Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы 9786010400351

Оқу құралында география ғылымдарының дамуы мен қалыптасуы, Қазақстандағы географияны оқыту әдістемесінің қазіргі таңдағы

3,027 177 5MB

Kazakh Pages [176] Year 2013

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD FILE

Polecaj historie

Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы
 9786010400351

Citation preview

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ә. С. Ақашева К. Ж. Дүйсебаева

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Оқу-әдістемелік құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2013

ӘОЖ 91 (076.5) КБЖ 26.8 А 97 Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған Пік ір ж а з ға н д ар: география ғылымдарының докторы, профессор О.Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор Ж. Достай география ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Темірбеков Авторлар ұжымы пікір жазғандарға үлкен ризашылығын білдіреді

Ақашева Ә.С., Дүйсебаева К.Ж. А 97 Географияны оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құ­ралы. – Алматы: Қазақ универ­ситеті, 2013. – 175 б. ISBN 978–601–04–0035–1 Оқу құралында география ғылымдарының дамуы мен қалыптасуы, Қазақстандағы географияны оқыту әдістемесінің қазіргі таңдағы деңгейі, география курсының білім тұжырымдамасы мен стандарты, география пәнін оқытудағы жаңа технологиялық, инновациялық әдістер, сыныптан тыс, сонымен бірге өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру туралы да жазылған. Оқу құралы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының «050609-География» және «050116-География» мамандықтарының студенттері мен мектеп оқытушыларына арналған. ӘОЖ 91 (076.5) КБЖ 26.8

ISBN 978–601–04–0035–1



© Ақашева Ә.С., Дүйсебаева К.Ж., 2013 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013

КІРІСПЕ «География» гректің «geo» – жер, «grafo» – сызамын, жазамын деген сөзінен шыққан. «География» жаратылыстану және қоғамдық пәндер цикліне жататын жалғыз ғылым. Физикалық география жер және оның қабықтарының жаратылысын, табиғи объектілерін зерттеп, жаратылыстану ғылымына, ал әлеуметтікэкономикалық география қоғамдық нысандар мен құбылыстарды қарастырып, қоғамдық пәндер цикліне енгізіледі. «География» – ерте кезден-ақ дамыған ғылымдардың бірі. Оған дәлеліміз – ежелгі заманда тастар мен папирус қағаздарға сызылған карталар мен таңбалар. Алғашқы қауымда адамдар жабайы аңдарды аулайтын және өсімдіктерді теретін орындарды белгілеп отырды. Ал ғылыми тұрғыда география Аристотель, Платон, Гиппарх, Эротосфен, Птолемей, т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Жердің пішіні мен жаратылысы жөнінде қаншама пікірлер мен көзқарастар пайда болды. Ерте дәуірде біршама жетістіктерге жеткен география ғы­ лымы орта ғасырларда кереғарлықтың шырмауында қалып, то­ қырауға ұшырады. Тек Ұлы географиялық ашылулар заманында қайтадан өрлеу жолына түсті. Х. Колумб, В. Гама, А. Веспуччи, Г. Гудзон, А. Тасман және орыс саяхатшыларының зерттеулері осының айғағы. Қазақстанда да география ғылымдарының өзіндік даму жолы болды. Әсіресе араб, қытай жазбалары мен деректері, бертін келе Ресей ғалымдарының: Л.С. Берг, П.П. Семенов Тянь-Шаньский, Д.Л. Арманд, А.Г. Исаченко, т.б. еңбектерін атауға болады. Ш.Ш. Уәлиханов пен Қ.И. Сәтпаевтың зерттеулерін ерекше айтып өтуіміз керек. Егемендік алғаннан кейін Қазақстан географиясында тың 3

серпін пайда болды. Осыған дейін аз көлемде оқытылып келген «Қазақстанның физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиясы» 8-9 сыныпта 68 сағатпен жүргізілді. Пәнді оқытуға қосымша көптеген оқу-әдістемелік және көмекші құралдар пайда болды. Ә. Бірмағамбетов, Қ. Карпеков, Ә. Бейсенова, Ұ. Есназарова, А. Темірбеков, Е. Ахметов, Ш. Кәрібаева, К. Қаймулдинова, Н. Кәрменова, К. Мамырова, Б. Асубаев, Т. Увалиев, т.б. ғалымпедагогтар мен жаңашыл-әдіскерлердің бірнеше еңбектері жарық көрді. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында «География» маман­ дықтары бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құрал­ дарының аздығы байқалып отыр. Көбісі орыс тілінде, интернеттен алынатын мәліметтер де осы тілде. Сондықтан біз студенттерге көмегі тисін деп осы оқу құралын жарыққа шығарып отырмыз.

1. ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 1.1. География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен педагогтар 1951 жылы мектеп институтының негiзiнде құрылған педагогикалық зерттеу институтының құрамында география секторы 1955 жылдан бастап зерттеу жұмыстарын жүргiзе бастады. Алғашқы жылдары сектордың ғылыми әдiскерлерi тек қана Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын мектепте оқытудың мазмұны мен әдiстемелерiн жетiлдiру жұмыстарымен айналысты. Институтта география секторының құрылуына үлес қосқан ғалымдар және сол кезде шыққан Қазақ ССР-нiң физикалық география және экономикалық географиялары оқулықтары мен әдiстемелерiнiң алғашқы автор­ лары М. Өтемағамбетов, П.Д. Устименко, М.Ш. Ярмухамедов, Г. Қоңқашпаев, Ө. Қазақбаев, О.О. Рутковский, Т. Ролник, Ә. Бiр­мағамбетов, т.б. болды. Сол жылдары М. Ш. Ярмухамедов­ тың «КСРО-ның экономикалық географиясының кейбiр эле­ мент­терi», М. Өтемағамбетовтің «Қаз ССР-нiң физикалық гео­ графиясы», Ө. Қазақбаев, Б. Кереевтiң «Мектептегi экономика­лық география», О.О. Рутковский «Географияны политехникалық тұрғыдан оқыту», т.б. оқу-әдiстемелiк еңбектер жарық көрдi. Зерттеу жұмыстары жүргiзiле бастаған алғашқы кезеңде республика мектептерiнде географияны оқу әдiстемесiн жетiл­ дiру мәселесiне көп көңiл бөлiндi. Институт қызметкерлерi­ нiң басшылығымен қазақ тiлiнде оқулық жазу iсi қолға алынды. 1959 жылы М. Өтемағамбетов, П.Д. Устименко алғаш рет қазақ және орыс тiлдерiнде «Қазақ ССР-нiң физикалық географиясы» (7-сынып), 1960 жылы М.Ш. Ярмухамедов пен Г. 5

Қоңқашпаев «Қазақ ССР-нiң экономикалық географиясы» оқулықтарын жазып, мектептерде оқытыла бастады. Алғашқы жылдары бұл пәндердi оқытуға 8-12 сағат берiлдi, бұның өзi оқушыларға республикамыздың физикалық және экономикалық географиялық жағдайы жайлы бiлiм беруде үлкен жетiстiк болды. Ғалым-әдiскерлер географияны оқыту әдiстемесiн жетiлдiру мәселесiн қолға алып, республика мұғалiмдерi алдында дәрiстер оқып, қосымша оқу-әдiстемелiк құралдар жазып, шығара бастады. 1962 жылы мұғалiмдерге көмекшi құрал ретiнде ұстазғалым, география ғылымдарының кандидаты Ә. Бiрмағамбетов «Қазақстанның физикалық географиясы» бойынша алғаш рет «Хрестоматия» жазып шығарды. 1972 жылы Алматыда одақтық Педагогика ғылымы академия­ сы­ның оқытудың мазмұны мен әдiстерi ғылыми-зерттеу инсти­ тутының қазақ филиалы ашылды. Филиалдың алдына қойған мақсаты жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гума­ нитарлық пәндер бойынша бiлiм мазмұнын жетiлдiруге байланысты бағдарлама, оқу-әдiстемелiк кешендердi ұлттық мектепте оқытуға сәйкестендiру, аталған пәндердi оқытудың өзектi мәселелерiн анықтау болды. 1972-1987 жылдар аралығында қоғамтану мен географияны оқыту зертханасы жұмыс iстедi, оны педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Тұрлығұлов бас­қарды. Зертхана қызметкерлерi «Қа­ зақстанның ұлттық мек­теп­терiнде тарих, қоғамтану, география пәндерiн оқытудың тиiм­дi­лiгiн арттыру» мәселелерiн зерттеумен айналысты. 1987-1990 жылдары «Ұлттық (қазақ) мектептерде оқытудың, тәрбиенiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiру» мәселесi бойынша ғылыми қызметкерлер К. Тiлеубергенова, К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева, Б. Төлегенова зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Нәти­ жесiнде бiрнеше ғылыми мақалалар мен мұғалiмдерге көмекшi құралдар жарық көрдi. Мысалы, «Географияны оқыту­дың әдiс­ темелiк нұсқаулары» (К. Тiлеубергенова, К. Мамырова). 1991 жылы «Базалық мектеп» зертханасы ашылып, оны педагогика ғылымдарының кандидаты А. Мәженова бас­қарды. Зертхана қызметкерлерi «Қазiргi мектептердегi жаңа потенциалдық 6

жағдайлар негiзiнде оқу процесiн қамта­масыз етудi жетiлдiру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты. Географ-iзденушi ғалымдар (К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева) «Қазақ мектептерiндегi географиялық бiлiм мазмұнының республикалық компонентiн анықтау» мәселесi бойынша зерттеу жұмысын жүргiздi. 1992 жылы ақпан айында қазақ филиалы Ы. Алтынсарин атын­дағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен қосы­ лып, география тобының ғылыми қызметкерлерi қазiр­гi мектептi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету мәселелерiмен айналысты. Нәтижесiнде «Қазақстан Республикасы мектептерiнде географиядан бiлiм беру тұжырымдамасы» (Е. Ахмедов, т.б.) және «Географияны оқытуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар» (Е. Ахмедов, І. Ысмайылова, К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева) дайын­ далды. 1993-1998 жылдар аралығында химия, биология, география­ ны оқыту зертханасы жұмыс жасады. Зертхананы педагогика ғылымдарының кандидаты К. Сарманова басқарды. Сол кез­дегi географияны оқыту әдiстемесiмен шұғылданған ғылыми қыз­мет­ керлер К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева, Р. Төлегенова, Г. Түсiпбекова, Г. Әлiбековалар География пәнiнiң мазмұны мен оқыту әдiс­ терiн жаңартудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi тақырыбы төңi­ регiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, географиялық бiлiм маз­ мұнын, құрылымын және көлемiн айқындады. Нәтижесiнде 1998 жылы географиядан бiлiм беру стандарты жасалды (К. Мамырова, Ш. Кәрiбаева). Осы жылдар аралығында iзденушi ғалымдар К. Тiлеубергенова «Қазақстан географиясын оқыту үдерiсiнде өздiк жұмыстарды ұйымдастырудың әдiстемелiк жолдары», Р. Төлегенова «Физикалық географияны оқыту үдерiсiн­ де оқушылардың экологиялық бiлiмдерiн дамыту жолдары» тақырыптары бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғап, географияны оқыту әдiстемесiнде өз үлестерiн қосты. 1998-1999 жылдар аралығында химия, биология, географияны оқыту зертханасына педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.Н. Нұғыманов басшылық жасады. Iзденушi әдiскер-ғалымдар К. Мамырова мен Ш. Кәрiбаевалар «Географияны оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жаңартудың ғылыми7

әдiстемелiк негiздерi» және «Қазiргi мектептегi оқу үдерiсiн оқуәдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету» тақырыбы төңiрегiн­де зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде: а) географиядан бiлiм берудiң базалық мазмұнының ғылыми-әдiснамалық негiздемесi; ә) географиядан бiлiм беру стандарты; б) география пәнi бойынша 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары; в) жаңа буын оқулықтарының авторлық тұжырымдамалары жарық көрдi. Қоғамның бiлiм беру жүйесiнiң алдына қойып отырған әлеуметтiк тапсырысына сай, 1998 жылы қараша айында ҚР Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi «Жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң жаңа буын оқулықтары мен әдiстемелiк кешендерiн жасау конкурсын» жариялады. Осыған орай, Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың Бiлiм академиясының орта және кәсiптiк бiлiм беру институтына республикамыздың жоғары оқу орындарының, колледждердiң, мектептердiң ғалымоқытушыларының мектеп географиясының жеке курстары бойынша жазған оқулық қолжазбалары ашық конкурсқа жiберiл­ дi. Конкурс қорытындысы бойынша негiзгi мектепке арналған география пәнi бойынша төл оқулықтарды жазатын авторлар тобы белгiлендi. Олар: Ә. Бiрмағамбетов, К. Мамырова («Физика­ лық география. Бастапқы курс») Ә. Бейсенова, С. Әбiлмәжiнова, К. Қаймулдинова («Материктер мен мұхиттар географиясы»), К. Карпеков, Ә. Бейсенова («Қазақстанның физикалық геогра­ фия­сы), Е. Ахмедов, Ш. Кәрiбаева, Н. Кәрменова, Б. Асубаев («Қазақ­станның экономикалық және әлеуметтiк географиясы»). 2000 жылы география пәнiн оқытудың әдiстемесi бойынша «Негiзгi орта мектепте географияны оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiрудiң дидактикалық және әдiстемелiк негiздерi» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi. Зерттеу тақырыбына б.ғ.к., доцент К. Иманқұлова жетекшiлiк еттi. Зерттеудiң нәтижесiнде географияның жаратылыстану пәндерiнде алатын орны, соған сәйкес оны оқытудың мақсаты, мiндеттерi және мазмұны анықталды. Осы жылдан бастап жаңа буын оқулықтары («Физикалық география. Бастапқы курс», «Материктер мен мұхиттар географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк географиясы») «Атамұра» және 8

«Мектеп» баспаларынан жарық көрiп, республикамыздағы арнайы мектептерден кезең бойынша байқаудан өткiзiле бастады. 2002 жылы мектептегi географиялық бiлiм мазмұнын берудiң жаңа тәсiлдерiн сараптаудың нәтижесiнде мазмұны, құрылымы жөнiнен ерекшеленетiн ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi геогра­ фиядан бiлiм стандарты жарық көрдi (авторлар Ә. Бейсенова, Ш. Кәрiбаева, т.б. ) және төл оқулық «Физикалық география. Бас­ тапқы курс» 6-сынып (авторлар Ә. Бiрмағамбетов, К. Мамырова), осы сыныпқа арналған әдiстемелiк нұсқаулар, дидактикалық ма­те­риалдар, оқушыларға арналған жұмыс дәптерi мектепке енгiзiлдi. Сонымен қатар мұғалiмдерге көмекшi құрал ретiнде ұстазғалым, п.ғ.д., профессор Ұ.Ә. Есназарова «Қазақстанның физика­ лық географиясы» пәнін оқыту әдістемесі, «Жаратылыстану» оқу­лығы мен жұмыс дәптерін және «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәні бойынша жұмыс дәптері мен тест сұрақтарын жазып шығарды.

2. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТЕКСЕРУ ЖОЛДАРЫ 2.1. Географиялық бiлiм беру түрлері География сабақтарында бiлiм түрлерiн берудiң жанжақты жолдары бар. Мысалы, сабақта қай тақырыпқа болмасын ғылыми-теориялық әдебиеттер, оқу-әдiстемелiк құралдар, көрнекiлiктер, бейне таспалар пайдалануға болады. Қазiр жаратылыстану, география пәнiн жүйелi оқыту әрбiр мұғалiмнiң алдына үлкен жауапкершiлiк жүктеуде. Пәндi жүйелi оқытуда бiлiмнiң бiрнеше түрi қамтылды. Атап айтқанда, геологиялық, геоморфологиялық, климатологиялық, картографиялық, топони­ ми­калық, номенклатуралық, тарихи, экономикалық және экологиялық бiлiмдер. Геологиялық-геоморфологиялық бiлiм беру арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты және оның даму барысында үздiксiз өзгерiп отыратыны жөнiнде көптеген деректерден теориялық ұғым алады. Бұл деректер өсiмдiктер мен жануарлардың ұзақ уақыт табиғи жолмен дамығанын қуаттайды. Сондықтан жердiң пайда болуымен ондағы тiршiлiктiң дамуы жөнiндегi ғылымигеологиялық көзқарастар табиғаттың барлық құбылыстарын материалистiк тұрғыдан түсiндiруде ерекше орын алады. Геологиялық бiлiм халық шаруашылығының түрлi салаларында кеңiнен қолданылады. Осы бiлiмнiң арқасында түрлi кендердiң, мұнайдың, көмiрдiң, темiрдiң тағы басқа да пайдалы қазбалардың қоры ашылып отыр. Тек геологиялық бiлiмге сүйену негiзiнде әртүрлi инженерлiк ғимараттарды (үйлердi, көпiрлердi, жолдарды, платиналарды, туннельдердi, қорғаныс тораптарын) барынша берiк етiп, қаржыны, еңбектi, уақытты барынша аз жұмсай отырып тұрғызуға болады. Өндiргiш күштердiң 10

дамуы, төңiректегi әлем жөнiнде адамзаттың ғылыми тануының тереңдеуi барысында геология да дами түстi. Ал мектеп оқушыларына геологиялық-геоморфологиялық бiлiм географияның физикалық курсында 5-сыныптан бастап берiледi. 5-сынып оқулығы «Жаратылыстану» пәнiнде жердi ғаламшар ретiнде қарастырып, ондағы табиғи құрам бөлiктерiмен (ауа, су, тау жыныстары, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiмен) танысады. Мұнда оқушылар 2 бағытта, бiрiншiден, заттар мен денелердiң сыртқы құрамын оқиды, екiншiден, тәжiрибе жүргiзiп, оның нәтижесiн бақылайды. Оқулықтағы «Жер – Күн жүйесiнiң ғаламшары» тақыры­ бында, бiрiншi бағытта дайын оқу материалын оқиды, Жер туралы, оның сыртқы пiшiнi, құрылысы жайлы теориялық бiлiм алады. Ал «Тау жыныстары» тақырыбында екiншi бағытта оқы­ты­лады. Мектептегi «Пайдалы қазбалар мен минералдар» жинақтамасымен оқушылар тәжiрибе жасауда танысады. Жи­ нақтама жасау үшiн оқушыларды өздерi тұратын жергiлiктi жерге танымжорыққа, яғни тастар жинатқан жөн. Сонда заттарға сипаттама беру арқылы оқушылардың тау жыныстарын көзбен көрiп, танып, ойлау қабiлетi дамиды. Осындай оқыту жұмыстары оқушылар үшiн өте қолайлы және теориялық бiлiмдi терең меңгертуге, есте сақтауға мүмкiндiк бередi. Мұғалiмнiң берген тәжiрибелi бiлiм сапасы оқушылардың өзiндiк танымдылық деңгейiн дамыта түседi. Мұны игерген оқушылар тәжiрибеде нәтижеге дұрыс көз жеткiзе отырып, тапсырманы жүйелi түрде орындайды. Оқу материалдарының мазмұнын жақсы меңгерiп, жауап бергенде толық, дәлелдей отырып жеткiзуге тырысады. Олардың сөйлеу қабiлетi дамиды. Сондықтан оқушылар физикалық географиядағы алғашқы геоло­ гиялық-геоморфологиялық терминдердi жақсы сақтауы үшiн сабақта әдiстемелiк жұмыс дәптерiн, кескiн карта, картаның түрлерiн, сызбаларды кеңiнен пайдаланған жөн. Сол сияқты төменгi сыныпта оларға ойын топтық жарыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығуын арттыру қажет. Өлкетану үйiрмелерiне қатыстырып, танымжорық сабақтарын өткiзу қажет. Климатологиялық бiлiм физикалық география курсында жер бетiнiң климатын оқығанда берiледi. Жер бетiнiң климатын, 11

оның ерекшелiктерiн, факторларын анықтайтын ғылым климатология деп аталады. Орта мектептерде климатологиялық бiлiм оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты берiледi. Ауа райы құбылыстарымен күнделiктi өмiрде кеңiнен кездесемiз. Сондықтан ауа райы, климатының ерекшелiгiн, олардағы болып тұратын құбылыстар мен өзгерiстердi бiлу адам баласына өте қажет-ақ. Ал бұл қажеттiліктi климатологиялық бiлiм беру арқылы жүзеге асырамыз. Картографиялық бiлiм оқушылар картамен жұмыс iстеу кезiнде берiледi. География курсын оқығанда тақырыпқа сай көрнекiлiктiң бiрi – тақырыптық карталар мен глобус. Әрбiр географиялық картаның өзiндiк маңызы бар. Бiреулерi өндiрiс орындары үшiн қажет болса, ендi бiреулерi экспедициялар, сая­ хаттар үшiн қажет. Картографияның дамуы физикалық және экономикалық географиямен тығыз байланысты. Картаны ғылыми зерттеулерде, халық шаруашылығында, әскери жұмыс­ тарда, орта мектептерде, арнаулы жоғары оқу орындарда кең пай­даланады. Мектепте карта тек көрнекiлiк құрал ретiнде қол­ да­нылады. Географиялық картаның адам өмiрiнде алатын орны ерекше. Картографияның дамуына дүниежүзi ғалымдары өз үлестерiн қоса бiлдi. Атап айтқанда, Гиппарх, Птолемей, М. Бехайм, Г. Мер­ка­ тор, С.У. Ремезов, И. Кирилов, М.В. Ломоносов, С.Н. Красов­ский, М.Д. Соловьев, Н.Н. Баранский, П.П. Семенов Тянь-Шань­ский, Н.Н. Северцов, Ш.Ш. Уәлиханов, Л.С. Берг, Қ.И. Сәтпаев, т.б. Номенклатуралық бiлiм. Оқушыны картамен жұмыс iстегенде географиялық атауларды меңгерiп отырса, номенклатуралық бiлiмi қалыптасады. Егер оқушы өзiнiң оқыған географиялық атауларының шығу тегi мен танысып, тоқталып, мән беретiн болса, топонимика­ лық бiлiмi бекiтiледi. Мыңдаған жылдар iшiнде, қалыптасқан географиялық атаудың бiрiн топо­­ни­мика деген. Бұл ғылымның айтылуы, өзiнiң дамуы, өмiр сүру фор­масы және өз заңдылық­ тары болады. География сабақтарына қан­дай талап қойылса, топонимикалық бiлiм беруде де осыны ес­керген жөн болады. Себебi мұғалiм топонимикалық бiлiмдi тео­рия жүзiнде жеткiзедi. Топонимикалық атау кездейсоқ болмайды. 12

Қазақстанның жер-су аттары әртүрлi тарихи кезеңдерде пайда болған. Филология ғылымдарының кандидаты А. Әбдiрахманов Қазақстан жерiндегi атауларды мынадай топқа бөледi. Алтай дәуiрiндегi атаулары: Қапшағай, Сайрам. Көне түркi дәуiрiндегi атаулар: Алматы, Аякөз. Көне қазақ тiлiндегi атаулар: Қарағанды. Жаңа қазақ тiлiндегi атаулар: Алатау. Басқа елден енген атаулар: Моңғол тiлiнен – Зайсан, Кеген. Угор тiлiнен – Мұғалжар. Орыс тiлiнен – Гурьев, Кереку, Целиноград, т.б. Тарихи бiлiм – мұғалiмдердiң оқушыларға беретiн бiлiм түрiнiң бiрi. Бұл бiлiмге Қазақстан территориясында жүргiзiлген тарихи-географиялық зерттеулер, тарихи, археологиялық, этно­ гра­­фиялық және басқа пайымдауларды өрбiтiп, нақтылау негiз болады. Мектеп оқушыларына тарихи бiлiм беруде аса көрнектi ғалым­дардың карталары, сызбанұсқалары, еңбектерi туралы мағ­ лұмат берiп, осыған қосымша шығармашылық iзденiс ретiнде жазу, су­реттемелер жинату арқылы қызығушылық туғызуға болады. Экологиялық бiлiм – оқушыларды өз Отанын сүюге, таби­ға­ тын қорғауға, қазба байлықтарды тиiмдi пайдалануға, ауа, су, то­ пырақты ластаудан қорғауға үйретедi. Бұл қазiр бүкiл әлем алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. 2.2. Теориялық және эмпирикалық бiлiм түрлерi Теориялық және эмпирикалық бiлiм. Мектепте оқу үдерiсiн дұрыс ұйымдастыру үшiн мұғалiм мектеп географиясының ғы­ лыми-әдiстемелiк мазмұнын түсiнумен қатар жеке курстардың да мазмұны мен идеяларын бiлуi тиiс. Жалпы, мектеп географиясы мазмұны мынадай құрамдас бөлiктерден тұрады: бiлiм, iскерлiктер мен дағдылар және шығармашылық iс-әрекеттер тәжiрибесi. Осылардың iшiнде оқу бағдарламасында бiлiм мен iскерлiктер нақты қарастырылған. Бағдарламада және оқулықтарда география мазмұнының құрам­ дас бөлiктерi қалай көрiнiс тапқан? Көптеген педагог ғалымдар­ дың көзқарасы бойынша географияның (физика, биология, тарих және т.б. пәндермен қоса) негiзгi оқу мазмұны ғылыми пәндiк 13

бiлiм болып табылатын оқу пәндерi тобына жатады. Ал шетел тiлдерi, сызу, дене тәрбиесi сияқты кейбiр пәндерде iс-әрекеттер тәсiлдерi немесе iскерлiктер мен дағдылар негiзгi орында тұрады. Географиялық бiлiм теориялық және эмпирикалық болып бөлiнедi. Теориялық бiлiм құбылыстар мен заттардың мәнiн ашады, олардың iшкi байланыстары мен қатынастарын көрсетедi. Ол ұғымдардан, заңдылықтардан тұжырымдамалардан және себеп-салдар байланыстарынан тұрады. Эмпирикалық бiлiм құбылыстар мен нысандардың сыртқы ерекшелiктерiн ашады. Бұлар фактiлер мен сипаттамалар, атаулардан құралады. Географиялық бiлiмдi игеру ерекшелiктерi мен олардың оқулықта баяндалу тәсiлдерi де әртүрлi (сызбада көрсетiлген). Бүгiнгi күнде мектеп географиясы мазмұнын дамытудағы алда тұрған мәселенiң бiрi – бұл теориялық бiлiмдер мен эмпирикалық бiлiмдердiң арақатынасын анықтау. Оқу мазмұнында эмпирикалыққа қарағанда теориялық бiлiм үлесi көп болса, онда мазмұнның ғылыми деңгейi де жоғары болады. Сондықтан теориялық бiлiм iргелi (фундаменталды) бiлiм болып саналады. Осыған орай, бiлiм беру үдерісiнде оқушыларды осы iргелi бiлiмдi алуға бағыттауымыз қажет. Өйткенi фактiлер мен жеке ұғымдар, анықтамалар және құбылыстардың сыртқы көрiнiстерiн сипаттау заңдылықтарды, жалпы ұғымдарды түсiнiп, олардың себеп-салдар байланыстарын ашу үшiн қажеттi бiлiм болып табылады. Сондықтан да тек эмпирикалық бiлiммен ғана шектелу география мазмұнын толық меңгеруге жатпайды. Орта мектептегi оқу үдерісi оқушылардың негiзгi мазмұнды қабылдаған бағдарламаларға сай меңгеруiне бағытталады. Сон­ дық­тан мұғалiмдердiң оқу материалдары мазмұнын таңдау ке­ зiнде оқу үдерiсiн бағдарламадағы «Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар» бөлiмiнде келтiрiлген бiлiм мен iскерлiктердi негiзге ала отырып, жүргiзгенi дұрыс. География бағдарламасы геологиялық-геоморфологиялық, гидрологиялық, климатологиялық, табиғат кешендерi, дүниежүзiнiң саяси картасы, халқы мен табиғат қоры, салааралық кешендер, эконо­ ми­калық аудандар және т.б. курстан-курсқа дамытылып отыратын бiрнеше бiлiм топтарынан тұрады. 2003 жылы шыққан Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 7-сыныбына арналған 14

бағдарламада бiлiм компоненттерi: атауларды, географиялық қабық компоненттерiн және т.б. атай немесе көрсете алуы, жер бедерiнiң негiзгi пішіндерінің таралуын, әрбiр материктерге тән өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерiн және т.б. сипаттай алуы: «Табиғат кешенi», «географиялық қабық», «табиғат белдемi» ұғымдарының мағынасын, жеке аймақтар мен елдердегi дәстүрлi шаруашылық түрлерiн және т.б. ұғымдар мен заңдылықтарды, себеп-салдар байланыстарын оқушылар түсiндiре алуы тиiс деген талаптар қойылады. Оқулықтарда осы талаптар қалай жүзеге асырылады? Сызбада көрсетiлгендей, оқулықтың негiзгi мәтiнi түсiндiрме, ақпараттықсипаттама және нұсқаулы мәтiндер түрiнде берiледi. Түсiндiрме мәтiнде ұғымдар мен заңдылықтардың себеп-салдардың көмегi­ мен шындық болмысты нақты құбылыстардың мәнiн ашуға мүмкiндiк туады. Сондықтан жаңа буын оқулықтарында геогра­ фиялық бiлiмнiң негiзiн қалайтын түсiндiрме мәтiндердiң көп болуы қажет. Ақпараттық-сипаттама мәтiндер қарастырылатын құбылыс­ тар мен нысандардың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын мәтiндерден тұрады. Бұларға қойылатын негiзгi талаптар – келтiрiлген дәйек­ тердiң дәлдiгi, ұсынылатын мәлiметтердiң оқушылардың қабыл­ дауына және есте сақтауына лайық мөлшерде болуы. География мазмұнының екiншi бiр құрамдас бөлiгi – iскер­ лiктер мен дағдылар. Бағдарламада оқушылардың анықтай немесе өлшей алуы тиiс, яғни iскерлiктерiне қойылатын талаптар тiзбесiмен, сонымен бiрге iс-әрекеттер тәсiлiн қалыптастыратын сарамандық жұмыстар арқылы көрiнiс тапқан. Iскерлiктер мен дағ­дылардың рөлi географияны оқыту үдерісінде жылдан-жыл­ ға артып келедi. Оның себебi соңғы кездерде бiлiм беруде қойы­ латын талаптардың бiрi – оқушыларды өз бетiнше бiлiм алуға дайындау. Ал оқулықтарда нұсқаулы мәтiндер оқушылардың белгiлi бiр бiлiм алуға қажеттi iс-әрекеттер тiзбесiн (нысандардың географиялық орнын анықтау, климаттық карта негiзiнде аумақтың климатына сипаттама беру, ауданның экономикалықгеографиялық жағдайына сипаттама беруге арналған жоспарлар мен нұсқаулар) көрсетедi. 15

Осы бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетiлген география мазмұны компоненттерiн мұғалiм оқушыларға меңгерту барысында сабақ жоспарында, сабақтың әдiстерi мен оқытуды ұйымдастыру пішіндерін таңдау да қарастырғаны маңызды. 2.3. Оқушылардың бiлiм сапасын арттыру Қазiргi таңда жас жеткiншектерге сапалы бiлiм беру жолда­ рының бiрi сабақтарда жергiлiктi материалдарды пайдалану, әсiресе ауыл мектептерi жағдайында әр пәнге, әр салаға қажет. Мектептегi басқа пәндер тәрiздi география сабақтарында жергiлiктi жердiң материалдарын пайдалану, яғни ауыл экономикасын, жер-су атауларын, климатын, топырағын, өсiмдiгi мен жануарын, шаруашылығын оқытудың пайдасы үлкен. Оқушы бiлiмiнiң сапасын арттыру оның көзқарасын, дүние­ танымын қалыптастыру, дамыту үшiн сабақтарда жергiлiктi жердiң материалдарын, оның iшiнде зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн сабақта тиiмдi қолдана бiлу қажет. Себебi ауылда өсiп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған жас жеткiншек маңайындағы заттар, жануар, өсiмдiк, жер бедерiн, ондағы құбылыстарды көре өстi, ол туралы өзiндiк бiлiм жинақтайды. Осы бiлiмдi мектепте ғылыммен ұштастыра бiлсе, алынған бiлiм оқушының есiнде мәңгi қалары анық. Сондықтан осы мақсатқа жету үшiн сабақты ұйымдастыруда мынадай ұстанымдарға сүйенемiз: 1. Оқушыға айтылған материалдар түсiнiктi және жеңiл болуы керек. Егер түсiнiксiз болса қарапайым түрде түсiндiру. 2. Сабақты сарамандық жұмыстармен байланыстыра өткiзу. Сабақта нақты материалдарды пайдалану, оқушының бiлiмдi игеруiне, бiлiм сапасын арттыруға көмектеседi. Сабақты ғылыми негiзде оқыту. Мектеп жанындағы географиялық алаңда ауа райына бақылау жүргiзiледi. Осы бақылау нәтижелерiнен қорытынды шығарып оны күнделiктi сабақтарда пайдаланудың пайдасы үлкен. Себебi оқушыға сапалы бiлiм беруде тақырып материалының мазмұ­нын меңгеру жеткiлiктi болмайды. Сондықтан бiлiм сапасын арттыру, оны еске сақтау үшiн оқушыға түрлi тапсырмалар орындауды қажет етедi. Ол үшiн география сабақтарында ауа райын 16

бақылаудың нәтижелерi қолданылады. Мысалы, 8-сыныпта «Маң­ ғыс­таудың климат құрушы факторлары» тақырыбындағы сабақ­ та оқушыларға Маңғыстау климатын құрушы жағдайлар туралы ғылыми түсiнiк беру (бiлiмдiлiк), өз елiнiң климатын түсiн­­дiре отырып, өз жерiне деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу (тәр­биелiк), әртүрлi бiлiм көздерiмен жұмыс жасауға үйрету (дамы­тушы­лық) мақсатын қойды. Осы тақырыпта Маңғыстау облы­сына арктика­ лық, қоңыржай, тропиктiк ауа массаларының әсерi, олардың қасиеттерi туралы айтылған. Тақырып бойынша алған бiлiмдерiн пайдалана отырып, оқушы бiлiмiн толықтыру үшiн «Ауа райын бақылау» нәтижелерiнiң қорытындысын пайдаланады. Егер бiр жылда 365 күн болса, онда 1/3-де батыс, яғни қоңыржай ауа массасы және 1/3-де шығыс, яғни арктикалық ауа массалары басым, ал жаз айларында тропиктiк ауа массаларының оңтүстiк-шығыс жақтан соғатынын оқушылар өздерi есептеп, өздерi­нiң ал­ған теориялық бiлiмiн тәжірибе жүзiнде дәлелдеп шықты. 2.4. Оқушылардың бiлiмiн бағалау және тексеру Оның негiзгi мақсаты – оқушы iс-әрекетiнiң қорытындысын шығару және келесi сабаққа дайындығын анықтау. Оқу үдерiсiнiң құрылымына сай тексеру үшке бөлiнедi: күнделiктi, тарауды қорытындылау, курсты толығымен қайталау. Мұғалiм тексеру сұрақтары мен тапсырмаларын құрауда оқу­ шының iс-әрекетiн ұйымдастыру тәсiлдерi мен түрлерiн ес­кере отырып, жеке оқушыларға, топқа арналған сұрақ-тапсыр­малар­ мен қатар жаппай (фронтальный) тексеру жолдарын iздестiредi. Егер де оқушы жауабы теориялық жағынан дұрыс, термин атауларына толық жауабы бар, карта, дәптерлерiнде сарамандық жұмыстар дұрыс орындалған, заңдылықтарды аша бiлсе, өздiгi­ нен қорытынды жасай алатын қабiлет көрсетсе, жоғары бағаға ие болады. Егер де оқушы тiрек-конспектiнi, географиялық дәптердi, кескiн картаны, атласты пайдалана бiлсе, онда ол оқушы бiлiм деңгейiнiң дұрыстығын көрсетедi. Оқушы өз бiлiмiн жазбаша түрде де көрсете алады. Үй тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударған жөн, берiлген тапсырманы тексерiп отырмаған жағдайда оқушының үй жұмысын мұқият орындап отыру ережесi бұзылады. 17

Берiлген тапсырма өз уақытында тексерiлiп, бағалануға тиiстi. География оқулығының iрi тарауларын түсiнген, түсiнбегенiн анықтауда оқулықтағы қорытынды сұрақтар мен тапсырмалардың маңызы зор. Мысалы, оқушының «План және карта» бойынша карта сызбамен жұмыс iстеуi масштаб, азимут, шартты белгiлердi, картаны оқу, сызу қабiлетiн бағалауға мүмкiншiлiк бередi. Ұқыптылыққа үйретедi. Оқушылардың жергiлiктi жердегi сарамандық жұмыстарын дұрыс орындауға алғы шарттар жасайды. Бiлiмдi тексеру жүйесi. Бiлiмдi ауызша тексеру Бiлiмдi тексерудiң басты мақсаты – өткен материалды оқу­ шылардың қалай игергенiн тексеру. Яғни олардың бiлiм дең­ гейлерiн, iскерлiгi мен дағдысын тексеру, сонымен қатар бұл тексерулер оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын жетiлдiруге және қалыптастыруға көмек бередi. Тексерудiң басты нысаны – бұл географиялық карта мен материалды бiлу, географиялық көрiнiстердiң байланыс себебiн түсiну, практикада алған бiлiмiн қолдана бiлу және өз бетiнше бiлiмiн жетiлдiру. Мұғалiм оқушылардың географиялық терминдер мен атауларды дұрыс айтуларын, географиялық нысандарға түсiнiктеме беруiн, орналасқан аймақтарды картадан дұрыс көрсетуiн және ауызша түсiнiк беруiн тексерулерi керек. Бұл тексерулер оқушылардың картамен жұмыс iстеулерiндегi дағдысы мен iскерлiгiнiң деңгейлерiн және жинақтаған бiлiм қорларын анықтауға мүмкiндiк бередi. Тексерулер жүйелi және жоспарлы болады. Оны бағдарла­ ма­ның барлық тақырыптары бойынша жүргiзу керек. Негiзiнен, сабақта мұғалiм өтiлiп жатқан және алдыңғы өткен сабақтардың оқушыларға әсерiн тексерiп отырады. Бiлiмдi тексеру ауызша және жазбаша түрде болады. Әрбiр тәсiл екi формада қолданылады. Ауызша индивидуалды тексеру кезiнде мұғалiм, оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды тақтаға шақырады. Ауызша тексерудiң бұл формасы оқушылардың әрқайсысын жан-жақты бiлуге жағдай жасайды. Оқушылардың бiлiмiн, бiлiгiн және дағдысын тексеру – оқыту үдерісінiң ең маңызды бөлiмiнiң бiрi. Бiлiм, бiлiк, дағдыны 18

тексерудiң басты мақсаты – оқушының үлгерiмiн үнемi қадағалау. Жүйелi түрде тексерудiң диагностикалық, бiлiм беру және тәрбиелiк маңызы өте зор. Оқушылардың бiлiм дәрежесi оны тексеру әдiсiмен де тығыз байланысты. Тексеру барысында бағдарлама талаптарында көрсетiлген нәтижелер қаншалықты жеткiзiлгенi анықталып, қорытынды нәтижесi дұрыс бағаланады. Дидактикалық белгiлерiне қарай бiлiмдi тексеру күнделiктi, алдын ала, қорытындылау деп бөлiнедi. Әдiстеме бойынша ауызша, жазбаша, эксперименттiк (сарамандық) деп бөлуге болады. Тексеру жүйесi белгiлi мақсатқа жету үшiн жоғарыда аталған түрлердiң барлығын қолдануды қажет етедi. Мысалы, алдын ала тексерудiң мақсаты – жаңа материалды игеруге қажеттi бiлiм, бiлiк, дағды деңгейiн анықтау болып табылады. Мұндай тексерудiң нәтижесiнде мұғалiм оқушылар бiлiмiндегi олқылықтарды дер кезiнде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақ­ тар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады. Күнделiктi тексерудiң мақсаты – мұғалiм күнделiктi жұмыс барысында пән бойынша әрбiр оқушының бiлiм, бiлiк және дағ­дысын жекелей тексеру. Мұндай тексерудiң нәтижесiнде оқушылардың жалпы үлгерiмiн қадағалауға үлкен мүмкiндiк туа­ ды. Оқушы бiлiмiн күнделiктi тексерiп отырмаған мұғалiмнiң сабақты дұрыс ұйымдастыруы, жалпы жұмысты бағдарлауы да қиындай түседi. Күнделiктi тексеру үшiн әртүрлi әдiс – жеке және қосымша сұрау, жазбаша бақылау жұмысы, күнделiктi бақылау, сарамандық сабақта бақылау, жазбаша үй жұмысын тексеру, үйде жүргiзген сарамандық жұмысты және танымжорық қорытындысын тексеру, экрандық құралдарды, қойылымдарды көру нәтижесi бойынша есеп қолданылады. Алайда жоғарыда аталған әдiстер бiлiм, бiлiк және дағдыны тек белгiлi бiр жағынан тексеруге мүмкiндiк бередi, сондықтан тексеру барысында түрлi әдiстi қолдану қажет. Мерзiмдi (периодты) тексеру. Бұл оқушылар бiлiмiн күнделiктi тексеру нәтижесi ескерiлiп жүргiзiледi. Ол тоқсан соңында, жарты жылдықтан кейiн немесе тақырыпты, тарауды өткен соң белгiлi бiр мерзiм iшiнде ұйымдастырылады. 19

Мұндай тексерудi жоғары сыныптарда сынақ ретiнде жүргiзу өте қолайлы. Сынақ алу арқылы оқу материалдарын бiрнеше бөлiкке бөлiп, оқушылар бiлiм деңгейiн оқыту нәтижесiнде қойылатын мiндеттi талаптарға сай келуiн тексередi. Көбiнесе тақырыптық және қорыту сынағы жиi қолданылады. Сынақ нәтижесi екi балды шкала бойынша, яғни «сынақ», «сынақ емес» деп бағаланады. Әрбiр оқушы курс бойынша бел­ гiленген барлық сынақты тапсыруға тиiс. Егер оқушы берiлген тапсырманың 70-80 пайызын дұрыс орындаса, сынақ жұмысы қабылданып, одан төмен көрсеткiште қайта тапсыру қажеттiлігi туады. Қорытынды тексеру мемлекеттiк емтихандарда жүргiзiледi. Тексерудiң барлық түрiн, әдiсiн, пішінін, қажеттi жағдайда, жүйе­ лi түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарылатып, оқушылар үлгерiмiндегi жетiспеушiлiктi дер кезiнде ашуға мүмкiндiк бередi. Оқушылардың бiлiмiн тексерудiң түрлi әдiснамалық астарлары Ю.К. Бабанский, Т.И. Батурина, И.И. Кулибаба, В.П. Беспалько, И.Г. Краснянская, И.А. Раппопорт, В.Л. Рысс, т.б. еңбек­ терiнде қарастырылады. Мысалы, Ю.К. Бабанский оқушы­лар­дың бiлiм, бiлiк, iскерлiгiн тексеру ұстанымы деңгейiн оқытуда өзiнөзi тексеру және жан-жақты, жылдам әрi қолайлы тексерудi қамтамасыз ету ұстанымы деңгейiне дейiн көтердi. Ол жүйелi тексерудi ұйымдастыру қоғамдық сұраныстан, яки мектеп жұмысы тиiмдiлiгiнiң дәрежесi жайында күнделiктi ақпараттың қажеттiлігiнен туындайды деп атап көрсетедi. Ұзақ уақыт оқыту үдерiсiнде бiлiм деңгейiн тексеру барысында ауызша сұрау қолданылды. Бұл оқушылардың өз ойларын сөзбен дұрыс жеткiзуге, сұрақтарға толық жауап беруге үйретедi. Алайда ауызша тексеру ұзақ уақыт алады және 3-4 оқушының ғана бiлiмi тексерiлiп, олардың пәнге қызығуын, таным әрекетiн төмендетуi мүмкiн. Сондықтан соңғы кезде оқушылардың бiлiмiн тексерудiң жолдары мен әдiстерi, оны өлшеу құралдары көбейiп, сынақтан өткiзiлуде. Әр пән бойынша оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда болады. Бiрақ ол талаптар бiлiм мазмұнының жалпыға бiрдей бiр деңгейiмен ғана анықталатындықтан, оқу үдерісiн оқушылардың жеке бас 20

ерекшелiктерiн (қабiлетiндегi, икемдiлiгiндегi, жалпы дамуын­ дағы, т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкiндiк бермейдi. Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш бiлiм мазмұны оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына қойылатын талаптар түрiнде екi деңгеймен берiледi: 1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инвариант­ тық) деңгейi. 2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажеттi деңгейi (мiндеттi деңгей). Оқушылардың меңгерген бiлiм мен бiлiктерiнiң мiндеттi деңгейiндегi талаптарға қаншалықты сай екендiгiн арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады. Тапсырмалар мiндеттi деңгейiндегi талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесi пәнiнен алған оқушы бiлiмi мен бiлiктердiң объективтi жағдайын көрсетедi. Бұл тапсырмалар нәтижесiнде мұғалiм өзiн бақылауды жүзеге асыра алады. Оқушы бiлiмi мен бiлiктерiндегi жетiстiктердi, кемшiлiктердi, олардың себептерiн анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетiлдiрудiң жоспарын белгiлейдi. Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң түрлi пішіндері­ нің iшiнде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тестi қолдану бiлiмдi тексеру әдiсiн жетiлдiруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледi. Тест – ағылшын сөзi (test), аударғанда «байқау», «бақылау», «зерттеу» деген мағына бiлдiредi. Педагогикада тесттi пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алдымен, педагогика­лық тестiнi 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталiндегi мектепте пайдаланған. Кейбiр мамандар бiлiмдi тест түрiнде тексерудi америкалық психолог педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлерi шығарған деп есептейдi. Бiлiм деңгейiн тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзiн тексеруiне мүм­ кiндiк ашатын есеп берудің оқыту әдiсi деп есептейдi. Сондықтан бұл әдiс – сабақ үдерістерiн бiр-бiрiмен байланыстырып қана қоймай, бiлiмдi тексеру, бекiту, қайталау, сол сияқты жүйелеу құралы. Тест әдiсiнiң тағы бiр ұтымды жағы оқушылардың бiлiмiн тексеруде уақыт үнемдейдi, өздерi осы үдеріске тiкелей 21

араласатындықтан, қызығып, белсендiлiктерiн арттырады. Педа­ го­гикалық тест әдiсi оқушылардың бiлiмiн тексеруде объективтiк құрал ретiнде тек шет елдерде ғана емес, бiздiң мемлекетте де кеңiнен қалыптасуына ықпал еткен жөн. Оқушының игерген бiлiм, бiлiк, дағдыларын тексеру мен бағалаудың бiрнеше пішіні бар; оған бақылап-бағалаудың бес балдық жүйесiнiң пішіндері мен түрлерi жатады. Баға – оқушы бiлiмiнiң басты көрсеткiшi. Бағалау дегенiмiз – өлшем. Өлшемдi дұрыс қолдану – шәкiрт бiлiмiн әдiл анықтайтын қазылық жол. Бағалау 5 балдық жүйемен де, ұстаздың ауызша мазмұнымен де жүзеге асырылады. Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлi тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдiлiгiне қойылады. Бағалау оқушының оқу-тәрбие алу үдерiсiнiң деңгейiн көрсетедi. Бағалауға 2 нысан қатысады, мұғалiм – бағалаушы, оқушы – бағаланушы. Бағалаушы, бағаланушының білімін сан­ дық балмен бағалайды.

3. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚТАРЫ 3.1. Сабақ жүйесiнiң даму тарихы Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу әрбiр үстем таптың мақсатына бағындырылып отырды. Қоғам­ дық-экономикалық формациялардың ауысуымен оқыту мен тәрбиенiң мақсаты мен мазмұны да өзгердi. Мұнымен бiрге оқытудың ұйымдастыру түрлерi де жаңарды. Көне Афин елiнде жекелеп оқыту жүйесi пайдаланылған. Мұ­ ғалiм жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексе­ ретiн, мәтінi оқытып тыңдайтын, қалай оқу керек екенiн көр­ сететiн, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсiндi­ретiн, му­зыкалық құралдармен пайдалануды үйрететiн. Дене шынық­ тыру тәрбиесiнен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдас­тыра­ тын және жеке не бiрнеше оқушымен әңгiме жүргiзу әдiстерiн де қолданатын. Орта ғасырда оқу iсiн дiн қызметкерлерi шiркеуде ұйымдас­ тырды. Мұғалiм оқушылардың азғана тобына оқу материалының мазмұнын қысқаша баяндайтын немесе кiтаптан оқып беретiн. Ал оқушылар материалдың мазмұнын түсiнбей, тек шiркеулiк уағыздарды жаттайтын. Күнделiктi өтетiн сабақты қашан бастап, қай уақытта аяқтайтын мерзiмi көрсетiлмейтiн, ол мұғалiмнiң өз еркiнде болатын. Сөйтiп, оқу iсiнде белгiлi бiр жүйелiлiк болмады. Оны ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшелiктерi мен зейiндiлiгi ескерiлмедi. Қазан төңкерiсiне дейiн қазақ елiндегi молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесiне өте ұқсас едi. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгiнiп отырып, әр кiтаптан оқитын. Кiтаптары – мұқтасар, құран, әптиек деп аталатын дiни әдебиеттер болатын. Бұл кiтаптар араб әрпiмен араб 23

тiлiнде жазылған едi. Оқыған мәтіндерiнiң мазмұнын шәкiрттер де, молданың өзi де түсiнбейтiн. Еуропа мен Ресейдегi жоғары дәрежелi мектептерде лекция оқылды, диспуттар жүргiзiлдi. Бұлардың өзi шiркеу догмат­тары­ ның уағыздарына сүйенген, өмiр тәжiрибелерiнен аулақ схолас­ тика болды. Кейiн сауда мен өнеркәсiптiң дамуына байланысты ғылым алға басты. Сондықтан да мектепте оқытудың сапасы жақсарды. Осыған орай чех халқының белгiлi педагогы Я.А. Коменский мектептерде оқыту жұмысын ұйымдастырудың ең негiзгi түрi сынып-сабақ жүйесiн ұсынды. Я.А. Коменский мұндай пiкiрдi ұсыну үшiн алдыңғы қатар­ дағы педагогикалық тәжiрибелердi зерттедi. Әсiресе Ресей мек­ тептерiнен көптеген педагогикалық тәлiм-тәжiрибелер алды. Сөйтiп, ол оқу iсiн жүйелi түрде ұйымдастыру үшiн, оқушы­ ларды сыныптарға лайықтап топтастыру қажет деп тапты. Топтастырылған оқушылардың жасы мен бiлiмi бiркелкi болуын талап еттi. Күнбе-күн әр пәннен өтетiн сабақтың тұрақты оқу кестесi жасалсын, жеке пәндердiң оқу материалдары сабаққа жiктелсiн және олардың өзiндiк дидактикалық мақсаты болсын дедi. Я.А. Коменский сабақ үстiнде мұғалiмнiң материалдық мазмұнын түсiндiруiн талап еттi. Сөйтiп, ұстаздың сабақтағы белсендiлiк рөлiн көтердi. Ол сабақта оқушылардың тапсырманы орындауларын бақылап, оған басшылық ететiн болсын және материалдың мазмұнын түсiндiруге өте қолайлы әңгiме әдісін қолдансын дедi. Оның оқу iсiн мұндай жүйемен ұйымдастыру туралы пiкiрi қоғам талабына сай келдi. Сынып. Сабақ жүйесi бойынша кластағы оқушылар саны 5060 баламен шектелдi. Бұдан былай жүйелi бiлiм алу талабы кең етек алды. Оқуға балаларды көбiрек тарту мақсаты көзделдi. Алайда Я.А. Коменский ұсынған дидактикалық бағалы пiкiр­ лер бiрден жүзеге асты деуге болмайды. Бұл кезде мұғалiмнiң материалдың мазмұнын сыныпта түсiндiруiне уақыт аз бөлiндi. Көп уақыт шәкiрттерден сұрауға кеттi. XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Англияда Белль-Ланкестер оқу жүйесi тарады. Бұның негiзiн салушылар 24

дiн қызметкерi – А. Белль және мұғалiм Д. Ланкестер едi. БелльЛанкестер оқу жүйесi бойынша бiр оқу залында 600-ден астам оқушы оқыды. Жасы кiшi оқушыларды мұғалiмнiң жәрдемшiсi ретiнде жақсы оқитын жоғары сыныптағы ересек оқушылар оқытты. Ал ұстаздар ересек оқушылардың жүргiзген оқу iсiн оқу залында жүрiп бақылады. Ересек оқушылардың жүргiзген жұмысынан нәтиже шық­ пады. Өйткенi олардың бiлiм көлемi өте төмен болды. Ендi мұндай оқу жүйесi ұзақ өрiс ала алмады. ХІХ ғасырдың бiрiншi жартысында немiстiң метафизикалық көзқарастағы педагогы И.Ф. Гербарт сынып-сабақ жүйесiн қайта құру мәселесiмен шұғылданды. Ол сабақтың негiзгi төрт кезеңiн көрсеттi: 1. Мұғалiмнiң оқу материалын мазмұндау кезеңi. 2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңi. 3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргiзу кезеңi. 4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңi. И.Ф. Гербарттың және оны жақтаушылардың айтуы бойынша, сабақ бiр iздiлiкпен құрылды, материал жүйелi баяндалды және материалдардың өзара байланысы болды. Бiрақ бұл жүйеде сабақты шығармашылық жолмен құру бол­ мады. Оқу iсiн ұйымдастыруда өзгермейтiн бiр-ақ сызбаны ұс­ тады. Мұның өзi оқу iсiн ұйымдастыруда формализмдi туғызды және ұстаздың сабақты шығармашылық жолмен құруына нұқсан келтiрдi. Немiс мектептерiнде оқу iсiн демократиялық жолмен дамытуда немiс халқының атақты педагогы А. Дистервег бағалы пiкiрлер ұсынды. Ол оқытудың үдетпелi жолын ұсынып, бiлiмнiң дер ке­ зiнде берiлуiн қолдап, оқушының белсендiлiгiн көтере отырып, оқу үдерісiн жақсарту қажет деп тапты. Немiс мұғалiмдерiне арнап жазған басшылық құралында сабақ үстiнде оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуды талап еттi. Ол өзiнiң мұғалiмдiк ең­ бе­гiне сүйене отырып, сабақ үстiнде балалардың ойлау белсен­ дi­лiгiн көтеру арқылы олардың бiлiм сапасын арттыру туралы тәжiрибелер жасады. Оқу iсiн жүйелi ұйымдастырудың бағалы жолдарын зерттеу­­де орыс халқының ұлы педагогы К.Д. Ушинский көп еңбек сiңiрдi. 25

Ол И.Ф. Гербарттың консервативтiк көзқарасына қарсы күрес жүргiздi. К.Д. Ушинский оқушыларды бiлiммен қаруландырумен қатар оларды жан-жақты дамыту амалдарын қарастырды. Оқу iсiн жақсартудың ең негiзгi шарты мұғалiмнiң өзiнiң педаго­ гикалық шеберлiгiн арттыра бiлуде деп түсiндi. Сабақ үстiнде оқушыларды оқыта бiлудi үйрену қажет екендiгiн талап еттi. Олардың сабаққа енжар қараушылығын жою жақтарымен шұғылданды және материалдың мазмұнын өздiгiнен шеше бiлу жолын iздестiрдi. Мұғалiм материалды баяндаумен қатар, оны оқушылардың үй тапсырмасымен және өткен материалдарды тұтастай үдерістермен байланыстыра бiлу шараларын көздедi. Оқушыларға шамасы келмейтiн тым ауыр материалдарды оқыту олардың ақыл-ой белсендiлiгiнің дамуына өте зиянды деп есептедi. Материалдың оқушылардың шамасына лайық бо­­ луына үлкен мән бердi. К.Д. Ушинский өз заманындағы озат пе­ да­гогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, оқу iсiн ұйымдас­ тыру үшiн аса қажеттi дидактикалық және психологиялық ұстанымдарды ұсынды. Кең байтақ Ресейдiң мұндай прогрестiк педагогикалық идеялары басқа да ұлт аймақтарына тарады, оның iшiнде қазақ сахарасына да келiп жеттi. Қазақ даласында Ресейдiң прогрестiк педагогикалық идея­ сын жалғастырушылардың бiрi Ы. Алтынсарин болды. Ол К.Д. Ушинскийдiң, И.И. Паульсонның педагогикалық көзқарас­ тарын зерттедi. Сабақты өткiзу жолдары Жаңа сабақты түсiндiруде әртүрлi тәсiлдердi пайдаланумен қатар көрнекi материалдарды молынан пайдалану жолдарын қарастыру – мұғалiмнiң мiндетi. Әңгiме, баяндау, тек түсiндiру арқылы географияны оқыту онша ойдағыдай нәтиже бермейдi. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезiнде таным белсендiлiгi жоғары болатын сабақтар бiлiм мен бiлiктiлiктi сапалы түрде меңгерудi қамтамасыз ете алады. Оқу үдерiсiн жандандыру түрлi әдiстi таңдай бiлуге, қолда бар көрнекiлiкке, құрал-жабдыққа, т.б. көптеген себептерге байланысты. 26

Жаңа сабақты түсiндiру мұғалiмнiң қойған сұрақтарына тiке­ лей қатысты. Күрделi сұрақтарға жауап беруi оқушылардың гео­ графиялық бiлiм деңгейiне байланысты, қойылған сұрақтарға да қатысты. Түсiндiру, қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны пайдалану, оқулық бетiндегi анықтамаларды, қосымшаны пайдалану жолдарын iздестiру қажет. Қайталау сабақтарының болашағы зор. Қайталау жаңа сабақты бекiтуде, жаңа танымдар мен түсiнiктерде қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. 3.2. География пәнiндегi сабақтардың түрлерi География пәнiн өтуде қазiргi кезде сабақтардың бірнеше түрi қолданылады. Әр сабақтың өзiндiк ерекшiлiктерi мен әдiстәсiлдерi бар. Бiр сабақтар жаңа сабақтар өтуде, екiншiлерi үй тапсырмасын сұрауда, үшiншiлерi сабақты қайталау мен қоры­ тындылауда қолданылады. Бiз төменде осындай сабақтардың әртүрлі үлгiлерiн ұсынып отырмыз. Сарамандық және зертханалық сабақтар Оқушылардың iскерлiк дағдыларын қалыптастыру бағы­тын­ да зертханалық және сарамандық жұмыстардың маңызы зор. Сарамандық жұмыстардың дидактикалық қызметi қазiргi таң­да күннен-күнге өсiп келедi. Сарамандық жұмыстар оқушы­лардың теориялық және сарамандық бiлiмiне бақылау қыз­метiн ғана ат­ қармайды, сонымен қатар олардың ойлау қабi­летiн, шығар­ма­шы­ лық белсендiлiгiн, өз бетiнше жұмыс iстеу дағ­ды­сының дамуына жағдай жасайды. Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушыларға өн­дiрiс орындарының әлеуметтiк тәжiрибелерiн игеруге, қоғам бай­лығын өндiруге, араласуына, мамандық таңдауы­на мүмкiндiк бередi. География сабағының әр тақырыптарында сарамандық және зертханалық сабақтар өтуге болады. Мысалы, Қазақстанның жер бедерi, геологиялық құрылымы, тектоникасы, климаты, iшкi суы, пайдалы қазбалары, аумақтық аудандары, т.б. тақырыбының барлығында карта және кескiн картамен жұмыс жаса­татын сара­ мандық жұмыстар орындалса, 6-сыныптағы «Жергi­лі­ктi жер планын сызу» тақырыбында топографиялық жұмыстар орындалды. 27

Оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттыруға ар­ нал­ған сабақтар (көбiнесе дәстүрлi емес сабақтар). 1. Сот сабағы. 2. Конференция сабағы. 3. Баспасөз-конференция сабағы. 4. Инновация сабағы. 5. Топпен жұмыс сабағы. 6. Кiрiктiрме сабақ. 7. Мәслихат сабағы, т.б. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сабақта еркiн сөй­ леп, өзара сұрақтар қойып, өз пiкiрлерiн айтып, өз ойларын ке­ ңей­туге мүмкiндiк беретiн сабақтар оқушылардың өз бетiмен даяр­­ла­­нуына, iзденуiне мол мүмкiндiк жасап, нашар оқитын оқу­шы­­лар­ға талпыныс тудырады. Оларды еңбекқорлыққа, iзде­ нiмпаз­дыққа, әртiстiк шеберлiкке баулиды. Мысалы, қазiргi таңда гео­графияда экологиялық мәселелер көп айтылады. Қазақ­ стан­дағы Арал Каспий, Балқаш көлдерiнiң, Семей, Байқо­ңыр, Сары­шаған аймақта­рының экологиялық жағдайлары туралы оқушы­лардан құралған әртүрлi маман иелерiн сомдап, баспасөзконференция, конференция сабақтарын өтуге болады. Оқушылар мамандар кейпіне ену үшiн көп iзденедi, оқиды, тiптi, шеберлiк­ терiн шыңдайды. Жаңа технология мен инновациялық әдістер «Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал-жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мағынасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту технологиясы» дегеніміз – ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағынасына ие болды. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметінде іске асады. Қазір дүниежүзінде оқыту­ дың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты: Біріншіден, адамдардың өмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау. 28

Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығарма­шы­­ лықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау. Үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушылар­ дың білімін тексеруде: – топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру; – оқушының өзін-өзі тексеруі; – оқушылардың бірін-бірін тексеруі; – оқытудың модельді жүйесі; – дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жатады. Оқушылардың білімін тексеруде: сынақ, тест, рейтинг жүйе­ лері қолданылады. Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа пішіні – блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады. Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық мәселелерді біртұтас беруге мүмкіндік туғызады. Блок (модуль) ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі. География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды есте сақтау үшін де қолданылады. Көрнекілік құралдар оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы, орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрылысын түсіндіру). Көрнекілік оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып пайдаланылады. Қазіргі заманғы жаңа технологиялық әдістер негізіне тоқтала кет­сек, соның бірі – кейстік технология бойынша сабақ өтудің үлгісі. 29

Кейстік технология Кейс – бірыңғай ақпаратты кешен, ол 3 бөлімнен тұрады. 1. Кейсті талдауға қажетті қосалқы ақпараттар. 2. Нақты ситуацияны сипаттау. 3. Кейске кіретін тапсырмалар. Кейстің түрлері Баспалық Мәтін, сурет, диаграмма

Мультимедиялы Бейнелік Виртуалды әдіс, кешен­ді Көркем фильм, клип графикалық

1. Кітапханалық. 2. Көпшілік. 3. Сыныпаралық. 4. Кабинеттік. Кейс мазмұны бойынша тұрпаттарға бөлінеді: 1. Бағалау мен талдауға үйрету. 2. Мәселелерді шешу мен шешім қабылдауға үйрету. 3. Мәселелерді шешу. Тұжырымды иллюстрацияға үйрету. Кейс құрамындағы материалды ұйымдастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: 1. Құрылымдамалық. 2. Кішігірім сұлбалық. 3. Жалпыламалық. 4. Алғашқылық. Жан-жақты оқу нақтылық ахуал кейстегі қарастыратын ше­ шімдерді оқытушылармен студенттер үшін тиімді білім беру тәжірибесіне айналдыруға көмектеседі. Оқу нақтылық ахуалы нені білдіреді: 1. Қызықты оқиғаны айта отырып, басты кейіпкердің рөліне ену. 2. Цитаталарды ендіру. 3. Оқырман үшін мәнді болу. 4. Педагогикалық құндылық. 5. Шиеленіс тудырып, оның шешімдерін табуға талпындыру. 6. Әртүрлі ауданды мақсатына қолдану икемділігі. 7. Мәселелерді шешуге көмектеседі. 30

8. Жан-жақты қолдану. 9. Әлеуметтік жауапкершілік сезіміне ынталандыру. 10. Қоғамдағы маңызды өзгерістерді жүргізуге жағдай жасау. 11. Оқытудың жалпы және пәнаралық функциясын орындау. Кейс әдісі негізінде оқытудың пішіндік пікірсайысын қолда­ нуға болады. 1. Студент – студент рөлдік ойын; 2. Оқытушы студент болжаулау, гипотетикалық; 3. Оқытушы – студенттің қарсы сұрағы; 4. Оқытушы – студенттің өзін анықтауы; 5. Студент – студент емес. 6. Оқытушы – аудиториямен байланыс. «Оқу нақтылық ситуациясын талдауға» оқытушы «белсенді» немесе «енжарлық» рөлдерді атқаруы мүмкін. Кейде ол «талдауға» басшылық жасаса, кейде пікірсайыс қорытындылаумен шектеледі. Оқытушы дәлелдеудің қызықты желісін көргенде, оны қолдап немесе пікірталас алаңынан өзгелерді де алып шығып басымды­ лық болмауын талап етеді. Оқытушы бірге-бір деп аталатын нағыз «қызығушылықпен сұрау» тудыруы мүмкін. Студенттің айтар ойы, ұстанымы мен ұсынысы көптеген сұрақтардың арасында тексерілуі мүмкін, ол студенттің бекіткен логикасы тыңғылықты талдауға алынады. Кейс әдісі бойынша педагогикалық қызмет кейспен жұмыс ба­ ры­сындағы оқытушы іс-әрекетінің стратегияларын үшке бөлеміз. Оқытушы атқаратын Нақты жағдайдағы жағдайын шешудегі оқытушының қосымша сұрақтар немесе өз жауабы ақпараттар түрінде Сілтеме негіздері

Студент мәселе бойынша жұмыс істеп шешімін таппаса оқытушы араласады

Кейстік технологияның әдістері: Кейстік (оқу-нақтылық ситуация) әдіс сабағының жоспары: 1. Студенттің ахуал мәтінімен жеке танысуы. 2. Оқытушының кіріспе сөзі, кейс бойынша негізгі сұрақтар­ дың қойылуы. 3. Студенттерді шағын топтарға бөледі (4 баладан). 31

4. Студенттің шағын топтағы жұмысы, спикерді таңдау. 5. Әрбір шағын топта «шешімді» жариялау, түрлі сұрақтар, пікірсайыс. 6. Оқушының ситуацияны талдауы, тұжырымдамасы. Кейс келесі кезеңдерге бөлінеді: 1-кезең. Кейсті құрудағы мақсатты анықтау, мысалы, кәсіп­ орынның ішкі қатынастарын тиімді оқыту. Бұл үшін танымал кәсіпорынның кейісін жасауға болады. Студенттердің әртүрлі коммуникация түрлерін игеруге арналған сұрақтар мен тапсырмаларды әзірлеу. 2-кезең. Нақты ситуациялық немесе фирманың сәйкес мақсат­ тарын идентификациялау. 3-кезең. Кейс үшін ақпараттар көздерін іздеу бойынша алдын ала жұмыс жүргізу. Статистикалық мәліметтер, газет-журналдағы жарияланған мақалалар, басылымдар каталогы. Интернетті не­гіз­ гі көздер бойынша іздестіруді пайдалануға болады. 4-кезең. Кейс үшін әртүрлі көздерді пайдаланып, деректер мен ақпаратты жинау. 5-кезең. Кейске алынған 7 вариантты ұғынуы дайын. Бұл ке­ зеңге макет дайындау, материалдарды үйлестіру, таныстыру түр­ лерін анықтау жатады. 6-кезең. Егер ақпаратты белгілі бір фирманың деректері туралы айтылса, кейсте жариялауға рұқсат алу керек. 7-кезең. Іске асыру алдында эксперименттің бағасын алып және мүмкіндігінше кең ауданын тарта отырып, кейсті талқылау. Мұндай бағалау қорытындылау кезінде кейске қажетті өзгертулер мен толықтыруларды ендіру мүмкіндігіне ие болады. 8-кезең. Кейсті пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау. Кейсті таныстыру және пікірсайыстарды жүргізуші үшін сұрақтар мен тапсырмаларды әзірлеу. Кейс әдісі бойынша оқу қызметі Кейсті талдау ерекшеліктері Басты мәселені Жұмыс әдісін таңдау (түсіндірмелі, Қажетті ақпаратты анықтау математикалық әдіс) іріктеу 32

1. «Кейстің» басты мәселесін анықтау және шешу үшін ұсы­ ныл­ған қай ақпарат маңызды екенін түсіну. 2. «Кейстің» конмәтіндік ахуалына кіріп және оның басты іс-әрекет етуші адамдарын анықтап талдау үшін талап етілген фактілер мен түсініктерді іріктеу, мәселелерді шешуде қандай қиыншылықтар тууы мүмкін екенін түсіну қажет. Кейстің басты мәселелерін анықтау Жан-жақты (толық) талдау

Талдауға тиімді әрекеттер Талдауға Кейс жинау әрекетті таңдау тақырыбын анықтау Кейстерді талдаудың ерекше түрлері Бастапқы талдау Жүгіртпе талдау

Пайдаланудың таңдау түрін анықтау Интегралды талдау

Кейс әдісінің құрылымы мен түрлері: 1. Жағдайдың сәйкестілігін. 2. Шығындар сценарийі. 3. Пайданы анықтау мен талдау. 4. Тәуекелге бару. 5. Шарттық талдау. 6. Кейсті құжаттау. 7. Кейсті сипаттау. 8. Аралық есептер. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары 1. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы түсінік. 2. Қазақстанның пайдалы қазбаларының орналасу ерекшелік­ тері. 3. Пайдалы қазбалардың түрлері және оны өңдеу жолдары. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның пайдалы қазбаларының орналасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыруды дамыту. Қазақстанның қазба байлықтарының дүниежүзінде алатын орнын көрсету. Қазақстанның қазба байлықтарын кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушыға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде айту. Сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім мен тәрбие беру. 33

Сабақтың әдісі: кейстік технология. Сабақ типі: кабинеттік. Көрнекті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалары, гео­ ло­гиялық, тектоникалық және физикалық карталары. Тау жыныс­ тары мен минералдар коллекциясы. Тәрбиенің түрі: эстетикалық-экологиялық тәрбие. Ғылыми және дене тәрбиесін қалыптастыру. Пән аралық байланысы: ең алдымен, тарихпен тығыз байланысты. Тарихсыз елестету мүмкін емес, химия арқылы олардың құрамын, жаралу үдерістерін анықтау. Математика арқылы олардың жер астында қанша қоры бар екенін, оларды өндіру көлемін анықтау. Пән ішілік байланыс: геологиямен тығыз байланысты, картография, физикалық география, т.б. салалармен байланысты. Сабақтың барысы: Қазақстанның қазбаларының дүниежү­ зін­де алатын орны жайлы баяндау. Қазақстанның жер қыртысында 90-нан астам қазба байлық кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған. Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазба кен орны ашылған. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Осы үш топқа қандай пайдалы қазбалар мен кен орындары жататынын олардың ерекшеліктерін атап өту қажет. Аталған пайдалы қазбаларды картадан кен орындарын көрсетіп отырамыз. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут). Сәлемдесу, жоқтарды белгілеу, назарын аудару. Сабақ жоспарын хабарлау. Үй жұмысын тексеру және әрекетін негіздеу. Проблемалық сұрақ. 1. Біз Қазақстанның пайдалы қазбала­ рын тиімді пайдаланып жатырмыз ба? Біз Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін әр қалай пайдаланудамыз. Біздің жерімізде Менделеевтің кестесіндегі бар­лық элементтер кездеседі. Соның барлығын біз өндіріп жат­ қа­нымыз жоқ. Тек өзімізде бар технологияға сәйкес пайдалы қазбаларды ғана өндіреміз. Оның өзін өндіргенде тек негізгі өнімін ғана алып, қалғанын тастаймыз. Соның нәтижесінде елдің кен өндіретін жерлерінде қалдықтар жиналып, табиғатқа өз әсерін тигізуде. Сөз соңында 34

айтарым қазіргі таңда пайдалы қазбаларды өз дәрежесінде пайдаланып жатқанымыз шамалы. Келешекте үнемді пайдаланамыз деген үміттеміз. 2. Мына пайдалы қазбалардың қай жерде шығатынын анықтау үшін «Адастыру» ойынын қолданамыз. 1 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

Мұнай-газ Көмір Темір Марганец Мыс Алтын Фосфорит Полиметалл

Саяқ, Жезқазған, Қоңырат Қаратау, Жаңатас, Ақтөбе Өзен, Теңіз, Құмкөл Жетіқара, Арқарлы, Ақсу Соколов-Сарыбай, Қашар Атасу, Жезді Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай

3. Сыныпты екі топқа бөліп «Оңтүстік өңірдің пайдалы қазбаларын өндірудің экологияға әсері» деген тақырыпта пікірсайыс ұйымдастырып, экологиялық тәрбиесін қалыптастыру. Әрбір топ өздеріне сәйкес атын, эмблемасын қояды. І топтың аты «Экология», екіншісі «Таза ауа» болып бөлінеді. І топ, негізінен, өндірістің зиянды жақтарын зардабын, таби­ ғатқа әсерін, халық өміріне зиянды жақтарын айтады. Ал ІІ топ кен өндіру кезінде қазіргі таңда табиғатқа зиян келтірмейтін құрылғылардың орналасқанын, қалдықсыз өнім шығаратын зауыттардың бар екенін айтады. Соған орай атқарылып жатқан іс-шаралар аз еместігін көрсетеді. 4. Картаны қолдана отырып, әрбір жеке оқушыны шығарып, Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін картадан көрсете білу арқылы картамен жұмыс іскерлігін арттыру (дұрыс жауапқа 3 балл). 1. Оқушыны шығарып картадан Қазақстанның мұнай шыға­ ратын аймағын көрсету. 2. Оқушыны шығарып, көмір өндіретін аймақтарды көрсете оты­рып, олардың ерекшелігін атап өту. 3. Оқушыны шығарып, картадан түсті металл өңдейтін аймақ­ тарды көрсету. 4. Оқушы картаны қолдана отырып, Қазақстанның пайдалы қазбаларының орналасу ерекшеліктерін көрсетеді. Сабақ 35

соңында оқушылардың сабаққа қатысуы және сұ­рақ­тарға жа­уап беруіне байланысты бағалаймыз. Жалпы, са­бақта Қазақ­стан­ ның пайдалы қазбалары туралы жан-жақты қарас­ты­рып, нақты заңдылықтарымен түсіндіріп өттік. Сабақ барысында оқушы­лар­ дың сабаққа деген қызығушылығы байқалып тұрды. Қайталау-қорытындылау сабақтары Негiзiнен, 1-курстың бiр тарауы немесе бөлiмi аяқталғанда, тоқсан соңында және жыл соңында өтiледi. Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың бiлiмiн жинақтау, жүйелеу, қорытынды­ лау. Ерекшелiгi оқушы тақырыпты теория жүзiнде бiлумен қатар оны атлас картадан көрсетiп, кескiн картамен де жұмыс жасайды, кейбiр географиялық есептердi шығарып, арасында жұмбақ, сөзтiзбе шешедi, сызба, график профильдi талдап, ауызша салыс­ тырып, сипаттама беруге үйренедi. Сабақты ұйымдастырудың ұтымдылығы оқушыларды түрлi iскерлiктерге баулиды. Мысалы, 6-сыныпта «Гидросфера» тарауын қорытындылағанда оқушылар өзен, көл, теңiз, шығанақ, бұғаз, мұхит, мұздық, жер асты сулары, тоң туралы алған бiлiмдерiн қайталап, картамен жұмыс жасайды. Ойын сабақтары 1. Интеллектуалды шоу сабағы. 2. Ойын сабақтары. 3. Айтыс сабақ. 4. Саяхат сабақ. 5. Жұлдызды сағат сабағы. 6. Сайыс сабағы. Оқушылардың алған бiлiмдерiн одан әрi толықтыруға, түсiнiк­ терiн тереңдетуге, ойлау қабiлетiн арттыруға, ұшқыр ойлануына, мүмкiндiк бередi. Қазiр сабақтарда әртүрлi ойындар қолданыла­ды. Мысалы, «Жұлдызды сағат» ойынында оқушылар қойылған сұ­ рақ­тарға әрi қысқа, әрi жылдам жауап беруге дағдыланса, «Сая­­хат» сабақтарда карта арқылы әртүрлi жерлерге саяхат жасайды. Интеллектуалды шоу сабақтарында қазақтың ұлттық ойындары көп қолданылады. Мысалы, «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Жорға», «Алтын сақа», т.б. Бұл ойындар арқылы оқушыларды ұлттық сипат­ та тәрбиелесек, екiншi жағынан ұлттық нәрмен сусындатамыз. 36

Табиғаттағы сабақтар 1. Экскурсия сабағы. 2. Экспедиция сабағы. Оқушыларда сарамандық дағдыны дамытуда және зерттелетiн табиғат туралы жөнiндегi түсiнiктердi қалыптастыруға зор мүм­ кiндiгi бар. Оқушылардың теориялық бiлiмдерiн іс-тәжірибе­мен ұштастыратын, табиғатқа, туған жерге деген сүйiспеншiлiкке тәр­биелейтiн сабақтар. Жұмбақтар 1. Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. (су) 2. Ұйықтайды ұлы түнде, күндiз қызы. Жүргенде бiлiнбейдi басқан iзi. (Күн мен Ай) 3. Таңмен көзiн ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн) 4. Үй үстiнде ұсақ тас, Алайын десем табылмас. (Жұлдыз) 5. Қаласы бар – үйi жоқ, Даласы бар – шөбi жоқ. Мұхиты бар – суы жоқ, Орманы бар – нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегiс, Құмдары да теп-тегiс. Кең жазықтан әртүрлi Керегiңдi көресiң. Бар әлемдi табасың, Өзiң таң боп қаласың. (Географиялық карта) 6. Жер бетiнiң кескiнiн, Түрлi-түспен көрсеткен. Болса да өзi құрметтi, Тиiптi орын ең шеттен. (Шартты белгiлер) 7. Қатар тұрған қос табақ, Түрлi-түстi зер табақ. Мән берiп оған қарасақ, Аларсың одан көп сабақ. (Жарты шарлардың физикалық картасы) 8. Үш әрiптен құралған елдер тобы, Бәрiн қоссақ болады он бес өзi. Өзiндiк тiлдерi мен әдет-ғұрпы Айта ғой тапқыр болсаң келдi кезi. (ТМД елдерi) 9. Ерекше кескiнi бар қызық карта, Бет-аузы айқыш-ұйқыш сызық карта. 37

Үңiлiп бет-аузына қарай берсең, Өзiне қызықтырар карта тарта. (Кескiн карта) 10. Бiр нәрсе бетiнде жоқ, ой менен қыр, Өзiнiң кiндiгiнен айналып жүр. Өзiне назар салып қарасаңыз, Келбетi жер жүзiнiң көрiнiп тұр. (Глобус) 11. Жер көрдiм қаласы бар, Үйлерi жоқ мекендейтiн. Көл көрдiм, өзен көрдiм, Сулары жоқ тереңдейтiн. (Карта) 12. Әдемi түнде мен жүрсем жүредi бiрге. (Ай) 13. Жұрттың бәрi соны сүйедi, Бiрақ қарағысы келмейдi. (Күн) 14. Жазда жатсаң көлеңкесiне алады, Қыста жақсаң жаның рақат табады. (Ағаш) 15. Үлкен-үлкен түйенi Тастапты адам шөгерiп. Өркешi бұлтқа тиедi, Бауыры жатыр көгерiп. (Тау)

4. ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР 4.1. Оқытудың теориялық әдiстерi «Әдіс» деген сөз гректiң «methodos» деген сөзiнен шыққан. Ал бұл сөз орысша аудармасында, зерттеу жолы, тәсiлi деген мағынаны бередi. Ғылымда және күнделiктi тұрмыста әдіс деген сөз зерттеу жолы, әдiсi, тәсiлi деген мағынада, тiптi, iс-әрекеттiң сипатын көрсету мағына­сында да қолданылады. Бұл сөз әдістемелік әдебиетте де кең түрде және әрқилы қолданылады. Мысалы, кейбiр авторлар «әдіс» деген сөздiң мәнiн мұғалiмнiң оқушыларды қандай да болса бiр фактіні танып бiлуге үйрететiн логикалық жолы (догматикалық, иллюстра­ция­ лық, эвристикалық, зерттеу әдістері) деп түсiнедi. Басқа авторлар «әдіс» деген сөздiң мәнiн материалдарды орналастыру әдiсi (аналитикалық, концентрлi, т.б.) деп ұғады. Ал үшiншi бiреу­лер әдіс дегеннiң мағынасын материалды өтудiң формалары (зертханалық, экскурсиялық, еңбектiк, т.б.) деп түсiнедi. Өзiнiң жұмыс үдерісінде пайдаланатын мұғалiмнiң кейбiр жеке тәсiлдерiн немесе әдiстерiн де (графикалық әдіс, салғастыру әдісі, т.б.) «әдіс» деген сөзбен атау жиi кездеседi. Мұның бәрi тұтас алған­да бiздi «әдіс» деген терминдi абайлап қолдануға мәжбүр етедi. Бiз оны әңгiме кейбiр жеке әдiстер мен тәсiлдер туралы болғанда емес, жұмыс жолы туралы болғанда ғана пайдаланатын боламыз. Мектепте географияны оқыту әдістерінің әртүрлiлiгi Бiз мектепте география сабағына қатысып отырмыз делiк. Мұғалiм «Жаңбыр суы тасқындарының әрекетi» деген тақырыпты түсiндiруде. Мұғалiм жаңбыр суынан тасқынның қалай пайда болатынын, бұл тасқындар беткеймен қалай ағатынын және сол 39

беткейде жыраның немесе сайдың қалайша пайда болатынын балаларға түсiнiктi, ұғымды тiлмен айтып отыр. Мұғалiм беткей неғұрлым қия болса, тасқын судың одан төмен қарай соғұрлым қатты ағатынын, ал тасқын күшеюiнен оның топырақты шайып кету әрекетiнiң артатындығын, т.б. атап айтуда. Сөзiнiң ақырында мұғалiм қысқаша қорытындылар жасайды. Ал балалар оларды өз­ дерiнiң дәптерлерiне жазып алады. Бұл қорытындылар мынадай: 1. Беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады. 2. Тасқын ағысы неғұрлым жылдам болса, беткейдiң шайылуы да соғұрлым күштi. 3. Тасқын суы неғұрлым көп болса, топырақтың шайылуы да соғұрлым күштi болады. Ендi бiз басқа мектепте болып, дәл осы тақырып оқылып жат­ қан кезге тап боламыз. Бiрақ бұл мектепте тақырыпты мұға­лiм сыныпта емес, тыста түсiндiрiп жатыр. Ол екi ағаш науа алып, олардың бiреуiн сәл қисайтып, екiншiсiн оған қарағанда әлде­ қайда көбiрек қисайтып қойды. Бұдан кейiн мұғалiм бiрдей екi қаңылтыр шәйнек алып, олардан жаңағы екi науаға су құяды. Балалар оны қоршай орналасып, өңкей науамен судың әлдеқайда тез аққанын көрiп тұр. Бұдан кейiн мұғалiм бiрiншi науаға iрi құм себедi және қайтадан су құяды. Балалар су баяу аққанда құмның мүлде дерлiк шайылмайтынын тағы да өз көздерiмен көредi. Мұғалiм науаның бiр шетiн еңкейте түседi. Бұл жағдайда ағынның шапшаңдығы артты және су құмды тезiрек шайды. Ендi мұғалiм науаға екi шәйнектiң екеуiнен бiрдей су құйды. Оқушылар судың көбеюiне байланысты құмның шайылуының кенет артқанын көрдi. Бұл тәжiрибелерден кейiн мұғалiм бiз жоғарыда атап өткен қорытындыларымызды – беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады, т.с.с. қорытындыларды жасайды. Бiр тақырыпты түсiндiрудiң осы екi тәсiлiн салыстырайық. Бiрiншi жағдайда мұғалiм құбылыстар туралы баяндайды, қо­ рытындылар жасайды және осы қорытындыларды жазып алуды өтiнедi. Оқушылар мұғалiмнiң айтқанын түсiнiп және есте сақ­­тап қалуға тиiс. Бұл жерде бiз бiлiмдi әңгiмелеу арқылы ауыз­­ша үйрету тәсiлiн көрiп отырмыз. Бұл тәсiлдiң құнды­лығы, мұғалiмнiң қысқа уақыттың iшiнде көптеген фак­тіні хабар­ла­ғанында және мұғалiмдi бiрден 40-45 оқушының тыңда­ғанында. Мұндағы кемшiлiк – 40

мұғалiмдi бұған дейiн жаң­быр тасқындарын және олардың әртүрлi беткейдегi әрекетiн көрген­дер ғана түсiнедi. Басқа оқушылар бұл аталған фактілер мен жасалған қорытындыларды түсiне алмауы да мүмкiн. Оқушы­лардың барлығы бұл фактілерді ешбiр сын көзiмен қарамастан қабылдады. Мұндай жағдайда оқушылар мұғалiм хабарлағанның бәрiн селқос қабылдайды. Әдістемелік кейбiр оқулықтарда мұндай әдіс (немесе түсiндiру жолы) догматикалық (хабарлау) әдіс деп аталады. Екiншi тәсiлге тоқталайық: Бұл тәсiлдiң фактілерді әлде­қай­ да терең ұғуға мүмкiндiк беретiндiгi әркiмге айқын. Бұл тәсiл қолданылғанда фактілер зор ынтамен қабылданады, оңай ұғы­ нылады және ұзақ есте сақталады. Бiрақ екiншi тәсiлдi орындау қиынырақ. Мұғалiм бұл тақырыпты алдын ала әзiрлеуге уақыт пен құралды көп жұмсауға тиiс. Оқушылар көп болған жағдайда бұл тәжiрибенi барлығына бiрден көрсету мүмкiн емес. Егер бiз оқушылардың бiлiмiн ғана еске алсақ, онда екiншi тәсiлдiң артықшылығы сөзсiз. Бұл арада мынаны айта кетелiк, тәжiрибе, сурет немесе қандай да бiр басқа көрнекi құрал көрсетуге негiзделген мұндай әдіс иллюстрациялық әдіс деп аталады. Иллюстрациялық әдіс догматикалық әдістен едәуiр өзге. Оның өзiне тән ерекшелiгi – нақты материалдың қатыстырылуында. Өзiмiздi тағы да мектепте екенбiз делiк, тағы да өзiмiзге жақ­ сы таныс жаңағы тақырып оқытылып жатыр. Бұл жолы мұға­лiм балаларды мектептен алып шығып жуықта ғана жаңбыр суы­ ның тасқыны қазып кеткен жыраға бастап келдi. Балалар жыра ше­тiне жақындай бергенде, мұғалiм оларға мынадай тапсырмалар бердi: 1. Жыраны мұқият қарап шығыңдар және судың өте көп ша­ йып кеткен жерлерiн атаңдар. 2. Сол жерлердi қараңдар және оларды судың нелiктен күштi шайып кеткенiн анықтаңдар. 3. Жыраның жазықтыққа ұласатын жерiн қараңдар, бұл жерде судың не себептi арна қазбағанын айтыңдар, т.б. Балалар жыраны мұқият қарайды, оның түбiндегi құм мен тас­ты байқауда, әлдене туралы таласуда, ақыры, судың биiк жерден төмен қарай құлаған және терең апан қазған жерiн табады. «Тасқын осы араны өте күштi шайған», – деп ұйғарады бала41

лар. «Нелiктен олай дейсiңдер?» – деп сұрайды мұғалiм. «Бұл нағыз қия жер, су мына арадан құлай аққан, мына жердi апан етiп қазып кеткен», т.б. Нақ осылайша балалар жұмыс iстей бередi, нәтижесінде олар да бiздiң бiрiншi жағдайда атаған қо­ ры­тындыларымызды жасайды. Мұғалiм бұл жолы да балалардан осы қорытындыларды дәптерлерiне жаздырады. Осы үшiншi әдісті алғашқы екеуiмен салыстырайық. Тақы­ рып соның өзi, бiрақ жұмысты орындау жолдарында және ол жұмыстың сипатында қаншалықты зор айырмашылық бар. Мұнда, үшiншi жағдайда, мұғалiм әзiр түсiнiктердi хабарламайды. Ол балалардың алдына мiндеттер қояды және оларды балалардың өздерiне шештiредi. Бұл жағдайда бiз өздiгiнен зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң элементтерiн кездестiрiп отырмыз. Мұндай әдісті көптеген әдіскерлер зерттеу әдісі деп атайды. Егер бiз терең бiлiм беруге ұмтылсақ, егер бiз балалардың белсендiлiгiн, талапкерлiгiн және жiгер еркiн жетiлдiргiмiз келсе, онда ең соңғы әдісті қолдану ең жақсы нәтиже бередi. Сонымен қатар жұмыстың мұндай жолы әлдеқайда көп уақытты, жақсы жабдықты және жақсы даярлығы бар мұғалiм болуын талап етедi. Әртүрлi елдерге географиялық сипаттама бергенде, салыстыру немесе салғастыру әдісін кеңiнен қолдануға тура келедi. Алайда қандай әдісті қолдануға тура келсе де, мұғалiмнiң пайдаланатын әдiстерi мен тәсiлдерi алуан түрлi болуы мүмкiн. Мысалы, ауызша түрде бiлiм бергенде мұғалiм жай әңгiмелей, хрестоматиялардан үзiндi оқи, бүкiл сыныпқа сұрақ берсе, жауап ала, тиiстi қорытындылар шығара алады. Өзiнiң баяндағанын немесе әңгiмелегенiн оқушыларға көзбе-көз көрсету үшiн мұғалiм неше түрлi көрнекi құралдар, қабырғаға iлiнетiн картиналарды, диапозитивтердi, киноны, коллекцияларды, модельдердi, сынып тақтасына салынған суреттердi, чертеждарды, т.б. қолдана алады. Соңында бiз жұрттың бәрiне белгiлi фактіні – географияны географиялық картасыз оқытуға болмайтынын айтуға тиiстiмiз. Ал картамен ойдағыдай жұмыс iстеудiң барлық ерекшелiктерiн жақсы бiлуге тиiспiз. Географиядан сабақ беруде қолданылатын әдістер, әдiстер мен тәсiлдер туралы осы айтылғандардың бәрi­ нен мынау анық болды: бұл әдiстер мен тәсiлдердiң түрi өте көп және бiз олардың ең бастыларымен жақсы танысуымыз керек. 42

Оқыту әдістерін, әдiстерi мен тәсiлдерiн таңдап алу Таңдап алудың ең бiрiншi және шешушi кезеңi, әрине, тақырып болып табылады. Бiрақ қандай болса да әдiстердi пайдалану едәуiр дәрежеде басқа да жағдайларға байланысты болады. Әрбiр сынып үшiн көлемi әбден анықталған бағдарлама бар. Оны өтуге белгiлi уақыт бөлiнген. Бағдарламаны орындау үшiн «берiлген» уақытты үнемдеп жұмсау – оқытушылық жұмыста өте қажет шарт. Қандай да болса тақырыпты өтуге уақытты «керегiмiзше» жұмсауға құқымыз жоқ. Сондықтан оқыту әдiс­ терi мен тәсiлдерiн таңдау кезiнде мұғалiм, ең алдымен, берiл­ ген уақытта үлгеру қажеттiлігiн ескертедi. Әрбiр мұғалiм жақсы жолға қойылған сарамандық жұмыстарды орындай отырып, мүмкiн болғанша, көбiрек тақырыпты өтуге ұмтылады. Бiрақ бұл тақырыптарға берiлген уакыт жеткiлiксiз. Сондықтан мұға­ лiм асықпай мұқият ойластырғаннан кейiн ғана қай кезде сара­ мандық жұмыс қолдану маңыздырақ, ал қай кезде анағұрлым «оңай» тәсiлдермен қанағаттануға болатындығын шешедi. Мысалы, 5-сыныптың физикалық географиясының бағдарламасында «Картаға түсiру», «Ендiк пен бойлық», «Белдеулiк уақыт», т.б. тақырыптар бар. Мұндай тақырыптарды сарамандық сабақсыз түсiндiруге болмайды. Мұғалiмнiң нақ осындай тақырыптарды сарамандық жұмысты қолдана отырып өтуiне, ал «Желдiң әрекетi», «Судың әрекетi», т.б. сияқты тақырыптарды әлдеқайда жеңiл әдiстермен өтуiне тура келедi. Жұмыс жоспарын одан әрi анықтау кезiнде мұғалiм тағы да бiрнеше сағат артық уақытты экскурсиялар өткiзуге және зерттеу жұмыс элементтерiн қолда­ нуға бөле алады. Әдістерді таңдап алуда сыныптағы оқушылар санының үлкен маңызы бар. Сыныпта 20-30 оқушысы бар жерлерде сарамандық жұмысты оңай жолға қоюға болады. Ал сыныпта 40-45 оқушысы бар мектепте бұл қиынға соғады. Әдістерді таңдап алуда сыныптағы жабдықтың да едәуiр маңызы бар. Глобус пен картадан басқа ештеңе жоқ жерде тәжiрибелер мен практикалық жұмысты жолға қою қиын. Бiрақ көп жағдайда шешушi болып табылатын тағы да бiр фактор бар. Бұл фактор – мұғалiм. Өз iсiн бiлетiн және ұнатқан мұғалiм бiздiң осы айтқан қиыншылықтарымыздың көпшiлiгiн жеңе алады. Тiптi, уақыттың аз болуының және сыныптың нашар жабдықталуының өзiнде де 43

ол көптеген, тiптi, көп нәрсе iстей алады. Мiне, нақ осы арада жас мұғалiмге әдістеме көмекке келуге және оның мектепте ойда­ғы­ дай жұмыс iстеуiне қажет құрал болуына тиiс. Географияны оқыту әдiстерi. Географияны оқытудың жүйелiлiк әдiсi Дидактиканың оқыту әдiсiнде мұғалiм оқушыларда бiлiм, iскерлiк, дағды сияқты қасиеттердiң пайда болуын көздейдi. Мектеп географиясының басқа пәндер секiлдi де өзiндiк оқыту ерекшелiктерi бар. Географияны оқытудың негiзгi үш әдiсi бар: 1. Бiлiм берудiң ауызша және жазбаша түрi. Оған ауызша баяндау, сұхбат, оқулық және статистикалық материалдармен жұмыс iстеу жатады. 2. Көрнекi әдiске оқушының өз бетiнше бақылау, тәжiрибе жүргiзуi мен көрнекi құралдар жасауы енеді. Сонымен, бұған карталар және басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс iстеудi жатқызуға болады. 3. Сарамандық оқытуға оқушылардың iс-әрекеттерiн кiргiзе­ мiз. География курсындағы ең басты сарамандық жұмыстарға; бұл жергiлiктi жердi түсiруде жүргiзiлетiн сарамандық жұмыс­тар, жергiлiктi жердiң жоспарын сызу, белгiлi объектiнi суретке түсiру, абсолюттiк биiктiктi анықтау, өзеннiң енi мен тереңдiгiн анықтау, т.б. Географияны оқытуда әрбiр әдiстiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Сондықтан мұғалiм сабақ өтуде бұл әдiстердi қажетiнше қол­ данып отырады. Мысалы, сабақ өткенде ауызша баяндау, сұхбат және картамен жұмыс iстеу әдiстерiн бiрге қолдануға болады. Мұғалiмнiң материалды ауызша баяндауы. Сабақта ауызша түсiндiрудiң үш әдiсi бар; сұхбат, түсiндiру, лекция. Сұхбат дегенiмiз – бұл белгiлi бiр нәрсенi, оқиғаны суреттеу, баяндау. Мысалы, жер сiлкiнiсiн, вулканның атқылауын, өзеннiң ағысын, қалалардың орналасуын, т.б. суреттеу. Мұғалiм сабақты ауызша баяндағанда оқиғаны оқушылардың көз алдына елестете алатындай болуы керек. А. Чеховтың: «Табиғатты суреттеу қысқа әрi сипатты болуы керек», – дегенiндей табиғаттың кiшкене бөлшектерiн топтастырып, жалпы табиғаттың суретiн бейнелеуге болады. Әсерлi әңгiменi дайындау үшiн мұғалiм әйгiлi географиялық 44

ғылыми әдебиеттерден, очерктерден, саяхатшылардың күнделiк­ терiнен және көркем шығармалардан сабаққа қатысты қажеттi материалдарды жинақтайды. Мысалы, мұғалiм сабақта ормандар туралы әңгiмелемекшi. Оқушылар сабақты түсiнуi үшiн, олар ең бастысы, орманда өсетiн өсiмдiктердi бiлуi керек. Оқулықта ол өсiмдiктердiң атаулары жазылған. Оқушылар әрбiр ендiктердегi орман өсiмдiктерiн салыстырып, мұғалiмнiң баяндауы бойынша көз алдарына елестете алады. Баяндау мен түсiндiру – бiр-бiрiмен өте тығыз байланыс­ ты әдiстер. Тақырыптық карта және әртүрлi оқулықтармен жұ­ мыс жасағанда оқушылармен сұхбат орнатамыз. Мысалы, «Қазақстан­ның әлеуметтiк-экономикалық географиясы» курсында Қазақстанның өнеркәсiбi туралы төмендегiдей жоспармен өтуге болады: 1. Қазақстан өнеркәсiбiнiң дамуы мен қалыптасуы. 2. Қазақстан өнеркәсiбiнiң салалары. 3. Көне және жаңа өнеркәсiп салалары. 4. Өнеркәсiп тораптарының орналасуы, т.б. Лекция – жоғары сыныптарда қолданылатын әдiс. Лекция материалды бүтiндей түсiндiру мен суреттеуде қолданылады. Лекцияда, ең бастысы, материалдың мазмұны мен мақсатын түсiндiре бiлу. Орта мектептерде оқушылар лекция сабақтарында мұғалiмнiң баяндағанын жазып отырады. Лекция жоспары ар­ қылы оқушылар материалдың мазмұнымен танысады. Мұғалiм материалды ауызша түсiндiре отырып, кездесетiн терминдердi тақтаға жазса, оқушылар оны дәптерлерiне көшiрiп отырады. Лекцияны бастамас бұрын сынып тақтасына, алдымен, жаңа сабақтың тақырыбы, содан кейiн жоспары жазылады. Кейде мұғалiм оқушыларға үй тапсырмасын басқа әдебиеттерден беруiне тура келедi. Оқушылардың есiнде қалуы үшiн мұғалiм оны тақтаға жазады немесе ауызша айту арқылы дәптерге жаздырады. География пәнi ғылыми терминдерге өте бай, оқушылар пәнде өте көп жаңа сөздермен танысады. Оқушылар оларды қате айтпауы үшiн, мұғалiм сөздердi үнемi тақтаға жазып, дұрыс оқылуын қадағалап отырады. Сұхбат. Сұхбат әдiсi арқылы мұғалiм оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың бiлiмiн, iскерлiгiн тексередi және жаңа 45

бiлiмдерiн арттырады. Дидактикадан мәлiм, сұхбат әдiсi оқушы­ лардың бұрын өтiлген материалдарын естерiне түсiредi және жаңа материалды жақсы меңгеруiне жәрдем бередi. География­ да сұхбат өте керектi әдiс болып табылады. Сұхбат, әсiресе өлке­ тану, бақылау, оқулық және карталармен жұмыс жасағанда өте қажеттi әдiстiң бiрi. Сұхбат әдiсiне ең қажеттi нәрсе – материал мазмұнына сәйкес, сұрақтарды дұрыс құрастыра бiлу. Мақсатына қарай сұхбат 3 түрге бөлiнедi: кiрiктiру, түсiндiру және жинақтап қорыту. Кiрiктiру сұхбаты – бұл оқушылардың естерiнен шыға бастаған материалдарды қайтадан есiне түсiруде және жаңа материалды бастауға қолданылады. Мысалы, 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнiнде мұғалiм Африканың климатын түсiндiре отырып, «климат» сөзiне анықтама беруiн сұрайды. Сонда оқушылар 6-сыныптағы материалдарды естерiне түсiруiне тура келедi. Мұғалiм климат сөзiне анықтама ала отырып, өткен тараулармен жаңа сабақты байланыстырады. Түсiндiру сұхбаты – бұл сұхбат әдiсiнiң күрделi түрi. Мұнда оқушыларға сұрақтар қойылғанда олардың карта, оқулық, т.б. материалдармен жұмыс жасауларына тура келедi. Мысалы, «Қазақстанның климаты» тақырыбында оқушылар климатты құраушы факторлары дегенде, Қазақстанның географиялық орны, сағаттық белдеуi, климаттық белдеулер, т.б. карталармен жұмыс iстей отырып, түсiндiредi. Қорыту әдiсi iрi тарауларды қайталап қорытындылауда қолда­ нылады. Соңғы уақыттарда жоғары сыныптарда конференция сабақ­ тар өткiзiле бастады. Сұхбатқа қарағанда конференцияның ар­ тықшылығы – оқушылар дайындығына уақыттың көп жұмсалуы және алдын ала дайындалатындығы. Көбiнесе оқушылар басты тұлға болып, мұғалiм бағыт-бағдар ғана берiп отырады. Мұғалiмнiң дауыстап оқуы. Ауызша әдiстiң бiрi – мұғалiм­ нiң дауыстап оқуы. География сабақтарында көбiнесе табиғаттың тылсым құбылыстары, саяхатшылардың күнделiктерi, табиғаттың тамаша көрiнiстерi, т.б. дауыстап оқытылады. Бұл әдiс оқушы­ 46

