеңген адам 3-сандықтан жүгіріп барып сыйлығын алады. Тағы солай ойындарды жалғай беруге болады. Тек жалықтырмауы қажет) Ақмарал: Кімдер біздің апайларды шаршайды деп ойлайды? Жарысқа түссе əрқашан жеңбей оны қоймайды. Міне, Нұржан, көрдің ғой біздің апайлар, тіпті мерекелік көңіл-күйлерін көтере еңбек етті. Енді апайларға демалыс концертін арнауларыңызды ұсынамыз! Өнерпаздар, қайдасыңдар, кезек сіздерде. 1-ұл:

Биік сенің ұстаздық қасиетің, Мінезің жоқ қиынға бас иетін. Өмірге тəрбиелеп құлшындырған, Сақталар есімізде өсиетің.

(Көп ардагер ұстаздардың аты аталады немесе секция бойынша аталады)

64

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүрегімізде əркез айтқан өсиетің! – дей келе бұл əніміз өздеріңізге сыйымыз болсын! (Бір əн айтылады). 2-қыз: Көрмеген артық күліп, артық жүріп, Шəкіртіңді тəрбиеледің тəртіпті қып. Бойлаттың тереңіне бар ғаламның,

Би арнаймыз (мұғалімдер аты) апайларға тəтті күйін (1 əн орындалады). Ұл:

Қыз:

Жамандықтан сақтандырған, Жақсы ісімді мақтан қылған. Білім берген (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) апайларын Биімменен шаттандырам. (1 би жіберіледі) Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Ғажайып дүниенің сырын жайып «Алдымен адам бол» деп ұстартқаның, –

дей келе ендігі əніміз, ағайлар, сіздерге тарту болсын! Хор: «Сағыныш сазы» орындайтын хор. (Балдырғандар, ұландар тобы шығып айтады. Мұрагерлер биге шақырады. Кеш соңы биге ұласады).

25 қазан – Республика күні

65

25 қазан –

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-дің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сəттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тəуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мəлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рəміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі жəне территориясының тұтастығы саяси, құқықтық жəне экономикалық тұрғыдан дəйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы əлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізілді. Республика

66

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

күнін ел 17 рет тойлады, ал өткен жылы оны үн-түнсіз жылы жауып қоя салды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың сəуір айында қол қойған «Мерекелер туралы» Қазақстанның жаңа заңына Республика күні енген жоқ. Декларация демократиялық, əлеуметтік бағыттағы жəне құқықтық мемлекеттің құрылғандығын салтанатты түрде жариялады. Қазақстан өзін алғаш рет өзіндік дүниетанымы, өзіндік салтдəстүрі, сондай-ақ даму болашағы бар ерекше мемлекет ретінде жариялады. Декларация Қазақстан мемлекеті тəуелсіздігінің негізін қалауға негіз болды. Онда Қазақстанның нағыз егемендігінің барлық ерекшеліктері белгіленді: жеке территориясы мен азаматтығы; мемлекеттік биліктің дербестігі мен толықтығы; мемлекеттік бюджет; халықаралық қатынастардың дербестігі, мемлекеттік тəуелсіздіктің классикалық нышандары – елтаңба, ту, əнұран, сондай-ақ өзінің ұлттық валютасы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен оның территория меншіктігі саяси, құқықтық жəне экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етілген. 1990 жылғы мемлекет егемендігі туралы декларация Қазақстанның толыққанды халықаралық заң субъектісі ретіндегі конституциялық-құқықтық мəртебесін растады. Қазақстан либералдық нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғамды құру бағытын ұстана отырып, өз бетінше қоғамдық-саяси құрылысқа аяқ басты. Бұл дүниежүзі картасында жаңа мемлекет – болашақ Қазақстан Республикасының негізінің қалануына себеп болды. Декларацияның тарихи мəні – 1993 жəне 1995 жылдардағы Қазақстан Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілердің əзірленуі болды. 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының қабылдануы салдарынан біздің мемлекетіміз тəуелсіз əрі дербес мемлекет ретінде қалыптасуының конституциялық ресімделуі аяқталды. Сондықтан мемлекеттіктің жаңа нысанының бастау көзі болған оқиға ауқымы жағынан жалпыұлттық болып табылады. 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267 «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында бұл күн мемлекеттік мерекелердің тізіміне енді.

25 қазан – Республика күні

67

ТƏУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛЫ – ӨЖЕТ, ТУЫ – ҚАЙРАТТЫ, ХАЛҚЫ – ҚАҺАРМАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ШОУ С.Ə. Самсалиева №58 жалпы білім беретін мектептің жоғары санатты тарих пəні мұғалімі

Мақсаты:  Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;  Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді нығайту;  ел мəдениеті мен тарихын зерттеу арқылы Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтарын қабылдау қабілеттігін арттыру;  мемлекеттің өркендеуіне бағытталған жеке адамдардың немесе топ іс-əрекеттерінің маңызын сезінуге көмектесу;  Отанды қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру;  Тарихи танымдық көріністер арқылы ата-бабаларымыз армандаған, сол үшін күрескен егемендігіміздің ұмытылмас беттерін ашу. Барысы: 1.«Қазақстан – Елім менің» стикерін алып шығу. Салтанатты түрде жəне шаттық маршымен екі оқушы екі жағынан көтеріп сап түзеп тұрған оқушылар арасынан жүріп өтеді. (Нұрбақыт, Əнуар) 2.«Томирис патшайымның ерлігі» көрінісі. Рөлдерде: Томирис патшайым – Арайлым Екі нөкері – Рамина, Əсел Парсы патшасы Кир – Данияр Екі нөкері – Жалғас, Мырзабек Салтанатты тақта атағы асқақтаған, ерлігі екі жарым мың жыл адам баласын таңғалдырып келе жатқан Томирис патшайым.

68

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бір нөкері кіріп келіп, парсы патшасы Кир өзінің нөкерлерімен келіп тұрғанын хабарлайды.  Құдіретті билеушім, сізге ат терлетіп 29 жыл ел билеген парсы патшасы Кир келді.  Кірсін!  Құдіретті сақ патшасы Томирис, мен саған көңілім ауып келдім, маған тұрмысқа шық!  Мидия патшасы! Алған бетіңнен қайт! Сенің көзіңнің тескені мен емес, менің Жерім, ұлан байтақ елімнің байлығы. Тілімді алсаң, босқа тырбаңдама! Өз еліңе патшалығыңды жүргізе бер, біздің елге көзіңді тікпе! Бірақ ақыл тоқтататын адам емессің, асып-тасқансың ғой. Сені қандай есірік алдады екен, бейбіт көрші болар сұрың жоқ. Егер делебең қозып, сақтарға тиіспей жан таппаймын десең, кел тұрысатын жеріңді айт. Мен өз жерімді қасық қаным қалғанша қорғаймын! Томирис: «Масагеттер, аттаныңдар! Зарина – сен оң қанатта, Аморга – сен сол қанатта қарсы тұрыңдар! Ант етемін, сен қаншама қанішер болсаң да, өзіңнің қаныңмен сусыныңды қандырамын». Əскерлер айқасын би ырғағымен келтіріп, парсы əскерлерінің ұрыс даласында айқасып жатқанын көрсету. Сақтар жеңеді.  Зарина, Аморга меске парсылардың қанын толтырып, сол қанға Кирдің басын салыңдар! Местің сыртында «Іздегенің қан еді тойғаныңша іш» деген жазу болады. 1. «Ақылы асқан əз-Тəуке» көрінісі. Рөлдерде: Тəуке хан – Ерхан Қолбасшылары – Ержан, Мырзабек, Жалғас. Автор: батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті. Тəуке хан ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды. Тəуке ханның ордасы. Тəуке хан қолбасшыларына тапсырма бере отырып, əлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, əңгіме барысында былай дейді: – Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?

25 қазан – Республика күні

69

Серіктері:  Қосымша əскер керек!  Жаттығу керек!  Темірдей қатал тəртіп керек, Хан ием! Сонда Тəуке хан: – Бəрі де дұрыс-ау, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні жəне болашақта да ауыз бірлік қажет. Ол – еліміздің мəңгілік қаруы, күш-қуаты жəне жеңістеріміздің күре тамыры. Автор: Иə, Тəуке ханның сол кездегі көрегендігі қазақ халқының бүгінгі қажетіне де анық жарағандай. 2. «Ақтабан шұбырынды» көрінісі. Рөлдерде: Абылай хан – Алихан Қалмақ ханы – Санжар Батырлар – ұлдар Ана – Жұлдыз Райымбек – Қазақ қыздары – Жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратты. Жойқын шабуылды күтпеген қазақтар түгелімен қырылды, тірі қалғандары мал-мүлкін тастап қашуға мəжбүр болды. Қашып құтылғандары шөптің тамырын жеп күнелткен. Əйелдер, балалар мен қарттар тұтқынға түскен. «Елім-ай» əні. Қалмақтардан қашып келе жатқан қазақ қыздары. Қалмақ ханы: «Қазақтар бізбен шабысамыз деп əуре болмасын. Тонаңдар! Еркектерінің бірін де тірі қалдырмаңдар! Қыздарын байлап əкетіңдер! Ана: «О, сұм заман, біз қырық жылдан астам толассыз қырғын соғысты бастан кешірдік. Атаңа нағылет ит қалмақ, Жетісудан айырды, қыз бен ұлды құл етті. Батырлар қайда мына иттен кек алатын!» Райымбек батыр: Айналайын, жан ана, Рұқсат маған бер, ана, Қалмақтан кекті алайын,

70

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жаратқан ием жар болса, Жауға ойран салайын.

Ана: Ей, балам, жай қолыңды, Жəрдем болсын Құдайым. Медет тілеп пірлерден, Бір Құдайға жылайын. Алла оңғарсын жолыңды. Сенің үшін, ей балам, Мен құрбан деп жылайын. Қалмақтан кекті алдырып, Көңілдің бітір жарасын. Құл етер күн болар ма, Ит қалмақтың баласын. Сескенбей жүр, шырағым, Атаңа жетіп барасың. Жолбарыс болсын жолдасың, Пірлер сені қолдасын.

Батырлар «Абылайлап» ұрандап жауға аттанады. Автор: О жамағат, жамағат, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жəнібек. Қанжығалы Бөгенбай Қаракерей Қабанбай, Үшеуі батыр, бірі би Тəңірім берген сондай сый.

Хабаршы: Абылайды қапылыста қалмақтар ұстап əкетіпті. Қалмақ ханы: қазақ ханы Абылайды алып келіңдер! Абылайды алып келеді. Қалмақ ханы Абылайға: Қазір өлтірем. Баламның кегін алам. Айтарың бар ма? Абылай хан: Айыптау маған түсіп тұр. Оны өлтірген халық. Мен халықтың еркін орындадым. Менің 3 тілегім бар. Біріншісі:

25 қазан – Республика күні

71

қазақ үш жүзге бөлінген ел. Осы елдің басын біріктірсем деп едім. Екінші: қолымда кісен, қапылыста осылай өлмей, жауыммен алысып жорықта өлсем деп едім. Үшінші: мен бір атадан жалғызбын, бүгін өлсем артымда ешкім жоқ. Абылай атамның ұрпағын жалғастырар балам жоқ. Қалмақ ханы: Босатыңдар! 1. «Қаз дауысты Қазыбек би» көрінісі. Рөлдерде: Қаз дауысты Қазыбек би – Еркебұлан Қалмақ ханы – Санжар Қазыбек би: Дат! Қалмақ Ханы: Датың болса Айт! Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, досымызды сақтай білген елміз, дəмтұзын ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз, сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұратын жеріңді айт! Қалмақ ханы: «Мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер!» – дейді. 2. «Əбілхайыр хан мен Анна Иоановна» көрінісі. Рөлдерде: Əбілхайыр хан – Ерхан Анна Иоановна – Алина

72

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Əбілхайыр хан: Аса құрметті, орыс патшасы Анна Иоановна, пікіріңізді білейін дегеніміз, Сіздің қол астыңызда болуды қалап, Сіздің билігіңізді мойындаған өз өкілімді жіберіп отырмын. Біз, Əбілхайыр хан, менің соңымнан ерген Орта жəне Кіші жүз қазақтары Сіздің алдыңызда иілеміз, қарапайым халқымызбен Сіздің қамқорлығыңызда болғымыз келеді. Сізге барша аманшылық тілейміз жəне Сіздің қамқорлығыңызда боламыз! Анна Иоановна: Көктен тілегеніміз жерден табылды ғой. Қазақ ханы Əбілқайыр орыстың билігін мойындағысы келеді. – Тевкелев елшіні шақырыңдар. Анық қол астымызға қарағысы келмейтін болса, онда бір миллион сом шығынға қарамай, қалайда Ресейдің қол астына қаратуға міндеттеп қайт. 7. «Исатай мен Махамбет» көрінісі. Рөлдерде: Исатай – Еркебұлан Махамбет – Əділет Автор: Исатай – орыстың бодандығына қарсы шыққан көтеріліс басшысы. Махамбет – азаттықтың, тəуелсіздіктің жаршысы. Махамбет – азаттық үшін басын берген жалғыз ақын.Тəуелсіз қазақ елінің мəңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар тəбəрігіміз, ұранымыз – Исатай – Махамбеттердің жанкешті батырлық рухы. Исатай: «Жан жолдасым Махамбет! Қазақтың шұрайлы жерлерін орыс патшасы иемденуде. Ел билеушілері қарсы тұрудың орнына бас шұлғып отыр. Еділ мен Жайықтың арасына сыя алмай жүрмін. Махамбет:

Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай. Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Əр түйірі ат болмай,

25 қазан – Республика күні

73

Атыңды байлап келгенде, Қатын-бала жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып ет жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!

8. «Хан Кене» көрінісі. Рөлдерде: Орыс патшасы: Кенесары хан: Бопай ханша: Автор: Алашта талай – талай ерлер өткен, Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?! Кенесары Қасымұлы – тəуелсіздік жолында күрескен хан. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін», – деп ашық айтқан екен. Кенесары хан: Сізге хабарлайын деп отырғаным екі елдің халқы бейбіт өмір сүрсін деген ойым. Біздің аудандарымызды өзіне қаратып алды деп маған күдікпен қарайтын көрінесіз. Керісінше, сіздер менің атам Абылайдың иелігінде приказдарды құрдыңыз, қазақ халқынан салық жинап, қысым көрсетудесіз. Сіздің қарамағыңызда өмір сүру мүмкін емес. Қазақ халқының көне замандағы жағдайының өзгермегенін құптаймыз. Онда біз де, сіз де тыныштықта өмір сүрген болар едік. Орыс басшылары қазақтардың жақсы жылқыларын тартып алуда. Сізбен ғұмырлық достықта болу үшін бекіністерді жоюды сұраймыз. Түрмедегі адамдарымызды босатыңыз. Орыс патшайымы: Ал бұл мəселені мен əлі де ойланам. Бұратаналар еркіндікті қалайды. Емін-еркін тəуелсіз болғысы келеді.

74

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Шекаралық бекіністерді қорғауды күшейту керек. Қарулы отряд дайындау керек. Бопай ханша: Мен Бопай ханша Кенесарының қарындасымын, 600 адамнан тұратын өз əскеріммен ағам Кенесарының жорықтарына белсене қатысып, қазақ жерін азат етемін.Тəуелсіз ел боламыз! 9. «Абай, Шоқан» көрінісі. Рөлдерде: Абай – Шоқан – Автор:Ұлт мақтанышы Абай мен Шығыстың ең жарық жұлдызы Шоқан. Абай. Қара сөзі. Шоқан: Ұлттың кемеліне жетіп қалыптасуы үшін азаттық пен білім қажет. 10. Ұлы Отан соғысы. «Мəншүктің хаты» көрінісі. Рөлдерде: Мəншүк – Жауынгер серігі – Соғыс кезі. Мəншүк: «Алматыны, əпкетайымды, мамамды сағындым. Шіркін-ай, жасыл желекке бөленген, дүниедегі теңдесі жоқ асыл үй – Алматымды бір көрсем-ау! Жауды жеңіп, елге барып Алматының ең шетінен бір жер үй қазып алып сонда тұрсам да арманым болмас еді! 11. 1986 желтоқсан «Тəуелсіздік қарлығаштары» көрінісі. Автор: Желтоқсан айы, естесің, Дауыл боп бұрқап ескенсің. Азаттық күйі, қашаннан, Көкейін елдің тескенсің.

Қайрат Рысқұлбековтің тергеу барысындағы сөзі. (Желтоқсан 1986 кітабы,124 б.)

25 қазан – Республика күні

75

Мұхтар Шаханов. Төрт жыл кешіккен шындық. (Желтоқсан құрбандарын жоқтау кітабы, 55 б.) Бауыржанды жоқтау (желтоқсаншыларға арналады) Орындайтын Құндыз, Жұлдыз. 3. «Тəуелсіздік таңы» көрінісі. Автор: Тəуелсіздік туралы Заңы. Əн. Қазақ елі. Еркебұлан Əн. Елім менің. Рамина Би.(қыздар) Сүгір. Батырлар биі От шашу.

РЕСПУЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ТАРИХЫ АТТЫ КЕШ М.Т. Шермұханбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Сахнада Отан, туған жер, ерлік, елдік туралы нақыл сөздер ілініп, «Егеменді ел тарихы» деп жазып қыстырылады. Ел тарихын бейнелейтін сурет ілінеді. 2-жүргізуші шығып Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» өлеңінен 2 шумақ оқиды. 1-жүргізуші: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

76

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім!

(Қобыздың зарлы үні, қараңғылық. Ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады). Немересі: Ата, не ойлап отырсыз? Атасы: – Ə, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!!! Немересі: Ата, «өткен өмір» деген ол не? Ата: – Ə, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе? Немере: Ал ол қандай болған? Ата: Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін (қарт ойлана алысқа қарап). Болмаса да оқыған тарихшы атым, Жинадым ескілерден тарих хатын. Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас, Əйтеуір кімде болса, өлмей қалмас. Есімі еш адамның өшпейді екен, Артында ұрпақ жүрсе өздеріңдей ұмыттырмас. Білуі «Жеті атасын» парыз екен, Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген. «Білмеген жеті атасын жетесіз» деп, Өткендерін қалайда білсін деген.

25 қазан – Республика күні

77

– Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіс екенсің. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізі болғаннан басталмай ма бұл тарих? Ол қазақ халқының осы бірлігін жоғалтпай дамуын тілепті. Сөйтіп, өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен. (Қараңғылық, қарт пен бала кетеді) (Көрініс. Сахнада Жəнібек ханның өсиетін бейнелейді. Жəнібек хан төсекте жатады, баласы жанында отырады). Жəнібек: Балам, анау тұрған жебені əперші (баласы əпереді). Мə, балам сындыр, – деп бір жебені береді, оны баласы сындырады, екеу береді, оны қинала сындырады, бесеу бергенде оны сындыра алмайды. Жəнібек: – Не ұқтың балам? – Əке, бір жебе жалғыз, екі жебе сындыру қиындау болды. Бесеуін мен сындыра алмадым, ол – бірігіп өмір сүріңдер деген шығарсыз?! Жəнібек: Иə, балам, дұрыс айттың. Бірлік түбі – береке, Береке түбі – мереке. Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен, Ел болуды ойлаңдар! – деп өліп кетеді.

(Сахна сыртында жүргізуші) 1-жүргізуші:

Аспанында жарқ-жұрқ етіп жалындар, Аққан судай зымырады ғасырлар. Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер, Бел-белестер қилы-қилы асулар. (Ата мен бала əңгімелесіп отыр)

Ата: – Ə,ə,ə балам! Содан бастап қилы-қилы кезеңдер өтті ғой! Талай хандарымыз ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін

78

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

сақтап, қайтсек те халық боламыз деумен өтті-ау өмірден. Қасым хан, Тəуке хан, Есім, Жəңгір, Əбілхайыр, Абылай хан, Кеңесары сияқты хандарымыз елін-жұртын аман алып қалам деп, жауларымен айқасты. Бала: – Иə, ата, біз оны тарихтан оқыған едік, əсіресе Төле би атамыз елінен көшпей отырып алған ғой. Ата: Иə, балам, ол солай болған. Сол кезең қазақ халқының көкірегінде шер боп қатқан еді-ау. Туған жерінен, елінен, жұртынан айырылған жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалды емес пе? (Сахнаның бір жағында 2 жүргізуші) 1-жүргізуші: Дархан қойын-қонышқа құт дарып, Төрт құбылаңды түгендедің мақтанып. Ен байлықта белшесінен кешкені, Жат жұрттықтар көз аларта сұқтанып.

2-жүргізуші: Шыңғыс ханның қалың қолын бөгеген, Батыл елдің, батыр едің не деген! Алатаудай міз бақпады ұл-қызың, Өзің ерлік жөргегіне бөлеген.

1-жүргізуші: Ұлы жолда аз болды да шығындар, Қыршынынан қиылды сан ғұмырлар. Атой салып жауға аттанды құрсанып, Қабанбайлар, Бөгенбайлар, Сырымдар.

Бала: Ата, ол қалай болған? Ата: Ал, тыңда балам ендеше. (Сахнада «Ақтабан шұбырынды», музыка ойнап, 3 оқушы Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінді оқиды) (Райымбек, Райымбек)

25 қазан – Республика күні

79

«Қара таудың басынан көш келеді» Қара жорға шайқалып, бос келеді. Қара күнді жамылып, қара қазақ Қара түнді басынан кешкен еді. Қара қайғы көрсетпей ештеңені, Қара жауы қанатын кескен еді. Шұлғау болып қыздардың кестелері, Талай қара шаңырақ өшкен еді. «Қара таудың басынан көш келеді!!!» Қара жұртта бықсыған шала қазан, Аналардан ес кеткен, балалардан. Тал да таппай қармауға жағалардан, Ақыл қашқан адыра бабалардан.

(Осы поэмамен көрініс көрсетіледі. Шұбырған ел, жылаған бала, бесігін сүйреткен ана, жығылып сүріне басқан қарттар. Оларды жоңғарлар айдап бара жатады. Осы кезде бір қарт немересін жетелей ойран болған жерді көрсете Мақатаев поэмасының соңғы шумағын оқиды) Қарт: Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың, Мен де көпке бармаспын, сен қаласың. Ойран болған орданың орнына кеп, Отау тігіп, оттарын сен жағарсың.

(сахнада қарт, немересі) Қарт: – Иə, балам, ата-бабаң айтқан осы бір сөзді ешқашан ұмытпа! Бала: – Жарайды, ата! Ата: Олармен қатар Төле би, Əйтеке би, Қазыбек би сияқты от ауызды шешендеріміз бен билеріміз өзінің тапқырлығымен халықты бірлікке, елдікке шақырды емес пе? Төле би туралы көрініс: Жаулап алуға келген қалмақ ханына Төле бидің жауабы:

80

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Сахнада Төле бидің үйі. Қарт биіктеу жерде отыр. Немересі, баласы отыр. Осы кезде дүбір естіледі. Төле биге жарық түсіріледі, сахнаға қалмақтың батырлары шығады. Қалмақ батыры: Еліңді шауып шулаттым, Жеріңді алып дулаттым, Салауат айтсам өткенге, Өткенге ертең жеткен бе? Сенген елің Төле би, Жұртқа тастап кеткен бе? – ха-ха-ха

Төле би: Адаспай сөйле, адаспа, Тереңменен таласпа. Төле биді таныдың, Аты шыққан Алашқа Ар-намысын алдырмас, Атасын жауға қалдырмас, Қазаққа тілің тимесін, Көзіңнен ағар қанды жас. Білгің келсе, Төлені! Жібермеген құдірет – Ұя салған қарлығаш Қорғалақтап бұқпаймын, Ық жағына шықпаймын, Балапан ұшпай ұядан, Мен үйімді жықпаймын. Ердің ары – ел ары, Шапсаң да басың жоғары, Маған қымбат бəрінен Балапанның обалы. Мен өлсем де артымда Шаңырағым қалады.

(Осы кезде қалмақтың нөкері қылышын көтереді қалмақ батыры қолынан ұстайды)

25 қазан – Республика күні

81

Қалмақ батыры: Тоқтат, қылышты, сал қынапқа! Ұшқан құсты жылатпа, Жан бітірді Төле би! Өліп кеткен ұятқа! Атасы алаш, үйі ағаш, Жаттан ақыл сұрамас «Қазақ» деген халықтың Шаңырағы құламас! – деп шығып кетеді.

(Қарт пен бала сахнаға қайта шығады да отырады, қобыз сарыны) Ата: Иə, балам, Түркістанның жанындағы Ордабасында Абылай хан Үш жүздің басын қосып, батырларын жинап, сонау Жəнібек атаң айтып кеткен бірлікке, ерлікке, елдікке шақырды емес пе? Сөйтіп, халқымызды арашалап қалды ғой, балам. Бала: Ата, өте бір қиын кезеңді бастан кешірген екен ғой біздің аталарымыз! Ата: Иə, балам, айта берсең тарих көп. Майқы би деген атаң өмірден өтіпті. Би атаң: – «Көзі қысық, тісі қисықтан емес, өзі шегір, көзі көк халықтан қиямет көреді екен. Соған себепші өз ұрпағым болады екен», – деген екен. Бала: Ол қалайша? Ата: Ендеше тыңда: (Көрініс Махамбет жайлы. Жəңгір хан орыс полковнигінің киімінде отыр, қасында сатқан нөкерлері, орыстар Махамбетті айдап əкеледі. Махамбетке сұрақ қойылады) Жəңгір: Елге іріткі салғанда, бізді қорғар ақ патшаға қарсы шыққанда не табасың, қайт райыңнан, – дейді.

82

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Махамбет: – Жəңгір өлгеннің жаманы жоқ, Тірінің жаманнан амалы жоқ. Баймағанбет: –Тəубеңді ұмытқан екенсің, Махамбет! Асқақ сөйлеп, шалқақ жүрген кешегі Сырым да қасат жерде қалған, содан əулие болмассың! Махамбет: Хан емессің, қасқырсың, Қас албасты басқырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын… Хан емессің – ылансың, Қара шұбар жылансың, Хан емессің – аярсың, Айыр құйрық – шаянсың, – дей бергенде

Жəңгір: – Байлаңдар, ұстаңдар, əкетіңдер деп бұйрық береді. Осы кезде жендеттер (орыс солдаттары) сүйреп əкетеді (сахнаға немересі мен атасы шығады). Ата: Иə, осы бір бақталастық, ыдыраушылықты, бірліксіз өткен өмірді қатты қинала Абай атаң өз өлеңдеріне арқау етті. (Абай əні ақырын орындалады) Ата: Ал Шоқан, Ыбырай сияқты бір туар қазақ азаматтары, елінің, халқының мəдениетін, ғылым, білімін көтеруді армандады, сол үшін өмірлерін сарп етті ғой. Ал Дина, Жаяу Мұса, Біржан сал да өнер саңлақтары қазақ халқының мұңын, зарын, қуанышы мен қайғысын өз əн-күйлеріне қосып, жырлады емес пе? (Осы кезде сахнаға Абай 1 шумақ өлеңін оқиды, Шоқан өз сөзімен шығады, Ыбырай: «Кел, балалар оқылық» өлеңін оқиды) Абай: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

25 қазан – Республика күні

83

Шоқан: Қазақ халқының терең ойлы, ақылды, өнерлі, дара, дана халық екенін бүкіл əлемге жеткізу, мəдениетін зерттеп, жер байлығын ашып көрсету міндетім... Қазақ халқына білім, сауат ашар мектептер салу қажет.... Ыбырай: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық, Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар, Іздегенің алдыңнан тілемей-ақ табылар.

(деп біртіндеп ескерткіш болып тұрып қалады да, кейіннен шығып кетеді). Сахна алдына атасы мен немересі шығады. Атасы: Е, балам! Өз бостандығын аңсаған елге, құрсаудай болып, «большевик» деген дəу келді ғой. Өзімен бірге алпауыт зобалаң ашаршылықты ала келді. Өз еркімен көшіп-қонып, жаз жайлауды, қыс қыстауда отырған қазағың қолыңдағы бар малын етке өткізіп, қала берсе, сол «дəуден» қашып, тарыдай бытырап басқа елдерге қашты емес пе? Лағынет саған, мəңгі, Голощекин, Өлім сеуіп, қандадық жердің бетін. Көбі өлді, көбі кетті туған жерден, Аздырып-тоздырдың-ау қазақ елін.

Немересі: Иə, ата, білемін! Тарихтан оқытқан бізге. Сонан соң сол «дəу» Мағжан, Ахмет, Сəкен, Ілияс, Бейімбет, Міржақып, Шəкəрім сынды ағаларымызды да алып кетті ғой. Шіркін, солар тірі болса ғой... Ата: Дұрыс айтасың, балам. Қырылмаса аштықтан бауырларың, Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын, Қазақ деген қандай ел болар едік, Көркейткен байлығымен əлем сəнін.

84

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

(өлең оқып жатқанда біртіндеп сахнаға А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов шығады. Оқушылар олардың үлкен портреттерін ұстап тұрады. Біртіндеп өлең оқиды) Мағжан: Күн шығыстан шаң келеді – мен келем, Көк күңіренеді, мен де көктей күңіренем. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!...

А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Б. Майлин: (Олар сахна артына жылжып, сахна алдына гүл ұстаған қарт пен немересі шығады. Екеуі мəңгілік алау басында отыр, қарт күбірлеп бетін сипайды. Баласы да қосылады). Ата: Ал мына мəңгі алау – қазақ халқының бастан өткізген қиын, қайғылы кезеңдерінің белгісі. Мұнда əр мерекеде келіп атасын, əкесін, баласын жоғалтқан адамдар мінəжат етеді, сол бір лағнет жылдарды еске түсіреді. Немересі: Отаным орнығып кеп төріне Айналасын ақ таулар көмкергенде, Батыстан неміс деген шықты емес пе? Тіршілік көзін сөндірмекке.

Ысқырған оқтың үні, жылаған бала, бомбаның жарылуы. Қараңғыланған сахнада жарқ-жұрқ еткен прожектор жарығы, яғни соғыстың басталу кезеңі бейнеленеді. Сол кезде Сов информ Бюросының соғыстың басталауы жайлы күй табақта жазылған хабар жіберіледі. Сахнаның 2-жағынан Əлия мен Мəншүк шығады, үстілерінде əскери киім, қолдарында автомат. Əлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік, Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

25 қазан – Республика күні

85

Отан-ана отқа күйіп жатқанда, Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мəншүк: Отан Ана жылағанда шерленіп, Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт. Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те, Қолымызға қару алдық ерленіп.

Əлия: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім!

Екеуі бірігіп: Жетсек деген арманымыз көп еді, Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі. Біздің туған күнімізді құттықтап, Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді. Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз. Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз. Жанымызды құрбан еттік осылай, Біздей ерте солмау үшін барлық қыз!

(Олар ақырын сахнадан кетеді де, ата мен бала шығады). Жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа, Мұқатпай жігер тасып сол бір шақта. Сұрапылдай соқты да жау қамалын, Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!

Ата: 30 сəуір 14 сағат 25 минутта Рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Контария қатарында жас қазақ Рахымжан Қошқарбаев та бар еді-ау балам!

86

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бала: – Иə, ата, біз Рахымжан атамен кездесіп, суретке де түстік. Көп əңгімесін естідік. (Осы кезде жүргізуші радиодан өлең оқиды) Жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім!

Қарт: Иə, бостандық, теңдік, тəуелсіздік те өз бетімен келген жоқ мына басқа. Қаншама адам құрбан болды. Өзі құрсаудағы елді патшасынан айырып, Колбин деген пəлені патша етіп қоймақшы деген сөз жан жарасына дəл тиеді ғой. Жүргізуші: Радиодан өлең оқиды. Есігі ашық, төрі кең, Жылап өттік жытқыр өмір өрінен. Жетер енді, желпінейік қарайық, Мына өмірге егемендік көзімен. Жетер енді, желпінейік, қарайық, Мына өмірге игерудің көзімен.

Ата: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан кезеңі болды ғой. Осы оқиғаның бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ағаң емес пе, жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті емес пе, елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті емес пе? Бала: Иə, ата, ол бір жан түршігерлік уақиға қазақ халқының мəңгі есінде қалары сөзсіз (қарт пен бала біртіндеп сахнадан шығып бара жатады). Жүргізуші: Қатыгездік жұдырығы түйіліп, Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып. Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға, Ата-баба аруағына сыйынып.

25 қазан – Республика күні

87

Көрініс. Қайрат түрмеде. Темір тордың ішінде ойланып «Ана тілі» өлеңін оқып отырады (жанында жаралы 45 жігіт). Қайрат: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Құшақ жая таныстым сан тіліммен. Жаман үйді қонағы билейді деп, Қала жаздап айырылып өз тілімнен. Өзге тілше еліктеп ел болмайық, Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

(Сырттан тасыр-тұсыр естіліп, Қайрат жатқан жерге есікті ашып, күзетшілер келіп, оны тергеуші алдына апарады. Қайраттан ақтық сөзін айтуын бұйырады. Қайрат түрегеліп жауап қайырады, 2-3 жігіт біртіндеп орнынан тұрады) Тергеуші: – Əй, сен бұзық, атыласың. Шыныңды айтпасаң ғой. Ендеше ақтық сөзіңді айта бер дейді. Қайрат: «Ақтық сөзің не?» деген. Бүгін қойды сот сұрақ, Айтайын оны халқыма, Жоқ пейіл менде жасымақ. Қорлай беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін, Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін.

1-жігіт: Салт-санадан айырылып, Арақтан ұрпақ азбасын. Ел көркейтер азамат, Қызғаныштан тозбасын.

2-жігіт: Абай туған жерінде. Бомбасын атом жармасын.

88

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Құлыптасты қиратып, Өлігіңді қазбасын. Өз ұлтыңның басшысын, Орнынан сүйреп алмасын.

3-жігіт: Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан, Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз, Туың болсын əрдайым. Мойныма алып жаланы, Мен болайын құрбаның. Бас-аяғы сол болсын, Басыңа түскен қатердің, Ақтық сөзді енді мен Сотқа да бір айтайын: Күнəдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, «Еркек тоқты құрбандық», Атам десең, атыңдар.

Тергеуші: – Əкетіңдер!!! Атыңдар!!! (деген ызалы дауыс шығады. Қайратты алып кетеді) (Сахнада қарт пен бала) Қарт: Сол «Желтоқсан оқиғасы», қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мəңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүниежүзіне танымал ел болдық қой. Ата: Бұған да тəуба! Егемендік алып, əлем таныды ғой елімізді. Бала: Ата, «Егемендік» деген не осы?

25 қазан – Республика күні

89

Ата: Егемендік «иесі – мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз. Егемендік – ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Міне, «Егемендік» деген осы. Енді міне желбіреген көк байрағымыз, айбынды əнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің кешегісін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпағым! (Сахнаға 3 оқушы шығып өлең оқиды. Қолдарында ел туы, ел таңбасы, əнұраны) 1-оқушы: Өзіңдікі – Елің де. Өзіңдікі – Жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ – Тəуелсіздік төрінде»!

2-оқушы: Асқар тау да – сенікі, Бақша-бау да – сенікі. Қалтқысыз доспенен, Қатал жау да – сенікі.

3-оқушы: Орыс, ұйғыр, неміс .... те, Үміт қосып жеңіске. Жұдырықтай жұмылды, Келешегі кең іске.

(Осы кезде сахнаға қатысушылар түгел шығады да, жүргізуші жалғастырады)

90

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1-жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дəуірің, Алғандайсың жұлдыздардың жарығын. Алтын Заңның құтты болсын ....қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!

2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік – ел бақыты ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

(Əнұран орындалады, бəрі қосылады) 1-жүргізуші: Тілеуі үшін шапан жайнап, қыр гүлдеп, Бір мендетке ұласуда бір міндет. Сақылдай бер сахнасында əкемнің, Құрманғазы күйлеріндей күмбірлеп, – дей келе соңы мерекелік концертке ұласады.

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

91

15 қараша –

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕ КҮНІ

Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Əбжəлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, əлеуметтік мəселелері жəне мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкно-

92

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

талар түрінде төрт ғасырлық тəжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кəсіп еткен «Харрисон жəне оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тəжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынған. Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн-нан астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тəуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды жəне өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры оған дейін құнсызданған рубль əрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты. Міне, осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстанның төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-18 қарашада КСРОның 1961-1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сəттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық мəселелер болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

93

компанияларға ішінара жəне толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарақтала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік жəне коммерциялық тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады. Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы (дүниежүзінде 54 монета сарайы бар) көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады жəне оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күнненкүнге өсіп отыр. Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді жəне монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кəсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік əлемдік стандарттарға сəйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша əлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс жəне алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап өтуге болады. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мəдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII-XIV ғасырлардағы, қола жəне күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР жəне КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақ ТМД елдерінің ақша белгілері сақталған. Мұражай қорында құны 5 жəне 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған II Николай патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Петр, II Екатерина, II Николай бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орыс-поляк монеталары жəне Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

94

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жəдігерлер арасында ерекше, мысалы, «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар» дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен жəне дизайнымен таңғалдырады. Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сəулет жəне тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақталған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған – «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын жəне күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады. 2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын жəне олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. 2006 жыл қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңге символының суретіне байқау өткізді. Байқауға 30 мың сурет ұсынылды. 2007 жылы 30 наурызда теңгенің жаңа символы бекітілді. Оның авторлары – Санжар Əмірханов пен Вадим Давиденко. 1993 жылы бастау алған төл теңгеміздегі жазбалар қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған. Қос тілді валюта біздің елімізден басқа бір де бір елде кездеспейді.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

95

1 желтоқсан –

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Еліміздің жоғары заң шығарушы органы 2011 жылы 1 желтоқсан күні тұңғыш Президент күнін атап өту туралы шешімді, ең алдымен, Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны белгілі. Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасының атымен тікелей байланысты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – елбасы туралы №83 Конституциялық заң 2000 жылдың 20 шiлдесінде шықты, оған 2010.06.14 № 289-IV өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш заңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – елбасының мəртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған. Ал 2011 жылы ел Парламентінің 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» деп жариялауы осы Конституциялық заңдардың аясында жүзеге асқанын айта кету керек. Расында, 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлау КСРО шеңберінде өткен алғашқы халықтық үдерістің бірін білдірген болатын. Дəл осы 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлау арқылы Қазақстан халқы өз басшысын өзі таңдай алатындығын таныды. Бұған дейінгі Кеңестік кезеңнің

96

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

барлық сайлауынан өзгеше өткен осы сайлау арқылы қазақ елі енді Қазақстан басшысы тек орталықтың пəрменімен тағайындалмайтынын, халықтың өзі билікке өзінің көшбасшысын сайлау арқылы тікелей араласып, таңдау жасау құқығын жүзеге асыратынын сезінді. Нəтижесінде 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы жақтап дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретіндегі сенімін Елбасыға жүктеді. Расында, бұл сайлау халық үшін аса жауапты кезеңде өтті. Өйткені бұл «мызғымас» делінетін Кеңестер Одағының ыдырап, егемендіктің ауылы жақындап келе жатқан тұс еді. Ал ондай өтпелі кезеңде елдің тізгіні жауапты тұлғаның қолында болуы тиіс еді. Тізгінді қолға алған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уəде еткен. Кейіннен халық та өзінің сонау жылы желтоқсандағы сайлауда жасаған таңдауы алдамағанына талай рет куə болды, əлі де куə болып келе жатыр. Қазақстан өз тəуелсіздігінің 20 жылы ішінде əлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тəуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мəнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тəуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз жəне діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рəміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мəселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Бұның өзі Елбасының ерлігін жер-жаһанға паш еткізіп, кейіннен əлем мойындаған бастамаға ұласты. Ядролық қарусыз əлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың да бірден-бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

97

кеңесі жəне Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жария етті. Аталған заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тəуелсіз, демократиялық жəне құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң мемлекеттiк тəуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. Қазақстан Республикасының бүкiл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн жəне қол сұғуға болмайтын территория болып табылады», – делінген. Қазақстан осындай тəуелсіздігі арқасында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, қысқа уақытта көп биікті бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсенділігі артты, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық еттік. Дəстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі елбасының ерлікке парапар істерінің нəтижесі болатын. «Алдымен, экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Мұның бəрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды. Мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау əлемнің бірқатар елінде, оның ішінде де өркениетті елдерде бар дəстүр. Мəселен, АҚШ-та 1880 жылдан Президент күні тойланып келеді. Атап айтқанда, алғашында америкалықтар 22 ақпанды Президент күні ретінде емес, қайраткер АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған күні ретінде ғана тойлап жүрген еді. Тəуелсіздік үшін төңкерісте қолбасшы болған Джордж Вашингтонды халық оны ерекше құрметтеп, оның туған күнін елдік деңгейде атап өтуді жөн санайды. Сөйтіп, қазір бұл мерекенің ресми атауы Президент күні болғанымен, оны атап өту дəстүрі Джордж Вашингтон кезінде қалыптасқан деуге болады. Ал ондай дəстүр халықты тек игілікті бастамаларға жүгіндіріп келгенін айтуға

98

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

болады. ҚХДР басшылары Ким Ир Сен мен Ким Чен Ир-дың туған күндері мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Бұл дəстүр тек соңғы жылы ғана жалғаспады. Қытай тағына мұрагерлік жолмен келген Ким Чен Ынның əкесі оның туған күніне санаулы тəуліктер қалғанда қаза тауып, туған күн атаусыз қалды. Елорда билігі атаулы күні əлеуметтік жəрдемге арнап қала қазынасынан 125 миллион теңге бөлінген. Соған сəйкес Астанада тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 322 ардагері мен мүгедегі 20 мың теңгеден төлемақы алмақ. 2 мыңға жуық Ауғанстан жəне Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға 10 мың теңгеден тағайындалып отыр. Тылда еңбек еткендерге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне жəне бейбіт уақытта қаза тапқан əскерилердің отбасыларына да дəл осындай көмек қарастырылған. Ал ата-анасынан айырылған жетімдер мен кəмелетке толмаған 4 баласы бар отбасылар да 10 мың теңгеден жəрдемақы алады. Оған қоса, тұрмысы төмен 1000 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілмек. Тіпті 1 желтоқсанда дүниеге келген сəбилерге де айрықша сыйлықтар беріледі. Бұл тек елордамыздағы көрініс, бұндай шара басқа өңірлерде де өз жалғасын тапқан. Сондықтан да, Қазақстанда 2012 жылдан бастау алған Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артатын халықтық шараға айналады деп толық сеніммен айтуға болады. Өйткені бұл да жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

99

ТƏУЕЛСІЗ ҚР БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ЖƏНЕ ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН Г.А. Ибраева

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Дамытушылық: Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, əсемдікке, жауапкершілікке тəрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Тəрбиелік: өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Сабақтың түрі: мектепшілік патриоттық сабақ. Əдіс тəсілдері: баяндау. Көрнекілігі: ҚР бірінші Президентінің кітаптары мен суреттері, проэктор, компьютер, буклеттер. Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: 1. ҚР мемлекеттік əнұраны айтылады 2. Жүргізушіге сөз беріледі (сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады). Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке – менің елім-келбетті, нұр сəулетті Қазақстан! Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар

100

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанғасая панамыз – Қазақстан көркем жер! Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тəуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан! Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мəуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей мандай терін төккен жер! Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, əсем əн мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғысқан көңіл тым қатты! Бүгін міне, өркендеуге өнеркəсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мəдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дəл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!, аршында! Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды! 1990 жыл... 24 сəуірде Қазақ КСР-інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I сессиясында Н.Ə. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды. 25 қазан. «Қазақ КСР-дің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-дің егемендік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік-құқықтық нормаларын бекітті. 1991 жыл ... 1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-інің алғашқы Президенті – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Міне бүгін, ел Парламенті 1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні – Мелекеттік мереке деп белгіледі. Келесі кезекте сіздерге тарих пəні мұғалімінің ҚР Президенті туралы баяндамасы. II Мұғалімнің кіріспе сөзі: 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нəтижесінде

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

101

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев жеңімпаз болып танылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конститутциясына оң қолын қойып, Қазақстан халқының алдында ант қабылдады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осылайша, əлем картасында Тəуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болып, оның тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайланды. «Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мəңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бəрін де көрген халықпыз, бəріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп ашаршылыққа ұрынып, ұландап жүріп, ұлт мүддесін ұмытқанымыз да ақиқат. Шүкір, шектеу де болса ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақстан Республикасының президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды. Намысын жібермейді деп бірауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тəуекел деп бəс тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дархан еліме, ата-баба аруағына сүйенемін» деп жазады өзінің халыққа жолдаған жолдауының басында. 1940 жылы 6 шілдеде Шамалған ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысында əкесі Əбіш пен анасы Əлжанның отбасында дүниеге келеді. Бала кезінен бастап оқуға зерек, достарының алды, көшбасшысы болып жүрген. Жастайынан ұшқыш болғанды армандаған. Негізгі арманына жетті десек те болатындай, себебі ол ел басқарып, елдің, халықтың қыранына айналды. ҚР Тұғыш Президентінің президенттік жолдан бастап, атқарған қызметтері мен халына деген жолдауларына тоқталсақ: 1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. 1992 жылы 4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері – туы, елтаңбасы, əнұраны қабылданды.

102

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1993 жылы 28 қаңтар Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 12 қараша ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты. 1994 жылы 5 желтоқсан – Будапештте Ұлыбритания, Ресей жəне АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. «Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын» деген тақырып аясында 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1995 жылы үш республика – Қазақстан, Өзбекстан жəне Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағында Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальонын (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1995 жылы 30 тамыз Республикалық референдум арқылы еліміздің Конституциясы қабылданды. Референдум арқылы дауыс беруге 8 миллионнан астам азамат қатысып, жаңа Конституцияны жақтап 7 млн 210 мың адам (89,1 пайыз) дауыс берді. 1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым жəне мəдениет мəселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкен ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам жəне биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жыл 20 қазан ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты. 1997 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады. Қазақстанның сыртқы саясатындағы бағдары «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді. 1998 жыл 6 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «ҚР астанасы – Ақмола қаласын ҚР-дың астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығы шықты. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен мүше-елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың азиялық жүйесін құруға құқықтық негізін сипаттайтын құжат болатын «Азия кеңесі мүше-мемлекеттері арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер деклара-

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

103

циясына» қол қойылуы Азия кеңесі үдерісінің алғашқы іс жүзіндегі жетістігі болды. 2000 жыл 10 қазан Астанада Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) құру туралы мəлімдеме мен шартқа қол қайды. 2000 жылғы 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 10 теңге, 20 теңге жəне 50 теңге банкноттар беру тоқтатты. 2001 жылғы 29 тамызда Алматыда «ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференция ашылды. 2001 маусымда соңғы 13-тен 17-ге дейінгі орынды алған құрамалар Қазақстан футбол комитетінің арасындағы жеті үздік құрамаларымен бірге бірінші лиганы құрады. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы – 2002 жылғы 15 шілдеде № 344-II Қаулысымен қабылданды. 2003 жылы 20 қарашада ХҚКК өз Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Қоғамының өкілеттігін танып, 28 қарашада ҚР ҚКҰҚ Халықаралық Федерацияға 180-ші қатысушы ретінде қабылданды. 2004 жылғы 14 маусымда қоғамдық-саяси қозғалыс негізінде Қазақстан Демократиялық партиясы өмірге келді. Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сəуірдегі №301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. 2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Мён Сук Қазақстанға ресми сапар шекті. Оның қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылып, мұнай химиясы жəне ақпараттық технологиялар саласында екі жұмыс тобы құрылды. 2007 жылы Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 780,7 млн. доллар инвестиция салған. Жалпы инвестициялардың көлемі – 2,5 млрд долл өз кезегінде, Қазақстан Кореяға салған капиталдың сомасы 66,7 млн долл құрады. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 300-ден астам компания тіркелген.

104

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

2008 жылғы 7-11 сəуір айларында Астана жəне Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан əріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитарлық кітапханасының ашылуы болды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы «Қазіргі Қазақстан жəне Еуропаға жол» халықаралық конференцияға қатысты. 2010 жыл 12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті, 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындар немесе Азиада, 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-айналымынан өткізілді жəне 590-нан астам медаль жиынтығы ойнатылды. ҚР қоржынына 70 медаль түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркі кеңесінің туын көтеру рəсіміне қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді. «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деп Абай атамыз айтқандай, біздің елбасымыздың да ұстанғаны осы болар. Барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болып, көгімізде бейбітшілік туын желбіретуде. Жүргізуші: Сіздерді Президентіміздің «Балалық шағымның аспаны» атты көркемфильмінен үзіндіні тамашалауға шақырамыз. Бүгінгі пікір алмасу жұмысын жалғастырушылар 9-10 сынып оқушылары: 1. 10 сынып оқушысы Досжан Нұргүлдің Елбасына арнауы. 2. Қайнар Мөлдір «Елбасының өмірбаяны» баяндамасы. 3. Сүлейменова Қымбат «Сыртқы саясаттағы атқарған істері» баяндамасы. 4. Байғабекова Анар «1997 – 2012 ж. Президенттің жолдаулары» Жүргізуші: Сіздерге деректі фильмнен үзінді ретінде Елбасымыздың мемлекет басшыларымен тыс уақыттағы жүздесулерін ұсынамыз.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

105

Келесі кезекте №33 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Өтеулі Аружанның «Елбасы – ер тұлғасы» атты Президет туралы ой толғауы. Слайд, «Көк тудың желбірегені» атты сұрақтар ойын арқылы барлық қатысушыларға қойылады. 1. 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлауда Н.Ə. Назарбаев қанша пайыз дауыс жинады? (Жауабы: 98 пайыздан асты) 2. Алғашқы бүкіл халықтық Президенттік сайлау қашан өтті? (Жауабы: 1991 жыл 1 желтоқсан) 3. Алматыдағы келісім ТМД құрудағы қай жылы өткізілді? (Жауабы: 1991 жыл 21 желтоқсан) 4. Н.Ə. Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінде кім болып қызметін бастады? (Жауабы: Жұмысшы болып) 5. Дүниежүзінің бірінші құрылтайында Н.Ə. Назарбаевтың жасаған баяндамасы қалай аталады? (Жауабы: «Құшағымыз бауырларға ашық») 6. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі бес жылдан жеті жыл мерзімге қай жылы ауысты? (Жауабы: 1998 жылы) 7. Республика астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Республика Президентінің Жарлығы қай жылы шықты? (Жауабы: 1995 жыл қыркүйек) 8. Н.Ə. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген еңбегі: (Жауабы: «Тарих толқынында») 9. Назарбаевтың ең бірінші халыққа жолдауы қай жылы болды? «Қазақстан – 2030» (Жауабы: 1997 жыл қазан) 10. Қазақстанның тəуелсіздігін мойындаған ең бірінші мемлекет? (Жауабы: Түркия) Қорытындылау кезеңі: Тəуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасымыз халқымен бірге дəйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға

106

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

əлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті – ұлттың көшбасшысы. Ұлы істерді бастаған қайраткер, ертең мына мемлекеттің кемесі қирап, адамдары топан суда қалмауын ойлайтын жанашыр, елінің тыныш тіршілігі үшін бар күш-жігерін аямайтын ұлы тұлға! «АТАМЕКЕН» əні орындалады. Осымен Президент күніне арналған семинарымыз өз мəресіне жетті.

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні

107

10 желтоқсан –

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ КҮНІ

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясын қабылдаған. Бұл дата барлық елде 1950 жылдан бастап, атаулы күнге айналды. Осыған орай, Астанада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен халықаралық ұйым басшылары жəне Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Ұлттар ұйымы Адам құқықтары жөніндегі Кеңес құрамында 47 мемлекет бар. Сол аталған Кеңеске жуырда Қазақстан да мүше боп сайланған болатын. 2007 жылғы мəліметтерге сəйкес, бұған дейін Қазақстан 42 мың тұтқынмен дүниежүзі бойынша 25-орында болатын. Ал 2007 жылы елде бас бостандығынан айырылған 55 адам тіркелген. Қазақстан өкіметі адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық құжаттарға – азаматтық жəне саяси құқықтар туралы пактінің факультативті хаттамасына қосылғанын елдегі адам құқығын қорғаушылар биылғы жылы маңызды оқиға ретінде атайды. Енді бұл шешімді Қазақстан парламенті бекіткен соң осы пактіде айтылған құқықтарына байланысты өз еліндегі сот жүйесінен əділдік таба алмаған Қазақстан азаматтарына Бірік-

108

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

кен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі Комитетіне жеке арызбен тікелей шағымдануға мүмкіндік тумақ. Сол секілді Қазақстанға қосылған тағы бір құжат: азаптап-қинауға қарсы халықаралық Конвенцияның хаттамасын да парламент мақұлдаған соң, мемлекет тарапынан қамау мекемелерінде азаптап-қинауға душар болған ел азаматтары Ұлттар Ұйымының азаптауға қарсы Комитетіне шағым беруге мүмкіндік алады. Адам құқылары – адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи жəне əлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқылар дегеніміз – адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т.б.) құқылары. Əлеуметтік құқылар дегеніміз – адамның мемлекетпен өзара əрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот əділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқылары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) жəне заң актілерінде (мысалы, Азаматтық кодексте, Қылмыстық кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен, адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы (10.12.48), Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық жəне саяси құқылар туралы пакт (19.12.66), Азаматтық жəне саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық жəне саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықаралық конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нəсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жəбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғау ісі Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Мəдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-əрекеттерімен, халықаралық-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні

109

АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бала құқығы заңды түрде қызмет етуде ме, жоқ па? Мақсаты: Оқушыларды өз құқықтарымен таныстыра отырып, құқықтық білімдерін тереңдету, өмірде қолдана білуге баулу. Даярлық кезеңі: 1) 2 қарсы топ даярлау 2) Екі қарсы топ та тақырыпқа толық даярланады, ізденеді, дəйектемелермен өз кейстерін толтырады. 3) Қазақстан Республикасының балалар құқығынан үзінділер ілу. 4) Ойын тəртібімен таныстыру. 5) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, бала құқықтары туралы Конвенциясынан жазу, ілу. 6) Қонақтар-судьялар шақыру. 7) Критерийлері жазылған судьялар қағазын даярлау. 8) Аудиторияны даярлау. 9) Сыйлықтар, грамоталар даярлау. Барысы: Аудиторияда көрермендер 2-ге бөлініп, бір-біріне қарап отырады. Екі топтың алдында үш-үштен сөйлеуші спикерлер отырады. Біреулерінде сары, екеуінде көк мойыншалар. Екі топқа сары, көк қағаздар үлестіріп беріледі. 2 топ алдын ала қағаз суырады, қайсысы жақтаушы, қайсысы қарсы пікірде екені анықталады. Жүргізуші: Құрметті, форум мүшелері! Міне, ғылым мен техника жаңалықтары жəне əлемдік ой-пікірлер жаңа даму жолына түсіп, бағыт бағдарламалар енгізіле бастаған XXI ғасыр босағасын аттадық.

110

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Демократиялық қоғам орнату жолында ой-пікіріміз бен көлемді мəселелерді шешуде, өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелейтін, пікіріңізді сарапқа салып дəлелдейтін, өз ойын анық та əсерлі етіп жеткізетін азаматтар қажет. Ендеше «Азамттық форум» сондай қажетті құрал болып табылады. Бұл пікірталас – сізге демократиялық қоғам мүшесі ретінде қоғамның саяси дамуын түсінуге, өз сеніміңізді дəлелдеу үшін қажетті құрал. Жүргізуші: Толық демократия іс жүзінде орнағанда ғана біздің тəуелсіздігіміз гүлдейді. Адам құқығы жан-жақты демократиялық сипатқа ие болып, заң жүзінде өз күшіне енеді. Ендеше құрметті форум мүшелері «Адам құқығы» 1-орында – 10-сынып оқушысы Кəдірбаев Досжан, ал «Құқық туралы заң балаларға қызмет етпеуде» деген қарсы пікірді 10-сынып оқушысы Манатова Нұрия қорғайды. Азамттық форумға қатысушы сарапшылар: 1. ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі Б.Ж. Шарахымбаева 2. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлебаева Гүлжазира, ҚР еңбегі сіңген ұстаз С.Ө. Құрманбекова Азматтық форумның барысы: Жүргізуші: 1-бөлімде ой сайысы. Бірінші кезек жақтаушы Кəдірбаев Досжанға берілді. Оған 4 минут. Өз ой- пікірін дəйектемелер арқылы жеткізеді, бекітеді. Жүргізуші: Екінші кезек қарсы пікірмен сөз 10-сынып оқушысы Манатова Нұрияға беріледі (ол өз пікірін қарсы дəйектермен толықтыра сөйлейді). Жүргізуші: 2-бөлім. 6-минут. Қарсы дəйектермен толықтырылған пікір сайысы. (Сіздің айтуыңызша....Сіздің пікірініз..... Мен оған мынадай қарсы пікір айтар едім.....сияқты). 4 минут Досжанға; 4 минут Нұрияға беріледі. Жүргізуші: 3-бөлім – 6 минут. Əдеттегідей, сұрақ-жауап бөлімі. 2 жақ біріне-бірі тақырыпқа сай пікір-сайыс сұрақтарын қояды. Оған қарсы жақ жауап береді.

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні

111

Жүргізуші: 4-бөлім – 5 минут. Жанкүйерлер, көрермендер! Бағанадан бері егер зейін қойып тыңдаған болсаңыздар, сіздерде тақырыпқа сай сұрақтар туған болар. Екі сөйлеушіге де сұрақ қойыңыздар (екі жақтан сұрақтар қойылып, жауап беріледі.Сұрақ қысқа-нұсқа. Жауапта солай болуы шарт). Жүргізуші: 5-бөлім – 3 минут. Құрметті форум мүшелері, бағанадан талай пікірлер айтылды. Ендеше екі жақтың ой сараптарына кезек берсек. 2 жақ та 3 минуттан сөз алды. Өз ойпікірлері шешімін тапты ма, қанағаттана ма, жоқ па? (3 минуттан сөз аспайды). Жүргізуші: 6-бөлімде бізде қатысып отырған ғалымдар өз ой-пікірлерін тақырыпқа сай нақтылай айтады. 2 минуттан ғана уақыт беріледі (2 ғалым сөйлесе жетеді). Жүргізуші: 7-бөлім. «Еркін микрофон бөлімі» деп аталады. Мұнда сіздер өз пікірлеріңізді білдіруіңізге болады. 1 минуттан 4 минут уақыт беріледі (микрофон арқылы форумға келгендер өз ой-пікірлерін білдіреді). Жүргізуші: 8-бөлім. Қорыту бөлімі: Бағанадан бергі ой сайысымызды, пікірталасын қорыту үшін 2 жақтағы отырғандар дауыс береді. Кімді жақтаса, сол жақтың бояулы қағазын көтереді (2 жақтың есебі алынған соң, шешімді сөз сарапшылар тобына беріледі). Жүргізуші: Əрбір сайыстың шешуші түйіні болады. Сөз сарапшыларға беріледі (Сарапшылар сөйлейді, түйінді сөз айтады). Жүргізуші: Мінеки, өздеріңіз қатысқан жəне бір «Азаматтық форум» өз мəресіне жеткен сияқты. Болашақ сендердікі, бүгінгі жас ұрпақ. Сендер –құқықтық қоғам иелерісіңдер,сондықтан қазірден өз көзқарастарыңды ұсына біл. Кемшілікті көре біл. Сонда ғана сен егеменді, тəуелсіз ел болашағын ойлаған азамат боласың (жеңген сайыскерге сыйлық беріледі. Жеңілгенге естелік ұсынады).

112

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

16 желтоқсан –

ТƏУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тəуелсіздік күні мерекесі əр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17 желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мəдениет қайраткерлері, əлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, əскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері жəне ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. Тəуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мəдени ойынсауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тəуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тəуелсіздік

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

113

пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тəуелсіздік туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның тəуелсіздігін ең алғаш болып қай ел мойындады? Қазақстанның тəуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея жəне Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран – Қазақстанның тəуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тəуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты, бірақ тəуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тəуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2 наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері əлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша, əлемдік саясат аренасында Қазақстан деген мемлекет тəй-тəй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде əлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тəуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Қазақстанның Тəуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Монғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея жəне Иран мемлекеті мойындады. Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, мереке күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мəдениет

114

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

қайраткерлері, əлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, əскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері жəне ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік сыйлығымен марапатталады. Тəуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мəдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тəуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке.

ТƏУЕЛСІЗДІКТІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚТАРЫ А.М. Мангина №58 ЖББМ тарих пəнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Тəуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні, болашағы, даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың тарихи материалдарды қабылдау, түсіну, салыстыру жəне білім- білік дағдыларын дамыта оқыту. Тəрбиелік: оқушыларды келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге, адамгершілікке, мейірімділікке тəрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

115

Көрнекілігі: слайдтар, плакат суреттер, қанатты сөздер, буклеттер. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларын түгендеу, топтарға бөлу, назарын сабаққа аудару. ҚР гимнін орындату. Мұғалім: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Тəуелсіздіктің – жылдығына орай өткелі отырған «Тəуелсіздіктің білімді ұрпақтары» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Қазақ халқы – өзінің тəуелсіздігі, азаттығы, теңдігі, бостандығы жолында ел бірлігін сақтап, əрқашан намысын бермеген халық. Біз қазақтармыз жəне мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны əрқашан зор мақтанышпен айта аламыз. Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тəуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр кешу. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн – қасиетті Тəуелсіздік күні. 1-жүргізуші: Қазақстан егеменді ел, тəуелсіз ел, Болашаққа нық басып, буынған бел. Көкке өрлеген байрақты желбіретіп, Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

2-жүргізуші: Тəуелсіздік – бастауы бар халықтың, Тəуелсіздік – ұлтың менен ұраның. Шартарапта шаттығындай азаттың, Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн.

1-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа, тəуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ.

116

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

2-жүргізуші: Халықтың басынан небір дүрбелең өтті. 1-жүргізуші: Ғасырлар бойы бабаларым армандаған тəуелсіздіктің туын тігуге Желтоқсан оқиғасы – Ақ жол, нұрлы бастау болды. 2-жүргізуші: Тəуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келелі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны. 1-жүргізуші: Тəуелсіздік – халқымыздың бостандық пен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нəтижесі. 2-жүргізуші: Бүгінгі «Тəуелсіздіктің білімді ұрпақтары» атты сайыс сабағымызды бастаймыз. 1-жүргізуші: Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Мен Қазақстан патриотымын» деп аталады. Онда əр топ жетекшісі тобының атын, мүшелерін, шығарған газеттерін таныстырады жəне сұраққа жауап береді. 2-бөлім: «Не? Қайда? Қашан?» (əр топқа жеке беріледі). «Бəйтерек» өмір ағашы, мəңгілік өмір мұнарасы. Биіктігі – 97 м, ұшар басында алтын жұмыртқаның диаметрі – 22 м. Бəйтерек əлемдегі ең соңғы үлгідегі сəулет туындысы. Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңгені əзірлеу, жасау, айырбастау мен айналысқа енгізу Республика Президентінің тікелей жəне жеке басшылығымен, қатаң құпия жағдайда жүргізіледі. Əрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Құндылықтарды сақтау қоймасы – халқымызға қалтқысыз қызмет ету. «Тəуелсіздік» монументі. Алматы қаласында 1996 жылы Орталық композициясы діңгек тастан (стрела) тұрады. Биіктігі – 28 м, ұшар басы қауызы ашылмаған гүлдің күлтесі. Оның басына барыстың үстінде тұрған сарбаз бейнесі орнатылған. Оң қолында қонған құс, сол қолында ұстаған садақ бар. Артында үш алтын жебе асып алған. Республика алаңының ұзындығы 300 м. Тұғырдың алдында өмір кітабы. Онда мынандай жазу бар.

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

117

Бейбітшілік жəне келісім» сарайы. Астана қаласында орналасқан. «Тəуелсіздік таңы» ескерткіші. Алматы қаласында орналасқан. 2006 жылы ашылды. Авторы сəулетші – Т. Сүлейменов.  Тақтадағы сандарды таңдайды, астындағы жасырынған сұраққа жауап беру керек. 20 20 20 30 30 30 40 40 40 1. (20) Мемлекеттік рəміздер қашан қабылданды жəне елтаңбаның, тудың, əнұранның авторларын ата? (1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рəміздер қабылданды. Герб авторы Ж. Мəлібеков, Шот-Аман Уəлиханов, тудың авторы – Ш. Ниязбеков, 2006 жылы 7 қаңтарда еліміздің жаңа Мемлекеттік əнұраны қабылданды, авторлары – Ш. Қалдаяқов, Ж. Нəжімеденов, Н. Назарбаев). 2. (20) ҚР Конституциясы қашан қабылданды жəне Ата Заң қандай кепілдік береді? ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды) 3. (20) ҚР елордасы қашан Астана болып аталды? (1997 жылы қазанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды, 1998 ж. 6 мамырда ҚР астанасының атауы Астана деп өзгертілді. 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті) 4. (30) Қай жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті? (2010 жылы) 5. (30) ҚР қашан БҰҰ-ға мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда) 6. (30) Өздеріңнің қандай құқықтарың мен міндеттеріңді білесіңдер? 7. (40) ҚР мемлекеттік тілі қандай жəне Тіл туралы заң қашан қабылданды? (ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі, 1997 жылы қабылданды) 8. (40) Қазақ ғарышкерлері кімдер жəне қай жылы, кім тұңғыш ғарышқа ұшты? (Т. Əубəкіров, Т. Мұсабаев. 1991 жылы 2 қазанда Т. Əубəкіров тұңғыш ғарышқа ұшты)

118

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

9. (40) Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын ата? (Қ. Рысқұлбеков, С. Мұхаметжанова, Л. Асанова, т.б.) Əр топқа бір сөз беріледі, сол сөздерден бірнеше сөз шығару керек. Мысалы: Қазақстан, тəуелсіздік, егемендік. III бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады, онда əр топ өз өнерлерін көрсетуі керек. IV бөлім: «Кім тапқыр» деп аталады, онда əр топ өздері дайындап əкелген сөзжұмбақ, тест, сұрақтарын бір-біріне беріп шешеді, орындаған соң тексереді. Əр топқа əр бөлім бойынша əділқазылар алқасы ұпай беріп отырады. Əділ қазылар қорытындысын шығарғанша, сыныбымыздың оқу озаты Төлегенова Аяла өзінің «Тəуелсіздік таңы» өлеңін оқиды. 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, егемендіктің елдігін, тəуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мəнгі арайлап ата бермек! 2-жүргізуші: Осымен «Тəуелсіздіктің білімді ұрпақтары» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет. Тəуелсіз ел болдық, ерлігім айтулы, Қиындық көрмеген мұқалып қайтуды. Бабамнан батырлық өнеге жалғасып, Сақтаған қазақи дəстүрлі, салтымды. Қазақпыз кең пейіл, жазира даламдай, Дəнге де, кеңге де, қисапсыз далам бай. Төле би, Қазыбек, Əйтеке бір туар, Болайық елге ұйытқы данышпан даламдай.

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

119

ЕГЕМЕНДІК – ЕЛДІГІМІЗ, ТƏУЕЛСІЗДІК – ТЕҢДІГІМІЗ Қ.Б. Қамысбаева №146 мектеп-лицейінің тарих пəнінің мұғалімі

Жүргізуші: Ұмытылмас Желтоқсан (Музыка ойнап тұр) Ана: (Ана баласымен желтоқсан оқиғасын еске алып отыр) 1986 жылдың желтоқсанында қызыл империяның қол астындағы қазақ елінің жастары алғаш рет азаттыққа аттанды. Ол кезде балам, Еуразия құрлығының үштен бірін алып жатқан Кеңестер Одағы КСРО деп аталатын мемлекет болған. Одақ деп аты айтып тұрғандай ол мемлекет 15 ұлттық республикадан құралған. Солардың қатарында Қазақ Кеңестік социалистік республикасы да бар еді. (күрсініп) КСРО-ның Ата Заңында теңдік, бауырластық туралы айтылса да іс-жүзінде ол отаршыл патшалық Ресейдің мұрагері болып қала берді. Орталықтың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді. 70 жылдық тарихында қазақ халқының мүддесімен санаспады. Бала: Сонда қалай, апа? Ана: Солай, балам. Жеріміз атом қаруын сынайтын полигонға айналды. Кеңестік идеология мен солақай саясат ана тілімізден, дінімізден салт-дəстүрімізден айыруға тырысып бақты, елімізде қазақ мектептері күн санап азая берді. Бала: Апа, осының барлығы көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматының ашу ызасын туғызады ғой. Ана: Туғызды ғой, балам. Ең ақырғы төзімнің шегі 1986 жылы 17 желтоқсан күні болды (ана үнсіз ойланып қалды). Бала: Не болды? Айтшы тезірек.

120

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ана: Озбыр орталық бұл жолы тым артық кетті. Талай жыл Қазақстанды басқарып келген Д.А. Қонаев аталарының орнына біздің елге еш қатысы жоқ, тіпті қазақ халқы туралы білетінінен білмейтіні көп Г. Колбин деген адамды əкеп қоя салды. «Айттым бітті, кестім үзілді» дегені шығар. Балам, дəл осы кезде қазақ жастары бұдан əрі төзуге болмайтынын түсінді (Зор дауыспен). Ашу-ызасымен намыс қайнаған қазан асып төгілді. Қазақ жастары шеруге шықты. Шеру нағыз бейбіт сипат алды (Ана мен бала ойланып, көз алдарына елестетіп отыр). Сахнада «Желтоқсан биі». Бишілер арасында Қайрат Рысқұлбеков шығып: Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар.

Ана: Балам, ол Қайрат Рысқұлбеков жазықсыз үзіліп бұл дүниеден озды. (Ана бишілердің арасында жүріп) олар – желтоқсаншылар. Бұлардың бəрі де бір-бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ жəне бұғып та қалмады (Ана балаға қарап). «Егер қазақ желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны». Осыны ұмытпа. Бала: Ендеше апа, Желтоқсан оқиғасына қатысқан ерлер жайлы əлі де іздеп, зерттей беру керек. Ол – біздің де міндетіміз. Мектепте сондай ұйымның болғанын қалаймын. Себебі Желтоқсан – ерліктің өрліктің қанымызға біткен белгісі. Ана: (Күрсініп) Дұрыс айтасың балам, оқы, білімді бол, тарихыңды ұмытпа. (Бишілер, ана мен бала сахнадан шығып кетеді, жыршылар енеді). Музыка ойнап тұр. 1-жыршы: Арқалаған ақыл жетпес күнəні, Қан сорғыштың бітпес еді күні əлі.

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

121

Нұрағаңдай тұлғалардың күшімен, Мəңгі деген империя құлады.

2-жыршы: Бізді талай жолға салған бұралаң, Империя солай, құрбым, құлаған. Тəуелсіздік таңы атты да, бастады, Халқымызды жарқын жолға Нұрағам.

3 жыршы: 20 жыл болды, шуақ шашып күніміз, Қайта оралды қасиетті дініміз. Бодандықтың бұғауынан босады, Бабалардың аманаты – тіліміз.

4-жыршы: Қанат жайып егеменді халық боп, Жолымыз да айқындалды жарық боп. Жиырма жылда біз еңсемізді көтердік, Мойнымызға жүк артқанмен нарық көп.

5-жыршы: Өркендедік, ел болдықта кемелді, Өзгелермен тереземіз теңелді. Елім менің «Ата Заңын» ардақтап, Еркіндіктің шуағына бөленді.

(бес жыршы сахнадан шығып кетеді де, сахнаға тəуелсіз жастар тобы шығады) Интерактивті тақтадан Тəуелсіз Қазақстанның жетістіктері көрсетіліп тұрады. Жүргізуші: Ақындар жырлағандай ғасырлар бойы армандаған ата-баба арманы 1991 жылы орындалды (Cахнада Тəуелсіз Қазақстан жастары сыр шертеді). (Бір топ қазақ жастары сахнада)

122

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1-жігіт: (достары қарап) XVIII-XIX ғасырларда Қазақ халқы еркіндігі мен тəуелсіздігінен айырылды. Ал XX ғасыр қазақ халқына не берді? Бұл ғасырдың берген жемісін түгел жоққа шығару тарихты танымаушылық болар. 2-жігіт: Бұл ғасыр біздің тарихымызға өз үлесін қосты. Оның бəрі халқымыздың ерлік-еңбегінің нəтижесі. Ол – біздің тарихымыз. 3-қыз: Қазақстан XX ғасырдың соңына дейін тəуелсіз мемлекет бола алмады. Тəуелсіз ел деген мəртебе сөз жүзінде ғана болды. Əйтсе де 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің Тəуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Сонымен, Тəуелсіздіктің таңы атты. 4-жігіт: Тəуелсіз ел деп 1) Отанымыздың иелі болуын; 2) ана тіліміздің киелі болуын; 3) ата-тарихымыздың жүйелі болуын; 4) азамат құқығының өсуін; 5) нарықтық қатынастың қалыптасуын; 6) экономикалық жүйенің дербестігін; 7) отандық өндірістің дамуын; 8) халқымыздың шетелдіктер алдында танылуын айтамыз. 5 жігіт: Тəуелсіз ел деп 1) қауіпсіздігін қорғайтын; 2) ұлы ұлағатты; 3) қызы инабатты; 4) халқы салауатты елді айтамыз. Жүргізуші: Олай болса, сахнада Тəуелсіз Жаңа Қазақстан жастары не дейді? (Оқушылар 1991 жылдан 2011 жылға дейінгі 20 жылдық жетістіктерді жырлайды да еліміздің даму тарихына баға береді) 1-оқушы: (1991 жыл мен 1994 жылдарды еске алады) Тəуелсіз болу қандай теңдік, бостандық, еркіндік екенін сезіндік. 1991

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

123

жылы мен 1994 жылдар аралығында Елбасымыздың көрегендігімен, басшылығымен өшкеніміз жанып, от болып лаулай бастадық: – тəуелсіз болып жарияландық; – қазақ елінің қарулы күші құрылды; – ұлттық валюта енгізілді; – ғарышқа тұңғыш ұшты; – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды; – мемлекеттік рəміздері қабылданды; – дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы өтті; – тұңғыш Ата Заң қабылданды; – 1994 жылы қазақ халқының екінші қыраны Т. Мұсабаев аспан көгіне ұшты. 2-оқушы: (1995-1996 жылдар жетістігін еске алады) Қазақстан Республика тұрғындарының əлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы жарлығы шықты. Елбасы халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етті. Қыруар жұмыстардың арқасында халықаралық жоғары бағаға ие болдық. Қазақстан тарихта алғаш рет Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасқа қол жеткізді, шекараны анықтау аяқталды. 1996 жылы Шанхай келісіміне қол қойылды (оқушы орнына барып тұрады). Жыршы: (Толғау. Музыка үні.) Халқым күткен Елбасының Жолдауын, Елбасымыз күткен Елдің қолдауын, Бізге керек түсіністік, парасат – Бəрі осы бүгін айтар толғауым. Елбасының ойлайтыны – Ел қамы, Зиялы елді тебіренту толғамы, Қазақ деген елге керек əрдайым, Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны. Перзентімен тербетілер жер бесік, Бұл заманда күрес керек бел шешіп, Елбасының Жолдауында жыл сайын, Бір жаңалық көтереді еңсесін. Тəуелсіздік! Сақтау үшін не керек?

124

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ана тілін ақтау үшін не керек, Туған елі қалай-қайтіп ел болар!? Туған жері қалай-қайтіп көгерер? Бар қасиет, барлық шындық бар мұңда, Сайын дала, асқар тауым, шалғын да, Бəрін айтып тебіренді елбасы, Тура айтып Туған елі алдында! Жалғыз Отан! Қазақ деген жұрт барда, Жүрегімен ұғынатын ұлт барда. Жаны ауырып, ақтарылып жүрекпен, Ел алдында шындық өзі шықты алға! Қазақ едік түскен сансыз азапқа, Еңсердік те жеттік бүгін ғажапқа, Есігінен сығалатпас Еуропа Төрін өзі сыйлады ғой Қазаққа! Өз қолында елдің ел боп орнауы, Өз қолыңда тілдің тіл боп толғауы, Халқымыздың ойға салар тағы да, Елдің қамы – Елбасының Жолдауы!

(Он бес оқушы өз кезегімен сахнаға шығып 1997 жылдан 2011 жылғы жолдаулар туралы сыр шертіп Қазақстан елінің даму гистограммасын шығарады) Соңғы ең бесінші оқушы 2011 ж. халыққа жолдауын баяндап біткен 1991 мен 2011 жыл көрсеткіші сахнада пайда болады да 17 оқушының кеуделеріндегі жазу «БЕЙБІТШІЛІККЕ – 20 ЖЫЛ» шығады. Салют атылады, «Қазақ елі» əні хор, «Шашу» биі шығады. 1997 жыл. Оқушы: Болашақтың бағдарына бастама, Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы жарияланды. Бұл ұзақ мерзімдік басымдылықты анықтады: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық жəне қоғамдық біріктіру; нарықтық экономика негізінде экономикалық жоғары деңгейге жету; шетел инвестициясын тарту; денсаулық, білім, Қазақстан Республикасы азаматының қауіпсіздігі, энергетиканы дамыту инфрақұрылым, көлік жəне байланыс жүйесін дамыту; кəсіби мемлекетті нығайту (1996 жылдан кейінгі орнына барып тұрады). 1998 жыл. Оқушы: 1998 жылғы жолдау Халықтар тұтастығы мен бірлігіне арналды.

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

125

Бұл жыл Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп аталады. 1998 жылдың аяғына қарай ел эконмикасының 90 % -ы жеке сектордың қолына болды. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету» заңы шықты. Шекера жəне əскери саладағы мəселе қаралды. ШЫҰ саммиті Алматыда өтіп, сауда эконмикалық қатынастарды теңдік негізінде дамыту қаралды (1997 жылдан кейінгі орнына барып тұрады). 1999 жыл. Оқушы: Бұл жылғы жолдау еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына айналды. Бұл жылы Білім туралы заң қабылданды (орнына барып тұрады). 2000 жыл. Оқушы: 2000 жылғы жолдау ерікті, қауіпсіз қоғам құру жайын талқылап бекітті (оқушы орнына барып тұрады). 2001 жыл. Оқушы: Бұл жылғы жолдауында Елбасы сыртқы саясатын айтып, талқыға салдық. Қазақстан халқы Ел Президентінің басшылығымен XXI ғасырдың құшағына енді. Біз саяси, экономикалық, əлеуметтік, рухани жəне құқықтық салаға терең ендік (оқушы орнына барып тұрады). 2002 жыл. Оқушы: Бұл жылғы Жолдауында Елбасы ауылға айрықша назар аударды. Елбасы Кеңестік экономикадан зардап шеккен ауыл шаруашылығы, ауыл еңбеккерлері. Ауыл дегеніміз – халықтың тұрмыс салты, мəдениетіміздің, дəстүріміздің, əдетғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Біз ауылға барынша байсалды қарауымыз керек, – деп талап етті де, Үкіметке осы мəселелер бойынша арнайы комиссия құруды тапсырып ауылды өркендету жөнінде міндеттерді бекітіп Үкімет пен əкімдердің зор жауапкершілікпен жұмыс істеуін талап етті (оқушы орнына барып тұрады). 2003 жыл. Оқушы: 2003 жылғы Жолдауында Елбасымыз еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатының даму бағдарын ұсынды (оқушы орнына барып тұрады). 2004 жыл. Оқушы: 2004 жылғы жолдауында бəсекеге қабілетті қазақ халқының ұлттық экономикалық бəсекелестік қабі-

126

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

летін одан əрі арттыру жобасын талап етті. Елде индустриалдықинновациялық дамудың инфрақұрылымы қалыптасты. 2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылды. Ұлттық инновациялық жүйенің 2015 жылға дейінгі дамуы жөнінде бағдарлама бекітілді (оқушы орнына барып тұрады). 2005 жыл. Оқушы: Ал 2005 жылы 18 ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында əлеуметтік мəселелердің шешілуіне жəне болашағына баса назар аударды. «Біздің стратегиямыздың маңызды мəселесі – қоғамның ең бір əлсіз қорғалған мүшелерінің – балалардың, олардың аналарының жəне аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мəселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады»,– деп жазды өз Жолдауында Н.Ə.Назарбаев (оқушы орнына барып тұрады). 2006 жыл. Оқушы: Елбасымыз 2006 жылы өз Жолдауында 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жолдады. Бұл жылдың ерекшелігі тұрғын үй мəселесін жеделтете шешу міндетін өзекті міндет етіп, алға қойды (оқушы орнына барып тұрады). 2007 жыл. Оқушы: Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» деген атпен жарияланды. Онда Елбасы еліміздің алдағы он жылға дамуының стратегиясын айқындап, бір қатар маңызды міндеттерін нақтылады. Президент ішкі жəне сыртқы саясаттың ең маңызды отыз бағытын анықтап берді.Осы ауқымды міндеттер Қазақстан дамуының жаңа кезеңдегі стратегиясы болып табылады (оқушы орнына барып тұрады). 2008 жыл. Оқушы: Елбасымыз бұл жолдауында Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру барысын баяндады (Оқушы орнына барып тұрады). 2009 жыл. Оқушы: Дағдарыстан жаңару мен дамуға (оқушы орнына барып тұрады). 2010 жыл. Оқушы: 2010 жыл 29 қаңтарда «Жаңа онжылдық, Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні

127

атты халыққа арнаған Жолдауында маған қатты ұнағаны, еліміздің даму жолындағы алдағы онжылдық бағыттары мен 2010-2020 Даму стратегиялық құжаты белгіленді. Бұл жолдауда дағдарыстан кейінгі экономиканы дайындау, оны мықтылау жолдары да айтылды. Елді индустрияландыру ісін тездету арқылы біз, біздің ел жаңа биікке көтеріледі деп сенемін! Ендеше тəуелсіз елдігімізді мəңгі ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға табыстар тілеймін! Тəуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын! Біз аз жылды айбынды елге, қуатты халыққа айналдық! 1. Мен бұған кəміл сенемін. 2. Бəрі: біз сенеміз. 3. Мен бұған кəміл сенемін. 4. Мен сенемін (оқушы орнына барып тұрады). 2011 жыл. Оқушы: 2011 жылғы Жолдауында Елбасымыз «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», – дей келе біздің жетістіктерімізді баяндады. Ел экономикасына 120 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Əлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім шығарудамыз. Айлық жалақы 53 мыңнан 80 мыңға дейін артты. Əлемдік рейтингіде 26 сатыға іргелілеп 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілдік. 750 жаңа мектеп, 5302 мектепке дейінгі мекемелер, 1117 балабақша, 4185 мəдени орталықтар, 500 денсаулық нысандары салынып халық қуанышпен игілігіне тұтынуына (оқушы орнына барып тұрады). (Біткен кезде, салют атылады, Қазақстанның 1991-2011 жылдардағы даму гистограммасы шығады, ту көтеріліп əн орындалады). Музыка. Тарихи əн. Қорыту: Жүргізуші: 1. Шашу биі «Гүлай бишілер тобы»; 2. Ата-аналар сөзі; 3. Қонақтарға сөз.