лар­дың зейiнiн сабаққа аударуда, қызығушылығын арттыруда және ақын-жазушылардың шығармаларымен тереңiрек танысты­ руда қажет. Егер материалды дұрыстап және мәндi бiр үзiндi оқылса, бұл өте бай педагогикалық үдеріс. Мұғалiм өзiне керек материалды қайдан алуы мүмкiн? Бұл мақсатта географиялық хрестоматиялар, география кiтаптары, көркем шығармалар, геогра­фиялық баяндамалар, саяхатшылардың күнделiктерi және т.б. шығарылған. Қазiргi уақытта география курстарына ар­нал­ ған арнайы географиялық хрестоматиялар бар. Бiрақ бiр хрес­ томатияның өзi мұғалiмге аздық етедi. Материалдарды көркем әдебиеттерден, арнайы географиялық кiтаптардан, журнал және газеттерден жинау қажет. Қазақстандық ақындардың жер-су туралы өлеңдерiнен бас­ тап, Асан Қайғы, Қорқыттардың қазақ жерi туралы өсиеттерiн қолдануға болады. Қазтуған, Махамбет жыраулардың атамекен жайлы өлеңдерiн, С. Сейфуллин, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, т.б. табиғат көрiнiстерi жайлы жырларын, Ш. Уәлихановтың сая­ хат­тары мен зерттеулерiнен үзiндiлер алуға болады. Сонымен бiрге «География және табиғат»,«Қазақстан мектебi» журналдары мен «Атамекен» газеттерiне жарияланған материалдарды да қол­ данудың маңызы зор. География сабақтарында қазiргi кез­де эко­­ логиялық тақырыптарға арналған материалдар жиi қолда­ны­лады. Материал жинағанда, оның сабақ тақырыбына сәйкес келуi, оқушылардың жас ерекшелiктерi, оның ғылыми және педаго­ гикалық құндылығы ескерiлiп отырады. Оқуға таңдалған үзiн­ дiлер оқушыларға қызықты және мазмұны пайдалы, тәрбие­ лiк маңызы болуы шарт. Оқушылар жалығып кетпейтiндей әрi қысқа, әрi нұсқа болуы керек. Үзiндiнi дайындағанда мұғалiм оны алдын ала өңдеп, керектi жерлерiн белгiлеп, керек емесiн алып тастайды. Бұған мысал ретiнде әртүрлi үзiндiлердi аламыз; өлең-жырлар, географиялық мазмұны бар көркем шығармалар, очерктер, т.б. Мұғалiм бiр үзiндiнi оқығанда, оны түсiндiрiп өтуi қажет. Географиялық картадан мәтiнде айтылған жерлердi көрсетiп, тiптi, суреттерiн көрсетуге де болады. Оқыған нәрсе есте қалуы үшiн оқушыларға есiткен материалдары бойынша сұрақтар қойып, оны ауызша айтып беруiн талап ету керек. Соңғы кезде 47

мұғалiмдер атақты артистердiң, әншiлердiң әндерi мен жырларын үнтаспаға жазып, магнитофон арқылы тыңдатып жүр. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 4.2. Географияны оқытудағы көрнекiлiк және сараман­ дық әдiстер Географиялық бақылау. Географияда бақылау жұмысының маңызы үлкен. Оқушыларда бұл кезде iскерлiк пен дағды қалып­ та­сады. Сонымен бiрге бақылау табиғат құбылыстары мен шаруа­шылық сипаттары жөнiндегi бiлiмдерiн де тереңдетуге көмектеседi. Әдетте географиялық бақылаулар сыныптан тыс уақыттарда өткiзiледi. Ондай бақылаулар экскурсия кезiнде орындалады. Бақылау көбiнесе топтық сипатта жүргiзiледi. Топтық бақылауда: – өзен режимi; құдықтағы судың деңгейi; таудағы топырақ түрлерi; Ауылшаруашылық жұмыстары, т.б. анықталады. Мектеп жанындағы географиялық алаңдарда: – ауа райын бақылау; күн биiктiгiн анықтау; күннiң шығысы мен батысын белгiлеу; поляр жұлдызының орнын анықтау, т.б. бақылаулар жүргiзiледi. Бақылаудың кейбiреулерi оқу бағдарламасына енгiзiлiп, оқу­ шылар оларды кезекпен орындайды. Ал басқалары сыныптан тыс уақытқа жоспарланып, өткiзiледi. Бақылауды оқушылар мұ­ға­лiм­ нiң тапсырмасы бойынша орындайды. Әр бақылаудың өзiндiк бағыты мен мақсаты болады. Бақылау үдерiсiнде жинал­ған материалдарды өңдеп, сабақтарда пайдалануға болады. 4.3. Географиялық иллюстрация және олармен жұмыс iстеу әдiстерi Географиялық көрнекi құралдарға: суреттер, көрiнiстер, әртүрлi пейзаждар жатады. География оқулықтарында иллюстра­ ция­лық материалдар өте көп берiледi. Көбiнесе көркем суреттер та­қырып мазмұнына орайластырылып берiледi. Географиялық көркем суреттерге арнайы жасалынған қабырғалық картиналар жатады. Мысалы, 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнiнде 20 сериядан тұратын қабырға­ лық суреттер жасауға болады, оған: 48

– саяхатшылар мен зерттеушiлердiң жүрген саяхаттары; – әр материктiң ашылу тарихы; – материк бедерлерi; өсiмдiктерi; жануарлары; мұхит ағыс­та­ ры; вулкандар, т.б. Сонымен бiрге табиғат көрiнiстерiн бейнелейтiн пейзаждар. Мысалы, «Көкшетау көрiнiсi», «Қазақстан қорықтары», «Сексен көл», т.б. Мұғалiмдер көбiнесе қабырғалық суреттердi, альбом, буклет, плакаттарды өздерi жасайды. Көркемдеу әдiсi – өте қажеттi оқу құралы. Мұғалiм жаңа сабақты түсiндiрiп, қажеттi көрiнiстi суреттен көрсетедi. Немесе белгiлi бiр суреттi көрсетiп, ол туралы оқушылардан сұрайды. Сөйтiп, сұхбат әдiсiн орнатады. Кейде мұғалiм жаңа сабақты иллюстрациямен бастайды. Мысалы, 6-сыныптың физикалық географиясында тау және жазық жер өзендерiн өткенде оқулықта олардың суреттерi болады. Сонда оқушылар өзеннiң екi түрiн бiр-бiрiмен салыстырып көрiп, айырмашылықтарын бiрден түсiнедi. Көркемдеу әдiсi сабақтың үстiнде және сабақ соңында қолданылады. Оқушыларға суреттер арқылы өзiндiк жұмыс та берiледi. Мысалы, 7-сынып оқушысы оқулықтағы суретке қарап саваннаның географиялық орны, климаты, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, т.б. айтып бередi. Суретте бiз баобоб өсiмдiгiн, акацияны, өзен жағасындағы орманды көремiз деп бiр оқушы суреттесе, екiншi бiр оқушы саваннаны мұғалiм қойған сұрағына байланысты сипат­ тайды. Қысқы саваннаның аспаны бұлтсыз, жасыл өсiмдiктерi қурап қалған, баобоб ағаштарының жапырақтары түскен, жануарлар дүниесi аз деп суреттейдi. Африканың саваннасындағы өсiмдiктердi сипаттағанда суреттер мен кеппешөптердi қолдануға болады. Сынып қабырғасында iлiнiп тұрған суреттердi оқушылар жиi көретiндiктен қызықпайтын жағдайлар кездеседi. Ал ашық хаттар, фотосуреттердi, т.б. эпидиаскоп арқылы көрсетуге тура келедi. Сондықтан көрнекiлiктердi жиi ауыстырып отыру қажет. Диапозитивтер мен диафильмдердi қолдану да тиiмдi. Олардың әртүрлi маркалары мен түрлерi бар. Мысалы, әрбiр материктiң диапозитивi болса, материк мемлекеттерiнiң диафильмдерi бар. Вулкандар тақырыбын өткенде диапозитивтер арқылы олардың 49

құрылысын, атқылауын, орнын, т.б. көрсетсек, жеке «Кракатау», «Фудзияма», «Сопка» диафильмдерi арқылы вулкандарға сипаттама бере аламыз. Диафильмдер диапозитивтерге қарағанда сценарийлерi бар кадрлардан тұрады. Диафильм табиғаттың күрделi үдерістерін немесе мазмұнын ашуға көмектеседi. Мысалы, «Зiлзала» деген диафильмдi көрейiк. Бұл диафильм 4 фрагменттен тұрады; 1. Жер сiлкiнудiң адамдарға зияны. 2. Зiлзаланың болу себептерi. 3. Сейсмограф құралы. 4. Зiлзаладан сақтану жолдары. Диафильмнiң мазмұны оқу материалының мазмұнын түгел түсiндiрiп бередi. Мұғалiм картадан диафильмде көрсетiлген жерлердi көрсетiп, оқушылармен сұхбат жүргiзiп отырады. Диафильм материалдары арқылы елдердi, аудандарды, ауыл­ шаруашы­лығын көрсетуге болады. Олардың уақыттары 15 минуттан 1 сағатқа дейiн болады. Жергiлiктi жердегi сарамандық жұмыстар Географияны оқытуда тәжiрибенiң рөлi үлкен. Көп жағдайда бұл тәжiрибелер физикалық күй мен биологиялық бағытта жасалынады. Табиғатта болатын үдерістер мен оқиғаларды зерттеуде география пәнiндегi тәжiрибелердiң маңызы зор. Мектеп географиясында кең тараған тәжiрибелер: 1. Судың жылдамдығын өлшеу. 2. Судың шаю уақыты мен үдерісін анықтау. 3. Сарқырамалардың пайда болуын бiлу. 4. Ауа құрамын анықтау. 5. Ауа ылғалдылығын бiлу, т.б. Бұл тәжiрибелер жалпы физикалық география пәнiне қатысты. География курсы бойынша әртүрлi сарамандық жұмыстар өткi­ зiледi. Оқушыларда сарамандық жұмыстарды орындауда бiлiм мен iскерлiк пайда болады және қалыптасады. Топографиялық сарамандық жұмыстарға тұсбағар, поляр жұлдызы, жергiлiктi жердiң объектiлерi арқылы бағыттарды анықтау, арақашық­тық­ ты көз мөлшер және рулетканың көмегiмен өлшеу, төбелердiң абсо­люттiк биiктiгiн өлшеу, жергiлiктi жердiң планын сызу, 50

жергiлiктi жердiң географиялық ендiгi мен бойлығын өлшеу, т.б. жатады. 4.4. Карта және басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс iстеу әдiстерi Әрбiр географиялық карта картографиялық тордан, белгiлi масштабпен сызылған құрлық пен судың кескiнiнен тұрады. Оқушылар географиялық картамен жұмыс iстегенде мыналарды бiлуi керек: 1) бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатура және нақты картографиялық түсiнiктер; 2) картада бейнеленген объектiлер мен құбылыстарды түсiне бiлу; 3) географиялық объектiлердi картадан көрсете бiлу. Картаны оқи бiлу 2-кезеңнен тұрады: 1. Шартты белгiлерi мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқы­ лы объектiлер мен құбылыстарды оқу. 2. Карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу. Мысалы, физикалық картада Қызылқұм шөлiнiң географиялық орнын анықтаса, кейiннен тақырыптық карталар арқылы ландшафт элементтерiне сипаттама бередi. ХIХ ғасырдың II жартысында орыс әдiскер-педагогы А. Брызгалов: «Оқушы картаға қарап бәрiн бiлуi үшiн географиялық шартты белгiлер, музыкалық ноталарға ұқсап анық болуы тиiс», – деген екен. Географиялық картаны оқу географиялық ендiк пен бойлық, градустық тор, масштаб, кейiн территориялар мен гео­гра­фиялық объектiлерге сипаттама беруден басталады. Жалпы, гео­графиялық карталарға қарағанда арнайы карталарды оқу қиын. Сондықтан оқушы, алдымен, жалпы картамен, кейiн арнайы карталармен танысады. Мысалы, Қазақстан мемлекетi жайын­да алғаш географиялық орны туралы картадан өтсе, кейiн тақы­рыптық карталар арқылы пайдалы қазбалары, климаты, iшкi сулары, жер бедерiне тоқталады. Экономикалық картасы арқылы шаруашылығы мен халқына, саяси-әкiмшiлiк бөлiнулерiне, т.б. сипаттама бередi. Оқулықта және атластарда арнайы карталар сызылады. Мұға­ лiм сабақ кезiнде осы карталар бойынша сабақты түсiндiруге тырысады. Арнайы карталардың шартты белгiлерi өте көп, оқушылар олардың барлығын естерiнде қалдыра алмайды. Олар 51

шартты белгiлердi ажыратуы үшiн өзiндiк жұмыстар берiледі. Мұғалiм карта арқылы сұрақтар бере отырып, бiлiмдi бекiтедi. Мектеп географиясында карталар түрлi-түстi фонмен берiледi. Әрбiр территория түрлi фонмен боялады. Фон әдiсi арнайы карталар мен атластарда, мысалы, топырақ түрлерi, өсiмдiктер, саясиәкiмшiлiк бөлiнулер, табиғат зоналары, т.б. бейнелеулерде жиi қолданылады. Арнайы карталарда сызықтық әдiстермен жолдар, шекара, өзен торлары бейнеленсе, қозғалысты бейнелеу әдiстерi арқылы желдiң, ағыстың бағыттары, соғыстың бағыты және экспорт, импорт өнiмдерiнiң бағыты, т.б. кескiнделедi. Ал геометриялық белгiлер арқылы пайдалы қазбалар, өнеркәсiп салалары, халық саны, қала пунсондары, т.б. берiледi.

5. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР 5.1. Өзiндiк жұмыс-кәсiби бiлiктiлiк көзi Өзiндiк жұмыс дегенiмiз – мұғалiмнiң тапсырмасы оның әдiстемелiк жетекшiлiгiмен, бiрақ қатысынсыз орындалатын оқушылардың жоспарлы жұмыстары. Өзiндiк жұмыс тек жеке­ леген пәндi меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсiби iскерлiк, өзiндегi жауапкершiлiктi сезiне бiлу, дербес жұмыс iс­ теуге үйрену. Сондықтан да өзiндiк жұмыс бiлiктi маман дайын­ дау­дың негiзгi бiр тиiмдi жолы болып табылады. Дидактикалық тұр­­ғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзiндiк жұмыс бiлiмдi терең­ де­туге, толықтыруға, дағды мен iскерлiктi қалыптастыруға, та­ ным­­­дық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үдерiсiнiң әдiс-тә­ сiл­­­дерiн игеруге, танымдық қабiлетiнiң дамуына, адамның дербес жұ­мыс iстеу мәдениетiн көтеруге, шығармашылықпен жұ­мыс iс­ теуге және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкiндiк жасайды. Өзiндiк жұмыстың тәрбиелiк жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерiнiң (мақсат қоюшылық, iзденушiлiк, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етедi. Өзiндiк жұмысты берерде мұғалiм оқушының бастапқы бiлiмi мен iскерлiк деңгейiне, материалдың түсiнiктiлiгiне, бiрiздiлiгiне, пәннiң мазмұнын қамтитындай дәрежеде берiлуiне үлкен мән бередi. Оны орындау барысында мынадай саналылық, бiрiздiлiк, жүйелiлiк ұстанымдары қамтамасыз етiлуi тиiс: – бiлiмнiң күрделiлiгi дамудың жақын аймағына (Л. Выгодский) сәйкестiгi; – пәннiң логикалық жүйесi мен игеру деңгейiне қарай тапсырманың бiрiздi берiлуi; 53

– тапсырманың көлемi оқушының оқу мүмкiндiгiне сай болуы; – әрекет деңгейiне бейiмделiп берiлуi, т.б. Жоғары оқу орындарында студенттердiң өздiгiнен бiлiм алу мәселесiн С. Архангельский, М. Герунов, С. Зиновьев, П. Пидка­ систый, И. Лернер, В. Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырды. Ға­ лым­дардың зерттеулерiнде студенттердiң өзiндiк жұмысы келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсiби қарым-қатынас қажеттiлiгiн туғызатын оқыту әдiсi, таным үдерiсi, студенттiң өз бетiнше жасайтын iс-әрекетi, дербес әрекеттiң сипаты және оқушы қабiлетiнiң көрiну формасы, оқу үдерiсiнiң негiзi, студенттi өз бетiмен бiлiм алуға дайындаудың жолы ретiнде сипатталады. Жоғары мектептегi өзiндiк жұмыс – оқу үдерiсiнiң бiр бөлiгi, оқы­тудың әдiсi, оқу-танымдық әрекеттiң тәсiлi, сипаты, бiр­iздi­лi­гi, типi, тексеру формасы жоспарланған кешендi, мақсат­ты оқу әрекетi. Өзiндiк жұмысты басқарудағы мұғалiмнiң әрекетi: – жұмыстың мақсаты мен мiндетiн айқындау; – бiлiмi мен тәжiрибесiн беру; – әрекеттi ұйымдастыру; – өзiндiк жұмысты жоспарлау; – оқу-әдiстемелiк нұсқаулар дайындау; – өзiндiк жұмысты тексеру формасын анықтау, т.б. Өзiндiк жұмыстың нәтижелi болуы оны ұйымдастыра бiлумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысты ұйымдастыру-әдiс­ те­мелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары деп бөлемiз. Ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралар: – өзiндiк жұмысты жоспарлау, кесте түзу; – оған кететiн уақытты анықтау; – оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету; – техникалық құралдар даярлау; – тексеру формасын, мерзiмiн анықтау. Ғылыми-әдiстемелiк iс-шаралар: – оқу материалымен жұмыс iстеудiң жолымен таныстыру; – қажеттi құжаттардың нұсқасын дайындау; – әдiстемелiк басшылық жасау; – нәтижеге талдау жасау, т.б. 54

Өзiндiк жұмыс оқу үдерiсiмен тығыз байланысты болғандық­ тан, оны ең алдымен, екiге бөлiп қарастыру керек: 1. Дәрiсханалық өзiндiк жұмыстар: 2. Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстар. Дәрiсханада орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiстiк, тәжiрибелiк және зертханалық сабақтар кiредi. Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiс мате­риалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмасын орындау, курс, диплом жұмыстарын жаздыру. Өзiндiк жұмыстың өзi дәрiстi тыңдау және оны жазу, мәтiнмен жұмыс iстеу, тезис, конспект жазу, семинар дайындау, үйiрмеге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты iсәрекеттерден тұрады. Географиядан өзiндiк жұмыс. Өзiндiк жұмыс – бұл мұғалiмнiң оқушыларға беретiн тапсырмасы. Өзiндiк жұмыстың негiзгi мiндетi – бұл оқушылардың өздерiнiң жаңа бiлiмдi игеруi. География курсында оқушылар өзiндiк жұмыс арқылы жаңа бiлiм жинақтайды, картаны оқиды және мәлiметтерге сараптама бередi. 6-сыныптың физикалық географиясы курсында оқушылар не­гiзгi географиялық терминдердi үйренедi. Оқушылар өзiн­дiк жұмыс арқылы терминдiк сөздердi жаттайды. Мысалы, оқу­лық­ тың суретi арқылы көрсетiлген объектiлердiң, үдерістердің ерек­ шелiктерiн түсiнедi. Оқушылар курс бойынша бiрте-бiрте жеке объектiлерден жос­ парлы объектiлерге өтедi. Мысалы, алғашқы кезде Анд тауының географиялық орнын анықтаса, уақыт өте келе, оның табиғаты мен құбылыстарына сипаттама бередi. 5.2. Оқулықпен жұмыс істеу әдiсi Оқулықты пайдалана бiлу әдiсi мектепте емес, сонымен қатар мектептi бiтiрген соң да керек. Оқу кезiнде де және өздiгiмен бiлiмiн көтеру iсiнде де оқулықтарды дұрыс қолдана бiлу талапкер жастарға көп көмегiн тигiзедi. География оқулығы – оқушылардың бiлiмi мен тәрбиесiн жетiлдiруде басты құралдардың бiрi. Оқулық географиядан берiлетiн бiлiмнiң бағдарлама талабына сай көлемiн және жүйесiн анықтайды, сондықтан ол мұғалiмге және оқушыларға 55

әрдайым оқып-үйрену үшiн қажет. Материалдың оқулықта қалай берiлгенiне қарай оқушылар игеретiн бiлiм деңгейi де күрделене түседi. Жақсы оқулық балаларға бiлiмді ойдағыдай меңгеруiне көмек­ тесiп қана қоймай, сонымен қатар пәнге ықыласын тудырады. География оқулығының басты бiр ерекшелiгi, мәтіндiк құрам бөлiктен (компоненттен) басқа карталар, суреттер, фотосуреттер, сызба, кесте, профильдерден тұрады. Осындай құрам бөлiктердi қосымша қолданған кезде ғана жұмыс табысты болмақ. Қазiргi қолданылып жүрген география оқулықтарының тиiмдi әрi түсiнiктi болуы олардың әдiстемелiк құрал-жабдықтары тү­ гелге жуық жаңартылды: әртүрлi тапсырмалардың көлемi өстi (бiлiм негiзiн байыту, оқылған материалды дәйектеу, өз бетiнше бiлiгi мен бiлiмiн қолдана бiлу, т.б. негiзделген). Сондай-ақ оқу құралдарының барлығын бiрдей пайдалану мүмкiндiгi туды. Әрине, мұның барлығы оқушылардың аталмыш пәндi толық игерулерiне көп көмегiн тигiзедi. Жалпы мектептердегi жұмыс тәжiрибесi көп мұғалiмдердiң география оқулықтарының функ­ циясын толық игергенiн және оларға сәйкес әдiстемелiк оқуды қолдануға ынталы екендiктерiн көрсетедi. География оқулық­ тары сабақта жаңа тақырыпты өткенде көп жәрдемiн тигiзедi. Әсiресе мәтіндiк карталы оқулықтар, санақ материалдары (қолдану кестелерi, графиктер) жиi қолданылады. Оқулықтарда сабақ үстiнде материалдарды сұрыптауға, оқушыларға қойылған сұрақтардың мәнi мен түрiне көп көңiл бөлiнедi. Бiрақ iс жүзiнде әлi де соңғы география оқулықтарындағы бiлiм, тәрбие мүмкiндiктерi толығымен қолданылмайды. Кейбiр мұғалiмдер сабақта оқулықты қолдануда, оларды жаңа тақы­ рыпты бiлуге пайдалануда, бiлiмдi бақылауда ондағы материалдарды жеткiлiксiз бiлуiнiң салдарынан қиналады. Мұндай оқу үдерiсi өте қауiптi, себебi сыныпта балаларды әдейiлеп кi­тап­ пен жұмыс iстетпеуге алып келеді, берiлген материалды игеру қиындай түседi, сөйтiп, бiлiм және тәрбие сапасы төмен­дейдi. Бiрақ жұмыс басқа оқу құралдарынсыз, керiсiнше, тек қана оқулықпен шектеледi. Мұғалiм тапсырманың оқулыққа тiкелей байланысты болуын және оқушылардан оқулықтағы тақырып­ ты дұрыс қабылдауларын қадағалайды. Осындай оқыту бағыты 56

ұзақ мерзiмге созылып кетсе, онда тиянақты оқып-үйренуге мүмкiндiк болмайды, себебi оқушылардың пәнге ынтасы жойылады, олардың бiлiмi үстiрт болып шығады, ал ең басты жұмыс амалы – есте сақтау. Осындай бағыттарда оқушылар үй тапсырмасын орындау кезiнде белгiлi қиындықтарды сезiнедi, мысалы, үздiксiз оқулық арқылы қабылдау оқушының көп уақытын алады. География оқулығымен жұмыс iстеудi жоспарлаған кезде кейбiр мұғалiмдер рационалдық жұмысты таңдауға мән бермейдi. Кейбiр түсiнiктеме оқу қолданған кезде барлық сыныптарда оқушылардың жас қабiлетi ескерiлмесе, орта және жоғары сыныптардағы оқушылардың сабаққа ықыласы төмендейтiнi байқалады. Сондықтан 5-7 сыныптарда сабақ өткенде (бұл әдiске оқушыларды бастауыш сыныптарда үйретсе де) оқушыларға тақырыптық жоспар құруды үйреткенiмiз жөн. Оқулықпен жұмыс iстеудi бiз осы кезге дейiн тақырыппен және тақырып құрам бөлiктерiмен жұмыс iстеу деп түсiнiп келдiк. Ал география оқулығына мұндай көзқарас дұрыс емес. Географиялық тақырыптарды қосымша құралсыз, карталар, иллюстрациялық материалдар, статистикалық анықтамаларсыз түсiну қиынға түседi. Сондықтан география оқулығымен жұмыс iстеген кезде оқулықтың әрбiр құрам бөлiктерiн, сонымен қатар бiрнеше құрам бөлiктердiң бiрге өтiлуiне көңiл бөлiнгенi жөн. География оқулығының мазмұны, оның әдiстемелiк құралжабдықтары география сабағын өткiзудiң арнаулы әдiстерiн бел­ гiлейдi: 1-сызбанұсқада оқулықтың әртүрлi құрам бөлiкте­рiмен жұмыс iстеу көрсетiлген: тақырыптық-тақырыппен, сұ­рақ­тар және тапсырмалармен, география терминдерiмен және ұғымдар туралы сөздiктермен: мәтінен тыс профилiмен, статис­тикалық материалдар (кестелер, диаграмма, графиктер), карталармен, фотосуреттер және суреттермен (сурет түрiнде). Оқулықпен жұмыс iстеу әдiсiнiң көп бөлiгi 5-6 сыныптардың курсына кiредi, мұнда оқушылар осы әдiстермен танысады, олардың өздiгiнен жұмыс iстеуi жоғары 7-9 сыныптарда басталады. Оқулықты қолдану әдiсi. География оқулықтарын кешендiк әдiспен оқытуға да болады. Олар негiзгi бiлiм беру көзi ретiнде әрi сабақты басқа да оқыту түрiнде пайдалана бередi. 57

Оқулықпен жұмыс iстеу ережелерi төмендегiдей: – оқулықпен танысу (оның құрылымы және әдiстемелiк аппараты); белгiлi пәннен және басқа пәндерден дайындық жүргiзе отырып, тақырыпты қабылдау әдiсi; этаптық оқу әдiсi арқылы кiтаппен жұмыс iстей бiлу; оқулықтағы әртүрлi құрам бөлiктерiмен жұмысты үйрену әдiсi; әрбiреуiмен бөлек және үйлесiмдi жүргiзу. Мысалы: нақтылы мектеп курсын және белгiлi тақырыпты көрсету, оқулықпен қай курсты оқытсақ та жұмысты белгiлi бiр бағытта ұйымдастыру. 5-сыныпта оқушылар бiрiншi рет география оқулығымен, яғни пәннiң арнаулы оқулығымен танысады. Сондықтан оқу­ шы­ларға оқулықпен жұмыс iстеу ерекшелiгiн жете үйрету өте маңызды. Н.А. Максимовтың «Физикалық география туралы әдiс­темелiк құралында» (5-сынып) 5-сынып оқушыларын география оқулығымен таныстыру, келесi бетiнде оқушылар оқулықты қалай пайдалану керектiгi жөнiнде нұсқау берiлген. Нұсқауда оқушыларды мынадай әдiспен оқытуға, үйретуге басты көңiл бөлiнедi: – тақырыпты талдау, ондағы басты мәселенi көрсету; – сұрақтармен және тапсырмалармен жұмыс iстей бiлу; – қосалқы анықтауыш пен (атап айтқанда, географиялық түсiнiк және термин сөздiгiмен ) жұмыс; – оқулықтың бiрнеше құрам бөлiктерiмен және оқулықтағы тақырыпқа байланысты атлас картамен жұмыс. Оқушылардың тақырыпты түсiнуi төмендегi әдiстерге байланысты: – географиялық картамен мiндеттi түрде танысуы 5-сынып оқушылары үшiн өте маңызды. Ол үшiн, алдымен, оқушыларды түсiнiктемелiк оқу арқылы таныстырған дұрыс. Бұл әдiс-тақырып оқушылардың барлығына түсiнiктi болуын көздейдi. Олар осы тақырыпта айтылар ойды жете түсiнген болуы шарт. Егер кейбiр түсiнiксiз ұғымдар болса, онда термин сөздiктi қарап немесе оқытушыдан (сыныпта сабақ үстiнде) сұрауға болады. Осындай жұмыс түрлерiн пайдаланған кезде оқушылардың бастауыш мектептен бастап, қалаулы және түсiндiрмелiк оқуды өз бетiмен қолдана алатынын байқаған дұрыс. 58

5-сыныпта оқушылар бiрiншi рет географиялық картаны жанжақты қолдана бастайтындықтан, әр уақытта да ешбiр тақырып географиялық картасыз оқытылмайтынын ескертiп отырған дұрыс (бұл орналасқан объектiмен байланысты) суреттер, фотоларды қолдану, сонымен қатар статистикалық материалдармен жұмыс iстеудi үйрету басты мақсат. Оқушылардың қабылдау ерекшелiгi, олардың көрнектi-бей­ нелi ойлау қабiлетi басым болуы оқулық материалдарын ойдағы­ дай меңгеруiне байланысты. Оқулықтың әртүрлi құрам бөлiктерiмен жұмыс iстеу индук­ тивтiктi пайда етедi және ол көбiне ереже, инструкция, жазылған жоспар бойынша ұсынылады. 5-сыныпта география сабағында оқушылар термин сөздiк­ термен танысады. Бұл жұмыстың жауапты кезеңi. Сондықтан 5-сынып деңгейiндегi жұмыстың бұл түрi аса маңызды. Терминдер сөздiгiне аса көңiл бөлу керек, егер таныс емес, жаңа термин кездессе, сөздiктiң көмегiмен анықтап алуына болады. 5-сынып оқушылары бастауыш физикалық география курсын оқу үдерiсiнде география оқулығымен жұмыс iстеу ерек­ше­ лiктерiмен қатар оның барлық құрам бөлiктерiн қолдану қажет­ тiлiгiн географиялық карталармен байланысты бiлiп шығады. 6-сыныпта оқулықты пайдалану күрделiрек. Бұл берiлген курстың мазмұнына байланысты, тақырыптан тыс құрам бөлiктер, карталар, профильдер, климаттық диаграммалар көбейе бастайды. 5-сыныпта география оқулығымен жұмыс iстеу тәжiрибесi 6-сыныпта көп жәрдемiн тигiзедi. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды оқулықтың ерекше­ лiк­терiмен таныстыру, тапсырмалардың параграфқа дейiн және параграфтан кейiн өзара айырмашылықтары неде екенiн түсiн­ дiру қажет. Параграфқа дейiнгi тапсырма, оқушыларға бұрын­ нан белгiлi географиялық бiлiм немесе жұмысты орындауды еске түсiруге көмектеседi, келесi параграфтағы материалды ойда­ғыдай үйренуге көмегiн тигiзедi. Параграфтағы тапсырма және иллюстрация оқушылар түсiнiгiне көп әсер етедi. 5-сынып оқушыларына оқылатын материалдың айырмашылықтарын ұғындырады. Параграфтан кейiнгi берiлген тапсырма – қорытынды. Олар 59

әртүрлi деректерге бағытталған, байланыс себептерiн көрсетедi. Көбiнесе, тапсырма орындалар кезде тәжiрибе жү­зiнде толық­ты­ рылады. Әсiресе карта туралы, суреттер, т.б. оқу­лықта көрсе­тiл­ ген көптеген иллюстрациялық материалдар оқу үде­рi­сiнде бас­ шылыққа алынады. Картасызбанұсқалар, керiсiнше, қо­сым­ша материалдар, оқулықтағы тақырыптар – хабар, жаңалық көзi. Берiлген материалды оқып, есте сақтап қалу үшiн, тақырып­ тың басты мәлiметiн тауып, астын сызып қою, тақырыптың құры­ лысын белгiлеу немесе жоспар құру өте қажеттi екенiн мұғалiм жете бiлгенi жөн. Бұл тәсiлдер 6-сынып оқушыларына физи­калық географияның басты курсынан-ақ белгiлi. Ал тақы­рыппен және тақырып картасымен жұмыс iстеу тәсiлi олар үшiн жаңалық. Кар­ та, бiрiншiден, жердiң географиялық қалпын қарастыруға қол­­да­ нылады. 6-сынып оқушылары оқу жылының соңында тақы­рып­ тарды талдау (анализ), яғни мәтіндік керектi мәлiмет­тi табу, к­ерек­тi бөлiгiн белгiлеу, жоспар құру, салыстыруды еркiн бiлуi керек. Бұл әдiс 6-сынып оқушыларының сурет салу қабiлетiн жетiл­ дiредi, мәтіндiк карталармен, статистикалық материалдармен жұ­ мыс iстеуге ықыласын күшейтедi. 8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулы­ ғы­мен жұмыс басталады. Айтылып өткен әдiстемелерде материктер географиясы оқулығымен ортақ нәрселер баршылық. Осыған 8-сынып оқушылары көңiл қойса, олардың оқулықпен жұмыс iстеулерi әлдеқайда жеңiлдейдi. Сондай-ақ 6 және 7-сыныптарда оқылған география курсы 8-сыныпта да жалғастырылады әрі берiлген курсты түсiнуге көмектеседi. Оқыту барысында оқулықтың басқа да құрам бөлiктерiмен – мәтінiк карталар, терминдер сөздiгi, суреттер және фотолар қоса қолданылады. Сол сияқты, физикалық-географиялық профиль де бiлiмнiң қайнар көзi ретiнде қосақтала жүредi. «Рельеф, геология құрылымы және пайдалы қазбалар» тақы­ рыбында оқушылар жаңа этапты өткенде бұрын өткен материал­ ды бекiтуге өздiгiнше талпыныс жасайды, геохронологиялық кес­ те жер бетiнiң ерекшелiгiн түсiндiру үшiн қолданылады. 8-сыныптың физикалық география оқулығы 9-сыныптың эко­номикалық географиясынан әлдеқайда өзгеше, бiрақ оқулық­ тардың оқыту әдiстемесi бiр-бiрiне ұқсас. 60

9-сыныптың оқулығымен жұмыс iстегенде көп жағдайда, нұс­ қауға көңiл бөлген дұрыс. Берiлген оқулықта оның ерекшелiктерi мен жұмыс iстеу ережесi өте жақсы көрсетiлген. 9-сынып оқу­ лығымен жұмыс iстеуде маңызды бiр аспектiнi мiндеттi түрде ұмытпаған дұрыс. 8-сыныптың физикалық география курсынан Қазақстанның экономикалық географиясына көшкенде 9-сынып курсының материалы оқушыларға қиын көрiнедi, онда арнайы терминдер жеткiлiктi, соған оқушыларды бiрте-бiрте үйрету, түсiндiру керек. Сондықтан оқулықтың маңызы зор, ол – ақпарат көзi. Оқушыларды экономикалық география оқулығымен шектеп қана қоймай басқа әдебиеттермен жұмыс iстеуге үйретiп, оқу­ шылардың сабаққа ынтасын арттырады. Оқушыларды эконо­ми­ калық терең бiлiмге жетелейдi. Оқулықтың әдiстемелiк құралдары әртүрлi құрам бөлiктер­ мен толықтырылған (мұнда, көбiне, мәтіндік карталар, кестелер). Бекiту этапында – мәтіндік карталарды және сызбанұсқаларды көбiрек қолдану үлкен маңызға ие. Әрі қарай мәтінді талдау, карталарды, сызбанұсқаларды пайдалану, экономикалық географияның мазмұны. Тақырыппен және сыз­банұсқалармен жұмыс iстеу 9-сынып оқушыларының ойлау қабiле­тiн дамытады. Экономикалық география оқулығымен жұмыс iстеу статис­ тикалық материалдармен жұмыс iстеу болып табылады. 9-сынып оқушылары элемантарлы экономикалық есептi шы­ ғарып, берiлген кестенi талдау, жүйелей бiлу, оларды дәлелдеу жолдарын бiлгендерi жөн. Жұмыстың бұл түрi оқушыларды қызықтырады және сабаққа құлшынысын арттырады. 10-сыныпта оқушылар «Дүниежүзiнiң экономикалық және әлеуметтiк географиясы» оқулығын оқиды. Оқулықтың сабақта қолданылуы 9-сыныптарға қарағанда оңайырақ болады, себебi 10-сынып оқушыларының дайындықтары көбiрек, экономикагеографиялық бiлiмдi игеруге де, географиялық оқулықпен жұмыс iстеуге де дайындықтары жеткiлiктi. Дүниежүзiнiң экономика­лық және әлеуметтiк географиясын оқу үшiн оқушыларға басқа бiр жұмыс әрекеттерiн пайдаланудың қажетi жоқ, бұрынғы сыныптарда меңгерiлген барлық әдiстердi iске асырады. Тақырыпты 61

талдауға, статистикалық материалдарды және мәтіндік карталарды, оқулықтағы әртүрлi құрам бөлiктердi қолдануға көңiл бөлу керек. География – оқушылардың бiлiмiн көтеруде ең бiр негiзгi оқулық. Оқушылардың бiлiм алу барысында басты көңiл аударатын мәселе – олардың географияға қызығуын тудыра бiлу. Бұл мұғалiм шеберлiгiне байланысты. Сабақ – шығармашылық жұмыс, өйткенi сабақты түрлендiру арқылы мұғалiм оқушының өз бетiмен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастырады. Осыны басшылыққа алып, оқушылар жаңа оқу материалдарын оқып-үйренген кезде, таным белсендiлiгiн арттыру арқылы сабақта бiлiм мен шеберлiктiң саналы түрде бөлiнуiне үлкен көңiл бөлу керек. Оқушылардың таным белсендiлiгiн арттырудың бiрден-бiр жолы – оқулықпен жұмыс. Бiлiм көзi – оқулықта. Оқулықпен жұмыс iстеудi дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың сабақ барысында және үйде кiтаппен жұмыс iстей бiлуiн, пәнге қызығуын, өздiгiнше iзденiп, бiлiмiн толықтыруын қамтамасыз етуге болады. Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да, материалды өз дәрежесiнде сапалы меңгерту мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiн, оқушылармен жұмыс iстеу тәсiлiнiң тиiмдiлiгiн қажет етедi. Оқулықпен жұмыс iстеу түрлерiн өзгерту арқылы оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға болатыны күнделiктi iс-тәжiрибеден айқын байқалуда. Оқулықпен жұмыс iстеудiң түрi көп. Оның ең негiзгiсi – мәтiн­ мен жұмыс. Мәтін бойынша жұмыс бiрнеше жолмен iске асады: 1. Түсiндiрмелi оқу. 2. Iрiктеп оқу. 3. Жоспар жасау. 4. Мәтін мазмұны бойынша кесте, сызбанұсқа, диаграмма жасау, мәтін мазмұны бойынша салыстыру. 5. Мәтін iшiндегi ең негiзгiсiн табу. 6. Түсiнiгiн айту. 7. Түрлi-түстi суреттер бойынша жұмыс түрлерi, сызбанұсқа­ ларға талдау жасау. 8. Диаграммалармен жұмыс. 9. Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша жұмыс. 62

10. Тақырыптың мазмұнын оқып, меңгергеннен кейiн қайта­ лап сұрау не тапсырма беру. 11. Тақырыпты алдын ала сұрап не тапсырма беру арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау. 12. Өткен тақырып пен жаңа тақырып мазмұнымен байланыс­ тыру мақсатында тапсырмалар беру не сұрау. 13. Оқулықтағы карталармен жұмыс. 14. Картаны талдап, дәптерiне сол картаны сызу. 15. Карта бойынша әңгiме құрастыру. 16. Сөздiк жұмысы. 17. Термин сөздердi дәптерге жазу. 18. Сөздiк сұрау. 19. Терминдердiң түсiндiрме анықтамасын беру. 20. Өтiлген тақырыпқа қорытынды жазу. Оқулықпен жұмыс iстеудiң бұл тәсiлдерi оқушылардың жас ерекшелiгiне, бiлiм деңгейiне және бұрыннан қалыптасқан оқу дағдылары мен оны iс жүзiнде қолдана бiлу шеберлiктерiне қарай өзгерiп отырады. Оқулықпен жұмыстың шартты түрде үш дәрежесiн алып қарауға болады: 1) танымдық; 2) талдауға негiзделген; 3) шығармашылық. 1. Танымдық дәрежеге оқулықтағы маңызды нәрсенi бөлiп, мағынасына қарай топтастыру жатады: 1) жоспар жасау; 2) конспект жазу; 3) сызбанұсқа түсiру; 4) графиктер сызу; 5) диаграммалар жасау; 6) қорытындыларды тұжырымдау; 7) оқу-iзденiс; 8) оқу-сұрыптау әдiстерi тән. 2. Талдауға алған ақпаратты бар ақпаратпен салыстыру және оқығанда сын көзбен бағалау кiредi. 3. Шығармашылық дәрежеге материалды қайта құрастыру, өзiнiң ойларын ұсыну, оларды дәлелдеу және тексерудiң әртүрлi жолдарын табу шеберлiгi тән. 63

Оқушы оқулықпен жұмыс iстеп, оқу-танымдық мiндеттердi шешедi. Теориялық ұғымды меңгеру оқулықтағы материалды дұрыс пайдалана бiлуге тiкелей байланысты. География оқулықтарының бiр ерекшелiгi – оқушылардың өздiгiнен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруға көп мүмкiндiк бередi. Себебi оқулықта тек теориялық материалдар ғана емес, оған қосымша көрнекi материалдар да (диаграмма, карта, суреттер, т.б.) жеткiлiктi. Әр тақырыптан кейiн берiлетiн сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың өздiгiнен жұмыс жүргiзуiне өте қолайлы. Оқулықты тиiмдi пайдалану үшiн алдын ала жоспар жасалады. Онда оқушылардың сабақ барысындағы және үйдегi iс-әрекетiн нақты басқарудың жобасы белгiленедi. Оқулықпен жұмыс барысында ненi оқыту, қандай сұрақтар беру, қандай тапсырмаларды орындату (жазбаша, ауызша, сыныпта, үйде) және осы жұмыстарды орындау барысында қандай қорытындыға келу қажет деген мәселелер қамтылады. Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясында» «Қазақстан климаты» бойынша климат түзушi факторларды өткенде, оқушылар тақырып соңында берiлген сұрақтарға жауап бередi, жауап кезiнде оқулықты және ондағы берiлген картаны пайдаланады. Сұрақтар талданған соң, оқушылармен бiрлесiп, жоспар жасаймыз. Мысалы: 1. Қазақстан климатының өзiндiк ерекшелiктерi. 2. Қазақстан климатының түзiлуiне әсер ететiн факторлар. 3. Күн сәулесі және оның түрлерi. 4. Республика территориясына әсер ететiн негiзгi ауа массала­ рының типтерi. «Қазақстан өзендерiнiң жалпы ерекшелiктерi» тақырыбын өткенде материалдың мазмұнын меңгерту оқушылардың оқулық­ пен және географиялық картамен өздiгiмен жұмыс iстеуiне негiз­ деледi. Мұндағы мақсат – бұрын оқулықпен жұмыс жасауға машық­ тан­ған оқушылардың iскерлiгiн, iзденуiн, картамен тақырып маз­ мұнын байланыстыру қабiлеттерiн шыңдай түсу. Сабақтың мақсатын оқушыларға түсiндiрiп, қандай мәселе­ лерге көңiл аудару керек екенiн талдап айтқаннан кейiн мынадай тапсырма берiлдi. Бұл тапсырма «Қазақстанның физикалық 64

географиясында» «Қазақстан өзендерiнiң жалпы ерекшелiктерi» тақырыбы бұрын өтiлгендiктен, оқушылардың өз бетiмен жұмыс iстеуiне онша қиындық келтiрмейдi. 1. Оқулықтағы картаны пайдаланып, Қазақстан өзендерiнiң қандай алаптарға жататынын анықтаңдар. 2. Картадан iрi өзендердi тап. 3. Жер бедерi сипатының өзендердiң ағу бағытына әсерi қандай. Бұларға жауап беру үшiн оқушылар мәтіндi оқып, географиялық атлас бойынша өздiгiнен жұмыс iстеп, оқулық мазмұнын картамен байланыстырып, ой қорытады. Оқулықпен жұмысты тек жаңа сабақ барысында ғана емес, өткендi сұрау, үйге тапсырма беру кезiнде де жүйелi ұйымдас­ тыруға болады. Оқулықпен жұмыс iстеуге үйрету оқу материалын меңгерумен қатар оқушылардың ақыл-ойы дамуын, ғылымға қызығуын, танымдық дербестігін қалыптастырады, сабаққа белсендiлiгiн арттырады. 5.3. Өзіндік жұмыстың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі игі ықпалы Қазіргі қалыптасқан тарихи-әлеуметтік жағдай, қоғамдық сая­ си құрылым жан-жақты дамыған, білікті, нарықтық талаптың қа­ тал тезіне шыдамды күрескер азаматтарды тәрбиелеп шығаруды алдыға міндет етіп қойып отыр. Ондай интеллектуалдық дең­гейі жоғары, нағыз білімпаз, адамгершілік жағынан мінсіз тәрбие­ ленген жастарды қайтсек қалыптастырамыз деген сауал баршамызды толғандырып жүргені хақ. Ол үшін, алдымен, шәкірттердің қашан да бар қасиеттерді елеп-ескеруінің мәні зор. Айталық, арғы аталарынан бермен келе жатқан өнерге, білімге бейімділік атадан әкеге, әкеден балаға даритынын жоққа шығаруға болмайды. Бала әке-шешесінің кітапқа, өнерге үйірсектігін, еңбекке төзімділігін көзімен көріп жүріп соларға ұқсауға тырысады. Бай кітапханадан керегін таңдап алуға, жоғын іздеп тауып толтыруға әдеттенбек. Демек, бала әке мен шешеден керегін ерте бойға сіңіріп, жоқтың орнын бар етпек, озбақ. Оны шәкірттің өзіндік тұлғасының индивидуалдық кескін-келбетінің қалыптаса бастауы деп түсінген орынды. Мұндай баланың әсершіл, сергек, сезімтал еңбекке төзімді, қайсар, табанды келетіні сөзсіз. Мұғалім, тәрбиеші 65

мұндай қанында өнердің, білімнің иммунитеті басым, еңбекке төзімді, төңірегіне байыппен қарап, басымдылығын аңғартып тұрған шәкіртіне ерекше, бөлекше бағдарламамен жұмыс істесе ғана оның бойындағы дарынының көзін ашпақ. Мұғалім баланың қабілетін ескере отырып, ол үшін оқитын кітаптардың тізімін жасауы қажет. Көрнекті орыс педагогі А.Б. Сухомлинскийдің: «Без высокой культуры чтения нет ни школы, ни подлинного умственного труда» деген ойымен есептеспеген ұтылады. 5-8 сыныптарда география оқу сабағында сыныптан тыс оқытылатын шығармалардың тізімі беріледі. Кейде олар сыныпта өтілетін туындылардан мазмұны, көркемдік деңгейі жағынан төмен болады. Ол оқушы талғамын жойып алуға, оқыр­ мандық қызығушылығын әлсіретуге әкелуі әбден мүмкін. Мұн­ дай жағдайда ұстаз өз шәкіртінің талғамын ескеріп, тапсырмаға өзгерту енгізгеннің еш әбестігі жоқ. Ақыл-ой еңбегі оқырмандық мәдениеттің сатылай өсіп отыруына мүдделі. Айталық, Көкшетау, Қарқаралы, Баян, Жетісудың сұлулығына көзін суарып нәр жинаған оқушы М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіровтің «Көкшетау», «Туған жерім – Сасықкөл», «Аққудың айырылуы», «Жетісу суреттерін» оқып ерекше ләззатқа бөленбек. Сыныптан тыс оқуда бұл эстетикалық талғамы жоғары, ақыл-ойының таным­ дық қызметі күшті балаларға Қ. Аманжоловтың, С. Мәуленов­тің, Қ. Мырзалиевтің, К. Салықовтың «Орал», «Байкал», «Құлын», «Түбір», «Аққу», «Циклдерін», «Қызыл кітаптарын» ұсын­ба­ саңыз туған табиғаттың інжу-маржанына деген ыстық махаб­ батын салқындатып аласыз. Ұлы ақын І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» циклі өлеңдерінде жер жәннаты – Жетісу жерінде өсетін өсімдіктердің 375-тен, хайуанаттардың 248-ден аса түрлері беріледі. Жетісудың жеті өзенін санап береді, табиғаттың төрт мезгіліне қатысты бұл өлкенің құбылысы шебер бейнеленген. Демек, оқушы география сабағында әдебиет, биология пән­ дерінен алған білімін тағы бір пысықтап байытпақ. Ұлы ақын­ дардың жырларының көркемдігіне сүйсіне отырып энцикло­ педиялық біліміне қалағанынша қанбақ. Мұғалім ізденгіштігі осындай материалдардың тұсында айшықтана түскені ләзім. Оқушыларға: «Жетісуды неге жер жәннаты» дейміз? Қазақстан­ ның басқа өлкелерінде өсетін өсімдіктер мен хайуанаттар 66

әлемінен мұнда өзгешелік бар ма? деген тақырыптағы тапсырмаларды үйге беріп өз топшылауларына тізгін ұсынған жөн. Факультативтік сабақтарда осы мәселелер жайында жазған рефераттары мен баяндамаларын тыңдап талқылаудың білімдіктәрбиелік рөлі зор. Әрине, педагогика ғылымы жеке тұлғаның (личность), баланың өзіндік дара қасиеттерін құрметтей, бағалай отырып, оқушылардың жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, дамытуға әбден мүмкіндігін теріске шығармайды. Білімнің инемен құдық қазуымен бірдейлігіне оқушыны мектеп жасынан үйрету керек. Сыныптан тыс мектепаралық конференциялар өткізіп, бір тақырыпты екі не үш оқушыға ұсынып, бірінің пікіріне екін­ шісі, екіншісіне үшіншісі оппонент ретінде әңгімелерін сабақ­ таса, мәжіліс соғұрлым қызықты тартыста өтеді. Кешегі оқулық­ тардағы дайын пікірлерді ғана оқып, сонымен баға алып жүрген оқушының дүниетанымы кеңіп, жаттанды пікірлермен шектеу­ шіліктен саналы түрде безінеді. Сыныпта зерттеу әдісін өлшем еткен ойлы, білімді шәкірттер, белсенділердің қатары өспек. Сыныпта оқушылардың өзіндік қабілетін арттыру үшін факультативтік сабақтардың бағдарламасын басқаша құрған тиімді. Өйткені қазіргі факультативтік бағдарламасы сыныпта өте­тін тақырыптарға қосымша материалдарды қарастыратын дең­ гейде. Ол шәкірттерді ізденуге итермелейді. Сыныптағы геогра­ фия теориясынан берілетін мәлімет география ғылымы бойынша түсіндірілсе, факультативте параллель орыс, шетел география ғылымында осы мәселе қай еңбектерде қалай қарастырылатыны байыпталса, оқушылардың ой-дүниесі қаншама байып шығар еді. Тек география теориясы ғана емес, көркем шығармаларды алғанда да осы принциптерді қолдану орынды тәрізді. Жалпы, мектеп оқушыларын өзіндік жұмысқа баулуда, жауап­ кер­шілігін арттыруда географиялық апталықтардың жоспарлы түрде өткізіліп отыруының маңызы зор. Ұлы географтар, мысалы, Х. Колумб, А. Весспучи немесе Қ.И. Сәтпаев, Ш. Уәлиханов, Ә. Бірмағамбетов, Ә. Бейсенова, Ұ. Есназарова, т.б. жаңашылпедагог ғалымдардың туған айларында бірер аптаны белгілеп, олардың шығармашылығын насихаттауды жүзеге асырудың пайдасы зор. Оқушылар шығармаларын ауызша мазмұндайды, жат67

тайды, талдайды, шығарма жазады, карта сызады, сабақ-диспут, сабақ-концерт өткізіп инсценировка жасайды, көркем сөз оқиды, түрлі ойындар өткізеді, мақала, реферат жазады, баяндама жасайды, кездесу ұйымдастырып, өшпес әсерге бөленеді. Газет шығарып, еркін тақырыпқа шығарма жазады, түрлі карталар сызады. Мұндай сыныптан тыс кезде жүргізілетін жұмыс формалары шәкірттердің өз беттерімен атқаратын істері, ізденістері. Істелетін істердің модификациясы, жүргізу тәсілдері, қай оқулықтарды пайдалану тиімді екендігіне мұғалім кеңес береді, пікірлесе отырып, жол нұсқап, жетекшілік етеді. Білімді, тәжірибелі ұстаз оқушыға ешқашан өз пікірін таңбайды, өздерін тыңдап ой қосады, сенімдерін бекітеді, тілекші болады, арбитр, кеңесі қызметімен шектеледі. Әсіресе төменгі буында оқитын шәкірттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырып атап өтуге негізделген «Алтын күз», «Қыс», «Наурыз» атты кештердің орны бөлек. Өлеңдерді жаттату, мәнерлеп оқу, шығарма конкурсына өткізу, табиғатқа саяхат жасау, газет шығару, т.б. шаралар шәкірттердің шығармашылықпен ізденіп, өз келбетімен көруін талап етеді. Оқушылардың дүниетанымы, көзқарасы, әдеби білімі, эрудициясы өрісті болу үшін әр сабақ оларды ойландыруға, мол ғылыми мәліметтерге, салыстыруларға толы болғаны абзал. Сондай-ақ «Республика күні», «Тәуелсіздік күні» қарсаңында «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», «Тәуелсіздік туралы толғау», «Тәуелсіздіктің негізі берік қалансын десек…» деген тақырыптарға шығарма жаздырып, кештер өткізудің де оқушыларды өз бетінше ізденіп, толғануға, өз бет-бейнелерін танытып, ойлары өсіп, толысуларына септігін тигізбек. Қорыта айтқанда, тәуелсіз, азат еліміздің болашағы қазір мектеп қабырғасында өсіп жатыр. Олардың өз беттерімен ізденіп терең білім алуына, дені сау, тұлғалы азамат болып өсуіне, заманына лайық күрескерлік сипаттардан кенде қалмай халқының қалаулы ұлы болуына ұстаздары аз тер төкпейтіні аян. Ол үшін олардың бойына жауапкершілік сезімін ұялатып, білімге бар құштарын сала, ынтасымен беріле оқитындай жұмыстардың формаларын жетілдіре, дамыта түскен жөн.