128

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

17 желтоқсан –

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖАҢАРУ КҮНІ

Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні. 1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, əкімшілік жəне тəртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Желтоқсан құрбандарын еске алу күні. Қазақ халқының азаматтық жəне саяси позициясын айқын аңғарта білген, 1986 жылғы желтоқсанның 17-і мен 18-індегі қанды қырғында опат болған жастардың аруағына сыйынып, Құран оқылады. 1986 желтоқсанның 17-19-ы аралығында Алматыда қазақ жастарының КСРО билігінің отаршылдық, əміршіл-əкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары орын алды. Көтерілістің басталуына Мəскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

129

1-ші хатшысы Г.В. Колбинді Казақстан Компартиясы ОК-нің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Желтоқсанның 17-і күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тəуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін ереуілшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ олардың қойған талаптілектері аяқ асты етіліп, оларды тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы əскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын – 86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Желтоқсанның 18-і күні алаңға қайта жиналмақ болған жастарға қарсы əскер күші қолданылды. Олардың қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы əскери күштер желтоқсанның 19-ы күні қаланың əр тұсында кайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде, барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, К. Молданазарова, Қ. Рысқұлбеков, М. Əбдіқұлов, Л. Асанова сынды қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23-і аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Көтеріліске КОКП ОК-нің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан тəуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық калпына келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы.», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы – ел намысы» жинақтары, К. Тəбейдің «Мұзда жанған алау», Т. Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары жарық көрді, «Алла жар», «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді. 2006 жылы М. Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты көлемді кітабы басылып шықты.

130

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

17 желтоқсан – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖАҢАРУ КҮНІ ҚҰРБАНДАРЫМ, ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРЫМ! М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Сахнада жүргізуші, қобыз үні жəймен ойнап тұр. Алдыға таман ақырындап жүргізуші шығады. Жүргізуші: (М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді оқиды) Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас, Ел үшін жанын қиып, жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас, Арқаның селі, желі шөлі, белі Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, – деп

М. Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мəңгі есте қалары сөзсіз (Ендеше бүгінгі «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды» деген рубрикамен өтілетін желтоқсан оқиғасының_____ жылдығына арналған «Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым» атты кешімізді ұсынамыз. Жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым, Бет бағдарын бақиға бұрғандарым Қаралы жылдардай боп қарауытып, Халқымның мəңгі есінде тұрғандарым. Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

131

Жүргізуші: Кеудемдегі қоламта қоздатқаным, Тұншықса да түрмеде тозбапты əнім. Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан, Жалтақтап кете барған боздақтарым.

(кеш С.Тойлыбаевтың өлеңімен ашылады. Сол өлеңнің ырғағы мен сахнаға желтоқсан құрбандары біртіндеп ұшбұрыш жасап шығады. (Өлең оқылып жатады) өлең оқылып біткенде сахнада олар шығып кетеді де, сахна төрінде ескерткіш тақта қалады. Тақтаның алдында Ана отырады (сахна сыртында радиодан шуыл, иттің үргені, қыздардың шыңғырғаны естіледі. Сол кезде абдыраған ана жан жағына қарайды). Қайраттың рухы (сахна сыртынан): Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген. Арғымақ мінген жаратып, Ақсауыт киген темірден. Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр! –

(деген Қайраттың дауысы естіледі). Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі еді? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай шуды, сол шуға бүйірі қозған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, иə, иə, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Иə, иə, дəл сол! Қалай болып еді өзі?! Жүргізуші: Иə, ол күн тəуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген əйгілі 86ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10. 00-де бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Д.А. Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Геннадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой (Ана сахнадан ақырындап кетеді).

132

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Көрініс. (Сахнаға дабырлай басып бір топ жастар шығады) Дабырласа: Естідіңдер ме... Бұл не масқара... неге халықпен санаспайды... қашанғы шыдаймыз... ең болмаса ішімізден неге сайламаған... Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды... Жан-жаққа, жатақханаларға, институтқа, қыздарға хабар барды ма екен? т.б. 1-жігіт: Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,бағы жана ма? Қала ма соры қайнап, ұран жазып, Қып-қызыл ту көтерген. Біз де шыққан алаңға «Елімай-лап»

(бір шетінде халыққа қарап тұрады, қалған жігіт, қыздар ұшбұрыш жасай сахнаға біртіндеп шығады). 2-жігіт: Ербол Сыпатаев: Демократияны бұғаудан босатыңдар, əр халыққа өзінің көсемі керек... 1- қыз Лəззат: Сүрмей-тұғын болдық қой күймей ғұмыр, Көлеңке күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген, – Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

2-қыз Сабира Мұхамеджанова: Бұл дегенің, ККП-да беделдің қалмағаны, Құрып барады білесің бе? 3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде, Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап, Санаспайды-əй, бұлар тегі ешкіммен, Жариялылық дегенің елес, білем.

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

133

3-қыз Гүлнар: Өгей қозы біз болдық енемізге, Келімсектер шықты ғой төбемізге. Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз, Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

(осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады) Дөкей: Тараңдар, əйтпесе күш қолданамыз! (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай-шу, қызыл қанға боялады) Сол кезде: Жігіт:

Бар болғаны осы еді «Қылмысымыз», Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз. Кейін соның қазасы таңылғанда, Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Қыз:

Темір құрсау біздерді бүргені шын, Мұң шағады қапаста кімге құсың. Ақ-қараңды тексерер түрме деген, Концлагерь болды ғой біздер үшін.

1-куəгер: (Жігітті алаңға сүйреп əкеліп тастап, кері ұмтыла жүгіреді, тепкілеп кетеді. Басын таңған қыз шығады). Ойымызда ештеңе жоқ, бауырымыз екеуміз аяңдап келе жатыр едік, кенет 2 милиционер бізге тап берді, қашып үлгере алмадық. Інімді сойылға жығып, тепкілей бергенде, мен арашаға ұмтылдым. Осы кезде көзімнің оты жарқ етіп, есімнен тандым. Көзімді ашсам, алаңда жатырмын (бетін басып жылайды). Айналам, айналам толған жігіттер мен қыздар, мұздың үстінде тізерлеп отыр немесе жаралы ыңырсып жатыр. Иттер ұстаған солдаттар қоршап тұр. Бір кезде олардың киімін сыпырып алып, бəрімізді жүк машинаға тиеп ала жөнелді. Сөйтсе, жартымызды Медеу шатқалына, Қапшағай

134

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

маңына, Қаскелеңге баратын жолдағы құм қазатын шұңқырға апарып төккен екен. Келесі күні жаяу-жалпы əрең жеттік (жылап отыра кетеді). Жүргізуші: Иə, тарихта «Құйын-86» деген атпен мəңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды (Сəбираның, Лəззаттың, Қайраттың, Ерболдың суреттерін ұстаған 4 оқушы шығады). 1-оқушы: 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегімен миынан жарақаттанған энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев əкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды. 2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда əлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Лəззат, сенің де нəзік үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мəдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің-ау. Еліңнің сен намысы үшін, Құрбан еттің жаныңды. Мазақ етіп қорлай алмас, Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сəбира, Сəбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағаны үшін училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен пед. училищесінің 1-курс студенті Сəбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-қабатынан құлап өлді. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл əнің.

(Басын танған Қайрат ортаға алдыңғы қатарға шығады)

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

135

4-оқушы: Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, Атам десең, атыңдар!

– Иə, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1 қаңтары күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындалған еді (шығып кетеді).

ды).

Көрініс (2 жендет Қайратты сұраққа алып келеді, тергеуші жауап алаТергеуші: – Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: – Жолдастарыммен бірге болдым, Фурманов көшесінде. Тергеуші: – Жоқ!!! Сен Сəтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нəтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінəлісің оған!.. (орнынан тұрып қолындағы сойылмен соғып жібереді. Қайрат құлап түседі де, жендеттер шығып кетеді, жанындағы жігіт басын сүйейді). Жігіт: Иə, темір есік сықырлап ашылатын, Қайратты жауап алуға əкететін. Келгенде үсті-басында сау-тамтық жер болмайтын (біраз жатып есін жиған соң). Көрініс. Қайрат: – Жоқ! Шындықтың жеңілуі мүмкін емес! (орнынан тұрып тордан ұстап тұрады). Сөйлесем даусым жетпейтін, Кез болдық мынау заманға. Шовинизм еді ғой, Басты себеп жалғанға. Елбең-елбең жүгірген,

136

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ебелек отқа семірген. Арғымақ мінген жаратып, Ақсауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр, –

(деп ары-бері жүреді. Өзімен-өзі сөйлесе халыққа қарап). Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы, Бөтен қолға кетпесін. Абай туған жерінде Бомбасын атом жармасын. Құлпытасты қиратып, Өлігіңді қазбасын...

(деп отыра қалып қағаз алып, асығыс жаза бастайды). Екі жүзің қырылып, Екі жүзің ұрылып, Екі жұзің сотталып, Жоқтаусыз кетіп барасың, Қатарым жусап қалғанда, Қыршынымнан қиылып, Солармен бірге өлсемші-ай! Артта қалған ата-анам Арулап қолдан көмсемші-ай

Жігіт: Иə, ол тірі болғанда, ақын болар ма еді? Құлақ түріп көріңізші: (Қайрат отыр, қолында қалам, қағаз. Жаза бастайды) Қайрат:

Əкетай-ау, пайғамбардай жасың бар, Туа бермес сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап, Кесір болды-ау, біз секілді масылдар! Айналайын, ағалар мен жеңгелер, Сіздерге кім бұл өмірде тең келер? Сүмірейіп сот алдында отырған, Бауырыңды енді кімдер ескерер? Айналайын, қарындасым, қарағым,

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

137

Қолда кісен мен айдауда барамын. Қайғы жеп, азап тартқан ағаңды, Айтшы жаным, қандай жанға баладың? Айналайын, інішегім, құлыным, Сені ойласам үзіледі жұлыным. Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Кетіп барам мен айдауда, құлыным!?

Жүргізуші: Бұл Қайраттың өлеңінен үзінді. Лүп-лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі. Жан сыры. Соңғы үміт. Өкініш пен өтініш... Жүргізуші: Несін айтайын! .... Колбин салған «Құйын-86» ойранына қарсы жазылған 23 мың 880 хат та көмектесе алмай, аяусыз жазаның ірі бір құрбандығы болып Қайрат кетті емес пе? (Көрініс Тергеуші. Қайраттан сұрақ алады). Тергеуші: Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па? Қайрат: Жоқ. Мен Савицкийді өлтіргенім жоқ! Тергеуші: Ақымақ!.. Əкетіңдер! атыңдар! Көзін құртыңдар! Қайрат: Күнəдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар! Қайрат деген атым бар. Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең, атыңдар! (Қайратты сүйреп əкетті) Жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рақым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігін сезе алмаған еді.

138

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: Бостандықтың жарық сəулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл əлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехославакияда 77 адам қол қойып үндеу көтерілді. Варшавада үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешіріліп берілуін талап етті. Германияның 1987 жылы 31 тамыз ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Борхет Қайрат Рысқұлбековті босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады. Жүргізуші: халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат, енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 мамырда Семей түрмесінде 21 камерада каскөйлікпен қаза тапты (Көрініс. Алаң. Кұлпытас жаны. М. Шаханов жəне қыз бен жігіт, ана, оқушы). Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам, мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі алаңда егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім. Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады. Ақтық сөзің армандарың хатта қалды, Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды. Қайрат, Қайрат, Сен мені естимісің Есін жиған халқымыз сол ұрпағын Лагерьде шірітпей, ақтап алды, –

дегім келеді жəне осы сөзді қайталай беремін. М. Шаханов: Иə, дұрыс айтасыңдар.

Əр дəуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның. Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні

139

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде əлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

(деп екеуіне, сонан соң халыққа қарап айтады. Ақырындап ана шығады. Тақтаға гүл шоғын қояды. Немересі жанында) Ана: Иə, айналайын балапандарым. Өсер елдің қай сəтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы! Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің, Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.

(осы кезде сахнаға қатысушылар шығып «Егеменді жастар вальсін» орындайды, қолдарында егеменді ел Туы, Елтаңбасы, шарлары бар).

140

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1-2 қаңтар –

ЖАҢА ЖЫЛ

Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды əшекейлі шыршамен қарсы алу дəстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дəл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мəскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады. Мұрат Əджінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – Жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер-Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер-Судың ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі əдемі шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Əджінің дəлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсанда, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тəу етіпті. Дұғаларымыз Тəңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы – шыршаны үйлеріне əкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

141

əсем шүберектер байлапты. Содан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп əн салған. Осылайша, Мұрат Əджі Жаңа Жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің I Петр патшадан да əріде болғанын баяндап, ол түркілер дəуірінде сол халықта тойлаған деп дəлелдейді. Белгілі этнограф-тарихшы Ақселеу Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігі туралы былай дейді: «Өмір – тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мəселен, осы күндері бүкіл халықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни 1 қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан əлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына «Рождество Христова» деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсанның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен, бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа жыл арысы Еуразияның ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі бүгінгі түркі халықтарының, оның ішінде қазақтардың да байырғы мейрамы деп есептеймін. Тарихи дерек бойынша, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклетиан календарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы кординалдардың бір басқосуында жыл басын Исаның туған күнімен бастау жөнінде қарар қабылданады. Бір қызығы, сол басқосуға қатысқандардың ішінде Исаның туған күнін ешкім білмейтін болып шығады. Сонда босаға жақта отырған скифтен шыққан есепші-жұлдызшы кішкене Диониси деген кісі: «Жарықтық, Иса пайғамбардың туған күнін мен білуші едім. Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге келген», – дейді. Оған ешкім де дау айта алмайды. Өйткені Иса пайғамбардың туған жылын айғақтайтын ешқандай тарихи дерек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер үшін қасиетті сан болатын. Яғни, көшпелілер табынатын аспан денелері – Ай 19 жылда бір рет дөңгелегін жыңғыртып отырады. Осы айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі – 532. Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жа-

142

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

тыр. Дегенмен В.В. Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточной Азии», М. Ысқақовтың «Халық календары», Х. Əбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады. Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз Ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, еуропалық мейрам болып шыға келді. Діни күнтізбе бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді». Өкінішке орай, Жаңа жылды Қазақстанда Христостың туған күні, Рождество мейрамы ретінде тойлау, бүкіл ұран, құттықтаулардың соған арналуы байқалады. Бұл ащы болса да, шындық. Тағы бір қызықты дерек ретінде, Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынғанын айтуға болады. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. Мұсылман мемлекеттері, оның ішінде, біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы, Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Əмірлігі. Египет пен Ливанда жергілікті, тұрғылықта христиан арабтар бар. Осы себепті онда Рождество мен Жаңа жыл тойланып жатады. Сирия туризмге ашық ел. Туризмді сылтауратып Батыстан көптеген христиандар, миссионерлер ағылып келіп жатады. Олар құр келмей əлгі Жаңа жыл мен Рождестволарын арқалай келеді. Өз діндеріне кіргізу үшін ақшалай марапаттар жасайды. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы, Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға алынып, жазаланады. Жаңа жылдың көркі саналатын шырша мен Аяз ата туралы қызықты мəліметте христиандарда шырша безендіру үрдісі болмаған. Христиандардың жаңа жылда безендіріп жүрген арша ағашы алғаш рет 1605 жылы Германияда қолданыла бастады. Кейіннен XIX

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

143

ғасырдың орта шенінде Францияға да өтті. Армяндардың сенімі бойынша жаңа жылдың тəңірі Аманор деп аталды. Пагандықтың дəуірінде ауланған аңдар Аманордың құрметі үшін арша ағашына ілінетін болған. Жаңа жылда əртүрлі əсем бұйымдармен безендірілу арқылы өтетін бұл үрдіс пагандықтардан христиандыққа осылай өткен. Шырша – өзін Құдаймын деп жарияға жар салып, дүниеден озған Нəмрут патшаның белгісі. Нəмрутқа табынушылар біздің Тəңіріміз мəңгі тірі деп жыл он екі ай бойы жап-жасыл кейпін өзгертпейтін шыршаға теңеген. Ал Аяз ата – Люклю өңірінің бас епископы болған Сантоклаустың еңбегін бағалауынан бастау алады. Христиандардың сенімі бойынша əрдайым күлімсіреп, адамдарға қолғабыс таныту жағымен танымал болған Аяз ата, қазіргі христиандардың мəдениетіне сіңісіп кеткен. Сантоклаус адамдарды қорғайтын қайырымды жан болып табылады. Жаңа жылда балалардың көңілін көтеретін ақсақал. Негізінен, Жаңа жылға терең діни мəн-мағына бермей, оны алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат, міндеттерімізді белгілейтін, үміт, сенім мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды тəтті тілек, ақ батамен қарсы алғанымыз абзал.

ЖАҢА ЖЫЛ ƏЗІЛ-СЫҚАҚ СЦЕНАРИЙІ М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

(Жаңа жыл кешіне əр сынып оқушылары үлкен даярлықпен келеді. Əзіл қалжың, күлдіргі көріністер, сықақ айтылады. Сондай əзіл-қалжың сценарийін ұсынып отырмыз). (Сахнада теледидар орталығы. Хабар жүргізушісі сол күнгі жаңалықтармен таныстыруда).

144

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: Құрметті, теледидар көрермендері! Сіздерді бүгінгі хабарларымызды тамашалауға шақырамыз. 12.30 – Талтүс бағдарламасымен таныстырамыз. 12.40 – Ел қорғаны жаңадан əскер қатарына келген жастармен əңгіме жүргізіледі. 12.50 – Білімдіден шыққан сөз бұл хабарымызға атақты саяхатшы ғалым Ж.И. Кусто шақырылған еді, бірақ оның өзі Атлант мұхитында ғылыми саяхатта жүргендіктен, оның зайыбымен əңгімелесуді жөн көрдік. 13.00 – Шетел жаңалықтарымен таныстырамыз. Жаңалықтар. Жұлдызшылардың хабарлауына қарағанда ------ жыл бітейін деп қалыпты. Біз білмейді екенбіз, енді 2 күннен кейін жаңа -------- жыл басталады екен. Соған байланысты біз студиямызға Талдықорған қаласының əкімін шақырып əңгімелескен едік, енді соны тамашалаңыздар. Диктор: Келіңіз, келіңіз отырыңыз. Əкім: Рахме-е-т! Диктор: Сіз -------- жылдың аяқталып қалғанын білетін шығарсыз? Əкім: Иə, естіп жатырмыз ғой. Диктор: ---------- жылда келіп қалыпты ғой Əкім: Солай дейді ғой, əйтеуір! Диктор: Енді сол Жаңа жылға байланысты дайындықтарыңыз туралы əңгімелеп берсеңіз. Əкім: Айтайын. (1-2 анекдот айтып береді)

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

145

Диктор: Əңгімеңізге көп рақмет. Сау болыңыз! Əкім: Е, неге, енді ғана қызып келе жатсам! Басында əлі талай айтылмай қалған, жоспарлар қалды ғой. Оларды да айтайын. Диктор: Жо-жоқ, рақмет! Жетеді! Əкім: Қалай жетеді? Ең қызығы, ең тамаша қалып еді, өзінің тұзы да керемет. Былай бопты.... Диктор: Əкетай-көкетай жетеді дедім ғой, жетеді. Барыңыз. (Итеріп əзер шығарады). Диктор: Уһ, құтылдым-ау! Бағдарламамызда «Ел қорғаны» жаңадан ғана əскер қатарына шақырып əлі ұланның киімін кие қоймаған жастармен əңгіме өткізілмекші. Енді соны тамашалайық. Командир: Əр қашан командирдің айтқаны дұрыс, оны есте сақтаңдар. Ал енді сұрақ қоямын! Командир: Хабибулин, Отан деген не? Хабибулин: Отан деген? Отан деген? (желкесін қасып). Командир: Отыр, отыр Хабибулин, білмейсің. Тыңда, Отан деген – ол сенің анаң. Түсіндің бе? Иванов: Білемін, командир мырза. Командир: Дұрыс Иванов, бірақ Отан деген – сенің де анаң! Түсіндің бе? Иванов: Түсіндім, командир мырза! Отан деген – Хабибулиннің жəне менің анам, сонда біз егізбіз. Келесі көретіндеріңіз "Білімдіден шыққан сөз". Бұл хабарға атақты саяхатшы ғалым Ж.И. Кусто шақырылған еді, бірақ оның

146

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

өзі Атлант мұхитында ғылыми саяхатта жүргендіктен, оның зайыбымен əңгімелесуді жөн көрдік. Диктор: Кусто ханым, зайыбыңыздың ғылыми саяхаттары туралы əңгімелеп берсеңіз. Кусто ханым: Жарайды. Менің зайыбым Америкада болғанда маған мынадай моншақ əкеп берді, оны ол индеецтерден айнаға айырбастап алыпты. Ал Африкада болғанда мынаны əкеп берді.... Диктор: Тағы да не əкелді? Кусто ханым: Теңіздің астына түскенде, мына бір шаяндар кездескен екен, соны өлтіріп мен үшіп қақтап оған бау тағып маған əкеп берді. Диктор: Шіркін-əй-ə! Кусто ханым: Содан ол бірде мамонттың бір кішкентай тісін əкеп берген. Мойныма тағып едім, мойным үзіліп кете жаздады. Сондай өкінішті. Өзі сондай арбайған, сарбайған керемет əдемі еді! У-у-у (жылай бастайды) таға алмай жүрмін (жылайды). Диктор: Қойыңыз, əлі-ақ мойыныңызға тағасыз! Кішкене су ішіңіз! Жүріңіз көрші бөлмеге су берейін! (Алып кетеді). Диктор: Уһ, дəрі бердім, ұйықтап қалды (армандап). Дегенмен, əлгі мамонттың тісін мойынға тағып көрсе шіркін! Романтика! Жарайды бағдарламамызды əрі қарай жалғастырайық. Эфирде «шетел жаңалықтары» Бүгінгі күні ескі жылды Жапония халқы да шығарып салуда екен. Оларда карнавал киімдерін киіп, əндетіп, билеп тойлап, жатқан көрінеді.Енді сол Жапония жағалауына көз тігейік. Мына келе жатқандар жапониялық сұлу бикештер. Олар не көрсетер екен? Əртістер: 1-Жапонияның халық əні "Бұлбұл". 2 - «Соловей» 3 - «Сяу-ляу-вей».

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

ғой:

147

Диктор: Үлкен рақмет! Оу! Жыл басы тышқан келіп қалыпты Оу тышқан, қош келдіңіз, келіңіз, Қалыңыз қалай? Тышқан: Рақмет, жағдайым жақсы.

Диктор: Сіздің көңіліңіз нені қалайды? Дискотеканы ма, əлде əңгімені қалай ма? Тышқан: Менің көңілім дискотеканы қалайды. Диктор: Ал жарайды, Тышқан ханымыздың қалауы бойынша дискотекамызды бастайық. Хабарымызды тыңдағандарыңыз үшін рақмет!

ЖАҢА ЖЫЛ (Дəстүрлі мереке) 8-9-10 сыныптар 1919 жылы 1 қаңтарда жаңа стиль бойынша 1-рет Жаңа жыл мерекеленді. Жаңа жылда жаңа стиль бойынша қарсы алып, мерекелеуге арналған митингілер мен манифестациялар қоғамдық маңызға ие болды. Жаңа жылды қоғамдық мерекелеу дəстүрі қалыптаса бастады. Тұңғыш рет жұмысшылар мен шаруалардың балалары үшін шыршалар ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірілді. Содан бері жаңа жыл мерекесі əр елде, əр үйде, əр мекемеде тойлануда. ЖАҢА ЖЫЛ кешінің сценарийі Қатысушылар: 1. 2 жүргізуші 2. Жаңа жыл 3. Ескі жыл 4. Қарша қыз – Ақшақар 5. Аяз ата 6. Мыстан кемпір 7. Алдар көсе 8. Қожанасыр т.б.

148

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Даярлық кезеңі: 1. Үлкен зал, түрлі түсті жалауша, грелянда, шарлар, жылтыр жіпшелермен, жаңа жылдық суреттер, газеттер, ең негізгісі – жаңа жылдық шыршамен безендірілген. 2. Музыка əдеттегідей қаттырақ қойылып, көңілді ырғақтар ойналады. Оқушылар көңілді əн ырғағымен залға кіріп биге қосылады. 3. Есікте 2 айбалта ұстаған батырлар тұрып, қонақтарды ретімен кіргізеді. Себебі барлық кластар араласып кетуі мүмкін, оларды жас ерекшелігін сақтай өткізген орынды. (1,2,3,4-сыныптар үшін) Алдар: (Сахнаға, яғни шырша алдына жүгіріп шығып, микрофоннан) Алақай, алақай! Ананы қараңдар, Жаңа жыл өзінің жүйрік атына мініп ап шауып келеді. (оқушылар зейіні Алдар көрсеткен жаққа бөлінеді. Ол жақтан жүгіріп Қожа шығады). Қожа: Əй, Алдар! Сен не?... мені жылмен шатастырып, бұл мен ғой, Қожамын. Балалар, сендер мені «Жаңа жыл» деп қалмаңдар, бұл мен – Қожаларыңмын. Сендермен Жаңа жылды қарсы алуға келдім. Алдар: Ой, осы сен де бір! Мен бүгін балаларды алдап мəз боламын ба десем. Жарайды енді келген екенсің достым, жоғары шық. Бүгін мен бастықпын бұл залда! (Жүргізуші қыз бен ұл шығады) Ұл: Қожеке, Алдар, амансыңдар ма? Мерекелерің құтты болсын! Осы сіздер мына халықпен амандастыңдар ма? Неге таласып тұрсыңдар? Қожа: Жоқ, Нұржан, мына Алдекең есті шығарып жіберді. Жүргізуші қыз: Армысыңдар, ағайын! Алдар: Бармысыңдар, ағайын! Ұл: Амансыңдар ма, балалар!

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

149

Қожа: Қожа аға, көпшілікпен қол беріп амандаспайды. Иіліп сəлемдеседі. Қожа: Ой, балалар, кешіріңдер! Ұл:

Аппақ бүгін қыр далам, Ақ дастарқан жапқандай. Көңілде көп қуаныш, Сəуле шашып жатқандай.

Қыз: Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен əн мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын, Жаңа жылға. Алдар: Əн айтайық қол ұстасып, Би билейік жөңкіліп, Біреу қуып, біреу қашып, Мəз болайық біз күліп.

Қожа: Қош келдіңіз ата-ана, Қарсы аламыз орын беріп. Əн салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп.

(көңілді əн айтады, бəрі қосылып билейді) Жүргізуші ұл: Рақмет, құрметті қонақтар! Кешіміз көңілді əнмен, бимен басталып та кеткен сияқты. Ендеше бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген сиыр жылына рақметімізді айтып, шығарып салайық. Алдар: Ескі жыл, қайдасың? Қожа: Əне, өзі де келе жатыр, бəріміз қосылып «Қош келдің» делік.

150

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бəрі: Қош келдің, Ескі жыл! Қыз: Сіздің құрметіңізге əн айтылып, би биленуде. Жаңа жыл келгенше бірге болыңыз! Ескі Жыл: Балаларым, балғындарым, Алғысым көп айтар менің! Дəл осылай артығырақ Қарсы алыңдар Барыс жылын!

(Көңілді музыка, əн айтылып, бəрі қосылып билейді) Алдар: Көңілде көп қуаныш, Əр көңілде жақсылық. Кетер жылға мың алғыс, Əкелген көп жақсылық.

Қожа: Ескі Жылға ризамыз, Өсе түсті бойымыз. Қандық талай сырға біз, Шарықтады ойымыз!

Ескі жыл: Өлшеусіз алда көп міндет, Өссең де мұңсыз күнде сен Өмірге ие болғын деп, Өсиет айтам енді мен. Жасампаз заман бұл заман, Бүгіннен ертең ғаламат! Алдыңғы сапта боларсың! Келер жыл саған аманат! Қош сау болыңдар, балалар!

Қыз:

Ал, балалар байқайық, Ескі жылдай аға бар.

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

151

Оны ортаға алып біз, Қоштаса билеп қалайық!

(Би биленеді. «Ча-ча-ча». Ескі жыл шығып кетеді) Қожа: Балалар, сиыр жылын шығарып салып, мен барыс жылын ертіп келейін! Жыл тоқтауы мүмкін емес қой. Алдар: Алақай, алақай! Жыл келеді шапқылап. Қанекей қарсы алайық жақсылап!

Жүргізуші ұл: Иə, дұрыс айтасың, Алдар! Жаңа жыл келгенше əндер мен тамаша билер, өлең-жырымызды даярлап қоялық. Кəне, кім бар, ортаға шығар? (бір əн мен би көрсетіледі, осы кезде есіктен Жаңа жыл кіреді) Қыз: Келді міне Жаңа жыл аппақ болып, Əн болып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Ауламыздың тұсына қонып жатыр, Аяз болып, мұз болып, қатқан болып.

Ұл: Қонысыңыз құтты болсын Барыс жылы, Қонарсың мектебіме ырыс болып. Жаңа жыл: Рақмет, балалар! Алдар аға, Қожеке, т.б. Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рақмет! Қожекеңмен келе жатып сіздер жайлы бəрін естідім. Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Биылғы жылы мені де қуантар деп ойлап келдім. Мен сендермен 365 күн бірге боламын. Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім. Айтқандай менің атам мен апам келген жоқ па? Осылай кетіп еді. Жүргізуші: Жоқ. Ендеше келіп қалар.

152

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Кəне, Алдар, Қожа, қарсы алыңдар! Біз даярланайық. (Екеуі шығып кетіп, əн айтылып би биленеді) Қожа: Алақай, алақай! Аяз ата мен Ақшақар келеді. Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым? Амансың ба, қыздарым? Қандай жарқын жүздерің, Қандай əсем жырларың. Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан. Керемет бір əн тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың құтты болсын! Барыс жылы табыс жылы, береке бірлік əкелсін. Нұрсұлтан ағамыз айтқандай 2030 жылға бастар жол болсын! Азиядағы Барыс еліне жеткізсін! Тарихи жыл болсын! Жаңа жыл: Рақмет апа! Мен халқымның тарихын арқалай келдім. Қуанышым көп... Жүргізуші қыз: Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл қош келдіңіздер! Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышқан қуанышына ұл-қыздарыңыз əн-күй, биден шашу даярлап келіпті. Қабыл алыңыздар. (Сахнаға əншілер, күйшілер, бишілер шығып, бірінен соң бірі əн салып, би билейді. Əзіл-сықақ айтады. Сол кезде айқайлаған ащы дауыс шығады) Мыстан: Əй, бұл не шу, бұл не тобыр. Неге жүрсіңдер? Неге мені күтпейсіңдер. Аб-б-б-р! (айнала жүгіріп қорқытады, жүргізуші ұл тоқтатады) Ұл: Мыстан апа, амансың ба?

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

153

Мына жұрт шошып қалды ғой, біз сізді Жаңа жылды бізбен бірге өткізуге шақырғалы отыр едік. Мыстан: Неменеге алдайсың?! А, сендерде мені алдадыңдар ма? Қайсыңды жейін а? Аяз ата: Мыстан, ойпыр-ай, осы сенің шыдамсызыңды-ай! Не болды елдің апшысын қуырып, оданда кел мұнда, жұртпен амандас. Бізбен тамашала. Мына балалардың əн-күйін тыңда. Ойындары бар екен бірігіп бірге болайық. Осы кезде əсем əн естіледі де Мыстан есінен таңғандай отырып қалады, əн жалғасады. Мыстан: Ой, Аллай, мынау не? Ғажап қой өзі. Кімдер екен? Алдар: Апа, бұл ғажап əнді М. Жұмабаев атындағы №137 қазақ орта мектебінің оқушылары орындауда. (Соңынан замана биі орындалып, Мыстан еріксіз секіріп билейді). Мыстан: Ой, ой, ұстаңдар мені, мен шаршадым. Мынау не сиқыр, неге аяғым секіреді? Жүргізуші: Əже, бұл біздің мектептің бишілері ғой. Сіз өнерді жақсы көреді екенсіз. Қожа: Əже, біз Алдар екеуміз даярлаған оқушылар. (əзілсықақ) «Күлегешке» қатысып жүр, соларды тамашалаңыз! (7 «А» сынып оқушылары «Электриктің өлімі», 6 «В» сынып «Алма ағаштар» деген əзіл-сықақ көрсетеді. Мыстан ішін басып, шыр айналып, дөңгелеп мəз болып күледі). Қаршақыз: Əже, ризасыз ба? Мыстан: Ой, əрине, мен неге келгенімді ұмытып қалдым. Мен де сендерді көңілдендіру үшін ойын даярлай келген едім, енді менімен ойнасаңдар тіпті мəз боламын.

154

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Балалар: «ойнаймыз, жарайды», – деп шулайды. Мыстан: ойыным былай: Менің мөшегімде 4 лимон бар, соны бірінші жеп біткенге сыйлық беремін. 4 оқушы шығып лимонды жейді, тіпті біреуі қабығымен түгел жеп қояды Мыстан: О, бəрекелді. Міне нағыз «мешкей» деп осыны айт. Саған сыйлығым мынау (деп мойнына «Мешкей» деген атты іледі, өзі мəз болып күледі). Қожа: Əже, бəрін көрсем де дəл осындай ойын көрмедім. Мыстан: Ə, солай ма? Сендер мені ылғи жаман дейсіңдер. Тағы бір ойыным бар. Ол «Паровоз» деп аталады. Сендер 2 топқа бөлініңдер. 1-топ бірінші сынып, басында сынып жетекшісі, 2-топ екінші сынып басында сынып жетекшісі. Түгел мына тізілген орындыққа отырады, біріне-бірі қарап. Мен басқа апайларға қарап нені орында десем соны орындауым керек. Ал бастадық. Пойыз жүріп келеді, бууп, жүріп келеді, оңға бұрылды. Жүріп келеді солға бұрылды (екеуі бір-біріне қарап, шатысады, дұрыс орындамағандары шығып кетеді). Ең соңында қай топ көп қалса немесе кімнің паравозы дұрыс жасамаса, сол жеңеді. Ойын жалғаса береді. Жеңген топ сыйлық алады. Аяз ата: Жарадың, Мыстаным. Менде бір жұмбақтар əкеп едім. Соны тауып көрсін енді (5-6 жұмбақ айтылып, сыйлық беріледі). Ақшақар: Ата-əже мен оқушылар үшін «би» əкеліп едім, биімізді тамашалаңыздар. Жүргізуші: Ата, Əже, Алдар, Жаңа жыл, Қожа, Ақшақар! Біздің балалар сіздер үшін, осы кеш үшін əдемі киім үлгілерін даярлаған екен. Соны тамашалаңыздар. (Киім, костюм үлгілері ырғақты музыкамен көрсетіледі. Əр сыныптың ең əдемі костюм киген оқушылары қатысады. Сыйлықтар тапсырылады).

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

155

Аяз ата: Ал, балаларым, мені өздеріңдей сағынып, алыс жерлерде балаларым күтіп отыр. Қызымыз екеуміз аттанайық. Жүргізуші: Ата, көп рақмет сізге! Біз сіздерге ризамыз. Келесі жыл келгенше, Барыс балаңызды ренжітпейміз жəне өздеріңізді асыға сағына күтеміз. Алдар: Қандай жақсы біздің атамыз, Ол кеткен соң терең ойға батамыз. Ақшақардай қалықтаймыз аспанда, Құс жолымен əн сап бара жатамыз.

Қожа: Кетті біздің сүйікті мен сүйкімді, Енді қайтіп келтіреміз ұйқыны.

Барыс: Шыршамызды шыр айналып өмір жүр, Біз білмейміз одан өткен сиқырды.

(Жүргізушілер мен бəрі қосыла) Бəрі: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты, Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты. Кеш аяғы биге ұласады.

156

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

8 наурыз –

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІ

Халықаралық əйелдер күні əлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады. Бұл күні жер бетінің əйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Түрлі экономикалық, əлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нəзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мəдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш-жігерлерімен əлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда. Халықаралық əйелдер мерекесінің негізін қалағандар – Нью-Йорктегі фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы əйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын. 1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктің социалдемократиялық көзқарастағы əйелдер ұйымы əйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингіге шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам əйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. Со-

8 наурыз Халықаралық – əйелдер күні

157

нымен қатар əйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді. 1909 жылы Американың социалистік партиясы əйелдер күнін жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде өткен əйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара Цеткин де болды. Ол Екінші халықаралық социалист əйелдер конференциясының делегаты еді. 1910 жылы неміс социалист əйелі Клара Цеткин жəне Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші халықаралық социалист əйелдер конференциясына барып, дүниежүзі əйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда екінші интернационалдың 8-інші конгресі өткен болатын жəне олар 8 наурыз күнін ұсынады. (К. Цеткиннің туған күні де 8-наурыз). Бірінші халықаралық əйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария, Голландияның əйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің əйелдері бас көтерді. 1917 жылы Австрия, Венгрия, Германия, Нидерланд, АҚШ, Швейцария жəне де т.б. елдердің əйелдері, ескіше 23 ақпанда (жаңаша 8 наурыз) Петербург большевиктер комитетінің шақыруымен Петерборға келіп, əйелдер күніне орай саяси митингтер мен демонстрациялар өткізіп, орыс қыздарын желіктіріп кетеді. Сөйтіп, коммунистер тарапынан қолдау тапқан əйелдер мерекесінің кеңес елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8 наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді. Бірақ капиталисті елдер 8 наурызды мереке деп мойындаған жоқ. Əлі де солай. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда, Америкада – «Аналар күні», Францияда – «Əжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар. Тағы бір айта кететін жағдай 8 наурыз күнін еврейлер басқа бір мақсаттағы мереке ретінде бөлекше атап өтеді. Оның тарихы – еврей сұлуы Есфирь мен парсы патшасы Ксеркстен бастау алады. Есфирь ханым өзінің Ксеркске əсер еткен əдемілігінің арқасында,

158

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

өз халқы еврейлерді жойылып кетуден құтқарып қалған-мыс. Алғаш рет 8 наурызды мереке ретінде тойлауды ұсынған Клара Цеткин де еврей ұлтынан. Сол себепті ол 8 наурызды мереке ретінде ұсыну арқылы еврейлердің мерекесін əлемдік дəрежеге көтеруді де ойластырған дейді зерттеушілер. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық əйелдер күні ретінде аталып өтуде.

АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ Ұ.С. Дəркембаева

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата-ана, туыстары алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ізгілікке тəрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Ана туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар ілу, Оқушылардың ана тақырыбында жазылған шығармаларын (өлең, əңгіме, тілектер) қабырға газетіне шығарып, ілу. Мұғалім сөзі: Ана! Бұл үлкенге де, кішіге де ең ардақты əрі қымбатты есім. Бар қызығын, бар ғұмырын перзентіне арнаған қасиетті ана! Қайтсем балам адам болса екен деп армандауымен, үміттенуімен-ақ сенің бар өмірің өтеді екен-ау. Міне, ана деген осындай. Бүгінігі тəрбие сағаты ашық журнал түрінде «Ардақтайық ананы» деген атпен өтпекші. Ана туралы ұлы адамдардың айтқан нақыл сөздеріне назар аударыңдаршы: «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нəрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер əлсіз келеді». (В.Г. Белинский) «Нəзіктік атаулының жиынтығы-ананың алақаны, сондықтан да ол – сəби үшін ең жылы ұя» (В. Гюго)

8 наурыз Халықаралық – əйелдер күні

159

«Əлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол – ананың ақ сүті, күннің нұры, сəбидің күлкісі» (М. Горький) «Ана дегеніміз – əлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нəрі» (Р. Ғамзатов) «Анасыз ақын да, батыр да болмайды» (Ғ. Мүсірепов) Мұғалім: Оқушылар енді ақын-жазушылар «Ана» туралы қалай толғанып, жырлаған екен, соған көңіл аударайық. Сөз өздеріңде: 1-оқушы: Арым да, ардағым да анам екен, Ана деген адамға атамекен. Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті, Жүрегіңде жыр болып жатады екен. Ана деген адамға атамекен, Əр адам анаменен адам екен. Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым, Бір түнгі тəтті ұйқыңнан садаға екен.

2-оқушы: Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың, Анашым өзің менің асқақ əнім. Өсірдің, аяладың, əлпештедің, Ойыңнан бір сəт мені тастамадың. Анамның əрбір сөзі ой-талабы, Жүректің тереңінде сақталады. Өсеміз елін сүйген ұландар боп, Ардақты ана есімі ақталады.

3-оқушы: Саған деген таза менің көңілім! Анашым-ау сенсің менің өмірім. Қандай бақыт сəби болып еркелеп, Қуаныштың гүлі болып төгілу. Арнадым мен бұл жырды аналарға!

160

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Анадан артық бізге адам бар ма? Түн ұйқысын төрт бөлген бөбегі үшін, Бұл белгілі əр балаға сана барда.

4-оқушы: Барлық ана, құтты болсын мерекеңіз, Əрқашан да ана сізбен берекеміз, Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам, Сонда біз кісілікке теңелеміз. Ана еңбегің белгілі бəрімізге, Ана біздің əрқашан əнімізде, Өсірген, əлпештеген асыл анам, Қашан да сізбен бірге сəнімізде.

5-оқушы: Ана менен баланың айырмасы, Ана – əн, бала оның қайырмасы. Болғанда əке – дəулет, ана – ырыс, Тағдыр-ай осыларды айырмашы. Ана, ана ақыл-ойдың шынары, Аналарды жырламаған ақын жоқ. Аналардан туған дана, батыр көп, Аналарға алғыс айтпас қақың жоқ.

6-оқушы: Аналардың ақ сүтінен нəр алған, Аналардың үмітінен жаралған. Сəби едік, енді қазір ер жеттік, Жүректерде биік мақсат бар арман. Бəрі де ана бір өзіңнен басталады, Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды. Қуандым ба, өзің бар деп қуандым Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

7-оқушы: Бəрі де ана бір өзіңнен басталды, Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

8 наурыз Халықаралық – əйелдер күні

161

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, бір өзіңнен жасқандым. Жастарыңыз жүзге толсын аналарым, Бақыт құсы үйлеріңді паналасын. Əрқашан да аман болсын анамыз деп, Игі тілек білдіреді балаларың.

Музыкалық бөлім. Оқушылар Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», Е. Хасанғалиевтың «Анаға сəлем», М. Омаровтың «Анашым» əндерін орындайды. Мұғалім сөзі: Ана, ана, ана! Не деген мейірім, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш əріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Ендеше келесі сөзімізді осы ардақты аналарымызға арнайық. Ана дейміз бəріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сəби де жарқылдап. Ана деген – бəйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ. Ана деген – асыл жандар болаттай, Ана деген – асыл жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл ананы, Жат қылыққа,ақыл-ойды тонатпай. Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасымды адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар əлемге тыныштық. Ана десем, шешек атып жанары, Өмірімнің бастау алар жанары. Ана деген тіршілкте пана боп, Əрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Мұғалім: балалар, сендер ана туралы мақал-мəтел жаттап келген боларсыңдар. Кəнекей соған көңіл бөлейік (Оқушыларға жарыса мақал-мəтелдер айтады). Ана алдында асқар тау да аласа. Ана көрген тон пішер, Əке көрген оқ жанар. Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

162

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бала – жағасында өскен құрақ. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Анаға құрмет, балаға міндет. Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы. Ананы сыйлаған ұрпақ азбас. Мұғалім сөзі: Əр бала анасының əдемі, жас, жайдарлы жүргенін жақсы көреді. Бірақ ананың бейнеті көп, бос уақыты бола бермейді. Сондықтан анам əдемі де, жас болып ұзақ өмір сүрсін десең, өзің оған қамқор бол, үйдегі ұсақ-түйектің бəріне жүгірте берме, өзің көмектес. Мына кеңестерді үнемі анаңның есіне салып жүр:  «Анашым, сұлулықтың жауы – ашу, көңілсіздік. Олай болса, үнемі күлімсіреп жүріңіз.  «Анашым, күндіз 15 минут болса да, аздап мызғып, дем алып алыңызшы жəне мұны дағдыға айналдырыңыз».  «Анашым, əйел адамның көркі – шаш. Шашыңызды жаңа үлгіде жасатып жүріңіз».  «Əкең мен өзің анаңа үнемі көмектесуді ұмытпа».  «Анаң не болса соған тез ашуланып қалса немесе ренжіп жүрсе, өзің күлдіріп, көңілдендіруге тырыс». Жастарыңыз жүзге толсын аналарым, Бақыт құсы үйлеріңді паналасын. Əрқашан да аман болсын анамыз деп, Игі тілек білдіреді балаларың.

Хормен «Анама» əнін орындау.

22 наурыз – Наурыз мейрамы

22-наурыз

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ Наурыз мерекесі – əлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Бұл мереке Ислам дəуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді. Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі сан алуан. Дегенмен, аңыздың түбінен ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас… Кейбір ғалымдар бұны зороастризм кезеңіне дейінгі уақытпен, кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр. Сол аңыздың бірі – сиқырлы жүзігінің арқасында аң-құс, бүкіл жан-жануардың тілін біліп, үкім жүргізіп патшалық жасайтын Сүлеймен пайғамбардың сиқырлы жүзігі туралы аңыз. Бір күні Сүлеймен пайғамбар сол жүзікті жоғалтып алып, патшалығынан көз жазып қалыпты. Кейін жүзігін іздестіріп жүріп, тауып алады. Жүзік табылған күн наурыз екен. Содан бастап Наурыз тойланыпты. Наурыздың шығу төркініне қатысты Иран аңыздарына көңіл бөлетін болсақ, олар парсылардың аңыздық патшасы Жəмшітпен байланыстырылады. Жəмшіт бір күн аң аулап жүргенде, бір аңды көздеп садақ тартады. Тартқан садағы аңға тимей, жартасқа тиіп,

163

164

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

от ұшқыны пайда болады. Сол ұшқын айналадағы саман-шөпті тұтатып жібереді. Сөйтіп, Иран халқы қараңғыда сəуле шашқан, суықта жылу берген отпен алғаш peт танысады. Олар сол отты киелі санап, өшірмей, ұдайы жағып отырып, табынатын болады. Міне, от табылған сол күн наурыз күні екен. Наурыз аңыздарының түркі халықтарына қатысты түріне келер болсақ, Түрік қағанатының патшасы Ил хан соғыста жеңіледі де, жау оны бала-шағасымен қырып тастайды. Тек кенже ұлы Қаян мен жиені Тұқыз құтылып, əйелдерімен жан сауғалап, тау қоршаған бір алқапқа барып паналайды. Олар осы қонысқа Ергенеқон деген ат береді. Уақыт өте келе олардың ұрпақтары өсіпөніп, Ергенеқонға сыймай кетеді. Бірақ Ергенеқоннан шығатын жол да таба алмайды. Сөйтіп жүргенде, бір темірші ұстасының кеңесі бойынша таудың темір кені болған бір жерін от жағып, балқытып, жол ашады да сыртқа шығады. Міне, сол сыртқа шыққан күн наурыз екен. Содан бастап Наурыз тойланыпты. 22 наурыз, сонымен бірге қасиетті де құтты күн болып есептеледі. Бұл күнде игіліктер, жақсылықтар болып жатады. Мəселен, жоғарыда аталып өтілгендей, бұл күнде Ергенеқоннан шығатын жол табылған. Түркі халықтары ислам дінін қабылдағаннан кейін де көптеген игі оқиғалар осы күнмен байланыстырылған. Мəселен, бұл күнде Адам ата жаралған; Нұқ пайғамбардың кемесі тауға тоқтап, табаны жерге тиген; Жүніс пайғамбар балықтың қарнынан жарық дүниеге шыққан; Жүсіп пайғамбар туысқандары тастаған құдықтан құтылып шыққан; Мұса пайғамбар Қызыл теңізді аса таяқпен жарып өтіп, Перғауынның əскерлерінен құтылған, т.б. Осы күннің қадір-қасиетін, Қызыр немесе Қыдырға байланысты сенімдер одан əрі арттыра түседі. Қазақ халқында кең тараған сенім бойынша 22 наурыз күні түнгі сағат 3-те Қыдыр үйлерге қыдырады. Сөйтіп, ризық-несібе көбейеді. Үйлерді Қыдыр аралайтындықтан бұл түнде əйелдер үйлерді мұнтаздай таза қып қояды. Сондықтан бұл түн Қыдыр түні деп те аталады. Кейбір ислам ғалымдары əулие, кейбіреулері Ілияс пайғамбардың екінші аты деп атап көрсеткен Қыдырдың мəңгі өмір сүргеніне жəне қиыншылыққа түскен мұсылмандарға көмектескеніне сенім зор. Халық сенімі Қыдыр жолыққан адамның басына бақ құсы қонатынын айтады.

22 наурыз – Наурыз мейрамы

165

Демек, Наурыз күні қарапайым күн емес. Ол – киелі, қасиетті жəне құтты күн. Осы күннің артықшылығын əйгілі ақын Əлішер Науаи мына сөзбен өте шебер айқындай түседі: «Əр түнің қадір болсын, əр күнің Наурыз». Қадір түні ислам сенімі бойынша opаза айының аяқ жағында келеді жəне Қадір түні мың айдан құрметті деп есептеледі. Біз мұсылмандық Шығыс халықтарының наурызды қалай тойлағандықтары туралы алғашқы деректер мен мəліметтерді Бируни, Омар Хаям еңбектерінен табамыз. Бұл күнді көне түріктер түгелдей атап өткендігі туралы деректерді Əлішер Науаи, Махмұт Қашқари, Ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде жəне ақын-жыраулар шығармаларында кездеседі. Ал бергі заманда Абайда бар. Оның «Жазғытұры» өлеңі осы наурыз бен сəуір айының суреттерін береді. Ол Ыбырайда да бар. Жаңа заманда, дəлірек айтқанда, ХХ ғасырда бұл күнге көптеген қазақ зиялылары да көңіл аударған. Олар – Мұхаметжан Сералин, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов, тағы басқа əдебиет пен мəдениет, ғылым салалары өкілдері. Наурызды жырлау, «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлықтау еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін де үдей түспесе, кеміген жоқ. Дəстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, əсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рəсімін өткізуден бастайтын. Сондай-ақ халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), əн салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін. Наурыздың 22-сі күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір

166

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кəрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін» дегендей жұрттың бəріне үміт, əркім деп жылы шырай сезіне бастап, «бəріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. Наурызда жаман сөз айтпау, татуласу, көмектесу, ынтымақтасу, т.б. болған. Жастар жағы əн айтқан, алты бақан тепкен, таң ата тау басына болмаса биік төбеге шығып таңды қарсы алған. Наурыз – «Самарқанның көк тасы жібитін күн». Бұлай деуіміздің себебі – Самарқанда əйгілі ақсақ Темірдің тағы бар, бұл күні қаһарлы ханның қаһары да жібиді, егер біреу өлім жазасына кесілсе, соған оны өлімге бұйыртпай аман алып қалатын, райынан қайтаратын күн, бұл адам бойындағы жүректің жылылығымен байланысты күн. Түркі халықтарының бұдан көп ғасырлар бұрын өмір сүрген тарихшы ғалымдарының еңбектерінің өзінен ол турасында деректер кездестіруге болады. Мəселен, Махмұт Қашқаридің «Диуани Лұғат ат Түрік» атты əйгілі еңбегінде жəне Əбу Райхан Бирунидің «Өткендегі бабалардан қалған мұралар» деген кітабында наурыз туралы айтылған. Орта Азияны аралаған ерте дəуірдің саяхатшы ғалымдарының еңбектерінде де түркі халықтарының Наурызды қалай тойлағаны жайында мəліметтерді кездестіруге болады. Мəселен, 922 жылы Орта Азияда болып қайтқан белгілі араб жағрафияшы-саяхатшысы ибн Фадлан көрген-білгендерін хатқа түсірген. Ол саяхатнамасында Орта Азия халықтарының Наурыз мейрамын тойлағанын келтіреді. Наурыз – жаңа жыл жəне көктем мерекесі. Жаңа жыл мерекесі болғандықтан ел бірін-бірі жаңа жылға, кірген жаңа жасқа байланысты құттықтап, игі тілек айтады. Көктем мерекесі болатыны – 22 наурызда жаңа жылмен бірге көктем де басталады. Ақ қар, көк мұз еріп, аяз кетіп, жылы шуақты күндер басталады. Қиын қыстан аман-есен шыққанына шүкіршілік еткен жұрт енді көктемді көңілді қарсы алып, басталған тіршіліктің қамына кіріспес алдында бойды бір жазып алады.

22 наурыз – Наурыз мейрамы

167

Жалпы, көне дəуірде бұл күндері əр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дəнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дəстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; Наурызға бір күн қалғанда күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дəстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады. Наурыз тойын өткізгенде де, білмегенді білуге, көрмегенді көруге, таным көкжиегімізді кеңейтуге ұмтылуымыз керек. Соңғысы тыныштық пен келісімді, ұлт болып, ұлыс болып ұйысуды, белгілі бір идея мен мұрат-мақсаттарға ұмтылысты қажет етеді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сəйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда жəне Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мəлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мəдени мұра тізіміне кіргізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ жəне түрік халықтарының арасында көктем мейрамы жəне жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде жəне Əзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тəжікстанда жəне Қазақстанда 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

168

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ М.Т. Шермұхамбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Наурыз – өте ертеден келе жатқан, негізінен шығыс халықтарына тəн жаңа жылды қарсы алу мейрамы. Бұл мейрам халқымыздың жомарт пейілін, болмыс-бітімін ашатын Ұлыстың ұлы күні болып саналады. Парсының «нау» – жаңа, «руз» – күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Григорион күнтізбесі бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сəйкес келеді. Аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, Күн мен Түн теңеліп, мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, көңілде шаттық орнайтын күн – Ұлыс күн деп атаған. Бұл күнді жаңа жыл, ырыс береке, мереке, жыл басы деп есептеген. Бұл күні барлық даланы Қызыр Ата аралайды. Наурыз мерекесін тойлау дəстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында ерте заманнан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тəжіктер «Гүл гардон», «Бəйшешек», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдылықтар «Наусарыз», т.б. халықтар атап өткізіп отырған. «Наурыз» мерекесінің сценарийі Үшеуі бірге:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған, Мұнда біз бар!

1-жүргізуші: Естімеген естіңдер! 2-жүргізуші: Тыңдамаған тыңдаңдар! 3-жүргізуші: Наурыз тойы басталды.

22 наурыз – Наурыз мейрамы

169

Үшеуі бірге: Тойдан қалып қалмаңдар! 1-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ, Қалыс адам қалмасын некен саяқ. 2-жүргізуші: Əн шырқап, би билейтін қауым болып, Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп. Əн «Ауылдағы той», би: Наурыз думан 1-жүргізуші: Ал қанеки, ағайын, Асқақ əнге салайық, Қуаныш құтты болсын деп, Шырқап мен бір алайын. Ұлыстың Ұлы күнінде, Сөйлемей қалай қалайын.

Қожа: О, а, ау! Тоқта, тоқта! Жалғыз өзің сөйлей бермей, мені күтпей, анау келе жатқан қонақтарды күтпей не болды асығып... 1-жүргізуші: – Ау, Қожеке кешіріңіз! Біз сіздерді арнайы шақырайық па десек! Қожа: Тəйт, наурызға ешқашан арнайы шақыртпайды, өздері келеді! Нанбасаңдар, қараңдар! Өзің бір топ қонақтарды қарсы алып, мектебіміздің директоры келе жатыр (жолдағылармен амандаса қонақтар келеді). 2-жүргізуші: Уа, халайық, келіңдер, төрлетіңдер! Шапағын алмай бұл жақта аспан. Жадырайды бар адам мұң шақпастан. Қуаныш сөзін айтыңыз, Баян апай, Құрметті ағай! Серпілтіп көңілдерді тойды бастар!

170

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Баян апай (мектеп директоры) сөйлейді, Əнші ағай əн айтады – терме айтады. Жүргізуші: Уа, халайық, құлақ сал!!! Жақсылыққа қашанда, Жан баласы тоймаған, Жаңа жылдың басы деп, Жылда бізбен тойлаған, Шашу шашып көл-көсір, Көжесі қазанда қайнаған.

Жүргізуші: Əнге ырғағы жарасқан, Асқар таудың шыңдары. Ақ жаулықты аналар!

Жүргізуші: Көңілі көктем, жаны жаз Биязы мінез жеңгелер!

Бірге: Той шашуы шашылсын, Шашудан құр қалмаңдар!

Əже, жеңге, келін шығып, 3 жақтан шашу шашады, шашумен бірге оркестр «Сары арқа» күйін орындайды. Əже: Ұлыс бақты болсын! Əр күндерің жақсы болсын!

Жеңге: Ақ мол болсын, Бəле-жала жерге енсін!

22 наурыз – Наурыз мейрамы

171

Келін: Той құтты болсын, Ырыс мол болсын!

(деп айта жүреді, балалар шашу терісіп мəз болады) 1-жүргізуші: Наурыз, қайта оралды аты да аңыз, Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз. Кең дастарқан – даламыз – сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1-жүргізуші: Жоғары шықсын қонақтар, Келіп тұрған алыстан. Құттықтайды олар сіздерді, Науырызда бізбен қауышқан.

(Қонақтарға құттықтау сөз) Əн: «Алыстағы ағайын» (Қожанасыр көзін келегейлеп қарайды). Қожа: – Уа, халайық, достар, бəрің ана жаққа қараңдар. Ортамызға «Наурыз» қызын, Алдардай ұлын, батырларын, достарын ертіп Қызыр ата келеді, қарсы алайық! Жүргізуші: Шын айтасың ба? Онда, ағайын, кəне қарсы алайық! (ортаға Қызыр ата, Наурыз, Алдар, батырлар шығып сəлемдеседі) 2-жүргізуші: Амансыңдар ма, Қызыр ата! Наурыз! Алдар! 2-жүргізуші: Сіздердің əділ істеріңіз ғасырлар бойы тынбайды, Аңыз, дастан, жырлардан, Жастар оқып тыңдайды.

172

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Алдар: Қызыр ата, бата беріңіз, халқыңыз сізді күтуде. (Қызыр ата халықпен амандасып, тойға бата береді). Мұхтар аға: Қалдырып асау жылдар ағыстарын, Халқыммен мерей болды қауышқаным Ұлыстың Ұлы күні сол үшін де, Бар жақсылық сəлемімді бағыштадым!

Батыр: Мен қазақпын! Қазақ үшін көрдім көбін азаптың, Сендім, сендім туады деп күндер шат, Дала жайнап, бұлбұл сайрап гүлдер бақ, Жылдар жылжып алмасса да уақыт, Бізді ұмытпай еске алады жас ұрпақ.

Əн: «Қазағым» Наурыз: Армысыздар, аталар, Бармысыңдар, аналар, Ұлыс бақты болсын, Əр күніміз жақсы болсын, Достығымыз берік болсын, Білім-өнер серік болсын!

Алдар: Ассалааумағалейкум, халқым менің, Ардақты Наурыз тойы – салтыңды елім. Мереке басы болсын берекенің, Игі еңбектің жемісін бəрін жегін. (Əн, күй, би) «Сағындым сағым жылдар».

1-жүргізуші: Қош келдің, Наурыз сұлу қайта оралған Аз ба енді, өткен күнге айтар арман?

22 наурыз – Наурыз мейрамы

173

Жайнаған көктем болып күлім қақтың, Төсінде шалқар арман байтақ далам.

Əн: «Наурыз» 2-жүргізуші: Рас болса жүрекке жыр керегі, Шықпай қоймас оның да бір дерегі, Наурыз десем жарқырап жалпақ əлем, Көз алдымда құлпырып гүл келеді! –

демекші, Наурыздың құрметіне біздің қыздар бір би билесін. Би: «Қосалқа» Жүргізуші: Бұлақ біткен кеудемде бұлқынады, Мың қуаныш əкелер мүмкін əлі. «Наурыз» десем жадырап жасыл дүние, Жанарымда күлімдеген күн тұрады, – дей келе біздің

өнерпаздар бір əн шырқасын. Наурыз:

Күні кеше сағыныштан жан мұңайса, Көгімде дəстүр жұлдыз жанды қайта, Мен бүгін қуаныштан шалқып тұрмын, Кеудемді кернеп шыққан əндерді айта.

Қожа: Уа, халайық, ескертемін бəріңе, Жасыңменен кəріңе. Бүгінгі қызық зор қызық, Болғалы жатыр мол қызық.

Алдар: – Əй, созбалақтамай айтсаңшы немене болғалы жатыр сонша? Қожа: – Ой, Алдар, сен сонша асықпа, Наурыздың құрметіне біздің М. Жұмабаев атындағы мектептің өнерпаздары өнерлерін көрсетпекші, соны тамашалауға шақырайық.

174

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Алдар: Саусағынан бал тамған, Сан түрлі бүгін күйші бар.

Қожа: Бұрала басып билейтін Буынсыз сұлу биші бар

Алдар: Осындай қызық өнерді, Көргісі келген ағайын. Мағжан ата аулына, Тамашаға ағылар.

Жүргізуші: Ендеше, достар! Əн мен күйге кезек берейік.

(Көркемөнерпаздар концерті тамашаланады) Жүргізуші: Құрметті, өнерпаздар! Сіздерге көп рақмет, мерекелеріңіз құтты болсын! Алдар: О, жарандар, жарандар! Мына жаққа қараңдар! Ұлттық ойын өтпекші, «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Қазақша күрес» сияқты, Ойынның түрі жетеді.

Қожа: Жаяуларда жарыспақ. Жүргізуші: Ендеше, достар! Солай қарай (спорт залға барайық)

22 наурыз – Наурыз мейрамы

175

Жеңімпазды желпінтіп, Бір қызықтап қалайық. Бəрі: Армансыз лəззат алайық, (Бəрі спорт ойыны өтетін жаққа барады. Ойындар өтеді) Алдар: Уа, халайық, сайысқа түсер өнерпаз жастар да көп, ойын-сауықтың талайы əлі алда. Мереке ұзаққа созылар түрі бар, уақыт жетсе жарар еді. Қожа: Қой, Алдар, уақыт жетеді, Бүгінгі тəуліктің ұзақтығы 25 сағат емес пе? Алдар: Қалайша? 24 сағат еді ғой. Қожа: – Əй, өзің едің ғой, күн бүгін 1 сағат ұзарады деген. Міне 25 сағат деген осы емес пе? Жүргізуші: – Иə, достар, алда ойын-сауықта, қазан толы көже де бар. Алдар: Бəсе, бəсе... Манадан бері бір хош иістің мұрнымды жарып бара жатқаны сол екен ғой. Қожа: Уа, халайық, құлақ сал, Жақсылыққа қашанда, Жан баласы тоймаған, Жаңа жылдың басы деп, Жақсылықтың асы деп, Көже жасап көл көсір, Наурыз тойын тойлаған.

Жүргізуші: Бəріңді, бəріңді, ауылдарға Наурыздың көжесіне шақырамыз. Бəрі: Жаңа жыл – Наурыз құтты болсын! Молшылық жылы болсын! Осы жылы береке əкелсін.

176

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

12 сəуір –

АВИАЦИЯ ЖƏНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

1961 жылдың 12 сəуірі! Бұл күн – Адам баласы рухының, ақылы мен парасатының, білімі мен қажырының дүр сілкінген мезгілі, «батыс та жоқ, шығыс та жоқ» бір ғана адамзат болып біріккен шағының өмірге туған сəті еді... Сол бір сəуірде баршамызға енді ғаламшарымыздағы сана иелері өзара соғыспайтындай, жер үстінде қан төгілмейтіндей, тəңірлік сабыр мен парасатқа ие болатындай көрінген. Осы бір үкілі үмітті арқалаған «Восток» зымыран-тасығышы жер тарихында тұңғыш рет адам баласын орбитаға шығарды. Көгілдір планетамыздың барлық құрлықтарындағылар ұлтына, нəсіліне, сеніміне, терісінің ақ, сары, қоңыр, қарасына қарамастан, осынау бір жылы жүзді, дидарына күлкі үйірілген перзентіне сүйсіне, мақтана, шаттана қарасты. Адам өзінің ұлы Анасы Жер-бесігінен жетіліп, ақыл-ойы, білімі толысып, ғарышқа шығып, ұлы Жаратушыға бір табан жақындады... Гагарин ұшқан «Восток» ғарыш кемесінің салмағы – 4,73 тонна, ұзындығы – 4,4 метр, ені – 2,43 метр. Адамзат баласының тұңғыш ғарышкері мінген «Восток» кемесі жерді 1 сағат 48 минутта бір рет айналып, Саратов облысының Энгельс ауданына қонды. Адам баласы ғарышқа өзі аттанбас бұрын көк əлеміне, алдымен, ақыл-ойы мен

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

177

білімінің жансыз жемістері – спутниктерді ұшырды.1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан «Спутник» зымыран-тасығышымен орбитаға тұңғыш жасанды жер серігі көтерілді.1958 жылдың 15 мамырында бортында Лайка, 1960 жылы 19 тамызда Белка-Стрелка иттері бар жасанды жер серіктері ұшырылды. 1959 жылдың 12 қыркүйегінде «Луна-2» автоматты-планетааралық стансасы Ай бетіне жетіп, оған КСРО гербі бейнеленген жалауша түсірді.1959 жылдың қаңтар-қыркүйек-қазан айларында «Луна-1», «Луна-2», «Луна-3» автоматты стансалары Айға жақындап, көзге көрінбейтін арғы бетінің суретін түсіріп, жердегілерге жолдады. Гагариннен соң əлемде жүздеген ғарышкерлер аспан əлеміне жол тартты. Адамзат тұңғыш рет ашық ғарышқа шықты. Өз кезегінде автоматты планетараалық стансалардың көмегімен Марсты, Шолпанды, Айды игеруді бастады. Америкалықтар да өз тараптарынан ғарыш кемелерін ұшырып, Ай бетіне адамзат баласының өкілдерін жеткізді. Ғарышкерлер саны əлемде өсе берді. Ғарыш жолындағы құрбандықтар да аз болған жоқ. Дегенмен, адам қайсарлығы мен білімі жеңіске жетелеумен болды. Қырандар қанаты талатын, тұлпарлар тұяғы тозатын ұшықиырына көз жетпес қазақ жерінен еліміз тəуелсіздігін алғанға дейін «Молния», «Венера», «Марс», «Протон», «Зонд», «Луноход» секілді ондаған ғажайып спутниктер мен зымырандар Күн жүйесінің ғаламшарларына сапар тартып, борттарында жаңа ғарышкерлері бар жүзге жақын ғарыш кемелері аспан əлеміне самғады. Дегенмен, адамзаттың ғарышты игеруіне осыншалық керемет жағдай жасаған Қазақ жерінен оның бір перзентінің жер орбитасына көтерілмеуі тарихи əділетсіздік еді. Сондықтан да егемен елдің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұңғыш қазақ ғарышкерін космосқа шығару жолында орасан қажырқайрат жұмсады. 1991 жылдың ішінде ғана Президентіміз жұмыс сапарымен Байқоңырға үш рет келді. Осы сапарларында Елбасы қазақ перзенті Тоқтар Əубəкіровтің ғарышқа ұшу əзірліктерінің барысына үнемі мұқият зер салып, қамқорлық жасаумен болды. Қазақстан мемлекеті егемендігінің еңсесін, елдігінің мəртебесін əлемге айғақтар бұл тағдырлы іске аса сергектікпен, ал бүкіл қазақстандықтар ерекше жүрек толғаныстарымен қарады. Сондықтан да сын сағаты соғып, ұлтымыздың қыраны, қазағымның

178

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

ұланы ғарышқа аттанарда еліміздің қуанышын бөлісуге Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыруымен кеңестер одағының 11 республикасының басшылары жиналды. Жер кіндігі – Байқоңырдан ұлтымыздың төл перзенті, ғарышкер-зерттеуші Тоқтар Əубəкіров мінген «Союз-ТМ-13» зымыраны 1991 жылдың 2 қазанында орбитаға жол тартты. Бұл күні тек барша түркі жұрты, жұмыр жердегі мұсылман қауымы ғана емес, қазақ еліне тілектес туысқан, бауырлас елдер де мерейіміздің өскеніне қуана қол соғысты. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Əубəкіров ғарышқа ұшты. «Қазақ Гагаринімен» бірге ғарышқа халықаралық осы экипаждың құрамында тұңғыш Австрия ғарышкері Франц Фибек те ұшты. Бұл Қазақстанның, жаңа егемен елдің космосқа тұңғыш сапары. Дəл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрып, республиканың Ұлттық аэроғарыш агенттігінің құрылғанын жариялады. Тоқтар Əубəкіров – 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-ші Май» колхозында туған. 1969 жылы ұшқыштардың Армавирдегі жоғарғы авиациялық училищесін бітірді. 1976 жылы КСРО Авиация министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін, 1979 жылы Мəскеу Авиация институтын, 1991 жылы Космонавтарды даярлау орталығын бітірді.Ұшқыш – инженер. Кеңестер Одағының Батыры, Халық қаһарманы. Кеңестер Одағының соңғы ғарышкері. Қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері. Ұлы даланы мекендеген перизат халқына Жерұйықты, бақыттың мəңгілік мекенін іздеген Асан Қайғы бабамыз Сыр бойына, Байқоңыр топырағына Желмаясын шөгеріп: бұл Жер кіндігі екен-ау деп толғанған дейді қария тарих. Сол ұлы Абыздың айтқаны келіп, қазақ жері адамзатты тұңғыш аспан əлеміне аттандырған киелі кіндігіне айналды. Тұңғыш перзенті көк əлеміне барып-келісімен бостандықтың Байрағын көтерген азат елдің Ғарышты игеруі жолындағы ұлан-ғайыр өз жұмыстары басталды. Ұлтымыздың тағы да бір аяулы перзенті, тəуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш əлеміне барып қайтты. Ол ғарышта алғашында,126 тəулік, екінші сапарында, 208 тəулік болды. Үшінші сапарында батыр жерлесіміз америкалық миллионері Денис Титоны да экпиаж құрамымен бірге алып ұшып, əлемде тұңғыш рет ғарышқа кəдімгі

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

179

саяхат жолын ашты. Талғат Мұсабаев ашық ғарышта жұмыс істеген тұңғыш қазақстандық ғарышкер болды. Ол ғарыш стансасынан тыс ашық ғалам аясында жалпы мерзімі – 41 сағат 21 минут болды.Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш ғарышткерінің өмір баяны мынау: Талғат Мұсабаев 1952 жылы 7 қаңтарда туған. 1974 жылы Ригадағы азаматтық авиация инженерлері институтын бітірді. Сол жылы Боралдайдағы авиаотрядқа ауысым инженері қызметіне тұрды. 1990 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданып, Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығында оқып, жаттықты. 1993 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірді. Ашық космосқа 7 рет шығып, 41 минут 21 секунд болған тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы. Ресей Федерациясының Батыры, Ресей мен Қазақстан ордендерінің игері. Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы ғарышкері. Азаттығымыздың көк туы асқақтай көтерілгеннен соң, Қазақстанның алдында ғарышты игерудің орасан үлкен міндеттері – Байқоңыр айлағынан ұшатын зымырандардың еліміздің экологиясына тигізіп жатқан зияндарын азайту, сөйтіп, халықтың денсаулығы мен келешегін қорғау, ғарышты азаттық алған мемлекеттің жасампаздық жəне қорғаныстық мүдделеріне шындап жұмылдыра білу парыздары тұрды. Бір сөзбен айтқанда, ғарышты игеру, кез келген мемлекет үшін мол табыс əкеліп, дамудың əлеуетті жолына бастары ақиқат. Еліміз үшін бұл жарқын жолдың тағаны 1991 жылдың 30 желтоқсанында ғарыштық бағдарламаларды іске асыру мүдделері негізінде ғарыштық инфрақұрылымдар нысандарын күтімде ұстау мен пайдаланудың 11 республика қол қойған Минск келісімінде жəне 1994 жылдың 28 наурызындағы «Байқоңырды» пайдаланудың ұстанымдары мен негізгі жағдайлары жөніндегі Ресей – Қазақстан келісімінде қаланды. Сайып келгенде бұған дейін Ресейдің Ғарыштық Күштер Басқармасының жетімсіз қаржысымен тіршілік кешіп келген Байқоңырдың алдағы тағдырын тезірек шешу керек болды. Сөйтіп, жоғарыдағы уағадаластықпен Байқоңыр Ресейге жалға беріліп, РФ-ның тарапынан Қазақстанның республикалық бюджетіне соңғы 5-6 жылда үзіліссіз, əр жылға шаққанда 115 миллион доллардан түсіп келеді. Ресей жағы бүгінге дейін Байқоңыр қаласының жыл сайынғы 70 миллион долларлық бюджетін, өзі жалға алған əскери нысандарға əр жылы 100 миллион доллар, əскерилердің тіршіліктеріне 100 миллион

180

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

доллар, жалпы мөлшері жыл сайын осы Байқоңырға ғана 1,5 миллиард доллар (бір жарым миллиард доллар) көлемінде қаржы жұмсап келеді. Байқоңырдағы мектептерді (оның ішінде қазақ мектептері мен оның мұғалімдері де бар) қаржыландыруды да Ресей өз бюджетінен ақша бөлу арқылы шешіп келеді. Қазақстан жағы тек қана Байқоңырда тұратын өз азаматтарының əлеуметтік саласын, денсаулықтарын қорғау, зейнетақыларын төлеу істерін ғана Қызылорда облысының бюджеті арқылы орындап отыр. Бұл – ел басшылығының даналығымен жасалған қайырлы іс еді. Сонымен, 2004 жылдың 9 қаңтары Қазақстан космонавтикасының өміріндегі ең көлемді халықаралық ғарыш жобасын жүзеге асырудың басталған сəті еді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин дəл осы күні «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жолындағы қарым-қатынастарды одан əрі дамыту жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясына жалға берудің мерзімін 2050 жылға дейін ұзартты. Тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық жағынан анағұрлым зиянсыз ғарыштық зымырандар кешенін құру арқылы, қазіргі амиль мен гептиль секілді улы зымыран отындарын пайдаланатын зымыран-тасығыштарды біртіндеп қысқартуға жұмыс істеуге уағадаласты. Бұлар – «Бəйтерек», «Есіл» кешендері болуы тиіс. Бұған қоса екі ел бірлесіп Қазақстанның өз спутнигі «КазСАТ»-ты да орбитаға шығаруы керек. Қазіргі күнде Қазақстанның ғарыштық саласы ірі қадамдарының жүзеге асуына қажетті ғылыми-техникалық, қаржылық-материалдық тағандар қалану үстінде. Экономикасы өрге басқан еліміз əлемнің дамыған елулігіне апарар қуаттың бір арнасын осы ғарыш саласындағы батыл қадамдаран өрбітетіні де анық. Енді Байқоңыр ғарыш айлағы жайында бірер сөз. Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның Қызылорда облысының жерінде, 1955 жылы құрылды. Осы жерден 1957 жылы тұңғыш жасанды жер серігі жəне 1961 жылы бортында адамы бар алғашқы «Восток» ғарыш зымыраны көкке көтерілді. Айлақтан 100-деген зымыран-тасығыштар ұшты. Ғарыш айлағының аспани даңғылы Ресей мен оған шектес мемлекеттер аумақтарын қамтиды. Ресей Байқоңырдан өзінің ғарыш кемелерінің 50 пайызын ұшырады. Бұрынғы КСРО-ның бас ғарыш айлағы Кеңестер елі ыдыраған соң Қазақ елінің меншігіне көшті. Қазақ-

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

181

станның ғарыштық елдер қатарына қосылуы – осы саланың болашақ мамандарын əзірлеуді бүгіннен бастап қолға алуды қажет ететіні рас. Республикамызда техника саласының, əсіресе ғарыштық кешендердің өз инженер-техниктері тапшы. Бұл олқылықты бір ғана Алматыдағы лицеймен, Астанадағы арнайы мектеппен жəне Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім берумен толтыру жеткіліксіз. Сондықтан дамыған шет жұрттарда «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарымызды ғарыш мамандықтарына молынан əзірлей түсу күн тəртібіне ерекше қойылуда. Жуковский атындағы Мəскеу Авиация институтының Байқоңырдағы филиалын əр жылы Қазақ елінен 10 жас маман бітіріп шығады. 2005 жылғы мəліметтерге сүйенсек, «Болашақ» бағдарламасы негізінде ғарыш саласы бойынша 70-ке жуық жас маман шетелдерде оқу бітірген. Космонавтика саласының алғашқы түсініктерін 5-11 сыныптар аясында оқытатын Алматыдағы арнайы лицейді тамамдаған 80 түлек бүгінде шетелдің, Ресейдің жоғары оқу орындарында жəне Мəскеудегі Бауман атындағы техникалық университетте ғарыш саласына бейімделген факультеттерде білім алуда. Алматыдағы лицейде қазір 200 шəкірт ғарыш зымырандары мен ғарыш айлақтары техникаларының бүгіні мен келешегіне қатысты білімді зерделеуде. Шиырып айтсақ, ұлтымыздың алғашқы ғарышкерлері Тоқтар Əубəкіров пен Талғат Мұсабаевтардың көк əлеміне сапарларын лайықты жалғастырар жас толқын, өндір ұрпақ жетіліп келеді. Қазақстанның ғарыштық елге айналуының тұғыры осылайша қалануда. ...Жер бетіндегі 6 миллиардтан астам адамның қазір 300-ден астамы ғана ғарышкер. Елімізде осынау ғажайып мамандықтың иелері əзірге екеу. 2002 жылы қазақстандық алғашқы болашақ ғарышкерлер тобын таңдаудан соң, Даярлау орталығына 1972 жылы туған Айдан Ақанұлы Айымбетов, 1967 жылы туған ұшқыш Мұхтар Рабатұлы Аймаханов алынды. Мемлекеттік Туындағы көк аспанға қанатын керген қыранындай Күннен туған – Ғұн ұрпақтарының Ғарышқа самғаулары алда да абыройлы бола береріне күмəн келтірмейміз!

182

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

ҚАЗАҚСТАН – ҒАРЫШТЫҚ ДЕРЖАВА А.У. Сейтжанова ЖББМ №151 тарих пəні мұғалімі

(5-сынып. Қазақстан тарихынан əңгімелер) Сабақтың мақсаты: Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, Байқоңыр ғарыш айлағы, тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы, сонымен қатар табиғатты қорғау мəселелері туралы кеңінен мағлұмат беру. Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып, ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, осы салаға қызығушылықтарын ояту арқылы ізденістерін дамытуға көмекте су. Тəрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, отаншыл тəрбие беру, ұлт мақтаныштарына деген құрмет сезімін тəрбиелеу. Сабақтың түрі: кіріктірілген. Пəнаралық байланыс: астрономия, биология, география Көрнекілік: Т. Əубəкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А. Гагарин жəне Байқоңыр ғарыш айлағының суреттері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

183

Үй тапсырмасын тексеру: Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін. Үй тапсырмасын төмендегі тақырыптар бойынша талқыға саламыз: – Тың игерудің қажеттілігі жəне барысы – Аыра сілтеушілік – Тың игерудің салдары жəне тарихи маңызы. Жаңа сабақ: Тақырыптың жоспары:  Байқоңыр ғарыш айлағы.  Тұңғыш қазақ ғарышкерлері.  Табиғатты қорғау – баршаның ісі. Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын. Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер? Оқушылардың ойын білгеннен кейін планеталар суретін көрсетіп, жалпы ғарыштық кеңістік туралы астрономия пəні мұғалімі қысқаша түсінік береді: ҒАРЫШ – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер жəне оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын ғарыш жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс ғарыш болып ажыратылады. Ғарыш алаңы, космодром – ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға жəне ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш туралы қызықты деректер:  Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған.  Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды, бекітілмеген заттар ауада қалқып жүреді.  Басқарылып отырған кеменің ішіндегі ауа əрдайым айналдырылып, тазартылып отырады.  Кейбір скофандрлар 15 қабат түрлі материалдардан жасалады. Бұл ғарышкерді сыртқы əсерлерден сақтап, қорғап тұрады.  Ғарышта ең ұзақ болған – орыс ғарышкері Валерий Поляков. Ол «Мир» ғарыш айлағында 1994 жылдың қаңтар

184

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін 417 күн 17 сағат болған.  АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис «Эндевор» шаттлында 1992 жылы неке қию рəсімдерін өткізген бірінші жұп.  Кеңес Одағынан ең алғаш ғарышқа жіберілген иттер болса, америкалықтар сынақ үшін маймылды жіберген екен. Байқоңыр ғарыш айлағы Негізгі деректер:  «Байқоңыр» ғарыш алаңы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы аумағында орналасқан.  1955 жылы 12 ақпанда полигон салу туралы КСРО министрлер кеңесінің №292-181 қаулысы қабылданды.  1957 жылы пайдалануға берілді.  Ғарыш алаңы ауданы 6717 км2 жəне солтүстіктен оңтүстікке дейін ұзындығы – 75 км, ал батыстан шығысқа дейін – 90 км аумақты алып жатыр.  «Байқоңыр» ғарыш алаңы мынадай ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылды: «Восток», «Восход», «Салют», «Мир», «Марс», «Венера», «Луна» жəне «Энергия-Буран».  2010 жылғы деректер бойына дүниежүзі мемлекеттерінен 150-ден астам ғарышкер ғарышқа сапар шекті. 2. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері Алдын ала дайындалған рөлдік ойын. Екі оқушы ғарышкер ретінде өз өмірлерінен оқушыларды хабардар етеді. Оқушы: Тоқтар Əубəкіров 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында өмірге келген. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары əскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы авиация институтын бітірген. 1969-1975 жылдары Кеңес Одағы əскери-əуе күштерінің Қиыр Шығыс əскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет əуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды да, 1991 жылы 2 сəуірде Кеңес Одағы Ғарышкер-

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

185

лер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Сөйтіп, 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарышта өткізген мерзімі – 7 күн, 22 сағат, 13 минут. Оқушы: Талғат Мұсабаев 1951 жылы қаңтардың 7-сінде Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітіріп, инженер мамандығын алып шықты. Сөйтіп, 1974 жылдың 1 сəуірінен бастап, Бұрындай əуе кəсіпорнында кезекті инженер болып қызмет жасады. Ал 1984 жылы Алматы əуе клубында, 1986 жылы ұшқыш даярлайтын институтты бітіріп, азаматтық авиациясының пилоты деген куəлігін алды. Содан 1987 – 1990 ж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарды. 1991 жылдан бастап ғарышқа ұшуға даярланды. Əскери əуе күштерінде қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болды. 2005 жылы «Бəйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан – Ресей бірлескен кəсіпорны) Бас директоры, ал 2007 жылдың 11 сəуірінен бастап Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметін атқаруда. Ғарыштағы уақыты – 341 күн 9 сағат 48 минут. 3.Табиғатты қорғау – баршаның ісі.  Арал қасіреті.  Семей полигоны. Карта пайдалану арқылы негізгі мəліметті баяндау. Тарихи мəлімет: Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450ден астам жер үсті жəне жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нəтижесінде атмосфераға, гидросфераға жəне литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан зор үлкен аумақтарда (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары жəне Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нəтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар жəне тұрғын халықтар зардап шекті.