68

5.4. «Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы» пәндерін оқытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру формалары «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша жүргізілетін өзіндік жұмыстар Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау нәтижесі өздік жұмыстардың бірнеше түрі мен жүргізу әдістері бар екендігін және оларды жалпыға орта білім беретін мектептерде оқытылатын Қазақстан географиясы бойынша жүргізуге болатындығын байқатты. Біздің зерттеуімізде өздік жұмыстардың Қазақстан географиясының әртүрлі тақырыбы бойынша анықталған түрлері мен ұйымдастырылу жолдары қарастырылды. Қазақстан физикалық географиясынан 10 тақырып, Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясынан 10 тақырып қамтылды. Бұл параграфта Қазақстан физикалық географиясынан жүргізілген өздік жұмыстар қарастырылды. Бірінші тақырып. «Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы» бойынша оқулықтағы сандық көрсеткішпен жұмыс жасату ұйымдастырылды. Ол үшін жоғарыда аталған сынып оқушыларына оқулықтың 5-бетінде көрсетілген сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, дөңгелек диаграмма сызу тапсырылды. Оқулықты Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шаршы шақырымнан астам, оның 12000 шаршы шақырымға жуығы құрлықпен, ал 3000 шаршы шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері жағалауымен өтеді деп берілген. Енді осы көрсеткіш бойынша диаграмма сызу үшін оқушылар, алдымен, пропорция құрып пайызға айналдырып алады. 15000 км -100% 12000 км – Х Х=12000*100 =80% 15000 Шекараның 80% -ы құрлықпен шектеседі Шекараның 20%-ы сумен шектеседі. Сөйтіп, осы есептің дөңгелек диаграммасын төмендегідей етіп сызады. 69

1-тапсырма. Қазақстан шекарасының диаграмма түрінде берілуі. – құрлықпен



– сумен

Сонымен бірге Қазақстанның жер көлеміне байланысты келесі есеп шығаруға болады. Егер туристер сағатына 3,5 км жылдамдықпен 8 сағат жүрсе, күніне олар 28 км жол жүреді, туристер жаяу солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 2000 км, батыстан шығысқа дейінгі 3000 қашықтықты қанша күн жүреді? Бұны сынып оқушылары төмендегідей етіп шығарады: бір күнде 28 км жол жүрсе, А/ 3000 : 28 км = 107 күн. 2/ 2000 : 28 км = 71 күн. Туристер жаяу солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ара қашық­ тықты 71 күн жүрсе, ал батыстан шығысқа дейінгі аралықты 107 күн жүреді. Бұл есепті оқушылар шығара отырып, бір жағынан, картамен жұмыс істеуді үйренсе, екінші жағынан, өз республикамыздың ұлан-ғайыр екендігі естерінде жақсы қалады. Сағаттық белдеулер картасы бойынша мынадай тапсырма бері­леді: Ақтөбеде сағат 10-нан 10 минут кеткенде Алматыда, Ресей­дің Новосібір қаласында сағат неше болатындығын анықта. 2-тапсырма. Сағаттық белдеулер картасы. Оқушылар картаны талдай отырып, берілген үш қала біріненбірі 1 сағаттық айырым жасайтындығын анықтайды. Ақтөбеде 10 сағат 10 минут + 1 сағат = 11 сағат 10 минут Алматыда 2 сағат 10 минут + 1 сағат = 12 сағат 10 минут Новосібірде 12 сағат 10 минут + 1 сағат = 13 сағат 10 минут. Сонымен қатар оқушылар осы карта бойынша келесі сұрақ­ тарға жауап дайындайды: Бірінші сағаттық белдеу қайсы градус меридиан аралығын қамтиды? 70

Қазақстанда, Эстонияда неше сағаттық белдеу бар? Сағаттық белдеу географиялық меридиандарға сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе не себепті? Тәулік нешінші сағаттық белдеуден басталады? Тәуліктік күнді ауыстыру сызығы дегеніміз не? Олар қандай аралдар аралығынан өтеді? Осылайша, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сағат­ тық белдеулер картасымен жұмыс жасап, естерінде қалатындай тиянақты да толық мағлұмат алады. «Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыда зерттеу және Қазақстан табиғатының кеңес дәуірінде физикалық тұр­ ғыда зерттелуі» тақырыптарын оқушыларға үйде өз бетімен реферат жаздырып, бірнеше балаға жауап бергіздіру арқылы семинар сабағы етіп өткізген жөн. Ол үшін алдын ала Қазақстан жерін зерттеушілер П.П. Семенов, Н.А. Северцов, Н.В. Мушкетов, Ш. Уәлиханов, Л.С. Берг, Қ.И. Сәтпаев, т.б. ғалымдар туралы 3 қатарда отыратын оқушыларға бөліп беріп, оларға қажетті әдебиеттер тізімі беріледі. Мысалы: 1. Ә.С. Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика­ лық география идеяларының дамуы». – Алматы, 1990. 2. Ә.Б. Бірмағамбетов. «Туған өлкені зерттеушілер». – Алматы, 1986. Сөйтіп, семинар сабағында әр оқушы өздері дайындаған ре­ фе­­раттары мен сызған картасызбалары арқылы ауызша айтып береді. Бір баланың айтпай кеткенін, екінші бала айтып толық­ тырады. Соңында көп бала бағаланады. Жоғарыда аталған кітап­ тағы деректерді оқушылар төмендегідей етіп қосуларына болады. П.П. Семенов Тянь-Шаньский ХІХ ғасырдың 50-жылдардың басында-ақ Тянь-Шаньды зерттеуді алдын ала мақсат етіп қойған. П.П. Семенов Тянь-Шаньский Қазақстан территориясын 1856-1857 жылдары зерттеді. Ғалымның Солтүстік және Орта­­ лық Тянь-Шань­­ның құрылымы мен геологиясына жүргізген ба­ қылаулары өте құнды. Ол Тянь-Шань құрылымының тұңғыш сызбасын жасады, 23 тау асуын зерттеді. Алатау шоқыларын Жоң­ғар және Іле Алатауы деп бөлді. Іле Алатауы туралы жазба­ ла­рын П.П. Семенов оның өсімдік өсетін аймақтарын қарас­ты­ рып баяндаумен аяқтайды. Шу өзені басын Ыстықкөлден алмай­ 71

тынын анықтады. Ол Семей мен Жетісу өлкелеріндегі қазақ дала­ла­рына да бақылау жүргізген. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865 жж.) есімі Қазақстан тарихында құрметті орын алады. Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болған. Бұнда оқуға түскен Шоқан орыс тілін білмеген, зеректігі арқасында кейін өте тез үйреніп алған. 1855 жылы Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақ­ станды, Жетісуды, Тарбағатайды аралаған сапарына қатысады. Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына Шоқан 1858-1859 жылдары шықты. Бұл мейлінше қауіпті сапар еді. Себебі Қашқария әлі ол кезде еуропалық елдер үшін жабық болатын. Қаныпезер қаталдығымен әйгілі болған Қашқарияны билеп-төстеуші Қожа Уәлихан төре еуропалықтарға сенімсіздік білдіріп, ол жерге аттағанды аяусыз өлтіріп отырды. Мысалы, географ Шлангинвайттың Уәлихан төренің әмірімен басы кесіл­ ді. Осындай жағдайға қанық П.П. Семенов Тянь-Шаньский мен Е.П. Ковалевский экспедицияны ұйымдастырған кезде өлкетану ту­ралы ғылыми дерек жинау өте қауіпті болғандықтан, оны сау­да керуені деп лақап таратты. Шоқан офицерлік киімін тастап, қыр­ ғыз киімін киіп, Әлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс болған. Ш.Ш. Уәлиханов Қашқарияда 1859 жылы жарты жылға жуық болады. Сөйтіп, Ш. Уәлиханов Жоңғар Алатауы, Іле өңірін, Жетісу, Тянь-Шань табиғатын ғылыми түрде зерттеп, картаға түсірген. Іле Алатауы жануарларының биіктікте таралу сызбасын алғаш зерттеген де Уәлиханов болды. Лев Семенов Бергтің (1876-1950 жж.) зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін жалғасқан. Л.С. Берг қатысқан экспедиция Солтүстік Қазақстанның ірі 3 көлі – Қызылқақ, Сілеті­ теңіз, Текенің және осы өңірдің табиғат жағдайын, Іле өзені мен Балқаш көлін толық зерттейді, картаға түсіреді. Бұларға қосым­ ша Ыстықкөл ірі су алаптары деңгейінің соңғы жылдары үздіксіз көтерілуін анықтау арқылы Орта Азия мен Қазақстанның климаты бір беткей құрғап бара жатыр деген теорияны түпкілікті түрде теріске шығарды. Сонымен бірге Сырдария мен Торғай үстіртін дербес ай­ 72

мақтар ретінде білді. Ғалым «Совет Одағының географиялық зоналары» және «СССР табиғаты» атты еңбектерінде еліміздің табиғатын зоналар бойынша сипаттайды. Н.А. Северцов (1827-1885 жж.) өзінің ғылыми өмірін Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыштайды. Ол 1857-1858 жыл­ дары Сырдарияның төменгі ағысына жүргізген зерттеуінің нәти­ жесінде Орынбордан Қазанға дейінгі және Арал теңізінің оңтүс­ тік-шығысын бойлай жүретін жолды түсірген үш географиялық карта жасайды. 1860-1862 жылдары Орал бассейніне жүргізген зерттеуі бойын­ша «Орал суларындағы қызыл балықтың тіршілік жағ­ дайы», «Орал төңірегіндегі өлкенің аңдары» атты кітабы олар­дың жан-жақты зерттелгенін көрсетеді. 1864 жылы Сырдария мен Шу аралығына зерттеу жүргізген. 1865-1868 жылдар аралығында Амударияның төменгі ағы­ сына, 1877-1878 жылдары Памирге, 1879 жылы Жетісуға зерттеулер жүргізген. И.В. Мушкетов (1850-1902 жж.) – сейсмологияның негізін қа­лаушы, геоморфология ғылымын құрушылардың бірі. И.В. Мушкетов 1874 жылы алғашқы жұмысын Қаратау тауларын және Тянь-Шаньның солтүстік шеті мен Жоңғар Алата­уына үлкен саяхат жасады. Ол Әулиеата қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алабын, Боам шатқалын, Ыстық­ көлді тексерді, Ілені, Күнгей, Теріскей Алатауын бірнеше рет қиып өтті. 1878-1880 жылдары Түркістанға сапар шегіп, Ферғана ал­ қаптары мен жоталарын, Жетісуды, Алтай тауының батыс бөлігін зерттеуді аяқтады. Зеравшан өзенінің жоғарғы ағысындағы мұз­ дықтарды тексерді. И.В. Мушкетов, Г.Р. Романовскиймен бірле­ сіп Түркістан өлкесінің тұңғыш геологиялық картасын жасап, 1884 жылы бастырып шығарды. 1887 жылы ол соңғы рет Верныйда болған жер сілкінудің іздерін зерттеумен айналысты. И.В. Мушкетов – Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, тау етектеріндегі жазық жерлер мен жоталары­ның ара­лы­ ғындағы аңғарлар мен ойыстардың, саздақ бал­шықты өңір­лерінің пайда болуын, олардың шекараларын зерттеп, анықтаған ғалым. 73

Бұл тақырыптың семинар сабағы болып өтілуі оқушылардың өздеріне бөлінген тақырыпшаларды кітапханадағы әдебиеттер­ ден тауып, керекті жерін реферат етіп жазып, оны сабақта ауызша айтып беруі арқылы өз беттерімен көп жұмыс жасауларына мүмкіндік тудырады. 3-тапсырма. Ш.Ш. Уәлихановтың зерттеген жерлері. Оқушы­ лар Ш. Уәлихановтың қай жерлерді зерттегенін осы карта бойынша айтып береді. 3. «Қазақстанның жер бедері және пайдалы қазбалары» тақырыбын пысықтау үшін жүргізілген қорытындылау-қайталау сабағында республикамыздың ойпаты мен жазықтарын, қыраты мен үстірттерін, аласа және биік таулы өлкелерін өздеріне анықтатып жаздырту мақсатында сандық көрсеткішпен жұмыс жасатылады. 4-тапсырма. Қазақстанның жер бедері. Нәтижесінде оқушылар бұл сандардың Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Батыс Сібір жазығы, Қаратау жотасы, Сарыарқа, Іле Алатауы, Торғай үстірті, Мұғалжар тауы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Маңғыстау таулары, Жалпы Сырт үстірті екендігін шешті. Биік таулы өлкелерді мұғалім түсіндіріп болысымен тақы­рып­ ты пысықтап, бекіту мақсатында оқушыларға келесі сөзжұмбақ құрастырылады. 5-тапсырма. Сөзжұмбақ «Таулар»

Оқушылар Қазақстан атласына, оқулықтағы картаға қарап Тянь-Шань, Қаратау, Сауыр, Іле Алатауы, Алтай, Тарбағатай тауларын қамтитын етіп құрастырады. Аласа таулы өлкелер туралы Сарыарқа, Маңғыстау, Мұғалжар тауларына сипаттама беріп, түсіндірген соң, оқушыларға гипсо­ метрлік қима сыздырып үйрету мақсатымен Сарыарқа жерінің 74

қимасын сызу беріледі. Ол – Қазақстан атласының 10-бетіндегі Қазақстанның физикалық картасынан 49 с. е. бойынша алынған 1 см-лік АВ кесіндісі. Бұл 66 бб. пен 76 бб. аралығын қамтыды. 6-тапсырма. Сарыарқа жерінің қимасы Масштаб: тігінен 1 см = 200 м Көлденеңінен 1 см = 100 км. Сыныпта сызып басталған қиманы оқушылар үйде аяқтап келеді. Келесі сабақта мынадай сұрақ қойылады: Қима сызығы жер бедерінің қандай формаларын кесіп өтеді? Қандай таулар бар? Ең биік нүктесі қайсы? деген сұрақтарға «аласа таулы, үстіртті жерлерін, Ұлытау тауы /1133 м/, Ақсоран /1565 м/» деп жауап береді. Бұл арқылы оқушы әрі картаның шартты белгісімен, әрі масштабты қолдана отырып қима сызуға үйренеді. «Қазақстанның пайдалы қазбалары» түсіндірілмес бұрын мұғалім Ж. Жабаевтың «Кеңестік Қазақстан» атты өлеңінен келесі үзіндіні оқып беру арқылы оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырады. «… Қорғасынды көрдің бе, Аққан Қаратаудағы, Алтын шыға Алтайдан Жарқырап күндей жайнайды. Қарсақбайдан мыс ағып Бұлақтайын саулады. Мақта көктеп Шымкенттен Ақтөбенің егіні, Өрге өрлеген өнімі. Ембі – мұнай жерінен Мұнай атып парлады…».

Бұл өлеңді оқып тұрғанда бір оқушыны шығарып, ол аталған пайдалы қазбаларды тақтаға жазып тұрады. Содан соң оны орнына отырғызып, барлық оқушы картадан Қазақстанда кездесетін пайдалы қазбаның қайсысы аталмағанын тауып жазып алады. 75

Олар Соколов-Сарыбай темір кен орны 1948 жылы ашылғанын және Аят, Лисаков кені, марганецтің ең ірі кен орны Орталық Қазақстандағы Атасу және Жездіні, хромит кен орындары Мұғал­ жар тауында кездесетінін, алюминийдің негізгі шикізаты боксит Сарыарқаның солтүстік-шығысында және Торғай ойысында, Қарағанды мен Екібастұздың көмірін, Алтайда, Қалба жота­сында кездесетін алтын кенін, Қаратаудағы ең ірі фосфорит кенін, т.б. атап шыққан соң мұғалім бұлардың кейінгі кезде табылғанын айтып, жаңа сабақ толық түсіндіріліп, қорытынды жасалады. Бұдан кейін сөзбен жазылатын пайдалы қазбалардың орнына шартты белгілер ретінде сызып көрсетілген тапсырма үйде жасап келуге беріледі. Мысалы, жанатын пайдалы қазбалардың ішінде мұнай беруден Қазақстан 3-орында. Мол қоры Атырау, Ақтөбе, Маңғыстауда шоғырланған. Ал Қарағанды, Павлодарда көмір өндіріледі. Қазақстанда көмірдің жалпы қоры 160 млрд тонна. Рудалы пайдалы қазбалардың ішінде мыс қоры жөнінен ТМД елдерінің ішінде 3-орын алады, т.б. Соңында олар мұнай, газ, көмір, темір деп нүктелер қойылған жерін толтырып қандай пайдалы қазбалар қайда кездесетінін тағы естеріне түсіреді. 4. «Қазақстанның климаты» тақырыбы бойынша Қазақстан территориясына түсетін жауын-шашынның ең көп, ең аз және орташа түсетін жерлерін оқушыларға оқулық, карта арқылы анықтатып алып, келесі өздік жұмыста бағаналы диаграмма сыздырту мақсат етіп қойылады. Олар жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Батыс Алтай 1600 мм, ең аз түсетін жері – Мыңарал 150 мм, орташа түсетін жерлері – Марқакөл 900 мм, Көкшетау – 400 мм сияқты көрсеткіштерді алдымен тауып, дәптерлеріне жазады. Сонан соң келесі диаграмманы сызады. 7-тапсырма. Республика аумағындағы жауын-шашын мөлшері. Бұл диаграмма арқылы, әсіресе жауын-шашынның республикамыз бойынша ең көп және ең аз түсетін жері естерінде қалады және бағаналы диаграмма сызып үйренеді. Сонымен бірге осы тақырыпқа сай келесі сабақта төменде көрсетілген кесте бойынша Семей және Шемонайха (Шығыс Қазақстан облысы) жеріне түсетін орташа жылдық жауыншашынның мөлшерін шығартып (жылдың 12 айындағы түскен жауын-шашынды қосып, 12-ге бөлу арқылы, график сыздырты76

лады). Оқушылар нәтижесінде өздері түсірген графикке, картаға қарай отырып салыстырмалы сипаттама жазады. 8-тапсырма. Семей мен Шемонайха жеріне түсетін жылдық жауын-шашынның графигі. Қала аты

жауыншашын мм Семей 18 13 17 14 24 35 35 24 20 34 30 21 23,7 Шемонайха 13 16 15 30 64 39 59 37 35 42 38 24 34,3 Қ

А

Н

С

М

АЙЛАР М Ш Т

Қ

Қ

Қ

Диаграмма мен графиктің біріктіріле берілуін Қазалы мен Батуми қалаларының жылдық жауын-шашын мөлшерімен жылдық температурасына талдау жасату арқылы түсінік беріледі. 9-тапсырма. Қазалы мен Батуми жерлеріне түсетін жылдық жауын-шашын мен температураның диаграммасы мен графигі. Ал келесі үйге тапсырма ретінде осы тақырып бойынша ылғалдану коэффициентін анықтау есебі беріледі. Мысалы: Ақмола қаласына түсетін жауын-шашын 411 мм, ал буланушылық – 632 мм-ге тең болса, ылғалдану коэффициенті қандай болғаны? Ж ж-ш жылдық мөлшері Шешуі: К = Б буланушылық: 411 мм К= = 0,65 632 мм К – ылғалдану коэффициенті; К – 0,65. Бұл көрсеткіш лезде болғандықтан аймақтың ылғалдануы мардымсыз, құрғақ екендігін оқушылар бірден айтады. Сөйтіп, ылғалдану коэффициентін анықтату оқушыларға, бір жағынан, табиғат зоналары бойынша түсетін жауын-шашынның заңдылығын ұғынуға мүмкіндік тудырса, екінші жағынан, сандық көрсеткішпен жұмыс жасауға дағдылануға көмектеседі. 5. «Қазақстанның ішкі сулары мен су ресурстары» тақырыбы 77

бойынша өзендерді өтетін соңғы сабақты таңғажайыптар алаңы түрінде өткізу жоспараланады. Бұл сабақтың шарты алдын ала түсіндірілгендіктен сабақ бірден басталып кетеді. Демек, ойын «жүрісті қайтала», «тақырыпты айтып жібер», «әріпті айтып жібер» деп жазылған секторлары бар тақтайшадағы бағытты айналдырудан басталады. Оқушы айналдырған бағыт осының біреуіне тоқтағанда, мұғалім не бір әріпті, не тақырыпты айтып отырады, ал бағыт бос секторға тоқтағанда оқушы өзі шешеді. Бірінші топтың бір оқушысы дұрыс таппаса, екінші топқа, ол дұрыс таппаса үшінші топқа ауысады. Әр табылған әріп 1 балмен, бірден дұрыс табылған өзеннің аты 5 балмен белгіленеді. Осылайша, мұғалім әр топтың ұпайларын қоса отырып, қорытынды жасайды, көп баланы жақсы бағамен бағалайды. 10-тапсырма. «Таңғажайыптар алаңы» ойыны. Оқулықта өзендер «Солтүстік мұзды мұхит алабы», «Каспий теңізі алабы», «Арал теңізі алабы», «Балқаш-Алакөл алабы» бо­ йынша қамтылған. Осы алаптардың әрқайсысынан таңғажайып­ тар алаңы сабағында екі-екі өзеннен Ертіс, Үлбі, Жайық, Шаған, Сырдария, Іле, Талғар, Қаскелең өзендері жасырылды. Қағазға жазылған сөздердің үсті бүктелген, әр әріптің тұсынан қиылған қағазбен жабылып тұрады. Бұл сабақ балалардың асығып, жанталаса тырысуымен және қызығуымен өтеді. Ойын бірінші топтың 15 ұпай, үшінші топтың 12 ұпай, екінші топтың 5 ұпай алуымен аяқталды. Сабақ нәтижесі оқушылардың республика өзендерін есте сақтаумен қатар, олардың географияны ұнатқанын байқатты. Өзендерге байланысты пысықтау сұрақтары беріледі. Қазақстан жерінде басталып, аяқталатын өзендер қайсы? (Жем, Нұра, Қаратал Сарысу). Қазақстан жерінен ағып өтетін өзендер қайсы? (Ертіс, Тобыл). Қазақстан территориясына келіп құятын өзен қайсы? (Есіл). 7,8,9,10 – Қазақстаннан басталатын өзендерді атаңыз. (Жайық, Сырдария, Іле, Шу). 11-тапсырма. Сөзтізбек «Өзендер». Бұл сөзтізбек шешу арқылы оқушылар, бір жағынан, қай өзен­ дердің келіп құятыны, қай өзендер басталатыны сияқты мағлұ­ матын нақтылай түссе, екінші жағынан, картамен жұмыс жасау арқылы өзендер атын тағы қайталап біледі. 78

6. «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбы КТК саба­ ғы түрінде өтіледі. Ол үшін оқушылар алдын ала екі топқа бө­ лініп, Қазақстандағы табиғат зонасы төртеу болғандықтан әр­ қай­сысынан төрт топырақтанушы, төрт биолог, төрт зоолог, төрт климатолог сайланады. Сөйтіп, мәселен, әр топтың бір топы­рақ­ та­нушысы орманды дала зонасының топырағын, екіншісі дала зо­насының топырағын толық сипаттап реферат жазады. Сол сияқ­ты өсімдік, жануарлар дүниесін, климатын жазады. Оқу­лық­ қа қосымша келесі әдебиеттер ұсынылады: 1. Бірмағамбетов Ә.Б., Ролник Г.Я. Қазақстан географиясы­ ның хрестоматиясы: мұғалімдерге арналған көмекші құрал. – Алматы, 1962. 2. Устименко П.Д., Рутковский О.О. Менің Қазақстаным. Қа­ зақ­стан географиясы бойынша оқуға арналған кітап. – Алматы, 1970. 3. Ғаббасов А. Қазақстанның шөл жерлері мен олардың таби­ ғат жағдайы мен байлығы. – Алматы, 1950. 4. Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық және экономика­ лық географиясын оқыту. – Алматы, 1994. Рефераттары алдын ала тексеріліп қойылғандықтан КТК са­ бағы бір жолы топ капитандарының бір-біріне, екінші жолы мұға­ лімнің дайындаған сұрақтарын қоюдан басталады. Сабақ мұғалім қарастырып әкелген анаграмма «А» мен анаграмма «Н»-ны шешумен аяқталды. Анаграмма «А»-ға 1-ден 9-ға дейін Қазақстанда кездесетін өсімдіктер аттары, ал анаграмма «Н»-ға кездесетін жануарлар аттары толтырылды. 12-тапсырма. Анаграмма «А», Анаграмма «Н» Бұл сабақтың соңы екі топтағы оқушылардың жақсы дайын­ дал­ға­нын, білім сапасындағы айырмашылық аз екендігін байқат­ ты. Оқушылар бірақ күнделікті өтетін аралас типті сабаққа қа­­­ра­­­­ғанда қызыға дайындалғанын көрсетті. Нәтижесінде оқу­шы­ лар­­­дың әр зонаға тән топырақ, өсімдік, жануар, климатты айрық­ша ажыратуларына мүмкіндік туғаны көрінді. «Қазақстан­ның та­би­­ғат зоналары» тақырыбы көрме түрінде басқа мектептерде өтілді. Сабақтың шарты, дайындығы екі апта бұрын түсіндіріліп, ескертілді. Сөйтіп, Қазақстан географиясын оқитын сегізінші 79

сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, әрқайсысы әр зона бойынша жеке дайындалды. Алдымен, әрқайсысы, өз зонасы бойынша реферат жазды, сонан соң сол зонаның топырағы, өсімдігі, жануарына байланысты открытка, фото, гербарий, коллекцияларын жинады, альбом жасады. Сабақ басталғанда әр топтан 1 не 2 оқушы өз зонасы туралы дайындаған заттарын көрсете отырып сөйледі. Бұл сабақтың жақсы жағы төрт табиғат зонасына тән объектіні оқушылар бірден естіп, көзбен көріп, қолымен ұстай алды. Балаларды еңбектеріне қарай мұғалім жақсы бағалады. Мысалы, орманды дала зонасын алатын болсақ оқулықтағы материалды толығымен жазып шығып, оқушы орманның сұр топырағының, даланың қара топырағының коллекциясын қорапшаға салып әкелді және ол топырақтарға ауызша толық сипаттама бере алатындай болды. Өсімдіктерден қызғылт сабақты боз, шоқ түсті бетеге, бұ­ ралған жер бидайық, қарабас шалғын, қылқансыз арпабас, астық тұқымдасынан сәбізшөп гүлдері, қызыл бояу гүлдері, бұр­шақ тұқымдастарынан сары гүлді беде, көк түсті бұршақтың, ағаш­ тардан – емен, жөке, қандыаған, қарағай, көктерек, бұталардан – тал долана, итмұрын, қарақат, тас бүлдірген, құлпынай, т.б. түрлерінің мүмкіндік болғанша өздерін, жапырақтарын (гербарий), біреулері суретін алып келді. Жеке орманды далаға тән жануарлары жоқтың қасы болғандықтан көршілес зоналарға тән сарышұнақ, сұртышқан, қосаяқ, ақ тышқан, қоян, сусар, түлкі, қасқыр, тиін, бұлан, сібір еліктері, бауырымен жорғалаушылардан жорғалауыш және тірі туатын кесірткелер мен сары бас, улы сұр жыландардың біреулері коллекциясын, біреулері суретін әкелді. Тіптен осы аталған өсімдік, жануарлар түрінің үштен бір бөлігін әкеліп көрсетті дегеннің өзінде ол оқушылардың мәңгі есінде қалуы мүмкін. Бұл сабақ балаларды өзгешелігімен қызықтырды. «Қазақстанның аумақтық табиғат аудандары» тақырыбы бо­ йынша 8 аумақтық табиғат ауданын оқушылардың сегіз тобы бөліп алып, үйде келесідей кестеге толтырып келеді. Мысалы, Алтай аумақтық табиғат ауданы бойынша Алтай тауының географиялық орнын, тектоникасын, қазба байлығын, климатын, өзен, көл, мұздықтарын, табиғат ресурсын. 80

13-тапсырма. Алтай тауы. Географиялық орны, жер бедері

Қазба байлығы

Тектоникалық құрылым

Климаты

Өзен, көл мұздықтары

Табиғат ресурстары

Ал Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығы, Тұран ойпаты, Орал Сарыарқа, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань территориялық аудандарын пысықтау кезінде келесі кестені толтырады. 14-тапсырма. Аумақтық-табиғат аудандары. № 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.

Аумақтық табиғат аудандары Шығыс Еуропа жазығы Батыс Сібір жазығы Тұран жазығы Орал Сарыарқа Алтай СауырТарбағатай Жоңғар Алатауы Тянь-Шань

Геологиялық Пайдалы құрылысы мен қазбалажер бедері ры

81

Климаты

Өзен­дері

Табиғат зоналары

Нәтижесінде әр табиғат ауданының өзіндік ерекшелігі бар екендігін және оның себептерін оқушы ұғынып алды. 8. «Айналадағы орта және адамның денсаулығы» тақырыбы­на байланысты адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы, қолай­сыз аудандар үй тапсырмасы ретінде сұралған соң оқушыларға кескін картаға тіршілік үшін экологиялық жағдайы нашар, орташа және салыстырмалы түрде жақсы аудандарды түсіру тапсырылды. 15-тапсырма. Экологиялық жағдайы қолайлы, қолайсыз аудандар. Оқушылар Талдықорған, Ақтөбе, Орал қалаларын салыстырмалы түрде экологиялық жағдайы жақсы аймақтар ретінде қызыл бояумен үлкен диаграммамен, орташа аймақтар – Алматы, Тараз, Шымкент қалаларын көк бояумен бояп, ал Семей, Қарағанды, Жезқазған, Арал аймақтарын қоңырмен бояп, нашар аймақтар ретінде түсіру арқылы оларды естерінде сақтап қалады. 9. «Қазақстан экологиясының мәселелері» тақырыбын семинар түрінде өткізген қолайлы. Ол үшін алдын ала үш қатарда отыратын оқушыларға төмендегідей етіп бөлініп беріледі: 1. Қазақстанның экологиялық жағдайы. 2. Экологиялық проблемасын шешудің мақсаты мен міндет­ тері. 3. Ауаны, су ресурсын қорғау. Ол үшін оқулықпен қоса Республикалық «Экология» кеше­ ні бағдарламасын 1989 жылы 6 июльдегі «Егеменді Қазақстан» газеті, «Ата мекен», «Экокурьер» газетін, «Деловая неделя» жур­ налының және «Егемен Қазақстан» газетінің 2001-2006 жылдар аралығын қарау тапсырылды. Бірінші қатардағы оқушылар «Қазақстанның экологиялық жағ­дайы» жөнінде келесідей етіп реферат жазып келеді. Көп уақыт мән берілмей келген республикамыздағы экология мәсе­ лесі тұрақты ластану көздерінің атмосфераға зиянды заттар шығаруын, 2000 жылы 5,4 млн тоннаға жетуіне әкеліп соқтырған. Экологияның ластануына зиянын тигізген, әсіресе қара, түсті металлургия, химия өнер­кәсібі, транспорт салалары. Автомобиль транспортынан зиянды заттың шығарылуы жылына 2,9 млн т шамасында болуда. Зиянды заттары көп қалаларға Алматы, Тараз, Лениногор, Өскемен, Зырян, Теміртау, Шымкент қалалары жата82

ды. Атмосфераның ластау көздері – тозаң-газдардан тазартатын жабдықтар жеткіліксіз, жарақтанған өнеркәсіп орындарының газ тектес тастанды заттарын және автомобиль транспортының жағылған газдарын тазартудың катализдік әдістері өндіріске өте баяу енгізілуде. Қарашығанақ газ-конденсат және Теңізмұнай кеніштері ауданында атмосфераның күкіртті ангидридпен ластану дәрежесі ең шекті мөлшеріне жетіп отыр. Су ресурсы толығымен лас. Арал теңізі жойылды. Ертіс өзенінің Үлбі, Глубочанка, Тихая, Громотуха тәрізді салаларына түсті металлургия мен энергетика кәсіпорындарының тазартылмаған сарқынды суының құйылуы салдарынан мыс пен мырыш та шекті мөлшерінен ондаған есе көп. Балқаш көлін «Балқаш-мыс» бірлестігі мен жылу электр орталығының сарқынды қалдығы ластап келеді. Орал Елек, Сырдария, Бадам, Нұра өзендері де санитарлық нормаға сай емес. Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жер асты суы ластанған. Топырақтың құрамында қара шірік азаю­ да, суармалы жерлер сортаңдау және батпаққа айналуы себепті ауылшаруашылық айналымынан шығып қалуда. Топырақты қайта өңдеу нашар жүзеге асырылуда. Ағашты жаппай кесу, өрт, орман шаруашылығына, әсіресе Шығыс Қазақстанда көп зиян келтіруде. Ақмола, Шығыс Қазақ­ стан, Павлодар облыстарында қылқан жапырақты ағаш­тардың көп кесілуіне жол берілуде. Мал жайылымы жерлердің де көркі айтарлықтай емес. Каспий, Балқашта бағалы балық түрлері азаюда. Ол көбінесе браконьерлерге қарсы әрекеттердің нашар болуынан. Физикалық факторлардың: шудың, дірілдің, электр магнит өріс­терінің айналадағы ортаға зиянды ықпалы көп. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент – шудың режимі жөні­ нен ең жайсыз қалалар қатарында. Екінші қатардағы балалар келесі мәселелерді қамтитын «Эко­ логиялық проблеманы шешудің мақсаты мен міндеттері» туралы рефераттарын төмендегідей етіп жазды. Республикадағы экологиялық проблеманы шешудің негізгі мақсаты табиғи ортаның ластану деңгейін едәуір төмендету арқылы халыққа 83

жайлы тұрмыс жағдайларын жасау болып табылады. Ол үшін мынадай жұмыстар жүзеге асырылуы қажет: – жұмыс істеп тұрған шаң және су тазарту құрылыстарының тиімділігі нормативтік мөлшерге жеткізілсін; – атмосфераға тұрақты көздерден зиянды заттар шығарылуы азайтылсын; – жасыл желек ұлғайтылсын, суару жүйесі кеңейтілсін; – жер бетіндегі су бөгендеріне лас ағын суларын құю толы­ ғымен тоқтатылсын; – хайуанаттар мен өсімдік мекендейтін табиғи жағдайларды сақтау қамтамасыз етілсін; – өндіргіш күштерді экологиялық жағынан негіздеп орналас­ тыру талабы орындалсын; – барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың экологиялық пас­ порты енгізілсін; – өнеркәсіп орындарын қалдығы аз және қалдықсыз техно­ логияға көшіру жөніндегі шаралар қолданылсын; – халықтың ауруға шалдығу себептерін жоюға, оның денсау­ лығын қорғайтын жағдайларды жақсартуға бағытталған алдын алу шаралары кешенді негізделіп жұмыс істелсін. Үшінші қатардағы оқушылар «Ауаны, су ресурсын қорғау» жөнінде рефераттарын келесідей мағынада жазған. Яғни, ауаны қорғау үшін: – электр энергиясын алудың қатты отынды жұмсауды кемітуге мүмкіндік беретіндей ұтымды процесін енгізу; – жылу электр станцияларын бірте-бірте газ отынға көшіру; – жылу энергетика кәсіпорындарының күл-қоқыс қалдықта­ рын кәдеге жарату; – автотранспорт шығаратын қалдықтар үлесін азайту, оны таза газ отынына көшіру негізінде кеміту, т.б. Су ресурсын қорғау үшін: – республика халық шаруашылығында суды қолдануды кеміту; – су тазартқыш құрылыстарды ірі кәсіпорын мен қалаларда іске қосу; – жер асты суын халық шаруашылық мұқтаждарына пайдалану; 84

Арал теңізі бассейніне байланысты: – күріш егістігі алаптары азайтылсын; – суландыру үшін коллекторлық-дренаждық су пайдаланылсын; – тазартылған сарқынды суды қайталап пайдалану енгізілсін; – Сырдария өзені бассейніндегі су ресурстары үнемделсін. Балқаш көлі бассейніне байланысты: – Іле-Балқаш бассейнінің жер бетіндегі су көздерінен су алып, жаңа суармалы жерлер игеруге тыйым салынсын; – суларды пайдалану негізінде жаңа суармалы жерлерді іске қосу жүргізілсін; – жер асты суларын пайдалану есебінен жер бетіндегі су көздерінен су алу қысқартылсын; – Балқаш көлінің деңгейі 341м белгіден төмен түсірілмесін; – Балқаш-мыс бірлестігінде және жылу электр орталығында тазарту құрылыстарын салу қамтамасыз етілсін. Реферат жазып, ауызша айтып беру нәтижесінде оқушылар республикамыздың экологиялық проблемалары жөнінде біраз хабардар болды. Ал бұл қай жерде және қашан да болса өз өлкесін, жерін қорғауға, сақтауға ынталандырады. 10. «Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар» тақырыбы таңғажайыптар алаңы сабағы ретінде екі топтың арасындағы жарыс түрінде өткізілді (6-тақырыптағыдай). Бұл жолғы жасырынған сөздер Қазақстанның Наурызым, Ақсу-Жаба­ ғылы, Алматы, Қорғалжын, Үстірт, Марқакөл қорықтары және сол қорықтағы жануарлар, өсімдіктер, қорықтың құрылған жылдары, орналасқан жерлері. Оқушылар осы қорықтарға байланысты 2 апта бойы жақсылап дайындалды. Сабақта кейбір қорықтың, жануар, өсімдіктердің аты көрсетіл­ меген фото, суреттері болды. Ойланып шешуге соның да көп көмегі тиді. Сонымен бірге бұл оқулықтағы соңғы тақырыптардың бірі болғандықтан «Менің Қазақстаным» сөзтізбегі шешілді. 10-тапсырма. Сөзтізбек «Менің Қазақстаным» 1 – өзен, 2 – көл, 3 – табиғат, 4 – жазық, 5 – пайдалы қазбалар, 6 – қорық, 7 – шөл, 8 – өзен, 9 – аласа таулы өлке, 10 – Қазақстанның 85

ұсақ шоқылы аймағы, 11 – биік тау, 12 – республикадағы ең ірі мұз­дық, 13 – Қазақстанның ең төменгі жері, 14 – Қазақстанның ең биік жері, 15 – жауын-шашын ең аз түсетін жері, 16 – астанасы. Бұл сөзтізбекті оқушылар «Ертіс, Балқаш, шөл, Тұран, темір, Қорғалжын, Мойынқұм, Іле, Мұғалжар, Сарыарқа, Алтай, Корженевский, Қарақия, Хантәңірі, Алматы» деп шешіп, оқып кеткендігін қайталап, пысықтады. Демек, Қазақстанды физикагеографиялық тұрғыдан білгендігін қорытындылады. Сөйтіп, қарастырылған Қазақстан физикалық географиясы­ ның 10 тақырыбының бесеуін семинар, КТК, таңғажайыптар алаңы, көрме сабағы етіп өткізген жолдары қарастырылды. Картамен, кескін картасымен жұмыс жасау, оқулық көмегімен кейбір қойылған сұрақтарға жауап, кесте толтыру арқылы сипат­ тама бергіздіру, оқулықтағы сандық көрсеткіштермен жұмыс (график, профиль, диаграмма, сыздыру), сөзтізбек, сөзжұмбақ, анаграммалар шештіру, сұрақтарға жауап алу қарастырылды. Нәтижесінде оқушылар Қазақстанды зерттеушілер, жер бедері, пайдалы қазбалары, ішкі сулары, климаты, табиғат зоналары, территориялық табиғат аудандары, экологиялық проблемалары, қорықтары жөнінде көптеген ұғым қалыптастырып, заңды­ лық­тарды ұғынды. Бір-бірімен жарыса отырып, геогра­фия­лық объектілерді түсінді. Пәнге қызығушылығы біраз жоғарылады деуге болады. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы» пәнінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. 9-сыныптағы «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық географиясы» пәнiнен «Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы» тарауын iрi блокпен оқыту тиімді. Тарау бойынша сабақтың жос­ парын төмендегiдей құрдық. № Өтiлетiн сабақтың тақырыбы Сағат саны 1 Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат 1 жағдайлары мен табиғат байлықтары. 2 Оңтүстiк жырлары – география сабағында (саяхат) 1 3 Шаруашылық географиясы 1 4 Оңтүстiк Қазақстанның қалалары 1 5 Қорытынды-қайталау сабағы 1 86

Тарау бойынша өтiлетін дәстүрлi сабақтардың бiрi – «Оң­ түстiк жырлары-география сабағында» атты саяхат сабағы. «Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағ­ дайлары мен табиғат байлықтары» тақырыбында өткiзiлген жаңа бiлiмдi меңгерту сабағында туған өлке табиғатына, атамекенiне деген ыстық ықыласынан шыққан жырлар арқау етiлдi. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстiк Қазақстан эконо­ ми­калық ауданының табиғаты мен байлықтары, оның қазiргi таң­ дағы дамуы туралы бiлiм беру. Табиғатты, атамекендi қорғауға, аялауға тәрбиелеу, карта, бұқаралық ақпарат материалдарымен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру. Өлең-жырлар арқылы са­ бақты өрнектеп отырдық. Мақсатымыз: оқушыларды өлең-жыр­ларды жатқа айтуға дағ­ ды­ландыру және өлеңдер арқылы атамекенге сүйiспеншiлiгiн қалып­тастыру. Ұйымдастыру кезеңiнен кейiн үй тапсырмасын сұрау мақса­ тында Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы бойынша тө­ мендегiдей сұрақтар қойылды: 1. Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданына қарасты облыстарды атап, картадан көрсетiңiздер. 2. Табиғат жағдайларында қазiргi таңда қандай өзгерiстер болуда? 3. Табиғат байлықтарының өндiрiлуi мен өңделуi қандай дәре­жеде? 4. Өнеркәсiбiнiң басты салаларын атаңыздар. 5. Ауылшаруашылығының басты салалары қандай? 6. Халқының қоныстануы мен қазiргi құрамы туралы не ай­ ту­ға болады? 7. Ауданның сыртқы экономикалық байланысы қандай жағ­ дайда? 8. Қазiргi таңда қандай экологиялық мәселелер туындауда? 9. Iрi кәсiпорындарымыздың шетелдiк алпауыттардың қолы­ на берiлуi дұрыс па? 10. Солтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеру себе­ бi неде? Сұрақтарға жауаптар алынып, оқушылар бiлiмдерi сараланды. 87

Жаңа сабақ мынадай мақсаттар қоюдан басталды: Ненi бiлемiз? Оңтүстiк Қазақстанның географиялық орны мен табиғаты туралы. Ненi үйренемiз? Қазақстан картасындағы Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, шекарасын картадан көрсете бiлуге. Ненi үйрендiк? деген мақсатымыз сабақтың соңында айқын­ далды. Балалар, бiз бүгiн Арал теңiзiнен Жоңғар қақпасына дейiнгi аймақтарға керуенге шығамыз. Керуен жолы Оңтүстiк өңiрдiң батысында орналасқан Қызылорда облысынан басталады. Сұлу Көкше, өр Алатау арасы, Бәрi тұтас қазағымның даласы. Сонша жердi сойылымен қорғаған, Бабаларым осал емес-ау шамасы…

деген өлеңді оқи отырып, Оңтүстiк Қазақстан өңiрiне керуен жолдары карта бетiнде керуен көшi бар түйелер жүргiзiлiп отырды. Керуен жолы Қызылорда облысынан басталды. О, Сыр бойы, сүйiктi атамекен, Анамдай ардақтайтын құрмет еткен. Жан-тәнiм тебiрене жайып құшақ, Жүзiңнен қысқа күнде қырық тәу етем. Суың – бал құмың – қазына, сазың – алтын, Ақтарып асылыңды алды халқым, Өлкеңде өрнектi әсем өмiр қайнап Әлемдi алты орап алды даңқың.

Қызылорда – бұрынғы Ақмешiт қаласы. Қазақстанның Орынбордан кейiнгi астанасы болған. Аумағы – 226,0 мың км2, халқы – 596,2 мың адам. Шығысында – Оңтүстiк Қазақстан облысы, солтүстiгiнде – Қарағанды, солтүстiк-батысында Ақтөбе, Арал теңiздерiмен, оңтүстiгiнде – Түрікменстан мемлекетiмен шекте­сiп жатыр. Күрiш пен тарының отаны деуге болады. Керуен көшi­нiң келесi сапары Оңтүстiк Қазақстан облысына жалғасты. 88

Қолтаңба бағытың бар ел ескерген. Көркемдiк дәрежең бар киелiсiң, Алыптар тұрған едi бастауыңда, 70 жыл өтiп кеттi қас қағымда. Көресiз мұражайдан тарих iзiн, Қазақтың қасiреттi дастанын да...