186

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің басшылығымен «Невада – Семей» экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады (Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы 29 тамызда қол қойды). Ал Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Қойнауы кəсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едəуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін əлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерді 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт жəне 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. Биология пəні мұғалімі: Бұл аймақтағы арулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке жəне психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едəуір жақсы парықталған. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей жəне Павлодар облыстарының радиациялық сəулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің ісік аурулары, лимфогемобластоз жəне басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда, рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі əртүрлі ауытқулар, тəні мен ақыл-есі кемтар əрқилы сəбилер дүниеге көп келеді. Мамандардың айтуынша, оның бəрі нақ қысқа мерзімді жəне қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлылығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний жəне басқа да металдар əртүрлі дəнді-дақылдар адам организміне сіңеді.

12 сəуір – Авиация жəне ғарышкерлер күні

187

География пəні мұғалімі: Арал апатына себеп болған факторлар:  жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшеліктерін ескермеу;  ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;  суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;  жерді игерудің ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа əкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суының тарылуына себеп. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқтап, соңғы 1-2 жылда қайта қолға алынды. Қорытынды кезең. Сабақты бекіту: 1. Ғарыш туралы қандай қызықты ақпараттармен таныстыңдар? 2. Қазақ ғарышкерлерінің өмірі, жетістіктері туралы не айтасыңдар? 3. Бізде қандай экологиялық мəселелер бар екен жəне олардың зардабы қандай екен? Жаңа сабақтың негізгі мəселелеріне тоқтала отырып, тақырыпты қорытындылаймын. Ғарышты игерудің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне оқушылардың көзін жеткізуге тырысамын. Бағалау. Үй тапсырмасы: §53. Қазақстан – ғарыштық держава. Қосымша тапсырма ретінде «Мен ғарышкер болсам...» атты тақырыпта қысқаша шығарма. М. Шахановтың Арал теңізі мəселесіне қатысты атқарған ісі туралы мəлімет дайындау.

188

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

18 сəуір –

ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ЖƏДІГЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

Бұл мереке халықаралық деңгейде алғаш рет 1984 жылы 18 сəуір күні атап өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мəселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы арнайы бекіткен болатын. Бұл ұйымның мақсаты – қоғам мүшелерін халықаралық мəдени мұраны сақтау жəне қорғау мəселелеріне назарын аудару. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында əлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО-ның əлемдік маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген. Қазақ даласында əлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. 2003 жылы аталған тізімге еліміздегі «Əзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматы маңындағы Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Жалпы, Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын ұзын саны 25 мыңнан астам тарихи-мəдени ескерткіш бар. Оның басым бөлігі Маңғыстау жерінде жатыр.

18 сəуір – Ескерткіштер мен тарихи жəдігерлердің халықаралық күні

189

Ақселеу Сейдімбеков ағамыздың жазып кеткен «Күмбір-күмбір күмбездер» кітабын оқи отырып, ескерткіштердің адам ғұмырымен қоғам кеңістігінде қаншалықты орын алатынына тəнті боламыз. Ұлан-байтақ қазақ даласы небір ескерткіштерге бай жəне əрбір ескерткіштің өнбойы тұнып тұрған тарих пен тағылымға, аңыз бен əңгімеге толы екенін ұғынамыз. Сөйтіп, олардың қатпар-қалтарысына үңілген сайын тарихи таным жиегіміз кеңейіп, халқымыздың бай да сарқылмас мұрасынан сусындауға жолымыз ашыла түседі. Зерттеушілердің пайымдауынша, ескерткіш орнату дəстүрі тым ертеден басталыпты. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қол басшылармен қоғам қайраткерлерінің құрметіне белгі тұрғызумен ескерткіш орнату дəстүрі бастау алған деп пайымдайды ғалымдар. Бүгінге дейін жалпақ əлемді өзіне тартып, құпиясын қойнына тыққан əйгілі Мысыр пирамидалары, сұлу да айшықты Тəж Махал, перілер тұрғызған деп аңыздайтын Қытайдың ақ қорғаны, Александрия мұнарасы қатарлы сəулет өнерінің ғажайып туындыларымен қоса, Қайта өрлеу дəуірінің ірі-ірі тұлғалары Леонордо да Винчи, Сант Рафаэль, Микеланджелоның теңдессіз кескіндемелері мен көркем мүсіндерінің қайталанбас бейнелері күні бүгін адамзат баласын өзіне таңдандырумен келеді. Алыстағыны қаузағанша, өзімізге келер болсақ, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі мен тайқазанымыз халықаралық ЮНЕСКО шеңберінде қорғалып, əлемдік құнды мұралар қатарынан орын алғанының өзі бұлардың теңдессіз ескерткіштер екенін айғақтайды. Сонау Орхон жағалауындағы Күлтегін сынтасының көшірмесін əкеліп, Астана төріндегі Еуразия жоғары оқу орнының қақ төріне жайғастырылған болатын. Зерттеушілер жалпы ескерткіштерді типологиялық белгілері бойынша, археологиялық жəне тарихи, сосын сəулеттік жəне монументтік (мүсін) деп төрт топқа бөледі. Ендеше төл мəдениетіміздің айшықты белгілері – ертеден келе жатқан кесенелер мен обалар, сондай-ақ балбал тастар мен сын тастарға, жалпысы осы төрт топтағы ескерткіштерге республика, облыс аумағы өте бай. Жер жаннаты Жетісу өңірінде ескілі-жаңалы ескерткіштер де кенсіз емес. Талдықорған өлкесінің өзінен алып көрсек, Шаған таудың ұшар басындағы шың тасқа табиғаттың өзі айшықтаған қыз суретінен бастап тас бетіндегі таңба-сызбаларға дейін көне дəуір ескерткіштері жетіп артылады. Қасиетті Қадырғали Жалай-

190

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

ырдың, əулиелеріміз Ескелді, Балпық, Қабылиса бабалардың қолдан қашалған тас мүсіндері, Қабанбай, Қапал батырлардың ескерткіштері, ақын Сара апамыздың тас кесенесі, Нұрмолда атаның мүсінді кесенесі, аудан көлеміндегі ҰОС-ының əйгілі батырларының құйма мүсіндері, монументтік түрлі тас бағандар, тақталар, мəдени алаңдар мен саябақтар, архитектуралық нысандар, міне, мұның барлығы да осы ескерткіштер топтамасына жататын жəне бəрі де заңмен қорғалған объектілер болып табылады. Бүгінде аудан территориясында ұзын саны 72 тарихи жəне мəдени ескерткіштер мен қорғандар тізімге алынса, оның 8-і қала құрылысы жəне сəулет сипатындағы, 64-і (бұның 26-сы монументтік топтағы) археологиялық сипаттағы ескерткіштер санатына тіркелген. Ескерткіштерге осы қырынан келер болсақ, əрбір ескерткіште терең тарих, тұтар үлгі, алар тəлім, үйренер өнеге жатқаны анық. Сондай-ақ, ол өз дəуірінің мəдениеті, өз дəуірінің белгісі, ұрпаққа қалған аманат. Ескерткіштер осымен құнды, осымен құрметті. Ал ескерткіштерді қорғау, күту, қалдырған тағылымдарын қастерлеу ұрпақ жүктер міндет болмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1044 Қаулысына сəйкес «Тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау жəне күтіп-ұстау ережесі» бекітілген.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

191

1 мамыр –

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясаттың басты қағидаларының бірі болып табылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тəтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған əрбір ұлттық-мəдени орталықтар мерекеде əн айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дəстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

192

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мəдени бірлестіктері, 500-ге жуық кіші Ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде əрбір ұлтқа салт-дəстүрлерін жаңғыртуға, мəдениеті мен əдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бəрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, əртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани жəне мəдени құндылықтарына құрметпен қарау əдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға əсер етті. Нəтижесінде əрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тəн этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мəселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі – Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді жəне тұрақтылықты əрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мəселесі. Бағыттың бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді. Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тəжірибе этносаралық мəселелерді шешудің əлемдік тəжірибесіне енуде.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

193

Бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі. Мемлекетіміздің ұстанған ұлттық саясатын насихаттау мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясы шетелдік ұйымдармен қарым-қатынасты нығайта түсуде. Осы мақсатпен өткен жылы Германия, Бельгия, нидерланды, АҚШ, Украина, Ресейге арнайы сапарлар ұйымдастырылды. Аталған елдерде делегация мүшелері Бундестаг, Еуропарламент депутаттары, Тең мүмкіндіктер орталығы, БҰҰ, америкалық сыртқы саясат ұлттық комитеті басшылары жəне саяси қайраткерлермен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізді. Конференциялар ұйымдастырылып, тəжірибе алмасулар жүзеге асырылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының аларынан берері көп екенін мойындаған шетелдік əріптестер оның 12 жылдық тəжірибесіне қызығушылық танытып жатты. Бельгиядағы Тең мүмкіндіктер жəне нəсілшілдікке қарсы күрес орталығының директоры Йозеф де Витто дəл осындай ассамблеяны өз елінде құруды орынды деп атаса, Фордхэм университетінің профессоры П. Мордвидж «Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің ішінде жоғары жетістікке жеткен алғашқы ел, сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін əлемдік тəжірибеде қолдану керек» дей отырып, еліміздегі бүгінгі жағдайға жоғары баға берді. Ал Ресейде біздің Ассамблеяның үлгісімен Ресей халықтарының Ассамблеясының құрылуы қазақстандық тəжірибенің маңыздылығының айқын дəлелі болып табылады. Жетекші сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазақстандық қоғамдағы қалыптасқан толеранттылықтың негізінде бірнеше фактор жатыр. Бірінші фактор – адамдардың елдің болашағына сеніммен қарауы. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясы нақ өмірлік болашаққа деген сенімділікті, түсінушілікті арттырған құжатқа айналып, қоғамымыздың қарқынды түрде дамуын алға жетелеудің болжамды жоспарын ұсынды. Ал Стратегияда айтылған жоспарларды сатылай жүзеге асыру ел азаматтарының əлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді. Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы. Халқымыз бірде кең байтақ елінің ен даласынан көз алартқан сырт дұшпанға ұлтарақтай да жерін қимай, жауымен қасық қаны қалғанша шайқасатын қаһарлы қазақ болса,

194

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

енді бірде табалдырығын аттаған қонағын құдайдай күтіп, оған дастарқан боп жайылуға, төсек боп төселуге дайын дархан қазақ. Толеранттылық сөзінің бір синонимі «қазақы мінез» болар, сірə. Үшінші фактор – мемлекет құраушы жергілікті халықтың өзіндік ерекшелігі. Қазақтар мыңдаған жылдар бойы сыртқы жағдайлардың өзгеріп тұруында өзіндік бейімделу мүмкіндіктерін көрсете алған ұлы көшпенділер мəдениетінің мұрагерлері. Қазақ жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыс өркениетін байланыстырушы алтын көпір іспеттес қызмет атқарып, керуен жолдары мəдениет жəне біліммен екі бағытты да сусындатты. Көне қазақ жеріне өзіндік зор ықпалын тигізді. Жалпы, Жібек жолының қазақ жерінен өтуінің өзі мəдениет əртүрлілігін, басқалар мəдениетіне, тіліне жəне діни көзқарасына деген түсінушілігін қалыптастырғаны белгілі. Төртінші фактор – қазақтың ұрпағын кек сақтамайтын етіп тəрбиелей алу қасиеті. Қазақ басынан тағдырдың талай қатал сынын кешірді. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда қылышынан қан тамған замандарда таңдары азаппен атса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық. Бесіншіден, жазба əдебиеті кешірек дамығанымен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткен, сарқылмас мол қазына болып табылатын ауыз əдебиеті, батырлар жырлары, Қазтуған, Шалкиіз толғаулары мен Доспамбет, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет сынды жауынгер ақын-жыраулардың отаншыл шығармашылығы арқылы бүгінгі ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті дəріптеп, қазақ болып туғанын мақтанышпен ауыз толтыра айтуға мүмкіндік беріп отыр. Тарихы бар халық қана – ұлы халық. Алтыншы – халықтың ұлылығын танытатын тағы бір белгі – оның тілі. Сонау ХІХ ғасырда қазақ мəдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В. Радлов, П. Мелиоранскийлер «түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі» екенін атап кетеді. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынов

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

195

қазақ тілін былай деп бағалайды: «түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қаз қалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс». Тілге деген бұдан асқан баға болмаса керек. Қандай қиын кезеңдерді бастан кешірсе де, қиыннан қиыстыра алатын тілінің байлығын, оның тазалығын кейінгі ұрпағына жеткізе алған халық ұлы халық емес пе?! Жетінші – жаугершілік замандарды басынан кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып, дастарқанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақтың ұлылығын танытса керек. Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деп ойлаймыз.

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ!» АТТЫ МЕКТЕПІШІЛІК МЕРЕКЕЛІК КЕШ Г. Ибраева

Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тəрбиелеу. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Міндеттері: – сыйластық, татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; – өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту; – өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тəрбиелеу. Фанфара ойналады. 2 жүргізуші сахнаға шығады. Слайд көрсетіледі. Музыка.

196

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Гауһар: Бірінші мамыр! Достықтың ұлы мейрамы, Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары. Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат, Өзіңді сəнмен қошемет етіп тойлайды! Назданып бүгін өмір нұрлы күні, Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі. Мамыр боп, айбары асып асқақтайды, Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні. Алина: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ə. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тəтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дəстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды,ең бастысы, өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Гауһар: Қаһарман, қас батырға дабылы сай, Арманға жетелейтін ағыны бай. Мен сені қуанышпен қарсы аламын, Ажарың ақ шуақты мамырым-ай.

Алина: Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат əкелген 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Макежанова Роза Ашимбекқызына беріледі. Гауһар: Күте тұғын асыға əр күнін біз, Арналатын ең тəтті əн жырымыз

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

197

Мерекелі мерейлі айдың басы, Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Алина: Тілі басқа тілегі бір біргеміз, Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз. Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп, Татулықтан бұзылмасын іргеміз. Гауһар, бүгін елге сырттан түрлі ұлт өкілдері келмекші еді. Сен сол туралы естідің бе? Гауһар: Əрине! Мен сол қонақтарды қарсы алуға əуежайға бара жатқан едім. Алина: Мені де осы ой мазалап əуежайға бет алған едім, екеуміздің ойымыз бір жерден шыққандай ғой. Гауһар: Олай болса, ұшақ келетін уақыт жақындап келеді, қонақтарды бірге барып қарсы алайық! Ұшақ дауысы естіліп, сөз сөйленеді «Құрметті жолаушылар, Алматы əуежайына ТМД елдерінен Ин-18 ұшағы қонбақшы». Бұл рейстен біздің елге бірнеше ұлт өкілдері қонаққа келмекші.Осы ұлт өкілдерін қарсы алайық Қазақстандықтар! «Маленькая страна» əні орындалып, ұлт өкілдері ортадан сахнаға көтеріледі, шашу шашылады. Əр ұлт сəлемдесіп, өлең оқиды. Украинша: Мамырдың бірі, достық күні, Əн салып, билеген халықтың үні. Тұтасып, тойлаған ұлттар, Керемет мереке, мамырдың бірі. Здоровеньки выли – сəлеметсіздер ме Перше травня, день дружби, Співаэ, голос народу, який танцював. Прилучившись, наци, які всяткували, Чудовий свято, перше травня.

198

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Кавказша: Гаморд жоба– сəлеметсіз бе? Лес арбрес де лиласса флеури, Ет шантер лес ойсеаух жоуеусес Кюил не девиенно не рас анхиеухет май Ет соурирес кюлат дувисака

Өзбекше: Жамлина – сəлеметсиз бе? А бахор кириб боради уйларга, Ва бошни айлантиряпти. Қаерда – ундай булса в утмишда қолди қиш, Ва юракда – бахор, аез эмаз

Түрікше: Халкини Первомаем! Сизак гюнлерде интерсениз! Шерефли дегилдыр еллер постер, Онлар артик нужнеик курек. Серездарым мулти.

Қазақша: Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көгімізден жарқырайды жарық күн. Ырыс, дəулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

Əн: «Əрқашан күн сөнбесін». Алина: Бүгінгі мерекеге қонақтар бос келмей, өз өнерлерін де əкеліп отыр екен. Қанекей онда бəріміз бірге əр ұлттың өнерін тамашалайық!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

199

 Өзбекше «Учкудук» пародия – 5 «Б»  Испан биі – 5 «А» Баянова Тоғжан, Айтахун Асылай, Сабекова Меруерт, Асан Аружан 5 «А»  Тəжік өлеңі – Оқас Меруерт 5 «Б»  Мексика биі – Қайнар Қайсар, Альбина 5 «Б»  Кавказ биі – Бейсенов Рахымжан 5 «А»  Үнді əні – Айтахун Асылай 5 «А»  Орыс биі – Нұртайқызы Дана, Жиенбай Жансая 5 «Б»  Украин əні – Дана мен Дильшат 5 «Б»  Ламбада биі – 5 «А»  Орыс əні – Оқас Меруерт, Ақбергенова Гауһар 5 «Б» Гауһар: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады, Бар əлем бір-ақ сəтте құлпырады. Əлемге дос құшағын жая келген, Армысың, бар халқымның ынтымағы! Бармысың, қазағымның ынтымағы! Алина: Ынтымағы жарасқан береке күн, Білдіреді болашақ ел ертеңін. Татулық пен достығың арта берсін. Құтты болсын бүгінгі мереке күн. Гауһар: Қазақ жері достықтың гүлстаны, Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы. Күрестерде еңбекте, мерекеде, Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. Əн «Атамекен», орындайтын хор. Алина: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кəміл сенеді.«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Гауһар: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден, Кімдер қашсын қазақтайын ер елден. Достығымыз ғасырларға жарасқан, Туған елім, шарықтай бер кемелден!

200

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізушілер: Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық! Гауһар: Құрметті жолаушылар Ин-18 ұшағы ұшқалы тұр, қонақтарымызды шығарып салайық. Атқыштар атылып, шарлар ұшырылады. Барлығы қайта кілеммен төмен түседі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр –

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Отан қорғаушы күні – Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке, мемлекеттік демалыс күні болып аталады. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-нің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мəселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тəуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне жəне тəуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генералполковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. 1991 жылы Қазақстан Рес-

201

202

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб – жаяу əскерлер, əуе қорғанысы күштері мен əскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 əскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс жəне Шығыс округке бөлінді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды. Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тəуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толып отыр. Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде əрдайым еліміздің корғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи жəне кəсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлді. Жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық əскери оқу орындары жүйесімен жəне қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету əрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық жəне жауынгерлік дəстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының əскери қызмет атқаруының жағдайы мен тəртібін дербес анықтайды, өз аумағында əскерлердің, қару-жарақтың жəне техниканың орналасу мəселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, əуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері жəне де ұлттық гвардия мен ішкі əскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден жəне əртүрлі құрамалар мен арнайы əскерлерден тұрады. 20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық əскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Əскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығаюда. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дəстүрінің заңды жалғас тапқан күні. Дəстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н.Ə. Назарбаев кезекті əскери атақтар тағайындап, көзге түскен əскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рəсімдері өткізіледі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

203

7-МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ М.Қ. Досымбекова С.А. Ходжиков атындағы № 39 лицейдің тарих пəнінің мұғалімі

5-9 сынып аралығында өткен сыныптан тыс жұмыс Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Отан алдында өз жауапкершілігін сезіндіру. Оқушыларды отаншылдыққа, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа тəрбиелеу. Көрнекіліктер: Н.Ə. Назарбаевтың суреті, ұлы тұлғаларымыздың бүктемесі, интерактивті тақта. Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші-алтын бесік», «Өз елім – өлең төсегім», «Отан – елдің анасы». Кіріспе. Мұғалімнің сөзі: 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-дің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мəселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тəуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне жəне тəуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С. Нұр-

204

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

мағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. «Отан қорғаушылар күні» бұл аса абыройлы, ұлық күндеріміздің бірі. Еліміз өз тəуелсіздігін алғаннан кейін елдің азат ойымен өткен тарихы мен тағдырын таразылап, жаңаша бүгінгі заман талабына сай баға берді. Соның нəтижесінде Ұлттық Отан қорғаушылар күні өмірге келді. Бұл – қазақ тарихының жаңа бір белесі, Қазақ елінің өзін-өзі басқаруының, өзін-өзі қорғай алатындығының, күш-қуатының көрінісі (Слайд) 1-жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. 2-жүргізуші: Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің мəні, көңілдің жыры, əр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі кешіміз өздеріңізге арналады. Əн: «Сарбаздар» 1-жүргізуші: Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз əрқашан да мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт жəне бейбіт ғұмыр тілейміз. 2-жүргізуші: Ел – халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда əскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Əскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. 5-сынып оқушыларының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. 1-оқушы: Елімнің атын айтсам – Қазақстан! Жерімнің атын айтсам – Қазақстан! Қойнауы қазынаға толған мекен,

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Байлығымды айтсам – Қазақстан! Қазақстан – бабамнан қалған мұра, Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра! Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған Батырларым демесем болар күнə!

2-оқушы: Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен, Ұлылардың арманын ұлықты еткен. Өзге де ұлт-ұлысқа қоныс болып, Оларға да жақсылық үйіп төккен. Қазақстан – Республикам! Мақтанышым! Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

3-оқушы: Ен байлығы сарқылмас, Отан –туған жеріміз. Отан – тартылмас Өзеніміз, көліміз. Отан – біздің кең алып, Босағамыз,төріміз. Отан – достық,Ұлы жер – Тəуелсіз еліміз! Отанымды сүйе білем, Отан үшін – қуат-күшім Отан үшін күйе білем! Отан – жерім, Отан – суым Отан қуат, нəр береді. Отан – ұран, Отан – туым, Отанды ер гүлденеді.

4-оқушы: Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің –тірегім, Құшағында гүл атам. Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң.

205

206

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан. Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мəңгі соғып тұратын, Жүрегімсің сен, Отан.

5-оқушы: Отан – сенің, ата-анаң, Отан – досың, бауырың. Отан – өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. Отан –тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан – өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын... Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап, сүйе біл.

1-жүргізуші: «Отан қорғаушылар» дегеніміз тек қана бүгінгі күннің əскери азаматтарымызға сый-сияпат көрсетіп, солардың құрметіне мерекелер ұйымдастыру ғана емес, Алаш Алаш болғаннан бері елі мен жерін қорғап, мынау байтақ өлкемізді басқыншы жаулардан аман сақтап артындағы ұрпаққа аманат еткен қолына қару ұстап жаны мен тəнін туған жердің бір тал шөбі үшін құрбан еткен Алаш баласы, кемінде мың жылдан бергі, мəселен, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Науырызбай, Ер Жəнібек,… Хан Кене, Исатай мен Махамбет… заманымыздың батырлары Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов, Əлия мен Мəншүк, кешегі Рысқұлбектер. 2-жүргізуші: «Отан қорғаушылар күні» осы Ұлы батырларымызды ұлықтап, солардың рухын асқақтатып, бүгінгі Қазақ елінің Қарулы күштерінің əлеуетін көрсетіп, қаһармандық тарихын мадақ етіп, насихаттап, Отан қорғау əрбір Алаш азаматы үшін аса абыройлы міндет екенін жас ұрпақ санасына тереңдете сіңіретін, рухты, намысты, арлы, елін-жерін шын сүйетін азамат тəрбиелеу-

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

207

ге өз үлесін қосатын үлкен іс шаралар күні. Сондықтан да бұл күннің маңызы ерекше. Көрініс: батырларымыздың ерліктері жайлы. 1-жүргізуші: Отан отбасынан басталатынын ескерсек, əрбір саналы адам қастерлі сөздің қасиетін өз ұрпағына ұқтыра білу керек. Пайғамбарымыз: «Əркім өз қарамағындағылардан жауапқа тартылады», – деген. Демек, біз ұрпақ бойында отаншыл сезім қалыптастыруға жауаптымыз. Өйткені туған елге деген құрметті, патриоттық рухты өз ата-анасынан көрмеген баланың болашақта өзіне бейтаныс сезімді жатсынуы бек мүмкін. 2-жүргізуші: Туған жерге деген сүйіспеншілік елді көркейтуді, білім іздеген жастардың талабына қолдау білдіруді де ұқтырады. Сол себепті Ислам дінінде ең жақсы садақа ілім жолындағыларға берілген садақа екендігі айтылған. «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тəрбиеле, білімге көңіл бөл» демекші, бұл ел болашағына жасалған қамқорлық болары сөзсіз. Хор: «Достық». 1-жүргізуші: Егер осы бір төрт əріптен құралған сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, оның қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені Отан деген тек туып өскен жерің ғана емес, ол – күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жерің, қазыналы қариясы мен ақ жаулықты анасы бар алтын бесігің, тайқұлындай бірге өскен құрбы-құрдастан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді балаң жүрген туған елің. 2-жүргізуші: Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекен, «атамыз күйеу, анамыз келін болған жер». Міне, осы туған ел мен жерге еге болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – əрбір мұсылманның парызы. Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабының желісімен түсірілген деректі фильмнен үзінді. Əн: «Атамекен»

208

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Мұғалімнің сөзі: Қорыта келгенде, Отанды сүюмен патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет – бəрі қатарлас ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілік – оған жанашырлықпен қарауға, көркейтуге үлес қосуға, адал қызмет етуге, халықты сыйлауға, халықтың тілі, діні, салт-дəстүрі, қалыптасқан мəдениеті, сүннет жолы, мазхабы, мемлекеттік рəміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын құрметтеуге негізделуі тиіс. Отанды, елді қорғағанда, атақ алу үшін, абыройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім болмасын, Отансыздықтың азабын тартпасын деп қорғау керек. Жер бетінде Отансыз ұлттар қаншама?! Оларды дəл біздегідей бауырына басып, жақсылық жасап отырған елдер некен-саяқ. Жергілікті ұлттың ызғарына тоңып, қаһарына ұшырап отырғандары жəне бар. Біздің де ұрпағымыз біреудің қас-қабағына қарап жəутеңдемесін, қолына қарап дəметпесін десек, атадан қалған асыл мұраны сақтап, ақылды ұрпақ тəрбиелеу – мүлт кетпес парызымыз болу керек. Біздің тəуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық əскеріміздің айбыны арта берсін!

9 мамыр – Жеңіс күні

9 мамыр –

ЖЕҢІС КҮНІ

Қазақстанда мамырдың 9-ы Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сəйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары «Барбаросса» деген атпен белгілі. «Барбаросса» жоспары 4 əскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. «Солтүстік» тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті «Орталық тобы» Мəскеуге бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған «Онтүстік тобы» Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мəн берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту жəне түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар

209

210

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия əскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Екінші дүниежүзілік соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік əскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында 5 % мемлекеттің халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А. Мүсірепов, В. Лобанов, К. Абдрахманов, К. Иманқұлов, А. Наганов, Ғ. Жұматов, Ш. Шолтыров, Т. Деревянко, Қ. Батталов жəне басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар жəне 4 атты əскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жəне 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған əскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Əсіресе Мəскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Мəскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы жəне екі жаяу əскер дивизияларын талқандады. Мəскеу түбіндегі шайқаста əсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дəрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В. Панфиловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

9 мамыр – Жеңіс күні

211

Панфиловшы аға лейтенант Б. Момышұлы Мəскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник лауазымымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А. Бектің «Волоколамское шоссе» повесі Б. Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б. Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дəрежесінде мойындалмады. Республикада жасақталған əскери құрамалар Ұлы Отан соғысының басты майдандарында болып, жеңіс жолында аянбай жаумен шайқасты. Олар Мəскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Сталинградты қорғасып, Паулюс əскерлерін талқандасты. Ленинград қаласын қорғап, оны жаудан азат етті. 1943 жылдың жазында болған Орел-Курск шайқасына қатысып, кеңес жерін гитлерлік басқыншылардан азат ету жолындағы жеңіске өз үлесін қосты. Ақыры жау астанасы Берлинді алуға, маршалл Жуков басқарған I Беларусь майданының құрамында болған қазақ жауынгерлері Кеңес Одағының Батыры, атқыштар батальонының командирі, майор, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің жауынгерлері Гитлер паналаған бункерді талқандаса, взвод командирі Рақымжан Қошқарбаев жау ұясы рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту қадасты, ол да Қазақстанның Халық Қаһарманы атағын алды. Берлин қаласында шайқасқа қатысып, рейхстагқа ту тіккен 150-атқыштар дивизиясы Қостанайда жасақталған 756-атқыштар бригадасы негізінде құрылған болатын. Соғыс жылдары қазақстандық бес əскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына əлденеше ордендер қадалды. Олардың ерлігі аңызға айналды. Қазақстаннан тыс жерлерде құрылған немесе тіке майдандағы бөлімдерге қосылған жерлес жауынгерлер де ерлікпен соғысты. Мəселен, Сталинградты қорғауда айрықша рөл атқарған 62-армияның құрамында 1942 жылы 1 тамызда 3820 қазақ, ал Сталинград түбінде соғысқан 21-армияның құрамында ол кезде 1225 қазақ болған. Бұл армиялардың құрамында Қазақстанда жасақталған əскери құрамалар мен бөлімдер жоқ болатын. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған алты əскери құрама қатысты, олардың ішінде 29 жəне 38-атқыштар дивизиясы болды, бұлар кейіннен

212

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

72-гвардиялық атқыштар дивизиясы деп аталды. Ал 73-гвардиялық дивизия «Сталинградтық» дивизия деп аталып, Ғани Сафиуллинге генерал-майор атағы берілді. Кеңес Одағы қарулы күштерінің құрамындағы ұлт өкілдерінің сан мөлшері көп айтыла бермейтін. Тоталитарлық жүйе жəне оның идеологиясы, ұлттық айырмашылықтар мен ерекшеліктерді, халықтар достығы, коммунистік патриотизм деген ұранның маңына топтастырып, онша дəріптемейтін. Тіпті Қазақстанда жасақталған əскери құрамалар мен бөлімдердің құрамы да көп ұлтты болып, олардың ұлттық, таптық құрамы пайыздық мөлшерде ғана көрсетілген. Республикалық бюджеттің есебінен жасақталған ұлттық 100-ші, 101-ші дербес атқыштар бригадасы мен 3-ші атты əскер дивизиясының құрамында ғана негізінен қазақтар болса, ал олардың қолбасшылық құрамы көбінесе орыс ұлтының өкілдерінен тұрды. Соғыс басталған кезде əскери дивизия мен бригаданың басында қазақ клмандирі болған емес, ал одан төменгі орта офицер құрамында да олардың саны тым аз болды. Мұның да өз себептері бар дейміз. Біріншіден, қазақ ұлтынан шыққан офицерлер құрамының аз болуы болса, екіншіден, оларды əскери училище, академияларда оқытып, дайындауға орталық əскери ведомстволар құлықсыздық танытты. Қазақ – жаратылсынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын əріппен жазылды. Көптеген қазақстандық жауынгерлер жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске араласты. Соғыс жылдары 3,5 мың қазақстандық партизан отрядтарында болды. Олардың ішінде бүгінде есімдері барша жұртшылыққа мəлім Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жангелдин, Əди Шəріпов, Сəтімбек Төлешов, Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақəділова сияқты қыз-келіншектер де ерлік көрсетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден жəне медальдармен марапатталғандардың ішінде 96 638 қазақ жауынгері бар. 11 695 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, осылардың 497-сі қазақстандық, бұлардың жүзге жуығы қазақтар,

9 мамыр – Жеңіс күні

213

110 қазақстандық «Даңқ» орденінің үш дəрежесіне де ие болды. Бұрын айтылып, жазылып жүрген, тіпті ғылыми еңбектер мен үкімет адамдарының ресми баяндамаларында 500-дей адам деп көрсетіліп жүрді. Қазір олардың саны 106 батыр деп жазылды. Бұлар соғыстағы ерліктері үшін ештен-кеш жақсы дегендей, əділеттік салтанат құрып, «Алтын Жұлдызын» алған адамдар. Мысалы, батыр ұшқыш Плис Нұрпейісов Ақтөбенің жігіті, Қарақалпақстанға кейін көшіп барған. Ұшқыш Бақтораз Бейсекбаев соғыстың бесінші күні-ақ асқан ерлік жасаған. Оған да Батыр атағы уағында берілмей, 1997 жылы ғана Ресейдің жəне Қазақстанның Қаһарманы атанды. Ал қазақстандық төрт ұшқыш, кейін əуе күштерінің генералдары Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақты екі дүркін иемденді. Қазақстандықтар арасында бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағын павлодарлық танк əскерінің генерал-майоры Кузьма Семеченко (1941 жылдың 22 маусымда) алса, ең соңғысы атақшы панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлына (1991 жылы 11 желтоқсанда) берілді. Украинаны азат етуде 120-дан аса қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды. Днепр үшін болған шайқаста 18 жасар Жəнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры болды. Ұлы Жеңістің мерейтойына байланысты жасалынған ғылыми талдау бойынша Кеңес Одағы Батырларының санын миллион адамға шаққанда Батырлар саны мынадай көрсеткіштерге ие болған: қазақта – 35, түрікменде – 20, қырғыз елінде – 18, өзбекте – 16, тəжіктерде – 14 адам. Əйтсе де, жанға бататыны осы батырларымыздың өз деңгейінде марапатқа ие болмауы. Оған дəлел де көп. Бірінші дерек – 1941 жылы Панфиловтың тірі кезінде Бауыржан Момышұлы Ленин орденімен марапаттауға ұсынылған, ал генерал И. Серебряков 1942 жылы жаңа жыл қарсаңында оған «Кеңестер Одағының Батыры» атағын беруді ұсынған болатын-ды. Өкінішке қарай, бұл екі награда да Бауыржан Момышұлына бұйырмады. Себебі жоғарғы əскери басшылар Бауыржанның өздерінен бұрын əскери романға бас кейіпкер болғанына «риза» болып жүрген. Демек, «қайдағы жоқ киргиз» біздерден бұрын əскери-тарихи романға кіріп кетті деген көпе-көр-

214

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

неу көре алмастықтан жолы кесілді. Осы себепті Александр Бекке де Сталиндік сыйлықты бергізбей қойды. Екінші дерек – Рейхстагқа жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов та атақсыз қалып қойды. Бұларды 150-ші дивизия командирі Шатилов құшақтап сүйіп, қуанышын жоғары жақтағы командирге баяндайды. Олар болса, екінші рет Жеңіс туын қайта тіркеуге бұйрық беріп, біреуі – орыс Егоров, бір грузин Кантария дегендерді жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктіреді. Бұл – 1 мамыр күні еді. Ал Қошқарбаев 30 көкек күні түстен кейін тіккен болатын. Ұлы Жеңістің 36 жылдығы қарсаңында қазақстандықтар үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжан осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің мемлекеттік мұражай қорына табыстады. Үшінші дерек – марапаттау ататусы бойынша, дұшпанның 100 солдатын атып өлтірген мерген «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болуға тиіс болатын. Ал біздің Қ. Адамбеков – 239, Ы. Сүлейменов – 341, Т. Əбдібеков – 397 дұшпанның көзін жойса да, бұл атақты ала алмады. Барбаросса жоспары жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған «Блау» деген ат қойды. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда 69, ал қыркүйекте 81 дивизия аттандырды. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған əуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н. Əбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Əбдіров, минометші К. Сыпатаев пен Р. Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға «Цитадель» деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның əлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.

9 мамыр – Жеңіс күні

215

1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі «Берлин» операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы территориясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн адам аттанды. Сталиндік тəртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тəжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия жəне Қазақстанның жергілікті халқынан жəне қуғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан əскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша, əрбір төртінші қазақстандық қорғаныс жəне майдан объектілеріне тартылған. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мəліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар (онда бір қала, жеті ауданның көрсеткіші жоқ). Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, əзірбайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жеңісі. «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», Отан үшін отқа түскен өршілдік пен елшілдіктің өшпес айғағы. Аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы.

216

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

2000 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке қарағанда, майдангерлердің қатарында 75 мыңнан астам адам бар еді. 2005 жылғы 9 мамыр қарсаңындағы мəліметте олар 35 мың 300-ге түскендігі көрсетілген. Ал 2009 жылдың 1 қаңтарындағы цифр бойынша біздің республикамыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерден 12 мың 879 адам қалған.

ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НƏРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ! Ұ.С. Дəркембаева Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

Мақсаты: оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарының ауыр күндердегі халқымыздың майдандағы жəне тылдағы ерлік істерін айта келіп каһарлы күндердегі жауынгерлердің үлгі тұтарлық қасиеттерін дəріптеу арқылы патриотизмге, Отансүйгіштікке, ерлік істерді құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға тəрбиелеу. Əдісі: əдеби-музыкалық композиция. Көрнекілігі: ҰОС туралы документті фильмдерден үзінді даярлау; қаладағы соғыс жəне еңбекардагерлері туралы ақпараттарды интерактивті тақта арқылы слайдпен көрсету; стендтер даярлау. Фанфар үні. Музыка ойналады. Сахнаға екі жүргізуші шығады. Жүргізуші: Армысыздар, аса қымбатты соғыс жəне тыл ардагерлері, əжелер, аналар! Бүгін біз сіздермен ұлы жеңістің ----- жылдығы қарсаңында кездесіп отырмыз. Қош келдіңіздер! Ұлы отан соғысы... ол біздің ақ шашты аталарымыз бен əжелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі əлемге танытқан соғыс. 9 мамыр – Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мəңгіге сақтауға арналған ең қастерлі күн. Ведущий: Все дальше и дальше уходят от нас события Великой Отечествен-

9 мамыр – Жеңіс күні

217

ной войны. Но никогда не изгладятся эти дни из памяти тех, кто в полной мере испил и горечь от ступления, и радость побед. Мы, рады,сегодня приветствовать вас уважаемые ветераны участники,труженники тыла! 22 июня 1941 года началась война. Война. Священная. Отечественная. В едином устремлений к победе,в общей самоотверженный любви и Родине слились фронт и тыл, сплотились все народы огромной Страны. Даже в самые тяжелые дни народ верил в Победу. Музыка. Жүргізуші: 1941 жыл 22 маусым еңбекші халық қаннен қаперсіз, тыныштық өмір кешуде. Келесі күн – жексенбі. Оқушылар пионер лагеріне, туристік саяхатқа баруды ойлап тыныш ұйқыға кетті. Мектеп бітірушілер кеші əлі жалғасуда. Қыздар мен бозбалалар таң шапағын қарсы алуға шықпақшы. Мектеп ауласы көңілді. Ведущий: год 1941-й. Июнь... Страна жила мирной жизнью. Тишина! Ночь! Следущий день-воскресенье. Школьники собирались в пионерские лагеря, туристические походы. Июнь... Клонился к вечеру закат. И белый ночи разливалось море. И раздавался звонкий смех ребят. Не знающих, не ведающих горя. Июнь: тогда еще не знали мы, Со школьных вечеров шагая. Что завтра будет первый день войны, А кончится она лишь 45-м. В мае.