Шымкент – Оңтүстiк Қазақстан облысының орталығы, көне қалалардың бiрi. Отырар, Сауран, Түркiстан, т.б. көне өлке­ле­ рiмен әйгiлi. Аумағы – 117,3 мың км2, халқы – 1978,3 мың адам. Облыс шығысында – Жамбыл, солтүстiгiнде – Қарағанды, батысында – Қызылорда, оңтүстiгiнде – Өзбекстан Республикасымен шектеседi. Бау-бақша мен жүзiмдiктердiң астанасы. Керуенiмiз Жамбыл облысына келiп тоқтады. Жамбыл – Тараз деген атпен VI ғасырда белгiлi болған. 2000 жылы қайтадан Тараз атауы берiлдi. Қала өзiнiң 2000 жылдық мерейтойын атап өттi. Аумағы – 144,3 мың км2, халқы – 988,8 мың адам. Шығысында – Алматы, солтүстiгiнде – Қарағанды, батысында – Оңтүстiк Қазақстан облыстарымен, Оңтүстiгiнде – Қырғызстан Республикасымен шектесiп жатыр. Керуеннiң соңғы жолы Алматы облысына келiп тоқтады. Алатау, басыңнан бұлт аса алмаған, Тосырқап тасыңды жат баса алмаған. Табиғат шебер қолмен қоя салған, Шыңдарың пирамида қашалмаған. Көгiнде мөлдiр аспан төңкерiлген, Жиегi көк көрпедей көмкерiлген. Әп-сәтте қара нөсер құйып өтсе, Артынша бұлт астынан күн көрiнген…

Қазiргi Алматының негiзiнiң қаланғанына 150 жылдай уақыт болды. 1854 жылы Верный бекiнiсi ретiнде пайда болған. 19201998 жылдарға дейiн Қазақстан Республикасының астанасы бол­ ған. Қазiргi таңда бұрынғы Талдықорған облысымен қосылып, жерiнiң аумағы 223,9 мың км2, халқы – 2687,9 мың адам. Шығы­ сында – Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде – Шығыс Қазақстан, солтүстiк – батысында – Балқаш көлi мен Қарағанды, батысында – Жамбыл облыстарымен шектеседi. Алматы – Қазақстанның ең 89

көрiктi қаласы, республиканың бiлiм және мәдениет орталығы. Апортымен әйгiлi. Сабақтың екiншi бөлiмiнде Оңтүстiк Қазақстан экономика­лық ауданының табиғатына сипаттама берiлдi. Ауданның жалпы алып жатқан территориясы батыстан-шығысқа, яғни Арал теңiзiнен – Жоңғар қақпасына дейiн 2000 км-ге, солтүстiктен-оңтүстiкке, яғни Балқаштан Бетпақдалаға дейiн 700 км-ге созылып жатыр. Табиғаты Орта Азия табиғатына ұқсас және алуан түрлi. Жерiнiң 80-пайызы қуаң жерлер, тек биiк таулардың бөктерiнде ғана ылғалды жерлер сақталған. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауының Батыс және Солтүстiк тiзбектерi бар. Климатының ерекшелiгi – жазы ашық, ыстық күндерiнiң санының көп болуы. Сондықтан мұнда бау-бақша, техникалық дақылдар, жүзiмдiктер өсiруге өте қолайлы. Жауын-шашынның мөлшерi жазықтарда – 250 мм, таулы аймақтарда – 400 мм. Өзендерi шiлде-тамыз айларында тау мұздықтарының еруiнен тасиды. Минералды байлықтарға бай аудан. Қаратау, Кентау, Жаңатас, Текелiде полиметалл кендерi мен фосфорит бар. Аралда – ас тұзы мен сульфат, Састөбеде әктас, Түркiстанда ғаныш, т.б. бар. Сабақта, сонымен бiрге Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық мәселелерiне тоқталдық: 1. Қызылорда облысындағы Арал мәселесi. Бұл дүниежүзi­лiк ауыр мәселеге айналып отыр. 2. Қармақшы, Арал аудандарында терi ауруларының көбеюi. (Арал тұзына байланысты). 3. Ақсу-Жабағылы қорығының қазiргi аянышты тағдыры. 4. Созақ өңiрiндегi геологиялық барлау жұмысына байланыс­ ты жер асты суларының шектен тыс ластануы. 5. Бұрынғы шахталардың қараусыз қалуы. 6. Ауылдардың тозуы мен оның алдын алу жолдары. 7. Алматы апортының ұсақталып кетуi. 8. Климаттың тұрақсыздануынан өзендер режимiнiң өзгеруi. 9. Жарамсыз жерлердi қалпына келтiру шаралары, т.б. Оқушылардың осы мәселелер жайындағы ой-пiкiрлерi тың­ далды. Сабақты пысықтауға сөзтуым «Қошқар мүйiз» қолданылды. 1. Қазақстанның астанасы болған қала (Қызылорда). 90

2. Оңтүстiк өңiрдегi iрi темiржол стансаларының бiрi (Арыс). 3. Әктас өндiретiн жер (Састөбе). 4. Шөл зонасына тән өсiмдiк (Ебелек). 5. Шымкент мегаполисiндегi қала (Кентау). 6. Созақ өңiрiнде өндiрiлетiн қазба (Уран). Оқушылар бiлiмi бағаланып болғаннан кейiн үйге тапсырма берiлдi. Төмендегi сұрақтармен жұмыс жасау тапсырылды. 1. Оңтүстiк өңiрлерге басқа ұлт өкiлдерi мен шетел азаматта­ ры­ның көп қоныстануы қазақ халқының ұлттық құрамына әсер ете ме? 2. Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы­ ның шекаралық жағдайлары туралы не айтар едiңiздер? 3. Арал тағдырын шешуге сiздер қалай көмектесер едiңiздер? 4. Оңтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеруiнiң се­ бептерi неде? 5. Қолда бар қорықтарды қалай сақтап қаламыз? 6. Өздерiңiз тұрған жерде қандай тарихи және киелi орындар бар, олар қалай сақталып, қорғалуда? Осы тақырыпты одан әрi тереңдету барысында келесi сабақта төмендегiдей дидактикалық тапсырмаларды орындаттық. 1-тапсырма. Оқушыларды сауаттылыққа және есте сақтау қа­ бi­летiн арттыруға негiзделген географиялық диктант жаздырдық. Көп нүктенiң орнына дұрыс жауабын жазу: 1) Қазақстанның оңтүстiгiнде орналасқан облыстар: …., …, …, … (Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл). 2) Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданымен шектесетiн облыстар: …, …, …, … (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маң­ғыс­ тау, Ақтөбе). 3) Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының басты пайдалы қазбалары:…, …, …, …, …. , т.б. (фосфорит, полиметалл ас тұзы). 4) Оңтүстiк Қазақстан ауданы солтүстiктен-оңтүстiкке…, батыстан-шығысқа …км-ге созылып жатыр… (Батыстан Шығыс­ қа 2000 км, Солтүстіктен Оңтүстікке 700 км). Оңтүстiк Қазақстан ауданы … зонасында орналасқан (шөл). Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнде …, … таулары орналасқан (ТяньШань, Қаратау). 91

2-тапсырмада ұшқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу мақ­са­ тында сөзжұмбақ «ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН« шештiрдiк. 1. Пайдалы қазба (фосфорит). 2. Қоңыр көмiр өндiрiлетiн кен орны (Ленгiр). 3. Оңтүстiктегi биiк тау (Тянь-Шань). 4. Дәндi дақыл (күрiш). 5. Түркiстан маңындағы дәндi дақыл (күрiш). 6. Оңтүстiктегi ең iрi өнеркәсiп торабы (Алматы). 7. Алматының негiзi болған бекiнiс (Iле). 8. Талдықорған қаласындағы зауыт (аккумулятор). 9. Iле өзенiне салынған су қойма (Қапшағай). 10. Манкенттiң көне атауы (Маңкес). 11. Техникалық дақыл (қызылша). 12. Суармалы егiншiлiк дамыған өзен (Талас). 13. Саны жөнiнен ең көп өсiрiлетiн мал (қой). 14. Шымкент қаласындағы зауыт (қорғасын). 15. Оңтүстiктегi көне қала (Түркiстан). 16. Оңтүстiктегi канал (Қаратал). 17. Алматы қаласының ежелгi атауы (Верный). Сергiту сәтiнде халық педагогикасымен байланыстырып, өлең-жырға кезек бердiк. Тақтаға оқушылар кезегiмен шығып, үлестiрме қағаз алды. Онда қалалардың аттары жазылған. Оқушы алған қаласы жайында ән орындады (алдын ала тапсырылған). Мақсатымыз – оқушыларды әсемдiкке, сұлулыққа тәрбиелеу. 4-тапсырмада оқушылардың картографиялық диаграммалармен жұмыс жасау қабiлеттерiн арттыру мақсатында Оңтүстiк Қазақтан халқы жайындағы кестенi қолданып, шеңберлi диаграмма сызды. 5-тапсырмада географияның тiлi карта болғандықтан кескiн картамен жұмыс жасаттық. Оңтүстiк Қазақстан экономика­лық ауда­нына физикалық-географиялық және экономикалық-геогра­ фия­лық сипаттама жасау арқылы (кескiн картамен жұмыс) сұрақ­ тарға жауап бердi. 1. Кескiн картада белгiленген нысандарды атаңыз. 2. Пайдалы қазбаларын шартты белгiмен түсiрiңiз. 3. Өнеркәсiп тораптарын түсiрiңiз. 4. Ауылшаруашылық дақылдарын түсiрiңiз. 92

Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының халқы № 1 2 3 4

Облыстың аты Оңтүстiк Қазақстан Алматы Жамбыл Қызылорда

7-кесте

Халық саны 2025, 4

Қала халқы 740,3

Ауыл халқы 1285,1

Ерлер саны 993,7

Әйел­дер саны 1018,3

1561,8 985, 7 605,5

448,3 448,9 365,4

1113, 5 536,8 240,1

769,3 469 301,1

796,6 516,4 302,3

6-тапсырма. Салт-дәстүр аялдамасы. 1. Жер-су жайында мақал-мәтелдер айтылды. 2. Оңтүстiктегi көне қалалар атауының шығу тарихына тоқ­талды. Сабақтың соңында оқушылар бiлiмi бағаланып, үйге тапсырма берiлдi. Халық педагогикасын сабақта тиiмдi пайдалану жолда­ры артып, отандарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi де жоға­ры­ лады. 9-сыныпта «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық геогра­ фиясы» пәнiнен «Ауыл шаруашылығы» тақырыбын қорытын­ дылау мақсатында сайыс сабағын өткiзу. Көрнекiлiгi: статистикалық материалдар, Қазақстанның эконо­ми­калық картасы, төрт-түлiктiң суретi, өсiмдiктердiң кеппе­ шөптерi, т.б. Жалпы сайыс бағдарламасы: 1. Бiлiмдiлер сайысы. 2. Мақал-мәтелдер сайысы. 3. Кескiн картамен жұмыс. 4. Суреттер арқылы жұмыс жасау. 5. Сергiту сәтi. Оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу барысында «Бiлiм­дi­ лер сайысы» өткiзiлдi. 1. Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. 2. Бұғы шаруашылығы дамыған аудан. 3. Түйе шаруашылығы дамыған аудан. 4. Қазақстанда өсiрiлетiн сиырдың қол тұқымдары. 5. Дәндi-дақылдар. 93

6. Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстарында өсiрiлетiн тех­ ни­ка­лық дақылдар. 7. Қазақстанның солтүстiк-батысында өсiрiлетiн дақыл. 8. Қазақстандағы тың игеру басталған жыл. 2-сайыс. Мақал-мәтелдер жарысы. Әр оқушы төрт-түлiк, өсiм­дiк жайлы мақал-мәтелдер айта отырып, мағынасына үңiлдi. Са­нына шек қойылмады. Мысалы, «Күрiш арасында күрмек те су iшер». «Бәйшешек гүл – жердiң көркi, бiлiмдi ұл-қыз елдiң көркi». Мақалдар арқылы адамдар бойындағы қасиеттер айтылды. 3-сайыста оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын арттыру мақсатында «Кескiн картамен жұмыс» жасалды. 1-топ. Кескiн картаға қой, ешкi шаруашылығы дамыған аудандарды түсiрдi, қойдың қол тұқымдарын атады. 2-топ. Кескiн картаға жылқы, түйе шаруашылығы дамыған аудандарды түсiрiп, қол тұқымдарын атады. 4-сайыс. «Суреттер жарысы» 1-топқа – дәндi дақылдар суретi (бидай күздiк, жаздық, арпа, тары, сұлы, жүгерi, күрiш, қарақұмық). 2-топқа – техникалық дақылдардың суретi (мақта, қыша, қы­ зыл­ша, күнбағыс, темекi, зығыр). Әр топтан бiр-бiр оқушыдан шығып, осы суреттердi алдымен кеспелердiң арасынан терiп алды, содан кейiн өсiрiлетiн облыс­тарға апарып iлдi. Оқушылардың дәндi және техникалық дақыл­дар жайындағы бiлiмдерiн тексерiп, облыстардың ауылшаруашылығына шолу жасаттық. «Сергіту сәтінде» мұғалiм өсiмдiктер мен жан-жануарлар­дың тiршiлiк әрекеттерi жайлы қызықты материалдар келтiрдi. Сабақтың танымдық сәтiнде мұғалiм Қазақстандағы малдың қол тұқымдары мен өсiмдiктердiң iрiктемелерiн жасаған ғалым­ дардың еңбектерiне тоқталады. Қазақстандағы мал тұқымдары. Қой тұқымдары: 1. Қазақтың арқар-мериносы. Академик М.Ф. Ивановтың ұсын­ған әдiсi бойынша биязы жүндi қойды таудың тағы арқары­ мен шағылыстыру арқылы алынған. Дүниежүзiндегi бiр ғана қой тұқымы. Авторлары: Н.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, Ж. И. Жандеркин. 94

2. Қазақтың биязы жүндi қойы – авторы В.А. Бальмонт. 3. Дегерес қойы – авторлары В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев және т.б. 4. Едiлбай қойы – халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең құнды тұқымы. 5. Қаракөл қойы – көп ғасыр бұрын Орта Азияда, Бұхар же­ рiнде шығарылған, қазiргi таңда қара, көк, сұр, қызғылт, қызылқоңыр, шатури түстi түрлерi бар. Iрi қара мал тұқымдары: 1. Қазақтың ақбас сиыры. Қол тұқым қазақтың жергiлiктi сиы­ рын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты герефорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алған. 2. Алатау тұқымы. Қазақтың жергiлiктi сиырын швецкий бұ­ қа­сымен будандастыру арқылы алған. Сонымен бiрге қырдың қы­ зыл сиыры, симменталь iрi қара және әулие-ата тұқымдары бар. Жылқы тұқымдары: Қостанай жылқысы, Көшiм жылқысы және Мұғалжар жылқы тұқымдары бар. Қазақстандағы өсiмдiк iрiктемелерi. Қазiр Қазақстанда 200-ден астам ауылшаруашылық өсiмдiк­ терiнiң iрiктемелерi мен будандары аудандастырылған. Елiмiз астықты аудан болғандықтан – бидайдың жаңа iрiктемелерiн шыға­ ратын ғылыми-зерттеу институттары бар. Мысалы: А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­­ти­ туты (Ақмола облысы, Шортанды) қазақтың В.Р. Вильмс атын­ дағы егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Алмалық). Академик Р.А. Оразалиев өзiнiң шәкiрттерiмен соңғы 20 жылдың iшiнде 30-дан астам бидайдың iрiктемелерiн шығарып, будандастырды. Қазақстан ғалымдары Богарная-56, Алмалы, Красноводопатская-210, Алматинская полукарликовая, Прогресс, Жетiсу, Қарлығаш, Шортандинская-25, Целинная-25, Казахстанская-10, Арай, Ақмола, т.б. сорттарын шығарды. Сабақ соңында мұғалiм iрiктемешi-ғалымдардың Қазақстан ғылымының дамуына қосқан ерен еңбектерiн айтып, олардың өз Отанының патриоттары екендiгiне тоқталды. Сөйтiп, Қазақстанның физикалық және әлеуметтiк-экономи­ калық географиясы пәндерi бойынша тақырыптарды конференция, баспасөз-конференция, лекция, саяхат, сайыс, т.б. сабақтары 95

етiп өткiзiлген жолдары қарастырылды. Карта, кескiн карта, кесте, дидактикалық материалдармен жұмыс жасау арқылы оқушылар халық педагогикасының дәстүрлерi – өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөз, т.б. теориялық бiлiммен ұштастырып, сұрақтарға жауап бердi. Нәтижесiнде оқушылар Қазақстанның географиялық орны, зерттелу тарихы, пайдалы қазбалары, территориялық табиғат аудандары, iшкi сулары, эко­ логиялық проблемалары, Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы, т.б. көптеген ұғымдарды қалыптастырды. Тақырыптар­ ды халық педагогикасының дәстүрлерiмен байланыстыра отырып, пәнге деген қызығушылықтары артып, Отандарына деген сүйiспен­шiлiк сезiмдерi қалыптасты. Қорыта айтқанда, біз география пәндерін оқытуда оқушы­ лар­дың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда тек қана «Қазақ­ стан­ның физикалық және әлеуметтік-экономикалық география­ сы» пәндерінің кейбір сабақтарын ғана мысалға алдық. Өзін­дік жұмыстарды география пәнінің басқа курстарында да ұйым­ дастыруға болады. Ол тек ізденімпаздық пен еңбекті қажет етеді. Біздің Қазақстанның географиясын алу себебіміз, біріншіден, оқушылардың өз жеріміздің, еліміздің географиясы туралы білімдерін тереңдету, екіншіден, оқушылардың Қазақстан туралы білімдері біршама бар, ол өз кезегінде өзіндік жұмыстарды жүргізуге септігін тигізеді, үшіншіден, олардың ізденуіне, өз бетінше жұмыс жасауына қолайлы.

6. ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ОЙЫНДАР 6.1. География сабағындағы ойындар Педагогика мен әдiстеме орталық буын болып, оқу үдерісiн белсендi түрде нәтижелi етуге ұмтылуда. Ол сабақ барысында тиiмдi әдiс-тәсiлдердi, оқытудың әртүрлi формаларын қолдануға тiкелей байланысты. Сондай тиiмдi формалардың бiрi – ойын­ дар. Сабақ үдерiсiнде ойын әдiстерiн қолдану оқушылардың ал­ ған бiлiмiн одан әрi толықтыруға, түсiнiктерiн тереңдетуге, ойлау қабiлетiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Жалпы, балаларға бiлiм беру мен оларды тәрбиелеудегi ойын­ ның маңызын кезiнде педагогтар Я.А. Коменский, Г.И. Песталоций, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және басқалар атап кеткен болатын. Ойынды өткiзу сабақтардың тақырыптық жоспарлауына алдын ала енгiзiлiп, ал мазмұны мәтінге сәйкес ойластырылады. Оқушылар жаңа бiлiмдi меңгерудi, iскерлiктерiн ұштауды ойын барысында жүзеге асырады. Ойын оқушылар белсендiлiгiнiң қа­ жеттi деңгейiн қамтамасыз етiп, басқа уақытта меңгере алмайтын үлкен көлемдегi оқу жұмысын орындауға мүмкiндiк бередi. Бас­ қа пәндер секiлдi география пәнiнiң сабақтарында да ойын эле­ менттерiн жиi қолдануға болады. География пәніндегі ойындар, басқа пәндердiң ойындары сияқты, дүниенi танып-бiлу жолдарының бiрi болып табылады. Ойыннан бiлiмге деген құштарлық туады. Әртүрлi ойындарды, мысалы, жұмбақтарды шешу үшiн шыдамдылық пен табан­ дылық қажет етiледi. Сондықтан да оқушылар түрлi қызық ойындарға қатыса оты­рып, ойынның тәртiбiне саналы түрде бағынуға, адалдыққа, шын­­шылдыққа үйренедi. Тiптi, ойындар тапқырлық пен 97

байқағыштықты, батылдық пен ынталылықты жетiлдiрiп, қарсы ойнап отырған адамдармен өз мүмкiншiлiктерiн, өз күшiн дұрыс пайдалана бiлуге, жолдастық ынтымаққа, өзара көмекке үйренiп, ұжымшылдық пен ұйымшылдықты қалыптастырады. Ойын – оқушылардың ой-өрiсiн кеңейтiп, географиялық бi­ лiм­дерiн тереңдетiп, ойланғыштыққа, тапқырлыққа жаттық­ты­ рады. Географиялық картамен жұмыс iстеуге дағдыландырады. Оқушылар географиялық қызық ойындарды құмартып ойнайды, әсiресе жеңiске ие болған кезде көңiл-күйi көтерiлiп, қуанышқа бөленедi, себебi жарыс үстiнде өзiнiң бiлiм дәрежесi мен ой-өрiсi­ нiң шамасын бiлiп отырады. Ал жеңiлiске ұшыраған кезде өзiнiң ненi бiлмейтiнiн аңғарып, бiлiмiн толықтыруға талпынып, iзде­нуге тырысады. Әсерлi ойындар оқушыларды жан-жақты тәр­бие­леуге көмектеседi. Сонымен бiрге ойын жақсы дем алу түрi бо­лып табылады. Ойындардың тәрбиелiк және бiлiмдiлiк маңызы бар. Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәсе­ ле­лердің бірі білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр. Адамдар ойынның құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидак­тикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ. Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады. Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынының білімділік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақылойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамдардың ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сыдырмақтармен қозғалыстар (манипуляция) жасаудан бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойындарға дейін ауысады. Адам ойынын оқу үдерісіне қалай ендіруге болады? Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үдерісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойынды оқытушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен 98

оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілер­ дің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойыны да ерек тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзі­нің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтанады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдасты­ рылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы (ООФ) деп аталады. Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін; иммитациялық, символдық және оқузерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын» дейді. Бұл жағдай, тіпті, ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді. ООФ қолдануда екі жақты дидактика байқалады, біріншіден, ой­ нау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай оты­ рып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажет­тілігі. Ойын теориясы мен тәжірибесін отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», «Д.Б. Элькониннің «Ойын психоло­ гиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты ең­ бектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербций, Г.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, т.б. Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойындар: рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселелі дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу, т.б. ғылыми-педагогикалық әдебиетте көптеген нақтылы ойындар «ойындарды өңдеу» деген жалпы терминмен белгіленеді. Осы мәселенің өзіндік үлкен маңызы бар, себебі тарихта логиканы дамыту іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді. 99

Әдебиеттерді талдап қарасақ, алғаш іскерлік ойындар ХХ ғасырдың ортасында экономикалық факультеттің студенттеріне ұсынылған. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды, себебі алғашқы ойын 1932 жылы 23 шілдеде КСРО-да Ленинградтағы инженер­ лік экономикалық институтында өткізілгені анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі бір ойын теориясы мен математикалық зерттеу әдісі сәйкестендірілген жинақтар бар. Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жылдарда еніп, содан кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да іскерлік ойындар, негізінен, білім кө­ теру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Киевтің, Нововсібірдің бірқатар жоғары мектептерінде қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу үдерісінде ойындар қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесінде көрсететінін байқауға болады. Оқыту аудиториясын сыртқы ортадан бөліп қарау студенттерді болашақ мамандыққа даярлаудан оқытушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алайда ойындар мен өңдеулерді іске асыруда студенттер нақтылы өмірдің элемент негіздерін өз тәжірибелерінде сынайды. Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада баламалы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Студенттер ойын кезінде өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б. Блуэт пен Д. Баквольтердің пікірі бойынша, ойын оқытушы мен студенттің кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге ойындар адамдардың ойын белгілі жүйеге келтіреді. Сезім дамуының маңыздылығы туралы (ағылшын тілінен орысшаға сөзбе-сөз аударғанда – вчуствование) америкалық оқытушылар В. Роджерс пен А. Гудданд өз зерттеулерінде жиі атайды. Өйткені оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу таным әдістеріне қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды және оларды зерттеу арқылы дағдылану әрекеттерін дамытады. Ең бастысы, ойындар мен өң­ деулер студенттердің көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесі зерттеуші белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ, «ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік арақатынас, практикалық 100

білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына америкалық авторлар мына жағдайларды жатқызады: – ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді; – ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысы­ на тәуелсіз; – ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабі­ лет­­тілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таң­дау­ға, үдерістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге стра­тегия­лық баламалы шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді; – ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Сонымен, іскерлік ойындарды ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді басқаларға қарап тұрмай өздерінің шешуіне кепіл­ дік береді. Олай дейтініміз, өңдеулер мен ойындар арқылы оқушылар өздерінің не істегендерін байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады. Өңдеулер мен ойындар, сондай-ақ кейбір студенттер ұнайтын оқу пәндерін де қанағаттандырады, біріне-бірі көңіл бөліп, өздерін басқаның орнына қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына байланысты қиындатылады. Ойындар өздері­ нің аяқталу үдерісіне орай амбивалентті (егер бүгінгі ойын­ ның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне тиімді болса, келе­сі күні 0:0 болады). Бұл көптеген авторлардың пікірімен сәйкес. В.Ф. Коморовтың пікірінше, оқу үдерісінде ойынды қолдану оқушылардың даму қабілетін арттырады, мәселеге ғы­ лыми негізде жақындатады, ал ойынды өткізу ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Алайда ойындар мен өңдеулердің артықшылығы мен қатар кемшілігі де бар. Өзіміздің және америкалық авторлар­дың пікірімен санассақ, мына деректі естен шығармау керек, ойын кезінде оқытушы өзінің беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және бағыттап отырады. Сонымен бірге ойындар мен өңдеулер студент назарын екінші сатыдағы дағдыға аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни 101

ойындар оқып зерттеуден сырт қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда қолайсыз болып келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екенін білмейді. Ойындар мен өңдеулер құрал-жабдыққа материалға байланысты қымбатқа түсіп, артық жүріс пен бос айқайға әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыздық туғызады. Сондай-ақ көптеген ойындар жоғары деңгейде өңделмеген, сол себепті оны қолдану қиындық тудырады. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзінше құруы қажет. Осы орайда түрлі әдіс бойынша берілетін ойын түрлерін қарастырамыз. География сабағында қолданылатын ойындарды жазбаша және ауызша деп екiге бөлуге болады. 6.2. Жазба түрiнде ойналатын ойындар География сабақтарында жазба ойындардың түрлерi өте көп. Оның бiрi – әртүрлi сұрақтармен жұмыс жасау немесе әртүрлi бейнелеулер арқылы жүргiзiледi. Соның бiрнеше түрiне тоқталуды жөн көрдiк. Анаграмма Жеке сөздердiң әрiптерiн ауыстырып қою арқылы басқа мағыналы сөздердi не басқа географиялық атауларды шығару «анаграмма» деп аталады. Мысалы, ҰРАН IЛЕС ТЕКТЕН ИРАК КУБА

– – – – –

НҰРА ЕСIЛ ТЕНТЕК КАИР БАКУ

Анаграммаларды сынып жоғарылаған сайын күрделендiре түсемiз. Газет-журнал беттерiнде жарияланған анаграммалармен бiрге, мұғалiм мен оқушылардың өздерi даярлаған ойындарды қолданамыз. 102

Акростика Бұл географиялық бiрнеше атаулардың бiрiнiң астына бiрiн жазып, оның бастапқы немесе соңғы әрiптерiн жоғарыдан төмен қарай тiгiнен оқығанда белгiлi бiр қаланың, не өзен, таудың атын шығаруға болатын жарыс ойыны. Мысалы: Ш Ы М К Е Н Т

Шолаққорған Ырғыз Марқакөл Көкшетау Есіл Нұра Түркiстан

Жоғарыдан тiктеп оқығанда «Шымкент» сөзi шығады. Акростиканың сұрақтары: 1. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы аудан орталығы. 2. Қазақстандағы өзен. 3. Шығыс Қазақстан облысындағы қорық. 4. Солтүстiк Қазақстандағы қала. 5. Батыс Қазақстан аймағындағы өзен. 6. Қазақстандағы өзен. 7. Көне қаланың бiрi. Бұл ойынды басқа жолмен де ойнауға болады. Белгiлi бiр географиялық атауды жоғарыдан төмен қарай және төменнен жоғары тiгiнен жазып алып бастапқы әрiп пен соңғы әрiптердiң арасына географиялық атаулар тауып жазу керек. Мысалы, АСТАНА сөзi. Оны екi қатарға жоғарыдан төмен қарай және төменнен жоғары қарай тiгiнен жазып қоямыз. АА СН ТА АТ НС АА

Аляска Севан Титикака Алеут Негрос Амазонка 103

Құрастырылған сұрақтар: 1. Солтүстiк Америка материгiндегi түбек. 2. Кавказдағы өзен. 3. Африка құрлығындағы көл. 4. Солтүстiк Америка құрлығындағы түбек. 5. Оңтүстiк Америка тауларындағы шыңның бiрi. 6. Дүниежүзiндегi суы мол өзен. Трафарета Кейбiр әрiптерi ғана көрсетiлiп, жасырын ойналатын геогра­ фиялық ойын. Ол үшiн қағазға жұмбақтың кейбiр әрiптерi ғана жазылған тор көздерi жасалынады. Ойнаушы оған жетiспейтiн әрiптердi немесе сөздердi өзi қосуы керек. Мысалы, вулкандар­ дың аттарын тауып жазыңыз: 1. Сан-Педро 2. Санфорд 3. Семеру 4. Сламет 5. Стромболи Сөзжұмбақтар Сөзжұмбақтарды құрастыру және онымен жұмыс жасау барлық сабақтарда, сабақтан тыс уақыттарда жүргiзiледi. Бұл ойын арқылы оқушыларды ұшқыр ойлауға, ой-өрiсiн дамытуға, шапшаңдыққа тәрбиелейдi. Мысалы, «Атмосфера» сөзжұмбағы. Географиядан 6-сыныпта «Атмосфера» тарауын қорытындылау барысында қолдануға болады. Сөзжұмбақтың сұрақтары: 1. Тiрi ағзалар тыныс алатын зат (ауа) 2. Жердiң ауа қабығы (атмосфера) 3. Ауа райының белгiлi бiр жердегі көпжылдық режимi (климат) 4. Ауа ылғалдылығын жазатын құрал (гигрограф) 5. Желдiң түрi (муссон) 104

6. Желдiң бағытын көрсететiн құрал (флюгер) 7. Ауаның горизонталь бағыттағы қозғалысы (жел) 8. Теңiз жағасында түзiлетiн жел (бриз) 9. Жер бетiне сұйық күйде түсетiн су (жаңбыр) Сөзжұмбақтарды барлық тарауларды қорытындылағанда, география сабақтарының тақырыптарын қайталау барысында, көптеген сабақтарда пайдалануға болады. Газет-журнал бетте­ рiнде жарық көрген, мұғалiмнiң өздерi құрастырған және оқушы­ лардың өздерi дайындаған түрлерiн қолданамыз. Сөзтiзбек Сөзтiзбектiң сөзжұмбақтан айырмашылығы ойын барысында бастапқы сөздiң соңғы әрпiнен келесi сөздiң әрпi басталады. Сөз­тiзбектердi де әрбiр сабақты, тарауды қорытындылағанда, қай­та­лағанда қолданамыз. Қазiргi таңда оқушыларды ұлттық тәр­бие, салт-дәстүрлер негiзiнде тәрбиелеуiмiз қажет. Соның бiрi – қазақтың ою-өрнектерi. Мысалы, «Қошқар мүйiз» оюына жасалған «Африка» сөз­ тiзбегi. Африка тарауын өткенде пайдаланамыз. Сөзтiзбектiң сұрақтары: 1. Африкадағы табиғат зонасының бiрi (Саванна). 2. Африкадағы өзен (Аух). 3. Тель-Атлас тауындағы шың (Хедиджа). 4. Африка материгiнiң солтүстiгiндегi мемлекет (Алжир). 5. Ұзындығы 800 км болатын Африкадағы өзен (Рувуша). «Қошқар мүйiз» сөзтiзбегiн дұрыс шешкенде «Африка» сөзi шығады. Сөзтiзбектердi шеңбер, квадрат, үшбұрыш, т.б. гео­ме­ трия­лық пiшiндерде құрастыра беруге болады. Үндемес ойыны Оқушылармен жеке жұмыс жүргiзгенде ойналады. Мысалы, 6-сыныпта оқушылар көптеген шартты белгiлермен таныса бастайды. Шартты белгiлердi толық игеру мақсатында осы ойынды қолдануға болады. Төменде берiлген кестенi қатты 105

қағазға үлкен етiп сызып, шартты белгiлерден басқасын көрсетпей жауып қоямыз. № 1. 2. 3. 4.

Қажеттi заттың аты Жалғыз ағаш Темiр Көпiр Өзен

Шартты белгi ▲ ‪ ♣ ╬

Дұрыс жауабы

Оқушы жеке қалтаға салынған сандардан қажеттiсiн алып, кестедегi шартты белгiлердiң жанына заттың рет санын орналастырады. Мысалы, өзен үшiн оқушы 4 санын тауып алып, керектi заттың белгiсiнiң жанына орналастыру қажет. «Үндемес» ойынын тек шартты белгiлердi анықтауда ғана емес, материктер мен мұхиттардың тiрi ағзаларын өткенде, географиялық объектiлердi анықтағанда, т.б. кездерде жиi қолдануға болады. 7. Географиялық ребустар Ребус – дегенiмiз әртүрлi суреттер, белгiлер, тұлғалар, сандар арқылы жеке сөздердi жұмбаққа айналдыру. Географиялық ребустар суреттерге, белгiлерге, сандарға қарай отырып, геогра­ фиялық атауларды табады. Сондықтан ребусты шешу көп ойлануды қажет етедi. Мысалы: 1. Алатау. 2. Алма-арасан. 3. Тау мен тасты су бұзар ребустары. Кiм жылдам ойыны Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа баулитын ойындардың бірі. Шең­бер сызу нәтижесінде әріптер жазу арқылы ойналады. Мы­салы, 7-сыныптың географиясы бойынша «Үнді мұхиты» тақырыбын аламыз. Егер осы шеңбердегі «Я» әрпінен бастап, екі тор көз тастап тез оқитын болса, төмендегідей сөздер шығады: 1. Ява. 2. Абель Тасман. 3. Кук. 106

Саяхатқа шығу ойыны Оқушылардың ең жақсы көретін ойыны – карта бойынша саяхатқа шығу. Әсіресе ұлы географиялық ашулар заманындағы ұлы саяхатшылардың саяхаттары. Әрбір материктер мен мұхит­ тардың ашылу тарихы кезіндегі жүрген жолдарын сабақтарда ойнатуға болады. Мысалы, «Оңтүстік Америка материгі» тарауы. Материктің ашылу және зерттелу тарихы бойынша сабақтарда «Саяхат» ойы­ нын қолдануға болады. Оқушыларда Х. Колумб, А. Веспучи, Ф. Магеллан, т.б. рөлдеріне қойып, саяхатқа карта арқылы шы­ ғарамыз. Ойынның тиімділігі – оқушылардың есінде жер-су аттары қалады әрі саяхатшылардың жүрген жолдарын біледі. Сурет, картасызба арқылы берілетін жұмбақтар Бір «Р» әрпі берілген Қазақстанның қалалары мен өзендерін жазыңыз. 1. Қазақстанның қалалары 2. Қазақстанның өзендері 1. Атырау 1. Арыс 2. Жаңақорған 2. Ертіс 3. Қарағанды 3. Қаратал 4. Қаражал 4. Қарасу 5. Қызылорда 5. Нұра 6. Қызылжар 6. Тоқырауын 7. Тараз 7. Торғай 8. Талдықорған 8. Сырдария 9. Павлодар 9. Ырғыз 10. Орал 10. Сарысу Сурет арқылы ойналатын ойындар Қолына пистолет ұстаған адам суреті төмендегі географиялық атаулардың формасынан құралған. Басы – Ресейдің солтүстігін­ дегі түбек (кері қарағанда) қолы – Ресейдің Азиялық бөлігіндегі көл. Сол аяғы – екі көл, бірі – азиялық бөлімінде, екіншісі – еуро­ палық бөлімінде, оң аяғы Солтүстік мұзды мұхитындағы арал. Осы атау­ларды табыңыз. Жауабы: Басы – Ямаль түбегі, қолы – Балқаш көлі, денесі – 107

Каспий теңізі, сол аяғы – Байкал көлі мен Чуд көлі (Псков көлімен), оң аяғы – Жаңа Жер аралы. Сызба арқылы ойналатын ойындар Сызбада көрсетілген бұғаз қандай теңіздерді қосып тұр. Бұғазда қандай портрет бар. Бұғаздың шығыс жағында қандай шығанақ бар. Жауабы: Сызбада: 1. Керчь бұғазы – Қара теңіз бен Азу теңізін қосып тұрады. 2. Керчь порты. 3. Тамань шығанағы. География сабақтарында бұдан да басқа жазбаша ойындарды ойнатуға болады. Ойынның барлығы да сабақты тартымды да қызықты өткізуге себебін тигізеді. Ойынның түрлерін ойдан құрастыра беруге болады. 6.3. Ауызша ойналатын ойындар. «Жұлдызды сәт ойыны Бұл ойынды оқушыларды қатар бойынша немесе жеке оқу­ шыларды тақтаға шығарып жарыстырғанда ойнатуға болады. Сабақ өту барысында көз жеткізгеніміздей оқушылардың білім деңгейлері бойынша 4-5 оқушыдан шығарып ойнатқан тиімді. Ойын шарты бойынша оқушы қойылған сұрақтарға әрі қысқа, әрі тез жауап беруі шарт. Сұрақ мөлшері 30, 40, 50, т.б. болуы мүмкін. Сұрақ мөлшеріне қарай жұлдызға жету шамасын белгілейміз. Мысалы, 10 сұраққа жеткен оқушы алтын (5 деген баға), 8 сұраққа дұрыс жауап берген оқушы күміс (4), 6 сұраққа жауап берген оқушы қола (3) деген баға қоямыз. Ол өз еркіңіз бойынша құрастырылады. Үлкен ватман қағазға нөмірлер қойылып, сол нөмір оқушы кеудесіне тағылады. Ватман қағазға жасалынған қалташаларға оқушының жауап беруіне сәйкес жұлдызшалар салынып отырады. Кім мәреге жетеді, сол алтын жұлдыз иегері болып табылады. Мысалы, викториналық сұрақтардың түрлері. 1. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана). 2. Қазақстандағы ең биiк шың (Хан-Тәңiрi). 3. Оңтүстiк Қазақстандағы iрi өзеннiң бiрi (Сырдария). 4. Ең үлкен материк (Еуразия). Сұрақтар сынып деңгейiне байланысты күрделене бередi. Ол мұғалiмдердiң өз қалауы бойынша жүргiзiледi. 108

«Кiм жылдам?» ойыны Бұл ойынды ауызша да ойнатуға болады. Оқушыларды шап­ шаң ойлауға, ұшқырлыққа баулиды. Кез келген география саба­ ғында пайдалануға болады. Мысалы, 8-сыныптағы «Қазақстанның табиғаты» тақырыбы. Тақтаға 3 оқушы шығарып, парта үстiне жер-су аттары жазылған кеспелердi шашып қоямыз (сандары шектеусiз). Әрбiр оқушыға тапсырма берiледi. Олар өздерiне белгiленген объектiлерiнiң атын белгiлi уақытта жинап алуы тиiс. Мысалы: 1-оқушы – өзендер; 2-оқушы – көлдер; 3-оқушы – таулар. Оқушылардың қайсысы кесте iшiнен өздерiне берiлген объек­ тiлерiн тез әрi дұрыс жинап алса, сол оқушы жеңiмпаз болып табылады. Әзiл-жұмбақ викториналар География сабақтарында қызықты да әзiлге құрылған жұмбақсұрақтарды да қолданамыз. Мұндай сұрақтар оқушылардың ойлау қабiлетiн шыңдап, бiлiмiн арттырады. Мысалы, 1. Қандай шарды домалатуға болмайды? (Моточкин шар) 2. Қандай қақпаға доп ұруға болмайды? (Карский) 3. Ресейде қандай қалалар әйелдiң аттарымен аталады? (Лида, Ольга) 4. Қазақстанның қандай қаласының аты, сол жердiң тұрғын­ дарының бұрынғы кәсiбiн көрсетедi? (Жезқазған) 5. Оралда қандай өзен шахмат фигурасының атымен аталады? (Тура), т.б. Географиялық жұмбақтар Сабақта оқушыларды сергiту үшiн географиялық жұмбақ­тар­ ды да жиi қолданамыз. Мысалы, 1. Шетi бар, шегi жоқ. (Көкжиек) 2. Жер бетiнiң кескiнiн, 109

Түрлi-түспен көрсеткен. Болса да өзi құрметтi, Тиiптi орын ең шеттен. (Шартты белгiлер) 3. Қаласы бар, үйi жоқ, Даласы бар, шөбi жоқ. Мұхиты бар, суы жоқ, Орманы бар, нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегiс, Құмдары да теп-тегiс. Кең жазықтан әртүрлi, Керегiңдi көресiң. Бар әлемдi табасың, Өзiң таң боп қаласың. (Географиялық карта)

Магазин ойыны Мұғалiм – сатушы, ал оқушылар – сатып алушылар. Мұғалiм қағаздан түрлi заттардың бейнесiн жасап, артына тақырыпқа сәйкес сұрақтар жазады. Затты сатып алған оқушы сұраққа жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол затты сатып алған болып есептелiнедi. Рөлдiк ойындар География сабақтарында көп қолданылатын ойын түрлерiнiң бiрi – рөлдiк ойындар. Мысалы, 8-сыныптағы «Қазақстан жерi­ нiң зерттелу» тақырыбын алсақ, оқушылар П.П. Семенов-ТяньШаньский, Ш. Уәлиханов, С.Л. Берг, т.б. атақты саяхатшызерт­теу­шiлердiң бейнесiн сомдап, рөлдiк ойындарға қатысады. Сабақта мұғалiм тек ұйымдастырушы, ал оқушылар сабақты өздерi өткiзедi. Мұнда оқушылар өз беттерiмен iзденедi және сабаққа деген жауапкерш�������������������������������������� i������������������������������������� л������������������������������������ i����������������������������������� ктер������������������������������� i������������������������������ артады. Сабақта оқушылар саяхатшы, ғалым, зерттеушiлер мен басқа да рөлдердi сомдай алады. Сабақта қазақ халқының ұлттық ойындары «Көкпар», «Бәйге», «Алтын сақа» тәр���������������������������������� i��������������������������������� зд������������������������������� i������������������������������ ойындарын қолдануымызға болады. Мұның бәрi викториналық сұрақтар арқылы жүзеге асады. Мысалы, «Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бiр қыз бен ұл шығарылып, сұраққа кезек-кезек жауап бередi. Әр сұраққа аялдама белгiленiп, белгiлi бiр мәре қойылады. Сұрақ саны 8-10 болып, жеңiл және нақты етiп қойылады. Егер жiгiт мүдiрмей жауап берсе, қызды қуып жеткенi және керiсiнше. 110

Сонымен, география пәндерiнiң сабақтарында ойын әдiстерiн қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, iскерлiгi мен дағдысын қалыптастырады. 6.4. Iскерлiк ойындар Географиялық ойындар еркiн шығармашылық iс-әрекет ретiнде оқушының ойын, қиялын дамытатын, сөздiк қорын молайтып өз бетiмен iзденуге, еңбектенуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығуын, белсендiлiгiн арттыратын, ойлау қабiлетiн дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейдi және тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойын үстiнде оқушы iскерлiк пен түрлi дағдыны меңгерiп, бекiтуге, қорытынды жасауға үйренедi. Кез келген сабақты даярлағанда және өткiзгендiгi сияқты iскерлiк ойындардың мақсат-мiндеттерiн анықтап алу керек. Осы үш бiрлiк мақсат оның iске асыру жолдарына бағыт-бағдар бередi. Бiлiмдiлiк Негiзгi ұғым­дар мен заңдылық­тар­ды меңгеру

Дамытушылық

Тәрбиелiк

Әлеуметтiк-экономи­ка­ Кәсiптiк көзқарас­ты лық жүйе­­нiң элемент­терi қалыптастыру мен олар­дың арасындағы байланысты да­мытуға бағыт-бағдар беру

Статистикалық зерт­ Қазiргi экономикалық теулер жасау, әр­түрлi ойлау қабiлеттерiн ақпараттар ағынымен дамытуға ықпал жасау жұмыс iстеуге дағды­ лан­дыру

Шешiм қабылдауда кәсiби көзқарасты қалыптастыруға қоғамдық бағытбағдар беру

Дәлелдi де, дәйектi Iскерлiк қабiлеттерiн шешiмдер қабылдауға дамыту үйрену

Табиғи ресурстардың барлық түрлерiн үнемдеу керектiгiн дәлелдеу. Мәселелер­­ дi шешуде бар­ лық ойынға қаты­сушылардың мүд­ де­лерiн есепке алу

Iскерлiк ойындарды өткiзудiң әдiс-тәсiлдерiнiң үлгi жоспары: – ойынның аты; 111

– қысқаша сипаттамасы; – жаңа ұғымдар (ойын барысында қалыптасатын нақты ұғым­ дар); – ойынның мақсаты мен мiндеттерi (ойының алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерi); – алдын ала берiлетiн тапсырмалар (ол барлық ойында кездесе бермейдi); – рөлдерге бөлу (кейбiр ойындарда рөлдерге бөлiнбейдi, ойын барысында өзi қалыптасады, оны мұғалiм алдын ала бiледi және керек кезiнде ойынға өзi араласып кетедi); – ойын жағдайына кiру (ереже бойынша тарау тезис түрiнде баяндалады; – ал мұғалiмнiң рөлi ойынды әрi қарай дамытуға ықпал жасау); – ойынның кезеңдерi (ойындағы iс-әрекеттер кезеңдермен сипат­талады, ол тәжiрибеде ойынға сәйкес келедi); – ойынның қорытындысы (ойынның әрбiр кезеңiнде жеткен жетiстiктер, сонымен қатар жеңiмпаздарды марапаттау); – ойынның нәтижесiн талдау (эвристикалық әңгiме түрiнде өтедi). Мұнда оқушыларға қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары анықталады және осы өткен материалдарды қайталауға арналады); – үй тапсырмасы (сауалнама түрiнде жүргiзуге де болады, бұл әр оқушының алған бiлiмдерiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Кейде ойын басталмай тұрып анкета беруге болады. Ол оқушылардың ойынға араласуына қолайлы жағдай туғызады). Көбiнде 6-7-8 сыныптарда тәжiрибеде пайдаланып жүрген ойындар оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында өткiзiледi де, 9-10 сыныптарда оқушылар iзденiсiн, логикалық ойлау қабiлет­ терiн дамытуға арналады. Бiрақ оқытудың барлық түрлерiн ойын түрiнде өткiзу мүмкiн емес. Оқу үдерісiнде, әсiресе оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескер­сек, жоғары сыныптарда жаңа ұғымдарды қалыптастыру, қоғам­дағы басқа да өзгерiстер мен iс-әрекеттердi талдауда iскер­ лiк ойындардың рөлi зор.

7. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР 7.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi қабылдаған Бiлiм беру ұжымдарындағы тәрбиенiң кешендi бағдарламасында көрсетiлгендей тәрбие iсi балабақшадан басталып, орта мектептерде негiзгi бағыттары белгiленiп, пәндердiң мазмұны мен сыныптан тыс жұмыстарда жалғасын табуы тиiс. Ал мектептен тыс қосымша бiлiм беру мекемелерiнде тәрбиенiң ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдастыру жұмыстарымен жымдасып келуi керек. Ол мекемелер мектеп мұғалiмдерi мен бiрлесе оты­ рып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкiндiк туғызуы қажет. Оқушыларды жан-жақты дамыту дегенде олардың ұлт мәдениетiн, әдеби тiлдi, мәдениет тарихын, салт-дәстүрдi, ұлттық өнер түрлерiн меңгеруi ескерiлуi керек. Жалпы, бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға бiлiм мен тәр­ бие беру мектепте жүргiзiлетiн сабақта және мектептен тыс жұ­ мыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгiлi бiр нәтижеге жетуге болады. Бұл екеуi де бiрiн-бiрi толықтырып отыруы қажет. Сабақта өтiлетiн тақырыптарды кеңiрек оқып меңгеру үшiн сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды осы бағытта жүргiзу орынды болмақ. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теория­ лық бiлiмiнiң кеңеюiне, толықтыра түсуiне лайықталып, олардың жеке қабiлетiн дамыта түсерлiктей болғаны жөн. Сонымен бiрге жақсы адамгершiлiк мiнез-құлықтың оқушы бойына дағды болып сiңiсуi де қарастырылуы керек. Қазiргi уақытта орта бiлiм беретiн мектептердiң алдында тұр­ ған негiзгi мақсат оқушылардың ой-өрiсiн жан-жақты дамыту, оларға қазiргi заман талабына сай бiлiм беру және тәрбиелеу. Ал 113

оқушыны жан-жақты дамыту дегенiмiз оның тек қана дене бiтiмi жағынан өсiп жетiлуi емес, сондай-ақ баланың жан дүниесiнiң ба­ йып, рухани өсуi, қабiлетi мен дарынының анықталып, кең өрiстеуi, парасаттылық, ой мен адамгершiлiк көзқарастарының қалып­та­суы болып табылады. Оқушының бойында осындай iзгi қасиет­тер­дi қалыптастыру, олардың iске асырылуы мектепте жүргi­зiлетiн сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тiкелей байланысты. Сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстардың түрлерi көп. Бiрақ барлығының мақсаты – баланы жан-жақты жетiлдiру, оның бойында адамгершiлiк қасиеттердi дамыту. Тек олардың қай түрiн оқушылармен жүргiзу керек дегенде мiндеттi түрде ескерiлетiн нәрсе оқушының жас ерекшелiгi, жүргiзгелi отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенiң өз мүмкiндiктерi. Өмiр өзгерiп, заман жаңарып елiмiз дамудың жаңа жолына түс­ кен кезде мектептердiң мiндетi, борышы бұрынғыдан әлде­қайда ауырлай түсетiнi белгiлi. Бұл мiндет әрбiр пәнге, әрбiр пән бойынша жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстарға қатысты болуға тиiс. Кез келген пәндi оқыту мен жеке пәндер бойынша жүргiзiле­ тiн сыныптардан тыс жұмыстар жаңа заман тудырып отырған әлеуметтiк-экономикалық талаптарға жауап беруi тиiс. Оқушы­ лар­ға бiлiм мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұ­ мыстар мектептегi оқу-тәрбие жүйесiнiң бiр бөлiгi болып саналады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың бiлiмдерi мен бi­ лiк­тiлiктерiн қалыптастыру мұғалiмнiң жеке басына, оның жалпы кәсiби бiлiмi мен сабақтан тыс түрлi көпшiлiк қоғамдық жұ­ мыс­тарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты. Осының бәрi бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүруi оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiнiң дамуына жол ашады. 7.2. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті Сыныптан тыс жұмыстар төмендегiдей мiндеттер негiзiнде құрылады: 1) оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн дамытып оқу iсәрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға, бағдарлама бойынша берiлген материалдарды тез меңгеруiне көмектеседi; 114

2) сыныптан тыс жұмыстар өткiзу және оған дайындық барысы оқушылардың бақылау жүргiзуiне, қарапайым тәжiрибелер қоя бiлуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына мүмкiндiк бередi. 3) сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың iскерлiгiн арттыру бағытында жүргiзiлетiн педагогикалық бiлiм, тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бiрi. Сыныптан тыс жұмыстардың түрi көп, бiрақ олардың әр­қай­ сысының өзiндiк ерекшелiктерi бола тұрса да бiрдей орындалуға тиiстi мынадай ортақ ұстанымдары бар деп есептеймiз: 1) сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар түрлерiне оқушы­ ларды қатыстыру тек қана ерiктi түрде iске асырылады; 2) қандай жұмыстың түрi болса да оның қоғамдық және қол­ данбалы бағыты болуы керек; 3) сыныптан тыс және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыс түрiн белгiлегенде әр оқушының ықыласына, ұсынысына, құш­ тар­лығы мен құмарлығына сүйенген жөн; 4) ұйымдастырылған жұмыс түрi оқушылардың белсене қаты­ суына, iзденушiлiктерiне бағыттайтындай болу керек; 5) балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың әртүрiнде романтика (елiктiргiштiк) басым болғаны дұрыс; 6) нәтижелi болу үшiн бұл жұмыстардың нақты белгiленген күнi, мерзiмi немесе айқын жасалған графигi болуы керек; 7) сыныптан тыс жұмыстардың кешендi түрде iске асырылу талабы үнемi сақталып отыруы қажет; 8) сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жолын қарастыру керек; 9) сыныптан тыс жұмыстарға тартылатын және тартылған оқушылармен жұмыс жүргiзгенде олардың жас ерекшелiктерiн, қабiлетiн ескеру қажет. География пәндерiнен жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыс­тар­ дың рөлiнiң артуына төмендегiдей жағдайлар әсер етедi: 1) сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, бiлiм беру және тәрбие жұмысының әдiстемелiк дамуына әсерiн тигiзедi; 2) мектеп бағдарламасында оқу материалдарын сыныптан тыс жұмыстармен байланыстыру барысында оқушылардың бiлiмiн жан-жақты арттыруға мүмкiндiк бередi. Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулi болуына 115

байланысты күнделiктi өмiрде болып жатқан ғылыми-техника­лық өзгерiстердi кеңiнен қамти алмайды. Сондықтан тек қана iскер­лiк пен ұйымдастырылған сыныптан тыс кешендi жұ­мыс­тарда жаңа материалдағы өзгерiстердi кең түрде қолдануға болады. 7.3. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері Мiне, осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға бiлiм беру жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргiзуге болады: 1) географиялық үйiрмелер. 2) географиялық апталықтар. 3) географиялық кештер. 4) географиядағы өлкетану жұмыстары. 5) топ серуендер мен танымжорықтар. Осы бағытта жүргiзiлген жұмыстар оқушылардың жауапкер­ шiлiк сезiмдерiн, бiлiктiлiктерiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. География пәнінен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей болады: 1. Ауызша әдіс (вербальды) – лекция, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәріс­терді, әңгімелесуді, сұхбаттасуды ғалымдармен, экспедиция қызмет­кер­ лерімен, мемлекеттік ұйым жұмысшыларымен кездесу ұйым­дас­ тыру арқылы өткізуге болады. 2. Практикалық әдіс арқылы топпен немесе жалғыз оқушымен практикалық сабақ үстінде жүзеге асыруға болады. Оқушы бұл сабақта өздігінен географиялық аспаптар, құралдар, зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, оларды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді. 3. Бақылау әдісін – оқу барысында, табиғат құбылыстары, адам­ның шаруашылық әрекеттеріне бақылау ретінде пайдалануға болады. 4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс бақылауға қиын табиғи процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсаттарында қолданы­ лады. Мысалы: шөгінді жыныстардың пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер, т.б. тәжірибені алдын ала дайындап, оқушылар сыныпта нәтижелерін талқылайды. 116

5. Конструкциялар мен модельдеу, географиялық құбылыс­ тар­дың мәнін түсінуге қажет құралдармен аспаптар моделін жа­ сауға мүмкіндік береді. 6. Модульді географиялық объектілер морфологиясын (өзен аңғары, тау-жыра) зерттеуде қолданылады және зерттелмеген объект немесе құбылыс жайлы көлемді түсінік береді. Модельдер, сондай-ақ аймақтың экономикасын түсінуге көмектеседі. Олар географиялық модельдер. 7. Экскурсиялық әдіс объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді. 8. Объектіні оқу әдісі оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс географиялық объектіні зерттеу­ лердің әртүрлі сатыларында қолданылады, зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында қорытынды жасағанда қолданылады. 9. Картографиялық әдіс география ғылымында ерекше ма­ ңызды, ол арқылы көптеген есептеулер жүргізіледі. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ: үйірме, секция, географиялық қоғам, географиялық апталық, декада, конференция. Үйірме бұл берілген тақырыпқа қызығатын әртүрлі жастағы оқушылардың өз еркімен қатысуымен жүргізіледі. Үйірменің жос­пары, алдымен түрлі тақырыптарға жасалынады. Отырыстары аптасына бір рет немесе одан да жиі болады. Үйірмеге пәнге байланысты атау беріледі: «Жас географ», «Саяхатшы», т.б. Секция – география үйірмелерінің үлкен бөлігі, өткізілуіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, геологиялық, гидрологиялық, гео­ ботаникалық, аймақтық секциялар. Оның негізі географиялық талаптарға сәйкес құралды. Аймақтық секцияның бірнеше түрлерімен шұғылдануына болады: жаяу, таулы, велосипед, су шаңғысы, т.б. Географиялық қоғамда көпшіліктің қатысуымен ғылыми гео­ графиялық білім насихатталады, қарастыратын тақырыптары өте ауқымды. Географиялық үйірме мен қоғамның арасында үлкен айырмашылық бар. Жүргізілетін жұмыстар іздену, зерттеу бағыттарына негізделген. Географиялық апталық – сабақтан тыс жұмыстың бір түрі. 117

Ол оқушының географиялық білімін арттыру мақсатында сабақтан кейін аптаның алты күні бойы жүргізіледі. Бұл түрдің ерекшелігі әртүрлі жұмыс түрлеріне оқушыларды қызықтыру, түрлі жаңалықтармен таныстыру, ғалымдардың өмірбаяны мен саяхаттарына қызықты әңгімелер баяндау. Оларды түрлі әдістер арқылы жеткізу. Мысалы, географиялық конференция, олимпиада, жарыс ойындары, кештер өткізу. Бұл ойындар әртүрлі жастағы оқушылардың географияға деген танымдық қызығушылығын арттырады. Географиялық декада апталық жұмысқа ұқсас, айырма­шы­ лығы бір ай көлемінде жүргізіледі. Барлық сынып оқушылары түгел қатыстырылады. Тақырыптар кең ауқымды мәселелерге негізделіп жасалынады. Соңынан қорытындысы шығарылады. Географиялық конференция – сабақтан тыс жұмыстардың біршама кең көлемді іс-шараларының бірі. Географиялық сек­ цияларға бөлініп өткізіледі. Онда баяндамалар, қабырға газет­ тері, викториналар, географиялық мазмұндағы кинофильмдер, жеке оқушылармен немесе топпен географиялық кештерді ұйымдастырады.

8. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР 8.1. Географиялық экскурсиялар және оның түрлерi Басқа пәндердiң барлығынан география үшiн экскурсия­ның мәнi өте зор. Айналамыздағы табиғаттың географиялық объек­ тiлерi мен өз елiнiң географиялық факторлары арасын­дағы себептi тәуелдiлiктi зерттеу география сабағын оқытуда негiз болып табылады. Қазан төңкерiсiне дейiнгi уақыттарда география мұғалiмiне экскурсия идеясының өзi үшiн күресуге тура келдi. Қазiргi кезде экскурсия мектептiң барлық басқыштарында да оқу үдерісiнiң ажыратылмас бiр бөлiмi болып табылады. БК (б) П Орталық Комитетiнiң 1932 жылғы 25 тамыздағы бас­ тауыш және орта мектептердiң оқу бағдарламалары және режи­ мi туралы қаулысында: «Оқытушы өзi оқытатын пәнiн жүйелi, дәйектi түрде оқытуға, балаларды неғұрлым оқулықпен және кiтаппен жұмыс iстеуге, өздiгiнен iстейтiн әртүрлi жұмыстарына үйретуге, кабинеттерде, зертханаларда, оқу шеберханаларында жұмыс iстеуге, үйретуге мiндеттi, осы негiзгi әдiстермен қатар әртүрлi тәжiрибелер және аспаптар көрсетудi, балаларды шыға­ руды (зауыттарға, мұражайларға, далаға, орманға, т.с.с. жерлерге) кең түрде қолданылатын болсын» делiнген. Осыған қарағанда экскурсия бiздiң мектептерде кең өрiс алып, оқу үдерісiнiң ажыратылмас бiр бөлiгi болып алды деп ойлауға болар едi. Iс жүзiнде бұлай болмай отыр. Өздерiнiң география жөнiндегi жұмысының жүйесiнде экскурсияны енгiзген мектептер өте сирек кездеседi. Географиялық экскурсияны анда-санда пайдаланатын мектептер де жиi кездесе бермейдi. Ал 5-сыныптың физикалық география бағдарламасында бiрсыпыра тақырыптарды экскур119

сия арқылы өту қажет екендiгi белгiлi. Мұнда бiздiң ай­тайын деп отырғанымыз: «Көз мөлшерi съемка», «Жақын жердегi жазықтарды зерттеу», «Жазық құрылысын оның табиғи және жасанды айқындалу жолы бойынша зерттеу», «Жақын жердегi төбелердi зерттеу», т.с.с. Осыған қарамастан мектептердiң көп­ шiлiгi әлi күнге дейiн география сабағында экскурсияны қол­дан­ бай келе жатыр. Мектептерде экскурсия жасау iсiнiң дамуы жолындағы түрлi бөгеттердiң, ең бастысы, мұғалiмнiң дайындығының нашарлығы. Солай екендiгiн мұғалiмдерге қойылған сұрақтар, анкеталар, мектептердi байқау, тексеру нәтижелерi, т.с.с. көрсетедi. Экскурсия жұмысын жүргiзе алмауы салдарынан мұғалiм экскурсия жұмысынан өзiнiң бас тартып, қашқақтап жүргенiн де сезбей қалады. Мұғалiмнiң экскурсияға бұлай қарауының себебi де түсiнiктi. Экскурсия жеңiл жұмыс емес. Ол көп дайындықты қажет етеді, оның үстiне сабақ кестесiн бұзып, мұғалiмнiң бүкiл сыныпты жұмыс күнi далаға ертiп, шығып кетуi керек. Сабақ кестесiнiң бұзылуы нәтижесiнде тәжiрибесi кем мұғалiмнiң өткiзген экскурсиясы да көңiлдегiдей болмай, оның өзiн де қанағаттандыра алмайтын болып шығады. Әрине, мұндай сәтсiздiкке ұшырағаннан кейiн, мұғалiм экскурсия жөнiнде әрекет жасамайды. Егер экскурсия сабақ кестесiне кiрмеген болса, мұғалiмнiң күнде сабақтан қолы тимейтiн болса, оның экскурсия өткiзбеуiне заңды себеп табыла кетедi. Экскурсияны мұғалiмнiң өзi жақтырмайтын жерде iс осылай болып шығады. Мұғалiмнiң экскурсияны жақтырмау себебi көбiнесе оның экскурсия жұмысының қандайлық мәнi бар екенiн түсiне алмағандығы болады. Өзi экскурсия өткiзе алмайтын мұғалiм экскурсияға уақыт жұмсауға тұрмайды деп есептейдi. Ал экскурсияны жақсы өткiзе бiлетiн мұғалiм қайта экскурсияда уақыт үнемделетiнiн бiледi. Үш сағаттық бiр экскурсияда 6-8 сағаттық әдеттегi мектеп жұмысынан артық нәтиже шығаруға болады. Сондықтан оқушылардың экскурсиядан алған бiлiмiнiң тереңдiгi, әсiресе географиялық фактiлердi ұғуы, әдеттегi сабақ­ тардан әлдеқайда артық болып шығады. Мiне, сондықтан пат­ шалық Ресейде жақсы мұғалiмдер экскурсия үшiн күрескен едi. 120

Экскурсия iсiнiң сәтсiздiкке ұшырауының себебi тек қана мұ­ ға­лiмнiң дайындығының жеткiлiксiздiгi емес. Егер мектеп жұ­ мы­сы жақсы жоспарланған болса, одан экскурсия жұмысына да нұқсан келмей қоймайды. Мұғалiмдердiң сабақ басты нәрсе деуi, топтарда оқушылардың аса көп болуы, ең қажеттi деген жаб­ дықтардың болмауы экскурсия iсiне үлкен қиыншылық ту­ғы­зады. Бiздiң пiкiрiмiзше, осылардың барлығы ондайлық маңызды се­ бептер емес, бұлардың өзi көбiнесе бiрiншi себепке байланыс­ты. Кейде экскурсия жұмысына бөгеттердiң бiрi ретiнде экскурсия жасайтын жер жоқ деген сылтау айтылады. Осы сияқты себептер мұғалiмнiң дайындығы шала екендiгiн тағы да айқынырақ көрсетедi. Экскурсия үшiн пайдалануға келмейтiн жер болмайды. Бұлай деп тек Мәскеу, Алматы секiлдi iрi, физикалықгеографиялық экскурсия өткiзуге қажет объектiлерi мектептен алыс немесе өзгерiп кеткен қалалар туралы айтуға болады. Бiрақ iрi қалалардың жол қатынастары өте жақсы болады да, топта қанша бала болса да 20-30 минутта қаладан 15-20 шақырым шығып кете алады. Ал түрлi ұсақ қалалар мен ауылдарды алатын болсақ, физикалық-географиялық экскурсия үшiн олардағы жағдай анағұрлым қолайлы. Географиялық экскурсиялардың түрлерi. Мұғалiмнiң оқу­ шылармен бiрге мектептен сырт жерге шығып, сонда бақылау жұмыстарын жүргiзуін экскурсия деп атауға болар едi. Мысалы, мұғалiм балаларды мектептiң ауласына шығарып алып, ескi тас қабырғаны немесе үюлi жатқан тастарды пайдаланып, табиғи өзгерiстi байқаумен шұғылдана алады және географияның әдеттегi сабағының шегiнен аспайды. Бiрақ мектеп ауласында жүргiзiлген мұндай жұмыс экскурсия деп аталмайды. Экскурсия деп мектептен, мектеп ауласынан тыс жерге (мұражайға, зауыттарға, далаға, т.б. жерге) баруды есептейдi. Экскурсияға қажеттi уақыт әрқашан да әдеттегi сабақ кестесiнiң шегiнен асып кетедi. Экскурсия деген ұғымның өзiн анықтау мақсатымен бiз бiр ғана мысал келтiрейiк. Айталық, бiз серуендеу, таза ауа жұту үшiн және көңiл көтеру үшiн, сонан соң жолшыбай кейбiр географиялық объектiлердi көру үшiн қаладан сыртқа шығып бара жатыр екенбiз. Мiне, бұл экскурсия болмайды, бұл жай серуендеу немесе географиялық серуендеу болады. Экскурсия деп 121

бiз оқу жұмысының мектептен сырт шығуға байланысты белгiлi бiр түрiн айтуымыз керек. Сабақ секiлдi экскурсияның да өз тақырыбы, өз жоспары, өз мiндеттерi мен жұмыс әдiстерi болады. Қысқасы, экскурсия – сыныптан тыс жүргiзiлетiн ең маңызды жұмыстардың бiр түрi. Жоғарыда байқағанымыздай географиялық экскурсиялар жа­қын жерлiк те, алыс жерлiк те болуы мүмкiн. Жақын жерлiк (мұражайға, қала сыртына) экскурсия көбiнесе бiрнеше сағатқа созылады, алыс экскурсия бiрнеше күнге созылуы мүмкiн. Орта мектептiң төменгi сыныптары үшiн жақын экскурсия қолайлы, сондықтан бiз оған ерекше назар аударамыз. Экскурсиялық жұмыс әдiстерiнiң түрлерi. Сабақтағы сияқты, экскурсиядағы жұмыс та түрлi әдiстермен жүргiзiледi, сондықтан экскурсиядағы жұмыс әдiсi бiреу ғана болмайды. Мұғалiм өзiнiң таңдап алған географиялық объектiсiн көрне­ кi құрал ретiнде пайдалана отырып, ол туралы айтып шығуына болады. Мысалы, төбенiң үстiнен бiр қыраттың көлбеу беткейi көрiнедi. Беткейден тарайтын сайлар, олардың салалары, сағасы, т.с.с. жақсы көрiнедi. Географ үшiн өте бағалы осы көрiнiс, қасына барса, байқалмаған болар едi. Алыстан қарағанда бiз сол сайлар қыраттың белгiлi беткейiмен байланысты екенiн, сайлардан құйылған бос жыныстарды, тiптi, сайлардың адам әрекетiмен байланысты өзгерiстерiн көре аламыз. Сөйтiп, сабақтағыдай, мұнда да әңгiмелеу әдiсi қолданылады. Сайлар жүйесiн алыстан қарастыра келiп, мұғалiм олардың бiре­уiн, барлық тауларымен қоса сызып алыңыз деп тапсырма бере алады. Ондай суреттер оқушылардың көз алдындағы көрi­нiстi тереңiрек байқауға оған тән ерекшелiктерiн аңғаруға көмек­теседi. Дәл осындай етiп мұғалiм төбе үстiнен барлық бөлiмдерiмен қоса өзен аңғарын, көлдердi, батпақтарды, ормандарды, төбе­ лердi, қыраттарды, шабындықты, селоларды, жолдарды, гидро­ станцияларды, зауыт-фабрикаларды, т.с.с. көрсете алады. Демек, объектiнi алыстан қарау, мұғалiмнiң түсiнiк беруi, оқушылардың сурет салуы барлық дерлiк географиялық экскурсияға тән iс болып табылады. Сабақта қолданылатын әдiстерге жақын осы әдiстермен қатар, әсiресе экскурсияға тән басқа да толып жатқан әдiстер бар. 122

Мұғалiм оқушыны географиялық объектiге жақын апарып, өздiгiнен орындау үшiн тапсырма беруiне болады. Мұндай жұ­ мыс­тардың мысалы ретінде, объектiнi жоспарға түсiру, биiктiгiн, тереңдiгiн, қабат­тарының қалыңдығын, температурасын өлшеу, т.с.с. танылады. Кейде, тiптi, мұғалiм зерттеу бағытында жеңiлжелпi тапсырмалар беруiне де болады. Ондай тапсырмаларға жа­ татындар: өзеннiң бұрынғы кездегi арнасын, бұрын көл неме­се батпақ болған жердi анықтау, ағаш өсiмдiктерiнiң сипатына қарай сайлардың шамалап жастарын анықтау, кейбiр көлдердiң қайдан пайда болғанын, олардың жасын анықтау, әрине, мұның бәрiн анықтау үшiн ап-айқын деректер болуы шарт. Осы айтылғандар­ ға қарағанда экскурсияның жұмыс әдiсi әлденеше түрлi бола алатындығы байқалады. Жұмыста қай әдiстi қолдану керек екендiгi, сабақтағыдай толып жатқан себептерге байланысты болады. Ол экскурсияның тақырыбына, оның өткiзiлетiн орнына, қатысушылардың көптi­ гiне, экскурсия жұмысына бөлiнген уақытқа және мұғалiм­нiң өз дайындығына қарай бөлiнедi. Экскурсиялық жұмыстың ең қарапайым түрi – мұғалiмнiң оқушыларға объектiнi көрсетуi, ол туралы түсiнiк беруi. Жұмысты жаңа iстей бастаған мұғалiм көбiнесе осы әдiстi пайдаланады. Олай болатын себебi мұға­ лiмнiң мұндағы жұмысының, шынында, сыныптағы жұмысынан айырмашылығы болмайды, тек бұл жерде мектепте болатын картина немесе кестелердің орнына ол географиялық нақты объектiлерді пайдаланады. Әрине, суретiн көргеннен гөрi нақты объектiнiң өзiн көрген пайдалырақ екендiгiнде дау жоқ. Бiрақ экскурсияда жұмыстың бұл әдiсiне әуестенiп кетуге болмайды. Бұл әдiске әуестенуге болмайтыны, бiрiншiден, оқушылар енжарлыққа дағдыланып кетедi. Егер балалардың алдына мiндет­ тер қойып, мәселенi олардың өздерiнiң қатынасымен шешiп отырмасақ, балалар өздерi көрiп бiлуге, заттар мен құбылыстар арасындағы себептi тәуелдiлiктi таба бiлуге үйрене алмайды. Ал бұл өте қауіпті жағдай. Баяндап айтып бере берудiң екiншi бiр зияндылығы сол, мұғалiмнiң өзi де экскурсияның маңызын төмендетiп жiбередi. Алғашқы тәжiрибесiнде мұғалім студент болып жүрген жыл­ дарын есiне түсiредi. Әлi жас, тәжiрибесi аз экскурсияшы табиғат 123

көрiнiстерiн, жақсы көретiндiгiнен кез келген объектiге тоқта­ лып, ұзақ әңгiмеге салынып, қарастырып отырған объектiден алыстайды. Мұғалiм қызық әңгiме айтқанда оқушылар барлық ынтасымен тыңдап отырады да, сондықтан сабақ көңiлдегiдей өтiп жатқандай көрiнедi. Дұрысында, бұл атымен экскурсиялық жұмыс болмай шығады. Ондай әңгiменi сыныпта да әдемiлеп, тiптi экскурсия кездегiден де қызықты етiп айтып беруге болады. Амал қанша, ондай қатенiң басқа экскурсияшыларда да және тек жұмысты жаңа iстей бастағандарда ғана емес, тiптi, өздерiн тәжiрибелi қызметкерлермiз деп санайтын мұғалiмдерде де болатынын бiледi. Мiне, ең алдымен, осы негiзгi қатеден сақтану керектiгiн ескертемiз. Оқушылар әңгiменiң қарамағына оп-оңай iлiнедi де оны өте жақсы тыңдайтын болады. Бiрақ өздiгiнен көрiп, көргендi талдап түсiнудi үйрене алмайды. Әдетте, мектептiң үйреншiктi жабық сыныбында отырғанда балаларды алаң қыларлық себеп те кем, сондықтан балалар қайткенде де мұғалiмнiң айтқанын тыңдап отыруына тура келедi. Экскурсияда iс жағдайы өзгередi. Жаңа жағдайда, шексiз кең далада, аспанның күмбезi астында шырылдаған бозторғайлар, ұшқан көбелектер – бәрi де оқушыларға күштi әсер етедi. Әрине, бiраздан кейiн балалар тыңдауды қояды. Егер мұғалiм оларды зорлап тыңдатпақ болса, ол қателiк болып шығады. Сыртқы әсердiң соншалық күштi болатындығынан балалар мұғалiмдi бәрiбiр тыңдамаған болар едi. Мiне, сондықтан әңгiмеге әуес­ тенуге болмайды. Бiр объектiнi қарастырып тұрғанда 5-6 сынып оқушыларына 5-7 минуттан артық сөз сөйлемеу керек екенiн тәжiрибе көрсеттi. Байқап тұрған мұғалiм кейiнгi қатар­да­ғы­лар­ дың ішiнде бiлдiрмей есiнеп тұрғандар да, ойнап тұрғандар да бар екенiн көре бастайды. Бұл жақсы емес. Мұндай жағдайда әңгiменi неғұрлым тез тоқтатып, уақытты өткiзiп алмай, оқушыларға басқа бiр жұмыс беру керек екендiгiн көрсетедi. Географиялық объектiнi көрсетiп тұрып түсiнiк беру – экскур­ сиялық жұмыстың ең қарапайым түрi. Әдетте, жас мұғалiм жұмысты осыдан бастайды, бiрақ оған ұзақ тоқталмау керек. Кейде рас бұл әдiстi кеңiнен қолдануға тура келедi. Мұғалiм мен оқушылар бiр өте қызықты (географиялық жағынан) жерде болып, экскурсияның уақыты аз болса, солай етуге тура келедi. 124

Мысалы, алыс бiр экскурсияға барғанда бiз бiрнеше сағат­қа тоқтасақ, ол жерде объектiлер көп және қызықты болып шық­ са, мiне мұндайда, уақыт үнемдеу мақсатымен, мұғалiм көбiнесе объектiлердi көрсетiп, өзi түсiндiрiп айтатын болады. Оқушы­ ларға өздiгiнен толық танысып шығуына жол бермейдi. Мұндайда экскурсанттар қатты шаршайтынын да айта кету керек. Осындай ерекше жағдайда да мұғалiм шектен шығып кетпеуi керек. Әйт­ песе экскурсияның басқа кезеңдерiне мұның зияны тиюi сөзсiз. Экскурсия жұмысының ендiгi әдiстерiнiң бiрi – мұғалiмнiң тапсыруы бойынша оқушылардың өздiгiнен байқау жұмысын жүргiзуi. Өзiмiздiң бiрiншi мысалымызға қайта оралайық. Мұғалiм оқушылармен бiрге биiк жерде тұрып оның жанындағы қыраттың сай-сай болып тiлiнiп жатқан беткейiн қарап тұр. Бiз жоғарыда мұғалiм сол жерде тұрып әңгiме түрiнде түсiнiк те бере алады, тапсырмалар да бере алады дегенбiз. Ол тапсырмалар мынадай болуы мүмкiн: 1. Бiр сайды таңдап алып, оны төменнен жоғары қарай қарап шығыңдар. 2. Өздерiң таңдап алған сайдың неше саласы (тарауы) бар екенiн санап шығыңдар. 3. Сайдың қай жағында саласы көп? 4. Таңдап алған сайдың барлық салаларымен қоса суретiн салып алыңдар. Немесе 1. Беткейде өздерiнің бөлек салалары бар iрi сайлар қанша екенiн санаңдар. 2. Беткейдегi сайлардың немесе салалардың ертеректе пайда болғандары қайсысы, кейiнiрек пайда болғаны қайсысы. 3. Бұл сайлардан шыққан жыныстар қайда кетуi мүмкiн? Егер бiз объектiге жақын тұрған болсақ, онда сұрақтар мен тапсырмалардың саны көбеюi, мазмұны түрлiше болуы мүмкiн. Алдымызда бiр кiшiрек көл жатсын. Мұғалiм тапсырмалар бередi: көлдiң ұзындығын, енiн өлшеңдер, оны жоспарға түсi­ рiңдер, суының түсiн, дәмiн, иiсiн, температурасын анық­таңдар. Көл түбiнiң топырақтары қандай екенiн, солардың түрлерiн жиыңдар, одан газ көпiршiктерi шығып жатқан жоқ па екен, көлде өсiмдiк бар ма екен, ол қандай өсiмдiктер және қай жерiнде, т.с.с. 125

Егер бiздiң алдымызда жыныс қабаттары жақсы көрiнiп жат­ қан тiк жар болса, мұғалiм мынадай тапсырмалар бередi: қабат­ тар жақсы көрiне ме, олар қай жыныстан, қалай орналасқан, олар­ дың қалыңдығы қандай, т.с.с. Ол тапсырмалардың нәтижесiнде жардың жыныс қабаттары көрсетiлген суретi және қабаттардың қалыңдығын көрсететiн сандар келiп шыққан болар едi. Оқушыларға қойылатын сұрақ санымен шектелмейді, бiрақ мұға­лiм оқушылардың шама-шарқымен санасуы керек. Егер мысал үшiн 10-12 сұрақты шешу керек болса, онда мұғалiм тапсырмаларды балаларға топ-топ бойынша бөлiп бередi. Әрбiр топқа берiлген тапсырманың саны 3, 4-тен артық болмайды. Қағазға көл­дiң планын түсiру секiлдi тапсырма көп еңбек етудi қажет етеді. Осындай бiр тапсырманы орындауға кететiн уақыт басқа тап­сыр­малардың 3, 4-еуiн орындауға жұмсалатын уақытты алады. Мұғалiм экскурсияға дайындалғанда, осылардың бәрiн еске алып, жұмысты топтап арасында тең бөлуi керек. Тапсырмалардың бәрi орындалып, жұмыс нәтижелерi жинақ­ талған соң мұғалiм оқушыларды жинап алып, олардың жұмыс нәтижелерi туралы қысқаша есептi баяндамасын тыңдайды. Баян­ даманы әрбiр топтың өкiлдерi жасайды. Әрбiр баяндамада iс­телген жұмыс және одан алынған нәтиже туралы айтылады. Жиналған коллекциялар да сол жерде газет үстiне әкелiп қойы­лады. Мұғалiм әрбiр топтың жұмыс нәтижесiмен олардың «баяндама» iстеуiнен бұрын танысып, дұрыстап баяндама жоспарлауларына көмектесiп, топтардың жиналуын реттеуге мiндеттi. Жұмыс осы жағдайда жүргiзiлсе ғана, ол қызықты және бағалы болады. Өзiнiң ескертуi, түзетуi, қосымшасы болса, мұғалiм оларды сол баяндама уақытында iстейдi, ақырында жүргiзген жұмыс негiзiнде шешiлетiн жалпы мәселенi анықтап бередi. Экскурсияның үшiншi және жоғары түрi – онша қиындығы жоқ географиялық тапсырмаларды мұғалiмнiң басшылығымен оқушылардың өздерiнiң орындауы. Ондай тапсырмалар, мысалы, мынадай болуы мүмкiн: 1. Өзеннiң бұрынғы арнасының орнын анықтау. 2. Көлдiң мөлшерлi жасын анықтау. 3. Сайлардың мөлшерлi жастарын (өсiмдiк және басқа белгi­ лерi бойынша) анықтау. 126

т.б.

4. Көлдердiң қайдан пайда болғаны туралы мәселенi шешу. 5. Жазықтардың қайдан пайда болғаны туралы мәселенi шешу. 6. Қыраттардың қайдан пайда болғаны туралы мәселенi шешу,

Әрине, мұндай тапсырмалар оқушыларда жеткiлiктi тәжiрибе болса және байқалатын объектiлерде анық сипаттамалар көрiнiп тұрған болса ғана берiледi. 8.2. Мұғалiм мен оқушылардың экскурсияға дайындалуы Мұғалiмнiң экскурсияға дайындалуын бiз аса маңызды мәсе­ лелердiң бiрi деп санаймыз. Сондықтан бұл мәселелерге барынша толық тоқталуымыз керек. Мұндай нағыз практикалық мәнi бар мәселенi баяндаудың ең жақсы жолы, бiздiң пiкiрiмiзше, нақты мысалды келтiрсек жақсы түсiнiктi болады. Мұғалiм экскурсияны 5-сыныппен, күздiгүнi, яғни физикалық география сабағы басталысымен өткiзуi керек едi дейiк. Оқушылар тек бiрiншi тарауды ғана өткен, көз мөлшерлi съемканы да толық өткен жоқ. Алайда олар планшеттi бағдарлауды, мектеп ауласында көз мөлшерлi жеңiл съемка жұмысын жүргiзудi бiледi. Бiрақ бұлардың бәрi – күзгi дала экскурсиясында толықтыру, баянды етудiң тек алғашқы қадамы. Мұғалiм шамалап мынадай тақырыптар тағайындайды: 1. Үлескінің көз мөлшерлi түсірілімі. 2. Жер бетiнiң басты-басты формаларымен: жазық, жота, өзен аңғары және сайлармен алғаш танысу. 3. Көкжиектi байқау. Осы тағайындалған жоспардан мұғалiм уақыттың бiр бөлi­ мiн көз мөлшерлi съемка практикасына, ал ендiгi бiр бөлiмiн әлi сабақта айтылмаған жаңа материалды оқуға жұмсағысы келгенi көрiнiп тұр. Олай болса, мұғалiм экскурсия жұмысының екiншi бөлiмiнде келесi сабақтарда қажет болатын материалды қарастыратын болады. Экскурсиялық жұмыстың, әдетте мектепте болатын жұмыс­ тан өзгешелiгi мұнда оқушылар да, мұғалiм де ашық далада болады. Оның үстiне, оқушылар да, мұғалiм де жұмыс үдерісiнде бiр жерден бiр жерге көшiп жүруi керек. Басқа жағдайларының бәрi кәдiмгi сабақтағы сияқты жоспармен жүргiзiлетiн маңызды 127

жұмыстар. Орын ауыстырып, жұмыс үшiн керектi объектiлердi табу мұғалiмнiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi болады. Бұл мiндеттi орындау үшiн мұғалiм, алдымен, тиiстi жерлердi, өзiне тән сипаты бар объектiлердi, ол объектiлер жақсы көрiнетiн орындарды белгiлеп алады. Мұғалiм жергiлiктi жағдаймен аса таныс болмаса, әрине, ол әуелi бiлетiн адамдардан сұрастырып, iрi масштабты картаны құрастырып, содан кейiн тиiстi жерлердi iздеуге кiрiсуi керек. Мұғалiм мектеп маңындағы жердi жақсы бiледi дейiк, соған сүйенiп, ол экскурсияның жүретiн жолын тағайындасын. Мұға­ лiмге объектiлердiң барлығы оңтайлы маршрутта орналасқан болуы, жолдың, өткелдiң қиын болмауы, тағайындалған маршрут­ тың 2-3 шақырымнан аспауы өте маңызды. Бұл жағдайда мұғалiм жақсы қолбасшы болуына тура келедi. Маршрут таңдауды оңай жұмыс екен деп ойламау керек. Маршрутты дұрыс белгiлеу ол экскурсия мәселелерiнiң көбiн шешу деген сөз. Мұғалiм маршрутқа тек айналаны мұқият зерттеп болғаннан кейiн барады. Мұғалiм карта мен жазу кітапшасын алып, сағатына қарай отырып, жердi түгел шолып шығып, маршрутты дәл белгiлейдi. Ендi экскурсияның пайдалы екенiн кейiн тек мұғалiм ғана емес, бүкiл мектеп те сезедi. Бiр экскурсияға дайындалу үшiн кемiнде 1 күн керек. Оның үстiне, айта қаларлықтай еңбектену қажет. Кейбiр жағдайда дайындық бiр күнде де бiтуi мүмкiн. Жұмысты жаңа iстей бастаған жас мұғалiмнiң айтқаны да тұптура. Экскурсияға алғаш дайындалу, шынында, көп еңбек тiлейдi. Мұнда әдістемелік дайындалудан басқа мұғалiм экскурсияға баратын жердi мейлiнше мұқият зерттеп шығуына тура келедi. Бiрақ осы қиындықтардың бәрi тек алғашқы экскурсиялармен байланысты. Алғашқы сабақ та толып жатқан дайындыты қажет етеді. Студент байқау сабағында бiрнеше күн дайындалады. Бiрекi жылдан кейiн сол сабаққа дайындалуға 2-3 сағаттың өзi де жеткiлiктi болып шығады. Экскурсия да дәл осындай уақытты алады. Мұғалiмнiң қарап шыққандарының бәрi, әсiресе оның жазу кітапшаларына жазылғандар, болашақ жұмыс үшiн мол дерек болады. Осы маршрутта өткiзiлетiн келесi экскурсиялардың әрқайсысы мұғалiмнiң 128

жер тану жағынан болса, жұмыс әдiсi жағынан болсын үнемi жетiле беруiне себеп болады. Әрбiр келесi экскурсия мұғалiмге ылғи түрлi жастағы (мектеп жасына дейiнгiден бастап ересек нұсқаушыларға дейiн) адамдармен жүздеген экскурсия өткiзген автордың өзi бұрын талай барып жүрген жердiң өзiнде өткiзiлген әрбiр келесi экскурсияда тек жұмыс әдiсi жағынан емес, сол жердi зерттеу жағынан да әрдайым бiр жаңалық табатындығына таңғалатын. Оқушылардың экскурсияға дайындалуы. Тек мұғалiмнiң дайындығы экскурсияның табысты болуын қамтамасыз ете алмайды. Оқушылар да экскурсия жұмысына дайындалған болуы керек. Көз мөлшерлi съемканы экскурсияның жоспарына тек оқу­ шылар ол жұмысқа азды-көптi дағдыланған болса ғана енгiзуге болады. Егер оқушылар планшеттi бағдарлай алмаса, сыныптың қабырғаларын, ауланың кескiнiн планшетке түсiре бiлмесе, экс­ курсияда көз мөлшерлi съемканы жасауға болмайды немесе барлық уақыт соған кетедi. Мұның екеуi де пайдасыз. Сон­дық­тан бiз экскурсияға алдын ала мiндеттi түрде дайындық өткiземiз. Экскурсияның екiншi бөлiмiнде бiз де сол мысалды аламыз. Экскурсияның негiзi мақсаты төңiректегi жер рельефiнiң формаларымен танысу болып табылады. Бiздiң алған тақырыбы­мыз әлi сыныпта өтiлмеген. Солай бола тұрса да, ол туралы бiраз хабарымыз болуы керек. Мысалы, экскурсияда оқушылардың iстейтiн жұмысының негiзгi әдiсi болып табылатын объектiнi қағазға түсiрудi алайық. Егер оқушылар сыныпта сурет салып көрмеген болса, онда экскурсияда сурет салғызу бекер болып шығады. Сурет салуға дағдыланудың үстiне, мұғалiм оқушыларға тиiстi жабдықтардың болуын қамтамасыз ету керек, өйткенi ондай жабдық болмайынша сурет салуды ойға да алуға болмайды. Оқушылардың әрқайсысында қағаз, қалам және өшiргiш, ең болмаса қолдан iстелсе де, папка болуы мiндет. Кәдiмгi дәптер даладағы жұмысқа жарамайды. Оқушы оны бiрiншi экскурсияда-ақ уқалап жыртып бiтiредi. Оқушы папкасыз жөндi бiр сурет те сала алмайды, түсiнiктi жазу да жаза алмайтын болады. Осылардың бәрi де бiр ұсақ-түйектердiң маңызы болады. Алғашқы экскурсияға барар алдында оқушылармен бiрге 129

бiрер рет аулаға шығып, бiр оңай заттардың суретiн салдырып байқау қажет. Ол партада отырып емес, әдейi тыста iстелсiн. Бұл жұмысты география пәнiнiң мұғалiмiмен келiсу бойынша сурет пәнiнiң мұғалiмi атқаруына болады. Экскурсияға балалар материалды мектепте өткеннен кейiн шығатын болса, мұғалiм ол материалдардың экскурсияда қажет жерлерiн оқушылармен бiрге қайталауы керек. Мысалы, мұғалiм қандай да бiр сайдың жасы туралы тапсырма бермек болса, онда балалар сол күнге дейiн сайлар, өзектер туралы не өткен болса, соның бәрiн қайта оқушылардың есiне түсiрiп шығуы керек. Егер мұғалiм төбенiң көлеңке жақ бетiндегi өсiмдiктерден күнгей жағындағы өсiмдiктердiң айырмашылығын көрсетпекшi болса, әрине, ол өсiмдiктерге жарықтың, құрғақтықтың, ылғалдылықтың қандай әсерi болатынын балалардың есiне түсiру керек. Еске түсiрiлген теориялық бiлiмдер экскурсияда көргендердi жылдам және терең түсiнуiне көмектеседi. Осындай оқу жағынан дайындалудан басқа, ұйымдастыруда да дайындық анағұрлым маңыздырақ болады. Оқушылар экскурсияда көз үйренген төрт қабырғалы сынып бөлмесiнде отырмайды, еркiн кеңiстiкте, тәртiп бойынша, тiлеген жайын қарай жүрiп отырады. Оның үстiне далаға шығу, әсiресе алғашқы жолы қашан да болса оқушыларды өте елегiзiтiп, олардың тәртiп сақтауын төмендетiп жiбередi. Жұмыстың сәтсiз болып шықпауы үшiн, осылардың бәрiн алдын ала ескеру керек болады. Даладағы жұмыс тек мұғалiм үлгiлi тәртiп орнатып, оны толық сақтай алса ғана, жақсы нәтижелi болып шығады. Бiз жай тәртiп емес, үлгiлi тәртiптi босқа айтып отырғанымыз жоқ. Адамды алаңдата беретiн жағдайда жұмыстың үздiксiз дұрыс жүруiн тек өте жақсы тәртiп сақтау қамтамасыз ете алады. Жұмыстың тәртiбi мұғалiмнiң өзiнiң қандайлық дайындалғандығына, ал экскурсия тәртiбi оқушылардың қандай дәрежеде ұйымдастырылғандығына байланысты. Мұғалiм экскурсияға жақсы дайындалған екен, бiрақ ұйым­ дастыру жағына көңiл бөлмептi. Ол айналасындағы жүрген 30-40 оқушылармен бiрге далада келе жатыр. Балалардың кейбiреулерi бөлiнiп кетiп, кейбiреулерi тiптi басқа жаққа жүгiрiп те кетедi, 130

кейде ойынға айналып кетедi, бiреуiн бiреуi итерiп, бiрiне-бiрi аяқтарын тосады, т.с.с. Мұғалiм жұмыстың алғашқы жарым сағатында-ақ қайсы бiреуiн соғып та үлгередi, бiрақ онымен тәртiп орнай қоймайды. Бұл жерде оқушылар мұғалiмнiң қолынан ештеңе келмейтiнiн әбден бiледi: дала жағдайында олардың бәрiн көзден таса қылмай отыруға бола ма? Мiне, қаралатын нысанға да келдiк. Оқушылар үймелеп тұр. Ұсақ балаларды ығыстырып жiберiп, ересектерi iлгерi шығып тұр. Артқылар мұғалiмнiң көрсетiп тұрғанын көре алмайды, сондықтан оларға көңiлсiз, олар ойынға айнала бастайды. Артта­ ғылардың ойыны жұмысқа ынталыларға, көбiнесе мұғалiм­дерге бөгет жасайды. Мұғалiм түсiнiк берудi аяқтап, тапсырмалар бере бастайды. Бiрақ арттағыларға бастан-аяқ қайта түсiндiру керек. Бұл жұмысқа бөгет келтiрiп, мұғалiмнiң жұмыс iстей бастағандарына көмектесуiне кедергi жасайды. Экскурсия аяқтала бастаған кезде бұдан да жаман болады. Оқушылардың жұмыстан әлдеқашан көңiлi қалған бiр бөлiмi бұта тасасына барып, өз қызығы өзiнде болып, экскурсиядан қалып та қояды. Шаршап бiткен мұғалiм олардың қалып қойғанын да байқамайды. Олар үшiн кейiн мұғалiм қанша әуре болады десе­ ңiзшi. Амал қанша, жұмыста мұндай жағдайлардың кездесуі сирек болмайды. Балалар жоғалған уақыттар да болған. Тiптi, шомылып жүрiп суға кеткендер де болған. Мiне, бұлар тәртiптiң жақсы болмағандығы. 8.3. Материалдарды экскурсиядан кейiн талқылау Әрбiр жақсы өткiзiлген экскурсиядан жиналатын материал­ дардың көптiгi сонша, тiптi, оларды бiр сабақта талқылап үйрену мүмкiн емес. Экскурсияда оқушылар, көз мөлшерлi съемка жасау практикасын санамағанда, iлгерiде толып жатқан тақырыптарды (жер бетiнiң формасы, жер астындағы су, ағын су, көл, көкжиек) өткенде қажет болатын нақтылы бiлiмдерге ие болады. Бiздiң бұл айтып отырғанымыз алдын ала өткiзiлген, яғни тақырып әуелi сыныпта оқылғаннан кейiн өткiзiлген экскурсия. Мұндай экскурсиядан басқа, қорытынды мазмұнды экскурсия да болуы ықтимал. Мысалы, мұғалiм көктемгi экскурсиялар131

да оқушыларды көктемгi сулардың ағуы, сайлардың ұлғаюы, өзендердiң тасуымен таныстырады. Осы айтылған тақырып­ тар­дың бәрi де сыныпта өткiзiлгенімен, «дала» материалы оқу­ шылар үшiн жаңа және өте қызықты болады. Оқушылар тек осы далада ғана судың сайды қалай қазып кететiнiн, төгiндiнiң, су жайылымының қалай шығатынын анық түсiнедi. Осындай тәжірибе үстiнде жиналған түрлiше жазу, сурет, съемка, тiлiндiлер, коллекциялар секiлдi материалдар кейiн мектепте талқылауды қажет етеді. Тағы сол көктемгi экскурсияда оқушылар өзен аңғарын да, көлдердi де, төбелердi де, жазықтарды да қайтадан қарап шығады. Бұл тек қайталау ғана болып табылмайды. Ұшықиыры жоқ алуан түрлi құбылыстарды оқушылар ендi мүлдем басқаша қабылдайтын болады. Бiр өзендi ондаған мәрте көрсе де, экскурсия басқарушы одан әрқашан жаңа материалдар таба бередi. Көктемде, әсiресе оқу аяқталып келетiн жазғы уақытта, материалды қалай талқылауға болады. Оның екi жолы болуы мүмкiн: үйiрмелер жұмысы және көр­ ме ұйымдастыру. Географтар үйiрмесi экскурсиядан кейiн кешiк­ тiрмей экскурсияның материалдарын өңдейдi, зерттелген жердiң планын және маршурт планын сызып, суреттердi, фотоға түсiрiл­ ген көрiнiстердi, жазуларды тәртiпке келтiрiп, өткiзiлген экскур­ сияға көрме жасайды. Көрменiң экспонаттары карталар (план­дар), тiлiндiлер, суреттер, коллекциялар және суреттемелер болады. Маршрут тәртiбiмен орналастырылған материалдарды көр­ генде, оқушылар экскурсияда көргендерiн тағы бiр рет ойларына түсiредi. Шығып сөйлеген баяндамашылар маршруттық картада белгiленген әрбiр пунктте iстелген жұмыстар туралы баяндайды. Бұл өзiнше бiр «естегiлер таңы» болып шығады. Оқушылар экскурсияны өте жақсы көредi, сондықтан олар экскурсияға барғанда кездескен әрбiр ұсақ-түйектiң өзiн көңiлденiп естерiне түсiредi. Көрмеден кейiн барлық материал желiмделiп, дәптерге тiгiледi. Дәптердiң сыртында тиiстi жазу болады. Мысалы, 5-сыныптың пәлен жерге барған экскурсиясы (жылы, айы, күнi). Ондай дәптерлердiң мектеп үшiн зор маңызы болатынын айтудың керегi де жоқ болар. Бiрақ бұл дәптерлер, үйiрме жұмыстары және көрмелер туралы iлгерiде сөз болады. Ал бұл жерде экскурсиядан соң матери132

алды қайткенмен де талқылау керек екенiн, әсiресе экскурсиялар қорытынды экскурсиялар болса, солай iстеу қажет екендiгiн атап көрсеткiмiз келедi. Алыс экскурсия экскурсиядан соң материалды талқылауды өте қажет етеді. Алыс экскурсиядан соң материалды жақсылап талқылағанда, одан экскурсияның маңызы 50 пайыздан аса артады десек, асыра сөйлеу болып шықпайды. Экскурсия материал­ дарын талқылау нәтижесiнде география кабинетiнде өлкетану жөнiндегi географиялық материал бiртiндеп көбейе бередi. Өлке­ тану жұмысын кеңiнен өрiстете түсу үшiн қажеттi материалдар сол экскурсиялардан алынады. 8.4. Мұражайларға экскурсия Iрi қалалардың әрқайсысында дерлiк өлкетану мұражайы болады. Географқа өлкетану мұражайын пайдалану қажет. Оқу­ шыға ешбiр кiтап, ешбiр табиғаттану экскурсиясы өлкетану мұра­ жайына бiр жерде жиналған географиялық материалдардай көп материал бере алмайды. Расында да мұражайдың 2-3 бөлмесiндеақ болып, өз жерiңiздiң басты-басты барлық физикалық-гео­ гра­­­фиялық жағдайымен танысуыңызға мүмкiндiк болады. Мұра­жайда физикалық-географиялық объектiлер әрқашан өте көр­нектi, ықшам, түсiнiктi және мейлiнше логикалық тәртiпке берi­ледi. Мұражайдан сөз гипсометриялық және геологиялық картадан бастап, ең жаңа экономикалық карта неше түрлi сызбалар, профильдер, геологиялық тiлiндiлер, топырақ жыныстарын, пайдалы қазбалардың коллекцияларын табасыз. Өлкетану мұражайында әрқашан өсiмдiк және жануарлар дүниесi, әсiресе адамдар, жақсы көрсетiлген болады. Жалпы алғанда, өлкетану мұражайы (идеясы жағынан) өз өлкемiздiң ең көрнекi географиясы болып табылады. Өлкетану мұражайында географиялық материалдар қашан да болса өте айқын түрде көрсетiледi және олардың түсiнiк жазулары болады. Ақырында, мұражайда әртүрлi түсiнiк және нұсқаулар бере алатын арнаулы адамдар болады. Мұражайға екi түрлi: жалпы бiлiм алу және арнаулы мақсатпен экскурсия жасауға болады. Бiрiншi жағдайда 1,5-2 сағат уақытты сіз мұражайдың барлық бөлiмдерiндегi неше түрлi экспонаттарды көруге пайдаланасыз. Екiншi жағдайда сол уақытты тиiстi 133

бiр бөлiмдi мұқият қарастырып шығу үшiн пайдаланасыз. Оқу мақсаты үшiн бiз тек екiншi тәсiлдi қолданамыз. Мысалы, бiз 5-сынып курсы бойынша «Жер бетiнiң формалары» деген тарауды өтетiн болсақ, онда мұражайда өзiмiздiң өлкенiң гипсометриялық рельефтiк карталарын, про­фильдерiн, тiлiндiлерiн балаларға түсiнiктi шамада геологиясын, тау жыныстарын, пайдалы қазбаларды және басқа алған тақырыбымызға байланыстылардың бәрiн де қарастырамыз. Мұғалiм топырақты да, өсiмдiктi де, адамды да жер бетi формаларымен байланыстыру қажет деп табуы да мүмкiн, бiрақ ол жаңа тақырып талқылау болып шықпайды, сол бiздiң алған тақырыбымыздың иллюстра­циясы болып табылады. Жылдың аяғында сол 5-сынып оқушылары «Ландшафтылық зоналар» тарауын өткенде, мұражайда топырақ пен өсiмдiк нақтылы материал ретінде көбiрек қамтылып, бұрынғыдан әлдеқайда терең талқыланады. Сонымен, географ оқушыларды мұражайға экскурсияға тек бел­ гiлi бір географиялық тақырыптарды талқылау үшiн апарады. Мұға­ лiм­дердiң бiрi: «мұражайға барған оқушылар оның басқа бөлiм­дерiн де көргiсi келсе қайтемiз», – деп сұрауы мүмкiн. Бiздiң ойы­мыз­ша, оқушылар жалпы бiлiм алу мақсаты­мен мұражайды бұрында көрген болуы керек деймiз. Мұражайға ондай жалпы бiлiм алу мақса­тымен экскурсияны, әрине, қай мұғалiм болса да өткiзе алады. Оқушылармен бiрге мұражайға кетiп бара жатып, кейде мұға­лiм iшiнен «мұражайда жетекшiлер бар, бiзге барлығын да солар түсiндiрер» деп те ойлауы мүмкiн. Мұғалiм мұражайға оқушылармен жұмыс өткiзу және оны неғұрлым жақсы өткiзу секілді белгiлi бiр мақсатпен барады. Ол жұмысты кiм мұғалiм­ нен жақсы өткiзе алады. Тiптi, ең жақсы деген жетекшi кәдiмгi қатардағы мұғалiмнiң iстегенiн iстей алмайды. Мұғалiм оқушы­ ларды бiледi, өзiнiң оқушыларға қандай бiлiм бергiсi келетiнiн бiледi. Сонымен қатар оқушылар да мұғалiмдi бiледi, оның айтайын деп тұрғанын сөйлей бастағаннан-ақ олар түсiне қояды. Экскурсиялық жұмыста осылардың бәрiнiң маңызы зор, сондықтан бiзге мұражайда экскурсия басқарушы мұғалiмнiң өзi болу керек дегендi жақтаймыз. Мұражайдың жетекшiсi мұражайды мұғалiмнен анағұрлым артық бiлетiнiне талас жоқ, ол рас. Қалғандарының бәрi дәлелсiз. 134

Дала экскурсиясын басқару үшiн мұғалiм дайындалуы керек. Объектiлердiң қай жерде екенiн, оған қалай бару керек екенiн, ненi түсiндiру керек екенiн ол бiлуге мiндеттi. Мұражайға экскурсия жасауға дайындалу одан жеңiл: онда бәрi де жазулы тұр. Бiлмеге­ нiн мұғалiм сол мұражай жетекшiсiнен сұрап та алады. Мұғалiм мұнда да, сол дала экскурсиясындағыдай жазу кітапшасын алып, ерте бастан мұражай бөлiмiн ұқыптап қарастырып, сұрастырып, зерттеп алып, өзiнiң оқушылармен жүргiзетiн жұмысының жос­ парын жасап алуға мiндеттi. Есте болу үшiн ол мынадай витринада мынау туралы айтамын, басқа бiр витринада суретiн салғызамын деп белгiлеп алуына болады. Осылай iстелген жұмыс мұғалiмнiң бiлiмiн толықтырады, оқушылардың жұмысын жеңiлдетедi. Мұғалiм оқушыларға тек жоспар бойынша керек және қажет дегенiн ғана бередi. Балалардың назарын көп нәрсеге аударып, оларға көп күш сала бермеу керек. Мұражайда бала түгiлі үлкен кiсi тез шаршайды. Дағдыланбаған адам мұражайды бiр сағат қараған соң-ақ шаршайды. Мұражай толған объектiлер, олардың бәрi де қызықты, сондықтан оған ми қуаты көп жұмсалады. Дайындалғанда осылардың бәрi де ескерiлуi керек. Мұғалiм экскурсияға өзi дайын­далып алған соң, тиiстi түрде оған оқушыларды да дайын­ дайды. Әдеттегi дайындалудан, яғни экскурсияның тақыры­бы­мен таныстырудан басқа, мұғалiм оның өзге жақтарын да қарас­тырып ескеруi қажет. Мұражайда шулауға, жүгiрiп жүруге болмайды, әсiресе заттардың ешбiрiне қол тигiзуге, витринаға сүйенiп шынтақтауға болмайды. Балаларды мұражайда дұрыс жүрiп тұруға үйрету оңай емес. Балалардың мұражайда өздерiн алып жүруiне қарай барлық оқушылардың арасында тәртiп қандай екенiн бiлуге болады. Оқушылар экспонаттарға қол тигiзуге болмайтынын бiлуi керек, мұражай үшiн ондай зиянды жағдайды мұғалiм болдырмауға мiндеттi. Шынын айтқанда, оқушыларға айтылған ескерту мұ­ ражайда балаларды мәдениеттi алып жүре бiлмеген мұғалiмге ескерту болып табылады. Мұражайдың заттарына қол тигiзуге, витриналарға шынтақтап сүйенуге мүмкiндiк бермейтiн жақсы әдiс-ашық экспонаттарды, витриналарды қарап тұрған уақытта қолды артқа ұстау, оқушылар бiрнеше ескерту алғаннан кейiн-ақ 135

бұған тез дағдыланады. Әрине, мұғалiм бұл жерде балаларға өзi үлгi болуы тиiс. Оқушыларды экскурсияға дайындаумен қатар, оларды мұ­ ражайға баруға да «дайындау» қажет. Мұғалiм ерте бастан (3-4 күн бұрын) мұражайға баратын күнi мен сағатын мұражайдың басшыларымен келiсiп алғаны дұрыс болады. Өйтпегенде мұра­ жайға да, мектептке де ыңғайсыздық туады. Мұражай экскурсияны «кезекке» жазып алады да, оқушылардың есiк алдында күтiп тұрып қалмау шарасын қолданады, мұражайдың бөлмелерi қарақұрым болмау қамын iстейдi. Мұражай басшыларының оны iстеуге мүмкiндiктерi көп. Экскурсия жазылып қоймағанда, мұражай басшылары өздерiнiң жұмысын жоспарлай алмай қалады. Мұғалiм осының бәрiн де ескеруi керек. Кейбiр жағдайларда мұражайдың жетекшiсiмен келiсiп қою да қажет болады: мысалы, жетекшi витринаны ашып, заттарды жақынырақ жерден көрсетуi, әлде ол туралы бiрдеңе айтуы да мүмкiн. Кей жағдайда мұражайдың жетекшiсiн қатыстыру өте пай­далы болады. Бiрақ осылардың бәрiн мұғалiм ертеден еске алып, экскурсияның жоспарына енгiзуi қажет. Бұл жағдайда мұ­ ра­жай жетекшiсiнiң берген түсiнiгiн мұғалiмнiң география саба­ ғында хрестоматиядан дауыстап үзiндi оқуымен теңеуге болады. 8.5. Географиялық экскурсияны жоспарлау Бағдарламада неше рет экскурсия болатыны көрсетiлмеген және көрсетiлуi де мүмкiн емес. Бiрақ бағдарла­мада экскурсияны қолдану қажет екендiгi туралы нұсқаулар жеткiлiктi. Бағдарламаны және оқулықтарды қарап отырып, жергiлiктi жерiмiздiң физикалық-географиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, бiз экскурсияда талқылау тiлейтiн тақырыптар тiзiмiн жасаймыз. Әрине, көз мөлшерлi съемканы, жақындағы жазықты, қыратты, кiшiрек өзендердi, өзен аңғарын, батпақ және кiшiрек көлдердi, бұлақтарды, топырақты, таудың борпылдақ жыныстарын, жер қабаттарының жатысын және басқа да көптеген тақырыптарды қай жерде болса да өтеуге болады. Осылармен қатар бiр жерде өте жақсы қарастырылып, басқа бiр жерде, тiптi, қарастыруға болмайтын тақырыптар да бар. Мысалы, таудағы тұрған адамдардың шатқалдармен, тау алқаптарымен, қар мен 136

таудан ағатын сулармен, тау жыныстарымен, т.б. танысуы қиын емес. Айтайық, Каспий маңындағы ойпаттың тұрғын адамдарына бархандар мен дюналарды зерттеу үшiн, сортаңдықтар мен шөлдiң флорасы мен фаунасын зерттеу үшiн экскурсия ұйымдастыру оп-оңай. Орталық Поволжьеде тұратындар үшiн әктастар, бор, жер қабаттары, тасқа айналған заттар, үңгiрлер, ойылып түсiп кеткен жердегi көлдер, су жайылымы, террасалары, ескi арнасы бар өзеннiң кең аңғары дәл сол жерлердiң өзiне лайық тақырыпта экскурсия ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бiз Байкал көлi жағалауы немесе теңiз жағалауы тәрiздi жерлердi айтпай-ақ қоямыз. Онда толқын әрекеттерiнiң барлық түрлерiн, iрi су бассейндерiнiң өмiрiн, өзен сағаларын, тігiндi конустарының қайдан пайда болғанын, атырауларды, өзен бойындағы жазықтарды, т.с.с. зерттеуге мүмкiндiк беретiн материалдар тiптi көп. Қысқасы, географиялық экскурсияны ұйымдастыру жағынан әрбiр жердiң өзiнiң қолайлы жағдайы, мүмкiншiлiгi болады. Ондай мүмкiндiктер соншалық көп және алуан түрлi, бүкiл КСРО шегiнде болатын экскурсиялар жоспарын қамтитын қандай да бiр кiтап жазып шығару мүмкiн де емес. Жергiлiктi жердiң мұғалiмi өз жерiнiң физикалық-географиялық жағдайымен жете танысып барлық мүмкiндiктi еске салып, тақырып тiзiмiн, өткiзiлетiн экскурсиялардың жоспарын өзi жасайды. Өз жерiнде өткiзiлетiн экскурсияның жоспарын жасау оп-оңай жұмыс емес. Оны жасау үшiн жеке мұғалiмдердiң, тiптi, бiр топ мұғалiмнiң мұқият көңiл бөлiп көп жұмыс iстеуі керек. Өз жерiн зерттеу жұмысын жүргiзу үшiн ең қолайлы уақыт – демалыс уақыты. Жергiлiктi жердiң әртүрлi ерекшелiктерiн және оқу бағдар­ ламасының қоятын талабын еске ала отырып, тақырыптар тiзiмiн жасағаннан кейiн, мұғалiм экскурсия жұмысын жоспарлауға кiрiседi. Бiр сыныпта жылына неше экскурсия өткiзуге болады. Бiз бұл сұраққа, егер уақыт және мүмкiндiк болып тұрса, сонша экскурсия болсын деп қойылған шек жоқ деймiз. Егер география үшiн берiлетiн уақытты, сабақ кестесiмен байланысты қиындықтарды, дайындалу қиындығын, экскурсияның жалпы қымбаттығын еске алғанда, мәселе бiрден-ақ анық болады. Оқу уақытында жоспарға көп экскурсия енгiзуге болмайды. Экскур137

сия аз, бiрақ жақсы өткiзiлсiн деген ереже әрқашан есiмiзде болсын. Қымбатқа түсетiн экскурсия өзiн-өзi ақтайтын болуы қажет. Осылардың барлығын ескере келiп, 5-сынып үшiн бiз қаладан тыс үш немесе төрт экскурсия белгiлеген болар едiк: Бiрiншi экскурсия. Көз мөлшерлi түсірілім және жер бетiнiң пішіні (күздi күнi). Екiншi экскурсия. Жер асты сулары. Ағын сулар әрекетi. Өзен және өзен аңғары. Көз мөлшерлi съемкаға жаттығу (күздi күнi). Үшiншi экскурсия. Көктемдегi тасқынның әрекетi. Өзен­ дердiң тасуы. «Жер бетiнiң формалары» жөнiндегi тақырыпты қайталау және тереңдету. Көлдер мен батпақтар. Топырақтар. Көз мөлшерлi түсірілімге жаттығу (жаз немесе күздiң басында). Төртiншi экскурсия. Өсiмдiк және оның физикалықгеографиялық жағдайға тәуелдiлiгi. «Жер бетiнiң формалары», «Өзен әрекетi», «көлдiң өмiрi» туралы тақырыптарды қай­ талау және тереңдету, съемка жасауға жаттығу (жаз немесе күз­ дiң басында). Төртiншi экскурсия уақыт жағынан 6-сыныпқа тиiстi болғанымен, шындығында, ол 5-сынып бағдарламасынан шығатын экскурсия. Төртiншi экскурсия бiр күндiк болуы мүмкiн, ең жақсысы екi күндiк болғаны. Бұл экскурсияда көбiрек жердi қамтыған жөн, сондықтан оны алысырақ жерде өткiзген жақсы. Қаладан сыртқы экскурсиялар туралы айта келiп, бiз экскурсияның басқа (съемкаға алғаш жаттығу үшiн мектеп ауласында өткiзiлетiн, өлкетану мұражайында болатын) түрлерi жөнiнде ештеңе айтпадық. Ондай жақын жерде болатын экскурсиялар сабақ кестесiн бұзбайды және ондай экскурсиялар көп еңбек те тiлемейдi. Экскурсия уақытында денсаулықты сақтау. Экскурсияға тек денi толығымен сау адам ғана жақсы барып қайта алатынын әркiм-ақ бiледi. Сондықтан қаладан тысқары экскурсияға барарда оқушылардың денсаулығын жақсы тексерiп шығу қажет. Жолға шыққаннан соң да балалардың ауырып қалуы мүмкiн, бiрақ ондайлық қатты ауырып қалу өте сирек болады, онда да тек алыс экскурсияларда кездеседi. Ал анау-мынау ауру-сырқаулар аз болмайды. Ең көбiрек кездесетiндерiне тоқталайық: 15 шақырымдық жолдың орта шенiне келгенде, «Менiң аяғым қажалып қанап қалды» дейдi оқушылардың бiрi. Мұнда алып 138

бара жатқан ештеңе де жоқ, бiрақ жағдай ауыр. Әрине, оны бол­ дырмауға шара қолдану керек. Ондай шаралар мыналар: 1. Экскурсияға ешуақытта жаңа аяқ киiммен баруға болмайды, өйтпегенде 1-2 шақырымнан соң-ақ аяқ қажалып қолдырайды. 2. Еш уақытта экскурсияға өкшесi немесе тұмсығы жыртық ұйық киiп баруға болмайды, жыртық жерлерiнiң шеттерi ширатылып, аяқты қажайды. 3. Жолда аяқты салқын сумен, тiптi, жылы сумен де жууға болмайды. Одан кейiн аяқ терлейдi де, соның салдарынан қол­ дырайды және бақайларының арасы үйкелiп терiсi сыдырылып қалады. Аяғы терлей беретiндер болса, бақайларының арасын вазелин немесе қойдың таза майымен жақсылап майлаулары қажет. Осындай шаралар аяқ қажалмауын қамтамасыз етедi. Жолығатын қиыншылықтың екiншi түрi – құрғақ ыстық күн­ дерде ерiннiң жарылуы, бұл жанға өте батады. Ерiннiң жарылу себебi: адам кеберсiгенiн сезiп, оны бұрынғысындай жұмсартпақ болып жалай беретiн болады. Сiлекейдiң желiмдi массасы (муцин) кебедi де, ерiндi одан да жаман кеберсiте түседi. Қайта-қайта жаланғаннан кейiн адамның ернiне қатты қабыршақ пайда болып, ол барып жарылып, ерiннiң терiсiн тiлiп кетедi. Ондай жа­рыл­ ған жерлер өте қатты ауырады және көпке дейiн жазылмайды. Ал экскурсияға шығар алдында немесе ерiн кеберси бастағанын сезгенде, оны таза маймен немесе вазелинмен майлаған болса, ондай жағдай болмас едi. Ерiндi кеберсiтпеу үшiн және мұрынның, беттiң күнге күймеуi үшiн вазелин немесе май (тұздалмаған) жаққан жақсы болады. Бiрдеңе кесiп не жыртып кеткен болса, онда йод жағып байлап қою керек. Экскурсия уақытында сусынмен қамтамасыз етудiң маңызы зор. Бұрын мәлiм болмаған жерлерден су iшу қашан да болса қауiптi. Сондықтан ең жақсысы – оқушылардың жолда суды неғұрлым аз сирек iшкенi. Бұл қиын да емес, ол үшiн экскурсияға шығар алдында оқушылар тұзды тамақ жемеу керек. Жолда шекiлдеуiк шақпау және аузына кәмпит салып, сорып жемеу керек. Тағы үшiншi шарт, жоспарда белгiленген жерге жеткенше сусын iшпеу керек. Тоқталатын жерге жетiп, сусын iшетiн уақыт болғанда, мұғалiм алдын ала оқушыларды су алатын жермен танысты139

рып, мынадай шаралар қолданады: егер су өте суық болып, күн ыстық болса немесе балалар жүрiстен терлеп, қызып келген болса, суды тек 10-12 минут дем алғаннан кейiн iшуге болады. Адамның жiгерi даму үшiн өте пайдалы болатын сондай кiдiрiс балаларды тұмауратып аурудан сақтайды. Сусынды әдейi соған арнап алып шыққан кружкадан iшу керек. Сусын iшу тәртiбi де тамақ жегендегiдей балалардың ең әуелi әлсiздеулерi, онан кейiн әлдiлеулерi iшедi. Дем алғанда дымқыл жерге, әсiресе салқын жерге жатпау керек. Экскурсияда жүрiп, суға түсу өте қауiптi. Экскурсия уақытында мұғалiм өзiнiң қарамағындағы балалар үшiн толық жауапты екендiгiн ұмытпауы керек. Бұрын таныс емес жердегi суға балалар түгiлi жақсы жүзе бiлетiн кiсi де суға кетiп қалады. Экскурсия уақытында үш баланың бiрден суға кетiп қалғаны бiзге мәлiм. Бұл оқиғаның олардың ата-аналарына да, мұғалiмнiң өзiне де қандай әсерi тиетiнiн өздерiңiз ойлап қараңыздар. Амал қанша ондай жағдайлар кездесiп тұрады.

9. МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР 9.1. Мектептегi географиялық үйiрмелердiң ұйымдасты­ рылуы мен мақсаты Үйiрмелердiң мақсаттары. География курсын өту үшiн әрбiр сыныпта белгiлi мөлшерде сағат көрсетiледi. Сол сағаттар iшiнде мұғалiм бағдарламада көрсетiлгендердiң бәрiн өтiп шығуы керек. Бiрақ географияны тек бiр ғана бағдарлама көлемiнде өту оқушыларды әрқашан да оншалықты қанағаттандыра бермейдi. Олардың кейбiр мәселелерді неғұрлым тереңiрек және тия­ нақты өткiзгiсi келедi. Мiне, осы жағдайдың өзi-ақ мұғалiмнiң басқаруымен оқушылар өздерiнiң географиялық бiлiмiн кеңей­ тiп, тереңдетуiне мүмкiншiлiк болатын үйiрмелер ұйымдастыру қажет екенiн көрсетедi. Өз өлкесiн зерттеу жұмысын да осы үйiр­ мелерде ұйымдастыруға болады. Өлкетану жұмысы әрқашан да дерлiк экскурсиялық жұмысты күшейте түседi. Экскурсияларда жиналған материалдар (жазу, сурет, фото, коллекциялар) кө­ бiнесе үйiрмелерде өңделедi. Модельдер, таблицалар, карта және басқа да құралдар жасауда үйiрмелер мұғалiмге көп көмек бередi. Модельдердi, карталарды және кестелерді оқушылар өздерiнiң баяндамаларын иллюстрациялау үшiн жасайды, ал олар кейiн географиялық кабинетке тапсырылып, сонда жиналады. Осындай мектеп жұмысымен тығыз байланысты мақсат­тар­ дан басқа да мақсаттар болуы ықтимал. Бұған жататындар балалар үшiн қызықты географиялық тақырыптар туралы баяндамалар, географиялық журнал шығару, экспедиция мүшелерiмен кездесу, география кештерiн өткiзу, т.с.с. Сыныптан тыс осындай жұмыстарды тиiстi географиялық үйiрмелерде ойдағыдай өткiзуге болады. Оқушылардың географиялық үйiрмеде жұмыс iстегiсi 141

келгендерiне мұғалiм ерекше көңіл бөлiп, олардың жұмысына әртүрлi көмек беруi мiндет екендiгi туралы айтудың қажеттiлігi де жоқ. Оқушылар географиялық үйiрмелерде өздерiнiң инициа­ тивасын көтерiп, жiгерiн көрсете алады және олардың кiтапты пайдаланып өздiгiнен жұмыс iстеп дағдылануы үшiн үйiрмеден артық жер табылмайды. Ақырында, балалардың арасындағы таланттылары да сол үйiрмелерде көзге түсiп, iрiктелiп шығады. Оларға зор көңiл бөлiнуi керек. Жастар арасынан таланттыларын анықтау – мемлекеттiк аса iрi мәселе. Үйiрме ұйымдастыру. Үйiрмелер ұйымдастыру идеясы әуелi оқушылардың өзiнде тусын деп күтiп отыру әруақытта дұрыс бола бермейдi. Егер мектепте географиялық үйiрмелер бұрын болмаған болса, ондай идеяның тумауы да мүмкiн. Олай болуы түсiнiктi де. Үйiрменiң қажет екендiгi туралы идеяға жету оңай iс емес. Сондықтан оқушылардың өздерiнiң география жөнiндегi бiлi­ мiн тереңдетуге ынталы екендiгiн байқаған мұғалiм оларға көмектесуi керек. Үйiрмелердi ұйымдастыру жолы да түрлiше болады. Ұйымдастырудың бiрiншi және оңай жолы үйiрме туралы, үйiрмелерде өткiзiлген жұмыстар туралы, мектепте сондай үйiрмелер құру қажеттiлігi туралы алдын ала әңгiме өткiзу. Үйiрмелер ұйымдастырудың бұл әдiсi көбiрек өрiс алған әдiс екендiгiн айта кету керек. Бiрақ мұғалiм iстiң таза ғана формальды осы жағын ескерiп, басқа бiр ойы болмаса, онда iстiң алға баспайтындығы анық. Оқушылар алғашқы кезде елiктегенмен, үйiрмеде қызығарлық iс iстелмесе, тез көңiлi қалып суынады да, үйiрме жұмысы бiржолата тоқталып қалады. Мұғалiм осы жағдайды еске алып, iске басқаша кiрiсуi керек. Егер белсенді болмаса, үйiрменiң алдына қойылған мақсат жөнiнде мұғалiмнiң өзiнде анық түсi­нiк болмаса, асығудың да қажеттiлігi жоқ. Үйiрме құрылады деп жарияламай-ақ, бiр-екi баяндама өткiзiп, өлке­тану тақырыбында жоспардан тыс экскурсия немесе басқа бiр түрлi жұмыс өткiзуге болады. Осындай жұмыстардың барысында бел­сенділер байқалып, жұмыстың болашағы көрiне бастайды, үйiрменi ұйымдастыру жұмысына батыл кiрiсуге болады. Осылайша, ұйымдастырылған үйiрмелердiң өмiрi ұзақ, жұмыстары жемiстi болып шықпақ. 142

Үйiрме ұйымдастырудың осы екi жолының қайсысын ұстан­ саңыз да естен шығармайтын бiр нәрсе: оқушылардың үйiрме жұмысына қатынасуы тек қана ерiктi түрде болуы керек, үйiрме жұмысы сияқты жұмысқа оқушыларды ерiксiз жегуден ештеңе шықпайды. Әрине, кейде қайсыбiр зерек, бiрақ жұмысқа тез құмартып, тез суынып қалатын балаларды қысыңқырауға да тура келедi. Бiрақ ондай қысым әкiмшiлiк ретiнде болмай, тәрбие ретiнде болуы қажет. Үйiрменiң iсi мен жұмысы үшiн үйiрменiң белсендісі деп атарлық iскер топтың болуының маңызы өте зор. Жұмыс жемiстi болуының басты шарты – жақсы ынтаның болуы. Сондықтан мұғалiм белсенділікке ерекше көңiл бөлуi мiндет. Оқушылардың кейбiреуi географияны өте ұнататынын байқап, мұғалiм ондай оқушыларға өзiнiң қызметiне қажет карталар, модельдер жасау­ ды немесе тiптi, сабаққа үлгермей жүретiндерге көмектесудi тапсыратын жағдай да аз кездеспейдi. Әрине, үйiрме мүшелерi мұғалiмге кейде бар ынтасын салып көмектеседi, әсiресе түрлi құралдар жасауда балалардың ондай көмегiнен бас тартудың қажеті жоқ. Бiрақ ондай көмектi қабылдаумен бiрге мұғалiмнiң де шектен шықпай, балалардың ықыласын мiндетке айналдырып жiбермейтiн болу керек. Не дегенмен үйiрме жұмысының көп жағдайында шешушi факторы болып мұғалiмнiң өзi табылатындығы туралы айтудың қажетi болмас. Айналаңызға қарасаңыз, кiмнiң үйiрмелерi жақ­ сы. Жауап қашан болса да бiреу-ақ: оқу жұмысына көбiрек кө­ ңiл бөлетiн тәжірибелі мұғалiмдердiң үйiрмелерi қашан да болса жақсы. Егер мұғалiмнiң өзi география жөнiнде жаңадан шыққан кiтап­тарды, географиялық түрлi жаңалықтарды құнттап қарап жүрмейтiн болса, географияны оқыту әдiстерiнiң дамуын құнттап қарастырмайтын болса, үйiрмеге басшылық ету оған қиын болады. Үйiрмеге басшылық ету әуелгi кезде жұмысқа жаңа кiрiсiп отырған мұғалiмдерге де қиын тиедi. Бiрақ ондай мұғалiмде тәжiрибеге төлеу боларлық «қызу жiгер» көбiрек, оның сол жiгерi көбiнесе оқушыларды да қыздырып, содан барып тамаша нәтиже шығады. Сондықтан не өте тәжiрибелi немесе ең жас мұғалiмдер басқарған үйiрмелердiң жақсы болатынына таңғалуға болмайды. Соңғы бiр шарт, үйiрменiң азды-көптi жабдығы болады: 143

кiтаптар, журналдар, газет кесiндiлерi, коллекциялар, жазылған баяндамалар, модельдер, аспап-саймандар, т.с.с. Егер үйiрмеде осылардың бәрiн қоятын үй, тым болмаса кiлтпен бекiтiлген шкафы болуы қажет. Онсыз үйiрменiң жабдықтары да, жұмыстары да сақталмайды. Ал жабдығы сақталған жұмыстары болмаса, үйiрменiң жұмысы да жемiстi болмайды. Осы жағдайды естен шығармау керек, олай етпегенде, тiптi, жақсы жұмыстың өзi нашарлап, құрып кетедi. Үйiрме кiтап пен журналдың бiразын үйiрме мүшелерiнiң еріктi жарнасына, бiразын мектептiң оқу бөлiмi (үйiрменiң жұ­ мысы жақсы жолға қойылғаны байқалса) беретiн азғана сомаға сатып алады. Үйiрменiң кiтапханасын оқушылардың уақытша өздерi әкелген кiтаптарынан құрастыруға болады. Егер кiтапхана сондай уақытша әкелiнген кiтаптардан құралған болса, әкелiнген кiтаптардың дұрыс жазылып отырылуы қажет, олай болмаса, кiтап жоғалып кетуi ықтимал. Үйiрмеге қажет саймандар ал­ғаш­қы кезде география кабинетiнен уақытша пайдалануға алынып одан кейiн бiртiндеп өздерi құрастырып алады. Үйiрменiң жұмысы әлдене­ше түрлi болуы мүмкiн. Оған бiрнеше мысалдар келтiрейiк. Баяндамалар. Ең оңай және сонымен қатар қызықты жұмыс. Оқушылардың әртүрлi географиялық тақырыптарға жасайтын баяндамалары болады. Тақырып таңдау, ең алдымен, қандай мәсе­лелерге көңiл бөлетiн оқушылардың болуына, содан кейiн тиiстi кiтаптардың болуына байланысты. Орта мектептердiң оқу­ шыларына қиын, ғылыми кiтап ұсыну қате болып шығар едi, сол сияқты, қанша жеңiл болғанымен, көп кiтап беру де қате. 5-6 сынып оқушылары үшiн кiтаптың, бiр мақаланың немесе бiр брошюраның өзi де толық жеткiлiктi. 7-сынып оқушыларына екi кiтап беруге болады, бiрақ олар балалар әбден түсiне алатын кiтаптар болуға тиіс. Оқушылардың баяндамасы дегенiмiз – маз­ мұны баяндамашының тақырыбына сәйкес келетiн кiтаптың тиiс­ тi тарауын немесе сондай бiр мақаланы қайта айтып беру. Егер баяндамашы үлкейтiп өзi сызған чертеждарды, суреттердi немесе өзi жасаған модельдердi, коллекцияларды, тәжiрибелердi, т.с.с. көрсете отырып, өзiнiң баяндамасын иллюстрациялайтын болса, бұл өте тиiмдi болмақ. Чертеждар, суреттер немесе модельдер дайындаған уақытта оқушы мұғалiмнiң ұсынған кiтаптарының 144

шегiнен ерiксiз шығып кетедi де, материалды толығырақ қамты­ ған­дығын өзi де сезбей қалады. Экскурсиялар. Экскурсиялардың маңызы қандайлық зор екенiн бiз жақсы бiлемiз. Сыныптағылардың бәрi бiрiгiп өткiзуге мүмкiндiк болмаған экскурсияларды географиялық үйiрмелердiң ұйымдастырып өткiзуiне болады. Осы экскурсиялар жөнiндегi баян­дамалар және одан жиналған материалдар көрмесi, экскур­ сия­ға қатынасқандар түгiл басқа оқушыларға да көп көмек көрсе­ тедi. Бүкiл сыныппен бiрге өткiзiлген географиялық экскурсиялар­ дың жұмысын қорытып өңдеу (маршрут сипаттамасын, маршрут картасын жасау, чертеждар мен суреттердi сұрыптау, өткiзiлген жұмыстарды, экскурсияның жұмысын сипаттау, ақырында альбом немесе иллюстрацияланған дәптер түрiнде «Экскурсияның есебiн» толық тәртiпке келтiру) осы үйiрмелерге тапсырылады. Экспедицияларға қатысушылармен кездесу. Оқушылар «тiрi» нағыз зерттеушiлердi түрлi экспедицияларға қатысқан «тiрi» адамдарды көруге құмар келедi. Рас, iрi орталықтардан алыс қала­ларда экспедицияға қатысушылармен кездесу сирек болады. Ал iрi орталықтарда ондай кездесу болып тұруы мүмкiн. Мұндай кездесулердiң эмоциялық әсерi сондайлық күштi болады да, оны сөзбен айтып жеткiзудiң өзi қиын. Ондай кездесулер, әдетте, бiрнеше мектептiң оқушылары үшiн іске асырылады және бұл жұмысты географиялық үйiрмелер ұйымдастырады. 9.2. Географиялық апталықтар мен кештер Үйiрмелер жұмысының ең көңiлдi және оқушыларды қызық­ тыратын бiр түрi – географиялық кештер. Ондай кештер қалай ұйымдастырылады. Айталық, үйiрме «Кавказ» деген тақырыпты белгiлеген болсын. Алдымен, оқушылар үйдi осыған сәйкес жаб­ дықтайды, қабырғаларға Кавказды және халқының тұрмысын көрсететiн картиналар, фотосуреттер, карталар, т.б. бұйымдар iлiнедi. Онда кiлемдер, қару-жарақтар, үй саймандарын да iлуге болады. Ойнаушылар да (декламаторлар, билеушiлер, артистер) соған сәйкес Кавказдың ұлт киiмiн киiнедi. Әуелi Кавказ туралы баяндама жасалады, одан кейiн орыс және Кавказ ақындарының Кавказ табиғатын және өмiрiн сипат­ тайтын түрлi өлеңдерi оқылады. Оқитындармен әңгiме айту145

шылармен алма кезектесiп музыкалық нөмірлер, билер, әндер, т.б. орындаушылар шығып отырады. Ондай кештерде Кавказ халықтары тұрмысынан алынған пьесса қоюға да болады. Ондай кештер қатынасушылардың әрқайсысында ешбiр ұмытылмайтын iз қалдырады. Тек есте болатын нәрсе, нағыз Кавказдың өзi көрсе­ тiлiп, ешбiр пасық халтураға жол бермеу керек. Мұндай географиялық кештер көп және мұқият дайындық тiлейтiнi жоғарыда айтылғандардан анық көрiнiп тұр. Мұндай кештер өткiзу үшiн, тегiнде драма, әдебиет, көркемөнер, т.б. үйiрмелердi де қолғабысқа шақыруға тура келедi. Мұндай қиын қойылымдардан басқа, олардан жұпынылау, бiрақ пайдасы кем соқпайтын одан гөрi жеңiл қойылымдар қоюға да болады. Ондай кештер кiшiрек сценалар көрсетiп, әңгi­мелер, бюллетеньдер, жанды газеттер тағы сондайлар көр­сетумен өткi­ зiлетiн көрмелер тәрiздi болуы мүмкiн. 9.3. Географиялық көрмелер Экскурсиядан соң экскурсия материалдарын талқылау тура­лы айтылған жерде, экскурсияға қорытынды жасау ретiнде кiшi­рек көрме ұйымдастыру қажет екендiгi туралы айтылған бола­тын. Көрмелердiң оқушылар үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызы зор екенi тәжiрибе жүзiнде байқалды. Мұндай көрмелердiң, жалпы алғанда, мектеп үшiн де маңызы үлкен. Оқу жылының жартысы (немесе түгелiмен) аяқталып келген кез екен дейiк. Барлық өтiлгендердiң бәрiн түгел шолып шығу мақсатымен мұғалiм оқушының географияға арналған жұмыс дәптерiн алады да, оны сөгедi. Сол дәптердiң жеке-жеке бетте­ рiнен жарты жыл бойы географиядан болған сабақтардың барысын, оқытылу тәртiбi бойынша, көрсететiн бiрқатар «таблицалар» жасайды. Дәптерден бөлiп алынған беттердi география үйiрмесiнiң белсенді газет қағазына тәртiппен орналастырып, бағдарлама тәртiбi бойынша қабырғаға апарып iледi (сағат тiлi бағытымен). Ол кестелерді iлгенде төменгi жиегi үлкен кiсiнiң көзiнiң тұ­сына келiп тұрғаны қолайлырақ болады. Одан төмен үйiрмеде өткiзiлген экскурсиялар, өлкетану және басқа да географиялық объектiлер тақырыптарындағы жұмыс­ 146

тары орналасады. Олардан да төмен, қабырғаға тақау қойылған үстелдердің үстiне, тағы да сол тиiстi тәртiбiмен, курс өткенде көрсетiлген коллекциялар, саймандар, тәжiрибелер нәтижелерi орналасады. Сонда оқушылардың өз қолдарымен iстегендерiне артығырақ мән берiлетiн болу керек. Бұған рельефтер, рельефтiк карталар, аспаптардың модельдерi, т.с.с. жатады. Ақырында, сол үстелдерге оқушылардың географияға арнал­ ған жұмыс дәптерлерiнен iрiктелiп алынған суреттер альбомы қойылады. Осылардың бәрiнде де тиiстi жазулар болады. Көрме экспонаттарының тиiстi логикалық тәртiппен дұрыс орналасып қойылып, өтiлген тақырыптардың бәрiнiң толық картинасы анық көрсетiлетiн болып шығуының маңызы зор. Бұл, әсiресе қабырғаларға iлiнген кестелерден анық көрiнедi. Кестелерде көрсетiлгендердiң бәрiн көрменi қараушылар әрбiр оқушының дәптерiнен де табады. Содан кейiн көрушi қалған экспонаттардың бәрiн қойылған тәртiбi бойынша қарап шығады. Мұғалiм көрменi осы тәртiппен құрып қойып, оқушылармен бiрге оны қарайды және оқушыларға сездiрмей оқып өткен сабақ­ тардың бәрiн қайталап шығады, оқушыларға: «Балалар, бүгiн сiздердi жазғы демалысқа таратып отырмыз. Бiздiң геогра­фиялық көрмемiз пәлен уақыттан пәлен уақытқа дейiн ашық бола­тынын (үш күннен артық болмасын) ұмытпаңыздар. Сiздер осы көр­ меге ата-аналарыңызды, аға-iнiлерiңiздi, апа-қарындас­тары­ ңызды алып келiңiздер де, осында қойылғандардың бәрiн оларға түсiндiрiңiздер. Тәртiп жақсы болуы үшiн кезекшiлiк белгiлейiк. Кезекшiлiкте бiр мезгiлде бес адам болады. Бiреу келiп кiрiсiменақ кезекшiлердiң бiреуi оның алдынан шығып, экскурсияшы есебiнде өзiн ұсынады. Осылай елеусiз түрде мұғалiм әр­бiр оқу­ шының барлық экспонаттарды, барлық тақырыптарды жақ­сы бiлiп және оларды өздерiнiң туысқандарына және басқа да адам­ дарға түсiндiре алуға мәжбүр етедi. Көрме мұғалiмнiң күткенiн толық ақтайтынын тәжiрибе көр­ сеттi. Алғашқы кезде оқушылардың көбi, әсiресе ынтасыз оқу­ шылар ұялатын болады. Экскурсияшының өнерiн меңгеру үшiн олар өз­дерiнiң кезекшiлiгiнен көп бұрын келiп, әдетте, жақсы оқитын оқушылардан болған экскурсияшыларға ерiп жүрiп, бiрнеше рет олардың түсiндiргенiн тыңдап, ұғып алады. Кейбiр 147

жерде сұрап, жазып та алады. Жұмысты бұрын өте жаман iстеп келген оқушылардың өзi ендi ең жақсы деген экскурсияшылардың соңынан ерiп оның бiр ауыз сөзiн қалдырмай тыңдап жүргенiн автор өзi де талай рет көрген. Ұқыпсыз, сабақта ойынға салынып отыратын баланың ендi ең үлгiлi оқушыға ұқсап, үнсiз тыңдайтын болып қалғаны әуелде түсiнiксiз болып көрiнедi. Бiрақ бiраздан кейiн бұл жұмбақ оңай шешiледi. Көрмеге оқушылардың туыс­ қандары – анасы, әкесi, қарындасы және басқа мектептегi жолдастары келедi. Ондай қонақтардың алдында оқушының түсi­нiк бере алмай қалуы ұят емес пе. Көрмеге неше түрлi адам келеді, олардың арасында педагогтар да бар. Олар осы көрмеге қойыл­ ғандарды экскурсияшы оқушының қандай бiлетiнiн анықтау үшiн сұрақтар қоятын болады. Бiр жағынан, көпшiлiктiң бақылауы, екiншi жағынан, жолдастарымен жарысқа түсуi, балалардың қатардан қалмай iлгерiлей беруiне себеп болады. Сөйтiп, 2-3 күннiң iшiнде экскурсияшылар 2-3 рет көрменiң мазмұнын айтып берсе, өтiлген материалды бұдан артық қайталау болмайды. Мұндай көрменiң беретiнi не? 1. Көрме мектепте географияның оқытылу әдiстерiн көрсету­ге мүмкiндiк бередi. Көрмеге келушiлердiң, әсiресе географ педагог­ тардың сыны мұғалiмге ерекше пайдалы көмек болып табылады. 2. Көрме оқушының ата-анасына, туысқандарына және көп­ шi­лiкке география мұғалiмiнiң жұмысымен және оның оқыту әдiстерiмен танысуға мүмкiндiк бередi. 3. Мұндай көрмелер мұғалiмдердiң бiр-бiрiнен оқыту өнерiн үйренуге мүмкiндiк бередi. 4. Көрмеден ең үлкен пайда табатын оқушылар болады. Олар жарты жылдың немесе тiптi бiр жыл iшiнде өтiлген материалдарды жинақтай және сұрыптай келіп, бiрден барлық материал­ ды қамтиды да, жақсылап қайталайтын болады. Оның үстiне, оқушылар басқа адамдарға түсiнiк бергенде дұрыс сөйлеуге, жүйелi түрде түсiнiк беруге үйренедi. Осындай көрмелер мектептерде, әсiресе 1918-1926 жылдары кеңiнен қолданылып жүрдi. Мұндай көрмелердiң пайдасы өте зор екендiгi әбден байқалды. Бiрақ ондай көрмелерден туатын қауiп те бар. Мектепте көрмелер мiндеттi түрде өткiзiлiп жүрген уақытта зиянды бәсекелестiк көбейiп кеттi. Кейбiр мектептер 148

басқа мектептермен бәсекелесе келiп, көрме мектепте болған жұ­мысты көрсетуге тиiстi екенiн ұмытып кететiн жағдай туындады. Сыртқы әсерге ерекше назар аударып, мектептер көрмеге дайындалуға толып жатқан еңбек, уақыт және қаражат жұмсайды. Көрме ол кездерде, шынында да жақсы болып шығатын едi, бiрақ iс мәнiсiн түсiнетiн әрбiр педагог көрменiң бояма көрме екендiгiн, атақ шығаруға әуестенiп, мектеп оқу жұмысымен шұғылданудың орнына көрмеге дайындалумен болғандығын аңғарушы едi. Мұн­ дай бұрмалау көрменiң бағалы жағын жоққа шығаратын едi. Осы жағдайды атап көрсете отырып, мұндай қателiктi қайталаудан жас мұғалiмдердiң сақ болуын ескертемiз. Өлкетану. Өлкетану үйiрмесi өте қызықты және көп жұмыс iстей алады: экскурсиялар өткiзу, коллекциялар, әдебиет және картографиялық материалдар жинау, өз өлкесiнiң географиялық сипаттамаларын жасау. Географиялық журнал. Үйiрменiң өзi үшiн де, бүкiл мектеп үшiн де қолдан жазылған географиялық журнал шығару өте пайдалы iс болып табылады. Мұндай журнал шығару КСРО-ның мектептерiнде осы күнге дейiн бар. Ондай журналдардың сырт көрiнiсi көлемi жағынан да, жасалып шығарылуы жағынан да әлденеше түрлi. Олардың көпшiлiгi 3-4 дана етiп машинаға басылып шығады. Онда оқушылардың салған суреттерi, жасаған карталары және түсiрген фотосуреттерi, сондай-ақ газеттерден, журналдардан кесiлiп алынған суреттер көп көрсетiледi. Журналдар мазмұны жағынан да әлденеше түрлi болуы мүмкiн. Әрбiр нөмірi бiрыңғай тақырыпқа ғана (Арктика, Сiбiр, Биiк таулық экспедициялар, т.б.) арналған журналдар болады. Кейбiр журнал­дарда бiрнеше бөлiмдер болады, кейбiреуiне «Қызықты беттер» деген айдар да болады. Әрбiр журнал алдына қойылған мақсатын түсiндiре келiп, оқушылардың назарын географиялық мәселелердiң бiрi болмаса бiрiне аударуға шақырған «Редакциядан» деген мақаламен басталады. Осындай журналдар аса пайдалы болады. Мұнда адам өз пiкiрiн қорытып жазуға, жақсылап қалыптастыруға үйренедi. Жур­нал жұмысымен айналысу оқушылардың баспадан шығатын журналдарға көбiрек назар аударуына, олардың кiтапқа үйiр болуына себеп болады. 149

9.4. Мектеп географиясындағы өлкетану жұмыстары Географияны өзiнiң туған өлкесiн зерттеуге негiздеп оқыту қажет екендiгiнiң танылғанына көп уақыт болды. ХІХ ғасырдың екiншi және ХХ ғасырдың бас кезiнде тәжiрибе ретiнде географияны өлке тануға негiздеп оқыту ең жақсы деген мектептерде қолданыла бастады және ол тәжiрибе толық ақталып шықты. Осы күнi бiздiң мектептерде өлкетану тек география емес, басқа пәндердi оқытудың да негiзiне алынып отыр. Географияны өлке тануға негiздеп оқыту қажет екендiгi бағдарламаларда, әсiресе сол бағдарламалардың түсiнiк хаттарында өте айқын айтылған. Алайда көпшiлiк мектептерде, әсiресе орта мектептерде, географияны оқыту тәжiрибесiнен алатын болсақ, мемлекеттiк бағдарламаларда соншалықты анық айтылған бұл жоба барлық жерде бiрдей тиiстi түрде жүзеге асырылып отырмағанын бай­ қаймыз. Географияны оқыту iсiнде өлкетанудың онша өрiс ала алмай отырғандығының негiзгi себебiнiң бiрi, бiздiң ойымызша, мұғалiмнiң өзiнiң осы жұмыс жөнiндегi әдістеме жағынан дайындығының жеткiлiксiздiгi болып отыр. Сондықтан да осы мәселенiң ұйымдастыру және әдістемелік жағына сәл толығырақ тоқталуға тура келедi. Мектептiк өлкетану деп бiз ненi айтамыз? Өлкетануға арналған әдебиеттерде өлкетану дегеннiң өзi не екенi туралы кезiнде талас аз болған жоқ. Авторлардың кейбiреуi өлкетануды өз өлкесiн зерттеуге арналған пән ретiнде қарастырды. Кейбiр авторлар оны, социалистiк құрылысқа көмектесу мақсатымен, өз өлкесiн барлық жағынан қамти және терең зерттеуге бағытталған кең өрiс алған қоғамдық қозғалыс ретiнде қарастырды, т.с.с. Өлкетануды тек физикалық географияны оқыту iсiнде қол­ дану жөнiнде сөз болатын бiздiң жағдайымызда өлкетану мәсе­ лесi оңай шешiледi. Бiзге өз өлкемiздiң физикалық географиясын оқып үйренуiмiз қажет, бiрiншiден, ол айнала төңiрегiмiздi бiлу, түсiну үшiн, екiншiден, өз өлкемiздiң географиялық объектiлерiн оқып-үйрену арқылы басқа жерлердiң де және бүкiл жер шарының да физикалық географиясын жақсы ұғыну үшiн керек. Сөйтiп, бiздiң бұл жағдайымызда бiз өлкетану деп, ата­латындардың iшiнен аз ғана бөлiмiн аламыз. Өз өлкемiздiң гео­графиясын оқы­ ғанда, басқа да географияларды оқығандай, оны практикалық 150

өмiрмен тығыз байланыстыра оқып-үйренетiндiгiмiз өзiнен-өзi түсiнiктi. Педагогикалық әдебиетте көп талас туғызған екiншi бiр мәселе – «Өз өлкемiз» дегендi қалай түсiну керек деген мәселе. Авторлардың кейбiреулерi өз өлкемiз деп оқушының өзi тiкелей көре алатын және зерттей алатын белгiлi бiр жердi есептегiсi келедi. Басқа бiреулерi өлке дегендi географиялық кең бiр әкiмшiлiк өлке немесе облыс деп түсiнедi. Бiздiң алып отырған жағдайда мұның да онша маңызы жоқ. Бiз өлкетану материалдарынан өз жұмысымызға керегiн, яғни физикалық географияны тереңiрек оқып-үйренуге қажет­тiсiн алып, соны пайдаланамыз. Бiз үшiн географиялық материалдар­ д­ың ең маңыздырағы өзiмiз тiкелей көре алатын материалдар болады. Алайда бiз өз өлкемiздi тұтас бiр әкiмшiлiк немесе гео­ графиялық аудан деп қарағанда, олардың бере алатын геогра­ фиялық қандай материалдары болса да пайдаланатын боламыз. Жұмысты ұйымдастыру. Өлкетануды географияны оқыту iсiнде пайдалану мәселесi, бiрден қарағанда оңай сияқты болып көрiнгенмен ондайлық оңай мәселе емес. Турасын айтқанда мұн­ да мұғалiмге бiреу емес, екi және екеуi де едәуiр қиын мәселе­лер­ дi шешуге тура келедi. Оның бiрiншiсi өз жерiнiң географиялық жағдайларын зерттеу болса, екiншiсi өлкетану материалдарын оқыту iсiнде пайдалана бiлу болады. Егер әрбiр облыс жөнiнде жазылған кiтаптар немесе брошюралар болып, ол жердiң табиғаты және халқының тұрмысы дұрыс және толық сипатталған болса, онда бiрiншi мәселе, яғни өз өлкесiн оқып-үйрену мәселесi жеңiлiрек шешiлген болар едi. Бiрақ ондай кiтаптар бiзде әлi тым аз. Сондықтан өз өлкесiн зерттеу және өз жерiнiң географиялық сипаттамасын жасау мәселесiн мұғалiмнiң өзi шешуiне тура келедi. Осы бiрiншi мәселенi шешiп алмай, екiншiсiне кiрiсуге болмайды. Бұл өзiнен-өзi түсiнiктi және оны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Өйткенi өз жерiн жақсы бiлiп алмай, географиялық тақырыптарды жергiлiктi жағдай­дан алынған нақтылы мысалмен иллюстрациялай алмайтын болады. Өз жерiн зерттеу жұмысын география оқыту iсiне өлкетану жөнiнде жаңадан табылған материалдарды пайдаланумен қа­тар жүргiзуге болатындығын да осы жерде айта кету керек. Осылай 151

жүргiзiлсе, алға қойылған екi мәселенiң екеуi де, яғни өз өлкесiн зерттеу мәселесi де, өлкетану материалының географияны оқы­ ту iсiнде пайдалану мәселесi де оңайырақ және жылдамырақ шешiлетiн болады. Бастауыш мектептерде бiздiң бұл қойып отырған мәселеле­рi­ мiз оңай шешiледi. Оның үстiне, бастауыш мектептерге арнал­ған әдістемелік әдебиеттерде өлкетану материалын пайдалану туралы мәселе жақсы тексерiлiп қарастырылған. Ал материалы әрi көп, әрi қиын, оқушылар алдына қойылатын талаптар да көбiрек болатын орта мектепте iс қиындай түседі. Бiздiң жоғарыда айтып өткен мұғалiмнiң әдістемелік дайындығының жеткiлiксiздiгiнiң себебi де, сiрә осы болуы мүмкiн. Мұғалiмнiң дайындалуы. Физикалық географияның әдісте­ ме­лік курсында бiз өз жерiнiң географиялық объектiлерiнiң бәрiн түгел зерттеу және оны оқыту iсiнде пайдалану әдiсi туралы айта алмаймыз. Бiрақ азды-көптi түсiнiк беру мақсатымен бiр мысалға болса да толығырақ тоқталуымызға тура келедi. Мысалы, үшiн бiз өз жерiмiздiң рельефiнiң формасын оқып-үйренудi аламыз. Жер бетiн сипаттау дегенiмiз мына жағдайлардан көрiнедi: 1. Жер бедері көрiнiсiн тыңғылықты және айқын көрсете бiлу. 2. Жер бедері қандай жыныстардан құралғанын көрсету. 3. Жыныстардың қалай орналасқанын көрсету. 4. Бұл жыныстардың және ол рельефтiң қалай және қандай жағдайда пайда болғандығын көрсету. 5. Осы күнi рельефке қандай факторлар ықпал етiп тұрған­ды­ ғын анықтау. 6. Болашақта рельефте қандай өзгерiстер болуы мүмкiндiгiн болжау. Рельефтi осылайша зерттеу үшiн оқушылар кiтаппен және мұғалiмнiң әңгiмесiмен ғана қанағаттанып қоймай, бiр ауданды немесе бiр жердi сол табиғи орында зерттеуi қажет. Сол мектеп мұғалiмнiң өзi тұратын оқушылармен бiрге экскурсия өткiзуiне болатын жер сондай жер болып табылады. Жердi табиғи орында зерттеу оңай жұмыс емес, бiрақ ол өте қызықты мәселе. Оның өте қызықты жағы, оқушылар басшылармен қоса өздерi зерттеушi болып шығады. Анығында, олардың алдына қойылған мәселенiң бiр жердi зерттеуге бара жатқан 152