(песня «Учительница первая моя», «Казахский вальс») Идет школьный выпускной бал, выпускники танцуют вальс. И вдруг голос Левитана: Внимание! Внимание! Говорит Москва... (звук самолетов, бомбардировки, сирены.) Соғыс! Соғыс! Война! Война! (Звучит песня «Священная война») Жүргізуші: Жұлып кеткен тыныштықты арнадан, Дауысы бар əлі күнгі зарлаған.

218

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Қырқыншы жылдар десе бір адам, Тас болса да елең етпей қалмаған. Кімдерді айырмадың баласынан, Қанша бала айырылды анасынан, Қыршын қиып өмірін талай жастың, Талайларды айырдың панасынан.

Ведущий: Сорок первый! Июнь. Год и месяц борьбы всенародной. Даже пылью времен. Затянуть эту дату нельзя. Поднималось страна И на фронт уходила поротно, Кумачовые звезды На полотнах знамен унося.

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген каһарлы қатер миллиондаған халықты басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 700 мың жауынгер, яғни əрбір төртінші азамат аттанды. Еңбек армиясы мен құрылысқа 700 мың адам, 250 мың комсомол мүшелері майданда жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Қыршын жастар соғысқа өздері сұранып кетті. Ведущий: Важно с девчонками простились, На ходу целовали мать, Во все новое нарядились, Как в солдатики шли играть. ни плохих, ни хороших, ни средних... Все они по своим местам, Где ни первых нет, ни последних, Все они опочили там.

Жүргізуші: Ананың баласын соғысқа шығарып салуы. Өсіріп пе ем сені мен, Майданда үнсіз жатсын деп.

9 мамыр – Жеңіс күні

219

Қарай алмай жауына, Жерге бетін бассын деп! Қош бол, балам! Қош! (қоштасады).

Б. Окуджаева «Ах, война, что ты сделала, подлая.» читает ученик. Ах, война что ты сделала, подлая Стали тихими наши дворы, Наши мальчики голову подняли, Повзрослели они до поры. На пороге едва помаячили И ушли – за солдатом солдат... До свидания, мальчики! Мальчики! Постарайтесь вернутся назад! Нет, не прячтесь вы, будьте высокими, Не жалейте ни пули, ни гранат, И себя не щадите..., Но все таки Постарайтесь вернуься назад!

Жүргізуші: Миллиондаған адамның өмірін жалмаған екінші дүниежүзілік соғыс бұрын соңды болмаған қантөгіс атанды, осынау қанды қасапта ең көп шығынға ұшыраған Кеңес одағының тұрғындары, атап айтқанда, соғыста 26 миллион 400 мың адам қайтыс болған. Ұлы Отан соғысының аңызға айналған каһармандарының қатарында біздің даңқты аталарымыз бен апаларымыз болды. Олар – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Əлия Молдағұлова, Мəншүк Мəметовалар. Мəскеу үшін болған шайқаста ең басты шепте болған атақты 28-ші Панфиловшылар дивизиясы да қазақ жерінде жасақталған. Сөйтіп, ең қанды шайқастарға қатысып, əскер саны да, қару-жарақтары да өздерінен бірнеше есе артық қас дұшпанға қасқайып қарсы тұрған қазақстандық жауынгерлердің 602 мыңы майдан даласынан қайтқан жоқ (С. Бəйтерековтің «Əлия» əні орындалады). Жүргізуші: Əлия, Мəншүк қазақтың, Мақтанышы емес пе ең?

220

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Төрімде тұр қос жұлдыз, Ескерткіш болып тілдескен.

ры.

«Қос жұлдызы қазақтың» қойылым, 9-«А» сынып оқушыла-

Жүргізуші: «Менің рухым» əдеби сөз, оқитын сынып оқушысы Мəди. Менің рухым! – жаужүрек Бауыржан бабамыздың Отан үшін шайқас барысында көрсеткен жанқиярлық ерліктері! Менің рухым! – «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген нақыл сөзді ұстанып, осы қағиданы азық етіп өмір сүрген Бауыржан атамыздың өжеттігі мен өр тұлғасы! Менің рухым! – дивизия командирі Бауыржан атамыздың сұрапыл соғыс жылдарында қан кешіп жүріп, қазақ тілін жоғалтып алмау жайлы жазып кеткен əрбір өсиеті! Менің рухым! – кескін-келбеті мен кесек тұлғасы маршалға бергісіз Бауыржан секілді жүрек жұтқан ұлды дүниеге əкелген қазақ деген каһарман ұлттың лайықты перзенті болу! Ведущий: 1418 дней и ночей длилась Великая Отечественная война. Фашистские варвары разрушили и сожгли свыше 70 тысяч городов, поселков и деревень нашей Родины. И с первых часов, с первых минут вражеского нашествия весь народ по зову Матери-Родины встал на смертный бой... бой за родную землю, родную страну. В минуту затишья на привалах, в землянках солдатское сердце согревала хорошая песня. Песня вдохновляла, звала на подвиг во имя любви (учащиеся 10б класса выходят показывать сценку «На привале»). Звучит песни военных лет «В землянке» «Огонек» «Темная ночь» «Синий платочек» «Смуглянка» «В лесу прифронтовом» Жүргізуші: Мектептің белгілі əншісі, қалалық байқаулардың жүлдегері, Ахметбеков Келіс «Жас қазақ» əнін домбырамен орындайды. Ура! Ура! Жеңіс! Жеңіс! Победа! Победа! Все участники стоя поют песню «День победы»

9 мамыр – Жеңіс күні

221

Жүргізуші: Жеңіс – бұл Отанымызға қалқан болған, қан майданда жан берісіп, жан алысқан, ел үшін отқа түскен біздің хас батырларымыз бен ардақты ардагерлерлеріміздің арқасында қол жеткізген тарихи күн! Ведущий: Победа! Как она досталась? Каким путем вы к ней пришли? И раны были, и усталость, И шрамы на груди земли. Броня вмятинах глубоких И дали пройденных дорог, И ордена на гимнастерках, Где пот нещадно ткань прожег.

Жүргізуші: Тоғызыншы мамыр күні – Жеңіс күні, Құлаған күн фашистің неміс туы. Балалардың күлкісі көшені алды, Ағалардың естілді келісті үні.

Биыл, Ұлы Жеңіске ------ жыл. -----жыл бұрын жеңіс туын желбіреткен аталарымыз бен əжелеріміздің қатары сиреп барады. Бүгінгі күнде облыс көлеміндегі ардагерлердің саны – .... . Соғыс ардагерлерінің каһармандығы мен табандылығы, ерлік істері кейінгі ұрпаққа өнеге, олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды. Барлығы орнынан тұрады. Оқушы. «Мен соғысты жек көрем!» өлеңін оқиды. Мен соғысты жек көрем, Көкем айтып отырса, Кім көз жасын төкпеген? Талай өткен ғасырлар, Еш соғыссыз өтпеген. Мен соғысты жек көрем, Күні ертең-ақ ер жетем. Қиялымды өрлетем,

222

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Туған жерді əлпештеп, Кірпік ілмей тербетем, Жету үшін мұратқа.

Все встают. Ученик читает строки из «Реквиема» Р. Рождественского Люди! Покуда сердца стучат,-помните! Какою ценой завоевано счастье, пожалуйста, помните! Песнь свою отправляя в полет,- помните! О тех, кто уже никогда не споет,-помните! Детям детей расскажите о них, чтобы тоже запомнили! Во все времена бессмертной земли помните! К мерцающим звездам ведя корабли, о погибших помните! Встречайте трепетную весну, люди Земли! Убейте войну! Прокляните войну, люди Земли!

Ведущий: Давайте почтим минутой молчания память ровесников тех суровых годов, которые не дожили до мирных дней. (фонограмма к минуте молчания) Жүргізуші: Құрметті ардагер аталар мен əжелер! Сөз кезегі өздеріңізде! Ведущий: Слово предостовляется ветерану войны и труда! Жүргізуші: Сөз соғыс кезінде тылда ауыр еңбек істеген, өмірдің бар қиыншылығын бастан өткізген, ардақты апаға беріледі. Жүргізуші: Сөз қалалық ардагерлер ұйымының төрағасына беріледі. Құрметті ардагерлер! Сіздер сол бір қиын қыстау кезінен аман оралып, өз елдеріңіз жəне болашақ ұрпақтар үшін жастарыңызға қарамай əлі де білген, түйгендеріңізді кейінгі жастарға үйретудесіздер. Ата-баба дəстүрін екі ұрпақ арасындағы сабақтастықты жалғастыруда жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімін

9 мамыр – Жеңіс күні

223

оятып, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуді, əдептілікті, имандылықты ұстануға талмай, жалықпай бағыт беріп жүрсіздер. Қадірлі аталар мен əжелер аман болып арамызда жүре беріңіздер, өздеріңіздің болашақ ұрпақты тəрбиелеудегі мол өмірлік тəжірибелерді жастарға үйрете беріңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, сергектік жəне бақ-береке тілейміз. Ғұмырларыңыз ұзақ болсын!

Сіздерге арналған концерттік бағдарламаны тамашалаңыздар! ЕЛІМІЗ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС КЕЗЕҢІНДЕ (Ұлы Отан соғысына----- жыл) Арулар отты жылдарда Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ қыздарының ерлік көрсеткен батырлық істерін қастерлеп үлгі-өнеге тұту. Болашақта ұрпақты, Отанын сүюге, елінің, жерінің, адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отан сүйгіштікке тəрбиелеу. Ұлы жеңіске ------ жылдығына байланысты өткізілетін шаралар: 1. Тарихи оқиғалар туралы əңгімелеу. 2. Соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу. 3. Ұлы Отан соғысының үлкен зұлмат пен қиыншылық екенін түсіндіру. 4. Жазушылардың қазақ батырлары туралы соғыс тақырыбына жазылған əдебиеттерімен таныстыру. 5. Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған поэзия мен прозаларды оқуға тарту. 6. Тақырыпқа байланысты плакат, газет шығару. 7. «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндері мəңгі есте сақталады» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан сайыстар ұйымдастыру. Ұлы Отан соғысы тақырыбын толық жəне дұрыс түсіндіру мақсатында үлкен шайқастар мен соғыс операцияларының маңыздылығын ашатын «Ұлы Отан соғысының күнтізбесі».

224

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1941-1945 жалынды жылдар: 1. Соғыстың басталуы – 22 маусым 1941 ж. 2. Брест қамалын қорғау – маусым 1941 ж. 3. Ленинградты қорғау – 1941-1944 ж. 4. Мəскеу үшін шайқас – 30 қыркүйек 1941 ж. – 20 наурыз 1942 ж. 5. Сталинград үшін шайқас – 17 шілде 1942 ж. – 2 ақпан 1943 ж. 6. Курск шайқасы – 5 шілде – 23тамыз 1943 ж. 7. Днепр үшін шайқас – тамыз-желтоқсан 1943 ж. 8. Берлин операциясы – 16 сəуір-8 мамыр 1945 ж. 9. Жеңіс күні – 9 мамыр 1945 ж. 10. 2 млн қазақстандық соғыста 394 мың қазақ боздақтары қайтпады, 500-ден астамы батыр атағын алды, 97 батыр қазақ ұлтынан. 1418 күн мен түн –зұлмат соғыс. Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фəни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Əйтсе де Баубек пен Бауыржан батырлығы, Əлия мен Мəншүк ерлігі, Қаныш пен Əлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олай болса, бүгінгі еске алу кешімізде қазақ халқының қос жұлдызының ерлігін əңгімелейік. Сабақ жоспары: I бөлім: Батырларды еске алу. II бөлім: Əлия (Ілия) Молдағұлова Нұрмұқамедқызы –1925 – 1944 ж. III бөлім: Мəншүк (Мəнсия) Маметова Жеңіскəліқызы – 1922 – 1943 ж. IV бөлім: Қорыту: I бөлім: Батырларды еске алу. 1. Мəншүктің өмір жолы өткен жерлер: – Гурев – Орда – Жасқұс – Алматы – Мəскеу – Калинин – Невель – Изоча станциясы 15. 10.1943 ж. – Кеңес Одағының батыры атағы берілді 1 наурыз 1944 ж. 2. Əлияның өмір жолы өткен жерлер: Ақтөбе – Қобда – Бұлақ – Шалқар – Жамбыл – Мəскеу – Ленинград –Ярославль – Некрасов – Вятское – Рыбинск – Мəскеу

9 мамыр – Жеңіс күні

225

– Петров – Вешняки-Подольск – Насва – Казачиха – Смердель өзені – Моноково. 14 қаңтар 1944 ж. 1944 жыл 4 мауысмда Кеңес одағының батыры атағы берілді. Жүргізуші: (Музыка үні естіліп тұрады, батырларды еске алу) Иə, ешкімде ешнəрсе де ұмыт қалмақпақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дəл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, елді құл ететін, Жер бетіндегі тіршілік атаулының бəрін жалмап жұтатын тажал. Мəңгі естен кетпейтін құбыжық! Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет, журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар əкелер ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұрпақтарға үлгі етеріміз де сол. Жүргізуші: Отан ана жылағанда шерленіп, Тапжылмастан төнеді екен жерге бұлт. «Қара бұлтты қақ жарайық», – деді де, Қолдарына қару алды ерленіп.

Жүргізуші: Иə, одан бері жарты ғасырдан асса да, ол күндер көңілден кетер емес. Қазақстандықтар ерлігі алтын əріппен мəңгі жазылып қалады! Ұлы Отан соғысында 11600 адам Кеңес Одағының батыры атағына ие болса, соның 500-ден астамы қазақстандық, арасында Əлия мен Мəншүк те болған еді. Жүргізуші: Иə, Ұлы Отан соғысы басталғанда Əлия небары 15-ақ жаста еді. Ленинград түбіндегі шекарада қызмет ететін. Атқыштар мектебін үздік бітірген ол Ленинград қаласын, мектебін, Отанын қорғауға аттанып, асқан ерлік көрсетті. ...Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен, Желдіртіп қоңыраумен атын жеккен, Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп, Қазақтың Əлия қызы қанын төккен.

Жүргізуші: Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан, Əлия Отанына болған мақтан.

226

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Бежаница маңында тұлғасы тұр Дегендей ерлікке аттан, елдікке аттан, – деп жазды емес

пе ақындар.

Жүргізуші: Аспан əсем көрінер жұлдызымен, Елім алып көрінер ұл-қызымен. Батыр қызы қазақтың екеу болса, Мақтанышым Əлия бір қызы сен –

деп Сақтаған ағамыз жырлағандай сахнада «Шығыс шынары» Əлия батырдың бейнесі. II бөлім: Əлия (Ілия) Молдағұлова Нұрмұхаммедқызы – 1925 – 1944 ж. Жүргізуші: Соғыс кезіндегі Ленинград көшесі ерсілі-қарсылы жүгірген адам. Солардың арасында Əлия бір топ жастарға тапсырма беріп жатыр. Əлия: Бүгін комсомол қатарына қабылданғандар түнгі кезекке шығады. Əрбір топ бөлінген үйлердің шатырларына шығып жанған өртті сөндіріп, жарылғышты алып тастауға тиіс. Екінші кезектегілер пионерлермен байланысып, танк өртегіштер жасау үшін бос ыдыстар жинап жарылғыш дайындау керек. Біз жауды Ленинградқа жібермейміз. Революция астанасын жау ала алмайды (осы кезде алып ұшып Əлияны жеңгесі көп адамның арасынан іздеп жүр). Жеңгесі: (Əлияны көріп қалып) Əлия, жаным... Ағаң тапсырып еді, осы көліктен қалмайық. Біз сені іздеп келдік, ауылға қайтайық. Ағаңа жаның ашыса тасташы бəрін кетейік ауылға (жалынып жылап тұр). Əлия: Жеңеше, қаланы кімге тастаймыз? Жас бөбегің бар жеңеше, сіздер жүре беріңіздер. Сапура сен де бар, көмектес. Елге сəлем айтыңдар. Ағама айтыңдар. Менің осында достарым көп. Олардың басына күн туғанда тастай алмаймын.

9 мамыр – Жеңіс күні

227

Жеңгесі: Ағаңның қай жұмыста екенін кім білсін. Жас баламен қайда барам? Бірге жүр. Бауыр жолда кім тастар. Соғыс қыздардың ісі емес. Жүр. Сен бармасаң не бетімді айтамын ағаңа. Əлия: Жеңеше, жылама. Ағам түсінер мені. Қаладан кетіп елге не бетімді айтпақпын. Біз көріп тұрсың міне жұмысқа кірісіп те кеттік. Қасыңда Сапура бар жеңеше. Балаларды елге аман-есен жеткіз, жұмысқа тұр. Жау əлі-ақ жеңіледі. Соған сен жеңеше (көлікке қарай жеңгесін сүйреп). Алдымен, балалы əйелдер, жасы үлкен қариялар, жаралылар мінеді. Қош жеңеше (қол бұлғап, қоштасып Əлия қалды). Бұлаққа салем айта бар. Хатты өзім жазып тұрам. Қош, қош, аман сау болыңдар! Елге əлі жеңіспен ораламыз. Біз жауды жеңеміз, жеңеше жылама, сақ бол! (Ызы-қиқу соғыс өрті. Аспанда ұшақтардың даусы естіліп, бомбалар жарылып, Əлия адамдардың арасымен жан ұшырып жүгіріп келеді. Бір жерде жатқан жас баланы көтеріп алады. Аулаға апарып қойнынан жарты тілім нан алып, жегізеді, су береді. Сонан соң баланы жетектеп бомба убежищеге алып келе жатыр еді, бомба жарылып Володия ұшып түседі. Баланың басында отырып, бойын ыза-кек кернеген Əлия екі қолын көкке жайып жауға лағнет айтып, кек алуға ант береді). Əлия: (Жылап отыр) – Сəбидің не жазығы бар еді қанішер? Аналардан ала алмай жүрген өштерің бар ма? Тірі болып не керек, сəбиді қорғай алмасақ. Күнде өлімнен қорқып арпалысқан тіршіліктен алысып өлген артық. Ашығып өлгеннен, жағаласып өлген мың артық. Қасық қаным қалғанша өлгендердің кегін алам! Өмірлері көктей солған құрбыларымның, аштан өлген аналардың, жапа шеккен балалардың кегі үшін қайрат бер Құдай. Он екіде гүлі ашылмаған махаббатыммен ант етемін. Қанға қан, жанға жан (деп Əлия Володияны құшақтап ант беріп, жылап отырады. Жеті, оқушы шығып, Абыз ата толғауын айтып шығады). 1-оқушы: Жақсылықпен зұлымдық, Тағы түсті айқасқа.

228

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Тұлымдысын тұл ғылып, Айналдырды зұлматқа.

2-оқушы: Тірлігі үшін мыңдардың, Болады опат жүздеген, Батырың ұл-қыздарың. Кезегі келді іздеген.

3-оқушы: Қан майданда егескен, Адам қаны су болды. Жүректері оқ тескен, Ішкені елдің у болды.

4-оқушы: Ленинград қаласын, Тастамады Əлия. Ашыққан көп баласын, Арқалады Əлия.

5-оқушы: Өрт сөндіріп түнімен, Күндіз жұмыс істеген. Асырып бір-бірінен, Көрсетті қажыр күтпеген.

6-оқушы: Сағынса да ауылын, Шын достарын қимаған. Соққан сайын шабуыл, Əлия біздің шираған.

7-оқушы: Өмір мен өлім арбасып, Сын сағаттар соққанда.

9 мамыр – Жеңіс күні

229

Қазақтың қызы жармасып, Қарсы шықты оқтарға.

Жүргізуші: (Жауынгер жаралы Əлияны құшақтап отыр) – Əлияға оқ тиді. Оның қолындағы автомат оқты боратумен неміс офицерін жаусатып, тағы бір адамдарға тиіп жатты. Осы кезде неміс оғының бірі Əлияға келіп тиді. Соғыс бір сəт тынып қалғандай. Ленинград та, ауыл да тынып қалған. Жауынгер: – Əлия көзіңді ашшы. Тек шыда, сен өлмейсің, Əлия. Əлия: (Көзін ашып.) – Мен өлмеймін достым. Біз жауды жеңеміз. Біздің балаларымыз ана-əкелеріміз, аға-əпкелеріміз тек бейбітшілікті қалайды. Достым, жауды жеңу біздің міндетіміз (Сандырақтап жеңіс, жеңіс деп мəңгі ұйқыға кетеді.) Жауынгер: (Əлияны жұлқылап) – Лия, Лия, Лия қош қош мергенім. Жеңіске əлі жетеміз. Бізге сен. Лия соғысты тоқтататын жеңіс керек бізге. Біз жеңеміз! (Құшақтап жылайды.) Əлияны жоқтау (Бар жан-тəнімен тебіреніп айту) Жан пида етіп халқына, Айнымай ата салтынан. Қыршындай кетті Əлия, Жете алмай туған аулына. Бұлақтың суын кім ішер, Қобдаға келіп кім түсер? Жар сүйіп, бала көрмеген, Ернінен енді кім сүйер. Құдайым сені тұрғызбай, Он тоғыз жаста жұлғызды-ай, Еліңнің атын шығардың, Жарық етіп аққан жұлдыздай. Ғұмырың көктей жапырақ, Өмірің өтті жарқырап, Қойныңда қалды сүйегің, Бұйырып содан топырақ.

230

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Соққанда сыны сағаттың, Батыр қызы қазақтың, Қобдада туып Невада Əлемге атын тараттың.

Жүргізуші: Иə, батырлығымен əлемді таңғалдырған Əлия мен Мəншүк тұлғалары бір бөлек. Қос жұлдыз туралы аз дүние жазылған жоқ. Бірақ осының барлығы Əлия мен Мəншүктің бүгінгі күнімен келешекке берерін сарқи алмайды. Өйткені қос батыр қыздың тұлғалары алыстаған сайын биіктеп, айтқан сайын жаңғырып, ұпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын жанды құбылысқа айналғандай. Жүргізуші: Сонау сақ дəуірінде туған жерін қорғаған Томирис сынды əрі патша, əрі батыр қыздың аңызы, сол кездегі əлемге əйгілі болған батырлық үлгілер бүгін қайта айтылып жатса, оны ұмыттырмауға, еске түсірген де Əлия мен Мəншүк ерлігі. Жүргізуші: Олай болса, қос батыр қазақтың бірі Əлия болса, екіншісі Мəншүк (Мəнсия) батырдың бейнесі сахнада. III бөлім: Мəншүк (Мəнсия) Мəметова Жеңіскəліқызы – 1922 –1943 ж. Көрініс «Мəншүк – батыр қызы қазақтың» Жүргізуші: Қыр қызы орындады берген антты, Халқына адал болу ердің салты. Елі үшін қасық қанын аямаған, Жүректе мəңгі өшпейді Мəншүк аты –

деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Мəншүк Мəметова өмірін еске алайық! 5 оқушы сахнада бір-бірімен əңгімелесуде. 1-оқушы: Алыс даладағы ауылда Жеңіскəлі деген қазақтың отбасында 1922 жылы дүниеге келіпті. Сенесің бе ол Мəншүк еді.

9 мамыр – Жеңіс күні

231

2-оқушы: Иə, Мəншүк үйдің бесінші баласы болатын. Ол аяғын басқаннан-ақ атқа отырып, кең байтақ далаға, тауларға көз жіберіп, жаз жайлауда, қыс қыстауда ұзақ кештерде əжесінің ертегілерін сүйсіне тыңдап өскен. 3-оқушы: Кішкентай Мəншүк қақаған қыстың ұзақ кештерінде, əжесінің ертегілерінде кездесетін аждаһа адам жейтін жалмауыздың кісіні қалай жұтып қоятынын естігенде, үрейі ұшып қорқатын. Ал жүйіткіген жүйрік «алты айшылық жолды, алты аттайтын» арғымақ туралы айтқанда, Мəншүктің қара торы, дөңгелек жүзі жайнап, көзі күлім қағатын. 4-оқушы: Байтақ далада дүниеге келіп, еркін өсіп келе жатқан кішкентай Мəншүктің одан кейінгі өмірімен таныс болайық. Мəншүктің балалық шағы 1-оқушы: Мəншүктің ата-анасы қайтыс болды. Бес жасқа келген баланы əкесінің немере інісі Ахмет Мəметова жəне оның əйелі Əмина Мəметова Алматыға өз қолдарына алды.Осыдан бастап кішкентай қыз өзінің бар сүйіспеншілігі, бүкіл құштарлығын асырап алған анасы Əминаға, əкесі Ахметке аударды. Олар баланы еркелетіп «моншағым» деп те атайтын. Ал өзінен атың кім? – деп сұрағанда бала «Мəншүк» деп жауап беретін. 2-оқушы: 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мəметовтер əулеті де ұшырады. Ғылыми-зерттеу институтының директоры Ахмет Мəметов қамауға алынды. (Сахнада Ахмет, Əмина, Мəншүк үшеуі тұр) Ахмет Мəметов: (Мəншүкті құшақтап тұр. Əмина жылап тұр) Əмина, бекем бол. Мені «Халық жауы» деген сұмдық атқа таңып отыр. Мен еліме, халқыма адал қызмет етуден ешқашан шаршаған емеспін. Əлі-ақ ақталып келермін. Тек «менің Мəншүгімді ренжітпе, аман сақта» (Беттерінен сүйіп шығып кетеді). Мəншүк: Əке, аман оралуыңды асыға күтемін. Сізден ешқашан бас тартпаймын. Сізді «Халық жауы» деп қамту қате, мен оған сенбеймін. Əке сіз əлі де ақталасыз (Жылап, қалады).

232

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Мəншүк студент Жүргізуші: Мəншүк медицина институтының студенті. Мəншүк: (Əмина анасын құшақтап) Əпкетай, студенттік өмір қандай қызық! Мен бүгіннен бастап, Халық, Комиссарлар кеңесінің секретариясында қызмет істейтін болдым. Əмина: Өте жақсы, қызым. Оқуым, жұмысым деп денсаулығыңды төмендетіп алма, Моншағым. Мəншүк: (Еркелеп) Уайымдама, əпкетай. Оқуымды да, комсомолдағы жұмысымды да, денсаулығымды да, сені де, əкемді де бір-бір сəтке ойдан шығармаспын (Анасын құшақтап). Мен барайын əпке (Шығып кетеді). Достарым күтіп қалды. Əмина: Мəншүк жақсы қыз болып, бой жетті! Енді қыз ұзататын уақыт келген жоқ па екен? (Күліп, жұмысын жасап отыр) Мəншүк: (Айнала, аспанға қарап) Аспан қаншама жыпылықтаған жұлдыздарға толы едің! Ай-ау-ай, қандай сұлусың! Көшелерге, тауларға, үйлерге өзіңнің сəулеңді төгіп тұрсың. Жұлдыз, ай өзіңе қазір менің көзім секілді қаншама көздер көз тігіп отыр-ау! Олар не туралы ойлайды? Бақыт туралы ғой! Мен де бақыт туралы ойлаймын. Бүгін мен сондай бақыттымын! Жұлдыз, ай, алма ағаш, қара ағаш, (айналып жүр), мен Мəскеуде өтетін физкультура парадына баратын болдым. Өзі алыс, өзі сүйікті қала Мəскеу. Қызыл алаң, Лениннің зиратына тағзым етем. Бақыт деген міне, осы ғой! (айналып, қуанып жүр) Мəншүк соғыс даласында. Жүргізуші: Бірақ бұл арман су сепкендей басылды. Соғыстың қара түнегі суық хабар келді. Мəншүк: (Əмина, Мəншүк құшақтасып тұр) – Əпкетай, қандай суық сөз. Соғыс, соғыс. Отанға зор қауіп төнді. Əпке, қазақ халқының таңдаулы ұлдары немістермен соғысу үшін майданға

9 мамыр – Жеңіс күні

233

кетіп жатыр. Мен де медсестралар үйірмесіне жазылдым. Оқуды тез аяқтап майдандағы адамдарымызға көмекке асығу керек. Əмина: – Сен əлі жассың қызым! Сен соғысқа осында көмектесе аласың. Соғыс оңай емес. Мені тастап, қайда барасың! Менің жүрегімді ауыртпа жаным. 18 жасар қыз балаға қандай соғыс?! (құшақтап тұр) Мəншүк: – Əпкетай Отанымды қорғау борышым емес пе? Əскери комиссариатқа өтініш жаздым! Фашистерді жою үшін, майданға жіберетін менің ағам да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді-өзім жіберіңіз», – дедім. Əмина: – Қайсарым-ай! Айтқаныңнан қайтуың қиын-ау! (Екеуі құшақтасып шығып кетеді) Жүргізуші: 1942 жылдың 13 тамызында Алматыдан 100-атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамына 4890 жауынгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дəрігер Мəриям Арлыбаева жəне Мəншүк Мəметова болған екен. IV бөлім: Қорыту Мəншүк елесі. Мəншүк: (елесі) – Сүйікті жерімді жаудан тазалау арманым болды. Невель үшін ұрыстар болып жатты. Фашистер əрбір бұтаға, əрбір дөңеске жармасумен болды. Пулеметімді алдым да қыра бастадым. Аямадым. Жау кері шегінді. Менің бар арманым – бөлімшенің алға басуына көмек беру. Алға! Отан үшін! – деп айқайлатып, ұрандатып жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастауым сол екен гитлершілдер миноменттерден құтырына оқ жаудырды. Бетімді қан басты. Басыма оқ тиді. Ауырғанына қарамай пулеметімді алып оқ жаудырдым. Жау толқып кері қашты (отырып қалады жерге). Жүргізуші: Иə, сол күні Мəншүк біздің жауынгерлерімізге жол ашып, жауға оқты бората берді. Мəншүк тіпті өліп жатса

234

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

да жаны кеткен қолдарымен пулеметтің шаппа тұтқасын қысып алған Мəншүк Мəметова сол қан майданда ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы 1 наурызда Мəншүк Мəметоваға Кеңес Одағының атағы берілді. Невель қаласында Мəншүк атында көше бар. Жүргізуші: Мəншүк батыр Псков облысы Невель қаласында, одан теміржолымен солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Псков облысы Насва станциясында Əлия қаза болды. Мəншүк Мəметова мен Əлия Молдағұлованың туған жерлері де жақын: Атырау облысы, Орда ауданы; Ақтөбе облысы, Қобда ауданы. Жүргізуші: Олар өлген жоқ! Олар мəңгі өлмейді! Олар жасаған ерлік біздің мəңгі жүрегімізде сақталмақ. Қос жұлдыздың елесі! (Үстерінде соңғы соғыс даласындағы киімі) Əлия: (елесі) Отан деген сөз көкейде жатталып, Зор шайқаста кеттік біздер аттанып. Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым, Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мəншүк:(елесі) Жетсек деген арманымыз көп еді, Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі. Бізді туған күнімізбен құттықтап, Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Екеуі бірге: Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз, Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз. Жанымызды құрбан еттік осылай, Біздей ерте солмау үшін барлық қыз!

25 мамыр – Соңғы қоңырау

25 мамыр –

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Барлық орта мектептерде «Алғашқы қоңырау» һəм «Соңғы қоңырау» дейтін мереке бар. Бұлай істеу Кеңес Одағы кезінде пайда болғаны анық. Бұл – білім кемесі – мектеп қабырғасынан шыққан əрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын үн. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні – кəмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған боз бала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады.Соңғы қоңырау осындай қимас та қоштасу əуеніне толы сəтімен ыстық. 2013 жылы 11-сыныпты бітіріп жатқан түлектердің саны – 143 мың. 2012 жылы түлектердің саны 163 мың болған еді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 99 815 түлек өтініш берген (2012 жылы 117 333 түлек болған еді). 2012-2013 оқу жылының есебі бойынша, «Алтын белгіге» үміткерлер саны 4678 түлек (2012 жылы – 5840 түлек болған). 2013 жылы ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) сынағы кезінде бірнеше рет сынақ ережесін бұзған 31 талапкер тестке қатыстырылмаған. ҚР Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, биыл сынақ тапсырған 11 мың 167 талапкер 100-ден

235

236

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

көп балл жинаған. Тестілеу кезінде басқа біреудің орнына сынақ тапсырмақ болған алты адам аудиториядан шығарылған. Тестілеу кезінде ереже бұзған жайттар жоқ емес. Талапкерлерден тыйым салынған ұялы телефондар, калькулятор, фотоаппарат секілді 27 мың 726 зат алынған. Бірақ оларға көбінесе ескерту жасалып, əрі қарай сынақ тапсыруларына рұқсат берілген. Биыл ҰБТ сынағы 3 маусым мен 9 маусым аралығында өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, сынақ қорытындысы бойынша жеті талапкер ең жоғары ұпай – 125 балл жинаған. 27 мың 465 (28,75 пайыз) талапкер қажетті 50 балды жинай алмаған. Қоңыраудың тарихына келер болсақ, оны ертеде Мысыр, Рим заманында христан діни рəсімін атқару үшін пайдаланған. Тұңғыш қолданған адам – епископ Ноланский (353-431 ж.). Христиандардың түсінгі бойынша қоңырау жын-шайтанды қуады, əулие-əмбие, аруақтарды шақырады-мыс. Сол себепті ерте дүниеде абыздар қоңырлаулатып, би билеп, пірлерін шақырған. Бұл дəстүр уақыт өте келе, барлық адамдарға тараған. Ең соңында бақсы-балгер, дəруішқұшнаштардың жын шақыратын құралына айналған. Еуропа ғибадатханаларында қоңырау соғу дəстүрін Ұлы Карл патша енгізген. Орыс жеріне қоңырау үні 988 жылы келген. Киев, Новгород, Владимир қалаларындағы шіркеуге орнатылған. ХVІХVІІ ғасырда орыстар жаппай етек алған оба індетін қуып тастау үшін қоңырау соғып біраз əлекке түскен. Одан пайда болмаған. Буддизм дініндегілер құдайларына сыйынғанда қоңырау пайдаланады. Қоңырау адамның құпия қабілеттерін ашып, құлшылығын арттырады дейді. Енді біреулері қоңыраудың сыңғыры «бақыт əкеледі», «жамандықты қуады» деген сенімде. Тіпті ауырған адамды да осы қоңыраудың күшімен емдейді. Мысалы, Қытай елінің Хэнан аймағының Пингдингшан қаласында салмағы 108 тонна, биіктігі 810,8 см, диаметрі 511,8 см алып қоңырау бар. Осы жансыз темір қоңырау «бақыт əкеледі» деген үмітпен жылына мыңдаған адам тəуеп жасайды. Ал Жапон елінде 400-ден астам түрі бар «Дотаку» дейтін көне қоңырау мемлекеттің құнды рəмізі ретінде белгілі. Бұл қоңырау көктемде егін науқаны кезінде соғылады. Егін бітік шығып, түсім мол болсын дегені. Шындығында, қоңырау – тұрмыста əртүрлi мақсаттарда қолданылатын дыбыс беру құралы ғана емес, сонымен қатар саз ас-

25 мамыр – Соңғы қоңырау

237

пабы. Түрiктердiң Алтайда еуропалықтардан бұрын металл балқытқанын ескерсек, қоңырауды да, колоколды да алғаш құйған христиандар емес. Музыка зерттеушi Қалдыбай Əбенов «Көне дəуiр күмбiрi» деген еңбегiнде («Жұлдыз» журналы. – №10. – 2002.) ырғақты саз аспаптардың iшiнен 6 түрлi қоңырауды атайды. Олардың iшiнде алып жүруге, сахнаға шығаруға болмайтын Анонақ, Нар қоңыраулар да бар. Негiзiнен, қоладан құйылған бұл қоңыраулардың еуропалық колоколдармен тарихи байланысын айта келiп, бұл сөздiң астарында көне қыпшақ тiлiндегi «қола(лы)қол», яғни қазiргi қазақ тiлiндегi «батпанқол» деген мағына бар» дейдi автор. Оның айтуынша, сақ, ғұн, елам, түркi, қыпшақ дəуiрлерiнен келе жатқан «...батпан қолды сазгерлер – саз қоңыраушы ансарлар – жұртқа қауiп төнгенде нəубеттiк дабыл қағып, яки той кезiнде қуаныш-саухат таратып немесе жолдан адасқан жолшы, керуеншiлердi шақырып белгi берiп хабарлай алған. Ол қоңыраулар құтханалардың жанындағы төбе басына орнатылған тағансаздарға қондырылып iлiнетiн болған». Бұл айтылған құралдардың бiразы ұмытылып, өзiмiзге жат бола бастауы, болмаса олардың бiразын өзге халықтар керегiне жаратып, иемденуi өмiрде болып тұратын құбылыс. Сайып келгенде, қоңырау бiздерде алғашқы орыс-қазақ мектептерi ашыла бастағанда пайда болған нəрсе емес, түркiлер оны сонау ықылым заманнан өз қалауынша пайдаланған. Ауыз əдебиетiнiң iнжу-маржан нұсқаларын оқығанда да соны аңғарамыз. «Қоңыраулы найза қолға алдың, Қоңыр салқын төске алдың» («Ер Тарғын» жыры), «Қараша емес қауысты, Қоңыраулатып дауысты» («Қобыланды батыр» жыры), «Ақсүйектiң баласын, Қара ұлына теңгердiм, Қоңыраулы найза өңгердiм» (Махамбет). Бұлар да сол қоңыраудың ежелден келе жатқан, салт-санамызға сiңген құрал екенiн дəлелдеп тұрған жоқ па! Бүгінгі таңда қоңырау сыңғырын əуенмен алмастыру қажеттігі туралы пікірлер жасалуда. Республикамыздағы қазақ-түрік лицейлерінде бұл іс жүзінде қолданылатын көрінеді жəне онда сабақ арасындағы үзіліс кезінде құлаққа жағымды музыкалық шығармалар орындалады. Сондықтан алдағы уақытта халықтық əуезді əнмен үзіліс жасау дəстүрі барлық орта білімді мектептерде жүзеге асырылса, бұл заман талабы деп түсінгеніміз жөн.

238

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ М.Ж. Бүркітбаева А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ тарих пəнінің мұғалімі

Мақсаты: --------- оқу жылын аяқтау оқу озаттары мен оқу екпінділерін мадақтау. Мектеп бітіруші түлектермен қоштасу. Оқушыларды ұстаздары құрметтеуге жəне адамгерлішікке тəрбиелеу. Безендірілуі: Шарлар, нақыл сөздер. «Сыңғырла, күміс қоңырау» баннер, шардан арка жасау, жалаушалар. Жиынның өтілу барысы: І. Ұйымдастыру жұмыстары 1. Оқушыларды тұрғызу. 2. Қонақтарды отырғызу. 3. Мектеп бітіруші түлектерді қарсы алу. ІІ Кіріспе бөлім: 1. Рапорт қабылдау жəне беру. 2.ҚР-дың мемлекеттік туын енгізу. 3. ҚР əнұраны орындалады. 4. Қонақтармен таныстыру. ІІІ Негізгі бөлім: 1. Құттықтау сөз. 2. Музыкалық шашу. 3. ---------- оқу жылын аяқтау, мақтау қағаздарымен марапаттау бұйрықтарын оқу ( мектеп директорының оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары) 4. Қонақтарға құттықтау сөз беру. 5. 1-сыныптардың жыр шашуы. 6. 1-сынып түлектерінің тілегі.

25 мамыр – Соңғы қоңырау

239

7. Алғашқы ұстаздарға сөз беру. 8. Мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілерінің құттықтау сөзі. 9. Түлектердің ата-анасының құттықтау сөзі. ІV Қорытынды бөлім: Түлектердің соңғы қоңырау соғуы. ҚР-дың Мемлекеттік туын шығару. Жиынның барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.  Қонақтарды қарсы алу. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар! Міне, алтын ұя мектебіміз тағы да бір оқу жылын артқа тастап, бір жылғы еңбегімізді қорытындылау жиынына сап түзеуде. Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, əсем қоңырау үні сіздерге арналады. Жүргізуші: Осыдан 11 жыл бұрын алғашқы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған едіңіздер. Қолыңа қалам алып, ақ қағаздың бетіне үңілген сəттен бастап сен жүрегіңмен ұлылардың жасап кеткен білім жолын жалғастырушы екеніңді ұқтың. Енді міне, қоңырау үні сендерді балалық шақтан шығарып салып, жастық шақ белесіне асырғалы отыр. Сіздерге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап, Естілер жылы жаныма. Күлкідей əсем сыңғырлап, Бөбекті жиды маңына. Мейірге толы мектебім, Айқара ашқан құшағын. Қарлығаш осы мен бүгін, Өзіңнен түлеп ұшамын.

240

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: 11 жыл бойы мектебімізде білім алып, ер жетіп, енді міне үлкен өмірге қадам басқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырайық. Жүргізушілер: Қарсы алыңыздар! (Бірге айтады) Оқушылар қол ұстасып, сынып жетекшілерімен салтанатты қошеметпен көрсетілген орынға келіп тұрады. Олар шығып келе жатқанда əр оқушының тегі, есімі, əкесінің аты аталып, жеткен жетістіктері оқылып тұрады. АƏД пəн мұғалімі. Мектеп тік тұр! Сап түзе! Мектепішілік салтанатты жиынға байланысты ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін (тумен алаңды бір айналып шығады да, оң жаққа келіп тұрады). (Б. Тілеухановтың «Елім менің» əні қойылады) Жүргізуші: Қазақ жері қонақ жай, төрдің жері, Қазақ елі қас, сақтай елдің елі. Жүрегінде əрқашан қалықтаған, Гимн үні самғасын қасиетті. (Гимн қойылады)

Жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің, Енді аяңдап қонақтарға келейін. Соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған, Қонақтарды таныстырып өтейін.

1.--------------------------------------------------------------------------2.--------------------------------------------------------------------------3.--------------------------------------------------------------------------Жүргізуші: Мектеп деген – білім кені, жыр кені, Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.

25 мамыр – Соңғы қоңырау

241

Мектеп деген – тəрбиеші адамға, Мектеп деген – даналардың мекені.

Жүргізуші: Осы даналардың мекенін басқарып отырған мектебіміздің директорын _________________________________ізгі тілегімен ортаға шақырамыз. Жүргізуші: --------- оқу жылын аяқтау жөніндегі бұйрықпен таныстыруға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары __________________ ортаға шақырамыз. Жүргізуші: --------- оқу жылындағы мектептің озат оқушыларын марапаттау үшін, мектебіміздің директоры – ________________________ ортаға шақырамыз. Жүргізуші: Мектебіміздің білімді, ізденімпаз, оқушыларының құрметіне «Мектебім» əні. Орындайтын _________________________қарсы алыңыздар. Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Сіздерге арналған бүгінгі мерекелі күнгі жақсы тілектер легі толастар емес. Айтқан тілектер тек қабыл болсын дей келе, құттықтау сөз кезегін қонақтарымызға бергіміз келеді. Жүргізуші: Əлі есміде мектепке алғаш барғаным, Сөмке асынып дəптер қалам алғаным. Бір бұрышында сол сөмкенің жатқаны, Керім сақа, кендір баулы қармағым. Əлі есімде отырғаным партаға, Таңдана кеп үңілгенім картаға. Жайдары ашық мұғалима жас қыздың. «Түзу отыр» деп қаққаны арқаға –

242

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

дей келе ақын ағаларымыз жырлағандай ортаға алғашқы ұстаздарын жылы лебіздерімен шақырамыз.________________________ Жүргізуші: Бойындағысын сарқып саған беретін, Бір сен үшін гүлден шырын теретін. Сол ұстаз ғой азаматтық, ізгілік, Жақсы қылық, жаныңа нұр беретін. Дəнекер боп дамыл таппай арада, Білім нəрін ұялатқан санаға.

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз, деп жырлағандай, ақыл-кеңесін аямаған, балалардың анасындай болған сынып жетекшілері –_______________________зор қошеметпен ортаға шақырамыз (ортаға келгеннен кейін). Жүргізуші: Құрметті сынып жетекшілер! Осы уақыт ішінде талай қызықты оқиғаларды бастан өткерген боларсыздар. Оқушыларыңыздың жақсылығына қуанып, жаманына күйініп, солар үшін ұялған сəттеріңіз де болған шығар. Бəрі артта қалып, сүйікті шəкірттеріңіз қанатын қомдап, алтын ұясынан қияға қанат қаққалы тұр.Олай болса, шəкірттеріңізге деген ақ тілектеріңізді тыңдасақ. Жүргізуші: 4-сынып оқушысы _______________________ орындауында «Ұстазым» əні. Қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай əрбір күнің, əр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата-ана, Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

Сөз мектеп бітіруші жас түлектердің ата-аналары _________ беріледі.

25 мамыр – Соңғы қоңырау

243

Жүргізуші: Ата-аналарымыздың құрметіне. 1-сынып оқушысы _______ орындауында «Ана жаным» əні. Қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Сəт сапар тілеп түлектерге, Мейірімге толы болып жүректері, Құттықтау сөзбен келіп қалды, Балғын шақтың балалары, – деп бірінші сынып оқушыларын ақ тілектері мен өлең шумақтарымен ортаға шақырсақ (Бірінші сынып оқушылары ортаға шығады, осы жас бүлдіршіндердің тілектерін тыңдап болғанан кейін, мектеп бітіруші түлектер дайындаған естеліктерін табыс етеді). Жүргізуші: Бəрі – сын, араласаң өмір ауылын, Бəрі – шын қошатасарда қоңырау мұң. Мəнісін ұғасыңдар өткен күннің Дауысын естігенде қоңыраудың, –

деп мектебіміздің бітіруші түлектеріне сөз берелік (мектеп бітіруші 11-сыныптар шығады). Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына арнаған жүрек жарды өлең шумақтарын оқиды. Жүргізуші: Жас түлектер! Ақ ниет, ақ көңілдерімен қолдарына ұстаған ақ көгершіндерін бір мезгілде ұшырады. Жүргізуші: Не деген керемет күн! Жаныңа бəрі даяр не керектің. Өмірге қадам басып аттанбақ боп, Жүректері лүпілдейді жас түлектің. Не деген керемет күн! Ендеше бүгінгі керемет күнімізді мектеп бітіруші түлектерімізді салтанатты түрде мектеп табалдырығындағы соңғы вальсті билеуге ортаға шақырамыз. (Жас түлектер ортада вальс билейді)

244

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: Болашағы бейне қызыл қыр гүлі, Бүлдіршінді аяласын күн нұры. Жаңа табыс жақсы күнге бастасын, Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры. Соңғы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушысы – _______________мен 1-сынып оқушысы – __________________ тапсырылады. (Соңғы қоңырау соғу сəті) АƏД мұғалімі – мектеп түзел! Тік тұр! (туды шығару) Жүргізуші: Аттанарда ұрпағым бақ жолына, Түссін деп тура жүрер нақ жолына. Арнайы ақ матадан жол төседік, Ырым ғып түлектердің ақ жолына! Жүргізуші: Түлектердің қанаттары талмасын, Көк аспанда қыран болып самғасын. Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға,__________ атамыз ақ батасын арнасын. (2 минут) Жүргізуші: (11-сыныптар ақ мата үстімен кетіп бара жатқанда) Сіздерге ақ жол тілейміз. Аттанып барасың түлектер, Өмірдің сан тарау жолына. Сүрінбей өте біл ақылмен, Баршаның тілегі түлектер.

Жүргізуші: Тойларыңыз құтты болсын ата-ана, Тойларыңыз тойға ұлассын түлектер. Береке, бақ əкелсін ортамызға, Ынтымақ жыр əкелсін ордамызға.

Жүргізуші: Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің, Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің. Сəт-сапар деп қол бұлғаймыз бəріміз Тілейміз біз армандарға жеткенін, –

25 мамыр – Соңғы қоңырау

245

деп, құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар осымен ------------оқу жылындағы соңғы «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ М.Т. Шермұханбетова М. Жұмабаев атындағы №137 орта мектебі Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі

(1-9-10-11 сыныптар) Салтанатты музыка ырғағымен мектеп түлектері мерекелік алаңға келіп тұрады. Шақырылған қонақтар, ұстаздар, ата-аналар құрметті орынға тұрғызылады. 1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Міне, алтын ұя мектебіміз тағы да бір салтанатты жиынға сап түзеді. Бұл жиын ерекше жиын. Мектебіміз соңғы сыңғырлаған қоңырау үнімен ... жылғы мектеп бітіруші түлектерін шығарып салғалы отыр. 2-жүргізуші: Мектеп – анаң бүгіннен, Мектеп – алтын босағаң. Мектеп берген білімнен, Марқаясын жас адам, –

демекші, марқайып, ер жетіп, қатайып ұшқалы отырған мектеп түлектерін салтанатты түрде ортаға шақырайық. (Салтанатты түрде 9-11 сынып оқушыларын кіргізу).

246

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Құрметті оқушылар, бүгінгі салтанат ерекше! Жүрегіңді дір еткізер жан дүниеңе əсер етер, əсем саз қоңырау үні. Осы үн сендерді балалық шақтан шығарып сап, жастық шақ ізденіс белесіне асырғалы отыр. Міне, сол салтанатты ашық деп жариялаймыз (əнұран). 11-сынып оқушысы: Қоңырау үні сыңғырлап, Естілер жылы жаныма. Күлкідей əсем сылдырап, Бөбекті жиды маңына. Мейірге толы мектебім, Айқара ашқан құшағын. Қарлығаш осы мен бүгін, Өзіңнен түлеп ұшамын –

дей отырып, 11 жыл бойы мектебіміздің туы астында білім алып, ер жетіп, енді міне сол туды аманат етіп, өздеріңе тапсырмақшымыз. Мектеп туын жоғары ұстаңдар, ұятқа қалдырмаңдар, биік тұғырда желбіресін. Қабыл алыңдар. ................ атындағы мектеп туы тапсырылсын. (Мектеп туы кіргізіліп, 10-сынып қабылдап алады) 1-жағынан 3 оқушы туды алып шығады, 2-жағынан ол туды 3 оқушы қабылдап алады). Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп, Құттықтайды директор апай баршаңды.

Осындай қимас шақта, өздеріңе арналған алғашқы сөз, мектеп директорына беріледі. (Директор сөйлейді) Музыкалық пауза: (Оркестр) Мойытпасын қиындықтар сендерді! Батылдықпен асыңдар сан белдерді,

25 мамыр – Соңғы қоңырау

247

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар елді енді –

дей отырып, білім шыңына жетелей жол көрсетуші мектеп оқутəрбие ісінің меңгерушілеріне: ......... беріледі. Музыкалық пауза: (Терме) Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл, Жақұтың жарқырап тұр нұр төге біл. Аты тым жақын – ұя мектеп болса, Бақытың алдыңдағы үлкен өмір –

дей келіп отырған қонақтарға сөз берелік. (Қонақтар сөйлейді) Музыкалық пауза. Би шашу. Еске түсті ұмытпас, Өмірдегі көктемім. Есігін кеп мен алғаш, Ашқан ұлы мектебім. Əліппені қолға ұстап, Томпаң қаға бергенім. Мектебім маған жол нұсқап, Менің оған ергенім. Содан бері небір күн, Өтсе де талай жаз бен күз. Көктеміндей өмірдің, Сол қыркүйек қалдырды із.

Міне, дəл осындай толқу сəтінде де алғашқы, аяулы ұстаздардың жандарында тұр. Сендерді тілек айтып, ұзақ жолға, жастық жолына шығарып салмақшы. Ендеше сөз кезегі алғашқы ұстаздарыңа беріледі. Музыкалық пауза: Əн орындалады. Жас қырандай қанат қағып қиянға, Арман қуып ағаларым қиялда.

248

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жігерің мен сеніміңді оттық қып, Самға биік, жалын атып жүр алда –

демекші, сіздерге үлкен жолда сəт сапар тілеп (қонаққа сөз) келіп отыр, сөз сізде ................... Аға кетсе іні қалар орнына, Қарайлаймыз өмірдің оң-солына. Үлгілерің ұмытылмас біздерде, Жақсы тілек тілейміз біз жолыңа.

Жүргізуші: Сүйемін, құрметтеймін достық атын, Дос барда талмайтындай қос қанатың. Кеудеме махаббаттың қарлығашы, Тұрғандай шығарып сап қимас затын, –

деп келіп, отырған құрбыларың 9-10 сынып оқушыларына сөз береміз. (10-сыныптан 1-еуі сөз сөйлейді) (музыкалық пауза) Жүргізуші: Биік сенің ұстаздық қасиетің, Мінезің жоқ қиынға бас иетін. Өмірге тəрбиелеп құлшындырған, Апайлар, жүрегімізде əр кез айтқан өсиетің, –

демекші аяулы апайлар соңғы өсиет, құттықтау сөз сіздерге беріледі. Жүргізуші: Қуанып көз алдыңа жүргеніме, Құмарсың менің келер күндеріме. О, ата-ана жетсе екен бар өмірің Қартайған шағымда да бір көруге, –

деп ұл-қыздарыңыз құрметті ата-ана сіздерге сөз береді (сөз сөйленеді) 1-еуі əн айтады.

25 мамыр – Соңғы қоңырау

249

Жүргізуші: Анамдай мейірімді құша ашып, Тұрғандай бар табиғат амандасып. Киелі топырағың шабыт беріп Барамын болашаққа қадам басып, –

демекші ендігі сөз сіздерде құрметті түлектер. (бір қыз сөйлеп құттықтайды) (біреуі əн айтады мектеп ұстаздары туралы) Жүргізуші: Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің, Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің. Сəт сапар деп қол бұлғаймыз бəріміз Тілейміз біз армандарға жеткенің, –

демекші өздеріңмен бірге жүректері лүпіл қағып, жанарлары қуанышқа толы ата-аналарды тілек айтуға, сəт-сапар тілеуге келіп отыр. Ендігі кезек сіздерге. Бəрі – сын, араласаң, өмір ауылың, Бəрі – шың, қоштасарда қоңырау мұң. Мəнісін ұғасыңдар өткен күннің Дауысын естігенде қоңыраудың, –

деп сіздер үшін міне, құрметті бітірушілер соңғы қоңырау үні соғылмақшы. Қоңырау соғу рəсімі 11-сынып оқушысы .............................. 1-сынып оқушысы: Міне, оқушылар, мектеп туын шығара отырып, Өзіңмен, тегінде мен, Аттанам сенімменен. Ассалаумағалейкум Үлкен мектеп – өмір, –

деп ұшқалы отырған түлектерге сəт-сапар тілейміз. (Мектеп туы шығарып, шағын жиынды аяқтайды) Музыка ойналып, мереке ұласады, бəрі қосылып билейді, суретке түседі.

250

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

31 мамыр –

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

1997 жылдан бастап «31 мамыр – саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, –

деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда тоталитарлық саясаттың машинасы бəрінен асып түсті. Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ. Сондықтан мамырдың 31-і күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып отырады. ҚР Парламенті Мəжілі-

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

251

сінің депутаты А.Смайыл былтыр 31 мамыр жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін «жаппай қуғын-сүргін жəне аштық құрбандарын еске алу күні», – деп қайта рəсімдеуді сұраған. Алайда ол туралы түрлі кереғар пікірлердің тууына байланысты мəселе аяқсыз қалған. Тəуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сəуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Содан бері 20 мыңнан аса мұрағаттық қылмыстық іс зерттелінген көрінеді. Алайда «саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың» жекешеленіп кетуінен аталмыш тарихи оқиғаға мемлекеттік деңгейде баға берілмей жүргенін білуге болады. Мұражай қызметкерлері болашақта төл ғимараттарының қайтадан өздеріне қайтарылатынына сенімдері мол. Себебі, – дейді мекеменің басшысы Н. Жақауова: «НКВД-ның бұрынғы ғимараты саяси қуғын-сүргін құрбандарының соңғы демі қалған жер, тіпті бөлмелерінде қанның ізі бар еді. Меніңше, бұл көрініс келген адамдарға қатты əсер беріп, өткен тарихымызды бағалауға мұрындық болар еді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 3-4 жастарында əке-шешелеріне тамақ тасыған жер. Мəселен, Томск қаласында НКВД-ның бұрынғы ғимараты сол қалпында сақталынып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына айналып отыр. 31 мамыр күнін біз жыл сайын атап өтеміз. Алматы қаласының осы зұлматты бастан өткерген отбасы ұрпақтары Алматы облысының «Жаңалық» ауылында қаралы митингке жиналады. Онда НКВД қолымен атылған 3 мыңнан астам адам жерленген. 1990 жылы бұл жерге тас белгі қойылса, 2002 жылы ескерткіш орнатылған». 1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мəңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нəтижесі. Мəселен, Қазақстанға 1936-1957 жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кəріс, 507 мың Солтүстік Кавказ халық-

252

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

тарының өкілдері жер аударылды. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқалар да өз еркімен келген жоқ. Барлығы 1,5 млн адам көшіп келді. Бас көтергендерге жазалау шаралары жүргізіледі. 1929-1931 жылдары көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін НКВД органдары 5551 адамды соттап, оның 883-ін атып жібереді. Жалпы алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде 10 мыңнан астам адам жазаланады. Осылайша, қазақ халқы атажұртында отырып-ақ ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, дінінен айырмақшы болған қауіпті қара сызықтың келесі жолағын аттаған болатын. Голощекин Қазақстанға бірінші хатшы боп келгеннен кейін бұл процесс ашық түрде жүргізілді. "Голощекин геноциді" жөнінде айтқан кезде 1928 жылы басталған ашаршылыққа ерекше назар аударған жөн. Оған 1926-1927 жылдардағы ауқатты шаруа мен байлардың мал-мүлкін кəмпескелеу жəне халықты ұжымдастыру науқаны түрткі болған. Малды тартып алған соң, халық қынадай қырылған. Тіпті бір-бірінің етін жей бастаған. 1932 жылғы тамызда ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Сталинге хат жолдаған. Онда қазақтардың аштан қырылу, босып кету деректерін бүкпей баяндап, өлкелік комитеттің көзбояушылыққа жол беріп, аштыққа апарған əсіре науқаншылдығы мен оны үстей түскен ауылдардағы шолақ белсенділікті жасырмай əшкереледі. Бар айыпты бір адамға үйіптөгуге болмайтынын ескертті. Күйзеліске өлкеком бюросы түгел, оның ішінде, басшы қызметкер ретінде, өзінің де белгілі дəрежеде жауапты екенін мойындай отырып, басшылықты жаңарту қажеттігін айтты. Бірінші хатшының айрықша рөлі баршаға белгілі екенін атап көрсете келе, О. Исаев Голощекинді өз қателіктерін түзетуге қауқарсыз деп ойлайтынын да жазды. Ол Бас хатшы И.В. Сталиннің тікелей өзіне осындай пікірін ашық жолдап, Қазөлкекомның бірінші хатшысы Голощекинді ауыстыру қажеттігін тұңғыш та дара əрі жалғыз көтерді. Əрине, оның ондай пікірі бірден қош алына қойған жоқ. Сонымен бірге О. Исаев қазақ ауылы мен мал шаруашылығы жөнінде шұғыл атқарылуға тиіс ұсыныстарды да тұжырымдап, сол мəселелер жөнінен Орталық Комитеттің арнайы шешім шығаруын сұраған-ды. Бұл өтініші қанағаттандырылды. 1932 жылғы

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

253

17 қыркүйекте БК(б)П Орталық Комитеті Қазақстанның ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады. Алайда оның орындалуы да мардымсыз болды. Голощекиннің партактивте «Орталық Комитет 17 қыркүйектегі қаулысымен мақұлдаған Қазөлкекомның ауылды қайта құрудағы ірі жетістіктері» жөнінде айтқан өтірікке толы бөспе сөзінен қайран болмады. Халық аштық, індет зардаптарын тарта берді, қырылу, босқындық тыйылмады. Ол жайында Сталинге 1932 жылғы 29 қыркүйекте РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов хат жазды. Ақыры жағдай тым асқынып, Алматы көшесі аштық құрбандарынан аяқ алып жүргісіз болған 1933 жылғы қаңтарда, «адал лениншіл-сталиншіл» Филипп Голощекин Мəскеуге, Жоғары Төрелік Сотты басқаруға шақырып алынды. Автономиялық республиканың басшылығы ауыстырылды. 1933 жылғы 9 наурызда Т. Рысқұлов көсемге Қазақстандағы ауыр жағдай мен оның себептерін баяндап, тұйықтан шығарар ұсыныстар қорытқан екінші хатын берді. Ұзамай республикада Левон Мирзоянның басшылығымен, шетелдерге асып кеткендер мен аштықтан қырылғандарды ауызға алуға тыйым салулы ахуалда, ашаршылық зардаптарын мал шаруашылығындағы жағдайды жақсарту арқылы жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіле бастады. Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі адамдары болған. Көбі алаштың арыстары. 1929-1933 жылдары Қазақ АКСР ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9 805 іс қарап, 22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған, соның ішінде 3 386 адамға ең жоғары жаза – ату жөнінде үкім шығарған. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937 жылы 853 адам қуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары əртүрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938 жылы 936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-сы сотталған. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Олар: Алжир, Қарлаг, Дальний, Степной, Песчаный,

254

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір жəне Өскемен лагерлері. 1937 жылдың үшінші шілдесінде НКВД-ның Батыс Сібір бойынша басқармасының бастығы Миронов пен Қазақстан Ішкі істер халық комиссары Залин бір мезгілде шұғыл құпия тапсырма алған. Онда күзеті күшейтіліп, қатаң тəртіптегі тікенек сыммен жəне биік дуалмен қоршалған концентрациялық лагерь ұйымдастыруға пəрмен берілген. Мұнда қанқұйлы қылмыскер немесе кəнігі ұры емес, нəзік жанды əйелдер – аналар, қыздар, балалар ұсталуға тиіс болған. Қарағанды ГУЛАГ-ының құрамына енгізілген бұл тозақ мекемесінің атауы да құлаққа тосын естілетін – АЛЖИР. Оны қазақ тілінде тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандар əйелдерінің Ақмола лагері» деген сөз болып шығады. Бұл шифрограммаға ГУЛАГ бастығы Берман қол қойғанмен, оның əміршісі – сол кезеңдегі НКВД бастығы Ежов болды. Əйелдерді сырқаты, екіқабаттығы, сəбилі болуы да темір тордан құтқара алмады. Тіпті, «отанын сатқандар» делінген қара күйе жағылған адамдардың бұрынғы əйелдері де тұзаққа ілікті. Өкіметтің пайымдауынша, əйелдер күйеулерінің көзқарастарын қолдайды, сондықтан олар да – қауіпті адамдар болып саналады. 1937-1938 жылдары мұнда 20 мың əйел жазасын өтеді. Олардың арасында бұрынғы көрнекті партия-кеңес қайраткерлерінің Əзиза Рысқұлова, Зинаида Тухачевская, Дəмеш Жүргенова, Əбиша Қабылова сияқты əйелдері болды. Мыңдаған жазықсыз жандар Ақмола маңындағы Малиновка ауылына Мəскеуден, Ленинградтан, Одессадан, кең байтақ Кеңес Одағының барлық түкпірінен ағылды. 1938 жылдың жиырма сегізінші ақпанында алғашқы этап келді: аяқтарына жеңіл аяқ киім киген, сəнді де кербез əйелдер Ақмоланың сыз басқан қытымыр табиғатына аяқ басты. Олар мал бақты, бақшада жұмыс істеді, қырқыншы жылдары майдандағы əскерге киім тікті, қамыс шапты. Отанын сатқандардың балаларын балалар үйіне апарды. Соның ішінде туыс адамдар мен таныстардан да қасақана бөліп жіберді. Алайда балаларымен кездесу үміттерін АЛЖИР-дің қатаң тағдыры үзе алмады. Бостандыққа шыққаннан кейін де олардың барар жері, басар тауы қалмады. Бұрынғы тұтқындар лагерь маңындағы қоныстардан алысқа кете алмады. Өйткені төлқұжаттарында елдің 39 қаласына баруға тыйым салынған белгісі болатын.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

255

Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған жəне бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Əлихан Бөкейхан бастаған Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов, Əлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сəкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов атылды. Бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде жыл сайын еске алу шаралары аталып өтіледі. Зерттеушілердің мəліметтері бойынша, 19211954 жылдар аралығында Кеңес Одағының үш миллион жеті жүз елу мың тұрғыны оның құрбанына айналған. Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы сан қырынан таразылайтын тың тақырып. Əлі де оның қайраткерлері толықтай зерттеліп болған жоқ. Мəңгілік Алаш идеясын жүзеге асырудағы қазақ зиялыларының рөлін тарихи саралап, өткенге көз жіберсек, Алаш идеясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі уағыздаушы əрі жүзеге асырушы қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады. Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, əлемдік озық тəжірибені пайдалана отырып, дəстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркəсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын жəне басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мəдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу, Қазақты «ұлт» ретінде сақтап қалу болды. Солардың бірқатары туралы нақтылы деректер келтіре кетсек. Алашордалықтарды ұлтшылдар ретінде 1929-1931 жылдар аралығында құрта бастады. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шəкəрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар секілді алаштың арыстары бар еді.

256

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Халел Досмұхамедов – көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Алаш көсемі, энциклопедист-ғалым, күллі Түркістандағы оқу-ағарту, ғылым, баспа ісі жəне денсаулық сақтау салаларының ұйымдастырушысы. Ол 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келген. Кішкентайынан ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға түскен. 1894 жылы, он бір жасында Орал қаласындағы əскери реалды училищенің дайындық класына қабылданып, зеректігімен танылған. 1902 жылы оны үздік бітіріп, тағы бір дайындық класында оқып, 1903 жылы Петербордағы Императорлық əскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Кейін ол қазақ тарихы, тілі мен əдебиет саласында ізашар еңбектер жазып, тұңғыш рет медицина, биология, зоология, табиғаттану оқулықтарын ана тілімізде дүниеге əкелген. Батыс Алашорда қайраткерлерінің бірі, Жаһаншаның серіктес жолдасы. 1930 жылдары ҚазПИ-дің проректоры болып жүрген жерінен, тұтқындалып, Воронежге жер аударылған. Сонда жүргенде, «Алашордашыл» деген айыппен қайтадан тұтқынға алынып, Мəскеу, Алматы түрмелерінде отырған. 1939 жылы ату жазасына кесілген. Міржақып Дулатов (1885-1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мəдениеті мен əдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы Ы. Алтынсарин ықпалымен ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды. Ауыл мұғалімі деген куəлік алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейхановпен танысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Петербор қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси қозғалыстарға араласу оның саяси-əлеуметтік көзарасының қалыптасуына ықпал етті. Ол 1905 жылы қазанның 17-інде Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 жылы Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Петерборға барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілінеді.1928 жылдың желтоқса-

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

257

нында қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жазасына кесіледі, кейін он жылға абақтыға ауыстырылады. Беломор-Балтық арнасының құрылысы бойында Сосновск стансасындағы лагерьде жазасын өтейді. 1935 жылы қазанның 5-інде осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болды. Сүйегі 1992 жылы қыркүйектің 1-18 аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне əкелініп, қайта жерленді. Ахмет Байтұрсынов – қоғам кайраткері, ақын, əдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. Əділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған əкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер мəселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М. Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А. Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А. Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-əдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды. Сарығожин Сабыр – Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Əскери қайраткер, генерал-майор. Көп жылдар Ресей патшасы əс-

258

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

керінде қызмет еткен. 1918-19 жылы Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің əскери комиссары болды. Репрессия қуғындалуынан 1919 жылдың соңында Қара теңіз арқылы Англияға өтіп кетті. 1925жылы Ұлыбританияда Лондон қаласында қайтыс болған. Жұмат Шанин – режиссер, драматург, актер, ұлттық кəсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. 1937 жылы Орал музыкалық-драмалық қазақ театрын ұйымдастырып, басшылық жасаған. 1938 жылы театр репертуарында байлықты уағыздайтын «Айман –Шолпан», «Хан Кене» пьесаларын қойып, театр труппасына байдың қыздарын актриса ретінде алғаны үшін жəне театр ғимаратында өрттің шығуына байланысты тұтқынға алынған. 1938 жылы ату жазасына кесілген. Бисенов Бақтығали – Тайпақ ауданының №3 ауылында туған. Батыс Алашорда қайраткері. Дəрігер. 1937 жылы Жымпиты аудандық аурухананың дəрігері болған. 1938 жылы Үштік шешімімен тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген. 1927-1953 жылдарға дейін саяси қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың қаралы тізімін əрі қарай жалғастыра беруге болады... Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мəңгі ұмытпай, оларды əрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мəн беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

259

1937-1938 ЖЖ. ЕЛІМ ҚУҒЫН-СҮРГІН КЕЗЕҢІНДЕ Азапты жеңген асыл аналар Қ.Б. Қамысбаева №146 мектеп-лицейінің тарих пəні мұғалімі

Мақсаты: Бүгінгі сабақтан тыс тəрбие сағатымызда XX ғасырдың зобалаңында зауал зардабын тартқан халқымыздың аяулы қыздарының алмағайып кезеңдегі тағдырын əңгімелеу. Көпті көрген қариялар «көрерсің де білерсің» дейді ғой. Сол айтылғандай-ақ бесіктен белі шықпай жатып түрпекке түсіп, қисыққияң соқпақтан əупірімдеп өтіп, тіршілік мəнін өте ерте ұққан, қиындыққа қайыспай қарсы тұра алған арулардың өткен аянышты өмір жолын, сахналық көрініспен еске алу. Бұл сабақтан тыс тəрбие сағатында шер-мұңға толы естелік-сырлардың бір парасы ғана екендігін түсіндіру. Жоспар: I бөлім: «Мұңды ғасыр – XX» II бөлім: Орта Азия мен Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі «үлкен қызыл террор» құрбаны Сұлтанбек Қожанов пен зайыбы Күлəндəм Қожанованың тағдыры. III бөлім: Алжир. «Ақ жаулықты асыл ана!» IV бөлім: Перзент мұңы. V бөлім: Қорыту. Ашылу салтанаты Жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің, Асқартау, арқа тұтар алтын белім.

260

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Көрнекке өткен ғасыр қасіретін, Қош келдің! Айналайын, халқым менің.

Жүргізуші: Өлшеуі ар намыс пен нарқымыздың, Қорғаны адамдық пен салтымыздың. Армысыздар аяулы мектебімнің ұстаздары, Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

Жүргізуші: Мектеп қой, еліміздің қаны, жаны, Мектептен басталады бəрі, бəрі. Киелі, қасиетті шаңырақта, Шырқалсын Қазақстан Əнұраны.

Музыка ойналады Тақтадан Конфуций мен К.М. Симоновтың нақыл сөздері шығып тұрады. Жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда 1937-1938 жылдар трагедиясы əңгіме болады. Бүгінгі сабағымызды азапты жылдар құрбандарының асыл рухына бағыштаймыз. Жүргізуші: Иə, олар, тіпті көп жазықсыздан жапа шеккен кешегі кеңес одағы тұсындағы зобалаңда 19 млн 840 мың «халық жауы» атанған боздақтардың атын тізіп айтып еске алу бүгінгі ұрпақ міндеті. Жүргізуші: Айқай заман-ай, Кеттің қайырылмай. Көрсеттің жапанды, Тартқыздың қапаңды. Сұм дүние жалған-ай! –

деп, сахнада №146 қазақ орта мектебінің 7,8,9,11, сынып оқушылары тарих қойнауына үңілмекші.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

261

I бөлім. «Мұңлы ғасыр – XX» 1-оқушы: Қуғын-сүргін сол бір аяулы азаматтардың берекелі шаңырағын шайқады-ау келіп. Айтыңызшы шындыққа ұмтылудан артық қандай жақсы қасиет бар? 2 оқушы: Иə, шындық шырқырап, құлындағы даусы естіліп жатса да, «троцкишіл, жапонның, ағылшынның, немістің тыңшысы» деп халық жауы атанған талай-талай азамат айдауға түрмеге жөнелтіліп жатты. 3-оқушы: Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды. Заман тыныш, Апырай, сонда халықтың жауы кім болғаны? Қайдан келген жау?! 4 оқушы: Жиналған жүкті ірітіп бұзатын қара күйе деген болушы еді немесе егінді тып-типыл жасайтын көк шегіртке дегенді естуші едік. Халқына қызмет етушілерге «Халық жауы» деп жала жабылуы ойланарлық жағдай.... Тарихқа қиянат осылай басталған. 5 оқушы: Сəбилерінің шат-шадыман күлкісі естіліп жататын базарлы үй мазарға айналды. Бұған Ақмола қаласының маңындағы лагерлердің 26-шы нүктесі куə бола алады. 6 оқушы: Қайтіп қана таң қалмассыз. Олар – біреудің əпкесі, біреудің қарындасы, ал екіншісінің анасы емес пе еді. Арманда кеткен аналар-ай, тағдырдың ауыр жүгін арқалауға мəжбүр болдыңдар-ау! Жүрегім мұздап тағдыр тауқыметіне шыдамдылықпен, күш-жігермен төтеп берген абзал аналардың көрген қиыншылықтарын айтпауымыз қылмыс емес пе? 7-оқушы: Ол абзал аналар куйеулерімен бірге қылмысты іске қатысты делініп, шетінен түрмеге қамалды. Отбасы, ошақ қасынан айырылды. Үйлерінен «Халық жауының əйелдері» деп қуып шығарылды. Көз алдарында бала шағаларын НКВД тəрбиелеуге алып кетті. 8-оқушы: Сол бір тағдыр тауқыметін көрген мыңдаған əйелдер кімдер еді? Олар:

262

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

1) Күлəндəм Қожанова; 2) Дəмеш Ермекова (Жүргенова); 3) Бижамал Сырғабекова; 4) Майнұр Сармолдаева; 5) Сақыпжамал Назарова; 6) Сағдат Таштитова; 7) Уəзипа Күленова; 8) Мариям Есенгелдина; 9) Күнжамал Маилина; 10) Шəкітай Тəтімова; 11) Зағфи Тналина; 12) Əзиза Рысқұлова; 13) Рида Рысқұлова; 14) Сұлухан Бағзыбаева; 15) Əйіш Ұлымбетова; 16) Елизавета Садуақасова; 17) Мария Есқараева жəне тағы басқалар... Мыңдаған асыл аналар! Жүргізуші: Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бəрінен, Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, –

деп, зобалаң заманында ағаларымыз жырлағандай зиялыларымыздың, аналарымыздың өміріне көз салайық, тарих қойнауына енейік! II бөлім. Орта Азия мен Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі «үлкен қызыл террор» құрбаны Сұлтанбек Қожанов пен зайыбы Күлəндəм Қожанованың тағдыры. Күлəндəм: (Есік қағылады. Сұлтанбек кітап оқып отыр. Күлəндəм апай есікке барып.) – Кім бұл? НКВД: – Есігіңізді ашыңыз, үйге кіруге бола ма?

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

263

Күлəндəм: (Есікті ашып) – Сəлеметсіздерме кіріңіздер. НКВД: – Амансыз ба, Сұлтанбек Қожанов үйде ме? Күлəндəм: – Иə, үйде. (шошынып тұрады) НКВД: (Сұлтанбекке жақындап, құжатын көрсетіп) – Қожанов жолдас сіз бізбен бірге жүресіз (Қолындағы қағазын ұсынады, қағазды оқып, шошынған Сұлтанбек Қожанов) . Сұлтанбек: – Жоқ. Сендер мені кім деп санап тұрсыңдар. Тірсегі кедей кеңес өкіметі тəрбиелеген, өсірген, шыңдаған мені оңай беріледі демеңдер, қанекей мұрсат беріңдер. НКВД бастығымен өзім сөйлесемін. (Осы арада есіктен тағы НКВД мүшесі кіріп келеді) Бастық: – Қожанов Сұлтанбек сізді халық жауы деген кінəмен тұтқынға алуға бұйрық шықты. Қарсыласпай айтқанды істеңіз. Сұлтанбек: (Орындыққа отырып қалады. Жерге қарап, ойланып отырып, басын ұстап, əйеліне қарап, əйелі жылап тұрады, шошынып) – Күлəндəм! Болашақ ұрпаққа өткен өмір шежіресін ұқтыр, естірт, түсіндір, айт. Бекем бол! Зипа: – Əке сенің не жазығың бар, əкетай неге үндемейсің? (Əкесін құшақтап тұр) Сені ұстау заңсыздық емес пе? Əкежан сенсіз қалай өмір сүреміз? (Жылайды) Сұлтанбек: (Қызын құшақтап, қатып қалған Күлəндəмға жақындап келеді де, қызын ұстатады ) – Берік бол, Күлəндəм! НКВД: (Сұлтанбекті жұлқылап алып кетеді) Күлəндəм: (Еңіреп жылайды) – Есікті неге аштым? Жансыздар! Жазықсыз елім деп еңіреп жүрген ер азаматымды қайда алып кеттіңдер? (Қызын құшақтап шығып кетеді)

264

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Автор: – Бір ай уақыт өтті. Күлəндəм үйде ойланып отыр. Зипа: – Анажан! (деп сырттан жүгіріп кіреді үйге) Күлəндəм: Не болды жаным, тыныштық па? (Шошынып орнынан ұшып тұрады) Зипа: Мектепте сұмдық болды. Икрамовтың, Ходжаевтың балаларын жəне мені бүкіл елдің алдында «Халық жауының» балалары деп мойнымыздан галстугімізді шешіп алды. Пионерді пионерден, комсомолды комсомол мүшелігінен шығарды. Мама, «Халық жауының» балалары деген таңба бізге кесірін тигізуде. Енді не істейміз? Күлəндəм: (Қызын құшақтап шошынып) – Тыныш, жылама жаным, бəрі өткінші. (Есік қағылады, екеуі құшақтасқан күйі есікке шошына қарайды. Күлəндəм отырып қалады) Зипа: – Бұл кім? (дейді шошынып) Кісі даусы: Есігіңді аш! Анаң үйде ме? (Есік ашады, кісі үйге кіреді) НКВД: Күлəндəм Қожанова сіз жиналыңыз. Сұлтанбек Қожанов Халық жауының əйелі ретінде сізді тұтқынға алу туралы құжатпен келіп тұрмыз. Күлəндəм: (Шошынып қызына, қарай берді. Не дерін білмеді) Зипа: – Мама, мен не істеймін? Бұл не, маматай? Сенің не жазығың бар еді? Əкемді бір əкетті, енді сенен де мені айырмақшы. Мама мен қайда барамын Мама əкетпесін сені, мен қорқамын ғой жалғыз! (Жылайды) Күлəндəм: Құлыным, жалғыз тастамаймын. Есің бар ақылың бар жаным. Мен келгенше туыстармен бірге боласың күнім. Əкең де, мен де Халық жауы емеспіз, қандай қиыншылық кездессе де, əкең мен анаңның ел алдында ақ екеніне ешқашан күмəн-

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

265

дəнба. Үйден шықпа, ертең ауылдан ағаң келіп алып кетеді. Мен сені өзім тауып аламын, ботам. Мені іздеме. Жылама егілме. НКВД: (Жұлқылап) – Болды, жетер енді уақыт жоқ, түс алдыма. Зипа: – Мама, маматай! (Жылап жерге құлайды) Автор: – Иə, Қазақ обкомында хатшы болған Ежов қолына қылышын алған соң, көзі жетер жері Семей губкомынан бастап, өзі қызмет істеген ортаға дейінгі басшыларды ұстарамен қырғандай тып-тыйпыл жасады. Күлəндəм: (Айдалада мал бағып жүр түрмеде. Өз өлеңі) Ақмола, Қарағанды арасында, Қой бағам Балтық жырақ даласында. Сақтаймын оң көзімдей баққан қойды, Ешбір ой қойдан басқа болмай қойды. Алыста жылай-жылай бала қалды, Жүрген жер Ақмола мен Қарағанды. Қайран ел сені көрер күн бар ма екен, Мұңымды алыс-жақын тыңдар ма екен.

Музыка ойналады. Сахнадан шығады III бөлім: Алжир. Ақ жаулықты асыл ана! Жүргізуші: Қайғы қасіреттен өлген аналардың ел көзінен тасаланып көмілген мəйіттері қаншама.... (Ана жүріп келе жатып, зар дауыспен) Күлəндəм: Ақмола, Ақмола-ақ дала, Айтайын сырымды ақтара. Темір тор ызғырық суық жел, Налыған көңілім қап-қара, Əлдиін естіші ананың,

266

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Күлкісін тыңдашы баланың, Ақмола, Ақмола Ақмола. Мазары, назары даланың, Қараймын түнекке сақтана, Бір үміт көрінер сəт қана, Жіберші, еліме, жеріме, балама. Ақмола, Ақмола Ақмола.

(Ішке кіріп шаршап отыра кетеді) (Бір топ ана азған, тозған түрме ішінде. Сырттан кірген бір ана бəріне қарап) Дəмеш: – Сорлады-ау! Қазір ғана көз алдымда сұмдық болды. Күлəндəм: – Не болды, Дəмеш? (Жамырап) Не көрдің? Дəмеш: – Үш бұзау далада үсік шалып өліп қалыпты. Соны өлтірдіңдер деп үш сорлы əйелді аямай атып тастады. Қанша бұзау өледі, сонша əйел осылай атылады, – деп ақырды бастық. Бұл сұмдық қашан бітер екен. Малдың да тулағына татымадықау! (Жылап отыр, аналар келіп жұбатады) Шəкітай: (Еңіреп) – Үйде бес балам қалып еді, қайтемін-ай, енді қайтемін? Шешемнің сиыры бар еді суалмаған, көже қатық бола ма екен-ай!? Əлде балаларым аштан аш жүр ме екен... Жанбике: (Құшақтап Шəкітайды) –Жылама жаным! Келші мен құмалақ салайын. Ауылдағы балаларыңның жағдайын білейік. (Құмалақты шашады) Бір сиырың бар екен, түсі ала ма, əлде қара ма.. Уайымдама ауылда қалған балаларың аққа қарық болып отыр. Шəкітай: (Құмалаққа үңіліп) – Ала сиырды көрсетші (Жалынды) Жанбике: – Міне, міне тұр ғой ауылдағы балаларың аман жылама, оданда қолыңдағы балаңа қара, қиыншылықты жеңуіміз керек қалайда. Бала- шағамызға аман жетуді ойлайық. (Жанбике Мадинаға қарап). – Мадина бүгінгі боранда бір отар қойыңды қалай аман алып қалдың?