географтың алдына қойылған мәселеден өзгешелiгi аз. Мұндағы зерттеушi-географтан өзгешелiк тек оқушылардың жұмысты өз мұғалiмінiң басшылығымен iстеуiнде ғана. Мұғалiмнiң мiндетi жоғарыда айтылғандай, ең алдымен, өз жерiн зерттеу болып шығады. Зерттеушiлердiң қайсысы болса да өз бетiмен зерттеуге кiрiсер алдында ең әуелi сол жер туралы бұған дейiн мәлiм болған жағдайларды жақсы бiлiп алады. Мұғалiм де осылай етуi керек. Өлкетану мұражайлары бар қалаларда бұл жұмыс бiрсыпыра жеңiлдейдi. Мұражайда мұғалiм қажеттi карталарды да, әдебиеттердi де, коллекцияларды да табады және оған көмектесетiн сол жердi жақсы бiлетiн адамдарды да жолықтыра алады. Оның үстiне бiрсыпыра iрi қалалар туралы сол қаланың маңында өткiзiлген экскурсиялардың маршруты көрсетiлiп, әдейi жазылған брошюралар және кiтаптар да болады. Өлкетану мұражайы да осы өлкенiң табиғатына арналып жа­ зыл­ған кiтабы да жоқ қалаларда iс жағдайы едәуiр ауырлайды. Сондай бiр жағдайға толығырақ тоқталамыз. Өз өлкесiн зерттеу жұмысына жаңа кiрiсiп отырған мұғалiм, ең алдымен, сол өлке жөнiнде азды-көптi хабары бар, өлкетану iсiмен шұғылданып жүрген жергiлiктi адамдарды бiлiп алуы керек. Олардан мұғалiм көп қызықты жағдайлардан дерек алып, өлкетану туралы материал жинау жұмысына кiрiседi. Сонымен қатар мұғалiм өлкетану туралы кiтаптарды да қарастырады. Ондай кiтаптардың ең пайдалырағы туған өлке жайындағы кiтаптар. Мұғалiм көптеген өлке тануға арналған әдебиеттердi пайдаланып өз өлкесiнiң физикалық-географиялық сипаттамаларын қанағаттанарлық түрде құрастырып, геология, геоморфология, климат, су, топырақ, өсiмдiк жөнiндегi карталарын сызып алуына болады. Мұғалiмнiң өз ауданының бұл өзi жазған физи­ калық географиясы оған талай рет үлкен пайда тигiзетiн болады. Географиялық осындай сипаттамалар жасау мұғалiмнiң өз ауданының географиясы туралы бiлiмiн жаңғыртатынын, кеңей­ тетiнiн және нығайтатындығын айтпасақ та болады. Бiрақ бұл тек алғашқы қадам ретінде саналады. Мұға­лiм­ нiң зерттейтiн жерi сол ауданның геологиялық және геомор­ фологиялық картасында тек бiр кiшкене ғана нүкте. Бiрақ бұған қымсынбау керек. Ол нүктенi, өз ауданының геологиясы және 153

геоморфологиясы мен жалпы танысқандығы бiлiмiне сүйене отырып, ендi мұғалiм өзi зерттеп шыға алады. Өз жерiн табиғи орнында зерттеуге қалай кiрiсуге болады. Бұл жөнiнде жалпы бiр пiкiр, бiр түрлi рецепт жоқ болуы да мүмкiн емес. Өйткенi бiздiң ұлан байтақ елiмiздiң жер бетiнiң сипаттары алуан-алуан түрлi болып келедi. Алайда зерттеудiң кейбiр жолдарын ұсынуға болады. Бiздiң ойымызша, мұғалiм ең әуелi өзi қызықты-ау деген жерлердi аралап, мұқият қарап шығып, ол жердiң құрылысын, рельефтi қандай негiзгi факторлардың ықпалымен түзiлгенiн түсiнуге талап етiп көруi керек. Мұғалiм жер бетiнiң негiзгi сипаттарын бiлiп алғаннан кейiн өзiне тән ерекшелiктерi айқын байқалып, көзге түсетiн бiр бөлiгiн таңдап алады да, оны ұқыптап зерттейдi. Сонда мұғалiм ол бөлiктiң рельефiнiң сипатын жете түсiнiп алуға, ол рельефтiң пайда болу себептерiн ұғынуға тиiс және оқушылармен өткiзетiн алғашқы экскурсиялардың маршруттарын сол жердiң өзiнде шамалап тағайындауға тиiс. Барлық бөлiктер толық түсiнiктi бо­луын күтудiң қажетi де жоқ. Ең бастысы, оқушылармен экскурсиялар немесе ең болмағанда бiр үлкен экс­курсияға қажет материал табу. Алғашқы экскурсия жағала­рында жер құрылысын сипаттарлық жалаңаштанып қалған жерлерi, террасалары, су жайылымы, салалары және тасқын судың әсерiнен пайда болған сайы бар өзеннiң немесе өзеншенiң аңғары қолайлы болады. Экскурсияның маршрутын және жоспарын мұқият жасап алған соң мұғалiм оқушылармен бiрге экскурсия өткiзiп, қажеттi материалдар (тау жыныстарының коллекцияларын, жалаңаш­ танып қалған жерлердiң суретiн, фототүсiрiлiмдер, т.б.) жинайды. Экскурсиядан соң материалды талқылау нәтижесiнде экскурсия жоспарына түзетулер, дәлелдеулер енгiзуге, кейде, тiптi, оның маршрутын өзгертуге де тура келiп қалуы мүмкiн. Одан қорқудың қажетi жоқ. Тәжiрибе қашан да болса жаңа мәселелер туғызып, болған қателiктердi ашып отырады, жалпы алғанда, iстi кемелдендiреді. Бұдан кейiнгi экскурсиялардың маршруттары мен жоспарлары да осылайша жасалады. Мұнда тек мар­ шруттарды көбейте берудiң қажеті жоқ екендiгiн естен шығармау керек. Оншақты маршрут белгiлегеннен, екi-үш маршрутты жақсылап белгiлеген артық. Көздеген мақсатты жүзеге асыруға 154

қажеттi және соған тән барлық жағдайлардың маршруттарда қамтылуына назар аудару керек. Экскурсияның жақсы жасалған маршруты, жақсы жасалған жоспары деп бiз артық, бос жүрiс тiлемейтiн, ерекше қиындықтарға ұшыратпайтын, жұмыс екi-үш сағат iшiнде бiтетiндей етiп жасалған, жақындап баруға болатын, жақсы түсiнiктi объектiлерi бар маршрут пен жоспарды айтамыз. Экскурсиялар туралы айтылғандардан (экскурсияға дайындық, оны өткiзу және экскурсиядан кейiнгi талқылау) мұғалiм өз өлкесiнiң жер бетiн, формасын жақсы зерттеп шығатыны, сонан соң ол бiлiмiн оқушыларға беретiнi ашық көрiнедi. Өзiнiң туған жерiн зерттеп бiлуге оқушыларды ынталандыра бiлу, олардың бақылағыштығын дамытатындығын, өзiнiң туған жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыратындығын айтпағанның өзiнде, ол оқушылардың жалпы физикалық географияның не­ гiз­дерiн игеру iсiнде аса құнды табыстарға жеткiзедi. Табиғатқа экскур­сия жасау жұмысын жылдың тек жылы мезгiлдерiнде ғана орындауға болады, ал өлкетану материалын жылдың барлық мезгiлiнде де пайдалануға тура келедi. Сондықтан геологиялық, геоморфологиялық материалдарды белгiлi бiр тәртiпке келтiрiп, қалыптастыру керек. Бұл жерде ең маңызды мәселеге тоқталып өтелiк: ең алдымен, дайындап және сұрыптап алатын нәрсе – ауданның карталары геологиялық тiлiндiлер мен профильдер, сондай-ақ жалаңаштанып қалған жерлердiң суреттерiн салып алу, фотоға түсiру және жер бетi формаларының суреттерiн салып, олардың астына тиiстi сөздердi жазу және түсiнiктер беру. Экскурсиялардың маршруттары мен объектiлері көрсетiлген карталардың болуы да пайдалы. Ақырында, ол жердiң рельефiн құрастырып, оған ерекше тән болатын барлық жыныстардың және сол жерде өндiрiлетiн немесе өндiрiлуi мүмкiн барлық пайдалы қазбалардың, коллекциялар­ дың болуы қажет. Үлгi ретiнде алынған әрбiр «паспорты», яғни сол жыныстың аты, уақыты және орны көрсетiлiп жазылуға тиiс. Егер барлық экспонаттарды орналастыруға болатын қалқан болмаса, онда барлық жиналған материалды сақтау шарасын көздеу қажет. Әртүрлi чертеждар мен суреттердi папкаға салып, ал көлемдi экспонаттарды тиiстi жәшiктерге, қораптарға, ең жақсы­сы әйнектi витриналарға сақтаған жөн. 155

География пәнiндегi өлкетану жұмысының мақсаты. Өлкетану пәнi өзiң туған, өнiп-өскен жерiңдi танып-бiлуге, зерт­теуге үйретедi. Зерттеу нәтижесiнде жинақталған өлкета­ ным­­дық материалдар арқылы әр адамда өзiндiк географиялық көзқарас қалыптасады. Сабақ барысында туған өлкеде табиғат құ­былыстарын бақылау, тәжірибелік жұмыстар, туристiк экскур­ сиялар, зерттеулер жүргiзiледi. Өлкетанымдық ұстаным география пәнiн мынадай заңдылық бойынша; белгiлi нәрсе арқылы, яғни бiлмейтiнiңдi анықтау, жақын дүниенi бiлу арқылы алысың­ ды тануды оқытуға дағдыландырады. 1. Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелейді. 2. Туған өлкенiң тарихын, жер бедерiн, табиғатын зерттеп танысу арқылы географиялық бiлiмiн тереңдетеді. 3. Жекелеген оқушының пәнге сүйiспеншiлiгiн арттырып, олардың келешек мамандық таңдауларына көмектеседі. Географиялық өлкетанудың мән-мазмұны. География пәнi мұғалiмi өз еркiмен мектептiң өлкетану негi­ зiнде туған өлкесiнiң географиялық құбылыстарына зерттеу жұмысын жүргiзеді, оны микрогеография-физикалық, эконо­ми­ калық немесе географиялық өлкетану десе де болады. Геогра­фия­ лық өлкета­нуды төмендегi мазмұнда қарастыру керек: 1. Туған жердiң жер қыртысын зерттеу, өсiмдiгiн, жан-жануар­ ларын, микроклиматы айырмашылықтарын зерттеп салыстыру. 2. Адамзаттың әсерiнен табиғи ортаның қалай өзгеруiн зерттеу. 3. Жер бетiнiң эрозияға ұшырауы, су аңғарларының өзгеруi, суалу, көшкiн сияқты құбылыстарды бақылау. 4. Жергілікті (ауыл, қала) тұрғындардың географиялық құ­бы­ лысын анықтау. 5. Тұрғындардың немен, қандай шаруашылықта жұмыс iстей­ тiн­дiгi жайлы, табиғаттың бұл жұмыстарға әсерi жайлы зерттеулер жүргiзу. 6. Жеке кәсiпорын, мекеменi зерттеу. 7. Туған жердiң, ауданның физикалық-экономикалық карталарын жасау. Туған өлкеге деген сүйiспеншiлiк сезiмдi тәрбиелеу мектепте­ гi өлкетану жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мектептегi 156

өлкетану оқыту мен тәрбиелеудi өмiрмен байланыстыратын ма­ ңызды құрал. Өлкетану жұмыстары мектепте нақты пәндiк ба­ ғытты қамтиды және ғылым негiздерiн практикамен, қоршаған ортамен байланыстырады. Мектептегi өлкетанудың қоғамдық өлкетанудан айырмашы­ лығы, өлкетану мектептiң оқу-тәрбие үдерісiнде педагогикалық басшылықпен жүргiзiледi. Өлкетанудың ғылыми-танымдық және тәрбиелiк маңыздылығына тоқтала келiп, Н.К. Крупская: «Мектеп балаға баспа кiтаптарды оқытумен ғана шектелмей, сонымен қатар өмiр кiтабын да үйретуi керек», – деп атап көрсеткен. Өлкетану жұмысын өткiзу барысында неге көңiл аудару керек: 1. Тақырыптарды өту барысында бiрыңғай теориямен шектелмей, сарамандық жұмыстармен ұштастыру. 2. Ең жаңа деректер мен ғылыми терминдерге, анықтамаларға негiзделген кестелер, карталар сызғызып, оқушылардың шығар­ ма­шы­лығына жол ашу, пiкiрталас туғызу, «Қазақстан-2030» ел Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бас­шылыққа алып, болашақтың тiзгiнi өздерiнде екенiн жете түсiн­дiрiп, жауапкершiлiкке үйрету. 3. Қаладағы iрi өнеркәсiп, мекеме орындарының тiршiлiгiнен хабардар етiп, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешу жолдарын iздеуге мiндеттеу. 4. Туған өлкенi жан-жақты бiлу үшiн көзбен көрiп, санаға сiңiру мақсатында тарихи орындарға, мұражайларға, мәдениет ошақтарына, табиғат аясына саяхатқа бару. 5. Тақырыптардың ауқымы толық мәндi, мазмұнды болу үшiн жергiлiктi жер туралы ақпарат материалдарын, теледидар хабарларын, мұрағат көздерiн пайдалану. Өз елiнiң жер-суын, табиғатын, байлығын, қыры-сырын, эко­но­микасындағы өзгерiстер мен қатынастарын бiлiп, даму бола­шағын оқып-үйрену арқылы санасына сiңiрiп, сол бiлiмдi ұрпағына мұра етiп қалдыру – әр елдiң төл перзентiнiң азаматтық борышы. Өлкетану жұмысынан оқушылар қандай бiлiм алып шығады? 1. Туған өлкеге деген сүйiспеншiлiк сезiмi, бауырмалдық, адамгершiлiк қасиеттерiнiң оянуы. 157

2. Қоршаған ортаны қорғай, сақтай бiлуi. 3. Табиғатты аялауға, қастерлеуге үйренуi. 4. Қоғамдық қатынастардан хабардар болуы. 5. Рухани дүниесiнiң байлығы. 6. Көзбен көру, есте сақтау қабiлеттерiнiң дамуы. 7. Жергiлiктi жердiң iшкi-сыртқы экономикалық жағдайын түсiнуi. Мектептегi өлкетану сабағы оқушылардың ой-өрiсiн, таным­ дық қызығуын дамытуға, шығармашылық iс-әрекетке баулиды. Сарамандық iскерлiктi және ақыл-ойды қалыптастыруға көп ықпал етедi, себебi өлкенi танудың объектiлерi – туған жер таби­ ғаты, оның халқы, шаруашылығы, өткен тарихы мен бүгiнi, өнерi мен мәдениетi. Өлкетану арқылы оқушыларды айналадағы ортаны қорғауға баулып, олардың экологиялық бiлiмiн жетiлдiрiп, келер ұрпаққа қолда барды рәсуаламай жеткiзуге мiндеттеу керек.

10. МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯ КАБИНЕТІ 10.1. География кабинетiнiң жабдықталуы Қазiргi таңда көптеген жалпы бiлiм беретiн мектептерде география кабинетi ұйымдастырылған. Кабинет мұғалiмнiң жүйелi түрде сабақ өтуiне, оқушыларға тиянақты бiлiм беруiне, қажеттi көрнектi құралдарды жинақтауға көмегiн тигiзедi. Пән кабинетi – мұғалiмнiң оқушыларға сол пәндi терең игеруiне мүмкiндiк туғызатын зертханасы. Жақсы жабдықталған кабинеттер оқушыларға сапалы бiлiм беруде, оларды дамыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелiлiгiне өз үлесiн қосады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсендiлiгi артып, пәнге деген қызығушылығы пайда болады. География кабинетiнiң жабдықтары оқушыларға бiлiм беру, тәрбиелеу, дамыту жұмысын неғұрлым тиімдi жүзеге асыруға мүмкiндiк жасайтындай болуы тиiс. Кабинеттi жобалау жұмысын да дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Кабинеттiң артықшылығы онда сабақ өтуге және түрлi құрал­ дарды сақтауға қолайлы. Сондықтан география кабине­тiнде сабақты түрлендiрiп өтудiң және түрлi карталар мен картогра­ фиялық шығармалар мен техникалық құралдарды қолданудың мүмкiндiгi жоғары. Сонымен бiрге география бөлмесiнде мынадай сыныптан тыс жұмыстарды да өткiзуге болады: үйiрме жұмы­сын өткiзуге, географиялық кинофильмдер көрсетуге, қолдан түрлi көрнекiлiктер жасауға, әртүрлi кештер өткiзуге, т.б. Кабинетте танымжорықтар мен топсеруендер нәтижесiнде жинақталған материалдарды да сақтауға қолайлы. География кабинетi сабақта қолданылатын оқыту – көрнекi­ лiк құралдарымен ерекшеленедi. Оқыту-көрнекiлiк құралдарына: картографиялық шығармалар, қабырға карталары, атлас, глобус, 159

рельеф карталары, қабырғалық суреттер, фотосуреттер, диа­по­ зитивтер мен диафильм, кинофрагмент, макет пен муляждар, при­борлар, табиғи құралдар (кеппешөптер, коллекция, өнеркә­ сiп және ауылшаруашылығы өнiмiнiң үлгiлерi, топырақ үлгiлерi) сызбалар, сызбалар, кесте, кескiн карта және әртүрлi үлестiр­мелi материалдар, сарамандық жұмыстарда жердi түсiруге арналған құрал-жабдықтар (тұсбағар, визирлi сызғыш, мензула, т.б.) Жалпы бiлiм беретiн мектептерде география кабинетiне қажеттi құрал-жабдықтар мен көрнекiлiктердiң саны 400-ге дейiн болса, ал қолдан жасалынған көрнекiлiктер саны 200-300 болуы керек. Осындай мөлшердегi картографиялық шығармаларды сақтау үшiн кабинетте шкаф, стеллаждар және карталарға арналған қондырмалар болуы тиiс. Қабырғалық карталар мен суреттердi iлу үшiн арнайы орындар даярлануы керек. Мұғалiмнiң үстелi әртүрлi жұмыстар орындауға ыңғайла­нып орналастырылады. Үстелге су келетiн және ток көзiне қосыла­ тын болуы керек. Кабинет тақтасы оқушы арнайы жаттығу орын­ дайтындай және кино көрсетiлетiндей етiп жабдықталады. Егер кабинетте видеомагнитофон, магнитофон, теледидар, кинопреоктор, диапреоктор болса тiптi жақсы. География кабинетiнде география пәнiнiң үйiрмесi жұмыс жасайды және оның материалдары сақталынады. Үйiрмеде оқу­ шы­лардың географиялық бiлiмдерi тереңдейдi және үйiрме мү­шелерi кезекшi карта, ауа райы құбылысы, географиялық жаңа­­лықтар тақтасы, қабырғалық газеттер мен жұмыс iстеп, оларды кабинетке жақын маңда коридорға iлiп қояды. Кабинетте, сонымен қатар өлкетану материалдарының негiзiнде бұрыш ұйымдастыруға да болады. Өлкетану бұрышында сол жергiлiктi жердiң материалдары мен экспонаттары: пайдалы қазбалар коллекциясы, топырағы, өсiмдiктер кеппешөбi, климаты жайындағы кестелер, суреттер мен фотосуреттер, ауылшаруашылығы мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң үлгiлерi, жергiлiктi өнеркәсiп орын­дары­ ның өндiрiстiк үдерістерінің барысы, аудан картасы, жергiлiктi жердiң планы, т.б. Географиялық кабинеттегi барлық картографиялық шығар­ малар мен құрал-жабдықтар арнайы бөлiмдерге бөлiнiп, 160

журналдарға тiркеледi. Кабинет мектептiң мүмкiндiгiне қарай екi бөлмеден тұруы қажет: оның үлкенi күнделiктi сабақ өтуге, ал екiншi шағын бөлмесi көрнекi құралдарды сақтайтын және мұғалiмнiң сабаққа дайындық жұмыстарын жүргiзуiне арналады. Мысалы, бiр ғана география кабинетiнiң жабдықталу үлгiсiн қарастырайық. 1. Кабинетте оқушыларға қарама-қарсы бағытта атақты гео­ граф-саяхатшылардың портреттерi iлiнедi. Қазiргi таңда портрет­ тердi табу қиындық туғызған жағдайда қолдан салдыруға да болады. Мүмкiндiгi болған жағдайда ерте кезден бастап, ұлы географиялық ашуларға дейiнгi кезеңдердi қамтыған дұрыс. Мысалы, Птолемей, Эратосфен, Аристотель, Х. Колумб, А. Веспуччи, Ф. Магеллан, Васко да Гама, П.П. Семенов Тянь-Шаньский, Н. Пржевальский, Ш.Ш. Уәлиханов пен Қ.И. Сәтпаевтың порт­ реттерiн iлген өте орынды. 2. Кабинеттiң қалған қабырғаларын география курсының сатысы мен пәндер мазмұнына орай жабдықтауға болады. Мысалы, жердiң төрт қабығы – атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераны бейнелейтiн стендтер немесе Қазақстанның физикалық-географиялық сипатын бейнелейтiн қабырғалық суреттер. 3. «Қазақстан – Республикам менiң» тақырыбында елiмiздiң физикалық-географиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағ­ дай­ларын бейнелейтiн карталар, суреттер мен сызба тiректерi және табиғаты жайындағы фотосуреттерден жасалынған стендтер. 4. Географияның тiлi карта болғандықтан кабинетке мiндет­ тi түрде әртүрлi тақырыптағы карталар iлiнедi. Мысалы, Қазақ­ станның физикалық және саяси картасы, Дүниежүзiнiң физика­ лық және саяси картасы, жарты шарлар картасы, т.б. 5. Туған жердiң табиғаты. Яғни жергiлiктi жердiң планы, аудан немесе облыс картасы, ландшафт элементтерi бейнеленген фотосуреттерден жасалынған стендтер. География кабинеттерiнде төмендегiдей құрал-жабдықтар мен оқу құралдары да орын алады. 1. Кабинеттiң маңызды бөлiгi – кiтапхана. Онда мынадай үлгi­дегi кiтаптар мен газет-журналдар болуы тиiс: 161

а) география пәнiне қажеттi көркем әдебиеттер; б) анықтамалық әдебиеттер; в) оқу-әдiстемелiк әдебиеттер; г) газеттер мен журналдардың тiгiндiсi. География саласында әдебиеттер көбiнесе орыс тiлдерiнде және аз болғандықтан «География жаңалықтары», «Атамекен тынысы», «Халықтар достығы», «Табиғат аясы», т.б. тақырыптарға арнайы папкалар арнаған жөн. Мұндай кiтапханалар мұғалiмнiң сабаққа дайындалуын жеңiлдетедi және оқушылардың теориялық бiлiмдерiн тереңдетедi. 2. Макеттер мен муляждар. Муляждарды жергiлiктi жердiң аң-құстарынан жасап, қабырғаға iлуге және өлкетану бұрышына қоюға болады. Ал макеттердi ғаныштан немесе саз балшықтан жасау тиiмдi. Ғаныштан таулардың, жазықтардың, өзендер ағы­ сының бейнесiн жасайды. Бұл жұмыстар оқушылардың шебер­ лiгi мен дағдысын арттыруға көмегiн тигiзедi. 3. Жергiлiктi жердiң ландшафт элементтерi. Өсiмдiк кеппе­ шөп­терi, пайдалы қазбалардың коллекциялары, топырақтың үлгi­ лерi, өнеркәсiп және ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң үлгiлерi. 4. Оқытудың техникалық құралдары. Яғни, диафильмдер, диа­позитивтер, бейнетаспалар, теледидар, магнитофон, т.б. 5. Географиялық кабинеттiң бұрышына өлкетану мүйiсiн ашуға да болады. Онда жергiлiктi жердiң материалдары орналас­ тырылады. 6. Қолдан жасалынған көрнекiлiктер. Түрлi карталар мен кес­ те, сызбанұсқалар, картографиялық шығармалар. 7. Графикалық көрнекiлiктер. Картограмма, картасызба, картодиаграмма, блок және шеңберлi диаграмма, кесте, сызбалар мен сызба тiректерi, т.б. 8. Кабинетте, сонымен бiрге глобус, жердi түсiруге, ауа райын бақылауға арналған құрал-жабдықтар болуы тиiс. Мысалы, тео­ долит, нивелир, мензула, әртүрлi метрлер, термометр, барометр, т.б. Жоғарыдағы көрнекiлiктер мен құрал-жабдықтарды орна­лас­ тыруға арналған шкафтар, сөрелер және iлгiш тақталар бо­лады. Кабинеттiң жиһаздық құрамы мектептiң экономикалық ахуа­лына және мұғалiмнiң шеберлiгi мен iскерлiгiне байланысты. Көп­теген кабинетте қолдан жасалынған сөрелер бар. Кабинеттi әсемдеу, 162

безендiру оқушыларға эстетикалық тәрбие берiп қана қоймайды, сабақтардың өтуiне де әсер етедi. 10.2. Географиялық алаң Мектепте географиялық алаң орнатудың маңызы зор. Себебi географиялық алаңда мұғалiм оқушылармен сарамандық жұ­­ мыс­тарды өткiзедi. Оқушылар ауа райын бақылай бiлуге үйре­ недi. Әсiресе 6-сыныптағы ауа райын болжау тарауына берiлген тақырыптардағы сарамандық жұмыстарды осы географиялық алаңда өткiзу оқушылардың география пәнiне және табиғат құ­ былысына қызығуын, өзiндiк ойлау қабiлетiн арттырған болар едi. Алаңға металлургиялық үйшiк тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, iшiне барометр, гигрометр және термометр орналастырады. Термометрдiң төменгi ұшы жер бетiнен 2 м биiктiкте болу керек. Метеоүйшiктiң есiгi мiндеттi түрде солтүстiк жаққа ашылуы тиiс, себебi температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесi үйшiктiң iшiне тiкелей түсетiн болса, термометр әсем шыны түтiктiң күн сәулесi қыздырған температурасын көрсетедi. Жауын-шашын мөлшерiн өлшегiш географиялық алаңға жер бетiне жаңбыр, қар, бұршақ түрiнде түскен жауын-шашын мөлшерiн өлшеу үшiн орнатылады. Қыста шелектiң iшiне түскен қарды жел үрлеп кетпеуi үшiн жан-жағына қоршау орнатылды. Жаңбыр жауған соң шелектегi судың мөлшерiн өлшейдi. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сiңiп немесе буланып кетпесе, жауын-шашын мөлшерi қанша болатынын анықтайды. Қар және бұршақ жауғаннан кейiн шелектi бөлмеге кiргiзiп қояды, ерiген соң судың мөлшерiн өлшейдi. Жауын-шашын мөлшерiн өлшегiш құралдың жоғарғы бөлiгi жер бетiнен 2 метр биiктiкте болу керек. Флюгер желдiң бағытын өлшейдi. Флюгердiң бағдаршасы кiндiкте еркiн айналып, үшкiр ұшы желге қарама-қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстiк-батыс тұстан тұрса, солтүстiк-батыс желi, егер оңтүстiк-шығыс тұстан тұрса, оңтүстiк-шығыс желi деп аталады. Флюгер орнатылған 10 метрлiк бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрiн ақ, 1 метрiн қара бояумен кезек бояп, өлшеуiш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердiң, ағаштардың, тағы басқа заттардың биiктiктерiн салыс­ 163

тырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен мөлшерлеуiн арттырады. Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшiн географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткiштi орнату керек. Геогра­ фиялық координатты көрсету үшiн алаңға төрт бағана орнатып (биiктiгi 1,5-2 м), бағаналардың ортасын сыммен қосып, меридиан және параллель жасау қажет. Тиiстi бағанаға төрт бұрышты темiрдi бекiтiп, соған мектептiң географиялық бойлығы мен ендiгiн жазып қояды. Күннiң көкжиектен биiктiгiн анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. Оқушыларға кез келген жердiң ауданы мен көлемiн өлшеудi үйрету үшiн алаңға ағаштан шаршы және куб пiшiндес пiшiндер және мұғалiм жер бедерiнiң көптеген жасанды пiшiндерiн жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама, т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын үстел және орындықтар болғаны дұрыс. Алаңдағы барлық заттар, негiзiнен, ақ түстi бояумен боялады. Алаңның өлшемi шамамен 10х10м болады, мүмкiндiгi болғанша жан-жағында ешқандай кедергiсi жоқ тегiс, жазық жерге орналас­ тыру керек. Дүниежүзiлiк стандарт бойынша метеорологиялық алаңның өлшемi 26х26 м болады. Оңтүстiк Қазақстан облыстық үздiксiз бiлiм беру институты­ ның директоры Бектенғалиева Сәния Хайруллақызының баста­ масымен институт базасында биылғы оқу жылында география­ лық алаң орнатылды. Бұл алаңда бiлiм жетiлдiру курсына келген мұғалiмдерге оқушылармен сарамандық жұмысты өткiзу жолдары және ауа райын бақылау түрлерi көрсетiледi. Географиялық алаңдар оқушылардың теориялық бiлiмiн сарамандық жұмыспен бекiтуге, ұштастыруға мол мүмкiндiк бередi. 10.3. География пәнiнiң мұғалiмi Жаңа ХХI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсiз Қазақстан Республикасының әрбiр бiлiм беру саласы мен буындарына тың көзқарас, тың жаңа үлгiдегi iзденiс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделерiне сай өмiр сүруге бейiмдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжы­ рымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пән 164

мұғалiмдерiнiң атқаратын рөлi зор. Мұғалiм – қиын да қызықты маман иесi. Мамандық дегенiмiз – белгiлi бiр еңбектiң түрi. Ол жеке мамандық иесiнiң жеткiлiктi дәрежеде бiлiм, дағды, бейiм­ дiлiктi қажет етедi. Бiлiм, iскерлiк, дағды мамандық иесiнiң шығармашылық еңбегi ретiнде тәжірибеде көрiнiс табады. Даярланған мамандардың бiлiмдiлiк, шеберлiк, бейiмдiлiк сапаларын топтастырып кешендi түрде бiрiктiретiн жүйе бойын­ ша мұғалiмге қойылатын талаптар мен оның жеке басының педагогикалық, психо-физиологиялық ерекшелiктерiнiң өлшемi жоғары. Мұғалiм мамандығы – ең алдымен, жоғары дәрежедегi тұрақты моральдық психо-педагогикалық даярлықты қажет ететiн ерекше еңбектiң бiрi. Нағыз мамандық иесi деп, оқушылардың ойы мен жүрегiне жол тапқан, педагогикалық шеберлiктiң қырсырын меңгерген ұстазды айтады. Осындай педагогикалық шеберлiк мұғалiмнiң жеке басының ерекшелiктерiнен көрiнедi: – бiлiм дәрежесi; – озық әдiстеменi меңгеруi; – мақсат бағыттылығы; – әр пәннiң тiлiмен сөйлеу мәдениеттiлiгi, т.б. А.С. Макаренко: «Шеберлiк дегенiмiз – қол жеткiзуге болатын нәрсе. Атақты шебер токарь, тамаша шебер дәрi­гер бола­ тыны сияқты, педагог та тамаша шебер бола алады және болуға тиiс те…», – деп жазады. Жас педагогтың шеберлiктi қан­ ша­лықты меңгеруi оның өзiнiң табандылығына байланысты. Мұнда жеке бастың психо-педагогикалық ерекшелiктерi мен ма­мандық шеберлiктерi негiзге алынады. Әр пән мұғалiмдерiнiң сабақ өту барысында өзiндiк шеберлiктерi мен ерекшелiктерi қалыптасады. Соның iшiнде жаратылыстану саласында география пәнiнiң орны ерекше. Ол оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған бiлiмiн есiне сақтау, ойлау қабiлетiн, тiл бай­лық­тарын, ой-өрiсiн кеңейтiп, зеректiк, iскерлiк және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершiлiкпен қарайтын сезiмдерiн жетiлдiредi. Осындай жауапкершiлiгi бар пәннiң мұғалiмi төмендегiдей талап-тiлектердi өз бойына сiңiрiп, икемделуi және игеруi қажет, яғни олар: 165

– географияның негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерiн; – мектептегi географияның рөлi мен мақсатын; – географиялық бiлiмнiң құрылымын; – географиялық бiлiм компоненттерiн (бiлiмi, теориялығы, эмпирикалық дүниетанымы, ойы, идеясы, шығармашылығы, қызметi); – физикалық география курсының жүйелiлiгiн; (картографиясын, геология-геоморфологиясын, климатологиясын, гидрология­ сын, ландшафттылығын, т.б. ) – экономикалық географияның жүйелiлiгiн (табиғат ресурсын, еңбек ресурсын, халық шаруашылығы бөлiмдерiн, аудандарын, елдерiн және олардың даму тенденцияларын); – дүниетанымы мен халықаралық жағдайды оқу материалдарымен байланыстыра бiлу; – Президенттiң жолдамалары мен нұсқау бағдарламаларын басшылыққа алу; – мемлекеттiк құжаттар мен өзгерiстердi география курсында таныстыра бiлу; – мектеп географиясын оқытуда оқушыларға экологиялық сұрақтарға жауап бере бiлу жолдарын iздету; – өлкетану және техникалық, өндiрiстiк салалармен геогра­ фия­лық бiлiмдi байланыстыру; – пәнiшiлiк және пәнаралық байланысты қалыптастыру, дер кезiнде пайдалана бiлу; – географиялық бiлiмнiң өмiршеңдiгi мен даму тенденциясын бетке ұстап отыру; – типтiк ерекшелiгiн сақтау; – оқушылардың өз беттерiнше ойлап, шешiм қабылдай бiлу дағдысын қалыптастыру; – географияны оқытудағы кездесетiн қиындық пен пробле­ малық жолдардан шыға бiлу; – физикалық география мен экономикалық географияның бiрбiрiмен бiрлестiк және тұтастығын, байланыстылығын қалып­ тастыру жолдарын бiлу; – олардың өзiндiк заңдары мен заңдылықтарын ашып отыру; – әдiс-тәсiлдердi жетiлдiру жолдарында iздену. – идея мен дүниетанымын қалыптастыру; 166

– тексеру, бақылау жұмысы арқылы оқушылардың дүние­ танымын, айналадағы ортаға көзқарасын, ептiлiк бiлiмiн байқау; – нәтижесiнде жiберген кемшiлiктер мен олқылықтардың жолын iздеу; – географияны оқытудағы дидактикалық материалдың ерек­ ше­лiктерi мен функцияларын бiлу; – өмiр талабына сай география кабинетiн жабдықтай бiлу; – географиялық кабинеттiң заттарын тiзiмге алу және оған перспективалық жоспар құрастыра бiлу; – география кабинетiнде оқу-тәжiрибе жұмыстарын ұйымдас­ тыру; – оқушылармен саяхатқа шығу және оның түрлерiн ұйымдас­ тыру: (табиғатқа, өндiрiске, өлкетану мақсатында тарихи орын­ дарға, географиялық объектiлерге, т.б.). Осындай шеберлiк пен iскерлiк бiлiмдiлiкпен география пәнi мұғалiмi мынаны iстей алуы керек: – тәжірибеде өз бiлiмiн шебер көрсете бiлу; – Оқу министрлiгi бекiткен бағдарламаны негiзгi құжат ретiнде қабылдап, оны сабақта пайдалана бiлу; – жаңа технологиялық әдiстi өтетiн сабақтың түрiне қарай таңдай бiлу; – географияны оқыту кезiнде көрнекiлiктер түрi, ситуациялықпроблемалық, ғылыми-iзденiс, жаттығулар мен әртүрлi топогра­ фия­лық, картографиялық есептермен ұштастыра бiлу; – өз бетiнше мемлекеттiк, халықаралық жаңалықтар мен өзге­ рiс­тердi оқып отыру, қажет жерлерiн iрiктеп, физикалық, эконо­ ми­калық-әлеуметтiк географияда пайдалана бiлу; – оқушының алған географиялық бiлiмiн, фактіні, құбылысты, өзгерiстi, жаңалықты пайдалана отырып, iшкi және сыртқы экономикалық өмiрге талдау жасай бiлуге бағыттау; – географияда өлкетану негiзiн қамтып отыру; – географиялық бiлiмдi жаратылыстану ғылымдарының эко­ ло­гиялық, этно-педагогикалық, рухани-адамгершiлiк, патриот­ тық, эстетикалық тәрбие негiзiнде байланыстыра бiлу, дамыту; – география кабинетiнде карталар мен кеспе қағаздар, тiрке­ ме, мемлекеттiк мүлiктi тiркеуден өткiзу (инвентаризация); 167

– кабинет жұмысының жылдық жоспарын жасай бiлу және та­лапқа сай қажеттi түрде безендiру; – негiзгi құрал ретiнде карта мен глобусты пайдалана бiлу және оқушыларға дұрыс пайдалану жолдарын үйрету; – оқушыларға мәтiнмен және қосымша тапсырмамен жұмыс iстей бiлудi қамтамасыз ету және сабақтың бөлiмi мен тарауына қарай пайдалана бiлу; – географиялық алаң жасай бiлу және ондағы метеорология­ лық құралдар мен құрылғыларды орналастыру, жұмыс iстеу өрiсiн меңгеру; – ТСО материалдары мен компьютер, теледидар бейне материалдарын пайдалана бiлу; – статистикалық материал график, диаграмма, мониторингтi дұрыс құру және оқушыларға бiлiмiн пайдалана отырып, жасата бiлу; – қолдан көрнекiлiк және дидактикалық материал жасау және эстетикалық талапты сақтай бiлу; – тақырыптық және күнтiзбелiк жоспар құра бiлу; – сабақтың мақсаты мен мiндетiн ашып, ұйымдастыра бiлу; – жаңа тиiмдi әдiстi тақырыпқа ыңғайлап таңдай бiлу және қолдану; – сабақты түрлендiрiп отыру, жаңа жетiлдiрiлген технологияны меңгеру; – тексеру барысында оқушылардан тек бөлiм, тарау, тақырыпты ғана қамтымай бүкiл географиялық бiлiмiн, өзiнiң қорытынды пайымдауын көрсете алатындай сұрақ, тапсырма, өзiндiк жұмыс, логикалық байланыс таба алатындай шығармашылық тұрғыдан келетiн тапсырма бере бiлу; – тексерудiң тестiк түрлерiн пайдалана бiлу; – жоғары сыныптарға бiрнеше тақырыпты модульдеу, семинар, дәрiс, конференция, т.б. түрлерiн өте бiлу; – оқушының өз пайымдауы мен қорытынды жасай бiлу қасиетiн дұрыс бағалай бiлу; – мұғалiм үнемi iзденiс үстiнде болып, өз бетiнше бiлiмiн көтерiп отыру қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР 1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. – 1960. 2. Баранский Н.Н. Исторический обзор учебников географии (18761934). – М.: Географгиз, 1954. 3. Вавилова Е.В. Экономическая география и регионалистика. – М.: Гардарики, 1999. 4. Герасимова Т.П. Основы методика обучения начальному курсу физической географии. М.: Педагогика, 1978. 5. Голов В.П., Прозоров Л.Д. Картины и таблицы в преподавании географии. – М.: Просвещение, 1983. 6. Даринский А.В. Очерки развития школьной географии в дореволюционной России. – Л., 1955. 7. Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподавания географии. М.: Московский лицей, 1996. 8. Даринский А. В. Методика преподавания географии. – М.: Просвещение, 1975. 9. Даринский А. В. Профориентационные возможности школьного курса экономической географии. – М.: Просвещение, 1980. 10. Исаченко А. Г. География в современном мире. – М.: Просвещение, 1998. 11. Еремина В. А. Физическая география материков и океанов. Океаны. – М.: Московский лицей, 1997. 12. Максаковский В. П. Научные основы школьной географии. – М.: Просвещение, 1982. 13. Максаковский В. П. Географическая культура. – М.: Просвещение, 2000. 14. Максимов Н. А. Методическое пособие по физической географии. – М., 1986. 15. Методика обучение географии в общеобразовательной школе / под. ред. Л.М. Панчешниковой. – М.: Просвещение, 1996. 16. Методика обучения географии в средней школе: учебное посо­ бие для студентов педагогических институтов. – М.: Просвещение, 1983. 17. Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030 // Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 1997. 18. Қазақстан Республикасының Бiлiм беру туралы заң // Егемен Қазақстан. – 1999. – 11 маусым. – 2-бет. 169

19. Беляева Т.П. Методика использования оборудования кабинета географии при изучении темы «Литосфера» // География в школе. – 1972. – №3. 20. Золотавина С.В. «Уроки по теме«. Формы поверхности суши. Сб: «Уроки географии в школе».– М.: Просвещение, 1967. 22. Изучение географии по новой программе: Сб. / под ред. А.Е. Бибик и др. «Общая характеристика содержания новой программы по географии». – М.: Просвещение, 1970. 23. Войлошникова Н. А. Самостоятельные работы учащихся по физической географии». – М.: Просвещение, 1984. 24. Давыдова М. И. Самостоятельные работы учащихся по физической географии. – М.: Просвещение, 1982. 25. Войлошникова Н. А. Самостоятельные работы учащихся по экономической географии зарубежных стран. – М.: Просвещение, 1981. 26. Қабылханова Н. Өздік жұмыстың бір түрі // Биология, география және химия. – 1999. – №6. 27. С. Медетбеков. Жерім, елім – байлығым // Биология, география және химия. – 2002. – №3. 28. Колокольников А. Н. Самодельные наглядные пособия по географии. – М.: Учпедгиз, 1961. 29. Малыгин Д. П. Практические работы с картой и наглядными пособиями. – М.: Просвещение, 1998. 30. Самостоятельная работа учащихся по географии // сборник под. ред. А.В. Даринского. – Л., 1995. 31. Технические средства обучения в средней школе. Гл. 4. Разд. «География». – М.: Педагогика, 1972. 32. Щенев В. А. Самостоятельная работа учащихся с иллюстрациями учебника // География в школе. – 1968. 33. Буданов В. П. Карта в преподавании географии. – М.: Учпедгиз, 1940. 34. Малыгин Д. П. Практические работы с картой и наглядными пособиями. – М.: Просвещение, 1965. 35. Дорн В., Ян В. Формирование представлений и понятий при обучении географии. – М.: Педагогика, 1970. 36. Кабанова-Меллер Е. Н. Психология формирования знаний и навыков у школьников. – М.: Просвещение, 1962. 37. Бурдейный В.А. Географический кабинет. – М.: Просвещение, 1965. 38. Панчешникова Л.М. Домашние работы по географии. Сб. Методы обучения географии. – М.: Просвещение, 1968. 170

39. Семакин Н. К. Географический кабинет и учебная площадка в школе. – М.: Просвещение, 1973. 40. «Биология, география және химия» журналдары. 41. «География және табиғат» журналдары. 42. «Қазақстан мектебі» журналдары. 43. «Қазақстан мұғалімі» газеті. 44.«География в школе» газеті. 45. Асубаев Б.Қ. Физикалық география, тест сұрақтары. – Алматы, 2000. 46. Чернихова Е.Я. Учебные экскурсии по географии. – М.: Просвещение, 1980. 47. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері / Традиций и обряды казахского народа/ 2004. – 12-16 бб. 48. Қарашалова Д. Тәрбие берудің ұлттық және құқықтық негіздері // Биология және салауаттылық негізі. – 2006. – №1. – 64-65 бб. 49. Бейсенова Ә., Самақова А., Есполов Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы, 2004. 50. Гофман К. Г. Экономическая оценка естественных ресурсов. –М.: Наука, 1977. 51. Асанов Ә.Қ., Елешев Р.Е., Алимаев И.И. Жайылым және экология. – Алматы, 2001. 52. Фаизов К. Ш., Белгібаев М. Е. Почвенные ресурсы Казахстана, их использование охрана. Гидрометеорлогия и экология, 1995. 53. Есназарова Ұ. Ә. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002. – 132 б. 54. Методика обучения географии в общеобразовательных учреждениях: учебное пособие для студентов вузов / И.В. Душина, В.Б. Пятунин, А.А. Летягин и др.; под ред. И.В. Душиной. – М.: Дрофа, 2007. – 510 с. 55. Практикум по әдісике обучения географии. Учебное пособие для студентов педагогических вузов / И. В. Душина, Е. А. Таможная, В. Б. Пятунин, И. Б. Шилина, О. А. Бахчиева; под ред. Е. А. Таможней. – М.: Экзамен, 2008. – 222 с. 56. Пятунин В. Б. Проверка и оценка результатов обучения географии: методическое пособие. – М.: Астрель, 2003. – 189 с. 57. Проверка результатов обучения дисциплине «Теория и әдісика обучения географии» / И. В. Душина, Е. А. Беловолова, А. А. Летягин, В. Б. Пятунин, Е. А. Таможная; под ред, Е. А. Таможней. – М-М.: МПГУ, 2009. – 77 с. 58. Ақашева Ә.С. Қазақстанның экономикалық аудандары. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 171

59. Фурсина Г.А., Тлеуберген М.А., Дуйсебаева К.Д., Ақашева Ә.С. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. 60. Жылқыбаева М.І., Ақашева Ә.С., Жорабекова Ж.Т. «Қазақстан­ ның экономикалық және әлеуметтік географиясы». – Алматы: Арқас, 2004. 61. Қожахмет М. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік гео­графиясы. – Қарағанды, 2007 62. Ердавлетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 287 с. 63. Физическая география Республики Казахстан // под ред К.М. Джа­на­леевой. – Алма-Ата, 1998.

МАЗМҰНЫ Кіріспе................................................................................................................. 3 1. Қазақстанда географияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы ........... 5 1.1. География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен педагогтар................................................................................... 5 2. Географиялық білім түрлері және оны тексеру жолдары...................10 2.1. Географиялық бiлiм беру түрлері.............................................................10 2.2. Теориялық және эмпирикалық бiлiм түрлерi..........................................13 2.3. Оқушылардың бiлiм сапасын арттыру.....................................................16 2.4. Оқушылардың бiлiмiн бағалау және тексеру..........................................17 3. География пәнінің сабақтары................................................................23 3.1. Сабақ жүйесiнiң даму тарихы...................................................................23 3.2. География пәнiндегi сабақтардың түрлерi...............................................27 4. Географияны оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер.............39 4.1. Оқытудың теориялық әдiстерi..................................................................39 4.2. Географияны оқытудағы көрнекiлiк және сарамандық әдiстер.............48 4.3. Географиялық иллюстрация және олармен жұмыс iстеу әдiстерi.........48 4.4. Карта және басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс iстеу әдiстерi ........................................................................................51 5. География пәнінен орындалатын өзіндік жұмыстар.........................53 5.1. Өзiндiк жұмыс – кәсiби бiлiктiлiк көзi....................................................53 5.2. Оқулықпен жұмыс істеу әдiсi...................................................................55 5.3. Өзіндік жұмыстың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі игі ықпалы .......65 5.4. «Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы» пәндерін оқытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру формалары .............69 6. География сабағындағы ойындар...........................................................97 6.1. География сабағындағы ойындар.............................................................97 6.2. Жазба түрiнде ойналатын ойындар ...................................................... 102 6.4. Iскерлiк ойындар..................................................................................... 111 7. Сыныптан тыс жұмыстар...................................................................... 113 7.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік............................................. 113 7.2. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті............................ 114 7.3. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері ................................................. 116 173

8. Географиялық экскурсиялар................................................................. 119 8.1. Географиялық экскурсиялар және оның түрлерi................................. 119 8.2. Мұғалiм мен оқушылардың экскурсияға дайындалуы ...................... 127 8.3. Материалдарды экскурсиядан кейiн талқылау ................................... 131 8.4. Мұражайларға экскурсия....................................................................... 133 8.5. Географиялық экскурсияны жоспарлау................................................ 136 9. Мектептегі географиялық үйірмелер.................................................. 141 9.1. Мектептегi географиялық үйiрмелердiң ұйымдасты­рылуы мен мақсаты.................................................................... 141 9.2. Географиялық апталықтар мен кештер................................................. 145 9.3. Географиялық көрмелер......................................................................... 146 9.4. Мектеп географиясындағы өлкетану жұмыстары............................... 150 10. Мектептегі география кабинеті.......................................................... 159 10.1. География кабинетiнiң жабдықталуы................................................. 159 10.2. Географиялық алаң............................................................................... 163 10.3. География пәнiнiң мұғалiмi................................................................. 164 Әдебиеттер..................................................................................................... 169

Оқу басылымы

Ақашева Әтіркүл Сапарбекқызы Дүйсебаева Күлзада Жұмабекқызы

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Оқу-әдістемелік құралы Редакторы Гүлжан Рүстембекова Компьютерде беттеген Сәуле Сарпекова Мұқабасын көркемдеген Ринат Сқақов ИБ №6430 Басуға 14.05.2013 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16­. Көлемі 10,875 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №483 Таралымы 120 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды.

«   »          ..      :          :   / ..    . –   :     , 2013. – 168 .           ! "   # ,       !  !   !$     !-!   #. «%    » ! «     » !          "      #. !"#$%  & - $  / '.(.   , .'. )# ", *.. +, 4.. *  –   :     , 2013. – 77  . ISBN 978-601-247-868-6 )5  9   ""  ! #      «+  9 » ; #.  #     &    ;, &    " ;,     $5   5 . &"'( . . ! ..  & ! 5 :   / '.*. )"9 , %.