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

267

Мадина: – О, ой Жанбике-ай шыбын жаным шырылдап, бір топ қасқырға жем болып қала жаздадым емес пе? Бір жағынан бір отар қойымның амандығын ойласам, бір жағынан шыбын жанымды ойладым. Таяғымды сермеп ен даланы жаңғыртып əн айтып, ащы айғайға басып қорғандым. Менің срнаған мен айғайымды алыстан естіп көмекке келгендер мені көргенде жынданып кеткен шығар деп ойлапты. Алла берген даусым осындай қиын қыстау кезінде көмегін тигізіп те жүр ғой. Мұндай əн айтуды жаратқан ием ешкімнің басына бермесін (жыламсырайды). Қасірет қой бұл күніміз. Қайғыдан қан жұтып бала-шағамызды сағынып өткен күндерім-ай! Аман-есен табысар ма екенмін балаларымен! Жанбике: (Аналар жамырап) – Қой Мадина сабыр ет! Бұл қытымыр кезеңнен де құтылармыз. Əзиза Рысқұлова: (Кішкетай қызы қолында) – Балам-ай! Туған үйің Бутырка түрмесінің табалдырығы болды-ау! Əкең жау, шешең мынау, аты-жөнің жоқ, қызым-ау тағдырың не болар екен? (деп жылайды) Дəмеш: Əзиза айналайын! Нəрестенің атын қояйық! Қарсы болмасаң есімі Рида болсын! Рысқұлова Рида Тұрарқызы болады. Əзиза: – Солай ма? (қуанып). Балапаным, сенің аты-жөнің Рысқұлова Рида Тұрарқызы Жанбике: – Егілме Əзиза, бұл күндер ұмытылмас, жүрегімізде мəңгілік қара дақ боп қалар! Бірақ балалардың болашағы үшін бекем болайық! Мадинажан, тағы да бір əн салшы, шеріміз тарқасын. Ридажан əн тыңдап ұйықтасын. Мадина: Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды, Угай-ай, əн салшы бір бала-ай! (Əн қосу)

(Бəрі қосылып айтады)

268

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: Түрме түңгірт, Түнде жым-жырт, Уақыт демі тынғандай, Түңерген бұлт, Түңілген жұрт, Сенім сағы сынғанда.

Жүргізуші: Қайғыдан қан жұтқан бала-шағасын сағынған аналар анда-санда əуелетіп сағынышты əндерді осылай айтушы еді. (Музыка ойналады) Жүргізуші: Ал енді бізге келген заман қандай? Заманға қарсы тұрар шамаң қандай? Басқаның көк желке боп тепкісінде, Талантсыз неден болдың, аһ сор маңдай! –

деп, ақын жырлағандай «Перзент мұңына» көз жіберейік. IV бөлім. Перзент мұңы Мəдия Сейітбатталқызы (Мұстафина): Жанымды қарап өткен сол күйікті өмір бойы толқымай еске ала ала алмаймын. Əкем Сейітбаттал Мұстафинді «ұлтшыл, Алашорданың үгітшісі» деп танып, 1937 жыл сəуір айының 25-інде «халық жауы» деп ұстап алып кетті. Кетіп бара жатып, маңдайымнан иіскеді де анама қарап: «Үмеш жалғыз ботамды көз қарашығыңдай сақта», – деді де көз жасын менен жасырып амалсыз кете берді. Сəуірде кетті, қыркүйекте атылды. Əкемнің маған арнап шығарған бір өлеңін оқып берейін. Көзім нұры – қарағым, Бір өзің сен жалғызсың. Көп балаға баладым, Кітап алшы қағазбен. Қайырлы болғай талабың Білім алып əр пəннен, Кейінгіге басшы бол.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

269

Кезі келсе дер істің, Білімдіге қосшы бол. Бұзық болмай дұрыс бол, Өз тобыңа ырыс бол. Еңбек, талап жолдасың, Жалқаулықтан бұрыс бол.

– Иə, əкемнің аманатын орындағандаймын. Əкемді бір көру арман болды-ау. Разия Бейімбетқызы Майлина: 1937 жылы 6 қазан мен үшін ауыр күн. Əкемнің өңі ақ қағаздай болып кеткен. Қайран əкем-ай. Бізді бауырына басты да шығып кетті. Амал не, еңірегенде етегіміз жасқа толып, біз қалдық. Əукен 16-да, мен 12-де, Мереке 10-да, Еділ 6-да, ал Гүлсім 2 жаста еді. Анам Гүлжамалды 1938 жылы сəуір айында қамады. Жетімдер үйінде өстік қой. Анамды іздеп Карлакқа да бардым. Өткенді айтып тауысу мүмкін емес, бұралаңы мен соқпағы көп, тым ауыр жол (көзіне жас алады). «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. Қарашығым, қуанышым деп зарлаған. Алыстағы сорлы анамды сағындым», – деп аналарымыз зарлаушы еді. Жүргізуші: Қазақ мəдениетінің, əдеміліктің «Гауһар тасы», қайталанбас дарын-талант иесі еліміздің бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова: (əнін қою) (Бибігүл ойланып тұрып)-Қайран, балалық дəурен, панасыз, азынаған азапта өтті ғой. Қасірет дегеніміз – өзіңдей адамның сені жазықсыз қорлап, жан дүниеңді қаңсыратуы екен. Ол жараның бітуі екіталай. «Халық жауының күшіктері» деген сөздерді естіп өстік-ау. Қайран əкем-ай! Əкем бейнесі көкірегімде сарнап тұр. Əкемді ұстағаннан кейін бір тəуліктің ішінде-ақ №58-3 статья бойынша Алматы қаласында атыпты. Əкемнің өлімі жайлы нақты мəліметке көзім жеткенде көкіректе əлдеқашан қатып қалған мұз бұршақ болып үзіліп түсті (көзіне жас алады).

270

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Халқымның талантты ұл-қыздары даңғыл жолымен жүріп келіп, армандарына жете берсін. Жүргізуші: Əсмə анамыз не дейді? Əсмə Шорманова: Қызым Розаның көрмегені жоқ. Ол басынан өткен балалық шағын есіне алғанды ұнатпайды. Шындықты дауыстап айтар кез келсе неге айтпасқа? Мен Əсмə Шорманова, Рахымжан Шормановтың зайыбымын. Рахымжанды Кремльдегі жұмыс орнында қамауға алды. Зəре-иманым қалмады. Енді не істеймін? Ақылдасар ешкім жоқ. Ақыры кішкене Розамды қысып алып, Алматыға қашып келдім. НКВД қызметкерлері 1938 жылы наурыз айында мені де қамауға алды. 8 жыл өмірім Карлакта өтті. 3 жасар қызым əпкеммен қалды. 1937 жылдың зобалаңын ашына жазып, өліп кеткендерді еске алу қадір-құрмет. Қайран Рахымжан! Жарқылдап жүрген Рахымжан! Оның сүйегі қайда? Қай жерде? Оны мен білмеймін. Мен тірімін, көзі тірі куəмін, кəрі аруақ болып қалсаң да көз алдымда жап-жас Рахымжан тұрады. Ақ көңіл! Адал еді. Қайдасың Рахымжан?! Мен тірімін. Əлі күнге күтемін. Тірі сияқтысың. (Көз жас алады.Қыздар иғынан құшақтап ортаға алып келіп бастарын иеді, үш қыз сөйлейді, ана басын изеп тұрады). Мəдия: XX ғасыр өтті, кетті дүние.... Ал XXI ғасыр ше? Рəзия: Шапағатынан шапалағы басым өмірдің қойнына үңілу көңілге тыншу бермейді. Əлдеқайдан үңірейген үрей үңгірін көріп тұрғандай сезінесің. Бибігүл: Ылайым пенделердің санасында сəуле болып, ауыз бірлік пен жүрек жылуы жоғалмасын. Сонда ғана адам баласының көз жасы азайып, жұмыр жер еркін тыныстар. V бөлім. Қорыту Жүргізуші: Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

271

Баласынан тұтқын болып сарғайған, Кім жеткізер сəлемімді анама –

деп, Мағжан айтпақшы Анасы мен əкесін іздеген қыз, қызын сағынған аналардың жан даусын естір ешкім болмаған. XX ғасыр тəлкегін-ай! Жүргізуші: Əлдеқайдан күн шығады, батады, Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. Қарап қалсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады.

Осы шумақта Алжирлік аналардың тағдыры жатқан сияқты. Жүргізуші: Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді, Сөнген шоқты үріп бала күледі. Ой басты ма, əлде көзім талды ма? Мөлт-мөлт етіп көзіне жас келеді, –

деп Мағжан ақынның өлеңі ойына орала береді. Жанарларында жас, көңілдерінде мұң. Арманда кеткен, азапты жеңген асыл аналарым-ай! Жүргізуші: Адамдарға қанды қолмен тартқызған қасіретін ешбір жасырып мəймеңкелеуге келмейтін – 37,38!  Оның беті жапа шеккендердің көз жасымен сатпақталған.  Оның қазаны жəбір назасына толтырылған! Жазықсыздар тақсіреті... Жүргізуші: Ақмола лагері бəріміздің жан жарамыз! Теңдігімнің арқасында ғана осындай тарихи сыр-сипаттар ашылып, қайғы-қасіреті араға жарты ғасырдан астам уақыт солып, қайта жаңғырғанның куəсі болып отырмыз. Қонақтарға сөз...

272

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

4 маусым –

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР КҮНІ

Рəміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мəнмағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Ал символика дегеніміз – рəміздер топтарының жиынтығы. Рəміздер көне замандардан бері бар. ту, таңба, эмблемалар ру-тайпалардың айырым белгілері ретінде қызмет атқарған. Мемлекеттері пайда болған кезде олардың əрқайсысы үшін өздерінің айырым белгілерін жасау қажеттілігі туындады. Ту мен елтаңбаны басты ғимараттарда, қала қақпаларына орналастырды. Ал гимнді мерекелер мен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындады. Жиырмасыншы ғасырда əр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рəміздерін міндетті түрде қабылдау дəстүрі орнады. Қазіргі кезде мемлекеттік рəміздер елдің байлығы мен тəуелсіздігін білдіреді, экономикалық өмірі мен халқының немен айналысатынын бейнелейді, даңқты тарих беттерін көрсетеді жəне азаматтардың ауызбіршілікті сезінуіне көмектеседі.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні

273

Мемлекеттің барлық азаматтары – үлкендер де, балалар да – мемлекеттік рəміздерді қастерлеуі парыз, олардың символикаларын білуі жəне түсінуі тиіс. Өз еліңнің туын, елтаңбасын жəне əнұранын құрметтеу – өз Отаныңды құрметтеу жəне сыйлау. Мемлекеттік рəміздерді сыйламау – бұл мемлекетті де, халықты да сыйламау деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында ҚР мемлекеттік рəміздері – туы, елтаңбасы жəне гимні бар деп көрсетілген жəне 34-баптың 2-тармағында əркімнің мемлекеттік рəміздерді құрметтеуі міндетті екендігі айтылған. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», – дейді қазақ халқы. Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Алғашқы таңбалар Еуропада пайда болған. Оларды мөрлерде, жауынгерлік сауыт-саймандарда, қару-жарақтар мен туларда бейнелеген. Елтаңба – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рəмiздерiнiң бiрi. 1992 жылы 4 маусым күні ҚР елтаңбасының дүниеге келген күні деп есептеледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – Ж. Мəлiбеков пен Ш. Уəлиханов. ҚР Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi туралы» Конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Рəмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi – шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi – отбасының бейнесi. Шаңырақ – Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер азаматтың сəйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тəуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол – өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тəттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бетбейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тəжi iспеттi. Əрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

274

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы мемлекеттік құжаттарда бейнеленеді. Мысалы, елтаңба Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын айшықтайды. Елтаңба, сондай-ақ мемлекеттік мөрлерде, ордендер мен медальдарда бедерленеді. Қазақстан елтаңбасын ұлттық валютамыз – теңге мен тиындардан да көруге болады. ҚР Мемлекеттік туы «Ту» – «белгі, нышан» деген мағынаны береді. Ең алғашқы тулар Мысыр мен Қытайда пайда болған. Олар қолбасшыларға ұрыс кезінде дұрыс бағдар жасауға көмектескен. Уақыт өте келе тулар жерлердің, кемелердің, ал сосын мемлекеттердің де айырым белгісіне айналды. Мемлекеттік тудың көтерілуі жаңа мемлекет жарияланғаннан кейін ең салтанатты рəсім болып саналады. Адамдардың барлығы көре алуы үшін жəне өз елдерін мақтан тұтуы үшін туды биік тұғырға бекіткен. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рəмiздердің бiрi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы 1992 жылы маусым айында бекітілген. ҚР Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран жəне ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы – суретшi Шəкен ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi жəне Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда əрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс жəне оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi жəне əлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мəдени-семиотик тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні

275

көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң жəне өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нəрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұланбайтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Мемлекеттік ту Президент сарайының үстіне, Парламенттің, Президент əкімшілігінің, министрліктердің, əкімшіліктердің, сондай-ақ Қазақстанның шет елдердегі елшіліктердің ғимаратүйлеріне орнатылады. Мемлекеттік мереке күндері онымен көшелерді, қала алаңдарын безендіріп, іледі. ҚР Мемлекеттік əнұраны «Гимн» сөзі грек тілінен алынған. Ол «салтанат, мадақтау əні» дегенді білдіреді. Гимндер көне замандарда-ақ шығарылған. Олар салтанатты рəсімдерге арналған əндер болатын. Кейін əскери марштар мен əрбір нақты салтанатты оқиғаға – таққа отыру құрметіне, соғыстағы жеңіске арнап шығарылған «уақытша» гимндер пайда болды. Қазір елдің гимні мемлекетке арналған салтанатты əн болып табылады. Гимн елдің күш-қуаты мен ұлылығын мадақтайды. Оның мəтінінде сан ғасырлық тарих, бүгінгі өмір жəне болашақ туралы армандар айтылады. Біздің елімізде Мемлекеттік гимн ретінде «Менің Қазақстаным» əні қабылданған. Бұл əннің тарихы қызық. Əнді ақын Жұмекен Нəжімеденов пен сазгер Шəмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері еді. Əнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Əнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл əн əр үйде, əрбір мерекеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми əнұраны болған еді. «Əнге ресми мəртебе беретін уақыт жетті!» – деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Əнұранның жаңа мəтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.

276

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Ол жерімізде бейбітшілік пен ынтымақ орнауы үшін ерлікке, елдікке, бірлікке үндейді. «Менің Қазақстаным» əні əнұран ретінде алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда орындалды. Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рəсімі болатын. Ұлықтау рəсімі – бұл бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша сайланған Президентті ресми түрде жариялау. Ұлықтау рəсімі кезінде Президент халқына, Ата Заңға адалдығын білдіріп, ант береді. Мемлекеттік гимн мемлекеттік маңызы бар шаралар кезінде орындалады. Оны мерекелік шерулерде, салтанатты жиындарда жəне спорт жарыстарында естуге болады. Гимнді Қазақстан Републикасының əрбір азаматы білуі тиіс. Мемлекеттік гимн орындалған кезде, оған құрмет ретінде, барлығы орындарынан тұрып, оң алақандарын кеуденің сол жақ тұсына қояды. Əскерилер құрметтеу белгісін көрсетеді немесе қарумен салют береді. 1992 жылы 4 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тəуелсіздіктің қасиетті туы мəңгі желбіресін, күніміз мəңгі сөнбесін. Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген елтаңба əлемде сирек кездесетін десек те артық болмас! Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар елтаңбамыз құтты болсын!» деген болатын. Бұл тек Елбасының ғана емес, бүкіл қазақ халқының қуанышы, жетістігі, мақтанышы. Сондықтан өз Отанының мемлекеттік рəміздерін құрметтеу – əр азаматтың міндеті, отансүйгіш қазақ ұлты кемелденуінің кепілі.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні

277

МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ Э. Сəдірмекова № 136 мектептің тарих пəні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тəуелсіз еліміздің мемлекеттік нышандарын мақтан тұтуға, құрметтеуге, сақтауға, əрқашан биік ұстауға, елін, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған жерін сүюге тəрбиелеу. Сабақтың əдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, дəптермен жұмыс. Бағыты: патриоттық. Көрнекілігі: суреттер, плакаттар,электронды оқулық, т.б. Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.  гимн орындалады.  оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысыда шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері – туы, елтаңбасы, гимні болатындығы ежелден белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да белгі-нышандары болған. Тəуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына да ел нышандарының қосқан үлесі зор. Өмірге келген əр жаңа мемлекеттің өз биігі бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата əуелеткен əнұраны. Еркіндікке ұмтылған əр елдің бəрі де өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. 1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жаралған, Ер түркіні байрағынан таныған.

278

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Өзі ақын, өзі əнші халықта, Кім айта алар Болмаған деп əнұран?!

2-жүргізуші: Бас білгізіп жер тарпынған тарпынға, Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға Қалай оның елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен-таңба?!

1-оқушы: 1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика Жоғарғы Кеңесі ҚР-дың мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті. Сол жылғы желтоқсан айында əнұранның жаңа мəтіні қабылданды. Заман талабына сай 2006 жылы қаңтар айында «Менің Қазақстаным» əнінің негізінде жазылған жаңа гимн қабылданып, ел игілігіне қызмет жасауда. (Интерактивті тақтадан желбіреген көк байрағымыз, елтаңбамыздың суреттері көрсетіледі). 2-оқушы: Мемлекеттік туымыздың авторы – Шəкен Ниязбеков болса, Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы – Жандарбек Мəлібеков пен Шот-Аман Уəлихановтың еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің жемісі. ҚР-дың мемлекеттік гимнінің музыкасы ұлы композитор Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский жəне Латиф Хамиди тізе қосып шығарған əйгілі, қазақ елінің əн тұмары міндетін 1944 жылдан атқарып келген əуен қабылданды. Мемлекеттік рəміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен 1992 ж. 11 желтоқсанда ақындар: Мұзафар Əлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дəрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. ҚР-дың тəуелсіздігін айғақтаған əнұран 2006 жылдың басында тарихи жұмысын аяқтады (интерактивті тақтадан туымыздың, елтаңбамыздың, гимн авторларының суреттері көрсетіледі). 3-оқушы: Əлем елдері гимндерінің арасынан шын мəнінде ойып орын алатындай дəрежеге жеткен бұл Əнұранның өзгертілуі бірқатар себептермен сабақтастырылуда. Республиканың жер-жерлерінде кез келген форум асқақ патриоттық сезіммен сөзін ақиық ақын Ж. Нəжімеденов жазған Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» əнін шабыттана шырқаумен аяқталып, ол Қазақ-

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні

279

станда тұратын барлық халықтардың жалпы ұлттық игілігіне əрі бейресми əнұранына айнала бастады. 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламент палатасының бірлескен отырысында, республиканың жаңа əнұраны талқыланды. ҚР-дың парламентіне Елбасы хат жолдап, онда əн мəтінінің жаңа нұсқасын ұсынды. Сондықтан елбасымыз əнұранның мəтінін жазған авторлық құқық дəрежесін заңды түрде бөлісіп иемденді.Сонымен, 2006 жылдың 7 қаңтарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заң күші бар жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев қол қойды. 2006 жылдың 10 қаңтары күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа əнұранының туған күні ретінде кірді (əнүранның мəтіні, авторларының портреттері интерактивті тақтадан көрсетіледі). 1-жүргізуші: Əнұраным – жан ұраным, Айтар əнім, сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп.

2-жүргізуші: Бақыт, бірлік – күн талабы, Тоқтамайды дабыр əні. Мəңгі-бақи шырқалады, Республикам əнұраны! 1-жүргізуші: Көтеріліп көкжиек көңіл əрі, Алға баса береді өмір əлі. Өзіміздің елтаңба көзді тартып, Өзіміздің шалқиды ел ұраны.

2-жүргізуші: Айнымайды аспаннан, Біздің тудың бояуы.

280

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Оны халқым қашан да, Биікке іліп қояды.

Əн: «Көк тудың желбірегені…» 4-оқушы: елтаңбаның геометриялық пішіні толық шеңбер кескінін береді. Елтаңбаның басты нышан белгісі – шеңбер ішіндегі шаңырақ. Шаңырақ –қазақ ұғымында отбасы амандығы, бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі. Елтаңба композициясының құрамдас жəне маңызды бөлігі – ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар бейнесі. Жылқы – көшпенділер үшін айрықша қасиетті жануар. Оның төзімділігі мен ұшқырлығы, балдай қымызы мен дəмді ет, жануарлар ішіндегі ақылдылығы ақын-жыраулардың сан ұрпағына жыр көзі болған. Арғымақтардың алтын қанаттары, сонымен қатар астықтың алтын масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі. Əдемі де əлді мүйіздер жеті тармақ болып суреттелген. «Жеті» саны шығыс халықтарында қасиетті орналасқандығын, құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екендігін көрсетеді. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Яғни халықтың жарқын болашағын бейнелейді (тақтадан елтаңба көрсетіледі). 5-оқушы: Тудағы таза көгілдір бояу Жер мен Аспанның бірлігін аңғартады. Адалдық пен тазалықты білдіреді. Күн – өмір мен энергияның көзі, сол себепті Күннің бейнесі өмірдің бейнесі болып табылады. Көшпенділердің дүние танымында даланың бүркіті мен сұңқары үлкен орын алады. Символдар тілінде бүркіт мемлекеттің күшін, кеңдікті, қырағылықты білдіреді. Тудағы ою күнделікті тұрмыста жиі кездесетін өрнектің түрі ғана емес, қайта ұлттық ерекшелікті айқын білдіру үшін арнайы жасалған күрделі туынды (тақтадан туымыздың бейнесі көрсетіледі). 6-оқушы: Еліміздің көк байрағы мен əнұранымыздың əуелетіп айтылатын кезі олимпиада кезі. Тəуелсіздік алғаннан бері төрт жылда бір рет болатын жазғы олимпиада ойындарына Қазақ елі қатысып, үлкен нəтижелерге жетіп жүр.1992 жылы болған Барселона олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола, 1996 жылы өткізілген Атланта Олимпиадасында 3 алтын, 3 күміс, 4 қола, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 3 алтын, 4 күміс, 2004 жылы

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні

281

Афины олимпиадасында 1 алтын, 4 күміс, 3 қола,Қытайдың Бейжің қаласында 2 алтын иеленсек, 4 күміс жəне 7 қоланы қоржынға салдық. 2012 жылғы олимпиада ойындарында 7 рет əнұранымыз шырқалса, 13 рет көк байрағымыз желбіреп көкке көтерілді (олимпиададағы спортшыларымызды марапаттау сəттері тақтадан көрсетіледі). 7-оқушы: Жүйріктерді топқа салдық баптап тағы, Атқандай қазағымның аппақ таңы. Қоржыны алтынменен салмақ тартып, Намысын ешбір елге таптатпады. Ұл-қызы еліміздің батыр мықты, Бүкіл əлем, қазағым, атыңды ұқты. Шетелде тұрып жатқан қандастар да, Табысыңа қол соғып, тақым қысты. Бəсеке жемісті боп Лондондағы, Көк Туым тек биіктен қол бұлғады. Ерлігіне қазақтың əлем таң боп, Əнұранын зал шырқап жаңғырды əрі.

1-жүргізуші: Тəуелсіз Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, əнұранымен айбатты. 2-жүргізуші: Олай болса, еліміздің болашағы – біздерміз! Отанды сүюге, рəміздерімізді құрметтеуге міндеттіміз! Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рəміздеріміз – біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар-ожданы. Рəміздерімізді қастерлеу – халқымызды қастерлеу. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы. Əрбір азамат еліміздің туын, елтаңбасын, əнұранын тұмардай қасиет тұтуы керек. Интерактивті тақтадан жазу шығады. «Əркім Республиканың мемлекеттік рəміздерін қорғауға міндетті». ҚР-дың Ата Заңының I бөлімінің 34-бабы, 2-тармағы.

282

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

6 шілде –

АСТАНА КҮНІ

2009 жылы Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде тойланды. 2008 жылы Парламент Астананың 10 жылдық мерей-тойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдап, оған Мемлекет басшысы Н. Назарбаев қол қойғаннан кейін шілденің 6-сы – Астана күні жаңа мемлекеттік мереке болып белгіленген болатын. Сөйтіп, еліміздегі мəні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толыққан еді. Жыл сайын шілде айының алтысында аталып өтеді. Дəл осы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туылған күні болады. Астана қаласы жас қала болса, оның төл мерекесін атап өтіп жатқанымызға көп бола қойған жоқ. Астана күнін мереке етіп бекітіп, республикалық маңызы бар мерекелердің қатарына қосқан күн – 18 маусым 2008 жыл. Осы күні ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары бірауыздан «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Соған сəйкес, жыл сайын 6 шілде «Астана күні» мерекесі болып бекітілді. Ал бұрындары, 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа елордасының тұсаукесері өтті. Осы күн 2006 жылға дейін Астананың туған күні ретінде атап өтіп келген болатын.

6 шілде – Астана күні

283

2009 жылы Астана күні қарсаңында елордада халықаралық деңгейдегі маңызы жоғары екі бірдей шара өтті. Оның бірі – еуроатлантикалық əріптестік кеңесінің Қауіпсіздік форумы. Екіншісі – əлемдік жəне дəстүрлі діндер басшыларының III съезі. Ұлттық рухымызды асқақтататын Тəуелсіздік сарайында болған бұл жиындардың қай-қайсысы болмасын, Астананың Еуразия кеңістігіндегі маңызды саяси, экономикалық орталыққа айналған жазиралы шаһар екенін дүниеге тағы бір паш етті. Бұл басқосуларға келген тіс қаққан саясаткерлер, мықты экономистер, əлемге танымал қоғам қайраткерлері, дінбасылары Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығын тағы да растап, Астананың барша адамзаттың игілігі үшін жасап жатқан дүниелерін жоғары бағалады. Астана қаласында бой көтерген нысандардың əрқайсының ел экономикасын өрге сүйреуде, оның ішінде Астананы дамытуда өзіндік орындары бар. Мəселен, Локомотив құрастыратын зауытты алайық. Бұл нысанның индустриялық-инновациялық дамуға ден қойған еліміз үшін маңызы зор десе болады. Бұл – Қазақстандағы тепловоз шығаратын тұңғыш зауыт. Тепловоздарды осы салада əлемдегі жетекші компания – «Genaral Electric» компаниясымен бірге шығаратын боламыз. Жалпы, Қазақстан экономикасын өрге сүйреуде теміржол саласының алатын орны айрықша. Еліміздегі жүктердің 70 пайызы теміржол арқылы тасымалданатынын ескерсек, бұл зауыттың экономика үшін қаншалықты қажет екенін аңғарамыз. Зауыттың ашылу рəсімінде Президент: «Зауыт жылына 150 тепловоз шығаратын болады. Сөйтіп, біз Қазақстанның бүкіл теміржол жүйесін жаңартамыз. Бұл зауыт Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасының алғашқы қарлығаштарының бірі», – деді. Атап өтерлігі, зауыттың өнімі Қазақстанның тепловозға деген сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, болашақта таяу жəне алыс шетелдерге шығарылатын болады. Ал технологияның соңғы жетістіктеріне сай салынған төбесі жабық стадион Астананың 11 жылдығында елордалықтарға, жалпы қазақстандықтарға тартылған тамаша тарту болды. ТМД елдерінде теңдесі жоқ, əлемде баламасы некен-саяқ бұл стадион қазіргі заманның талаптарына сай салынған. Төбесі небары 20 минуттың ішінде ашылып-жабылатын осы спорттық нысан маусымның төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істей береді. Оның ішінде футбол ойынынан бөлек, спорттың күрес, бокс, спорттық

284

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізетін арнайы ғимараттар бар. 2011 жылы Қазақстанда өтетін жетінші қысқы Азия ойындарының ашылу мен жабылу рəсімдері дəл осы стадионда өтетін болады. Астана күніне орай Қазақстанның барлық қалаларында мерекелік шаралар өтеді. Əсіресе Астана қаласында жаңа ғимараттар мен халық игілігіне арналған түрлі нысандар пайдалануға беріледі, түрлі мəдени-тарихи іс-шаралар атқарылады. 2010 жылдан бері Астана күніне орай атақты кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың ұйымдастыруымен, Астана қаласы əкімдігінің қолдауымен «Астана» халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр. Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тəрбиелік тұрғыдан мəні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмысбітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыт дəлелдеді. Танымдық тұрғысын сөз ететін болсақ, елордамызды Алатаудың бөктерінен Арқа төсіне көшіру арқылы біз тəуелсіздігімізді нығайттық, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғырттық. Тамыры сан мыңдаған жылдардан сыр шертетін туған тарихымызды білдік, төл мəдениетімізді таныдық, ұмыт бола бастаған əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерлеріміздің қайнар бұлағын қайта аштық. Тəрбиелік тұрғысы жайлы толғасақ, Тəуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды əспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз. Осылардың барлығы бір арнаға тоғыса келе, ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттігімізді нығайтуға қызмет етіп жатыр.

6 шілде – Астана күні

285

АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ М.Ж. Бүркітбаева А. Қарсақбаев атындағы ЖББМ №41 тарих пəнінің мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға Астана туралы жалпы мағлұмат беру. Елордасы Астананың ерекшелігі, артықшылығы мен маңыздылығы туралы білдіру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру ой өрісін дамыту, елжандылыққа, ұлтын сүюге тəрбиелеу. Безендіруі: ҚР картасы. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың портреті. Астана қаласы туралы слайд. Сынып сағатының өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды қарсы алу. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Биыл еліміздің тұңғыш президенті Нұсрұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қиында, ауыр жүкті көтере отырып, Қазақстанның астанасын Алатаудан Сарыарқаға қоныс аударып, төрткүл дүниенің тең ортасынан орын алдырған елордасы Астанаға 15 жыл толды. Жүргізуші: Елбасы мен елорда егіз ұғым болса, Астана мемлекет басшысының қиындыққа қасқая тұрып, қабылдаған саясатының нақты жемісі дер едім. Жүргізуші: Астана осындай ұлы көшке аласапыран кезеңде дүниеге келді. Күдікті де, күпті едік, бүгінде бəрі ұмытылды.

286

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Жүргізуші: Астана дүниеге өзі ғана келген жоқ, елін алға сүйреді, сөйтіп, елдіктің тəуелсіздіктің символын халқымыздың жарқын келбетіне айналдырды. Бұл – біздің халқымыздың ірі жетістіктерінің бірі. Ендеше бүгінгі тəрбие сағатымыз Астанаға арналады. Оқушы: Қазақстанның тарихи даму барысында бірнеше қала астана қызметін атқарған. Мысалы: 1920 -1924 жылдары Орынбор қаласы, 1924-1928 жылдары Қызылорда қаласы, 1928 жылдан бастап Ақмола астана болғанша Алматы осы міндетті атқарды. Айналайын Сарыарқам сағымданған, Сағынышын баса алмас сағынған жан. Түней- дағы түстене кетер ме едім, Сары белде отырған ауылдарда. Саған деген басылмас жанымда арман, Саям менің Сарыарқам сағымданған –

дей келе елорда тарихына тоқталып өтейік. Оқушы: Қазіргі астана орнында ежелде Бозақ деп аталған қоныс болғандығы туралы айтылады. Сондықтан біз жаңа астананың неғұрлым ертедегі ірге тасы жайлы емес, қазақ халқының санасындағы « Əлеуметтік жады» деген ұғымды қалпына келтіре отырып, өз халқымыздың тарихын білу мен бірге, ата- бабалырымыздың алдындағы парызымызды ұмытпауымыз керек. Оқушы: VІ – VІІ ғ. қазіргі Ақмола обылысының аумағында бірінің орнын бірі басқан негізіне қарлұқ, қыпшақ, қимақ сияқты түркі тайпаларынан құрылған Түрік жəне Батыс түрік қағанаттары құрылды. Оқушы: Көптеген тарихи шежіреде нақ Орталық Қазақстан даласы арқылы бір кездері б.з. алғашқы мыңжылдығының орта шамасында Еуразияның батысы мен шығысын жалғастырған Ұлы жол өткені айтылады. Оқушы: Еуропа мен Азия мемлекеттері арасында сауда қатынастары дамыған, нығайған сайын адамзат тарихындағы ең бір заманауи құбылыстарының бірі – Ұлы Жібек жолы дами бастады.

6 шілде – Астана күні

287

Оқушы: 1832 жылы патша үкіметі отарлау мақсатымен бұл жерге бекініс салып, Ақмола деп атайды. Оқушы: 1961 жылы тың игеруге байланысты қала аты Целиноград болып өзгертіледі. Оқушы: 1992 жылы қалаға оның Ақмола атауы қайта беріледі. Оқушы: Сондықтан да елбасымыздың бұл қаланы астана ретінде таңдап алуының бірнеше себептері бар екен. Есіл өзенінің бойындағы нулы-сулы жерде қазақ жерінің орталығында географиялық жағынан өте қолайлы жерде əуе жолдары, теміржол мен автокөлік жолдарының қиылысында орналасқан. Оқушы: Астана арман – қала, Бағы бар жанған қала. Тұрады ол жап-жасыл болып, Мен үлкен болғанда да. Астана – сұлу қала, Біз оны анамыздай, Сүйеміз шынанда да.

Оқушы: Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ əн. Елордасы Отанымның, Мақтанышым – Астанам.

Оқушы: Астанам – бағы биік асқарымсың, Астанам – мəңгі жарық аспанымсың. Астанам – пейіш қалам, ел арманы, Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.

Оқушы: Астанам – махабаттың тұрағындай, Астанам – шапағаттың шуағындай.

288

Атаулы күндер – тəрбие тағылымы

Астанам – ұлылардың мекенісің, Астанам – Қазақстан тұмарымдай.

Мұғалім: Енді елбасы қабылдаған Қазақстанның бірлігі мен тəуелсіздігінің символы Астананың шежіресіне тоқталып өтейік: (интреактивті тақтадан көрсету)  1994 ж. 6 шілде Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылданды.  1995 ж. 15 қыркүйек Президенттің Республика Астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы жарлығы шықты.  1997 ж. 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рəміздері эталоны жəне Н.Ə. Назарбаевтың перзидент байрағы жеткізілді.  1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді.  1998 ж. 6 мамырда Ақмола қаласына Астана деп атауға жарлық шықты.  1998 ж. 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Оқушы: Астана Қазақстанды əлемге танытты. Міне 15 жыл ішінде елорда даламыздың көркіне, алты алаштың абыройына айналып отыр. Астана халқымыздың аялы алақанының ыстық жылуымен бой көтерді. Сондықтан да бұл қала əрбір азаматқа айрықша қымбат. Мұғалім: Ал енді балалар бүгінгі Астананың көркіне көз салайықшы – (слайдты көрсете отырып). Парламент үйінің алдында қазақтың үш билері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Əйтеке би, жыр атасы Жамбылдың, шығыстың жұлдызы атанған қазақтың батыр қызы атанған Əлияға, қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы бейнеленген тарихи ескерткіштер бар. Оқушы: Əсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Н.Ə. Назарбаев атындағы, Еуразия университетері, жастар сарайы, К. Байсейітова атындағы опера-балет театры қалаға көрік беруде. Оқушы: «Астан-Бəйтерек» монументі бұл дүниеде теңгесі жоқ ғимараттың бірі, оны салу ойы елбасы Н.Ə. Назарбаевқа

6 шілде – Астана күні

289

тиесілі. Бұл жерде ҚР Тұңғыш президентінің оң қолының бедерлемесі «Аялы алақан» бар, ол осы елдің халқын достық пен ынтымаққа шақыру ниетін көрсетеді. Оның ұзындығы – 97 метр. 1997 ж. мемлекетіміздің елордасы Астана аталғанын көрсетеді. Оқушы: «Қазақ елі» монументі халқымыздың асқақ рухын паш етіп, келер ұрпақтың заманы жарқын екенін айғақтай түсетін бірегей белгі болуымен жұрттың назарын өзіне аударады. Монументтің биіктігі – 91 метр. Қазақстан өзінің тəуелсіздігін 1991 жылы алды. Ескерткіштің биіктігі осы жылға ойластырылып, белгіленген. «Қазақ елі» монументі халқымыздың өткені мен бүгінін байланыстырып тұрған ескерткіш. Оқушы: 2003 ж. Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен жиналған он жеті əлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына жəне оның жеріне ақ батасын берді. Бұл тілек сөздері «Бата» компазициясында жанданды. Оқушы: Жаңа астана – ХХІ ғ. сəулет өнерінің үздік бейнесіне айналған қала. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана – əлем қаласы деп жарияланды. Елбасының Астана қаласын дүниедегі əлем қаласына айналдырудағы еңбегі жаңған басшы екендігін күнде көріп, көркіне көз тоймайтын Астанаға қарап мақтанамыз. Қорытынды Мұғалім: Сəулесі түскен Есілге, Сарыарқа төсінде. Армандай əсем қала бар, Бір көрсең мəңгі қалар есінде –

демекші, Астана – мемлекеттің саяси əкімшілік, экономикалық мəдени орталығы жəне елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаламыз. ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесінің Астанада өтілуінде көп мəн бар.

290

Əдебиеттер

ƏДЕБИЕТТЕР

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17.

Алдабергенова М. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні // http: erkineurasia.com Алматы қаласының туған күні қыркүйек айының үшінші жексенбісіне ауыстырылды //BNews.kz. Алматы қаласының тарихы // http: www.kitaphana.kz Əбдіраман А. http: kaztrk.kz. 10.12.12 Аджи М. Қыпшақ даласының жусаны // «Жалын» журналы. – 1996. – №11-12; 1997. – №1-4. Тайжанов А. Наурыз мерекесі қалай пайда болды? Құлтай А. Қазақстан мектептерінде «Соңғы қоңырау» соғылды // http: massaget.kz Мүслім Ə. Жаңа жыл бізге не берді? // http: www.kazakh.ru Оразбайұлы Ə. 22 қыркүйек – Тіл мерекесі // http: www. tarsu.kz) Жəңіш Б. 18 сəуір – ескерткіштерді қорғау күні 25.04.2011// http: koksu.gov.kz http: adilet.zan.kz Қайратұлы Б. Қоңыраудың хикаясы // http: www.namys.kz Ғабдолкəрімұлы С. Соңғы қоңырау // Жас Алаш. – №12 (15470) 11 ақпан. – 2010 // http: zhasalash.kz Асауов Д. 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні // http: www.baq.kz Ақанбай Е. Астана күні – елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды // ҚазАқпарат Жаңа жыл // http: kk.wikipedia.org Жаңа жыл // Namys.kz Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995.

Əдебиеттер

291

18. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация // Социалистік Қазақстан. – 1990. – 28 қазан. 19. Көлбаев Т. Соғыс тағылымы // Дала мен қала. – 10 мамыр. – 2010. 20. Камалиев М. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 3-том. – 1998 // http: astanagp. kz 07.04.2011 21. Қазақстан тəуелсіздігінің рəміздері // www.kitaphana.kz 22. Құнапина Қ.Қ. Мамандығым – мұғалім. – Алматы, 2011. 23. Қасенов Қ., Төреханов Ə. Қызыл қырғын 37-де опат болғандар. – Алматы, 1994. 24. Қазақстан теңгесі // http: kk.wikipedia.org 25. Мырзабекұлы М., Нұртаев Ж. Ұстаздық – ұлы ұғым. – Алматы: Айдана, 2009. 26. Нұрман М. Мұғалімдер күні!!! // http: www.baq.kz // kaztrk.kz 27. Мəметқазыұлы Қ. Тұңғыш Президент күні – ұлт тұлғасына деген ілтипаттықты паш етеді. 26 қараша 2012 // http: inform.kz 28. Наурыз мейрамы )) http:))kk.wikipedia.org 29. Оңғарова М. 22 наурыз мерекесінің тарихы //http: www.on.kz. 16.03. 2012. 30. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рəміздері. – Алматы, 1995. 31. Трофимова С.В. Теңге – ҚР Ұлттық валютасы. Біздің Отан: Қазақстан Тəуелсіздігінің Рəміздері. 2012. 32. Трофимова С. Біздің Отан: Қазақстан тəуелсіздігінің рəміздері. – Алматы, 2012. 33. Тəуелсіздік күні құтты болсын! // http: massaget.kz 34. Ұлықбек. Əйелдер мерекесінің шығу тарихы // http: www.namys.kz 35. 1 мамыр – халықаралық балаларды қорғау күні // http: visit kazakhstan.kz 36. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні // http: www.namys.kz http: esil.astana.kz // http: massaget.kz 37. 9 мамыр. Ұлы Отан соғысының тарихы // http: www.massaget.kz. 38. 12 сəуір – Дүниежүзілік авиация жəне ғарышкерлер күні // http: 38.astana-mektep.kz 39. 17 желтоқсан. Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер // http: www. ktk.kz. 17.12.12.

Оқу басылымы

Құнапина Қайыркен Құдайбергенқызы АТАУЛЫ КҮНДЕР – ТƏРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ Оқу-əдістемелік құралы Редакторы Гүлжан Рүстембекова Компьютерде беттеген Ұлбосын Əбдіқайымова Мұқабасын безендірген Қалиева Ғайша Мұқаба безендіруде қолданылған сайт http://screen-wallpapers.ru/wallpapers/view/3594 ИБ №7550

Басуға 10.10.2014 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 18,3 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №1941. Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.